Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Экономика ~а~идаларына талдау жасау ж~не оларды~ негізгі ат~аратын ~ызметтеріне сипаттама беру

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

1. ЭКОНОМИКА ҚАҒИДАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ СИПАТТАМА БЕРУ.

Экономиканың негізгі қағидалары:

- Не өндіру керек? – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі қажет?

- Қалай өндіру керек? – қандай ресустар, қандай технологияны пайдалануарқылы өндіру қажет?

- Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге арналады,кім сатып алады? Қоғамның қажеттілігін барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады.

Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:

1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.

2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардыңсипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.

3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудыңболашағын айқындайды.

4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімдіәдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеументүсіндіреді.

5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканыңғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

2. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ.

Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.

Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.

Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.

Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

3. КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ АНЫҚТАУ, КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ӘРТҮРЛІ КӨЗҚАРАСТАРҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Капитал –дегеніміз ең бірінші өндіріс факторы ретінде қарастырылады және оған бірнеше түсінік беріледі.

  1.  Қызметтер мен тауарлар өндірісінде қолданылатын өндіріс құралдары мен ақша қорлары.
  2.  Капитал латын сөзінен аударғанда бас деген мағынаны білдіреді және негізгі байлық көзін анықтайды.

Капитал теориясының даму кезеңдері:

  1.  Физиокаттар мектептің түсінігі бойынша капитал ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары.
  2.  Смиттің теориясы бойынша капитал жеке адамдардың иелігіндегі қорларды тұтыну сипаттамасы. Бұл теорияды капиталдың басты қасиеті өз иесіне табыс әкелу.
  3.  Маркстік теория бойынша капитал жұмысшының жалдамалы еңбегі негізделген қоғамның таптық қатынасын сипаттайтын өз өзінен өсетін құн. Бұл теория бойынша капитал әлеуметтік экономикалық категория және ол үнемі қозғалыста болады.
  4.  Маршалдың теориясы бойынша капитал 2 жағдайда қарастырылады:
  5.  Микроэконмикалық деңгейде капитал қолдану тәсілі мен саласына тәуелсіз табыс табу үшін қолданылатын жеке тұлғалар байлығының бір бөлігі.
  6.  Макроэкономикалық деңгейде капитал материалдық игіліктерді өндіру үшін еңбек, жер факторларымен бірге пайдалануға болатын өндіріс құралдарының жиынтығы.
  7.  Кейнс теориясы бойынша капитал тиімді пайдалану арқылы көп мөлшерде табыс әкелу қабілеті бар байлық.

4. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА ФИРМАЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ МЕН ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:

1. Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді. 2. Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.

3. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.

4. Бәсеке дамуының негізін құрайды.

5. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.

Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.

Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта кәсіпкерліктің ролі мен орны:

1. Шағын өндіріс нарық коньюктурасының өзгерісін икемді сезінді, бұл нарықэкономикасында ірі кәсіпорындарда мүмкін емес.

2. Шағын кәсіпкерлік іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарынтиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан ресурстарпайдаланылмаған болар еді.

3. Шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады.

4. Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөлатқарады.

5. Шағын өндіріске ғылыми-техникалық жаңалықтардың әлемдік тәжірибеде 50% келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палориоид» типті фотоаппараттар)

6. Шағын бизнестің әлеуметтік қиын жағдайды жұмсарту орны бөлек. Ауыр дағдарыс кездері халық осыдан жұмыс тауып, өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.

2001 жылдың басында Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерліктің348 мың субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыспен қамтылғандарының жалпы санының төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-ке жеткізу міндеті қойылды.

5. АҚШАНЫҢ КАПИТАЛҒА АЙНАЛУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ КАПИТАЛДЫҢ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ФОРМУЛАСЫН ТҮСІНДІРУ.

Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:

  1.  капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,
  2.  капитал деген ақша сомасы.

Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:

А-Т...Ө...Т1 -А1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

А- Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:

... Т1 - А1

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=А' - А

Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

6. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕМЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУ.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Өндіріс шығындарының классификациясы

1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар – Бухгалтерлік  шығындар.

Айқынсыз шығындар - кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар – Экономикалық  шығындар.

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

2. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

Тұрақты шығындар (ҒС) – бұл шығындар өндірілген өнім көлемінің өзгеруінен тәуелсіз өзгермейтін шығындар.

Өзгермелі шығындар (ҮС) – олар өндірілген өнім көлем өзгерген сайын өзгеріп отырады.

Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталықтөлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді.

Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

1. Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарыныңөзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.

2. Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуіөндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайдақалыптасады.

3. Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріскөлемінен артық болған жағдайда орындалады.

3. Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

ҒС+VС =ТС

ТС-жалпы шығындар

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.

4 Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар: 4.1. Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:

- орташа тұрақты шығындар;

- орташа өзгермелі шығындар;

- орташа жалпы шығындар.

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғниР<АТС, фирма шығынға қалады.

2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС,фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдікжағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.

7. ЭКОНОМИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТУ.

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

Жалпы әдістер

1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.

3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.

4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.

5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.

6. Эксперимент, гипотеза және т.б.

Жеке әдістер

Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.

Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістіктің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын.Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдык өнім, ұлттық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады.

Бірақ, бұлардың айырмашылықтары да бар. Біріншіден, ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді. Мұндағы басты мәселе — қоғамдық өндірістердің бірінші және екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Ал осыдан темптер шығарылады. Экономикалық өсу темптері бастапқы деп және пропорцияларды белгілейді деп тұжырымдалады. Осының объективтік негізін қоғамдық қажеттілік құрайды. Сөйтіп, экономикалық өсу теориясында себепті-салдарлы байланыстардың керісінше сипаты болады.

Екіншіден, болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Міне, осылай бір жылдық циклда жасалған игіліктердің сомасы ретінде жиынтық қоғамдық өнім белгіленеді. Экономикалық өсуді есептеудің негізін "ұзын толқындар" құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан түрады. Осы мерзімде темптердің жалпы тенденциясының сипаты бұрынғыдай, немесе, одан төмен тұрақтылықта болады.

Үшінші айырмашылық — экономикалық өсу жүйесінде бос уақыт өсудің резерві, өсу потенциалының құрамдас бөлігі болып табылады. Бос уақыт — бұл адам капиталы дамуы үшін қажет кеңістік болып табылады. Ұдайы өндірісті талдауда бос уақытты еленбейді, бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді қанау дәрежесі жоғары деп есептеледі. Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді. Пәннің ерекшелігі зерттеудің методологиясы мен методтарының ерекшелігін тудырады. Методология дегеніміз экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс, белгілі философиялық көзқарастар тұрғысынан қарағанда ол субъективтік, диалектикалық-материалистік, эмпирикалық, рационалистік және т.б. бағыттарды қолдануды талап етеді. Бұл методология адамдардың таптық құрамына қарамастан, экономикалық жүйені тұтас зерттеп, осының негізінде экономикалық өркениеттің объективтік рационалистік заңдар ашып зерттеуді талап етеді. Құрал ретінде математикалық эконометрика, кибернетика пайдаланылады. Зерттеу нәтижесі экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер пайда болады. Рационалистік әдіс объективтік шындықты талдаудың тұрақты динамикада жүргізілуін тілейді. Бұған өндіріс, болу, айырбас және тұтынушыдың ішкі байланыстары мен заңдарын зерттеу тәсілі жатады.

Рационалистік және аналитикалық әдістердің өзара байланыстары әсіресе ұдайы өндіріс пен экономикалық өсу процестері талдауда толық байқалады. Позитивтік әдіс экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды, экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактілеу суреттеп баяндау және жүйеге келтіру негізінде экономикалық ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибе қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Демек, экономикалық ғылымның философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және эволюциясы туралы ілімді, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы туралы ілімді қалыптастырады.

Танып білудің нормативтік әдісі адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Бұл әдістің басты принципі шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан бұл әдісті қолдану үшін, неғұрлым жоғары дәрежені талдап, қорытынды шығару дәрежесіне көтеруді тілейді. Экономикалық құбылыстарды талдау экономикалық құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп және әр элементті тұтас құбылыстын қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылуымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.

Экономикалық теорияда қолданылатын әдістердің ішінде эксперимент пен экономикалық реформа елеулі рөл атқарады. Олардың зерттеудегі орны ерекше болады және жан-жақты дайындықты, терең болжауды дәлелдеуді, ғылыми сынақ өткізуді тілейді. Міне, ғылыми талдауды және экономикалық мәселелердің оптималдық шешімдерін іздестіруді ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдері осындай болады.

8. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА БЕРУ.

Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына:

- мемлекеттік бюджет,

- банктік және мемлекеттік несие,

- экономиканы тұрақтандыру қоры,

- зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,

- әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,

- валюталық қор,

- мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы,

- мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

- мемлекет және оның институттары, - компаниялар,кәсіпорындар,

- үйшаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардыңқаржы ағыстарын қамтиды.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік- экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

9. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАР МЕН КАТЕГОРИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН СИПАТТАУ.

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.

Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.

2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар

барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

Экономикалық заңдар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде пайда болып, өзгеріп немесе жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдар қоғамдағы объективтік экономикалық процестердің өзгерісімен байланысты болады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:

Микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.

Макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі түрге бөлінеді.

Позитивтік экономика нақты деректер мен құбылыстарға сүйенеді. Нормативтік экономика ұсыныстар мен ұйғарымдар жасайды, яғни экономика қандай болуы керек (болжау) және мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керек.

10. КАПИТАЛ АЙНАЛЫМЫНА ТҮСІНІК БЕРУ ЖӘНЕ КАПИТАЛДЫҢ ҚОРЛАНУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

Қандайда болмасын кәсіпорын үшін өз капиталдарының қорланып отыруы өте маңызды.Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша (С:V) құрылымы өзгереді, яғни өндіріс құрал жабдығын (С) алуға жұмсалатын капитал тезірек өседі. Ал, жұмыс күшін (V) сатып алуға жұмсалатын капитал үлесі азаяды, себебі, кәсіпкер бәсекелестік жағдайда кәсіпорынды техникалық жарақтандыруға барынша ұмтылады. Капиталдың техникалық құрылымы өзгеруінің нәтижесі-бұл С мен V арасындағы өзгеру, яғни өндіріс құрал жабдығы санының жұмыскерлер санына қатынасы.

Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады:

Капиталдың шоғырлануы;

Капиталдың орталықтануы.

Капиталдың шоғырлануы - бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың орталықтануы - дегеніміз бірнеше жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады.

Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) –бұл жаңа құрлысқа, жабдықтауға. жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға , тұрғын-үй, мәдени тұрмысқ құрлысқа кеткен шығындар.

«Инвестиция» кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағна береді.

Инвестицияның қайнар көзіне -өнеркәсіп кәсіпорындарының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау.

Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғайуына,өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуға ықпал етеді,яғни жұмыссыздықты жояды.

Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру қажет. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қсу табылады. Ал, инвестицияның түпкі нітижесі ұлттық табыстың ұлғайуына болмақ.

11. КАПИТАЛ АЙНАЛЫМЫНА ТҮСІНІК БЕРУ. АЙНАЛЫМ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІНЕ СИПАТТАМА ЖАСАУ.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте манызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.

Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипаттайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндсгі айналым саны арқылы есептеледі:

п = О/Т

мұнда П - айналым саны,

О - капитал айналымының өлшем бірлігі ( 1 жыл),

Т - берілген капиталдық айнапым мерзімі (ай).

Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалғанкапиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни активтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:

К1 = Сатудың көлемі/Салынған капитал.

Осы түрлі көрсеткіштердің жабайысына айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті жатады, бул осы кезендегі айналмалы капиталдын орташа қалысының, осы кезенде өткізілген өнімнің құнының (сатудан ақшалай түсім) болінісіне тең болады.

Rоб=Айналмалы капиталдың орташа қалдығы/Сатылған өнімнің құны

Мысалы, бір жылда сатылған өнімдерден ақшалай түсімі - 2000 млн. теңге болса, ал фирманың айналмалы капиталының орташа қалдығы — 400 млн. теңге, онда айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті:

немесе біздің мысалда: О 360

R=2000млн.теңге / 400 млн. Теңге=5

Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағаның көрсетеді.

Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа үзақтығының көрсеткішін есептей аламыз (От);

OТ= O

немесе біздің мысалда: ОТ=360/5 = 72

Айналыстың көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылык жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрадардын ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетне тікелей әсер етеді.

Айналмалы капитал мен қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының сәйкестігі, қазіргі әрекет ететін капитал мен кәсіпкерді төлем қабілетін байланыстырады.

12. ЖАЛАҚЫ: МӘНІ, ОНЫҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1. Номиналды жалақыға.

2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарларбағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

Егерде жалақы Ре-ден төмен болса сұраныс ұсыныстан артады, яғни еңбеккерлердің саны кем болады.

Егерде жалақы Ре-ден жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артады, яғни жұмыс күші саны артық болады.

Р - жалақының мөлшері; Q - жұмыс орнының саны.

П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы саны;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына

сәйкес.

Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін

теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігіретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.

Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.

Жалақы

Жұмыс атқарған уақытына байланыстымерзімдікЖұмыс сағат саны х Бірсағаттың ақысы

Өндірілген өнім санына байланыстыкесімдікөндірілген өнім саны х Әр дананың ақысы

Жалақыны екі негізгі формаға бөлуге болады:

- мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытыныңшамасына байланысты төленеді;

- келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшерінебайланысты төленеді.

Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.

Жалақының формалары мерзімді және келісімді болып екіге бөлінеді. Мерзімді жалақы өз ішінде жай мерзімді және мерзімді сыйлықты деп бөлінеді. Келісімді жалақы кесімді сыйлықты, тікелей кесімді, кесімді прогрессивті және аккордты деп бөлінеді.

13. ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР ТҮСІНІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯДАҒЫ РЕСУРАСТАРДЫҢ СИРЕКТІГІ ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛІЛІК МӘСЕЛЕСІНЕ СИПАТТАМА БЕРУ.

Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығыжатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.

Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми- техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады.

Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:

1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.

Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы. Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бірғана қасиет тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады, ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек.

14. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНАЛМАЛЫ КАПИТАЛ ТҮСІНІКТЕРІН АНЫҚТАУ. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫҢ ТОЗУ ПРОЦЕСІН ТҮСІНДІРУ.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде; табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады: техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы; құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.

Моралдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.

Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады төмендейді, өйткені еңбек құралдарьның бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).

Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.

Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек. амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.

15. ӨНДІРІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯЛАРЫНА СИПАТТАМА БЕРУ.

Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.

Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.

Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.

1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:

  1.  жер беті ретінде
  2.  экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде

Оның негізгі ерекшелігі оны көбейтуге және тасымалдауға болмайды. Олардың пайдалану мүмкіндіктері:

Өңдеу: ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы.

Қазба түрінде: жер асты байлықтарын пайдалану, энергетика өндірісі, балық аулауда.

Орналасқан орын: тұрғын үй құрылысы, жол байланысы жүйесі, демалыс орындары, кәсіпорындар.

Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.

2. Капитал:

  1.  Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.
  2.  Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды.

Мұндаұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).

Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.

3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:

адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.

өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.

Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:

көп дайындықты қажет ететін еңбек,

көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,

ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбек деп бөлінеді.

Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбеккеқабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі арқылы сипаттауға болады. Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі,еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.

4. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.

1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.

2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.

3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.

4). Тәуекелшіл болуы тиіс.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің 2 типі бар: жай өндіріс және ұлғаймалы өндіріс.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесіндедамиды.

3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

16. РЕНТАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТЕОРИЯСЫН ТАЛДАУ.

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақынорналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелерінекөшуін дифференциальдық І рента деп атайды.

2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстемепайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз – жердіинтенсивті игерудің келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.

Жерге жекеменшік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банк ппайызды шамасына байланысты қалыптасады.

Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады.

ЖБ =Ч×100S 

Мұнда: Ч – рента,

S – несие пайызы,

ЖБ – жер бағасы.

Сонымен, жалақы, пайызы және рента – бұл өндіріс факторларын

пайдаланғаны үшін алынатын табыстар. Бірақ та, жалақы, пайызы және рента қайсыбір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.

17. КАПИТАЛДЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯҒА КАПИТАЛДЫҚ САЛЫМДАР ЖАСАУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.

Капиталдың шоғырлануы - бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың орталықтануы - дегеніміз бірнеше жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады.

Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) –бұл жаңа құрлысқа, жабдықтауға. жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға , тұрғын-үй, мәдени тұрмысқ құрлысқа кеткен шығындар.

«Инвестиция» кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағна береді.

Инвестицияның қайнар көзіне -өнеркәсіп кәсіпорындарының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау.

Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғайуына,өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуға ықпал етеді,яғни жұмыссыздықты жояды.

Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру қажет. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қсу табылады. Ал, инвестицияның түпкі нітижесі ұлттық табыстың ұлғайуына болмақ.

18. ТАУАРЛЫ ШАРУАШЫЛЫҚ: ПАЙДА БОЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ҮЛГІЛЕРІНЕ СИПАТТАМА БЕРУ.

Тауарлы шаруашылық:

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:

  1.  нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
  2.  жекеменшіктің болуы;
  3.  тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері:

  1.  Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
  2.  жеке меншіктің пайда болуы;
  3.  тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;
  4.  еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
  5.  қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;
  6.  экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

19. НАРЫҚТЫҢ МӘНІ АНЫҚТАП, НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Нарық айырбас айналыс-бұл категория бар өзара тығыз байлансты жәнетұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар:

  1.  сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.
  2.  Экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.
  3.  Рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады. Яғни нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады,ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылытын өнімдер ғана түседі. Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.

2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әр бір қатысушысы бір уақытта сатушы да сатып алушы да болып табылады

3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі және керісінше

4. Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалай, кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.

5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

20. ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҰДАЙЫ  ӨНДІРІС ТИПТЕРІНЕ ТҮСІНІК БЕРУ.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндірістің 2 типі бар: жай өндіріс және ұлғаймалы өндіріс.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесіндедамиды.

3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Экономикалық даму  процесін дұрыс түсіну үшін экономиканың барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс процесімен байланысын  қарастыру қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылар бір-біріне жалғасып қана қоймай, уақыт ағыны сияқты болып тұрады.

Өндіріс нақты заттай өнім жасайды: өндіріс құрал¬да¬ры және тұтыну заттары. Бұл - машиналар, құрал-жабдық¬тар, нан, ет, маталар, киім, яғни адамның өмір сүруіне және дамуына қажеттердің барлығы.

Жыл ішіндегі өнімдерді бөлу сол елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы:  нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.

Айырбас (айналым) еңбек бөлінісі  және мамандану негізінде жүзеге асырылады, сондықтан да, бұл біртұтастық бір формада өзінің еңбек нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің  мүмкін жолдары болып табылады. Бұл - «ақ¬ша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу - сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.

Тұтыну - кез келген өндірістің түпкі мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс пен шаруашылық қызметі өзінің мағынасын жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасын жоғалтады.

Тұтынудан соң оны жаңамен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс - бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі ешқашан да үзілмейді.

Осы төрт фазаның барлығы бір мезгілде жүзеге асырылады, өйткені осы фазаның біреуінің тоқтауы тізбектің ажырауына және қоғамның құлдырауына әкеледі.

Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады.

Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу,  айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің  ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экон¬оми-калық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономи¬калық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса - тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма¬ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым¬ша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық  және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Кеңейтілген  ұдайы өндіріс - тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Демек, қоғамдық ұдайы өндіріс екі бөлім: К.Маркс бойынша төмендегіше білдіруге болатын өндіріс құралдары ұдайы өндірісі мен тұтыну заттары ұдайы өндірісінен тұрады:

І w = c + v + m

П w = c + v + m

Мұнда:

І және П қоғамдық ұдайы өндіріс бөлімдері;

w - І және П жиынтық қоғамдық өнім;

с - өндіріс құралдары (тұрақты капитал);

v - жұмыс күші және өзгермелі капитал;

m - қосымша өнім құны.

Нарықтық экономиканың негізгі мәселелерін шешу үшін жиынтық қоғамдық өнімді өткізу қажет, яғни кәсіп¬керлердің  бүкілі өз өнімдерін сата алатын, содан соң қажетті өндіріс құралдары мен жұмыс күшін алатындай болуы қажет. Сонымен, бір мезгілде кәсіпкерлер мен жұмыскерлердің өздеріне қажетті тұтыну заттарын сатып ала алатындай болуы тиіс.

Мұндай проблемалар  екі құрылымдық бөлім арасын¬да¬ғы келесідей пропорциялардың сақталуы жағдайында шешіледі, яғни нарықтың өзін-өзі реттейтін қызметі көрініс береді:

1) І (v + m) > П с

2) І (c + v + m) > І с + П с

3) П (с + v + m) < І (v + m ) + П (v + m)

Мұнда:

Бірінші, басты жағдай - жаңадан жасалған құн (таза өнім), І (v + m) І құрылымдық бөлімшеде П құрылымдық бөлімшенің  тұрақты капиталынан көп болуы тиіс, қалған екеуі - туынды, тәуелді.

Егер екі құрылымдық бөлімшелердің кәсіпкерлері, жинақтау үшін  қосымша капитал табатын болса, ол орын¬да¬латын болады, яғни өндірісті ұлғайту екі жолмен: капи¬тал¬ды шоғырландыру және орталықтандыру жолымен шеші¬леді. Мұндай қажеттілік жинақтауды жүргізе отырып, өз әріптестерін бәсекелестік күресте жеңу үшін туын-дай¬ды, яғни пайданың бір бөлігінің (қосымша құнның бөлігі) өндірісті  ұлғайтуға, қосымша капиталға айналуы:

W = c + ∆c + v  ∆v + m;

m = m1 + m2

Мұнда:

m - қосымша құн;

m1  - жинақтау қоры;

m2  - шаруашылық субъектілерінің, кәсіпкерлердің

       тұтыну қоры.

21. НАРЫҚ ТҮРЛЕРІНЕ ТҮСІНІК БЕРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Нарық айырбас айналыс-бұл категория бар өзара тығыз байлансты жәнетұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар:

  1.  сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.
  2.  экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.
  3.  рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарықтың экономикалық құрылысы мынадай жағдайлармен белгіленеді: меншік формалары бойынша: (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас); шаруашылық субъектілернің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағына байланысты тауар өндірушілердің құрылымы (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары);тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен; шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекелендіру дәрежесімен;осы мемлекеттің қолданатын сауданың түрлерімен.

Құрылымы жағынан нарықты мынадый критерилерге бөлуге болады:

1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

- игіліктер мен қызметтер нарығы;

- өндіріс құралдарының нарығы;

- ғылыми- техникалық құралдар нарығы;

- құнды қағаздар нарығы;

- жұмыс күші нарығы.

2. Нарықтарды тауарлы топтар бойынша жіктеуге болады.

- өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;

- халық тұтынатын тауарлар нарығы;

- шикізат пен материалдар нарығы.

3. Кеңестік критериі бойынша мынадай нарықтар болады.

- аймақтар ішіндегі;

- аймақтар аралық;

- республикалық;

- республикааралық;

- халықаралық (әлемдік) нарықтыр.

4. Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

- монополиялық;

- олигополиялық;

- салааралық нарықтыр.

5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтыр болады:

- көтерме сауда нарықтары;

- бөлшек сауда нарықтары;

- ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.

6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:

- заңды, ресми нарықтар;

- заңды емес, көлеңкеленген нарықтар.

Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты.

Тауарлар мен қызметтер нарығы

- тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;

- қызметтер нарығы;

- тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.

Өндіріс факторының нарығы

- жылжымайтын мүліктер нарығы;

- еңбек құрылымдарының нарығы;

- шикізат пен материалдар нарығы;

- қуат ресурстарының нарығы;

- пайдалы қазбалар нарығы.

Қаржы нарығы

- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;

- несие нарықтары;

- құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);

- валюта, ақша нарықтары.

Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

22. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТҮСІНДІРУ.

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

  1.  ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау; жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
  2.  инфляция мен инфляция қарсы саясат;
  3.  экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
  4.  экономикалық дамудың циклдары;
  5.  ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
  6.  мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

23. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайындашаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі жәнесыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.

Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.

Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:

1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.

2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделгеннарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.

3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдердітаңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

24. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ СИПАТЫН АНЫҚТАП, ОЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕЛУ ӘДІСТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ/баға индексі

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ

Номиналды мен нақты ЖҰӨ арасында айырмашылық бар, тауар бағасының өсуі инфляцияға әкеп соғады. Инфляция мөлшері берілген уақыттағы баға деңгейі өсуінің проценттік мөлшері болып табылады. Экономиканың өсу мөлшері нақты ЖҰӨ-нің өсуінің мөлшері болып табылады. ЖҰӨ-нің өсу себептері:

  1.  экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;
  2.  өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;
  3.  өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.

Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индекті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі есептеледі, яғни тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш анықталады:

Тұтыну бағаларының индексі = Ра х Qқ / Рб х Qқ

Мұнда Ра Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.

Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлардың саны.

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:

1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары

кіреді.

2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы өндірілген өнімнің көлемі

кіреді.

3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің

белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

Халықаралық статистикада жалпы ұлттық өнімді өлшеудің негізінен екітәсілі қолданылады. Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады.

1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлеріқосылады:

  1.  жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
  2.  кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.
  3.  тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
  4.  таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;

G – мемлекеттің сатып алуы, І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт.

2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы, R – ренталық төлемдер,

I – жинақ капиталының пайызы (%),

P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдісөндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

ЖҰӨ өлшемінің негізгі проблемалары:

  1.  кейбір өнім нарықта сатылмағандықтан, дұрыс өлшембйеді. Бұған мемлекет қызметі, ерікті еңбек және өз пайдасы үшін істелген қызмет кіреді,
  2.  тауар сапасын жақсартуды дұрыс есептеу қиынға соғады,
  3.  кейбір операциялар нақты ЖҰӨ-ге қосалқы түрде өлшенеді.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ>ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:

ТҰӨ = ЖҰӨ - А

Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы.

ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар

экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын жәнеосы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалғанпайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі; Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.

25. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ТҮСІНІГІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ БІР ТҮРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.

Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.

Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.

1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.

2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?

3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)

4. Кім үшін өндіру керек?

5. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:

Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа

елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.

Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.

Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.

1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4. Орталықталынған ресурстар қоры.

5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының

болмауы.

26. НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ МАҚСАТЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА БЕРУ.

Нарықтық инфрақұрылым (орыс. Рыночная инфраструктура) – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі.

Оның құрамы:

  1.  ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;
  2.  материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;
  3.  несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.

Нарық инфрақұрылымы:

  1.  тауар нарығы
  2.  қаржы нарығы
  3.  еңбек нарығы

ТАУАР   НАРЫҒЫНЫҢ   ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ  

- делдал фирмалар

- жәрмеңкелер, аукциондар

- көтерме сауда кәсіпорындары

- бөлшек сауда кәсіпорындары

ҚАРЖЫ  НАРЫҒЫНЫҢ  ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ  

-  валюта және қор  биржалары

-  банктер

-  сақтандыру компаниялары

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫ

- еңбек биржасын

- еңбекпен қамту қызметі

- кадрларды даярлау

27. ТАУАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ. ЕҢБЕК-ҚҰН ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН АШЫП КӨРСЕТУ.

Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік тұрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігін қанағаттандыру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналған заттар, немесе қызметтер. Заттар өзінен өзі тауар бола алмайды. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектіне айналуға тиіс. Сондықтан тауар адамдар арасындағы еңбек өнімінің айырбасы арқылы білінетін қатынастарды көрсетеді. Тауармен алмасудың формалары сан алуан болуы мүмкін, бірак барлық жағдайда осы айырбастың әрекетінің нәтижесінде бір зат өтіп орнына екінші зат келуі қажет. Осыдан шығатын тұжырым: айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құнына ие болады. Яғни белгілі сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады.

Тауарлы өндірісте шешуші категория тауар болып табылады. Оның мәнін әркім әр түрлі түсінеді.

Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатыны:

- тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.

- тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.

- тауар сатуға арналған.

Экономикалық игіліктерге К.Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады. Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Айырмашылығы екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді, ол біріншісінде ескерілмейді. Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептер еңбек арқылы өндірілген пайдалы өнімдер де, еңбек жұмсалған табиғат сыйларымен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатынын мойындайды. Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.

Тауардың екі қасиеті бар:

-      қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

-      басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

28. ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.

Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.

Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан Австралияны (450 млн. га), АҚШ-ты (320 млн. га) және Қытайды (234 млн. га) ғана алдына жібере алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Бұрынғы одақтағы мұнай қорының 9%-ы Қазақстан үлесіне тиесілі болса, ал әртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы әлемдік мөлшердегі мұнайға ТМД үлесі 6-10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн. т) қорының 13% шоғырланған және мөлшері бойынша тек АҚШ- ты (553млн. т), Украинаны ғана алдына салады.

Қазақстан әлемде хром рудасы қоры бойынша екінші орынды иеленді және республика 1990жылы жалпы одақтағы оны өндірудің 96,6%-ын игерген. Жалпы темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан әлемде Бразилия,  Австрия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.

Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші орынды, фосфор рудасы бойынша — екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша — төртінші орында.

1990жылы бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7% фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%-қорғасын, 29,5% молибден, 28,4% мыс, 22,1% боксит, 20,1%асбест, 13%марганец, 11,9% көмір және 9,7% темір рудасының қоры Қазақстан үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің 60-тан астам ең белгілі элементтері табылған.

Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру — экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай — ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.

Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс — құрал жабдығына (еңбек құрал — сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және

ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын — жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал — сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал — жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық  негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.

Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының  өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді.

Олар процесс кезінде қалпына келген құралдарды игеру арқылы материалдық игіліктер процесінде қолданылады немесе қолданылуы мүмкін. Қызмет жасайтын еңбек заттары ғана ұлттық мүлікке енеді. Қоймада жатқан машина, станоктар немесе бекіту процесінде әлі негізгі қорлар бола алмайды және тек іске қосылған кезде ғана негізгі қорға айналады.

Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады (денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және т.б.). Бұл қорлар тұтыну сипатына ие болады және тұрғындардың алуан түрлі тұтынулары мен қоғамдағы барлық өндірістік емес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған.

Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал- жабдығы мен тұтыну заттары да енеді және олар кездейсоқ жағдайларда, халық шаруашылығының кейбір салалары дамуының жекелеген диспропорциясын және т.б. жою үшін резервтелген.

Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 15 бөлігін құрайды. Тұрғындардың өз бастарының мүлкінің құрамына ұзақ мерзімге қолданатын заттар енеді –олар: үй — жиһазы, картина, жеңіл машиналар және т.б. Тұрғын үй, саяжайлар және басқа құрылыстар негізгі өндірістік емес қорларға жатады, ал ірі қара, омарта, ауыл шаруашылығы құрал — саймандары – негізгі өндірістік қор болып табылады.

29. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТОҚТАЛА ОТЫРЫП, МӘНІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршағы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабылеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметі барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон– Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.

Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

1. Сапалық, біртектілік.

2. Сандық бөлінуі.

3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4. Сақталуы.

Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданыладыжәне т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғниметалдық, номиналдық, сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының- негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

- Пайдалануға өте ыңғайлы

- Мүлтіксіз сақталынуы

- Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және деалтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қорымемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын,жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

4. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшалардықатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

5. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымынреттеу үшін маңызды.

6. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақтывалюта болып табылады.Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлібірінші орында болады.

30. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН ТАЛДАУ.

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрліэкономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16...), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4...). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). А.Филлипс 1881-1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған.

Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеп болады.

К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

  1.  Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
  2.  Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
  3.  Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
  4.  Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

- жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;

- жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

31. ШЕКТЕУЛІ РЕСУРСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН АШЫП КӨРСЕТУ.

Зерттеу және сегменттеу игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері пайдаланады. Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады, олар келесі топтарға бөлінеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік. Шектеулі ресурстар жағдайында таңдау мәселесі туындайды. Оларды пайдаланудың ең тиімді тәсілін табу керек, ол үшін мына 3 сұраққа жауап беру қажет:

1. Не өндіру керек, яғни қандай өнімдер мен қызмет түрлері және олардың қанша мөлшерде өндірілуі мүмкін?

2. Қалай өндіру керек? Пайдалы өнімдер қалай өндіріледі немесе олар қандай материалдық, адам ресурстары арқылы және қандай технологияның көмегімен өндіріледі.

3. Кім үшін өндіру керек, яғни өнімдер және  қызметтерді кім үшін өндіру қажет, олар қалай бөлінеді және түптің түбінде кімдердің тұтынуына түседі?

Осы проблемаларды шешу барысында адамдар табиғатпен белгілі бір байланыста болып, жаратылыс байлықтары мен энергиясына деген қажеттілік туындайды. Табиғаттың бұл ресурстарын адамзат қажетіне пайдалану жоғарыда айтылған проблемаларды ұтымды шешумен тікелей байланысты.

   Ғылыми білімнің қай саласы болсын, олар кездейсоқ пайда болмайды. Олардың түбегейлі тарихи тамыры бар. Сондықтан әрбір зерттеуші-ғалымның өзі айналысатын ғылымның тарихын білуі міндетті шарт.

Зерттеу және сегменттеу бес негізгі бөлімнен тұрады: кіріспе, микрозерттеу және сегменттеу, мезозерттеу және сегменттеу, макрозерттеу және сегменттеу, мегозерттеу және сегменттеу. Зерттеу және сегменттеу екіге бөлінеді: оң зерттеу және сегменттеу-дерек негіздегі зерттеу және сегменттеу қылық туралы болжаулар. Нормативті зерттеу және сегменттеу-елдің зерттеу және сегменттеу туралы бағалау пікірі.

 Зерттеу және сегменттеу шектеулі ресурстар әлеміндегі өндіріс-бөліс-айырбас-тұтыныс процессінде адамдар арасында қалыптасатын объективті зерттеу және сегменттеу қатынастардың жүйесі болып табылады.

32. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ МЕН СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАП, ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

- Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен

қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

- Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай- ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

- Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігіболған жағдайда да орын алады.

- Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

- Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

- Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

- Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттенкүрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түргебөлуге болады:

- Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз)өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

- Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

- Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

Баға = ағым кезіндегі тұтыну баға индексі - өткен кезеңдегі баға индексі / өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асыпжатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылыжоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

- Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.

- Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзініңөніміне жоғары баға қою.

- Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақышығындарының өсуі.

- Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуіинфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалынтигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланыстыеңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.

2. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.

3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.

5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясаттыжүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.

33. ҰСЫНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ЗАҢЫН ТАЛДАУ. ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРҒА СИПАТТАМА ЖАСАУ.

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюынаәкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына,субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді.Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

34. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН АШЫП КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЦИКЛ ФАЗАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Циклдың фазалары:

1. Дағдарыс (құлдырау, рецессия).

2. Тоқырау (стагнация). 3. Жандану.

4. Өрлеу (бум).

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды,бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздықжоғарыдеңгейдеболады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіпөндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды

стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми- техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар

1. К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдық оқтын-оқтын жаппай жаңаруыменқарастырған. Марксистердің айтуы бойынша, экономиканың циклдық дамуы өндірістің нәтижесін иемденудің жекекапиталистік формасының арасындағы қайшылықтар байланысты. Капиталдың қорлануы, өндіргіш күштердің дамуы өндірістің қоғамдасуын жоғарлатады, яғни капиталдың шоғырлануы және орталықтануы, индустриялық орталықтар мен ірі капиталистік кәсіпорындарының қалыптасуы. Марксизм теориясында аграрлық дағдарыстар капиталистік дағдарыстардың ерекше көрінісі болып табылады. Олардың себебі ортақ: капитализмнің негізгі қайшылығы, бірақ ерекшеліктері бар:

  1.  жерге шаруашылық объекті ретінде монополияның болуы;
  2.  аграрлық секторда баға белгіленудің ерекшеліктері;
  3.  табиғи фактордың әсері;
  4.  ауыл шаруашылығының даму дәрежесінің өнеркәсіптігінен төмен болуы.

2. Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз мөлшеріне дейін төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

3. Неоклассиктер мен неокейнсшілдер циклдік дамуының себебіне, капитал запасының өндіріс шарттарына үйлесу процесін жатқызады. Жыл сайын ұдайы өндірілетін көлемімен және осы мезгілде дейінгі жинақталған запасының арасында тепе-теңдік пропорция бар. Осы тепе-теңдік бұзылмағанша циклдық ауытқулардың болуы мүмкін емес. Осы екі бағыттарының циклдық теориядағы айырмашылығы тепе-теңдіктің сипаты мен себептері.

4. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатының нашар жүргізілуінен туындайды.

5. Циклдардың себептерін зерттеген бағыттардың бірі психологиялық теориялар. Психологиялық теориялардың бір бағыты XIX- XX ғғ. пайда болды, өкілдері У.Джевонс пен В.Парето. Циклдық дамуын тауар нарықтарындағы және қор биржасындағы кәсіпкерлердің іс-әрекетімен байланыстырады, яғни баға мен құнды қағаздардың бағамының одан әрі өсу күтімдерінің себептерімен. XX ғ. басында психологиялық теориялардың екінші бағыты пайда болған және А. Пигудың теориясымен байланысты. Басты себепті өндірушілердің өндірістік капитал салымының ерекшелігімен байланыстырады. Р. Лукастың шығарған экономикалық циклдың тепе-теңдік теориясы шаруашылық субъектерінің тәртібі және олардың экономикалық мәліметті қабылдауының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл теорияның басты ойы – ақша массасының күтпеген өсуі және осымен байланысты бағалардың өсуімен байланысты акселерациялық механизмнің өзара әсері.

35. НАТУРАЛДЫ ЖӘНЕ ТАУАРЛЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СИПАТТАМАСЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға

бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды шаруашылық:

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

Тауарлы шаруашылық:

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілері мыналар:

  1.  өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
  2.  өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:

  1.  нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
  2.  жекеменшіктің болуы;
  3.  тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері:

  1.  Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
  2.  жеке меншіктің пайда болуы;
  3.  тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;
  4.  еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
  5.  қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;
  6.  экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екіқасиеті бар:

  1.  адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
  2.  басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

36. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТҮСІНІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫНА СИПАТТАМА ЖАСАУ.

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалықмүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл- ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмысдәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы менөндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді:

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру,өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттықөнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі;капиталдың көлемі өсуі.

3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғымәлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толыққамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемінжәне оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Тікелейді бес негізге факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді.

Жанама факторлар экономикалық өсудің физикалық мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Жанама факторлар құрамына жататындар:

Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді: мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игерунәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелес қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

Ұсыныс факторлары нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтардың салықтың азаюы және т.б.

Бөлу факторлары.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. -Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

Жанама факторлар:

- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.

Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:

1. Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу. 2. Қатал монеторлық фискальдық шектеулер қою.

3. Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия жасау.

4. Жекеменшікті бекітумен қатар құқықтық қорғау жасау

5. Жекешелендіру процессін аяқтау (аграрлық секторда). 6. Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу 7. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

8. Индустриальдық технология стратегиясын жасау

9. Өндіріс диверсификациясын жүрзізу.

10.Өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін дамыту

37. НАРЫҚТЫҚ БАҒА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН АНЫҚТАУ.

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың  өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды.

Нарықтық экономика жағдайында баға қалыптастыру өте күрделi процесс.

Өнiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек жєне ол кєсіпорынның шығындарын жауып, пайда єкелуге тиiстi.

Өз еркiмен бағаны көтерiп, нарықтан тыс қалған фирмалар, ал керiсiнше бағаны тµмендету арқылы кµптеген қолайсыз жағдайға кездескен фирмалар iс-жүзiнде кµптеп кездеседi.

Баға — өндiрушiлер мен сатушылар тұрғысынан тұтыну құнының бағаланған µлшемі деп есептелiнедi. Бұл анықтамада үш жағдай маңызды.

Бiрiншiден, баға, оған енген қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен емес тауардың тұтыну бағасымен байланысты.

Екiншiден, баға тұтынушылар мен емес, өндiрушiлер мен  немесе тауар сатушылардың ұсынуы жєне  бағалауымен байланысты. Тұтынушы шешім қабылдағанда  тауардың тұтыну құнының бағасын ескереді жєне ол факторлардың әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті.

Үшiншiден, бағаның мөлшерi тауардың немесе оларды ұсынушылардың тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер мен тұтынушылардың арасындағы кез-келген аралық өткiзу арналары құнды ұлғайтады.

Компания өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды. Компания  өндіріс шығындарын, таратуға кететін шығындарын жєне  тауарды сатуға кететін шығындарын орнына келтіретін ғана емес, тәуекелділік пен күш-жігері үшін жеткілікті пайда  әкелетін баға белгілеуге тырысады. Баға қалыптастыру стратегиясында шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар  өз салаларында  өте төменгі шығынға жетуге талпынады, себебі онда ол төменгі баға белгілей алады да, соның нәтижесінде сату мен пайданың деңгейін арттырады.

Шығындардың екі түрі болады – тұрақты және өзгермелі.

Тұрақты шығындар — өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар.

Мысалы, ай сайын төленетін жалгерлік және жылжыту үшін төлемдер, несие үшін пайыз төлемдері және қызметкерлердің төлем ақылары өндіріс көлемімен байланысты емес.

Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты.

Өндірістің белгілі деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы валдық шығындарды құрайды.

Баға белгілеу проблемасына фирмалар әртүрлі жолдармен келеді. Шағын фирмаларда бағаны басшылар тағайындайды. Ірі компанияларда баға белгілеу проблемасымен бөлімше басқарушылары және тауар ассортиментінің басқарушылары айналысады. Бірақ бұл жағдайларда да жоғарғы  басшылар баға саясатының жалпы бағытын және мақсатын анықтаумен  қатар,  көпшілік жағдайда  төменгі эшелон  басшыларының ұсынған  бағаларын бекітеді. Баға факторы шешуші роль атқаратын салаларда  (темір  өндіру компаниялары, аэрокосмос өндірісі, мұнай компаниялары т.б.)  фирмалар көбіне баға қалыптастырушы бөлімдерді құрады жєне олар тиімді бағаларды белгілейді, немесе басқа бөлімшелерге осы сұрақ бойынша көмек көрсетеді.

1.Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері.

Нарық типтеріне байланысты сатушы  баға қалыптастырғанда  әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады.  Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және єрқайсысы  баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.

1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады.  Бірде — бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың  баға деңгейіне үлкен ықпалын  тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен  сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық  тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу,  тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және  өткізуді ынталандыру  минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.

2. Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын кµретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады.

3. Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер  бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан  олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.

4. Таза монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, “Қарағанды-Жылу”) не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі “Дюпон”). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін.  Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару,  не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып — нарықты игеруді тереңдете түсу.

38. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу. Қаржылық реттеу үдерісі қаржылық саясаттың субъективті түрде белгіленген бағыты және оны шаруашылықтық практикаға асыру механизмі бойынша өтетіндіктен, экономикалық заңдар мен оларға сәйкес келетін экономикалық категорияларда бейнелеп көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері неғұрлым толығырақ ескерілсе, бұл саясат пен механизмнің шаралары соғұрлым шынайы әрі практика талаптарына жауап беретін болады. Ал олай болмаған күнде нақтылы экономикалық өмірде қаржылық механизмнің нысандары мен әдістерін күшпен алу реакциясы пайда бола бастайды.

2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы. Басқарманың автократиялық нысаны шешімдердің валютаризмін, оларды қоғамның қабылдамауын және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын, мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының төмен тиімділігін: игіліктің сырт көрінісі кезінде қоғам тоқырауға ұшырайды, әлеуметтік-экономикалық мешеулікті және азғындауды тудырады.

4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық, жүйенің болуы. Сөздің кең мағынасында заңнамалық жүйе әсері оның заңнамада келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететін нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының жауапкершіліктері үшін қоғамда «өнегелі климатты» қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару саласы, құзырлылық және басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымындағы тәртіп ұйғарылады. Бұл қағиданы 3 тармақтағы тұжырымдалған алғышарттың әрекетінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Аталған алғышарттардың 3,4 тармақтары жалпы азаматтық қоғамның, яғни қоғамның барлық мүшелеріне арналған тіршілік әрекеті үшін тен мүмкіндіктер жасайтын, олардың мүдделері мен әлеуетін ескеретін, бірдей құқықтық қорғалуы мен жауапкершілігін қамтамасыз ететін өркениетті қоғамдық құрылыстың болуын көрсетеді.

Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

а) технологиялық қайта бөлістер бойынша өндірістердің мүмкін болатын үлкен жинақталымын біртіндеп дамыта отырып, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық үдерістер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;

б) рыноктық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту:

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен енбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Сонымен бірге қаржылық тұтқалардың көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

  1.  материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;
  2.  өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
  3.  кәсіпорындардың, ұиымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарттық тәртібін қамтамасыз ету;
  4.  кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;
  5.  кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік ара қатынасын реттеу;
  6.  ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру.

Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының үрдісіне қаржылық тұтқалардың көмегімен ықпал жасалады. Әдетте реттеу үдерісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының әр алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесін ажыратудың, тұрпаттарға, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі тұрпаты бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды.

Реттеу нысандары аталған түрлерде ағатын қаржылық қосалқы категорияның тиісті түрі үшін сипатты, сондай-ақ барлығы үшін ортақ үдерістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрде - қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта - тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда - сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Мемлекеттік-кредиттік түріндегі нысандар сан алуан.

Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен аффиландырылған заңи тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.

Мемлекеттік сатып алудың үдерісі мыналарды кіріктіреді:

  1.  сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номеклатурасы мен көлемдерін қалыптастыру;
  2.  жеткізушіні таңдау, онымен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасу;
  3.  мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың атқарылуы.

Мемлекеттік сатып алу үдерісін реттеу мына қағидаттарға негізделеді:

  1.  сатып алуға пайдаланатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;
  2.  барлық әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
  3.  әлеуетті жеткізушілер арасында әділетті бәсеке;
  4.  мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығы.

Сыныптаудың ең көп элементтері реттеу әдістері болып табылады, олар сондай-ақ жекелеген нысандар үшін (мысалы,салықтардағы мөлшерлемелер әдісі қарыздардағы жаңғырту) айрықшалықты сияқты болуы, немесе бірнеше нысандарда (мысалы, бюджеттерде және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларында теңестіру, бұл нысандарда резервтер жасау әдісі, әр түрлі нысандар мен түрлер үшін индекстеу әдісі және т.б.) қолданылуы мүмкін. Әдістер дербес амалдарға, тәсілдерге ажыратылады және реттеу жүйесінің неғұрлым жылжымалы, өзгермелі элементтері болып табылады. Мысалы, салық салуда - салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар; табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванстық төлем және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде - шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану және т.б.

Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

Валюталық, қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюта бағамы, ақшалай капиталға пайыздық мөлшерлемелер, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Реттеудің ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржылық қорларға аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.

Мемлекеттік сатып алуда мыналар әдістер болып табылады: ашық конкурс, жабық конкурс,багалы ұсыныстардың, бір дереккөзден, ашық тауар биржалары арқылы сұрау салуын пайдалана отырып жеткізушіні таңдау.

Қаржылық реттеу жүйесінің элементтері - түрлері, нысандары, әдістері қабылданған бағытта экономиканың үйлестірілген тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Рынок жағдайларында реттеудің жанама әдістеріне көп көңіл бөлінеді.

Мемлекет шаруашылық үдерістердің барлық қатысушылары үшін қызметтің ортақ шарттарымен ережелерін, қызметтің басым сфералары үшін олардың преференциалдықтарын (жеңілдіктерін) белгілейді; бұл салықтар, олардың мөлшерлемелері, қаражаттар аударымдарының мөлшерлемелері, субвенциялар, жеңілдіктер, тарифтер, тіркелген бағалар, ақша-кредиттік, валюталық, кедендік және әлеуметтік реттеудің нормативтері. Ықпал жасаудың осы негізгі индикаторларының негізінде сұраным мен ұсыным сәйкестігінің сипатымен ұсынылатын реттеудің қайталама, рыноктық-бағдарланған элементтері қалыптасады: еркін бағалар, кредиттер үшін пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамы, түрлі қорларды қалыптастырудың және шаруашылық жүргізуші субъектілерде оларды пайдаланудың нормативтері.

Алайда реттеудің жанама элементтерінің іс-әрекеті әсіресе дамудың белгіленген курстан едәуір ұнамсыз ауытқулары кезінде мемлекет тарапынан тура, директивалық әдістермен толықтырылуы мүмкін.

Қолданылатын элементтер - реттеуіштер бірыңғай экономикалық механизмде күрделі өзара байланыста іс-әрекет етеді; сондықтан мемлекет қаржылық, ақшалай-кредиттік саясатты белгілей отырып, қоғамның экономикалық жағдайы мен әлеуметтік жай-күйін мұқият ескеруі және экономикалық-әлеуметтік мүдделерге ықпал етудің белгілі бір түрлерін, нысандарын және әдістерін таңдау кезінде қоғамдық дамудың стратегиялық және оперативтік мақсаттарын дұрыс анықтауы тиіс.

39. СҰРАНЫС ЖӘНЕ СҰРАНЫС ЗАҢЫН ТАЛДАУ. СҰРАНЫСТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРҒА СИПАТТАМА БЕРУ.

Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде туатын негізгі мәселелер:

- Нені өндіру қажет?

- Қалай өндіру қажет?

- Кім үшін өндіру қажет?

Бұл аталған мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы

да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та

өседі.

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың

бағаларының өзгеруі.Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

40. НЕСИЕНІҢ МӘНІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫНА СИПАТТАМА БЕРУ. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ.

Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:

1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды

пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.

2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.

3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.

4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда

кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.

5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы

бапты несие бөлу.

Несие функциялары:

1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.

2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.

3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.

4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында

қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.

5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу

құралы ретінде қолданылады.

Несиенің түрлері

Несиелеу объектісі бойынша: коммерциялық, банктік.

Әрекет ету мерзімі бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Несие сипаттамасы бойынша: тұтыну,ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық

Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Несиелік жүйенің незізгі элементтері:

І Орталық (эмиссиялық банк)

ІІ. Банктік жүйе:

- коммерциялық банктер

- жинақ банктері,

- инвестициялық банктер,

- ипотекалық банктер,

- басқа да мамандандырылған банктер. ІІІ. Сақтандыру ұйымдары:

- сақтандыру компаниялары,

- зейнетақы қорлары.

ІҮ. Мамандандырылған бакнтік емес несие қаржылық институттар:

- инвестициялық компаниялар,

- қаржылық компаниялар,

- қайырымдылық қорлары және т.б.

41. БӘСЕКЕНІҢ МӘНІН АШЫП КӨРСЕТУ, АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІН СИПАТТАУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІК КҮРЕСТІҢ ТҮРЛЕРІН ТАЛДАУ.

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай тұрлерге бөлуге болады:

1. Даму масштабы бойынша:

1.1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын

таңдап алуға талаптанады.

1.2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің

жарысы.

1.3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.

1.4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.

1.5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.

1.6. Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.

2. Жүргізу әсеріне қарай:

2.1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы

2.2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3. Ниет тәсілдері бойынша:

3.1. Адал ниеттілік бәсеке

3.2. Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.

4. Бәсеке даму сипатына қарай:

4.1. Жетілген бәсеке

4.2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығыжәне жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.

Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:

  1.  қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
  2.  тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
  3.   тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
  4.  өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.

Кемшіліктері:

  1.  ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
  2.  қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады; ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
  3.   фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
  4.  еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
  5.  әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ. Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», т.б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.

42. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫН АШЫП КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік- экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

- ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары

- субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі

- сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған

ақша қаражаты

- дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

- Трансформациялық шығындар – тауар мен қызметтерге, яғни мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтердісатып алуы жатады.

- Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқажұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік- экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осыжағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;

- ақша эмиссиясы;

- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

- әскери шығындарының өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

- көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- мемлекеттік несие;

- салық салу жүйесін қатайтады;

- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджеттің табыс пен шығын айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиылыстырылған вариантына көшеді. Яғни мемлекет Ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың Халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

43. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ КАТЕГОРИЯЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ. МОНОПОЛИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ.

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай тұрлерге бөлуге болады:

1. Даму масштабы бойынша:

1.1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын

таңдап алуға талаптанады.

1.2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің

жарысы.

1.3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.

1.4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.

1.5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.

1.6. Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.

2. Жүргізу әсеріне қарай:

2.1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы

2.2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3. Ниет тәсілдері бойынша:

3.1. Адал ниеттілік бәсеке

3.2. Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.

4. Бәсеке даму сипатына қарай:

4.1. Жетілген бәсеке

4.2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығыжәне жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.

Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторынабиіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергияқуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайдаболады.

3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің жәнекапиталдың шоғырлануы.

Шоғырланудың бағыттары

Көлденең - Бір саладағы ком- паниялардың бірігуі немесе әлсіз кәсіп- орындарды күшпен тартып алу.

Тікелей - Ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы фирма- лардың бірігуі.

Диверсификация - Технология жағынан байланысы жоқ әр түрлі саладағы фирмалардың бірігуі.

Монополияның ұйымдастыру формалары:

1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу

2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізумақсатымен ұйымдасқан бірлестік.

3. Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.

4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардыңбірлесуі .

Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсызаңдылықтар қолданылады.

44. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН АНЫҚТАУ. САЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

1. Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.

2. Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).

3. Салықтың көзі – салық неден төленеді.

4. Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.

5. Салықжеңілдіктері.

Салық қызметтері:

- Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

- Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

- Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық жүйесінің принциптері:

1. Салық барлық игіліктерге пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеумерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.

4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшермесі тұрақты болуы.

5. Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық

жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне байланыстысалықтық бірнеше түрлері бар.

Салық сипаты тұрғысынан:

- Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындартұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

- Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

- Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнаркөзі саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.

- Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

- Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

- Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.

- Пропорциональды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 16%).

- Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы. Прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

45. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТЕОРИЯЛАРЫНА ТОҚТАЛА ОТЫРЫП, ОНЫҢ МӘНІН АШЫП КӨРСЕТУ.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршағы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабылеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметі барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон– Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.

Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

1. Сапалық, біртектілік.

2. Сандық бөлінуі.

3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4. Сақталуы.

Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғниметалдық, номиналдық, сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының- негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

- Пайдалануға өте ыңғайлы

- Мүлтіксіз сақталынуы

- Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және деалтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қорымемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын,жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

4. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшалардықатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

5. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымынреттеу үшін маңызды.

6. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақтывалюта болып табылады.Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлібірінші орында болады.

46. ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПАЙДАНЫ АРТТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

1 Жетілген бәсеке

Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.

Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.

Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:

жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді; әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады; сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады; сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді; өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады. Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.

2 Монополистік, жетілмеген бәсеке

Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.

Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.

Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

Бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым; ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым; өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, «өндірістік пирамида» типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, әдетте «олигополия» деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорациялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады. Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі.

Билатералдық монополия (екі жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. Мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі әсер тигізеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге немесе контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.

Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу, өнеркәсіптік-өндірістік тіресу, сауда-саттық тіресу (сайысу).

Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;

- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.

Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:

Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкеле,тін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп, пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополистік тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі блады. Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді — өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі.

Бұнда екі жағдай қолданылады – ауқым нәтижесі және «х — тиімсіздік» түсінігі.

Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.

«Х -тиімсізідік» Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсауын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін «Х-тиімсіздігі» түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады — өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.

Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.

Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанда түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады – шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:

- сатушының монополист болуын;

- сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттерін топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын;

- алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметтерді сата алмауы керек.

Бағалық алалаушылық мынадай жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде).

Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көтеруге болады: бірінші – тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші – тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар немесе соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар шығару арқылы, салалық нарықтың бір бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден – сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады.

Өнімді өткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына, яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.

47. АҚШАНЫҢ ФУНКЦИЯСЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ АҚША АГРЕГАТЫНА СИПАТТАМА БЕРУ.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және деалтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қорымемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын,жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

4. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшалардықатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

5. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымынреттеу үшін маңызды.

6. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақтывалюта болып табылады.Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлібірінші орында болады.

Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:

  1.  Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
  2.  М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
  3.  МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
  4.  M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.

Ақша агрегаттары — ақша массасы құрылымының көрсеткіштері, бір-бірінен өтімділік дәрежесімен ерекшеленетін ақша түрлері. Ақша агрегаттарның құрамы елдер бойынша ажыратылады. Көбінесе М0 (айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі), М, (қолма-қол ақша мен талап етілмелі салымдардың көлемі), М2 (қолма-қол ақшаның, талап етілмелі салымдардың және аздаған мерзімді салымдардың көлемі), М3 (қолма-қол ақшаның және барлық банк салымдарының көлемі), L (қолма-қол ақшаның, салымдардың және бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің көлемі) Агрегаттары пайдаланылады.

48. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері:

  1.  Нарықтағы тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді.
  2.  Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы: шаштараз бен жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кезкелген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
  3.  Нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
  4.  Өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады. Мысалы: тіс жуғыш пастасының дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері, т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына деген өзгешелік қасиет береді.

Монополиялық бәсекеде жұмыс істейтін өндірушілер рыноктағы тұтынушының әрқайсысы қалайтын ерекше өнім үшін «артық төлем» жасауға келісетіндігіне негізделіп жұмыс істейді.

Монополиялық бәсекелі нарықта бағалық емес бәсекемен қатар бағалық бәсеке де жүреді. Ұзақ мерзімде жаңа өндірушілердің бәсекелесінің пайда болуы мүмкін.

49. АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ СИПАТТАМА БЕРУ.

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

- металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

- несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өзайналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:

M·V=P·Q

мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;

V – ақшаның айналыс жылдамжығы;

Р – бағаның орташа деңгейі;

Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.

Ақшаның ұсынысы елдің Орталық банкі бақылап отырады, яғни тіркелгендәрежеде қолдап отыруға тырысады. Сондықтан ақша ұсынысының қисығы тік сызық түрінде болады.

Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

50. КӘСІПКЕРЛІК ПЕН БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ.

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытын айқындайды.

3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және праволық жағдайлар

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдайкерек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қазметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша –қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық –кемдігі; еңбек ақы қорының артық –кемдігі; қарыз (несие) беретін мекемелердің ақша ресурстарды болуы керек т.б.

Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.

Құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт. Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді бюрократтардан қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке праволық заңдар т.б.

Кәсіпкерліктің түрлері

1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.

Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.

Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.

Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларғаашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.

1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

3. Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндірісмөлшері жөнінде келісім.

6. Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталыныңбірлестігі.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын(фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында фирмалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес- жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес- жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.

51. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА ЖАСАУ.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Циклдың фазалары:

1. Дағдарыс (құлдырау, рецессия).

2. Тоқырау (стагнация).

3. Жандану.

4. Өрлеу (бум).

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды,бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздықжоғарыдеңгейдеболады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіпөндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайдыстагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми- техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

 

52. ШЕКТІ ПАЙДАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН АШЫП КӨРСЕТУ.

Қ,ұн заңы бойынша тек рынокта ғана айырбас кезінде еңбек шығынының қоғамдық қажетті деңгейі анықталады. Тек рынокта ғана кұнның көріну нысаны айырбас құн түрінде болады. Қысқартып айтқанда, құн өңірісте жасалынады, рынокта айқыңдалады. Егер тауар рынокта сатып алынса, ол біреудің тауар өндіруге жұмсаған еңбек шығыны қоғамдық қажетті шығын ретінде бағаланғаннан емес, сатып алушының тауарды бағалағаны.

Адамдардың әр түрлі материалдарды  және рухани игіліктер мен қызметтерді бағалауы оларды өндіруге қоғамдық кажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.

Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке тұтыну процесі негізінде пайдалылығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы, егер адам  С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы алма ма, әлде қарыз ба,  деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын. Жалпы, қажеттіліктерді салыстырмай,   әрбір   ретте  түрлі   материалдық,   не  рухани игіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалық іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шекті  пайдалылық  теориясын  жақтаушылардың  ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шекті пайдалылық, сұраныс жайы және басқа категорияларды зерттегеннен кейін  анықтауға  болады.   Бұл  туралы  басқа  тарауда қаралады.   Шекті   пайдалылық   теориясы   субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемін байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты  пайдалылықтан шығарады..  Бұл  теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамның әрбір игілікті субъективті   бағалауы,   оның   шекті   пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе тауарлардың бағасы субъективті  бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады. Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясының біржақтылылығын ол бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А. Маршалл шекті пайдалылык теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен байланыстырды.

53. ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫН АНЫҚТАУ.

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды,

бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздықжоғарыдеңгейдеболады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп

өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайдыстагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми- техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар

1. К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдық оқтын-оқтын жаппай жаңаруыменқарастырған. Марксистердің айтуы бойынша, экономиканың циклдық дамуы өндірістің нәтижесін иемденудің жекекапиталистік формасының арасындағы қайшылықтар байланысты. Капиталдың қорлануы, өндіргіш күштердің дамуы өндірістің қоғамдасуын жоғарлатады, яғни капиталдың шоғырлануы және орталықтануы, индустриялық орталықтар мен ірі капиталистік кәсіпорындарының қалыптасуы. Марксизм теориясында аграрлық дағдарыстар капиталистік дағдарыстардың ерекше көрінісі болып табылады. Олардың себебі ортақ: капитализмнің негізгі қайшылығы, бірақ ерекшеліктері бар:

  1.  жерге шаруашылық объекті ретінде монополияның болуы;
  2.  аграрлық секторда баға белгіленудің ерекшеліктері;
  3.  табиғи фактордың әсері;
  4.  ауыл шаруашылығының даму дәрежесінің өнеркәсіптігінен төмен болуы.

2. Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз мөлшеріне дейін төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

3. Неоклассиктер мен неокейнсшілдер циклдік дамуының себебіне, капитал запасының өндіріс шарттарына үйлесу процесін жатқызады. Жыл сайын ұдайы өндірілетін көлемімен және осы мезгілде дейінгі жинақталған запасының арасында тепе-теңдік пропорция бар. Осы тепе-теңдік бұзылмағанша циклдық ауытқулардың болуы мүмкін емес. Осы екі бағыттарының циклдық теориядағы айырмашылығы тепе-теңдіктің сипаты мен себептері.

4. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатының нашар жүргізілуінен туындайды.

5. Циклдардың себептерін зерттеген бағыттардың бірі психологиялық теориялар. Психологиялық теориялардың бір бағыты XIX- XX ғғ. пайда болды, өкілдері У.Джевонс пен В.Парето. Циклдық дамуын тауар нарықтарындағы және қор биржасындағы кәсіпкерлердің іс-әрекетімен байланыстырады, яғни баға мен құнды қағаздардың бағамының одан әрі өсу күтімдерінің себептерімен. XX ғ. басында психологиялық теориялардың екінші бағыты пайда болған және А. Пигудың теориясымен байланысты. Басты себепті өндірушілердің өндірістік капитал салымының ерекшелігімен байланыстырады. Р. Лукастың шығарған экономикалық циклдың тепе-теңдік теориясы шаруашылық субъектерінің тәртібі және олардың экономикалық мәліметті қабылдауының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл теорияның басты ойы – ақша массасының күтпеген өсуі және осымен байланысты бағалардың өсуімен байланысты акселерациялық механизмнің өзара әсері.

Сыртқы факторлардың әсеріне тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетердеген зерттеушілер. Қазіргі кезде циклдардың себептерін зерттеуде математикалық әдістер қолдануда

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

Құрылым жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Аграрлық дағдарыстар табиғи жағдайлармен байланысты болуы мүмкін және ұзақ мерзімді болады.

54. КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

1. Жалпы табыс – ТR = PxQ

2. Орташа табыс – АR = TR / Q = P

3. Шектітабыс–MR= ТR / Q

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім. Жалпы өнім (Q) – өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген өнімнің саны.

Орташа өнім (АР) – көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:

АР = О / F1

мұнда Ғ1-өзгермелі факторлар

Шекті өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермеліфактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:

МР= Q / F1

Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігініңартуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:

1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлікәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігіде өседі.

2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.

3. Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбатқұрал-саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.

4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізу қаржыландырудыңартықшылығы.

5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

6. Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындардыазайтуға мүмкіншілік береді. Бірақ та өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шаққандағы шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді қарқынының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңдегі өндірістің өсуі шығынға әкеледі де өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.

Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).

Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығынжүргізеді.

2. Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады.(АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.

3. Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС<Р), онда фирмаәдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма депаталады.

4. Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлықшығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.Ұзақ мерзім кезінде фирма орташа шығындарын азайту арқылыөндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.

55. ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ПЕН ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС ТҮСІНІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРҒА СИПАТТАМА БЕРУ.

Микро және макроэкономикаға талдау жасауда тепе-теңдік әдісі қолданылады. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін зерттегенде нарықтағы барлық өзара байланысты анықтайды – тауарларды, еңбек, капитал макродеңгейдегі экономиканы зерттеуде көңіл бөлетін әрбір тауардың тепе-теңдігі емес, ұлттық нарық көлемінде тауар массасының бірігуін дана, тонна, не метр емес, жиынтық бағаның құндық өлшемі ретінде көрсетеді.

Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғаш алатын тауарлары мен қызметтерінің саны.

Сонымен жиынтық сұраныстар тауар мен қызметтің жалпы көлеміне сұраныс, қалыптасқан баға бойынша  есептелінетін жиынтық ұсыныс, бұл тауар мен қызметтің жалпы көлемінің мүмкіншілігіне қарай өндірілген және ұсынылған, қалыпатасқан баға  деңгейімен анықталады: олар күнделікті өзгермейтін бағада кесте моделі  түрінде бейнеленеді. Бағаның тұрақты өзгеруі оны зерттегенде қиындықтар жасайды. Сондықтан көлемін және динамикасын, жиынтық көлемін  және динамикасын өлшегенде индексті пайдаланады.

Тауарлы нарық тұрақты тепе-теңдікте болады, тек жиынтық сұранысқа жоспарланған сұранысты төмендетеді.

Жиынтық ұсыныс – нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны (бұл жылжымайтын ұлттық өнім).

Бағалар деңгейі мен ұлттық өзгеріс көлемі арасындағы аз тәуелсіздікті көрсететін жиынтық ұсыныс моделі кескін түрінде көрсетілген.

Қысқа мерзімде (әдетте 2-3 жыл) және ұзақмерзім кезеңінде макроэкономикада болатын басты байланыс номиналдық және нақты өзгеріс тәртібімен байланыстырылады.

Қысқа мерзімде номиналдық деңгей (баға, номиналдық жалақы, пайыз мөлшері) нарық көлемінің өзгеруіне байланысты баяу өзгереді деп есептеледі. Ұзақ мерзім кезінде номиналдық деңгей қатты өзгереді, нақты деңгей өте баяу өзгереді, талдау жасау үшін тұрақты деп саналады.

Классикалық модель ұзақ мерзімдегі экономикалық тәртіпті қарастырады. Жиынтық ұсыныстан артық болуы: AD  >АS. Оның келесі екі нұсқасы болуы мүмкін:

-өндірісті қысқарту;

-өндірілген өнімді өзгеріссіз қалдыру, бағаны қысқарту.

Бұндай жағдайда кәсіпкерлер өндіріс көлемін қысқартады, өндірілген өнімді өзгертпей, пайдалы бағамен сатады.

Егер жағдай өзгермесе, онда кәсіпкер бағаны төмендетеді. Бұндай жағдайдың болу себебі, жұмысшыларды жұмыстан қысқартуға, не шығаруға әкеліп соғады. Қорытындысында, ұлттық өнім төмендейді.

Тұтынатын ЖҰӨ-нің серпініне (динамика) бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлардың әсері тауарлар мен қызметкерлерге жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі арасында жүзеге асады және АД қисығының бойымен қозғалу кестесі арқылы көрсетіледі. Бағалық емес факторлар жиынтық сұраныстың АД қисығын солға немесе оңға қозғау арқылы өзгеріске келтіреді.

Тепе-теңдікті қабылдау керек, егер экономикалық  жүйенің динамикалық жағдайында өзінің құрылғандығын сақтаса.

Белгілі көрсеткіштер болады, соған байланысты тепе-теңдіктің жағдайына қатысты мынадай пікір білдіруге болады:

- күнделікті жағдай, тұтынуды тосу, тұтынушылық көңіл-күй. Бұл көрсеткіштердің динамизмі, тұтыну жағдайының көрсеткіштерін бейнелеп,  сұранысты көрсету;

- өндірістік цикл және оның фазалары: дағдарыс, депрессия, жандану.

Жиынтық сұраныстың екі түрі болады:

1. Натуралды заттар және құндық.

Натуралды заттар түрі, жиынтық сұраныс, халықтың қоғамдық тұтынуы, фирманың, мемлекеттің тауарлар және қызметтің көлемі бейнелеп толық көрсетеді.

Жиынтық сұраныс екі түрде болады:

  1.  Натуралды заттай және құн түрінде.
  2.  Натуралдық заттай түрі халықтың қажеттілігін толық және өндірістік емес қажеттілікті қамтамасыз етеді.

56. ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУЫТҚУДЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ.

Экономикалық  даму  бір бағыттағы  ғана мақсат  процесс болып  саналмайды,  оған  тек  алға  жылжу  ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге  болмайтын сипаты  мен  экономиканың жұмбақ  сыры  және  мәңгілік  құпиясы,  міне,  осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап,қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал –  ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады.   

Экономикалық дамудың циклдік себептері:  

1) тауарлы өндіріс - экономиканы  алдын - ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;

2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан  да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі (разбалансированность);

3) бәсекелестік - экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;

4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары  (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік  арақатынасы).

Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма,    қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.

Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен - ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д - Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай - ақ өзінің кредитор мен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары  туындайды.

Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалық конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі.

Егер, циклдің  бірінші себебі жалпы экономикалық   сипатқа ие болса, екінші – субъективті,ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады.Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу,нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды  өзгерту, экономиканы прогрес-сивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді.

Экономикалық циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын түсіндіретін экономикалық өсу теориясына,сонымен қатар экономикалық динамика  теориясына жатады.Егер өсу теориясы  ұзақ мерзімдік өсу факторлары мен жағдайларын зерттейтін болса,онда цикл теориясы  уақыт бойынша экономикалық  белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.

Экономикалық цикл табиғаты осы уақытқа дейін ең даулы және ең аз зерттелген проблемалардың бірі болып саналады. Осы проблемалармен айналысатын зерттеушілерді,қоғамдық  өмірдегі циклді кезеңді мойындамайтын,сол сияқты экономикалық циклда теңіз ағысы сияқты тұрақты деп  мойындайтынын бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері (неоклассиктер) циклдік  экономикалық жүйеге кездейсоқ әсер етудің (серпіліс немесе  әлсіреу) салалары деп санайды.

Екінші бағыттың өкілдері циклді өзіндік  үлгідегі әлемнің бөлінбейтін “атомы” ретінде қарастырады. Олардың түсінігінде цикл бұл - материалдық әлемнің айрықша әмбебап және абсолютті  құрылымы.Циклдің құрылымын, өзара қарама - қарсы әрекет етуші және өзара байланысты екі материалдық объект құрайды.

Ең қарапайым анықтамада цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл, өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.

       Циклдің басты қасиеті - бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:

      1. Тұрақты өсу;

      2. Өсудің біркелкі еместігі;

      3. Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі даму).

Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты немесе біркелкі  емес даму түсіндіріледі.

Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа  шығарушылық (отрицательную) динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың  қанша  түрі бар, сонша циклда болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік  және т.б. циклда өмір сүреді .

Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін циклдер де бар. Олардың ішінде - бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты – 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи  циклдер; маусымдық –жарты жылдық ; қысқа мерзімді салалық  және т.б. цикл.

Экономика теориясы циклдік себебінің   үш түрін бөліп көрсетеді:1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы (табиғи,саяси және т.б.ие),сыртқы цикл –құбылыс;  2)Жалпы экономикаға тән ішкі цикл –құбылыс ;3) Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың ішкі және сыртқы факторларының   жиынтық –цикл себептері.

Қазіргі уақытта зерттеушілер,сыртқы (экзогенді) факторлар бұл циклдердің бастапқы серпінін  туғызушы,ал ішкі (эндогенді) себептер бұл серпіндерді сатылық (фазалық) ауытқушылыққа айналдырады (қайта құрады) деп болжайды .

Экзогенді (экономикадан тыс ) себеп циклдер ішінде ғылыми - техникалық жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп - қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан, циклдер проблема-ларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор - акселератор тетіктері (механизмдері) қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатының (фаза); көрсетілу шыңы мен ең төмен құлдырауының екі нүктесі болатынын (5.1 кесте) ерекшелеп көрсетуге болады.                                        

57. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕЙНСТІК МОДЕЛЬДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ.

Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.

Бір жағынан — нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті" қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.

Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.

Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.

Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.                                                             

Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.

Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: "табыстар -> сұраным", бірақ "табыстар -» жинақтау" емес.

Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа тең.

Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.

Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады.

Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.

Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.

Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модел.

Баға деңгейі.

AD    ASжиынтық ұсыным

AD жиынтық сұраным

   

Нақты өндіріс өнімі кесте 12-1. жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным.

Басқаша айтар болсақ, тепе-тендік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды көрсетпейді. Тәжірибеде мынандай жағдайлар кездеседі: өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-тендігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-тендігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау жағдайын бөлу керек. Бұл кезде еңбек ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады. Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай артып кетпейді.

58. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ КӨРСЕТУ.

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрліэкономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16...), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4...). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). А.Филлипс 1881-1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған.

Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеп болады.

К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

59. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ.

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалықмүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл- ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмысдәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы менөндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді:

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру,өндірісті және өткізудіұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттықөнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі;капиталдың көлемі өсуі.

3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғымәлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2. адамның бос уақытының көбеюі;

3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4. адам капиталына инвестицияны өсіру;

5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемінжәне оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Тікелейді бес негізге факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді.

Жанама факторлар экономикалық өсудің физикалық мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Жанама факторлар құрамына жататындар:

Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді: мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игерунәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелес қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

Ұсыныс факторлары нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтардың салықтың азаюы және т.б.

Бөлу факторлары.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі. -Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

Жанама факторлар:

- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.

Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:

1. Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу. 2. Қатал монеторлық фискальдық шектеулер қою.

3. Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия жасау.

4. Жекеменшікті бекітумен қатар құқықтық қорғау жасау

5. Жекешелендіру процессін аяқтау (аграрлық секторда). 6. Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу 7. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

8. Индустриальдық технология стратегиясын жасау

9. Өндіріс диверсификациясын жүрзізу.

10.Өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін дамыту.

60. ЖҰӨ-ДІ ӨЛШЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІНЕ ТҮСІНІК БЕРУ.

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

  1.  ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
  2.  жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
  3.  инфляция мен инфляция қарсы саясат;
  4.  экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
  5.  экономикалық дамудың циклдары;
  6.  ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
  7.  мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

Жалпы ұлттық өнім

Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ / баға индексі

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ

Номиналды мен нақты ЖҰӨ арасында айырмашылық бар, тауар бағасының өсуі инфляцияға әкеп соғады. Инфляция мөлшері берілген уақыттағы баға деңгейі өсуінің проценттік мөлшері болып табылады. Экономиканың өсу мөлшері нақты ЖҰӨ-нің өсуінің мөлшері болып табылады. ЖҰӨ-нің өсу себептері:

  1.  экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;
  2.  өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;
  3.  өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.

Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индекті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі есептеледі, яғни тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш анықталады:

Тұтыну бағаларының индексі = Рa*Qқ / Рб*Qқ

Мұнда Ра Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.

Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлардың саны.

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:

1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағаларыкіреді.

2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы өндірілген өнімнің көлемікіреді.

3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердіңбелгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

Халықаралық статистикада жалпы ұлттық өнімді өлшеудің негізінен екітәсілі қолданылады. Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады.

1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлеріқосылады:

  1.  жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
  2.  кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.
  3.  тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
  4.  таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;

G – мемлекеттің сатып алуы,

І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт.

2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда:

W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,

R – ренталық төлемдер,

I – жинақ капиталының пайызы (%),

P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдісөндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

ЖҰӨ өлшемінің негізгі проблемалары:

  1.  кейбір өнім нарықта сатылмағандықтан, дұрыс өлшембйеді. Бұған мемлекет қызметі, ерікті еңбек және өз пайдасы үшін істелген қызмет кіреді,
  2.  тауар сапасын жақсартуды дұрыс есептеу қиынға соғады,
  3.  кейбір операциялар нақты ЖҰӨ-ге қосалқы түрде өлшенеді.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:

ТҰӨ = ЖҰӨ - А

Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы.

ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар

экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын жәнеосы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған

пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.




1. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук
2. Модуль 1 Професійні хвороби Змістовий модуль 3 Захворювання зумовлені дією хімічних факторів.
3. реферату- Держава і право ФРНРозділ- Правознавство Держава і право ФРН ПЛАН Вступ ст
4. 1] Понятие правонарушения [1
5. Формування інтеграційної стратегії України
6. Статья- На руинах имперской государственности
7. Стратегический план для организации
8. Вариант 24 0020060000000008-24-Дата- 27
9.  Личность как социальный тип
10. ачистое приобретение приобретение за вычетом выбытия резидентными единицами товаров и услуг произведенн
11. работы включающий необходимую остановку в конце цикла
12. Особенности налогового регулирования предпринимательской деятельности в отдельных отраслях экономики
13. На тему- Понятие и виды ценных бумаг Москва 2009 Содержание
14. Эрмитаж Казань приглашает поучаствовать младшие и средние классы в интерактивной программе Впечатлен
15. принцип единства мира Группа принципов единства мира В группу принципов единства мира входят принцип об
16. Объясните в чём заключается соцноэкономическая сущность марга
17. Особенности правового положения индивидуальных предпринимателей в системе обязательного социального страхования
18. Let`s tlk bout your fmily Why is fmily importnt for you 2
19. Восточной Европы
20. Особые отягчающие обстоятельства