Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~лшеу біры~~айлы~ы дегенді ~алай т~сінесіз ~лшем біры~~айлы~ы ~лшеу д~лдігі ~ажетті сенімділік ы~тимал

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.11.2024

Экзаменационный билет № _1_

1.Өлшеу бірыңғайлығы дегенді қалай түсінесіз

Өлшем бірыңғайлығы- өлшеу дәлдігі қажетті сенімділік ықтималдығына ие және  өлшеу нәтижелері заңдастырылған өлшеу бірліктерімен көрсетілген өлшеу процессінің сипаттамасы.Өлшембірыңғайлығы өлшеу қателігі белгіленген мөлшермен айқындалып, нәтижесі заңдастырылған өлшем бірліктерімен көрсетілген өлшеу жағдайы. Әр түрлі жерде, әр түрлі уақытта, әр түрлі әдіс пен өлшеу құралдарын қолданып алынған өлшеу нәтижелерін салыстыру үшін өлшем бірліктері қажет. Метрологияның басты мақсаты өлшем бірлігі мен қажетті дәлдікті қамтамасыз ету.

Өлшем бірлігін (бірыңғайлығын) қамтамасыз ету (ӨБҚ) –өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік стандарттармен, басқа да нормативтік құжаттармен тағайындалған, өлшеу бірегейлігіне қол жеткізуге және оны қолдауға бағытталған заңдастырылған актілеріне, ережелер мен нормаларына сәйкес метрологиялық қызметтің іс-әрекеті.

2. Стандарттар түрлері

Стандарт - уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен бекiтiлген, көп мәрте және ерiктi пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат. Стандарттар түрлері: негізқалаушы стандарттар; өнім, қызмет стандарттары (услуги); жұмыс, процес стандарттары; бақылау, сынау, талдау әдістері стандарттары. Негіз қалаушы стандарттарды ғылым, техника және өндірістің түрлі саласындағы іс-әрекеттің өзара байланысы және техникалық бірыңғайлығын қамтамасыз ету мақсатымен дайындайды. Өнім, қызмет стандарты өнімнің, қызметтің нақты бір түріне немесе біртекті өнімдер, қызметтер топтарына қойылатын талаптарды бекітеді.  Жұмыс, процес стандарттары өнімнің өмірлік циклының түрлі кезеңдерінде жүргізілетін нақты жұмыс түрлеріне қойылатын талаптарын тағайындайды..

Бақылау, сынау, талдау әдістері стандарттары өнім стандартында берілген міндетті талаптарды жанжақты және толығымен бағалауды қамтамасыз ететін бақылау әдістемесін қолдануды ұсынады.

3. ҚР міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізімі

ҚР міндетті сертификаттауға жататын, сәйкестік декларациясымен сәйкестігі расталатын тауар мен қызмет түрлерінің тізімдері Мемстандарт ұсынуымен ҚР өкіметінің қаулысымен регламенттеледі және арнайы реестрде тіркеледі. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізіміне машинажасау, электротехника, прибор жасау, медициналық техника, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тауарлары, шикізат пен ағаш өңдеу өнімдері, демалу ағзаларын қорғау құралдары, таралар, пиротехникалық бұйымдар, ветеринарлық биологиялық препараттар кіреді. Көрсетілетін қызмет тізіміне жолаушы тасымалдау, байланыс, туристік және экскурсиялық, сауда, қоғамдық тамақтану кіреді.

Міндетті сертификаттау заң мен заңнамалық ережелер негізінде жүзеге асырылады және өнімнің (процестің, қызметтің) техникалық регламент пен стандарттардың талаптарына сәйкестігінің дәлелдерін қамтамасыз етеді. Міндетті сертификаттау қауіпсіздік, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталғандықтан, міндетті сертификаттау қауіпсіздік пен экологияның тазалығын қамтамасыз ету болып табылады.  

ҚР заңнамаларымен бекітілген міндетті сертификаттау – сертификаттау міндетті талап етілетін өнім мен қызметті сертификаттау жүйесі. Көбіне міндетті сертификаттау адамдардың, олардың мүліктері мен қоршаған орта қауіпсіздігіне әсер ететін өнімдерге қолданылып, міндетті сертификат рәсімделеді. Өнімді сертификаттау түрлі сертификаттау сұлбаларын қамтиды.  

Экзаменационный билет №  2_

1. Өлшеу қателіктері, өлшеу құралының диапазоны

Өлшеу қателіктері - өлшеу кезінде алынған X'- мәні мен өлшенген шаманың Q- нақты мәнінің айырмасы. Өлшеу қателігі ∆, ∆═X'-Q  формуласымен анықталады. Өлшеу қателіктері өлшеу әдістері мен құралдарының жетілмегендігінен, бақылау шартының тұрақсыздығынан, бақылаушы тәжірибесінің жетіспеуінен және оның сезім органдарының ерекшеліктерінен құралады. өлшеу қателігі – физикалық шаманың шын мәні мен өлшеу нәтижесінде алынған мән арасындағы азғантай айырмашылық.Өлшеу құралдарының диапазоны – шама мәндерінің аймағы, оның шектерінде өлшеу құралдарының шақтамалы қателік шектері мөлшерленген.

2. Стандарттаудың негізгі принциптері мен әдістері

Стандарттау принциптерінің негізгі түрлері мен әдістері; 1.Мүдделі жақтардың қызығушылығын жетілдіруші, дайындаушы, ұсынушы және өнімді (қызмет) тұтынушы консенсусқа келуі. Стандарттау жұмысына қатысушылар, өнімді дайындаушы қызметті орындаушының мүмкіндігін бір жағынан ескере отырып консенсус табу қажет. 2. Жүйелік және кешендік стандарттау.Кешендік стандарттаудың мәні талап етілген уақыт аралығында өнімнің сапа деңгейін экономика жағынан тиімді ету үшін өзара жұмыс жасайтын факторларды жүйелеу, оңтайландыруды қамтамасыз ететін стандарттау.

3.Динамикалы және өркендеуді озып кету стандарттары. Стандарттар елдің шаруашылығында бар өмір сүріп жатқан заңдылықтарды модельдейтіндігі бізге белгілі. Сондықтан стандарттар өзгерістерге бейімделуі тиіс. Динамикалық стандартқа өзгеріс енуіне байланысты, НД өзгеруіне байланысты периодты тексерумен қамтамасыз етеді. 4.Стандарттың тиімділігі. НД қолдану эколномикалық және әлеуметтік тиімділік беруі қажет. Тікелей экономикалық тиімділікті стандарт береді, яғни ресурстарды үнемдеу, техникалық және ақпараттық үйлесімділік стандарттың сенімділігінің артуы болады. Халықаралық тәжірибені стандарт жасауда қолдану мемлекет үшін 10 есе тиімді екенін көрсетеді. 5.Стандартты жетілдіру артықшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өнімнің (қызметтің) өзараауыстырымдылығын және үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мақсат халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету жолымен пайда болады, және мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын сақтау және регламенттеу жолдарын іске асыру арқылы жүзеге асады. 6.Үнденстіру принципті. Бұл принцип үндестірілген стандарттарды жетілдіруді қарастырады. Құжаттардың бірдейлігін қамтамасыз ететін қандайда бір объектіге жататын, бірақ стандарттау біздің еліміздің ұйымында қабылданған.

3. Сертификаттау кезіндегі инспекциялық тексеру мәселелері неде

Сертификаттау кезінде инспекциялық тексеру жүргізеді, тексеруге мыналар кіреді: сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау; инспекциялық тексеру жүргізу үшін комиссия ұйымдастыру; тексеру жүргізу;тексеру нәтижелерін рәсімдеу және шешім қабылдау.Инспекциялық тексерудің көлемі мен мерзімділігін сертификаттау органы сертификатталған қызметтің жағдайы мен сапасының тұрақтылығына байланысты анықтайды, бірақ жылына бір реттен кем емес.Көрсетілетін қызмет сапасына шағымдану туралы ақпарат бірнеше рет түссе, кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізіледі.

Экзаменационный билет № _3_

1. Метрологияның Қазақстандағы даму тарихы.

Қазақстан метрологтары 2003 жылы Қазақстан метрологиясының 80 жылдығын атап өтті. Өлшемдер мен өлшеу техникасының Қазақстандағы даму тарихы Россияда метрологияның құрылу және даму кезеңдерімен тығыз байланысты. 1923 жылы Қазақстан жерінде Омбы тексеру палатасының Семей бөлімі ашылып, аспаптардың қолдануға жарамдылығын анықтау міндеті қойылды.1992 жылға дейін ССРО-да барлық 17 өлшеу түрінен өлшеу бірегейлігін метрологиялық институт қамтамасыз етіп, метрология саласындағы стандарттар мен нормативтік құжаттарды да зерттеп шығарумен айналысатын. 1993 жылы 18 қаңтарда, егеменді Қазақстан өлшеу деңгейін сақтау үшін, Халық эталондық қорын және стандарттар мен нормативті құжаттарды құру және ары қарай дамыту үшін Өкімет «Өлшеу бірегейлігі туралы» заңды қабылдады.1994 жылдан бері Қазақстан – Халықаралық заңды метрология ұйымының толық құқұқты мүшесі; қазіргі кезде – ИСО мүшесі және ТМД елдері қол қойған «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясат жүргізу туралы келісімнің» қатысушысы.

2. ҚР МТРЖ нормативтік негізін қандай құжаттар құрайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі негіз қалаушы стандарттары келесі құжаттардан тұрады:

  1.  ҚР СТ 1.0-2000 «ҚР МСЖ  Негізгі жағдайлар».
  2.  ҚР СТ 1.1-2000 «ҚР МСЖ Стандарттау және аралас қызмет түрлері. Терминдер және анықтамалар»
  3.  ҚР СТ 1.2-2002 «ҚР МСЖ Мемлекеттік стандарттарды өңдеу тәртібі».
  4.  ҚР СТ 1.3-2000 «ҚР МСЖ Техникалық жағдайларды мемлекеттік тіркеу, бекіту, келістіру және өңдеу тәртібі».
  5.  ҚР СТ 1.4-99 «ҚР МСЖ Фирмалар стандарттары. Негізгі жағдайлар».
  6.  ҚР СТ 1.5-2000 «ҚР МСЖ Стандарттардың мазмұнына, мағынасына, құрылуына және безендірілуіне қойылатын жалпы талаптар»
  7.  ҚР СТ 1.6-96 «ҚР МСЖ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттарының  тұп нұсқасы мен көшірмелерін есептеу, сақтау және қайта шығару тәртібі»
  8.  ҚР СТ 1.7- 98 «ҚР МСЖ Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау»”.
  9.  ҚР СТ 1.9- 99 «ҚР МСЖ Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша халықаралық, аймақтық және ұлттық нормативті құжаттарды пайдалану тәртібі».
  10.  ҚР СТ 1.12-2000 «ҚР МСЖ Мәтіндік нормативті құжаттар».
  11.  ҚР СТ 1.14-2000 «ҚР МСЖ Ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа қоғамдық ұйымдардың стандарттары».

3. Сертификаттау обьектілері

Сертификаттау объектілері. Сертификаттау жұмыстарын жүргізу үшін  келесі шарттар орындалуы тиіс- сертификаттау объектілері анықталуы;

- талаптарына сәйкестігін анықтауға арналған нормативтік құжаттардың түрлері мен категориялары бекітілуі;

- сәйкестікті растайтын сынақтарды жүргізу реті мен ережелері қалыптастырылуы;

- сертификаттау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалуы, яғни сәйкес салада аккредиттелген сертификаттау органы мен сынақ зертханалары болуы.

Сертификаттау объектілері өнім, көрсетілетін қызмет, процесстер, жұмыстар және сапа жүйелері(өндіріс).

Экзаменационный билет №  4_

1.  Метрологияның негізгі тарауларының сипаттамасы.

Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заңдастырылған, қолданбалы (тәжірибелік).Теориялық метрология – метрологияның негізін, жаңа бірліктер жүйесін, физикалық өзгермейтін жаңа өлшеу әдістерін зерттеумен айналысатын тарауы.Заңдастыру метрологиясы мемлекетімізде қолданылатын өлшеу әдістеріне, өлшеу құралдарына және өлшеу зертханаларына қойылатын мемлекеттік талаптарды тағайындайды.Қолданбалы метрология теориялық метрологияның өңдеулерінің іс жүзінде қолданылуын және заңдастыру метрологиясының шараларын жүзеге асыру жұмыстарын атқарады. Өнім мен шикізаттың саны мен сапасы туралы, өндірістік және технологиялық процесстер туралы ақпарат бар уақытта қажет.Ғылыми – техникалық прогресті ары қарай дамыту үшін, метрология өзінің дамуында, ғылым мен техниканың басқа салаларына қарағанда көш ілгері жүріп отыруы керек, өйткені нақты өлшемдер олардың дамуының бір жолы болып есептелінеді.

2. ИСО мақсаттары мен міндеттері.

Халықаралық стандарттау ұйымы 25 мемлекеттің ұлттық стандарттау ұйымдарының қолдауымен 1946ж. Лондонда ООН шешімімен құрылды, іс жүзінде жұмысы 1947 ж. басталды. ИСО іс-әрекеті электротехника және электроника саласынан басқа саланың бәрін қамтиды. Электротехника және электроника саласы Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) құзырлығында. Кейбір жұмыстарды бірігіп те істейді. ИСО стандарттаудан басқа сертификаттау жұмыстарымен де айналысады. ИСО құрамында бүгінде 146 (2003 жылғы ақпарат бойынша) мемлекеттің ұлттық стандарттау ұйымдары кіреді.ИСО-ның басшы және жұмыс органдары: Бас ассамблея (жоғарғы орган), Кеңес, Техникалық басқару бюросы. Жұмыс органдары – техникалық комитеттер (ТК), подкомитеттер (ПК), техникалық кеңесші топтар (ТКГ). ИСО Кеңесіне 7 комитет бағынады: ПЛАКО (техникалық бюро), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерделеу комитеті); КАСКО (сәйкестікті бағалау комитеті); ИНФКО (ғылыми-техникалық ақпараттар комитеті); ДЕВКО (дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету комитеті); КОПОЛКО (тұтынушылар мүддесін қорғаушы комитет); РЕМКО (стандарт үлгілер комитеті).

3. Өнімді сертификаттауда қандай сұлбалар қолданылады

Сертификаттау жұмыстары сертификаттау жүйесінде бекітілген сұлбалар бойынша жүргізіледі. Сертификаттау сұлбасы - өнімнің, көрсетілетін қызметтің, сапа жүйесінің сәйкестігін бағалау кезінде үшінші жақтың іс-әрекетінің құрамы мен реті. 1-сұлбаны өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады, өнімнің типтік  үлгісін аккредиттелген сынақ зертханасында сынау қарастырылады, сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады. 2-сұлбаны ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде қолдануға болады.Сертификат мерзімі − 1 жыл. 3-сұлбаны өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн..Сертификат мерзімі—12 ай. 4-сұлбаны өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады. 5 сұлба өнім үлгісіне сынақ жүргізу мен өндірісті сертификаттауға,сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сатушыдан да, өндіріс жағдайының тұрақтылығы мен сапа жүйесінің қызмет жасауына негізделген. 6 сұлба аккредиттелген орган өндірушінің сапа жүйесін сертификаттау қарастырылған жағдайда қолданады.7 сұлба дайын өнім партиясынан таңдап алынған үлгіге, аккредителген сынақ зертханасында сынақ жүргізу қарастырады. 8 сұлба әрбір өндірілген өнімді аккредиттелген сынақ зертханасында сынауды қарастырады. 9 сұлба өндіруші жағынан ілеспе құжаттарға сәйкестігі туралы декларацияны қарастыруға және сертификатты өнімнің жарамдылық мерзіміне беруге негізделген. 10- сұлбаны отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

Экзаменационный билет № _5_

1. Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудің техникалық негізі.

Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудің техникалық негізін:

- шама бірлігінің мемлекеттік эталоны және метрологиялық қызмет қолданатын шама бірлігінің эталоны

- өлшеу құралдары, соның ішінде зат пен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандарт үлгілері құрайды.

2. Ұлттық және халықаралық стандарттау.

Ұлттық стандарт - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт;

Халықаралық стандарт - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт.

3. Сәйкестік сертификаты жұмысының тоқтатылуы немесе жойылуы қандай жағдайларда болады.

Сәйкестікті сертификаттау соңғы кезде ішкі және сыртқы нарықтағы сауданы басқарудағы қуатты құрал. Сәйкестік сертификаты өнімге негізгісі сынақ хаттамасы болатын өнімге берілген құжаттар негізінде, сәйкес салада аккредиттелген сертификаттау органымен беріледі. Бекітілген ретпен таңдап алынған үлгілерге сынақ жүргізу негізінде жасалған сынақ хаттамасын аккредиттелген сынақ зертханасы жасайды. Таңдап алынған сұлба бойынша жасалған барлық процедуралардан кейін оң нәтиже алынған жағдайда Сәйкестік сертификаты өтінім берушіге сәйкестікті растау органымен беріледі. Сәйкестік сертификаты пішімі мен толтырылу реті өкілетті органмен бекітілген нысанда рәсімделеді. Сәйкестік сертификаты сертификат берген ұйымда тіркеледі. Сериялық өнімге сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында қарастырылған мерзімге беріледі. Сәйкестік сертификаты жұмыс жасау әрекеті Қазақстан Республикасының барлық жеріне таратылады. 

Экзаменационный билет №  6_

1. Өзараауыстырымдылық дегенді қалай түсінесіз

Өзараауыстырымдылық деп тетіктің, құрастыру бірлігінің өзі кіретін бұйымның берілген сапасын жоғалтпай,  өз орнына басқа бір тетік немесе құрастыру бірлігін қолдануға болатын қабілетін қамтамасыз ету қасиетін айтамыз. Өзараауыстырымдылықтың белгіленуі – бұйымның тағайындалған сапасын аз заттармен қамтамасыз ету. Өзараауыстырымдылық тетіктері бар бұйымдардың көп біртектес қасиеттері (дәлдік, сенімділік, көпсақталу) бар, сондықтан да олар сапалы. Өзараауыстырымдылықтың мынадай түрлері бар: түгел, бөліктенген, топталған, реттелуге келетін және қиюластырылатын.

2. Сертификаттау саласындағы терминдер мен анықтамаларға қойылатын  халықаралық талаптарды қандай ұйым қалыптастырады.

ҚР СТ «ҚР МТРЖ»

3. Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудің техникалық негізі.

Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудің техникалық негізін:

- шама бірлігінің мемлекеттік эталоны және метрологиялық қызмет қолданатын шама бірлігінің эталоны

- өлшеу құралдары, соның ішінде зат пен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандарт үлгілері құрайды.

Экзаменационный билет № _7_

1. Ішкі және сыртқы өзараауыстырымдылық.

Өзараауыстырымдылықтың қай түрін қолдану өндірістің түріне байланысты: өндіріс көлемі мен бұйым шығару мерзіміне қарай өзараауыстырымдылық түрлерінің сипаттамалары құрастыру бірліктеріне байланысты ішкі және сыртқы өзараауыстырымдылық. Сыртқы өзараауыстырымдылық – сатып алынған және көшірмелі (басқа өздерінен күрделі бұйымға кіретін) бұйымдарды және құрастыру бірліктерінің қолдану көрсеткіштеріне қарай, сондай-ақ қосылатын беттердің өлшемі мен пішіміне қатысты өзараауыстырымдылық. Ішкі өзараауыстырымдылыққа бұйымға кіретін тетіктер, құрастыру бірліктері және механизмдері жатады.

2. Сертификаттаудың негізгі мақсаттары, принциптері.

3. Өлшеу жүргізу әдістемесі.

ӨЖӘ - қабылданған әдіске сәйкес өлшемдер нәтижелерінің, белгіленген дәлдікпен орындалуын бекіткен ережелер мен операциялар жиынтығы. Бұл талаптар ҚР СТ 2.18 -2001. стандартында берілген. ӨЖӘ дегеніміз құжатталынған өлшеу реті. ӨЖӘ қиындығы мен қолданылатын саласына байланысты мынадай түрде беріледі: бөлек құжатта (стандартта, сипаттамада және т.б.); стандарт тарауында; техникалық құжаттың бөлімінде (техникалық шартта, паспортында); бағдарламада және сынақ әдістемесінде; бұйымды қолдану туралы тәсілнамада; технологиялық картада. Құжат ӨЖӘ тағайындамасын, өлшеу шарттарын, өлшеу қателіктерінің талаптарын, өлшеу әдісін, өлшеу құралдарына, көмекші құрылғыларға, материалдарға қойылатын талаптарды, өлшеу нәтижелерін есептеу және өңдеу, операторлардың іскерлік дәрежесіне қойылатын талаптарды, жасалынатын жұмыстардың қауіпсіздігіне және экологиялық тазалығына қойылатын талаптарды қамтиды. ӨЖӘ жасау  жұмыстарына қойылатын негізгі талап, өлшеу дәлдігіне қойылатын талап. Өлшеу дәлдігіне қойылатын шарттың бірі, неғұрлым көп тараған түрі- рұқсат етілген өлшеу қателігі, берілген ықтималдықпен- шек жіберісінің арасында орналасуы.

Экзаменационный билет №  8_

1.  Өзараауыстырымдылық түрлері.

Өзараауыстырымдылықтың мынадай түрлері бар: түгел, бөліктенген, топталған, реттелуге келетін және қиюластырылатын.Өзараауыстырымдылықтың қай түрін қолдану өндірістің түріне байланысты: өндіріс көлемі мен бұйым шығару мерзіміне қарай өзараауыстырымдылық түрлерінің сипаттамалары құрастыру бірліктеріне байланысты ішкі және сыртқы өзараауыстырымдылық. Сыртқы өзараауыстырымдылық – сатып алынған және көшірмелі (басқа өздерінен күрделі бұйымға кіретін) бұйымдарды және құрастыру бірліктерінің қолдану көрсеткіштеріне қарай, сондай-ақ қосылатын беттердің өлшемі мен пішіміне қатысты өзараауыстырымдылық. Ішкі өзараауыстырымдылыққа бұйымға кіретін тетіктер, құрастыру бірліктері және механизмдері жатады.

2. Міндетті және ерікті сертификаттаудың болмысы.

Міндетті және ерікті сертификаттау. Қазақстан Республикасы заңнамасымен міндетті және ерікті сертификаттау түрлері қарастырылған. Өнімнің (процестердің, жұмыстың, қызметтің) сәйкестігін ҚР территориясында растау ерікті және міндетті сипатта. Міндетті сертификаттау  қоршаған ортаның, адам өмірі мен денсаулығын және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнім мен қызметке таратылады. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізіміне машинажасау, электротехника, прибор жасау, медициналық техника, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тауарлары, шикізат пен ағаш өңдеу өнімдері, демалу ағзаларын қорғау құралдары, таралар, пиротехникалық бұйымдар, ветеринарлық биологиялық препараттар кіреді.Ерікті сертификаттауға қауіпсіздік талаптары орындалуға міндетті емес өнімдер жатады. Бірақ сенімділік, эстетикалық көрініс, үнемділік және т.б. сияқты көрсеткіштерді тексеру арқасында ерікті сертификаттау жүргізу нарыққа сапасыз өнімдердің түсуіне тосқауыл болады.  Ерікті сертификаттау ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, өтінім берушілер еркімен өнімнің стандарттар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік құжаттардағы талаптарға сәйкестігін растау мақсатымен жүргізіледі.

3. Стандарттар түрлері.

Стандарт - уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен бекiтiлген, көп мәрте және ерiктi пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат. Түрлері;Стандарттар түрлері: негізқалаушы стандарттар; өнім, қызмет стандарттары (услуги); жұмыс, процес стандарттары; бақылау, сынау, талдау әдістері стандарттары. Негіз қалаушы стандарттарды ғылым, техника және өндірістің түрлі саласындағы іс-әрекеттің өзара байланысы және техникалық бірыңғайлығын қамтамасыз ету мақсатымен дайындайды. Өнім, қызмет стандарты өнімнің, қызметтің нақты бір түріне немесе біртекті өнімдер, қызметтер топтарына қойылатын талаптарды бекітеді.  Жұмыс, процес стандарттары өнімнің өмірлік циклының түрлі кезеңдерінде жүргізілетін нақты жұмыс түрлеріне қойылатын талаптарын тағайындайды.. Бақылау, сынау, талдау әдістері стандарттары өнім стандартында берілген міндетті талаптарды жанжақты және толығымен бағалауды қамтамасыз ететін бақылау әдістемесін қолдануды ұсынады.

Экзаменационный билет № _9_

1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету.

Өлшем бірлігі – нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы

2. Сертификаттау объектілері.

Сертификаттау объектілері. Сертификаттау жұмыстарын жүргізу үшін  келесі шарттар орындалуы тиіс- сертификаттау объектілері анықталуы;

- талаптарына сәйкестігін анықтауға арналған нормативтік құжаттардың түрлері мен категориялары бекітілуі;

- сәйкестікті растайтын сынақтарды жүргізу реті мен ережелері қалыптастырылуы;

- сертификаттау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалуы, яғни сәйкес салада аккредиттелген сертификаттау органы мен сынақ зертханалары болуы.

Сертификаттау объектілері өнім, көрсетілетін қызмет, процесстер, жұмыстар және сапа жүйелері(өндіріс).

3. Стандарттаудың заңнамалық және нормативтік негізі.

ҚР стандарттау бойынша нормативтік құжаттар ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен тағайындалған. Олар: Қахақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары; Мемлекеттік техника-экономикалық ақпараттар жіктеуіштері ТЭА МЖ; Мемлекетаралық стандарттар – ГОСТ, классификаторы техника-экономикалық ақпараттар жіктеуіштері, ережелер және ұсынымдар; Бекітілген ретпен қолданылатын халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар, техника-экономикалық ақпараттар жіктеуіштері,  техникалық шарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік ұсынымдар мен стандарттау бойынша ұсыныстар; Ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары; Ұсынымдар (Р); фирмалық стандарттар; техникалық шарттар (ТУ).

Экзаменационный билет №  10_

1.  Өлшем және шақтама дәлдігі туралы ұғымдар.

Тағайындалуы бойынша өлшемдер, пішімі мен шамасын анықтаушы құрастыру, жинақтау және габариттік өлшемдерге бөлінеді. Құрастыру өлшемдерін тетіктерді беріктік пен қаттылыққа есептеу арқылы анықтаймыз.Сонымен бірге номиналды, нақты және шекті өлшемдер болады. Номиналды өлшем (D, d, l және т.б) –ауытқу  санаудың басы болатын және соған қатысты шекті өлшемдерді анықтайтын өлшемді айтамыз. Нақты өлшем – рұқсат етілген қателікпен өлшеу арқылы анықталған өлшем. Бұл термин тетікті абсолютті дәл өлшеммен жасап шығаруға және өлшеуге мүмкіндік болмаған соң пайда болды.Тетіктің шекті өлшемі – екі шекті рұқсат етілген өлшем, екеуінің арасында тұратын немесе жарамды тетіктің нақты өлшемі тең болатын өлшем. Үлкені – ең үлкен шекті өлшем, кішісі- ең кіші шекті өлшем деп аталынады.

Т шақтама (латын сөзінің Tolеrance – шақтама) деп ең үлкен және ең кіші параметрлердің жіберілген мәнінің айырмасын айтамыз. Ыңғайлы болу үшін шақтаманы график түрінде, шақтама алаңы ретінде көрсетуге болады .Шақтама алаңы – жоғарғы және төменгі ауытқумен шектелген алаң.

2. ҚР сертификаттаудың заңдастырылған және нормативтік негіздерінің  құрылымын түсіндіріңіз.

3. Стандарттау дегеніміз не.

Стандарттау – нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет. Стандарттау мақсаты- қызмет бағытын жетілдіру шарттарын белгілеу, нормалау, ережелеу, сипаттау, орындауды міндетті және ұсынылатын, белгілі бір бағаға сәйкес келетін сапасы бар тауарды тұтынушы сатып алу құқын қамтамасыз ету, сонымен бірге қауіпсіздік және еңбектің талапқа сай болу құқығын қамтамасыз ету.

Экзаменационный билет № _11_

1. Машина жасау саласындағы біріктірулер түрлері.

Машина жасау саласында қолданылатын біріктірулер түйіндесу беттерінің пішіміне байланысты (тегіс цилиндрлік, конустық, жайпақ, бұрандалы, тісті, сфералық) және өзара қозғалу еркіндігі дәрежесі бойынша (ажырамайтын, ажырамалы, қозғалатын) біріктірулерге бөлінеді. Пайдалану талабына сәйкес біріктірулерді жинақтау үшін әр түрлі қондыруларды қолданамыз. Қондыру деп тетіктерді арасында болатын саңылау мен керіліс шамасына қарай  анықтайтын біріктіру сипатын айтамыз. Қондыру біріктірілетін тетіктердің еркін қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды.

2. Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы

3. Стандарттау түрлері және принциптері

Стандарттау принциптерінің негізгі түрлері мен әдістері; 1.Мүдделі жақтардың қызығушылығын жетілдіруші, дайындаушы, ұсынушы және өнімді (қызмет) тұтынушы консенсусқа келуі. 2. Жүйелік және кешендік стандарттау.Кешендік стандарттаудың мәні талап етілген уақыт аралығында өнімнің сапа деңгейін экономика жағынан тиімді ету үшін өзара жұмыс жасайтын факторларды жүйелеу, оңтайландыруды қамтамасыз ететін стандарттау. 3.Динамикалы және өркендеуді озып кету стандарттары. Стандарттар елдің шаруашылығында бар өмір сүріп жатқан заңдылықтарды модельдейтіндігі бізге белгілі. Сондықтан стандарттар өзгерістерге бейімделуі тиіс. Динамикалық стандартқа өзгеріс енуіне байланысты.4.Стандарттың тиімділігі. НД қолдану эколномикалық және әлеуметтік тиімділік беруі қажет. Тікелей экономикалық тиімділікті стандарт береді, яғни ресурстарды үнемдеу, техникалық және ақпараттық үйлесімділік стандарттың сенімділігінің артуы болады. 5.Стандартты жетілдіру артықшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өнімнің (қызметтің) өзараауыстырымдылығын және үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 6.Үнденстіру принципті. Бұл принцип үндестірілген стандарттарды жетілдіруді қарастырады.

Экзаменационный билет №  1 2_

1.  Қондырулар түрлері.

Қондыру деп тетіктерді арасында болатын саңылау мен керіліс шамасына қарай  анықтайтын біріктіру сипатын айтамыз. Қондыру біріктірілетін тетіктердің еркін қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды.

Саңылаулы қондыру - біріктіруде арасында саңылау болуын қамтамасыз ететін қондыру. Керілісті қондыру – біріктіруде тетіктер арасында керіліс болуын қамтамасыз ететін қондыру. Ауыспалы қондыру – біріктіруде арасында керіліс те, саңылау да болуын қамтамасыз ететін қондыру(қуыс, білік шақтама алаңдары жартылай немесе түгелжабылып орналасады).

2. Сертификаттау органдарының функциялары.

Сертификаттау функциялары – осы жүйеде орнатылған ережелер бойынша сертификаттау жұмыстарын жүргізуге қатысушылар жиынтығы. Техникалық реттеу жүйесі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өз ережелері мен басқару процедураларын қолданады. Жүйелер ұлттық, мемлекетаралық, аймақтық және халықаралық деңгейде қалыптасады. Сертификаттау процесін құрайтын процедуралар, ережелер, сынаулар және басқа да іс-әрекетті түрлі факторларға байланысты қарастыруға болады. Өкілетті орган өзінің іс-әрекетін ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында бекітілген функциясына сәйкес жүргізеді және өзінің құзыреттілігі шегінде келесі функцияларды орындайды:

- заңнамаға, РК СМЖ талаптарына, ҚР мемстандарт ережелеріне сәйкес сертификаттау процедураларын орнатады;

- біртекті өнімдер (ережелерді, ретті) сертификаттау жүйесін бекітуді жасау және дайындауды ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды басқару мен бағыттау;

- жүйедегі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге қажетті нормативтік құжаттардың қорын жаңарту мен жетілдіру жұмыстарына қатысады.

3. Стандарттау мақсаты

Стандарттау мақсаты- қызмет бағытын жетілдіру шарттарын белгілеу, нормалау, ережелеу, сипаттау, орындауды міндетті және ұсынылатын, белгілі бір бағаға сәйкес келетін сапасы бар тауарды тұтынушы сатып алу құқын қамтамасыз ету, сонымен бірге қауіпсіздік және еңбектің талапқа сай болу құқығын қамтамасыз ету.

Экзаменационный билет № _13_

1. Шақтама мен қондыру жүйесі дегеніміз не.

Шақтама және қондыру жүйесі деп шақтамалар мен қондырулардың заңдылықпен  тәжірибе, теориялар және эксперименттер негізінде құрылған және стандарт түрінде жасалған тізбектер жиынтығын айтамыз.Шақтама (латын сөзінің Tolеrance – шақтама) деп ең үлкен және ең кіші параметрлердің жіберілген мәнінің айырмасын айтамыз. Ыңғайлы болу үшін шақтаманы график түрінде, шақтама алаңы ретінде көрсетуге болады. Қондыру деп тетіктерді арасында болатын саңылау мен керіліс шамасына қарай  анықтайтын біріктіру сипатын айтамыз. Қондыру біріктірілетін тетіктердің еркін қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды.

2. Сертификаттау жүйесінің негізгі қатысушыларын атаңыз.

Сертификаттау жүйелері – осы жүйеде орнатылған ережелер бойынша сертификаттау жұмыстарын жүргізуге қатысушылар жиынтығы. Техникалық реттеу жүйесі сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өз ережелері мен басқару процедураларын қолданады. Сертификаттау жүйесі басқаруды да, процедураларды да өзінің ережелерімен жүзеге асыратын жүйе. ҚР сертификаттау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу үшін Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі құрылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі (ҚР МТРЖ) – ҚР сертификаттау мен аккредиттеу жұмыстарын жүргізу ретін орнататын, сертификаттау саласы бойынша жұмыстарды өз құзыреттілік шегінде жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалар жиынтығы

3. Қазақстандағы стандарттаудың нормативтік базасының дамуы.

Қазақстанда стандарттаудың құқұқтық негізі 2004 жылдың 9 қарашасында бекітілген ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен тағайындалған. Заңның ережелерін мемлекеттік басқару органдары, меншігіне қарамастын шаруашылық іс-әрекет субъектілері және қоғамдық ұйымдар орындауға міндетті.Қазақстан Республикасындағы алғашқы стандарттаудың құқықтың негізі 1993 жылы «Сертификаттау және стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының заңында бекітілген. «Стандарттау және серификаттау туралы заң» 1998 жылы Қазақстанның өркендеуіне және нарықтық-реформаның жүруіне байланысты қайта қаралып, ҚР «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданды және ол 2003жылы 10 маусымда өзгертіліп толықтырылған. Бұл заң стандарттау саласында қоғамдық байланысты қадағалап, мемлекеттік стандарттықжүйе және мемлекетті қорғау шараны және тұтынушының шығарылған өнімнің сапасылық сұрақтарына жауап беру және өңдеу қызметін ұсыну және стандарттың нормативтік құжаттарын пайдалануды қарастырады.

Экзаменационный билет №  14_

1.  Шақтама мен қондыруды таңдау әдістері.

Қазіргі кезде шақтама мен қондыру таңдаудың үш әдісін қолданады.Ұқсама әдісі жобалаушы бір типтес, немесе бұрын жасалынған, қазіргі уақытта пайдалануда жүрген машиналардан, жобаланатынға ұқсас құрастырма бірліктерін тауып, сол жердегідей шақтама мен қондыру тағайындайды.Тәріздес (ұқсас) әдісі негізі ұқсама әдісінің ары дамуы. Ол әдіс машина тетіктерін құрылымы және пайдалану белгісі бойынша, қондыруларды қолдану мысалдары келтірілген анықтама басылымдарын шығару арқасында туындады. Бұл әдіспен шақтама мен қондыру таңдау үшін, кітәпта көрсетілген белгіге сәйкес жобаланатын құрастыру бірлігінің құрылымдық белгісі мен пайдалану шарттарының ұқсастығын пайдаланады.Есептеу әдісі шақтама мен қондыру таңдаудың нағыз негізделген әдісі болып саналады. Бұл әдіспен машина, немесе басқа да бұйымдарды құрылымдау кезінде тетікке, құрастыру бірлігіне және бұйымға бүтіндей қойылатын, пайдалану-құрылымдық талаптардың бәріне жауап бере алатындай квалитетті (дәлдік дәрежесіндей) шақтама мен қондыруды таңдаймыз.

2. Сертификаттау нәтижесін өзара мойындау қалай жүргізіледі

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде импортталатын өнімге қатысты келесі іс-реттері бекітілген: келісімге қатысушылар-ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттарын мойындау; Қазақстан Республикасы Мемстандартымен аккредиттелген шетелдің сертификаттау бойынша органдарының берген шетел сертификаттарын мойындау; сертификат ұстаушысы болып келетін заңды тұлға немесе сертификат беруші сертификаттау органымен расталған, келісімге қатысушылар-ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттар көшірмесін мойындау; Қазақстан Республикасы ТР МЖ бекітілген талаптарға сәйкес өнімді сертификаттау.

3. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңының мақсаты

Қазақстанда стандарттаудың құқұқтық негізі 2004 жылдың 9 қарашасында бекітілген ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен тағайындалған. Заңның ережелерін мемлекеттік басқару органдары, меншігіне қарамастын шаруашылық іс-әрекет субъектілері және қоғамдық ұйымдар орындауға міндетті. Техникалық реттеудiң нeгiзгі мақсаттары: 1) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, соның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 3) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу; 4) саудадағы техникалық кедергiлердi жою; 5) өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.

Экзаменационный билет № _15_

1. Білік жүйесіндегі және қуыс жүйесіндегі қондырулар

Қуыс жүйесіндегі (СО) қондыру және білік жүйелеріндегі (СВ) қондырулар алдын ала шамаланған. Қуыс жүйесіндегі қондыруларда әр түрлі саңылаулар мен керілістер әр түрлі біліктердің негізгі қуыспен бірігуінің арқасында пайда болады да, Н деп белгіленеді. Білік жүйесіндегі қондырулар әр түрлі саңылаулар мен керілістер әр түрлі қуыстардың негізгі білікпен бірігуінен пайда болып, h деп белгіленеді жүйесіндегі барлық қондырулар үшін қуыстың төменгі ауытқуы EI=0, негізгі қуыстың шақтама өрісінің жоғарғы шегі нольдік сызықпен беттеседі. Білік жүйесіндегі барлық қондырулар үшін біліктің жоғарғы ауытқуы es=0, біліктің шақтама өрісінің жоғарғы шегі нольдік сызықпен беттеседі. Қуыс пен білік жүйелерін құрылымдық және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты таңдайды.

2. ТМД елдерінің сертификаттау саласындағы іс-әрекетін қандай құжат анықтайды.  Өзара мойындау шарттары.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде импортталатын өнімге қатысты келесі іс-әрекеттері бекітілген: 1) келісімге қатысушылар-ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттарын мойындау;2)сертификат ұстаушысы болып келетін заңды тұлға немесе сертификат беруші сертификаттау органымен расталған, келісімге қатысушылар-ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттар көшірмесін мойындау;.

3. Сертификаттау сұлбасы дегеніміз не 

Сертификаттау жұмыстары сертификаттау жүйесінде бекітілген сұлбалар бойынша жүргізіледі. Сертификаттау сұлбасы - өнімнің, көрсетілетін қызметтің, сапа жүйесінің сәйкестігін бағалау кезінде үшінші жақтың іс-әрекетінің құрамы мен реті. Ерікті сертификаттау кезінде өтінім берішінің таңдауы бойынша алынған стандарт, немесе басқада нормативтік құжаттардың талаптарына өнімнің сәйкестігі расталады. Барлығы оншақты сертификаттау сұлбалары бар.Өнімді сертификаттауда негізгі 8 сұлба және қосымша 9-шы мен 10-шы сұлбалар қолданылады. Қолданыста жиі кездесетіні 2, 3, 7, 9.

Экзаменационный билет №  16_

1.  Қызметтік шақтаманы қалай түсінесіз.

Қызметтік  және шақтамалар рұқсат етілген пайдалану көрсеткіштерімен бұйым жұмыс істей алатындай ең үлкені болуы керек. Шақтама мен қондырудың біртұтас жүйесі (МЕСТ 25346-89, СТ СЭВ 145-88) дәлдік деңгейлерін 20 дәлдік квалитеттерімен есептелінеді. Дәлдік дәрежесі  бұйым жасауға берілетін шақтама шамасын анықтайды, ол дегеніміз машина тетіктерін өңдеуге сәйкес әдістер мен өңдеу құралдарына берілетін шақтама.

2. Өнімді сертификаттауда қандай сұлбалар қолданылады

Сертификаттау жұмыстары сертификаттау жүйесінде бекітілген сұлбалар бойынша жүргізіледі. Сертификаттау сұлбасы - өнімнің, көрсетілетін қызметтің, сапа жүйесінің сәйкестігін бағалау кезінде үшінші жақтың іс-әрекетінің құрамы мен реті. 1-сұлбаны өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады, өнімнің типтік  үлгісін аккредиттелген сынақ зертханасында сынау қарастырылады, сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады. 2-сұлбаны ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде қолдануға болады.Сертификат мерзімі − 1 жыл. 3-сұлбаны өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн..Сертификат мерзімі—12 ай. 4-сұлбаны өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады. 5 сұлба өнім үлгісіне сынақ жүргізу мен өндірісті сертификаттауға,сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сатушыдан да, өндіріс жағдайының тұрақтылығы мен сапа жүйесінің қызмет жасауына негізделген. 6 сұлба аккредиттелген орган өндірушінің сапа жүйесін сертификаттау қарастырылған жағдайда қолданады.7 сұлба дайын өнім партиясынан таңдап алынған үлгіге, аккредителген сынақ зертханасында сынақ жүргізу қарастырады. 8 сұлба әрбір өндірілген өнімді аккредиттелген сынақ зертханасында сынауды қарастырады. 9 сұлба өндіруші жағынан ілеспе құжаттарға сәйкестігі туралы декларацияны қарастыруға және сертификатты өнімнің жарамдылық мерзіміне беруге негізделген. 10- сұлбаны отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

3. Стандарттар түрлері

Стандарт - уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен бекiтiлген, көп мәрте және ерiктi пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат. Түрлері;Стандарттар түрлері: негізқалаушы стандарттар; өнім, қызмет стандарттары (услуги); жұмыс, процес стандарттары; бақылау, сынау, талдау әдістері стандарттары. Негіз қалаушы стандарттарды ғылым, техника және өндірістің түрлі саласындағы іс-әрекеттің өзара байланысы және техникалық бірыңғайлығын қамтамасыз ету мақсатымен дайындайды. Өнім, қызмет стандарты өнімнің, қызметтің нақты бір түріне немесе біртекті өнімдер, қызметтер топтарына қойылатын талаптарды бекітеді.  Жұмыс, процес стандарттары өнімнің өмірлік циклының түрлі кезеңдерінде жүргізілетін нақты жұмыс түрлеріне қойылатын талаптарын тағайындайды.. Бақылау, сынау, талдау әдістері стандарттары өнім стандартында берілген міндетті талаптарды жанжақты және толығымен бағалауды қамтамасыз ететін бақылау әдістемесін қолдануды ұсынады.

Экзаменационный билет № _17_

1. Сертификаттау үрдісінің негізгі кезеңдері.

2. Қондырулар түрлері

Қондыру деп тетіктерді арасында болатын саңылау мен керіліс шамасына қарай  анықтайтын біріктіру сипатын айтамыз. Қондыру біріктірілетін тетіктердің еркін қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды.

Саңылаулы қондыру - біріктіруде арасында саңылау болуын қамтамасыз ететін қондыру. Керілісті қондыру – біріктіруде тетіктер арасында керіліс болуын қамтамасыз ететін қондыру. Ауыспалы қондыру – біріктіруде арасында керіліс те, саңылау да болуын қамтамасыз ететін қондыру(қуыс, білік шақтама алаңдары жартылай немесе түгелжабылып орналасады). 

3. Стандарттарды жасау реті

Техникалық комитеттің жұмысы стандартты жасауға өтінім алудан басталады. Өтінімде нормативтік құжатты жасау қажеттілігінің негіздемесі болуы тиіс, немесе бұрын жасалған стандарт жобасында қоса беруге болады. Өтінімдер негізінде ҚР Мемстандарты Қазақстанның стандарттау бойынша мемлекеттік жылдық жоспарын құрады.

Стандарт жасау жұмыстары 6 кезеңнен тұрады: 1)стандартты жасау жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық тапсырма құру(жасаушы ұйым немесе ТК); 2)стандарт жобасын жасау және оны пікірге жіберу; 3)пікірлерді талдау және соңғы нұсқасын жасау;4)стандартты дайындау, ұсыну және бекітуге ҚР Мемстандартына жіберу;5)Қарастыру, бекіту және тіркеу, Мемстандартта қарастырылады, бекітіледі және тіркеледі; 6)Стандартты басып шығару.

Экзаменационный билет №  18_

1. Сертификаттау субъектілері

2. Стандарттау және сертификаттау саласындағы сұрақтарды ҚР қандай заңы  реттейді.

Қазақстан Республикасындағы алғашқы стандарттаудың құқықтың негізі 1993 жылы «Сертификаттау және стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының заңында бекітілген. «Стандарттау және серификаттау туралы заң» 1998 жылы Қазақстанның өркендеуіне және нарықтық-реформаның жүруіне байланысты қайта қаралып, ҚР «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданды және ол 2003жылы 10 маусымда өзгертіліп толықтырылған. Бұл заң стандарттау саласында қоғамдық байланысты қадағалап, мемлекеттік стандарттықжүйе және мемлекетті қорғау шараны және тұтынушының шығарылған өнімнің сапасылық сұрақтарына жауап беру және өңдеу қызметін ұсыну және стандарттың нормативтік құжаттарын пайдалануды қарастырады.

3. Өлшеу жүргізу әдістемесі

ӨЖӘ - қабылданған әдіске сәйкес өлшемдер нәтижелерінің, белгіленген дәлдікпен орындалуын бекіткен ережелер мен операциялар жиынтығы. Бұл талаптар ҚР СТ 2.18 -2001. стандартында берілген. ӨЖӘ дегеніміз құжатталынған өлшеу реті. ӨЖӘ қиындығы мен қолданылатын саласына байланысты мынадай түрде беріледі: бөлек құжатта (стандартта, сипаттамада және т.б.); стандарт тарауында; техникалық құжаттың бөлімінде (техникалық шартта, паспортында); бағдарламада және сынақ әдістемесінде; бұйымды қолдану туралы тәсілнамада; технологиялық картада. Құжат ӨЖӘ тағайындамасын, өлшеу шарттарын, өлшеу қателіктерінің талаптарын, өлшеу әдісін, өлшеу құралдарына, көмекші құрылғыларға, материалдарға қойылатын талаптарды, өлшеу нәтижелерін есептеу және өңдеу, операторлардың іскерлік дәрежесіне қойылатын талаптарды, жасалынатын жұмыстардың қауіпсіздігіне және экологиялық тазалығына қойылатын талаптарды қамтиды. ӨЖӘ жасау  жұмыстарына қойылатын негізгі талап, өлшеу дәлдігіне қойылатын талап. Өлшеу дәлдігіне қойылатын шарттың бірі, неғұрлым көп тараған түрі- рұқсат етілген өлшеу қателігі, берілген ықтималдықпен- шек жіберісінің арасында орналасуы.

Экзаменационный билет № _19_

1. Қондырулар түрлері

Қондыру деп тетіктерді арасында болатын саңылау мен керіліс шамасына қарай  анықтайтын біріктіру сипатын айтамыз. Қондыру біріктірілетін тетіктердің еркін қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды.

Саңылаулы қондыру - біріктіруде арасында саңылау болуын қамтамасыз ететін қондыру. Керілісті қондыру – біріктіруде тетіктер арасында керіліс болуын қамтамасыз ететін қондыру. Ауыспалы қондыру – біріктіруде арасында керіліс те, саңылау да болуын қамтамасыз ететін қондыру(қуыс, білік шақтама алаңдары жартылай немесе түгелжабылып орналасады).

2. Стандарттау  бойынша нормативтік құжаттар

ҚР стандарттау бойынша нормативтік құжаттар ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен тағайындалған. Олар:Қахақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары; Мемлекеттік техника-экономикалық ақпараттар жіктеуіштері ТЭА МЖ; Мемлекетаралық стандарттар – ГОСТ, классификаторы техника-экономикалық ақпараттар жіктеуіштері, ережелер және ұсынымдар; Бекітілген ретпен қолданылатын халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар, техника-экономикалық ақпараттар жіктеуіштері,  техникалық шарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік ұсынымдар мен стандарттау бойынша ұсыныстар; Ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары; Ұсынымдар (Р); фирмалық стандарттар; техникалық шарттар (ТУ).

3. Орындауға міндетті стандарттаудың нормативтік құжаты

Қазақстанда стандарттаудың құқұқтық негізі 2004 жылдың 9 қарашасында бекітілген ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен тағайындалған. Заңның ережелерін мемлекеттік басқару органдары, меншігіне қарамастын шаруашылық іс-әрекет субъектілері және қоғамдық ұйымдар орындауға міндетті. Техникалық реттеудiң нeгiзгі мақсаттары: 1) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, соның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 3) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;4) саудадағы техникалық кедергiлердi жою; 5) өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.

Экзаменационный билет №  20_

1.  Штангенциркуль қандай шаманы өлшейді

Геометриялық шамаларды. Негізгі өлшеу аспаптары – штанген құралдар, микрометрлер, шеткі мөлшерлер, калибрлер, нутромерлер, өлшегіш бастиектер, бұрыш өлшегіштер.

2. Өнімді (көрсетілетін қызметті, процестерді, жұмыстарды) ерікті  сертификаттаудың мәні мен мазмұны.

Ерікті сертификаттауға қауіпсіздік талаптары орындалуға міндетті емес өнімдер жатады. Бірақ сенімділік, эстетикалық көрініс, үнемділік және т.б. сияқты көрсеткіштерді тексеру арқасында ерікті сертификаттау жүргізу нарыққа сапасыз өнімдердің түсуіне тосқауыл болады.  Ерікті сертификаттау ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, өтінім берушілер (өндірушілер, сатушылар, орындаушылар) еркімен өнімнің (қызметтің) стандарттар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік құжаттардағы талаптарға сәйкестігін растау мақсатымен жүргізіледі. Ерікті сертификаттау заңды немесе жеке тұлға қалауы бойынша  өтінім беруші мен сертификаттау органы арасындағы келісім шарт негізінде жүргізіледі.

3. Қызметті сертификаттауда қандай сұлбалар қолданылады

Қызметті сертификаттау – Қазақстан Республикасында жаңадан қолданыла бастаған сала. Қызметті сертификаттаудың негізгі принциптері өнімді сертификаттау принциптерімен бірдей, олар: міндеттілік пен еріктік, үшінші жақпен сәйкестікті бағалау, сертификаттау органдарын аккредиттеу, сәйкестік сертификатын беру. 1 сұлба – жұмыс жағдайын, нормативтік және технологиялық құжаттарды білу, жұмыс тәжірибесі, кәсіпқойлықты көтеру туралы мәліметтер, қызмет нәтижесін таңдап тексеру. 2 сұлба  - екі тәсілмен іске асатын қызмет көрсетілу процесін бағалауды қарастырады: технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайын тексеру. 3 сұлба – қызмет нәтижесін толық тексеру, қызмет нәтижесін таңдап тексеру арқылы инспекциялық тексеруді қарастырады. 4 сұлба – кәсіпорынды аттестаттау және инспекциялық тексеруді қарастырады. 5 сұлба – сапа жүйесін сертификаттау мен оның жұмыс жасау тұрақтылығын инспекциялық тексеру қарастырады.

Экзаменационный билет № _21_

1. Шекті өлшем

Тетіктің шекті өлшемі – екі шекті рұқсат етілген өлшем, екеуінің арасында тұратын немесе жарамды тетіктің нақты өлшемі тең болатын өлшем. Үлкені – ең үлкен шекті өлшем, кішісі- ең кіші шекті өлшем деп аталынады. Оларды қуыс үшін Д,  Д , ал білік үшін d, d деп белгілейміз. Тетіктің нақты өлшемі мен шекті өлшемін салыстыру, оның жарамды, жарамсыздығын көрсетеді

2. Өнімді міндетті сертификаттау кезінде қандай құжаттар толтырылады

Міндетті сертификаттау заң мен заңнамалық ережелер негізінде жүзеге асырылады және өнімнің (процестің, қызметтің) техникалық регламент пен стандарттардың талаптарына сәйкестігінің дәлелдерін қамтамасыз етеді. Міндетті сертификаттау қауіпсіздік, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталғандықтан, міндетті сертификаттау қауіпсіздік пен экологияның тазалығын қамтамасыз ету болып табылады. ҚР заңнамаларымен бекітілген міндетті сертификаттау – сертификаттау міндетті талап етілетін өнім мен қызметті сертификаттау жүйесі. Көбіне міндетті сертификаттау адамдардың, олардың мүліктері мен қоршаған орта қауіпсіздігіне әсер ететін өнімдерге қолданылып, міндетті сертификат рәсімделеді. Өнімді сертификаттау түрлі сертификаттау сұлбаларын қамтиды.  

3. Өлшем үшін квалитет нені анықтайды

Өлшеу дәлдігі – үлгі өлшеу құралдарының жіктелуін анықтайтын, қателікке кері физикалық шаманың сандық мәні.Квалитет (дәлдік дәрежесі) – барлық номиналдық өлшемдер үшін бір дәлдік деңгейіне сәйкес деп қарастырылатын шақтамалар жиынтығы. Өлшеу құралдарын дәлдік көрсеткіші бойынша өте жоғары, жоғары, орташа және төмен дәлдікті деп бөлуге болады

Экзаменационный билет №  22_

1. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау процедурасы

Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне әсер етуші, қызметті атқару технологиясы мен қызмет көрсету жағдайына өзгерістер енгізу кезінде өтінім беруші жаңа сынақтар мен тексерулер жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын, сертификат берген органға хабарлауы қажет. Қазақстан Республикасындағы алғашқы стандарттаудың құқықтың негізі 1993 жылы «Сертификаттау және стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының заңында бекітілген. «Стандарттау және серификаттау туралы заң» 1998 жылы Қазақстанның өркендеуіне және нарықтық-реформаның жүруіне байланысты қайта қаралып, ҚР «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданды және ол 2003жылы 10 маусымда өзгертіліп толықтырылған. Бұл заң стандарттау саласында қоғамдық байланысты қадағалап, мемлекеттік стандарттықжүйе және мемлекетті қорғау шараны және тұтынушының шығарылған өнімнің сапасылық сұрақтарына жауап беру және өңдеу қызметін ұсыну және стандарттың нормативтік құжаттарын пайдалануды қарастырады.

2. Өнім мен қызметті ерікті сертификаттау кезінде қандай құжаттар толтырылады

Қызметті сертификаттаудың негізгі принциптері өнімді сертификаттау принциптерімен бірдей, олар: міндеттілік пен еріктік, үшінші жақпен сәйкестікті бағалау, сертификаттау органдарын аккредиттеу, сәйкестік сертификатын беру. Ерікті сертификаттауға қауіпсіздік талаптары орындалуға міндетті емес өнімдер жатады. Бірақ сенімділік, эстетикалық көрініс, үнемділік және т.б. сияқты көрсеткіштерді тексеру арқасында ерікті сертификаттау жүргізу нарыққа сапасыз өнімдердің түсуіне тосқауыл болады.  

3. Техникалық өлшеу құралдарының топтары

Техникалық өлшеу құралдары 3 негізгі топтарға бөлінеді: 1. Мөлшер – бұл берілген мөлшерлі физикалық шаманы қайталау жаңғырту үшін арналған өлшеу құралы (ӨҚ). Бірмәнді мөлшер – бір мөлшердің (кіртас) физикалық шамасын жаңғыртады. Көпмәнді мөлшер - әртүрлі мөлшерлі (сызғыш) біраттас шамалар қатарын жаңғыртады.Стандарттық үлгі – бұл заттың қасиетін немесе құрамын сипаттаушы шама бірліктерін жаңғыртуға арналған мөлшер. Үлгілі зат – бұл бекітілген арнайы құжатта көрсетілген дайындаудың шарттарын сақтау кезінде жаңғыртылатын белгілі қасиеттері бар зат. 2. Калибрлер - өздерімен өлшемдердің берілген шекараларында тетіктердің беттері мен формаларының өзара орналасуын бақылау мен табуға арналған құрылғыларды ұсынады. 3. Әмбебап ӨҚ кейбір диапазонда нақты өлшемді анықтайды, мұнымен олар өлшемнің берілген диапазонда жатуын ғана анықтай алатын калибрлерден ажыратылады.

Экзаменационный билет № _23_

1.Өнімнің тағайындалған талаптарға сәйкестігін көрсететін Мемлекеттік              сертификаттау жүйесінің ережелерімен берілген құжат.

2. Өлшеу қателіктері, өлшеу құралының диапазоны

Өлшеу қателіктері - өлшеу кезінде алынған X'- мәні мен өлшенген шаманың Q- нақты мәнінің айырмасы. Өлшеу қателігі ∆, ∆═X'-Q  формуласымен анықталады. Өлшеу қателіктері өлшеу әдістері мен құралдарының жетілмегендігінен, бақылау шартының тұрақсыздығынан, бақылаушы тәжірибесінің жетіспеуінен және оның сезім органдарының ерекшеліктерінен құралады. өлшеу қателігі – физикалық шаманың шын мәні мен өлшеу нәтижесінде алынған мән арасындағы азғантай айырмашылық.Өлшеу құралдарының диапазоны – шама мәндерінің аймағы, оның шектерінде өлшеу құралдарының шақтамалы қателік шектері мөлшерленген.

3. Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері, функциялары

Стандарттау принциптерінің негізгі түрлері мен әдістері; 1.Мүдделі жақтардың қызығушылығын жетілдіруші, дайындаушы, ұсынушы және өнімді тұтынушы консенсусқа келуі. 2. Жүйелік және кешендік стандарттау. 3.Динамикалы және өркендеуді озып кету стандарттары. 4.Стандарттың тиімділігі. НД қолдану эколномикалық және әлеуметтік тиімділік беруі қажет. 5.Стандартты жетілдіру артықшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өнімнің өзараауыстырымдылығын және үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 6.Үнденстіру принципті. Бұл принцип үндестірілген стандарттарды жетілдіруді қарастырады. Стандарттаудың функцияларды; Реттелу функциясы- берекесіз әралуан объектілерді болдырмау. Әлеуметтік функциясы - өнім тұтынушыларды, дайындаушы және мемлекеттің қауіпсіздігін, барлық адамзаттың табиғаты цивилизацииялық техногендік әсерден қоғаумен қамтамасыз етуге көрсетеді. Қор сақтау функциясы – материалдық энергетикалық, еңбектік және табиғи ресурстар НД негізінде шығынын шектеулігін келістіреді. Коммуникативті функция – адамдар арасындағы байланыс пен араласуды қамтамасыз етеді, дәлірек айқанда мамандардың құжаттың құрамдар, аппараттық қолдану анықтайды. Цивилизациялық функциясы - өнімнің сапасын жоғарылатуды және өмірдегі қызмет сапасынның құрамын жақсарту жолы болып табылады. Ақпараттық функция – стандарттау өндірістік материалмен, ғылымммен, техниканы және нормативтік құжаттың сфераны, эталон өнімлерімен, үлгі-эталон өнімдерімен ақпараттарымен қамтамасыз етеді. Құқықты қолдану және творчествалық нормалар функциясы стандарттау объектілерінің талаптарын заңдандыру міндетті стандарт формасында қолдану болып табылады.

Экзаменационный билет №  24_

1.  Өлшем және шақтама дәлдігі туралы ұғымдар

Өлшем –арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шама мәнін табу. Шақтама (латын сөзінің Tolеrance – шақтама) деп ең үлкен және ең кіші параметрлердің жіберілген мәнінің айырмасын айтамыз. Ыңғайлы болу үшін шақтаманы график түрінде, шақтама алаңы ретінде көрсетуге болады

2. Стандарттауда орындалатын жұмыстар. Жүйелеу, кодтау және жіктеу

Стандарттау кезінде жасалған жұмыстарды пайдалану, әртүрлі машиналар, агрегаттар, құрылғыларды жобалау және өндіру процестерін жақсартуға, жаңа бұйымдарды игеруге қажет уақытты үнемдеуге және сапа тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Жүйелеуде объектердің өзара байланысын ескеру қажет. Жүйелеудің қарапайым түрі объектерді алфавитке сәйкес орналастыру. Кодтар көмегімен объектілерді аз уақыт ішінде, аз белгілер көмегімен  сәйкестендіру қамтамасыз етіледі. Объектерді сәйкестендіретін белгі сандарын азайту ақпаратты жинау, есептеу, сақтау, өңдеуде тиімділікті арттыруға ат салысады. Жіктеу - қабылданған ережелерге сәйкес анықталған нышаны негізінде көптеген объектілерді айырмашылығы және ұқсастығы бойынша жіктеме топтарына бөлу.

3. Өнімнің сапа талаптарына сәйкестігін тағайындау қалай аталады.

Экзаменационный билет № _25_

1. ҚР қандай заңы сертификаттау саласының құқықтық базасын қалайды

Сертификаттау жұмыстарын басқару сертификаттаудың өкілетті ресми органына жүктелген – АҚ «Сараптау және сертификаттаудың ұлттық орталығы». Өкілетті орган өзінің іс-әрекетін ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында бекітілген функциясына сәйкес жүргізеді және өзінің құзыреттілігі шегінде келесі функцияларды орындайды: заңнамаға, РК СМЖ талаптарына, ҚР мемстандарт ережелеріне сәйкес сертификаттау процедураларын орнатады; біртекті өнімдер (ережелерді, ретті) сертификаттау жүйесін бекітуді жасау және дайындауды ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды басқару мен бағыттау. Сапа жүйесін сертификаттау ҚР МТРЖ нормативтік құжаттарына сәйкес- сапа жүйесі сарапшы-аудиторларының көмегімен сертификаттау органымен жүргізіледі.

2. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері.

3. Өлшеудің негізгі сипаттамалары

Өлшеудің негізгі сипаттамалары:1) өлшеу жүргізілетін әдіс;2) өлшеу принципі;3) өлшеу қателігі;4) өлшеу дәлдігі;5) өлшеу дұрыстығы;6) өлшеу ақиқаттығы. 1) Өлшеу әдісі деп, берілген шаманы өлшеуге қолданылатын тәсіл немесе тәсілдер кешенін айтамыз. 2) Өлшеу принципі - өлшеу негізіне физикалық құбылыс, немесе физикалық құбылыстар жиынтығы  алынған.3) Өлшеу қателіктері - өлшеу кезінде алынған X'- мәні мен өлшенген шаманың Q- нақты мәнінің айырмасы.4) Өлшеу дәлдігі - нәтижелері өлшенетін шаманың нақты мәнге жуықтығын көрсететін өлшеу көрсеткіштері.5) Өлшеу дұрыстығы – нәтижелердің жүйелік қателіктерінің нольге жуықтығын көрсететін.6)  Өлшеу ақиқаттығы – алынған өлшеу нәтижелеріне сенімділік деңгейін көрсететін сипаттама.  

Экзаменационный билет №  26_

1.  Сәйкестік сертификаты жұмысының тоқтатылуы немесе жойылуы қандай  жағдайларда болады.

Сәйкестік сертификаты өнімге негізгісі сынақ хаттамасы болатын өнімге берілген құжаттар негізінде, сәйкес салада аккредиттелген сертификаттау органымен беріледі. Бекітілген ретпен таңдап алынған үлгілерге сынақ жүргізу негізінде жасалған сынақ хаттамасын аккредиттелген сынақ зертханасы жасайды.  Сәйкестік сертификаты пішімі мен толтырылу реті өкілетті органмен бекітілген нысанда рәсімделеді. Сәйкестік сертификаты сертификат берген ұйымда тіркеледі.  Сериялық өнімге сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасында қарастырылған мерзімге беріледі. Сәйкестік сертификаты жұмыс жасау әрекеті Қазақстан Республикасының барлық жеріне таратылады

2. Өлшеудің жіктелуі

Өлшеудің жіктелуі; 1. Өлшеу дәлдігі сипаттамасы бойынша дәлдігі теңдей және дәлдігі теңдей емес.2. Өлшеу саны бойынша өлшеулер бірреттік және көпреттік болып бөлінеді.

Бірреттік өлшеу – бір шаманы бір рет өлшеу. Көпреттік өлшеу – бір немесе бірнеше шаманы төрт және одан көп рет өлшеу. 3. Өлшенетін шаманың өзгеру типіне байланысты өлшеулер статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалық өлшеулер – өзгермейтін тұрақты физикалық шаманы өлшеу.Динамикалық өлшеулер – өзгеріп отыратын, тұрақсыз физикалық шаманы өлшеу.4. Арналуы бойынша өлшеулер техникалық және метрологиялық болып бөлінеді.Техникалық өлшеулер – техникалық өлшеу құралдарымен орындалатын өлшеулер.Метрологиялық өлшеулер – эталондарды қолданып жүргізетін өлшеулер.5. Өлшеу нәтижелерін беру тәсілдері бойынша өлшеулер абсолютттік және қатынасты болады.Абсолютттік өлшеулер – негізгі шаманы тікелей, тура жүргізілетін өлшеу, немесе физикалық константаны пайдалану.Қатынасты өлшеу – бірқалыпты шамалар қатынасы анықталатын, бөлінді салыстырылатын шама.6. Өлшеу нәтижелерін алу әдістері бойынша өлшеулер- тура, жанама, жиынтықты және біріккен деп бөлеміз.

3. Халықаралық және аймақтық стандарттау

Стандарттау – нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет. Халықаралық стандарттау - стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын стандарт.

Экзаменационный билет № _27_

1. Шетелден әкелінетін өнімді сертификаттау және шетел сәйкестік сертификатын  мойындау реті

2. Көрсетілетін қызметтің сандық және сапалық сипаттамалары

Көрсетілетін қызметті сертификаттау заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау, азаматтар денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік бойынша іске асады. Қызметке қойылатын жалпы талаптардың сандық сипаттамаларына күту уақыты, орындалу мерзімін сақтау, қызметкерлер саны мен жабдықтар саны жатады, ал сапалық сипаттамаларға қауіпсіздік, эстетика, ыңғайлылық және т.б. жатады. Сапа жүйесін сертификаттауда: сапа саласындағы саясат; сапаға басшылық; бекітілген талаптарға сапа жүйесі элементтерінің сәйкестігі; сапа жүйесі саласында орнатылған сапа жүйесі мақсатына қол жеткізу тиімділігі  тексеріледі.Сапа жүйесін сертификаттау ҚР МТРЖ нормативтік құжаттарына сәйкес- сапа жүйесі сарапшы-аудиторларының көмегімен сертификаттау органымен жүргізіледі.

3. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары

Өлшеу құралы - өлшеу үшін арналған, нормаландырылған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі уақыт аралығының ішінде мөлшері өзгерісіз қабылданатын (орнатылған қателік шектерінде) шама бірлігін қайталаушы және (немесе) сақтаушы техникалық құрал.Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға - өлшеу құралына нормативтік құжаттармен орнатылатын, өлшеу құралының берілген типінің метрологиялық сипаттарының жиынтығына ие болуы керек. Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы – бұл өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне әсер етуші өлшеу құрал қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы. Өлшеу құралдардың нормаланатын метрологиялық сипаттамалары – бұл нормативтік құжаттармен орнатылатын метрологиялық сипаттамалар.Тәжірибелі анықталатын метрологиялық сипаттамалар өлшеу құралдарының нақты метрологиялық сипаттамалары деп аталады. Әдетте өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары өлшеу құралдарын қолданудың қалыпты және жұмысшы жағдайлары үшін нормаланады.

Экзаменационный билет № 28_

1.  Мұнай-газ жабдықтарының, телекоммуникация құралдарын, құрылыс  материалдары мен конструкцияларын, ағаш өңдеу және теміржол өнімдерін  сертификаттау

Міндетті сертификаттауға жатады. Міндетті сертификаттау  қоршаған ортаның, адам өмірі мен денсаулығын және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнім мен қызметке таратылады. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізіміне машинажасау, электротехника, прибор жасау, медициналық техника, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тауарлары, шикізат пен ағаш өңдеу өнімдері, демалу ағзаларын қорғау құралдары, таралар, пиротехникалық бұйымдар, ветеринарлық биологиялық препараттар кіреді. Көрсетілетін қызмет тізіміне жолаушы тасымалдау, байланыс, туристік және экскурсиялық, сауда, қоғамдық тамақтану кіреді.

2. Эталон дегеніміз не?

Эталон – бұл ерекше арнайыландыру бойынша орындалған және орнатылған тәртіпте ресми бекітілген, салыстырып тексерудің сұлбасы бойынша төменде тұрған өлшеу құралына (ӨҚ) бірлік мөлшерін беру мақсатында оның қайталануы мен сақталуын қамтамасыз етуші өлшеу құралы. Шама бірлігі эталоннан әр тізбекті эталондарға беріледі.

3. Стандарттауда орындалатын жұмыстар. Жүйелеу, кодтау және жіктеу.

Стандарттау кезінде жасалған жұмыстарды пайдалану, әртүрлі машиналар, агрегаттар, құрылғыларды жобалау және өндіру процестерін жақсартуға, жаңа бұйымдарды игеруге қажет уақытты үнемдеуге және сапа тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Жүйелеуде объектердің өзара байланысын ескеру қажет. Жүйелеудің қарапайым түрі объектерді алфавитке сәйкес орналастыру. Кодтар көмегімен объектілерді аз уақыт ішінде, аз белгілер көмегімен  сәйкестендіру қамтамасыз етіледі. Объектерді сәйкестендіретін белгі сандарын азайту ақпаратты жинау, есептеу, сақтау, өңдеуде тиімділікті арттыруға ат салысады. Жіктеу - қабылданған ережелерге сәйкес анықталған нышаны негізінде көптеген объектілерді айырмашылығы және ұқсастығы бойынша жіктеме топтарына бөлу.

Экзаменационный билет № _29_

1. Қазақстандағы автокөлік құралдарын жөндеу қызметтерін сертификаттау

Міндетті сертификаттауға жатады. Міндетті сертификаттау  қоршаған ортаның, адам өмірі мен денсаулығын және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнім мен қызметке таратылады. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізіміне машинажасау, электротехника, прибор жасау, медициналық техника, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тауарлары, шикізат пен ағаш өңдеу өнімдері, демалу ағзаларын қорғау құралдары, таралар, пиротехникалық бұйымдар, ветеринарлық биологиялық препараттар кіреді. Көрсетілетін қызмет тізіміне жолаушы тасымалдау, байланыс, туристік және экскурсиялық, сауда, қоғамдық тамақтану кіреді.

2. Стандарттауда орындалатын жұмыстар

Стандарттау кезінде жасалған жұмыстарды пайдалану, әртүрлі машиналар, агрегаттар, құрылғыларды жобалау және өндіру процестерін жақсартуға, жаңа бұйымдарды игеруге қажет уақытты үнемдеуге және сапа тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Жүйелеуде объектердің өзара байланысын ескеру қажет. Жүйелеудің қарапайым түрі объектерді алфавитке сәйкес орналастыру. Кодтар көмегімен объектілерді аз уақыт ішінде, аз белгілер көмегімен  сәйкестендіру қамтамасыз етіледі. Объектерді сәйкестендіретін белгі сандарын азайту ақпаратты жинау, есептеу, сақтау, өңдеуде тиімділікті арттыруға ат салысады. Жіктеу - қабылданған ережелерге сәйкес анықталған нышаны негізінде көптеген объектілерді айырмашылығы және ұқсастығы бойынша жіктеме топтарына бөлу.

3. Метрология объектілері

Метрология - өлшеу, өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және қажетті дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым. «Метрология» деген термин екі грек сөзіне келіп тіреледі: metron, аудармада «өлшем», және logos – «ғылым». Метрологияның дамуы XX ғасыр соңына келді және ол жаңа технологиялармен тығыз байланыста. Метрология объектілерін ажыратуымыз қажет:1) шамаларды өлшеу бірліктері;2) өлшеу құралдары;3) өлшеу жүргізу әдістемелері және т.б.

Экзаменационный билет №  30_

1.  Стандарттарды жасау реті.

Техникалық комитеттің жұмысы стандартты жасауға өтінім алудан басталады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-техникалық қоғамдар, кәсіпорындар, фирмалар, кәсіпкерлер өздерінің тіркелген стандарттау объектілеріне сәйкес ТК өтінімдерін береді.  Өтінімде нормативтік құжатты жасау қажеттілігінің негіздемесі болуы тиіс, немесе бұрын жасалған стандарт жобасында қоса беруге болады. Өтінімдер негізінде ҚР Мемстандарты Қазақстанның стандарттау бойынша мемлекеттік жылдық жоспарын құрады.

Стандарт жасау жұмыстары 6 кезеңнен тұрады:  стандартты жасау жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық тапсырма құру;стандарт жобасын жасау және оны пікірге жіберу;  пікірлерді талдау және соңғы нұсқасын жасау;   стандартты дайындау, ұсыну және бекітуге ҚР Мемстандартына жіберу;  Қарастыру, бекіту және тіркеу, Мемстандартта қарастырылады, бекітіледі және тіркеледі; Стандартты басып шығару.

2.  ҚР ерікті сертификаттауға жататын өнімдердің тізімі.

Ерікті сертификаттауға қауіпсіздік талаптары орындалуға міндетті емес өнімдер жатады. Бірақ сенімділік, эстетикалық көрініс, үнемділік және т.б. сияқты көрсеткіштерді тексеру арқасында ерікті сертификаттау жүргізу нарыққа сапасыз өнімдердің түсуіне тосқауыл болады.  Ерікті сертификаттау ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, өтінім берушілер еркімен өнімнің стандарттар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік құжаттардағы талаптарға сәйкестігін растау мақсатымен жүргізіледі. Ерікті сертификаттау заңды немесе жеке тұлға қалауы бойынша  өтінім беруші мен сертификаттау органы арасындағы келісім шарт негізінде жүргізіледі. Ерікті сертификаттау объектілері: өндірістік техникалық, әлеуметтік тұрмыстық) өнімдері; материалдық, материалдық емес қызметтері; қиратпай тексеру, материалдық байлықты бағалау, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру және т.б. сертификаттау қызметкерлері

3. Өлшеу құралдары, олардың сипаттамалары және жіктелуі

Мөлшерленген метрологиялық қасиеттері бар қолданбалы техникалық құралдарды өлшеу құралдары дейміз. Техникалық өлшеу құралдары 3 негізгі топтарға бөлінеді: 1. Мөлшер – бұл берілген мөлшерлі физикалық шаманы қайталау жаңғырту үшін арналған өлшеу құралы (ӨҚ). Бірмәнді мөлшер – бір мөлшердің физикалық шамасын жаңғыртады. Көпмәнді мөлшер - әртүрлі мөлшерлі біраттас шамалар қатарын жаңғыртады.Стандарттық үлгі – бұл заттың қасиетін немесе құрамын сипаттаушы шама бірліктерін жаңғыртуға арналған мөлшер. Үлгілі зат – бұл бекітілген арнайы құжатта көрсетілген дайындаудың шарттарын сақтау кезінде жаңғыртылатын белгілі қасиеттері бар зат. 2. Калибрлер - өздерімен өлшемдердің берілген шекараларында тетіктердің беттері мен формаларының өзара орналасуын бақылау мен табуға арналған құрылғыларды ұсынады. 3. Әмбебап ӨҚ кейбір диапазонда нақты өлшемді анықтайды, мұнымен олар өлшемнің берілген диапазонда жатуын ғана анықтай алатын калибрлерден ажыратылады.

13

Начало формы

Конец формы




1. ЛЬВІВСЬКА ПОЛІТЕХНІКА КРИМІНАЛЬНЕ ПРАВО ЧАСТИНА 4 МЕТОДИЧНІ РЕКОМЕНДАЦІЇ щодо практи
2. 2 DMC 603 Crnberry ~ 2
3. Методика розвитку мовлення і навчання елементів грамоти для студентів денної форми навчання 1 1
4. ccording to English scientists Henry Sweet clssified this periods re connected with the development of English endings
5. При нефроптозе III степени лоханка расположена на уровне поясничного позвонка 1
6. Курсовая работа- Проблемы застенчивости в подростковом и юношеском возрасте
7. Маркес ГГ Сто лет одиночества
8. Хронический интерстициальный нефри
9. 81 со степенями точности от 3 до 12
10. МОСКОВСКИЙ ФИНАНСОВОЮРИДИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ МФЮА
11. Национальные лики духовного
12. нравственное воспитание подростков на основе изучения Евангелие и параллельного повторения важных тем осно.html
13. Тематика и распределение часов Тема Лекции Практика
14. Тема- Капитальный ремонт звеньевого пути на деревянных шпалах с постановкой на щебень и укладкой рел
15. ВВЕДЕНИЕ Сегодня вопросы международного морского права в Российской Федерации приобретают новое значе
16. Менеджмент Потребность и необходимость управления в деятельности человека
17. Империя и местное самоуправление идеология реформ в русском Туркестане в конце XIX начале XX вв
18. Охорона праці Які закони належать до законодавчої бази з охорони праці Що Ви знаєте про Закон У
19. Достижения философии в решении экологических проблем
20. Упрощенная система налогообложения.html