Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
«Астана Медицина университеті»АҚ
Жалпы хирургия кафедрасы
Ауру тарихы:
Науқастың аты жөні: Ахметов Сагындық Сабырұлы
Клиникалық диагнозы: Оң жақ үлкен жіліншіктің
жабық өспелі сынығы. Жұмсақ тіннің қабынуы.
Куратор студент 319топ 3курс
Жалпы медицина
Бектаева Айсулу
Құжаттық бөлім
Науқастың аты - жөні, тегі: Ахметов Сагындық Сабырұлы
Жынысы: Ер
Жасы : 21.08.1959ж
Жұмыс орны, кәсібі, лауазымы: Жұмыссыз
Отбасылық жағдайы: Үйленген.
Түскен күні мен уақыты: 12.11.2013
Жолданған ұйымның диагнозы: Оң жақ үлкен жіліншіктің жабық өспелі сынығы. Жұмсақ тіннің қабынуы.
Түскен кездегі диагноз:
Клиникалық диагнозы:
А. Негізгі: : Оң жақ үлкен жіліншіктің жабық өспелі сынығы. Жұмсақ тіннің қабынуы.
Операцияның аты: Миграциялы бұранданы алып тастау, ошақтың санациясы
Операция уақыты: 19.11.2013ж. 8.30-9.00сағ
Операциядан кейінгі асқыну: Жоқ
І. Науқастың шағымы
Науқас оң жақ сирағының ұзақ сыздап ауыратындығына ,қимыл қозғалысының бұзылғандығына, оң жақ аяғының ісігендігіне, жалпы әлсіздікке шағымданды.
А) ОЖЖ және психикасы: Көңіл күйі нашар, ұйқысы қашқан, басы ауырмайды, тітіркендіргіштігі жоғары, жылымайды.
Б) Сезім мүшелері: Иіс сезуі, көруі, естуі қалыпты.
В) Тыныс алу мүшесі: Ентікпесі жоқ, көкірек тұсында ауру сезімі жоқ, жөтелмейді, қақырығы жоқ.
Г) Қан айналу жүйесі: физикалық күш түссе ентігу пайда болады, оң аяғы ісіген, жүрек тұсында ауру сезімі жоқ
Д ) Асқорту жүйесі: Тәбеті қалыпты, жұтуы жақсы, қыжылы жоқ, жүрегі айнымайды, құспайды, іш аймағында ауырсыну сезімі жоқ
Е) Зәршығару жүйесі: зәр шығару жиілігі қалыпты, зәрдің көлемі қалыпты.
II. Ауру тарихы (anamnesis morbi)
20.09.13ж. науқас сатыдан құлап жарақат алған. науқас Травматология және Ортопедия ғылыми зерттеу институтында 20.09.13ж. 30.09.13ж уақыт аралығында емделген. OS: оң жақ үлкен жіліншігінің және кіші жіліншігінің жылжымалы сынығына операция жасалған. Науқастың айтуы бойынша үйіне келген соң бірнеше аптадан соң аяғы қатты сыздап , қақсап ауырған, аяғын баса алмай қалған, жарақаттан ірің бөлінгеннен кейін ТО ҒЗИ қаралған, жолдама бойынша №2 АӨБ хирургия бөлімшесіне госпитализацияланған.
ІІІ. Өмір тарихы (anamnesis vitae)
Боткин және туберкулез ауруымен ауырмайды. Науқаста балалық шағынан бастап ешқандай аурумен ауырмаған, ешқандай жарақат алмаған және операциялық араласулар болмаған. Әлеуметтік тұрмыс жағдайы: тұрғын үйі бар, тамақ ішуі жақсы. Физиологиялық және ақыл есінің дамуы қалыпты, Үйленген. Зиянды әдеттері: темекі шегеді, кейде алкоголь ішеді, наркотик қабылдамайды, кофе және шайды көп ішпейді. Тұқым қуалаушылығы: ата- анасында және туысқандарында тұқым қуалайтын аурулар жоқ.
IVНауқастың қазіргі кездегі объективтіжағдайы.
(status praesens objectives)
Науқастың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық,санасы анық, төсектегі қалпы мәжбүрлі, түр әлпеті қалыпты, дене бітімі нормостеник, салмағы62 кг бойы 1.66см, тамақтануы әлсіз. Ылғалдылығы, температурасы қалыпты
Терісі: түсі қара қоңыр, азырақ ылғалды, терісі таза, бөртпе,ойық жара, пигменитация , тыртық, қабыршықтары жоқ. Терісі эластикалы,тершең емес, шашы түспеген, тырнағы сынбаған, дөңгелек формалы, бұлыңғыр қызыл түсті.
Тері асты шелмайының дамуы қалыпты, ісік тек жарақаттанған аймақта байқалады.
Шырышты қабат: түсі қалыпты, пигментация, эрозия, бөртпесі жоқ.
Лимфа бездерін қарау: екі жақты салыстыра отырып пальпациялағанда құлақ маңы , жақ асты , бұғана үсті, иек асты лимфа түйінің көлемі, тығыздығы қалыпты . Тыртық жоқ
Бұлшықет қалыпты дамыған,пальпацияда тонусы қалыпты, жергілікті гипертрофия,атрофиясы анықталмайды.
Сүйектері. Кеуде клеткасында, омыртқасында деформация жоқ. Оң жақ аяғында , ісіну, пальпацияда ауру сезімі бар. Оң аяғы сол аяғынан қысқалау, ақсаңдап жүреді.
Буындар: Оң жақаяғының буынының қимыл қозғалысы шектеулі, пассивті, жергілікті температурасы жоғары. Иығын, шынтағын, білегін, бел жамбас буынынында конфинурация қалыпты , тер жамылғысы өзгермеген.
Тыныс алу жүйесі: ешқандай шағымы жоқ. Кеуде қуысы қалыпты, деформация жоқ, симметриялы, жауырынның орналасуы қалыпты, қабырға аралығы терең тыныс алғандағы жағдайы қалыпты. Кеуде клеткасының оң және сол жақ бөлігі симмертиялы. Ісіну жоқ. Кеуде клеткасының екі бөлігіде тыныс алуға бірдей қатысады. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатыспайды. Пальпацияда ісіну, ауру сезімі байқалады. Тері астына ауа жиналмаған. Тыныс алутүрі: құрсақтық , тыныс алу ырғағы ырғақты, тыныс алу жиілігі 19 рет. Дауыс дірілі кеуде клеткасына бірдей тараған, Өкпенің перкуссиясысалыстырмалы таралған, перкуторлы дыбыс қалыпты.Топографиялық аускультацияда өкпе шекарасы: алдынан бұғана үсті ойығынан 3-4см жоғары, артынан VIII мойын омыртқасы. Төменгі шекарасы барлық сызық бойынша қалыпты. Өкпе экскурсиясы 3 сызықбойынша қалыпты . Салыстырмалы аускультацияда везикулярлы тыныс естіледі, қосымша дыбыстар жоқ.
Жүрек қантамыр жүйесі: Науқаста ешқандай шағым жоқ. Жүрек аймағын қарағанда ешқандай деформация жоқ. Жүрек түрткісі анықталмайды, жүрек бүкірі жоқ. Артерияны қарау , пальпация қалыпты Эпигастральды аймақта пульсация әлсіз. . Пульс минутына 80 рет, қантолуы толық, ырғағы ырғақты. Артериялық қысым 120/80 мм.сын.бағ. Венены қарау және пальпация: мойын, кеуде қуысы, құрсақ қабырғасының , аяқтарының веналары үлкеймеген. Жүрек аймағын қарау: жүрек бүкірі жоқ, жүрек үшы соққысы қалыпты, жоғарғы шекарасы қалыпты. Перкуссия: шала тұйық дыбыс, оң , сол жақ жоғарғы шекарасы қалыпты. Жүрек перкуссиясының тұйық дыбысы Жоғарғы шекарасы ІІІ қабырға аралықта. Сол жағы- бұғана орта сызығынан 1см ішке. Оңжағы 4 қабырға аралықта. Аускультация: жүрек және ірі тамыр тондары анық, ритмы:дұрыс, систолалық және диастолалық қалыпты шу естіледі. Патологиялық шу естілмейді.
Асқорту жүйесі: Тәбеті қалыпты. Дәм сезуі өзгермеген. Кедергісіз жұтынады. Ауызынан иіс шықпайды. Ауыз қуысы, ерін түсі құрғамаған, қалыпты. Ауыздың шырышты қабығы қалыпты, қызыл иегі қанталаған, тісінде кариес бар, тілі ылғалды. Миндалтдың көлемі қалыпты. Тілшігі нің көлемі қалыпты. Іштің формасы қалыпты. Эпигастралды бұрыш 90°.Ішінің формасы дөңгелекжәне симмертриялы, ісінбеген.Тыныс алу актіне қатыспайды. Құрсақ қабырғасының алдыңғы венасының үлкеюі байқалмайды. Беткейлік іштің пальпациясы:іші жұмсақ,бауыры , көкбауыры ауырмайды. Аускультацияда қалыпты дыбыс естіледі. Патологиялық шулар жоқ.
Қозғалмалы тоқ ішектің терең пальпациясы В.П Образцов және Н.Д. Стражеско бойынша: Сол мықын аймағында сигма тәрізді ішек пальпацияланады, жұмсақ қозғалмалы, эластикалық , ауырсынусыз. Оң мықын аймағында соқыр ішек пальпацияланады, жұмсақ, қозғалмалы, ауырсынусыз Кіндік аймағында тоқ ішек пальпацияланады, тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз.
Асқазан:асқазанның үлкен иіні түзу түрінде пальпацияланады, тегіс , кіндіктен 2см жоғары ауырсынусыз білікше.
Бауыр: бауыр қабырға доғасы бойынша пальпацияланады, ауырсынусыз. Консистенциясы жұмсақ, эластикалық Греков- Ортнер, Кера симптомдары оң, Мерфи, Мюссе- Георгиевский симптомы теріс.
Курлов бойынша бауырдың көлемі:
Оң кеуде клеткасы аймағысызығы бойынша -9см
Оң ортабұғана сызығы бойынша 8см
Сол қабырға доғасы сызығыьбойынша 7см
Ұйқы безі: ұйқыбезінде ісіктәрізді қалыптасулар жоқ. Чухриенко, Воскресенко, Мейо- Робсон симптомы теріс
Көкбауыр: Пальпацияда көкбауыр анықталмайды. Топографиялық перкуссияда көкбауыр IX-X қабырғада. Ұзындығы-6см. көлденең 4см
Зәр шығару жүйесі: Пальпацияда бүйрек формасы , көлемі, қозғалмалылығы қалыпты. Зәрдің түсі , иісі , зәр шығару уақыты қалыпты, ауырсыну сезімі жоқ. ХІІ қабырға симптомы екі жақтанда теріс. Бүйрек пальпацияланбайды. Олардың пальпациясы ауырсынусыз.
Жүйке жүйесі және иіс сезу жүйесі: есі қалыпты, қалыпты сөйлейді, қалтырау, салдану, парез сезімталдық бұзылысы жоқ. Жұтыну, қарашық мөлдір қабықтың рефлекстері өзгермеген. Сіңірлік рефлекстері қалыпты.Бас ауыруы, айналуы, естен тануы жоқ. Ұйқысы терең, бірқалыпты. Оянған соғ көңіл күйі жақсыү
V. Жергілікті статус (status localis)
Пальпацияда ауырсыну сезімі бар, пульсация байқалмайды, сынық бөлігінің крепитациясы байқалады. . Оң жақ үлкен жіліншіктің жабық өспелі сынығы. Жұмсақ тіннің қабынуы анықталды.
Медиальды беткейінде жарақыт бар көлемі 0.6x0.9.және сирағының алдыңғы беткейінде ісіну байқалады. Пішіні сопақ, үңірейуі жоқ, қанкетуі жоқ. Жарақат аймағындағы терінің жағдайы: тері қарайған, ісінген, терінің температурасы жоғары, гиперемия , инфильтрация байқалмайды, Сү йегі сынған, терісі , бұлшықеті зақымданған. Сол сирағы оң сирағына қарағанда үлкен. Тіннің грануляциясы: тіннің түсі қара- қызыл, қан кетпейді . Некроздалған тін жоқ. Левомиколь мазымен апликация жасалады. Асептикалық повязка, лонгет. Жараны хлоргексидинмен өңдейді.
Науқаста ісік ,күйік , жара жоқ.
VI. Қосымша зерттеу әдісі.
Рентгенологиялық әдіс: суретте орташа қаттылықта және контрастта оң аяқтың сирақ сүйегінің көлеңкелері анықталады. оң жақ сирағының төменгі үшінші үлкен жіліншік және жоғарғы үшінші кіші жіліншік сүйегінің қиғаш сынуы . Алдын ала DS: төменгі винттың миграциясы, жұмсақ тіннің қабынуы.
Жалпы зәр анализі: Физико химиялық қасиеттері: Көлемі 60мл Түсі: сары Тұнықтығы: тұнық Тығыздығы:1015 Реакциясы 5.0 Қант : теріс Нәруыз: 0,066 |
Микроскопиялық зерттеу: Жалпақ эпителий: 1поле зр. Лейкоцит 3-4п/зр Сілейме + |
Қанның биохимиясы: Жалпы белок -67,91 гр/ л Мочевина- 328 ммоль/ л Креатинин- 68,82ммоль/ л АлаТ-5,6мккат /л АсаТ-9,6 мккат/ л Жалпы билирубин -8,4 мкмол/ л Қандағы глюкоза -5, 71ммоль/ л |
Кеуде қуысының жалпы рентгенографиясы:созылмалы бронхит, Пневмосклероз ФГДС: қызыл тыртықты кеудедегі жаралық ауру
VII Клиникалық диагноз.
Науқаста пальпация кезінде оң жақ сирағының төменгі үшінші үлкен жіліншік және жоғарғы үшінші кіші жіліншік сүйегінің ауыратындығына, патологиялық қимыл сезіміне , оң жақ аяқ басы саусағының қозғалысының шектелуіне, жергілікті температураға, ұйқысыздыққа, жалпы әлсіздікке, ааяқ саусақтарын қозғалта алмауына шағымдануына байланысты оң жақ жіліншігінде сынық бар деп диагноз қоюға болады.
Берілген негізгі рентгенологиялық зерттеулер бойынша науқаста жабық қисық сынық, оң жақ үлкен жіліншіктің және жоғарғы үшінші кіші жіліншік сүйек бөлшегінің жылжуы , жұмсақ тіннің қабынуы анықталды , науқасқа көшпелі бұранданы алып тастау, ошақтың санациясы жасалды. Науқаста операциядан кейін ешқандай асқынуболған жоқ.Науқаста басқа ешқандай қосымша ауру жоқ.
VIII. Емдеу жоспары:
Жалпы: Палаталық режим
Антибиотикотерапия
Қабынуға қарсы терапия, жансызданжырушы терапия
Жергілікті : Миграциялы бұранданы алып тастау. Күнделікті антисептикалық повязка. Ливомиколь мазьын жағу.
Толық жазылуы үшін комплексті ем қажет, емдік физкультура жасау,массаж, физиотерапиялық ем қолдану, остеопароздың фармакотепрапиясы, буындардың активті және пассивті қозғалысы жасау қажет.
ІХ Күнделік
14.11.2013
Тағайындалды:
16.11.2013
Тағайындалды:
20.11.2013
Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Науқастың оң жақ сирағының ұзақ сыздап ауыратынды. Аяғын қозғалтқанды ауырады.
Объективті: Терісінің түсі қара қызыл. Пульс минутына 80 рет, ырғағы ырғақты. Артериялық қысым 120/80 мм.сын.бағ.t -37°C
Жергілікті: Науқаста жабық сынық, сирағының оң жақ үлкен жіліншігінің және жоғарғы үшінші кіші жіліншік сүйек бөлшегінің жылжуы , жұмсақ тіннің қабынуы анықталды, Тіннің грануляциясы: тіннің түсі қара- қызыл тін некроздалмаған, ісінген, гиперпигментация, кейбір жерде гиперемия , айналасындағы тіндерде ауыру сезімі бар.
23.11.2013
Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Аяғын қозғалтқанда ауырады
Объективті: Терісінің түсі қара қызыл. Пульс минутына 80 рет, ырғағы ырғақты. Артериялық қысым 120/80 мм.сын.бағ.t -36,6°C
Жергілікті: оң жақ сирағынды дәкелі повязка бар. Ісіну әлі қайтпаған. оң жақ сирағыны айналасындағы тері аздап көгерген.Жара сутегі асқын тотығымен өңделген. Левомиколь мазьмен повязка жасалған.
Рентгненологиялық , ФГДСзерттеуден өту керек
Х. Операцияның сипаттамасы
Операцияның аты: Миграциялы бұранданы алып тастау, ошақтың санациясы
Операция уақыты: 19.11.2013ж. 8.30-9.00сағ.
Жансыздандыру СМА .
операция протоколы №656.
Хирург Карымсаков У.К Асистент Оразбаев А. Анастезиологс Касенов А.Г. медбике Гүлнұр.
ХІ Аурудың сипаттамасы
Сынық дегеніміз- сүйектің жартылай немесе толық бүтіндігінің бұзылысы, тез әсер ететін қоршаған орта әсерінен немесе сүйектің патологиялық жағдайынан болады.
Сирақтың сынуы барлық сынықтың 10% құрайды. Оның ағымы, емдеу әдісі,уақыты сынықтың көлеміне байланысты, Сирақ ол аяқ қаңқасының еркін қозғалатынбөлігі, екі сүйектен тұрады. (үлкен жіліншік, кіші жіліншік) Негізгі салмақ үлкен жіліншікке түседі. Үлкен жіліншік ол сирақтың ұзын, үлкен сүйегі. Денесінен және екі буын аяғынан тұрады. Проксимальды Үлкен жіліншік сүйегі ол тізе буынын қалыптастырады. Дистальды Үлкен жіліншік сүйегі және кішк жіліншік сүйегі табан сирақ буынын құрайды. Үлкен жіліншік сүйегінің сынығы сүйекке үлкен күш түскенде болады.
Сүйек диафизінің сынығы қисық, көлденең, үшкір, фрагментарлы, буынішілік болып бөлінеді.
Үлкен жіліншік сүйегінің сынығының диагностикасына рентгенография жатады.
Үлкен жіліншік сүйегінің сынығының симптомы: сирақтың деформациясы сүйек бөлігінің жылжуына байланысты, іміну, сол жерді пальпациялағанда және қозғалтқанды ауырсыну сезімі. Осы аяққы күш түсіре алмау.
Қазіргі кезде еміне операция жатады. Анатомиялық орналасу ерекшелігіне байланысты , сынған кезде сүйек бөлігімен терінің екіншілікті перфорацияына алып келеді. Стационарда сүйек бөлігінің иммобилизациясы өкше сүйегінен тарту. Бұд әдіс операция алдында қолданады және зақымданған жердің терісін жақсарту үшін қолданады.
Сирақ сүйегінің сынуы локализациясына байланысты бөлінеді:
Сирақ сүйегінің жоғарғы бөлігінің сынығы (үлкен жіліншіктің басы мен мойынының сынығы, үлкен жіліншіктің айдаршығының сынығы)
Сирақ сүйегінің ортаңғы бөлігінің сынығы (үлкен және кіші жіліншіктің диафизарлы сынығы)
Сирақ сүйегінің төменгі бөлігінің сынығы (тобық сынығы)
Сирақтың жоғарғы және төменгі бөлігінің сынығы буынның ішкі немесе буын аймағындағы сыныққа жатады.
Үлкен жіліншіктің диафизының сынығы тікелей немесе тікелей емес жарақаттың нәтижесінде болады. Егер сүйек аралық мембрана зақымдалмаса, онда ұзындығы бойынша сүйек бөліктерінің жылжуы болмайды. Көлемі бойынша жылжу болуы мүмкін. Науқасты зақымданған аймақтың ауруына және ісінуіне шағымданады. Сирақ деформацияланған. Аяқты қозғалта алмайды. Диагнозды растау үшін екі проекцияда рентген ография жасалады. Зақымданған аймақты жансыздандырады. Сүйек бөлігінің жылжуында лонгетті гипспен репозиция жасалады. Жұмсақ тіннің интерпозициясында операция жасалады.
(В.А. Чернавский, У.А. Абдуразаков « Диагностика и лечение переломов и вывихов» 209 беттен.
Сынықтың жіктелуі:
Жеңіл, ауыр, аралас, өте ауыр сынықтар болады.
Сынықтың алғашқыь күні жарақат аймағында қанқұйылу, дәнекер тінінің өлуі, асептикалық қабыну жіне ісіну пайда болады. Зақымдалған аймақты лейкоцит және қабынулық экссудаттың миграциясы байқалады. Асептикалық қабыну зақымданған тінді сорумен бірге жүреді. 2 аптадан соң алғашқы сүйектік мүйізгек пайда болады.
Сынық кезіндегі клиникалық көрініс жалпы және жергілікті деп бөлінеді.
Жергілікті көрініс: ауру, деформация, функцияның бұзылысы,аяқтың қысқаруы, крепитация.
Жалпы көрініс: шок,ауру аймағындағы қатты ауру сезімі, бүйрек қызметінің бұзылысы, зәрде ақуыз , май, қанның формалы элементі пайда болады, температура жоғарылайды.
Емі: Жабық сынық кезіндегі алғашқы көмек сынған сүйек бөлігінің жылжуының алдын алу және олардың айналасындағы тінді зақымдамау. Ол кезде транспортты иммобилизация және транспортты шина салу керек.
Қазіргі кезде анатомиялық құрылысты және физиологиялық жағдайын қалпына келтіру міндетті.
Сынықты емдеу кезіндегі асқынулар олар сыныққа жақын орналасқан мүне немесе тіннің зақымдалуы , бөліктердің дұрыс емес орналасуы, қосымша аурулар, дұрыс емдемеу, функционалды емдеу әдісінің бұзылуы болады
(Стручков)
ХІІ. Эпикриз.
Науқас оң жақ тізесінің ұзақ сыздап ауыратындығына ,қимыл қозғалысының бұзылғандығына, оң жақ аяғының ісігендігіне, жалпы әлсіздікке шағымданды. 20.09.13ж. науқас сатыдан құлап жарақат алған. науқас Травматология және Ортопедия ғылыми зерттеу институтында 20.09.13ж. 30.09.13ж уақыт аралығында емделген. OS: оң жақ үлкен жіліншігінің және кіші жіліншігінің жылжымалы сынығына операция жасалған. Науқастың айтуы бойынша үйіне келген соң бірнеше аптадан соң аяғы қатты сыздап , қақсап ауырған, жарақаттан ірің бөлінгеннен кейін ТО ҒЗИ қаралған, жолдама бойынша №2 АӨБ хирургия бөлімшесіне госпитализацияланған.
Науқастың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық,санасы анық, төсектегі қалпы мәжбүрлі, түр әлпеті қалыпты, дене бітімі нормостеник, салмағы62 кг бойы 1.66см, тамақтануы әлсіз. Сүйектер. Оң жақ аяғында деформация, ісіну, пальпацияда аурусезімі бар.Оң аяғы сол аяғынан қысқалау, асқаңдап жүреді.
Буындар: Оң жақаяғының буынының қимыл қозғалысы шектеулі, пассивті, жергілікті температурасы жоғары. Рентгенологиялық әдіс: суретте орташа қаттылықта және контрастта оң аяқтың сирақ сүйегінің көлеңкелері анықталады. оң жақ сирағының төменгі үшінші үлкен жіліншік және жоғарғы үшінші кіші жіліншік сүйегінің қиғаш сынуы . Алдын ала DS: төменгі винттың миграциясы, жұмсақ тіннің қабынуы.
Консервативті және оперативті ем қолданылды. Миграциялы бұранданы алып тастау, ошақтың санациясы оперативті ем жүргізілді. Консервативті ем ауруды азауту үшын науқасқа аналгин 2.0+ димидрол 2.0вм перпараты берілді. Ары қарай емді жалғастыруға диклофенак 3.0 вм , кетотоп 2.0 мв, Пентоксифиллин 5.0+физ р-р тағайындалды. Толық жазылуы үшін комплексті ем қажет, емдік физкультура жасау,массаж, физиотерапиялық ем қолдану, остеопароздың фармакотепрапиясы, буындардың активті және пассивті қозғалысы жасау қажет.
14.11.2013
Тағайындалды:
23.11.2013
Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Аяғын қозғалтқанда ауырады
Объективті: Терісінің түсі қара қызыл. Пульс минутына 80 рет, ырғағы ырғақты. Артериялық қысым 120/80 мм.сын.бағ.t -36,6°C
Жергілікті: оң жақ сирағынды дәкелі повязка бар. Ісіну әлі қайтпаған. оң жақ сирағыны айналасындағы тері аздап көгерген.Жара сутегі асқын тотығымен өңделген. Левомиколь мазьмен повязка жасалған.
Операцияның аты: Миграциялы бұранданы алып тастау, ошақтың санациясы Операция уақыты: 19.11.2013ж. 8.30-9.00сағ. Жансыздандыру СМА . операция протоколы №656. Хирург Карымсаков У.К Асистент Оразбаев А. Анастезиологс Касенов А.Г. медбике Гүлнұр. Үлкен жіліншіктің диафизының сынығы тікелей немесе тікелей емес жарақаттың нәтижесінде болады. Егер сүйек аралық мембрана зақымдалмаса, онда ұзындығы бойынша сүйек бөліктерінің жылжуы болмайды. Көлемі бойынша жылжу болуы мүмкін. Науқасты зақымданған аймақтың ауруына және ісінуіне шағымданады. Сирақ деформацияланған. Аяқты қозғалта алмайды. Диагнозды растау үшін екі проекцияда рентген ография жасалады. Зақымданған аймақты жансыздандырады. Сүйек бөлігінің жылжуында лонгетті гипспен репозиция жасалады. Жұмсақ тіннің интерпозициясында операция жасалады.