У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Та~ырыбы- Тама~тану режиміне ~ойылатын талаптар

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

1. Тақырыбы:    Тамақтану режиміне қойылатын талаптар.

                                   Көмекші етістіктер.

. Мақсаты: Көмекші етістіктер туралы мағлұмат беру, оны орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту;   

Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру;

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.

. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша–жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

. Операциональды құзырлылық бойыншамәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

. Коммуникативтік құзырлылық бойыншамәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету. 

. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойыншаалған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.

. Негізгі ұғымдар: 

лексикалық материал бойынша:

Дер кезінде әзірлену, дәмі, иісі мен көрінісінің жақсы болуы, жақсы сіңуі, сапасы төмендейді, алаңдау, зат алмасудың бұзылуы, балалар мен жасөспірімдерге, тиімсіз.

грамматикалық материал бойынша:

 Көмекші етістіктер 

. Сабақты өткізу жоспары:

  •  Ұйымдастыру кезені    - 5 мин.
  •  Үй тапсырмасын сұраумин
  •  Өткен сабақты қорыту   - 15 мин.
  •  Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері    - 15 мин.
  •  Жаңа сөздермен жұмысмин
  •  Мәтінмен жұмысмин
  •  Жаңа тақырыпты бекіту жұмысымин
  •  Бақылау жұмыстарымин
  •  Үй тапсырмасын берумин
  •  Студенттің білімін бағалаумин

. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.

. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск

. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

Тамақтану режиміне қойылатын талаптар

Мәтінге байланысты тірек сөздер: дер кезінде әзірлену, дәмі, иісі мен көрінісінің жақсы болуы, жақсы сіңуі, сапасы төмендейді, алаңдау зат алмасудың бұзылуы, балалар мен жасөспірімдерге, тиімсіз.

Тамақтың мүмкіндігінше дер кезінде әзірленуі, дәмі, иісі мен көрінісінің жақсы болуы, сондай-ақ, тамақты ішетін орта жағдайы оның жақсы сіңуі үшін өте маңызды. Тамақты бірнеше күнге арнап  алдын ала даярлау тиімсіз, өйткені бұл жағдайда оның сапасы төмендейді. Тамақты жақсы сіңіру үшін, ас ішуді қарын сөлін жақсы бөліп шығаратын (сорпа, көкөніс шырыны, түрлі салат) тағамдардан бастау керек. Тамақтану кезінде алаңдау, бөгде істермен шұғылдану зиянды.

Таңертеңгі, түскі және кешкі ас алдында тәтті жеу тәбетті кемітеді. (Бұлтәбетті қайтарудеп аталады). Балалар мен жасөспірімдерге  негізгі  тамақ ішу аралығында жеміс-жидек, сондай-ақ құрамында оңай сіңірілетін көмірсу бар кондитерлік тағамдар беру ұсынылады. Шоколад, конфеттер, цитрус жемістері, қақталған және басқа да азық түліктер көптеген адамдарда аллергия туғызады. Тамақты үнемі шамадан тыс көп  ішу ішек-қарын жолы қызметінің, зат алмасудың бұзылуына, дене массасының  артуына әкеліп соғады.

-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

мүмкіндігінше - по возможности           

туғызу - создовать                                   

көрініс - вид                                              

ішек-қарын жолы - желудочно-кишечный тракт            

алаңдау - отвлекаться            

тартымды - притягательный

бөгде - чужой

кеміту - уменьшать

қарын сөлі - желудочный сок                                          

. Бақылау жұмыстары:

Білім құзырлылығы бойынша:

-тапсырма. Мәтінді пайдаланып көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыздар. 

Дер кезінде  әзірленген,  ...  тағам жақсы сіңеді.  Тамақты бірнеше күнге арнап  ...  ... дұрыс емес.  Тамақты жақсы  ...   ... ,  қарын сөлін бөлетін тағамдарды  бірінші ішу керек.  Тамақ алдында ...  ...  тәбетті кемітеді.  Балалар мен жасөспірімдер  ...  ... көмірсулы тағамдар ішкені жөн.  Тамақты шамадан тыс көп ішу  ...  ... әкеп соғады.

-тапсырма. Көп нүктенің орнына мына шылаулардың қажеттісін қойыңыздар: мен, және, әрі, сондықтан, бірақ.

Кейбір адамдар тұзды  ... ащы тағамдарды жақсы көреді.  Балалар ... жасөспірімдер  тағамдары әр түрлі  дәрумендерге бай болуы  тиіс.  Түскі ...  кешкі ас алдында  тәтті жеу тәбетті кемітеді.  Тамақты аз  ...  жиі ішкен пайдалы. Кейбір адамдар ретсіз тамақтанады,  ...  денелерін май басады.

-тапсырма.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Важное условие нормального пищеварениеэто умеренность в еде. Сигналы насыщение, свидетельствующие  о заполнение желудка пищей, поступают  в головной мозг  с опозданием примерно на 20 минут. Поэтому люди, которые едят очень быстро, подвергаются опасности переедание. К тому же пищеварительные соки не в состоянии расщепить слишком большое количество пищи. Вот почему есть надо несколько раз в день. Завтрак должен содержать примерно 25% всей дневной нормы, обедоколо 50%, ужин%.

Коммуникативтік  құзырлылық  бойынша: 

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. . 

.Тамақ қалай әзірленуі керек?

. Тамақ жақсы сіңу үшін не қажет?

. Ас ішуді  қандай тағамдардан бастау керек?

. Қандай тағамдар адамдарда аллергия туғызады?

. Тамақты артық ішу неге әсер етеді?

Өзін-өзі дамыту құзырлығы бойынша:

-тапсырма. Ауруастан.  Ас адамныңарқауы. Көзің ауырса,  қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый деген мақалдардың  мағынасын түсіндіріңіздер.

-тапсырма. Берілген көмекші етістіктерден сөйлемдер құраңыздар.

Келіп кет, айтқан екен, құлай жаздады, айтқысы келді, айтып шықты, жазып болды.

3- тапсырма.Жағдаяттық тапсырма:

Сіз дәрігер ретінде мектепке келдіңіз. Мектеп оқушыларына тамақтану режимі туралы баяндама дайындаңыз.

Когнитивті - білім құзырлылығы бойынша:

1. Күрделі етістікті көрсетіңіз.

а)  құлағы ауырды

ә)  суретші болды

б) жазып отыр

в)  ауруханаға жатты

г)  көңілді отыр

2. Дұрыс құрылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

 а) Кешкі тамақты ұйықтардан 2 сағат бұрын ішу керек.

ә) Жоғары көтерілдік біз.

б) Тамақтану режимін сақтаған дұрыс.

в)  Ретсіз тамақтанған адамның дене салмағы артады.

г) Мақсаттың әке-шешесі ауылда тұрады.

3. Сөз тіркестерінің дұрыс аударылғанын көрсетіңіз.

а) недостаточное питаниетоя тамақтану

ә) задерживает выздоровлениедені су болу

б) умеренное питаниетамақ ішпеу

в) лекарственные препаратыулы дәрілер

г) закаливание организмаағзаны шынықтыру

4. Зат есімнен жасалған етістік қатарын көрсетіңіз.

а) жазу, оқу, отыру

ә) шегелеу, бастау, тұздау

б) алу, салу

в) көру, есту

г) бару, айту

5. Болымсыз етістікті табыңыз.

а) барғансың

ә) естігенбіз

б) келмепті

в) айтыпты

г) болыпты

6. Біріккен негізгі етістіктердің қатарын көрсетіңіз.

а) айту, білу, қашу

ә) қарау, жеу, егеу

б) әкелу, әперу, әкету

в) ату, сату, жүгіру

г) жүру, ішу, отыру

7. Күрделі етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ол кітап сатып алды

ә) Асқат сабағын оқыды

б) Біз үйге кеш қайттық

в) Сендер мұражайға бардыңдар ма?

г) Біз ойнаймыз.

8. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.

Мен ертең  ауылға бара... . 

а) -мыз

ә) -сың

б) -мын

в) –сыз

г) -дың

9. «Оқып отыр» етістігінің орысша баламасын көрсетіңіз.

а) играет

ә) читает

б) спит

в) уходит

г) идет

10. Туынды етістікті табыңыз.

а) жүрді, алып келді

ә) қыста, кеше

б) басқар, ұшта

в) ертең, бүгін

г) ойна, жүр

11. Қажетті көмекші етістікті жалғаңыз.

Асханаға тамақтануға бара ....

а) отыр

ә) жатыр

б) жүр

в) бар

г) тұр

12. Туынды етістікті көрсетіңіз.

Студенттер берілген жаттығуды орындап отыр.

а) жаттығуды 

ә) студенттер

б) орындап отыр

в) берілген

г) студенттер берілген

11 .Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 62-63 бет

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы: Атамұра, 2008. 




1. Повышение продуктивности коров как фактор роста рентабельности молочного скотоводства на примере ТОО АФ Родина
2. Тема- Организация закупок товаров на выставках и пути их совершенствования
3. Територіальна діагностика Волинської і Черкаської областей
4. The rt of Seeing ОТ ПЕРЕВОДЧИКА Игорь Сиренко ПРЕДИСЛОВИЕ ЧАСТЬ ПЕРВАЯ- МЕДИЦИНА И НАРУШЕННОЕ ЗРЕНИЕ
5. Актывізацыя беларускіх сіл ў перыяд НЭПа
6.  Общая готовность детей к уроку
7. I Понятие человека Человек субъект общестистор
8. Рак гортани
9. 41 мегапиксель Организатор Конкурса- OOO Телепорт групп
10. Астана медицина университеті А~ ~алыпты физиология кафедрасы ТЕСТ Орталы~ ж~йке ж~йесіні~ жа
11. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата філологічних наук
12. неорганизованные но могут быть организованы в полезную информацию
13. дрібниці до здачі екзаменів
14. на тему- Туберкулез костей Подготовила- студентка 4 курса Группы ЛС708 Ганчак С
15. малый город 2
16. тема контроля по центрам ответственности 2
17. Кто по Вашему мнению должен делать первые шаги для начала отношений а парни б девушки в и парни и дев
18. Премедикация
19. Работа с таблицей Excel как с базой данных
20. государственный контроль надзор за соблюдением трудового законодательства и иных нормативных правовых ак