Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ы~ты~ нысандары ж~не ерекшеліктері К~сіпкерлік т~рлер іж~не оларды~ жіктелуі Дара к~сіпкерлік ж

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-10

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 18.5.2024

 

  1.  Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, теориялық тұжырымдары
  2.  Кәсіпкерліктің функциялары және ерекшелік сипаттары
  3.  Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері
  4.  Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары
  5.  Кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму шарттары
  6.  Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары және ерекшеліктері
  7.  Кәсіпкерлік түрлер іжәне олардың жіктелуі
  8.  Дара кәсіпкерлік және оның түрлері
  9.  Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, түрлері, жіктелуі
  10.  Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау және басқару
  11.  Кәсіпкерлік қызметтегі маркетинг
  12.  Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі, түрлері және қағидалары
  13.  Кәсіпкерлік  жобаларды жүзегеасырудың бизнес-жоспары
  14.  Бизнес-жоспарды құрастыру және жасапшығару әдістемесі
  15.  Бизнес-жоспарды құрастыру және жасапшығару әдістемесі
  16.  Кәсіпорынның қаржылық ресурстары және қалыптасу көздері
  17.  Қаржылық ресурстарды жоспарлау
  18.  Кәсіпорын қаржысын басқару жүйесі
  19.  Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар
  20.  Кәсіпкерліктегі факторинг мәні, қасиеті
  21.  Кәсіпкерлік қызметті кадрмен қаматамасыз етудің мәні
  22.  Еңбек ұжымының қалыптасуы. Жаңа персоналды іздеу каналдары және таңдау әдістері
  23.  Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарын жоспарлау және бағалау
  24.  Кәсіпорын персоналын бағалау әдістемесі
  25.  Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері  
  26.  Келісімшарт – кәсіпкерлік мәмілелерді жүзеге асырудың негізгі ерекшеліктері
  27.  Сатыпалу – сатукелісім шартын жасауға қойылатын негізгі талаптар, құрылымыжәне мазмұны
  28.  Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі, түрлері және қағидалары
  29.  Кәсіпкерлік құпияның мәні.Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі.
  30.  Кәсіпкер жауапкершілігінің мәні және түрлері.
  31.  Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы.
  32.  ҚР кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар
  33.  ҚРкәсіпкердліктегі делдалдардың рөлі және қызмтеі
  34.  Кәсіпкерліктегі әкімшілік жауапкершілігі және бизнесті қолдауы
  35.  ҚР кәсіпкерлердің міндеттемелерін қамтамасызету шарттары және тәсілдері.
  36.  ҚР іскерлік қарым-қатынастар және мүдде
  37.  ҚР іскерлік келіссөздер және онын талаптары
  38.  ҚР іскерлік және кәсіби  этика.
  39.  Қазақстандағы кәсіпкерліктегі бәсеке және оның дамуы
  40.  Қазақстандағы кәсіпорынның бәсекелік артықшылықтары және бәсекеге  қабілеттілігі
  41.  Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық аспектілері.
  42.  Кәсіпкерлік іс-әрекеттің микроэкономикадағы әлеуметтік және құрылымдық қызметі
  43.  ҚР 2015 ж. дейінгі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы. Өнеркәсіптіксаясат
  44.  Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
  45.  Әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлік қызмет
  46.  Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік: ерекшеліктері және даму жолдары
  47.  Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтегі ақпарат рөлі
  48.  ҚР Кәсіпкерлі кқызметті мемлекеттік реттеу
  49.  Қазақстандағы кәсіпорын қаржысын басқару: жоспарлау және болжау
  50.  ҚР кәсіпорын қорлары және оны тиімді қолдану
  51.  Кәсіпкерлер мен  мемлекеттік ұйымдар арасындағы экономикалық жауапкершілік
  52.  Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің ролі
  53.  ҚР кәсіпкерлік қызметте франчайзингтің ролі
  54.  ҚР венчурлық кәсіпкерліктің дамуы
  55.  ҚР кәсіпкерлік қызметті несиелеуді ұйымдастыру
  56.  ҚР кәсіпкерліктегі технопарктердің тиімді дамуы
  57.  ДСҰ кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері және оның жаһандануы
  58.  Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікте несие серіктерін қалыптастыру және дамыту
  59.  Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдары
  60.  Индустриалды-инновациялық қызметтің негізінде кәсіпкерлікті басқару

1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, теориялық тұжырымдары.

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».  Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.

А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады. Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері) және мемлекет бола алады.

Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, иннновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздарымен операциялар бола алады.

2. Кәсіпкерліктің функциялары және ерекшелік сипаттары.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.  Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

  •  Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
  •  Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.
  •  . Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
  •  . Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

-         дербестік және тәуелсіздік;

-         экономикалық ынталылық;

-         шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

-         жаңашылдық.

3.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.

        Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыруболып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:

- Қазақстанның азаматтары;

- Шетел мемлекеттерінің азаматтары;

- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т.б.).

Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы – тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшалады сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтанқаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.  Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды. Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасай – кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.

  •  Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
  •  Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
  •  Жаңа өткізу рыногына шығу;
  •  Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;

4.Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары.

«Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.  Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табыс)және үстеме пайдасы».

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігіде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.

Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты..

Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.

Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.

Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.

     

 5.Кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму шарттары. Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар «саяси экономияның» ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әр қашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго (1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкер-мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

 Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:

Кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнасы;

Өнім, қызметкерден түскен түсіммен пайда;

Құнды қағаздар және олардан түскен пайда;

Инвестиция және бюджеттік дотация;

Қайырымдылық жарнама;

Мекемелер мен тұрғындардың көмегі;

Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;

Мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу:

Кәсіпорынның функционалдық механизмі. Нарық жағдайында кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық ролі өзгереді: негізгі талап – пайда табу; көп өндірудің орнына, қойма толтыру емес, өткізу; өз бетімен жұмыс істеуді кеңейту; банкроттықты болдырмау т.б.

Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.

6. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары және ерекшеліктері

Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша келесідей бөлінеді:

1.Жеке ( жеке меншік ) кәсіпондар- бір ғана иесі және жалдамалы жұмыскерлердің саны шектеусіз кәсіпорындар.

2. Серіктестік кәсіпорындар – белгілі бір пропорция бойынша, өз капиталдарын, өз үлесін алып тұруға келісім жасап, осы кәсіпорынның иесіне айналатын кәсіпкерлердің бірлестігі.Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестік жайлы және Мемлекттік кәсіпорын Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктігісінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

  •  Жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
  •  Толық,барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
  •  Жауапкершілік шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
  •  коммандитті –аралас жаукершілік  (біреудің толық мүлікімен және басқаның салынған салымымен);
  •  Қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;
  •  Өндіріс және тұтыну кооперативті;
  •  Консортциумдар;
  •  Акционерлік қоғамдар;

3. Корпорациялар- ол адам осы кәсіпорындарға өз қаржысын орналастырған және кәсіпорын әрекетіне байланысты мәселелерді шешуге араласуға құқығы барлығын білдіретін акция иесі және корпорациялардың барлық әрекеттеріне белгілі бір үлес қоса алатыны негзінде кәсіпорынды ұжымдық иеленуге атсалысады, әрбір акция  оның иесіне бір дауыс құқығын береді.

4. Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорын –акция пакетіне үкімет иелік ететін немесе әкімшіл -әміршіл экономикалық үкімет балансындағы кәсіпорындар иелік жасайтын корпорациялар. Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса,ол кәсіпорын қазыналық болып есептеледі яғни біріншісі шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екішісі –оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп; қазыналық –толық емес шаруашылық есеп.

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдар блок түрлерінің артықшылығы мен олқылығы :

Кәсіпкерліктің түрлері

Артықшылығы

Кемшілігі

Бір тұлғалы жекеленген шаруашылық

Ұйымдастырудағы қаапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі, қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі.

Капиталды тартудағы көптеген қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі.

Серіктестіктер

Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестерімен келісу кезіндегі шектеулілігі.

Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрінің тұрақсыздығы.

Акционерлік қоғамдар

Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.

Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.

7. Кәсіпкерлік түрлер іжәне олардың жіктелуі. 

Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

Қаржы — өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

 Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.Ашық және жабық акционерлік қоғам.Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

8. Дара кәсіпкерлік және оның түрлері

Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады:

1.Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді.Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.

2. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.

 Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:

1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі екінші жұбайдың келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан әрекет етеді, келісім дара кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкін.Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда әрекет ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы көзделеді.

Жай серіктестік нысанын пайдаланатын дара кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады.

Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады.

Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.

9.Кәсіпкерлік тәуекелдер:түсінігі,түрлері,жіктелуі

Кәсіпкерлік дегеніміз-азаматтармен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілікпен тәуекел ету негізінде іске асыралатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық дербес іс-әрекеттері. Нарықтық қатынастардың дамуы,бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Тәуекел бұл жоспарланған табыс көлемін ала алмау,зияндармен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Кәсіпкерлік тәуекел-жоспарланған немесе күтілген ол нәтижені алмау ықтималдығы болып табылады. Кәсіпкер пайда алмау тәуекліне ие,сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе обьектіні алмау мүмкіндігі және инвестициялық тәуекелге ие.  Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Кәсипкерлік тәуекелдің пайда болуына алып келетін себептер:экономикалық дағдарыс,инфляцияның жоғары қарқыны,саяси тұрақсыздық және салық заңнамасының жіктелмеуі және т.б Сонымен,кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер он нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі. Кәсіпкерлік тәуекелді көбінесе өндірістік,қаржылық және инвистициялық деп үшке бөліп қарастырады. Өндірістік тәуекел өнім өндіру кезінде немесе өндірістік қызмет үдерісінде туындайды Коммерциялық тәуекел өнімді сатумен шикізаттармен материалдарды сатып алумен. Қаржылық тәуекл кәсіпкерліктің банкпен және басқада қаржылық институттармен қарым қатынасынан туындайды. Масштабтылығы бойынша;локальді тәуекел бөлек фирмалардың тәуекелі. Сапалық тәуекел саланың өзіндік қасиетіне байланысты. Пайда болу таьиғатына байланысты субьективті тәуекел кәсіпорынның тұлғалығына байланысты. Обьектиті тәуекел стихиялық апаттардың жеткіліксіз ақпараттығын несиелеу слаық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі. Пайда болу саласы бойынша сыртқы және ішкі. Тәуекелді талдау кезінде бір бірін өзара толықтырып екі түрін корсетуге болады; сапалық талдау және сандық талдау. Кәсіпкерлік субьектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқықтық өкілетті тұлға б.т кәсіпкерліктің қатысушысы меншік иесінің саны бойынша жеке және ұжымдық болып бөлінеді,ол өз кезегінде  кәсіпорынның нақты ұйымдық құрылымдық нысандары шегінде жүзеге асады.     

10.Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау және басқару

Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру б.т жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет; Кәсіпкерлік субьектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау,өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау қаржы көзін таңдау,өнімдерді тасымалдау,өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау. Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге,одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса ол кәсіпкерліктіңде болмағаны. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы,экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы,әлеуметтік экономикалық шарттары қалануы керек. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту нарықтық дамытудың кепілі. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығымен оның бәсекелік сипатын қарастырудың басты күші,кәсипкерлікті дамыту үшін субьектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы,шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі,қабылданатын шешімдерге,одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс шараларды жүзеге асыру қажет:

  •  Мемлекет тарапынан кәсипкерлікті барынша қолдау
  •  Мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу
  •  Жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу
  •  Кәсіпкерлік құқығын қорғайтын орган жұмысын жаңдандыру
  •  Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою
  •  Тексеруші органдар санын қысқарту
  •  Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету және т.б

11.Кәсіпкерлік қызметтегі маркетинг

Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз-тауар өндірумен қызмет көрсету түрлері бойынша табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адамның өзіндік іс әрекетімен қызметі. Маркетинг кәсипкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол   60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама компаниясынан кейн ене бастады. Маркетинг бұл тауарлармен қызмет көрсетулердің ағымын өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімді өндіруге әрі откізуге бағдарланады. АҚШта маркетингке жұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының,шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі жағдайдағы маркетингтің маңыздылығын көрсетеді. Әлбетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мұндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек ол нарықта өз орнын алыпбәсекелестік күресте басқаларына төтеп беруі тиіс. Ауылымызда жеке дүкендердің халыққа қызмет көрсетуі,олардың бір жағынан өздері пайда табу мақсатымен еңбектенуі кәсіпкерлік қызметтің жақсы дамып келе жатқандығының айғағы. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер,кәсіпорын,тұтынушы арқылы жүзеге асады.  Маркетингтің мақсаты тауарлармен көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату,оны алу жағдайын жақсарту,бұл өз кезегінде елдегі тұрмыс деңгейін арттыруға тіршілік сапасын жоғарылатуға әкеледі. Банк маркетингісі бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.  Банк саласындағы маркетингнесие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға,және осы базада банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға сондай ақ жаңа клиенттерді тартуға,банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады. Бүгінгі маркетинг бұл тиянақты дайындауды,терең әрі жан жақты талдауды басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясымен философиясы.      

12.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі,түрлері және қағидалары

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы кеңес одағы кезінде 1987жылы қабылданған «СССРазаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңды алғаш рет ресімилендірді. Кейінірек 1988-1991жылдары жалға беру бірлескен кәсіпорындармен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырады. Кәсіпкерлік-қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағыда белгілі стиль және тәртіптің типі ,жинақтап айтсақ үлкен бастама дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтармен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілікпен тәуекел ету негізінде іске асырылатын,жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық дербес іс әрекеттері. Кәсіпкерліктің белгілері:

  •  Шаруашылық субьектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі
  •  Экономикалық мүдделілігі
  •  Шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі
  •  Белсенді ізденуі
  •  Жаңалықтығы

Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік,коммерциялық,қаржылық,кеңес беру,сақтандыру,делдалдық кәсіпкерлік жатады

  •  Өнд.кәс.-бұл тауар мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік
  •  Коммерц.кәс-бұл қнім қндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жургізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік
  •  Қарж.кәс-бұл сату,сатып алу обьектісі ақша,валюта,кұнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі
  •  Кеңес беру кәс.-бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға ,басқару мәселелрі жөнінде көмек көрсетумен айналысады
  •  Сақтандыру кәс-бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі
  •  Делдалдық кәсіпкерлік бұл белгілі мәмілеге мүдделі тарптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

13. Кәсіпкерлік  жобаларды жүзеге асырудың бизнес – жоспары. Бизнес – жоспар – кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс – тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан – жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес – жоспар, көбінесе, банктен несие алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт – бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

 Бизнес жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1.  Жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
  2.  Тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарларға қойылатын баға анықталады;
  3.  Бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
  4.  Маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
  5.  Өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
  6.  Ұйымдастыру – басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
  7.  Жобаның ұйымдық – құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
  8.  Жұмыс барысында кездесетін қауып қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
  9.  Жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
  10.   Қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады.

Бизнес – жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.

14. Бизнес-жоспарды құрастыру және жасап шығару әдістемесі.  

.  Бизнес – жоспар – кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс – тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан – жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі.

Жоспар экономикада – мақсаты, мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген шараларды жүзеге асырудың белгіленген тәртібі мен реті. Жоспар мемлекет ауқымында, жеке өндірістік салалар, аймақтар, кәсіпорындар және фирмалар деңгейінде жасалады. Оның болашақтық жоспар (ұзақ мерзімге арналғаны 10-15 жылға, орташа мерзімге арналғаны 3-5 жылға лайықталған), ағымдағы жоспар (1 жылдық), директивалық жоспар (орындалуы қатаң бақылауға алынатын) және индикативті жоспар (болжамға ұқсас ұсыныс, тапсырыс) деп аталатын түрлері бар. Жеке кәсіпорындар, фирмалар деңгейіндегі жоспар болжамдық көрсеткіштер мен оған жетудің нақты шаралары көрсетілетін бизнес – жоспар, қысқа мерзімдік жедел бағдарламалар түрінде әзірленеді.

Бизнес жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1.  Жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
  2.  Тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарларға қойылатын баға анықталады;
  3.  Бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
  4.  Маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
  5.  Өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
  6.  Ұйымдастыру – басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
  7.  Жобаның ұйымдық – құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
  8.  Жұмыс барысында кездесетін қауып қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
  9.  Жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
  10.   Қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады.

15. Бизнес-жоспарды құрастыру және жасап шығару әдістемесі.  Бизнес – жоспар – кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс – тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан – жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі.

Жоспар экономикада – мақсаты, мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген шараларды жүзеге асырудың белгіленген тәртібі мен реті. Жоспар мемлекет ауқымында, жеке өндірістік салалар, аймақтар, кәсіпорындар және фирмалар деңгейінде жасалады. Оның болашақтық жоспар (ұзақ мерзімге арналғаны 10-15 жылға, орташа мерзімге арналғаны 3-5 жылға лайықталған), ағымдағы жоспар (1 жылдық), директивалық жоспар (орындалуы қатаң бақылауға алынатын) және индикативті жоспар (болжамға ұқсас ұсыныс, тапсырыс) деп аталатын түрлері бар. Жеке кәсіпорындар, фирмалар деңгейіндегі жоспар болжамдық көрсеткіштер мен оған жетудің нақты шаралары көрсетілетін бизнес – жоспар, қысқа мерзімдік жедел бағдарламалар түрінде әзірленеді.

Бизнес жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

  1.  Жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
  2.  Тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарларға қойылатын баға анықталады;
  3.  Бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
  4.  Маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
  5.  Өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
  6.  Ұйымдастыру – басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
  7.  Жобаның ұйымдық – құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
  8.  Жұмыс барысында кездесетін қауып қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
  9.  Жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
  10.   Қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады.

16. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары және қалыптасу көздері. Нарықтық экономика жағдайларында кез – келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық – қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.

 Қаржы ресурстары дегеніміз жалпы алғанда – бұл кәсіпорынның қарамағында және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.

 Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының сыртқы және ішкі көздері болады.

 Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қаражаттарды жатқызуға болады.

 Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар кәсіпорындар сыртқы қаражат көздерін тартуға да мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді. Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады.

 Ішкі қаржыландыру көздерінің құрамында табыстың маңызы ерекше. Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден – бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық экономикадағы табыс – өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

17. Қаржылық ресурстарды жоспарлау

Қаржы ресурстары  экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орт-тан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады.

Қаржылық жоспарлау – Бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі  және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады.
Қаржылық жоспарлау  – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік  түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы  мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне  ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады. Осыған орай, қаржылық жоспарлау — ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді.
Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен  резервті қаржы көздерін қалыптастыру  жатады.
Ол мемлекеттің билік органдары арқылы сонымен қатар  шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады.  Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлау  көп жағдайда болжамдау негізінде жүзеге асырылады.
«Қаржы ресрустарын жоспарлау » ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

1.Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, несие ресурстарын, ақша резервтерін айтады. 2. Егер жиынтық өнімнің (с+v+m) материалдық – заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді.

18. Кәсіпорын қаржысын басқару жүйесі

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы — бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдеп қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы — бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мек несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».

В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді; «Қаржылық тұрақтылық — бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және » кәсіпорынның жалпы тұрақтылығыкың негізгі бөлігі болып табылады» (9), Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз еткен ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына қөптеген факторлар әсер етеді,

1)  пайда   болу   орнына   байланысты   -   ішкі   және сыртқы;

2)  нәтижесінің маңыздылығына байланысты — негізгі және негізгі емес;

3)  құрылысы бойынша — қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша   -   тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі — активтердің тиімді құрамы. мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі — бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі — яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? -деген

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар

- сұраныстағы үлесі;

• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

• шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

19. Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар

Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Лизинг беруші – тартылған ақша және өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін мәмілесіне қатысушы. Лизинг берушінің бір мезгілде лизинг мәмілесінің басқа қатысушысы ретінде іс-қимыл жасауға құқығы жоқ.

Лизинг алушы – кәсіпкерлік мақсат үшін лизинг затын лизинг келісім шарты негізінде алатын лизингтік мәміле қатысушы.

Лизинг мәмілесі – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылының жиынтығы.

Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тиым салынған негізгі құралдардың жіктелуіне жататын кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Оған үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез-келген басқа да тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. Заң актілерінде заттар мен жер уческелерінің жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретінде пайдалануға өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін.

ҚР «Қаржылық лизинг туралы» 6 маусым 2000ж. сәйкес, лизингке берушінің құқықтары мен міндеттері мыналар:

  1.  Лизинг беруші:

1) өзіне тиесілі төленбеген лизинг төлемдерін, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге;

2) лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауына бақылау жасауға;

3) лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда мерзімі кешіктірілген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге;

4) осы Заңда көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы.

2. Лизинг беруші:

1) лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға;

2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатушыға жазбаша хабарлауға;

3) лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келісілген талаптармен беруге міндетті.

3. Лизинг берушінің лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген және осы Заңға қайшы келмейтін басқа да құқықтары болуы және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

Лизинг алушының құқықтары мен міндеттері

  1.  Лизинг алушы:
  2.  лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға;
  3.  лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;
  4.  лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз міндеттемелерін орындағанға дейін төленуге тиісті лизинг төлемдерін тоқтата тұруға;
  5.  лизинг беруші лизинг шартын біржақты тоқтатқан жағдайда ол аванс ретінде төлеген лизинг төлемдерін және басқа да сомаларды кері қайтаруды талап теуге;
  6.  лизинг нысанасы жеткізілмеген, едәуір уақыт кешіктіріліп жеткізілен немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтіретін жойылмайтын кемшіліктерімен жеткізілген жағдайларда лизинг шартында көзделген талаптармен лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап теуге, лизинг шартын бұзуға;
  7.  лизинг беруші лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиісті дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге;
  8.  егер лизинг алушы жауап бермейтін жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулі түрде нашарлап кетсе, лизинг сомасы мен лизинг төлемдерін тиісінше азайтуды талап етуге құқылы.

20. Кәсіпкерліктегі факторинг мәні, қасиеті

Факторинг (ағылш. factor  фактор, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент) — банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші-клиенттің мамандандырылған мекемеге (факторингілік компанияға, банкінің факторингілік бөліміне) жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактураларды) ұсынуына байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі, яки жеткізуші-кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіруі. Мұнда несиелендіру төлемші (сатып алушы) төлемеген борышқорлық талаптарды (жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем құжаттарын) басқа тұлғаға (факторға) берумен және факторға ол бойынша төлем алу құқығын табыстаумен байланысты болады. Факторинг рөлін банкілер, несие, қаржы мекемелері, банк операцияларымен айналысатын басқа да мекемелер атқарады. Факторинг қызметімен айналысу үшін фактор ұлттық (орталық) банкіге жазбаша өтініш жасап, оның келісімін алуы тиіс. Факторинг қызметінде банк талаптан шегіну шарты бойынша тапсырыскердің борышқорларынан борышты өндіріп алу құқығын тапсырыскерден сатып алады және тапсырыскерге өзінің қаражатынан сатып алынған борыштың 90%-ына дейінгісін төлеп‚ өзінде сыйақы ретінде әлдебір пайызын қалдырады. Факторингілік қызмет көрсетудің мақсаты — алашақты (дебиторлық берешекті) дер кезінде инкассолау, төлемнің мерзімі өтуінен болатын шығасыны қысқарту, күмәнді борыштың пайда болуына жол бермеу, несиені басқаруда және бухгалтерлік есепті жүргізуде көмек беру, жеткізушінің өндірістік қызметінің ойдағыдай болуы үшін жақсы жағдай жасау, мұның өзі кәсіпорынның айналым мен пайданы молайтуына септігін тигізеді. Факторингілік компания төленбеген шот-фактуралардың меншіктенушісіне айналады және олардың төленбеуі қатерін өз мойнына алады. Факторингілік операциялар жеткізуші мен оның контрагенттері бір елдің ішінде болатын ішкі операциялар және халықар. операциялар (халықар. несиенің түрі ретінде) болуы мүмкін. 1988 ж. Халықараралық Факторинг туралы конвенция қабылданды. Конвенциялық (ашық) Факторинг және құпия (жасырын) Факторинг түрлеріне бөлінеді.

 1988 жылы жеке құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
1. қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында
несиелеудің болуында;
2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу, ең алдымен өткізу есебін;
3) жабдықтаушы қарызын инкассолау;
1. несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.
Факторингтің үш қатысушысы: фактор, бастапқы несие
беруші, борышқор. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады. Фактор, ол талаптың 80% бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады. Сонымен қатар, банк осы операциямен байланысты барлық жауапкершілікті, тәуекелді, талаптарды инкассолауды өз мойнына алады. Жабдықтаушы шығындарына мыналар жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және факторлық жиындар үшін комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы.
Факторингтік келісімнің бірнеше типтері бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қырыздардың пайда болуынан толық қорғау, төлемдердің кепілдік түсімін қамтамасыз ету, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге алдын ала төлем формасындағы несиелеу,
Регресстік кұкы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтарушы көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Толық қызмет ету туралы факторингтік келісімнің тағы бір түрі – агенттік келісім немесе көтерме факторинг туарлы келісім. Бұл жағдайда жабдықтаушы факторингтік компанияға тек
326 Ақша, несие, банктер
несиелік тәуекелдің қорғау функциясын береді, ая қалған элементтер жабдықтаушыда қалады, яғни ол факторингтік компанияның талаптарды есепке алу мен инкассолаудың агенті болады.
Егер жабдықтаушы тек несиелеуге қызығушылық білдірсе, ол ашық немесе конференциялдық шот-фактураны есепке алу туралы мәміле жасау мүмкін. Факторингтік компания үшін шот-фактурараларды дисконттау өте тәуекелді болып келеді.

21. Еңбек ұжымының қалыптасуы. Жаңа персоналды іздеу каналдары және таңдау әдістері.

Еңбек ұжымы– қоғамның мүддесіне керекті өнім өндіруді немесе қызмет етуді көздеген адамдар бірлестігі. Ұжымның қарапайым түрі алғашқы қоғамда қалыптасқан. Орталықтанған меншікке негізделген экономикада еңбек ұжымын ұйымдастыру мемлекеттің қолында болады. Мемлекеттік мекеменің еңбек ұжымын еңбек шарттарының, сондай-ақ қызметкерлер мен Мемлекеттік мекеменің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін басқа құжаттарды негізінде оны қызметіне өз еңбегімен қатысатын барлық азаматтар құрайды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Сондықтан, осыған байланысты жалдамалы қызметкерлердің еңбек құқығын қорғауда үлкен мәселелер туындады. Себебі, олардың құқықтарын кейбір жұмыс берушілер жиі бұзып, еңбек құқығы нормаларын қолданғанда көп қателер жібереді. Осыған байланысты, еңбек қатынасындағы әлсіз жақ – жалдамалы қызметкерлердің құқығын қорғау қазіргі еңбек құқығының функционалды рөлі болып табылады. Ал осы еңбек қатынасындағы әлсіз жақтың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің басты тәсілі осы мақсатқа арналған еңбек дауы институты танылған. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі ҚР ЕК) 1 – бабының 1 – тармағының 19 – тармақшасына сәйкес еңбек дауы – бұл ҚР еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер болып табылады. Еңбек дауларын құқық қатынастарының түрі бойынша еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын жеке еңбек даулары және еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасында туындаған ұжымдық еңбек даулары болып екіге бөлінеді. Қазіргі заңи әдебиеттерде ұжымдық еңбек дауларының мәселелері, оның ішінде ұғымы, классификациясы әлі толық зерттелмеген. Қазақстан Республикасында ұжымдық еңбек дауларын шешу тәpтiбi мен әдістерін, сондай-ақ ереуіл жасау құқығын жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқықтық негіз 1996 жылы шілденің 8-інде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер» туралы Қазақстан Республикасының Заңы болды. Мұнда: «ұжымдық еңбек даулары – ұйымдарда еңбек жағдайларын белгiлеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiн қолдану мәселелерi бойынша жұмыс берушi (жұмыс берушiлер бiрлестiгi) мен қызметкерлер ұжымдары (қызметкерлер өкiлдерi) арасындағы келiспеушiлiктер» – деп белгіленген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырда Еңбек кодексі шығуымен байланысты бұл заң өз күшін жойды. Басқа елдердің Еңбек кодекстерімен салыстырғанда ұжымдық еңбек дауларының түсініктемесі ҚР ЕК көрсетілмеген. Бірақ ҚР ЕК комментарийінде қазақстандық ғалым, профессор Е.Н.Нургалиева ұжымдық еңбек даулары – бұл ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгерту (жалақыны қоса), ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасау, өзгерту және орындау бойынша, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларынан тұратын актілерді қабылдаған кезінде қызметкерлердің сайланбалы органының ойын ескеруге жұмыс берушінің бас тартуымен байланысты қызметкерлер (олардың өкілдері) және жұмыс берушілер (олардың өкілдері) арасындағы реттелмеген келіспеушіліктер деген түсініктеме береді. Бұл анықтаманы нақтырақ деуге болады.

22. Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарын жоспарлау және бағалау.

1997 жылы маусым айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 3-ші бабында шағын кәсіпкерліктің субъектілерінде айдай анық анықтама берілген, нақтылап айтқанда, «шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып жұмысшыларының орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және жалпы активтерінің құны жылына орта есеппен есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен артып кетпейтін заңды тұлға мен заңды тұлғаларды құрамайтын жеке тұлғалар болып саналады». Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы:

1. айырықша қажеттіліктерді (ксерокөшірме, бала тәрбиелеушілер қызметі, сәлемдемелерді жеткізу қызметін құру және т.б.) қанағаттандыру мүмкіндігі;

2. өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі;

3. жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдерін мақұлдау мүмкіндігі.

Баршаға белгілі, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш мақсаты бар: өнімдер мен қызметтерді өндіру көлемін ұлғайту; халықтың жұмыспен қамтылуын күшейту; салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке түсуін көбейту. Алынған статистикалық есепті талдаудың көрсетуіне қарағанда 1997 жылғы республикадағы шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтін адамдардың саны оншалықты өспеген. 1996 жылдың соңында 21,2 единица болса, 1997 жылдың аяғында – 21,9 болған. Күшіндегі заң бойынша шағын кәсіпорындарды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс. Кәсіпорындардың және оларды жұмыс істейтін жұмыскерлер санының тұарақтамауы, шағын бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәспікрлердің өндірістен және инвестициядан «қашуы» сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады.  Мәселе, оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қыржылық қаражаттың шектеулілігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процесстерді бақылау және оларды теңестірудің жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық жергілікті масштабта, ұлттық экономиканың айырқша секторы түрінде әлдебір секілді өмір сүріп және дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген. Шағын кәсіпкерліктің бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсету мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:

-меншік құқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан, менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі рөлі мен мәнін күшейтеді;

-кәсіпорын масштабының шектеулілігі және қожайын мен жұмыскерлердің арасындағы тікелей байланыс, бір жағынан, басқару тиімділігін арттырады, екінші жағынана - өндіріске тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;

-кәсіпорын мүмкіндігі мен ресурстардың шектеулілігі, бір жағынан, оған тауар түріне (жұмыс, қызмет) берілген бағаға және тауарлы рынок жағдайына айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін тудырады, екінші жағынан – қызмет түрін тез өзгертуге жағдай жасайды.

-тұтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті рынокқа бағдарлануы, б

23. Кәсіпорын персоналын бағалау әдістемесі.Персоналды басқарудың құрамы. Бөлімшелер – персоналды басқару функцияларын атқарушылар, кең мағынада персоналды басқару құрылымы ретінде қарастырылады. Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады. Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері ашылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару бойынша директор орынбасарларының жетекшілігімен кадрлармен жұмыс істеуге қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.Кіші және орта ұйымдарды персоналды басқару жөніндегі көп функцияларды бөлімше жетекшілері, ал ірі ұйымдарда оларды орындайтын жеке өзіндік құрылымдық бөлімшелер қалыптастырады.Кәсіпорынның персоналын басқару өзара байланысқан іс - әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:

  •  кәсіпорын іс - әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау;
  •  еңбек нарығын талдау және жұмысбастылықты басқару;
  •  персоналды іріктеу және бейімдеу;
  •  кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың кәсіби және әкімшілік өсуін жоспарлау;
  •  еңбек етуді қолайлы жағдайлармен қаматасыз ету, соның ішінде әрбір адам үшін игілікті әлеуметтік-психологиялық хал-ахуал құру;
  •  өндірістік процестерді ұйымдастыру, еңбек шығындары мен нәтижелерін талдау, құрал – жабдықтар бірлігінің саны мен әр түрлі топтардағы персонал саны арасындағы тиімді қатынасты бекіту;
  •  еңбек өнімділігін басқару;
  •  тиімді іс - әрекетті мотивациялау жүйесін жасау;
  •  еңбекақы төлеу жүйесін жобалау;
  •  кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру;
  •  дау-жанжалдан сақтау және болдырмау.
  •  Персоналды басқару аспектілері:

Персоналды басқару және оның жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды жасау үшін керекті мәселелерді орындау қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:

  •  әлеуметтік-психологиялық диагностика;
  •  топтық және жеке адамдардың қарым-қатынастарын, басшылықтың көзқарасын талдау және реттеу;         Егер әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі бұл мәселелер екінші дәрежеде болса, нарыққа өту жағдайында олар алдыңғы қатарда орын алып, оның шешілуіне әрбір ұйым мүдделі болып отыр. Кадрлар қызметін басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымы. Персоналды басқару – бұл функция тек қана кадрлар қызметіне жатпайды. Осы және басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субъектілері - өндірістік бөлімшелердің сызықтық жетекшілері оған бағынатын мамандарымен бірге міндетті түрде қатысады. Басқарудың жоғары сатыларында стратегиялық сипаттағы мәселелер шешіледі: кадрлар саясаты, оны орындаудың стратегиясы мен тактикасы және оны орындаудың тапсырмалары, әдістемелік пен нормативтік материалдарды жасау тапсырмалары қалыптасады

24. Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері.

Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері экономика да, құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынған мемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады. Мәмілеазаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді. Мәмілені жасау — мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті. Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.

Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады. Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.

Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы: шартты жасау еркіндігі; шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі; тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

25)Кәсіпкерлік мәмілелер және түрлері

Мәміле — азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміле жасау үшін ұсыныс, ниет, екінші тараптан келісім керек. Ниет үш түрлі тәсілмен білдіріледі:

ауызша не жазбаша жасалатын тікелей ниет білдіру. Мысалы: келісім жасау, залалды өтеуге келісетінін хабарлау, хат жазысу, тағыда басқа.;

жанама ниет білдіру. Мысалы.: адамның тауарды сөреге орналастыруы оның саудагерлік Мәміле жасау ниетін білдіреді. Ол тек ауызша ғана жасалады;

кейбір жағдайда үндемеу де ниет білдіру болып саналады. Алайда мұндай ниет білдірушілік тек қана заңда немесе өзара келісімде көрсетілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Мәміле түрлері :Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:

  •  мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;
  •  әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;
  •  мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;
  •  мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.
  •  Мәміленің ақылы және ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады. Мерзімді Мәміленің ерекшелігі белгіленген мерзімнің міндетті түрде келетіндігінде. Кейде Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер қандай да бір алдын ала келісілген оқиға болған кезде туындайды, ал оқиғаның болуы-болмауы екі ұшты мәселе. Яғни келісілген құқықтар мен міндеттердің жүзеге асуы оқиғаның болуына тікелей тәуелді болса, мұны шартты Мәміле деп атайды. Сондай-ақ өзара сенімге негізделген фидус. Мәміле де (лат. fіducіa — сенім арту) болады. Тапсыру, комиссия, мүлікті сенімгерлікпен беру тараптардың арасындағы бір-біріне сенушіліктің арқасында іске асады. Тапсырыс келісімінде сенім артушы мен сенім ар-қалаушы кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқықты.

 

26)Келісімшарт – кәсіпкерлік мәмілелерді жүзеге асырудың негізгі ерекшеліктері

Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автокөлікті сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;

ә) автокөлікті залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;

б) автокөлікті сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт

27)Сатыпалу – сатукелісім шартын жасауға қойылатын негізгі талаптар, құрылымыжәне мазмұны

Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады.          Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті  Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет  болады.  Ал,  негізінен  қандай да  болсын  сатып   алу-сату шартына  ерекше  бөлімде  25-тарауда мазмұнданған жалпы  нормалар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелср қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны-мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жа-дайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.

28)Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі, түрлері және қағидалары


Кәсіпкерлік қызмет- осы инициативті шаруашылық қызметінің барлық қатысушылары пайда табу мақсатында өзіндік және басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру)
Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады. Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:
1. өндіріс ресурстары
2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту
3. кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.
4. нәтижесінде пайда табу.

Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады:
1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу;
жана идея кәсіпкердін көз қарасы мен жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердін жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда басымдылығын бағалау.
2. бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды.
3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру.
4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау.

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлеріге бөлінеді:
Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады
Коммерідиялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық болып есептелмейді
Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдеделі жактардың басын қосатын қызметте керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қарастырып пайдалануға үйрену керек.

29))) Кәсіпкерлік құпияның мәні.Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі.

“Кәсіпкерлік - ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады”.

Кәсіпкерлік қызмет анықтамасынан шаруашылық қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталады:
а) нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс (пайда) алуға бағытталған;
б) бастама болып табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның мүддесіне сәйкес және оның өз қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Небір жетекші органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды;
в) кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі базасында жүзеге асырылады. Кәсіпкер мүліктік базаның меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді;
г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан сөйлейді;

ҚР-ң заңнамасы белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады.Тіркеудің мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмаса.Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (ҚР АК 42 бабы) маңызды шарасы болып қызмет етеді.

 Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады.Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті.

30)))Кәсіпкер жауапкершілігінің мәні және түрлері

Кєсіпкер – зањмен тыйым салынбаѓан кез келген шаруашылыќ ќызмет т‰рлерімен: коммерциялыќ; делдалдыќ, сату-сатып алу, кењестік жєне басќа ќызметпен, ќ±нды ќаѓаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.

Кєсіпкерлік теориясыныњ негіздерін 18-19-ѓасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов жєне т.б. салѓан.    

Кєсіпкердіњ жеке мєртебесі (меншік иесі немесе оныњ тапсырмасы бойынша ќызмет етуші адам), ќызмет маќсаты – єлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу жєне атќаратын ќызметтері – шыѓармашылыќ (шаруашылыќ тєуекелге байланысты коммерциялыќ идеяларды ойлап шыѓару жєне іске асыру), ресурстыќ (аќпарат, ќаржы, ењбек жєне материал ресурстарын орналастыру), ±йымдастыру (ресурстарды ќолайлы т‰рде біріктіру жєне олардыњ ќолданылуын баќылау). 

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары

Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;

Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.

Жалған кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.[2]

Заңсыз кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.[3]

Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

  •  мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;
  •  шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;
  •  келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;
  •  еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;
  •  шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;
  •  жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;
  •  бағалар мен тарифтерді белгілеу;
  •  таза пайданы пайдалану;

31)))Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы.

 Элиталық тауар сияқты, адам модалы болуы керек, ал осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі қажет. Осы тұстан жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары, неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар іске кірісіп кетеді. Нарықтың бағасын ойлайтын адам өзін әрі сатушы, әрі тұтынушы ретінде қарастырады және оның көңіл-күйі тұлғаның өзінен гөрі, оған бағынбайтын сыртқы жағдайларға көбірек тәуелді болып шығады. Егер ол табыстан табысқа жетсе, онда құнды, ал сәтсіздіктерге жиі ұшыраса — құндылығынан айырылған. Ол өзінің ішкі мәнді күштерімен тұтас әрі үйлесімді емес, себебі ол үшін өзін өзі жүзеге асырудан гөрі, нарық базарында табысты сатылғаны мәнді. Осында ділдік тип қазіргі мәдени ет жүйесіне де үлкен ықпалын тигізеді.  Мәдениет бұл жағдайда шығармашылық пен жасампаздықтан, нарық мүдделеріне сай мол ақпарат жинақтауға көбірек бағытталады. Мәдени қайраткерлер өз туындыларының құндылығына қарағанда, олардың нарықтағы бағасына көп көңіл бөледі, басқаны ойлауға оның мұршасы да жоқ. Нарықтық бағдарды мәдени жасампаздықтан бөліп қарастыру салыстырмалы түрде жүргізіледі. Нарықтық бағдарға сынның абсолюттік мораль тұрғысынан берілетіндігін есте тұту керек. Нарықтық бағдар шынайы адамдық құндылықтарға әкелуі үшін, нарықтық қатынастар субъектілері белгілі бір қылық ережелерін сақтауға міндетті. Тек гуманистік, этикалық ережелерді бұлжытпай орындау нарықты қазіргі әлем мәдениетімен үйлесімді қоса біледі. Адамдық ынтымақтастықтың спонтандық тәртібі қалыптасқан жерде өз әрекеттерін жалпы мәдениеттілікке бағыттаған әлеуметтік топтардың нарықтық табыстары адамзаттық жоғары әдеп жүйесін нығайтады. Бұл процесс тура бағытты болып келмейді және адамдық топтар өз әрекеттерінде тек ылғи рационалды есепшілдікті басшылыққа ала бермей, көп жағдайларда жіберілген қателіктерінен сабақ алу арқылы коррекцияларға (түзетулерге) барып отырады және бұл түзетулер бәсекелік қалпында өтеді. Түбінде ынтымақтастық деңгейі жоғары топтар тарихта үтып отырады. Ф. Хайектің жазғанындай, «іс-әрекеттер ережелерінің эволюциясы ылғи даңғыл жолмен жүріп отырмады, өйткені қалыптасып қалған дәстүрлі көзқарастар эгоизмді қорғаштап, өзінікін дұрыс және әділетті деп есептеп келеді. Қазіргі кезде Сол себепті шектеусіз нарықтық қатынастар жағдайында ұлттық құндылықтардың кейбіреулері нарыққа икемделе алмай, қолданыстан шығып, мұражайлық, этнографиялық құндылықтарға айналып Нарықтық либералдану дәстүрлі құндылықтарды, нормаларды, институттарды, әлеуметтік-қызметтік стереотиптерді, өткен ұрпақтардың тәжірибесін өмірлік табыстарға жетудің стратегиясы ретінде жарамсыз және адекватты емес қылып, бұрын-соңғы болмаған қысымға алды. Осының нәтижесінде бұқаралық, азаматтық, әдептік және ұлттық өзіндік сананың деформацияға ұшыраған құрылымдары пайда бодцы. Оларда дәстүрлі құндылық-мағыналық иерархиялар мен басымдылықтар қиратылып не маргиналданып, қазіргі өмір ырғақтарына сай рухани-адамгершілік ұстанымдар әлі қалыптаса алмады. Осы жағдайларда дәстүрлі ұлттық құндылықтар арзандатылып және ескі раритеттер түрінде қалды, ал оларға иек артатын тұлғалар экономикалық прагматизмнің либералдық демократиялық принциптерін қабылдай алмады және өздерінің күнделікті әрекеттерінде бойкүйездік, селқостыққа немесе агрессияшыл тынымсыз девияцияға бұрыла бастады, кейбір тұлғалар ескі әлемнің құндылықтарының ауысуын бүкіл адамдық ынтымақтастық, руханилық жоғалуы деп жариялады. Нарықтық қатынастарға тежеусіз ерік бере отырып, мемлекет те өз әрекетінде осы стихияның ықпалында кетеді. Ол болашаққа бағытталған бағдарларды күнделікті өмір талаптарына құрбан ете салады. Болашақты бағдарламау адамның өзіне теріс әсерін тигізеді.

32)))ҚР кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар

кәсіпкерлік – пайда алу маќсатында ќаржы салу, жеке тиімді ќоѓамдыќ кµмекпен үйлестіру негізіндегі ќызмет болып табылады.

Кєсіпкерлік субъектілері жеке т±лѓалар немесе єріптестердіњ бірігуі болуы мүмкін. Кєсіпкерлік субъектілер ретінде жеке т±лѓалар жєне жан±ялыќ кєсіпорындарды ±йымдастыру жолымен шыѓады. М±ндай кєсіпорындар µз ењбектерініњ шыѓындарымен шектелуі немесе жалдамалы ењбекті ќолдануы м‰мкін. Әріптестік – бұл бірнеше тұлға ұйымдастырған, бірігіп иеленетін және оны басқаратын кәсіпорын, фирма.

Мұнда барлық әріптестердің  маңызды құқықтары бар, бірақ жауапкершлігі шектелген, яғни фирма қызметіне толық жауап беретін негізгі қатысушылармен қатар, олардың іске салымдарының сомасы шегінде жауапкершілігі  шектелетін әріптестер болуы мүмкін (жауапкершілігі шектелген әріптестер деп аталады).

Әріптестер жағдайында кәсіпорын, фирма қызметінің басталуы мен жалғасуына байланысты қаржы сұрақтарын шешу жеңілірек. Мұнда жеке меншікті  кәсіпкерлік  фирмасына мамандандыруды қолдануға болады.

Әріптестіктің кемшілігі – қызметтердің бөлінуі, соның әсерінен әрекеттердің келіспеушілігі және тіпті әріптестердің сыйыспаушылығы пайда болуы мүмкін.

Қайшылықтардың тууы және істен бір немесе бірнеше әріптестің шығуы нәтижесінде серіктестіктің ыдырауына қауіп туады.

Корпарация әрбір меншік иесінің жауапкершілігі осы кәсіпорынға салған оның салымымен шектелетін заңды тұлға түріндегі кәсіпорын немесе фирма.

Корпарация – үлес негізіндегі қоғам. Жекешелеген тұлғалар акцияларды ала отырып корпарацияның меншік иелері болады. Осылайша көптеген адамдардың қаржы құралдары таралады.

Акция ұстаушылар дивиденд түрінде табыстың бір бөлігін алады. Олар тек акцияны сатып алғанда төлеген сомада ғана тәуекел етеді. Корпарация оның иелері – акционерлерден тәуелсіз өмір сүреді, бұл корпарацияға салыстырмалы тұрақты қызмет етуге мүмкіндік береді.

Кєсіпкерлік субъектілері ретінде єріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылыќ ассоциациялар, жалдамалы ±жымдар, ашыќ жєне жабыќ т‰рдегі акционерлік ќоѓамдар, єрт‰рлі серіктестіктер т.б. т‰рінде шыѓады. Кєсіпкердіњ бастапќы шешімі дегеніміз негізін ќалаушы, ±заќ мерзімді шешімдер. Б±л бір-аќ рет ќабылданатын шешімдер, єрі ќарай оны т‰зеуге болмайды, µйткені б±л біршама ќ±ќыќтыќ мєселелер мен материалдыќ шыѓындармен байланысты. М±ндай шешімдерге жатады:

А) ұзаќ мерзімді кєсіпкерлік шешімдерді аныќтау;

Б) өндірісті орналастыру үшін орын тањдау.

Кєсіпкерлік маќсат – бұл белгілі уаќыт ішінде жету, ќажет ќалайтын жаѓдай.

Маќсатты ќалыптастыру кезінде келесі ‰ш элементті дєл аныќтау ќажет:

А) маќсаттыњ мазм±ны, ќандай жаѓдайѓа жету ќажет жєне маќсатќа жету дењгейін аныќтау, белгілеу.

Б) ќалаѓан маќсат кµлемі, маќсат шексіз немесе шекті ќалыптаса ма?

В) маќсаттыњ уаќыт факторы. Єрбір маќсат ‰шін с±раќ анќтау ќажет, ќойылѓан маќсат ќандай кезењге дейін немесе ќандай уаќыт ішінде жету керек.

¤ндірісті орналастыру орнын тањдау туралы шешімді, тек жања ±йымдастырылатын кєсіпорын ‰шін емес, жекелеген µндірісті кењейту кезінде ќабылдау ќажет. ¤ндірісті орналастыру орнын тањдау кєсіпорынды ќ±ру кезіндегі негізгі шешімдерге жатады.

33.ҚР кәсіпкерліктегі делдалдардың рөлі және қызметі.

Кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.Кәсіпкерлік қызметінің көптеген түрлерінің ішінен негізінен төртке топтастыруға болады: өндірістік, комметциялық, қаржылық, консультативтік.

Қызметтің коммерциялық түрінің мазмұны тауар-ақша қатынасы, сауда-айырбас операциясынан тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерліктен қызметтен айырмашылығы сол, мұнда өнімді шығаруға байланысты едәуір өндірістік ресурстарды қажет етпейді.

Қаржы кәсіпкерлігі коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Солай болғандықтан оның объектісі сатып алу, сату айырмашылығы тауарға шығады: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигация, вексель, ваучер), яғни тікелей және жанама нысаны түрінде бір ақшаны басқа ақшаларға сату шығады.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқытық жағдайлар жасалу қажет. Ол өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақталы өндірістік, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды жүзеге асыруда тиянақты шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді, экономикалық заңдардың әрекет ету көрінісін өндіріс процесінде және өнімді сатуда, ресурс шығындарын ең аз мөлшерде жұмсай отырып, өндірістің нәтижелігін арттыруды қамтамасыз ететін кәсіпорынның түрлі салалары және меншік нысандары, шаруашылық тетігін көрсетеді.

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі елдің экономикасын тұрақтандырудың маңызды факторы. Қазіргі кезде шаруашылық қызметінің негізгі буыны – кәсіпорын болып табылады. Осы деңгейде сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нысандары іске асырылады.

Қазастандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және тағы басқа салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастыларының бірі – заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы, иә, заңдар қабылданған, мысалы: «жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға байланысты заңы (04.07.92жыл); «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы» ( 19.06.97 ж); «шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР-нің Президентінің Жарлығы бойынша ( 06.03.97ж), және бүгінгі күніде қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқытық актілер іс жүзінде толық жүзеге асырылмағандықтан кәсіпкерлер үшін біршама қиындықтар туады. Ол нормативті – құқықтық акілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарының тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқталуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық – экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау бөлімшелері, тұтынушылардың құқығын қорғау орталықтары жән е тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделері мен көзқарасына кеміте отырып көп жағдайда заңдық және заң шығарушылық пен сот органдарының функциялары мен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюрократизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етудің тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде жүргілізеді: жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті үкіметтің бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң щеңберінен шығып кететін шекте, ақшалай сомада салық салу. Екінші форма – жасырын ауыр салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара ретінде түседі. Ол өз деңгейінде кәсіпкеерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға кедергі болады.

Келесі негізгі мәселе – ол тиімді қаржылық қолдау, яғни кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Европалық Қайта құру және Дамыту банкісінің ашық несиелік тізбегінен; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруін қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге:

І – жоғары пайыз мөлшерлемесі;

ІІ – несиені қайтарудың қысқамерзімділігі;

ІІІ – несие алудағы құжаттар санының көптігі;

ІV – кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары жатады.

34. Кәсіпкерліктегі әкімшілік жауапкершілігі және бизнесті қолдауы.

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершіліктері әкімшілік, экономикалық және қылмыстық жауапкершілік болып бөлінеді. Кәсіпкерлік қызметті тоқтату қайта құру немесе жою жұмысы арқылы жүзеге асады. Кәсіпкерлік іс субъектісін соттың шешімімен қызмет тоқтатуға мынандай жағдайларда мәжбүр етеді:

–  кәсіпорын банкрот болған жағдайда ;

– тіркеу кезінде түзетуге мүмкін емес заңдылықтарды бұзған болса;

– лицензиясыз жұмыс істеуге рұқсат етілмеген жағдайда, лицензиясы болмаса;

– бір жылда бірнеше рет тәртіп бұзған болса;

– басқа да заң актілері нұсқауларын орындамаған жағдайларда.

кәсіпкерлік[1] – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

35. ҚР кәсіпкерлердің міндеттемелерін қамтамасыз ету шарттары және тәсілдері. Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

  •  Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
  •  Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
  •  Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

   Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі:

1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.

2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді.

3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т.б. Ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, финанс – кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.

Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.

- ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді, жұмыссыздық өседі;

- валютаны алып-сатушылық басталады;

- елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі;

- тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына;

- инвестицияның қысқаруына т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.

4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдіктьі қамтамасыз ету.

Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету.5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын – оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады. Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар, іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

36. ҚР іскерлік қарым-қатынастар және мүдде.

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.Іскерлік қарым-қатынас – ол адамаралық қарым-қатынастың жетекші түрі  және ол тұлғаралық қатынас барысында жүреді. Қарым-қатынас – адамдардың қоғамның мәнді иесі ретіндегі маңызды рухани қажеттілігі.Адамның қарым-қатынасты қажетсінуі оның қоғамдық сипаттағы тұрмысымен, іс-әрекетте өзара ынтымақтастықта болуды қажет етумен сабақтасады.Кез келген бірлескен іс-әрекет оны орындаушылар арасында тиісті байланыс пен өзара түсінушілікті талап етеді. Іскерлік қарым-қатынас адамдар арасындағы көп қилы байланыс болғандықтан ол байланыстар бірлескен өмір қажеттілігі болып табылады,ал қарым-қатынастың ерекшелігі оның іс-әрекетпен ажырамас байланысында.Қарым-қатынас мазмұны адамдардың өзара әркеттестігін тудыратын ақпарат көзі болып табылады.Ол жаңа білімді хабарлау, серіктестердің іс-әрекетінің мазмұны туралы ақпарат беру,оған жету барысында ұстанатын стратегиясы мен тактикасын түсіндіру болуы мүмкін. Қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс болғандықтан ол адамның бүкіл өмірінің аумағын,іс-әрекетін қамтиды. Іскерлік қарым-қатынас мазмұндылық жағынан формалды болып табылады.Оның барысында өз шешімін талап етіп отырған нақты мәселелер қарастырылып, оны тиімді шешу жолдары талқыланады.Іскерлік қарым-қатынас мәселелерін шешудің келесі формалары кеңінен пайдаланылады:

  •  Іскерлік әңгімелесуді жүргізу;
  •  Іскерлік қарым-қатынасты жүргізу;
  •  Іскерлік кеңес ұйымдастыру;
  •  Көпшілік алдында сөз сөйлеу.

Сонымен, іскерлік қарым-қатынас дегеніміз бұл белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған байланыстарды орнату,нақты мәселені шешуді көздейтін іс-әрекет,мағлұматтар және тәжірибе алмасу процесі.Іскерлік қарым-қатынаста тапсырыс берушінің екі түрлі стратегиясын байқауға болады:өзіңнің мүмкіндіктерін пайдаланып сұрақтарға жауап беру, берілген барлық ұсыныстармен келісіп,оларды тапсырыс ретінде түсініп жауап беру.

37. ҚР іскерлік келіссөздер және онын талаптары

Іс келіссөөздері – екі жақ бірдей қызығушылығы бар жағдайда адамдар арасындағы белшілі бір нәтиежеге, келісімге келу қарым – қатынас құралы.

Келіссөздердің өткізілу этаптары олардың тиімділігінің өсуіне алып келеді, олар келесідей этаптардан тұрады:

  •  Іскерлік келіссөздердің анализ қорытындысын жасау
  •  Мәселелерді шешу (келіссөздердің аяқаталуы)
  •  Келіссөзге дайындалу
  •  Келіссөзді өткізу

Келіссөзді дайындау

  •  Нақты мәселені ұғыну;
  •  Алдын-ала келіссөздің жүру жоспарын құру;
  •  Жол беретін және бермейтін жерлерді айқындау;
  •  Қызу дау туғызатын компромисстердің жоғарғы және төменгі деңгейңн анықтау;

Келіссөздер алдында оның моделін білу қажет:

  •  Өзіңіздің берілмейтініңізді білдіру моменті, жағымсыз жағдайлардан сәтті шыға білу
  •  Келіссөздердің қиындығына байланысты жасалу проектілерін, алдын ала бағдарламар жасау
  •  Талқыланатын мәселені нақты білу, себебі келіссөздер инициативасы кім мәселені жақсы түсінеді соған байланысты.
  •  Өзіңізге дискуссия, дау туғызады деген сұрақтардың, компромисстік жоғары және төмен деңгейін анықтау

Келіссөздерді өткізу. Менеджмент теориясында іскерлі келіссөздерде келесі негізгі әдістер қолданылады:

  •  Вариационды әдіс – күрделі келіссөздерде қолданылатын альтернатив кең түрде барлық болатын жағдайларды ескеру, нақты және шын бағалай білу;
  •  Интеграция әдісі – серіктесті келіссөздің проблематикасын бағалауда, қоғамдық өзара байланыстылықты, интеграцияның қажеттілігін сезіндіру;
  •  Тепе – теңдік әдісі – дәлелдеме, аргументтерді анықтап, мәселеге серіктестің көзімен қарап көру және оны өз аргументтеріңізде қолдану;

Келіссөздің аяқталуы

Келіссөз барысы позитивті болса

  •  Қысқаша түрде нгеізгілері қайталау
    •  Екі жақты келісімге ісер еткен сәттерді сипаттау
    •  Позитивті нәтиежелер негізінде жаңа кездесулердің перспективасын талқылау

Келіссөз барысы негативті болса

  •  Келіссөз серіктесімен субъективті байланысты сақтау
    •  Негативті орын алған жағдайларда қорытынды жасауға ұмтылмау
    •  Басқа да мүмкін болатын қызығушылықтарды табу, бұл қалыпты жағдайды өзгертеді

Келіссөздердің қорытынды анализі келесі мақсатта болады:

  •  Келіссөз мақсатын олардың нәтиежесімен салыстыру
    •  Келіссөздердің нәтиежесінде пайда болатын шаралар мен іс – әрекеттерді анықтау

38. ҚР іскерлік және кәсіби  этика.

Іскерлік  ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі. Іскерлікті іс үшін пайдалы олжаларды іздеп тауып, ұтымды пайдалану жолындағы белгілі бір психологиялық бағдар ретінде қарауға болады. Іскерлік кез келген қызметкер үшін, әсіресе, басшылар үшін құнды қасиет болып табылады. Іскерлік жақсы пысықталған, тиімді әлеуметтік технологияларды, ұжымдық еңбекті ұйымдастыру рәсімдері мен ережелерін шеберлікпен пайдалануға негізделеді. Басшының іскерлігі ұйымды басқаруға және қызметкерлерге басшылық жасауға іскерлікпен қарау қағидатын дәйектілікпен іске асыруды көздейді. Іс жүзінде басшының іскерлігі мақсаттарды, міндеттер мен тапсырмаларды дәл де нақты анықтаудан, тәсілдер мен құралдарды, межеленген міндеттерді шешуге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетін барлық қажетті амалдарды дәл де нақты анықтаудан, межеленген іс-қимылдарды дәйектілікпен, сабырмен (у-шусыз, абыржымай) жүзеге асырудан, жұмыстың кез келген сатысында қызмет нәтижелерін мұқият бағалаудан және бақылаудан, өзінің және өзіне бағынышты адамдардың уақытын ұтымды пайдаланудан және нақты үнемдеуден (бұл әсіресе, іс бабындағы кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысты) көрініс табады. Кәсіби Этика кәсіби моральдың   құрылымын зерттейтін ғылым , моральдық нормаларды ұстану – ең бір қажетті  қасиет.қай салада қызмет етпесін адам ең алдымен адамгершілік қағидаттарын  берік ұстанып,еліне қызмет ете білуі керек. БАҚ арқылы қоғамның көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады.  Қойылатын
моральдық талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс пайдалана білу қажет. .Осы мақсатқа қабылданған кодекстер қызмет етеді.

  1.  Жеке және кәсіби адалдық Жеке бастың адалдығын 
    жоғары адамгершілік қағидалары мен жақсы беделді сақтау деп түсінуіміз
    керек.Кәсіби адалдыққа конституцияны,ережелерді дәл осы кодексті сақтау жатады.
  2.  Әріптестермен қарым-қатынас
    IPRA мүшесі әріптесінің кәсіби мәртебесі мен
    жұмысына қасақана зиян келтірмеуі тиіс.Алайда басқа адамның этикаға сай емес
    әрекеті мен осы кодексті  бұзғаны жайлы
    дәлелі болса,IPRA кеңесіне осыны мәлім етуі керек.
  3.  Бап.Ұлттық Ассоциацияға ережеге сай қабылданған әрбір кәсіби мүшесі осы кодексті ұстануға  міндетті PR саласының өндірістік қызметкері болып табылады.

 

39. Қазақстандағы кәсіпкерліктегі бәсеке және оның дамуы

"Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 815 Қаулысы бойынша: 4-бап. Бәсекелестік қағидаттары

      Бәсекелестік мынадай қағидаттарға жауап беруі тиіс:  
      1) жарыстастық; 
 
      2) әділеттілік; 
 
      3) заңдылық; 
 
      4) тұтынушылар құқықтарын сақтау.

Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқаны белгілі болып отыр. Ең бастысы шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. өсім соншалықты да жоғары емес, небәрі пайыздық бөлігі ғана. Оның ЖІӨ-де өзнідік үлесі бар. Ол 30% құрайды. Қазіргі кезде кәсіпкерлік Қазақсатнның бүгінгі экономикаыснда лайықты орын алуда

Кәсіпкерлікті қолдаудың және реттеудің келесідей түрлерін атап өтуге болады:

  •  Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу;
  •  Инновациялық қолдау және ынталандыру;
  •  Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
  •  Құқытық қолдау және заңдар қабылдау;
  •  Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
  •  Салықтық жеңілдіктер арқылы кәсіпкерліктің маңызды салалырн дамыту іс-шаралары жатады.

Осы жоғарыда айтылған өнеркәсіптегі кәсіпкерлік қызметті қолдау мен реттеу шараларының ішіндегі қалған бағыттарға да әсер ететін негізгі реттеу мен қолдауды, кәсіпкерліктің дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мелекеттік іс-шаралар жиынтығы болып табылады.

Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергілікті қаражат есебінен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетін бөлінген қаржы шегіде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттік бюджетінен, мемлекеттік земдардың, мемлекеттік ақшалай гранттар есебінен жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мен рететудің негізгі бағыттарына:

  •  Елде жекешелендіруді одан ары жүргізу;
  •  Нарықтық қатынастарды жетілдіру, кәсіпкерлік қызметтердің еркін қызмет етуіне қолайлы ортаны қалыптастыу;
  •  Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялаудың, олардың өнімін сертификаттаудың оңайтылған тәртібін белгілеу;
  •  Ұлттық маңызды және шағын кәсіпкрелік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
  •  Қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің арнаулы бағдарламаларын жасау;

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақүрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті іреді.

Республикадағы өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымның келесі сатысы Астана және Алматы қалалары және облыс әкімдері мен аппатарттары. Кәсіпкерлік қызметті қоолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әкімшілк жанында Кәсәпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған . Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4-қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді).

Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын кәсіпкерлік инновациялық экономикада өз орнын шұғыл түрде табу үшін нарықтағы шынайлықты, жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап оытрғанын түсінуде. Өнеркәсіптегі кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жерглікті орнадардың әкім аппатарттары жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұймдар кесетсі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:

  •  шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;
  •  атқарушы билік жергілікті және аймақтық орнгандары үшін ұсыныстар мен кеңстерді жетілдіру.          Кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұғымдары үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:
  •  өнеркәсіптегі кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды жетілдру;
  •  нарықты экономиканың дамуын ынталаныдырушы мүмкіндіктерді жасау;
  •  Қазақстан Республикасында жұмыс жапсаушы кәсіпкрелік одақтар мен қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;

кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін кеңестерді дайындау.

40. Қазақстандағы кәсіпорынның бәселекелік  артықшылықтары және бәсекеге қабілеттілігі

Экономика орнықты өсуі үшін, Үкімет Елбасы тапсырмасына сәйкес 2011-2015жылдары экономиканың 7% өсімін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын мақұлдады. Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,6% құрады.Ұлттық жинақтар деңгейі сияқты көрсеткіш бойынша Қазақстанның жағдайы тұрақты.Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан ұлттық жинақ көрсеткіші бойынша мығым отыр, әлемнің 142 елінің ішінде 12 орында тұр.Ведомствоның ақпараты бойынша, Қазақстандағы жинақ нормасы 2011 жылы жалпы ішкі өнімнің 30% шамалады және осы көрсеткіш Қазақстанға ТМД-ның бірқатар елдерінің және басқа да дамушы экономикалардың арасында көшбасшы атануға мүмкіндік берді.

Макроэкономикалық тұрақтылықты мазмұндайтын тағы бір көрсеткіш халықаралық резервтер десек, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанның таза халықаралық резервтері 32,3 млрд АҚШ долларын құрады, ал жалпы резерв сомасы 86,3 млрд долларға жетіп отыр.

Тағы бір фактор инфляция деңгейі - 2012 жылдың маусымында еліміздегі 5,9% құрады,бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4 пайыз бағамға төмен. Ел Үкіметі мен Ұлттық банк инфляция деңгейін 6-8% дәлізінде ұстау жөніндегі антиинфляциялық шаралар қабылдауда.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының басты міндеттерінің бірі. Жайлы макроэкономикалық тұрақтылық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарты болып табылады.

«The Global Competitiveness Report 2011-2012» есебінде келтірілген Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан «Макроэкономикалық тұрақтылық» факторы бойынша жағдайын жақсартып, әлемнің 142 елінің ішінен 26-шы орыннан 18-ші орынға көтерілді және Орталықазиялық өңірінде макроэкономикалық тұрақтылық бойынша көшбасшы атанды.

41 кәсіпкерліктің  әлеуметтік экономикалық аспектілері

  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің теориялық аспектілері

Кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың, меншік нысанына тәуелді емес, тауарларға (жұмыстарға, қызметкерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза пайда табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорының шаруашылық іс жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген бастамашыл қызметі. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік билік және басқару органдары белгілі бір дәрежеде айқындайтын қолайлы құқықтық, экономикалық, саяси және өзге де жағдайлардың болуына көбіне тәуелді болатын ұзақ мерзімді процесс болып табылады. Кәсіпкерлік ұғымы бірінші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680-1734). Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономисті Жан-Батист Сейн (1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен тәуекел үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды. Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әр түрлі салада қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылады. Демек, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жеке меншік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан саясаты қандай да болмасын саладағы меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған деп те айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебінен, ағымдағы заңдар шегінде жүзеге асырылатын шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа да қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетіміздегі сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес халыққа да тиімді болып табылады.

42 кәсіпкерліктік  іс әрекеттің микроэкономикадағы әлеуметтік  және құрылымдық қызметі

 ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайдың жайлылығына еліміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері айғақ.Экономика орнықты өсуі үшін, Үкімет Елбасы тапсырмасына сәйкес 2011-2015жылдары экономиканың 7% өсімін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын мақұлдады. Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,6% құрады.Ұлттық жинақтар деңгейі сияқты көрсеткіш бойынша Қазақстанның жағдайы тұрақты.Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан ұлттық жинақ көрсеткіші бойынша мығым отыр, әлемнің 142 елінің ішінде 12 орында тұр.Ведомствоның ақпараты бойынша, Қазақстандағы жинақ нормасы 2011 жылы жалпы ішкі өнімнің 30% шамалады және осы көрсеткіш Қазақстанға ТМД-ның бірқатар елдерінің және басқа да дамушы экономикалардың арасында көшбасшы атануға мүмкіндік берді.

Макроэкономикалық тұрақтылықты мазмұндайтын тағы бір көрсеткіш халықаралық резервтер десек, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанның таза халықаралық резервтері 32,3 млрд АҚШ долларын құрады, ал жалпы резерв сомасы 86,3 млрд долларға жетіп отыр.

Тағы бір фактор инфляция деңгейі - 2012 жылдың маусымында еліміздегі 5,9% құрады,бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4 пайыз бағамға төмен. Ел Үкіметі мен Ұлттық банк инфляция деңгейін 6-8% дәлізінде ұстау жөніндегі антиинфляциялық шаралар қабылдауда.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының басты міндеттерінің бірі. Жайлы макроэкономикалық тұрақтылық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарты болып табылады.

«The Global Competitiveness Report 2011-2012» есебінде келтірілген Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан «Макроэкономикалық тұрақтылық» факторы бойынша жағдайын жақсартып, әлемнің 142 елінің ішінен 26-шы орыннан 18-ші орынға көтерілді және Орталықазиялық өңірінде макроэкономикалық тұрақтылық бойынша көшбасшы атанды.

43.ҚР 2015 ж. дейінгі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы. Өнеркәсіптіксаясат

Экономиканың орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат 2010–2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асыруда.  Орта мерзімді перспективада экономиканы әртараптандыруға, үдемелі индустрияландыру жолымен қол жеткізілетін болады. Индустрияландырудың негізіне дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларды дамыту арқылы мемлекеттік және жеке секторлардың өзара іс-қимылының тиімділігі, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанды қамтуды ұлғайтуды арттырудың, шикізат емес басым секторларды дамыту қағидаттары алынды. Барлық секторлар экономиканың өнімділігін арттыруды индустрияландырудың нәтижесіне айналады. Индустриялдық-инновациялық дамуға бағытталған мемлекеттік саясат қолайлы макро ортаны, басым секторлар мен қаржылық және қаржылық емес қолдаудың кешенді шараларын, сондай-ақ озық технологиялар мен импорт алмастыру өндірістерін дамыту бойынша шағын және орта бизнестің бастамаларын қолдауды қамтиды. Қазақстанды индустрияландырудың республикалық және өңірлік карталарының  ірі   инвестициялық   жобаларын   іске   асыру  индустриялық- инновациялық бағдардың негізгі тетігіне айналды. Жобаларды қолдау қаржылық және қаржылық емес қолдаудың іріктемелі шараларының құрастырылған пакетін беру арқылы жүзеге асырылуда. Қолдаудың инфрақұрылымдық шаралары өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру сызбасы арқылы іске асырылатын болады, жобаларды инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету, минералды шикізат және еңбек ресурстарын, өткізу нарықтарын оңтайлы бөлу мәселелерін шешудің тұрақты өзектендіріліп отыратын құралы болып табылады. Бүгінде ірі жоғары технологиялық индустриялық жобаларды іске асыру және жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау жуырда іске қосылған «Өнімділік-2020» және «Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру»бағдарламалары шеңберінде қамтамасыз етілуде. «Өнімділік – 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік үдерістерді оңтайландыруды және инновациялық гранттар беруді қамтамасыз ететін конструкторлық бюролардың жаңа өнімдерді өндіріске енгізу жолы негізінде еңбек өнімділігі артады. Инвестицияларды әлеуметтік маңызы бар секторға ынталандыру мақсатында бюджет және концессия заңнамасына қажетті өзгерістер арқылы мемлекеттік – жеке меншік кәсіпкерлік тетіктерін пайдалануды жетілдіру жолымен жүзеге асырылмақшы.

44.Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.

Инвестицияларды әлеуметтік маңызы бар секторға ынталандыру мақсатында бюджет және концессия заңнамасына қажетті өзгерістер арқылы мемлекеттік – жеке меншік кәсіпкерлік тетіктерін пайдалануды жетілдіру жолымен жүзеге асырылмақшы. Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, жаңа экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістерді құруға инвестицияларды тартуға бағытталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бастамаларына қолдау көрсетуде. Шағын және орта бизнестің бастамалары қазірдің өзінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша, ал микробизнес — Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде қолдауға ие болып отыр. Отандық компанияларды сыртқы нарықтарға ілгерілеу жөнінде қолдау үшін «Экспорттаушы 2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмекші. Бұл үшін тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтастай жүйе құрылатын болады, ол ынталандыру шараларының кешенін, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен жұмыстың институционалдық тетігін қамтитын болады. Жоспарлы кезеңде тікелей инвестицияларды тарту мақсатында «Инвестор – 2020» бағдарламасы іске асырылатын болады. Шағын және орта кәсіпорындар ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар мен  қызмет   сұраныстарын   қанағаттандыруда,   жалақы   мен  зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық  мәселесін  шешуде және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңыздылығы жоғары. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпорындардың қалыптаса бастауы мен дамуы нарық реформаларының  басталуына тұспа-тұс келуімен және тауарлы нарықтың,  кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш жаюымен  байланысты. Мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнеспен айналысуға қойған міндет болып табылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес шешуші фактор болуы тиіс. Ол үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларын нақты жүзеге асырған дұрыс.

1. Шағын және орта кәсіпорындардың мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтатын болсақ, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза фискалды көзқарасты өзгерту және тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін ұсыну. Мемлекет  кәсіпкерлерді қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиіс, мұнда кәсіпкерлер өздерін кәсіби  жүйе арқылы қорғай алса, өте жақсы болар еді. Құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлердің арасындағы қатынасты жан-жақты қолдап, қорғаған дұрыс.

2. Шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем  беретін арнайы қаржылық қорларды құру қажеттілігі.

3. Монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекені орнату, тұтынушылар құқығын қорғауға,  яғни бір жүйе құру керек.

Орта және шағын кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі, себебі ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде болғандықтан. Жалпы ұстанып отырған стратегиялық бағытта қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінуде. Мұндағы шағын және орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына есебін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын несиелендіру. Экономикалық дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға ұшырап, иілмелі нарық жүйесі алдында дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар жұмысқа тартылды, яғни шағын және орта кәсіпкерлік дағдарыстағы экономикамызға тіреу бола алады деп айта аламыз.

45. Әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлік қызмет.

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалы ққызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізленіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланытырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік былайша айтқанда пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады.

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90 жылдардың басында қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды. Көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері жастардың шығармашылық ғылыми техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары қарастырылды. Мұның үстіне өспелі инфляция жағдайына тап болған кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп бере қана қоймай, сондай-ақ қажетті былайша айтқанда бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып арзан қайтарылды.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық аспектілерінің мәні мен мағынасы

Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы материал немесе еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетуге болады.

Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қорғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте, сөз кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақыттағы негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені де кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника мен технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылады, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.

Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуы мен қалыптасуы қайта құру кезеңінен бастау алып тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жалғасын тапты. Еліміздің негізгі заңнамалық құжаттары бірінде Азаматтық Кодексте кәсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: «Кәсіпкерлік меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі». Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Ал мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының конституциясында көрсетіогендей, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополисттік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі.

Кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:

  •  кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен қаражаттарын тарту;
  •  кәсіакерлік қызметті іске асыру мен дамыту бағыттарын дербес анықтау;
  •  материалдық, қаржылық, еңбек табиғи және басқа да ресурстарды тарту және пайдалану;
  •  салық және басқа да міндетті төлемдерді, міндеттемелерді төлегеннен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі;

46) Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік: ерекшеліктері және даму жолдары.

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген3.

  Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады4. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

  Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.

  Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап ал айық.

  Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.                    

Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру.

47) Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтегі ақпарат рөлі

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстандағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) даму ахуалы мен проблемалары жайындағы кешенді зерттеудің қорытындыларын жариялайды. Осымен екінші рет жүргізілген зертеу 2010 жылдың қазан - желтоқсан айларында іске асырылған. Бірінші жобаны Даму Қоры 2009 жылы жүзеге асырып нәтижелерін жариялаған болатын.

Әдіснамалық және мағыналы сабақтастық арқасында, 2010 жылғы зерттеудің басты көрсеткіштері алдыңғы жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелерімен салыстыруға тұрарлық. Сонымен қатар 2010 ж. зерттеу жобасында мейлінше үлкен және әртүрлі әдіснамалық арсенал қолданылды. Онда сандық тұрғыдағы әдістермен қатар (ШОБ институционалдық және салалық құрылымын бейнелейтін жұмыс істеп жүрген 2000 кәсіпкерге таңдау жолымен сауалнама жүргізу, 2010 ж. Кәсіпкерліктің жедел курсына қатысқан әлеуетті және ісін жаңадан бастаған 1500 бизнесмен-тыңдаушылар арасында сауалнама, 2009 ж. Кәсіпкерліктің жедел курсы тыңдаушыларының «тренингтен кейінгі» кәсіпкерлік қызметтеріне таңдамалы түрде мониторингтік зерттеу жүргізу, Даму Қорының қаржылық бағдарламалары қатысушыларына сауалнама жүргізу) сапалық тұрғыдағы әдістер де (әртүрлі санаттағы қалалық және ауылдық кәсіпкерлерден құрылған фокус-топтар, бизнесін әртүрлі себептермен тоқтатуға мәжбүр болған бұрынғы кәсіпкерлерден құрылған фокус-топтар, жаңа жобаларды немесе бизнестің жаңа бағыттарын меңгерген кәсіпкерлермен көкейтесті сұхбаттасу) қолданылды. Шағын және орта бизнесті кешенді зерттеу тәжірибесінде бірінші рет кейс-стади қолданылды. Олар бизнес ашу және қолданыстағы бизнесті жаңғырту, өндіріс және сауда нысандарын салу, мақсатты кредиттерді игеру кезінде туындайтын проблемаларды, нақты дәлелдермен, егжей-тежейлі оқып-үйренуге мүмкіншілік берді.

Алынған нәтижелер, оларды 2009 ж. зерттеу көрсеткіштерімен салыстыру, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің айтарлықтай қарама-қайшы келбетін береді.

Дағдарыс кезінде кәсіпкерлік орта пессимизм мен торығушылық күйге бой алдырмаған. Сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің 70% астамы өз бизнесінің келешегі айқын десе, кәсіпкерлердің 40% астамы қызметтің жаңа түрлерін, өнімдер мен қызметтерді игергілері келетіндігін хабарлады. Респонденттердің 35% астамы өз бизнесінің бағалау құнын ұлғайтатыны жөнінде хабарлады. Кәсіпкерлердің жартысынан астамының салық аударымдарының көлемі ұлғайды. Бұл салық заңнамасын ырықтандыру аясында салық салу базасын көтерген үдеріске қарай орын алды. Респонденттердің дерлік 70% жуығының өнімдері мен көретілетін қызметтерінің бағасы өсті, 40 % астамының сату көлемі ұлғайды. 44% жуық респонденттің кәсіпорындарында қызметкерлердің жалақы қоры ұлғайса, жалданбалы жұмысшылар санын ұғайтқан кәсіпкерлердің тек 22%-да ғана жалақы өскен.

Дегенмен, жалпы алғанда, шағын және орта бизнесте түбегейлі өзгеріс бола қоймаған. ШОБ басым бөлігі өміршең болу үшін күресумен келеді. Сұрау салынған кәсіпкерлердің төрттен үш бөлігінің қаржы ресурстары бизнесін ұстап тұруға ғана жетеді. Кәсіпорындардың тек ширегіне жуығы, жеке кәсіпкерлердің 17% және шаруа қожалықтарының 13% ғана бизнесін айтарлықтай жетілдіруге және дамытуға қаражаты бар.

48) ҚР Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік»-дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.

Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.

Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.

Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.

Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

49. Қазақстандағы кәсіпорын қаржысын басқару: жоспарлау және болжау  

Қаржы — ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:

·        мемлекеттік қаржылар (республикалық бюджет, халықты әлеуметтік сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар: зейнетақы қоры, халықты жұмыспен қамту қоры және т.б.

·        жергілікті қаржылар (жергілікті бюджетке түсетін қаржылар).

·        кәсіпорын қаржылары.

Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады. Кәсіпорын қаржысының негізгі кызметтері:

·        бөліп-тарату;

·        бақылау.

Қаржының" бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.

Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады.

Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру қағидаттары:

1. Жоспарлылық қағидаты  кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарында (болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғалыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

2. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық  нысандарының теңдігі қағидаты  қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары — мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады.

3. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың  қажетті қағидаты — басқарудың  барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.

50. ҚР кәсіпорын қорлары және оны тиімді қолдану   

Кәсіпорынның  бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті  еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай  құралдардың  көзі ретінде  негізгі  қорларды жатқызуға  болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге  асырылуы  тек  қана  негізгі  қорлардың  іс  жүзінде  ықпалыменен болады.

Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше  рет қатысатын, өзінің   бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі

    Экономикалық  әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың  анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған  нұсқаларын ұсынуға болады:

    Кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлары –  еңбек құралдарының құндылық  белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі  сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың  қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.

    Кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлары –  бұл еңбек құралдары болып  табылады, олар  көптеген  өндірістік  циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады

    Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы   болып  табылады.  Олардың   көлемі  кәсіпорынның   өндірістік   қуаты   мен   еңбектік  техникамен   қарулану  деңгейіне  байланысты болады

    Өндірістік  үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген  топтастыруына  қарай  негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік  емес объектілер кіреді.

    Өндірістік  бағыттағы негізгі қорларға:Өнеркәсіп,Құрылыс,Ауыл  шаруашылығы,

Автомобиль көлігі,Байланыс,Сауда,Ғимараттар, Құрылыстар,Машиналар, Жабдықтар  мен  басқа  да еңбек құралдары жатады.   Олар  өндіріс  процесіне  ұзақ  уақыт  қатысады.   Өндірістік  емес қорларға:Тұрғын-үй,Коммуналдық шаруашылық, Денсаулық сақтау,Білім беру,Мәдениет, Спорт  салаларына  бөлінеді.  

    Олар  өндірістік процеске  тікелей  қатыспайды,  бірақ  олар  жұмысшы  күшін  ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай  отырып, оның нәтижесіне жанама  әсер етеді

Кәсіпорынның  негізгі капиталдың жалпы соммасында  әдетте негізгі қорлар  үлкен  үлес салмақты алады. Олардың санына , құнына , техникалық деңгейіне, пайдалану  тиімділігіне байланысты кәсіпорынның соңғы нәтижелері тәуелді: өнім өндірісі, оның өзінідік құны, пайда, рентабелділік, қаржылық тұрақтылықтың жағдайы.

 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін  жалпылама сипаттау үшін рентабелділік (пайданың негізгі өндірістік қорлардың  ортажылдық құнына қатынасы), қор қайтарымы (өндірілген немесе өткізілген өнімнің құнын ҚҚС-ғын,  акциздерді алып тастағаннан кейін сомасын негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы ),  қорсыйымдылық ( қорқайтарымның кері көрсеткіші), өнімнің  өсімінің бір  теңгесіне салынған күрделі салымдардың үлесі көрсеткіштер анықталады.

51. Кәсіпкерлер мен  мемлекеттік ұйымдар арасындағы экономикалық жауапкершілік

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді,онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған нормалар қатары бар.

ҚР Азаматтық кодекс жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды.

Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау - бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі.ҚР АК 9 бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді - сот, арбитраж немесе аралық сот.

Бұл қағиданың мағнасының бірі - билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуы.

Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе.

ҚР кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға ҚР 2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке меншік кәсіпкерлік туралы” заңдары, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы", Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін тексерудің барлығын есепке алу бойынша Нұсқау. Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне алады.Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс жүргізіледі.Тексеріс тек қана тексеріс тағайындалған актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жасалады.

52.Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің ролі

"Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 815 Қаулысы бойынша: 4-бап. Бәсекелестік қағидаттары

      Бәсекелестік мынадай қағидаттарға жауап беруі тиіс:  
      1) жарыстастық; 
 
      2) әділеттілік; 
 
      3) заңдылық; 
 
      4) тұтынушылар құқықтарын сақтау.

Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқаны белгілі болып отыр. Ең бастысы шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. өсім соншалықты да жоғары емес, небәрі пайыздық бөлігі ғана. Оның ЖІӨ-де өзнідік үлесі бар. Ол 30% құрайды. Қазіргі кезде кәсіпкерлік Қазақсатнның бүгінгі экономикаыснда лайықты орын алуда

Кәсіпкерлікті қолдаудың және реттеудің келесідей түрлерін атап өтуге болады:

  •  Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу;
  •  Инновациялық қолдау және ынталандыру;
  •  Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
  •  Құқытық қолдау және заңдар қабылдау;
  •  Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
  •  Салықтық жеңілдіктер арқылы кәсіпкерліктің маңызды салалырн дамыту іс-шаралары жатады.

Осы жоғарыда айтылған өнеркәсіптегі кәсіпкерлік қызметті қолдау мен реттеу шараларының ішіндегі қалған бағыттарға да әсер ететін негізгі реттеу мен қолдауды, кәсіпкерліктің дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мелекеттік іс-шаралар жиынтығы болып табылады.

Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергілікті қаражат есебінен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетін бөлінген қаржы шегіде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттік бюджетінен, мемлекеттік земдардың, мемлекеттік ақшалай гранттар есебінен жүзеге асырылатын болады.

Кәсіпкерлікті және шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мен рететудің негізгі бағыттарына:

  •  Елде жекешелендіруді одан ары жүргізу;
  •  Нарықтық қатынастарды жетілдіру, кәсіпкерлік қызметтердің еркін қызмет етуіне қолайлы ортаны қалыптастыу;
  •  Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялаудың, олардың өнімін сертификаттаудың оңайтылған тәртібін белгілеу;
  •  Ұлттық маңызды және шағын кәсіпкрелік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау;
  •  Қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің арнаулы бағдарламаларын жасау;

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақүрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті іреді.

Республикадағы өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымның келесі сатысы Астана және Алматы қалалары және облыс әкімдері мен аппатарттары. Кәсіпкерлік қызметті қоолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әкімшілк жанында Кәсәпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған . Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4-қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді).

Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын кәсіпкерлік инновациялық экономикада өз орнын шұғыл түрде табу үшін нарықтағы шынайлықты, жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап оытрғанын түсінуде. Өнеркәсіптегі кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жерглікті орнадардың әкім аппатарттары жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұймдар кесетсі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:

  •  шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;
  •  атқарушы билік жергілікті және аймақтық орнгандары үшін ұсыныстар мен кеңстерді жетілдіру.          Кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұғымдары үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:
  •  өнеркәсіптегі кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды жетілдру;
  •  нарықты экономиканың дамуын ынталаныдырушы мүмкіндіктерді жасау;
  •  Қазақстан Республикасында жұмыс жапсаушы кәсіпкрелік одақтар мен қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;

кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін кеңестерді дайындау.

53. ҚР кәсіпкерлік қызметте франчайзингтің ролі

Франчайзинг[1] , франшизинг (ағылш. franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — артықшылық) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзініңфирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлармен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым Франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, т.б. Шын мәнінде Франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек.

Қазақстанның нарықтық экономика  жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа  - франчайзинг термині енді. Бұл тақырыпты таңдғаған себебім, еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі. Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернацианалдандыруы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шарттастырылады. Атап айтсам, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұцымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мақсаты  франчайзингтің арқасында шынайлыққа айналуда.

       Бүгінгі франчайзинг - өздерінің арман -мақсаттарына берілген және оны іске асыруда франчайзинг иесінің атауымен, өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелген өнеркәсіп. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талантты адамдар  үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі тиімді. Оның негізгі мәні  - бір компанияның немесе франчайзердің  өзінің тауарлық белгісін, атауын (бренд) белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға немесе франчайзиға қолдану құқығын ұсыну

54. ҚР венчурлық кәсіпкерліктің дамуы

       Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.

Теориялық талдау негізінде венчурлік қаржыландырудағы инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың  қалыптасқаны анықталды:

біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон, Б.Сантон, т.б.);

екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі, венчурлік бизнестің негізгі қозғаушы күші. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.

Венчурлік кәсіпкерлікте көптеген ұйымдастырушылық формалары бар. Олардың ішінде «тәуелсіз», көбінесе инвестициялық қор капиталын пайдаланатын ұсақ, инновациялық фирмалар; сыртқы венчурлік қор капиталы деп аталатын, өнеркәсіптік корпорациялардың үлестік негізде ұйымдастырылған енгізушілік фирмалар; ерікті венчурлі бөлімше ретіндегі кәсіпкерлік топтың негізі болып табылатын корпорацияның «ішкі венчурлі бөлімі» («спин офф»).

Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі  зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.                                                                          

    

  1.  ҚР кәсіпкерлік қызметті несиелеуді ұйымдастыру

Кәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Кәсіпкерлік қызмет- еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайының жақсаруына әрекет ететін негізгі буын.Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендеуіне, ілгері дамуына әсер ететін бірден - бір маңызды фактор. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жылғы Жолдауында Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына қосылу үшін шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту керектігін атап өтеді. Президентіміздің 1 наурызындағы халқына Жолдауында”Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтар үшін қаржы ресуртар мен сараптама жасаудың нақты қайнар көзіне айналуы тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет,- делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайықты орнын иеленген, әрі жылдам болып жатқан экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуна байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жузеге асырылды. Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің бірдін-бір даму көзі несиелеу болып табылады. Экономиканың нақты секторын және сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлерде өз бизнесін ұйымдастыруын қажетті қаражаттың жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселелер әр түрлі жолдармен шешіледі. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелік ететін инвестициялық қорлар, банктер, олардың тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерін қаржыландыру керек.

Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық және құрал жабдықтың жетіспеушілігінен өзінің даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын – алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын енгізу сияқты бағыттар ұстанады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзікті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады

Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың арнайы жүргізілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерін несие беру кезінде келісім бойынша кепіл болуы қажет. Кепілхаты мынадар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар. Сондай-ақ, кепіл ретінде өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады. Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері болып табылады. Клиенттың мүлік кепілі, бұл тауарлы – материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі; вексельдер кепілі; депозиттер келілі; ипотека; аралас кепіл. Құқықтық кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі

Қазақстан Республикасында «Казкоммерцбанк» ААҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай-ақ тауар айналымын өсіру, айналым капиталын толықтыру, көрсетілген қызметтер көлемі немесе өндіріс көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында есиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2-2,6% мөлшерінде беріледі.

Халықтық Жинақ Банкі орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ орта және шағын агробизнесті қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді. Бұл бағдарлама несиелік қызметтер комплексін ұлғайту,шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың қызметтік инфрақұрылымдық, транспорттық, өндірістік сферасындағы орнын ұлғайту мәселелерін орындайды. Несиелендіру заңды және жеке тұлғаларға жүргізіледі. Кепіл ретінде ғимараттар, құрылғылар, пәтерлер, тұрғын үйлері, автокөлік түрлері, тұтыну тауарлары, шаруашылық субъектілерінің бағалы қағаздары қойылады.

Жалпы несиелеу ҚР халқының әл-ауқатын көтеруге, кәсіпкерлікті дамытуға үлкен үлес қосады. Себебі несиелеудің арқасында шағын және орта? Сонымен қатар ірі кәсіпорындар дамиды. Ал бұның есебінен мемлекетіміздің экономикасы жақсарып, халық жағдайы жоғары деңгейге көтеріледі. Бюджеттік түсімдер көбейген  сайын еліміздің экономикасы тұрақтанады, банк ісінің алға жылжуына да мүмкіндік беріп отыр. Себебі қазіргі кезде кәсіпкерлерге ақша қаражаттары банк несиесі есебінен түсіп отыр№ несиелеу қазіргі кезде банктер қорланған ақшаны айналымға жіберіп, одан пайда табу, пайыз алып отыру өте жақсы нәтиже беріп отыр. Егер Қазақстан несиелеуді ұйымдастыру осы қарқынмен дамыта берсе ондаған жылдар ішінде халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары болады. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіп, несие алуда біршама жеңілдіктер жасалса біздің елімізде кәсіпкерлер саны көбейіп, банктердің өздері де біршама пайда тауып калар еді.

  1.  ҚР кәсіпкерліктегі технопарктердің тиімді дамуы

Бүгінде инновациялық қызметтің қарқындылығы көбінесе экономикалық даму деңгейінен көрінеді: жаһандық бәсекеде инновациялар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін елдер жеңіске жетеді. Яғни, инновациялық экономиканы дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
      Елде дамыған кәсіпкерлік сектор мен қоғамның инновацияларды қабылдау мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді болып, жоғары кіріс әкелетіні туралы шетелдердің тәжірибесінен тұжырым жасауға болады. Жаңа ғылыми басылымдарға, бұйымдарға, технологияларға, қызметтерге, кадрлар біліктілігіне, басқару әдістеріне шоғырландырылған инновация экономикалық дамыған елдердің бәрінде де бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы болып табылады.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі 4,3%-ды құрайды, ал Германияда бұл көрсеткіш – 80%-ды, АҚШ-та, Швецияда, Францияда – шамамен 50%-ды, Ресейде – 9,1%-ды құрайды.

2012 жылы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» құрылды. Мыналар инновациялық қызметті қолдаудың негізгі құралдары болып табылады: венчурлік және жобалық қаржыландыру; технопарктерді, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын дамыту; технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті жөніндегі қызметтер; инновациялық гранттар беру.

Деректерге сәйкес, 2005 жылдан бастап Қазақстанда 51 бизнес-инкубатор жұмыс істеді. Бірақ та, бұл цифр сонымен бірге шағын бизнес-орталықтарды және консалтингтік компанияларды (олар компаниялар үшін жайлар ұсынбаған) қамтыды, сонымен бірге Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Приозерск, Орал және Өскемен қалаларындағы технологиялық парктер сияқты. 2011 жылы Қазақстанда 21 бизнес-инкубаторлар және 10 технологиялық парктер жұмыс істеді.

Көптеген бизнес-инкубаторлар шағын бизнес үшін қызметтер беретіндігін айтады. Бірақта, 2011 жылғы зерттеудің мәліметтері бойынша олардың негізгі қызметтері «бизнес-инкубаторлардың» жұмыс істеуіне шектеулі өндірістік және сервистік жайларды жалға берумен байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, көптеген бизнес-инкубаторлар бизнесті инкубациялауға және қолдауға емес, жылжымайтын мүлік беруге шоғырланған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 технологиялық парктер жұмыс істеуде: Ақтөбе, Астана, Шымкент, Қарағанды, Орал, Өскемен, Петропавл қалаларында. Алматы қаласында 3-уі қызмет етуде. Олардың мақсаттары инновациялық процессте барлық мүдделі жақтардың арасында ынтымақтастық үшін жағымды жағдайлар құруға және жаңа техникалық инфрақұрылыммен және сервистік қызметтермен қамтамассыз етуге бағытталған.

Технологиялық парктер негізінде ғылыми жобалар, ғылыми-зерттеулі жобалар және технологиялық инкубациялау бойынша жобаларды қосқанда инновациялық жобалармен жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар тренингтер және консалтингтік қызметтер, сонымен бірге құрылыс және қайта құру бойынша қызметтер ұсынады. Көптеген технологиялық парктердің компания-резиденттері киім, жиһаз, тамақ өнімдерін және кәдесыйлар өндіру саласында жұмыс жасайды.

  1.  ДСҰ кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері және оның жаһандануы

    Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады. Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады. Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы мәселені өте қиын етеді. Шын мәнісінде, Қазақстан бұрыннан ДСҰ-ға мүше, және бүгінгі таңда ол мүшелігін тек ресми түрде рәсімдегелі отыр. Сондықтан тұтынушылар нарығында өзгерістер болмайды, ал «аз өндіреміз, көп жейміз және тұтынамыз» тұжырымдамасы өзгеріске ұшырамайды.

Қазақстан неліктен ДСҰ-ға кіруге асығады? Бұнда барлығы аз да болса түсінікті: билік өкілдері дүние жүзілік экономикаға одан да терең ықпалдастық жасау арқылы ІЖӨ өсімінің қарқынын жылдамдатамыз деп есептейді.

Бұның мәнісі, халықаралық сауданың дүниежүзілік экономикаға қарқын беретіндігінде, сондай-ақ, жаһанданудың басқа аспектілерін өзімен бірге ілгерілететіндігінде. Осы сөздерді растау үшін статистиканы келтірсек: соңғы 50 жылда өндіріс өнімдерінің дүниежүзілік сауда мөлшері 17 есеге өсті, ал дүние жүзілік өндіріс мөлшерінің өзі 6 есеге ұлғайды. Және де, соңғы 10 жылда дүние жүзілік сауданың жыл сайынғы өсу қарқыны 6,5%-ға жетті, ал жиынтық ІҰТ тек 2%-ға өсті.

Бұнымен қатар, қазақстандық экономиканы бәсекелестікке қабілетті деп атау қиын. Дүние жүзілік тәжірибеге сәйкес, салаға 3,25% артық дүние жүзілік экспорт келсе, онда бәсекелестікке қабілетті саналады. Басында Қазақстанның дүние жүзілік саудадағы үлесі жайлы айтатын болсақ. 2011 жылғы болжамдар бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағында (АТА) Қазақстан үлесіне тауар экспортына - 1% келеді және қызмет экспортына - 0,4% келеді. 2010 жылдың нәтижесі бойынша дүние жүзілік саудада қазақстандық экспорттың салмағы 0,39% асты. Енді жеке салалар бойынша айтатын болсақ, Қазақстанның отын-энергетикалық ресурстар экспорты саласындағы үлесі - 1,3%, темір мен болаттың үлесі - 0,9% құрайды. 2011 жылы бұл көрсеткіштер үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ. Қорытынды анық: осындай төмен көрсеткіштер бола тұра дүние жүзілік саудаға қатысудан пайда аз.

Бірақ бұл да соңы емес. Ішкі нарықтың импортқа тәуелдлігі жылдам өсуде. Мәселен, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2010 жылы Қазақстан 93% сырт киім, 90% автокөлік, 77% іш киім, 50% теледидар, 37,5% мақта маталары, 45% электр құрылғыларын импорттады. Биылғы жылы бұл тәуелділік одан да артық шиеленісті.

Қазақстанның дүние жүзілік саудадағы басым үлесін астық (5% артық) және ұн (20% шамасында) құрайды. Бірақ бұл ДСҰ басымдықтарын отандық экономика өсімінің жоғары қарқынына өзгертуге жетпейді. Бар үміт үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасында, ол Қазақстанға заманауи және бәскелестікке қабілетті өнеркәсіптік инфрақұрылымын беруі мүмкін.  Шын мәнінде Қазақстан бұрыннан бері, өткен ғасырдың 90 - жылдардың соңынан, біздің мұнай дүние жүзілік нарыққа шыққаннан бастап ДСҰ-ға мүше. Бүгінгі таңда бұл мүшелік тек ресми түрде рәсімделеді. Сондықтан, азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларға бағаның арзандауын күтпейміз. Дегенмен, бүгіннің өзінде көп тауарларға орташа кедендік ставкалар ДСҰ-дағы орташа кедендік ставкалардан төмен болып табылады.

Қосылу мақсаттары мен міндеттері:

* Дүниежүзілік экономикаға ықпал жасау үрдісін күшейту;

* Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарларын сатуда тарифтік және тарифтік емес кедергілерді төмендету, халықаралық сауданы әрі қарай ырықтандыру мен дүниежүзілік нарықта еркін және әділ бәсекелестікке жағдай туғызу;

* Әзірленген үрдістер мен ережелердің негізінде қызметтерді халықаралық сатуды реттеу, оны әрі қарай кеңейту және келіссөздерді жүргізу жолымен кезеңдеп ырықтандыру;

* Ұлттық құқықтық жүйелерде айырмашылықтарды есептеумен зияткерлік меншікке құқықтардың сауда аспектілері саласында тиімді қорғау механизмін құру;

* Сауда дауларын реттеудің тиімді көпжақты механизмін құру;

* ДСҰ мүше-елдердің ұлттық сауда саясатына бақылауды жүзеге асыру;

* Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттау үшін дүниежүзілік нарықтардың қол жетімділігі;

* Халықаралық нормалары мен стандарттарына сәйкес елдің сауда заңнамасын келтіру;

* Елде болжамданатын саудалық-инвестициялық ортаны қалыптастыру;

* Көпжақты сауда келіссөздерін кезеңдеп өткізу үшін «келіссөз алаңшасының» қызметтерін қамтамасыз ету.

58.Қазақстан республикасының кәсіпкерлікте несие серіктерін қалыптастыру және дамыту.Шағын кәсіпкерліктің бірден-бір даму көзі несиелеу болып табылады. Экономиканың нақты секторын және сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлерде өз бизнесін ұйымдастыруын қажетті қаражаттың жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселелер әр түрлі жолдармен шешіледі. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелік ететін инвестициялық қорлар, банктер, олардың тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерін қаржыландыру керек.

Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық және құрал жабдықтың жетіспеушілігінен өзінің даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын – алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын енгізу сияқты бағыттар ұстанады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзікті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады

Кәсіпкерлік сәтті жүргізілуі үшін белгілі бір активтер санын басқаруы керек. Олар тез пайдаға түспейді, яғни белгілі бір уақыт арасында ретке келіп отырады. Осы активтерге кеткен шығындар капиталдағы кумулятивті қажеттілікпен анықталады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді  көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия болып табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіші тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының жинақтарынан, сондай- ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады. Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың арнайы жүргізілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерін несие беру кезінде келісім бойынша кепіл болуы қажет.

59.Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдары.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.

  1.  Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.
  2.  Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.
  3.  Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.

Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын «тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады.

Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.

Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады.

60.Индустриалды – инновациялық қызметтің негізінде кәсіпкерлікті басқару.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:

-         өнімділік;   -       үрдістік.

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып  тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

-         жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

-         өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;

-         жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;

-         қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

-         жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;

-         қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

-         қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;

-   лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;

-         инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік

зерттеулерді жүргізу .

   




1. Письмо о правилах российского стихотворчества 1739 Ода на взятие Хотина Элементы математической химии
2. Экономическое содержание выручки и прибыли
3. Контрольная работа- Виникнення та становлення вітчизняного аудиту
4. Тема 3. Україна в ХІХ ст.
5. реферату- Обдарованість ~ як проблема в психологіїРозділ- Психологія Обдарованість ~ як проблема в психоло
6. ЛГУ имени АСПушкина г
7. з курсу Бухгалтерський облік для студентів заочної форми навчання за спеціальності Маркетинг- Укладач
8. Кодирование различных типов информации
9. Разработка комплекса маркетинга и маркетинговые исследования
10. Информационное обеспечение менеджмента
11. Артур Стенли Эддингтон
12. реферату- Хвороби нирок та сечовивідних шляхівРозділ- Медицина Хвороби нирок та сечовивідних шляхів Фіто
13. Алиментные обязательства других членов семьи
14. Советская сатира в журналистике 20-30 годов ХХ века
15. Выбор схемы электроснабжения цеха Основным условием рационального проектирования сети электроснабжени
16. а; строительные и дорожные машины основные узлы трения экскаваторов бульдозеров; оборудование и ма.html
17. Климент Аркадьевич Тимирязев
18. ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА Подготовка школьников к дальнейшей самостоятельной жизни трудовой семейной
19. СТАТЬЯ НА ТЕМУ- Речь и общение в дошкольном возрасте Речь выполняет в жизни человека самые разнообра.html
20. задание ’ 29 С 3 В НГДУ Хнефть в эксплуатации находится группа северных месторождений разрабатываемы