У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Жалпы медицина Курс- 1 Уа~ыты- 50 мин

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 14.1.2025

Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА

От 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы 9: Жасушааралық сигнализацияның және интеграцияның молекулярлық механизмдері.

Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курс: 1

Уақыты: 50 мин.

Қарағанды 2011

 Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама № ___1___

«___01__» ______09____ 2011ж.

 

Молекулярлық биология және

медициналық генетика каф. меңг.:      Б.Ж. Құлтанов

Дәріс құрылымы

Тақырыбы:« Жасушааралық сигнализацияның және интеграцияның молекулярлық механизмдері.».

Мақсаты: сыртқы сингалдардың жасушаға беру жолдары және жасушалық жауаптың тетіктері.

Дәріс жоспары:

1. Фосфорлену және жасушалық сигнализация.

2. Жасушаға сигналды берудің негізгі этаптары.

3. Дефосфорленудің ролі.

4. Екінші мессенджерлер және олардың молекулярлық сигналдың үдеуіндегі ролі.

5. Жасушаларға сигнальдік молекулаларды жеткізу жолдары.

Дәрістің жоспары:

  1.  Клеткаға сыртқы биомолекулярлық сигналдарды беру жолдары және клетканың жауап беру механизмдері.

Клетка жиі өзіне тән ерекше сигнал жауабына молекулярлы каскадты механизмді жібереді, ол биохимиялық жауап кезінде интегративті жол жүзеге асырылады.

Эукариот клеткалары ақпараттық сигналдарды тасымалдайтын көптеген молекулалармен байланысады, ал сигналдарды беру процесстері жалпы бірдей, әрбір нақты жағдайда клетканың жауап беруге мүмкіншілігі болады. Соның ішінде көбірек белгілілері бұл:

  1.  Экзогенді сигналды молекулалар –гормондар (стероидты, пептидті).

Ферментативтік реакциялардың клеткаішілік  каскадтары жиі сигналдық молекулалардың түріне байланысты емес.

Клеткалы жауаптың ерекшелігі рецептор түрімен анықталынады, өйткені клеткаларда рецепторлар жиынтығы бар, олар орналасады:

1- клеткада,

2-цитозолде,

3-ядрода.

Олар біріншіден ерекше сигналдарды алу үшін, екіншіден клеткалы жауапты шақыратын каскадтық ферментативтік реакцияларды жіберу үшін қызмет атқарады.

Сиганлды берудің жалпы кестесінің 5 негізгі этаптары бар.

Сигналды берудің бұзылуы әрбір этапта болуы мүмкін, ол ауруларға және патологиялық процесстерге әкеледі.

1 этап – лигандалармен байланысуы- (лиганд-байланысу, мысалы: рецептор+дәрі-дәрмек, немесе + антидене).

2 этап – рецептор активациясы.

3 этап – сигналды қайта жасау.

4 этап- эффектор активациясы.

5 этап – сигналдың әлсіреу.

2. Клеткалы сигнализация.

Фосфорлену және дефосфорлену – клетка ішілік сигналды берудегі негізгі механиздері. Бұл процесстерге екі түрлі ферменттер қатысады – ол киназалар және фосфатазалар. Олар сигналдық процесстерде маңызды роль атқарады.

Фосфорлену және дефосфорлену –бұл қайтымды пайда болатын және фосфатты эфирлі байланыстардың гидролизі. Биологиялық мембрананың құрылуына трансляцияда, генетикалық материалдың пайда болуына маңызы зор.

Фосфорленудің мәні

Фосфорлену – сигналды беру процессінде негізгі 2 - қызметті атқарады:

1- ақуыздардың конформациясының өзгеруі жәнеферменттердің активациясы.

  1.  ақуыз молекулаларындағы қосылысу бөліктерін жасайды, яғни белсенденген элементтермен бірлесетін жаңа ақуыздарды тартады, уақытша клеткаішілік берушілердің пайда болуына әкеледі.

Дефосфорленудің мәні

Кейде фосфатты алып тастау сигналды өшіргеннен кейін немесе сигналды жолдардың активациясынан кейін жүреді.

Екіншілік (қосымша) мессенджерлер (тасымалдаушылар) – бұл кішкентай молекулалар, рецептор активациясына жауап беруде, толып жатқан көп және жылдам клеткада синтезделінеді, және молекулярлық сигналдың күшеюі үшін қызмет атқарады.

 Бес қосымша мессенджерлер бар, клеткаішілік сигнализация процесінде үлкен маңызды роль атқарады.

1 – циклдік аденозинмонофосфат (сАМР)

2 – циклдік гуанозинмонофосфат (сGМР)

3 – диацилглицеролтрифосфат (DАG)

4 – инозитолтрифосфат (УР3)

5 – кальций (Са)

Клеткаларға сигналдық молекулаларды жеткізу жолдары (тәсілдері).

  1.  Эндокринді механизм – клеткааралық сигнализацияның көбірек зерттелінген тәсілі (гормон – эндокриндік бездерде синтезделінеді және қан ағынымен нысаналы-клеткаларға тасымалданылады).
  2.  Паракринді механизм – клеткалар сигналды молекулаларды жасап шығарады, олар сол ұлпалардағы жақын көрші клеткаларды белсендіреді.

Сигналды молекулалар қан ағынына түспейді. Бұл жараның жазыла бастауы, ұлпаның қайта қалпына келуі, эмбрионның даму процесстеріндегі сигналды берудің негізгі тәсілі болып табылады.

  1.  Аутокринді механизм – бұл жергілікті (локалді) қатынас –шектелген сигналдарға жауап механизмі. Клетка өзіне меншікті сигналға жауап береді: ол сигналды молекуланы жасап шығарады, және нақ осы лигандаға жауап беру үшін қажетті, өзінің беткейінде рецепторлары болады.
  2.  Юкстакриндік сигналды жүйе – клетканың жапсырылу процесіне  қатысады (қан клеткалары бір-біріне, немесе қабыну кезінде тамыр жүйесінің клеткаларына).

Сигнал бір клеткадан екінші клеткаға адгезионды байланыстар арқылы берілуі мүмкін.

Клеткалық рецепторлардың қатысуымен болатын сигнализация

Ағзаның барлық клеткалары әрдайым әртүрлі ақпараттармен алмасады. Тек қажетті сигналды молекулаларды анықтауға, клеткада ерекше рецепторлар жиынтығы бар. Сөйтіп, клетка тек рецепторы бар сигналға ғана жауап береді. Рецепторлар жиынтығы даму және дифференцирлену процесінде өзгеруі мүмкін.

Кейбір клеткалар тірі қалу үшін сигнал қабылдауы қажет. Сигналды молекулалардың рецепторлармен байланысуының бұзылуы кезінде клеткалық өлім бағдарламасы жіберіледі.

Клеткалық сигнализациядағы азот оксидінің (NO) атқаратын маңызы.

Стенокардия кезінде нитроглицериннің әсері бұріннан белгілі, бірақ оның әсерінің механизмі 1990 жылдары оқып зерттелінді. Нитроглицерин жылдам азот оксидіне айналады, ол эндотелиальді және жұмсақ бұлшық ет клеткаларын әлсіретіп (босаңсытып), миокардта қан ағымын жақсартады.

Азот оксиді көптеген клеткаларда жасалынып шығады, бірақ оның қызмтеі 3-клетка категориясында көрінеді:

1-ші эндотелиальдік (эпителийді әлсіретеді);

2-ші орталық жүйке жүйесінде – нейрондар арасында сигналдарды беру;

3-ші иммунды жүйедегі клеткаларда – иммунды жауапқа қатысады.

Мобильді лигандалар және ядролы рецепторлар

Мембрана арқылы өтуге қабылетті және клеткадағы цитозольді немесе ядролы рецепторлармен байланысатын липофильді лигнадалар бар (бұл стероидты гормондар, витамин Д3, қалқанша безінің гормондары). Бұл лигандалар клетканың дамуын және дифференцировкасын, және клетканың, мүшенің метаболизмін реттейді.

Стероидтық гормондар рецепторлары цитоплазмада, иммунофилинді (hsp 56), жылу шок ақуызын (hsp 90) қосатын, ірі ақуызды шаперондар – комплексі құрамында болады.

Әдебиет:

Негізгі

1. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асқаралы» баспасы, 2008.- 424 с.

2. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, 2010.- 388 б.

Қосымша:

1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.

2. Е. Куандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS,2006.-320 б.

  •  
  •  Бақылау сұрақтары:

1. Сигналді беру процесінде қандай ферменттер негізгі рөл атқарады.

2. Жасушааралық сигнализация процесінде негізгі екінші  мессенджерлердің атқаратын рөлін атаңыз.

3. Жасушалардың бекінуіне қандай сигналдық жүйе қатысады.




1. ~ русский хирург занимался клинической хирургие анатомией и экспериментальной хирургией
2. Принципиальное отличие радиосистем передачи информации заключается в том что условия распространения рад
3. Тема- Квадратична функція
4. . Как нужно закодировать букву Г чтобы длина кода была минимальной и допускалось однозначное разбиение коди
5. -пог от 200м
6. Международные перевозки
7. Бухгалтерский учет товаров и их реализация в оптово-розничном предприятии
8. . Концепция трех монополий в развитии туристской дестинации В качестве теоретической основы разработки ст
9.  Миросозерцание Блаженного Августина в его генезисе
10. Я втричі молодша за тата але зате і втричі старший за брата Сергія
11. Курсовая работа- Диэлектрическая линзовая антенна
12. Проектирование производственноотопительной котельной для жилого района г Смоленска
13. Действия граждан реализующих свое конституционное право на альтернативную гражданскую службу не могут ра
14. Применение авторского законодательства при создании и использовании web-сайта в сети Интернет Internet
15. ІП пацієнта вік- Стравохід вільно прохідний
16. Курсовая работа- Словесная память у детей с нарушениями слуха
17. ограничений 3x1 4x2 5x32 4x1 6x2 3x35 x1 2x2 4x33 Для построения первого опорного плана систему неравенст
18. на тему- Фінансовий облік розрахунків з бюджетом Виконав- студент ІІІ курсу факультету
19. реферата темы которых могут быть взяты из любого раздела
20.  Общая характеристика элементов налогообложения Глава 2