Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Экология ж~не т~ра~ты даму п~ніні~ емтихан с~ра~тары Экология ~ылымы ж~не оны~ ~алыптасу кезе~дер

Работа добавлена на сайт samzan.net:


«Экология және тұрақты даму» пәнінің емтихан сұрақтары

  1.  Экология ғылымы және оның қалыптасу кезеңдері.
  2.  Экология пәні қандай мәселелерді қарастырады?
  3.  Экология ғылымының анықтамалары.
  4.  Экология ғылымының мақсаты, міндеті мен зерттеу объектілері.
  5.  Экологияның зерттеу әдістері.
  6.  Экологияның бөлімдері.
  7.  Тұрақты даму дегеніміз не?
  8.  Қоғамның тұрақты дамуындағы экологияның рөлі қандай?
  9.  Ағзалардың өмір сүру ортасы дегеніміз не? Экологиялық факторлар жөнінде түсінік?
  10.  Неорганикалық ортаның жиынтық факторлары дегеніміз не? .
  11.  Бір ағзалардың өзге ағзалардың өмір сүруіне әсерін қалай атайды?
  12.  Ағзалардың бейімделу процестеріне периодтық және периодтық емес факторлардың әсері қандай?
  13.  Ю.Либихтың минимум және В.Шелфордтың толеранттық заңдары.
  14.  Ағзаның толеранттық диапазоны дегенді қалай түсінесіз?
  15.  Толеранттық және минимум заңдарының қандай практикалық мәні бар?
  16.  Популяцияның негізгі критерилерін атаңыз.
  17.  Популяцияның қандай типтері болады?
  18.  Популяцияның статикалық сипаттмалары.
  19.  Популяцияның динамикалық сипаттамалары
  20.  Популяция санының реттелуі қалай жүреді?
  21.  Экожүйе мен биоценоз дегеніміз не, олардың айырмашылығы қандай?
  22.  Биоценоздың трофикалық құрылымы дегеніміз не?
  23.  Қауымдастықтағы ағзалардың арасында қандай қарым-қатынас типтері бар?
  24.  Экожүйедегі энергия ағыны қалай жүреді?
  25.  Қандай қоректік тізбектерді білесіз, мысал келтіріңіз?
  26.  Экологиялық пирамидалар дегеніміз не?
  27.  Экожүйенің өнімділігі қалай анықталады?
  28.  Экожүйенің тұрақтылығы қалай анықталады?
  29.  Экожүйенің гомеостазы және экологиялық сукцессия дегеніміз не?,
  30.  Биосфера ілімінің авторы кім?
  31.  В.И. Вернадский биосфераны қалай түсіндіреді?
  32.  Жер бетінде жүретін қандай айналымдарды білесіз?
  33.  Тірі зат дегеніміз не? Оның атқаратын функцияларын атаңыз.
  34.  Биосферадағы тірі заттың планетарлық (геологиялық) рөлі қандай?  
  35.  Әлемдік биогеохимиялық айналымдардың қозғаушы күші не болып табылады?

Ноосфера дегеніміз не? . Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) -  биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Ноосфера – ақыл-ой сферасы.

  1.  
  2.  «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасы.
  3.  Тұрақты даму концепциясының  пайда болуының алғышарттары.
  4.  Табиғатты қорғаумен айналысатын қандай халықаралық ұйымдарды білесіз?
  5.  Халықарылық экологиялық қарым-қатынастарды үйлестірудің қажеттілігі неде?
  6.  ХХ ғасырдағы 1992 Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ Конференциясы жөнінде не білесіз? 1992 ж. маусымында Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ң қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы “Тұрақты даму” концепциясы және “ХХІ ғ. күн тәртібі” атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.
  7.  Аталмыш конференцияда қабылданған «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарлама қандай мәселелерді қарастырады ? Кедейлікпен күрес, тұтыну құрылымын өзгерту, адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту.
  8.  Тұрақты дамудың үш бірлікті концепциясы.экономикалық, әлеуметтік, экологиялық
  9.  Тұрақты дамудың факторлары.
  10.  Тұрақты даму концепциясын іске асыру барысында Қазақстан
  11.  Республикасында қандай   іс-шаралар қолға алынуда?
  12.  Табиғи ресурстар дегеніміз не? Табиғи ресурстар дегеніміз- адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көзделген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы.
  13.  Табиғи ресурстар шығу тегіне, қолданылуына және сарқылуына қарай қалай жіктеледі?
  14.  Ресурстарды қалай ұтымды пайдалануға болады?
  15.  Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар дегеніміз не?Қалдықсыз технологиялар дегеніміз-барлық шикізат пен энергия айтарлықтай тиімді және шикізатық ресурстар-өндіру, тұтыну, екіншілік ресурстар циклінде кешенді түрде пайдаланылатын және қоршаған ортаға кез келген әсерлер оның қалыпты функциялауын бұзбайтын өнімді қндіру әдісі.

  1.  Энергияның экологиялық таза көздері қоғам мен экожүйелердің тұрақты дамуының негізгі компоненті.
  2.  Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасының негізгі сатыларын атап көрсетіңіз.
  3.  Табиғи ортаның ластануы дегеніміз не, негізгі ластану түрлерін атаңыз? Қоршаған ортаның ластануы[1] – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.

Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады

  1.  Әлемдік экологиялық проблемалардың пайда болу себептері қандай?
  2.  Парникті эффектінің пайда болу себептері мен зардаптары. Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді.

Зардаптары: климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

  1.  Қышқылды жаңбырлар табиғи жүйелерге қалай әсер етеді? Қышқыл жаңбырлар топырақ құрамына еніп, өсімдіктердің өсіп жетілуіне қорек болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және металдардың еруіне мүмкіндік туғызады.
  2.  Биологиялық әртүрліліктің азаю себептерін атаңыз.
  3.  Озон қабатының жұқаруының себептері мен зардаптары.
  4.  Кедейшіліктің қоршаған ортаға әсері бар ма?
  5.  Шектен тыс тұтынушылықтың зардаптары қалай болмақ?
  6.  Әлеуметтік экологиялық мәселелердің пайда болу себептері не?
  7.  Әлеуметтік экологиялық мәселелер тұрақты дамуға қалай әсер етеді?
  8.  Халық санының көбеюін немен байланыстырасыз және оның қандай зардаптары болуы мүмкін.
  9.  Қоршаған орта ластануының адам денсаулығына тигізер зардаптары.
  10.  Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптерін атаңыз..
  11.  Қорықтар дегеніміз не?
  12.  Қазақстандағы қорықтарды атап өтіңіз.
  13.  Генетикалық әртүрлілікті сақтаудың маңызы неде?
  14.  Табиғатты тиімді пайдаланудың мәні неде?
  15.  Экологиялық  мониторинг дегеніміз не, оның мақсаты мен міндеттері Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері.
  16.  Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері

Қоршаған орта жағдайы мониторингі

Міндеті

Мақсаты

Бақылау

Анықтау

Бағалау

Болжау

Шешім қабылдау

Жетілдіру

қоршаған орта жағдайының өзгеруі

адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері

адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау

қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер

адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою

қоршаған орта мен қоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы


37.Тұрақты даму – қазіргі уақыттың қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып,болашақ ұрпақтың өзі-нің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп туғызбайтын даму.

38. Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым  тәсілі  әр адамның экологиялық сауатсыздығын  жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты – биосфераны қорғау және сақтап қалу. Жер бетінде халық санының өсуі, көптеген елдердің индустриялды дамуы, табиғат ресурстарын  пайдалнуды еселеп  арттырып, адамның табиғатқа әсерін өсіре түсуде. Кейбір елдерде қоршаған ортаның  жағдайының нашарлауы соншалық, адамдар денсаулығына кері әсер ете бастады.Осының бәрі қоғамды  қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл аударуға, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын  үнемі  пайдалануға  итермелейді.

39. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады. 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Гри́нпис (Greenpeace — «жасыл әлем») — 1971 жылы Канадада негізі қаланған халықаралық қоғамдық табиғатты қорғайтын ұйым.

40.Қазіргі таңда әлемде халық санының артуы мен табиғатты тұтыну,қалалардың көбеюі,қоршаған ортаның ластануы үлкен мәселе болып отыр.Және экологиялық және экономикалық мәселелерге байланысты әлемде өндірілетін өнімдердің мөлшері азаюы мүмкін.БҰЛ МӘСЕЛЕ,топырақ құнар-лылығының азаюы мен оның өнім беруге қабілетінің жоғалуынан туындайды.Және энергетикалық ресурстар да азаюда.Осы мәселерді шешу үшін халықаралық экологиялық байланыстың қажеттілі-гі туындайды.

45. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.         Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.         Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар: -         бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету; -         суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау; -         жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

47. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады

48. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулық сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді.

49. Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.

Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады.

54. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау , космос корабльдері мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді

57. Биологиялық әртүрліліктің азаюы жолына мысал: Түрлердің ішіндегі ең көп тарағаны — жәндіктер, олардың түрлері 1 млн-нан астам. Дегенмен соңғы жылдардағы әлемдік ғылыми-техникалық үдеудің нөтижесінде адам қоғамының табиғатқа зиянды әсерлерінің көбеюінен түрлер саны жыл сайын азаюда. Қазір дүние жүзінде жыл сайын 1-ден 10-ға дейінгі жануарлар түрі жойылады екен. Ескеретін жағдай, өсімдіктің бір түрінің жойылуы майда жәндіктердің бірнеше түрлерінің жойылуына апарып соғады.

58. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.

59.Иә,бар.Әсері көп өздеріңіз білесіздер деп үміттенемін!)

60.Шектен тыс тұтынушылық  ресурстардың азаюына әкеліп соғады,ал өз кезегінде жер бетінде адам саны көбейіп,ресурстар азайып бара жаткандықтан,біз ресурстарды үнемдеп қолданып қана қоймай,оның орнын толтыруға тырысқанымызда жөн.Себебі табиғи ресурстар біздің ұрпақтары-мызға мұра!

61.Шаруашылықты ретсіз жүргізу,жоғарғы пайдаға ұмтылушылық,табиғатты тиімді пайдалнудың қағидаларын бұзу - әлеуметтік экологиялық мәселелерді туғызады.

63. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды.

64. Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз ; нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері— адам-ның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптк қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар аркылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады. Улы заттар адам организміне біртіңдеп жүйелі турде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмыт-шақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.

65. . Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

-қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;

-мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;

-әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;

-қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.

-табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;

-кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;

-қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;

-коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;

-қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

66. Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау

67. 1 Ақсу-Жабағылы қорығы

2 Наурызым қорығы

3 Алматы қорығы

4 Барсакелмес қорығы

5 Қорғалжың қорығы

6 Марқакөл қорығы

7 Үстірт қорығы

8 Батыс Алтай қорығы

9 Алакөл қорығы

10 Қаратау қорығы

68.Генетикалық әртүрлілікті  адамдар әртүрлі  генетикалық аурауларға ұшырамау  үшін сақтау керек

69. Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.

Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.

Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған  гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді




1. Курсовая работа на тему- Роль учётной политики в составлении бухгалтерской отчётности
2. реферату- ПредставництвоРозділ- Економіка підприємства Представництво П л а н Вступ 2 Розділ 2 Зміни де
3. На тему- Принципы и практика ведения учета капитальных вложений Исполнитель- Специально
4. тема обобщенных чувствовании интуитивных представлений и теор
5. аналітичні аспекти мистецтвознавства Інструментальні методи дослідження в митній справі Ідентифіка
6. Цензура в России во второй половине 19 века выполнила студентка 1 курса дневного отделения Каша
7. Shedding surfces cn be mde to lst On typicl hydrophobic cotings droplets forming from hightemperture stem soon spred out to cot the surfce quickly degrding their performnce
8. Династия Круппо
9. Психология образования Кафедра Дошкольное образование
10. Реальный Тайланд
11. Sch~tzen Sie die Erholungsktivit~ten ein
12. Конституционный статус главы государства в Испании и США
13.  Назначение таможенного контроля его формы порядок осуществления
14. тема объективного идеализма и диалектический метод Г
15. повтори меня участник называя имя выходит в круг своеобразной походкой либо делает какоенибудь смешное
16. НА ТЕМУ- ГАРМОНИЯ ОБЩЕНИЯ ~ ЗАЛОГ ПСИХИЧЕСКОГО ЗДОРОВЬЯ РЕБЕНКА
17. тема- Оцінка легкових автомобілів Виконала студентка групи ОД 3
18. Учение о личности в психологии
19. вариантах сетевого окружения
20. Тема- Правописание и проверка окончаний прилагательных единственного и множественного числа Цель