У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

насихатты~ м~ні бар стиль - Публицистикалы~ стиль ~алыптас~ан жазу ~лгісі бар стиль- Ресм

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

Қоғамда үгіт-насихаттық мәні бар стиль : Публицистикалық  стиль

Қалыптасқан жазу үлгісі бар стиль: Ресми стиль

Стильдік тармақтың белгілі бір түріне ыңғайланбаған, қай мәтінде де қолдануға келе беретін сөздер.

Ауызекі сөздер болуы мүмкін

Басқа стильдің элементтері еркін қолданылатын стиль: көркем  әдебиет стилі

Сөйлеу еркіндігі, эмоцияның, диалектизм, кәсіби сөздердің болуы келесі стильге тән:Ауызекі сөйлеу стилі 

Көркемдік құралдар мол қолданылатын стиль: Көркем әдебиет стилі 

Публицистикалық стильді ғылыми стильге жақындастыратын тәсіл: фактіні толық және жүйелі баяндау

Салалық, сала аралық терминдер қолданысы: :  Ғылыми стильде Терминдер салалық, сала аралық және  жалпы   ғылыми   болып  қарастырылады. 

Көркем кеңістікті білдіретін тілдік бірліктер қатары. Коркем кенистикке нускайтын ерекше атауыш создер тобы колданылады: топониf1мдер, белгили бир географиялык терминдер, этнонимдер, мекендик устеулер, диалектизмдер, варваризмдер, киси аттары

Сілтеу есімдігі  ... (ойды жалғастыр). Нұсқау, сілтеу  мәнін білдіріп, қай? Қайсы? Деген сурак

11)Табиғат, адам және қоғам туралы обьективті хабар беруді мақсат ететін функциональдық стильдердің бірі қай стиль?  Ғылыми стиль 

12)Ғылыми стильдің жанрлары: Жазбша және ауызша жанрлары бар: ауызша: баяндама, жарыссөз, лекция; жазбаша моногр, диссерт, мақала. .

13)Өзің болсаң тым ағат ойланғансың ,Бақыт емес басыңа қайғы алғансың, Жан едің ғой жанының талғамы бар,   Қара мұртқа қалайша бағаланғансың. Синекдоха тәсілінде тұрған сөздер қайсы?

Қара мұртқа сөзі

14)Ғылыми стильдің сапалары: логикалық, айқындылық, дәлдік:

15)Таза ғылыми шағын стиль дегеніміз - белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілер шығармаларының стилі болып табылады, олар сол әріптестеріне арнап жазылады.

16)«Физика және биология, химия, жаратылыстану ғылымдарына – табиғат туралы ғылымдарға жатады. Ол нені зерттейді?» Бұл мысал ғылыми стильдің қай түріне жатады? Таза ғылыми шағын стиль

20)Функционалды стильдің пайда болуына ықпал ететін экстралингвистикалық факторлар:

Мыналар: қолданыс тілінің мазмұны, сөйлеушінің сипаты, әңгімелесушінің сипаты, әңгімелесушінің өзара қатынастарының сипаты; қолданыс тілінің  мақсаты; қарым қатынас жағдайы; қолданыс тілінің жүйелері

21)Публицистикалық стильдің негізгі тілі – газет тілі  деп есептеледі

22)Публицистикалық стильдің экстралингвистикалық белгілері: - хабардың толық қанды болуы;Баяндаудың:А) нақтылығы;Ә) фактографиялығы;Б)логикалығы;В) ықшамдылығы;

Г) экспресивтілігі мен эмоциональдылығы;Ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі

23)Бақытсызбын – тірідей өлгендер көп, Бақыттысың - өлгеннің тірісісің.       (Қ. Мырзалиев)

Сөздердің қандай мағыналық тобы қолданылған?Антонимдер

24)Әдеби нормаға енген, ғылыми, публицистикалық, іс қағаздары, көркем әдебиет стильдерінде қолданылатын сөздер тобы қай лексикаға жатады. Бейтарап сөздер 

25)«Қазақ  тіліндегі зат есім стилистикасы» атты еңбектің авторы. Мұсабекова Ф

26)Терминге стилистикалық бояудың қайсысы тән?Функционалдық

27) Қолданыс тілінің мазмұны дегеніміз не? Белгілі бір мәтіннің қандай мәселеге арналғандығы 

28)Тілдік  құралдың  стильдік  сапа қасиетін нақты қолдану жағдайына қатыссыз алып зерттейтін стилистика саласы. Құрылымдық

29) орта, ондағы  құбылыстар мен заттардың белгілі бір қалпын, күй-жайын, сипатын толықтай беру үшін қолданылатын баяндау түрі. Суреттеу

30) Мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын ала басылып дайындалған құжаттар. трафареттік іс қағаздары / ресми құжаттар

 31) Анықтама, жеделхат, мәлімдеме, акт секілді құжаттар мақсатына қарай мына топтардың қайсысына жатады? Анықтама – ақпараттық құжаттар.

32) Оксюморон дегеніміз не? Мағынасы қарама қарсы антоним сөздер өзара тіркесіп бір ұғымды білд. Тірі өлік. Жіпсіз байлану.

33) «Стиль дегеніміз – құрылымдық–синтаксистік категория»,- деп есептеген кім? ? А. И. Ефимов

34) Ауызекі сөйлеу стилі екі шағын стильден тұрады: 1) әдеби ауызекі; 2) тұрмыстық ауызекі сөйлеу;

35) А.Байтұрсынов шығарманың баяндау қабатын нешеге бөлген?әуезе,/әңгімелеу/, әліптеу/суреттеу/, пайымдау/ойталқы/

36) Ойдың немесе белгілі бір күрделі тақырып, мәселенің логикалық дамуы берілетін баяндау түрі: ойталқы немесе  пайымдау

37) Ғылыми еңбектен сөзбе-сөз алынған үзінді:  цитата, дәйексөз

38) Көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильді жақындастыратын тәсіл:  образды сөзді мол қолдану

40) «Очерки по стилистике русского языка» кімнің еңбегі? А.Н. Гвоздев

41) Стильдерді көркем беллетристикалық, әлеуметтік-публицистикалық, ғылыми, профессионалды-техникалық, ресми қағаздар, эпистолярлық деп бөлген кім? А.И.Ефимов

42) Публицистикалық стиль жанрлары:Бас мақала,информациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, пафлет, радио мен телевизордан берілетін хабарлар. 

43) Жарлық, жарғы, дипломатиялық нота тілі:  ресми тіл ішінде дипломатиялық

44) Э.Ризельде стильдерді қанша топқа бөлген? ?  1) көркем әдебиет стилі; 2) публицистикалық стиль; 3) баспасөз стилі; 4) ғылыми әдебиеттер стилі; 5) іс-кағаздар стилі; 6) шешендік стиль 7) телеграф стилі; радиохабарларының стилі; 9) ауызша ресми катынастың стилі; 10) почта стилі 

45) Диалектизмнің көркем әдебиет стиліндегі қолданылу белгісі. бірі – авторлық ремаркада, екіншісі – диалогта. 

46) Плеоназм қолданылған мысалды табыңыз. мағынасы жакын сөздердің тіркесін білдіретін стилистикалық термин. Мысалы: қара- күйе, жандары-жарқын,кәрі-кемпір

47) Табу, эвфемизм, дисфемизм қай стиль түрінің лексикасына тән. ауызекі сөйлеу стильі (бірақ көркем әдебиетте де кездеседі)

48) Терминге тән белгінің бірін атаңыз: 1) танымдық сөз; 2) атау сөз; 3) жаңа сөз – неологизм; 4) арнайы сөз;  

49) –Шіркін, үріп ауызға салғандай екен! Стильдің қай түріне жатады. Көркем әдебиет стилі

50) А.Байтұрсынұлы сөйлеу формаларын қандай атаулармен береді? әуезе, әліптеу, пайымдау немесе зейіндеме деп көрсетеді. 

51) Стилистиканың дербес ғылым саласы ретінде танылуына қай жылы, қай басылымда шыққан материалдар негіз болды? Ғылым Академиясының "Вопросы языкознания" журналы ұйымдастырған екі жылдық дискуссия материалдары

52) Морфологиялық тұлғалар арқылы экпсрессивті-эмоционалды рең алып тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз. Мысалы, ақынсымақ, апатай, ілби, арби, т.б

53) Тіл нормасы деп нені айтамыз? Адамдардың бір бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар

53) Публицистикалық стильге қайсысы жатады?

54) Әдеби тіл дегеніміз… Жазба әдебиет арқылы жалпыға бірдей ортақ нормалары қалыптасқан, стильдік тармақтар сараланған, қоғамдық қызметі әр алуан халық тілінің жоғары формасы»

55) Сөйлеу формасы дегеніміз не? адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті

56) Қазіргі қазақ тілінде стильдің неше түрі бар? 2: ауызекі сөйлеу стилі және кітаби жазба стиль БУЛ АНА  ТУИР БОЛУЫ ДА МУМКИН ГО

57) «Көркем әдебиет стилистикасы» еңбегінің авторы кім? Б.Шалабай

58) Сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болатын қай стиль түрі. Ауызекі сөйлеу стилі,

59) Дипломатиялық ресми шағын стиліне жататын құжаттар нота, мазмұндама, меморандум, келісім, конвенция

60) «Ғылыми прозаның синтаксисі» атты еңбек кімдікі? Сарқыт Әлісжанов

61) Кітаби-жазба стиль өз ішінен нешеге жіктеледі? 4

62) Адамның белгілі бір ерекшелікке, бейімділігін көрсететін және сын есім жасайтын аффиксті сөздер қатарын көрсетіңіз. Мысалы, мақтаншақ, иығына екі түйе мінгендей, жардай, т.б

63)Ілік жалғаулы конструкцияға мәндес болып келетін тіркестер қатарын көрсетіңіз. Күйбеңдескен көп жаман(ның), Сөзі тигенге ұқсайды (Шалкиіз) Осындағы ілік септік жалғауын алып тастап та қолдануға болады

64) Барыс жалғауы жатыс жалғауымен синонимдес болып тұрған сөйлемдер қатарын анықта.

Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеге күн сәулесін түсірмейді. Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеде күн сәулесін түсірмейді.

65) Келтірілген сөйлемнің қайсысында табыс септігін түсіріп айтуға болмайды?

66) Морфологиялық құрылымы тұрғысынан бір-бірімен орайлас, жақын стильдер қатарын көрсет. Кеңсе стилі мен ғылыми стиль

67)Көркем әдебиет тілінің 2 түрі Проза ж/е поэзия

68) Образды сөзді қолдану тәсілі қай стильді өзара жақындастырады? Көркем әдеби стиль мен публицистикалық

69) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақ түрі кездескен сөйлемді көрсет. Шешенсымақ, талай шаштар ағарған

 70) «Тентек теңіз», «асау жүрек» троптың қай түрі? Эпитет

71) Кішірейткіш мәнді аффикстер арқылы жасалған терминдер қатарын көрсет. Зат есімге қосылып кішірейткіш мәнге үстейтін аффикстер: --тай,-ке,-ш,-жан,сымақ(атеке,ағеке,ағатай,жеңгетайДимаш,атсымақ),-ша,-ше,-шақ,-шек,-шық,-шік,қан,бұзауқан,үстелше,бақыршық.

72) Зат есім тудыратын  –лық,  -дық жұрнақтары арқылы жасалған терминдер қатарын көрсет. (белдік, оқулық,аналық,орталық,сөздік))

73) Берілген сөйлемдерден диалекті қолданылғанын табыңыздар.

74) Берілген сөйлемдерден алмастыруды (метонимия) табыңыздар.

.( метонимия- бір топтағы бір нысанның атын бүкіл топқа н/се бір топтың атын басқа топтағы бір нысанға ауыстыру мақсатында қолдану жұмсалатын троптың түрі.Сәкенді оқыдым, Әуезов қызық екен, бір табақ ет жедім-бір табақ жедім.

75) Ғылым мен техника саласындағы мына атаулар мұздатқыш, сепкіш, жылытқыш қай тәсілмен жасалған? ?  (етістік сөздерден  –қыш,-кіш аффикстері арқылы жаңа сөздер жасау)

76) Етістіктен –ма, -ба, -па қосымшалары арқылы жасалған құжаттар атауының қатары:

Хаттама,анықтама, телеграмма, баяндама, түсініктеме,

77) Морфологиялық тұлғалардың қолданылу жүйесі қай стильде сақтала бермейді? Ауызекі сөйлеу стилі

78) Мына сөздердің қайсысы ауызекі сөйлеу стилінің лексикалық ерекшелігін байқатады? Жалпылама лексика(ағаш, ат, бас, бес, жақын);қарапайым сөздер(сандалма, тыраш, шойна); тұрмыстық сөздер(); дөрекі сөздер(малғұн, шайтан,ит); диалектизмдер(Шұнамдай тіршілікте ойын-күлкіге не жетсін.); варваризмдер( Хасеке, Хасеке,  ха, ха, ха. Лөктірің лөктір емес екен.)

79)  Ауызекі сөйлеу стиліне тән қолданысқа сәйкес берілген күрделі етістікті сөйлемді көрсет.

Сіз мені байқамадыңыз-ау деймін, өткен дүйсенбі күні Абай даңғылының бойымен Ұлттық кітапханаға қарай кетіп бара жатырсыз. Сонда қайда кетіп бара жатырсыз?

80) Аффикстердің қосарланып қолданылуына байланысты мысалды анықтаңыз. . –ғылтым,-шылық, -шілік,- шылдық, -шілдік, -лылық,-лілік,-дылық,-тілік

81) Шағын стиль дегеніміз- стильдің тарихи, қоғамдық жағынан қалыптасқан түрі, әр стильдің құрамында және белгілі бір мәтінге ғана байланысты болады.

82) Әжуа, келеке, күлкі, мысқыл мәнін туғызатын аффикстер арқылы жасалған қай сөйлем? Адамсымақ, мырзасымақ, ұйықтағансып,ұшқалақ, сұғанақ, тілемсек, сұрамсақ,бұлти, ілми, қылми, адырай, одырай, бақши,  

83) Антонимдес етістіктер қатысқан сөйлемді көрсет.

84)Күрделі етістік арқылы экспрессивтік мәнге ие болып тұрған сөйлемді ата. Көре қойды, тани кетті, отыра қалды,тастай көрме, кешіре көр, тереңдете түсті, ұйықтап  жатқансып.

85) «Мен» есімдігі қай стильде міндетті түрде түсірілмей жазылады. Ресми іс-қағаздар стилі

86) Сыпайы сөйлеу ыңғайын танытатын морфологиялық тұлғалар. 

87) «Өз» есімдігін қолдануда стильдік жаңсақтық кеткен мысал. Министрлік мекеме басшысына өзіне машина алуға рұқсат берді. Председатель көмекшінің өзіне барсын деп бұйырды.

88) Сан-мөлшерлік мағынада қолданылып тұрған есімдік. Бірқатар, бірсыпыра, біраз,бірнеше

89) Функциональды стиль түрлерін ата? 1) ауызекі сөйлеу стилі2) ғылыми 3) ресми –іс қағаздар

4) публицистикалық5) көркем әд.стилі

90) Әй, ей  қаратпалары қолданылған сөйлем қандай мәнді аңғартады. Әй, ей  қаратпалары қолданылған сөйлем қандай мәнді аңғартады.

Әй, ей — қаратпа сөздері бар сөйлемдер дөрекілікті білдіреді. Әй, Олжабек бері кел (Ғ. Мұстафин). Бала, әй бала, қайдасың?— деді аттылы адам (С. Ерубаев).

91) Жұртқа шешендік бет бұрудың, ұран-үндеудің ерекше бір тәсілі ретінде жұмсалған сөз.

Қаратпа сөздер — жұртқа шешендік бет бұрудың, ұран-үн-деудің ерекше бір тәсілі ретінде де жұмсалады. Мысалы, жолдас–тар! Қымбатты жолдастар! Азаматтар! сияқты сөздер мұндайда жиі қолданылады.

92) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің стильдік мәнін қарастыратын стилистика: Функционалдық стилистика

93) «Балалық шақ ұғымы ертеден, адамның биологиялық жетілуімен емес, оның нақты әлеуметтік статусымен, адамның осы кезеңіне тән құқығы мен міндеті және баланың мүмкіндігіне сай іс-әрекеттің түрімен байланысты». Қай стиль? Ғылыми стиль

94)«Паули есімді каратэ өнерінің хас шеберіне шабуыл жасаған топ санаулы секундтардан соң-ақ әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жөнелтілді». Қай стиль? Публицистикалық стиль

95) Мақал-мәтелдің авторлық-стильдік инвариантты қолданысына мысал. Мысалы, «суыт барып, суыт қайтатын ол топтың ендігі оралатын да кезі болып қалды. Жолаушының кешіккенінен дәмет». « Екеуінің де ә дегеннен желі оңынан туа кетті».

96) «Әке көрген оқ жонады» дейтін Қырымбектің ел басқаратындай жөні де бар. Мақал-мәтел қалай қолданылған? Мақал-мәтелдердің инвариантты қолданысы

97) «Киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер» деген бейнелегіш құралдардың қай түрі арқылы жасалып тұр? Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

98) Ғылыми мәтіндегі ойды тұжырымдау үшін қандай жалғаулық шылау қолданылады? Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

99) «Аз ұйықтау» деген мағыналық реңк байқалатын тұрақты сөз тіркесі. Көз шырымын алу

100) Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктері: Коммуникативтілік, хабар, дерек берушілік немесе өзара қарым-қатынас жасаушылық және эстетикалық, яғни әсемдік әсер берушілік қызметтерінің бірлігі. Ерекшеліктер: 1) көп стильділігі;2)бейнелеу-мәнерлеу құралдарының болуы;3)троптардың, фигуралардың еркін қолданылуы.

101) Мағыналас фразеологизмдер қолданылған қатар. «Аузын ашып, көзін жұму – аузының суы құру – таңдай қағу – бас шайқау»«астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп; ашуы қар жауғандай, шөккен нардай; ит өлген жер, ит арқасы қиянда, ит жеккен жер, көз көрмес жер, құлақ естімес жер».

102) Жер шұқу тіркесіне синоним болатын сөз. Қазақ тіліндегі ұялу мағынасын білдіретін сөздер

103)Халықпен жасасып келе жатқан, сол ұлт өкілдері мен сол тілді игерген басқа ұлт өкілдерінің бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасайтын тіл – Жалпы халықтық тіл

104) Фразеологизмдер экспрессивтік-стильдік бояуына қарай қалай топтастырылады? 1)бейтарап қолд. Фр.р2) сөйлеу тілі  фразеологиясы; 3)кітаби сипаттағы фраз;

105) Тілек, ниет мәнін туғызатын етістіктің тұлғасы арқылы берілген сөйлем. ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: сен ертең жүрсең екен; ол пікірін айтса екен т. Т

106) Тақырып - жазушының шындық өмірден таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына арқау еткен өміп құбылыстарының тобы.

107) «Бағдат, Мысыр шаһарының бірінде бір ер жігіт Хасен деген, бір ай десе - аузы бар, күн десе – көзі бар, ай маңдайлы, жұлдыз көзді сұлуға ғашық болған» - деген мысалда бейнелегіш құралдың қай түрі қолданылған? Гипербола

108) Кітаби-жазба стильге жатпайтын стиль түрі. Ауызекі сөйлеу стилі

109) Сөйлеу тіліне тән емес белгі. Сөйлемдегі сөздердің дағдылы орын тәртібі, логикалық, дәлдік, айқындық.

110) «Қазақ теңеулері» кітабының авторы Т.Қоңыров

111) Екі тамшы судай деген тұрақты сөз тіркесі тілімізге қандай жолмен аударылып, қолданылып тұр. Дәлме дәл, сөз бе сөз аудару

112) Синтаксистік амалдарды дәлме-дәл пайдаланып, сөйлемдерді қатаң құрау қай стильге тән? Ресми

113) Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі нысан болатын бірлігі не? мәтін

114) Ойды дұрыс құрастыруда әсіресе қай сөйлем мүшесінінің қызметі басым? баяндауыш

115) Неологизмдер көбіне қай стильдердің негізінде қалыптасады? Ғылыми мен публицистикалық стильдерде

116) Синтаксистік стилистика талаптары тұрғысынан сөйлем құраудың негізгі шарты. Синтаксистік қатынастың болуы /ой айқындылығы/

117) Іс қағаздары, ғылыми стильдерде қандай синонимдер жұмсалады? синонимдердің жеке бір сыңарлары кейде ретіне қарай қолданылады. Ал екі не үш синоним бірдей қатар жұмсалмайды.

118) Қыстырма сөз сөйлемге қандай мағына үстейді?  Модальды

119) «-Бар, айт баршаға осынымды!» Толықтауыш сөйлемнің қай жерінде қолданылған? Ортасында

120) Солғын бұйрық мәніндегі сөйлемді көрсет.

121) «Метафораның түп-тамыры тілдің, сөздің туу тарихымен тікелей байланысты. Метафора табиғаттың өзі сыйлаған, оларды қарапайым оқымаған адамдардың өздері де байқамай, сезбей қолдана береді», - деген кім? Б.Хасанов

122) Менің алдымнан жемірілген өкшелер, жырым-жырым шалбар балақтары өтіп жатты. Сөйлемнен синекдохаларды тап. Жемірілген өкше, жырым жырым шалбар балақтары

123) Экспрессивтік бояуы басым сөйлем қатарын көрсет.

124) Эпифора қызметінде көбіне сөйлемнің қай мүшесі жұмсалады? Бастауыш

125) Стилистикалық қате кеткен сөйлем.

126) Толымсыз сөйлемдер негізінен қай стильде қолданылады?  Ауызеки сойлеу тили  стилинде

127) Жалғаулықсыз қолданылған бірыңғай толықтауыш мүшелердің қайсысына тиісті септік жалғауы жалғанады?

128 Жалғаулық шылау дұрыс қолданылмаған сөйлем. 1.Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен(бен, пен, бенен, пенен, )да(де, та, те,)және, әрі.2.Қарсылықты қатынасты біліретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.3.Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.4.Себеп -салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар:себебі, өйткені, сондықтан, т.б.Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, жалғаулықтар:

салаластырғыш жалғаулықтар жәнесабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі топқа бөлінеді.

129) Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын алмастырып, бірінің орнына бірін айту.Метонимия

130) ... грекше — көшіру, ауыстыру, суреттеліп отырған затты не құбылысты өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау деген сөз. Метафора 

131)  Сөз тіркестері мен сөйлемдердің жұмсалу аясын, мағыналық құбылыстарын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастыратын стилистика саласы.

132) Сөйлем тізбектері бір-бірімен өз ара дұрыс байланыста болуы керек, ал байланыстары айқын емес сөйлемдер қатары ...

133) Сөйлемдердегі сөздердің біріне ой екпінін түсіріп, құрылысын, әуенін өзгертіп айтсақ, олардың стильдік өңі бұрынғыдан өзгеше бола ма? Болмайды

134) Қарқынды еңбек, жүзеге асыру, қолдау табу, қызу құттықтау қолданыстары қай стильге тән? Ресми іс қағаздар 

135) Тулаған толқын, ынталы жүрек, суық ақыл сияқты сөз тіркестері қай стильде қолданылады? Көркем әдебиет стилі 

136) Дауысқа салу, қол қою, мөр басу сияқты сөз тіркестері қай стильде қолданылады? Ресми

137) Екі не одан да көп синтаксистік конструкциялардың лексикалық құрамы бірдей, мазмұны бір, бірыңғай синтаксистік қатынаста келіп, құрылымы әр түрлі болып, соған сай нәзік мағыналық айырмашылығы байқалатын синтаксистік параллелизмнің түрі. 

138) Бірыңғай синтаксистік қатынасты білдіретін мына сөйлемдер синоним бола ала ма? Алматыдан келе жатыр. – Мәскеуден келе жатыр.  Бола ламайды

139) Теңеуге мынадай анықтама берген кім? "Теңеу дегеніміз — ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы". Т.Қоңыров 

140) Көңілі білімсіздің құмдай болар, құйса да дария тасып жымдай болар. Қандай көріктеу құралы пайдаланылған?: Теңеу қолд.н 

141) Дүниедегі нәрсенің кайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ, не ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе кылып сөйлейміз. Я тұлға, тұрпатын, кескіні, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз... Кімнің пікірі? Б.Шалабай 

147) Оқиғалар бірін-бірі толықтырып, дамытып, динамикалы баяндау үстемдік құратын сөйлеу формасы. 

148) Жастау бірінің жүзі алқызыл тартып, көздері жасаурай береді. Бар әл-қуаты қарсы қайырып желкесінен кескен қалың қара шашында қалған сияқты. Үлкен қара көздері жарқ етіп ашылады да, қайта жұмылады. Баяндаудың қай түрі?  Суреттеу

149) Ойталқы - әнгімелеу сияқты динамикалы форма, бірақ одан айырмашылығы ... Оқиғаның дамуы емес, ой , тақырып, мәселенің дамуы бейнеленеді.

150) Аз істеп, көп қуанды ма, көп істеп аз қуанды ма, бәрібір, өмірінде босқа кеткен көп күндерін, болмашыға шашқан көп күштерін есіне алады. Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді. Жаңа жұртқа жақсылық тілейді Осының атын адам дейміз! Баяндаудың қандай түрі? Ойталқы

151) Лингвистикада "стиль" жазу мәнері деген латын тіліндегі осы мағынасы қай елде көп тараған? Еуропа білімпаздарының арасында

152) Лингвистикада "стиль" сөзге сендіру тәсілі деген мағынасы қай елде тараған? Орта ғасырларда Грецияда, Римде ( сендіру, нандыру)

153) Үнді оқымыстылары стилистиканы қандай ғылым деп есептеген? Мәнерлеп сөйлеу туралы ғылым деп есептеген.

154) Риторикалық сұраулы сөйлемді белгілеңіз. Сұраулы сөйлем түрінде

155) Дыбыстарды, оларға тән белгі, интонация, қайталау, дыбыс үйлесімділігі сияқты ерекшеліктерді белгілі мақсатқа икемдеп, қайткенде де мәнерлі құрал ретінде пайдалану жағын көздейтін қай сала?

 

156) Ойды мәнерлі жеткізу үшін морфологиялық формаларды қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын қарастыратын ...  

157) Стильдің ерекшеліктеріне 1. тілдік құралдардың қолданылу нормасына сай таңдап құралуы; 2. шектелген және арнаулы лексикалық құрам; 3. өзіне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері. 4. өзіне тән фразеология. 5. өзіне тән синтаксистік конструкциялар. 6. әр стильге лайық мәнерлегіш құралдардың құрамы мен қызметі жатады деп атап көрсеткен кім?  

158) Қарым-қатынастың әр түрлі аясына, шарттарына тәуелді болатын тілдік бірліктердің қолданылу жүйесін, стильдерді қарастыратын сала қалай аталады?

159) Жалпыхалықтық  тілдің әдеби тілге енбейтін бөліктері: жаргондар, варваризмдер  

160) М.Балақаев стильдерді қалай бөледі?  Ресми кеңсе, публ.,ғылымир техникалық,  көркем әдебиет, ауызекі  5

161) Сөз қайталау тәсілі (беретінің бер, алатыныңды ал, айтқаным айтқан) т. б. Қай стильге тән? Ауызекі стиль

162) Негізінен көбіне диалогқа құрылатыны қайсысы?ауызекі

163) Диалог формасы қалай құрылуы керек? Диалог репкилар тізбегінен тұрады, қысқа тұжырымды болып келеді.

164) Стилистиканы «жоғары синтаксис» деп атаған кім?В.Г.Белинский

165) Сөйлеуге қатысушы екі адамның тез түсінісуі сөйлеудің өту жағдайына, дауыс ырғағы интонациясына және басқа неге байланысты? Басқа дене қимылдарымен тікелей байланысты

166) Тілдік құралдар сұрыпталып қолданылатын, тікелей қатынас жүзеге аспайтын стиль түріне мысал. Ресми, публиц. Ғылыми 

167) Лингвистикалық стилистиканың бағыттарын ата? Сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі  стилистикалық қызметті айқындау; шығарманың, мәтіннің  құрылымы, ондағы тілдік құралдардың  орнымен қолданылып, тындармандарға немесе  оқырмандарға ойды мүлтіксіз жеткізуді қадағалау.

168) Стилистиканың зерттеу объектілерінің ауқымына, көлеміне байланысты бөлінуі? Жалпы, салыстырмалы салғастырмалы, ішінара, дара стилисттика

169) Басқа стильдерде кездесе бермейтін, бірақ көркем әдебиет тіліне ең қажетті шарттардың бірі-  автордың шығармашылық даралығының болуы

170) Көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қарайтын ғалымдар тобы:Л.Н.Максимов, Н.М.Шанский, Н.А.Мещарский, К.А. Панфилов

171) Сөйлеу мен жазудың жалпы халықтық тілде ұзақ уақыт бойы қалыптасқан табиғи түрі.  Бұл қандай тіл?  Проза тили

172) Волюнтативтік қызмет қай стильге тәуелді? Ресми стиль

173) Біздің елімізде ғылыми стиль қай кезеңде дамып, өркендеді? Тым ерте кезде мыс: трактат, диалог т.б

174) Ғылыми стильдің жазбаша түріне жататындар:монография, мақала, диссертация, рецензия, хабарлама,  оқулықтар т.б.

175) Ғылыми стильдің ауызша түрі: баяндама, жарыссөз, лекция

176 құрылымының негізін нелер құрайды? тақырып, тақырып мазмұны, негізгі ой, тақырыпша, жоспар

177) Радиохабарлар неден тұрады? Тридадан  тұрады: ауызша сөйлеу тілі, табиғи дыбыстар, музыка.

178) Әлемдік деңгейде лингвистикалық стилистиканың негізін салушы ғалым? Ш.Балли 

178) Автор - мәтін –– оқырман байланысының мағынасы не?

179) Автор – болмыс – мәтін байланысының мағынасы не? Автор мәтінде көрініс табатын болмыстағы фактілерді түрлі құбылыс көңіл күйді өзіндік дара, әлемдік, тілдік бейнесі арқ. Бейнеленеді.

180) Оқырман мәтіннен ықпалды сезіне отырып, автордың шығармашылық ойын түсінуге және соған бойлай енуге тырысады. Бұл қандай құрылымдардың арасындағы қатынастарды білдіреді. Оқырман мәтін  автор 

181) “Синтаксистік синонимдер” атты еңбек кімдікі ?М.Серғалиев 

182) "Ғылым тілі" ұғымына берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз. Техника мен ғылымда қолданылатын тіл. 

183) Ғылыми стильдерде бұрыннан тілдік қолданыста бар сөздің мағынасы, заттың белгісі, қасиеттері қайта ойлаудан өтіп, жаңа ұғым атауына негіз болады. Ол қалай деп аталады?  неологизм

184) Математикалық өрнек, электрон бұлты, философияның түп-тамыры қандай қолданыс?

185) Ғылыми ізденіс өзіне дейінгі ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, өз мақсаты мен міндеттерін айқындайды, сондықтан ол қандай сипатта болады? Ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді.

186) Ғылыми стильде ізденуші-автор үшін ең бастысы не? 

187) Ғылым тілі лексикасын не құрайды? Ғылым тілі лексикасы, негізінен, үш қабаттан тұрады. Жалпылама қолданылатын сөздер немесе бейтарап лексика,  ғылымның барлық салаларына тән ғылыми сипатты сөздер және жекеленген ғылым саласының өзінде ғана қолданылатын термин  сөздер. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көпмағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады.

188) Эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер ету функциясын атқаратын қай стильдің туындылары? Көркем тіл стилі

189) Шеберлік дегеніміз не? Тар шеңберде  алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс әрекет, сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау  үшін қажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу.

190) Ойлау, ілгерілеу, ұмтылу, жаңару сөздері қайсысына жатады?

191) Мұндағы ғимараттардың ішіндегі шоқтығы биігі, әрине, Ақорда философиялық-танымдық тұңғиығы – «Бәйтерек». Асты сызылған сөздер қайсысына жатады? БИИГИ; ТУНГИЫГЫ ДЕГЕН БОЛУ КЕРЕК АСТЫ СЫЗЫЛГАН: МЫНДА СЫЗБАЙ КОЙЫПТЫ ГО.  БИРАК ТОЧНО БИЛМЕЙМ НЕ БОЛАТЫНЫН.

192) «Тілдегі сөздердің қай-қайсысының да экспрессивтік бояуы бола бермейді» деген дұрыс па? Дұрыс

193) Олимпиада ойындарында мемлекетінің қоржынына медаль салған оғландардың өзі қапы кетіп жатады. Марғұлан мен Нұрбақыт Азияда құр кетсе, бар қайратын олимпиадаға жұмсап, өкінішісін шайсын деп тілейік. Қай стильге мысал бола алады? Публицистикалық стиль

194) «Мен Мұқағалиды оқыдым». Троптың қай түріне жатады? Метонимия

195) Эпифора, анафора дегеніміз не? Анафора – шумақтың н/е бірнеше өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиылысатын бірыңғай қайталаулар. Мыс: Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде, Еңіреп ж.рген ер  едім (Махамбет) Эпифора- (аяқталуы бірдей) мұнда қатар айтылған сөйлемнің соңы бірдей болады. Мыс: Ер қайда? Аруақ қайда? Намыс қайда?

196) Тегінде, адамдарды күшпен қорқытуға, еріксіз жылатуға болар. Бірақ зорлап қуандыру мүмкін емес. Ендеше, осыншама ел бір адам үшін неге дүрлікті? Қуаныштың сыры неде? Баяндаудың  қай түрі?Ойталқы

197) Кездесуге отандық көлік саласын қалыптастыру мен дамытуға орасан зор үлес қосқан, есімдері елімізге белгілі соғыс және еңбек ардагерлері – теміржолшылар, теңізшілер және автожолшылар қатысты. Қай стильге мысал бола алады? Публицистикалық стиль

198) Егізкөлдің бергісі кішірек болушы еді, соның бар суы лықсып келіп, тас кемерінен бір-ақ ырғып түсті. Лақ етіп ақтарылды. Сарқырап жататын құлама суды көміп жіберді. Үйдей тастар гүрсілдетіп домалап келеді. Баяндаудың  қай түрі? Суреттеу

199) Сөз әсерін күшейте түсу үшін шамадан тыс асыра әсірелеу:

200) Әңгімелеуді белгілеңіз. МЫНДА ЖАУАПТАРЫНА КАРАУ КЕРЕК. БИРАК АНЫКТАМАСЫН ЖАЗЫП КОЯ БЕРЕЙИН СОГАН КАРАП ТАБАРСЫНДАР. Әңгімелеудің формалық, құрылымдық мазмұны оқиғалардың мезгілдік ізбе-ізділігі, құбылыстардың бірін-бірі ауыстыруы құрайды. Әңгімелеу формасының заттық мазмұны шексіз кеңістікте, шексіз мезгілдік мерзімді алып жатады.

201) Коннатациялық мағынасы бар сөзді белгілеңіз.  коннатациялық (бейнелік) ұғым

202) Варваризм қай сөйлемде қолданылған? Варваризм сөздерге бір тілдің өзінде баламасы бола тұрып, сол тілге қажеттілігі болмаса да, басқа тілден орынсыз қолданылған сөздер.

203) Эмоцияға бой ұрмайтын стиль түрі? Ғылыми

204) Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты.  Ұлы кеуденің демі тоқталды. Асты сызылған сөздер қайсысына жатады? парафраза

205) Көркем әдебиет тілін функциональдық стильдердің басқа түрлерімен "терезесі тең" деп есептейтін ғалымдар:Р.А.Будагов, А.И.Ефимов, И.Р.Гальперин,Э.Г.Ризель,М.И. Кожина, Б.Н. Головин, А.Н.Васильева, Д.Э.Розенталь, А.Н.Гвоздев

206) Нақты, дәл көрсеткішті беруде айрықша стильдік мәнге ие сөз табы. САН ЕСІМ 

207) Стилистиканың негізгі міндеттері:




1. ЛЬВІВСЬКА ПОЛІТЕХНІКА
2. ого року життя в дошкільному закладі Процес пристосування адаптації до дитячого садка проходить досит.
3. Private label
4. методическим советом Министерства образования Российской Федерации в качестве учебника для гуманитарных н
5.  В основе взаимодействия продавцов и покупателей на рынке лежит конкуренция
6. Святые помощники
7. Курсовая работа- Брак - основа семьи
8. Чехия
9. УТВЕРЖДЕНО Приказ от 2014 г
10.  Социальноэкономическая сущность внебюджетных фондов Важным звеном финансовой системы являются внебюдж
11. Лабораторная работа 4 по теплотехнике- исследование теплоотдачи при свободном движении воздуха
12. На тему- ldquo;Взаємодія людини і суспільства із природним середовищем їх життя- сучасний стан перспективи
13. 2 Инфляцияны~ т~рлері мен факторлары8 1
14. Яблоки на снегу с очень нежной начинкой просто тает во рту Ингредиенты- Яблоки 1 кг Для теста-
15. Стійкість до голодування і активність АДГ у Drosophila melanogaster із природних популяцій України
16. ГИГИЕНИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА ОСНОВНЫХ ГРУПП ПРОДУКТОВ ПИТАНИЯ
17.  Человек в системе социальных связей
18. Тематика семинарских занятий по Новейшей истории стран Азии и Африки 4 курс ДО 20082009 уч
19. ПОНЯТИЕ И СУЩНОСТЬ СВЯЗЕЙ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ ГЛАВА 2.html
20. Лабораторная работа Диффузия в полупроводниковых кристаллах 1