Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Археографияның құрылымын сипаттау және археография құрылымының элементтерін көрсету
“Археография” курсының мақсаты студенттерге Қазақстан археографиясының тарихы, қазіргі таңдағы жағдайы, әр түрлі құжаттарды жариялау ерекшеліктері, құжаттардың археографиялық өңдеу практикасы туралы мәліметтер береді. Осы тұрғыдан алғанда археографияның құрылымы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Археографияның қалыптасу және даму тарихы», яғни бұл құрылымда археографияның қалыптасу және даму тарихына, оның ішінде археографияның революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдегі және қазіргі кезеңдегі археографияның даму тарихына баса назар аударылады. Сонымен қатар, археография ұғымы, яғни терминологиялық аппараты да арнайы қарастырылады, соңғы жылдары «археография» ұғымы аясындағы пікірлер мен көзқарастар талданады. Археографиялық қордың қалыптасуы және олардың түрлері мен типтері осы бөлімде қарастырылады.
«Археографияның теориялық негіздері» атты екінші бөлімінде археографияның теориялық мәселелері, атап айтсақ, тарихи деректерді жариялаудың теориялық негіздері, басылымның функциялары, басылымдарды жіктеу мәселелері, мәтінтану принциптері мен әдістері, құжаттық басылымдарды даярлау әдістемесі сынды проблкмалар көтеріледі.
«Қолданбалы археография» атты үшінші бөлімінде археографияның практикалық жағына баса назар аударылады, негізгісі құжаттық басылымдарды даярлаудың ұйымдастырушылық негіздері, құжаттарды жариялап шығарудағы әдістемесі, қоланбалы археографияның құрылымы: бастапқы кезеңі - құжаттарды іріктеу , екінші кезеңі - құжаттардың археографиялық безеңдірілуі, үшіншісі - құжаттардың мәтінін таңдап алу және беру; төотіншісі- басылымға дайындайтын мәтінді беру тәсілдері (түсіру тәсілдері).; бесіншісі - ғылыми анықтамалық аппаратты сипаттау; алтыншысы - археографиялық белгілерді талдау; жетіншісі - құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы .
Қорыта келе, археография құрылымын сипаттау барысында археография бойынша негізгі терминологияны; - археографияның даму тарихын және оның дамуындағы мұрағаттық, ғылыми мекемелердің рөлін; - басылымның функцияларын және оның жіктелуін;- деректерді басылымда жариялауға әзірлеуді, сондай-ақ материалдарды басылымға әзірлеуде іздестіру мен іріктеп алудың принциптерін; мәтінтанудың принциптері мен әдістемесін; басылымның ақпараттық құралдарын, басылымдағы дерек материалының жүйеленуін; - материалдарды басылымға әзірлеуде іздестіру мен іріктеп алудың принциптері мен әдістерін іс жүзінде қолдануды; мәтінді түрлі әдістермен берудің әдістемесін меңгеруді; - құжаттарға тақырыпша және баянды (легенда), сондай-ақ ғылыми-анықтамалық аппаратты құрастыруды; басылымдағы дерек материалын жүйелеуді білу тиіс.
«Археографиялық қор» ұғымына анықтама беріңіз.
Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұралары археографиялық қорды құрайды. Археографиялық қорда жарияланған, яғни мұрағаттардан алынған құжаттар, сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар сақталынады.
Қолжазбаларды сақтап қалатын мұрағат мекемелерінің құрылу тарихы Қазақстанда ХVII ғасырдан басталады. Бұл туралы ресми құжаттар да сақталған. Соның бірінде: «Бөкей губерниясының мұрағаты Бөкей ордасы кезінен, яғни 1794 жылдан бастап ұйымдастырылды», деп жазылған.
Кеңес кезеңінде республикада мұрағат құру ісі, дәлірек айтқанда, 1918 жылғы “РКФСР-де мұрағат ісін қайта ұйымдастыру және орталықтандыру туралы” декретіне сәйкес жүзеге асырылды. Аталған декрет бойынша барлық мекемелердің істері мен құжаттарын сақтау мақсатында Бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры ұйымдастырылды. Оны және мұрағаттарды басқару үшін мұрағат ісінің Бас басқармасы құрылады.
1921 жылы 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас архиві ұйымдастырылды. 1998 жылы 22 желтоқсанда Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітіліп бұл заң Қазақстан Ұлттық мұрағаттары мен мұрағат қорының тарихының жаңа кезеңі басталғанын дәлелдеді. Кеңестік дәуірде жүйелі қалыптасқан мемлекеттік мұрағаттарда құнды құжаттардың орналасуының принциптері белгіленіп, нақты жүйеге келді. Әсіресе 50-ші жылдары КСРО Бас мұрағат басқармасының өкімімен қорларды шоғырландырудың ортақтыландыру принципіне сәйкес орталық және бірқатар облыстық мұрағаттардан құнды тарихи қорлар Одақтық орталық мемлекеттік мұрағаттарға алынды. Қазақстан мұрағаттары тарихы кезеңдердің қиындықтарына қарамастан Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі таңда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда. Осы құжаттар археографиялық қорды құрайды. Археографиялық қор сырттан алынып келген құжаттармен де толықтырылады.
Басылымның функцияларын анықтау және мәнің ашу.
Басылым - әдеби шығарманың жарық көрген нұсқасы. Басылым бірнеше функциялардан тұрады: Басылымның қоғамдық функциялары. Басылымның эвристикалық функциясы. Басылымның зерттеу функциясы. Басылым тарихи ілімдерді тарату құралы және оқыту құралы ретінде. Басылымды саяси мақсатта қолдану.
Басылымның салалық функциялары.
Басылымның практикалық функциясы. Басылымның ғылыми функциясы.
Басылымның қоғамдық функциялары бұл белгілі мемлекеттің идеологиясын қалыптастыру, қолдау, жариялау, бекітудегі мемлекет қызметі. Бұл функция білім беру, мәдени, басылым, теледидар құралдарымен іс жүзіне асырылады.
Басылымның эвристикалық функциясы басылымның бастапқы кезеңі эвристикалық кезең деп аталады, яғни, басылымға жарияланатын мәліметтерді іздеп, табу немесе ғылыми айналымға енгізу.
Басылымның зерттеу функциясы - қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар
Басылым тарихи ілімдерді тарату құралы және оқыту құралы ретінде.
Тарихи сана бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Әлеуметтік жады формасы жағынан әмбебап және мазмұны жағынан нақты болып келеді. Сондықтан да тарихи сана қашанда нақты-тарихи, әлеуметтік, ұлттық және индивидуалдық мазмұнмен толырылады. Қазіргі кезеңде әлеуметтік жадының үш деңгейінде жаhандық деңгейінде, ұлттық деңгейде және жеке тұлғалық дәрежеде түбірлі өзгерістер болып жатыр: адамдық индивидуал-
дық деңгейде антропологиялық төңкеріс орын алды, әлеуметтік немесе этностық деңгейде ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған дүмпуі байқалды, ал жалпыадамзаттық деңгейде ақпараттық жаhандану үдерісін бастан кешіп отырмыз. Бұл өзгерістер, өз кезегінде тарихи сана мәселесін күн тәртібінің алдыңғы қатарына шығарып отыр. Әлеуметтік-мәдени еспен сипатталатын тарихи жады немесе тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай болады. Ал тарихи білім берудің мақсаты жан-жақты дамыған тұлғаның ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі тарихи сананың элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып жатады. Тарихи эрудиция бұл тұлғаның рухани байлығы. Алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне тереңірек енген сайын қазіргі адамның өмірлік және азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Тарихи білім адамның ғылыми дүниетанымының қалыптасуына, оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту
патриотизм деп аталатын сезімдердің құйылысын тудырады. Сондықтан да басылым тарихи ілімдерді тарату құралы және оқыту құралы ретінде қарастырылу тиіс.
Басылымды саяси мақсатта қолдану - саяси жүйенің негізін құрудағы, билік үшін саяси күрес жолындағы, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы, әлеуметтік және ұлттық келісімдегі, мемлекеттің егемендігін, ішкі және сыртқы жаулардан қорғанудағы мүдделерді келістіретін мемлекеттің әрекетін бейнелейтын басылымдар.
Басылымның салалық функциялары- басылымның белгілі бір бағыттары бойынша бөлінуі, яғни тарих саласы, экономика саласы, заң саласы, техника саласы және т.б.
Басылымның практикалық функциясы - ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер шығару, баспасөз статистикасын жүргізу, жүйеленген каталогтар негізінде баспаларға, мекемелерге, жекелеген адамдарға ақпараттық-библиографиялық анықтамалар беру қызметінің саласы
Басылымның ғылыми функциясы -табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің саласы;
Баян (бақылау анықтамалық мәліметтер), оның міңдеттері, құрамы, орналастыру жерін көрсету және басылымды жариялаудағы орнын анықтау
Аңыз-баян (бақылау-анықтамалық мәлiметтер)
. Әрбiр құжат жарияланғанда құжат туралы бақылау-анықтамалық мәлiметтерi бар аңыз-баянмен жабдықталады: iздестiру деректерi (шифр); түпнұсқалылығы; тiлдiк көрсеткiш (шет тiлдiк құжаттар үшiн); жаңғырту тәсiлi; шығарылым сипаттамасы, құжаттың сыртқы түрiнiң ерекшелiктерi туралы мәлiметтер, оның iшiнде мөрлер сипаты; құжаттардың бұған дейiнгi жарияланымдарына сiлтемелер.
Іздестiру мәлiметтерiнде жарияланып отырған құжат мәтiнiнiң дереккөзiнiң орны көрсетiледi:
1) мұрағаттық құжаттар үшiн мұрағат атауы (мұражай, кiтапхана, мекемелер) және оған қабылданған шифр жүйесi (нөмiрi немесе қор атауы, тiзiмдеме, iстер нөмiрi, беттерi);
Аңыз-баянда тек қор нөмiрлерi көрсетiлгенде олардың ғылыми типтiк басылымдағы толық атауы пайдаланылған қорлар тiзiмiнде, ал ол болмағанда археографиялық алғысөзде берiледi.
Шет ел мұрағаттарында сақтаудағы құжаттарды жариялау барысында аңыз-баянда осы мұрағатта қабылданған шифр көрсетiледi.
2) мерзiмдi басылымдар бойынша жарияланатын құжаттар мен материалдар үшiн баспа органының атауы және шығару мәлiметтерi басылым орны, жылы (газет үшiн күнi), нөмiрi және беттерi, сондай-ақ басқа ерекшелiктерi көрсетiледi, мәселен бiрiншi, екiншi, жедел, кешкi шығарылымы, тағы сол сияқты.
Егер басылымның жарық көрген орны басылымның атауында болса (мәселен, «Алматы ақшамы») немесе мазмұны бойынша ескертулерде, не болмаса пайдаланылған мерзiмдiк басылымдар тiзiмiнде көрсетiлсе, онда аңыз-баянда сiлтеме бермей-ақ қоюға болады. Мерзiмдiк басылым құрылтайшы әлде меншiк иесiнiң құзырында екенi пайдаланылған мерзiмдiк басылымдар тiзiмiнде немесе мазмұны бойынша ескертулерде көрсетiледi.
Мұрағат iсiнде сақтаулы газет данасы бойынша құжат мәтiнiн жариялаған кезде, бұл басылым сирек кездесетiн жағдайда, газет мәлiметтерiмен қатар iс шифры да көрсетiледi.
в) мәтiнi өзiне дейiнгi жарияланым бойынша басылып отырған құжаттар үшiн аңыз-баянда оның атауы, шығу деректерi, жарияланып отырған мәтiннiң қай бетте екенi көрсетiледi.
г) микрокөшiрме, микрофильм немесе фотокөшiрме бойынша жарияланып отырған құжаттар үшн бұл көшiрменiң iздестiру деректерi, түпнұсқаның (шетелдiк мұрағаттарды да қоса) iздестiру деректерi көрсетiледi.
д) жеке мұрағаттар мен коллекциялардан жарияланып отырған құжаттар үшiн аңыз-баянда мұрағат иесiнiң аты-жөнi не мұрағат атауы көрсетiледi.
Аңыз-баянда құжаттың соңғы не алғашқы қолжазба, түпнұсқа, төлнұсқа, расталған көшiрме, көшiрме екендiгi көрсетiледi. Көшiрменi жариялау барысында, белгiлi болғандығына қарай, түпнұсқаға жақындығы көрсетiлуi тиiс: бұл көшiрменiң көшiрмесi, расталған көшiрменiң көшiрмесi.
Құжаттың типографиялық, стеклографиялық, гектографиялық, тағы сол сияқты даналарын жариялау барысында түпнұсқалығы әдетте жарияланбайды.
Ғылыми типтегi басылымдарда аңыз-баянында мiндеттi түрде құжаттың барлық табылған мәтiндерi көрсетiледi.
. Бiрнеше тiлдегi құжат мәтiндерiн жариялау барысында аңыз-баянда басқа тiлдегi құжаттарға iздестiру деректерiнен кейiн түпнұсқа тiлi көрсетiледi. Түпнұсқамен бiр уақытта жасалған аударма жарияланса, бұл да аңыз-баянда айтылады.
Түпнұсқасыз жарияланып отырған басқа тiлдегi құжаттарды аудару барысында түпнұсқа тiлi аңыз-баянда көрсетiледi./
Ғылыми басылымдарда аңыз-баянда қорда бар аудармалардың бәрi, оның iшiнде жарияланбағандары да көрсетiледi.
. Археографиялық белгілердің басылымда алатын орнын анықтау
Археографиялық белгілер дегеніміз жарияланатын құжаттар немесе басылымның мәтінінде кездесетін таңбалық, стилистикалық және тілдік ерекшеліктер. Барлық басылымдарда құжаттардың мәтіні анық сақталған стилистикалық және тілдік ерекшеліктерімен беріледі.
Мәтінді сынаудың нәтижесі мәтіндік ескертулерде бейнеленеді.
Басылымның дипломатиялық қабылдауы арнайы ғылыми және оқу типтеріндегі (палеографиялық, лингвистикалық) басылымдарда қолданылады. Басылымның ғылыми-сыни қабылдау кезінде құжаттардың мәтіні стилистикалық және фонетикалық анық сақталған ерекшеліктерімен беріледі. Қазіргі орфография мен пунктуацияға сәйкес мәтін сөзге және сөйлемге бөлініп жүргізіледі, мағынасына қарай керекті тыныс белгілері, бас әріптері қойылады. Ресми емес құжаттарда (әдеби, публицистикалық шығармаларда), ережеге сәйкес түпнұсқаның пунктуациясы сақталады.
Қажет болған жағдайда мәтін абзацтарға бөлінуі мүмкін, ережеге сәйкес абзацтардағы бөлімдер сақталынады. Ғылыми және ғылыми-көпшілік типтеріндегі басылымдарда мәтінді сынаудың нәтижесі мәтіндік ескертулерде беріледі, оқу типтеріндегі басылымдарда құжаттың мәтінінде ескеріледі.
Кірістірмені және үстінен сызуды қайта жаңғырту. Құжаттың мәтінінде тиісті орынға жекелеген сөздер мен сөйлемдерді кірістірулер қайта жаңғыртылады және мәтіндік ескертулерде ескертіледі. Ғылыми типтегі басылымдардың мәтіндік ескертулерінде бір құжатта әртүрлі сиямен немесе қарындашпен жазылған кірістірмелер ескертіледі. Мұнымен қоса, мүмкіндігінше кірістірменің авторы көрсетіледі. Мәтінде үстінен сызылған сөздер ескертілмейді, мәтіндік ескертуде: «Әрі қарай сызылған...» деп көрсетіледі. Мәтінде үстінен сызылған орынды графикалық белгілеу жолымен қайта жаңғыртылуы мүмкін, мысалы, бұрыштама, археографиялық белгі жақшамен (< >), археографиялық алғы сөзде ескертіледі.
Құжатта автормен немесе басқа тұлғалармен жасалған қосып жазылған мәліметтер, авторлық мәтінде олардың орналасуына қарамастан, құжаттың мәтінінің жалғасы ретінде беріледі. Құжатта олардың орналасуы және авторлығы мәтіндік ескертулерде ескертіледі. Мәтінде авторлық белгілеген жекелеген орындар басқа шрифтімен бөлінеді. Авторлық емес белгіленгендер, егер оларды кім жасағаны белгілі және құжаттың тарихы үшін мағынасы болса мәтіндік ескертулерде ескеріледі.
Құжат авторының жолма-жолғы ескертуін, жинақты құрастырушылардың ескертулерінен бөлектеу үшін, жақшаға қосылады: (Автордың ескертуі), (Құжаттың ескертуі), құрастырушының ескертуі (жариялаушы) Құрастырушының ескертуі). Басқа нұсқасы бұл ескертулерді белгілеу үшін бейнелер немесе араб цифрларын пайдалануға болады, мысалы: жұлдызшамен, археографиялық белгі (*) құжаттың ескертуі, сандармен құрастырушының ескертуі белгіленеді және археографиялық алғы сөзде ескертіледі. Қолтаңбаны өзгерту немесе құжат мәтінін қайта жаңғырту тәсілі мәтіндік ескертулерде белгіленеді. Мәтінде кездесетін басқа тілдегі сөйлемдер және фразалар түпнұсқаның тілінде қайта жаңғыртылады, аудармасы мәтіндік ескертулерде ол қай тілден аударылғанын дөңгелек жақшалармен көрсетіледі. Құжаттарда ұзындық өлшемінің, уақыттың, ақшалай және басқа өлшем бірліктері қысқартылып берілуі мүмкін, егер оларда цифрлық белгілер алдында болса; цифрлық белгілерінсіз олар қайта толық жазылады. Құжаттың мағынасына толық жататын резолюциялар және белгілер (құжатты жібергені, алғаны, тіркегені жайында), құжаттың мәтінінен кейін қол қойылғаннан соң хронологиялық тәртіппен (егер күндері белгіленген болса) жаңа жолдан жазылады. Құжаттар мәтінінің жекелеген орындарына жататын белгілер, мәтіндік ескертулерде қайта жазылады.
Құжат атауын құрастыру әдістемесі және деректеріне баға беру
Әрбір құжаттың мәтіні басылар кезде, құжаттың жалпы сипатын беретін, редакциялық тақырып қойылады.
Тақырыпта құжаттың реттік нөмірі, әртүрлілігі, авторы, мекен-жайы, қысқаша мағынасы, құжаттың күні, іс жүргізу нөмірі, егер құжатта көрсетілген болса, жазылған орны көрсетіледі.
Ғылыми типтегі басылым атауларына жоғарыда көрсетілген элементтердің барлығы қосылуы керек. Құжаттағы атауы жоқ элементтері, құжаттардағы археографиялық жолмен деректанушылық сараптау арқылы анықталады және қосымша деректер тартылып, төрт бұрышты жақшаға жазылады. Археографпен анықталған тақырып элементтерінің негіздемелері мәтіндік ескертулерде ақпараттық деректерді көрсете отырып келтіріледі. Тақырыптың анықталмаған элементтері де мәтіндік ескертулерде түсіндіріледі.
Өтініш беретін гербті қағаздар және құжаттармен іс жүргізетін бланкілер, ереже бойынша, түсіндірме сөздерде белгіленбейді.
Ғылыми-көпшілік және оқу басылымдарында, сондай-ақ, құжаттардың мерзімді басылымдарында қысқаша және нақты формада құжат мазмұндарын бейнелейтін газеттік атауларды құрастыруға болады. Мұндай жағдайда атау элементтері тақырыпшада немесе ескертулерде келтіріледі.
Ресми құжаттарға (декларацияларға, заңды актілерге, қаулыларға, бұйрықтарға, қарауларға және т.б.) газеттік атаулар құрастыру орынсыз.
Басылым түріне және жарияланған құжаттардың сипатына байланысты атау құрамы атаудың жалпы элементтерін алғысөздің археографиялық бөліміне, басылым атауына, оның бөлімдері немесе топтық атауларына енгізу арқылы қысқартылуы мүмкін.
Біртектес құжаттарды басып шығарғанда атауында құжаттардың түрлілігі көрсетілмейді. Бір тұлғаның хаттары мен сызбаларын басып шығарғанда атауларында авторы мен түрлері түсіріледі, ал әртүрлі тұлғалардың бір тұлғаға хаттарын басып шығарғанда атауларында түрлері мен адресаты түсіріледі.
Егер ғылыми-көпшілік және оқу басылымдарында материалдарды жүйелеуде қандай да бір белгісі бойынша өзара байланысты құжаттардың жекелеген топтарына жалпы атау құрастырылады.
Оған осы топтың құжаттарының атауының жалпы элементтері, олардың бастапқы және соңғы күндері көрсетіледі, ал атауының алдына құжаттың соңғы нөмірі енгізіледі. Топтық атауға енбеген элементтер әрбір құжат атауының құрамына кіреді және әр құжаттың күні көрсетіледі.
Бірнеше хаттарға топтық атау болғанда әрбір хат атауында құжаттың тек нөмірі мен күні көрсетіледі. Құжаттаржы археографиялық рәсімдеудің бұл ерекшеліктері алғысөздің археографиялық бөлімінде айтылады.
Егер бірнеше графикалық құжаттар бір объектіге қарасты болса, онда оларға жалпы атау құрылады. Топтық атауда алдымен, объекті атауы, сосын әзірлеме күні, авторы, графикалық құжаттардың түрлері көрсетіледі.
Құжаттың өзіндік атауы толығымен немесе жартылай редакциялық атауда қолданылады. Декреттердің, қаулылардың, жарғылардың, ережелердің, регламенттердің, нұсқаулықтардың, тезистердің, директер, циркуляр, нормативтік-құқықтық құжаттардың, сондай-ақ, үндеулердің, өтініштердің және авторлық шығармалардың өзінің атаулары оның құжат мәтініндегі қайта жаңғыртылуына қарамастан редакциялық атауда келтіріледі.
Басқа тілді құжаттарда атау жинақтың археографиялық ресімделу тілінде жасалады және егер құжат аударма күйінде жарияланса басқа тілді мәтін немесе аударма алдында орналастырылады.
Егер толығымен басқа құжат құрамына енген құжат жарияланса, атау жарияланған құжатқа құрылады, ал сол құрамдағы құжаттың атауы жолма-жол ескертулерде беріледі
. Қысқартылған және топтастырылған тақырыпшалар және олардың міндеттерін ашып көрсету
Тақырып басылымның маңызды құрама бөлігі болып есептеледі, өйткені ол пайдаланушыға бұл жерде қандай құжат жарияланатыны жайлы қысқаша мәлімет беріп тұрады. Оқырман (зерттеуші) бұл құжатқа көңіл аудара ма, жоқ па бұл құрастырушы құжатқа берген тақырыпқа байланысты болады. Тақырып дегеніміз құжаттың сипаты мен мазмұны туралы барынша қысқа мәліметтер жиынтығы, сондықтан да құжатқа тақырып беру міндетін мойнына алған жариялаушы жауапкершілігінің қаншалықты екендігі осыдан-ақ белгілі болмақ. Жарияланатын құжат тақырыбының құрамына қандай элементтер кіреді? Ең алдымен, бұл құжаттың археограф жариялауға даярлап жатқан басылымдағы реттік нөмірі. Оны құжат жасалу процесінде берілген іс қағаздарын тіркеу нөмірімен немесе, мысалы, оның ресми басылымда жарияланған нөмірімен шатастыруға болмайды. Одан кейін құжаттың түрі немесе басқа түрлері белгіленеді (бұйрық, есеп, хаттама, жарғы, үкім, пұрсаттамалар, т.б.); авторы; адресат (кейбір құжат түрлері үшін); қысқаша мазмұны; құжаттың датасы; егер құжатта көрсетілген болса, іс қағаздарын тіркеу нөмірі; жазылған орыны келеді.
Егер басылымға кіретін материалдарды жүйелеу кезінде бір-бірімен қандай да бір белгілері бойынша байланысты жекелеген құжат топтары бөлектеніп алынса, оларға топтық тақырып беріледі. Ол тақырыпқа осы топ құжаттарының барлығына ортақ элементтер шығарылады, олардың соңғы датасы көрсетіледі, ал тақырып алдынан осы басылымдағы құжаттардың соңғы нөмірлері қойылады. Ал осы топ құжаттары тақырыбының құрамына топтық тақырыпқа енбеген элементтер ғана енгізіліп, әр құжаттың өз нөмірлері көрсетіледі:
№ 108117
Барлау тобының басшысы И. Х. Марковтың БК(б)П Логой жасырын райкомына 1943 ж. 28 қыркүйектен 28 қазанға дейінгі Минск темір жол торабынан неміс-фашист эшелондарының өтуі туралы хабарламалары.
30 қыркүйек 30 қазан 1943 ж.
Бірнеше хаттарға топтық тақырып берілген кезде әрбір хаттың тақырыбында тек қана нөмірі мен датасы ғана көрсетіледі. Бұл туралы алғысөздің археографиялық бөлігінде ескертіледі.
Мәтінді беру мәселесіне арналған дәрісімізде атап өткеніміздей, редакциялық тақырып берген кезде құжаттың меншікті тақырыбы толықтай немесе жартылай пайдаланылуы мүмкін. Декреттер, қаулылар, жарғылар, ережелер, сондай-ақ үндеулер, арнаулар, үнпарақтар, авторлық туындылар сияқты ресми құжаттардың меншікті тақырыптарына келер болсақ, олар жарияланатын құжаттардың негізгі мәтінінде берілгеніне қарамастан редакциялық тақырыпқа да енгізіледі. Оларға қажетті түсіндірмелер (бекіту датасы, айналымға енгізілуі, т.б.) мәтінге түсініктемеде келтіріледі.
Мәдени мұраны насихаттау және құжаттық ескерткіштерді сақтаудада археографиялық басылымдардың маңызын көрсетіңіз.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи жәдігерлеріміз бен өткен тарихымызды жаңғыртуға ерекше серпін берді. Осы бағытта біздің халқымыздың тарихи мәдени құндылықтарын дамыту мен сақтау жөнінде шаралар әзірлеуге ірі қадамдар жасалды .
Сондай ақ “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” заңның қабылдануы археография ғылымына да жаңа серпіліс алып келді. Заңның 5-ші тарауының 3 бөлімінде “Тарихи және мәдени құнды құжаттарды сақтау, қорғау және пайдалануды ұйымдастыру республиканың басқарушы органдарына жүктеледі” делінсе, осы тараудың 4-ші бөлімінде “Шет елдердегі Қазақстан Республикасының тарихына қатысты құжаттарды анықтау және қайтару міңдеттін” белгілеу арқылы археографияның негізгі функцияларының бірі эвристиканы жетілдіру мәселесі көтеріледі.
Сондай ақ осы бағдарлама аясында Франция астанасы Париждегі “Жаңа Сорбонна” университетінен Мұстафа Шоқайдың құжаттық мұраларын іздеп тауып, жинақтау іске асты. 2001 жылы сегіз мың парақтан тұратын М. Шоқай мұралары Қазақстанға алындырылды. Қазіргі кезде “СD” дисклеріне түсірілген құжаттар көшірмесі Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік қорында сақталған.
Мұрағат қорларындағы игерілмей жатқан тың материалдармен және құжаттардан жинақталған жинақтардың зерттеушілер арасында алар орны ерекше. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат мекемелерінің дайындауымен 1998-2005 жылдар аралығында 79 құжаттық жарияланым, 42 мұрағаттық анықтамалықтар, жөнсілтемелер жарық көрді. Осы жылдары археографиялық талаптарға сай дайындалған “1937-1938 жж. Қазақстандағы саяси қуғын - сүргіндер”[23] (1998 ж.), “1931-1933 жж. қазақ халқының ұлы қасіреті тарихынан” (2005 ж.), “1931-1933 жж. Қазақстандағы күштеп қоныс аудару және аштық”[24] (1998 ж.), “1932-1933 жж. қазақ халқының ұлы қасіреті тарихынан (2005 ж.)” құжаттар жинақтары республикамыздың әкімшіл - әміршіл жүйе кезіндегі әлеуметтік экономикалық және саяси ахуалы, байларды тәркілеу, ұжымдастыру, халықтың босқыншлыққа ұшырауы, ашаршылық туралы құнды құжаттар ғылыми айналымға енді және көпшілік назарына ұсынылды.
ХІХ ғ. бірінші жартысында Еділ мен Жайық аралығын мекендеген қазақтардың этносаяси бірігуінің тарихы бойынша “Бөкей хандығының тарихы (1801-1852 жж.)” (2002 ж.) құжаттар жинағы жарық көрді.
Демек, бүгінгі таңда археография ғылымы қоғамның сұранысына ие болып отырғанын байқаймыз.
“2001-2005 мұрағат ісін жетілдіру бағдаламасына”[19] сай археография ғылымын дамытуға бағытталған біршама мәселелер көтеріледі. Яғни әр жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының тарихына және мәдениетіне қатысты құнды құжаттарды шетелдердің мұрағатынан іздестіру және жинақтау шараларын іске асыру көзделген. Бірақ, археография тек эвристикамен ғана шектелмейді, деректерді басылымдарда жариялауға әзірлеуде, археография ғылымының әдіс тәсілдерін, деректерді іздестіру мен іріктеп алу принциптерін, басылымдардағы дерек материалдарды жүйелеу, мәтінтану принциптерін игеру, яғни құжаттарды міндетті түрде археографиялық өңдеуден өткізумен айналысады. Бұл тұста археография ғылымының қызметін бір жүйеге салатын әдістемелік нұсқаулар қажет. Осындай әдістемелік нұсқаудың жоқтығына байланысты, қазіргі кезеңде ғылыми мекемелер құжаттарды жариялауда 1990 жылы Мәскеуден шыққан “Правила издания исторических документов в СССР” [38] негізге алып отыр.
Сонымен көріп отырғанымыздай, Қазақстанда археография ғылымы әлі де болса арнайы зерттеуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда археография ғылымының алдында мынандай мәселелерді шешу қажет:
-Қазақстан археография ғылымын қалыптастыруда ең алдымен оның негізін құрайтын теориялық-методологиялық базасы даярлануы тиіс.
-Қазақстанда тарихи құжаттарды жариялау принциптеріне арналған ғылыми дәйектелген әдістемелік нұсқаулар шығару керек.
-Қазақ халқының тарихына қатысты деректік қорын кеңейту мақсатында археографиялық экспедицияларды ұйымдастыру қажет.
Археографиялық қор ғылыми және мәдени мұраның маңызды құрамының бірі ретінде көрсету.
Қазақстан Республикасының археографиялық қоры 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бардарламасы аясында жүргізілген жұмыстар негізінде толықтырылуда. Мысалы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты алты тілдегі тарихи деректерді жинастыру, зерттеу, жариялау жұмыстарын атқарып келді, мұнда 5 томдық "Қазақстан тарихы түрік тілді деректерінде", 5 томдық "Қазақстан тарихы парсы тілді деректерінде", 4 томдық "Қазақстан тарихы қытай тілді деректерінде", 3 томдық "Қазақстан тарихы араб тілді деректерінде", 3 томдық "Қазақстан тарихы моңғол тілді деректерінде" зерттеу жинақтары дайындалды.
Нақтылы материалдарға негізделген шығыстық рухани мұраның тарихи зерттеулері республикамыздың мәдени мұрасын қалпына келтіру ісіне ғылыми үлес косуға, Қазақстанның ұлттық идеясын қалыптастыру мен жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан тарихы үшін манызы зор, осы күнге дейін белгісіз болып келген, бұрын-соңды тарих ғылымы саласының айналымына енбеген ұшан-теңіз кұжаттар дүние жүзінің мұрағаттары мен мұражайлары, ғылыми зерттеу мекемелерінің қорларында сақталынып келеді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша 2004 жылы "Шығыстану" секциясымен Ресей Федерациясы, ҚХР, Монғолия, Түркия және Қырғызстан Республикасы және Швейцарияға Археографиялық шығыстану экспедициялары мен ғылыми іс сапарлары жүргізіліп, шетелдік сирек кітаптар мен қол-жазбалар қорларынан, мұражайлар мен ғылыми зерттеу мекемелерінен көптеген құнды деректер анықталды, мүмкіндігінше ол құжаттардың ксерокөшірмелері мен микрофильмдік көшірмелері алынды.
Новосибирск, Абакан, Минусинск, Кызыл қалаларының мұражайларында сақтаулы тұрған 500 көне түрік жазба және археологиялық ескерткіштер, этнографиялық реликтер жан-жақты зерттеліп, оларға талдау жасалды.
. Теориялық және қолданбалы археографияны салыстыру және ерекшеліктерін көрсету
«Археограф» термині ( «ежелгі» және «жазамын» деген сөздерден шыққан) алғашында ежелгі қолжазбаларды көшіру деген ұғымды білдірген. ХҮІІ ХҮІІІ ғғ. кейбір батыс еуропалық ғалымдар «археография» сөзін «ежелгіні бейнелеу» мағынасында қолданды. Қазіргі таңда археография тарихи деректерді табу, іздестіру, оны ғылыми айналымға енгізу және жариялау мәселелерімен айналысатын ғылым. Археография екі үлкен бөлімнен тұрады. Ол теориялық және қолданбалы археография. Теориялық археографияға келетін болсақ, археография ғылымының теориялық мәселелері, яғни археографияның теориясы мен әдістемесіне баса назар аударылады. Атар айтсақ: археографияда кездесетін терминологиялық мәселелерге талдау жүргізіледі, соңғы жылдары «археография» ұғымы аясында зерттеушілер өздерінің пікірлерін білдіріп жүр, яғни оның этимологиясына байланысты түрлі көзқарастар пайда болуда; археографияның басқа арнайы тарихи пәндермен (бұл жерде археографияның деректанумен) тығыз байланысына ерекше көңіл бөлінеді, археографиялық жарияланымдардың құжаттық жарияланымдардың ішінде алатын орнына тоқталып өтеді. Теориялық бөлімде археографиядағы деректемелік сынға және археографиялық жарияланым обьектілерін таңдау мәселелеріне, археографияның нормативтік - әдістемелік базасының қалыптасуы мен қазіргі жағдайына тоқталады.
Ал, археографияның екінші бөлімі қоланбалы, оны практикалық бөлім деп те атауға болады. Бұл бөлімде тарихи құжаттарды іздеу, табу, іріктеу, тақырыбын анықтау, атау беру, ғылыми-анықтамалық аппаратын дұрыс жасау, яғни археографиялық безеңдірілуін дұрыс беру, сонымен қатар, құжаттарды жариялаудың түрлеріне, жариялау үшін құжаттарды анықтау және таңдап алу мәселелері қарастырылады. Баса назар, құжаттар мәтінін беру түрлеріне, құжаттарды археографиялық безендіру, құжаттық басылымдарға ғылыми анықтамлық ақпарат сияқты археограф үшін өте маңызды келелі мәселелерге аударылады.
Құжаттарды таңдап алуды, мәтінді беруді реттейтін бөлімдер толықтырылды. Бұл бөлімде қазіргі кезде тарихи зерттеулерде қолданылуы айтарлықтай кеңейе түскен көпшілік дереккөздерге баса көңіл аударылды.
Қазақстанның революцияға дейінгі археографиясының проблемаларын анықтау
Археография (архео-archaios көне, grapho-жазба) тарихи деректерді зерттеу және жариялау әдістерімен шұғылданатын көмекші пән, ғылыми пән ретінде Батыс Еуропада XVII ғасырда, Шығыс елдерінде XIX ғасырда, Ресейде XVIII ғасырдың II жартысынан бастап дамиды.
Археография ғылыми пән ретінде археографиялық тәжірибенің ортақтастыру негізінде қадымдап құрыла бастайды, және өзінің даму тарихында көптеген өзгерістерге ұшыраған. Ал жекелеген археографиялық дағдылардың қалыптасуы түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты жазбаша деректердің пайда болуы мен таралуына қатысты болды.Мысалы көне жылнамашылар өз заманының тарихын жазу үшін басқа да ерте құжаттарға сүйенген және олардың үзінділерін мәтіндеріне қосқан. Жылнамалардың дамуы мен көбеюіне байланысты деректерге көшірме жасау әдістері де қалыптасқан. Ресейде көшірмелер жасау XVI ғасырдың басы мен XVII ғасырда дамиды. Ресейде археографиялық дағдылардың дамуына кітап бастырушылық ісі әсер еткен. Бұндай істің алғашқы кезеңінде діни кітаптар шығарыла бастады. Басылымды дайындау барысында мәтінді дәлме-дәл көшіру және де деректерді жариялау әдістері пайда болып, дамиды.
Археография ғылымының қалыптасу тарихына шолу жасайтын болсақ, ол ХІХ ғасырдан бастау алғанын көреміз. Айталық XIX ғасырда граф Н.П.Румянцев құжаттарды тек қана шығарып қойған жоқ, сонымен қатар Ресейдегі және шетелдегі тарихи материалдарды жинауға атсалысты.
Европада ұлттық қозғалыс ірі мемлекеттерде бірде қоғам (мысалы, Германияда), бірде өкіметтік ұйымдар (мысалы, Франция, сәл кейінірек Англияда) арнайы тарихи құжаттарды шығаратын ұйымдар ашылды. Ресейде тарихи құжаттарды жинау және жариялау мақсатында 1834 жылы Археографиялық комиссия құрылды. Ал XIX ғасырдың 50-60 жылдары революциялық қозғалыстары өрлеген кезде, XVIII ғасырда мәлім болмаған оқиғалардың барлығын енді өкімет өзінің қолына алып, орыс тарихының жаңа кезеңіне тән құжаттарды шығара бастады. 1866 жылы орыс тарихи қоғамы құрылып, 148 томдық дипломатиялық қатынастарға арналған жинақ шығарды.
Ресей зерттеушілері археография ғылымының қалыптасу тарихын төрт кезеңге бөледі:
І. ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап ХҮІІІ ғ. эвристикалық кезең, яғни, бұл кезеңде құжаттар жинақтала басталды..
ІІ. ХҮІІІ ғ. археография қосалқы тарихи пәндер ретінде қалыптасты.
ІІІ. ХІХ ғасырдың бірінші ширегі “археография” терминінің пайда болуы және ғылыми пән ретінде қалыптасуы.
ІҮ. ХІХ ғ. екінші жартысы ХХ ғ. басы археография нақты ғылыми пән ретінде қалыптасты.
Қазақстанда археография ғылымының бастауын 1887 жылы құрылған Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының қызметімен байланыстыруға болады. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы “Губерниялық ғылыми мұрағат комиссиялары құрылу жөніндегі” 1884 жылғы 13 сәуір айындағы Ереже негізінде құрылды. 1896 жылдан бастап комиссияның қызметі жаңданып, 1889 жылдан бастап Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының “Еңбектері” (труды Оренбургской ученой архивной комиссии) жариялана бастады. Жалпы, комиссия “Еңбектерінің” 35 басылымы жарық көрді. Мұнда тек қазан төңкерісіне дейінгі құжаттар жарияланып тұрды [12].
Қазақстанның революцияға дейінгі археографиясының проблемалары анықталды:
. Басылымды саяси мақсатта қолдану түрлеріне баға беру.
Қазіргі таңда технократиялық ойлау жүйесі қалыптасып, үлкен қарқын алуда. Осы тұста мемлекеттің және қоғамның саналы өкілдері өткен тарихи кезеңдердегі деректерді болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында сақтап қалдыру жауапкершілігіне ерекше мән беріп, біршама іс-шаралар жасауда.
Мұрағат құжаттары тарихи дерек ретінде Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол. Өйткені өткен тарихи кезеңдерді зерттеп білу үшін мұрағат құжаттарына сүйенеміз. Мұрағат құжаттарын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерін ашуға мүмкіндік туады. Тарихи зерттеулер мұрағат құжаттары негізінде жинақталып жазылатындықтан бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту және насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле және радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурция өткізіп және мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап, түрлі құжаттық көрме ұйымдастыру болып табылады. Көрме құжаттарды насихаттау үшін жасалады. Көрмеде арнайы таңдалып алынған құнды, әрі қызық (хаттар, естеліктер, фотосуреттер, брошюралар, плакаттар т.б.) құжаттар қойылады. Көрменің тақырыбы елдің қоғамдық саяси өміріне белгілі мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлерге, республика тарихына арналуы мүмкін. Мұрағат құжаттарының көрмелері уақытша және тұрақты болып келеді1.
Мұрағат құжаттарын танымал етуде радио хабарларының атқаратын орны зор. Мұрағат құжаттарын насихаттауда бірнеше радио хабарлардың түрі қолданылады. Олар: тақырыптық әңгімелер, баяндамалар, лекциялар және мұрағатта табылған және жаңадан келіп түскен құжаттар жайлы хабарлар ұйымдастырылады5. Әңгімелік, лекциялық және баяндамалық радио хабарларының ұзақтығы 30 минут болуы шарт. Ал соңғы хабарда берілетін радиолық ақпараттар көлемі бір беттен аспауы қажет. Радиолық ақпараттың оқылу ұзақтығы 3 минуттан аспауын ескерген жөн. Әдетте радиорепортаждарда құжаттар жайлы және оның ғылымды, халық шаруашылығын, мәдениетті дамытудағы ролі жөнінде айтылады6.
Мұрағат құжаттары негізінде даярланған телехабардың көрерменге әсері зор. Телехабарларда белгілі оқиғаға байланысты құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен даярланған телехабарлардың көрерменге әсері зор. Телехабарларда белгілі оқиғаға байланысты құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен қатысқан адамдарды көрсетуге болады. Сонымен қатар фото-кино құжаттарды пайдалануға, хабарға музыка мен ән қосу тиімді. Мұрағат құжаттары негізінде әзірленген телехабарлар өзінің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Бір түрі тележурналдық болып келсе, екіншісі мұрағат құжаттары негізінде жасалған арнайы телефильм. Телехабар үшін мазмұны қызықты құжаттар таңдалынып алынады. Телехабар текісін көрермендер тиісті дәрежеде қабылдауы үшін автор сөзімен қатар құжаттардан үзінді келтіріп, оқиғаға қатысқан адамдарға сөз беріп, көркемдік шығармадан үзінді келтірген жөн.
Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту мақсатта пайдаланудың тағы бір түрі- кездесулер ұйымдастыру, экскурсия мен лекция оқу болып табылады. Бұл кездесулерде мұрағат қорының құрамы мен мазмұны жөнінде және мұрағат қорын ғылым, мәдениет саласында пайдаланудың маңызын көрсетеді.
. Электрондық басылымдар: мультимедиа, CD дискілер, база мәліметтері, Интернет сипаттау
Бүгiнгi таңда оқу процесiнде арнайы оқыту жүйелерiн, оқыту процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану өзектi мәселе болып отыр.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып табылады. Электрондық оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.
Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек.
Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де студенттердi тиiмдi бiлiммен қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Курстың әрбiр мәтiндiк үзiндiсi практикалық жаттығулар және бақылау тестiлеу сабақтарымен жалғасуы керек.
Ақпарат жүйесi (АЖ) қандай да бiр объектiнi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, iздеу және шығарып беру жүйесi деп қарастырылады. Әрбiр ақпарат жүйесi (АЖ) ақпараттық объектiлердiң бiрiгуiн қамтитын қандай да бiр ақпараттық кеңiстiктi бейнелейтiн пәндiк саланы иемденедi. Ақпаратты қандайда бiр мәселелердi шешу үшiн пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсiнiктi және бағаланған жаңа бiлiм деп түсiнейiк. Ақпарат дегенiмiз, оны алушы кiсiге дейiн қабылдау механизiмiнiң қабылданды түсiнiктi бағаланды деген үш сүзгiсiнен өткен нәрсе.
Мультимедиалық ақпаратты - әдiстемелiк кешендердi практикада пайдалану белгiлi бiр техникалық шарттарға, бiрiншiден, жаңа сипаттағы аудиториялық қордың бар болуын талап етедi. Мультимедиа құралдарын пайдаланып лекциялар даярлауға қосымша жұмыс уақытын шығындауы, сонымен бiрге мультимедиалық аудиториялар, компьютермен жабдықталған лабораторияларды құру, олардың тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыруға арналған материалды қаржылық ресурстарды қажет етедi. Ал, жалпы оқу процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану шарттарында электрондық оқулық студенттердiң уақытын үнемдейдi, өз бетiмен бiлiм алу, алыстан оқу жағдайында студенттерге үлкен көмек болады. Осыған орай, көкейтестi мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкiндiктерiнiң даму есебiнде бiлiм берудiң жаңа компьютерлiк әдiстерiн өңдеу болып отыр және көрсетiлген бағытта жұмысты жалғастыруды қажет етедi.
Электрондық басылым (ЭБ) бұл графикалық, тексттiк, цифрлiк, тiлдiк, музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда магниттiк оптикалық оптикалы дискiлерде орындалуы және электрондық компьютерлiк желiлерде жариялануы мүмкiн.
«Мәліметтер және бактер базасы» пәнінің оқытудың мақсаты мәліметтер базасын теориялық негізін құру, қазіргі мәліметтер базасын басқару жүйесін құру сонымен қатар, компьютерлік жүйеде ақпараттарды қайта өңдеу және басқаруда қолданылады.
1921 жылдың желтоқсанынан испарт (партия тарихы) РКП(б) Орталық Комитетінің құрылымына бөлім ретіңде кіретін болды. Испарттың (партия тарихы) бөлімдері 1921-1923 жылдары бұкіл ел көлемінде барлық республика, облыстарда құрылды.
. Құжаттық басылымдарды даярлаудың ұйымдастырушылық негіздеріне баға беру
1925 ж. болған Ресей мұрағат қызметкерлерінің бірінші съезі 1921 жылғы конференцияға қарағанда мұрағат мекемелерінің археографиялық қызметін ұйымдастыру мәселелерінен жаңа және қазіргі заман кезеңінің дереккөздерін басып шығару әдістері мен тәсілдерін талқылауға кірісті. Осында жасалған А. И. Андреевтің «Тарихи құжаттарды жариялау ережелері туралы» баяндамасында жаңа заман дереккөздерін жариялауға даярлауға қажетті нормативтік құжаттың керектігі баса айтылды. С. Н. Валк баяндамасында тарихи-революциялық құжаттарды басып шығару тәсілдеріне байланысты мәселелер сөз болды. Баяндамашы өз сөзінде құжаттар мәтінін басып шығаруға даярлауды талдаумен шектелді, және де оның мазмұнына тарихи түсініктеме беруге байланысты мәселелер жеке талқылау тақырыбы болуы керектігін ғана айтып өтті.
Ресейлік археографтардың археография саласындағы нормативтік базаны жасауға күрделі қадам жасауына қарамастан, бұл бағыттағы басымдық украиналық әріптестерге берілуі тиіс. 1931 ж. Украинаның Орталық мұрағаты мұрағат қызметкерлерінің курсын ұйымдастырды. Онда басқалармен қатар екі дәріс курстары П. А. Билыктың «Мұрағат органдарындағы археографиялық жұмыстар туралы» және В. И. Веретенниковтың «Археографиялық техникалар міндеттері» оқылды, бұлар шын мәнінде украиндық археография тарихын (біріншісі) және құжаттарды жариялау әдістемесін (екіншісі) баяндаған құжаттар болды.
19501960-жылдары басталған археография саласындағы норма жасаушылық қызметінің белсендірек бола түсуі осы кезде КСРО-да болған қоғамдық-саяси сипаттағы оқиғалармен тікелей байланысты. Ғылыми және мұрағаттық мекемелермен қатар ЖОО-лар, мұражайлар, кітапханалар, баспалар, газет-журнал редакцияларының, т.б. қызметкерлерінің өкілдері де практикалық археографиямен қызу айналыса бастады. Бұған дейін құпия саналып келген мұрағаттық қорлар түріндегі жаңа жарияланым объектілерінің пайда болуы, т.б. эдициялық қызметтің әдістемелік қамтамасыз етілуін табандылықпен талап етті. 19501960-жылдары құжаттар жариялаудың бірқатар ережелерінің пайда болуы осы жағдайдың әсері деп білеміз. Бұған дейінгі негізінен бір мекеме дайындаған және көбіне шектеулі шеңберде пайдалануға есептелген дереккөздермен салыстырғанда, 19501960-жылдар ережелері кооперативті жасалып, әмбебап сипатта болды.
Мысалы, 1955 жылғы «Тарихи құжаттарды жариялау ережелерін» (келесі 1956 жылы сұраныстың аса зор болғаны ескеріліп, оның екінші редакциясы басылып шықты) шығару үшін КСРО ҒА Тарих институты, КСРО Бас мұрағаты және Мәскеу тарих-мұрағат институты жұмыс істеді. Құжатты құрастырушылар арасынан біз белгілі ресейлік археографтар мен тарихшылар С. Н. Валкті, А. А. Новосельскийді, Л. Н. Пушкаревті кездестіреміз.
Бекітілген және басылып шыққан «Ережелерді» баспаға даярлаудың негізгі кезеңдері ескерілген 205 тармақтан тұратын 10 бөлімге топтастырылған: 1. Тақырып таңдау, құжаттарды анықтау және іріктеу. 2. Мәтінді белгілеу. 3. Тақырыпшалар. 4. Түсініктер. 5. Басылымның ғылыми-анықтамалық аппараты. 6. Қосымшалар. 7. Иллюстрациялар. 8. Жекелеген бөліктері мен құжаттардың басылымда орналасуы. 9. Мазмұны. 10. Басылымның сыртқы түрі.
1980-жылдардың орта кезінде пайда болған нормативтік-әдістемелік құжаттардың ішінде 1985 ж. Вильнюсте КСРО ҒА КСРО Тарих институтының, КСРО ҒА Тарих бөлімшесінің жанындағы археографиялық комиссияның, Литва ҒА Тарих институты және Ежелгі актілер орталық мемлекеттік мұрағатының грифімен жарық көрген «Литва метрикасының басылымы мен сипаттамасы бойынша әдістемелік ұсыныстар» (құрастырушылар А. Л. Хорошкевич пен С. М. Каштанов) ерекше назар аударуға тұрарлық еңбек.
Сөзіміздің қорытындысында кейінгі кезге дейін міндетті болып келген тағы бір нормативтік-әдістемелік құжат жайлы айта кетуді жөн көрдік. Сөз «КСРО-дағы тарихи дереккөздерді басып шығару ережелері» туралы (өңделген 2-басылымы, М., 1990) болып отыр. Бұл еңбек 1969 ж. «Ережелердің» бірінші редакциясында белгіленген және тарихи дереккөздерді жариялау кезінде қолданылатын негізгі ережелер мен тәсілдердің одан әрі жетілдірілген және өңделген жұмыстарының қорытындысы болып табылады.
«Ереже» ғылыми, ғылыми-көпшілік және оқулық типтес басылымдарды нақтылап анықтауға арналған. Оларда 1969 ж. құжатпен салыстырғанда корпус және монобасылым сияқты (соңғысын енгізу қажеттігін 1969 ж. «Ережелерді» талқылау кезінде белорус мұрағатшылары бірнеше рет атап көрсеткен болатын) деректік басылымдар формалары енгізілген.
1990 ж. «Ережелердің» маңызды өзгешелігі оларға кинофотоқорқұжаттарын басылымға даярлау туралы негізгі теориялық және әдістемелік ережелердің енгізілуі болды. Сондай-ақ құжаттарды анықтау туралы бөлім айтарлықтай кеңейтілді: мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды, жеке адам құжаттарын, статистикалық материалдарды, әскери құжаттамаларды, картографиялық, техникалық құжаттарды, т.б. анықтау туралы жаңа параграфтар қосылды.
Сөйтіп, 1990 жылғы «КСРО-дағы тарихи құжаттарды басып шығару ережелері» әртүрлі кезеңдерге қатысты тарихи құжаттарды (кинофотоқорқұжаттарын қоса) жариялаудың әдістемелік ережелері мен тәсілдері неғұрлым толық баяндалған еңбек болды. Олар археографтарды басылым үшін таңдап алынған тарихи құжаттардың шығу тегі мен мазмұнын ғылыми-сыни тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеу қажеттігіне бағыттады, дегенмен, бұрынғыша басылым үшін құжаттарды таңдап алудың басты принциптерінің бірі «коммунистік партиялылық» принципі болып қала берген.
Баспаның дипломатиялық тәсілдерін анықтаңыз.
Құжаттар типографиялық, типографиялық емес және аралас тәсілдермен шығарылады. Типографиялық тәсілге жататындар: әріп теру арқылы (шрифті) және факсимилды (фотомеханикалық көшірме арқылы).
Құжаттардың типографиялық емес басылымының екі түрі болады: киноматографиялық (фильмдер, киножурналдар, кино-телесюжеттер, бейнефильмдер, диафильмдер) және дыбыстық (грампластинкалар, магниттік фильмдер, фонохрестоматиялар). Типографиялық емес басылымдар тарихи құжаттың түпнұсқасындағы ақпарат қайда болса, сондай тасығышта құрылады.
Аралас тәсіл бір құжаттық басылымда типографиялық және типографиялық емес басылым тәсілдерін (дыбыстық кітап, дыбыстық журнал) үйлестіруді болжайды.
Түпнұсқаны дәлме-дәл жаңғырту дәрежесі бойынша аса жоғары дәрежедегі факсимилдік, яғни дипломатиялық («шын мәнінде факсимилдік») басылым және жоғары және орта дәрежедегі факсимилдік (басылымның «факсимилдік типі») басылым ерекшеленеді.
Аса жоғары дәрежедегі факсимилдік басылым оның дәл мөлшерін, қағаздың және мұқабаның сыртқы түрі мен өзгешілігін, мәтіннің көзге көрінетін барлық ерекшелігін, безендірілуін, уақыт ізін, пайдаланылуын және тағы сол сияқтыларды қоса ең жоғарғы деңгейдегі ұқсас түпнұсқа көшірмесін жаңғыртады. Ертедегі жазба мұраларды факсимилдік басып шығару, сол қолжазбаның шрифтік (әріп теру) қайта жаңғыртылған тұтас мәтінін сөздерге бөліп, сондай-ақ ғылыми-анықтамалық аппаратпен қосып беріледі.
Жоғары және орта дәрежедегі факсимилдік басылым түпқұжаттың мәтінін үлкен дәлдікпен көшіреді, бірақ одан ресімдеудің сыртқы элементтерімен ерекшеленеді: қағаздың және сол сияқтылардың сыртқы түрін және көлемін көшірмейді. Егер жарияланатын мәтіннің көлемі кішірек болса, құрылымы бойынша осындай басылымдар мәтіннің түпнұсқасының факсимилесінен және ғылыми-анықтамалық аппараттан тұрады. Үлкен мәтін немесе деректердің жиынтығы жарияланған кезде, ғылыми-анықтамалық аппарат басылымның соңғы жеке томында орналастырылады.
60. Басылымның салалық және практикалық функцияларын салыстыру.
Бұл сұрақ №9. Сұраққа сәйкес сол жерден жауабын аласыңдар
Редакциялықбаспалық процесс: мәні және сатыларын айқындау және сипаттау
Баспа кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын
Редакциялықбаспалық процесс редакциялық-баспа және өндірістік әрекеттерді қамтиды. Әдебиетті (ғылыми және әдістемелік, сондай-ақ ақпараттық және нормативтік материалдарды) редакциялауды және басып шығаруды ұйымдастырады, баспаның ғылыми және әдеби мазмұнын, көркемдік әрі техникалық ресімделуін бақылауды жүзеге асырады. Шығарылатын әдебиеттің нарықтағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету, басылымның рентабельдігі мен табыстылығын арттыру мақсатында оның сұранысына талдау жасайды. Тұтынушылардың сұранысын және нарық конъюктурасын ескере отырып, ұйым жұмысының тақырыптық бағытына сәйкес әдебиеттерді басып шығарудың перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын жасайды. Редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарларын, өндірістік-қаржылық жоспарларды, басып шығарудың редакциялық және өндірістік процестерінің кестесін әзірлеуді басқарады. Қолжазбалардың уақытылы ұсыну, баспа таңбаларын теруге және өңдеуге дайындау мерзімдерін, полиграфиялық ұйымдардың басылым тиражын теру, басу және шығару бойынша кестенің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Авторлармен баспалық шарттардың және әдебиетті шығару бойынша жұмыстарды орындауға тартылатын сыртқы редакторлармен, рецензенттермен, суретшілермен және де басқа адамдармен шарттардың (келісімшарттардың) уақытылы жасалуын, басқа ұйымдармен әр түрлі полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындауға шарттар жасауды және тапсырыстарды рәсімдеуді ұйымдастырады. Олар орындаған жұмыс үшін есеп айырысу құжаттарын дайындаудың, авторлық қаламақылар мен штаттан тыс қызметкерлерге төленетін ақы мөлшерін белгілеудің дұрыстығын бақылайды. Нарық өнімінің даму жағдайы мен келешегін ескере отырып, басылым номиналы мен тиражын бекітеді. Баспа қызметін лицензиялау үшін құжаттарды дайындайды.