У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

20 ~асырды~ басында~ы Жапонияны~ саяси экономикалы~ даму ж~йесі

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 14.3.2025

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Курстық  жұмыс

Тақырыбы: « 20 ғасырдың басындағы Жапонияның саяси

экономикалық даму жүйесі»

                                                                       ОРЫНДАҒАН: КАЗЕЗОВ А.

                                                                  ТЕКСЕРГЕН:ТУРУНТАЕВА А.А

АСТАНА.2011-2012ОҚУ ЖЫЛЫ

мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3   І.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапон елі.................................4

ІІ .Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапон елі...............................6                             

ІІІ.Қазіргі кездегі Қазақстан мен Жапонияның саяси экономикалық                                                                                                                            байланысы......................................................................................................15

Қорытынды................................................................................................. .....17

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі..................................................................19

Кіріспе

Азия құрлығындағы алдыңғы қатарлы өнеркәсібі дамыған капиталистік мемлекет болып қалыптасқан, Жапония, өткен хх ғасыр бөліп өткен бүкіл әлемнің кең бұқарасы мен әлеуметтік-экономикалық ғылымының мамандарын да қызықтырып отырды. Бұл елге қызығушылық оның 1945 жылғы соғыстан күйреуінен кейін тақыр жерден бастап екі он жылдық ішінде ішкі ұлттық өнімнің (іұө) мөлшері бойынша капиталистік әлемде екінші орында, сыртқы сауда көлемі бойынша үшінші орын және тағы да басқа экономикалық көрсеткіштер  бойынша алдыңғы орындарды алғаннан кейін қатты күшейді. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның тез өнеркәсіптік өсуі, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аудартты.Біздің өміріміздің барлық салаларындағы революциялық қайта құру заманда немесе нарықты экономика мен өтпелі кезең деген ауқымды түсініктер заманында өсуде. Адамзат іскерлігінің  барлық салаларындағы әлемдік тәжірібиеге сүйеніп, көңерген  стереотиптер мен догмаларды артта қалдырып, қазіргі уақытта жапон экономикалық тәжірибесі көңілді үңіле қызықтырып, оған сынмен қарау  ұмтылысын туғызып оны елімізде өзіміздің жағдайымызға сай мүмкіндігімізше пайдалану мүмкіндігі және жоғары айтылғаны тақырыптың өзектілігін  құрайды.

Жұмыс мерзімдік шегі 1910-50 ші жылдар аралығын қамтиды. Бұл тарихи кезеңді алуымның себебі, біріншіден, бізде бар көптеген еңбектер, монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинақтары т.б. жапонияның экономикалық даму тарихының негізінен осы кезеңге  арналған. Екіншіден

осы уақытта жапон экономикасында ең басты, негізгі өзгерістер болды. Жапония соғыста күйреген экономикасын тез қалпына келтіріп тұрақтандырып ғана қоймай, оны экономикалық өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындарға шығарып, күшті капиталистік державаға да айналдырды.Яғни Жапония осы уақыт аралығында бір экономикалық циклды басынан өткізеді. Ол:дағдарыс,тоқырау,жандану,өрлеу.

І Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапон елі

Ішкi саясаттағы cауаттылық және Жапонияның бiрiншi дүниежүзілік соғыстағы әскери жеңiстерімен шақырылған қолайлы сыртқы саяси ахуал XX  ғасырдың алғашқы он жылдығындағы тұрақты және табысты Жапония дамуын қамтамасыз еттi.Жапониядағы орыс-жапон соғысы аяқталғаннан кейін Жапонияның экономикасы 1907 жылға дейiн әлемдік дағдарыспен ұласқан ұзақ емес басылудан кейiн экономикалық өрлеуін табысты дамытуды жалғастырды. XX ғ басында Жапония сыртқы нарық рыногына бейiмделген экономикалық тұрғыдан қарағанда қуатты державаға айналды.  Колониалдық иелiктері де көп болғандықтан,Ұлыбританияны және АҚШ ты ығыстырып алып, Қытай рыногында көшбасшы орындарға ие болды . 1914жылы Жапонияның Қытайдағы шетелдiк капитал салымдарындағы еншісі 13, 4% жеттi.

XXғ басында Жапония экономикасы әлi аграрлы индустриалдық сипатын сақтап тұрды,1913 жылы елдiң еңбекке жарамды тұрғынының  60% ауыл шаруашылығымен шұғылданатын болды. Аграрлық сектордың тұрақтылығы Жапон экономикасының орнықтылығың қамтамасыз етті, XX ғасырдың алғашқы он жылдығында   елде   күрiштiң жиыны айтарлықтай (10%ке)үлкейдi. Капитал айналымы тез жүретін  өнеркәсiп салалары бұрынғыша ойдағыдай дамыды. XX басында өнеркәсiптiк өндiрiстiң 40% көлемi тоқыма өнеркәсiптерге дәл келдi. Әсiресе жеңiл өнеркәсiптiң экспорттық тауарлар өндiрiсiндегi жетiстiктер айқын болды.

XX ғ басында  өнеркәсiптiк өндiрiстiң 13,3% көлемі металлургия және ауыр өнеркәсіпке тиісті болды. Мемлекет бiрiншi дүниежүзілік соғыстың басында қара металлдағы жартысына дерлiк ішкi қажеттiліктерін елдің  өндiрiсi арқылы қанағаттандырды. 1907-1914 жылдарда шойынның өндiрiс көлемдерi әлденеше есе өстi. Сумито- мо кәсіпорны алюминийдың өндiрiсің және түстi металлдардың балқымаларын ойдағыдай меңгердi. Жапония дамуындағы маңызды экономикалық көрсеткiш өндiрiс көлемi мен электр энергиясын тұтынуының өсуі болды. 1907-1914 жылдарда электр энергиясының өндiрiсi 6  есе өстi, 1913 жылға жапониядағы электр станцияларының қуаты 0, 5 миллионға квт жеттi.

Бiрiншi дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты сәл  басылудан кейiн 1915 жылы жапон өнеркәсiбiнiң өткiзу нарықтарының түбегейлi кеңеюімен шақырылған экономикалық өрлеу қайта басталды.жалпы өнеркәсiптiк өндiрiстiң көлемдерiнiң өсуi 1914-1919 жылда 80% құрады, шойын мен болаттың өндiрiсi 2 есе еселендi . Жапон кеме салуы әлемдегi 3  орынға шықты. Жеңiл өнеркәсiп және ауыл шаруашылықтары да көтерілді.xx ғасыр басында  - дзайбацу концерн түріндегі монополиялар  бiржолата орнықты. Мицуи, Сумито - Mo, Мицубиси, Ясуда, Фудзитаның жанұясының тобы мемлекеттен кен өндiру кәсiпорындарын меншiкке алды. Асано жанұясы цемент өнеркәсiң өз қолдарында шоғырландырды.

2. Екінші дүниежүзілік соғыстан  кейінгі жапон елі.

 

        Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуі жапон империализмінің экономикалық және ішкі саяси позицияларын бұзды. Бірақ та американ империализміне сүйене отырып, антигитлерлік коалицияның тигізген соққыдан қалпына келіп, өз күшін одан әрі күшейтуге көшті.

Соғыстан кейінгі жапон тарихындағы оккупацияның ерекшелігі, елдегі жоғарғы билік Америка оккупациялық армияның қолында бола тұрса да, одақтас державалар атынан шыққан АҚШ, билікті тікелей емес, керісінше билеуші таптың мүддесін көздеген, жапон үкіметі арқылы жүргізді. Сонымен бірге ұзақ жылдар бойы тынық мұхит бассейіні мен оңтүстік-шығыс Азия елдерінде билік үшін күресте, бақталасқан американ империализмі  жапон милитаризмінің жеңіліске ұшырауын пайдаланып жапон империализмінің есебін алғысы келеді. Алғашқы уақытта осының нәтижесінде АҚШ Жапонияның демитаризациясы мен экономикалық қуатын әлсіретуді жүргізді.

Осыдан көрініп тұрғандай АҚШ соғыстан кейінгі кезеңде Жапонияны оккупацияға алып, елдің саяси және экономикалық билігін өз қолына  алғысы келді. Бұл АҚШ-тың саясаты 1952 жылғы Сан-франциско бейбіт келіссөзіне дейін созылды.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Жапонияның өнеркәсібіндегі өндірістік-техникалық базасы соғыс қимылдарын аз да болса зардап шекті. Жеңіл өнеркәсібінің салалары, соның ішінде халықтық тұтынушылық сұранысын қамтамасыз етіп отырған, текстиль және азық-түлік өнеркәсіп салаларында өндірістік қуаты көптеп қысқарды.Бұл салада он мыңдаған өндіріс орындар соғыс кезінде қайтадан құрылып, олардың жабдық-құралдары ауыр өнеркәсібіне арналған шикізатқа айналды. Ал, ауыр өнеркәсібінің өндірістік қуаты болса, ол өте жоғарғы сатыда әлі де сақталынып тұрды. Мысалы 1937 жылмен салыстырып қарағанда өндіріс қуаты  станок жасауда – 245, шойын құюда –187, жасанды мұнай шығаруда – 193, мұнай  өндіруде  - 92 т.б. Құрады. Соған қарамастан жапонияда өндіріс тез төмендеп түсті.  Шикізат, отын және азық түлік импорты, жапонияның басқа  елдермен қарым-қатынасын үзу нәтижесінен тоқтатылды. Соғыс аяқталған уақытынан басталған осылардың бәрінің нәтижесінен және шаруашылық тың құлдырауынан, елдегі барлық өндірістік қуаттар, ұзақ уақыт бойы толық пайдаланылмады.

Маңызды экономикалық және саяси позицияларды сақтап және өз қолына өмірге қажетті материалды қорларды, монополистік буржуазиясы осының бәрін өзінің позициясын күшейту үшін пайдаланды.

Окупацияның алғашқы кезеңде яғни 1945 – 1946 жылдары АҚШ үкіметі Жапон экономикасын қалпына келтіруді алдына басты мақсат етіп қойған жоқ. Бірақ не де болса АҚШ Жапонияға  экономикалық көмек беруіне  оның шаруашылығын да қалпына келтіруіне мәжбүр болды. Бұл көбінесе экономикалық емес саяси мүддені қорғау үшін жасалынған яғни бұндағы мақсаты үшкір әлеуметтік қайшылықпен «аштық бүлік және жаппай көтерілісті  болдыртпау үшін, сонымен қатар жапон экономикасының өзін-өзі қамтуына жету болды.

Американ үкіметі КСРО-ның жапон халқының сұранысын қамтамасыз ететін, жапон бейбіт өнеркәсібін қалпына келтіруді шектеу және бейбіт экономиканың қажеттілігімен сәйкес экспорттық сауданың дамуы жөнінде ұсыныстарынан бас тартты.

1946 жылы наурыз айында сидэхара үкіметі «экономика мен қаржы саласындағы төтенше шаралар жөнінде заң қабылдап, көне ақшаларды алмастыру жөнінде жариялады. Бұндай ақша реформа негізінен салымның ғана емес жұмысшылардың төлем ақыларын да тоқтауына әкелді.

Осы жылдың тамыз айында оккупациялық үкіметінің бұйрығы бойынша министрлер кабинеті жанында мемлекеттік –монополистік басқарудың маңызды органдары ретінде экономикалық тұрақтандыру бюросы мен бағаларды реттеу комитеті құрылды. Осы бойынша бюроның  жұмысына өндіріс саласындағы жалпы мемлекетік жоспарлар мен бағдарламаларды құру және тауар, тұтынуды, жұмыс күшін, қаржыны, көлікті үлестіру кірді. 1947 жылы маусым айында экономикалық тұрақтандыру бюросының аппараты мен жұмысы одан әрі кеңейді. Оған экономикалық мәселелер бойынша әр министрліктің жоспарларын координациялауға және осы жоспарлардың жүзеге асуын бақылау құқы  берілді. Жапон монополистік буржуазиясы өз алдына әскери соққыдан өту және өзінің экономикалық және саяси позицияларын қалпына келтіріп, өз күшін әрі қарай күшейту үшін жағдай жасау  мақсат етіп қойды. Бұл мақсатты бір жағынан оккупациялық үкіметтің жүргізген  делартелизация жағдайында  және екінші жағынан жұмысшы таптың шешуші басымшылдык жағдайында шешуге тура келді.

Американдық “декартелизация” немесе дзайбацуларды яғни ірі монополистік топтарды (“мицуи”,  “мицубиси”, “сумитомо” т.б. Сияқты) тарту шаралары басты түрде Жапонияны демилитаризациялау жоспарында жүргізілді.

1945 жылы 6 қыркүйек айында Макартураға тапсырылған американ үкіметінің негізгі  директивасында “Жапония ендігі рет соғыс жүргізе ала алматындай жағдайда әкелетін экономикалық реформаны” жүргізу жөнінде бұйрық қаралған. Бұнда “Жапония саудасы мен өнеркәсібінің көп бөлігін бақылап отыратын ірі өнеркәсіптік және банктік бірігулерді тарату бағдарламаларын құрау” қажеттілігі жөнінде және оларды “кіріс пен меншікті өндіріс және сауда қаржыларына кеңінен бөле алатын” кәсіпкерлер ұйымдарымен алмастыру жөнінде айтылды. АҚШ осы шаралардың көмегімен жапондық монополистік капиталды ұйымдастыруының спецификалық жүйесін, американдық жүйеге алмастыруға ұмтылды. Бұл американ капиталынан жапон экономикасына еңуіне, американ және жапон монополиялардың қарым қатынасын жеңілдете алатын болды.

Жапонияда өмір сүрген помещиктің жер иелену жүйесімен феодалдақ қалдықтар ауыл шаруашылықта өндірістік күштердің дамуын және ауыл шаруашылық шикізат пен өнім өндіруді көтеруін тежеп отырды. Сондықтан помещиктік жер иеленуді жою Жапонияның бүкіл экономикалық, саяси, әлеуметтік жүйені демократияландыру үшін маңызды болды. Шаруалар қозғалысын тежеп, жер үшін шаруалар бұқаралық күресі мен пролетариаттың бүліктік күрестердің бірігуі мен революциялық жолмен халықтың ауыл шаруашылық қайта құруды өз қолымен демократияландыруды болдыртпау үшін, АҚШ пен Жапонияның билеуші топтары заңды, парламенттік жолмен жер реформаны жүргізуге мәжбүр болды. Жер реформа туралы заңның жобасы 1945 жылдың  28 желтоқсанында қабылданды. Бұл заң Жапония үшін одақтық кеңесте, әсіресе кеңес одағының өкілі к.н. Деревянконың жағынан үшкір сыңға тап болды. Кеңес одағының ұсынған жоба АҚШ-тың қарсылығына байланысты қабылданбаса да, ол, одақтық кеңесте бұл мәселені шешуде үлкен ықпал етті оның орнына британ ұлттар бірлігінің өкілімен ұсынған жер реформаның жобасы, кейбір түзетулермен болса да, қабылданды.

1946 жылы 21 қазанда екінші жер реформа  туралы заң қабылданды. Бұл жер реформаның негізі ретінде мемлекеттің қойған лимитінен тыс помещиктік жерлерді сатып алып оны шаруаларға сату жолы арқылы арендаторларды жер иеленушіге айналдыру принципі қойылды. Реформа негізінен 1949 жылы аяқталды. 1950 жылы ресми мәліметтер бойынша мемлекет шаруаларға 1930  мың те немесе арендалық жерлердің 80% -ын сатты.

Осылайша жер реформасы тек ішкі нарықтық кеңеюіне ғана емес экономикалық өсудің негізгі ауыртпалығын көтерген жұмысшы күш мәселесін шешуге де әсер етті. Одан басқа ол помещиктің жер иеленуді жойып, ауыл шаруашылықта өндірістік күштердің өсіуіне де әсер етті.

1947жылы 24 мамырда жаңадан құрылған Каталма Тэцу үкіметі алдында енді елдің экономикасының дамуымен және қалпына келтіруімен байланысты күрделі мәселелер тұрды. Каталма кабинетінің алғашқы қадамы болып 1947 жылы 11 маусымда қабылданған “дағдарыстан өтуіне арналған төтенше шаралар бағдарламасы” болды оның негізгі мазмұны  төлем ақы мен бағалардың үстінен бақылауды орнату. Үкіметтің қалпына келтіру қорын пайдалану, приоритеті өндірісті бөлу, және өнеркәсібін ұлттандыру  болып табылады.

Монополисттік капиталдық позициясын күшейтудегі маңызды ролді 1946 жылы қазан айында, алғашқы Есида кабинеті уақытында тағайындалған қалпына келтіру қорының қаржылары алды. Бұл қордың субсидиялары  өндірісті қалпына келтіру мақсатымен яғни негізгі капиталға салу үшін, жабдықтарды алуға арналған. Жапонияның соғыстан кейінгі экономикасы қалпына келтірудің  маңызды мәселесі болып, көмір шығаруды  көбейту болды, одан өнеркәсіп өндіріс орындардың, транспорттың, электростанциялардың жұмысы тәуелді болды.

Көмір өнеркәсібін ұлттандыру қажеттілігі жеке шахта иеленушілер қамтамасыз ете алмай отырған, көмір  шығаруды тез көбейту талабымен негізделді. Бұл сала 60%-ке мемлекеттік субсидиялар есебінен жұмыс жасағандықтан үкіметке  көмір өнеркәсібі үстінен бақылау орнатудың өзінің таза ресми негізі болды. Оккупацияның алғашқы кезеңде жапон экономикасын қалпына келтіру жәй қарқынмен жүрді. 1948 жылы жапонияның өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 1937 жылмен салыстырғанда 100% –тең 52% құрады, ал сол кезде басқа жеңіліп қалған (екінші дүниежүзілік соғыста) елдерде, мысалы батыс германияда бұл 100% болса, италияда 98% құрады. Жапония сыртқы сауданың соғысқа дейін дәрежесін қалпына келтіру бойынша да басқа елдерден көптеп артта қалып отырды.

1949 жылы  Жапонияның экспорты 1934-1936 жылдармен салыстырғанда 16% - ті ғана, импорт – 29%-ті құраса, бұл көрсеткіш италияда экспорт - 85% импорт -119%, батыс германияда –46 және 100% құрады.

1950 жылға дейін өнеркәсіп өндірісін қалпына келтіру, жеңіл өнеркәсібінің өсуін озу жағдайында жүрді. Осылайша 1947-ден 1950 жылға дейін жеңіл өнеркәсібінің үдемелі салмағы 25,6 –дан 37,1%-ке дейін көбейді, ал ауыр өнеркәсібінде 34,8-ден 42,6%-ке түсіп кетті. Осы кезеңде өнеркәсіп өндірісінің жалпы мөлшерінде текстиль өнеркәсібінің үлесі 7,3 –тен 23,3%-ке, азық-түлік өнеркәсібінде 8,7-ден 12,5%-ке көбейіп машина жасау өнеркәсібіндегі өнімнің үлесі болса керісінше 20,4-тен 14,1%-ке дейін төмендеп кетті. Ауыр өнеркәсібінде тек қана металлургия өнеркәсіп өнімінің үдемелі салмағы 12,4-тен 16,3%-ке дейін көбейді.

Бұл кезде елдің экономикалық дамуының үшкір мәселесі – инфляцияның өсуі. Ол тек шаруашылықты қалпына келтірудің кедергісі ғана болмай, сонымен жұмысшы және демократиялық қозғалыстары мен әлеуметтік толқындардың күшеуінің маңызды себебі болды.

1949 жылға дейін экономиканы қалпына келтіру  негізінен ірі монополияларға үкіметтік субсидияларды беру және американ көмегін пайдалану жүйесі бойынша жүрді. Бірақ мұндай шаралардың уақытша ғана маңызы болды. Осындай жағдайда үкімет өндірісті ұлғайту үшін өнеркәсіпке қаржыны көп бөлген сайын инфляция  өсуінің  күшеюі қалыптасты.

Осы кезеңде  Жапонияның іскер топтары, американ көмегіне сүйене отырып, мемлекеттік қаржыны пайдалану есебінен өздеріне  үлкен инфляциялық табыс беріп отырған механизмді өзгертуге белсенділікті артпады. Оккупацияның алғашқы жылдарында АҚШ Жапонияны өзінің потенциялды жауы және бақталасы ретінде әлсіретуді өз алдына мақсат етіп қойған да, оккупациялық үкімет Жапонияның  экономикалық қалпына келтіру мәселелеріне көп қызығушылығын білдірткен жоқ. Олардың көңілі негізінен саяси мәселелерді шешуге көзделген.

АҚШ-тың саяси бағытының өзгеруі мен Азияда антикоммунисттік бастион ретіндегі  Жапония империалистік өрлеуіне көмуімен байланысты. Жапонияның экономикалық қалпына келтіру мәселелері АҚШ үшін енді алдыңғы дәрежелі  маңызға ие болды. Бұны Американ билеуші топтарының осы бағыттағы белсенді әрекеттері дәлелдейді.

Жапониядағы экономикалық тұрақтандыру жағдайының мәселелеріне 1948 жылы қаңтар мен мамыр айларында қорғаныс министрлер Рйяль мен Джонсонның сөйлеген сөздерінде  және осы жылдың маусым, желтоқсан айларында басылып шыққан “экономикалық он принцип” және “төлем ақының үш принципі” атты жобалар ұсынылған.  Одан басқа 1948 жылы  желтоқсан айының аяғында Жапониядағы оккупациялық әскери штабына тоғыз баптан тұратын Жапонияның экономикалық тұрақтандыру жоспарын мүлтіксіз орындап іске жүргізу жөнінде американ  үкіметінің бұйрығы болды, оның мақсаты  алдындағы қарауда көрсетілгендей “жапон экономикасын  шығындарын эффективті пайдалану” болды. Осы қарауға сәйкес жапон үкіметінің алдында мынадай міндеттер қойылды:

1) Мемлекеттік бюджетті тепе-теңдікке келтіру;

2) Салықты көбейту;

3) Субсидияларды беруді қатаң түрде шектеу;

4) Төлем ақылы тұрақтандыру;

5) Бағалардың үстінен бақылау орнату;

6) Сыртқы саудада және шетел валюта саудасында бақылауын күшейту;

7) Экспортты кеңейтуге қажетті материалдармен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту;

8) Жергілікті шикізат пен тауарлардың маңызды түрлерінің өндірісін ұлғайту;

9) Азық-түлік тасымалдау  жүйесін жақсарту.

Жапон экономикасын қалпына келтіруінің американдық жоспардың қарапайым баптар тізімінен көрініп тұрғандай, оны жүзеге асыру Жапонияның халық бұқарасының өмір сүру дәрежелеріне үлкен соққы  беретіні мәлім. Осы баптардың ішінде салықты  көбейту, және бағалардың өсуіне әкелетін үкіметтік субсидияларды шектеу еңбекшілердің  жағдайларын да көрінуі мүмкін болатын.

1949 жылы ақпан айында Жапонияға көрнекті  американ финансисті, Детройт банкінің бастығы Джозеф Додж келді. Оған арнайы жапон экономикасын тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыру тапсырылды. Оның айтуынша: “осы миссияның басты міндеті, жапон экономикасын аяққа тұрғызу болып табылады.

Жоспарды жүзеге асыру үшін Додж экономиканы қалпына келтіру жолындағы кедергі болып тұрған инфляцияны жою қажеттігін айтты. Осы кезде елдегі инфляция өндірістің төмен дәрежесімен үкіметтің өнімсіз үлкен шығындардың нәтижесінен туды. Яғни бұдан өту үшін фабриканттарға берілетін мемлекеттік субсидияларды қысқартып, қаржы жүйесін  тұрақтандыру қажет болды.

1949 жылы 20 наурызда Додж жапон қаржы министрі Икэдаға 1949/1950 қаржы жылына мемлекеттік бюджеттің жобасын ұсынды бұнда жапон экономикасының “өз алдында дербестікке және тұрақтандыруға жету” жоспары қаралған. Бюджетті тұрақтандыруына жету үшін шығындарды қысқартып кірісті ұлғайту бойынша бір қатар қатаң шаралар жоспарланды:

Ең алдымен Катаяма кабинеті кезіндегі көмір, болат, темір, мыс т.б. Маңызды өнімдерін  өндірісін қалпына келтіру мен бағаларды ұстап тұруға арналған үкіметтік субсидияларды ұстап тұруға арналған үкіметтік субсидияларды алып тастап, орнына үкімет банкілерге мемлекеттік қазынадан қаржы бөліп, өнеркәсіптің маңызды салалардың компанияларына өздерінің жауапкершілігімен банкілердің кредит беру міндеті қойылды.

Доджтың ұсынысы бойынша көмек ретіндегі  американ тауарлары, енді мемлекеттік  бюджетке емес, ірі компанияларға берілетін ұзақ мерзімді кредитке арналған эквиваленттік қорға әкелінетін болды. Бұл қордың құрылуы, тариоа мен эроа қорлары бойынша, американ көмегін алмастырды.

“Доджтың жүйесі” жапон экспортының ұлғайтуына да бағытталды. Жапон экономикасын қалпына  келтіруіне белсенді бағыт алған американ билеуші топтары, өздерінің монополистік капиталының экспансионистік мүддесін қалыптастырып, жапонияның АҚШ-тан экономикалық тәуелдігін бекітуіне ұмтылды.

Осылайша 1949 жылы 14 қаңтардағы жарлығында Макартур жапон үкіметінен жапонияда  шетелдіктердің еркін жүруіне, жапон меншіктерін алуына, олардың іс-әрекеттерінің аумағын кеңейту және шетел инвестицияларына еркіндікті қамтамасыз ету талап етілді. Осыған байланысты шетел капитал салулары жөнінде декрет қабылданды, ол бойынша американ капиталының жапон экономикасына еңуіне қолайлы жағдай туды.

Осыдан кейінАҚШ-тың билеуші топтары  жапон монополияларының экономикалық  күшеюіне көмектесудің басты міндеті болып табылған “доджтың жүйеін” белсенді іске жүргізуді. Кейін Доджтың антиинфляциялық саясаты, инфляцияны тереңдету саясатына айналды. “доджтың жүйесін” жүзеге асыруымен байланысты бір қатар шаралар көптеген өнеркәсіп салаларының қиын қаржы жағдайын қалыптастырды.  

Үкіметтік субсидияларды алып тастау жағдайында кәсіпкерлер, өндірісті “рационалдандыру”  есебінен, табысты қамтамасыз етуіне ұмтылды. Бұндай  “рационалдандыру”, техниканы жақсарту және жабдықтарды жаңарту жолмен емес керісінше негізінен еңбек жағдайын нашарлатумен интенсификацияны күшейту, жаппай жұмыстан шығару, төлем ақыны төмендету мен заказдар төлемдерінің тоқтап қалу т.б. Жолдармен жүргізілді. Осылайша АҚШ пен Жапонияның билеуші топтары экономиканы қалпына келтіруді халық бұқараның мойынына ілу ұмытылысы жұмыссыздықтар сонының  және әр-түрлі тауарларына бағалардың күрт өсуіне, төлем ақының төмендеуіне әкелді.

ІІІ. Қазіргі кездегі Қазақстан мен Жапонияның саяси экономикалық байланысы

Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-экономикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді.

Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да.

Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-Министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ.  

       Қазірге кезде сарапшылардың айтуы бойынша Жапон экономикасы құлдырау үстінде. Өткен жылдың соңғы үш айында елдің Ішкі жалпы өнімі 2010 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда 2,3 пайызға азайған. Өндірістің кері кетуіне дағдарысқа ұрынған Еуропада жапондық тауарлараның өтпей жатқаны себеп. Сонымен қатар, биыл су тасқыны жайлаған Тайландтан өндіріске қажетті құрал-жабдықтардың дер кезінде жетпеуі де Күн Шығыс елінің шаруашылығын шатқаяқтатып отыр. Оның үстіне жапон иені қымбат, сондықтан, шетелдіктерге бұл мемлекеттен тауар сатып алу аса тиімді емес.

Қорытынды

     Жапонияның ақырғы жылдардағы экономикалық өсуінің қалыптасуы басқа капиталистік мемлекетердегі шаруашылық жағдайымен бір деңгейде болмады.

    Жапония компаниялары өзінің ұтқыр экономикалық саясатының арқасында көптеген кедергілерді жоя отырып,ауызбен толтырып айтарлықтай нақты нәтижелерге қол жеткізді. Екі мәрте қайталанған дағдарысқа қармастан ,мұнай шикізатына тиесілі қымбат бағаларды арзанға  түсіріп қана қоймай,әлемдік рынокта  өздерінің тауарларына қатысты қызушылығын арттыра түсті. Сол себепті,Жапонияда жұмыссыздық азайып, өндірісте түрлі түрлі заманауи технологиялар мен  құралдарды белсенді қолданылды. Негізгі ақпараттарды сақтағыш құралдарды,сандық басқару жүйесі бар автоматтандырылған станоктарды,өнеркәсіпте роботтарды өз мүдделеріне пайдалана білу кеңінен өріс алды.

Жапонияның осылай қарқынды,тоқтаусыз өсуінің   бірден бір себебі  техникалық прогресс пен білім деңгейінің дамуына басты назардың көп мөлшерде бөлунуі. Осының нәтижесінде пайда болған мүмкіндіктерді пайдаланып,зауыт пен фабрикалар жаңа өнімдердің жаппай өндіргіш қурып,шығара бастады. Жапония көміртегі талшықтары, әлемге әйгілі роботтарымен,бүкіл дүние жүзінің мемлекеттерінің әлем рыногындағы көшбасшылық позицияларына қауіп төндіруіне мүмкіндік берді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның осылай жылдам экономикалық бой көтеруі барлық мемлекеттерге тылсым әрекет болып көрінді.

Әрбір жапондық «бірлік түбі – тірлік» деген ұранды ұстанғандай,бірігіп қосқан ірі үлесі маңызды факторы болып табылады. Ел арасында жаңа бір сезім пайда болып,талпыныс пен таза  еңбектің арқасында жаңа жетістікерге жетті. Ұлттың өнеркәсіптің тез өсуі де осы істелген істердің нақты дәлелі болды.

Осылай Жапония «жоқтан барды жасаған» экономикасы мен саясаты мықты дамыған елге айналды. Өзімнің деректеріме сүйене отырып, Жапония мемлекетінің тұрақты даму процесінің бірнеше себебін бөліп айтқым келіп отыр:

Біріншісі ол-өндірісте жұмыс күшін дұрыс пайдаланып,оларға қажетті қанағаттандырарлық жағайлар жасап,компанияның ішкі жүйесіне жаңа элементтер енгізіп,ұжымдастырудың ерекше түрін қолданды. Осы сәтті қадам нәтижесінде,Жапония көп жағдайда батыс елдер компанияларын басып озып отырды.

Екіншісі ол-индустриалды дамыған елдердің соғыстан кейінгі,құлыдырауға айналған жағдайы Жапония үшін тиімді мүмкіндік туғызды. Осы сәтті пайдаланып,Жапония дер кезінде шаруашылығын және экономикалық өсу қарқының,еңбек бөлінудің халықаралық жүйенің қайта құруы  мен тереңдетуін қолға алды.

Үшіншісі  – Жапония сол кездегі техникалық даму саласында  Батыстың техникалық жетістіктерін сараптап өзінің жеке потенциалын құрып  АҚШ пен Еуропаның  сұраған жабдық-құралдар мен лицензияларын сату туралы өтініштерін фирмалары арқылы қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта жапон экономикасы өз елінде де, шет елдерде де жаулау күшін жоғалтты. Долларға қатысты иена бағамының төмендеуі мен онымен байланысты әлемдік нарықтағы жапон тауарларының бақталастығының жоғарлауына  қарамастан басталған экспорт өсудің қарқынын қысқаруы – басты себебі болып табылады. Жапонияның сыртқы саудадағы қиыншылығы, барлық өнеркәсіпті дамыған елдерді қамтыған әлемдік капиталистік  шаруашылығының депрессивті жағдайына, соның ішінде іскер белсенділігінің төмендеуінің әсерінен болған халықаралық экономикалық қатынастарында  шиеленісуінің күшеюін көрсетеді.

Пайдаланған әдебиеттер :

1. Певзнер я.а., петров д.в. «Япония. Серия: экономика и политика стран  современного капитализма» м., «мысль», 1975 г. 454 с.

2. Ильина к.а. «японский капитал на азиатских рынках» м.,  «наука», 1966 г. 146 с.

3. Вербицкий с.н., попов в.а. «история Японии» 1945 – 1975 г.г. М., «мысль», 1978 г.504 с.

4. Лукьянова м.и., Власов в.а. «экономика современной Японии» сб.стат. М.,   «наука», 1974 г. 320 с.

5. Мильнер б.з., рогопина с.а., олейник и.с. «Японский  парадокс» м., «наука»,    1985 г. 264 с.

6. Кутаков л.н. «очерки новейшей истории  японии 1918 – 1963 г.гг.» м.,         

     «просвещение», 296 с.

 7.  Добровинский б.н. «Япония: проблемы эффективности  экономики» м., «наука»,     1975г. 335 с.

  

                                     

            

                             




1. РЕФЕРАТ Современное течение и лечение инфекционного эндокардита Выполнил- студент 408 группы IV
2.  В9~270~64155520кбит-с
3. Акушерська справа Комплексний кваліфікаційний іспит ЕКЗАМЕНАЦІЙНИЙ БІЛЕТ 1 І
4. Тема 2 Рынок ~ основная среда маркетинга Рынок ~ это не только общеэкономическая категория присущая в то
5. ночных охотников это просто невыносимо
6. варіант відповіді та відкидаючи інший Ви цим саме тільки проявляєте власну індивідуальність
7. 15 Плат Арис Эпик Стоики Упр 1 Платон 1 Внимательно прочитайте текст Найдите в нём 3 ошибки их нумеровать В
8. ЖАСФЕНДИЯРОВ АТЫНДА~Ы ~АЗА~ ~ЛТТЫ~ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬН
9. Facilities of placing of tourists
10. спиралью и ~структурой представлены следующие белки.html