Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Халы~аралы~ туризм ж~не сервис кафедрасы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

« Халықаралық туризм және сервис» кафедрасы

      

                                                                       

«Туристерге транспорттық қызмет көрсету»

пәні бойынша дәріс жинағы

дәріс беруші  оқытушы Куатова А. А.

ШЫМКЕНТ  -  2012  ж

Дәріс1.

Тақырыбы:   Туристік келісім шарт пен оған қойылатын талаптар.

1. Транспорттық құралдарды жалға алу негізінде келісім шартқа қойылатын талаптар.

2. Келісім шартқа және де басқада міндетті байланыстарға қойылатын талаптар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов »: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

  1.  Александрова А.Ю. «Международный туризм»:  уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

    Екі немесе бірнеше тұлғаны орнату, өзгерту немесе азаматтың құқықтарды және міндеттерді жою туралы келісімдері келісім шарт болып табылады.

   Келісім шартқа екі және көп жақты келісімдер және ережелер қолданылады.

Келісім шарттың еркіндігі.

    Келісім шарт жүргізгенде азаматтар және заңды тұлғалар еркін.

Жақтар заңмен және өзге де құқықтық актілермен қаралған. Сондықтан бірге қаралмаған келісім шартқа тұруларына болады. Жақтар заңмен қаралған келісім шарттың элементтері бар келісім шарт жасауларына болады. Келісім шарттың талаптары жақтардың қарап шешу бойынша анықталады. Егер келісім шарттың талаптары жақтармен немесе диспазивті нормамен анықталмаса онда үйлесімді шарттар іскерлік айналым әдет-ғұрыптарымен анықталады.

Келісім шарт және заң.

   Келісім -шарт оның жасалған уақытынан бастап заңмен немесе өзге де құқықтық актілермен орнатылған жақтардың міндетті ережелеріне сай болуы қажет.

Құнды және құнсыз келісім шарттар.

  Келісім –шарт бойынша бір жақ өз міндетін орындағаны үшін төлем алуы керек болса, онда ол келісім шарт құнды болып табылады.

  Бір жақ екінші жаққа одан төлем алмай бір затты пайдалануға беретін болса онда ол құнсыз келісім –шарт болып табылады.

Баға.

   Келісім –шарттың орындалуы жақтардың келісімімен орнатылған баға бойынша төленеді.

    Келісім –шарт жасалынғаннан кейін баға келісім шартта заңда қаралған болса ғана өзгертімді.

Келісім- шарттың күшіне енуі,күшінің жойылуы.

   Келісім –шарт жасалынған уақыттан болып жақтар үшін міндетті болып табылады және орындала бастайды.

  Жақтар олармен жасалатын келісім -шарттың талаптары келісім –шарттың жасағанға дейінгі пайда болған байланыстарына қатысты деп орнатуға құқылы.

  Заңмен немесе келісім шартпен қаралуы мүмкін. Келісім шарттың күшінің жойылуы келісім- шарт болса жақтардың міндеттерінің тоқтатылуына алып келеді. Келісім шартта мұндай талап жоқ болса онда көрсетілген мерзімге дейін күшінде болып есептеледі.

   Келісім –шарттың күшінің жойылуы жақтарды шартты бұзғаны үшін жауапкершілігінен айырылмайды.

   Келісім –шарт жасау кезінде портнердің таңдауы маңызды орын алады. Егерде фирма келісім- шартпен таныс емес шетел портнері мен жасайын деп жатса онда алдын ала жұмыс атқаруы қажет. Әлемдік туристік тәжрибеде туроператормен турагенттің ауызша түрдегі байланыстары қолданылады.

Алайда мұндай сенімділік тек бұрынғы таныс портнерлер арасында болады.  Кейбір елдерде туроператорлар және турагент үшін жалпы келісім шарт талаптары баспада шығарылады. Германияда арнайы 1977 жылы қабылданған заң бар. Ол «келісім шарт жасаудың негізгі ережелері » деген.

 Келісім –шарттың қай тілде жасалуы деген мәселесі жақтардың ортақ келісімімен орындалады. Ереже бойынша келісім шарт жақтар келісімімен анықталған екі тіл негізінде жүргізіледі. Кейбір жағдайларда келісім шарт 3 тілде жасалады. Келісім шарт компьютерде теріледі. Екі тілде келісімді автономды құрастыруғада болады. Сондықтан бірге екі тізбек етіп бір парақта жасауғада болады. Келісім –шартқа қолды әр жақтың басты тұлғалары қояды. Қолдар мөрмен басылады. Туристік саяхатқа деген келісім шарттар келесі шарттар көрсетілуі тиіс.

  1.  Документтің аты, оның тіркеу нөмері.
  2.  Жасалған жері және күні.
  3.  Түсініктемелер және анықтамалар.
  4.  Жақтардың заңды атаулары, лицензиялары, тіркелу куәліктері, реквизиттер.
  5.  Келісім шарттың пәні және объектісі.
  6.  Жақтардың міндеттері.
  7.  Туристерге қызмет көрсету талаптары, турлидер және гидаудармашы үшін жеңілдік орындардың ұсынылуы.
  8.  Туристік қызметтің брондау шарттары.
  9.  Келісім шарт валютасы мен бағасы.
  10.  Сақтандыру.
  11.  Жауапкершілік.
  12.  Жақтардың қол қою және мөр.

Экипажсыз транспорттық құралды жалға алу, беру келісім шарты.

Экипажсыз транспорттық құралдарды жалға алу, беру келісім –шарты бойынша жалға беруші, жалға алушы белгілі-бір төлем есебінен транспорттық құралдарды жалға береді. Бұл жерде басқару және техникалық эксплуатация жағынан қызмет көрсетілмейді. Экипажсыз транспорттық құралдарды жалға беру,алу келісім шарты оның мерзімі байланыссыз жазбаша формада жазылуы тиіс.

Дәріс2.

Тақырыбы: Авиатасымалдауды техникалық қамтамасыз ету.

1.Жекелеген жолаушылар.

2.Жекелеген әуе жайлар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов »: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

  1.  Александрова А.Ю. «Международный туризм»:  уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

Туристік өнімдердің ішінде ең бір үлкен орын алатын мәселе транспорт мәселесі. Қазіргі кезде бүкіл әлемде халықаралық туризмнің дамуына үлкен мән беріліп отыр. Сондықтан да барлық елдерде туризмді дамыту үшін алдын-ала негізгі шарттардың бірі көлік қатынастар мәселесін шешуге тырысады. Дамыған елдерде туризмді дамыту үшін транспорт қатынастарын дамытатын болса, өз кезегінде транспорттың дамуы үшін де туризм үлкен пайда келтіруде. Туристтерге арнаулы, жайлы жүк машиналары адамдар үшін қолайлы ұзақ жолда шаршатпайтын автобустар т.б. көлік түрлерін дамыту арқылы транспорттық индустрия да дамып келуде. Ол үшін көптеген ғылыми техникалық жетістіктерді өмірде кеңінен қолдануда. Кез келген маршрутты ұйымдастырушылар алдын-ала қолайлы транспорт көлігін іздейді. Транспорттық көліктері, жолдары жақсы дамымаған елдерде туристік дамуда мүмкін емес. Сондықтан да көптеген елдер жаңа аэропорттар, автомобиль және темір жолдарын салу үшін үлкен инвестициялар енгізуде. Қазіргі күнде халықаралық саяхаттардың көпшілігі жер бетіндегі автомобиль жолдары мен жасалуына қарамастан күн сайын әуе транспортының маңызы артып келеді.

1992 жылы барлық жасалынған саяхаттың тек 5% ғана темір жолмен жасалынған (Европада), 8% саяхат су жолдарымен және паромдармен жасалынған (Англия мен Францияның, Италия мен Грецияның, Швеция мен Данияның аралығында), негізгі саяхаттың 40 % әуе жолдарымен жасалынған. Қазақстан елінде саяхат жасау үшін әуе транспорты көп қолданылады. Ол біздің еліміздің географиялық орналасуына да байланысты болып отыр. Жыл сайын Алматы қаласынан әуе кемелері АҚШ, Италия, Турция, Сирия, БАЭ, Пакистан, Индия, Тайланд, Корея, Сингапур, Япония, Қытай Германия, Польша, Франция, Греция т.б. елдерге қатынайды.

Әуе тасымалдауының техникалық жағынан қамтамасыз ету және әуе жайларға қысқаша сипаттама.

ХХ ғасыр, әсіресе оның кейінгі 20 жылдығы әуе тасымалдаудың ерекше қатты дамыған жылдары болды. Бұл әлемдік экономиканың дамуының, сауда байланыстарының күшеюінің және әлемдік туризм дамуының салдары. Жолаушыларды әуе қатынастарымен қамтамасыз етуде көптеген үлкен мәселелер туындады. Оларға:

  •  әуе жайлар үшін жаңа жерлер бөлуге және оны жабдықтауға кететін қаражат пен іс-әрекет;
  •  ауа құрамындағы жағылған жанар майдан шығатын зиянды қоспалардың көбеюі;
  •  қоршаған ортадағы шудың күшеюін жатқызуға болады.

Қазіргі заманда туристтер тасымалдайтын самолет жасап шығаратын әлемде бірнеше ірі компаниялар бар. Оларға американдық «Боинг», еуропалық «Айрбус индастри» және англо-француздық «Бритиш Авиа компаниясын» жатқызуға болады. Боинг компаниясының негізін 1916 жылы американ ағаш өнеркәсібінің өкілі Улиямс Боинг шығарған еді. Ол бұл самолетті почта тасу үшін жасаған. 2 дүниежүзілік соғыстан кейін «Боинг» компаниясы турбо реактивтік жолаушылар самолетін жасаудан әлемде жетекші орынға ие болды. Оның «Боинг 707» моделіне әлемде тең келетін самолет жоқ. Қазіргі күнде компанияның заводтарынан В-737, В-747, В-757, В-767, В-777 әуе лайнерлері жасалынып шығарылуды. Халықаралық ИКАО ұйымы бұл самолеттерге жоғарғы баға беріп отыр. Ең көп тараған жолаушы таситын самолет В-737. Ол жолаушыларға қолайлы кресло мен жабдықталған. Самолет ішінде персоналді видео маниторлар, құлаққаптар, ноутбуктар қосылатын интернет нүктелері т.б. көп. Жолаушылардың көңілін көтеру үшін 8 каналды аудио жұмыс істейді. Боинг 737 самолеті орта қашықтықтағы халықаралық рейстер мен ішкі рейстерге пайдаланылады.

                          

Сурет 1. Boeing 737-700 және 800                    Сурет 2. Boeing 737-800 Астанада

«Boeing» моделдерінің техникалық сипаттамасы.

Техникалық сипаттама

«Boeing» моделдері

В-737-800

В-747-400

В-757-300

В-767-300

В-777-200

Қанат аумағы, м 

34,3 

64,4 

38 

47,6 

60,9 

Ұзындығы, м 

39,5 

70,7 

64,4 

54,9 

63,7 

Арқа жақтың биіктігі, м

12,5 

19,4 

13,6 

15,8 

18,5 

Мах ұшу ұзақтығы м

4700 

13400 

8000 

11390 

14300 

Мax орындар саны 

189 

416 

279 

350 

320 

Двигателей саны

2 

4 

2 

2 

2 

В-747 самолеті әлемдегі ең үлкен самолеттердің бірі. Ол АҚШ президентінің көлігі ретінде пайдаланылады. Боинг 757 самолеті өзінің аз жанар май қолдануымен, ішкі шуының төмендігімен, жолаушылар үшін өте жайлы салонымен ерекшеленеді. Самолетта екі Роллс-Ройс РВ-211 двигателі тұр. Бұл самолеттер алыс және орта қашықтықтағы халықаралық рейстерде қолданылады. В-767 самолеті көбінесе транс атлантикалық рейстерге шығады. Оның салонында бірнеше телевизор қондырғысы бар. Және 12 каналдан тұратын радио байланыс орнатылған. Ең кейіннен шыққан «Боинг 777» самолеті әлемдегі ең қауіпсіз самолет, ол бүкіл рейсті авиа пилот арқылы өткізе алады. Қазіргі күнде Боинг компаниясының самолетін әлемдегі көп елдер оның ішінде Ресей де сатып алып отыр.

                         

Сурет 3. Боинг 757-200 Амстердамда              Сурет 4. Боинг 757-200

Боинг компаниясы қазіргі күнде жаңа модельдер шығаруды жоспарлап отырған жоқ. Олар жоғарыда көрсетілген модельдерді жетілдірумен шұғылдануда. Оларға әлемдік рынокта бәсекелес болып отырған «Айрбус индастри» компаниясы. Олар шығарған А-300Б моделі 1972 жылы қазанда ауаға көтерілді. Қазіргі күнде әуеде А-310, А-319 самолеттері кеңінен қолданылуда. «Айрбус индастри» компаниясы қазір жаңа модель А-380 шығарумен шұғылдануды. Ол алыс қашықтықтарға 500-700 адам жақын маршруттарға 1000 адамға дейін алып ұша алады. Бұл самолеттерде палуба екі қабаттан тұрады. Самолет іші жолаушылар үшін өте жайлы. Қазіргі күнде әлемдегі әуе жайлар қанатының ені 80 метрден асатын самолеттерді қабылдай алмайды. Сондықтан да самолеттің ұзындығын арттыру арқылы  ішін кеңейту мүмкін болмай отыр. А-380 самолетінде шағын офистар, іскерлік орталықтары, ұйықтайтын жайлар, спорт және ойын залдары, экипаж үшін демалыс жайы, асханалар және туалеттер орналасқан. Бұл самолет өзгелерге қарағанда 20%  жанар майды үнем жасай алады. 2016 жылы әуеде 16 мың самолет «Айрбус индастри» компаниясінікі болуға тиіс деп болжам жасап отыр компания бастықтары.

Әуе транспортындағы туристті тасымалдаудың құқық бойынша негіздері.

Әуе тасымалдауы туристтер мен жүкті бір орнынан екінші орынға жеткізумен айналысады. Ол үшін авиациялық өндіріс орындары жұмыс істейді. Әуе тасымалдауын біз екі топқа бөлеміз. Біріншісі, ішкі әуе тасымалдауы. Бұл тасымалдау тек бір елдің көлемінде жүзеге асады. Екінші халықаралық әуе тасымалдау немесе мемлекет аралық жүк тасымалдау. Тасымалдау уақытысына кіретін уақыт жолаушының аэропорт перронына самолетке отыру үшін кірген уақытынан бастап, баратын жеріне жетіп қайта перроннан шығып кеткенге дейінгі уақыт. Ал жүк тасымалдау дегеніміз жүкті қабылдап алып иесіне тапсырғанға дейінгі кететін уақыт.

Қазіргі кезде Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған міндет бұл ұлттық әуе транспорт системасын дамыту, ол біздің еліміздің жүк, жолаушылар және туристтер тасымалдау қажеттілігіне сәйкес келуге тиіс және Қазақстанның ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне сәйкес келуге тиіс. Қазақстан Республикасының ішкі заңына сәйкес азаматтық авиация туралы құқықтық және ұйымдастыру негіздері белгіленген. Мемлекет тарапынан әуе транспорты туралы мынадай шарттар орындалуға тиіс:

  1.  мемлекеттік авиацияның жұмыс істеуі үшін қолайлы шарттарды дамыту (авиациялық инфрақұрылымдарды сақтап қалу, әуе кемелерін санаққа алу, авиациялық техниканы лицензиялау және сертификациялау, авиация қызметкерлерін аттестациялау және т.б.);
  2.  азаматтық авиацияда бәсекелестікті қалыптастыру;
  3.  халықаралық авиациядағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;
  4.  кадрлар дайындау;
  5.  аэропорттар мен аэродромдарды жөндеу және жаңасын салу;
  6.  әуе кемелері паркінің және жер бетіндегі қызметтің техникалық эксплуатациялық мониторингін қамтамасыз ету;
  7.  авиациялық өнеркәсіп орындарының жұмысын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жұмыс істеуін қалыптастыру.

Әуе жолаушыларына қызмет ету технологиясы.

Қазіргі кезде халықаралық азаматтық авиацияны басқаруда үлкен әлемдік әбүйірге ие болып отырған екі халықаралық ұйым бар. Олар ICAO және IATA ұйымдары.

ICAO ұйымы (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) 1944 жылы 2 желтоқсан күні Чикаго қаласында құрылған. Оған 52 ел қол қойған. ICAO әуе навигациясы мен әуе транспортындағы қауіпсіздік мәселесімен және әуе қызметін координациялау жұмыстарымен айналысады. 1947 жылы қазаннан бастап ICAO Біріккен Ұлттар ұйымының экономика мен әлеуметтік мәселелерді шешу комитетінің арнаулы агенттігіне айналды {ECOSOS}. Қазіргі күнде ICAO 187 ел бар. 2001 жылы қыркүйек, қазан айларында ICAO-ның штаб квартирасы орналасқан Монреал қаласында 33 кезекті ассамблеясы өтті.  Онда халықаралық әуе қатынастарындағы қауіпсіздік мәселесін көтеру туралы үлкен мәселе қаралды. Бұл АҚШ-ғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін қолға алынды. Ассамблеяның шешімі бойынша 2004 жылдан бастап:

  1.  әуе қатынастарындағы қауіпсіздік шараларын барынша кеңейту;
  2.  ұшу кезеңіндегі қауіпсіздікті күшейту үшін халықаралық қаражаттандыру орталығын құру;
  3.  ICAO мен техникалық байланысты нығайту шараларын бекіту;
  4.  әскери арласудан сақтандыру үшін арнайы халықаралық авиациялық қауіпсіздендіру қорын құру туралы принциптерді негіздеу.

Бұл екі ұйым БҰҰ – мен ДТҰ бірлесіп отырып, туристтерді әуе кемелерімен тасуды ұйымдастырады. Болашақтағы әуе транспортының дамуы IATA мен ICAO мәліметіне сүйене отырып жасалынады.

Әуе кемелерімен жолаушыларды тасымалдауда жолаушыларға да белгілі бір мөлшерде жауапкершілік жүктеледі. Олар түрлі тіркеулерден уақытында өту үшін егер халықаралық рейспен ұшатын болса, самолет көтерілерден 2,5 сағат бұрын, ал ішкі рейспен ұшатын болса 2 сағат бұрын келуге тиіс. Билеттерді тіркеуге алу уақытысы жүктерді құжаттау уақытысы тасымалдаушы тарапынан билетте немесе жолаушыға берілген басқа құжатта анық көрсетілуге тиіс. Егер құжатта бұл уақыт көрсетілмесе соның салдарынан жолаушы ұшаққа кешігетін болса, онда тасымалдаушы келтірілген шығынды төлеуге міндетті.

Халықаралық тасымалдау қызметін пайдаланушы әрбір жолаушы мына төмендегі әкімгершілік шаралардан өтуге тиіс:

  •  кедендік тексеру;
  •  санитарлы-эпидемиологиялық тексеру (қажет болса);
  •  паспорттық-визалы (шекара) тексеру;
  •  ұшу қауіпсіздігі үшін арнаулы тексеру.

Ішкі тасымалдау қызметін пайдаланатын жолаушылар қауіпсіздік бақылауы мен жүктерді тексерту бақылауынан өтеді.

Әуе рейсіне жолаушыларды тіркеуге алу.

Тіркеу кезінде жолаушыларды тасымалдаушының қолындағы тіркеу қағазымен біртіндеп салыстыру жүргізіледі. Бұл тіркеу арнаулы орында өтеді. Бұл жерде рейстің маршруты мен номері көрсетілуге тиіс. Тіркеумен қатар жүктерді құжаттандыру процессі де өтеді. Ол үшін жүктерді тартатын арнаулы аспаптар қойылады.  Жүктерді артуда транспортерлар қолданылады. Билеттің класына байланысты бизнес және эконом кластағы жолаушылардың жүктері екі орында қабылданады. Егер бір орында өте қалса, онда бизнес клас жолаушыларының жүктері бірінші қабылданады. Тіркеу ережелері мына төмендегісінше:

  •  оператор тіркеуші жолаушыдан авиа билет пен оның жеке басын күәландырушы құжатты алады;
  •  құжаттағы фамилия мен билеттееі фамилияны салыстырады;
  •  билеттің нақтылығын, орнын, берілген күнін, агенттің қолы, брондау негіздерін тегін жүк тасу нормаларын тексереді;
  •  жолаушының фамилиясын, қолындағы жеке бас тізімімен салыстырып, оның тізімде арнайы белгілейді, егер жолаушы жеке бас тізімінде болмаса және самолетте орын болмаса, оператор жолаушыны сол күнгі басқа рейске ауыстыруға, оған дейін мейманханадан тегін орын алып беруге құқылы немесе жолаушының келісімімен билеттің құнын қайтарады.Оған ешқандай айып пұл салынбайды. Аэропорт қызметкерлерінің өзінің ішінде ішкі тексеру жүргізіліп, құжатты дұрыс толтырмаған айыпты қызметкер міндетті түрде жазаланады.

Кедендік бақылау.

Кедендік бақылау тіркеуге алуға дейін немесе бір мезгілде өткізіледі. Көбінесе тіркеуге дейін өтіп кетеді. Кедендік бақылаудың міндеті елден заңсыз валюта алып кетпеуге, қымбат металлдар мен тастардың шығып кетпеуін және шығаруға тиім салған заттардың шығып кетпеуін қадағалау. Мұнда Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы халық банкі белгілеген мөлшерден артық влюта алып кетпеуін бақылауға алады. Шетелдік валюта мөлшері өзгеріп отырады. Себебі жолаушы бара жатқан елдің талабы ескеріледі. Жолаушыда бара жатқан елде күн көру үшін қажетті ақша мөлшері болуға тиіс. Кедендік қызмет елге кіріп келе жатқан заттарға да бақылау жасай алады. Елге тиым салынған заттардың кірмеуіне қадағалау жасайды. Сондықтан кедендік бақылау ұшып келген аэропорттарда жүргізіледі. Бұл жерде де сол жолаушы келген елдің ішкі ұлттық заңдары сақталады. Мысалы, 1999 жылы Кипр елі елге өсідіктер кіргізуге тиым салды. Сондықтан да Кипрге гүл алып барудың керегі жоқ. Себебі Кипр кеденшілері оны елге кіргізбейді. Кедендік бақылаудан өтпестен бұрын әрбір жолаушы кедендік декларация толтырады. Онда:

  •  шекарадан өтуші азаматтың аты-жөні, құжатының нөмері, қай елден шықты қай елге барады;
  •  өзімен бірге алып жүретін немесе тапсыратын жүгі туралы мәлімет;
  •  міндетті түрде декларациядан өтетін тауарлар туралы мәлімет (ұлттық және шетел валютасы, қару жарақ, оқ дәрі, наркотиктер, антиквариаттар, бағалы бұйымдар мен тастар, көлік құралдары, кедендік құн төленетін заттар және т.б.).

Халықаралық ICAO ұйымының кеңесі бойынша жолаушыларға екі түрлі жол ұсынылады. Олар «жасыл» және «қызыл» жолдар. Егер жолаушыда ешқандай тиым салынған заттар болмаса, онда ол «жасыл» корридормен өтеді. Кедендік бақылау мемлекеттік жұмыс болғандықтан оған жолаушылар бағынуға міндетті. Егер жолаушы кедендік бақылаудан өтуден бас тартса, онда тасымалдаушы оны ұшаққа мінгізбейді. Және билеттің құнын қайтармайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау.

Бұл бақылау елге қауіпті инфекциялық аурулардың кіріп кетпеуіне байланысты жүргізіледі. Мұндай ауруларға жататындар: оба, шешек, безгек, тырысқақ, сүзек, гапатит А т.б. Бұл аурулар көбінесе Африкадан, Оңтүстік Америкадан, Оңтүстік Шығыс Азиядан келеді. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) шешімімен сәйкес арнаулы парақшаларда мұндай жұқпалы аурулар шыққан елдердің тізімі таратылады. Мұндай қауіпті елдерге бара жақтан туристтер алдын ала егу жұмыстарынан өтіп, ол туралы арнаулы сертификат алуға тиіс. Сертификатта егуді өткізген мекеме береді. Кейбір елдердің заңдарында мысалы Ресейде сары безгекке қарсы алдын ала егу жұмыстарынан өту талап етіледі.

Шетелдерге туристтер алып бара жатқан фирмалар міндетті түрде сол елдегі кең тараған аурулар туралы инструктаж өткізуге тиіс. Және соған сәйкес егу жұмыстарын ұйымдастыруға міндетті. Кейбір егу жұмыстары туристтердің сол елге баруынан бір ай бұрын жасалынады.  Турфирмаларға түрлі медициналық орталықтар жәрдемдеседі. Ішкі туристтік рейстерде де кейбір арнаулы аудандарға бару үшін арнайы егуден өтуге тура келеді. Мысалы Сібір мен Қиыр Шығысқа бара жатқан туристтер энцефолиттік кенеге қарсы егуден өтеді. Ұшатын аэропорттарда санитарлық бақылау тіркеу кезінде немесе оған дейін ал келген аэропортта самолеттан түскеннен кейін өтеді.

Санитарлық бақылау өсімдіктер мен жануарларға да қатысты. Үй күшіктері мен мысықтарды алып жүру үшін ветеринарлық сертификат болуы тиіс. Мұндай құжаттар біздің Қазақстан Республикасында да бар. Оны ұшардан екі-үш күн бұрын алу керек.

Паспорттық-визалық бақылау.

Паспорттық-визалық бақылаудың мақсаты жолаушыларды заңды құжаттың барлығын тексеру, оларға қойылған кіретін шығатын визаларды кей жағдайларда транзиттік визаларды тексереді. Ішкі жолаушыларды тасымалдауда азаматтардан Қазақстан Республикасының құжатын талап етеді. 16 жасқа  толмаған балалардың туу туралы күәлігін тексереді. Егер жолаушы халықаралық сапарға шығып бара жатса оның қолында соған сәйкес келетін шетелдік құжаты болуға тиіс. Туристтер көбінесе жалпы азаматтық көк құжаттармен сыртқа сапарға шыға береді. Бұл құжатта жолаушыларға шекарадан өту құқын береді. Тексеру кезінде құжаттың шындығы, оның мерзімі тексеріледі. Турист қайтып келгенге дейін құжаттың мерзімі бітіп қалмауға тиіс. Кейбір елдер құжаттың мерзімінің бітуіне 2 -6 ай қалғанға дейін өз еліне кіруге тиым салады. Шетелдерге жолаушы апаратын туристік фирмалар құжаттар бойынша баратын елге қойылатын талаптарды транзиттік трансфер бойынша қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

Виза дегеніміз белгілі бір адамға белігілі бір елге кіруге және шығуға немесе ол арқылы транзитпен өтіп кетуге рұқсат беретін құжат. Ол кіретін, шығатын және транзиттік болып үшке бөлінеді. Кіру визалары құжатта белгіленеді. Оны осы құқықты беруге заңды ақысы бар дипломатиялық қызмет орны немесе үкімет тарапынан белгіленген адам қоя алады. Визасы бар жолаушы барған жерінде шектеусіз орын ауыстыруға ақысы бар. Кейбір жағдайларда оған шек қойылуы да мүмкін. Транзиттік виза жолаушыға аэропорт, вокзал, кеме бортынан шығып кетуге рұқсат бере алмайды. Оны негізгі виза алынғаннан кейін үшінші елдің елшілігі бере алады. Шығатын виза елден шығып кететін кезде беріледі.

Дәріс 3.

Тақырыбы:   Авиатранспорт жолаушыларына бөлек категориялық қызмет көрсету.

1. Жолаушыларға жалпы қызмет көрсету сипаттамасы.

2.Стандартты емес жолаушыларды алып жүру.

  1.  Тегін алып жүру.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов »: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

  1.  Александрова А.Ю. «Международный туризм»:  уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

Жолаушыларды әуе суднасының бортына орналастыру тікелей аэровокзалдың  перронынан жүзеге асады, немесе саяхаттаушыларды әуе суднасының трапына дейін жеткізіп салатын автобус ұсынылады.

Орналастыруға бірнеше болып балалы, егде жастағы және инвалид жолаушылар шақырылады.

Егер ұшаққа орналастыруда бір трап қолданылса, онда бизнесс-класстың жолаушылары орналастыруға эконом-класс жолаушыларының соңғы тобы өткеннен соң шақырылады. Ал егер екі трап қолданылса, әртүрлі класстағы жолаушыларды орналастыру бір уақытта жүргізіледі. Трапта бір уақытта тұрған жолаушылардың саны 8 адамнан аспауы қажет.

Ұшақ бортына ең соңғы болып VIP жолаушылар орналастырылады.

Әуе суднасының бортына кірерде барлық жолаушылароператорға ұшу талонын ұсыну қажет. Оператор ұшу талонының түбіртегін жыртып алады және орналастыруға келген жолаушылардың санын анықтайды. Жолаушының орналастыруға келмеген жағдайында тіркеу жүйесіндегі аға диспетчер оны іздестіру шараларының бәрін жасайды. Егер шаралар қалаулы нәтижелерді әкелмесе, әуе суднасының бортынан келмеген жолаушының жүгі түсірілуі жөнінде бұйрық беріледі.

Орналастыру уақытысында келмеген жолаушы билетін басқа рейске брондауына немесе оны өткізуіне болады. Бірақ екі жағдайда да жолаушыға айыппұл санкциясы қолданылады. Бір ерекшелік жолаушының не оның серігінің ауруы немесе тасымалдаушы себебінен болғанда. Бірақ та тасымалдаушы жолаушының кеденді, паспорттық не арнайы тексеріс себебінен кешіккені үшін жауап бермейді.

  Жеке категориялы жолаушыларға қызмет көрсету ерекшелігі

Жалпы қалыптасқан қызметтен ерекшеленетін авиатранспорттың қызметімен қолданатын жолаушылардың ішінен жеке категориялы жолаушыларлы бөліп қарастыруға болады. Бұл категориялы саяхатшыларға қосымша қызмет пен ыңғайлылық ұсынылады: тасымалдауда қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі; елдің мемлекеттік органдарында шығу және кіру талаптары айқындалады. Кейбір жолаушылар алдын ала тасымалдаушымен келісе отырып, ерекше жағдайларда тасымалданады. Кейбір жолаушылардың категорияларын авиятасымалдауда ерекшелігіне кішкене тоқталайық.

VIP категориялы жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшеліктері

VIP (Very Important Person) категориялы жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшелігі, оларға ұшуда максималды деңгейде комфорт пен ыңғайлылық құрылады, ұшу мен қону уақытысы жөнінде ақпарат уақытылы беріледі, административті формальдылық толтыруда жеңілдік жасалады. Қазіргі таңда авиатасымалдауда VIP қызметімен қолданатын жолаушыларға азаматтардың 3 тобын жатқызуға болады:

  1.  беделді саяси, қоғамдық, діни орынды алатын тұлғалар; саяси партиялардың басшылары, жоғары өкімет шенеуніктері; діни конфессиялардың басшылары, губернаторлар өкілдері, депутаттар және т.б.;

VIP-қызмет алуға құқық беретін арнайы VIP карталары бар тұлғалар;

Туристік компаниялар мұндай қызметті ұсына алатын туристер.

VIP-жолаушыларын тіркеу, олардың жүктерін рәсімдеу мен қабылдау, сонымен қатар административті формальдылықтар арнайы бөлінген орында, басқа жолаушылардан жеке өткізіледі.

Бұл арнайы орындар ресми делегация залы, VIP-залы болып табылады. Ресми делегация залында қазақстандық және шет елдік жоғары қызметтегі шенеуніктерге қызмет көрсету жүзеге асады. Бұл қызметтер ең төмен бағада өкіметпен төленеді. Бұл залдағы қызмет көрсету әуежай басшылығына хат не факстық шағым негізінде тапсырыс беріледі.

VIP-залдар мемлекеттік қызметке қатысы жоқ немесе әуежайдағы жоғары комфорт үшін өзі төлей алатын басқа да VIP-персоналдарды қабылдайды. Сонымен қатар VIP-залға тегін өту құқығы бар жолаушылар тізімі бар. Оларға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Советтік Союздың, әлеуметтік топтардың батырлары жатады.

Бизнесс-класстың жолаушыларына қызмет көрсету

Бизнесс-класс жолаушыларына қызмет көрсетудің ерешелігі, оларға тасымалдаудың комфортын ұлғайту мақсатында қосымша сервис ұсынылады.

Жоғарыда айтылып өтілгендей, бизнесс-класстың жолаушыларын тіркеу жеке үстелшеде өткізеді не жалпы үстелшеде үстемділік сипатта болады. Әуе суднасының бортына түсетін тіркеу бланкісінде саяхаттаушының тек инициалы ғана емес, толық аты мен тегі көрсетіледі.

Бизнесс-класс жолаушыларының тіркелген жүгі жеке жүк арбасына не контйнеріне артылады. Бұл жүк ұшақтың бортына эконом-класс жолаушыларының жүктерін жеткізгеннен соң артылады және біріншілердің қатарында шығарылады.

Рейске орналастыруды тіркеуден соң бұл тұлғаларды арнайы бөлме – бизнесс-залға шақырады. Бизнесс-залға рұқсаттама тіркеу үстелшесіндегі оператормен берілген арнайы шақыру не бизнесс-класстың авиабилеті болып табылады.

Әуежайда бір немесе бірнеше бизнесс-залдар болуы мүмкін. Бизнесс-залдар кондиционермен, телевизормен, видео және DVD плеермен жабдықталады. Соңғы уақытта халықаралық әуежайлардың бизнесс-залы кішкене бизнесс байланыс орталығымен жабдықтала бастады. Әдетте, тамақтандыру тегін (оның құны авиабилеттің құнына қосылған), бірақ кейде бардың қызметі қосымша ақыға ұсынылады.

Әуе суднасына бизнесс-класстың жолаушылары эконом-класс жолаушыларынан кейін жеке автобуста жеткізіледі. Ұшақ қонған соң бұл тұлғалар бірінші не бірінші класс жолаушыларынан кейін шақырылады. Ұшақ қонған соң келу залына бұл тұлғаларды жеткізу уақыты 10 мин аспауы қажет, ал олардың жүктері 20 мин аралығында жеткізілуі керек.

Трансферлі жолаушыларға қызмет көрсету

Трансферлі жолаушыларға әуежайға авиабилетке сәйкес бір рейс трансферімен келген және сол немесе басқа да тасымалдаушымен басқа рейсте ұшуын жалғастыратын жолаушыларды жатқызамыз.

Трансферлі жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшелігі авиабилетті брондаудан байқалады. Трансферлі жолаушылардың транзиті жүзден астам елдің шет елдік азаматтарына мемлекеттік ұйвмдармен қабылданған брондау талаптары жөнінде оператормен ақпараттануы қажет. Бұл талаптар TIM (Travel Information Manual) анықтамасында жазылған және шығу мен кіру елдерінің паспорттық, визалық, кедендік режиміне қатысты.

Әуежайда трансферлі жолаушыларды жіберуде басқалардан құқықтық басылымдылықтары бар, әсіресе рейс ұсталып қалған жағдайда. Бұл категория жолаушыларын тіркеу стандартты процедуралардан тұтастыру рейсі мен уақытын брондауды куәландырумен, сонымен қатар әуежай трансферінің мемлекеттік органына қажетті құжаттарды тексеруімен ерекшелінеді. Жүкті рәсімдеуде оған маршрут пен рейс нөмері көрсетілген арнайы «Transfer» маркировкалы бирканы жапсырады. Жүк ұшақ бортынабасқалардан жеке, соңғы болып артылады және бірінші болып түсіріледі. Трансферлі жолаушылар мен жүкті қадағалау әуежайдың арнайы трансферлік қызметіне жүктеледі.

Тұтастыру пуктінде трансферлік қызметтің өкілі өзінің клиентін қарсы алып, оған ауысып отыру үшін көмек көрсетеді. Егер келесі рейстің уақыты 2 сағат аралығында болса, онда жолаушыны тұтастыру рейсіне тіркеу үстелшесіне алып келеді. Бұл жағдайда жүк жолаушыға берілмейді, трансферлік қызметтердің қадағалауымен борттан бортқа ауыстырылады. Егер рейстердің уақыты 2 мен 6 сағат аралығын құраса, онда клиентті сәйкесінше административті зонаға немесе күту залына шығарып салады, ал келесі рейстің уақыты 6 сағаттан көп болса, онда трансферлік қызметкер саяхаттаушыларға өз есебінен қонақ үйге жеткізу мен орналастыру қызметін ұсынады.

Трансферлік қызметкерлерге мұндай тасымалдауды ұйымдастыру жүктелгендіктен, қызметтің жақсы нәтижесіне келісе бере алатындай, тұтастыру рейсі арасындағы интервал жария етіледі.

Балаларды тасымалдау ерекшелігі

Әуе суднасында балалар үлкендердіңқарауымен не оларсыз тасымалданады. Бірінші жағдайда халықаралық тәртіпке сәйкес бір үлкен адам екі жасқа дейінгі бір баланы, оған жеке бөлінген орынсыз үлкен адам тарифінің 10 % құнымен өткізе алады. Мұндай балаға тегін жүкті өткізу нормасы 10 кг құрайды. Ал қалған балалар, сонымен қатар 12 жасқа дейінгі балалар қалыпты тарифтің 33-50 % жеңілдікпен жеке бөлінген орында тасымалданады. Бірақ чартерлі рейстерде 2 жастан үлкен балаларға жеке орынға жеңілдік берілмейді.

Рейске балаларды тіркеу кезінде тіркеу бланкілеріндегі арнайы графада СHD (Child) – 2-12 жастағы бала, не INF (Infant) – шақалақ (2 жасқа дейінгі) деп көрсетіледі. Шақалақ әрқашанда арнайы билет бойынша үлкендердің қарауымен тасымалдануы қажет. Бірақ үлкендермен тасымалданатын шақалақтардың саны 2-ден аспау керек. Бұл шектеу балаға қажетті назарды қамтамасыз ету мақсатында авиакомпаниямен енгізілген.

Жоғарыда көрсетілгендей, балалар үлкендердің қарауынсыз тасымалдана алады. Бұл жағдайда балада авиабилет, виза мен шет елдік паспорт және нотариуспен бекітілген екі ата-ананың рұқсаты болуы керек.

Үлкендердің қарауынсыз тасымалданатын балаларды кедендік, паспорттық-визалық, арнайы қауіпсіздікті тексеру авиакомпания өкілінің қатысуымен жүзеге асады. Әуе суднасының бортына оларды орналастыру басқа жолаушыларды орналастырудан соң басталады.

Жүкті әйелдерді тасымалдау

Жүкті әйелдер отандық авиакомпаниялармен егер босану мерзімі 4 аптадан кем болғанда ғана қабылдана алады. Авиакомпания жүкті әйелден оның денсаулығы жөнінде және жүктілік мерзімінің медициналық шешімін талап етуге құқылы. Бірақ медициналық куәлік ұшу басталардан кем дегенде 7 күн алдын рәсімделуі қажет. Мұндай тасымалдаудың басқа маңызды шарты тасымалдаушыға пайда болған зардап үшін ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Бұл шарт жолаушының кепілдік хатымен расталуы қажет.

Көптеген шет елдік авиакомпанияларда жүкті әйелдерді тасымалдауда шектеулер бар.

Негізінде, шет елге саяхаттауға жүкті әйелдер басқа мемлекетте мерзімінен бұрын босану мүмкіндігін есте сақтауы қажет. Бұл жағдайда баланы өз еліне алып келу үлкен кедергі мен мәселесі. Себебі әр мемлекеттің әркелкі заңдық актілері бар.

Аурулар мен инвалидтерді тасымалдау

Науқастар мен мүгедектер категорияларына ұшу уақытында және оған дайындық кезінде физиологиялық жағдайына ерекшеназарды талап ететін жолаушылар жат. Тасымалдаушы бұл жолаушыдан әуе транспортында тасымалдауға рұқсат беретін медициналық шешімді талап етуге құқылы. Сонымен қатар, бұл категориядағы жолаушылардан хат түрінде кепілдік міндеттемені талап ете алады.

Егер жолаушы балдақтың немесе жиналмалы мүгедек арбасының көмегімен салонда қозғалса, онда оған қосымша ақы төленбейді. Ал егер жолаушы электрлі арбаның көмегімен қозғалса, онда ол қарапайыморындыққа отырғызылады, ал жүгі тіркелген жүк ретінде әуе суднасына артылады. Жолаушыларды тағайындағанда әуежайға мұндай жолаушы келген уақытта бірініш арбаны ұсыну жөнінде хабарлама түседі. Электрлі арбамен тасымалданатын жолаушылар тасымалдауға алып жүрушісімен бірге қабылданады.

Егер ауру адам зембілмен тасымалданатын болса, онда ол тек алып жүруші арқылы жүзеге асады және 3 реттік көлемде төленеді. Бұл зембіл 3 арбаның көлеміндей орын алатындығымен түсіндіріледі. Мұндай жолаушыларды тасымалдау тек эконом-класста жүзеге асады. Транзит, трансфер және тағайындау пунктерінде әуе суднасының бортында мұндай жолаушының барлығы жөнінде тасымалдаушымен хабарландырылады.

Авиакомпания қажетті жағдай болмағанда мұндай жолаушыларды тасымалдауға бас тартуы мүмкін.

Мұндай жолаушыларды ұшаққа орналастыру ең бірінші, ал ең соңғы орында жүзеге асады.

Көр және естімейтін жолаушыларды тасымалдау

Көр және естімейтін жолаушыларды тасымалдау шарты тасымалдаушыға сәйкесінше құжатты ұсыну болып табылады. Бұл категориядағы жолаушылар алып жүрушісімен, онсыз да немесе жетектеуші-ит арқылы тасымалдана алады. Соңғы екі жағдайда жолаушыға ұшу, қону, административті формальдылықтар кезінде көмек көрсету мақсатында брондау жөніндегі оператор оның құжатына бұл ақпаратты енгізу қажет.

Жетектеуші-ит әуе суднасының бортына өткізіледі және оның тасымалдауына ақы төленбейді. Жетектеуші-итпен саяхаттайтын жолаушыда ветеринар сертификаты мен оның оқытылғандығы жөнінде сертификаты болуы қажет. Мұндай жолаушыға қатардың ең соңындағы орын беріледі. Ит жолаушы орындығының аяғына байланады. Жетектеуші-ит міндетті түрде тұмылдырықта болу қажет.

Керең және нашар еститін адамдар арнайы жарықтық ақпараттар мен сигнализациялық құралмен жабдықталған орынға отырғызылады. Мұндай жолаушыларға арнайы карточкаларды беру қарастырылған.

«Жағымсыз жолаушыларды» тасымалдаумен байланысты мәселелер

«Жағымсыз жолаушылардың» қатарына екі топтағы адамдарды жатқызуымызға болады. Біріншіден, оларға қоғамдық тәртіпті бұзған бұзақылар, яғни сотқарлар мен жанжалқорлар жатады. Мұндай тәртібімен көзге түскен жолаушылар «қара тізімге» ілінеді. Соңында бұлардың әуе суднасының бортына кіруі қиынға түседі.

«Жағымсыз жолаушылардың» екінші тобына қарауылшымен алып жүрілген тұтқындар жатады. Мұндай тасымалдауды жүзеге асыру үшін авиакомпания басшылығы арнайы ұшаққа мінуі мен шығуы ең соңғы кезекте жүреді.

Авиажолаушыларды тасымалдау технологиясы

Әуе транспортымен тасымалдаған кезде авиажолаушыларға қызмет көрсету тасымалдың кепілдігін қамтамасыз етуге, ұшыдудың қауіпсіздік шараларын сақтауға,сонымен қатар авиатасымалдаушылардың қызметімен қолданатын азаматтарға ұсынылған мемлекеттік ұйымдардың бірнеше талаптарын орындауға бағытталған тәртіп ережелерінен тұрады.

Жолаушы бұл ережелерден өту үшін әуежайға алдын ала келуі қажет. Әдетте халықаралық рейсте жолаушылардың әуежайға келу уақыты әуе суднасының ұшу уақытын 2,5 сағат алдын, ал ішінде – 2 сағат. Бұл уақыт жолаушыларды тіркеу рәсімі мен административті тексеру жұмыстарын жүргізу үшін қажет.

Билетті тіркеу мен жүкті ұшуға дайындау уақыты тасымалдаушымен белгіленеді немесе ол сатылым кезінде жолаушыға ұсынылатын билетте немесе басқа да құжатта көрсетіледі. Егер ақпарат берілмей, жолаушы рейске кешіккен жағдайда ол ақпарат берілмегендіктің нәтижесінде пайда болған шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

Халықаралық рейсте тасымалданатын жолаушы келесі административті тексеру жұмыстарынан өтеді:

  1.  кедендік тексеру;
  2.  санитарлы-эпидемиологиялық тексеру:

паспорттық-визалық тексеру;

ұшудың қауіпсіздігін арнайы тексеру.

Ішкі тасымалда жолаушылар ұшудың қауіпсіздігін арнайы тексеру мен жүкті тексеруден өтеді.

Жолаушыларды әуе рейсіне тіркеу

Тіркеу фамилиялары PNL-ге (Passenger Name List – рейстегі жолаушылардың фамилияларының тізімі) енгізілген, рейске келген жолаушыларды брондалған жолаушылармен салыстару деп түсіндіріледі. Бұл рәсім маршруттың рейсімен нөмірі көрсетілген тіркеу үстелшесінде жүзеге асады. Жолаушыларды рейске тіркеумен бірге бір уақытта олардың жүктерін рәсімдеу де жүреді. Бұл тіркеу зоналары жүктерді өлшейтін таразы мен оны тексеретін қоймамен, транспорттармен, байланыс құралымен жабдықталған. Жолаушыларды бизнесс және эконом-класстарға тіркеу мен жүктерін рәсімдеу, әдетте, екі тіркеу үстелшесінде жүргізіледі.

Жолаушыларды рейске тіркеу тәртібі келесі түрде жүзеге асады:

  1.  жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар мен авиабилетті тіркеу үстелшесіндегі оператор алады;

паспортта көрсетілген фамилияны билеттегімен сәйкестігін салыстырады;

билеттің растылығын, орны мен күнін тексереді;

жолаушылардың фамилиясын PNL-гі брондалған жолаушылардың тізімімен салыстырады және жолаушыларды тіркеу бланкісінде белгілейді.

Фамилияларды салыстырудан кейін оператор қызмет көрсету классына байланысты, ұшақ салонындағы жолаушылардың нақты орнын белгілейді. Сонымен қатар мұнда жолаушылардың қызығушылықтары да есепке алынады – айна алдында немесе жол бойындағы орын, спутниктің жанында немесе бөлек, темекі шегетін немесе шекпейтінсалонда. Кейбір жағдайда жолаушылардың орнын оператор өзі белгілейді. Мысалыға, авариялық қосымша есіктің алдына ақыл-есі жайында, эвокуация жағдайында басқаларға көмек бере алатын немесе ең болмағанда кедергі жасамайтын жолаушылар отырғызылады. Ұшақтағы эвокуация прцессін тездете алмайтын жолаушылар жолды бөгемейтін және авариялық құрал-жабдықтарды қолдануға кедергі келтірмейтін орындарға жайғастырылады. Мұндай жолаушыларға анық физиологиялық және ақыл-есі кем тұлғалар; жылдам жүре алмайтын және денсаулығы төмен адамдар және 12 жасқа дейінгі балалар жатады.

Жолаушылар орнын бекіту белгісі ретінде оған нақты орын, күні мен рейс нөмірі, тіркеу ведомостінің реттік нөмірі, сонымен қатар ұшақ қонатын шығыс нөмірі көрсетілген отырғызатын талон беріледі.

Қазіргі таңда авиакомпаниялар жолаушыларға қызмет көрсету үшін тіркеудің автоматталған жүйесін қолданады. Бұл жүйелер тіркеу процессін жеделдетуге, турист және оның жүгі жайлы қажетті ақпаратты оперативті өңдеп жіберуге, жеке категориялы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тіркеудің автоматтандырылған жүйесі саяхаттаушылардың толық паспорттық мәліметтерін тексеруді қамтамасыз етеді. Бұл ұшақ бортына түрлі қылмыскерлердің кіруінен қорғайды. Сонымен қатар мұндай тіркеу жолы әуе тасымалдауды  жүзеге асыруда электронды билетті ендіруге көмектеседі.

Жолаушыларды тіркеумен бір уақытта олардың жүгінің салмағын өлшеу мен рәсімдеу жүреді. Тіркеу үстелшесіндегі оператор тасымалдаушыдан жүр биркасын жыртпалы талонын алып, оны авиабилеттің сыртына жапсырады. Осы уақыттан бастап жолаушының авиабилеті жүк квитанциясы да болып есептеледі. Орын сандары мен тіркелген жүк массасы жайлы ақпарат билетте көрсетіледі.

Егер жолаушыда нормадан үлкен жүк болса, онда ол сәкесінше тариф бойынша төлеуі және тіркеу үстелшесіндегі операторға төленген квитанцияны ұсынуы қажет.

Егер жолаушы қызмет көрсетудің жоғарғы класында ұшқысы келсе, онда ол тіркеу зонасының аға диспетчеріне қызмет көрсету класының жоғарылату жөнінде өтінішімен жолығу қажет. Ұшақтың бизнесс-класс салонында бос орын болған жағдайда өтініш қабылданып, жолаушы билетінің сыртына белгі қойылады. Кейін жолаушы сәкесінше ақша соммасын төлеу үшін, кассаға беру керек.

Әдетте жолаушыларды тіркеу халықаралық рейске ұшардан 40 мин алдын, ал ішкі рейсте 30мин алдын бітеді. Тіркеуге кешіккен жолаушы мұндай рейске жіберілмеуі мүмкін.

     Тегін жүкті өткізу нормасы ұшу бағыты мен қызмет көрсету классымен анықталады. Әлемде жүкті тегін өткізу нормасының екі жүйесі бар – салмақтың сандық жүйесі (Weight concept) және орынның сандық жүйесі (Piece concept).

   Сандық жүйе жолаушымен тегін өткізілетін жүктің массалық нормасын анықтайды. Тегін өткізілетін жүктің салмағы әуе судносының типіне, нақты маршрутына және жолаушыларға қызмет көрсету классына байланысты тасымалдаушымен жарияланады.

    Орынның сандық жүйесі жолаушы өткізе алатын жүктің алатын орын санын анықтайды. Бұл жүйе трансатлантикалық рейстерде қолданылады. Оның ережесіне сәйкес барлық класстағы жолаушылар 32 кг мөлшерінде екі орынды жүкті тегін өткізе алады. Егер бір жүктің салмағы 32 кг-нан асып кетсе, онда оған қосымша ақы төленеді. Эконом-класспен саяхаттайтын жолаушы үшін жүк орыны158 см, ал бірінші және бизнес – кластағы жолаушылар үшін 203 см-ден аспауы керек.

   Тіркеу кезінде жолаушы ұшу , қону кезінде оған керек заттардан басқаның бәрін өлшеуге беруі керек.

    Тіркелмеген жүкке «кабинаға» немесе «қол жүгі» деген бирко жапсырылады. Әуе судносының  салонында бұл заттар жолаушы орындығының үстіндегі жабылатын сөреге немесе алдындағы орындықтың астына орналастырылады. Тіркелмеген жүк тегін жүктің нормасына кіретінін естен шығармау керек.

   Тіркелген жүктің әрбір орынына ұшу күні, маршрут пен рейс нөмірі көрсетілген жүк биркасы қадалады. Жүк биркасының жыртылған талоны авиабилетке жапсырылады. Жүк биркасы мен жыртылған талон жүкті идентификациялау үшін қажет.

   Тегін жүк нормасы жеке орынды билеті бар барлық жолаушыларға қатысты. Бірақ тегін жүкке жатпайтын жүктер тізімі бар, яғни кез-келген жағдайда бұл заттарды өткізу ақылы. Оларға мыналар жатады:

  •  Әрбір класстың қалыптастырылған нормасынан асатын заттар (атауы мен бағытына тәуелсіз);
  •  Бір орындағы 32 кг асатын заттар;
  •  Жалпы салмағы 5 кг-нан аспайтын ас көгі, кептірілген өсімдіктер, гүлдер, өсімдіктің тұқымдары, ағаштардың бұталары;
  •  Курьерлік корреспонденция және посылкалар;
  •  Жануарлар (ит, мысық, құс және т.б.).

    Жоғарыда айтылған барлық заттар, өсімдіктер, жануарлар жолаушының жалпы жүк салмағына тәуелсіз, тасымалдау үшін ақы төленеді.

Ақылы жүк

    Егер жолаушының жүгі тегін жүк нормасының салмағынан асатын болса, онда тасымалдау сәйкесінше тариф бойынша төленеді. Салмақтық жүйеде бұл тариф әр авиакомпанияда әркелкі, бірақ әдетте әрбір артық килограмм үшін билет құнының 1% құрайды. Төленген ақы жолаушыға түбіртек берумен расталады.

  Егер жолаушы алдын – ала өзінің жүгінің нормадан асатынын білсе, брондау немесе билетті сатып алу кезінде тасымалдаушыны бұл жөнінде хабардар етуі керек. Сонымен қатар, тасымалдаушы егер жолаушының жүгі, салмағы, көлеміқалыптасқан ережеге сай келмесе, ол тасымалдаудан бас тартуы мүмкін.

Тасымалдауға тыйым салынған жүктегі заттар

   Кейбір тіркелген немесе қол жүгі ретіндегі заттар әуе тасымалдауда тыйым салынатынын естен шығармау керек.

   Бірінші топқа әуе судносының ұшуына, адамның денсаулығына, өмірі мен мүлкіне қауіп төндіретін заттар жатады. Бұл жарылғыш заттар, қысылған газ, коррозиялық заттар, радиактивті материалдар, магниттер және улы заттар. Тасымалдаудағы тыйым салатын заттар тізімін азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы анықтайды (ICAO).

   Екінші топқа елден алып шығуға немесе алып кіруге немесе территориясынан өткізуге рұқсат бермейтін елдің мемлекеттік органының нормативті актілері және заңдылықтары тыйым салған заттар жатады.

   Үшінші топқа, тасымалдаушының ойы бойынша жүктің салмағы, мөлшері немесе басқа да қасиеттері (нәзіктігі, иісі және т.б.) үшін тасымалданбайтын заттар жатады.

Шектеулі көлемде тасымалдауға рұқсат берілген заттар

   Жолаушыға тіркелген немесе қол жүгіндегі заттарды, бірақ шектеулі көлемде, тасымалдауға рұқсат берілетін заттар тізімі бар. Оларға мыналар жатады:

  •  Алкогольді сусындар, әрбір жолаушы үшін 2 л (21 жастан жоғары тұлғалар үшін);
  •  Жеке тұтынуға қажетті көлемдегі әтірлер мен одеколондар;
  •  Қара уылдырық – 280 г. 1 адам үшін;
  •  Қызыл уылдырық – 280 г. 1 адам үшін;
  •  Дәрі – дәрмектер - 2 кг;
  •  Жеке қолдану үшін портативті медициналық термометр;
  •  Құрғақ мұз – 2 кг;
  •  Жеке қолдануға арналған қауіпсіз сіріңке;
  •  Медициналық мақсаттарға қажетті көмірқышқыл немесе оттекті газды портативті баллондар;
  •  Табак өнімдері – 200 сигарет 1 адам үшін;

Жүкті буып – түю

    Авиакомпанияның жауапкершілігіне тасымалдауға өткізілген жүкке оның буып – түюіне қатысты нақты талаптар ұсынылады.

    Жүктің байлауы оны жай ұстағанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек.

    Өткізілген әрбір жүктің алып жүру үшін арнайы ұстағышы болуы керек. Сонымен қатар, онда басқа жолаушылардың жүгіне зақым келтіретін өткір заттар шығып тұрмау қажет. Жолаушы тіркелген жүкке нәзік заттарды, тез бұзылатын өнімдерді, ақшаны, зергерлік бұйымдарды, құжаттарды қоспауы керек.

Жүкті алу

    Тағайындау пунктінде жолаушы өзінің тіркелген жүгін тасымалдаушы ұсынған соң алуы керек. Әдетте, жолаушы өз жүгін қозғалмалы транспорттық лентадан өзі алады; оның сәйкестігін білу мақсатында жүк биркасының жыртылған талонын ұсыну керек.

   Егер жолаушы жүк түбіртегі мен жыртылған талонды жоғалтып алса, онда жүктің құжаты жоқ екендігін растайтын акт құрылады. Тасымалдаушы бұл тұлғаға жүкті, егер оныкі екендігін дәлелдесе (мүлікті сипаттау, кейбір ерекшелігін көрсету) береді.

   Егер жолаушы жүгін алғанда, ондағы кейбір ақауларды байқаса, онда әуежай бұл ақау жөнінде акт құру қажет. Акттің бір нұсқасы жолаушыға, ал екіншісі әуежай тасымалдаушының комиссиясына беріледі.

Жүктің кешіктірілуі мен жоғалуы

   Егер жолаушы тағайындалған әуежайға келген соң, өзінің тіркелген жүгін таба алмаса, онда оның өтінішімен әуежайда бұл жайлы акт құрылады және авиакомпания оны іздестіруде шара қолданады.

   Халықаралық рейсте жүкті іздестіру. «World Tracer» атты автоматты жүйенің көмегімен жүргізіледі. Бұл жүйе іске 1993 жылы енгізілген болатын және қазіргі таңда 300 әуежайлар мен авиакомпанияларда қолданылып жатыр. «World Tracer»-ге жоғалған және табылған зат жөнінде мәлімет түседі; жүйе банктегі ақпарат бойынша берілгендердің нақты параметрлерін салыстырады және дұрыс нәтиже шыққанда жүктің иесін анықтайды.

   Жүк тағайындау пунктіне түскен күннен бастап, 21 күн аралығында табылмаса, жоғалған деп саналады.

   Бұл жағдайда жолаушы тасымалдаушыдан жоғалған затты өтеу жөнінде акт пен наразылық құжат толтырады. Бұл жөнінде наразылықтар авиакомпанияның басшыларын халықаралық тасымалдауда 18 ай, ал ішкі тасымалдауда 6 ай аралығында бағытталады.

   Жүктің кешіктірілуі мен байланысты жағдайлар тәжірибеде жиі кездесе бермейді. Әлемдік статистикаға сәйкес жоғалған жүктің 95% табылады, көптеген авиакомпаниялар бұл мәселені шешуге үлкен назар аударады. Олар жоғалған жүкті тез табу үшін шаралар ойлап табады немесе мұндай жағдайлардың болу мүмкіндігін мүлдем жояды.

Жүкті сақтау мен өткізу

   Тағайындалған әуежайға келген жүк келген күннен бастап 2 күн аралығында тегін сақталады. Одан кейін де сақталып жатса, ақы төленеді. Егер жүк тасымалдаушымен уақытынан ерте жеткізілсе, онда ақыны тасымалдаушының есебінен жүргізеді.

   Алынбаған жүк әуежайда халықаралық тасымалдауда 30 күн, ішкі тасымалдауда 6 ай аралығында сақталады. Белгіленген мерзім біткен соң қалыптастырылған тәртіпке сай жүк өткізіледі.

   Жүкті сақтау процессінде авиакомпания оның иесін іздестіреді. Бұл үшін ол басқа тасымалдаушыларды алынбаған немесе құжатсыз жүк барлығы жөнінде хабарландырады, заттарды тану мен алу жөнінде жүктерін жоғалтып алған жолаушыларды ақпараттандырады. Егер жүктің иесі 30 күн аралығында келмесе, онда жүк өткізуге жіберіледі.

   Жолаушылардың ұшақ салонында, автобуста және әуежайда жоғалған немесе ұмытылған заттары 30 күн аралығында сақталады.

Жүкті тасымалдау кезіндегі жауапкершілік

   Тасымалдау уақытында тасымалдаушының күзетінде болған жүктердің зақым, жетіспеушіліктер мен жоғалулары үшін тасымалдаушы жолаушының алдында жауапты және бұл жағдай ұшақ бортында немесе жерде болғанына байланысты емес.

   Тасымалдаушы мына жағдайларға жауапты емес:

  •  Нәзік заттардың зақымына, сонымен қатар, ақшаңыздың, зергерлік бұйымдардың, қымбат металлдардың, құнды қағаздардың, құжаттардың, медикаменттердің және кілттің қауіпсіздігіне;
  •  Жүк салмағының жетіспеуіне, егер жолаушы жүктің жетіспеушілігіне тасымалдаушының кінәсі екенін дәлелдей алмаса;
  •  Форс-мажорлық жағдайларға байланысты жүктің жеткізілуін кешіктіруге.

  Сонымен қатар, жолаушының кесірінен басқа жолаушының жүгіне зиян келтірілсе, онда ол авиакомпанияға шығынын өтеу керек. Себебі ол жүкке тасымалдаушы жауапкер.

Наразылықтар мен шағымдар

   Егер жолаушы өз жүгін бұзылған жағдайда (оралуының бұзылуы, зақымдануы, жетіспеуі) алса, онда ол шығын өтеуді сұрайтын, тасымалдаушыға жазбаша наразылықты ұсынуға құқылы. Наразылықпен бірге болған жағдайды растайтын акт экземпляры да беріледі.

   Тасымалдаушы бұл наразылықты қарастыруға оның нәтижесін жолаушыға жеткізуге міндетті. Наразылық 30 күн аралығында қарастырылады. Егер тасымалдау бірнеше тасымалдаушымен жүзеге асатын болса, онда мерзім 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін.

   Егер наразылық толығымен қанағаттандырылса, онда конфликт жойылды деп санауға болады. Егер наразылық толығымен қабылданбаса, онда шағымданушыға барлық құжаттар қайтарылады. Кейбір қабылданбаған жағдайда, шағымданушы тасымалдаушыға сотқа шағым беруіне құқығы бар.

Жеке топтағы заттарды тасымалдау ерекшелігі.

   Әуе транспортында тасымалдауда арнайы шарттарды талап ететін заттар тізімі бар. Осыған байланысты тасымалдау нақты бір ережелерді ұстануда рұқсат берілетін жүктердің бірнеше тобы ерекшеленеді.

Ақша, асыл тастар, құжаттар

  Ақшаны, асыл тастар мен құжатты жолаушы жүкке өткізбей, өзімен бірге алып жүруі қажет.

  Егер қандай да бір себептермен жолаушы бағалы заттарын (көбіне нәзік және сынатын заттарға қатысты) жүкке өткізгісі келсе, онда тасымалдаушы оның сақталуына жауап бермейтін шартымен, зақымнан сақтайтын арнайы қорапта ғана тасымалдауға қабылдануы мүмкін. Әрине бұл жағдайда тасымалданатын заттарды алдын-ала сақтандыруға болады, бірақ та ережеге сәйкес жүк онда не барлығына тәуелсіз «көтермеде» сақтандырылады.

   Нормадан салмағы мен көлемі аспайтын, нәзік және тез сынатын заттар ұшақ салонында жолаушының жауапкершілігімен тасымалдануы мүмкін.

Оптика және аппаратура

   Ережеге сай, кино және видеокамералар, фотоаппараттар, бинокльдер, радиоприемниктер тасымалдауға тек арнайы оранған сөмкелерде немесе чемоданда қабылданады. Радиоаппартурадан қоректендіру элементі алынуы керек.

   Жоғарыда айтылған заттарды әуе судносының бортында қолдануға рұқсат берілмейді.

   Азгабаритті магнитофондар, радиоприемниктер, теледидарлар тасымалдаушының келісімен әуе судносының бортында тасымалдана алады.

   Әуе судносының типіне байланысты ұшардан алдын командир ұялы телефондарды, электронды ойындарды, нормативті компьютер мен плеерлерді қолдануға болмайтынын ескертеді. Ескертуді байланыс жүйесінің кедергілерін алдын – алу мен ұшуда әуе судносының навигациясына зиянын тигізбеу мақсатында орындау қажет. Бірақ оларға калькулятор, электронды будильник, есіту аппараттары жатпайды.

Мылтықтар мен оқ-жарақтар

   Мылтық өткізгісі келген жолаушы бұл жайлы алдын – ала билетті брондауда тасымалдаушыға ескертуі қажет.

   Егер маршрут басқа мемлекет шекарасынан өтсе, онда мемлекеттердегі заңдар мен ережелерді сақтау мақсатында бортта мылтық өткізу сұрағы алдын – ала мемлекеттің сәйкес өкілетті органдарымен қадағаланады.

    Ұшу уақытында жолаушыда өзімен бірге мылтықтың кез-келген түрінің болуына тыйым салынады. Ол тек қана тасымалдаушының келісімімен әуе судносының жүк бөлімінде ғана тасымалданады. Сонымен қатар, ол мылтыққа міндетті түрде жолаушыда лицензиялық рұқсат қағаз болу қажет.

    Егер мылтық аңшылық туризмді жүзеге асыру мақсатында өткізілсе, онда аңшылық турды жүзеге асырушы жақтың шақыруы мен келісімін ұсыну қажет. Ал егер мылтық халықаралық спорттық ойындарды өткізу мақсатымен тасымалданса, онда бұл жарысқа қатысуға шақыруды ұсыну керек.

   Мылтықты елден алып шығу мен кіру жеке тұлғаларға 2 ай мерзіміне, ал заңды тұлғаларға 6 ай көлемінде рұқсат беріледі.

Жануарлар мен құстар

   Итті, мысықты, құсты және басқа да үй жануарларын тасымалдау алдын – ала тасымалдаушының келісімен және оның шартымен жүзеге асырылады. Әуе судносында жануар өткізгісі келетін жолаушы бұл жайлы билетті брондауда хабардар етуі және жануарлар санын көрсетуі керек.

   Жануарларды өткізу үшін бірнеше құжаттарды алу қажет: 1) ветеринар куәлігі мен сертификаты; 2) алып шығуға рұқсат (халықаралық тасымалдауда). Соңғы құжат көбіне иттерге қажет.

   Ереже бойынша, ірі жануарлар әуе судносының жүк бөлімінде арнайы торда немесе контейнерде тасымалданады. Көптеген тасымалдаушылардың ережесіне сай, салмағы 5-8 кг аралығындағы жануарлар әуе судносының салонына өткізіле алады. Бірақ кез – келген жағдайда жануарды тасымалдау тарифке сай төленеді. Ұшу уақытында жануарларды салонда серуендету мүлдем болмайды.

   Жануарлар мен құстардың контейнеріне нақты талаптар қойылады – оларға ауа жеткілікті түрде кіруі, көлемі қолайлы болуы керек.

   Статистикаға сай жыл сайын әуе транспортында 500 000 жуық иттер мен мысықтар тасымалданады, олардың 99% белгіленген жеріне жақсы жетеді.

Ұшақ салонындағы жүк

  Егер жүк қол жүгінің нормасынан жоғары болса, бірақ айрықша күтімді талап етсе (хрусталь, шыны, фарфор, керамика өнімдері, музыкалық инструмент, электронды аппарат және т.б.), онда тасымалдаушының келісімімен оны ұшақ салонына өткізуге болады. Мұндай жүк үшін жеке орын брондалады және оның тасымалдануы жолаушы билетімен тіркеледі. Мұндай жағдайдағы билет құны қалыпты тарифтің 75% құрайды.

    Әуе судносының салонында тасымалданатын жүк салмағы 30-70 кг аралығында, ол көлемі жеке жолаушы орындығына орнатыла алатындай болу керек. Ережеге сай мұндай жүкке «кабинаға» немесе «қол жүгі» биркасы жапсырылады.

Ауқымды жүк

   Ауқымды жүк – бұл үш өлшегіштің суммасымен, ұзындығымен салмағы тасымалдаушы белгілеген нормадан үлкен жүкті айтамыз. Мұндай жүк тек алдын – ала тасымалдаушының келісімімен қабылданады. Оларға: спорттық құрал – жабдықтар, тоңазытқыш, жиналмайтын балалар арбасы, мүгедектер арбасы, велосипед, музыкалық инструмент, судно және видеотехника, теледидар жатады.

   Ауқымды жүк үшін төлем сәйкесінше тариф бойынша жүргізіледі, оның үстіне авиакомпания оны жүктеу мен түсірудегі қосымша шығынды өз мойнына алады.

Дәріс 4.

Тақырыбы: Саяхатпен туризм саласындағы транспорт классификациясы.

1. Жолаушыларды тасмалдаудағы тік ұшақ типтері.

2. Қазақстандағы автомобиль және су көлігі

3. Мотоцикл көлігі және тарихы.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов »: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

  1.  Александрова А.Ю. «Международный туризм»:  уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

    Транспорттық саяхаттау дегеніміз- ол арнайы белгіленген жол құжаттары мен жол бағыттары және белгілі бір транспорт түрімен  саяхаттануды, демалып ләззат алуды және діттеген жеріне жетуді айтамыз.

    Транспорттық қызмет түрлері туристік индустрияның ең басты элементтерінің бірі болып табылады.

     Туристік транспорттық қызмет, саяхаттың бағытына, қажеттілігіне немесе сұрауына, талабына сай түрлері өте көп. Мысалы:

  1.  Әуе арқылы саяхаттау.
  2.  Жер арқылы саяхаттау.
  3.  Су арқылы саяхаттау.

Солардың ішінде тоқтала –толықтыра кетсек.

  1.  Әуе жолына – Самалет арқылы, Верталет арқылы, Әуе делтопландары және тағы басқа ұшақ түрлері арқылыы.

Әуе транспортының тиімділігі туристің діттген жеріне тез және аз уақыт ішінде жетуіне немесе арнайы ұшақ түрлері мен саяхаттау арқылы биіктен қалаған жерін көріп тамашалауға мүмкіндік береді.

  1.  Жер арқылы саяхаттайтын транспорт түрлеріне тоқталатын болсақ, олардың түрі өте көп, қызметі жоғары әрі қауіпсіз болып келеді.
  2.  Темір жол транспорты- туризм саласында кең ауқымды әрі тиімді қолданылады,
  3.  Автобустар, арқай автомобильдері және автомобильдер. Бұл транспорттардың айырмашылығы туризм саласында экскурссиялық  тарихи жерлерді аралау және еркін қыдыруға асықпай көп нәрсені көріп тамашалауға, қалаған жерінде тоқтап керек жарағыңды алуға тағы басқа жағдайлар мен қажеттіліктеріне қолайлы жағдай жасай алатын транспорт түрлері болып келеді.
  4.  Су туризмінде қолданылатын транспорт түрлеріне арнайы үлкен кемелер, кішігірім кемелер мен қатерлер, желкенді кемелер жатады. Бұл транспорт түрлері туризм саласында атқаратын қызметі басқа транспорт түрлерінен төмендеу. Бірақ сервистік қызметі жағынан өте жоғары және көп адам сиятын ұзақ мерзімге саяхатқа шыға алатын транспорт түріне жатады. Бұл транспорт түрін тек мұхитта ғана емес теңіздерде, өзендерде қолданылады. Осы айтылған транспорт түрлерінде туристік қызмет ұсынушылар мына ерекшеліктерді ескерту қажет:

  Тасымалдау жылдамдығы, сервистік қызметтің жоғары болуы, қызметке бағасының сай болуы, ұйқы жағдайының жақсы болуы, тыныштық, табиғи және мәдени ерекшеліктері, тазалықтың сақталуы, медициналық және қауіпсіздік қызметтің болуы.

  1.  Қауіпсіздік жағынан және экологиялық тазалық жағынан. Су туризімі, темір жол туризімі, әуе жол туризмі алдыңғы орында.
  2.  Туристердің қажеттілігіне қарай қалаған жеріне тоқтап көріп тамашалау тағы басқа қажеттіліктерін орындай алатын транспорт.  

Жолаушыларды тасмалдаудағы тік ұшақ типтері.

       Шарды ыстық желмен толтырылып 1,8 км биіктікке ұшыртылған. Жолаушылар ретінде қазы, қораз, ешкіні мінгізген. Ал ауаға бірінші рет Джейн Фринкойс «Piiare o!e Koxier» Ұшқан бұл жаңалық 15-қазан 1783 жылы ауалық жүзу эрасының бастамасы болды. Тік ұшақ ауаға  тік ұшып және тік қонуды. Ауада бір жайда тұра алады және алға артқа, жаны мен қозғала алады. Ұшаққа қарағанда тік ұшақтың қанаты жоқ төбесінде Винт орнатылған, сол арқылы қозғалыс жасайды.

     Тік ұшақтар жүкті және туристерді тасый алады. Жолаушылардың сыйымдылығына қарай тік ұшақ үш категорияға бөлінеді. 1) 2-ден 5- адамға дейін. 5-тен 12 –адамға дейін. 2) 12-ден 40-адамға дейін.

     Бірінші және екінші каиегориялық тік ұшақ бір двигатель мен қозғалады. Ал үшінші категориялық тік ұшақ двигательі қуатты поршендік немесе газдық болады, коммерциялық мақсатта қолданылады. Тік ұшақ көп мақсатты машина. Пайдалылығы өте көп: арнайы

Автокөлік көлігі жүрдек, анағұрлым ыңғайлы, жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді. Ол жақын қашықтыққа жук пен жолаушы тасымалдайды. Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен долаушы тасымалдауда жетекші орын алады. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырып, қала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады.

Қазақстанның автокөлік жолдары республикалық деңгейдегі (жалпы ұзындығы 22,2 % - ды құрайды) және жергілікті деңгейдегі жол (жалпы ұзындығы 77,8 % - ды құрайды) болып бөлінеді. Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км.

Елімізде халықаралық бағытта транзиттік автокөлік жолдары жүргізілген. Олар Еуропа мен Ресейді, Орталық Азиямен байланыстырады.

Алматы – Астана автокөлік жолы халықаралық стандартқа сай қайта жөнделді. Бұл жол арқылы транзит жүктері Ресейден Қытайға және кері қарай, сонымен қатар Қазақстанды Қырғызстан, Пәкістан арқылы Үндістан мен байланыстырады. Осы оңтүстік бағыттағы жол қатынасы болашақта көптеген елдерді қамтитын ірі магистралға айналмақ.

Жуырда Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай арасындағы Қарақорым тасжолы арқылы Алматы – Қарачи арасын автокөлік жолымен байланыстыру идеясын ұсынылды. Оны салуға Пәкістан 500 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Сонымен бірге ҰлыЖібек жолын қайтадан қалыпқа келтіріп, жандандыруға көңіл бөлінуде.

Егер Қазақстан автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы бойынша ТМД елдерінің арасында үшінші орында тұрса, жолдың жиілігі жөнінен ең соңғы орындардың бірінде.

Қазақстандағы ірі республмкалық деңгейдегі автокөлік жолдарының бірі Алматы – Бішкек – Тараз – Шымкент – Ташкент жолы. Алматыдан Семей және Өскеменге бағытталған жол Жаркент, Талдықорған, Текеліге қарай тармақталады. Жалғызтөбе темір жол станциясы маңында бұл жол Шығыс шеңбері автокөлік жолымен жалғасады.

Сонымен бірге жергілікті деңгейдегі автокөлік жолдары Қарағанды – Теміртау – Астана, Семей – Павлодар – Омбы, Орал – Атырау, Қостанай – Арқалық, Қарағанды – Жезқазған және т.б ірілі – ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.

Маңғыстау түбегіндегі мұнай – газ кен орындарын игеруге байланысты Ақтау қаласын онда жұмыс істеуші барлық мұнай кәсіпшіліктермен байланыстыратын жолдар салынған. Солтүстік Қазақстанда Астана – Көкшктау, Петропавл – Қостанай автокөлік жолдары облыс орталықтарын өзара байланыстырады.

Қорытындылай келе, автокөлікпен жолаушылармен жүктерді тасымалдау оңай тәсіл болып табылады. Автокөлікпен тасымалдау ережесі әр елде әр түрлі болады. Сонымен қатар автокөлікпен тасымалдау арзанырақ, кез келген жерге тоқтау ыңғайлы болып келеді.

Автомобиль саяхатқа шығарудың ерекшелігі, олардың басым көпшілігнінің өлкенің көрікті жерлерін тану мақсатында  шағын  ара қашықтықта жасалады. Қазіргі уақытта автосаяхат жеке меншік, жалға алған, немесе қоғамдық транспортта жасалды. Қоғамдық транспорт туристерді бір елді мекеннен екінішісне жеткізу үшін қолданылады.  Жалға алған және жеке меншік транспортты бірнеше күн ішінде тасымалдауға да, елді мекендер ішінде жол бағыты бойынша да қолдану неғұрлым ыңғайлы.

Автотранспорттың басқа да түрлері алдындағы ерекшеліктері мыналар болып табылады: жоғарғы жылдамдық, мобильдік , қолайлылық салыстырмалы төменгі тарифтер, кең шолу, вокзал, станция, пор-ң құрылысына капиталды шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін «есіктен есікке дейін» қызмет көрсетулері.

Тағы бір кемшілігіне жылдамдыылғының жоғары болмауы және қоршаған ортаны ластануы. Соңғы он жылдықта  мамандар барынша жетілген автомобильдерді жасады. Туристер фи-ын тасымалдау үшін автобутар қолданылады. Автобустранспорттың құрлықтағы құрал түрі; кузовымен, көп орынды ең бастысы вагон түріндегі: микроавтобус-ң ұзындығы 5 м-ден аз, бұл транспорт құрамының өзі жіктелу бар:

  •  Орындарының саны бойынша
  •  Отынының түрі боыйнша
  •  Категориясы бойынша
  •  Жайлылық атрибуты бойынша

Автобустардың сыйымдылығы әртүрлі болуы мүмкін: 170 орыннан ерекше үлкен сыйымдылық, шағын микроавтобусқа дейін (5-12 адам)

Двигательдегі (қозғалтқыштағы) отын түрі: бензин, солярка, сұйытылған газ, сығылған газ. Электр қуаты, механикалық (энергия) қуат көзі маховка (гиробус), күн көзі қолданылады.

Этаждағы қабаттығы бойынша автобустар бір, біржарым, екі-үш қабатты  және арнайы болады. Лифтілермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалыс  қызметі шектелген  адамдарды турист, спортышыларды тасымалдайды. Автобус-ң категориясы жайлылық деңгейімен ұсынылатын қызмет түрлерімен анықталады. Категориясыз автобус-ң орындықтары қатты, жылытылмайды, олардағы шу деңгейі жоғары. 2 жұлдызды категориялы автобуста жастықшалары бар жұмсақ креслолар, жылу жүйесі, перделер, дауыс күшйеіткіш құрылған және микрофон бар. 3-жұлдызды автобуста екі жұлдызды автобуста жасалған жағдайымен қатар: тоңазытқыш, әжетхана, жеке жарық бер мен  вентияция, көлеңкесі перделер бар. 4 жұлдызды катергорияда қосымша әжетханасымен душы (бірге), теледидарлар, рация, су қанатқышы бар мини бар, гардероб, қасындағы адаммен шалқайтылатын және қозғалтатын креслолар бар. Ең жоғарғы 5 категориялы ең жайлы: креслолар қатарға бір-біреуден орналасқан (яғни бар болғаны шынтақшасы бар креслолардың 2 қатарлы) горизонталь қалпына да қозғалады (жазылады, жатады)

Қазақстан туристік агентігі Мәскеуге дейінгі арзан баруды қамтамасыз етуге тырысуда, бірақ  формалықпен бірге (шенген және транзиттік, Польша арқылы, визалар) жолдама құны екі есе дерлік өсті. Мұндай саяхаттарды жүзеге асыру Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс облыстарында жасалады. Ішкі турлар және жақын жатқан мешекеттерге бару, фирмалық бұл бизнесіне мамандалған үшін әдеттегі іс болады.

Автосаяхаттарды ұйымдастыру кезінде ең алдымен, нормативтік-құқықтық акітілермен танысу керек. Құжаттарды білу, автотасымалдуларды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет. Олардың қатарында: Женева конвенциясы шеңберінде 01,03,1973 ж. қабылданған «жолаушылар мен багаждарды халықаралық  автомобильмен тасымалдау келісім шарты туралы конвенция», 1989ж. туризм боыйнша Гаата деклорациясы материялдары, туризм боыйнша басқа деклорациялар және иеленген келісімі. ТМД елдері шеңберіндегі  туристік тасымалдаулар 1993 ж. «Туризм саласындағы бірлестіктер туралы» келісім  шартпен, 9,09,1994 ж. ТМД туризм-і бойынша Кеңес туралы», 29,10,94 ж. «мемлекет бірлестігінің негізгі принциптері туралы – туризм сала-ғы ТМД қатысушылары» келісім шартымен реттеледі.

Мемлекетте жолаушылар мен багажды тасымалдауда маңызды көмек көрсеткен бірқатар құжаттар жасалған, бұл ең алдымен 1994 ж. 21-қыркүйектегі» толықтырулар мен өзгерістер. Сосын басқа құжаттар қабылданды: «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заң», т.б.

Автотурларды талдауда мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, автомобиль транспортының халықаралық одағы (АТХО) үйлестірген транспорттық келісім (ҮКТ) 1991 ж. құрылған, 1993 ж. ұйымдастырылған АТХО 1995 ж. қабылданған ҚР-ы халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы (Қаз АТО) айтарлықтай маңызды көмек көрсетеді.

Су көлігі –  бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін  туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша  бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған.

Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

  •  қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;
  •  халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;
  •  теңіз үсті ластануын бақылау;
  •  ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;
  •  халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су   саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы  белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона,  ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және  лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы -  Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша  батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының  көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Адамдарды су бойынша тасымалдау, көлік құралдарын пайдаланып саяхаттаудың ең ежелгі түрі. Ең алғашында олар плоттармен, қайықтармен жасалды. Қылыми техникалық прогресстің дамуы ірі теплоходтардың пайда болуына әкелді. Қызмет көрсету сферасына қазіргі су көлігі: теңіздік жіне өзендік болып бөлінеді. Су кемелері теңіз көлігіне қатысты, халықаралық, ұзақ және каботажды тасымалдауды іске асырады. Халықаралық теңіз байланысы деп- жолаушыны, жүкті мемлекеттің шекарасынан шығару және алып келуді айтады. Ұзақ тасымалдауларға: бір мемлекеттің порттары арасындағы рейстері жатады. Каботажды рейстер: теңіз порттары арсында жағалауды бойлай жүргізіледі. Өзен флотының кемелері, жолаушылар мен жүкті тасымалдау мемлекеттің территорисы ішінде орналасқан су жолдары арқылы жүргізіледі. Ішкі су жолдарына: өзендер, көлдер, су қоймалар, каналдар, шлюздар жатады.

20 ғасырдың аяғында круизді индустрия туристік бизнестің тез дамушы секторына айналды. Круиз дегеніміз- су көлік түрінде саяхаттау. Оған арлдарға жағалау экскурсиялары, порт-қалалардың көрікті жерлерін көру, теңіз және өзен лайнерлерінде әртүрлі көңіл-көтерулер кіреді.

Әлемде круизді компаниялардың саны көп: грециялық, итальяндық, испан, американ, дат, т.б. Круиздік бизнес сферасындағы ірі тасымалдаушыларға: «Carnival Cruise Lines», «Celebrate Cruises»,  «Royal Carribbean International», «Princess Cruisess», «Costa Cruisess», т.б. жатады. Круиздік компаниялар және олардың флоты қызмет көрсету деңгейіне байланысты, категорияларға бөлінеді. Ең жоғарғы категориясы 6* бар лайнерлер («seaborn», «Radisson Seven Seas Cruisess», «Silversea Cruisess») жатады. Осы комапниялардың кемелері минимум 200-250 жолаушыға есептелген. Осы компаниялардың клиенттері болып өте бай адамдар табылады. 1 күн үшін-1000 $.

Теңіз круиз мекемелері, көпшілік туризмге қызмет көрсетуге арналған, көп палубты гиганттық кемелер болып табылады. Олардың сиымдылығы 1700-2600 жолаушыға дейін. Орташа тоннаж 75000-100000 тоннаға дейін құрайды.

Қазақстанда су саяхаттары толық түрде ұйымдастырылмаған. Оның себебі кемелердің жеткілікті санының және инфрақұрылымның болмауы. Бірақ, туристерді су көлігімен тасымалдау перспективалары бар. Европалық реконструкция және даму банкі су көлігін дамыту  үшін, су порттарын реконструкциялау үшін, Республикаға ұзақ мерзімді несие бөлді.    

Дәріс 5.

Тақырыбы: . Туристерге қызмет көрсету бағдарламасын жоспарлау мен бағыттау.

1.Турларды жобалау

2.Туристерді күтіп алу және оларға қызмет көрсету

3. Туристерге қызмет көрсету бағдарламасы

Қолданылғын әдебиеттер:

  1.  Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996.
  2.  Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.
  3.  Закон РК «О туристской деятельности в РК». Алматы. 2001.

Турларды жобалау

Туристік маршрут жақсы жобалануы тиіс. Турпакетті талдау кезінде саяхаттың барлық ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл үшін ең алдымен оған қысқаша сипаттама беру керек, сосын маршруттың құжатын жасау керек. Оған мынадай тауарлар енгізілуі мүмкін:

- туризм түрі (танымдық, діни, спорттық, іскерлік және т.б.);

- (қысқа) ықшамды болуы маршрут мазмұнын көрсетуі тиіс тур аты («Дала хикаялары», «Мыңжылдық ескерткіштері» және т.б.);

- рекреациялық сабақ циклдары: негізгі, ілеспелі, қосымша (Мысалы, таным, сауықтыру, көңіл көтеру);

- саяхат туралы ақпарат (аймақ, оның ерекшеліктері);

- турға қатыса алатын туристер контингенті (жас шамасы, физиологиялық-дәрігерлік көрсеткіштер бойынша);

- аялдама бекеттері мен қызмет көрсетулер көрсетілген маршрут схемасы;

- қызмет көрсету құрамы (тамақтану, тұратын жер, транспорт, инвентарь, құрал-жабдық);

- қызмет көрсетуші персоналдарға қойылатын талаптар (нұсқаушыға, аудармашыға, экскурсоводқа...);

- маршруттың технологиялық картасы;

- заңды құжатнама (келісімшарттар, лицензиялар, рұқсаттар, жолдамалар мен билеттер);

- күн және сағат бойынша қызмет көрсету бағдарламасы;

- тур құнын есептеу;

- саяхат шартын орындамағаны үшін орнын толтыру;

- маршрутты өткізу маусымы (жыл мезгіліне, аң аулау мерзіміне, балық аулау мерзіміне және т.б. байланысты болады);

- турды талдауға (жасауға) келген шығындарды (есептеу);

- буклет, альбом, жарнамалар дайындау;

- турды дайындау мерзімі және оның орындалуына жауапты адамдар.

Турларды жүзеге асыру әртүрлі жарнамалар тәсілімен: интернет, теледидар арқылы, жеке шақыру қағазын, буклет және т.б. тарату арқылы адам көп жиналатын жерлерге хабарландыру ілу арқылы және т.б. арқылы жасалады. Бұл кезеңдер туристік кәсіпорын әкімшілігіне турды жақсы жоспарлауға мүмкіндік береді, оның үстіне әрбір жетекші мүмкіндіктерден шыға отырып, басқа тараулармен толықтырыла алады, барлық кезеңдермен бір мезгілде жұмыс істей алады.

Көрсетілген қызмет көрсетулер олардың деңгейі, топтағы немесе жеке қызмет көрсетудегі адамдар санына байланысты калькуляциясының бірнеше нұсқаларын жасау керек. Сосын дайындалған саяхат сатуға түседі. Турларды реализациялау көптеген жарнама тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылады: интернет, теледидер арқылы, жеке листовка – шақыруларды, визитка, буклеттерді тарату жолымен, Қазақстанның, ТМД және т.б. мемлекеттердің елдімекендеріне әртүрлі шақырулар жіберу арқылы мерекелі іс-шараларда, адамдар көп жиналған жерлерде хабарландырулар айту арқылы, қоғамдық ұйымдармен байланысу арқылы көрмелерде, презентацияларда және т.б. көптеген мерекелік іс-шараларда.

Туристерді күтіп алу мен оларға қызмет көрсету

Турды жүзеге асырғаннан кейін келесі кезең басталады. Ол – топты күтіп алуға дайындық. Туристердің келетін күнін анықтап алғаннан кейін транспортқа, тамаққа, тұратын жеріне және т.б. қызмет көрсетулерге тапсырыс беру керек. Тапсырыс берген кезде құжатты қабылдағаны туралы өз мекемеңіздің орындаушысының қолы қойылған құжаттың екінші данасын қалдыру қажет.

Міне, туристерді қарсы алатын сәт те келді. Әртүрлі туристік мекемелер мұны әртүрлі ұйымдастырады, бірақ туристерді көбінесе туристермен барлық күні тікелей жұмыс істейтін өкілетті өкіл қарсы алады.

Туристерді қарсы алумен қызмет көрсету әртүрлі мерзімде өтуі мүмкін. Мысалы, 1-ден 20 күнге дейін және одан да көп.

Туристермен жұмыс түріне және атқарылатын қызметіне байланысты қарсы алушы өкіл: инструктор (лат.тіл. – ұйымдастырушы деп аталады), егер қабылдау туристік базада, туристік қонақ үйде, туристік кешенде жүзеге асырылса; егер қабылдау материалдық базасы жоқ кәсіпорындарда жүзеге асырылса немесе көптеген ұйымдастыру мәселелері туындауы мүмкін болса, көбінесе шетел туристерімен жұмыс жасайтын және бір мезгілде аудармашы және экскурсовод болатын алып жүруші қызметін атқарады.

Бір күнге туристік пойыздар, әртүрлі кемелер және транзиттік саяхатшылар келеді. Мұндай топтарға қызмет көрсету қарапайым, яғни орналастыру оңай. Мұндай туристер категориясының үлесі қазіргі уақытта біз де болмашы. Мұндай қызмет көрсету формасында бүкіл әлемдік туристік ұйым ұсынысына сәйкес экскурсанттар деп аталады.

Туристерді қарсы алушы қызметкер барлық қызметтердің топтарды қарсы алуға дайындығын алдын-ала тексеруі, қатты материалдан шағын плакат жасауы керек, онда өз формасының аты мен күтіп алатын топтың аты жазылуы (көрсетілуі) тиіс. Ақпарат эстетикалық тұрғыда (әдемі) болуы тиіс. Шетел қонақтары үшін жазу ана тілінде (олардың) және алыстан жақсы көрінетін болуы тиіс. Күтіп алатын жерге жоспарланған рейстің келуінен 30 минут бұрын келу қажет. Күтіп алу (қарсы алу) кезінде мекеме өкілі туристердің өздеріне келгеніне көз жеткізуі тиіс, олардың құрамасын анықтауы, келген топ жетекшісіне кері қайту билетін броньдауды есіне салуы, туристердің багажын қабылдауды ұйымдастыруы және сосын топты транспортқа (автобус, микроавтобус, троллейбус және т.б.) бастап алып келу керек.

Топты қарсы алуды ұйымдасытру кезінде осы үшін жауапты қызметкер туристердің осы мемлекет немесе қалада кездесіп тұрған бірінші адам өзі екенін есте сақтауы керек. Туристің ол туралы алған әсері (ойы) бойынша тұтас қала тұрғындары туралы пікірі қалыптасуы мүмкін. Сондықтан күтіп алушы үнемі ақжарқын, әдепті, сыпайы, инабатты, ашық болуы керек. Туроператорлық фирманың өкілі туристермен ақпараттық-ұйымдастыру әңгімесін жақсы көңіл-күймен өткізуі керек.

Әңгімелесуді транспортқа отырғаннан кейін, яғни туристер келіп, жүктерін алып, көңілдері жайланғаннан кейін және жаңа жерге келумен байланыста алған алғашқы әсерлерінен кейін айтқан ыңғайлырақ.

Туристермен өткізілетін ақпараттық-ұйымдастыру әңгімесінің жоспарына мынадай пункттерді кіргізуге болады. Мысалы:

1. Өзін таныстыру (фамилиясын (тегін), аты-жөнін) қарсы алушы кәсіпорын атынан сәлемдесу, жүргізушіні таныстыру;

2. Автобус немесе басқа транспорттағы мінез-құлық ережелері бойынша интруктаж өткізу;

3. Келу (тұру) бағдарламасын хабарлау:

а) тұратын жерінің мекен-жайын және транспортпен келетін жерін;

ә) тамақтанатын (пунктін) жері туралы ақпарат беру;

б) экскурсиялық қызмет көрсету туралы (экскурсияға жиналатын жер, олардың ұзақтығы, жарнаманың қысқаша мазмұны).

4. Қолма-қол төлем ақыға қосымша іс-шараларды ұсыну;

5. Республика, қала туралы қысқаша анықтама:

а) Ауданы, жер көлемі, халқы, климаты;

ә) көрікті жерлері (мұражайлар, көрмелер, дискотекалар, театрлар, демалыс аймақтары).

6. Қонақ үй, асханадағы күн тәртібі мен мінез-құлық ережелері туралы, көне қауіпсіздігі туралы әңгіме;

7: Сағаттық белдеу, жергілікті уақыт;

8. Жақын жердегі дәрігерлік пункт және дәріхана, ақша алмастыру пункті туралы хабарлама жасау.

Туристерді күтіп алушы (экскурсовод (гид) немесе  нұсқаушы туристермен әңгіме жүргізуі керек.

Әңгімелесу әдемі, ықшам болуы, 7-10 минуттан аспауы тиіс. Мынау Алматыға келген туристерге арналған әңгімелесу мәтіні:

«Саламатсыздар ма, қымбатты ҚР қонақтары. «Круиз» турфирмасының атынан Сіздерді гид-экскурсовод Сәуле Бекенова мен жүргізуші Серік Дәулетов қарсы алып отыр. Сіздер жақсы орналастыңыздар және өз жүктеріңіздің бар екендігін тексердіңіздер деп үміттенемін. Естеріңізге сала кетейін автобус жүрген кезде сіздер өз орындарыңыздар да болу керексіздер.

Біз сіздердің танысу мен демалу үшін біздің қонақжай Алматы қаласын таңдағандарыңызға қуаныштымыз.

Алматы Қазақстанның халықаралы, мәдени, ғылыми, спорт және туристік орталығы. Ұлы Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан қалада 1,200 000-ға жуық халық, 80 ұл пен ұлт өкілі тұрады.

Қала тұрғындары мен қонақтардың демалуы үшін әдемі саябақтар әрі мұражайлар мен театрлар бар, бүкіл әлемге танымал спорттық комплекс «Медеу» , «Шымбұлақ» таушаңғысы базасы бар.

Сіздер «Алматы» қонақ үйінде 2-3 орында нөмірлерде тұратын боласыздар (қонақ үй қала орталығында Абай атындағы опера және балет театрына қарама-қарсы орналасқан). Ұлттық тағамдар кафелерден тамақтанасыздар: таңғы ас – 9:00, түскі ас – 13:00, ал, кешкі ас – 18:00, кешікпеңіздер. Кафе Фурманов көшесінде жаяу 5 минуттық жерде орналасқан және сол жерден экскурсия басталады.

Сіздерді келі (болу) бағдарламасымен маршрутқа шықпай тұрып таныстырған дұрыс деп ойлаймын.

Бағдарлама бойынша Сіздерде 2 автобус пен 1 мұражайға саяхат бар.

Ертең «Оңтүстік Астана» бойынша саяхатта Сіздер қаланың ерекше тарихымен таныс боласыздар, оның көрікті жерлерімен, 28 батыр-панфиловшы мемориалды паркінде, Республика алаңында және т.б. жерлерде боласыздар.

Арғы күні Медеуге саяхат кезінде Сіздерге 1700 метр биікке көтерілесіздер. Медеумен Тянь-Шань тауының келбетімен танысасыздар, сонымен қатар, табиғатпен таныса отырып, тамаша сезімде боласыздар. Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер әлемімен танысасыздар.

Орталық мемлекеттік тарихи-өлкетану мұражайында сіздер Қазақстанның жер бетінде тіршіліктің пайда болу кезеңінен бастап ежелгі тарихқа куә боласыздар (қолмен ұстап көресіздер), мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысасыздар.

Сіздердің қалауларыңыз бойынша біз үйлені тойы, баланың туылуы, дін және т.б. байланысты қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы «Бет ашар» экскурсиясын ұйымдастыра аламыз. Сіздерге архитектура, тарих, қаланың театр өмірі бойынша тақырыптық экскурсиялар ұсына аламыз. Сонымен бірге, сіздерді бұрынғы ВОНХ-дан ҚР ірі бизнес базасына айналған іскерлік бірлестік орталығына шақырамыз. Сол сияқты сіздер бос уақыттарыңызда казино, концерттер, хайуанаттар бағына және спектакльдер қазақ, орыс, корей, неміс, ұйғыр тілдерінде болып жатқан театрға бара аласыздар. Қала қонақтары «емдік-сауықтыру кешені «Арасан» туралы тамсана айтады, сіздер онда европалық, орыс және шығыс моншаларына бара аласыздар.

Алматы қонақтарының ұсынылған жерлерге баруға уақыты жетпей қалады және олар қайтадан біздің қаламызға қайтып оралады. Сіздердің де жақсы демалуларыңызға және Алматымен кездесуден жақсы, қызықты әсер алуларыңызға тілектеспіз».

Қонақ үйге келгенде туристік топтың жетекшісі:

- туристерді орналастыруға қатысуға;

- әкімшілікке туристердің тізімін беруге және т.б. міндетті.

Орналасып болғаннан кейін олардың қайтатын уақытын білу және топты шығарып салу үшін транспортқа тапсырыс беруді ұмытпау керек.

Жұмыс барысында топ жетекшісі бәрімен мұражай, қонақ үй қызметкерлерімен т.б. жақсы қарым-қатынаста болуы тиіс. Жұмыс барысында пайда болған барлық күрделі мәселелерді басшылармен кеңесе отырып, бейбіт, іскерлік жағдайда шешуі тиіс.

Туристерге қызмет көрсету бағдарламасы

Қызмет көрсету бағдарламасы – бұл негізгі және қосымша қызмет көрсетулерді, оларды ұсыну уақыты бойынша бөлу жоспары. Ол турист мүдделерін және саяхат мақсатын ескеріп құрылады.

Туристерді немесе топтарды әрбір қабылдау жеке, кейде клиент жолдама бағасын арзандатуын сұрайтын кездер болады, мысалы, балалар тобы үшін. Мұндай жағдайда тұратын арзан жер (жатақхана, лагерь, интернат, мектеп), тамақ (өзіне-өзі қызмет көрсететін асханалар) іздеу керек, транспортпен экскурсиялар санын қысқарту керек, тамақты өз беттерінше даярлайтын 2-3 күндік күндізгі жорықтарды ұйымдастыру, мұражайлармен өндірістік экскурсияларға жаяу бару санын арттыру, күтіп алу мен шығарып салуды ұйымдастыру үшін (тапсырыс бойынша) қоғамдық көлікті қолдану керек.

Туристердің келуінен 1 тәулік бұрын кәсіпорында топқа қызмет көрсету актісі жасалады: әдетте есепті бухгалтер жасайды. Бұл үшін мынадай мәліметтер қажет:

- топтың қонақ үй немесе жатақханада тұру құны туралы түбіртек (квитанция);

- тамақтану пунктінен қызмет көрсету құны туралы түбіртек;

- автокөлік беру саны мен жұмыс уақыты,

- әртүрлі жинаулар түбіртегі.

Топпен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін нұсқаушы қызмет көрсетуді жақсарту бойынша және қосымша іс-шараларды көрсетіп, қабылдау туралы шақыру алуы тиіс.

Сөйтіп, қызмет көрсету есебін құрғаннан кейін, шақыру алғаннан кейін және ұйымдастырылған шығарып салудан кейін туристермен тікелей жұмыс аяқталады. Тек нұсқаушының өзі есеп береді.

Айтылғандардан шығатыны, туроператордың қызметінің тиімділігі туристік маршрутты талдау мен өткізудің барлық кезеңдерін дұрыс жоспарлау мен ұйымдастыруға байланысты болады.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Турды жобалау дегеніміз не?
  2.  Турмаршрут дегеніміз не?
  3.  Туристерді күтіп алудағы менеджердің атқаратын міндеті.
  4.  Ақпараттық-ұйымдастыру әңгімесіне кіретін пунктер.
  5.  Қызмет көрсету бағдарламасы қандай пунктерден тұрады?

Дәріс 6.

Тақырыбы: Туризмде тасмалдауды ұйымдастыру.

1. Өзен жолаушылық тасмалдау.

2.Әуемен тасымалдау. Круиз. Туризмде тасымалдаудың түрлері.

Туристтерге транспорттық қызмет көрсету туризм өндірісінің құрамдас бөлігінің бірі. 1990 жылға дейін өзіне автокөлік, сулы, теңіздік, теміржолдық және әуе транспортын қосатын және ішінде халықаралық туризмнің қажеттілігін қамтамассыз ететін туризмнің біртұтас транспорттық жүйесі болған. Туристтік қызметтер құрылымында трнаспорттық қызмет көрсету үлесі 40% құрады. Көліктің туризмдегі рөлі өте үлкен екеніне көз жеткізе отырып, көліктің қандай түрі туристерге ең қолайлы, ең комфортты және аз уақытты қажет ететініне жауап табуымыз керек.    

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.

Круиздік туризм ежелгі заманнан пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

Куриздердік турлардың ірі нарықтары АҚШ, Ұлыбритания, Германия болып табылады. Куриздік саяхаттар туризмнің ең комфортты (жайлы) түрі, яғни мұндай маршруттарға арналған  теплоходтар көңіл көтерулермен мерекелерге жағдай жасалған жүзіп жүретін қонақүйлер. Сондықтан, жолдаманың қымбат тұруына қарамастан, оларды Қазақстанда сатып алады.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы -  Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша  батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының  көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Туристік су саяхатынының ерекшеліктері

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша  бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Су көлігі –  бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін  туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған. Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

  •  қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;
  •  халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;
  •  теңіз үсті ластануын бақылау;
  •  ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;
  •  халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

Теңіз порттары және судналарды көп пайдаланбастан  капиталды жөндеу мен тез арада жаңартып тұруды қажет етеді, сонымен  қатар оның шығыны да көп болады, сол себептен бұлардың жолдамасы да қымбатқа түседі. Су транспортының басқа да кемшілігі жылдамдығы аз және су круизінде теңіз ауруына, клаустрофобия ауруына шалдыққан кейбір туристтерге судың географиялық жағдайының қолданысы және де судың кеңістігінің шектеулі болғандығы біраз қиыншылықтар туындатады. Соған қарамастан, түрлі мақсаттардағы мүмкіншіліктерді бере алатын (іскерлік, оқулық, фестивальдық, және басқа да демалыстарда) жолаушылар таситын көлемі ерекше «жүзетін отель» басқа жерлерге баруда өте қолайлы. Су саяхатында туристік экскурсиялық мейрамдарды ұйымдастыру үшін теңіздік және өзендік судаларды жалға алады. Туристік экскурсияларда  туристтерге барлық жағдайларын, қызметін қамтамассыз етіп, параходта жүрудің кестесін туристтермен бірлесіп жасайды. Маршрутта, яғни экскурсияларда саяхатшы, тарихшы, этнограф, архитектор және т.б. қызықты адамдармен кездесулер болып, олармен әңгімелесіз. Барлық жағынан комфортталған теңіздік және өзендік судаларда саяхат жасау, сіздің жақсы демалуыңызға себепші болады.

Су саяхатының бағдарламасы ерекше  жоспармен өтіледі, өйткені сіз өзіңіздің маршрутыңызда басқа да мемлекеттің, облыстың, республиканың аумағымен жүріп өтуіңіз мүмкін, сол кезде сізге соларды таныстыру үшін ерекше жоспар қамтамассыз етілген. Жергілікті эксксурсиялардың арасын байланыстырушы бөлім – жолдағы экскурсиялық бағдарлама.

Бүкіл әлем транспорттық саяхатқа үлкен ден қойып отыр. Өйткені милиондаған адамдардың өмірі осы транспорт арқылы. Қазіргі транспорттың қай саласы болмасын жаңа технологияларды қолданып жүріс-тұрысты ыңғайластыруда. Бүкіл әлемде адамдардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне байланысты туристік саяхаттарда көбейіп келеді.

Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су   саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы  белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона,  ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және  лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады.

Порттардың классификациялануы. Құрылысына қарай: олар табиғи болып қарастырылады, яғни оларға табиғи жағдайларда қолданылатын және адамдардың көмегімен құрастырылған порттарды айтамыз, демек олар жасанды болады. Орналасуына қарай: теңіздің жағасында, өзендердің жағасында және көлдердің жағасында орналасқан деп бөлінеді. Арналғанына тағайындалғанына байланысты; әскери, саудаға, жолаушыларға, спорттық. Ал тәртібіне қарай: қарапайым немесе ерекше, баж салығын    жинау және кедендік тәртіптен басталуына деп қарастырылады. Тәніне қарай: мемлекеттік немесе жекеменшіктік болып келеді.

Тасымалдаушы

Тасымалдау жүйесі – бұл туристерді мекемеден  керекті жеріне дереу жеткізу. Оның құрамына мыналар кіреді:

  •  жануарлар – пілдер, түйелер, аттар, иттер,
  •  механикалық қозғалыс (велсипед, автоматиль, автобус,)
  •  ауамен қозғалу жүйесі
  •  суда –қайықпен, плотпен, өзен – көлдік және суасты судтармен

Тасымалдаушылар басты және көмекші жұмыс түріне  қарай бөлінеді, және өнімге байланысты да этап бойынша жұмыс бөлуге болады:

  •  транспорт, көбіне автобус, анықтаған орнына туристерді жеткізу,
  •  маршрут бойынша автобус пен және темір -  жол  тасымалдауыш. Мұнда көбіне турлар түнеумен болады. Сол себепті мұнда көбіне күндізгі маршруттар қолданылады
  •  экскурсия маршрупен тасымалдау мысалы; парктерде, қла ішінде және т.б
  •  жүк  тасымалымен бұл көбіне шоптинг – турда кездеседі,

Өзендегі круиздерде туристерге қызмет көрсету

   Өзендермен және көлдермен саяхаттауды ішкі су жүйесі дамыған елдерде демалудың ерекше түріне жатқызады. Орта ғасырлардағы комфортабельді өзен суларының құрылысы туристік маршруттарда өзендік круиздердің қарқынды дамуына әсер етті.

   Круиздер ішкі су арықтары арқылы жүзеге асырылады, олар теңіз круиздеріне қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Олар әрқашан өзгеріп отыратын пейзаждарды тамашалауға, қаланың архитектурасын зерттеуге, егер маршрут халық тығыз орналасқан пункттерден өтетін болса, кез-келген ұнаған жағалауға тоқтауға көмектеседі. Сонымен қатар, гидротехникалық құралдар өзен мен көлдерде салынған (шлюздер, каналдар, суқоймалары) олар туристердің назарын өздеріне аударатын объектілерді ұсынады. Көптеген саяхатшылар өзендік круиздерді таңдау себебі, өзендік транспорт құралдарында адамдардың аз болуы. Өзендік круиздер бір бағытта немесе шеңберлік маршрут бойынша бойынша жүзеге асырылады.

   Ең атақты комфортабельді өзендік круиздердің лайнерлері 301 және 302 жобасы болып табылады. Бұл жобалардың теплоходтары 3 және 4 палубалы судаларда 1-2-3 және 4 орындық каюталары болады. Олар санузелдермен, желдеткіштермен, тоңазытқыштармен жабдықталған. Теплоходтарда мейрамханалар, барлар, 2 салон, кинозал, сауна, сувенирлік киоскілер және т.б. бар.

   Шетелдік өзен круиздері – ірі өзендері мен көлдері, сондай-ақ каналдар жүйесі дамыған елдерде кең таралған . Батыс Еуропаның мемлекеттерінде Днепр, Луар, Рейн, Рон, Сена, Эльба арқылы круиздер әйгілі. Сонымен қатар, батыстық елдерде шағын қайықтарды жалға беру дамыған, оны жолаушының өзі ешқандай лицензиясыз жүргізе алады, себебі қайықты қолдану инструктажы 45 минутты ғана алады.

   Барлығымызға белгілі, шағын кемелер (қайықтар) сағатына 15 км жылдамдықпен жүзеді, бұл қоршаған ортаны немесе қала пейзажын асықпай тамашалауға мүмкіндік береді. Африка континентінде - Ніл бойына, Оңтүстік Америкада – Амазонка  бойына , Солтүстік Америкада – Ұлы Өзендерге өзара жалғасқан каналдар арқылы круиздер әйгілі.

  Қазақстанда су саяхаттары толық түрде ұйымдастырылмаған. Оның себебі кемелердің жеткілікті санының және инфрақұрылымның болмауы. Бірақ, туристерді су көлігімен тасымалдау перспективалары бар. Европалық реконструкция және даму банкі су көлігін дамыту  үшін, су порттарын реконструкциялау үшін, Республикаға ұзақ мерзімді несие бөлді.    

Халықаралық тасымалдауларда Қазақстанда су транспортының алатын үлесі аз. Жалғыз «Ақтаудың теңз сауда порты» - Ақтау мен Баутино теңз порттарының базасында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын, Республиканы Иран және Завкавказиямен байланыстырды, ал Ресейдің өзендері мен канал тораптары арқылы Байық теңізі және қалған әлеммен байланыстырды. Порт негізінен сауда жүк кемелеріне қызмет көрсетеді, сондықтан туристерге біздің порт-да сервистік қызмет көрсету туралы айту әзірге ерте. Бірақ куриздерді ұйымдастыру тәжірибесі кәсіптік туризм дәуірінде болды. Оның үстіне, қазақстандықтар басқа мемлекет операторлары ұсынған теңіз куриздарына қатысты.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы - Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша  батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының  көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Бүгінгі таңда туристердің біздің елімізге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мәдениетінің бірегейлігі, табиғи қазбасының байлығы, іскерлік белсенділігінің өсуі, сондай-ақ спорттық және хикаялы туризм секілді демалыстың белсенді түрлерімен шұғылдану мүмкіншіліктері Қазақстанның артықшылықтарын бірден көзге көрсетеді.

Қазақстанның туризмін дамытуға қатысты министрліктің алдында тұрған бірінші кезектегі шаралардың бірі Қапшағай көлінің жағасында халықаралық туристік орталықтарын құру, Каспий теңізінде жағажай және круиздік туризмді дамыту және Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туристік орталықтарын құру болып табылады.Каспийдегі круиздік сапарларды дамыту - еліміздің туристік индустриясындағы ең тартымды бағыттардың бірі. Мұндай сапарлар Каспий жағалауындағы елдердің мәдениет және өнер, туристік және іскерлік алмасу салаларындағы ынтымақтастықтарын дамыта түсуге кең мүмкіндік ашады.

         Бәсекеге қабілетті туристік индустриясын құруға бағытталған өзара жасалып жатқан қарқынды жұмыстар біздің елімізді Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыратындығына ешқандай күмән жоқ.

Су көлігі –  бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін  туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша  бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған.

Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

  •  қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;
  •  халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;
  •  теңіз үсті ластануын бақылау;
  •  ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;
  •  халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су   саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы  белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона,  ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және  лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы -  Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша  батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының  көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Дәріс  7.

Тақырыбы: Су маршруты бойынша туристерді тасымалдау және экзотикалық саяхаттар.

  1.  Экзотикалық саяхаттар
    1.   Алғашқы теңіз саяхаттары
    2.   Теңіздегі қарақшылықпен тероризм.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Биржаков М.Б., Введение в туризм. - М., 1999, 2004.- 448 С.

      2.Зорин И.В., Квартальное В,А.'Энциклопедия туризма. - М., 2000.-368

      3.Власова И.Б., Зорин И.В., Ильина Е.Н. Основы туристкой деятельности. М.,    2006.

       Адамдарды су көлігімен тасымалдау – транспорт құралдарын пайдалану арқылы тасымалдаудың ең ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Алғашқыда бұлар – тақтайлар мен ағаштар түрінде болды. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы ірі транспорт түрлерінің пайда болуына алып келді – бортына он мыңдаған жолаушыларды ала алатын лайнерлер, олар адамдарды алыс қашықтықтарға жайлылықты қамтамасыз ете отырып тасымалдады.

    Қызмет көрсету ортасына байланысты заманауи су транспорты теңіздік және өзендік болып бөлінеді.Теңіздік транспорт түріне жататын су судалары халықаралық, алыс және каботажды тасымалдарды жүзеге асырады. Халықаралық теңіздік тасымалдаудың негізінде жолаушылар мен жүктерді елден тыс жерлерге және сырттан ішке тасымалдау түсіндіріледі. Алыс тасымалдауларға бір елдің порттарының арасындағы рейстер жатқызылады. Каботажды рейстерге ашық теңізге шыға алмайтын теңіздік порттар арасындағы тасымалдаулар жүзеге асырылады.

   Өзендік флот судалары жолаушылар мен жүктерді мемлекеттің ішкі территориясында орналасқан су жолдары арқылы тасымалдайды. Ішкі су жолдарына жатады: өзендер, көлдер, ірі суқоймалары, каналдар мен шлюздер.

     Жолаушылар мен жүктерді теңіз транспортымен тасымалдау халықаралық және ұлттық заң құжаттарымен реттеледі. Халықаралық тасымалдау кезінде халықаралық келісімдер мен конвенциялар арқылы жүзеге асырылады. Олардың ішіндегі ерекшесі 1974 жылы қабылданған Афиналық «Теңіз арқылы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау туралы конвенция». Конвенция барлық судаларда қолданылады және кез-келген халықаралық тасымалдауларда, егер транспорт сол елдің жалауының атынан жүзетін болса қолданылады. Сонымен қатар, егер жолаушы ҚР-ң азаматы болып, қазақстандық тасымалдаушымен келісімге тұрған болса, Конвенция қолданылмайды. Афиналық Конвенцияда тасымалдаушы толықтай жолаушының денсаулығына және жүктеріне зиян келтірген жағдайда оған жауап беретіндігі жайлы қарастырылған. Осы құжатқа сәйкес тасымалдаушының заттық жауапкершілігі – жолаушылардың денсаулығына зиян келтіргені үшін 700 000 швейцариялық франк, қол жүгіне 12 500 швейцариялық франк, транспорт құралдарынан болған зардапқа 50 000 франк төлейді.

    Теңіз жоларының сұрақтарымен айналысатын тағы бір халықаралық ұйым бұл – Халықаралық Теңіздік Ұйым ІМО (International Maritime Organization), ол 1958 жылы құрылған. Ол теңіздік тасымалдар аумағында халықаралық актілерді жасап шығарады. Ол сонымен қатар, теңіз ортасының ластанбауына қатысты актілер жасап шығарады. Бұл ұйым қызметінің нәтижесінде халықаралық теңіз жолдарын реттеп отыратын бірнеше конвенцияларға қол қойылған болатын: « Теңіздегі адам өмірін сақтау жөніндегі Халықаралық Конвенция» (1974); «Жолаушылар мен жүктерді теңізде тасымалдаудың кейбір ережелерін қалыптастыру туралы Халықаралық Конвенция» (1967); «Жолаушыларды теңізде тасымалдаудың кейбір ережелерін қалпына келтіру туралы Халықаралық Конвенция» (1981); « Теңіздегі құтқару мен іздеу туралы Халықаралық Конвенция» (1979); «Теңіздегі қалдықтар мен басқа да материалдарды тастап, ластаудың алдын алу туралы Конвенция» (1972).

     Жолаушының жол ақысы мен жүгінің ақысы жалпы қолданылатын транспорттың тарифтері негізінде анықталады. Жолаушы өзімен бірге 2 жастан аспаған баланы тегін алып жүруге құқығы бар. Ал басқа 2-ден 12-ге дейінгі балалар льготтық тариф арқылы оған бөлек орын беріліп тасымалданады. Льготтық тариф каютаның категориясына байланысты 50-75% құрайды.

   Жолаушы өзімен бірге белгіленген нормаларға сәйкес каюталық жүгін тегін  алып жүруге құқығы бар. Каюталық жүк деп отырғанымыз, жолаушының бақылауындағы каютасында орналасқан жүктерді айтамыз.

   Жолаушы судно жүріп кеткенге дейін келісім-шартты бұзуға құқығы бар. Егер жолаушы тасымалдаудан белгіленген мерзімге дейін бас тартса немесе денсаулығына байланысты келе алмаса, онда жолаушыға жол ақысы мен жүгінің ақысы қайтарылып беріледі.

  Тасымалдаушы теңіз тасымалдауының келісімін оған қатыссыз жағдай туындаған жағжайда бұзуға құқығы бар: әскери немесе басқа да іс-әрекеттер, белгісіз себептерге байланысты судноның жүрмей қалуы, судноны жүзуге жарамсыз деп табылған кезде және т.б. Еер де жағадан кетпей тұрып тасымалдаушы келісімді бұзған болса, онда төленген ақшаның барлығы толығымен қайтарылып беріледі. Ал егер келісімді рейс басталып қойғаннан кейін бұзған болса, онда жүрген жолы есептелініп пропорционалды түрде төленеді.

 Тасымалдаушы стихиялық құбылыстарға, жағымсыз санитарлы-эпидемиологиялық жағдайларға және т.б. тасымалдаушыға қатыссыз жағдайлар туындаған кездерде тасымалдаушы тасымалдау маршрутын өзгертуге құқығы бар.Бұл жағдайда тасымалдаушы жолаушыны оның қалауы бойынша рейс басталған жерге тегін алып баруға және шығындарын өтеуге міндетті. Себебі келісім-шарт бойынша тасымалдаушы жолаушының өміріне,денсаулығына  және жүктеріне жауапкершілік артады.

  Тасымалдаушының жолаушының өмірімен жүгіне жауапкершілігі жалпы тасымалдауға қатынасының 175 000 есептік бірлігінен асып кетпеуі керек. Ал жолаушының каюталық жүкке келтірген зиянының мөлшері 1800 есептесу бірлігіненм асып кетпеуі керек.

  Егер теңіз тасымалы круиздік болып есептелетін болса, онда теңізде тасымалдау туралы келісім-шартқа қосымша келісімдер қосылады, олар клиентке қызмет көрсету ,тамақтандыру, көңіл көтеру, экскурсиялық бағдарламалар.

  Туризмде бербоут-чартер саяхатты шағын желкенді яхталарда таратуда жиі пайдаланылады. Яхталардың көптеген модельдері бар, олар көлемі және ыңғайлылығы жағынан ажыратылады. Яхтаны экипажсыз жалға берген кезде яхтаны жалға алушының шкиперлік куәлігі болуы керек.

  Теңізде тасымалдаудың ерекше белгісі – теңіз судносы капитанының билігінің кең ауқымға жайылуы болып табылады. Жалпы қабылданған міндеттерден бөлек, капитан судноны басқаруға қатысты командаларды, ондағы тазалықтың болуын қамтамасыз ету, теңізде бір жағдайға ұшыраған жолаушыға көмек көрсету, жолаушыға алғашқы медициналық қызмет көрсету және т.б. осылардың барлығын орындау капитанның негізгі міндеттерінің бірі болып саналалады. Сонымен қатар, капитан қылмыс жасаған адамды ұстаған жағдайда, оны жағаға жеткенше ұстап отыруға, адам өлген жағдайда жағаға жеткенше мәйітті сақтау мүмкін болмаса, теңіз салтына байланысты теңізге тастауға құқығы бар.

     Жолаушыларды тасымалдау маршруты тасымалдау шартына, ұзақтығына, жалғасуына, көрсетілетін қызметтің сапасына байланысты транспорттық, туристік және экскурсиялық-серуендік.

     Транспорттық маршруттар жеке пункттер арсындағы транспорттық байланыстарды қамтамасыз етеді. Олар алдын – ала жоспарланған кесте бойынша жұмыс жасайды. Транспорттық маршруттарда транзиттік (ұзақтығы 400 км), қала маңы (қала арасы мен оған жақын пункттер), қала ішіндегі (қала ішіндегі жұмыс жасайтындар) маршруттар жүзеге асыралады. Транспорттық маршрутқа сондай-ақ өткел бағыты жатады, ол екі қарама – қарсы жағажайларды байланыстырады. Өткелдерде жұмыс жасайтын судалар негізінен паромдар деп аталады – олар жолаушылық, жүк тасымалдайтын болып тасымалданады.

  Туристік тасымалдаулар – арнайы маршруттар бойынша ұйымдастырылады және 24 сағаттан ұзаққа созылады. Осылайша туристік маршруттар жолаушыларға түнеуді ұсынады.

  Экскурсиялық-серуендеу маршруттары – жолаушыларға 24 сағаттан аспайтын тасымалдауларды ұсынады.

   Маршруттың түріне байланысты жолаушылардың ережелері мен оларға қызмет көрсету реті бекітіледі. Бірақ та кез –келген жағдайда тасымалдаушы мен жолаушы арасында тасымалдау келісім-шарты жасалады. Келісім-шарттың дәлелі ретінде жолаушыға жолақысының билеті мен жүктерді тасымалдау түбіртегі (квитанция) беріледі. Туристік және экскурсиялық-серуендеу маршруттары кезінде жолаушыларға билет орнына жолдамалар немесе жалпы топқа арналған билет беріледі.

    Ішкі су транспортының Кодексі бойынша судаларды жалға алу қарастырылған, ол екі жақтық келісім бойынша, яғни жалға беруші мен жалға алушы арасындағы келісім-шарт арқылы жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, келісім-шартта жалға алу мерзімі, есептесу реті, жалға беруші мен жалға алушының міндеттері мен құқықтары және келісім-шарттың бұзылу жағдайы да анықталуы керек. Жалға судалар экипажымен немесе экипажсыз да берілуі мүмкін.

    Ішкі су транспортының Кодексінде тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары, сонымен қатар, жолаушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылған. Бұл сұрақтар нақтырақ «Жолаушыларды, жүктерді, жеке қажеттіліктердегі жүктерді ішкі су транспортында тасымалдауда көрсетілетін қызметтердің ережелерінде» қарстырылған. Осы көрсетілген құжат бойынша, тасымалдаушы жолаушыға билетте немесе жолдамада көрсетілген суднодағы орнын көрсетуі керек. Егер билет немесе жолдамадағы орын белгілі бір адамның атына берілген болса, оны басқа тұлға қолдана алмайды.

   Жолаушыларға мемлекеттік стандарттармен және басқа да нормативтермен бекітілген тасымалдау шарттары ұсынылуы қажет,ол судноның комфорттылығын қамтамасыз етеді. Жолаушы судносы жылыту, жарық жүйелерімен, санитарлық құрал-жабдықтармен жабдықталуы керек.

   Тасымалдаушылар жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды кесте бойынша ұйымдастыруға міндетті. Порт вокзалдарында  жүктерді сақтау камералары жолаушылардың қол жүктерін қосымша ақы алу арқылы қабылдайды, ол кезде жолақы құжаттарын көрсетудің керегі жоқ. Сақтау камерасына азық-түліктерді, қауіпті заттарды, ақшалар мен құжаттарды және басқа да бағалы заттарды, сонымен қатар, салмағы 50 кг-нан асатын заттарды қоюға тыйым салынады.

  Жолақы құжаттары алдын-ала немесе ағымдық күнде сатылуы мүмкін. Билеттердің алдын-ала сатылуы 45-1 тәулік бұрын жүзеге асырылады. Кассалардағы билеттердің тәуліктік сатылуы 24-1 сағат бұрын сатылады. Яғни бұл билеттер алдын-ала сатылған билеттерден кейін қалған бос орындар анықталынып болғаннан кейін сатылады. Билеттерді рәсімдеуді кемеге отырғызу уақыты аз қалған кезде аяқтайды.

    Тасымалдаушы билет пен жүктерді жеткізуді жеке ақы алу арқылы клиент көрсеткен мекен-жайға алып баруды ұйымдастыра алады. Тапсырысты қабылдау арыз бойынша телефонмен, поштамен, телеграф бойынша немесе жеке тапсырыс бойынша жүзеге асырылады. Мұндай тапсырыстарды қабылдау ретін тасымалдаушы бекітеді.

    Тасымалдаушы судноның жүруін тоқтатуы, тасымалдау маршрутын өзгертуі немесе жолаушының өміріне қауіп төнген жағдайда аялдау жерін таңдауы мүмкін.

     Жолаушы судноның кез-келген жерінен орын алуға, 5 жастан аспаған баланы,егер ол бөлек орынды алмайтын болса,алып жүруге және 10 жастан аспаған балаға арнайы орынды балалар льготымен алып жүруге, өзімен бірге қол жүгін жалпы салмағы 36 кг-нан аспаған жағдайда алып жүруге құқығы бар. Бірақ қол жүгі суднода оңай алып жүруге ыңғайлы, басқа жолаушыларға кедергі жасамайтын ұзындығы 1,8 м аспайтын немесе периметрі бойынша 2,6 м-ден аспайтын болуы керек. Қол жүгінің қауіпсіздігін жолаушы өзі қамтамасыз етеді.

   Жолаушы судно жүргенге дейін тасымалдаудан бас тартса болады. Бірақ жолаушы рейс басталмай тұрып 6 сағат бұрын билетті қайтаратын болса, жолаушыға билеттің толық құны қайтарылып беріледі.

  Рейс басталғаннан соң маршруттың кез-келген нүктесінде жолаушы тасымалдауды тоқтатуға құқығы бар. Бұл жағдайда тасымалдаушы жолаушының жүрген жолын есептеп қалған жолақысын қайтарып беруге міндетті.

   Транзиттік және туристік маршруттардың судаларында ақылы негізде ұйымдастырылады: жағалауда такси күтіп алу үшін жолаушылардан тапсырыстар қабылдау, қонақ үйлерде орындарды брондауға тапсырыс беру, қол жүктерін жағадан судноға немесе керісінше алып жүру, киімдерді жуу және үтіктеу, сырт киімді тазалау.

   Белгіленген жерде жүктерді 24 сағат бойы тегін сақтайды. Ертесінен бастап олардың сақталған күндері есептеліп, ақы алынады.  

   Тасымалдаушы жүктің жоғалғанына, жетіспеуіне немесе бұзылғанына жауап береді. Осы кезде жүк немесе багаж портқа келген кезде 30 тәуліктен аспай тұрып келмесе жоғалған болып есептеледі және олар толықтай қайтарылуы керек. Жүктің жетіспеуі, бұзылуы кезінде тасымалдаушы келтірген залалдардың орнын толтыру үшін, ақшалай ақы төленеді .

    Ішкі су транспорты жүктерді, адамдарды, багаждарды тасымалдауда басқа транспорт түрлерімен теңіздік, темір жолдық, автокөлктік және әуе тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Осы арқылы басқа транспорттармен аралас жүйелік хабарламаны ұйымдастырады(теміржолдық-сулық, теміржолдық-су-аавтокөліктік). Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды тікелей өзендік флот Министрлігінің келісімімен тікелей хабарламалар жүзеге асырылады.

Теңіздік круиздік кемелерде туристерге қызмет көрсету

      ХХ ғасырдың соңында круиздік индустрия турбизнесінің ең жылдам дамыған секторына айналды. Круиз мағынасында су транспортын пайдалана отырып, саяхат жасау түсіндіріледі. Круиздің ерекшеліктері аралдарға жағалаулық экскурсиялар, порт-қалалардың әсемдігін тамашалау, сондай-ақ, теңіздік круиздердің және лайнерлердің борттарындағы әртүрлі көңіл-көтерулер.

     Әлемде көптеген круиздік компаниялар бар, олардың саны 100-ден астам – грекиялық, италияндық, испандық, американдық, даттық, норвегиялық ассоциациясының мүшелері болып табылады. Круиздік бизнестің атақты тасымалдаушыларына “ Carnival Cruise Lines”, “Celebrate Cruises” , “Royal Carribbean International , “Princess Cruises ” , “Costa Cruises” , “Norwegian Cruise Lines” жатады.

       Круиздік компаниялар сондай-ақ, көрсететін қызметінің деңгейіне байланысты флоттар да қонақ үйлер сияқты категорияларға бөлінеді. Көптеген круиздік компаниялар көп мөлшердегі тұтынушыларға қызметтерін ұсынуға бағытталғанымен, олардың қызмет көрсету деңгейі «4-5 жұлдызды» болып есептеледі. Круиздік бизнестегі ең жоғарғы категорияны («6 жұлдызды») 4 судно ғана алады, олар “Seaborn” компаниясының «Radisson Seven Seas Cruises», “Cunard  Line” және “Silversea Cruises”. Бұл компанияның кемелері 200-250 жолаушыларға жоғарғы деңгейдегі қызметпен эксклюзивті демалыс ұсынады. Мұндай компаниялардың тұрақты клиенттері лайнердің бортында өтетін әр күніне 1000 АҚШ долларынан астам ақша төлеп тұратын бай әрі қадірлі адамдар болып табылады.

     Жаппай туризмге қызмет көрсетуге арналған теңіздің круиздік кемелері көп палубалы алып лайнерлерді ұсынады, оған 1700-ден бастап 2600-ге дейін жолаушылар сыйады. Бұл заманауи кемелердің орташа салмағы 75 000-нан 100 000 тоннаға жетеді.

      Ерекше жайлылығымен ерекшеленетін теңіздік лайнердің компаниялары мыналар: “Royal Caribbean International” және “Celebrate Cruises”. “Royal Caribbean”  круиздік флотының кемелері 3 класстан тұрады: Radiance, Vision және Voyager.

      Radiance кемесінің интерьері жайлылық атмосферасымен, тыныштықпен және ыңғайлылығымен ерекшеленеді;терезелерінің санының көптігі керемет панорамалық көріністі қамтамасыз етеді.

      Vision классының 6 кемесі де ерекше жан-жақтылығымен, әсем стильімен және сыртқы бейнесімен ерекшеленіп тұрады.

      Voyager классының кемелері басқа круиздік кемелерімен салыстырғанда, көлемі бойынша анағұрлым үлкен болып келеді. Себебі, олар үлкен ауданды алып жататын әртүрлі заманауи техникалармен жабдықталған.

       Қазіргі уақыттағы әлемдегі ең ірі, әрі ең қымбат круиздік лайнер “Royal Caribbean International” компаниясына тиесілі 17 палубалы алып “Voyager of the Seas” болып табылады. Ол 1999 жылы суға түсірілген болатын. Оның салмағы 142 000 тонна, жолаушылар саны – 2200 қонақ пен 1180 экипаж мүшелері, орташа жылдамдығы – 50 км/сағ. Бәрінен бұрын кеменің көлемдері таң қалдырады: ұзындығы – 311 м, ені – 47 м, биіктігі – 70 м, тереңдігі – 9 м-ге жуық. Бұл лайнердің ерекшелігі - алғаш рет кеме бортында мұз айдыны, жарға шығу қабырғасы(скалолазание) және нағыз көшенің болуында. Кеменің ішінде мыналар орналасқан: мейрамханалар, барлар, дискотекалар, үш қабатты театр, түнгі клубтар, казино, кітапхана, кинотеатр, көптеген джакузилері бар хауыздар (бассейн), сауна, керемет спорттық жабдықтар (гольф алаңы, роликодром, баскетбол алаңы, жарға шығуға арналған қабырғалар, бүкіл кемені айналып жүгіруге арналған 400 м-лік жүгіру жолы, фитнес-студиясы, 900 орынға арналған трибунасы бар мұз айдыны) , шынайы солярий, әсемдік салоны, массаж кабинеті, тікұшақ алаңы және т.б. Палубалар арасындағы байланыс 14 шыны лифтінің көмегімен жүзеге асырылады.

   2000 және 2001 ж.ж. осыған ұқсас 2 мегалайнерлер суға түсірілген болатын. Олар, “Explorer of the Seas”және “Adventure of the Seas”. Бұл кемелерді жасаушылар кез-келген жолаушы өзіне қажеттіні таба алатындай етіп құрастырған болатын.

       Каюталар теңіздің круиздік лайнерлерінде ауданы бойынша әртүрлілігі, интерьері, жайлылығы (душ, ванна, джакузи) бойынша ерекшеленеді. Бұлардың барлығы әрине бағаға әсер етеді. Каютаның бағасы көлеміне, жатын бөлмесінің көлемі мен орналасқан жеріне (ярустық немесе қарама-қарсы) , палубаның биіктігіне (жоғарғы палубадағы каюталар төмендегіден қымбат), палубаның ұзындығына байланысты орналасқанына, балкон мен терезелердің санына тәуелді болуы керек. Ішкі каюталардың бағасы арзанырақ болады, олар жасанды түрде жарықтандырылған – шамдар, торшерлер, лампалар және т.б.

       Круиздік лайнерлердегі каюталар классификациясы әртүрлі, бірақ жалпы келесідей бөлінеді: балконды «люкс» классындағы каюталар, терезелі каюталар және ішкі каюталар. “Royal Caribbean International” компаниясына жататын ең беделді каютаға қысқаша мінездеме беріп кетейік.

       Мұхитқа қарайтын «Люкс» класстағы каюталардың барлығында фен, дәретхана, теледидар, радиоқабылдағыш, телефон бар.

R  - Патшалық апартаменттер. Екі орынды үлкен көлемдегі жеке жатын бөлме, жеке веранда, душ, қарапайым жайлылық, үлкен көлемді диваны бар қонақ бөлме, рояль, тоңазытқыш, мини-бар, асхана және музыкалық орталық.

А  - Оунерс Суит. Үлкен көлемдегі кереует, жеке веранда, үлкен диваны бар жеке қонақ бөлме, тоңазытқыш, мини-бар.

АА  - Роял Фэмили Суит. Екі орынды кереует, диваны бар қонақ бөлме, жеке веранда, тоңазытқыш, дәретхана және екі ванна бөлмесі.

В  - Гранд Суит. Екі орынды жатын бөлме, жеке веранда, креслолар, диван, тоңазытқыш.

С  - Супериор Суит. Екі орынды жатын бөлме, жеке веранда, креслолар, диван, тоңазытқыш.

D  - Делюкс Каютасы. Екі орынды жатын бөлме, жеке веранда, креслолар, диван, тоңазытқыш.

Мұхитқа қарайтын отбасылық каюталар.

FF  - үлкен көлемдегі каюталар. Олар 6 адамға есептелінген. Каюталар екі орынды жатын бөлмемен, диван және бір орынды кереуетпен, креслолармен, қарапайым жайлылықпен, дәретханамен, теледидармен, радиоқабылдағыштармен,телефонмен жабдықталған.

Мұхитқа қарайтын каюталар.

F,H,I  - комфортабельді каюталар – екі кереуетпен жабдықталған, қарапайым жайлылықтар, дәретхана, теледидар, радиоқабылдағыш, телефон.

Ішкі каюталар.

     K,L,M,N,O,P,Q  -  бұл комфортабельді каюталар екі кереуетпен, қарапайым жайлылықпен, дәретхана, теледидармен, радиоқабылдағышпен және телефонмен жабдықталған.

     

Променадқа қараған каюталар. («Voyager» классының лайнерлеріне арналған).

TR  -  Ішкі каюталар иілген иллюминатор арқылы променадқа қараған. Каюталар 2 кереуетпен, қарапайым жайлылықпен, теледидармен, дәретханамен, радиомен, телефонмен жабдықталған.

    Круиздерде клиенттерге қызмет көрсетудің маңызды сәті – олардың көңіл көтерулерін ұйымдастыру болып табылады. Круиздік кемелерде әртүрлі клубтар, атақты мүсіншілер мен суретшілердің көрмелері, әртүрлі шоулар өткізу үшін «эстрада жұлдыздарын», актерларды шақыртып, аяқ баспаған аралдарға бару қызметтерін ұйымдастырады.

     Круиздік компаниялар демалушыларға қызмет көрсетуде іс-шаралар шеңберін әрқашан кеңейтіп отырады. Мысалы, “Royal Caribbean International” өзінің лайнерінде «круиздік бал айын» өткіземін деушілерге романтикалық той салтанатын ұйымдастырады.

    Круиздік кеме бортында отбасымен демалуға барлық жағдайлар жасалған. Балаларға қарайтын күтушілер қызметі, балалар клубтары, әртүрлі жастағы балалардың көңіл-көтеруінің жан-жақты бағдарламалары қарстырылған. Бірақ, лайнердегі кейбір іс-шараларға қатысу үшін жас мөлшері қойылған.

Бағдарламалар                                                    Жас мөлшері

Мұз айдыны                                                   Барлық жастағы балалар

Солярий                                 16 жастан жоғары

Adventure Ocean балалар клубы                  3 жастан 17 жасқа дейін

Театр                                                              16 жасқа дейінгі балалар

Джакузи                                                         16 жасқа дейінгі балалар

«Бинго» және «Скачки» лотореясы            21 жастан жоғары

Shipshape Фитнес-орталық                          16 жастан жоғары

Shipshape Spa әсемдік салоны                     16 жастан жоғары

Казино                                                           18 жастан жоғары

        Кез-келген круиздік лайнердің бортындағы саяхат «барлығы қосылған» жүйесі бойынша ұйымдастырылады. «All inclusive» қызмет көрсетуі әдетте мына қызметтерді ұсынады: тамақтану, спорттық инвентарьларды қолдану, көңіл көтеру бағдарламалары және әрине тұру. Кейбір компаниялар бұл қызмет түріне – кеменің бортындағы барлық сусындарды, шампан және маркалық шараптарды да жатқызады.

     Көптеген круиздердің артықшылықтары, онда визаның жоқтығы. Халықаралық теңіздік заң бойынша «Капитандық виза» түсінігі бар. Осыған сәйкес барлық жолаушылардың паспорттары капитанда сақталынып, әртүрлі елдердің жағалауында 48 сағаттан 72 сағатқа дейін бола алады. Бірақ та жолаушының тәртібіне капитан жауап береді.Мұндай саяхатты ұйымдастыру арзан, әрі қиындықсыз болады.

    Круиздердің ең үлкен кемшілігі – оның қымбат бағасы болып табылады. Бірақ  мұнда клиенттердің материалдық жағдайына байланысты қызмет көрсетудің әртүрлі мүмкіндіктері қарастырылған. Қазіргі кезде круиздердің бағалық классификациясы қабылданған:

  Экономдық (тәулігіне 75-150 АҚШ доллары);

  Классикалық (тәулігіне 100-200 АҚШ доллары);

  Премиум (тәулігіне 150-400 АҚШ доллары);

  Люкс (тәулігіне 700-1000 АҚШ доллары);

  Эксклюзивті (тәулігіне 1000 АҚШ долларынан жоғары).

       Теңіз круиздерінің негізгі аудандары Кариб бассейні мен Жерорта теңізі. Кариб бассейнінің ең басым артықшылығы – бұл жерде круизді жыл бойы өткізуге болады. Кариб бассейнінің маршруты бойынша саяхаттай отырып, туристер бірнеше елдерді аралап, олардың әсем жерлерін көруге, керемет жағажайларында демалуға, атақты сарқырамалар мен вулкандарды көруге, Багам аралдарында дельфиндермен жүзуге мүмкіндіктері бар. Бұл аудандағы круиздік саяхаттың ұзақтығы 3 күннен 2 аптаға дейін созылады. Маршруттар мына бағыттар бойынша классификацияланады: Батыстық Кариб, Шығыстық Кариб, Оңтүстік Кариб, Шығыс-Батыстық Кариб, барлық карибтер.

     Жерорта теңіздік круиздер европа елдерінің (Испания, Франция, Италия, Греция) және Африка (Марокко, Тунис, Египет т.б.) елдерінің бай мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік береді.

   Еуропалық круиздердің маршруттары Британия, Скандинавия және Ресей жағалауының су жолдары арқылы өтеді. Кейбір компаниялар 4 айдан астам уақытқа созылатын бүкіл әлемді аралау саяхатын ұйымдастырады.

   Соңғы уақытта круиздердің ең атақтысы мұзжарғыш круизі болып отыр. Бұл Солтүстік Мұзды мұхитқа, Солтүстік полюске және Антарктида жағалауларына ұйымдастырылған круиздер. Дәстүрлі емес су саяхатын жүзеге асыруға мынадай мұзжарғыштар белсене атсалысты: «Советский Союз», «Ямал», «Профессор Мультановский», «Буйницкий»,  «Молчанов», финдік «Сампо» және т.б. Бұл кемелер Гренландияға, Шпицбергенге, Франц-Иосифтің Жеріне, Антарктида жағалауларына рейстер жасайды. Тағы осындай турлардың бірі – «Антарктическая кругосветка» - америкалық «Куарк Экспедишн» фирмасымен ұйымдастырылған. Ол Шпицберген – Гренландияның батыс бөлігі – Канада (Ризалт) – Чукотка – Шпицберген маршруты бойынша жүзеге асырылады.

  Мұндай мұз саяхаттарына көбіне Германиядан, АҚШ-тан келетін туристер қызығушылық танытады. Ал, соңғы кездері бұлардың қатарына Жапония, Австралия, Голландия, Швейцария елдерінің туристері қосылуда. Мұз круиздері жыл бойы жүзеге асырылады: қыста негізгі бағыттар – Антарктида, ал, жазда – арктикалық теңіздер. Мұндай турлардың бағасы да өте жоғары – 10 000 АҚШ доллары және одан да жоғары.

     Теңіздік круиздердің әртүрлілігі паромдардағы круиздерде көрінеді. Олар соңғы жылдары өте атақты болып келеді. Паром дегеніміз – транспорт құралдарын, жолаушыларды, жүктерді тұрақты тасымалдайтын жүзуші көлік түрі.

     Қазіргі кездегі круиздік мақсаттарда қолданылатын заманауи паромдар көп палубалы кемелерді ұсынады. Әлемдегі ең комфортабельді паромдық круиздер Балтық теңізіндегі “Silia Line ” және “Viking Line” компаниялары болып табылады. Ол жердегі клиенттерге ұсынылатын қызметтер – дискотекалар, мейрамханалар, кафелер, сауналар, хауыздар және дүкендер. Бұл паромдардағы туристік-экскурсиялық бағдарламаның саяхатты қосқандағы ұзақтығы 4-8 күнді құрайды.

  Паромдарда туристерге комфортабельді каюталар ұсынылады. Каюталарда: гардероб, желдеткіш, душ, дәретхана, теледидар, фен, ішкі телефон, екі кереует болады. Отбасылық каюталар, сондай-ақ мүгедектер мен аллергиктерге арналған каюталар да бар.  «Silia Line» паромының каютасын бейнелеп берейік:

  «Силья Люкс» - 11-ші палубада орналасқан жарық люкс нөмері, ауданы – 75 м2 . Қонақ бөлмеде жайлы жиһаз бен киінуге арналған бөлме. Мини-хауызы бар жеке сауна, теледидар, радио, бар. Персоналдық қызмет көрсету.

   «Коммодор» классы – Ауданы – 25 м2 , 1-2 адамға арналған жайлы «люкс» бөлмелер. Каюталар 10-шы және 11-ші палубаларында кеменің тұмсығында орналасқан. Кейбір каюталардың балконы болады. Каюталарда: 2 төсек орын, диван, теледидар, шалбар үтіктейтін құралдар.

    «Конференц-люкс» - 6-10 адамға арналған конференц жиналыстар өткізуге арналған люкс. Ол 9 палубада орналасқан. Люкстердің ауданы – 53,45-39 м2 . . Қонақ бөлме конференциялар өткізу үшін жабдықталған. Терезесі жоқ жатын бөлме, кең кереуеттер.

    «Силья» классы – Екі адамға арналған, ауданы – 14 м2 , заманауи каюталар 11 палубада орналасқан.Теңізге қаратылып орналасқан. 2 орынды төсек, теледидар, үтік. Теңізге қараған каюталарда балаларға арналған қосымша төсек орындары бар.

      «Сисайд» классы – Теңізге қараған 2-4 адамға арналған заманауи каюталар. Ауданы – 11 м2 . 5,8,9,10 және 11 палубаларда орналасқан.

     «Променад» классы – Променадқа қаратылан 2-4 адамға есептелген заманауи каюталар . Ауданы – 11м2 . 8,9,1  және 11 палубаларда орналасқан.

     «Турист І» классы – 2-4 адамға арналған, терезесі жоқ каюталар. 5,9,10 және 11 палубаларда орналасқан.

    «Турист ІІ» классы – 2-4 адамға арналған, терезесі жоқ каюталар. Ауданы -11м2 .

 Отбасыға арналған каюталар – 4 үлкендерге және бір балаға арналған жайлы каюталар. Ауданы – 15м2 . 8,9, және 10 палубаларда орналасқан.

  Мүгедектерге арналған каюталар – Екі адамға арналған жайлы каюталар. Ауданы – 14м2 , 8-ші палубада орналасқан.

  Аллергиктерге арналған каюталар – 2-4 адамға арналған жайлы каюталар, ауданы – 9м2 . 4,5 және 6 палубаларда орналасқан. Аллергиктерге арналған арнайы жиһазбен жабдықталған.

Дәріс 8.

Тақырыбы: Туризм түрлері және түрлерінің бөлінуі.

1. Туризмнің негізгі  түрлері

2. Туристтік саяхатқа негізделген түрлері

3. Транспорттық құралдарға байланысты туризм түрлері

4. Туризмнің дамуын қамтамасыз ететін технологиялар.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Биржаков М.Б., Введение в туризм. - М., 1999, 2004.- 448 С.

      2.Зорин И.В., Квартальное В,А.'Энциклопедия туризма. - М., 2000.-368

      3.Власова И.Б., Зорин И.В., Ильина Е.Н. Основы туристкой деятельности. М.,    2006.

     Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтынең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі; саяхатта пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары;саяхаттың ұзақтығы; топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристтік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т.б.

І.Ұлттық мәнділікке байланысты ұйымдастырылатын туризмнің негізгі түрлері екіге бөлінеді: ұлттық  және халықаралық туризм.

халықаралық туризм шет елге шығу және шетелден келу туризмі болып бөлінеді.

ІІ.Туристтік саяхатқа негізделген қажеттілікке байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді:

1.Емдеу (медециналық) туризмі. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Емделу туризмі адам организміне табиғи құралдармен әсер ету арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы: климат арқылы емдеу, теңіз арқылы, батпақ арқылы, жеміс-жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б. Емдеуде кей-кездерде әсер етудің бірнеше түрі қолданылуы мүмкін, бұл жағдайларда туризмнің түрі демалушының организміне негізгі әсер етуші құрал арқылы анықталады.

2.Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы ерекшеленеді. Мысалы: рекреациялық туризм құрамында төмендегі бағдарламалар болуы мүмкін:

а) көріп тамашалау-көңіл көтеру (театр, кино, жәрменке, қала күндері, фестивальдар және т.б.);

ә) қызығушылық іс әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка және т.б.);

б) этникалық және тұрмыстық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі  емес тұрмысты зерттеумен байланысты);

д) туристтік-сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.).

3.Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты:

- активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге-белгілі бір тпорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.

4.Танымдық туризм. Әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға  деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға алынған табиғи  аймақтарға  баруды ұсынады.

5.Іскерлік мақсаттағы туризм. Әр түрлі серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.

6.Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға,оның ішінде конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға байланысты ұйымдастырылады.

Интенсивті дамуы толығымен халықаралық іскерлік және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға әкеледі. Туристтік фирмалардың саяхаттың осы түріне ыңғайлану халықаралық еңбек бөлінісінің  объективті заңдылығына негізделген. АҚШ-та конгрессті туризм жылына 40 млрд $ жоғары кіріс әкеледі. Конгрессті туризмнің үлкен артықшылығы оның мезгіл таңдамай өткізілуінде. Туристік индустрияның туризмнің осы түріне деген қызығушылығының артуы конгрессті өткізуге құрамына таза туристік  қызметтің  (қатысушыларды конгресс өткізілетін жерге тасымалдау, орналастыру, орындарын ұсыну, тамақпен қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету) және арнайы қызметтің енуіне байланысты болып отыр. Конгресстік туризм өнімнің ерекшелігі дәстүрлі шеңберден шығатындай әр түрлі қызметтің үлкен көлемін ұсына алу мүмкінділігінде. Конгресстік қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы негізгі қиындықтар басылым өнімдерінің  (баяндамалар тезисі, шақырулар, мәліметтік хаттар және т.б.) көп бөлігіне деген қажеттілік, конгресске қатысушыларды тіркеу, аударма, техникалық жабдықтау, іскерлік кездесу сияқты қызметтерді көрсету керектігі және конгресске дейінгі  және кейінгі турларды ұйымдастыру.

Конгресске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес оны тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады.

7.Діни туризм. Әр түрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделген. Ол екіге бөлінеді:

а) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару;

б) әулие жерлерге бару.

8.Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне негізделген.

9.Транзитті туризм. Басқа елге бару  мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.

10.Өз бетінше ұымдастырылған туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды біріктіреді. Айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турлады ұйымдастырумен фирмалар емес, туристтердің өздері туристік-спорт клубтарымен және бірлестіктермен бірге отырып ұйымдастырады.

ІІІ.Туристтік бағыттарда пайдаланылатын транспорттық құралдарға байланысты туризм келесі түрлерге бөлінелі:

1.Жеке транспорттағы транстурлар, яғни туристік жүйенің транспорттық шаруашылығына немесе тікелей ұйымға тиесілі транспортта саяхатқа шығу;

2.Жалға алынған туристтік транспорттағы транстурлар, яғни транспорт мекемесінің құрамындағы туристік ұйым жалға алған, белгілі кезеңге алынған транспорттағы турлар.Туристік ұйымдар жалға алынған арнайы транспорт ретінде теңіз және өзен көліктері, ұшақтар, туристік-экскурсиялық поездардың арнайы құрамы, қалалық, облыстық транспорт кәсіпорындарының автобустары қолданылады.

3.Туристердің жеке транспортындағы турлар автоәуесқойлары үшін бағыт бойынша көлік қызметтің барлық түрлері ұсынатын жеке немесе топтық турлар.

IV.Қозғалыс құрамына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді:

1.Автокөлік туризмі. XX ғ-ң екінші жартысынан бастап дамыды.

2.Теміржол туризмі. XIX ғ-ң 40-шы ж-нан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады.

3.Әуежолы туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы 1960 жылдан 1980 ж-ға дейіннің өзінде туризмде қолданылатын әуе жолы транспорттының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.

4.Теплоход туризмі. Бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді болады. Олар порттарға тоқтауы немесе тоқтамауы мүмкін.

Өзен бағыттары - өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен  ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурсиялық серуендер жатады.

Круизді және туристік-экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.

5.Автобус туризмі. Автобусты қозғалыс құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік-экскурсиялық  және "денсаулық автобусы" деп аталатын -серуендік туры болуы мүмкін.

6.Велосипедтуризмі. Туристтердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады.

7.Жаяу туризм. Ішкі туризмде кеңінен тараған.

V.Туристтерді орналастыру құралдарына байланысты туризмді келесі түрлерге бөлуге болады.

1.Отельдегі туризм.

2.Мотельдегі туризм.

3.Пансиондағы туризм.

4.Кемпингті туризм.

5.Туристік ауылдағы, туристік базадағы туризм және т.б.

Отельдер қала орталығында немесе әуежай, темір жол вокзалдары маңында орналасады.

Мотельдер автокөлік жолдары жиегінде немесе қала шетінде орналасады. Мотельде тұру туристерге автокөліктеріне жағдай жасауды (автотұрақ, автосервис және т.б.) қ.е.

Жеке басқарудағы қонақ үй түріндегі туристік пансиондар клиенттерге бір немесе бірнеше жеке бөлмелер немесе асхананы ұсынады.

Кемпингтер, туристтік ауылдар, туристік базалар- кәдімгі және автотуристерді орналастыруға арналған қала сыртында орналасқан ғимараттар.

Туристік ауылдар- түнеуге керекті автономды қондырғысы жоқ, туристердің демалуы мен түнеуі үшін қоршалған және жабдықталған жеке басқарудағы қызмет көрсету шаруашылығы.

Орналастыру құралдары туристерді жыл бойы жүргізілетін тұрақты және туристерді қабылдау тек туристік  мезгіл кезінде ғана жүзеге асырылатын-мезгілдік болып бөлінеді.

VI.Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына  байланысты маусымдық  және маусымдық емес болып бөлінеді.

VII.Саяхаттардың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді болады.

VIII.Топ құрамы бойынша:

1.Жаппай туризм - туристердің топ құрамында саяхаттауы;

2.Жеке туризм - іскерлік, ғылыми, сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі.

3.Жанұялық туризм - жанұя мүшелерімен бірге саяхаттауы. Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары туристік фирмалардың балалармен саяхаттайтын тұлғаларға ұсынатын жеңілдіктері есебінен дамуда.

4.Жастар студенттік туризмі.

5.Балалар туризмі. - жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әр түрлі елдер арасында туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда. Қызмет көрсету бағаларында жеңілдіктер бар.

IX.Туристтік өнім бағасын құрау принципін анықтауға байланысты коммерциялық және әлеуметтік (жеңілдетілген, дотациялық) туризм болып бөлінеді.Әлеуметтік туризм мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ тұрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы, зейнеткерлер, студенттер, төменгі деңгейдегі жалақы алатындар және т.б.

Туризмнің дамуын қамтамасыз ететін технологиялар.

Туристік саланың технологияларын үш сфераға бөледі: транспорттық техника, қонақ үйлер және ресторанның жабдықтауы, коммуникативті техника.

1. Транспорт.

   Еркін қозғалудың мүмкіншілігін туғызған мобилдік маңызды көрсеткіштің бірі. Жоғары мобилділік әр адамның жеке еркіндігін көбейтеді,осылайша ол келіп-кету аймағын тану үшін көбірек мүмкіндік алады.Жоғары мобилділіктің жағымсыз жақтары да бар:

транспорттық құралдар шуды туғызады және атмосфераны ластайды;

жолда адамдар қолайсыз жағдайда болады.Бұл әсіресе көп адамдар сиятын
автомобилдік және авиациялық қозғалыста көрінеді.

Жоғары жылдамдықта қозғалудан алған әсерлер төмен жылдамдықтағы
саяхатқа қарағанда үстірт

Бақылау сұрақтары:

                   1. Туризм түрлерінің бөлінуі

2. Негізі түрлерінің анықтамасы

    3.Туризм түрлерінің айырмашылығы

Дәріс 9.

Тақырыбы: Транспорттық  саяхатты ұйымдастыру.

  1.  ҚР-ғы транспорттық жүйенің жағдайы және оның туризм үшін мүмкініктері.
    1.  Көлік саяхатындағы қауіпсіздік талаптары.
    2.  Көпшілікке арналған қала көлігіндегі болатын экстремалдық жағдайлар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

3. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

  1.  Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов »: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.
  2.  Александрова А.Ю. «Международный туризм»:  уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

ҚР-ң 2030 ж. дейінгі әлемнің ең дамыған мемлекттері қатарына кіру жоспары мемлекеттің транспорттық комплексінің қарқынды дамуын болжайды.

Қазақстандағы транспорт Республиканың аймақтық ерекшеліктеріне байланысты маңызды роль атқарады:

- халықтың төмен тығыздығына қатысты;

- кеңістіктің көлемділігі және оның әркелкі экономикалық дамуы;

- ірі шетел нарығынан оқшаулығы (Германияға немесе  Шығыс Қытайға дейін 5 мың км)

Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына  кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес жердегі транспорт магистралдарының қашықтығы 105 мың км-ге жуықты құрайды, олардың ішінде 87,4000 км – автомобиль жолдары,         11 мың км жоғарғы – теміржол жолдары, 4,1 мың км – су жолдары, 40 мың км жоғары - әуе жолдары.

     ҚР туристерінің елден шығуда неғұрлым (ең) танымал транстпорт түрі авиациялық (әуе) болып табылады. Мұның бірқатар себептері бар:

  •  Авиация – алыс қашықтықтарға бару кезіндегі ең жыцлдам және ыңғайлы транспорт түрі.
  •  Жоғарғы қызмет көрсету сервисі ең әртүрлі мақсаттармен шетелдерге щығатын туристерді қанағаттандырады.
  •  Туристерге  кәсіпорын бизнесінің девирсификацияболуы мүмкін, сғни олардың  көпшілігі авиабилеттерді халықаралық компьютерлік жүйелер арқылы стау және броньдау авиакомпанияларының агенттері болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР аймағында ондаған авиакомпаниялар алыс және жақын

шетелдерден және республикалардан әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асырады. Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасында 56 әуе (коридоры) дәлізі бар, оның ішіндегі 26-Ресеймен, 17-Өзбекстанмен, 8-Қырғызстанмен, 2-Қытаймен, 2-Түркіменстанмен, 1-Азербайжанмен. Қазақстанның әуенарығы туристерге қызмет көрсету үшін ең перспективті, яғни республика Европа, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия сияқты аймақтар арасындағы жолдар торабында орналасқан.

Халықаралық туристік тасымалдаулада теміржол транспорттық мәні аз, яғни Қазақстаннан алыс шетелге бар болғаны 2 пойыз ғана жүреді. Әдеттегіттерге жүретін пойыздар белгілі.

Батыс Европа мемлекеттерінде туристерді мемлекеттерінде туристерді транспорттық барлық түрлерімен  тасымалдаудың жалпы көлемінің 38%-ы теміржол составтарымен тасымалданады, бірақ олардың транспорты біздікінен жүрдек теміржолдарымен және пойыздармен, қызмет көрсетудің жоғарғы сервисімен, жолаушылар үшін қолайлығымен, жеңілдік тарифтерімен және т.б ерекшеленеді.

Мұндай саяхаттарды ұыймдастыру кезінде туристік фирмалар мыналарды білуі тиіс:

  •  Туристік теміржол транспортымен қызмет көрсетудің құқықтық негіздерін;
  •  Туристерді теміржол транспортымен өз және басқа мемлекет территория-да тасымалдау технлогиясын;
  •  Туристермен багажды (жүк-д) тасымалдау ереже;
  •  Турист топтары үшін көзқарастырылған жеңілдіктерді;
  •  Тасымалдаушының жауапкершілігі мен міндетерін;
  •  Арнайы (мамандырылған) туристік поыйздарда қызмет көрсету ерекшелігін

Туристік теміржол маршрут-да графиктік (кестелеген) халықаралық пойыздармен тасымалдауға болады: Алматы-Үрүмчі және Астана-Берлин, кейбір  туристік фирмалар жоспарланған басқа европалық елдерге  тура немесе аыспалы мініп баруды жүзеге асырауға болады.

Туристерді тасымалдауда соңғы жылдары Қазақстанда автобуспен саяхатқа шығуға ұмтылу байқала бастады, яғни автомагистрлар ресей қалаларына және әрі қарай Европаға, көрші мемлекттерге  шыға алады. Шығыс және Батыс Қазақстанның кейбір туристік кәсіпорындары Германияға, Польшаға қымбат емес турларды игерді. Қазақстан Стамбул мен Карачиға бағытталуға қызығушылық білдіріп отыр. Шоп-туристер әлдқашан БАӘ, Пәкістан, Түркия, Қытай, Ираннан жүктерді халықаралық тасымалдаудың қазметтерін қолданады, яғни жүктерді (багаж) автомагистрлармен жөнелту ұшақпен жібергенде қарағанда  разанырақ түседі.

Республика 20 екі жақты үкіметаралық  келісім қол қойған, халықаралық автомобильмен  тасымалдауды орындау кезіндегі өзара қарым-қатынасты реттейтін 7 негізгі халықаралық келісімдер мен конвенцияларға қосылды.

Халықаралық тасымалдауларда Қазақстанда су транспортының алтын үлесі аз. Жалғыз «Ақтаудың теңз сауда порты» - Ақтау мен Баутино теңз порттарының базасында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын, Республиканы Иран және Завкавказиямен байланыстырды, ал Ресейдің өзендері мен канал тораптары арқылы Байық теңізі және қалған әлеммен байланыстырды. Порт негізінен сауда жүк кемелеріне қызмет көрсетеді, сондықтан туристерге біздің порт-да сервистік қызмет көрсету туралы айту әзірге ерте. Бірақ куриздерді ұйымдастыру тәжірибесі кәсіптік туризм дәуірінде болды. Оның үстіне, қазақстандықтар басқа мемлекет операторлары ұсынған теңіз куриздарына қатысты.

Куриздердік турлардың ірі нарықтары АҚШ, Ұлыбритания, Германия болып табылады. Куриздік саяхаттар туризмнің ең комфортты (жайлы) түрі, яғни мұндай маршруттарға арналған  теплоходтар көңіл көтерулермен мерекелерге жағдай жасалған жүзіп жүретін қонақүйлер. Сондықтан, жолдаманың қымбат тұруына қарамастан, оларды Қазақстанда сатып алады.

Көлік-халық шаруашылығының ірі салалардың бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орынды туристер алады. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның комфорттылығы және бағасы маңызды болып саналады. Көлік түрінің және туристің ауқаттылық деңгейінің, туристік саяхаттың мінезі мен шығу мақсатының алыстауының арасындағы тәуелділік айқын көрінеді.

19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы туризмнің интенсивті дамуы, темір жол желісінің қарқынды дамуымен тығыз байланысты болды. Темір жолдардың маңыздылығы өте келе автокөлік және авиа көлігінің пайдасына кеміді.

Туризммен пайдалынатын көлік түрлері географиялық орнына, жердің табиғи жағдайына, сонымен қатар коммуникациялық желілердің дамуының дәрежесіне тәуелді. Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық,  су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық  және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай транспорттық туризм  халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді- кемелер осында жоғарғы категориялы қонақ үйлер сияқты комфортты демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты  жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.

Жоғары дамыған мемлекетерде автомобиль, темір жол және әуе туризмі әйгілі болып келеді.Сонымен қатар, көлік экскурсияларда қызмет ету, оның ішінде қаларды, табиғи көрікті жерлерді, мәдени-тарихи обьектілерді т.б. барып көру үшін маңызды роль атқарады.

В.И.Азар көлік түрлерінде демалу түрлерін ұйымдастыруға байланысты келесі топтарды ажыратады:

-   Арнайы туристік поездарда немесе кемелерде саяхаттайтын         туристер;

-  Кәдімгі поездар мен кемелерде саяхаттайтын және қызмет көрсету  толық комплексі үшін төлейтін туристер;

- Жүру құжаттарын сатып алатын және өз бетінше саяхаттайтын туристер.

     Көптеген жылдар бойы әлемдік темір жол көлігінде электр немесе тепловоздың тартудың жүйелік дамуы, поездардың жүру механизациясы мен автоматизациясының даму дәрежесінің өсуі байқалады. Шапшаң жолаушы поездардың қозғалудың коммерциялық жылдамдығы үнемі жоғарылайды. Жүрудің комфорттық деңгейінің өсуі және жылдамдықтың өсуіне бағытталған жұмыстар өткізіліп, көптеген мемлекеттер үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ өкінішке орай біздің мемлекетімізде әлі осындай дәрежеге жету үшін өте аз шаралар жүргізіледі, ал ол темір жол туризмнің дамуына үлкен тежегіш күш болып табылады.

Темір жол әуе көлігіне қарағанда «баяу жүретін» болғандықтан, темір жол көлігінің үлесі төмендеуде, осы төмендеу 60-шы жылдардан басталған. Қолайсыз тенденцияны нейтрализациялау құралы болып жүру төлемінің төмен болуы табылады. Соңғы кезде ішкі туризмнің дамуында айрықша маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар темір жолмен жүрушілерге қызмет көрсетудің жаңа формалары табылып жатыр.

Біздің елде темір жол туризмі 50-ші жылдың соңынан дами бастады, әйгілі және кең туризм түріне айналды. Осы туризм түрі болашақта оның комфорттылығын жоғарлату жағдайында дамудың айрықша мүмкіншіліктеріне ие болады. Су транспортымен салыстырғанда, темір жол транспортының жүйесі қалың және темір жол туризмі су туризміне қарағанда бірнеше есе арзан болып келеді. ТМД-нің көптеген қалалары мен туристік обьектілері темір жол көлігінің жететін сферада орналасқан, соған қоса ол автобус көлігімен кооперацияға түседі, ал осы кооперация әртүрлі көрікті ауданды көру үшін шексіз мүмкіншіліктерді туғызады.

Біздің мелекетіміздің көлік жүйесі басқа мемлекеттердің жүйелерімен кең байланысы, көптеген аралас маршруттарды ұйымдастыруға, Қазақстанның Азия жіне Европаның қалаларын барып көруге мүмкіншіліктер толып жатыр.

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.

Круиздік туризм ежелгі заманна пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

Қазақстанда су көлігін қолданатын туризм әлі дамымаған. Ол гидрографиялық жүйенің нашар болуымен түсіндіріледі. Бірақ Республика адамдарының көпшілігі жыл сайын басқа елдердің теңіз және өзен туристік саяхаттарына қатысады.

Қазақстанда тарнспорттық туризмнің екі түрі кең таралған. Ол автомобиль және авиациялық туризмдердің түрлері. Халықаралық және ішкі туризмде жеке автомобиль (жеке туристер) және автобустар (экскурсиялар) арқылы тасымалдау маңызды орын алады. Мотоциклдермен, мопедтермен, велосипедтермен саяхаттау қазіргі кезде таралмаған.

Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуы жеңіл автомобильдер мен автобустарды шығарудың артуымен, автожолдар жүйесімен дамуымен және жақсарумен байланысты. Қазіргі жолдардың қалың жүйесі автомобиль арқылы елдің немесе басқа елдің  әр түкпіріне жетуге болатындығын көрсетіп отыр. Автожолдардың жүйесіне автотуристерге қызмет көрсетумен байланысқан дамыған инфрақұрылым сәйкес келеді. Мысалы: қоршалған паркингтер, мотельдер, ресторандар, кафе, техникалық қызмет көрсету станциялары.

Автосаяхаттардың санында қазіргі кезде маңызды орынды- караванингтер алады. Олар автомобильдерге қосылған автоприцептер.

Туристерді тасымалдау арнайы автобустармен жүргізілу керек. Олар туристердің көпкүндік саяхатына сай комфортты болу керек. Гидтерге арналған арнайы орны,  жүк орналастыру орны болу керек.

Қазақстанда автобустық туризм ресми туристік ұйымдардың деңгейінде дамып жатыр.

Автотуризм деп- жеке көлікті туристік мақсатқа қолдануды айтады. Осындай саяхаттар бірнеше күнге немесе аптаға есептелген. Автотуризмнің ерекше белгісі болып: оның жоғары маневрлендігі, қорғалануы, қысқы мезгілде ұзақ қашықтыққа жүруі және көп туристік обьектілерді көріп шығуға болатындығы саналады. Жоғарғы маневрлігі автотуристерге уақытша түнеу орнына оралуға мүмкіндік береді. Туризмдегі әуе қатынастардың маңызы ұшақтардың тасу мүмкіншілігінің жоғарлауымен байланысты. Ол негізінен 50-ші жылдардан бастап байқалуда. Осы кезеңде ұшақтар пайда болған. Олардың жылдамдығы сағатына 700-950 шақырым. (Мысалы: ТУ- 104; каравелла; боинг-707). 60-шы жылдардың аяғында бірнеше жүз адамдарды сыйғыздыратын үлкен ұшақтар қолдануға берілді. (Мысалы: АҚШ-та   боинг-747).  Қазіргі  туризм осы заманға сай жаңа ұшақтарды пайдаланады.

Ең алдымен авиа көлікке жолаушыларды тарту үшін льготалық тарифтер еңгізілген болатын. Әуе саяхаттардың әйгілігінің өсуі, көптеген мемлекеттерде осы транспорт түрінің басқа транспорт түрлерінен басымдылығының өсуіне әкелді. Ол негізінен аралдық немесе туристік сұраныстан шалғай жатқан елдерге қатысты. Әуе көліктің ішкі туристерді тасымалдау маңыздылығы байқалып отыр. Ол АҚШ сияқты үлкен территориясы бар елдер мен дамыған әуе желілері бар елдері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия).

Әуе көлігі тек қана көлік қызметімен қатар, қонақ үй қызметін  атқару керек. Көптеген ірі әуежайлар туристерді қарсы алуға және шығарып салуға қолданады. Әуе көлігі маусымдық түсулер кезінде чартерлік тасымалдау қызметін атқарады. Чартерлік тасымалдау кезінде салонның толық толтырылуы. Жеке шетел фирмаларға тарифті төмендетуге жағдай жасайды. Чартерлік тасымалдау үшін ұшақтарды жалға алудың екі түрі бар:

  •  белгілі мерзімге ұшақты жалға алу;
  •  белгілі күн мен сағатқа ұшақты жалға алу.

Туристік қозғалыста әуе көліктің маңыздылығы болашақта көбейеді. Ол негізінен аса тез жолаушы ұшақтардың шығарылуы мен қолданылуымен байланысты.

Қорыта айтқанда Көліктің туризмдегі рөлі өте үлкен екеніне көз жеткізе отырып, көліктің қандай түрі туристерге ең қолайлы, ең комфортты және аз уақытты қажет ететініне көз жеткізейік.   

Дәріс 10.

Тақырыбы:Транспорттық саяхаттарды жіктеу және жобалау

1. Туристерге автокөлікпен қызмет көрсету.

2. Аймақтық және халықаралық деңгейдегі автотасымалдауды реттеуші нормативті-құқықтық құжаттар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов »: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

  1.  Александрова А.Ю. «Международный туризм»:  уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

  Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды. Жалпы түрде транспортпен жасалатын саяхаттар – бұл турисердің жоллдама алып, алдын-ала жасалған маршруты бойынша транспортты және әртүрлі қызмет көрсету түрлдерін ұсынуды – тамақ, тұратын жер, экскурсиялық және т.б. пайдаланып, ұйымдастырған сапары.

Транспорттық саяхатты жіктеу негізінде В.Г.Гуляев ұсынған схеманы пайдалануға болады. Сәл өзгертудер (қосымшалар) енгізіліп, ол төменде беріліп отыр.  

   Транспорттық саяхатты жіктеудегі негізгі сипаттамалардың бірі маршрут типі болып табылады. Туризмде қозғалыстың әуе, жердегі, су және үйлестірлген тәсілдері қозғалуы мүмкін. Жердегі транспорт, өз кезегінде, темір жол және автомобильге, ал су транспорты – теңіз және өзенге бөлінеді.

Транспорт  түрлі моторлық және моторсыз болады. Моторлы құралдарға пойыздар, ұшақтар, автобустар, теплоходтар, мотоцикльдер және т.б. жатады. Қозғалыстың моторсыз құралдарына техникеалық құралдар: қайықтар, велиосопедтер және т.б. сол сияқты жануарлар жатады.

Маусымдық транспорт түріне және аймақтық табиғи климаттық жағдайларына байланысты болады. Маусымдылыққа көбінесе навигациялық кезеңге тәуелді, транспорттық суда жүзуге арналған түрлері бейімделген. Тур.фирмалар практикасында транспортты көбінесе бір реттік тапсырыстар бойынша қолданылады.

Транспорттық құрылымы бойынша маршруттар сызықтық (бір пункітен келесіне дейін) айала радиалды, қиылыстырылған үйлестірілген болып бөлінеді.

Саяхат ұзақтығы бойынша қысқа мезімді және ұзақ мерзімді болады. Қысқа мерзімдерге «демалыс күнгі сапарлар» жатады, оның үлесі бүгінде, өкінішке орай кенеттен қысқарады. Бұл өте маңызды және сол уақытта арнайы демалысын талап етпейтін саяхаттар. Ұзаққа созылған саяхаттар негізделген демалуға, емделуге, терең тануға және т.б. мақсаттарға есептелген.

Жеке меншік түрі бойынша маршрутта: жалға алған, мамандыырғылған, жеке меншңк және  жалпыға арналған, яғни графиктік транспорт бар. ҚР транспорт қызметімен байланысты қарым-қатынасар ҚР-ның толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, қайта күшіне енген 21,09,1997 ж «Транспорт туралы» заңымен, ҚР транспортының түрлері бойынша басқа заң және нормативтік актілермен және ережелерімен және әртүрлі транспорт түрелерімен тасымалдау нұсқауларымен реттеледі.

Туристік кәсіпорынның қызметкерлері транспорт ұйымдарының басты міндеттерін білуі тиіс:

  •  Жолаушыларды тасымалдауға лицензия (рұқсат) алу:
  •  Жолаушының қауіпсіздігін қамтасыз ету;
  •  Сертификат бар транспорт құралдарын ұсыну;
  •  Жоғарғы сапалы қызмет көрсетуді қамтасыз ету(уақытылы, мұнтаздай тазалық, әдептілік және т.б.

Траспорттық қызмет көрсетумен байланысты заң базаларын білу туризм маман-на өзара тиімді келісім шарт-ды құруға және саяхат маршрутын сауатты жобалауға мүмкіндік береді:

Қазіргі уақытта туристік саяхаттарды  жобалаушылар үшін маршрут-ң көптеген ерекшеліктерін ескеруге көмектесетін технологиялық карат жасалған және оған мынадай тараулар кіреді:

  1.  Маршруттардың негізігі көрсеткіштері: түрлі күнделік категориясы, қашықтығы (км), оның ішінде қозғалысытың белсенді тәсілдерімен; саяхат ұзақтығы (тәуліктік); туристік топтар саны; топтағы туристер саны; маршрут бойынша туристердің барлығы; қызмет көрсету күндері; бағыттағы бірінші топқа қызмет көрсетудің басталуы; соңғы топқа қызмет көрсетудің аяқталуы; туристердің бірайдағы саны, саяхат басталатын кәсіпорын  адресі;
  2.  Туристерді және саяхатқа маршут бойынша қызмет көрсету бағдарлмасы: елді мекендер, ол-ң ара-ғы ара қашықтық, қозғалыс тәсілдері пункіте келу және одан кету уақыты; туристік кәсіпорын-ң аты жіне орналастыру шарт-ы (жағдайы); маршрут ішілік тасымалдаулар, 1 адамға экскурсияға кететін шығындар;
  3.  Нұсқаушы  - әдіскерлердің, экскурсовод, гид-аудармашының қажеттілігі; және оларды дайындау
  4.  Жарнамалық ақпараттық және картографиялық материалдарды даярлау; саяхатқа қысқаша сипаттала.

      Келушілерге туризм индустриясы шеңберінде қызмет көрсететтін әртүрлі кәсіпорындардың рөлі барлық уақытта бірдей болған жоқ.Орын ауыстырушының саяхаттың ерекше белгісі ретінде,транспорқа өте үлкен мән беруге себепші болады.Құрлықта тасмалдау жүйесі «туристер мен саяхатшыларды жаяу ауыстыруды тасмалдауды қоспағанда техникалық өрлеу(даму) басталғанға дейін жан жануарларды :піл,түйе,ат,есек,иттерді сол сияқты қарапайым есекті және желкенді жүзу құралдарын пайдалану негізінде тұрақты қалыптасты.Транспорағы түбірлі өзгерістер мен оның ХIХғ инфрақұрылымының дамуы қазіргі заманғы туризмге бастау болды.Еуропа мен Америка өнеркәсібіндегі өзгерістер бу күшімен жүретін механикаландырылған қозғалыс құралдарының пайда болуына бастама болды және темір жолдар мен транспортының дамуына күшті себеп болды.Бірінші дүние ж.зілік соғыстан кейін туризм катализаторының рөлі темір жолдан автомобиль транспортына өтті.Мәселе мынада еді,туристік кеңістік темір жол магистраліне қатаң байланған ,жекелеген шағын (бөліктермен)жерлермен шектелген.Оны әр қарай кеңейту үшін,территорияға тереңірек енуге мүмкіндік беретін қозғалыстың мобильдік құралдары қажет болды.Мұндай құрал автомобиль болды.Ол тек қозғалыс еркіндігін ғана емес,сонымен бірге туристік сапаларды орынды ұйымдастыруды да қамтамасыз етті.

     Автомобиль транспортымени бір мезгілде туристерді 500км ден жоғары ұзақ қашықтықтарға тасмалдауда үстен орын алған,транспорттың авиациялық түрі дамыды,ал қозғалыс уақытының жылдамдығы мен қысқаруы оған туристердегі танымалдықты ізденіп тапты.Ұшақ жасап шығарудағы ілгерілеушілік тек бүкіл транспорт жүйесінің дамуында ғана анықтаушы роль атқарып қана қойған жоқ,сонымен бірге туризм саласындағы құрылымдылық өзгерістергеде алып келді.

   Машиналардың жолаушылар сыйымдылығының артуымен жер үсті қызметтерін,әуежайларды,подъезд жолдары мен орналастыру құралдарын модернизациялау қажеттігі туындады.Белгілі бір кезеңде олардың төмен өткізу қабілеті азаматтық авиацияға шыдамды әсер бере бастады.Ұшақтардың жүктемесі қонақ үйлердегі орындарт санына,туристерді басқа орналастыру (тарату) құралдарына және тағы басқа жолаушылар категориясына тікелей байланысты болды.Қалыптасқан жағдайларда әуе компаниялары ірі қонақ үй монополиясын құра отырып,қонақ үй шаруашылығына белсенді түрде ене бастады.

    Бірақ жақын уақытта жаңа технологияның дамуымен  және сағатына 500км/сағ  жылдамдықпен қозғалатын (жүретін) монорельсті магнитті негіздегі супер пойыздың пайда болуына байланысты жолаушылар темір жол транспортының танымдылығы әуе транспортынан асып түсуі(озып кетуі ) мүмкін .

    Бүгінде мынадай болжамға негіз бар,яғни экономикалық өсу орталығының бүкіл Евразиялық континенті бойынша араласқан халықаралық бірлестіктің жаңа аудананың пайда болуы бұл туризмді Евразияның барлық елдерінде дамытудың теңдессіз тарихи мүмкіншілігі глобализация мәселесі транспорттың әлемдік туристік шаруашылықтағы онсызда жоғары ролін көтереді.Осыған байланысты Евразияның алыс орталықтарын (шалғай жатқан) қосатын халықаралық транспорт коридорларының даму концепсиясы ерекше рөл атқарады.Таңқарарлығы олардың маршруты Жібек жолының ежелгі трасса контурларымен сәйкес келеді.Мұнда сәйкестік кездейсоқ емес.

    Қазақстанның Евразия орталығында маңызды жол торыбында ежелгі Жібек жолында орналасқан географиялық жағдайы республиканың басты байлығының бірі.Қазақстан жаңа халықаралық маршруттың қалыптасуына әсер ететін мемлекеттер қатарында.Қазақстанның гиосаяси жағдайына сипаттама бере отырып Британ ғалымы Х.Маккиндердің белгілі формуласын заң бойынша қайтадан фразаға бөлуге болады.Евразиядағы транспорт маршрутын кім бақыласа сол адам «Хартлендті» (әлем жүрегін) бақылайды,ол «Хартлендті» кім бақыласа сол адам әлем тағдырына бақылау жасайды.

   Ежелгі Жібек жолы сауда және мәдени магистраль ретінде тұрып қалғанда жоқ және тұрақты да болған емес.Ғасырлар бойы сол жол бөліктері зор маңызға ие болды.Маршрутты таңдау негізінен Евразия континентіндегі саяси және экономикалық күштердің кідіруіне байланысты болады.

 Негізгі маршруттың ьірі ТРАСЕКА  Европа,Кавказ, Азия транспорт коридоры болып табылады. Ол туралы келісім шартқа1933жылы Европалық Одақпен сауда министрлері және Азияның 8елінің транспорт министрі қол қойған.Мәні бойынша бұл ежелгі Ұлы Жібек жолы бағытының қазіргі заманға модификациясының бірі жобаға сәйкес бір қатар қаржы корпарациясының қайта құру және дамуы Европалық банкі ірі порттар,темір жолдар,автомогистраль құрылысын қаржыландырады.Қазіргі уақытта ТРАСЕКА бағдарламасына 20 жуық ел қосылды.Грузин порты Поти ТРАСЕКА ның негізгі қақпалары болып табылады.»Жаңа Жібек жолы» Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Қазақстандық порт  Ақтау арқылыда өтеді.Қазіргі уақытта Ақтау портына ЕБРР құралдары есебінен қайта жөндеу жұмысы жүргізілуде,нәтижесінде ол жыл сайын жылына 2млн жуық тонна құрғақ жүктермен 6млн тонна мұнай қайта өңдей алады.Соның салдары ретінде Қазақстан ,Ресей,Әзірьайжан,Түркіменстан және Иран арасындағы жолаушылар тасмалдау да біраз белсендіріледі.

      Жобаның басты міндеті жүктермен жолаушыларды Европадан Закавказе,Орталық Азия елдеріне және керіқарай тұрақты және сенімді түрде тасмалдау болып табылады.Мұндай транспорттық каридор бірінғай экономикалық кеңістікке ауқымды территорияларымен туристік нарықтарды қосуға мүмкіндік береді,туристік өнімдер мен қызмет көрсетулерді өндірістің аймақтық орталықтарды қалыптастыруға себепші болады.Бұл каридордың(дәліздің) орталық звеносы ретінде Қазақстан Шығыс –Батыс деп аталатын трансконтинентальды тасмалдау жүйесіне кіруі тиіс .

  Жібек жолының пайда болуында Қазақстан энерго-ресурстарын тасмалдауға деген қызығушылық үлкен орын алады,ол Орталық Азия ,Кавказ,Каспий және Қара теніз бассейнінің барлық аймағының өзекті экономикалық жүйесінің интеграциясына себепші болады.Евразия материгінің ортасында орналаса отырып ,Қазақстан,көлемі жөнінен орасан зор бұл жобада трансконтиненталды коммуникацияның дамуына үлгі бола алады.Екі трансконтиненталды магистральнің қалыптасуы аяқталды.Олар; Трансазиялық,Пекин-Алматы-Стамбул және Евразиялық; Лондон-Алматы-Пекин.БҰл магистальдар мынаны қамтамасыз етеді.Шығысында-Тынық мұқит жағалауының теңіз портна  шығу,орталық бөлігінде-Ираннан Оралмен Сібірге шығатын есіктер (жолдар) Батысында Европаның өндірістік және туристік орталықтарына Персид шығанағының портына шығатын жолдар.

    Жібек жолының басқа маршруттың Трансазиялық теміржол магистралі қайталайды.Қазіргі кезде темір жолдар бойынша тасымалдау жаңаша қарқын алды.Қазіргі  заманғы жағдайларда электронды сауда жеткізіп беру мерзімін бәсекелестіктің маңызды табиғи ресурстармен өндіргіш күштері мемлекет өмірінде негізгі рөл атқарады. Бұл әсірісе Қазақстан мысалында көрсетілген. Бүгінде республиканың темір жолы ұзындығы 13431 мың.км.магистралъ жолдарының жақсы дамыған транспорттық  жүйесі болып табылады, Қазақстанның барлық транспорт комплексінің жүк айналымының  79 пайызы темір жолға тиесілі.       

      «Еуропа- Азия көпірі» атты магистралі бойынша тура жолдар Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның  даму сипатына айтарлықтай өзгерістер енгізе алады. Шекара аудандары мен темір жол белдеулерінде ашық қалалар салу арқылы «нүктелі» және «осътік» ашықтығының үйлесуіне қол жеткізеді, жібек жолы трассаларын меңгеру табиғат және мәдени ресурсын тиімді қолдануға көмек бере алады. Қазақстан мол ауыл шаруашылық ресурстарымен үлкен пайдалы қазба қорларынаие инфрақұрылымы мен өндірістік базасы дамыған. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел ішкі экономикалық ашықтыққа жан-жақты халықаралық бірлестікті дамытуға бағытталды.  Бұл процесске жібек жолының потенциалы да әсер етті. Оның өтетін аудандарында  екі еркін экономикалық аудан құрылды- Алакөл көлінде және Жаркент қалаларында.

     1996 жылы – тарихи оқиға болды – букіл  трансазия трассасын тұйықтаған Мары (Түркіменістан-Мешхед Иран)темір жолының құрылысы жүзеге асырылды.Мысалы,магистралдыңМысалы,магистралдың дамуы үшін Қытай халқының саны жағынан ірі ,маңызды транспорт торабы елдің батыс бөлігі,бұрын Ұлы Жібек жолы бастау алған –Ланьчжоуда  ірі экономикалық аймағын құрды.Қазіргі уақытта Қара теңіз,Закавказье,Каспий арқылы Азияға ВШП маршрутының орташа варианты шынайы жүзеге асырылды.Бұл жолға 40-тан  аса мемлекет тартылады.

     Қытай позициясы әсіресе Евразиялық темір жол тораптарын қалыптастыруда өте маңызды.Орталық және Оңтүстік Азияны Қытайда Батыс өлке деп атайды.Қытай дәстүрі бойынша шалғайдағы Батыс өлкеге Каспий мен Арабия теңізінің жағасына дейінгі барлық территориялар орта Азия , Иран,Үндістан кіреді.

     Ежелгі дәуірден ХХғ соңына дейін Қытайдың шалғай батыс өлкемен қарым қатынасы өте нашар болды.Бірақ ҚХР-ң соңғы 20жылда қарқынды дамуы мен оның әлемдік лидерге шығуы заттардың жағдайын өзгертті .Енді Қытай әлемнің бұл бөлігін қарқынды менгереді.Жібек жолының ежелгі трассалары мен (жолмен) Қытай темір жолдарымен  трубопроводтары қарқынды салынуда.ҚХР Қазақстан мен Түркіменстанның мұнай газы орналасқан жерлеріне өмір бойы қызығып келеді,қарқынды дамып келе жатқан Қытай экономикасы көп мөлшерде энергия шикі затымен басқада пайдалы қазбаға ,сол сияқты электр энергиясына  зәру.

     Маршруттың неғұрлым шалғайдағы нүктелері Қытайдағы Ляньюньган мен Голландиядағы Роттердан порты болып табылатын ,Қытайдан Европаға бет алған  жүктер ағымы әртүрлі бағыт алуы мүмкін.Мүмкін болатын маршруттың бірі –Оңтүстік ,Тынық мұқит жағалауынан бастау алады және Иран арқылы перси шығанағының портына шыға отырып және әрі қарай Туркия территориясы арқылы Еуропа елдеріне шыға отырып ,Қытай,Қазақстан,Өзбекстан,Түркіменстан ,Иран территориялары арқылы өтеді.Қазақстан үшін  бұл ежелгі Жібек жолы бағытының  біріне сәйкес келетін  Достық-Ақтоғай-Арыс-Шенгелді жерлері.

      Теджен-Сарахс-Мешхед құрылысының нәтижесіндеТүркіменстан мен Иран араларында жол пайда болды.Бұл Тынық және Үнді мұқит араларында орналасқан елдер үшін темір жол арқылы жүктерді тасмалдау мүмкіндігін білдіреді.

      Тәжірбиеде Ұлы Жібе жолының пайда болуына Қырғысианда қосылды.Президенті Асқар Акаев Ыстық көлінен Оңтүстік Джалал Абад қаласы арқылы ҚХР мен шекаралас Торугарт станциясына темір жол құрылысын салу туралы заңға қол қойды.

      Темір жол құрылысын салу туралы ТРАСЕКА жобасын 18 ел құптады.Қырғыз жері екі мұқит Тынық және Атлант мұқитының жағалауын біріктіретін,трансазиялық магистралдың  бқлігі болады.Пекиннен Қырғыстан,Өзбекстан және Кавказ ауыспай бірден Парижге баруға болады.Жолдардың Өзбек жергі бөлігі дайын,2000ж Камшық және Резак асулары арқылы тунельдің аылуымен Өзбекстан Тынық мұқитқа терезе ашты.Азиядан Кавказ арқылы Еуропаға баратын транспорттық каридордың Қырғыз бөлігін жасау үшін Евроодақ қажетті қаражатты бөлді.Жолдың бір тармағы Батысқа барады,екінші тармағы республиканың солтүстігімен  оңтүстігін қосады.

       Демек,Қытайдан Еуропаға солтүстік Қазақстан бағыты және оғтүстік Өзбекстан арқылы  тауарлар мен жолаушыларды тасмалдауға болады.Қырғыстан мен Қазақстан үшін  жол инвестицияға тарту үшін,сауданы,туризмді дамыту үшін және капиталдың жаңа ағымдарын дамытудың жақсы алғы шарттарын құрайды.

перспетивкалы аймақтағы туризмнің дамуы  болашағына оптимизммен қарауға мүмкіндік береді.                

      Бұл перспективалар   туризи инфрақұрылымының даму динамикасын  да туристік сервис кәсіпорны туристердің  сапалы қызмет көрсетуін де талап етеді.

      Туристерге транспорт маршруттарда кызмет көрсету мен бір мезгілде жол , теңіз және өзен флотының , азаматтық авиация жаре автомовилъ шаруашылығы министрлігі кәсіпорындары , сол сияқты комплексті туристік қызмет көрсетуін туристік –саяхат мекемелер мен кәсіпорындар айналысады.  

     Бүгінде  тасымалдаулар өндірістік , технологиялық , экономикалық, мекемелік байланыстарды жүзеге асыра отырып және оның біріңғай комплекс ретінде пайда болуының жалпы жағдайын қамтамасыз ете отырып, туристік жүйеде интегралды қызмет атқарады.

     Бүгінде Қазақстан Республикасы дамыған 50 мемлекет қатарына кіру бағдарламасы үшін қарқынды даму үстінде .

      Қазақстан тасымалының транспорттық жүйесі республиканың аймақтық-географиялық ерекшелігімен маңызды рөл атқарады, оларға мыналар тән: географиялық кеңістіктің ауқымдылығы және жол қатынастары трансконтиненталды құрылысы үшін маңызды рельефтің әртүрлілігі, халқының төмен тығыздығы , географиялық –климаттың жағдайының ыңғайлылығы С Германия немесе Шығыс Қытайға дейін 5 мың км, республиканың негізгі экономикалық орталығынан алыстығы, және соның салдары ретінде , аймақтың біркелкі емес экономикалық дамуы.

     Транспорт туризи индустриясы инфрақұрылысының құрама бөлігі болып табылады және саяхатшыларға ұсынылатын негізгі қызмет түрлеріне кіреді.

    Транспорттық саяхат мекемелеріндегі тасымалдау саны көбінесе транспорттық саябақ пен трнспорттық инфрақұрылымының қалыпты жұмыс істеуіне байланысты болады.

    Республиканың  транспорттық  қатынастары жағдайы туралы статистикалық мәліметтер бойынша, оның  жер үстіндегі транспорттық магистралының ұзындығы 105 мыңға жуық, километрді құрайды, олардың ішінде 87,4 мың км автомобиль жолдарына 11 мың км теміржол жолдарынына, әуе жолдарына   кетеді.

    Тасымалдау тәжірибесі  көрсеткендей, туристерді елден алу шығу кезіндегі неғұрлым ыңғайлы транспорт түрі авиациялық болып табылады. Ал мұның себептері авиация алыс қашықтыққа бару кезіндегі нң жылдам және ыңғайлы және жайлы комфортабельді транспорт түрі ; жоғары қызмет көрсету сервисі шетелдерге ең әртүрлі мақсаттармен шығатын туристерді қанағаттандырады . Туристік кәсіпорындар бизнесінің  диверсификациясы мүмкін, себебі  олардың көпшілігі абиабилеттерді халықаралық компьютерлік жүйелер арқылы сатумен бұрандау бойынша жұмыс істейтін әуе компанияларының  агенттігі болып табылады.

     Қазақстанның көрші мемлекеттермен транспорт жолдарында 56 әуе каридоры  бар,оның ішінде 26-Ресеймен, 17-сі –Өзбекстанмен , 8- Қырғызст анмен , 2-Қытаймен, 2- Түркіменстанмен , 1- Әзірбайжанмен .    ҚР-ң территориясы арқылы қазіргі уақытта республикадан сияқты , алыс және жақын шетелдерден ондаған әуе компаниясы ұшуды жүзеге асырады.

    Республика Еуропа , Оңтүстік – Шығыс жане Шығыс Азия сияқты аймақтармен транзиттік  жолдар  тоғысында орналасқан , бұдан шығатыны Қазақстанның әуе нарығы туристерге қызмет көрсету үшін , әсіресе кіші авиация құралдарымен  қызмет  көрсетуге перспективалы.          

   

 

      

Дәріс 11.

№11.Тақырыбы:Туристерді автомобильдік транспортпен тасымалдау жүйесі.

1. Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету.

2. Автосаяхаттарды жоспарлау және талдау.

3. Туризмдегі тасымалдаудың қызметтері.

4. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудағы негізгі құқықтар.

5. Көлік категориялары туралы куәлік.

Қолданылғын әдебиеттер:

1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

3. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

Туристерге автокөлікпен қызмет көрсету.

Автокөлікті транспорт туристік саяхаттаы ұйымдастыруда маңызды болып табылады. Бұл оның мобильділігімен байланысты және басқа транспорт түрлерімен салыстырғанда арзанырақ және ақпаратты тез алуға болады. Автокөлікпен тасымалдау ерекшелігінің анықталуы, ол тек келген туристердің орын ауыстыруына, танымдылығына, шоп – турдағы ойын – сауықта көңіл көтеруге ғана емес,сонымен қатар жолаушы тасымалдауда әуе, су көліктері және темір жол көліктерінің қызметін пайдаланады.

Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудағы негізгі құқықтар.

Автокөлікпен тасымалдау сферасында, ішкі және халықаралық мәлімдемеде автокөлік транспортының қимылын реттеп отыратын, құқық жөніндегі бірнеше құжаттар бар. Халықаралық тасымалдаудағы тасымалдау дегеніміз, тасымалдау кезінде кем дегенде екі мемлекеттің теериториясынан өту. Халықаралық автотасымалдау кезінде, тасымалдауды өткізуші мемлекеттер өздерінің территориясынан көліктерді өткізу жөніндегі мемлекеттік заңдары мен нормалық актілерін іске асырады. Осыған байланысты халықаралық құжаттар келесі сұрақтарды қамтиды:

  •  инфрақұрылым;
  •  жол қозғалысы;
  •  автокөлік құралдарына талаптар;
  •  көлік құрал экипаждарымен қызметтік шарт;
  •  салықты реттеу;
  •  жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, кедендік рәсімдеу;
  •  өзгеше категориялы жүктерді тасымалдау;

Жолаушыларды халықаралық автокөлікпен тасымалдау негізінде, бірнеше немесе екі мемлекет арасында құқықтық дәрежеде көпжақты және екіжақты тұжырымдық келісімшарт жасалады. Көпжақты келісімшарт жасауда маңыздыларының бірі, 1973 ж Европадағы ішкі көлік комитеті жөніндегі экономикалық комиссиясы қабылдаған «Жолаушыларды және жуктерді халықаралық автокөлік тасымалдау жөніндегі келісім конвенциясы» болып табылады.

Конвенцияда талаптар мен істерді ұсынулар жөніндегі статьялар қарастырылған. Жолаушының тасымалдаушыға жүк жөнінде шағымы болса, онда жолаушы жүгін алғаннан кейінгі 7 күн ішінде айта алады.

1997 ж қазанда Бишкекте ТМД елдерінің қатысуымен «Жолаушыларды және жуктерді халықаралық автокөлік тасымалдау жөніндегі конвенциясы» қабылданды. Бишкекте қабылданған конвенцияның Европадағы қабылданған конвенциядан айырмашылығы, қауіпсіздік жөніндегі сұрақтар, кедендік реттеу, бақылаудың шекаралық және санитарлы түрлері. Мұнда айтылған халықаралық конвенция аспектілері, көпжақты және екіжақты құқықтық келісімдер, сонымен қатар мемлекеттің ішкі заңдылықтары, осы құжатқа қол қою рәсімі реттелуі тиіс. Конвенция тасымалдаушыға, жолаушының денсаулығына немесе оның багажына нұқсан келмеуіне, сонымен бірге шағымдармен істерді уақытысында қарау және реттеу жауапкершілігін қарастырады.

Жүйелі тасымалдау дегеніміз, маршрут уақыты белгіленіп, жолаушыларды орналастыру және түсіру тоқтау орнынан бұрын анықталатын жайттарды айтамыз. Тұрақты тасымалдау ертерек жасалынған кесте  және бекітілген тариф бойынша орындалады.

Жүйелі емес тасымалдау бұлбелгілі бір сайланған тасымалдаушымен айтылған уақытта айтылған жерде бітеді, мұнда ешкімде көліктен шығарылмайтын көлікпен қызмет көрсету түрі.

Жүйелі емес тасымалдаудың орындалуы кезінде, көлік кұралының ішіндегі жолаушылардың мөр басылған және тасымалдаушы мен жургізушінің қолы қойылған тізімі болу керек. Егер автобус жолаушысыз бос болса, онда жолаушылардың тізімі оларды орналастырып болғаннан соң жасалуы мүмкін.

Россия Федерациясы автокөлікті мәлімдемені екіжақты келісім негізінде құрайды. Мұндай мәләмдемені Россия Әзірбайжанмен, Австриямен, Албаниямен, Армениямен, Белорусьямен, Бельгиямен, Болгариямен, Великобританиямен, Венгриямен, Германиямен, Грециямен, Грузиямен, Даниямен, Иранмен, Ирландиямен, Италиямен, Қазақстанмен, Кипрмен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Латвиямен, Литвамен, Люксембургпен, Македониямен, Молдавиямен, Монголиямен, Нидерландымен, Норвегиямен, Польшамен, Португалиямен, Румыниямен, Сербиямен, Словакиямен, Тажікістанмен, Украйнамен, Финляндиямен, Франциямен, Хорватиямен, Чехиямен, Швейцариямен, Швециямен, Эстониямен құрған. Осы келісімге сай келісімшартқа тұрған жақтар бірбіріне жүйелі тасымалдауды ұйымдастыруды ұсынады. Ұсыныста тасымалдаушы (фирма) жайында ақпарат, жол  (маршрут) бағыты, қозғалыс кестесі, жолаушыларды отырғызу және түсіру кезіндегі тоқтау пунктері, сонымен қатар уақытты жобалау және жүйелі тасымалдауды орындау қамтылуы керек. Келісімге келген компетентті органдар жағы өздерінің мемлекеттік территориясынан жолаушыларды өткізу кезінде тұрақты тасымалдауға жазбаша түрде рұқсат беру керек.

Егер жолаушылар тобын тасымалдау кезінде жолдың барлық ағымы бір автобуспен өткізілсе, онда жүйелі емес тасымалдауды орындауда рұқсат талап етілмейді, ол үшін: 1) келісімге келген мемлекеттердің территориясында тіркеуге тұрған автобуспен бірге сапар шегу басталады және аяқталады; 2) келісімге келген жақтың тіркеуінде тұрған автобуспен сол жақтың территориясында сапар басталады, басқа келісімге келген жақтың территориясында  мынадай шарт арқылы аяқталады, егер автобус бұл территориядан бос кетсе немесе автобус келісімге тұрған бір жақтың территориясынан жолаушыларды келесі мемлекетке жеткізіп, қайтса. Жүйелі емес тасымалдауда, бұзылған автобустан келесі автобусқа ауыстырған кезде рұқсаттама сұралмайды. Жүйелі емес тасымалдауда жоғарыда айтылғандай, автобустың жүргізушісі өзімен бірге келісімге тұрған компетентті органдар жағының бекіткен арнайы формадағы,  жолаушылардың тізімін алып жүру керек.

Халықаралық құжатта автокөлікпен тасымалдау кезінде жүйелі инфрақұрылымға мыналар қатысты, «Халықаралық жол бағыты (магистраль) жөніндегі Европалық келісім» (1975 ж қарашаның 15 бастап) және «Халықаралық тасымалдауды құрамдастыру жөніндегі маңызды тізбек және соған сай объекті жайындағы Европалық келісім» (1997 ж ақпанның 1 бастап). Бірінші құжатта халықаралық жол тораптарының тізімі, халықаралық автокөлік жолдарына сай шарты, халықаралық «Е» торабының (сеть) жоспарын анықтау; екіншісінде халықаралық тасымалдау құрамын көрсететін, шекаралық пунктер мен теміржол тоқталымдары және порттар халықаралық терминалдар тізімі көрсетілген.

Халықаралық құжатта жол қозғалысының маңыздыларын атап айтсақ, «Жол қозғалысы жөніндегі конвенция» (1968 ж қарашаның 8 бастап); «Жолдағы белгілер мен дыбыстар жөніндегі конвенция» (1968 ж қарашаның 8 бастап). Көрсетілген нормативті актілерде негізгі ереже жол қозғалысы; автокөлік құралдарына және жүргізушілерге талап; халықаралық тасымалдау кезіндегі жол белгілермен дыбыстар жүйесі болады. Көлік құралында көрсетілген 5 категориясы (А, B, C, D, E) бойынша басқару, белгілі бір білім деңгейіне сай куәлік беріледі. Әр автокөлік құралында тіркеу куәлігі және мемлекеттің ерекше тіркеу белгісі болу керек. Сонымен бірге құжат құрамына автокөліктің ішкі және сыртқы құрылымдарына талап, шум деңгейі, сыртқы жарық приборлары, тежегіш және басқа да техникалық , экологиялық сипаттары кіреді.

Автокөлік құралы жұмысының халықаралық шартында «Транспорт құралдарының экипаж жұмысына қатысты халықаралық автокөлікпен тасымалдау жөніндегі Европалық келісім» (1970 ж маусымның 1 бастап) кіреді. Бұл келісімде негізгі талаптар былай көрсетіледі, жургізушіні ұсыну, оның жасына, квалификациясына, күнделікті автокөлікті басқаруына, тоқтаусыз айдағанның максимальды уақытына, сонымен бірге еңбек режимінің сақталуына бақылау және жүргізушінің көлікте демалуына. Автокөлік құралындағы соңғы талапты орындауда, жолаушыларды және жүктерді халықаралық тасымалдауда бақылау жағдайы тахографимен жабдықталады. Тахограф бақылау жағдайын, тоқтаусыз жүрілген жолдың тіркелуін, ондағы қозғалыстың жылдамдығын, еңбек режимін және жүргізушінің демалысын көрсетеді.

Жоғарыда айтылған келісімдер мен конвенциялардың барлығы шет мемлекеттерге сапар шегуде қолданылуы тиіс. Россияда шетелдерге автотасымалдау ұйымымен байланысы тәжірибе жүзінде сұрақтарды шешуге көмектесетін Автотасымалдаудың халықаралық ассоцияциясы құрылды.

Барлық ұйымдар қауіпсіздік сұрақтарымен, кедендік формальдылықтармен, ережелермен, автокөліктік тасымалдауды регламенттеумен, автокөлік мәселесіне қатысты ұлттық және халықаралық мәселелерді шешумен айналысады.

Ресей Федерациясында қабылданған нормалық актілердің автотранспорт сферасында ұлттық заңдылық базаларына кіретін, басқа жағынан алғанда халықаралық автокөлік мәлімдемелеріндегі құқықтық норманы анықтайды. Мұндай заңға «Халықаралық автокөлік тасымалы және оларды орындаудағы жауапкершіліктің бұзылуын бақылап отыратын мемлекеттік заң» кіреді. Бұл құжат ресейліктермен шетел тасымалдаушыларының халықаралық мәлімдемелерін реттейді. Дәлірек айтқанда, шетел тасымалдаушылары міндетті:

  •  компетентті органдардан тасымалдауға рұқсаты болу;
  •  тасымалдау кезінде жолаушылардың тізімі болу;
  •  транспорт құралының тіркелген жерінен мемлекеттік тех белгілерін білу және тағы басқа.

Бұл ережелердің орындалуын Ресей территориясында орналасқан транспорт жөніндегі инспекция қадағалап отырады. Тасымалдаушылар бұл құжаттағы талаптарды бұзса, арнайы дайындалған штраф төлейді немесе халықаралық тасымалдаудағы лицензиясы тоқтатылады.

Ішкі мәләмдемелердегі автокөлік транспортымен жолаушыларды тасымалдауды реттеп отыратын бірнеше құжаттар бар. Бұл жерде негізгі акті болып табылатын Ресейдегі автокөлік жөніндегі қаулы. Жоғарғы кеңес бекіткен бұл құжат (РФ № 4604 – 1999 ж наурыз 3 бастап) қазіргі уақытта Ресей Федерациясындағы ұлттық заңдылықтарға қарсы келсе де, мемлекеттердің нарықтағы дамуына сай келмесе де көптеген бөлімдері дәл қазіргі уақытта ескірсе де жұмыс істеп келеді. Жақын уақыттарда жаңа нормалық құжат қабылданады деген болжам бар, онда қазіргі автакөлік тасымалы жағдайымен есептелініп жасалынады.

Ішкі автотасымалдауға қатысты, маңызды құжаттарының бірі Ресей Федерациясының «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» заңы. Заң өмірді қауіптен қорғауға, азаматтардың денсаулығы мен жеке заттарын қорғауға бағытталған. Бұл үшін автотасымалдауды қамтамасыз ететін ұйымды міндетті түрде лицензиялайды, дәлірек айтқанда:

  •  жолаушылармен жүктерді ұйымдастыратын автомекемелер;
  •  жөндеу кәсіпорны және автотранспорт құралдарына техникалық қызмет көрсету;
  •  жүргізушілерді дайындаумен айналысу және олардың мамандық дәрежесін жоғарылату орындары;
  •  өндірістік құжаттарды (жүргізушілік куәлік, анықтама, бланк және т.б), номер белгілерін, автотраспорт құралдарын сатумен айналысатын мекеме.

Автокөлік құралдарына арналған заңдарға сай Ресей Федерациясының территориясында немесе шетелдерге 6 айдан артық шыққанда органдарда қабылданған сертификатты алып жүру керек. Заңда жүгізушінің міндетті түрде медициналық куәландырған құжаты, сонымен бірге рейстен бұрынғы, рейстен кейінгі және ағымдағы медициналық тексеруден өткендігі туралы қарастырылған.

Автотранспорттағы автокөлікпен тасымалдау жүйе ережесінің ескіруінен кейін орнына, 1997 ж РСФСР Министерствасының тапсырысымен бекіткен «Ресей Федерациясында автокөлік транспортымен уақытша жолаушыларды және жүктерді тасымалдау» заңы жұмыс істеп келеді. Ережеде «жолаушы», «жүргізуші», «тасымалдаушы», «жүк», «автовокзал», «автостанция» және тағы басқаларға түсінік берген; жолаушыларды әртүрлі автокөліктер құралдарымен тасымалдау тәртібі қарастырылған; негізгі ереже мағынасы және тасымалдаушы мен жолаушының міндеттері қарастырылған.

Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету.

Автокөлік көлігі жүрдек, анағұрлым ыңғайлы, жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді. Ол жақын қашықтыққа жук пен жолаушы тасымалдайды. Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен долаушы тасымалдауда жетекші орын алады. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырып, қала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады.

Қазақстанның автокөлік жолдары республикалық деңгейдегі (жалпы ұзындығы 22,2 % - ды құрайды) және жергілікті деңгейдегі жол (жалпы ұзындығы 77,8 % - ды құрайды) болып бөлінеді. Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км.

Елімізде халықаралық бағытта транзиттік автокөлік жолдары жүргізілген. Олар Еуропа мен Ресейді, Орталық Азиямен байланыстырады.

Алматы – Астана автокөлік жолы халықаралық стандартқа сай қайта жөнделді. Бұл жол арқылы транзит жүктері Ресейден Қытайға және кері қарай, сонымен қатар Қазақстанды Қырғызстан, Пәкістан арқылы Үндістан мен байланыстырады. Осы оңтүстік бағыттағы жол қатынасы болашақта көптеген елдерді қамтитын ірі магистралға айналмақ.

Жуырда Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай арасындағы Қарақорым тасжолы арқылы Алматы – Қарачи арасын автокөлік жолымен байланыстыру идеясын ұсынылды. Оны салуға Пәкістан 500 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Сонымен бірге ҰлыЖібек жолын қайтадан қалыпқа келтіріп, жандандыруға көңіл бөлінуде.

Егер Қазақстан автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы бойынша ТМД елдерінің арасында үшінші орында тұрса, жолдың жиілігі жөнінен ең соңғы орындардың бірінде.

Қазақстандағы ірі республмкалық деңгейдегі автокөлік жолдарының бірі Алматы – Бішкек – Тараз – Шымкент – Ташкент жолы. Алматыдан Семей және Өскеменге бағытталған жол Жаркент, Талдықорған, Текеліге қарай тармақталады. Жалғызтөбе темір жол станциясы маңында бұл жол Шығыс шеңбері автокөлік жолымен жалғасады.

Сонымен бірге жергілікті деңгейдегі автокөлік жолдары Қарағанды – Теміртау – Астана, Семей – Павлодар – Омбы, Орал – Атырау, Қостанай – Арқалық, Қарағанды – Жезқазған және т.б ірілі – ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.

Маңғыстау түбегіндегі мұнай – газ кен орындарын игеруге байланысты Ақтау қаласын онда жұмыс істеуші барлық мұнай кәсіпшіліктермен байланыстыратын жолдар салынған. Солтүстік Қазақстанда Астана – Көкшктау, Петропавл – Қостанай автокөлік жолдары облыс орталықтарын өзара байланыстырады.

Қорытындылай келе, автокөлікпен жолаушылармен жүктерді тасымалдау оңай тәсіл болып табылады. Автокөлікпен тасымалдау ережесі әр елде әр түрлі болады. Сонымен қатар автокөлікпен тасымалдау арзанырақ, кез келген жерге тоқтау ыңғайлы болып келеді.

Автосаяхатты жоспарлау және талдау.

Автомобиль саяхатқа шығарудың ерекшелігі, олардың басым көпшілігнінің өлкенің көрікті жерлерін тану мақсатында  шағын  ара қашықтықта жасалады. Қазіргі уақытта автосаяхат жеке меншік, жалға алған, немесе қоғамдық транспортта жасалды. Қоғамдық транспорт туристерді бір елді мекеннен екінішісне жеткізу үшін қолданылады.  Жалға алған және жеке меншік транспортты бірнеше күн ішінде тасымалдауға да, елді мекендер ішінде жол бағыты бойынша да қолдану неғұрлым ыңғайлы.

Автотранспорттың басқа да түрлері алдындағы ерекшеліктері мыналар болып табылады: жоғарғы жылдамдық, мобильдік , қолайлылық салыстырмалы төменгі тарифтер, кең шолу, вокзал, станция, пор-ң құрылысына капиталды шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін «есіктен есікке дейін» қызмет көрсетулері.

Тағы бір кемшілігіне жылдамдыылғының жоғары болмауы және қоршаған ортаны ластануы. Соңғы он жылдықта  мамандар барынша жетілген автомобильдерді жасады. Туристер фи-ын тасымалдау үшін автобутар қолданылады. Автобустранспорттың құрлықтағы құрал түрі; кузовымен, көп орынды ең бастысы вагон түріндегі: микроавтобус-ң ұзындығы 5 м-ден аз, бұл транспорт құрамының өзі жіктелу бар:

1. Орындарының саны бойынша

2. Отынының түрі боыйнша

3. Категориясы бойынша

4.Жайлылық атрибуты бойынша

Автобустардың сыйымдылығы әртүрлі болуы мүмкін: 170 орыннан ерекше үлкен сыйымдылық, шағын микроавтобусқа дейін (5-12 адам)

Двигательдегі (қозғалтқыштағы) отын түрі: бензин, солярка, сұйытылған газ, сығылған газ. Электр қуаты, механикалық (энергия) қуат көзі маховка (гиробус), күн көзі қолданылады.

Этаждағы қабаттығы бойынша автобустар бір, біржарым, екі-үш қабатты  және арнайы болады. Лифтілермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалыс  қызметі шектелген  адамдарды турист, спортышыларды тасымалдайды. Автобус-ң категориясы жайлылық деңгейімен ұсынылатын қызмет түрлерімен анықталады. Категориясыз автобус-ң орындықтары қатты, жылытылмайды, олардағы шу деңгейі жоғары. 2 жұлдызды категориялы автобуста жастықшалары бар жұмсақ креслолар, жылу жүйесі, перделер, дауыс күшйеіткіш құрылған және микрофон бар. 3-жұлдызды автобуста екі жұлдызды автобуста жасалған жағдайымен қатар: тоңазытқыш, әжетхана, жеке жарық бер мен  вентияция, көлеңкесі перделер бар. 4 жұлдызды катергорияда қосымша әжетханасымен душы (бірге), теледидарлар, рация, су қанатқышы бар мини бар, гардероб, қасындағы адаммен шалқайтылатын және қозғалтатын креслолар бар. Ең жоғарғы 5 категориялы ең жайлы: креслолар қатарға бір-біреуден орналасқан (яғни бар болғаны шынтақшасы бар креслолардың 2 қатарлы) горизонталь қалпына да қозғалады (жазылады, жатады)

Қазақстан туристік агентігі Мәскеуге дейінгі арзан баруды қамтамасыз етуге тырысуда, бірақ  формалықпен бірге (шенген және транзиттік, Польша арқылы, визалар) жолдама құны екі есе дерлік өсті. Мұндай саяхаттарды жүзеге асыру Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс облыстарында жасалады. Ішкі турлар және жақын жатқан мешекеттерге бару, фирмалық бұл бизнесіне мамандалған үшін әдеттегі іс болады.

Автосаяхаттарды ұйымдастыру кезінде ең алдымен, нормативтік-құқықтық акітілермен танысу керек. Құжаттарды білу, автотасымалдуларды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет. Олардың қатарында: Женева конвенциясы шеңберінде 01,03,1973 ж. қабылданған «жолаушылар мен багаждарды халықаралық  автомобильмен тасымалдау келісім шарты туралы конвенция», 1989ж. туризм боыйнша Гаата деклорациясы материялдары, туризм боыйнша басқа деклорациялар және иеленген келісімі. ТМД елдері шеңберіндегі  туристік тасымалдаулар 1993 ж. «Туризм саласындағы бірлестіктер туралы» келісім  шартпен, 9,09,1994 ж. ТМД туризм-і бойынша Кеңес туралы», 29,10,94 ж. «мемлекет бірлестігінің негізгі принциптері туралы – туризм сала-ғы ТМД қатысушылары» келісім шартымен реттеледі.

Мемлекетте жолаушылар мен багажды тасымалдауда маңызды көмек көрсеткен бірқатар құжаттар жасалған, бұл ең алдымен 1994 ж. 21-қыркүйектегі» толықтырулар мен өзгерістер. Сосын басқа құжаттар қабылданды: «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заң», т.б.

Автотурларды талдауда мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, автомобиль транспортының халықаралық одағы (АТХО) үйлестірген транспорттық келісім (ҮКТ) 1991 ж. құрылған, 1993 ж. ұйымдастырылған АТХО 1995 ж. қабылданған ҚР-ы халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы (Қаз АТО) айтарлықтай маңызды көмек көрсетеді.

Сондықтан автотурды талдау алдындағы алдын-ала жұмыс көп уақытты алуы мүмкін. Автомобильмен саяхат ұйымдастыру – іс-әрекет жоспарын құру. Автосаяхатты жобалау мынадай кезеңдермен тұрады:

  1.  Саяхат мақсаты  мен тақырыбын анықтау. Туристік кәсіпорын жүйелі түрде өткізетін маркетингтік талдау бұның алдында болу керек. Саяхат мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін (туристермен халықтың демалуға сұранысын қанағаттандыру жолымен табысқа жету. Өздігінен білім алу, өзін-өзі жетілдіру, белгілі бір бұхара халықты балаларды, егде кісілерді, мүгедектерді туризмге тарту, экскюзивті маршруттар құру, қызмет көрсетудің жаңа формаларын және т.б. құру) Саяхат тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін (діни, тарихи-өлкелік оқу, көңіл көтеру, танымдылық, этнографиялық және т.б.)
  2.  Жобаланған трассаны жобалау. Бұл кезеңде автожол-ң картасы зерттеледі, маршрут эскизі құрылады.
  3.  Туристік ресурстарды таңдау және онымен танысу, Ресурстарды таңдау кезінде ең алдымен тур тақырыбына сәйкес келетін көрікті жерлерінің болуына көңіл бөлінеді.
  4.  Маршруттағы шектеулерді анықтау. Олар қорықтар, тапсырыс берушілер, экологиялық және жол постылары, шекаралық  және кеден айм ақмақтары, жолсыздық.
  5.  Өмірін қамтасыз ететін жерлерді зерттеу (білу); конатын пункттер, тұратын, тамақтанатын жерлер, медициналық санитарлық-тұрмыстық қажеттер, су көздері.
  6.  Маршруттағы қауіпсіздікдікті қамтамасыз ету
  7.  Маршрутты аралап шығу  Оның мақсаты: Трассадағы шектеулерді ескеріп, уақытшхрорнметражы, автомобильге техникалық қызмет көрсету мүмкіндіктерін білу (сто, жанар май құю); жол ақпараты жоспарынқұру; жарнама үшін материалдар жинау; қызмет көрсету аяқталу үшін серіктестіктерді таңдау. Маршрутты аралап шығу туристік кәсіпоры, автокәсіпорын, қажет болған жағдайда МАИ қызметкері қатысады.
  8.  Маршрут схемасына өзгертулер енгізу. Осындан кейін саяхатқ қажетті барлық пункттер белгіленген  маршреттың қажетті барлық пункттер белігленген маршруттың карта-схемасын құруға болады.
  9.  Келісім-шартқа отыру. Бұл (сапар)  жолдама құнының көлемі, қызмет көрсету сапасы, маршруттағы қауіпсіздік тәуелді болатын маңызды  кезеңдердің бірі. Келісім-шарттар тұратын жер, тамақтанатын жер, автокәсіпорын, топ жетекшісі немесе нұсқаушы мен және т.б. жасалады.
  10.  Маршруттың технологиялық картасын құру, ол алдын ала жасалады.сенімдіілік және қауіпсіздік береді. Ондағы негізгі пункттер мыналар: карта – схемалар, қозғалыс графигі, қонатын жерлермен тоқтайтын жерлерді белгілеу, МАИ посттары, жол – эксплуатациялық қызметтің, СТО дисиокациялау, жолдардың жағдайын, маршруттағы туристер саны, маршурт ұзақтығы ( сағат және күнтізбелік күндермен)
  11.  Бағасын белгілеу. Жолдама құнын есептеу келісілген бағалардан алынады. Бір бағытқа бірнеше калькулация жасау керек. Бұл қызмет көрсетуді дифференциялау, әртүрлі сервис ұсынуға көмектеседі.
  12.  Маршруттық бекіту (қабылдау,мақұлдау). Бекітуді туристік кәсіпорынның жетекшісі барлық әдістемелік, келісімшарттық, қаржылық құжаттарды дайындағаннан кейін және автокәсіпорындармен маршрутты бекіткенінен кейін жүзеге асырады.

Автокөлікке техникалық қызмет көрсету технологиясы:

Автокөлікке техникалық қызмет көрсетудің мәні мен міндеттері. Техникалық қызмет көрсету түрлері және оны ұйымдастыру түрлері. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету үшін бекеттерді жабдықтау. Ақауларды жіктеу. Автокөліктік құралдарға техникалық қызмет көрсету тәртібі. Тұтынушыларға қызмет көрсету (қызмет көрсету аумағы). Қызметтерді орындаудың технологиялық үрдісі. Сервистік бөлімнің өндірістік бөлімі.

Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерін көрсету технологиясы

Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерін көрсету қызметтерінің маңызы. Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерінің анықтамалары. Киімдерді кірлеу дәрежесі бойынша жіктеу. Химиялық тазалау кәсіпорындарының қызметтерінің жіктелуі және сипаттамалары (көрсеткіштері). Химиялық тазалау, кір жуу кәсіпорындарының технологиялық бөлімдері. Химиялық тазалау, кір жуу кәсіпорындарының құрал-жабдықтары. Химиялық тазалау, жуу үрдісі. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және химиялық тазалау, бояу және кір жуудың қабылдау пункттеріндегі жұмыскерлерді басқару тәртібі. Қызмет көрстеу келісім-шартының мазмұны. Химиялық тазалау, кір жуу қызметтерінің сертификациясы.

Фототсуреттер дайындау, пленкаларды өңдеу бойынша фото қызметтер көрсету технологиясы

Фтотсуреттер дайындау, пленкаларды өңдеу бойынша фото қызметтер көрсетудің мәні мен анықтамасы. Жылдам суретке түсіру; фотолабораториялар және фото орталықтар; суретке түсіру қызметтерінің жіктелуі мен сипаттамалары. Суретке түсіру үшін қажетті технологиялық құралдар мен материалдар. Қызмет көрсетудің негізгі түрлері: кешендік, көшпелі. Құжаттарға арналған фотосуреттерге қойылатын негізгі талаптар.

Дәріс 12.

Тақырыбы: Авиациялық транспортпен туристерді тасымалдау.

1. Халықаралық авиатурларды ұйымдастыру.

2. Авиациялық саяхатты(әуе) дайындау мен жоспарлау.

Қолданылғын әдебиеттер:

1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

3. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

Бүгінде әуе жолдарымен саяхат жасау Қазақстанда транспорттық саяхаттың көпшілік түрі. Тәуелсіз мемлекет бола отырып, республика шетел туризімі географиясын кеңейту үшін тамаша мүмкіндік алды. Жақында ғана, 15 жыл бұрын, Үндістанға немесе Қытайға барғысы келетін туристер алдымен Мәскеуге жетуі, сосын сол жақтан барып, қызықтыратын елге ұшақпен ұша алатын. Бұл уақыт жағынанда, шығын  жағынанда және моральдық жағынан да өте ыңғайсыз болды. Қазіргі уақытта жағдай күрт өзгерді.

ҚР авиа кәсіпорын-ы Қазақстан астанасынан және басқа қалаларынан АҚШ-қа, Италияға, Түркия, Сирияға, БАӘғ Пәкістан, Үндістан, Корея, Сингапур, Қытай, Германияға, Польшаға, Францияға, Грецияға және т.б. мемлекеттерге ұшуды ұйымдастырады. Авиакомпаниялар бұл жердегі қызметтің көмегімен әуеде транспорттық аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейлерде транспорттық қызмет көрсететін сауда кәсіпорындары. Әр мемлекет пассажирларды және жүктерді тасымалдауда өз құқықтары мен ережелерінің бағдарламасы жасалған, бірақта олардың барлығы халықаралық құқықтарға бағынады. Олар,    Варшава келісімі 1929 ж, Чикаго келісімі 1944 ж, Халықаралық әуе трансорты ассоциациясы ережелері (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (OASI). Халықаралық ұйымдар: авиатарифтерді қадағалайды; Авиа компаниялардың арасында қатынас жасауға жағдай жасайды; қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыздандырады; саяхатқа шығарушы агеттіктері мен авия компаниялардың арасындағы келісім шарттардың бұзылмауын қадағалайды; аэропорттар мен әуе жолдарын қолданушылардың арасында екі және көпжақты келісім шарттарды даярлайды; авиацияның дамуын әлемдік деңгейде болуына жағдай жасайды және  мемлекет арасында қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді; пассажирларды тасымалдауда болып жатқан келеңсіз жағдайларды шешіп отырады.  

     Қазақстан әлемнің 188 елі қатарында халықаралық авиатранспорт ұйымының мүшесі болып табылады.

Әуе компаниялары мен туристік кәсіпорындардың ұйыдастыруымен Қазақстандық және шетелдік әуе кәсіпорындарының арнайы өтініші бойынша график бойынша ұшатын ұшақтар немесе арнайы рейстермен туристерді тасымалдауға мүмкіндік бар.   

     Авиакәсіпорын әртүрлі қызметтер ұсынады және олардың қызмет салалары әртүрлі: жолаушылар тасымалдау, жүктер тасымалдау, пошта тасымалдау, чартерлік тасымалдаулар, туристтік саяхаттарды ұйымдастыру, өндірістік – коммерциялық операциялар, сыртқы экономикалық операциялар, консалингтік – ақпараттық қызмет көрсетулер, жобалау және құрылыс, қозғалмайтын мүлікпен операциялар.

Әуе саяхатын ұйымдастыру мен жоспарлауда мамандардың білуі қажет:

  •  әуе тасымалдаудың нормативті-құқықтық базасы;
  •  әуе компаниялардың ұсынатын қызметтері, класс және оның айырмашылықтары;
  •  әуе билеттерін резервтеу жүйесі;
  •  жүк тасымалдау және оны рәсімдеу ережесі;
  •  чартерлі тасымалдауды ұйымдастырудың артықшылықтары;
  •  аэропорттарда қызмет көрсету жүйесі;
  •  туристік ұйымдардың әуе компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу реті;
  •  туристік топтың басшысы әуе маршрутында өзінің құқығын және міндетін білуі;
  •  ұшқанда сақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету;
  •  пассажирлерді сақтандыру ережелері.

«ҚР транпорты туралы» заңында транспорттық кәсіпорын  клиенттердің  алдында жауаптылығы анықталды, және де кейбір бөлек пассажирлер категориясына жол жүру ақысына жеңілдіктер жүйесі бар. Мысалыға: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға, еңбек мүгедектеріне, жастайынан мүгедектерге және оның күтушісіне, кейбір студенттерге, курсанттарға және азаматтық авиация оқу бөлімінің күндізгі оқу формасындағы тыңдаушыларға, зейнеткерлерге, екі жаққа бірдей билет алған әуе жолаушыларына.

Туристік кәсіпорынның әуе компаниямен ұзақ уақытқа келісім шарт жасауы, бір уақытта анық мөлшерде билеттер алатын болса кәсіпорын оларға жүктерін тегін алып өтуге және  туристік топ басшыссын тегін тасымалдауға жағдай жасайды.

Әуе компанияларда келісім шарттың стандартты формасы бар. Көптеген жағдайда туристік кәсіпорындар өздерінің реквизиттерін жазып және қол қойып мөрін баса салады. Бұл аз мөлшердегі топтарға арналған, егер чартерлі әуе рейсі ұйымдастырылатын болса, онда келісім шарт жеке әрбір туристік кәсіпорынмен жасалады.

Чартерлік авиациялық маршрут – бұл өте қиын орындалатын процес, әсіресе алыс шетелдерге саяхатқа шығатын болса, алдын ала есеп айырысуды қажет етеді. Өйткені, авиакомпаниялар алдын ала «ұшу жазықтығын» даярлап мемлекет арасында келісімге келіп, қонатын алаңдарға, жанар-жағар майларға тапсырыс беруі қажет.

Чартерлік қызмет көрсетуде келісім шартты жасағанда «екіжақты келісім» және «екі жақты жауапкершілік» негізгі бөлімдерін білу қажет. Авиакомпаниялар төмендегі бөлімдерде көрсетілген ережелержі орындау қажет:

  1.  Турфирма тапсырысы бойынша әуе суднасын, алдын ала рейстің қанша тұратынын құжат түрінде көрсету, пассажирлердің қаншалықты сиымдылығын, рейстің номерін, әуе судносының борттық номерін, ұшу жоспарын және маршрутын;
  2.  Келісім шартта көрсетілген рейстің жоспар мен маршрут бойынша қызмет көрсетуі;
  3.  Ұшу жоспары өзгеретін болса алдын-ала тапсырыс берушіге баяндау.

Тапсырыс беруші ұшақ алаңына 3 сағат бұрын ұшатын пассажирлердің паспортын, басқада құжаттарын, жүктерін жеткізу қажет. Сонымен қатар алдын ала берілген тапсырыс бойынша клиенттің фамилиясы, аты, жоні, паспорттың номері сәйкес болуы керек. Тапсырыс беруші пассажирлердің алып ұшатын жүктері де келісім шартта көрсетілген мөлшерден аспауы қажет. Пассажирлерді алдын ала құқықтарымен таныстыру қажет. Тапсырыс алушы бортта келісілген жерге жеткенше тамақтандыруға және керегінше тұрмыстық қажеттілігімен қамтамасыз етуі қажет. Егерде ұшақтың келеңсіз жағдайларға байланысты ұша алмаса, дер кезінде пассажирлерді қонақүймен және сол жерге дейін өз қаражатымен жеткізіп салуға міндетті. Қонақүй үш жұлдыздыдан кем болмауы, үш мезгіл тамақ, транспорт және байланыспен қамтамасыз ету.

Егерде рейс тапсырыс берушінің кесірінен ұша алмаса, немесе келісілген уақыттан кешіксе, жүктері көрсетілген мөлшерден асық болса тапсырыс беруші қайта құжаттар толтырылып үстеме ақшасын төлеуге міндетті. Егерде тапсырыс беруші келісілген уақытта қандайда бір жағдайлармен ұша алмайтын болса онда мерзімнен 3 күн бұрын қағаз жүзінде өтініш жазса алдын ала төленген ақысын қайтара алады. Ұшу барысында тапсырыс берушінің қандай бір жүктерінде жетіспеушілік болса, оның орнын қайтаруға міндетті. Тапсырыс алушы жанармайдың қымбаттауына байланысты немесе баратын жерде келеңсіз оқиғалар (табиғат құбылыстары, саяси тұрақсыздық, эпидемия және т.б.) болатын болса рейстен бастартуға құқылы, бұл жерде ешқандай штрафтық санкция жүрмейді.

Туристік кәсіпорын қызметкерлері чартерлік рейстің құнын және оны келісім шарт бойынша қалай төлеу керектігін алдын ала білуі қажет.

«Екі жақты міндеттеме» және «Орындаушы» тарауында пассажирлерді әуе транспортын қалай қолдану керектігін, ондағы ережелерді бұлжытпай орындау керектігін білу қажет – ол тасымалдауға болмайтын заттар.

Туристерге туристік кәсіпорын қызметкерлерге алдын ала жүкті тасымалдау ережелерін айтып түсіндіруі қажет. Онда қанша мөлшерде қымбат заттарды, ішімдіктердің санын, антиквариаттарды, асыл заттарды, темекі бұйымдарын алып жүруге болатындығын түсіндіру.

Чартерлі рейс басшысы – ол барлық құжаты бар, маманданған тұлға. Әр бір басшы ұшақты басқара алуы, қарым-қатынаста болатын мемлекет тілін білетін, мәдениетті, туристермен тіл табыса алатын, визаны және саяхат жасау барысында қажет болатын құжаттарды, ережелерді, туристердің құқығын, заңды, этика-эстетиканы жетік меңгерген адам. Чартерлік рейстің басшысы мен туристік кәсіпорын басшысы екеуінің құқығы мен міндеттемелері бір-біріне ұқсас. Жұмысын жақсы атқару үшін чартерлік рейстің басшысында «жол серік»  болуы қажет, онда:

  1.  Белгіленген күні барлық құжаттарды: туристертердің тізімі және мөрі бар визалар, екі жаққа әуе билеттер, лицензия копиясы, шетелдік кәсіпорындармен жасалған келісім шарттар, тамақтандыру орындары, қызмет көрсететін топтың шығыны, қызметкердің куәлігі, санитарлық-эпидемиялық анықтама кітапшасы және т.б.

2. Туристермен кездесу орнына алдын ала келу.

3. Кездесу кезінде өзін және таможня бақылауынан өту ережесін, ұшаққа отыру ережесімен  таныстыруы қажет.

4. Алдын ала туристерді топқа бөліп оларды топ басшысымен таныстыру.

5. Таможнядан өту кезінде декларацияны толтыруға көмектесу.

6. Таможнядан өткен соң барлық туристердің түгелдігін тексеру.

7. Аға борт жүргізушіге қызмет көрсету жоспарымен таныстыру, маршрутта сақтандыру ережелерімен таныстыру. Ұшу барысында болып жатқан жағдайларға ақпарат беріп тұру.

8. Топтардың қонақүйлерге жеткізілуіне және олардың толық мекен жайларын алуға, хабарласып тұруға міндетті.

9. Қызмет көрсететін фирма қызметкерімен бірге туристердің жүктерін уақытылы жеткізілуіне ат салысу.

10. Қызмет көрсететін елде туристердің тізімін мемлекеттік тіркеу жасауға құжаттарын өткізуге көмектесу.

11.Туристерге алдын ала кездесетін уақытты, тамақтану уақытын, экскурсияға шығатын уақытты айту.

12. Туристердің жүгін өлшеген кезде қасында болу.

13. Қайта ұшу кезінде туристердің барлығын тізім бойынша тексеру.

15. Ұшақтан түскен кезде туристердің жүгін өткізген мөлшерімен алуын қадағалау.

16. Қазақстанға жеткен кезде туристік кәсіпорынға хабар беру және есепті келісілген уақытқа жеткізу.

Туристік кәсіпорын әкімшілігі әуе саяхатын ұйымдастырған кезде барлық жауапкершілікті түсінуі қажет. Және келісім шарт бойынша жұмыс жасауды қадағалауды талап етеді.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Қазақстан Республикасында қанша әуе жайлар бар?
  2.  Әуе жолдарын қолданудың ерекшеліктері.
  3.  Қазақстан Республикасынан қандай шетелдерге ұшуға болады?
  4.  Қазақстан қанша елге халықаралық әуе транспорттық ұйымдарға мүше?
  5.  Әуе кәсіпорындары қандай қызмет көрсете алады?
  6.  Әуе саяхатын ұйымдастырушы маман нені білуі қажет?
  7.  Чартерлік авиациялық рейс дегеніміз не?
  8.  Чартерлік рейс басшысы қандай болуы және нені білуі қажет?

Дәріс  13.

№13.Тақырыбы: Туристерді теміржол транспортпен тасымалдау жүйесі.

1. Жолаушыларды теміржол транспорттарымен тасымалдау ережелері

2. Жолаушыларды қала сыртына қатынайтын пойыздармен

және халықаралық қатынастарда тасымалдау ережелері  

3. Қол жүгін, багажды және жүк багажын тасымалдау

4. Қол жүгін тасымалдау шетелдерде тасымалдау ережелері.

5. Теміржол саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру.

Қолданылғын әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 368 с.

2. Железнодорожный транспорт: Энциклопедия. – М., 1995.

3. Авчинкин Д.В. Международные перевозки: Правовые аспекты перемещения грузов и пассажиров. – Минск, 1999.

4. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

5. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

Жолаушыларды қала сыртына қатынайтын пойыздармен және халықаралық қатынастарда тасымалдау ережелері.  

     Жолаушыларды ҚР теміржолдарымен тасымалдау «Теміржол транспорты туралы Заңмен», «Жолаушыларды, жүктер мен жеке адамдарға арналған тұрмысқа қажетті жүк багаждарын федеральды теміржол транспорттарымен тасымалдау кезінде қызмет көрсету ережелері» және «Жолаушылар мен багаждарды Республикамыздың теміржолдарымен тасымалдау ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.

     Бұл құжаттарға сәйкес әрбір жолаушының өзінде жол жүру құжаты (билеті) болуы тиіс; оны сапар барысының бүкіл уақыты аралығында сақтауы және бақылау жасайтын адамның талабы бойынша (ұсынуы) көрсетуі тиіс (егер билет вагон жолсерігінде немесе ол топтық билет болса, ол топ басшысында болған жағдайды есептемегенде). Егер жолаушы билетсіз жүрсе, оған айыппұл салынады.

Әрбір жолаушы сапар кезінде бір орынды алуға құқылы. Жол жүру құжатын пайдалану кезінде бос орын болмаса, жолаушыға толық құны төленген қосымша орындар ұсынылуы мүмкін.

Егер билетті толтыру кезінде тасымалдаушының кінәсынан қате жіберілген болса (билет дұрыс толтырылмаса, билет бос орындарсыз берілсе, бір орынға екі билет сатылса және т.б.), онда мұндай жолаушыға оның келісуімен басқа вагоннан орын ұсынуы, оның ішінде қосымша ақы ұстамай неғұрлым жоғары категориялы вагоннан ұсыну керек. Егер жолаушының келісуімен оған бұрын сатып алынған бағасынан төмен орын ұсынылса, баға айырмасы қайтарылады. Жолаушыға бұл пойыздан орын ұсыну (беру) мүмкіндігі болмаған жағдайда тасымалдаушы оған басқа пойыздан соған сәйкес орын ұсынуы керек, мұндай кезде жол жүру құжаты қосымша ақы ұстамай, қайта толтырылады. Егер жолаушы ауыстырылып ұсынылған орыннан бас тартса, оған жол жүру құжатының ақысы толығымен қайтарылады.

Алысқа сапар шеккен кезде жолаушы 5 жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүруге құқылы, егер ол бала бөлек орын алмаса. Егер 5 жасқа дейінгі бала бөлек орын алатын болса, оған балалар билетін алу керек. Егер жолаушымен бірге 5 жасқа дейінгі бірнеше бала жүретін болса, біреуін тегін алып жүруге болады, ал қалғандарына балалар билетін алу керек. 5 жастан 10 жасқа дейінгі барлық балалар пойыздарда балалар тарифіне сәйкес тасымалданады. 10 жастан жоғары балалар ересектер тарифімен тасымалданады. Баланың жас шамасы тасымалдау басталатын күні анықталады. 10 жасқа дейінгі балаларды пойызбен алыс жолға ата-анасыз жібермейді (мектепке бару үшін темір жол транспортын пайдаланатын оқушыларды қоспағанда).

Қала сыртына қатынайтын пойызбен жүру кезінде жолаушы 5 жасқа дейінгі қанша бала болса да тегін алып жүре алады.

Халықаралық қатынастарда жеке орын талап етпейтін 4 жасқа дейінгі балалар, оларға жол жүру құжаттарын толтырмай-ақ тегін тасымалданады. 4 жастан 12 жасқа дейінгі және жеке орын талап ететін кіші жастағы балалар үшін ересек жолаушылар билеті құнының 50%-ы төленеді. 12 жастан жоғары балалар үшін ересектерге сияқты жол билеті талап етіледі. Бұдан басқа, 10 жастан асқан бала үшін ұйықтайтын немесе тақтай орынға плацкарт талап етіледі. Ұйықтайтын вагондарда тасымалдау кезінде бір ұйықтайтын орынды, егер олардың біреуі 10 жасқа толмаған болса, екі жолаушы қолдануы мүмкін.

Жолаушы өзімен бірге ұсақ заттардан басқа, көлемі мен салмағы сәйкес ережелермен анықталатын қол жүктерін де тегін алып жүруге құқылы. Қол жүгі деп жеңіл тасымалданатын, түріне және орам түріне байланыссыз заттар, яғни өзінің көлемі бойынша қол жүгін орналастыру үшін қарастырылған вагондардағы орындарға қиындықсыз орналастырылатын заттар есептелінеді. Қол жүгі жолаушының жауапкершілігімен тасымалданады.

Жолаушы жол жүру кезінде билетінің жарамдылығын 10 күнге дейін бір рет ұзартуға құқылы. Оның сапарды үзгісі келген жағдайдың маңызы жоқ. Бірақ мұндай жағдайда жолаушы өз құжатын вокзал немесе станция бастығына поездардың станцияға келуі сәтінен 4 сағат аралығында көрсетуі тиіс. Билетке станция бастығы (штемпель) мөр басады: «... станциясы, жарамдылық мерзімін ұзартқан аялдама ... , сағат ... , күні ... , айы ... , жылы ... , қолы ...». Аялдама мөрі бар жол жүру құжаты, егер қалған жарамдылық мерзімімен сол станцияға дейін жетуге болатын болса, сапарды белгіленген станцияға дейін толтырылуы мүмкін.

Үзілген сапарын, сол тоқтаған станциядан қалпына келтіргісі келген жолаушы билетке сол станциядан компостер салғызып алуы және плацкарт үшін қосымша ақша төлеу керек, себебі тоқтаған кезде сапар жолында ұйықтайтын орынға қосымша ақы төлеу (төленген ақша) жарамай қалады және ақша жолаушыға қайтарылмайды. Одан басқа, ұзаққа жүру кезінде тоқталғаннан кейін поезд немесе аз төленетін категориялы вагондарда алдын-ала төленген қосымша ақылар жолаушыға қайтарылмайды. Жылдамдық үшін төленетін қосымша ақы өзінің әсерін билетпен бірдей сақтайды. Жол жүру құжатының жарамдылық мерзімін ұзартып, жолда аялдама жасаған жолаушылардың өз сапарын енді үзуге құқысы жоқ.

Қала сыртына билет бойынша сапарды үзуге рұқсат етілмейді, егер бұл пойыз қозғалысының жағдайынан туындамаса.

Жолаушы сапар кезінде ауырып қалса, билетінің жарамдылық мерзімін ұзартуға құқылы. Мәжбүрліктен болған аялдаманы растайтын негіз – ауруды анықтаған емдеу мекемесінің құжаты болып табылады. Сауыққаннан соң жолаушының қалауы бойынша сапарын жалғастыруға құқылы. Мұндай жағдайда темір жол станциясының бастығы ескісін ұзартып беруге немесе жолаушыға тегін жаңа жол жүру құжатын (билетін) беруі тиіс және мұндай жолаушыны бірінші жүретін поездбен жөнелтуді қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жағдайда жолаушының қолында, жолаушы сапарды тоқтатқан станцияда жасалған аурудың нәтижесінде сапарды тоқтатқандығы туралы акт болуы тиіс. Егер жолаушы сауыққаннан кейін саяхатын жалғастырғысы келмесе, онда сол акт негізінде оған жүрмеген жолының құны қайтарылады (плацкарт құнын есептемегенде).

Келісілген поездар тасымалдаушының кінәсынан кешіккен кезде, басқа станциядан толтырылған жол жүру билеті өзінің жарамдылығын сақтайды және билетте көрсетілген белгіленген станцияға дейін жақын арадағы жүретін поездға қайта толтырылуы тиіс. Егер жолаушы келіскен поездың кешігуінің нәтижесінде сапардан бас тартса және пайдаланылмаған билетті қайтарса, жол жүру құны (ақысы) және барлық жинаулар оған толығымен қайтарылады.

Жолаушы билет сатып алынған поездан бұрын жүретін поездбен жүруге құқылы (бос орын болған кезде), бірақ бұрын жүретін поездға жол жүру билеттерін қайта толтыру, бұл поездың жүруіне 24 сағат қалған жағдайда ғана жүргізіледі. Мұндай жағдайда, егер жол жүру жағдайы жаңа пойызда комфорттыға (жайлы) ауыстырылса, онда жолаушы жол жүру құнының айырмасын төлеуі тиіс; егер жағдай комфорттыдан төменге ауыстырылса, жолаушыға жол жүру құнының айырмасы қайтарылады. Балалардың жол жүру билетін толық құнды (ересектер) билет етіп қайта толтыруға болады. Билеттерді қайта толтыру үшін белгілі бір ақша ұсталынады.

Әр түрлі түрдегі билеттерді қайта толтыру әр түрлі жүзеге асырылатынын атап өту керек. Жол жүру билеттерін «Экспресс» жүйесі бойынша қайта толтыру, ереже бойынша жаңа билетті берумен жүргізіледі. Билеттерді қолмен жазып қайта толтыру жаңа компостер салу жолымен және тасымалдау жағдайын жақсартқаны үшін әр түрлі жинауларға квитанция берумен немесе ескісін қайтару операциясынан кейін жаңа билетті беру жолымен жүзеге асырылады (бұл жаңа пойыздың вагоны қандай тасымалдаушыға тиісті екендігіне байланысты).

Егер жолаушы пойыз жүргеннен кейін жол жүру билетін жоғалтып алса (немесе соңғы шығарып салушыда қалып кетсе), ол билетсіз болып есептеледі және одан айыппұл және әр түрлі жинаулармен қоса билеттің толық құны алынады. Егер билет аяғында табылса, екінші төлемдер жолаушының тасымалдаушыға пайдаланылмаған билетпен берілген әр түрлі салықтардың квитанциясын ұсынып, жазбаша түрде жазылған өтініші бойынша қайтарылуы мүмкін.

Жолаушы бағасы қымбат тұратын категориядағы вагонға, егер онда бос орын болса өтуге құқылы. Мұндайда ол өзінің тілегі туралы пойыздың бастығына вагон жолсерігі арқылы хабарлауы тиіс. Неғұрлым комфортты жағдайға қосымша төлеу әр түрлі жинаулар квитанциясы бойынша толтырылады, ал оның көлемі жолаушының бұрынғы вагондағыға сәйкес категорияның жолаушы неғұрлым жоғары категориялы вагонға орын ауыстырған станциялар арасындағы қашықтыққа төленген айырмасы ретінде анықталады.

Егер жолаушы поездан қалып қойса, ол бұл жайлы станция бастығына хабарлауы тиіс. Егер поездан қалып қойған жолаушының вагонда заттары немесе билеті қалып қойса, станция бастығы пойыз бастығына жолаушының қалып кеткен заттарын алуға немесе билеттін поездардың жолдағы тұратын уақыты 10 минуттан кем емес станцияға беруі туралы жеделхат (телеграмма) жолдауы тиіс. Жеделхатты алған пойыз бастығы және сол зат қалып кеткен вагонның жолсерігі жолаушының қалған заттарын алу мен сақтауға іс-шараларын жасайды. Бұдан кейін заттар мен билет станцияға аттары аталып және орын саны немесе жол жүру билеті көрсетілген акт бойынша беріледі, содан кейін жолаушы қалып кеткен станцияға хабарласады. Мұндай хабарландыру негізінде жолаушыға, оның тұрған жерінен заттары қалып кеткен станцияға дейін орынсыз тегін билет (жалпы немесе плацкартты) беріледі.

Қалып кеткен жолаушыға қол жүгін немесе жол жүру билетін алғандығы туралы акт негізінде жол жүру билетінің жарамдылық мерзімі келесі поездға қайтадан жаңартылады. Қол жүгін немесе жол жүру билетін алғандығы туралы хабарға ақы ұстамайды.

Егер жолаушы поездға кешігіп қалса және бұл туралы билет алынған поезд жүріп кеткеннен кейінгі 3 сағат арасында хабарласа, станция бастығы жол билетінің жарамдылығын келесі пойызға жаңартып беруі тиіс. Мұндай жағдайда жолаушы плацкарттың құнын қосымша төлеуі тиіс. Сапардан бас тартқан жағдайда жолаушыға плацкартқа төленген төлемақысы қайтарылады.

Поездға ауырып қалу немесе бақытсыздық жағдайы салдарынан кешіккенде (растайтын сәйкес құжаттары болған жағдайда), поезд жүріп кеткеннен кейінгі 3 тәулік ішінде жолаушыға келесі пойызға плацкарт құнын қосымша төлетіп, жол билетін қайтадан жаңартуына рұқсат беріледі. Мұндайда мөр басылады: «Жол жүру билетінің жарамдылығы қалпына келтірілген ... , күні ... , айы ... , жылы ... , қолы ...»

Егер жолаушы жол билетінде көрсетілген өзінің белгіленген станциясынан өтіп кетсе, онда поезд бастығы, вагон жолсерігі және жолаушы қол қойған акт жасалады. Актіде жолаушының аты-жөні, жол жүру билетінің нөмірі, вагонның нөмірі, пойыздың жүру бағыты, жолаушыны факт жүзінде түсіру станциясы көрсетіледі. Бұл акт жолаушыға белгіленген станцияға дейін тегін оралуына құқық береді.

Жолаушы жолының кез келген жерінде (поезд тоқтай алатын) сапарын үзуге құқылы және пойыздың станцияға келуінен 4 сағат бұрын уақыт аралығында жүрмеген ара қашықтығы үшін жол жүру билеті құнын плацкарт құнымен есептеп қайтарып алуға құқылы.

Сапар кезінде вагонды техникалық бұзылуына (ақаулығына) байланысты ажыратқан кезде станция бастығы тасымалдаушымен бірлесе отырып, басқа вагонды тіркеуге және соған жолаушыларды ауыстыру шараларын жасауға міндетті. Егер тіркеме мүмкін болмаса, тасымалдаушы жолаушыларды неғұрлым жоғары категория болса да, бос орынға орналастыруы керек. Мұндайда жолаушылардан қосымша ақы ұсталмайды, төсек құралдары қайтадан тегін беріледі. Ол пойызға орналастырылмаған жолаушылардың билеттері қайта толтырылып, жақын уақытта жүретін поездбен жіберілуі тиіс.

Жолаушы егер сапардан бас тартқысы келсе, билетті кассаға кері өткізуге құқылы. Мұнда себептің еш мәні жоқ. Егер билет өткізілсе:

  •  пойыздың жүруіне 8 сағат қалғаннан кешікпесе, онда жолаушы билеттің толық құнын алады (билет құны және плацкарт құны);
  •  пойыздың жүруіне 8 сағаттан кем, бірақ 2 сағат бұрын үлгерсе, оған билет құны және плацкарт құнының 50%-ы қайтарылады;
  •  пойыздың жүруіне 2 сағаттан кем өткізсе, онда тек билеттің құнын ғана қайтарып алады, ал плацкарт құны төленбейді.

Егер кері қайтар жолға билет сатып алынған пункке қайтарылса:

  •    24 сағаттан кем емес уақытта, жолаушы жолақының толық құнын алады;
  •  пойыздың жүруіне аз тәулік қалған мерзімінде жолаушыға плацкартты алып тастағандағы құны қайтарылады.

Жол жүру билетін кері жөнелту пунктінде қайтарып бергенде жоғарыда айтылған тәртіп әсер етеді.

«Багаж» деген белгісі бар жол құжаты жолаушыға қайтарып бергеннен кейін қабылдануы мүмкін және бұл туралы жол билетіне белгі қою немесе жолаушының жүк багажы мен багаждар тарифі арасындағы айырманы әр түрлі жинаулар квитанциясы бойынша қосымша төлегеннен кейін қабылдануы мүмкін. Мұндайда багаж кассирі «багаж» деген белгіні сызып тастайды және жол билетіне ұстаған сомасы көрсетілген әр түрлі жинаулар квитанциясының (түбіртегінің) нөмірін көшіріп жазады.

Пайдаланылмаған жол билеттері бойынша ақшаны қайтару жолаушының сол адам екендігін растайтын құжатын көрсетумен жүргізіледі және белгіленген форма бойынша қолхатпен. Жол билеттерін қайтару кезінде жолаушыдан ереже бойынша белгіленген комиссиялық жинау-төлемдерді қайтаруды безендіру бойынша операция үшін ұсталынады.

Пойыздың алыс жолға жүруінің кідірген жағдайында немесе оның белгіленген теміржол станциясына кешіккен жағдайда жолаушы 45 күн ішінде тасымалдаушының адресіне «Ресей Федерациясының теміржол транспортының Ережесінде» қарастырылған айыппұл төлеу туралы арыз-шағымын беруге құқылы. Осы мақалаға сәйкес тасымалдаушы жолаушыға әрбір кідірген сағаты үшін жол жүру ақысының 3%-ы көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, яғни егер поездың кідіруі немесе кешігуі қарсы тұра алмайтын күштердің, жағдайлардың салдарынан, адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін транспорт құралдарының ақауларын жою мақсатында болған жағдайлардың, тасымалдаушының кінәсынан емес немесе тасымалдаушыға тәуелді емес жағдайлардың салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, айыппұл төлеуге тиіс. Бірақ, мынаны есте сақтау керек: поезд бір сағаттан аз уақыт кідірсе немесе кешіксе есепке алынбайды.

Жолаушылар қоғамдық тәртіпті, жолаушылар вагоны мен вокзал ғимаратын дұрыс пайдалану ережелерін сақтауы және теміржол транспорты мекемелерінің мүлкіне ұқыптылықпен қарауы тиіс.

Егер жолаушы поездға отырғызу кезінде немесе сапар кезінде мас күйінде болса; қоғамдық тәртіпті және жол жүру ережесін бұзса; спирттік ішімдіктер ішіп және басқа жолаушылардың мазасын алса, тасымалдаушы оны тасымалдаудан бас тартуға немесе жолаушыны поездан түсіріп кетуге құқылы. Мұндай жағдайда жолаушыны отырғызудан немесе поездан түсіріп кетуді вагон жолсерігі немесе теміржол транспортының басқа қызметкері, немесе бағынбай қойса, полиция қызметкерлері атқарады. Мұндай адамның жол жүру билетіне поезд бастығы «жол жүру сапары Қызмет көрсету ережелерінің 27 “а” пункті бойынша тоқтатылды» деген белгі соғып береді, ал жолақысы және багажды тасымалдағаны үшін төленген ақша қайтарылмайды.

Егер жолаушы ауырып, жан-жағындағылардың мазасын алса және мұндайда оны бөлек орналастыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, тасымалдаушы оны пойыздан түсіріп кетуге құқылы. Бұл жағдайда жолаушыны дәрігерлік-медициналық қызметкердің қатысуымен және соған сәйкес емдік-медициналық мекемесі бар станцияда түсіріп кетеді. Мұндай жағдайда жолаушыға жүрмеген жолының ақшасы (плацкартты алып тастағанда) қайтарылады немесе аялдағаны және билеттің жарамдылық мерзімінің ұзартылғаны туралы белгі соғылады. Егер ауруға медперсонал жұқпалы ауру немесе тамақтан қатты уланған деген диагноз қоятын болса, жолсерік аурумен байланыстағы жолаушылардың мәліметтерін жазып алуы тиіс.

Алысқа жүретін пойыздардың жолаушылар вагонында темекі шегуге вагон тамбурының бу жіберетін қазандығынан басқа жағында рұқсат етіледі. Қала сыртына қатынайтын пойыз вагондарында темекі шегуге (тамбурда да) тыйым салынады. Олай болмаған жағдайда айыппұл салынады.

Егер теміржолдың кесірінен жолаушы бақытсыздық жағдайға ұшыраса, ол сақтандыру төлемін алуға құқылы, билет құны сақтандыру тарифіне кіреді. Теміржол транспортындағы бақытсыздық жағдай нәтижесінде жарақат алған кезде жолаушыға жарақат ауыртпалығының деңгейіне сәйкес сақтандыру сомасының бөлігі төленеді. Жолаушы қайтыс болған жағдайда, сақтандыру сомасы қайтыс болған адамның туысқандарына толығымен төленеді. Жолаушыға немесе оның мұрагерлеріне сақтандыру сомасы, сақтандырушыдан бақытсыздық жағдай туралы акті алынғаннан кейін 10 күннен кешікпей төленуі тиіс.

Кейбір жағдайларда ауру жолаушыларды тасымалдау қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда оқшаулануды талап ететін ауруларды тасымалдау, оны қасында алып жүретін адам қатысуымен оқшауланған купеде жүргізіледі. Купеде келе жатқан адамдардың санына қатыссыз, ондағы барлық орындарға толық ақша төленуі тиіс. Мұндай ауруларды жіберіп отырған мекеме немесе адамдар күні бұрын, бірақ 5 күннен кем емес, жеке купе дайындауға тапсырыс беруі тиіс. Тапсырысқа тасымалдау жағдайын көрсеткен дәрігердің талабы бекітілуі тиіс. Егер ауру жолаушылардың тобын алып жүру керек болса, жеке санитарлық вагондарда, мұндай тасымалдау жалпы негізде аренда төлеу жағдайында жүзеге асырылады.

Қол жүгін тасымалдау ережелері.

Теміржол транспортымен Ресей Федерациясының және басқа мемлекеттердің азаматтарына қол жүгі ретінде жеке затын, багажы мен жүк багаждарын тасымалдауға құқық беріледі.

Қол жүктеріне жеңіл тасымалданатын, поезд вагондарында жолаушылармен бірге сол үшін арнайы бөлінген жерлерде – рундукте (төменгі сөренің астында орналасқан үлкен жәшік, сандық), үшінші сөреде, алыс жолға баратын поездарда есік астындағы қуыстарда және қала сыртына қатынайтын поездарда арнайы сөрелерде орналасатын заттар жатады. Мұндайда рундуктарды төменгі сөредегі орынды иемденген жолаушылар пайдалануға құқылы. Қол жүгін коридорда, тамбурларда, өтетін жерлер мен жолаушыға арналған орындарда тасымалдауға тыйым салынады.

Қазіргі уақытта алыс жолға тегін тасымалданатын қол жүгінің салмағы билет түріне (балалар, ересектер немесе жеңілдік) байланыссыз, бір жол жүру билетіне 36 кг-нан аспауы тиіс. СВ вагондарында (2 адамдық купе) бір жол жүру билетіне тегін 50 кг қол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі. Алысқа жүретін поездардағы қол жүгін тасымалдау ережесінің есебіне өзімен бірге балалар коляскасын, жиналған түрдегі байдаркаларды, яғни өз көлемі бойынша қол жүгіне арналған орындарда орналастырылуы мүмкін болатын заттарды алып жүруге рұқсат етіледі.

Алысқа жүретін поездарға жүру кезінде белгіленген ережелерден басқа қосымша ақы төлеп, қол жүгін алып жүруге болады. Мұндай жағдайда салмағы 14 кг-ға дейінгі қол жүгіне багаж тарифы бойынша (10 кг жүкке сияқты) жолаушыға «қол багажы» түбіртегін берумен төленеді. Қол жүгінің салмағынан артық, салмағы 50 кг-ға дейінгі қол жүктерін 2 орындық купесі (СВ) бар және 4 орынды купесі бар вагондарда тасымалдауға рұқсат етіледі және толық құны төленген қосымша жол құжаты (билеті) толтырылады. Егер қосымша жүктің салмағы 150 кг-ды құраса, онда мұндай жағдайда оны 4 орынға да билет құнын төлеген жеке купеде тасымалдауға рұқсат етіледі.

Үш өлшем сомасы бойынша қол жүгінің көлемі 180 см-ден аспауы тиіс. Қосымша ақы төлеп, қол жүгі ретінде электронды, тұрмыстық, бейне және аудио-техникаларды, яғни бір билетке бір заттан артық емес, тасымалдауға рұқсат етіледі (оның ішінде қала сыртына қатынайтын поездарда). Мұндайда заттардың салмағына байланыссыз оларға төлеу салмағы 30 кг багаж тарифы бойынша жүргізіледі және жолаушыға «қол багажы» түбіртегін берумен толтырылады. Егер жолаушы сол техниканы тасымалдау үшін қосымша орын «сатып алғысы» келсе, мұндай жағдайда багаж тарифы бойынша қосымша ақы ұстамайды.

Қол жүгінің бүтіндігі мен сақталуын қамтамасыз ету жолаушының міндеті болып табылады.

Қол жүгі ретінде басқа адамдардың заттарын және вагон ішін ластауға немесе зиян келтіруге қабілетті, сол сияқты сасыған, от қауіпті, уландыратын, жеңіл тұтанатын және т.б. қауіпті заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді. Дәрімен атылатын қаруды тек қол жүгі ретінде тасымалдауға рұқсат етіледі, мұндайда ол оғы алынып, патрондардан бөлек күйінде орналасуы тиіс.

Артық қол жүктерін жолаушы поезд құрамына енгізілген қозғалмалы сақтау камераларында алып жүре алады. Мұндайда қол жүгін тасымалдаудың әрбір орны үшін белгіленген мөлшерде жинау ұсталынады. Жылжымалы сақтау камераларында тасымалданатын қол жүгінің жоғалуы, жетпеуі, бүлінуіне багажға қатысты белгіленген тәртіпте тасымалдаушы жауап береді.

Белгіленген нормадан артық, тиісті ақы төленбеген қол жүгін алып жүруге айыппұл салынады. Айыппұл төлегеннен кейін жолаушы артық қол жүгін тасымалдау құнын бүкіл жолға багаж тарифы бойынша төлеуі тиіс. Бақылаушы жолаушының салмағы нормадан артық қол жүгін байқаған кезде, оған жол берген, яғни қол жүгі нормадан артық жолаушыны вагонға мінгізгені үшін вагон жолсерігінің атына акт жазылады. Акт жолсеріктің жұмыс орнына жіберіледі.

Айыппұл, сол сияқты, тасымалдауға тыйым салынған қол жүгі мен заттарын байқағанда да салынады. Тасымалдауға тыйым салынған заттар мен азық-түліктерді тасымалдаған жолаушылар поездан түсіріледі. Жекелеген жағдайларда (егер қасындағы адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе) жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қала маңына қатынайтын поездарда жолаушы салмағы 36 кг-нан аспайтын қол жүгін және қосымша төленген және арнайы белгіленген ставка бойынша жүзеге асырылатын, толтырылған билет бойынша 50 кг-нан аспайтын қол жүгін тасымалдауға құқылы. Қала маңына қатынайтын поездарда қол жүгін тасымалдау тегін тасымалдау нормасының есебінен балалар коляскасын, өсімдіктерді, көшеттерді және т.б. бастары мен тамырлары оралған, биіктігі 180 см-ден аспайтын отырғызу материалдарын тасымалдауға рұқсат етіледі. Қала маңына қатынайтын поездардың тамбурында белгіленген төлемдер бойынша бөлшектенбеген күйінде 1 ғана велосипедті алып жүруге рұқсат етіледі.

Багажды және жүк багажын тасымалдау ережелері:

«Теміржол транспорты заңына» сәйкес, жолаушы жол құжатын көрсеткенде, тасымалдаушы багажды тасымалдауға қабылдауы және оны ең жақын арада жүретін поездбен белгіленген станцияға дейін жіберуге міндетті. Багаж деп жолаушының жеке өзіне тиісті, оған сапары аяқталуы бойынша қажетті және багаж вагоны немесе пошталық-багаж поезды бар поездға тасымалдауға төлем багаж тарифы бойынша жүзеге асырылады.

Тасымалдаушыға тасымалдауға қабылданған багаждың сақталуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Мұндайды тасымалдаушы қабылданған багажға оны тасымалдау үшін қабылдап алған сәтінен бастап, багажды алушыға бергенге дейін жауап береді.

Бір жол билетіне салмағы 200 кг-ға дейінгі багажды тасымалдауға қабылдауды рұқсат етіледі. Багаждың бір орнының салмағы 10 кг-нан аз болмауы және 75 кг-нан аспауы тиіс. Салмағы 75 кг-нан асатын бөлінуге келмейтін (бірақ 165 кг-нан аспайтын) заттар бір зат ретінде бір жол билетіне қабылдануы мүмкін.

Багаж тасымалдануға поезд жүретін станциядан, сол сияқты сапар жолдағы кез келген аралық станциялардан да берілуі мүмкін. Багажды теміржол станциясының жолаушы жүретін соңғы станцияларда ғана емес, сонымен бірге жүріс жолында орналасқан кез келген басқа станцияда белгілей алады. Сонымен бірге багаж жолаушының өзінің сатып алынған жол құжатына сәйкес жүру пунктінен алыс жерге жіберілмейді.

Тасымалданатын багаж жолаушыдан немесе станцияның багаж бөлімі арқылы немесе багаж вагонына тікелей багажын қабылдап өткізуші арқылы қабылданады. Бірінші жағдайда жолаушыға багажды тасымалдауға қабылданғанын бекітетін багаж түбіртегі беріледі. Онда жол құжатының нөмірі, багаж салмағы, оны тасымалдауға төленген сома және жолаушының қалауы бойынша багаждың келгені туралы хабарлама жіберілетін пошта адресі көрсетіледі.

Екінші жағдайда жолаушыдан тікелей багаж вагонына багажды қабылдау жолаушыға белгіленген формадағы (жазба қағаз) жарлық берумен расталады. Белгіленген теміржол станциясында багаждар станциясының багаж бөлімінен барлық тиісті төлемдерді багаж кассасынан жазба қағазға айырбастап алғаннан кейін ғана беріледі. Құқықтық қатынастарда жазба қағаз мәні багаж түбіртегінің мәніне сәйкес келеді. Одан басқа бөлінбейтін заттар (балалар немесе мүгедектер коляскалары, велосипедтер және т.б.), сол сияқты тасымалдауға поезда жүріп тұратын багаж вагонының қабылдап-өткізушісінен тікелей қабылдануы мүмкін. Мұндай заттарды тасымалдауға қабылдау билет немесе багаж кассасына алдын-ала төлегеннен кейін жүргізіледі, салмағы 20 кг-нан асса (әрбір заттың ара қашықтығын және белгіленген салмағын есептемегенде) багаж тарифы бойынша іс жүзіндегі салмағы бойынша жүргізіледі. Белгілеу станциясында мұндай багаж жолаушыларға багаж вагонынан тікелей беріледі.

Жолаушы өз жүгін күні бұрын (алдын-ала) өткізе алады. Багажды алдын-ала қабылдаған кезде (багаж жіберілетін поездың жүруінен 2 күнтізбелік тәуліктен көп уақыт бұрын) белгілі бір ақша ұсталынады.

Багаж жол жүру билетін немесе жазба қағазды және багаж түбіртегін көрсеткен кез келген адамға беріледі. Егер жолаушының билеті жоқ болса, багаж тек жүкбагажы мен багажды тасымалдау құнының арасындағы анықталған айырма ретіндегі қосымша төлемді төлегеннен кейін барып түбіртек ұсынған жолаушыға беріледі. Егер түбіртек немесе жазба қағаз жоғалып қалса, жолаушы өтініш жазуы тиіс (барлық заттардың белгісін көрсетіп, атап), осы өтініштің негізінде теміржол станциясы багажды бере алады.

Жолаушының қалауы бойынша багаж (станцияда транспорт құралы болған кезде), қосымша қызмет көрсетулерге ақы төлеп, үйге жеткізілуі мүмкін.

Жүк багажын тасымалдау. Жүк багажы – бұл жолаушылар және пошталық-багаж поездармен азаматтардың жазбаша өтініші бойынша тасымалданатын, теміржол билетін көрсетпей, заттар немесе басқа материалдық құндылықтар. Тасымалдау келісім-шартын растайтын құжат ретінде клиентке жүк багаж түбіртегі беріледі.

Жекелеген азаматтардан және мекемелерден қабылданған жүк багаждарына ақы төлеу жүк багаждары тарифы бойынша жүргізіледі. Мекемелерден қабылданған жүк багаждарды жөнелту станция бастығының рұқсаты болғанда қабылданады.

Жекелеген адамдардың адресіне келген жүк багаждарын алушыға белгіленген тәртіппен толтырылған оның сенімхаты бойынша, басқа адамға жеке куәлігін немесе соны растайтын құжатын, артына қолхатпен қоса, жеке құжаттың мәліметтері мен тұратын жері көрсетілген жол жүк багажының ведомостісін көрсеткенде беріледі. Заңды тұлғалардың адресіне келген жүк багажы сол заңды тұлғаларға жетекшісі немесе бухгалтері қол қойған және мөр басылған сенімхат бойынша беріледі.

Жүк багажы тасымалдануға оралған және оралмаған күйінде де қабылданады (егер орамы болмаса, оның сақталуына әсер етпейді).

Багаж және жүк багажының орамы олардың тасымалдаудың барлық уақытындағы сақталуын, сол сияқты басқа жолаушылардың багажына зиян келтіруден сақтауын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндайда әрбір орын багажды тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде алып жүруге (тасымалдауға) мүмкіндік беретін құрылғысы немесе аспабы (құралы) болуы тиіс.

Егер багаж (жүк багажы) дұрыс оралмаса, онда бұл оны тасымалдаудан бас тартудың себебі болуы мүмкін.

Жолаушылар тасымалдауға багажды ұсына алады, ал жіберушілер комиссиялық жинау ұсталатыны хабарланған жүк багажын ұсына алады. Егер теміржол станциясы қызметкерінің жолаушысы немесе жіберушінің өз багажы немесе жүк багажын бағалауының дұрыстығына күмәні туындаса, ол жүк багажын немесе багажды тексеру үшін орамын ашуды талап етуге құқылы. Олардың құны сатушының есебінде көрсетілген немесе келісім-шартта қарастырылған бағаны есептемегенде анықталады, салыстырмалы жағдайларда әдетте ұқсас тауарға ақша ұсталады. Егер жолаушының багажы құны көрсетілмеген күйде қабылданса, багаж квитанциясындағы «құнын жариялау» графасында жолаушының өзі қол қойған «заттың құнын жариялаудан бас тартамын» деген белгі (сөз) болуы тиіс. Тамақ өнімдері багаж және жүк багажымен құны көрсетілмей және жолаушыларды багаж және жүк багажын тасымалдау ережелерінде қарастырылған тәртіпте жіберушінің жауапкершілігімен тасымалданады.

Багаж немесе жүк багаж ретінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер бар. Мұндай заттарға мыналар жатады: оқ-дәрімен атылатын қару; жарылғыш заттар, улы, сасық заттар; наркотикалық, психотропты, жұқпалы, от қауіпті, оңай тұтанатын, өздігінен тұтанатын және адамдарға, тасымалдаушыларға және теміржолға т.б. белгілі бір зиян келтіретін заттар жатады.

Өткізілген багаж немесе жүк багаждардан мұндай заттар мен нәрселер табылса, бұл зат қоршаған ортаға зиян келтірген келтірмегеніне қатыссыз, жолаушыға 10 есе көлемде айыппұл салынады. Егер кері әсері, зардабы болса, онда бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Багаж және жүк багажымен ақша сомалары, облигациялар және басқа құндылықтар, сол сияқты сынатын және нәзік заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Тасымалдаушы багажды немесе жүк багажды белгіленген пункке белгілі бір мерзімде жеткізуі тиіс. Бұл багажды алудың кідірісі жолаушыға бірнеше ыңғайсыздық қатарын алып келуімен байланысты, яғни жолаушы багажын күтуі қажет, уақытылы оны пайдалана алмай қалады. Мұнымен багажды жеткізу мерзімі мен уақыты келісім-шартты орындаудың барлық мерзімінің құрамына кіреді.

Багаждың немесе жүк багаждың жіберілу уақыты жіберетін станцияның тасымалдау құжаттарында көрсетіледі, ал келу уақытын – белгілеу станциясы көрсетеді.

Егер багаж немесе жүк багаж белгіленген уақытта белгіленген станцияға келмесе, соңғысы багаж немесе жүк багажының квитанциясының артқы бетіне келмегені туралы белгі соғылуы керек. Мұндайда станция жолаушыдан өзінің адресі мен багаждың келгені туралы хабарлау тәсілін көрсеткен өтініш алады, ал станцияның өзі белгіленген тәртіппен келмеген багажды немесе жүк багажды іздеуді бастайды.

Багажды немесе жүк багажды жеткізудегі кешіккені үшін тасымалдаушы багажды алушыға багажды тасымалдау құнының 3%-ы көлемінде, әрбір кешіккен тәулік үшін өсімін төлейді (жарты күндер де толық күн деп есептеледі), бірақ багажды тасымалдау ақысының көлемінен көп емес. Багажды немесе жүк багажды жеткізудегі кешігу багаж келуі тиіс тәуліктің 24-ші сағатынан бастап саналады. Багажды немесе жүк багажды жеткізудегі кешіккені үшін төленетін айыппұлды жолаушының талабы бойынша теміржол транспорты қызметкері жасаған акт негізінде жүргізіледі. Бірақ, тасымалдаушыны багаждың кешіккені үшін өсім төлеуден босататын жағдайлар да бар, – бұл қарсы тұра алмайтын күштер (стихиялық бақытсыздық жағдайлар, жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні және т.б.), әскери іс-қимылдар (ұрыс, соғыс қимылдары), қамау, эпидемиялар және т.б.

Багаж немесе жүк багаж, егер белгіленген станцияға жеткізілу мерзімі аяқталғаннан кейінгі 30 тәулік ішінде келмесе, жоғалған деп есептеледі (заңды тұлғалар үшін бұл мерзім жүк багажына қатысы бойынша 10 күнді құрайды). Мұндайда ол шынымен жоғалды ма (ұрланды ма, жойылды ма, қолды болды ма) немесе жүріс жолдарында кідіріп қалды ма, еш мәні жоқ.

Жолаушының багажының немесе жүк багажының кешіккені туралы арызынан кейін, жолаушы жоғалған затының шығынын төлеуді (орнын толтыруды) талап етуге құқылы. Тасымалдаушы олардың құнын төлеуге міндетті (егер ол форс-мажорлы жағдайлармен байланысты болмаса). Багажды немесе жүк багажды тасымалдауда тигізген шығынның орнын толтыру мынадай жағдайларда жүргізіледі: багаж немесе жүк багаж жоғалғанда немесе жетіспегенде – жоғалған немесе жетіспеген заттардың құны көлемінде; багажға немесе жүк багажға зақым келгенде, бүлінгенде – олардың құны түскен сома көлемінде; құны көрсетілген багажды немесе жүк багажын жоғалтқанда – көрсетілген құны көлемінде төленеді. Егер багажға немесе жүк багажға оның құны мен бағасы құжат жүзінде расталмаса (көрсетілмесе), онда шығынның орнын толтыру әрбір жетпеген кг үшін РФ МПС белгілегенімен жүргізіледі. Одан басқа, тасымалдаушы алушыға багажды немесе жүк багажды тасымалдауға төлеген төлем ақысын қайтарады.

Егер багаж немесе жүк багаж 30 күннен соң келсе, алушы өз багажын немесе жүк багажын ала алады, бірақ мұндайда ол тасымалдаушыға жоғалған багаж немесе жүк багаж үшін бұрын төленген ақшасын қайтаруы тиіс. Егер алушы келген заттарын алудан бас тартса, онда алушыға багаждың немесе жүк багаждың келгені туралы хабардан кейінгі 4 тәуліктен соң, теміржол станциясы багажды немесе жүк багажды пайдалануға құқылы (бірақ бұл үшін дау-жанжал туындамас үшін, алушының келген багаждан немесе жүк багаждан бас тартқаны туралы жазбаша құжаты қажет).

Станцияда келген багаж немесе жүк багажы 1 тәулік бойы сақтала алады (24 сағат келген күнін есептегенде). Сақтау мерзімінен өтіп кеткен багажға немесе жүк багажға төлеу әрбір тәулік үшін белгіленген түрде жүргізіледі.

Багаж немесе жүк багаждың станцияға келгендігі туралы (жазбаша түрде) құлақтандырылған сәттен бастап, 30 күн ішінде багажды немесе жүк багажды алушы ізденіп, багажын алмаса, ол багаж соған сай тәртіппен пайдалануға беріледі. Заңды тұлғалар (мекемелер) үшін бұл мерзім 10 күнді құрайды.

Жан-жануарларды тасымалдау ережелері:

Жолаушылар ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды қол жүгінің белгіленген нормасынан тыс (СВ және комфорттылығы жоғары вагондарды есептемегенде) жолаушылар вагондарда өзімен бірге алып жүре алады. Кез келген жағдайда жан-жануарларды тасымалдау үшін формаға сәйкес мал дәрігерлік куәлікті (анықтаманы) көрсетуі тиіс.

Егер жан-жануарларды өзімен бірге алып жүрсе (тасымалдаса), ол жәшікке, кәрзеңкеге, клеткаға орналастырылуы мүмкін және қол жүгін орналастыратын жерлерге еркін жіберіледі. Иттер, егер тараға орналастырылмаса, тұмылдырығының болуы, шынжырлануы немесе тізгінде болуы тиіс. Ұсақ жан-жануарларды тасымалдауға ақы төлеу – алыс жолға баратын поездға бір орынға 20 кг есебімен есептеледі, ал 20 кг-нан асатын болса, көбіне факт жүзіндегі салмақ ретінде жүргізіледі. Үй жануарларына ақы төлемей тасымалданса, оларға айыппұл салынады. Айыппұл төлегеннен кейін жолаушы жануарды тасымалдауға ақы төлеуге міндетті.

Алыс жолға баратын поездарда ірі иттер (оның ішінде қызметтік) бірінші локомотив вагонынан кейінгі жұмыс істемейтін тамбурда тасымалданады, немесе оларды иесі не алып жүруші купелік вагондарда да (комфорттылығы жоғары вагондарды есептемегенде) бақылап отыруына болады, купедегі барлық орындардың толық құны төленеді. Соңғы жағдайда жануар үшін қосымша ақы ұстамайды.

Қала маңында жүретін поездарда жануарлар ара қашықтыққа байланысты белгіленген ставкалар бойынша қала сыртындағы кассаларда сатылған билетпен тасымалданады.

Қала маңына қатынайтын поездарда үй жануарлары мен құстарды тасымалдау үшін ставка тарифтерінің көлемін тасымалдаушылар белгілейді. Ірі иттер қала сыртына қатынайтын поездардың тамбурында иесінің не алып жүрушінің бақылауымен тасымалдануы тиіс.

Соқыр жолаушылар иттерді өздерімен бірге барлық категориялы вагондарда тегін алып жүреді. Жабайы жануарларды қол жүгі ретінде тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Жолаушылар поездарының багаж вагондарында үй жануарлары мен құстарды тасымалдау вагонда орналасқан багаж немесе жүк багажын бүлдірмейтініне кепілдік беретін арнайы контейнерлер немесе поддондары бар жәшіктерде жүргізіледі. Мұндайда тасымалдау процесінде жануарларды күту мен тамақтандыру иесі не алып жүрушінің міндетіне жатады.

Багаж вагондарында өтпелі кезеңде араларды сыртқы ауаның температурасы 100С-тан аспағанда, тасымалдауға рұқсат етіледі. Жабайы жануарларды багажбен тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Барлық жануарларды тасымалдауға поездардың жүруіне кем дегенде 1 сағат қалғанда қабылданады. Жануарларды багажбен тасымалдауға багаж квитанциясы беріледі, онда «Торда ит бар», «Торда құс бар» деген белгі қойылады және т.б. тараларымен қоса салмағы және тасымалданатын құстар мен жануарлардың жалпы салмағы көрсетіледі.

Жануарларды белгіленген станцияда жолаушылар поезд келген уақытта тез алуы керек, бірақ поезд келген сәтінен бастап 12 сағаттан кешікпеуі тиіс. Бұл уақыттан кейін олар акт бойынша сауда мекемелеріне тиісті болады. Жануарларды тасымалдаған түбіртек жоғалып қалған жағдайда, жолаушы жануарларды тек жіберілген жерден дәлелдемелерді көрсеткенде ғана ала алады, яғни бұл дәлелдемелерде оның аты-жөні және тұрғылықты жері жазылуы тиіс.

Қол жүгі мен багажды шетелде тасымалдау ерекшеліктері:

Халықаралық байланыстарда қол жүгін, багаж немесе жүк багажын тасымалдаудың бірнеше ерекшеліктерін білу керек. Вагондарда тегін тасымалданатын қол жүгінің жалпы салмағы ересек жолаушылар үшін 35 кг-нан және 12 жасқа дейінгі балалар үшін 15 кг-нан аспауы тиіс. Қол жүгінің әрбір орны мұндай жағдайда 100×40×60 см-ден аспауы тиіс.

Багаж ретінде тасымалдауға жолаушыға сапар кезінде қажетті заттар және чемодандарда, сумкаларда, жол қапшықтарда немесе басқа орамдағы заттар жіберіледі, бір багаж орнының салмағы 25 кг-нан аспауы және көлемі 100×60×30 см-ден аспауы тиіс. Мұндайда бір жолаушыға орын үшеуден артық болмауы тиіс. Бельгия, Босния-Герцеговина, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Греция, Ұлыбритания, Италия, Югославия, Хорватия, Македония, Нидерланды, Норвегия, Румыния, Швеция, Словения, Испания, Турция және Венгриямен байланыстарда багажды тасымалдауға және транзиттеуге рұқсат етілмейді.

Иттерді немесе ұсақ үй жануарларын және құстарды өзімен бірге алып жүруге, егер олар сәйкес тасымалдау құралдарында (клетка, жәшік, кәрзеңке және т.б.) орналастырылса және көрші жолаушыға өзінің иісімен немесе шуылымен кедергі келтірмесе және жолаушылардың ішінен ешкім оған қарсы болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Иттерді тасымалдау үшін, егер тарифтегі толтырулар мен ұсыныстарда оған басқа ештеңе қарастырылмаса, 2-ші класты жол жүру құнының әдеттегіден жарты бағасы төленеді. Бірақ Норвегия, Швеция, Финляндия, Ұлыбритания және Испаниямен байланыстарда (ұйықтайтын вагондарда жүруді қоспағанда), сол сияқты Босния-Герцеговина, Югославия, Хорватия, Македония және Словениямен немесе осы елдер арқылы транзитпен өзімен бірге ит алып жүруге рұқсат етілмейді. Германиямен байланыстарда поездардың жүру кестелерінде ит алып жүруге болмайды деген белгі соғылған поездарда ит алып жүруге болмайды, сол сияқты өзімен бірге агрессивтік тұқымды (қабаған) және қауіпті иттерді (жауынгер иттерін) алып жүруге тыйым салынады.

Иттерді иелерімен бірге ұйықтайтын, плацкарт вагондарда купедегі барлық орынға жол жүру сомасы төленген (билет алынған) купелерде алып жүруге болады. Иттің иесі сапар кезінде оны бақылап отыруы керек. Ол жануарларды тасымалдау кезінде мүмкін болатын шығынға жауап береді.

Жануарларды багаж ретінде халықаралық байланыстарда тасымалдауға тыйым салынады.

Жолаушылардың багажы мен жүк багаждарын тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының жауапкершілігі:

Егер жолаушының багажын тасымалдау кезінде кемшіліктер байқалса, жолаушы коммерциялық акт құруға тиіс. Коммерциялық акт багаждардың немесе жүк багаждардың жай күйіндегі ақаулардың бар екендігін байқағанда, оларды алуда кідіріс болғанда немесе жоғалған жағдайда жасалады. Онда заттардың сақталмағандығы жайлы дәл және нақты жазылады. Коммерциялық акт үш дана етіп жасалады, онда ешқандай түзетулердің болмауы және таза болуы тиіс. Ол тасымалдаушыға арыз-шағым түсіргенде көрсететін негізгі құжат болып табылады.

Коммерциялық актіге жолаушы немесе алушы қол қояды, егер ол тасымалданған затты тексеруге қатысқан болса және тасымалдаушы қатысады. Егер тасымалдаушы коммерциялық акт жасаудан бас тартса, алушы оған жазбаша түрде 3 тәулік ішінде арыз беруге құқылы.

Жолаушыны немесе багажды тасымалдау кезіндегі ережені бұзу жағдайларында (поездардың жүруінің кідірісі немесе поездардың кешігуі, жоғалту, жетіспеушілік, багаждың бүлінуі, багажды кешігіп жеткізу) жолаушы алдымен тасымалдаушыға арыз-шағым беруге немесе сотқа шағымдануға құқылы. Тасымалдаушы атына арыз түсіргенде, арыздар 6 ай ішінде берілуі мүмкін, айыппұл мен өсімді есептемегенде, арыз беру мерзімі 45 күнді құрайды. Арызға сәйкес құжаттар, оның ішінде коммерциялық актілер ұсынылуы тиіс.

Тасымалдаушы берілген арызды қарауы керек және арыз берушіге оның нәтижесін 30 күн ішінде (арызды алған күннен бастап) жазбаша түрде хабарлауы керек. Егер тасымалдаушы арызға мойынсұнса, онда «РФ теміржол транспорты Ережесіне» сәйкес негіз көрсетілуі тиіс.

Егер арыз беруші тасымалдаушының шешімімен келіспесе, сол сияқты 30 күн ішінде жауап ала алмаса, ол тасымалдаушыны сотқа шағым бере алады. Талап беру мерзімі арыз берген күннен бастап – 1 жыл.

Тасымалдаушылардың жолаушыға, багаж жіберушіге, багаж алушыға, басқа мекемеге (оның ішінде туристік фирмаға) жолаушыларды тасымалдаумен, багаждарды, жүк багаждарды тасымалдау кезде пайда болған талаптар берулер болуы мүмкін екендігін әрқашан есте сақтау керек. Мысалы, арыз тыйым салынған багаждарды, заттарды тасымалдау кезінде берілуі мүмкін; тасымалдаушылардың мүлкіне материалдық шығын келтіргенде; тасымалдауға тапсырыс бермегенде және т.б. кезде берілуі мүмкін.

Теміржол саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру:

Теміржолдық тур – теміржол транспорт көмегімен туристердің ұйымдасқан саяхаты.

Теміржол транспорты бір мемлекеттің бірнеше аймақтарын, сонымен қатар жеке мемлекеттерді байланыстыруда маңызды рольді атқарады. Кез келген мемлекеттің экономикасының қалыпты және үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Және де ол – туристердің саяхатындағы негізгі қолданатын транспорттарының бірі болып табылады.

Транспорттық қызмет көрсету сферасында теміржолмен тасымалдаудың басқа тасымалдаулардан тартымдырақ бірнеше ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады:

1. теміржол транспортының үлкен тасымалдау мүмкіндігі;

2. алыс ара-қашықтықтарды жеңу мүмкіндігі;

3. жіберу пунктінен күтіп алу пунктіне дейінгі жоғары жылдамдық;

4. жыл мезгілдеріне және тәулік уақытына қарамастан үнемі тасымалдау.

Қазіргі уақытта туристік мекемелері темір жол саяхатын мынадай сипатта жүзеге асырады:

  •  Бір немесе бірнеше жолдармен жүретін арнайы туристік – экскурсиялық пойыздарда, оның ішінде маршруттар және шетел бағытында жүретін;
  •  Жергілікті және қала сыртын қатынайтын пойыздар;
  •  Туристерді олардың демалыс орнына дейін немесе маршруттың бір пунктінен басқа пунктіне дейін тасымалдайтын жүйелі түрде алысқа қатынайтын пойыздар.

  Теміржол туристік – экускурсиялық маршруттар кез – келген станциядан бастауы мүмкін.

 Туристік – экскурсиялық пойыздарда мынадай қызмет түрлерін көрсетеді: орналастыру, тамақтандыру, жол жүру, экскурсиялық, мәдени көпшілік, спорттық – сауықтыру қызметтері. Мұнда қызмет көрсету саласының жоғарғы, ол қызметтердің білікті маман болуы ескерілуі тиіс.

Туристік – экскурсиялық пойыздарды қалыптастыру туристік фирма мен басқару араларындағы немесе темір жол бөлімшесінен басталады. Міндетті тәртіпте вагон ресторан қызметімен жеке келісім – шарт құрылады.

 Келісім – шарттарды жасау және шығу мерзімін, қозғалыс графигін үйлестіруден кейін, қалалармен туристерді қабылдаулармен графикке сәйкес экскурсиялық қызмет көрсету бойынша жұмыстар басталады. Туристердің қалада болуы мүмкін. Кешкі уақытта дене шынықтыру, мәдени көпшілік іс – шаралары ұйымдастырылады.

Туристік поездардың қатарында, 12 купе-вагондар, 3 вагон-ресторан және «штаб вагон» мұнда туристерге қызмет көрсететін персоналдар: экскурсоводтар, ресторан қызметкерлері, туристік кәсіпорын қызметкерлері болады. Негізінде қызмет көрсету екі сменде жүргізіледі.

Туристік-экскурсиялық поездарда қызмет көрсетушілер екі категорияға бөлінеді: темір жол қызметінің жұмысшылары және туристік кәсіпорын мамандары. Темір жол қызметінің жұмысшылары – олар проводниктер, электрик-механик, поезд бригадирі, вагон-ресторан қызметкерлері, күзет. Туристік кәсіпорын қызметкерлері – олар маршрут директоры, инструктор, музыкалық-аниматор басшысы, тәрбиеші және дәрігер.

Маршрутты ұйымдастырушыға қойылатын талап өте жоғары, өйткені әр түрлі жастағы туристермен жұмыс істеу үшін қызмет көрсететін персонал өз ісіне адал және оны жетік меңгерген маман болуы қажет.

Маршрутты ұйымдастырушы лауазымына туристік-экскурсиондық мекеменің басшысының рұқсатымен тағайындалады және жұмыстан босатылады. Әр маман өзінің мамандығына сай дипломы, сертификаты және туристік-экскурсиондық маршруттарды ұйымдастыра алатын тәжірибесі болуы қажет.

Маршрут директорының міндеті.  Туристерге қызмет көрсететін персоналдардардың бағдарлама шарты бойынша жұмыс істеуін қадағалайды. Туристік маршрут графигі, бағдарлама  тексті, туристерді тіркейтін журнал, туристік-экскурсиондық ұйымдардың телефоны, мекен жайы, өз жұмысшыларының атқаратын қызметінің инструкциялары, күтіп алатын орындар, тамақтанатын орындармен келісім шарт, туристермен жұмыс істеу үшін қажетті барлық құжаттар рейске шығардан алдын дайын болуы қажет.

Маршрут директоры туристердің немен айналысатынын, оларды сақтандыру жолдарын, поезда жататын орындарын қамтамасыз етуі қажет. Туристердің біреуі ауырып қалған жағдайда оны госпитализация жасауға жағдай жасайды. Басшы құжаттардың барлығына өзі  қол қояды, есебін өзі шығарады. Маршрут аяқталған соң туристік кәсіпорындарға өзі есеп береді және әр-бір жұмысшымен өзі есеп айырысады.

Аға инструктор (методист) тікелей маршрут директорына бағынады. Әр бір маршрутта екі инструтордан болады, олардың біреуі аға инструктор. 

Аға инструктор рейстің алдын ала:

  •  маршрурт өтетін жерлерді зерттейді: тарихи кезеңдерге шолу жасайды, табиғи климатын, халықтың ұлттық дәстүрлерін, объект туралы мәліметтер жинайды;
  •  тақырып бойынша әңгімелер, ақпараттар дайындайды;
  •  туристерді тіркеуде және орналастыруда ат салысады.

Маршрут кезінде:

  •  радиодан туристерге маршруттың бағдарламасымен таныстырады;
  •  радиодан соңғы жаңалықтармен таныстырады, концерттер, радиожурналдар ұйымдастырады;
  •  басылымдармен қамтамасыз етеді;
  •  туристерге ақылы экскурсиялар жасауды ұйымдастырады, күнделікті өткізіліп отырған бағдарламаларға есеп жасайды. Екі инструктор болған жағдайда қызметтер бөлініп отырады.

Аниматор (бос уақытты ұйымдастырушы) – тек маршрут басшысына бағынады. Маршрут даярлау барысында  төмендегідей қызметтерді атқарады:

- бағдарлама сценариін жазады, тақырыптық кештерде ойындар өткізеді, аудио-видео касеталарды даярлайды, дене шынықтырулар өткізеді, жарыстар ұйымдастырады, табиғатта болған кезде қоршаған ортада қауіпсіздік іс-шараларын жүргізеді.

Музыканы басқарушы (Диджей) – бос уақытты ұйымдастырушыға бағынады. Атқаратын қызметі:

  •  дискотекалар, кештер, дене шынықтыру кездерінде музыкамен қамтамасыз етіп отырады;
  •  туристердің арасында ән кештерінің, би кештерінің  байқауларын өткізеді.

Туристік поездың дәрігерінің міндеттеріне – саяхатқа шығатын туристерге бірінші медициналық көмек, керекті дәрі-дәрмектер, поездың ішінде санитарлы-эпидемиялық тазалықты, тамақ өнімдерінің сапасын қадағалайды. Аурулар болатын болса госпитализация жасалғанға дейін медициналық қызмет көрсетеді.

 Бақылау сұрақтары:

    1. Жолаушыларды теміржол транспорттарымен тасымалдау ережелері

2. Жолаушыларды қала сыртына қатынайтын пойыздармен және  халықаралық қатынастарда тасымалдау ережелері  

   3. Қол жүгін, багажды және жүк багажын тасымалдау

   4. Қол жүгін тасымалдау ережелері.

5.Теміржол саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру.

6.  Маршрут директорының міндеті.

7. Аға инструктор, аниматор, музыканы басқарушы, туристік поездың дәрігері – осылардың атқаратын міндеттеріне түсінік.

Дәріс 14.

Тақырыбы: Су транспортымен туристерді тасымалдау.

Туристік  су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Су саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру.

Су саяхатын ұйымдастыру бағдарламасы.

Су туризмі және өзендегі круиз.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 368 с.

2. Железнодорожный транспорт: Энциклопедия. – М., 1995.

3. Авчинкин Д.В. Международные перевозки: Правовые аспекты перемещения грузов и пассажиров. – Минск, 1999.

4. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

5. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

     Су көлігі –  бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін  туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша  бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған.

Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

  •  қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;
  •  халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;
  •  теңіз үсті ластануын бақылау;
  •  ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;
  •  халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су   саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы  белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона,  ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және  лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады.

Порттардың классификациялануы. Құрылысына қарай: олар табиғи болып қарастырылады, яғни оларға табиғи жағдайларда қолданылатын және адамдардың көмегімен құрастырылған порттарды айтамыз, демек олар жасанды болады. Орналасуына қарай: теңіздің жағасында, өзендердің жағасында және көлдердің жағасында орналасқан деп бөлінеді. Арналғанына тағайындалғанына байланысты; әскери, саудаға, жолаушыларға, спорттық. Ал тәртібіне қарай: қарапайым немесе ерекше, баж салығын    жинау және кедендік тәртіптен басталуына деп қарастырылады. Тәніне қарай: мемлекеттік немесе жекеменшіктік болып келеді.

Теңіз порттары және судналарды көп пайдаланбастан  капиталды жөндеу мен тез арада жаңартып тұруды қажет етеді, сонымен  қатар оның шығыны да көп болады, сол себептен бұлардың жолдамасы да қымбатқа түседі. Су транспортының басқа да кемшілігі жылдамдығы аз және су круизінде теңіз ауруына, клаустрофобия ауруына шалдыққан кейбір туристтерге судың географиялық жағдайының қолданысы және де судың кеңістігінің шектеулі болғандығы біраз қиыншылықтар туындатады. Соған қарамастан, түрлі мақсаттардағы мүмкіншіліктерді бере алатын (іскерлік, оқулық, фестивальдық, және басқа да демалыстарда) жолаушылар таситын көлемі ерекше «жүзетін отель» басқа жерлерге баруда өте қолайлы. Су саяхатында туристік экскурсиялық мейрамдарды ұйымдастыру үшін теңіздік және өзендік судаларды жалға алады. Туристік экскурсияларда  туристтерге барлық жағдайларын, қызметін қамтамассыз етіп, параходта жүрудің кестесін туристтермен бірлесіп жасайды. Маршрутта, яғни экскурсияларда саяхатшы, тарихшы, этнограф, архитектор және т.б. қызықты адамдармен кездесулер болып, олармен әңгімелесіз. Барлық жағынан комфортталған теңіздік және өзендік судаларда саяхат жасау, сіздің жақсы демалуыңызға себепші болады.

Су саяхатының бағдарламасы ерекше  жоспармен өтіледі, өйткені сіз өзіңіздің маршрутыңызда басқа да мемлекеттің, облыстың, республиканың аумағымен жүріп өтуіңіз мүмкін, сол кезде сізге соларды таныстыру үшін ерекше жоспар қамтамассыз етілген. Жергілікті эксксурсиялардың арасын байланыстырушы бөлім – жолдағы экскурсиялық бағдарлама.

Әкімшілік су саяхатын ұйымдастырудан алдын параходтың графиктік қозғалысын, аялдама пунктін, табиғатта демалу орнын, тасымалдау орнын, міну және түсу уақытын, аренданың және төлемақы системасының қанша тұратынын түрлі класстағы каюттардың қанша тұратынын, саяхат графигінің айып пұлын, туристтерге қызмет ететін дәрігерді, турлық мейрамдарды міне осылардың барлығын саяхаттаудан алдын әкімшілік ұйымдастырып алады.

Келісім шартта келесідей параходтық міндеттемелер қарастырылуы тиіс: туристтерді тасымалдауды қозғалыс кестесі бойынша орындау, судалардағы каюталар, салондар және басқа да санитарлық және техникалық талапқа сәйкес келуі тиіс және жату бөлемелеріне керек – жарақ топтамасының зәрулі мөлшерімен жабдықтау.

Туристік кәсіпорынға мыналарды жүктейді: судадағы туристік және экскурсиялық қызметтердің барлық түрімен қаматамассыз ету және мәдени – бұқаралық мерекелерді келісімді жоспармен жасау, судадағы администрациялық тәртіпті келісімді сақтау, егер туристік рейс жүрмейтін болса, жапа шеккен жаққа ақшасын қайтарып береді, оның өлшемі алдын – ала талқыланады; берілген орын толық пайдаланылмаса және саяхаттың уақыты ұзаққа созылса, осылардың барлығы туристік кәсіпорындардың кесірінен болса шығынды кәсіпорын төлейді.

 Судалық дәрігер каюталармен салондарда ұқыптылықпен тазалықты, саяхат кезінде ауырып қалған жағдайда алдын алу шараларын, жүзу, күнге күю және көкөністер мен жеміс жидектерді дұрыс пайдалану жолдарын және ауыз су жағдайларын оларды дұрыс пайдалануды және қатаң ұстап қатты ескерту керек екенін айтады.

 Әдістемелік нұсқаушы саяхаттағы ең қызықты жәйттарды, радиограммаға қабылдау уақытын, кітапхананың жұмысын және кейін қайту рейстер үшін билетке тапсырыс беру тәртібі жайлы хабардар етіп, айтып отырады.

 Аниматор (бос уақыт жетекшісі) яғни, кешкі демалысты, спорттық жарыстарды, тақырыптық кештерді және тағы да басқа мейрамдарды туристтерге ұйымдастырады. Теңіздік немесе өзендік маршрутты ұйымдастыруда туристік кәсіпорын жолдық кәсіпорын мәтінін дайындап қоюы керек; кітапхананы әдебиеттерге, анықтамалық материалдарға, буклеттерге толтыру; спорттық бұйымдарды, мәдени – бұқаралық мерекелер мен карнавалдар үшін костюмдерді дайындау, «Нептун күні» сияқты басқа да бағдарламалардың жоспарын жасау, диспетчерлік журналдар нұсқасының топтамасын дайындау, демалыс орнының көріктенуін қамтамассыз ету және т.б.

 Су транспорты маршрутының басшысы. Бұл басшы туристік жолдамада қарастырылған саяхат жағдайларының және туристтерге қызмет көрсету бағдарламасын орындайтын туристік экскурсиялық ұйымдардың міндеттері мен жауапкершіліктерін қадағалаушы.

Маршрут аяқталған соң басшы аванстық есеп беруге міндетті. Осы есеп беру құжаттарымен бірге теплоходта саяхат жасаған туристтердің де пікірлерін тапсырады. Есеп берудің экономикалық бөлімінде маршрут басшысы рейстің сапалы жақтары жайлы баяндама жасайды. Мұнда экскурсия сапасы бағаланады, персоналдардың жұмыстарына баға беріледі, жоспардағы басты кемшіліктер мен ауытқуларды шағылыстырады және сонымен қатар маршруттағы жұмыстардың жақсаруына пікірлер айтылады. Баяндамалық жазбаға ұсынылатындар: соңғы жиналыстағы туристтердің хаттамасы, қызмет көрсету жоспарындағы әр түрлі бұзушылықтардың актілері. Маршрут басшысы турдың соңында берілетін есепке экономикалық бөлігін, онда: экскурсиялардың өтілуі, қызмет көрсеткен персоналдарға түскен шағымдар немесе алғыс хаттар, болашақта туристерден түскен хаттар бойынша жақсартулар, ескертпелер қосылуы тиіс. Сонымен қатар, турпакеттен бөлек шыққан шығындар: жоспарланбаған экскурсияға кеткен шығын, өткізілген кештер, сувенирлер, граммоталар, ресторанда сынған ыдыс-аяқтар, жиһаздар. Тамақтандыру бөліміндегі шығындар: жұмысшылар және қызмет көрсетуші персоналдың тамақтануы және т.б.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы -  Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша  батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының  көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Бүкіл әлем транспорттық саяхатқа үлкен ден қойып отыр. Өйткені милиондаған адамдардың өмірі осы транспорт арқылы. Қазіргі транспорттың қай саласы болмасын жаңа технологияларды қолданып жүріс-тұрысты ыңғайластыруда. Бүкіл әлемде адамдардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне байланысты туристік саяхаттарда көбейіп келеді.

Су туризмі және өзендегі круиз.

    Жақын және алыс жерлерге саяхаттауда мұхит, теңіз, көл және өзендермен өту ежелгі уақыттан бері ыңғайлы жол болып табылады. Параходтардың, желкенді флот пен судалардың пайда болуы суда тасымалдау құралдарының жұмысын оңайлата түсті. Қазіргі уақытта суда тасымалдау демалушы туристердің үлкен сұранысына ие болып отырған круиз секторы жақсы дамыған. Теңіздегі круиздің дамуы 1960 жылдан бастау алады. 1980 жылдан бері круиздік бизнеспен 15 ірі компаниялар алға шықты, бұлар: KARNIVAL GROUP (22 параход), ROYAL CARIBBEAN LINE (22 суда), PRINCESS, HOLLAND AMERIKA LINE және т.б. 1995 жылға қарай «жүзетін қонақ үйлер» индустриясы сиымдылығы 150572 орындық 220 ірі пассажирлік лайнерді жасауды ойластырды. Круиздерді ұйымдастырушы судалар жұлдызбен классификацияланады, 1-6 жұлдызға дейін және топтарға бөлінеді:

  •  стандарт (2-4 жұлдызды);
  •  премиум (5-5+ жұлдызды);
  •  люкс.

Круиз маршруттары бағасы бойынша 4 категорияға бөлінеді:

  •  экономикалық (күніне 75-150$);
  •  классикалық (күніне 100-200$);
  •  премиум круиздер (150-400$);
  •  круиз люкс (1000$).

Cу транспортымен тасымалдау:

  •  круиз және теңізде тасымалдау;
  •  өзен саяхаттары және өзендегі круиздер;
  •  яхталармен, паромдармен, қайықтармен саяхаттау;
  •  теңіз және өзен экскурсиялары;

Су туристік саяхаттары төмендегідей артықшылықтарды қосады:

  •  комфорттың жоғары деңгейі;
  •  көптеген тарифтердің болуы;
  •  толығымен демалу мүмкіндігі.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Туристік  су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
  2.  Су саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру.
  3.  Су саяхатын ұйымдастыру бағдарламасы.
  4.  Су саяхатын ұйымдастыруда қызмет көрсететін персоналдардың атқаратын қызметі.
  5.  Су маршрутын ұйымдастырушы-басшының атқаратын қызметі.
  6.  Су туризмі және өзендегі круиз.

Дәріс 15.

Тақырыбы: Туристерге қызмет көрсетудің транспорттық жүйесінің жағдайы.

1. Транспорттық саяхаттар

2. Транспорттық  құралдарды классификациялау

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов »: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

  1.  Александрова А.Ю. «Международный туризм»:  уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

    Транспорттық қызмет көрсету туристер мен экскурсанттарға ұсынылатын қызмет көрсетудің бөлігі болып табылады. Ол транспорттың әртүрлі түрлерімен: тікұшақ, ұшақ, өзен, теңіз және көл кемелері; автомобиль және т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.

Біздің республикамызда көбірек қолданылатын автотраспорт болып есептеледі. Автотраспортты мекеме адамдары тасымалдауға, азық-түлік және өндірістік тауарларды, туристік құрал-жабдықтарды тасымалдауға қолданылады. Жеңіл, жүк және мамандандырылған (туристік) автотраснпорт деп бөлінеді.

Автомобильдерді жалға алудың бірнеше түрлері бар, бірақ, туристермен жұмыс істеу үшін туристік мекемелердің көпшілігінде ыңғайлысы автобуспен қызмет көрсету болып табылады, негізгі бөлімдері автомекеме мен туристік кәсіпорынның міндеттері болып есептелетін келісім шарт жасалады.

Туристік өнеркәсіп пен транспорттық өнеркәсіптің (автомобильдерді жалға лау) өзара қарым-қатынасы келісім шарт түрінде толтырылады. Келісім шарт статьялары осы заңды құжатқа енгізілген транспорт құралдарына, тасымалдаушының міндеттеріне және көптеген басқа аспектілерге талаптар белгіленген «ҚР-ғы туристік қызмет туралы» Заң, «ҚР-ғы транспорт туралы» Заңдар негізінде жасалады. «Екі жақтың жауапкершілігі» барынша қатты болуы тиіс. Жақсы ойластырылған келісім шартта «тапсырыс беруші» автотранспорт мекемесіне траспортты қолданбаған жағдайда 100 пайыз ақасын төлейді, өз кезегінде «орындаушы» транспортты беруде олқылық болған жағдайда маршруттың 100 пайыз ақысына айыппұл төлейді, оған қосымша моральдық шығынын өтейді (клиентті жоғалтқаны үшін). Яғни келісім шартта екі жаққа да қатысты ең әртүрлі мәселелер көрініс табуы тиіс.

    Адамның саяхат кезіндегі орын алмастыруы мыналарға бөлінеді:

  •  активті – адамның бұлшық ет көмегімен: жаяу, тауға шығу, альпинизм, велосипедпен, жүзу, ескен есу және басқа;
  •  пассивті – механикалық қозғалатын немесе басқамен қозғалатын түрлі құрылғылардың көмегімен.

Тасымалдау қызметі және басқа да транспорттық қызметтер әр түрлі туристік өнімнің құраушысының бірі. Ең алдымен, бұл  жіберу жерінен белгіленген жерге тасымал және трансфер, туристті белгіленген объектіге тасымал (мысалы, аэропорттан қонақ үйге), сол орнында транспорттық қызметтер, мысалы, экскурсиялық. Қызметтің туристік өнім құрамындағы маңызды орны мен сипатын көрсету керек, тасымалдау қызметін ұсынбағанда немесе қызметті тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда  туристік өнім өзінің  негізгі қасиеттерінен айырылуы мүмкін және болмаған (экстремалдық) жағдайда оның тұтынушымен немесе тұтынушы тобымен тұтынылуы тоқтауы мүмкін. Егер теңіз курортының турында туристті туристік орталыққа тасымалдауды жүзеге асырылмаса,  онда тур болмайды. Ұйымдастырушының себебінен туристті кері тасымалдың жоспарланған кезеңі жүзеге асырылмаса, онда тур толық емес  қызмет көрсеткен, және тұтынушы оларға шығындардың орынын толтыруды талап етуге құқысы бар. Қызметтердің генерациялану барысында және оны тұтынуда түрлі құралдар қатысады және тасымалдың көптеген әдіс-тәсілдері қолданылады.

Сол сияқты тасымалдау құралдары мыналармен қызмет ете алады:

  •  орналастыру орнымен (түнеу) -  круиздік кемелер, туристік пойыздар,                                                                                                                                                                                                                                                      жатын автобустар – орналастыру қызметтері;
  •  көңіл-көтеру объектілерімен - ойын-сауық іс-шаралар, көңіл көтеру мақсатымен сырғанау, спорттық жарыстар, шоу және көрмелер – көңіл көтеру қызметтері;
  •   тауар сатып алу объектілерімен - модельдік экспонаттар – сатып алу;
  •  жеке транспорт көліктерімен – автомашиналарды жалға алу, яхталарды жалға алу және т.б. – жалға алу қызметтері.

Транспорттық қызметтерді  және транспорттық құралдарды көрсету турдың құрамына кіруі мүмкін, бірақ турист сол қызметтерді келген жерде өздігінен сатып ала алады. Тасымалдау құралдары тауар ретінде, жалға алу объект ретінде, аттракция құралы мен объект ретінде және т.б. болуы мүмкін және туристік өнімнің негізгі түрлерінің генерациясында қатысуы мүмкін. Тасымалдау құралына негізделген іс-шаралар, туристік өнім негізіне салынуы мүмкін немесе туристік сапардың басты мақсаты болуы мүмкін, мысалы, Монте-Карлодағы «Формула-1» автомобильдік жарыстар туры.Уақыт белсенді түрде алға жылжуда, туристтердің қажеттіліктері менен ғылыми-техникалық прогресстің мүмкіндіктеріне жауап бере алатын туристік өнім генерацияның  жаңа қасиеттері, әдіс-тәсілдері шығуда. Бұрын белгісіз болып келген техникалық құралдар мен әдістер негізінде жаңа қызмет түрлері құрылуда.

       Транспорт халық шаруашылығының ірі салалардың бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орынды туристер алады. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның комфорттылығы және бағасы маңызды болып саналады. Көлік түрінің және туристің ауқаттылық деңгейінің, туристік саяхаттың мінезі мен шығу мақсатының алыстауының арасындағы тәуелділік айқын көрінеді. Транспорттық саяхат өзінше жеке туризм түрі ретінде қарастырылады. Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды.

Көліктердің ішіндегі темір жол көлігі әртүрлі мемлекеттерді және мемлекеттердің әртүрлі региондары арасында байланыстарды орнату үшін  айрықша роль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі. Темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктерін айтып өтуге болады: темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы; шығатын пунктен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы; үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі; метео жағдайға байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы және т.б. осы қалалар арқылы темір жол көлігімен саяхаттың маршрутын жасау.

Туризммен пайдалынатын көлік түрлері географиялық орнына, жердің табиғи жағдайына, сонымен қатар коммуникациялық желілердің дамуының дәрежесіне тәуелді. Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық,  су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық  және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай транспорттық туризм  халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді- кемелер осында жоғарғы категориялы қонақ үйлер сияқты комфортты демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты  жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.

Жоғары дамыған мемлекетерде автомобиль, темір жол және әуе туризмі әйгілі болып келеді.Сонымен қатар, көлік экскурсияларда қызмет ету, оның ішінде қаларды, табиғи көрікті жерлерді, мәдени-тарихи обьектілерді т.б. барып көру үшін маңызды роль атқарады. Туристік қозғалыста әуе көліктің маңыздылығы болашақта көбейеді. Ол негізінен аса тез жолаушы ұшақтардың шығарылуы мен қолданылуымен байланысты.

Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына  кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады.

Транспорттық құралдарды классификациялау

     Транспорттық саяхат өзінше жеке туризм түрі ретінде қарастырылады. Транспорттық саяхаттар – бұл түрлі транспорттық құралдарды қолданумен құрастырған маршруттар бойынша жолдамасы (ваучер) бар ұйымдастырылған туристтер топтарының саяхаттары. Олар түрлі негізгі белгілері бойынша классификациялайды:

  •  маршруттағы жылжу әдісіне
  •  қолданатын транспорт түрлеріне
  •  маршрут трассасының құрылысына
  •  маусымдық және т.б.

Ең көп белгілеріне автобустық, әуелік және теміржолдық саяхаттары жатады. (транспорттық саяхаттардың жалпы көлемінен 80% жуық)

Туристтік транспорттық саяхат әдеттегідей бірнеше транспорт түрімен іске асырылады: теміржол + автобус, әуе + автобус және т.б.

Ең бір мобилді транспорт түрі – автобус және жеңіл автокөлік өз бетінше маршрутта да туристтерде әуежайдан қонақ үйге жеткізу не керісінше, трансферлік транспорт түрінде де қолданады.

Өзінің саяхатын жоспарлауда турист сапар нысанасына жету жылдамдығы, саяхат ыңғайлығы, бағасы, жүкті тасымалдау мүмкіндігі және оның салмағы, жолда тоқтау мүмкіндігі, тамақтану жағдайы, шу деңгейі, вибрация, ұйықтау және демалыс үшін жағдай, сапар кезінде кең кқрінісі, қолйсыз экономикалық факторлардың болуы және әрине – қауіпсіздік секілді факторларды ескеру қажет.

Приоритеті бойынша бұл талаптар келесі кезеекпен бөлінеді:

  •  саяхаттың қауіпсіздігі
  •  бағасы және түрлі жеңілдіктердің болуы
  •  ыңғайлылық
  •  жеткізіп беру жылдамдығы
  •  басқа факторлар

Неғұрлым оңтайлы факторлар көп болған сайын соғұрлым транспорттық саяхат бағасы жоғары болады, алайда бірден бір транспорттық құрал барлық талаптарды қанағаттандыра бермейді.

Туристті әуе транспортымен тасымалдау яартерлі және рейстік ұшіақтармен жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде әуе тасымалдаумен 400-ге жуық әуе компаниясымен, сонымен бірге 60-қа жуық Ресейлік әуе компаниясымен жүзеге асырылады.

Ресейлік туристтер ұлттық та шетелдік тетасымалдаушылармен қолданады. Отандық ұшақтармен бірге (АН-36, ТУ-154, Ил-62, ЯК-42 және т.б.) қабат ресейлік әуе компаниялармен «Боинг», аэробустар А-310, және т.б. секілді ұшақтар жұмыс істейді.

Туристтік мақсатта тік ұшақ және басқа да ұшатын аппараттарды: дирижабль, ауа шарлары, парапландар, дельтопландар және т.б. кең қолданады.

Ыңғайлық, тамақтану жағдайы және басқа да факторларға байланысты ұшақтың орындары келесідей кластарға бқлінеді.

  •  I класс (F)
  •  Бизнес-класс (C)
  •  Эконом класс (Y)
  •  Басқа да түрлері

Туристтік авиациялық саяхаттар үздіксіз, маусымдық немесе бір реттік негізде іске асырылады.

Ұлттық тасымалдау немесе жеке әуе компаниялар шеңберінде туристтер үшін түрлі жеңілдіктер бекітілген:

  •  маусымдық
  •  ұжымдық
  •  баларымен жолаушылар
  •  топтық

Туристтерде үлкен беделге IAPA (халықаралық жолаушылар авиажолының ассициациясы), ETN (Труизмнің еуропалық жүйесі) және т.б. жеңілдік карталар ие.

Осындай карта иелері кейбір әуекомпаниялардың (DELTA, SAS) әуебилеттеріне жеңілдіктермен, дүниенің 4000 ең күшті қонақ үйі бағасына жеңілдік (10-нан 40% дейін), жалға алынған автокөліктің бағасына жеңілдікпен (30 % дейін), тасымалдау құжаттарынның жлғалғанын қалпына келіруге, әуежайда VIP залын ұсыну, сақтандыру және тағы басқалармен қамтылады.

Туристтерді тарту мақсатында кейбір әуекомпаниялар осы компания ұшағында ұшқан сағатына қарап жеңілдіктер береді.

Ішкі су артриясында туристтерді тасымалдау сиымдылығы 250, 300 және 400 жолаушы ыңғайлы арнайы өзендік теплоходтармен жүзеге асырылады. Каюталар бір орынды, екі орынды, 3-4 орынды және жанұялы болып бөлінеді.

Осы класс теплоходтары ыңғайлық пен демалыстың барлық атрибуттарымен – каюталарда жұмсақ жиөаз, кондиционер, тоғазытқыш, мини-бар, солярия, ресторан, барлар, сауна, музыкалық салондар, видео-кинозалдар қызметтерімен жабдықталған.

Теңіздік халықаралық жолдарда 96-дан 788 жолаушыға дейін сиып кететін жоғары комфортты круизді кемелер жұмыс істейді.

Жоғарыда айтылған ыңғайлылық атрибуттарына семинарлар, сипозиумдер үшін жабдықталған бизнес-кластар, бессейндер. Лифт, спорт кешендерді қосуға, автокөлігімен, телефонымен, тұрмыстық қызмет кешенімен және т.б. туристтерді қабылдауға мүмкіндік бар.

Сулы туристтік саяхаттар мен экскурсиялар тағы да мынадай тарнспорттық құралдармен жүзеге асырылады: өзендік «трамвайлар», яхта, су асты қайықтар, желкенділер, катамарандар, қайық, байдаркалар, салдарда және т.б.

Темір жолдық туристтік хабаоламада графикпен де арнайы қозғалыс режимінде де жұмыс істейтін мамандандырылғантуристтік құрамаларда қолданылады. әдетте олар 12 жолаушы вагондарынан, 2-3 вагон ресторан, вагон-клубтардан және т.б құралады.

Темір жолдық туристтік саяхаттарды іске асыру аоездердің өмірімен қамтамассыз ету құралдарымен қамтамассыз етумен байланысты. әдетте темір жолдық туристтік саяхаттар сақиналы маршрут режимінде жоспарланады.

Ресейдің және шетелдің қалаларында экскурсиялық туристтік транспорт ретінде трамвай және ретро-нұсқалары: троллейбус, карета, дилижанс және т.б. қолданылады.

Жоғарыда айтылған тарнспорттық құралдыр (ұшақ, кеме, теміржол вагондары және т.б.) әдетте туристтік компанияның жеке меншігі емес, және фрахт, жал, лизинг және т.б. негізінде қолданылады.

Жаппай туристтік транспорт – автобус көп жағдайда ірі туристтік компания, ұйым, концерн, ассоциацияның өздерінің жеке меншігі болып табылады.

Басқа туристтік фирмалар ұзақ мерзімді немесе бір ретті тапсырыс негізінде автотранспортты кәсіпорынның қызметін қолданады.

Туристтік автобус классификациясы суретте көрсетілген. Жоғары маневрлік пен мобилділікке ие болса, туристтік автобустар қысқа және орта (200 км дейін) маршруттарда бәсекеден тыс болады.

Жоғары комфортабильді туристтік автобустар ұзақ маршруттарда да қолданылады. (мысалы, МӘСКЕУ-МИНСК-ВАРШАВА-БЕРЛИН-ПАРИЖ). Мұнда түңгі уақыттағы транспорттардың демалысы отель мен мотельдерде қарастырылады. Халықаралыө классификацияға сәйкес, автобустар бірнеше белгілері бойынша категорияларға (жұлдыздарға) сертификацияланады. Негізгі транспорттық құралдардың жалпы тартымдылық бағасы 10 баллдық рейтинг бойынша кестеде келтірілген.  

Бағалау критерийлері

Транспорттық құрал түрлері

өзендік кеме

Теңіздік кеме

Темір жол вагондары

автобустар

Жеңіл көлік

Ұшақ

  1.  Қозғалыс қауіпсіздігі
  2.  экологиялық қауіпсіздігі
  3.  тасымал құны
  4.  экскурсия жылдамдығы
  5.  мобилділік
  6.  жолда туристтердің қалауымен тоқтау мүмкіндігі
  7.  жолда өмір қауіпсіздігінің ұзақтығы
  8.  сиымдылық
  9.  капиталды шығындар
  10.  ыңғайлылық деңгейі

7

6

8

1

1

2

8

7

2

8

5

6

6

2

4

1

10

10

1

10

6

7

9

6

1

1

5

6

5

2

4

5

8

4

8

8

3

4

8

4

5

6

2

6

10

10

2

1

10

6

7

8

1

10

5

1

5

7

2

6

Барлығы

50

52

48

56

58

52




1. экономические и политические явления которые придали античному обществу определенную специфику по сравнен
2. Историко-правовой анализ становления и развития института лицензирования в Республике Беларусь
3. А.И.Куприн Гранатовый браслет (1910)
4. а нижняя часть атмосферы тропосфера стратосфера гидросфера и биосфера а также антропосфера проникают др
5. СОГЛАСОВАНО Заведующий учебным отделом Ярославского филиала ЛГУ им.1
6. Наукова і творча спадщина Івана Огієнка Митрополита Іларіона
7. Тема 7 НЕСБАЛАНСИРОВАННОСТЬ ГОСУДАРСТВЕННОГО БЮДЖЕТА И УПРАВЛЕНИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОЛГОМ Бюджетн
8. Тема- Западная философия XIX XX века
9. Гамильтон Цирк проклятых Анита Блейк ~ 3 Лорел К.
10. Сравнение трудового договора и гражданско-правового
11. 31 декабря 2013 г План мероприятий УМВД России по Ярославской области по реализации де
12. Процентная и учетная ставки кредита Процентная ставка дисконтирования
13. белый этот конь. А грива у него розовая хвост розовый глаза розовые копыта тоже розовые
14. На тему- ldquo;Финансирование проектов
15. Средняя общеобразовательная школа п
16.  КОНЦЕПЦИЯ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ6 1
17. технической революции.
18. по теме Применение табличного процессора Excel для поиска решений авторы Мельников П
19.  Бюджетне фінансування його форми та методи Бюджетне фінансування це безповоротне безвідплатне виділ
20. Провадячи цей розділ обліку можна вручну вводити операції в журналі операцій тут суворих обмежень немає