Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~~рылысты~ керамика технологиясы п~ні бойынша практикалы~ саба~тар~а арнал~ан ~дістемелік н~с~ау

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.6.2024

Ф.7.11-19

Қалшабекова Э.Н., Ақылбекова А.У.

«Құрылыстық керамика технологиясы»

пәні бойынша  практикалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқаулық

Шымкент, 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МинистрЛІГІ 

м.әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

«Материалтану» кафедрасы

Қалшабекова Э.Н., Ақылбекова А.У.

«Құрылыстық керамика технологиясы»

пәні бойынша  практикалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқаулық

050730-«Құрылыс материалдары, бұйымдары және  конструкциялар өндірісі» мамандығындағы студенттер үшін

Оқу түрі:  күндізгі

Шымкент, 2010  


ББК   662.949

       

Құрастырғандар: Қалшабекова Э.Н., Ақылбекова А.У.  «Құрылыстық керамика технологиясы»  пәні бойынша  практикалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқаулық. - Шымкент:  М.Әуезов атындағы ОҚМУ  2010.- 63б.

                            

Әдістемелік нұсқаулық «Құрылыстық керамика технологиясы» пәні бойынша бағдарлама мен оқу жоспарына сай құрылған және практикалық сабақтарды орындауға қажетті мәліметтер енгізілген.     

                             

Әдістемелік нұсқаулық 050730-«Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша  оқитын студенттерге арналған.

Рецензенттер: Иманалиев Қ. –т.ғ.к, «Сәулет және құрылыс» ҒЗИ           

                        Рысдаулетов Р.А. – т.к., аға оқытушы            

 

«Материалтану» кафедрасы мәжілісінде

(Хаттама № __  «___» _______ 2010ж.)      және

факультеттің әдістемелік комиссиясында қаралып ұсынылды

(Хаттама № ___от «__» _____20__  г.)

М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен  баспаға ұсынылды

Хаттама № ___ от «____» __________ 20__ ж.

  © М.Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті 2010ж.

Кіріспе

Керамика өндірісі халық шаруашылығының ең маңызды саласы.

Керамика қазіргі күнге шейін өзектілігін жоғалтпаған ең ежелгі құрылыс материалы болып табылады.

Керамикалық материалдардың әртүрлі өндіріс салаларында кеңінен қолданылуы, оның ұзақ мерзімділігі мен жоғары көркемдік-безендіру және эксплуатациялық сапалылығымен,  бастапқы  шикізаттың көп таралуымен  анықталады.

Құрылыста ерекше орынды құрылыстық керамика алады, оған қабырғалық (кірпіш, керамикалық тастар, қасбеттік (плиткалар, беттік кірпіш), жабындық  (черепица), канализациялық және дренаж құбырлары, санитарлық-техникалық (жуыну үстелдері, ванна және т.б.), еденге арналған қаптағыш плиткалар, қышқылға төзімді бұйымдар жатады. Сонымен қатар, құрылыстық керамикалық материалдарға бетонға арналған толтырғыштар да кіреді (керамзит, аглопорит).

«Құрылыстық керамиканың технологиясы» пәні оқу жоспарына сәйкес 4 кредитке  есептелген (2 кредит - дәрістік; 2 кредит – практикалық сабақтар, курстық жобаны орындау).

«Құрылыстық керамика технологиясы» пәні бойынша практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулықта 15 тақырып бар, олар 30 сағат ішінде орындалуға есептелген. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмаларды орындау барысында студенттер пәннің типтік бағдарламасының барлық тарауларын терең меңгереді: әсіресе құрылыс керамикасын өндіруге арналған табиғи және техногенді шикізаттар, шикізат қасиеттері, керамикалық материалдарды өндірудегі технологиялық шек-көлемі, әртүрлі құрылыстық керамика материалдарының технологиялық ерекшеліктерін және  оның қасиеттерін бағалауды үйреніп, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін меңгереді.

Әдістемелік нұсқаулықта  сазды шикізат пен қоспаны, беттік, қасбеттік әрлеу, еденге арналған плиталарды зерттеудегі заманауи әдістер мен құрылыстық керамика өнеркәсібіндегі механикалық жабдықтар  қолданылған.

 

Практикалық сабақ №1. Құрылыс керамикасындағы шикізаттық материалдардың минералогиялық  құрамын талдау

Сабақ  2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: керамикалық материалдар шикізатының минералогиялық құрамын білу, құрамның шикізат пен бұйым қасиетіне және өндіру технологиясына әсерін оқып үйрену.

Саздың минералогиялық құрамы кейбір өзіне тән сазды минералдардың болуымен сипатталады. Оларға каолинит,  галлуазит, монотермит, гидрослюда, монтмориллонит, бейделит жатады. Сазда бұлардан бөлек басқа да   аралас түріндегі жоғарыдисперсті минералдар болады.

Сазды құрайтын минералдарды, өзіне тән қасиеттері бойынша келесі топтарға бөледі:

1-топ - каолинит, накрит, диккит, галлуазит;

2-топ - монотермит;

3-топ- гидромусковит, гидробиотит, вермикулит;

4-топ – монтмориллонит, бейделлит;

5-топ- пеннин, клинохлор;

6-топ - аллофон.

Каолинит – кең тараған сазды минерал, құрамы бойынша сулы алюмосиликат (моноклинді), құрылысы қабатты, табиғатта гексагональды немесе өлшемі 1мк жуық дұрыс емес пішіндегі қабыршақ түрінде кездеседі. Қабыршақ пен пластинкалардың жалтырақтығы перламутр, сипап қарағанда майлы, орташа тығыздығы  1,8-2,2 г/см3, жұғу жылуы 1-2 ккал/г, гидрофильді қасиетке ие, сумен аараласқанда иілімді қамыр түзеді, бірақ ісінуі әлсіз, су мен онда еритін заттарды аз сорып жұтады; қышқыл ортада тұрақты; әр түрлі саздың құрамына кіреді.

 Монотермит – қәзіргі кезде жеке сазды минерал болып бөлінбейді. Ю.А. Русько және В.П. Ананьевтің пайымдауынша ол гидрослюда мен каолиниттің жұқа механикалық араласы. Каолинитке қарағанда монотермиттің ісінуі мен жұту сыйымдылығы күштірек болып келеді.

Монотермит  иілімді отқа төзімді саздың құрам бөлігі болып табылады. (Часов-Яр, Украина, Бускуль, Уралда және т.б.);

Гидрослюда – сазда көбірек тараған гидрослюдалардың бір түрі. Әр түрлі қалыңдықтағы  изометриялық слюдаға ұқсас қабыршақ немесе пластинка пішіндегі, кейде жарықшақтану және  уатылу іздері болуымен сипатталады; гидрофильді қасиетке ие. Жеңіл балқитын  саздарда гидрослюда тобының минералдары негізінен өлшемі 1мк кіші фракциялардан тұрады.

Монтмориллонит – құрамы, құрылысы және қасиеттері бойынша бірнеше түрде болатын кең тараған  жұқақабыршақты, ұзарғанқабыршақты, ірі қабыршақты сазды минерал. Бір – бірінен ісіну дәрежесі бойынша ерекшеленеді – бірінші қатты ісінетін (көлемі 20есе ұлғаюы мүмкін), екінші –ісінбейді немесе нашар ісінеді, ал үшіншісі- ісіну дәрежесі бойынша бірінші мен екіншінің арасындағы  аралықты алады. Монтмориллонит иілгіштігі жоғары ағартқыш саздың құрам бөлігі болып табылады. Таза монтмориллонитті саздар Кавказда, Қырымда, және басқа да жерлерде өндіріледі. Монтмориллонит каолинитке қарағанда кремнийлі қышқылға бай. Монтмориллонитті топтағы минералдар жеңіл балқитын гидрослюдалы минералдар сияқты, негізінен өлшемі 1 мк кіші бөлік фракциялардан тұрады.

Саздар  сазды минералдардың,  кварц, слюда түйірлері,  ыдырамаған дала шпатының түйірлері, қанық боялған минералдардың және т.б. механикалық араласы. Сумен тасымалдау процессінде саз бір жағынан,  іріктеледі, одан алғашқы түзілімдегі ірі бөгде түйірлер бөлініп шығады, бірақ екінші жағынан жолай оған сол кварц пен дала шпаты, слюда, кальций және магний карбонаты, кейде мөлшері 2-3 % -ға жететін рутил, темір тотығы, цирконий түйірлерінің азғана мөлшері, турмалин, авгит,  гранат, роговая обманка, хлориттер, дистен, тальк қосылады.  Негізінен бұл араластар саздың сапасын айтарлықтай төмендетпейді. Сонымен қатар, сазға өзгеруді, бұйымның бетінде қара дақтар мен басқа да ақауларды болдыратын зиянды қоспалар: күкіртті колчедан (пирит), гипс, еритін тұздар (сульфаттар, хлориттер, ванадаттар) қосылып кетуі мүмкін. Егер  сазда кальций карбонаты конкреция түрінде кездесетін болса (түйір өлшемі 1мм үлкен), онда оны да зиянды қоспалар қатарына жатқызуға болады.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, саз құрамында органикалық материалдардың араласпалары болады.

Саздың қасиетінің өзгеруіне негізінен келесі араласпалар әсер етеді:а) құм (кварцты, далашпатты); б) құрамында темірі бар минералдар (пирит, марказит, гематит, лимонит); в) карбонаттар (әктас, магнезит); г) гипс; д) еритін тұздар; е) органикалық заттар қоспасы; ж) слюда (биотит, мусковит).

Сазды массада құм қаңқа ролін атқарады. Саздың шөгу немесе ісінуге қабілеті құмның болуына байланысты.

Тапсырма:

  1.  Негізгі сазды минералдарды тізіп, олардың формуласын жазып, сазды шикізатқа беретін қасиеттерін айтыңыз.
  2.   Сазды шикізатта кездесетін араласпаларды айтыңыз, олардың химиялық формуласын жазыңыз.
  3.  Сазды шикізаттағы карбонатты қоспалардың химиялық формуласын жазыңыз. Оларды табатын әдістерін және дайын керамикалық бұйымның қасиеті мен технологиясына әсерін жазыңыз.
  4.  Сазды шикізатта кездесетін құм түрін тізіп, формуласын жазыңыз, олардың керамикалық материалдардың қасиеттері мен технологиясына әсерін жазыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Минерал дегеніміз не?
  2.  Саздың түзілуі.
  3.  Саздың минералогиялық құрамы.
  4.  Негізгі сазды минералдар, қасиеттері.
  5.  Саздағы қоспа минералдар, оның саз қасиеттеріне әсері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу құралы, Шымкент, 2004.-75б.
  2.  Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат, 1989
  3.  Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

              Справочник. - М: Высш.шк., 2004

  1.  Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989
  2.  Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.
  3.  Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
    керамики. -М.: Высшая школа, 1985

Практикалық сабақ №2. Құрылыс керамикасындағы шикізаттық материалдардың химиялық  құрамын талдау

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: керамикалық материалдар шикізатының химиялық құрамын білу, құрамының шикізат пен бұйым қасиеттеріне және өндіру технологиясына әсер етуін меңгеру.

 Саздың химиялық құрамы пайыздық мөлшердегі тотықтар құрамымен сипатталады. Түрлі саздың құрайтыны болып ең негізгі және міндетті  тотық  кремнезем SiO2 (40-70% аралықта  өзгереді) және глинозем  Al2O3  ( 15-35% дейін). Саздың тұрақты компоненті болып К2О және Na2O (қоса есептегенде 1...5), химиялық байланысқан Н2О (5..15% шамасында). Fe2O3 (0..7%) жиі кездеседі. Сазда басқа қосылыстар, мысалы Ті2О, MqO, Са  және Mq  карбонаттары, органикалық қоспалар кездеседі.

Каолинит минералы 39,5%  Al2O3 (глинозем), 46,5% SiO2 – (кремнезем) және 14,0% Н2О (химиялық байланыстағы су) тұрады. Бірақ, құрамында айтарлықтай  әр түрлі аралас қоспалардың болуынан, табиғатта кең тараған саз көптеген химиялық қосылыстардан тұрады.  Химиялық саралаудың нәтижесі бойынша саздың көп қасиеттері туралы айтуға болады. Құрамындағы глиноземның  болуына байланысты сазды отқатөзімділігі бойынша әр түрлі класқа, Al2O3 + Ті2О қосынды құрамы бойынша күйдіру кезіндегі бұйымның деформацияланатын температурасы жайлы, Fe2O3+ FeO қосындысы және К2О – b Na2O  сілтілері бойынша – саздың жеңілбалқығыштығы мен  ісінуге қабілеттілігі жайлы айтуға болады. Мұнымен қоса, сілтілердің едәуір құрамы,  әсіресе К2О, саздың құрамында слюда мен гидрослюданың  көп екенін білдіреді. Fe2O3  мен Ті2О мөлшерімен шикізатты бояғыш тотықтар құрамы бойынша жүйелейді, сондықтан да ақ және түсті бұйымдар өндірісі үшін оның жарамдылығы туралы жорамалдайды.

Саздағы кремнеземның құрамы басқа химиялық қосылыстармен салыстырғанда жоғары -70% -ға дейін. Кремнезем екі түрде болуы мүмкін- сазды минералда химиялық байланыс түрінде және еркін майдадисперсті кварц араласы түрінде. Құмы көп саз әдетте жеңілбалқитын болады.

Тапсырма:

  1.  Бояғыш қоспалардың химиялық формуласы мен  сазды шикізатқа  беретін  түстерін жазыңыздар.
  2.  Химиялық құрамы: SiO2 –55,48%,  Al2O3 - 20,50%, Fe2O3 - 8,10%  CaO-3,00%,  MqO - 2,35%, Na2O – 2,56%, K2O -1,00%,   қ.к.ш.-8,00%   болатын саздағы каолинит пен құмның мөлшерін анықтаңдар.  СаО толығымен СаСО3 -ң құрамына, Na2O- дала шпатының (плагиоклаз), MqO – слюданың: 4MqO·K2O·2Al2O3 · 6 SiO2 ·2Н2О. құрамына кіреді деп болжауға болады.
  3.  Августиник диаграммасын пайдаланып (1-сурет) саздың химиялық құрамын (%) алдын ала мольдік құрамға айналдырып алып, келесі химиялық құрамдағы (1-кесте)  түрлі сазды шикізаттың   шамамен қолдану аясын анықтаңдар.

  1.  кесте - Саздың химиялық құрамы.

Сазды шикізат-тың реті

SiO2

Al2O3

Fe2O3

ТiO2

CaO

MqO

K2O

Na2O

SO3

қ.к.ш

1.

65,3-

69,6

22,18-

24,14

0,22-

0,44

0,22

1,1

0,32

0,43

іздер

0,13

0,15

0,08

0,01

Іздер

0,12

7,88

8,85

2.

52,34

31,05

1,81

1,57

0,49

0,24

0,311

0,17

0,42

12,36

3.

54,6

15,29

6,3

5,37

3,14

5,9

5,9

9,4

          1-сурет - Саздың  тағайындалу аясы

1-шамотты отқатөзімді, 2- еденге арналған плиткалар, 3- гончарлы және терракотты бұйымдар, 4- черепица, 5- көпір клинкері, 6- құрылыс кірпіші, 7- керамзит.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Химиялық құрамның минералогиялық құрамнан айырмашылығы қандай?
  2.  Саздың химиялық құрамы.
  3.  Аl2O3  саздың қасиеттеріне әсері.
  4.  SiO2 саздың қасиеттеріне әсері.
  5.   Na2 O, K2O саздың қасиеттеріне әсері.
  6.  CaO саздың қасиеттеріне әсері.
  7.  Fe2 O3 , FeO  саздың қасиеттеріне әсері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу құралы, Шымкент, 2004
  2.  Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. М.:Стройиздат, 1989
  3.  Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

                     Справочник. - М: Высш.шк., 2004

  1.  Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989
  2.  Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.
  3.  Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
    керамики. -М.: Высшая школа, 1985

Практикалық сабақ №3. Құрылыс керамикасының шикізаттық материалдарының минералогиялық құрамын анықтау үшін рентгенфазалық талдау әдісін  пайдалану

 

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

Жұмыстың мақсаты: түрлі зат үлгілерінің рентгенограммасын пайдалана отырып, сазды шикізаттың минералогияық құрамын анықтайтын қәзіргі заманғы ғылыми- техникалық әдістерін меңгеру.

Рентгенограммалық талдау арқылы зерттеулер әр түрлі материалдардың құрамын, құрылысын анықтауда кеңінен қолданылады. Рентгенографиялық талдау үшін толқын ұзындығы 10-2 – 102 А0 аралығындағы рентгендік сәулелерін қолданады. Рентгендік құбылыстарда рентген сәулесін алу үшін металл антикатодпен жоғарғы қысым әсерінен жеделдетілген электрондардың соқтығысуын қолданады. Осылайша туындаған рентген сәулесін толқын ұзындығына байланысты қатты  және жұмсақ  деп, спектрлік құрамына байланысты  - үздіксіз (тұтас) антикатод затының табиғатына тәуелді емес және тек қана антикатод затының табиғатымен анықталатын сипаттамалық (сызықтық) болып, сондай-ақ әртүрлі ұзындықтағы толқындардан құралған полихроматты және бірдей толқын ұзындықтағы толқындардан тұратын монохроматты (монохроматты жағдайда негізінен -сериялы желіні қолданады (электрондардың атомда L-деңгейден K-деңгейге өту кезінде пайда болады)) толқындар деп жіктейді.

Рентген сәулесін кристалды заттарды зерттеу үшін қолдану оның толқын ұзындығының табиғи дифракциялық тор қызметін атқаратын кристалл торларында ретімен орналасқан атомдар ара қашықтығымен сәйкес келуіне негізделген. Рентгенографиялық әдістің мәні рентген сәулесінің кристалл құрылымындағы атом жазықтықтарымен шағылысқан кездегі дифракциялық бейнесін зерттеу болып табылады.

Рентгенографиялық талдау негізінде рентген сәулесінің атом жазықтығына түсу немесе шағылысу бұрышы θ және λ толқын ұзындығы мен жазықтық аралық қашықтықты d байланыстыратын Вульф – Брегг теңдеуі жатыр:

                            nλ=2d·sinθ                                              ( 1)

мұндағы: n – бүтін сан (1,2,3 т.б..), спектр реті немесе шағылысу реті деп аталады

Рентгенографиялық талдау әдістері әр түрлі материалдардың құрылымы, құрамы мен қасиеттерін зерттеу үшін кеңінен қолданылады.  Рентгенографиялық талдау көмегімен: материалдардың сандық және сапалық минералогиялық және фазалық құрамын (рентгенфазалық талдау), кристалды заттардың нақты құрылымын – пішінін, өлшемін, қарапайым ұяшықтың типін, кристалдардың симметриясын, атомдардың кеңістіктегі координаталарын (рентгенқұрылымдық талдау); кристалдардың жетілу дәрежесін және оларда зоналық кернеуліктің болуын; монокристалдардағы мозаикалық блоктардың өлшемін; қатты ерітінділердің типтерін, олардың реттілік дәрежесі мен еру шекарасын; дисперсті жүйелердегі бөлшектердің өлшемі мен бағытын; заттардың текстурасы мен әр түрлі материалдардың беткі қабаттарының күйін; тығыздығы, термиялық кеңею коэффициенті, жабындардың қалыңдығын; бұйымдардағы ішкі микродефектерді (дефектоскопия); төмен және жоғары температура мен қысымның әсерінен болатын заттағы өзгерістерді анықтауға болады.

Тапсырма: 

  1.  Құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде қолданатын шикізаттың рентгенограммасын шешіңдер. 2,3,4- суреттер

                    2- сурет  –№ 1шикізаттың  рентгенограммасы

3- сурет  –№ 2 шикізаттың  рентгенограммасы

                   4- сурет  –№ 3 шикізаттың  рентгенограммасы

Үлгілердің сапалық құрамын анықтап, 2- кестені толтырыңдар.

     2 кесте- РФА нәтижелері

d, А0, кристалды тордың параметрі

I, қарқындылығы

зат

2. Сазды материалдардың сапалық минералогиялық құрамын негізге ала отырып, олардың  қасиеттері мен қолдану аясын айтыңыздар.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Рентгенографиялық талдау әдісінің маңызы.
  2.  Рентгенографиялық талдау әдісінің мүмкіндіктері.
  3.  Вульф-Брегг теңдеуі.
  4.  Рентгенфазалық талдауды жүргізу техникасы.
  5.  Сандық және сапалық рентгенфазалық талдау. Шешетін тапсырмасы.
  6.  Негізгі сазды минералды атаңыз.
  7.  Негізгі сазды минералдың қасиеттері мен құрылымының ерекшеліктері.

  Ұсынылатын әдебиеттер:

  1.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

2. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.–М.:Стройиздат,  

     1989

  3.Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975, 591 с.

4. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
  керамики. -М.: Высшая школа, 1985

         5. Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной  

              керамики. М.: Стройиздат, 1977

         6. В.С.Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савельев. «Методы физико-химического

             анализа   вяжущих   средств».-Москва.,Высшая школа,  1981г.-335с.

         7. В. Потемкин, Н.А. Зиброва, Ю.А. Мамонтов и др. «Методы исследования

             и контроля строительных материалов». Шымкент, 1994г.-67с

8. Қалшабекова Э.Н., Рысдаулетов Р.А. «Құрылыс материалдар химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент-2009, 42б.

.

Практикалық сабақ №4. Саздың негізгі қасиеттерін анықтау

 

Сабақ  2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: Саздың негізгі қасиеттері мен анықтау әдістерін  және олардың керамикалық материалдарды өндіру кезінде болатын процесстерге әсерін меңгеру.

Керамика  өндірісінде саздың қасиеттері өте маңызды. Физикалық қасиеттерінің ішінен әсіресе олардың  иілгіштігін, байланыстырғыш қабілетін, сусіңіргіштігін, ауалық және оттық шөгуін, отқа төзімділігін, қоршаған  ортамен  иондық алмасуға қабілеттілігін  білу маңызды.

Ылғал саздың сыртқы күш әсерінен берілген пішінді қабылдап және түскен қысымды алғаннан соң, сол пішінді  сақтау қабілеті иілгіштікті көрсетеді. Саздың иілгіштігін оны  ашық ауада біраз уақыт жатқызу арқылы жоғарылатып және жылыту немесе қоспалар, мысалы, кремнезем қосу арқылы төмендетуге болады.

Ерекше иілгішті болып монтмориллонитті, ал ең аз иілгіштікке – каолинитті саздар жатады. Өлшемі 0,001мм кіші болатын бөліктердің көбеюімен  саздың иілгіштігі жоғарылайды.

Саздың  байланыстырғыш қабілеттілігі – тығыздалған ылғал саздың кепкеннен кейін  шашылмай, берілген пішінді сақтауы, мысалы, шикі- бұйымды келесі күйдіру үшін. Сонымен қатар, бұл қабілеттілік  саз иілгішті емес материалдардың түйірлерін байланыстыруын көрсетеді, мысалы құм немесе басқа ірі минералдың қосылмаларын.

Кейбір саздардың сусіңіргіштігі үлкен санға жетеді, себебі су тек  сызат пен капилляр бойымен  еніп қана қоймай, сондай-ақ кейбір минералдардың кристал торындағы қабат аралығын саздың ісіну эффектісімен  40%  және одан жоғары етіп ашып енеді.

Ауалық және оттық шөгу саздың ауада кепкеннен соң немесе күйдіргендегі көлемінің кішірею қабілетін көрсетеді. Шөгудің үлкен болуы, егер де сазды жүдетпесе, яғни оған керемнезем қоспаса сызаттың пайда болуына апарып соқтырады.

Жоғарыиілімді саздардың  кепкен кезіндегі ауалық шөгуі 10-15% -ға дейін жетеді. Күйдіру кезінде саздың жеңілбалқитын компоненттерінің біраз бөлігі балқып, кеуектерді толтырады. Бұл олардың бөліктерінің (түйірлері) бір- біріне жақындауы мен оттық шөгу әсеріне апарады. Ауалық және оттық шөгулердің қосындысы (толық шөгу) 18% -ға дейінгі аралықта болады.

Отқа төзімділік саздың балқымай және өзгеруге ұшырамай жоғары температураға төтеп беруі маңызды қасиет болып табылады.

Толығымен күйген сазды бұйымның (черепок) сусіңіргіштігі 2..5%. Пісу температурасынан жоғары қыздырғанда балқыма мөлшері артып, кеуек көлемін ұлғайып, осыдан барлық массаның балқуының есебінен бұйым деформациялана бастайды. Саздың пісу температурасы мен деформациялану басының арасындағы интервалы пісу интервалы деп аталады. Интервал үлкен болса, күйдіру жайлы өтіп,  күйдіру кезіндегі бұйымның деформациялану қаупі азаяды. Тығыз бұйым (черепок) алу үшін пісу интервалы 1000С кем болмау керек, кеуекті үшін – 40-500С кем болмауы тиіс. Отқа төзімділік саздың химиялық және минералогиялық құрамына тәуелді. Каолиниттің болуы әрқашан отқатөзімділік дәрежесін жоғарылатады, сазда минерал- плавнидің  аз ғана мөлшері балқу температурасын төмендетеді.

Химиялық құрам саздың пісу температурасына әсер  етеді. Тотықтардың  балқу температурасы  жоғары: SiO2 -17130C, Al2O3 – 2050, MgO-2800,  Fe2O3-1548,  FeO- 1380,  TiO2-17000C және т.б. Дегенмен іс жүзінде  сазда химиялы таза тотықтар аз. Олар химиялық байланыстағы минералдар түрінде, ал  жоғары температурада сазды массаның балқу температурасын айтарлықтай төмендететін эвтетикалық аралас түрінде болады.

Тапсырма:

1. Лабораториялық шикі үлгідегі арнайы сызылған ұзындығы 200мм болатын сызық 1600С температурада 186 мм болды, ал күйдіргеннен соң 180мм болды. (5 үлгінің орташасы). Керамика өндірісі үшін қолданылатын саздың ауалық және оттық шөгуін анықтаңдар.  

2. Әр түрлі үлгідегі сазды шикізаттың дериватограммасын шешіңдер (5,6,7-суреттер).

5- сурет - № 3 шикізаттың дериватограммасы

6- сурет - № 2 шикізаттың дериватограммасы

         7-сурет- № 1 шикізаттың дериватограммасы

3. Сазды шикізаттың термиялық талдауын пайдалана отырып, сазды күйдіру

    Кезінде болатын негізгі процесстерді атаңыздар.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Саздың қасиеттері.
  2.  Иілгіштігі, саздың  иілгіштігі бойынша жіктелуі, құрамының әсері.
  3.  Байланыстыру қабілеті, құрамының әсері.
  4.  Саздың сусіңіргіштігі.
  5.  Саздың шөгуі. Құрамының әсер етуі.
  6.  Саздың отқа төзімділігі. Құрамының әсері.
  7.  Саздың пісу интервалы деген не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

  1.  Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.

     3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат,

         1989

     4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

        М. Высшая школа, 1989.

  1.  Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

            Справочник. - М: Высш.шк., 2004

  1.  Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.
  2.  Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии
    строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая
    школа, 1987.
  3.  Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
    керамики. -М.: Высшая школа, 1985
  4.  Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной

      керамики. М.: Стройиздат, 1977

  1.   В.С.Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савельев. «Методы физико-    химического   анализа   вяжущих   средств».-Москва.Высшая
    школа,  1981г.-335с.
  2.    В.Потемкин, Н.А. Зиброва, Ю.А. Мамонтов и др. «Методы исследования  и контроля строительных материалов». Шымкент, 1994г.-67с
  3.   Қалшабекова Э.Н., Рысдаулетов Р.А. «Құрылыс материалдар химиясы»

     пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік

     нұсқаулық. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент-2009, 42б.

Практикалық сабақ №5. Құрылыс керамика бұйымдары өндірісі үшін шикізат материалдарының шығынын және масса құрамын есептеу

Жұмыс  2 сағатқа есептелген.

Жұмыстың  мақсаты: араластың әр компонентінің бұйымның қасиеттері мен өндіріс технологиясына әсер етуін, құрылыс керамикасы бұйымдары үшін масса құрамын анықтау  білу.

Керамикалық масса құрамына кіретін  компоненттер – сазды  материалдар және түрлі қоспалар. Шикізат араласпасындағы осы компоненттердің салыстырмалы құрамын, араласпа компоненттері және жартылай фабрикаттарды түрлі  құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін өзгерте отырып, тағайындалуы, қасиеттері, құрылысы және сыртқы түрі бойынша әр түрлі бұйымдар дайындауға болады.

Керамикалық бұйымдар дайындау үшін шикізат араласпасының негізгі компоненті сазды материалдар -дала шпатты тау жыныстарының табиғи желге мүжілген өнімдері  болып табылады.

Сазды материалдың белгілі бір түрдегі бұйымдар өндірісіне жарамдылығы, оның химия-минералогиялық және түйіршіктік құрамына тәуелді болатын қасиеттерімен анықталады.

Керамикалық – гончарные саздар негізінен каолиниттен, кварц қоспасы бар гидрослюдалардан, дала шпаттары, темір тотығы, карбонаттар және т.б тұрады. Оларды беттік кірпіш, қасбеттік және едендік плиткалар, жол кірпіштері және плиткалар өндірісінде кеңінен қолданады.

Кірпіштік – екінші ретті шөгінді түзілімдер, минералдық және түйіршіктік құрамы тұрақсыз. Олар каолинит, гидрослюда, аз мөлшерде кварц қоспасы болатын монтмориллонит, карбонаттардан тұрады. Олар черепица, әрлеу плиткалары, керамзит және аглопорит өндірісінде қолданылады. Оларға төмен температурада балқып пісетін отқатөзімділігі 1350ºС және пластикалығы 7-15 саздар мен суглиноктар(саз бен құмнан тұратын тау жынысы) жатады.

Талап етілетін қасиеттерге ие бұйымдар өндірісі үшін жарамсыз бастапқы шикізаттың қасиеттерін реттеу үшін керамикалық массаға түрлі минералды және органикалық қоспалар қосылады.

Жүдедететін қоспалар пластикалығы жоғары саздардан қалыптанған керамикалық бұйымдарды кептіру кезінде ауалық шөгуін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бұйымдардың сызатқа төзімділігін арттыруға, кептіру ұзақтығын және шикі бұйымдардың шытынауын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жүдедететін қоспалар күйдіру кезіндегі оттық шөгуді де төмендетеді.

Жүдедететін қоспаларға пластикалық дәрежесі 7-ден төмен жүдеу саздар, дегидратацияланған саз, құрамында 60-70%-ға дейін сазды фракция болатын көмір өндірісінің қалдықтары, шамот, кірпіш сынықтары, өлшемдері 0,25-тен 1 мм-ге дейін кварцты құмдар, майдаланған шлак, күл, ұнтақталған құмтастар, кварциттер, маршаллит, диатомит, трепел және т.б. материалдар жатады.

Санитарлық-құрылыс керамикасы өндірісінде жүдеудететін қоспалар ретінде тальк және пирофиллит қолданылады. Қалыптау массасына қосылатын қоспалардың мөлшері: кварцты құм түріндегі массаларға – 10-25%, шамотты – 10-50%, көпшамотты массаларды қолданған жағдайларда – 90% дейін.

Жүдедеткіш әрі жанып кететін қоспалар ретінде көмір, ағаш үгінділері, майдаланған шлактар және отынды қалдықтары бар күлдер, және көмірді байыту қалдықтары қолданылады. Олар күйдіруге қажетті қатты отынның 85%-ға дейінгі массасын ауыстыра алады. Шикі бұйымның денесінде біркелкі таралған бұл қоспалар кеуекті бұйымдардың ішкі бөлігінің біркелкі пісуін қамтамасыз етеді.

Пластификациялаушы қоспалар пластикалығы төмен сазды шикізаттың қасиеттерін арттыру үшін қолданылады. Мысалы, лесстар мен лессті суглиноктарды қолдану кезінде. Оларға жоғары пластикалы («майлы») жеңіл балқитын және бентонитті саздар, түрлі ББЗ-лар (техникалық лигносульфаттар, СДБ, КМЦ және т.б.), электролиттер (кальцийлендірілген сода, сұйық шыны, тұз қышқылы, хларлы темір, т.б.) Жоғары пластикалы және жеңіл балқитын саздарды массаға негізгі саз массасының 50% мөлшері, ал ББЗ-лар шихта массасының  0,2-0,5% мөлшері көлемінде қосылады. Электролиттер құрғақ масса мөлшерінің  0,05-2,5% көлемінде қосылады.

Балқу температурасын төмендететін қоспаларды тығыздық пен беріктікті арттыру, сонымен бірге, төмен температурада күйдіру кезінде балқып пісуін жақсарту үшін қосады. Мұндай қоспаларға сазға қарағанда балқу температурасы төмен болатын материалдар (пегматиттер, сиениттер, дала шпаттары) немесе күйдіру кезінде саз компоненттерімен әрекеттесіп жеңіл балқитын қосылыстар түзетін материалдар (әктастар, доломиттер, перлит, магнезит) жатады.

Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділігін арттыру үшін қалыптау массасына 2,5%-ға дейін хлорлы кальций, натрий немесе алюминий қосады.

Түсінің ұзақ сақталуы үшін массадан 0,5% көлемінде көмірқышқылды немесе хлорлы барий, ал зиянды ірі өлшемді әктасты қоспаларды жою үшін массадан 1,5% мөлшерде хлорлы натрий немесе тұз қышқылын қосады.

Құрылыс керамикалық бұйымдардың өндірісінде массаның шихталық құрамына негізгі саздан басқа пластификациялаушы, жанып кететін, жүдеудететін және балқу температурасын төмендететін қоспалар қосады. Шихта құрамын есептеу кезінде негізгі шикізаттың химиялық және минералогиялық құрамы, оның иілгіштігі, кептіруге сезімталдығы және басқа қасиеттері ескеріледі.

Шихтаның құрамын зертханалық зерттеулер, әдебиеттердегі және өндірістік мәліметтерді, патенттік ізденістерді негізге ала отырып таңдайды.

Тапсырма:

  1.  3-кестеде берілген түрлі керамикалық бұйымдарға арналған массалар құрамын талдап, әр компоненттің шикізат массасы құрамындағы атқаратын ролін түсіндіріңіз.

 3 кесте –Керамикалық материалдар массаларының құрамы

Материал түрі

Мөлшері, %

Ішкі әрлеу плиткасы

Санитарлық фаянс

Қасбеттік плитка

Кілемді плитка

Кілемді плитка

Кірпіш

Саз

26-28

50-55

54

72

82

60

Каолин

30-31

Кварцты құм

18-26

28-30

30

15-25

Дала шпаты

2-9

Шамот

10-14

7

Шыны сынықтары

29

Перлит

7

28

18

Бентонитті саз

3

Хром тотығы

10

Темір тотығы

10

Марганец рудасы

4

Ағаш үгіндісі

10

2. Кірпіш, кілемді керамика, еденге арналған плиткалар өндірісі үшін

   керамикалық масса құрамындағы ерекшеліктердің немен негізделгенін

  түсіндіріңіз.

3. Орташа тығыздығы  1800кг/м3 болатын 10 000 дана кірпіш және орташа тығыздығы 1350кг/м3 болатын 100 дана қуыс денелі керамикалық қабырғалы тас өндіру үшін салмақ пен көлемі бойынша қанша саз қажеттігін анықтаңдар. Кірпіш  пен  тас  МемСт барлық талабына жауап беруі қажет. Саздың орташа тығыздығы - 1700кг/м3, оның ылғалдылығы -  15%, ал  саздың қыздыру кезіндегі шығыны құрғақ саз салмағының 10 %-н құрайды.

Дайындау, түсіру және кірпішті тиеу кезіндегі болатын ақаулар барлық кірпіш пен  тас партиясының 2 %-н құрайды.

4. 5т саздан қанша мөлшерде кәдімгі қызыл кірпіш  алуға болады. Саздың ылғалдылығы -10%, қыздырғандағы шығын -8% құрғақ саздың салмағы бойынша. Кірпіштің орташа тығыздығы-1750кг/м3  болу керек.

5. Орташа тығыздығы 1000кг/м3 болатын кеуекті кірпіштің 1000 данасын өндіру қажет. Кәдімгі кірпіштің орташа тығыздығы 1800кг/м3. Егер ағаш ұнтағының орташа тығыздығы 300кг/м3 болса, 1000 дана кеуекті кірпіш өндіру үшін қажет болатын ағаш ұнтағының мөлшерін (салмақ бойынша) есептеңдер.

6. Өлшемі 150х150х13мм болатын еденге арналған плитканың  1000 данасын дайындау үшін қанша саз қажет, егер плитканың кеуектілігі -4,0, күйген массаның нағыз тығыздығы – 2,52г/см3 болса, ал кептіру мен күйдіру кезіндегі шығын саз салмағының 15%  құрайды.

Бақылау сұрақтары.

  1.  Керамикалық массалардың негізгі компоненті.
  2.  Сазды шикізаттың қасиеттерін реттеу әдістері.
  3.  Жүдедететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері.
  4.  Жанып кететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері.
  5.  Балқу температурасын төмендететін қоспалардың маңызы және олардың түрлері
  6.  Пластификациялаушы қоспалардың маңызы және олардың түрлері.
  7.  Керамикалық массалардың құрамын анықтау принципі.

 Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

  1.  Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г, 424с.
  2.  Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –М.:Стройиздат, 1989
  3.  Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М.:Высшая школа, 1989
  4.  Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,

   1989

6. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

7. Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

  1.  Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной  

   керамики. М.:Высшая школа, 1985

Практикалық сабақ №6. Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне  байланысты массаны дайындау әдісін таңдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: Бұйымның түрі мен негізгі шикізаттың  қасиеттерін ескере отырып керамикалық массаның дайындау әдісін дұрыс таңдауды меңгеру.

Сазды шикізатты өңдеуде саздың табиғи структурасын (құрылымын) бұзу мақсатында табиғи және механикалық өңдейді. Алдын ала сумен ылғалданған сазды табиғи өңдегенде ұзақ уақыт бойы атмосфералық әсерге ұшыратады, ол саздың босауына, иілгіштігін, байланыстырушылығын, қалыптанушылығын жоғарылатады.

Алайда сазды табиғи өңдеу әдісі көп уақытты, үлкен алаңды қажет етеді және тасты араластардың толығымен бөліп алуды қаматамасыз етеді.

Механикалық өңдеуде сазды шикізаттағы тасты араластарды майдалап немесе бөліп алауға, гомогенді массаны жайғасымды қалыптау үшін қолданады.

Механикалық өңдеу үшін жабдықтарды бастапқы шикізаттың қасиеттеріне (оның тығыздығы, қаттылығы, тұтқырлығы, ылғалдылық) және өндірілетін бұйымның түріне байланысты таңдалады.

Неғұрлым саздың структурасы бұзылып және қалыпталатын масса біртекті болған сайын, бұйымның сапасы жоғары болады.

Жартылай құрғақ әдісте массаны дайындау алғашқы шикізатты бөлшектеп, оны кептіріп, майда ұнтақтап, ірі араластарды елеп, қоспамен араластырып және ылғалдаудан тұрады.

Мұны сазды шикізаттың тас түріндегі қоспалармен  ластанған кезде структурасы тығыз және каръерлік ылғалдылығы төмен болғанда қолданады.

Бұл әдіс тас түріндегі қоспаларды мұқият майдалап немесе толығымен ажыратып алады, соның ішінде әкті, қоспаларды біркелкі таратып және бұйымды кептірудің технологиялық циклын қысқартып, тіпті алып тастауға мүмкіндік береді.

Массаны дайындаудағы иілгішті әдісті бос не борпылдақ саз болғанда, сулағанда жақсы ылғалданатын, тасты араластар құрамы шектеулі болғанда қолданады.

Массаны дайындаудағы шикерлі әдісті саздың каръерлік ылғалдылығы жоғары болғанда, көпкомпонентті біртекті емес шикізаттан дайындағанда, гидромонитор көмегімен гидроэкскавация әдісімен қазылған не өндірілген кезде пайдаланады.

Тапсырма:

1.Керамикалық кірпіш өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіріс технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді бейнелеңдер.

       2.Кілемдімозайкалы плиткалар өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіріс технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

       3.Черепица өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіру технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

      4.Қуысденелі кірпіш өндірісі үшін келесі химиялық және минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін таңдаңдар. Таңдалған өндіру технологиясын негіздеңдер. Массаны дайындаудағы негізгі технологиялық процесстерді суреттеңдер.

5.Ванна бөлмесіне арналған плиткалар өндірісі үшін келесі химиялық және

  минералогиялық құрамдағы (4-кесте) массаны дайындау әдісін

  таңдаңдар. Таңдалған технологияны негіздеңдер. Массаны дайындаудағы  

  негізгі технологиялық процесстерді бейнелеңдер.

  4- кесте- Саздың негізгі кен орындары

Кен орны

SiO2

Al2O3

CaO

MgO

Fe2O3

TiO2

R2O

SO3

қ.к.ш..

Саз түрі

Дайындау әдісі

1

55,88

28,37

0,20

0,94

2,09

0,58

3,39

0,34

8,30

Отқа төзімді,

Қиын балқитын.

2

59,3- 68,64

20,49- 19,32

1,63- 0,55

1,01 1,80

3,51-2,80

4,02- 4,92

0,20 следы

3,88- 5,80

Қиын балқитын.

3

50,3-61,7

22,5-30,0

0,67-1,25

0,3-1,4

2,0-3,3

0,3-0,5

7,6-12,9

Отқа төзімді,

4

53,0-85,9

7,7-29,8

0,14-1,77

0,35-0,50

0,26-6,60

0,56-1,12

0,62-0,80

0-0,18

2,56-10,96

Қиын балқитын.

5

41,9-80,1

15,7-39,1

0-4,83

0-4,56

0,12-12,22

0,1-1

0-3,75

0-0,80

5,15-18,9

Отқа төзімді,

6

54,6

15,29

5,37

3,14

6,3

5,9

9,4

Жеңіл балқитын

7

50-60

16-24

3-4

6-10

3-6

Бақылау сұрақтары.

Құрылыстық керамика өндірісінде массаны дайындаудың маңыздылығы.

2.Құрылыстық керамика өндірісіндегі массаны дайындау әдістері.

3.Массаны дайындауда пластикалық әдіс қай кезде таңдалады?

      4.Массаны дайындауда жартылай құрғақ  әдіс қай кезде таңдалады?

5.Массаны дайындауда ылғалды әдіс қай кезде таңдалады?

      6.Массаны дайындаудың табиғи әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и  искусственных пористых

  заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г, 424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –М.:Стройиздат,

  1989

4..Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического

   кирпича. М.:Высшая школа, 1989

5.Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкций.

  Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6.Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича.

  М.Стройиздат, 1989

7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на

  основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

9.Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии

  строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая

   школа, 1987.

10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной

  керамики. М.:Высшая школа, 1985

11.Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной

    керамики. М.:Стройиздат, 1977

Практикалық сабақ №7. Бұйым түрі мен  сазды шикізаттың қасиеттеріне байланысты керамикалық материалдарды

қалыптау әдісін таңдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: бұйым түрі мен шикізаттың қасиеттері ескерілетін керамикалық массаны қалыптау әдісін дұрыс таңдауды оқып-үйрену.

Шикізатты өңдеу және массаны дайындаудағы технологияға сәйкес керамикалық бұйымдарды қалыптау  үш әдіс бойынша жүргізіледі: иілгішті, жартылай құрғақ, құю не шликерлі.

Бірінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс қабырғалық керамикалық  бұйымдарды черепица, канализациялық  және дренажды құбыр, сондай-ақ сәулеттік көркемдік керамикаларды қалыптауға арналған.

Екінші әдіс керамикалық  плиткаларды қалыптау үшін қолданады. Күрделі конфигурациядағы бұйымдарды қалыптайды. (сантех бұйымдар және әсемдік керамика), сонымен қатар плиткалардың кейбір түрлері үшінші әдіс бойынша  жүргізеді.

 Қалыптаудың  иілгішті әдісі. Ылғалдылығы (18-26%) иілгішті қамырдан керамикалық бұйымдарды дайындауды әдетте таспалы шнекті престе (вакууммен немесе вакуумсыз) жүргізеді, ал  пішіндері күрделі бұйымдарды, мысалы, пазалы (ойықты) черепицаны- револьверлі немесе басқа престе жаншу (штамповка) арқылы, сәулеттік- көркемдік бөлшектерді гипсті формада қолмен қалыптау арқылы жүргізеді.

Таспалы шнекті прессте бұйымды қалыптау сыртқы күш әсерінен бүтіндей жарылмай деформацияланатын және сол күш тоқтағаннан кейін берілген пішінді сақтайтын сазды массаның қасиетімен негізделген.

Иілгішті массадан күрделі конфигурациядағы бұйымды (черепица және т.б) ленталы престе алдын ала қалыпталған дайын массаны револьверлі, рычагты және басқа престерде штамптау әдісімен дайындайды.

 Қалыптаудың жартылай құрғақ әдісі (керамикалық ұнтақтан престеу) ылғалдылығы 8-10% болатын, жоғары қысыммен (15-40МПа) сусымалы ұнтақ тәрізді массадан бұйымды компрессорлық престеуден тұрады. Мұның бір түріне ылғалдылығы 2-8% болатын керамикалық ұнтақтан престейтін құрғақ әдісі жатады.

Жалпақ жұқа қабатты бұйым дайындау үшін керамикалық ұнтақтан бұйымды престеу кеңінен тараған (мысалы, керамикалық плита). Кейінгі жылдары қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде пресстеу  кеңінен дамуда (кірпіш және керамикалық тас).

Бұл әдіс кешенді механизация тұрғысынан келешегі бар. Пластикалық әдістен артықшылығы: азиілгішті сазды пайдалану мүмкіндігі, бұйымды кептіру ұзақтығы мен  барлық технологиялық циклды қысқартуды,  қалыпталған бұйымның беріктігінің жоғары болуы.

 Құю әдісін санитарлы- техникалық бұйымдар, сәндік керамика, сонымен қатар жұқа қабырғалық шағын габаритті керамикалық плиталар өндірісі үшін  қолданады. Бұл әдіс саздың сулы ортада тұрақты суспензиясын түзу қабілеті мен сонымен қатар қолданылатын форманың үлкен суаккуляторлайтын қабілетімен негізделген (гипсті- санитарлы-техникалық бұйымдар өндірісінде және кеуекті керамикалық –плиталар өндірісінде).

Форманың жақтарында қалыптанатын  бұйымның қабырғасы болып табылатын біршама тығыз, жарым-жартылай сорғыған қабаттың түзілу процессін «бұйымның жинақталуы» деп аталады. Бұйымның жинақталуындағы құйманың қаттылығы капиллярлық күштің әсерінен ылғалды сорумен негізделеді. Форманың жақтарында құйманы алу процесінде ылғал өткізгіштігі төмен тығыздалған қабат түзіліп, соның арқасында шликердегі ылғалдың орын ауыстыру қарқыны,  қабат тығыз болған сайын айтарлықтай төмендейді. Осылайша бұйым жинақталғанда жүйеде ылғал алмасатын процесс жүреді: шликер-отливка(черепок)- форма.

Тапсырма:

1. 4-кестеде көрсетілген тізім бойынша керамикалық бұйымды қалыптаудың мүмкін болатын әдісін таңдаңыз.

2. Әрбір  керамикалық  бұйымның қалыптау процессін суреттеңдер.

4-кесте- Керамикалық бұйымдарды қалыптау әдістері

Бұйым түрі

Қалыптау әдістері

пластикалық

Жартылай құрғақ

Шликерлі (ылғалды)

Толықденелі кірпіш

Қуысденелі кірпіш

Канализациялық құбыр

Кілемдімозайкалы плитка

Едендік плиткалар

Черепица

Сан-тех.бұйымдар

Бақылау сұрақтары:

  1.  Керамикалық бұйымдарды қалыптаудың қандай әдістерін білесіз?
    1.  Керамикалық бұйымдарды қалыптау әдісін таңдауға әсер ететін

    факторлар.

  1.  Қалыптаудың пластикалық әдісін қай кезде қолданады?
    1.  Қалыптаудың жартылай құрғақ  әдісін қай кезде қолданады?
    2.  Қалыптаудың ылғалды әдісін қай кезде қолданады?
    3.  Пластикалық әдістегі қалыптау агрегатын атаңыз.
    4.  Жартылай құрғақ  әдістегі қалыптау агрегатын атаңыз.
    5.  Ылғалды әдістегі қалыптау принципі.

   

      Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

  1.  Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых

    заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г.- 424с.

    3.Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –М.:Стройиздат, 1989

4. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

    М.:Высшая школа, 1989

5.Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6.Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,

   1989

7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на

   основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

  1.  Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.

10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной

     керамики. М.:Высшая школа, 1985

  1.   Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной  керамики. М.:Стройиздат, 1977

       

Практикалық сабақ №8. Керамикалық құрылыс материалдар өндірісіндегі әр түрлі тәсілдегі өңдейтін жабдықтар жұмысын

талдау және технологиялық таңдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: Құрылыс керамикалық бұйымдыр өндірісіндегі шикізаттық материалдардыөңдеуге арналған меаханикалық жабдықты дұрфс таңдай білу және жұмыс істеу приципін біліп меңгеру.

Жартылай  құрғақ әдісте сазды алғашқы босату немесе қопсыту пышақты жоңғышта (стругач), тісті, бұрандалы тас бөлгіш немесе дезинтеграторлы біліктерде  іске асады. Майда ұнтақтау үшін дезинтегратор, тегіс дифференциалды біліктер, тесікті білік, құрғақтай майдалағыш жүгіргіштер, балғалы, центробежді және  роторлы машинаны пайдаланады.

Ірі бөліктері мен майдаланған шикізатты фракцияға бөлу үшін елек -бурат, шайқалатын (теңселетін) жалпақ елек, дірілді елек, грохот (елек) және ауалық сепараторлар пайдаланады.

Жүдеткіш және басқа да қоспалардағы сазды және оны ыстық сумен немесе бумен ылғалдағанда еківалды араластырғышта иілімді массаны алу үшін, аз иілгішті масса алу үшін қалақты вакуумды  немесе тез жүретін жүгіргіште араластырады және жүдеген масса алу үшін араластырғыш жүгіргіште дайындайды.

 Массаны дайындаудағы иілгішті әдіс. Иілгішті және тұтқыр сазды тісті білікте, әлсіз және тоңған сазды саз кескіште, иілгіштігі орташа сазды тесікті білікте майдалайды. Қиын ылғалданатын  және құрамында әктастың ірі бөліктері бар сазды дайындау үшін жүгіргіштерді пайдаланады.

Біртекті масса алуға қол жеткізу үшін саз ұнтақтағышты (тонтрансплер) қолданады, мұнда сазды масса майдаланып қанатты қалақпен тесікті корпус арқылы жаншылады.

Массаны майда етіп ұнтақтауды тегіс немесе тісті біліктерде, жүгіргіштерде үйкелеу арқылы іске асырады. Жүдеткіш қоспаларды алдымен ұсақтағышта, содан соң диірменде майдалайды.

Массаны екі валды саз араластырғышта дайындайды, әдетте бумен ылғалдайды. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда ұтымды өңдеу үшін фильтрлі решеткалы саз араластырғышты пайдаланады.

Саз дайындаудағы шликерлі әдіс.

Шликерлі әдісте шикізатты іріге бөлшектеу дезинтеграторлы білікте, жоңғыш, білікті тісті ұсақтағыш; майда ұнтақтау және сазды босату үшін шарлы диірмен, қалақты араластырғышта немесе үздіксіз әрекеттегі арнайы машинада жүргізеді.

Сазды ыстық сумен босатып не жібітіп шликер алу үшін және қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде сазшайқалтқыш (глинаболтушка) пайдаланады, ондағы тас түйірлерін ажыратып бөліп алу  мақсатында шликерді ойық елекке, содан соң кранды араластырғыш компрессорлы ауамен шликерді пісу үшін қондырғымен жабдықталған ашық шлам бассейнге жібереді.

Керамикалық плиткалар өндірісінде сазды үздіксіз босату үшін үздіксіз әрекеттегі машина пайдаланылады. Шликерлі әдісте жеке компоненттерді араластыру үшін (иілгішті, жүдеткіш, плавни) силоксанды немесе фарформен қапталған шарлы диірмен және түрлі конструкциядағы қалақты араластырғышта жүргізеді.

Массаны шликерлі әдіспен дайындау барысында тасты қоспаларды толығымен ажыратып алады, сазды материалдың құрылымын  барынша бұзып және жоғары дәрежедегі  біртекті массаны, сонымен қатар құю әдісі түрлі күнделікті конфигурациядағы бұйымдарды алуды қамтамасыз етеді.

Тапсырма:

1. Көрсетілген 8-26-суреттерден сазды шикізатты ірі бөлшектеуге арналған құрылыс машина жабдығын таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін айтыңыз.

2. Көрсетілген 8-26-суреттерден сазды шикізатты майда ұнтақтауға арналған жабдықты таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін айтыңыз.

3. Сазды және қоспаны ұсақтауға арналған қондырғыны таңдаңыз. (Сурет 8-26)

4.Көрсетілген 8-26-суреттерден керамикалық массаны шликерлі әдіспен дайындауға арналған жабдықты таңдаңыз.

5.Иілгішті әдіспен массаны дайындау процессін суреттеңіз. Механикалық қондырғының атын атай отырып, схемасын салыңыз (8-26 сурет)

6.Механикалық қондырғының атын атай отырып, массаны жартылай құрғақ әдісімен дайындау процессін суреттеп беріңіз (8-26 сурет)

7. Массаны шликерлік әдіспен дайындау процессін, механикалық жабдықты көрсете отырып суреттеп беріңіз (8-26 сурет).

Бақылау сұрақтары:

1. «Шикізатты өңдеу» дегенді қалай түсінесіз?.

2. Құрылыс керамика өндірісінде массаны дайындау әдістері қандай?

3. Құрылыс керамика өндірісіндегі шикізаттық материалдарды атаңыз.

4. Шикізаттық материалдарды  ірі  бөлшектейтін жабдықты атаңыз.

5. Майда ұнтақтауға арналған жабдықтарды атаңыз.

6. Керамикалық массаны дайындау әдісін таңдаудағы факторлар.

Ұсынылатын әдебиеттер.

1.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004.-75б.

2. Строительные материалы: Справочник/ А.С. Болдырев, П.П.Золотов,

    А.Н.Люсев и др. Под ред. А.С. Болдырева, П.П. Золотова- М: Стройиздат,

    1989-567с.

3. Бауман В.А., Клушанцев Б.В.: Мартынов В.Д. Механическое

     оборудование предприятий строительных материалов, изделий и

    конструкций. М.:Машиностроение, 1981.-324с.

     4. Сапожников М.Я. Механическое оборудование предприятий

         строительных материалов, изделий и конструкций. М.: Высшая школа,

         1971-556с.

  1.  Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.
  2.  Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат, 1989
  3.  Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М. Высшая школа, 1989.
  4.  Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

            Справочник. - М: Высш.шк., 2004

  1.  Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989
  2.  Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.
  3.  Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
    керамики. -М.: Высшая школа, 1985

Практикалық сабақ №9. Керамикалық құрылыс материалдарын әр түрлі әдіспен өндіру кезіндегі қалыптау қондырғыларының жұмыс істеуін талдау және оларды технологиялық таңдау

Жұмыс 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: құрылыс керамикасы бұйымдарын қалыптайтын механикалық қондырғыларды дұрыс таңдауды үйрену және  олардың жұмыс істеу принциптерін оқып-үйрену.

       Құрылыстық керамикалық бұйымдарды қалыптау үш әдіспен дайындалады: ылғалдылығы 15-22% массаны пластикалық әдіспен қалыптау, ылғалдылығы 6-11 % ұнтақ тәрізді массаларды жартылай құрғақ әдіспен және ылғалдылығы 32-38% сұйық керамикалық массаларды (шликерді) құю әдісімен қалыптау. Экструзды (сығып шығару) әдісі кезінде пластикалық массалардан дайындалған бұйымдарды қалыптау үшін таспалы (ленталы)  винтті (шнекті) пресстер – вакуумды және вакуумсыз немесе піспекті, штамптау әдісімен қалыптағанда- фрикционды, тізелі –рычагты  немесе гидравликалық пресстер қолданылады. Ұнтақ тәрізді массалардан бұйымдарды қалыптау үшін штампты фрикционды, тізелі-рычагты немесе гидравликалық пресстерді қолданады. Сұйық керамикалық массалардан бұйымды дайындау үшін оларды стендіде немесе арнайы құйғыш конвейерлерде гипсті қалыптарға құю әдісімен орындайды.

       Қалыптау әдістерінің қайсысын болса да қолдану үшін бастапқы шикізаттың пайдаланылу ерекшеліктеріне көңіл бөліп, дайындалатын бұйымның өлшемдері мен формаларына қарай және содан кейінгі жүретін бұйымды өңдеу технологиялық процесстердің барлығын есептеп ескереді. Кәдімгі сазды кірпішті, беттік кірпіш (ғимараттың сыртқы бетін әрлеу үшін), қышқылға төзімді және отқа төзімді бұйымдар, канализациялық және дренажды құбырлар, арнайы тұрмыстық және өндірістік тағайындалған бұйымдары   пішіндері қарапайым болғандықтан, оларды өндіру кезінде көбінесе пластикалық әдісті қолданады. Қабырғаларды ішкі әрлеуге арналған керамикалық плиткалар, еденге арналған плиткалар мен ғимараттың қасбетін (фасадты) әрлеуге арналған  плиткаларды көбінесе жартылай құрғақ керамикалық массадан пресстейді. Санитарлық керамикалық бұйымдар (қол жуғыштар, унитаз, керамикалық ванналар), тұрмыстық керамикалық бұйымдар, яғни күрделі формадағы бұйымдарды, сұйық керамикалық массадан құю әдісі арқылы қалыптайды.

     Қалыптауды жүзеге асыру үшін, жоғарыда айтылған әр әдістің, тағайындалуы бойынша, сонымен қатар конструктивті және жұмыс істеу принципі бойынша ерекшеленетін әрқайсысының өзіндік машиналары бар.

Тапсырма:

  1.  Берілген 8-26 суреттерден керамикалық бұйымдарды пластикалық қалыптайтын құрылыс машиналары мен қондырғыларды таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
  2.  Берілген 8-26 суреттен керамикалық бұйымдарды жартылай құрғақ қалыптауға арналған құрылыс машиналары мен қондырғыны таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
  3.  Берілген суреттен керамикалық құбырларды қалыптайтын құрылыс машиналары мен қондырғыларды таңдаңыз. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
  4.  Берілген 8-26 суреттен керамикалық қуысты кірпіш пен  тастарды қалыптайтын құрылыс машиналары мен қондырғыны таңдаңыз. Қалыптау процессін түсіндіріңіз.
  5.  Еденге арналған плиткаларды өндіретін қалыптау қондырғысын таңдаңыз. Қалыптау процессін түсіндіріңіз.
  6.  Кілемді керамиканы өндіруге арналған қалыптау қондырғысын таңдаңыз. Қалыптау процесін түсіндіріңіз.

           8-сурет. Ірі ұсақтауға арналған жақты ұсақтағыш

 

                          9-сурет. Конусты  ұсақтағыш ККД

     10-сурет. Майда ұнтақтауға арналған білік СМК-83 (СМ-1096)

     11-сурет. Роторлы ұсақтағыштың конструкциясы СМД-87

 

                   12-сурет. Бір роторлы  балғалы ұсақтағыш М-4-6

              13-сурет. СМ-365 ылғалды майдалағыш жүгіргіштері

                         14-сурет.Екікорзиналы дезинтегратор

                          15- сурет. Аэромобильді диірмен.

                                  16-сурет. Шахталы диірмен

          17-сурет. Ылғал ұнтақтағы кезекті әрекеттегі шарлы диірмен.

                 18-сурет. Сазды босатуға арналған машина ФММ-9

                                  19-сурет. Барабанды елек (елек-бурат)

                                           20-сурет. Қалақты араластырғыш 

                               Сурет- 21. Еківалды қалақты араластырғыш

                    22-сурет.  Z-түріндегі қалақты араластырғыш

                                     

                                  23- сурет. Пресс СМ-443А

                                     24-сурет. Құбырлы пресс

                            25-сурет. Кескіш автомат СМ-678

                                      26-сурет. Пресс К/РУ-160

      Бақылау сұрақтары:

  1.  Пластикалық әдіспен қалыптауда қолданылатын керамикалық массаның түрі. Оның ылғалдылығы мен қасиеттері.
  2.  Кірпішті пластикалық әдіспен қалыптау үшін қандай қондырғыларды қолданамыз? Жұмыс істеу принципі.
  3.  Пластикалық массаның технологиялық қасиеттерін жақсарту әдістері.
  4.  Пластикалық қалыптау кезіндегі шикі өнімнің сапасын арттыру әдсітері
  5.  Керамикалық материалдар технологиясындағы «Мундштук» деген не ?
  6.  Керамикалық материалдарды пластикалық қалыптау кезіндегі вакуум ролі
  7.  Жартылай құрғақ қалыптау әдісіне пайдаланатын керамикалық массаның түрі. Оның құрамындағы ылғалдылығы.
  8.  Шликерлі қалыптауға қолданылатын керамикалық массаның түрі. Құрамының ылғалдылығы
  9.  Кірпішті жартылай құрғақ қалыптау үшін қандай қондырғыны пайдаланамыз? Жұмыс істеу принципі
  10.   Кірпішті шликерлі әдіспен қалыптау үшін қандай қондырғы  пайдаланамыз? Жұмыс істеу принципі
  11.  Жартылай құрғақ қалыптау әдісімен дайындалу кезінде шикі өнімнің сапасын арттыру әдістері.

      Ұсынылатын әдебиеттер:

1.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004.-75б

2. Строительные материалы: Справочник/ А.С. Болдырев, П.П.Золотов,

    А.Н.Люсев и др. Под ред. А.С. Болдырева, П.П. Золотова- М: Стройиздат,

    1989-567с.

3. Бауман В.А., Клушанцев Б.В.: Мартынов В.Д. Механическое

     оборудование предприятий строительных материалов, изделий и

    конструкций. М.:Машиностроение, 1981.-324с.

     4. Сапожников М.Я. Механическое оборудование предприятий

         строительных материалов, изделий и конструкций. М.: Высшая школа,

         1971-556с.

5. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики искусственных пористых

     заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.

6. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат,

   1989

7. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

  М. Высшая школа, 1989.

8. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

            Справочник. - М: Высш.шк., 2004

9. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,

  1989

10. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на

    основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

11.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
    керамики. -М.: Высшая школа, 1985

Практикалық сабақ №10. Құрылыстық керамика бұйымдарын өндірудегі  жабдықтар санын есептеу

Сабақ 1 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: құрылыстық керамика  бұйымдар өндірісінде жабдықтар санын есептеу әдістерін меңгеру.

Жабдықтар санын  есептеу 2 тәсіл бойынша орындалуы мүмкін. Бірінші тәсіл - анықтамалық әдебиеттен алынған таңдалған жабдықтың өнімділігі мен материалдық балансына сәйкес шикізаттық материалды өңдеудегі  сағаттық қажеттілік бойынша таңдалған технологиялық схемаға лайықты жабдықты іріктеп алу.

2-ші тәсіл -  сол технологиялық процесстің (айналу жылдамдығы, саңылау шамасы, өңделетін шикізаттың тығыздығы және т.б.) ерекшеліктерін есепке ала отырып, жабдықтың әрбір түрінің өнімділігін формула бойынша есептеуден тұрады. Қолданылатын тәсілдің қай түрі болмасын жабдықты есептеудің соңғы кезеңі болып, жабдықтың бірлік саны мен оны пайдалану коэффициентін анықтау болып табылады.

Пайдаланылатын  жабдықтың бірлік санын есептеу келесі формула бойынша есептеледі:

                                 n=Пм.б./  Qанық., дана                                                  (2)

                                     

мұндағы: Пм.б. – материалдық баланс бойынша анықталған сағаттық өнімділігі;

                Qанық. - анықтамалық әдебиеттен  немесе есептеу нәтижесінде

                         алынған құрал-жабдықтың өнімділігі,  т/сағ  немесе  м3/ с.

Бөлшек сан алынған жағдайда, соңғы саны бүтінге дейін  дөңгелектенеді. Құралды пайдалану коэффициентін төмендегі формула бойынша анықтайды:

                                      Кп = Пм.б. /  Qанық.                                                         (3)

Жабдықты пайдалану коэффициенті әрқашан 1-ден кіші болуы керек. Оптималды мәні Кп -0,85-н 0,36-ға дейін.  Үлкен мәнге ие болғанда тозуға, ал кіші мәнде құрал-жабдық жеткіліксіз жүктемеде жұмыс жасайды.

Шикізаттық материалдарды өңдеудегі сағаттық  өнімділікті   анықтағанда,  жабдық  жұмысының ұтымды тәртібін  белгілеу өте  маңызды. Үздіксіз схема бойынша жұмыс жасағанда - жабдық жұмысының жылдық фонды  сағат бойынша келесі формуламен анықталады:

                                           Еж =к -ППР)* 24, с/жыл                                          (4)

мұндағы:  Ек -  жылдағы тәуліктің  календарлық саны;

                 ППР - жоспарлы-ескеретін жөндеуге кететін уақыт.

Жабдық кезеңдік схема бойынша жұмыс жасағанда жылдық фонд төмендегі формула бойынша  анықталады:

                                            Еж = (Ек (В+П)-ППР)*С*D, с/жыл                          (5)

мұндағы:  В - демалыс күндер, тәулік;

                 П - мерекелік күндер, тәулік;

                 С - ауысым саны, дана;

                 D - ауысым ұзақтығы, сағ.

Әр түрлі жабдық  жұмысының уақыт жылдық фондын анықтағаннан соң, оның сағаттық өнімділігін есептейміз:

                                             Пм.б. = Пж / Еж, т/с немесе м3/ж                                   (5)

мұндағы: Пж  - жобаланған зауытта өңделетін шикізат түрінің мөлшері;  

                Еж -   сол  жабдық түрі үшін уақыттың жылдық фонды, с/жыл.

Сағаттық өнімділік  жабдықтың әрбір  түріне есептеледі.

Таспалы пресстің сағаттық өнімділігін есептеу үлгісі:

                               Q= 60* К*π*n * (D2 – d2) * (S- δ)/4* g ,       мың. дана/ с      (6)

  мұндағы: К- коэффициент, К=  λ* φ* µ;

                   λ  – қайтару коэффициенті;

                   φ – айналып келу коэффициенті;

                   µ - пресс  мундштугіндегі масса көлемінің кішіреюі;

                    n – айналым саны, айналым/мин;

                   D - қалақты бұранданың сыртқы диаметрі, м;

                   d  - бұранда күпшегінің диаметрі, м;

                   S - қалақты бұранданың қадамы, м;

                   δ- қалақтың қалыңдығы, м;

                   g – 1000 дана  кірпішке кететін шикізат шығыны, м3.

Есептеу нәтижесінде алынған мәліметтер, жабдықтың оңды жағдайда жұмыс жасау  кезінде алынған анықтамалық әдебиетте көрсетілген  номиналдан әрқашан аз болады.

Жабдықтың бірлік саны мен оны пайдалану коэффициентін анықтағанда  өнімділіктің есептік мәні (Q) 1 және 2- формуладағы бөліміндегі Qанық. орнына қойылады. Мұндай есептеулерді өндіріс технологиялық схемасына сәйкес барлық жабдықтар түрі бойынша жасайды.

Тапсырма:

  1.  Егер керамикалық кірпіш өндірісінде қажетті шикізат шығыны жылына 100 000кг болатын болса, валкалы ұсақтағыштың қажетті санын  есептеңдер.
  2.  Жылына 20000000 дана өндірісіндегі таспалы пресстің қажетті санын есептеңдер.
  3.  Жылына  өнімділігі 25млн. дана шартты кірпіш өндіретін зауыттың шикі-бұйымды кептіруге қажетті туннель санын есептеңдер. Күйдіру мен кептіру кезіндегі брактар материалдық баланс бойынша алынады. Күйдіру кезіндегі брак – 1%, кептірудегі брак – 2%, кептіргіш вагонеткаларының сыйымдылығы -240дана шартты кірпіш және кептіру процессінің циклы-30сағат.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Жабдықтың техникалық сипаттамасында қандай мәліметтер болады?

2 Жабдықтың қажетті санын анықтаудың қандай тәсілдерін білесіз? Оның

   маңызы..

3.Жабдықтың өнімділігі қалай есептеледі?

4.Жабдықты пайдалану коэффициенті қалай есептеледі?

5.Кәсіпорынның материалдық балансы  деген не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1.   Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы.  

Оқу құралы, Шымкент, 2004, 75б.

  1.  Ю.М. Баженов, Л.А. Алимов и др. Проектирование предприятий по

    производству строительных материалов и изделий М: 2005, 412с.

  1.  А.А. Балакиров, И.А. Грошев, В.С. Зубаков и др. Дипломное проектирование. Методическое указание по дипломному проектированию керамических заводов. – Шымкент. КазХТИ, 1993-58с.
  2.  Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.
  3.  Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. - М.:Стройиздат, 1989
  4.  Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.
  5.   Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. - М.: Высшая школа, 1985

Практикалық сабақ №11. Құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде пайдалану мақсатында өнеркәсіп  қалдықтарының

химиялық  құрамын талдау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: керамикалық материалдар өндірісінде өндіріс қалдықтарын оңтайлы пайдалану мақсатында олардың қасиеттері мен құрамын саралау.

Өндіріс қалдықтары мен әр түрлі жанама өнімдерді пайдалану, әсіресе кондициялық шикізаттың қазба қорының азайып бара жатқанын есепке алғанда экономикалық жағынан маңызы зор. Бұдан геологиялық барлау, карьер құрылысы алынып  отынға кететін шығын айтарлықтай төмендейді, өйткені көп қалдықтар жанатын компоненттерден тұрады. Мұнымен қоса экологиялық мәселелер шешіледі.

Қәзіргі уақытта құрылыс материалдар кәсіпорындары өндірістің өзіне тән ерекшеліктері  мен талап етілген дайын  бұйымның қасиеттеріне байланысты өндіріс қалдықтарын тиімді, әрі  кең көлемде  пайдалануда халық шаруашылығының  жалғыз саласы  екендігін тәжірибелер дәлелдейді.

Кірпіш зауыттарының тех-экономикалық көрсеткіштерін жақсартып және керамикалық бұйымдардың сапасын жоғарылату жұмыстарының бірден-бір бағыты  болып технологиялық отын шығынын азайтып, кей жағдайларда алып тастауға да болатын шихтаға енгізілетін реттегіш қоспаларды пайдалану.  Мұндай қоспаға ЖЭС күлі жатады. Құрамындағы кокс қалдықтардың болуынан бұлар бір мезгілде жанып кететін қоспалар әрі жүдеткіш, яғни иілгіштігін, саздың ауалық және оттық шөгуін төмендетуге ықпал жасайды.

Керамикалық кірпіш пен тас өндірісінде қоспа болып ЖЭС күл-уносы, сонымен қатар үйіндіден алынған күл-шлакты аралас болуы мүмкін.

Құрылыстық керамика өндірісінде қолданылатын күлшлакты аралас немесе күл-унос келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  •   күлдер жеңілбалқитын немесе орташа балқитын болуы тиіс (жібу температурасы сәйкесінше 1200-14000С-ге дейін).
  •  күлдегі жанбай қалған отын құрамы шектелмейді, өйткені күлдегі 10% және одан көп жанғыш бөліктер болғанда шихтаға технологиялық отынның енгізілуі айтарлықтай төмендейді;
  •  түйір өлшемі 3мм асатын отындық шлак мөлшері күлшлакты араластың көлемінен 5 % аспау керек.
  •  rүлдегі күкірт құрамы (SO3  пересчете) 2 %  –н аспауы керек;
  •  түйір өлшемі 1мм үлкен болатын  карбонатты жыныстар құрамы рұхсат етілмейді.

Қабырғалық  керамика шихтасына қоспа үшн СаО +МqО құрамы 5%  жоғары емес,  20%  кем емес жанбай қалған отын мөлшері бар күлді  пайдалану қажет. Шикізат араласпасына күлді 15% -дейін мөлшерде қосады, ал кейбір зауыттарда күлді  50% дейін көтереді, бұл кірпіштің орташа тығыздығын 1250кг/м3 –қа дейін төмендетуге мүмкіндік береді (кәдімгі керамикалық кірпіштің орташа тығыздығы 1600...1900кг/м3 аралығында  болады).

Күл қоспасындағы кірпіш пен керамикалық тастың физика- механикалық қасиеттері керамикалық бұйымға тиісті  әрекеттегі МемСт талабына жауап беруі тиіс.

Сазды жыныстардың қасиеттерінің әр түрлілігіне байланысты, сондай-ақ шихтаға қоспа ретінде қолданылатын ЖЭС күлі керамикалық бұйымдар технологиясы мен оларды өндірудегі технологиялық схемасы бірдей. Керамикалық кірпіш өндірісіндегі технологиялық линия негізгі болып табылады. Күлді жүдеткіш, немесе отынды қоспа ретінде пайдаланады. Шихтаға қосымша келесі қоспа түрлерінің бірі- ағаш үгіндісі, шамот, кварцты құм, қоспа мөлшері тәжірибелік жолмен тағайындалады.

ЖЭС үйіндісіндегі күлшлакты аралас қоспа ретінде пайдаланады, алдын ала кептіріп, елеп және бөлшектенеді.

Иілгіштік қасиетіне байланысты сазға түрлі мөлшерде күл қосады, %: жоғарыиілгішті саз үшін-40-48; орташа иілгішті-30; иілгіштігі төмен-8...20, 20%-н аса күл немесе күлшлакты араласты біркелкі иілімді кебуге  жоғары сезімтал сазды пайдаланатын жеке зауыттарда ғана ендіреді.

ЖЭС күліндегі керамикалық бұйымдардың технологиялық ерекшелігі: шикі-кірпіш- массасында жанатын күлдегі майдаұнтақты жанғыш қалдықтардың біркелкі таралу есебінен біркелкі күйдірілуі; жоғары сапалы бұйым, соның ішінде  беріктігі жоғары, тығыздығы төмен; технологиялық отын шығыны аз. Техника-экономикалық тұрғыдан қарағанда ЖЭС күлін  қосу бұйымды өндіру шығынын төмендетіп, шикізат шығынын қысқартады, дайын бұйымның өзіндік құнын төмендетеді.

ЖЭС күлін енгізгенде бұйымның беріктігі 15-60%-ға артады (сәйкесінше бұйым маркасы жоғарылайды). Орташа тығыздығы 1500кг/м3 аспайды; технологиялық отын шығыны 20...70%  төмендейді. Шикі-кірпіштің кептіру циклын 20% аса қысқартады.

Отынды күл мен шлактан басқа құрылыс керамика өндірісінде басқа техногенді шикізат түрі де қолданады.: қара және түсті металлургия шлактары, химиялық өнеркәсіп қалдықтары (фосфор шлагы, фосфоргипс пен борогипс, пиритті огарка), қырып және жолай қазылған жыныстарды, орман және ағаш өңдейтін кәсіпорындар қалдықтары.

Керамиканы дайындау үшін қалдықтарға келесі негізгі техникалық талаптар қойылады: силикат пен алюмосиликаттың құрамы жоғары, қыздырғанда газ бөлінумен ыдырайтын карбонат пен басқа қосылыстардың құрамы шектеулі; (1% төмен) SO3 есептегендегі күкірт құрамы төмен; қыздырғанда улы газ бөлетін қосылыстар болмауы  керек; ірідисперсті түйір өлшемі (1,5-2мм) шектеулі.

Тапсырма:

  1.  Құрылыс керамика бұйымдар өндірісінде қолдану мақсатында 5-кестеде көрсетілген өнеркәсіп қалдықтарының химиялық құрамын саралаңдар. Қандай бұйым алу үшін қолданады?

5 кесте -Кейбір қалдықтардың  орташаланған химиялық құрамы 

Массалық үлес, %

5і02

АІА

Ғе203+ҒеС

СаО

МдО

20+К20

503

п.п.п.

ЖЭЦ күлі

49,5

15,6

28,9

1,1

0,9

0,4

1,5

1,3

ГРЭС күлі

15,3

5,7

13,6

36,9

5,6

0,5

0,4

22,9

Шлактыдомналы

41,5

11,5

1,6

42,9

-

2,5

-

-

Шлак медеплавильный

44,5

11,5

32,3

7,7

1,1

2,8

-

-

Бокситті шлам

17,4

7,6

22,1

35,7

1,2

1,9

0,3

11,8

Қалыпталатын топырақ

95,3

-

1,7

іздер

-

-

-

2,4

Никель өндірісіндегі қалдықтар

46,1

13,1

14,2

7,6

9,8

2,9

2,2

3,2

  1.  ЖЭС күлі пайдаланғандағы кірпіш өндірісінің технологиялық схемасын жасаңдар.
  2.  ЖЭС шлагын пайдаланғандағы кірпіш өндірісінің технологиялық схемасын жасаңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Техногенді шикізаттың қандай түрін білесіз?
  2.  Құрылыс керамика өндірісінде техногенді шикізатты пайдаланудың маңызы.
  3.  Керамика дайындау үшін техногенді шикізаттың химиялық құрамына қойылатын талаптар.
  4.  ЖЭС шлагы қандай процесстер нәтижесінде түзіледі?
  5.  ЖЭС күлі   қандай процесстер нәтижесінде түзіледі?
  6.  ЖЭС шлагы мен күлдің химиялық-минералогиялық құрамы.
  7.  ЖЭС шлагы мен күлдің қасиеттері.
  8.  Қалыптау, кептіру және күйдіргенде ТЭС қалдықтарының ерекшеліктері.
  9.  «Золокерам» кірпіш өндірісінің технологиялық схемасының айырмашылығы.

 

Ұсынылатын әдебиеттер.

1.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

2.И.Ю. Данилович, Н.А. Сканави.  Использование топливных шлаков и зол

   для производства строительных материалов. М, Изд. Высшая школа,

   1988г -72с.

3.П.И. Боженов. Технология автоклавных  материалов, Л: Стройиздат,

  1978г – 368с.

4.Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных пористых

  заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва, 1972г,424с.

5.Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. М.:Стройиздат,

  1989

6.Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,

   1989

7. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на

   основе  суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.: Стройиздат, 1975. 591 с.

9.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной
   керамики. -М.: Высшая школа, 1985

10. Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной

     керамики. М.: Стройиздат, 1977

Практикалық сабақ №12. Керамикалық  кірпіштің қасиеттерін талдау және олардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бағалау

 

Сабақ 3 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: Керамикалық қабырғалық материалдар   технологиясының ерекшелігін меңгеру және оның сапасын бағалау.

 Керамикалық кірпіш пен тасты саздан, сонымен қатар  диатомит, лесс  және өндіріс қалдықтарынан  минералды, органикалық қоспалармен немесе қоспасыз дайындайды. Оларды ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғалары мен басқа да элементтерін қалауға және қабырғалық панель  (екі- және үш қабатты) және блоктар дайындау үшін пайдаланады.

Кірпіштің өлшемдері 250х120х65 мм, қалыңдатылған кірпіш – 250х120х88 мм, модульді кірпіштің өлшемі 288х138х63 мм. Тасты келесі өлшемдерде шығарады:250х120х138, 288х138х138, 250х250х138, 250х250х120, 250х200х80 мм.

Кірпіш толық және қуыс денелі, ал тас-тек қуысденелі болады, қуыс пішіні мен орналасуы, саны  әр түрлі. Қырларының беттерін көбінесе  рифленді етіп жасайды, кеуектері постельге перпендикуляр немесе параллель бағытта орналасады және өтпелі не бітеу болады. Кірпіш пен тасты құрғақ күйдегі орташа тығыздығы бойынша 3 топқа бөледі:

а) әсерлі, ол қабырғаның жылутехникалық қасиеттерін жақсартып кәдімгі кірпішке қарағанда қабырға қалыңдығын жұқартуға мүмкіндік  береді. Бұл топқа: а) орташа тығыздығы 1400 кг/м3 аспайтын кірпіш; б) шартты әсерлі, жылутехникалық қасиеттерін жақсартатын: орташа тығыздығы 1600 кг/м3 көп кірпіг пен тас. Кірпіш пен  тастың салмақтары МемСт талап етілген нормадан асып кетпеуі керек.

Беріктігі бойынша  кірпіш пен тас келесі маркаларға бөлінеді: 300, 250, 200, 175, 150, 125, 100 аязға төзімділігі бойынша Мрз 35 и Мрз 50. Олардың  белгілі бір қысу және иілу беріктік шегі болуы тиіс.

Сыртқы пішіні мен өлшемдерінің дәлдігі  әрекеттегі МемСт талабын қанағаттандыруы қажет. Кірпіш пен тастың жеткіліксіз  және аса қатты күйдірілуі жіберілмейді. Жеткілікті күйдірілмеген кірпіштің (алау кірпіш) беріктігі  мен аязға төзімділігі төмен, ал қатты күйіп кеткен кірпіштің (темір) беріктігі мен жылуөткізгіштігі жоғары және пішіні қисайған болады.

Салмақ бойынша толықденелі кірпіштің сусіңіргіштігі  8% кем болмауы; қуысденелі бұйым үшін - 6% кем болмауы тиіс.

Қуыс денелі кірпіш пен тас үшін массаны мұқият өңдейді, қалыптауды қуысты тесіктерін түзу үшін арнайы қондырғылары (керн) бар вакуумды прессте жүргізген дұрыс. Бұл бұйымдарды  фундамент, цоколь және ылғалды бөлмелерде қолдануға болмайды.

Қуысденелі кірпіш пен тасты өндіру шикізат пен отынды үнемдеуге,

кептіргіш пен пештің өнімділігін жоғарылатады, транспорттық шығынды азайтуға әкеледі.

Ғимараттың қасбетін қаптауға, ішкі қабырға, монтажды тор, вестюбиль және т.б. арналған беттік кірпіш  қабырғалық керамиканың бір түріне  жатады. Беттік кірпіш кәдімгі кірпіштен табиғи-боялған шикізат пен бояғыш қоспаларды қолданып және  беткі қабатын механикалық әсемдеп өңдеу есебінен болатын сыртқы беттерінің сапалылығымен ерекшеленеді.  

Беттік кірпішті табиғи-боялған ашық-сары және қызылшаңқай саздан, сонымен қатар түрлі түстегі саз араласынан пластикалық әдіс бойынша өндіру кеңінен тараған. Шикізатты түс беру үшін минералды қоспалар: марганец, хромды және темірлі минералдар, әртүрлі әктастар қосады. Беттік кірпішке қатаң талаптар қойылған.

Тапсырма:

  1.  Керамикалық қабырғалық бұйымның түрлерін салыңыздыр.
  2.  Қабырғалық және беттік кірпіш өндірісі үшін пайдаланатын сазды шикізатқа сипаттама бере отырып, кестені толтырыңыздар. Массаны дайындау мен қалыптау әдістерін және бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын көрсетіңіздер.

6-кесте - Бұйымның сипаттамасы

Қабырғалық кірпіш

Беттік кірпіш

1

Саз түрі

2

Массаны дайындау әдісі

3

Қалыптау әдісі

4

Өлшемдері, мм

5

Бұйымның құрылымы

6

Сусіңіргіштігі ,%

7

Қысу кезіндегі беріктігі, МПа 

8

Аязға төзімділігі, цикл.

9

Орташа тығыздығы, г/см3

10

Ерекшеленетін сапасы 

  1.  Қабырғалық толықденелі кірпіштің өндіріс схемасын құрыңдар.
  2.  Беттік кірпіш өндірісі үшін схемадағы өзгерісті атаңыз.

5. Құрылыс материалдарының  физика-механикалық қасиеттерін өрнектейтін

шамаларды жазыңдар: а) нағыз және орташа тығыздығы; б) тығыздық, кеуектілік; в) салмақ және көлем бойынша су сіңіргіштігі; г) күш; д) механикалық кернеу және беріктік; е) жылуөткізгіштік коэффициенті; ж) меншікті жылусыйымдылығы; з) газөткізгіштік коэффициенті; и) динамикалық қатайту (упрочнения) коэффициенті; к) слой половинного ослабления; л) конструктивті сапа коэффициенті; м) салмақ және көлем бойынша сырылуы (истираемость); н) дыбысты жұту коэффициенті.  

6. Құрғақ кірпіштің қысу кезіндегі беріктігі Rқұр =200кГ/см2- (20МПа) сумен қаныққаннан соң Rқұр =120кГ/см2. Суға қаныққан кірпіштің көлемдік сусіңіргіштігі 20 % құраған, ал  ашық кеуектілігі 28 %. Алынған кірпіштің аязға төзімділігі мен  оны фундамент қабырғасы үшін қолдануға    болар болматындығын анықтаңдар.

7.Сынақ кезінде келесі нәтижелер алынған болса: қысу кезіндегі беріктік шегі 180кГ/см2; жеке үлгілердің қысу кезіндегі минималды (кіші) беріктік шегі 130кг/см2; майысу кезіндегі беріктік шегі 30кГ/см2 ; жеке үлгінің минималды майысу беріктік шегі – 23кГ/см2 ; сыртқы көрінісі бойынша ақаулары бар кірпіштің  МемСт бойынша жіберілетін талабынан асатыны – 8 %, кірпіштің маркасын анықтаңдар.

8. Егер пресс поршенінің ауданы 40см2, кірпішті қиратудан алдын манометрдің көрсеткіші 10ати , кірпіштің ені – 122мм, қалыңдығы -66мм, біліктер ара қашықтығы 20см болса, кірпіштің майысу беріктік шегін анықтаңдар.  

Бақылау сұрақтары:

  1.  Керамикалық қабырға материалдарының түрлері. 
  2.  Керамикалық кірпіш өндірісіндегі массаны дайындау әдістері.
  3.  Қалыптау әдістері.
  4.  Кірпіштің маркасы деген не?.
  5.  Сусіңіргіштігі мен аязға төзімділігі бойынша кірпішке қойылатын талаптар.
  6.  Кірпіш өндірісіне арналған  шикізатқа қойылатын талаптар.
  7.  Кірпіштің сыртқы түріне қойылатын талаптар. 
  8.  Беттік кірпішке қойылатын талаптар. 
  9.   Глазурь  деген не?
  10.   Ангоб  деген не?
  11.  Керамикалық қабырға материалдарының қолдану аясы.

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы.

     Оқу құралы, Шымкент, 2004

2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и  искусственных

     пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

 3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. –

      М.:Стройиздат, 1989

        4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

            М.:Высшая школа, 1989

  1.  Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. Справочник. –М.:Высшая школа, 2004
  2.  Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989
  3.  Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.
  4.  Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.
  5.  Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.
  6.  Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985
  7.  Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной  керамики. М.:Стройиздат, 1977

Практикалық сабақ №13.Қасбеттік керамикалық плиткалардың қасиеттерін талдау және оның  мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау

Сабақ 2 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: әр түрлі қасбетттік керамикалық плиткалардың технологиялық ерекшеліктерін білу және сапасын бағалау.

 Ғимараттың қасбетін қаптауға  арналған керамикалық плиткаларды кірпішті ғимараттың сыртқы жағын, лоджия, эркер, фриз, терезе мен есік жақтауларын айналдыра қаптауға және ғимараттың  арихитектуралық элементтерін безендіру үшін, жерасты жаяу жүргіншілердің переходтары мен транспорт жүретін қозғалыс жерлерінде кеңінен қолданылады. Плиткалар қоршаған атмосфера әсерлеріне, аязға төзімділік пен түске төзімділікке қарсы төзімді.

Негізінен  плиткаларды ұнтақ тәрізді массадан пресстеу әдісі арқылы және керамикалық суспензиядан құю әдісімен өлшемі  21х21мм, 46х21мм, 292х192мм, қалыңдығы 3-тен (құйылған) 4-9мм –ге дейін (пресстелген) төртбұрышты және тік бұрышты етіп өндіреді.

Түсті  әйнекеленген плиткалар сәулетшілерге ғимараттарды әрлеуде жоғары көркемдік дейгейде  және құрылыс кешендердің түсті және сәулеттік шешімдердің үлкен әр түрлілігін шешуді қамтамасыз етеді, бұл типтік толық құралмалы  құрылыста маңызды. Құрылыста қасбетті  қаптау үшін ақшаңқай және боялған (жеңіл балқитын) саздарды, жүдеткіш материалдар - шамот, кварцты құм мен плавни- шыны сынықтары, перлит, нефелинді концентрат және басқалар қолданылады. Саз төмен температурада пісуі тиіс, күйдіргеннен кейін біркелкі түсте болуы қажет (әйнекеленбейтінді өндірісінде- ашық тонда болғаны дұрыс) және кептіру мен күйдірудегі тұрақты шөгуді қамтамасыз ету үшін  құрамы бойынша біртекті болуы керек.

Жұмыс жасау жағдайына байланысты плиткалардың сусіңіргіштігі 8-10%, ал қатаң шарттар үшін 5% артық болмауы, аязға төзімділігі сәйкесінше 35 және 50 цикл болуы тиіс.

Тапсырма:

  1.  Керамикалық фасадты плиткалардың түрін өрнектеңдер.
  2.  Фасадты плиткалар өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып, кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау  әдістерін көрсетіп мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңдер.

7-кесте- Бұйымның сипаттамасы

Атауы

Ірі өлшемдегі плиткалар

Кілемді плиткалар

1.

Саз түрі

2.

Қоспа түрі

3.

Өлшемдері, мм

4.

Массаның сипаттамасы

5.

Массаны дайындау әдісі

6.

Қалыптау әдісі

7.

Су сіңіргіштігі, %

8.

Майысу беріктігі, МПа

9.

Аязға төзімділігі, цикл

10.

Шикі бұйым құрылымы

11.

Ерекше сапасы

  1.  Іріөлшемдегі керамикалық мен фасадтық  плиткалар өндірісінің схемасын құрыңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Фасадтық керамикалық плиткалардың түрлері.
  2.  Фасадты плиткалар өндірісіндегі массаны дайындау әдістері.
  3.  Фасадты плиткалар өндірісіндегі массаны қалыптау әдістері.
  4.  Кілемді плиткаларды қалыптаудағы массаны дайындау әдісі.
  5.  Плиткаларға қойылатын талаптар.
  6.  Фасадты плиткалардың әсемдік әрлеу әдістері.
  7.  Фасадты плиткаларды әйнекелеу әдістері.
  8.  Фасадты плиткалар өндірісіндегі шикізаттарға қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер.

 1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

       2.  Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных

    пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

     3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.

       –М.:Стройиздат, 1989

4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М.:Высшая школа, 1989

5.Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.         Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989

7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

9.Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.

10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985

11 Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной  керамики. М.:Стройиздат, 1977

Практикалық сабақ №14. Еденге арналған фасадтық керамикалық плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік

стандартқа сәйкестігін бағалау

Сабақ 1 сағатқа есептелген.

Сабақтың мақсаты: еденге арналған керамикалық плиткалардың технология ерекшеліктерін меңгеру және сапасын бағалау

Еденге арналған керамикалық плиткаларды ғимараттағы едендерге төсеу үшін пайдаланады, оларға тазалық жағынан  өте жоғары талаптар қойылады (аурухана, мектеп және т.б.), май және басқа да химиялық реагенттер әсер ететін, қарқынды қозғалыстар болатын жерлерде (баспалдақ клеткалры, вокзал, сауда залдары және т.б.), сонымен қатар егер де еденге арналған материал ғимараттың сәулеттік безендіру мен әсемдеу элементтері ретінде (қоғамдық ғимараттың вестибюленде, холл және т.б.). Химияға тұрақтылығы жоғары болғандықтан (қышқылғатөзімділігі 97-98%) мұндай плиткаларды химия өнеркәсібіндегі цехтарда еденге төсеу және футеровка жасайтын материал ретінде де қолданылады. Олардың кеуектілігі, отқатөзімділігі төмен, қажалу не сырылу күштеріне жоғары қарсыласады.

Плиткалардың көркемдік -декорлы сапасын жоғарылату үшін оларды пресс-формаға шаблон бойынша себілетін, әр түрлі боялған саз ұнтақтарын пресстеу жолымен орындалатын көп түсті өрнектерде немесе әйнекеленген плитканың беткі қабатына түрлі(көп) түстегі өрнектерді шелкография әдісімен түсіріп дайындайды.

Негізгі компонент болып табылатын Пайдаланатын саздың өндірістік жағдайы мен химиялық құрамына байланысты масса рецептсіне еденге арналған плиткалардың құрамында 70-75% саз (немесе саз араласы) және 25-30%  плавни (нефелинді концентрат, перлит, жеңіл балқитын шыны сынықтары).

Тапсырма:

1.Едендік плиткалардың түрлерін суреттеңдер(суретін салыңдар)

  1.  Едендік  плиткалар өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып, кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау  әдістерін көрсетіп, мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңіздер.

8-кесте -Бұйымның сипаттамасы

Атауы

Едендік плиткалар

1.

Саз түрі

2.

Қоспа түрі

3.

Өлшемдері, мм

4.

Массаны дайындау әдісі

5.

Қалыптау әдісі

6.

Су сіңіргіштігі, %

7.

Майысу беріктігі, МПа

8.

Аязға төзімділігі, цикл

9.

Шикі бұйым құрылымы

10.

Ерекше сапасы

  1.  Іріөлшемдегі керамикалық мен кілемді плиткалар өндірісінің схемасын құрыңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Едендік керамикалық плиткалардың түрлері.
  2.  Едендік плиткаларды өндірудегі шикізатқа қойылатын талаптар.
  3.  Едендік плиткалар өндірудегі массаны дайындау және қалыптау.
  4.  Үйлерге арналған плиткаларды әсемдеп әрлеу әдістері.
  5.  Плиткаларға  қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер.

 1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

       2.  Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных

    пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

     3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.

       –М.:Стройиздат, 1989

4.Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М.:Высшая школа, 1989

5.Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.         Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат, 1989

7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

9.Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.

10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985

11 Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной  керамики. М.:Стройиздат, 1977

Практикалық сабақ №15. Керамикалық жабын  материалдардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа

сәйкестігін бағалау

Сабақ 1 сағатқа есептелген.

Сабақ мақсаты: керамикалық жабын материалдардың қасиеттерін талдау және олардың мемлекеттік талаптарға сәйкестігін бағалау

Жабындық  керамикалық материалдарға черепица жатады.

Черепицалардың келесі түрлерін өндіреді: пазалық,  бір немесе қос блоктағы  және көлденең  пішімдегі жаншылған (штампты), пазалық (ойық) таспалы бүдірлі, жалпақ таспалы бүдірлі, конекті.

Шикізаты болып кептіруге аз сезімталды ірі бөгде қоспалары жоқ жеңіл балқитын жақсы күйетін иілгішті саз болып табылады. Ауалық шөгуі 6-7 % -дан аспауы тиіс, оттық шөгуі - 4% . Иілгіштігі жоғары саздарды құм немесе шамотпен (15-25%)  жүдедетеді.

Черепицаны өндірудегі  массаны дайындау кірпіш өндірісімен бірдей. Черепицаны пластикалық, яғни иілгішті әдіспен дайындайды. Таспалы вакуум-престе шығатын лентаны жартылай автоматтандырылған станок көмегімен кеседі.

Пазалық (ойық) жаншылған черепицаны револьверлі, эксцентрикалы, жылжымалы (салазкалы), бұрандалы престе қалыптайды.

Кептіруді туннельді кептіргіштерде 24-36 сағ бойы кептіреді, күйдіруді кірпіш күйдіру пештерінде, черепицаларды сөрелердің жоғарғы қатарына орналастыра 900-9500С температурада күйдіреді.

Күйген черепицалардың сусіңіргіштігі 10% аспауы керек, аязға төзімділігі 15 цикл кем, майысу кезіндегі беріктігі 7МПа кем болмауы тиіс.

Тапсырма:

  1.  Керамикалық черепицалардың түрлерін суреттеңдер.
  2.  Жабын материалдар  өндірісіндегі қолданылатын әр шикізатқа сипаттама бере отырып  кестені толтырыңдар, массаны дайындау және қалыптау  әдістерін көрсетіп мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйымға қойылатын талаптарды көрсетіңдер.

9-кесте- Бұйымның сипаттамасы

Атауы

Керамикалық черепица

1.

Саз түрі

2.

Қоспа түрі

3.

Өлшемдері, мм

4.

Бұым түрі

5.

Массаны дайындау әдісі

6.

Қалыптау әдісі

7.

Су сіңіргіштігі, %

8.

Майысу беріктігі, МПа

9.

Аязға төзімділігі, цикл

10.

Шикі бұйым құрылымы

11.

Ерекше сапасы

  1.  Іріөлшемдегі керамикалық черепица өндірісінің схемасын құрыңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1.  Керамикалық черепицалардың түрлерін суреттеңдер.
  2.  Керамикалық черепица өндірісіне арналған шикізаттарға қойылатын талаптар.
  3.  Черепицаны дайындаудағы массаны дайындау және қалыптау.
  4.  Жабындық  плиткаларға қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер.

 1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

      құралы, Шымкент, 2004, 75б

       2.  Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и искусственных

     пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

     3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.

        –М.:Стройиздат, 1989

4. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

   М.:Высшая школа, 1989

5. Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

   Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. М.Стройиздат,

  1989

7. Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на

   основе суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8. Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

9. Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии

   строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая

   школа, 1987.

     10.Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной

    керамики. М.:Высшая школа, 1985

      11.Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной

    керамики. М.:Стройиздат, 1977

Қолданылған  әдебиеттер тізімі:

1. Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрылыс материалдар технологиясы. Оқу

     құралы, Шымкент, 2004

 2. Г.С.Бурлаков «Основы технологии керамики и  искусственных

    пористых заполнителей» Изд. «Высшая школа», Москва,1972г, 424с.

3. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий.–

   М.:Стройиздат, 1989

4. Золотарский А.З., Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича.

    М.:Высшая школа, 1989

5. Наназишвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции.

    Справочник. –М.:Высшая школа, 2004

6. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича.

    М.Стройиздат, 1989

7.Сайбулатов С.С. Полусухое прессование керамического кирпича на основе

   суглинка. Алматы, КазГАСА, 2000.

8.Августиник А.И. Керамика. Л.:Стройиздат, 1975. 591 с.

  1.  Книгина Г.И., Вершинина Э.Н. Лабораторные работы по технологии строительной керамики и легких пористых заполнителей. М. Высшая школа, 1987.
  2.  Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. М.:Высшая школа, 1985
  3.   Павлов В.Ф. Физико-химические основы обжига изделий строительной  керамики. М.:Стройиздат, 1977
  4.   В.С. Горшков, В.В. Тимашев, В.Г. Савельев «Методы физико-химического   анализа   вяжущих   средств».   -  Москва.   Высшая
    школа,  1981г.-335с.
  5.   В. Потемкин, Н.А. Зиброва, Ю.А. Мамонтов и др. «Методы исследования и контроля строительных материалов». Шымкент, 1994г.-67с.

14. Строительные материалы: Справочник/ А.С. Болдырев, П.П.Золотов,

    А.Н.Люсев и др. Под ред. А.С. Болдырева, П.П. Золотова- М: Стройиздат,

    1989-567с.

15. Бауман В.А., Клушанцев Б.В.: Мартынов В.Д. Механическое

     оборудование предприятий строительных материалов, изделий и

    конструкций. М.:Машиностроение, 1981.-324с.

     16. Сапожников М.Я. Механическое оборудование предприятий

         строительных материалов, изделий и конструкций. М.: Высшая школа,

         1971-556с.

17. Қалшабекова Э.Н., Рысдаулетов Р.А. Құрылыс материалдар химиясы

     пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік

      нұсқаулық. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, -2009, 42б.

Мазмұны

Кіріспе ..................................................................................................................3

1. Тақырып №1. Құрылыс керамикасындағы шикізаттық

   материалдардың минералогиялық  құрамын талдау ....................................4

2. Тақырып №2. Құрылыс керамикасындағы шикізаттық

   материалдардың химиялық  құрамын талдау................................................6

3. Тақырып №3.Құрылыс керамикасының шикізаттық  

   материалдарының минералогиялық құрамын анықтау үшін

   рентгенфазалық талдау әдісін  пайдалану.......................................................9

4. Тақырып №4. Саздың негізгі қасиеттерін

   анықтау..............................................................................................................13

5. Тақырып №5. Құрылыс керамика бұйымдары өндірісі үшін

   шикізат материалдарының шығынын және масса құрамын    есептеу.......17

6. Тақырып №6. Бұйым түрі мен сазды шикізаттың қасиеттеріне  

   байланысты массаны дайындау әдісін таңдау...............................................21

7.Тақырып №7. Бұйым түрі мен  сазды шикізаттың қасиеттеріне

байланысты керамикалық материалдарды қалыптау әдісін таңдау...........24

8. Тақырып №8.Керамикалық құрылыс материалдар өндірісіндегі

әр түрлі тәсілдегі өңдейтін жабдықтар жұмысын талдау және

   технологиялық таңдау .....................................................................................27

9. Тақырып №9.Керамикалық құрылыс материалдарын әр түрлі

   әдіспен өндіру кезіндегі қалыптау қондырғыларының жұмыс істеуін

   талдау және оларды технологиялық таңдау..................................................29

10. Тақырып №10.. Құрылыстық керамика бұйымдарын өндірудегі    

     жабдықтар санын есептеу..............................................................................43

11. Тақырып №11. Құрылыстық керамика бұйымдар өндірісінде

     пайдалану мақсатында өнеркәсіп  қалдықтарының химиялық  құрамын

     талдау...............................................................................................................46

12. Тақырып №12.Керамикалық  кірпіштің қасиеттерін талдау

     және олардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бағалау....49

  1.  Тақырып №13. Қасбеттік керамикалық плиткалардың  қасиеттерін
  2.  талдау  және оның  мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау.............53

14. Тақырып №14. Еденге арналған фасадтық керамикалық

     плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа

     сәйкестігін бағалау .........................................................................................55

15.Тақырып №15. Керамикалық жабын  материалдардың қасиеттерін талдау

     және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау ............................57

16. Қолданылған әдебиеттер.............................................................................59

Қалшабекова Э.Н., Ақылбекова А.Ү.

 

«Құрылыстық керамика технологиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық

050730 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған

Баспаға               қол қойылды. Қағаз пішімі 60˟84 1/16

Көлемі  3,5 б.т. Таралымы 100 дана. Тапсырыс №     .  

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 160018. Шымкент қаласы

Тәуке хан даңғылы, 5 үй,

PAGE  4

 




1. Тема- Налаштування конфігурації системи в CMOSSetup.
2. 2014 автобус Продолжительнось- 5 дней География тура- Германия Дрезден Краков Польша Политика ценоо
3. тематике Синтетическая работа созерцания Пространство и время как априорные формы чувственного созерцания
4. KKOLD 10.08.2014г ~ 17.08
5. Петербурга МО город Ломоносов 19 сентября 2013 года
6. Автор- Алтынник Антонина Николаевна учитель изобразительного искусства МОУ
7. РазныеРазности http---hotmix.html
8. а почве растениях организме хозяина водоемах Лизосомы отсутствуют у лишайников грибов бактерий пр
9. . Мировоззрение как способ духовнопрактического освоения мира
10. рефератів 1.Політична економія як наука- виникнення й етапи розвитку
11. Предмет, структура и методы науки о политике
12. Реферат- Котирование валют
13. ЕКОНОМЕТРИКАОпорний конспект лекций
14. Советский писатель
15. Методика коррекции сколиоза с помощью фитбол-гимнастики
16. Новые тенденции в мировом хозяйстве и международном разделении труда
17. О техническом регулировании а правила разработки постановлением Правительства Российской Федерации от
18. Тема 2. Топография свода черепа- лобнотеменнозатылочная и височная области границы слои клетчаточные пр
19. контрольна робота Тестконституційне право України з дисципліни Основи права
20. АЛМАТИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ЭНЕРГЕТИКИ И СВЯЗИ Кафедра Электроника Расчетнографическ