Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Д~ріс кешені

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

Дәріс кешені

Дәріс №1 Дарындылық психологиясы және оны психология мен философия тарихында оқытудың эволюциясы.

  1.  Дарындылықты қарастырудың эволюциясы.
  2.  Дарындылықты философиялық тұрғыда қарастыру.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Дарындылықты қарастырудың эволюциясы.

«Дарындылық»  ұғымы  «сый» деген  сөзден  шыққан,  дамудың  қолайлы  ішкі алғы шарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалык энциклопедияда төмендегіше анықтама берілген:

«Дарындылық  - белгілі бір  іс-әрекет  саласында  ерекше жетістікке жеткізетін  адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі». Дарындылық,  жеке  қабілеттілікті  дамыту,  интеллектуалдық,  шығармашылық  мәселесіне педагогтар,  психологтар,  әдіскерлердің  көптеген  еңбектері  арналған. Көне  замандағы Антик  дәуірдің өзінде-ақ  ойшылдар  мен  педагогтар  оқушылардың  өзіндік  ой-тұжырымын  жасау  оны  дамыту  үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер дарындылық мәселелеріне көңіл бөлінген.

Дарындылық көптеген балалар үшін,  ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.  Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып,  ең алдымен оның шынайы байқаулары,  анықталу тәсілдері,  дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады.  Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық  -  бұл ертеңгі ғылым,  мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық.  Қазіргі таңда  мұндай ерекше балаларды,  анықтау тәсілдері,  өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру   бағдарламалары бар.

Дегенменен,  дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар,  балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.

Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты.  Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі.  Ол американдық психологтар:  Дж. Гилфорд,  П. Торренс,  Ф. Баррон,  К. Тейлор.  Ал  психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды.  Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты.

Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді.  Олар: А. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде,  Шумакова Н.Б.  өзінің бірқатар еңбектерінде,  Чистякова Г.Д. өзінің  “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық”  атты мақаласында С. Юркевич  “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары”  еңбегінде баяндалады.

2.Дарындылықты философиялық тұрғыда қарастыру.

Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды дей келе,  тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты.  Бірақ олар талантты дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын “құдайылық”  қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы,  екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.

 Көне  замандағы Антик  дәуірдің өзінде-ақ  ойшылдар  мен  педагогтар  оқушылардың  өзіндік  ой-тұжырымын  жасау  оны  дамыту  үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер дарындылық мәселелеріне көңіл бөлінген.

Бүгінгі  таңда  дарынды  балалар  мәселесін  зерттеуге  қатысты  философиялық,  психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар  тереңінде  жатыр.  Адамның  психологиялық  ерекшеліктері  жөніндегі  идеялар,  оның  ішінде  қабілеттілік  туралы  ойлар  сонау  ертедегі  грек  философтарының  еңбектерінде,  қайта  өрлеу  дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Ерте дәуірде  адам психикасы  танымдық  құбылыстың  ішіндегі  танып білуге, ұғынуға өте  қиын  мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген  адамдардың  табиғи  ерекшелігі мен оларда  ерекше  табиғи қабілеттіліктің болуы қүдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары  өзінің  өнерлілігі  мен  білімінен  емес,  құдайдың  кұдіретінен,  оның  белгілеуінен. Платонның еңбектерінде «... поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости» деп жазады. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған.

XIV ғасыр ойшылдары қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет  қызметкерлеріне,  әскери  адамдарға,  ғалымдарға  қатысты  дарындылық  қабілетін  жат  санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға  әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркем өнер  туындысының интеллектуалдық  іс-әрекетпен  байланысты  екендігінде  айтады.  Грек  философтары  дарындылықты құдайдың  құдіретінен  дей  келе,  оны  дамытуда  білім  мен  тәрбие  берудің  маңызын  жоққа  шығармайды. Ұрпақтың  ақыл-ой  тәрбиесіне  негізделген  тәрбие  теориясында  айналасындағы  дүниені  шынайы  ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен коғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады.  Бұл  идеялар  Платон,  Аристотель,  Гераклит,  Гиппократ,  Демокрит,  Плутарх,  Квинтиллан

еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Дәріс № 2 – Дарындылық мәселесіне тарихи шолу.

  1.  XIX ғасырдағы дарындылық мәселесі.
  2.  Антикалық дәуірдегі дарындылық мәселесі.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.XIX ғасырдағы дарындылық мәселесі.

ХVIII-ХІХ ғасырда дарындылық пен интеллектуалдық қабілет туралы және қайнар көзін іздеуде И.Г.Песталоцци  еңбектерінің маңызы  зор  болды. И.Г.Песталоцци  «Көзбен  қабылдау  әліппесі»  деген еңбегінде  баланың  сезім  тәжірибесіне  сүйенеді.  Ол  интеллектуалдық  ақыл-ой  тәрбиесінің  алғашқы сатысы  -  танымдық  белсенділікті  дамытуға  қажетті  оқытудың  эвристикалық  бакылау  әдістемесін жасайды. Песталоцци сияқты Дистервег те оқытудың негізі ақыл-ой мен қабілетті дамыту деп көрсетті. Дистервег  еңбектеріндегі  баланы  оқытудың  өзбеттілік  принципі  -  өздігінен  білім  алуға талпындыратын өзіндік  таным  еркіндігі. Сондықтан мұғалімнің негізгі мақсаты өзбеттілік  іс-әрекетті дамыту  арқылы  окушылардың  алатын  білім  сапасын  тереңдете  түсу.  Ол  баланы  оқытуда  тәжірибе жинақтауынан,  оның  ақыл-ой  әрекетінде  болатын  сандық  және  сапалық  өзгерістердің  жиынтығы ретінде  ойлауды  дамытуды  көздеді.  Әсіресе,  ол  оқыту  барысында  әңгіменің  алатын  орнын  жоғары бағалады.  Әңгіме  баланың  ақыл-ойын  дамытады,  білімін  нығайтады,  байыптауы,  өздігінен  ойлауға үйретеді деп есептеді. XIX  ғасырда  орыс  революционер  демократтары  дүниені  танып  білуде,  баланың  жан-жақты дамуына  мүмкіндік  тудыратын  ақыл-ой  тәрбиесіне,  интеллектуалдық  қабілетіне  көңіл  бөлді.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін калаушылар  (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина,  Беруни  және  т.б.)  философия,  логика,  химия,  астрономия,  география,  медицина,  психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фараби  «Бақытқа жету  трактаты»  еңбегінде  этикалық мәселелермен  қатар,  адам  қабілеттілігіне  білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.

Қабілеттілік  ілімі  жөніндегі  алғашқы зерттеулер  ағылшын психологі Френсис Гальтон  (XIX  ғ.)  есімімен байланысты. Ол  адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеген. Ол өзінің «Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі» еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыда негіздеп, келесі заңдылықтарды

белгіледі:  

- өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола

алмайды;  

- өте жоғары қабілеттілігі бар  адамдардың  тек  аз бөлігі  ғана қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды.  

Ф.Гальтон  көптеген  ұлы  да  қабілетті  адамдардың  өмірін  бакылай  келе  «кез  келген  деңгейдегі қабілеттілікте  тұқымқуалаушылық  негізгі  шарт»  деген  қорытындыға  келеді.    Неміс  педагогі  және психологі Э. Мейман (XIX -ХХғ.ғ.) дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің типтерін» белгіледі. Сонымен катар туа біткен дарындылық пен  кейіннен  игерілген  дарындылықты  бірлікте  карауға  тырысты.  Э.  Мейман  дарындылықтың педагогикалық  аспектілерін:  оқу  мен  тәрбиенің  дарындылықтың  дамуына  әсерін,  дарындылық, кабілеттілік, жетістікке жетушілік ара салмағын қарастырады. XIX  ғасырда  қазақ  халық  ағартушылары  да  халықты  сауаттандыру,  жеке  тұлғаның  қабілетін, дарындылықты  дамыту  мәселелерін  көтере  бастады.  Ағартушы  Ы.Алтынсарин:  "Табиғи  ақыл  өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек кана өркениетке жетелейтін озық білім", - дейді. Қазақ ағартушылары дарындылықтың туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

Ш.Уалиханов  шығармаларында  жеке  тұлға  тәрбиесіндегі  білім  мен  тәрбиенің  шешуші  рөлі көрсетілген. Оның жалпы  қазақ  халқының  ақыл-ой  кабілеттілігі жөніндегі  пікірі мынадай:  «Қырғыз-қайсақтар табиғатының ақыл-ой жүйріктілігімен, таңқаларлық көңілшектілігімен ерекшеленеді».    Ш. Уалиханов  тәрбиеге  үлкен маңыз  бере  отырып,  адам  қабілетінің  дамуына  оның  табиғи  бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады. Абай  Құнанбаев  адамды  қоршаған  орта  -  табиғаттың  бір  бөлігі  дей  келе,  табиғаттың  адам баласына  берген  керемет  сыйы  -  туылғаннан  бастап  білуге,  түсінуге  деген  ұмтылысы  деп  есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті  кезінде  қалыптасады  деп  тұжырымдайды.  

Дәріс № 3 - Отандық ғалымдардың зертеуіндегі дарындылық мәселесі(Л.С. Выготский,  Б.Г. Ананьев,  В. Крутеций,  Н.С. Лейтес,  В.М. Теплов).

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

Дарындылық теориясының негіздері Кеңес психологтарымен өңделген.    Л.С. Выготский,  Б.Г. Ананьев,  В. Крутеций,  Н.С. Лейтес,  В.М. Теплов және тағы басқа психологиялық тұжырымдары интегралды жеке тұлғалық білім ретінде дарындылыққа жүйелік көзқарас қалыптастырды және адам қабілетінің құрылымдылық компоненттерін анықтады.  

Қабілеттілік және дарындылық мәселесін Кеңес психологиясыда 40-50 жылдары  Б.М. Теплов ерекше зерттеген.  Ол қандай да бір күрделі іс-әрекеттің орындалуы үшін,  тек қана қабілеттілік емес,  оның  толық қатары қажет екенін дәлелдеген.  Іс-әрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне тәуелді болатын қабілеттіліктің өзіндік сапалы байланысын,  ғалым дарындылық деп атады.  Б.М.  Теплов “дарындылық”  түсінігінде белгілі іс-әрекеттегі табиғи нышан болмысына ерекше көңіл аударады.

В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу жұмыстарында былай дейді:  “Егер  “қабілеттілік”  сөзімен белгілі психикалық қасиеттерді атайтын болсақ,  дарындылық деп  -  адамдағы қабілеттердің өзіндік байланысын,  бірлігін атау керек”.  Ол сонымен қатар бұл феноменді зерттеу кезінде іс-әрекеттегі қоғамдық-тарихи өзгерістерді және олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек.

Дарындылыққа  А.Т. Асмолов жұмыстарында мәнді,  аса терең түсінік берілген.  А.Т. Асмолов “тарихи-эволюциялық қатынастың герменевтикалық парадигмасы”  ретінде белгіленген позициясы дарындылық феноменін қарастыра отырып,  генетикалық нышанды болжайды,  бірақ детерминациялайтын күш ретінде емес.  Бұл позиция дарындылықтың мәдени мінезін басым етіп,  Л.С.  Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына бағытталған.  “Дарынды және басқа балалар арасындағы терең айырмашылық (натуралды)  табиғи процестерге емес, оларды түрліше қолдануға белгілі мәдени тәсілдерді қолданылуға бағытталған.

Дарындылық  -  бұл бірдей өмір шартында қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқуға аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылық ерекше көрініс берулері.  Бұл  -  “тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес,  сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір талап-мақсаттар”,   бұл  -  “мақсатты ұмтылушылық ақыл-ой күшіне ерте дайындық”,  бұл  -  “адам іс-әрекетінің кез-келген әлеуметтік  -  маңызды сферасында белгілі жетістіктерге жете алу қабілеті”. Келтірілген цитаталардан көретініміздей,  дарындылық  -  бұл тек психологиялық құбылыс емес,  сонымен қатар әлеуметтік құбылыс.   Өйткені адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр. Қазіргі кезде интеллектің бірнеше анықтамасы бар.  “Интеллект кең  -  мағынада  -  барлық танымдық іс-әрекет,  ал тар мағынада  -  адамның ақыл-ой қабілеттілігінің сферасын білдіретін жалпылау түсінігінің ерекшелігі”.  Интеллектуалды қабілеттіліктер адамға қоршаған ортадағы заңдылықтар байланысы мен қатынасын ашуға,  өз ақыл-ой процестерін танып,  оларға әсер етуге  (рефлекстер мен өзіндік регуляция),  пайда болатын өзгерістерді көруге,  жаңа ситуацияларға үйренісу және ақиқатты белсенді өзгертуге көмектеседі. М.А. Холодная пікірі бойынша,  ақыл-ой қабілетілігінің негізінде адамның қоршаған ортаны талқылап,  көретін ерекше түрде ұйымдастырылған даралық тәжірибесі бар[22,123]. Ресей психологиясында интеллектуалды қабілеттілік пен креативтіліктің даралығы мен интеграциясы труалы мәселе,  бүгінгі күнге дейін арнайы қарастырылмады.  Бірақ қазір бұл сұраққа арналған көп зерттеу жұмыстары бар  (В.Н. Дружинин,  А.М. Матюшкин,  М.А. Холодная тағы басқалар). В.Н. Дружинин бұл мәселе бойынша отандық және шетел авторларының түсініктеріне анализ жүргізе отырып,  өз позициясын бөліп көрсетті.  Оның пікірі бойынша,  интеллектуалды қабілеттілік пен шығармашылық қызметтерін бөлудың қажеті жоқ,  креативтілік үшін интеллект төменнен кем болмауы қажет,  бірақ осымен қатар интеллект және креативтілік  -  тәуелсіз қабілеттіліктер деп айтады.

Дәріс № 4 - «Қабілет» және «дарындылық» мәселесінің мәнін анықтау.

  1.  Шет ел психологиясындағы (Дж.Рензулли, А.Шведел, Р.Стоунбернер,  К.Кеплер, және В.Сиервальд) «қабілет» және «дарындылық» мәселесінің мәні.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Шет ел психологиясындағы (Дж.Рензулли, А.Шведел, Р.Стоунбернер,  К.Кеплер, және В.Сиервальд) «қабілет» және «дарындылық» мәселесінің мәні.

«Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік - бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.

Дарындылық    -    бұл    бірдей    өмір    шартында,    қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық - бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық - бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.

Дарындылықтың ең көп тараған концепциясы,  американдық ғалым Дж. Рензуллидің моделі болып табылады.  Оның моделі бойынша,  дарындылық үш сипаттаманың,  яғни орта деңгейден асатын интеллектуалды қабілеттілік,  есепке бағытталған және мотивацияда көрініс  беретін креативтіліктің,  бір беткейліктің  сәйкес келуінде орындалады.  Дж. Рензуллидің теориялық моделінде,  тәжірибе негізіндегі білім (эрудиция)  және қолайлы қоршаған орта ескерілген.

Дж. Рензулли концепциясы гуманистік  (адамгершілікті)  болып табылады,  өйткені автор дарындылық түсінігімен,   “потенциал”  терминін қолдана отырып,  дарынды балалар интеллектуалды тесттер бойынша  анықталғандардан біршама көбірек дей келе,  дарынды балалар қатарына,  ең болмағанда бір параметрде жоғары көрсеткіш көрсеткен балаларды да  жатқызады.  Осылай,  берілген модель универсалды болып,  тек дарынды балаларды оқыту мен дамыту жүйесінде ғана емес,  сонымен қатар барлық балалар үшін қолданылуы мүмкін.

Әдебиеттерде дарындылықтың басқа да концепцияларын кездестіруге болады,  бірақ олардың барлығы да түрлендіріліп,  Дж. Рензулли концепциясына негізделген  (К. Торренс,  Д. Фельдхьюсен және тағы басқа).  Бірақ дарындылықтың кейбір модельдері,  бұл параметрлердің феномені  "мен" концепция және өзін-өзі сыйлау арқылы толықтырылуы керек деп ерекшеленді  (Д. Фельдхьюсен).

Дарындылық түсінігі жеке тұлғаның мәнді сипатымен:  мақсаттылық,  ашықтық,  белсенділік  (Маслоу,  Роджерс,  Леонтьев тағы басқалар)  арқылы түсіндірілді.  Дарындылыққа зерттеушілер статистикалық емес, динамикалық мінездеме береді  (Ю.Д. Бабаева,  А.И. Савенов тағы басқа),  дарындылық басқа жеке тұлғалық сапалар сияқты қозғалысқа бағытталып,  дамуда болады.  Дарындылықтың мұндай түсінігі авторларды теориялық жоба  (модель) құруына әкеледі.  Ол модельдерде жеке тұлға  әлеуетіне (потенциалына)  мінездеме беретін  параметрлермен қатар,  қоршаған орта факторлары қосылған.  Мысалы:  Ф. Монкстің “мултифакторлы моделіне”  Дж. Рензуллидің 3 шеңберімен қатар,  микрортаның негізгі факторлары:  “жанұя”,  “мектеп”, “құрбылары” енгізілген.

Дәріс № 5 - Талант пен гениалдылықтың сипаттамасы.  

1.Талант пен гениалдылықтың ұқсастығы мен айырмашылығы.

2.Гениалдылықтың  феноменологиясы.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

Талант  -  қабілеттіліктің жоғары деңгейі.  Ол шығармашылық есеп шешуді талап ететін суретші,  ойлап тапқыш ғалым,  кез-келген маман төрағасы,  еңбегі продуктісінің оригиналдылығымен мінезделеді.  Талант кез-келген аумақта қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.

Данышпандық  -  қоғамдық өмірде тарихи мағынасы бар шығармашылықта көрінетін дарындылықтың жоғары сатысы.  Данышпан өз аумағында жаңалық туғызады.

Барлық жеке тұлғалық осы жасалымдар беліглі бір деңгейде бір-бірімен өзара байланыста болатын қабілеттердің негізінде жеке тұлға бағыттылығына жатады.

Соңғы жылдары әлеуметтік жағдайға байланысты өндіріс,  мәдениет,  өнер аумағындағы қабілетті және талантты адамдарға ғылыми әдебиеттерде және практикада дарындылық мәселесі бойынша қызығушылығы жоғарылады.  Сонымен қатар,  осы мәселе бойынша жаңа оқулықтар шықты.  Олар дарындылық табиғатының мәнін толықтырады.

Данышпандық — кемеңгерлік. Данышпандық — адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет саласында қол жеткізуі. Данышпандық — бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет. Ақыл-ойдың, білімнің молдығы, кең өрістілігі, бүгінгі ақыл-ой жеткен өреге сүйене отырып, келешекті болжау, ой қорытып, түйін жасау, ғылымның келер көкжиегінің жетер жерін анықтауға арналған ой-тұжырымы бар парасатты адамдарды данышпан адам деп атайды. Аристотель, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Шоқан Уәлиханов, Абай сияқты әмбебап данышпан ғүламалар аз емес. Ақыл-ойы, білімі мол, білгір адамның бәрі бірдей данышпан бола бермейді. Психологияда данышпандық деп өте сирек кездесетін қабілеттердің ең жоғарғы дамыған түрін атайды. Данышпандық адамның ақыл-ойы мен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпандық — өмірдің шындығын, яғни оның себебі мен салдарының үйлесімділігін тану. Адамның нақты жағдайын, орны мен рөлін анықтап, оны салауатты өмір сүруге жеткізетін іскерлікті, білімпаздықты және жақсылықты дәлірек түсіну; ақиқат пен әділеттікті адамның мұрат-мүддесіне қолдануды бетке ұстау, адам қызметін сын көзінен, қажет биігінен өткізу арқылы оның ой-сезіміне, әрекетке деген іштей дайындығына, адамгершілік мұратына лайықты мағына табу; ыстық қайратты, нұрлы ақылды, ыстық жүректі бойда сақтау, қателеспей сөйлеу және керектіні ғана істеу — адамгершілік пен имандылықтың таласы; осы мінез-қабілеттерге жеткізетін әр түрлі жағдайды байыппен айналдыру, яғни даралық тұтастығын сақтау.

Дәріс № 6 - Дарындылық факторлары.

1.Биологизаторлық теория(Г.Айзенк, Ф.Гальтон).

     2.Әлеуметтік теориялар.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Биологизаторлық теория(Г.Айзенк, Ф.Гальтон).

Англиялық психолог Г. Айзенктің интеллект түрлері кеңінен танымал.  Олар:  “биологиялық  -  (негізінде мидің құрылымы мен орындалуы бар)  оларсыз ешқандай таным процестері орындалуы мүмкін емес;  “психометриялық”  - ІQ ақыл-ой  дарындылығы көрсеткішінің коэфициентін құрайды және көбіне тәрбие мен білім беруден тәуелді;  “әлеуметтік” -  ақпаратты сынай отырып өңдеу,  стратегияны өндіру болып табылады.  Г. Айзенк бойынша,  интеллектің бұл түрлері  өзара байланысты.

Жоғарыда келтірілген интеллект моделі туралы түсінікті талдау,  оның күрделілігі туралы көрініс береді.  Әрине,  ол әр адамдарда түрлі деңгейде болады.

Адам интеллектісінің көріністері көп болуына қарамастан,  оның жас ерекшелік динамикасы болады  (Ж. Пиаже).  Интеллектуалды іс-әрекет,  ішкі әрекет жүйесін тұрақты және иілгіш ақыл-ой құрылымы арқылы көрсетеді.  Олар дамудың жас  ерекшелік стадиясынан өтеді.

Ғылымды дифференциациялаумен байланысты  (ХІХ ғ.)  психология мен педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүре бастады.  Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі  -  англиялық психолог Френсис Гальтон  (ХІХ ғ.).  Ол  адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді.  Ф. Гальтон өзінің “Таланттың тұқым қуалаушылығы:  оның пайда болуы мен заңдылығы”  атты еңбегінде қабілеттің пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды бөліп көрсетті.

  1.  Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса,  бір де бір адам қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
  2.  Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе,  қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді.

Дарындылық пен интеллект феноменін анықтауға көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары арналған.  Интекллекті зерттеу бұрын 2  түрлі түсінікке негізделген болатын.  Ф. Гальтон-Дж. Кеттел ойлары бойынша,  интеллект өзін қарапайым қызметте көрсетуі керек,  ал А. Биненің ойынша,  интеллект белгілерінде әрдайым ерекше жинақталған кешенді өзгешілігі болды.  Бұл 2 түсінікті тесттер құрастырғанда біздің экспериментмізде кеңінен қолданылады.  Олар аз ғана өзгертілген күйінде пайдаланылды.

Э. Мейман (ХІХІ-ХІХ ғ.ғ.) дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді жалғастырды.  Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зертетй отырып,  осының негізінде “нышан типтерін”  бөлді.  Осымен қатар,  Мейман табиғи,  жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды.  Бұл феномен түрлерінен дарындылықты ес,  қиял тағы басқа даралық ерекшелітерді зерттей отырып,  олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады,  әрі адамдардағы дарындылықтың деңгейін анықтауға көңіл бөлді.  Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектісін:  тәрбие мен дарындылықтың,  табыстылықтың және жұмысқа қабілеттілігінің байланысын зерттеген.

Дәріс № 7 - Дарындылық концепциялары.

1.Дж. Гилфордтың интеллект құрылымы моделі.

2.Г. Доманның «физикалық  интеллект» моделі.  

3.Дж. Рензуллидің дарындылық моделі.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Дж. Гилфордтың интеллект құрылымы моделі.

Бірқатар жас ғалымдар  -  Дж. Гилфорд,  П. Торренс,  Ф. Баррон,  К. Тейлор және тағы басқа психологияда шығармашылық дарындылықтың жаңа шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді.  Бұл зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар психологиясы бойынша теориялық зерттулердің шоғырлауына себепші болды.

70-ші жылдардың басында жеке-дара айырмашылықтар психологиясы практикалық ғылым болып қалыптасады.  Зерттеулер білім саласына ығысады.  70-ші жылдардың соңы  -  80-ші жылдардың басында енді мүлдем жаңа,  психологияның қолданбалы саласы  -  таланттылар психологиясы  саласы пайда бола бастайды.

Дж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті:  мектептің соңында көптеген дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастап кешеді,  өз құрбылары мен ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.

Дарынды балалар мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан “дискриминацияны”  сезінеді  (С. Марленд,  1972).

70-ші жылдардың соңында тек жеке емес,  әрі мемлекеттік мектептер даралап оқытуды таңдауға көшті.

80-ші жылдардың басында дамыту жоғары дарынды балалар мүмкнідігін дамыту бойынша халықаралық ірі жоба жүзеге асты АҚШ-та дарынды балалардың жетекшілігі (лидерлігі)  бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.

Біздің елімізде 20-шы-30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.

Дарындылықтың ең көп тараған концепциясы,  американдық ғалым Дж. Рензуллидің моделі болып табылады.  Оның моделі бойынша,  дарындылық үш сипаттаманың,  яғни орта деңгейден асатын интеллектуалды қабілеттілік,  есепке бағытталған және мотивацияда көрініс  беретін креативтіліктің,  бір беткейліктің  сәйкес келуінде орындалады.  Дж. Рензуллидің теориялық моделінде,  тәжірибе негізіндегі білім (эрудиция)  және қолайлы қоршаған орта ескерілген.

Дж. Рензулли концепциясы гуманистік  (адамгершілікті)  болып табылады,  өйткені автор дарындылық түсінігімен,   “потенциал”  терминін қолдана отырып,  дарынды балалар интеллектуалды тесттер бойынша  анықталғандардан біршама көбірек дей келе,  дарынды балалар қатарына,  ең болмағанда бір параметрде жоғары көрсеткіш көрсеткен балаларды да  жатқызады.  Осылай,  берілген модель универсалды болып,  тек дарынды балаларды оқыту мен дамыту жүйесінде ғана емес,  сонымен қатар барлық балалар үшін қолданылуы мүмкін.

Әдебиеттерде дарындылықтың басқа да концепцияларын кездестіруге болады,  бірақ олардың барлығы да түрлендіріліп,  Дж. Рензулли концепциясына негізделген  (К. Торренс,  Д. Фельдхьюсен және тағы басқа).  Бірақ дарындылықтың кейбір модельдері,  бұл параметрлердің феномені  "мен" концепция және өзін-өзі сыйлау арқылы толықтырылуы керек деп ерекшеленді  (Д. Фельдхьюсен).

Дарындылық түсінігі жеке тұлғаның мәнді сипатымен:  мақсаттылық,  ашықтық,  белсенділік  (Маслоу,  Роджерс,  Леонтьев тағы басқалар)  арқылы түсіндірілді.  Дарындылыққа зерттеушілер статистикалық емес, динамикалық мінездеме береді  (Ю.Д. Бабаева,  А.И. Савенов тағы басқа),  дарындылық басқа жеке тұлғалық сапалар сияқты қозғалысқа бағытталып,  дамуда болады.  Дарындылықтың мұндай түсінігі авторларды теориялық жоба  (модель) құруына әкеледі.  Ол модельдерде жеке тұлға  әлеуетіне (потенциалына)  мінездеме беретін  параметрлермен қатар,  қоршаған орта факторлары қосылған.  Мысалы:  Ф. Монкстің “мултифакторлы моделіне”  Дж. Рензуллидің 3 шеңберімен қатар,  микрортаның негізгі факторлары:  “жанұя”,  “мектеп”, “құрбылары” енгізілген.

Дәріс № 8 - Дарынды балалардың психологиялық сипаты. 

1.Дарынды балалардың жалпы сипаты.

2.Танымдық дамуының ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Дарынды балалардың жалпы сипаты.

Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.

Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті - рольдік ойындар. Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-қатынасқа деген қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.Н. Галигузова),

Дарынды балалардың мінез-құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір ерекшеліктері, оларды құрдастырының түсінбеуіне, олардың өзара қарым-қатынасында дау-жанжал кездесуіне және тіпті басқа балалардың оларды шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп болады: серіктесін тыңдай алмау, доминанттылыққа ұмтылу, бірге ойнайтын ойындарда өзіне ұйымдастырушы ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу, ересектердің зейінін өзіне аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу балаларға қатысты шыдамсыздық таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау әдетінің болуы Л.Хоменгуерт дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін болатын себебін көрсетеді: «ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз құрбыларының ойындары қызықсыз болуы мүмкін».

Өз құрбыларымен өзара әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе олардың себептерін түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен достасуға ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда қияндың тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық болады, сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға түседі. Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір нәрсені жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен өзіндік бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар өздерінің жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-қатынасында өзінің мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді. Сондықтан дарынды баланың өз әрекетін іске асыруда «Мен» концепциясы маңызды болып табылады.

Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.

Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.

Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы мектепке дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа қолайлы жағдай туғызу   қажет.

Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес,  қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.

Дәріс № 9 - Дарынды балалардың психологиялық қиындықтары.

1.Дарынды балаларды оқыту мен дамытудағы психологиялық-педагогикалық негіздері.

2.Дарынды балардың бейімделу процесіндегі қиындықтары.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

Дәріс № 10 - Дарындылықты диагностикалау.

1.Дарындылықты классификациялаудың критерийлері.

2.Жалпы және арнайы дарындылық.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

          1.Дарындылықты классификациялаудың критерийлері.

Дарындылықты классификациялау белгілі критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады.

Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адампың психикалық мүмкіндіктерінің спецификасына және оладың қандай да бір іс-әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңнейін сипаттауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар дарындылық мәселесін зерттей келе, оның жалпы және әдейі немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай, жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы, «ақыл-ой қүндылығы» қажет болады.

Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу өнері, ақындық дарындылық және т.б.).

Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч.Спирмен ақыл-ой энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.

Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады.

Мектепте «орташа оқитын» оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект бел^ілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.

Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. "Ақыл-ой» мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі «интеллект» сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне «ақыл-ой дарындылығы» түсінігінің термині ретінде қолданылады.

Интеллект - өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді. Дарындылық - бұл жеке тұлғаның ерекше қүрылымы.

Ақыл-ой дарындылығының арнайы  түрлері, яғни философиялық-теоретиялық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық - Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.

Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда - арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе «жасырынды» дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.

            Дарынды балалар — жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).

           Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты.

Дәріс № 11 - Дарынды балаларды оқыту мен дамытудағы психологиялық-педагогикалық негіздері. 

1.Дарынды балаларды оқыту мен дамытудағы тұлға теориясының әдіснамалық негізі ретінде.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Дарынды балаларды оқыту мен дамытудағы тұлға теориясының әдіснамалық негізі ретінде.

Дәріс № 12 - Оқушылардың шығармашылық ойлауының дамуы. 

1.Ғылыми психологиялық әдебиеттердегі шығармашылық ойлау проблемасы.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Ғылыми психологиялық әдебиеттердегі шығармашылық ойлау проблемасы.

Қазіргі уақыттың  негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.

Әлемдік психолого – педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған .

Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процес. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей  жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:

барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Дәріс № 13 - Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы психологиялық-педагогикалық тапсырмалар.

1.Дарынды балалармен жұмыс істеудегі педагогтың ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Дарынды балалармен жұмыс істеудегі педагогтың ерекшеліктері.

Дәріс № 14 - Дарынды балалардың дамуындағы отбасының рөлі.

1.Баланы тәрбиелеудегі отбасының рөлі.

2.Дарынды баларды дамыту мен оқытудағы отбасының маңыздылығы.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.Баланы тәрбиелеудегі отбасының рөлі.

Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:

•   жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;

•   бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;

•   ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.

Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер, апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында кіші сіңілі - қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанүядағы балалар санынан тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді.

Жанұя құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және жанұяның эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың мазмұнды жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы жынысты ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды.

Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды.

Р.Хесс және В.Шипман өзара әрекетті ата-аналық стильдері императивті және инструктивті деп бөлді. Императивті стиль үшін мынадай бұйрықтар сәйкес келеді: «Мен айтқан секілді жаса ...», «Тыныш отыр...».  Ата-аналар баласының айтқандарын  бұлжытпай  орындауын күтеді. Олардың қатынасы ересектің беделіне негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және тәуелділік пен конформизмді дамытады.

Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар мынадай болып негізделеді: «ойыншықтарыңды жина, ал мен еденді сыпырамын...». Ата-аналар баласымен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың талаптары, заңдылықтары саналы түрде жүреді. Бұл, балада инициативалықты дамыту (бастау) және қаттылықты тәрбиелейді.

Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор - бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі. Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:

•   теріс

•    ашуландырушы (игнорирующее)

•   дұрыс-оң

•    гиперсоциализация    (ата-аналар    дарындылықты,    өз-өзін    таныту мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы   жасауы немесе өздерінің орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).

Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.

Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және айналадағыларға үлкен талаптар қояды.

Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары).

Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.

Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.

Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшеліколарды толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті алыстағыға алмастыру қиынға соғады.

Дәріс № 15 - ҚР дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі.

1.ҚР дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесінің концепциясы.

Дәріс мақсаты студенттерге дарындылық психологиясының теориялық негіздеріне толық сипаттама беру.

Кілттік сөздер – дарындылық, эволюция, психика, сана.

1.ҚР дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесінің концепциясы.

2. Глоссарий

Қайта жаңғырту ­ біздің бұрын қабылдаған заттарымыздың бейнесін қайта қалыптастыру процесі. Қайта жаңғыртудың қабылдаудан айырмашылығы ­ ол  қабылдаудан кейін және одан тыс жүзеге асады.

Есте сақтау ­ қабылданып отырған ақпаратты әсерлеу және кейінгі сақтау процесі.

Ес көлемі ­ адамның әсерлеген, сақтаған және қайтажаңғыртқан ақпараттарының сандық мүмкіндігі.

Ес ­ өткен өмір іздерін әсерлеу, сақтау, кейін қайта тану және қайта жаңғырту.

Иконикалық ес ­ сенсорлық ес.

Когнитивті ес (қысқа мерзімді) ­ білімдерді сақтау процесі. Оқыту барысында алынған білімдер алдымен тұлғаға қатысты сыртқы ретінде қабылданады, бәрақ кейіннен тәжірибе мен иланым айланады.

Бейнелік ес ­ көру, есту және қозғалыстық ес болып бөлінеді. Олардың дамуы индивидтерде бірдей емес, және де бұл естің бір түрінің басымдылығы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Оперативті ес ­ қысқа мерзімді естен айырмашылығы ­ ол тікелей іс­әрекетті реттеу процесіне қатысады, яғни оның аралық нәтижесін сақтап қалу үшін.

Сенсорлық ес (эхоикалық ес) ­ естің гипотетикалық шағын жүйесі, аса қысқа мерзім аралығында (әдетте бір секундтан аз) сезім мүшелеріне келіп түскен ақпаратты сенсорлық өңдеу өнімін ұстап қалуды қамтамасыз етеді.

Қысқа уақыттық ес ­ сезім мүшелерінен және ұзақ мерзімді естен келіп түскен мәліметтерді оперативті түрде ұстап қалуды және түрлендіруді қамтамасыз ететін естің шағын жүйесі.

Ұзақ уақыттық ес ­ ұзақ аралықта (бір сағаттан ондаған жылдарға дейін) білімдерді, ептіліктер мен дағыларды сақтауды қамтамасыз ететін естің шағын жүйесі, оған сақталатын ақпараттың аса үлкен көлемі тән.

Сөйлеу ­ адамдардың тіл көмегімен қарым­қатынас жасау процесі.

Афазия ­ бас миы қабығының локалдықзақымдалуы кезіндегі сөйлеудің бұзылуы.

Ішкі сөйлеу ­ адамның дыбыссызсөйлеу іс­әрекетінің ерекше түрі, ол грамматикалық құрылым мен мазмұнның аса жинақылығымен сипатталады.

Диалогтық сөйлеу ­ сөйлеуге қатысушылардың  барлығы бірдей деңгейде белсенді болатын сөйлеу түрі.

Таңбалық жүйе ­ өзарабайланысы мен практикалық қолдануы ортақ ережемен біріктірілген таңбалар жүйесі.

Семантика ­ тір бірлігінің мағынасы (сөз, сөйлем, мәтін).

Эгоцентрикалық сөйлеу ­ мектепке дейінгі жастағы баланың өзіне бағытталған және оның ойынымен қатарласа жүретін тілдік іс­әрекет.

Тіл ­ психикалық белсенділікке себеп болатын сөздік таңбалардың жүйесі, және де сөйлеуде жүзеге асатын қарым­қатынас құралы.

Зейін ­ адам санансының белгілі бір оъектіге шоғырлануы.

Сыртқы зейін (сенсорлық­перцептивтік) ­ сыртқы дүние объектілеріне бағытталған; қоршаған дүниені тану мен түрлендірудің қажетті шарты.

Ішкі зейін (интелектуалдық)  ­ адамның  субъективті дүниесінің объектілеріне бағытталған; өзіндік таным мен өзіндік тәрбиенің қажетті шарты.

Ырықсыз зейін ­ неғұрлым қарапайым және генетикалық зейін. Пассивті сипатқа ие, саналы пиғылдардан тәуелсіз пайда болады.

Ырықты зейін ­ саналы қойылған мақсатпен бағытталады, тілмен тығыз байланысты. Егер іс­әрекет саналы пиғылдар шегінде жүзеге асырылған және субъект тарапынан ерік әрекеттері талап етілген жағдайда ырықсыз зейін туралы айтылады.

Зейін концентрациясы ­ зейіннің объектіге шоғырлануы дәрежесін сипаттайтын зейін сапасы.

Зейіннің көлемі ­ бір мезгілде назар аударатын объектілер санымен сипатталатын зейін сапасы.

Зейіннің ауысуы ­ бір объектіден екіншісінен әдейілеп назар аударумен сипатталатын зейін сапасы.

Зейіннің таралуы ­ зейін саласында бір мезгілде бірнеше объектілерді ұстай алу мүмкіндігімен сипатталатын зейін сапасы.

Зейіннің тұрақтылығы ­ зейіннің объектіге шоғырлануы ұзақтығымен сипатталатын сапасы.

Эмоциялар ­ қажеттіліктер және мотивтермен  байланысты, және де субъектіге әсер етуші құбылыстар мен жағдайлардың мәнділігін тікелей­сезімдік уайымдар формасында бейнелейтін психикалық процестер мен күйлердің ерекше тобы.

Сезім ­ адамның өзінің заттар мен құбылыстарға деген қатынасын бастан кешіруінің негізгі формасы; тұрақтылық және  төзіміділікпен ерекшеленеді; сезімдердің қалыптасуы мен дамуы тұрақты эмоционалдық қатынастың қалыптасуын білдіреді.

Стресс ­ эктремалдық өмірлік жағдайларда пайда болатын, адамнан жүйке­психикалық күштерін мобилизациялауды талап ететін эмоционалдық бастан кешірулердің ерекше формасы.

Аффект ­ қасқа мерзімдік аса күшті эмоционалдық күй.

Жоғарғы сезімдер: адамгершіліктік, интеллектуалдық, эстетикалық сезімдерді қамтиды.

Мотивтер күресі  ­ шешім қабылдаумен байланысты ерік әрекеттерінің сатысы.

Құмарлық  ­инстинктивті тілек, индивидті осы тілекті қанағаттандыру бағытында әрекет атқаруға итермелейді.

Ерік күші  ­ психикалық бейнелеу формасы, индивидтің  сыртқы және ішкі кедергілерден өтумен байланысты әрекетті таңдау тәсілінен көрінеді.

Ерік ­  адамның өз мінез ­ құлқы мен іс ­ әрекетін саналы реттеуі, және де мақсатқа бағытталған әрекетер мен қылықтарды жүзеге асырудағы ішкі және сыртқы қиындықтардан өту ептілігінен көрінеді.

Шешім қабылдау  ­   міндетті орындау нұсқаларының бірін таңдау.

Тілек  ­ қажеттілікті бейнелейтін саналы ұғынылған құмарлық; бір нәрсеге ие болу немесе бір нәрсені жүзеге асыру мүмкіндігі жайлы әрекеттік ойға ауысқан уайым.




1. ОПРЕДЕЛЕНИЕ МОМЕНТОВ ИНЕРЦИИ ТВЕРДЫХ ТЕЛ МЕТОДОМ ТРИФИЛЯРНОГО ПОДВЕСА
2. Topic; to prctice pupils~ skills in using the Pst Indefinite nd Pst Continuous; to develop pupils~ reding nd speking skills on the topic; to prctice mking up the dilogues following the.html
3. на тему 14- Контроль качества продукции на предприятии- цели назначение структура Введени
4. Признаки кражи
5. на заданном промежутке а вне его рх0
6. Что извлек из этого Достаточно ли совершено ошибок чтобы научиться жить И что дальше когда утерян н
7. Адвокат А потом ~ Журналист потом ~ Сочинитель
8. История как наука и ее место в системе гуманитарного знания
9. Эвакуация
10. на тему анализ использования производственных мощностей предприятия на материалах ОАО СиМЗ
11. Учет реализации готовой продукции
12. Задание для 2 части курсового проекта Необходимо определить порядковый номер своего задания по списк
13. Деятельность юристов в Древнем Риме
14. Тема- Microsoft Excel Сортировка и фильтрация данных Цель- Научиться осуществлять сортировку и фильтрацию данных
15. трудовые ресурсы и занятость определить как они соотносятся между собой и каким образом можно количествен
16. Попереднє визначення продуктивності котельної установки
17.  Будь твердым как скала Характер определяет как действует лидер в трудных жизненных ситуациях кризис не
18. Священник Константин Будкевич
19. ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА Государственная итоговая аттестация по специальности 050709 Преподавание в начальны
20. Один дома.11 декабря