Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Неопозитивизм ~ позитивизмні~ XX ~асырда~ы т~рі

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................1

1 ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдағы неміс философиясы.............................3

1.1. Неопозитивизм – позитивизмнің XX ғасырдағы түрі........ ..............................5

1.2. Франкфурт мектебінің философиялық мәселелері       ....................................7

2 Классикалық позитивизмнің негізгі мәселелері...................................................12

2.1. Лингвистикалық философияның методологиясы.......................... .................13

2.2. Неміс философтарының көзқарастарындағы методологиялық мәселелері...................... ............................................................................................15

Қорытынды.................................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................21

Кіріспе

Неміс  философиясында мынадай ағымдарды және олардьщ тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды. Қазіргі заманғы батыстық буржуазия философиялары идеалистік түрғыдан осы күнгі өмірдің жаңалықтарына бейімделуге тырысады.Қазіргі ғылыми білімге бейімделуді түрліше философиялық ағымдар түрлі әдістермен жүзеге асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды жақтайтын сияқты, бірақ оның дүниегекөзқарастық маңызын жоққа шығарады. Неопозитивистер әдетте дүниеге көзқарастық мәселелсрді жалған проблемалар деп жариялап, ғылымды көзқарастық проблемалардан „тазартуға" тырысады, философияның міндеті негізінен ғылым тіліне түрліше логикалық талдаулар жасау болуы тиіс дейдіЕгер XVIII—XIX ғасырлардағы буржуазиялық философиялар феодализмнен капитализмге өтуді теориялық жағынан негіздеуді көздей отырып, ғылыми білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалды. Осыған сейкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды бейнелендіруші буржуазиялық философиялар да буржуазиялық тұрмыс жағдайларының өзгермейтінін, мәңгілігін дәлелдеуге тырысады. Өткендегі прогресшіл дестүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді диалектикадан бас тартуға алып келді. Бүл, атап айтқанда, буржуазиялық философтардың Гегельдің диалектикасына теріс қарауға, оның ілімін релятивистік және иррационалистік түрғыдан түсіндіруге тырысуларынан көрінеді. Ал диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи прогресс идеяларынан бас тартуға алып келді: бірінші позитивистер "прогресс" ұғымын "эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылар прогресс ғылымға жатпайтын категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен соң бірі келіп отыратын цивилизация деген үғыммен ауыстырды. Неопозитивизм прогресті "метафизикалық функция" деп атады. Енді осы бағыттардың ең негізгілерінің мазмүнын қысқаша ғана қарастырайық.

Неміс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Неміс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.

ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдағы неміс философиясы 

ХХ-ғасыр Неміс философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақ- пен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Осындай бағыттардың бірі – психоанализ – ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан » (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан » (бессознательное) және «саналының алдындагыдан » (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстаниия деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол » (Оно) бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен»– саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; «Меннен Жогары » ( Sиреr-еgo) – ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.

Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.

Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.

Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. О негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

2) махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.

3) неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

2) Онтологиялық плюрализм мен гносеологиялык плюрализм бірлігі. Мәдени өмірдің салаларының арасындағы шекаралар жойы керек, таным теориясындағы бірін-бірі толықтырушылық, көптәсі көзқарастардың әр түрлілігі дінде де орын алуы тиіс.

3) Адамдардың араласуындағы монологиялық текст- мәтіндердің орнын сұхбаттасу, үйренушілер мен үйретушілердің бір- біріне өзара әсері, оқыту процесін белсенді ететін әр түрлі тәсілдердің көптігі басуы тиіс.

Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамның бол құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер (1889-1976) ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы – болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана – онтологияның кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі – адам ғана.

Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол – азап шегуші сана. сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің «Адам дегеніміз – маза» деуі де сондықтан. Азап шегуші- уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Гуссерльдің «мәнді көре білу» әдісін таңдады, оның «көңіл-ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады. Оның өзінің «маза», үрей». «қорқыныш» терминдерінде адам болмысына тән негізгі сипаттарды көрсетті.

Неопозитивизм – позитивизмнің XX ғасырдағы түрі

Неопозитивизм – позитивизмнің XX ғасырдағы түрі. XX ғасырдың 20 жылдарында қалыптасқан. Алғашында ол «логикалық атомизм», кейіннен логикалық позитивизм, аналитикалық философия деп аталады.

Аты әртүрлі болғанымен, олардың мәні бір – бұнда зерттелетін, талқыланатын мәселенің логикалық – лингвистикалық жағы қарастырылады.

Бұл ағымның көрнекті өкілдері – Р.Карнап, К.Гедель, Ф.Франк, О.Нейрат, тағы басқалар ғылыми философиялық білімді жаңартудың бағдарламасын ұсынды. Оларды ғылымның құрылымы, ғылыми тұжырымдардың эмпириялық және теориялық деңгейлері, бұл тұжырымдардың ғылыми мәнін анықтайтын өлшемдер, ғылыми білімнің құрылымы сияқты сұрақтар қызықтырды.

Ғылыми білімді ғылыми емес білімнен бөлетін негізгі өлшем – тұжырымдарды тәжірибеде сынау, осы мақсатты орындау үшін неопозитивистер верификация принципін ұсынды.

Верификация дегеніміз – ғылыми ақиқат пен деректерді эмпириялық тексеру арқылы айқындауға болады деп есептейтін әдістемелік концепция.

Верификацияның көмегімен тілдің сыни талдауын жасай отырып, логикалық позитивистер тілді тазалау жұмысын жүргізіп, жетілген тілді жасауға тырысты. Осындай тілді құрастыру идеясын австриялық философ Л. Витгенштейн «Логикалық - философиялық» еңбегінде дамытты. Бұл еңбегінде ғалым жетілген таза тілді дамыту концепциясын баяндаған, оның үлгісі математикалық логикалық тіл деп есептелінген.

Философия – тек тілдің талдауы немесе ғылымның тілі түрінде өмір сүреді делінген. Сөйтіп, логика мен тіл алдыңғы қатарға шықты. Мұның бірнеше себептері бар.

Біріншіден, XX ғасырдың басында математиктерге көздескен қиындықтар. Математика туралық пен дәлдіктің образы болып келген. Күтпеген жерден математиктердің өзі қайшылықтар мен парадокстарға жолықты. Бұл қиыншылықтың түпкі себептері математиканың негіздерінде жатыр. Логика мен жасанды тілдер математиканың негізін құрайды, яғни оны талдап құру керек. Б.Рассел мен Г.Фреге осымен айналысты.

Екіншіден, аналитикалық талдау Англия университеттерінде қанат жайып кеткен идеализмге қарсылық ретінде қалыптасты.

Философияның негізінде абстрактілі ойлар мен әсерлер емес, нақты іс - әрекетті бейнелейтін тілдер жатуы керек. Философия адам үшін сыртқы фактілерді бейнелейтін тұжырымдармен байланыстырылады.

Аналитикалық философияның дамуы ғылымнан философиялық сипаттағы сұқартарды алып тастап, оны ғылыми танымның методологиясына айналдырудың жеткіліксіз екендігін көрсетті. Соңғы жылдары онтологиялық, гносеологиялық, жалпы социологиялық мәселелерге қызығушылық күшейе түсті.

Талдау философиясының өз ішіндегі дағдарыс постпозитивистік бағыттың қалыптасуына әкелді.

И.Лакатос, К.Поппер, Т.Кун шығармашылығында ғылым философиясының маңызды мәселелері қойылды.

И.Лакатос ғылыми – зерттеулер бағдарламасының методологиясын ұсынды. Ғылымның дамуы – бір – бірімен байланысқан теориялардың ауысу процесі. Ол зерттеудің нормативті қағидаларын түсіндіреді, оған болашақты болжау мен эвристика кіреді. Бұл бағдарламаның құрылымдық элементтері – мықты өзек және қорғаушы тетік. Мықты өзек дегеніміз – ғылымның салыстырмалы жоққа шығаруға болмайтын іргелі негіздері, қорғаушы тетік дегеніміз - өзекті қорғайтын қосалқы болжамдар жүйесі.

Т.Кун белгілі ғылыми қауымдастықтың ғылыми іс - әрекетінің моделін жасады. Оған жалпы методологиялық қалыптар мен дүниетанымдық ұстанымдар, теориялық стандарттар кіреді. Бұл модельді Т.Кун парадигма деп атады.

Парадигма дегеніміз – ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар және техникалық дәстүрлердің жиынтығы.

К.Поппер білімнің эмпириялық және теориялық деңгейлері бір – бірі мен тығыз байланысты болады деп есептеді. Ол «фальсификация» ұғымын енгізді. Фальсификация дегеніміз - кез келген тұжырымды теріске шығару. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып, оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі деп есептеді.

3. Техниканың ролі мен маңызын түсіндіретін әр түрлі ағымдар бар. Технократизм техниканы қоғам тағдырын анықтаушы күш деп түсіндіретін әлеуметтік – психологиялық нұсқау және саяси – қоғамдық ой бағыты.

Дартмунд университетінің профессоры Ф.Рапп техника философиясының мынадай бағыттарын атап көрсеті: біріншітехниканың тарихы, оның мәдениетке қатынасын зерттеу, екіншіқазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатын социологиялық тұрғыдан зерттеу, үшіншіеңбекті талдауға, саяси әлеуметтік белсенділікті түсіндіруге экзистенциалдық мәселелер тұрғысынан келу; төртіншіэпистемология тұрғысынан органикалық және техникалық әлемнің дихотомиясын зерттеу; бесіншіболашақ постиндустриялық қоғамда басқару мәселелері және техника мен жалпы адамзаттың құндылықтардың қатынасын анықтау.

XX ғасырда техника философиясы дербес бағытқа айналды. Испан философы Ортега –  Гассет техниканы талдай отырып адамның екі жақтылығына көңіл аударды – ол табиғаттан өзгеше, бірақ техниканың көмегімен онымен бірігеді.

Ортега – и – Гассет пен К.Ясперс техникаға мағынаны адам береді деп есептейді. Техниканың көмегімен адам өз өмірін жеңілдетуі де немесе өзіне өзі көр қазуы да мүмкін.

Гуссерль адам техникаға негативті мағына береді. Адам өзінің таптырмайтын керемет мағыналы өмірлік әлемін ғылыми ұғымдарға айналдырады, соған сүйеніп техниканы жасайды. Ақыр аяғында, адамның өмірлік әлемі ұмытылады. Бірте – бірте адам, оның ғылымы мен техникасы дағдарысқа ұшырайды. Мұндай жағдайға ұшырамас үшін техниканың өзін мағыналы ету қажет. Хайдеггер техниканың табиғатын жан – жақты терең талдап, оны жетілдіру қажет деп есептейді. Өйткені техника да өнер сияқты, адамды рухани дамытуға, байытуға бағытталуы тиіс.

4. Франктфурт мектебі - XX ғасырдың 30 жылдары Германияда қалыптасқан философия мен социологиядағы бағыттардың бірі. Оның орталығы – Майндағы Франкфрут қаласындағы әлеуметтік зерттеулер институты.

Бұл бағыттың өкілдері қоғамдық өмірді талдауда орын алған позитивистік және тарихи – философиялық көзқарастардың біржақтылығын жеңіп, ерекше әлеуметтік – философиялық теория жасауға тырысты. Әр түрлі сарындағы сыншыл қоғамдық қатынастар теориясында марксизмдегі, негізгі ұстанымдарды Гегель мен Фрейд, М.Вебер ілімдері тұрғысынан қайта қарауға ұмтылады.

Жоғары дамыған индустриалды қоғамды сынай отырып, бұл мектептің өкілдері мемлекеттік монополистік капитализмнің тұлға еркіндігін, мәдениет құндылықтарын тұншықтырып, адамдарды рухани жұтаңдыққа, бейшаралыққа ұшыратататынын атап көрсетеді. Бұдан шығудың жолы – маргиналдарға, яғни қоғамдағы аралық топтарға сүйене отырып, қарсылық білдіру, күресу деген пікірге келеді. Маргиналдар дегеніміз – студенттік қауым, интеллигенцияның жұмысшы табына жақын бөлігі. Мұндай идеялар солшыл радикалдар қозғалысын теориялық негіздейді. Хоркхаймер және Адорно олардың мүмкіндігіне сенімсіздік білдірді.

Адамдар ешнәрсеге табынбауы керек.

Посмодернистер ақиқатты өтірік құндылық деп есептейді. Ақиқат анықталмайды, ашылмайды, ол жасалады. Ол - сөздерден құралатын сөйлемдердің қасиеті. Сондықтан дүниенің мәнін ашып көрсететін әдістерді іздеп әуре болудың қажеті жоқ.

Ж.Деррида, Ж.Делез, Р.Рорти болмыс, оның бір тұтастығы, бірлігі, объект, субъект, ақиқат сияқты мәселелерді жоққа шығарды. Олардың пікірінше, философияның негізгі міндеті жазу мәдениетінің әртүрлі облыстарының мәнін түсіндіру, яғни философия әдеби шығармалардың бір түріне айналады.

Қазіргі заманғы Неміс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мүның негізгі себебі XX гасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бүрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және ңдеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен теуелді елдер арасындағы қайшылықтардың терендей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор есерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардьщ тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Бүлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды. Қазіргі заманғы батыстық буржуазия философиялары идеалистік түрғыдан осы күнгі өмірдің жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Мәселен, діни философиялар өздерінің қоғамдағы орнын әлсіретпеу мақсатымен ғылымның ең соңғы жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Қазіргі ғылыми білімге бейімделуді түрліше философиялық ағымдар түрлі әдістермен жүзеге асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды жақтайтын сияқты, бірақ оның дүниегекөзқарастық маңызын жоққа шығарады. Неопозитивистер әдетте дүниеге көзқарастық мәселелсрді жалған проблемалар деп жариялап, ғылымды көзқарастық проблемалардан „тазартуға" тырысады, философияның міндеті негізінен ғылым тіліне түрліше логикалық талдаулар жасау болуы тиіс дейді. Дүнисгс-көзқарастық меселелерді жоққа шығару — қазіргі батыстық философияларға тен бірінші ерекшелік. Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік — өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту. Егер XVIII—XIX ғасырлардағы буржуазиялық философиялар феодализмнен капитализмге өтуді теориялық жағынан негіздеуді көздей отырып, ғылыми білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалды. Осыған сейкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды бейнелендіруші буржуазиялық философиялар да буржуазиялық тұрмыс жағдайларының өзгермейтінін, мәңгілігін дәлелдеуге тырысады. Өткендегі прогресшіл дестүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді диалектикадан бас тартуға алып келді. Бүл, атап айтқанда, буржуазиялық философтардың Гегельдің диалектикасына теріс қарауға, оның ілімін релятивистік және иррационалистік түрғыдан түсіндіруге тырысуларынан көрінеді. Ал диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи прогресс идеяларынан бас тартуға алып келді: бірінші позитивистер "прогресс" ұғымын "эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылар прогресс ғылымға жатпайтын категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен соң бірі келіп отыратын цивилизация деген үғыммен ауыстырды. Неопозитивизм прогресті "метафизикалық функция" деп атады. Енді осы бағыттардың ең негізгілерінің мазмүнын қысқаша ғана қарастырайық.

Экзистенциализм — XX ғасырдың орта шенінде Батыста ең кең тараған субъективтік-идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм капитализмнің жалпы дағдарысының идеологиялық бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Оның ірі өкілдері М.Хайдеггер (1889-1976), К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973), ЖЛ.Сартр (1905-1980), А.Камю (1913-1960) жоне басқалар. Экзистенциализм, немесе „өмір сүру философиясы", буржуазиялық философияның иррационалистік (адамның ақыл-ойының күшін жоққа шығаратын) бағыттарының бірінен саналады. „Экзистенция" үғымы (латынша ехкіаіепііа — өмір сүру дегенді білдірсді) экзистенциализмде ерекше рәл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін қүрады. Бірақ экзистенциализмнің бастапы негізі материяның, затгар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни езінің психикалық сезім қүбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъекттің өмір сүруі. Міне осыдан философияның міндеті келіп шығады — болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің жөне танымның мөнін ашу емес, адамның өмір сүруінің мәнін, экзистенцияның шын мөнін ашу. Адам өз болмысының менін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады. Субъективтіктің алғашқылығы бүл жерде гносеологиялық түрғыдан ғана емес, сондай-ақ онтологиялық түрғыдан да көрініп түр. Экзистенциалистер адамның табиғатын ғылыми түрғыдан танып білуді жоққа шығарады, өйткені адам табиғатының ішкі сырын, оның өмір сүруінің мәнін ашу олардың философиясының мақсатына қайшы келеді. Заттарды ғылыми түрғыдан танып білу, деп жазады К.Ясперс, болмысты танып білу емес, ол өмірдің мақсатын ашып көрсете алмайды; ғылым оның шын мәні жайындағы сұраққа жауап бере алмайды. Адамның „шын" және „жалған" өмір сүруін бір-бірінен ажырата отырып, „жалған" өмірге адамның күнделікті тіршілігін, ал „шын" өмірге оның шындықтағы әлеуметтік қатынастардан тәуелсіз, адамның ішкі табиғатынан туатын ерікті іс-әрекеттерін жатқыза отырып, олар адам өзінің табиғаты бойынша бостандықтан ерікті түрде бас тартады, сөйтіп күнделікті тіршілігімен айналысуға бейім түрады деп дәлелдейді. Адам үшін еріксіздік жағдайында өмір сүру әлдеқайда қолайлы да жеңіл, бостандыққа талпынудан гөрі тағайындалған төртіпке бой үсыну пайдалы деп үйретеді экзистснциалистер. Еркіңдікті экзистенциалистср адамның іс-әрекетінің объективтік жағдайлардан мүлдем тәуелсіздігі мағынасында түсінеді. Адамның еріктілігін объективтік жағдайлардан, объективтік зандылықтарды танып біліп, іс-әрекетте қолданудан байланыссыз қарастыра отырып, олар оны бос абстракцияға, ешнәрседен теуелсіз бассыздыққа, шегіне жеткен дарашылдыққа айналдырады. Адамның еркіндігі мен жауапкершілігін бұлайша түсіну еңбекшілерге өздерінің таптық күресінде дүрыс бағыт беру былай тұрсын, қайта олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, тарихи процестегі орны мен рөлін дұрыс анықтауына кедергі болады. Демек, экзистенциализмнің үйретуінше, адамның міндеті дүниені өзгертуде емес, керісінше, өзінің дүниеге деген қатынасын, көзқарасын өзгертуде. Әңгіменің төркіні мынада: өмір сүру деп экзистенциалистер ең алдымен адамның рухани болмысын, санасын түсінеді. "Өмір сүру дегеніміз сана, — дейді К.Ясперс, — мен де сана түрінде өмір сүремін... Өмір сүруді талдау — демек, сананы талдау". Қазіргі заманғы экзистенциализмді дүниегекөзқарас системасы ретінде (оның жеке өкілдерінің діни немесе атеистік бағыттарына қарамастан) апат психологиясынсыз, дағдарыс сезімінсіз түсіну мүмкін емес. Қорқыныш — экзистенциализм- философиясының басты бір үғымы. Болашаққа сенімсіздік, ертеңгі күннен, жұмыссыздықтан үрейлену, капиталист пен полицей алдындағы қорқыныш және т.б. — экзистенциализм философиясының шын әлеуметтік және психологиялық түп-тамырлары міне осылар. Экзистенциалистер бұл дағдарыстан шығудың жолын қоғамдық қатынастарды өзгертудсн іздемей, адамдардың жеке басының тіршілігінен, адамдардың қарым-қатынасының шеңберін тарылтудан т.б. іздейді. Ал діни экзистенциалистер бұл жолды қүдайға „жалбарынудан" іздеуді ұсынады. Экзистенциализмді бір жақты ғана түсіңдіру дұрыс болмас еді, өйткені бүл өзі аса күрделі де іштей қайшылықты философиялық ағым. Оның жеке өкілдерінің әлеуметтік-саяси көзқарастары да бірдсй емес. Мәселен, Сартр мен Камю Францияны неміс фашистері басып алған кезде жауға Қарсыласу қозғалысына қатысты; ал 60-жылдардың аяғынан бастап солшыл радикализмді және экстремизмді жақтаушы болды. Ясперс пен Марсельдің саяси бағыты либералдық сипатта болса, Хайдаггердің әлеуметтік-саяси көзқарасына айқын кертартпалық сипат тән еді. Мүның бәрі, қысқасы, экзистенциализм қазіргі заманғы буржуазиялық қоғамның рухани қайшылықтарының көрінісі болып табылатынын керсетеді.Философия тарихында «өмір философиясының» екінші түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты. Мұнда «өмір» адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер «өмір философиясының» басқа нұсқаларында жалпы адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп шығады. Кейіннен Дильтейді «түсіндірме психологиясы» жарық көріп, Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады. Бергсон нұсқасында «өмір философиясы» «өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен» байланысады. Үстіміздегі ғасырдың ортасында «өмір философиясының» негіздерін оның орнына келген экзистенциализм, персонализм және философиялық антропология ағымдары жалғастырады.1918-1922 ж.ж  О. Шпенглердің «Европаның ақыры» деген осы уақытқа дейін әңгіме болып келе жатқан екі томдық еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мәдениет деген ұғым организм (тірі дене) ретінде анықталып, әр мәдениеттің өзіндік дара сипаты болатыны айтылған. Дүниеде сегіз мәдениет болыпты: египет, үнді, қытай, вавилон, «аполлон» (грек.рим), «магия сиқыршылық» (византия, араб), «Фауст» (Батыс Еуропа), майя. Бұдан былай орыс-сібір мәдениеті болады деп айтылған. әр мәдениеттік организм мың жылға жуық өмір сүреді, сосын құрып кетеді, нәтижесінде цивилизация туады. Демек, бұл творчестволық жеміссіздікке, әдебиет пен өнердің маңызы жойылып, техника мен ғылымның дамуына, адамгершіліктің дағдарысына соғады дейді. «Аполлон» мәдениеті үшін ол эллинизм кезі болса, ал Батыс Европа үшін бұл дағдарыс ХХ ғасырдың ішінде басталғанын айтады. Осы жіктеу бүкіл интеллигенцияның назарын өзіне аударып, күні бүгінге дейін пікірталасын туғызуда.Феноменология – негізін салушылар  Гуссерль мен оның шәкірттері – Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. болып табылатын,қазіргі батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеолистік бағыт. Ф-ның негізгі ұғымы "интенционалдық” деп аталады. Бұл ұғым сананың объектіге қатысын көрсетеді. Ф-лық ұғым бойынша "объект болмаса,субъекті де болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары: 1) субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни,санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту; 2) танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол нәрсе емес, сананың «таза» нәтижесі деп түсіндіру. Оны Ф. «трансценденталдық редукция » деп атайды. Философияны ғылым ретінде   тек қана эйдетика деп аталатын «таза мағыналады» зерттейді,оның реалды шындыққа қатынасы жоқ.Ф. идеалары өзгертілген түрде экзистенциолизмнің (Хайдеггер,Сартр), жартылай филос. Гермепевтиканың филос.негізі Шелер, Мерло-Понти және Гадамер сияқты философтардың көзқарастары Ф-ға байланысты қалыптасты.Католик философтарының (Де Веленс,Ван-Бреда)тусінігі бойынша Ф.неотомизмнен құрастырылған философия.Ф-ның идеалистік тұжырымдары осы бағыттың өз ішінде түрлі оппозициялар тудырды.Ф. мектебінің сол қанаты Ф-ны субъективизмнен,иррационализм-     нен және экзистенциализмнен қорғауға күш салды.Олардың ойы Ф-ның қажетті жағын сақтап қалу болды.Осы бағыттың өкілдері ретінде материалистік «натурализмді» қорғайтын М.Фарберді, және Р.Ингарденді атауға болады.Ф. бағытының теориялық орталығы болып саналатын орындар: Гуссерьдің Лувен католиктік ун-тінің архиві (Бельгия,директоры Ван- Бреда ); халықаралық  феноменологиялық қоғам және оның «Философия және феноменологиялық  зерттеулер» атты журналы  (Буффало,Нью-Йорк,АҚШ).

Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857).

Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.

Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.

Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.

Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.

Герберт Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың эволюционизмнің ірі өкілі. Эволюция құбылыстар әлеміндегі жалпыға бірдей процесс, заңдылық. Эволюция  баяу өтетін өзгерістер, яғни айқын емес байланыссыз біркелкіліктен, айқын байланысты әркелкілікке өту процесі. Осы заң тәжірибеден тумайды, оның түп негізі біздің ой-санамыздың табиғатында жатыр, сондықтан оны тану мүмкін емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. Ғылыми танымда құбылыстың мәніне жетпейді. Философия ғылымға жақын, бірақ философиядан метафизикалық сауалдарды (дүниенің, болмыстың мәні, түпнегізі) алып тастау керек. Философияның басты міндеті ғылыми нәтижелерді жинақтау.

Эволюция заңдылығын Г. Спенсер биологияға, психологияға, социологияға, этикаға қолданды: Қоғам – тірі организм. Қоғам “мүшелердің” (орган) үш жүйесінен қажетті өнімдерді шығарып  тұрады: яғни қамтамасыз ететін жүйе; еңбек бөлімінің негізінде әлеуметтік организмнің байланысын қамтамасыз ететін жүйе; реттеу жүйесі (мемлекет). Организм сияқты қоғам дамиды, құрылмайды. Революция организмнің “ауруы”.

Этикада Г. Спенсер утилитаризм және гедонизм (пайда және рахат сезімге бөледі) принциптерін ұстанды.

Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX – XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) – екінші позитивизмде жалғасты.

Осы бағыттың көрнекті өкілдері – австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру. Э. Мах ғылымның ерекшелігін, рухани өмірдің басқа формаларынан айырмашылығын, ғылыми түсіндіреді. Қарапайым, күнделікті өмірде қолданатын тілдің сөздерін қоршаған нәрселермен салыстыруға болады, ал ғылыми терминдермен олай істей алмайсын. Күш, жылдамдық, масса ұғымдарын бізді қоршаған нәрселермен салыстыруға болмайды. Теориялық ұғымдар шындықты бейнелейді, олар субьектің тәжірибесімен байланысты. Тәжірибе тар мағынада түйсіктердің жиынтығы немесе комплекс ретінде алынған. Түйсік объективті дүниенің бейнесі емес. Ғылыми терминдер – белгілер.

Белгі, белгіленген нәрсеге ұқсас емес. Осыған байланысты, Э. Мах ғылыми терминологияларды қайтадан қарап шығып, мағынасыз, бос терминдерді ғылымнан аластау бағдарламасын ұсынады.

Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың арасындағы байланысты мойындамайтын болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, олар “ойды үнемдеу” принципін ұсынады. Осы принцип бойынша ғылыми танымның алғашқы материалы – түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау керек. Түйсіктер – дыбыс, түс, иіс, салмақ, кеңістік, уақыт және олардың арасындағы байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің комплексін айтамыз.

Эмпириокритиктер философияның мәселелеріне бірінші позитивистерге қарағанда ерекше мән берген. Олар философияның міндеті деп барлық ғылымдардын жалпы нәтижелерін жинақтайтын “синтетикалық” жүйесін құру емес, ғылыми танымның теориясын жасау деп біледі.

Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған.

Неопозитивизмнің тарихи және бірінші нұсқасы “Вена үйірмесі” деп аталатын философтармен байланысты. Олар: М. Шлик, Р. Карнап, О. Нейрат. Олардың, яғни логикалық позитивистердің ықыласы ғылымның тілін логика арқылы талдау, өйткені тіл – дүниені позитивті қабылдаудың басты құралы. Білімнің ғылымилығы оның логикасынан шығады. Тілді логика арқылы талдау – мәтінді, белгілерді, ұғымдарды, белгілер жүйедегі байланысты, белгілердің семантикасын талдау.

Біздің білімдеріміз ғылыми болсын, қарапайым болсын тіл арқылы жетеді. Философия сөзбен, сөйлеммен, тілмен айналысуы керек. Философияның міндеті ғылым сөйлемдерінің мазмұнын, сөзді пайдалану, қолдану ережелерін талдау.

Философия ғылымы тория бола алмайды, өйткені оның сөйлемдер жүйесі дүние туралы ешқандай мәлімет бермейді, сондықтан оның қағидаларын растай алмайсың. Философияның ақиқатқа жеткізер ғылыми бағыты жоқ, сондықтан оны ғылым деп атай алмайсың. Философияның ары қарай тарылуы верификация принципіне іске асырылады. Егер сөйлем верификациялаудан (тексеру, растау) өтпесе оны ғылыми демейміз. Шындығында, философияның пайымдауларын тексере алмайсың. Сонда, философияға не қалды? Философияға қалатыны теория емес, жүйе емес... тек әдіс, яғни логикалық талдау. Философия мағынасыз сөздерді, жалған сөйлемдерді аластаумен айналысуы керек екен. Верификация арқылы неопозитивизм ғылымның ақиқатқа негізделген үлгісін жасауға талпынған. Бірақ, осындай үлгінің тар екені байқалды, өйткені ғылымның жалпы пайымдауларын, заңдардын осы принцип арқылы негіздей алмайсың. Мысалы идеалды объектілерді, төрт өлшемді кеңістік, парсек т.б. ұғымдарды тексере алмайсың.

ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты – лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние – логикалық кеңістіктегі фактілер.

Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы – тіл. Басқаша айтсақ, адамның ойындағы бейнесі тілдің құрылымы ерекшеліктері арқылы анықталады. Адамның дүниесі оның тілінің дүниесі. Адам дүние туралы тілдің табиғатына сәйкес дұрыс пайымдауы мүмкін, немесе тілдің табиғатын бұзып бұрыста айтуы мүмкін, онда адасу, шатасу басталады. Көптеген теориялық, тіпті әлеуметтік проблемалар тілді дұрыс қолданбағандықтан шығады.

Қолданып жүрген тіл жетілмеген. Философияның міндеті – біздің ойымызды және сөйлемдерді түсінікті ету.

          Адам іс әрекетінің жетекші саласы ретінде ғылым өз тарихында өзін дәйектеу проблемасынан әлі айырылған жоқ. Осындай проблемалар туралы әртүрлі пікірлер жүйесі өте маңызды философияның бір бөлімі ғылымдар философиясын құрайды. Ғылымдар философиясының алға қойған мақсаты, ғылымның нәтижелерін бағалау критерийлерін негіздеу, ғылымдағы маңызды өзгерістерді байқап және бағалау, сонымен бірге ғылыммен және жалған ғылымның арасын ажырату (демаркациялау). Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады.

Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды.

Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен ғылымдар философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді  ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.

Олардың әртүрлілігіне қарамастан, барлығына ортақ идеяларын шамамен төмендегідей қарастыруға болады:

1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;

2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;

3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;

4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;

5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.Экзистенциализм – антропологиялық бағыттағы мектептердің ең беделдісі. ХХ ғ. 20 жылдарынан бастап, дәлірек айтсақ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан ағым. Экзистенциализм (лат. еxixtenia - тіршілік) философиясының қалыптасуына С.Кьеркегордың философиясы, Ф.Ницшенің волюнтаризмі және Э.Гуссерлдің феноменологиясының ықпалы күшті болды деп саналады. Сонымен бірге экзистенциалистер көркем әдибиетке сүйенеді. Әсіресе, Ф.Достоевский, Ф.Кафка мен Р.Рилькенің шығармаларындағы мәселелерді олар философиялық әдістерді пайдалану арқылы шешуге талпынды. Ж.П.Сартр, А.Камю өздерінің идеясын көркем шығармалар жазумен жеткізді.

Экзистенциалистердің негізгі тақырыбы – адам болмысы, оның өмірінің мәні, күнделікті тіршілігі, адамның тұлғалық қасиетінің бірегейлігі, оның ішкі сезімімен қоршаған өмір арасындағы қайшылық. Дәстүр бойынша осы философиялық бағытқа М.Хайдеггер, К.Ясперс, Г.Марсель, Ж.П.Сартр, А.Камюді жатқызады. Экзистенциализмнің діни бұтағын К.Ясперс, Г.Марсельді, ал атеистік деп М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр А.Камюді атайды.

Экзистенциализмнің негізгі ұғымы – экзистенция. Экзистенция – тұлғаның ішкі рухани тіршілігі, оның терең негізі. Бірақ, адамдар күнделікті күйбің тіршілікпен алданып оған мән бермейді. Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын – қыстау жағдайда, өмір мен өлім қыспағында қалғанда ашылады. Экзистенциалистер адам болмысын түсіну және ғылыми ұғымдар тілімен жеткізу мүмкен емес дейді. Ғылым болмыстың өзін танымайды, тек оның жеке фрагменттерін таниды. Ғылымның өмірге бағыт беретін көмегі жоқ, адам мәселесін шешуге дәрменсіз. Адам өмірі қайталанбайды. Сыртқы дүние адамды билемейді. Адам өзі - өзіне себеп. Адам еркін ал еркіндік деп экзистенцияны айтамыз. Еркіндік адамның басына түскен ауыртпалық. Одан қашып құтыла алмайсың. Әрине, адам өзінің еркіндігінен өз еркімен босануы мүмкін. Бірақ, онда ол тұлға емес, біреуге (қоғамға) тәуелді. Онда, ол ешқандай жауапкершілікті сезінбейді. Ондай адам, өзінің қасіретке толы өмірі үшін өзін кінәламайды, қоғамды, мемлекетті кінәлайды.

Адамның еріктілігі – таңдай білуде, жауапкершілікте. Таңдау деп күнделікті өмірде, не киінем, не жеймін дейтін таңдау емес, адамның болашақ тағдырына байланысты таңдау. Ондай шешімді Сартр экзистенциалды таңдау дейді. Тек оның жеке басының шешімі ақиқат шешім болады да, тек сонда ғана ол «экзистенцияны» жүзеге асыра алады. Осыған байланысты мынадай бір мысал келтіруге болады.

Францияны Гитлерік Германия оккупациялаған кезде фашистер бір жас француздың шешесің атып тастайды. Шешесінен айырылған жас француз Ж.П.Сартрға келіп, мен енді не істеймің, дейді. Сартр, өзің қандай шешімге келдіңіз деп сұрайды. Менің шешімім, қарсыласу қатарында қалып немістерден кек алу, дейді жігіт. Олай болса сөйтініз, дейді Сартр. Бірақ, дейді жігіт, немістер өш алу үшін ағаларымды атып тастауы мүмкін, сондықтан Англияға өтіп кетемін бе деген тағы бар шешімім бар. Жақсы, онда Англияға өтіңіз дейді Сартр. Дегенмен, дейді онан әрі жаңағы жас жігіт, Ламанштан өтіп бара жатқанда немістер мен жүзіп бара жатқан кемені батырып жібере ме деп те қорқамын. Ендеше сізге Францияда қалу керек дейді Сартр. Адам өзінің тағдырын өзі шешеді өзін жасайды деген принцип экзистенциализмнің негізгі принциптерінің бірі.

Экзистенциализм философиясының кейбір өкілдеріне қысқаша тоқталайық:

К.Ясперс (1833-1969) – неміс ғалымы және философы. Экзистенциализмнің діни бағытын ұстанған. Ясперс философиясының өзегі – «шекаралық жағдай» (пограничная ситуация) – ауру, өлім, қасірет және басқадай адамның басына төнген ауыртпашылықтар. Оның пікірінше адам табиғат және қоғамның объективті заңдылықтарын игеруге дәрменсіз, тым әлсіз. Өмір ағын, алмасып, өзгеріп отырады. Адам өмірінің шегі бар. Күнделікті күйбің тіршілікпен алданып, адам өзінің өткінші екенің және келешекте өлім күтіп тұрғаның есінен шығарып алады. Тек «шекаралық жағдайдың» қыспағында қалғанда. Өліммен өмірдің не екені туралы ойланғанда адам өзінің тұлғалығын сезеді. Осындай ситуациядан шығудың жолы трансцендентальды – жоғарғы болмыспен яғни құдаймен бірігу. Құдаймен бірігу арқылы адамның жасырын мүмкіншіліктері сыртқа шығып өмірдің құрсауынан құтылады.

М.Хайдеггер (1889 - 1976) – неміс философы. Философтың қойған негізгі сауалы – болмыстың мәні адамның іс - әрекеті арқылы ашылады. Егер адамның өмірінде өлімге бағытталған болашақ басым болса, онда адамның болмысы нағыз тіршілік. Егер адам бүгінгі күнмен (қазір, осында) өмір сүрсе, онда оның болмысы нағыз болмыс емес, өйткені ол «заттар дүниесінең немесе әлеуметтік ортадан шыға алмай өзінің бет – бейнесінен, тұлғалық қасиетінен айырылады. Жалған болмыстың адамы көпшіліктің арасынан суырылып шығуға талпынбайды, өйткені өзінің қимыл – қылығы үшін жауап беруі керек. Жалған болмыстың адамы өзінің келешегін көрмейді, «тобырдың» психологиясынан айырылғысы келмейді».

Нағыз болмыстың адамы - өзінің тарихын, еркіндігін сезетін адам. Ондай сезіну ерекше дацындықты қажет етеді. Өлім алдындағы адам нағыз болмысты іздемейді және соған жетуге талпынады. Өлім адамның қасында. Сондықтан адам өзінің өмірінің соңы - өлім екенің біле отырып болмыстың мәнін аша алады. Ол үшін дейді М.Хайдеггер – адам болмысты тыңдай білу керек. Болмысты тыңдау – тіл арқылы жүрмек. Тіл – болмыстың үйі. М.Хайдеггердің негізгі шығармасы – «Болмыс және уақыт».

Ж.П.Сартр (1905 - 1980) – француз философы, жазушы. Өзінің шығармаларында тіршілік және мән, еркіндік, таңдау, жауапкершілік және олардың ара қатынастары туралы мәселелерді көтереді. «Экзистенциализм – бұл гуманизм» трактатында осы аталған категориялардың мағынасын былай түсіндіреді: айталық, кәсіпші пышақ жасамақ ойы бар екен. Ол не жасайтын алдын ала біледі де жасайды. Мұнда заттың мәні оның өмірінің алдында. Адаммен олай емес. Жас сәби туады, яғни оның өмірі бар, бірақ оған әлі адам болуы керек, өзінің мәніне жетуі керек. Тіршілігі бола тұра, ол кейіннен адам болады. Сондықтан дейді Сартр адамға анықтама бере алмайсың, өйткені алғашқы кезеңде ол ештене емес. Ол кейіннен адам болады, тіпті оның адам болуы өзіне байланысты. Өзін қалай жасаса, солай болмақ. Осыдан еркіндік мәселесі шығады. Еркіндік адамның маңдайына жазылып қойылған, оның тұрақты серігі. Адам өзінің болмысын еркін таңдайды. Осы таңдауы үшін ол жауапкершілікті сезінуі керек. Бірақ өзінің өткінші жан екендігін білген адам жауапкершілігін толық сезіне алмайды. Жауапкершілік – қоғам, отан ата – ананың алдындағы жауапкершілік емес, экзистенциалды жауапкершілік.

А.Камю (1913 - 1960) – француз философы, жазушы. Камю философиясының негізгі тақырыбы - өмірдің мәнсіздігі, мағынасыздығы (абсурд). Дүние үйлесімді, заңды ұйымдасқан деп түсіну, біздің семіміздің адасқандығының нәтижесі. Адам шым – шытырық (хаос) дүниеде өмір сүруде. Осындай кездейсоқтық үстемдік еткен өмірдің мәні жоқ. Мәнсіздік, мағынасыздық, Камю философиясының негізгі принципі. Осындай өмірден құтылудың екі жолы бар. Біріншісі - өзін өзі өлтіру. Бірақ Камю, ол жолды қаламайды. Екінші жол – наразылық, бүліншілік. Біздер, дейді Камю, әлеуметтік ортаны өзгертуге, талпынамыз.  Наразылық арқылы басқа адамдармен бірігеміз. Бүліншіліктің шегі бар. Оның логикасы қирату емес, яғни бүліншілікті революция деп түсінбеу керек. Бүліншілік (бунт) – адамның болмысының, өмір сүруінің амалы.

А.Камюдің идеялары «Сизиф туралы аңыз», «Оба», «Бөтен», т.б. шығармаларында көрініс табады.

Экзистенциализм – рухани өмірдің өте күрделі және қайшылығы мол қубылысы. Оған бір нақты баға беруге болмайды.  

Әлеуметтік- сыни бағыт

Осы бағыт Франкфурт мектебінің әлеуметтік философиясын, неофрейдизм философиясын және Рим клубын біріктіреді. Осылардың өздеріне тән ерекшеліктері бар, сонымен бірге әлеуметтік ортаға «қоғам-табиғат-адам» жүйесіне деген сыни көзқарас оларды ортақтастырады.

Франкфурт мектебінің әлеуметтік философиясы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан белгілі. Олардың негізгі өкілдері: М.Хоркхмайер (1895-1973), Т.Адорно (1903-1969), Г.Маркузе (1898-1979), Ю.Хабермас(1929).

Франкфурт мектебінің эволюциясы «қоғамның сыни теориясынан» (М.Хоркхмайер, Г.Маркузе) басталып, пессимистік тарих философиясы (кейінгі Хоркхмайер) және  «жағымсыз диалектика» (Т.Адорно) арқылы қозғалып соңында пессимистік татуласумен (Ю.Хабермас) аяқталады.

Осы мектептің өкілдері «бір өлшемді адамды» шығарғаны үшін, адамдардың қоғамнан жатсынуын қамтамасыз еткені үшін дамыған индустриалды қоғамды сынаушылар ретінде көрінді. Алдағы революцияның субъектісі, сыни ойға бейімді интеллигенциялар мен студенттер болмақ, өйткені олар «бір өлшемді сананың» құлы бола қойған жоқ. Әлеуметтік революциядан бұрын «адам революциясы» болуы керек, яғни қоғамдық өндірістің бір жетігіне айналып кетпейтін адамды дайындау керек.

Осы мектептің өкілдері әлеуметтік зұлымдықтың себебі ғылыми-техникалық революциясы деп біледі.Табиғатты индустриалды қанау адамды қанауға ұласты.

Ғылыми теникалық прогресс адамды билеудің құралына айналды және мәдениетті «бұқаралық мәдениетке» айналдырып әлсіретті.

Өкінішке орай, индустриалды қоғамды жаппай сынаумен шектеліп, оны қайта құрудың жолдарын көрсетпегеннен кейін Франкфурт мектебінің идеялары бірте-бірте сөне бастады.

Дегенменде, 1986 жылы Батыс Европада өткен студенттер қозғалысына осы мектептің идеялары ұйтқы болғанын айтып кеткеніміз жөн.

«Адам революциясы» идеясын неофрейдизмде қарастырады. Неофрейдизм ХХ ғасырдың 30 жылдары фрейдизмнен туындады. Оның негізгі өкілдері К.Хорни, Г.Салливан, Э.Фромм және т.б. дәстүрлі бейсаналық  концепциясын қайта қарап, З.Фрейд ілімінің биологиялық алғышарттарын сынға алып, фрейдизмді әлеуметтік-мәдениеттанушылық доктринаға айналдыруға талпынды.

Неофрейдизм адамның биологиялық табиғатың  (либидо және сублимация) мойындамай, адамдар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға баса көңіл бөледі.

Адамның психикасы тек әлеуметтік ортаға бейімделудің механизмі, ал әлеуметтік ортаға араласып, бұзу патологияға ұрындырады. Э.Фромм қазіргі қоғамды «ауру» қоғам деп бағалайды. Ондай қоғам өздерінің азаматтарының психикасына кері әсер етіп, жағымсыз комплекстер қалыптастырады. Э.Фроммның пікірінше, К.Маркс адам өміріндегі иррационалды күштердің мәніне жете көңіл бөлмеген, З.Фрейдте адамды жасайтын инстинкт емес тарих екендігіне немқұрайды қарады.

Біздер қоғамдық және экономикалық институттарды өзіміз құрамыз, дейді Э. Фромм, бірақ соны отырып жауапкершілікті сезінбейміз және «келешек» не алып келеді деп үрейлене немесе үмітпен қараймыз.

Э.Фроммның пікірінше қоғам мен адам арасындағы қайшылықты шешуге болады, ол үшін «гуманистік психоанализді» пайдалану керек. Сондықтан З. Фрейдтің психоанализін реформалап марксизм философиясымен байланыстыруды Э.Фромм өзінің міндеті деп санаған. Осындай синтез неофрейдизмнің аясында қорқынышпен күн кешкен, қоғамнан жатсынған адам туралы концепция жасауға негіз болды. Қорқыныш жүйке ауруын қоректендіретін орта. Қоғамдық құбылыстардың ықпалында қалған адам тұлғалық қасиетінен айырылады. Жатсынған тұлға дүниемен байланысын үзеді. Қайрымсыз дүние қорқыныш туғызады.

Осындай дүниеден қалай құтылуға болады, қандай қорғаныс механизмдері бар?

Біреулер қорқыныштан құтылу үшін, маскүнімдікті, нашақорлықты паналайды, екіншілері дүниеқұмарлық, байлық қуып кетеді немесе билікке таласады. Үшіншілері көнбіс тіршілік кешеді немесе қоғамнан аулақтайды. Аталған, қорғаныс механизмдері, әрине мәселені шешпейді, керісінше ары қарай тереңдетеді, жатсынған адамның жүйкесін тоздырады. Адам жалғызсырап, тірі өлік күйіне түседі.

Э.Фромм осындай тіршіліктің қыспағында қалған, қоғамнан жатсынған, еркіндіктен қашқан ( бегство от свободы) адамның проблемасын шешуге талпынады. Ол адамның мінез – құлқымен және қоғамның әлеуметтік құрылымын байланыстыратын «әлеуметтік мінез» ұғымын кіргізеді. әлеуметтік мінез идеясын дамыта отырып, Э.Фромм «иемдену» және «бөлу» қғымдарын пайдаланады. Осы екі ұғым, «өмір сүрудің екі тәсілі». Егер адам иемдену принципін ұстанса, онда ол дүниеқорлыққа ұрынады, тіпті бәрінде, барлығында өзінің меншігіне айналдырып, ал болу тұлғаның тәуелсіздігін, еркіндігін, белсенділігін қамтамасыз етеді. Белсеңді болу, тұлғаның мүмкіндігіне, дарынына жол ашады.

Адамға керегі әлеуметтік революция емес, санадағы революция.

К.Хорни және Г.Салливан осы проблемаларды зерттейді. Хорни тұлғаның ішкі, Г.Салливан тұлғааралық қайшылықтарға көңіл бөлген.

Жаңа әлеуметтік философия жасауға 1968 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым «Рим клубын» ұйымдастыруға ұйытқы болған белгілі экономист А.Печчей өзінің «Адамдардың сапасы» атаулы кітабында франкфурт мектебі мен неофрейдизмнің идеяларын жалғастыра отырып төмендегідей қорытындыға келеді. Егер, ғылыми – техникалық революциясының осы дамуы сақталса, сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік – саяси өзгерістер жалғаса берсе, онда ХХІ ғасырда адамзат «ауқымды катастрофаға» ұшырайды. Одан құтылу үшін, жаңа сапалы адам керек.

Қоғамға әлеуметтік революция емес, адам революциясы керек.   

      

Қорытынды:

20 ғасыр Неміс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мүның негізгі себебі XX гасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бүрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және ңдеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен теуелді елдер арасындағы қайшылықтардың терендей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор есерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Неміс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Неміс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды.

Қорыта айтсақ, ХХгасыр философиясы гасырдың айнасы, оның өзі сияқты сан қырлы, бір-біріне қарама-қарсы багыттарга толы болды деуге болады. Бірақ басты мәселелер – жеке адам, оның болмысының ерекшеліктері, ақыл-ойдан адамның сезіміне көбірек үңілу және бүкіл адамзаттың болашагы мәселелерін зерттеу болды десек, қателеспейміз.

Пайдаланылған әдебиеттертер тізімі:

1.Кішібеков., Сыдықов. «Философия»: - Алматы 2008. - 360  б          

2.Әбiшев К. «Философия»., Алматы 2002.- 250  б

3.Тұрғынбаев Ә.Х «Философия».- Алматы:«Білім», 2001.- 328  б.

5.Ғабитов Т.Х . «Философия»-Алматы : Раритет,2005. - 400 б

PAGE  5




1. Определите количество предикативных частей в анализируемой конструкции их границы внимательно прочит
2. Исламский фактор в развитии демократических институтов Туниса
3. по собственному желанию однако в личных разговорах большинство из них в качестве причины ухода называли н
4. Агриппа Неттесгеймски
5. Социальная природа агрессии
6. І. Козак кандидат біологічних наук ВИКИДИ МЕБЛЕВОЇ ПРОМИСЛОВОСТІ ТА ЇХ ВПЛИВ НА ДОВКІЛЛЯ І ЗДОРОВ~Я ЛЮДЕЙ
7. Методы и формы реализации воспитательных возможностей процесса трудовой и технологической подготовки школьников (на примере раздела Технология швейного производства 9 класс)
8. гарантію роботи для молоді
9. Экспертиза ценности документов1
10. Контрольная работа 3 состоит из 2х частей- часть 1 включает 6 заданий часть 2 ~ два задания
11. а закономерности развития и течения патологического процесса отравления вызванного воздействием на орган.
12. Жанр интервью в газете Красное знамя
13. Определение зависимости порога слышимости от частоты
14. Секс и здоровье. Секс и брак
15. Актуальность проблемы исполнения приговора
16. Философия и ее роль в жизни общества
17. В СУДАХ ГОСПОДСТВУЕТ ПСИХОЛОГИЯ СТРАХА.html
18. биологическое действие рентгеновского излучения на организм
19. на тему- Деловые циклы и инфляция
20. темах где функции денег как средства обращения и средства платежа выполняют полноценные металлические мон