У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Экологиялы~ ’ы~ыны~ п~ні ж~не т~сінігі За~ ~ылымына жеке ~з бетінше салалар бойынша ’ы~ нормаларын.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

 1.  Экологиялық құқығының пәні және түсінігі

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің кӛздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға ӛз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.

   Экологиялық құқық нысанын анықтау үшін, қоғамдық қатынастардың қалыптасқан себептері бойынша объектінің нақты табиғатын белгілеп алу қажет – деп тұжырымдайды Б.В.Ерофеев. «қоғам-табиғат» - сөзінің кең көлемдегі саласындағы барлық қатынастарда экологиялық құқық объектісі бар деген көзқарастағы кӛптеген ғалымдар бар. Алайда, табиғат объектілеріне қатысты қатынастардың бәрі экологиялық құқық объектісін құрамайтынын айта кеткен жӛн. Егер, белгілі бір қоғамдық қатынастағы табиғи объекті табиғи ортадан шығарылса, онда ол экологиялық құқық объектісі болуын тоқтатады. Қазақстандық ғалым С.Д.Бекишованың пайымдауынша, экологиялық құқық объектісін реттеу ретінде келесі қатынастар шығуы мүмкін:

1) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша;

2) қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша (табиғатты қорғау қатынастары);

3) табиғи ресурстарды рационалды пайдалану бойынша (табиғи-ресурстық қатынастар).2

Б.В.Ерофеев экологиялық құқық объектісіне – экологиялық-құқықтық нормалардың әрекеттері саласында азаматтар мен ұйымдардың арасындағы міндетті түрде мемлекеттің қатысуымен табиғи объектілерді (экожүйелерді) тиімді пайдалануды қазіргі және келер ұрпақтың мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтау мақсатында қалыптасқан тарихи шарттасқан ӛндірістік қатынастарды жатқызды.3

Біз осы экологиялық құқық объектісі бойынша кӛзқарасты қолдаймыз.

2  Экологиялық құқығының әдістері және қағидалары.

Әдіс нақты міндеттерді шешуге бағынышты шындықты игеруге арналған теориялық және практикалық әдістер мен тәсілдердің жиыны. Қолданыстағы құқық жүйесінде адамның мінез-құлқына қандай да бір құқықтық нормаларды: әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық нормаларды орындауға әсер етудің екі тәсілі бекітілген.

Б.В. Ерофеев құқықтың әр саласы әдістердің тәсілдемесі болуы қажет деген кӛзқарасты мейілінше сәтті деп есептейді. Әдістердің осындай тәсілдемесі экологиялық құқыққа тән. Тәсілдің ерекшелігі экологиялық құқықтың объектісі ерекшелігіне шарттасқан, сондықтан, экологиялық құқықтың нысанын құрайтын экологиялық қоғамдық қатынастар кешені, оны құқықтық реттеу әдістерінің тәсілдемесінде айқындалған. Ерофеевтің пайымдауынша, Экологиялық құқықта экологияландыру әдісі басты болып табылады. Экологияландыру әдісі экологиялық құқық объектілерінің ӛзгешіліктерінен туындаған. Бұл ӛзгешіліктер экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу аясында табиғат заңдары ескерілуі қажет дегенге әкеледі. Экологиялық қоғамдық қатынастарға басқа да әдістердің әсерлерін, мысалы «экономикалық» және басқаларды кӛрсетуге болатынын естен шығармауымыз қажет.

Экологиялық құқықтың қағидалары

Экологиялық құқықтар принциптері яки тікелей құқықтық нормаларда қалыптасқан, яки қолданыстағы заңдардың мағынасынан шығады. Құқықтың осы саласын қалыптастыруда, жалпы құқықтық және салааралық принциптер сӛзсіз қатысады. Сонымен бірге, экологиялық құқық саласының ерекшеліктері осы салаға ӛзіндік сипаттағы немесе осы салаға тән құқықтық реттеулер принциптері арқылы барынша бедерлі айқындалады.

ЭК 5 бабында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негізгі принциптері болып табылатындар деп тӛмендегілер кӛрсетілген:

Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі кӛзқарас;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару; табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы басқару; қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жӛнінде алдын алу шараларының міндеттілігі; Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтан бұлтартпау;қоршаған ортаға келтірілген залалды ӛтеу міндеттілігі; қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болуы және оған рұқсат алу тәртібі;

табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану; қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі мемлекеттік органдар қызметінің ӛзара әрекеттестігі, үйлесімділігі мен жариялылығы; табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру; экологиялық ақпараттың қолжетімділігі; табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсе ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;

3 Экологиялық құқығының жүйесі.

Экологиялық-құқықтық нормалар реттелетін қатынастар шеңберіне қатысты институттарға біріктірілген (субинституттарға), олар ӛз кезегінде құқықтың оқылатын саласына біріктірілген.

Экологиялық институт дегеніміз ұқсас қоғамдық қатынастардың санаулы түрлерінің құқықтық нормаларының жиынтығы.

Маңыздылығына байланысты институттар экологиялық құқықта бәрінен бұрын, жалпы

және ерекше бӛлімдерге біріктірілген, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары тағы арнайы бӛлімді шығарған. Экологиялық құқықтың жалпы бӛлімінің институттарына осы саланың барлық жүйесіне жалпы маңызы бар барынша маңызды ережелер бар институттар енген. Осы құқықтық институттар ерекше бӛлімнің институттарының құрамы мен мазмұнын қалыптастыруға шешуші ықпал жасайды.

ҚР Экологиялық құқықтарының оқыту курсына мынадай негізгі институттар енгізілген: Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері – қоршаған ортаны қорғаудың ӛзекті мәселесі; Экологиялық құқық түсінігі, объектісі, әдісі, принциптері; Табиғи ресурстарға меншік құқығы; Табиғатты пайдалану құқығы; Экологиялық құқық кӛздері; Экологиялық пайдаланым мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеу; Экологиялық бақылаудың ұйымдастыру-құқықтық формалары; Қоршаған табиғи ортаға әсерді бағалау мен экологиялық сараптама; мемлекеттік экологиялық мониторинг және табиғи-ресурстық кадастрлар; Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу; Шаруашылық және ӛзге де қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік.

Ерекше бӛлімде келесі институттар бар: Жердің, жер қойнауының, жер үсті және жер асты сулары, ормандарды қорғау және пайдалану саласындағы экологиялық-құқықтық режим; Атмосфералық ауаны қорғаудың экологиялық-құқықтық режимі; Жануарлар дүниесін молықтыру мен пайдаланудағы экологиялық-құқықтық режим; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық-құқықтық режимі; Атом энергиясы мен радиацияның қоршаған ортаға әсерін құқықтық реттеу; Қоршаған табиғи ортаны халықаралық-құқықтық қорғау.

Біздің кӛзқарасымыз бойынша, экологиялық құқыққа барынша дұрыс анықтаманы В.В.Петров берген. Анықтаманы, қазіргі ұрпақтың және келер ұрпақтың мүдделері үшін табиғат пен қоғамның ӛзара әрекеттесуі саласындағы қоғамдық қатынастарды табиғатты қорғау, оның ресурстарын рационалды пайдалану және ӛндіру, адамды қоршаған ортаны сауықтыру мен жақсарту мақсатында реттейтін құқықтың әртүрлі салаларының заңды номаларының жиынтығы деп анықтауға болар еді.5

5 Петров В.В. Концепция экологического права как правовой общности, науки и учебной дисциплины. (ММУ Хабаршысы. 1987.№5. 37-38 б.

Экологиялық құқық үш аспектіде зерттеледі – ғылым ретінде, құқықтың бір саласы және оқу пәні ретінде.

Экологииялық құқық толығымен қазақстандық құқық жүйесін құрайтын құқықтардың барлық саласымен ӛзара әрекеттеседі.

Бәрінен бұрын, экологиялық құқықтың рухани жүйеде басты рӛлді атқаратын конституциялық құқықпен ерекше байланыста екендігін атап кӛрсеткен жӛн. ҚР Конституциясы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың және экологиялық құқық ғылымының дамуының негізі болып табылады.

Экологииялық құқық әкімшілік құқығымен тығыз байланыста. Әкімшілік құқықтың институттары–басқару, бақылау, әкімшілік қиылысулар, әкімшілік жауакершілік – қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмінің құрамдас бӛлігі болып табылады.

Экологиялық құқық пен азаматтық құқық. Бұл мәселені қарастыру азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастар мен экологиялық құқықпен реттелетін экологиялық қатынастардың арасындағы ӛзара байланыстың айқындалуына байланысты. Экологиялық және мүліктік қатынастар қатынастардың әртүрлі салаларына жатады және әдетте заңның әртүрлі салаларының нормативтік актілерімен реттеледі.

Азаматтық құқық экологиялық құқыққа қарағанда қорғайтын және ӛндіретін қызметтерді орындайды. Сондықтан экологиялық құқық қатынастары үшін келтірілген зиянды ӛтеу институтарының маңызы басты болып табылады. Экологиялық қатынастарды жетілдіруге қарай нарықтық экономиканың базасында, табиғатты рационалды пайдалануда және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді түрі ретінде енгізуді талап ететін азаматтық-құқықтық

шарттың нормаларының маңызды болашағы бар. әкімшілік, азаматтық қорғайтын қызметтермен бірге экологиялық құқыққа қатысты қорғау қызметін қылмыстық құқық орындайды. Оның нормалары экологиялық қылмыстарды қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін, қоғамға қауіпті әрекеттердің құрамын бекітеді.

Экологиялық құқық жер құқықтарымен тығыс байланысты, бұл табиғаттың біртұтастығымен, жердің қоршаған ортадағы маңызды құрауыштарының бірі екендігімен шарттасқан.

Кез келген табиғи нысандарды пайдалануда жерді пайдаланбау мүмкін емес екендігін атап кӛрсеткен жӛн. Жер – бұл барлық табиғи нысандарды пайдалану үшін негіз болып табылады.

Экологиялық құқықтың кӛптеген басқа құқық салаларымен тығыз байланыста.

4. Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны

     3-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар

     1. Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi.

     2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Экологиялық құқық пәні қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы аумағындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар мынадай іс-әрекеттерге байланысты туындайды:

1.      жеке заңды тұлғалардың және мемлекеттердің экологиялық

құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау бойынша;

2.      қоршаған табиғат ортасын қорғау бойынша;

3.      табиғат ресурстарын тиімді пайдалану бойынша.

Экологиялық қатынастардың ерекшеліктері:

1. Берілген қатынастар тарихи сипатқа ие болады. Өйткені бұл қатынастар өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне тікелей байланысты болады. Өндіргіщ күш дәрежесі неғұрылым жоғары болса, сол ғұрылым қоршаған табиғат ортасына техногендік күш түсу ұлғаяды.

2. Берілген қатынастар өндірістік сипатқа ие болады. Себебі, адамзат қоршаған табиғат ортасына тек қана өндірістік қатынастарына түсе отырып ықпал етеді.

3. Экологиялық қатынастарда ерекше ролді мемлекет атқарады.

4. Экологиялық қатынастар әрқашан белгілі бір мақсаттық сипатта болады. Бұл мақсаттар табиғат объектісін сақтауға оларды жақсартуға және бұзылған табиғат объектілерін қайта қалпына келтіруге бағытталады.

5 Экологиялық құқықтық қатынастардың түрлері.

Экологиялық құқықтық қатынастар –экологиялық құқық актілері нормаларынан пайда болады және оларды ж.а. мемлекеттік органдардың, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің табиғатты пайдалану  және өсімін көбейту саласындағы іс әрекет қимылдары

Экологиялық құқықтық қатынастарды объектілеріне, субъектілеріне, мазмұны на қарай және олардың пайда болу ы, өзгеруі, қысқартылуына қарай бөлінеді

Экологиялық құқық нормаларын бөлшектеп қарағанда ең алдымен экология құқығының объектілері мен субъектілері жөніндегі  құқықтық қатынастар өзінің мазмұны жағынанеркшеленеді. Бірақ экологиялық құқық әдебиетерінде экологиялық құқық қатанастарын олардың түрлеріне қараай бөліп қарау бар. Онда Экологиялық құқықтық қатынастарды :

1экологияны пайдалану ды мемлекеттік реттеусаласындағы пайда болғанэкологиялық қатынастар,

2табиғи ресурстарға мемлекеттік меншікті жүзеге асыру саласындағы пайда болған экологиялық ққықтық қатынастар;

3жерге жіне ондағы табиғи ресурстарғамүліктік құқық саласындағы пайда болғанқатынастардың түрлері бөліп қарастырылған.Табиғи ресурстарға меншік – бұл жер, су ресурстарына, ӛсімдік және жануарлар дүниесіне және басқа табиғи байлықтарға жӛніндегі қоғамдық қатынастар формасы. Табиғи ресурстарға меншіктің ешқандай формасы жоқ жерде, қандай да бір қоғам жайлы сӛз қозғау мүмкін емес. Меншік ұғымының экономикалық және құқықтық екі аспектісі бар. Біріншісі меншіктің экономикалық мазмұнын ӛндірістік қатынастар арқылы ашады. Екіншісі осы мазмұндағы құқықтық формада айқындалады. Демек, меншік – экономикалық-құқықтық санат.

Меншіктің экономикалық қатынастарын ӛндіріс қатысушыларының ӛндіріс нысандарына (аспап, саймандарына, құралдарына, ӛндіріс азық-түліктеріне) қатынасы арқылы анықтайды. Экономикалық қатынастарды құқықтық нормаларда бекіту нәтижесінде құқық меншігі заңды категориясы ретінде пайда болады.

Табиғи ресурстағы меншік құқығы заң аспектісінде екі қасиеті бойынша: құқық институты және меншік иесінің заңды құқықтарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарын реттейтін құқықтық институт ретінде құқықтық нормалардың жиынтығын ұсынады, міне осы, объективті мағынада меншік құқығын құрайды.

6. Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері

1991 жылы ҚР тәуелсіз егеменді мемлекетінің құрылуымен байланысты және 1993 жылы тамыз айында қабылданған ҚР Конституциясында, республиканың табиғи ресурстарының ерекше жалғыз меншік иесі болып мемлекет жарияланған, ал 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясында мемлекттік ерекше иелік етуі күшін жойып жерге заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екендігі белгіленді.

Жерге, республика аумағында – Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып, Жер Кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жерде сонымен бірге, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар (мұндай құықтарға шетелдіктер ӛндірістік объектілер, тұрғын үй кешендерін және жеке құрылыстар салуға жер учаскесін қайтарылу негізінде, егер олар тұрақты тұру құқығын сатып алған жағдайларда).

Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік иелігін пайдаланатын субъектіге келетін болсақ, мемлекет атынан кім, меншік иелігінің заңды құқықтарын жүзеге асырады деген сұрақ туындайды? Мемлекет атынан табиғи ресурстарға меншік құқығын ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар және арнайы ӛкілеттенген мемлекеттік органдар жүзеге асырады

Экологиялық құқықтың объектілері-айналадағы табиғи ортаны құрайтын адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын  табиғи ресурстар мен адамның экологиялық денсаулығы мен өмірі. ҚР-ның табиғи ресурстарына мыналар жатады:

Мемлекет аумағындағы жер қойнауы; су ; орман;атмосфералық ауа; жануарлар мен өсімдіктер дүниесі; табиғи ескерткіштер мен парктер; ерекше қорғалатын жерлер мен объектілер;т.б. жатады.

7. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері.Экология пайдалану құқығының туындау негіздері күрделі заңды құрамнан тұрады. ҚР ЭК 12 бабында Арнайы табиғат пайдалану құқығы келесі негіздерде туындайды:

Табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар; Табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келісім шарттар) негізінде туындайды. Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде кӛзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында кӛрсетілген бір, екі немесе барлық актілер негізінде туындауы мүмкін. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.

Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақстында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Экология пайдалану құқықтарының туындау ерекшеліктері салалық заңнамалармен реттеледі.

Жер учаскесіне құқық белгілейтін, заңды фактілердің (заңды құрамдардың) келуін растайтын құжаттардың негізінде жер теліміне құқық ӛзгереді немесе тоқтатылады. Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат болып табылатындар:

Сәйкестендірме құжат (жеке меншікке жерді пайдалануға құқық беретін акт), шарт, соттың шешімі, атқарушы органның құқықтық акті, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, беру акті, бӛлу балансы.

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жӛніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруды, оларды күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады (ҚР СК 37 бабы).

Жергілікті атқарушы органдар:

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су объектілерін оқшаулау және бірлесіп пайдалануға береді (39 бап).

Бассейндік су шаруашылығы басқармалары - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жӛніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруды, оларды күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады (40 бап).

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік орган табиғатты қорғау органдарымен келісіп су ресурстарын басқару бойынша рұқсаттар береді.

ҚР Орман Кодексінің 36 бабына сәйкес Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқстаттама құжаттары: ағаш кесу билеті мен орман билеті негізінде ғана жол беріледі.

ҚР Жануарлар дүниесін молықтыруды, қорғау және пайдалану туралы Заңына сәйкес, арнайы жануарлар дүниесін мемлекеттік басқаратын уәкілетті орган (АШМ аңшылық шаруашылығы мен орман комитеті) жануарлар дүниесін пайдалануға бекітілген лимиттер мен квоталарға сәйкес, жануарлар дүниесін пайдаланудың белгіленген шарттарын сақтай отырып рұқсаттар береді (16 бап).

Жануарлар дүниесін жалпы табиғат пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын пайдалану қандай да бір рұқсатты талап етпейді.

Жануарлар дүниесін арнайы табиғат пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын пайдалану, тиісті рұқсат пен шарттың негізінде жүргізіледі. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, тек бюджетке жануарлар дүниесін пайдалану үшін толығымен тӛлемдер енгізгенін растайтын құжаты бар кезде беріледі. (33бап)

Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын тӛлеген және аңшылық минимумды тапсырған, оның аумағынанда тұратын және келген басқа да тұлғалар аңшылық құқығына ие. Жануарлар дүниесін молықтыру және пайдалануды, қорғау саласының мемлекеттік бақылау органдарының берген рұқсаты - аңшылық құқығын куәландыратын құжат болып табылады. (40 бап).

Заңды фактілердің барлығы үшін жалпы іс-қимылдардың жиынтығы негізінде туындайтын экология пайдалану құқығы мемлекеттік-құқықтық шешуші жүйлер болып табылады.

Экология пайдалану құқығын тоқтату негіздері тізімінде (және тәртібінде) табиғи нысандар мен құқық пайдаланушы субъектінің заңды тұлға немесе азамат болып табылатындығына байланысты белгілі бір ерекшеліктер бар.

Пайдалану құқығын тоқтатудың арнайы негіздері бар.

Сонымен жерді пайдалану құқығы тоқтатылатын жағдайлар:

а) бір жыл ӛткеннен кейін жер телімін иесіз мүлік ретінде соттың мойынуы; б) ауыл шаруашылығы ӛндірісіне не тұрғын үй құрылысна немесе ӛзге де құрылысқа арналған жер телімі бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайда, егер одан кӛп мерзім кӛзделмеген болса; в) жер пайдаланушыға қызметтік жер телімін берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы. г) жерді рационалды пайдаланудың ережелерін ӛрескел бұзған жағдайға байланысты; д) егер, жер телімін пайдалану ауылшаруашылық жерлердің құнарлылығын тӛмендетуге немесе экологиялық жағдайды едәуір нашарлатса; е) жер телімін тәркілегенде ( ЖК 81-96 баптары).

Орман қорын пайдалану құқығы келесі жағдайларда тоқтатылады:

а) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгіленген ережелерін немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетінде, орман билетінде кӛзделген талаптарды үнемі (екі және одан кӛп рет) бұзған; б) мемлекеттік орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергі келтіретін ӛзгерістерге әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайлар басталғанда; в) орман пайдалану тӛлемақысын енгізудің белгіленген мерзімін үнемі (екі және одан кӛп рет) бұзған немесе орман пайдаланудың тӛлемақысын белгіленген мерзімнен кейінгі үш айда енгізбеген; г) мемлекеттік орман қоры жері мемлекет қажеттіктері үшін алып қойылған, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды шектеудің неғұрлым қатал режимі белгіленген жағдайларда тоқтатылады. (ОК 40 бабы)

8. Экологиялық заңдардың негізгі даму кезеңдері

Жоғарғы заң оқу орындарында экологиялық-құқықтық пәндерді оқыту тарихында негізгі сегіз кезеңге бӛлуге болады. Бұл экологиялық қатынастар мен қоғамның түйсіну дәрежесінің біртіндеп ӛсуімен байланысты. Тӛрт кезең Кеңес дәуірімен байланысты. 1917 жылдар мен 1968 жылдарды қамтитын экологиялық-құқықтық пәндердің дамуының бірінші кезеңінде қоғам мен табиғаттың ӛзара әрекеттерінің тұтынушылық формасы билік етті, құқықтық нормалар жүйесі жер және басқа табиғи байлықтарды қоғамның шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға пайдалануға реттеуге бағытталды. Жерді және басқа табиғи байлықтарды ұлттандыруда, бұл табиғи ресурстарды пайдалануды реттеуді Жер құқықтары атқарды. Табиғатты пайдаланудың кӛлемінің кеңеюі табиғи ресурстардың жеке түрлерінің құқықтық реттелуінің оқшаулануын талап етті. Жер құқықтары пәнінің жер, тау, су, орман құқықтарына «ыдырау» процессі басталды. 60-шы жылдардың аяғында заңгер-ғалымдар «Жер құқықтары мен табиғатты құқықтық қорғау» оқу курсын енгізуге ұсыныс жасады. Шаруашылық қызметтердің табиғи ресурстарға кері әсерлерінің үдеуі 70-жылдардың басында оқу пәнін Жер құқықтары мен Табиғатты құқықтық қорғау деп аталатын екі дербес пәнге бӛлінуіне ықпал етті. 1968 жыл - 1972 жылдарда экологиялық-құқықтық пәндердің дамуының екінші кезеңі аяқталды. 1972 жылдан бастап Жер құқықтарымен бірге Табиғатты құқықтық қорғау ӛз бетінше курсы оқылады. Табиғатты қорғау мәселелерін адамды қоршаған ортаны қорғау жағына қарай ауысуы эклогиялық-құқықтық пәндерді одан әрі жетілдіру қажеттілігін туғызды. 1984 жылы Мәскеу қаласында ӛткен 1-ші Бүкілодақтық жоғарғы оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік конференцияда «Табиғи ресурстық құқық пен қоршаған ортаны құқықтық қорғау» – деп аталатын жаңа пәнді енгізу туралы шешім қабылданды. Демек, 1972 жылы басталған экологиялық-құқық пәнінің дамуының үшінші кезеңіні 1988 жылы аяқталды. Осы сәттен тӛртінші кезең басталды. Дегенмен, әлемде эклогиялық жағдайдың ушығуы нәтижесінде, қоршаған табиғи ортаны қорғау бұрынғыдан едәуір кең ауқымды адамды қоршаған табиғи ортаның эколоогиялық қауіпсіздігі мәселелерге ӛсті. Қазақстан Экологиялық құқықты оқыту, сонымен қатар бұрынғы Одақтың басқа республикаларында тек 1990 жылдан бастап ден қойылды. Экологиялық құқықтың осы даму кезеңінде Қазақ ССР –інде Жер кодексі (1990 ж.), Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы Заң (1991ж.) және басқа да актілер қабылданды. Сонымен, 1988 жылы басталған аталған пәннің даму кезеңі 1990 жылы аяқталды. СССР Одағының (1991ж.) ыдырауы және ҚР құрылуы Экологиялық құқықтың Қазақстан Республикасының дербес құықтары ретінде даму кезеңінің бесінші кезеңі басталды. Республикада (1993ж.) ҚР Конституциясы, (1993ж.) Жер қойнауын және минералды шикізаттарды қайта ӛңдеу туралы Кодекстары, (1993ж.) Су, (1993ж.) Орман, (1993ж.) жауарлар дүниесін пайдалану және қорғау туралы ҚР заңы қабылданды. 1995 жылы ҚР жаңа Конституциясын қабылдау Экологиялық құқықтың даму кезеңінің бесінші кезеңінің аяқталып алтыншы кезеңге аяқ басуы кезеңі болды. ҚР Конституциясын орындау үшін ҚР Қауіпсіздік кеңесімен 1996 жылы 21 наурызда ҚР Экологиялық қауіпсіздігі Концепциясы және бірқатар жаңа кодекстар мен маңызды заңдар қабылданды. ҚР Экологиялық құқықтың даму кезеңінің жетінші кезеңі, ӛзінің басталу кӛрсеткішін 2003 жылдан бастады, 2003 жылы ҚР Жер кодексін, Орман кодексін, Су кодексін, 2004 жылы жануарлар дүниесін қорғау және молықтыру туралы ҚР заңын, 2006 жылы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңын, 2007 жылы ҚР Экологиялық кодекстерді және басқа да номативтік актілерді, сондай-ақ ҚР Президенті Мақұлдаған Экологиялық қауіпсіздік Концепциясы және 2007-2024 жылдарға ҚР орнықты дамуға ӛту Концепциясымен аяқталады. 2007 жылы экологиялық кодекс және басқа да нормативтік актілер қабылданғаннан кейін экологиялық құқықтың сегізінші кезеңі басталды.

9. Қазақстан Республикасының экологиялық заңдардың жүйесі

10. Экологиялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі және классификациялау

Экологиялық құқықтың көздері ұғымы туралы мәселе ғылымның құқық теориясы әзірлеген құқық көздері туралы жалпы ілімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

"құқық көздері" терминін тиісті құқықтық нормалардың мазмұнын ашып айтатын әдіс немесе түрі ретінде қолданылады, басқаша айтқанда құқықты кӛрсету формасы. Құқық теориясында, заң кӛздері немесе құқық формалары қолданыстағы құықтық нормаларды ресми кӛрсету және бекіту және тиісті ӛзгертулер мен күшін жоюы деп түсініледі.

С.С.Алексеевтің дұрыс есептеуінше «Құқық көздері – бұл мемлекеттен шығатын немесе олардың құқық нормаларын кӛрсету және бекітудің мойындаған, оларға заңдық және жалпы міндеттегі маңыз беретін ресми-құжаттық формалары».6

Экологиялық қатынастарды реттейтін көптеген нормалар табиғи ресурстық, табиғатты қорғау қатынастарды реттейтін нормативтік актілерге, яғни табиғат объектілерін қорғау және пайдалану бойынша реттейтін қатынастар. Бұл нормалардың жиынтығы Экологиялық заңнаманы құрайды. Сонымен қатар, экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың біразы құқықтың басқа салаларының заңнамаларында конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық және басқа заңнамалардың құрамында бар. Олардың жиынтығы табиғи ресурстық, табиғатты қорғау нормаларының көзі экологиялық құқықтың көзін құрайды.

Экологиялық құқық көздері – қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды, яғни экологиялық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер болып табылады.

Заң күші бойынша — заңдарға және заң асты актілерге.

Нормативтік құықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бӛлінеді.

Нормативтік құқықтың Негізгі тҥрлеріне жататындар:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстар, заңдар;

2) Қазақстан Республикасының Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар жарлықтары; Қазақстан Республикасының Президентінің ӛзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары. Мысалы: ҚР Президентінің «Қазақстан 2030 жылға» даму стратегиясының жүзеге асыру бойынша Жарлығы, ҚР Президентінің 2003-2015 жылдарға индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы Жарлығы.

3) Қазақстан Республикасының Парламентінің және оның палатасының нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасының нормативтік қаулылары;

5) Конституциялық соттың және ӛзге де мемлекеттік Конституциялық кеңестің, Қазақстан Республикасының нормативтік қаулыларымен.

6) Қазақстан Республикасының министрлері мен ӛзге орталық мемлекеттік басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары. 7) мемелекттік комитеттердің, ӛзге орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;

8) мәслихаттар мен Әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері,

регламент

қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

нұсқау – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі кӛрсететін нормативтік құқықтық акт. Экологиялық құқық кӛздерін топтастыру басқа да басқа да себептермен туындауы мүмкін.

Реттеу объектісі бойынша — жалпы және арнаулыларға бӛлінеді. Жалпы нормативтік құқықтық актілердің реттеу объектісі кең ауқымда болғанымен сипатталады және ол экологиялық және сонымен қатар ӛзге де қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұндай актілерге, жекелей алғанда ҚР Конституциясы жатады.

Арнаулы — актілер, толығымен қоршаған ортаға немесе оның элементтерінің мәселелеріне арналған актілер (ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Жер кодексі, ҚР Орман кодексі, Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы Заң және т.б.).

Заңнамалар саласы бойынша жер, су, орман, жер қойнауы туралы заңнама, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және заңнаманың басқа да салалары (бәрінен бұрын құқықтық кӛрсетілген салалары).

Қҧқықтық реттеу сипаты бойынша – материалдық және процессуалдық реттеулерге бӛлінеді.

Мазмұны бойынша – кешенді, табиғат қорғау, табиғат ресурстық, ортаны қорғауға бӛлінеді.

Экономикалық құқық кӛздерінің ішінде халықаралық-құқықтық келісімдер, конвенциялар, шарттарда болатын құқық кӛздері маңызды орынды иеленеді, Экологиялық құқық кӛздерінің арасынан ҚР Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі ерекше орынды алады, ол 2007 жылы 9 қаңтарда кешенді құқықтық акт ретінде қабылданды, Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен, 326 Бап, 47 Тарау және 9 Бөлімнен тұрады.

11. Қазақстан Республикасының Конституция – экологиялық құқығының қайнар көзі ретінде

Экологиялық құқық кӛздерінің арасынан ҚР Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі ерекше орынды алады

Табиғи ресурстарға меншік құқығының негізі ҚР Конституциясымен белгіленген, онда былай кӛрсетілген: Қазақстан Ресупбликасында мемлекеттік және жеке меншік тең түрде танылады және қорғалады.

Жер және жер қойнауы, сулар, ӛсімдік және жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгінген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (6 бап).ҚР Конституциясы мен МК табиғи ресурстарға және ӛзге мүлікке меншік формасы мен жалпы мазмұнын белгілейді. Экологиялық заңнамада нақты табиғи ресурстарға меншік формасының ерекше белгілері, сондай-ақ жерге, суға, жер қойнауына, орман және т.б. меншік иесінің заңды құқығын жүзеге асырудың тетіктерінің ӛзгешіліктері бекітіледі.ҚР Конституциясында меншік құқығы объектілерінде ӛсімдік дүниесі және басқа табиғи ресурстар кӛрсетілген. Ӛсімдіктер дүниесіне орманнан ӛзге ӛсімдіктер де жататынын, ал орман да ӛзге де ӛсімдіктер әлемі жермен органикалық байланысты екенін ескерсек, онда осы жерлерді меншік құқығы объектісі ретінде қарастырумызға негіз бар.

1991 жылы ҚР тәуелсіз егеменді мемлекетінің құрылуымен байланысты және 1993 жылы тамыз айында қабылданған ҚР Конституциясында, республиканың табиғи ресурстарының ерекше жалғыз меншік иесі болып мемлекет жарияланған, ал 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясында мемлекттік ерекше иелік етуі күшін жойып жерге заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екендігі белгіленді.

Жерге, республика аумағында – Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып, Жер Кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жерде сонымен бірге, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар (мұндай құықтарға шетелдіктер ӛндірістік объектілер, тұрғын үй кешендерін және жеке құрылыстар салуға жер учаскесін қайтарылу негізінде, егер олар тұрақты тұру құқығын сатып алған жағдайларда).

12. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жалпы сипаттамасы.

Экологиялық құқық кӛздерінің арасынан ҚР Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі ерекше орынды алады, ол 2007 жылы 9 қаңтарда кешенді құқықтық акт ретінде қабылданды, Кодекс Жалпы және Ерекше бӛлімнен, 326 Бап, 47 Тарау және 9 Бӛлімнен тҧрады.

Жалпы бӛлім 7 бӛлімнен және 27 тараудан тұрады.

1- Бӛлім. Жалпы ережелер 3 тараудан:

Негізгі ережелер;

Жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері; Мемлекеттік органдардың жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдардың қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы құзіреттерінен тұрады.

2-Бӛлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау, экологиялық нормалау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау, экологиялық сараптама, экологиялық рұқсаттар, экологиялық аудит 6 тараудан тұрады: Экологиялық нормалау; Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу; Қоршаған ортаға әсерді бағалау; Экологиялық сараптама; Экологиялық рұқсаттар; Экологиялық аудит.

3-Бӛлім. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу, 2 тараудан тұрады: Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктері; Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау.

4-Бӛлім. Экологиялық бақылау 4 тараудан тұрады: Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау;Инспекторлық экологиялық тексерулер; Ӛндірістік экологиялық бақылау; Қоғамдық экологиялық бақылау.

5-Бӛлім. Экологиялық мониторинг пен кадастрлар 6 тараудан тұрады: Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі; Қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу; Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары; Ӛндіріс пен тұтыну қалдықтарының Мемлекеттік Кадастры; Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды кӛму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры; Экологиялық ақпарат; Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау кӛздерін есепке алу.

6-Бӛлім. Тӛтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтары, 2 тараудан тұрады:

Жекелеген аумақтарды тӛтенше экологиялық жағдай немесе зілзала аймақтары деп жариялау ұғымы және тәртібі;

Тӛтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері.

7-Бӛлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық 3 тараудан тұрады: Экологиялық білім беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру; Экологиялық ғылыми зерттеулер; Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану арасындағы халықаралық ынтымақтастығы.

Ерекше бӛлім екі Бӛлімнен тұрады:

8-Бӛлім. Шаруашылық және ӛзге де қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар 18 тараудан тұрады

9-БӨЛIМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК

ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ 2-тараудан тұрады46-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК

ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ47-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

13. Қоршаған ортаны қорғауға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерінің қатынасуын құқықтық қамтамассыз ету

13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi 1. Жеке тұлғалардың:1) өздерiнiң өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға; 2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;  3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бiрлестiктерi мен қорларын құруға;4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге; 7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;8) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға 9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға;10) қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;11) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар 2. Жеке тұлғалар1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге  3) өз кiнәсiнен экологиялық қауiпсiздiкке төнуi мүмкiн қатердi болдырмауға;4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi. 3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады.

14-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:1) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға; 2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiне қатысуға; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға;

     4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргiзуге;

     5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткiзуге бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;

     6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

     7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;

     8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасауға, олар үшiн шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға;

     9) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға;

     10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға;

     13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.

     2. Қоғамдық бiрлестiктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:

     1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге;

     2) өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

     3. Қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады.

14. Табиғи ресурстардың құқықтық класификациясы.

табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi;

табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы;

) су объектiлерi - құрлық бетiнiң рельефiнде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемi мен су режимi бар сулар;

 8-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорыМемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм мен рекреация нысанасы ретiнде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған орта объектiлерiнiң жиынтығы.Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.

     9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ  Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерiнiң және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi, құру тәртiбi, қорғау режимiнiң түрi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнiң қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

Жер және жер қойнауы, сулар, ӛсімдік және жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар боладыҚР 20.06. 2003ж. Жер Кодексінде;ҚР 8.07.2003ж. бекітілген Орман кодексінде; 09.07.2003ж. ҚР Су кодекстерінде;Жер қойнауы туралы Заңның;ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және молықтыру туралы 2004 жылғы Заңына сәйкес жануарлар дүниесі;

15. Табиғи ресурстарға меншік құқығының түсінігі мен мазмұны

Табиғи ресурстарға меншік – бұл жер, су ресурстарына, ӛсімдік және жануарлар дүниесіне және басқа табиғи байлықтарға жӛніндегі қоғамдық қатынастар формасы. Табиғи ресурстарға меншіктің ешқандай формасы жоқ жерде, қандай да бір қоғам жайлы сӛз қозғау мүмкін емес. Меншік ұғымының экономикалық және құқықтық екі аспектісі бар. Біріншісі меншіктің экономикалық мазмұнын ӛндірістік қатынастар арқылы ашады. Екіншісі осы мазмұндағы құқықтық формада айқындалады. Демек, меншік – экономикалық-құқықтық санат.

Меншіктің экономикалық қатынастарын ӛндіріс қатысушыларының ӛндіріс нысандарына (аспап, саймандарына, құралдарына, ӛндіріс азық-түліктеріне) қатынасы арқылы анықтайды. Экономикалық қатынастарды құқықтық нормаларда бекіту нәтижесінде құқық меншігі заңды категориясы ретінде пайда болады.

Табиғи ресурстағы меншік құқығы заң аспектісінде екі қасиеті бойынша: құқық институты және меншік иесінің заңды құқықтарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарын реттейтін құқықтық институт ретінде құқықтық нормалардың жиынтығын ұсынады, міне осы, объективті мағынада меншік құқығын құрайды.

Табиғи ресурстарға меншік құқығының негізі ҚР Конституциясымен белгіленген, онда былай кӛрсетілген: Қазақстан Ресупбликасында мемлекеттік және жеке меншік тең түрде танылады және қорғалады.Жер және жер қойнауы, сулар, ӛсімдік және жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгінген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (6 бап).ҚР 20.06. 2003ж. Жер Кодексінде, Қазақстан Респуликасында Жер мемлекеттік меншікте екендігі нақтыланған. Жер телімдері осы Кодекстің (3 бабы) белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. ҚР 8.07.2003ж. бекітілген Орман кодексінде былай деп кӛрсетілген: ҚР аумағындағы барлық ормандар, сондай-ақ орман ӛсімдіктерімен қамтылмаған, бірақ орман шаруашылығы қажеттілігіне арналған орман қорының жерлері ҚР орман қорын құрайды. Орман қоры мемлекеттік және жеке орман қорынан тұрады (6 бап ). 09.07.2003ж. ҚР Су кодекстерінде суларға: су нысандарында топталған, құрлық қыртысының үстіндегі және жер қойнауындағы барлық сулардың шегі бар жиынтығы, кӛлемі мен су режимі жатады. Жекелей алғанда оларға: теңіздер, ӛзендер, оларға теңестірілген каналдар, кӛлдер, мұздықтар және басқа жер бетіндегі су нысандары, жерасты суларындағы жер қойнауының бӛліктері (5 бап) жатады.ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, пайдалану және молықтыру туралы 2004 жылғы Заңына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншік иелігінде.(Жер қойнауы туралы Заңның) 5 бабына сәйкес минералды шикізат, егер Келісім шартпен ӛзгеше кӛзделмесе Жер қойнауын пайдаланушының (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) иелігіне меншік құқығында жатады. Техногендік минералдық жыныстар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады, егер Келісім шартта ӛзгеше кӛзделмесе.

Мемлекеттік меншік иелігіндегі техногендік минералдық жыныстардан алынатын пайдалы қазбаларға (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығы) келісім шартпен анықталады.ҚР Конституциясында меншік құқығы объектілерінде ӛсімдік

16. Табиғи объектілеріне меншік құқығының субъектілері мен объектілері

Табиғи ресурстарға меншік құқылы субьектілер

1991 жылы ҚР тәуелсіз егеменді мемлекетінің құрылуымен байланысты және 1993 жылы тамыз айында қабылданған ҚР Конституциясында, республиканың табиғи ресурстарының ерекше жалғыз меншік иесі болып мемлекет жарияланған, ал 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясында мемлекттік ерекше иелік етуі күшін жойып жерге заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екендігі белгіленді.

Жерге, республика аумағында – Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып, Жер Кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жерде сонымен бірге, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар (мұндай құықтарға шетелдіктер ӛндірістік объектілер, тұрғын үй кешендерін және жеке құрылыстар салуға жер учаскесін қайтарылу негізінде, егер олар тұрақты тұру құқығын сатып алған жағдайларда).

Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік иелігін пайдаланатын субъектіге келетін болсақ, мемлекет атынан кім, меншік иелігінің заңды құқықтарын жүзеге асырады деген сұрақ туындайды? Мемлекет атынан табиғи ресурстарға меншік құқығын ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар және арнайы ӛкілеттенген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарын реттейтін құқықтық институт ретінде құқықтық нормалардың жиынтығын ұсынады, міне осы, объективті мағынада меншік құқығын құрайды.

17. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік және жеке меншік құқығының мазмұны

Табиғи ресурстарға меншік құқығының негізі ҚР Конституциясымен белгіленген, онда былай кӛрсетілген: Қазақстан Ресупбликасында мемлекеттік және жеке меншік тең түрде танылады және қорғалады.

Жер және жер қойнауы, сулар, ӛсімдік және жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгінген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (6 бап). Негізгі заңның Ережелері ҚР Азаматтық кодексінде дамыды, 188 бапқа сәйкес Меншік құқықтарында заң актілерімен танылған және қорғалатын ӛз қалауы бойынша ӛзінің иелігіндегі мүлігіне билік етуге және пайдалануға субъектінің құқықтары бар. ҚР 20.06. 2003ж. Жер Кодексінде, Қазақстан Респуликасында Жер мемлекеттік меншікте екендігі нақтыланған. Жер телімдері осы Кодекстің (3 бабы) белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. ҚР 8.07.2003ж. бекітілген Орман кодексінде былай деп кӛрсетілген: ҚР аумағындағы барлық ормандар, сондай-ақ орман ӛсімдіктерімен қамтылмаған, бірақ орман шаруашылығы қажеттілігіне арналған орман қорының жерлері ҚР орман қорын құрайды. Орман қоры мемлекеттік және жеке орман қорынан тұрады (6 бап ).

09.07.2003ж. ҚР Су кодекстерінде суларға: су нысандарында топталған, құрлық қыртысының үстіндегі және жер қойнауындағы барлық сулардың шегі бар жиынтығы, кӛлемі мен су режимі жатады. Жекелей алғанда оларға: теңіздер, ӛзендер, оларға теңестірілген каналдар, кӛлдер, мұздықтар және басқа жер бетіндегі су нысандары, жерасты суларындағы жер қойнауының бӛліктері (5 бап) жатады. Сонымен қатар, мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілетін Қазақстан Республикасының аумағының шегіндегі барлық сулардың жиынтығы, Қазақстан Республикасының Су қорын құрайды (4 бап). Қазақстан Республикасының Су қоры мемлекеттік меншік иелігінде.

Осылайша, ҚР Конституциясы мен МК табиғи ресурстарға және ӛзге мүлікке меншік формасы мен жалпы мазмұнын белгілейді. Экологиялық заңнамада нақты табиғи ресурстарға меншік формасының ерекше белгілері, сондай-ақ жерге, суға, жер қойнауына, орман және т.б. меншік иесінің заңды құқығын жүзеге асырудың тетіктерінің ӛзгешіліктері бекітіледі. Дәл осы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарының экологиялық құқық институты болып табылатындығына негіз болып табылады.

Табиғи ресурстарға меншіктік құқық субъективті мағынада меншік иесінің жер мен оның қойнауын, суларды, ӛсімдік және жануарлар дүниесін және меншіктің басқа объектілерін пайдалануға және иелік етуге заңды құқықтарының жиынтығымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, бірде бір мемлекетте табиғи ресурстар мен табиғат объектілеріне абсолютті құқықтың жоқ екендігін атап ӛткен жӛн. Мемлекет, қоғам, меншік иесі мүддесінде (экологиялық, санитарлық, экономикалық және т.б.) меншік иесінің табиғи ресурстар мен табиғат нысандарын пайдалануға құқығы шектелуі мүмкін.

ҚР ЗК 2 Тарауынан алынған, Азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншіктің құқық объектісі, жер телімі болып табылады. 23 бапқа сәйкес, ҚР азаматтарының жеке меншігінде: шаруашылық (фермерлік) қожалықтар, жеке қосалқы шаруашылық ісін жүргізуге, орман ӛсіру, бау ӛсіру, жеке тұрғын және саяжай құрылысына, сонымен қатар тұрғын үйлер мен ғимараттар (құрылыстар мен жайларды) және олардың кешенін, ғимараттарға арнауына сәйкес қызмет кӛрсетуге (құрылыстар салынуға) арналған жерлерді қоса алғандағы жер телімдері болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде: тауарлы ауылшаруашылық ӛндіріс, орман ӛсіруге, ӛндірістік және ӛндірістік емес құрылыс салынған немесе салуға, соның ішінде тұрғын үйлер мен ғимараттар (жайлар мен құрылыстар) және олардың кешендерін, ғимараттарға арнауына сәйкес қызмет кӛрсетуге (құрылыстар салынуға) арналған жерлерді қоса алғандағы жер телімдері болуы мүмкін.

Осы мақсаттарда тауарлы ауылшаруашылық ӛндірісті жүргізуге, орман ӛсіруге арналған жерлерді қоспағанда шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдік заңды тұлғалардың жер телімдері жеке меншігінде болуы мүмкін.

Мемлекеттік меншік құқығы объектісі болып ҚР су қорын құрайтын, су қорына енетін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий мен Арал теңіздерінің сулары; ӛзендер, кӛлдер, су қоймалары, басқа каналдар мен магистралды арналар; жерасты сулары; мұздықтар жатады (ҚР СК 4-8 баптары).

Меншік құқығы жалпы табиғаттағы бар суларға ғана емес, ол тек жекешелендіруге болатын, яғни су объектілеріне ғана тарайды...

Кӛптеген уақыт заңнамада жер қойнауы деген түсінік белгіленбеді, бұл әртүрлі ілімге әкелетін және осыған орай мемлекеттің жер қойнауына құқтарының аумағын ӛте кеңейтіп немесе тарылтатын.

(Жер қойнауы туралы Заңның) 5 бабына сәйкес минералды шикізат, егер Келісім шартпен ӛзгеше кӛзделмесе Жер қойнауын пайдаланушының (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) иелігіне меншік құқығында жатады.

Техногендік минералдық жыныстар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады, егер Келісім шартта ӛзгеше кӛзделмесе.

Мемлекеттік меншік иелігіндегі техногендік минералдық жыныстардан алынатын пайдалы қазбаларға (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығы) келісім шартпен анықталады.

Минералдық шикізаттарға, техногендік минералды жыныстарға немесе пайдалы қазбаларға (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығы) меншік құқығында иелік ететін жер қойнауын пайдаланушы, оларға қатысты заңнамалармен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасауға құқылы.

ҚР Конституциясында меншік құқығы объектілерінде ӛсімдік дүниесі және басқа табиғи ресурстар кӛрсетілген. Ӛсімдіктер дүниесіне орманнан ӛзге ӛсімдіктер де жататынын, ал орман да ӛзге де ӛсімдіктер әлемі жермен органикалық байланысты екенін ескерсек, онда осы жерлерді меншік құқығы объектісі ретінде қарастырумызға негіз бар. Ӛсімдік дүниесінің меншік иесі ретінде бұл жерде жерді иеленуші болады. ҚР Орман Кодексінің 5 бабында былай делінген: Орман қоры жерлерін, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін Қамтитын Қазақастан

18. Табиғат объектілеріне жеке меншік құқығының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері

     3-бап.(жк) Жерге меншiк  Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы

     1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:

     1) меншiк құқығын табыстау;

     2) меншiк құқығын беру;

     3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.

     2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

     3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:

     1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

     2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

     3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.Жер пайдаланушылар:

     1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;

     2) ұлттық және шетелдiк;

     3) жеке және заңды тұлғалар;

     4) тұрақты және уақытша;

     5) бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.

     31-бап. Жер пайдалану құқығының туындауы

     1. Жep пайдалану құқығы:

     1) жер пайдалану құқығын табыстау;

     2) жер пайдалану құқығын беру;

     3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.

     2. Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.

     3. Жер пайдалану құқығы:

     1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

     2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

     3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

     7-бап. Орман қорына меншiк құқығы 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады. 2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.

19. Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі.

Экология пайдалану құқығы қолайлы қоршаған ортаға құқық – бұл 1948 жылы БҰҰ Декларациясында бекітілген бүкіл адамзатпен мойындалған адам құқығының бір бӛлігі. Біз оны ҚР құрылған сәттен мойындадық. Қолайлы қоршаған ортаға құқықты барлығы мойындайды (министрліктер мен ведомствалар), ол ҚР Конституциясында бекітілген және дәл осы Конституция арқылы, бұл құқық біздің денсаулығымызға құқығымыз жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, ҚР ЭК 10-12 баптары және ҚР ЭК 8 Тарауында «Шаруашылық және ӛзге қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар» эклологиялық құқыққа арналған.

Экология пайдалану табиғат пайдалануға қарағанда, алдымен табиғат пайдалануда экономикалық, шаруашылық мүдделер басым болса, ал экология пайдалану қоршаған ортаны барынша сақтаудың, экожүйедегі экологиялық байланыстың сақталуы мен оның бүтіндігін қамтамасыз ету мүддесінің басымдығымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, экология пайдалануда табиғат пайдаланудағыдан кем емес маңызды экономикалық және шаруашылық мақсаттар қарастырылған, бірақ, адам қоғамы мен табиғи ортаның ӛзара байланысының ӛндірістік қатынастары объективті экологиялық заңдармен толық үйлесімді болса, қатынастардың екінші түрінде бұл объективті заңдар сирек назарға алынады десек те болады.

Егер, табиғат пайдалану құқығы азаматтар мен халық шаруашылығының мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды пайдаланудың заңмен белгіленген тәртібі ретінде айқындалған болса, ал экология пайдалану құқығын экология пайдаланушылардың меншіктік құқық қатынастары арқылы экологиялық ӛзара байланысты ескере отырып табиғи объектілердің жағдай мен түріне байланысты заңды құқықтарын реттейтін экологиялық құқықтың институты ретінде айқындаған жӛн.

Экология пайдалану құқығы экологиялық құқық институты ретінде әртүрлі деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген нормалардың жиынтығын құрайды. Экология пайдалану құқығы – экология пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығынан тұрады, және соңғысынан тәуелді. Сонымен, егер, экология пайдалану объективті мәнде экология пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын кӛрсету формасын құраса, онда субъективті мәнде – міндеттер мен құқықтарының деректерінің мазмұнын кӛрсетеді.

Субъективті құқық мазмұнына, пайдалануға ұсынылған табиғи объектіге иелік ету, пайдалану және билік ету заңды құқығы енеді. Табиғи объектімен пайдаланудың субъективті құқығын мұндай объектіні белгілі бір байлық алу мақсатында тікелей пайдаланудың мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етілуі деп түсіну керек.

1) табиғи ресурстарға мемлекеттің және ӛзге де меншік иелерінің заңды құқықтарын экология пайдалану арқылы жүзеге асыруы.

2) табиғи байлықтарды дұрыс шарушылық пайдалану міндеттеріне қол жеткізу.

3) экологиялық құқық қатынастарының барлық субъектілерінің басқа субъектілерге қатысты заңды құқықтарын жүзеге асыру

20. Табиғатты пайдалану құқығының түрлері

Экологиялық пайдалану құқықтарының түрлерін үш негізгі топқа бӛлуге болады: объектіге; субъект және пайдаланатын табиғи объектіге байланысты.

Табиғат пайдалану (экология пайдалану) жалпы және арнайы болып бӛлінеді.

Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың ӛмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі. Арнайы табиғат пайдалану – осы Кодексте және Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.

Табиғат пайдалану түрлеріне:

Жерді пайдалану; суды пайдалану; орманды пайдалану; жер қойнауын пайдалану; жануарлар дүниесін пайдалану; ӛсімдіктер дүниесін пайдалану; қоршаған ортаға эмиссиялар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ӛзге де табиғат пайдалану түрлері жатады. Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін. (ЭК 10 бап).

Экология пайдалану субъектілеріне байланысты мекеменің экология пайдалану құқығы мен азаматтардың экология пайдалану құқығына бӛлінуі мүмкін.

Кӛрсетілген табиғат пайдалану түрлері ӛз кезегінде пайдалану құқығы объектісіне және олардың мақсатты арнауы мен пайдалану түрлеріне бӛлінеді.

ЭК табиғат пайдаланудың негізгі принциптері:

экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі кӛзқарас; Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершіліктер бұлтартпау;

қоршаған ортаға келтірілген залалды ӛтеу міндеттілігі;

қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болуы және оған рұқсат алу тәртібі; табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және жоюға, қалдықтарын кемітуге ынталандыру;

табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету.

М.М.Бринчук мұндай принциптерге мыналарды жатқызады:

табиғи ресурстарды пайдаланудың меншіктік құқығыннан пайдалану құқығының туындауы;

табиғат пайдалануды рационалды пайдалану;

экологиялық қатынастарды реттеуге экожүйелі кӛзқарас;

табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты;

табиғи ресурстарды пайдаланудың орнықты құқығы;

арнайы табиғат пайдаланудың ақылы екендігі.

21. Табиғатты пайдалану құқығының субъектілірі мен объектілері

Қоршаған орта объектілеріне табиғи объектілердің жиынтығы жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және ӛзге де ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, сондай-ақ олардың ӛзара әрекеттерінің климаты жатады.

Табиғи объект оның шығу тегі табиғи болған жағдайда ғана экология пайдаланудың құқықтық объектісі бола алады. Экология пайдаланудың мәні, ол тек қоршаған табиғи ортамен экологиялық байланыстағы объектілерге ғана таратылады.

Экология пайдаланудың мазмұнына қазіргі кезде бар бірнеше заңды құқықтар енеді, олар: пайдалануға, иелік етуге, жеке меншікке немесе жалға беруге ұсынылған меншік құқығы, иелік ету құқығы; пайдалану құқығы мен табиғи объектіні ішкі шаруашылық басқару құқығы.

Пайдалану шектері заңнамада айқындалған, сондай-ақ табиғи объектілерді пайдалануға ұсынған әр нақты жағдайда айқындалады.

Нақты экология пайдалану ерекшеліктері тиісті ӛкілеттіктер мен міндеттемелер ұсынылған субъектіден де біршама тәуелді.

Сондықтан экология пайдалануды топтастыру оның объектілері мен субъектілері бойынша бір уақытта жүзеге асырылады. Табиғат пайдаланушы - мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдіктер болуы мүмкін.

Бастапқы табиғат пайдаланушы субъектісі табиғи объектіні пайдалану бойынша заңды құқығы, тікелей осы объектіге меншік құқығынан шығатын тұлға болып табылады.

Кейінгі табиғат пайдаланушыға, бастапқы пайдалануда болған табиғи объектінің бӛлігі әдетте арнаулы бағыттағы, бірақ бастапқы пайдалану мақсаттағы белгіленгендей ұсынылады.

Кейінгі табиғат пайдаланушы оқшауланған немесе бірлескен болуы мүмкін.

Экология пайдаланушылардың құқықтық мәртебесі негіздері ҚР Конституциясында былайша бекітілген: барлық тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері, соның ішінде экология пайдаланушылардың құқықтары, әр адамның ӛмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғау құқықтары деп жазылған мәтіндегідей қарастырылуы тиіс. (31бап). Сонымен қатар олардың құқықтық мәртебесі ЭК, ЖК, СК, ОК, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, Жануарлар дүниесін пайдалану және молықтыруды қорғау туралы Заңдармен және басқа актілермен белгіленген.

Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Табиғат пайдалану құқығынан, заңда кӛрсетілген негіздерден басқа реттерде ешкімді де айыру мүмкін емес.

22. Табиғат пайдалану құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері.

Экология пайдалану құқығының туындау негіздері күрделі заңды құрамнан тұрады. ҚР ЭК 12 бабында Арнайы табиғат пайдалану құқығы келесі негіздерде туындайды:

Табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;

Табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келісім шарттар) негізінде туындайды.

Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде кӛзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында кӛрсетілген бір, екі немесе барлық актілер негізінде туындауы мүмкін. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.

Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақстында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

Экология пайдалану құқықтарының туындау ерекшеліктері салалық заңнамалармен реттеледі.

Жер учаскесіне құқық белгілейтін, заңды фактілердің (заңды құрамдардың) келуін растайтын құжаттардың негізінде жер теліміне құқық ӛзгереді немесе тоқтатылады.

Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат болып табылатындар:

Сәйкестендірме құжат (жеке меншікке жерді пайдалануға құқық беретін акт), шарт, соттың шешімі, атқарушы органның құқықтық акті, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, беру акті, бӛлу балансы.

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жӛніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруды, оларды күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады (ҚР СК 37 бабы).

Жергілікті атқарушы органдар:

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су объектілерін оқшаулау және бірлесіп пайдалануға береді (39 бап).

Бассейндік су шаруашылығы басқармалары - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жӛніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруды, оларды күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады (40 бап).

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік орган табиғатты қорғау органдарымен келісіп су ресурстарын басқару бойынша рұқсаттар береді.

ҚР Орман Кодексінің 36 бабына сәйкес Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқстаттама құжаттары: ағаш кесу билеті мен орман билеті негізінде ғана жол беріледі.

ҚР Жануарлар дүниесін молықтыруды, қорғау және пайдалану туралы Заңына сәйкес, арнайы жануарлар дүниесін мемлекеттік басқаратын уәкілетті орган (АШМ аңшылық шаруашылығы мен орман комитеті) жануарлар дүниесін пайдалануға бекітілген лимиттер мен квоталарға сәйкес, жануарлар дүниесін пайдаланудың белгіленген шарттарын сақтай отырып рұқсаттар береді (16 бап).

Жануарлар дүниесін жалпы табиғат пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын пайдалану қандай да бір рұқсатты талап етпейді.

Жануарлар дүниесін арнайы табиғат пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын пайдалану, тиісті рұқсат пен шарттың негізінде жүргізіледі. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, тек бюджетке жануарлар дүниесін пайдалану үшін толығымен тӛлемдер енгізгенін растайтын құжаты бар кезде беріледі. (33бап)

Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын тӛлеген және аңшылық минимумды тапсырған, оның аумағынанда тұратын және келген басқа да тұлғалар аңшылық құқығына ие. Жануарлар дүниесін молықтыру және пайдалануды, қорғау саласының мемлекеттік бақылау органдарының берген рұқсаты - аңшылық құқығын куәландыратын құжат болып табылады. (40 бап).

Заңды фактілердің барлығы үшін жалпы іс-қимылдардың жиынтығы негізінде туындайтын экология пайдалану құқығы мемлекеттік-құқықтық шешуші жүйлер болып табылады.

Экология пайдалану құқығын тоқтату негіздері тізімінде (және тәртібінде) табиғи нысандар мен құқық пайдаланушы субъектінің заңды тұлға немесе азамат болып табылатындығына байланысты белгілі бір ерекшеліктер бар.

Пайдалану құқығын тоқтатудың арнайы негіздері бар.

Сонымен жерді пайдалану құқығы тоқтатылатын жағдайлар:

а) бір жыл ӛткеннен кейін жер телімін иесіз мүлік ретінде соттың мойынуы; б) ауыл шаруашылығы ӛндірісіне не тұрғын үй құрылысна немесе ӛзге де құрылысқа арналған жер телімі бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайда, егер одан кӛп мерзім кӛзделмеген болса; в) жер пайдаланушыға қызметтік жер телімін берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы. г) жерді рационалды пайдаланудың ережелерін ӛрескел бұзған жағдайға байланысты; д) егер, жер телімін пайдалану ауылшаруашылық жерлердің құнарлылығын тӛмендетуге немесе экологиялық жағдайды едәуір нашарлатса; е) жер телімін тәркілегенде ( ЖК 81-96 баптары).

Орман қорын пайдалану құқығы келесі жағдайларда тоқтатылады:

а) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгіленген ережелерін немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетінде, орман билетінде кӛзделген талаптарды үнемі (екі және одан кӛп рет) бұзған; б) мемлекеттік орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергі келтіретін ӛзгерістерге әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайлар басталғанда; в) орман пайдалану тӛлемақысын енгізудің белгіленген мерзімін үнемі (екі және одан кӛп рет) бұзған немесе орман пайдаланудың тӛлемақысын белгіленген мерзімнен кейінгі үш айда енгізбеген;

23 Табиғат пайдалану шарттардың мазмұны

         24 Табиғат пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері

     11-бап. Табиғат пайдаланушылар

     1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн.

     2. Табиғат пайдаланушылар:

     1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);

     2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен алынған) және кейiнгi (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.

     3. Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.

     12-бап. Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау

              негiздерi және оны жүзеге асыру шарттары

     1. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:

     1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;

     2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi;

     3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде туындайды.

     2. Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бiр, екi не барлық актiлер негiзiнде туындауы мүмкiн.

     3. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссияларды қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол берiледi.

     4. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес берiледi.      

     5. Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билiк ете алмайды.

     6. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

25. Экологиялық төлемдердің түсінігі мен түрлері.

Табиғат пайдалануға ақы төлеу

Ақы тӛлеу табиғат пайдаланудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Табиғат пайдалануға ақы алудың бірнеше кӛздеген мақсаты бар, олар: біріншіден, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы тӛлеу мемлекеттік және жергілікті бӛджеттерді толықтырады; екіншіден, ақы тӛлеудің басты мақсаты ол табиғат пайдаланушыларды табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру;

Экологиялық заңнама тӛлемнің екі түрін кӛрсетеді: табиғи ресурстарды пайдалану үшін және қоршаған ортаға зиянды ықпал еткені үшін.

Табиғи ресурстарды пайдалану үшін ақы төлеу

Табиғи ресурстарды пайдалану үшін ақы тӛлеу салалық нормативтік актілерде кӛрсетілген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келесідей тӛлем түрлері кӛрсетілген:

71-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін тӛлемақы

72-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін тӛлемақы

73-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін тӛлемақы

74-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін тӛлемақы

14-бӛлім. Жер салығы

11-бӛлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

43-тарау. Бонустар

45-тарау. Пайдалы қазбаларды ӛндіру салығы

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы

ҚР ЭК 1 бабының 26 тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар дегеніміз - ластағыш заттардың шығарындылары, тӛгінділері, қоршаған ортада ӛндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер етуі;

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін тӛлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді, табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін тӛлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін тӛлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген залалды ӛтеуден босатпайды.

26. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігі

Табиғатты қорғаудың экономикалық тетігі дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз етеуге бағытталған, нормативтік құқықтық актілерде кӛрініс тапқан экономикалық шаралардың жиынтығы.

Экологиялық құқықтағы экономикалық механизмнің рӛлі - оның осы салада атқаратын функциясымен анықталады.

Экономикалық механизмнің функциялары:

• ұтымды табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық қамтамасыз ету (экономикалық механизмге енгізілген барлық экономикалық шараларды жүзеге асырумен атқарылады);

• ынталандырушылық қызметі (салықтық және несиелік жеңілдіктер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да қолдау шаралары арқылы жүзеге асырылады)

Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлерi (ҚР ЭК 95 бабына сәйкес):

1) қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;

2) қоршаған ортаға эмиссиялар ҥшін ақы тӛлеу;

3) табиғи ресурстардың жекелеген тҥрлерін пайдаланғаны ҥшін ақы тӛлеу;

4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) нарықтық тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату;

6) экологиялық сақтандыру;

7) қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау.Экологиялық сақтандырудың тҥрлері:

Экологиялық сақтандыру ---Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны қорғаудың жаңа құқықтық шарасы болып табылады. Экологиялық сақтандыру дегеніміз қоршаған ортаға, басқа адамдардың ӛміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады

Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың құндық кӛрінісі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді және келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді.

Қаржыландыру

Экологиялық міндеттерді шешудің мағызды шарты қаржыландыру. Табиғатты қорғау қомақты қаржыны талап ететін қызмет түрі. Мысалы, кәсіпорынның тазалау құрылғыларының құны, кейде кәсіпорынның ӛзіндік құнының қырық пайызын құрайды.

ҚР ЭК 97 бабына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі іс-шараларды қаржыландыру: 1) бюджет қаражаты;2) табиғат пайдаланушылардың ӛз қаражаттары; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ӛзге де кӛздер есебінен жүзеге асырылады.

Жоспарлау ---Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлаудың нормативтік талаптары негізінен жалпы мемлекеттік жоспарлауға, оның әлеуметтік зкономикалық дамуына сәйкес жүзеге асырылады, яғни қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі іс-шараларға мыналарды жатқызамыз (ҚР ЭК 96 бап)

27. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, соның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй;

     57) экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйi;

     58) экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект;

     58-1) экологиялық қауiптi технологиялар - өндiрiс процесiнде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн шикiзатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйiн, қасиеттерiн, нысанын өзгерту әдiстерiнiң жиынтығы;

     58-2) экологиялық қауiптi техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;

Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің табиғи-тарихи негізі және құрамдас бөлігі ретінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсердің салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардан өнеркәсіптік авариялар мен күйреулерден қорғалу дәрежесімен айқындалады.

Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы осылардың экологиялық құқығының тетіктері болып саналады.

Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.

Сондықтан Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 1) табиғи-тарихи негіздері, 2) принциптері (қағидаттары), 3)стратегиялық мақсаты, 4) басқару жүйесі; 5) экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдылықтары бар.

1. Табиғи-тарихи негіздерге - Қазақстан Республикасының табиғи ерекшеліктері, оның жартысынан астамы шөл және шөлейт аумақтар, табиғатты пайдаланудың ресурстық-шикізаттық жүйесі, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіптердің, әскери объектілердің, табиғи техногендік процестердің зиянды әсерлері мен шетін табиғат жүйелері жатады.

2. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің принциптері Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында Жер планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара байланыстылығын мойындай отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген.

28. Экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың құқықтық нормалары

. Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеті: халықаралық қатынастарда, интеграциялық процестерде экологиялық мәртебенің ерекшеліктерін тиісінше есепке алу;

- қоршаған ортаның жай-күйіне жүргізілетін бірыңғай мониторинггің жүйесін енгізу;

- экологиялық қауіпсіздік пен табиғат тұрақты пайдалану жөніндегі аса маңызды, соның ішінде, іргелі (фундаментальный) проблемалар жөніндегі ғылыми зерттеулердің өзара орнатылуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының табиғи орта сапасының жай-күйін бағалауды, оның аумағын экологиялық аудандастыру мен арнаулы картаға түсіру;

- қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқаруды реттейтін табиғат қорғау заңының жүйесін жасау, экологиялық бақылау  жүйесін жетілдіру;

- табиғат пайдалану жоспарларын қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты пайдаланудың экологиялық бағдарламаларын, жүйелерің әзірлеу;

- экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін дамытуды;

- қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін (механизімін) жасау;

- қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мен дүлей апаттардан сақтану проблемалары жөнінде халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу.

Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары - ресурс сақтаушы экологиялық таза технологиялар әзірлеу және енгізу, жұмыс істеп тұрған өндірістік процестерді моделдендіру және жетілдіру жолымен республиканың әлеуметтік-экономикалық және адам тұрмысының дамуын қамтамасыз ету.

1998 жылғы 26 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңында "экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі" деп анықтама берілген

Қазіргі әлемде экологиялық процестер жаһандық масштабтарға ие бола түсуде. Бұл туралы мамырдың 25-інде Астанада ашылған қоршаған орта және даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының 5-ші отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Mинистрі Даниал Ахметов айтты. Сондай-ақ, Премьер-Mинистр Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отырғандығын жеткізді. Атап айтқанда, республикада 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы құрылған. «Бүгіндері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Біз экологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі негізгі келісімдерге қосылдық. Азия-Тынық мұхиты аймағында біздің ел Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары секілді ұйымдардың аясында табысты қарым-қатынастар орнатуда»

29. Қоршаған ортаның сапасын нормалаудың міндеттері мен талаптары.

22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты

     1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады.

     2. Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi.

     23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтерi және оларды

              белгiлеу тәртiбi

     1. Қоршаған орта сапасының нормативтерiне:

     1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi;

     2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi;

     3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi:

     топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары;

     аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi;

     ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi;

     табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi;

     4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады.

     2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жол беруге шектi шоғырлану нормативтерiн белгiлеу мақсатында зиянды заттарды қауiптiлiк дәрежесiне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауiптi химиялық заттарды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзедi. Мемлекеттiк тiркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.

31. Төтенше экологиялық аймақтардың құқықтық режимі.

176-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық

               зiлзала аймақтарындағы құқықтық режим

     1. Белгiлi бiр аумақта төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зiлзаланың құқықтық режимi белгiленген жағдайда мынадай шаралар:

     1) қолайсыз экологиялық жағдайдың туындауына себепшi болған объектiлер қызметiн тоқтату не шектеу;

     2) табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молайту), қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде жедел шаралар;

     3) халыққа тұрақты немесе уақытша тұруы үшiн мiндеттi түрде үй-жайлар бере отырып, оларды тұруға қауiптi жерлерден көшiру;

     4) карантин белгiлеу және басқа да санитарлық-эпидемияға қарсы iс-шараларды жүзеге асыру;

     5) ауырған, өлiм-жiтiмге ұшырау қаупi туындаған жағдайда жануарларға көмек беру жөнiндегi қажеттi жұмыстарды жүргiзу;

     6) келудiң және кетудiң ерекше режимiн белгiлеу, көлiк құралдарының қозғалысын шектеу;

     7) жаңа құрылыс салуға және жұмыс iстеп тұрған, қызметi төтенше экологиялық жағдайларды жоюмен немесе халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз етумен байланысты емес кәсiпорындар мен басқа да oбъектiлердi кеңейтуге уақытша тыйым салу;

     8) қолайсыз экологиялық жағдайдың салдарынан зардап шеккен адамдар үшiн тамақ өнiмдерiн бөлудiң ерекше тәртiбiн енгiзу;

     9) жоғары экологиялық қауiп төндiретiн объектiлердi салуға және олардың жұмыс iстеуiне тыйым салу;

     10) жиынтық қасиеттерi және (немесе) жай-күйiнiң ерекшелiктерi осы аймақтағы экологиялық жағдайды ушықтыруы мүмкiн ерекше қауiптi (химиялық, радиоактивтi, уытты, жарылғыш, жанатын, биологиялық) заттарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын шаруашылық және өзге де қызметтерге қолдануға уақытша тыйым салуды белгiлеу;

     11) сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектiлердiң жұмыс iстеуiне тыйым салу;

     12) адамдарға, өсiмдiктерге, жануарлар дүниесiне және басқа табиғи объектiлерге жоғары экологиялық қаупi бар кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу немесе оларға шектеу енгiзiлуi мүмкiн.

     2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зiлзала аймақтарындағы құқықтық режимдi және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi.

32. Қоршаған табиғи ортаны мемлекеттік басқару органдардың жүйесі.

Мепмлекеттік  қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы мемлекттік басқару келесі қағидаларға негізделеді:

Заңдылық

Құзіреттілік қағидасы, яғни әр мемлекттік оран өзіне заңмен белгіленгенқұзіретті ғана жүзеге асыруы тиіс;

Табиғи ресурстарды нысаналы пайдалану қағидасы

Жариялылық қағидасы

Мемлекеттік басқару органдары 3 жүйеге бөлінеді:

1) жалпы құзіретті органдар, олра: парламент, президент, үкімет, жергілікті атқарушы органдар

2) арнаулы құзыретті органдар, оларға  мысалы қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi  орган (17),Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (18 бап)

3) функциональды органдар. Бұған ауыл шаруашылығы министрлігі, жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік энергетика және минеральды ресурстарминистрлігі геология және жер қойнауын қорғау  комитеті төтенше жағдайларминистрлігі денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекеттік органдардың құзіреті2 түрге бөлінеді:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы  мемлекетік реттеу

2) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару

33. Қазақстан Республикасының экология саласындағы Үкіметің құзыреті.

16-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында:1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi;

     2) мемлекеттiк экологиялық бағдарламаларды және табиғат пайдаланудың түрлi бағыттары бойынша, сондай-ақ климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi;    3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды;       4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды; K030442, K030477, Z100291

     5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;

     6) табиғи ресурстардың әрбiр түрiнiң мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды; P060862, P030958, P030956, P031378, P031182, P021444, P970106, P961285, P961022

     7) мыналарды: қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді; ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбесiн; эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн; қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;  қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелердi сату тәртiбiн;ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау ережелерiн бекiтедi;

     8) мыналарды: шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн; айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн;қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткiзу тәртiбiн; сот шешiмiмен республикалық меншiкке түстi деп танылған иесiз қауiптi қалдықтарды басқару тәртiбiн;қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;

     9) мыналарды: қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн айқындау тәртiбiн; кешендi экологиялық рұқсаттар беру тәртiбiн және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алу мүмкiн болатын өнеркәсiп объектiлерi үлгiлерiнiң тiзбесiн;  парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды шектеудiң, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртiбiн;   озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн;   парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерiн мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн;  аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерiн;   жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн   Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағының шекарасын;  қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртiбiн белгiлейдi;

     10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

     11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимiнiң қолданысын тоқтату туралы шешiм қабылдайды.

34. Экология саласындағы арнайы құзіретті органдардың өкілеттіктері. Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің құзыреті

     18-бап. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың    құзыретi

     1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мыналар болып табылады:

     1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;

     3) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     4) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     7) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     10) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

     11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган.

     2. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi Қазақстан Республикасының Жер, Су және Орман кодекстерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, мұнай туралы, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, қауiптi өндiрiстiк oбъектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi, атом энергиясын пайдалану және радиациялық туралы заңдарында белгiленедi.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

     1) бiртұтас мемлекеттiк экологиялық саясатты жүргiзедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;

     2) өз құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлiгiндегi қызметiн үйлестiредi;

     3) климатты және Жердiң озон қабатын қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады;

35. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреті

     Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары (бұдан әрi - жергiлiктi өкiлдi органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:

     1) тиiстi аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiтедi;

     2) өз құзыретi шегiнде қалдықтарды басқару жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;

     3) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн бекiтедi;

     4) жергiлiктi атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;

     5) өз құзыретi шегiнде табиғат пайдалану ережелерiн қабылдайды, оны бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделедi;

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) қоршаған ортаны қорғау саласында:

     1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар және олардың тиiстi аумақтарда iске асырылуы көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырады;  2) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат бередi;

     3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;

     3-1) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар бередi;

     4) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;

     5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;

     6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;  7) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;  8) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;  9) өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуға жер учаскелерiн бөледi;  10) қалдықтарды жою және орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуды қамтамасыз етедi;  11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi;  12) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде

36  Экологиялық сараптаманың жалпы сипаттамасы.

45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi:Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары:1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу;  2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi.   47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi: 1. Мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптамаға мыналар жатады:  1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға iлеспе, осы Кодекстiң 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдары; 2) табиғат пайдалану мәселелерiне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлерi, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қызметi негiзгi бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттiк инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келiсiмшарттар, оның iшiнде меншiк және жекешелендiру нысандарын өзгертуге қатыстылары; 3) қолданыстағы oбъектiлер үшiн қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары; 4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары; 5) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары; 6) кәсiпорындарды, объектiлер мен кешендердi, ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық қайта жарақтауға, қайта бейiмдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негiздемелер (есептер) және жобалар,  жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi ресурстарын өндiру мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;7) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;  2. Мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiлерi мынадай жағдайларда: 1) экологиялық сараптама объектiсi бұрын жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама ескертпелерi бойынша жетiлдiрiлген; 2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейiн жобалау және өзге де құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда;  3) сот шешiмiнiң негiзiнде, қайтадан мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтедi.

     Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.  Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы I санат объектiлерiне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, II, III және IV санат объектiлерiне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүргiзедi.Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын I санат объектiлерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi арасында бөлудi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

     49-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу тәртiбi1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы:1) белгiленiп отырған басқарушылық,

    37   Экологиялық мониторингті құқықтық реттеу

экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде байқау мен бағалау;

Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:

• жағдайды бақылау;

• бағалау;

• болатын өзгерістерді болжау.

Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ға-ламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі.

Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір

38 Экологиялық кадастрлардың түсінігі мен түрлері

149-бап 1. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе ретiнде құрылады және жүргiзiледi. 2. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады  3. Қоршаған ортаның құрамдас бөлiктерi: жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өзара байланыста болатын жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi болып табылады. 4. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi.5. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары жүйесiнде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiле отырып, әрбiр есепке алынған кадастрлық объектiге оның жай-күйi туралы цифрлы түрдегi құжаттамалық мәлiметтер қамтылады. 6. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi: 1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы;2) автоматтандырылған ақпараттық технологияларды қолдану;3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады.

     150-бап. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымын мына есепке алу объектiлерi құрайды, олар бойынша мониторингтi мына арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:1) мемлекеттiк жер кадастры бойынша - жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкiлеттi орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;2) мемлекеттiк су кадастры бойынша (жер үстi және жер асты су көздерi, су ресурстарын пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - өзендер бассейнi және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;3) мемлекеттiк орман кадастры бойынша - орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;4) кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастры бойынша - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;6) жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастры бойынша - жануарлар дүниесiн қорғау.

42. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

31) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

32) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бойынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

38) мемлекеттiк экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi;   39) мемлекеттiк экологиялық бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;      

6-бап.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялауды;

2) экологиялық нормалау

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеудi;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы;

5) экологиялық рұқсаттар берудi;

6) мемлекеттiк экологиялық бақылауды;

7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесiн, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгiзудi ынталандыруды, табиғат қорғау iс-шараларын қаржыландыру жүйесiн;

8) мемлекеттiк экологиялық мониторингтi

9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздерi мен учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды;

10) экологиялық бiлiм беру мен ағарту iсiн қамтиды.

2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару:

1) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк жоспарлауды;

2) табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға және молықтыруға мемлекеттiк бақылау жасауды;

3) табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар берудi және шарттар (келiсiмшарттар) жасасуды

4) табиғи ресурстарды қалпына келтiру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтiн технологияларды енгiзудi ұйымдастыруды;

5) табиғи ресурстардың мониторингi мен кадастрларын жүргiзудi;

6) табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгiлеу мен квоталар бөлудi;

7) табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтiру мен молықтыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғаларды басқаруды

8) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.

43 Экологиялық аудитті құқықтық реттеу

80-бап. Экологиялық аудит

     1. Экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргiзуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға аудиттелетiн субъект болып табылады.

2. Экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiлердiң қоршаған ортаға әсер ету туралы есептiлiгiне талдау жасау жолымен жүргiзiледi.

3. Экологиялық аудиттi жүргiзу кезiнде:   1) қоршаған ортаға әсер туралы ұсынылған есептiлiктiң дұрыстығын тексеру;2) өндiрiстiк-технологиялық процестiң экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау;3) өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiң экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау; 4) қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн бағалау мақсатында арнайы зерттеулер мен өлшемдер жасалуы мүмкiн.

     4. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар және аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың негiзiнде туындайды.

     81-бап. Экологиялық аудит түрлерi және оны жүргiзу үшiн  негiздер

     1. Мiндеттi аудит және бастамашылық аудит экологиялық аудиттiң түрлерi болып табылады.

     2. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мiндеттi экологиялық аудит жүргiзуге:

     1) жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнен қоршаған ортаға келтiрiлген, құжат бойынша расталған елеулi залал;2) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыны заңды тұлғаны қосу, бөлу және бөлiп шығару түрiнде қайта ұйымдастыру;3) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы - заңды тұлғалардың банкроттыққа ұшырауы негiз болып табылады.

     3. Бастамашылық экологиялық аудит бастамашының және экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық аудиттi жүргiзуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмдерi мен көлемi ескерiле отырып, аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша жүргiзiледi.

4. Мүдделi жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар экологиялық аудитке тапсырыс берушiлер болуы мүмкiн.1. Экологиялық аудит экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi, оны экологиялық аудитор осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып жасайды және ол тапсырыс берушiмен және аудиттелетiн субъектiмен келiсiледi. Экологиялық аудит жүргiзудi жоспарлау кезiнде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекiткен, ұсынымдық сипатта болатын экологиялық аудиттi жүргiзу жоспарының үлгiлiк нысанын басшылыққа алады.

Экологиялық аудиттi жүргiзудiң сатылары мыналар: 1) аудиттелетiн субъектiмен алдын ала танысу;2) аудит жүргiзу жоспарын әзiрлеу;3) қажеттi ақпаратты жинау және жүйелеу; 4) аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру және оның қызметкерлерiне сауал

44. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі

Экологиялық құқық бұзушылық үшін құқықтық жауапкершілік дегеніміз қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті орган және экологиялық құқық бұзушылықты жасаған тұлға арасында туындайтын, оған қатысты тиісті шара қолдануға байланысты қатынасы.

Құқықтық жауапкершіліктің мәні экологиялық заңдарды бұзған тұлғаға байланысты туындайтын жағымсыз салдар болып табылады. Экологиялық қҧқықбҧзушылық ҥшін жауапкершіліктің атқаратын бірқатар функцияларыбар. Олар:

1Экологиялық құқықтың нормаларын сақтауға ынталандыру;

2Жаңа құқықбұзушылықтардың алдын алу;

3Табиғатқа және адамның денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру;

4Жазалаушылық.

Ата заңымыз негізінде азаматтардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүрі құқығы танылған. Қоршаған ортаның қолайсыздығынан келтірілген залалдың орнын толтыру құқығы да негізделген. Бірақ бұл өте күрделі теориялық та практикалық та маңызы зор мәселе.

Осы күрделі мәселені шешу көптеген ғылымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде  құқық  ғылымының рөлі зор. Құқық - бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді.

Заңгер-эколог ғалымдар соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық  мәселелерінің кейбір аспектілерін зерттеді.

Ол ғалымдар Бектұрғанов Ә.Е., Байсалов С., Байдельдинов Д.Л., Еренов А.Е., Мұхитдинов Н.Б., Сахипов М.С., Насырова Л.Р., Тукеев

Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және қоршаған ортаға зиян келтіретін немесе аталған зиянның туындау қаупін келтіретін, сонымен қатар экологиялық құқықтың субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын, заңға қайшы, кінәлі іс қимыл (әрекет немесе әрекетсіздік).

Қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты экологиялық құқықбұзушылық теріс қылық және қылмыс болып бӛлінеді.

Құқықтың жалпы теориясына сәйкес экологиялық құқықбұзушылықтың құрылымы тӛрт элементтен тұрады: обьект, субьект, обьективтік жағы және субьективтік жағы.

Экологиялық құқықбұзушылықтың обьектісі ол қоршаған ортаны қорғауға және табиғат пайдалануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар(табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғат пайдалану, экологиялық құқықтар және т.б.).

Экологиялық құқықбұзушылықтың обьективтік жағы ол іс қимылдың құқыққа қайшылығы, туындайтын немесе анық туындауы мүмкін қауіпті салдар.

Экологиялық құқықбұзушылықтың субьектілері ол жеке және заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар.

Экологиялық құқықбұзушылықтың субьективтік жағы ол құқықбұзушының кінәсінің нысанымен (абайсызда немесе қасақана) сипатталады.

Табиғат қорғау тәжірибесінде кінәсіз (абсолютті) жауаптылық орын алуы мүмкін, яғни жоғарғы қауіп кӛзімен келтірілген зиян үшін.

45 Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік

Жалпы  экология табиғат пен қоғам  қатынастарын, адам мен табиғаттың  тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің жиынтығы болып  табылады. Айналадағы табиғи ортаны қорғау-ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Жалпы Қылмыстық кодекстің бұл тарауында экологияға байланысты қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтың жолмен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да көптеген баптар бар. Экологиялық қылмыс дегеніміз-қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттер болып табылады. Экологиялық қылмыстардың заты-нақты табиғат ресурстары: жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, мал т.б. болады. Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі-қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі-экологиялық қатынастарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар

1. Экологиялық қылмыс — Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық қүқық тәртібіне қол сұғатын және адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіретін, не зиян келтіруге нақты қатер тӛндіретін, қылмыстық заңда кӛзделген, қоғамға қауіпті іс-қимыл (әрекет немесе әрекетсіздік). Қылмыстық жауапкершілік туындауының негізгі шарты — экологиялық құқықтық тәртіпті бұзған әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық занда қарастырылуы керек. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың түрлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде кӛрсетілген. Олар:

1) қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы;

2) радиоактивті және химиялық заттармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптардың бұзылуы;

3) су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу;

4) заңсыз аң аулау;

5) ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін ӛз бетінше пайдалану;

6) жерді, суды ӛз бетінше басып алу;

7) жер қойнауын ӛз бетінше қазу;

8) орман алқаптарының қасақана жойылып, оларға зиян келтірілуі.

Қазақ халқының алдында тұрған стратегиялық мақсаттарын өткізуіне, яғни демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру, тұлғаны, оның құқықтарын және бостандықтарын қорғауы маңызды роль болып, әлеуметтік – саясаттық,экологиялық және  экономикалық шараларымен бірге құқықтық тәртіпті орнатылуы танылады. Бұл мақсатты іске асыруы қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңдылықты сақтау, экологиялық құқық бұзушылықпен күресудің тиімділігін арттыру қажетімен байланысты.Экологиялық құқық бұзушылық –бұл Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне  қауіп-қатер.Сондықтан біздің мемлекетіміздің Президенті осы мәселеге көп көңіл аударады.

46. Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік.

Экологиялық әкімшілік жауапкершілік — экологиялық құқықтарға қарсы қасақана немесе абайсызда жасалған әкімшілік жауаптылық кӛзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік 24 бап

Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз.Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады.Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында "қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.

240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық- эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды   бұзу

240-1-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу

240-2-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат  пайдалану шарттарын орындамау

241-бап. Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде

242-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру туралы хабарламау шаралар жүргiзуден жалтару

243-бап. Қоршаған ортаға экологиялық рұқсатта белгiленген эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы

243-2-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктікгаздарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы

244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланбау

245-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын орындамау

     246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететiн көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды шығару

     247-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану

248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы бұзу

249-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау

 250-бап. Жердi бүлдiру

251-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз   пайдалану немесе пайдаланбау

252-бап. Жердi пайдаланудың табиғат қорғау режимi талаптарын орындамау

253-бап. Жердi нысаналы мақсатында пайдаланбау

254-бап. Уақытша иеленген жерді мақсатына орай одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау

47  Экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілік

Экологиялық тәртіптік жауапкершілік — экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын тәртіптік жауаптылық кӛзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Тәртіптік жауаптылық туралы арнайы қабылданған заң жоқ. Бірақ, тәртіптік жауаптылық Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында және ішкі тәртіп ережелерінде, сондай-ақ басқа нормативтік актілерде қарастырылған.

Экологиялық тәртіптік жауаптылық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау зандары талаптарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдары мен ӛзге де қызметкерлердің, міндеті мен қызметтерін және қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жӛніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдарынан пайда болады.Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мееме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар

 Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыға құқықтық ықпал ету нысаны. Тәртіптік жаза қолданудан көрініс табады. Тәртіптік жауапкершілікке еңбек тәртібін бұзған жағдайда (себепсіз жұмысқа келмеу, еңбектік міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау) еңбек шартымен жұмыс істеп жүрген еңбеккер тартылады. Мемлекет қызметкерлер үшін лауазымдық өкілеттілік шегінен шығу мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау да тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Тәртіптік жазаның ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметінен босату сияқты түрлері бар. Мемлекет қызметшіге бұларға қоса тәртіптік жаза ретінде қызметіне сәйкессіздігі туралы ескерту берілуі мүмкін. Тәртіптік жаза қолданылмас бұрын еңбеккерден жазбаша түсініктеме алынады және тәртіп бұзушылықтың деңгейі, оны жасау кезіндегі мән-жайлар және еңбеккердің біліктілігі мен мінез-құлқы ескерілуге тиісті. Бір тәртіп бұзушылыққа бір тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық немесе қаулы еңбеккерге жарияланады. Мұндай бұй-рық немесе қаулыны шағымдау тәртібі еңбек заңнамасында белгіленген. Кейбір қызметкерлер санатына қызмет ерекшелігіне орай тәртіп жарғысына сәйкес арнайы тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны  қорғау туралы Заңның 85 бабына сәйкес  қоршаған ортаны  қорғау  туралы  заңдардың  бұзылуына  кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.Қоғамдық қауіптілік деңгейіне,субъектілер мен оюъектілерге ,басқа да белгілеріне қарай  экологиялық заңды бұзғаны үшінзаңдық  жауапккершілік түрлерге бөлінеді,ооларға сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтар  табиғат қорғау заңдарын бұзғаны және қоршаған ортаға  зиян келтірілгені  үшін заңмен белгіленген тәртіптік, материалдық,әкімшілік не оған нақты қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапты болады.

48 Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру

Заңды тұлғалардың,сондай-ақ азаматтардың  тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғитты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы  нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады.Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу  фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады.Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің  деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі  адамдардан  экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн.астам теңге алынады.Сонымен бірге, жауапкершілік шараларын қолдану тиімді  болмай отыр.

108-бап. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау тәртiбi

     1. Қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерiн қалпына келтiру үшiн қажеттi шығындардың құндық көрiнiсi.

     2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтiру фактiсi анықталған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қажеттi материалдарды жинау мен талдауды жүргiзедi және келтiрiлген залалға экономикалық бағалауды белгiлейдi.

     3. Атмосфералық ауаны және су ресурстарын белгiленген нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, оның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды белгiленген нормативтерден тыс орналастырудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелерге сәйкес тура немесе жанама әдiстермен айқындалады.

     109-бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi

     1. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдiсi неғұрлым тиiмдi инженерлiк, ұйымдық-техникалық және технологиялық iс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтiруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тiрi организмдердi сауықтыруға қажеттi нақты шығындарды анықтаудан тұрады.

     2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары бiрiншi кезекте қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырады.

     Қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi тиiстi мiндеттемелер қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаның нақты iс-шаралар және оларды жүргiзу мерзiмi көрсетiлген кепiлдiк хатында жазылады.

     3. Залалдың салдарларын жою жөнiндегi шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.

     4. Залалды тура әдiспен экономикалық бағалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тәуелсiз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретiнде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлiк және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.

     5. Тәуелсiз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөнiндегi мiндет қоршаған ортаға залал келтiрген тұлғаға жүктеледi.

49. Экологиялық құқық бұзушылық үшін таксалық жауапкершілік

Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.

  ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай. Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды қалпына келтіру.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. Экологиялық (табиғат қорғау) заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады. Экологиялық құқық бұзушылық - бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс. Тұлғаның экологиялық заңдарға қайшы келетін әрекеттері экологиялық құқық бұзудың белгілері болып табылады.

Қоршаған ортаға тигізген зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгерту алып келген әсерлердің жиынтығын айтады.

Зардаптың екі түрлі формасын ажыратады:

  1.  залал (табиғи ортаның, ресурстардың, сандық немесе сапалық кемуі, яғни, экологиялық залал);
  2.  шығын (табиғат пайдаланушы үшін экономикалық тиімсіз салдарлар).

Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік, азаматтық-құқықтық, дисциплинарлық, материалдық (мүліктік), қылмыстық жазаларға тартылады.

Экологиялық құқық бұзу үшін жауапкершілік

Жауапкершілік түрі

Жаза

Негіздеме

Жауаптылар

Әкімшілік

Ескерту, айып пұл, затты тәркілеу (құқық бұзған қару); жұмыс істеу құқығынан айыру; әкімшілік қамауға алу

ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексі, 24 бап

Заңды және жеке тұлғалар

Азаматтық-құқықтық

ҚР азаматтық-құқықтық заңы

Заңды және жеке тұлғалар

Дисциплинарлық

Ескерту, сөгіс беру, қатаң сөгіс, сый ақыдан айыру, жұмыстан босату

Еңбек заңы

Қызметтегі (жеке) тұлғалар

Материалдық (мүліктік)

Шығынды, зиянды өтеу, келтірген зиянды түзеу

Еңбек заңы

Жеке тұлғалар

Қылмыстық

Қылмыстық жазалау, қамауға алу және т.б.

ҚР қылмыстық заңы

Заңды және жеке тұлғалар

 50 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу тәртібі

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны  қорғау туралы Заңның 85 бабына сәйкес  қоршаған ортаны  қорғау  туралы  заңдардың  бұзылуына  кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.Қоғамдық қауіптілік деңгейіне,субъектілер мен оюъектілерге ,басқа да белгілеріне қарай  экологиялық заңды бұзғаны үшінзаңдық  жауапккершілік түрлерге бөлінеді,ооларға сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтар  табиғат қорғау заңдарын бұзғаны және қоршаған ортаға  зиян келтірілгені  үшін заңмен белгіленген тәртіптік, материалдық,әкімшілік не оған нақты қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапты болады. Қоғамдық қауіптіліктің жоғарғы  деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады.Экологиялық қылмыс деп Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық  тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздініге,қоршаған табиғат ортасына немесе  адамның денсаулығына елеулі  нұқсан келтіріп жасалған қол  сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті  ұғыну керек.Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде  көзделген қылмыстық жауапкершілікке  жауапты болады.

323-бап. Экологиялық дауларды шешу тәртiбi

     1. Экологиялық дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шешедi.

     2. Экологиялық құқықтық қатынастар субъектiлерi арасындағы экологиялық даулар келiссөздер арқылы, оның iшiнде сарапшыларды тарта отырып не тараптардың бұрын келiсiлген дауларды шешу рәсiмiне сәйкес шешiлуi мүмкiн.

51 Табиғатты қорғау істері бойынша сот тәжірибесінің маңыздылығы.

167-бап. Жер даулары

Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады. 126-бап. Дауларды шешу

     1. Келісім-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

     2. Егер келісім-шартты орындауға, өзгертуге және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда тараптар дауларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сотқа бере алады.

Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.

Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады; а) Табиғатты пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу; в) Негізгі табиғат компоненттердің бұзылуы; г) Фаунаны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар; д) Флораны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;

Сонымен қылмыстық жауапкершілік қоғамға қауіптілігі жағынан жоғары дәрежеде болатын әрекеттерге тағайындалады. Ол сотпен ғана тағайындалады және жаза тағайындаудың негізі болып сот үкімі саналады.

53 Жер кодекстің жалпы сипаттамасы.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі

2 бөлімнен жалпы бөлім және ерекше бөлімдерден тұрады, бұл бөлімдер жалпы 5-бөлімге бөлінген:

5-бөлiм. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және

қорытынды ережелер,

4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге

орналастыру, мониторинг және жер кадастры

3-бөлiм. Жер санаттары

2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және

жерге өзге де заттық құқықтар

І бөлiм. Негізгі ережелер

олар  21-тараудан:

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары

саласындағы құзыреті

3-тарау. Жерге меншік құқығы

5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының,

жер пайдалану құқығының және өзге де заттық

құқықтардың объектісі ретінде

4-тарау. Жер пайдалану құқығы

6-тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер

пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі

құқықтары мен міндеттері

7-тарау. Сервитуттар

8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын

кепілге салу

9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану

құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату

10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

11-тарау. Елді мекендер жері

12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері,

сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени

мақсаттағы жер

14-тарау. Орман қорының жері

15-тарау. Су қорының жері

16-тарау. Босалқы жер

17-тарау. Жерді қорғау

18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау  

19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры

және жер мониторингі

20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын

54 Жердің құқықтық режимі және оны қорғау

Жер қойнауы – топырақ қабатынан тӛмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетіне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса – жер бетінен және теңіздердің, кӛлдердің, ӛзендердің және басқа да су айдындарының түбінен тӛмен орналасқан, ғылыми–техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жӛніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі; Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін құрайтын негіздердің бірі болып табылады. Мемлекет Заңда кӛзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Заңда және келісімшартта ӛзгеше кӛзделмеген болса, минералдық шикізат жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) тиесілі болады.

Минералдық шикізат дегеніміз – жер қойнауының жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бӛлігі (тау–кен жынысы, кен шикізаты және басқалар); Техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

Техногендік минералдық тҥзілімдер дегеніміз – тау-кен ӛндіру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлі ӛндірістерінің қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттері бар минералдық түзілімдердің, тау-кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың жиналымы; Техногендік минералдық түзілімдерді игеру кезінде жер қойнауын пайдаланушы не техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы бар үшінші тұлға техногендік минералдық түзілімдер құрамында болатын және оларды алу, пайдалану (ӛткізу) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында кӛзделмеген пайдалы қазбалардың қорына қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын жүргізуге және құзыретті органмен келісімшарт жасасуға міндетті. 1992 жылғы 30 мамырға дейін қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттік қорына қосылған техногендік минералдық түзілімдер мемлекет меншігі болып табылады. Мемлекет меншігіндегі техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қазбаларға меншік құқығы келісімшартта айқындалады.

Пайдалы қазба дегеніміз – химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық ӛндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) ӛзге мұқтаждықтарға тікелей немесе ӛңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, кӛмірсутектер және жерасты сулары. Минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер немесе пайдалы қазбалар ӛзіне меншік құқығында тиесілі жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық–құқықтық мәмілелер жасасуға құқылы. Геологиялық ақпарат – геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жӛніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;

55 Жерді пайдалану құқығы.

Жер қойнауын пайдалану қҧқығы дегеніміз келісім шарттық аумақ шегінде, жер қойнауын иелену және пайдалану.

Келісімшарттық аумақ дегеніміз – жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жӛніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, геологиялық не тау-кендік бӛлумен айқындалатын аумақ. геологиялық бӛлу – барлауға, бірлескен барлауға және ӛндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бӛлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;

Жер қойнауын пайдалану қҧқығы келесі операцияларды жҥзеге асыру ҥшін беріледі:

• Мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйінің мониторингімен, жер қойнауы учаскелерінің, сондай–ақ Қазақстан Республикасы аумағының жекелеген бӛліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеумен, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын іздеу және іздеу–бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы айқындаумен, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасаумен байланысты жұмыстар (операциялар);

• ӛндіру – минералдық шикізатты бастапқы ӛңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) барлық кешені;

• барлау – пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар (операциялар);

• жерасты қҧрылыстарын салу және (немесе) пайдалану – мұнай мен газды сақтау үшін жерасты немесе топырақ қабатынан тӛмен тереңдіктегі құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды кӛму мен жиып қою және сарқынды әрі ӛнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін ӛңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шӛгінді қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жӛніндегі жұмыстар;

Жер қойнауын пайдалану қҧқығының субъектілері: Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін. Жер қойнауын пайдалану құқығы: 1) беру; 2) табыс ету; 3) құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысу жолымен туындайды.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға тікелей мемлекеттің беруін білдіреді. Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс ету жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруін білдіреді. Жер қойнауын пайдалану құқығының құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие жеке тұлға қайтыс болған кезде құқық мирасқорында жер қойнауын пайдалану құқығының туындауын білдіреді.    Жер қойнауын пайдалану қҧқығын тоқтату. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер болмаса, ешкім жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылмайды. Жер қойнауын пайдалану құқығы: 1) келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған; 2) барлау

55 Жер туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

Жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтардың iс жүзiнде жойылуын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен ұйғарымдарын жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.167-бап. Жер даулары :Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады.

168-бап. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық : Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.Меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген тәртiппен қорғалады.Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап етуге құқылы. Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті.

     Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі. Өз бетінше салынған құрылыс коммуналдық меншікке берілген жағдайда құрылысты жүзеге асырған тұлғаға сот айқындаған мөлшерде құрылысқа жұмсалған шығыстар өтеледі. Жер учаскесiн заңсыз иеленушiнiң жеке басын (деректерiн) анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, аумағында осындай жер учаскесі анықталған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке қою үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға өтініш жібереді.Иесі жоқ жылжымайтын зат есепке қойылған күннен бастап бір жыл өткен соң аумағында жер учаскесі анықталған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органы осы затты мемлекет меншігіне түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.

Меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығын оны келтiрушiнiң есебiнен өтеледi.

     Мемлекеттiк билiк органының, өзге мемлекеттiк органның заңдарға сәйкес емес акт шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгі) салдарынан меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығынды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк өтеуге тиiс.Жер учаскесiн алып қою кезiнде меншiк иелерiне нeмece жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығынды, сондай-ақ олардың өтемақы мөлшерiн айқындау тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Жер учаскелерiн алып қою немесе оларға уақытша орналасу нәтижесiнде суару, құрғату, табиғат қорғау, эрозияға және селге қарсы объектiлер мен құрылыстардың (жүйелердiң) жұмысы жартылай немесе толығымен бұзылатын жағдайда шығындар, жобалау-зерттеу жұмыстарының құнын қоса алғанда, объектiлер мен ғимараттарды (жүйелердi) жаңадан салу немесе жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңғырту үшiн жасалатын жұмыстың құнына негiзделiп айқындалуы мүмкiн.

57 ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы занның жалпы сипаттамасы.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қазандағы N 993 Қаулысы

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"

Қазақстан Республикасының Заңы

     Осы Заң жер қойнауын пайдалануға қатысты құқықтық реттеуді белгілейді, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды қамтамасыз ету саласында басқару негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының мүдделері мен оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

4-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттері:1. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың мақсаттары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы қатынастарды реттеу және Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың міндеттері Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі мен Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласындағы заңдылықтарды нығайту, республикалық және өңірлік мүдделердің үйлесуін қамтамасыз ету, минералдық шикізат базасын ұдайы өндіруді қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.15тарау, 130-баптан тұрады

1-тарау. Жалпы ережелер;  2-тарау. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу; 3-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы; 4-тарау. Конкурс негізінде барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру; 5-тарау. Тікелей келіссөздер негізінде барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру; 6-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт;  7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқығы мен міндеттері;  8-тарау. Мұнай операцияларын жүргізу; 9-тарау. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу; 10-тарау. Магистральдық құбыр көлігі;    11-тарау. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану, халықтың және персоналдың қауіпсіздігі; 12-тарау. Жер қойнауын зерттеуді, пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау; 13-тарау. Жер қойнауының мемлекеттік қоры; 14-тарау. Жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарды бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу; 15-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Осы Заң жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді. 2. Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсімдік және жануарлар әлемін, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар тиісінше жер, су, орман, өсімдік және жануарлар әлемін, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау туралы заңнамаға сәйкес реттеледі.  3. Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңнама нормаларымен реттеледі.  

58 Жер қойнауының құқықтық режимі

жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі;

     20) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;

     21) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге, бастапқы өңдеуге, оның ішінде жерасты суларын, шипалы балшықты барлауға және өндіруге, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;

     22) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;

     23) жер қойнауын пайдалану құқығы - жер қойнауын пайдаланушыға осы Заңға сәйкес келісім-шарттық аумақтың шегінде берілген жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы;

Пайдалы қазба дегеніміз – химиялық құрамы мен физикалық қасиеті оларды материалдық ӛндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) ӛзге мұқтаждықтарға тікелей немесе ӛңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералдық түзілім, кӛмірсутектер және жерасты сулары.

Минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер немесе пайдалы қазбалар ӛзіне меншік құқығында тиесілі жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық–құқықтық мәмілелер жасасуға құқылы.

Геологиялық ақпарат – геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәліметтерді, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жӛніндегі операциялар жүргізілетін келісімшарттық аумақтағы жұмыс учаскесі мен объектілердің болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;

Жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру талаптарына қарамастан, оны кӛшіру жӛніндегі шығыстарды ақпарат алушы бӛлек ӛтейдіЖер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу 3 жағдайда болуы мҥмкін: 1. Ұлттық қауіпсіздікті 2. Халықтың қауіпсіздігін 3. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша.

Келісімшарттық аумақ дегеніміз – жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жӛніндегі операциялар жүргізуге құқылы

59 Жер қойнауларын пайдалану саласындағы басқару органдары.

құзыретті орган — келісім-шарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;114-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау

     1. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылаудың міндеті жер жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту бөлігінде сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. 3. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау: 1) жер қойнауын қорғаудың мемлекеттік мониторингін;  2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келісім-шарттық талаптардың сақталуын бақылауды; 3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және қалдық суларды ағызуды бақылауды; 4) жер қойнауының кенорны мен қоршаған ортаның бүлінуіне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендік процестерден сақталуын бақылауды; 5) жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануын және таратылуын бақылауды;

     115-бап. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды мемлекеттік бақылау  1. Жер қойнауын зерттеуді және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Жер қойнауын зерттеуді және пайдалануды мемлекеттік бақылау міндеті жер қойнауын пайдаланушылардың кенорындарын іздестіру және бағалау, өндіру кезінде минералды шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану, өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшін геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерін бағалау кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.      116-бап. Мұнай операцияларын жүргізуді мемлекеттік бақылау Мұнай операцияларын жүргізуді мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар (олардың құзыреттерінің шегінде) жүзеге асырады. Тексерістерді жүзеге асыратын осы органдардың қызметкерлері коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді:16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметі;17-бап. Құзыретті орган; 18-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган;19-бап. Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия (БОК) және Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық  комиссиялар (БӨК);20-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялар; 21-бап. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия; 22-бап. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның және Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе игеруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия;23-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган,Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіруші уәкілетті орган, Білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган;25-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар;

60 Жер қойнауларын пайдалану құқығы.

Жер қойнауын пайдалану қҧқығы дегеніміз келісім шарттық аумақ шегінде, жер қойнауын иелену және пайдалану.

Келісімшарттық аумақ дегеніміз – жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жӛніндегі операциялар жүргізуге құқылы болатын, геологиялық не тау-кендік бӛлумен айқындалатын аумақ. геологиялық бӛлу – барлауға, бірлескен барлауға және ӛндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бӛлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;

Жер қойнауын пайдалану қҧқығы келесі операцияларды жҥзеге асыру ҥшін беріледі:

• Мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйінің мониторингімен, жер қойнауы учаскелерінің, сондай–ақ Қазақстан Республикасы аумағының жекелеген бӛліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеумен, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын іздеу және іздеу–бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы айқындаумен, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасаумен байланысты жұмыстар (операциялар);

• ӛндіру – минералдық шикізатты бастапқы ӛңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға, сондай-ақ техногендік минералдық түзілімдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) барлық кешені;

• барлау – пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар (операциялар);

• жерасты қҧрылыстарын салу және (немесе) пайдалану – мұнай мен газды сақтау үшін жерасты немесе топырақ қабатынан тӛмен тереңдіктегі құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына

жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды кӛму мен жиып қою және сарқынды әрі ӛнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін ӛңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шӛгінді қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жӛніндегі жұмыстар;

Жер қойнауын пайдалануға байланысты кейбір операциялардың тҥрлерін минералды шикізат ресурстарының тҥрлеріне байланысты жіктеуге болады, мысалы:

• қатты күйдегі, жер асты суларын, кең таралған пайдалы қазбаларды және кӛмірсутекті шикізатты барлау

• қатты күйдегі, жер асты суларын, кең таралған пайдалы қазбаларды және кӛмірсутекті шикізатты ӛндіру

• Минералды шикізат ресурстарын сақтау үшін жер асты құрылыстарын салу, мысалы, мұнай, газ, су.

• Аталған құрылыстарды пайдалану

Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, ӛтемді немесе ӛтеусіз болуы мүмкін.

Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскелерінде кең таралған пайдалы қазбаларды ӛз мұқтажы үшін ӛндіру тұрақты және ӛтеусіз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдалану жӛніндегі операциялардың барлық қалған түрлері уақытша және ӛтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдалану қҧқығының субъектілері:

Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін.

Жер қойнауын пайдалану қҧқығының туындау негіздері:

Жер қойнауын пайдалану құқығы:

1) беру;

2) табыс ету;

3) құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысу жолымен туындайды.

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға тікелей мемлекеттің беруін білдіреді.

Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс ету жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруін білдіреді.

Жер қойнауын пайдалану құқығының құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие жеке тұлға қайтыс болған кезде құқық мирасқорында жер қойнауын пайдалану құқығының туындауын білдіреді.

Жер қойнауын пайдалану қҧқығын тоқтату.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер болмаса, ешкім жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылмайды.

Жер қойнауын пайдалану құқығы:  1) келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған; 2) барлаумен немесе ӛндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды кӛмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жӛніндегі операцияларды жүргізуге, сондай-ақ Заңның 35-бабының 6-тармағына сәйкес ӛндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метр және одан да кӛп кӛлемде барлауға немесе ӛндіруге арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі ӛткен немесе ол кері қайтарып алынған; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған; 4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға таратылған жағдайларда тоқтатылады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жер қойнауын пайдалану мақсатында берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын тоқтатудың сӛзсіз негізі болып табылады. Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты қҧқықтық қатынастар мынадай қағидаларға негiзделедi: 1) жер қойнауын ұтымды (шығын болуына жол бермеу), кешендi (ӛндірілетін пайдалы қазбаларды таңдамай, оларды мҥмкіндігінше игеру немесе болашақ ҒТП қалдыру) және қауiпсiз пайдалануды(арнайы білімі, дайындығы бар мамандарды тарту; арнайы киім жарақтармен қамтамсыз ету; жарылғыш заттардың қатаң есептілігі және қауіпсіз пайдаланылуы; техникалық қҧжаттарды сақтау және т.б.) қамтамасыз ету;

  61  Жер қойнауы туралы заң актілерін бұзғаны үшін жауапкершілік.

124-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы талаптарды бұзғаны үшін жауаптылық

     1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылық жүктейді.

     2. Жер қойнауын пайдалануға байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып жасалған мәмілелер жарамсыз болып табылады.

     Көрсетілген мәмілелерді жасауға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көтереді.

     3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы басқа да бұзушылықтар үшін жауапкершілік белгіленуі мүмкін.

     4. Кінәлі тұлғаларды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту оларды келтірген зияндарын өтеу міндеттерінен босатпайды.

     5. Қазақстан Республикасының ¬кімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы қабылдаған уәкілетті орган әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей, мұндай қаулының көшірмесін құзыретті органға жіберуге міндетті. Егер әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы органмен келісім-шарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушыға қатысты шығарылса, әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулының көшірмесі жер қойнауын пайдаланушымен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге келісім-шарт жасасқан облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы органға жіберіледі. Егер анықталған бұрмалаушылық жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартта, жұмыс бағдарламасында не жобалау құжаттарында көзделген міндеттемелерді орындамауына байланысты болған жағдайда құзыретті орган немесе облыстық (республикалық дәрежедегі қаланың, астананың) атқарушы орган, жер қойнауын пайдаланушыға әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулының көшірмесін алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, жер қойнауын пайдаланушының орын алған бұзушылықты белгіленген мерзімде жою жөніндегі міндетін жазбаша хабарламада көрсетеді.

     125-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы заңның бұзылуымен келтірілген зиянды өтеу 1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан зиян келтірген тұлғалар, егер зиян еңсерілмейтін күштің салдарынан болғандығын дәлелдей алмаса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген көлемде және тәртіппен келтірілген зиянды өтеуге міндетті.  2. Жер қойнауын тиімді пайдалану саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның көлемін жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтірілген зиянның көлемін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

   62. Қазақстан Республикасының Су Кодексінің жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Су Кодексі  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Кодексі

1-БӨЛIМ. Жалпы ережелер; 1-тарау. Негізгі ережелер; 2-тарау. Су қатынастары объектілері: 2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар; 3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы; 4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар; 3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу; 5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару; 6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті; 7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бассейндік басқару; 8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлау; 9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама;10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар;11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету; 12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және қоғамдық бірлестіктердің қызметі4-Бөлім. Су пайдалану:13-тарау. Су пайдалану құқығы; 5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру: 14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары;15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік нормалау

Ерекше бөлік: 6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану :16-тарау. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау;17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану; 18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану; 19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану; 20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке қарсы мұқтаждар үшін пайдалану; 21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану; 22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу: 23-тарау. Су қорғау қызметі; 24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі;8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері: 27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудің экономикалық тетігі: 28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық: 29-тарау. Су дауларын шешу30-тарау. Қазақстан Республикасының су

63. Судың құқықтық режимі.

Сулар - су объектiлерiнде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;

Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi: 1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу; 2) су қатынастарын реттеу; 3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету; 4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау; 5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы қатынастарды басқару. Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.

Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады. Су айдындары (ӛзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, кӛлдер, су қоймалары, iшкi сулар, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жерлерi, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулерiне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерiнiң санитарлық қорғау аймақтарына бӛлiнген жерлер мемлекет меншiгiнде болады.

Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:

1) халықтың ӛмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау; 2) халықты ауыз судың қажеттi мӛлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету; 3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi; 4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану; 5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану; 6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы; 7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды ӛтеу; 8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы; 9) су қорын пайдалану мен қорғау жӛнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту; 10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.

Су объектiлерi: 1) жер үстi су объектiлерi; 2) жер асты су объектiлерi; 3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары; 4) трансшекаралық сулар болып бӛлiнедi.

Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi: 1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi; 2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi; 3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi; 5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бӛлiнедi.  Жер үстi су объектiлерi: 1) су айдындары - ӛзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, кӛлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар; 2) мұздықтар, батпақтар болып бӛлiнедi.

Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады:1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi; 2) жер асты суларының бассейнi; 3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi; 4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы; 5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.Суларды қорғау мен ҧтымды пайдалану саласындағы ҧйымдастырушылық қҧқықтық қҧралдарғ

64. Су қорларын басқару органдары және олардың құзіреттері.

6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті

     36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті: 1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады; 3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; 4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн бекiтедi;5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн бекiтедi; 11) республика облыстарының арасындағы су қатынастарын реттеу ережелерiн бекiтедi;20) судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiтедi;

37-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi: өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 2) экономиканың су секторын дамыту, оның ішінде жерді гидромелиорациялау бағдарламаларын әзiрлейдi; 3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi; 29) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.2. Уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

     37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілеттіорганның құзыреті: 1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;2) өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;3) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында  әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

     38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;

39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi 40-бап. Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының мiндеттерi мен функциялары

     1. Бассейндiк су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi - бассейндiк басқармалар) - уәкiлеттi органның облыстарда бөлiмдерi бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңiрлiк органдары (екi және одан да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметi жүзеге асырылады және оның өкiлеттiктерi қолданылады), олардың негiзгi мiндетi тиiстi бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

                            65. Су пайдалану құқығы.

Су обьектілерін пайдалану құқығын жеке және заңды тұлғаларға су ресурстарын пайдалану және қорғау жӛніндегі уәкілетті органның келісімімен жергілікті атқарушы органдар береді.

Жеке және заңды тұлғалара су обьетілері пайдалану құқығы қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге берілуі мүмкін.Қысқа мезімді су ресурстарын пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге,ал ұзақ мерзімді пайдалану құқығы 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге беріледі.Су обьектілеріне жеке және жария сервитуттар жариялануы мүмкін. Су обьектілеріне жария сервитут ҚР заңдарына сай жергілікті атқарушы органның актісіне не су объектісін ӛз пайдалануына алған жеке және заңды тұлғаларды жариялау арқылы ортақ пайдаланудағы емес су объектілеріне жариялануы мүмкін.

Суды жалпы пайдалану құқығы адамның табиғи құқығы болып табылады және одан ажыратуға тыйым салынады.Арнай су пайдалану құқығы ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат немесе лицензия негізінде пайда болады.Жалпы су пайдалануға арнайы рұқсат қажет етілмейді.Жалпы су пайдалану құқығына халықтың экалогиялық техникалық санитарлық-эпидемеологиялық қауіпсіздігін қаматасыз ету мақсатында ғана тыйым салынуы мүмкін.Жалпы жер пайдаланудың шарттары мен ережелері жергілікті ӛкілді органмен бекітіледі. Бірлескен су пайдалану құқығы су обьектілерін екі несе одан да кӛп жеке және заңды тұлғалардың пайдалуануы нәтижесінде туындайды.

Алғашқы су обьектілерін пайдалану дегеніміз-жек және заңды тұлғалардың ӛздерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су обектілерін пайдалануы немесе киінгі су пайдланушыларға беруі.

Кейінгі су пайдалану дегеніміз-алғашқы су пайдаланушылармен шарт негізінде су обьектілерін пайдалануға алатын жеке және заңды тұлғалардың суды пайдалануы. ҚР Су кодексінің 64-70 баптарына сәйкес жалпы су пайдалану тұрақты болып табылады.

Су пайдаланушылардың құқықтары: ҚР Су заңнамасында кӛзделген талаптармен шарттарды сақтай отырып су обьектілерін пайдалануға; өздеріне берілген пайдалану құқығы негізінде су обьектілерін ӛз қалауынша алайда ӛзге тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзуға,су обьектілеріне және қоршаған ортаға зиян келтірмей пайдалануға құқылы; ҚР заңнамаларымен белгіленген тәртіппен су қоры жерілерін пайдалануға; бірлестіктер,ассосациялар және ӛзге де су пайдаланушылардың коммерциялық емес ұйымдарын құруға; су шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін ҚР заңнамасында кӛзделген тіәтіппен су обьектілерінің жай-күйі туралы ақпарат алуға; ӛзінің су пайдалану құқығын қорғауға; ҚР заңнамаларында кӛзделген су қорын қорғау және пайдалану аясындағы ӛзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Су пайдаланушылардың міндеттері: суды үнемдеу шараларын сақтауға; су обьектілеріне және су шаруашылық құрылыстарына күтіммен қарауға және оларға келуі мүмкін зардаптың алдын алуға; су пайдалану режимімен лимитін сақтауға; ӛзге табиғат пайдаланушылармен су ресурстарын пайдаланушылардың құқықтарымен заңды мүдделерін бұзбауға; суды қорғау іс шараларын жүргізуге;арнайы су пайдалану рұқсатында немесе лицензиясында айқындалған талаптарға сай тиісті мерзімде толық кӛлемде пайдалануға;

    66 Суды құқықтық қорғаудың түсінігі мен суды қорғау жөніндегі шаралар.

ҚР жаңа экалогиялық заңнама су обьектілерін және су құрылыстарын әсер ететін кәсіпорындармен басқа құрылыстарды салу реканстукциялау,пайдалану,жою қоршаған ортаны қорғау су қорын пайдалану және қорғау ӛнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекетік органдардың оң қортындылары болған кезде жүзеге асады.Су обьектілерінің жай-күйіне кәсіпорындар мен басқада құрылыстарды орналастыру қоршаған ортны қорғаудың,санитарлық эпидемиологиялық,ӛнеркәсіптік қауіпсіздікті,су ресурстарын молайту және ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерін сақтай отырып,сондай-ақ аталған обьектілер қызметінің экалогиялық саладары ескеріле отырып жүргізіледі.Осыған орай су обьектілеріне және су құрылыстарына әсер ететін кәсіпорындармен басқа құрылыстарды салу процедурасы белгіленген.Тиісті кәсіпорындар мен құрылыстарды салу тиісті жобалау құжатын тапсырғаннан кейін бір айдың ішінде мемлекеттік уәкілеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.Мемлекеттік органдардың рұқсатын алғаннан кейін аталған жобалау құжаты мемлекеттік жобалау экспиртизасы мен мемлекеттік экалогиялық экспиртизадан ӛтеді.Су обьектілеріндегі жұмыстар қоршаған ортамен халықтың денсаулығына кері әсерін тигізбейтін техналогиялар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Сарқынды суды жинақтаушысы бар табиғат пайдаланушылар оның қоршаған ортаға әсерін болғызбайтын қажетті шаралар қабылдауға,сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғанна кейін осы жинақтаушылар орналасқан жердің қайта ӛңделуін жүзеге асыруға міндетті.Табиғат пайдаланушы ластанушы заттардың сарқынды суда белгіленген шоғырлану нормативтерін асыра немесе сарқынды судың құрамына экалогиялық рұқсатта кӛзделмеген жаңа

заттарды қоса алмайды.Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды суларды ағызып жіберу тоқтатылуға тиіс және ағызылған суда бетон және металды бүлдіріп бұзатын заттар болмауы керек.Ағызылған судың температурасы отыз градустан аспауы тиіс.Сарқынды суды олардың тазалану деңгейіне қарамастан орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау кӛздеріндегі курорттардағы,суға түсуге арналған жерлердегі су айдындарына ағызып жіберуге жол берілмейді. Су обьектілерін қорғау және олардың ластануының алдын алу шаралары.Су обьектілерінің сапасын тӛмендететін және оларды пайдалануын шектейтін зиянды заттардың су обьектілеріне түсуі судың ластану болып табылады.

Су обьектілерін қорғау : -экалогиялық жүйенің тұрақтылығын бұзудың; -тұрғын халықтың ӛмірімен денсаулығына зиян келтірудің; -балықтармен ӛзге де су жануарларының азаюының; -сумен қамтамасыз ету талаптарының бұзылуының -су обьектілерін пайдалану және тазарту мүмкіндіктерінің тӛмендеуінің; -су обьектілерінің гидрологиялық және гидрогеологиялық режимін бұзудың; -су обьектілерінің физикалық,химиялық және биологиялық құрамын бұзудың алдын алу арқылы жүзеге асырылады.

Су обьектілерін қорғау тәсілдері: -барлық су пайдаланушыларға ортақ су обьектілерін қорғау талаптарын белгілеу; -шаруашылық қызметтің ерекше түрлеріне арнайы талаптар белгілеу; -техникалық,экалогиялық, эпидемиологиялық қауіпсіз техналогияларын қолдану іс шараларын қабылдау; -су обьектілерін пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу;-су обьектілерін қорғау жӛніндегі талаптарды бұзушылық үшін жаупкершілік белгілеу.

67. Су заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық : Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлерiне:1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүлiктiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын бұзушылық2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар;3) экологиялық қылмыстар жатады.

     320-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық  заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiкҚазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.321-бап. Қазақстан Республикасының экологиялықзаңнамасын бұзудан келтiрiлген залалды өтеудiңмiндеттiлiгi1. Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздерi келтiрген залалды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес өтеуге мiндеттi.2. Мыналардың:1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдiрудiң 2) табиғи ресурстарды өз бетiмен және ұтымсыз пайдаланудың3) қоршаған ортаны өз бетiмен ластаудың, оның iшiнде авариялық, келiсiлмеген жаппай шығарындылар мен төгiндiлердiң, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың4) қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң мүлкiне келтiрiлген залал өтелуге тиiс.3. Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтiрiлген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң мүлкiне келтiрiлген залалды өтеуi ерiктi түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешiмi бойынша жүргiзiледi. Зиян жәбiрленушiнiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi, оның емделуiне және денсаулығын қалпына келтiруге жұмсалған шығындар, аурудың күтiмiне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескерiле отырып, толық көлемде өтелуге тиiс.4. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу ерiктi түрде немесе жүргiзiлу тәртiбi осы Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негiзiнде сот шешiмi бойынша жүргiзiледi.5. Қызметi қоршаған ортаға жоғары қауiптiлiкпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерiлмейтiн күш немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауiп көзi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.6. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесiнде келтiрiлген моральдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. 322-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық  заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу тәртiбi:1. Қоршаған ортаға зиян келтiрген тұлға келтiрiлген залалды ерiктi түрде жоюға не өзгеше тәсiлмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы мiндеттемесi кепiлхатта жазылуға тиiс.2. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтiрген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдерi есебiнен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн.3. Зиянды өтеудiң құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтiрiлгенге дейiнгi жай-күйiн қалпына келтiруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөнiндегi iс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған

68. Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің жалпы сипаттамасы.

Орман қоршаған ортаның ажырамас бӛлігі және адам ӛмірінің экалогиялық кешені ретінде ерекшеленеді.Орман әртүрлі сауықтыру қорғау және ӛндірістік-эксплуатациялық функцияларды атқарады: а) жер атмосферасын оттегімен қаматасыз ете отырып,тірі организмдердің ӛмір сүруіне қажетті ауа бассейнін тазалайды; б) ӛсімдіктер құстар жануарлар дүниесі мен адамдардың ӛсіп ӛнуіне қажетті микроклиматты қалыптастырады; в) су қорғау функциясын атқарады; г) халықты ағаш ӛнімдерімен қамтамасыз етіп,үлкен эканомикалық қызмет атқарады.   ҚР Орман заңдары ҚР Конституциясына негізделіп,2003 жыл 9-шілдеде қабылданған Орман Кодексінен және ҚР ӛзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Орман кодексі орман қорын пайдалану,иелені,билік етуге байланысты қатынастарды реттейді,сонымен қатар, орман қорының экалогиялық және ресурстық дамуының,қорғалуының құқықтық негіздерін белгілейді.Орман қатынастарын реттеудің маңыздылығы орманның экалогиялық,әлеуметтік және эканомикалық маңыздылығында.

ҚР Орман заңнамасы келесідей принциптерге негізделеді: -климат реттеушілік,су қорғаушылық және санитрлық гигеналық функцияларына орай орманның жалпымемлекеттік маңыздылығын мойындау; - орман қорын тұрақты дамыту; -орманның биоәртүрлілігін сақтау; -орман қорын әртүрлі мақсатта пайдалану; -орман қорын ұтымды және үздіксіз пайдалану; -орман қорын қорғау және пайдалану аясындағы мемлекеттік реттеумен бақылау; -ҚР Орман заңнамасын бұзудан келген залалдарды ӛтеу мүмкінділігі; -орман ресурстарын пайдаланудың ақылылығы; -орман қорының жай-күйі туралы ақпараттарға қол жетімділік; -орман қорын қорғауға тұрғын халықтың және қоғамдық бірлестіктердің қатысуы.

 Кодекс 9-бөлім 20-тарау 118-баптан тұрады.

1-бөлім. Жалпы ережелер : 1-тарау. Негізгі ережелер2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен

субъектілері

2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау:3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару; 4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі 6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы; 10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау; 11-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті;12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру ;13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы; 14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру мен орман өсіру ерекшеліктері

7-бөлім. Орман қорын пайдалану: 15-тарау. Орман пайдалану түрлері; 16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру

8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі: 17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық

69. Ормандардың құқықтық режимі.

Орман қоршаған ортаның ажырамас бӛлігі және адам ӛмірінің экалогиялық кешені ретінде ерекшеленеді.Орман әртүрлі сауықтыру қорғау және ӛндірістік-эксплуатациялық функцияларды атқарады: а) жер атмосферасын оттегімен қаматасыз ете отырып,тірі организмдердің ӛмір сүруіне қажетті ауа бассейнін тазалайды; б) ӛсімдіктер құстар жануарлар дүниесі мен адамдардың ӛсіп ӛнуіне қажетті микроклиматты қалыптастырады; в) су қорғау функциясын атқарады;г) халықты ағаш ӛнімдерімен қамтамасыз етіп,үлкен эканомикалық қызмет атқарады. ҚР Орман заңдары ҚР Конституциясына негізделіп,2003 жыл 9-шілдеде қабылданған Орман Кодексінен және ҚР ӛзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Орман кодексі орман қорын пайдалану,иелені,билік етуге байланысты қатынастарды реттейді,сонымен қатар, орман қорының экалогиялық және ресурстық дамуының,қорғалуының құқықтық негіздерін белгілейді.Орман қатынастарын реттеудің маңыздылығы орманның экалогиялық,әлеуметтік және эканомикалық маңыздылығында.Орман құқықтық қатынастарының обьектісі және субьектісі. Орман қорындағы жерлер орман ресурстары және орманның ӛзіне тән пайдалы қасиеттері ҚР орман қоры ретінде орман құқықтық қатынасының обьектісі болып табылады.ҚР территориясындағы барлық ормандар сонымен қатар,орман қорының жерлері ҚР орман қорын құрайды.Орман түсінігі орман ӛсімдіктері,жер,жәндіктер,құстар,жануарлыр және ӛзге де қоршаған орта компаненнттерінің ажырамас бӛлігі ретінде түсіндіріледі.ҚР Жер кодексіне сәйкес жер учаскелері орман ӛсіру мақстаныда жеке меншікке берілуі мүмкін.Осыған орай жеке меншік.Мемлекеттік орман қорына мыналар жатады: -ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы жасанды және табиғи ӛскен ормандар; -мемлкеттік орман қорының жеріндегі жасанды және табиғи түрде ӛскен ормандар,сонымен қатар,орман шаруашылық қажеттілігіне арналған орман ӛсімдіктері ӛспеген жер учасклері; -жалпы пайдаланыстағы халықаралық және республикасылық маңызы бар теміржол және автакӛлік жолдар,каналдар,магистарльді құбырлар жанындағы 0,05 га-дан асатын қуіпсіздік үшін ӛсірілген ағаштар. Жеке меншіктегі орман қорының қатарына жасады ӛсірілген ормандар, он метр немесе оданда астам ұзындықтағы плантациялық егістіктер жеке және мемлекеттік емесе заңды тұлғалардың қаражатымен ӛсірілген ауданы 0,05 га-дан асатын орман егістіктері,ҚР Жер кодексіне сәйкес жеке меншікке және ұзақ мерзімге орман ӛсіру үшін пайдалануға берілген жерлер жатады.

       Орман қорына: -мемлекеік орман қоры жерінен тыс орналасқан ауданы 0,05 га-дан аз жекелеген ағаштар немесе ағаштар тобы; -орман саябақтары мен қала ормандарынан басқа елді мекен шекарасынан тыс жеріндегі орман егістіктері. -бақ және саяжай учаскелеріндегі ағаштар. ҚР Мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншікке жатады.Жеке меншіктегі орман қоры учасклеріне иелену,пайдалун,билік етуді Орман кодексіне және ҚР ӛзге де нармативтік құқықтық актісіне сәйкес тиісті орман иелері жүзге асырады.Мемлекеттік орман қоры жерінің қатарына мемлекеттік бюджет есебіне табиғи және жасанды түрде ӛсірілген орман жерлері,орман шаруашылығымен айналысатын мемлекеттік органдарға тұрақты падалануға берілген жерлер жатады.Мемлекетік орман қорындағы жерді сатып алу сату,кепілге салу және ӛзге де мәмілелер арқылы иеліктен шағаруға жол берілмейді.Орман қорының жерлерін пайдалану,беру алып қою тәртібі Орман кодексімен,ҚР жер және азаматтық

70. Орман қорларына мемлекеттік бақылау.

4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандардымолықтыру және орман өсіру саласындағымемлекеттік бақылау және қадағалау:  Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу , оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн , сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының  жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.  2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері, өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады. 3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады.Тексерулер мен байқаулар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

     20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орманинспекциясы1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан тұрады.1-1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік орман инспекторы болып табылады. 2. Уәкiлеттi орган ведомствосы басшысының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады. 3. Уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлiмшелерiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады. 4. Уәкiлеттi органның орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады. 5. Ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде

71. Орман пайдалану құқығының түсінігі.

Орман обьектілерін иелену және пайдалану құқығы. Мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орманды иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жер қоры учаскелері меншікке:

- мемлекеттік орман қорын кешенді пайдаланатын ұйымдарға, мемлекеттік орман қорын қорғауға уәкілетті мемлекеттік ұйымдар мен мекемелеріне;

-мемелекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялық саябақтарға беріледі.

Мемлекеттік орман иелерінің құқықтары:

-ҚР заңнамасында кӛрзделген тәртіпте мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға;

-Орман кодексіне сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды айдалануды жүзеге асыруға;

-тиісті аумақтық органдардың келісімімен техникалық және жобалау құжаттамасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға және орман шауашылығын жүргізуге қажетті құрылыстарды жүргізуге;

- орманды пайдалану ӛнімінен түскен кірістерді басқаруға;

-мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат құжатын беруге.

Жеке орман обьектісін иеленушінің құқықтарына:

-ҚР заңдарында кӛзделген тәртіппен ӛздерінің меншік немесе ұзақ мерзімдегі пайдалану құқығындағы орман қорының учаскелерін иелену,билік ету, пайдалануға;

-тиісті аумақтық органдардың келісімімен техникалық және жобалау құжаттамасына сәйкес жеке орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға және орман шауашылығын жүргізуге қажетті құрылыстарды жүргізуге;

-орман қорын пайдаланудан түске ӛнімдермен кірістерді иеленуге;

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижесі туралы хаттамаға сәйкес жасалатын шарт негізінде беріледі.Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайалану құқығы орман билеті негізінде пайда болады.Егер орман пайдаланушы қайтыс болса онда оның орман пайдалану құқығы ҚР Азаматтық кодексіне сай мұрагерлік жолмен басқа тұлғаға ӛтеді.Заңды тұлға қайта құрылған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы оның құқық мирасқорына ӛтеді.Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына немесе орман билетіне ӛзгерістер енгізу арқылы рәсімделеді.Жеке орман қорының учаскелерінде орман қорын пайдалану құқығын тиісті орман иесі анықтайды.(ҚР ОК 29,30 бб) Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға 10-49 жылға тиісті пайдалану құқығын алу үшін үміткер жеке немесе заңды тұлғаның орман пайдалнуды жүзеге асыруға қажетті техналогиялар мен қаражаты және тиісті квалияфикацияға сай келетін мамандар болуы тиіс.Мемлекетті орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін берілген орман ресурстарын пайдаланбау тиісті мерзім ӛткеннен кейін орман пайдадаланушының жеке мәселесі.

72. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

113-бап.1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар: 1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру; 2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру; 3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану; 4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау; 5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау; 6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау; 7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын және санитарлық   ережелердi бұзу; 8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып әкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу; 9) орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды нысаналы мақсатқа қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттемелердi орындамау; 10) орман қоры жерлерiндегi шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру; 11) ормандар мен орман қоры жерлерiнде өз бетiнше шөп шабу мен мал жаю; 12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берiлетiн дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты өз бетiмен жинау; 13) мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген және ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу; 14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою; 15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру; 2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.

114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару 1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтар оларды заңсыз пайдалану кезiнде шыққан шығындар өтелместен тиесiлi иелерiне қайтарылады. Бұл ретте мемлекетке орман иеленушi шеккен залал өтеледi. 2. Өз бетімен тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру 73 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР заңның жалпы сипаттамасы.

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бӛлігі және экологиялық жүйе шынжырының бӛлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи ӛнімділігіне, ӛсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.

Жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлік алуандылығын сақтау, ӛсімін молайту және тұрақты пайдалану мақсатында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр және мониторинг жүргізу жануарлар дүниесін қорғау, ӛсімін молайту және пайдалануды мемлекеттік басқару үшін, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әралуандылығы мен тіршілік ету ортасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі.

ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, ӛсімін молайту және пайдалану жӛніндегі Заңының 1 бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, ӛсімінің молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы беріледі.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Заңы

Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

74. Аңшылық және аң аулау шаруашылықты құқықтық реттеу

Жануарлар дүниесін пайдаланудың негізгі түрлерінің бірі аң аулау болып табылады.

Аңшылық мынадай түрлерге бӛлінеді:

ӛндірістік аң аулау;

әуесқойлық аң аулау;

өндірістікаң аулау-аңшылық оъектісі болып табылатын жануарлар түрлерін кәсіпкерлік мақсатта аулау.

Әуесқойлық аң аулау-аңшылық объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін спорттық, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және ауланған ӛнімдерді азық ретінде қолдану мақсатында аулау.

Аңшылық уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы беретін тиісті рұқсаттама негізінде жүзеге асырылады.

Ӛндірістік аңшылыққа аңшының мынадай құжаттары болған кезде ғана жол беріледі.Аңшының аңшылық минимумнан емтихан тапсырғаны және уәкілетті органның аумақтық органында тіркелгені кӛрсетілген куәлігі, рұқсаттамасы, аңшылық оқ ату қаруымен жүргізілетін жағдайда ҚР сы ішкі істер органдарының аңшылық оқ ату қаруын сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты,

аңшылық шаруашылығы ұйымымен келісімшарт, аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамалары, және ӛндірістік журналы қажет болып табылады.

75 Балық аулау және балық шаруашылығын құқықтық реттеу

Балық аулау ережелері Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық аулауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін реттейді.

Балық шаруашылығы су айдындары пайдалану маңызына қарай 3 ке бӛлінеді: халықаралық, республикалық, жергілікті.

Балық аулау мынадай түрлерге бӛлінеді: ӛндірістік балық аулау, әуесқойлық балық аулау.

Ӛндірістік балық аулау-балық аулау объектісі болып тпбылатын балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерін кәсіпкерлік мақсатта аулау.Әуесқойлық балық аулау-балық аулау объектісі болып табылатын балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерін спорттық,эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және ауланған ӛнімдерді азық ретінде қолдану мақсатында аулау.

Заңды тұлғалардың, сондай ақ жеке кәсіпкерлердің ӛндірістік балық аулауға рұқсаттамасының бар жоқтығын, аулауды жүргізу ережелерін сақтауын және рұқсат етілген балық түрлерін аулағанын бақылауды арнайы уәкілетті орган іске асырады.

Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары ғылыми мекемелермен келісе отырып, балық аулау мақсатының басталуын ертерек немесе кеш мезгілге, алайда балық аулау маусымы жалғасатын жалпы мерзімнен 15 күнтізбелік күннен асырмай белгілеу туралы шешім қабылдай алады.

Бекітілген лимиттен асыра балық аулағаны үшін,балық қорына келтірілген залалды ӛтеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

акваөсіру - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;

76  Жануарлар әлемін пайдалану және қорғау туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық.

Жануарлар дүниесі обьектілерін сақтау мақсатында тыйым салынады:

- Ӛсімдіктерді жою және жануарларлың тіршілік ету ортасының жай күйін нашарлататын басқа да әрекеттерге:

- Жануарлардың ұялары мен індерін бұзып, қиратуға, жұмыртқаларын жинауға:

- Кӛбею маусымында балықтардың уылдырығы және суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындары деп белгіленген орындарда моторлары оталуы катерлермен,моторлы қайықтармен және басқа да жүзгіш құралдармен жүзуге;

- Уәкілетті органмен келіспестен жабайы тұяқты жануарлар мен топтық құстардың мекенінен ұшақтардың,тікұшақтардың және ӛзгн де ұшатын құралдадың бір километрден тӛмен ұшуына:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінсіз сирек кездесетін және құрып кету қаупі тӛнген жануарлар түрлерін алып қоюға:

- Жануарлар дүниесі объектілерін жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаттамасында кӛрсетілген мерзімдерден тыс уақытта және белгіленген лимиттен артық аулауға:

- Жануарлар дүниесі объектілерін аңшылық және балық аулау ережелерінде кӛзделмеген құралдар, әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы аулауға:

- Жануарлар дүниесі объектілерін жарылғыш заттар мен улы химикаттар қолдана отырып аулауға:

Уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарларды жерсіндіруге және будандастыруға,сондай-ақ қайтадан кӛндіктірілген жануарларды алып қоюға тиым салынады.

Егер осы аталған талаптар орындамаса,экологиялық кодексте кӛзделген жауапкершілікке тартылады.

77. Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабы

Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым -зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының құрылымы

Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы екi томнан тұрады: жануарлар (1-том) және өсiмдiктер (2-том). Әр том бiр кiтап немесе бiрнеше бөлiктер (бөлiмдер топтары немесе жеке бөлiмдер бойынша) түрiнде шығарылуы және қосымша ретiнде - жануарлар мен өсiмдiктердiң құрып кеткен түрлерiнiң және шағын түрлерiнiң аннотация жазылған тiзбесiн, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженiң және жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мәтiндерiн қамтуы мүмкін.Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шығарылады, кез келген шетел тiлiне аударылуы мүмкiн. 5. Жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн сипаттау тәртiбiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қызыл кiтап жөнiндегi Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялары (бұдан әрi - Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар) белгiлейдi. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына жазылған жануарлар мен өсiмдiктердiң әрбiр түрi (шағын түрi, популяциясы) үшiн мынадай негiзгi деректер келтiрiледi: түрдiң латын, қазақ және орыс тiлдерiндегi атауы; мәртебесi; сыртқы түрiнiң бейнеленуi; Қазақстан Республикасында картаға түсiрiлген, бұрын және қазiргi таралуы; саны және оның өзгеру үрдiсi; лимиттеудiң негізгі факторлары және саны мен ареалының өзгеру себептерi; жасанды, ерiксiз және мәдени жағдайларда өсiру мүмкiндігі туралы мәлiметтер; Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтiн популяцияның (популяциялардың) түрдiң тектiк қорын сақтаудағы рөлi; қорғаудың қабылданған және қажетті шаралары; ақпарат көздерi. Қажет болған жағдайларда сондай-ақ, организм дамуының жасы мен маусымдық ерекшелiктерiне тән (құрт, жұмыртқа салу, қуыршақ, өсiмдiк бөлiктерi және басқалар) бейнелеу де келтірiледi.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша: 1-категория – жойылып бара жатқан; 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; 3-категория–сирек кездесетін; 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.

78. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi N 175 Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 21 шiлде N 171-172)

     Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.

      Жалпы заң 2-бөлімнен 18-тараудан 85-баптан тұрады

1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР; 2-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫМЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ; 3-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫНТАБИҒИ АУМАҚТА САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI; 4-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚҰРУ; 5-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТҚЫЗМЕТI МЕМЛЕКЕТТIК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI; 6-тарау. EPEКШE ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖYЙЕСI

2-БӨЛIМ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН, МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫОБЪЕКТIЛЕРIН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIГЕ ЕНЕТIН ҚОРҒАЛАТЫНТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗMETIHIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI:7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР; 8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ӨМIРЛIК ТАБИҒИ ПАРКТЕР; 9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР; 10-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР; 11-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАР; 12-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР; 13-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКIШТЕРI; 14-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚАУМАЛДАР; 15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚОРЫҚ АЙМАҚТАРЫ; 16-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЪЕКТIЛЕР; 17-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЖҮЙЕСIМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIНIҢ ЭЛЕМЕНТТЕРI;18-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕРҚазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және «ҚР ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» заңынан, ҚР Экологиялық Кодексінен және басқа да нормативтік құқықтық актілердан тұрады. Бұл заңдар ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды және мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жӛніндегі қоғамдық қатынастарды реттеп отырады.

79  Қорықтардың және заказниктердің құқықтық режимі.

Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.Мемлекеттiк табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне: 1) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету;2) Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерiн, объектiлерiн зерделеу және олардың мониторингi жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу;4) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге объектiлердi орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттiк экологиялық сараптамасына қатысу;5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

     40-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимi: Мемлекеттiк табиғи қорықтың бүкiл аумағында, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қорықтық күзет режимi белгiленедi, ол бойынша:1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға;3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге;4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;;2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзуге жол берiледi.3. Қарауында мемлекеттiк табиғи қорықтар бар мемлекеттiк табиғи қорықтардың қызметкерлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттiк табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретiн құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.4. Қорықтың аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгiлi бiр дiнге сенушiлердiң құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) қорық аумағы арқылы өтетiн жолдармен баруын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтың әкiмшiлiгi тиiстi дiни бiрлестiкпен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорық инспекторларының iлесiп жүруiмен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегiн рұқсат етуi мүмкiн.Мемлекеттік табиғи заказниктер – мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін бір немесе бірнеше түрлерін сақтау және ӛсімін молайту үшін құрылған, тапсырыс және шаруашылық қызмет режимімен реттелетін ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Мемелекеттік маңызы бар табиғи заказниктер республиканың барлық аумағында бар және олардың саны қазіргі уақытта елуге жетті. Ӛзінің қызметіне байланысты олар – кешенді, биологиялық,

80 Ұлттық табиғи парктердің және табиғат ескерткіштерінің құқықтық режимі.

Мемлекеттік табиғат ескерткіші – мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілеріне жатқызылған, экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық мағынада жекеленген қайталанбайтын, орны тлолтырылмайтын, құнды табиғат кешендері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аймақ.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, және рекреациялық аса маңызды табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға арналаған табиғат қорғау және ғылыми мекеме статусы бар, ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Қазіргі кезде республикамызда 9 мемлекеттік ұлттық парк бар. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің негізгі қызметіне мыналар жатады: табиғи кешендерді, бірегей және эталондық табиғи учаскелерді, мемелекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін, табиғи және тарихи-мұраны сақтау; мемлекеттік ұлттық табиғи парктің және оның күзет аймағының қорғау режимін қамтамассыз ету; экологиялық ағарту; бұзылған табиғи кешендерді, мемлекеттік табиғи-қорық қорының обьектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында келесі аймақтар бӛлінеді: 1) қорықтық режим аймағы; 2) экологиялық тұрақтандыру аймағы; 3) туристік және рекреациялық қызмет аймағы; 4) шектеулі шаруашылық жүргізу аймағы.

Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

     65-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру тәртiбi: Маңыздылығына байланысты мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жекелеген түрлерi және табиғи кешендер республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi болып жарияланады.Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасы мен күзет режимiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасы мен күзет режимiнiң түрлерiн - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары бекiтедi.Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi мен олардың аумақтарын олар қарауына тапсырылған тұлғалардың күзетуiне берудi уәкiлеттi орган, ал жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн - оларды ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүзеге асырады.Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа түрлерiнiң аумағында орналасқан мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi солардың құрамында ескерiледi.Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң аумақтарында мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi сақталуының бұзылуына әкеп соғатын кез келген қызметке тыйым салынып, мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимiнiң түрiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi.Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн күзету осы Заңның 32-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

81 Қазақстан Республикасында Атмосфералық ауа мониторингін

құқықтық қамтамасыз ету

Атмосфералық ауа жағдайы – Қазақстан Республикасының елді – мекендеріндегі атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүйесі. Әрбір елді-мекендердегі бақылау мен тарату мемлекеттік күзет орындарының саны нормативтік талаптардың негізінде халық санымен, жергілікті рельефтер, ластанудың фактілік деңгейін есепке алу арқылы анықталады.

Атмосфералық ауа жағдайының мониторингін Қазақстан Республикасы қоршаған орта жөніндегі Министрліктің «Қазгидромет» РГБ www.kazhydromet.kz арқылы жүзеге асырады.

Ауаның ластануын тұрақты бекеттерде алынған ауаның сынамалары арқылыталаду жасау арқылы алаынады. Ауа сапасының негізгі көрсеткіші ретінде елді мекендерге арналған зиянды заттардың зиянсыз шекті концентрациясы (зшк) қабылданған.

     Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау мынадай принциптерге негiзделедi:

     1) климаттың өзгеруiнiң (жаһандық өзгерудi қоса алғанда) және Жердiң озон қабатының тозуының орны толмас салдарларын болдырмау, бәсеңсiту;

     2) атмосфераға парниктiк газдарды және озонды бұзатын заттарды шығаруды мемлекеттiк реттеудiң мiндеттiлiгi;

     3) климаттың өзгеруi және Жердiң озон қабатының тозуы туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы және дұрыстығы;

     4) климатты және Жердiң озон қабатын қорғау әдiсiнiң ғылыми негiздiлiгi, жүйелiлiгi және кешендiлiгi.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар парниктiк газдардың атмосфераға шығарылуын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын азайту жөнiндегi iс-шараларды, парниктiк газдар шығарындыларының мониторингi деректерiн, парниктiк газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын бақылау нәтижелерiн ескере отырып, климатты және Жердiң озон қабатын қорғау жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк, салалық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген өңiрлiк нысаналы бағдарламалар мен iс-шаралар әзiрлейдi.

     2. Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау бағдарламаларының жобалары климаттың өзгеруiнiң (жаһандық өзгерудi қоса алғанда) және Жердiң озон қабатының тозуының салдарларын болдырмау және бәсеңсiту жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында олардың талқылауына ұсынылуы мүмкiн

21-бап. Атмосфералық ауа мониторингi

     1. Атмосфералық ауаның жай-күйiн байқау, оның жай-күйiн кешендi түрде бағалау мен болжау, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен халықты атмосфералық ауаның сапасы туралы ағымдағы және шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингiн ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi.  

82. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.

      9-бап. Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары  

            және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар

     1. Өздерi үшiн белгiленген шектi жол берiлетiн нормативтен асып кететiн атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және (немесе) зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар жеке және заңды тұлғалар оларды азайту жөнiнде шаралар қабылдауға тиiс.

     2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.

     3. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары олардың талқылауына шығарылады.

     4. Атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларын және оларды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар парниктiк газдардың атмосфераға шығарылуын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын азайту жөнiндегi iс-шараларды, парниктiк газдар шығарындыларының мониторингi деректерiн, парниктiк газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын бақылау нәтижелерiн ескере отырып, климатты және Жердiң озон қабатын қорғау жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк, салалық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген өңiрлiк нысаналы бағдарламалар мен iс-шаралар әзiрлейдi. Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау бағдарламаларының жобалары климаттың өзгеруiнiң (жаһандық өзгерудi қоса алғанда) және Жердiң озон қабатының тозуының салдарларын болдырмау және бәсеңсiту жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында олардың талқылауына ұсынылуы мүмкiн

313-бап. Парниктiк газдардың шектi жол берiлетiн шығарындылары және озонды бұзатын заттардың   тұтынылуын регламенттеу:  Парниктiк газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын мемлекеттiк реттеу мақсатында парниктiк газдардың шектi жол берiлетiн шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың лимиттерi (квоталары) белгiленедi.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган парниктiк газдар шығарындылары көздерiнiң жекелеген түрлерi үшiн парниктiк газдардың шектi жол берiлетiн шығарындыларын белгiлейдi.Озон бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.

318-бап. Парниктiк газдарды және озонды бұзатын  заттарды өндiрiстiк бақылау: Атмосфераға парниктiк газдарды және озонды бұзатын заттар шығарындыларының көздерi бар заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен парниктiк газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жыл сайынғы түгендеу жүргiзу жолымен өндiрiстiк бақылауды жүзеге асырады.Экологиялық қызметтердi ұйымдастыру туралы және парниктiк газдар

83. Атмосфералық ауаны қорғауды мемлекеттік қадағалау

  Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - Мемлекеттiк бақылау) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына бағытталған. Мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi және жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде жергілiктi атқарушы органдармен, сондай-ақ мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiмен және жол полициясы бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасайды.Жергiлiктi атқарушы органдар атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өзiнiң заңнамалық кесiмдерде белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау зиянды (ластайтын) заттар шығарындыларының көздерi бар, оның iшiнде қозғалмалы объектiлердi (бұдан әрi - Объектiлер) тексеруге бағытталған.Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.Тексерудiң кезеңділігi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен анықталады.

22-бап. 1. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау:  

1) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттармен белгiленген талаптарды;  2) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде атмосфералық ауаны қорғауға өндiрiстiк бақылау жүргiзудiң стандарттарын, нормативтерiн, ережелерiн және өзге де талаптарын;  3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздерi бар объектiлердiң санитариялық-қорғаныш аймақтарының режимiн;  4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларының орындалуын;  5) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының өзге де талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.  2. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру: 1) атмосфералық ауаға қарқынды әсер ететiн табиғат пайдаланушылар қызметiнiң экологиялық нәтижелiлiгiн бағалау; 2) тексерiлетiн объектiлер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзiрлеу және зертханалық-талдау деректерiн және атмосфералық ауаға әсер ету, шаруашылық қызметi ықпалынан оның өзгеруi туралы өзге де ақпараттар жинау жолымен мемлекеттiк органдардың, табиғат пайдаланушылардың арасындағы өзара тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылатын атмосфералық ауаға терiс әсер етудi азайту мен жою жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң зертханалық-талдау бақылауы қызметтерiнiң деректерi атмосфералық ауаның сапасын айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны ластайтын көздерден сынамалар алу жолымен алынуы мүмкін. Тексерудiң түрлерi:  жоспарлы - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру; жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы өтiнiштерде және өзге де ақпараттарда жазылған фактiлер.

84. Атмосфералық ауаны қорғауға қойылатын талаптар мен нормативтері.

10-бап. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етудi экологиялық нормалау Химиялық, физикалық, биологиялық және радиациялық факторлардың адамдарға, жануарлар мен өсiмдiктерге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен өзге де объектiлерге әсер етуiнің қауiпсiздiгiн және (немесе) зиянсыздығының өлшемдерiн анықтау мақсатында, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйiн бағалау мақсатында атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерi мен оған физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерi белгiленедi.

11-бап. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылу және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету нормативтерi 1. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуын мемлекеттiк реттеу мақсатында шығарындылардың үлестiк нормативтерi және жол берiлетiн шектi шығарындылардың нормативтерi белгiленедi.  2. Шығарындылардың үлестiк нормативтерiн атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздердiң жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ атмосфералық ауаны ластау көздерi болып табылатын көлiк құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдар үшiн атмосфералық ауаны қорғаудың технологиялық нормативтерiн әзiрлеу құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы белгiлейдi.  Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудi мемлекеттiк реттеу мақсатында атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi белгiленедi.4. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың нормативтерi және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етудiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, оларды анықтау әдiстерi және өздерi үшiн белгiленген көздердiң түрлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бекiтiледi. 6. Зиянды (ластаушы) заттарды мемлекеттiк тiркеу, жол берiлетiн шығарындылар мөлшерiне берiлген рұқсаттарды тiркеу және нақты жасалған шығарындыларды тiркеу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.  

13-бап. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар

     1. Адамның денсаулығы мен тектiк қорына, қоршаған ортаға келтiрiлуi мүмкiн зиянның алдын алу мақсатында жаңа техникаға, технологияға, материалдарға, заттарға және атмосфералық ауаға зиянды әсер етуi мүмкiн басқа да өнiмге арналған стандарттармен атмосфералық ауаны қорғау талаптары белгiленедi.  2. Егер жаңа техникаларды, технологияларды, материалдарды, заттарды және басқа да өнiмдi енгiзу, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен басқа да техникалық құралдарды қолдану атмосфералық ауаны қорғаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарына сай келмесе, оларға тыйым салынады.  3. Қазақстан Республикасының аумағында отын өндiру мен пайдалануға Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жол берiледi.  4. Жағылған кезде тиiстi аумақта атмосфералық ауаның ластануына әкеп соғатын жекелеген отын түрлерiн пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкiметi ғылыми және экономикалық жағынан негiзделген шектеу енгiзуi, сондай-ақ отынның және басқа да мүмкін.

86. Қазақстан Республикасының табиғатты халықаралық-құқықтық қорғауға қатысу нысаны

Адамдардың табиғаттқа барған сайын тигізер әсері соншалық, қоршаған ортаны қорғау мәселесі адмадардың ӛмірін де сақтаумен байланысты болып отыр. Осыған байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық және құқықтық тәсілдерді пайдалана отырып экологиялық мәселені шешу басты сауал болып отыр.

Экологиялық мәселелерді шешу тек бір ғана мемлекеттің немесе елдің қарастыруымен шектелмейді, олар бүкіл әлемдік сипатқа ие. Әлемдік экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі халықаралық ұйымдарға бірігу, халықаралық қарым-қатынсты дамытумен тығыз байланысты. Қоршаған ортаны қоғауға байланысты әлемдік тұрғыдан табиғатты қорғау барынша кӛп мемлекеттердің ӛзара тығыз қатынас орнатпайынша мүмкін емес. Табиғат баршаға ортақ, оның заңы жалпыға тән. Ол мемлекеттік немесе әкімшілік территориялық шектеуді білмейді. Ұлттық тұрғыдан табиғатты қорғауға байланысты іс әректтер жасау сонымен қатар басқа да ұлттар мен халықтардың іс-әрекеттерімен үндес болуы керек.

Әлемдік қоғамдастық табиғатты қорғауға байланысты үлкен үлес қосады, ӛз үлесін сонымен бірге Қазақстан Республикасы да қосуда. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай делінген: жалпыға тән халықаралық нормалар мен қағидалардың, халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады делінген. Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болып табылады. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау аясында табиғатты қорғау мәселелері бойынша басқа мемлекеттермен белсенді ӛзара әрекеттер жасауда. Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан табиғатты қорғауға байланысты басқа да мемлекеттермен бірігіп нәтижелі әрекеттер жасауда. Қазақстан 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының ―Дүниежүзілік конференцияларды тұрақты дамыту‖ жӛніндегі Рио-де – Жанейро декларациясына қол қойды. Ол декларацияда қоршаған ортаны қорғау және дамыту мәселесі, оның ішінде табиғаты тез бұзылуға тән мемлекеттер қарастырылған. Бұл мемлекеттер әлемдік тұрғыдан экологиялық проблемаларды шешу жӛніндегі қорғауды қажет етеді. 2004-2015 экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында белгіленгендей, Қазақстанның табиғаты шӛлді, шӛлейтті болып келеді. Қалыптасқан жағдай бойынша экономикаға кӛңіл бӛлу бір жағынан табиғатқа ӛзінің жағымсыз әсерін тигізетіні сӛзсіз.Тұжырымдамада ұлттық және локальдік проблемалардан басқа да глобальді мәселелер қарастырылған. Міне осы мәселелерді шешу үшін халықаралық қатнасты дамыту қажеттігі ӛз-ӛзінен түсінікті.

1992 жылы бекітілген Рио-де – Жанейро декларациясында тұрақты дамудың принциптерінің негізгі бағыттары ретінде: Халықаралық келсімдердің прақтикалық тұрғыда жүзеге асуы; Қоршаған табиғи ортаны бағалаудың сапасы мен бақылаудың жалпыға ортақ әдісін, критерин және процедурасын шығару; Экологиялық зерттеуді барынша жетілдіру; Экологиялық мәселелерді шешу кезінде халықаралық тәжірбиелерді қолдану; Экологиялық бағадарламалар мен тұжырымдамаларды қаржыландырудың халықаралық ұйымдардан қаржы тарту болып табылады. Қазақстан Республикасының халықаралық қатнастарды барынша дамыту үшін қабылданатын барлық бағдарламалар мен түжырымдарда халықаралық қарым-қатынас мәселелерін алдыға қойған жӛн. Осы айтылғандардардың барлығы тағыда халықаралық тұрғыда қоршаған табиғи ортаны қарғау қажеттігін кӛрсетеді. Халықаралық әріптестіктің қалыптасып серпінді дамыған бағыты болып – қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғау болып табылады.

Сонымен халықаралық экологиялық құқық дегеніміз – субъектілердің қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану және оны қорғауға байланысты қоғамдық қатнастарды реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

          

88 Халықаралық экология құқығының объектілері мен субъектілері.

Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.Сондықтан Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 1) табиғи-тарихи негіздері, 2) принциптері (қағидаттары), 3)стратегиялық мақсаты, 4) басқару жүйесі; 5) экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдылықтары бар.Табиғи-тарихи негіздерге - Қазақстан Республикасының табиғи ерекшеліктері, оның жартысынан астамы шөл және шөлейт аумақтар, табиғатты пайдаланудың ресурстық-шикізаттық жүйесі, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіптердің, әскери объектілердің, табиғи техногендік процестердің зиянды әсерлері мен шетін табиғат жүйелері жатады. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің принциптері Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында Жер планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара байланыстылығын мойындай отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген.1998 жылғы 26 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңында "экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі" деп анықтама берілген/5/.6. Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құрылатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сақтандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Ерікті экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді

89. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

19 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

87-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жалпыға бiрдей экологиялық қауiпсiздiктiң басымдығын сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

88-бап. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметi

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттелмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiне жол берiледi.

89-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттары

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

90. Халықаралық экологиялық конвенциялар мен шарттар

Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.

1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Бүгінгі таңда халықаралық қатнастарда халықаралық ұйымдардың алатын орны ӛте үлкен әрі маңызды болып табылады. Оның себебі осы ұйымдар арқылы кӛптеген қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер тӛңірегіндегі даулы жағдайлар бейбіт жолмен шешуге қол жеткізіледі. Ол әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ӛте жоғары қарқын дамып қазіргі кезде әлемде кӛптеген халықараралық ұйымдар қызмет істеуде. Халықаралық экологиялық байланыс кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының әсіресе оның мамандандырылған бӛлімдерінің ролі жоғары болып табылады. Адамды қоршаған табиғи ортаны қорғау осы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысынан шығады.

Халықаралық ұйым дегеніміз – халықаралық шартқа байланысты құрылған, бір мақсатқа жету үшін тұрақты органдарыдары бар, мүше мемлекеттердің мүддесін кӛздейтін мемлекеттердің бірлестігі болып табылады.

Халықаралық ұйымдарды қарастыратын ӛкілеттігіне байланысты былай жіктеуге болады:

Тек қоршаған орта мәселесімен айналысатын ұйымдар;

Табиғаттың жекеленген объектілерімен айналысатын ұйымдар (жер, су, космос, атмосфералық ауа және т.б.)

Функционалды атқаратын қызметіне байланысты ұйымдар: ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-ақпараттық, құқықшығармашылық-консультативтік және тағы басқа.

Пәндік жіктеуден басқа халықаралық ұйымдар құқықтық статусына және ӛкілеттігінің қолдану аумағына байланысты бӛлінеді. Қолдану аумағына байланысты: глобальді және региональді болып бӛлінеді.

85. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

     248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы

               бұзу

      1. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және қайта жаңғыртылған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалануға қабылдау, -

     лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

     2. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмейтiн жаңа және қайта жаңғыртылған кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi пайдалану, -

     лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.




1. Наследование авторских прав
2. Производство цемента по мокрому способу
3. Федерация традиционных игр народов Республики Бурятия - А
4. Оптимальный Межсуточные колебания температуры не более 2 градусов атмосферного давления не более 3 мм рт
5. Промисловий переворот в США
6. Цензура в России во второй половине 19 века
7. а Работа выполнена- Студент- Коковин М
8. Mil Руководители предприятия- Укажите Ф
9. вытеснения. В случае внешнего вытеснения самым действительным средством избавления было бы бегство от него.
10. відлига принесла українській національно свідомій інтелігенції великі сподівання і гіркі розчарування
11. экономический анализ номенклатуры выпускаемой продукции и ее перспективности для предприятия
12. АХТТ Самостоятельная работа Обмен веществ и превращение энергии
13. Я воровала его заметки и тексты песен
14. предметная область социологии занимающаяся- исследованием социокультурной обусловленности человеческ
15. 24115
16. Психология торговли на фондовом рынке
17. тема. Строение и функции спинного мозга и отделов головного мозга.html
18. это устройство вывода графической и текстовой информации в форме доступной пользователю
19. Оформление трудовых отношений
20. Тема 1 Феномен культуры- проблемы исследования 1