Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Лекция 1 Та~ырып- Кіріспе

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

Лекция № 1.

Тақырып: Кіріспе. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы. қазіргі экологияның міндеттері.

Жоспар:

1. Экологияға кіріспе. қазіргі экологияның міндеттері.

  1.  Экологияның негізгі даму кезеңдері.
  2.  қазіргі экологияның құрылымы, әдістері.

I. “Экология” терминін гылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді. Оның түсініктемесі бойынша “Экология”-деп біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен , әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз”.

қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Оны Н.Ф. Реймерс (1992ж) “үлкен экология” деп атады. (1-сурет).

Н.Ф. Реймерс: “қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналады”-деп есептейді.

Н.А.Воронков: қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктер және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет дейді.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологияның дағдарыстан шығуы туралы ғылым.

Ф.Дре: “Экология болшақтың ғылымы, себебі адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі оның прогресімен анықталуы мүмкін”-дейді. Олай болса, қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай , ол дүниге көзқарасқа, адамзаттың тіршілігін сақтауы туралы ғылымға айналып отыр.

Жалпы алғанда экологияның негізгі міндеті студенттерде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын оптимизациялаудың негізі ретінде табиғи және техногенді процестерге жүйелік көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

II. Экологияның қазіргі даму концепциясының негізі кезеңдерінің сипаттамасы:

Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес, бірақ үздіксіз дамиды.

Жануар мен өсімдіктердің таралу сипаты, өмір салты, қоршаған ортамен байланысы туралы мәліметтердің жиналуы адамның табиғатты терең меңгеруінен басталды. Ертедегі философтардың еңбектерінде бұл мәліметтерді қорытындылау мен жүйеге келтіруге алғашқы қадамдар жасала бастады. Аристотель (384-322 ж.б. э.д.) жануарлардың 500-ден астам түрлерінің мінез құлқын сипаттап жазды. Аристотельдің шәкірті, ботаниканың әкесі Теофраст (б.э.д. 372-287 ж.) әр түрлі жағдайдағы өсімдіктердің ерекшеліктері, олардың пішіні мен өсуінің топырақ пен ауа – райына тәуелділігі туралы мәліметтер келтірді.

Орта ғасырларда қоғам өміріндегі діннің маңызының артуына байланысты табиғатты зерттеу әлсіреді.

қайта өрлеу дәуірінде, географиялық жаңалықтар мен жаңа елдерді отарлауға, өзіне тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бар жаңа жерлердің ашылуына байланысты сипатталған өсімдіктер мен жануарлардың саны артты. Мұның өзі олардың жүйелендіруге жаңа негіз болды.

XVIII ғасырда француз жаратылыс зерттеушісі Ж. Бюффон алғаш рет сыртқы орта жағдайларының жануарлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады. Ол бір түр басқа түрге температура, ауа – райы, тамақтың сапасына байланысты өзгере алады деді. Бірінші эволюциялық ілімнің аворы – Ж.Б. Ламарк “сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі, және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізі себептерінің бірі” – деп есептеді.

Неміс жаратылыс зерттеушісі Э. Геккель өзінің “Ағзалардың жалпы морфологиясы” (1866) және “әлемнің пайда болуының табиғи тарихы” (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен, тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді.

ХІХ ғасырдың ортасында орыс биологы К.Ф. Рулье жануарлардың өмірін зерттеуге, олардың қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін зоологияның жаңа бағытын тұжырымдады. Рулье ағзалардың эволюциясының мекен ету ортасының өзгерісіне байланыстығын дәлелдеді.

Экология жеке ғылым ретінде негізінен ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасына дейін гидробиологтардың, фитоценологтардың, ботаниктердің, зоологтардың экологиялық мектептері қалыптасты. Олардың әрқайсысында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады.

1-кезең- жеке ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланыстарын биологиялық зерттеу.

2-кезең- трофтың байланыстарды, экологиялық пирамидаларды және т.б. зерттеу ( А. Гумбольдтың, Д.Дарвиннің, К.Ф.Рульенің жұмыстары).

3-кезең- ғылыми зерттеулердің негізі бірлігі ретінде экожүйелер мен биогеоценоздарды зерттеу.

4-кезең- биосфераны ғаламдық экожүйе ретінде қарастыру.

5-кезең- биосферадағы адамзат қоғамының ерекше ролін мойындау.

III. Экологияның әдістері. қазіргі заманғы экологияның әдістемелік негізін жүйелік тұрғыдан қарастыру, ортаның жағдайын бақылау, эксперимент және модельдеу құрайды.

Жүйелік тұрғыдан қарастыру экологияның кез келген обьектісі, тірі табиғаттың барлық табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылатындықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады.

Экологиялық жағдайды дұрыс түсіну үшін берілген жердегі өзара әрекеттесетін факторлардың барлығын есепке алуды, ал бұл әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды талап етеді.

Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Бұларға метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау және т.б. жатады.

Экологияның бөлімдері : Ағзалар экологиясы (экология) ағзаның қоршаған ортада тіршілік етуінің шекараларын анықтап, ағзалардың орта факторларының әсеріне жауап беруін және олардың орта жағдайларына бейімдеушілігін зерттейді.

Популяциялық экология ( демэкология) міндеті популяциялардың құрылымы мен санының динамикасының жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Популяциялардың тіршілік етуінің жалпы экологиялық заңдылықтарын зерттейді.

Бірлестіктер экологиясы (синэкология) бірлестіктердің ұйымдасу заңдылықтарын құрылымын және қоректену тізбегіндегі заттардың биотикалық зат айналымны мен энергияның трансфармациясы ретінде көрінетін қызметін зерттейді.

Биосфера туралы ілім. Тірі ағзалардың және осы ағзалармен үздіксіз алмасуда болатын планета барлық затының және оның қызметінің жиынтығынан тұратын жердің қабықшасы.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.

2.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.

3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.

Қосымша:

4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.

5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.

6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.

7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.

8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.

9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.

10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.

1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.

2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.

3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.

4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.

5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.

6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.

7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.

8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.

9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.

Лекция № 2

Тақырыбы: Жалпы экология негіздері. Организм және орта.

Жоспар:

1. Биосфера түсінігі, шекаралары.

  1.  Биосфера және комос.
  2.  Ноосфера.

Жердегі бірде-бір тірі ағза еркін күйде болмайды. Барлық ағзалар оларды қоршаған материалдық-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланысты болады.

“Биосфера” түсінігін ғылымға XIX ғасырдың басында француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) енгізді.

В.И.Вериадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады.

Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды.

Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі-оның космоспен тығыз байланыстылығы. (көбіне күнмен).

Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вериадский биосфераның шекарлары туралы мәселені қойды.

қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?

  1.  Көмір қышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.
  2.  Судың жеткілікті болуы.
  3.  Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек.
  4.  Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.
  5.  Су ортасының белгілі бір тұздығы.

қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғары бөлігінде (литосфера), жер атмосферасының төменгі қабаты (тропосфера) және жердің сулы қабықшасында (гидросфера) таралған.

Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100 С-дан асады. Жер қыртысында бактериялды табуға болатын тереңдік-4км. Мұнай кен орындарында 2-2,5км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады. Мұхиттарда тіршілік 10-11км тереңдікке таралады. Тіршіліктің таралу шекарасы теңіз денгейімен салыстырғанда 6км биіктікте өтеді.

Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады. Биосфераның космостық ортасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады.

Күн сәулесі ғаламдық экожүйесінің тіршілігіне күшті әсер етеді. Биосфераға келіп түсетін күн энергиясының балансы кестеде көрсетілген.

Күн сәулесінің энергиясының таралуы.

(биосфераға жылдың мөлшерінен %)

Таралу түрі

үлесі %

  1.  Шағылыстыру
  2.  Жылуға айналу
  3.  Булану, жауын-шашын
  4.  Жел, толқын, ағыс
  5.  Фотосинтез

30

45

23

0,2

0,8

Жер интенсивті космостық радиациядан магнит өрісімен қорғалған. Егер бұл өріс болмаса, космостық сәулелер қысқа уақыт аралығында атмосфераның барлық ауасын иондар мен электрондарға ыдыратып жіберер еді. Мұндай жағдайда Жерде мүмкін болмайды.

Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды.Стратосферада озон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жіберер еді.

Биосфера космоспен тығыз байланысты. Жерге түсетін энергия ағыны тіршілікті қамтамассыз ететіндей жағдайларды жасайды.

Биосфераның энергетикасы. Күннің энергиясы –Жер биосферасының жылу баланысы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күнді айналуына байланысты жер бетіне түсетін күн сәулесінің интенсивтілігі Жер-Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеіп отырады. Жер мен Күннің ең аз арақашықтығы 147 млн км.қаңтар айының басында, ал ең ұзақ арақашықтығы 125 млн км шілденің басында байқалады.

Биосфераның эволюциясы.

Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И.Вериадский мынандай қортындылар жасады:

  1.  ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады.
  2.  Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар.
  3.  Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.
  4.  Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи прцесс.

Ноосфера-сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы.

Бірінші заңы-барлығы барлымен байланысты.

Екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екіншітүрге өтеді.

үшінші заңы-табиғат өзі жақсы біледі. Амудария, Сырдария суын көп пайдалану арқасында Арал теңізі денгейі төмендеді. Төртінші заңы-тегін ешнәрсе жоқ. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.

2.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.

3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.

қосымша:

4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.

5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.

6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.

7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.

8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.

9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.

10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.

1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.

2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.

3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.

4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.

5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.

6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.

7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.

8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.

9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.

 

Лекция № 3

Тақырыбы: Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлері.

Тірі жүйелер ( биологиялық жүйе).

 

Жоспар:

  1.  Тірі жүйенің жалпы қасиеттері.
  2.  Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
  3.  Тірі жүйенің бірлігі мен алуантүрлілігі.

Биологилық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны-жануар , өсімдік немесе микроорганизм оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Экологияда биологиялық жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (гендік), жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық түрлік, биоценоздық, биосфералық.

Уэбстер бойынша жүйе дегеніміз “ біртұтас бүтінді түзетін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер”. Олай болса, жүйенің негізгі элементтеріне компоненттер, байланыстар шекаралар жатады. ( сурет).

Жүйелердің үш түрін бөліп көрсетуге болады:

  1.  Оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды.
  2.  Жабық, яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды ( мысалы, космос кемесі).
  3.  Ашық, яғни көршілес жүйелермен зат және энергия алмасуы болады. Барлық биологиялық жүйелер- ашық жүйелер. Себебі, олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.

Биологиялық жүелердің ұйымдасуының маңызды нәтижесі компоненттердің күрделірек функционалдық жүйелерге бірігуі барысында бұл жаңа жүйелерде сапалық жағынан жаңа алдыңғы деңгейде болмайтын қасиеттер пайда болады. Мұндай сапалық жаңа қасиеттерді- эмердженттік деп атайды ( кенеттен пайда болған). Мысалы, экожүйенің қасиеттерін жеке популяциялар туралы мәліметтерге ғана сүйеніп айтуға болмайды. Орманды тұтас алып зерттеп қана қоймай, осы ормандағы жеке ағаштарды да зерттеу қажет.

II. белсенді ірі молекулалар – ақуыз, нуклеин қышқылдары, көмірсулардың қызметі түрінде көрінеді. Осы деңгейден тірі материяға тән қасиеттер: сәулелі энергияның органикалық заттардың химиялық энергиясына айналуы арқылы жүретін зат алмасу, тұқым қуалаушылықтың кодтаушы құрылымдардың ( ДНК,РНК) көмегімен тасымалдануы байқалады. Бұл деңгейге құрылымдардың ұрпақтарда тұрақтылығы тән.

Жасушалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар біртұтас жүйеге қосылады. Жасушалық ұйымдасуына байланысты барлық ағзалар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді.

ұлпалық деңгейде құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ол шығу тегі мен атқаратын қызметінің ортақтығы бойынша біріккен жасушалардың жиынтығын құрайды.

Мүшелік деңгейде ұлпалардың бірнеше типтері функционалдық жағынан өзара байланыса отырып, белгілі бір мүшені құрайды.

Ағзалық деңгейде бірқатар мүшелердің өзара әсері жеке ағзаның біртұтас жүйесінің түзілуіне әкеледі.

Популяциялық-түрлік деңгейде шығу тегі , тіршілік ететін және мекен ету орталарының ортақтығы арқылы байланысқан біртекті ағзалардың жиынтығы түзіледі. Бұл деңгейде жалпы алғандағы элементарлық эволюциялық өзгерістер жүреді .

Биоценоздық деңгейде бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі – биоценоздық деп аталатын біртұтас жүйені түзеді .

Биогеоценоздық ( экожүйелік) – түрлік құрамы бойынша әр түрлі ағзаларды мекен ету ортасымен өзара байланыста біріктіретін (биотопта) тірі материяның ұйымдасуының жоғары деңгейі .

Биосфералық- ғаламшар шекарасындағы барлық тіршілік белгілерін қамтитын анағұрлым жоғары сатыдағы табиғи жүйелердің қалыптасқан деңгейі.

Бұл деңгейде тірі ағзалардың әрекетімен байланысты ғаламдық ауқымдағы барлық зат айналымдары жүзеге асады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.

2.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.

3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.

қосымша:

4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.

5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.

6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.

7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.

8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.

9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.

10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.

1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.

2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.

3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.

4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.

5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.

6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.

7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.

8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.

9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.

Лекция № 4

Тақырыбы: Дарақ экологиясы – аутэкология

Жоспар:

  1.  Организм және оның тіршілік жағдайлары.
  2.  Экологиялық факторлар және олардың жүйесі

Аутэкология – жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастар ды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмдерге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай

жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп келуде.

Ботаникалық факторлар

Ботаникалық фактор дегеніміз – даралар мен пуляциялар арасындағы өзара әсерлердің түрлері. Ботаникалық факторлардың екі тобы белгілі түрішілік (бірдей) және түраралық (әр түрлі).

Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабілетінің артуына әкелетін физиологиялық процестердің тиімділігін “топтық эффект” деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психико – физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді.

Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды.

Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштері қалыпты шамадан ауытқиды, Мысалы құлақты кірпілерді, топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134% -ке оттегін көп пайдаланады.

әрбір жануарлардың түрі бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оптималды тығыздығы болады (олли принципі).

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.

2.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.

3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.

қосымша:

4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.

5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.

6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.

7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.

8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.

9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.

10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.

1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.

2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.

3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.

4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.

5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.

6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.

7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.

8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.

9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.

Лекция № 5

Тақырыбы: Популяциялық экология – демэкология.

Жоспар:

  1.  Популяцияның негізгі қасиеттері мен түсініктері.
  2.  Биотикалық факторлар
  3.  Бәсекелестік ығыстыру ережелері.

Популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым – қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың анықтамасы бойынша: популяция бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда халық тұрғындар деген мағына береді.

Кез келген популяция төмендегі қасиеттермен сипатталады:

Популяция саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею мен өнімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты.

Популяцияның тығыздығы популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен анықталады. Мысалы ағаштың 150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.

Туылу – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тір ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген.

өлім – белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны.

Популяцияның өсімі – туылу мен өлімнің арасындағы айырма: өсім оң немесе теріс болуы мүмкін.

 

Популяцияның жыныстық және жастық құрамы. Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді.

Популяция санының динамикасы. Популяцияның саны негізінен бір – біріне қарама – қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім. Популяциядағы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда шексіз өсуге қабілетті – биотикалық потенциал (А) бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді, іс жүзіндегі өсу логистикалық қисықпен (Б) сипатталады. Теориялық және іс-жүзіндегі өсудің арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды.

Бәсекелестік. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

Тікелей бәсекестік даралардың бір – бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.

Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасында тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено – әр түрлі жануарлардың бір ресурспен қоректенуі, ал ол ресурс шектеуші фактор болуы арқылы жүзеге асады. Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлармен микроорганизмдер қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді

Симбиоз (селбесу) дегеніміз – әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасында бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамаққалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады.

әріптестік бірігіп тіршілік ету. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.

Лекция № 6

Тақырыбы: қауымдастық экологиясы – синэкология.

Жоспары :

  1.  Биоценоз, биогеоценоз экожүйе туралы түсініктер.
  2.  Экожүйелердің ұйымдасу заңдары
  3.  Экожүйенің жіктелуі

Синэкология (грек тілінен аударғанда syn-бірге) әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлармен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын, олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі.

әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер немесе биогеценоздар түзіледі.

Биоценоз (грек тілінен bios – өмір, koinos-жалпы ортақ) қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін, өсімдіктер, жануар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды.

Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе –биогеоценозды түзеді. Бұл ұғымды 1940 жылы В.Н. Сухачев ұсынған. Оның анықтамасы – “жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия, алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама – қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық”

Биогеоценоз ұғымы, шет елдерде таралған А. Тенсли 1935 ж. ұсынған “Экожүйе” ұғымына жақын.

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір – біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функцианалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.

Тундра – оның негізгі белгісі орманның болмауы. өсімдіктер денесі астық тұқымдастықтардан, қияр шағын ағашты өсімдіктерден тұрады..

Тайга – қылқанжапырақты ормандар болуымен белгілі (шырша, арша, қарағай, самырсын).

Дала

Шөлдер

12. Экожүйелердің экономикасы

1935 жылы атақты биолог Э. Бауер былай дейді: “Тірі жүйелер еш уақытта тепе – теңдікте болмайды және өзінің бос энергиясы есебінен үнемі сыртқы орта жағдайларына сай физика мен химия заңдары талап ететін тепе – теңдікте болмайды және өзінің бос энергиясы есебінен үнемі сыртқы орта жағдайларына сай физика мен химия заңдары талап ететін тепе – теңдікте қарсы жұмыс жасайды”. Бұл принципті тірі жүйелердің тұрақты теңсіздік принципі деп атайды.

3. Экожүйелердің ұйымдасу заңдары

Тірі ағзалар арқылы жүретін зат пен энергия ағысы өте үлкен. Мысалы, адам өз өмірінде ондаған тонна тамақ пен суды, өкпесі арқылы көптеген миллион литр ауаны пайдаланады. өсімдіктер өз денесінің әрбір грамын түзу үшін 200-800 грамға дейін су жұмсайды. Фотосинтезге қажетті заттарды өсімдіктер топырақтан, судан және ауадан алады.

Экожүйеде төрт негізгі құрам бөліктер болған жағдайда ғана зат алмасуды қамтамасыз ете алады.

Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергия өзгерту механизмдеріне қарайавтотроптар және гетерофтар болып бөлінеді.

Автотроптар (грек тілінде – өзі) бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады (жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдер).

Гетеротрофтар (грек тілінде – әр түрлі) – дайын органикалық заттармен қоректенеді. (жоғары сатыдағы паразит – өсімдіктер, саңырауқұлақтар, барлық жануарлар мен адам).

 

Автотроптар органикалық затты синтездейді, ал гетеротрофтар оларды пайдаланады. Бұл процестің барысында органикалық заттың ыдырауы жүреді. Егер ыдырау өнімдерін қайтадан автотроптар пайдаланса, онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымытүзіледі.

Лекция № 7

Тақырыбы: Экологиялық пирамидалар сандар, биомасса, энергия.

Жоспар:

  1.  Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану
  2.  Биоценоздардың өнімділігі
  3.  Организмдердің арасындағы қарым – қатынастардың типтері.

Күн – энергиялық іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АқШ, Израиль, т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады. Парникте қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, қазақстанның, Орта Азияның оңтүстігінде теплицаларда кеңінен қолданылады.

Жел. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді (диірмендер, ағаш кесу құрылғылары)

Теңіз мұхит суларының энергетикалық ресурстарын пайдалану

Термоядролық энергия қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кездегі білімнің даму деңгейі, жасалып жатқан технологтялар адамзатқа энергетикалық ресурстардың сарқылуына байланысты және энергетиканың экологиялық мәселелерді туғызуы жөнінен тұйыққа тірелу қаупінің болмайтынын көрсетеді.

Энергия – материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді.

Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңы табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады (ыстық заттың жылуы суық ортаға өздігінен тарайды).

Лекция №9

Тақырыбы: Биосфера және оның ресурстары. Биосфера туралы ілім.

Жоспары:

  1.  Тірі затқа тән қасиеттер.
  2.  Биосфераның энергетикасы.
  3.  Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.

Тірі зат бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып, биосферада белгілі бір биогеохимиялық функциялар атқарады.

Тірі затқа тән қасиеттер:

  1.  биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады.
  2.  тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан көрінеді.
  3.  тірі затты құрайтын химиялық қосылыстар ақуыздар, ферменттер және т. б. – тек тірі ағзаларда ғана тұрақты болады.
  4.  ерікті қозғалу биосферадағы кез-келген биосфераға тән белгі.
  5.  тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары морфологиялық және химиялық көптүрлілікпен сипатталады, тірі заттың құрамына кіретін 2 млн-нан астам органикалық қосылыстар белгілі, ал өлі табиғаттың табиғи қосылыстарының саны шамамен 2 мың.
  6.  биосферадағы тірі зат мөлшері әр түрлі жеке ағзалар түрінде болады Ең ұсақ вирустардың мөлшері 20 нм-ден (1 нм.=109 м) аспаса, еә ірі жануар киттердің ұзындығы 33 м-ге, ең биік ағаш секвойя 100 м-ге жетеді

Күн энергиясы – жер биосферасының жылу балансы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеріп тұрады. Жер мен күннің ең аз ара қашықтығы 147 млн. км. қаңтар айының басында, ал ең үлкен ара қашықтығы 152 млн. км. шілденің басында байқалады. Жер Күн шығаратын энергияның 5 бөлігін ғана алады.

 

Биосфераның энергетикалық балансы.

Жер күннен алатын энергияның 33% бұлт пен құрылық беті, атмосфераның жоғарғы қабатындағы ұсақ дисперсті шаңнан шағылысады. 67% ( 21+22+24%) энергияның атмосфера мен жер беті сіңіреді де, бірқатар өзгерістер соң космос кеңістігінде қайтарылады.

III. Миллиярдтаған жылдар барысында тірі ағзалардың көбеюі, өсуі, зат алмасуы мен белсенділігі , планетаның беткі бөлігін толық өзгеріске ұшыратты.

Зат алмасу барысында тірі ағзалар үнемі табиғаттағы химиялық элементтерідің таралуын өзгертіп отырады. Осылайша биосфераның химизмі өзгереді. Миллиардтаған жылдар барысында фотосинтез-деуші ағзалар күн энергиясынан орасан мол шамасын химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бір бөлігі көмір кен орындары және басқа да органикалық заттар мұнай , торф т.б. түрінде жиналады. Фотосинтез есебінен атмосферада оттегі жиналады. Жердің дамуының ертедегі кезеңдерінде атмосферада басқа газдар басым болды.

Суттегі , метан , аммиак , көмірқышқыл газы. Оттегіден озон қабаты пайда болады.

Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады. Олар кездесетін тірі заттан бейорганикалық материяға өтіп отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді : газдардың айналымына және шөгінді заттар айналымы. Біріншісінде элементтердің негізгі көзі-атмосфера (көміртегі, оттегі, азот), екіншісінде таулы шөгінді жыныстар (фосфор, күкірт және т.б.) болып табылады.

Көміртегінің айналымы . Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалапры арқылы өтіп, тыныс алу , ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады.

Азот айналымы . Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды . Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып топыраққа өткізеді.

Фосфор мен күкірт зат айналымы . Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де оларды өсімдіктер пайдаланады.

Азот пен фосфор қосылыстарының бір бөлігін жауын сулары өзендерге, одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып, оны балдырлар қолданады. Ең соңында өлі органикалық заттың құрамында олар су түбіне шөгіп қайтадан тай жыныстарына кіреді.

Оттегінің циклы . Жердегі оттегінің циклы шамамен 2000 жылда, судың шамамен 2 млн. жылда жүріп өтті. Бұл заттардың атомдары жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткен.

 

Лекция №10

Тақырыбы: Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.

Жоспары :

1. Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау.

2. Ерекше қорғауға алынған территориялар.

3. Экологиялық зардаптар.

өкінішке орай, қазір жер шарында ормандардың ауданы мен

биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын ғана емес, басқа да функцияларының орындалуына әсер етеді.

өсімдіктің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның ішінде улы заттарды (күкіртті ангидрид (SO2)) денесінде жинауы арқылы көрінеді. Улы заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан шығарылады.

Екінші ретті қызметімен негізінен ауадағы бөлшектерді тұндыру

байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де, ылғалды атмосфералық

жауын-шашында немесе су буында еріген күйде де жүруі мүмкін. Орманда басқа жермен салыстырғанда ауаны тазарту интенсивтілігі 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған кезде, 1 га орман жылына 50-60 т. шаңды сіңіреді, тұнбаға түсіре алады. өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктерінің тіршілік

қызметіне зиянды әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете

отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғылықты жерлерді

қорғауда пайдаланады.

Ормандар күшті экожүйе ретінде өздігінен тазарту мен техногенді

бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.

Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады.

Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс – шаралары төмендегідей:

  1.  Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластанудан болады.
  2.  Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын шашынға айналғанда әсер етеді.
  3.  Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін.
  4.  Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақты ормандар ұшырайды.
  5.  Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін (5-7 жыл) қылқанның улануы.
  6.  Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен, бүк және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ жапырақты ағаштар (қайын) тұрақтырақ.
  7.  Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланылады.
  8.  Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады.
  9.  Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды, себебі өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.

қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6% құрайды. Респуб-

ликаның жалпы ормандылығын шамамен 6-7% дейін жеткізу жоспар-

ланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың

ормандылығын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және

бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау.

  1.  Биоалуантүрлілік – тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
  2.  Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж) Бұұ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.

қазір адамның азық түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250 ден

аспайтын түрлері пайдаланады. А/шаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін 12-15 өсімдік береді.

Жабайы түрлер-табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі ,

әсіресе, а/шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор, сонымен бірге дәрі-дәрмектер жасауда табылмайтын байлық.

Дәрі жасауда шамамен 5 мың өсімдіктің түрлері қолданылады.

Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық,

техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып,

басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған

сайын түрлердің саны да артып отырады.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің

жойылу жылдамдығы экологиялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жете бастады.

Бұл процесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған

қарама-қарсы басқа жаңа түрлермен толықтырылмайды.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса,

соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр,1600 жылдан бастап

омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құс, 64 сүтқоректілер) және

өсімдіктердің 20 түрі жойлып кетті.

Түрлердің алуантүрлілігінің кемуінің , әсіресе, 2 салдары ерекше назар

аударуды қажет етеді.

Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе

басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.

Екіншіден қандай да бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды.

Адамның барлық ірі ауқымды іс әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі.

Адам рельефті, өзен аркаларын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, ағаштарды кеседі және т.б.

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – қызыл кітап. қызыл кітап – қауіптің жаршысы. қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады, нашарланған түрлермен толықтырылады.

қазақстанның қызыл кітабінің бірінші томы 1978 ж. жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі, жыртқыш жануардың 15 түрі, балықтың 4 түрі енгізіліп толық сипатталған.

Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету

үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс

әрекетін бір арнаға бағыттауы қажет.

Ерекше қорғауға алынған территориялар.

Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі 2 міндеттің орындалуын қамтамасыз етуү тиіс:

  1.  оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақ-
  2.  тар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
  3.  жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау;

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға

алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп:

қорықтар, қорғалымдар, табиғат е,скерткіштері, ұлттық және табиғат

саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Дүние жүзіндегі ең ірі

саябақ Гренландияда 7 млн.га. қорықтар толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше

объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі қорғалымдар болып табылады.

қазақстан қорықтары: Ақсу-Жабағылы 1926ж. Талас Алатауының

солтүстік батыс бөлігін алып жатыр, ауданы 73 мың га.

Барса – Келмес Арал теңізінің солтүстік бөлігінде 1939 ж. құрылған, ауданы 198 шаршы км.

Наурызым 1931 ж. құрылған, ауданы 100 мың га. қостанай облысы Жетісу ауданында орналасқан.

Алматы 1934 ж. құрылған. Алматы облысы Шелек ауданында орналасқан.

қорғалжын 1958 ж. құрылған, ауданы 237 мың га. , Акмола облысы, қорғалжын ауданында орналасқан.

Марқакөл 1976 ж. құрылған, 71 мың га.

Бетпақ-дала Сарысу өзені мен Балхаш көлінің арасында орналасқан. (ОқО, қызыл- Орда, Жамбыл).

қаратау (қызылқұм) қорығы ОқО, Арыс және Шардара аудандары территориясында орналасқан . Көлемі 150,6 мың га., 1990 ж. құрылған.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Оларға: ормандар, көлдер , жазықтар, тау, сарқырамалар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан

ағаштар да жатады.

Лекция № 11

Тақырып: Су ресурстары және оны қорғау.

Су тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы.

Жоспары :

  1.  Су ресурстарының экологиялық мәселелері.
  2.  Жердегі су қоры. Судың ластану мәселесі.
  3.  Судың евтрофикациясы.

1 Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен сипатталады. Судың қасиеттері:

  1.  Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны жердегі барлық ресурстар жайылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге; сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды.
  2.  Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өту кезінде көлемінің келуі тән.
  3.  Ең жоғарғы тығыздығы +40С-да байқалады. Мысалы су қоймаларының терең қатуының болмауы.
  4.  Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
  5.  Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өту қабілеттілігі. Теріс температурада қатты күйден (мұз, қар) бірден су тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс – сублимация деп аталады.
  6.  Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және бұдан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
  7.  әмбебап еріткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ. Су атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез) бірден – бір көзі. қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған. Адам ағзасындағы судың үлесі 60% ке жақын, бірақ жекеленген мүшелер мен ұлпаларда 1% – 96%- ке дейін жетеді. Бидайдың бір тоннасын алуға 2500т, мақтаға-10000т, күрішке-4560т, сиыр етіне-30000т су жұмсалады.

Су адам үшін тек биологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік те фактор болып табылады. Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су қажет. Тұрмыстық комуналдық қажеттілікке 100-150 литр су жұмсалады.

2. Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км3 . Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ оның қалыңдығы 2,5км. болар еді. әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96км., ал терең максималды тереңдік 11022м (Мариан шұңғымасы). Жердегі судың басым көпшілігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5% үлесін құрайды, бірақ тұщы сукдың көлемі 35млн. км3 тең.

Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайда. Судағы көп кездесетін элементтерге калций, натрий, хлор, калий жатады. Судағы химиялық элементтің жиынтығы жануарлармен адамның қанының құрамына жақын болады.

Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады. Адам қаны мен әлемдік мұхит суының химиялық құрамы:

 

Химиялық элемент

Еріген заттардың жиынтығынан %

Мұхит суы

Адам қаны

Хлор

Натрий

Оттегі

Калий

Кальций

49,3

30

9,9

1,8

0,8

55

30,6

5,6

1,1

1,2

тұщы су – 1г/л дейін. Тұздылау 1 – 3 г/л, аз тұзды 3-10 г/л . тұзды және өте тұзды 10-50г/л.

Ауыз судың санасын бағалауда химиялық крийтерилермен қатар бактериалогиялық және органолептік қолданылады.

Судың бактериалық жағдайы төмендегідей анықталады:

1) Судағы бактериалардың жалпы саны , ол судың 1 мм – інде 100 – ден аспауы керек . 2) Ішек таяқшасы тобының бактериаларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы ( үштен көп болмауы керек) немесе коли – титрмен анықталады.

Органолептикалық көрсеткіштерге судың иісі , түсі , дәмі , мөлдірлігі жатады. Судың сапасының маңызды көрсеткіші – ондағы оттегінің болуы. Оған гидрокорбанаттардың (аэробтар) тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға қабілеті тәуелді болады.

Суды ластаушы заттар . Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады.Екінші ретті ластану бірінші ретті ластанушылардың әр түрлі тізбекті риакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері , минералды тыңайтқыштар , улы химикаттар және т.б. жатады.

3.Судың эвтрофикациясы. Судың энтрофикациясы деп – судың биогенді элементтерімен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация ( грек тілінен аударғанда эу – жақсы ,трофе – қоректену ) – судың бай қоректенуі.

Эвтрофикацияның нәтижесі – балдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі , су қоймасында органикалық заттармен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін , оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын рецудент – ағзалардың санының артуына әкеледі.

Лекция № 12

Тақырыбы: Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.

  1.  Жоспары :

1. Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері.

2.“Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі.

3.Озон мәселесі.

Оңтүстік Қазақстан Обылысы полиметалдық кендердің, фосфаттардың қоймасы болып табылады. Олар қорғасын, мырыш, мыс, күміс, индий және т.б. Оңт. Қазакстан Обылысы республикада қорғасын өндіру бойынша 3 орын, мырыш –4 тұрады. қаратау тауындағы тау-кен өндірісі ертеден белгілі. Оңт.қаз. обылысында қүрылыс материал- дарының қоры көп.(құрылыстық тас, қиыршық тас, тау тас түрінде болады. Бадам (гранит). қаратас, Түлкібас, Тұздықұдық және т.б. жатады.

Сайрам, Төлеби, Түркістан, Алғабас және Отырар аудандарында кірпіш өндірісіне қажетті сазды балшықтар бар.

Созақ және Отырар аудандарында уран кендері бар.

Су ресурстары: Оңт.қаз.обылысы териториясында су ресурстары біртекті таралмаған. Негізгі су артериясына Сырдария өзені

жатады, ол орталық Тянь – Шаннан бастау алады. Оңт.қаз облысында жер асты суларының 25 кен орны барланған, белгілі кенорындары мына түрлерге бөлінеді.

  1.  өзен аңғарларындағы жер асты сулары – Абай, Арыс,
  2.  Александров, Жоғарғы Келес Жіңішке, Ленгір, Темірлан,

Шардара

  1.  артезиан бассейінің жер асты сулары – Ванновка, қарашық,
  2.  Түлкібас

Топырақ ресурстары Негізінен жазық дала әр түрлі типті сұр

топырақтармен жабылған. Агроклиматтық жағынан алғанда

облыс территориясын мына белдеулерге бөлуге болады:

  1.  құрғақ ыстық шөл белдеуі. Бетпақдала, Мойынқұм,
  2.  қызылқұм,.
  3.  өте қуаң ыстық тау етегіндегі белдеу. Түркістанның,

Алғабастың, Түлкібастың, Сайрамның, Ленгірдің,

қазығұрт аудандарының тау етегіндегі бөліктері.

  1.  Тау белдеу. қаратау тау жотасы мен батыс

Тянь – Шанның етегі.

Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері.

  1.  Атмосфера ауа, химиялық қоспалар мен су буынан

тұратын күрделі жүйе, ол биосферадағы физико-химиялық

және биологиялық

процестердің жүруінің шарты және

метеорологиялық режимнің маңызды факторы.

  1.  Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер

бетіндегі орташа жылдық температура +150С немесе –180С

болар еді.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдас араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе

мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде

мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді (СО2), күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальды ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады.

Адам атмосфераның әр-түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтік электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.

Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын т.б. салу нәтижесінде басталды.

Атмосфераны ластаушы заттар.Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар жануар мен адамға қарағанда бұл газға өте сезімтал. өсімдіктер газдың олардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын-шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ қазіргі кездегі қоршаған ортаның әр-түрлі элементтері әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.

“Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі. Озон мәселесі

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеру нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр-түрлі мәліметтер бойынша 50% -тен 65% -ке дейін жетеді.

Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр-түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфра-қызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне

кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына (парниктік эффект) әкеліпсоқтыр-

ады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта жердің орташа жылдықтемпературасы 0-0,30С артқан. қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді. (Метан жылына -1%, азот оксидтері жылына –0,2%).

Атмосферадағы парниктікгаздардың мөлшерінің екі еселенуі ХХІ ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда, әр-түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі.

Болжамдар бойынша ауа-райының жылынуы әсерінен мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 м (соңғы 100 жылда 10-12 см) көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1,5-2 м-ге

көтерілуі шамамен 5 млн.км2 құрылықтың су астында қалуына әкеледі.

Ауа райының жылынуы әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануар мен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер мен бақылаулар техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің өзі болып табылатынын

көрсетті.

Экожүйелердегі қалыптасқан зат айналымның адамның әсерінен бұзылуы көмірқышқыл газының, метан мен басқа газдардың бөлініп шығуына әкеледі.

  1.  Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекуласының (О2) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі.

Лекция № 13

Тақырыбы: қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері.

Жоспары :

  1.  Адам ортасының құрам бөліктері.
  2.  қоғам мен табиғаттың өзара қарым қатынастарының кезеңдері.
  3.  Табиғи экожүйеден ауыл шаруашылық экожүйеге дейін.

Соңғы 50 жылда адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде біздің планетамыздың өзгеру дәрежесі, адамның отты пайдалана бастаған уақыттан, яғни 800 жолмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Нәтижеде адамзаттың үлесіне күрт нашарлаған биологиялық жүйелер тиіп, жекелеген жануарлар мен өсімдіктердің популяцияларының келіү мен жойылуы, адамзат қоғамы үшін болжамбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туып отыр.

қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасының 4 компаненентін бөліп көрсетуге болады: Оның 3-уі антропогенді фактордың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта.

  1.  Табиғи орта – бұл адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар.
  2.  Адамның әсерінен өзгерген табиғи орта – бұларға егістік талаптары баулар, жүзімдіктер, саябақтар жатады.
  3.  Адамның қолымен жасалған орта – оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіп кешендер қала және т.б.
  4.  әлеуметтік орта – бұған адамдардың бір – бірімен өзара қарым – қатынасы, псикаологиялық акуал, денсаулық сақтау, жалпы мәдени байлықтар және т.б. кіреді. Оның адамға әсері күннен күнге артып отыр. Содықтан да адамның өмір сүру жағдайларының және адамның негізгі құқықтары, соның ішінде өмір сүру құқығын жүзеге асыруда екі аспектің – табиғи және адам жасаған ортаның маңызы артып отыр.
  5.  Палеолит – дәуірі. Адам бұл тарифи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытты Альп жатыр.
  6.  Аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолитдәуірі жатады. Осы дәуірден бастап егіншілік пен мал. шаруашылығының дамуына байланысты, қоғам биосфераға кошті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жарту, үй жануарларын жою. Нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айкала бастады. Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенні дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады.
  7.  Индустриалды кезең (ол XVII – XX ғасыр ортасы) кен өндіру салалары мен металургия қарқынды түрде дами бастады. XX ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған ортаға әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа ие болды.
  8.  қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
  9.  Антропогенді экожүйелерге агройеноздар мен агроэкожүйелер жатады. Агроценоз дар ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлерде пайда болатын биоценоздар. Олар табиғи бірлестіктерден, біріншіден, құрамына кіретін түрлердің санының аз болуымен, екіншіден, осы бірлестіктің негізгі мүшесі – мәдени дақылдардың зиянкестер мен бәсекелестіктің қарсы тұру қабілетінің төмен болуымен сипатталады. Мәдени дақылдар адамға пайдалы жағына қарай сұрыптау арқылы кошті өзгеріске ұшыраған, сондықтан олардың адамның көмегінсіз тіршілік үшін күреске қабілеті нашар.

Агроценоздарды адам көп қуат жұмсау арқылы Остап тұрады. Ал табиғи биоценоздар мұндай қосымша энергия көзін қажет етпейді.

қазір ауыл шаруашылығында әр түрлі өсімдіктерді химиялық қорғау құралы пестицид тер қолданылады. Пестицидтердің көпшілігі тек зиянкес түрлері ғана емес, олардың паразиттері мен жыртқыштарын да жояды, яғни агроценоза қалыптасқан реттеуші байланыстар бұзылады. Зиянкестердің тірі қалған бөлігі реттеушілерден босанып, бұрынғыдан да көбейеді. Тірі ағзаларды – жыртқыш немесе паразит тік бунақденелер, бунақденеқоректі немесе жыртқыш құстарды бактериялар, виру стар және т.б. зиянкестерден қорғану үшін қолдану биологиялық күрес әдісі деп аталады.

Агроэкожүйесі дегеніміз – адамның сапалы қызметімен жоспарланып, жасалған территориялар.

Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық – монодақылдарды

Лекция № 14

Тақырыбы: қазіргі кезеңнің әлеуметтік – экологиялық мәселелері.

Жоспары :

  1.  Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
  2.  Экологиялық құқық.
  3.  Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану

Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тек теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Экологиялық мәселелердің алдын – алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғатпен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз , ұзақ уақыттың бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

Республика Президенті Н.ә. Назарбаевтың Бұұ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдарда қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың ұлттық баяндамасы қабылданды.

Тұракты дамуды қамтамасыз ету құралдармен байланысты мәселелерге мыналар жатады.

  1.  қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі
  2.  экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану; тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету.

Бұл мәселелерді шешудің міндеттері “қР-ның экологиялық қауіпсіздік” концепциясында қарастырылған.

Алда тұрған маңызды мәселенің бір адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың біртұтастығы сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады.

қазіргі кезде қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады.

2. қазақстан Республикасының Конституциясында: “әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар”

Халықаралық дәрежеде адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын Бұұ-ның әр-түрлі бөлімдері қамтамасыз етеді.

Олар қоршаған ортаның жағдайын сауықтыруға арналған көптеген бағдарламалар жасады; “қоршаған ортаның гигиенасы”, “Ауыл шаруашылық химикаттары мен қалдықтары”, “Адам және биосфера”.

Белгіленген бағдарламалардың жүзеге асуының 1972ж. құрылған Бұұ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасы және Бұұ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі Халықаралық Коммисиясы жалпы басшылық жасайды.

құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Адамнңы табиғатты өзгертушілік қызметі тек соңғы жылдары ғана құқықтық тұрғыдан шектеле бастады.

4. Күн – энергиялық іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АқШ, Израиль, т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады. Парникте қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, қазақстанның, Орта Азияның оңтүстігінде теплицаларда кеңінен қолданылады.

Жел. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді (диірмендер, ағаш кесу құрылғылары)

Теңіз мұхит суларының энергетикалық ресурстарын пайдалану

Термоядролық энергия қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кездегі білімнің даму деңгейі, жасалып жатқан технологтялар адамзатқа энергетикалық ресурстардың сарқылуына байланысты және энергетиканың экологиялық мәселелерді туғызуы жөнінен тұйыққа тірелу қаупінің болмайтынын көрсетеді.

Лекция № 15

Тақырыбы: қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы.

Жоспар :

  1.  Адамзаттың сандық сипаттамалары.
  2.  Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы.

қазіргі мәліметтер бойынша дүние жүзіндегі адамзаттың саны 6 млрд.

 

сурет. 400 жылдағы халық санының өсуі.

әр түлі елдер мен континентердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі.

1993 ж 2025 ж

қытай 1200 1500

үндістан 900 1400

Индонезия 190 280

Бразилия 150 220

Нигерия 120 200 млн. адам

1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффиценті 24,6% дейін кемиді, жалпы өлім коэффиценті 9,8% болса, табиғи өсім 14,8% құрады. қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады.

өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4-сатыны бөліп көрсетуге болады.

1-ші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді , бірақ өлім коэффиценттінің төмендеуі , туу коэффицентінің төмендеуі-нен алда болады. Сондықтан , халықтың өсімі артады.

2-ші сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан халық өсімі баяулайды.

3-ші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффиценті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. үшінші сатының соңына қарай туу коэффиценті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды , ал өлім коэффиценті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес.

4-ші сатысында өлім коэффиценті арта отырып , туу коэффицентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.

  1.  Демография- халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.

Біріккен ұлттар ұйымы халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша ( 1995) бұл өсу қарқыны 2015 жылға дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд. жетеді. XX – ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды.

қазіргі кезеңдегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай ( өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес , сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді.

өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты.

Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылу және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстарыдың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді.

қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және кедей болғанда да орын алады. Бірақ жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд бой адамдардың үлесіне тиеді.

қазіргі кезеңде, өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр.Байлар одан әрі баюда , ал кедейлер кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатуда .

қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XXI-XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес 1 млрд өте бай адам болса , ал

1 млрд өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 милардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АқШтың 1$-дан кем болатын 1,5 млрд.тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері ( жылына 230 $) планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.

Соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен ¾ бөлігін шығарады.

Дамыған елдердің өнеркәсіп зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галаогенді көмірсулардың 90%-не жуығын береді.

Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980-1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге 49 млрд.$, дамушы елдерден дамыған елдерге 242 млрд.$. Олай болса табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жібереді.

өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан баюда, кедейлер кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.




1. Почему детям нужно заниматься спортом
2. Хирургия (Геморрой)
3. 12 ОП12 ЭП112 ЭП212 ПН12 ИС12
4. Политические партии и движения
5. Рязанский государственный медицинский университет имени академика И
6. второго сорта Второе господствует в среде профессионалов кадровиков и работодателей- существуют женски
7. служебные слова служащие для связи однородных членов простого предложения и частей сложного предложения
8. Лабораторная работа 1 Таблицы Цель работы- выработка умений и навыков создания таблиц определения и уст
9. . Теоретичні аспекти щодо управління обіговими коштами на підприємстві
10. средства относится 2 организационное и материальнотехническое обеспечение похода 3 обеспечение карт
11. Тема занятия- Рентгенологические методы исследования в ортодонтии
12. Уже довольно давно люди знают семь металлов- медь серебро олово свинец ртуть золото железо
13. реферату- Облік автомобільного транспорту на підприємствіРозділ- Бухгалтерський облік оподаткування Облі
14. Социально-культурное творчество эффективное средство социализации личности
15. Сотворю человека подобного мне
16. Первый подход основан на исследовании содержательной стороны теории мотивации
17. вариантов я остановил свой выбор на производственном предприятии конечным продуктом которого будут макаро
18. Задание Выполнение задания по пунктам
19. Диоген Лаэртий
20. Притыкинская основная общеобразовательная школа Согласовано Руков