Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Та~ырып Т~ра~ты дамуды~ ~леуметтік-экологиялы~ м~селелері

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-09

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 19.5.2024

Дәріс 13

Тақырып:Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

Мақсаты: Студенттерді адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен және адамның экологиялық мәселелерімен таныстыру. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс туралы білім беру.

Жоспары:  

1.Демография түсінігі. 

.Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

3. Қала экологиясы.

Негізгі түсініктер: әлеуметтік экологиялық мәселе, демографиялық жағдай, урбанизация, демографиялық жарылыс, генофонд.

Демография халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демографиядемографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. 

Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайға тек бай елдер ғана емес, кедей елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты.

Ал кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы т.б.арқылы көрінеді.

 Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының тез санының өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.

Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.

Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады.

Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізіледі. Қ.Р.-ның демографиялық саясатты ұстай отырып, жоғары туылым мен халықтың өмір сүру ұзақтығына бағытталған. 

Демографиялық ахуалға қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен қатар ауыру деңгейі де әсер етеді. ВОЗ-денсаулық ұғымына мынандай анықтама берген- Денсаулық бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға оған тән емес 4 млн астам заттар шығарылған. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Табиғи орта физикалық-химиялық тұрғыдан  таза болса да, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көруге болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ал химиялық заттардың ішінде адам денсаулығы үшін зиянды заттар органикалық және бейорганикалық қосылыстар. Оның ішінде әсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті. 

Галогенді көмірсуларға бір немесе бірнеше көміртегі атомдары бар хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Әсіресе хлорлы көмірсулар қауіпті. Мысалы поливинилхлорид, полихлорды бифенилдер, дихлордифенилдихлорэтан, тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен. Ол заттар бауырдың қатерлі ісігін тудырады. Диоксиндер қазіргі кезде белгілі күшті улы заттар

Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды.

Метанол мен метил спиртінің 30-100 мл мөлшері адам өліміне әкеледі.

Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі. Ол аллергиялық реакциялар тудырады. Ол пластиктің, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.болады.

Ауыр металдарда қауіптілігі жоғары, ол ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Оған цинк, марганец, темір т.б. кіреді.

Қорғасынмен улану сатуризм ауруын тудырады. Оның негізгі белгілері тез шаршау, көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, жүректің зақымдануы т.б.

Кадмий ауыр металдардың ішіндегіең улы элемент. Ол Ита-ита ауруын тудырады. Оның белгілері бүйрекке жинақталып, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян.

Демографиялық ахуал адам генофондының әлсіреуіне де тікелей байланысты. Генофонд дегеніміз бір популяциға тән гендердің жиынтығы. Генофондтың өзгеруі ғаламдық-экологиялық мәселе. Оған әсер ететін факторлар принципиальды мәні жоқ кездейсоқ өліммен сипатталатын ортаның өзгеруі, нашақорлық, алкоголизм, темекі, сыра алкоголизмі, радиация т.б. Осы аталған фаторлар гендік кодқа әсер ете отырып, генетикалық әлсіреу тудырып ауру деңгейін ғана көтеріп қоймай, өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді. Жаңа туған сәбилерде физиологиялықпсихологиялық ауытқулар орын алады, сол себепті ақыл есі кем ұрпақтың дүниеге келуіне ықпал етеді. Ол демографиялық дағдарысқа әкеледі. 

3. Қала экологиясы.

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендейақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті .Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрине бүгінгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда. Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады

Бақылау сұрақтар:

  1.  Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелер қандай?
  2.  Адамның тіршілік ортасы дегеніміз не?
  3.  Адамның тіршілік ортасының компоненттері қандай?
  4.  Адам қажеттіліктері қандай?
  5.  Халық санының өсу мәселесін сипаттаңыз.
  6.  Қандай зат алмасу әлеуметтік деп аталады?

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

3.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

5. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғатпайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999

Қосымша әдебиеттер:

1.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

2.Байтулин И.О. Экология  Казахстана. Алматы, 2003.  

3.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

ДӘРІС 14

Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму

Мақсаты: Студенттерді табиғатты пайдалану ғылмымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін, экологиялық ғылымда алатын орнын анықтау. Студенттерді ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түрлермен таныстыру.

Жоспар: 

.Табиғатты қорғау мәселелері.

.Ерекше қорғалатын территориялар

. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Негізгі түсініктер: қорықтар, қорықшалар, биосфералық резерваттар, ерекше қорғауға алынған териториялар.

1. Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсатыбиосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне  қарамастан барлық адамдардың экологиялық  деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) “Адам мен биосфера  ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде  биосфера  ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы  бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи  орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді.

Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.

2. Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады. 

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының біріерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтартабиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-Буффало(Канада) –,5 млн. га; Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) –шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынемел.

Қорықтартолық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түріқорғалымдар болып табылады. 

Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың  хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылымизерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады..

Биорезерваттардың жаңа формалары жасалды «Кластерлік» және трансшекаралық  қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. 

Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.

.Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.

.Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.

.Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын ттұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу  тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы  мүмкін.

3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты, онда өсімдіктердің 450-ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда өседі, оның 760-тан астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемикалық өсімдіктер, бұлардың 1500 түрі пайдалы өсімдіктер қатарына жатады. 

Қазақстанның Қызыл кітабы Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат. 

Жануарлардың Қызыл кітаптағы категориялары келесі:

I категорияжойылу қаупі бар немесе жойылуы мүмкін;

II категорияапатты қысқарған;

III категориясирек аз кездесетін;

IV категорияанықталмаған (жеткіліксіз зерттелген);

V категорияқалпына келген, үздіксіз бақылауды қажет ететін түрлер.

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғатты қорғаудың негізгі аспектілері қандай?

.Табиғатты пайдалану дегеніміз не?

.Табиғатты тиімді пайдалану дегенімз қандай?

.Табиғатты тиімді пайдаланудың мотивтері қандай?

.Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-саяси аспектілері қандай мәселермен айналысады?

.Адамның биосфераға әсері қандай?

.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жіктелуін көрсетіңіз.

.ҚР қорықтарын сипаттаңыз.

.ҚР ұлттық саябақтарын атаңыз.

.ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерді атаңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003

5.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

9.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

3.Байтулин И.О. Экология  Казахстана. Алматы, 2003.  

Дәріс15

Тақырып:     Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.

Мақсаты: Студенттерге ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі, себептері мен салдары, Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары, қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері, экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері. туралы білім беру.  

1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

.Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

3.Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

4.Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

5.Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

6.Экологиялық мониторинг

.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендерреспубликаның негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыстаЕртіс өзені, батыстаОрал өзені, оңтүстіктеСырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясыЕртіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттармыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі. 

2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.

3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн.га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен,9 км3, өзен ағысымен,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану,7 км3. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы25 см, ал ғасырлықм-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендеріАмудария мен Сырдария ұстап тұрған.

4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың суының көлемікм3, ең үлкен тереңдігім. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігінешағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды.

Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.

5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.

Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген. 

6.Экологиялық мониторинг.

Экологиялық мониторингтабиғи кұбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен коршаған орта жагдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. 

Мониторинг жүйесін топтастыру

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.

Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әр-турлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингінүктелі стационарлы көздер (зауыттардыцң мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (калалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша

мониторингтерге бөлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына  қарай     мынадай

мониторинг жүйелерін кұрайды:

ғаламдық   (биосфералық)   -   халықаралық   ынтымақтастық негізінде   Жер биосферасындағы   әлемдік   құбылыстар   мен процестерді   зерттеу   арқылы   назарға   устап,   экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;

базалық (фондық) - жалпыбиосфералық, табиғи кұбылыстарды бақылау ;

• ұлттық - 6ip мемлекеттің шегінде арнайы кұрылған органдар арқылы жүргізетін мониторинг;

аймақтық - халық, шаруашылығын карқынды игеру барысында ipi-ipi  аудандардың көлемінде  кұбылыстар  мен  процестерді зерттеу арқылы бақылау;

жергілікті     (локалды)     -     елді     мекендерде,      өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда коршаған ортаның сапалық өзгеруіне бакылау жүргізу;

импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Мониторинг жүйесің колданылатын тәсілдерге (физикалық-химиялық    және    биологиялық    көрсеткіштердің    мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторингатмосфераның, жауын-шашынның, жер бeтi мен жер асты суларының, мухит пен теңіз суларының, топырақтың, түптi тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық кұрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану денгейін анықтау.

Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына карап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг - коршаған ортаның екі құрам бөлігін   (химиялық және биологиялық)   бақылауға   негізделген мониторинг.

Дистанциялық (аралык) мониторингзерттейтін объектілерді барлауға және   тәжірибелік мәліметтерді   тіркеп   жазып   алуға  радиометриялық кондырғылармен камтылған ұшқыш аппараттар колданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Топтастыру принципіне қарай әр-турлі мониторинг- жуйелері бар. Олардың ішінде турлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның кұрама (комплексті) экологаялық мониторингі. Қоршаған ортаның кұрама экологиялық мониторингі - бұл қоршаған табиги орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге  адам мен басқа да тipi ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тyyы туралы ескертуге арналған бакылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық  болып бөлінеді.




1. на тему- Числа Фибоначчи- технический анализ
2. Реферат- Оформление наглядных материалов в научно-исследовательских работа
3. Введение Трудовое право является особенным фактором для формирования социального законодательства
4. е рассматривается в микроэкономике как один из базовых экон
5. Особливості експертизи легкових автомобілів
6. по теме Минералы и горные породы
7. Оптимизация
8. Современные обычные средства поражения
9. тематичне моделювання- оптимізаційні методи та моделі
10. Пособие по временной нетрудоспособности1 января 2007 г
11. Общеславянский язык сегодня И нет, и да!.html
12. Пояснительная записка Лит
13. тема мер по охране и укреплению здоровья учащихся
14. і Жарнамада за~ актілері
15. лекционный курс 3
16. Сибирский государственный технологический университет СибГТУ ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО Си
17.  позвонить To give smb messge ~ передать сообщение s soon s she is bck ~ как только она вернётся To pss on the mssge ~ пер
18. Розничная торговля в республике Беларусь Метод самообслуживани
19. Контрольная работа- Правила и нормы русского языка
20. тема Управление инновациями в туризме