У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~ашы~ты~ жайы атты кітап жаз~ан

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-10

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.2.2025

28) Француз жазушысы Стендаль Фредерик махаббат психологиясын зерттейтін «Ғашықтың жайы» атты кітап жазған. Кітап форма жағынан ғылыми зерттеу еңбегі сияқтанғанымен, оны жазу үшін автор 20 жылдан астам уақыт жұмсаған. Бірақ, кітап дәм-татуы жоқ сылдыр сөз емес, күні бүгінге дейін «Махаббаттың қасиетті кітабы» саналып келе жатыр. Кітапта Стендаль махаббатты төрт түрге бөлген:

  1.  Жалынды махаббат – төл мүддемен санаспайтын махаббат;
  2.  Қызғылықты махаббат – ақыл-парасатты ардақтайтын махаббат;
  3.  Физиологиялық махаббат – тән рахатына ғана берілетін махаббат;
  4.  Атаққұмарлыққа салынатын махаббат – достық сүйіспеншілікті көтермелейтін махаббат.

Ал ХХІ ғасыр психологтары махаббатты мынадай үш түрге бөледі екен:

  1.  Сананың (мидың), яғни, ақылдың ғашық болуы. Махаббаттың бұл түрі «Махаббат-есеп» деп аталады. Ол алып-ұшқан сезімді тежейді. Анығын айтқанда, бір адамның мінезіне, ақылдылығына ғашық болады.
  2.  Сезімнің, жүректің (тылсымның) ғашық болуы. Бұл кезде сезім ақылға (есепке) бағынбайды. Әдетте «Нағыз махаббат» деп осыны түсінеді. Психологиялық толқындар мидың оң жақ жартысына өтеді. Махаббаттың бұл түрі – «Махаббат-сезім» деп те аталады. Себепсіз-ақ ғашық болады. Сұлулыққа, сүйкімділікке, асқақтыққа.
  3.  Рухтың, яғни, жоғары сананың (ар-ожданның) ғашық болуы. Ол кезде бәрі тәрбие мен дәстүрге бағынады. Сезім де, сана да тежеледі. Психологиялық толқындар адамның ар-ұяты аясында өтеді. Махаббаттың бұл түрін «Махаббат-достық» деп те атауға болады. Өзара сыйластық, құрметтеуге, жауапкершілікке сүйенеді.

29) Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық , шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.

Сонымен, заттай жəне субъективті құндылықтар адамның өзін қоршаған дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-қарсы (полярлы) шегін аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар танымдық жəне еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан.

Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға жəрдемдеседі.

Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар жүйесі өзгеріске түсіп, ауысып барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі тарихтың қай кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі дүниенің тарих сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген эстетикалық құндылықтар əлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ортағасырлық ағару (просвещение) дəуіріндегі гуманистік, демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне жарауда.


14




1. Школьный урок сборник методических рекомендаций по конструированию учебного занятия г
2. Правоохранительная деятельность таможенных органов
3. Да Девушка моего лучшего друга Девять ярдов Десять ярдов Евротур Зомбиленд Клик Мра
4. варіанту 13 Клас 2 Тип стаційний Діапазон вхід
5. Микроэлементный состав лишайников как индикатор загрязнения атмосферы на севере Западной Сибир
6. Структура Вселенной
7. 060585 и в соответствии с Постановлением Госстроя РФ от 10 июня 1999 г
8. РЕНТГЕНОДИАГНОСТИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ
9. Юриспруденция маманды~тарына арнал~ан мемлекет ж~не ы~ теориясы п~ні бойынша емтихан с~ра~тары
10. СМИ это совокупность таких субъектов массовой коммуникации как периодическое печатное издан