Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Мазмұны
[1] Бірінші тақырып: Ислам құқығы саласының негізгі ұғымдары [2] 1. Құқық [3] 1. Фикх [4] а. Фикхтың анықтамасы және мағына өрісі.Фикхтың терминдік мағынасы адамның күнделікті өмірінде пайдалы және зиянды нәрселерді білуі. Фикх сөзі Исламның алғашқы кезеңінен қазіргі таңға дейін бірнеше рет мағына ауыстырды, осыған байланысты Фикх жайында түрлі анықтамалар берілген. [5] б. Фикхтың маңызы және оған деген мұқтаждық [6] в. Фикх ғылымының басқа білімдермен байланысы [7] г. Фикх ғылымының негізгі ерекшеліктері [8] 1. Усул (методика) [9] Ә. Фикх усулінің анықтамасы [10] Б. Фикх усулінің тақырыбы мен мақсаты [11] В. Фикх усулінің пайда болуы, жинақталуы және дамуы [12] Г. Фикх методикасындағы әдістер [13] Мутәкәллимнің (кәләм ғалымдары) методы [14] Үшінші Бөлім: Хз. Пайғамбардың кезеңіндегі Ислам құқығы [15] А. Ислам құқығының пайда болуы [16] А. Хз. Пайғамбар кезеңіндегі Ислам құқығы [17] 1. Мекке кезеңі [18] 2. Мәдина кезеңі [19] 3. Үкім мен қағидалардың пайда болу түрі [20] Хз. Пайғамбар (с.а.у.) кезеңіндегі Фикхтың ерекшеліктері [21] Хз. Пайғамбар кезеңіндегі Фикх методикасы
[22] [23] ислам құқығы [24] Сахаба кезеңінде Ислам құқығы [24.0.1] (Фикхтың даму шағы) [25] 1. Әділетті халифалар дәуірі [26] 2. Умеяттар дәуірі [27] Сахабаның Фикх методы [28] Ижтиһад және пәтуә беру тұрғысынан сахабаның орны [29] Сахаба кезеңінде Фикхқа қатысты пікірталастар [30] (ихтиләфтар) және себептері [31] Фақиһ сахабалар [32] Фықһи тұрғыдан сол кезеңнің ерекшеліктері [33] Табиғун кезеңіндегі Фикх [34] 1. Табиғун фақиһтер [35] 2. Табиғун кезеңінде Фикхтың дамуына ықпал еткен ғалымдар [36] 3. Табиғун кезеңіндегі ижтиһад ерекшеліктері мен себептері [37] Мәзһәб ұғымы мен мәзһәбтардың пайда болуы [38] 1. Мужтәһид имамдар кезеңі [39] 2. Мәзһәб ұғымы [40] 3. Мәзһәбтардың пайда болуы [41] Мәзһәбтардың пікірталас себептері [42] Ислам құқық мәзһәбтары (мектептері) және методтары [43] 1. Ханафи мәзһәбы [44] а. Ханафи мәзһәбының имамы: Әбу Ханифа [45] (80-150/699-767) [46] Әбу Ханифаның ижтиһад методикасы [47] ә. Әбу Ханифаның шәкірттері [48] б. Ханафи мәзһәбының Фикх кітаптары [49] 2. Малики мәзһәбы [50] Имам Маликтің ижтиһад методикасы [51] 3. Шафиъи мәзһәбы [52] а. Имам Шафиъидың ижтиһад методикасы [53] ә. Еңбектері [54] 4. Ханбали мәзһәбы [55] Ахмад б. Ханбалдың ижтиһад методикасы [56] Ислам құқығында тақлид (еліктеушілік) және тоқырау кезеңі [57] Заңдастыру кезеңі (жаңа кезең) және ерекшеліктері [58] Алтыншы бөлім: Атақты Фикхшылар мен негізгі еңбектері [59] а. Ханафи мәзһәбының атақты Фикхшылары мен еңбектері [60] ә. Мәлики мәзһәбының атақты Фикхшылары мен еңбектері [61] б. Шафиъи мәзһәбының атақты Фикхшылары мен еңбектері [62] в. Ханбали мәзһәбының атақты Фикхшылары мен еңбектері [63] II. БӨЛІМ: ФИКХ УСУЛУ (методикасы) [64] Жетінші бөлім: Ислам құқығының негізгі деректері [65] Ислам құқығы деректерінің бөлінуі [66] Негізгі деректер [67] 1. Кітап (Құран) [68] ә. Құранның үкімдерді түсіндіру тәсілі [69] б. Құран Кәрімдегі үкімдер [70] 2. Сүннет [71] а. Хз. Пайғамбарымыздың іс-әрекеттері [72] ә. Сүннеттің түрлері және дәлел болуы [73] Сегізінші бөлім: Ислам құқығының тармақты деректері [74] Ижма [75] Ижманың шарттары [76] Ижманың дәрежелері [77] Қияс [78] Сахабаның сөз және пәтуалары [79] Истислах [80] Истихсан [81] Истисхаб [82] Сәдду-з зәраиъ [83] Әдет-ғұрып (урф уә әдәт) [84] Бұрынғы шариғаттар [85] Тоғызыншы бөлім: Шариғат үкімдері: Міндеттелген үкімдер [86] Шариғи үкімдер және бөлімдері [87] Міндеттелген үкімдер [88] 1. Парыз [89] 2. Мәндуб [90] 1. Харам [91] 1. Мәкруһ [92] 2. Мубәх [93] 3. Рұқсат пен азимәт [94] Уадъи үкімдер [95] 1. Себеп [96] 2. Шарт [97] 3. Маниь [98] 4. Сыххат, фәсад және бутлан [99] Оныншы бөлім: Үкім шығару жолдары [100] Насстардан үкім шығарудың маңыздылығы [101] Үкімдердің сырлары (Хикмәту-т тәшриғ) [102] Ижтиһад және мужтәһид [103] Насстардан үкім шығару қағидалары [104] А. Ауқымдары (қамтуы) жағынан сөздер [105] Бұйрық сиғасының мағыналары: [106] 1. Аам [107] 2. Тахсис [108] 3. Муштәрәк [109] 4. Муәууәл [110] Он екінші бөлім: Сөздер ІІ [111] А. Мағынасы белгілі және белгісіз болған сөздер [112] 1. Мағынасы белгілі болған сөздер [113] а) Заһир [114] ә) Насс [115] б) Муфәссәр [116] в) Мухкәм [117] Мағынасы ашық болмаған сөздер [118] а) Хафи [119] ә) Мушкил [120] б) Мужмәл [121] в) Мутәшабиһ [122] Ә. Қолданылатын мағынасына қарай бөлінетін сөздер [123] 1. Хақиқат [124] 2. Мәжәз [125] Мәжәздың үкімі: [126] 3. Сарих [127] 4. Киная [128] Б. Түсіндіру (жеткізу) жағынан сөздер [129] 1. Сөздің мағынаны білдіруі [130] а) Насстың сөйлемшесі (әд-далалл бил-ибара) [131] ә) Насстың ишараты (далл бил-ишара) [132] б) Насстың дәләләті (далл бид-дәләлә) [133] в) Насстың қажетті шарттары (әд-дәлл бил-иктиза) [134] Мәфһумул-мухалиф [135] Он үшінші бөлім: [136] Мақасидуш-шәриа және жалпы ережелер [137] Шариғат қоюшының үкім шығарған кездегі [138] талабы мен мақсаты [139] Ә. Мүдде (маслахат) [140] Маслахаттың түрлері [141] 1. Қажетті (зарури) маслахаттар [142] 2. Хажият [143] 3. Тахсиният [144] д) Жалпы (кулли) қағидалар [145] Он төртінші бөлім: [146] Амалдық үкімдер (ғибадаттар) [147] А. Амалдық үкімдердің бөлімдері [148] Ә) Тазалық [149] 1. Дәрет [150] 2. Ғұсыл [151] 3. Таяммум [152] Б) Намаз [153] Он бесіншінші бөлім: [154] Амалдық үкімдер (ғибадаттар) [155] А. Ораза [156] Ә. Зекет [157] Б. Қажылық |
БӨЛІМ: ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ
Тақырып: Ислам құқығы ғылымына кіріспе және Ислам құқығының негізгі ұғымдары
Мақсат: Ислам құқығы жайында жалпы мағлұмат және көп қолданылатын ұғымдардың үйренілуі А. Ислам құқығы ғылымына кіріспе
Ислам құқығы (Фикх) діни әрі әлеуметтік жағы бар білім саласы. Дін, Тәңірлік (самауи) діндердің жалғасы ретінде ортақ нәрселері болғаны сияқты, жалпы қоғамдық ғылымдар және ұйымдар оның ықпалынан сатылап кемелденеді. Бұл қағида бойынша Ислам құқығы да бірден кемеліне жетіп туған жоқ, керісінше уақыт өте келе дамыды. Пайда болу, даму кезеңінде Сирияда Рим, Иракта Иран және Ясрибте Исрайыл құқығы өз үстемдігін жүргізіп тұрған болатын. Бұдан басқа надандық дәуірінде арабтардың жүзеге асыратын өздеріне тән құқықтары бар еді. Бұл мәселеде Исламның рухы мен негіздеріне қайшы келмейтін салт-дәстүр Фикх пен Фикхшылар тарапынан алынғандығы үшін аз да болса Фикхтың дамуында көрші жүйелердің ықпалы болғаны сияқты, Фикхтың да басқа құқықтарға әсері болғандығы жөнінде пікірлер бар. Терминдер (истилахтар) білім салаларының айрылмас бір бөлшегі. Қандай да бір білім саласының адамдары өздерін сол сөздер арқылы қысқа жолмен түсіндіреді. Сол себепті терминдердің маңызы зор. Әрбір білім саласында болғаны секілді, Ислами ғылымдардың да өзіне тән терминдері бар. Ислам құқығын мұнсыз елестету мүмкін емес. Айрықша бұл білім саласының басқа ғылымдармен байланысын есепке алсақ мәселенің мұнан да кең ауқымға қол жеткізгендігін көреміз. Сол себепті Ислам құқығының негізгі ұғымдарын үйрену, Ислам құқық ғылымының одан әрі жақсы түсінілуіне жәрдемші болады.
Құқық (Хуқуқ) арабша хақ сөзінің көпше түрі. Түрлі мағыналары бар:
Хақ сөзінің бір мағынасы қағида дегенді білдіреді. Хақ болған сөз, іс немесе әрекет, дұрыс, сай, орны келгенде қонымды сөз дегенге келеді. Бір іс немесе әрекетке берілген сипаттар айтылып жатқанда зейінімізде таразы бар, мұның бір ұшында іс, қылық, әрекет, болса екінші бір ұшында бұларды таразылап, баға беретін өлшем, қағида міне осы хақ. Осы мағынада қағида құқықтан сөз қозғалады.
Бұл жағдайда хақ көзқарасында қағида және осы қағидаға бейне беретін, оның рухани және логикалық негізін құрайтын бір сезім, бір мақсат бар. Осы мағынада мінсіз құқық пен табиғи құқықтан сөз қозғалады. Қағида және мінсіз құқық обьективті құқық болып табылады.
Хақтың тағы бір мағынасы өкілдік және билік. Дүние-мүлік ақысы, алушының ақысы, әкелік, өкілеттілік, мұрагерлік ақысы сияқты түсіндірілген хақ осы мағынада. Бұл мағынадағы хақтар субьективті хақ және өкілдік хақ деп аталады.
Бір жағынан құқық қоғамдық ғылымдар қатарына кіретін ғылым екендігін көрсетеді. Құқық факультеті, кітабы, оқытушысы дегенімізде осы мағынаны меңзейді.
Ғылыми әдебиеттерде термин ретінде құқық, қоғамның жалпы пайдасын немесе тұлғалардың және қоғамның ортақ жақсылығын сақтау мақсатымен өкілеттілер тарапынан қойылған және мемлекет санкциялар орнатқан қоғамдық қағидалар жиынтығы.
Фикх сөзі сөздікте түсіну, меңгеру, ұғыну мағыналарына келеді. Фикх сөзі білім, түсіну сияқты басқа ұғымдарға қарағанда өзгеше мағынаға келеді. Осы мағынаға келетін сөздерден Фикх сөзінің ерекшелігі бұл жердегі түсіну бет жағын ғана емес, терең ұғыну және айтушының мақсатын да қамтиды. Ислам Құқығында көп қолданылатын фақиһ, мутафаққиһ секілді сөздер осы түбірден тарайды.
Фикх сөзі Құран Кәрімде жиырма жерде түрлі қалыппен кездеседі. Жалпы «бір нәрсені жақсы және толық түсіну, ұғыну, бір нәрсенің ақиқатын білу және ой жүгірту» сияқты мағыналарда қолданылады. Хадистерде кездесетін Фикх сөзі және туындысы, мутлақ (міндетті түрде, үзілді-кесілді) ретінде қолданылғанда сөздік мағынасы «жақсы, тура және тереңдей мағлұмат және ұғыну» дегенге келетіндігін көреміз. Фикх сөзі «Өзінен әлдеқайда зерек адамға Фикхты түсіндірген өте көп адам бар» мағынасындағы хадистегі (Әбу Дәуіт, ілім, 10; Тирмизи, ілім, 7) түсінуге қатысты мағлұматпен қатар Құран мен сүннет мағлұматы мағынасын да қамтиды. Алайда көп тараған раи (көзқарас) және пәтуамен қатар Фикхтың «Кітап пен Сүннеттен шығарылған мағына және үкім» орнына ғылым, риуаят және хадисте «тікелей Кітап пен Сүннет» (аят пен хадис мағлұматы) баламасында қолданылғандығы белгілі болады. (Әбу Дәуіт, Фараиз, 1) Мұнымен қатар Хз. Пайғамбармен сахаба дәуірінде Фикх бойынша қаза және раи сөздерінің көп қолданылғандығы, діни мәселелерде оны меңгерген кісілерге сауаттылық пен жаттау арасындағы жақын байланысына қатысты қурра деп аталғандығы, ғылыми жинақталу мен әдістеменің дамуымен қатар Фикхтың бір ғылыми саласы болғандықтан қурра сөзінің орнын фақиһ және ғалым сөздерінің алмастырғандығын айта аламыз. Шектеулі мағынада Ислам құқығы ғылымының аты болған Фикх, ауқымды мағынада ғибадаттармен қатар барлық шариғи-амали (іске асыру) үкімдерді қамтиды. Негізгі әдебиеттерден қажыр-қайратымен қол жеткізген діни мәліметтердің барлығына (адамның ақысы мен міндеттерінің мәліметіне) Фикх атының берілуі және осы мағынада Фикхтың термин халіне келуіне байланысты мәліметтерге қажеттілік туындайды.
Хз. Пайғамбар және сахаба кезеңінде Фикх, жинақталған бөлек бір ғылымның аты емес. Мәселен, итиқад (наным-сенім), амал (құлшылық) және ахлақ мәселелерінде кітап пен сүннеттен білетініміз, осылардан қол жеткізген мәліметтер Фикх деп аталды. Ілім (ғилм) сөзі де сол кезеңде осы мағынада қолданылатын. Осы орайда Әбу Ханифа Фикхты «Адамның пайдасы мен зиянына болатын нәрселерді білуі» الفقه معرفة النفس ما لها وما عليها деп анықтама беруі мен сөздің мағынасы өрісі бір. Алайда итиқад, ахлақ секілді білімдердің алаңы дамып оқшауланғанда Фикх сөзі итиқад пен ахлақ мәліметтерінен тыс амал мен муамаламен (қарым-қатынас) қатысты мәліметтерге, қағидаларға байланыстырылып және анықтамаға уақыт өте келе «амал бағытынан» من جهة العمل сөзі қосылған. Имам Шафиғи да Фикхты: «Діннің амали үкімдерін, нақты дәлел мен қайнарынан алып қол жеткізген мәлімет» деп анықтама береді. Бұл анықтамаларда Фикхтың ішіне «ибадат, муамалат, уқубатқа (жаза, үкім)» қатысты мәселелер де қамтылады. Бұл мағынаның ауқымы кеңдігі соңғы ғасырға дейін жалғасын тапты, жазылған кітаптар барлық осы тақырыптарды қамтыды. Ендігі бір жағы Фикх, «Жан-жақты дәлелдерден шығарылған шариғи-амали үкімдерді білу» немесе «Жан-жақты дәлелдерден шығарылған шариғи үкімдер жиынтығы» деп те анықтама берілген. Бұл мағынамен Фикх; уәжіб, мәндуб, харам, мәкруһ, мубәх болып танылған үкімнің барлық түрлерін, жеке тұлғаға және жанұяға байланыстырылған үкімдерді, өсиет, уақыф (қор) және мирасқа қатысты үкімдерді қамтиды. Фақиһ болса усул (метод, әдіс-тәсіл) қағидаларын жуз-и (жеке) мәселелерде жүзеге асырған мәселен «Намаз оқыңдар» (2 Бақара 43) дәлелінен намаздың парыз болу үкімін, «Ер мен әйелден ұрлық жасағандардың қолын кесіңдер» (5 Маида 28) дәлелінен ұрлықтың харам екендігі үкімін шығарған адам. Соңғы кезеңде біршама қажеттіліктің артуы мен аз да болса батыстың әсерінен Фикхтың кейбір салалары өз алдына дербес есімдерге бөлінді. Жанұя құқығы: Мунәкәхәт, Муфарақат; жанұя және жеке тұлға құқығы; әл-Ахуалу-ш Шахсия; зат пен қарыздар: әл-Уқуд, әл-Илтизамат; қылмыстық құқық: әл-Жинаят әт-Тәшриьу-л Жинааи; ата заң: әд-Дустур, Низаамул хукм т.с.с. аттармен аталатын болды. Ежелден Фикх ішінде қаралған әл-әдәб, ахлақ кітаптарына, ғибадат болса басымы осы тақырыпта жазылған кітаптарға (мәселен ғылымхал) ауысты. Мақсаты; Фикх ғылымы; адамның өз пайдасына немесе зиянына болған нәрселерді біліп, дүние мен ақырет бақытына жетуін мақсат етеді. Адамға жаратушысының, өзінің және басқа адамдардың алдындағы құқығы мен міндеттерін үйретеді. Әділетті, бейбіт және тұрақты қоғамның пайда болуына ықпал етеді. Адамдар арасындағы байланыстарды жаратылыста теңдік пен сенімде туыстық негізіне сүйенеді.
Бастауы уахи мен ижтиһадқа (аят пен хадистен үкім шығару) негізделген Фикх, жүйеге келтірген байланыстардың алуандығы мен өрісі, үндеген адамдардың ауқымы тұрғысынан жалғыз, теңдесі басқа ешбір ұлтта немесе басқа пайғамбарлардың алып келген діндерінде жоқ. Фикхтың қамтыған мәселелері мен жүйеге қойған байланыстарына назар аударар болсақ өте ауқымды әрі теңдессіз екенін көре аламыз. Фикх ғылымының аясында адамдар Аллаһқа деген құлшылық міндеттерін мән-мағынасын түсіне отырып орындайды. Бұған мысал, намаздың парыздарын, уәжібтерін, намазды бұзатын жағдайларды Фикх ғылымы аясында үйренеді. Бұл тұрғыдан Фикх Аллаһ пен құл арасындағы жеке қарым-қатынасты ретке келтірумен бастайды. Намазды, оразаны, зекетті, қажылықты, көзге көрінетін де көрінбейтін де (дәреті болмаудан, жүніптік секілді) кірлерден тазалануды, сүннетті, қырынып тазалану, киім киюді де үйретеді. Мүндай жүйені бұрын-соңды көрмеген, естіп білмеген мүшріктер мұны жатсынып араларынан бірі былай дейді: «Адамдарыңыз (Хз. Пайғамбар) сіздерге барлық нәрсені, тіпті дәретханаға қалай шығатындарыңызды да үйретеді. Мұндай қарсылыққа душар болған Салман (р.а.) былай жауап береді: «Ия, Ол ешкімнің оң қолымен арт жағын тазалауына, үлкен және кіші дәретте құбылаға қарауына, құрғақ тезек және сүйекті қолдануына тыйым салды», «ешкім үш тастан азымен арт жағын тазаламасын», - деген еді. (Муслим, Таһарат, 57, 58). Фикх айт және жұма сияқты күндерінде әдемі киінуді, хош иіс су қолдануды, жеуге болатын және болмайтын нәрселерді, ішіп-жеу әдебін үйреткен. Фикх ғылымы, неге құқылы екендігімізді және бұлардың қорғалуына қатысты принциптер қояды. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың пайдалы жағының ілгерілеуіне ықпал етеді. Ғибадатты, құқықты, ахлақты, экономиканы және қоғамдық қатынастарды қамтитын Фикх, алуан түрлі ұлттардан құралған Ислам үмметінің бір-біріне байланыстыратын, біріктіретін, үмметтің ерекшеліктерін қалыптастыратын ұйым. Ендігі бір мағынасы үмметтің өмірі. Фикхсыз үммет өмірін жалғастыра алмайды. Фикх ғылымы, өмірімізді жеңілдетін құралдарды үйренуімізді қамтамасыз етеді. Қоғамның ахлақ және жүйесін жақсарту үшін алдын алу шараларын жасап, ретке келтірген. Құқықтық және экономикалық істерде туралықты, келісім-шарттар мен уәделердің орындалуын бұйырған, зина (некесіз қатынас), ішкілік, ғайбат, сөз тасу, жала жабу, жалған жерде куәлік ету, заңға қайшы әрекет т.с. сияқтыларға тыйым салған, бұларды тыйымдар арқылы алдын алу шараларын қойған. Фикх әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін зекет, кәффарат, пітір, құрбан түрінде, байлардың дүние-мүліктерінде кедейлер үшін құқық қойған. Мұсылмандардың бір жерге жиналып, мәселелерінің шешімін табуы, мағлұмат, мәдениет, тәжірибе алмасу, араларындағы бауырмалдық байланыстарды арттыру үшін қажылық, айт, жұма секілді міндетті бас қосуларды жүйеге қойған. Жанұялық өмірді тәртіпке келтіріп, отбасы болып есептелетін, есептелмейтін некелесулерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, мақсатқа сай жанұяны сақтау шараларын алған, қолайсыз жанұя байланыстарын ажыратуды жайыз санап, жанұя тұлғаларының құқық және міндеттерін ретке келтірген. Әлеуметтік жаратылыс болған адамның қажеттіліктерін көзге алған Фикх, сату, жалға беру, кепілге қалдыру, кредит, серіктестік сияқты дүние мен тұлғалар арасындағы келісім-шарттарды жүйеге келтірген, құқық және экономикада айланы, алдауды, рызасы болмаған табыс табуды, күштінің әлсізді езіп жаншуына тыйым салған, бұлардың алдын алатын шаралар қолданған, бұған мысал ретінде қоғамның апаты болатын өсімді харам еткен. Фикх, қоғамның жүйесін сақтау үшін керекті қоғам, мекеме және бұлардың міндеттерін қолға алған. Тілге тиек етер болсақ мемлекет басшысының қалай сайланатынын, қоғамды қалай басқаратынын, міндеттері мен жауапкершіліктерін, уәлаят, бухгалтерия сияқты басқа мемлекет мекемелерін, бұлардың міндеттері мен жауапкершіліктерін, мемлекеттер арасы байланыс, соғыс және бейбітшілікте ұстанатын жолы, жүйені бұзғандарға жасалатын шаралар мен жазалар түсіндірілген. Фикх қоғамның тек қана дүниелік өміріне қатысты біршама байланыстарды ретке келтіріп қана қоймай, дүние мен ақырет өмірін бірге қолға алған, мүдделерін осыған қарай реттеген, әсіресе құқықтық істерде әдет-ғүрып және мүддесіне (қоғамдық мүдде) көңіл бөлген, мемлекет басшысын қоғамның діни өмірінде де басшы (имам) етіп танытқан. Айта кететін нәрсе, Фикх адамның дүниеге келуінен ер жетіп кәмелет шағына, үйленуіне, балаларымен қарым-қатынасына, мамандығына, өліміне, өлімінен кейінгі өсиет пен мирасына, артта қалдырғандарының қорғалуына дейінгі өмірінің әрбір қиылысында орын алған, әрбір қадамында онымен бірге болып, жол көрсеткен. Осы мәселе қоғам мен қоғамдар арасындағы байланыстарға да қатысты. Тарихта мұсылмандардың әділеттілігін тілдерде дастан еткен міне осы Фикх. Осы себепті Европа өлкелерінде алғашқы заңдастыру әрекеттері басталғанда І Напалеон секілді кейбір мемлекет басшылары Ислам құқығынан пайдаланған, сілтемелер жасаған.
Фикх ғылымының тақырыбы мен деректері тұрғысынан негізгі Ислами білімдерден тәпсір, хадис, сияр, кәләм, қырағат, ахлақ ілімдерімен байланысы бар. Бұлар негізі бір жүйеде орын алғандығы үшін арнайы бұл білімдер мен Фикх арасындағы байланысқа тоқталмаймыз.Айрықша Фикх ғылымы жағымды білімдерден саналатын математика, астрономия, жағрафия, әлеуметтану, философия, логика секілді қатысы бар мәселелерде пайдаланады және әрдайым байланыста. Мәселен, математика білімінен мұрагерлік мәселесінде, жағрафия ғылымынан құбыланы белгілеу жайында, астрономия ғылымынан айдың туылуы мәселесінде пайдаланады.
1. Әділетті орнату: Фикх ғылымының яғни Ислам үкімдерінің негізгі мақсаты әділеттілікті орнату. Әділеттілік әрбір нәрсені орын-орнына қою және барлығына лайық болғанын беру дегенді білдіреді. Барлық құқықтық жүйелер негізінде ақиқат пен әділеттіліктің орнауы үшін. Өйткені әділеттілік құқықтың ең маңызды құндылығы. Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Әй мүміндер! Алла үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы». (5 Маида сүресі 8-аят) Осы тұрғыдан Фикхтың ең маңызды ерекшелігі мен негізгі қағидасы әділеттілікті орнату. 2. Қоғамның пайдасын көздеу: Ислам қоғамдық өмірі бар дін. Сондықтан да өз басына оқшау өмір сүруді құптамайды. Исламда басты нәрсе қоғам өмірінде және қоғамның ішінде өмір сүру. Сол себепті Ислам пайдалы нәрсені бұйырады, зиянды нәрселерге тыйым салады. Ең үлкен пайда көпшіліктің пайдасы яғни қоғам мүддесі. Қоғамның пайдасы мен жеке бастың пайдасы қайшы келгенде қоғамның мүддесі бірінші орынға қойылады. Осы себепті бір мұсылман жүріс-тұрысында тек қана жеке басының қамын ғана емес қоғамның мүддесін жоғары ұстауы қажет. Өйткені Ислам құқығы да көпшіліктің мүддесін жеке бастан жоғары санайды. 3. Міндеттілікте жеңілдік: Құран Кәрімде: « Алла (Т.) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді;» , (2 Бақара сүресі 286-аят), «Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды.»(2 Бақара сүресі 185-аят), «» (Маида сүресі 61-аят) «Өйткені, Алла, сендерге ауыршылық қаламайды» (5 Mâide 6) түріндегі аяттардың орын алуы және Хз. Айшаның (р.а.) «Хз. Пайғамбар екі нәрсенің бірін таңдағанда міндетті түрде оның жеңілін таңдайтын еді» (Бухари, Мәнәкиб, 20) дегені, сонымен қатар Хз. Пайғамбардың діни міндеттіліктерді қиындатуға тырысқандарға әрдайым ескертулер жасағандығы, Ислам дінінің негізін алып қарағанда әрбірінің оңай атқара алатындығы және осы өмірде өміріне енгізе алатын дін екендігін айқындап тұр.
Оның үстіне Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.);
-Көп сұрақ сұрап міндеттілікті арттырған немесе ой-өрісті тарылтқандарды,
-Құлшылықтарда шектен шығып, өмірдің тепе-теңдігін ескермегендерді,
-Құлшылықтарын жан азабына айналдырғандарды,
-Жеңілдік бола тұра міндетті түрде қиынына қарай жүгіргендерді айыптаған.
Хз. Пайғамбардың «Жеңілдетіңіздер қиындатпаңыздар, қуантыңыздар жек көрсетпеңіздер» (Бухари, Илим, 11, Мәғази, 60, Әдәб, 80; Муслим, Жиһад, 4; Әбу Дауд, Әдәб, 17) ескертулер болса да Ислам тарихында міндеттілікті арттыру, ауқымын тарылту және діни өмірді қиындатулар болған. Бірақ бұл әрекеттердің иелеріне және Ислам қоғамына зиянынан басқа ештеңе болған жоқ. Түйіндер болсақ дініміз құлшылықтар мәселесінде өте көп жеңілдіктер қарастырған. Мәселен суды қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда тәйаммум алынады. 4. Міндеттіліктің аз болуы: ислам дінінің алып келген міндеттіліктер оңай болғаны сияқты өмірдің әдеттегі барысын бұзбайтындай дәрежеде аз. Материалдық азығымызды қамтамасыз ету үшін бөлген уақытымыз рухани азығымыз болып саналатын құлшылықтарымызды орындау үшін бөлген уақытымыз жеткілікті. Өте жұмысы көп адам да қажетті үзілісінде парыз болған құлшылықтарын орындай алады. Әлеуметтік өмірдің басқа салаларындағы жауапкершіліктер орта бір адамға ешқайндай қиыншылықтар туындамайды және ақыл иесі әрбір адамның орындауы тиіс болған міндеттер болып саналады. Тағы бірі адалдарда кеңдік, харамдарға тыйым бар. Расында Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Әй адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседен жеңдер!» (2 Бақара сүресі 168-аят) Бұл аятта да баян етілгені сияқты настарда (аят пен хадис) харамдар шектеулі болғандықтан бірме-бір айтылып өткен, адалдар көп болғандықтан бірме-бір айтпаған. Бұдан түсінетініміз харамдардың шектеулі, адал нәрселердің көп екендігі. Жалпы қағида ретінде «Затта негіз болған нәрсе мубахтық (дін бойынша тыйым салынбаған)» түсінігі таңдалған.5. Үкімдерде дәрежелік: Құранның түсірілуі 23 жылда біткен. Құлшылықтар мен қоғамдық өмірді ретке келтірген үкімдер, дәреже-дәреже және қоғамның қажеттілігіне байланысты қойылған. Ислам фықһының ерекшеліктерінен саналатын дәрежелік, Исламға шақырудың әр сатысында керек. Аллаһ дінін жібергенде дәреже-дәреже іске асырғаны сияқты, Исламды түсіндіруде және оны іске асырамын деген адам да жеке тұлға мен қоғамдық өмірде сатылауды негізге алуы тиіс. Мәселен ішімдікке бірден тыйым салынған жоқ, үш сатыда жүзеге асты. 1-кезең: Бұған қатысты түскен алғашқы аятта «(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен арақтан, құмардан сұрайды. Оларға: «Екеуінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайдасынан көрі күнәсы зорырақ» де.» (2 Бақара сүресі 219 аят) деп әмір етілген;
2-кезең: «Әй мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар.» (4 Ниса сүресі 43 аят) түрінде құлшылық қылатын кезде ішімдік ішуге болмайтындығын білдірген; 3-кезеңде болса ішімдіктің зиянын білген Мұсылмандарға «Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар» (5 Маида сүресі 90-91 аяттар) әмір ету арқылы үзілді-кесілді тыйым салынған.
Усул, «а-с-л» сөзінің көпше түрі. Сөздікте асылы, түбірі, қайнары деген мағыналарға келеді. Терминдік мағынасы болса жол, әдіс, ереже, қағида, жүйе, тәртіп және метод мағыналарында қолданылады. Бұл мағынада бір ғылымның асыл тақырыбына өтпей тұрып, үйренілуі тиіс негіздер, принциптер және бастапқы мағлұматтары мен техникаларын баяндауда. Осылай болғандықтан, Фикх усулү дегенде Фикх ғылымының сүйенген негіздері, Фикх методологиясы екендігі түсінікті. Ислам құқығын түсіну үшін бұл құқықтың арқа сүйеген механизмді жақсы ұғыну керек. Бұл, Ислам құқығын деректерімен методологиясын (Фикх усулін) үйрену арқылы болады.
Екінші бөлім: Ислам құқық методикасы (Фикх усулі)
Тақырып: Фикх усулі
Мақсаты: Анықтамасы, пайда болуы, дамуы, зерттеу алаңы, мақсаты мен методтары жайлы хабардар болу
Фикх усуліның ең қысқаша анықтамасы; Фикхтың сүйенген деректер мағлұматы ретінде анықтама беруге болады. Усул сөзінің қамтитын мағыналарына байланысты, Фикх усулінің мына үш мағынаға келетіндігін көре аламыз: 1. Фикх усулі; бізді Фикхқа жеткізетін жол және жүйе. Осы жағынан методология ғылымы болып саналады. Сол себепті жаңа пайымдаумен Фикх усулін Ислам құқығын методологиясы деп атауға болады. 2. Фикх усулі, Фикхтың деректері дегенді білдіреді. «Қандай да бір Фикх үкімі қайсы деректерден алынды?» сұрағының жауабымен айналысады. 3. Фикх усулі; Фикхтың негіздері, қағида және тіректері. Осы қадір-қасиетпен Фикх усулі, Фикхтың түбірін (деректерін) немесе ұстанған дәлелдері қолға алып және осы дәлелдердің көмегімен үкім шығару методтарынтүсіндіретін ілім. Ижтиһадқа ие болған мужтәһидтің шариғи, амалдық үкімдерді жан-жақты дәлелдерінен шығаруда негізге алған қағидалар ретінде де анықтама берілген. Қағидалар жуз-и (жеке) үкімдерді қамтитын барлық-жалпыға бірдей негіздер. Мәселен «бұйрық орындалу үшін» бір қағида. Бұған қарағанда «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер,...» (2 Бақара сүресі 43 аят) бұйрықтары намаз бен зекеттің парыздығына дәлел болады. Тағы басқа «Тыйым харам болғандығы үшін» қағидасына сай «Және де Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер» (6 Әнғам сүресі 151 аят), «Зинаға жоламаңдар.» (17 Исра сүресі 32 аят) тыйымдары әдейі (біле тұра), дұшпандықпен адам өлтірудің және зинаның харам екендігіне дәлел болады. Анықтаманың түсіндірмесіне өтсек; Анықтамада кездескен мужтәһид, ижтиһад ету қабілетіне ие болған және үкімдерді түсініп дәлелдерден үкім шығару (истинбат) үшін осы қағидаларды құрал деп қабыл еткен кісі. Бұдан кейінгі бөлімдерде ижтиһад пен мужтәһид ұғымдарына тоқталамыз.Тағы анықтамада кездескен «ахкам» болса, үкім шығарудың нәтижесі және жемісі. Бұлар құлшылығын діннің үкімдеріне сай жасайтын мүкәлләфтардың (ақыл есі бүтін, балиғатқа жеткен) істеріне қатысты үкімдер. Дін бұларды, мәселен намаздың парыздығы сияқты міндетті немесе өсімнің, зинаның және ішімдіктің харам етілуіндегі болғаны секілді харамға шығару (тахрим) немесе орта жағдайда ішіп-жеу, алып-сату және жалға алуда болғаны сияқты таңдау мен рұқсат етілген (мубәх) немесе қарызды жазу, алып-сатуды куәгерлердің алдында жасауда болғанындай нәдб (жасалуы шариғат бойынша жайыз) немесе күннің шығуы мен бататын уақытындағы намаз оқу, сүннеттерді және шариғат әдебін орындамағаны сияқты мәкруһ (дінімізде орындалуы әдепсіз саналатын нәрселер) деп сипатталған. Бұлар амали үкімдер деп те аталады.Егжей-тегжейлі делелдерден мақсат нақты бір мәселеге қатысты сол мәселенің үкіміне дәлел болған жуз-и (жеке, тармақ) дәлелдер. Мәселен: «Сендерге аналарыңмен үйленулерің арам қылынды» (4 Ниса сүресі 23 аят) аяты тек аналарымен некелесудің харам болғандығын; «...Ал енді нәжіс пұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар.» (22 Хаж сүресі 30 аят) тек пұтқа табыну мен жалған жерге куә болудың харам екендігіне дәлел болады. Бұл жуз-и (егжей-тегжейлі) дәлелдермен қатар ижмали (түйін) немесе кулли (барлығы) дәлелдер бар. Бұлар жалғыз белгілі бір мәселемен тоқталып, белгілі бір үкімге дәлел болмайды. Мәселен: Шариғи үкімдердің қайнары Кітап, Сүннет, Ижма (бір мәселеде пікір бірлігі), Қияс (салыстыра отырып үкім шығару) әрбірі бір кулли (барлығы). Сондықтан әдіскердің зерттейтін дәлелдері осы. Тафсили (жеке-жеке) дәлелдер болса Фикхшының саласы. Истинбат деп ижтиһад жолымен насс немесе Ижманың бекітпеген үкімін немесе иллеттін Құран мен Сүннет мәтіндерінен шығару әрекетіне айтады. Истинбат истидләлдға ұқсас. Ниса сүресінің 83 аятында «Қашан оларға (мұнафықтарға) аманшылықтан немесе хауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән- жайын білер еді. Егер сендерге Аланың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді» жайында анық нас (аят пен хадис) болмаған оқиғалар пайда болған жағдайда қияс пен рәй (көзқарас) ижтиһадының керек екендігіне дәлел болады. Бір мәселе жайында нас бар болса, истинбатқа қажеттілік жоқ. Бұл жағдайда әдіскердің әрекеті жуз-и үкімдерді истинбатқа алып баратын кулли қағидаларды зерттеу. Фикхшының міндеті жуз-и үкімдерді жуз-и дәлелдерден яғни әр мәселе жайында келген дәлелінен истинбат ету арқылы бұл әдіс қағидаларын истинбат саласында тәжірбие жасау. Басқа бір сөзбен айтар болсақ әдіскердің алаңы кулли дәлелдермен Фикхшының истинбат жасауына жәрдемші болатын кулли қағидаларды қою үшін кулли үкімдерді түсіндіру үшін дәлелдерді зерттеуге арналған болса да, Фикхшының саласы жуз-и дәлелдер мен оның дәлел болатын жуз-и үкімдермен шектеулі.
Фикх усулі екі нәрседен сөз қозғайды: Біріншісі; әрбір истинбат себебі ретінде шариғи дәлелдер. Екіншісі; осы истинбаттың нәтижесі ретінде шариғи үкімдер. Истинбат нәтижесі ретінде шариғи үкімдер мен бұлардың дәлелдермен нақты болуы. Бұл әдіскерлердің қауымдастығының таңдалған ережесі. Өйткені олар: «Усулі Фикхтың тақырыбы дәлелдермен нақты болуы тұрғысынан шариғи үкімдер», - дейді. Тағы бір жағы Фикхтың тақырыбы жайында шариғи үкімдердің нақты болуы тұрғысынан мүкәлләфтың (шариғи міндеттер жүктелген ақыл-есі дұрыс, балиғатқа жеткен адам) іс-әрекеттері болып саналады. Осы жағынан Фикхшы да алып-сату, жалға беру, кепілдік, өкілеттілік, намаз, ораза, мақұлдау, куәгерлік, өсиет, қор, өлтіру, намыстыға жала, ұрлық, зина, харам жолмен дүние табу сияқты мүкәлләфтың іс-әрекеттерінің үкімін қарастыратын адам. Фикх усулі білімінің асыл мақсаты, мужтәһидтің шариғи, амали үкімдерді жеке-дара дәлелдерінен ажыратуы үшін оған осы білімнің қағидаларын жүзеге асыру мүмкіндігін дайындау. Кімде-кім ижтиһад ету дәрежесіне толық жетсе усул қағидаларының көмегімен шариғи настарды жария түрде немесе құпия болсын ұғынып, үкімдерге дәлел болатындығын шығара алады. Қияс, истихсан, истислах және басқа дәлелдерді, пайда болған жаңа мәселелердің үкімін табуда қолдана алады. Ижтиһад ету дәрежесіне толық жетпеген адам үкімдердің истинбат жолдарын үйрену, мужтәһидтердің қағидалары мен пәтуаларына сүйене отырып осыған ұқсас жаңа мәселелердің үкімдерін табу үшін түрлі ижтиһад мәселелерінде Фикхшылардың көзқарастары мен дәлелдерінің арасынан, салыстыра отырып дәлелі ең қуатты болғанын алуы Фикх усулі білімінің алға қойған мақсаттарының бірі. Фикх білімінің мақсаты болса мукәлләфтардың іс-әрекеттерінің халал және харам екендігін түсіндіру үшін шариғи үкімдерді сол істерде жүзеге асыру. Осы себептен Фикх білімі, адамдардан шыққан сөз бен іс-әрекеттердің дау-дамай және ихтиләфтардың (дәлелдерге байланысты пікір өзгешелігі) шариғи үкімін үйрену үшін ғалымның, қазының және муфтидің (пәтуа беруші) жүгінетін бұлағы.
Фикх усулі, һижри екінші ғасырдың аяқ жағында яғни Хз. Пайғамбар (с.а.у.), сахаба және табиғун (сахабалардан кейін келген нәсіл) кезеңінен кейін пайда болған білім. Өйткені Хз. Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде үкімдер тек өзінен алынатын. Яғни үкімдер Аллаһ елшісіне келген уахи Құранмен немесе оның Құранды сөзімен, іс-әрекетімен немесе мақұлдауы арқылы түсіндірген сүннетімен бекітілетін. Бұл жағдайда бірқатар метод пен қағидаларды қолдануға қажеттілік жоқ еді. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) Раббына қауышуынан кейінгі кезеңде адамдар арасында пәтуа мен үкім беру міндетін сахабалардың алдыңғы қатарлылары атқарды. Бұлар Құран мен Сүннеттің тілі болып саналатын арабшаны, аяттардың түсуі (нузул) мен хадистердің айтылу себептерін (уруд) өте жақсы білетін және Ислам шариғатының келуіндегі жан-жақтылықты, мақсат пен мүддесінен толыққанды хабардар болатын. Өйткені бұл алдыңғы қатарлы сахабалар, ұғыну қабілеті, зейіні мен ахлақи ерекшеліктері тұрғысынан таңдалған адамдар болғаны сияқты, одан басқа ұзақ уақыт бойы Аллаһ Елшісімен бірге өмір сүріп, достық құрған адамдар еді. Шариғи деректерден үкім шығару кезінде қолданылатын қағидаларды теория түрінде алуға мұқтаж емес еді. Бірақ сонымен қатар өмір жалғасуда, ортаға шешімін табу тиіс болған біршама мәселелер пайда болды. Міне осы орайда Фикх усулі білімі де Хуләфә-и Рашидин (Әділетті халифалар) және өздерінен жаңа мәселелердің пәтуасы сұралған басқа сахабалардың кезеңінде пайда болған ижтиһад әрекетімен бірге пайда болды. Сахабадан мужтәһидтері мәселенің шариғи үкімін алдымен Құран Кәрімнен кейін Пайғамбар сүннетінен іздейді, таба алмаған жағдайда «Әй ақыл иелері! Ғибрат алыңдар» (59 Хашр сүресі 2 аят) аятының аясындақиясқа яғни діннің негіздеріне және түсінігіне сай көзқарасты қою үшін ижтиһадқа жүгінетін. Араларында ижтиһадтың шегі жайында түрлі түсініктер болуымен қатар бұл усул (методика), табиғун және әтбағут табиғун (табиғундардан кейінгі келген нәсіл) кезеңінде де осылай жалғасқан. Түрлі түсінік мынадай: Кейбірі үкім жайында нас болмаған мәселе жайлы нас бар болғанына қосып, қияспен амалды шектесе, кейбірі діннің негізіне сай болу шартымен маслахатпен амал ету жағын ұстанатын. Барлығы да сахабаның сөзін қабылдайтын еді. Сайд б. Мусаййаб, Уруа б. Зубәйр, Қазы Шурайх пен Ибраһим б. Ән-Нахаи табиғун ғасырының мужтәһидтерінің кейбіреулері. Осылайша түрлі көзқарастағы имамдар пайда болды. Әрбір имам өз методикасын дамытты. Һижри екінші ғасырда, мәзһәб имамдарының арасында методика білімі анықталды. Бұл білімге қатысты қияс, истихсан, мәсәлихи мурсәлә, сахаба сөзі, алдыңғы шариғаттар, сәдди зараиғ, Мәдина халқының амалы сияқты терминдер пайда болды. Бұл ғасырда екі бағытты көре аламыз: Хижазда әһли хадис (Фикх мәселелерінің шешімінде хадиске баса көңіл бөлген), Иракта әһли рәй (Фикх мәселелерінде настармен қатар қанағат пен ділге көңіл бөлген). Екеуі де сахих хадис пен дұрыс ижтиһадпен амал етілетіндігіне келісілген. Бірақ Хижаз халқы діннің қағидаларына және кулли (жалпы) негіздеріне сай болса да рәймен амал еткеннен қарағанда хадиспен амал етсе, Ирак халқы нас табылмаған жағдайда рәймен амал етуді таңдады. Фикх методикасы білімінің кемелденіп жинақталуы һижри 204 жылы өмірден өткен Имам Шафиғидың «Рисәлә» атты кітабымен басталды. Бұл салада алғашқы жазылған еңбек осы кітап болатын. Бірақ бұл білімнің қағидалары сахаба, табиғун және басқа да мужтәһидтердің ижтиһадтарында шынында бар болатын. Кей уақыттарда олардың ижтиһадтары, бір-біріне қайшы дәлелдер арасында таңдау жасау мәселесінде негіз болып саналатын тармақтық методикалық қағидаларды қамтитын. Мәселен Хз. Алидің мас адамның жазасын, зина жасады деп жала жапқанның жазасымен қияс жасауы, Ибн Мәсғудтың ижтиһады бойынша кейінгі келген нас алдыңғы келген настың үкімін жоюы немесе тән қылуы осы түрден. Ибн Мәсғуд бойынша күйеуі өмірден өткен аяғы ауыр әйелдің иддеті (әйел затының үйленбей күтетін уақыты) босануымен аяқталады. Өйткені бұл үкімді баяндайтын Талақ сүресі (Қараңыз 85 Талақ сүресі 4 аят) күйеуі қайтыс болған әйелдің «төрт ай он күн (ғыддат) күтеді» деген бұйрық Бақара сүресіндегі аяттан (2 Бақара сүресі 234 аят) кейіннен түскен, сондықтан алдыңғы келген аяттың үкімін жойған. Тағы осыған ұқсас мутәаххирун (кейінгі кезеңнің Фикхшылары) ахад хабарға (Бір немесе екі, үш адамның өздері сияқты бірнеше адамнан риуаят етуі), жекенің (хаас) жалпыға (аам), харамның мубәхқа таңдалуы, жекенің жалпыға тән етуі; «» (5 Маида сүресі 3) аятындағы үзілді-кесілдінің, Әнғам сүресіндегі 145 аяттағы «аққан қан»-ға шектеумен тек қана «аққан қанның» харам етілуі осы мысалдарға сай келеді. Ғалымдар бұл білімді, Кәләм ілімінен және шариғи үкімдердің бір бөлшегінен емес, керісінше негізі мен мақсатынан пайдалана отырып ортаға салған. Өйткені Құран мен сүннетке мойынсұнуға мәжбүрлеу тек қана осы екеуімен амал етуге мәжбүр еткендерден шығары анық, Ол әрине Аллаһ Тағала. Тағы айта кететін жәйт ғалымдар бұл методиканы ортаға салғанда екі асыл үкім қайнары Құран мен сүннеттің де тілі Араб тілінің истинбат (үкім шығару) қағидаларынан да көптеп пайдаланған. Мәселен біз бұл тілдің көмегімен діннің мақсатын түсіне аламыз. Осы тілдің көмегімен мужтәһид хақиқатты, межазды, сарихты, кинаяны, умумды, хусусты, муштәрәкті, мутлақты, муқаядты, мантуқты, мәфһумды түсіне алады. Бұлардың барлығы тілдің зерттеу алаңы. Бұлар Фикх методика білімінің пайда болғаннан кейін дамуына себеп болған мәселелер.
Фикх методикасы білімін жинақтаған Имам Шафиғиден кейінгі ғалымдардың кейбірі мухтасар (қысқартып), кейбірі муфассал (егжей-тегжейлі) методика білімінде кітап жазуды жалғастырды. Методика ғалымдары кітап жазуда мына үш методты қолданды:
Жалпы бұл метод ғалымдары жумһурының (бір білім саласы бойынша ғалымдардың басым бөлігі) ұстанған жолы. Бұл методтың ерекшелігі Фикх мәселелерін қоя тұрып, ақли, кәләми (кәләмдық) және тілдік дәлелдердің қажет еткеніндей методика қағидаларын қою. Бұл мектептің басты үш ерекшелігі бар: Таза ақли дәлелдерге сүйену, белгілі бір Фикх мәзһәбына байланып қалмау, Фикхқа байланысты фәр-и (тармақтық) мәселелерді тек түсіндіру мен мысал үшін айту. Бұл мектептің имамы, Фикхынан алдын методын жинақтаған Имам Шафиғи. Бұл методтың жалауын желбіреткен Әбу Бәкір Бақыллани. Бұл методпен жазылған кітаптардың ең танымалдары мыналар:
Қазы Абдулжаббардың әл-Умдасы,
Әбул Хусәйн әл-Басридың әл-Муьтәмәды,
Имамул Харамәйни әл-Жуәйнидің әл-Бурханы
Ғаззалидың әл-Мустасфасы,
Фахруддин әр-Разидың әл-Махсулы
Амидидың әл-Ихкәм фии усуулил Әхкәмы
Бұл негіз бойынша жазылған еңбектерде алдымен логикалық және тілдік дәлелдерді, соңында ижтиһад және осыған ұқсас мәселелерді айтып соны қолға алады.
2. Ханафи методы: Бұл тәсілдің ерекшелігі тек ақли дәлелдерді негізге алмай, методика қағидаларын, мәзһәб имамдарының фәр-и (тармақтағы) мәселелерге байланысты ижтиһадтарынан әрекет ете отырып ортаға шығарылуы. Бұл тәсіл мәселешіл метод деп те аталады. Осы себепті бұл методта фәр-и мәселелермен методика қағидаларын бір-бірімен байланыстырады. Міне осы себептен Ханафи Фикх кітаптарында фер-и мәселемен бірге оған сай қағидалардың да келетіндігі және имамдарынан жеткен ижтиһадтарды негізге ала отырып методикалық қағидаларды анықтағандарын көбінесе байқалады.
Бұл мектептің үш ерекшелігі бар:
a) Методика мен тармақтарын бір-бірімен байланыстыру негізіне орнықтырылған амали (практикалық) жол,
ә) Методика мен тармақтарын керемет тәсілмен араластырған,
б) Жәдәл мен мунәзара методтары жайлы тармақты мәселелерді тәсіліне сай шығаруда, кулли Фикх қағидаларының жазылуында құнды еңбектер жазып Фикхқа қызмет еткен.
Әбу Мансур әл-Матуридидің алдыңғы қатарлы саналатын осы тәсілдің маңызды кітаптарынан кейбіреулері мыналар:
Әбу Бәкір әл-Жассастың әл-Фусул фи-л усулі;
Әбу Зәйд әд-Дәбусидің Тақуииму-л Әдиллә уә тә-сису-н Назар атты еңбектері;
Сәрахсидің Тәмһиду-л Фусул фи-л Усул;
Пәздәуидің Усулі.
Бұл мектептің еңбектерді жинақтау методы мынадай: Методика білімінің анықтамасы, бір мәселе жайлы келісілген (иттифәқ) және пікірталас (ихтиләф) болған шариғи дәлелдер, кейін мужтаһидтердің жағдайлары және қарама-қайшылық пен таңдалғаны, ең соңында шариғи үкімдердің тақырыптары беріледі.
Екі метод арасындағы айырмашылықтың негізі «Усул қағидаларының қарар беру жағдайы». Барлық философиялық теорияларда болғаны сияқты алдымен қағиданы қойып, кейін тармағы мен тәжірибесі іске асу ма әлде мәзһәб имамынан жеткен тармақты ижтиһадтық мәселелер негізгі болып қабыл етіліп қағида соған сай құру керек па? Деген жағдай пайда болды.
3. Кейінгі Фикхшы ғалымдардың (Мутәаххирун) методы: Фикх методикасының жинақталуында һижри жетінші ғасырда жаңадан тәсіл пайда болды. Бұл Ханафи методы мен кәләмшылардың методын біріктірді. Осы тәсіл мен методика жазушылардың әдістемесі, алдымен методика қағидаларының тексерілуі және осыларды дәлелдермен дәлелдеу, кейін осы қағидаларды Фикхтағы тармақты мәселелерге тәжірибе ету түрінде. Бұл методпен жазылған еңбектердің арасында;
Садру-с Шариъаның Таудиһы,
Ибнул Қайумның Иъламу-л Муаққині,
Шатибидің әл-Муафақаты және Шәуқанидің Иршаду-л Фуһулі тілге тиек етіледі.
Тақырып: Хз. Пайғамбардың кезеңіндегі Ислам құқығы
Мақсаты: Хз. Пайғамбар кезеңіндегі Фикхты жан-жақты үйрену.
Ислам құқығының тарихын, пайда болған, дамыған кезеңдерін зерттейтін құқықшылар мен тарихшылар бұл мәселеде екі жолды ұстанған. Кейбіреуі тікелей ұйымды қолға алып, оны жанды ағзаға ұқсатып, пайда болуы, дамуы және кемеліне жетуі деп бөліп, зерттеген. Енді біреулері Фикхтың дамуына әсер еткен факторларға қарай отырып, нәсіл буындарға немесе саяси билік тұрғысынан кезеңдерге бөлген. Хз. Пайғамбар, сахаба және умеяттар, аббасилер, моңғол басқыншылығы, мәжәллә (заңдардың жазылуы) және сол ғасырдағы жандану кезеңдерінен сөз етеді. Біз осы екеуіне де көңіл бөле отырып Фикх тарихын Хз. Пайғамбар, сахаба, табиғун және одан кейінгі (умеяттар мен аббасилер) кезеңдері ретінде зерттеуге тырысамыз.
Ислам құқығы (Фикх), Хз. Пайғамбар (с.а.у.) ның Мәдинаға һижрет етуінен бастап өмірден өтуіне дейінгі өте қысқа он жыл уақыттың ішінде толықтастырылып, әдебиеттері, негіздері мен принциптері тұрғысынан қате-кемшіліксіз үмметке берілген, ижтиһад жолымен дамытылуы және әр уақытқа үйлесімділігін қамтамасыз ету олардан талап етілген. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) заманы Фикх кезеңінің ең маңыздысы болатын. Өйткені уахиға негізделген әрі уахидың бақылауымен жүзеге асып отырған заң шығару және іске асыру осы кезеңдерде толықтырылған. Сондықтан да бұл кезең кейінгі кезеңдерге бастау және үлгі-өнеге болды. Міне сол себепті Хз. Пайғамбар (с.а.у.) кезеңін жақсы білуіміз керек. Бұл кезеңді бөліп тұратын ерекшеліктері тұрғысынан екіге бөлу қажет: Мекке кезеңі және Мәдина кезеңі.
Хз. Пайғамбарға (с.а.у.) миләди жыл санауы бойынша 610 жылы уахи келіп, жүктелген пайғамбарлық міндетіне сай дінге шақыра бастады және 622 жылға дейін Меккеде тұрды. Осы уақыт ішінде (13 жылға жақын) Құран Кәрімнің үште бірінен азы түскен болатын. Һижреттен бұрын болған бұл кезеңде әлеуметтік байланыстардың тәртіпке келтірілуіне қарағанда сенім, құлшылық және ахлақ мәселелеріне тоқталған, екінші бір жағы Фикх құрылымы пайда бола бастады. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) сол дәуірде, Мәдиналық топпен жасаған Ақаба анты, Фикх саласында алғашқы жазылған мәлімет деп санауға болады. Бұл анттың баптары мынадай:
7- Жақсылықта Аллаһқа және Пайғамбарына қарсы келмеу
Пайғамбарымыз (с.а.у.) мәдиналықтармен жасаған алғашқы қарым-қатынастан кейін Мәдинаны, жаңадан негізі қаланатын мемлекет үшін оңды халге келтірген болатын. Осылайша Аллаһ Тағала Пайғамбарына рұқсат еткен кезде Ясрибке (Мәдина) көшті. Шынын айтқанда ол жер оны және меккелік мұсылмандарды бауырына басуға дайын болатын. Мәдинату-н Нәби (пайғамбардың қаласы) атымен Ислам мемлекетінің жаңа орталығына айналды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) һижреттен кейін Мекке кезеңінде орналасқан діннің иман мен ахлақ негіздеріне Мәдинада муамәлатқа (Ислам құқығында құлшылық пен жазадан тыс әрбір іс-әрекет) қатысты мәселелерді одан әрі жалғастырды. Осы салаларға бағытталған тұлғалық және әлеуметтік өмірді ретке келтіретін үкімдер жүйеге енді. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) Мәдиналық дәуірде мына мәселелерге қатысты құқықтық негіздерді үмметіне аманат етті:
1- Құлшылықтар мен муамәләттың әр түрі
2- Соғыс және мемлекеттер арасындағы құқыққа қатысты негіздер
3- Жанұя тәртібі, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен бала ақысы
4- Мұрагерлік үкімдері
5- Қылмыстар мен жазаларына қатысты үкімдер (уқубат)
6- Басшы мен жұмысшысы арасындағы қарым-қатынас
Осылайша Хз. Пайғамбар (с.а.у) ның қоғамның жетекшісі ретінде танып, шақырылған Мәдинада Ислам, Аллаһ пен құл байланысымен қатар әлеуметтік өмірді де тәртіпке келтіруге бағытталған. Бір жағынан құлшылықтар, жиһад, жанұя мен мұрагерлік, екінші жағынан заң, жаза, соттасу тәсілі, муамәләт, мемлекеттер арасындағы байланыстарға қатысты біршама үкім мен қағидалар шығарылған. Бұл үкімдердің пайда болу түрі де маңызды.
Бұл кезеңдегі барлық үкім мен қағидалар екі түрлі жолмен пайда болған: a- Иләһи үкімнің түсіндірілуін қажет ететін бір оқиға пайда болады немесе сұрақ сұралады. Сол себеппен бір аят түседі немесе Хз. Пайғамбар (с.а.у.) ға білдіріледі. Ол өзінің сөзі мен тәсілі арқылы (сүннет) үкімді түсіндіреді, жүзеге асырады. Кей уақыттарда уахи келмеген кезде, Хз. Пайғамбар Аллаһтың рұқсатымен көрегендігі және тәжірибесіне сүйене отырып (ижтиһад) үкім шығарады, егер қате болса Аллаһ тарапынан түзелтілетін. Осыған байланысты Құран Кәрімде «ясәлунәк» (сенен сұрайды) тіркесі он бес жерде кездеседі. Бұлардың сегізі Фикх мәселелеріне байланысты. Екі жерде «ястәфтунәк» сөзі қолданылған. Бұған байланысты әсбабы нузул (аяттардың түсу себебі) кітаптарында уахидың келуіне және діни үкімнің түсіндірілуіне себепкер болған бірнеше өрнек оқиғалар келтірілген. ә- Бір оқиға немесе сұрақ күтпестен иләһи жоспардағы орны мен уақыты келгенде кейбір үкімдер тікелей білдірілетін. Өйткені Исламның мақсаты тек қана белгілі бір әлеуметтік-мәдени дәрежедегі қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ету ғана емес, Ислам - мұсылмандықты ұстанған қоғамның мұқтаждықтарына жауап береді, оларды дамытады және де әлемдік үкім мен құндылықтарға ие. Бұл кезең жайлы жалпы мәліметтерден кейін сол уақыттың Фикхының ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Бұл кезеңде Фикхтың үш ерекшелігі бар болатын: сатылап, жеңілдік, нәсих.
Сатылап: Тіпті Құран мен оның ең мықты тәпсірі, түсіндірушісі болып саналатын сүннет те бірден түсірілген де бұйырылған да жоқ. Бұл екі деректің шариғи (құқықтық тәртіпке келтіру) әрекеті 23 жылға жақын уақытты қамтиды. Исламның негізі осылай бірте-бірте, сатылап келуі адамдардың оны жақсы, әрі оңай түсініп, үйренулері, ұғынулары қамтамасыз етілген. Ұмытпауымыз тиіс нәрсе, уахи келген кездегі адамдар оқу-жазуды білетіндері аз, олар өздерінің сақтау қабілетіне сенетін араптар болатын. Осылай сатылау немесе мақсатқа дәрежелеп жету бірнеше түрде болған: а) Уақыт ішінде сатылау: Үкімдердің бірден және уақыт аралығында емес, ұзақ уақыт аралығында бірінен кейін бірінің түсуі. ә) Үкімдердің дәрежелі сатылауы: Міндеттемелер бірден келмегені секілді келген үкімдер де уақыт ішінде толықтырылып отырды. Шама-шарқы және сай келген сайын, күрделеніп, арттырылды. Мәселен: намаз таңертең және ақшам екі уақыт еді, кейін бес уақыт болып бекітілді. Зекеттің мөлшері алғашқы уақытта шек қойылмаған, әркімнің қалағаны мен шамасына қарай, кейін мөлшері белгіленіп, міндеттелді. Ішімдік алғашқы уақытта тыйым салынбады, тек қана зиянды екені білдірілді. Кейін мас болған уақытта намаз оқуға тыйым салынып, ең соңында үзілді-кесілді тыйым салынды. Исламның алғашқы жылдарында мұсылмандар аз болғандықтан, дұшпандарымен соғысу әмір етілген жоқ, олардың әрекеттеріне кешірім мен сабыр етулері талап етілді. Кейін мұсылмандар көбейгеннен кейін қорғану үшін соғысуға рұқсат берілді (22 Хажж 39). Уақыт өте келе дінге деген қысымды жою, дін мен намыс бостандығына қол жеткізгенге дейін соғысу парыз етілді (2 Бақара 190; 8 Әнфәл 39). Сатылап, үкімдердің уақытпен жалғасуы там-тұмдап орнауы, қоғамның соған дайын болуы әрі жаңа үкімдердің қоғам тарапынан бейімделуі көзделген. Ақыр соңында барлығы жинақталып, шариғат (үкім) толықтырылды. Уақыт ретінде қарайтын болсақ, сатылап ілгерілеу жиырма үш жылға созылды. Даму сатысы халінде толықтырылуы тұрғысынан намаз, зекет, ішімдік пен пайызға тыйым, жиһад өрнектері назар аудартарлық. Жеңілдік болса, заң шығаруда, қағида қойғанда, жүзеге асыруда адамның табиғатын, жаратылыстан бері қарай келе жатқан ерекшеліктері мен мұқтаждықтарына көңіл бөлетін болсақ, дін мен ұстанушы арасында қиыншылық тудырмау, кемеліне жетуге баулуда табиғатына сай әрекеттерден тыс, жақсы етіп көрсету, жеңілдету негізге алынған. Құлшылықтардың күннің қысқа саналатын уақыттарына бөлінуі, адамдардың табиғи мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін нәрселердің мүбәх етілуі, науқас, жолаушы, қысым, қателесу, ұмыту сияқты жағдайлардың үзір ретінде қабыл етілуі және қиындықта қалған жағдайда харамдардың мүбәх етілуі жеңілдіктің маңызды үлгісі. «Мұқтаждық харамды мүбәх етеді» қағидасы бұл жағдайда еске салатын ең маңызды қағида. Жеңілдік осы кезең үкімдерінде көзге көрінетін ерекшелік. Құранда Аллаһтың қиыншылық қаламайтындығы, жеңілдік қалайтындығын нақты білдіреді. (2 Бақара сүресі 185). Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) да, «Жеңілдетіңіздер, қиындатпаңыздар, жақсы көресетіңіздер, жек көрсетпеңіздер» (Бухари, Жума, 8; Саум, 27; Муслим Таһарат, 42) бұйырған. Ол үмметіне қиындықтарды бұйырмаған. Кітап пен сүннет көп нәрсені міндеттемеген, бөлімдерімен айналыспайды. Міндеттемелер, діннің мақсаты болып саналатын дүние мен ақырет бақытын қамтамасыз етуге жететіндей, ол кем де артық та емес. Әбу Сәләбә әл-Хашанидың айтқаны бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ақиқатында Аллаһу Тағала бірнеше істі парыз қылған, оларды қолдан шығарып алмаңыздар. Белгілі шектер де қойған, олардан аспаңыздар. Кейбір нәрселерді харам еткен, оларға немқұрайлы қарамаңыздар. Кейбір мәселелерде болса, ұмытқандығы үшін емес сіздерге жеңілдік болуы үшін ештеңе демеген. Олардың соңына түспеңіздер». (Дарақутни, әс-Сунән, IV, 183-184) Бұл кезеңнің ендігі бір ерекшелігі болып саналатын нәсих, бейімдеу, жеңілдету сырларына байланысты кейбір үкімдердің белгіленіп, кейіннен күшін жоюуы орын алып отырған. Нәсих, кейіннен келген үкім алғашқы үкімнің күшін жоюуы дегенді білдіреді. Тек қана бұл кезеңде кейбір аят пен хадистер басқаларының үкімін жойған. Мұның сыры алғашқы мұсылмандарды сатылап бейімдеу, тәрбиелеу, тура жолды көрсетуді жеңілдету болатын. Нәсих Ислам ғалымдары арасында тартысты мәселе.
Бұл кезеңде негізінде Фикх методикасы мен Фикх арасында паралелдік бар болатын. Өйткені Хз. Пайғамбар (с.а.у.) кездескен мәселенің үкімдерін алдымен Құран мен уахиға сүйене отырып түсіндіретін. Құранда кездеспеген мәселелердің шешімін өздері белгілейтін. Орайы келгенде айта кетейік, бірде бір әйел келіпХз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ға «Анам қажылық етуге уәде етті, бірақ қажылық міндетін орындай алмай өмірден өтті. Мен оның орнына қажылық міндетін өтей аламын ба? дегенде Хз. Пайғамбар да «Ия, оның орнына қажылық міндетін өтей аласың. Егер анаңның қарызы болса өтейсің бе? деп сұрағанда әйел «Ия» деп жауап берді. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) «Олай болса Аллаһ алдындағы қарызын да өте. Өйткені, Аллаһ ақысы өтелуге ең лайығы», - деді. (Бухари, Иътисам, 2) Міне Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы сияқты үкімдерде сахабаларға Фикх методикасының ішінде орын алатын ижтиһад, қияс тәсілдерін көрсеткен болатын. Алғашқы уақыттарда Фикх осылай жалпы болғанымен, кейінгі кезеңдерде негізгі және тармақты болып екіге бөлінгенін білеміз. Негізгі бөлімі, діни үкімдердің дерек көздерімен бұл деректерден үкім шығару тәсілдерін, тармағы болса айтылған деректерден белгілі тәсілдермен шығарылған, үкімдерді, діни-амали қағида мен нұсқауды қамтиды. Фикхтың негізгі мен тармақ бөлімдерінің бөлек өз алдына білім саласы ретінде зерттелуі, оқытылуы, кітап бетіне түсірілуі кейінгі кезеңдерде жүзеге асқанымен, негізгі болсын немесе тармағы болсын, айтып өткеніміздей бұлардың іргетасы Хз. Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде қаланған, тіпті басты тұрғыдан тәмамдалғанын да айтуға болады. Фикхқа қатысты үкімдер Құран немесе сүннет тарапынан тікелей білдірілуде немесе осылар жайында ойлану, ақылын қолдану (ижтиһад, қияс, истидләл), яки осылардың біреуіне сүйеніп келісім (ижмаъ) жолымен әрекет ететін. Фикх бірінші кезеңінде осы деректердің алғашқы екеуі тәмамдалған, Құран басынан бастап аяғына дейін көптеген хафыздар тарапынан жатталған және айрықша жазылған. Сүннет болса бір бөлігі жазылған және зейіндерде сақталған, басқа деректер мен үкім шығару тәсілдері болса қолданылған немесе келешекте қолданылатындығы түсіндірілген. Фикхтың тармақ бөліміне қатысты бұл кезеңге қатысты үкім мен өрнектер айтарлықтай көп. Аят пен хадистер құлшылықтар, жанұя өмірі, қоғамдық өмір, адамдық қарым-қатынастар, тұлға мен қоғам байланысы, мемлекет арасындағы қатынастар секілді тұлғалық және қоғамдық өмірдің әр саласында кей уақытта жалпы үкім мен негізгі қағидалар. Кей уақытта арнайы және егжей-тегжейлі үкімдер қойып, кейінгі кезеңдерге өлшем мен өрнек бола алатындай түсіндірген, осы жағынан Ислам шариғатының тірегі Хз. Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде тәмамдалған. Аяттардың анық және тікелей үкім білдіруін негіз етіп алар болсақ Фикхқа қатысты аяттың саны 200 шамасында. Бірақ түрлі истидләл жолдары арқылы қол жеткізілген үкімдерге назар аударсақ аяттың саны артуда. Мәселен Әбу Бәкір Ибну-л Арабидің (ө. 543/1148); Ахкаму-л Қуран атты еңбегінде Фикх үкімдері білдірілген аяттарға қатысты еңбекте шамамен 800 аятқа тоқталған, бұлардан түрлі үкімдер шығарылған. Фикх дерегі ретінде сүннет Құранның түсіндірілуі қажет аяттарды түсіндіруде, айтылмаған мәселелерге тоқталып, орнын толтыруда. Құран Кәрімде жалпы түсіндірілген иман мен Ислам мәселелерін, намаз, ораза, қажылық, зекет сияқты басты құлшылықтардың т.б. үкімдердің кең ауқымда түсіндірулері мен жүзеге асыру өрнектері сүннеттің түсіндіру міндетінің; пітір садақасы, үтір намазы, кейбір жазалар, әйелінің нағашы апасы мен немере апасын алуға тыйым салынуы, үй есегінің етінің харам етілуі, ораза бұзудың кәффараты сияқты жүздеген мысалдар кемелденіп отырғанының көрінісі. Ибн Қайюм әл-Жәузи зерттеуіне қарағанымызда Фикх үкімдерін негіз еткен хадистердің саны, сол мәселе жайында түрлі немесе қайталанып келген риуаяттарды санамағанда 500 шамасында. Осы негізгі үкімдерге қатысты хадистерді түсіндіретін, жан-жақты, шектеу және шарттарын білдіретін хадистердің саны 4000 ға жетеді. Фикхтың тармақ бөлімінен Мекке кезеңіне қатысты болып саналатындардың арасында ғұсыл, дәрет, ластықтан тазалану, намаз, жұма намазы секілді маңызды құлшылықтар бар. Мәдина кезеңінің бірінші жылы құтба, азан, неке, жиһад, әкімшілік тәртіп, екінші жылында ораза, айт намаздары, пітір садақасы, құрбан, зекет, құбыланың ауыстырылуы, олжа мен бөлінуі; үшінші жылында мұрагерлік үкімдері, ажырасу; төртінші жылында жолаушы болған уақытта және қауіп-қатерде намаз, тас боран, жер бөлісі, тәяммум, әкімнің мемлекет жерін жеке тұлғаға беруі (жер иқтаъа), жала жабу жазасы (қазиф), орану, үйлерге рұқсатпен кіру, қажылық және умра, бесінші жылында; жаңбыр дұғасы мен намазы, ила (әйелімен жақындаспауға ант етуі), алтыншы жылында халықтар арасында келісімдер, қажылық және умра жолында кедергіге байланысты үкімдер, ішімдік пен құмарға тыйым салынуы, зиһар, қор, бүлікшілер мен қарақшылықтың жазасы; жетінші жылында есектің, жыртқыш аңдардың харам етілуі, егінде ортақ болу; сегізінші жылы Меккенің қасиеттілігі мен дербестігі, қысас, ішімдікті сатудың және уақытша некенің тыйым салынуы, заң алдында барлық адамның тең екендігі, қабір зияратына рұқсат берілуі; тоғызыншы жылында жалаңаш күйінде қағбаны тауаф етуге тыйым салынуы, мулаанә (жұбайлардың бір-біріне лағнет айтуы); оныншы жылында адам құқықтарын жариялау, өсиет жасау, тегі, нәпәқа және қарыздарға қатысты кейбір үкімдер, жазаның тұлғалығы, пайыздың тыйым салынуы секілді үкімдердің орын алуы.
Тақырып: Сахаба мен тәбиғун кезеңіндегі ислам құқығы
Мақсат: Сахаба кезеңіндегі Фикхтың жағдайы, тәсілі, дерек көздері, фықһқа байланысты пікірталастар (ихтилафтар) мен себептері, Фикхшы сахабалардың үйренілуі, табиғун кезеңін тану
Бұл кезең Аллаһ Елшісінің өмірден өтуімен яғни уахидың тоқтауымен басталады және әділетті халифалардың соңына (41/661) немесе сахабалардың соңғысы болып саналатын екінші ғасырдың бас жағына дейін барады. Басқа көзқарас бойынша сахаба кезеңі әділетті халифалар немесе умеялықтардың соңғы жағына дейінгі жалғасқан кезең.
Сол себепті бұл кезеңді екі бөлімде зерттегеніміз дұрыс болар. Әділетті халифалар (Хулафа-и Рашиидин) және умеяттар кезеңі.
Бұл кезең (11/632) жылы Хз. Әбу Бәкірдің халифа болып сайлануымен басталып, 21 Рабиул Әууәл 41, 26 шілде 661 жылы Хз. Хасанның халифалығы Хз. Муауияға өтуімен аяқталады. Бұл кезеңде Хз. Әбу Бәкір бүлікшілер мен діннен шыққандарды тәртіпке келтіріп, жеңіске бастады, Хз. Омар жеңістерді жалғастырды. Ислам өлкесінің шекаралары шығыста Амудария, солтүстікте Сирия мен Армения, батыста Мысырға дейін жалғасып жатты. Хз. Осман бұл шекараларды одан әрі кеңейтті. Үшінші халифаның шейіт етілуімен Хз. Алиге қолдау көрсетсе (бейат етсе) де, Шам әкімі Хз. Муауия орнынан алып тастамауы үшін, шейіт болған халифаның қан дауын даулап, Хз. Алиге қолдау көрсетпеді. Бұл әрекет мұсылмандардың арасында ішкі соғыстарға себеп болды.
Хз. Хасанның Ислам бірлігін сақтап қалу және ішкі жанжалдың алдын алу үшін Хз. Муауияның атына кейбір шарттар қойып, халифалықтан бас тартты. Әділетті халифалар кезеңі осымен бітіп, жаңа кезең басталды және бұл кезең (132/750) жылдарға дейін жалғасты. Умеяттар кезеңінде ішкі бүлікшілермен күрес, сыртта жаңа жеңістерге қол жеткізіп жатты. Бұл кезеңде Ислам әлемінің шекарасы Батыста Атлант мұхиты, шығыста Қытай шегіне және Ауғанстан, солтүстікте Кіші Азияның бір бөлігін және Испанияға дейін жалғасып жатты. Умеяттар кезеңінің Фикх тұрғысынан ерекшеліктеріне тоқталар болсақ: Әділетті халифалар кезеңінде Фикх амалмен бірге болатын, бір мәселемен кездескен жағдайда сахабалар Кітап, сүннет және ижтиһадпен үкім шығаратын. Бұл осы іспеттес оқиғалар үшін бір Фикх қағидасы, діни заң болатын еді. Әділетті Халифалардың үкімдері мен іс-әрекеттерінде Құран мен сүннетке байланысты келіспеушіліктер жоқ болатын. Умеяттар кезеңінде жағдай өзгерді. Алғашқы халифалары саясат керек еткендей әкесінен некесіз туылған баланы Зияд б. Әбиһті әулетіне өткізеді (истилхақ) мұның, «Зина жасаушы мақұрым қалады» (Әбу Нуайым, Хилияту-л Әулия, II, 167) хадисіне қайшы келеді деген ескертуіне мән бермеді. Алғашқы сұлтаннан бастап және яки Омар б. Абдулазизден басқа кейінгілердің мемлекет билігінде сүннет пен әділетті 4 халифаның жолынан алыстағандығын ескерткенімен пайда бермейтіндігін көрген сахаба және басты табиғундардың көбісі Хижазда, әсіресе Мәдинада сүннеттің анықталуына, Кітап пен сүннет аясындағы теориялық Фикхтың, Фикх үкімдерінің негізін қалауға кірісті. Олар бұл әрекеттерімен әрі ілім әрі амал (тәжірибе) ақиқат Исламды қорғауға, екінші жағынан мемлекетті басқарып отырғандарға қарсы екендіктерін білдіріп отырды. Бұл кезеңде қарт кейін жас сахабалар өмірден өткеннен кейін олардың орнын табиғундар басқан. Негізінде бұл табиғундардың белсенді болған кезеңі еді. Осылайша Фикхта табиғун кезеңіне өтті. Бұл кезең Умеялықтарды да, Аббасилар кезеңін де қамтитын. Кейбір қайшылықтар болса да Аббасилар кезеңі Фикхтың нәтижелі шағы ретінде қабыл етіледі. Аббасилар кезеңіндегі кейбір жағдайлар мағлұматтар мен жүзеге асыру ретінде Фикхқа да ықпал еткен. Жалпы мағлұматтан кейін сахабаның Фикх тәсіліне тоқталамыз.
Бұл кезеңде тұлғалық, қоғамдық, саяси қандай да бір оқиға, кез келген мәселені алдымен Құраннан, кейін сүннеттен іздейтін. Бұл жағдай Аллаһ Елшісінің кезеңінен бері тәжірибеден өткен ерекшелік болатын. Бұл екі дерек көзінде үкім нақты берілмеген болса ижтиһад жасайтын. Ижтиһадпен қол жеткізген үкімге келісім болғаны сияқты оған қарсы шығушылар да кездесетін. Хз. Әбу Бәкір және Хз. Омар, алауыздықтың алдын алып, ауызбіршілікті сақтау және Шариғат қоюшының мақсатына дөп түсу үшін айрықша көпшілікке қатысты істе көпшіліктің құқығымен санасып, кеңесе отырып ижтиһад жасайтын. Көпшіліктің кеңесімен қабылданған қарсылықсыз үкімдер (ижмаъ) жеке адамның жасаған ижтиһадынан басым саналатын және оған ешкім қарсы шықпайтын. Бұл кезеңде рәй (көзқарас), Кітап пен сүннеттің түсіндірмеген үкімдерді, настардың және Ислами қағидалары аясында үкіммен байланыстыру ретінде түсінілетін. Термин ретінде айтылмаса да негіздері Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) кезеңінде орныққан, кейінгі уақыттарда истихсан, истислах, урфу-адәт, қияс деп аталған негіздер мен тәсілдер сол кезеңде рәй деген атпен тәжірибеге енді. Осы орайда яғни ижтиһад және пәтуә беру тұрғысынан сахабаның орны қалай еді? Енді соған тоқталамыз.
Бұл мәселеде сахабаларды екіге бөлуге болады:
Бірінші топқа кіретіндер, Кітап пен сүннеттен жеткілікті хабары және оқиғаларға байланыстыра алатын түсінік пен жорамал жасауға қабілеті бар болғандар. Бұлар күмәнсыз мужтәһид сахабалар. Екінші топтағылар де екіге бөлінеді; біріншісі хабар жеткізу қабілеті бар бірақ түсініп, жорамал жасау қабілеті төмен, екінші топ екі тұрғыдан да төмен болғандар. Бір топтағы сахабалар пәтуә мужтәһиді болмауы мүмкін, бірақ өздеріне жеткен дәлелмен (аят, хадис) өзі түсініп, жорамалдап немесе басқаларынан сұрап іске асырғандығы үшін солардың айтқанымен жүрген (тақлид) болып саналмайды. Бұл кісілерді алдыңғылардың жолын ұстанады (иттибаъ) деп айтуға болады. Берген пәтуаларына қарай фақиһ сахабалар үш топқа бөлінеді. Бұлардан бірінші топқа Омар, Али, Ибн Мәсғуд, Ибн Омар, Ибн Аббас, Зәйд б. Сәбит, Айша (р.а) кіреді. Осы жеті сахабаның арасында ең көп пәтуа берген Ибн Аббас. Екінші топта жиырма сахаба бар: Хз. Әбу Бәкір, Осман, Әбу Мұса, Муаз б. Сағд, Әбу Һурәйра, Әнәс, Абдуллаһ б. Амр, Сәлман Фариси, Жабир б. Абдуллаһ, Әбу Сағид әл-Худри, Талха б. Убәйдуллаһ, Зубәйр б. Әл-Аууам, Абдуррахман б. Ауф, Имран б. Хусәйн, Әбу Бәкра, Убада б. Самит, Муауия б. Әби Суфиян, Абдуллаһ б. Зубәйр, Умму Сәләмә. Бұлардың берген пәтуаларын жинақтасақ кішігірім бір томдық кітап болады. Үшінші топтағы сахабалар жүз жиырма шамасында, олардың берген барлық пәтуаларын жинасақ бір том кітап болып қалады. Сол себепті бір мәселе жайында түрлі көзқарастардың болуы қалыпты жағдай. Енді осы себептерге тоқталайық.
Құран мен сахих сүннеттің нақты баяндаған үкімінде мұсылмандардың пікірталасы, түрлі көзқарас пен сенімдерді ұстануы жайыз да мүмкін де емес. Бірақ бір жағынан настардың түсінікті болуы, екінші жағынан әр кезең мен жерлерде оның жүзеге асырылуы, сол секілді настардың тоқталмаған нәрселерін түрлі тәсілдермен үкім шығару адамға тән нәрсе, яғни ижтиһадтан бастау алады. Сондықтан да барлық мұсылмандардың бір мәселеде бір ғана ижтиһадта бірігуі мүмкін емес. Шынын айтқанда Аллаһ Тағала мұны шарт қоспаған ижтиһад етуге ынталандырған, қате де дұрыс та болуы мүмкін екендігін білдіріп, қате ижтиһадқа да сауап бар екендігін уәде еткен. Бұл негіздер шеңберінде кездескен мәселелерге назар аударған мужтәһид сахабалар кей үкімдерде ихтиләф еткен. Түрлі көзқарас пен нәтижелерге қол жеткізген. Бұл нәрсе кейінгі кезеңдерге де қатысты болғандықтан ихтиләф себептерін былай атап өтуге болады: a) Жеңістер мен түрлі міндеттемелерге байланысты Мәдинадан ұзаққа кеткен сахабалар олар жоқ кезде уахи етілген настарды білмеулері. Ибн Мәсғуд бір сұраққа, мәһір белгіленбей жатып күйеуі қайтыс болған әйел жайлы Аллаһ Елшісінен үкім естіген жоқпын деп, кейін ижтиһад жасап жауап берген. Мағқил б. Ясардан ижтиһадының Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтқан хадисіне сай келгенін естіп қуанады (Нәсәи, Сунән, IV, 198). ә) Хадисті сенімді дерек көзінен алу: Хз. Омар үш талақпен ажырасқан әйелге нәпәқа мен тұратын үймен қамтамасыз ету жайлы, Фатима бт. Қайс және жүніп болған адамның таяммуммен тазаланатындығы жайындағы Аммар тарапынан жеткізілген хадистерді қабыл етпеген. Риуаят етушілердің мінез-құлқына сенгенімен қателесуі мүмкін дегенге тоқталады. б) Түсінік айырмашылықтары: Аяттар, хадистер сөз, іс-әрекеттермен мақұлдаудан тұрады. Бұлардың мағынасы мен үкімдерінің нақты немесе ерікті болуы кейбір мәселе мен жағдайларда мужтәһидтердің жорамалына қалдырылған. Түсінік адамға тән, түсінікте ерекшеліктің болуы табиғи нәрсе. Мәселен;
Зекет бермегендермен соғыс;
Қажылықта тауаф жасау кезінде атқарылатын рәмәлдің(Қағбаның алғашқы үш айналым тауафын ер адамдар қадамдарын қысқа, иықтарын сілки тезірек жүруі) мағынасы мен үкімі; Мута некесі; Жыртқыш аңдардың еттері секілді мәселелерде ихтиләфтар болды. в) Қателесу немесе ұмытулары: Айтылған сөзді анықтау мен түсінуде қателіктер болатыны сияқты кейбір үкімдер мен қағидалардың ұмытылуы түрлі ижтиһад пен рәйдің пайда болуына себеп болған. Ибн Омар, Хз. Пайғамбардың (с.а.у.) рәжәб айында умра жасағандығы айтқан болатын. Мұны естіген Хз. Айша (р.а.) «Ибн Омар қателескен екен» деді. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) бір еврейдің қайтыс болғанына жылап жатқан туыстарының даусын естігенде «бұлар жақсы көргендіктері үшін жылап жатыр, ол болса азап тартып жатыр» деген. Мұны кейбіреулері «қайтыс болған адам өзін жоқтап жылағандардың кесірінен азап тартады» деп түсінген. г) Бір қарағанда бір-біріне қайшы секілді көрінген насс пен үкімдерді әр түрлі жазулары: Бірнеше рет тыйым салынып рұқсат етілген мута некесі үшін соңғы үкім жайында Ибн Аббас «бұл жағдайға байланысты, қажеттілік болса мубәх болады» десе, төрт мәзһәб ғұламалары (жумһур) «әрдайым харам» деген үкімді ұстанған.
Жоғарыдағы Фикхқа қатысты пікірталастардағы себептерге байланысты сахабаның барлығының орны бірдей емес екендігі түсінікті. Бір тобы діни насстарды егжей-тегжейлі біледі. Бұлар Фикхшы деп аталған. Сахабалардың арасында Фикхшы деп танылған есімдер мыналар: Хз. Әбу Бәкір, Хз. Омар, Хз. Осман, Хз. Али, Хз. Абдуррахман б. Ауф, Хз. Абдуллаһ б. Мәсғуд, Хз. Зәйд б. Сәбит, Хз. Муаз б. Жәбәл, Хз. Убәй б. Кәғб, Хз. Әбу Мұса әл-Әшғари, Әбу Дәрда, Уәймир б. Амир, Убәдә б. Самит, Аммар б, ясир, Хузәйфа б. Яман, Әбу Зәрр әл-Ғифари, Сәлман Фариси, Әбу Убәйда б. Әл-Жәррах, Әбу Сағид әл-Худри, Умму Сәләмә, Айша бт. Әбу Бәкір, Абдуллаһ б. Аббас.
Фикхшы сахабалардың жасағандарына қарап бұл кезеңнің Фикх тұрғысынан ерекшеліктерін мына тарауларда атап өтуге болады: а) Ислам өлкесінің шекарасы кеңейіп және түрлі ұлттар көбейіп, ұйым мен өркениеттің дами бастауының нәтижесінде, Хз. Пайғамбарамыздың (с.а.у.) кезеңінде кездеспеген мәселе мен оқиғалар пайда болды. Сахаба бұлардың үкімі мен шешімін табу үшін ижтиһадқа жүгінді. ә) Кейінгі кезеңдермен салыстырғанда жаңа мәселелер мен осыларға байланысты үкімдер көп емес. Өйткені Фикхшы сахабалар тек қана болған оқиға мен мәселелерге тоқталған. Әлі болмаған оқиғаны бар деп есептеп оған үкім қарастырмаған, мұны уақыт жоғалту деп санаған. б) Әсіресе алғашқы төрт халифа кезеңінде Фикх билікке емес, билік Фикхқа жүгінетін, Фикхты басшылыққа алатын. Халифалар, сахабаның ғалымдарын қастарына алатын, жаңадан болған оқиғаларды бас қосып ақылдасатын мәжіліске кіргізіп, жан-жақты зерттеп болған соң үкім шығаратын. Сондықтан да сахаба кезеңінде көзқараста айырмашылық жоқтың қасы еді. в) Кітап пен сүннет көрсеткен және ижтиһад арқылы бір қалыпқа келген Фикх бұл кезеңде мемлекеттің негізгі заңы дәрежесінде еді, халық басшыларды емін-еркін қадағалайтын. Пайдаланған нәрселері Фикхқа сай келмейтін болса бұған қарсы шығатын. г) Ең басты Хз. Осман кезеңіне дейін кеңес мүшелерінің Мәдинадан әрдайым алыстауына рұқсат етпегендіктен атақты сахабалар халифаның қасында болатын еді. Кеңеске қатысатын, сондықтан да мәселелердің басым бөлігінде келісімге келетін (ижмаъ үкімі болатын). Аз да болса көзқарас айырмашылығы пайда болған жағдайда фанаттық, саяси немесе бір топтың пайдасы үшін емес, адал тұжырым және ижтиһадқа жүгініп, бірлікті бұзбайтын. Кейінгі кезеңдерде әрі мужтәһидтердің Ислам әлеміне тарағаны, әрі ихтиләфтардың себептерінің арасында тұлғалық ижтиһад және білімнен тыс факторлар араласқаны үшін пікірталастар (ихтиләфтар) артты. Барған сайын қиындай түсті, бұл кейбір мужтәһидтер үшін шешімі мүмкін емес еді. Осы ерекшеліктерімен сахаба кезеңі аяқталған болатын. Енді сахаба кезеңінен кейінгі дамуға тоқталайық.
Фикхтың құрылу кезеңі болып саналатын табиғун кезеңі де сахабаның жолын ұстанған. Өйткені олар, фықһи білімдерді солардан үйренген еді. Бірақ сахабаның жетілдірген табиғун мужтәһидтері ұстаздарына, жерлеріне және мәліметтеріне қарай екіге бөлінген. Хижаздықтар мен ирактықтар. Ендігі бөлімде тоқталатынымыз кемеңгер табиғун кезеңіндегі екі топ мужтәһидтен хижаздықтардың имамы Сағид б. Әл-Мусәййб, (ө. 94/712) ирактықтардың имамы Ибраһим б. Язид б. Қайс ән-Нәхәи (ө. 96/714).
Умеяттар дәуірінің соңы мен Аббасилар дәуірінің бастарында Хижаз медресесінен риуаятшылар (әһлі хадис), Ирак медресесінен рәйшілер (әһлі рәй) шықты. Риуаятшылар мен рәйшілер арасында кейбір қағида ерекшеліктері болса да, Ирак пен Хижаз медреселері арасындағы басты айырмашылық жер, ұстаз және мәліметтеріне барып тіреледі. Екі топ та Кітап пен сүннет және сахаба ижмасына сүйенетін. Хижаздықтар Мәдина халқының іске асырғандарына айрықша мән береді, қоршаған орталарына сай хадистен мағлұматтары көп еді. Ирактықтар Мәдина халқының істеген амалын бөлек бір дәлел ретінде қолданбайды, хадистерге қоршаған орталарына қарай өте мұқият қарайтын.
Сахаба Фикхшыларының барлығы араб болса да, жүзден көп табиғун Фикхшыларының арасында біразы араб емес еді. Мұнымен қатар азат етілгендердің арасынан данышпан Фикхшылар жетіліп шықты. Табиғун кезеңінде белгілі орталықтарда Фикх ғылымын таратқан Фикхшылардың ең атақтылары мыналар: Мәдинада Сағид б. Мусәййб, Уруә б. Әз-Зубәйр (ө. 97/712), әл-Қасым б. Мұхаммад (ө. 102/720), Харижә б. Зәйд (ө. 100/718), Әбу Бәкір б. Абдуррахман (ө.94/713), Сүлеймен б. Ясәр (ө. 107/725), Убәйдуллаһ б. Абдуллаһ б. Утбә (ө.98/716); бұл жеті кісі Мәдинаның жеті Фикхшысы (әл-фуқаһа-у сәба) деп танылған.
Бұл кезеңде Фикхтың ауқымы кеңейіп, Фикх өркендеген еді. Әлбетте бұған өз үлестерін қосқандар бар: а) Бұл кезеңдегі жүріс-тұрыс пен үкімдерді дінге жақындатуға тырысу. ә) Фикхшылардың үкімдерге дерек алып жатқан кезде ұстанған жолы: Сахаба кезеңіндегі Құран мен сүннетке, табиғун кезеңінде сахабалардың сөзі мен жүріс-тұрысы, әтбаъу-т табиғун кезеңінде болса табиғун Фикхшыларының сөздері қосылып, мағлұматтар көбейіп жатты. б) Рәй Фикхшыларының болған оқиғалармен ғана шектеліп қоймай болуы мүмкін нәрселерде де ижтиһад етулері. Осылайша ажырасу, ант, нәзір, азат ету секілді сирек болатын мәселелерге де тоқталып, ижтиһад жасаған. Бұл жолды алғаш бастаған Ирак Фикхшылары. Шафиъи мен мен Маликилер де оларға бейімделген. в) Ислам жерінің кеңеюі, түрлі халықтардың Исламға кіруі. Аббасилердің бастапқы кезеңінде мемлекеттің шекарасы кеңейіп, түрлі халықтар мұсылмандықты қабылдап немесе мұсылмандармен қарым-қатынасқа түсті. Сондықтан Нәбтилер мен Ирандықтардың салт-дәстүрлері билік құрған Ирактағы мәселелер имам Әбу Ханифадан, Византияның салт-дәстүрі билік құрған Сириядағы мәселелер имам Әузаъи және басқаларынан, Мысыр мен Византия қарамағындағы Мысыр мәселелері имам әл-Ләйс б. Сағд және имам Шафиъидан, Хижаз салт-дәстүрінің мәселелері Имам Маликтен сұралатын.
Сахаба мен атақты табиғун кезеңінен байқағанымыз ижтиһад пікірталасы осы кезеңде фақиһтер мен мәселелердің көбеюіне байланысты арта түсті. Әрі мәні табиғи қажеттілікке сай әрі «Үммет үшін мейірім» ретінде қабыл етілетін (Ажлуни, Кәшфу-л хафа, I, 64-65) ижтиһад пікірталасының маңызды себептері дәлелденген. а) Кітап пен сүннетте кездесетін кейбір сөздер мен сөйлемдердің әр түрлі тәпсірленуі. ә) Сөздің ақиқат немесе астарлы мағынаға ауысатындығы. б) Бір тақырыптағы аят пен хадистердің бір жерге жинақталып әр түрлі баға берілуі және жазылуы.
в) Хадиске байланысты себептер: Хадистің танылып танылмауы, шынайылық (сыххат) дәрежесі, сыххат өлшемі, толық немесе бір бөлігінің жорамалы, қайшы келетін дәлелдермен бірлестірілуі.
г) Ижтиһад білімі, тәсіл және шамасының ерекшелігі,
ғ) Табиғи және әлеуметтік ортаның әсері. Хадиске байланысты пікірталас себебіне бір мысал келтірейік: Абду-л Уарис б. Сағид былай дейді: Меккеге келгенімде Әбу Ханифаға кездесіп қалып сұрадым:
- Бір нәрсені шарт қосып сату жайлы не айтасың?
- Сату да, шарт та дұрыс емес (батыл).
Сонымен Ибн Әби Ләйлаға келіп, одан да осы мәселені сұрадым: «Сату жайыз, шарт батыл» деп жауап берді. Ибн Шубрумаға барып сұрағанымда: «Сату да, шарт та жайыз» деді. Мен өзіме-өзім: Құдайа тоба! Үш Ирактық Фикх ғалымы бір мәселеде біріге алмай жатыр, дедім де қайтадан Әбу Ханифаға барып екі әріптесінің айтқандарын жеткіздім. Ол былай жауап берді: - Олардың саған не айтқандарын білмеймін. Маған Амр б. Шуғайб, әкесінен, ол да әкесінен «Аллаһ Елшісінің шартпен сатуға тыйым салғандығын», - айтты. Сонымен Ибн Әби Ләйләға барып екі әріптесінің айтқандарын жеткіздім. Ол: Олардың саған не айтқанын білмеймін, Маған Хишам б. Уруә әкесінен, ол Хз. Айшадан былай риуаят етті: Аллаһ Елшісі маған (Хз. Айшаға) Бәрираны сатып алып азат етуімді бұйырды. Қожайыны өкілдік өзімде қалады деп шарт қосатындығын айтты. Мұны естіген Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаһтың кітабында болмаған шарт батыл болып саналады». Сол себепті сату жайыз, шарт батыл деп жауап берді. Қайтадан Ибн Шубрумаға барып, екі әріптесінің айтқандарын жеткіздім. Ол: Олардың саған не дегенін білмеймін. Маған Мисар б. Қидам, Мухариб б. Дисардан, ол Жабирден жеткізген риуаятына қарағанда Жабир былай деп түсіндіреді: «Хз. Пайғамбарға (с.а.у.) бір түйе саттым және Мәдинаға дейін мініп баратындығымды айтып шар қостым. Ол қабыл етті». Олай болса сату да, шарт қосу да жайыз болып есептеледі (Хадистер үшін Қар. Шәуқани, Нәйлу-л Әутар, V, 183-185). Бұл мысалда үш мужтәһидтің бір мәселеде әр түрлі хадистерге сүйене отырып, әр түрлі үкім бергендігін көрдік. Кейінгі кезеңдерде ижтиһад жасай алатын ғалымдар бұл хадистердің барлығын бір жерге жинақтап, баға беріп және нақты нәтижелерге қол жеткізеді. Қысқасын айтқанда бұл кезеңнің Фикх ғылымымен қатысты әрекеттерді және ерекшеліктерді былай қорытындылауға болады:
1-Құқық саласының кеңеюі, мәселелер мен пікірталастардың артуы,
2-Хадис риуаяттарының жайлуы, мұның басқа білімдерге әсері,
3-Әһлі хадис пен әһлі рәй медреселерінің пайда болуы,
4-Хадис пен сүннеттің жинақтала бастауы. Бесінші бөлім: Фикх мәзһәбтары
Тақырыпқа бастамас бұрын мәзһәбтардың пайда болуына ықпал еткен мужтәһид имамдар (әбаъу-т тәбиъин) кезеңі (120-350/738-960) мен ерекшеліктерін атап өткеннің пайдасы бар. Бұл кезеңде де алдыңғы кезеңдегі сияқты ижтиһад еркіндігі басым болған кезең. Білімі жеткен әрбір мұсылманға ижтиһад есігі ашық. Білім күші ижтиһад үшін жеткілікті болмағандар үшін, қалаған мужтәһидтен пайдалану, сұрау соның жолын ұстауға құқығы бар. Қазы да муфти де белгілі бір заң яки мәзһәбты ұстанбайтын. Арыз бен мәселелерді ижтиһад жасап шешетін. Бұл кезеңде әр орталықта бірнеше ғалым және мужтәһидтер бар еді. Сұрақтарға жауап беріп, арыздармен айналысатын. Бірақ бұларға қосылған мәзһәбтар жоқ.Тағы бұл кезеңде Фикх ғылымы шыңына жетіп, кемеңгер фақиһтер жетіліп, Фикх ұстанымдарына сай мәзһәбтар құрыла бастады. Хадис және хадис методикасы ғалымдары жетіліп, Фикх пен Фикх методикасы ғалымдары жинақталып, білім ретінде Фикх жеке бөлініп шықты. Бұдан басқа бұл кезеңде Фикхтың екінші дерек көзі болып саналатын сүннет толықтай жинақталған болатын. Фикхта атқарылған әрекеттердің нәтижесі себепті бұл кезеңге, Ислам Фикхының алтын шағы, мужтәһидтар ғасыры, мәзһәбтардың пайда болу кезеңі деп те аталады. Мәзһәбтардың пайда болуына кірмей тұрып алдымен мәзһәб ұғымына тоқталсақ.
Мәзһәб сөз араб тілінде з-һ-б түбірін исми заман, исми мәкән, масдары мими сиғасынан тараған сөз ретінде «баратын жер, жол, баратын уақыт, бару» сияқты мағыналарға келеді. Терминдік мағынасы: «Бір мужтәһидтің ижтиһад және түсінігінен пайда болған итиқади және фықһи жол» . Айрықша ұғым, ғылыми әдебиеттерде термин ретінде діннің түсінілуі және танылуы, діни бөлектенбей пайда болған көзқарастар және топтарды білдіретіндігі айтылады. Яғни таңдалған адамдардың әсіресе ғалымдардың өз түсінігі, көзқарас, жорамал мен ижтиһадтарына сай ұстанған жол мәзһәб деп аталады.
Барлығымыз білетіндей Хз. Пайғамбар (с.а.у.) кезеңінде мұсылмандардың қай қайсы болмасын бір қиындық туындаған жағдайда, діннің үкімін түсінбеген кезде Хз. Пайғамбардан сұрап үйренетін. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірден өткеннен кейін сахаба мен табиғун кезеңдерінде де алдыңғы қатарлы ғалымдар, мұсылмандардың түсіне алмағандарын немесе шешімін таппаған мәселелерін Хз. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үйренгендері сияқты Құран мен сүннетке жүгіне отырып түсіндіретін.
Жеңістердің нәтижесінде Ислам жағрафиясының кеңеюімен діннің үкімдерін жақсы білетін ғалымдардың айналасында көпшілік жинала бастады. Бұл барған сайын бір мәзһәбқа (мектеп) айналды. Осылайша Фикх ұстанымдарына сай мәзһәбтар пайда болды. Әлбетте мұның басқа да себептері айтылған. Мәзһәбтардың пайда болуына ықпал еткен басқа қозғаушы күштер:
а) Басында мужтәһидтер керекті мәселелерде ғана ижтиһад жасаған болса, бұл кезеңдегі мужтәһидтер Фикхтың барлық мәселелерін ижтиһад тұрғысынан баға беруі. Бұл нәрсе еріксіз көзқарастардың бөлінуіне себеп болды.
ә) Бұл ижтиһадтардың жинақталып кітаптарға жазылуы және осы арқылы бір мужтәһидтің түрлі мәселелердегі ижтиһадтарын үйренуіне мүмкіндіктің тууы.
б) Фикх мектептерінің (рәй, хадис медреселері) пайда болуы және осы мектептің құрамындағылардың өзара ауызша, жазбаша пікірсайыстары.
в) Бұл пікірсайыстардың мужтәһидтерге тән тәсіл мен қағидалардың, яғни Фикх методикасының пайда болуына, жазылуына себепкер болуы.
Міне осы секілді қозғаушы күштер мәзһәбтардың, яғни «мужтәһидтерге қатысты дербес ижтиһад методикасы мен жолдарының және осы жолдар арқылы қол жеткізілген үкімдер кітабының» шығуын қамтамасыз етті. Фықһи мәзһәбтар арасындағы ихтиләф діннің тармағы (діннің жүзеге асыруға қатысты үкімдері) бөлімінде, негізгі мәселелерде емес.
Әрбір мужтәһид Құран мен сүннет аясында ой жүгіртіп, ижтиһад жасаған. Негізгі мәселелерде барлығы бір тұжырымда бірігіп, Фикхтың тармақты мәселелерінде әр түрлі шешім мен көзқарастарды алға тартқан. Міне осы жоғарыда айтқанымыздай мәзһәбтардың пайда болуының негізін қалады. Енді мәзһәбтардың кейбір мәселелерде ихтиләф себептерін үйренейік:
1. Құранды түсінуде пайда болған пікірталастар
Білетініміздей Құрандағы аяттардың бір бөлігі мухкәм (тікелей мағыналы), бір бөлігі мутәшәбиһ (астарлы мағыналы) болып бөлінеді. Мутәшәбиһ аяттардың тәпсірі мен талдануы жалпы Аллаһқа қалдырылады. Мухкәм аяттарды талдауға, тәпсір жасауға болады. Мухкәм аяттардан бір бөлігі мәнсух, бір бөлігі нәсих, бір бөлігі ъамм, бір бөлігі хасс т.б. міне осы секілді жағдайлардың себебімен фақиһтардың көзқарас айырмашылықтары бар және түрлі тұжырымға барған. Мысалы: Құранда кездесетін «ләмс» (ұстау) сөзін шафиъилар ақиқат, ханафилар мәжәз мағынасында түсінген. Сол себепті шафиъилар дәрет әйелге тиген жағдайда, ханафилар жыныстық қатынас арқылы бұзылады деген үкім шығарған.
2. Хадис/ сүннетпен қатысты пікірталастар
Білетініміздей хадистер алғашқы кезеңдерде әрі ауызша әрі жазбаша риуаят етілетін. Сол себепті хадистердің аз бөлігі мужтәһидтердің назарынан тыс қалды. Осылайша сол хадистен хабарсыз мужтәһид, хадиске қол жеткізген мужтәһидтен басқаша ижтиһад жасайды. Бұл жағдай табиғи болса да көзқарастың бөлінуіне себеп болатын.
Ендігі бір жағынан хадистердің бір бөлігі субуту қатъи (нақты), бір бөлігі субуту занни (нақты емес). Сондықтан әр мәзһәб нақты дәлелмен болғандармен амал жасаған болса, нақты еместермен амал жасауда шарттар қосқан. Және де шарт қосқан хадистерімен амал жасаған. Осы сияқты хадистердің мағынаға дәлел болуы жөнінен сөздері Құранда да болғаны секілді ихтиләфқа себеп болды.
3. Сахаба сөзі мен пәтуасына байланысты пікірталастар
Мужтәһидтердің бір бөлігі сахаба сөздерін абсолюттік ретінде дәлел деп қабыл етсе, енді бірілері басқа пікірлер алға тартқан. Мысалы: ханафилар, маликилар және ханбалилер сахаба сөзін дәлел ретінде қабыл етсе, шафиъилар сахаба сөзімен амал жасауда ерікті.
4. Салт-дәстүрлерге байланысты ихтиләфтар
Бұған мысал маликилар, ахад хадистің орнына Мәдина халқының салт-дәстүрлерін мықты ұстанады. Басқа мәзһәбтар болса Мәдина халқының және қажет болса өз өлкелерінің салт-дәстүрлерін белгілі шарттармен дәлел ретінде қабыл еткен.
5. Жаңа оқиғалар, өмірдің қажеттіліктері мен шарттарының алдында ғалымдардың пікір және бөлінуі.
Жоғарыда айтып өткен мәселелермен қатар Ислам әлемінде біршама атақты құқықшылар тарапынан мәзһәбтар, құқық мектептері құрылып оларға байланыстырылып ханафи, шафиъи, малики және ханбали сияқты аттармен мәзһәбтар пайда болды.
Һижри төртінші ғасырдан алдын халықтың білетін төрт мәзһәбтан ажырамағандығы белгілі. Бірақ Фикх мәзһәбтары төртеу ғана емес. Солардың арасында әл-Хасану-л Басри, Әбу Ханифа, әл-Әузаъи, Суфиян әс-Сәури, әл-Ләйс б. Сағд, Малик, Суфиян б. Уәйнә, Шафиъи және тағы басқа Ысхақ б. Рахауәйх, Әбу Сәур, Ахмад б. Ханбал, Дауыд әз-Заһири, Ибн Жәрир әт-Табари секілділерінің мәзһәбтары танымал. Бұлардың әр бірінің түрлі ижтиһад жүйесі мен методикасы, осылар арқылы қол жеткізген көзқарастары, түрлі мемлекеттерге тараған ұстанушылары бар. Бұл мәзһәбтардың кейбіреулері өздерінің қорғаушылары және жаюшылары болмағандықтан, ұстанушыларының аз болуы салдарынан және сыртқы себептерге, енді біреулері заһириларда болғаны сияқты ішкі себептерге байланысты яғни настардың сыртқы көрінісіне шектен тыс кетіп, қиясты қабыл етпей, қажеттіліктерге жауап бере алмаулары және басқа мәзһәбтарға деген қатаң болуының салдарынан уақыт өте келе тарих сахнасынан жойылды. Сол кезеңдегі ғалымдар өздеріне белгілі бір мәзһәбты ұстану керек деп санамайтын. Бір мәзһәбты ұстанушылар да басқа мәзһәбтардан пайдалана алатын. Бұлардың арасында төртеуі танымал болып қазіргі таңға дейін жалғасып келе жатыр.
Жоғарыда айтқанымыздай қазіргі таңға дейін жалғасып келе жатқан төрт мәзһәбқа тоқталайық.
Бұл мәзһәб Әбу Ханифаға байланысты соның атымен аталған. Бірақ мәзһәбта Әбу Ханифадан кейінгі шәкірттері Әбу Юсуф екінші, Имам Мұхаммед үшінші имам ретінде қабыл етілген. Классикалық Фикх кітаптарында Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфты шәйхәйн, Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедті сахибәйн немесе имамәйн, Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммедті тарафайн деп сипаттайды.
Исламда құқұқтық тұжырымның және ижтиһад түсінігінің дамуында елеулі үлесі бар көбіне Әбу Ханифа немесе Имам Ағзам деген атпен танымал болды. Әбу Ханфиа оның лақаб аты болса да Ханифа атты қызы, тіпті ұлы Хаммадтан басқа баласы болмағандығы айтылады. Бұлай аталуы ирактықтарда ханифа деген жазу керек жарағы немесе сия құтысын әрдайым өзімен бірге алып жүретіндігі яки ханиф сөзінің сөздік мағынасына сай ақиқат пен туралықтан ажырамаған кісі болуымен деп түсіндірген. Бұған қарап Әбу Ханифаны шындығында лақаб аты емес сипаты ретінде қабыл етіледі. Оның бастамасымен басталған және шәкірттері күш-қайратымен дамып жайылған Ирак Фикх мектебі имамның осы лақаб атымен байланыстырылып ханафи мәзһәбы деп аталды. Ұлы имам деген мағынаға келетін Имам Ағзам сипатының берілуі замандастары арасында шоқтығы биік, құқықтық тұжырым мен ижтиһад методында белгілі жол салуы, сол кезеңнен бастап біршама Фикхшының оның тұжырымы мен методына шоғырлануы сияқты себептермен түсіндіруге болады.
Негізгі аты Нұғман яғни Имам Ағзам һ-80 (699) жылы Куфада дүниге келді. Әбу Ханифа сауда-саттықпен айналысатын дәулетті отбасының баласы еді. Өзі де білімге бастағанға дейін мата сатумен айналысқан. Әкесі Сәбит азат бір мұсылман отбасында дүниеге келді. Ол жас шағында түсінде Хз. Али оған және ұрпағына қайырлы дұға жасады. Әбу Ханифа жастық шағында Құран Кәрімде жаттады. Қырағат ғалымы Имам Асымнан қырағат ілімін үйренді.
Әбу Ханифа, кемеңгер табиғун ғұламаларымен кездесіп олардан білім алған. Осы тұрғыдан оған үшінші нәсіл (тәбәъу-т табиъин) болып саналады. Сахабалардың кейбіреуімен кездесіп, кездеспегені және сол себепті табиғун болып саналып, саналмайтындығы тартысты мәселе. Ең дұрыс көзқарас бойынша кейбір сахабаларды жас шағында көрген, бірақ хадис олардан хадис риуаят етпеген. Сонымен қатар Әнәс б. Мәліктен «Ілім үйрену әрбір мұсылманға парыз» (Ибн Мәжә, Муқаддимә, 17) хадисін риуаят еткендігі айтылады.
Табиғуннан ұстаздарының арасында ең көп пайдаланғаны Хаммад б. Әби Сүлеймен (ө. 120/737). Бұл кісіден он сегіз жыл бойы сабақ алған. Білім шежіресі Хаммад, Ибраһим ән-Нәхиъи және Шабиъиден олар Қазы Шурайх, Мәсрук, Алқамә және Әсуадтан, олар Абдуллаһ б. Мәсғуд және Хз. Алиден сабақ алған.
Соңғы Умеялық халифа мен аббасилардан Мансұр оған бас қазылықты ұсынды, ол мұны қабыл етпеді, сол себептен соңғысы Әбу Ханифаны түрмеге қаматты. 150/767 жылы Бағдатта түрмеде өмірден өтті. Қазылық міндетін қабыл етпеуінің себебі тақуалықтан емес. Оның тақуа кісі екендігіне күмән жоқ, бірақ қазы болу да күнә емес. Оның маманы болса, әділеттен айнымаған адам үшін құлшылық. Әбу Ханифаның бұл міндетті қабыл етпеуінің себебі, мемлекет билігін қолға алған, халифалықты салтанаттыққа айналдырған басшыларға қарсылығын білдіру арқылы халыққа үндеуі болатын. Ол жайында айтылған сөздер:
Имам Малик: «Әбу Ханифа ол сондай адам, саған мына тіректің алтын екендігін айтса, дәлелдеп береді».
Имам Шафиъи: «Барлық адамдар Фикхта, Әбу Ханифаның жанұя мүшелері болып саналады».
Оның есепсіз фықһи ижтиһадтары мен шешімдері бар, бұлар оның зеректігіне және тез ұғынатындығын көрсетеді. Енді оның ижтиһад методикасына тоқталайық.
Әбу Ханифа үкім шығару және методикасын былай деп түсіндіреді:
«Аллаһ Елшісінен жеткен хабарбасымның үстінде орын бар, сахабадан жеткендерді бірін таңдаймыз, бірақ барлығын тастамаймыз. Бұлардан басқаларына тән үкімдер мен ижтиһадқа келер болсақ, біз де олар секілді ілім адамдарымыз».
«Аллаһтың кітабындағыны қабыл етемін. Одан таба алмасам Елшісінің сенімді ғалымдардан танымал және атақты сүннетімен амал етемін. Одан да таппасам қалаған сахабаның рәйін (көзқарас) аламын. Бірақ (табиғуннан) Ибраһим, Шабиъи, әл-Хасан, Ата секілді кісілерге келер болсақ мен де олар сияқты ижтиһад жасаймын».
Имам Мұхаммед те Әбу Ханифа медресесін былай танытады:
«Ілім төрт бөлім: Аллаһтың кітабында бар нәрсе мен соған ұқсас, Елшісінің сенімді сәнәдпен риуаят етілген сүннетінде болғандар мен оған ұқсастар, Расулуллаһтың асхабының ижмамен бекітілген нақты үкімдер мен оған ұқсастар, сахабаның ихтиләфқа түскен үкімдері де осылай, бұлар толықтай тасталмайды. Біреуі таңдалған соң қалғандарын оған қияс жасайсың және соңында Ислам Фикхшыларының басым бөлігі тарапынан жақсы деп қабыл етілген (мустахсан) болғандар мен осыған ұқсастар. Ілім бұл төртеуінен сыртқа шықпас».
Бұлардан түсінгеніміз Әбу Ханифа мәселенің үкімін ретімен Кітап, сүннет, сахаба сөзі және рәй ижтиһадына арқа сүйеу арқылы қол жеткізген. Рәй ижтиһадында оған байланысты екі метод бар: қияс пен истихсан.
Осылайша оның үкім шығаруда қолданған дерек көздері мыналар:
1) Құран, 2) Сүннет, 3-Ижма, 4) Қияс, 5) Сахаба сөзі, 6) Истихсан, 7) Әдет-ғұрып.
Әбу Ханифа өмірінің соңына дейін көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Бұлардан ең танымалдары Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед. Әбу Ханифаның көзқарастарын осы екі шәкірті жинақтап тарауларға бөлген.
Әбу Юсуф (113-182/731-793) Куфада туылып Бағдатта қайтыс болған. Кейбір мәселелерде ұстазымен қайшы келген жерлері де бар, соның мәзһәбын ұстанды. Осы мәзһәбтың жайылуында көп еңбек сіңірді. Қазылық міндетін атқарды. Ислам тарихында алғаш рет «қаду-л қудат» (жоғарғы қазы) атағы Әбу Юсуфқа берілді. Ең маңызды еңбегін Китабу-л харажды халифа Харун Рашидтің сұранысы бойынша жазды. Кітапта айрықша мемлекеттің кіріс-шығыстарына тоқталып, мемлекет қаражатының негіздері түсіндірілген. Ендігі бір кітабы «Ихтиләфу Әби Ханифа уә ибни Әби Ләйлә». Кітап 148/765 жылы қайтыс болған Әбу Ханифаның замандасы әрі жерлесі Ибн Әби Ләйлә мен имам арасындағы пікірталас айырмашылықтарын қамтыған. Бұл кітапта Әбу Юсуф өз көзқарасын да (рәй) баяндаған.
Имам Мұхаммед (132-189/749-804) Уасытта дүниге келіп, Рәйда дүние салды. 14 жасынан бастап Әбу Ханифаның сабақтарына қатысты. Төрт жылдан кейін Әбу Ханифа қайтыс болған соң Әбу Юсуф және Имам Маликтен сабақ алды. Әбу Юсуф өмірден өткен соң ұстаздық етіп, шәкірттер жетілдірді. Раққаға қазы болып сайланды. Одан кейін халифа Харун Рашид қаду-л қудат етіп тағайындады. Басты еңбектері:
а) әл-Асл немесе әл-Мәбсут: Одан біршама шәкірттері жазып алды. Мұхаммед әл-Аслда Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың тармаққа қатысты көзқарастарын келтіріп, кейін өз көзқарастарын да қосқан. Мәселелердің барлығына дәлел келтірмеген.
ә) әл-Жамиъу-с сағир: Бұл кітапта мың бес жүз екі мәселе бар. Бұлардан жүз жетпіс мәселедегі пікірталасқа тоқталған. Тек екі мәселеде қияс пен истихсан айтылған. Бұл кітап басқаларының тарапынан тәртіпке келтіріліп баспадан шығарылған.
б) әл-Жамиъиу-л кәбир: Түсіндірмелер мен талдауларға тоқталғандықтан бұл кітап тәсіл жағынан әл-Аслдан ерекше. Біршама ғалым тарапынан түсіндірме (шәрх) жасалып баспадан шығарылған.
в) Әс-Сияру-с сағир және әс-Сияру-л кәбир: Мемлекеттер арасындағы жалпыға бірдей құқыққа байланысты еңбектерінен екіншісі әс-Сәрәхси тарапынан шәрх жасалып, Үндістанда төрт, Каирде бес том болып баспадан шығарылған. Түрік тіліне және француз тіліне аудармасы баспадан шығарылған.
г) әз-Зиядат уә Зиядәту-з зиядат: әл-Жамиъиу-л кәбирде қамтылмай қалған мәселелерді қолға алған. Бұл жерге дейін айтылған еңбектер «заһиру-р риуая» деп аталады. Өйткені бұлар Имам Мұхаммедтен тәуәтур және танымал жолмен риуаят етілген. Заһиру-р риуая кітаптары әл-Хаким әш-Шәһид Мұхаммед б. Мұхаммед әл-Мерзәуи (ө.334/945) тарапынан қысқартылып әл-Кәфи атымен жинақталған және Сәрәхси тарапынан әл-Мәбсут атымен отыз том болып шәрх жасалған. Мәтіні де шәрхы да баспадан шығарылған.
Имам Мұхаммедтің риуаяты мұншалықты сенімді емес кітаптары «надиру-р риуая» деп аталады. Әр-Раққыят (Раққа қазысы болып тұрғанда өзіне келген мәселелер), әл-Кәйсаният, әл-Харуният, әл-Хиләл уә-л мәхариж осылардың арасында.
Хадис руаятында баса назар аударған әл-Муатта мен әл-Әсар атты кітабы бар. екеуі де басылып шығарылған. Муаттаны Имам Маликтен риуаят еткен Мұхаммед, өз ижтиһадтарын да келтіргендіктен Фикх тұрғысынан пайдалы еңбек болды.
Басқа танылған шәкірттері;
а) Имам Зуфәр; Зуфәр б. Әл-Хузәйл (ө.158/775); Куфалық, ол да баста хадисші болатын. Әбу Ханифаға шәкірт болған соң әһлі рәй болды, тіпті шәкірттерінің арасында ең озаты болған.
Өзін ілім мен құлшылыққа атаған, дүниелік істермен айналыспаған.
ә) Ибн Зияд: әл-Хасан б. Зияд әл-Лулуи (ө. 204/819). Әбу Ханифадан сабақ алып бастады кейін екі танымал шәкіртінен сабағын жалғастырды. Бірақ ұстаздарының дәрежесіне жете алған жоқ.
Ханафи мәзһәбының көзқарастарын ортаға салу үшін жазылған еңбектерден ең маңыздылары жоғарыда аты аталған «заһиру-р риуая» атты мәшһүр алты кітап.
Имам Мұхаммед бұл кітаптарда Әбу Ханифа, Әбу Юсуф өз көзқарастарын жинақтаған. Заһиру-л мәзһәб және зәһиру-р риуая дегенде осы үш имамды меңзеледі.
Ханафи мәзһәбының басқа да маңызды Фикх кітаптары мыналар:
1) Қасани, Бәдаиу-с Сәнаъи, 2) Мәрғинәни, әл-Һидая, 3) Дәбуси, К. Әл-Әсрар, 4) Кәмаләддин Ибну-л Хумам, Фәтху-л қадир, 5) әз-Зәйләғи, Тәбиину-л Хақаиқ, 6) Ибн Нужәйм, әл-Бахру-р Раиқ, 7) Ибн Абидин, Радду-л Мухтар.
Бұл мәзһәб Мәлик б. Әнәсқа байланыстырылып, соның атымен аталған.
Малик б. Әнәс (93-179/712-795) Мәдинада дүниге келіп, сол жерде өмірден өтті. Үлкен атасы сахаба Әбу Амир, атасы табиғунның ғұламаларынан, немере көкесі ғұламалардың қатарында еді. Өзі үшінші нәсілден (атбау-т тәбиъин) болып саналады. Хадис ілімінен бастап, Фикх, тәпсір, космография салаларында ғалым. Мәдинадан басқа еш жерге кетпеген Имам Малик хадисшілер жағында деп танылған. Имам Малик жас кезінде Құран жаттады. Ұзақ уақыт бойы Абдуррахман б. Хурмузден сабақ алды. Фикхта ұстазы Рабиъа б. Абдиррахман. Абдуллаһ б. Омар азат еткен Нафиден және Ибн Шиһаб әз-Зуһридан хадис алды. Бұлар білімді мәшһүр мәдиналық жеті фақиһтен (фуқаһа-и сәбъа), олар білімді Мәдинада өмір сүрген табиғунға сабақ берген алдыңғы қатарлы сахабалардан алды.
Имам Малик ижтиһадта ұстанған тәсілін жазып қалдырмаған. Бірақ Муатта атты еңбегінен кейбір сөздерінен және әл-Мудәууәнәдағы жазылған ижтиһадтары арқылы ізбасарларына оның ұстанған тәсілін анықтауға мүмкіндік туды. Бұған қарағанымызда Малики ижтиһадында:
1. Кітап: Бірінші дерек ретінде Құранға жүгінеді.
2. Сүннет: Одан таппағанын сүннеттен іздейді. Бірақ ахад хадистің орнына қияс пен Мәдина халқының іске асырғанын таңдайды.
3. Ижмаъ: Имам Малик ижманы дәлел ретінде қабыл еткен.
4. Рәй: Малик кейбіреулерінің көзқарасы бойынша хадисші деп саналса да үкім шығаруда (истинбат) рәйге кеңірек тоқталған. Оның қолданған дәлелдері сахаба сөзі сүннет ішінде; қияс, әл-мәсәлиху-л мурсәлә, сәдду-з зәраиъ, әл-истихсан, әл-истисхаб болса рәймен талданады.
Мәдина халқының амалына тоқталар болсақ; Қазы Ыяадтың (ө. 544/1149) түсіндіргені бойынша хадистің қарсысында Мәдиналықтардың амалдарының жағдайы үшке бөлінеді:
a) Амалдың хабарға сай болуы: Мұндай жағдайда амал, жазбаша түрде жеткен болса дәрежесі хабар арқылы қуатталған болады. Ижтиһадпен болса мұның таңдауын жүзеге асырады.
ә) Амалдың бір-біріне қайшы екі хабармен сай келуі: мұндай жағдайда хабардың қайсысы амалға жақын болса сол таңдалады.
б) Амалдың, жалпыға бірдей хабарларға қайшы болуы: Бұл жағдайда егер Мәдина халқының келіскені жазбаша түрде келген болса, хабарды тастап, Мәдина халқының амалы алынады. Себебі нақты мәлімет, ойша басым болғанмен айырбасталмайды. Сағ, мудд сияқты өлшемдердің мөлшері, азан, қамат, намазда бисмилләһтың іштен оқылуы, қор, сақталмайтын заттардың зекеті секілді пәтуалар осыған мысал болады.
Егер мәдиналықтардың істеген амалы келісімге, ижтиһадқа сүйенген болса хадис алынады. Имам Малик уахидың келуіне куә болған, Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жүзеге асырғанын көріп өскен, осы нәрсені іс-әрекетімен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген Мәдина халқының амалдарын белгілі шарттар арқылы мән беріп, үкімдеріне дерек ретінде қолданады. Сондықтан да мәдиналықтардың амалы ол үшін маңызды болған.
Малики мәзһәбының басқа да маңызды Фикх кітаптары мыналар:
1) әл-Бажи, Китәбу-л Мунтәқа, 2) Ибн Рушд, Бидәяту-л мужтәһид уә Ниһәяту-л муқтәсид, 3) әл-Қарафи, әл-Фуруқ.
Бұл мәзһәб та Имам Шафиъиға байланыстырылып, соның атымен аталған.
Мұхаммед б. Идрис әш-Шафиъи (150-204/767-820): Тегі Құрайыш тайпасынан Хашими әулетіне тіреледі. Шамның Газза қалашығында дүниеге келді, екі жасында Меккеге әкелінді. Баста мергендік, өлең, тіл, араб тарихы салаларымен айналысып, айтарлықтай дәрежеге жетті. Кейін айрықша хадис пен Фикх ғылымына бет бұрып осы салада имам болды. Жиырма жасында Имам Маликке барып одан Муаттаны оқыды. Бұдан алдын Меккеде Муслим б. халид (ө. 179/795) және Суфиян б. Уәйнәден (ө. 195/811) Фикх пен хадис оқыған болатын. Имам Малик өмірден өткенге дейін оның қасында болды. Шафиъи бұдан кейін немере ағасымен бірге Йеменге барды. Ол жерде Әузаъидың шәкірті Омар б. Әби Сәләмәмен кездесіп, онымен бірге ғылыми сұхбаттарда қатысты. Үш рет Бағдатқа келген Имам Шафиъи осы жерде Әбу Ханифаның шәкірті Мұхаммед б. Хасан әш-Шәйбанидан Фикх сабағын оқыды. Бағдатта алдыңғы ижтиһадтарына қарай (мәзһәби қадим) еңбегін жазған Имам Шафиъи 200/815 жылы Мысырға барып, өзгерген ижтиһадтары бойынша (мәзһәби жәдид) жаңа кітаптарын жазған. 204/820 жылы Каирде өмірден өтті.
Ғылым үшін көп саяхат жасаған және біршама ғалымнан сабақ алған Имам Шафиъиға ең көп Имам Малик пен Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мұхаммед ұстаздық еткен.
Шафиъидың хадис маманы екендігі тартысты болғанымен, Фикх саласындағы имамдығы даусыз қабыл етілген және ол жайында мақтау сөздер айтылған:
Ахмад б. Ханбал: «Шафиъи Аллаһтың Кітабы мен Елшісінің сүннетінде адамдардың өте ғалымы әрі Фикхшысы. Бірақ хадис тармағына байланысты білімі аз»
«Шафиъидан сабақ алғанға дейінхадисте насих пен мәнсух тақырыбын үйрене алмаған едім»
Имам Шафи үкім шығаруда алдымен Құран, кейін сүннетке жүгінетін. Олардан таппаған мәселелерін ижмадан іздейтін. Сахабаның келісімге келген көзқарастарын дерек ретінде қабыл етеді. Сахабалардың ішінде Хуләфа-и Рашидиннің көзқарастарын басқаларынан жоғары санайтын. Риуаят еткен кісі сенімді болса қиястың орнына жеткізген хабарды алатын. Әдет-ғұрып та ол үшін дерек болып саналатын. Мәсәлихи мурсәләның Фикх үкімдері үшін дерек болмайды деген көзқараста еді. Истихсан дәлеліне қарсы еді.
Оның қолданған дәлелдерінің тізбегі: 1) Құран, 2) Сүннет, 3) Ижма, 4) Қияс, 5) Әдет-ғұрып.
имам Шафи, Фикх методикасына қатысты алғаш кітап жазған Фикхшы. Кітабының аты әр-Рисәлә. Шафи бұл еңбегін Мысырда жазған.
Әл-Умм екінші маңызды кітабы болып саналады. Сол кезеңде теңдесі жазылмаған Фикх кітабы болып қабыл етіледі. Шафиъи бұл еңбегінде тек пәтуалар мен ижтиһадтарын ғана тізбектемеген. Екінші жақтың ижтиһадтары мен дәлелдерін кеңінен қамтып, ауқымды пікірсайыстарға тоқталып өз ижтиһадын қорғап жазған.
Бұлардан бөлек Имам Шафидің әл-Хужжа, Ахкаму-л Қуран уә ихтиләфу-л хадис атты еңбектері де бар.
Шафиъи мәзһәбының басқа маңызды Фикх кітаптары мыналар:
1) Музәни, Мухтасар, 2) Бууәйти, Мухтасару-л кәбир, 3) Нәуәуи, Минһәж; 4) Рәмли, Ниһаяту-л мухтаж, 5) Ширбини, Муғни-л мухтаж, 6) Ибн Хажар, Тухфату-л мухтаж, 7) Ғаззали, әл-Уәжиз фи фықһи-ш Шафиъи, 8) Ширази, әл-Муһәззәб.
Бұл мәзһәбтың имамы Ахмад б. Ханбал (164-241/780-855). Бағдатта дүниеге келген және сол жерде өмірден өткен Ахмад б. Ханбал кішкентайынан біліммен айналысты. Білім алу үшін ұзақ сапарларға шығып, жат жерлерде өмір сүрді. Куфа, Басра, Мекке, Мәдинә, Йемен, Шам, Мағриб, Алжир, Ирак ,Иран, Хорасан секілді жерлерге барып, сол жерлердегі ғалымдардан сабақ алып, хадис үйренді. Йеменде мәшһүр тәпсір және хадис ғалымы Абдурраззақ б. Хәммамнан хадис, хижазда Суфиян б. Уәйнәден, Бағдатта Шафиден, Әбу Юсуфтан Фикх сабақтарын алды. Бұл мәселеде ең көп Суфиянның ықпалында қалды. Хадисте және Фикхта имам болған Ахмад б. Ханбал жайында имам Шафи былай дейді: «Бағдаттан кеткенімде артымда Фикхта, діндарлықта, тақуалықта, ғұламалықта одан асқан ешкімді қалдырмадым».
Ахмад б. Ханбалдың ең маңызды еңбегі Мүснәдта қырық мың шамасында хадисті қамтиды. Китәбу-з Зуһд атты кітабынан бөлек хадис методикасына қатысты мәселелерді қамтыған Китәбу-л иләл атты еңбегі бар. Фикхқа қатысты еңбектері шәкірттерінің сұрақтарына жауаптан құралады, шәкірттері мұны жинақтаған.
Төрт имамның ішінде методы мен пәтуаларын жазудан ең көп тартынатын Ахмад б. Ханбал болатын. Жалғыз өзі хадистерді жинап анықтауға көңіл бөліп, мұны өзіне мақсат етті. Міне сол себептен оның тәсілі жазған пәтуаларынан және тәсілді баяндаған сөздерінен шәкірттері тарапынан жинақталған. Бұл жазылғандар бойынша Ибн Ханбалдың ижтиһад пен пәтуаларында мына нәрселер негізге алынған:
1, 2- Кітап пен сүннеттің настары: Аят немесе хадис бар жерде, басқа қайшы келген үкімге де адамға да мән берілмейді.
3- Сахаба көзқарасы (рәй): Имамның үшінші дерек көзі қайшылық болмаған сахаба көзқарасы, яғни хадис келтірмей түсіндірген діни үкім.
4- Табиғун пәтуасы: Сахаба сөздерінен де таба алмаса, үлкен табиғундардың көзқарасын алатын.
5- Қияс: Мәселе жайлы насс, сахаба сөзі, зайыф және мурсәл хадис секілді дәлелдер таппаса соңында қиясқа жүгінеді.
6- Истисхаб: Ибн Ханбалдың тағы бір ұстанғаны истисхаб. «Бұрыннан бар нәрсені сипаттау, алдын жоқ нәрсені қабыл етпеу» мағынасына келетін дәлелді кейбір ханафилар ибқа және исбатта емес, кері қайтару үшін дәлел ретінде қолданса Ибн Ханбал екі жағдайда да қолданады. Бұл дәлелдің рәй және ижтиһадпен тығыз байланысы бар. тағы айта кететін жәйт заһирия сияқты қиясты толығымен қабыл етпейтін немесе Ибн Ханбал секілді аз қолданатын тұлғалар, настардың тоқталмаған мәселелерінде қиястың орнына истисхабқа жүгініп: «Аллаһтың харам еткен харам, халал еткенін халал, басқаларын истисхаб бойынша мубәх» дейді және айтылған дәлелдің ауқымын одан әрі кеңейте түседі.
Ханбали мәзһәбының басқа да маңызды Фикх кітаптары мыналар:
1) Ибн Қудамә, әл-Муғни, 2) Бухути, Кәшшәфу-л Қына, 3) Хыраки, Мухтасар, 4) Ибн Тәймия, Фәтәуа, 5) Мәрдауи, Китәб әл-Инсаф.
Бұл кезең 350/960 жылдарында басталды. Бағдат қаласының 656/1258 жылы Монғол басшысы Хулагу тарапынан жаулап алғанға дейін жалғасты. Бұл жерде тоқыраудан мақсат, Фикх емес, мужтәһид Фикхшылардың жетілдірілмеуі айтылып жатыр.
Бұл кезеңде құқықшылар мәзһәбтардың фықһи көзқарастарымен шектеліп, ұстанған мәзһәбтарынан ажырамаған және өз бетінше үкім шығару әрекетіне бармаған. Тіпті бұл кезеңдегі Фикхшылар, ижтиһад есігінің жабылды деп пәтуа беріп, бұл әрекеттерді тоқтатқан. Мұның басты себебі, пікірдің бұзылуы, ойшылдардың ижтиһад жасауға әрекеттенуі және өздерінің мүдделеріне қолдануы. Осылайша адамдар бір мәзһәбпен жүруге мәжбүр болды. Тоқырау кезеңінде соңынан ерудің кейбір себептері мыналар:
1. Аббаси халифаларының құқықтық әрекеттерге демеу көрсетпеуі,
2. Фықһи мәзһәбтардың жан-жақты және толық жинақталуы,
3. Білім адамдарының зерттеуге және еңбектенуге деген табандылықтарының әлсіреуі, өздеріне деген сенімнің азаюы,
Міне осылармен қатар бұл кезеңде Фикх мәтіндеріне түсіндіру, пікірлерге дәлел келтіру және осыған ұқсас пайдалы еңбектер де атқарылды. Фикхшылар әлсіз, қуатты көзқарастарды анықтап, барлығының иллеттерін (үкімге сай жағдай) көрсетіп берген. Тағы да айта кететін жәйт бұл кезеңдегі Фикхшылар негізгі мәтін кітаптарына түсіндірмелер (шәрхтар) жазған.
Бұл кезең Бағдаттың монғолдар тарапынан миләди 1258 жылындағы жаулап алудан бастап, қазіргі таңға дейін жалғасып келген уақыт. Бұл кезеңнің ерекшеліктері қысқаша айтқанда былай:
1. Фықһи әрекеттерде артқа кету, соңынан еруде (тақлид) ілгерілеу айтылған,
2. Белгілі бір мәзһәбты ұстанған,
3. Құқықтық әрекетте жаңадан жазу тәсілін жүзеге асырған құқықшылар, жабық мағыналы мәтін мен сөйлемшелерді түсінікті түрде қысқартқан. Бұл еңбектердегі мағыналары түсініксіз ежелгі құқытық мәтін мен сөздерге шәрхтар жазылып, оларға да түсіндірме сөздер (хашия) жазған.
4. Пәтуа кітаптары жинақталған. Қоғам өмірінде жаңадан пайда болған құқықтық мәселелердің оңай шешімін табу үшін сұрақ-жауап түрінде немесе тек қана жауаптарды мәзһәбтарына қарай бөлек-бөлек яки аралас кітаптар жазылды. Бұл кітаптарда шариғи дәлелдер мен қағидалары берілген.
Он тоғызыншы ғасырдың аяқ шеніне дейін заңдастырылмай тұрып белгілі Фикх кітаптарынан пайдалануды жөн көрген. Бір мәселе туындаған жағдайда мәтін кітаптарына, муфтилерге мен қазыларға жүгінетін.
Османлы мемлекеті он тоғызыншы ғасырдың аяқ шенінде заңдастыру ісіне еңбек сіңіру мақсатында бір алқа құрды. Бұл алқа тарапынан Ислам әлемінің алғашқы азаматтық заңы болып қабыл етілген «Мәжәллә-и ахкамы адлия» атты заң қабылданды. Мәжәллә 1869-1876 жылдары арасында 7 жыл ішінде дайындалды. Бұл заң толықтай ханафи фықһын негізге алына отырып құралған азаматтық құқық, қарыздар, жеке құқытар, құқықтар мен тәсілге байланысты бөлімдерін қамтиды. Дайындалған кітаптың әр том біткен кезде падишахтың әмірімен жүзеге асырылды.
Мұның артынша Мәжәллә жанұя заңына тоқталмағаны үшін, қажеттілікке байланысты 1917 жылы Жанұя құқығы қаулысы дайындалды. Ханафи мәзһәбымен қатар басқа Фикх мәзһәб кітаптарынан үкімі мен ижтиһадтарын пайдалана отырып дайындалған бұл қаулы 157 тараудан тұрады. Мұсылмандармен қатар иудаизм мен христиандардың да жанұя құқығы ретке келтірілген. Басқа мәзһәбтарға да тоқталуы және де қамтыған жаңа үкімдер тұрғысынан алға қадам басқан айтылған заң 1919 жылы үкімі жойылды.
Османлы мемлекетінің бұл заңдастыру әрекеттері, басқа кейбір Ислам мемлекеттеріне үлгі болған. Бұдан кейін кейбір Ислам өлкелерінде осы әрекеттер көріне бастады.
Тақырып: Атақты Фикхшылар мен негігі еңбектері
Мақсат: Төрт мәзһәбтың біршама атақты Фикхшылары мен еңбектерін таныстыру
Мәзһәбтардың пайда болуымен қатар һижри төртінші ғасырдан кейінгі уақытта осы мәзһәбтарды ұстанушы көптеген Фикхшылар жетіліп шыққан. Олардың арасында белгілі дәрежеде ижтиһад етуге қол жеткізген немесе маңызды еңбектер қалдырған тұлғаларды қысқаша таныстырып және Фикхқа қатысты еңбектерінен мағлұмат беру бұл саланы үйрену, тану тұрғысынан пайдалы болады.
1. Әт-Тахауи, Әбу Жағфар Ахмет б. Мұхаммед (ө.321/933); Мысырлық, бұрын шафиъи мәзһәбын ұстанып, кейін ханафи мәзһәбына өткен, мәзһәбта мужтәһид дәрежесінде. Еңбектері: әл-Мухтасар, Шәрху маани-л асар, Ахкаму-л Қуран.
2. Әл-Кәрһи, Әбу-л Хасан Убәйдуллаһ б. Б. Әл-Хусәйн (ө. 340/952) кезеңінде Бағдат қаласындағы ханафи Фикхшыларының басшысы, «мәзһәбта мужтәһид» дәрежесінде.
Еңбектері: әл-Мухтәсәр, Имам Мұхаммедтің әл-Жамиъу-с Сағир және әл-Жамиъу-л кәбирдің шәрхтары, әр-Рисәлә .(28)
3. әл-Жәссас, Әбу Бәкір Ахмет б. Али (ө.370/980); әл-Кәрһидың шәкірті, мәзһәбта мужтәһид.
Еңбектері: Ұстазының әл-Мухтасарының шәрхы, әт-Тахауидың Мухтасары, Имам Мұхаммедтің әл-Жамиъінің шәрхтары, Усулу-л Фикх, Әдәбу-л Қудаат.
4. Әс-Самарқанди, Әбу-л Ләйс Наср б. Мұхаммед (ө.373/983); ханафи Фикхының үлкен ғалымы және сопылық жолды ұстанған.
1. Мухаммад б. Яхия б. Лубәбә (ө.336/947); Испаниялық, мәзһәбта мужтәһид. Еңбектері: әл-Мунтәһәбә, Шәрхун алаа мәсәили-л Мудәууәнә.
2. Бәкір б. Әл-Алаа әл-Кушәйри (ө. 344/955) асылы басралық, кейін Мысырға барған және сол жерде қазы Исмайылдың шәкіртінен сабақ алған. Еңбектері: әл-Әхкам, әр-Радду ала-л Музәни, Усулу-л Фикх, әл-Қияс.
3. Әбу Ысхақ Мухаммад б. Әл-Қасым (ө.355/966); кезеңінде Мысыр маликилерінің ұстазы. Әз-Зәһи-ш Шаъбани атты еңбегі бар.
4. әл-Хушәни, Мухаммад б. Харис б. Әсәд (ө.361/972); Қайрауанда оқығаннан кейін Испанияға барып, Қордоваға орналасты. Пәтуа және мәселелерде қияс жасауда ұстаз болатын. Еңбектері: әл-Ихтиләәфи фии мәзһәби Мәәлик, әл-Футия.
5. әл-Муаити, Әбу Бәкір Мухаммад б. Абдилләһ (ө. 367/977); Испаниялық, мәлики мәзһәбын ең жақсы білетіндердің бірі. Мүминдердің әміршісі әл-Хәкәмның сұранысы бойынша, ишбилиялық Әбу Омармен бірге әл-Истиабты тамамдаған. Бұл еңбек тек Мәликидің ижтиһадтарын жинау мақсатымен жазыла басталды, ғалым алтыншы том жазып болған уақытта өмірден өтті. Әл-Истиъабжазылп біткенде жүз том болған.
6. Ибн Абди-л Бәрр, Юсуф б. Омар (ө.380/990); Испаниялық атақты хадисші және ижтиһад дәрежесінде Фикх ғалымы.
Еңбектері: әл-Истизкәр би Мәзәһиби уләмәи-л әмсар (Муатта шәрхы), әл-Кафи фи-л Фикх.
7. әл-Қайрауани, Әбу Мухаммад б. Әби-Зәйд (ө. 386/996); мәзһәбта мужтәһид, Мәликтің жинақтап, шәрх жасаған және оған кішкентай Малик деп аталған.
Еңбектері: ән-Нәуадир уә-з Зиядат алә-н Нәуадир, Мухтасару-л мудәууәнә, әр-Рисәлә.
8. әл-Әбһәри, Әбу Бәкір Мухаммад б. Абдиллаһ (ө.395/1005); Иракта алпыс жыл мәлики мәзһәбын оқытқан, қорғаған және пәтуа берген. Еңбектері: Шәрху-л мухтасар, әр-Радду ала-л Музәни, Усулу-л Фикх, Ижмаъу әһли-л Мәдинә.
9. Ибн Әби Зәмәнин, Әбу Абдуллаһ б. Мухаммад б. Абдиллаһ (ө. 399/1008); Гренадалық, Кордовада оқыған, мәзһәбта мужтәһид және хадис ғалымы. Еңбектері: әл-Муғриб фи-л Мудәууәнә, әл-Мунтәһәб фи-л ахкам, әл-Муһәззәб.
10. әл-Қаади Абдул Уәһһәб б. Наср (ө. 422/1031); Бағдаттық, Мысырға да барған және құрметке бөленген, мәзһәбта мужтәһид.
Еңбектері: әл-Әдиллә фи мәсәили-л хиләф, Шәрху Рисәләти Ибн Әби Зәйд, Шәрху-л Мудәууәнә.
11. әл-Хадрами, Әбу-л Қасым Абдуррахман б. Мухаммад (ө. 440/1048); Солтүстік-Батыс Африкалық, Ибн Әби Зәйдтің шәкірті, әл-Мудәууәнә атты кітаптан және одан бөлек риуаяттарды, пәтуаларды жинақтаған 200 жақын Фикх бөлімін жазған.
12. әл-Бажи, Әбу-л Уәлид Суләйман б. Халәф (ө. 474/1081); Испаниялық, Ибн Хазмның замандасы және онымен пікірталастар өткізген. Мәзһәбта мужтәһид.
Еңбектері: әл-Мунтақа фи шәрхи-л Муатта, Мәсәилу-л хиләф, әл-Муһәззәб фи-хтисари-л Мудәууәнә, Ихкаму-л фусул фи ахками-л усул.
13. Әбу-л Уәлид Мухаммад б. Ахмад б. Мухаммад б. Рушд (ө. 520/1126); Кордовалық, кезеңінде Испания мен Батыста мәликилердің ұстазы болды. Еңбектері: әл-Бәян уә-т Тәхсил, әл-Муқаддимат (Мудәууәнәға кіріспе).
14. әл-Мазәри, Әбу Абдиллаһ Мухаммад б. Али (ө. 536/1141); Солтүстік Африканың имамы, мәзһәбта мужтәһид. Еңбектері: Шәрху Муслим, Шәрху-т Тәлкин ли-л Қади Абди-л Уәһһәб, Шәрху-л Бурһан ли Имами-л Харамайн.
15. Ибн әл-Араби, Әбу Бәкір Мухаммад б. Абдиллаһ (ө. 543/1148); Ишбилиялық, мәзһәбта мужтәһид. Еңбектері: Ахкаму-л Қуран, әл-Махсул фи усули-л Фикх, әл-Мәсәлик (Муатта шәрхы).
16. әл-Қаади, Әбу-л Фадл Иъад б. Муса (ө. 541/1146); Негізі испаниялық, Гренадада қазы болды және Мороккада өмірден өтті. Еңбектері: әш-Шифа би таърифи хуқуқи-л Мустафа, Икмалу-л мулим фи шәрхи сахихи Муслим, Тәртибу-л мәдәрик (Табақат).
17. Ибн Рушд, Мухаммад б. Ахмад әл-Хафид (ө.595/1199); Испанияда ол сияқты ешкім жетілмеген, ақли білімдерде өте күшті, мәзһәбта мужтәһид дәрежесінде Фикхшы.
Еңбектері: Бидәяту-л Мужтәһид уә ниһәяту-л муктасид, Мухтасару-л Мустафа.
1. әл-Каффал әш-Шаши, Әбу Бәкір Мухаммад б. Али б. Исмайыл (ө. 336/947); Ибн Сураждың шәкірті, мутлақ мунтәсиб мужтәһид, Мауарәннәһрде шәфиъи Фикхын жайған Фикхшы.
Еңбектері: Усулу-л Фикх, Шәрху-р Рисәлә.
2. әл-Меруәзи, Әбу Ысхақ Ибраһим б. Ахмад (ө. 340/951) Ибн Суражден кейін Иракта шафиъилердің ұстазы болған, мәзһәбта мужтәһид. Мысырда өмірден өтті. Еңбегі: Шәрху-л Музәни.
3. Әбу-с Саиб Утбә б. Убәйдуллаһ (ө. 350/961); Шафиъилерден Бағдатта алғашқы қазылардың басшысы.
4. Әбу Хамид Ахмад б. Бишр әл-Мәрзәуи (ө. 362/973); бұл Әбу Ысхақтың шәкірті. Еңбектері: әл-Ифсах фи-л мәзһәб, әл-Кифая, әл-Қияс уә-л иләл, Әдәбу-л муфти.
5. Әбу Али әл-Хусәйн б. Шуъайб (ө. 403/1012); Хорасанның атақты ғалымы, Ирак пен Хорасан тәсілдерін (жолдарын) алғашқы болып бірлестірген Фикхшы, әл-Кәффәл және Әбу Хамидтің шәкірті. Еңбектері: Шәрху-л Мухтасар, Шәрху Фуру-л Ибни-л Хаддад.
6. әл-Исфераини, Әбу Хамид Ахмад б. Мухаммад (ө. 408/1017); Ирак тәсілінің ұстазы. Ижтиһад дәрежесінде Фикх ғалымы. Еңбегі: Тәалиқ фи шәрхи-л Музәни.
7. әл-Кәффәлу-с Сағир, Абдуллаһ б. Ахмад (ө. 417/1026); Хорасанның атақты Фикхшыларынан.
8. әл-Исфераяни, Әбу Исхақ, Ибраһим б. Мухаммад (ө. 418/1027); Ирак пен Нисабурда өзін қабыл еттірген. Мәзһәбта мужтәһид Фикх ғалымы. Еңбектері: Талиқа фи усули-л Фикх.
9. әт-Табери, Әбу-т Тайиб Таһир б. Абдиллаһ (ө. 450/1058) ирактық, мәзһәбта мужтәһид, пікірсайысшы және Кәрһ қазысы. Еңбектері: Шәрху-л Музәни, әл-Хиләф.
10. әл-Мауарди, Әбу-л Хасан Али б. Мухаммад (ө. 450/1058); еңбектерімен ғасырлар бойы әсерін қалдырған, танымал ғалым, мәзһәбта мужтәһид Фикхшы. Еңбектері: әл-Хауи, әл-Ахкаму-с султания, әл-Икна, Кануну-л уизәра уә сиясәту-л мулк.
11. әл-Хәрәуи, Әбу Асым Мухаммад б. Ахмад (ө. 458/1066); Гераттық, сөздерінің түсінілуі қиын екендігі айтылады. Еңбектері: әз-Зиядат, әл-Мәбсут, әл-Һади, Әдәбу-л қада, Табагату-л Фуқаһа.
12. әл-Мәруаррузи, Әбу Абдиллаһ әл-Қади әл-Хусәйн (ө. 462/1070); әл-Кәффалдың шәкірті және Имаму-л Харамайнның ұстазы, мәзһәбта мужтәһид. Әт-Талиқа атты бір еңбегі бар.
13. әш-Ширази, Әбу Ысхақ Ибраһим б. Али (ө. 476/1083); мәзһәбта мужтәһид, пікірсайыста алғыр, нәтижелі Фикх ғалымы.
Еңбектері: әт-Тәнбиһ, әл-Муһәззәб, ән-Нукәт (хилаф), әл-Лума, әт-Тәбсира (усул), әл-Муләххас (жәдәл), Табақату-л Фуқаһа.
14. Ибн әс-Саббағ, Әбу Наср Абду-с Сәййд б. Мухаммад (ө. 477/1084); мутлақ ижтиһад дәрежесіндегі Фикхшы. Бағдат Низамиесінде алғаш сабақ берген ғалым.
Еңбектері: әш-Шамил, әл-Камил, Кифаяту-с саил, әл-Фәтәуа.
15. әл-Жуәйни, Имаму-л Харамайн, Әбу-л Меәли Абдулмалик б. Абдиллаһ (ө.478/1085); мәзһәбта мужтәһид, Нисабурдың тіпті Шығыстың имамы қабыл етілген. Меккеде төрт жыл өмір сүргендінгі үшін «Имаму-л Харамайн» деп те еске алынады. Низамия медресесі сол үшін салдырылған.
Еңбектері: ән-Ниһая, әл-Бурһан (усул), әт-Тәлхис (әт-Тақриб уә-л иршадтың мұхтасары, усул), әл-Уәрақат (усул), Муғису-л халқ (Шафиъи мәзһәбының таңдалып жазылған).
16. әр-Руяни Абду-л Уахид б. Исмайыл (ө. 502/1108); мәзһәбта мужтәһид, Табаристан және Руян қазысы.
Еңбектері: әл-Бахр әл-Мауардидің әл-Хауидан кейбір қосымшаларды қамтыған.
17. әл-Ғаззали, Әбу Хамид Мухаммад б. Мухаммад (ө. 505/1111); мәзһәбта мужтәһид, мужаддид, Ислам ғалымы, Низамия ұстаздарынан.
Еңбектері: әл-Уәжиз, әл-Уәсит, әл-Басит (тармақты), әл-Мустасфа, әл-Мәнһул (усул), Шифау-л алил, Бидаяту-л һидая, әл-Меахиз (салыстырмалы Ислам құқығы).
18. Ибан Әби Асрун, Әбу Саъд Абдуллаһ б. Мухаммад б. һибәтуллаһ (ө.573/1177); Дамаскіде орналасты және қазылардың басшысы болды, біршама еңбектері бар.
Еңбектері: Сафуату-л мәзһәб (7 том), әл-Иршад фи нусрати-л мәзһәб, әт-Тәйсир (салыстырмалы Ислам құқығы).
19. әр-Рафи, Әбу-л Қасым Абду-л Карим б. Мухаммад (ө. 623/1226); Казвиндық, мужтәһид, Фикх ғалымы. Еңбектері: әл-Азиз фи шәрхи-л Уәжиз, әл-Мухаррар.
20. ән-Нәуәуи, Мухиддин Яхия б. Шәрәф (ө.676/1277); Фикх және хадис ғалымы. Еңбектері: әр-Рауда (Рафиъидың әл-Уәжиз шәрхының қортындысы), әл-Мәжму фи шәрхи-л Муһәззәб.
1. әл-Халлал, Әбу Бәкір Ахмад б. Мухаммад (ө.311/923); Ахмад б. Ханбалдың мәзһәбын біріктірген, осы үшін өмірін арнаған Фикх ғалымы. Әл-Жами атты еңбегі Ханбали Фикхына қатысты еңбек.
2. әл-Хыраки, Әбу-л Қасым Омар б. Әл-Хусәйн (ө.334/945); Сәләфтарға қарсы әрекеттердің күшейген уақытта Бағдатты тастап Дамаскіге келген және сол жерде өмірден өтті. Әл-Мухтасар атты кітабы бар.
3. әл-Хашими, Әбу Али Мухаммад б. Ахмад (ө.428/1037); Әбу Ысхақ әш-Ширази осы ханбали Фикхшысын мақтайды, одан көп пайдаланғандығын білдірген.
4. Ибн Қудамә, Әбу Мухаммад Абдуллаһ б. Ахмад (ө. 620/1223); Палестинада дүниеге келді, Дамаск, Бағдат және Меккеде жетілді, Дамаскіде өмірден өтті, атақты ханбали ғалымы. Фықһи еңбектері: әл-Муғни (әл-Хыракидің мухтасарының шәрхы), әл-Кафи, әл-Муғни, Мухтасару-л һидая, әл-Умдә.
Тақырып: Ислам құқығының негізгі деректері
Мақсат: Ислам құқығының негізгі деректерін үйренілуі
Фикх усулу, деректерден үкім шығару тәсілдерін қолға алады. Кең ауқымда қарайтын болсақ усул, үкімдер шығарылған деректерді, олардан үкім шығару (метод) жолдарын, үкім түрлерін, насстардағы сөздердің түрлері сияқты мәселелерді жан-жақты зерттейді. Сол себепті дерек көздері мәселесіне тоқталамыз.
Ислам құқығында үкім шығарылған деректер, негізгі деректер және тармақты (екінші дәрежелі) деректерболып екіге бөлінеді. Негізгі дерек көзі Құран мен сүннет. Бұларды жазылған дерек көзі деп те атайды. Ижмаъ, қияс, истихсан, урф, маслахаты мурсала сияқты дерек көздері екінші дәрежелі болып саналады. Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша сүннет те Құранға сүйенетіндіктен негізгі кайнар тек қана Құран. Өйткені сүннет Құранның сөздік және іс-әрекетпен түсіндірілуі. Құран мен сүннет (хадистер) екеуі де насс болып саналады. Насс дегеніміз олардан үкім шығарылатын мәтіндер дегенді білдіреді. Тармақты деректер де насстарға сүйенеді, насстардан бастау алмаса немесе насстарға қайшы келетін үкім шығарылмайды. Насс бар болса басқа дерек көздерімен амал етілмейді.
Ислам құқығында дерек көздерінің тәртібінің болуына байланысты хадис бар. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) Муаз б. Жәбәлды Йеменге қазы етіп жіберер кезде араларында мынадай әңгіме болды:
- Уа Муаз, бір оқиғаға жолыққаныңда қалай үкім бересің?
- Аллаһтың кітабымен.
- Егер кітапта таба алмасаң?
- Аллаһтың Елшісінің сүннетімен.
- Аллаһтың Елшісінің сүннетінен де таба алмасаң?
- Олай болса өз көзқарасыммен ижтиһад жасаймын. Бұл жауапты естіген Пайғамбарымыз (с.а.у.) Муаздың көкірегінен қағып, былай деп дұға етті:
- Пайғамбарының елшісін, Оның разы болатындай табысқа жеткізген Аллаһқа шүкір. (Тирмизи, Ахкам, 3; Ахмад б. Ханбал, әл-Муснәд, V,230, 236, 242).
Халифа Әбу Бәкір және одан кейінгілер де бір мәселе жолыққан жағдайда Құранға қарап, дәлел тапса сонымен үкім беретін. Ол жерде дәлел таппаса сүннетке қарайтын, одан да таппаса сахабаларды жинап олармен кеңесетін, егер олар бір үкімде бірігетін болса сол үкімді орындайтын. Осылайша деректердің тәртібі және қалай үкім берілетіндігі ортаға шықты.
Құран Кәрім, Аллаһтың соңғы пайғамбары Хз. Мұхаммед (с.а.у.) ға түсірілген кітап. Хз. Мұхаммед қырық жасқа толғанда уахи келе бастады. Миләди 610 жылы басталған Құран яғни уахи 632 (һижри 10) жылға дейін шамамен жиырма үш жыл жалғасты. Оның көбісі Меккеде, қалғаны Мәдинәда түсті. Меккелік сүрелер мен аяттар, жалпы иман, құлшылық, ахлақ және насихаттармен қатысты. Үкім аяттарының көп бөлігі Мәдинәда түскен. Өйткені Хз. (с.а.у.) мен мұсылмандар діндерінің бұйрықтарын емін-еркін орындау мүмкіндігіне Мәдинәда қол жеткізген болатын.
Қандай да бір үкім білдіретін аят «ахкам аяттары» деп аталады. Бұлар Ислам құқығының негізін қалайды. Құранның алты мыңнан астам аятының шамамен екі жүзі үкім аяттары. Астарлы ретінде немесе тәпсірлегенде үкімдерге тақырып болған аяттармен бірге бес жүзге жетеді. Бұл аяттарда жанұя, мұрагерлік, жаза мен мемлекеттер құқығына байланысты үкімдер бар. Негізінде үкімдердің кейбірі ұзын және толық түсіндірілген болса, кейбірі қысқа әрі жалпы түсіндіріп өтеді.
Құранның бірінші және асыл дерек көзі екендігіне ешкімнің қарсылығы жоқ. Өйткені ол Ислам дінінің негізгі кітабы. Бірақ аяттардан үкім шығару (истинбат) мәселесінде түрлі көзқарастар бар. Айрықша қысқа әрі мағыналы (мужмәл) сөздерге тәпсір жасалғанда неге және не нәрсеге дәлел болатындығы жайында көзқарас ерекшеліктері шығуы мүмкін. Бұл уахидың ерекшелігі және Араб тілінің құрылымына қатысты. Құран қырағаттары да үкімнің шығуында ықпалы бар. Мутәуатыр қырағаттар барлық мәзһәбтар тарапынан қабылданған. Мутәуатыр болып саналмайтын қырағаттардың бір бөлімін ханафилар қабылдайды. Шафиъилер, мәликилер және ханбалилар қабыл етпейді.
Құранның үкімдерді түсіндіруі көп жағдайда ижмали (жалпы) тафсили (егжей-тегжейлі) емес. Ішінде үкім болған аятты зерттеген адам, барлық аятты зерттеуі міндетті. Түсіндірілмеген жағын сүннеттен тауып, толық үкімді шығара алады. Мәселен намаз, қажылық, зекет құлшылықтары жайлы жалпы үкім бар. Намаздың қалай орындалатындығын, зекеттің қандай малдардан, қаншалықты берілетіндігі, қажылықтың қай күндері және қалай атқарылатындығы егжей-тегжейлі жоқ. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) ның жүзеге асырғандарына қарап, үкімдерді толық шығаруға болады. Алып-сату, қысас (қанға-қан, жанға-жан), хад жазасы, үйлену т.с.с. мәселелерде де жай-жапсарлы үкімдер берілген.
Кейбір мәселелерде үкімдер жан-жақты түсіндірілген. Бұлар тек қана насстар арқылы ғана білінетіндіктен, Аллаһу Тағала толықтай білдірген, аз ғана бөлігін тәптіштемеген. Бұлардың бір бөлігін сүннеттен үйренуге болады, қалғанын ижтиһад арқылы шешіледі.
Құранның үкімдері уақыт пен жерге қарай өзгермейді, қияметке дейін жалғасады. Адамзаттың қажеттілігіне барлық уақытта жауап бере алатындай ерекшелікке ие. Бұлар басты үкімдер. Жузи үкімдер өзгеруі мүмкін, оларды мужтәһидтер тарапынан адамдардың мұқтаждықтарына қарай үкімге байланыстырады.
Құранда орын алған үкімдер бірнеше тарауға бөлінеді.
1. Құлшылықтар: Намаз, ораза, қажылық, зекет, садақалар. Бұлар ижмали (қысқа мазмұнды) ретінде берілген, түсіндірілуін Хз. Пайғамбарымызға қалдырған.
2. Кәффараттар: Кәффарат кейбір қате әрекет еткен адамның орындауы тиіс болған нәрсе. Құранда зиһар, ант және адам өлтірудің кәффараттары білдірілген. Мәселен, ант етіп, оны орындамаған адамның кәффараты Маида сүресінің 98 аятында былай: Он кедейді тойдыру немесе киіндіру яки құл азат ету бұларға күші жетпейтін болса үш күн ораза тұтады. Қателесіп адам өлтірген кісі, алдымен оның құнын төлейді, кейін құл азат етеді немесе арасын бөлмей екі ай ораза ұстау арқылы кәффаратын өтейді. Кейбір аяттар 4 Ниса сүресі 92; 58 Мужәдәлә сүресі 1-4.
3. Муамалат: Сауда, алып-сату, қарыздар т.б. жайлы үкімдерді муамалат деп атайды. Кейбір аяттар: Бақара 2 188, 275-80, 282-83; 4 Ниса 29; 5 Маида 87.
4. Жанұя құқығы: Неке, үйлену, ажырасу, ғиддат, балалардың қорғалуы, жетім, мұрагерлік үкімдері жанұя құқығына байланысты үкімдер. Құран ең кең ауқымда осы бөлімді түсіндірген. Анық түсіндірмеген жерлерін сүннет талдайды. Бұл секілді үкімдердің басым бөлігі Бақара, Ниса, Маида, Әнғам, Ахзаб, Нұр сүрелерінде берілген.
5. Жаза: Адам өлтіру, жаралау, ұрлық, қарақшылық, зина, жала сияқты қылмыстар мен оларға берілетін жазалар осы бөлімде. Кейбір аяттар: 2 Бақара 179; 4 Ниса 25; 17 Исра 33.
6. Басшылық: Басқарып отырғандар мен олардың қарамағындағыларға байланыстарды ретке келтіретін үкімдер. Бұларды бес негізде топтастыруға болады. Әділет, кеңес, Мұсылмандардың пайдасы, көмектесу және қорғау. Бұл жайлы кейбір аяттар: 2 Бақара 205-206; 3 Әли-Ғымран 159; 4 Ниса 58; 5 Маида 2; 8 Әнфәл 1; 16 Нәхл 90; 42 Шура 38.
7. Мұсылмандар мен мұсылмандықты қабылдамағандар арасындағы байланыстар: Бейбітшілік, соғыс, келісімдер сауда-саттық қарым-қатынас, шекаралардың қорғалуы т.б. үкімдер. Бұған қатысты аяттар мыналар: 2 Бақара 190, 194, 213, 251; 5 Маида 8; 8 Әнфәл, 58; 16 Нәхл 91-95; 17 Исра 70; 22 Хаж 39, 40; 30 Рум 30; 49 Хужурат 13; 60 Мумтахина 8, 9.
Сүннет, арап тілінде «жол», «әдет», «дәстүр» мағынасына келеді. Терминдік мағынасы ретінде сүннет, Хз. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) тараған сөз, іс және мақұлдауын баяндайды. Хз. Пайғамбарымыздың істеген ісі мен айтқан сөзін әрбірін әрекетін орындалуы тиіс сүннет емес. Олай болса оның іс-әрекеттерін бірнеше топқа бөлу қажет.
Сүннеттің бөлімдеріне және одан шығарылатын үкімге кірмей тұрып Аллаһтың елшісі Хз. Мұхаммедтің (с.а.у.) іс-әрекеттері жайлы түсіндіріп өту қажет. Өйткені оның әрбір іс-әрекеті, орындағандары, айтқан әр сөзінен үкім шығарылмайды. Сол себепті оның іс-әрекеттері үшке бөлінеді.
1. Хз. Пайғамбардың (с.а.у.) адам баласы ретінде жасаған әрекеттері. Жеп-ішу, киіну, отыру, тұру, жату, науқастанғанда емделу, егін, соғыс түрі т.б осы топқа жатады. Бұлар құқыққа дерек көзі бола алмайды. Міндетті түрде орындау шарт емес. Өйткені мұны пайғамбар ретінде орындамаған. Әр адамның күнделікті өміріндегі әрекеттер. Бірақ сахабалардан кейбіреулері, оның бұл әрекеттерінен үлгі алынатындығын ескертеді.
2. Аллаһ Тағаланың тек қана Хз. Пайғамбарға (с.а.у.) арнайы бұйырған немесе рұқсат еткен іс-әрекеттер. Төрттен көп әйел алу, духа мен тәһәжжуд намазының оқылуы, екі немесе одан да көп күн бойы ауыз ашпай ораза ұстау (саум-и уисал) сияқты әрекеттер. Бұл әрекеттер оған қатысты және ешқандай мұсылман бұл мәселеде оған бейімделе алмайды.
3. Хз. Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғат қою ерекшелігіндегі әрекеттері. Бұл әрекеттері де екіге бөлінеді.
а. Құранның мужмәлін түсіндіру үшін атқарған әрекеттері.
ә. Өздігінен жасаған әрекеттері.
Хз. Пайғамбардың сүннеті үш түрде жүзеге (уарид) асқан:
1. Сөздік сүннет: Хз. Пайғамбардың сөздері осы топқа кіреді. Мысалы: Ол былай деген: «Амалдар ниеттерге байланысты және барлығыңа ниеттеріңе қарай беріледі...» (Бухари, Бәду-л уахи 1, Иман 41; Муслим, Имара155).
2. Іс-әрекеттегі сүннет: Оның намаз оқуы, дәрет алуы, қажылық жасауы, ұрының оң қолының білектен кесілуін бұйыруы сияқты әрекеттер жатады. Құранда бар үкімдерді егжей-тегжейлі түсіндіретін әрекеттерінің барлығы осы топқа жатады. Мәселен, «Мен қалай намаз оқыған болсам, сіздер де солай оқыңыздар» (Бухари, Азан, 18, Әдәб, 27, Ахад, 1) хадисі, Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Құранда бұйырылған намаз оқуды іс-әрекетімен түсіндіргендігін көрсетеді. Сондай-ақ дәрет пен таяммумда тірсектерге дейін мәсіх тарту да осыған жатады.
3. Тақрири (мақұлдау) сүннет: Оның құзырында басқаларының істеген ісін көргенде немесе сөйлескендерін естігенде ештеңе айтпауы қабыл етуі деген мағынаға келеді. Басқаларының әрекеттері немесе сөздерін Хз. Пайғамбарға жеткізуі, оның мұны қабыл етуі тақрири сүннет болып есептеледі. Бұған мысал мына оқиға: Амр б. Ас, Зату-с Сәләсил жорығында кешке жүніп болған еді. Күн суық болғандықтан ғұсыл құйынған жоқ, таяммум алып таң намазында имам болды. Кейіннен Мәдинаға келген соң жағдайды Хз. Пайғамбарымызға (с.а.у.) түсіндірді. Ол болса тек қана күліп, ештеңе айтқан жоқ.
Сүннеттердің сөзбен түсіндірілуі хадис деп аталады. Хадистердің сөз бен мағынасы Хз. Пайғамбарымызға (с.а.у.) тән, оның өзі айтқан. Енді біреуі мағынасы Аллаһ тарапынан аян арқылы келген, сөзі Хз. Пайғабарға тән болған хадистер бар оларды қудси хадис деп атайды.
Барлық Ислам мәзһәбтары сүннетті, Ислам құқығының екінші негізгі дерегі ретінде қабыл етеді. Өйткені Құран Кәрімде Хз. Пайғамбарға мойынсұнуды бұйырған бірнеше аят бар. Мәселен Ниса сүресінің 59 аяты мынадай: «Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы» (Қосымша мына аяттарға қараңыз: 4 Ниса 65, 80; 24 Нұр 54; 33 Ахзаб 36; 59 Хашр 7). Хз. Пайғамбар да Құранды түсіндірумен міндеттелген: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер» (16 Нәхл 44).
Сүннеттің дерек көзі болуына ешкімнің таласы жоқ, сонымен қатар сүннеттің субуту (бар болуы) жайында кейбір пікірталастар бар. Өйткені хадистер, Құран секілді Хз. Пайғамбарымыздың кезеңінде жазылмаған. Ол өзі Құранмен араласып кетпеуі үшін өз сөздерін жазуға тыйым салды. Хадистер уақыт өте келе рауилердің көмегімен кітаптарда жиналып, кейінгі ұрпақтарға жеткізілді. Тағы айта кететін жәйт кейбір хадистер сенімді жолдармен келген болса, кейбіреуі әлсіз жолдармен жеткен. Кейбіреуінің рауилері сенімді болса, кейбіреуінің рауилері әділет және забт (сақтау) тұрғысынан проблемалары болды. Міне сүннеттің ауызша және риуаят арқылы жетуі, ғұламалар арасында кейбір талас-тартысқа себеп болды. Кейбір мужтәһидтер кейбір хадистерді сахих деп қабыл етсе, енді біреулері зайыф деп қабыл етті. Және ахад хабарды кейбір мәзһәбтар дәлел ретінде қабыл етсе, кейбіреулері қабыл етпейді. Әбу Ханифа мен Малик б. Әнәс (Имам Малик), үзілді-кесілді дәлелге қайшы келмейтін болса ахад хабарды қабыл етеді. Әбу Ханифа және ирактық фақиһтар, Құран мен мәшһүр сүннетке қайшы келетін ахад хабарды қабыл етпейді. Имам Шафиъи өзі қойған шарттарға сай келетін ахад хабарларды қабыл етеді.
Үзілді-кесілді бекітілуі тұрғысынан сүннет үшке бөлінеді.
1. Бекітілуі нақты сүннет. Бұл мутәуатыр сүннет деп аталады.
2. Үзілді-кесілдіге жақын сүннет. Ханафилар мұны мәшһүр сүннет, басқалары мустәфид сүннет деп атайды.
3. Нақты емес сүннет. Мұны ахад сүннет деп атайды.
Маңыздылығына қарап ахад хабарлар мен ахад сүннетке біршама тоқталайық. Ханафилар ахад хабармен үкім шығару және онымен амал ету үшін кейбір шарттарды алға тартады. біріншісі, риуаят еткен адамның хадистегі мәліметке қайшы амал жасамауы керек. Мысалы олар, Әбу Һурайраның риуаят еткен: «Біреуіңіздің ыдысыңызды ит жаласа оның ішіндегіні төксін. Бір рет топырақпен ысқылап, жеті рет жусын» (Нәсәи, Таһарат, 52, Мияһ, 7; Бухари, Уду, 33; Муслим, Таһарат, 89-93; Тирмизи, Таһарат, 68) хадисімен амал етпейді. Өйткені Әбу Һурайра, ит жалаған ыдысты үш рет жуып, осылай пәтуа беретін. Ханафилар хадис үкімі алдыңғы деп санап, Әбу Һурайраның жүзеге асырғанын негізге алған. Екінші шарт, хадис әрдайым қайталанып және барлық мұсылманның үкімін білетін оқиғалар жайында болмауы тиіс. Олар Абдуллаһ б. Омар риуаят етілген, «Хз. Пайғамбар рукуғқа барарда, рукуғтан басын көтергенде қолдарын көтеретін» (Бухари, Азан 83-86) хадисімен амал етпейді. Өйткені, егер Хз. Пайғамбар әрдайым осылай істеген болса көбісі мұны риуаят еткен болар еді. Осыған ұқсас, «Расулуллаһ намазда Фатиха сүресінен бұрын бисмилләһты айтатын еді» (Тирмизи, Салат 64) хадисімен де амал етпейді. Үшінші шарт, риуаят ететін адам қиясқа және діни негіздерге қайшы болмауы керек.
Маликилер ахад хабармен амал ету үшін тек қана, Мәдина халқының амалына (амалу әһли-л мәдинә) қайшы келмеуін шарт қосқан. Мәселен бір хадис бойынша, Хз. Пайғамбар (с.а.у.) қандай да бір себепке байланысты намаздан шыққысы келгенде оң және сол жағына сәлем беріп шығатын. Маликилер, Мәдина халқының мұндай жағдайда тек оң жағына сәлем бергеніне сүйене отырып, бір сәлемді жеткілікті деп санаған.
Шафиъилар ахад хабармен амал ету үшін сәнәдының сахих және муттасыл (үзілмеген) болу шартын қойған. Сол себепті олар мурсәл, яғни риуаят шежіресінде риуаят ететін адамның біреуі болмаған жағдайда, ол хадиспен амал етпеген. Ханбалилар мен шафиъилар бір көзқараста, бірақ мурсәл хадиспен амал етуді қабыл етеді.
Тақырып: Ислам құқығының тармақты деректері
Мақсат: Ислам құқығында үкім шығару жолы болып саналатын екінші дәрежедегі деректердің таныстырылуы
Ислам құқығының тармақты деректеріне, жазылмаған немесе адами деректер десек те болады. Бұлардың барлығында адамның ой жүгіртуі арқылы үкім шығарылады. Сондықтан олар ижтиһадтың бөлімі болып саналады. Бұл деректерді сахаба мен табиғуннан кейін жәй-жәй мужтәһидтер қолдана бастады. Төменде бұл деректердің ең бастыларына тоқталамыз.
Кітап пен сүннеттен кейін Ислам құқығының ең қуатты дерегі ижмаъ болып есептеледі. Ижмаъ арапша жәмаъа етістігінің түбірі болып, «бір нәрседе шешім қабылдап, келісімге келу» деген мағынаға келеді. Ислам құқығының термині ретінде бірнеше анықтамасы бар. Ибн Хажиб (ө. 646/1249) бойынша «Ижмаъ осы үммет мужтәһидтерінің қай ғасырда болса да бір мәселеде келісімі» (әл-Мухтасару-л Мунтәһә, I,122). Осы заманғы жазушылардың бірі Мұхаммед Әбу Зәһра (ө. 1394/1974) ижмаға былай деп анықтама береді: «Ижма Хз. Пайғамбардан кейінгі кезеңде амали бір мәселенің шариғат үкімінде мужтәһидтердің бірігуі» (Ислам хукук методоложиси, 171).
Анықтамадан түсінгеніміздей ижма, өте кең ауқымда ғылыми еңбектену және ижтиһад. Өйткені ижма, қандай да бір ғасырдағы Ислам ғалымдарының барлығының ижтиһад жасап және ижтиһадтарының нәтижесінде қол жеткізген үкімдерін ортақ үкімге келтіру ісі. Көңіл бөлетін болсақ қиын үкімне мысал бермей айтып жатырмыз. Мұндай ижма яғни мужтәһидтердің бір үкімде бірігуі айрықша сахаба кезеңінде болған. Өйткені сахаба кезеңінде мұсылмандар жан-жақта, әрі мужтәһидтер аз болатын. Алайда кейінгі кезеңде жер кеңейіп, мужтәһидтер артты. Айрықша түрлі мәзһәбтардың мужтәһидтері әр түрлі истинбат (үкім шығару) тәсілдерін қолдана бастады. Сол себепті бірінші болып Имам Шафи және кейбір ғалымдар барлық мужтәһидтердің келісімге келетін бір ижманың жүзеге асуының қиын екендігін айтқан. Күмәнсіз бұл нәрсе маңызды. Құран мен сүннеттен кейін үкім шығару жолы болып саналатын ижма, жүзеге асқан жағдайда үлкен қадам болып саналады. Өйткені ижма себепкерлігімен дүниедегі барлық мұсылмандар ортақ мәселелерін бірге шешіп, үкім табады. Бәлкім бұл қиын болуы мүмкін, бірақ іске аспайтын нәрсе емес.
Ижма арқылы қол жеткізілген үкімдердің қолданылуына келер болсақ, егер ижма бір аят немесе хадис аясында болса, бұдан шығарылған үкім нақты. Шынын айтқанда ижма үкімдерінің көбісі осылай. Мысалы, бір азық-түлікті алмай тұрып сату жайыз емес, үкімі ижма арқылы берілген. Бұл ижма Хз. Пайғамбардың (с.а.у.) «Кімде-кім азық сатып алған болса, қолына түспей тұрып оны сатпасын» (Бұхари, Буюу, 51, 55, 54; Муслим, Буюу, 36) хадисіне сүйенеді.
Рәй мен ижтиһад аясындағы ижманы қолдануға болады. Бірақ Заһирилер, ижтиһад аясындағы ижмада сахабаның ижмасын қабыл етеді. Муғтәзилалардың алдыңғы қатарлы имамдарының бірі Наззам (ө. 226/840) ешқандай ижманы қабыл етпейді. Шиа мәзһәбынан жағфарилар, тек қана өздерінің имам мен мужтәһидтерінің ижмасын қабыл етеді. Шиа мәзһәбынан зәйдиялар Әһлі бәйттің ижмасын қабыл еткен. Әһлі сүннет ішінде бұл мәселеде мұқият болу қажет екендігін жақтайтындар бар. Бір ғасырда жасалған ижма барлық уақытта қолданылады. Бірақ одан кейінгі ғасырда сол ижмаға басқа ижма жасауға болады.
Рәй мен ижтиһад аясындағы ижма қиясқа сүйенуі мүмкін. Біршама ғалымдар қиясқа сүйенген ижманы қабыл етпеген болса, енді бір бөлігі қолдануға болатындығын айтады. Мысалы, Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінен кейін кімнің халифа болатындығын белгілемей өмірден өтті. Сахабалар алғашында кімнің халифа болатынды жайлы қайшы пікірлер туындаса да, кейін Әбу Бәкірді сайлауға келіскен. Өйткені Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) науқастанғанда Хз. Әбу Бәкірді өз орнына тағайындайды. Сахабаның кейбірі халифалықты намаздағы имамдықпен қияс жасаған. Мұны сахабалардың барлығы дұрыс деп тауып, Хз. Әбу Бәкірдің халифалығын қабыл етті. Тағы бір мысал: Құран мен сүннетте арақ т.б. мас қылатын заттарды қолданғандардың жазасының мөлшері белгіленбеген. Хз. Омар мұның мөлшерін бекіткісі келді. Сахабаларды жинап пікірлерін білді. Хз. Али былай деді: Арақ ішкен адам мас болады, мас болған адам жүйесіз бос сөз сөйлей бастайды және жала жабады. Жала жабудың жазасы Құранда сексен дүре соғу ретінде белгіленген. Хз. Омар және басқалары да Хз. Алидың көзқарасын қабыл етіп, намысты әйелге зина жасады деп жала жапқанға берілетін жазаға (хадду-л қазф) қияс жасалып, ішімдік ішкен адамға сексен дүре соғу керек деп шешім қабылдады.
Маслахаты мурсәләға сүйенген ижма да, қиясқа сүйенген ижмаға ұқсайды. Мысалы, Құранның кітап болып жинақталуы осыған жатады. Хз. Әбу Бәкір мұны қабыл етпеген соң Хз. Омар: «Мұнда жақсылық бар. Аллаһтың атымен ант етейін бұл іс Исламның қайыры болады»,- деді. Осылайша Хз. Әбу Бәкір және барлық сахаба мұны қабыл етіп, Құран мусхаф болып жинақталды. Тағы бір мысал: Хз. Османның кезеңіне дейін жұма намазында бір азан айтылатын. Мәдинада халық көбейген соң, азанды бір бөлігі ести алмайтындай болды. Халифа Хз. Осман Мәдина базарына тағы бір азан айтқыза бастады. Себебі азанның айтылуындағы мақсат, адамдарға намаз уақытын білдіру және намазға дайындалуын қамтамасыз ету. Егер Хз. Осман мұны орындамаса олай болса азанның мақсаты іске аспаған болар еді. Бұл пайданы қабыл еткен сахаба, жұма намазы үшін екінші азанның айтылуын келісіммен қабыл етті.
Ижма жасау үшін мына шарттар болуы қажет:
1. Ижма жасаушылардың барлығы мужтәһид болуы керек. Мужтәһидтерден басқа шариғи деректерден үкім шығаруға ешкім атқара алмайды. Бір кезеңде ижма болуы үшін ең кем дегенде үш мужтәһидтің болуы қажет. Екі мужтәһид болған жағдайда ижманың болып, болмауында пікірталас бар.
2. Барлық мужтәһидтер бір мәселеде бірігуі қажет. Саны аз болса да егер мужтәһидтерден біреуі немесе бірнешеуі берілген үкімге қарсы болса бұл ижма саналмайды.
3. Мужтәһидтердің барлығы Хз. Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметінен болуы тиіс.
4. Ижма, Хз. Мұхаммед (с.а.у.) өмірден өткеннен кейін болуы керек. Себебі Хз. Пайғамбар заманында бұлай болған жағдайда ол ижма емес, сүннет болады.
5. Ижмамен берілген үкім, бір мәселенің шариғи үкіміне қатысты болуы тиіс. Мәселен, тілге қатысты берілген үкім, шариғи мағынада ижма болмайды.
Ижманың үш дәрежесі бар.
1. Сарих ижма: Мұндай ижмада барлық мужтәһид ортаға салынған көзқарасқа келіскендігін ашық айтады.
2. Сукути (зымни) ижма: Ортаға тасталған көзқарас үшін кейбір мужтәһидтердің қарсы шықпауы, үнсіз қалуы немесе ештеңе айтпауы.
3. Бір мәселенің бір жағына келісіп, екінші жағына ихтиләф болған ижтиһад. Мысалы сахабалар, қайтыс болған адамның дүниесіне атасының мұрагер болатындығына ижма еткен, бірақ қанша берілетіндігі жайында ихтиләф еткен.
Қияс, сөздікте бір нәрсені бағалау, өлшеу, салыстыру және екі нәрсе арасындағы ұқсастықтарды анықтау деген мағынаға келеді. Ислам құқығының термині ретінде қияс, үкімі белгілі емес бір оқиғаны арасындағы иллет себебімен, үкімі белгілі оқиғаға қарай үкім шығару. Бұл анықтамадан түсінетініміз қиястың төрт бөлігі бар: Асл (негізгі), фәри (тармақ), иллет (ақау), үкім.
1. Асл: тек бір үкім білдіретін аят немесе хадис. Асл білдірген үкімнің иллеті (себебі), настың дәлел болуы немесе ишаратымен түсінікті, яки ижтиһад жолымен анықталады.
2. Тармақ: Ол жайында үкімнің жоқ болуы және үкім шығару қажет болған оқиға.
3. Иллет: Негізгі мен тармақта бар ортақ себеп. Яғни екі оқиға үшін берілген үкімнің дәлелі. Қысқаша айтқанда иллетке сүйене отырып үкім қияс жасалып, үкім беріледі.
4. Үкім: Негізге қатысты, тармақ үшін де қолданылатын нәрсе. Үкімнің жүзеге асуы үшін, ақылмен ұғынылуы қажет. Сондықтан құлшылықтың үкімдерінің мағынасы ақылмен ұғынуға келмейтін қияста қолданылмайды. Муамәләттың үкімдерін ақылмен ұғынуға болады және оларға қияс жасалады.
Бұған бір мысал келтірейік. Арақтың харам болуына қатысты насс бар (5 Маида90). Коньяктың үкіміне қатысты насс жоқ. Арақтың харам етілуіндегі иллет (себеп) мас қылуы. Коньякты зерттейтін болсақ, оның да мас қылу ерекшелігі бар. Сол себепті араққа қияс жасап, оның да үкімі харам деген тұжырымға барамыз. Бұл жерде негізгі арақ, тармағы коньяк, иллет (себеп) мас қылуы, үкімінің харам болуы.
Бұл төрт бөлімді, қиястың рүкіндері деп атайды. Тағы айта кететін нәрсе қияс жүзеге асуы үшін кейбір шарттар бар. Бұлардың кейбіреуі негізгіде, кейбіреуі басқа рүкіндерде болуы қажет.
1. Негізгінің үкімі Құран немесе сүннетте болуы тиіс.
2. Қияс жолымен жүзеге асатын үкімнің, ақылмен ұғына алатындай бір себебі болуы керек. Егер ақыл үкімнің неліктен шығарылғандығын ұғына алмаса, ол жайлы қияс жасалмайды. Өйткені олардың үкімі құлшылыққа қатысты, яғни иләһи үкімдер болып саналады, ақылмен белгіленбейді. Бес уақыт намаздардың рәкәғат саны, Қағбада жеті рет тауаф жасалуы сияқты. Бірақ мәселен біреудің саудада келіскенінің үстінен сауда жасау харам. Өйткені бұл жерде алғашқы саудаласып тұрған адамға зиян тигізу бар. Бұл иллетті ақылмен ұғынуға болады.
3. Асылдың үкімі басқа оқиғаларға да үйлестіретіндей болуы керек. Мәселен, талдағы құрма мен жобалап кептірілген құрмаға сатуы (арая саудасы) жайыз. Бұған Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ережеден тыс сату ретінде рұқсат еткен. Өйткені бұл нәрсеге адамдардың мұқтаждығы болған жағдайда, алып-сатуда жеңілдік болып, сатушының қажеттіліктері қамтамасыз етілуі мүмкін. Сол секілді ағашында тұрған жүзімді жобамен кептірілген жүзімге ауыстыруға арая саудасына қияс жасап жайыз болатындығына үкім беруге болады. Өйткені екеуінде де бірдей иллет яғни мұқтаждық бар. Тағы да Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ның ораза кезінде ұмытып жеген адамның оразасы бұзылмайтындығын айтқан. Бұл үкім ақылмен ұғынуға болатын нәрсе және осы тектес оқиғаларға қияс жасауға болады.
4. Асылдың үкімі тек қана асылға қатысты болмауы керек. мысалы Хз. Пайғамбарыз (с.а.у.) ға өз қалауымен мәһірсыз үйленгісі келген әйелдермен мәһір бермей үйленуге рұқсат (33 Ахзаб сүресі 50 аят) берілген. Бұл үкім тек қана Хз. Пайғамбарға қатысты, ешбір мұсылман мұны жүзеге асырмайды.
5. Үкім шығарылатындай иллет, нақты болуы керек. Алып-сатуда иллет ижаб пен қабул (екеуінің келісімі).
6. Иллет адамдардың пайдасы үшін болуы тиіс. Мәселен, әдейі адам өлтірудің харам болуында көзделген мақсат жан амандығы мен тыныштығын қамтамасыз ету.
7. Иллет тек қана асылға қатысты болмауы керек. Ол иллет басқа да оқиғаларда да кездесуі тиіс.
Ислам құқықшылары үкім үшін иллетті қалыптастыратын сипаттарды белгілеу мақсатында бірнеше тәсілге жүгінген. Иллетті анықтауға жарайтын тәсілдерді «мәсәлик-и илләт» деп атайды. Кей уақытта настар иллетті нақты көрсетеді. Мысалы олжаның таратылуындағы иллетті мына аят түсіндіреді: «Сендерден байлар арасында айналып жүрмеуі керек» (59 Хашр сүресі 7 аят). Ижмаъмен де үкімнің иллетін анықтауға болады. Иллетті ижтиһад арқылы жасауды «тахрижу-л мәнат» деп атайды. Мысалы, мұсылман емес ерлі-зайыптының әйелі мұсылмандықты қабылдаса, бір-бірінен ажырастыруға үкім берілген. Бұл жерде ажырасуды қажет еткен иллет белгілі емес. Мужтәһид, иллеттің әйелдің мұсылман болуында ма, әлде ерінің мұсылмандықты қабылдамауы ма екендігін зерттеп, біреуін иллет деп белгілейді. Бір үкімде иллет болуға қолайлы емес сипаттарды белгілеу тәнкиһу-л мәнат деп аталады.
Қияс арқылы қол жеткізілген үкім, насс сияқты үзілді-кесілді емес. Өйткені қияс ижтиһад нәтижесінен шыққан үкім, қияс жасаған мужтәһид үшін ақиқат. Сол себепті қиясты дәлел ретінде қабылдамайтындар да бар.
Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ның сахабалары (достары), Исламның пайда болуы, дамуы және кемеліне жетуіне куә болған. Олар үкімдердің Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ның түсіндіргенін естіп, жүзеге асырғанын көрген. Сондықтан да ғұламалар сахабаның көзқарастары мен сөздеріне, үкімдері мен пәтуаларына мән береді. Осыдан алдын да айтып кеткеніміздей сахабаның қандай да бір үкімде келісімдері ижмаъ саналып, мұсылмандар үшін дәлел ретінде қабыл етіледі. Бірақ сахабалардың әр қайсысы өз басына берген үкімдері мен көзқарастары жайлы әр түрлі бағалағандар бар.
Ибн Қайюм әл-Жәузи (ө. 751/1350) көзқарасы бойынша, сахабалар пәтуа, үкім беріп жатқанда кейінгі адамдарда жоқ түсінікке ие еді. Олар Хз. Пайғамбардан естігендерін немесе көрген нәрселерін жүзеге асыратын. Өздеріне қатысты ой-пікірге осы бұлақтан сусындайтын. Сондықтан да ғұламалар өздерінің рәйлерінің орнына сахабалардың сөзін алатын. Әбу ханифа, Әбу Юсуф және Имам Мұхаммед сахабаның сөзі болған жерде көбінесе қияс жасамайтын. Әбу Ханифаның бұл жайындағы мына сөзі мәшһүр: «Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) нан келген сөздің төбемде орны бар. Бұл жайында сахабалардың әр түрлі көзқарасы немесе пәтуасы бар болса олардың арасынан таңдағанымызда аламыз, бірақ олардың көзқарастарынан асып кетпейміз. Табиғундарға келер болсақ, біз де олар секілді адам баласымыз. Олар қалай ижтиһад жасаған болса, біз де ижтиһад жасаймыз» (Ибн Қайюм әл-Жәузия. Имамул Муақиъин. II,229). Басқа имамдар Имам Малик, Имам Шафиъи және Ахмад б. Ханбал да сахаба сөзінің хужжат (дәлел) болатындығын қабыл етеді. Тек қана кейбір ғалымдар мен муғтәзиланың көбісі сахаба сөздерін қабыл етпейді.
Сахаба сөзі жайында тоқталсақ пайдалы болмақ. Сахабаның сөзі аят пен хадис сияқты мутлақ насс емес. Олардың берген пәтуалары алынғаны сияқты, одан да қуатты дәлелге сүйенген үкім немесе ижтиһад кездессе сол алынады. Қорыта айтар болсақ сахаба сөзі үзілді-кесілді пәтуа емес, сонымен қатар үкім де беріледі. Оның үстіне Ибн Аббастан мына сұрақ сұралады: «Ұлын құрбандыққа шалуға атаған адам не істеуі керек?. Ол бұл кісінің жүз түйе құрбан шалады деп үкім береді. Бірақ табиғуннан Мәсруқ (ө. 62/682) мұны естігенде қарсы шығып, бұл адамның бір қой құрбан шалуы қажет екендігін айтты. Өйткені Аллаһ Тағала Ибраһимге ұлы Исмайылды құрбандыққа шал деп бұйырды. Кейін бір қой құрбан етуін тапсырды (37 Саффат сүресі 102-107 аяттар). Ибн Аббастың да кейін Масруктың көзқарасын қабыл еткендігі риуаят етіледі. Бұл жерде сахабаның берген пәтуасының нақты түйіндемейтіндігін түсінеміз.
Истислах маслахаты мурсәләмен үкім шығару. Маслахаты мурсәлә дегеніміз ол жайында болымды немесе теріс үкім болмаған деген мағынаға келеді. Хз. Омар секілді біршама сахабалар осы тәсілмен үкім берген. Маслахаты мурсәләмен үкім шығаруды малики мәзһәбының ғалымдары қабыл етеді. Ханбалилар маслахаты мурсәләмен үкім шығарады. Зәйдилер мен Ибадилар да қабыл етеді. Ханафилар истислахты қабыл етпейді, бірақ олардың истихсан методы маслахаты мурсәләға ұқсайды. Шафиъилар мен заһирилар маслахаты мурсәләны толығымен қабыл етпейді. Қиясты қабыл етпейтіндер нақты уәж айтқанымен мынаны да ескеру керек, егер бір оқиғаға байланысты насс болмаған жағдайда қияс жеткілікті болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда мужтәһид маслахаты мурсәләны немесе истихсанға жүгіне алады. Бұл нәрсе Ислам құқығында үкім шығару үшін бір жеңілдік. Ислам дінінің басты негіздеріне қайшы келмеу, Ислам құқығының мақсаты мен болмысының шарттарына сай истислах пен истихсанды қолдану керек. Өйткені бұл принциптер, қоғам мен адамның пайдасы үшін, қиындықтарды жеңіп, жеңілдікпен қамтамасыз етеді.
Маликилер истислахтың жүзеге асуы үшін кейбір шарттар қояды:
1. Маслахаты мурсәлә, насстардың үкіміне және шариғаттың мақсатына қайшы келмеуі керек. Мысалы, шабуылдаған жаумен соғыспай берілу маслахат ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ бұл маслахатқа мән берілмейді. Өйткені мұндай пайда аят пен хадис насстары тарапынан оң қабыл етілмеген. Насс болса жаумен соғысып отанды қорғауды бұйырады.
2. Маслахаты мурсәлә ақылмен ұғынатындай болуы тиіс.
3. Маслахаты мурсәлә жалпыға болуы тиіс, жеке тұлғаға маслахат болмайды. Испания сұлтандарынан бірі рамазан айында оразасын бұзған еді. Фикхшы Яхия б. Яхия оған арасын үзбей екі ай ораза тұтасың деген пәтуаны берді. Шындығында Малики мәзһәбы бойынша әдейі оразасын бұзған адам ораза ұстайды немесе құл азат етеді не болмаса міскіндерді тойдырады. Яхия б. Яхия, сұлтанға тек бірін ғана айтады. Ол мына нәрсені көздеген еді: Сұлтанды тағы да ораза бұзуды қайталамау үшін кәффарат оразасы арқылы қинау еді. Құл азат ету немесе міскіндерді тойдыру оған өте оңай, мұны істеп қайтадан оразасын бұзуы мүмкін. Бір қарағанда бұл маслахат тұрғысынан орынды іс секілді көрінеді. Алайда бұлай маслахат жасау, шариғат пен насс тарапынан қабыл етілмеген.
Маслахаты мурсәлә, Ислам құқық қағидаларының ең маңыздыларының бірі. Ислам білімдеріне сусындаған және Фикхты жақсы білетін адамдар тарапынан жүзеге асатын болса өте пайдалы нәтижелер көрсетуі мүмкін. Өйткені адам баласының өмір сүріп отырған қазіргі таңда әр күні бір нәрсе болып тұрады. Бұлардың бір бөлігі насстарда болмағаны сияқты ижма арқылы шешімін таппауы мүмкін. Жаңа салықтардың белгіленуі, үйі көп болғандардан үйі жоқтарға берілуі, өнерпаз, егінші және басқа да жұмысшылардың жұмыс істеу шарттарын реттеу, жалақыларының тағайындалуы, қатынас құралдарынан пайдалану шарттарының бекітілуі сияқты. Осы жағдайда маслахат және истихсан секілді үкім беру жолдары жәрдемші болады.
Истихсан маслахаты мурсәләға ұқсайды. Истихсан араб тілінде «бір нәрсені жақсы көру, дұрыс деп санау, ұнату» деген мағыналарға келеді. Фикх методикасының темині ретінде біршама маслахат себебімен ең дұрыс үкім шығару дегенді білдіреді. Былай десек те болады: ғұрып, қажеттілік және насстармен бекітілген маслахатты қолдана отырып, адамдарға жеңілдік жасау мақсатымен қиястың орнына истихсанмен үкім беру. Бұрын тоқталып өткеніміз сияқты қияс насстарға қатысты ижтиһад. Истихсан насстарға қайшы келмеу шартымен Фикхшының үкім беруі. Осы арқылы Фикхшының көп мүмкіндігі бар. Истихсан, әлеметтік шарттар мен қажеттіліктерге байланысты жасалатын ижтиһад.
Қиястың себебі мен басқа дәлел арасында қайшылық болса истихсанға жүгінеді. Мұндай истихсанның үш түрі бар:
1. Сүннетке байланысты истихсан: Ақшасын қолма-қол беріп затты кейін әкеліп беретін сауданы сәләм келісімі деп атайды. Сәләм келісімі истихсан жолымен жүзеге асады. Негізінде қияс бойынша келісім уақытында сол жерде жоқ затты саудалау жарамсыз. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) истихсан ретінде сәләм саудасына рұқсат еткен.
2. Ижма мен ғұрыпқа байланысты истихсан: Шеберге бір нәрсенің жасалуын тапсыру осыған жатады. Өйткені шеберге тапсырылған істің бағасын алдын-ала белгілеу, тартысқа жол ашуы мүмкін. Бірақ Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) кезеңімізден бері қарай рұқсат етілген, әдетпен қазіргі таңға дейін жалғасып келді.
3. Қажеттілікке байланысты истихсан: Мұндай истихсан «Қажеттілік тыйым салынған нәрселерді мубәх қылады» (әз-зарурат тубиху-л махзурат) қағидасын ұстанады. Өйткені қажеттілік болған жерде, қиындық бар. Қиындық болған жағдайда арнайы үкімдерге жүгіну керек. Жалгерлік келісімі осы қағидаға сай жайыз саналған.
Истихсан, ханафи мәзһәбы методы ретінде танылған. Бірақ маликилер және ханбалилардың бір бөлігі мен зайдиялар осы методты қолданады. Шафиъилар, жағфарилар, зәһирилар мен муғтәзилә истихсанды қабылдамайды. Бірақ ескеретін нәрсе истихсан айрықша қиястың шығарған қатал үкімдерін жеңілдетіп, Ислам құқығында ақылды қолдануға шақырады. Өйткені ол, ақылдың түсіну және ұғыну күшін бағалау болып табылады. Әлбетте бұл методта өз қалауына қарай қолдануға құқығы жоқ.
Араб тілінде истисхаб, сұхбат және сахабат деген түбірден шыққан. Оның мағынасы бірге болу және бір нәрсеге ие болу дегенді білдіреді. Ислам құқығының бір термині ретінде истисхаб бір нәрсенің сол күйінде қалуы болып есептеледі. Яғни бұрын бекітілген үкімнің жаңа дәлел табылғанға дейін солай жалғасуы. Сондықтан да истисхабты барлық мәзһәб қабыл еткен. Айрықша истихсанды қабыл етпейтін шафиъилар, әрі қиясты әрі истихсанды қабыл етпейтін жағфарилар мен заһирилар, истисхабты көп қолданған. Заһирилар «Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты» (2 Бақара сүресі 29) аятына сүйене отырып қағиданы былай қояды: Заттың негізі мүбәхтық. Бұл қағида бойынша бұйрық немесе тыйым болмаған нәрселердің істелуі мүбәх, жеу халал. Истисхабтың ұстанымы осы нәрсені керек етеді.
Истисхаб өз ішінде төртке бөлінеді.
1. Бәраәт-ы аслия истисхабы: Бір дәлел кездеспейінше адамға міндеттілік жүктелмейді.
2. Болмысына ақли немесе құқықтық дәлел бар истисхаб: Бұл бойынша қарызы бар адам, қарызын өтегендігін дәлелдемейінше міндеттіліктен құтыла алмайды.
3. Үкім истисхабы: Бір мәселеде тыйым салғаг немесе халал еткендігі жайлы үкім болса, ол үкімнің өзгергендігін көрсететіндігін жаңа дәлел пайда болғанға дейін сол күйінде қалады.
4. Уасыф истисхабы: Бір нәрсенің немесе істің сипатына қатысты истисхаб. Мәселен, таза нәрсенің лас болғандығы дәлелденбегенше таза деп үкім беріледі.
Зәраиъ, зәриъа сөзінің көпше түрі және құралдар деген мағынаға келеді. Бір нәрсе немесе құрал болса соған қарай үкім беріледі. Яғни жақсы нәрсеге себепкер болса жақсы, жаман нәрсеге себепкер болса жаман болып саналады. Жамандыққа немесе жаман нәрсеге себепкер болған жолдардың алдын алу сәдду зәраиъ деп аталады. Жақсылыққа себепкер болған жолдардың одан әрі жалғасуын фәтху зәраиъ деп аталады.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай бұйырады: «Олардың Алладан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаға тіл тигізеді» (6 Әнғам сүресі 108 аят). Осы аятта айтылған метод бойынша мүшріктердің табынып, дұға ететін пұттарына тіл ұзатуға болмайды. Егер бір мұсылман олардың пұттарына тіл тигізсе, олар да Аллаһқа тіл тигізуі мүмкін. Міне аятта осы қателіктің алдын алып жатыр. Сол себепті бұл жерде сәдду зәраиъ принципіне ишарат жасалған. Тағы бір мысал: Мұсылман тұтқындарды құтқару үшін берілетін фидия, негізінде жау жағын күшейту болып саналады. Бұған қарайтын болсақ дұшпанға көмектесуге болмайды. Екінші жағынан мұсылман тұтқындарды азат ету мәселесі тұр. Сол себеппен сәдду зәраиъ принципіне жүгіне отырып, мұсылман тұтқындарды азат ету үшін жау жағына фидия беру жайыз саналған.
Урф «білу» деген мағынаға келетін «арафә» түбірінен шыққан. Сөздік мағынасы білу, тану, мойындау. Терминдік мағынасы муамәләт мәселелерінде адамдардың ежелден бері жақсы немесе жаман әдетке айналдырғандары дегенді білдіреді. Айтпаса да түсінікті нәрсе, Ислам құқығында әдет жақсы және жаман болып екіге бөлінеді. Құқықтың дерек көзі болып саналатын әдет-ғұрып жақсы әдет-ғұрып. Жаман әдет-ғұрыптарға назар аударылмайды. Әдет-ғұрып ежелгі және жаңа тіпті барлық құқықтардың дерек көздерінің бірі болып саналады.
Әдет-ғұрып екіге бөлінеді. Біріншісі, жалпы әдет-ғұрып, екіншісі жеке әдет-ғұрып. Жалпы әдет-ғұрып мемлекеттің барлық қалаларында адамдар тарапынан жүзеге асырылған іс-әрекет болып саналады. Жеке әдет-ғұрып болса мемлекеттің қандай да бір жерінде немесе белгілі бір топ арасында жүзеге асырылған амал.
Ислам құқықшылары «ғұрып арқылы бекітілген, насспен бекітілген сияқты» қағиданы ұстанған. Ғұрыппен қатысты кейбір негізгі қағидалар мыналар:
1. Әдет үкім шығара алады. Яғни шариғатқа қатысты үкімді дәлелдеу үшін әдет-ғұрып төреші сайланады. Жалпы болсын жеке болсын барлық әдет осы тәрізді.
2. Әдет, әрдайым жүзеге асырылған немесе көп тараған болса сенуге болады.
3. Ғұрыппен бекіту, насспен бекітілген секілді (Али Хайдар. Дуррату-л хуккам. I,92).
Ғұрып жайында ғұлама айтарлықтай анализдер жасаған. Егер ғұрып негізгі насстарға қайшы келсе алынбайды. Мысалы құмар ойнау, пара беру, пара алу, қабірлерге шырақ жағу секілді іс-әрекеттер бір қоғамда әдет халіне келген болса да, шариғат насстарына қайшы келгендіктен жүзеге асатын әдет ретінде қабыл етілмейді.
Үкім шығарып жатқанда шариғат насстарына қайшы келмейтін әдеттер назарда болады. Ақыл-есі дұрыс адамдардың әлеуметтік өмірге қатысты біршама тәртіптерді әдетке айналдырулары, Ислам тарапынан қабыл етілген әдеттер болып саналады. Сауда-саттық әдеттері, жалға беру, үйлену, саяси шаралар мен қарым-қатынастар, сот ісінің жүргізілу тәртібі сияқты жүйелер осыған жатады. Бұл нәрселер әр қоғамда әр түрлі болуы мүмкін. Құқықтың мақсаты қоғамның тепе-теңдігін сақтау, әділетті жүзеге асыру, қиыншылықтарды шешімін табу болып саналады. Бұған қосымша көмек ретінде дұрыс әдеттер қабыл етіледі.
Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-нан бұрын келген шариғаттар, Құранның түсуімен үкімі жойылған. Ескерте кететін жәйт, бұрынғы пайғамбарлардың алып келген шариғаттарының басты негіздері мен Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның алып келгенінің негізі бір. Сондықтан олардан пайдалануда ешқандай әбестік жоқ. Соған қатысты Құран Кәрімде мынадай аяттар бар: «(Мұхаммед Ғ.С.) Сонан соң саған, хаққа бейім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолын қууыңды уақи еттік. Ол шерік қатушылардан болған емес» (16 Нахл сүресі 123 аят); «Міне солар, Алланың тура жолға салған (пайғамбар) дары. (Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың жолын қу...» (6 Әнғам сүресі 90 аят). Осы және осы тектес аяттардан таухид, періште, ақыретке сенім сияқты сенімдер барлық пайғамбарларда бір болғандығын көре аламыз. Кейбір Ислам құқықшылары бойынша, Құран мен сүннетте жазылған ежелгі шариғатқа қатысты үкімдер, мұсылмандарға да дерек көзі бола алады. Егер бір мәселе осы жерге дейін айтып келген деректердің бірінен шешімі табылмаса, бұрынғы шариғаттардағы үкімдерден пайдалануға болады. Осыған ұқсас қазіргі таңда Ислам негіздеріне қайшы келмеу шартымен, мұсылман емес мемлекеттердің заңдарынан пайдалана алуға болатындығы қабыл етілген.
Тақырып: Міндеттелген үкімдер
Мақсат: Шариғи үкімдердің бірінші бірінші бөлімі болып саналатын міндеттелген үкімдер мен ерекшеліктерінің үйренілуі
Үкім Шариғдың мукәлләфтардың істеріне қатысты үндеуі. Шариғ шариғат қоюшы, үкім орнатушы деген мағынаға келеді. Ислам құқығында негізгі шариғат қоюшы Аллаһ Тағала. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) да шариғатты Одан алып, адамдарға жеткізгендігі үшін оны шариғ деп атайды. Мукәлләф діни үкімдерді міндеттерді іске асыру шарттарына ие тұлға. Үндеу мукәлләфтың істеріне берілген харам, мәкруһ, мубәх, сахих, батыл секілді сипаттар.
Үкімдер міндеттелген және уадъи деп екіге бөлінеді. Міндеттелген үкім бір нәрсені ісетеп немесе істемеуді талап етуді яки екі нәрседен біреуін орындауда еркіне қалдыру дегенді білдіреді. Намаз оқу, зекет беру орындалуы бұйырылған үкімдер. Мұны бұйырған аяттың бірінде: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер» (2 Бақара сүресі 43 аят). Жетімнің малын жемеу талап етілген үкім «Жетімнің малына жоламаңдар. Бірақ ол, ержеткенге дейін жақсылап шығысуға болады» (17 Исра сүресі 34 аят). Уадъи екі екі нәрсені бір-біріне байланыстыратын үкім. Оразаға бастаудың себебі ретінде Құранда былай бұйырылады: «...Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын» (2 Бақара сүресі 185 аят). Хз. Пайғамбар (с.а.у.): «Һиләлды (туылған ай) көргенде ораза ұстаңдар, һиләлды көргенде оразаны аяқтаңдар», - деп бұйырған (Бухари, Саум, 11; Муслим, Сиям, 4, 18). Яғни ораза тұтуымызға себеп, ораза айына жету немесе һиләлды көру.
Парыз, шариғат бойынша орындалуы үзілді кесілді талап етілген нәрсе, орындамаған күнәһәр болады. Намаз оқымаған, зекет бермеген, ата-анасына жақсылық жасамағандар күнә жасаған болып саналады. Парызды орындамағанды Аллаһ айыптайды, әрі азапқа лайық болады.
Жумһур (басым бөлігі) бойынша, парыз екеуі бір мағынада десе, ханафилар уәжіб пен парызды екі бөлек деп санайды. Бірақ сөздік мағынасының бір екендігін қабыл етеді. Олардың көзқарасы бойынша үзілді-кесілді нақты дәлелмен, уәжіб занни дәлелмен бекітілген. Яғни уәжібтің нақтылығы парыздың нақтылығынан аз. Бір ғибадат немесе немесе муамалатта парызды орындамаса, ол іс батыл болады. Мысалы қажылық кезеңінде Арапатта тұру парыз. Сондықтан Арафатта тұрмаған адамның қажылығы батыл болады. Бірақ Сафа мен Мәруа арасында сәъи жасамаған адамның қажылығы батыл болмайды. Өйткені қажылықта сәъи парыз емес, ол жайында нақты дәлел жоқ. Ханафилардың көзқарасы бойынша парыз бен уәжіб арасындағы айырмашылық мынада: Парызды қабыл етпеген кәпір болады, уәжібті орындамаған кәпір болмайды. Сөз орайы келгенде айта кетейік, намазға немесе оразаға қарсы шыққан кәпір болады. Бірақ уәжіб болып саналатын айт намазына қарсы шықса кәпір болмайды. Ханафилар парыз бен уәжібті бөліп қараса, уәжібпен амал ету қажетті деп санайды.
Бір қарағанда парыз бен уәжіб арасындағы пікірталасғы көзқарас айырмашылығында. Бірақ ханафи мәзһәбының берген үкімдерінде бұл ихтиләфтың ықпалын көре аламыз. Намазда фатиха сүресі оқылмаса, шафилердің көзқарасы бойынша намаз батыл болады. Ал ханафиларда батыл емес. Өйткені намазда фатиха оқу шафиларда парыз, ханафилар бойынша уәжіб. Екеуінің де сүйенетіні мына аят: «Ал енді Қүраннан жеңіл келгенін оқыңдар» (73 Муззәммил сүресі 20 аят). Аяттағы «жеңіл келгенін оқу» бұйрығын, шафилер фатиха сүресі деп жорамалдайды. Ханафилар болса фатиха немесе басқа бір аят деп қабыл етеді.
Мукәлләф тұрғысынан уәжіб немесе парыз екіге бөлінеді. Уәжіб айн (парыз айн) және уәжіб кифәя (парыз кифәя). Парыз айн барлық мукәлләфтың өзінің атқаруын талап еткен орындауы тиіс бұйрық. Намаз, зекет, уәдеде тұру, ақысы бардың ақысын беру секілді парыздар осыған жатады. Парыз кифәя мұсылмандардың ішінен бір топтың орындауы керек іс. Жамағаттан бір топ мұны атқарса, бұйрық орындалып, басқалардан да жүк түседі. Егер ешкім орындамаса, барлығы күнәһәр болады. Жаназа намазы, Аллаһ жолында жиһад, әмір маъруф нәһи ани-л муңкәр (жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю), діни білімдер, дәрігерлік, егін шаруашылығы т.б. білімдерді үйрену осы бұйрықтың аясына кіреді.
Мәндуб, істеген адам сауап табады, орындамаған адам жазаланбайды. Басқа бір анықтамасы: Мәндуб орындалмауы жайыз болумен қатар, орындалуы абзал болған нәрсе. Мәндубты нәпіл, сүннет, татауу, мустаһаб және ихсан деп те атайды. Бұлардың барлығы бір мағынаны білдіреді. Мәндуб өз арасында бірнеше дәрежеге бөлінеді.
1. Сүннеті муәккәдә: Хз. Пайғамбардың (с.а.у.) әрдайым орындаған, парыз бен уәжіб тыс сүннеттер. Таң намазының сүннеті, песін намазының сүннеті осыған жатады. Фикхшылардың басым бөлігінің көзқарасы бойынша шамасы жеткен адамның үйленуі және намазда фатихадан кейін Құраннан бір бөлік оқу муәккәд сүннет болып саналады.
2. Сүннеті ғайры муәккәдә: Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әрдайым істеп кей уақыттарда орындамаған әрекеттері. Екінті мен құптан намазының парызынан алдыңғы сүннеттер осыған жатады.
3. Жоғарыдағы екі топқа жатпайтын және Пайғамбардың шариғатқа кіргізбеген кейбір әрекеттері де осы істердің қатарына жатады. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ның ішіп-жеуі, сақал өсіруі осылай. Бұлар жақсы іс, адам мұны Хз. Пайғамбар (с.а.у.) -ның орындағаны сияқты істесе жақсы нәрсе іске асырған болады, орындамаса күнәһәр болмайды. Негізінде бұларды былай ойлауымыз қажет: Шариғатта болмаған істерді ең әдемі түрде орындауы керек. Өйткені Құран мен сүннет, мұсылманды барлық істерін ең әдемі, көркем түрде орындауға шақырады. Бұл мәселеде маңызды нәрсе мынау: Адамдар бұл сияқты іс-әрекеттерді діннің бұйрығы ретінде түсінбеуі керек. Егер діннің бұйрығы сияқты қабылдап немесе басқаларға солай бұйырса бидғат жасаған болады. Бұл мәселеде Шатиби (ө. 790/1388) әл-Муафакат атты еңбегінде жақсы түсінік берген.
Харам дініміз бойынша қатаң түрде тыйым салынған амал. Жазықсыз адам өлтіру, басқаның малын ұрлау, зина жасау, шариғат үкімдеріне сай сойылмаған малдың етін жеу, өтірік айту, адамдарға жамандық жасау секілді нәрселер харам.
Егер бір нәрсе харам болса, ол міндетті түрде адамға зиянды. Назар салсақ, харам нәрсенің зияны пайдасына қарағанда басым. Харам болған нәрсе жағдайы мен сипатына қарай екіге бөлінеді.
1. Негізі харам (харам ли айниһи): Харам болған нәрсенің өзі жаман және зиянды болуына байланысты харам болуы. Шариғатқа сай сойылмаған ет жеу, зина жасау, құмар ойнау сияқты істердің негізі харам. Бұлар қорғалуы тиіс бес нәрсеге (зарурат-у хамсә) зиян келтіріп, оларды жояды. Бұл бесеуі: жан, мал, ақыл, дін және ұрпақ. Бес негіздің қорғалуы, оларға зиянды нәрселерді харам ету арқылы іске асады. Мәселен, жанның қорғалуы қамтамасыз ету үшін адам өлтіруді харам еткен. Ұрпақты қорғау үшін зина харам етіліп, неке бұйырылған.
2. Жанама харам (харам ли ғайриһи): Басқа нәрсенің себебімен харам болуы. Мәселен, әйелдің әурет жеріне қарау харам, өйткені бұл харамға апаратын жол. Зина болса харам болып саналады. Бір адамның бір уақытта апалы-сіңлілі әйелдермен некелесуіне болмайды. Өйткені бұл екеуінің арасындағы бауырластығының жойылуына себеп болады. Дегенмен Аллаһ бауырластық байланысты үзуді харам еткен. Қарыз беру халал, тіпті жақсы іс. Бірақ біреуге пайда табу үшін қарыз беру харам. Басқаға айттырылған қызбен үйлену жайыз емес, егер айттырған жігіт ол қыздан бас тартқан жағдайда үйленуіне болады. Негізінде үйлену харам емес, бірақ осы себепке байланысты ол қызбен үйлену жайыз деп саналмаған.
Өзі харам болған нәрсе келісімдерге байланысты болса, келісім батыл болады. Бұл жерде харам болуы келісімнің негізіне қатысты. Доңыз етін алып-сату үшін жасалған келісім батыл болып есептеледі. Өйткені доңыз етінің өзі харам. Екі сүт бауырдың да некесін қию батыл болып саналады. Өйткені сүт бауырлардың үйленуі харам.
Жанама харам болған нәрсе үшін жасалған келісім батыл емес, бірақ күнә болып есептеледі. Басқа жігіттің айттырған қызымен неке қию батыл емес, күнә.
Харам ли айниһи, бір мәжбүр болған жағдайда уақытша, шектеулі мубәх болады. Мысалы арақ ішу харам. Бірақ шөлден өлейін деп тұрғанға, өлімнен аман қалу үшін ішу мубәх. Өйткені қажеттілік бар. Жанама харамдарда да жағдай осылай. Бір әйелдің әурет жеріне қарау харам, бірақ емдеу мақсатында қарауға болады. Байқағанымыздай қалыпты жағдайларда харам болған нәрсе, егер орындалмаған жағдайда өлім қаупі немесе аурудың асқынуы т.б. жайғдайларға байланысты мубәх.
Орындалмауын нақты дәлелмен тыйым салмаған нәрсені мәкруһ деп атайды. Мәкруһқа да тыйым салынған, бірақ харам емес. «Әй мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар» (5 Маида сүресі 101 аят) аяты бойынша беталды сұрақ сұрамауымыз керек, әсіресе бұл жауап ұнамайтын болса сұрақ сұраудан тіпті ұзақ болуымыз қажет. Осы нәрсе мәкруһ болып саналады.
Ханафи мәзһәбы бойынша мәкруһты жан-жақты қарастырып, екіге бөлген. Біріншісі тахриман мәкруһ, екіншісі тәнзиһән мәкруһ. Тахриман мәкруһ істемеуді занни дәлелмен нақты талап етілген нәрсе. Ер адамдардың жібек мата киюі, алтын жүзік тағуы осы тахриман мәкуһтың қатарына жатады. Тәнзиһән мәкруһ мәндубтарды орындамау болып есептеледі.
Жумһурдың көзқарасы бойынша, мәкруһ істеген адам күнәһар емес, бірақ осыларды тастауға шақырады. Тек қана ханафилар тахриман мәкруһты істеген адам азапталады деп есептейді.
Мубәх - мукәлләфтың орындап, орындамауда ерікті болған әрекет. Ішіп-жеу, шариғат шеңберінен шықпай көңіл көтеру мубәх. Сондықтан істесе де істемесе де мақтауды қажет етпейтін нәрсе. Яғни істегенге де, істемегенге де зияны жоқ. Бір нәрсе мубәх болу үшін мына үшеуінің бірімен бекітіледі:
1. Күнә емес екендігі білдірілуі арқылы. Мына аят осыған мысал: «Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған кінә жоқ» (2 Бақара сүресі 173 аят).
2. Харам болуына қатысты насс болмаса. Күнделікті өмірде харам екендігі білдірілмеген біршама нәрсе бар. Мысалы, радио тыңдау.
3. Халал екендігіне байланысты настың болмауы. Таза нәрселерді ішіп-жеудің халал екендігіне мына аят дәлел: «Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілгендердің (Христиан, Яһуди) тамағы (бауыздағандары) халал етілді. Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді» (5 Маида сүресі 5 аят).
Рұқсат және азимәт тақырыбы Ислам құқығы үшін маңызды нәрсе. Екеуінің де міндеттелген үкімдермен байланысы бар. Өйткені мұнда харам нәрсе мубәх болуда немесе орындалуы парыз болған нәрсе жайыз саналады. Өйткені кей уақытта қандай да бір себепке байланысты, мукәлләфтың орындауы тиісті міндетті істеуі қиын, тіпті мүмкіндік жоқ жағдайлар кезедседі. Мұндай жағдайда Аллаһ құлдарына жеңілдік жасаған: «Сендерге дінде қиындық қылған емес» (22 Хаж сүресі 78 аят). Енді мына аятқа назар салайық: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар» (2 Бақара сүресі 185 аят). Бұл бойынша науқас адам жазылғанға дейін рамазан оразасын ұстамауына болады. Жазылған кезде ұстамаған күндеріне қарай қазасын өтейді. Міне мұны рұқсат деп атайды, яғни Аллаһтың берген жеңілдігін қолданып, ораза ұстамаған болып саналады. Бір адамға ораза ұстауын бұйыру азимәт болып есептеледі. Науқас өз қалауымен рұқсатты қолданбай ораза ұстай алады. Бұл жерде ол азимәтты таңдағаны.
Жоғарыдағы мысалдан түсінгеніміздей азимәт асыл және жалпы үкім болып есептеледі. Барлығына қатысты, барлық мукәлләф мойынсұнуға міндетті. Рұқсат болса асыл үкім емес, бірақ асыл үкімді орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда екінші дәрежедегі үкім.
Рұқсаттың себептері, машақат, қажеттілік, қиындық т.б. бар. Адам мұқтаж жағдайда қалуы мүмкін, мысалы өлім қауіпі төнген жағдайда шариғатқа сай бауыздалмаған малдың етін жеуі керек. Қиыншылықта оразасын бұза алады т.с.с.
Рұқсат орындалатын істің жағдайына қарай екіге бөлінеді: Істеуге рұқсат, тастауға рұқсат. Істеуге рұқсат асыл үкімнің бір нәрсені харам еткен жерде болады. Қиыншылыққа тап болған жағдайда харам нәрсені істеуі жайыз. Түсінікті болуы үшін мысал келтірейік: Мысалы бір мұсылманды қарумен кәпір болуға мәжбүрлеуі мүмкін. Бұл жерде азимәтпен амал етсе өлтіруі мүмкін, бірақ азимәтті таңдауына болады. Яғни күпір сөз айтпай иманнан қайтпаса және өлтірілсе күнәһәр болмайды. Бірақ аман қалу үшін көріністе күпір айтуына болады. Осы жайында Құран Кәрімде былай деген: «Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар» (16 Нахыл сүресі 106 аят). Бұл жерде тарихтағы оқиға тілге тиек етілген. Мүшріктер Аммар б. Ясирді азаптап, күпір сөз айтуға мәжбүрлейді, ол шыдай алмай көріністе олардың айтқанын естіген. Кейіннен бұл жағдайды Хз. Пайғамбарға айтқанда: Аммар! сол уақытта жүрегің не деп соқты? Ол: иманға толы болатын, деп жауап берді. Мұны естіген Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олар сені тағы азаптаса, сол нәрсені қайта айтуыңа болады», - деді. Басқа бір оқиғада мүшріктер екі мұсылманды өлтіреміз деп қорқытады. Біреуі бас тарпаған соң оны өлтіреді, екіншісі олардың дегенін айтып құтылған. Бұл жағдай Хз. Пайғамбарымызға жеткізілгенде өлтірілген адам жайлы: «Ол шейіттердің ең ұлығы және жәннәтта менің досым» деді. Бұл оқиғада біреуі азимәтты, екіншісі рұқсатты қолданған.
Кейбір жағдайларда тұлға асыл үкім мен екінші үкім арасында ерікті бола алмайды. Аштық пен шөлден өлім қаупі төнгенде аштан өлмейтіндей дәрежеде доңыз етін жеуі немесе арақ ішуі уәжіб болады. Міндетті түрде өзін қорғауы тиіс. Мұндай жағдайда харам нәрсені жеу немесе ішу өлгеннен жақсы, егер ол сабыр етіп өлетін болса сауап таппайды. Өйткені бұл жағдайда рұқсатты қолдану қажет.
Тастауға рұқсат жайлы мысалдар көп. Науқас немесе жолаушының рамазанда ораза ұстамауы, үзірлі адамның жұма намазын оқымағаны сияқты.
Уадъи үкімдер үш бөлікке бөлінеді: Себеп, шарт, маниъ
Себеп үкім болу үшін, Шариғ тарапынан ишарат ретінде білдірілген жүзеге асатын және нақты нәрсе. Осы бойынша екі пункт бар: а) Себеп тек қана Шариғ тарапынан белгіленген. Яғни шариғат міндеттері, Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдары болып саналады. Міндеттерді Аллаһтың білдіргені бойынша, үкімдерді себептерге байланыстырушы да Ол. ә) Себептер, міндеттелген үкімдердің болмысына ықпал ете алмайды. Тек қана олардың пайда болуы үшін жеке-жеке ишарат.
Себеп екі бөлікке бөлінеді:
1. Мукәлләфтың қалауынан тыс себеп: Мұндай себептерді Шариғ үкімдердің болмысы үшін жеке-жеке белгі қылған. Намаз үшін уақыттың кіруі бір қажеттілік. Уақыт кірмей тұрып намаз парыз болмайды. Демек, намаздың себебі уақыт. Егер күнә істеуден қорыққан жағдайда үйленуге қажеттілік себеп, мұрагер болудың шарты туысқандық және өлім. Бұл себептердің барлығы құлдың қалауына байланысты емес.
2. Мукәлләфтың іс-әрекетіндегі себеп: Бұлар құлдың ерік-жігеріне байланысты. Құлдың кейбір іс-әрекеттері ретінде Аллаһ, үкімдерін осыларға жүктеген. Жол жүру оразаны бұзудың себебі, үйленуге келісім жасау әйел мен ер арасындағы жыныстық қатынастың халал болуының себебі, неке ерлі-зайыптылардың арасындағы мұрагерлік себебі, малды Ислами жолмен бауыздау оның етінен жеудің себебі, алып-сатуда затқа ие болудың себебі, біреуді өлтіру қысастың орындалуына себеп, пара беру тағзир жазасына себеп болады, зина жасау хад жазасына себеп болып саналады.
Себептердің нәтижесін орындауға міндетті. Өйткені себеп іске асқан соң, қойылған үкімді мукәлләф орындаумен жауапты. Мысалы үйленуге келісім жасап ерлі-зайыпты болғандар, осы келісімнен туындаған барлық жауапкершілікке мойынсұнуға мәжбүр.
Шарт үкімнің болмысының сүйенген нәрсесі, оның жоқ болуы үкімнің де жоқ болуы болып саналады. Мысалы дәретті адамға намаз парыз болады деген нәрсе жоқ, бірақ намаз дәретсіз сахих болмайды. Және екі куәгердің болуы неке келісімінің орындалуын қажет етпейді, бірақ неке келісімі екі куәгерсіз сахих болмайды.
Шарттар тақырыбы тұрғысынан екіге бөлінеді. Біріншісі, міндеттелген үкім шарттары. Намаз міндеті жүзеге асу үшін тазалықты шарт қосқан. Нысаб мөлшеріне жеткен малдан зекет беру үшін, бір жыл толуын шарт қосқаны сияқты. Екіншісі уадъи үкімдерден құралған шарттар, яғни бұл шарттар уадъи үкімдерді жүзеге асыру үшін қажет. Алып-сатуда затты қолма-қол беруге күші жетуі керек, олай болмаған жағдайда сауда сахих болмайды. Мұра қалдырушы өмірден өткенде мұрагер тірі болуы тиіс, өмірден өткен болса мирас ала алмайды.
Маниъ үкім немесе себеппен меңзелген нәрсенің болмысына кедергі және қайшы болған шариғат ісі. Шатибидің көзқарасы бойынша маниъ, үкімнің хикметіне қайшы иллеті бар басқа себеп. Оған мысал: Зекеттің себебі нысаб мөлшері. Бірақ зекет беретін адамның нысаб мөлшеріндей немесе бір бөліміндей қарызы болса, бай болып саналмайды, сондықтан зекет бере алмайды. Осы бойынша зекеттің себебі (хикметі) байлық, бірақ қарыз болса мұның үкімін жояды.
Маниъ да екіге бөлінеді. Біріншісі, себепке ықпал ететін маниъ. Жоғарыдағы зекет мысалы осыған жатады. Мұра қалдыратын адамды өлтірген кісінің мұрагерліктен мақрұм қалуы осыған мысал. Өйткені мұрагер мен мұра қалдырушының арасындағы мирастың себебі туысқандық. Мирасты ертерек алайын деп өлтіретін болса, бұл себептің үкімін жойған болып саналады.
Екіншісі, тікелей үкімге әсер ететін және оны тоқтататын кедергі. Оған мысал: Ақылдың үкімін жоятын ұйқы, ақылынан адасу және талып қалу әр қайсысы бір кедергі. Бұлар міндеттелген үкімнің қарсысында жауапкершіліктің күшін жояды. Өйткені ақыл-есі жоқ адам, мукәлләф саналмайды. Хайыз бен ныфас та әйелдердің құлшылық етуіне кедергі.
Сыххат, фәсад және бутлан міндеттелген және уадъи үкімдердің сипаты. Мәселен намаз себеп, шарттары мен рукундері толық орындалған жағдайда намаз сахих, егер бұлай орындалмаса батыл болады, яғни сахих емес. Құлшылықтар үшін жалпыға ортақ қағида: Құлшылықтар шарттары мен рукундерінің толық орындалған жағдайда сахих, шарт немесе рукундерінен бірі орындалмаған жағдайда сахих болмайды. Сахих емес құлшылықтар үшін фасид және батыл сөзі бір мағынада қолданылады. Келісімдер үшін белгіленген себептер толық орындалған жағдайда келісім сахих болады. Шарты мен рукундері толық орындалмаған келісім сахих болмайды. Мысалы алып-сатудың рукні ұсыныс, қабыл және сатылған нәрсе. Бұлар орындалғанда себеп пайда болады. Келісімнің үкімін тағы бір толықтыратын нәрсе бағасының белгілі болуы, уәдемен сату болса уәдесінің белгілі болуы керек. Бұлардан бірі белгісіз болса келісім фасид болады, бірақ батыл емес. Сондықтан да ханафилар келісімді үшке бөледі: Сахих келісім, батыл келісім, фасид келісім. Батыл келісімнің ешқандай үкімі де жоқ, жүзеге де аспайды. Өйткені бұл келісімнің себебі жоқ. Фасид келісімнің шарттары мен рукундері болғандықтан, келісім толық емес бірақ бар. Келісім жасаған екі жақтың бұл келісімді бұзулары уәжіб болады. Егер келісімді бұзбаған жағдайда алынған мал, сатып алған адамдікі, оның құнын өтеуі керек.
Қысқаша түсіндіріп өткен сыххат, фәсад және бутлан жайында мәзһәбтардың арасында көзқарас айырмашылығы бар.
Тақырып: Үкім шығару жолдары
Мақсат: Ислам құқығында насстардан үкім шығару жолдарының түсіндірілуі
Бұдан бұрынғы бөлімдерде дәлелдер мен үкімдерді айтқан болатынбыз. Бұл бөлімде мужтәһидтің дәлелдерден үкім шығаруда (истинбат) мойынсұнуы қажет қағидаларға тоқталамыз. Истинбат методтары дегенде Құран мен сүннет мәтіндерін түсіне алу және олардан үкім шығару үшін қолданылатын қағидалар меңзеледі. Ислам құқығының асыл дерек көздері және олардан басқа кейінгі келген деректер де арапша болғандықтан, араб тілі бойынша сөздердің түрлерін және осы сөздердің мағынамен байланысын жақсы үйренбей, жоғарыдағы айтқан мәтіндерді дұрыс түсіну және олардан мәселені дөп басатын үкімдер шығару мүмкін емес.
Насстарды дұрыс түсіну үшін тіл білу жеткілікті емес. Насстар тек қана сөздерден құралмайды. Сонымен қатар түсіндіргісі келген нәрсе, астарлы сөздердің сырлары, олардың пайда болу себебі сияқты элементтер бар. Бұл жағдайда осы насстардың өзіне сай түсінікті болуы үшін Ислам құқығының басты мақсатын жақсы меңгеру қажет. Шындығында сөздер мен сөйлемшелердің мағынаға дәлел болуы, кей уақытта бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Міне осы мағыналардың бірін таңдап алу үшін Шариғдың мақсатын ұғына білу маңызды. Егер бір мәселе жайлы зерттеліп үкім беруге әрекеттенгенде дәлелдердің арасында қайшылық (тәаруз) кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда қайшылықты реттей білу керек. Бұл мәселені шешу үшін Шариғдың мақсатын ұғына білуге немесе қайшы сияқты көрінген дәлелдердің арасындағы қарым-қатынасты және айырмашылық орындарын білуге байланысты.
Ислам құқығының басты мақсатын білудің маңыздылығы тек қана насстарды жорамалдауға ғана тән нәрсе емес. Насстардың құрамына кірмеген немесе насстарда үкімі кездеспеген оқиғаларға жолыққанда қияс және басқа методтарға жүгіну қажет. Бұлардан үкім шығару үшін басты мақсатты, шариғат принциптерін және сөздердің айырмашылықтарын ұғыну арқылы мүмкін болмақ. Төменде реті келгенде басқа бөлімдерде бұл мәселелерге тоқталамыз.
Хикмәту-т тәшриғ Фикх усулінде маңызды тақырыптардың бірі. Мәселенің негізі мынада: Аллаһ үкім қойғанда бір маслахат, бір мақсат немесе бір пайда көздеген бе? Бұл мәселе бір жағынан Аллаһтың әрекеті тақырыбының бір бөлігі. Бұл тақырыпты жақсы меңгеру үшін хикмет, мақсат және мақсаттың илләты сөздеріне анализ жасағанымыз дұрыс болмақ.
Хикмет, Ислам терминінде илләт, пайда, маслахат, заттың ақиқатынан хабардар болу, ақиқатты табу мағыналарында қолданылған. Аллаһтың көркем есімдерінен бірі осы түбірден шығатын әл-Хаким. Хаким заттар мен болмысты ең әдемі және өте көркем түрде жаратушы дегенді білдіреді. Ислам құқығында хикмет, үкімдердің адамға деген пайдасы мен маслахаты дегенге келеді. Сондықтан да бір істен пайда болған хикмет пен маслахатқа мына аттар берілген: Мақсат, пайда, ниет, мақсаттың илләты. Бұл төрт мағынаның формуласы былай:
1. Хикмет пен маслахаттың, істің аяқталуына мақсат,
2. Істің нәтижесі мен жемісі пайда,
3. Орындаушының бір істен мақсаты мен көздегені ниет,
4. Орындашыны бір іске бағыттауға себепкер болған нәрсе мақсаттың илләты (илләти ғаия) деп аталған.
Бұл жерде басты мақсаттың илләтына тоқталуымыз қажет. Құлдардың әрекеттері хикмет және маслахатпен байланысты. Яғни бір адамның істеген әр әрекетінің бір хикметі, себебі, илләты және мақсаты болады. Ақыл иесі әр адам қандай да бір іс-әрекетінде материалдық немесе рухани бір көздеген мақсаты болады. Мақсатсыз, ниетсіз әрекет бос және мағынасыз болмақ.
Аллаһтың істерінде хикмет болып-болмауы жайлы түрлі көзқарастар бар. Әшғарилар бойынша, Аллаһтың іс-әрекетінде хикмет пен мақсат болмайды. Муғтәзила мен матуридия бойынша Аллаһтың ісі ашық болсын жасырын болсын, хикмет пен маслахатқа толы. Бұл жайлы былай қортындыласақ болады: Адам бір істі өзіне пайдасын көздеп істейді. Аллаһ болса, ісін жаратқандарының маслахаты мен пайдасын көздеп жүзеге асырады. Өйткені Оның ешқандай пайда мен табысқа мұқтаждығы жоқ. Ислами білімдерде бұл мәселе кеңінен қамтылған. Айрықша кәләмда хусн-қубх мәселесінде жан-жақты зерттелген. Шариғат үкімдерінде осы жайлы сөз қозғайды.
Қысқасы Аллаһ іс-әрекетінде және шариғат үкімдерінде бір топ хикмет пен маслахат бар. Сол себепті Ислам құқығында «Шариғат үкімдері құлдардың маслахатына сай құрылған» деген сөз мәшһүр болған. Құран Кәрімде шариғат үкімдерінің хикмет пен маслахат бойынша құрылғандығын баяндайтын біршама аяттар кездеседі. «Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргенді өлтіруде) тіршілік бар» (2 Бақара сүресі 179 аят) аяты осылардың біреуі. Бұл тақырыпта мақасиду-ш шариъа тақырыпта кең ауқымда мәлімет беріледі.
Насстардан үкім шығару немесе ол жайында насс болмаған мәселелерде үкім шығара білу, Ислам құқық ғұламаларының ең маңызды ісі. Бұл істі түсіндіру үшін ижтиһад және рәй ұғымдары маңызды роль атқарады. Ижтиһад араб тілінде жәһд түбірінен шыққан. Мағынасы еңбек ету, әрекеттену, бір істі аяқтау үшін қолынан келгенін істеу дегенді білдіреді. Фикх усулі термині ретінде ижтиһад ол жайлы нақты насс жоқ мәселелерде бөлек дәлелдерден амал ететін шариғат үкімдерін шығару үшін барлық күшін жұмсау. Осы еңбек еткен адамды мужтәһид деп атайды. Рәй болса Ислам құқығының көрсеткен көзқарасы бойынша жасалған ой жүгірту. Нәтиже ретінде ижтиһадтың анықтамасы мен атқару тәртібін екі тарауға бөлуге болады:
1. Бір мәселе жайлы насс жоқ оқиғалардың үкімдерін анықтау және дәлелдеу үшін жасалатын ижтиһад,
2. Насстардан үкім шығару(истинбат) үшін жасалатын ижтиһад.
Мужтәһид бір мәселе жайлы нақты үкім мен насс кездеспеген жерлерде қияс, истихсан, мәсалих, зәраиъ және ұқсас жолдармен ижтиһадпен үкім шығарады. Құран мен сүннет бар жерлерде ижтиһадпен үкім шығару, олардың сөздеріне, олардың дәлел болған жалпы мен жекеге қатысты мағынаны негіз етіп ұстанады.
Дәлел болу тұрғысынан занни насстардан үкім шығару және ол жайында насс болмаған мәселелерде қияс, истихсан, истислах секілді тәсілдермен және Ислам құқығының жалпы қағидасын қолдана отырып ижтиһад жасау, рәймен жасалған ижтиһад болып саналады. Бұл еңбек Ислам құқығының көрсеткен түсінік жолдарымен жасалады. Имам Мұхаммедтің Китәбу ижтиһади-р рәй атты кітабы, бұл мәселені ең алғаш қолға алған еңбек. Сахаба, табиғун және ұлы имамдар кезеңінде рәй мен ижтиһад мүмкіндігінше қолданылып, Ислам құқығының құрылымында орасан зор қызмет атқарған. Ижтиһадтың негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мына хадиске сүйенеді: Хз. Пайғамбар (с.а.у.) Муаз б. Жәбәлды Йеменге қазы етіп жіберер кезде араларында мынадай әңгіме болды:
- Уа Муаз, бір оқиғаға жолыққаныңда қалай үкім бересің?
- Аллаһтың кітабымен.
- Егер кітапта таба алмасаң?
- Аллаһтың Елшісінің сүннетімен.
- Аллаһтың Елшісінің сүннетінен де таба алмасаң?
- Олай болса өз көзқарасыммен ижтиһад жасаймын. Бұл жауапты естіген Пайғамбарымыз (с.а.у.) Муаздың көкірегінен қағып, былай деп дұға етті:
- Пайғамбарының елшісін, Оның разы болатындай табысқа жеткізген Аллаһқа шүкір. (Тирмизи, Ахкам, 3; Ахмад б. Ханбал, әл-Муснәд, V,230, 236, 242).
Ислам құқықшылары ижтиһадты үшке бөледі: Тахқиқу-л мәнат, тәнкиһу-л мәнат, тахрижу-л мәнат. Қандай жолмен болса да ижтиһадпен шығарылған үкімдер занни болып табылады. Өйткені мужтәһидтің жаңылысуы мүмкін және ол үкім, оның қанағаттанарлық деп ойлаған ойының нәтижесінде пайда болған. Сондықтан да одан бұрын ижтиһад жасалып үкім берілген мәселеде қайтадан ижтиһад жасауға болады. Шынында нақты дәлелге және ижмаға сүйенген үкімдер жайында ижтиһад жасалмайды. Мұның қағидасы: «Бір мәселеде үкім үшін насс болса, ол жайында ижтиһад жасаудың қажеті жоқ». Ислам құқығының жалғасуы, дамуы үшін ижтиһад ұйымына аса зор қажеттілік бар. Өйткені адамдардың дара және қоғам түрінде өмір сүруі кезінде айтса бітпейтін оқиғалардың кездесетіні белгілі, уақыт пен желісіне қарай шарттар өзгеріп отырады. Бұларға жауап табу және жаңа үкімдер шығару ижтиһад арқылы болмақ. Екінші жағынан насстардың ауқымы белгілі, олардың пайда болған және болатын барлық оқиғаларға жауап беруі мүмкін емес. Бұл жағдайлардан ижтиһадқа деген қажеттілік байқалуда.
Көріп отырғанымыздай ижтиһад өте маңызды іс. Әр ғалым мужтәһид бола алмайды. Ислам құқығының ғұламалары мужтәһидте болуы тиіс шарттарды былай тізбектейді: Араб тілін білу, Құранды, сүннетті, келісілген және қарама-қайшы мәселелерді, қиясты, үкімдердің мақсатын білуі, дұрыс түсінік пен жақсы баға беру күшіне ие болуы, ниеті түзу, діндар болуы қажет.
Бұл бөлімде мужтәһидтің дәлелдерден үкім шығарып жатқанда мына қағидаларға мойынсұнуы тиіс. Лафыздар (сөз) мен түрлеріне келесі бөлімде тоқталамыз.
Ислам құқығында шариғат дәлелдері екі бөлімге бөлген болатынбыз:
1. Насстар (нусус): Бұлар Құран мен сүннет.
2. Насс емес дәлелдер. Бұлар қияс, истихсан, масалих, зәраиъ секілді дәлелдер. Бұл дәлелдер де негізі насстардан бастау алған және солардан шығарылған дәлелдер.
Ислам құқығында истинбат, Құран мен сүннетке сүйенеді. Фикх методикасы (усулі) насстардан истинбат жолдарын көрсетіп, кең ауқымда түсіндіреді. Ижтиһад мына екі түрлі салада және екі методпен жүзеге асады: Рухани метод, лафзи метод.
Діни насстар араб тілінде, әлбетте бұлар түсінікті болуы, үкім шығарылуы үшін араб тілінің грамматикалық қағидаларын, бәләғат және тіл шеберлігі, сөйлемше мен сөздердің әдеби ерекшелігі, мәжәзи (ауыспалы, астарлы) және хақиқи (тура мағыналарда) қолданылуы және әр түрлі баяндау түрлеріндегі дәлел ауқымының жақсы ұғынылуы қажет. Өйткені бұл мағлұмат пен ұғыну, насстарды түсіну мен олардың баяндаған үкімдерін түсіндіруде маңызды.
Сондықтан да методика ғалымдары насстарды түсіндіру және олардан үкім шығару үшін араб тілі мен әдебиетіне қатысты біршама қағидалар қойған. Әлбетте араб тілі мен әдебиетінің қағидаларының танылуы, насстардан үкім шығару үшін жеткілікті емес. Сонымен қатар Шариғтың үкімдерін шығарып жатқанда мақсаты мен ниетінің (мақасиду-ш шариъа) білінуі тиіс. Хз. Пайғамбар (с.а.у.) Құранға тәпсір жасағанда және Құранда кездеспеген жаңа үкімдер шығарғанда ұстанған методының таныстырылуы тиіс. Осылайша хадистерден шығарылып, анықталатын үкім шығару қағидаларының үйренілуі маңызды. Үкімдердің арасындағы қайшылықтарды шешу үшін қолданылатын қағидаларды үйрену қажет.
Осылайша Фикх әдіскерлері (усулшылар) Құран мен сүннеттің насстарынан үкім шығару қағидаларын анықтап, бұларды «усулу-л Фикх» кітаптарында жинақтаған. Міне осы қағидалардың аясында Фикхшы, үкім шығару жолдарын біледі. Фикхшы истинбат үшін қойылған қағидаларға бағынса, үкім шығарып жатқанда қателік жасаудан сақтанып, алдыңғы деректерді құрайтын насстарда не нәрсеге меңзелгенін біледі. Насстардан үкім шығару (истинбат) мәселесі үшке бөлімде талданады:
1. Лафзи усул қағидалары,
2. Тәарузу-л әдиллә (дәлелдердің арасындағы қайшылық)
3. Мақасиду-ш шариъа (шариғаттың ниет пен мақсаты)
Лафыз бір мағына білдірсін немесе білдірмесін, ауыздан шыққан нәрсе (сөз) дегенді білдіреді. Діни үкімдерді, Құранның сөз саптауынан және сүннеттің сөздерінен, сөйлемдерін түсіне аламыз. Сондықтан да сөздер (лафыздар) жайындағы тілдік қағидалар мен білімдерді қадірлеуіміз керек. Методика ғалымдары бойынша лафыз (байымдау, түсіндіру, сөз, хабар) мағынаға дәлел болуы және мағынамен байланысы тұрғысынан төртке бөлінеді:
1. Лафыздар, қамту тұрғысынан хасс, аъмм, муштәрәк және муәууәл болып бөлінеді. Бұған тақырыптағы мағына тұрғысынан лафыздар деп те аталады.
2. Лафыздардың қолданған мағыналарына анық немесе астарлы түрде дәлел болуы: мағынасы нақты лафыздар заһир, насс, муфәссәр және мухкәм. Мағынасы ауыспалы лафыздар болса хафи, мушкил, мужмәл және мутәшәбиһ болып бөлінеді.
3. Қолданылған мағына тұрғысынан лафыздар. Бұлар қолданылған жер мен жағдайларға қарай мағыналары ауысатын мына лафыздар. Хақиқат, мәжәз, сарих және кинәя.
4. Лафыздардың мағыналарға дәлел болуы тұрғысынан басты екіге бөлінеді. Біріншісі жазбаша дәлел болуы. Бұлар дәәл би-л ибәра, дәәл би-л ишәра, дәәл би-д дәләлә, дәәл би-л иктиза бөлімдерге бөлінген. Екіншісі ауызша түрде мантуқ (логика) және мәфһум (түсінілген) деп екіге бөлінеді.
Истинбаттың дұрыс болуы үшін міне осы төрт ерекшелікті білуі шарт. Өйткені бұлар құқықтық сөздерді тәпсірлеуге жататын және осылардың мақсатын белгілейтін қағида болып саналады.
.Он бірінші бөлім: Сөздер - І
Тақырыбы: Сөздер және сөздерден үкім шығару
Мақсаты: Сөздердің қолдануларына қарай мағыналары және түсіндіру тәсілдерінің көрсетілуі
1. Хасс
Хасс деп жеке өзі бір мағына бере алатын сөздерді айтады. Хасс мынадай түрлерге бөлінеді:
а) Жеке атаулар: Ибраһим, күн, ай, Түркістан т.б.
б) Типтік атаулар және бөлімдері: адам, түйе, ағаш, жеміс, өзен, қала т.б. Төмендегі бөліктегі типтік атаулар: еркек, әйел (адам типтік атаудың төменгі бөлігі), құрма, алма (ағаш типтік атаудың төменгі бөлігі)
в) Сан есімдер: бір, екі, бес, жүз деген сияқты.
г) Бұйрықтар
д) Нәһилер (тыйымдар)
е) Мутлақ (сөзсіз)
ж) Мукаийәд (салыстырмалы)
з) Екі бірдей атаулар: сахибайн, әбәуәйн деген сияқты.
Бұларды егжей-тегжейлі анықтап көрейік. Хасс бір сөз бола алғанындай бір сөйлем де бола алады. Мысалы, әмір (бұйрық) мен нәһилер (тыйымдар) сөйлем болып есептелінеді.
Хасстың үкімі түсіндіргісі келген мағынаны міндетті түрде анық жеткізеді. Яғни, хасс болған сөздің мағынасы анық болады. Оны түсінуде еш қиындық болмайды. Сол себепті де сөздегі мағынаны нақты жеткізеді. Жеткізген үкімі - күмәнді емес, нақты болып қабылданады. Мысалы: “Мен бір кітап алдым” деген кезде, алынған кітаптың бір дана екендігі нақты айтылып отыр. “Бізге Ахмет келді” десе, Ахмет есімді бір адамның келгендігі айтылып тұр.
Құран мен сүннетте хассқа байланысты мысалдар өте көп. Уәдеде тұрмаған жағдайда жазасын өтеу туралы: “Мұны таппаған біреу, үш күн ораза (ұстауы керек)” (Маида-89) деп бұйырылған. Бұл аяттағы сөзден шығарылған үкім - үш күн ораза ұстауы керек болғандығы. Өйткені, үш (ثَلاَثَةِ) хасс сөздеріне жатады. Ол мағынаны нақты баян етеді: үштен көп не аз болу күмәнді емес. Осыған ұқсас Құрандағы мирас үлестері - хас сөздерімен айтылғандығы үшін нақтылықты білдіреді.
Хасстың тәуиліне қатысты бір дәлел табылса, яғни хасс сөзі арқылы сөздің жеткізген мағынасынан басқа да бір мағынаның көзделгендігіне қатысты бір дәлел бар болса, мұндай жағдайда хасс-астарлы мағынасымен түсіндіріледі.
Мысалы: қойдың зекетіне байланысты жоғарыда келтірілген хадисте шат (бір қой) сөзін ханафилер қойдың өзі немесе құны деп түсіндірме жасаған. Бұл көзқарас бойынша зекет ретінде қойдың өзі берілгені сияқты қойдың ақшасын да зекет ретінде беруге болады. Ханафилердің көзқарасы бойынша Аллаһ зекет беруді бұйырумен жоқ-жітіктердің мұқтаждығын өтеуді қалаған. Мұны қойдың өзін зекетке бергені сияқты, оның ақшасын беру арқылы жүзеге асыруға болады.
а) Мутлақ: Мутлақ айтқысы келген адамдардың қандайда біреуін баян еткен хасс сөз. Мутлақтың түсіндіргісі келген сөздегі мағынасы анық әрі нақты болады. Мысалы: “Сендерден біреу қайтыс болып (артында) қалдырған әйелдердің өздері төрт ай он күн (ғыддат) күтеді” (Бақара-234) деген аяттағы әйелдер ((أَزْوَاج) сөзі мутлаққа жатады. Бұл сөзді “оңаша қалған” деген сөзбен шарт қою дұрыс емес. Ол үшін бұл хасс, некелі болып оңаша қалған немесе қалмаған барлық жұбайларға қатысты болып, мұндай жұбайлардың күйеулері өлісімен (ғыддат) күтулері төрт ай он күн болып есептелінеді.
Мутлақ пен аам арасында мынадай айырмашылық бар: Мутлақ айтқысы келген адамдардың қандайда біреуін баян етеді, ал аам болса айтқысы келген адамдардың барлығын түгел қамтиды. Мысалы “Бір құл азат ету” сөзі, азат етілетін құлдың мүмин болуын немесе болмауын, бірден көп болуын білдірмейді. Тек қана бір құлдың азат етілуі керектігі айтылады. “Кәпірлермен (соғыста) кездессеңдер, мойындарын шабыңдар” (Мұхаммед-4) аятындағы “мойындар (الرِّقَاب) сөзі аам болып барлық кәфірлерге қатысты айтылған.
ә) Муқайяд: Муқайяд бір сипат, бір жағдай, бір мақсат немесе бір шартқа байланысты өзінің жеткізіп жатқан мағыналардың біріне қатысты болған хасс сөз. Мысалы: “…мүмин бір құл азат етуі…” (Ниса-92) деген аяттағы құл сөзі мүмин сипатымен муқайяд болып тұр. Аяттың жалғасындағы “… таба алмаса үш күн ораза тұтсын…” деген сөздегі “үш күн ораза тұтсын” сөзі, құл азат ету, он кісіні киіндіру немесе тамақтандыруға шамасы жетпеу шартымен муқайяд болып тұр. “…содан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар…” (Бақара-187) деген аяттағы оразаның толық орындалуы “кешке дейін” шартымен муқайяд болып тұр. Осы шартқа байланысты уисал (ауыз ашпай жалғастыру) оразасы дұрыс емес.
б) Әмір (бұйрық): Әмір үстемдік иесінің бір істің орындалуын нақты талап еткен сөзі. “Намаз оқы!”, “Ораза тұт!” деген бұйрықтар бұған мысал бола алады. Бір істің орындалуын қалаушыға амир, орындалуы талап етілгенге мукәлләф, ал орындалған іскеде мәмирун биһ делінеді. Сарих (анық) әмірдің бес шарты бар:
1. Сөз болуы. Әмір сөзбен бұйырылуы керек. Ыммен және белгімен берілген бұйрық жарамсыз болып есептелінеді. Ғалымдардың көпшілігінің көзқарасы бойынша әмір сөзде - ақиқат, амалда - астарлы. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у) уисал оразасын тұтатын еді. Сахабалардың бірі оның бұл оразасын өзіне де міндет деп есептеп, ол да уисал оразасын тұтпақшы болды. Бірақ, бұл әрекетіне тыйым салды. Осылайша амал әмір болып есептелінбейді.
2. Қалау: Бұйрық раймен бір істің орындалуы керектігін қалайды. Тәһдид және тажиз сияқты мағыналарда қолданылған бұйрық райлары, ашық (сарих) бұйрыққа жатпайды. Тәһдид бір адамды қорқыту болса, тажиз - бір адамның әлсіздігін айқындау үшін орындай алмайтын бір істі ұсыну жатады.
3. Нақтылық (жәзм): Уәжіб мағынасында қолданылған әрбір бұйрық райлары әмір мағынасын береді.
4. Бұйрық сиғасы: Бұйрық сиғасы дегеніміз бір істің орындалуын талап ету дегенді білдіреді.
5. Үстемдік: Бұйрық берушінің талап етілгеннен (орындаушыдан) үстем болуы.
Араб тілінде бір істің орындалуын талап ету үшін жеке қолданылатын бұйрық райлары бар. Алайда кейбір сөз, сөйлем және жеткізулер де жасалуы мен қолдану тәсілдеріне қарай бұйрық мағынасын бере алады. Сол себепті бұйрық райлары екі бөлімге бөлінеді: Хақиқи (сарих) яғни, ашық бұйрық райлары және мәжәзи (ғайр-и сарих) яғни, астарлы бұйрық райлары.
1. Хақиқи бұйрық райлары бір істің орындалуын бұйрық рай сөздерімен талап етсе, онда бұған хақиқи әмір делінеді. Мысалы: “Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер”(Бақара-43), “Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын”(Бақа-185) деген аяттардағы бұйрық рай сөздері хақиқи бұйрық райлары.
2. Мәжәзи (ғайр-и сарих) райлары - бір істің орындалуы хабарлы сөйлемдер арқылы немесе басқа тәсілдермен талап етілсе, онда ол мәжәзи бұйрық деп аталады. Әсіресе, Құран мен сүннеттегі хабар жеткізілу тәсілі арқылы мәжәзи (астарлы) бұйрықты мақсат етеді. Мысалы: “Талақ болған әйелдер, үш етеккір мерзімін күтеді”(Бақара-228) аятында “күтеді” сөзі “күтсін” мағынасында қолданылған.
Әбу Бәкірдің айтуынша, Сижистанда қазылық қызметін атқарып жүрген баласы Абдуллаһқа былай деп жазған екен: “Екі адам арасына, ашулы болған кезіңде үкім берме. Өйткені, мен Расулаллаһтың (с.а.у) былай дегенін естіген едім: “Бір адам ашулы кезінде, екі адам арасында үкім бермейді” (Бұхари, Ахкам 13; Акдия 16, Тирмизи, Аһкам 7; Әбу Дауд, Ақдия 9; Нәсәй, Қудат 17) хадисіндегі “үкім бермейді” сөзі, “үкім бермесін” мағынасында қолданылған.
Ашық (хақиқи) бұйрық рай сөздерінен басқа міндетті білдіретін сөздер астарлы (мәжәзи) бұйрық рай сөздері болып саналады.
Араб тілінде бұйрық рай, көптеген мағыналарда қолданылады. Бұл мағыналар арасында уәжіб, ибаһә, нәдб, тәһдид, иршад, та`диб, та`жиз, дұға, тәсуия, икрам секілді т.б. мағыналары бар.
Уәжіб: «Әй мүміндер! Аллаһқа бой ұсыныңдар және Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар» (Ниса-59)
Ибаһә: “Және қашан ыхрамнан шықсаңдар аң аулай аласыңдар” (Мәида-2)
Нәдб: “Қолдарыңдағылардан (құл, күң) хат тілегендерге, егер оларда бір хайыр білсеңдер, хат келісімін жасаңдар”. (Нұр-33)
Тәһдид: «Қалағандарыңды істеңдер! Сөзсіз Аллаһ не істегендеріңді толық көруші». (Фуссилат-40)
Иршад: «Ей иман келтіргендер! Егер белгілі бір мерзімге дейін бір-біріңе борыштансаңдар, сонда оны жазыңдар» (Бақара-282)
Та`диб: «Ұлым, бисмилләһ-ті айт! Оң қолыңмен же! Әрдайым алдыңнан же!» (Бұхари, Әт`има 2,3; Муслим, Әшрибә 108)
Та`жиз: «Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де соған ұқсас бір сүре келтіріңдер» (Бақара-23)
Дұға: «Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!» (Ибраһим-41)
Тәсфия: “Тозаққа кіріңдер! Сендерге шыдасаңдар да шыдамасаңдар да бәрі бір. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар! ” (Тур-16)
Икрам: “Жаннатқа амандықпен кіріңдер!” (Хижр-46)
Тахкир: “Маймыл болып, қор болыңдар” (Бақара-65)
в) Нәһи: Нәһи (тыйым салу) үстемдік иесінің бір істің істелмеуін нақты талап етуі үшін айтқан сөзі. “Өлтірме, зұлымдық жасама, харам жеме” деген сияқты. Тыйым салғанды - нәһи, тыйым салынған нәрсені - мәнһииун анһ, тыйым салынған адамды - мәнһи деп айтады.
Бұл анықтамалардан тыйым болуы үшін де сарих бұйрық райдың шарттарының болуы қажеттігін көреміз.
Нәһи райлары екі бөлімге бөлінеді:
1. Хақиқи (ашық) нәһи сиғалары. Бұлар - нәһи-и хазыр және нәһи ғайб сөздері. Мұндай сөздермен бір істің орындалмауы талап етілсе, оған хақиқи нәһи деп айтылады. Мысалы: “Зинаға жақындамаңдар!” деген сияқты.
2. Ашық (хақиқи) нәһи сөздерінен басқа кейбір сөз, сөйлем және тәсілдермен де бір істің орындалмауы керектігі талап етілсе, мәжәзи нәһи деп аталады. Бір нәрсенің халал емес, харам болғандығын білдіру, бір нәрсенің жаман болғандығын түсіндіру, кейбір істерді жасаған кезде оған жаза берілетіндігін айтқан сөздер мәжәзи нәһиге жатады. Мысалы: “(Мұхаммед Ғ.С.) Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды, оның көрнеу, көмесін, күнәні, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаһқа серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаһқа қарсы сөйлеулеріңді арам қылды - де”. (Ағраф-33) деген аят адамдардың арсыздыққа алып баратын іс-әрекеттерден аулақ болуларын талап еткен. Кейбір бұрық райларды, нәһиге дәлел қылып алады. Мысалы: жұма намазы уақытында “сауданы қойыңдар” (Жұма-9) аятындағы бұйрық рай намаз уақытында сауда жасаудың харам екендігін білдіреді.
Нәһи райының бірнеше мағынасы бар. Олардың кейбіреуі мыналар:
1. Харам ету (таһрим): “Және де Аллаһтың (өлтірілуі) харам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады” (Әнғам-151)
2. Кәрахат: “Түйе қораларда намаз оқымаңдар, өйткені ол шайтанның жерлері” (Әбу Дауд, Тахарат 72; Тирмизи, Таһарат 60)
3. Дұға: “Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа!” (Али Имран-8)
4. Үміт үзу: “Әй қарсы келгендер! Бүгін сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар” (Тахрим-7)
5. Иршад: “Әй мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар” (Мәйда-101)
Нәһидің мақсат еткен нәрсесі - харам. Харам етілген нәрседен ұзақ болу қажет. Өйткені, тыйым салынған нәрсе - жаман нәрсе. Мысалы, Зұлымдық пен жалғандық жиіркенішті нәрсе. Адам бұлардың жаман нәрсе екендігін өз ақылдарымен де біле алады. Жаман іс-әрекеттер бұл дүниеде айыпталатын болса, ахиретте де жазасы бар. Мысалы, “харам болған нәрселерді жеме! Жалған сөйлеме!” сөздерімен адам да харам жеуден және жалған сөйлеуден тыяды. Бұл сөздер арқылы жалған сөйлеудің, харам тамақ жеудің жаман екендігі көрсетіліп тұр.
Барлық адамдарды қамтыған сөзді - `аам деп атайды. Яғни, `аам айтқысы келген адамдардың барлығын (умум-жалпы) қамтиды. Аам болу үшін үш шарт бар:
1. Қамтыған адамдарының саны үш немесе одан да көп болуы керек. Анықтама көрсетілген адамдар көпше түрде келген. Сол себепті бір немесе екі адамға `аам деп айтылмайды.
2. Шектеусіз әрі есепсіз болады. `Аам бір сөздің адамдары өте көп, олардың саны шектеулі және санаулы емес.
3. Барлық адамдарды құрамына алады: Яғни, `аам шектеусіз және есепсіз адамдардың бәрін қамтиды.
Әмір мен нәһи сөздері хасс болумен қатар, әңгіме етілген адамдары жағынан `аам болып саналады. Араб тіліндегі кім? не? қашан? қай уақытта? қайсысы? деген сияқты сөздер `аам болып саналады. Бұл сөздер барлық адамдарды қамтиды. Мысалы:
“Кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны (сыйын) көреді” (Зілзал-7) сөзіндегі “кім” сөзі `аам болып есептеледі. `Аам сөздері екі түрлі:
1. Сөзі (сиғасы) де, әрі мағынасы да `аам болған сөздер: Аяттардағы әр-рижал, ән-ниса және хадистегі әл-әйммә, әл-әнбия деген сияқты белгілі халдегі көпше түр осыған жатады.
2. Тек мағыналары `аам болған сөздер. Бұл да өз ішінде екіге бөлінеді. Біріншісі: адамдардың барлығына бірдей айтылған сөздер: әл-қаум, әл-жинн, әл-инс, әл-жәйш т.б. сөздер. Мұндай сөздердегі үкім адамдарды жеке-жеке емес, бүтіндей қамтиды. Екіншісі: адамдардың барлығына бірдей немесе жеке-жеке айтылған сөздер: “Бұл қамалға кіргенге бір алтын беріледі” деп айтылса, топ болып кірген адамдарға да, жеке кірген адамға да бір алтын беріледі.
`Аам сөздеріне мыналар жатады:
1. Марифа көптік (Белгілі көптік): Бұлар харф-и тарифімен яғни белгілі халді білдіретін “әл” артиклімен (ال әл) немесе марифа бір сөзге кіріккен болумен белгілі болған көптік мағынаны білдірген жалпы сөз. Истиғрақ мағынасында болған (ال -)-мен белгілі болған жалпы есімге мысалдар: “Аналар (الْوَالِدَاتُ)балаларын толық екі жыл емізеді”(Бақара-233). “Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен еркектерге (الرِّجَالِ) де үлес бар.” (Ниса-7). Изафат пен марифа болған көптікке мысал: “Аналарыңызбен (أُمَّهَاتُكُمْ) үйленулерің сендерге харам қылынды”(Ниса-23). “(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан (أَمْوَالِهِمْ) садақа ал” (Тәубе-103).
2. Истиғрақ үшін (барлық ер мен әйелді қамтыған) ال: “Негізінен адам баласы зиянда” (Аср-2) деген аят ер не әйел деп бөлмей барлық адамдарды түгелдей қамтыған. Бірақ бір не жыныс мағынасын берген харф-и тарифпен (ال -әл) белгілі болған жекеше сөздер жалпы есімді білдірмейді. Мысалы: “Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік. Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді…”(Музаммил-15-16) аятында الرَّسُولَ сөзінің харф-и тарифі (әл-артиклі) жалқы есімді білдіреді. Изафат пен марифат болған жекеше сөзге (муфрад) мысал: “Аллаһтың нығметін (نِعْمَةَ اللّهِ) санасаңдар санына жете алмайсыңдар” (Наһл-18) аятындағы «нығмет (نِعْمَةَ)» сөзі, барлық нығметтерді қамтыған.
3. Сөзі жекеше (муфрад) болған, мағынасы жалпы есімді білдіретін сөздер: әл-рахт, әл-қаум секілді сөздер.
4. كُلُّ сөзі: Бұл сөз жалпы есімді білдіреді. “Барлық жан өлім дәмін татады” (Али Имран-185) деген аяттағы كُلُّ сөзі `аам сөзіне жатады.
5. Сілтеу есімдері (Исми-маусулдер): “Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған болады” (Ниса-10) деген аят пен “Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың (мәһр беріп алуларың) халал қылынды” (Ниса-24) деген аяттағы الَّذِينَ сөздері `аам-ға жатады.
6. Сұрау есімдері: “Кім Аллаһқа көркем қарыз берсе, (Аллаһ жолында ықыласпен мал жұмсаса)” (Бақара-245) деген аяттағы сұрау есімі (من)`аам сөзіне жатады.
7. Шартты есімдер: “Сендерден кім (مَن) рамазан айында болса, ораза ұстасын” (Бақара-185)
8. Нәһи (тыйым) және нәфи (болымсыз) түрінде келген қайтарулар (нәкра). Нәһи үшін мысал ретінде мына аятты бере аламыз: “Олардан біреу (أَحَدٍ) өлсе, әсте жаназа намазын оқыма да қабырының басында тұрма! ” (Тәуба-84) сөзі қайтарушы сөз болып, сол себепті `аам-ға жатады.
Ханафилер бойынша `аамның жеткізген хабары мен үкімі нақты болып есептелінеді. Малики, шафиғи және ханбалилер болса, `аамның қамтыған адамдардың барлығына нақты (қатғи) емес жорамал (занни) ретінде түсіндіріледі. Өйткені, `аам болған әрбір сөз (кейбірінен басқа) белгіленіп қойған. Екінші жағынан фиқхшылар Құрандағы `аам болған бір сөздің Құранмен немесе мутауатир және мәшһүр сүннетпен белгіленетініне бірауыздан (иттифақ) келіскен.
`Аам тақырыбының толықтай түсінікті болуы және одан үкім шығару тахсис-`аам байланысының түсінілуіне байланысты. Ханбали, шафиғи және маликилердің көзқарасы бойынша тахсис - тағиыр емес, тәпсір болып саналады. Сол себепті де жорамал (занни) бір дәлелмен де `аам сөзіне тәпсір жасаса болады. Мысалы: “Сендерге өлексенің еті харам қылынды” (Мәида-3) аятын хабари уахид болған “Теңіз суы таза, өліктері халал етелді” деген хадисі анықтап береді. Сол сияқты Құранның мирас аяттарын мына хадистер белгілейді:“Мұсылман кәпірге, кәпір де мұсылманға мирасшы бола алмайды” (Бұхари, Хаж, 44, Мағази, 48, Фәрайз, 26; Муслим, Фәрайз І; Әбу Дауд, Фәрайз 10; Тирмизи, Фәрайз, 15); “Кісі өлтірушіге мирас жоқ” (Әбу Дауд, Дият 18; Тирмизи, Фәрайз 17; Ахмад б. Ханбал І, 49). Ханафилердің көзқарасы бойынша жоғарыдағы айтылған хадистер арқылы `аамдарға тахсис жасау екі себепке сүйенеді: Бірінші, Құрандағы аамды жеткілікті білдірген аят, хадистен соң оның басқа адамдарына жеткізуі занни болады. Екіншісі, бұл хадистер мәшһур хадистерге жатады. Онсыз да мәшһур хадистермен Құрандағы `аамды белгілеуге болады.
Жалпы есім мен жалқы есімнің (`аам мен хасс) аражігі: Ханафилердің көзқарасы бойынша бір мәселе жөнінде бірі `аам екіншісі хасс болған екі нақты дәлел болатын болса және екеуі де сырттай қарағанда бір-біріне қарама-қарсы көрінетін болса, онда былай етіледі: Егер дәлел аят болса түсу себебіне (нузул), ал хадис болса шыққан тарихына мән беріледі. Егер аяттың түсу себебі мен хадистің шығу тарихы белгілі болса үш түрлі мәселе пайда болады, ал белгісіз болса бір ғана мәселе пайда болады.
Егер аяттың түсу себебі мен хадистің шыққан тарихы белгілі болып тұрса, былай болады: Екі дәлелдің екеуі де бір уақытқа қатысты болатын болса, хасс болған сөз `аамды белгілейді. Хасс болған дәлел, `аам болған дәлелден кейін түскен аят және іске асқан хадис болса, хасс қамтыған нәрсесінің барлығында `аамның үкімін белгілейді. Мысалы: `аам болған Бақара сүресінің 234-аяты бойынша, ері өлген бір әйелдің жүкті болсын, болмасын төрт ай он күн иддет күтуі тиіс. Бұл уақыт өткенге дейін басқа біреуге тұрмысқа шыға алмайды. Бұл аяттан кейін түскен Талақ сүресінің 6-аятына қарағанда жүкті болған бір әйелдің иддетінің уақыты босанғанға дейін болады. Міне, хасс болған және кейіннен түскен екінші аят, `аам болған бірінші аяттың үкімін жүкті болған әйелдер жайында деп белгілеген. Қорытындылай келе `аам болған дәлел, хасс болған дәлелден кейін келетін болса, жаңадан бір үкім алып келеді. Кейбір ғалымдар мұны «үкімін жоюшы» (насих) деп атайды.
Егер `аам мен хасстың түсу себебі мен шығу тарихтары белгісіз болатын болса, екеуі бір уақытта келген деп есептелінеді. Мұндай жағдайда екеуінің әрбіріне амал ету мүмкін болатын болса, екеуімен де амал етіледі. Ал амал ету мүмкін болмаған жағдайда, қайсысы таңдауға лайықтырақ болса, сонысымен амал етіледі. Мысалы: аам мен хасстың бірі бір нәрсенің халал екендігіне, екіншісі болса харам екендігіне дәлел болатын болса, сақтық жасау мақсатында харам делінген дәлел таңдалынады.
Тахсис `аамның ішіне алған кейбір адамдарды оның үкімінен шығарады. Тахсис еткен дәлел мухассис, тахсис болған `аам мухассас деп аталады. Бұл тақырыпта ханафилер мен басқа мазхабтар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Ханафилер: “мухассас `ааммен бірге болуы керек”-деген шарт қояды. Егер мухассис `ааммен бірге бір уақытта келмеген болса, мухассис емес насих (үкімі жойылған) болады. Насих пен тахсис арасындағы мынадай айырмашылық бар: Насих - `аамның үкіміне кірген кейбір адамдарды кейіннен ол үкімнен шығарады. Ал тахсис болса, кейбір адамдардың алғашқыда `аам үкіміне кірмегендігін білдіреді. Сол сияқты мухассис `аам сөзінен бөлінбейтін болса мухассис бола алмайды. Жоғарыда айтып өтілгендей Ханафилардың көзқарасы бойынша мухассас нақты дәлелдермен болуы керек. Яғни, занни (жорамал, болжам, жанама) бір дәлелмен `аамның тахсис жасалуы мүмкін емес. Бірақ, нақты бір дәлелмен тахсис болған `аам екінші рет занни бір дәлелмен де тахсис етіле береді. Басқа мазхабтағылар ханафидің мухассис болуы үшін қосқан шарттарды қажет деп есептемейді.
Тахсис болып, болмаған `аам сөздер бірнеше түрге бөлінеді. Сондай-ақ, тахсис те өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Бұлардың айырмашылықтары фиқх кітаптарында мысалдарымен бірге түсіндірілген болатын.
Муштәрак екі немесе одан да көп мағынаны жеке-жеке білдірген және өзгерумен жеткізілген сөздер. Мысалы: عَين сөзі “көз, бұлақ, жансыз, сауда малы, алтын, тізе сүйегі” деген сияқты мағыналарды; جَاريةٌ сөзі “құл, әйел, кеме” мағыналарын; مَوْلاَ сөзі “азат еткен және азат болған” мағыналарын; مُشْتَري “сатып алған және жұлдыз” деген мағыналарды білдіреді.
Муштәрәк болған бір сөздің үкімі болса - жеке-жеке мағыналарынан қайсысының мақсат етілгендігі белгілі болғанға дейін күтіледі. Зерттеу жүргізгеннен кейін мағыналарының бірі таңдалып алынысымен осы мағына қабыл етіледі де басқа мағыналары пайдаланылмайды.
Бұдан кейін мүштәрак болған сөз “муәууәл” сөзге айналады. Мысалы: “Талақ болған әйелдер, үш етеккір мерзімін (قُرُوَءٍ) күтеді” (Бақара-228) аятындағы قُرُوَءٍ сөзі муштәрәк сөз. Бұл сөздің жекешесі قرء сөздік мағынасында әрі «етек кір» әрі «тазалық» дегенді білдіреді. Осыған қарай отырып мужтахидтер бұл жердегі сөзден қандай мағынаның беріп отырғандығын түсіну үшін түсініктеме жасайды. Өйткені, екі мағынадан бірі беріліп отыр. Шафилер, мұның «тазалық», ханафилер «етек кір» мағынасында қолданғандығын қабыл еткен.
Муштәрәк сөздер: Муштәрәк сөздер кейде есім болса, кей кездері етістік, кейде шылау да болады.
1. Есім болған муштәрәк сөзге мысал: «Ер және әйел ұрының, қылмыстарына жаза әрі Аллаһтан бір өнеге түрінде қолдарын кесіңдер» (Мәида-38) деген аяттағы يد (қол) сөзі саусақтардың ұшынан қолтық астына дейінгі аралыққа да, саусақ ұштарынан шынтаққа дейінгі аралыққа да сондай-ақ саусақтар мен алақан уысына да, алақанның өзіне де әрі оң және сол қолға айтыла береді. Мужтахидтер мұны пайғамбарымыздың сүннетіне (амали суннат) сүйене отырып анықтаған. Бұл да «саусақ ұштарынан білекке дейінгі аралықта» болған бөлшегі. Дәрет алу жөніндегі аяттағы қол (يد) сөзі болса саусақ ұштарынан шынтаққа дейінгі аралықты білдіреді.
2. Етістік болған муштәрәк сөз: Бұл да бұйрық райларынан болған сөздерде байқалады. Бұйрық рай уәжіб пен мәндуб болған амалды жеткізеді. Алайда мұны ханафи мазхабының ғалымдары қабыл етпейді.
3. Әріп болған муштәрәк сөздерге мысал:
وَلاَ تَأْكُلُوا مِمَّا لَمْ يُذْكَرِ اسْمُ اللّهِ عَلَيْهِ وَإِنَّهُ لَفِسْقٌ «Және оған Аллаһтың аты айтылмай (бауыздалған мал) жемеңдер және (و) күдіксіз ол харам нәрсе.» (Әнғам-121) аятындағы және (و) әріпі байланыстырушы және хал үшін қолданумен муштәрәк болуда. Бұл жердегі хал мағынасы көзделген болса, аяттың мағынасы «Харам болған жағдайда Аллаһтың атын айтып жемеңдер» болатын еді. Яғни бауыздалған аңда Аллаһтың атынан басқасы айтылған болады. Егер байланыстырушы әріп мақсат етілген болса, аяттың мағынасы жоғарыдағыдай болады. Яғни, хайуан бауыздалған кезде міндетті түрде Аллаһтың аты айтылмаған, басқа бір атаумен аталып, аталмағандығы сөз тартысы болмаған. Оның үстіне аяттың үкімімен байланысты күмәнді و әрібінде болған.
Муәууәл «әул (أَوْل)» түбірінен шыққан бір сөз. Сөздікте негізіне (түбіріне) қайтару деген мағынаны береді. Муштәрәк сөздің мутаадид мағыналырынан бірі занни бір дәлелмен немесе иждтихад жолымен басқа мағыналар таңдалса бұған муәууәл сөз деп айтылады. Кейбір ғалымдар бойынша муәууәл тек муштәрәктің таңдалынған мағыналарының бірі үшін ғана емес, сонымен қатар хафи, мушкил, мужмәл, захир және насстың таңдалынған мағыналары үшін де қолданылады. Сол себепті де хафи, мушкил және мужмәлдің жасырын болуы - хабари уахид, қияс секілді занни дәлелмен жойылса ол да муәууәл болады.
Нақты бір дәлелмен муштәрәк сөздің мағынасы анық болса, онда оны муфәссәр деп айтады. Мысалы: “неке” сөзі “үйленудің келісім шарты” деген және “жыныстық қатынас” мағыналарын білдіреді.
فَإِن طَلَّقَهَا فَلاَ تَحِلُّ لَهُ مِن بَعْدُ حَتَّىَ تَنكِحَ زَوْجًا غَيْرَهُ “(Екіден кейін) ер, әйелін мүлде ажыратса, бұдан кейін, ол (әйел) басқа ерге тимейінше оған халал болмайды” (Бақара-230) аятындағы тәнкиха (تَنكِحَ) сөзі жыныстық қатынас мағынасын бергені үшін осы мағынасында муәууәл болады.
Муштәрәк сөзден шығатын мағынаны анықтайтын кезде мынадай шарттарға жүгінеді:
1. Сөздің сиғасына қаралады: Муштәрәк сөздің қай түбірден шыққандығы, шыққан түбірдің қандай мағына беретіндігі қарастырылады. Мысалы, ханафилер قرء сөзінің “жинау” мағынасын беретіндігін қабыл еткен және бұл сөздің хайыз (етеккір) мағынасын таңдаған. Өйткені, хайыз кезінде қан жатырда жиналады.
2. Муштәрәк сөзден бұрын келген сөзде қарайды. Ханафилер “қуру (قُرُوَءٍ) сөзінен бұрын келген ثَلاَثَةَ сөзінің хасс сөз болғандығын және хасстың нақтылықты білдіргендігін яғни, қуру сөзінің мағынасын білгендігін қабыл етумен, хасстың нақтылықты білдіретіндігін айтады.
3. Сөздің келу тәсіліне қаралады: Рағд сүресінің 15-аятында يَسْجُدُсөзінің “бас ию” мағынасында қолданғандығы келу тәсілінен түсінікті болған.
4. Муштәрәк сөзін анықтаған басқа насстарға қаралады. Мысалы: талақ сүресінің 4-аятында “үш ай” деген түсіндірмесі Бақара сүресінің 228-аятындағы “үш қуру” деген түсіндірмесімен сәйкес.
Тақырыбы: Сөздер және олардан үкім шығару
Мақсаты: Сөздердің қолданылуына қарай мағыналары және жеткізу түрлері.
Заһир дегеніміз естілген кезде мағынасы бірден түсінікті болған, беретін мағынасын айқын түрде білдіретін сөз. Алайда сөздің жіберілуінің себебі сыртқы мағынасын білдіру үшін емес. Мысалы:
“Сондай өсім жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Сауда да бейне өсім” дегендіктерінің салдарынан. Негізінде, Аллаһ сауданы халал, өсімді харам еткен” (Бақара-275) деген аят сауда мен өсім арасындағы айырмашылықты білдіру үшін түсірілген. Яғни, бұл аяттың жіберілу себебі - осы. Бұл жағынан ол насс болады. Алайда бұл аяттың баяндалуында сауданың халал, ал өсімнің харам екендігі түсінікті. Бұл жағынан захир болады. Әйтсе де бұл аят негізінен сауданың халал, өсімнің харам екендігіне түсініктеме жасау үшін түсірілмеген.
«Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар» (Ниса-3) деген аят жетім қыздарға жақсы қарым-қатынас жасау және оларға әділетті болуы үшін жіберілген. Түсу себебі де осы және осы жағынан нас болып табылады. Бірақ бұл аяттан мынадай мағыналар да шығады:
а) Төрт әйелге дейін үйленуге рұқсат
ә) Араларында әділетсіздік жасаудан қорықса, бір әйелмен қанағат ету керек. Міне, бұл мағыналар да заһир яғни, ашық білініп тұр. Әйтсе де, аят бұл мағыналарды түсіндіру үшін жіберілмеген.
«Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Аллаһтан қорқыңдар» (Хашр-7) аяты соғыс олжасын бөлуде Пайғамбарға бойұсыну керектігін білдіру үшін түскен. Осы жағынан насс болып саналады. Және де бұл аят әрбір әмір еткен және әрбір тыйған нәрседе Пайғамбарға бойұсынудың уәжіб екендігін ашық (заһир) көрсетіп тұр.
Хз. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) теңіз суы жайында сұралған кезінде: «Теңіз суы таза, өлексесі халал» (Әбу Дауыд, Тахаре, 41; Тирмизи, Тахаре, 52). деп жауап берген. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жауабымен әрі теңіз суының, әрі ондағы өлексенің жағдайын түсіндірген. Бұл хадис теңіз суының үкімі тұрғысынан насс, теңіз өлексесінің үкімі жөнінен заһир болады. Өйткені, сұралған нәрсе теңіз суы жайында, теңізде өмір сүретін нәрселердің өлексесі жайында емес.
Захир сөздерден шығарылған үкімдермен амал ету уәжіб.
Насс сөздікте «сөз» мағынасын береді. Негізінде Құран мен сүннеттің сөздеріне «насс» деп айтылады. Фикх усулінде насс деп «айтылған мағынаны ашық түрде білдірген сөзді» атайды. Нас сөзінің мағынасы - сөздің айтылуындағы негізгі мақсаты. Алайда захир мағынасы - сөздің айтылуындағы негізгі мақсаты емес, жанама мағнасында.
Насс - аам бола алатыны сияқты хасс та бола алады. Насс сөзінің мағынасы захирден де анық белгілі болады. Захир мен насс бірге келетін болса, насс захирден жоғары бағаланады. “Негізінен Аллаһ сауданы халал, өсімді харам етті” (Бақара-275) түсіндірмесі сауда мен өсімнің толығымен екі түрлі нәрсе екеніндігін анық көрсетіп тұр.
Муфәссәр насс сөздеріне қарағанда мағынасы анық білінген және сөздегі нұсқалған мағынаны анық көрсеткен сөз.
Мысалы: “Сондай-ақ мүшріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар”(Тәубе-36) деп келген аяттағы “мүшріктер” сөзінің мағынасы анық және аам болған сөз. Бірақ тахсис болуы да ықтимал. “Түгелдей: كَآفَّةً” сөзі арқылы тахсис болу ықтималы жойылып, мүшриктер сөзі муфәссәр сөзге айналады. Және “Періштелердің барлығы (كُلُّهُمْ) бірге (أَجْمَعُونَ) сәжде жасады” (Хижр-30) аятындағы “періштелер” сөзі мағынасы жағынан ашық және аам болған бір сөз. Бұл сөз “كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ” сөздерінің келуімен муфәссәр болған.
Құрандағы намаз, зекет сияқты мужмаәл сөздер Хз. Пайғамбар тарапынан айқындалып, түсіндірілген. Осылайша мужмәл сөздер, муфәссәр халіне айналған. Мысалы: “Намаз оқыңдар және зекет беріңдер” (Бақара-43) аятындағы الصَّلاَةَ “Мен намазды қалай оқысам, сендер де солай оқыңдар” (Бухари,Азан, 18, Әдеб, 27, Ахад, 1)хадисімен муфәссәр болған.
Муфәссәрлармен амал етудің үкімі уәжібке жатады.
Мухкәм сөздің мағынасына келтірген дәлелі муфәссәрдан да ашық болған әрі тәуил мен насихты қабыл етпейтін бір сөз. Мысалы: Жаннатта мәңгі қалатындықтары жайында сүйіншілеген Ниса-57 аятындағы “мәңгі (خَالِدِينَ)” сөзі, мухкәм сөзіне жатады. Өйткені бұлардың жаннатта мәңгі қалатындықтарын أَبَدًا тіркескен сөзімен қуаттаған еткен. Мухкәм екі түрлі болады:
1. Лиайниһи мухкәм. Мысалы: “Жихад қияметке дейін жалғасады” (Хәйсәми, Мәжмәиз-Зәвайд, V, 106) хадиси мухкәмға жатады. Себебі жихадтың қияметке дейін жалғасатындығын айтуда. Бұның насихқа ықтималы жоқ. Сол себепті де лиайниһи мухкәм болған.
2. Ли-ғайриһи мухкәм. Мухкәм кейбір кездері Пайғамбардың өлімі мен уахидың үзілуне байланысты болуы мүмкін. Бұны мухкәм ли-ғайриһи деп атайды. Намаз, ораза, зекет сияқты парыз әмірлердің үкімі жатады.
Мухкәм болған сөздің мағынасымен және үкімімен амал ету уәжіб болады. Бұл сөздің насих етілуі және тәуил жасалуы мүмкін емес.
Хафи сиғасы тұрғысынан мағынасы айқын болған күйде, бір себептермен айтушының мақсатын білдіруде жасырын болған сөз. Мысалы: “Ұры ер мен әйелдердің қолдарын кесіңдер” (Мәида-38) аятындағы “ұры ( السَّارِق)” сөзі сиға жағынан анық. Алайда бұл түсіндірме “қалтаға, сөмкеге түсіп ұрлық жасаушылық” пен “кебін ұрлауды” да қамтып, қамтымағандығы белгілі емес. “Ұры” деп біреудің затын білдірмей алған адамды айтады. «Қалтаға, сөмкеге түсушілер»- адамдардың аңғалдық сәттерін пайдаланып ұрлаушы адамдар. “Кебін ұрлаушы” болса, өлгендердің кебіндерін шығарып, алып кетушілер. Міне осылар ұры саналады ма жоқ әлде ұры емес пе? Фикхшылар “қалтаға, сөмкеге” түсушілерді “ұры” болғандығына иттифак еткен. Сол себепті де оны ұры деп атаған жөн. Әбу Ханифа кебін ұрлаудың ұрлыққа жатпайтындығын айтады. Сол себепті кебін ұрлаушыға ұрлық жазасын емес, тазир жазасы қолданылады. Әбу Юсуф, Имам Малик, Имам Шафи және Ахмад б. Ханбалдардың көзқарастары бойынша кебін ұрлаушы да ұрыға жатады. Сол себепті де оған ұрлық жасаушыға берілетін хадд жазасы лайық болады.
Осыған ұқсас “Өлтіруші үшін мирас жоқ” (Әбу Дауд, Дият 18; Тирмизи, Фәраиз 17; Ахмад б. Ханбал І, 49) хадисіндегі “қатил” сөзі хафиге жатады. Бұл сөздің әдейі адам өлтіргенге айтылғандығы белгілі. Бірақ қателікпен адам өлтіргенге қатысты болып, болмағандығы белгісіз. Кейбір ғалымдардың көзқарастары бойынша байқаусызда адам өлтірген де, адам өлтірушіге жатқызылады. Сол себепті ол да мирастан мақұрым қалады. Ал кейбір ғалымдардың көзқарастары бойынша, “адам өлтіруші” сөзі, жаңылыстықпен адам өлтірушіге қатысы жоқ. Сол себепті жаңылыстықпен адам өлтірген, мирастан құр қалмайды делінген.
Хафи сөзі анықтығына көз жеткенге дейін қарастыру және зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде шыққан үкіммен амал ету уәжіб болады. Ислам ғалымдары хафи сөздеріне байланысты жасаған талдауларының нәтижесінде кейбір бірдей үкім кей кездері әртүрлі үкімдер бере алады. Мысалы: ұры жайындағы берілген үкімнің көзбе-көз ұрлаушыға да қатысы болғандығын қабыл еткен жағдайда осы үкімнің қабірдегі өліктің кебінін қазып алатын адамға қатысты болуы немесе болмауында әртүрлі көзқарастар ортаға қойылған.
Бір сөздің мағынасында түсініксіздік болса немесе бірден көп мағынасы болса, қай мағынаны айтып жатқандығы түсініксіздеу болса оны мушкил сөз деп атайды. Хафиде түсініксіздік сөздің өзінен емес, сөздің қолдану барысындағы кеңдігінен туындайды. Ал, мушкилдегі түсініксіздік болса, сөздің өзінен туындайды. Онымен қандай мағынаның айтылып жатқандығы білінбейді, тек басқа бір дәлел және жасалуы арқылы оның мағынасы белгілі, әрі түсінікті болады. Мушкил үшін муштарак сөздерді мысал ретінде бере аламыз. “Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер” (Бақара-223) аятында أَنَّى сөзі мушкил сөзге жатады. Бұл сөз “әйна” (қай жерде) және де “кәйфа” (қалай) мағынасында да айтылады. Ғалымдардың анықтама жүргізу барысында бұл сөздің “кәйфа” (қалай) мағынасында қолданғандығын нақты анықтаған.
Мужмәл айтушы тарапынан тәпсір етілмейінше немесе түсіндірме жасалмайынша мағынасында түсініксіз жайттар болған сөздерге айтылады. Үкім аяттары көбінесе мужмал болып келеді. Бұл мужмәл болғандарға Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тоқталып кеткен. Мысалы: намаз, зекет, талақ сөздері осыған жатады. “Шын мәнінде адам баласы сабырсыз (هَلُوعًا) жаратылған” (Мағариж-19) аятында هَلُوعًا сөзі мужмәлға жатады. Бұл мужмәл болған сөздің мәнін осыдан кейінгі келген екі аят ашады.
Мужмәл болған сөздің не айтып жатқандығын терең ойланып, қарастыру қажет. Мужмәл болған сөздің мәні айтушы тарапынан толықтай айтылса онымен амал ету уәжіб болады. Мысалы: Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) “Мен намазды қалай оқысам, сендер де намазды солай оқыңыздар” (Бұхари, Азан, 18, Әдәб, 27, Ахад, 1) деп бұйырған. Осы хадиспен мужмәл болған “намаз” сөзінің мағынасы ашылады. Мужмәл сөз жорамалмен айқындалатын болса, оған муәууәл деп айтылады. Егер айқындық толықтай және жетерліктей жасалмаса, мужмәл, мушкил болады. Мұндай жағдайда өзінен қандай мағына айтылып жатқандығын қарастыруды қажет етеді. Мысалы: “риба” мужмәл түрінде келген. Пайғамбар пайыз әрекетін тудыратын алты түрлі малды айтқан. Бірақ бұл хадисте, араларында риба әрекетінің болатындығынан тек алты малдың ғана атын атаған. Бұл тұрғыдан хадис, араларында риба әрекеті болатын малдардың барлығын қамтыған мағынада түсіндірмеген. Сондықтан да бұл мәселе жайында Фикхшылар қияс жолымен әртүрлі ижтихадтар жасаған.
Бұған мағынасы айқын болмаған, Құран мен сүннеттің тәпсірінде түсіндірілмеген және мағынасы тек Аллаһқа мәлім болған сөздер жатады. Муқатта әріптері, “Аллаһтың қолы, олардың қолдарының үстінде” (Фатһ-10) деген аяттағы يَدُ اللَّهِ сөзі мутәшабиһке жатады. Алғашқы тафсиршілер мутәшабиһ аяттардың мәнін ашуға талпынбағанымен, мутааххирун (кейінгі) ғалымдар бұларға тәуил жасаған.
Сөз қолданылып жатқан сөздік мағынасында яки мағынада қолдану жағынан төрт бөлікке бөліп қарастырылады.
Хақиқат деп қойылған және белгіленген мағынада қолданылған сөз. Бұл хақиқат шариғи, салт-дәстүр, сөздік, термин түрінде болуы мүмкін. Шариғи хақиқат шариғат мағынасында, яғни Шариғаттың (Аллаһ және Оның атынан Расулі) негіз еткен мағынада қолданылған сөздер жатады. Хаж, намаз, зекет сияқты сөздердің белгілі болған ғибадаттар үшін қолданылуы сияқты. Осыған ұқсас талақ, неке сияқты сөздердің құқықта орын алған мағыналарда қолданылуы да осыған жатады. Хақиқатқа байланысты үш үкім ортаға шығады:
1. Хақиқат сөзі үшін айтылып жатқан мағынаның дәлелденген болуы. Айтушы, бұл мағынаны мақсат еткен болса да, болмаса да айырма жоқ. Бұл сөз аам, хасс, әмір не нәһи де болуы мүмкін. Мысалы: “Ей иман келтіргендер рукуғ және сәжде етіңдер” (Хаж-77) міне бұлар осыған жатады. Бұл аят әмір себебімен хасс болады, ал әмір етілген (мәмур) себебімен аам болады. “Зинаға жақындамаңдар” (Исра-32), “Және де Аллаһ арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады”(Әнғам-151 аятындағы нәһиге мысал бола алады. Бұл аят нәһи бағытымен хасс, бірақ айтылған адамдар тұрғысынан аамға жатады. Бұл аяттар мен сөздердің мағыналары дәлел болып, естігендер бұл мағыналардан шыққан үкімді орындаулары керек.
2. Хақиқат сөзі үшін айтылып жатқан мағынаның басқа мағынаны бермеуі. Мысалы: әке (اب) сөзі “әке” мағынасын айтып жатқан жоқ дей алмаймыз.
3. Хақиқат мәжәздан яғни, астарлы мағынадан жоғары тұрады. Сөздің хақиқи мағынасымен түсінілуі оңай болса, үкім хақиқат тұрғысынан дәлелденген болады, мәжаз дәлелденген болмайды. “Уәләд (арабша) терминде бір адамның ұлы үшін қолданылады. Бұл сөздің немере жайында қолданылуы мәжаз тұрғысынан болады. Мысалы: бір адам бір адамға қарап “Бұл үйімді саған саттым” деп айтса, бұл сөзбен “сату” дәлелденген болады. Бір дәлел табылмайынша “Бұл саттым” сөзімен “жалға бердім, деген мағынада айттым” деп айта алмайды.
Айтылған сөздің алғаш айтылғандағы мағынадан басқа бір мағынада қолданылған сөзді «мәжәз» деп атайды. Хақиқат мағына мен екінші мағынада айтылған сөздің арасындағы бір байланыс бар болып, бірақ ол сөзден хақиқи (негізгі) мағынаның айтылып жатқандығын білдіруде бір кедергі болады. Бір жас жігітке “арыстан” деп айтылғаны сияқты. Бұл жердегі байланыс арыстан сөзін екінші мағынамен байнаныстырып тұрған нәрсе, бұл батылдық сөзі.
Байланыстың түрлеріне мыналар жатады: Мүшәбәһәт, әл-кәунус-сабик, әл-кәунул-лаһик, әл-истидад, хулул, жузиет, сәбәбиәт. Мүшәбәһәт сөздің хақиқи мағынасы мен мәжәзи мағынасының белгілі бір сипатта ұқсау мен бірлесуіне айтылады. Ұқсағанға мушәббәһ, ұқсатылғанға мушәббәһун биһ, ортақ болған сипатқа уәжһуш-шәбәһ деп айтылады. Пайғамбар Мәдинаға хижрет еткен кезінде мәдиналықтар “үстімізге ай туды” деп айтты. Бұлай айтылған сөзбен көктегі айдың жарықтығымен Пайғамбардың дүниеге мағына жағынан жарық беруі арасындағы ортақ болған сипатқа сүйенеді. Бұл жердегі айтылып жатқан Хз. Пайғамбар мушәббәһ, болса, ай мушәббәһун биһ, болып, жарық болса уәжһу-шәбәһқа жатады. Халид б. Уәлидтің “арыстан” деп аталуы, онымен арыстанның батылдық пен ер жүректігі жайындағы ортақ сипатқа сүйену еді. Айлакер адамды “түлкі” деп атауы, онымен түлкі айлакерлік сипатында бір болғандықтан айтылады.
әл-Кәунус-сабик бір нәрсеге бұрынғы хәлімен есім берілуі. “Жетімдердің малдарын беріңдер” (Ниса-2) деген аятта орын алған жетімдердің (الْيَتَامَى) түсіндірмесі бұл бір мәжәзға жатады. Өйткені, бұл аятта балиғатқа жеткен, кәмелет жасқа толған болса да оны мәжәзан жетім деп атаған. әл-Кәунул-лаһик бір нәрсеге келешектегі халі мен жағдайына байланысты берілген есім.
әл-Истидад белгілі бір нәрсеге қол жеткізу үшін өзінің бойындағы күш-қуат не қабілетімен ол нәрсенің аталуы. “У өлтіреді” деген кезде, уда өлтіру күші бар деген сөз.
Хулул бір жердің аталуымен ол жердегі болғандар жайлы сөз болып жатқандығына байланысты. “Қаласаң ауылдан сұра”(Юсуф-82) деген аятта орын алған “ауылдан сұра” деген сөзі “ауылдықтардан сұра” мағынасын білдіреді. “Өзен ақты” сөзінде, өзендегі сулардың аққандығын білдіреді.
Жузиәт және кулл бір нәрсенің бір бөлігін баяндай отырып, оның барлығын (кулл) қамтуы және бір нәрсені толығымен (кулл) айта отырып бір бөлігін мақсат ету жатады. “Сонда екеуі қосылудан бұрын бір құл азат етуге тиіс” (Мужәдәлә-3) аятындағы келтірілген (رَقَبَة), құлдың адам екендігі және құлға азаттық алып берілуін мақсат етіп отыр. “Саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді” (Бақара-19) аятындағы айтылған саусақтардағы мән, саусақтарының ұштарын білдіреді. Аллаһ саусақтарының барлығын айта отырып, бір бөлшегін ғана, яғни саусақтардың ұштарын ғана нұсқап отыр.
Сәбәбият және мусәббәб (себеп болған) себебін білдіретін себептегі негізгі мақсат немесе себеп болғанды немесе себептің көзделгенін нұсқап отыр. Күйеуінің әйеліне ажырасу мақсатымен, “иддетіңді көр” деп айтуы, себеп болғанды айта отырып себепті мақсат еткен болып табылады. Өйткені, бұл жердегі иддеттің себебі ажырасу (талақ). Мұндай жағдайда күйеуі мусәббәбті айта отырып талақты мақсат етеді.
а) Сөздің айтылуы тұрғысынан мәжәзи болып, мағынасының тұрақты болуы және үкімнің де осы мағынаға байланысы болуы. Мысалы: “Яки әйелдеріңізге жақындасқандарыңызда да”(Ниса-43) деген аятта «тию (لمْس)», сөзі мәжәзи болып жыныстық қатынас мағынасын білдіреді. Негізгі мағынасы “қолын тигізу” деген мағынасын білдірмейді.
ә) Негізгі мағынасын түсіну мүмкін болса, мәжәзи мағынаға мән берілмейді. Өйткені хақиқи мағына негіз болып саналады. Негізі бар кезде, орнына айтылып жатқан сөзге қаралмайды. Бірақ сөздің сөздің хақиқи мағынасының түсінілуі мүмкін болмаса, мәжәзи мағынасына назар аударылады. Өйткені, сөздің бір мағына беруі, мағына бермейтін сөзден жақсы. Бір адам, бір кісінің баласына өсиет айтса, ол адамның баласы жоқ болып, немересі бар болатын болса, оған өсиет еткен болып саналады. Бірақ, кейбір жағдайларда бір сөздің не хақиқи, не болмаса мәжәзи мағынасы белгісіз болатын болса, ол үкімге жатпайды. Бір адамның өзі жас болып, өзінен бойы ұзын адамға “бұл менің әкем” деп айтқаны сияқты.
Мәжәз болсын, мейлі хақиқи болсын бір сөздің өзінен мақсат етілген мағынасы оның көп қолданылуынан анық (заһир) болса, онда бұл сарих деп аталады. Хақиқи сарихқа мысал келтірсек: Ерінің әйеліне “Сен боссың” деген сөзі мағына үшін қолданылуы жөнінен шариғатта хақиқат болады. Некенің бұзылуында да сарих бір түсіндірме болады. Сату, жалдау, сыйға тарту, қор (фонд) сөздері де сарихтың шариғи хақиқат түрінен болады.
“Мына кастрюльден ішпеймін”, “Мына ағаштан жемеймін” деген сияқты сөздер де сарихтың мәжәз түрінен болады. Өйткені, бұлардағы мақсат “Мына кастрюлде пісірілген тамақтан жемеймін”, “Мына ағаштың жемісінен жемеймін” дегенді білдіреді. Бұл сөздердің осындай мақсаттарды баян еткендіктері қолданылу түрінен ашық білініп тұр.
Сөздік мағынасы «жабу» және «жасыру» дегенді білдіреді. Бір нәрсені айтып жатқанда, сол айтқан сөздің негізгі мағынасынан басқа мағынаны меңзеу. Ислам құқығы терминінде «сөздің негізгі мағынасы аз қолданылуы себебімен жасырын болып, дәлел арқылы ғана түсінілген сөз». Яғни, бұл сөздің мағынасы түсінікті болады. Бірақ айтушының бұдан нені мақсат етіп айтып жатқандығы белгілі болмағандықтан, түсінуде көп қиындық тудырады. Бір дәлелмен негізгі мақсат белгілі болған болады. Мысалы: “Ахметтің есігі ашық” сөзі оның қонақжай екендігіне киная болады. Өйткені, есіктің ашық болуы қонақжайлылықты көрсетеді.
Усул ғалымдарына қарағанда кинаялар, біраз хақиқат болатын сияқты мәжәз да бола алады. Мұндай қолданыстан шығарылған хақиқаттар кинаядан болғанындай әркім жағынан белгілі болған, танымал болмаған мәжәзилер де кинаяға жатады. Мысалы: күйеуінің әйеліне ажырасу ниетімен “Жібің мойнында”, “Қалаған жеріңе бара бер”, “Төркініңе қайт” “Иддетіңді күт”, “Сен харамсың” деген сияқты сөздерді қолдануы да осыған жатады. Мұндай сөздер ажырасудың астарлы мағыналары.
Кинаяның үкімі қажет болған нәрсе тек ниеттің немесе шешімнің (жағдайдың) білдіруімен ғана анық болуы, ниет пен шешім (жағдай) білдірілмегенде анық болмауы. Мысалы: бір адам әйеліне “Сен байнсың” десе, бұл айтылған сөз шариғи және усул жағынан киная болып есептеледі. “Байн” сөзі айрылысу мағынасын беретін “бәйнунәт” сөзінен шыққан. Бұл сөздің мағынасы мынадай: “Сен бөлексің, арамызда айрылысу нәтижесі болды”. Бұл айрылысу материалдық болғанындай, мағына жағынан да болуы мүмкін. Үйден, қаладан бөлек кетуді, материалдық айрылысуды білдіреді. Некені бұзып айрылысу мағынасындағы айрылысу болса, мағына жағынан айрылысуға жатады. Міне осы екінші мағына үшін айтылып жатқан нәрсе ашық емес. Бұл жерде айтып жатқан адамның ниеті мен шешімнің (жағдайдың) білдіруі маңызды рөл атқарады.
Адам сезім және ойларын көбінесе “сөздермен” жеткізеді. Яғни сөз сөйлеушінің тыңдаушыларға сезім мен ойларын түсіндіруде ең алдымен қолдаланатын құралы болып табылады. Алайда адам сөзбен ғана емес кейде жазумен, ишарат пен іс-әрекеттер арқылы да сезімі мен ойларын басқаларға жеткізе алады. Бұл тақырыпта тиімді құралға сөз жатады. Сөз мағыналы және мағынасыз болып екіге бөлінеді. Сөйлеуші өз ойын тыңдаушысына мағыналы бір сөзбен түсіндіре алуы мүмкін. Яғни, сөз бір мағына мен үкімді түсіндіру үшін қойылған. Адамның ақылы ол сөзді ести сала оның түсіндіргісі келген мағынасын түсінуге тырысады. Фикхшылар түсіндіру жолын сөзбен жасалған түсіндірме және сөзсіз жасалған түсіндірме деп екіге бөледі. Біз бұл жерде сөзі болған түсіндірмеге талдау жасаймыз. Мағынаны білдіру жағынан сөздер төрт бөлікке бөлінеді: Настың ибарасы, настың ишараты, настың далалеті, настың иктизасы. Бұл төрт түсндірме бөліміне, Ханафиден басқа мазхабтағылар мәфһум-у мухалифті де қосқан.
Насстың сөйлемшелері сөздің өз сиғасынан бірден түсінікті болған мағынаны білдіруі. Настың сөйлемшелері захир, нас, муфәссәр, мухкәм, аам, хасс та болуы мүмкін. Мысалы: “Намаз оқыңдар, зекетті беріңдер” (Нұр-56) аяты ибарасымен (сөйлемімен) намаз бен зекеттің парыз екендігін айтуда. Насс бұл үкімді айту мақсатында жіберілген. “Негізінде, Аллаһ сауданы халал, өсімді харам еткен”(Бақара-275) аятының сөйлемшелері екі мағынаны білдіреді. 1. Сауда мен өсім арасында бір айырмашылықтың барын. Ең негізгі мақсат етілген мағына осы. Сөздің тек өзі осы мағынаны көрсетіп тұр. 2. Сауданың халал, өсімнің харам екендігі. Насстың сөйлемшесінің өзінен де бұл мағына түсінікті болуда.
Насстың ишараты сөздің ибарасаның сыртында түсіндірген нәрсесі мен сөйлемшенің бір нәтижесі болып ортаға шығады. Яғни сөзден түсінікті болады, бірақ өзі ибарадан түсінікті болмайды. Насс бұл үкім үшін жіберілмеген. “Ей иман еткендер! Егер белгілі бір мерзімге дейін бір-біріңе борыштансаңдар, сонда оны жазыңдар. Араларыңызда бір хатшы дұрыс жазсын” (Бақара-282) аяты жазулы болған құжаттың бір дәлел болғандығына ишарат етуде. “Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді” (Бақара-187) аятындағы сөзбен сәресі уақытының соңына дейін жыныстық жақындасудың мубахтығын түсіндіруде. Ораза ұстаған адамның жүніп болған халде таң атыруы жаиз болғандығына ишарат етуде. “Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл” (Әли Имран-159) аяты болса сөйлемшесі арқылы мемлекеттің басқарылу кеңес негізіне сүйенгендігіне, ишаратпен де кеңес мүшелерінің тәрбиеленуінің керектігін түсіндіруде.
Насстың дәләләті яғни насста айтылған нәрсенің үкімнің муштәрәк кемшілік себебімен насста айтылмаған нәрсе жайында анық болғандығын білдірген сөз. Бұл жердегі кемшілікті зерттеу жүргізбесе де, ижтихад етпесе де сөзді естіген әрбір адам бірден түсіне алады. “Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түу” деме. (Кейіс білдірме)” (Исра-23) аяты сөйлемшесімен ата-анаға «туһ» деп айтудың харам екендігін білдіруде. «Түу» деп айтумен ата-ананы ренжіткен болады. Оларға «түу» деп айту харам болса, оларды ұру, оларға тіл тигізу бұдан да асқан харам болады. Өйткені, «түу» деп айтудың харам болуының себебі азап беру жатады. Тіл тигізу мен ұру азап беру болып есептеледі. Олай болса бұлар да харам. Міне бұл аятты түсіндіріп жатпаса естіген әрбір адамның ата-ананы ұрудың және оларға тіл тигізудің харам екендігін ұға алады.
Аятты бөліп қарастыратын болсақ:
1. Мантук (айтылып жатқан) Ата-анаға «Түу» деу
2. Үкім: Харам
3. Иллет: Ренжіту, қиыншылық, азап
Бұдан басқа да бір мысал бере кетейік: “Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған болады”(Ниса-10) аятының ибарасымен зұлымдықпен жетімдердің малдарын жеудің харам екендігін Аяттан насстың көрсетуімен түсінікті болуда. Жетімдердің малдарының таратылуы, жоқ етіп жіберілуі харам болып саналады.
Дәләләтун-нас пен қиястың арасындағы айырмашылық мынада: Дәләләтун-наста иллет зерттеуге қажеттілік болмастан түсінікті бола алады. Қияста болса иллет тек иждихат пен зерттеу жасау арқылы белгілі болады.
Насстың үкімді түсіндіре алуы үшін құпталуды қажет ететін шарттардан тұрады: Мысалы: «Аналарыңыз, қыздарыңыз… сіздерге харам етілді» (Ниса-23) аятында ана мен қыздардың харам етілгендігі баяндалуда. Негізінде харам етілген ана мен қыздар емес, олармен некелесу харам етілді. Осы аяттың мағынасы мынадай: «Аналарыңыздың, қыздарыңыздың некесі … сізге харам етілді». «Өлексе, қан, доңыз еті … сізге харам етілді» (Маида-3) аятында да өлексе, қан және доңыз етінің харам етілгендігі айтылуда. Негізінде харам етілген нәрсе өлексе, қан, доңыз еті емес, олардың желінуі, сатылуы және т.б.
Мәфһумул мухалиф тақырыбын қарастырған кезде дәләләт, мантук, мәфһум, мәфһумул мухалиф, мәфһумул-мууафик анықтамаларын білу шарт.
Дәләләт «белгі, ишара, жол көрсету» деген мағыналарды білдіреді. Фикхшылар дәләләтті - сөзбен дәләләт және сөзсіз дәләләт деп екіге бөлген. Терминде сөзді дәләләт дегеніміз айтылған бір сөздің қандай мағынада қолданғандығын ғалымдар бойынша түсінікті болуы. Яғни, ақылдың айтылған сөзден шығатын мағынаны түсінуін дәләләт деп айтады. Сөзбен болған дәләләт мантук (айтылған) және мәфһум (түсінікті болған) деп екіге бөлінеді. Мантук сөздің айтылған орны мен мәселесін білдіруі. Ибара болса ишара және иктизаның білдірулері секілді болады. Мысалы: «Бұл кітапты сатып алдым» деп айтылса, бұл сөздің мантуқы ол кітаптың сатып алынғандығы. Мәфһум сөздің айтылмаған орны мен мәселесін білдіруі. Бір адам: «Бұл кітапты сатып алдым» десе, бұл сөз ол кітапта иелік құқығының өзінде болмағандығын білдіреді.
Мәфһума лайықты, сай түсіну (мәфһумул-мууафик) және қарама-қайшы түсіну (мәфһумул-мухалиф) болып екіге бөлінеді. Дұрыс түсіну (мәфһумул-мууафик) айтылмағанның (мәскутун анһ) мантукқа (айтылғанға) мусбәт (болымды) немесе мәнфи (болымсыз) болып сай келуі (мууафик). Мысалы: «Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді» (Зілзал-7) аятының мәфһуму, тозаңның түйірінен көп жақсылық жасағандардың да жасаған жақсылықтарының нәтижесін көретіндіктеріне сәйкес келеді. Осыған ұқсас: «Ата-анаға түу деме» мантукуна «Оларды ұрма, оларға тіл тигізбе» маскутун анһ (айтылмаған) сай келеді. «Түу деме» деп айтуға тиым салынғанындай «ұру» және «тіл тигізуге» де тиым салынған.
Мәфһуму мухаләфәт айтылмағанның (маскутун анһ) айтылғанға (мантука) еске алынғанға (мәзкура) үкім беруде қарама-қайшы (мухалиф) болуы. Қысқа бір түсіндіру мен сөздің айтылғанға (мантука) мухалиф болған түсінікке, мухалиф мәфһум деп айтылады. Мысалы: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам, доңыз еті немесе күнәлі болып, Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған мал арам» (Әнғам-145) аятында «қан» сөзі «аққан» деген тіркеме сөзбен берілген. Мұның мәфһумул мухалифі болса, ақпаған қан жатады. Бұл аят айтылумен аққан қанның харам болғандығын ашық түрде білдіруде. Мәфһумул-мухаләфәтпен де ақпаған қанның халал болғандығын білдіруде. «Ажырасқан әйелдер үш етеккір (хайыз) күтеді» аятында хайыз «үш» сөзімен қуатталған. Бұл аяттың мәфһумул-мухалифи үштен аз және үштен көп.
Мәфһумул-мухалиф - өз ішінде мәфһумус-сифат, мәфһумус-шарт, мәфһумул-ғая, мәфһумул-адад және мәфһумул-лақаб болып бөлінеді. Мәзхабтардың бұл бөліктерге әртүрлі көзқарастары бар. Ерекше мәфһумул-мухалифпен амал етуді де бірнеше шарттармен байланыстырған.
Тақырыбы: Мақасидуш-шәриа және жалпы ережелер
Мақсаты: Діни үкімдердің қойылуы жағынан көзделген мақсаттарының түсіндірілуі
А. Мақасидуш-шәриа
Шариғат қоюшының, яғни Аллаһ Тағаланың шариғат үкімдерін қойған кезінде көздеген жақсылықтар мен мақсаттарын «мақасидуш-шәриа» деп атайды. Үкім қою кезінде, қойылған үкімнің дәл келуі үшін насстардың сөзі мен мағыналарына дейін, Исламның мәні мен мақсатының да көрсетілуі маңызды тіпті зәру десе де болады. Мужтахид Исламның мәні мен мақсатын білген уақытында насстарды өте жақсы түсіне алады және олардан Исламның мәні мен мақсатына лайықты үкімдер шығара алады. Тақырыптың маңызды екендігіне басты назар аударған Шатиби «әл-Мууафакат» атты танымал еңбегінде мужтахидте болуы керек болған шарттар туралы айтқан кезде оның «мәкасидуш-шариғатты» да білуі керектігін қоса айтқан.
Бұл тақырып бір жағынан «Үкімдердің хикметі» (Хикматут-Тәшри) тақырыбымен байланысты. Бұл тақырыпты қарастырған кезде Ислам құқығында «шариғи үкімдер - құлдардың пайдасын негізге алып құрылған» сөзінің жалпыға белгілі екендігін айтып өткен едік. Осы жағдайда Аллаһ құлдарының осы дүние мен ахиреттегі жақсылықтарын қорғау, оларды жүзеге асыру мақсаты арқылы шариғи үкімдерді бекіткен. Бұлар Құран Кәрімде ашық түрде баян етілген. Мына аяттар Пайғамбарлардың жіберілуіндегі мақсатты көрсетеді: «Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқ қарсы сылтауы болмауы үшін»(Ниса-165). «(Мұхаммед Ғ.С.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік.»(Әнбия-107).
Жаратылғандардың жаратылыс хикметтері былайша түсіндірілген: «Жын мен адамзатты (басқа бір мақсатта емес) Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Зариат-56) ; «Ол сондай Аллаһ, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан»(Мулк-2)
Үкімді білдірген кейбір аяттардың соңында, берілген үкімнің хикметі айтылады. Мысалы: «…Өйткені, Аллаһ, сендерге ауыртпашылық қаламайды. Бірақ, сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды»(Мәида-6); «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар»(Бақара-183); «Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды»(Анкабут-45); «Әй ақыл иелері! Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргенді өлтіруде) тіршілік бар»(Бақара-179).
Бұл тақырыппен өте тығыз байлынысы бар басқа да бір ұғым - маслахат. Шариғи үкімдермен құлдардың маслахаттары, яғни мүдделері көзделгеніне қарағанда бұл ұғымға тоқтала кету тиімді деп ойлаймыз.
Маслахаттың анықтамасы - «пайдалы болғанды иемдену (жәлбул-мәнфаат) және зиянды болғанды кетіру» дегенді білдіреді. Маслахат негізінде құтылу мен жақсылыққа себеп болған пайдалы мүдде. Бұған қарама-қарсы жамандық және жамандыққа алып баратын бүліншілік (арандатушылық, азғындық) бар (мафсадат бар). Ислам құқығы маслахаттарды назарға алған және үкімдерге оны негіз етіп алған. Бір маслахаттың қабыл болуы үшін қажетті шарттарға мыналар жатады:
1. Нақты (қатғи) болуы керек: Бір нәрседе маслахат болғандығы нақтылай білінуі қажет.
2.Жалпыға бірдей болуы: Бір нәрсенің жарамды бір маслахат деп айтыла білуі үшін оның жалпыға бірдей болуы керек.
3. Маслахатта мәфсәдәт болмауы: Бір нәрсе жайында айтып жатқан маслахат мәфсәдәттен алыс немесе одан жоғары тұруы керек. Бір үкімде маслахат пен мәфсәдәт бірге болатын болса, маслахаттың жоғары бағалана білуі үшін оның мәфсәдәттан үлкен болуы керек.Міне осылайша маслахатпен амал етіледі. Алайда мәфсәдәт маслахаттан үлкен немесе тең болса, ол уақытта «дәрфи мәфәсид, жәлби-мәнфаатән әуләдир» ережесі керегінше, мәфсәдәттің кетірілуі үшін маслахат қалдырылады.
4. Насстар мен ижмаға қарама-қайшылық болмауы: Маслахат болғандығы түсінікті болған нәрсемен үкім берілетіндігіне, шариғи насстардан біреуі кулли немесе жузи бір белгісі (түсіндірмесі) болуы керек. Насстардың қабылдамаған нәрсесі болса, бұл жарамды бір маслахат бола алмайды.
Бұл шарттарды қамти алған маслахатпен амал етіледі. Осы жағдайда маслахаттар адамның қалауы мен көңіл-күйіне қарай өзі үшін пайдалы немесе маслахат ретінде көрген нәрселері емес. Маслахат бұл шариғаттың өлшемінде маслахат болған нәрселер. Мысалы: Кейбір адамдар бар, басқалардың малдарын жасырын, не айдан анық ақысыз тартып алуды өздеріне лайық көрулері мүмкін. Бірақ мұндай әрекет жасау басқа біреуге зиян ғана келтіреді. Сол себепті бұлар маслахат ретінде қабыл етілмейді.
Маслахаттар өз ішінде діни және дүниелік болып бөлінеді. Қолданысына қарайда мынадай түрлері бар: мутәбәр, мурсәл және мәрдуд.
Діни маслахаттар: Діни маслахат ақылын, сана-сезімін аңыз әңгімелерден және негізсіз ойлардан аулақ ұстай отырып, ішкі жан-дүниесін таза күйге келтіру, ойын жетілдіру, нәпсісін тазарту, төзімділік пен ерік-жігерін күшейту, мінез-құлқын көркем ете отырып тәрбиелеу. Итиқад, амал, ғибадат және ахлақ үкімдері осы маслахат пен мүдделерді жүзеге асыру үшін қойылған. Шынайы иман келтірген адам Аллаһтан қорқады, ешкімге жамандық жасамайды, керісінше әркімге жақсылық жасап, әділеттілік пен құқыққа құрмет көрсетеді, өз көңіл қалауларына ұнаған нәрселерін басқаларына да қалайды, өзі үшін жаман болған нәрселерді, басқалар үшін де жаман көреді. Аллаһқа тәуекел етіп сенім артады, сабыр етуші адам болады. Мысалы: Жамағатпен оқылған намаздар, жұма намазы мен айт намаздарында мұсылмандар арасындағы ниеттестік, таныстық, бауырластық және ынтымақтастық сақталады. Қажылық ғибадатының саяси және экономикалық тұрғыдан көптеген пайдалары бар. Ораза болса, нәпсі қалауларын тәрбиелеумен адамды нәпсісіне иелік етуге, ерік-жігерін күшейтуге үйретеді. Зекет пен садақа болса, кедейлер мен байлардың арасында достық пен сүйіспеншіліктің пайда болуына себеп болады. Қоғамда материалдық тұрғыдан бейбіт және сенімді өмірдің орнауын жүзеге асырады.
Дүниелік маслахаттар болса, дүние істерінің бір жүйемен және тәртіппен жүруін жүзеге асырған, зиянды нәрселердің ортаға шығуына кедергі болатын, қоғамдық өмірдің молшылық пен бақытты өмір сүруіне себеп болатын нәрселер. Бұлар: зарурият, хажиият, тахсиният деп үш түрге бөлінеді.
Зарури маслахаттармен (зарурият) адамдардың өмірі кепілдікке алынады, қоғамдық тұрақтылық пен молшылықта өмір сүреді. Бұл маслахаттар болмаса, өмір сүру жүйесінің негізі бұзылады. Адамдар арасында тыныштық кетіп, бүлікшілік бас көтереді, адамдардың арасында жүйесіздік пен әділетсіздік орнайды. Сол себепті де бұл маслахаттар Аллаһтың құзырында негізгі маслахаттар болып танылады. Қоғамның жүйесі мен тәртібін сақтайтын бұл маслахаттарға қажет еткеніндей бағыну зәрулік болып табылады. Бұл маслахаттарды қорғамағандар азапқа ұшырайды.
Зарури маслахаттар діннің, ақылдың, ұрпақтың, мал мен жанның қорғалуынан тұрады. Бұларға бес зәрулік (зарурат- хамса) деп айтылады. Аллаһ шариғи үкімдерді қойған кезде зарури маслахаттарды көздеген және бұлардың қорғалуы үшін қажетті үкімдерді жіберген.
а) Діннің қорғалуы: Діннің негізі - иман. Ал, иманның негіздері - Аллаһқа, пайғамбарларға, кітаптарға, періштелерге, ахирет күніне, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сенуден тұрады. Осымен қатар Исламның құлшылық негіздері ретінде танылған намаз, зекет, қажылық ораза да парыз етілген. Иман мен құлшылық негіздерінің орындалуы арқылы дін аяққа тұрады, қоғам өмірі жүйелі және тыныш болады.
Мұсылмандарға діннің қорғалуы үшін Исламды толықтай жеткізу міндеті жүктелген. Дінді үйрену және үйрету бұдан да маңызды. Бұл үшін ең аз дегенде әрбір мұсылманның діни білімдерді үйренуі парыз болған. Діннің қорғалуы үшін халықты сенім тұрғысынан адасушылыққа алып баратын бидғат ұғымын енгізген, Ислам негіздеріне қарам-қарсы әрекет еткен адамдар үшін керекті жаза үкімдері тағайындалған.
ә) Ұрпақтың қорғалуы: Адамзаттың ұрпағының жалғасуы үшін отбасы құрылған. Ұрпақтардың қорғалуы отбасының беріктігімен мүмкін болады. Некелесумен отбасын құрған ата-ана тәрбие бермесе ұрпақ, өмірді дұрыс түсінбейді, қоғамдық берекені жояды. Өйткені, жанұя қоғамның негізі. Сол себепті де Ислам некеге, ұрпақ өсіруге, бала тәрбиесіне, жанұялардың қорғалуына көп маңыз берген. Ұрпақтар бір-бірімен шатастырылмауы үшін зина харам етіліп, зинамен жала жабуға тиым салынған, зәру болмайынша баланы түсіру немесе алдыртып тастау, жүктіліктің алдын алу шаралары лайық деп табылмаған. Абырой, ар-намыс және ұрпақтың қорғалуы үшін зинақорлыққа тиым салынған.
б) Жанның қорғалуы: Өзін қорғау үшін ішіп-жеу, киіну, үйлі-жайлы болу және осы сияқты әдеттер шариғатта заңды нәрселер. Өзін-өзі өлтіру немесе біреуді өлтіруге тиым салынған. Адам өлтіргендерге, жарақаттағандарға, басқыншылық жасағандарға кек алу (қысас) жазасы қолданылу арқылы өзін қорғау жағы сақталған.
в) Ақылдың қорғалуы: Аллаһ Тағала адамға берілген ақыл арқылы оны өзіне әңгімелесуші деп қабыл еткен. Ақылдың қорғалуы үшін мас қылатын нәрселерді харам еткен. Ал оларды ішкендер үшін де жазалау үкімдерін қойған.
г) Дүниенің қорғалуы: Әрбір адамның мал-мүлкінің болуы, сауда-саттықпен айналысуы мубах етілген. Дүниенің сақталуы үшін ұрлық, күштеп тартып алу, басқасының малына зиян беру сияқты нәрселер харам етілген. Малды қорғау үшін де зияндық көрген малдың құнын төлеттіру үкімі берілген, ұры мен күш көрсетушіге тиісті үкімдер шығарылған. Сонымен бірге малдарын қорғай алмайтын жынды, сәби, жетімдер сияқты адамдарды қамқорлыққа алу жағы басшылыққа алынуы қарастырылған.
Хажият (мұқтаждық) заруррият (зәрулік) дәрежесінде болмауы тиіс. Сол себепті бұл маслахаттар болмаса да адамдар өмір сүре алады. Бірақ, бұл маслахаттар жоқ болса, адамдар дүниелік істерде таршылық пен қиындықтарға тап болады. Сол себепті де хажият адамдардан қиыншылық, машақат, қиындық пен таршылықтарды болдырмау жағын қарастыруды мақсат етеді. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін де рұқсаттар мен жеңілдіктер жағы қарастырылған. Мысалы: Ауырған адам немесе жолаушылардың ораза ұстамауына рұқсат етілген, ауырған кісінің ишарамен намаз оқуына рұқсат етілген. Осылармен адамдардың қиыншылықтарын кетіру жағы мақсат етілген. Ажырасу мәселесінде сотқа жүгіну арқылы шешуге шариғат рұқсат еткен. Жазалау мәселесінде күмәнді жағдайларға байланысты хад жазасына тартылмауы негізге алынып, кісі өлтірушінің жазасының жеңіл болуы үшін абайсызда адам өлтірген кезде құн төлеумен міндеттеледі.
Тахсини маслахаттар - іс-әрекет пен дағдыларда таңдалынған ең жақсы және лайық болған маслахаттар жатады. Бұлар мүмкін емес болса, өмір сүру ережесі бұзылмайды, адамдар қиыншылық пен жоқшылыққа түспейді. Бірақ мақсат етілген өмір сүру ережесі құрылмаған болады. Мешіттерге баратын кезде жақсы киімдерін кию, ысырап етуден алыс болу, қарым-қатынас ережелерінен хабардар болу, тамақтанған кезінде оң қолымен жеу, тамақ ішіп отырған кезінде басқаларының мазасын алмау, нәпіл ғибадаттарын орындау сияқты мәселелер тахсини маслахаттарға мысал бола алады.
Зарури хажият жән тахсини маслахаттардың әр қайсысын ең жақсы тәсілде жүзеге асыратын және толықтыратындары бар. Зарури маслахаттардың толықтыратындарына мысалдар: парыз намызын толықтыратын азан мен жамағат үкімі қойылған. Қысаста кінәлі мен әділетсіздік көрушінің арасында толықтай тең құқықта болулары шарт. Отбасының баянды болуы үшін ер мен әйелдің арасында теңдік шарты қойылған. Зинаға алып баратын себептер харам етілген. Сауда-саттық істері мубах етілген. Бар болмаған немесе бар екендігі белгісіз бір малдың сауда-саттығы сияқты сауда түрлеріне рұқсат етілмеген.
Хажи маслахаттарды толықтыратындарға мысалдар: Сатып алуда немесе сатуда саудаласуға (мухайярлық) екі жақтың бір-бірін алдамауының алдын алу үшін рұқсат еткен. Куәлік, кепілдік сияқты кейбір әрекеттер сауда-саттық істерінің толықтыру үшін бекітілген. Қателікпен адам өлтірген кісіге құнын өтеу жазасы берілгенде оған бір қиыншылық тудырмауы үшін құнның бөліп-бөліп өтелуі лайық деп танылған.
Таңдаулы маслахаттардың толықтыратындарына мына мысалдарды бере аламыз: Жұмсаған кезде адал дүниесінен және орта дәрежелі болғандардан жұмсау.
Ислам құқықшыларының жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде қандай жерлерде маслахатқа бағыну керектігін көрсету мақсатында кейбір жалпы қағидаларды анықтаған. Айтылып жатқан қағидалар шариғаттың мақсаттарының және маслахаттарының нәтижесі. Бұлардың кейбіреулеріне мыналар жатады:
1. Бір істің мақсаты қандай болса, үкім соған қарай беріледі
2. Келсіссөздерде мән мақсат пен мағынаға байланысты; сөздер мен құрылымдарына қарай емес.
3. Айқын (нақтылықты білдірген нәрсе) күмәнмен жойылмайды.
4. Бір нәрсенің бар болуымен қалуы негізгі нәрсе.
5. Ежелгі нәрсе сол күйінде қалады.
6. Зиян мәңгі болмайды.
7. Кінә анықталғанға дейін адамдар кінәсіз деп саналады (бәраат-и зиммәт негізгі)
8. Жаңа оқиғаның қазіргі заманға ең жақын уақытпен біріктіріп қарастырылуы негізгі нәрсе
9. Сөздің негізі оның хақиқи мағынасы
10. Нақтылықта дәлелге қажеттілік жоқ.
11. Насс болған жерде, ижтиһад керек емес
12. Қиясқа қайшы болып, тұрақты болған нәрсеге қияс жасалынбайды.
13. Бірінші ижтихадтың үкімін екінші ижтихад жоймайды.
14. Әрбір қиыншылықтың жеңілдігі бар.
15. Әрбір қысылтаяң сәттің, шығар жолы бар.
16. Зияндық жоқ болады
17. Қажеттіліктер зиянды нәрселерді мубах қылады
18. Қажеттіліктер өз мөлшерінде бағаланады.
19. Бір үзір үшін рұқсат етілген нәрсе, ол үзірдің аяқталуымен үкімін жояды.
20. Көпшіліктің залалын жою үшін жеке адамның зияны қабыл етіледі.
21. Аса зиянды нәрсені, жеңіл зиян арқылы жоюға болады.
22. Екі жамандықтан дұрысырағы (жамандылығы аз болғаны) таңдалады.
23. Жамандықты қайтару, жақсылықты алудан жақсы.
24. Зиян мүмкіндігі шамасында жойылады.
25. Шарасыздық басқаның ақысын жеуге жол ашпайды.
26. Алуға тыйым салынған нәрсенің берілуіне де тиым салынады.
27 Істелінуіне тиым салынған нәрсені қажет етуге де тиым салынады.
28. Әдет-ғұрып үкім қоя алады.
29. Әдетте тыйым салынған нәрсе ақиқатында тыйым салынған.
30.Уақыттың өзгеруімен үкімнің өзгеруі жоққа шығарылмайды.
31. Әдет-ғұрыппен белгілі болған нәрсе шарт етілген сияқты.
32. Сауда жасауды білушілер арасында белгілі болған нәрсе олардың арасында шарт жасасқан секілді.
33. Әдет-ғұрыппен белгіленген нәрсе насспен бекітілген сияқты.
34. Тәуелді болған нәрсеге ерекше үкім берілмейді.
35. Бір нәрсеге иелік еткен адам, оның қажеттілігінен болған нәрсеге де иелік етеді.
36. Негізгі үкім жойылғанда, қосымша үкім де жойылады.
37. Кеткен қайтып оралмайды.
38. Негіздің орнына қойылуы қабыл болмаған жағдайда құны жүзеге асырылады.
39. Басшының халықты билеуі мәслихатқа байланысты және соған сүйенеді.
40. Арнайы қамқоршы, жалпы қамқоршыдан абзал.
41. Хақиқи мағына белгісіз болғанда астарлы мағынаға қаралады
42. Бөліктерге бөлінбеген нәрсенің бір бөлігін айту толықтай айтқанмен бірдей.
43. Болған нәрсені анықтау емес, болмаған нәрсені анықтау қажет.
44. Сұрақ, жауабта қайтарылған болып саналады.
45. Сөйлемегенге ешнәрсе байланыстырылмайды.
46. Жазумен баяндау, сөзбен айтылғандай.
47. Мылқаудың ымы, тілмен түсіндіргендей болады.
48. Аудармашының сөзі барлық жағдайда қабыл етіледі.
49. Дәлелден пайда болған ықтимал дәлелді қажет етпейді.
50. Қиялдан туындаған нәрсеге мән берілмейді.
51. Дәлел мен нақтыланған нәрсе дәл нақтылық сияқты.
52. Дәлел келтіремін деген адам үшін антты қабыл етпегенмен бірдей.
53. Адам қабыл еткенімен үнсіз қалады.
54. Қайшылық болған жерде дәлел қалмайды.
55. Негіз нақты болмаса да тармақ нақты болған жағдайлар бар.
56. Шарт тұрақты болған кезде оған байланысты болған нәрсенің де тұрақты болуы тиіс.
57. Мүмкіндік жүзеге асқанда шартқа бағыну қажет болады.
58. Зиянға ұшырау пайда сәйкестігінде.
59. Қиындық жақсылыққа, жақсылық та қиындыққа қарай.
60. Бір істің үкімі орындаушыға қатысты және мәжбүрлеуші болмаған жағдайда басшысына байланыстылылмайды.
61. Бір істі өзі істеген, мұны әдейі жасамаса да орнын толтыруды керек етеді.
62. Бір іске себеп болған адам әдейілеп оны жасамайынша өзіне төлеу қажет етпейді.
63. Хайуанның өздігінен жасаған бұзықтығы мен зияны босқа кетеді.
64. Басқаның мүлкін қолдана отырып әмір ету дұрыс емес.
65. Шариғат рұқсат етпеген жағдайда басқаның малын алуға рұқсат етілмейді.
66. Әділдікті құрметтеу және оны сақтау уәжіб болып саналады.
67. Әркім өз дүние-мүлкін қалағанынша пайдалана алады.
68. Анық болған сөздердің тәуил (жорамал жасау) мен тәпсірге мұқтаждығы жоқ.
69. Көпшілікті басқару маслихатқа мұқтаж.
Қағидаларды толық және түсіндірмелерін іздеу үшін «Қауаидул-Куллиа» немесе «Қауаидуш-Шариа» сияқты кітаптарға қарау қажет.
Тақырыбы: Амалдың үкімдері
Мақсаты: Амал үкімдерінің бөлінуі және басты ғибадаттардың түсіндірмесі
Исламның қайнар көзі «Құран Кәрім» мен «Сүннетте» берілген үкімдер үшке бөлінеді:
1. Сенімге қатысты үкімдер: Иман негіздері ретінде көрінген сенім үкімдерін қамтиды
2. Мінез-құлыққа қатысты үкімдер: Көпшілік ортасында адамдардың қарым-қатынастарының ең жақсы түрде болуына бағытталған үкімдер
3. Амалға қатысты болған үкімдер: Бұл үкімдер ғибадат үкімдері мен амал (муамалат) үкімдері болып екіге бөлінеді. Бұл жерде, алдымен, амалға қатысты болған үкімдерді қысқаша түсіндіріп, одан кейін ғибадат үкімдеріне тоқталамыз. Бұл жерде айтылатын үкімдер негізінен ханафи мәзхабының таңдаулы деп қабыл еткен көзқарастары бағытында дайындалған. Мақсат тек үкімдердің жүзеге асыруда қалай байқалатындығын үлгі ретінде көрсету. Сондықтан басқа көзқарастар мен үкімдерге тоқталмаймыз.
Муамалат (амал) үкімдері: «Амала» етістігінің түбірі «муамала» болып, «муамалат» сөзі көпше түрінде келеді. Ғибадат үкімдерінен тыс қалған және адамдардың бір-бірімен немесе жеке адамның көпшілік арасында немесе көпшіліктің өзара құқықтық, әкімшілік, экономикалық және адамгершілік қатынастарын жүйелеген үкімдер муамалат үкімдері деп аталады. Муамалат үкімдері мынадай тармақтарға бөлінеді;
1. Жанұя құқығы (әл-ахуалуш-шахсиа). Бұл үкімдер неке, үйлену, ажырасу, иддет (күту), нәпақа (табыс, күнкөріс), мәһир, тегі, емізу, жетімдер, мирас сияқты тақырыптарда. Бұл тақырыпқа қатысты Құранда жетпіске жуық аят бар. Ислам құқығында жанұяға қатысты үкімдер басқа тақырыптардан тіптен бөлек. Тегі туралы үкімдерге жатқызуға болады.
2. Азаматтық үкімдер: сауда-саттық, жалдау, кепілдік, серіктестік, қарыз алу, қарызды қайтару сияқты жеке адамдар арасындағы материалдық қарым-қатынастарды жүйеге келтіретін және құқы болған адамның құқығын қорғайтын үкімдер жатады. Бұл мәселе Құранда жетпіс аятта айтылған.
3. Жаза үкімдері (укубат): Мукалләфтің жасаған кінәлар және осыған лайықты жазалар осы топқа кіреді. Мақсат, жан, мал, намыс, ақыл және адамдардың ақыларын қорғау, кінәлі мен алданған адам және көпшілік арасындағы қатынастарды жүйелеу мен қауіпсіздікті сақтау. Бұл тақырыпта отызға жуық аят бар. Ұрлық жасау, жол тору, ішкілік ішу сияқты күнәлар үшін аят пен хадисте белгілеген жазаға хад жазасы деп айтылады. Мемлекеттің қоғамға пайдалы және барлық жүйесінің қорғалуы үшін қойған ескертулері мен дүре, жер аудару және түрме сияқты жазалары тазир деп аталады. Құрандағы айқын жазалар мына төрт негіз үстінде құрылған: жан, мал, нәсіл және ақылды қорғау; алданған адамның ашуын тоқтату,; алданған адам немесе жанұясына бір құн төлету, жазаны кінәлі болған адамға беру (М.Әбу Зеһра. Ислам хукук методоложиси. 87б).
4. Усул құқығы: Ұйғарым (сот ұйғарымы), арыз, сипаттамалар, куәлік ету сияқты тақырыптарды қамтиды. Бұлар адамдар арасында әділеттілікті орындау үшін қажеттілікті жүзеге асыру мақсат етіледі. Бұларға байланысты жиырмаға жуық аят бар.
5. Басшылық пен оның қоластындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар (әл-ахкамус-султаниа): Мемлекет заңын және бұл жүйенің іске асыру жолын көрсететін, басшылық пен басшылыққа алынғандар арасындағы қатынастарды жүйелейтін үкімдер. Бұлар, адалат (әділеттілік), шура (кеңес), маслахат, жәрдемдесу және қорғау сияқты негіздерге сүйенеді. Әділет бір мемлекет басқаруының ең басты принципі. Құран әділетті бұйырады: “Негізінен Аллаһ (Т.) сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасында билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді”(Ниса-58); “Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады”(Нәһл-90).
Кеңес принципінің де мемлекет басқаруда ең әділ басқаруды анықтауда септігі тиеді. Ең көркем аяттар да мыналар: “…сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер”(Шура-38); “Сонда қашан қарар берсең, Аллаһқа тәукел ет”(Әл-Имран-159).
6. Мемлекет құқығы: Бұл құқық тармағы Ислам мемлекетінің бейбітшілік пен соғыс кездерінде басқа мемлекеттермен болған қатынастарын, мұсылман мен мұсылман болмаған отандастарының құқықтарын реттейді. Бұл тақырыпқа байланысты жиырма бес аят бар. Экономика және қаржы құқығына тиісті болған он аят бар. Бұл аяттар Ислам мемлекетінің табыс көздері мен жұмсау орындарын көрсетеді.
Енді ғибадат үкімдерін талдауға өтсек болады.
Намаз, ораза, хажылық, зекет, уәде сияқты ғибадаттардың орындалуына қатысты үкімдердің бір бөлігі Құранмен, көп бөлігі де Хз. Пайғабарымыз (с.а.у.) тарапынан түсіндірілген. Намаз үшін керек болған дәрет, жалпы тазалық үкімдеріне жатады. Тақырыпты ең алдымен осыдан бастағанымыз жөн.
Тазалық - адам өмірінің бір бөлігі әрі өзіндік түрде ғибадатқа дайындық сатысы. Бұл үшін жасалған тазалық үш түрлі: Дәрет, ғұсыл және таяммум. Бұл үш тазалықтың парыз екендігіне байланысты мына аят дәлел бола алады: «Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. (сипаңдар.) Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар. Егер де жүніп болсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазалаңындар. (Шомылыңдар) Егер науқас не сапар да босаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге таяммумм соғыңдар; онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Өйткені, Аллаһ, сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ, сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды»(Мәида-6). Тазалық туралы негізгі үкімдерді көрсеткен бұл аят хижри 5-жылы Мәдинада түскен.
Дәрет кейбір ғибадаттардың орындалуы үшін жасалған әрі өзі де ғибадатқа жататын тазаланудың түріне жатады. Белгілі дене мүшелерін негізіне қарай жуудан, не мәсх (сипау) етуден тұрады. Дененің ең көп кірленетін ағзаларының белгілі аралықтармен жуылуын талап ететін маңызды бір ғибадат. Намаз оқу үшін, кейбір ғибадаттар үшін дәрет алу парызға жатады. Дәреті болмаған адам намаз оқи алмайды, Қағбаны тауаф жасай алмайды. Мәида сүресіндегі 6 аятта дәрет үшін мына төрт парыз айқындалған: Жүзді жуу; қолдарын шынтақтарына дейін жуу; басқа масих ету, аяқтарды жуу. Бұл мүшелердің бір-бірлеп жуылуы парызға жатады.
Бұл түрде алынған бір дәрет толық болады. Алайда Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алған кезінде парыздарға кейбір қосымшалар қосқан. Бұлар дәреттің сүннеттері деп айтылады және олар мыналар: Дәрет алуға ниет ету, бастар кезде бисмилләһ айту, қолдарды білектерімен бірге үш мәрте жуу, ауыз бен мұрынға су алып жақсылап ауыз бен мұрын тазалығын жасау, мисуак қолдану немесе тістерді тіс щеткасымен тазалау, сақалдың арасына судың толықтай баруына мән беру, қол саусақтарын бір-бірімен үйкелеу, басқа толықтай сулы қолмен толықтай масих ету, мойны мен құлақтарына масих жасау, дәрет мүшелерін жуып жатқан кезінде бұларды рет-ретімен орындау, дәретте оң жақ мүшелерден бастап жуу, бұл мүшелерді үш қайтара жуу және сумен жақсылап тазалау және әрбір әрекеттің арасын үзбеу.
Дәреттің сүннеттеріне қосылған тағы да бір дәретті қыбылаға қарап отырып алу, суды ысырап етпеу, ағзаларды жақсылап ысқылау, дәрет алып жатқан кезде сөйлемеу сияқты әдебі бар. Бұларды орындау мүмкіндігі болса жақсы болады. Дәретті бұзатын нәрселерге кіші үкімді ластық, ғұсылды қажет ететін нәрселерге де үлкен үкімді ластық деп айтылады.
Ғұсыл дененің толықтай таза сумен жуу арқылы жасалынатын тазалықтың түрі. Фикхта дәретті кіші тазалық, ал ғұсылды үлкен тазалық деп атайды. Жоғарыда айтып кеткен аятымызда «Егер де жүніп болсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазалаңындар (шомылыңдар)» деп бұйырумен ғұсылдың қажет екендігі айтылған. Бақара сүресінің 222 аятында етеккірдің әйелдер үшін орынды себеп жағдайы болғандығын білдіре отырып, ғұсыл алып тазаланғанға дейін олармен жақындық жасауға тиым салынған. Жүніптік - әйелдердің хайыз бен нифас қандарының тоқтағаннан кейін ғұсыл алуы керек екендігі және ғұсылдың қалай алынуы керектігін Хз. Пайғамбар сөзімен және қолдана отырып көрсеткен. Осыған қарай жүніп, хайыз және нифас жағдайлары ғұсылды қажет ететін негізгі себепке жатады.
Мәида сүресінің 6-аятында көрсеткеніндей, ғұсыл дененің құрғақ жер қалмайтындай етіп толықтай жуылуынан тұрады. Ғұсылдың үш парызы бар: ауызды сумен шаю, мұрнына су тарту және денесін толықтай жуу. Ғұсыл міндетті түрде су атауына жататын теңіз, бұлақ, құдық суы, өзен, және жаңбыр суларымен алынады. Шаш, сақал-мұрт және қастардың арасы жуылып, түбіне дейін судың тиюі керек. Әйелдердің шаштары өрулі болса, тек қана шаштың түптерін жуу жеткілікті, өрулі болмаса, шашты толықтай жууы тиіс. Денеде жара болатын болса, таңған нәрсенің үстінен масих етіледі.
Ғұсылдың сүннеттеріне мыналар жатады: «бисмилләһ» деп айту және ниет етіп бастау, алдымен қолдарын, сосын әурет жерін жуу, дененің қандай да бір жері былғаныш не лас болса, оны кетіру, кейін намазға алған дәрет сияқты дәрет алу, бірақ су жиналатын жер болса аяқтардың жуылуын соңына қалдыру, дәрет алып болған соң, алдымен, үш рет басына, кейін оң, сосын сол иығына су құю, кейін басқа денелерін жуу, әр жуғанында денесін жақсылап ысқылау, әр ағзаны үш қайтара жуу, суды ысырап етпеу, әурет жерлерін жауып жуу. Бұлақ басында, бассейн, монша сияқты ашық жерлерде жуынған кезінде әурет жерлерін жабу, бұдан басқа мұндай жерлерде тазалық ережелеріне ең көп мөлшерде мән беру қажет.
Таяммум Фикх әдебиеттерінде үлкен және кіші ластықты кетіру мақсатында таза және құрғақ топырақ немесе топырақ жынысына жататын (тас, құм, қиыршық тас, кірпіш, керамика т.б.) бір затқа қолдарды сүйкеп, шаң-тозаң арқылы жүз бен екі қолды масих етуден тұратын тазалықтың түрі. Дәрет пен ғұсыл негізінен сумен алынатын әрі денені тазалау ерекшелігі бар үкім болса, таяммум да ерекше жағдайларда дәрет пен ғұсыл орнына жасалынатын амал. Бұл мүмкіндік әрі ғибадаттардың орындалуына берілген үлкен маңыздылықтың әрі жеңілдік ережелердің соңғысы. Түсінікті болу үшін таяммум алу үшін мына екі себептің болуы қажет. Дәрет алатын немесе ғұсылға жетерліктей судың табылмауы; суды қолдануға қиындық тудыратын себептің болуы.
Тазалыққа байланысты айтқан Мәида сүресінің 6-аятында таяммумға аса мән берілген және қалай алынатындығы түсіндірілген Хз. Пайғамбар да бұл үкімді іс жүзінде көрсетіп түсіндірген. Мәзхабтар арасында таяммум жайында маңызды бір айырмашылық жоқ.
Таяммумның үш парызы бар: Ниет ету, жүзді масих ету, қолдарды шынтақтарымен қоса масих ету. Сүннеті мен әдебі де мыналар: Бисмилләһпен бастау, рет-ретімен орындау (алдымен жүзін кейін қолдарына масих ету), бұларды орындап жатқанда арасын үзбеу, қолдарды топыраққа ұрған кезінде ілгері-кейін жылжытып топырақтың саусақтардың арасына кіруіне мән беру, қолдарын топырақтан алғанында саусақтардағы тозаң мен топырақтарды қағу.
Намаз сөзінің Құрандағы баламасы салат. Салат арабшада «дұға ету, мадақтау, тағзым ету» деген мағыналарды білдіреді. Намаз - Ислам дінінің ең маңызды ғибадаты болып саналады. Намаз- алғаш парыз болған ғибадат. Құранда ең көп сөз етілген ғибадат, бұл да намаз. Хз. Пайғамбар да хадистерінде бұл жайында көп тоқталған, қиямет күнінде, ең алдымен, сұралатын ғибадаттың да намаз болатындығын білдірген(Тирмизи, Салат,188). Исламда Кәлима-ишәһәдәттан кейінгі ең маңызды тірегі болған намаз күніне бес уақыттан тұратын әйел және ер мұсылман үшін бір парыз.
Ханафи мәзхабын ұстанатындардан басқалары намазды парыз және нәпіл деп екі түрге бөлген. Шариғат үкімдерін түсіндіргенімізде айтқанымыздай, ханафилерде амалдық үкімдер парыз, уәжіб және нәпіл болып бөлінеді. Сол себепті намаздар да парыз, уәжіб және нәпіл болып үшке бөлінеді. Бұдан басқа бір бөлікте мынадай: Аллаһтың парыз еткен намаздары; уәжіп намаздар; Хз. Пайғамбардың сүннетімен бекітілген намаздар; нәпіл намаздар.
Парыз намаздар «парыз айн» және «парыз кифая» болып екіге бөлінеді. Балиғатқа толған, ақыл-есі бүтін әр бір мұсылманға парыз болып, әрбір адамның жеке өзі орындаумен жауапкер болады. Парыз айн намазға бес уақыт намаз бен жұма намаз жатады. Бес уақыт намаздар таң намазы 2 ракағат, бесін намазы 4 ракағат, аср намазы 4 ракағат, ақшам намазы 3 ракағат және құптан намазы 4 ракағат болып, бас-аяғы 17 (он жеті) ракағаттан тұрады. Жұма намазы жұма күні бесін намазының уақытында жамағатпен оқылған және 2 ракағат парыздан тұрады. Жаназа намазы болса, фарзы кифаяға жатады.
Уәжіб намаздар: құптан намазынан кейін оқылған үш ракағаттық намаз бен рамазан және құрбан айт мейрам намаздары жатады. Нәзір намазы, сәһу сәждесі және ифсад етілген нәпіл намаздың қазасы да уәжіпке жатады. Парыз намаздарынан бұрын және кейін ретімен оқылатын сүннет намаздары бар.
Нәпіл намаздар: бұл әртүрлі себептермен және Аллаһқа жақындау үшін оқылады. Бұлардың кейбіреулері мыналар: Тахажжуд намазы, духа намазы, истихара намазы, жаңбыр дұғасы, хусуф намазы, кусуф намазы, тахиатул-мәсжид, тәубе намазы, тәсбих намазы, ихрамға кіру намазы, сапарға шығар алдындағы және сапардан келгеннен кейінгі оқылатын намаз, қажет намазы, дәрет және ғұсылдан кейінгі оқылған намаздар.
Намаздың он екі парызы бар: Бұлардан қандайда бірі кем болса, намаз дұрыс болмайды. Намаздан бұрын және әзірлік үшін маңызды болған алты шарт намаздың шарттары (шурутус-салат) деп аталады. Бұлар намаздың сыртындағы алты парызға жатады. Ішіндегі парыздар болса, намаздың маңызды бөліктері болғандықтан бұлар намаздың негіздері (рукун, арканус-салат) деп айтылады. Бұлар намаздың бөлшектері.
Намаздың шарттарына мыналар жатады: Дәреті болу, бой дәреті болу, әурет жері жабық болу, қыбылаға қарау, уақыт және ниет.
Намаз ішіндегі парыздар мыналар: ашу (ифтитах) тәкбірі, қиям, қирағат, рукуғ, сәжде, соңғы отырыс.
Намаздың уәжіптерінің біреуі жасалмаса, намаз бұзылмайды. Бірақ ұмытып кеткен болса, сәһу сәждесі жасалуы, егер әдейі қалдырған болса намаздың қайтадан оқылуы керек. Ханафилердегі уәжіп сөзінің мағынасы, басқа мәзхабтарда болмағандықтан бұл жерде ханафилердің терминологиясына қарай білдірілген уәжіптердің бір бөлігі басқа мәзхабтарда парыз деп есептелсе, бір бөлігі сүннет деп саналады. Парыздың біреуін тәрк ететін болса, намаз фасид (бұзылады) болады. Намаздың уәжіптерінің біреуі біле тұра тәрк етілетін болса, намазды қайтадан оқу керек. Ал, білместен (ұмытып) тәрк етілген кезде, сәһу сәждесін жасау керек. Сәһу сәждесі жасалмай қалса, намаз орындалған болады.
Намаздың уәжіптері мыналар: «Аллаһу әкбар» сөзімен бастау; нәпіл мен уәжіп намазардарының әр ракағатында, парыз намаздарының алғашқы екі ракағатында «Фатиха» сүресін оқу; парыз намаздарының алғашқы екі ракағаттарында «Фатиха» сүресінен кейін бір сүре (зам сүре) немесе бір мөлшерде Құран оқу; жалғыз өзі намаз оқып жатқанында Құранды ішінен оқу (қирағат-и хафи); жамағатпен оқылған намазда имамның таң намазын, ақшам және құптан намаздарының алғашқы екі ракағатында; жұма мен айт намаздарында және жамағатпен оқылған тарауих намаздарында дауыс шығарып оқуы; сәждеде маңдайымен бірге мұрнын жерге тигізу; үш не төрт ракатты намаздардың екінші ракағаттың соңында отыру (қағда-и мутахара); намаздардың алғашқы және соңғы отырысында әт-тахиатты оқу; намаздың соңында бірінші оң, сосын сол жағына сәлем беру; парыздарды кешіктірмей орындау; уитр намазында қунут дұғасын оқу; рамазан және құрбан айт намаздарының әрбір екі ракағатында қосылған үш тәкбірді жасау; сәһу сәждесін жасауды қажет еткен жағдайда сәһу сәждесін жасау; намаздың шарттарын асықпай, рет-ретімен орындау; намазда сәжде аяты оқылған болса тиләуәт сәждесін жасау.
Намаздардың сүннеттеріндегі мақсат - намаздың белгілі бір тәртіппен, ұқыптылықпен орындалуын және орындалған іс-әрекеттердің әдемі түрде жасалуын қамтамасыз ету. Бұл сүннеттердің бастылары мыналар: ифтитах (ашу) тәкбирі кезінде қолдарын жоғары көтеру; ифтитах такбирін жасағанда алақанын ашып, құбыла бетке қарату; еркектердің қолдарын құлақ тұсына дейін, ал әйелдердің көкірек тұсына дейін көтерулері; ифтитах такбирінен соң қол байлау; еркектердің қолдарын кіндік астына, ал әйелдердің көкірек үстіне байлауы; оң қолды сол қолдың үстіне қою; қиямда (тік) тұрған кезде аяқтарының арасын ең азы төрт елідей ашық ұстауы; намазды сана дұғасын оқумен бастау; фатиха сүресінен бұрын «ағузу-бисмиллә» айту; фатиханы оқып болған соң «амин» деу; таң және бесін намаздарында фатихадан соң ұзын сүрелерді оқу; рукуғқа барарда «Аллаһу әкбар» деп айту; рукуғта үш рет «сүбханә раббиял азим» деп айту; рукуғтан тұрарда «сәмиаллаһу лиман хамидаһ» деу; тік тұрған соң «раббанә ләкәл хамд» деп айту; сәждеге барарда жерге бірінші тізені, сосын қолдарын, содан кейін мұрны мен маңдайын қою; сәждеден тұрарда бұл тәртіптің терісін жасауы; сәждеге барарда, сәждеден тұрарда «аллаһу әкбар» деу; екі сәжде арасында «сүбханаллаһ» дейтіндей уақыт отыру; екі сәждеде де үш рет «сүбханә раббиял ала” деп айту; “аттахиятты” іштей оқу; соңғы отырыста аттахияттан соң салауат оқу; салауаттан соң дұға жасау; сәлем бергенде басты алдымен оң жаққа сосын сол жаққа бұру және “әссәләму алайкум уа рахматуллаһ” деп айту;
Намазға қатысты басқа да үкімдер мен намаздың түрлері жайында Фикх кітаптарында толық мәліметтер бар. Кейбір мәселелер де мыналар: жамағатпен намаз оқу, намазды бұзатын жағдайлар, сәһу сәждесі, намаздың қазасы, азан мен қамат, жұма мен айт намаздары, ауру мен жолаушының намазы, жаназа намазы. Жоғарыдағы білдірген ұқсас намаз Ислам дінінде ең маңызды ғибадат деп саналады. Сол себепті де кітаптарда ең көп жерін намаз алуда.
Тақырыбы: Амалдық үкімдер
Мақсаты: Ораза, зекет және қажылық ғибадаттарының түсіндірмесі.
Әрбір құлшылықтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Исламдағы негізгі төрт ғибадат екіге бөлінеді. Намаз және ораза дене және күшпен орындалатын болғандығы үшін бұлар денемен орындалатын ғибадат деп аталады. Зекет пен қажылық болса, экономикалық жағдайға сүйенгендіктен бұлар малмен (дүниемен орындалатын) жасалатын ғибадат деп аталады. Басқаларына қарағанда ораза қиын құлшылық. Өйткені, тәннің және нәпсінің негізгі мұқтаждықтарынан ұзақтаумен және бас тартумен орындалады. Тек қана материалдық жағынан емес кейбір уақыттарда психологиялық тұрғыдан табандылықты қажет етеді. Осыған байланысты оразаның сауабы өте үлкен.
Араб тілінде саум және сиам сөзі ораза мағынасын береді. Қазақ тіліндегі қолданып жүрген ораза сөзі парсы тіліндегі руза сөзінен алынған. Саум сөзі болса: “бір нәрседен ұзақтау, бір нәрсеге өзіңді қарсы ұстау және кедергі жасау” деген мағынада қолданылады. Ислам құқығында ораза - “имсақ уақытынан, ифтар уақытына дейін бір мақсатта және түсіне отырып ішіп-жемеу, жыныстық қатынас жасамау” деген сөз. Имсақ уақыты таңның атқан (фажри-садиқ) уақыты болып, бұл уақыттан бастап құптан намазының уақыты шығып, таң намазының уақыты кірген болып саналады. Имсақтың уақыты екінші таңның атуымен басталады деген мәселеде Фикхшылар өзара бір көзқараста болғанымен, кейбір Фикхшылар мұндай жағдайда өте мұқиятты болу керек деп фажри-садықтың алғаш білінген уақытынан, ал кейбіреулері болса ораза ұстағандардың пайдасы үшін таң шапағының біраз көтеріле бастаған уақытынан бастау алады деген. Ифтар уақыты болса, ораза тыйымдарының аяқталуы мағынасын білдіріп, күннің батқан уақытына айтылады. Бұл уақытта ақшам намазының уақыты кірген болып есептеледі. Күндіз бен түннің ажыратылуы мүмкін болмаған өлкелерде ораза уақыты осыларға ең жақын болған өлкелерге қарай белгіленеді.
Ораза Хз Пайғамбардың хижратынан бір жарым жыл өткен соң Шағбан айының оныншы күні Мәдинада парыз болған. Оразаның парыз екендігін білдіретін аяттар да мыналар: “Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіңдер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. (Мұндай ораза ауыр келетін кәрі, ауру не екіқабат, омырауда баласы болған әйелдер оразаның орнына күніне бір фітір садақасын беруіне болады. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы”(Бақара 183-184). Хз.Пайғамбар да басқа ғибадаттармен бірге оразаның да Исламның негізгі ғибадаты болғандығын айтқан: “Ислам бес негізге құрылған: Аллаһтан басқа тәңірдің болмағандығына және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі болғандығына куәлік ету; намаз оқу, зекет беру, рамазан айында ораза ұстау және шамалары жеткендер үшін қажылық жасау” (Бұхари, Иман, 34, 40; Илим, 25; Муслим, Иман, 8).
Ораза парыз, уәжіб және нәпіл болып үшке бөлінеді. Рамазан оразасы парызға жатады. Сол себепті де рамазан айында қаза етілген күндерді де толықтыру үшін ұсталған ораза да парызға жатады. Уәжіб оразаға болса нәзір (сөз беру) оразасы жатады. Парыз бен уәжіб болған оразалардан басқасы нәпіл ораза деп саналады. Шәууал айында ұсталған алты күн ораза, ашура оразасы, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталатын оразалар және т.б. нәпілге жатады. Айт күндері мен хайыз болған кезде ораза ұстау харам.
Бір ғибадаттың ғибадат деп саналуы үшін міндетті болған ең басты бөлшектерін рукун деп атайды. Оразаның негізгі рукуні ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан ұзақ болудан тұрады. Кейбір мәзхабтар ниетті де рукунге жатқызған. Оразаның адамға парыз болуының себебі уақыт, яғни рамазан айының келуі. Олай болса, мукәлләф шарттарына лайық болған адамның рамазан айына жетуі және ораза әмірін іс-әрекетімен орындауы деген мағынаны береді. Рамазан айының кіруі рамазан айында айдың көрінуімен басталады. Қамари айлар жаңа айдың көрінуімен нақтыланады. Хз. Пайғамбар: “Айды (рамазан айын) көрісімен оразаны бастаңыздар, айды (шәууал айы) көрісімен мейрамдаңыздар. Аспан бұлтты болатын болса ораза айын отызға толықтырыңыз”- деп бұйырған.(Бұхари, Саум, 5, 11; Муслим, Сиам, 3-4, 7-10).
Бүгінге дейін рамазанның басталуы айды көрумен нақтыланатын. Ал, қазіргі таңда астрономия ілімі дамыған, ай мен күннің қозғалыстары асқан дәлдікпен нақтыланатын жағдайға жеткен. Енді астрономиялық есептеу арқылы бірнеше жыл алдан кейінгі келетін намаз уақыттары мен рамазан айын көрсететін күнтізбелерді де дайындау мүмкіндігі бар. Олай болса, рамазан айының басталуы мен аяқталуы астрономиялық есептерге сай жасалуы қажет. Дүниенің дөңгелек болуы және мұсылмандардың әртүрлі өлкеде тұруына байланысты рамазан айының басталуы мен аяқталуы тақырыбында жасалған келіспеушілік те шешімін табар.
Бір адамның ораза ғибадатымен жауапкер (мукәлләф) саналуы үшін қойылған шарттарға Фикхта оразаның қажетті (ужуб) шарттары деп аталады. Бұл шарттар: мұсылман болу, балиғат жасына толған болуы және ақыл-есі дұрыс болу. Бұдан басқа орындай алуы үшін де адамның ораза ұстай алатын әл-қуаты және тұрғылықты (муқим) болуы шарт. Жолаушы болғандар шарттарға қарай қаласа ораза ұстауларына болады. Жүкті болған әйелдердің де ораза ұстаған кезінде әлсірейтін болса, ораза ұстамауларына болады. Сондай-ақ ораза тұтуға әл-қуаты жетпейтін қарт кісілер, өте ауыр жұмыс істейтіндер мен ауру болғандар, хайыз бен нифас кезіндегі әйелдер де ораза ұстамайды. Мұндай жағдайларда ораза тұтпағандар оразасын қаза етіп, басқа күндері қазасын өтейді.
Ораза тұтқан бір адам оразасының дұрыс болуы үшін ниет етуі және ораза кезінде оразасын бұзатын нәрселерден өзін аулақ ұстауы керек. Оразаға жүрекпен ниет ету, яғни қандай ораза ұстайтындығын көңілімен іштей ниет ету жеткілікті. Бұл ниеттің тілмен айтылуы іштегі ниеттің қуатталуы үшін болғандықтан мұстахаб болған. Ниеттің ең абзалы - күн батқан кезден бастап, күн шығар уақытқа дейінгі жасалған ниет. Бірақ ұмытқан адам, түске дейін ниет ете алады. Бір адам жатардан алдын ертең ораза ұстауға ниет етсе, немесе сәресіге тұрса бұлар да ниет орнына жүреді.
Ораза ұстаушыға тиым салынған нәрселер, олар: оразаны бұзатын нәрселер, яғни ішіп-жеуден және жыныстық қатынастан тыйылу. Оразаның бұзылуына жол бермеумен қатар оразаның мағынасы мен мақсатына лайық болмайтын нәрселерден де қашу керек. Бұл тиымдарға мұқият болмаған адамның оразасы бұзылады. Оразаны бұзатын әрекеттер екіге бөлінеді: Біріншісі: қазасын және де кәфәратын өтеу керек болғандар; екіншісі: тек қазасын өтеу керек болоғандар. Бірінші бөлімге біле тұрып ішіп-жеу мен жыныстық қатынас жасау жатады. Тек жыныстық қатынастың оразаны бұзатындығы жайында көптеген хадистер болғандықтан бұл мәселеде барлық мәзхаб бір ауыздан келіскен (иттифақ еткен)(Бухари, Саум, 30; Муслим, Сиам, 81; Әбу Дәуд, саум, 37).
Тек қана қазасын өтеуді керек ететін нәрселерге мыналар жатады: піспеген күріш, піспеген нан, ұн, тұз жеу, жаңғақ, орман жаңғағы және бадамды қабығымен жұту сияқты адамдар тағам ретінде азық етпейтін нәрселерді жеу, ауызға кірген су және т.б. нәрселерді біле тұра жұту, әдейілеп ауызын толтырып құсу, талып қалу және жындану, таң атпады деп ойлап, ішіп-жеуді жалғастыру, кейіннен таң атқандығын білу немесе күн батты деп ауыз ашқаннан кейін күнннің батпағандығы белгілі болған жағдайларда. Дәрі ішу немесе укол (ине салдыру) салдыру оразаны бұзады. Көзге, құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзбайды, бірақ мұрынға дәрі тамызбаған жақсы. Ораза екенін ұмытып ішіп-жеу, байқаусызда ауызға кірген нәрсені жұту оразаны бұзбайды.
Қазаны керек ететін жағдайда оразасын бұзған немесе ұстай алмаған кісілер рамазан айы біткен соң тұта алмаған күндерінің санын, қаза болған оразасының санын толықтырады. Кәффәрат пен қазаны бірдей керек ететіндей оразасы бұзылған болса, рамазан айынан кейінгі уақытта бұзған күн санының қазасына қосымша жаза ретінде екі ай арасын үзбестен ораза ұстайды. Хайыз бен нифас халінде болса, екі айға үзіліс беріледі. Екі ай үзбестен ораза тұта алмайтындар алпыс пақырды азанда және кешке тойдырулары қажет. Рамазан айында қандай да бір себептен ораза тұта алмағандар, рамазаннан кейін де қазасын өтей алмайтын жандар әр күн үшін фидия береді. Ораза тұтуға әл-қуаты жетпейтін қарт кісілер, созылмалы дертке шалдыққандар, ораза тұтуға денсаулығы жарамайтын ауру кісілер жатады. Фидия бір пақырды күндік тойдыру немесе оған тең келетіндей ақша беру. Мұның өлшемі де пітір садақасымен тең.
Сондай-ақ рамазан айымен байланысы бар екі ғибадат және бар. Біріншісі: пітір садақасы. Рамазан мейрамының уақытына жеткен әрбір мұсылманның өзі үшін беруі керек болған материалдық және уәжіб болған бір ғибадат. Шариғат бойынша бай деп саналған мукәлләф болғандар өздерінің өмір сүрулеріне лайықты бір күндік ішетін тамақ мөлшерін пақыр кісілерге ақшалай болмаса азықтай не болмаса киімдей береді.
Рамазанға байланысы бар екінші ғибадат болса итикаф. Итикаф рамазан айының соңғы он күндігінде бір мешітте не болмаса мешіт деп саналатын бір жерде ғибадат жасау. Итикафты бастаған адам (мутәкиф) зәру болған жағдайда ғана сыртқа шығып, қалған уақыттарында мешітте болады. Әдеттегі ғибадаттарынан басқа нәпіл намаз, дұға, Құран оқу және тәсбих тартумен айналысады. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келгеннен кейін әр рамазан айының соңғы он күндігінде мешітте итикафқа кіретін.
Дүниелік ғибадаттардың екіншісіне зекет жатады. Зекеттің сөздіктегі мағынасы “арту, көбею, тазалау және берекет” дегенді білдіреді. “Шындықты айту, сөзінде тұру” мағынасына келетін сыдық түбірінен шыққан садақа сөзі де Құран мен сүннетте зекет мағынасында қолданылған. Алайда садақа сөзі кейінгі уақыттарда өз еркімен дүниелік өтеулер үшін қолданыла бастады. Ислам құқығында зекет “Белгілі орындарға жұмсалу үшін діни тұрғыдан бай деп саналатын кісілердің малдарының белгілі бір үлесін беруін” айтады. Зекет хижри екінші жылы Мәдинада парыз болған. Қатысты болған аяттар мыналар: “(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің”(Тәуба-103).
“Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Аллаһ тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдері алынатын (жаңа мұсылман) дарға, құлды азат етуге, борыштыларға, Аллаһ жолына және жолда қалғандарға беріледі. Аллаһ әр нәрсені білуші, хикмет иесі”(Тәуба-60).
Құранда айтылған көптеген аяттармен қатар Хз. Пайғамбардан (с.а.у) да көптеген хадистер жеткен. Зекет берілетін малдарға Тәубе сүресінің 103-аяты жалпы ишарат еткен. Хз.Пайғамбар (с.а.у) болса қандай малдан қаншалықты берілетіндігін айқындаған. Бұл зекеттің маңыздылығын көрсетеді.
Зекет - мұсылман, азат, ақыл-есі бүтін, балиғатқа толған, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті мұқтаждықтарынан көп артылған мал-мүлікке ие болған және бұл малды қолында бір жылдан астам уақыт бар болған (хәуәләнул-хаул) кісілерге парыз. Бұл парыздың орындалғанда дұрыс болуы үшін зекеттің берілуі керек болған адамдарға берілуі және беріліп жатқан кезде ниеттің болуы керек. Назар аударар болсақ бұл жерде ғибадаттар үшін қойылған шарттарға мал-мүлкі болу шарты қосылған. Өйткені зекеттің міндетті болуының себебі мал-мүлкінің болуы. Артық мал-мүлікке белгілі бір мөлшерде дүниесі болған адам зекет бере алатын жағдайдағы бай деп есептелінеді. Байлықтың мөлшері есептелген және ең аз мөлшері «нисаб» деп айтылады. Қарызынан және күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті мұқтаждықтарынан нисаб өлшеуінен көп артылған мал-мүлікке ие болған және бұл малдың қолында бір жылдан астам уақыт бар болған кісі зекет берумен мукәлләф болады.
Байқағанымыздай зекет ғибадатында ең маңызды болған нәрсе мал-мүлкінің болуы, яғни нисаб санына жеткен болуы. Нисаб сөзі сөздікте: «шек, ишарат, негіз, тамыр» мағыналарына келеді. Ұғым түсінігінде болс - зекеттің міндеттілігін білдіретін белгілі бір мөлшер. Бай болудың ең аз мөлшері немесе ең төменгі байлық өлшемі деп айтылатын «нисаб» мөлшерін зекетке қатысты әрбір мал үшін Хз. Пайғамбар (с.а.у.) белгілеп көрсеткен. Бұл мән берілумен Фикхшылар топырақ өнімдерінен басқа зекетке жататын барлық малдарда нисабтың шарт болғандығына бір ауыздан келіскен. Хадистерде нисаб өлшемі былай көрсетілген: Күмісте нисаб өлшемі 200 дирхам немесе 200 мысқал (қазіргі есеп бойынша 561 грам), алтыннан 20 мысқал/дирхам (қазіргі есеп бойынша 81 грамға жуық). Малдардан 5 түйе, 30 сиыр, 40 қойдан. Егіннен берілетін зекет мөлшері ғалымдардың көпшілігі бойынша 5 уәск, бұл 653 кг бидайға тең болады. Әбу Ханифа бойынша егін өнімдерінің көбі де, азы да зекетке кіреді. Егін өнімдерінің зекетінде нисаб қаралмайды. Нисаб мөлшерлерін белгілеуде қолданылған бұл мал-дүниенің Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кезінде байлықтың белгісі болғандығы анық көрінеді. Нисабтың бұл малдардан белгілену усулі қоғамдық және экономикалық шарттардың көп өзгермегендігі алдағы уақыттарда да осылай сақталуы және бұл нисаб белгіленулері “шариғатта белгіленген өлшемдер” ретінде қабыл етілген. Ол кездегі өзгерген малдар үшін белгіленген бұл нисаб өлшемі бір үйдің бір жылдық орташа күнкөріс стандарты болғандығы ескерілетін болса, қазір нисаб өлшемінің бір жанұяның жылдық ең азы жұмсайтындарының жалпы есебі бойынша белгіленуі және мұндай бір өлшемнің негізге алынуы орынды болады.
Зекетке жататын малдар мен зекет мөлшерлері мыналар: Күміс (ақшалай не күміс кесегі); алтын (ақшалай не алтын кесегі); түйе, сиыр, қой, ешкі, сауда мақсатында қолда ұсталатын жылқылар, барлық егін өнімінің түрлері, барлық жемістер, әшекей бұйымдары, сауда малдары, асыл (қымбат) металдар, қазыналар мен мұнай, су өнімдері (балық түрлері, інжу, маржан және т.б.). Күміс пен алтында салмағына қарай немесе үстіндегі құнына қарай %2,5 зекет алынады. Түйелердің нисаб өлшемі бес түйе. Үш жасар бес түйесі бар адам шариғат бойынша бай деп саналады. Бес түйеден 1/40-ына сай орнына 1 жасқа толған бір қой немесе бұл қойдың құнын өтеуі керек. Сауда айналымымен немесе мұқтаждықтан артық қолда ұсталған және жыл бойы жайылымда жүрген жылқылардың еркек не ұрғашысы болсын мұқтаж болғанынан артығына зекет беруі керек. Соғыста пайдаланып жүрген аттар үшін зекет беру керек емес. Аттардың зекет мөлшері әрбір ат үшін 1 динар немесе 10 дирхам. Аттың иесі қаласа екі қой берер, қаласа бұл қойлардың құнын, қаласа аттың құнының 1/40 берер. Бұл жерде аттардың зекетінде де 1/40 негізінің көрсетілгендігі түсінікті. Егін өнімдерінен алынған салық зекет емес, ушур деп аталады. Барлық егін өнімдерінің нисабы 1 тонна. Жылдық ықтияждықтан артық болып мукәлләфтың қолында бар болған 1 тонна өнімнен 1/10 нисабында зекет алынады. Электр шығыны мен ақша жұмсалған суармалы жердің өнімдерінің 1/20 алынады.
Зекеттің берілуі керек болғандарды тақырыптың бас жағында айтқан аятымыз түсіндірген. Осыған қарап зекеттің берілуі керек болған адамдар сегіз түрлі. Олар мыналар:
1-2. Кедейлер мен мүсәпірлер. Бұлар ешбір малы болмаған немесе нисаб өлшеміне малдары жетпеген кісілер.
3. Амилдар: Амил зекет малдарын жинау мен таратуға тағайындалған кісі.
4. Муәлләфә-и қулуб: Жүректерді дінге қарай бұру, Исламға үйрету және жамандықтарынан сақтану керек болған немесе мұсылмандарға пайдалы болатындықтары үміт етілген кісілер
5. Бостандық берілетін құлдар: Құлдық Құран түсе бастаған кезде бар болғандығы үшін олардың бостандық алулары үшін де зекет берілуі лайық деп саналған. Осылайша құлдықтан босауына да негіз дайындалған. Құлдықтан босағандығы үшін енді бұларға зекет берілуі жайында айтылмайды. Мұндай жағдайда қазіргі кезде бұған жататын басқа жерлерге жұмсауға болады.
6. Қарыздары бар адамдар
7. Фи сәбилилләһ (Аллаһ жолындағыларға): Исламның және мұсылмандардың пайдасы үшін жасалған әрбір істер немесе осындай жолдағы жұмыстарда жүрген адамдарды осыған жатақызуға болады. Бұған Исламның жеткізілуі жолында жүргендер, білім алушылар және елін қорғаушылар жатады.
8. Ибнуссәбил (Жолаушы): Жолаушы кезінде жолда қалған, жол қаражаты қалмаған адамдар, ақша табу үшін басқа мемлекетке барып, сол жерде мұқтаж болған кісілер мен т.б. осыған жатады.
Тоқ етерін айтқанда күн көру жағдайларына қарай айтатын болсақ жоғарыдағы бөлімдерде саналған адамдарды былай жүйелей аламыз: Өз қалауларынан басқа түрлі себептермен кіріптар мұқтаждықтарын өтей алмайтын жағдайға жеткен және мұқтаждыққа тап болған адамдар. Жетім және ешкімі жоқ, қартайып жұмыс істей алмайтын жағдайдағы қарт кісілер, туылғаннан мүгедек және табыс таба алмайтындар, қандайда бір апатқа ұшырап, денсаулығынан айрылған мүгедек немесе жарымжан, ауру және сал болғандар. Жұмысқа жарайтын денсаулығы бола тұрып мұқтаждық халге түскендер. Бұларға: жұмыссыздар, қарыздар адамдар, соғыс ардагерлері, жолда қалғандар мен құлдар жатады.
Бұлардан басқа зекет берілмейтін адамдар мыналар: Ата-анасы, әйелі мен балалары, мұсылман болмағандар, байлар. Бұл айтылғандардан басқа зекет берудің әдебі жайында көптеген қағидалар бар.
Қажылық Мекке қаласындағы Қағбаны және маңайындағы қасиетті деп саналған жерлерді, белгілі уақыт ішінде шарттарға сай түрде зиярат ету және орындалуы керек болған басқа амалдарды орындау дегенді білдіреді. Бұлардың барлығын қажылық рәсімдері деген мағынадағы мәнәсикул-хаж деп атайды. Хижри тоғызыншы жылы қажылық парыз болғандығы мына аяттың түсуімен білдірілген: “Оның жолына шамасы келген кісілер, Аллаһ үшін Қағбаны зиарат ету (қажылық жасауы) керек” (Әли Имран-97). Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у) да қажылықты мұсылмандықтың бес негізінің бірі ретінде санаған және қалай орындалатындығы іс-әрекетімен көрсетіп, былай деген: “Қажылық негіздерін менен алыңдар, менен көргендеріңдей етіп жасаңдар” (Муслим, Хаж, 310). Шамасы жеткен, яғни денсаулығы мен мал-мүлкі жағынан қажылыққа бару мүмкіндігі болған мұсылмандардың өмірінде бір мәрте қажылыққа барулары парыз болып, мүмкіндігі болса кешіктірмей орындаулары керек. Өмірінде бір мәрте қажылыққа барған мұсылман, бұл парызды орындаған болып саналады.
Қажылық парыз болу үшін мынадай төрт шарт бар: 1. мұсылман болуы; 2. ақыл-есі бүтін болуы; 3. балиғатқа толған болуы, 4. қажылық жасауға шамасы келетіндей күш-қуатының және жеткілікті мал-мүлкінің болуы (истағат) керек. Бұл төрт шартқа қажылықты жасау уақытына мукәлләфтің өмірінің жеткен болуы шартын да қосқан. Истағат қажылық парыз болуының негізгі шарты. Истағат - қажылыққа баратын кісінің барып, келгенге дейін өзінің және асырауға міндетті болған адамдардың күнкөрістік мұқтаждықтарын өтей алатындай дүниесінің болуы дегенді білдіреді.
Қажылықты өтеуі үшін мукәлләфтің орындауы тиіс болған болған шарттарды “қажылықтың шарттары” деп атайды. Бұл шарттар мыналар: Денсаулығының болуы, жолдың қауіпсіз болуы, тұтқынға түсу сияқты қажылықты орындауға бір қиындық тудыратын болмауы. Ханафи мәзхабы бойынша әйелдер жандарына күйеулерін немесе мәһрәмдары (жақын туыстары арасында некелесуіне тиым салынған) болмайынша қажылыққа бара алмайды. Басқа мәзхабтағылар бұл мәселеде емін-еркін әрекет етуде.
Ең соңында Меккеде қажылықты орындау кезінде орындалуы керек болған шарттарға тоқталайық: 1. Қажылық жасау ниетімен ихрамға кіру, 2. белгілі уақыт 3. белгілі орын.
Ихрам қажылық немесе умра жасауға ниет еткені адамның басқа уақыттарда мубах болған кейбір істері мен әрекеттері қажылық немесе умраның рукундерін аяқтағанға дейін өзіне харам етілуін білдіруі. Ихрамға кірген адам қажылық жасауға ниет етуі және ләббәйканы айтуы керек. Ләббәйканың мәтіні: Ләббәйк Аллаһуммә ләббәй. Ләббәйкә лә шәрика ләкә ләббәйк. Иннәл хамдә уә ниғмәтә ләкә уәл мулкә лә шәрикә ләк. (Аллаһым сенің шақыруыңа сөзіммен өзім келдім. Аллаһым әміріңе бас иемін. Сенің шақыруыңа сөзіммен өзім келдім серігі жоқ сен ғана! Әміріңе бас иемін. Расында мадақтар саған, нығмет сенікі, мүлік те сенікі. Сенің серігің жоқ).
Ихрамға кірген адам харам (Қағбада) аймағында болған уақытында мына тиымдарға бағынуы керек: Ер адам болса күнделікті киіп жүрген киімін кие алмайды (әйелдер өз киімдерін кие береді), тігісі бар ішкиімдер және т.б. кие алмайды, бас, аяқ пен қолдарды жабу; сақал-мұрт алуға болмайды, денесіндегі түктерді жұлмайды, тырнақтарын алмайды; макяж жасай алмайды; әдемілену мақсатында шашын бояай алмайды; иіс су себе алмайды; жыныстық қатынастан ұзақ болуы керек; шәһуәт қалауын қоздыратын сөздерді айта алмайды; жаман сөз айта алмайды; адамдармен ұрысуына болмайды; аң аулай алмайды және басқа жандыларға да зиян тигізбейді (зиян беретін хайуандарды өлтірулеріне болады). Егер бұлардан біреуін зиян беретін болса, ол уақытта белгілі кейбір жазаларды өтеуі қажет. Бұл жазалар істелген қателікке қарай құрбандық шалу, садақа беру, құнын төлеу және ораза тұтудан тұрады.
Белгілі уақыт қажылықтың дұрыс болуы үшін белгілі болған уақыт. Белгілі уақыт ішінде қажылық парыздарын, яғни ихрамға кіру, Арафатта тұру және зиярат тауафын орындау керек. Қажылық мәнасикі қажылық айларында жасалады. Қажылық айлары; Шәууәл, Зилкағда айы мен Зилхижжа айының алғашқы он күндігі. Қажылыққа байланысты тауаф, жүгіру, шайтанға тас лақтыру сияқты амалдардың әр қайсысы осы айлар басталғаннан кейін белгіленген уақыттарда жасалмаса қажылық дұрыс болмайды. Бұл айлардан басқа айларда қажылық жасалмайды. Белгілі орын болса, Арафатта тұруы және тәуәфты Қағбаның айналасында жасауы.
Жоғарыдағы анықтамалардан да түсінікті болғанындай қажылық ғибадатының орындалуы үшін үш парыз бар. Бұлар; ихрам, Арафатта тұру және зиярат тауафы. Бұл парыздардың кезегімен лайықты түрде орындалыумен қажылық орындалады. Бұл парыздардан ихрам қажылықтың шарты болса, қалған екеуі рукундері болып саналады. Сондықтан Арафатта тұру уақытын өткізіп алған адам, сол жылғы қажылық жасау мүмкіндігінен айырылады. Одан кейінгі қалған қажылығын орындайды. Мәликилерде бұл үш парызбен қатар Сафа-Мәруа арасындағы жүгіру де парыз деп саналып, барлығы бірдей қажылықтың шарттарын толықтырады. Шафилер болса бұған шашты қысқарту немесе алып тастауды қоса отырып рукун санын беске жеткізген. Ханафилер бұл бес амалды, яғни жүгіру, Муздалифада тұру, шайтанға тас лақтыру, шаштарын алдыру немесе қысқарту және қоштасу тауафы қажылықтың уәжібтері деп қабыл еткен.
Қажылық ғибадатының барынша ауқымды және ерекше үкімдері бар. Мысалы: қажылықтың түрлері, сүннеттері, әдебі, қажылық кезінде тиымдардың жасалмауы және олардың жазалары, қажылықта құрбан шалу, әйелдерге тән жағдайлар, өкілеттілікпен жасалатын қажылық сияқты. Бұлар Фикх пен ғылымхал кітаптарында кеңінен берілген (түсіндірілген).
Қағбамен байланысты тағы бір ғибадат бар, ол да умра деп аталады. Қажылық пен умраның ортақ тұсы толықтай кағба айналасында орындалуында жатыр. Умра ихрамға кіріп, тауаф пен жүгіруді жасағаннан кейін шашын алып, ихрамнан шығудан тұрады. Умраның белгілі уақыты жоқ. Жылдың кез-келген күнінде орындала береді. Тек қана ханафилер тәшриқ күндері, яғни арафа күні мен құбан айт мейрамының төрт күнінде умра жасауды тахриман мәкруһке жатқызған.