Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Білім беру салалары: қатынас, таным, әлемеуттік орта, шығармашылық. Бөлімдері: Қазақ тілі, айналадағы әлеммен танысу, жапсыру.
Тақырып: Ұлттық киімдер.
Мақсаты : Киімдердің атын меңгерту, ұлттық киімдер туралы түсініктерін кеңейту. Ойын барысында балалардың ойлау қабілетін тілін, ақыл ойын дамыту. Киімдерін таза ұстау, ұқыпты болуына тәрбиелеу.
Билингвальдык компонент: киімдер одежда, көйлек платье, жейде рубашка, шалбар брюки, етік сапоги, тон шуба, қамзол камзол, тақия тюбетейка, сәукеле саукеле, шапан чапан.
Кезеңдері |
Сабақтын барысы |
І. Сәлемдесу. ІІ. Әжесімен немересінің сұхбаты ІІІ. Катянын балалармен сөйлесуі IV. Киім дүкені V. Сергіту сәті. VI .Ұлттық киімдердің презентациясы. VII. Киімдерді оюлармен безендеру VIII. Катя әжесімен келеді
IX. Балалармен қоштасу |
- Сәлеметсіңдерме, балалар! -Армысын алтын күн, Армысын көк аспан, Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, қонақтар! Қайырлы күн, мұғалім!
-Балалар, сендер әжесімен немересінің әнгімесің естідіңдер ме? Катяға тәуелсіздік мерекесіне ұлттық киім керек екен. - Балалар Катямен танысайықшы. - Сенің атын кім? - Менің атым Катя. Балалар өз аттарын айтып танысады. - Катя, сен не істеп жүрсін? - Катя мен ұлттық киім іздеп жүрмін - Балалар, Катяға ұлттық киім табуға көмектесіндер ме? - Иә, көмектесеміз. Олай болса қазір біз дүкенге барамыз. - Балалар, біз қайда келдік? - Біз киімдер дүкеніне келдік. -Сәлеметсізбе, сатушы! -Сәлеметсізбе, балалар! - Киімдер дүкенінде не бар? -Киімдер бар. -Қандай киімдер бар? - Мынау не? шалбар. - Мынау не? көйлек. -Балалар, біз іздеген киім бұл дүкенде жоқ екен. Сатушымен қоштасайық. -Сендер шаршадыңдар ма?Ал енді демалайық. Он қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ, Алақанды ашамыз Бесті беске қосамыз.
- « Ағаш көркі- жапырақ, адам көркі киім» деген қазақта мақал бар. - Балалар, бір- біріне қарандаршы, қалай әдемі киінгенсіңдер. Әдемі көріну үшін киімдерді таза, ұқыпты кию керек. Сонда ғана көрікті боласындар. Бұл сендердін күнделікті киімдерін, мерекелерге киетін киімдерін басқа- оны біз ұлтық киім дейміз. Ал қазір біз интернет дүкеніне барып, ұлтық киім қарастырамыз. (Ұлттық киімдердің презентациясын көреді). -Балалар, сендер қандай ұлттық киімдерді білесіңдер? Қамзол- камзол Көйлек- платье Етік сапоги Тақия тюбетейка Бөрік шапка Мәсі- ичиги Сәукеле саукеле Шалбар- брюки Шапан - чапан Қалпақ калпак -Катя, саған ұнады ма? -Иә, ұнады саған не керек? -Маған көйлек, қамзол, сәукеле керек. -Тігінші Катяға ұлттық киім тіккенше, біз сүреттегі киімдерді бояп әшекейлейміз. (Балалар ою- өрнектерді қамзолға жапсырады) Саусақтарға арналған жаттығу. Бала, бала, балақан Қайсы кәне алақаң, Саусақтарым әйбат, Былай, былай ойнат! -Әже, сәлемсізбе! -Сәлеметсіңдерме, балалар! Менің немерем қандай сұлу қыз болды. Киімі қандай тамаша, мынау нағыз қыздың киімі. Рахмет, балалар, сау болыныздар! -Әже, сау болыңыз. Ойын «Кім тез» - Балалар, қазір біз шеңберге тұрып, қортынды жасаймыз. (доппен ойын) - Бас киім - Сәукеле, кимешек, тақия, қалпақ - Аяқ киім - Мәсі, саптама етік - Киім - Жейде, көйлек, қамзол, шапан, шалбар. - Сабақ аяқталды, рахмет сендерге балалар, сау болыңдар! |
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: киімдердің, ұлттық киімдерінің атауларын айта білу. Қысқаша сөйлемдерді құрау. Талапты болу: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, түстерді ажырата білу.
Қолынан келуі тиіс: сөздерді ойын барысында пайдалану, сергіту сәтін жатқа білу.