Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Құқық қорғау қызметі
Мазмұны
Құқық қорғау органдары
Қоғам дегеніміз адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:
Басқа бір құқықтық құбылыс құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық талап, құқықтық тәртіп осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.
Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:
Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.
Сот әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.
Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:
Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.
Сот билігін жүргізуші судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.
Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері
Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), қылмыстық атқарушылық жүйеге, оку орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады.
Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары
Ұлттық қауіпсіздік органндары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.
Ұлттық қауіпсіздік органдары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.
Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді. Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.[1]