Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Биржада~ы делдалды~ ~ызмет

Работа добавлена на сайт samzan.net:


                                 7-тақырып.Биржадағы делдалдық қызмет.

Биржалық сауданың негізгі ерекшелігі  бұл биржада сауданы сатушы мен сатып алушы жүргізбейді және олар бір-бірімен тікелей кездеспейді.Яғни саудада олардың өкілдіктері биржалық делдалдар жүргізеді.

Делдалдар брокерлермен  дилерлерге бөлінеді.

Брокерлік қызмет.

Брокер – бұл биржаның кәсіби делдалы.Ол биржалық саудада клиенттің өкілі ретінде клиенттің атынан оның есебінен мәліле жасаушы тұлға.

Биржадағы делдалдық қызметі үшін клиент брокерге комиссиялық сыйақы төлейді.

Биржада жұмыс істеу үшін брокер мынадай жағдайларды білуі қажет:

1.Сауда объектісін биржалық активті жан - жақты талдау.

2.Биржаның тәртібін білу.

3.Биржалық сауда жүргізе білу.

4.Биржада өкілі болатын клиенттермен тіл табысу.

5.Өзінің ұсынысы бойынша жасалған мәміленің табысын айыра білу.

Брокерлік фирма – клиенттің тапсырысы бойынша және оның атынан мәмілеге келеді,бірақ ереже бойынша екі жақтық есеп – айырысуында қатыспайды.Оның есеп шотына тек делдалдық ақы ғана түседі.Егер брокерлік фирма бағалы қағазды өзі сатып алып келешекте сататын болса бұл жағдайда дилерлік операция жүргізіледі.Оның табысы сатып алу мен сату бағаларының айырмасына тең болады.

Биржада қызмет көрсететін брокерлік фирмалар мен боркерлер биржалық сауда ережелеріне сай өзара мәміле жасайды.Бұл кезде биржа сатылуға ұсынылатын барлық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты жинақтайды және белгіленген тәртіп бойынша биржа қызметшілерінің жұмысын пайдаланады сонымен қатар арбитраждық комиссияның жұмысына қатысады.

Дилерлік қызмет.

Дилер – ол биржалық саудаға мәмілені өз атынан және өз есебінен жасайтын кәсіби қатысушы.

Дилер – бұл заңды тұлға.Бұл нарықта қызмет ету үшін дилер лицензия алуы тиіс.

Дилерлердің міндеті мынадай:

1.Сату және сатып алу бағасын,сатылатын және сатып алынатын бағалы қағаздардың ең аз және ең көп мөлшерін сонымен қатар мәлімденген бағаның мерзімін хабарлау.

2.Дилер өз ұсынысы болмаған жағдайда клиенттің ұсынысы бойынша мәміле жасау.

3.Эмитенттің бағалы қағаздармен операциялар жүргізгенде өзінде бар ақпаратты мәлімдеу немесе жоқ екендігін алдын ала хабарлау.

4.Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау комитентіне өз қызметі туралы есеп беру.

5.Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялардың ішкі есебін ұйымдастыру.

Дилердің құқықтары:

1.Бағалы қағаздарды сатып алу,сату шарттарын жасау.

2.Эмиссиялық бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда қызметін бақылау.

3.Бағалы қағаздарды сатып алу бойынша клиентке кеңес беру.

4.Бағала қағаздарды сатып алу үшін өз клиентіне қарыз шарттары бойынша және берілетін ақша кепілдігіне қаражат беру.

5.Клиент өз қаржы жағдайын хабарлайтын мәлімет алу.

  8-Тақырып. Биржалық сауданы ұйымдастыру тәртібі және саудаға           қатысушылары.

Биржалық операцияларды ұтымды жүргізу үшін әрбір биржаға қатысушы биржалық сауданың ережесін білуі тиіс.

Биржаның жұмысы тек ереже мен ғана реттеліп қоймай сонымен қатар мемлекеттің ұсыныстарын ескереді.

Биржалық сауда ережесінің негізгі бөлімдері мынадай:

1.Биржалық сауданы жүргізудің тәртібі –бұл бөлімде сауданы жүргізетін орын сауда сессиясының уақыты және жұмыс сағаты белгіленеді.

Биржа сессиясы дегеніміз-биржа әкімшілігінің ресми белгіленген уақыттағы жүргізілетін сауданы айтамыз.

2.Биржалық мәміле түрлері:

Биржада жасалатын мәміле түрлерінің барлығы осы бөлімде анықталады.Биржа әрбір мәміле бойынша шарттың стандарттарын мәміле көлемін және активтің стандарттары мәліметтерін белгілейді.

Сауда сессия аяқталған соң мәміле құжатпен рәсімделіп биржа тізіміне тіркеледі.

Қол қойылған және тіркеуден өткен шоттар брокерлік сыйақы төлеу үшін клиентке қайтарылады.

3.Биржалық ақпарат - саудаға қатысушылар үшін жасалған мәміле бойынша дәл толық және уақытында берілген ақпарат нарықтық жағдайын талдап дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.  Биржалық ақпарат мынадай 2 түрге бөлінеді:

1.Ағымдағы ақпарат – биржадағы жасалған соңғы мәліметтер бойынша берілетін ақпарат.

2.Жинақталған ақпарат-биржалық 1 күннің қорытындысы бойынша берілетін ақпарат.Саудаға қатысушылар жинақталған ақпаратты техникалық талдау жасау үшін қолданылады.

4.Биржа мүшелерінің және биржалық саудаға басқада қатысушылардың өзара есеп айырысу тәртібі.Ол саудаға қатысушылардың өзара құқығымен  міндеттемелерін айқындап олардың мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді.

Биржалық сауда ережесінің талаптарының орындалуын бақылауды биржалық комитент жүргізеді.Ол биржалық саудаға қатысушылардың ережені бұзған жағдайларын талқылап,егерде ондай жағдайлар орын алған кезде әртүрлі жазалар қолданылады.Ең ауыр жаза – бұл биржа мүшелігінен шығару.

Биржалық саудаға биржа мүшелері және заңдар биржа ережесіне сәйкес саудаға қатысуға құқығы бар қатысушылар бола алады.

Биржалық саудаға қатысушылардың құрамы биржа түріне және қабылданған заң актілеріне байланысты анықталады.

Биржалық залдағы қатысушылар мынадай топтарға бөлінеді:

1.Мәміле жасаушылар.

2.Мәміле жасауды ұйымдастырушылар.

3.Биржалық сауда барысын бақылаушылар.

4.Сауда жүргізуді қадағалаушылар.

Ашық биржада сауда залында мәміле жасауға мыналардың құқығы бар:

1.Биржа мүшелері және олардың өкілдері.

2.Биржалық саудаға қатысуға құқық алған тұрақты немесе бір реттік қатысушылары.

3.Биржа брокерлері.

Жабық биржада қатысуға мыналар құқылы:

1. Биржа мүшелері және олардың өкілдері.

2. Биржа брокерлері.

Қор биржасының тауар биржасынан қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.

Қор биржасының мүшесі болып бағалы қағаздар нарығының тек кәсіби қатысушылары саналады.

Қор биржасына мүше болып кіру тәртібі және оның саны ережеде анықталады.

Қор биржасында сауда жүргізушілердің мынадай категориялары бар:

1.Комиссиялық брокерлер – олар тек клиенттің тапсырмасын орындайды және өз есебінен операция жүргізуге тыйым салады.

2.Мамандар (дилер) – өз есебінен және өз атынан қызмет етеді.

3.Сауда залының брокері – комиссиялық брокерлер үлгермеген жағдайда солардың тапсырмаларын орындайды.

4.Трейдерлер – бұларда дилер болып табылады,бірақ айырмашылығы бір акцияға кесінді жауап бермейді.

      

9 Тақырып. Биржалық сауданы жүргізу механизмі.

Биржа – ол делдалдар әлемі сондықтан сатып алу,сату ісін жүзеге асыру барысы 2 кезеңде өтеді:

1.Брокердің шарттасу негізінде клиенттердің тапсырмасын орындау жөнінде бұйрық алу және оны орындау.

2.Брокердің  мәлімдемені биржалық саудаға енгізуі.

Биржалық нарықта сауда жүргізу үшін сатып алу тапсырмасымен сату тапсырмасын саудаға енгізу үшін биржа механизмі болуы шарт.

Ресми тіркелген қор биржасының құндылықтары,яғни бағалы қағаздар арнаулы биржалық процедурадан өткізілгеннен кейін айналысқа түсірілуі керек. Бұл процедура листинг болып табылады.

Листинг – сөзінін аудармасы тізімге енгізу деген мағына білдіреді.

Листинг процедурасы мынадай кезеңдерден құрылады:

1.Алдын - ала кезеңі.

2.Сараптама.(экспертиза)

3.Листинг туралы келісім.

4.Листингті қолдау кезеңі.

5.Делистинг

1.Алдын - ала кезеңде –биржа эмитентке және оның бағалы қағаздарына қойылатын талаптарды дайындайды.

2.Сараптама кезеңі - эмитенттің немесе саудаға қатысушының берген құжаттарын сараптау үшін биржа өз күшімен баға белгілеу комитетін қалыптастырады.

3.Листинг туралы келісімде – екі жақтың яғни арызданушымен биржаның міндеттері айқындалады.

4.Листингті қолдау кезеңі – тараптардың өздеріне арналған міндеттемелерін орындауы және арызданушының белгіленген жарнаны төлеуі жатады.

5.Делистинг – ол бағалы қағаздарды биржалық тізімнен шығаруды білдіреді.

Шығару мынадай себептерге байланысты болуы мүмкін:

1.Саудаға қатысушының бағалы қағаз тізімінен шығару туралы арызы.

2.Реттеуші органның бағалы қағаз шығарылымының пайдасыз екенін анықтау кезінде.

3.Бағалы қағаз шығарылымы дұрыс емес туралы сот шешімі негізінде.

4.Бағалы қағаз эмитентінің жойылуы немесе жабылуы.

5.Арызданушы листинг туралы келісімді орындамағанда.

Биржалық мәмілелер жүргізілу тәсіліне қарай былай бөлінеді:

1.Бекітілген мәміле – қағазға жазылған және электронды мәмілелер жатады.

2.Бекітілмеген мәмілелер – ауызша келісілген мәмілелер жатады.

Мәміленің қозғалысындағы бекіту кезеңі сатушы мен сатып алушының арасындағы тікелей және делдал арқылы бекітумен жүзеге асырылады.

Тікелей бекіту – өзара сатушы мен сатып алушы арасындағы мәміле.

Делдалдық бекіту – екі жақтың арасында брокер қызметін жүзеге асырады.

Биржадағы мәміле ұйымдастыру циклы мынадай:

1.Биржалық сауда жүйесіне мәлімдемені енгізу.

2.Мәміле жасау.

3.Мәліметтерді салыстыру.

4.Өзара есептесу.

5.Мәмілені орындау.

Сатушы

Тауар                               Ақша               

Сатып алушы

Сатушы

                          Сатуға ұсыныс

                                         Тауар                                                   

Брокер                       

                           Сатып алуға тапсырыс

Сатып алушы

  Тікелей мәміле                                               Делдалдық мәміле

                  Биржалық мәміле түрлері:

Нақты тауарлармен жасалатын мәмілелер

                   

Дереу жеткізу             Жеткізу мерзімі                  Мәміленің басқада түрлері  

              мәмілесі             ұзартылған мәмілелер

Кепілдікпен                                                           Сыйақымен

                                                                        Жай                                  Еселенетін                        

  Сатып алуға        Сатуға                                         Қосарланған      Күрделі

                                              Қор биржасындағы операциялар:

         Кассалық                                                  Мерзімдік

Фьчерстік               Шартты        Пролонгациялық

                                                                                                        

  Алдын ала келісілген сыйақымен                                              Стеллаж

                 Қайтарылатын сыйақымен                           Опционды   ақымен

Кассалық мәміленің  дереу орындалуы Т+0 деп белгіленсе,мәміле бекіткеннен кейін 3-ші күнде орындалса Т+3 болып орындалады.Т  -мәмілені орындау уақыты.

Дереу жеткізу мәмілесі – биржа қоймасындағы немесе жолдағы тауарға жасалады,сондықтан оны қолма – қол жасалатын мәміле деп те атайды.Мұндай мәмілелер сатып алу-сату шартымен рәсімделеді.Олардың мақсаты – физикалық тауардың сатушыдан сатып алушыға өтуі.

Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміленің – дереу жеткізу мәмілесінен айырмашылығы:

Біріншіден,бұл қоймада бар тауарға да жасалатын,сондай-ақ жеткізу мерзіміне қарай болашақта өндірілетін тауарға да жасалатын мәміле.

Екіншіден,оны орындау мерзімі бекіту мерзіміне сай келмейді,әдетте бұндай мәмілелер бір жылдан аспайтын мерзімге бекітіледі.

Үшіншіден,жеткізу шартымен рәсімделеді,яғни сатушы тауарды сатып алушыға бекітілген мерзімде жеткізіп беру үшін өзіне міндеттеме алады,ал сатып алушы шарт бойынша тауарға төлем төлеуге және тауарды қабылдап алуға міндеттенеді.

Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміле немесе форвардтық мәміле қауіпті ,яғни тәуекелі жоғары деп саналады,себебі бір жақтың мәмілені орындауды кешіктіруінен немесе орындамауынан сатушы да сатып алушыда зиян шегуі,яғни шығынға ұшырауы мүмкін.




1. Считается что из всех живых организмов населяющих нашу планету только человек способен создать и усвоить.html
2. тематике по которым нужно сделать конспект урока
3. Реферат- Астероиды Астероиды Введение О том что в Солнечной системе между орбитами Марса и Юпитера
4. 1 Понятие содержание характеристика и разновидности системного подхода
5. Существуют несколько точек зрения на то что является предметом исследования социальной психологии..
6. Місто Ватикан визначений таким чином- для забезпечення абсолютної і явної незалежності Святому престолу щ
7. Знакомство дошкольников с родословной
8. а; крупные военные объекты и т
9. Учет лизинговых операций
10. В Совете Европы отдается предпочтение осуществлению борьбы с преступностью посредством международных дого
11. Сущность и классификация имиджа Имидж ~ внешний образ создаваемый субъектом с целью вызвать опр
12. Учет на забалансовых счетах
13. Роль кредитных учреждений на европейском финансовом рынке и тенденции их развития
14. природа философ равно как и любой другой исследователь уподобляется мореплавателю проплывающему между С
15. Сибирский государственный медицинский университет Федерального агентства по здравоохранению и социальном
16. педагогической практики магистранта ки 2го года обучения группы Ф
17. К вопросу о распространении и миграциях малой выпи
18. Философия В таблицах представлены основные эпохи главные ценности философии годы жизни выдающихся филосо
19. тематизація в господарському праві
20. Мужской и женский менеджмент