У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~атынасты~ ~орытындысын не деп атаймыз Кедендік ба~ылау органдарында бас~ару ж~йесі Бас~ару механизімі

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 3.2.2025

  1.  Басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру жолмен кеден органдарының кеден қызметкерлеріне ақпараттық әсер ету процессі деп нені айтамыз? Кедендік бақылау органдарында басқару
  2.  Кедендік бақылау органдарында басқару субъектілеріне кімдер жатады? басқару шешмдерді қабылдау, қарамағындағы қызметкерлеріне және әріптестеріне талаптар қою және олардың орындалуын талап етуге құзыреті бар барлық бастықтар
  3.  Басқару субъектісі, басқару объктісі және олардың арасындағы қарым-қатынастың қорытындысын не деп атаймыз? Кедендік бақылау органдарында басқару жүйесі
  4.  Басқару механизімі неден құралады? заңдардан, принциптерден, мақсаттардан, әдістерден және басқару функцияларынан
  5.  Кедендік бақылау органдарындағы басқарудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз: Мемлекеттік басқару органының қызметін атқару
  6.  Көрсетілгендердің қайсысы кеден органдарымен жүргізілетін шаралар кешеніне жатқызылады?
  7.  Кедендік бақылау органдарын басқару ұғымы: бұл басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру жолмен кеден органдарының қызметкерлеріне ақпараттық әсер ету процессі.
  8.  Кедендік бақылау органдарында басқару объектілеріне кімдер жатады? шешімдерді, бұйрықтарды, тапсырмаларды орындаушылар, кеден ісінің мамандары, ұйымдастыру құрылымдары, технологиялық кедендік процедуралар, кеден органдарына жүктелген функцияларды жүргізу бойынша қызметтің барлық түрлері және басқалары.
  9.  Кедендік бақылау органдарындағы басқару жүйесі қандай компоненттерден тұрады? Басқару механизімі, Басқару құрылымы, Басқару процесі, Басқару жүйесін жетілдіру механизімі.
  10.  Басқару құрылымы неден құралады? басқару органдарын, басқару кадрларын және басқарудың техникалық құралдарын қосады.
  11.  Кедендік бақылау органдарындағы басқарудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз:  Қызметтің соңғы нәтижесіне нақты бағытталған басқару; Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалармен бірге жүйенің ішінде басқару қызметін қолдану; Мемлекеттік басқару органының қызметін атқару; Басқару процесіндегі жеткілікті тәуекел; Басқару процесінің қозғалмалылығы; Басқару шарттарының орынсыз болуы.
  12.  Қазақстан Республикасында қандай кедендік төлемдер түрі қолданылмайды:
  13.  Кедендік алымдарға көрсетілгендердің қайсысы жатпайды? Мыналар жатады:1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; 2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; 3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым
  14.  Салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленетін кедендік баж ставкасының түрі? адвалорлық
  15.  Заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамаларына қарай белгіленетін кедендік баж ставкасының түрі?  ерекшелiкті
  16.  Кедендік баждарды төлеу мерзімін көрсетіңіз: тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінд
  17.  Кедендік баждардың ставкаларын ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік неше күн өткен соң өз күшіне енеді: күнтізбелік отыз күн өткен соң
  18.  Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін қолданылатын ставкалар қай күнмен анықталады: кедендік декларацияны тіркеген күні
  19.  Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкасын төмендету бойынша артықшылықтар беру қалай аталады?   тарифтік преференциялар
  20.  Қандай жағдайда кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету қажет емес:
  21.  Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің түрлеріне жатпайды:
  22.  Қандай жағдайда кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету қажет? 1) кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде; 2) ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша көлік құралдарын тасымалдау кезінде; 3) тауарларды уақытша сақтау кезінде; 4) кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу кезінде; 5) акцизделетін тауарларды қайта экспорттау кезінде; 6) тауарлардың транзиті кезінде; 7) кеден органдарында бар баға ақпаратын қолдана отырып кедендік төлемдер және салықтар салынатын тауарларды шартты шығару кезінде; 8) кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі кезінде; 9) жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту кезінде
  23.  Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны экспортқа сату кезінде қалай айқындалады? нақты төленген немесе төленуге тиісті мәміле бағасының негізінде
  24.  Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізгі әдісін көрсетіңіз: Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле бойынша әдіс
  25.  Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізгі әдісті пайдалану мүмкін болмаған жағдайда қандай әдіс қолданылады? бірдей таарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша;
  26.  Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде мәміле бағасына қандай шығыстар енгізілмейді:
  27.  Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау қағидалары негізделеді: 1994 тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің кедендік мақсаттар үшін тауарларды бақылау жөнінегі принцип
  28.  Бағаланатын тауарды өндіруге байланысты дайындаушы жұмсаған материалдар мен шығындар құнын есептеу арқылы тауардың құнын анықтау, кедендік құнын айқындаудың қандай әдісіне жатады:  Құнды қосу
  29.  Декларант тауарлардың кедендік құнын декларациялауды жүзеге асырған кезде қандай құжат толтырады?
  30.  Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау нысандары және оларды толтыру қағидасы кіммен белгіленеді? КОКШ
  31.  Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы: кедендік бақылау
  32.  Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары қандай принципін негізге алады? іріктеу
  33.  Орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың ... ғана шектеледі нысандарымен
  34.  Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде кеден органдары лауазымды тұлғалары нені қолданылады? Тәуекелдерді басқару жүйесі
  35.  Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары қандай тұлғалармен не ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға болмайды?  
  36.  Кеден органдары өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген бақылаудың қандай түрін жүзеге асыруға құқылы? Экспорттық, валюталық, радиациалық
  37.  Кеден органдары көрстетілген кедендік бақылау түрлерінің қайсысын жүзеге асырмайды?
  38.  Кеден органдары кедендік бақылауды қандай заңнамаға сәйкес жүргізеді? ҚР Заңнамасы мен кеден заңнамасы
  39.  Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды қандай тұлғалар жүргізеді?өздерінің лауазымдық мінтеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге к.о. лауазымды тұлғалары
  40.  Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылауды неге қатысты жүргізуге болмайды?
  41.  Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде қандай мезгілден бастап кедендік бақылауда болады? Кеден одағының кедендік шекарасынан өткен кезден
  42.  Тауарлар мен оларға жасалған құжаттарға кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда мұндай бақылаудың уақыты қандай уақыттан аспауға тиіс? 2 сағаттан аспауға
  43.  Кеден органдары кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кедендік бақылау аймақтарын қандай орындарда құрады?   Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында, ақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және еркін қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары кедендік бақылау аймақтары
  44.  Кедендік бақылау аймақтары кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының  кедендік бақылау аймақтарын құру қандай құжаттың негізінде құрылады?   бұйрық
  45.  Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап қандай уақыт бойы сақтауға тиіс? бес жыл бойы
  46.  Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін қандай уақыт бойы сақтауға тиіс? бес жыл бойы
  47.  Кеден органдары тауарлар шығарылғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап қандай уақыт бойы кедендік бақылауды жүргізе алады? бес жыл бойы
  48.  Кедендік бақылауды жүргізу барысында маманның қатысуы кезінде ол қандай әрекеттер жасауға құқылы?   1) оның қатысуымен жүзеге асырылатын нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты материалдармен танысуға; 2) өзі қатысқан кедендік бақылауды жүргізу кезінде іс-әрекеттер жасау нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және жасаған іс-әрекеттері бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге тиіс өтініштер немесе ескертулер жасауға
  49.  Кедендік бақылауды жүргізу барысында маманның міндетін көрсетіңіз:     1) арнайы білімді талап ететін іс-әрекеттер жасауға қатысуға, жасайтын іс-әрекеттері бойынша түсіндірме беруге;       2) аталған іс-әрекеттер жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға
  50.  Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру деп: радиациялық бақылау
  51.  Кедендік тексеріп қараудан босатылмайтын тұлғаларды көрсетіңіз:  мыналардан басқа
  52.  Кедендік тексеріп қараудан босатылатын тауарларды көрсетіңіз: 1) шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелері және өздігінен жүретін әскери техника;    2) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының арнайы өтініштеріне сәйкес кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін әскери мүлік
  53.  Кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдары кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізуге байланысты сыртқы экономикалық қызметті не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қандай мәліметті алуға құқылы емес?  Мыналар құқылы:   1) заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы;

      2) дара кәсіпкердің не заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы;

      3) кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүліктің құрамы туралы;

      4) ашылған банк шоттары туралы;

      5) сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қызмет туралы;

      6) ұйымның орналасқан жері туралы;

      7) салық төлеушінің салық органында салық төлеуші ретінде есепке тұруы және сәйкестендіру нөмірі туралы;

      8) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген тұлғалардың төлем қабілеттілігі туралы;

       9) жеке тұлғаларға қатысты,  сондай-ақ олардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізу жиілігі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат жинауды жүзеге асыруға

  1.  Кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдары кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізуге байланысты сыртқы экономикалық қызметті не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қандай мәліметті алуға құқылы емес?
  2.  Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының не оның лауазымды адамдарының заңсыз шешімдерінен, әрекеттерінен (әрекетсіздіктерінен) келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ...: толық көлемде өтелуге жатады.
  3.  Кеден органдары лауазымды адамдарының заңды шешімдерінен, әрекеттерінен тұлғаға келтірілген шығындар ...: өтелуге жатпайды.
  4.  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын кеден органдарымен пайдаланудың негізгі мақсатын көрсетіңіз:  Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның тиімділігін арттыру мақсатында
  5.  Кеден органының талабы бойынша декларант, қойма иесі, кеден өкілі және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларға қатысты қандай операцияларды жүргізуге жол берілмейді? Мыналардан басқа: өлшеуді немесе тауарлардың санына өзге де анықтауды, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, зақымданған орамды жөндеуді, орамды ашуды, тауарларды орауды не қайта орауды, сондай-ақ тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашуға
  6.  Кедендік рәсімдердің түрлеріне жатпайтынды көрсетіңіз
  7.  Көрсетілген кедендік рәсімдердің қайсысы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленеді? Еркін қойма
  8.  Көрсетілген кедендік рәсімдердің қайсысы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленеді? Еркін кедендік аймақ
  9.  Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні қандай күн болып саналады? Тауардың шығарылған күні
  10.  Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті кімге жүктеледі? декларантқа
  11.  Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды...  осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді.
  12.  Кеден кодексте белгіленген кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кім жауапты болады? декларант
  13.  Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту оның кедендік рәсімді сақтамағанына байланысты болса және жол берілген сақтамау аталған кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соқса, кедендік рәсімнің қолданылуы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешімнің күшіне енген күнінен кейінгі күннен бастап қанша күннің ішінде аяқталуы тиіс   күнтізбелік он бес күннің ішінде
  14.  «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кеден кодексіне сәйкес қанша кедендік рәсімнің қолдану шарттары көрсетілген? 15
  15.  Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағында оларды  пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерсіз болатын және пайдаланылатын кедендік рәсімді көрсетіңіз: Ішкі тұтыну үшін шығару
  16.  Көрсетілген шарттардың қайсысын орындаған кезде тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылады? 1) егер тарифтік артықшылықтар, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу;       2) шектеулер мен тыйым салуларды сақтау;     3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шаралардың қолданылуына байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды табыс ету шарттары сақталған кезде
  17.  Егер тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырғанда тарифтік артықшылықтар, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу, шектеулер мен тыйым салуларды сақтау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шаралардың қолданылуына байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды табыс ету шарттары сақталған кезде тауарлар қандай мәртебеге иеленеді? КО тауары мәртебесіне
  18.  Кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және одан тысқары жерлерде тұрақты болуға арналған кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз: экспорт
  19.  Бұрын қандай кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кеден органына іс жүзінде көрсетпей экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға жол беріледі? уақытша әкетудің немесе кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен
  20.  Көрсетілген шарттардың қайсысын орындаған кезде тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады?    1) егер кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкету баждарын төлеу;       2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;       3) үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждарын қолдану мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының комиссиясы қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты тауардың шығарылған жері туралы сертификатты табыс ету шарттары сақталған кезде
  21.  Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін ... жоғалтады.
  22.  Тауарлар кеден одағының кедендік аумағы арқылы, оның ішінде кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы, жөнелтуші кеден органынан жеткізілу межеленген кеден органына дейін тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қоспағанда, тыйым салулар мен шектеулерді қолдана отырып, кедендік баждарды, салықтарды төлемей кедендік бақылаумен тасымалданатын кедендік рәсімді көрсетіңіз: кедендік транзит
  23.  Кедендік транзит қандай жағдайда қолданылады?       1) келген жеріндегі кеден органынан кеткен жеріндегі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;       2) келген жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;       3) шетелдік тауарларды, сондай-ақ, егер бұл осы баптың 5-тармағына сәйкес көзделген болса, ішкі кеден органынан кеткен жеріндегі кеден органына дейін кеден одағының тауарларын;       4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;       5) кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы кеткен жеріндегі кеден органынан келген жеріндегі кеден органына дейін кеден одағының тауарларын тасымалдау кезінде
  24.  Қандай жағдайда кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды? тауарларды ішінара тиемей (түсірмей) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық) қонса
  25.  Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері қандай құжатқа сәйкес айқындалады? кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен
  26.  Көрсетілген шарттардың қайсысын орындаған кезде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады? 1) тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан әкетуге тыйым салынбау;       2) тауарларға қатысты тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы құжаттар бар болған кезде мұндай өткізуге жол берілген жағдайда, табыс етілу;       3) егер тауарлар келген жерінде әкелінетін тауарларға қатысты шекаралық бақылауға және өзге де мемлекеттік бақылауға жатса, осындай бақылау түрлері жүзеге асырылу;       4) транзиттік декларация табыс етілу;       5) тауарларға қатысты осы Кодекстің 321-бабына сәйкес кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары қолданылу;       6) осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды сәйкестендіру қамтамасыз етілу;       7) егер тауарлар кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалданған жағдайда халықаралық тасымалдаудың көлік құралы тиісті түрде жабдықталу шарттары сақталған кезде
  27.  Кедендік транзит кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары не өзге де ұйымдар жүзеге асыратын, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдайтын көлік құралдарын алып жүру не болып табылады?  кедендік алып жүру
  28.  Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шараларының бірін көрсетіңіз:   1) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету;       2) кедендік алып жүру;       3) тауарларды тасымалдау бағытын белгілеу
  29.  Кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы осындай шешімді қабылдаған кезден бастап оны қандай мерзімнен кешіктірмей ұйымдастырады? жиырма төрт сағаттан кешіктірмей
  30.  Кедендік транзиттің шекті мерзімі қандай айқындалатын мерзімнен аспауға тиіс? бір айға екі мың километр
  31.  Белгіленген мерзім ішінде кедендік баждар, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай шетелдік тауарлар кеден қоймасында кедендік бақылаумен сақталатын кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз: кеден қоймасы
  32.  Кеден қоймасының кедендік рәсімімен жарамдылық және (немесе) өткізілу мерзімі оларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау күніне қандай мерзімді құрайтын кез келген тауарларды орналастырылуы мүмкін? күнтізбелік бір жүз сексен күннен аз мерзімді құрайтын
  33.  Кеден қоймасының кедендік рәсіміне қандай тауарлар орналастырылуы мүмкін? бұрын өзге кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлар
  34.  Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімін көрсетіңіз:  кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспайды.
  35.  Жарамдылық және (немесе) сату мерзімі шектеулі тауарлар көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қандай мерзімнен кешіктірілмей өзге кедендік рәсіміне орналастырылуға тиіс? күнтізбелік бір жүз сексен күннен кешіктірілмей
  36.  Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе олардың өкілдері бұл операциялар тауарлардың жай-күйінің өзгеруіне, олардың орамаларының және (немесе) сәйкестендіру құралдарының бұзылуына әкеп соқпайтын жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен қандай операцияларды жасауға құқылы? тауарлардың жай-күйінің өзгеруіне, олардың орамаларының және (немесе) сәйкестендіру құралдарының бұзылуына әкеп соқпайтын жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті кәдуілгі операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды кеден қоймасы шегінде ауыстыруға
  37.  Тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсіміне орналастырған кезде қандай операцияларды жасауға жол берілмейді?
  38.  Кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктерді иеленген кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болатын кеден қоймасы:   ашық үлгідегі қоймалар
  39.  Кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналған кеден қоймасы:  жабық үлгідегі қоймалар
  40.  Кеден қоймасында экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларын қандай мерзім бойы сақтауға жол беріледі? алты ай бойы
  41.  Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап қандай мерзім ішінде басқа кеден қоймасына тасымалдануға не өзге кедендік рәсімге орналастырылуға тиіс?   күнтізбелік алпыс күн ішінде
  42.  Шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып және кейіннен қайта өңдеу өнімдерінің кеден одағының аумағынан тысқары әкетілуімен тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, белгіленген мерзімдерде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін пайдаланылатын кедендік рәсімді көрсетіңіз: Кедендік аумақта қайта өңдеу
  43.  Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыруға қандай жағдайда жол беріледі? кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 348-бабында айқындалған мәліметтері бар тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжат табыс етілген, осы Кодекстің 352-бабына сәйкес балама тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарының шетелдік тауарларды олардың қайта өңдеу өнімдеріне сәйкестендіру мүмкіндігі болған жағдайда жол беріледі.
  44.  Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жатпайтынды көрсетіңіз: 1) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар;       2) төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілер өсіру;       3) ағаштар мен өсімдіктерді өсіру;       4) ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;       5) технологиялық процесте шетелдік тауарларды көмекші құралдар (жабдықтар, станоктар, керек-жарақтар және басқасы) ретінде пайдалану
  45.  Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жататындарды көрсетіңіз:
  46.  Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімін көрсетіңіз: үш жылдан асыруға болмайды.
  47.  Кейіннен қайта өңдеу өнімдері кеден одағының кедендік аумағына әкеліне отырып, кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды белгіленген мерзімде кедендік әкелу баждарын төлеуден шартты түрде толық босата отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай жасау мақсатында кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз: Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
  48.  Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыруға қандай жағдайда жол беріледі? кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 361-бабында айқындалған мәліметтер қамтылған тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат табыс етілген, осы Кодекстің 363-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарында кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі болған жағдайда жол беріледі.
  49.  Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жатпайтынды көрсетіңіз:
  50.  Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімін көрсетіңіз: екі жылдан аспауға тиіс.
  51.  Қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкалар бойынша кедендік әкелу баждарын төлей отырып, қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен кейіннен орналастырылған жағдайда, шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждары төленбей, тыйым салулар мен шектеулерді, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдана отырып, белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін пайдаланылатын кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз: Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу
  52.  Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қандай жағдайда жол беріледі?    1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 373-бабында айқындалған мәліметтер қамтылған, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат табыс етілген;       2) кеден органдарының шетелдік тауарларды олардың қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі болған;       3) егер қайта өңдеу өнімдеріне қатысты төленуге жататын кедендік әкелу баждарының сомасы, егер олар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған күні төленуге жататынынан аз болған;       4) қайта өңдеу өнімдері экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтіріле алмаған жағдайда
  53.  Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жатпайтынды көрсетіңіз:    1) оларды сатуға және тасымалдауға дайындау кезінде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар;       2) төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;       3) ағаштар мен өсімдіктерді өсіру;       4) ақпаратты, дыбыс- және бейне жазбаларды ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту
  54.  Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жататындарды көрсетіңіз:
  55.  Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін көрсетіңіз: бір жылдан асыруға болмайды.
  56.  Шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе ішінара босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кейіннен кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, кеден одағының кедендік аумағында белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз:  Уақытша әкелу
  57.  Тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімімен орналастыруға осы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімін аяқтау мақсатында кейіннен оларды кедендік декларациялау кезінде қандай жағдайда жол беріледі? сәйкестендіру мүмкіндігі болған жағдайда
  58.  Уақытша әкелу кедендік рәсімімен қандай тауарларды орналастыруға жол берілмейді?    1) алкогольді, темекі және темекі өнімдерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, оларды жекелеген данада жарнама және (немесе) демонстрациялау мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде әкелген жағдайларды қоспағанда,тамақ өнімдерін, сусындарды;       2) қалдықтарды, оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды;       3) кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға
  59.  Тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы мұндай әкелудің мақсаты мен мән-жайларын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді және ол мерзім қандай мерзімдерден аспауға тиіс? кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап екі жылдан
  60.  Кеден одағының тауарлары кедендік әкету баждарын төлеуден толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кейін кері импорт кеден рәсімімен орналастырыла отырып, кеден одағының кедендік аумағының шегінен тысқары жерлерге әкетілетін және белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз:   Уақытша әкету
  61.  Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыруға кейін уақытша әкету кедендік рәсімін аяқтау кезінде қандай жағдайда жол беріледі? сәйкестендіру мүмкіндігі болатын жағдайда
  62.  Уақытша әкету кедендік рәсімімен қандай тауарларды орналастыруға жол беріледі?  Мыналарга жол берілмейді:   1) алкогольді, темекі және темекі өнімдерін, шикізатты және жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, оларды жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде санаулы даналарда әкеткен жағдайларды қоспағанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;       2) қалдықтарды, оның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды;       3) кеден одағының кедендік аумағының шегінен тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
  63.  Тауарларды уақытша әкету мерзімін кеден органы, мұндай әкетудің мақсаттары мен мән-жайларын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді және бұл мерзім...:  ұзартуы мүмкін.
  64.  Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды Қазақстан Республикасының аумағына қайтару міндеттілігі белгіленбеген, уақытша әкетілген тауарларға меншік құқығын берген жағдайда, бұл тауарларды уақытша әкету мерзімі ұзартылуға жатпайды және...: кспорттың кедендік рәсімімен орналастырылуға жатады.
  65.  Кеден одағының кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, белгіленген мерзімдерде кеден одағының кедендік аумағына қайта әкетілетін кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз: Кері импорт
  66.  Кері импорт кедендік рәсімімен қандай жағдайда тауарлар орналастырылуы мүмкін?
  67.  Кеден одағының кедендік аумағына бұрын әкелінген тауарлар не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей не (немесе) олардың төленген сомасын қайтара отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай осы аумақтан әкетілетін кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз: Кері экспорт
  68.  Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар сыртқы экономикалық мәміле шарттарының орындалмау себебі бойынша, оның ішінде саны, сапасы, сипаттамасы немесе орамасы бойынша қайтарылса, мына талаптар сақталған жағдайда кері экспорт кедендік рәсімімен тауарлар орналастыруға жол берілмейді:  
  69.  Тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан шығып кететін жеке тұлғаларға не шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне кедендік баждар, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай бажсыз сауда дүкендерінде бөлшек саудада сатылатын кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз: Бажсыз сауда
  70.  Бажсыз сауда кедендік рәсіміне қандай тауарларды орналастыруға жол берілмейді? 
  71.  Шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай кедендік бақылаумен жойылатын кездегі кедендік рәсімді көрсетіңіз: Жою кедендік
  72.  Жою кедендік рәсімімен қандай санаттағы тауарлар орналастыруға болмайды?   1) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтар;       2) індеттер мен эпизоотиялардың және карантинді объектілердің таралуының жолын кесу мақсатында оларды жою талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары;       3) кепіл қатынастары тоқтағанға дейін кепіл зат ретінде кеден органдары қабылдаған тауарлар;       4) алып қойылған тауарлар немесе тыйым салынған тауарлар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарлар;       5) тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын өзге де тауарлар.
  73.  Шетелдік тауарлар кедендік баждар мен салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай кеден одағына мүше мемлекеттердің меншігіне өтеусіз берілетін кедендік рәсімді көрсетіңіз: Мемлекет пайдасына бас тарту
  74.  Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру шарттарына тән болмайтын жайдайды көрсетіңіз:  кеден органдарын қандай да бір шығыстарға әкеп соқтырмауға тиіс.
  75.  Кедендік баждар мен салықтарды алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кедендік мақсаттар үшін кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету талаптары мен шарттарын айқындайтын кедендік рәсімді көрсетіңіз:      Арнайы кедендік рәсім
  76.  Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті кедендік операцияларды жасау деп не түсініледі? кедендік тазарту
  77.  Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін кім айқындайды? Қазақстан Республикасының Үкіметі
  78.  Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі және технологиясы неге қарай белгіленбейді? еден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, мұндай өткізу үшін пайдаланылатын көліктің түріне (автомобиль, әуе, теміржол, теңіз, өзен және басқалары), тауарларды өткізетін тұлғалардың санаттарына қарай белгіленеді.
  79.  Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру қандай кезден басталады? кеден органына кедендік декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті құжаттарды берген
  80.  Кеден кодексіне сәйкес кеден құжаттары қандай тілде толтырылады? азақ және орыс тілдерінде толтырылады.
  81.  Көрсетілген тауарлардың қайсысы кедендік рәсімге бірінші кезекте орналастырылатын тауарларға жатпайды? Дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қажетті тауарлар, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығу өткізу бойынша акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнім, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар, тірі жануарлар, радиоактивті материалдар, жарылғыш заттар, халықаралық почта жөнелтімдері, экспресс-жүктер, гуманитарлық және техникалық көмек, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлар мен материалдар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, жабдықтар мен құралдар және осындай басқа да тауарлар кедендік рәсімге бірінші кезекте орналастырылады.
  82.  Көрсетілген тауарлардың қайсысы кедендік рәсімге бірінші кезекте орналастырылатын тауарларға жатпайды?
  83.  Тауарлардың экспресс-жүктері неше сағат ішінде жеткізілуі тиіс:  72 сағат
  84.  Қандай жағдайларда тауарлар кедендік декларациялауға жатады? Тауарлар кедендік рәсіммен орналастырған кезде не осы Кодекске сәйкес белгіленген өзге де жағдайларда
  85.  Тауарларды кедендік декларациялауды кім жүргізеді? декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі
  86.  Кедендік декларациялау қандай нысанда жүргізіледі? жазбаша және (немесе) кедендік декларация пайдаланыла отырып, электронды нысандарда
  87.  Тауарларды кедендік декларациялаған кезде мәлімделген кедендік рәсімдерге және тауарларды өткізетін тұлғаларға қарай кедендік декларацияның қандай түрлері қолданылмайды? Мыналар қолданылады   1) тауарларға арналған декларация;       2) транзиттік декларация;       3) жолаушыларға арналған кедендік декларация;       4) көлік құралына арналған декларация.
  88.  Тауарларды кедендік декларациялаған кезде кедендік декларацияның қандай түрі қолданылады? Тауарларға арналған декларация
  89.  Көлік құралдарын кедендік декларациялаған кезде кедендік декларацияның қандай түрі қолданылады? көлік құралына арналған декларация.
  90.  Транзиттік тауарларды кедендік декларациялаған кезде кедендік декларацияның қандай түрі қолданылады? транзиттік декларация;
  91.  Жеке пайдалануға арналған жеке тұлғалардың тауарларын кедендік декларациялаған кезде кедендік декларацияның қандай түрі қолданылады? жолаушыларға арналған кедендік декларация;   
  92.  Уақытша сақтауда орналасқан тауарлардың есебін жүргізу кедендік құжаты болып, қандай құжат саналады? декларация
  93.  Кедендік декларацияны толтыру нысандары мен тәртібі немен айқындалады? КОКШ
  94.  Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларға арналған кедендік декларация кеден органдарына қандай мерзімде беріледі? тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін
  95.  Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға арналған кедендік декларация кеден органдарына қандай мерзімде беріледі? олар кеден одағының кедендік аумағынан кеткенге дейін
  96.  Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы категориясын және кеден органдарында тіркелгенін дәлелдейтін құжат болып не саналады?  с.э.қ есепке алу карточкасы
  97.  Тауарларды кедендік декларациялау және тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажет өзге де кедендік операцияларды жасау кезінде декларант қандай құқықтарды пайдалануға құқылы? 1) кедендік бақылаудағы тауарларды қарауға, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға;       2) кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін осы Кодекстің 247-бабында көзделген шарттар сақталған кезде кеден органының рұқсатымен алуға;       3) кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды кедендік қарау мен кедендік тексеріп қарау кезінде және тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алған кезде қатысуға;       4) өздері декларациялайтын тауарлардың кеден органдарында бар сынамалары мен үлгілерін зерттеу нәтижелерімен танысуға;       5) осы Кодекске сәйкес құжаттар мен мәліметтерді электронды құжаттар түрінде ұсынуға;       6) кеден органдарының шешімдеріне, кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;       7) өзі декларациялайтын тауарлар туралы мәліметтерді нақтылау үшін сарапшыларды тартуға;       8) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
  98.  Тауарларды кедендік декларациялау және тауарды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажет өзге де кедендік операцияларды жасау кезінде декларант қандай талаптарды орындауға міндетті? 1) тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;       2) егер кеден одағының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация толтыру үшін негізге алынған құжаттарды кеден органына табыс етуге;       3) декларацияланатын тауарларды осы Кодексте белгіленген жағдайларда не кеден органының талабы бойынша көрсетуге;       4) осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге және (немесе) олардың төленуін қамтамасыз етуге;       5) тиісті кеден рәсімінде тауарларды пайдаланудың талаптары мен шарттарын сақтауға;       6) осы Кодексте көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
  99.  Егер кеден органына кедендік декларациясы декларант болып саналмайтын тұлғамен берілсе, онда кеден органы құқылы: бас тартады
  100.  Қандай уақыттан бастап кедендік декларациясы күшіне енеді? Тіркелген кезден
  101.  Қандай мерзім ішінде, кеден органдары кедендік декларациясын тіркеуге немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім шығаруға міндетті? екі сағаттан аспайтын мерзімде
  102.  Шетелдік тауарларға қатысты олар кеден одағының кедендік аумағына әкелінгенге дейін берілетін кедендік декларациялаудың түрін көрстетіңіз: Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау
  103.  Егер де декларантта оған байланысы жоқ себептер бойынша кедендік декларацияны толтыруға қажетті барлық ақпарат толық болмаған жағдайда оған рұқсат етілетін кедендік декларациялаудың түрін көрстетіңіз: Тауарларды толық емес кедендік декларациялау
  104.  Белгілі бір тұлға белгілі бір тауарды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тұрақты өткізген кезде кеден органы күнтізбелік отыз күн ішінде кеден одағының кедендік шекара арқылы өткізілетін барлық тауарларға бірге берілетін кедендік декларациялаудың түрін көрстетіңіз: Тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау
  105.  Тауарлар кеден одағының кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген кезде қолданылатын кедендік декларациялаудың түрін көрстетіңіз: Тауарларды уақытша кедендік декларациялау
  106.  Жеке тұлғаның кеден одағының кедендік аумағына кіруімен немесе оның кеден одағының кедендік аумағынан кетуімен байланысты кеден одағының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілуі үшін халықаралық тасымалдау (көлік экспедициясы) шарты бойынша тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке тұлғаға тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарлар деп қандай заттарды айтамыз?   иесімен жөнелтілмейтін багаж
  107.  Қолжүгін қоса алғанда, кеден одағының кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлға тікелей өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар деп қандай заттарды айтамыз? иесімен бірге жөнелтілетін багаж
  108.  Жеке пайдалануға арналған, тасымалдаушы жеткізетін тауарлар – кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтпеген жеке тұлғаның атына не жеке тұлғадан кеден одағының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізу үшін халықаралық тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар деп қандай заттарды айтамыз? жеке пайдалануға арналған, тасымалдаушы жеткізетін тауарлар 
  109.  Жеке тұлғаның меншігінде немесе иелігінде болатын, осы көлік құралдарын тұлғаларды сыйақы алу үшін немесе тауарларды өнеркәсіптік немесе коммерциялық жолмен сыйақы алу немесе тегін тасымалдау үшін емес, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тек өз мақсаттарында өткізетін, қосалқы бөлшектерімен және әдеттегі керек-жарақтарымен және жабдықтарымен бірге, оның әдеттегі бактарында жанар-жағар майы мен отыны бар авто-, мотокөлік құралы, тіркеме, су немесе әуе кемесі: жеке пайдалануға арналған көлік құралы
  110.  Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды көрсетіңіз:
  111.  Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде қандай декларацияның түрі қолданылады?   жолаушының кедендік декларациясы қолданыла отырып, жазбаша нысанда
  112.  Кеден одағының кедендік аумағына келу немесе осы аумақтан кету орындарында жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау мақсатында қос дәліз жүйесі қолданылуы мүмкін, ол қандай дербес дәліздерді таңдауын көздейді?  «жасыл» немесе «қызыл»
  113.  Шетелдік жеке тұлғалар кеден одағының кедендік аумағына шет мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзінің уақытша болуы мерзіміне, бірақ қандай уақыттан аспайтын мерзімге кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, уақытша әкелуге құқылы? бір жылдан аспайтын
  114.  Жолаушыларға арналған кедендік декларация, қандай кезде толтырылатын құжат? 
  115.  Халықаралық почта жөнелтімдеріне жататындарды көрсетіңіз: хаттар; почта карточкалары; бандерольдер мен «М» арнайы қапшықтары; секограммалар; шағын пакеттер; сәлемдемелер, құндылығы жарияланған; экспресс-почтаның халықаралық жөнелтімдері
  116.  Халықаралық почта жөнелтімдерін жіберу Дүниежүзілік почта одағының актілерінде көзделген ... қоса жіберілуге тиіс (сөйлемді толықтырыңыз): құжаттармен
  117.  Халықаралық почта жөнелтімдерімен қандай тауарларды жіберуге жол беріледі? Мыналарга жол берілмейді: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге және осы аумақтан әкетуге тыйым салынған; Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес жіберуге тыйым салынған
  118.  Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кеден органдары қандай орындарда жүргізеді?  халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) не кеден органы айқындаған өзге орындарда
  119.  Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау Дүниежүзілік почта одағының актілерінде көзделген, халықаралық почта жөнелтімдерінің ілеспе құжаттарын не ... пайдаланыла отырып жүргізіледі (сөйлемді толықтырыңыз): тауарларға декларациялар
  120.  Қандай жағдайда халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарлар, тауарларға декларациялар пайдаланыла отырып, кедендік декларациялауға жатпайды?
  121.  Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарларға кедендік тексеруді немесе кедендік тексеріп-қарауды жүргізу кезінде кеден органдары нені пайдаланады? кеден органдары кедендік бақылаудың техникалық құралдарын
  122.  Шет мемлекеттердің кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін дипломатиялық почтасы және консулдық сағдияндары ... (сөйлемді аяқтаңыз): ашуға да, ұстауға да жатпайды.
  123.  Дипломатиялық почтада не болуы мүмкін?  тек ресми пайдалануға арналған дипломатиялық құжаттар мен тауарлар
  124.  Консулдық сағдиянда не болуы мүмкін? тек ресми пайдалануға арналған ресми хат-хабарлар мен құжаттар немесе тауарлар
  125.  Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары Кеден кодексте көзделген кедендік операцияларды жасау үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында ... (сөйлемді аяқтаңыз):  кідіртуге және тоқтатуға жатады.
  126.  Халықаралық тасымалдау көлік құралдарының аялдау ұзақтығы кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақыт негізге алынып әуе, теміржол және автомобиль көлігі үшін қандай мерзімнен аспауға тиіс? үш сағаттан аспауға тиіс.
  127.  Халықаралық тасымалдау көлік құралдарының аялдау ұзақтығы кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақыт негізге алынып су көлігі үшін қандай мерзімнен аспауға тиіс? сегіз сағаттан аспауға тиіс.
  128.  Халықаралық тасымалдау көлік құралдары кедендік рәсімдермен орналастырылмай ... (сөйлемді аяқтаңыз): осы Кодекстің 462-бабына сәйкес кедендік декларациялауға жатады.
  129.  Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары қандай тауарлар мәртебесіне ие болады? шетелдік тауарлар
  130.  Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағынан әкету қандай кеден органы арқылы жүзеге асырылады?   кез келген кеден органы
  131.  Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен олар кеден одағының кедендік аумағында жүрген не аталған аумақта болған кезінде оларға талап етілген қандай операцияларды жасауға жол беріледі? техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөніндегі әдеттегі операцияларды жасауға
  132.  Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкету мерзімін көрсетіңіз:  шектелмейді
  133.  Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына меншік құқығын берген жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралын әкеткен тұлға кеден одағының тауары болып табылатын халықаралық көлік құралын экспорт кедендік рәсімімен, ал халықаралық тасымалдау көлік құралын әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына меншік құқығы берілген күннен бастап қанша күнтізбелік күн ішінде кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға міндетті болады? күнтізбелік отыз күн
  134.  Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелу қандай кеден органы арқылы жүзеге асырылады?   кез келген кеден органы
  135.  Тарифтік емес реттеу шаралары – бұл: тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармокологиялық, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар;
  136.  Қандай тарифсіз реттеу шарасы мемлекет қауіпсіздігін сақтау, қауымдық тәртіпті, тұлғалардың адамгершілігін, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, Қазақстан халықтарының және шетел мемлекеттерінің көркем, тарихи және археологиялық құндылықтарын қорғау салдарынан белгіленеді? Белгілі бір тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салу
  137.  Кедендік реттеудің шараларының негізгі топтары: экономикалық; әкімшілік.
  138.  Кедендік реттеудің әкімшілік шараларына жатады: эмбарго; лицензиялау және квоталау; экспорттың «ерікті» шектеулері; монополисттік шаралар; протекционисттік мақсаттарда стандарттар мен техникалық нормаларды қолдану; қосымша кедендік құжаттар мен рәсімдер және т.б.
  139.  Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары деп кімді айтамыз?  
  140.  Қандай орган тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салады және шектеулерді кояды?
  141.  Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар және көлік құралдар:
  142.  Қандай тарифсіз реттеу шарасы мемлекет қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті, тұлғалардың адамгершілігін, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, Қазақстан халықтарының және шетел мемлекеттерінің көркем, тарихи және археологиялық құндылықтарын қорғау салдарынан белгіленеді? Белгілі бір тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салу
  143.  Сынамалар мен үлгілер алу үшін қажетті жүк және өзге де операциялар кімнің есебінен жүргізіледі? Кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен кеден органдарының рұқсатымен
  144.  Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғамен көлік құралы уақытша әкелінген кезде қандай құжат толтырылады?
  145.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс жүргізу кімнің құзыретіне жатады?
  146.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс жүргізу қандай органдардың құзыретіне жатады?
  147.  Қандай жастан бастап жеке тұлғаларды Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартуға болады?
  148.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру кезінде аяқтаушы іс-әрекет болып табылады?
  149.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қандай құжатты ресімдеу уақыттан басталады?
  150.  Ішкі енбек тәртібін және қызметті бұзған жағдайда болатын заңды жауапкершіліктің түрі:
  151.  Құқықтық нормалардың санкциясында көрінетін мемлекеттің әсер ету күшін қолдану мүмкіншілігімен байланысты болатын әлеуметтік жауапкершіліктің түрі?




1. добровольность.html
2.  Сущность и экономическое содержание налогового регулирования5 1
3. PR технологии в избират
4. Царствование Николая I
5. тематическое положение вида Морфология Тинкториальные свойства Физиолог
6. окаменелости ископаемые фоссилии
7.  Generl informtion on lexicl units 2
8. Понятие и виды инвестиционного риска
9. Детский сад комбинированного вида 103 Заводского района города Саратова ХУДОЖЕСТВЕННОЕ СЛОВ
10.  Плательщик БИК Сч