Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Бала~ай тобыны~ ~йымдастырыл~ан о~у іс ~рекетіні~ технологиялы~ картасы

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-10

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 19.5.2024

Үй жануарлары

Жарияланды 29-10-2013, 22:14 Категориясы: Бала-бақша 

«Балақай» тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: « Қатынас» «Әлеуметтік орта»
Білім беру саласы: «Көркем әдебиет» «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін, білімдерін қалыптастыру, кейбір ерекшеліктерін айтып, ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық: Тақпақ жаттату, әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, үн таспадан көрсету.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, үн таспа, төрт түліктің өнімдері.
Қостілділік компоненті: Лақ - козленок, торпақ - теленок, қозы - ягненок.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
Танымды оятушылық

Ұйымдастыру - іздестіру
Сергіту сәті.
Рефлексивті түзету

Жылулық шеңбері:
Армысың, Алтын күн!
Аманбысың, жер - Ана!
Амансың ба, достарым!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балаларды орындарына отырғызып, назарларын сабаққа аудару.

- Балалар, бүгін біз үй жануарлары - мен, олардың тіршілігімен танысамыз. Табиғаттың бір бөлігі жануарлар мен құстар. Жануарлар екіге бөлінеді: үй жануарлары және дала жануарлар (аңдар).
Үй жануарларының табиғаттағы орны ерекше, әрі қызықты.
- Ауылға аталарыңның, апаларыңның үйіне барғанда үй жануарларын көргендерің бар ма?
Үй жануарларының суреттерін көрсетіп, таныстыру.
- Үй жануарларын атаңдар.
Оларды неге үй жануарлары дейді?
- Дұрыс, өйткені олар адамдардың маңайында, аулада тіршілік етеді екен.
- Үй жануарлардың төлдерін қалай атайды?
Олардың адамдарға қандай пайдасы бар?
Алдын - ала дайындалған үй жануарларының өнімдерін көрсету.
(сүт, қатық, құрт, май, жүн)
Сонымен бірге көлік ретінде пайдаланады.(Жүк тасиды, арбаға жегеді ).
Қай жануар қалай дауыстайды?
Теледидардан үн таспа көрсету.
Жақсы, балалар ендеше осы үй жануарлары туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып бір бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

Секең, секең ей лақ,
Жүрмін саған кейіп - ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секеңдемей бір уақ.

Томпаң, томпаң торай,
Дауысының зорын - ай.
Дөкей бола қалыпсың,
Толысымен он ай.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс, күз айының соңғы күндері, қыс айының басы.
- Дала қандай кейіпте?
- Иә, қар жауып, айнала аппақ қар. Барлығы жылы киінген. Жерде аппақ тон киіп алғандай.
- Дұрыс, балалар жерді аппақ қар жауып қалған, ендеше үй жануарлары далада жайыла алмайды, сондықтан мен сендерге үй жануарлары мен дала жануарларын бірге қосып қоямын. Сендер үй жануарларын тауып, жылы қораға кіргізулерің керек.
- Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
- Неге оларды үй жануарлары деп атайды екенбіз?
- Үй жануарлардың төлдерін қалай атайды?
- Үй жануарлары қалай дауыстайды?
- Адамдарға қандай пайдасы, беретін өнімі бар?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. Мақтап - мадақтау.
Балалар жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айтып, Алтын күнмен, Жер - анамен, достарымен, апайларымен амандасады.

Сұраққа жауап береді.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.

Өз ойларын айтады.
Әр үй жануарларына сипаттама береді.
Үн таспаны көреді, үй жануарларының дауыстарын қайталайды.
Балалардың тақпағы.
Қозы.
Айналайын қозым, Малда жуас бозым. Ұзап шықта үйден, Оттығуды үйрен.
Лақ.
Жалт - жұлт етіп лақ, Жағалайсың бұлақ. Секірем деп бірақ, Қала көрме құлап.
Торпақ.
Айналайын торпақ, Бола көрме қорқақ. Тар болып тұр аула, Тысқа шықта заула.
Балалар әндетіп, қимыл - қозғалыспен көрсетеді.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.
Үй жануарларын дала жануарларынан бөліп жылы қораға қамайды. Шөп салады, су береді, жем береді.(әр жануарға жеке - жеке сипаттама беріп отырады. Пайдасы, беретін өнімі, төлін қалай атайды, қалай дауыстайды)
Қойылған сұрақтарға толық, әрі нақты жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларын ажыратып, төлдерін білу керек. Қойылған сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білу керек.
Болу керек: Қызығушылықтары, ынталары болу керек.
Істей білу керек: Үй жануарларын дала жануарларынан ажыратып, бөлек жинай білу керек.

Кері қайту

  1.  0




1. а Царик Яна Андреевна Руководитель практики от предприятия
2. Механические испытания Цель испытаний Характеристика механических воздействующих факторов Колебания, удар, постоянное ускорение, механическое давление, сила (момент)
3. командир воинской части исходя из того что время на движение караулов к месту развода и с места развода в ка
4. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук КИЇВ 1999 Дисертацією є
5. Сценарий прогнозируемого развития
6. і Світ з~являється як боротьба протилежних та співпрацюючих сил ~ ЯН активного світлого позитивного чолов
7. 1Станция ~ объект ж-д транспорта имеющий путевое развитие позволяющее производить операции по приему отпр
8. Тема- Официальноделовой стиль речи
9. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Київ ~2002 Дисертац
10. ДОКЛАД Европейская христианская археология накануне IIIго тысячелетия по Р
11. биологическое действие рентгеновского излучения на организм
12. Введение В предыдущих главах были рассмотрены эмпирические распределения и методы вычисления их числовы
13. Организационно-правовая форма хозяйствующих субъектов
14. Прикладные вопросы экологической генетики
15. тема Анализ финансовохозяйственной деятельности предприятия Выполнил студент групп
16. Опера Джузеппе Верди Отелло Otello
17. Контрольная работа Вариант 4 По дисциплине Ст
18. TimesET. Печать офсетная
19. Заместительная жертва в Одиссее и Энеид
20. экономическую ситуацию и глубину экономических реформ возникают скрытые каналы территориального перерасп