У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Ешкім де ~зіні~ кін~сіздігін д~лелдеуге міндетті емес ережесі т~менде атал~ан ~а~идаларды~ мазм~нына жат

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

‘’

"Қылмыстық процесс" категориясы қай ұғымды қамтиды? қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру

«Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес» ережесі төменде аталған қағидалардың мазмұнына жатады? кінәсіздік презумциясы;

А

Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істің қай соттың соттылығына жататындығын көрсетіңіз: аудандық (қалалық)соттарға;

Азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істерді қарауға міндетті түрде қатысатын тұлға: прокурор;

Азаматтық іс бойынша дәлелдеме болып … табылады: істің мән-жайларын растайтын нақты деректер;

Азаматтық іс бойынша дәлелдемелер келесі белгілерге қарай бағаланады: қатыстылығына, жол берілуіне, растығына және жеткіліктілігіне байланысты;

Азаматтық іс бойынша қадағалау инстанциясындағы соттың қаулысы қай сәттен бастап заңды күшіне енеді: қабылдағаннан кейін;

Азаматтық іс бойынша мемлекеттік орган қорытынды беруі мүмкін: заңда белгіленген жағдайларда;

Азаматтық іс бойынша өндірісті қалпына келтіру туралы арыз… беріледі: даудың мәнісі бойынша шешім шығарған сотқа;

Азаматтық іс бойынша сот отырысында дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін кім бекітеді: сот;

Азаматтық іс бойынша сот отырысының хаттамасын жасайтын тұлға: сот отырысының хатшысы;

Азаматтық іс бойынша сот шешімінің мазмұны төмендегі бөліктерден тұрады: кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен;

Азаматтық іс жүргізу неше сатылары: 7

Азаматтық іс жүргізудің қай сатысында тараптар арасында бітімгершілік келісімін жасау мүмкін болады: процесстің кез-келген сатысында;

Азаматтық іс жүргізудің нысанын атаңыз (соттың бірінші инстанциясында іс жүргізу): АІЖК-сі нормаларымен реттелген азаматтық істерді қарау және шешу тәртібі;

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың міндетті субьектісін атаңыз: сот;

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтың әдісін атаңыз: императивті-диспозитивті әдіс;

Азаматтық іс қозғалғанға дейін мемлекеттік бажды төлейді: талап қоюшы;

Азаматтық істе төмендегі құқықтардың қайсысы тараптарда жоқ: істің мәні бойынша қорытынды беру құқығы;

Азаматтық істер бойынша дәлелдемелерді зерттеуді жүзеге асырады: сот және барлық іске қатысушы тұлғалар;

Азаматтық істер бойынша өндірісті тоқтатудың салдарын атаңыз: ұқсас талап бойынша сотқа екінші рет жүгінуіне жол берілмейді;

Азаматтық істер бойынша сот актілерін атаңыз: шешім, ұйғарым, қаулы және сот бұйрығы;

Азаматтық істер бойынша сот өндірісін қалпына келтіру жүзеге асырылады, егер істі қарау… аяқталса: шешім шығарумен;

Азаматтық істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы шығарылатын сот актісі: ұйғарым;

Айыпталушы- бұл: Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған, сондай-ақ айыптау хаттамасы шығарылып анықтау органының бастығымен бекітілген адам

Айыптау қорытындысында: алдын ала тергеудің нәтижесі жазылады

Ақтау үкімі қай сәттен бастап орындалуға жатады? Заңды күшіне енгеннен кейін

Алғашқы алдын ала тергеудің мерзімі қанша уақытқа созылады? екі ай

Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жазумен аяқталған кезде тергеуші: айыпталушыны, қорғаушыны, жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық   жауапкерді және олардың өкілдерін істің материалдарымен таныстыруға міндетті

Алдын-ала тергеу және анықтау органдары қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға: прокурор

Апелляциялық қараудың мәні: Істің мән- жайын анықтау,қылмыстық заңды қолдану дұрыстығы, қылмыстық іс жүргізу кесімдерінің сақталуы, сот үкімінің заңдылығы мен дәлелділігі тексеріледі

Апелляциялық өндірісте кімнің қатысуы міндетті? прокурордың

Апелляциялық сатыдағы сот актісі: апелляциялық қаулы;

Апелляциялық сот инстанциясында азаматтық істі қарау мерзімі : іс бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап 1 ай;

Апелляциялық тәртіппен шағым берудің объектісі не? Бірінші сот сатысының шешімдері

Апелляциялық шағым беруге құқылы: іске қатысуға тартылмаған, бірақ соттың шешімі оның құқықтары мен міндеттеріне ықпал ететін тұлға;

Апелляциялық шағымға кім қол қояды? Апеляциялық шағым берген тұлға не болмаса қорғаушы

Апелляциялық шағымдану /наразылық келтіру/мерзімін атаңыз: дәлелді шешім шығарылғаннан кейін 15 күн ішінде;

Апеляциялық сатыда қылмыстық істі қараудың мерзімі: Іс келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс

Апеляциялық сатыдағы сот: Бірінші сатыдағы соттар шығарған үкімдерді қайта қараушы сот

Аралық соттың шешіміне шағымданатын арызды  сот қандай мерзім ішінде қарайды? іс қозғалған кезден бастап 10 күн ішінде.

Ата-аналық құқықтардан айыру туралы істерді сот кімнің қатысуымен қарау керек? прокурор мен қамқоршы, қорғаншы органдардың қатысуымен.

Аталған мән - жайлардың қайсысы қылмыстық істі қысқартудың ақтайтын негіздеріне жатады? Қылмыс құрамының болмауы

Атқару өндірісіндегі борышкер келесі құқыққа ие емес: өндіруден бас тарту;

Атқару өндірісіндегі тараптар қалай аталады: өндіруші, борышкер;

Атқару өндірісінің органын атаңыз: сот орындаушысы;

Аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына  қандай қылмыстық істер жатады? Ауырлығы орташа қылмыстық істер

Аумақтық соттылықтың жалпы тәртібімен талап қоюшы қай сотқа арызды беруге міндетті: жауапкердің тұрғылықты жері бойынша, ал егер жауапкер заңды тұлға болса оның органы орналасқан жері бойынша;

Ә

Әрекетке қабілетсіз тұлға арыз бергенде келесі ұйғарым шығарылады: арызды қайтару туралы;

Б

Басты сот талқылауы дегеніміз: Бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы

Басты сот талқылауы келесі бөлімдерден тұрады: Дайындық бөлім, сот тергеуі, сот жарыссөзі, сотталушының соңғы сөзі

Басты сот талқылауын кім ашады? Төрағалық етуші судья

Бейнежазба азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің қай түріне жатады: жазбаша дәлелдемелерге;

Беттестірудің мақсаты: Бұрын жауап алынған адамдардың жауаптарының қайшылықтарын жою

Бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде істі қарау нәтижесінде қабылданатын сот актісі: сот бұйрығы;

Бұлтартпау шарасы дегеніміз: Сезіктінің немесе айыпталушының бостандығын шектейтін және олар тергеуден немесе соттан жасырынады, не қылмыспен шұғылдануды жалғастырады, не істің дұрыс жүргізілуіне кедергі жасайды деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық ізге түсу органы немесе сот қолданатын шара

Бірінші сатыдағы сот дегеніміз - бұл: қылмыстық істі мәні бойынша қарастыратын сот

Бірінші сатыдағы сот шешімі материалдық құқық нормаларын бұзып шығарылған деп, күші жойылуға жатады, егер: сот қолданылуға тиісті емес, заңды қолданса;

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына ... беріледі: жеке шағым;

В

Ведомстволық бағыныстылық туралы ережелердің сақталмау салдары: талап арызды қабылдаудан бас тарту;

Д

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету шараларын кім жүзеге асырады? талапты тапсырғанға дейін нотариуспен, ал іс қозғалғаннан кейін судьямен;

Дәлелдемені талап ету туралы сот … береді: сұрату;

Е

Егер соттылық ережелері бұзыла отырып, сотқа арыз берілгені анықталса, судья не істеуі керек: судья талап қоюшыға талап арызды қайтара отырып, қай органға жүгінуге болатындығын түсіндіреді;

Егер іс осы соттың соттылығына жатпаса сот не істеу керек? талап арызды қайтарады;

Ерекше өндірістің қандай істері бойынша сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау міндетті болып табылады: азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;

Ерекше соттылық ережесі белгіленген істерді көрсетіңіз: жер учаскесіне құқық туралы талаптарға байланысты даулар бойынша;

Ж

Жалпы ереже  бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар шығарған шешімдер заңды күшіне келесі мерзімде енеді: егер шағымданбаса, наразылық келтірілмесе апелляциялық шағымдану мерзімі өткеннен кейін;

Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғауға құқылы тұлғалар шеңберін атаңыз: іске қатысушы тұлғалар және прокурор;

Жаңадан анықталған мән-жайларға байланысты істі қайта қарау туралы арызды кім бере алады? іске қатысушы тұлғалар мен прокурор.

Жаңадан ашылған мән - жайлар бойынша негізгі сот звеносы шығарған үкімді қайта қарайды: Облыстық соттың қадағалау алқасы

Жауапкердің талап қоюшыға қойған талабының атауы: қарсы талап;

Жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталған соттылық атауы: жалпы аумақтық;

Жедел - іздестіру қызметін атқарады: анықтау органдары

Жедел-іздестіру қызметінің нәтижесінде алынған мәліметтер дәлелдемелердің  қайнар көздеріне жата ма? иә, жатады, егер де олар ҚІЖК-ң талаптарына  сәйкес алынған болса

Жеке айыптау істеріне қылмыстың мына түрі жатады: Қорлау

Жеке кепілдік берушілер ретінде бола алады: Сенімге ие адамдар

Жұмысқа қайта орналастыру және жұмыссыз жүрген кезі үшін жалақы өндіріп алу туралы талап талаптың қандай түріне жатады? әділеттілікті қалпына келтіру мен еңбек заңнамасын бұзушылықты жою;

З

Заңды күшіне енген бірінші сатыдағы соттың шешімі жаңадан анықталған мән-жайларға байланысты қайта қарау қай сотпен жүзеге асырылады? қадағалау инстанциясындағы сотпен.

Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға әкелетін іс үшін елеулі мән-жайлар болып табылады: сот актісін шығарғанға дейін пайда болған, арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;

Заңды күшіне енген соттың шешіміне қадағалау тәртібімен шағым не наразылық беру нысаны: Оларды қайта қарауды жүзеге асыруға өкілетті сотқа жазбаша түрде беріледі

Заңмен бекітілген азаматтық істің соттылығын тараптардың келісімімен өзгертуге бола ма? өзгертуге болмайды;

Заттай дәлелдемелер қашан тұлғаға қайтарылады: шешім заңды кұшіне енгеннен кейін;

К

Кәмелетке толмаған куәдан жауап алудың ерекшеліктеріне ... жатады: Жауап алу кезінде оның заңды өкілі қатысуға  құқылы

Кеден органдары анықтау органына жата ма ? Кеден органдары барлық анықтау шараларын жүзеге асыратын анықтау органы болып есептеледі..

Кеден органында істі тоқтату туралы қаулыға шағым беруге бола ма? Істі тоқтату туралы қаулыға шағым прокурорға беріледі.

Келесі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін міндетті прокурордың санкциясы алынуы тиіс? сөйлесуді тыңдау

Көрсетілген қатынастардың қайсысы азаматтық іс жүргізу құқығын реттейтін пәнді құрайды: сот пен тараптар арасындағы қатынастар;

Көрсетілген мән жайлардың қайсысы істер бойынша өндірісті қысқартуға соғады: бітімгершілік келісімін жасау және соттың оны бекітуі;

Куәландырудың мақсаты: Адамның денесіндегі ерекше белгілерді немесе қылмыстың іздерін анықтау

Кімнің мүддесін қорғап прокурор айыпталушыға азаматтық талап қоюға  құқылы: Мемлекеттің

Кінәсіздік презумпциясынан туындайды: дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікті білдіреді

Қ

Қадағалау саты сотының актісі: қаулы;

Қадағалау сатысында істі қарауға міндетті қатысушы тұлға: прокурор;

Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүзеге асырады: сот;

Қазақстан Республикасында шетел соттарының және төрелік соттарының шешімдері танылады және орындалады: егер бұл ҚР заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде көзделген болса;

Қай ереже жариялық қағидасының көрінісі болып табылады? барлық соттарда қылмыстық істерді талқылаудың  ашық жүргізілуі

Қай кезде қарсы талап қойылуы мүмкін: сот шешімі шығарылғанға дейін;

Қай тергеу әрекетін жүргізу үшін прокурордың санкциясын алу қажет? Тінту

Қай уақытта сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді? Сотталушының соңғы сөзін тыңдап болғаннан кейін

Қай шешім дереу орындауға жатады: жұмысында қызметіне қайта қалпына келтіру туралы;

Қандай азаматтық істер бойынша сот жауапкерге іздеу жариялай алады? алименттерді өндіріп алу істері бойынша ;

Қандай ереже қылмыстық процестің қағидасы болып табылады? Судьялардың тәуелсіздігі және олардың  заңға ғана бағынуы

Қандай жағдайда сараптама тағайындау міндетті болып табылады ? өлімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін

Қандай мерзімнің ішінде бас сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдануы тиіс? Іс сотқа келіп түскеннен кейін он тәуліктен кешіктірілмей

Қандай субъектілерге қатысты қылмыстық іс жүргізушілік артықшылықтар және иммунитеттер қарастырылады? дипломатиялық агенттер

Қандай үкімдерге апеляциялық тәртіппен шағымдар мен наразылықтар білдіруге жол берілмейді? ҚР Жоғарғы Сотының үкімдеріне

Қарсы талап қашан қойылуы мүмкін? бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін;

Қорғау тарабына жатады: Айыпталушы

Қорғау тарапы атынан қатысатын субъектіні атаңыздар? сезікті

Қорғаушы  - бұл: Заңмен белгіленген тәртіп бойынша сезіктінің немесе айыпталушуның құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын адам

Қосымша сараптама қандай жағдайларда  тағайындалады? қорытындының толықтығы мен анықтығы жеткіліксіз болса

ҚР- да сот ісі қай тілде жүргізіледі: мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда мемлекеттік тілмен бірдей орыс тілі, немесе басқа тілдер қолданылады

ҚР ҚІЖК Қазақстан Республикасы аумағы шетелдік азаматтарға қолданылады ма? қолданылады

Құжаттардың жалғандығы туралы дау туындаған кезде судья не істеуі керек? сараптама тағайындауы керек;

Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қараудың ең төменгі мерзімі: үш тәулік

Қылмыстар әртүрлі жерде жасалған болса, істі қай сот қарайды ? Тергеу аяқталған жердегі сот қарайды

Қылмыстық қудалау органдары: анықтама, тергеу органдары

Қылмыстық процес сатыларының ерекше белгілері болып табылады: қорытынды процесуалдық шешімнің болуы

Қылмыстық процестің азаматтық процестен айырмашылығы немен анықталады? іс жүргізу пәнімен

Қылмыстық процестің қағидаттары дегеніміз: Қылмыстық іс - жүргізу тәртібі негізделген және оның мәні мен сипаттарын көрсететін бастама ережелер

Қылмыстық процестің субъектісі термині нені білдіреді? ''Қылмыстық іс - жүргізу заңымен бекітілген құқықтары мен міндеттері бар, сондай - ақ ол құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік берілетін тұлға

Қылмыстық сот ісін жүргізудің арнайы (ҚР Конституциясында  жазылмаған) қағидасы: істің мән жайларын  жан- жақты және толық зерттеу, сот әділдігін тек  соттың ғана жүзеге асыруы

Қылмыстық іс бойынша  айыпталушы болып  кім табылады? айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып кім танылады? қылмыстың салдарынан моральдық, дене немесе мүліктік зиян шеккен адам

Қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізу кезінде куәлік айғақтар беру міндетінен босатылуы мүмкін: жұбайы зайыбына қарсы

Қылмыстық іс жүргізу заңының кері күші болады ма? болмайды

Қылмыстық іс жүргізу органы: Сот, пркурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талапкер ретінде тану үшін қандай құжат заңды негіз ретінде бола алады? талап арыз;

Қылмыстық істерді біріктіруге негіз болады: Бір адамның  бірнеше қылмыс жасағандығы жөнінде айыпталуы

Қылмыстық істі жеке өндіріске бөлу – бұл: сот және қылмыстық ізге түсу органның құқығы

ҚІЖК бұлтартпау шарасы ретінде қарастырмайды: aқшалай айып салу

М

Мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына… жатады: тараптары жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар болып табылатын мүліктік және мүліктік емес даулар жөніндегі азаматтық істер;

Мәжбүрлеу шарасы болып не табылмайды: істі қосымша тергеу жүргізуге қайтару

Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына жол беріледі ме? Жол беріледі

Мемлекеттік баждың түсінігін көрсетіңіз: сотта заңды маңызға ие әрекеттер орындағаны үшін мемлекетке  төленетін міндетті төлем;

О

Облыстық және оған теңестірілген соттар қандай сот инстанциялары ретінде әрекет жасайды? Бірінші және апелляциялық

Облыстық және оған теңестірілген соттың қандай органы қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарастырады? Қылмыстық істер жөніндегі алқа

Органдар мен лауазымды тұлғалардың актілер мен әрекеттерін заңсыз деп тану туралы прокурор арызының қаралу тәртібі: ерекше талап қою арқылы іс жүргізу тәртібі;

Ө

Өкілдер: Заңның немесе келісімнің күшіне факт жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің заңды мүдделерін білдіруіне уәкілдік берілетін адамдар

Өкілдің өкілеттіліктері … рәсімделеді: сенімхатпен;

Өндіруші мен борышқор бітімгершілікке келгенде атқару өндірісі: қысқартылады;

Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті кім бере алады? Шағым беруге құқылы тұлға

П

Прокурордың азаматтық процеске қатысуының нысандарын атаңыз: іс бойынша өндірісті қозғау және қорытынды беру мақсатында  кіру;

Процессуалдық әрекеттер дегеніміз: ҚІЖК - не сәйкес қылмыстық іс бойынша жүргізілетін іс - әрекеттер

Процессуалдық тең қатысу дегеніміз не? істе екі немесе бірнеше жауапкер мен талап қоюшылардың қатысуы;

Процесуалдық мерзімдер есептеледі: сағатпен, тәулікпен, айлармен, жылдармен

С

Сараптама өткізудің нәтижесі… рәсімделеді: қорытындымен;

Сарапшы –бұл: Іске мүдделі емес арнаулы ғылыми білімі бар адам

Сезікті бұл: қылмыс жасады деп күдік бойынша ұсталған тұлға

Сезікті: оған қарсы қылмыстық іс қозғалған адам

Сезіктіден қай кезде жауап алынады: ұсталғаннан кейін 24 сағат ішінде

Сот актілерінің міндеттілігі қандай тұлғаларға қолданылмайды: тұлғалардың бәріне қолданылады;

Сот бұйрығына қарсылықты кім беруге құқылы: борышкер;

Сот бұйрығының күшін жою құқығы ... тиесілі: сотқа;

Сот жарыссөзінде бірінші болып кім сөз сөйлейді? айыптаушы

Сот қандай дәлелдемелерді қабылдайды? сот тек іс үшін маңызы бар дәлелдемелерді қабылдайды;

Сот отырысының хаттамасына қарсылықты кім және қандай мерзімде қарайды? төрағалақ етуші судья бес күн ішінде;

Сот өкілі азаматтық процестің қай сатысында қатыса алады: процестің кез-келген сатысында;

Сот сараптама тағайындауға міндетті азаматтық істердің категориясын атаңыз? азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;

Сот төрелігін жүзеге асыруға көмектесуші тұлғалар тобына жатпайтын азаматтық процестің субъектісін атаңыз: үшінші тұлға;

Сот: қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асырады

Сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталғанда тергеуші тұлғаны қылмыс жасағаны үшін кінәсі дәлелденеді деп санайтын болса не жазады ? айыптау қорытындысын

Соттағы халық өкілі: Алқа би

Сотталушыға соңғы сөз қашан беріледі? Сот жарыссөзінің басында

Сотталушының қатысуынсыз сот мәжілісінде істі қарауға бола ма? болады,  егер сотталушы ҚР тыс жерде болса және сотқа келуден қасақана жалтарса, немесе сот залдан сотталушыны шығарып жіберсе болмайды

Соттың шешімі қандай дәлелдемелерге негізделуі тиіс? сот шешімі тек сот отырысында анықталып зерттелген дәлелдемелерге негізделеді;

Судья істі қаруға қатыса алады, егер ол: ҚІЖК    - не     сәйкес  қылмыстық іс соттылығына жататын соттың судьясы болса

Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау нәтижелері бойынша сот қандай іс жүргізушілік құжат шығарады? сырттай шешім;

Т

Талап арызға кім қол қояды? талап арызға талап қоюшы немесе сондай өкілеттілікке ие өкіл қол қоя алады;

Талап қоюды қамтамасыз ету кімнің бастамасымен болады: іске қатысушы тұлғалардың;

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды кім іске асырады: сот орындаушысы;

Талап қоюшы деп кімді атайды? ол өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінген даулы құқықтық қатынастың субъектісі;

Талаптан бас тарту құқығына ие: талап қоюшы;

Талаптың пәнін көрсетіңіз: жауапкерге сот арқылы қойылған талап қоюшының материалдық-құқықтық талабы;

Талаптың элементтерін көрсетіңіз? талаптың мазмұны, негіздемесі, нысанасы;

Тараптың мойындауына байланысты дәлелдеуден босатылатын фактінің атауы: даусыз фактілер;

Тез бүлінетін дәлелдемелерді қарау мен зерттеуді кім жүзеге асырады? судья;

Тең қатысушылар қандай іс жүргізушілік құқықтарға ие? олар тараптардың барлық іс жүргізушілік құқықтарына ие, іс жүргізуді бір тең қатысушыға тапсыра алады;

Тергеу мен жедел іздестіру әрекеттерінің арақатынасы. Тергеу мен жедел іздестіру әрекеттері іс бойынша тергеушінің құзіретіндегі іс-әрекет.

Тиісті жауапкер дегеніміз кім? талап арыз бойынша жауап беруге міндетті даулы құқықтық қатынастың субъектісі;

Төленген мемлекеттік баж… қайтарылуға жатады: іс аралық сотқа берілгенде;

Төменде аталған мәжбүрлеу шаралардың қайсысы бұлтарпау шарасы болып табылады? ешқайда кетпеу туралы қолхат алу

Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысы талап арызды қабылдаудан бас тартуға негіз болады: арыз азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын болса;

Төменде келтірілген жауаптардың қайсысы азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялардың тәуелсіздігі принципін ашады: судья тәуелсіз тек қана ҚР Конституциясына және Заңға бағынады;

Төменде көрсетілген мәжбүрлеу шараларының қайсысын сот қолдана алады: еріксіз келтіру, сот залынан шығару;

Төмендегі жауаптардың қайсысы азаматтық іс жүргізудің заңдылық қағидатына сипаттама береді: материалдық құқықтық және іс жүргізушілік құқықтық нормаларын сақтау;

Төмендегі шешімдердің қайсысы дереу орындауға жатпайды: некені бұзу туралы;

Төрағалық етуші: Алқа құрамында іс қараған кезде төрағалық етуші судья немесе істі жеке дара қараған судья

Түнгі уақыт: жергілікті уақыт бойынша 22.00. ден 06.00. ге дейін

Ү

Үкім дегеніміз: Соттың айыптау шешімі

Үкім жарияланғаннан кейін апеляциялық шағым қандай мерзімнің ішінде берілуі тиіс? 10 тәулік ішінде

Үкім жарияланғаннан кейін қандай мерзімнің ішінде оның көшірмесі  сотталған немесе ақталған адамға табыс етілуі тиіс? Бір тәулік ішінде

Х

Хаттама - бұл: қылмыстық процесті   жүргізетін органдардың процесуалдық әрекеттерінің  нәтижелері бекітілетін құжат.

Ш

Шетел азаматтарының азаматтық іс жүргізушілік әрекет қабілеттілігі … анықталады: олардың жеке заңы бойынша;

Шешім шығармай азаматтық істі аяқтаудың нысанасын атаңыз: іс бойынша өндірісті тоқтата тұру  және арызды қараусыз қалдыру;

Шешімнің орындалуын қайта бұрып атқару дегеніміз не және ол қашан орын алады? талапкерден күші жойылған шешім бойынша  алғанының бәрін өндіру;

І

Іс жүргізу құқық мирасқорлығы процестің қай сатысында орын алады: кез-келген сатысында;

Іс жүргізу мерзімдерін жаратылысы бойынша неше нысанға бөлуге болады: 2

Іс жүргізудің жалпы тәртібімен барлық азаматтық істер қарала ма? қандай іс жүргізуге жатқызылатынына қарамастан барлық  азаматтық істер заңмен бекітілген іс жүргізудің жалпы ережелерімен қаралады;

Іс жүргізудің қандай сатысында іс прокурордың міндетті қатысуымен қаралады? қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау сатысында;

Іске қатысушы прокурор қандай іс жүргізушілік құқықтарға ие? прокурор мемлекеттің өкілі болып табылады, сондықтан ол іске қатысушы тұлғалардың құқықтарынан кем емес құқықтарға ие, оған тек өзіне тән арнайы құқықтар берілген;

Істі қадағалау сатысында қараудың мерзімі: 1 ай;

Істің ведомствалық бағыныштылығы ережелерін бұза отырып қаралуы шешімнің жойылуының негізі бола ала ма? шешім жойылып, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.




1. ВАРИАНТа 1. По нижеследующим данным вычислите сводные индексы- затрат на выпуск продукции себестоимо
2. Інститут розвязання міжнародних спорів
3. жесткий стиль может быть оправдан в группе с неразвитыми материальными и высшими потребностями а также в.html
4. Озеленение суши-бара Васаби
5. Тема 23- Разработка мероприятий по дисциплинарной ответственности работников предприятия
6. на тему- Сотрудничество таможенных органов России и стран ЕС по дисциплине Экономика таможенного дела
7. ЮСАЖИНОВ 27 июня 2000 года Согласовано Руководитель Департамента госсанэпиднадзора Минздрава Росси
8. Кредит как основное направление деятельности коммерческого банка
9. 2012 місто Львів Реєстр прис
10. зависимый запуск сокращения скелетных мышц Тропонин С Какой потенциал возникает в постсинаптич
11. Экономическая теория Выполнила- Гирина Е
12. 1 Определение и сущность риска на рынке ценных бумаг 5 1
13. Национальная экономика цели и результаты.html
14. Философия А.С. Хомякова
15. 11 Проблема личности в системе современного научного знания
16. Смоленская война (1632-1634 гг)
17. Тема- Нерозгалужене коло змінного струму з активним опором і індуктивністю
18. тематизирован. Также пособие является альтернативой для преподавателей при планировании занятий
19. Расчет объемов энтальпий воздуха и продуктов сгорания
20. Городской центр творческого развития и гуманитарного образования для одаренных детей г