Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Адамдарды~ экономикалы~ іс~рекеті ~з ~ажеттіліктерін ~ана~аттандыру~а ба~ытталады ж~не б~ларды ~~райты

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.6.2024

 Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады

Игілік – кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көзделген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін.

Игіліктер 2 түрге бөлінеді: өндірістік ресурстар және олардың негізінде өндірілетін тұтыну игіліктері.

Пайда – экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері

Шығындар – экономикалық субъектілердің осы пайдаға қол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері

Табыс Экономикалық іс-әрекет нәтижесінде кіріс пен шығыс арасындағы ақша түрінде айырмашылық

Микроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі шекті немесе маржиналдық талдау

Экономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсеті.

Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады.

игіліктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін.

Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.

Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады.

Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді

Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.

Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуекелділікті  көрсетеді.

ауыстыру тиімділігі- Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады

QD = f (P) сұраныс көлемі

Сұранысқа әсер ететін фактор тұтынушылардың талғамы мен қалауы болып табылады

Бағаның өзгеруін күту – бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді.

Талғам өзгеруі – бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі.

Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.

Ұсыныс заңы тауардаың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың саны.

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетеді. Qs=f (p)

Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады.

Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа факторлар әсер еткендегі толық өзгеруі немесе жылжуы.

Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады.

бағалық и.к

табыстық и.к

қиылысқан

Түсім дегеніміз – тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: ТR = P*Q,

Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.

Тұтынушылар талғамын зерттеу 3кезеңнен тұрады: тұтынушылар қалауын анықтау, бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері, тұтынушының теңдестік жағдайы

Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.

Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар.

Тұтынушының сұранысын арттыратын бірінші жағдайды табыс әсері, ал екіншісін – алмастыру әсері деп атайды.

Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге айналдыруды айтамыз.

Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны.

Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

экономикалық шығындарға фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар.

Тұрақты шығындар ( FС ) деп –қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз

Айнымалы шығындар ( VС ) деп- шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік  шығындарды айтамыз.

Изокоста дегеніміз-жалпы шығындарының құны бірдей болатын , еңбек пен капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімін қамтитын сызық.

Нарықтық ұсыныс - саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы.

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма – монополист

Жабық монополия.Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.

Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.

Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс икемділігн ескер отырып, бір тауарды тұтынушылардың әр түрлі категориясына әр түрлі бағамен сатса онда, ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізу

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады

Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Өндіріс факторларының нарықтары  – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі нәтижесінде еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар.

Өндіріс факторларына сұраныс олардың көмегімен өндірілген соңғы өнімге деген сұраныспен анықталады, сондықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс деп атайды.

факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері.

Ресурстың шекті табыстылығы деп белгілі бір ресурстың қосымша бірлігін тұтыну кезінде шығарылатын қосымша өнімді өткізудің нәтижесінде ала алатын қосымша түсімінің өзгеруін айтады.

Еңбектің шекті түсімділігің қисығы (MRPL) – жеке фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы болып табылады.

Жетілмеген бәсекенің бір түрі – монопсония. Монопсония кішігірім қалаларда, ауылдарда кездеседі.

Экономикалық рента – бұл ұсынысы қатаң шектелетін ресурстарға төленетін төлемақы.

  - нүктелік икемділік.

 

- доғалық немесе сызықтық икемділік.




1.  Понятие и правовые основы валютных операций [0
2. А
3. Российской газете 22 августа 2008 г
4. . звужуються зіниці очей 2.
5. Методы науки совокупность приемов и операций практического и теоретического познания действительности
6. Теоретический вопрос 2
7. культура Культура возделывание воспитание образование развитие почитание исторически определен
8.  Вступление Данный текст написанный кем был напечатан принят опубликован
9. Тема- Сталь МСт5 для изготовления стяжных болтов Задание- назначить режим термической обработки.html
10. на тему- Методика разработки проекта систем инженернотехнической защиты информации объектов информатизац
11. Белошвейка Ремонт одежды
12. I. Организация обслуживания инструментом и технологической оснасткой II
13. биологических проблем подготовки спортсмена
14. на тему- Цех по производству керамовермикулитовых изделий
15. ДРЕВО ЗНАНИЙ 915 декабря Понедельник
16. тематике с помощью электронных таблиц можно представить функцию в числовой форме и построить ее график в физ.
17. Дед Мороз против никотина и алкоголя
18.  Роль витаминов в обмене веществ патофизиологические изменения в организме при гиповитаминозах
19. правових наслідків щодо рішень і ухвал суду першої інстанції та апеляційної інстанції постановлених у спра
20. тема Радужного Потока