У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Т~рбие жеке адамды ~алыптастыру

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

№1 билет

1)Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді. Тәрбие жеткіншектердің мақсатты қалыптысу процесінің ауысымы.Қоғам өміріндегі қажетті әлеум.Тәжірибе мен оны қағамның құндылық жүйесі ретінде бірқатар ерекшеліктері бар:тәрбие- мақсатты прцесс. Нақты анықталмаған мақсатсыз орта болашақсыз. Тұлғаны тиімді қалыптасытру мүмкін емес.Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құлақ тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық ьжәне дене тәрбиесі т.б. Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.   Тәрбиенің мәні - адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен пракикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі мынандай педагогикалық міндеттерді шешуді қамтиды: 1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау, жұмысын реттеу.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, анықтау.
Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. 2)Акыл-ой тарбиесинин мазмуны.Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- танымдық қызығушьшықты дамьпу;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- белгілі білім көлемін меңгеру;
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
- ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.

Ақыл ой тарбие миндеттерине танымдық түрткілер, ой әрекет дағдылары, тұлғалық дара шығармашылық қабілеттері, қазіргі замандағы ғылыми білімін жетілдіруге үнемі ұмтылуды қалыптастыру,әлем өркениетінің құндылықтарын білу, компьютерлік сауаттылықты меңгеру процесінде тұлғаның ақпараттық мәдениеті енеді.

№2 билет\

Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан :
Тәрбие мақсаттылығы,
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланысталығы;
Еңбек арқылы тәрбиелеу ;
Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке елу ,
Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділік және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
Жеке тұғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу ;
Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.
Тәрбие принциптері ішіндегі ең негізгісі, оның
мақсаттылығы. Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат-тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сиаптқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.Еңбек арқыла тәрбиелеу принципінің мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарыспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудығ, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.
Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік дәуірде коммунистік тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып келді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда өмір сүріп отырған “
барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін” деген ұранмен еңбек етуге тиіс болды.
Тәрбие процесінде
мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жас өспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды.

2 сұрақ Еңбек тәрбиесі қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр

Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық – тарихи жағдайға байланысты анықталып. Жетіліп отырады.
оқушылардың әртүрлі еңбек әрекетін тиімді ұйымдастыру және мектептегі оқудың бірінші күнімен оларды халық игілігі үшін белсе,нді еңбек етуді үйретеді.
Оқушыларды еңбек сүйгіштік қасиеттерін дамытып және азаматтық тұрғыдан жетілген етіп тәрбиелеу.
Оқушыларды саналы түрде мамандық таңдауға және сынып, мектеп ұжымы мен өз ауылына пайда келтіру барысында белсенді еңбек етуге дайындау мәселелер

Еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр болуы белгілі бір тәрбиелік жүйе құрып, мынандай міндеттерді шешеді

Еңбектің мақсат және міндеттерін жете түсіну.

Нәтижелі еңбек ету әрекетін қажетсінетін түрткі тудыру.

Еңбек біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.

Адамның дамуына негізгі фактор-еңбек әрекеті болатындығына назар аударады, себебі Ф. Энгельтің айәтуынша «қарым-қатынас қажеттелігі еңбектің арқасында пайда болған».
Мектептегі еңбекке оқыту мен тәрбиелеу мәселесінің қажеттілігі, оларды ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, зерттеуге үлкен мән беруге ықпал етеді.

Еңбек –практикалық өндірістік әрекет ретінде адамның дене құрылысының дамуына жағымды әсер етеді.
Еңбек адамның ақыл-ой қабілетін , оның зеректігін шығармашылық тапқырлығын дамытады.
Еңбектің – тұлғаның адамгаршілік тәрбиесіндегі маңызы ерекше. Көптеген педагогтар еңбек әрекетін оқушылардың азаматтық санасының дамуымен, патриоттық сезімдерімен және өздерінің қоғам алдындағы борыштарын түсінуімен байланыстырды.
Еңбектің маңызды қызметі оқушыларда жолдастық қарым-қатынасты, ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. А. С. Макаренко : « Тек коллективтік еңбекке қатысу адамға басқа адамдар мен дұрыс адамгершілік қарым – қатынас жасауға – барлық еңбекшілерге туыстық махаббат пен достыққа, жалқауларға еңбектен қашатын адамдарға ашулану ға және кіналауға мүмкіндік береді.», - деп атап көрсетеді.
Еңбек тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бадғытын анықтауға және мамандығын дұрыс таңдауға әсер етеді. Оқудың тәрбиелік маңызы көпқырылы болғанымен де , ол негізінен ақыл ой әрекеті мен байланысты болып , тұлғаның көбінесе интеллектілік жұмысқа қызығушылығын қалыптастырады. Осы орайда К. Д.Ушинскийдің тәрбие адамның тек ақылын ғана дамытуды және оған белгілі бір мөлшерде мағлұмат беруді міндеттемейді, сонымен бірге оның өмірінде лайықты, бақытты бола алатын онда дұрыстап еңбек етуді аңсауды тәрбиелеу қажет» - деген ой ерекше маңызға ие

Еңбек - адамның заттық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруда, дене және рухани күш дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасампаздық және интеллектуалдық әрекеті.
Олай болса еңбек –қоғамның материялдық және рухани байлығының негізгі көзі, адам баласының қасиетті борыщы , тұлға дамуының ірге тасы. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі, оқушылардың тікелей қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбекке қатысуға , тұлғаның азаматтық, моральдық және интеллектуалдық қалыптасының, сонымен бірге дене бітімінің дамуының нәтижелі факторы болады. Мектеп бітірушілер болашақта қандай салада еңбек етпесін, олар үшін еңбекке қатысты біліктілігі мен шыныққандығы бірінші кезекте қажет болады. Сондықтан да мектептегі еңбек тәрбиесі жылдар бойы педагогиканың аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.\

3- билет

1. Тәрбие заңдылықтары үрдісінің

Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін қоғамдық өмірдің қажеттіліктерін білдіретін заңдылықтар жатады:

  1.  Баланың үнемі жетілуі , даму жағдайында болуы, бұл - табиғи заңдылық;
  2.  Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы ортамен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы;
  3.  Тәрбие мен оқудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
  4.  Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі;
  5.  Қоғамның үнемі өркендеп дамуы ; онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелділігі , сондықтанда тұлға тәрбиесі бұл заңды құбылыс.

2. Оқушылар ұжымы, оның белгілері

("collectivus"  лат.сөзі - толпа, топ,ұжым ,бірлестік)

Сондықтан ұжым дегеніміз - адамдар тобы.Оқушылар ұжымы бірегей мектептің ұжымы өзіне сынып ұжымдарын, үйірме, спорт секция ұжымдарын, уақытша құрылған оқушылар ұжымдарын қамтиды.Оқушылар ұжымының маңыздысы - оқушылардың өзін-өзі басқаратын (старосталар, ұйым президенті және т.с.с.) ұйым болуы. Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С.Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.Белгілері:Ортақ мақсат болуы;оқушылардың қосымша жасаған дәстүрлері болуы/өзара көмектесе білуі/өзін-өзі сынау қасиеті/ұжымдық атмосфера/ұжым алдындағы айқын мақсат;ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;өз арасында міндеттер белгілеуі;белгіленген міндеттерді орындауы;қатаң тәртіптің болуы;өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.

 Билет № 4

  1.  Қазіргі жағдайдағы білімберу жүйесін басқару
  2.  Білімберужүйесі - сабақтастығыбарбілімберубағдарламаларыменәртүрлідеңгейменбағыттағымемлекеттік білімберу стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білімберу мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.Қазіргі білімберу жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білімберу сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігіҚазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білімберу жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білімберу жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білімберу жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білімберу жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білімберужүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

2. Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелікорта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерінұдайы көтеріп отыруықажеттілігін өздері түсінуітиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналар мен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытындұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.

Ата-аналадарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-анлар мен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтары мен таныстыру, ой қорыту.
Мұғалімдердің басшылығы мен оқушылар- көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-анлар алдында өнер көрсетеді.
Ата-анлар жұртшылығының тұрақты органы ата- анлар комитеті,ол мектеп ұжымымен бірге жұрщылықтыңкөмегін пайдалана отырып, оқу тәрбие және шаркашылық жұмыстарын жақсартудың шарларын жасайды, оларды іске, асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады.
Ата-анларбелсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан , мектеп басшылары, ата-анларбелсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үлшінсеминарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдіс мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер жәнедәрістер өткізіледі Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері менмүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектепжайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістердеүлкен мән беріліп. Оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігіата-аналарарасында дұрыс насихатталуы керек.
Конференция кезінде көрме ұйымдастырлып, отбасылық тәрбиетақырыптарына түрлі экспонанттарды көрсетуге болады. Олар ата-анлардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режімі, отбасы тәрбиесі туралыжасалған баяндамалардың мәтіні,тележәне кинофильмдердің тізіміт.б.Конференциясоңындабала тәрбиесіне байланысты фильм көрсетут.б.
Обылыстық мұғалімдербілімін жетілдіру институттары мен обылыстық педагогикалық білім қоғамы лекторилердің бағдарламысын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы, мынандай тақырыптарды ұсынуға болады.:
Қоғамдық және отбасылық тәрбие, олардың бірлігі.
балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.
Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік- отбасылық өміргедайындау.
Дегенменде мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыстаңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағадайды ескеру қажет.
Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатыныстың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.
Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.
Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстыңсебебін бірлесіп анықтау, талдау, және оны жоюдың тәсілінбірге қарастыру.
мұғалімдердің ата-аналар мен қарым қатынастында педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы.

№5 билет

1 –сұрақТәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. 
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. 
Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі [6, 33 б.]. 
Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие-ауадай қажет.    
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,-деген болатын. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени мәліметтер және құнды ата-баба мұраларымен қарулануы қажет

2 сұрақ . Сынып жетекші порфолиосына қажетті құжаттар:
• Сынып жетекшісінің бұйрығы
• Сынып жетекшісі туралы мәлімет, тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік және өз проблемалық тақырыбы
• Сынып жетекшісінің қызметтік функциялары.
• Сынып жетекшісі білуі керек Заңдар мен талаптар: «Білім беру туралы»ҚР Заңын, Бала құқығы туралы конвенцияны / 1993 /, Тәрбие тұжырымдамасын, балалар мен жасөспірімдердің, психологиясын, әлеуметтік педагогика мен психологияны, мектеп гигиенасын, педагогтік этиканы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, еңбек заңының негіздерін.
Сынып туралы мәлімет
●. Сынып оқушыларының тізімі, туған күні, айы, жылы, туу туралы куәлік номері, ЖСН, қоғамдық жұмысы, қатысатын үйірмесі, аудандық, мектепішілік жетістіктері т. б.
● Отбасылар туралы мәлімет.
● Отбасылары туралы мәлімет.
● сыныптың әлеуметтік төлқұжаты
● Үй аралау, көше аралау дәптерлері
● Тәрбие сағаттарының жинағы
● Сынып жиналыстарының хаттамалары
● Психолог жүргізген жұмыстардың қорытындылары, сыныпқа психологиялық мінездеме
● Ата - анамен жұмыстың іс - қағаздары
● Сынып ата - аналар жиналыстарының хаттамалары
● Пайдаланылған материалдар, көрнекіліктер, сауалнамалар, жаднамалар, тест.......
● Оқушылардың күнделіктерін тексеру қорытындылары
● Тәрбие жұмысы жоспары
● Тәрбиелік шараларға қатыс
● 1 айға 1 анықтама сынып сағаттарына
● Текстовой годовой анализ, мониторинг
● Сынып жетекшісінің диагностикалық картасы

Мектепішілік шаралар разработкасы мен анықтамасымен;
Үйірмелер папкасы, бұйрығымен, жоспары, балалар тізімі, материалдар, болса жұмыс барысына фото мәлімет.
Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.

сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бойынша жұмыстану проблемасы:
Оқушыларды тәрбиенің жаңаша әдіс - тәсілдері арқылы өзін - өзі тануға, адамгершілікке, мәдениеттілікке, білімқұмарлыққа, белсенділікке тәрбиелеу
.

№6 билет

6 билет

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай б а ғ ы т т а р ы айқындалады:

● Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;

●Адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;

●Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады. Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моралдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату.

● Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам – адам, адам - қоғам, адам - техника, адам - табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру; Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.

● Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.

● Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.

● Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

● Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.

● Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.

● ^ Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.

● Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.

2. сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог.сынып жетекшісінің негізгі қызметтері: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:

•  балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;

•  өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;

•  оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;

•  сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;

•  ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;

•  өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):

•  тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;

•  оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;

•  ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;

•  мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;

•  ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:

•  әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;

•  оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;

•  әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;

•  оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;

•  оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.

•  оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;

•  өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;

•  көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;

•  қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);

Коммуникативтік:

•  оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;

•  "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;

• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;

•  ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.

Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:

•  баланың денсаулығы;

•  отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;

•  баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;

•  мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;

•  үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;

•  моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;

•  еңбекке көзқарасы;•  әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;

•  интелектуалдық дамуы;•  саяси сауаттылығы, т.б.

№7 билет

Дене тәрбиесі-тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы.Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесіеің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке,Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.”Дене тәрбиесі-адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл-әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі.Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды.

Сондай-ақ, дене тәрбиесі ерік –жігері мықты, тәртіпті,батыл және белсенді,өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады.Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Ұлттық ойындарды меңгеру, оның даму тарихымен танысу, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлері жөнінде мағлұматтар алу.

Осы бағытта дене тәрбиесі оқушылардың белсенді танымдық және дене, сонымен бірге денсаулықты шынықтыру әрекетін ұйымдастыруда көпжақты процесс.Сондықтан да дененің саулығы адамның кез келген әрекетпен нетижелі айналысуына зор ықпал етеді, соның ішінде, әсіресе ақыл-ойдың дамуына әсері мол. Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адам баласының өмірі мен атқаратын қызметтерінің сипаты олардың дене күштерінің даму жағдайларына маңызды ықпал етері сөзсіз.Бұл, әсіресе баланың жоғары деңгейде жалпы білім және кәсіби даярлығында көптеген мағлұматтар алуымен байланысты оның миында және интеллектуалдық күшіне жүктеменің артуымен көрініс береді.Сонымен қатар қала жағдайында пәтерлердің бүкіл керек-жарағымен толық қамтылуы, тіпті жақын қашықтыққа үнемі автокөлікті пайдалануы, көгілдір экран мен компьютер алдында үнемі қозғалыссыз ұзақ отыруы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігінің, денеге түсетін жүктеменің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан дене тәрбиесі мәселесі дәуірлеген машиналы және автоматтандырылған жүйе жағдайында жоғары маңызға ие болуы тиіс.

“Дене тербиесі тербиенің басқа салаларымен табиғи байланыста болып, тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамытуда маңызды міндеттерді атқарады”.

Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен де тікелей байланысты. Оның барысында баланың дене бітімі, қимыл-қозғалысына қатысты эстетикалық талғамы, бағалауы, көзқарасы қалыптасып дамиды.

Дене жаттығулары қимыл-қозғалыстағы әсемдікті көре, бағалай білуге үйретеді және онда үйлесімділіктің болуына тәрбиелейді.

Белсенді қимыл-қозғалыс балалардың жүрек қан тамырының дұрыс жетіліп дамуына күшті ықпал етеді.

Арнаулы дене жаттығулары жүрек бұлшық етінің жұмыс істеу күшін арттырады, қан тамырлары қабырғасының тым созылғыш, икемді болып келуіне ықпал етеді.Нәтижесінде жүрек өнімді жұмыс істеп,бір мезгілде күш қуаты жоғары болады.

Сондықтан оқушылардың денсаулығын шынықтыру педагогикалық ұжымның үнемі назарында болып, қамқорлығына айналуы тиіс. Сол үшін де әрбір мұғалім дене тәрбиесінің мүмкіншілігін жете білуі міндетті және оны тәрбие процесінде жан-жақты пайдалануы қажет.

Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.

Дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:
Денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету.
Ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру.
Дененің негізгі қимыл-қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру.

Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру.
Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттілігі, қайсарлығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапкершілдігі, ұжымшылдығы т.с.с.)
Дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйеліі айналысуға
 қажеттілігін тәрбиелеу.
Дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, әзін және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу т.с.с
Ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында, сондай-ақ “ Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы” Ережеде ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға назар аударылған.Әр адамның өзінің денесін жастайынан шынықтыратын, гигиена саласында және медициналық көмек бере алатындай білімі болсын, салауатты өмір салтын ұстанатын болуы керек деген міндет қойылды.
Бүгінде балның дене тәрбиесімен жүйелі айналысуы мектепке дейінгі кезеңде балабақшада және дайындық бөлімінде басталады.

2-сұрақБілім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ

3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

7-тарауПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ

8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

№8 билет

1.Адамгершілік тәрбиенің мәні мен сынып жетекшісінің жұмыс түрлері.

Адамгершілік тәрбиесі - тәрбие салаларының маңызды құрамдас бөлігі. Жеке тұлғаныжан-жақтыжетілдірупроцесіндеолақыл-ой – тәрбиесіненкейінгімаңызды рол атқарады.
Адамгершіліктәрбиесініңнегізі - адамдардыжалпыадамзаттық мораль рухындатәрбиелеу. Мораль дегеніміз - адамдардыңбір-бірінедегенміндеттері мен қарым-қатынасынайқындайтынмінез-құлқыныңнормалары мен ережелерініңжиынтығы. Мораль латынтілінде «адамгершілік» ұғымынбілдіреді. Моралдықпринциптерадамгершіліктіңмазмұнынжалпытүрдеанықтайды. Ал, адамгершілікдегеніміз - жағымдымінез-құлықнормалары мен ережелерініңжиынтығы. Мінездеп - адамныңжекебасындағы, қоғамдықортаның, тәрбиенніңәсеріменқалыптасып, оныңеріккүшіменөзінежәнеқоршағанөміргеқарым-қатынасынайқындайтынкүрделіпроцестіайтамыз
Адамгершілікжиынтығы-борыш (парыз) болыптабылады.
Яғни:
- адамның-адамалдындағы, қоғамалдындағы, отаналдындағыборышы;
- ата-аналардыңбалаларыалдындағынемесебалалардыңата-аналарыалдындағыборышы;
- жекеадамныңұжымалдындағы, ұжымныңжекеадамалдындағыборышыт.с.с.
Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

- жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

- сынып ұжымының бірлескен іс-шараларын ұйымдастырушы;

- оқушы тұлғасының қалыптасуына колайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне түзетулер жасаушы;

- сыныпта қолайлы моральдік–психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпал жасаушы.

Сынып жетекшісінің жұмыс түрлері:

I. Іс – қағаздары мен есеп беру

Мынадай іс-қағаздар жүргізеді:

- Сынып журналы;

- Тәрбие жұмысының жоспары;

- Сынып жетекшісінің дәптері;

- Оқушының күнделіктері;

- Тәрбиелік шаралар жинақталған папка;

- Оқушының жеке құжаттары;

- Оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар;

- Сынып жетекшінің циклограммасы.

II. Күнделікті атқаратын қызметі

1. Сабаққа кешігіп келген, немесе сабаққа келмей қалған оқушының себебін анықтау;

2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;

3. Сыныпта кезекшілік ұйымдастыру;

4. Оқушылармен жеке-дара жұмыс.

III. Апта сайынғы жұмысы

1. Оқушының күнделігін тексеру;

2. Сыныппен жоспар бойынша іс-шара өткізу;

3. Ата-аналармен жұмыс;

4. Пән мұғалімдерімен жұмыс;

5. Оқушылардың ауырғаны туралы анықтамасын жинақтау.

IV. Ай сайынғы жұмыс

1. Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу;

2. Мектеп психологымен кездесу;

3. Ата-аналар комитетімен кездесу;

4. Тәрбие жұмысы бойынша жиналыстарға қатысу.

V. Тоқсан сайынғы жұмыс

1. Сынып журналын толықтыру;

2. Сынып жетекшілерінің семинарына қатысу;

3. Тоқсан сайын тәрбие жұмысын қорытындылау жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру;

4. Ата-аналар жиналысын өткізу.

VI. Жылына 1 рет:

1. Ашық іс-шара өткізу;

2. Оқушының жеке құжаттарын толтыру;

3. Сынып жұмысынын жоспарын талдау;

4. Сыныптың статикалық көрсеткіші.

2.Жеке тұлғаның дамуына ортаның әсері

«Жеке тұлға» деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К.Маркстің айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен,кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.Тәрбие – жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретіндетұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады.
Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі болып табылады.
Ортаның адамның дамуына әсерін қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбісі адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшін, сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар дамуы үшін адами қоғам, әлеуметгік орта қажет дейді. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердің қалыптасуына деген қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйреніп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.
«Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік
жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлі мекемелер қызметін қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі, белгілі бір мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бір қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе қазіргі уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерістер, идеологиянын өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі бір мемлекет территориясы аясында көшіп-қонуы, сонымен қатар, одан көшіп кетуі), демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмір ұзақтығындағы өзгерістер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,
ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.Тәрбиенің ең маңызды құралы – табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.

9 билет

1. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек. Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын , өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.

Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.
 Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу -оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ . Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Осы бағытта Тараз Мемлекеттік педагогикалық иниститутында көптеген іс шаралар жүргізілуде. Соның бір айғағы жылда өткізілетін Халықтар достығы фестивалі.
Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.

2.Мектеп өмірінде мұғалім- басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі, ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.

Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу- тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.

Сынып жетекшісінің міндеті- сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1.Сыныптағы оқушылардың талап- тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан- жақты зерттеп білу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата- аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым- қатынасын қамтамасыз ету.

5.Оқушылардың ата-анамен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, наихат жұмыстарын жүргізу.

6.Оқушылардың тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастру.

7.Тәрбие мен өзін- өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9.Тәрбиенің негізгі бастауы- ұлттық тәлім- тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.т. б.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін “Сынып жетекшісінің жұмысы туралы”методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет.Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетіледі.

 

10 билет

  1.  Құқықтық тәрбие

Құқықтық тәрбие құқықтық мәдениет пен жеткіншектің тәртібін қалыптастыру көзі болып табылады.

Негізгі мақсаты: азаматтық құқықтық мемлекет қалыптастыру.

Міндеттері: құқықтық саналы тәрбие, заңға бағынушылық және өз құқығын қорғауға сенімділік; оқушылардың адамгершілік нормасы мен құқығын белсенді және саналы орындауын тәрбиелеу:

-оқушылардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу.

-құқықтық мемлекет азаматын қалыптастыру.

-Қоғам басқа біреудің мүлкіне құрметпен қарау, адалдық, ұқыптылық., қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Алда тұрған міндеттерді шешу мақсатында оқушыларды заң негізінде адамдардың қарым-қатынасын реттейтін мемлекет негіздері, құқық және норма түрлерімен таныстыру қажет.

Балаларды азаматтық сана ұғымымен таныстыру маңызды;адамгершілік сана, құқықтық нормалар, оларға деген адамгершілік қарым-қатынас. Сонымен қатар, оқұшыларды баланың отбасы және мектеп ұжымының мүшесі ретінде күтілетін және нақты, мүмкіндік және қажетсіз, болатын және тыйым  салынған құқық және міндеттермен таныстарған жөн.                  

  1.  Жас ұлан қоғамының іс-әрекеті

I ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. «Бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдерұйымы» Республикалыққоғамдықбірлестігі (бұданәрі – «ЖасҰлан») ЕлбасыН.Ә.НазарбаевтыңбастамасыбойыншақұрылғанҚазақстанРеспубликасыбалалар мен жасөспірімдердіңқоғамдықұйымыболыптабылады.

1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.

1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

2. МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ

2.1. «Жас Ұланның»  мақсаты:

-  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

2.2.«Жас Ұланның»  міндеттері:

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;   

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;  

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылықжәнеұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

3. ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:

- тәрбиелік;

- танымдық;

- коммуникативтік;

- әлеуметтік;

- ақпараттық;

- шығармашылық.

3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:

- азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;

- еріктілік және қол жетімділік;

- ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;

- ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер  мен балалардың бірлігі;

- қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.

                                                                                                                       №11 билет

  1.  Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру ,қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру ,өндіріс айырбас бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп ұғынуымыз керек .
    Халыққа білім беру елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алып келеді .Мемлекетіміздің экономикалық саясатына түбегейлі өзгеріс енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру табиғаты да өзгеруде .
    Қаржыландыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемінен құрылады. Халыққа білім беруді қаржыландыруға рыноктық экономика ықпалының өзіндік ерекшелігі бар .
  2.   Олар :

  1.  -қосқан еңбек үлесіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі жекешелендіру ,

    - оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алудағы өзара бәсекенің пайда болуы ,ал мұның өзі оқытуды ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу меноны тәжірибеге ендіруді жандандыру ,

    - оқушылардың және олардың ата-аналарының оқыту процесіне ықпал етуге түбегейлі мүмкіндік алуы ,ал мұның өзі барлық оқушыларға бірдей деңгейлікке қарамай ,олардың дербес қабілеттерін айқындауға және дамытуға жағдай туғызу ,

    - оқу орындарының материалдық –техникалық базасын осы заманғы ғылымитехникалық талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы ,

    -әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп ,оның білім беру мұқтажына бағытталуы ,

    -педагогикалық –ғылыми зеріттеу мекемелелінің оқу орындарымен тікелей келісім шарыттар арқылы қаржылануы т.с. с.

  1.  Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі жою мүмкін емес ,бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде ретеуге болады .

    Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқврудағы белсенділікті арыттырудың қажетті және маңызды шарты .мұның.Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүгізіп отырған экономикалықсаясатымен айқындалды .Қазақстан Республикасы қазіргі әлеуметтік –экономикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мнебілім алуына жоғары талаптар қойып отыр .Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат ,экономикалық қатнастар күйреп ,жаңа рыноктық экономикалық саясат пен қатнастар орын тебуде .Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді .

    1. Қоғамдық рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы менөмір сүру заңдылықтары жөніндкгі білімдерді игереді .

    2. Мемлекеттің экономикалық теориясымен саясатын ,өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін ,өзінің оқу -өндірістік іс - әрекетінде жоғары нітижеге жетуге қабіллетті ,өзісіне ие бола алатын ,һзіне және қоғам игілігіне ұқыпты тұлғаны қалыптастыру .

    3. Ақыл –ойға сыйымды қажеттіліктерді қалыптастыру .

    Экономикалықтәрбиеде оқушылар мынадай ұғымдарды білуі қажет Олар :ұлыттық кіріс ,қаржы ,еңбек ақы ,пайда ,

2-Сұрақ  Оқушылар  ұжымы туралы  түсінік  және оның мәні мен міндеттері

Нақты топтардың  жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады.  Ұжым дегеніміз  қоғамның бір бөлігі болып табылатын  адамдар тобы (балалар немесе үлкендер) . Ол қоғам мақсатына бағытталған, іс-әрекетте жалпы мақсат  көздейтін адмадар тобы. А.С. Макаренконың дәлелдеуі бойынша ұжым адамдардың  жәй ғана жиынтығы емес немесе кездейсоқ  топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуі, алға міндет етіп қойған қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы  деп аталуы мүмкін. Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі-ортақ  мақсаттың болуы және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің  болуы. Ұжым сипаты болуы үшін бірімен  бірі байланысты  іс-әрекет барысында  адамдар арасында  әрекеттерінде көрінеді. Ұжымның жеке адамға тигізетін тәрбиелік ықпалын қарастырғанда психикалық процестерін заңдылықтары негізге алынады.

Ұжымдық іс-әрекетте  әр бір оқушының іс-әрекеті басқалармен  тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда  ұжымдық сезім туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай керісінше бір-біріне көмектесуі өз жолдасының ісіне қуану немесе ренжу, мақтану немесе намыстану сияқты әр-түрлі қатынастар жүйесін туғызады, адамның көңіл-күй жағдайының тәрбиелік мәні арта түседі.

Ұжым мүшелерінің ортақ көзқарасы , ортақ мүддесінің  болуына мақсаттың ортақ болуы көмектеседі. Бірақ мақсат өсіп дамып отыруымен бірге , қоғамдық бағалы құнды мақсат болуы ұжымдағы балалардың үнемі дамуына ықпал жасай алады.

Кез келген кенет  пайда болған мақсат оқушылардың жеке басын тәрбиелеуге ықпал жасай алмайды.мысалы, бір топ жас өспірімдер кенет танысып. Екі топ болып доп ойнап жарысады делік. Ойын барысында қызу қобалжу ,қарсы топты жеңу үшін бір бірімен көмектесіп, бірлесіп ынтымақ сезімін білдіреді. Ойын біткеннен соң ол сезімде бітеді. Немесе тәртіп бұзушылардың  тобын алсақ, бұларда «темірдей қатаң тәртіп» бар екенін білеміз. Бірақ бұлардың мүддесі қоғам тәртібіне, ұжым мүддесіне жат қарсы бағыттағы мақсатта.Сондықтан кейбір ортақ мақсаттары ұжым болудың шарты бола алмайды.А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер мына төмендегілер:

  •  

  •  Ұжым алдында айқын түрде мақсат болуы қажет;
  •  Барлық ұжым мүшелерінің және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы қажет;
  •  Ұжым мүшелерінің өз арасындағы міндеттерді белгілеуі керек;
  •  Қатаң түрде орнатылған тәртіптің  болуы оны ұжым мүшелерінің ерікті түрде орындауы;
  •  Ұжымдағы жеке адамдардың  өз мүшелері үшін ұжым алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық, қарым-қатынас болуы.
  •   Ұжымның  бұл сипаттамалары , белгілері,  ұжымның даму,өсу, қалыптасу жолында  бір-бірімен байланысты құралады.

 Қоғамда  ұжым жеке адамдарға қатысты  мына міндеттерді атқарады:

  •  Пайдалы қоғамдық іс-әрекетті жасауға итермелейді;
  •  Қоғамның саяси қоғамдық өміріне тартады, оны басқару ісіне қатыстырады.
  •  Тәрбиені жүзеге асырады. Кейбір жеке адамдарды қайтадан тәрбиелейді.

Ұжымның ең басты  көрсеткіш – өзара адамгершілік қарым-қатынастың орнауы, әр адамның бір-бірінің ерекшелігін білу, мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің ең тиімді жолдарын табуға ықпал жасаумен бірге, істің нәтижелі болуына, әр адамның ұжымда өзара әрекеттесуі жеке адамның  кең дамуына негіз болады. Егер ұжым мен жеке сенімсіздік туғызу, орынсыз тексеру, бақылау жасау, күдіктену негізінде жүргізісе, ол сөз жоқ ұжымның ыдырай бастағанының белгісі болады.

Жеке адам мен  ұжымның қарым-қатынасы тәрбие процесінде  оларға дара, жеке қатынас  жасауды талап етеді.

Бұл салада мұғалімнің басты міндеті – әрбір баланың  ұжымындағы позициясы  қалай болатындағын берік есте сақтау керек.

Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жолдары:

  •  Оқушылар ұжымында , яғни сыныпта қоғамдық пікірді орнықтарудың маңызы ерекше.  Қоғамдық дұрыс  пікір орныққан  сыныптарда жолдастарының  оқу тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың өздері-ақ талқыға салып отырады. Демек, ұжымдық  талқылау, бағалау, жариялық, әрекеттік-қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Қоғамдық пікірдің ұйымдастырушылық, ынталандырушылық мәнін де жоққа шығаруға болмайды.
  •  Дәстүр –  бұл жақсы әдет-ғұрып, ұжым өмірінде  орныққан істің жағымды тәжірибесі. Мектеп өмірінде қалыптасқан жақсы  дәстүрлер бар. Олар жалпы мектеп  көлемінде немесе белгілі бір  сынып ішінде қалыптасқан.
  •  Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы. Өзін-өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің  нәтижесі.
  •  Табиғатқа және өндіріс  орындарына  жорықтар жасап еңбек  ету.
  •  Еңбек және соғыс ардагерлерімен өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер мен кештер ұйымдастырудың да тигізер пайдасы зор. Атақты аамдардың үлгі өнегесінде тәрбиелеу – оқушылардың  сана сезімін адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың басты құралы.

                                                                                                  №12 билет

 БИЛЕТ №12

Эстетикалық тәрбиенің мақсаттары мен мәні және оларды іске асыру жолдары. Эстетикалық тәрбие – өнер мен өмірдегі тамашаны толық қабылдау және дұрыс түсіну қабілеттілігіне тәрбиелеу. Міндеттері:

  •  Эстетикалық білімді қалыптастыру
  •  Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
  •  Өмірдегі жағдайларға эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыру
  •  Эстетикалық сезімерді қалыптастыру
  •  Эстетикалық идеалды қалыптастыру

Эстетикалық тәрбие әсемдәк сезімін оятады. Табиғатқа, әдебиетке, музыкаға, поэзияға деген ынталандырады. Әдеміліктің көптеген элементтерін еңбек тәрбиесі құрайды. Қазіргі заманғы педагогикалық практика эстетикалық тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің тәжірбиесін жинады. Олардың ішінде дәстүрлі  формалар: викториналар, мектеп мейрамдары, шығармашылық кештер, қуыршақ театры, сүйікті істер эстафетасы т.б.

Мектептегі тәрбие жұмысына басшылық.

 

                                                                                                                      13билет

1.Тәрбие әдістері және оларды жіктеу

Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс - әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс -әрекеттеріндегі құнды тәжірбиелерін пайдалануға бағытталуы қажет. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады. В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.

Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:

- жалпы және жеке;

- негізгі және кездейсоқ;

-  теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;

- мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;

-  әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір – бірімен байланысын айқындай түседі.

Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.

Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы).

Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері.

Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері.

Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.

2. Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-анаперзентініңжақсыазаматболыпжетілуіүшінөзотбасындабалаларынтәрбиелеудіңнәзікжақтарыныңзандылықтарынбілуішарт. Сыйластық, түсіністік, үлкенжауапкершіліксезімдері бар отбасы – бақыттыотбасы. Бақыттыотбасындағанаата-анажәнеолардыңөзарақатынасымазмұнды, берілгентәрбиесенімдіжәненегізді.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» — дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.Тәрбиенің  негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?Ана тәрбиесі ұлылық  дәнін себеді. Тәрбиеліанадан – тәрбиелі бала өсіпшығады.

Сонғыжылдарыотбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердіңрөлітөмендегендей. Бұғанкейдезаманды да кінәләпжатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегіәкеніңорныбөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкеніңқатаңталабын, тәрбиесінкөрген бала ертеңқоғамда да өзотбасында да шешушітұлға бола алады.Бала – ата-анасыныңигіістерініңжалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-анаүшінкүрделі де, жауаптыміндет. Жасшыбықиілгішболса, жасадам да сондайжақсыға да жаманға да бірдейбейімболатыныбаршымызғамәлім. Отбасы – еңүлкен, мықтытәрбиеошағы, шағынмемлекет. Отбасыныңнегізібаланыөміргекелтіруғанаемес, оны мәдени-әлеуметтікортаныңқұндылығынқабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардыңақыл-кеңестәжірібиесінбойынасіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өзқоғамынапайдалыетіптәрбиелеу

                                                                                                                       Билет № 14

  1.  Тұлғаның сана-сезімінқалыптастыруәдістері

Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.

жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.

Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Крыловтың мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, иландыру, сендіру мысалдар кеңінен қолданыс табуда.

  1.  Этикалық тақырыптағы әңгіме көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұны бар деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.
  2.  Күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме жиі қолданылады. Бұл оқушьшарға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі. Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңызды белгісі – оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету.
  3.  Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.
  4.  Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса кейде насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнін беделіне, оның жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты.
  5.  Осы аталған әдістердің үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады.
  6.  Пікірсайыс-сананы. сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Пікірсайыс дегеніміз оқушыларды толғандырып жүрген тақырыптар бойынша әр түрлі пікірлерді қалыптастыратын пікірталас.Пікірсайыс кезінде мұғалім оқушылардың айтысын бағыттап, олардың ойларын тәртіпке келтіріп, дәлелге сүйенуге үйретеді.

2.Тәрбие жұмысын жоспарлау.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары –педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершлігін сынып жетекшісіне жүктеледі. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесе бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетілген.Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бектуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың бойында бекітіліп отырады. Жоспар бекітілген соң онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып активын тартады. Жоспар қандай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады?деген сұрақтарға жауап беріледі.

I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.
ІІ
. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы. Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек.

ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады.

IV. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн.

V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.

Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1.Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.

2. Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.

3. Сыныпта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.

4. Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді бөлгілейді).

5.Ата-аналармен жұмыс.

Тәрбие жұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу – күрделі іс. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті түрі күнделік дәптері, күнделік жүргізу міндеті емес, бірақ көп сынып жетекшілерінің күнделіктері бар. Оны тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді. Сонымен қатар жұмыстарда талданып отырады, сыныптағы кемшіліктерді жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделікте оқушылардың үлгірімі, қоғамдық тапсырмалар, тізімі және тұрақты мекен-жайы жазылады. Әрбір оқушыға бір-екі бет бөлінеді, онда оқушылардың мінез-құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері, қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі. Кейбір сынып жетекшілері тәрбие жұмысының есебіне жүргізетін ашық күнделік дәптер жүргізеді.

15-билет

2)Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі — тәрбие.Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.Д.Локк (1632-1704) «тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады» — деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өміргекелгенде, оныңжанысүттейақ, судан таза, соңдықтантәрбиешіөзінекерекадамдыжасапаладыдеп, тәрбиеніңрөлін аса дәріптеп, тұқымқуалау мен әлеуметтікортаныңбаланыңқалыптасуындағырөліноншабағаламады [7].Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланыңжаны таза тақтайемес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керекдеді. Белинский тәрбиеніңрөлінжоғарыбағалап, адамдамуындағытұқымқуалаушылық пен ортаныңәсерін де ескергенжөндеді.Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді.Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланыңжекебасыныңдамуы мен қалыптасуынаықпалететінүшфактордықішінентәрбиеадамныңдамуынаорасанкүштіықпалетіп, тұқымқуалаушылық пен ортаныңықпалынабелсендіәсеретіп, баланыңдамуынқоғамталаптарынасәйкесбағыттап, белгілібағыттабаланыңөмірі мен іс-әрекеттерінұйымдастырады, ортадағыжағдайлардантұлғадамуынақажеттіматериалдардыіріктейді, жекебастыңдамуынатеріс, зияндыәсерқалдыратынжағымсызықпалдарданаластайды. Осы тұрғыданкелгендетәрбиеағаұрпақтыңжаңаұрпаққақоғамдықтарихитәжірибені беру процесі, жаңаұрпақтыөмірге, еңбеккедайындауарқылықоғамныңалғақарайдамуынқамтамасызететінпроцесс.Сонымен, тәрбие бала дамуынбағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланықалыптастырудағынегізгікүш. Тәрбиенегізгікүшболғандықтан, оныңжетімсіздігі, әлсіздігібаланыңқалыптасуынакеріәсеретеді.

1) оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.

Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:

-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.

- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.

- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.

- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау.

оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін қорытындылау.

Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: "Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.

Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.

Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.

Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.

                                                                                              Билет № 16

  1.  Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру әдістері

Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді тандау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу. Адамды қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекеті, ойын іс-әрекеті, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылық іс-әрекет.

Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Әдістері:

Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсіндіру мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет. Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Жаттығулар мен талаптар ойын формасында жиі қолданылады (рөлдік, сюжеттік ойындар). Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету,дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әр түрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау,кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады. Ынталандыру әдістері. Мадақтау мен жазалау – басты ынталандыру әдістері.Мадақтауды оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданады. Оқушынын баскалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау әдісін белгілі бір мөлшерде қолдану керек. Орынсыз және шамадан тыс мадақтаудың тәрбиеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп. Жарыстар ынталандыру әдістерінің қатарына жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қсында, өзара жарысып қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін игеріп, адамгершілік қасиеттерді дамытады. Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау – кеңінен танымал әрі өте қиын әдіс. Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.Жазалауда оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

  1.  Қ.Р. «Білім беру жүйесіндегі тәрбие концепциясы

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие   тұжырымдамасы ҚР Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылады.ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

           Мақсат – жас ұрпақтың тәрбиесіне біріңғайкөзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.  

        Міндеттер: жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін  актуалдандыру;  тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;балалар мен жас өспірімдердің және жастардың    түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай  алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде  ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды  ұйымдастыру;  жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі  мен өз денсаулықтары  мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау; жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа  оң көз-қарасын   қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;

өмір бойы  білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына  және   өзін-өзі табысты көрсетуіне   қажетті  жағдай жасау.  

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ  ШАРТТАРЫ

балалар мен жастар тәрбиесінің болашағын, саяси және әлеуметтік  маңыздылығын өзектілендіринтелектуалдық, педагогикалық ұйымдастырушылық,  экономикалық әдістемелік және кадрлар және тағы басқа ресурстарды тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда шоғырландыру; ашық ақпараттық,  білім беру, коммуникативтік, әлеуметтік және тұлғалық кеңістікті құру, балалар мен жастардың жауапкершілікті және өз бетінше  болу қажеттілігі үшін тәрбие ортасын қалыптастыру; тәрбиеленушілердің рухани, интелектуалдық және  өз денсаулығы мен өмірі, әлеуметтік біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;балалар мен жастардың  әлем және ұлттық мәдениетті  игерулеріне толеранттылық, келісім  және ұлтаралық мәдениет пен қарым қатынасты тәрбиелеу;қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа  позитивті көзқарас қалыптастыруға  ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;кәсіби бағдар  мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына және  өз білімін үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне  жағдай жасау.

 ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:  тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтас-тығын қамтамасыз етеді; балалардың, жас өспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;салауатты өмір салтын норма  ретінде бекітеді;қоғамның  рухани және адамгершілік деңгейі  жоғарылайды; барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.

                                                                                  

                                                                                                 Билет  17

  1.  Тәрбие әдістерін таңдау
  2.  Жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы, тәрбиесі

  1.  Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
    Тəрбие əдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі.
    Тəрбиешінің кəсіби қызметтерін орындау барысындағы тəрбие əдістерін таңдауы əрі оларды пайдалануы көптеген қалыптасқан шарттар мен мүмкіндіктерге тəуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттелген тəрбие мақсаттары мен міндеттері; тəрбиеленушілердің жас жəне даралық ерекшеліктері; тəрбие мезеті; шəкірттердің қызығулары мен қажеттері; оларды қоршаған əлеуметтік жағдайлар; тəрбиеленуші қатысқан топтың қалыптасу деңгейі; күтілген нəтижелер; тəрбиешінің өз басы мүмкіндіктері.
    Тəрбие əдісін таңдау негізінде тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын əдістердің тиімділігі келесі жағдайларға байланысты: таңдалған əдістің шынайы əрі нақты шарттарға сəйкестенуі; əдісті қолдану мезетіндегі тəрбиеленушілердің психологиялық қалпын кəсіби көрегендікпен сезе білу; əрқилы тəрбие əдістерін өзара үйлестіре пайдалану; таңдалған əдісті тəрбие шараларымен толықтыра түсу; əрбір əдісті қисынды нəтижеге жеткенше орынды пайдалану.
    Тəрбие əдісін таңдай отырып, тəрбиеші əрбір тəрбиеленушіге өз жасампаздық іскерлігін жүзеге асыруға, даралық шығармашылығын танытуға, табыс көздерін іздестіре білуге, нəтижелерді болжастыруға, көзделген мақсатты іске асыруға толық мүмкіндік беретіндерін пайдалануға ұмтылуы қажет.
  2.  Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
    Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
    Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.

Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланыс болады.Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адамның дамуы және оның дүниенітануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі -
тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.

        

                                                                                       Билет № 18

  1.  Жеке тұлғаның дамуындағы биологиялық факторлардың әсері

Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, жүйке жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Адамның табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.

  1.  «Қазақстан 2050» стратегиясы

Ел – Президенті 2050 жылға дейін елде атқарылуы тиіс дүниелерді нақтылады. "Қазақстан-2050" Стратегиясы – "Қазақстан-2030" Стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Жаңа жоспар 7 бағыттан тұрады:

1.   Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген-түгел қамтитын экономикалық прагматизм 

2.    Кәсіпкерлікті қолдау

3.    Әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік. Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау. Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

Өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсалды: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.

4.    Білім және кәсіби машық-ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ, КАДР ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ

2) «Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырылды. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет.Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс. Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек. Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім алуда оқу ақысын өз бетінше төлей алмайтын жастарға көмек беруге қатысты. Ол үшін қажетті шаралар:

Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру,Көпсатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу,Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру,Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту.

(4) Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.

5.    Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6.    Дәйекті және болжамды сыртқы саясат

7.    Жаңа қазақстандық патриотизм- қоғамдық келісімді сақтауға және нығайту.

№19 билет

Оқушылардың жас және жеке ерек-рі. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту және тәрбие мен жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзіне асырылады.
Біздің елдің ғалымдары, педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша мынандай жас кезеңдеріне бөлінеді: Мысалы, ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар т.б.
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдердің схемасына, яғни туған баладан бастап жас өспірімдік шаққа дейін өзгерістер кірді. Олар 7 сатыдан тұрады:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін)
3.Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін)
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін)
5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12жасқа дейін)
6. Жеткіншек шағы (11-12 жастан 14-15жасқа дейін)
7. Жасөспірімдік шақ (14-15 жастан 17 жасқа дейін)
Мектепте балаларды 6 жастан бастап қабылдауға байланысты 4,5,6 және сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерін әрбір үйірмелермен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншек және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсуі, дамуы және тәрбие барысында болатын кейбір өзгешеліктерін еске ала отырып, мектеп олардың іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыруы тиіс.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері.Жеке ерекшелік – бұл адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардын қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге болады.
Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:
- қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,
- дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.
Дарындылық – адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылыньщ деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Психологиялық жағынан караусыз қалған деген сөз ортаның келенсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.
Мектеп оқушысьшың жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі.
Мектеп окушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник – еті тірі; флегматик -жәй, салмақты; холерик – қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы, терең толғанысты/.

  1.  Тәрбие жұмысының формалары

Тжф- тәрбие жұмысының кішкентай бөлшегі, мақсатқа жетуге байланысты тәсілдер мен құралдар жиынтығы.

Тжф-ры былай жітеледі:

  1.  Қарапайым жұмыс түрлері, яғни жағдайға байланысты әрекет жасау.
  2.  Күрделі, яғни оқушыларды көптеген қарым- қатынасқа баулу.
  3.  Қысқа мерзімді мысалы 1 тақпақпен 5 минут. Ұзақ мерзімді апталық.
  4.  Топтық, яғни 2 және одан көп қатысушылардан тұрады. Жалпы мектептік, мектеп аралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар.
  5.  Дәстүрлі, яғнимектеп дәстүріне енген. Дәстүрлі емес- шығармашылық кездесулер.
  6.  Спантандық- тәрбие үрдісі барысында туындайды. Мысалы дисскусия. Арнайы- жоспарланған және педагогикалық ұжымның арнайы өткізетін формалары.
  7.  Үнемі- кестеге енген сынып сағаттары, ата-ана жиналыстары. Эпизодты- тәрбиешінің тәрбие міндеттеріне байланысты аяқастынан өткізетін шаралары.

№20 бИЛЕТ

1)ОКУШылардын дамЫп КалЫПТАСУ КЕЗЕНДЕри

Жақсы ұйымдасқан ұжым болу үшін топ бірнеше сапалы өзгерістен өтуі керек. А.С.Макаренко ұжымның дамып жетілуіне бірнеше кезеңдерді атап көрсеткен:

1-к: ұжымның қалыптасу кехеңі, бұл кезеңде ұжым жоқ, оқушылар тобы ғана бар, ұжым болу үшін мақсат болу керек, мұғалім топты ұйымдастырушы

2-к: оқушлардың активі пайда болса, оқушылар бір мақсат төңірегінде бір мақсатты ұйымдастыра бастаса. Актив мұғалім талабын жақтап, өз талаптарын қосып отырады. Бұл кезеңде мұғалім активтің іс-әрекетін дамытып жетілдіруге зейін қою керек. Бұл кезеңде ұжымның құрылымы нығая түседі.

3-к: оқушылар мақсатты қоя бастайды

2) Жас Улан

 ҚҰРЫЛЫМЫ

1. «Жас Ұлан»  негізі  «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы  болып табылады.

2. Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады.

3. «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады. 

4. «Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп комитеті) «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп  есептеледі.

5. «Жас Ұлан»  көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады.

6. Атқарушы орган – Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны (педагог, тәлімгер,  ұйымдастырушы - әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан)  Мектеп комитетінің жалпы жиналысында «Жас Ұлан»  аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді. 

7. Аудандық/Қалалық атқарушы хатшыны аудандық/қалалық Кеңестің шешімімен Аудандық/қалалық білім басқармасы және Облыстық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.

8. Облыстық атқарушы хатшыны облыстық Кеңестің шешімімен облыстық білім басқармасы және Республикалық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.

9. Аудандық/Қалалық Кеңес құрамына Мектеп комитеттерінің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

10. Облыстық Кеңес құрамына Аудандық/Қалалық Кеңестердің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

 МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ 

1. «Жас Ұланның»  мақсаты:

 өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

2.«Жас Ұланның»  міндеттері:

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;  

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.





1. Разработка полуфабриката и полуфабриката высокой степени готовности из без дрожжевого теста «Маффин с горячим шоколадом» и расчёт пищевой ценности
2. Фотосинтез и азотфиксация
3. Присоединение финансовых организаций
4. Тема- Урок развития речи обобщение по теме Имя существительное с использованием краеведческого матери
5. ~оз~алыс кезіндегі атты адамны~ орташа жылдамды~ын табы~ыз
6. х часовой курс пермакультурного дизайна по стандартной международной программе PDC.html
7. Тема 31 Философия и наука
8. 1924 ГГ И КОРРЕКТИРОВКА СТАЛИНСКОЙ ПОЛИТИКИ РЕГУЛИРОВАНИЯ ПЕРИОДИЧЕСКОЙ ПЕЧАТИ Огромная работа пров
9. Контрольная работа по муниципальному праву является формой самостоятельной работы студента над одной из пр
10. Исследование рычажного и зубчатого механизмов
11. I. Die themtische Gruppe wird in den ihr untergeordneten themtischen Reihen pr~zisiert.html
12. Реферат- Машиночитаемый каталог
13. Является конечным результатом интеллектуальной деятельности человека его фантазии творческого процесса
14. ТЕМА 9- МАРКЕТИНГОВА КОМУНІКАЦІЙНА ПОЛІТИКА Поняття та складові комплексу маркетингових комунікацій
15. Изобретение печатной машинки
16. Сварка латун
17. Уловка22
18. Тема- КонкуренцияХарактеристикой рынка совершенной конкуренции является
19. 1000 Счет Б-Счет Б1000 Две эти операции должны либо одновременно выполниться либо одновременно не выполнит
20. СОЮЗ РУССКИХ ХУДОЖНИКОВ И МИР ИСКУССТВА В ПЕРИОД ГОСПОДСТВА НОВЫХ НАПРАВЛЕНИЙ Леонид Осипович ПАСТЕ