Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

туризмні~ ~рт~рлі аспектілері к~рінеді

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 10.6.2024

Кіріспе

Туризм – қазіргі заманның қиын қоғамдық – мәдени және экономикалық феномені, яғни ғылым уәкілдерінің көз алдында «туризмнің» әртүрлі аспектілері көрінеді. Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай – ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.

Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін халықаралықинвестициясының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризм – Қазақстан Республикасының дамуындағы маңызды рөлатқаратын салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.Бүкіл әлемде туризм тез дамып келе жатқан халықаралық шаруашылықтың бөгігі болып саналады. Туризмнің маңыздылығы мемлекеттің экономикасына жақсы пайда әкеліп күннен күнге артады.

Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша туризм әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады. Сондықтан Қазақстанда оны дамыту маңызды болып табылады.

Әр жылы тұтынушылардың бағыттары өзгереді. Сондықтан туризм саласындағы мамандар даярлағанда, өндірістік және халықаралық тәжирибелер алу жөн.

Туризм сферасында бүгінгі күнде көптеген жаңа бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, инфраструктураны дамытып  инвестицияларды белсенді түрде тарту шаралары өткізіліп жатыр.

Қазақстандағы туризмді алып қарайтын болсақ, өте қарапайым болып көрінеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылдаған «Қазақстанда туризмді дамыту» туралы бағдарламасы елімізде туризм саласын дамыту жолдарын көрсететін маңызды құжат болып табылады. Бағдарламада туризмді дамытуда  туристік саланың жоғарғы тиімді, әрі бәсекеге қабілетті бағыттары  атап көрсетілген. Туризмнің дамуы ол мемлекетіміздің шағын және орта бизнесті, туристік бизнесті қолға алуымен тығыз байланысты. Егер еліміздегі туристік бизнеспен айналысатын кәсіпорындар бүгінгі заман талабына сай қызмет атқара алса, неге дамытпасқа. Мемлекетіміз туризм саласын даму үшін көп мән беріп, бағдарламалар мен кәсіпорындарға көмек береді.

Есеп-беру өндірістік практика болып табылады. Практика Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінде өткен болатын. Мекен-жайы Орынбор 8, 1 – подъезд, 6 қабат.Практика 27 ақпаннан 1 наурыз 2014 жылдың арасында сағат 9.00-18.00 – ге дейін болатын. Практиканың негізгі мақсаттары:

  1.  студенттердiң өндiрiстiк практикасы  оқу кезінде  алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту,
  2.  практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында жүргізіледі.
  3.  Проблемаларды теориялық аспектілер арқылы қарастыру;
  4.  Жалпы қателіктерді қарау мен оларға анализ жасау.

       Өндірістік практика міндеті:

  1.  ұйымдастырушы, басқарушы жұмыс тәжiрибесін жинау;
  2.  ұйым/кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымстырушылық құрылымын зерттеу;
  3.  ұйым/кәсіпорынң стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;
  4.  ұйым/кәсіпорын материалдық-техникалық базасын, капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын,еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларды талқылау;
  5.  жаңа бағдарламалармен, технологияларымен, компьютерлік қызмет көрсетумен танысу;
  6.  келісімшарт, шарт, әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;
  7.  туристік ұйым/кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндеттерімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу;

берілген ұйым/кәсіпорын ұсынып отырған турпакет мазмұны мен саяхаттаушылар динамикасына салыстырмалы талдау жасау;

Министрліктер — мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген.

Қазіргі мамандардың біліктілігін, білімін арттыру мақсатында тәжірибенің маңызы зор. Сондықтан практикадан өту барысында студент туризм саласында  қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады. Нарықтық экономика жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Ол үшін мамандардың біліктілігін, білімін арттыруда практиканың маңызы зор. Сондықтан өндірістік практикадан өту барысында студент туризм саласындағы қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады. Практика арқылы көп жағымды әсерлерді алдық. Ең бірінші ол біз үшін болашақта маңызы зор.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар     министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің құрылымы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару; көмiр өнеркәсiбi; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерiн пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етудi, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi (бұдан әрi - реттелетiн салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің (МИНТ РК) төр ағасы - Игалиев Марат Несіпқалиұлы. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

Экономика секторы мен қызметкерлердің саны бойынша Қазақстандағы ең үлкен Мемлекет органдардың бірі. Жалпы орталық пен аумақтарда 7 мыңнан аса құзметкерлер жұмыс істейді.

Негізгі миссиясы жаңа, бәсекеге шығу үшін, жоғары дәрежедегі технологияларды дамытуға арналған жағдай жасау болып табылады.

Жүзеге асыратын бағдарламалар:

- Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама;

- Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасында минералдық шикiзат кешенiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;

- Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.

Министрлік ҚР орталық орындаушы органы болып табылады. Мемлекеттік басқарушық қызметін атқарады. Министрліктің құқықтық статусы көптеген заңнамаларда, актлерде көрсетілген. Сонымен қатар Министрлік ҚР Президентімен бекітіледі және қызметке бекілітуі мен босатылуы ҚР ПРезидентімен қарастырылады. Министрлердің орынбасарларды премьер-министр қолдауымен үкіметпен тағайындайды. Сонымен қатар министр бұйрықтарды тексеретін қосымша бөлімдер бар. Министрлік құрылымында департаменттер,басқарымдар мен комитеттер бар. Олардың басты мақсаты министрдің тапсырмасы бойынша салалардың әрекеттерін орындайды. Сонымен қатар министрліктерде министрдің бұйрығымен орындау үшін, шешімдерді қабылдай алатын консультациялық, үйлестіруші және кеңесші алқа бөлімшелері құрылады. Министрліктің құрылымында министрлік қызметіне тапсырылған салаларды тікелей басқаруды жүзеге асыратын департаменттер, басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктер, екі жақты бағынатын өңірлік бөлімшелерге ие: тігінен тиісті министрлікке бағынатын және көлденеңнен жергілік әкімшілікке бағынатын (мысалы, білім бөлімдері, қаржы бөлімдері және т.б). Министрлік басқарылым, салалар бойынша жалпы жағдайына мен болашақта даму жағдайына толығымен жауапты болады. Халықаралық байланысқа тікелей шығып, көптеген проблемаларды шешуге негізгі міндеттерге жатады. Актілер Президенттің бұйрығымен және заңнамаларға сәйкес шығарады. Министрлік актілер бұйрық, нұсқау формада шығарылады.

2.1.ҚР  Индустрия және Жаңа Технологиялар Министрлігінің  және Туризм индустриясы комитетінің құрылымы , нормативтік-құқықтық базасы

Министр

Исекешев А.О.

Құрылымы

 

Секретариат

Ішкі аудит басқармасы

Жауапты хатшы

Атамкулов Б.Б.

Вице-министр

Джаксалиев Б.М..

Вице-министр

Сауранбаев Н.Г.

Бірінші вице-министр

Рау А.П.

Жергілікті құрам даму департаменті

Электрқуаты мен көмір өнеркәсіп департаменті

Мемлекеттік құпия қорғау мен мобильдік дайындық департамент

Әкімшілік - кадрлық жұмыс департаменті

Жаңа технология мен энергоқуат департамент

Жер қойнау пайдалану департаменті

Сыртқы экономикалық байланыс департаменті

Стратегиялық жобалау департаменті

Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi

Стратегиялық жобалау департаменті

Активтерді басқару департаменті

Жаңа технология мен энергоқуат департамент

Қаржы департаменті

Атом қуаты бойынша комитеті

Туризм индустриясы комитетi

Инвестиция комитетi

Заң департаменті

Өнеркәсiп комитетi

Мемлекеттік сатып алу

Техникалық реттеу және метрология комитетi

Ақпараттық басқармасы

Мемлекеттік қызмет даму басқармасы

Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитетi, Өнеркәсiп комитетi, Техникалық реттеу және метрология комитетi, Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi, Туризм индустриясы комитетi, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустрия комитеті кіреді. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік қызмет саласындағы реттеу, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асырылатын ведомоство болып табылады. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Комитетінің құрылымы, штат санын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Министрліктің бірінші басшысымен келіскеннен кейін Министрліктің штат саны шегінде бекітеді. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Комитетте 29 адам қызмет етеді (Қосымша).

Министрлік құзыреті шеңберінде  Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1.  Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  2.  Туристік салаға инвестициялар тарту жөңіндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  3.  Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында:

  1.  Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты һ, туристік индустрияны және туризмді дамытудың стратегиясын, мемлекеттік,  салалық (секторлалдық) бағдарламаларын іске асырады;
  2.  Туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық, және басқа ұйымдастырумен және туристік қызмет саласындағы меншік нысанына тәуелсіз туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  3.  Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарлату ережелерін әзірлейді;
  4.  Туристік қызмет саласындағы стандарттау аясы қызметін реттейді;
  5.  Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде таратады, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен,
  6.  Әлемдік жетекші бұқаралық құралдарының өкілдеріне және туроператорларға арналған конференцияларды, семинарларды, ақпараттық жарнамалық турларды, туризм саласындағы мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастырады және олардың жүмысына қатысады;
  7.  Отандық туристік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  8.  Туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын болжауды, кешенді талдауды жүзеге асырады және туристік саланың даму жағдайына мониторинг жүргізеді;
  9.  Туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы басылымдық, жарнамалық және картографиялық өнімдерге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
  10.  Туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттар мен құрметті атақтар беруге ұсынады;
  11.  Туризм жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын әзірлейді және бекітуге ұсынады;
  12.  Өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге, жасасуға және орындауға қатысады, сондай–ақ  халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүддесін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
  13.  Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін әзірлейді;
  14.  Туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын болжауды, кешенді талдауды жүзеге асырады және туристік саланың даму жағдайына мониторинг жүргізеді;
  15.  Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады;
  16.  Туристік қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытындылайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Комитет өз функцияларын іске асыру үшін мыналады жасауға құқылы:

  1.  Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Комитеттің ведомостволық бағынысты ұйымдарынан Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
  2.  Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
  3.  Қомитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер қйымдасьыруға және өткізуге;
  4.  Заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  5.  Міндеттері жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Комитеттің Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады. Комитет төрағасы:

  1.  Басшылық жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады;
  2.  Өз орынбасарларының және Комитет құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін белгілейді;
  3.  Өз орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  4.  Заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелей мәселесін шешеді, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылады;
  5.  Өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитет білдіреді;
  6.  Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
  7.  Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды;
  8.  Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
  9.  Министрмен келісім бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  10.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

Комитет төрағасының Министрліктің жауапты хатшысының келісімі бойынша Министрдің бұйрығымен лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдардан босатылатын екі орынбасары болады.

Комитет төрағасының орынбасарлары:

  1.  Өз өкілеттері шегінде Комитет жұмысын үйлестіреді;
  2.  Комитет төрағасы болмаған кезеңде Комитеттің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады;
  3.  Комитет төрағасы жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Комитеттің мүлкі

Комитет жедел басқару құқығындағы ерекшеленген мүлікке ие. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктен қалыптастырады және негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде (балансында) көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.Мүлікті өздігінен иелігінен айыруға немесе басқа да тәсілмен пайдалануға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің ұйымдық құрылымы

Төраға

Аумақтық департамент туризм индустрия Комитеті ҚР МИЖТ әкімшілік арнайы экономикалық зона  «Бурабай»

Инвестициялық саясат және туристік ресурстар басқармасы

Аймақтық даму және туризм инфрақұрылым басқармасы

Құқықтық қамтамасыз ету және лицензиялау басқармасы

Стратегия және туристік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Имиджді қалыптастыру және халықаралық байланыстар басқармасы

Әкімшілік ету және қаржыландыру басқармасы

Төраға орынбасары

Төраға орынбасары


Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік – құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту мақсатында қабылданған келесі заңдық-құқықтық құжат бұл Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі №12-13 қаулысымен бекітілген “Туристік қызметті лицензиялау ережесі”. Осы ереже Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы “Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 масымдағы Заңына,”Лицензиялау туралы”  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңына, өзге де нормативтік-құқықтық келісімдерге сәйкес әзерленген және уәкілетті органның-лицензиярдың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсияларда, қызметтерді және туризм нұсқаушысы мен қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді. Қазақстан Республикасының заңнмасымен және осы Ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі. Берілген лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Ережеде лицензия берудің тәртібі мен шарттары; бірліктік талаптары; лицензия тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру, есепке алу және ақылау туралы көсетілген.

  Мемлекеттік қызметтерді стандарттау мақсатында . Қазақстан Республикасының Үкіметімен №1099 29 тамыздан 2012 ж «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттау» бекітілді. Сондықтан туроператорлық әрекеттері ХҚО мен «Е-лицензиялау» арқылы жасалынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Басшысының тапсырмасымен «Қазақстан Республикасыныңрұқсат берілген системадағы кейбір өзгерістер мен толықтырулар туралы актілер» 30 қаңтардан 2012 ж турагенттік қызметтер лицензия беру қызмет түрлерден босатылады. Оның басты мақсаты туристік саладағы бизнесті оңтайландыру мен жақсы жұмыс жасауында.

«Туризм саласындағы кейбір актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңнамасына сәйкес 2013 жылғы Жобаларға бағытталған. Туристерге және басқа да азаматтарға жауапты болуына орай көптеген актілерді қосылды.

Қазақстан Республикасыныңтуристік іс-әрекеттер туралы заңнамалары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстан құралады. Егер халықаралық шарттарда басқа ережелер болса (біздің заңнамаларда көрсетілмеген), онда халықаралық шарт қолданылады.  Алайда, ол барлық ережелерге сәйкес болуы керек. Туристік бизнестің спецификасы әртүрлі турөнімнің сервистен құралады: транспорт, тамақтану, орналастыру, консулдық қызмет және т.б. Осыдан көптеген туристік іс-әрекеттерді реттейтін құқықтық пен нормативтік құжаттар бар. Мысалы, әкімшілік заңнамалар шығу визалар, валюьа заңнамалары – есеп беру формасы, кедендік – шекара рұқсаттар арқылы реттеледі. Сонымен қатар туристік қызметтер туралы ҚР Мемлекетстандарттары нормативтік актілер, тұтынушы сферадағы туристік қызметке қолданылатын заңнама туралы антимонополдық органдардың актілері бар.

ҚР туристік қызметтер туралы құқықтық негіздері келесі нормативтің-құқықтық актілерде көрсетілген:

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж бекітілген;
  2.  13 маусымнан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы, №211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»
  3.  2007-2011 ж туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы;
  4.  Қазақстан Республикасындағы туризм дамыту концепциясы;
  5.  «Меншік кәсіпорын» туралы Қазақстан Республикасының Заңы (12 қаңтардан 2007 ж);
  6.  «Стандарттизациялау туралы», «тауар мен қызмет сертификациялау туралы» Заңдары;
  7.  «Туроператорлар,турагенттер қызметтерге, туризм қызмет нұсқаушысына квалификация мен лицензия туралы Ережелер» 11 маусымнан 2007 ж Қазақстан Республикасының Үкімітімен бекітілді;
  8.  2010-2014 жылғы Қазақстан Республикасының туртстік индустриясының перспективті бағыттағы даму бағдарламасы
  9.  «ҚР-на қонақ үй қызметін қамтамасыз ету Ережесі» ҚР Үкіметімен қаралды;
  10.  «Туристік қызмет пен қонақ үй қызметтерді сертификация ережелерінің сертификация системасы»  ҚР Мемлекеттік стандарты және т.б.

Халықаралық туристік ұйымдардың заңнамалары:

  1.  Туризм Хартиясы. 1985 ж Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблея VI сессияда қабылданған болатын.
  2.  Туризм бойынша парламентаралық конференциясының Гаага декларациясы, 10-14 сәуір 1989 ж, Гаага.
  3.  Кедендік шығу мен келу рұқсат қағазнамалары нұсқау тәртібі. Қазақстан Республикасының Ішкі Министрлігі қабылданған, 4 сәуір 1994 ж, №92.
  4.  «Тұрғындардың санитарлық – эпидемия игілігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  5.  «Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңнамасы.
  6.  Ташкенттік декларациясы. Қазақстан Республикасының Ішкі Министрлігімен бекітілді. 31 қаңтар 1994 ж. №286
  7.  «Қазақстан Республикасындығы Ұлы Жібек жолындағы туризм инфраструктурасын дамыту,ДТҰ мен ЮНЕСКО жобалар,Ташкент декларациясы»
  8.  Қазақстан Республикасындағы виза беру нұсқасы. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігімен бекітілді.

Осыған орай нормативтік-құқықтық база кез-клген салаға тән. Әсіресе экономикалық жағдайларда. Алайда, заңнамалардығ басты мақсаты кәсңпорындарға қолдау көрсетіп, олардың жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.

Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған.

Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2012 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2011 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.

Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2011 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2012 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2011 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).
      Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.
      Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi.
      Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.
      2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға негiзделдi.
      Бұл кезеңде нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi. 2008 жылы туристiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрқатар заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзiлдi және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) туризм мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары бекiтiлдi .
      Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.
      2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты.

 Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.

Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған.

Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.

Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).
      Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.
      Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi

Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.
      2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға негiзделдi.

Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.
      2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты.

Бүгінгі таңда көптеген жобалар, бағдармалар бар. Олар Туризм Индустрия Комитетінен тексеруінен міндетті түрде өтеді.

Көптеген бағдарламалар бар:   

  1.  «Батыс Еуропа Батыс Қытай" Бағдарламасы. Осы проектың орындау мақсатында ҚР туризм индустрия Комитеті 2010-2014 ж. Туристік кластердің болуы үшін жобаларды жасап, оларды іске асырады.Кластерлердің құрылуы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарда жүргізіледі.Төрт категория бойынша инфраструктурасын жасайды:

А. Туристік орталық (мотель, ақпарат орталығымен туристік қызмет көрсету бюросы, маршруттар, ойын-сауық орындар, мейрамхана, дәмханалар, дүкендер, шиножасау бөлімдері және т.б.).

В. Демалыс орталығы (туристік ақпараттық пункті, мейрамхана, дәмханалар, дүкендер, шиножасау бөлімдері және т.б.).

С. Қызмет көрсету орталығы (дүкенлер, дәретханалар, жөндеу бөлімдері және т.б.)

  1.  Ақтөбе облысында демалыс базалары "Greenland", "Караван-сарай Иргыз" (2010 - 2015 годы);
  2.  Қызылорда облысында туристік орталық Қамбаш көлінде “Байқоңыр”, көңіл көтеру – сауда орталығы “Гарыштық гавань”, киіз үйлік қонақ үй мен туристік орталық “Қорқыт – Ата” (2011 - 2020 годы);
  3.  Оңтүстік Қазақстан облысында туристік орталық “Ежелгі Түркістан”, “Ежелгі Отырар” (2011 - 2017 годы).

2015 жылға қарай 24 жолдық инфраструктура салынады. Алайда толық бағдарламаны іске асыру үшін 58 объект «В» категория бойынша болуы керек. Олардың аралығы 90-120 км болады. «С» категория объектілері 50 км қашықтықта орналасады.

  1.  Қазақстан Республикасының 11 баптағы Заңына сәйкес «Ойын сауық бизнесі туралы» бойынша елімізде екі аумағында ғана Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасында рұқсат етілген. Осыған орай Министрлікте «Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасы Халықаралық туристік орталық «Жаңа Іле» құрылысы» жобасы орындалу үстінде. Осы туристік орталықтың салынуына орай Алматы облысында 11 000 га жер алынған. Қазіргі уақытта Бас жоба жасалынған, оы жоба бойынша орталық екі кезеңнен тұрады: ол 2012 жылға дейіг құрылатын объектілер(3500 га) мен 2020 жылға дейінгі салынатын объектілер.
  2.  Құрылыстағы инвестиция тарту мен жаңа заманға сай инфрақұрылымды жасау мақсатында Щучинск-Бурабай курорттық аумағы 15 ақпаннан 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Президент Бұйрығымен жасалынды. №512 арнайы «Бурабай» экономикалық зонасы 370 га құрылды. Ол «Бурабай» Мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтың Щучья көлдің оңтүстігінде орналасқан. Жобаны жасаушы ЖШС «Бурабай Туризм Сити» болып табылады. 12 жылға жасалуы 2019 жылға дейін жоспарлануда және ол бес кезеңге бөлінген. Сонымен қатар бұл жоба қоғамдық болып табылады. Сондықтан жаңа жүмыстық орындар қамтамасыз етеді. Қазіргі күнде 1 деңгейі жасалынады. Онда 402 орындық қонақ үй, Спа орталығы болады, 3 га жерде салынады.

2.2.ҚР  туризмнің қазіргі кездегі жағдайы және болашаққа бағытталған жоспарлар

Көрмелер

Қазақстан тарихи бай ел. Осыған орай еліміз көптеген халықаралық көрмелерге қатысады.

Берлинде 6-10 наурызда 2013 жылда өткен көрменің табыстылығы  мол. Әлемнің әр қиырынан 180 аса мемлекеттен туризм саласында компаниялар қатысты.

Біздің елден өңір-өңірден іріктеліп алынған 5 туристік компания қатысқан болатын. Көрме аясында түрлі екі жақты кездесулер өтіп, келіссөздер жасалып, болашақ үшін келісімшарттарға қол қойылды.

Көрме шеңберінде өткен жиынның бірі ұлы жібек жолын дамытып, құндылықтарды ұрпаққа қалдырудың амалдарын ойластыру тақырыбын өзекті еткен туризм министрліктерінің кеңесі. Онда, қатысқан біздің елдің орны ерек. Отырыс барысында Қазақстан биыл мәртебесі жоғары конференцияны Алматыда өткізу құқығына ие болды. ITB Берлин көрмесі түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысатын орны. Жыл сайын дүбірлі жиынға ондаған мың адам қатысады, келіп көреді, олар өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейтуге және жаңа туристік бағыттарға жол табуға ұмтылады. Көрме барысында 200 аса келісімшарттарға қол қойылды. Сарапшылар мен көрермен, стендтің әрленуіне, креативтілігі, бұрышта қойылған құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрмен, мәдениеттің таныстырылуына баға берді. Стендт үздік бестіктен орын алды. Біздің ел әдеттегідей алдыңғы орыннан көрінді. «Үздік бейнеролик номинациясы» әсем Астана жайында  жасалған роликке бұйырды. Оның үстіне, ұлттық тағамдарға деген қызығушылықты ерекше танытқаны тағы бар.   

2014 жылғы болатын көрмелер

Болатын Көрмелер

Болатын жері мен күні

1.

FITUR Халықаралық туристік көрмелер

22 - 26 қаңтар,Мадрид қ, Испания

2.

«EMITT» Халықаралық туристік көрмелер

30 қаңтар – 30 ақпан, Стамбул қ, Туркия

3.

ITB Халықаралық туристік көрмелер

5-9 наурыз, Берлин қ, ФРГ

4.

“In tour market” Халықаралық туристік көрмелер

15-18 наурыз, Москва қ, РФ

5.

KITF Халықаралық туристік көрмелер

23-25 сәуір,  Алматы, Казахстан

6.

ATM Халықаралық туристік көрмелер

5-8 мамыр, Дубай қ, БАӘ

7.

VII АЭФ туризм бойынша сессиясы

21-23 мамыр, Астана қ, Қазақстан

8.

“ ITE” Халықаралық туристік көрмелер

12-15 мамыр, Гонконг қ, ҚХР

9.

«Астана Отдых»Халықаралық туристік көрмелер

қыркүйек, Астана қ, Қазақстан

10.

WTM Халықаралық туристік көрмелер

Қараша, Лондон қ, Ұлыбритания

ЭКСПО

Экспо 2017 -10 шілдеде 2017 жылдан  бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.  

Иесі 22 қараша 2012 жылдың Францияның астанасы Парижқаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.

2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.

Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін.

Сапа бұл - ең басты талап. Көрмеге қатысатын елдер саны неғұрлым көп болса, бұл Қазақстаннаың халықаралық қатынастарына соғұрлым мол үлес қосатын болады. Шамамен көрмеге 100-ге жуық ел қатысады.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында Целиноград, Аршалы және Қорғалжын аудандарында этно-ауылдар құру жобалары дайындалуда. Бұл көрме келген туристерді халқымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыруға мүмкіндік береді.

Оның сөзіне қарағанда, өңірде туристік қызметтің жалпы көлемі 1,5 есеге өсіп, 2 млрд теңгеден асты.

      EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік. 
        Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең ауқымды пікірталастардың бірі болып қалмақ. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп отыр. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау білдіруде. Осы ретте сәл шегініс жасасақ... Естеріңізде болса, V Астана экономикалық форумы аясында «Жасыл көпір» және EXPO-2017 тақырыбы «Болашақ энергиясы» сияқты Қазақстанның Жаһандық экологиялық бастамалары жөнінде мамандандырылған сессия өткен болатын. Сессияның спикерлері ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Ауманн, Эрик Маскин, АҚШ Хьюстон университетінің баламалы энергетика зерттеу институтының директоры Алекс Игнатиев, Мыңжылдық жобасы халықаралық ұйымының Венесуэла бөлімінің төрағасы Хосе Кордейро, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Экоэнергомаш» бас директоры Альберт Болотов, Назарбаев Университеті инженерлік факультетінің машина жасау кафедрасының профессоры доктор Сарим әл-Зубайди, Назарбаев Университеті Инженерлік мектебінің профессоры Жұмабай Бәкенов өз ойын ортаға салды. Басқосуды қорытындылай келе мамандар бүгінде бүкіл әлем қайта қалпына келетін және баламалы энергия көздеріне баса көңіл бөлініп отырғанын айтып, Қазақстанның бұл бастаманы қолдауға әлеуеті жеткілікті екенін алға тартты. Жаһандық мәселелерді көтеріп, климаттың өзгеруін, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігін және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларына қаржылай қолдау көрсету жайын талқылады. 

Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда. 

2012 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде төраға Стин Кристенсеннің басшылығымен Көрмелердің халықаралық бюросы Сарапшылық комиссиясының елімізге жұмыс сапарымен келуін атауға болады. Стин Кристенсен мен КХБ бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес екі рет БАҚ өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында олар Қазақстандағы жұмыс кездесулері туралы алған әсерімен, тың ойларымен бөлісті. Атап айтсақ, Стин Кристенсен Астана ұйымдастыру комитеті құжаттар жинағын дайындау бойынша тамаша жұмыстар атқарғанын мәлімдеді.

Әлемдегі белді ұйымдар Қазақстанның EXPO көрмесін өткізуіне бір жағынан мүдделі болып отырса, екінші жағынан Қазақстан мен оның «энергия» тақырыбына деген қызығушылығын көптеген елдер қолдауда.
EXPO-2017 ұлттық жобасына Мемлекет басшысының өзі қолдау көрсетуі оны сәтті іске асырудың маңызды факторы болып табылады. 2011 жылдың жазында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттер EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуде Қазақстанның кандидатурасын қолдайтынына сенім білдірді. Президент бүгінде энергетикаға ауқымды инвестиция салу бүкіл әлем үшін өте маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті.

Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келетіні белгілі. 

Қазақстан елордасы сайлауалды бәсекеде жеңіске жетсе, осы саладағы үздік әлемдік үрдістер мен әзірлемелерді көрсетіп, оны талқылау үшін тиімді алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбында жұмыстар басталып кетті. Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып келеді. Айталық, 2012 жылдың маусымында Астанада өткен «Болашақ энергиясы» халықаралық симпозиумы ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия көздерін күшейту мәселелеріне аударды. Мұның өзі Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде маңызды шаралардың бірі болғаны анық. 
«Болашақ энергиясы» жобасының атауында оның идеясында секілді энергияны жақын болашақта пайдалану кезіндегі ең озық тәсілдерді қабылдау, енгізу және қолдануды білдіретін абстрактілі ұғым қалыптасқан, бұл тұрақты дамудың айнымас шарты болып табылады.

«Болашақ энергиясы» сондай-ақ өзінің алдына жұртшылық назарын адамзаттың ажырамас мұрасы болып табылатын қуат қорларын жауапты және тиімді пайдалану қажеттілігіне қарату мақсатын қояды.

«Болашақ энергиясы» жобасының мақсаттары мен міндеттері —қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ойлану мен білім қалыптастыруды ынталандыру мақсатында түрлі мекемелер, ұйымдар, корпорациялар мен жеке тұлғалардың көмегімен халықаралық қауымдастықты жауаптылық сезіміне шақыру болып табылады. айқындайтын фактор ретінде қарасты.

«Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты мақсаттар қояды - қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету.

Қазақстандағы Халықаралық туризмнің рөлі

Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.

Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.

Туризм дамуының әлемдік үрдістері мен Қазақстандағы оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады.

Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азаяды, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.

Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

- кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;

-туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;

- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;

- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;

- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын

бизнестің дамуы;

- қызмет көрсету секторының өсуі;

- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары - Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік  фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.

Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.

Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.

Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.

Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2000-2003) байланысты шаралар болды.

2001 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26млн. теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жүлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар.

Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.

Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты. Берлин, Лондон, Мәскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар .

Оған ықпал ететіндер:

- еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі;

- саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы;

- еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;

- мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;

-Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы - этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы; - Туристік - рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік, жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.;

- бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар).

Туризмнің даму барысына Қазақстанның 1993 жылы БТҰ- на кіруінің маңызы зор болды. Елімізде туризмнің дамуына көңіл бөлінуде және туризмнің ролін түсінуде. Айта кететін бір жағдай, Республикада туризм дамуының улкен концепциясы құрылуы « Ұлы Жібек Жолының» жаңғыруы. Қазақстанда туризмнің дамуын дұрыс жолға қою тек табыс алып келу ғана емес, еліміздің басқа елдермен байланысы нығайып, бет бейнесі қалыптасады.

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы шарттары біздің д.д.үшінші мың жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуымен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқада экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО — ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен, бірге, Қазақстанның бірқатар сэулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі әлементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемелекттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мүрасын қайта өркендету үшін негіз каланды.

Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту «Туризм туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-ХІІ Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру» туралы, «Ұлы Жібек жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы» туралы 1997 жылғы 10 сәуірдегі N3476 және Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.Осы құжаттарды қабылдау туризмнің Қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті.

Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі — Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ — ға толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.

Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл, бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың жылыстауына экеп соғады. Республика азаматарының шетелге тауарлар сатып алу, оны кейіннен сату мақсатында баратын жол сапарлары бүрынғысынша бүқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-күйін анықкөрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірибесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне бйланысты туристер мен «чартер ұстаушылар» арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі көмек көрсетті. Қазақстанның түтыну рыногының төрттен бірін «қапшықтау» бизнесі тауарлармен толтырады және, тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мынға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы «қапшықтау» саудасының көлемі шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Сонымен бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін котеруге елеулі әсер ете қойған жоқ.

Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық камтамасыз етудің жай — күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.

Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халық аралық авиажелілерінің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Корея Республикасына, Түркияға, Италияға, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Ішкі және халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жаынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мүның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, авиабилеттер қүнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімнің қүнын өсіреді және тиісінше оны халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін төмендетеді.

Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп — туризмді ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Алайда, оны дамыту,тұтасымен алғанда жолдардың жай-күйіне және туристік көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне де байланысты болады. Республиканың автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары денгейде ұстауға мүмкіндік бермейді.

Негізгі темір жол тасымалдаушысы «Қазақстан теміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Туркіменстанның және Тәжікстанның жолаушылар поездары өтеді.

Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет.

Орналастыру құралы. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендегі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру обьектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ін құрайды. Сондай-ақ, елдегі қонақ үйлердің саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал біржолғы кереует-орынға сыйымдылық тиісінше 30%-ке төмендеді.

Соңғы бес жылда 605 қонақ үй жабылды,1999 жылы республикада 205 қонақ үй жұмыс істеді, номер қоры 15%-ке ғана толтырылды.

Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған.

Талдау көрсеткендей, туристік сыныптағы қонақ үйлердің

(2-3 жүлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельділігі неғұрлым жоғары.

Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм дамуындағы түйінді мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда, туризм менеджрлерін даярлайтын  жоғары оқу орындар бар. Көптеген жоғары оқу орындарында мұның басты себебі Қазақстанда туристік әлеует туралы оқытушылар құрамының білім және туристік саладағы жұмыс тәжірибесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау отандық туристік-рекреациялық ресурстарды ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологияларымен ықтимал клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді атаулы жарнамалаудың әдістемесі жеткілікті түрде ескерусіз жүргізілуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары түлектерінің едәуір бөлігінің туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы жетпейді.

Туризмды дамытудың негізгі багыттары

Мақсаттарымен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:

  1.  Туристік қызметті мемлекеттік реттеу.
  2.  Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік—экономикалық жағдайларға толықжауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдарымен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің ролін арттыру қажет.
  3.  Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:
  4.  Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;
  5.  Туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтірумен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету;
  6.  Сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  7.  Статистиканы және зерттеу қызметін жетілдіру;
  8.  Білім және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсіптік даярлау;
  9.  Туризм саласында мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз ету;
  10.  Туризмді дамытудың нақты аудандарында жерді пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;
  11.  Тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдау-шылардың қызметін лицензиялауды, туристік обьектлердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау;
  12.  Ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетинг және жылжытылуы жөніндегі басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;
  13.  Халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;
  14.  Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттарымен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
  15.  Визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату:
  16.  Мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау;
  17.  Туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.

Туризм инфрақұрылымын дамытпу

Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік- экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.

Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:

Жалпы пайдалану және туристік мүқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;

Ілеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және катты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;

Туристік кешендерді, этнографиялық мүражай-ларды және демалыс аймақтарын құру;

Тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мүражайға айналдыру;

Жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристік обьектілер жобаларын, оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу қажет.

Маркетинг стратегиясын әзірлеу

Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуметіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;

Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;

Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;

Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;

Рыноктың жаңа сегментерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;

Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен обьектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;

Ғылыми негізделген өткізу элеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;

Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тэсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;

Ұлттық, туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттык технологияларын пайдалану;.

Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру

Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.

Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмаларымен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени қүбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.

Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеумен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көп жақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.

Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік элеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді таруға өлкетану жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар өткізу ықпал етеді.

Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.

Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарға қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қосаберілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қаіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.

Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды әлемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде үғынуға көмектеседі.

Мемлекеттік органдардуристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттар, әлеуметік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді.

Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету

Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуір дәрежеде осы салада жұмыс істейтін кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет — туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.

Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар элеуетін қалыптастыру үшін:

-Жаңа буындағы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу;

-Туристік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік қызметтің әртүрлі қажетілігі мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;

-Мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттык технологияларды, білуіне тілдік дайындауға негізінен иек арту;

-Орта арнаулы оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру;

-Жалпы білім беретін оқу орындарында туристік сыныптар, секциялар мен үйірмелер құруға көмектесу;

ұдан бұрын таратылған балалар мен жас өспірімдер туризмінің республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтіру;

-Ұлы Жібек жолының (1700км) қазақстандық учаскесіндегі туристік-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және тугендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрамайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.

Әлі күнге дейін ұлттық экономика теориясына туризм халық шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретінде қарастырылмайды. Сол себепті республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз шығарылады. Бүған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңінен бері «туризм» деген үғым елеулі табыс түсіретін экономика саласынан гөрі спортпен және денсаулықты нығайтумен жиі байланыстырылады.

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын түгендеу және олардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретінде туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауды және дамытуды тиісті ғылыми құрылымдар қажет. Проблеманы шешудің ықтимал шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің (ЖАҚ) ғылыми мамандықтары тізбесіне «Туризмнің құқықтық негіздері», «Туризм географиясы», «Туризмнің педагогикасы мен психологиясы» жаңа ғылыми бағыттарды енгізудің қажетгілігі пісіп жетілді. Бұл республикада ғалымдар контингентін қүрүға және туризмді дамытудың ұйымдастыру мен басқарудың, дамытудың мәселелері мен проблемаларының бүкіл кешенін ғылыми зертеумен қамтуға мүмкіндік береді.

ЖАК-тың номенклатурасындағы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жіктемесіндегі мамандықтар атауын біріздендіру қажет, бұл ғылыми зерттеулер жүргізу және осындай зерттеулер үшін кадрлар даярлаудағы бірізділікті күшейтуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, туристік мамандық пен мамандандыруды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарифтендіру аныктамаларымен сәйкестендіру қажет.

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың негізгі мақсаттарын, міндеттЬрін және басымдықты бағыттарын айқындайды. Алға қойылған міндеттерді іске асыру және көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет.

Туризм арқылы көптеген елдер өздерінің төлем тепе-теңдігі мәселелерін шешуге тырысады. Туризмнен түсетін табыстарға шетелдік туристердің болған елдерінде өздеріне көрсетілген қызметтер мен тауарларға төлеген ақылары жатады, оған тек сол елде қосымша жұмыс істегеніне алған ақысы және халықаралық көлік ақылары жатпайды.

Туризмдергі шығындарға бір елдің тұрғындарының шетелде көрсетілген қызметтер мен тауарларға, өнімдерге төлеген ақылары жатады.

Әдетте, шетелдік турист бір елге келіп, одан қайта кетуіне шығаратын шығындарынан басқа, тамақтануға өз шығындарының 40%-ын, тұрғын жайына — 30%, ел ішіндегі сапарларға — 8%, басқа шығындарға 22% жұмсайды деп саналады.

Шетелдік туристердің келген елінде шығарған шығындары нәтижесінде, біріншіден, туристік фирмалардың табысы артады, бұл – тура эффект, екіншіден, жабдықтаушылардың тауарлары мен қызметтеріне экономиканың туристік секторы жағынан сұранысы өседі, ол кезегінде өз жабдықтаушыларының тауарлары мен қызметтеріне сұранысын көтереді, осылайша барлық секторларда табыс артуына әкеледі, бұл – жанама эффект, үшіншіден, туристік бизнеспен тура немесе жанама байланысты тұрғындардың жеке табысы өседі, ол тұтынушылық сұраныстың өсуіне себепші болады, бұл – мәжбүрлік эффекті. Жанама және мәжбүрлік эффекттері бірге алғанда екінші қатардағы эффект деп аталады.

Туризмнің маңыздылығында бірінші орын ұлттық шаруашылықта валютаның елге келуіне берілгенімен, табыс алу мен қатар валютаның елден едәуір кетуі де мүмкін.

Туризм арқылы көптеген елдер өздерінің төлем тепе-теңдігі мәселелерін шешуге тырысады. Туризмнен түсетін табыстарға шетелдік туристердің болған елдерінде өздеріне көрсетілген қызметтер мен тауарларға төлеген ақылары жатады, оған тек сол елде қосымша жұмыс істегеніне алған ақысы және халықаралық көлік ақылары жатпайды.

Туризмдергі шығындарға бір елдің тұрғындарының шетелде көрсетілген қызметтер мен тауарларға, өнімдерге төлеген ақылары жатады.

Туризмнің маңыздылығында бірінші орын ұлттық шаруашылықта валютаның елге келуіне берілгенімен, табыс алу мен қатар валютаның елден едәуір кетуі де мүмкін.экономикалық

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезде Қазақстанда көптеген лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық туризммен шұғылданады. Соған қарамастан Қазақстан кәйжерлері туризмді қазірше жоғарғы табысты кызмет сферасы деп карамайды. Олар қаржы шығаруға жүрексінеді. Себебі өндіріс саласындағы салық салудың жеңілдіктеріне, жоғарғы табысқа қызығыды.

Қазақстан әлемде туристік бағытта әлі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агентсволардың халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу.

Қазақстанда Еуразияның қоғамдық және мәдениет орталығын жасау үшін конгрестік туризмді дамыту маңызды. Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО және БЭСҰ бағдарламаларына қатысу, екі сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау.

Туристік бет-бейнені қалыптастыру үшін туристік хабарлама орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердегі Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұлғаларды араластыру жұмыстарына көңіл бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарда пайдалана білу.

Шет елдерде Қазақстан туралы жоғары сапалы полиграфиялық үнтаспаларды уағыздау жұмысына көңіл бөлуі.

Сонымен бірге Қазақстанда әлемдік деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет.

Қазақстаннның туристік бет-бейнесін көтеруде Республика территориясына келіп кету тәртібін жеңілдетуі, кедендік шараларды бір тұтас компьютерлендіру жүйесін енгізу. 2002-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның туристік бет-бейнесін көтеруде қабылданған үкімет қаулысы 2000 жыл 26 қазанында (16-04) Қазақстанға туристерді тартудың қызметін және елдердің халықаралық туристік нарыққа қатысуын қарастырған. Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:

- туризмді экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру.

- Республиканың туристік потенциалын дамыту.

-Мәдениет тарихын және табиғи байлықтарымызды сақтау және үтымды пайдалану.

-Туристік ресурстарды барлық халықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл бөлу, тұтынушыларды максималды қанағаттандыру.

- Халықты ынталандыру

- Мемлекеттік және жеке меншіктік туризм сферасының тиімділігін арттыру.

- Орта және шағын кәсіпкерлерді дамыту.

Тәжiрибе негiзгi бiлiм беретiн кәсiби бiлiмнiң бағдарламасының құрама бөлiгi болып табылады және бекiту және алған теориялық бiлiмдердiң қуысы үшiн қызмет көрсетедi, сонымен бiрге жалпы кәсiби және арнайы пәндердiң ұғынылған зерттеуiне әзiрлеу.Қазақстанда туризм стратегиясының негізгі мақсаты – қазіргі заманға сай жоғарғы тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Ол, бір жағынан, қазақстандық және шетел азаматтарының туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер беретіндей, екінші жағынан – ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес, соның ішінде, жұмыс орындары санын арттыру, мемлекет бюджетіне түсетін салық түсімдері, шетел валютасының ағымы, мәдени және табиғи мұраларды сақтау рационалды пайдалану есебінен қосатындай болуы керек.

Елде әр түрлі  туристік  қызмет көрсетілуде  қазақстандық және шетелдік азаматтардың  қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең  мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары  және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің  жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажет

Сондықтан туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту қажет.

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік – құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында кееледі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм енбекшілердің жыл сайынғы ақылы енбек демалысына шығуы мен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы..

Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік- мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.

Қазақстанда туризмнің хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтықжәне жеке құрылымдардың арасында өз ара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизімнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің – шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғы шарттары іс жүзінде бар, себебі Республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи сәулер және архиологиялық ескерткіштер мол.

Қазақстандағы қазіргі заманғы туризм дамуының деңгейі қолда бар туристік әлеуметті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Туристік сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Сондықтан қазіргі заманғы сатыдағы туризм дамуының экономикалық мханизмін зерттеудің өзекті мәні бар.

Қосымшалар

 Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.
       Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған.

Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.
       Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).
    Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.
       Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi.
       Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.
      2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға негiзделдi.
      Бұл кезеңде нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi. 2008 жылы туристiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрқатар заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзiлдi және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) туризм мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары бекiтiлдi .
      Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.
      2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты.

 Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.
      Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған.

Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.
      Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).
      Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.
      Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi.
      Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.
      2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға негiзделдi.
      Бұл кезеңде нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi. 2008 жылы туристiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрқатар заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзiлдi және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) туризм мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары бекiтiлдi .
      Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.
      2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты.

2.2-мақсат Тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

Бюджеттік бағдарламалар коды: 001, 006, 007, 008, 012, 01.5, 017, 018, 019, 022, 023, 026, 033, 052, 066, 085, 090

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі.

Есептік жыл

(2009 жыл)

Есептік жыл

(2010 жыл)

Жоспарлы кезеңде

2011

2012

2013

2014

2015

Туристік ұйымдар мен орналастыру орындары қызметінен ішкі туризм бойынша орындалған қызметтер көрсету көлемін 2008 жылғы деңгейден 2015 жылы 28 %-ға ұлғайту (25 164,5 млн. теңге)

СА

%

96,2

8,1

21,6

22ф,4

24,5

26,5

28

Туристік ұйымдар мен орналастыру орындары қызметінен сыртқы туризм бойынша орындалған қызметтер көрсету көлемін 2008 жылғы деңгейден (16 847,0 млн. теңге) 2015 жылы 20 %-ға ұлғайту

СА

%

90,7

18,8

14,4

15,8

17,2

18,6

20

2.2.1-міндет. Ұлттық туристік өнім қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықтарға ілгерілету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі.

Есептік жыл

(2009 жыл)

Есептік жыл

(2010 жыл)

Жоспарлы кезеңде

2011

2012

2013

2014

2015

«Тұру және тамақтану жөніндегі қызметтерді ұлғайту» көрсеткішінің өсуін қамтамасыз ету

СА

НКИ алдыңғы жылға %

95,5

112,0

105,0

105,7

106,0

106,0

107,0

Келу туризмі көлемінің 2010 жылдың деңгейінен %-ға өсуі (4,7 млн. адам)

СА

%

1

1,3

1,6

2

Ішкі туризм көлемінің 2010 жылдың деңгейінен %-ға өсуі(4,5 фмлн. адам)

СА

%

1,5

1,8

2,5

3




1. путь достижения его
2. Действие электромагнитных полей на организм человека 2
3. Реферат на тему- ldquo;Життєвий і творчий шлях Едгара Поrdquo; Батьки Едгара По були в минулому а
4. это процессы связанные с получением хранением обработкой и передачей информации т
5. тема 5 Древнеиндийская философия как социокультурный феномен
6.  ВЕЩЕСТВОМ ЯВЛЯЕТСЯ А воздух Б медь В зеркало Г гранит 2
7.  Монархическая форма правления
8. Реферат- Амазония
9. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА ’ 31 Тема- Проектирование БД
10.  Кризис инженерии Могущество инженерии подготавливает и ее кризис
11. седан хэтчбек и универсал
12. Витамины и минеральные вещества
13. Правовые основы предпринимательской деятельности
14.  ан Шолкак были известными
15. тематике 8го класса Билет 1 1
16. тема уголовноправовых норм установленных государством законодательной властью в целях регулирования и ох
17. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступенякандидата технічних наук Київ ~ Дисерта
18. Организационная культур
19. Аудит бухгалтерской отчетности
20. на тему Зміна ролі журналіста в епоху інформаційного суспільства Література Владимиров В