Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Тақырып 5
ХХ ғасырдағы және қазіргі кезге дейінгі халықаралық туризмнің дамуы
20ғ-ң 1 жартысында халықаралық және ұлттық туризм аясы тағы да көптеген жаңа елдермен көбейіп дами түсті. Алайда, экскурсиялар және туризм халықтың барлығына емес, тек қана ауқатты бөлігіне ғана мүмкін болды. Осы халықтың труистік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық және халықаралық курорттар және туризм орталығы ашыла бастады. Сонымен, 20ғ туризм адамның жүріс тұрыс қозғалысының ерекше түріне айналды. Ол ең алдымен географтың, тарихшының, теңіз жүзушінің, зерттеушінің, іскерлік адамдардың жасаған ұлы саяхаттарымен ашуларының негізінде қалыптасты. 1ші және 2ші дүниежүз.соғыс кезеңінің арасында туристік жорықтар ел ішінде және шетелге шығуы біртіндеп сапалы жаңа сипатқа ие болды. Себебі, ондай жорықтар тек қана көңіл көтеру емес, танымдық сипатта болды. Туристік жорықтың бағыттарына тарихи орындар және мәдени ескерткіштер кіре бастады. Осы кезеңдегі халықаралық туристік қозғалыстың көп бөлігі Европа елдеріне келеді. 2-ші дүниежүз.соғыс халықаралық туризм көлемін бірден қысқартты. Соғыстан кейінгі кезеңде құлдыраған туристік инфрақұрылымдар қайтадан қалпына келтіру жұмыстары жүрді. Осы кезеңде туризм саласын қалпына келтіруге ақша қорларының және біліктік кадрлардың жетіспеуі, тапшылығы орын алды.. Осы себептерден де туризмнің соғысқа дейінгі кезеңдегі деңгейіне тек қана 40ж аяғында қол жетті. Осы кезеңде туристік саяхаттар АҚШ, Канада да кең өріс алды.
1948ж шілдеде шетелдік туристердің Жапонияға бару сапарларына рұқсат етілді.
Туристік байланыстардың өрістеуіне Европа елдері арасында жасалынған көптеген арнайы келісімдерді бекіту ықпал етті. Келісімдер барысында шетелдік туристердің халықаралық туризмдегі орны анықталынды және де әрбір елде туристердің құқықтары және жауапкершіліктері бойынша ережелер қабылданды. Яғни демалыстар және мерекелер кезінде туристердің жеке немесе кіші, үлкен топтармен демалу мақсатындағы жасалынатын саяхаттары кезінде әр елде туристерді қабылдаудың өзара ырықты шарттардың сақталынуы көзделінді.
Халықар.туризмнің даму тарихының осы кезеңінде (20ғ) жекелеген туристік саяхаттардың орнына көпшіліктік немесе жаппай саяхаттар жасау келді. Жаппай саяхат жасау топпен ұйымдастырыла бастады. Оған орта тап өкілдері жастар, оқушылар ғылыми интелегенция өкілдері және т.б.барды.
Өз-өзін бақылау сұрақтары