Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

алаш ~оз~алысын ~йымдастырушы ~рі алаш партиясыны~ к~шбасшысы ~лтты~ Алаш Орда ~кіметіні~ т~ра~асы.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.11.2024

                         А

1.А.Бөкейхановтың саяси философиялық көзқарасы.   Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің І Думасының депутаты. «алаш» қозғалысын ұйымдастырушы, әрі «алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда» үкіметінің төрағасы, т.б. саяси-әлеуметтік қызметтер атқарады. Ол Санкт-Петербургтегі Орман Шаруашылығы институтынтәмамдаған, оқымысты, экономист. Студент кезінде саяси жұмыстарға белсеңді қатысқан. Маркс ілімін оқыды. Ол қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды білу үшін орыстың демократиялық әдебиеттерін қазақ тіліне аударды. «Коммунистік жар» деген атпен «Коммунистік партия манифесін» қазақ тіліне аударды. Ол өзінің Қазан төңкерісіне дейінгі өмірін патша әкімшілігінің әділетсіз отаршыл саясатымен күресуге арнады. Қазақ еліндегі әлеуметтік қатынастарды әділетті құру үшін тер төкті. Осы мақсаттарын орындау үшін Бөкейхан 1906-шы жылы орыс демократтарының «халық еркіндігі» (кадет) партиясының бөлімшесі ретінде Қазақ саяси ұйымын құрды. Оның бағдарламасы Орал қаласындағы «Факел» газетінде жарияланды. Онда алғаш рет қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуы үшін өмірлік мәні бар мақсат мен міндеттерді іске асыру белгіленді. Мысалы, қазақ жерін сол халықтың меншігі, ол жеке меншікке берілмеуі керек деп танылған заңдар қабылдау үшін күш жұмсады, қазақ ажстары оқитын мектептер, медреселер, жоғары оқу орындарын ашу, т.б. мәселелер қойды. Ә. Бөкейхан қазақ халқының шаруашылығы, қазақтың тарихы туралы еңбектер жазды. Ә.Бөкейхан мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейханның пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.

2. Абай философиясы.Абай -жаңа дәуірдің перзенті. Сондықтан ол Орта ғасырдағы ойшылдардың аскеттік фил – н қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсіп, материалдық дүниеден бас тартса, онда  «дүние ойран» болар еді.  «Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейд (аталған әдебиет, 92 ,б.) деген сұрақ қойып, ойшыл оны Құдай алдындағы күнә ретінде қарайды. Алла тағала дүниені адамға  «рақатын көрмегіне бола жаратқан», хазірет Ғосма, Ғабдурахман ибн Ғауф, Сагид ибн Абдукас сияқты Пайғамбардың жақындары да өз бапйлықтарымен даңқты болған.Алайда байлықтың да байлығы болады. Кейбіреулер мал жинау, мүлкін көбейту арқылы басқалардан озып, өзін биікке көтеріп, даңдайсып кетеді.екіншілер кемтарларға көмектесу, өзін өзгелерден тәуелді еткісі келмесу үшін баюға тырысады. Соңғы жолды Құдай қалайды. Нағыз адамға тән биіктеу – ол рухани самғау. Адамның абыройы ол сыртқы әсем киімі мен жүріс  - тұрысында емес, оның ішкі таза ниетінде, сол арқылы ғана бізді Құдай таниды.Абайдың фил – лық антропологиясына келер болсақ, Жаратылған адамның ақыл – ойы , күш – қуаты бар, ал ол- Алланың ғылыми құдіреттілігінен шығатын қасиеттер.Бұл арада ұлы Абай Рақымшылдыққа аса көп көңіл бөледі. Жаратқан, Дүние, Адам – міне, осы үш категория Абай фил – ның ірге тасын құрайды. Абай өз фил – ның осы негіздерін өзінің отызсегізіншіқара сөзінде егжей – тейгжейлі талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгілі бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, соңғылардың нешгізі ғылымда.    .  Абайдың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ,оны ғажап та терең,өзінің ерекшелігі мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын діннің шеңберіндегі фил-қ антропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан,Дүние,Адам-міне осы 3 категория Абай философиясының  іргетасын құрайды.

3. А. Августин шығармаларындағы филослфиялық идеялар.     Ерте христиандық патристикалық кезеңнің көрнекті өкілі А. Августин (354-430) болды. Еңбектері « Ақиқат дін туралы», «Тәубе», «Жаратушы», «Құдай қаласы». Августиннің ф-сы теоцентристік ілімді дәріптеуші болды . Оның негігі принципі «Сену үшін түсінемін,түсіну үшін сенемін». «Құдай қаласы» туралы шығармасында қоғамдық өмірді 2 қарама-қайшы патшалыққа бөлді: 1.Жердегі патшалық- онда құдайға сенбейтін күнәқарлар өмір сүреді. Адамдар басшылар, яғни адамдарға бағынады. Әр уақытта зұлымдықтар болып тұрады. Сүйіспеншілігі жоқ әлем.2. Құдай патшалығы-  құдайға құлшылық  ететін,соның негізінде адамгершілік пен сүйіспеншілікке бөленген әлем. Оның болмыс туралы ілімі христиандық сеніммен жаңа платондық ілімнің синтезі. Платон ф-ғы бір тұтас игілікті, яғни мінсіз идеяны құдаймен теңестірген. Христиандықтағы үштік құдайды «әке-құдай,бала-құдай,әулие рухты».Күнәға батқандар құдаймен бірігу арқылы тазарады. Тазару жолы: 1.Ақыл-ой арқылы;2. Діни жол арқылы.

4 Ағартушылық философиясы: Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев. Ш. Уалиханов және Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев секілді ұлы тұлғалар халықты жаңа өмірге баулып, оны сауттықты ашуға, білімге, еңбекқорлыққа, белсенді өмір салтына, жасампаздыққа шақырады.Қазақ даласындағы ағартушылық көшін бастаған аса дарынды ұлы тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835 -1865) ж болды.өзінің қысқа өмірінің шеңберінде ол өте көп істер тындырып, тек қана қазақ халқынық өткен тарихын, әдет – ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі нақтылы өміршеңді мәселелерге ат салысып, қалың бұқараның мүдделерін аса батылдықпен қорғап, соның жолында « Аққан жұлдыздай», өкінішке орай ерте жанып кетті. Шоқанның онтологиялық (болмыстық) көзқарасына келер болсақ, ол күнбе – күнгі адамның тәжірибесінен шығатын, сол кездегі жаратылыстану ғылымдарына сүйенетін материалистік бағытта болды. Оның тікелей болмыс жөніндегі еңбектері болмағанымен, оны біз Шоқанның көзқарастардың шамандық (бақсылық) өмір сезімін талдауынан байқаймыз. Шамандықты көшпенділердің алғашқы көне діні ретінде қарап,ойшыл Табиғаттың сиқырлы да үрейлі күштерінің осы дінде бейнеленгендігі жөнінде айтады.Яғни, Табиғат бірінші де, адамның өзі сол табиғаттың төл туындысы болғаннан кейін, өзінің сана сезімінде айнала ортаны дұрыс, я болмаса қияли бейнелейді. Ы. Алтынсарин .Ағартушылық ағымының көрнекті өкілі Ы. Алтынсарин (1841 – 1889) : « Халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан ахуалға сай келуінің бірден – бір жолы – оның сауттығын арттыру, білімін жетілдіру, орыс мәдениеті мен тілін игеру»,- деп есептеді. Сондықтан ол өзінің барлық күш жігерін жаңа мектептер ашуға, балаларға арналған  қызықты оқулықтар жазуға жұмсады.өзінің Дүниеге деген көзқарастарында ол дінибағытта болып Құдайды мойындағанымен, діни фанатизмге қарсы шығып, шала сауатты қазақ мен бұқарадан келген молдалардың халыққа тигізетін теріс әсерлерін әшкерелейді. Оның  « Кел, балалар, оқылық,!»,  «Жаз», «Өзен» т.с.с өлеңдері осы күнге дейін өзінің эстетикалық әсемдігі, гуманистік идеялары, тәрбиелік мүмкіндіктері мен білім беру саласындағы жас ұрпаққа оң әсерін тигізуде.  Ағартушылық фил – ның аса алып тұлғасы А. Құнанбайұлы (845 – 1904) – тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік руханиятта өзінің өшпес ізін қалдырған ұлы ғұлама. Ол – ақын, сазгер, философ. Аудармашы, құқтанушы, саясаткер. Абайдың онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап та терең, өзінің м ерекшелігі мен маңыздылығын ешқашаш да жоймайтын діннің шеңберіндегі фил – қ онтропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан, Дүние, Адам – міне, осы үш категория Абай фил -* ның ірге тасын құрайды. Абай өз фил- ның осы негіздерін өзінің Абай өз фил- ның осы негіздерін өзінің 38 – ші қара сөзінде егжей – тегжейлі талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгіл бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, соңғылардың негізі Ғылымда. Жаратқаннаң үшінші сипаты -  Хаят, яғни Тіршілік (қараңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.) .мұның сыртында Абай тағы Алланың бес сипатын көрсетеді, бірақ олар жоғарыда көрсетілген негізгі үш сипатты нақтылайтын, түсіндіретін құндылықтар. Олар: Басар (қырағылық), Сәміг (Сергектік), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, болмысқа келтіруші).       

5. Адам, индивид, тұлға ұғымдары.Адам – ғылыми философияның түсінуінде ең бағалы,асыл байлық.Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі,өлшемі мен мақсаты.Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі,ақыл-оә туындыларының қүретті иесі.Индивид(дара адам)- көптің бірі жалпы адамзаттың нақты өкілі,дара.Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны.Оның санасы жоғары ма,жоқ па,елмен сөйлесе ала ма,әлде сөйлесе алмай ма,бұлардың оған қажеті аз.Әлемде қанша миллард адам бар,соның әрқайсысы-жеке-дара адам.Тұлға жетілген кәмелетке жеткен адам.Тұлға дегеніміз жаңа сапалы,индивидтің өзімен бірге іштен тумаған,белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психиологиялық ж/е марольдық қасиеттер қосындыларының иесі,ақиқатты болмысты тануға ж/е өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі.

6.Ақиқат үғымы, өлшемдері , түрлері. Ақиқат дегеніміз субъектінің шындықты танудағы,практикалык білімді игерудегі адекватты көрінісі ж/е ойдың объектіге сәйкес келуі.Ақиқаттың түрлері: Абсолютті ақиқат өмі шындығы туралы толық нақты егжей-тегжейлі білім ретінде болашақта теріске шығарылуы мүмкін емес білім.Салыстырмалы ақиқат өмір шындығы туралы толық егжей-тегжей білім бере алмайтын танымның даму барысында өзгеретін дәлелденетін тереңдей түсетін білім.Ақиқаттың өлшемдері: Сезімдік эмперикалық өлшем.Сезімдік деректер негізін тексеру.Артықшылығы,қарапайымдылығы,кешен.Әрқашан дәл еместігі.Рационалдық ақиқатты пайымдау жолмен тексеру мұнда логикалық заңдарын сақтау арқылы жүзеге асады.Практика ақиқаттың ең маңызды,ең негізді категориясы.Практика бұл белсенді ж/е әрекетшіл.Энгельстің айтуынша практика өндіріс пен экперимент яғни практикада алынған білім мен ақиқат тексеріледі,нақтыланады ж/е шыңдала түседі.

7. Алашордашылар ұсынған ұлттық үлгі.    Ж.Аймауытов,А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Дулатов,Х.Досмұхаметов осы аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсенді де абыройлы жетекшілері деп атауға болады.Осы жолда олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана   -сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді.Олардың бәрі дерлік 1917 ж болған екі революцияны да қабылдап, олар қазақ еліне шын бостандық,теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады.Өз өмірлеріінің алдына төнген қаіпке қарамастан,халықты ағарту, оның өзіндік сана-сезімін дамыту ісін олар тоқтатқан жоқ.Өйкені олар халықтың болашағын көздеді,ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететініне сенді.

8.Альберт Камюдің экзистенциализмі:өмір сүру,мән,абсурд мәселелері.Адамды қоршаған дүние мәнсіз абсурд деген қағида француздың көрнекті жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Камюдің экзис.ң негізі болды.Адамның бойындағы абсурдты ад\ң ішкі сезімінен, уайымдар ағымынан туындатады,абсурд ад\ң ойынан бір сәт шықпайды,басқа уайымдар оның қасында түк емес тұжырымдайды.Дүние абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екенін мойындағанымен , Камю өмір мәндік ізденсті тоқтатпауға бекінді. Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: Абсурдқа кездескен  адам өз мақсаттарымен , болашақ н\е ақталу туралы мазасымен өмір сүреді.Ол һзінің мүм\н бағалайды.Камюдің кейіпкері Сизиф өмірмен күресуді еркін таңдайды. Ад\ң өзі өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы тұруы. Камюдің «Оба» атты романының да желісі Адал болды. Адал болу д\з өз ісімен айналысу.Ад\ң абсурдпен күресі бүлік түрінде де көрінеді. Бүлік көтеруші адам «жоқ» деуші адам. Бүлікшілік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Ең бастысы күйзелмеу.

9. Антика фил-ы,ерекшелігі мен кезеңдері.Антика фил-ы бұл грек және рим фил-ы болып табылады.Ол б.з.б 6-5 ғ.ғ пайда болды.Көне шығыс фил-ң сипаты,мазмұны фило-қ ойлау әдістері арқылы ерекшеленеді. Дүниені тануда рационалдыққа сүйенеді. Фил-ң негізгі сұрағы айқындалды. Антика фил-ң дамуы 4 кезеңге бөлінеді:1.Сократқа дейнгі-милет, элейн,пифогор,атулистер мектебі жатады.2.Классикалық кезең-Сократ.Платон,  Аристотель сияқты классик фил-ң шығармалары жатады.Бұл кез адам мәселесі, оның өмірлік мәні, тану мүмкіндіктері сияқты фил-ң негізгі мәселері талқыланады.3. Элленистік дәур фило-ы:бұл кезеңде Платон  және Аристотель ілімінің ықпалымен этикалық мектептер қалыптасты.Оған Эпюкюр,Стоиктер, Скептиктер,кинептнр мектептері жатады.Антик фил-ң соңы.Бұл кеэ\зде грек демократиясы құлап грек полюстері рим империя-ң қолына өткен.Бұл кезең 1-2 ғ. дейн созылып сол кезден бастап христиандық фил-я пайда бола бастады.

10. Аристотель философиясы.  Аристотель (384-322 б.з.д) – көне заманның ең ұлы философы. Заманның ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен Империя жасаушысы А. Македонскийдің оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған. Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина қаласында даңқы бүкіл дүниеге әйгілі мектеп – Ликейді ашады( қазіргі лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ болған. Онда адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше « перипатос» дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдап, әрі қарай жалғастырған мектепті перипатетиктер дейді. Аристотель жан – жақты терең білімді тұлға болғаннан кейин оның мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі. Логикалық еңбектері ( Негізгі кітап « Органон», «Категориялар» т.с.с. ) табиғат философиясына арналған еңбектері: «физика» 8 кітап, «аспан жайлы» 4 кітап, « аспандағы құбылыстар жайлы» т.с.с. Сондай-ақ Аристотельдің жан дүниесіне, тіршілікке, саясат пен экономикаға, моральдық философияға арналған еңбектері бар. Логика ғылымының іргетасын қалаушы- Аристотель. Аристотель философиясынды материя ұғымы маңызды роль атқарады.Оның пікірінше, материя дегеніміз – формамен шектелген потенция (мысалы, мыс шар – бұл шардың формасымен шектелген мыс). Осы мәселе төңірегінде Аристотель мынадай ой қорытады:-әлемдегі барлық болмыс материя мен формадан тұрады;-материя мен форманың өзгерісі заттың мәнін өзгертеді;-шындық материядан формаға және формадан материяға өту болып табылады;-материя енжар, ал форма белсенді бастау.

11.Аристотельдің әлеуметтік саяси көзқарастары. Аристотель (б.з.д. 384-322) – классикалық дәуірдегі көрнекті философ. Платонның шәкірті, Александр Македанскийдің ұстазы.Аристотельдің философиялық іс - әрекетінің дамуында үш маңызды кезеңді бөліп көрсетуге болады.Аристотельдің көрнекті еңбектері: «Органон», «Физика», «Механика», «Метафизика», «Жан туралы», «Никомах этикасы», «Риторика», «Политика», «Поэтика».Ойшыл философияны үш бөлімге жіктеген:-теориялық, яғни алғашқы философия – болмысты, оның әртүрлі қабаттарын, әртүрлі құбылыстардың себебін зерттейді;-практикалық – адамның іс - әрекетін, мемлекеттің құрылымын қарастырады;-поэтикалық.Аристотель он ұғымды бөліп қарастырады. Олар мән, сан, сапа, қатынас, уақыт, орын, жағдай, әрекет, қиналу. Яғни, болмыс дегеніміз - сандық, сапалық, уақыттық, орындық, қатынастық, жағдайлық, әрекеттік, қиналу сипаты бар мән.Қоғам дегеніміз белгілі территорияда өздеріне қажетті материалдық игілікті  өндіріп, оны өзара бөлісіп, бір – бірімен белгілі әлеуметтік қатынаста болатын адамдардың жиынтығы.Қоғамдағы қатынастарды мемлекет реттеп отырады.Аристотель философиясының тарихи маңызы мынада:-Платонның идеялар теориясын сынау барысында оның ілімінің осал жақтарын дәл тауып көрсетті;-Әлем мен адамның қалыптасуын материалистік тұрғыдан түсіндірді;-Он философиялық категорияларды анықтады;-Категориялар арқылы болмыстың анықтамасын берді;-Материяның мәнін түсіндірді;-Логиканың дамуына елеулі үлес қосты, дедуктивтік әдістің мәнін ашып, силлогизмдер жүйесін жасады.

12. Асан Қайғы дүниетанымы.   ХѴғ-  қазақ даласынан шыққан философ,ел қамын жеген данышпан ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін,халық аңызы бойынша,мемл-ң ыдырағанын көріп,халыққа ыңғайлы,уайым қайғысы жоқ,қой үстнде босторғай жұмыртқалайтын, Жерұйықты іздеп,желмаямен қазақ жерін аралайды.Оның суы сүт, топырағы май,тасы алтын,.ондағы халық зардабы,соғыс, тартыс,қырқыс дегендер жоқ,байда ,кедейде жоқ,бәрі де жеткілікті,бәрі де бақытты. Ол мұндай «жжжұпар қорығын» өмір бойы іздеді.Бірақ Жерұйықты таба алмайды.Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегі ел басындағылардың кемшіліктерін, кейбір тайыздықтарын көрсетіп,оларға ақыл беріп, дұрыс жол сілтегені үшін оны халық  Асан Қайғы деп атап кеткен.Оның іздегені әлеум.теңдік үшін рахат өмір болатын. Сондықтан оны қазақ жерінен шыққан алғашқы әлеуметтік утопист деп те атайды.

                 Ә

13.Әл-Кенди ф-сы.  Әл-Кенди (800-879) ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бағдат қаласында білім алып, өзінің пісіп жетілген уақытын осы қалада өткізеді. Әл-Кенди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылым саласын табу  қиын. Ол 200-ден артық  кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқа шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері: « Аристотельдің кітаптарының саны және ф-ны ұғу үшін не керек?», «Бірінші ф-я жөнінде», «Бес мән-мағына жөнінде кітап» т.с.с.Онтологиялық көзқарастары. Әл-Кенди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде, 2 субстанция жөнінде айтады: Бірінші субстанции ол сезімдік заттар,оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады.Сустанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; Екінші субстанция- сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады. Адам дүние танымының 2 түрі бар: біріншісі бізге жақын, бірақ мән-мағынадан алыста. Ол- сезімдік тану. Ол өне бойы өзгерісте, тұрақты емес уақытша ғана өмір сүретін заттармен байланысты.Екінші таным түрі мән-мағынаға жақын болғанымен, бізден алыс, ол – ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауға ғана болады.

14.Әл- Фарабидің болмыс талқыламасы. Әл- Фараби Қазақстан жерінде Отырар қаласында 870-950 ж өмірге келді. Жас кезінде білім іздеп, таяу Шығыста Бағдат пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін меңгеріп, антикалық ф-ны зерттейді. Әл-Фарабиді араб ф-фы деп толығынан бағалауға болады, өйткені ол, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар оны қазақ халқының ф-фы деп те айтуға болады, өйткені ол біздің елде дүниеге келіп, соңынан қазақ халқын құрған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан. Әл-Фараби онтология ілімінің негізінде неоплатонизмнің «эманация» (тасу,ағу) ұғымы жатыр. Бұл ағымның негізін қалаушы Плотин дүние жүзілік бір мен материялық өмірдің екі ортасында дүние жүзілік ақыл-ой және дүние жүзілік жан бар деп есептесе, Әл-Фараби бұл көзқарасты анағұрлым күрделейді.Өзінің «Ізгі қала жөніндегі” еңбегінде Әл Фараби: «Дүниені тудырған – «Бірінші мән”, - дейді. Ол бүкіл баршаның өмір сүруінің алғашқы себебі, ол кемеліне келген, ешқандай мінсіз.Алғашқы Мәнде қайшылық пен бейболмыстық жоқ, өйткені олар тек қана “ай астындағы Дүниеге ” тән нәрселер.Сол себепті ол мәңгілік,ол өзінің өмір сүруі үшін ештеңені:себепті, бітімді, мақсатты,ұмтылысты т.с.с қажет етпейді, өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол бірінші себеп болмас еді. Әл Фараби “Алғашқы мәнге ” оның мән мағынасын көрсететін басқа ұғымдарды қолданады:”Ол барлығынан биік,барлығын білетін,Дана, Ақиқат, Тірі, Өмір ”- дейді. Бірінші Мән материя емес. Сондықтан ойшыл оған “белсенді ақыл ой ”деген ат қояды. «Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені ол өз өзіне сыймай, тасып ағады. Ал Болмыстың дүниеге келуі оны тудырған Бірінші Мәннің жоййылуы деп түсіну қате»,- дейді ұлы ойшыл. Мысалы,сәбидің  Дүниге келуі оны тудырған әке шешесінің Дүниеден кетуімен тең. Ал ол біздің “ ай астындағы ” болмысқа ғана тән нәрсе. Ал алғашқы Мәнгекелер болсақ, оло басқа Болмысқа өмір бергенмен, өзі жойылмайды, міңгілік, егер ол жойылса, онда ол оның Алғашқылығын жояр еді, оның сыртында одан да жетілген басқаныңбар екенін көрсетер еді. Олай болса “Алғашқы Мән ” өзі үшін өмір сүреді, басқа Болмыстар соның ішінде, соған қатысты ғана өмір сүре алады.”Бірінші Мән ” өз өзіне сыймай тасыған сәтте, екінші Барлық дүниеге келеді,ол абсолютті денесіз, өзінің мән мағынасын ашып және Алғашқы мәннен пайда болғанын түсінеді. Ол арнасынан шығып, қажетті түрде “үшінші Барлықты”тудырады. Ол да материя емес, өзінің мән мағынасын ашып, Бірінші Мәнді түсінеді. Үшінші Барлықпен “Бірінші Аспанның ”болмысы бітеді. Үшінші Барлық қажетті түрде төртіншіні тудырады.Ол әлі материя емес.Барлық қажетті түрде “Қозғалмайтын жұлдыздар” әлем  болмысын төртінші тудырады.

15.Әл Фарабидің қоғамдық саяси көзқарастары. Қоғамның қажеттігін Әл Фараби адамның жалғыз өз өзіне керектерінің бәрін жаса алмайтындығынан, екінші жағынан, басқаларсыз өзін жетілдіре алмайтындығынан шығарады. Сондықтан адамдар бірігіп, өзара бір біріне көмектесіп, қажетті эаттармен бөлісіп өмір сүрген. Қоғамды Әл Фараби толық және толық емес қылып,екіге бөледі.Бүкіл жер бетіндегі, қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат:ол – белгілі халықтың өмірі, кіші  ол белгілі бір жерде орналасқан кешен-қала, сондағы тұратын адамдар.Ал толық емес қоғамға келер болсақ, ол белгілі бір ауылда, я болмаса қаланың бір көшесінже тұратын адамдар.Олар өз өздеріне жеткіліксіз, сондықтан оларды ол толық емес деп атайды.Әл фараби қалалардың өзін екіге бөледі,олар игілікке бағытталған  қала мен надандар қаласы.Игілікке бағытталған қалада адамдар бір біріне көмектесіп, бақытқа жетуге тырысады.Ол қала кемеліне келген адамның денесіне ұқсайды. Онда барлық дене мүшелері бір бірімен тығыз үйлесімді байланыста, олар әртүрлі өздерінің табиғаты мен қабілеті бойынша өмір сүреді.Надан қала игілікке бағыт ұстаған қалаға қарсы тұр.Ол адамгершілігі жоқ, айрбастау қаласы,адасқан қала. Надан қаланың адамдары ешқашанда бақытты білмеген, сондықтан олар оған ұмтылмайды да,оған сенебейді де.Олардың ойынша,өмірдің мақсаты  денсаулық, байлық,рахатқа бату,ерікті түрде құмартуға берілу, даңқ пен ұлылықты армандау.Осылардың әрбіреуінің өзі осы қаланың тұрғындарына бақыт болып көрінеді.

                 Б

16. Б. Спинозаның субстанция мәселесі.Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретінде қаралады.егер Р. Декарт дүниенің негізінде екі бір – біріне тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір – бірімен үйлестіреді деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бір – бірімен қосып, оларды табиғатпен теңеді. Сондықтан оның метафизикалық – антологиялық негізгі формуласы – ол Құдай, ия Субстанция, ия Табиғат, өйткені оның бәрі – бірегей.Б. Спиноза өзінің болмыс ілімінде Дүниенің бірлігіне аса көп көңіл бөледі. Оның негізінде бөлінбейтін субстанция жатыр. Ол – шынайы шексіз, абсолютті ұзақтық.Егер субстанция мәңгілік болса, жеке заттар уақыт шеңберінен шыға алмайды, сол шеңберде өзгереді, туады, құриды. Б. Спиноза нақтылы заттарды субстанцияны тудырған « модустары» ретінде қарайды.заттар- модустар арқылы субстанция өзін – өзі шектейді. Ал шектеу дегеннің өзі – ол терістеу.нақтылы заттң шектелгені оны басқа заттардан бөледі, өзіне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан әр зат болмыста өзінің орнын алады, өйткені ол – сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш зат жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткені басқа жағынан алғанда анықталмайды. Субстанцияның модустарынан басқа бірнеше атрибуттары бар. Олар – созылу және ойлау. Адам дүниені танығанда, оның осы қасиеттері арқылы нақтылыққа жете алады.сонымен Р. Декарттың екі субстанциясы Б. Спинозаның бір субстанциясының екі негізгі қасиеттеріне айналады. Енді субстанцияның осы негізгі қасиеттеріне сипаттама берейік. Сонымен Спиноза заттықтың негізгі қасиетін созылудан, яғни кеңістіктен көрді. Онда мынандай ойымызға сұрақ келеді: осы айтылған кеңістікте саны шексіз болғанымен, неше түрлі шектелген заттар қалай пайда болады?  Оның негізгі себебін ойшыл қозғалы с пен тұрақтылықтан көреді, өйткені олардың бір – біріне деген қатынасы мен көлемі нақтылы шектелген заттарды құрайды.Субстанцияның келесі атрибуты – оның  «шексіз ойлау қабілетіне» келер болсақ, ол – бүкіл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б. Спиноза бүкіл дүниені тірі деп есептейді.

17. Болмыс категориясы,оның мәні мен мағынасына ф-қ талдау Болмыс – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын ф-қ категория.Болмыс ұғымын тереңірек түсіну үшін оған қарама-қарсы бейболмыс ұғымын қарастырамыз.Ф-да  болмыс ұғымын ең алғаш грек ойшылы Парменид енгізген.Оның түсінуінше «Дүниеде бар нәрсе бар,жоқ нәрсе жоқ» деген.Оның бұл  ойы өмірлік тәжірибеге сәйкес келмейді бірақ,одан ұтатынымыз дүниеде қозғалмайтын ,өзгермейтін ешнарсе жоқ.Парменид те бұл дүние нағыз болмыс емес,нағыз болмысқа тек оилау мен болмыс тең .Дәл осы ойды  ХХ ғ француз ойшылы Шарденбылай түсіндірді: «Дүние әлі  де қалыптасып біткен жоқ, ол қалыптасу үстінде оны ары қарай қалыптастыратын негізгі күш адамзат»

18. Болмыстың түрлері.Болмыс түрлері туралы мәселе ф-я үшін маңызды.Себебі ф-ң негізгі мәселесі ойдың болмысқа қатынасы.Осы мәселені түбегейлі шешу үшін болмыстың түрлерін саралау қажет.Болмыстың түрлері:1) Заттар мен процестер болмысы-ол өз кезеңінде табиғи, адам қолымен жасалған болмыс болады.2) Адам болмысы-ол заттар дүниедегі адам болмысы ж/е адамның өзіндік болмысына бөлінеді.3) Рухани болмыс-ол адамның жан дүниесі,санасы,идеялары. 4) Әлеуметтік болмыс-яғни қоғамдық болмыс.Бұл белгілі бір қоғамның болмысы ж/е тарихи  процестер барысындағы қоғамдық болмыс.Болмыстың бұл түрлері бір-бірінен өзіндік айырмашылықтары болады, бірақ олар өзара тығыз байланыста болады.Болмыс бұл обьективті ж/е субьективті шынайылықтың белгісі.Обьективті шынайылық –адам санасынан тыс болып жатқан табиғат зат-ң әлемі.Субьективті шынайылық-адамның санасының, руханилығының психикалық күй әлемі.

19.Буддизм -Үнді елінде пайда болып, дүниежүзілік 3 дінге айналған философиялық ілім.Буддизмнің негізін қалаған Үнді елінің Шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа(563-483 б.ғ.д).Будда жөнинде аңыздарға қарағанда,ол үлкен гулдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленипти,үйленипи балалы болыпты.Бирақ күндердің  бір күнінде қалаға   келіп,халықтың шексіз зардабын көрип,29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді.6 жыл ел кезіп ,өзіниң тәнін қинап ,ел кезген брахмандармен сұхбаттасып,Дүниенің тернң мәнін іздейді.Биақ одан еш нәрсе шықпағаннан кейін,ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады.Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып,ақырында ақиқатқа жетеді –ол Буддаға-яғни ағарған,даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады.Сол күннен бастап ол өзинің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды. Будда өз өмірінде  4 түрлі ақиқатты ашты 1.Өмір азапқа толы .Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін,себебін білу керек.Оның  себебтері; өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ляззатқа тоймаушылық.Зардапты тоқтату жолы бар,ол-сегіз қырлы.Олар;1.Дұрыс көзқарастар 2.Дұрыс сөйлеулер 3.Дұрыс  бағытта ойлау 4. Дұрыс өмір салтында 5. Дұрыс жүріс-тұрыста 6. Дұрыс бетбұрыс 7. Дұрыс күш салуда 8. Дұрыс зейн қоюда.Буддизм айтуына қарағанда,бұл  Дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрі де бір-бірімен байланысып,бір-бірінен туып ,бір-бірін алмастырып жатыр.Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан еш нәрсеге тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар,ол-кеңістік пен нервана.Қорыта келе ,буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл Дүниедегі қызыққа байланбауға шақырады,өйткені ол адамды өзінің шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып,Дүниеге бітпейтін зардап шетірді,өйткені бұл Дүние-‘’Мая’’-ұлы сағым,елес,алдамыш.Сонымен қатар буддизмнің гумманистік-адамгершілік жақтары-ой тазалық, іс-әрекет тазалығы,тіршілікті зәбірлеу,зұлымдыққа зорлықпен қарсы шықпау, дүние қумау, кем-тар адамға қол ұшын беру т.с.с адамзат рухының әрі қарай шыңдалуына зор әсерін тигізеді.

              В

20. В.Соловьевтің бәрінің бірлігі философиясы В.С Соловьевтің фил-ң негізгі идеясы-дүниедегі бәрінің бірлігі ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық. Яғни онтологиялық мән мағына береді. Оның ойынша, болмыс., өмір сургеннің бәрі- бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге,жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде құдай жатыр. Ол- Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайдыдеген пікір айтады. Оның ойынша Ол-«ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары»,»дүниеде-іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с. Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі- Құдай- Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы .  Дүниедегі барлығ ын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әр түрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүнедегінін бәрін біріктіріп, рухани күш қуат беретін «дүние жүзілік жан-дүние», яғни София ал оның өзі – Құдайдың эманациясының туындысы.Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым – қатынаста.

                      Г

21.Г.Гегельдің құқық философиясы. Гегель (1770-1831) – классикалық неміс философиясының шыңы. Оның философиясының негізгі ұстанымы – болмыс пен ойлаудың тепе – теңдігі. Философия дегеніміз - әлемді идеяда игеру. Гегельдің пікірінше, идеялар үш деңгейде өмір сүреді.Гегель өз ізденістерінде табиғат философиясын, рух философиясын, тарих философиясын анықтауға мән берді.Табиғат Гегельдің пікірінше, идеяның антитезисі, яғни идеяның өмір сүру формасы. Рух субъективті, объективті, абсолютті болып үшке бөлінеді. Субъективті рух – жан, жеке адамның рухы. Объективті рух – бүкіл қоғамның рухы. Оның көрінісі – құқық. Абсолютті рух – рухтың ең жоғарғы көрінісі. Оның көрінісі - өнер, дін, философия. Гегель тарих философиясында да өзіне тән үштік принципін қолданады.Өз - өзімен өмір сүретін идея – тіршілік ету, сапа, сан, мән, қайшылық, ұғымдар идеясы. Табиғаттағы идеялар – кеңістік, уақыт, материя, қозғалыс, геологиялық, өсімдік, жануарлар табиғаты, тіршілік, өлім идеялары, рухтағы идеялар – жан, сана, рух, құқық, мораль, адамгершілік, мемлекет, өнер, дін, философия идеялары.Гегель идеялар жүйесін жасайды, бір идеядан басқа идеяларды тудыруға тырысады. Оның пікірінше, философия идеялары ғылыми, әмбебап логика, яғни идеялар қозғалысының логикасы, диалектикалық логика.Гегельдің пікірінше, адамзаттың рухани мәдениеті өзінің заңды дамуында әлемдік рухтың шығармашылық күшінің бірте – бірте көріне бастауы ретінде өркендейді. Жеке адамның рухани дамуы әлемдік рухтың өзін - өзі тануының кезеңдерін қайталайды.

22. Гегельдің философиялық жүйесі.Гегель философиялық жүйесін жасау жолында ойлау мен болмыстың теңдігінен бастайды. Ал онда оның Шеллингтің ф- н айырмашылығы неде деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Расында да, Шеллинг, жоғарыда көрсеткендей абсолюттің ойлау мен болмысының тепе – теңдігін мойындады. Бірақ солтепе –теңдіктен шыңудың қайнар көзін ол белгісіз бір құдіретті күштен көреді де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезінуге болатынын айтады.Ал Гегельге келсек ол сол ойлапу мен болмыстың теңдігін ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғыммен тығыз байланыстырып, олалдың өзара ішкі диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсінуге болатынын айтады. Гегель  «ақиқат – алдын ала құйылып, қалтаға салуға дайын тқрған күміс ақша емес» , оған жету үшін жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей тегжей біліп, игеру керек екенін айтты. Осындай диалектикалық көзқарастың негізінде Гегель өзінің орасан зор философиялық жүйесін тудырады. Ол абсолюттік идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол абсолюттік білім, таза үғым – шынайы болмыстың өзі. Оның өз – өзіне келіп тануын, өз – өзін анықтауын ол  « логика ғылымы» арқылы береді.Сонымен қатар абсолютті идея өз – өзіне тең ойлау сатысынан өтіп, іс – әрекет арқылы өзінің өзге болмысына  - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегеніміз, Гегельдің ойынша, немқұрайды сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты – өзінің тікелей сатысынан өтіп,Феникс құсы сияқты өзін қайта жанару үшін жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретінде қайта дүниеген келу болып табылады.Гегельдің ф –қ жүйесіндегі ең құндысы – оның рух жөніндегі ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап,оның даму сатылары жөнінде тамаша ойлар мен пікірлер айтады.Гегельдің ойынша, рух даму процесінде өзінің ұш сатысынан өтеді:1.Субъективті рух, яғни жеке адамның санасы.2.Объективті рух, оған ол құқ, мораль, адамгершілік, отбасы, азаматтық мемлекеттікті жатқызады.3.Абсолюттік рух – ол өнер, дін және философия.   

23.Гносеологияның негізгі мәселелері мен сұрақтары:Таны теориясы н\е гносеология фил.да оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ п.б. Гно\я грек тілінен аударғанда таным туралы білім деген мағынаны білдіреді. Гно\я адамның табиғаттың, нақты білімге қатынасын , оның мәдениет пен комуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гно\я ад\ң дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын,әдістерін, жолдарын зерттейтін фил\қ ілім.  

24.Гносеологияның негізгі концепциялары:сенсуализм,интуитивизм,эмпиризм,рационализм.Сенсуализм таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы ж\е танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді. Импиризм (гр. Emperia –тәжірибе )-таным процесін тек сезімдік тәжіребемен бай\ты қарастыратын гно\қ бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе ж\е адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.Рационализм (лат ratio ақыл ой ) таным проц\ң басты құралы ретінде ақыл ойды, пайымды, ойлауды танитын метод ж\е оның негізінде қалыптасқан фил\қ  бағыттар жиынтығы.

                Д

25. Даму ұғымы , бағыттары.Дамудың мәні мен оның әртүрлі мәселелерін терең қарастыратын ілім диалектика деп аталады.Грек тілінен аударғанда бұл термин әңгіме жүргізудің өнері немесе талас тартыс өнері деген мағынаны білдіреді.Даму  идеалды ж/е материалды объектілердің қайта айналмауын білдіретін сандық сапалық өзгерістер.Даму белгілі бір бағыттары болады.Олар прогресс,регресс.Прогресс латын тілінен аударғанда өрлеу,күрделену мағынаны білдіреді.Прогресс дегеніміз- төменнен жоғарыға,қарапайымнан күрделіге өту,даму.Регресс лат. Құлдырау деген мағынаны білдіреді.Регресс дегеніміз- жоғарыдан төменге өту,құлдырау,деградация.Ал біртіндеп даму заттың тұрақты ұйымдасу деңгейінің шеңберіндегі кейбір жақтарын біртіндеп жетілуі

26. Даоцизм ілімі.Бұл ағымды Қытайдың натур философиясы деуге болар еді. Негізін қалаушы Лао-Цзы (6-5 ғ.ғ). «Даодецзин» деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары  4 ғ. жинақтаған.  Даоцизмнің онтологиялық (болмыс мәселелері).Лао Цзы фил-ң негізгі ұғымы –Дао қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр түрлі мағына сіңірген ұғым. Дао,бір жағынан, дүниенің қайнар қөзі, алғашқы негіз рерінде түсіндірілсе 2 жағынан ол- аспан заңдылықтары, бұкіл дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты. Дүниенің негңізінде жатқан Даоны біз «мәңгілік, ол өзгермейді,бітімсіз,танылмайды»- дейміз.Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ естілмейді, оған ат қойайын десек қалай атарымызды білмейміз, оның аты жоқ. Ол-еш нәрсе, бейболмыс.Дао бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы. Дао тудырған болмысты, заттар әлемін,Лао-Цзы «Де»-деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса Де оларды асырайды. Сонымен Бейболмыс-бірінші,нақтылы дүние, болмыс- екінші. Дүниедегі барлық заттар болмыстан шығады, ал болмыс бейболмыстан туады. Даоцизмдегі дүниетанымдық мәселелер.Даоны тану жолында сезімдік, іңкәрлік бізді оған ешқашанда жеткізбейді. Адам сезімдік жолмен тек қана шектелген нақты заттарды ғана тани алады. Сондықтан адам іңкәрліктен арылып, тыныштық жағдайға келгенде ғана дүниеге тереңдей алады. Дүние тану жолындағы жасалған ұғымдарды сараптап олардың бір текті мән-мағнасын анықтау қажеттігін Даоцизм асыра көрсетті.» Даоцизмнің моральдық ілімі Кун-Фу-Цзы іліміне қарама қарсы.Конфуций адамдардың бір-біріне жақсылық жасау керектігк қағидасын сынға алып, олар оны «мен-саған,сен-маған» теңеп оның  ешқандай моральдық мәні жоқ , тек қана пайда табушылыққа итереді деген ойды айтады. Даоцизмнің этикалық идиалы – жақсылық жасауға умтылмау. Сондытан ондай адам ізгі адам.Даоцизмнің әлеуметтік саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі тұрақты үйі болса, онда олардың өмірі қуанышты.

27. Д. Локктың сенсуалистік гносеологиясы. Өзінің таным теориясында Дж. Локк сезімді танымды (сенсуализм) білімнің қайнар көзіне жатқызады. Сондықтан  «адаммен туа біткен идеялар» жөніндегі ағымдарды сынға алады. «Егер біз қандайда болмасын білімнің пайда болған жолын көрсетсек, онда біз оның туа бітпегенін дәлелдейміз», -* дейді Дж. Локк. « Туа біткен білімді» сынау жолынжа ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып қойған қоғамдардағы адамдардың психологиясындағы ерекшеліктерге өз назарын аударады. Мысалы, айта кететін болсақ «Бүтін бөлшектерден үлкен» бұл идея салыстырмалы және тәжірибеден туады.ал « Тепе – теңдік» заңымен  «Қайшылықзаңын» алсақ, балалар бұл заңның не екенін білмейді. Бұл заңдар біздің жан – дүниемізге туа бітсе, ондо оны сәби де, жас жеткіншек те білер еді ғой, - дейді Дж. Локк. Дж. Локктың ойынша,қасібір білім, идеяның негізінде тәжірибе жатыр.ол саналы я болмаса бейсаналы жолмен біздің рухани өмірімізде жиналуы мүмкін. Сондықтан біздің жан – дүниеміздегі неше түрлі ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бізбен бірге туа кемейді, ол өмірлік тәжірибе арқылы қалыптасады. Сонымен егер адамнгың жан *- дүниесінде ешқандай туа біткен идеялар болмағаннан кейін, оны « Таза тақта»  ретінде қарауға болады. Адам өмірге келіп, тәжірибе жинап сол «таза тақтаға» жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжірибені Дж. Локк сезім тәжірибе дейді.   Дж. Локктың ойынша, танымның негізінде түйсіктер мен ойлау қабілеті жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөнгіндегі тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде біз Дж. Локктың «Идея» ұғымына жаңа мазмұн бергенін байқаймыз. Егер Платоннан бастап, орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже бероілген болса, - олар дербес өмір сүреді деп есептесе, Дж. Локк оларды тек Дүниенің кейбір жақтарын бейнелейтін ұғым, түйсік, тіпті қиял ретінде түсінеді.

 28. Диалектиканың заңдары. Диалектиканың негізгі 3 заңы бар:Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді.Оны ашқан Гегель.Олар:қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі,сандық өзгерістердің сапалық  өзгерістерге өтуі,терістеуді терістеу.1) Қарама- қарсылықтың бірлігі мен күресі дамудың қайнар көзін ашады.Зат пен құбылыстың ішкі бірлігімен қарама – қайшылықтарын анықтайды.Бірлігі тепе-теңдік жүйелерінің өзара байланыстарының болуы.Қарсы бағыттарының күштердің бір уақытта бір жүйеге бағытталады.2) Саның сапаға өзара ауысуы дамудың механизмін ашады.Белгілі бір сандық өзгерістер сапалық өзгерістер тудырады.Ал жаңа сапа жаңа мүмкіндіктермен сапалық өзгерістердің интервалын тудырады.Сапаның өзгеруі санның өзгеруін тудырады.Бір сапалық екінші сапалық қалыпқа өтуі секіріс деп аталады.Сапа дегеніміз заттың сапаға ерекшелігін білдіретін қасиеті.Сан заттың тұтастай интенсивтілігі.Оның бөлшектерінің өзара қатынасын жоғарлайтын ж/е төмендейтін процесс.Ал өлшем сапа мен мөлшердің диалектикалық бірлігі.3)Терістеуді терістеу заңы дамудың бағытын білдіреді.Ескі сапаға жаңа негізде қайта оралуды білдіреді.Заттардың өзара қарама-қарсылығына өтуі оның өзін-өзі терістеу болып табылады.Кез – келген зат өзінің бұрынғы формасын шығармай дамымайды.Гегель терістеуді терістеу заңын тезис ж/е антитезис арқылы белдірген.Бұл заң дамудың төменнен жоғары қарай бағытын білдіреді.Терістеуді терістеу заңы даму процесінің түрінен жалпы бағытын көрсетеді.Мұнда ерекше танымдық рөлді терістеу ұғымы атқарады. Терістеу дегеніміз құбылыстардың даму барысында сапалық қасиетке ие болуы кезінде нәрсе мен құбылыстардың өзгеріске ұшырауын сипаттайтын алғашқы ұғым.

29. Диалектиканың категориялары зерттеудің жеке принциптерін зерттейтін ұғымдар.Белгілі бір зат пен құбылыстардың қайшылықтарын ашу және оны шешу диалектикалық зерттеу болып табылады.Дүниені танудың сатылары мен формалары:әр ғылымда категориялар түрліше сол ғылымның негеізгі ұғымдары болып табылады.Ал диалектиканың категориялары ең жалпы ұғымдар.Олар методологиялық ж/е дүниетанымдық мазмұнымен байытылған.Диалектикалық зерттеу бұл барлық ғылымдарға тән.белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықтарын ашудың дамуы.Диалектиканың екі жұп категориялары.Олар:ұқсастық пен өзгеріс,сан мен сапа, шектілік пен шексіздік,түр мен мазмұн,мән ж/е құбылыс,мүмкіндік пен шындық,қажеттелік пен кездейсоқтық,себеп пен салдар.Тақ категориялар:бүтін, бөлшек,жүйе,құрылым,элемент ж/е т.б Жүйе тәртіпке келген өзара байланысты элементтер жиынтығы.Элемент әрі қарай бөлінбейтін жүйе негізінде жатқан оның бір бөлігі.Әрбір элемент бір жүйенің қалыптасуына қатысады ж/е мңызды роль атқарады.Бүтін өзінің іштей байланысты құрамдас бөліктерін бірлікке әкелетін ж/е оны анықтайтын тұтастық.Бөлшек бүтінің құрамына кіріп оның сапалық қасиеттерін өз бойынпа қабылдау.Мазмұн заттың н/е құбылыстың барлық құрамдас бөліктері,жиынтығы.Олардың қасиеттері мен байланыстары ж/е қайшылықтың жиынтығы.Форма мазмұнның өмір сүру тәсілі,оның ішкі ұйымдасу тәсілі.Себеп зат н/е құбылыстың белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің негізінде қажетті түрде өзгеруі н/е бір заттың н/е құбылыстың екінші затты н/е құбылысты тудыруы.Салдар белгілі бір себептер негізінде пайда болатын құбылыс.Себеп пен салдарлық байланыстар детерменизм деп аталады.Детерменизм дүниедегі заттармен құбылыстың белгілі бір заңдылықтардың негізгі байланыстарымен тигізетін ықпалдарын зерттейтін ілім.Оған қарсы ілім индетерменизм.Индетерменизм де болмстың себеп салдарлық байланыстары мойындалмайды

30.Дүниеге көзқарас ұғымы,тарихи типтері мен ерекшеліктері. Дүниеге көзқарас дегеніміз- әлем мен ондағы адамның орны туралы көзқарастың жүйесі. Дүние көзқарастың тарихи түрлері; миф, дін, философия. Миф-аңыз, әбсәне деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуының алғашқы сатысында пайда болған дүниені түсіндірудің алғашқы тәсілі. Мифте маңызды дүние танымдық сұрақтар бейнеленеді; адам мен әлем жартылысы, өмір мен өлім, қайырымдылық пен қатігездік және т.б. Мифте бұл сұрақтарға қиял ғажайып түрінде жауап беріледі. Мифтік көзқарастың ерекшеліктері: дүниеге көзқараста рационалдылықтың болмауы; қияли ойлардың басымдылығы; ритуалдарға сүйену; дүниені қабылдауда сезімнің басымдылығы. Ежелгі көне үнді мифтері: «Рамаяна», «Махабхаратта», «Ригведа»; көне  мысыр: «Пирамида мәтіндері» , «Пер-м-руху»(өлілер кітабы); көне грек: «Илиада», «Одессея»; жапон мифтері: «Кодзихи», «Нихонги»; көне тибеттік: «Зернинг», «Лугум»; финдік мифтер: «Калевалла».  Дін – дүниеге көзқарастың тарихи екінші түрі. Дүниенің жартылысу себебін, жоғарңы күшке сенімге негіздеп есептейді. Діни көзқарастың ерекшеліктері: сезімдік қабылдаудың басымдығы; сенімнің ақылдан басымдығы; догмалық жүенің пайда болуы.Философия – дүниеге  көзқарастың ең жоғарғы сатысы. Онда теоретикалық түрде құрастырылған рационалды дүниеге көзқарастар жүйесі  жүйеленеді. Философия ілімінің ерекшеліктері: құрылымы күрделі; барынша жалпылама теоретикалық сипатта болады; әр уақытта дамып,толықтырылып отырыладды; философиялық ойлау өзіне дейінгі және өз дәуірінің ықпалына ұшырап отырады; барынша жалпылама ұғымдар мен категориларға сүйенеді; логикалық тұрғыдан мәңгілік шешілмейтін сұрақтармен айналысады    

31.Дүниеге философиялық көзқарастарының ерекшелігі:Фил\ң басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерт\ді. Яғни ол дүниетанымдық ғылыми жүйе б.т. Дүниетаным, дүниеге көз\с д\з айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы,ондағы ад\ң орны, тіршіліктің мән мағынасы туралы көз\ң, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көз\с адам қоғамы мен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары  дүние ж\е адам. Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние ж\е табиғат, сондай ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған ад\ң іс әрекеті, ішкі рухани өмірі әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды.Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын,сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көз\р аумағын кеңейтеді.Адам мен дүние арақатынастары бір бірімен жаңа бай\та қаралған сайын, сыртқы матер\қ әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақтыланады. Осыдан келіп дүниеге көз\та , біріншіден, әлем , табиғат ж\е қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам мен оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.Дүниеге көз\ң қалыптасуы табиғи, әлеу\к ж\е нақты мәдени ортаға тәуелді.

                    Е

32. Ежелгі үнді философиялық мектептері:Үнді философиясының  мектептері  2 топқа жіктелді.1.Астика(ортодоксиалды)мектептер-веда әдебиеттерін мойындайтын,жанның мәңгілігіне сенетін мектептер:Веданта,Миманса,Санхия,Вайшишика,Иога.2.Настика(ортодоксиалды емес) мектептер-веда әдебиетін мойындайтын,жандардың мәңгілігіне сенбейтін мектептер.Жайнизм,буддизм,Червака-Локаята.Ортодоксиалды емес мектептер;1.ЖАЙНИЗМ-жина сөзінен  шыққан.Жеңіс деген мағынаны білдіреді.Негізін салған Махавира.Ол адамды әлемді емес өзін-өзі жеңу туралы айтқан.Адам өзін-өзі жеңу үшин 4 қағиданы ұстануды қажет деп есептеді;1.Апаригарха-дүние заттарына қызықпау,самарқаулық таныту.2.Сатия-еш бір қиындықтарға қарамастан тек шындықты айту.3.Астья-ұрлық жасамау.4.Ахимса-тірлі затқа қианат жасамау.Адам бойындағы 3 асыл қасиет-1.Дұрыс сенім 2.Дұрыс біл ім 3.Дұрыс мінез-құлық.БУДДИЗМ-негізін салған Ситхарта Гаутама.Гималай тауында өмір сүрген.Шакья тайпасының ханзадасы.Будда-нурланған деген мағынаны білдіреді.Буддизм ілімі Трипитаки(Үш себел ілім)  кітабында жазылған.Будда өз өмірінде  4 түрлі ақиқатты ашты;1.Өмір азапқа толы 2.Азаптардың себептері бар 3.Құмарлықтан бас тарту,нерванаға жету арқылы мумкин болады 4.Нерванаға жетудіңжолдары бар.ЧЕРВАКА-ЛОКАЯТА-көне Үнділердің материалистік бағыттағы ілімдері.Дүниені негізінен 4  бастамадан тұрды деді;от, ауа, су, жер.Жанның  мәнгілігіне сенбеді. Сезімдік қабылдауға негізделген тәжірбие дүниенің материалды екендігін дәлелдеді.Құдай сезім арқылы қабылдайды,сондықтан ол жоқ

33.Ертедегі Қытай философиясы:ерекшелігі,қарастырған мәселелері. Қытай философиясы-үндіге қарағанда практикалық сипатта болды.Көне қытайлар аспанға табынды.Тянь-аспан. Қытайлар дүниенің негізін 5 түрлі элементтен тұрады деп есептеді; метал,ағаш, су, от, жер.Қытайлардың дүниетанымдық ,философиялық көзқарастары ‘’И-Цзинь’’ кітабында берілген.Көне қытайлардың  алғашқы наторфилософиялық мектебі Дооцизм болды.Олардың ойынша табиғат пен адам өмірі аспан әлемінен басқарылмайды,оларды басқаратын Дао.Яғни ол заттардың пайда болуының  табиғи заңдылығы.Адамдар дао заңына бағынуы керек деп есептеді.Адамдардың даоға қатысы Увэм ұғымы берілген.Увэм-әрекетсіздік.Адам табиғи заңға толығымен табынуы керек. Лао Цзыдың идеялары ‘’До дэ цзин ’’ кітабында жазылған. Конфуции мектебі-оның негізін салған Кун Фу Цзы(551-479).Конфуци көзқарастары ‘’Лун юй’’(әңгімелер мен пайымдар).Конфуци-моральдық этикалық ілім.Адамдардың дүниеде алатын орны ,өзіе-өзі ұстау ережелері айтылады.’’Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама’’.Конфуци ілімі бойынша адамдар төменгі этикалық үстемді ұстану керек;1.Сяо-баланың ата-анаға құрметі 2.Ди-үлкен ағаны құрметтеу 3.Чжун-адамдардың өз басшысын құрметтеу.Конфуцида сол сияқты жэнь деген принцип.Конфуцм өз мемлекетінің құрылымын этикалық моральдық принциптерге негіздеген, ‘’Жан-жақты дамыған адам’’-идеясымен түсіндіргісі келді.Оның ойынша мемлекет үлкен отбасы.Сондықтан әке импиратор мемлекетті толық басқара алмайды,оның көмекшілері шиновисиер болуы керек.Басқаруға билік алған адамдар өзінің  жоғарғы моральдық тұлға екндігін дәлелдеу керек. Конфуци өзінің артынан ‘’әке-әке,импиратор-импиратор,бала-бала,қызметші-қызметші болуы керек ’’.Лигизм мектебі(Фа цзя)-фа заң деген мағнаны білдіреді.Оның негізін қалаушылар Шань Ян,Хан Фей.Олар Конфуци іліміне қарсы болды.Олардың ойынша қоғамды моральдық адамгершілік заңдарымен басқару мүмкін емес, тек қатал заңдар арқылы басқару керек.Олардың ойынша адам табиғатынан зұлым.Оларды басқаратын олардың өзімшілдік мүддесі.Лигистер мынандай тұжырым жасаған ‘’Мықты мемлекет бұл әлсіз халық,әлсіз мемлекет мықты халық’’.Олардың ойынша халық билеушінің қолындағы құрал. Ол құралды қалай қолданғысы келсе оның кез келген мүмкіндігі бар. Лигизмнің ондай идеялары- антидемократиялық идеяларға сай келеді.Лигизмдер жазалауды басқарудың басты әдісі ретінде қолданады. Сол сияқты мадақтауды басқарудың қосалқы әдісі ретінде ұсынады.

                Ж

34. Ж.Баласұғұн дүниетанымы.  (1017-1083).  Баласұғұн қаласында дүниеге келген,ол сол кездегі Караханид мем-ң сауда,қолөнер мәдениеті дамыған басты қала-ң бірі болған. Негізгі еңбегі Құтатғу білік түрік тілінде жазылған алғашқы мәдени-эстетикалық,фил-қ дастан. Ол қазіргі түркі тілдес халық-ң Орта ғасыр-ы тарихи,саяси қоғамдық өмірі,ғылымы мен әдебиеті,әдет ғұрпы жалпы алғанда мәдениеті жөнінде қыруар мол деректері бар туынды. Оның ойынша,Дүние жер,су,от,ауадан тұрады. Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше жаратылған пенде. Оның жан дүниесінен өнер,білім,ақыл ой,көңіл ұятты табуға болады. Ойшыл  4 құндылық- әділет,дәулет,қанағат,ақыл бір бірімен үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетеді деп қорытады. Өзінің шығармасында ж.Баласұғұн имандылық, әдептілік жалпы тәлім-тәрбие жөнінде де құнды өсиеттер қалдырды. Оның ойынша,адам-ң қарым-қатынасында 3 жаман нәрсе бар.Олар:жауыздық істеп,мәмілеге келмеу, екіншісі жалған сөзбен шұғылдану. Үшіншісі сараңдық. Жалпы өзінің дүниеге деген козқар-а ол рухты бірінші орынға қойды. Адам-ақыл парасаты бар ерекше пенде ақыл адаммен бірге жаратылады. Сондықтан дүниеде адам зерттеп білмейтін нәрсе жоқ деп санады.

35.Жан Поль Сартр экзистенциализмі:өзі үшін болмыс,бостандық және жауапкершілік мәселелері.   Сартр фил\ң басты ұғымы «өзі үшін болмыс». «Өзі үшін болмыс»  адам үшін жоғары реалдылық, ең алдымен оның ішкі дүниесінің приоритеттілігі. Өзін толық тану тек қана «өзі үшін болмыс»  арқылы іске асады. Адам өзін басқаның оған қатынасы арқылы таниды. Адам өмірінің маңызды шарты, оның «желісі» , белсенділігінің негізі бостанбдық. Сартр пікірінше адам бостандығы абсолютті (салыстыруға келмейді). Адам нендей нәрсені қалауға қаншалықты келбетті болса соншалықты азат, еркін.

36.Жаңа заман философиясының дамуының ерекшелігі және негізгі бағыттары Жаңа дәуір философиясы XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл -философиядан бөілініп шыққан жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу және даму кезеңі. Физика, химия, астрономия, математика, механика дербес ғылымдарға айналды. Сондықтан танымның жалпы әдісін анықтау, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтері мен табыстарын түсіндіру және жалпылау мәселесі туындайды. Мұның өзі жаңа дәуір философиясына жаңа міндеттер жүктейді.Жаңа дәуір философиясыныңі негізгі мәселесі – таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным әдістерін жасау.Егер жеке нақты ғылымдар табиғат заңдарын ашса, ал философия барлық ғылымдарға ортақ ойлаудың заңдылықтарын анықтауы тиіс.Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін ойластыру да өте қажет.Жаңа дәуір философиясына тән бірнеше маңызды ұстанымдар бар:1)Ғылымның діннен толық ажыратылуы. Сенімнің ақылмен, ғылымның дінмен бірігуі мүмкін емес.2)Ғылымның адамзаттың маңызды іс - әрекеті дәрежесіне көтерілуі. Тек ғылым ғана адамзатты байытады, қайғы мен қасіреттен босатады, қоғамды дамудың жаңа сатысына көтереді, қоғамдық прогресті қамтамасыз етеді.3)Ғылымның дамуы мен адамның табиғатты игеруі барлық ғылымдарға ортақ негізгі әдістерді анықтаған жағдайда ғана мүмкін болады. Таным теориясы жаңа дәуірде өзекті мәселеге айналды.

37. Жыраулардың дүниетанымының әлеум.-фи  лос.мәселелері.  ХV-ХVIIIғ дүниеге келген фило-қ ой толғамдар негізінен алғанда, жыраулық түрде таралып өмір сүрді. Өйткені көшпен-р арасында сауаты ашылған жазылған сөзді оқитын адамдар саны көп болмай көбіне ақсүйектерге ғана тән болатын. Тек қана өткір де терең нақышына келтірілген өлең шумақтары адамның ақыл ойымен қатар оның сана сезіміне өзінің зор әсерін тигізіп,халық-ң жадында сақталып,оның дүниеге деген көзқарасы мен іс-әрекеттеріне өзгертулер енгізе алды. Қазақ хал-ң ақын жырауларының ішінен аса көрнекті тұлғалары ретінде Сыпыра жырауды,Асан Қайғы,Қазтуған Сүйіншіұлын,Доспамбет пен Шалкиіз жырауларды,Жиембет пен Марғасқа,Ақтамберді мен Тәттіқара,Бұқар жырау мен Шал ақынды атап өтуге болады. ХVI ғ көрнекті жырауы Шалкиіз Тіленшіұлы болды. Оның ой толғаулары ел-жұртты қорғау адамның қысқа ғұмырын той-думанмен өткізу,әлсізге қол ұшын беру т.с.с тақырыптарға арналсада өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Ол діни бейсаналық,иррационализм бағытын ұстанады. Сонымен қатар жырау фило-қ антропологизм бағытын ұстанған ойшыл. Оның ойынша адам табиғаттың төл туындысы сондықтан ол оның қасиеттерін табиғатпен салыстырып қарайды.   

                 И

38. Ибн-Сина (980-1037) бұқара төңірегінде дүниге келіп, Хамаданда 1037 ж қайтыс болды. Ұлты- тәжік. Европа халықтарына Авиценна деген атпен таныс. Негізгі еңбектерінің ішінде «Логика», «Риторика», «Поэтика», «Физика», «Жан жөнін-де», «Метафизика» т.с.с. атауға болады.Болмыс ілімінде «Өмір сүру» мен «мән-мағынаға» көп көңіл бөлген. « Өмір сүру нақтылы, мән-мағына - абстрактілі.М-лы, нақтылы адам мен итті алсақ, олар өмір сүріп жатыр. Ал олардың мән- мағынасы – адамгершілік, хайуандық- ол абстрактілі, олар нақтылы адам мен иттің алдында өмір сүрген»,-дейді ұлы ойшыл.Онтологиялық ілімінде діндегі «Құдай жоқтан барды тудырады» деген пікірге қарсы шығады.Дүниетанымдық ілімінде ол адамның  жан дүниесінде потенциалды ақыл-ой бар дейді. Яғни адамның өз алдында жатқан дүниені ң мән-мағынасын аша алатын мүмкіндігі бар. Бірақ ол- өте күрделі. Таным түйсіктердің қабылдауы арқылы басталады,  оны ол сезімдік тәжірибе дейді. Жалпылыққа адам заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы жетеді

39.Иммануил Канттың категориялық императив(мораль)ілімі:Адамды  белгілі бір іс әрекетке итеретін тәртіп ережесін И.Кант императив дейді. Оның екі түрі бар.Біріншісі гипотетикалық императивтер. Олардың ережелері өмірді қалыптасатын нақтылы жағдайларға байланысты.Императивтердің екінші түрі ол категорикалық императивтер оның ережелерінің түп тамыры моальдық салаға кетеді. Оның талаптары үзілді кесілді, қажетті түрде әрқашанда орындалуы керек.Оның талаптары өмірден алынған тәжірибеден емес, адамның трансценденттік табиғатынан шығады. Ол ешқандай «егер» деген сөзден басталатын тәртіп тәжірибесін мойындамайды.И.Канттың моральдық салада жасаған категорикалық императиві ол былайша берілген: «әрқашанда жүріс тұрысының ережесі бүкіл адамзаттың талабына сай келсін»,яғни сенің орныңда сол жағдайда басқа адам болса, ол да солай істер еді. Категорикалық императивтің талаптарын орындау жолында адам ешқандай пайдақорлықты іздемеуі керек. Тек басшылыққа басқа адамдар алдындағы парызымызды алуымыз қажет. Категорикалық императивтің екінші ережесі «әрқашанда адамзатқа,- ол өзің, иә болмаса басқа адам болса да,-ешқашанда құрал ретінде қарама,әрқашанда оны мақсат тұт». Адам бұл дүниедегі ең биік құндылық, оны басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ұлы гуманистік принцип қайсыбір діндегі адамды төмендететін қағидаларға қарсы бағытталған.

40. Иммануил Канттың шығармашылығының кезеңдері және таным туралы ілімі.Иммануил Кант(1724-1804) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг қаласында дүниеге келіп, өмір бойы сол жерде өмір сүрген. Жастайынан ілсіз бала болып,өзінің денсаулығына мұқият қарауға мәжбүр болған.Өмірінің аяғында шейін қатаң тәртіптің негізінде өмір сүріп, денсаулығын сақтап қалу үшін тіпті құрудан да бас тартқан.И.Кант 1745 ж жергілікті университетті бітіргеннен кейін жаратылыстану мәселелерімен айналысады.Тек 1770 ж бастап өмірінің соңына дейін фил.мен шұғылданады. Канттың бұл өмір кезеңін «сындық кезең» деп  зерттеушілер атап кеткен. Себебі Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негізгі еңбектері «сын» деген сөзбен басталады. «Таза зердені сынау», негізінен, дүниетаным мәселелеріне арналған, «Практикалық зердені сынау» мораль мәселелеріне, ал «Пайымдау қабілетін сынау» табиғат философиясы мен өнер мәселелеріне арналған.И.Канттың  таным теориясындағы жиі кездесетін категориялары ол трансцендентальдық ж\е трансценденттік.Трансцендентальдық деп Кант тәжірибенің алдында ж\е сол тәжірибелік танымның мүмкіндігін жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттік  деп тәжірибелік шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады.Канттың танымдық теориясы түйсіктер арқылы берілетін әртүрлі құбылыстардан басталады. Оларды белгілі бір ретке келтіретін априорлық сезімдік аңдау формалары бар. Олар кеңістік пен уақыт. Кеңістік пен уақыт белгілі бір сапасыз,біртекті және шексіз созылымдар. Сезімдік  байқаудың таза формалары ретінде олар идеалды, ал материалдық тәжірибемен қосылған кезде шынайы болып келеді.Оның ойынша кеңістік пен уақытты аңдау математика ғылымының қайнар көзін құрайды. Егер геометрияның негізінде кеңістік жатса, арифметика мен алгебраның негізінде уақыт жатыр, өйткені сандарды есептеу, бірінің соңынан екіншісін келтіру уақыт шеңберінде оларды санауды қажет етеді.

                 К

41.Карл Ясперстің экзистенциализмі:адам өмірінің мәні, шекаралық жағдай мәселелері.Ясперс (1883-1969)-«дүниетанымдар психологияс» еңбегінде адам  өмірі ешбір мәнсіз түрде өтеді д.  Тек шекаралық жағдайда өмір мен өлім арасында адам өз өзін танып, өзімен байланысқа түседі дегенді айтады. Өлім қиналу,үрей, айыптылық уайым, күрес, рухани ауру ад\ң өмірі мен өлім аралығындағы шекараға жатады. Тек осы минуттарда ғана бір адаи өзінің нағыз өмір сүру мәнін ұғынады.Экзистен.м фил.ң өмірге келу мәнісі де осында.Ал кәдімгі күнделікті уақытта олар болмыстың тікелей сапырылыстық көлеңкесінде жасырынып жатады делінген. Экзис.ді дүниеге келтірген де осы қауіп қатерлі жағдайлар.Бұл фил\ң XX ғ  20жылдарында д. Келуі кездейсоқ емес. Ол  д.ж бірінші импералистік соғыстың зардабын шеккен мүгедек, жетім жесірлердің уайым, қайғысынан туындаған.

42.Конфуций ілімі. Қытайдың моралдық философмясы.Конфуций(551-479)-Қытай халқының ұлы ойшысы,саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейн өзінің ықпалын тигізіп келе жатқан фил-қ ағымның негізін қалаушы.Негізгі еңбегі-‘’Лунь- уй’’(әңгімелер мен пікірлер).Кофуций фил-а қойылған онтологиялық(болмыс)мәселелерге келер болсақ,ойшыл өзінің болмысқа, дүниеге деген жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-өрістің шеңберінде болған. Аспндағы дао заңдылықтарына табынып,  тағдырға сенген.Мысалы,(Лун-уй) кітабында: «Аспан жөнінде не айтуға болады? Жылдың 4 маусымының ауысуы,болмыстың дүниеге келуі,Басқа не айтуға болады?егер кім де кім тағдырды мойындамаса оны нағыз ерге жатқызуға болмайды»,-дейді ойшыл.Моралдық мәселелер.Кофуций адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде .Осы күнге дейн сақталуы-оның моральдық –этикық көзқарастарында.Оның әлеуметтік – саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады.Конфуций еңбектерінен біз «5 тұрақтылықты» (У –Чан) табамыз.Олар:Адамгершілік,адамдысүю(Жень),әділеттілік(И),әдептілік(Ли),даналық,ақыл-оймен тоқулық(Чжи),сенімділік(Сань).Осы 5 тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.Конфуций моральдың «Алтын ережесін» алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге:«бір сөйлеммен сіздің моральдық іліміңізді бізге жеткізе аласызба?»-деген сұрақ қойыпты.Оған ол «өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама»-деген екен.Әлеуметтік саяси көзқарастар.Конфуций өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз орны болуы керектігі және олардың арасындағы қарым-қатнастары әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. «Ел басы әр қашан ел басы орнында.қызметші- қызметші орнында,әке-әке орнында,ұл –ұлдың орнында болуы керек»,-дейді қлы ойшыл.Таным мәселелері.Конфуцийдің айтуынша, өздерінің табиғатына қарағанда адамдар бір біріне өте ұқсас, бірақ өмірден алған дағды мен тәлім-тәрбие адамдарды әр түрлі қылады. Тек қана ең биік даналық пен ең шегіне жеткен ақымақтық тұрақты. Конфуций білімді әр түрлі дәрежеге бөледі. «Ең биік білім,ол туа біткен білім.Одан төмен білім –игерілген,келесі- қиындықтарды бастан кешіп алған білім. Бірақ оңбаған адам  басынан өткізген қиындықтардың өзінен сабақ алмайды»,-деп өкінеді Конфуций.

                   Қ

43Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығы мен дүниетанымы.  Ол (1104-1167)-ақын,ойшыл, сопылық бағыт ұстанған. Туған жері-сайрам,өмір сүрген жері-Яссы,қазіргі Түркістан қаласы. Негізгі еңбегі-Диуани Хикмет. Ол озін Арыстан бабтың шәкіртімін деп есептеген.Дүние жинамаған.Құдайдың құлымын.Мұхаммедтің үмбетімін деп санаған,басқаларды соған шақырған.Оның филос-ң негізгі мәселесі- ол адам болмысы,ал оның 2 жағы бар.Біріншіден адам-дене,екіншіден адам-рух,ол оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі,аса баға жетпейтін қасиеті. Бұл арада ол үзілді кесілді адамның терең мәнін оның рухани тұңғиығынан іздейді. Қ.А Яссауйдің қойған пендншілікті шектеу,нәпсіні тыю,руханиятты жоғары ұстау қанағатқа келу мәселелері бүгінгі жер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда.Оның қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю, руханиятты жоғары  ұстау, қанағаттыққа келу мәселелері бүгінгі жер бетінде өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда.Бабамыздың даналығы қоғамдағы күйзелістен шығу жолдарын қайсыбір зорлық зомбылықтан, қан төгістен, төңкерістен іздемеуі. Ол Сократтың «өзіңді тани біл», Будданың «ең ұлы жеңіс адамның өзін өзі жеңе білуі» деген қағидаларына жақын жолды ұстайды.Қ.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгінгі адамзаттың рухани адамгершілік күйзелістен шығу жолында іске жаратуға болады.

44. Қазақ философиясының ерекшелігі. Қазақ фил- ның ерекшеліктерін айта кетер болсақ:Біріншіден, қазақ фил- да онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным мәселелерден гөрі, адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбіне экзистенциалдық тұрғыдан қаралды және ол көшпенділік өмір салтын еске түсірсек, түсінікті де болар.Үшіншіден,  Отандық фил – да абстрактілі – теориялық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс –фил – ық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс – тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.Төртіншіден,адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен жамандық,ізгілік пен зұлымдық, ар  -намыс, абырой, т.с .с категорияларға терең талдаулар жасалады. Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашашда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады.Алтыншыдан, Отандық фил- ны аксиологиялық философия десек те болғаны. Өйткені онда құндылық әлеміне зор көңіл бөлінеді.  Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшеліктері, әрине, ол өмір сүрген табиғаттың, соған бейімделіп қалыптасқаншаруашылық формалары, өмір салтының жүйелерімен тығыз байланысты болса керек Оған уақытындаШ.Уалиханов та көңіл аударған болатын. Расында да, қазақ елі Бразилия, я болмаса Франция емес. Негізінен алғанда, жаңа дәуірге – машиналық индустрия пайда болғанға дейін – қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы – көшпенді мал шаруашылығы болды. Сондықтан біздің арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберінде осы іспен айналысты. Ол, біріншіден, табиғатқа бас июді, оған табынуды талап етті, қазақ халқы басқа да шығыс халқы сияқты,ешқшан да табиғаттың патшасы болу,оны өз еркіне сай етіп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ.сондықтан ежелден қазақ халқының, қазіргітілмен айтқанда, экологиялық санасы биік деңгейде болған . Екіншіден, біздің бабаларымыз тұрақты бір жерге байланбағандықтан ерікті болып, бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерінде ешқашан да құлдық болмаған. Үшіншіден, байлыққа жетуден гөрі, ар- намысты жоғары ұстау– бұл да халықтың қанына терең сінген құндылық болып табылады. Онымен тығыз байланысты бар нәрсеге қанағат ету де – қазаққа тән нәрсе

45.Қазіргі заманның ғаламдық мәселелері.Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үндістан,Пәкістан,Оңт.Африка,Израиль сияқты елдер қосылады.Біршама елдер ядролық технологияны меңгеру үстінде(Иран,Солт.Корея).Бұл елдің қиындығы халықаралық шиеліністер аймағында орналасқан.2001ж.Үндістан мен Пәкістан арсындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің»ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін»деген жан түршігілерік қорқытумен аяқталған.Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы барлық ядролық елдерді(соның ішінде ешкімгеде артықшылық жасамай)халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру жолға қойылу керек. Соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда.Өйткені бүгінгі таңда адамзаттың қоршаған ортаны түбегейлі өзгертуімен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр.Оның куәсі ретінде жүрек,бүйрек,бауыр,мұрыннан қан кету,СПИД, қатерлі ісік т.с.с. цивилизация ауруларын келтіруге болады.Егерде, дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты көп ішу,аз қозғалыста болу, шылым шегу,тәндік сезімдік

46Қайта өрлеу дәуірінің гуманизмі..Қайта өрлеу дәуірі ортағасырлық кезеңнен жаңа заманға қарай өтетін өтпелі уақыт. ҚӨД де алғашқы капиталистік қатынастар п.б, ұлттық мем\р қалып\ты, абсолютті монрхияға қарсы әлеу\к конфликтілердің өршіген кезеңі болатын. ҚӨД XIV ғ Итлияда п.б  гүлденуі XVI ғ болды. ҚӨД мәдениетінің жарқын көрінісі  Флоренцияда XVғ аяғы  мен  XVIғ басында көрінді.ҚӨД мәдениеті мен фил.сы жаратылыстану ж\е геог\қ жаңалықтармен байл\ты болды. ҚӨД дүниеге көз\ң негізгі ерекшеліктері:1)Өнерге көп көңіл бөлінуі. ҚӨД көркемдік эстетикалық сипатта болды.2)Егер Антика дәуірі табиғат космос, ал орта ғасырларда Құдайға қатысты орталық мәселе болса, ҚӨД  адамды орталық орынға қойды. Фил\қ ойлауының негізгі ерекшелігі антропоцентризм, гуманиз болды.ҚӨД де адамды шығармашылық тұлға ретінде қарады.3)Дүниені пантеистік түрғыдан түсіну ҚӨД натурафил\ң өзіндік ерек\гі болды. Пантеистік көз\с  құдайды табиғатпен теңестірді табиғатты адамды құдайлық дәрежеге көтерді. 4)Натурфил\мен қатарласа жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды.ҚӨД нің фил\ры кәсіби гуманистер болған жоқ, олар жаңа  әлеуметтік топ өкілдері саяси қайраткерлер, дипломанттар, филологтар поэттер болды. Гуманизмдегі негізгі сипат антиклерикализм католиктік шіркеу қызметкерлерін сынау,әсіресе монархтардың әрекетін қатты сынады.

47. Қайта өрлеу дәуірінің философиясының натурфилософиясы:Леонардо да Винчи,Николай Коперник,Дж.Бруно,Галилео Галилей. Қайта өрлеу заманындағы жаңа келе жатқан капиталистік катынастар жаратылыстану ғылымдарына карай бет бурысты туғызды.негізінен ғылым орта ғасырдағы ашылған университеттермен суретші, мусінші, саулетші, т.с.өнер қайраткерлерінің өнерханаларында дамыды. Ғылыммен өнер саласындағы қайта өрлеу заманының ең жан-жақты дамыған тұлғасы, тарихта өз ізін қалдырған Леонардо да винчи  болды. Ұлы суретші, мүсінші, инженер, ойлап тапқыш –ол өз заманы емес , бүкіл адамзат тарихында болған шығармашылық мүмкіншілігі ғажап адам еді. Өз заманындағы схоластикалық ғылымға қарсы шығып, Леонардо да Винчи империзмнің алғашқы нышандарын жасады.Ол өзінің әйгілі «джакондасымен»(Мона Лиза) я болмаса «Құпия кешкі отырыс» суреттерімен  ғана емес, сонымен қатар ғылыми анатомиялық, физиологиялық зерт.мен, неше түрлі  техникалық жобаларымен тарихта мәңгі қалды.Ол өз заманында механика, геология, ботаника,анатомия және физиология мәселелерімен айналысты. Өзінің фил.қ көзқарастарында Л.да Винчи адам мен табиғатты салыстырып, адамның дүниедегі барлық тіршіліктен жоғары екенін, ал ол жасаған мәдениет туындылары табиғаттың «жасаған» заттарынан анағұрлым биік екенін көрсетті.Н. Коперник(1743-1543)поляк ғалымы, астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерістерін енгізді. Негізгі еңбегі «Аспан аймақтарының айналуы жөнінде». Бұл еңбектегі негізгі идея Жер ғарышты ң ортасы емес, ол біріншіден,өзінің діңгегінен айналады, екіншіден, Күнді айналады; Күн дүниенің ортасында тұрған шамшырақ. Бұл жаңа болжам мен түннің ауысуын, планеталардың отбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. Н.Коперник айдың жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам жасады. Сон.н қатар ол аристотельдік птоломейлік жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол алыстағы қозғалмайтын жұлдыздарды бұл дүниенің шеті деп түсіну ж\е жер мен басқа планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары біртекті деген пікірлер.Джордано Бруно(1548-1600) Қа йта өрлеу заманының ұлы тұлғасы,ғылыми ақиқатты батыл қорғап, сол кездегі инквизицияға қарсы шықты.Ол дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. «Құдай дегеніміз шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында: барлық жерде , олардан бөлек, я болмаса жоғары емес....» «Табиғат д\з ол зат.ң ішіндегі Құдай» деген пікір таратқан. «Барлық заттар Ғарыштың ішінде, Ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде», деген Д.Бруно ойы ертедегі фил.ғы микро ж\е макрокосмның теңдігін корсетеді. Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін, Д.Бруно бүкіл дүниенің жаны бар деп түсінді.д.ж жан заттарды қалыптастыратын, олардың ішкі күш қуаты. Олай болса, бәрі де мақсатқа сай өмір сүреді.Ал оны білу ғылымның негізгі ісі-деп түсінді Д.Бруно. Галилео Галилей (1546-1642) эксперимент әдісімен біраз жаңалық ашады. Телескоптың көмегімен Айдың, Күннің беті тегіс емес екендігін, Юпитердің төрт серігін анықтайды.Галилей философ емес, бірақ оның ғылыми көзқарастарының ықпалы зор болды. Оның негізгі идеясы мынада: табиғат біз үшін жабық, оны оқуымыз үшін математика керек, өйткені табиғаттың тілі – математика. Галилей математика мен экспериментке негізделген жаңа методологияны дамытады. Егер бұрын заттар мен құбылыстардың сапалық қасиеттеріне көңіл бөлінсе, Галилейдің негізгі идеясы сандық қатынастарға сүйенеді. Табиғи заттардың өлшемі бар, оларды дәл есептей отырып, заңдарын игеруге жол ашамыз.Галилей әлемнің үйлесімін, қозғалыс динамикасын геометриялық, алгебралық әдістермен көрсетуге болатынын дәлелдеді, индукция мен дедукцияны біріктіре отырып механиканы негіздеген.

48.Қоғам ұғымы, дамуы. Қоғам- адамдар арсында қалыптасқан сан алуан байланыстар мен қарым – қатынастар жиынтығы.Қоғамдық қатынастар материалдық ж/е идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді.Материалдық қатынастар адам санасынан тыс ой елегінен өтпей ақ қалыптаса береді.Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады.Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды.Идеологиялық қатынастар.Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады.Олар саяси, құқылық,марольдық,діни,эстетикалық,философиялық қатынастар болып бөлінеді.Қоғамдық дамуды талдайтын философиялық категория- қоғамдық болмыс ж/е қоғамдық сана.Қоғамдық болмыс дегеніміз адамдардың біріккен болмысы,яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен ж/е еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналарымен еріктен тыс қатынастар жиынтығы:өндіруші,таптық,ұлттық,жанұялық,саяси ж/е т.б.Қоғамық сана қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің,тілегінің идеалдары мен принцептерінің,теориялары мен көзқарастарының жиынтығы.

49. Қоғамдық сана түсінігі және түрлері. Қоғамық сана қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің,тілегінің идеалдары мен принцептерінің,теориялары мен көзқарастарының жиынтығы. Қоғамдық сананың жеке түрлері мынадай:* Саяси сана- әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекет арасындағы билік мәселесіне байланысты саяси қатынастағы адамдар көзқарастары* Құқықтық сана- қарапайым,күнделікті көзқарастардың,психологиялық формалардың социумда құқықты қатынаста болуы мен құқықтың рольі мен орнын түсіндіретін идеялар жүйесі.*Морльдық сана – қоғамда қалыптасқан баға, идеал,теория,жақсылық пен зұлымдық,әділеттілік сияқты теорияларды береді.*Діни сана- Құдаймен негізделген, сенімге бағытталған адамдардың сезімі мен догмалық теориялар.

50. Қорқыт атаның философиялық ой толғамдары.      Тарихи деректермен халық шежіресі бойынша, Қорқыт –ѴІІғ Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын,асқан күйші,қобызшы, аңыз кейіпкері.Өзінің фил-қ толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялмен іздестіреді.Аңыз бой-ша ол ақ түйеге мініп,дүниенің 4 бұрышын кезеді.Бірақ қайда барса да,алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. Кімге қазып жатсыңдар?деген сұрауына Қорқыттың көрі деген жауап алады. Содан өлімнен қашып құтылуға  болмайды екен қортындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарларда,өсімдіктер де бүкіл әлем ұқтырған көрінеді.Қорқыт ата поэма,күйлер шығарып оны қобызбен орындайтын болды. Сол себепті де ҚорқытАта  ХХғ дүниеге келген экзистенциялизм фил-ң орта ғас-ғы бастауы  деуге болады.Өйткені ол өз шығармашылығы арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді. Қ А шығармалары Қорқыт Ата кітабы деп атайды. Себебі Қ А дүние салған соң оның ұрпақтары  Қ А айтқан жырларды,дастандарды жинақтап солай атап шығарған көрінеді.12 тараудан тұратын кітапта батырлық,ерлік,адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. Ол кітап Ватикан мұражайында сақталған.

               М

51.М.Дулатовтың дүниетанымдық көзқарастарыМіржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық аудармашылық, журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған.Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Міржақып Дулатов — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұньн халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды

52.М.Шоқай саяси әлеуметтік ұстанымдары Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан Автономиясының жетекшісі. 1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды.Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. Онда: «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз» - делінген еді.

53.Марсизм ілімінің мәні:диалектикалық материализм,тарихи материализм.Диалектикалық материализм революцияшыл пролетариаттың дүниеге көз\сы, ілімнің бір саласы, оның ғылыми фил.қ негізі марксизм фил.сы диалек.қ матер.м дүниенің жалғыз ғана негізі бар ол материя, ал сана дейтініміз осы материяның ерекше жоғары құрылымының туындысы.Диалек\қ материализмді жасаған К.Маркс, Ф.Энгельс болды.  Диалектикалық мат.ң  жасалуы нағыс рев.қ төңкеріс болды. Оның себебі бұған дейінгі болған фил\қ ілімдердің барлығынан мүлдем басқа шын мәнінде ғылыми жаңа фил.я  туды.Дүниедегі барлық бұйымдар мен құб\ң бір бірімен һзара шексіз қарым қатынаста бай\та болатын табиғат пен қоғамның ж\е ойдың үнемі қоз\та дамуда болуды олардың өздеріне тән қайшыл\ң себебінен ди\қ мат\м мызғымас ақиқат деп есептейді.

54.Мартен Хайдеггердің болмыс пен уақыт талдамасы. 1927 ж Хайдеггер «Болмыс пен уақыт» атты кітабын басып шығарды. М.Хайдеггердің ойынша «болмыстың үйі тіл» Олай болса , герменевтика ілімін тілді талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердің сырын ашу, оны қайта өмірге енгізу сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зер\ге теңейді.Хайдеггердің нег шығармасы «Болмыс пен уақыт» Платоннан басталып, Гегельмен аяқталған рац.к бағытқа қарама қарсы мәнді анықтап, оның негізін ашудан бас тартты. Осыдан келіп ол сонау Аристотельден басталып , клас\қ неміс фил.ры ілгері дамытқан «катего\ң» орнына экзистенция, яғни тіршілік етуге, өмір сүруге бай.ты адам болмысын ашып беретін ұғымдарды пайдаланады. Адам болмысының құрылымдағы біртұтастықты «қамқорлық» деп білгілеп, «дүниедегі болмыс», «алда болатын болмыс», «дүниенің ішіндегі болмыстардың»  бірлігін көрсетіп, осылар арқылы уақыттылықтың да негізін қамтып өтті.

55. Материя ұғымы ,материя өмірі сүруінің атрибуттары. Материя-бұл объективті шындықты білдіретін адам санасынан тәуелсіз тіршілік ететін универсалды категория.Материяның толық анықтамасын В.Ленин 1909 жылы жазған»Материализим және эмпиокритицизм» деген еңбегінде көрсетті.Материя дегеніміз адамға түйсігі арқылы мәлім болатын немесе түйсігіміз арқылы көшірмей сурет түсетін объективті шындық.Материя мәңгі жасайтын және шексіз жойылмайтын әр уақытта қозғалыста болатын шындық.Материя ол өз-өзіне себеп бола алады.Мұндай қасиет материяның атрибуттары бола алады. Материяның атрибуттары яғни оларға тән қасиеттер: қозғалыс,кеңістік,уақытҚозғалыс бұл материяның тіршілік етуінің тәсілі.Материяның мәңгі қайталанбайтын жоғалмайтындығын бір формадан басқа формаға өтуін білдіретін жалпы қасиетті объективті тәсілі.Қозғалысқа карама қарсы күй ол тыныштық.Энгельс пен тыныштықтың қатынасын былай түсіндірді.Қозғалыс ол абсолютті мәңгі омір сүреді.Материя сияқты пайда болмайды және жоқ болып кетпейді.Тыныштық салыстырмалы.Қозғалыстың формасы бұл өзгермелік және тұрақтылық. Энгельс қозғалыстың 5 түрін анықтады:1)механикалық қозғалыс2)физикалық3)биологиялық4)химиялық5)әлеуметтік Кеңістік материя тіршілік етуінің жалпы және объективті формасы.Ол мезетте тіршілік ететін объектілердің орналасу тәртібін білдіреді.Кеңістік үш өлшемді:ұзындық,ен,биіктік.Кеңістік ұғымын ең алғаш зертеген Демокрит.Ол дүниесінің негізін атомдар және бос кеңістік деп атап өткен.Атомдар бос кеңістікте бір-бірін соғу арқылы затарды түзейді деп есептеген.

56.Мәдениет ұғымы және оның мәні. Мәдениет  фил.қ ой толғамның аса маңызды, терең теор.қ мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Мәдениет өмір шындығын өзгертуге, адамзат тар.ң матер.ды ж\е рухани жетістіктерін жеке ад.ң ішкі байлығына айналдырып ад.ң ммәндік жағын айқындайды. Мәдениет мәнін анықтауда төмендегідей фил.қ анықтамаларды келтіруге болады: - мәдениет қоғам қалып.н құн.ң жиынтығы. – мәд.т жасанды әлем. –мәд.т адам.ң шығармашылық жетістіктерінің синтезі. –мәд.т адам.т қоғаммен тұтастанған асылданған табиғат. – мәд.т адамдағы адам.ң өлшемі. Әр халықтың  төл мәдениетінің негізінде оның тудырған тілі жатыр. Оның қазақ «ана тілі» дейді, өйткені ол ананың ақ сүтімен бірге беріледі.Тіл арқылы біз дүниені түйсіну, сезінуге мүмкіндік аламыз. Тілде хал.ң мыңдаған жылдар бойы жинаған тәжірибесі, даналық қағидалары берілген. Кең түрде алғанда мәд.ті екі салаға бөлуге болады. Олар мат.қ ж\е рухани мәд.т. Оларды бір бірінен айыру анықтамасы адамға керек қажеттіліктерді өтеуде. Егерде белгілі бір зат адамның физиол.қ, мат.қ мұқтаждықтарын қанағаттандырса, онв матер.қ, ал рухани сұраныстарын өтесе рухани мәдениет құнды.на жатқызамыз.Күнделікті өмірдегі түсінікке келер болсақ, мәд.ке ғылым, әдет ғұрып,саяси құқтық, моральдық эстетикалық т.с.с құн.ды жатқызуға болады. Мәд.ң түрлері: нег екі түрі бар: Әлеуметтік ж\е тұлға мәд.ті. Мәд.ң басқа да түрлері: этник.қ, діни, саяси, эконом.қ, экол.қ эстет.қ.

                  Н

57. Н. А. Бердяевтің  діни экзистенциализмі. Орыстың діни фил.на қомақты үлес қосқан Николай Александрович БердяевН.А(1874 – 1848 ). Негізгі еңбектері: «Еріктік фил.сы Шығармашылық мағынасы», «Тарих мағынасы»«Өзіндік сану»т.с.с Оның ойынша фил – я рухты зерттейтін ілім, яғни адамның өмір сүруіне, сол арқылы болмыстың мән – мағынасын ашуға бағытталған пән. Бердяевтің ойынша экзистенциалдық ф – я адамның өмір сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенің өзін таниды. « Таным дегеніміз субъектінің болмысты бейнелеуінде емес. Таным әрқашанда шығармашылық  жолмен жүріп мән – мағынаға жетуге тырысады. Адамның құпиясын танып білу – болмыстың құпиясын танып білумен тең». Адам абсолюттік болмыстың алдында тұрып, оны танып – білгісі келеді. Бұл мақсатқа жеткізетін екі – ақ жол бар. Ол өзін дүниенің бір  бөлігі ретінде сезініп, оған терең шомылуы мүмкін. Бірақ ол жол нәтиже бермейді, өйткені бөлшек бір тұтастыққа жете алмайды. Екінші жол – өзінің дүниеге деген маңыздылығыңды сезініп, өз болмысынды бүкіл дүниенің өзегі ретінде қарасан, онда өз тереңдігіне үңілу, оны танып – білу – бүкіл болмытсты танып – білумен тең болады. Адам мен дүние Құдайдың өмірін байытады, өйткені адам – рухани пенде, ол ізгілік пен әсемдікті сүйеді. Екінші жағынан, ол – еңжоғарғы материалдық құрылым, бүкіл дүниенің барлық элементтері оның бойында бар, сондықтан Ғарыш оның шығармашылық іс – әрекетін қабылдайды.Сонымен адам – қайшылықты пенде, ол « табиғаттық дүниедегі үзіліс», оны түсіну үшін одан да жоғары – Құдайға деген оның қарым – қатынасын білу қажет. Оның ойынша, осы уақытқа дейін адам өзін Құдайға тәуелді пенде ретінде түсініп келеді. Ал тәуелділік бар жерде шынайы махаббат жоқ. Сондықтан Құдай мен адамның арақатынасы нағыз еріктікте негізделген, махаббаттың құпиясы міне,осында. Адам Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етеді, өйткені оның өзінің негізі жоқ.ол адамсыз өзінің жалғыздығын сезінеді... сонымен біз адамның Құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуіміз керек.Құдай – рух,сонымен қатар адам да – рух.Олай болса,екеуінің шығармашылық жолда кездесуі ғана объективацияланған дүниеден адамды құтқарады.

58. Николай Кузанский пантеизмі. Николай Кузанский(1401-1464)жас кезінде Падуя унив.де оқып соңынан діни қызметпен айналысады. Николай Кузанский өзінің ой- өрісінде ортағасырлық философия мен қайта өрлеу заманындағы гуманистік ой –пікірді ұштастырды. Ұлы ойшылдың діни еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың ең таңдаулысы « Ғылыми білімсіздік» деп аталады. Енді сол « Ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән – мағынасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталмаған, белгісізді белгілімен т.с.с салыстырамыз. Сондықтан бұл өмірдегі шектелген заттар жөніндебелгілі бір пікірлер айту онша қиын емес.Ал енді шексіздікті  зерттеген кезде, біз басқаша жағдай,а кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нірсемен салыстыра алмаймыз. Бқл адамның (әрқашанда шектелген) ақыл –ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н. Кузанскийдің ойынша, ғылыми білімсіздікті тудырады.Н. Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе сенімді жоғары тұтады. Бірақ ол соқыр сенім емес, өйткені  «зерде сеніммен бағытталады, ал сенім зерде арқылы анықталады». Тек зерде арқылы ғанабіз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Қорыта келгенде, Н. Кузанский философиялық көзұарастарының болашақ, Жаға Дәуірдегі ой –пікірген өзінің зор әсерін тигізгенін атап өтуіміз керек

59. Н.Маккиавеллидің саяси фил.сы.Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік – саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік, сауда –саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәннің өсуі,ұлттық сана сезімінің қалыптаса бастауы т.с.с көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірісі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға Н. Маккиавилли. Николло М өз уақытындағы гуманистер сияқты классикалық білім алмағанымен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялық көне еңбектерді оқып, әсіресе өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі   әлеуметтік – саяси өміріне тәнті болды.Көп ұзамай, ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әртүрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол кездегі қоғам жөніндегі көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік берді.. Алайда саяси қызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды. Сондықтан Флоренциядағы республика құлап, оның орнына Медичилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жекеиелігіне кетеді.осы кезде рухани кемеліне келген Н.Маккиавели өзінің негізгі еібектерін жазады. Олар « Патша», «Флоренция тарихы», « Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде» т.б.Н.Макиавелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Н.Макиавеллидің көрегендігі саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғаттан ашу, саяи билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін жасау болды.Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымға тоқталамыз. Макиавеллизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз,барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді.Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу,сатып кету т.с.с бәрін макиавеллизм дейді.Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н.Макиавеллидің атымен атаймыз.Оның ойынша, мем.т пен саясаттың қоғамдағы негізгі қызметі әртүрлі таптардың, әлеу.к топтардың басын біріктіріп,бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда ұстау болды.

             О

60.Орта ғасырлық Батыс философиясының ерекшелігі ,кезеңдері:Орта ғасырдағы рухани ахуалға келек болсақ, ондағы ғажап өзгеріс адам өзінің ішкі жан дүниесінде рухты тауып,өзінің  Құдаймен байланысты пенде екенін аңғарады.Еуропа тарихында бұл заманда дүниеге келген фил.я, негізінен ,діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел қандай болуы тиіс т.с.с мәселелерді қамтыды.Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі-монтеистік (бірқұдайлық ) көз.ң негізін жасау.Ертедегі гректер Құдай біреу ме әлде көп пе? Деген ой шеңберінде болды. Аристотель аспандағы жұлдыздарды құдайлықпен теңеп , ал Плотин  Ғарышты «Көрінген Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығы айтылды.Екінші ерекшелігі-креационизм,(creatura-лат. сөзі жасау, жарату.) Бұл дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау. Үшінші ерекшелік  Антропоцентризм (antropos-адам,centrum- орталық)Төртінші ерекшелік  Құдайдың еркіне көну мәселесі. Бесінші ерекшелік Құдайдың құдіретті көрегендігі. Алтыншы ерекшелік алғашқы тектік күнә, оның салдары ж\е одан құтылу. Жетінші ерекшелік Рухани сенімнің дүниеге келуі. Сегізінші ерекшелік Құдайдың сүйіспеншілігі.Адамзат Тарихының жаңа мән мағынасы соңғы ерекшеліктерінің бірі.

                  Ө

61.Өмір философиясы:В.Дильтей, А.Бергсон,С.Кьеркегор . Өмір ф-ң өкілі В.Дильтей(1833-1911).Дильтей қоршаған ортаның көп түрлілігі адам өмірінің бірегейлігі идеясын ұсынған.Гегельдің ф-н сынап,ойлау деген ұғымның орнына,өмір ұғымын қарастырған.Өмір адамның дүниедегіболмысының тәсілі.Өмірдің белгілері:1)біртұтастық 2)көп түрлі рухани бастамаларға ие болу 3)жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте болу.Дильтейдің пікірінше ф-ң мақсаты адам өмірін оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыру. ХХ ғ-ң бас кезінде «Өмір фил-н» жақтағандардың бірі-француз фил-ы А.Бергсон (1859-1941).Ол шала саналылықты, тіпті санасыздыққа жақын рухты жақтады.Интеллект,-дейді ол,-өмірді кинотаспа сияқты санасыз қабылдайды.Өмір дегеніміз, Бергсонның пікірінше,өмір тұтас,үздіксіз, қайталанбайтын,өздігінен,шығармашлықпен пайда бола беретін жаңаша түрлер. Крекегордың өмір ф-сы  Крекегор адамды  рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі деп анықтаған.Ол рухты Гегель сияқты  ойлаумен теңестірмеген ж/е логиканы заңдарымен тәуелді емес деп есептеген.Оның ойынша ф-ң негізгі мәселесі адам өмірі, оның өзіндік саласы ж/е ішкі рухани  өмірі.Крекегордың анықтауынша өмір сүру – тебірену ,зардап шегу соның шеңберінен  шығуға бағытталған адам еркі.Крекегор адамның өмірін 3 сатыға бөлді.1)Эстетикалық-адамның жас кезінде тек сезімге бағындырған өмірі. 2)Этикалық- адам өмірінің ізгілік сатысы. 3) Діни саты-мұнд адамдар өз күнәларын мойындап,құдаймен сұхбатқа түседі.

                 П

62.Платонның объективті идеализмі.Платон (б.з.д 427-347) объективтік идеализмнің көрнекті өкілі,Сократтың шәкірті. Платон өзінің осы атын кең иықтылығының арқасында Сократтан алды деген аңыз бар. Негізгі еңбектері «Сократты жақтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.с.с Платон өзінің ойларын Сократ арқылы жеткізеді. Мемлекет туралы идеясында ізгілік пен ақиқат, білімді жоғары қойып, идеалды мемлекет моделін жасады. Ол жаннын 3 жағдайын қарастырды: 1.ақыл;2. Эффект(эмоция); 3.сезім. 3 әлеуметтік топты жіктеді:1.мемлекет басшылары- философтар мемлекет басшысы болуы керек; 2. Страрек(әскерилер); 3. Өндірушілер. 3негізгі ізгілікті атап көрсетті: 1. Ақылдылық; 2. Батырлық; 3. Өлшемділік. Платон мемлекеттің 2 түрлі формасын атап көрсетті: 1. Жетілген идеалды формалар – а) Плотонның идеалды форма мемлекеті; б) Аристократия; 2. Жетілмеген құлдыраушы форма- а) темократия (бақ құмарлардың мемлекеті),ә) олигархия қолында байлығы бар ашшылықтың топтары, б)демократия;г) терамия. Идея деген ұғымды алғаш фил.ға енгізген.Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді.Идея ол, біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға ғана тән, олар өнеді, өшеді,-дейді Платон.

              Р

63.Рене Декарт дуализмі  Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды).Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет.Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады. «Күмән келтіру» принципін Декарт былай деп суреттеді. «Егер мен күмәнданатын болсам, онда менің ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа бой ұруына жол ашты.Ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді.Р.Декарт дуалистік ілімнің өкілі болды. Өйткені ол әлемнің, дүниенің түп негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады.Р.Декарттың іліміндегі материалдық субстанцияның негізгі сипаттары созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді.  Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа берліп отырады. Бұл идеялар екі түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан».Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».

64. Рене Декарт рационализмі және танымның дедуктивті әдісі  Рене Декарт (1596-1650) – көрнекті француз философы және математигі, жаңа европалық рационализмнің негізін қалаушы. Жастайынан ақиқат білімді өтірік білімнен ажыратуға күш салды. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған ережелерді ойлап тапты. Оның өзінің сөзі бойынша, философияның жарты бөлігі мынадай ойларға сүйенді:1.Ақиқатты іздестіру барысында тек ақылды басшылыққа алу керек. Еш қандай беделге, дәстүрге, кітапқа, сезімге сенуге болмайды.2.Сондықтан бұрынғы барлық білімдер мен икемділіктерді ығыстырып, олардың орнына жаңадан табылған немесе бұрынғы, бірақ ақылмен ойластырылған, тексерілген білімдерді қою қажет.3.Ақиқатқа тек қана ақылдың күшімен, оның дұрыс пайдаланумен ғана жетуге болады.Осы қағидалардан – ақ Декарттың таным туралы ілімінің Ф.Бэкон ілімінен түбегейлі айырмашылығын көруге болады. Өйткені, білімнің негізі, ақиқаттың қайнар көзі - адам ақылы деп Декарт рационализмді жақтады.Декарт білім алуға оңтайлы әдіс ұсынған. Оның төрт маңызды ережесі бар:1)күмәндануға жол бермейтін анық нәрсені ақиқат ретінде қабылдау;2)күрделі мәселелерді қарапайым, ұсақ бөлшектерге жіктеу;3)қарапайым, ұсақ бөлшектерден тұратын бірінен бірі туындайтын тізбек құру;4)осы бөлшектердің ешқайсысын қалдырмай толық есепке алу.Білімнің ақиқаттығының өлшемі – ақыл.

               С

65. Сократ философиясы. Сократ (б.з.б 469-399) Афина қаласының қарапайым адамдарының отбасында д.келген.Сократ жазба деректер қалдырмаған адам. Сократ софистерден бастап,бірақ аяқталмай кеткен мәселеге көңіл бөлді.Оның ойынша таным мен фил-ң тақырыбы адам болуы керек. Сократ адам мәселесін этикалық тұрғыда қарастырады. Адамның  мәнін оның жаны құрайды.жандағы ұждан ерекше маңызды.Ол адам ішіндегі ішкі дауыс,даймонион деп аталады. Сократ фил-ы грек жеріндегі этикалық мектептердің дамуына ықпал етті.Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете түсті. «Менің ойымша, тек ізгі адам бақытты, шындығы жоқ, арам пиғылды әрқашанда бақытсыз.Сократ адамның жан дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы ирония мен маевтика. Ирония д\з сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда отырған адамның  тұжырымдарының  неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығына ашып, оны ең ақырында «менім білетінім- тек қана еш нәрсе білмейтінім» деген ойға әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді. Сұхбаттың екінші сатысында маевтика басталады. Дүниеге Ақиқат келеді.Ол үшін жоғарыдағы талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады.       

66. Сократқа дейнгі философия. Сократқа дейнгі-милет, элейн,пифогор,атулистер мектебі жатады.Милет мектебі.Палесь Анаксимандр, Анаксимен.Бұл Грек фил-ң алғашқы мектебі.Олар барлығының бастауы не? деп,дүниенің негізі ретінде белгілі бір материалдарды,объектілерді ұсынды.Пались үшін дүниенің негізі-су.Анасимандор үшін-апирон(шексіз заттар).Анасимен үшін- ауа.Бұлар дүниені интуитивті түрде материалды деп түсініп стихиялым материализмнің негізін салған,олардың ойынша:Дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс оны ұғыну керек деп есептеген. Милет мектебінің өкілдері гилозолистер болды. Гилозолизм-кез-келген материялың жаны бар деген ойды білдіреді.Элей мектебінің өкілдері.Ксенофан,Парменид,Зенон.Бұл мектеп болмыс және болмысыздық мәселесін қарастырады.Болмыс ұғымын алғаш рет Парменид ұсынды. «Болмыс бар, бейболмыс жоқ».Олар дүниені 2 бөлді.1.Сезімдік заттар дүниесі 2.Сезімнен тыс дүние. Элей мектебінің өкілдері рационализмнің негізін салушылар болды.Олардың ойынша болмысты ойлау ақыл арқылы тануға болады.Пифогор мектебі.Б.з.б 580-500 ж. Өмір сүрген. Бұл мектеп идиолизмнің із ашары.Олар дүниенің негізі сан деп есептеген.Сан табиғатты бейнелеуде оның формасын айқындайды.Аталистік мектеп өкілдері.Эмпедоки,Анаксагор, Демокрит, Ливкиап.Олар әмбебап қоспалар принципин ұсынды.Әлем ұсақ бөлінбейтін бөлшектерден тұрады.Олар біртұтас атомдар.Олардың арасындағы байланыс  ғарыштағы қозғалысты айқындайды.олардың қозғаушы күші Нус(ақыл).Софистер.Б.з.б 5 ғ.Грецияда пайда болған ақылды ұстаздар.Олар халықты фило-а,шешендік өнерге(риторикаға),пікір талас(эристикаға) үйретті.Олар бір мектепті құрған жоқ.Керісінше бақталас болды.Олардың қарастырған негізгі сұрақтары дүниенің біліммен арақатнасы.Софистердің ойынша объективті ақиқат жоқ, ақиқат- субъективті,ақиқат адамға,орынға тәуелді.Софистерді 2 топқа бөлеміз:1.Аға буын софистер,Протогор,Горгий, Продикт.2.Кіші буын софистер,Алкадам, Празмах, Критий.

                 Т

67.Т.Гобстың қоғамдық келісім теориясы. Т.Гоббс (1588 – 1679) – ағылшын философы, Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Негізгі еңбектері: « Азамат жөнінде»,  « Лефиафан, я материя, шіркеу мен азаматтық мемлекеттің билігі мен бітімі» т.с. с . Жаңа дәуірдегі алғашқы философтармен салыстырғанда, Т.Гоббс ф –я пәнін ақыл –ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның шеңберінен үзілді – кесілді теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар ол дінді, Құдайға сенуді қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептеді, әсіресе оныі моральдық жетілуінің тірегін құрайды. Т. Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол дүниені бүкіл өмірде  болып жатқан барлық денелердің жиынтыңы ретінде қарайды. Олардан басқа еш нәрсе жоқ. Т .Гоббстың ойынша, нақтылы өмір сүріп жатқан дененің өзі – сол субстанция. Гоббстың ойынша қайсібір субстанция нақтылы болғаннан кейін, абстрактілік субстанцияны мойындауға болмайды, ол нәтижесіз. Материя деген қғым –ол тек қана бүкіл дүниедегі заттарға қойылған ат қана. Гоббс дене жоқ жерде кеңістік те жоқ деген пікірге келеді. Кеңістік – әрқашан да нақтылы затттың, дененің көлемі

68. Таным құрылымы:таным субъектісі мен объектісі.Таным- өте күрделі үрдіс,оған адамның бүкіл жан дүниесі: түйсіктері,ақыл-ойы,ырқы,сезім тебіреністері,ішкі көкей көзі(интуиция)-бәрі де өзара бір –бірімен байланысты түрде қатысады.Танымның құрлымы екіге бөлінеді: субъекті ж/е объекті.Танымның субъектісі дегеніміз белгілі бір құбылысты зерттеуде заттың практикалық мақсатпен бағыттарын танымды белсенді түрде ұстанушы индевид ж/е әлеуметтік топ.Танымның объектісі дегеніміз субъектінің таным әрекетін бағыттайтын құбылыс.

69. Танымның жалпы логикалық тәсілдері: анализ және синтез, индукция және дедукция. Танымның жалпы логикалық тәсілдер: 1)Анализ дегеніміз зерттейтін объктіні құрамдас бөліктерге жақтарға бөліп оның түрлі қасиеттерін анықтау.2) Синтез заттың зеттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір бірімен байланысын анықтау.3)Индукция белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әрқашанда толық емес.4) Дедукция әдісі индукцияға керісінше жалпыдан жекеге өту әдісі.Кеңінен математика, юриспруденция , өисында колданылады.

70.Танымның сезімдік және рационалдық формалары Таным процесі екі сатыдан тұрады:сезімдік ж\е рационалдық. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес олар біртұтас таным проц.ң екі қарама қарсы бірақ бір бірімен өте тығыз бай.н жақтары бар :сез.к таным тікелей бейнелеу, сыртқыны бейн,жекені бейн; рац таным жанаманы бейн, ішкіні бейн, жалпыны бейн. Бұдан сез.к танымды сип.н әрбір ережеге  қарама қарсы рац.қ танымға тән ерекшелік көр.н. Мұның мәні танымда бір біріне қарама қарсы екі процес өзара әрекеттеседі.Сезімдік таным мен  рац.қ тан.ң бейнелеу түрлері: Сез.к:түйсік, ұабылдау, елес. Рац: ұғым, пікір, ой тұжырым.Түйсік материалды зат.ң сезім орг\на тікелей өзара әрекет ететін қарапайым элементарлы көрінісі. Қабылдау сез.к таным фор.сы, онда обь.т тікелей сезім орг.на әсер етіп санада тұтастай көрініс беру. Елестету зат.ң жанама сез.к бейнесі ол қабылдау нег  п.б. Ұғым жай ғана жалпылау емес ол зат.ң н\е құб\ң дүниеде бар болу жолын, болу тәсілін анықтайтын категория. Пікір зат\р мен құб\р туралы айтылатын кез келген сауал. Ой тұжырым бұл ойлау фор\сы, ой тұжырым арқылы бір н\е бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару.

71. Танымның эмпирикалық әдістері:бақылау,эксперимент.Әдіс д\з белгілі бір мәселенә шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрекеттер жиынтығы.Эмпир.қ деңгейде таным об.ң  қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан  қабылданады.Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс бақылау д.а Оның мәні зерттеу объ.н  белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Келесі әдіс эксперимент ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші объ.ні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады.

                Ф

72. Фейербахтың антропологиялық философиясы Фейербах адамды, негізінен психо –физиологиялық пенде ретінде қарайды. Фейербахты неміс философтарының адамды тек рух ретінде түсінуі қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам, бір жағынан, материалдық дене болатын болса, екінші жағынан, - ойлайтын рух. Фейербах көбіне адамның табиғи – биологиялық жақтарын қайта орнына келтіруге тырысады.  « Мен» дегеніміз – ол ойлайтын рух қана емес, ол денесі мен ойлай алатын басы бар, нақтылы кеіңстік пен уақыттың шеңберінде өмір сүріп жатқан тірі адамның өзі. Фейербах адамның негізгі мінездемесі ретінде теңдігіне  Фейербах болмыс пен сезімдіктің теңдігін қарсы қояды. Оның ойынша, тек қана « Сезінетін пенде ғана- шынайы ақиқатты пенде». Сезімдік болмыс деп Фейербах біздің санамыздан тәуелсіз өмір сүріп жатқан материалдық дүниені айтады. Олай айтқан себебі, дүниедегі материалдық затар мен құбылыстардың өзіндік өміріне Фейербах онша көп мән берген жоқ, ол олардың бәрін тек қана адамға деген байланыс арқыжлы қарады,  соңғының өзі сезімдік деректер арқылы адамға берілетіні сөзсіз. Екіншіден, адамның өзінің материалдығын, денелігін ойшыл сезімдік арқылы түсінеді.адам түйсіктері мен сезімдерінің өзі – оның материалдық дене екендігін көрсететін бірде – бір дәлелдеме. Сонымен «мен»  сезімтал пенде, олай болса, дене адамның мәніне толық түрде кіреді.Егер табиғатты Фейербах өз болмысынан өзін айыра алмайды деп түсінсе, адам, өзінің мәнін болмыстан айыра алатын пенде.

73. Философ-ы адам мәселесі.Адамзаттың дүниені,айнала ортаны танып білуінің түп қазығы адам екенін бүкіл тарих дәлелдеп келеді.Көне Қытай философ Лао Цзы:»басқаларды білетін адам – ақылды, өзін танып – білген адам- данышпан»,- депті.Ертедегі грек ойшылы Протогордың:»барлың заттың өлшемі -адам» деген қанатты сөзі кең тараған.Адам проблемасы философиялық іліммен құрдас деседе болады.Яғни философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі,оның дүниеде атқаратын қызметі мен алаты орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны белгілі.Философияның мәселесі –бұл сананың,рухтың табиғатқа,материяға,субъективтің(адамның)ішкі дүниесінің объктивтікке»сыртқы дүниеге »қатынасы.Бұдан шығатын қортынды: адамның сана-сезімі мен ақыл ойының,тілі мен дүниетанымның ж/е оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай,табиғат пен қоғамның адамға оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қадай-осының бәрі философияның ең түбірлі ж/е түбегейлі мәселелері болып болып табылады.Адам прблемарына Аристотельде ерекше көңіл бөлген.Әсіресе ол философияның «этика»бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып оларға тиісті талдау жасады.Аристотельдің айтуынша мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті-азаматтарды жақсы қылықтарға,ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу

74. Философиядағы сана мәні.  дүниені бейнелеудің ең жоғарғы және адамға тән ғана қасиет.Сана белгісіз ғайыптан пайда болған және дайын күйде біздің миымызға еңген құбылыс емес,іштен де туылады.атадан балаға нәсәлдәк бейімдік қабілет ретінде де берілген жоқ.ал кей жағдайда бейімділік қабілет нәсілдік тұрғыдан беріледі.Сана бұл адам миына байланысты пайда болады,сана адам миының қызметінің жемісі.Адам туа сала саналы болмайды адам саналы болу үшін ол қоғамда өмір сүріп білім мен тәжірибе және тәрбие жинақтау керек.Алайда біз жан-жануарларға қоғамда тәрбиелеу арқылы сананы кіргізе алмаймыз.Дүниеде ең ғажап,керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі сана,ақыл,ой.Ендігі мәселе сана деген не,ол қалай пайда болады мәні не деген сұраулар.Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес,тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді.Адам миы аса күрделі әрі өте нәзік миллардтаған жүйке клеткалардан тұратын аппарат.Адам миымен ойлайды.Сана ойлау процесі арқылы пайда болады.Мисыз санада психикалық қызметте жоқ.Сананы тудыратын – объективті ақиқат.Ол оның бейнеі.Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру:ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп,оларды қорыту арқылы пайда болады,ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз.Біздің санамыз сыртқы дүниенін бейнелену мәселесі.Сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын болсақ,сананың негізінде білім,білу жатыр.Сананың шығуы қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық іс-әрекет,еңбек,қызмет.

75. Философиядағы субстанция мәселесінің талдануы:монизм,дуализм,плюрализм ілімдер: Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі саналады. Оны ашық түрде алғашқы анықтаған марксизм, ол монизм, дуализм, плюрализм ұғымдарымен тығыз байланыста болды. Монизм (гр mones - біреу, жалғыз) - дүниенің негізінде бір ғана бастама бар деп танитын философиялық бағыт, идеалистік ілімдерде - рух, материалистік ұғымда - материя. Монистер  деп барлық дәйекті материалистерді (Демокрит, Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Гераклит, Дидро, Гольбах, Маркс, Ленин) және барлық дәйекті идеалистерді (Августин, Фома  Аквинский, Кант, Гегель, Юм) санайды. Дуализм (лат. Duo - екеу)(Кант И, Декарт Р) - дүниенің негізі бір біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен - рухтан және материядан - басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым. Плюрализм (лат. Plurais - көптік) - дүниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ мәндерден тұрады дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух, т.б.) нәрселер бар деп санайды.

76.Философиялық білімнің ерекшеліктері:Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ. Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.

77.Философияның әлеуметтік функциялары: Қоғамды әл\к ұйымдасқан материя ретінде әл\к фил\я зерт\ді. Әл\к фил\я жалпы фил\қ білім жүйесінің бір бөлігі б.т .Әлеу\к фил\ң атқаратын қызметтері: 1)Дүниетанымдық әл\к фил\я әлемнің тек картинасы, бейнесі ғана емес, ол сонымен қатар, әл.к идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен бай\н анықтай отырып, осы әлемді жаратады да. 2)Методологиялық әлеуметтік фил\я пәндік ж\е теор\қ форма ретінде қызмет ете отырып ж\е әл\к құб\ды тануда метод\қ бағдарлар мен жалпы физ\қ принциптерді пайд\ң үлгісі бола отырып жүзеге асырады.3)Танымдық ол тан\қ мәден\ң элементі ретінде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғ\қ  өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерек\мен айрықшаланады.4)Аксиология әлеу\к фил\я әлеу\к болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып , оның ішінде белгілі дәрежеде тәрбиелеуші фун\н да атқарады.

78. Философияның негізгі сұрағы 19 ғ. неміс философы Фредрех Энгельс айқындаған. Негізгі сұрағы’’ Ойдың болмысқа, болмыстың ойға қатнасы’’.Негізгі сұрағы екі жақта айқындалады;1)Антологиялық-яғни ненің алғашқы екендігі материя алде сана ма? Осының жауабын таңдауға байланысты философияның негізгі бағыттары айқындалады;1.Материализм 2.Идиолизм 3. Дуализм. Материализм- материяны алғашқы сананы екінші  деп санайтын философиялық бағыт. Материализм бойынша  материя- нақты санадан тыс өмір сүреді,өз бетінде субстанция бола алады. Материя өз өмірлік заңдарымен дамиды және сана жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті болып есептеледі.Идиолизм-с ананы бірінші материяны екінші деп  есептейтін бағыт.Идиолизм өз ішінен 2 бөлінеді.1.Субъективті идиолизм –әлемді адам санасы ретінде түсіндіретін бағыт.2.Оъективті идиолизм-әлемдегі адам санасынан тыс идея, рух бар деп есептейтін бағыт(Плотон,Гегель ).Дуализм-компромистік бағыт.Материяны да,сананы да екі тәуелсіз субстанция деп есептеді.(Аристотель, Декарт).Философияның негізгі сұрағын шешушінің екінші жағы гносеология. Дүниені танып білуге бола ма? Негізгі қасиеттері;1.Дүниетанымдық 2.Методологиялық 3.Гнесеологиялық 4.Теоретикалық 5.Аксиологиялық 6.Тәрбиелік, сыни және болжамдық.Негізгі әдістері;1.Диалектикалық-Заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын ,олардың өзгеруі мен дамуының ерекшеліктерінің себеп-салдарлық байланыстарын ескере отырып даму тұрғысынан қолданылатын әдіс 2.Метафизикалық-диалектикаға қарама-қарсы 3.Догматизм-дүниені қатып қалған қағидалар негізінде түсіндіреді.Дәлелдеуді қажет етпейтін ,мызғымас қатып қалған қағидаларға сүйенетін әдіс.4.Эклектика-түрлі фактілер мен ұғымдарды, консепцияларды  біріктіру негізінде пайда болған тұжырымдау әдісі 5.Софистика-ке-келген ойды логикалық тұрғыдан  дұрыс тұжырымдау жасай білу әдісі.6.Герменевтика – мәтіндердің мағнасын дұрыс оқу,түсіндіру әдісі.

79.Философияның пәні,обь\сі, мәселелер шеңбері:Философия- адамзат біл\ң рухани мәд\ң өте ертеде қалып\н қызықты салаларының бірі.Терминди алғаш қолданған дана грек Пифогор. Философия б.з.б 6-5 ғ.ғ көне Үндістанда,Қытайда, Грецияда пайда болған . Фил\я қалып\н уақыттан бастап дүниетанымдық сұрақтарды алға тартып оларға жауап іздеді. Фил\я термині гр.philio- құштарлық, Sophia даналық деген сөзден шыққан.Даышпандыққа құштарлық деген мағынаны білдіреді.Фил\я ғылымында мынадай Даышпандыққа құштарлық деген мағынаны білдіреді.Фил\я ғылымында мынадай 3  мәселені қарастыру маңызды:1)Бірден бір ғылым әлем туралы, адам туралы жалпы тұтас интегралды білімді зерттей алмайды.2) Ф\я әлемді тек қана танымайды сонымен қатар бағалайды.3)Ол дүниені тану әдістерін меңгертеді. ф\я дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. ф\я болмыстың заңдары мен жалпы прин\н, адам мен әлем арақат\н ж\е танымды зерт\н ғылым саласы.Ф\я пәнінің нег бөлімдері:Антология әлем, болмыс туралы ілім. Гносео\я таным тур ілім.Әлеу\к ф\я қоғам туралы, оның нег сфералары адам мен таб\ң арақатынасы тур ілім. Аксеол\я құндыл\р тур ілім. Этика адам\к, мораль тур ілім. Эстетика сұлулық заң\н зерт\н ілім. Логика ойлау заң\н зерт\н ілім.

80.Фома Аквинскийдің теологиялық ф-сы.   Ф.Аквинский (1225-1274) – схоластиканың атасы. Католиктік догманы жасаушы. Доминикан монахы. Ф. А. Католизмнің діни ф-лық жүйесін жасағаны үшін әулие деген атақ алған, оның ілімі томизм деп аталады. Ф.А. объективті және ақиқатты толық тануы мүмкін емес, әсіресе христиандықтағы құпиялар( құдайдың үштігі, қайта тірілуге және т.б. ) ф-лық ақылмен танымнан тыс. Сондықтан ф-ның негізгі мәселесі құдайдың болмысын дәлелдеу. Оның ойынша ғылым мен сенімнің арасында қайшылық жоқ,христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, бірақ ақылға қайшы емес. Ф.А. сенім мен ақылды үйлестіруге тырысты.Ол діни ақиқатты ақыл категорияларына салып, талдауға болды. Сенімге қарсы шығатын жалған оргументтерді теріске шығарып отыру керек деген. Ф.А. құдайдың бар екндігінің 5 дәлелін ф-лық категориялар арқылы түсіндіреді: 1. Қозғалыс- қозғалып тұрған нәрселерге бастапқыда қозғау берген және әр уақытта  қозғалысқа келтіріп тұратын күш бар. Бұл күш құдай деп есептеген;2. Себеп- себепсіз ешнәрсе пайда болмайды.Демек дүниенің  жаратылуына себеп болған алғашқы себеп және өзіне ешбір себепті қажет етпейтін; 3. Кездейсоқтық пен қажеттілік- кездейсоқтық қажеттіліктен туындайды және оған тәуелді. Дүниенің жаратылуын қажет еткен күш бар, демек бастапқы қажеттілік құдай;4. Сапалық белгілер – әрбір заттың өзіне тән сапасы бар. Осы сапаға қарап жасаған шебердің шеберлігін байқауымыз сияқты дүниедегі  заттар мен нәрселердің шебер жасалуына байланысты;5. Мақсаттылық- жаратылғанның барлығының бір мақсаты бар, ал сол мақсаттың барлығын анықтайтын құдай. Ф.А. қоғам туралы ойларында да католиктік ілім тұрғысынан шешті. Оның ойынша мемлекет пен билікті құдай жаратты, сондықтанда мемлекеттің басқару формасы монархиялыө(шіркеулік) билік болды. Мемлекеттті жоғарыда христос,ал жерде Рим папасы басқару керек деп есептеді.

81.Фр Бэконның эмпиризмі және индуктивті әдісі Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561 – 1626) – сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Бэконның шығармаларының ерекшеліктері – ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы – тәжірибелік зерттеулер.  Тәжірибені талдай келе Бэкон оны екіге бөледі. Олар – жемісті мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге деру пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді. Басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көреді

82.Фрейдтің бейсаналық мәселесі «Өмір фил\ң XX ғ беделді ағымдарының бірі фредизм б.т негізін қалаушы З.Фрейд австриялық дәрігер, психолог, философ. Нег еңбектері: «Мен ж\е ол» , «Тотем мен Табу» т.с.с  З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бейсаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбір нервоз ауруларының себебін ғалымдар сананың шеңберінен іздеген болса, ол оны бейсаналықтан көріп, жүйке ауруларын емдеудің психоанализ әдістерін жасап, біршама жетістіктерге жетеді. Бұл оған шабыт беріп,ол психоанализдің негізгі қағидаларын бүкіл қоғам мен мәдениетке таратып,фил\я саласында ерекше ағымды тудырды.Сонымен бейсаналықты ашу,оның құрылымын, ад\ң жеке өміріне, қоғамға тигізетін әсерін зер\у Фрейдтің ғылымға енгізген жаңалығы болды.Ад\ң коп ынта тілектері мен құштарлықтары бейсаналық түрде п.б екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы ад\ң түсінде, байқамай айтылып қалған сөзде,кейбір дене қозғалысында т.с.с көрініп қалады.

83. ХХ ғ фил-ң жалпы сипаты:сцентизм ж/е антисцентизм.ХХ ғ Бтыс Еуропада фил-ң көптеген ағмдары,ілімдері,мектептері қалыптасты.Олардың ортақ байланысы болған жоқ,дегенмен бұл дуірге сцентизм ж/е антисцентизм тән болды.Сцентизм ғылым мен техн-ң жетістіктерін жоғары бағалайтын,ф-ны арнайы ғылымға айналдыруды  көздейтін тенденция.Антисцентизм негзінен ирроционалдық тенденция,адамзат өміріне ғылым мен тех-ң жетістіктері негативті әсер етеді деп  есептейді ілімдер.Оған өмір ф-сы,экзенстенциолизм т.б жатады.

84.XX ғ валюнтаризмі: А Шопенгауер,Ф.Ницще. «Өмір фил\ң шеңберінде неміс фил\фы Ф.Ницщенің еңбектері ерекшк орын алады. Ол ерік категориясына әлеу\к моральдық мағынаға мән беріп, оны «билікке деген ерік» ретінде түсінді. Оның ойынша, өмір билікті неғұрлым  жете түсінгісі келеді.Ницще  фил\сы қайшылықтарға толы, ешқандай біртұтастылық жоқ , өз заманының әртүрлі өзекті мәселелерін көбіне көркем сөзбен көз\с  берген. Бірақ соған қарамастан, Ницщенің өз заманының әлсіз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберін тиістілік негізінде атап өту қажеттігін атап өту т.с.с ойлары болашақ фил.қ ағымдарға үлкен әсерін тигізді.Өмір философиясына жақын идеяларды Артур Шопенгауэр (1788-1860) дамытқан. Ол - иррационалдық бағыттың өкілі. Иррационализм дегеніміз дүниені, әлемді тануда аффектіге, ерікке сүйену қажет, өйткені, жан – кездейсоқ оқиғалар мен құбылыстардың жиынтығы, онда қисын да байланыс та жоқ есептейтін ілім.А.Шопенгауэрдің негізгі ұғымы – ерік. Ерік - барлық болмыстың негізі, идеалды күш, әлем құрылымының бастауы болатын космостық принцип.Ерік сананың негізінде жатыр, барлық заттар мен құбылыстардың жалпы мәні болып табылады.Шопенгауэр ерік мәселесімен қатар, адам тағдыры, еркіндігі, қажеттілігі, мүмкіндігі, бақыт сияқты аса маңызды сұрақтарды да ойластырып, оларға тартымды жауап таба алмады. Оның философиялық идеялары кең тарамады, өйткені замандастарына көптеген идеялары түсініксіз болды.

85 XIX ғасырдағы орыс философиясының негізгі бағыттары:славянофилдік және батысшылдық Батысшылдар мен славянофилдер XIX XX ғасырдың басындағы орыс ф –ң бастауы негізіндеАлтын Орда мемлекетінен өз дербестігін алып, Мәскеу княздігінің шығыс жақтағы лап берген кезінде орыс халқының « ұлылығы» ,  «артта қалған» Азия халықтарын православиелік дінге енгізу,орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген « Мәскеу – үшінші Рим» деген ф- қ кһзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзіндік болмысы мен мәдениеті, фил – қ ой – пікірі бар деген славянофильдік (славяндық сүю) ағымды тудырады. Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол – татар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басқа  Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлім – тәрбие, өнеге алу керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды « Батысшылар» деп атай бастады.осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне он тоғызыншы ғасыр ортасында жетті, ақырында, большевиктер бұлшиеленісті « батысшылдардың» пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі қарай жүре берді. Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаев болды. Сонымен қатар батысшылдар өкіліне А. И. Герцен, Н.П. Огарев,Т.Н. Грановский, В.Г.Белинский т.с.с жатқызуға болады. «Батысшылар» Ресейді « Византиялық – православиелік» ноқтадан құтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс – әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизациның бүкіл адамзаттық құндылықтар мен нормаларын іске асырады деген жалған ойда болды. Славянофильдер қаралма –қарсы бағытта болды. Олартдың ойынша, Орыс мәдениеті православиелікдінннің шеңберінде дамуы керек. Олар « Патшанікі –патшаға, Құдайдікі – Құдайға» деген қағиданы ұстанады.яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару – православиелік халықтық мәдениеттің ісі.Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады

86.XVIII Француз ағартушылығы:Франсуа Вольтер, Шарл Луи Монтескье, Жан Жак Руссо .Француз ағартушылығының көрнекті өкілдері – Франсуа Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784),  Шарл Луи Монтескье(1689-1755). Вольтердің негізгі еңбектерінің бірі – «Метафизикалық трактат». Ол ағылшын философтары Ф.Бэкон мен Т.Гоббстың шығармашылығын жоғары бағалап, эмпиризмнің ықпалында болады. Көп уақытқа дейін Декарт идеяларына самарқаулық танытады. Вольтер тәжірибенің танымдық маңызын анықтап, оның теорияға қатынасын түсіндіруге тырысады. Ойшылдың философиясында субъектің белсенділігі туралы мәселе кеңінен қойылған Вольтер субъектің іс - әрекетінің динамизмі мен белсенділігін ерекше атап, зерттеді, жаңа дәуір философиясын едәуір байытты.Оның «қоғамдық адамға» деген қызығушылығы сол кездегі әлеуметтік сұраныстан туындаған. Вольтер басқа адамдар мен тығыз байланыста өмір сүретін адамның қоғамдық табиғатынан жақсы түсінген.Вольтер философиялық еңбектерінде адамдардың теңдігі туралы да мәселе қойылған. Ол саяси теңдік, заң мен құқық алдындағы теңдікке ерекше көңіл аударған.Адамдардың саяси, құқықтық теңдігі экономикалық және әлеуметтік теңдігімен анықталатынын түсіне алмаған.Вольтердің замандасы және оған рухани жақын ойшыл Ш.Л.Монтескье (1689-1755). Деизмді жақтады. Тарихты адамдар жасайды деген қорытындыға келді. Қоғамның дамуына климат пен географиялық фактор әсер ететіндігін мойындады.Қоғамда заңның үстемдігі мен билікті болу идеялары Ш.Монтескьенің болашағы мол өскелең ойлары болып табылады.Жан Жак Руссо (1712-1778) – кедей ортаның өкілі, оның әкесі сағат жөндеуші және биді үйретуші болған. Руссоның шығармашылығы жан-жақты, театр шығармашылығынан басқа ол ғылым мен өркениетті сынаумен, экономикалық, әлеуметтік – саяси мәселелермен айналысқан. Оның «Эмиль немесе тәрбие туралы» және «Жаңа Элоиза» шығармалары жетілген, табиғи моральдың жобалары болып табылады.Руссоны қызықтырғанең маңызды мәселе – адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.Адамдар арасында негізінен теңсіздік бірден пайда болмайды. Оның туындауына себеп болған меншіктік қатынастар. Яғни қоғамда меншіктік жіктелу болып, жеке меншік пайда болғаннан бастап, теңсіздік қатынастар өркендей бастайды.Осы ойларын Ж.Ж.Руссо «адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен себептері» деген еңбегінде баяндайды.«Қоғамдық келісім туралы» атты еңбегінде Руссо біріккен халық басқаратын «халықтың мемлекет» идеясын ұсынды. Бұл мемлекетте жалпы ерік пен жеке адамдар еркінің арасындағы күрделі өзара қатынастар елді билейді деп ой қорытады.Ж.Ж.Руссо философиясының атақты девизі «Қайтадан табиғатқа оралу». Өйткені табиғатта адамның орны оның қабілеттеріне байланысты, сондықтан табиғи тәртіп әділетті. Ал қоғамда адам меншік байлық арқасында орын алады, бұдан қоғамдық тәртіптің әділетсіздігі туындайды.

                    Ш

87. Ш. Уалихановтың әлеуметтік-саяси көзқарастары.Ш. Уалихановтың әлеуметтік – саяси, құқтық көзқарастарына келер болсақ, ойшыл жан – тәнімен халықтың қамын ойлап, «әділетті басқару» жүйесі арқылы  «парасатты реформалардың» негізінде халықтың хал – ахуалын өзгертуге болатынына сенді және оны жақындату үшін барлық күш – жігерін салды. Ол 1862 Атбасар аймағының сұлтан – басқарушы лауазымын жеңір алу үшін сайлауға түсіп женгенмен, патша үкіметі оны бұл орынға бекітпей қойды. Одан кейін Шоқан « Сот реформалары жөніндегі жазбалар» атты өзінің ғылыми еңбектерін жазады.Осы кездегі Ресей мемлекетінде буржуазиялық – демократиялық реформалар қомақты орын алып жүріп жатқанмен, «азиаттық диспотия», пара алу, заңды бұзу, қарапайым адамның ар- намысын аяққа басу т.с.с кертартпалықтар бұрынғыдай болып жатты.Сондықтан Шоқан Ресей мемлекеттің құқтығына зор күмән келтіреді. «Құқтық мемлекетте заңдардың үстемдігі әрқашанда сақталуы қажет, оны ешкімнің де аттап өтуіне құқы жоқ. Заңдар бұзылған жағдайда жаза әділ сот арқылы берілуі керек.», - деп қорытады ойшыл. Шоқан патша үкіметінің Рейсей сот институтын өзгертпеген, бейімделмеген түрде қазақ қоғамының өміріне енгізуіне үзілді – кесілді қарсы шығып, оның негізсіздігін көрсетеді. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың, ерекшеліктерін, халықтың тарихи қалыптасқан құқтық көзқарастарын ескермейді. Шоққанның ойынша, таяу болашақта қазақ даласында үйреншікті, халық алдында абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.  Ойшыл жан-тәнімен халықтың қамын,ойлап "әділетті басқару"жүйесі арқылы "парасатты реформалардың" негізінде халықтың хал-ахуалын өзгертуіне болатынына сенді және оны жақындату үшін барлық күш жігерн салды.Ол 1862ж Атбасар аумағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңіп алу үшін сайлауға түсіп жеңгенімен,патша үкіметі оны бұл орынға бекітпей қойды.Одан кейін Шоқан "Сот реформалары жөніндегі жазбалар"атты өзінің ғылыми еңбегін жазды. Шоқан патша өкіметінің Ресей сот институтын өзгертпеген,беймделген түрде қазақ қоғамының өміріне енгізуне үзілді- кесілді қарсы шығып,оның негіздігін көрсетеді. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеум.қатынастардың ерекшел-рін,халықтың тарихи қалыптасқан құқықтық көзқарастарын ескермейді. Оның ойынша таяу болашақта қазақ даласында үйреншікті халық алдында абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.Ш.Уалиханов қазақ хал-ң рухани өмірін зерттеуге де қомақты үлес қосты. Оның даналығы- болашақтағы халықтың рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыр дастандардың,аңыздардың,маңыздылығын ұғып олардың әр түрлі түпнұсқаларын қағазға түсіріп болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың ішінде "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу","Едіге","Ер Қосай" сияқты жырлар бар.

89.Шәкәрім дүниетанымының басты сұрақтары:үш анық.  (1858-1931)  ХХғ басында өзінің терең де жан-жақты рухани еңбектерімен тарихта қалған,қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы ойшыл философ,тарихшы,ағартушы,ақын. Оның фило-қ көзқарастарының қалыптасуына ағасы- абайдың ықпалы зор болды. Оның онтологиялық козқарастарына келер болсақ,оны рационалдық діни фило-ға,нақтылай келе деизм бағытына жатқызуға болатын сияқты. Ал гнесологиялық танымдық мәселелерге келсек Шәкәрім озінің  Анық пен Танық, Мұсылмандық шарты т.б еңбектерінде ол адамдарға қоршаған табиғи ортаның жұмбақсырын ұқ,танып-біл,оның ашылған сырларын мақсат мұратыңа жарат деген ой тастайды. Оның ойынша,тану,білу,нану,ұғыну-бәрі ақыл ісі,ал оның іргесі мида жатыр. Ойшылдың басты еңбегі- Үш анықты – басынан аяғына шейн самғап өтетін негізгі идея. Алғашқыда ақын екі анықты сөз қылды. Бірінші ол-ғылымдағы ақиқаттар,оған адамзаты мыңдаған жылдар бойы ізденіп,зерттеп жетті. Екінші- дінің берген аяндары. Осы екі аныққа ойшыл үшінші- ар ожданды қосып оның іргелігін басып айтты. Яғни Шәкәрім Абайдың жүрек,нұрлы ақыл категорияларын әрі қарай тереңдетті. Оның ойынша ар-ұжданға ынсап,әділет,мейірім кіреді.

          Э

90.Эллиндік дәуір философиясы:скептицизм, стойцизм,эпикуризм, киниктер. Антик философиясы б.з.б. 6-7 ғасырлар арасында дүниеге келді. Оған мынадай түсініктер кіреді: эпикуризм (жеке бақытты негіздеу), стоицизм (бақытқа жету фил-сы), киниктер (өмірдің табиғи салтын іздеу).Эпикур-ол эпикуризмнің негізін қалаушы. Эпикур ләззаттын 3 түрін көрсетті: 1 табиғи , өмірге қажетті ләззат 2 табиғи, өмірге қажет емес 3 табиғи да емес өмірге де қажетті емес. Осы 3 түрлі ләззаттың біріншісін қолдайды. Эпикур ләззатқа сұлулықтың түрін көзбен көріп, рахаттануды , тәттінің дәмін татып білгенді , тартымды, жақсы дыбысты құлақпен естігенді , сүйіспеншілік құштарлықты , жарасымды әңгімені жатқызған. Стоицизм- негізін қалаған Зенон. Негізгі мақсаты құмарлықтан құтылу.еркіндікте болу идесы. Зенон элея топырағында б.ғ.д 6 ғасырда туған. Зенонның фил-қ көзқарастары-дүние болмысын мойындаған кеңістікті жоқ деп есептейді. Дүние болмысының табиғаты жылы мен суық дымқыл мен құрғақтықтың қосындыларынан тұрады. Зенонның еңбектері парменидтің көзқарасын жақтау жолында. Зенонның кеңістікті теріске шығаратын дәлелдемелері қызықты. Көпшілік көп бірліктерден тұрады бірақ ол мүмкін емес. «Егер дүние көп болса, онда қажетті түрде олардың саны өзгеріске тең. Бірақ олар шексіздікке кетеді. Өйткені екі дүниенің ортасына тағы бір дүниені , олардың екі ортасына тағы да екі дүниені орналастыруға болады, яғни бұл да шексіздікке кетеді. Олай болса, тек біреу ғана бар, ал көптік жоқ». Киниктер-грециядағы сократ мектебінің өкілдері. Осы мектептің бірінің негізін қалаған Антисфен. «Адам ит сияқты өмір сүру керек» деген екен. Киниктердің тарихта аты қалған екінші тұлғасы Диоген синоптық. Киниктердің ілімі бойынша адамдарды ең соңғы талғамы-ізгілік. Ал оның өзі бақыт. Ізгілік дегеніміз-аз нәрсеге қанағат ету, залымдықтан аулақ жүру. Ізгілік адамның сөзінен емес .Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) —объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;күдікшілдік, сенбеушілік. жүріс-тұрысынан байқалады. Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені Секст Эмприк (200 — 250). Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық ойлау, схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы Рене Декарт (1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады




1. і Вони роблять людину нездатною взяти на себе істотні обов~язки подружжя якщо вони досягли певного ступеня
2. Реферат- Анализ регионального рынка подсолнечного масла (Ростовская область)
3.  Общие сведения Ленточные конвейеры получили широкое распространение во всех отраслях промышленности
4. на тему- Суггестопедический подход к обучению иностранным языкам
5. Химическая промышленность
6. методическим объединением вузов РФ по педагогическому образованию в качестве учебного пособия ТРЕ
7. аабабагбвагабгв
8. 30е годы В начале 20х гг
9. по теме курса Основная литература по теме курса 1
10. темами являются растворы среди которых заметно выделяются истинные растворы
11. Курение и наркомания
12. ПРОГНОЗ ВОЗМОЖНОГО БАНКРОТСТВА ПРЕДПРИЯТИЯ
13. Тема- Форматування комірок
14. Реферат- Биномиальный критерий
15. Синдром портальной гипертензии
16. Экономические аспекты управления трудовой адаптацией на предприяти
17. Про державну податкову службу в Україн
18. Оптимизация затрат бюджетных средств на формирование использование и защиту государственных информаци
19. Экономическая география Мьянмы
20. то Даня к бабушке и дедушке в гости