У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

іОл 1916 жылы ~лытауды~ баурында ~ара~анды облысы туды

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-30

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 8.4.2025

Әдебиетте жарқ етіп көрініп, тез сөнген, жастай кеткен Баубек Бұлқышевтың шағын өмірі әрі аянышты, әрі қызықты. Жаңа сілтеп келе жатқан қаламы еске түссе өкініш келеді, дауылды өмірі, ерлік ісі еске түссе бойыңды мақтаныш билейды. Оның өмірі – нағыз совет жасының өмірін елестетеді.

Ол 1916 жылы Ұлытаудың баурында (Қарағанды облысы) туды. Алғашқыда ауыл мектебінен оқып сауатын ашты. Бұдан балайғы оқуына жақын туысы Сейтжан Смаилов деген мұғалім көп ықпал жасайды. Бұл кісі Ұлы Отан соғысы жылдарында, Ұлытау поселкесінде оқытушы болып жүріп қайтыс болды.

Баубек жастайынан алғыр, өжет болып өсті. Қалада оқып, білім алуға ұмтылады. Жоғарыда айтылған ағасының көмегімен 
1932 жылы Қарсақпай заводындағы фабрика-завод училищесіне келіп оқуға түседі. Нақ осы жылы әкесі мен шешесі қайтыс болады.

ФЗУ-ды бітіргеннен кейін 
Баубек 1933-1934 жылдары «Ұлытау» совхозында түрлі шағын қызметте болды. Осы уақыттан бастап ол көркем әдебиетті құрмарта оқуға кірісті. 

Түрлі әзіл өлеңдер жазып жүреді. Бірақ бұл кәсібін құнттамайды, жазғандарын сақтамай ескерусіз қалдыра береді.

1935 жылы августың орта кезінде Баубек оқу іздеп Алматыға келеді. Институтқа  түсерлік тиісті білімі болмағандықтан техникумдардың бірін қалауға тиіс бола ды. Өзімен бірге келген ересек жолдастары оған есепэкономика техникумның даярлық курсына түседі. Ол алғашқы жылы сабақты жақсы оқиды. Сонымен қатар, көркем әдебиетті, әсіресе орыс тіліндегі әдебиетті оқумен айрықша шұғылданады. Өлең жазуды да шындап қолға алады. Түні бойы кітапқа үңіліп, көрер таңды көзімен атқызып  жүрген күндері де аз болмайтын.

Әдебиетпен шындап айналысқан Баубек техникумның екінші курсында есеп қызметкері болу мамандығынан мүлде суып, оған селқос қарайтын болады. Уақытының көбін әдебиетке арнап, соның қызығына түседі. Қызға арнап өлеңдер шығарады. 
«Балалалық шақ» деген поэма, «Ауылдан Алматыға» деген ұзақ әңгіме жазады. Бірақ бұл екі еңбегінен, «нашар нәрселер» деп, артынша өзі тез жерінеді. Ешкімге көрсетпей, тығып тастайды. Қазір бұл екі еңбегі қолда жоқ. Өзінің жыртып тастауы да ғажап емес.

Баубек бұл жылдары әлеуметтік тақырыпқа да өлеңдер жазып жүрді. Бұл жазғандарын «Лениншіл жас» газеті, «Қазақ әдебиеті» (қазіргі «Әдебиет және искусство») журналы сияқты баспасөз орындарына ұсынып көргені де бар. Бірақ басылып шыққаны болған жоқ.

«Осы техникумды қоямын-ау деймін. Бір редакцияға өлең апарсам, соңындағы адресімді көріп, бетіме тесіле қарайды. Бухгалтер мен ақындық бір жерге ауыл-үй қонбайды ғой дегендей болады бұл қарасы», - дейтін әрі әзілдеп, әрі ренжіп.

Рас, оның бұл кездердегі жазғандарының көпшілігі шын мәнінде өлеңдік дәрежеге көтеріле алмаған, жаңа талаптың алғашқы аңғал адымы еді. 

1938 жылы техникумның екінші курсын бітіріп, жазғы каникулда елге бармастан қазақтың мемлекеттік баспасында іс басқарушы болып уақытша қызмет істейді. Осында жүріп «Айсұлу» атты ұзақ поэмасы бітіреді. Бұл поэманы кейбір жеке ақындар ұнатады. Сол кездегі баспаның директоры ақын Ә. Сәрсенбаевтың ұсынуымен Баубек Қазақстан Жазушылар ұйымының жанынан ашылған жас ақын жазушылардың екі айлық курсына алынады. Бұл курсқа алынған соң, ол техникумнан арыз беріп босанады. Курсты сол жылы 30 ноябрь күні бітіріп, Жазушылар ұйымының жолдамасымен «Лениншіл жас» газетіне барып, әдеби қызметкер болып орналасады. Мұнда біраз істегеннен  кейін «Октябрь балалар творчествосы бөлімінің меңгерушісі болып жоғарылатылады. Осы жылдары ол бірнеше өлең, әңгіме, әдеби мақалалар жазады, орыс ақындарынан аудармалар жасайды. Бұл еңбектерінің бір қатары «Октябрь балалары», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Пионер» журналында басылып шығады. «Октябрь балаларында» 1940 жылдың февралына дейін істеп, сол айдың 28-і күні армияға алынып, Москваға кетті. Онда саперлар даярлайтын училищеде оқиды.

1938-1940 жылдар жазушының болашақ кең өрісіне іргетас болып қаланды. Жазушылыққа мол негіз салды. Бұл жылдардың көбін ол Алматының кітапханасында том оқумен өткізді. А. Пушкин, М. Лермонтов, Л. Толстой, А. Чехов, М. Горький, Байрон, Шиллер, Гете, Шекспир сияқты ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеп оқуды күнделікті әдетіне айналдырды. Философия, тарих сияқты әлеуметтік басқа ғылым саласымен шындап танысуы да осы кезден басталады. «Жазу үшін білу керек екен, көп білу керек екен.  Мен осыны мықтап ұғынған сияқтымын» дегенді ол жиі айтатын болды.


Баубек қанатты ой иесі, арманшыл жас еді. Ол шат өмірді, жастық дәуренді, қажырлы күресті, қаһарман халықты, жүрекке нұр құйған заманды жыр етуге асықты. Ұлы іс ұлы жырды керек ететінін жақсы сезінді. Ал ұлы жырды бір ғана талант пен елді сүйген жүрек қана емес, арнасы мол білім тідыратынын ұқты. Сондықтан да ол: «Жазуға асықпау керек, білуге асығу керек»», - деп білді.


Ел басына қауіптің қара бұлты төнген сұрапыл күндер жалынды жастың жүрегінде қуат отын тұтатты. Ол ширығып, биікке құлаш ұрды. Әдебиетте апыл-тапыл басқан балалық дәуірден бірден көтеріліп, творчествосын кең арнаға бұрды. «Қаһарлы сөз қамал бұзар» деген халық мәтелін есіне сақтай отырып, қаламын жауға қарсы қызмет етуге жұмсады. Майдан даласында, окопта жүріп отты, ызалы сөз төкті. 1942 жылы «Комсомольская правда» газетінің 1 май күнгі номерінде «Өмір мен өлім туралы» деген жалынды әңгімесі жарияланды. Бұл әңгімеде қазақ жасының жүрек сыры, жан күйі тербелді. Отанға деген ыстық махаббаты құйылды. Әңгіме авторы бүкіл совет жасы атынан сөйлеп, құрбыларын қас дұшпанға қарсы ерлік күреске шақырды. Совет жасының жан жүйесін билеген сезімін, ізгі мақсатын, асқар арманын, жауға деген тұңғиық өшпенділігін тамаша бейнелеп, Одақ көлеміне келелі ойға қөтеріле сөйлейді. Көлем жағынан шағын, маңыз жағынан ұлкен бұл еңбектің авторы политруктың орынбасары Баубек Бұлқышев еді.

Баубектің осы еңбегі оның соғыс жылдарындағы творчествосының бастамасы болды. Отандас құрбылары оны бірден таныды. Майданнан, тылдан, Совет Одағының барлық түпкірінен оған хат жауды. Бұл хаттарында олар: «Сен біздің бәріміздің жүрегіміздегі сөзді айтың», - деп сүйсінді.

Жау Кавказға төнді. Отаннымыздың оңтүстік аудандарында қиян кескі ұрыс басталды. Жас ұлан, жауынгер жазушы «Тыңда, Кавказ» деп саңқылады.

Отан соғысының тарихындағы ең сұрапыл және шешуші 
1942 жылда Баубектің үні осылай шықты.«Комсомольская правда» мен республикалық «Социалистік Қазақстан» газеті беттерінде оның еңбектері үзбей басылып тұрды. Ол екі тілде: орыс, қазақ тілінде жазды. «Мен өмір сүргім келеді», «Заман біздікі», «Шығыс ұлына хат», «Ескі карта туралы ойлар» сияқты еңбектерін газет бетінен оқушы жұртшылық құмарта оқыды. Баубектің жазғандарын совет жастарының сүйіп оқығаның оның  өз хаттарынан – ақ айқын көруге болады. « Өмір мен өлім туралы» әңгімесінің газетте жариялануына байланысты бір хатында былай деп жазады. «Комсомольская правда» арқылы патриоттарардан статья жөнінде көп хат алдым. Әсіресе украин мен белорустың қыздары көп жазады. ...Мен бұл кішкентай статьямен жастардың жүрегіне қобыз ойнатсам керек...» «Мен өмір сүргім келеді» туралы Совет Одағының бұрыш-бұрышынан 200-ден аса хат алдым», - дейді. Бұл хаттардың көбі сақталмаған. Қолда қазір не бары бірнеше – ақ хат бар.

Орыс әдебиетінің ізгі дәстүрінен үйреніп, жаңа қанат қағып келе жатқан дарынды жас кемеліне келе алмай кетті. Қазақ совет әдебиеті үшін тың арна – жалынды публицистикадан бастап, күрделі прозаға, романға бет қойып келе жатқанда 
1944 жылы март айында Ново-Юльевка селосында Отанының азаттығы мен тәуелсіздігі жолынлындағы күресте қаза болды. «Алматылықтар» деген соғыс тақырыбына жазылған үлкен  романы аяқталмай қалды.

Соғыстың сұрапыл өрті ішінде жауға қарсы ұрыста жүріп, окоптарда білте шамның жарығымен, кейде айдың сәулесімен жазып та Баубек әдебиет майданында едәуір еңбек етіп кетті. 
Оның 1943 жылыАлматыда «Заман біздікі» деген әңгімелер жинағы шықты. Осы жылдың басында таңдаулы өлеңдері мен әңгімелерінің жинағы басылды. 

Жауға қарсы қаруымен бірге қаламын да жұмсаған Баубек советтік отаншылдықтың тамаша үлгісін көрсетті. 
Оны совет мектебі, комсомолы тәрбиелеп өсірді. Лениншіл жастар одағы оны даңқты партиямыздың қатарына қосты. Саналы, азат өмірдің құшағына бөлеген, өшпес бақытқа бөлеген советтік Отанын ол жанындай сүйді.  Оның болашағы жолында азаматша қызмет етіп, азаматша күресті, азамат өлімімен қаза тапты.

«Н. Островский өз өмірін жаман өткен жоқ деген. Сонда ол он жеті рет атакаға қатысқан, азамат соғысының мықты күресшісі болған. Күреске сіңген еңбектерін қорыта келіп өмірін тек өтпеген деп шешпей ме. Міне, өмір-күресте. Мен де солай ойлаймын... асылы, алысып өлген адамның өлімі - өмір», - дейді патриот жауынгер жазушы.

Ақтық минутына дейін еліне, Ленин партиясының ұлы ісіне шексіз беріліп, мүлтіксіз қызметпен совет армиясында қатардағы жауынгерден аға лейтенантқа дейін өскен, коммунист жазушы Баубек Бұлқышевтың қысқаша өмір жолы, міне, осындай.




1. СОРАТНИК Смета доходов и расходов на целевую программу создания и функционирования патронажно
2. ВОСТОЧНЫЙ ВОПРОС В ИСТОРИИ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ ЕГО СУЩНОСТЬ.
3. Система учета движения основных средств
4. Использование ЭВМ при управлении предприятием как объективная необходимость
5. Курсовая работа- Опыт инновационного менеджмента в международном бизнесе
6. Жизнь и быт Афин по комедиям Аристофана
7. тема и апудомы ОПУХОЛИ МЕЗЕНХИМАЛЬНОГО ПРОИСХОЖДЕНИЯ Имеется огромное количество различных форм опухол
8. вплив посади лідер що має більше посадових повноважень може значно легше вести за собою ніж той хто не во
9. . Фамилия латиницей как в паспорте PRKPOVICH 2
10. корреспондент РАН академик АН РБ председатель Южноуральского отделения Археографической комиссии РАН д