Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Жалпы медицина ’ 1 ЕСЕП Адамны~ сауса~ терісінде механикалы~ жара~атану н~тижесінде эпидермисті~ м~.html

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-01-17

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.5.2024

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

Пәні: Гистология-1

Мамандығы: «Жалпы медицина»

№ 1 ЕСЕП

Адамның саусақ терісінде механикалық жарақатану нәтижесінде эпидермистің мүйізденетін, жылтыр және дәнді қабаттары бұзылған. Бұл қандай жасушалық элементтері арқылы және қалай қалпына келеді?

Бекітемін гистология, цитология және

эмбриология кафедрасының меңгерушісі                       Кикимбаева А.А.

№ 1 ЕСЕП

Шартты экспериментте сүйектің қызыл кемігінде полихроматофилді проэритроциттерінің рибосомаларын бұзған. Бұл кезде қандай арнайы ақуыздың синтезі бұзылады?

№ 2 ЕСЕП

Препаратта бұлшықет тінінің әрбір құрылымды бірлігінде, қозғаушы жүйке ұштығы көрінеді. Бұл бұлшықет тінінің қандай түрі? Жүйке бұлшықет синапсы жұмысының ерекшелігін түсіндіріңіз?

№ 3 ЕСЕП

Жарақаттанған науқастың бірнеше жұлын түйіндері (жұлын ганглиясы) зақымданған. Бұл жерде қандай жасушалар өлімге келеді? Бұл жағдайда рефлекторлық доғаның қандай бөлігінің қызметі бұзылады?

№ 4 ЕСЕП

Саусақ терісі астына тікен бөгде дене енген. Осыған эпидермистің, дерманың және қанның элементтерінің реакциясы қандай? Бөгде дене алынып тасталғаннан кейін бұзылған тінінің қалпына келуі қалай жүреді?

№ 5 ЕСЕП

Адамның саусақ терісінде механикалық жарақатану нәтижесінде эпидермистің мүйізденетін, жылтыр және дәнді қабаттары бұзылған. Бұл қандай жасушалық элементтері арқылы және қалай қалпына келеді?

№ 6 ЕСЕП

Науқастың қан анализін зерттегенде қан пластинкаларының (тромбоциттер) аз мөлшері байқалған. Бұл науқаста қанның қай қызметінің патологиясы болуы мүмкін? Сүйектің қызыл кемігінің қандай жасушасының бұзылуымен байланысты?

№ 7 ЕСЕП

Жасушаның өмір тіршілігінде оның цитоплазмасында агранулярлы (дәнсіз) эндоплазмалық тордың цистерналары және өзекшелері саны кенет көбейіп кеткен. Жасушада қандай заттардың синтезі жылдамдатылады?

№ 8 ЕСЕП

Көлденең жолақты қанқа және жүрек бұлшықет тіндері препараттары берілген. Осыны біріншісін екіншісінен қандай құрылымды ерекшеліктеріне қарай ажыратуға болады?

№ 9 ЕСЕП

Баланың лейкоцитарлы формуласында 32 % нейтрофилдер және 54% лимфоциттер бар. Қан жасушаларының осы пайыздық қатынасы баланың қанша жас шамасына сәйкес болады?

№ 10 ЕСЕП

Борпылдақ талшықты дәнекер тініндегі негізгі аморфты заттың және талшықтардың түзілуі бұзылған. Бұл жағдай қандай жасушаның қызметінің бұзылуымен байланысты?

№ 11 ЕСЕП

Қан жағынының препаратында ядросы сегменттелген және ашықтану цитоплазмасында ұсақ тозаң тәрізді азурофильді және әлсіз боялған түйіршіктері бар. Бұл жасушаны анықтап қызметін атаңыз?

№ 12 ЕСЕП

Шартты экспериментте ұрықта микроманипулятормен дерматомды зақымдаған. Бұл әрекет қандай тіннің дамуының бұзылуын көрсетеді?

№ 13 ЕСЕП

Ересек адамның лейкоцитарлы  формуласында 62% нейтрофильдер 26% лимфоциттер 9% моноциттер бар. Бұл көрсеткіштер қанның патологиялық немесе қалыпты жағдайы ма?

№ 14 ЕСЕП

Гистологиялық препаратта көп қабатты бластула көрсетілген, бластодермасының қалындығы біркелкі, бластоцелі тура ортасында. Бөлшектенудің қандай түрі осындай бластуланың түзілуін қамтамасыз етеді?

№ 15 ЕСЕП

Бір жануардың екі ұрығы көрсетілген. Біреуі екі бластомерлердің кезеңінде, екіншісі – морула кезеңінде. Қандай ұрық көлеміне және салмағына қарағанда үлкенірек?

№ 16 ЕСЕП

Сүйек тінінде ядролары сансыз көп жасушалар байқалған. Олардың цитоплазмасында көптеген лизосомалар және көмірқышқыл газдың көпіршіктері көрінеді. Осы жасушалар қалай аталады және олар қандай қызмет атқарады? Дамуының шығу тегі қандай?

№ 17 ЕСЕП

Ауру үрдісінде қатар орналасқан кардиомиоциттердің арасындағы аралық дискі бұзылған. Осындай зақымдану қандай салдарға әкеледі?

№ 18 ЕСЕП

Қанның лейкоциттерінің цитологиялық анализінде оларда дабыл таяқшасына ұқсаған ядроның өсіндісі байқалған. Бұл кімнің қанына жатады – ер адамның ба әлде әйел адамның ба? «Дабыл таяқшасы» дегеніміз не?

№ 19 ЕСЕП

Препаратта үш нейроцит көрсетілген: жалған униполярлы, биполярлы, және мультиполярлы. Осы жасушалардың әрі қайсысында неше аксонды белгілеу болады?

№ 20 ЕСЕП

Науқас қанының лейкоцитарлы формуласында балғын және таяқша ядролы нейтрофилдердің пайызы көтерілген, бірақ сегментті ядролы нейтрофилдердің саны азайған. Осы лейкоцитарлы формуланың күйі қалай аталады және нені растайды?

№ 21 ЕСЕП

Қан жағындысының препаратында ірікөлемді, дөңгелекпішінді, цитоплазмасы ақшылт көк, ядросы таға тәрізді жасуша көрінеді. Осы жасушаны атаңыз және оның қызметін белгілеңіз.

№ 22 ЕСЕП

Адамның түтікті сүйегінің препаратында өсу метаэпифизарлы шеміршек табақшасы жоқ. Осы адамның жасы туралы не айта аласыз?

23 ЕСЕП

Адам организміне антиген түскен (микроорганизмдермен инфекциялануы). Біріншілік иммунитет жауабының қалыптасуын қандай жасушалар және қандай әрекет арқылы қамтамасыз етеді.

№ 24 ЕСЕП

Сүйек кемігі жағындысында көлемі бойынша ең ірі, өте сегменттелген ядросы бар және цитоплазмасы көлемді болып келген үлкенжасуша көрінеді. Осы жасуша қалай аталады және қанның түзілуінде қандай роль атқарады?

№ 25 ЕСЕП

Балапан эмбрионының саруыз эктодермасы алынып тасталған. Балапан туылғаннан кейін оның қандай қызметі болмайды?

№ 26 ЕСЕП

Препаратта дамудың әртүрлі деңгейдегі аналық жыныс жасушалары берілген. Аналық жыныс жасушасының көлемі өскен сайын оның құрамында сарыуыз қосындыларының бір полюсінде жинақталуы байқалады. Олардың аналық жыныс жасушасының қандай түріне және қандай жануырға тән екенін анықтаңыз.

№ 27 ЕСЕП

 Препаратта қуысы ортасында орналасқан, көпіршік тәріздес көпжасушалы ұрық берілген. Ұрықтың қабырғасы көлемі бірдей жасушалардың бір қабатынан құралған. Ұрық дамудың қандай деңгейінде және жануардың қай түріне жатады?

№ 28 ЕСЕП

Иондаушы радиация әсері нәтижесінде кейбір жасушаларда жекелеген органеллалардың бұзылысы байқалды. Олардың қалдықтарын жасуша қандай жолмен жояды?

№ 29 ЕСЕП

Жарақат беткейі аймағында құрамында көптеген фагосомалары, біріншілікті, екіншілікті лизосомалары бар жасушалар көп мөлшерде пайда болады. Бұл жасушалардың қызметтік маңызы қандай?  

№ 30 ЕСЕП

Жасушада Гольджи кешені, түйіршікті эндоплазмалық тор, митохондриялар және жасуша орталығы жақсы айқындалған. Ал басқа жасушаның құрамында көпдеген митохондриялар, лизосомалар бар және аздап түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық торлардың мембраналары кездеседі. Осы жасушалардың қызметі қандай? Оларда ақуыз синтезі жүре ме?

№ 31 ЕСЕП

Эксперимент жүзінде жасушаны жасанды түрде екі бөлікке бөлген  - бір бөлігі ядромен, екіншісі – ядросыз. Жасушаның аталған бөліктерінің өмір сүрі қабілеттілігі қандай болмақ?

№ 32 ЕСЕП

Жасушада екі жас жұлдызшалардың бейнесі көрінеді. Бұл митоздың қай сатысы? Әр жұлдызшаның құрамында хромосомалар қанша?  

№ 33 ЕСЕП

Адамның сомалық жасушасының митоз жолымен бөліну нәтижесінде екі жас  жасушалар пайда болды. Олардың құрамында қанша хромосома бар? Хромосомалар санының тұрақты сақталу механизмін түсіндіріңіз.

№ 34 ЕСЕП

Май бездерінің орталық бөлігінің соңғы бөлімінде көптеген бұзылған жасушалар көрінеді. Бұл белгілер нені дәлелдейді?

№ 35 ЕСЕП

Без жасушаларын зерттегенде жетілген пластинкалы жиынтық жақсы анықталған, бұл цитоплазманың көп бөлігін толықтыратын элемент. Бұл көрініс қандай секреторлы циклдың кезеңіне тән?

№ 36 ЕСЕП

Көру алаңында саны жағынан көп болатын, цитоплазмасы оксифильді, ядросы жоқ жасуша, бұл қанның қандай пішіндік элементі?

№ 37 ЕСЕП

Ең кіші пішінді, ядросы жоқ, азурмен тегіс емес боялған, эритроциттердің арасында азмөлшерде жинақталып орналасқан, бұл қандай пішіндік элемент?

№ 38 ЕСЕП

Электронды микрофотографиялық  сараптама барысына құрамында 2 түрлі өсінділі жасуша және фибриллалары көлденең жолақты, қайталануы 64 нм, бір жасушада түйіршікті эндоплазмалық торы, екіншісінде– лизосома дамығаны анықталған. Осы 2–жасушаның қайсысы фибрилланың дамуына қатысады?

№ 39 ЕСЕП

Екі электронды микрофотографияда сүйек тінінің жасушалары көрсетіледі: біреуіндетүйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамығанымен сипатталады, екіншісі нашар дамыған торы және электрондытығыз жасушааралық затпен қоршалған. Осы жасушаларды атаңыз.

№ 40 ЕСЕП

Эксперимент барысында жануарларды кіші жамбас сүйегінің қырып алынған (эпифизарлы пластинка бойынша өсу). Осы жағдайларда сүйек тінінің толық қалпына келеме:

а) сүйек қабығы сақталған; б) сүйекпен бірге сүйек қабығы алынып тасталған?

№ 41 ЕСЕП

Неліктен шеміршек тіні трансплантация жасағанда төзімді?

№ 42 ЕСЕП

Бұлшықет тінінің әртүрлілігін анықтаңыз:а) гематоксилин және эозинмен боялған препараттарда оксифильді талшықатр жақсы көрінеді; осындай талшықтардың көптеген ядролары сарколемманың астында орналасады; б)гематоксилин және эозинмен боялған препараттарда саркоплазманың оксифилиясы анықталады, бірақ ядролары орталықта орналасқан; сонымен қатар талшықтарды сегменттерге бөлетін жолақтар анықталады.

№ 43 ЕСЕП

Көлденең жолақты бұлшықет тінінің әртүрлілігін анықтаңыздар: а) миоглбин, митохондрий көп; б) миоглобин аз, бірақ миофибрил көп.

№ 44 ЕСЕП

Фотографияда синапс көрсетілген. Оң жақ бөлігінде майда көпіршіктер көрінеді, сол жағында олар жоқ. Синапстардың қайсысында (оң немесе сол) синапстық бөлім орналасқан? Бұл синапс қозуды қай жаққа бағыттайды.(солдан оңға немесе керсіншеме)?

№ 45 ЕСЕП

Науқаста салдану анықталды, яғни салданған дене бөлігінің қимыл мүмкіндігі шектелді. Үшбөлімді рефлекторлық доғаның қай құрылымының бұзылуы салдануға алып келеді?

№ 46 ЕСЕП

Екі науқаста инемен шаншығанда аяғы мен қолы сезбейді. Бірінші науқас инемне шаншығанда ауру сезімі байқалады, екінші науқаста-ауру сезімі мен ине шаншуын сезбейді. Үшбөлімді рефлекторлық доғаның қай құрылымының бұзылуы бірінші және екінші науқасты инемен шаншығанда сезбеуіне алып келеді?




1. Проектирование зоны ТО-2
2. Фізіологія сенсорних систем шкірний та слуховий аналізатор1
3. Человек] [Общество] [Познание] [Антропология] [от] [греч.
4. Date- 240298 Люк МИШЕЛЬ.html
5. РЕФЕРАТ на тему- ldquo; ОТНОШЕНИЯ ВОЗНИКАЕМЫЕ В ПРОЦЕССЕ ОСУЩЕСТВЛЕНИЯ СУДЕБНО
6. Евророс 1 Время проведения- Четверг ~ с 16
7. Реферат- Психотерапия, внушение, гипноз
8. Доклад- Управленческие подходы
9. темами в качестве основных используются оценки степени и качества решения двух главных задач- повышен
10. РНАрхангельскнефтепродукт Черкасовой М.html
11. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук Донец
12. а Древесину твердых лиственных пород применяют для нагелей подушек и др деталей
13. Ситрик и Компания
14. Бухгалтерский учет и отчетность в банке [question]Выберите верное из ниже перечисленного о понятии бухгалт.html
15. Контрольная работа- Товароведение молочных и рыбных товаров и крупы
16. Доклад- Тульские самовары
17. Тема 5 Психология оказания медицинской помощи
18. либо предубеждений по отношению к компетенции и знаниям любого из них
19. форма определяется функцией
20. Курсовая работа- Развитие системы мотивации в организации