Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

12.01 ж. ’ 18-2 ~аулысымен берілген т~сініктемені ~Р Конституциялы~ Ке~есіні~ 2005 жыл~ы 29 с~уірдегі ’ 3 ~аулыс.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Қазақстаның билік тармақтары

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. ҚР Конституциялық Кеңесінің 21.12.01 ж. № 18/2 қаулысымен берілген түсініктемені, ҚР Конституциялық Кеңесінің  2005 жылғы 29 сәуірдегі  № 3 қаулысын қараңыз

Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. ҚР Конституциялық кеңесінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 4 қаулысын қараңыз

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі.

Мемлекеттің органдар өкілетігінің шеңберіне карай мынадай топқа бөлінеді:

1. Мемлекетгік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;

2. Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер.

Мемлекеттік органдар үш топка бөлінеді:

1. заң шығарушы орган

2. атқарушы орган

3. сот

Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтың, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азаматтықтары мен бостандыктарының нышаны әрі кепілі. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

Республика Президентi болып: тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген, әрi Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұратын, Республика азаматы сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзiмге сайлайды. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды. ҚР Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.

ҚР Президентi Конституция мен заңдар негiзiнде және оларды орындау үшiн Республиканың бүкiл аумағында «заңдық күшi бар» жарлықтар мен өкiмдер шығарады.

Президентке, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады. Осы баптың ережелерi Республиканың экс-Президенттерiне қолданылады.2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды   Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Оның өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұрады: Сенат және Мәжіліс. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

Сенат депутаттары конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан (Астана, Алматы) және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың 15 депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл. Сенат 45 депутаттан тұрады.

Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi.

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады: 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау; 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

3. Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру;(бұр. ред. қара)

42007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қа. Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5. Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мәжіліс депутаттары конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы 30 толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы 25 толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Парламент кейбір зандарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Казақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституцияда жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін колданған шара. Қазакстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Қазақстан парламетінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы керсетеді. Парламенттің сессиясы оның, палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.

Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қатысатын болса, Мәжіліс заң козғау және каржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған зандарға Президент қол қояды да, занды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 2/3 дауыспен рұқсат берсе (Конституциянын 53 бабы), Президент заң жобалардың карау басымдығын белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады.

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қараҮкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi. Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады. Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығарады. Республиканың Премьер-Министрi Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар өкiмдер шығарады.

Үкiметтiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi Конституцияға, заң актiлерiне, Республика Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы келмеуге тиiс. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие әрi өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi. Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiн немесе оны жүргiзбейтiн Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш бередi не ол лауазымнан босатылуға тиiс. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ..

Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Егер Үкiмет және оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп есептесе, олар Республиканың Президентiне өз орнынан түсетiнi туралы мәлiмдеуге хақылы. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қараПарламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi Республиканың Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған жағдайда Президент оған мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады.

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;

3) Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi;

4) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады;

5) Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

6) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;

7) Республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары актiлерiнiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды немесе тоқтата тұрады;

8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; алынып тасталды

9) өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды. ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.03.99 ж. № 4/2; 12.04.01 ж. № 1/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз

Сот Конституцияның 75-бабына сәйкес Казақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында ҚР Әскери (әскердің, кұрамалардың, гарнизондардың) соттары болады.

Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан КР Конституииясы мен зандарына сәйкес жүзеге асырады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Бір құкық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе өкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тындатуға қақылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын зандардың кері күші болмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетгі емес. Ешкім өзіне өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.

Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмән туғызатын жағдай айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Қылмыстық занды ұқсастығына карай қолдануға жол берілмейді. Республика соттары қызметі зандылық, судьялардың тәуелсіздігі, баршанын заң және сот алдындағы тендігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, істерді караудың жариялығы принциитерінің негізінде құрылады.

Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын болды. Жоғарғы Соттарды тағайындау үшін Президенттің жанында Жоғарғы Сот Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі басқарады. Бұл орган Жоғарғы Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауызымды кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа төменгі сотгарға тағайындалатын кызметкерлердің Әділет министрі басқаратын әділеттілік алқасы кадр мәселелерін шешеді.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi 6 жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi тағайындайды және дауыс тең бөлiнген жағдайда оның даусы шешушi болып табылады. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Конституциялық Кеңестiң ұйымдастырылуы мен қызметi конституциялық заңмен реттеледi.

Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір 3 жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге да ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өздерiнiң өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Бұрынғы Конституция бойынша ол «Конституциялық Сот» деп аталып, басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы ҚР Презедентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" заңдық күші бар жарлығында айтылған болатын.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.

Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту;

2) өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу;

3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау;

4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;

5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. Мәслихаттардың құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi.ҚР 07.10.98 ж № 284-1 Заңымен 87-бап өзгертілді

Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.

Мәслихаттар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн мәслихат шешiмдерiнiң күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн. Әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi не жоғары тұрған әкiм жоюы мүмкiн, сондай-ақ олардың күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн. ҚР Конституциялық Кеңесінің 31.05.00 ж. № 3/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз

Әдебиеттер.

1.Жоламан. К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы 2001.

2.Сапарғалиев.Ғ. «Қазақстан Республикасының Концтитуциялық құқығы». Алматы 2004.

3. Қазақстан Республикасының Концтитуциясы.




1. Обретение себя Меня зовут София
2. Формы имен прилагательных
3. варианта- Вы принимаете решения сами возможно консультируясь со специалистами а затем сами несете за СВОИ
4. Образ бедствий в современной русской эсхатологии
5. ушки на бедрах1Вам поможет хороший комплекс упражнений для бедер
6. Презумпция человечности
7. Тема- Заключительные замечания и выводы
8. Фантастика
9. Лекція. Сучасна характеристика конкурентоспроможноі продукції
10. Гороскоп Петра I
11. Г.ЗадорожнюкРуководитель Центра истории революций и реформ конца XX века в странах Центральной Европы Инсти
12. Знать од Бога і голос той і ті слова ідуть меж люди
13. Статья- Формирование делового имиджа
14. Расчет местной вытяжной вентиляции
15. Microsoft Office
16. Управление поведением персонала в организации
17. Тема 6Стіни 1 Стіни з цегли їх види і конструктивні вирішення 2
18. это проверка- C правильности подсчета итогов В В ведомости 1 к Журналу ордеру 1 отражаются- Cпо
19. статьях этого периода в которых он утверждал что особенностью русской литературы является ее ldquo;обличител
20. Кровь и кость Маргарет Флауерс Mrgret Flowers пожилая дама лет семидесяти пенсионерка и почётный член клуба са