Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

а ~ таби~и тілді~ т~рлері; белгілі ~леуметтік айма~ты~ немесе к~сіби ортада ~арым~атынас ~ызметін ат~араты

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Тілдің өмір сүру формалары

Тіл абстракциялық дүние ретінде тіл иелерінің санасында болады. Ал қоғамда тіл түрлі қолданыста көрініс беріп, өмір сүру формалары болады. Ұлттық тіл тілдің өмір сүру формаларының ең негізгісі болып, бәрінің басын қосады.

Тілдің өмір сүру формалары бір-бірінен ерекшелене отырып, қоғамдық құбылыс ретінде тілдің негізгі өзіндік белгілері мен қызметін сақтайды.

Тілдің өмір сүру формасы (орыс. формы существования языка)табиғи тілдің түрлері; белгілі әлеуметтік, аймақтық немесе кәсіби ортада қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзара байланысты тіл варианттарының жүйесі. Тілдің өмір сүру формаларының жоғарғы формасы әдеби тіл, басқа формалары: жергілікті диалектілер, говорлар, койне, әлеуметтік диалектілер (арго, жаргон т.б.), қарапайым сөйлеу тілі. Бұлардың бәрі де жалпыхалықтық тілдің, ұлттық тілдің формалары болып табылады (Ғ.Қалиев. Тіл білімі термин. түс. сөздігі. 361-б.).  

Тілдің негізгі өмір сүру формалары:

  •  әдеби тіл;
  •  ауызша және жазбаша формалар;
  •  территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы;
  •  әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формасы;

Ұлттық тіл – белгілі бір қоғамның барлық саласында коммуникацияны қамтамасыз ететін, күрделі, жан-жақты жүйелердің жүйесі.

Тілдің негізгі өмір сүру формасы ретінде ауызша тіл болса, жазбаша тіл оған бағынышты болады. Бүгінгі таңда 300 тілдің жазуы болса, әлемде 3 мыңнан 7-8 мыңға дейін, тіпті 10-ға жуық тіл бар деп жатады. Жазу ауызша тілден әлдеқайда кейін пайда болған. Егер ауызша тілге 50 мың жылдай уақыт болды десек,  ең көне жазуға, мәселен, шумер сына жазуына 6 мың жыл уақыт болған. Ауызша тілде тұрғындардың барлығы сөйлейтін болса, ал жазбашасын қоғамның белгілі бір бөлігі ғана қолданады. Ауызша тілдің мүмкіндігі жазбашамен салыстырғанда ақпаратты беруде, түсінікті, тұшымды, мәнерлі етіп жеткізуде әлдеқайда кең. Б.Шоу «жоқ пен бар» деген сөзді айтудың 50 түрлі әдіс-тәсілі бар деген екен.

Әдеби тіл – өркениетті қоғамның ең маңызды, жоғарғы формасы. Әдеби тілдің дамуы сол елдің мәдениетінің, экономикалық өрлеуінің нәтижесінде дамиды. Әрі бұл форма қоғамда сөздері үлгі ретінде ұғынылатын біртуар жазушылардың, публицистердің, қоғам қайраткерлерінің үлес қосуымен қалыптасады. Орыс әдеби тілінің негізін салған А.С.Пушкин деп жатады.

Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы дегеніміз ең алдымен территориялық диалектілер (наречие, говор, подговор). Территориялық диалектілер этникалық ұжым қолданылатын ұлттық тілдің варианттары (нұсқалары). Территориялық диалектілердің қолданылу аясы тұрмыстық қарым-қатынас, ал бір диалектінің негізінде халықтық поэтикалық шығармашылық пайда болады. Елдің сауаттылығының артуымен, халықтың көшіп қонуымен байланысты дамыған елдерде диалектілердің қолданылу аясы тарыла бастайды. Диалект иесі біртіндеп әдеби тілге көшеді. Дегенмен диалектілік сөзде әсіресе фонетикалық құбылыстар сақталып қалады.

 Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формаларына ареалдық тіл де жатады. Негізгі мекеніне бөлек елдерде қолданылатын ұлттық тіл (АҚШ, КАнада, Австария, Жаңа Зеландиядағы ағылшын тілі; Австрия мен Швейцариядағы неміс тілі, Канала, Бельгия, бұрынғы отар елдердегі француз тілі). Ареалды тіл негізгі тілдің белгілерін сақтай отырып, аймақтық та ерекшеліктерге ұшырайды, әсіресе лексикалық қорынан байқалады.

Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формалары әдеби тілге қарама-қарсы қойылады.

Әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формалары да әдеби тілге қарсы қойылады. Оларға ең алдымен әлеуметтік диалектілер, әлеуметтік жаргондар жатады.

Әлеуметтік диалект – белгілі бір  әлеуметтік топтың сөйлеу ерекшелігі. Әлеуметтік диалектілерге кәсіби диалектілер жатқызылады. Кәсіби диалектілер – белгілі бір кәсіп иелерінің сөйлеу ерекшелігі. Кәсіби диалектілер әртүрлі еңбек құралдарын, олармен жұмыс істеу әрекеттерін өзінше атаудан пайда болады. Негізінен арнайы терминдерден тұрады, мысалы орыс тілді құс өсірушілер мынадай бірліктерді пайдаланады екен: пульканье, клыканье, гусачок, раскат т.б. Мұның бәрі құстың сайрауын сипаттайтын сөздер.

Әлеуметтік диалектілер жергілікті шаруалар диалектісіне жақын болып келеді. Бұларда басқаша «шартты тілдер» деп атайды. ХІХ ғ. Ресейде деректерге қарағанда мұндай тілдің 70 түрі болған. Бұлар кең территорияға тарап, он мыңдаған кезбе саударгерлердің (офенея, шерстобитов, шорников, овчинников, портных, ремесленников) қарым-қатынас жасауына қызмет еткен. Мұндай шартты тілдерге қайыршылар тілі де жатады. Бұлардың тілі қоғамнан аластатылған, ұрылар, қылмыс әлемінің жаргонына өте жақын [Ю.С.Степанов. Основы общего языкознания. Москва, «Просвещение» 1975. стр. 198].

Гендерлекті – бір ұлттың ішіндегі әйелдер мен ерекетердің сөйлеу тілінің ерекшелігі. Бұл құбылысқа соңғы жылдары ерекше мән беріле бастады. Осымен байланысты гендерлік лингвистика (ағыл. gender – жыныс) тіл мен сөйлеудегі гендерлік жіктелісті зерттейтеуге байланысты пайда болады.

Қоғамдық дамуы сатысы жағынан жоғары тұрмайтын, тек дәстүрлі өмір салтын ұстанатын кейбір халықтың тілінде тілдің әйелдік және еркектік нұсқалары бар. Мәселен, Алтайдағы кейбір айлтай түркілерінің тілінде бір сөзді ерлер бөрі, әйелдер ұлушы деп, ерлер бала, әйелер ұран, тауықты ерлер құш, әйелдер – ушар, тісті ерлер тиш, әйелдер азу деп атайтын құбылыстар байқалады. Әйелдер көбіне көне формаларды, ерлер жаңа формаларды қолданады екен. Мұндай құбылыс әлемдегі көптеген халықтың тілінде кездеседі.

Әлеуметтік жаргон – белгілі бір әлеуметтік топтардың ауызша сөйлеуінде қолданылатын пәс, төмендетілген, экспрессивті (айрықша, құлаққа тосын, ерекше қолданылатын сөздер) тілдік бірліктердің жиынтығы. Әлеуметтік жаргондарға кәсіби жаргондар да жатады.

Кәсіби жаргондар – белгілі бір кәсіп иелерінің ауызша сөйлеуінде қолданылатын төмендетілген, экспрессивті кәсіби сөздердің жиынтығы. Мысалы радиомеханиктердің кәсіби жаргонында конденсатор сөзін кондер, напряжение – напруга т.б. қолдану.

Спортшы, көлік жүргізуші, теңізші, ұшқыш, дәрігерлердің қолданылатын кәсіби жаргондары болады.

Қылмыстық жаргон. Қылмыстық жаргон негізінен Ресейде жан-жақты зерттелген. Соңғы кездері мұндай сөздіктер көптеп жарыққа шықты. Кейде бұл жаргонды ұрылар жаргоны, арго деп те атайды. Орыс тіліндегі қылмыстық жаргон мочить, медвежатник (сейф ашатын), рыжье (алтын), щипач, щирмач, трассагон (қалта ұрысы) т.б.  

Қаңғыбастар жаргоны Ресейде 20-жылдары 30-жылдардың басына дейін болған.

Балалар жаргоны бір-бірімен сөйлесу үшін және құпия сақтау үшін қолданылады. Көбіне оған сөздердің арасына буын қосып сөйлеуді жатқызуға болады. Ол қазақ тілінде де солай сөйлеу әрекеттері болған.

 Жастар жаргоны – 14-25 жас аралығындағы қоғам мүшелерінің сөйлеу ерекшелігі. Жастар өз ортасында солай сөйлеуді әдет қылып, есейген соң қолданудан қала бастайды.  

Орыс тіліндегі клево, облом, тормоз, понтовый, башню сносить т.б. Қазақ тілінде де сондай мысалдарды келтіруге болады: қуу, лақтыру, қораға кіргізу т.б.

Әлеуметтік жаргондардың ерекшелігі - жүйелелігі әлсіз, көлемі аздау болуы, жаңа сөздермен жаңарып отыруы және ондай лексикалық бірліктердің әр өңірге тән, жергілікті сипаты болуы.

Топтық (корпоративті) жаргондар уақытша топтасып біріккен адамдардың сөзіндегі ерекшелік. Көбіне оған солдат және студент жаргондары жатқызылады. Әскер қатарында болу, ЖОО оқу арнайы кәсіп, тұрақты жұмыс болмағандықтан, әскери қызметте, оқу барысында жастар аталған жаргонның тіл жұмсаушысы болып, белгілі бір уақыттан кейін ондай сөздер қолданыстан шығып қалады.    

Солдат жаргоны: дембиль (увольнение запас), самоволка (әскери бөлімшеден өз бетімен кету), губа (гаупвахта), дух, черпак, дед, қазақша шал, ұшып жүру (жүгіріп жүру), асыл (қинал) деп қолдану т.б.   

Студенттер жаргонына степуха (стипендия), препод (преподователь), шпора, автомат, общага (жатақхана), т.б.

Әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формаларына касталық тілдер де жатады. Белгілі бір қоғамдағы әлеуметтік жік, сауатты, басқару элита өкілдерінің тілі болып табылады. Мәселен, Англияда ХІ-ХІІІ ғғ. норман басқыншыларының касталық тілі француз тілі болып саналды,  ал Данияда XVII-XVIII мемлекеттік тіл ретінде неміс тілі қолданылды. Ресейде ХІХ ғ. касталық тіл ретінде француз тілінде, ал қалғандар орыс тілінің диалектілерінде сөйледі.    

Тағы бір әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формаларына діни сипатта, діни мақсатта қолданылатын культтік тілдер жатады. Көптеген елдерде культтік тілдер негізгі тұрғындардың тілімен сәйкеспейді. Мысалы Ресейде культтік тіл ретінде шіркеулік славян, Арменияда көне армян Грабар тілі, Үндістанда санскрит қолданылады.

Тілдік байланыс

Тілдің құрылысы мен сөз қорына әсер ететін екі не одан да көп тілдердің өзара қатынасы. Тілдік байланыс түрлі этникалық және тілдік топ өкілдерінің араласу қажеттілігінен туындайды.

Нейролингвистика деректеріне сүйенсек, адам миының сол жақ бөлігі негізгі тілмен байланысты болса, оң жақ бөлігі басқа тілмен байланысты болады екен. Көрші халықтардың тілдік байланысы заңды, мысалы орыс тілінде батыс тілдерінің, қазақ тілінің сөздері, қазақ тіліндегі орыс, араб, парсы, моңғол сөздері көптеп кездеседі. Араласатын халықтардың әлеуметтік-мәдени даму деңгейі бір болмайды, сондықтан қай салада кірме сөздер көп кездессе, сол салада бөтен тілдің, яғни халқтың ықпалы күшті болғакнын байқауға болады. Мысалы, орыс тілінде XVIII ғ. дейін түркі тілінен енген кірме сөздер – сауда-саттық, экономика, әлеуметтік, әскери салаларда көптеп кездеседі. Ал XVIII ғ. кейін орыс тіліне еуропалық терминдер көптеп енді. Сол сияқты қазақ тіліндегі кірме сөздерді (араб, парсы сөздерінің ысырылуы) солай саралауға болады [А.Салқынбай, Е.Абакан. Тіл әлемі. А., 2009. 283-б.].

Тілдік контактілер. (лат. contactus жанасу) ор. контакты языковые. Бір немесе бірнеше тілдің құрылымы мен сөздігіне ықпал ететін екі не одан көп тілдің бір-бірімен байланысқа түсуі. Тілдік контактілердің әлеуметтік жағдайлары әртүрлі этникалық, тілдік топтардың шаруашылық, саяси т.б. себептермен бір-бірімен жиі қарым-қатынасқа түсуі арқылы анықталады. Тілдік контактілер – әртүрлі тілде сөйлеушілердің үнемі байланыс жасауы нәтижесінде пайда болады, ондай жағдайда сөйлеушілер бір мезгілде екі тілді бірдей пайдалануы немесе әрқайсысын жеке қолдануы мүмкін [Ғ.Қалиев. Тіл білімі термин. түс. сөзд.].

Соғысу, қоныс аудару, жаңа жерлерді игеру және басқа да себептерге байланысты халықтардың өзара қарым-қатынасы тілдердің байланысына да септік етеді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде бір тіл жойылып, жаңа бір тіл пайда болып жататын кездер болады. Тілдің тарихындағы тілдер байланысының аса маңызды екенін австрия лингвисті Гуго Шухардт атап өткен.  Ал Марр тілдік байланысты «Тіл туралы жаңа ілімінде» тілдің дамуындағы бірден-бір себеп деп көрсетеді.

Бүгінгі таңда тілдердің әрекеттестігі әлеуметтік және саяси мәселелермен байланысты болғандықтан көптеген ғалымдардың қызығушылығын туғызды.  «Будандастыру» (скрещивание) атты терминнің орнына осы мәселемен ұзақ айналысқан Андре Мартине мен Уриэля Вайнрайхтың ұсынған «тілдердің байланысы» деген термин қабылданды.

Әртүрлі халықтар қатарлас өмір сүріп жатқан аймақтарды зерттей келе, тілдердің өзара әрекет етуінің бірнеше үлгілері мен түрлері ажыратылды. 50-жылдардан бастап әлеуметтік лингвистикада екі және көп тілділік құбылысының ерекшелігі айрықша мән берілді.

Әлеуметтік лингвистика тұрғысынан тілдер байланысының мынадай типтері ажыратылады: бейімделу, ынтымақтастық, бәсекелестік және қақтығыс.     

Ынтымақтастық нәтижесінде тілдердің өзара сөз алмасу, жаңа тіл пайда болу, бір тілдің ерікті түрде қатынас құралы ретінде қолданылу үдерісі жүреді. Бөтен тілге бейімделу барысында пиджиндер қалыптасады,  яғни өз тілдері бөлек адамдардың ықшамдалған коммуникативтік жүйе арқылы қарым-қатынас жасауы.

Пиджин, креол тілдері. Кейбір елдерде халықтар арасындағы қарым-қатынас қызметін пиджин  тілдері атқарады (пиджин-инглиш, лингва-франка, бичламар, португал пиджин). Мұндай гибридті тілдер Қиыр Шығыс, Мұхит елдерінде, Батыс Африка, Латын Америка елдерінде орын алған.

Пиджин қарым-қатынас жағдайында ортақтығы жоқ түрлі топтағы тілдер арасында болады, көбіне ауызша түрде жүзеге асады. Пиджин тілдер қзметі жағынан шектеулі, этникалық топтың ешқайсысының ана тілі болып танылмайды.

Ал белгілі бір этностың туған тілі болып кеткен пиджин тілін креол тілдер деп атайды.

Пиджиндер (ағыл. business сөзін бұзып айтудан шыққан) орысша пиджины. Негіз тілдің құрылымын бұзып, қарапайымдап дамудан пайда болған тілдер типі. Пиджин көбінесе ағылшын тілінің негізінде қалыптасқан, сонымен бірге француз, испан, португал тіллдері негізінде қалыптасқандары кездеседі. П.халқы аралас, әр текті елдерде этносаралық қатынас құралы ретінде қолданылады. П.тілдің табиғи дамуы нәтижесінде емес, этносаралық қатынас жағдайында негіз-тілдің өзгеруінен туғ,ан. Ол – генетикалық дамудан пайда болмаған, аймақтық-типологиялық категория. П. белгілі жағдайда ірі аймақтарда койне түрінде, кейде ресми тіл түрінде қызмет етеді.

Креол тілдер (фран. Creole < исп. Criollo) белгілі бір еуропалық тілдің бір кезде отарланған байырғы халықтың қатынас құралы ренітде қолданылуы нәтижесінде туған аралас тіл. Креол тілдер негіз-тіл мен жергілікті халық тілінің пиджинделуі процесі негізінде туып, жергілікті халыққа ана тіліндей қызмет етеді. Креол тілдер Африка, Азия, Америка, Океания елдерінде 25-30 млн. адам сөйлейді (Ғ.Қалиев).

Ал тілдердің бәсекелестігі мен қақтығысы нәтижесінде бір тілден бір тілге кірме сөздердің ауысуы орын алады. Бір-бірімен ондай әрекеттестікке түскен тілдердің алып отырған орнына қарай субстрат, суперстрат және адстрат деп бөлінеді [].

Креол. Бразилияда ақ адамның негрден туған балалары мулаттар, индеецтерден туған балалары кабакко, ақ әйелдерден жаңа құрлыққа келген соң туған балалары креол деп, ал негр мен индейлердің ортасынан шыққандар мамелуко деп аталыпты (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік, 89-б.).

Субстрат (лат. sub – астыңғы, stratum – қабат) белгілі бір лингвогеографиялық ортада ежелгі тілден қалған көне бірліктер. Субстрат кірме сөздерден бөлек нәрсе, оның негізінде этникалық араласу және кірмелердің тілдік ассимиляциясы жатыр. Субстрат тілдік ассимиляцияның қостілділік кезеңінен кейін пайда болады. Субстрат теориясы ХІХ ғ. басында пайда болған (Я.Бредсдорф), 60-80 жж. Г.Асколи, ГүШухардт, А.Мейе, О.Есперсен дамытқан. Қайсібір тілдің ішкі даму заңдылықтары болып табылмайтын ерекшеліктер жиынтығы (фонетикалық, синтаксистік, лексикалық).

Олар жұтылған этнос тілінің қалдықтары болуы мүмкін [А.Салқынбай, Е.Абакан. Тіл әлемі. 374-б.]. Мысалы француз тілінің субстраты ретінде галл тілі, испан тілінде – ибер тілі, румын тілінде – дак тілі. Бұл тілдердің бәрін латын тілі ығыстырған. Алайда жойылған субстрат-тілдердің әсерінен латын тілі өзгеріп, қазіргі роман тілдері қалыптасты [З.Д.Попова, И.А.Стернин. Общее языкознание. 374-б.].  

Суперстрат (лат. super - үстінгі, stratum - қабат, қатпар) байырғы тұрғындардың тілінде сақталып қалған келімсектер тілінің іздері. Суперстрат ұғымын субстратқа антоним ретінде В. фон Вартбург енгізген. Субстрат сиякты суперстрат тілдің алдымен фонетикасы мен грамматикасында, аз дәрежеде лексикасында кездеседі. Тілдік ықпалдың бұл екі түрін ауысқан кірме элементтерден айыру қиын. Субстрат ұғымына қарағанда Суперстрат тіл білімінде сирек қолданылады. 

Адстрат – белгілі бір тілдің элементтері көлемді түрде басқа тілдің жүйесіне еніп, алайда сол тілдің өзі басқа, көршілес аумақта тіршілік етеді.

PAGE  3




1. Методические рекомендации для студентов 3 курса педиатрического факультета к практическому занятию по т
2. ВостокКГТУ им. А.
3. нибудь геометрической фигуры
4. Тема- Редакторська підготовка оригіналів елементів титулу спускних та кінцевих сторінок План Титу
5.  Это Ваше высочество должно научить Вас не доверять самому себе
6. Реферат- Зарубежные статистические пакеты- описание, возможности, недостатки, перспективы развития
7. темах о новых пошлинах и вернуться к викторианскому Лондону
8. Роль дизайну у розвитку сучасного соціальноекономічного середовища Дизайн утворившись як потяг рад.html
9. тема менеджмента качества обучения СМКО МИРЭА 7
10. разному окрашенными причем отмечается непрерывное изменение ощущений при переходе от фиолетового и синего
11. Тема Банковские операции Сущность и классификация банковских операций Пассивные банковские операц
12. тема общества Совокупность различных политических институтов социальнополитических общностей форм вз
13. Ответы на экзамен с фармакологии
14. БЕКОНЕЧНОСТЬ От конечных пространств ограниченных плит И сознаний постигнуть не могущих суть Абсо
15. Петербург Российская империя 7 августа 1921 Петроград РСФСР русский поэт классик русской литературы
16. Депортация народов в Казахстан - преступление тоталитаризма.html
17. Утопические идеи Томаса Мора и Томмазо Кампанеллы
18. Теологический агностицизм в диалоге с религией и атеизмом
19. Лекція 6 і 7 - Шляхи аналізу та подолання конфліктів Методи управління і попередження конфліктів Ст
20. О том, как вращать текст с помощью Delphi