У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~атерлерді зерттейтін со~ан ~арсы ~ою~а болатын шараларды ~зірлейтін ~ылыми білімні~ саласын ~алай атаймы

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 1.3.2025

Num

Vop

 Vopros

Otv 1

1

Адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласын қалай атаймыз?

Өмір тіршілік қауіпсіздігі

2

Басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынын қалай атаймыз?  

Азаматтық қорғаныс

3

Бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы қалай аталады?

Ұйым

4

ҚР Азаматтық қорғанысының жалпы басшылығын кім жүзеге асырады?

ҚР Премьер-Министрі

5

Азаматтық Қорғаныс туралы Заң қашан қабылданды?

1997 жылы 7 мамырда

6

Жоғарғы оқу орындарының Азаматтық қорғанысының бастығы кім?

Ректор

7

Азаматтық қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері

Құтқару, Инженерлік, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары

8

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?

1996 жылы 5 шілдеде  

9

Тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылысты қалай атаймыз?

Дүлей зілзала

10

Технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануын қалай атаймыз?

Авария

11

Адамның тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам денсаулығына қауіп төнуімен және экономикалық, экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи зілзаланы қалай атаймыз?

Апат

12

Апаттар көлемі бойынша қалай бөлінеді?

Кіші, орташа, үлкен

13

Апаттар түрі бойынша қалай бөлінеді?

Табиғи және жасанды

14

Табиғи апаттар-

Метеорологиялық, Тектоникалық, Топологиялық, Космостық

15

Жасанды апаттар-

Көліктік, Өндірістік, Спецификалық, Әлеуметтік

16

Адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обектілерге нұқсан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, апат салдарынан болатын жағдайды қалай атаймыз?

Төтенше жағдай

17

Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығына қауіп төнгенде болатын төтенше жағдайды қалай атаймыз?

Табиғаттағы тосын жағдай

18

Азық түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайдағы организмнің күйігі бұл-

Аштық

19

Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы бұл -

Қорқыныш

20

Тәуекелдік факторлары – бұл

Авариялық жағдай-да адам өміріне қауіп төндіретін факторлар

21

Қатты әсер ететін улы заттардың зақымдағыш әсері таралатын  шектегі алаң қалай аталады?

Химиялық зақымдау ошағы  

22

Жарылыс нүктесінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жерін қалай атаймыз?

Соққы толқыны

23

Ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағынын қалай атаймыз?

Жарықтың сәуле шығаруы

24

Ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағынын қалай атаймыз?

Өткіш радиация

25

Ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады

Жердің радиоактивті ластануы

26

Гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелерді қалай атаймыз?

Электромагниттік импульс

27

Адам сәулеленуінің қандай түрлері бар?

Сыртқы және ішкі

28

Организмге берілген энергия мөлшерін қалай атаймыз?

Доза

29

Радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал қалай аталады?

Дозиметриялық құрал

30

Жан-жақты қымталған, радиациялық сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана қалай аталады?

Панаханалар

31

Өнекәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі авариялық жағдайда атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстарды қалай атаймыз?

Қатты әсер ететін улы заттар

32

Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?

Хлор, фосген, хлорпикрин

33

Жалпы улылық әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?

Көміртегі тотығы, цианды сутегі

34

Метаболдық уларға организмдегі заттардың метаболизмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар

Этилен тотығы, дихлорэтан,

35

Жеке дәрі-дәрімек қобдишасы

АИ-2

36

Жүйкені жансыздандыратын улы заттар -

Фосфорганикалық заттар тобы – зарин, заман,

V- газдар   

37

Терінің құрысуына әсер ететін улы заттар -

Иприт, люизит

38

Жылдам әсер ететін улы заттар -

Зарин, заман, V- газдар, көгілдір қышқылы

39

Жеке химиядан қорғайтын пакет

ИПП- 8,10

40

Доза қуатының өлшегіші (рентгенометр)

ДП-5В

41

Радиациялық барлауға  қандай өлшемді приборлар жатады

ДП5 А(Б), ДП-5В

42

Тыныс алу органдарын қорғау құралдары -

Газқағарлар, респираторлар, мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар

43

Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері

Дезактивация, дегазация, дезинфекция

44

Зақымдалған обектіден радиактивті заттарды жою бұл -

Дезактивация

45

Қатты әсер ететін ұлы заттарды жою, бейтараптандыру немесе толық жою бұл-

Дегазация

46

«Эпифитопия» деген не?

Өсімдіктердің инфекциялық ауруының кең таралуы

47

Тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтерілуінен болатын қуатты ағын бұл -

Сел

48

Ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы

Опырмалар

49

Қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы бұл -

Жарылыс

50

Өрт сөндіргіш құралдардың негізгі түрлерін көрсетіңіз?

Сұйық, көбікті,        көмірқышқылды, азрозольды, ұнтақты

51

Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы бұл-

Су басу

52

Адам ұлпалары мен органдарының зақымдануынан, аяқ-қолдың сынуынан, буынның шығуынан және тағы басқа жәйттардың әсерінен пайда болған зақымдануды қалай атаймыз   

Жарақаттар

53

Механикалық жарақаттар қандай болуы мүмкін?

Ашық және жабық

54

Тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрін қалай атаймыз?

Жабық зақымдану

55

Органдар ұлпаларының зақымдануы, артынша тері жамылғыларының кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылған зақымдануды қалай атаймыз?  

Ашық зақымдану

56

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдануды қалай атаймыз?

Қатты жарақат

57

Аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақатты қалай атаймыз?

Созылмалы жарақат

58

Адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуды қалай атаймыз?  

Талықсу

59

Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сықатқа алғашқы жардем қалай көрсетіледі?

Басын денесінен төменірек етіп жатқызу, тар киім-дерін шешу, мүсәтір спиртін иіскету

60

Орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауруды қалай атаймыз?

Естен тану

61

Жәй естен танудың белгілері қандай?

Сырқаттың есі сақталады, сұрақтарға дұрыс жауап береді, терісі бозарады, дене температурасы төмендейді

62

Қатты естен танудың белгілері қандай?

Сырқаттың есі сақталады, көздің қарашығы тарылған, жарықтан тітіркенеді, терісі бозарады, дене температурасы төмен, тамыр соғы-сы жиі, тыныс алу күшейіп, жиілей түседі

63

Дәрігер келгенге дейін естен танған адамға алғашқы жардем қалай көрсетіледі?

Зардап шегушінің ауратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызып, аналгин немесе кордиамин егеді, үстіне жылы киім жабады, ішінде жарақат болмаса ыстық шәй ішкізу қажет

64

Буыны шыққан адамға алғашты көмекті қалай көрсетесіз?

Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпай үстіне суық компресс қоямыз

65

Дене сыдырылған немесе тілінгенде алғашқы көмекті қалай көрсетеміз?

Жараға тиіспей айналасын суланған мақтамен сүртіп жараға иод жағып таза дәкемен таңып қоямыз

66

Жарақаттанған адамға алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Қан ағуын тоқтату, жара шеттерін антисептикпен өңдеу, асептикалық таңу

67

Күре тамырдан аққан қанды тоқтату, алғашқы көмек көрсету

Күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу

68

Іштің жабық зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету

Жараға тазартқыш таңғыш қою, мұз салынған немесе суық су құйылған ризиналы қуық қояды

69

Аяқ-қол сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету

Қан ағуын тоқтату, ауруды сездіртпейтін дәрі енгізу, қол астындағы құралдар көмегімен иммобили-зация өткізу, емдеу мекемесіне жеткізу

70

Жамбас сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету

Таңғыш байлау, көлік иммобилизациясы, ауруды басатын дәрі-дәрімек беру, зембілге салған кезде аяқтарын жартылай бүгіңкі күйге келтіру

71

Қан құю дегеніміз -

Қан тамырларының ішінде басқа адамның қанын құю (донор)

72

Кеуде жарақаттанғанда алғашқы медициналық көмек көрсету

Қатты таңғыш байлап зардап шегушіні тізерлей отырғызып, ауруды басатын 2%-тік 1 мл промедол егу қажет

73

Жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісін қалай атаймыз ?

Асептика

74

Қан ағуын тоқтататын күйдіргі қою тәртібі

Күйдіргі жарадан жоғары жалаң денеге салынады, жазда 2-сағаттан артық, ал суық уақытта 1 сағаттан артық қоймайды, күйдіргі қою уақыты қағаз парағына көрсетілуі тиіс

75

Денеге жинақталған қышқылдардың және сілтілердің, фосфордың және ауыр металлдардың әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?

Химиялық күйік

76

Денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдардың тікелей әсерінен пайда болған күйік қалай аталады?

Термиялық күйік

77

Ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болған күйікті қалай атаймыз?

Сәулелік күйік

78

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануы бұл  

Үсік шалу

79

Зақымдану тереңдігі бойынша күйік қанша дәрежеге бөлінеді?

4 дәрежеге

80

Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай 1-ші және 2-ші дәрежелі күйік кезінде алғашқы көмек көрсету  

Күйген жерді суық судың астында 10-15 минут ұстау, таза құрғақ матамен жабу, көпіршік үстіне суық зат қою

81

Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай 3-ші және 4-ші дәрежелі күйік кезінде алғашқы көмек көрсету  

Сумен шаюға болмайды, күйген жерді құрғақ таза матамен жауып, матаның үстіне міндетті түрде суық зат қою, 2-3 таблетка аналгин және жылы сусынды көп ішкізу керек

82

Өкпеге оттегінің кенеттен және толық тоқтауы нәтижесінде қазаға ұшырауы қалай аталады?  

Тұншығу

83

Электр тоғының немесе найзағайдың – атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз?

Электр жарақаты

84

Электр жарақатының белгілері:

Тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы

85

Электр жарақаты кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек

Электр тоғынан тез босату, шалқасынан жатқызып, тар киімдерін ағытып мүсәтір спиртін иіскету қажет, жасанды дем алдырып, жүректі сылау, жүрек дәрі-дәрімектерін беру

86

Бүкіл  организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну қалай аталады?

Ыстық тию

87

Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету

Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет

88

Жүрек күретамырының тарылуынан жүрек бұлшық етіне қанның баруының бұзылуынан туындайтын ауру түрін қалай атаймыз?

Стенокардия

89

Стенокардия ауруының белгілері-

Жұрек қысылады, бет ағарады, суық тер шығады, аяқ-қол суынады, жиі қатты демікпе пайда болады

90

Ұстама кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

Толық тыныштық, аяқ пен қолға жылытқы қою қажет, тілдің астына нитроглицерин таблеткасын қояды,

91

Миокард инфаргін туғызатын себептер-

әртүрлі жүйке қозулары, жан дүниенің күйзелісі, жүрек тамырлардың ұзақ  сіресуіне алып келетін никотинмен улану

92

Миокард инфаргінің белгілері

Кеуде мен жүрек төңірегіндегі қатты шаншу кеуде клеткалары, сол қол, жауырын, мойын тарылып иекке беріледі

93

Миокард инфаргі болған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

Тілдің астына нитроглицерин таблеткасын немесе нитроглецириннің спирт ерітіндісі 1% 2-3 тамшысын беру керек

94

Негізгі белгісі күретамыр жоғарғы қысымы болып табылатын ауру түрін қалай атаймыз?

Гипертониялық ауру

95

Гипертония ауруының негізгі белгілері

Жоғарғы күретамыр қысымы жоғарылайды, тамыр соғысы жиі, сырқат басының шаншығанын, басының айналғанын, жүректің шаншуын, басының ауырғанын қатты сезінеді

96

Бас миына қан кету, ми тамырларының тығындалуы салдарынан болатын ауру түрі қалай аталады?

Инсульт, мидың шайқалуы

97

Инсульт ауруының белгілері

Сырқат есінен айырылады,, денесі көгереді, қорылдап тыныс алады, тамыр соғысы баяулайды, мұрын мен құлақ көгереді, аяқ-қол жансызданады

98

Инсульт ауруы болған жағдайда алғашқы көмек көрсету

Сырқаттың басын сәл көтеріп, жатқызып, тыныштықта қалдырып, басына салқын зат қойып тыныштандыра-тын және қысымды төмендететін (валериан тұнбасы, андипал, дибазол) дәрелер беру қажет,

99

Қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының қатты әлсіреуі-

Коллапс

100

Коллапс ауруының белгілері:

Тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтардың көгеруі, суық терінің шығуы, аяқ-қолдың суынуы, көздің қарауытуы, қозғалуға дәрменсіздік, тамырдың баяу соғуы, күре тамыр қысымының төмендеуі

101

Коллапс ауруы болған жағдайда алғашқы көмек көрсету

Тамырдың ырғағын арттыру үшін денеге 1-3 мл метазиннің 1-%-тік ерітіндісін, 2-4 мл кордиамин, 1 мл кофеиннің 10%-тік ерітіндісін егеді

102

Өрмекші, бүйін, сколопендр шаққан кезде алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

Шаққан жерге марганец қышқылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа қояды

103

Қарақұрт шаққан кезде алғашқы көмек көрсету шаралары

Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітіндіні, жүрек дәрі-дәрімектерін береді, емдеу мекемесіне жеткізу

104

Шаян шаққан кезде алғашқы көмек калай көрсетіледі?

Кез-келген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, аналгин, супрастин, немесе димедрол дәрі-дәрімектерін ішкізу

105

Сона, ара шаққанда алғашқы көмек  қалай көрсетіледі?

Терідегі ара біздерін алып тастау, жараға суық компресс қою, аяғы басынан биік болатындай етіп жатқызу, тез арада емдеу мекемесіне жеткізу

106

Тамақтан уланғанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

Жылы суды көбірек ішкізіп (1,5-2 литр) жасанды құстыру (таза су шыққанша), улы тағамды жылдам шығару мақсатында сыртқа айдағыш дәрі беру қажет

107

Саңырауқұлақпен уланғанда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

Асқазанды сумен, әлсіз марганец қышқылды калий ерітіндісімен шаю, жасанды құстыру, бірнеше рет клизма қою, содан кейін ыстық, тәтті шай, кофе ішкізу

108

Қотырды емдеу шаралары

33%-тік күкірт мазын немесе вилькинсон майын пайдалану

109

Жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені қалай аталады?  

Карантин

110

Ауру тудырғыш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуін қалай атаймыз?

Иммунитет

111

Адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынын қалай атаймыз?

Дезинфекция

112

Жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын, адамдардың мазасын алатын, азық-түлікті бүлдіретін жәндіктерді жоюды  қалай атаймыз?

Дезинсекция

113

Аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шараларын қалай атаймыз?

Дератизация

114

Өте қауіпті жұқпалы ауру, қатты уланумен, ыстықтың көтерілуімен, сөл түйіндері мен өкпенің қабынуымен сипатталатын ауру қалай аталады ?

Оба

115

Тез жұғатын ауру, іштің өтуімен, құсықтың келуімен, су-электролит алмасуының бұзылуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталатын ауруды қалай атаймыз?

Тырысқақ

116

Жарақатқа немесе тканьге енген инфекция қоздырғыштарына қарсы күрес жүргізе отырып, бактериямен ластанып, инфекцияланған жараны емдеу әдісін қалай атаймыз

Антисептика

117

Жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру қалай аталады?

Вирустық гепатит

118

Адамның иммунды дефицит вирусынан туындаған және жыныстық қатынас кезінде сонымен қатар адам қанымен берілетін жұқпалы ауру қалай аталады ?

СПИД және ВИЧ

119

Адам ауру жануарлардың сүтін және сүт өнімдерін ішу кезінде немесе малды жайғаған кезде тері жамылғысының зақымдануы арқылы қоздырғыштың өтуі кезінде қандай ауруға шалдығады?

Бруцеллез

120

Радиациядан қорғанбаған адамдар қандай ауруға шалдығады?

Сәуле ауруына

121

Адамдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы-

Эпидемия

122

Малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы-

Эпизоотия

123

Өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы -

Эпифитотия

124

Аяқ-қолдың үлкен артериясы зақымдалса қан тоқтатудың ең тиімді жолы қандай ?

Күйдіргі қою

125

1-ші дәрежелі күйіктің белгілері -

Тері қызарып, ісіп ауыра бастайды

126

4-ші дәрежелі күйіктің белгілері -

Жара тереңдеп, бұлшық ет, сіңірлер зақымданады

127

Жыныс жолдары арқылы таралатын ауруларды қалай атаймыз?

Гепатит В және С, мерез, соз

128

Халықаралық денсаулық күні

7 сәуір

129

Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар

Хлор мен азот қосындылары

130

Улану түрлері -

өткір және созылмалы

131

1-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері

Сәуле өткендегі 3 сағаттан кейін жүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас аурады

132

3-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері

Көздің айналасы қызарып, басы айналып, құсқысы келеді, қызуы көтеріледі

133

4-ші дәрежелі сәуле ауруының белгілері

Әлденеше рет құсып, әлсіздік пайда болады, басы қатты аурып, іші өтеді

134

Әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдасының жеке жүйесін қалай атаймыз?

Салауатты өмір салты

135

Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар -

Озон қабатының бұзылуы, қышқылды жауын, өсімдіктердің жойылуы

136

Экологиялық қауіптілерге жататындар олар:  

Нитраттар, пестициттер, ауыр металдар,т.б.

137

Биологиялық қауіптілерге жататындар, олар:

Микроорганизмдер, вирустар, саңырауқұлақтар

138

ҚР "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Заң қашан қабылданды?

1998 жылы 23 сәуірде

139

Нашақорлық қалыптасуының негізгі түрлері

Психикалық тәуелділік, тәндік тәуелділік және бейтараптылық

140

Жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды қалай атаймыз?

Ядролық қару

141

Күкірт ангидриді адам ағзасына қалай әсер етеді?

Бауыр, көкбауыр жұмыстарын бұзады

142

Озон экраны атмосфераның қай қабатында орналасқан?

Тропосфера

143

Азот тотықтары адам ағзасына қалай әсер етеді?

өкпені және жүрек-қантамыр жүйесін қабындырады

144

Көмір қышқыл газының шамадан тыс (0,03%) тыс мөлшері ауа райына қалай әсер етеді?

Ауаның жылуы көтеріледі

145

Сынықтың түрлерін атаңыз?

ашық және жабық

146

Жабық сынықтың сипаттамасы

ауыр сыну, қимылдата алмау

147

Иммобилизация дегеніміз не?

тасымалдау

148

Травматикалық шок дегеніміз не?

сырқаттың есеңгіреп, талып кетуі

149

Асфикция дегеніміз не?

тұншығу

150

Остеомиелит ненің себебінен пайда болады?

микробтардың сынық ішінде болуынан

151

Столбняк деген не?

жаралық инфекцияның қанға кетуі

152

АЭС авариясының ТЖ сипаттамамсы?

радиация мөлшерінің көптігі

153

Обсервация жайлы кім хабарлайды?

карантиннен соң жергілікті орган

154

ИД-1 дозиметрлік құралы неге арналған?

Адам бойына сіңген гамма-нейтрон сәулелердің мөлшерін өлшеуге

155

Өрттің салдарынан пайда болатын уытты заттарға не жатады?

Азот тотығы, көміртегі тотығы, хлорлы сутегі

156

Хлор адам организміне қалай әсер етеді?

Тыныс жолдары мен өкпені ісіндіреді

157

Хлордың сипаттамасы

өткір иісті, жасыл-сары түсті газ

158

Хлор ауадан неше есе ауыр?

2,5 есе

159

Панахана бөлмесінің биіктігі неше метр болуы тиіс?

2,15-1,85 м

160

ДП-5А приборын не үшін қолданады?

Радиация деңгейі мен радиактивті залалдану дәрежесін анықтау үшін

161

Жеке адамдар үшін арналған дозиметрлердің маңызы неде ?

Адамдардың радиактивті сәулеге шалдығуын бақылау  

162

Әскери химиялық барлау приборы  не үшін қолданылады (ӘХБП) ?

Ауадағы улы зат булары мен газдарды анықтау үшін

163

Панаханада неше есік болуы керек?

2

164

Жұқпалы ауарулардың тұтас елдердің (құрлықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуын қалай атаймыз?

Пандемия

165

Организмге берілген энергия мөлшері қалай аталады?

Доза

166

Инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру – шектеу, емдеу –сақтандыру және арнайы – эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі

Обсервация

167

Қан тамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің неше түрлері бар?

4

168

Артериялық қан кету белгілері -

Қан түсінің алқызыл болуы, қанның лықылдап, шапшып ағуы

169

Веналық қан кетудің белгілері -

Қошқыл түсті қан толассыз ағады және оның шапшып атқылауы байқалмайды

170

Капиллярлық қан кетудің белгілері -

Тері, жұмсақ клеткасы және бұлшықеттердегі ұсақ қантамырлар бүлінгендегі қанның кетуі

171

Паренхиматоздық қан кетудің белгілері

Ішкі мүшелер яғни, өкпе, бауыр, бүйрек зақымданғандағы қанның кетуі

172

Терроризмге қарсы күрес туралы  ҚР Заңы қашан қабылданды?

1999 жылы 13шілде

173

Терроризме қарсы күресті тікелей жүзуге асыратын мелекеттік органдар мыналар болып табылады:

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Президентінің Күзет қызметі, ҚР Қорғаныс министрлігі

174

Геофизикалық ТЖ не жатады?

Жер сілкінісі

175

Геологиялық ТЖ не жатады?

Опырылма, сел

176

Метеорологиялық ТЖ не жатады

Боран, қар көшкіні

177

Гидрогеологиялық ТЖ не жатады?

Су тасқыны, су басу

178

Теңіз жағдайына байланысты ТЖ атаңыз?

Цунами, тайфун

179

Жол, кеме, әуе апаттары қандай ТЖ жатады?

Техногендік

180

Жер сілкінісі неше баллға дейін өлшенеді?

11-12

181

Өндірістік ТЖ дегеніміз не?

Нысан орналасқан аймақта

182

Регионалдық ТЖ дегеніміз не?

Бірнеше облыста

183

Панаханада қандай бөлімдерден тұрады?

негізгі және қосымша

184

Панахана неден сақтап қалады?

қазіргі заманғы қарулардың барлық түрлерінен

185

РҚО (радиациядан қорғайтын орын) неден сақтап қалады?

радиациядан, радиоактивті зақымданудан

186

АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметінің мақсаты?

өрттерді жайылдырма, сөндіру, халықты оқытуға қатысу

187

Хабарлаудың негізгі әдісі не?

радио және теледидар жүйелері

188

Құтқару жұмыстарын зақымдану ошақтарын өткізу мақсаты неде?

адамдар мен қымбат бағалы заттарды сақтау

189

Құтқару жұмыстарын химиялық зақымдану ошақтарын жүргізу ерекшеліктері қандай?

УЗ мен ҚӘУЗ жоғарғы концентрациясын ескеру

190

Барлаудың түрлерін атаңыз?

радиациялық , химиялық , бактериологиялық , өртке қарсы барлау отрядттары

191

Карантинді қай жағдайда өткізеді?

биологиялық зақымдануда

192

Карантинді жүргізетін кім?

жергілікті әкімшілік органдары

193

«Адамсит» қай улы заттар тобына жатады?

Тітіркендіргіш әсерлі

194

Хлорциан сипаттамасы қандай?

Ерекше иісі бар бу, суда аз ериді

195

«Фосген» қай улы заттар тобына жатады?

Тұншықтырғыш әсерлі

196

«Иприт», «Люизит» улы заттардың қай тобына жатады?

Тері-ірің әсерлі

197

Ауадағы зиянды және қауіпті заттардан шекті рұқсат етілген шоғырлануы қандай бірлікпен өлшенеді?

МГ/м3

198

Төмен ауадағы ядролық жарылыс қай жерде болады?

Ауада, жер бетінен қашық емес

199

Пайда болу салдарынан ТЖ қалай бөлінеді?

Техногендік, табиғи

200

Топырақ темпиратурасы ауа темпиратурасынан төмен болса бұл:

инверсия




1. тематики Отчет по лабораторной работе 1 Тема- математический аппарат знакомство с пакетом Mat
2. Пищевые и биологически активные стабилизаторы
3. Сущность и принципы анализа управленческих решений
4. 2014г 2014 г
5. Оптика
6. Динамика твердого тела
7. Тема 1 Нотариат как система государственных и негосударственных органов для удостоверения фактов имеющих ю
8. Приди ко мне брате в Москов
9. Печаль моя светла
10. Реферат- Природоохранная деятельность на промышленных предприятиях