Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і.~мір жолы. Ж~сіпбек Аймауытов 1889 жылы ~азіргі Павлодар облысыны~ Баянауыл ауданында д~ниеге келген.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.6.2024

Жүсіпбек аймауытов жайлы

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.Өмір жолы. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды. Шығармашылық мұрасы. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе. мұрасы туралы толғаныс

ХХ ғасырдың басында қазақ

қоғамындағы әлеуметтік талас-

тартыстар дәуірінде өмір сүріп,

сол заманның шындығын әдебиет

әлемінде үлкен суреткерлікпен

бейнелеген, елі, халқы жайлы

ойын айта білген, қазақтың жаңа

мазмұнды реалистік әдебиетінде

үлкен із қалдырған қаламгердің

бірі – Жүсіпбек Аймауытов.

(С. Қирабаев)

«Ақбілек» романы – қазақ әйелінің өсу жолын айғақтайтын шығарма.

Халқы үшін қайғырған қазақ ұлының «Шернияз» пьесасы арқылы шынайы көрініс табуы.

ІІІ. Қорытынды

Ж. Аймауытов мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны.

 Жан-жақты өнер иесі, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.

 Ғұмыры алты-жеті қарадан артық мал бітіп көрмеген әкесі Аймауыт балаларын қаршадайынан еңбекке баулиды. Ауылдағы етікші, ағашшы, сыршыларға жіберіп, қол өнеріне үйретеді. Жалпы бұл отбасыда қолы іс білмейтін адам болмаған. Әкесі үй іші жабдығынан сынған-бүлынген нәрсені өзі бүтіндеп тастайды екен. Шешесі бүкіл бір ауылдың киімін тігетін ісмер болған. Алаша тоқу, сырмақ оюлау өнері де осы босағадан табылатын.

 Жүсіпбек жастайынан зерек өскен. әуелі ауыл молдасынан тіл сындырған ол, 1907 жылы Баянауыл мектебіне түседі. Бұдан соң Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. Қыс оқып, жаз шыға елден күн көріс тауып, етік тігіп, тыным таппайды. Сол тіршілігінің арқасында 1914 жылы Семейдің мұғалімдер әзірлейтін семинариясына түсіп, оны 1919 жылы тәмамдайды.

 Осы жылдары ол орыс және дүние жүзі әдебиеті классикасымен танысуын бастайды. «Смағұлға жауап» деген анкета есебіндегі материалда Аймауытов өзіне шетел жазушыларынан : Монассан, Мольер, Виктор Гюго, Шекспир, Джек Лондон, Стефан Цвейг, орыс суреткерлерінен: Гоголь, Пушкин, Чехов.

 Қай уақыттан жаза бастағаны туралы да Жүсекеңнің өз қолымен қалдырып кеткен куәлігі бар. Жаңағы жауап хатында ол былай дейді: «Ең алғаш өлең жазғаным 13 жасар кезім болса керек. Дұғалық жазатын кішкене қара шолақ кітапшама тіленші шалға боранда есігін ашпаған бір кемпірді, кешкенде байталға мінбеймін деп, әкесін ренжіткен қызды өлең қып жазғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде».

 Жүсіпбек Аймауытов - өз дәуірінің келесі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде «Абай» журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби – сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар», 1923 жылы жазған «Мағжанның ақындығы туралы» , 1925 жылы жазылған «Сұңқар жыры» , «Аударма туралы» атты мақалалары арқылыол әдебиет ссыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.

 Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсаты көздеген «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды.

 Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы – прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдар туды.

 «Қартқожа» романы 1926 жылы Қызылордада кітап болып басылып шықты. Роман ХХ ғасырдың басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың әлеуметтік аласапыран тұсындағы тағдырын бейнелеген алғашқы күрделі шығармалардың бірі болды. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады.

 Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан қткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақ азаматтарының ел ішіндегі әлеуметтік тартысқа араласуы, алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Осы оқиғалар тұсында роман кейіпкері Қартқожа да есейіп, ес жинайды, алға қарайды, болашаққа бет алады.

 Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы кезінде кітап болып шықпаған. 1927 – 1928 жылдары баспасөзде жарияланған. Тақырыбы жағынан ол «Қартқожа» романымен үндес. «Қартқожада» көтерілетін күрес, азаттық идеясы «Ақбілекте» одан әрі жалғасады.

 Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді.  Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.

 Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы Жүсіпбек сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейді. Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, қоғамдағы өз орындарын іздейді. Түптің түбінде дегендеріне жетеді.

 Қысқасын айтқанда, «Ақбілек» романы – бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.

 Ел адамдарын оятып, жаңа тіршілікке шақырады. «Рабиға», «Қанапия мен Шәрбануди», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар». Аймауытов пьесаларының ең елеулісі - «Шернияз». Мұнда жазушы қайшылықты қоғамдық ортада күрделі өмір кешкен өнер адамдарының тағдырын бейнелейді. Аймауытов - әдеби творчествосын өлең жазудан бастаса да, кезінде жинақ бастырмаған. Оның өлеңдері күнделікті баспасөз бетінде сақталған. Өлең -  үлкен проза мен драматургияға ден қойған жазушының алғашқы тәжірибесі сияқты. Бұлардың көбі ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңару идеясын жырлайды.

 Әлеуметтік төңкерістер ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді. ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиетінің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.

Психологиясы 1929 жылы «Комплекспен оқыту жолдары»(Қызылорда, Казгосиздәт, 129 бет, мектеп оқушыларына арналған оқулықтар), «Жаңа ауыл», (Сауатсыздықты қалай жою керөк?) атты кітаптарды жарыққа шығарған. Жусіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді оқу құралы айрықша айтуға тұрарлық. «Психология» кітабы 12 тарау, 102 параграфтан тұратын қомақты еңбек.

«Психология», - деп жазады Жүсіпбек осы кітаптың «Бет ашарында», - терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән... өзге білімдер затшылдыққа (материализм- Қ.Ж.) табанын тіресе де, психология әлі тіреп, аяғын нық басқан жоқ... Қарапайым адамға жұмбак, сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады... себептері, сырлары айқындалады, бұлардан хабары болу, ақыл-ойына ерік беру кімге болса да керекті. Бұл кітапты алдымен бала оқытушыларға (муғалімдерге- Қ.Ж.) ұсынамыз. Қала берсе, кімде-кім әлеуметпен, қоғаммен қатынасып, қызмет ететін болса, соның бәріне психология пайдалы кітап деп ойлаймыз. Хат танитын жай қазақ та, арындамай оқи алса, недәуір білім алар деп сенеміз. Қиын жерлерін салғаннан ұқпаса оңай жерлерін оқып көрер: сөйте-сөйте біріне тісі батар». Оқырманына осылайша ой сала келіп, Жүсіпбек «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауда осы ғылымның екі жарым жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді. Бұл жерде рационалистік (ақыл-ой), эксперименттік (тәжірибе) психологияның жай-жапсарын баяндайтын беттер өте тартымды шыққан.

Кітаптың екінші тарауында адамның жан-дүниесін, мінез-құлқын, зерттеуді қайтып ұйымдастыруға болатындығын, мұндағы негізгі әдістерді (бақылау, анкета, әңгімелесу, тәжірибе жасау, т.б.) тәптіштеп түсіндіреді. Бізді ерекше таң қалдыратыны -адам психологиясын зерттеуде матема-тиканы, оның вариациялық статистика дейтін саласын қалайша пайдалануға болатындығы жайлы мәселе. Қазақ топырағында мұны Аймауытовтан басқа ешкім күні бүгінге дейін көтермеген. Қазірде де аса актуальді мәселенің баяндалуында айтарлықтай ақаулық байқалмайды.

Үшінші тарау «Тірі заттардың қылығын жалпы мінездеу» (қазіргі терминде «Психика және сана») деп аталады. Мұнда психофизикалық және психофизиологиялық феномендер, атап айтқанда, организмнің тітіркенушілік пен сезгіштік қасиеттерінің ерекшеліктері, жануар мен адамның дағды, инстинктері (соқыр сезімдер), бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары, өсімдіктер дүниесіндегі тіршілік белгісі - тропизмдер ғылыми талдауға алынады. Осы тарауда академик И.П. Павловтың әйгілі шартты рефлекстер туралы ілімінің негізгі қағидалары сөз болады. Осы секілді күрделі ғылыми мәселені Жүсіпбек ана тілімізде алғаш көтеріп, ол адам санасының даму жолын тарихи-қоғамдық тұрғыдан дұрыс баяндайды да қоғамдық(әлеуметтік) психологияның негізгі мәселелерінің (топ, жұртшылық, қоғам, парасат, әдет, т.б.) мәнін қазіргі психологиялық түсініктердің төңірегінде тәптіштейді.

«Денедегі кейбір мүшелер, олардың қызметтері» деп аталатын төртінші тарауда психиканың анатомиялық-физиологиялық механизмдері, яғни нерв жүйесі мен оның атқаратын қызметі, қозу, тежелу процесстері, ми бөліктері, олардың қызметі, негізгі сезім мүшелерінің (көз, құлақ, иіс, дәм, тері, т.б.) анатомиялық құрылысы жайында барынша қазақ ұғымына қиындық келтірмейтін ғылыми мағлұматтар беріледі.

Бесінші тарауда эмоция мен сезім, сондай-ақ түрлі мәнерлі құбылыстардың (келбет, көз, әлпеті, беттің ым-ишарасы, түрлі дене құбылыстарының психологиялық ерекшеліктері) көшпелі қазақ өмірінен алынған қызғылықты да, нақтылы дерек-тер арқылы тартымды берілген. Мұнда, әсіресе, адамда жиі ұшырайтын сезім-эмоциялар (махаббат, таңсыққойлық, қорқыныш, паңдық, тентектік, бәсеке, т.б.) және бұларды қалыптастыру жолдары сөз болған. Түйсік пен  қабылдау, перне іліктестігі (ассоциация мен апперцепция), ынта мен ілтипат, ес пен елес, қиял мен шығармашылық мәселелері алтыншы, сегізінші тараулардың басты тақырыптары.Осы тарауда классикалық психологияның басты қисындары: түйсіктің негізгі заңдылығы болып есептелетін - Бебер Фехнердің психолофизикалық заңы, Г. Гельмгольдің резонанс теориясы, Беркли қисыны төл тіліміздің өзіндік ерекшелігімен жақсы нақышталған.

Ал психология ғылымындағы басты проблемалардың бірінен саналатын ойлау мен сөйлеу, ұғым мен сөз, елестету мен ұғым, ойлау формалары (ұғым, пікір, ой қорытындылары) сияқты ғылыми категориялардың мән-мәнісі логика, психология ғылымдары тұрғысынан тиісті дәрежесінде талдау тапқан. Тоғызыншы тарауда ерік-жігер, қажыр-қайрат, бұларды тәрбиелеу жайлы әңгіме болса, оныншы тарауда - ұйқы, түс көру, көз байлау (гипноз), т.б. парапсихологиялық құбылыстар жайлы айтылады. Он бірінші, он екінші тарауларда әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, түрлі оң, теріс қылықтардың табиғаты, кісіні әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан қалыптастыру, 

Өлеңдері

М.Дулатовтың шығарған әуенінен өзгеше, шамасы, бұл хронологиялық жағынан алғашқы вариант. М.Дулатов нұсқасы орыс мелодиясымен салыстырғанда шағын дыбыс ауқымында және пунктирлі ырғақтармен жүреді. Кварталық интонациямен басталған әуен шымыр, жинақы, әр бунақ соңы салыстырмалы ұзақтықпен тұйықталып отырады. Жоғарыдағы айтылған «Алаш ұраны» да, «Алаш маршы» да Алашорда қозғалысының тарихында айтарлықтай орын алған шығармалар. Біздің ойымызша, бастапқы кезеңде Алаш маршы ретінде Мәдәлім Байқонақұлы нұсқасы кең тарап, танымалдық алған сияқты. Өйткені ол вариант - сол дүниеге келген кезеңінің музыка мәдениетіне тән құбылыстармен нақтыланып отыр. Бұл жерде өлеңнің бастапқыда орыс әуенімен айтылып, кейіннен басқа әуенге бейімделгенін тарихи дерек ретінде назарда ұстауымыз қажет. Өйткені қазақ жеріндегі революциялық әндердің пайда болуына «Интернационал», «Варшавянка», «Смело, товарищи, в ногу» және орыстың халық әндерінің әсер еткені белгілі.

АХ-ХА-ХА-ХАУ

(Мысқыл)

Жасарам деп көңілі жас,

Жас иіске құмарлар!

Кәріге жастың пейілі қас,

Шамаларда жұмарлар.

Жапырақсыз, түпсіз жанлалған

Іші қуыс кәрі ағаш!

Сандуғаш іздеп сандалған,

Неғылған дәнді дәрі ағаш!

«Қыркүйек өтті қырау»

Қараша мынау соқыр-ау!

Қантар келіп қалшылдап,

Сәйкес болған оқырау!

Көкектің айы көңілде:

Шонамдай жоқ тоқырау.

Ах-хах-хау! Күлкім-ау!

Шегім қатып отыр-ау!

ЖАЗУШЫЛАРҒА

«Алаштын» талабы зор, мақсұты мол,

Әр түрлі кемшілікке созып тұр қол.

Бір мақсұт — әйелдің халін аяп,

Азаттық, адамдыққа іздемек жол.

Бұл талап сәті болса — таудай талап,

Ниеті қабыл болғай құдай қалап.

Әркімнің жүректегі дертін қозғап,

Жазылар талай сөздер неше тарап.

Әйел сөзі — қытықшыл, нәзік бір іс,

Нәзік істі бүлдірмей істеу дұрыс.

Адамдық, адалдықпен тұғырлықты,

Жазушы бетке ұстаса болмас бұрыс.

Адамзат рақат құмар малдан зияд,

Әйел — адам, нәрседей нәпсі ниет.

Тән рахатын ізденіп, әйелді алдап,

Адамдық былай қалмақ ар мен ұят.

Бұл кемдік бәріміздің басымызда,

Сүйекке сіңіп өсті жасымызда.

«Алаштын» талабы зор, мақсұты мол,

Әр түрлі кемшілікке созып тұр қол.

Бір мақсұт — әйелдің халін аяп,

Азаттық, адамдыққа іздемек жол.

Бұл талап сәті болса — таудай талап,

Ниеті қабыл болғай құдай қалап.

Әркімнің жүректегі дертін қозғап,

Жазылар талай сөздер неше тарап.

Әйел сөзі — қытықшыл, нәзік бір іс,

Нәзік істі бүлдірмей істеу дұрыс.

Адамдық, адалдықпен тұғырлықты,

Жазушы бетке ұстаса болмас бұрыс.

Адамзат рақат құмар малдан зияд,

Әйел — адам, нәрседей нәпсі ниет.

Тән рахатын ізденіп, әйелді алдап,

Адамдық былай қалмақ ар мен ұят.

Бұл кемдік бәріміздің басымызда,

Сүйекке сіңіп өсті жасымызда.

Күр софысып хұқылықты бүркемейік.

Шынға дұшпан, алланын қасымыз ба?

Ынсап, ұят, адалдық, тұрақтылық,

Адамдыққа ұласар көрік қылық.

Әйелді теңдікке алсақ терен ойлап,

Жазсақ екен нәпсіден жырақ тұрып.

Ойнас жағын көркейтіп сырламасақ,

Қызыққа қыэықтырып қырламасақ,

Жату, тұру, құшақтау...-ды антып,

Күлкісін ғашықтықтың жырламасақ.

Бақшаға ексек, қызғалдақ қуармаса,

Таза бұлақ лай боп суалмаса,

Майысқыш шар тарапқа жас табиғат,

Жарар еді жамандыққа бұралмаса.

Талай роман орыста жатыр толып.

Керексіз жаман сөзбен іші толық.

НЕҒЫП ЖАТЫР?

Түрленіп мынау заман ағып жатыр.

Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр,

Жайынан замананың хабардар ма?

Осы біздің қазақтар неғып жатыр

Шүкір, қазақ ұйқыдан тұрып жатыр,

Өз әлінше өрмегін құрып жатыр

Жіліктің майлы басын бері тартып,

Икемдеп өз алдына бұрып жатыр.

Бізге не өнер, ғылым жұғып жатыр

Жастар мұны үйреніп ұғып жатыр,

Халыққа бас-көз болып, жол мұндалап

Бір-бірлеп газеталар шығып жатыр.

Қазақтың балалары оқып жатыр,

Білімін күннен-күнге қосып жатыр.

Жат мінезге әулікпей, жұртын ойлап,

Ұлттың қамын көңілге тоқып жатыр.

Үшител, мұғалымдар тарап жатыр,

Байлар да үлкен іске жарап жатыр.

Тас болат үй, магазин, зауыт ашып,

Тайталасып, өнерге жанып жатыр.

Нашарға көнілдері еріп жатыр,




1. Культура Древнего Египта
2. Физическое воспитание в средних специальных учебных заведениях
3. . Дейнека Алекса~ндр Алекса~ндрович Дейне~ка 20 мая 1899 Курск Российская империя 12 июня 1969 Москва СС
4. Ленинградский Металлический завод
5. Похід по урочищу Феофанія
6. ИЯшуков от 2010 г
7. Тема 10Організація файлових систем
8. то около X тыс. до н
9. О семиотическом механизме культуры
10. . Теоретические аспекты инфляции и ее последствия.
11. Курсовая работа- Организация как объект управления
12. 01 В соответствии со ст
13. .На улице стоял июнь в это время ученики города уже были на заслуженном отдыхе а мы должны были с утра до вече
14. град Балаклею вздовж р
15. Курсовая работа- Государство в сфере трудового права
16. тематически применяются вербальные и невербальные методы воздействия на пациента и группу и совместно прини.
17. Челябинская государственная академия культуры и искусств Факультет книжного бизнеса документоведения
18. БАРДО ТХОДОЛ Прежде чем начать этот вводный комментарий я хотел бы сказать несколько слов о нашем текс.html
19. Налоговая тайна в системе мер защиты экономической информации
20. Лабораторная работа 5 Измерение сопротивления с помощью мостика Уитстона