Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
![](images/emoji__ok.png)
Предоплата всего
![](images/emoji__signature.png)
Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
ВАРИАНТ 2
1. Науқасқа теріасты көк тамырының варикозды кеңеюі салдарынан субкомпенсация кезеңінде оң жақ жамбас және балтырдың үлкен тері асты көк тамырларының венэктомиясы жасалған. Жарақаттар тігілген, 1% йодонат ерітіндісімен өңделіп, салфеткамен жабылған.
Таңу материалын бекіту үшін қандай дәкелік таңғышты қолданған дұрыс?
А. айналмалы
В. бидай тәрізді
С. тасбақа тәрізді
D. сегіз саны тәрізді
Е. айналмалы гипс
2. Науқас К., 20 жаста, омыртқасының мойын бөлігінің жарақаты және жұлынның зақымдалуына байланысты , декомпрессия мақсатында жедел түрде ламинэктомия жасалған. Мойынның артқы бөлігіндегі жарақат тігілген, салфеткамен жабылған.
Сіз таңу материалын бекіту үшін қандай дәкелік таңғышты қолданасыз?
А. айналмалы
В. бидай тәрізді
С. тасбақа тәрізді
D. сегіз саны тәрізді
Е. Шанц жағасы
3. Сіз-жедел жәрдем дәрігерісіз. Cізді кеуде куысының оң жағында енген жарақаты бар науқасқа шақырды. Жарақаттанушы жағдайы ауыр. Ол оң жағына еңкейіп, жарақатын қолымен жабады. Жарақатты қараған кезде дем алғанда ауа жарақаттың ішіне енеді, ал дем шығарғанда жарақаттан ауа шумен шығады.
Сіз қандай дәкелік таңғышты қоясыз?
А. айналмалы
В. бидай тәрізді
С. тасбақа тәрізді
D. сегіз саны тәрізді
Е. окклюзионды
4. Науқас С., 28 жаста, шынтақтың іріңді бурситіне оперативті ашу жасалды. Қапшық антисептик ерітіндісімен жуылған, натри хлорид гипертоникалық ерітіндісімен суланған турундамен дренаждалған, марлелі салфеткамен жабылған.
Сіз таңу материалын қалай бекітесіз?
А. айналмалы байламмен
В. бидай тәрізді байламмен
С. тасбақа тәрізді байламмен
D. сегіз саны тәрізді байламмен
Е. айналмалы гипспен
5. Науқас С., 36 жаста, жол апаты салдарынан зардап шеккен. Оң жақ самайы аймағында көп мөлшерде қан кетіп жатқан кесілген жарақаты бар және де оң иық буынының жоғарғы бетінде шабылған жыртылған жарақаты бар. Иықтың сынуының белгілері жоқ.
Алғашқы көмек көрсеткенде науқасқа қандай таңу жасау керек?
А. айналмалы қысып тұратын
В. қайтармалы (возвратную)
С. тасбақа тәрізді
D. сегіз тәрізді
Е. Шанц жағасы
6. 47 жастағы ер адам, велосипедтен құлаған. Оң жақ иық үсті аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Визуальді қарағанда ісінген, деформация, оң бұғананың ортаңғы үштік проекциясында ауырсыну және крепитация анықталады. Оң жақ білек артериясының пульсі қанағаттанарлық.
Иммобилизациялайтын бинттік таңғыштың қай түрін қолданасыз?
А. тасбақалық
В. спиральді
С. Дезо байламы
D. бидай тәрізді
Е. «портупеи» типті
7. Оң иығын шыгарып алған науқастың қолын қайта қалпына келтірген. Енді 1-1,5 аптаға оң қолының жоғарғы бөлігіне иммобилизация жасау керек.
Қандай иммобилизациялайтын бинтті таңғышты қолданасыз?
А. айналмалы
В. бидай тәрізді
С. тасбақа тәрізді
D. сегіз тәрізді
Е. Дезо байламы
8. Ауылдың учаскелік емханасына 52 жасар совхоз жұмыскері келіп түсті, төбе аймағында соғылған-шабылған жарақаты бар. Жарақатын науқас бет орамалымен басып отыр.
Науқасқа қандай көлемдегі медициналық көмек көрсету қажет?
А. жарақаттың БХӨ
В. қан кетуді тоқтату
С. Гиппократ қалпағы байламын жасау
D. аудандық аурухананың хирургиял бөлімшесіне госпитализациялау
Е. айналмалы қысып тұратын байлам жасау
9. Емханаға 25 жастағы науқас оң жамбас сан буынындағы ауырсынуға шағымданып келді. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті қарағанда: ісінген, буын деформациясы, қол аяқтардың атрофиясы, Александров симптомы оң (сау жақтағыға қарағанда, зақымдалған терінің қатпары қалың болады). Сіз - туберкулезді кокситке күдіктенесіз.
Сіздің алдағы тактикаңыз қандай?
А. жедел операция
В. хирургия бөлімшесінде емдеу
С. урология бөлімшесінде емдеу
D. арнайыландырылған хирургия бөлімшесінде емдеу
Е. арнайыландырылған урология бөлімшесінде емдеу
10. Операция кезінде науқас бір уақытта 450,0 мл қан жоғалтты.
Жоғалтқан қанның орнына науқасқа қан құю керекпа?
А. 200,0 мл көлемінде құю керек
В. қан құюдың қажеті жоқ
С. 300,0 мл көлемінде
D. 400,0 мл көлемінде
Е. 500,0 мл көлемінде
11. Қан тобын анықтау кезінде изогемоаглютинация стандартты А/ІІ/ және В/ІІІ/ тобы қан сарысуларында оң және О/І/ және АВ/ІV/ тобында теріс.
Мұндай нәтиже нені көрсетеді?
А. тексерілетін қан О (І) тобы екенін
В. тексерілетін қан А (ІІ) тобы екенін
С. тексерілетін қан В (ІІ) тобы екенін
D. тексерілетін қан АВ (ІІІ) тобы екенін
Е. стандартты қан сарысуларының жарамсыз екенін
12. Анти А және анти В цоликлондар көмегімен қан тобын анықтағанда агглютинация жоқ.
Зерттелетін қан қай топтыкі?
А. О (І)
В. А (ІІ)
С. В (ІІІ)
D. АВ (ІV)
Е. цоликлондар жарамсыз
13. Науқас М., ұста, емханаға оң қолы білегінің жыртылған жарақатына байланысты келді. Науқастың сөзі бойынша жарақатты жұмыс кезінде алған. Хирург науқастың уақытша жұмысқа қабілетсіздігінің белгілерін анықтады. Оқыс жағдай жөніндегі акт көрсетілмеген.
Уақытша жұмысқа қабілетсіздік қандай құжатпен куаландырылады?
А. 095у формалы анықтама
В. оқыс жағдай туралы акт акелген соң демалыс парағын ашу
С. уақытша жұмысқа қабілетсіздіктің 1-ші күнінен бастап демалыс
парағын ашу
D. ВКК анықтамасы
Е. өз еркінше анықтама
14. Азамат А. 18 жасар институттың бірінші курс студенті, зертханалық жұмыстар кезінде соқырлыққа алып келген көзі және басында күйіктер алды. МСЭК мүгедектіктің бірінші тобын қойды.
Мүгедектіктің себебін айтыңыз?
А. жалпы ауыруы
В. бала күннен мүгедектігі
С. жұмысқа жарамсыздық
D. жұмысқа бара жатқандағы опат жағдай
Е. созылмалы сырқатының өршігуі
15. Қабылдауда науқас Р. 40 жаста, 12 елі ішек ойық жарасымен ауырады, қан кетумен асқынған (айына 1-2 рет) және постгеморрагиялық 2-ші дәрежелі анамиямен.
Сіздің алдағы әрекетіңіз қандай?
А. гастроэнтерология бөлімшесіне жатқызу
В. гематологиялық бөлімшеге жатқызу
С. күндізгі стационарға жатқызу
D. хирургия бөлімшесіне жатқызу
Е. амбулаторлық емдеу
16. Науқас оң жақ кеудесінің жарақатымен 1 сағ сон орташа дәрижелі жағдайдайымен жеткізілген. Өкпенің рентгенологиялық зерттеуі кезінде орташа гематоракс және V, VI қабырғаларының ортанғы -бұлшықет асты сызығы бойымен сынуы анықталған. Қанды қақырық жоқ. Бұрын өкпе туберкулезімен ауырған.
Плевра қуысына қан кетудің көзін анықта?
А. өкпе тінінің зақымдалуы
В. көкірек аралығының қан тамырларының зақымдалуы
С. қабырғааралық қан тамырларының зақымдалуы
D. жарақат кезінде ашылып кеткен каверна
Е. плевраның зақымдалуы
17. Науқас оң жақ кеуде жарақатымен жеткізілген. Алдыңғы бұлшықетасты сызық бойынша V қабырға аралықта көлемі 1,5x0,4 см жара байқалады, аздаған көлемді қан кетумен.АҚ-120/70 мм рт. ст., пульс-88 рет мин. Тыныс алысы 20 рет/1мин.
Терен жарақаттануға не себебші?
А. жарақаттан қан кету
В. тыныс алудың жиі болуы
С. тері асты эмфиземасы
D. 100 жоғары тахикардия
Е. цианоз
18. Ер адамды жеңіл автокөлігі қағып кеткен. Сол жақ аяғының ауырсынуына шағымданады. Аяғына тура алмайды. Балтырының арт жағында деформация байқалады, патологиялық қозғалыспен.
Үлкен ұршықтық сүйектің сынуының мінезі қандай?
А. винт тәрізді
В. қиғаш
С. үгітілген бамперлік
D. бойлық
Е. жарық тәрізді
19. Жас қыз коньки теуіп жүріп, оң жақ коньки мұз жарығына түсіп, құлап қалған, оң жақ балтырында ауырсыну мен сүйек шыққандай сезіледі, аяғына тұра алмаған.
Рентгенде сынудын қандай түрін күтуге болады?
А. көлденен
В. қиғаш
С. үгітілген
D. винт тәрізді
Е. көлденен-қиғаш
20. Ер ада мотоциклмен автокөлікке соғылған, сол жақ балтырына соққы алған. Қарау кезінде балтырының алдыңғы беткейінде жарақат бар, сонымен қатар қан кету май шариктерімен, патологиялық қозғалу, қатты ауырсыну, балтыр деформациясы байқалады.
Сынудың ашық түріне себепші қай белгі?
А. балтырдың с/з жарасы
В. май шариктеримен қан кету
С. патологиялық қозғалыс
D. қатты ауырсыну
Е. балтыр деформациясы
21. Таукен жұмыскерге шахта ішінде тас көмір құлаған. Бел аймағында аурсынуға шағымданады; жауырын аралықта соғылу салдарынан қалған іздер, арқаның бойлық бұлшықеттерінің тырысқаны байқалады. Аяқ қолдары зақымдалмаған.
Науқаты тасымалдаудың ең тиімді түрін танданыз?
А. кез келген носилка түрімен жанымен жатқызып
В. қатты носилкамен арқасымен жатқызып
С. қатты носилкамен арқасымен жанымен жатқызып
D. жұмсақ носилкамен арқасымен жатқызыпқ
Е. жұмсақ носилкамен ішімен жатқызып
22. Зардап шеккен, солдат қол гранатасының жарлуынан жарақаттанып екі тәуліктен кейін госпитальға жеткізілген. Басының ауыруына, естен талуына, жүрегінің айнуына, дене қызуының 37,8°С дейін көтерілуіне, сол жақ құлағынан қан тамшыларының бөлінуіне шағымданады. Естен талуы 10 минуттай, антеро-ретроградты амнезия элементтері байқалған. «Очки» симптомы, вестибуло-атактикалық синдром, менингеальдық симптомкомплексі анықталған. Оң жақ құлақ перепонкасының жарылуы, отоликворея бар.
Ликворея себебі қандай?
А. бас миының зақымдалуы
В. ликвор қысымының жоғарылауы
С. ликвордың ағуының бұзылуы
D. самай сүйегінің пирамидасының сынуы
Е. гипертермиялық синдром
23. Автокөлік қағып кеткен науқас, жамбасының сол жақ жартысының ауырсынуына шағымданады. Қарау кезінде гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты, жамбас ассиметриясы жоқ. «Жабысқан өкше», Ларрея, Волкович симптомдары оң.
Аталған симптомдардың қайсысы жамбас астауының зақымдалуына себепші?
А. толық дәлелді симптом жоқ
В. Волкович
С. Ларрея
D. «жабысқан өкше»
Е. Бурнея
24. Науқас 66 жаста, жедел жуанішек өтімсіздігімен экстренді түрде операцияға алынған. Лапаротомия кезінде циркулярлы стинозирленген сигма тәрізді ішектің ісігі анықталған, парааорталық лимфа түйіндері үлкейген, бауырға метастаз берген. Гартман операциясы жасалған.
Бұл операция қандай болып табылады?
А. симультантты
В. поллиативті
С. радикальді
D. комбинирленген
Е. реконструктивті
25. Науқас 50 жаста, 8 жыл бойы он екі елі ішек ойық жарасымен ауырады. Ақырғы 5 күнде көптеп күнделікті құсуына шағымданады. Қарқынды дегидратация байқалған. Науқасқа операция жасау көрсетілген. Операция алдындағы дайындық жүргізілгенде қышқыл-негіздіктің бұзылуын болдырмауымыз керек.
Қандай зат ең бірінші енгізілуі тиіс?
А. калий+глюкоза
В. магний
С. бикарбонат
D. кальций
Е. полиглюкин
26. Поликлиникаға 25 жастағы науқас оң жақ жамбас-сан буынындағы ауырсыну шағымымен келді. 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, төменгі жақтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (зақымданған төменгі жақтың терісі жиырылған, қалыңдаған, зақымданбаған бөлігіне қарағанда). Сіздің алғашқы диагнозыңыз-туберкулезді коксит.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?
А. УДЗ
В. R-графия
С. спирография
D. функциональдық пробалар
Е. термометрия
27. Поликлиникаға 35 жастағы науқас оң жақ тізе буынының ауырсыну шағымымен келді, 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, төменгі жақтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (зақымданған төменгі жақтың терісінің жиырылуы, қалыңдауы, зақымданбаған бөлігіне қарағанда).
Қандай патология жайлы ойлауға болады?
А. туберкулезді гонит
В. іріңді коксит
С. туберкулезді коксит
D. буынның шығуы
Е. спондилит
28. Поликлиникаға 35 жастағы науқас оң жақ тізе буынының ауырсыну шағымымен келді, 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, төменгі жақтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (зақымданған төменгі жақтың терісінің жиырылуы, қалыңдауы, зақымданбаған бөлігіне қарағанда). Сізде күдік-туберкулезді гонитке.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?
А. УДЗ
В. R-графия
С. спирография
D. функциональдық пробалар
Е. термометрия
29. Қабылдау бөліміне мойнында ісіктәрізді түзілімнің болуына байланысты шағыммен науқас жеткізілді. Қарау барысында шайнау бұлшықетінде тығыз бұдырлы конгломераты, теріасты май қабатының жабысуы анықталды.
Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?
А. туберкулезді лимфаденит
В. туберкулезді гонит
С. іріңді коксит
D. туберкулезді коксит
Е. буынның шығуы
30. Қабылдау бөліміне мойнында ісіктәрізді түзілімнің болуына байланысты шағыммен науқас жеткізілді. Қарау барысында шайнау бұлшықетінде тығыз бұдырлы конгломераты, теріасты май қабатының жабысуы анықталды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз-туберкулезді лимфаденит.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?
А. УДЗ
В. лимфа түйіндерінен диагностикалық пункция
С. спирография
D. функциональдық пробалар
Е. термометрия
31. Науқаста санның жоғарғы артқы ішкі беткейінен жарақатқа колото-кесілгеннен кейін 1,5 айдан соң шығарылғаннан кейін ісіктәрізді, аз ауырсынатын, пульсирленетін түзілім пайда болады. Аускультативті систолалық шуыл.
Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?
А. пульсирленетін гематома
В. травмадан кейінгі абсцесс
С. артериовенозды аневризма
D. травмадан кейінгі артерияның жасырын аневризмасы
Е. бұлшықет аралық іріңді гематома
32. Науқасқа таңертең шатта жарық болуына байланысты операция жасалды, кешке жақын жарасына таңғыш қойғанда қанды бөлініспен ылғалданды. Бір сағат көлемінде жергілікті мұзды және қапшықтағы құмды қойғанда әсер бермеді.
Ерте операциядан кейінгі кезеңде науқаста қандай асқыныстар пайда болды?
А. эвентерация
В. ерте екіншілік қан кету
С. біріншілік қан кету
D. қатты таңғыш
Е. кеш қан кету
33. Сізге жасөспірім оң жақ тізенің ауырсынуына және мапедтен құлауына байланысты өршіген ісінумен шағымданып келді. Травма жарты сағат алдын болды. Қарау барысында тізенің алдыңғы беткейінде ортаңғы 1/3 бөлігінде байқалады, 10х6х5 см өлшеміндей, оның бетіндегі тері көгерген. Пальпация кезінде ауырсыну және флюктуация анықталады. Оң жақ өкшенің артындағы артерияда пульс сақталған.
Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?
А. аневризма
В. гематома
С. флегмона
D. соғылу
Е. бұлшықеттің жарылуы
34. Операция кезінде науқаста ісік анықталды, асқазанның барлық қабырғасын қамтыған өршитін, регионарлы метастаз анықталды, басқа мүшелерге метастаз бермеген. Ісік қозғалмалы.
Процестің стадиясы қандай?
А. I
В. II
С. III
D. IV
Е. қатерлі ісікке күдік
35. Қабылдау бөліміне науқас дене қызуы қатты жоғарылаған жағдайда жеткізілді, іштегі ауырсыну, бұлшықеттің ауырсынуы прогрессирленген регидті. R-графиядан көптеген жаңа түзілімдер 0,3-тен 1 см-ге дейінгі диаметрде көрінеді, бұлшықет қабатында. Сіз трихенелезге күдіктендіңіз.
Науқасқа қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?
А. құрсақ қуысына УДЗ
В. өтті дуоденальды зондтау арқылы микроскопиялық зерттеу
С. құрсақ қуысының және диафрагманың R-графиясы
D. теріішілік проба және преципетация реакциясы
Е. спирография
36. Ауруханаға тексерілуге келген науқастатан сіздің анықтауыныз бойынша ісікке ұқсас қалың бұлшық ет, консистенциясы тығыз құрылым анықталды. R-графияда көлемі 0,3 см-ден 1,0 см-ге дейінгі құрылымдар байқалған.
Қандай ауруға күдіктенуге болады?
А. эхинококкоз
В. цистицеркоз
С. трихенелезы
D. альвеококкоз
Е. Ришта
37. Қабылдау бөлімшесіне науқас клиникалық көрінісі жедел холециститпен түсті. Қарау кезінде бауыры кенет үлкейген, тығыз, өт қапшығы ауырсынумен пальпацияланады. УДЗ зерттеу кезінде тассыз холецистит анықталған.
Қандай ауруға күдіктенуге болады?
А. эхинококкоз
В. лямблиоз
С. аскаридоз
D. цистицеркоз
Е. энтеробиоз
38. Мектепке дейнгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 3 жастағы баладан үстінгі ерінінің қалпына келмеуі анықталды.
Сіздің болжамды диагнозыныз қандай?
А. макростомия
В. labium leporinum (“қоян ерін”)
С. “қасқыр аран”
D. эктромелия
Е. гемимелия
39. Мектепке дейінгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 2 жасар баладан жиі сілекейінің ағыуы, езуі толық жабылмайтындығы анықталды.
Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
А. макростомия
В. labium leporinum (“қоян ерін”)
С. “қасқыр аран”
D. эктромелия
Е. гемимелия
40. Мектепке дейінгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 3 жастағы баладан жұмсақ таңдайының қалпына келмеуі анықталды.
Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
А. макростомия
В. labium leporinum (“қоян ерін”)
С. “қасқыр аран”
D. эктромелия
Е. гемимелия
41. Сіздің қабылдауынызға әйел 3 жастағы баласының қолы қыйын қозғалатынына шағымданады. Қарау кезінде шынтақты және кәріжіліктік буындарында симметриялық контрактуралар анықталған.
Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
А. туа пайда болған қыйсық аяқтық
В. туа пайда болған сан буынының шығуы
С. полидактилия
D. синдактилия
Е. артрогрипоз
42. Ауруханаға әйел 2 айлық нәрестесінің аяғының қыйсықтықына шағымданады. Қарағанда: екі табаннын да сыртқа қарай бұралуы, аяқты бүккен кезде алдыңғы бөлімнің де келуі байқалады.
Сіздің болжамды диагнозыңыз?
А. туа пайда болған қыйсық аяқтық
В. туа пайда болған сан буынының шығуы
С. полидактилия
D. синдактилия
Е. артрогрипоз
43. 5 жастағы қыздан сол жақ төс безі аймағынан құрылым анықталды. Құрылымның консистенциясы тығыз, ауырсынумен, көлемі 0,5х0,5 см, төс емізікшесімен байланысты орналасқан.
Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
А. төс безінің қатерсіз ісігі ( ангиома, лимфангиома және т.б)
В. төс безінің қатерлі ісігі
С. қабырғаның остеомасы
D. төс безінің гиперплазиясы
Е. мастит
44. Операциядан кейінгі науқаста 3-ші күні операция жасалған жердегі тігістен қабынған, тығыздалған тін, жергілікті гипертермия, және де пальпация кезінде ауырсыну сезімімен айқындалады.
Қандай асқыну түрі дамиды?
А. калькулёз
В. гематома
С. жараның іріндеуі
D. инфильтрат
Е. малигнизация
45. Операциядан кейінгі науқаста 5-ші күні операция жасалған жердегі тігістен қабынған, тығыздалған тін, жергілікті гипертермия, және де пальпация кезінде ауырсыну сезімімен және флюктуациямен айқындалады.
Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
А. гематома
В. жараның іріндеуі
С. инфильтрат
D. липома
Е. малигнизация
46. Қабылдау бөлімшесіне білезігі кесілген науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. 4 күн бұрын болған оқиға. Қарау кезінде жақтың қарысуының, шайнау бұлшық еттерінің шаршағыштығын көреміз “сардоникалық күлкі” Науқас кенет жүдеген.
Қандай асқыныс түрін бірден еске аламыз?
А. сібір жарасы
В. құтыру
С. тырысқақ
D. дифтерия жарасы
Е. оба
47. Қабылдау бөлімшесіне білезігі кесілген науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. 4 күн бұрын болған оқиға. Қарау кезінде жақтың қарысуының, шайнау бұлшық еттерінің шаршағыштығын көреміз “сардоникалық күлкі”, науқас кенет жүдеген. Қарау кезінде опистотонус пайда болды
Қандай асқыныс түрін бірден еске аламыз?
А. сібір жарасы
В. құтыру
С. тырысқақ
D. дифтерия жарасы
Е. оба
48. 17 жастағы жігіттің медициналық тексеру кезинде оң санның алдыңғы бетінің жоғарғы үштен бiр бөлігінде құрылым анықталған, көлемі 2,0 см-ден 1,0 см-ге дейн, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, саусақпен сипау кезінде ауырсынусыз.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақты коюға тиімді?
А. ультрадыбысты флоуметрия
В. артериография
С. флебография
D. көлемді сфигмография
Е. магнитті-резонанстық томография
49. 36 жастағы З., есімді науқас әйел аяқтарындағы куре тамырларына байланысты тұрақты емделип отырған. Консервативті ем қабылдаған. Ем қабылдауының бесінші күні науқаста өкпе венасында эмболияның клиникасы дамыған.
Қандай ауыру кезінде осындай асқыныс жиі кездеседі?
А. аяқ венасының варикоз ауыруы
В. аяқтың терең венасының тромбозы
С. аяқтын жедел тромбофлебит
D. посттромбофлебитический синдром
Е. қолдың шалғай венасының қабынуы
50. Төсін ауыртып алған науқас 1,5 сағаттан кейін төсінің ауырсынуына, демалудын қиындығына, қан құсуға шағымданады. Қарау кезінде V-IV қабырғаларының сынғаны анықталды. Тындау кезінде оңнан солға тыныс алуы әлсіреген. АҚ - 110/70, тамыр соғысы - 96 минутына, эр-4,0.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақты коюға тиімді болып табылады?
А. өкпе рентгенографиясы
В. УДЗ
С. сыртқы тыныс алу мүшелерінің функциясын тексеру
D. плевра куысынан пункция алу
Е. рентген-КТ кеуде куысына
51. Науқас 1 сағат бұрын іштен жарақат алды. Науқасты мазалайды жарақат алған жерде ылги ауырсыну, іш куысына күш түскенде ауру күшейеді. Қарағанда: іш қозғалмалы, пальпацияда іштің сол жағында кіндіктен жоғары 8х10 см болатын инфильтрат анықталған, ішке күш түскенде қатты ауырсыну, симптом іш куысының қозғыш симтомы күмәнді, АД-120/70, пульс-84.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. алдыңғы кеуде куысының гематома
В. іш куысы мүшелердін жыртылуы
С. бауырдың жыртылуы
D. асқазан ойық жарасының перфорациясы
Е. ұйқы безінің жыртылуы
52. Әйелді көшеде машина қағып кеткен. Қарағанда: оң жақ жамбаста ісіну, «галиф» тәріздес деформацияға ұшыраған, крепитация тәрізді жамбаста ауырсыну.
Қандай клиникалық симптом сынуға тән?
А. жамбаста ісіну
В. ауырсыну
С. крепитация
D. «галиф» тәріздес деформацияға ұшыраған
Е. гематома бар
53. Спаринга ойыны кезінде дзюдо мен айналысатын спортсмен кұлап калды. Сол кезде сол жақ иык асты зақымдалды. Дәрігер қараған кезде иык асты аймағының ісінгенін, пальпация кезінде ауырсынатын байқалған, бұғана соныңда перифериалык серпімділік байкалған. Иык буындарын козғалытады, ауыру сезімінің арнайы шекарасы бар.
Сіз қандай диагназ қойасыз?
А. сол жақ бұғананың аралассыз жабык сыну
Б. иыктың шығуы
С. сол жақ бұғана- акромион буындарының гемартрозы және жарақаттық
D. сол жак бұғана- акромион жабық шығуы
Е. сол жақ иық буынының жарақаты
54. Дәрігер жас өспірімді карап жатыр. Ол қолдың иыктық тіктеуші алып кетуші буынмен құлаған. Иык аймагында ауырсыну сезіміне шағымданады. Иыкын қозғалту мүмкін емес. Сол қолын оң жақ қалыпта ұстап түрғанда ауыткулар байқалады. Акроминалды өсіндіде жұмсақ ткандердің зақымдалуы.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. жабық жауырын сынуы
В. жабық иыктың шығуы
С. иык сүйегінін үлкен төмпешігінің сынуы
D. иык сүйегінің хирургиялык мойының жабық сынуы
Е. иык буынының жарақаты және гемартрозы
55. Науқас 27 жаста, өртенген киімнен кейін күйік алған. Қарағанда дене аймағына локализациясын берген: алдыңғы жақтан- шап аймағынан моиынға дейін, артынан-арқадан сегізкөзге дейін.
Науқаста күйіктің көлемі кандай?
А. жалпы көлемі 36%
В. жалпы көлемі 22%
С. жалпы көлемі 60%
D. жалпы көлемі 15%
Е. жалпы көлемі 50%
56. 4 тәуліг кейін сәйкес келмейтін қан құйғаннан кейін науқаста диурез тез азайған, анурия пайда болған, жалпы жағдайы тез нашарланған, қан қысымы көтерілген. Лабораторлык тексеріс көрсеткіші-плазмада креатин-680 мкмоль/л, плазма мочевина-24 мкмоль/л.
Бірінші кезеңде қандай ауру туралы және қандай стадия туралы ойлау керек?
А. гемотрасфузионды шок, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, анурия
В. гемотрансфузионды жедел бүйрек жеткіліксіздігі, анурия
С. геморрагиядан кейінгі жедел бүйрек жеткіліксіздігі, анурия
D. анафилактикалық шок, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, анурия
Е. жедел интрестициалды нефрит, обтурационды анурия
57. Бұғана асты венаға кейін катетеризациядан кейін осы мақсатта науқасқа интенсивті терапия жүргізді. Науқаста жедел асқазан- ішек жолдарынан қан кетті. 3 тәуілікте бұғана асты венадан жедел тромбофлебит және Педжет-Шреттера синдромы байқалды. Жағдайы ауыр, дене қызуы-40°С, қанда лейкоцитоз15 г/л жас формасы сол жаққа ығысқан, сопор, жалпы билирубин-34 мкмоль/л. Сепсис деген диагноз қойылған.
Бұл сепсистің қандай түрі?
А. назокомалды
В. біріншілік
С. екіншілік
D. криптогенді
Е. хирургиялық
58. Науқас кезекті тәртіп бойынша больницаға жатқызыды. 1апта өткеннен кейін аурудың басында жедел іріңді лактациоды ретромаммарлы мастит клиникалық белгілері байқалды. Дене температурасы өзгермелі, кешке 40°С болады. Іш куысы органдарының сонография жасағанда оң жақ бауырда 3 см болатын абсцесс табылған.
Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?
А. септицемия
В. бактериемия
С. іріңді-резорбтивтипті қызба
D. септикопиемия
E. токсемия
59. Науқас шағымданады оң жақ аяғында ауырсыну, ауызы құрғақ, тізе аймағында ісіну, қысылу сезімінің болуы, гипертермия 39°С. 3 күн бұрын тобықтан жарақат алған. Обективті қарағанда: қозғыштық, терісінің шырышты қабаттында бозару, құрғақ. Пульс - 108 уд.минутына. Жарақатты қараған кезде сонғы диаметрі 3 мм, одан белгісіз мөлшерде іріңді қоныр түсті бөліністер. Табан мен тізеден көп көлемді ісінуі, аяқпен қозғалу шектелген.
Сіздің алғашқы диагнозыныз қандай?
А. тізе мен табанда флегмона
В. остеомилиет
С. анаэробты инфекция
D. эризипелоид
Е. табанның абсцессі
60. Науқас 10 күн бұрын сол жақтың бірінші саусағын зақымдап алған, амбулаторлы алақан қырының жыртылуын ашу кезінде терілік панариций байқалды. Ірініңді жыланкөздер пайда болды, ісіну күшейді, бөліністердің кешігуі байқалды. Рентгенологиялық тексеру кезінде дактық остеопороз байқалды.
Сіздің алғашқы диагнозыныз қандай?
А. эризипелоид
В. құрғақ панараиций
С. сүйектік панараиций
D. іріңді тендовагинит
Е. созылмалы саусақтық остеомиелит
61. Науқас 3 тәулік бойы иык алдында беткейлік ісік тәріздес тартылып ауырсынуға шағымданады, дене температурасы 37,8°С дейін көтерілген. Оң жақ иык үстінде диаметрі 4 см болатын инфильтрат анықталған, ісіну, субэпидралды аймақта ортасында 0,2 см болатын іріндеу бар.
Сіздің болжам диагнозыныз қандай?
А. иық үстінде флегмона
В. иық үстінде фурункул
С. иық үстінде карбункул
D. иық үстінде қабынулық инфильтрат
Е. иық үстінде эризипелоид
62. Науқас шағымданады артқы мойын беткейінде іріңді жараға, дене температурасы 38,5°-ке дейін көтерілген. Аурудың басталғанына 2 тәулік болған. Жарақат жоқ. Жалпы жағдайы орташа. Мойынның артқы бетінде диаметрі 6 см болатын инфильтрат бар, пальпация жасағанда қатты ауырсыну байқалады, ұшында некроз көлемі, 2 см “араның ұясы” сияқты түрде, сығылған жерден ірінді бөлінеді.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. мойында карбункул
В. мойында ағаш тәрізді флегмона
С. мойында фурункул
D. мойында эризипелоид
Е. мойында қабынулық инфильтрат
63. Науқас шағымданады оң жақ тізе аймағында ісінудене температурасы 40,0°С, жалпы әлсіздік. Он жақ тізе 4 см калындаған, тері айналмалы қызарған, қызару шекарасы анық емес, пальпация ауырсынусыз, артериялық тамырлардың пульсі сақталған, ісіктін әсерінен әлсіреген.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. тізедегі жедел тромбофлебит
В. тізедегі тілме
С. тізедегі дерматит
D. тізедегі лимфостаз
Е. тізедегі флеботромбоз
64. Науқас арқасында димаетрі 7 см болатын қабынулық инфильтрат, түсі көк. Жүмсақ ткань айналасы инфильтратпен зақымдалған. Инфильтрат ортасында диаметрі 1,5 см болатын ошақ ты некроз. Пальпация жасағанда қатты ауырсыну, температурасы 39,1°С.
Сіздің болжам диагнозыныз қандай?
А. абцесс тәріздес фурункул
В. арқа аймағындағы жауырын арасындағы флегмона
С. арқа аймағындағы жауырын арасындағы карбункул
D. арқадағы эризипелоид
Е. арқа аймағындағы жауырын арасындағы қабынулық инфильтрат
65. Науқаста оң жақ бұлшықет астында тыгыз ауырсынумен диаметрі 5 см болатын инфильтрат анықталған. Тері багровой түске боялған. Инфильтрат ортасында ошақтық жайылу және флюктуация анықталған. Инфильтратқа күш түскен сайын оның жыланкөздері ашылып сол жерлерден іріңді бөліністер бөлінуде. Ауру терілік инфильтраттан басталды, оның диаметрі 0,8 см.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. абцесс тәріздес фурункул
В. лимфа узелындағы туберкулез
C. лимфагрануломатоз
D. лимфосаркома
E. гидраденит
66. Ер кісі көп уақыттан бері запормен қиыналады, дефекация кезінде ішке ауа жібергенде есін жоғалтып еденге қүлады.Тері бозалған, брадикардия.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. гипогликемия
В. коллапс
С. естен тану
D. қалдық интоксикация
Е. инфекциялық-токсикалық шок
67. Науқасқа деструктивті аппендициттен операция жасаған, 2 сағаттан кейін перитонит пайда болған. Аппендэктомиядан кейін іш куысын антисептикалық ерітіндімен жуған және дренаж жасаған. 6 сағат өткеннен кейін детоксионды терапия жүргізгеніне қарамастан АД-65/40 мм рт.ст, пульс-140 минутына, орталық веналық қан қысымы 6 см сулық қысыммен.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. септикалық шок
В. гиповолемиялық шок
С. кардиогенді шок
D. анафилактикалық шок
E. коллапс
68. Стационарға жабық іштен жарақат алған науқас түсті, онда ентігу, тахикардия, терінің бозаруы, орталық веноздық қысым төмендеген және артериялық гипотония.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. септиқалық шок
В. гиповолемиялық шок
С. кардиогенді шок
D. коллапс
Е. естен тану
69. Қызды стационарға жеткізген, ара уыннан кейін терісі бозарған, ылгалды, суық. Бетінде ернінде және тілінде ісіну, тыныс алуы беткейлік, ЧДД-36 мин, АД-50/0 мм рт.ст, пульс-160уд минутына, іші ісінген, құсу. Қарағанда эритремия, лейкоцитоз.
Сіздің болжам диагнозыныз қандай?
А. естен тану
В. септикалық шок
С. гиповолемиялық шок
D. коллапс
Е. анафилактикалық шок
70. Науқасқа пенициллинмен инъекция жасағаннан 15-20 минуттан кейінтез көгеру, артериалды гипотония, ентігу, пароксизмалды тахикардия, тыныс алуы шуммен, дистанционды жөтел. Науқас шағымданады кеуде аймағында ауырсыну. 1тәулік бұрын аппендэктомия жасалған.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А. анафилактикалық шок
В. септиқалық шок
С. гиповолемиялық шок
D. өкпеннің кімкентай артериясында тромбоэмболия
Е. кардиогенді шок
71. Науқас іштің жабық жарасынан кейін, ішке қан кету күдігімен ауруханага жатқызылды. Пальпациялау кезінде, іш жұмсақ, жарақаттанған жердің кішкене ауырсынуы байқалады.
Диагнозды анық қою үшін не істеу керек?
А. кеуде қуысын кеңейтілген түсірілімін жасау
В. фиброгастроскопия
С. бүйрек УДЗ
D. лапароцентез, катетер орнату
Е. iшектерге барийдың пассажын тағайындау
72. 6 сағат бұрын бел аймағынан зақым алған науқас, ішінің қатты ауруына, ішектерінің үрілуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Объективті қарауда: АҚ-110/70 мм.сын.бағ., пульс-98 соғыс/мин. Іші біркелкі үрілген, жұмсақ, тыныс алуға байланысты жоғарғы жағының кішігірім ауырсынуы. Көкірек қуысының тітіркену симптомдары байқалмайды.
Алғашқы сіздің қояр диагнозіңіз?
А. бауыр зақымымен қосарланған іштің жабық жарасы
В. құрсақ артындағы гематомасымен қосарланған іштің жабық жарасы
С. жыныс мүшелерінің зақымымен қосарланған іштің жабық жарасы
D. қуық зақымымен қосарланған іштің жабық жарасы
Е. жұмсақ тіндердің зқымымен қосарланған іштің жабық жарасы
73. Науқас 40 мин бұрын ішінен зақымым алған, қатты ауырсыну сезімімен ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Іштің барлық аймағының ауырсынуына шағымдалады. Тыныс алуы кезінде қатты ауырсынады. Пальпациялау кезінде іштің тырысуы байқалады. Тік ішекті зерттегенде, алдыңғы қабырғасы ауырсынады, ауырсыну сезімі ішектің саңылауына қарай беріледі. АҚ-90/60 мм.сын.бағ., пульс-132 соғыс/мин.
Алғашқы сіздің қояр диагнозіңіз?
А. аш ішектің зақымдалуы
В. жыныс мүшесінің зақымдалуы
С. құрсақішілік қан кету
D. қуықтың жыртылуы
Е. құрсақ алды бұлшықеттерінің жыртылуы
74. Ұл бала 3 метр биіктіктен жерге сол жақ ішмен құлаған. Ауыр жағдайымен ауруханаға түседі. Тері жамылғысы және көрінетін шырышты қабықшасы бозарған. Ақ-70/40 мм.сын.бағ. Іші симметриялы, сол жақ қабырға асты мен сол жақ аймақтың ауырсынуы мен тырысуы байқалады. Розанова және Куленкампфа симптомдары оң. Қан анализінде ауыр дәрежелі анемия, зәр анализінде еш өзгеріссіз.
Алғашқы сіздің қояр диагнозіңіз?
А. аш ішектің зақымдалуы
В. бауырдың зақымдалуы
С. көк бауырдың зақымдалуы
D. асқазан асты безінің зақымдалуы
Е. сол жақ бүйректің зақымдалуы
75. Ер адам уйінде тайып құлап, оң аяғын қайырып алды. Қарау кезінде: аяғы сыртқа еніп орналасқан, 3-4 см қысқарған, шап аймағының ауырсынуы, өкшенің «жабыспалы өкше» симптомы, жамбас-сан осі бойына күш түскенде ауырсынады.
Алғашқы сіздің қояр диагнозіңіз?
А. оң жақ сан сүйегінің жоғарғы 1/3 бөлігінің сынуы
В. чрезапетабулярлы сынуы
С. санның шығуы
D. сан мойындарының сынуы
Е. сан сүйегінің проксимальды бөлігінің соғылуы
76. 72 жастағы әйел мұзтайғақ кезде оң қолы жазылған күйде алақанмен құлаған. Обьективті: оң жақ иығының төменгі 1/3 бөлігіндегі ошақты ауырсынуға щағымданады, осы қолында кәрі жілік сүйегі проекциясында ”үшкірленген” өзгеріс байқалады. Қарау барысында науқастың алақанында ісіну пайда болған, білезігі I саусақ жағына керілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз-оң жақ кәрі жілік сүйегінің “қарапайым жерінде” жабық сынығы.
Травматологиялық пункте нені жасауға болмайды?
А. Ro-графияда оң жақ иығының 2-ші проекциясын
В. қажет жағдайда жергілікті жансыздандырумен қалдықтардың
репозициясын жасау
С. гипсті байламдар салу
D. қолын орамалмен көтеріп қою
Е. эластикалық бинттеу
77. Анасы өзінің кішкентай қызының алақандық беткейіндегі сүйелді азот қышқылының концентрациясын қолданып алып тастаған. Осыдан кейін диаметрі 1 см болатын жазылмайтын ойық жара пайда болған.
Науқасқа емнің қандай әдісін тағайындаймыз?
А. тері-пластикалық операция
В. консервативті ем
С. жедел операция
D. дистанционді гамма-терапия
Е. антибиотикпен емдеу
78. Науқас В., 52-жаста сан артериясының стенозына байланысты мықын-тізеастына шунтирование операциясын жасады. Шунт аутовенадан тұрады.
Берілген операция трансплантацияның қандай түріне жатады?
А. аутогенді трансплантация
В. изогенді трансплантация
С. сингенді трансплантация
D. ксеногенді трансплантация
Е. аллопластикалық трансплантация
79. Науқасқа П., 42 жаста сол жақ бүйрекке трансплантация операциясы жасалған. Біржұмыртқалы егізі болып табылатын ағасы бүйрек доноры болды.
Қандай трансплантация типіне мына операция жатады?
А. аутогенді трансплантация
B. изогенді трансплантация
C. сингенді трансплантация
D. ксеногенді трансплантация
E. аллопластикалық трансплантация
80. Науқасқа П., 42 жаста сол жақ бүйрекке трансплантация операциясы жасалған. Үлкен ағасы бүйрек доноры болған.
Қандай трансплантация типіне мына операция жатады?
А. аутогенді трансплантация
B. изогенді трансплантация
C. сингенді трансплантация
D. ксеногенді трансплантация
E. аллопластикалық трансплантация
81. 1 жастағы ұл балаға шаптық эктопия формасындағы крипторхизм диагнозы қойылған. Анамнезінде ауырсыну ұсталып қалған жұмыртқа аймағында.
Оған міндетті түрде не ұсынуға болады?
А. динамикалық бақылау
В. гормондық ем
С. тез арада операциялық кірісу
D. гормондық терапиямен операциялық араласу
Е. 2 жыл бойы диспансерлік бақылау
82. 2 айлық ұл балада шаптық ретенция формасындағы крипторхизм анықталды. Айқын клиникалық жарықпен бірге қосылған.
Оған міндетті түрде не ұсынуға болады?
А. гормондық ем
В. тез арада операциялық кірісу
С. диспансерлік бақылау
D. гормондық терапиямен операциялық араласу
Е. активті динамикалық бақылау
83. Аудандық поликлиниканың хирургиялық кабинетіне науқас түскен. Оны 3 сағат бұрын қанғыған ит тістеп тастаған. Тексеру барысында оң жақ балтырында 6 тістеліп жыртылған жара анықталған. Ол жер қан ұйындыларымен толған, жеңіл ісіну мен ауырсыну бар.
Қандай көмек көлемі көрсетілмеу керек?
А. сабынды ерітіндімен жараны жуу
В. асептикалық ерітіндімен жуу
С. жараны алғашқы хирургиялық өңдеу
D. антибактериялық вакцина және анатоксинмен профилактикалық ем
бастау
Е. асептикалық тану қою, антибиотиктер тағайындау
84. Қабылдау бөліміне сол жақ иығының соқыр тесіліп кесілген жарамен зардап шеккн адам келген. Жарақатты 4 күн бұрын алған. Жара аймағында кішкене ісіну мен ауырсыну анықталған. Жарадан аз мөлшерде іріңді бөліністер шығады. Қабылдау бөлімінің хирургі жараны толық өңдеді, тығыз тампонадамен тампонада жасады, дымқылданған гипертониялық натрий хлориді ерітіндісімен тану салды. Пациентке тырысқаққа қарсы жедел спецификалық профилактика жасалған.
Хирург қандай қателік жіберді?
А. гипертониялық ерітіндімен тану қойылған
В. инфицирленген жараға тығыз тампонада жасауға болмайды
С. хирургтің әрекеті дұрыс
D. тырысқақ профилактикасын оның көріністерісіз жасауға болмайды
Е. мазьді тану міндетті түрде қою
85. Қабылдау бөліміне табанының кесілген жарасымен науқас түскен. Травманы бақшада жұмыс істеп жүргенде алған. Сіз АХӨ жараға жасадыңыз.
Немен тырысқаққа профилактика жасау керек?
А. тырысқаққа қарсы сарысу 3000АЕ б/і
В. тырысқаққа қарсы сарысу 3000АЕ к/і
С. антигангреналық сарысу 3000АЕ б/і
D. антигангреналық сарысу 3000АЕ к/і
Е. антибиотиктер
86. Оң жақ қабырғалардың сынығымен, іштің жабық травмасымен және санының сынуымен автокөлік катастрофасы орнынан травмотология бөлімшесіне травматикалық шок жағдайында зардап шеккен жеткізілген. Пульсі - 118 минутына, АҚҚ - 70/40 с.б.б .
Біріншілік кезектегі шараларды көрсетіңіз?
А. жүрек-өкпе реанимациясы
В. наркотикалық аналгеттиктерді енгізу
С. Дитерихс шинасын иммобилизациялау
D. торакоцентез
E. лапароцентез
87. Зардап шеккен адам бір сағаттан соң оң жақ мойнының тесіліп кесілген жарақатымен жеткізілген. Жалпы хирургиялық бөлімшеде операция жүргізілген. Операцияда жарақаттың ревизиясын жасағанда сыртқы ұйқы артериясының жалпы қиылысқаны анықталды. Қан ағу жалғасқан. Артерияның қиылысқаны оның жалпы кету зонасынан.
Хирургтың тактикасы қандай?
А. сыртқы ұйқы артериясының соңдарына таңу қою
В. жалпы ұйқы артериясына таңу қою
С. алғашқы тамырлық қою
D. аутовенозді шунт қою
Е. ішкі ұйқы артериясына тану қою
88. Зардап шеккен суық қарынмен ортаңғы үштен бөлігіне жарақат алған. Жарақаттан пульсирлеуші қан кету болып жатыр.
Хирургия бөлімшесіне госпитализация жасағанға дейін қандай алғашқы көмек көрсетесіз?
А. жараға асептика қою
В. балтырдың жоғарғы үштен «оралу» тануын қою
С. санның жоғарғы үштен бөлігіне эластикалық жгут қою
D. сан жарасына алғашқы тігіс қою
Е. Дитерихс шинасын қою
89. Травмадан соң 1сағаттан кейін 2 аяғының жалынды күйігімен науқас түскен. Күйген беткей қара қабыршақпен жабылған. Тек күйіктің перифериясында гиперимия және эпидермис ойылып, көпіршіктер жабылған участкілер бар.
Қандай жергілікті ем ұсынасыз?
А. мазьді тану қою
B. спирт ерітіндісімен өңдеу
C. жасыл бриллиант ерітіндісімен өңдеу
D. ашық әдіс
E. некрэктомии
90. Науқас оң жақ қол білезіктің 2-ші саусағындағы ауырсынуға шағымданады. 2 күн ауырады. Түнде ұйықтамаған. Микротравмалар науқас үшін жай көріністер. Ортаңғы фаланг аймағында бүйір беткейінде 2 см-ге дейін қабынулық инфильтрат бар.тығыз, гиперимияланған, кенеттен ауырсынады. Фаланг аралық буындарда қозғалыс сақталған.
Сіздің тактикаңыз?
A. операция
B. антибактериялді ем
C. содалық ванналар
D. димексидпен компресстер
E. инфильтраттың пункциясы
91. Тоқ ішек рагі бойынша хирургиялық бөлімшеде жатқан 70 жастағы науқаста кенеттен тыныс алу мен қанайналым тоқтады.
Бұл науқасқа байланысты қандай тактика жүргізіледі?
A. жедел анестезиоло-реаниматологты шақыру
B. жедел реанимация бөлімшесіне ауыстыру
C. оксибаротерапия
D. жедел жүрек-өкпе реанимациясын бастау
E. фраксипаринді көктамырішіне енгізу
92. Нашақор көктамыр ішіне наркотик енгізген соң қабылдау бөлімшесіне сопорозды жағдайда жеткізілген. Тынысы аритмиялы, 12 минутына, ернінде, терісінде және шырышты қабатында цианоз.
Қандай бірінші кезектегі емдік шараларды науқасқа көрсетеміз?
A. тыныс алудың өткізгіштігін қамтамасыз етеді
B. жасанды өкпе вентиляциясы ауызға ауыз әдісімен
C. мұрын катетері арқылы оксигенотерапия
D. трахеостомия
E. гипербаротерапия
93. Науқасқа тамырішіне кальций хлоридінің орнына қателесіп строфантин енгізілген, ал 5 минуттан кейін клиникалық болған. Реанимация. Өкпе вентиляциясына «ауызға ауыз» әдісі тынысты сақтау үшін жүргізілуде.
Өкпе вентиляциясының осы әдісінің эффективтік критерий қандай?
A. тері бетінің түсі өзгеруі
B. ұйқы артериясында пульс түрткісінің пайда болуы
C. қарашықтың көлемінің өзгеруі
D. қарашықта фотореакцияның пайда болуы
E. кеуде клеткасында экскурсияның пайда болуы
94. Қабылдау бөліміне есі жоқ жағдайда науқас түскен. 15 минуттан кейін тері беткейінде цианоз, кеуде клеткасының қозғалысы жоқ және ұйқы және сан артериясында пульсация, қарашығы кеңейегн.
Науқасқа қандай жедел көмек көрсетілу керек?
A. басты шалқайту
B. мұрын катетері арқылы оксигенотерапия
C. жүрек-өкпе реанимациясы
D. төменгі жақты шығару
E. ауызға ауа жіберу
95. Науқаста ұзақ уақыт жаншылу синдромынан кейін ауыр түрді посткомпрессионды уақытша аралық улану, аяқ-қолдарының флегмонасы, гипергликемия байқалады. Анурия.
Осындай жағдайда қандай зерттеу әдістері қолданылады?
A. ауырсынуды адекватты басу
B. хирургиялық көмек-ампутация
C. энтералды және парентеральды тамақтандыру
D. диализді-фильтрациялық
E. инфузионді-трансфузионды терапия
96. Ер адам мотоциклмен келе жатып жеңіл көлікпен соқтығысты. Сол жақ балтырын қатты соғып алған. Қарау барысында сол жақ балтырының суйегінің сынығы анықталған.
Остеосинтездің қандай түрі ең тиімді болып табылады?
А. репозиция+гипістік таңу
В. қаңқалық тарту
С. Кюнчер стерженімен итремедуллярлы тану
D. жарақаттан тыс остеосинтез
Е. сүйектік остеосинтез
97. Науқас жол апатынан кейін ауыр бас ми жарақатынан соң комалық жағдайда. Эхо энцефалография кезінде мидың ортанғы құрылымының 11 мм солға ығысқанын көремиз. Маңдай тігісінің аймақтық КТ кезінде оң жақты субдуральді гематомасы анықталды, көлемі 6х5х6 см.
Науқасқа көрсетілетін ең оптимальді ем?
A. динамикалық бақылау
B. хирургиялық ем
C. краниоцеребральді гипотермия
D. жұлын ми сұйықтығының пункциясы
E. баротерапия
98. Травмалық орталықтың қабылдау бөліміне травмалық шок деген диагнозбен науқас жеткізілді. Қабырғалардың сынығы, іштің жабық жарақаты, жабық бас-ми жарақаты. Тыныс алу жеткіліксіздігі анық, оң жақ өкпесі тыныс алуға қатыспайды.
Науқасқа көрсетілетін ең оптимальді ем?
A. торакоцентез, дренирование плевральной полости
B. торакотомия справа
C. наложение фрезевых декомпрессивных отверстий черепа
D. лапароцентез
E. лапаротомия
99. Науқас сол жақтан 3 қабырғааралықтан жаншитын затпен жарақат алған соң бір сағат аралығында жеткізілген. АҚ - 120/80 мм рт ст, эр. - 3,7 г/л. Кеуде клеткасының рентгенографиясы кезінде: жоғары интенсивті көлемі 2 см бөгде зат көлеңкесі көрінеді. Жүрек белі тегістелген.
Сіздің келесі іс әрекетіңіз?
A. торакотомия
B. арнайы кардиоцентрге науқасты жіберу
C. тамырлы хирургия бөліміне науқасты жіберу
D. кеуде аралықтың пункциясы, антибактериалды терапия
E. эндоскопиялық медиастинотомия
100. Науқаста өкпе эмфиземасымен ауыратын, перфорациялық жараны тіккеннен кейін 4 тәулікте кенеттен пневмоторкс пайда болды. Осыны жоққа шығару үшін плевралық қуысты дренаждау көрсетілген.
Қандай жерді дренаждау ең тиімді болып табылады?
A. артқы колтық асты сызығы бойынша сегізінші қабырғааралық
B. алдынғы қолтық асты сызығы бойынша жетінші қабырғааралықтан
C. алдынғы бұлшық ет сызығы бойынша төртінші қабырғааралық
D. ортанғы бұғана сызығы бойынша бесінші қабырғааралық
E. ортанғы бұғана сызығы бойынша екінші қабырғааралық