У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Юриспруденция маманды~тарына арнал~ан мемлекет ж~не ы~ теориясы п~ні бойынша емтихан с~ра~тары

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

ІІ семестр «Юриспруденция» мамандықтарына арналған мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1.  Құқық шығармашылық ісінің сатысын атаңыз:Заң шығару бастамасы, заң жобасын талдау, заңды қабылдау, заң актілерінің жарық көруі және заңды күшіне ену
  2.  «Нәтижесінде заң заңдық күшіне ие болатын және қолданысқа  енгізілетін  құзыретті органдардың құқық
  3.  Құқық шығармашылық дегеніміз не?Қоғамдық қатынастарға ықпал жасаудың тәсілі және ол құқыққа заңдық күш  беретін құрал болып есептеледі
  4.  Төмендегілердің ішінен құқық шығармашылық қызметінің қағидасына жатпайтынын табыңыз:
  5.  Құқық шығармашылық процесінің сатыларын атаңыз:
  6.  Заңдық бастамашылық дегеніміз не?Конституцияда анықталған,соған өкілеттігі бір белгілі бір субъектілердің заң жобасын дайындап, оны заң шығарушы органға енгізуі және оның заң жобасы бойынша шешім қабылдау міндеттілігі.
  7.  Халықтың тікелей құқық шығармашылық қызметі қалай аталады? Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша тікелей халықтық дауыс беру (референдум) жолымен заңдар қабылданады.
  8.  Заң шығармашылық қызметінің соңғы сатысын атаңыз: заң актілерінің жарық көруі және заңды күшіне ену сатысы деп аталады. Жарияланбаған заңдар қолданылмайды.
  9.  Өздеріне тиімді шешім қабылдату мақсатымен құқық шығармашылық субьектілеріне « мүдделі топтың» ықпал ету қалай аталады?
  10.  Заң техникасы қолданылады:
  11.  Заңды техника дегеніміз:адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынасбайланыс жүргізу ережелері
  12.  Нормативті актілерді жүйелеудің түрлерін көрсетіңіз:Инкорпорация,консолидация, кодификация

Заңнаманы кодификациялау дегеніміз бұл - нормативтік  актілердің олардың мазмұндарын  өзгерту арқылы біріктірілген логикалық  жағынан тұтас заңды  акт.

  1.  Инкорпорация дегеніміз бұл - заңдарды жүйелеудің бір түрі. Онда нормативтік актілердің  мазмұны өзгертілместен  жинаққа біріктіріледі, әрбір акті өзінің дербес заңдық маңызын  сақтайды.

  1.  Консолидация дегеніміз бұл - кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормалдарда кездесетін қайталауларды жоққа шығарып, жаңа мәтінін қалыптастыру

  1.  «Нормативтік-құқықтық актілердің ішкі немесе сыртқы мазмұнын жаңғырту арқылы бір жүйеге келтіру процесі» дегеніміз не?Инкорпорация
  2.  Кодекс ұғымы нені білдіреді?Латынша Книгабір құқыққа байланысты, заңдар жинағы
  3.  Құқықтағы кемшіліктер дегеніміз:бұл қолданып жүрген заңнамада қажетті заң нормаларының болмауы,
  4.  Заңды ұқсастығына қарай қолдану дегеніміз:Әдетғұрыпты қолдану
  5.  Қандай құқық саласында «ұқсастық институтының» қолданылуына тыйым салынады?ҚР неке және отбасы туралы, Қылмыстық.
  6.  Құқық ұқсастығының заң ұқсастығынан ерекшелігін көрсетіңіз:???
  7.  Құқықты қолдану қызметінің сатысын көрсетіңіз:Істің фактілік негізін белгілеу, істің заңды негізін анықтау, істі шешу
  8.  Құқықты қолдану актісін көрсетіңіз:Бұл нақты заңды істі шешудің нәтижесінде құзырлы орган шығарған, жеке биліктің ұйғарымнан тұратын құқықтық акт
  9.  Құқықты пайдалану дегеніміз:Субъектілердің ерікті түрде нормативтік актілер арқылы өз мүддемақсаттарын іске асуын қамтамасыз етуі.
  10.  Құқықты қолдану дегеніміз:Құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке акт қабылданады.
  11.  Құқықты орындау дегеніміз:Жағымды мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру
  12.  Тыйым салушы нормалар қандай нысанда жүзеге асырылады?Императивтік
  13.  Құқықты қолданудың алғашқы сатысын атаңыз:Істің іс жүзіндегі негізін анықтау
  14.  Құқық қолдану актісі қандай құрылымдық элементтерден тұрады: 
  15.  Құқық нормаларын түсінік беру дегеніміз:Бұл құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, ондағы көрсетілген биліктің басындағы әлеуметтік күштердің ерікжігерін айқындауға бағытталған мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың,жеке азаматтардың қызметі
  16.  Құқыққа түсінік беру процесі қандай сатылардан тұрады?Жеке адамдардың норманы өздері оқып,білуін  қамтамасыз ету, үгітнасихат арқылы халыққа жаңа норманың мазмұнын, мақсатын түсіндіру
  17.  Көлемі бойынша түсінік берудің түрін атаңыз: Сөзбе сөз, шектелген, кеңейтілген
  18.  Субъектілеріне қарай түсінік беру қандай түрлерге бөлінеді?Ресми және Ресми емес
  19.  Ресми түсінік беру дегеніміз: Бұл өкілеттігі бар мемтік орган немесе лауазымды тұлға беретін түсіндіруді айтамыз. Оны орындау міндетті
  20.    Құқыққа бейресми түсінік берудің түрін      көрсетіңіз:Доктриналықтүсініктерді ғалымзаңгерлер, тәжірибелі заң мамандары береді.Жалпылама –заңгерлерден, басқа заң мамандары береді
  21.  Құқыққа ресми түсінік берудің түрін көрсетңіз:Нормативтік,казуальдық,сот органдардың ресми, әкімшілік,аутентикалық,легальды.
  22.  Құқыққа қарапайым түсінік берудің субьектісін көрсетіңіз:Адам
  23.  Конституциялық Кеңестің ҚР Конституциясы нормаларына түсінік беруі құқыққа түсінік берудің қандай түріне жатады?Нормативтік түсінік беру
  24.  ҚР Конституциялық Кеңесі Конституция нормаларына түсінік беруінің нәтижесінде қандай акт шығарады?Нормативтік акт
  25.  Құқықтық қатынас дегеніміз: Бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
  26.  Толық әрекет қабілеттілігк қай жаста пайда болады:18
  27.  Жартылай әрекет қабілеттілік қандай жасты қамтиды :14-18арасы
  28.  Құқық қабілеттілік –Тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті.
  29.  Әрекет қабілеттілікТұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті
  30.  Құқықтық қатынас құрылымы –Құқықтық қатынастың субъектісі, құқықтық қатынастың объектісі , субъективтік құқық  және заңды міндет
  31.  Құқықтық қандай субъектілерінде құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік бір уақытта пайда болады?
  32.  Реттеу пәніне қарай құқықтық қатынастардың түрі:
  33.  Құқық субъектісінің ерік-ықтияры мен санасынан тысқары болатын заңдық фактіні көрсетіңіз:
  34.  Заңдық фактілер “еріктілік” критерий бойынша қандай  түрлерге бөлінеді?Оқиғалар және Әрекеттер
  35.  Оқиға дегеніміз: бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар.
  36.  Құқық субъектісінің еркі мен санасына тәуелсіз заңдық фактіні атаңыз:Оқиға
  37.  Заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігі қай кезден басталады?Туғаннан басталады
  38.  Құқықтық қатынастың обьектісі болып табылмайды:Адам
  39.  Азаматтардың әрекет қабілеттілігі қандай жағдайларда шектелінуі мүмкін? созылмалы алкоголик немесе нашақор деп танылған кезде.
  40.  Тұлғалардың әрекет қабілеттігі шектеледі: сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін.
  41.  «Адамдардың құқыққа деген ойлары мен сезімдері, көзқарастары мен эмоциялары» деген анықтама қай ұғымға сай?Құқықтық психология
  42.  Құқықтық сана дегеніміз: Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құкықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
  43.  Кәдімгі құқықтық сана дегеніміз не? Көпшілік адамдарға тәң құқықтық сана туралы бөлекбөлек, көбіне теріс, әр түрлі нанымсенімге  негізделген түсініктерден тұрады
  44.  Кәдімгі құқықтық сананың басқаша атауын көрсетіңіз: Қарапайым
  45.  Кәсіптік құқықтық сана дегеніміз:
  46.  Құқықтық сананың құрылымының элементтерін көрсетіңіз:Құқықтық психология және идеологоя 
  47.  Адамдардың құқықтық шындыққа қатысты бағалаулары, сезімдері, көңіл-күйлері, эмоциялары анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетіңіз: Құқықтық психологоя
  48.  Құқықтық идеология дегеніміз:Қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жұйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. 
  49.  Құқықтық психология дегеніміз: Құқықтық психология – бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады.
  50.  Құқықтық нигилизм дегеніміз:Қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моралдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау
  51.  Құқықтық нигилизмге тән емес белгіні көрсетіңіз: Құқыққа сәйкес жүріс-тұрыс
  52.  «Құқықтық идеализм, құқықтық демагогия, құқықтық фетишизм, құқықтық дилентализм» - түсініктері төмендегі ұғымдардың қайсысына қатысты?Мәдениетке
  53.  Құқықтық мәдениет дегеніміз: Кең мағынасында құқықтық мәдениет-қоғамның құқыққа деген нақты қажеттері (оның ішінде мемлекеттін құқықты бағалауы), құқықтық ғылым дамуының деңгейі мен заң білімінің погресшілдігі және, ақырында, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі керек ететін қоғам мәдениетінің ажырағысыз бөлігі.

    Тар мағынасында алғанда қоғамның құқықтық жүйесінің даму деңгейін құқықтық мәдениет деп түсінген жөн.
  54.  Құқықтық мәдениеттің қалыптасу факторларын атаңыз:
  55.  Тұлғаның құқықтық мәдениетінің деңгейін көрсететін көрсеткішті атаңыз:
  56.  Құқықтық мәдениеттің түрлерін көрсетіңіз: жекелік және қоғамдық
  57.  Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тән құқықтық сананың түрі: кәсіби құқықтық сана
  58.  Заңды мінез-құлық дегеніміз не ? құқық нормасында көрсетілген, мемлекетпен кепілдендірілетін және қорғалатын, қоғам мүддесі тұрғысынан қажетті және мүмкін болатын құқық субъектілерінің әрекеті
  59.  Төменде аталған белгілердің қайсысы заңды мінез-құлықтың басты заңдылық белгілеріне жатпайды ?
  60.  Мәжбүрлеу шараларының қайсысы заңдық жауапкершілікке жатады? Азаматтын тұрғылықты жерінен шығуына тыйым салынуы
  61.  Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші құқықтық нормаларды бұзғандық үшін пайда болатын заңды жауапкершілік:Әкімшілік жауакершілік
  62.  Құқық бұзушылықққа сәйкес жауапкершілік
  63.  Төменде аталғандардың қайсысы заңды жауапкершіліктің түрлеріне жатпайды?
  64.  Заңдық жауапкершіліктің туындауының негізін атаңыз:  құқықбұзушылық туралы заңдық факт
  65.  Қайсысы құқық бұзушылықтың маңызды, анықтаушы және негізгі белгісі болып табылады?Моральға қайшылық
  66.  Келесі жауапкершіліктердің  қайсысы заңдық жауапкершілік болып табылады?
  67.  Қылмыстың субъективті жағын не құрайды? + ішкі белгілерінің жиынтығы – мақсат, кінә, ниет
  68.  Кінә дегеніміз: адамның өзi жасаған әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекетi кiнәлi түрде жасалған деп танылады
  69.  Кінәнің нысанын көрсетіңіз:
  70.  Әрекет дегеніміз: рекет адамның белсендi iс-қимылы және қоғамға қауiптi iс-әрекеттiң кең тараған түрi
  71.  Әрекетсіздік дегеніміз: адамның белгiлi бiр әрекеттi жасауға мiндеттi немесе оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол әрекеттi жасамау түрiндегi бәсең, енжар әрекетi
  72.  Төмендеглердің ішінен теріс қылыққа жатпайтын құқық бұзушылықты көрсетіңіз:
  73.  Теріс қылықтың қылмыстан ерекшелігі неде?қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен болуы
  74.  Төменде көрсетілген жауапкершіліктің қайсысы заңдық жауапкершілік болып табылады?
  75.  Құқық бұзушылық субъектісінің өз әрекетіне психикалық қатынасы дегеніміз: құқық бұзушылықтың субъективтік жағы;
  76.  
  77.  Құқық бұзушылық дегеніміз: бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.
  78.  Қылмыс дегеніміз: бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар.
  79.  Заңдық жауапкершілік бұл -  бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. 
  80.  Заңды жауапкершіліктен босатудың негізін көрсетіңіз: есі дұрыс еместік, қажетті қорғаныс, аса қажеттілік,  қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық, казус
  81.  Сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару – шаралары заңды жауапкершіліктің қандай түрінде қолданылады?Тәртіптік жауапкершілік
  82.  Заңды жауапкершіліктің түрін көрсетіңіз: қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік, материалдық
  83.  Заңды жауапкершіліктің мақсаты: - Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;-  Егержазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;- Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса заңды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру. Жауаптылық қағидасы:- Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;-  құқық, бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;- құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы.
  84.  Заңдылық дегеніміз: бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.
  85.  Заңға негізделген құқықтық нормаларға сәйкес қоғамдық қатынастардың ережесі:Қоғамдық тәртіп жіне құқықтық тәртіп
  86.  Заңдылықтың негізгі қағидаларын атап көрсетіңіз?  заң үстемдігі, заңдылықтың тұтастығы, заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі, заңдылықтың шынайылығы 
  87.  Заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар қалай аталады?Заңдылық қағидалары
  88.  Қоғамдық тәртіп дегеніміз: бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.
  89.  «Құқықтық тәртіп» ұғымын мына анықтамалардың  қайсысы дұрыс білдіреді?
  90.  Құқықтық тәрбие беру құралдарын атаңыз: орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы
  91.  Заңдылық кепілдіктері дегеніміз: бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар
  92.  Қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау тәртібін ұстану анықтамасының дұрыс ұғымын көрсетіңіз:Жаза
  93.  Тәртіп – бұл: бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.
  94.  Құқық жүйесі дегеніміз бұл - белгілі бір елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардың және сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтын элементтердің жиынтығы.
  95.  Жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы:Еңбек құқығы
  96.  ҚР азаматтарының мүліктік қатынастары реттеледі:Азаматтық құқық 
  97.  Құқық институты дегеніміз: қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті тобын реттейтің құқық саласының элементі.
  98.  Құқық жүйесінің салаларға бөлінуінің негізгі айырым белгілері қандай ? Іс жүзінде (практикадA) қолданылуына байланысты
  99.  Құқық саласы бұл - қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы болып келетін құқықтық жуйенің бір бөлігі.
  100.  Құқық жүйесін құрайтын элементтерді көрсетіңіз: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы
  101.  Заңнама жүйесі бұл -  мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады.
  102.  Құқықтық сипатына қарай құқық институттары қалай жіктеледі?
  103.  Құқық институтын көрсетіңіз:
  104.  Ұлттық құқық түріне жатпайтын құқық саласын атаңыз:
  105.  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін құқық саласы:Конституциялық құқық
  106.  Құқықтық жүйелерді жіктеудегі басты критерий не болып табылады? Құқықтың қайнар көздері
  107.  Англосаксондық құқықтық жүйеге тән сипаттар: сот процестіне негізделген «жалпы құқық» және «әділеттік құқығының» пайда болуы
  108.  Қандай елде англосаксондық құқықтық жүйе дамыған?Англия
  109.  Романо –германдық құқықтық жүйенің ең басты құқықтың қайнар көзі:НОрмативтік құқық

Мұсылман құқықтық жүйесінің құқықтың қайнар көздеріне не жатады? Құран – мұсылмандардың басты қасиетті кітабы, онда діни-моральдық ұстанымдар жазылды.Сунна – Мұхамметтің өмірі мен әрекеттері туралы Хадистер жинағы. Онда отбасы мұрагерлік және сот құқығының нормалары баяндалды. Оны сот преценді деуге де болды, яғни Мұхаммет жоғарғы судьяретінде белгілі бір іс бойынша шешім қабылдады, ол кейіннен ұқсас істерді шешуде қолданылды.Иджма – жоғарыда аталған қайнар көздерде қарастырылмаған мәселелер бойынша беделді Ислам заңгерлерінің шығарған шешімдер жинағы.Фетва – қоғамдық өмірдің жеке мәселелері бойынша жоғарғы діни беделділердің жазбаша қорытындылары.

  1.  Қияс:мұсылман құқығының қайнар көзі ретінде нені білдіреді? Ислам фиқһында кең таралған ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару әдісі
  2.  Құрлықтық (континентальды) құқықтық жүйеге жататын елді атаңыз:Франция
  3.  Заңнамасы кодификацияланған құқықтық жүйе:
  4.  Мұсылман құқығы жүйесіндегі мемлекетті атаңыз:Арабия
  5.  Тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және міндеттерін анықтайтын құқықтық жағдай дегеніміз:Құқықтық мәртебесі
  6.  Өмірге деген құқық қандай құқық болып табылады:Мораль
  7.  Саяси және идеологиялық әр алуандылық қалай аталады:
  8.  Азаматтардың саяси құқықтарына не жатады?
  9.  Келесі құқық нормаларды қай категорияға жатқызамыз: «Конституцияны, заңдарды орындау, тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін құрметтеу, салықты төлеу, әскери борышты өтеу, мәдени ескерткіштерді күту, табиғатты қорғау»: Азаматтық міндеттері.
  10.  Адамның құқықтары мен бостандықтары қалай пайда болады: Адамның өмірге келуімен
  11.  Жеке құқыққа жатпайтын құқық түрін көрсетіңіз: Митингке қатысу құқығы
  12.  Мемлекетті басқаруға қатысу құқығы, митинг бостандығына, бірлесу құқығы, сайлау және сайлану құқығы, қоғам бірлестіктеріне кіру келесі құқыққа жатады:Саяси
  13.  Митинг, шерулер және демонстрация өткізу кезінде неге тыйым салынған: Автокөлік және жаяу жүретін жолдар қозғалысына бөгет жасауға
  14.  Халықаралық қандай құжатта адамның құқықтары бекітілген ? Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

  1.  Аталғандардың ішінен халықаралық өзекті мәселені көрсетңіз:
  2.  Адамзат баласы үшін жаһандық өзекті мәселе не болып табылады?Терроризм және ядролық қауіпсіздік




1. Кліматичні ресурси Лісостепу України та їх роль у виробництві продукції рослинництва
2. Расчет основных разделов текущего плана предприятия
3. ФП Стрессинтервью Стрессинтервью ~ один из самых спорных инструментов кадрового менеджмента применени
4. Стандартизация и сертификация услуг, их правовые основы.html
5. Мифологические сюжеты эпоса Манас
6. Методические рекомендации для студентов очного отделения фармацевтического факультета Под редакцие
7. Команда 1 2
8. Незаконный оборот наркотических средств или психотропных веществ
9. Сущность цены5 2
10. Деловое общение- спор
11. тема правления характеризующаяся четким распределением законодательной и исполнительной функций при форма
12. Гендерное измерение в современном социально-коммуникативном дискурсе роль рекламы
13. тематическое общество Дорогой друг Юношеская математическая школа при СПбГУ приглашает Вас приня
14. Верность долгу (по повести «Обелиск»)
15. РОССИЯ в период правления Александра I 1
16. ВАРІАНТ З Завдання 150 мають по ЧОТИРИ варіанти відповідей з яких лише ОДИН правильний
17. Тема код по кодиф
18. Русский человек все вынесет’ по роману Н.С. Лескова Очарованный странник.html
19. Комплекс малогабаритного бурового оборудования КМБ 2-10
20. Целью этого процесса является найти как можно больше ошибок сделанных на этом этапе