Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

т~рік со~ысы кезінде Кавказда~ы кейбір халы~тар но~ай кабардачеркес шешен т

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.11.2024

Кавказ соғысы – Ресей империясының Кавказ халықтарын бағындыру үшін 18 – 19 ғасырларда жүргізген соғыстары. 18 ғасырдың бас кезінен бастап Ресей үкіметі Кавказдағы өзара қырқысып жатқан халықтардың ішкі істеріне араласа бастады. 1722 – 23 жылы парсы жорығы кезінде Ресей әскерлері Дербент пен Бакуді басып алды және Солтүстік Кавказда әскери бекіністер тұрғыза бастады. 1768 – 74 жылы орыс-түрік соғысы кезінде Кавказдағы кейбір халықтар (ноғай, кабарда-черкес, шешен, т.б.) Ресейге қарсы түрік-татар әскерлері жағында соғысты. Бірақ, 1774 жылы Түркия жеңіліп, Кабарда мен Солтүстік Осетия Ресейге қосылды. Ресей үкіметі Грузия соғыс жолының құрылысын бастап, оның бойында бірнеше бекіністер, соның ішінде Владикавказ қорғанын (1784) салды. 1785 жылы Шешенстан мен Кабарда жерінде отаршыларға қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басталып, бірден көрші аймақтарға тарап кетті. Көтеріліс басшысы Шейї Мансур Кавказ халықтарын ғазауат соғысына шақырды. Мансурмен соғысу үшін және Түркия тарапынан қауіптенген Ресей Шығасыр Грузиядағы әскерін кері шақырып алуға мәжбүр болды. Шешенстан мен Дағыстандағы көтерілістер діни сипат алып, 19 ғасырдың бас кезінде одан әрі күшейді. Олар Кавказдағы Ресей армиясына (қолбасшысы А.П. Ермолаев) бірнеше күшті соққылар берді. Патша әскерлері көтерілісшілерді қатты жазалап, Шекин, Шерван, Карабах хандықтарын жойып жіберді де, жаулап алған жерлерге Внезапная (1819), Бурная (1821) бекіністерін тұрғызды. Ал көтерілістер толастау орнына одан әрі күшейе түсті. Азаттық қозғалысы ислам дінінің жауынгерлік ағымы мүридшілдікті бетке ұстады. Бұл көтерілістерді Иран және Түркия үкіметтері өз мүдделеріне пайдалануға тырысты, бірақ орыс-иран (1826 – 28), орыс-түрік (1828 – 29) соғыстары Ресейдің жеңуімен аяқталды. 19 ғасырдың 30-жылдары Шешенстан және Дағыстан жерінде шешен, авар тайпаларынан тұратын жаңа мемлекет – имамат құрылды. Бұл мемлекет 3-имам Шамиль басқарған кезде нағыз дәуірлеу шағына көтерілді (қ. Шамиль). Шамиль имамат аймағын 2 есе ұлғайтып, Лазарев, Вельяминов, Николаев, Михайлов бекіністерін басып алды. Көптеген жазалаушы отрядтарды талқандап тастады. Осыдан кейін 1840 – 50 жылы Ресейге қарсы адыгейлер, абхаздар, Оңтүстік Осетия, Грузия, Кабарда, Дағыстан халқы түгелімен көтерілді. 1853 – 56 жылы Қырым соғысы кезінде Шамиль Түркия мен Англиядан көмек алуға ұмтылды. Бірақ ұзаққа созылған соғыстардан көтерілісшілер қажып, қатарлары сирей бастады, әрі Кавказ халықтары Ресей бекіністерін талқандағанымен, Түркияға да бағынғылары келмеді. 1856 жылы Париж бітімінен кейін Ресей үкіметі көтерілісшілерді басуға 200 мың әскер шығаруға мүмкіндік алды. 1859 жылы патша әскерлері көтерілістің негізгі ошағы Шешенстан мен Дағыстанның таулы аудандарын жаулап алды. 1859 жылы 25 тамызда Шамиль қолға түсіп, ішкі Ресейге жер аударылды. Сөйтіп, Ресей империясы орасан зор күш жұмсаудың арқасында Кавказ халықтарын бағындыруға қол жеткізді.




1. Исходные данные Uг
2. Лекция- Подготовка к печати и печать документа- версия для печати и PD Лекция посвящена вопросам подготовки к п
3. Test nturl resource is its geogrphicl loction
4. ОХОРОНА ПРАЦІ ТА БЕЗПЕКА В НАДЗВИЧАЙНИХ СИТУАЦІЯХ
5. ПО ТЕМЕ ldquo;ФУНКЦИИ возвращающие более 1 результатаrdquo; Условия выбора варианта
6. Содержание, принципы и способы размещения государственных и муниципальных заказов
7. тема Куба Куба Судебная система органы контроля Основы судебной системы закреплены в главе X Кон
8.  Матрицы Линейные операции над ними и их свойства
9. Стаття 22 Визначення земель сільськогосподарського призначення та порядок їх використання 1
10. Акушерство для учащихся IV курса специальность 2 ' 79 01 01 Лечебное дело 2011-2012 учебный год Эмбри
11. Факторные модели и процессы формирования дохода
12. мегалітичні будівлі Описати кромлех у Стоунхенджі та вказати його значення у розвитку архітектури Мегал
13. Класс 2002 УДК 615
14. тематические методы; клиометрия
15. единой и неделимой России основное внимание уделялось объемным количественным показателям сравнимым с с.
16. Контрольная работа по дисциплине-
17. Роль идеологии как основы национальной безопасности
18. Родовая Книга Люди живут на земле миллиарды лет
19. Культура України увібрала в себе різні впливи
20. Мистер и Мисс школы Для учащихся 9 ~ 11 классов Предварительная организация игры За две недели д