Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Лекция 5 Топографиялы~ карталар ж~не пландар 5

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.11.2024

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

7тен 1бет

Лекция 5

Топографиялық карталар және пландар

5.1. Масштабтар және олардың дәлдігі

    Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын табиғи шамасымең бірме-бір көрсету мумкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб:

және т. с.с. алынады.

       Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі сызықтардың план мен қартаға кескіндеу кезінде каншалыкты, кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді. Масштаб әрбір план мең карта бетінің рамкасының оңтүстік қабыр-ғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) турде көрсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінің ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтықты өлшеп, оның жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1 : 1000, пландағы ұзындығы .145,3: 10= 14,53 см. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1 : 10000 (яғни 1 см— 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100=913 м болады.

Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының
ұзындыктарын әрдайым бір санға кішірейту кажет; оған сызық-
ты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге болады. Сы-
зықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір
1—2 см сайын тең кесінділерге бөлінген тік сызық болып табы-
лады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлік-
ке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі бел-
гілі бір кесіңді сёйкес келеді. Нөлдік сызықшадан оңға қарай
салынған кесінділер. 1 ; 2000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80,
100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18,
20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы
аb кесіндісіне жердегі 88 м
ұзындығы сәйкес (15-сурет) келеді.

      Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге және салуға болады. Ара кашықтықты өте дәлдікпен анықтау үшін көлденең масштабты қолданады. Көлденең масштаб кесінділерді пропорционал   бөлуге  негізделген

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

7тен 2бет

 

график болып табылады. Көлденең масштабты салу үшін тузуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бөлінген нүктелерден перпендикулярлар тұрғызылады. Масштабтың негізіне параллель тең аралыкта перпендикулярлар арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізінің шеткі сол жактарын жоғарыдан және төменнен 10 бөлікке (2 мм-ден) бөледі. 16-суретте көрсетілгендей, алынған нүктелерді көлбеу түзулермен қосады. ВЕ сызығына параллель көлбеу сызықтардың арасындағы кесінділер АВ табанының оннан бір бөлігіне тең болады, яғни ED=АВ/10), ал ВD перпендикуляры мен ВЕ көлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб табанының жүзден бір бөлігіне тең. Сірә, осы кесінділердің ең кішісі (t)

ED кесіндісінен 10 есе кем,   яғни t=ED/10 = AB/100  .  Осындай  мас-

штаб нормальды жүздік көлденең масштаб деп аталады.

Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

7тен 3бет

бөліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0,2 мм план масштабының бөліміне көбейтілгенде неге тең болатынын білу қажет. Мысалы, 1 : 5000 масштабтағы план үшін — 100 м, 5 м, 0,5 м.

Өлшеу кезінде циркуль ашасының инесін диаметрі 0,1 мм шеңбер ретінде қабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға тусіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1 мм нақты масштабына сәйкес келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы,   1/500  , 1/1000, 1/2000, 1/5000, 1/10000 масштабтары үшін олардың  дәлдігі  0,05 м, 0,1 м, 0,2 м, 0,5 м, 1,0 м-ге тең. Демек, осы көрсетілген кесінділерден кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді.

5.2. Карта және план туралы түсінік

      Геодезиялык өлшеулер мен жекелеген учаскелердің түсірулері жер беті, оның сапалық жағдайының өзгеру заңдылықтары, физикалық кеңістік, табиғи, жер ресурстарының халық шаруашылығының барлық салаларында пайдаланудағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы жеткілікті дәрежеде толық мағлұмат бере алмайды. Халық шаруашылығына қажетті осы сияқты және т. б. мәліметтерді картография береді. Картография уақыт пен кеңістіктегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысы және өзгеруі туралы географиялық карталарды жасау мен әдістерді пайдалану туралы ғылым.

     Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. Карта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағьшан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялык карталар жалпы географиядык және тақырыптық болып бөлінеді.

    Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалык-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т.б.) және адам қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т. т.) кескінделеді. 1 : 10000-1 : 1000000 масштабтағы жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп аталады. Олар ірі масштабты — 1 : 500, 1 : 1000, 1 : 2000, 1 : 5000, 1  : 10000, 1 : 25000, 1 : 50000, орта масштабты — 1 : 100000, 1  : 200000, ұсақ масштабты - 1 :500000, 1: 1000000 болып бөлінеді. 1 : 500, 1 : 1000, 1 : 2000 және 1 : 5000 масштабтағы топографиялық карталар топографиялық пландар деп аталады. Жер бетінің шектеулі учаскесі бедерінің контурлары мен пішіндерін горизонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және осы сияқты кескіндеуді   (Жер    қисықтығы    ескерілмейді)    топографиялық план деп атайды.

   Ұсак масштабты карталары халық шаруашылығының дамуын негізгі жобалау кезінде жерді жалпы зерттеуге, су кеңістігінің және жер бетінің қорларын

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

7тен 4бет

есепке алуға, күрделі инженерлік объектілерді алдын ала жобалауға, еліміздің қорғаныс муддесіне арналған.

   Орта масштабты карталар егжей-тегжейлі мазмұнға және неғұрлым жоғары дәлдікке ие болады; олар ауыл шаруашылығында егжей-тегжейлі жобалауға, жолдарды, трассаларды, электр жеткізу желісін жобалауға селолык елді мекендерді алдын ала жоспарлау және салуға, пайдалы қазбалардың қорын барлау және іздестіруге арналған.

     Ірі масштабты карталар мен пландар әр алуан жұмыстарды неғұрлым дәл егжей-тегжейлі жобалау (суландыру, құрғату, көгалдандыру, қалалардың басты жоспарларын жасау, инженерлік тораптарды және коммуникацияларды жобалау) үшін жасалады.

     Тақырыптық арнайы карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалынады, бірақ олардың элементтерінің бірі ғана барынша толық ашылады (топырақ карталары, орман, сортандану, дымкылдану геологиялық карталар және т. б.).

     Қазіргі уақытта пайдалы қазбалар кенін барлау және игеру кезінде жердің үлкен ауданын мелиорациялау және игеру жөніндегі шараларды жүзеге асыруда, жолды салуда, айналадағы ортаны қорғауда және халық шаруашылығының баска мақсаттарында арнайы салалық карталар жасалынады.

5.3. Топографиялық карталардың жол-жол сызығы және номенклатурасы

Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан баска осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасының ортасында орналасады.

       Карталардың номенклатурасы негізін 1 : 1000000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.

       Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1 : 1000000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды карастырамыз.

М-41 бет 1 : 100000 масштабтағы   144 бетке   бөлінеді,   олар 1, 2, 3, . . ,  144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады.


  

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

7тен 5бет

1:100000 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1 : 50000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетінің номенклатурасы М-41-60-Б болады.

      Осы бетті 4-ке бөлуден 1 :25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41--60-Б-г-4 болады.

      1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып 1 : 10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1 :5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1 : 5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады.

      1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу ушін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді; оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1: 2000 масштабтағы картаның ақырғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256-и) болады.

       Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 2-кестеде берілген.

2 - к е с те Карталардың номенклатурасы

Масштаб

Беттің өлшемі

Номенклатура үлгілері

Номенклатура үлгілері

Ендікте

Бойлықта

1 :1000000                        1 :500000             1:200000                           1 : 100000                         1 : 50000                           1 :25000                            1 :10000                            1 :5000                              1 : 2000

40'

20'

10'              5'

2'30"

1'15"

25"

6°               3°               1°              30'

15'         7'30"      3'45"   1'52",5  37",5

М-41

М-41-А

М-41-ХХХ

М-41-60

М-41-60-Б

М-41-бО-Б-г

М-41-60-А-а-1

М-41-60 (256)

М-41-60 (256-н)

1 : 5000, 1 :2000, 1 : 1000 және 1 :500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км2-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады.  Оның  рамкасының өлшемі 1: 5000 масштаб үшін 40Х40 см, ал 1 : 2000, 1 : 1000 және 1 : 500 масштабтар үшін 50X50 см болады. Бұл жағдайда жол-жол сызықтың негізі ретінде 1 :5000 масштабтағы картаның беті қабылданып, олар араб цифрымен белгіленеді. Оған 1 :2000 масштабтағы картаның 4 беті сәйкес болады. Олардың әрқайсысы 1 :5000 масштабтағы беттің нөміріне орыс алфавитінің бас әріптерінің (А, Б, В, Г) бірін қосып жазу арқылы белгіленеді. Мысалы: 14-Б.

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

7тен 6бет

     1 : 2000 масштабты картаның бетіне рим цифрларымен (I, II, III, IV) белгіленген 1 : 1000 масштабтағы төрт бет жәие араб цифрымен (1, 2, 3, ..., 16) белгіленген 1 : 500 масштабтағы 16 бет сәйкес келеді.

     Осыларға сәйкес, 1 : 1000 масштабтағы карта бетінің номенклатурасы 14-Б-ІУ (17-сурет), ал масштабы 1 : 5000 үшін 14-Б-16 болады.

     Геологиялық барлау жұмыстарын келешекте жүргізілетін ауданның керекті карта беттерін табуға және олардың номенклатурасын тез анықтауға арналған карталардың кұрама кестелері атты жинактар бар. Олар меридиандар мен параллельдер арқылы осы масштабтағы карта бетіне сәйкес келетін торларға бөлінген ұсақ масштабты схемалық карталар болып табылады.

5.3. ПЛАНДАР МЕН КАРТАЛАРДЫҢ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРІ

      Топографиялық карталардың шартты белгілері шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар меи цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.

     Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтермен толықтырады.

     Біркелкі объектілердің әр түрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын бастапкы графикалық белгілермен беріледі.

Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және касиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.     

         Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабтық контурлы

Л.Н.Гумилева атындағы Еураазиялық ұлттық университеті

Күні: _______ 201.

Басылым: Екінші

ДӘРІС

ЕҰУС

7тен 7бет

шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардың көлемдерін (ұзындығын, енін және ауданын) картадан өлшеуге мумкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай шартты белгі контурдан, яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен және фон-дық бояу тустері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызыкпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді.

         Масштабтан тыс (нүктелік) шартты белгілермен сұлбасын картаның масштабына түсіруге мүмкін болмайтын көлемі шағын объектілер белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, кұдық және т. б.). Масштабтан тыс шартты белгілер — тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын шағын геометриялық фигуралар. Масштабтан тыс шартты белгілер нуктелерінің бірі жердегі объектінің орналасу жағдайын көрсетеді. Осы нүктелермен картадағы объектілердін координаталарын және өзара қашықтығын анықтайды.

          Өзендер, каналдар, жолдар және баска сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Осы белгілер объектінің осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді, ал оның ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі.

         Жазулар және тусіндірме шартты белгілер масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде колданылады да, олар объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет аткарады. Елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т. б. аттары толык жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің жанында орналасады; олар объектілердің маңызын немесе касиетін түсіндіреді. Мыса-лы, мк.— мектеп, вкз.— вокзал. Цифрлық белгілер көбіне объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың ара қашықтығын, т. б.) көрсету үшін қолданылады.

          Топографиялык карталарды түрлі-түсті безендіру оның көрнекілігін және айқындығын анағұрлым арттыруға септігін тигізеді. Бояулардьң түсі кескінделетін объектілердің шын өңіне негізінен сәйкес болады; ормандар — жасыл, гидрография — көк, жер бедері — коңыр, елді мекендердің сұлбалары, темір жолдар, көптеген өнеркәсіптік, халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері — қара бояулармен боялады.

          Топографиялық карталар мен пландардың шартты белгілерін геодезия және картография бас баскармасы белгілейді және оларды түсіру жұмыстарын жүргізетін барлық ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс. Іс жүзінде қолдануға қолайлы болу үшін кестелер түрінде шығарылады.




1. ВВЕДЕНИЕ; 2 ВОЗДУШНАЯ СРЕДА; 3 ВОДНАЯ СРЕДА; 4 КЛИМАТИЧЕСКАЯ СРЕДА; 5 АКУСТИЧЕСКАЯ СРЕДА; Для и
2. Работа прокуратуры с жалобами, предложениями и заявлениями
3. тема используемых для исчисления себестоимости приемов подробнее см
4. Механічні коливання ~ це періодично повторювані обертальні чи зворотно поступові рухи
5. Состояние и развитие нефтяной промышленности в России
6. Лабораторная работа 11
7. Курсовая работа- Передаточные механизмы в технологических машина
8. либо сделать- уменьшить или увеличить повернуть изменить цвета и т
9. тема знань і їх духовне виробництво і практична діяльність на їх основі
10. Вариант - Заголовок УТВЕРЖДАЮ Руководител
11. ВВЕДЕНИЕ 3 Понятие и су
12. Исследование влияние среды на личность и поведение человека в организации
13. Временные правила о печати.
14. Лабораторна робота 1
15. Методические рекомендацииотносительно учетной политики предприятия I
16. Естественнонаучное образование Москва Издательский центр Академия
17. Аттестация, поощрение и ответственность сотрудников ОВД
18. геодезические работы выполняются с целью нанесения границ углов поворота и площади ЗУ
19.  9308 5204 2
20. Не боюсь Вирджинии Вулф Действующие лица друзья по школе