Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~атынасын шаруашылы~ нысандарыны~ т~ра~ты ж~мыс істеу ~дістерін таби~и ж~не техногендік сипатта~ы т~тенш1

Работа добавлена на сайт samzan.net:


А

Адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасын, шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы замаңғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселерін зерттейтін ұғым қалай аталады?

A) жеке тұлғаның қауіпсіздігі

B) денсаулықты қорғау

C) тіршілік қауіпсіздігі

D) өртке қарсы қауіпсіздігі

E) экологияны қорғауы

C

Азаматтық қорғаныстың негізгі мақсаттарына жатпайтының белгіле:

A) халықты осы заманғы зақымдау

құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғау

B) ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін кешенді шаралар жүргізу

C) құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарын жүргізу

D) халық денсаулығын арттыру шараларын жүргізу

E) ұжымдық  және жеке қорғаныс құралдарының қорын әзірлекте ұстау

D

Азаматтық қорғаныс күштеріне жатады (толық дұрыс жауабын таңда):

A) әскери және әскери емес құрамалары

B) қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелері

C) ведомствовалық күзет

D) инженерлік құрамалар

E) ішкі істер министрлігінің әскери бөлімшелері

A

Адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізүші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәүір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария (апат) немесе зілзала салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдайды  қалай атайды?

A) кенеттен болған жағдай

B) төтенше жағдай

C) тосын жағдай

D) дүлей зілзала

E) апат

B

Ауырлық күшінің әсерінен ылғалы топырақ массаның төмен қарай сырғуы қалай аталады?

A) сел

B) үйінді

C) тасқын

D) көшкін (сырғыма, опырылма)

E) қар көшкіні  

D

Адамдар мен хайунаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін бақылаусыз жаңу процесі қалай аталады?

A) көшкін

B) дауыл

C) селе

D) фейерверк

E) өрт

E

Ауыр дәрежелі өткiр сәуле ауруы радиацияның қандай мөлшерімен сәулеленген кезде пайда болады?

A) 100 - 200 рентген

B) 200 - 400 рентген

C) 600 - 800 рентген

D) 400 - 600 рентген

E) 800 - 1000 рентген

D

АЭС-тағы авария болған кездегі сақтану шаралары (артығын белгіле):

A) жеке қорғаныс құралдарын қолдану

B) ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану

C) ешқандай шаралар жүргізбеу

D) халықты эвакуациялау

E) радиацияға қарсы дәрмектерді қабылдау

C

АЭС-тағы авария болған кезінде алғашқы күндері қауіп төндіретін:

A) радиоактивті цезий

B) радиоактивті кальций

C) радиоактивті стронций

D) радиоактивті плутоний

E) радиоактивті йод

E

Адамдарды толық санитарлық тазартудан өткізу қандай жерде жүргізіледі?

A) бассейнде

B) ластану аймағынан шыққанда

C) ластану аймағында

D) эваконүктеде

E) санитарлық нүктеде

B

Азық-түлікті радиоактивті, химиялық және бактериялық ластанудан қорғау (артығын белгіле):

A) герметикалық (жабық) ыдыста сақтау

B) бұлак пен құдықтарды қорғау

C) қоймаларды герметизациялау

D) жабық көлікпен тасымалдау

E) ашық ыдыста сақтау

E

Ашық сүйек сынуының белгілері (артығын белгіле):

A) ауырсыну, ісінуі

B) қызару

C) деформация, қалыпсыз қозғалыс

D) қан кету

E) жара

B

Агглютиногендер кездеседі:

A) қанның сұйык құрамында

B) тромбоциттерде

C) лейкоциттерде

D) эритроциттерде

E) лимфоциттерде

D

Агглютининдер кездеседі:

A) лимфоциттерде

B) қанның сұйык құрамында

C) лейкоциттерде

D) эритроциттерде

E) тромбоциттерде

B

Ашық бас-ми жарақатында көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi:

A) қан кетуді тоқтату, залалсыздандырылған таңғыш салу, мұз басу, ауырсынуды басу, басын қозғалтпау үшін киімнен жасаған доғаға жатқызу

B) салқындатып, арақ-шарап iшкiзу

C) басына жылу басу, мүсәтір спиртін иiскету

D) басын төмен салбыратып жатқызу, мұз басу

E) шалқасынан жатқызу, жылу басу

A

Ашық іш жарақатында көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) ауырсынуды басу, ішіне мұз басу, су ішкізу                     

B) ішіне жылу басу, су ішкізу                     

C) сыртқа түскен мүшелерге залалсыздандырылған таңғыш салу, су немесе тамақ беруге болмайды, ауырсынуды басу

D) ішіне жылу басу, минералды сусын ішкізу                     

E) ауырсынуды басу, ішіне жылу басу, су ішкізу                     

C

Аяқ сүйектері сынғанда зардапшеккен адам зембілмен қалай тасымалданады?

A) арқасына жатқызып

B) бір жағына жатқызып

C) жартылай жатқызып

D) жартылай отырғызып

E) отырғызып

A

Ағзада аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоктығы ғана емес, физикалық, рухани және әлеуметтік толық аман-есендік қалай аталады?

A) жеке тұлғаның қалыпты дамуы

B) ағза қызметінің қалыпты жұмысы

C) қалыптасу

D) денсаулық

E) адамның морфологиялық қалыпты дамуы

D

Адамның өмiр салты оның денсаулығына қанша пайыз әсер етеді?

A) 10%

B) 20%

C) 30%

D) 40%

E) 50%

E

Б

Басқару органдарының жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу нысандары мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш (қиратқыш) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардын жиынтығы қалай аталады?

A) шаруашылық жүргізетін нысан

B) Төтенше жағдай бойынша министрлігі

C) әскери емес құрамалар

D) қорғаныс министрлігі

E) Азаматтық қорғаныс

E

Бағыну принципіне қарай әскери емес құрамалары қалай бөлінеді?

A) негізгі және қамсыздандырушы

B) нысандық және аумақтық

C) инженерлік топтар

D) АҚ және ТЖ қызметтері

E) әскери бөлімдері

B

Белгіленген міндеттері (қызметтеріне) қарай әскери емес құрамалары қалай бөлінеді?

A) нысандық

B) аумақтық

C) негізгі және қамсыздандырушы

D) әскери бөлімдері

E) әскери құрамалары

C

Бейбіт уақытында сирена, гудоктардың қосылуы қандай дабылды білдіреді?

A) Әуе дабылы!

B) Абайла!

C) Қауіп!

D) Үрей!

E) Баршаның назарына!

E

Бактериологиялық зақым ошағын төңіректегі халықтан толық оқшаулауға және жұқпалы ауруларды жоюға бағытталған әкімшілікті, режимді қорғау, эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі қалай аталады?

A) оқшаулау

B) карантин

C) тексеру

D) дезинфекция

E) алдын алу

B

Буын орнынан тайғанда көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) буынды орнына салу, бүгу,  ауырғанын басатын дәрi беру

B) стандарттық немесе қолдан жасалған таяныш салу (қозғалтпайтын жағдай жасау), ауырғанын басатын дәрi беру, суық басу

C) еркiн қозғалту, жылу басу

D) буынды орнына салу

E) физиологиялық жағдай жасау, таңғыш салу

B

Бірінші дәрежелі күйіктің белгілері (артығын белгіле):

A) ісінуі

B) ауырсыну

C) қызару

D) ақшылдану

E) ашуы

D

Бірінші дәрежелі күйiк кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) суық сумен салқындату, залалсыздандырылған таңғыш салу, үстіне суық басу, ауырсынуды басу

B) сүрту, залалсыздандырылған таңғыш салу

C) сумен жуу, күйiк бетiне майлы таңғыш салу

D) залалсыздандырылған таңғыш салу, жылу басу

E) көпіршіктерді жару, майлы таңғыш салу, ауырсынуды басу

A

Бірінші дәрежелі үсіктің белгілері (артығын белгіле):

A) ісінуі

B) қызару

C) ақшылдану

D) ашуы

E) сезгіштің жойылуы

B

Бірінші дәрежелі үсiкте көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) қармен ысқылау, дәке орау, ауырғанын басатын дәрi беру

B) дәкемен қалын мақта салып орау, сыртынан жылыту

C) майлы дәкемен орау, сыртынан жылыту

D) таза қолмен ысқылау, көп қабатты мақтасы бар залалсыздандырылған таңғышпен орау, ауырсынуды басу

E) суға салу, сыртынан жылыту

D

Балалар арасында туберкулез ауруын ерте аңықтау үшін қандай әдіс қолданылады?

A) рентгенография

B) флюорография

C) томография

D) Манту пробасы

E) БЦЖ-вакцинасын егу

D

Балалар арасында туберкулезге қарсы алдын ала қандай әдіс жүргізіледі?

A) рентгенографии

B) флюорографии

C) томографии

D) Манту пробасы

E) БЦЖ-вакцинасын егу

E

Бруцеллез аурудың негізгі жұғу жолдарын көрсет:

A) шыбын арқылы

B) ауру малмен айналысқан кезде немесе олардың етiн, сүтiн қабылдаған кезде

C) ауа арқылы

D) ауру адаммен қарым-қатынаста болғанда

E) бүргі шаққанда

B

Бруцеллез – бұл қандай ауру?

A) көбiнесе буын сүйектерiн зақымдайтын ауру

B) көбiнесе асқазан-шек жолдарын зақымдайтын ауру

C) жүрек-тамыр жүйесiн зақымдайтын ауру

D) асқазанды зақымдайтын ауру

E) теріні зақымдайтын ауру

A

Бруцеллез ауру кезіндегі инфекцияның көзі (артығын белгіле):

A) қой

B) шошқа

C) ешкі

D) ірі қара мал

E) бруцеллезбен ауратын адам

E

Бруцеллез аурудың алдын алу шаралары (артығын белгіле):

A) ветеринарлық бақылау

B) вакцинация

C) сүт, ет және теріні залалсыздандыру

D) белсенді қозғалыс

E) қорғаныш киімді пайдалану

D

Вирус жұқтырған деп қандай жағдайда айтылады (СПИД-пен ауратын адаммен салыстырғанда)?

A) ауру белгілері айқын байқалады

B) қанда вирус аңықталады, ауру белгілері жоқ

C) қанда вирус аңықталады, ауру белгілері айқын байқалады

D) сырт жағдайының өзгеруі

E) денсаулық жағдайының өзгеруі

B

Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы қалай аталады?

A) форшок

B) эпицентр

C) мантия

D) жер қыртысы

E) гипоцентр

B

Д

Дауыл кезінде желдің  жылдамдығы нешеден асады?

A) 15,5 м/сек

B) 18,9 м/сек

C) 26,4 м/сек

D) 32 м/сек

E) 20 м/сек

D

Дауыл қауіпі төнген туралы хабарды алған бойда халықтын іс-әрекеті (артығын белгіле):

A) есікті, терезені нығыздап жабу

B) шатырдан, лоджиядан бос заттарды алу

C) газ бен электроэнергияны ажырату, суды жабу, пешті сөндіру

D) пәтерде жасырыну

E) панахана мен жертөлелерде жасырыну

D

Денеге немесе заттардың бетіне түскен улағыш заттарды жою қалай аталады?

A) дезактивация

B) дегазация

C) дезинфекция

D) дезинсекция

E) дератизация  

B

Денеге немесе заттардың бетіне түскен радиоактивті заттарды жою қалай аталады?

A) дезинсекция

B) дезинфекция

C) дезактивация

D) дератизация

E) дегазация

C

Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметі адам денсаулығына қанша пайыз әсер етеді?

A) 30 %;

B) 20 %;

C) 10 %;

D) 40 %;

E) 50 %

C

Ж

Жер сілкінісі жиі болатын аймақтарда  құтқару топтарын құрғанда бір құтқарушыға  қанша адамды есепке алынады?

A) 5

B) 10

C) 15

D) 20

E) 25

B

Жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен пайда болатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы қалай аталады?

A) опырылма

B) сел

C) жер сілкінісі

D) көшкін

E) қар көшкіні

C

Жер сілкінісі ошағының кіндігі қалай аталады?

A) жер қыртысы

B) жердің мантиясы

C) эпицентр

D) гипоцентр

E) форшок

D

Жер сілкінудың негізгі себептері (артығын белгіле):

A) тектоникалық

B) вулкандық

C) атмосферадағы қысымның өзгеруі

D) опырылмалық

E) антропогенді (техногенді)

C

Жер сілкінісі кезінде 5-қабаттық үйдің 1-ші қабатында  болған жағдайда Сіздің іс-әрекетіңіз:

A) пәтердің шеткі бөлмесінде жасырыну

B) 15-20 секунд аралығында тез ғимараттан шығу

C) баспалдаққа щығу

D) лоджияға шығу

E) үстелдің астына жасырыну

B

Жер сілкінісі кезінде 9-қабаттық үйдің 4-ші қабатында болған жағдайда Сіздің іс-әрекетіңіз:

A) салыстырмалы қауіпсіз орнында жасырыну (есіктің босағасы, қабырғаларының ішкі бұрышы, ваннада және т.б.)

B) лифт арқылы тез ғимараттан шығу

C) балкон арқылы төмен түсу

D) балконға шығып, көмек күту

E) пәтердің шеткі бөлмесінде жасырыну

A

Жер сілкіну ошағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарын жүргізген кезде ең алдымен не істелінеді?

A) халыққа хабар беру

B) құламаларда жол салу

C) авариялардың салдарын жою

D) барлау жұмыстарын өткізу

E) үйінді мен қираулардың астынан адамдарды құтқарып шығару  

E

Жүйке-сал ауырына ұшырататын улағыш заттармен уланған кезде қолданылатын антидот:

A) амилнитрит

B) тарен

C) глюкоза

D) натрий тиосульфаты

E) пропилнитрит

B

Жеңіл дәрежелі өткiр сәуле ауруы радиацияның қандай мөлшерімен сәулеленген кезде пайда болады?

A) 200 - 400 рентген

B) 100 - 200 рентген

C) 600 - 800 рентген

D) 400 - 600 рентген

E) 800 - 1000 рентген

B

Жер бетіндегі ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы факторлары:

A) соққы толқыны

B) сәуле жарқылы

C) өткіш радиация

D) акустикалық импульс

E) жердің радиоактивті ластануы

D

Жұқпалы ауруларды тарататын шыбын-шіркейлерді жою қалай аталады?

A) дезактивация

B) дегазация

C) дезинфекция

D) дезинсекция

E) дератизация

D

Жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштерді жою қалай аталады?

A) дезактивация

B) дегазация

C) дератизация

D) дезинфекция

E) дезинсекция  

C

Жұқпалы ауруларды тудыратын қоздырғыштарды жою қалай аталады?

A) дезактивация

B) дегазация

C) дезинсекция

D) дезинфекция

E) дератизация

D

Жартылай санитарлық тазарту қандай жерде жүргізіледі?

A) ластану аймағында

B) ластану аймағынан шыққанда

C) моншада

D) эваконүктеде

E) бассейнде

A

Жамбас сүйектері сынғанда зардапшеккендер қалай тасымалданады?

A) жартылай отырғызып

B) «көлбақа» тәрізді жағдайда жатқызып

C) бір жағына жатқызып

D) басын көтеріп жатқызу

E) басын шалқайтып жатқызу

B

Жарақаттық шоктың бастапқы кезеңіне тән белгі:

A) психомоторлық қозу

B) терінің қызаруы

C) көңілсіз болуы

D) есінен тану

E) қан қысымның төмендеуі

A

Жарақаттық шоктың торпидтік кезеңіне тән белгі:

A) терінің қызаруы

B) психомоторлық қозу

C) тежелу

D) дене температурасының көтерілуі

E) қан қысымның көтерілуі

C

Жарақаттық шок кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек алгоритмі (толық дұрыс жауабын таңда):

A) басына суық басу, мүсәтiр спиртін иiскету

B) қан кетуді тоқтату, ауырғанын басатын дәрi-дәрмек беру, жараға залалсызданған таңғыш салу, сүйек сынса таяныш салу

C) жараға таңғыш салу, жүрекке суық басу

D) тыныштандыратын дәрi-дәрмек беру

E) басына суық басу

B

Жабық сүйек сынуының белгілері (артығын белгіле):

A) ісінуі

B) ауырсыну

C) деформация, қалыпсыз қозғалыс

D) қан кету

E) крепитация

D

Жараның жергілікті белгілері (триада) (толық дұрыс жауабын таңда):

A) ауырсыну, қан кету, үңіреуі

B) ауырсыну

C) ісінуі

D) деформация

E) қан кету, ісінуі, ауырсыну

A

Жара инфекция кезіндегі қабыну процестің жергілікті белгілері (дұрыс емес жауабын таңда):

A) ауырсыну,

B) ақшылдануы

C) ісінуі

D) қызаруы

E) жарадан сары судың бөлінуі

B

Жабық бас-ми жарақатында көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi:

A) басын салбыратып жатқызу, жылу басу

B) салқындатып, арақ-шарап iшкiзу

C) басын қозғалтпау үшін киімнен жасаған доғаға жатқызу, басына суық басу

D) басын төмен салбыратып жатқызу, мүсәтiр спиртін иiскету

E) шалқасынан жатқызу, суық сумен салқындату

C

Жабық кеуде жарақатында көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi:

A) жылу басу, мүсәтір спиртін иiскету

B) мұз басу, ауырсынуды басу, кеудені спиралдап таңып тастау, жартылай отырғызып тасымалдау

C) салқындатып, арақ-шарап iшкiзу

D) басын төмен салбыратып жатқызу, мұз басу

E) шалқасынан жатқызу, жылу басу

B

Жабық іш жарақатында көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi:

A) ішіне жылу басу, су ішкізу                     

B) ауырғанын басатын дәрi және су беру                     

C) ауырғанын басатын дәрi беру, грелка салу, су беру

D) ішіне жылы компресс қою, су ішкізу

E) ішіне мұз басу; су, тамақ бермеу

E

Жүрек қыспасы (стенокардия) кезде пайда болатын белгiлер (толық дұрыс жауабын таңда):

A) жүректiң сол жағындағы ауырсыну

B) ауырсыну сол бүйiрi мен қолтық астынында байқалады, терең дем алғанда күшейедi

C) төс асты шаншып, қысып аурады, ауырсыну сол иыққа, жаурынға және қолға жайылады, жұмыс iстегенде күшейедi

D) ауырсыну іштің жоғарғы бөлігінде, құсу болуы мүмкін

E) кеудедегі ауырсыну жауырынға жайылады, ентігу

C

Жүрек қыспасы (стенокардия) кезінде көрсетiлетін алғашқы медициналық көмек көлемі:

A) жүрекке массаж жасау, арақ-шарап iшкiзу

B) мүсәтiр спиртін иiскету, жүрекке суық басу, тыныштандыратын дәрi-дәрмек беру

C) валидол немесе нитроглицерин тiл астына салу, жүрек бойына қыша басу

D) тыныштандыратын дәрi-дәрмек беру, жатқызу

E) қолдан тыныстандыру және жүрекке массаж жасау

C

Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою қалай аталады?

A) дезактивация

B) дезинфекция

C) дегазация

D) дезинсекция

E) дератизация

B

Зардапшеккендерді емханаға жеткізу үшін қолданылатын негізгі тасымалдау құрал:

A) тақтай

B) костюм

C) плащ

D) санитарлық зембіл

E) белбеу

D

Е

Елді мекенде апатты су басу қауіпі төнген кезде  жүргізілетін шара:

A) халықты биік жерге көшіру  

B) жасырыну орындарда қорғану

C) пәтерде қауіпсіз жерлерде жасырыну

D) балконға шығып көмек күту

E) подвалда жасырыну

A

Естен танып жатқан зардапшеккендер қалай тасымалданады?

A) отырғызып

B) жартылай отырғызып

C) басын шалқайтып жатқызу

D) бір жағына жатқызып

E) арқасына жатқызып

D

Екінші дәрежелі күйіктің белгілері (артығын белгіле):

A) ісінуі

B) көпіршіктердің болмауы

C) қызару

D) көпіршіктердің болуы

E) ашуы

B

Екінші дәрежелі күйiк кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) ауырғанын басатын дәрi-дәрмек беру

B) сүрту, залалсызданған дәкемен жабу

C) күйiк бетiне майлы дәке жабу, сумен жуу

D) залалсызданған таңғыш салу, суық басу, ауырғанын басатын дәрi-дәрмек беру, тұзды-содалы ерітінді ішкізу

E) залалсызданған дәкемен жабу

D

Екінші дәрежелі үсіктің белгілері (артығын белгіле):

A) ақшылдану

B) қызару

C) ісінуі

D) ашуы

E) көпіршіктердің болуы

A

Екінші дәрежелі үсiкте көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) жылыту, таңғыш салу

B) қармен ысқылау, таңғыш орау, ауырсынуды басу

C) майлы дәкемен орау, сыртынан жылыту

D) суға салу, сыртынан жылыту

E) көп қабатты мақтасы бар залалсыздандырылған таңғышпен орау, ауырсынуды басу

E

Ересек адамдар арасындағы туберкулезінде өзгерістер өкпенің қандай жерінде байқалады?

A) жоғарғы бөлігінде

B) төменгі бөлігінде

C) ортанғы бөлігінде

D) түбінде

E) плеврада

A

Иондаушы сәулелердің жасанды көздеріне жатады (артығын белгіле):

A) космостық сәуле

B) АЭС

C) ғылыми-зерттеу мекемелер

D) ядролық жараластар

E) рентгенологиялық бөлімдер

A

Инверсия және изотермия кезінде жер бетіндегі ауа қабатында улағыш заттардың мөлшері қандай болады?

A) төмен

B) орташа

C) өте аз

D) жоғары

E) аз

D

К

Конвекция кезінде ластанған бұлт тез тарайды соңдықтан ауадағы улағыш заттардың мөлшері қалай өзгеріледі?

A) ұзақ уақыт сақталады

B) аздап төмендейді

C) бір неше ай сақталады

D) бір неше күн сақталады

E) тез төмендейді

E

Кеуде жарақаттары кезінде зардапшеккендер қалай тасымалданады?

A) жартылай отырғызып

B) бір жағына жатқызып

C) басын шалқайтып жатқызу

D) басын көтеріп жатқызу

E) «көлбақа» тәрізді жағдайда жатқызып

A

Күретамырлық (артериялық) қан кетудің белгілері (толық дұрыс жауабын таңда):

A) қан үздіксіз баяу ағыспен ағады, түсі шиедей қызыл

B) қан тамшылап ағады

C) қан тамшылап ағады, түсі ақшыл

D) қан фонтан түрінде ағады, түсі шиедей қызыл

E) қан фонтан түрінде атқылап ағады, түсі ақшыл

E

Күретамырларлық (артериялық) қан кетуді тоқтатуға қолданылатын негізгі әдіс:

A) жара бетіне тығыз таңғыш салу

B) жарадан жоғары жгут салу

C) аяқ-қолға  таяныш салу

D) жараланған күретамырдан төмен жгут салу

E) жараланған аяқ-қолды жоғары көтеру

B

Күретамырлық (артериялық) қан кетуді тоқтату үшiн жгут қанша уақытқа дейін салынады?

A) жазда 3 сағатқа, қыста 2 сағатқа

B) жазда 2,5 сағатқа, қыста 1,5 сағатқа

C) жазда 1 сағатқа, қыста 2 сағатқа

D) жазда 2 сағатқа, қыста 1 сағатқа

E) жазда 2 сағатқа, қыста 2 сағатқа

D

Көктамырлық қан кетуді тоқтату әдісі:

A) жараланған көктамырдан төмен жгут салу

B) жараланған жерден жоғары жгут байлау

C) буынды қатты бүгу

D) жараның бетiне қатты таңғыш салып жараланған аяқ-қолды жоғары көтеру

E) жараланған көктамырды саусақпен басу

D

Күйiктің қандай түрі баяу өтеді және ұзақ уақыт жазылмай көпке созылады?

A) термиялық күйiк

B) химиялық күйiк

C) ыстық бумен күйгенде

D) ыстық маймен күйгенде

E) сәулелік күйiк

E

Күйiк көлемін аңықтау үшін “Алақан әдісін” қолданғанда ересек адамның алақаны қанша пайыз болады?

A) 10%

B) 2%

C) 3%

D) 0,1%

E) 1%

E

Күйiк көлемін аңықтау үшiн “Тоғыздық ережені” қолданғанда адамның төменде берiлген қандай мүшесінiң ауданы  9% тең?

A) бір аяқ ауданы

B) арқа ауданы

C) бір қол ауданы

D) жыныс мүше ауданы

E) кеуде ауданы

C

Күйiк ауруы күйiктің көлемі неше пайыз  (%) болғанда пайда болады?

A) күйiк ауданы 1-3%

B) күйiк ауданы 3-5%

C) күйiк ауданы 5-10%

D) күйiк ауданы 10-20%

E) күйiк ауданы 50%

D

Күн өткен кезде көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) басы пен мойын және жүрек бойына суық басу, салқын сусын беру, салқындату

B) зақымданған адамды жалпы суықтандыру

C) аяғына жылы қою, мүсәтiр спирттін иiскету, арақ iшкiзу

D) салқын су беру

E) жылы грелка қою, мүсәтiр спирттін  иiскету

A

Карантин мен обсервацияның мерзімі неге байланысты:

A) аурудың басталуына

B) ауру белгілердің қарқындылығына

C) максимальді инкубациялық кезеңнің ұзақтығына

D) минимальді инкубациялық кезеңнің ұзақтығына

E) қажетті құралдардың болуына

C

Қ

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын кім басқарады?

A) ҚР қорғаныс министірінің орынбасары

B) ҚР Президенті

C) ҚР Премьер-министірі

D) ҚР қорғаныс министірі

E) ҚР төтенше жағдайлар бойынша министірі

C

ҚР Азаматтық қорғанысының ұйымдастыру принципін белгіле:

A) нысандық

B) өндірістік

C) аймақтық

D) аумақтық-өндірістік

E) ведомствалық

D

Қар массаның тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы қалай аталады?

A) үгінділер

B) қар басу

C) сел

D) қар көшкіні

E) опырылма

D

Құрғақ жердің едәуір бөлігін уақытша су басып кетуі қалай аталады?

A) сел

B) су тасқыны

C) үйінді

D) көшкін

E) опырылма

B

Қандай әсері күштi улы заттармен уланған кезде бастың ауруы, бұлшық етінің әлсiреуі, естен тануы байқалады?

A) көміртек оксиді

B) аммиак

C) күкірт қышқылы

D) мышьяк

E) хлор

A

Қандай улағыш заттармен ұланған кезде адамның көз қарашығы кішірееді, яғни миоз пайда болады?

A) зарин

B) фосген

C) BZ (би-зед)

D) хлорциан

E) иприт

A

Қандай улағыш заттармен уланған кезде адамның терiсi басында көкшіл, одан кейiн сұрғылт  тартады?

A) VХ

B) көгерткіш қышқылы

C) фосген

D) зоман

E) хлорциан  

C

Қызыл шыбынжұтпен (мухомормен) уланған кезде пайда болатын белгілер:

A) жүрегі айниды, құсады, аузынан сілекей ағады, іші ауырады, көз қарашығы кішірейеді

B) жөтел, түшкіру

C) шөлдейді, дене қызады, терісі құрғайды

D) дене температурасы жоғарлайды, іші ауырады

E) дене қызады, терісінде бөртпе пайда болады

A

Қандай жылан улы жыланға жатпайды?

A) гюрза

B) эфа

C) кобра

D) ірі жылан (питон)

E) щитомордник

D

Қылтамырлық (капиллярлық) қан кетудің белгілері (толық дұрыс жауабын таңда):

A) қан тамшылап ағады, түсі ақшыл

B) қан тамшылап ағады

C) қан үздіксіз баяу ағыспен ағады, түсі шиедей қызыл

D) қан фонтан түрінде атқылап ағады, түсі ақшыл

E) қан фонтан түрінде ағады, түсі шиедей қызыл

B

Қантоқтатқыш жгут салу тәртәбі (артығын белгіле):

A) тек қана артериялық қан кетуде салу

B) жарадан төмен салу

C) жарадан жоғары салу

D) киімнің үстіне салу

E) қағаз парғына жгутты салған уақытын көрсетіп тіркеу

B

Қаны қандай топтағы адамдар универсалды донор деп аталады?

A) бірінші

B) екінші

C) үшінші

D) төртінші

E) бесінші

A

Қаны қандай топтағы адамдар универсалды реципиент деп аталады?

A) бірінші

B) екінші

C) үшінші

D) төртінші

E) бесінші

D

Қандай заттардың болуына болмауына байланысты қан 4 топқа бөлінеді:

A) тек қана агглютиногендердің

B) тек қана агглютининдердің

C) агглютиноген мен агглютининдердің

D) эритроциттердің

E) лимфоциттердің

C

Қанның бірінші тобында қандай агглютиноген мен агглютининдер кездеседі:

A) А – β

B) О – α, β

C) В – α

D) АВ – 0

E) А –α

B

Қанның екінші тобында қандай агглютиноген мен агглютининдер кездеседі:

A) А – β

B) О – α, β

C) В – α

D) АВ – 0

E) А –α

A

Қанның үшінші тобында қандай агглютиноген мен агглютининдер кездеседі:

A) А – β

B) О – α, β

C) В – α

D) АВ – 0

E) А –α

C

Қанның төртінші тобында қандай агглютиноген мен агглютининдер кездеседі:

A) А – β

B) О – α, β

C) В – α

D) АВ – 0

E) А –α

D

Қан құюдың топтастыруы:

A) ашық пен жабық

B) тікелей мен тікелей емес

C) сыртқы мен ішкі

D) ашық

E) жабық

B

Қол  сүйектері сынғанда зардапшеккен адам зембілмен қалай тасымалданады?

A) арқасына жатқызып

B) бір жағына жатқызып

C) жартылай жатқызып

D) жартылай отырғызып

E) отырғызып

E

Қышқылдардан болған күйіктің белгілері (артығын белгіле):

A) колликвациялық некроздың болуы

B) коагуляциялық некроздың болуы

C) ауырсыну

D) ашуы

E) ісінуі

A

Құсу, іш өту (нәжісі күріш қайнатпасына ұқсайды), сусыздану, терiнің құрғауы, «кіржуғыштың қолы» деген белгілері қандай жұқпалы ауруға тән?

A) оба

B) сібір жарасы (түйнеме)

C) бруцеллез

D) тырысқақ

E) туберкулез

D

Қандай жұқпалы аурудын қоздырғышы қоршаған ортада көп жыл сақталады?

A) оба

B) сібір жарасы

C) туляремия

D) тырысқақ

E) іш сүзегі

B

Қоршаған ортанын экологиялық жағдайы адам денсаулығына қанша пайыз әсер етеді?

A) 10 %

B) 20 %

C) 30 %

D) 40 %

E) 50 %

B

Найзағай тигенде көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi:

A) зардап шеккендерді жерге көму

B) жасанды түрде қолдан тыныстандыру және жүрекке массаж жасау

C) мүсәтір спиртін иіскету

D) жылыту (грелка қою)

E) суық су бүрку

B

О

Орташа дәрежелі өткiр сәуле ауруы радиацияның қандай мөлшерімен сәулеленген кезде пайда болады?

A) 100 - 200 рентген

B) 200 - 400 рентген

C) 400 - 600 рентген

D) 600 - 800 рентген

E) 800 - 1000 рентген

B

Омыртқа  сүйектері сынғанда зардапшеккендер қалай тасымалданады?

A) жартылай отырғызып

B) отырғызып

C) зембілдің үстіне тақтай салып арқасына жатқызып

D) бір жағына жатқызып

E) басын шалқайтып жатқызу

C

Оба аурудын ең қауіпті тез тарайтын жұғу жолы:

A) бүргі шағуы

B) су арқылы

C) тұрмыстық қатынас арқылы

D) тамақ арқылы

E) ауа-тамшы арқылы

E

Оба ауруын тарататын (тасымалдайтын):

A) маса

B) бүргі

C) шыбын

D) биіт

E) кене

B

Оба ауруы кезіндегі эпидемияға қарсы шаралары (артығын белгіле):

A) карантиннің еңгізуі

B) науқастарды оқшаулау

C) тиімді (жұғымды) тамақтану

D) вакцинация

E) обаға қарсы костюммен жұмыс жүргізу

C

Ө

Өрттің негізгі себептері (артығын белгіле):

A) балалардың отпен ойнауы

B) отқа абай болмау

C) атмосферадағы қысымның өзгеруі

D) найзағайдан ұшқын түсу

E) өзінен-өзі тұтанып жануы

C

Өткір сәуле ауруы радиацияның қандай мөлшерімен сәулеленген кезде пайда болады?

A) бір мәрте 50 рентгенмен

B) көп мәрте 100 рентгенмен

C) бір дүркін 100 рентгенмен

D) көп мәрте 10 рентгенмен

E) көп мәрте 500 рентген

C

Өткіш радиация не тудыру мүмкін?

A) жарақат

B) қираулар

C) өткір сәуле ауруын

D) күйік

E) уақытша көздің көрмей қалуын

C

Өкпе туберкулезін тарататын негізгі көзі:

A) құстар

B) балықтар

C) кеміргіштер

D) өкпе туберкулезімен ауратын адам

E) жануарлар

D

Өкпе туберкулезін ерте аңықтау үшін ересек адамдар арасында жүргізілетін әдіс:

A) рентгенография;

B) флюорография;

C) томография;

D) проба Манту;

E) БЦЖ-вакцинасын егу

B

Р

Радиоактивтiк ластану аймақтарға жатады (толық дұрыс жауабын таңда):

A) қатты және өте қатты ластану аймақтар

B) ошақтық және  түгел ластану аймақтар

C) баяу, күшті, қауіпті және төтенше қауіпті ластану аймақтар

D) жеңіл, орташа ластанған аймақтар

E) біртінді, көп ластанған аймақтар

C

Радиациялық жағдайды бақылау тәсілдері (толық дұрыс жауабын таңда):

A) болжау тәсілі және радиациялық барлау мәлеметі бойынша

B) химиялық барлау мәлеметтері бойынша

C) визуалды барлау мәлеметтері бойынша

D) бактериялық барлау мәлеметтері бойынша

E) радиациялық барлау мәлеметтері бойынша  

A

Резус-фактордың топтастыруы:

A) оң мен теріс

B) бірінші мен екінші

C) екінші мен үшінші

D) үшінші мен төртінші

E) бірінші мен төртінші

A

С

Су тасқыны, өрт жиі болатын аймақтарда  құтқару топтарын құрғанда бір құтқарушыға  қанша адамды есепке алынады?

A) 5

B) 10

C) 15-20

D) 25

E) 25-30

C

Су басуда Сіздің іс-әрекетіңіз:

A) жағалауға дейін жүзу

B) пәтерде жасырыну

C) құжаттар мен жеңіл заттарды (пластикалық бутылка және т.б.) алып, шатырға шығу

D) балконға шығып, көмек күту

E) подвалда жасырыну

C

Сәуле жарқылдың негізгі көрсеткіші:

A) радиация деңгейі

B) экспозициялық сәуле дозасы

C) жарық импульсі

D) эквиваленттік сәуле дозасы

E) артық қысым

C

Соққы толқыны не тудыру мүмкін?

A) өткір сәуле ауруын

B) жарақат

C) сәулеленуін

D) уақытша көздің көрмей қалуын

E) күйік

B

Соққы толқының негізгі көрсеткіштері:

A) радиация деңгейі

B) артық қысым

C) экспозициялық сәуле дозасы

D) жұтылған (сіңірілу) сәуле дозасы

E) эквиваленттік сәуле дозасы

B

Суды радиоактивті, химиялық және бактериялық ластанудан қорғау (артығын белгіле):

A) қоймаларды герметизациялау

B) бұлак пен құдықтарды қорғау

C) ашық ыдыста сақтау

D) герметикалық (жабық) ыдыста сақтау

E) жабық көлікпен тасымалдау

C

Сүйек сынған кезде көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) сүйек сынықтар мен бөгде заттардан тазарту, таяныш салу

B) сүйектi орнына салу, таяныш салу

C) ауырғаның басатын дәрi беру, таяныш (шина) салу

D) таяныш салу, спирт ішкізу

E) арақ ішкізу, сынықты танғышпен тану

C

Сан сүйегі сынған кезде көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (дұрыс емес жауабын таңда):

A) ауырсынуды басу, Дитерихс таянышын (шинасын) салу

B) ауырсынуды басу, Крамер таянышын (шинасын) салу

C) ауырсынуды басу, отырғызып тасымалдау

D) ауырсынуды басу, «анатомияляқ шинасын» салу

E) ауырсынуды басу, қолда бар құралдармен тасымалдау

C

Сүйек сынған кезде таяныш салу ережесі (толық дұрыс жауабын таңда):

A) таянышты сынған жерге салу

B) таянышты буынға салу

C) таянышты сынықтан жоғары 1 буынға қоса салу

D) таянышты сынықтан жоғары және төмен 2-3 буынға қоса салу

E) таянышты сынықтан төмен 4 буынға қоса салу

D

Сілтілерден болған күйіктің белгілері (артығын белгіле):

A) колликвациялық некроздың болуы

B) коагуляциялық некроздың болуы

C) ауырсыну

D) ашуы

E) ісінуі

B

Суға батқан жағдайда көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi:

A) судан шығару, ауыз қуысын тазарту, өкпесiнен суды шығару, жасанды тыныстандыру, жүрекке массаж жасау

B) басын төмен салбыратып жатқызу, кеудесiн басу

C) суға батқан адамның ауызын тазартып денесiн жылыту

D) басын төмен салбыратып жатқызу

E) жасанды түрде демалдыру

A

Сібір жарасы (түйнеме) кезінде тер бетінде не пайда болады?

A) жара (ортасы қара шеттері қызыл)

B) іріңді инфильтрат

C) қан толған көпіршік

D) ірің толған көпіршік

E) төмпешік

A

Сібір жарасы (түйнеме) кезіндегі эпидемияға қарсы шаралары (артығын белгіле):

A) ветеринарлық бақылау

B) вакцинация

C) белсенді қозғалыс

D) науқастарды оқшаулау

E) жануар өліктерін өртеу

C

СПИД (ЖИТС) аурудың  вирусы қандай жасушаларды зақымдайды:

A) эритроциттерді

B) тромбоциттерді

C) эпителий жасушаларын

D) лимфоциттерді

E) жүйке жасушаларын

D

СПИД (ЖИТС) аурудың негізгі жұғу жолдары:

A) тұрмыстық қатынас арқылы

B) ауа арқылы

C) тамақ арқылы

D) шыбын шағуы арқылы

E) жыныстық қатынас арқылы

E

СПИД (ЖИТС) кезіндегі инфекцияның көзі (толық дұрыс жауабын таңда):

A) жануар

B) вирус жұқтырған және СПИД (ЖИТС)-пен ауратын адам

C) тек қана вирус жұқтырған адам

D) тек қана СПИД (ЖИТС)-пен ауратын адам

E) құстар

B

СПИД (ЖИТС) аурудың бастапқы кезеңіне тән негізгі белгілерін көрсет (толық дұрыс жауабын таңда):

A) әлсіздік, терлеу, бір ай немесе оданда ұзақ уақыт себепсіз қызу, арықтау, қайтпайтын жөтел, іш өту, құсу, шеткі бездердің қабынуы

B) сандырақтау, әлсіздеу, тұмаурату, көзден жас ағу, ентігу, жөтелу

C) сандырақтап жүрек айнийды, құсу, іш өту, ауырсыну

D) кеуде ауырсыну, ентігу, тұншығу

E) тұншығу, жөтел, қақырық түкіру, кеуде ауырсыну

A

СПИД (ЖИТС) ауруды алдын алу шаралары:

A) жалпы сауықтыру, вакцина егу

B) су құбырларын, азық-түлікті бақылау, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу

C) су құбырларын және азық-түлікті бақылау

D) донорлық қанды бақылау, бір рет қана қолданылатын шприц және басқа да осындай құралдарды қолдану, жыныстық тәрбие өткізу, презерватив қолдану

E) ветеринарлық бақылау, қорғаныш киіммен жұмыс жүргізу

D

Салауатты өмір салтын сипаттайтын факторға қандай фактор жатады:

А) шылым шегу

В) қозғалыс тапшылығы

С) тиімді (жұғымды) тамақтану

D) аштық

Е) ішімдікке құмарлық

C

Салауатсыз өмір салтын сипаттайтын факторға қандай фактор жатады:

A) шылым шегуден бас тарту

B) гиподинамия

C) тиімді (жұғымды) тамақтану

D) демалу мен еңбек етудің режимі

E) белсенді қозғалыс

B

Т

Тау беткейін бекіту үшін су арналарын бүру, дренаж жасау, ағаш отырғызу шаралары қандай төтенше жағдайларға қарсы жүргізіледі?

A) қар көшкініне қарсы

B) су тасқынына қарсы

C) сырғыма, опырылмаларға қарсы

D) топан суларға қарсы

E) селге қарсы  

C

Төменде келтiрiлген улағыш заттардың қайсысы терiні іріндеткіш улағыш заттарға жатады?

A) ви-газдар

B) фосген

C) иприт

D) зарин, зоман

E) адамсит  

C

Төменде келтiрiлген улағыш заттардың қайсысы психохимиялық әрекетті улағыш заттарға жатады?

A) LSD және BZ

B) зоман

C) көгерткіш қышқылы

D) зарин

E) хлорацетофенон

A

Төменде келтiрiлген улағыш заттардың қайсысы  тұншықтырғыш әрекетті улағыш заттарға жатады?

A) иприт

B) көгерткіш қышқылы

C) фосген

D) зоман

E) хлорацетофенон

C

Төмендегі улағыш заттардың қайсысы ащы бадам иісті жалпы улы әрекетті улағыш заттарға жатады?

A) LSD және BZ

B) зоман

C) көгерткіш қышқылы

D) зарин, зоман

E) хлорацетофенон  

C

Төмендегі улағыш заттардың қайсысы жүйке-сал ауырына ұшырататын улағыш заттарға жатады?

A) көгерткіш қышқылы

B) фосген

C) хлорциан

D) зоман

E) иприт

D

Төменде келтiрiлген улағыш заттардың қайсысы  қызған шөп немесе шiрген алма иісті тұншықтырғыш әрекетті улағыш заттарға жатады?

A) фосген

B) зоман

C) иприт

D) көгерткіш қышқылы

E) хлорциан

A

Төмендегі улағыш заттардың қайсысы тітіркендіргіш әрекетті улағыш заттарға жатады?

A) фосген

B) хлорацетофенон

C) иприт

D) зарин

E) көгерткіш қышқылы

B

Төмендегі улағыш заттардың қайсысы жүйке-сал ауырына ұшырататын улағыш заттарға жатады?

A) иприт және люизит

B) көгерткіш қышқылы және хлорциан

C) фосген және дифосген

D) BZ

E) зарин және зоман

E

Түшкіру, кеуде ауырсыну, құрғақ жөтел, ентігу, көздің жасаурауы қандай әсері күшті улы заттармен уланған кезде пайда болады?

A) аммиак

B) хлор

C) көгерткіш қышқылы

D) күкірт сулары

E) сынап булары

B

Төмендегі әсері күштi улы заттардың  қайсысында тітіркендіргіш әсері жоқ?

A) көміртек оксиді

B) аммиак

C) күкірт қышқылы

D) мышьяк

E) хлор

A

Төменде  келтiрiлген улағыш заттардың қайсысы қыша иісті терiні іріндеткіш әрекетті улағыш заттарға жатады?

A) VХ

B) иприт

C) көгерткіш қышқылы

D) хлорциан

E) фосген

B

Төмендегі заттардың қайсысы бактериялық құралдарға жатпайды?

A) бактериялар

B) вирустер

C) саңырауқұлақшылар

D) улағыш заттар

E) токсиндер

D

Терiге радиоактивтiк заттар түскен жағдайда қолданылатын шаралар (толық дұрыс жауабын таңда):

A) жартылай және толық санитарлық тазарту өткiзу

B) терiге майлы дәкi салу

C) химияға қарсы дербес пакеттегi (ИПП-8) сұйықтықпен терiнi тазарту

D) сумен жуу

E) құрғақ шүберекпен сүрту  

A

Төменде көрсетiлген радиоактивтiк заттардың қайсысы көбiнесе сүйекте жиналады?

A) радиоактивтi темiр және цезий

B) радиоактивтi калий және торий

C) радиоактивтi стронций және кальций

D) радиоактивтi йод

E) радиоактивтi натрий   

C

Төменде көрсетiлген радиоактивтiк заттардың қайсысы көбiнесе қалқанша безде жиналады?

A) радиоактивтi уран

B) радиоактивтi йод

C) радиоактивтi плутоний

D) радиоактивтi темiр

E) радиоактивтi стронций

B

Төменде көрсетiлген радиоактивтiк заттардың қайсысы көбiнесе бауырда жиналады?

A) радиоактивтi йод

B) радиоактивтi стронций

C) радиоактивтi цинк

D) радиоактивтi плутоний

E) радиоактивтi кальций

D

Төменде көрсетiлген радиоактивтiк заттардың қайсысы көбiнесе ұйқы безде жиналады?

A) радиоактивтi стронций

B) радиоактивтi кальций

C) радиоактивтi цинк

D) радиоактивтi плутоний

E) радиоактивтi йод

C

Төмендегі құралдардың қайсысы жеке қорғаныс құралдарғы жтпайды?

A) противогаз

B) қорғаныс комбинезон

C) мақта-дәке таңғышы

D) радиациядан қорғайтын орын

E) респиратор

D

Тыныс жолдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарға жатады (артығын белгіле):

A) мақта-дәке таңғышы

B) противогаз

C) шаңнан қорғайтын мата маскасы

D) жалпы әскерлік жиыны

E) респиратор

D

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдарға жатады:

A) қорғыныш комбинезон

B) мақта-дәке таңғышы

C) шаңнан қорғайтын мата маскасы

D) респиратор

E) противогаз

A

Толық санитарлық тазарту қандай жерде жүргізіледі?

A) радиоактивтік ластану аймағында

B) бассейнде

C) химиялық ластану аймағында

D) көшіру нүктеде

E) моншада немесе душта

E

Тауға қарай көтерілгенде зардапшеккендер қалай тасымалданады?

A) алда келе жатқан адам қолын төмен ұстайды

B) арта келе жатқан адам қолын төмен ұстайды

C) алда келе жатқан адам зембілді жоғарырақ өз иығына дейін көтереді

D) аяғын ілгері салып тасымалдау

E) отырғызып тасымалдау

A

Таудан төмен түскенде зардапшеккендер қалай тасымалданады?

A) арта келе жатқан адам зембілді жоғарырақ өз иығына дейін көтереді

B) алда келе жатқан адам зембілді жоғарырақ өз иығына дейін көтереді

C) отырғызып тасымалдау

D) алда келе жатқан адам қолын төмен ұстайды

E) басын ілгері салып тасымалдау

B

Төменде келтірілген өсімдіктердің қайсысы улы өсімдіктерге жатпайды?

A) аконит

B) сасық меңдуана (дурман)

C) қымыздық (щавель)

D) меңдуана (белена)

E) красавка

C

Төртінші дәрежелі күйіктің белгілері (артығын белгіле):

A) ісінуі

B) қызару

C) тері мен тірастындағы ұлпалардың жансыздануы (некроз)

D) ақшылдану

E) ашуы

D

Төртінші дәрежелі үсіктің белгілері (артығын белгіле):

A) ісінуі

B) қызару

C) тері мен терастындағы ұлпалардың жансыздануы (некроз)

D) ақшылдану

E) ашуы

D

Тырысқақ аурудың негізгі тарату жолын көрсет:

A) су арқылы  

B) ауа арқылы

C) бүргі шағуы

D) тамақ арқылы

E) тұрмыстық қатынас арқылы

A

Тырысқақ ауруға тән белгiлерi:

A) қан қысымы жоғарлайды, қызады

B) ыстығы көтеріледі, әлсiздену мен ұйқы бұзылуы

C) іш өту, құсу, сусыздану, терiнің құрғауы, қан қысымының төмендеуi

D) тұмау, жөтел, демікпе, ыстығының көтерілуі

E) іші өтіп қанды-сілекейлі дәреттің болуы

C

Тырысқақ ауруы кезіндегі эпидемияға қарсы шаралары (артығын белгіле):

A) науқастарды оқшаулау

B) карантинді еңгізу

C) белсенді қозғалыс

D) басқа мемлекеттен тырысқақтың таралуына жол бермеу  

E) су құбырларын қорғау

C

Туберкулез ауруы қандай жол арқылы адамға жұқпайды?

A) тұрмыстық қатынас арқылы

B) тамақ, су арқылы

C) шыбын-шіркейлердің шағуы арқылы

D) шаң тозан және ауа арқылы

E) тамшы-ауа арқылы

C

Тектілік (тұқым қуалаушылық) адам денсаулығына қанша пайыз әсер етеді?

A) 10 %

B) 20 %

C) 30 %

D) 40 %

E) 50 %

B

Төменде келтірілген қандай фактор салауатсыз өмір салтын сипаттайтын факторға жатпайды?

А) дұрыс демалмау

В) қозғалыс тапшылығы

С) ішімдікке құмарлық

D) тамақтану режимін бұзу

Е) белсенді қозғалыс

E

У

Уақыт өткен сайын радиация дәрежесі қандай принцип бойынша бәсендей береді?

A) «5-10»

B) «2-10»

C) «3-7»

D) «7-10»

E) «7-15»

D

Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардан уланған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

A) ауырғанын басатын дәрі беру

B) асқазанды шаю, белсендірілген көмір бері, су ішкізу

C) тыныштандыратын дәрi-дәрмек беру

D) ауырғанын басатын дәрі беру, төсекке жатқызу

E) арақ ішкізу

B

Улы жыландар шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:

A) уды ауызбен сорып сілекейді бірден түкіру, жараны залалсыздандыру, қозғалтпайтын жағдай жасау, су ішкізу

B) жгут салу, жараны күйдіру

C) теріні залалсыздандыру, арақ ішкізу

D) жараға бұрау салу

E) арақ ішкізу

A

Ұ

Ұжымдық қорғаныс құралдарға не жатады?

A) противогаз

B) қорғаныс комбинезон

C) панахана

D) санитарлық нүкте

E) респиратор

C

Ұлпалар қатты соғылған, сінір созылған кезде көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (дұрыс жауабын таңда)?

A) жарақаттанған жерге дәке орау, суық басу

B) таяныш салу, жылу басу

C) дәке орау, жылы шүберек басу

D) жарақаттанған жерге таяныш салу

E) суық басу, қатты танғыш орау, қозғалтпау,  ауырғанын басатын дәрі беру

E

Ұлпалардың ұзақ жаншылу синдромы кезінде көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi (толық дұрыс жауабын таңда):

A) жгут байлау, жылыту, арақ iшкiзу

B) су ішкізу, жаншылған жерден жоғары уақытша жгут байлау, қатты таңғыш салу, жгутты алып тастау, үстіне суық басу, таяныш салу, ауырғанын басатын дәрi беру

C) мүшенi жылыту, шай iшкiзу

D) басып дәке орау, таяныш қолдану

E) жгут байлау, арақ iшкiзу

B

Ү

Үлкен жара кезінде көрсетiлетін алғашқы медициналық көмек көлемі (толық дұрыс жауабын таңда):

A) жараны спиртпен залалсыздандыру

B) жараны саусақпен тазартып дәкенi салу

C) жараны бөгде заттардан тазарту

D) жара айналысындағы терiні спиртпен немесе йодпен сүрту, жараға залалсызданған таңғыш салу, ауырсынуды басу

E) ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек беру

D

Үшінші дәрежелі күйіктің белгілері (артығын белгіле):

A) ісінуі

B) қызару

C) ақшылдану

D) ашуы

E) терінің жансыздануы (некроз)

C

Үшінші дәрежелі үсіктің белгілері (артығын белгіле):

A) ісінуі

B) қызару

C) ақшылдану

D) ашуы

E) терінің жансыздануы (некроз)

C

Фосфорлы органикалық заттар (ФОЗ) улағыш заттардың қандай тобына жатады?

A) теріні іріндеткіш әрекетті

B) тұншықтырғыш әрекетті

C) жүйке-сал ауырына ұшырататын

D) психохимиялық әрекетті

E) тітіркендіргіш әрекетті

C

Халыққа төтенше жағдай туралы хабар беру үшін “Баршаның назарына!” ескерту дабылы қосылады, оны естігенде халықтың іс-әрекеті (толық дұрыс жауабын таңда):

A) ғимараттан дереу шығу

B) терезені жабу, далаға шықпау

C) керекті заттарды алып пәтерден шығу

D) радиоқабылдағыш немесе теледидарды қосып шұғыл хабарды тыңдау, одан алынған нұсқаулар бойынша іс-әрекет жасау

E) мақта-дәке таңғышын тағып сыртқа шығу

D

Химияға қарсы қолданылатын дербес пакет (ИПП-8) не үшін арналған (толық дұрыс жауабын таңда)?

A) тер бетіне және жеке қорғаныс құралдарға түскен улағыш заттардың сұйық тамшысын залалсыздандыру үшін

B) бактериялық құралға ұшараған кезде қабылдау үшін

C) жұқпалы ауруларды алдын алу үшін

D) суды залалсыздандыру үшін

E) денені радиоактивті заттардан тазарту үшін

A

Электр жарақаты кезінде көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек көлемi:

A) шалқасынан жатқызып, мүсәтiр спиртін иiскету

B) тоқтан ажырату, жасанды тыныстандыру, жүрекке массаж жасау

C) жылыту, ауырғанын басатын дәрi беру

D) мүсәтір спиртін иiскету

E) ауырғанын басатын дәрi беру

B

Эпидемиялық процестің негізгі буындары (толық дұрыс жауабын таңда):

A) инфекцияның көзі мен жұғу жолдары

B) сезімтал ағза мен жұғу жолдары

C) тасымалдау механизмі

D) инфекцияның көзі, тасымалдау механизмі, сезімтал ағза

E) жұғу жолдары

D

Ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы факторларына жататын (толық дұрыс жауабын таңда):

A) соққы толқыны, сәуле жарқылы, өткіш радиация, жердің ластануы, электрлімагниттік импульс

B) күлгiн сәуле, акустикалық импульсі

C) микротолқындар сәулесi

D) инфрақызыл сәуле

E) сейсмотолқыны

A

Ядролық қарудың зақымдаушы факторларының әсерінен адамдар мен жануарлардың жаппай зақымдануымен, ғимараттар мен құрылыстардың қирауымен сипатталатын аумақ қалай аталады?

A) ластану аймағы

B) ядролық жарылыс болған аймақ

C) ядролық зақымдану ошағы

D) радиоактивті қалдықтары бар аумақ

E) радиациялық авария болған аймақ

C




1. ВВЕДЕНИЕ Переход к рыночной экономике юридическое признание собственности вызвали к жизни и возродили в
2. темах интернета Rmbler Yndex Google и др
3. метод Пальмера
4. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня доктора наук з державного управління
5. ТЕМА ВИЩОЇ ОСВІТИТА КАДРОВЕ ЗАБЕЗПЕЧЕННЯ ГАЛУЗІФІЗИЧНОЇ КУЛЬТУРИ І СПОРТУ Система кадрового забес
6. 2010 ББК 60.5 С 69 Соціологія вільного часу та дозвілля- Курс лекцій для студентів спеціальнос
7. Массовое общество и культура
8. Обзор рынка балкеров и судов для перевозки генеральных грузов
9. Тема 1. Решение задач анализа и прогноза средствами EXCEL Цель- По результатам эксперимента построить уравн
10. ГУМАНИТАРНО СОЦИАЛЬНЫЙ ИНСТИТУТ М
11. Несудебные формы защиты
12. Исходные данные Цикл двигателя ~ с подводом теплоты в изохорно изобарном процессе
13. А. Баиров И. Б. Осипов
14. Реферат- Монако
15. прежнему находит применение по конструктивным и-или технологическим соображениям
16. была Девица Да замужем она была за славным Богатырем
17. Реферат- Речевой этикет
18. семийон Трапиче Аstic suvignon blncsemillon Тrpiche demi sec 2012 900 - 180
19. Курсовая работа- Этика права
20. Контрольная работа- Исследование частотных свойств линейных динамических звеньев