У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Ж~з шамасында~ы сандарды ~алыптастыру 2.html

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-01-17

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 10.3.2025

5 дәріс

Тақырып: 20, 100 шамасындағы сандарды номерлеуін және арифметикалық амалдар орындауды оқыту әдістемесі

Мақсаты:

Екінші ондық сандарды оқыту әдістемесіне қойылатын бағдарлама талаптарымен таныстыру; жүз шамасындағы сандарды оқыту әдістемесіне қойылатын бағдарлама талаптарымен таныстыру; ) 20, 100 шамасындағы сандармен есептер шығаруды оқыту әдістемесі және кезеңдері.

Көрнекілік:

1. Сызба  «Жүз шамасындағы сандарды қалыптастыру»

2. Карточки с алгоритмами вычислительных приёмов путём разложения чисел на разрядные слагаемые.

Жоспары:

  1.   20 және 100 шамасындағы сандарды номерлеуін оқытудың міндеттері.
  2.  Номерлеуді оқыту әдістемесі:

а)    20 шамасындағы;

б)    100 шамасындағы.

3. Арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі : 

а)  20 шамасындағы сандармен қосу және алу арифметикалық амалдарды орындауды оқыту әдістемесі.

б) 100 шамасындағы сандармен қосу және алу арифметикалық амалдарды орындауды оқыту әдістемесі.

 

-1-

Екінші  концентрдің материалын  2 және 3 –ші сыныптың басында оқиды. 20 шамасындағы  сандармен  2 сыныпта таныстырады.  Бірінші 11-ден 20 дейінгі сандардың номерленуін оқиды, ал  III тоқсаннан бастап разрядтан  өтпей 20 шамасындағы сандармен қосу және алу амалдарын орындаумен танысады.

3-сыныптың  1 тоқсанында ондықтан өтіп қосу және алу амалдарын орындаун өтеді

Міндеттері:

1. Оқушылардың  сан туралы, натуралды сандар қатары туралы түсінігін кеңейту.

2. 20, 100 шамасындағы сандарды санау дағдысын қалыптастыруды жалғастыру.(тура, кері, берілген саннан берілген санға дейін)

3. Жаңа есептеу бірлігі ретінде, жаңа разряд ретінде ондықты белгілеу арқылы есептеу жүйесінің қағидалары туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.

МЫҢДЫҚ

ЖҮЗДІК

ОНДЫҚ

БІРЛІК

4. Санның ондық құрамымен таныстыру, бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.

5. 11- ден  20- дан 100 дейінгі сандарды цифрмен белгілеуді үйрету.

6.  Екітаңбалы сандағы цифрдың орнының қағидасы туралы түсінік беру.

7. Оқушыларда 20, 100 шамасындағы сандармен ауызша есептеу тәсілдерін қалыптастыру.

Материалды меңгеру ерекшеліктері.

1. Сандардың аттарын көпке дейін есте сақтай алмайды, шатастырады.  (, 20, 30, 40, 50)

2. Санның реттілігін қиындықпен меңгереді.

3.  Екітаңбалы сандағы әр  цифрдің орнының мағынасын түсінбейді, орындарын ауыстырады (алдымен бірлікті содан кейін ондықты жазады). Мысалы:   он екі – 21. 12.

4. Санның ондық құрамын талдауда қиналады.

5. Келесі заңдылықты қиындықпен меңгереді: 10 бірліктен - жаңа бір ондық құрылатынын.

6. Разрядтан асып  шығаратын есепті қиындықпен меңгереді, мысалы : 5+6=11,  46+ 26.

7. Арифметикалық амалдарды орындағанда разрядтарды ескермейді. 

Пайдаланатын көрнекі – дидактикалық материалдар: жеке және ондықтарға бұылған санақ таяқшалары; арифметикалық жәшіктегі брусоктар мен кубиктер; есеп шоты; жолақшалар мен квадраттар; абак; разрядтық кесте;  цифрлі касса; санауға арналған түрлі  заттар.

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытқанда міндетті түрде келесідей көрнекі дидактикалық материалдар қолданылады: ондықтарға бұылған жұз 100 таяқша;  арифметикалық жәшік;  абак;  метрлік сызғыш;  квадрат 100(10x10); разрядтық кесте; цифрлі касса  және  қиылған сандармен , ондықтар және бірліктермен  карточкалар .

-2а-

11 -ден  20 –ға дейін  әр санмен бәлек таныстырамыз.

Әр санды оқытуға бірнеше сабақ  беріледі .

20 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытуда келесі сұрақтар қарастырылады:

I. «Ондық» деген түсінікті  қайталау.

II. Санын құрылуы.

III. Санның ондық құрамы.

IV. Санды жазу.

V. Екі таңбалы санда әр  цифр орнының  бекіту.

VI. Сан қатардағы санның орны.

VII. Сандар мен көптіктерді  сәйкестендіру.

VIII. Сандарды салыстыру.

 

I. «Ондық» деген түсінікті  қайталау

Кең түрде ондықты және бірліктерді білдіретін көрнекіліктерді пайдалану қажет. Мысалы:

  •  Таяқшаларды сана. Қанша?
  •  Он таяқша ббір бірден жеке – жеке бірліктерді білдіреді.
  •  Енді буыңдар. Бұ тұтас бір ондық болып саналады

II. Санын құрылуы

Санның құрылуының 3 жолы қарастырылады, негізгісі біріншісі болып табылады:

  •  ондыққа бірнеше бірлікті қосу арқылы;
  •  алдындағы санға  бірді қосу жолымен;
  •  кейінгі саннан бірдіі алу жолымен.  

 Мысалы: тақырып: «13 саны»

Оқушыларға   10 –ға бұылған таяқшалар көрсетіледі.

- Бұл нені білдіреді?

-  3 кубик нені білдіреді?

- Мен 3-ін  1 ондыққа қоямын.

                                         

ОН  ҮШ

                              

               

                                    Көрсетіледі 

- Бұл сан қалай аталады

- Бұл неге бұлай аталады

- Осы санда неше ондық бар? Неше бірлік бар?

Оқушылардың өздерімен аналогиялық жұмыс жүргіздіреміз: брусоктармен және кубиктермен,  жолақшалар мен квадраттармен, есеп шотында.

III. Санның ондық құрамы  

Санның ондық құрамын анықтау кезінде сандағы ондықтар мен бірліктері анықталады.

Мысалы сұрақтар:

-  13 санында қанда неше бірлік бар?

- 13 санында неше ондық  бар?

IV. Санды жазу.

Екінші ондықтағы сандарды жазуды үйретуде есеп шотымен, разрядттық кестемен жұмыс жасаған тиімді.                        

Оқушылардың назарын 13 санының жазылуы қалай пайда болғанына аудару керек: алғаш ондықтарды жазамыз, содан кейін бірліктерді.                

V. Екі таңбалы санда әр  цифр орнының  бекіту.

- 13 санын жазуға бізге неше цифр керек болды?

- Ол қай цифрлар?

- 13 санындағы 3цифры нені білдіреді?

- Осы сандағы 1 цифры нені білдіреді ?

- 13 санында бірліктер қай орында тұрады? (оң жақтан бірінші).

- Ондық қай орында орналасқан? (оң жақтан екінші).

Мұндай сұрақтарды қою арқылы екітаңбалы сандағы цифрлардың орындарының маңызын бекітеміз.         

VI. Сан қатардағы санның орнын келесі сұрақтар арқылы бекітеміз

-   13 саны қай саннан кейін тұрады?

-   13 саны қай санның алдында тұрады?

VII. Сандар мен көптіктерді  сәйкестендіру.

 Сандарды және көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: санға бірнеше затты таңдап алу, керісінше бірнеше затқа соған сәйкес санды таңдау. Мысалы: мен  қандай санды көрсетемін, сендер соншалықты шапалақтайсыңдар. Немесе, мен бірнеше затты қойып шығамын, сендер соған сәйкес санды таңдайсыңдар.

Мысалы тапсырмалар:

- Берілген санға сәйкес цифрді таңда.                   

      - Мен қанша сан көрсетем, сен соншалықты  заттар қойып шық.

VIII. Сандарды салыстыру.

 Балаларды салыстыруға үйретуде  шартты түрде 3 кезеңнен өтеміз:

1 - кезең: көрнекі құралдарды қолдану арқылы  сандарды салыстырамыз (бумалар мен таяқшалар, брусоктар және кубиктер,  жолақшалар мен квадраттар қолдана отырып).  Разряд бойынша салыстыруды үйретеміз, салыстыруды ондықтар разрядынан бастаймыз.

2 - кезеңде  көрнекілікті ауыстырамыз: разрядтық кестені сүйеніп салыстыру.

     3-кезеңде көрнекі-дидактикалық материалдарды қолданбай, натурал сандардың сандық қатардағы қасиетіне сүйенеміз.

 

-2б-

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқыту әдістемесі.

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытудың кезектілігі:

 1. 10 және 20 шамасындағы сандардың номерленуін қайталау.

 2. Толық ондықтарды номерлеуін оқыту.

 3.  21-ден 99-ға дейін сандардың номерлеуін оқыту:

  

 а.  20 – дан 30 - ға дейін .        г.  50 - ден  60-қа дейін.             ж.  80-нен  90-ға дейін.

 б.  30 – дан  40 - ға дейін.        д. 60 - тан  70-ке дейін.               з.  90-нан  100-ге дейін.

 в. 40 - тан  50-ге дейін.            е.  70-тен  80-ге дейін.

3-сыныптың 1-тоқсанының бәрі қайталауға кетеді.

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда 20 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда қарастырылған әдістемелік кезеңдер қарастырылады.

Толық ондықтардың номерленуін оқытуға 3-4 сабақ беріледі.

21-ден 99-ға дейінгі сандардың номерленуін оқытқанда М.Н.Перова алдымен екі таңбалы санның аталу қағидасын көрсетуді ұсынады, мысалы, оқушыларға тапсырма беріледі:

- 2 бума  және 6 таяқша қойыңдар.

- Неше таяқша қойдыңдар?

- Біз  26 санын құрдық. Санның аталуы екі сөзден тұрады: жиырма және  алты (қатар санның жазылған карточканы көрсету керек).

Жиырма

алты

- Қалай жазылған?

-  Алдымен ондықтар, содан кейін бірліктер.

-  Сандардың жазылуын да бірге үйрету керек.  

        

Арнайыі мектеп оқушыларын сандардың жазылуының әртүрлі формаларымен таныстырған жөн, мысалы:  

3 ондық  6 бірлік.

36 = 30+6;

36.

Оқушыларды  100 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытқанда «разряд» ұғымымен таныстырады, бірліктер бірінші разрядқа жатады және санды жазғанда оң жақтан бірінші жазылады, ондық - екінші разрядқа жатады, оң жақтан екінші жазылатындығын айтады, жүздіктер  - үшінші разрядқа жатады, оң жақтан үшінші  болып орналасқан.

-3-

20 және 100 шамасындағы сандармен арифметикалық амалдар қосу және алуды орындауды оқыту әдістемесі

   

20 және 100 шамасындағы сандармен қосу және алу амалдарын оқытудың кезектілігі  есептің қиындық деңгейіне байланысты.

«+»  және  «-» амалдарын  қатар оқытылады.

                     «+» және  «-» амалдарын оқыту кезектілігі

20 шамасындағы                                                          

100 шамасындағы

1.  «+»  және  «-» мысалдары,

санның ондық құрамына негізделген

10+3, 13-3, 13-10 және сандық қатардың қасиетіне негізделген: 13+ 1, 14 -1

 1. «+» және «-» толық ондықтар:                                    

30+20;  50-20;

          2. «+»  және   «-»  разрядтан   өтпей

а) екі таңбалы санға  бір таңбалы және екі таңбалы саннан қосу; екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту:

5+2; 17-2.

а) екі таңбалы санға  бір таңбалы және                                                                               екі таңбалы санды қосу санды;

екі таңбалы саннан бір таңбалы және екі таңбалы санды азайту:

30+5,35-5,35-30                                                                               30+26, 56-30, 56-26

47-2,

47-45                                                                               45+32, 77-32, 77-45

б) сомма толық ондық шығады, толық ондықтан азайту

15+5, 20-5

12+8, 20-8                                                                                                                            

35+5, 40-5

35+45, 40-23=40-20-3

в) «-» екі таңбалы саннан

екітаңбалы санды азайту: 18-3, 16-14

3.     Разрядтан  өтіп қосу, алу

а) бір таңбалы сандарды қосу

7 + 5 =    

5 = 3 + 2                                                   

7+3 = 10

10+2=12                                                       

а) екі таңбалы санға бір таңбалы санды  қосу27+5

б)   екі  таңбалы саннан  бір таңбалы  санды азайту

         12 - 5 =                                                             72 - 5 =

в) екі таңбалы санды                                                                                                                                                                                                                                                                           екі таңбалы   санға  қосу

47 + 28

в) екі таңбалы санды                                                                                                                                                                                                                                                                           екі таңбалы   саннан алу

72 + 25

  

 

      




1. Лабораторная работа 1 КОНСТРУИРОВАНИЕ КЛАССОВ Цель- приобрести умения и навыки по созданию простых класс
2. а 57762 2 котенка 15 мес
3. мой идеал в Вашем преставлении
4. Об арифметических возможностях компьютера и компьютерных возможностях арифметики
5. на тему- Біографія М
6. Содержание и характер распределения элементов плеяды индия в рудах и минералах свинцово-цинковых месторождений Большого Кавказа
7. сырьевой базы Оренбургской области на 2002 год нефть газ; целевая программа геологического изучения недр и
8. Тема лекции 11. Гигиеническая экспертиза пищевых продуктов
9. Меры безопасности при перевозке опасных грузов
10. Методика использования учебных видеофильмов на уроках английского языка