Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і ~ытай Халы~ Республикасы т~те жазу- ~~ Ж~~xуа Халы~ Республикасы; же~іл

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.11.2024

21Қытайдағы коммунизм. Мао Дзедун режимі.

Қытай Халық Республикасы (төте жазу: جۇڭحۋا حالىق رەسپۋبليكاسىЖұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша: 华人民共和; дәст. қытайша: 中華人民共和國; пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.

Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.

1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.

1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.)

Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.

Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті.

Мао Цзэдун (1893-1976) - Қытай жаңа дәуірі төңкерісінің көсемі, 1930- 1970-жылдар аралығындағы ҚХР компартиясының жетекшісі. Мао Цзэдун идеялары Қытай төңкерісі мәселелерін қайта қарастырумен байланысты болды. Мао Цзэдун жаңа дәуірдің әлемдік ауқымында Қытай төңкерісінің мәнін байыптауға тырысты. Ол империализм кезеңіне өткеннен кейін "әлемдік оқиғалар тығыз байланысты және енді қайтып ажырамайды" деді. Сондықтан да, "Қытай төңкерісі әлемдік төңкерістің бір бөлігі болып табылады". "Әлемдік төңкерістің" дамуы Қытай төңкерісінің жеңісінің маңызды алғышарты болады. ҚХР құрылғаннан кейін Мао Цзэдун әлемдік мәселелерге аса көңіл бөлді. Ол "қазіргі дәуір - төңкерістер мен соғыстар уақыты" деді. Солай бола тұра, ол әлемдік ауқымда FTP мәнін, дамудың негізгі үрдістерін, II дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық жаһандану ықпалын түсінбейді. Сонымен қатар әлемдік дамуға кең көзқарас танытады. Мао Цзэдун ұсынған "Үш элем" туралы теорияда "бірінші әлем" - дамыған империалистік елдер, "екінші" - Азия, Африка және Латын Америкасының дамушы елдері, "үшінші" - дамыған және дамушы елдердің ортасындағы елдер. Оның "Үш элем" туралы теориясы "империализмге қарсы бірден-бір ауқымды майданды біріктіру" саяси мақсатына қызмет еткенімен, ол қазіргі әлемнің даму жағдайлары мен ережелерін көрсетті. Мао Цзэдунды саясатта қызықтырған негізгі сұрақ - "капиталистік төңкерістің алдын алу". Қытай экономикасын қалыптастыруда Мао Цзэдун "тәуелсіздік пен дербестік, өз күшіне ғана сүйенуге" шақырды. Осы бағыт бойын-ша ұлттық экономиканың дамуы басқа елдерден тәуелді болмауы керек, тек өз күшіне сенуі қажет. Жүзеге асырылуы барысында бұл бағыт "жабық есік" саясатына ұласты. Халықаралық саудадан, айырбастан және әлеммен өзара байланыстан бас тарту, түптеп келгенде, Қытай экономикасының дамуын тежеді.

Кезінде дүниежүзілік саясаттағы ең маңызды тұлғалардың бірі болып есептелген ол[1], Мау қазір де, қайтыс болғанынан кейін отыз жылдан астам уақыт өтсе де талас-тартыстар туғызатын тұлға болып табылады. Қытайдың өзінде ол қазірге дейін ұлы төңкерісші, Қытай Азамат соғысында Чияң Кайшиді жеңген дарынды қолбасшы және жүргізген саясаты арқылы Қытайды қуатты мемлекеттер қатарына қосқан кемеңгер саясатшы ретінде құрметтеледі. Сонымен бірге Қытайдың өзіндегі және шетелдегі сыншылар Маудың әлеуметтік-саяси жоспарларының кейбіреулерінің, мысалы Үлкен секіріс және Мәдени төңкеріс сияқтылардың Қытайдың мәдениеті, экономикасы, сыртқы қарым-қатынастарына келтірген зияны үшін және бейбітшілік кездің өзінде миллиондаған адам шығынына алып келгені үшін айыптайды




1. варианта соглашения без достаточных на то основаниях противоречит принципу определенности содержания трудо
2. САМАРСКИЙ ЮРИДИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ Кафедра уголовного и уголовноисполнительного права Планировани
3. С х е м а I кручение Дано-
4. на тему- Романіст Іван Григурко У кожного письменника є своя заповітна земля
5.  Проголошення створення Української Народної Республіки УНР
6. Контрольная работа- Ветеринарно-санитарная экспертиза яиц
7. ТЕМА- Гетерофункциональные соединения аминоспирты гидрокси и аминокислоты оксокислоты ЦЕЛЬ- Изучить ос
8. Основы планирования производства
9. Страховые компании на российском рынке- состояние и перспективы
10. Курсовая работа- Управленческие процессы и технологии Мостовского районного узла почтовой связи
11. на тему - Космоцентризм и онтологическая проблематика в античной философии
12. Реферат- Феномен тоталитаризма
13. Социальная психология Кафедра Этнопсихология и психологические проблемы поликультурного образования
14. тема ценностей Естественно что способы социальной организации и взаимоотношений ученых на протяжении ист
15. Перемены в жизни средневекового общества накапливались постепенно но к XI в
16.  Цели и задачи 1
17. Классификация опасных и вредных поизводственных факторов
18. ОХОРОНА ПРАЦІ ТА БЕЗПЕКА В НАДЗВИЧАЙНИХ СИТУАЦІЯХ
19. Язычество. 2
20. Инновации и государственная политика в бизнес сфере 7 1.html