Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Шы~ыс ~аза~стан облысты~ балалар ж~не жас~спірімдер кітапханасы ММ ~ымдастырушылы~ ~дістемлік

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

«Шығыс Қазақстан облыстық балалар және

 жасөспірімдер кітапханасы» ММ

Ұымдастырушылық-

әдістемлік бөлім

Өскемен қ., 2007


«Оқысаң ұшасың»

Пауло Коэльо

Құрметті оқырмандар!

«Балаларға оқу бақытын сыйлайық» байқауына қатысқн кітапханашылардың таңдаулы шығармашылық еңбектерінен құралған жинақ назарларыңызға ұсынылады.

Мұндай байқауды өткізу идеясы бізге француздың педагог-жазушысы Д.Пеннактың кітапханашыларға жазған арнауын оқығаннан кейін пайда болды: «Құрметті кітапханашылар, қасиетті құтхананың шырақшылары, бүкіл әлемнің, жаратылыстың сіздердің керемет жадыларыңызда рет-ретімен ұяшықтарда сақталғаны қандай бақыт (сіздер болмасаңыздар, шөп басып кеткен иен даладай болған менің жадым жол таба алмас еді), сіздерді қоршап тұрған сөрелердегі барлық тақырыптық бөлімдерді адаспай тауып алып, емін-еркін жұмыс істейтіндеріңіз қайран қалдырады... егер де сонымен қоса сіздер өздеріңіздің сүйікті кітаптарыңыз туралы оқырмандарыңызға әңгімелеп берсеңіздер, көңіліңіздің түкпірінде сақталған кітап туралы естеліктеріңізбен бөліссеңіздер тіпті тамаша болар еді-ау! Бір сәтке шежіреші-ертекші кейпіне еніңіз – сонда кітап оқырмандардың қолына өзі келіп түсетін болады».  

Қымбатты оқырмандар, біз сіздердің осы байқау қорытындысы жеңімпаздарының кітаптар туралы жазған әңгіме, аннотация, пікірлерін оқып, танысып, кітап әлемімен қатынас жасауда өзіңізге қуаныш  сыйлайды деп ойлаймыз.

Ал ең бастысы, Сіздер ктіапты Пеннактың бекіткен ережелері бойынша оқи аласыздар:

  •  Оқымау құқығы
  •  Аттап өту құқығы
  •  Ақтап оқымау құқығы
  •  Не болса соны оқу құқығы
  •  Кез-келген жерде оқу құқығы
  •  Дауыстап оқу құқығы
  •  Оқығаның туралы үндемеу құқығы.

Өз құқықтарыңызды пайдаланыңыздар,

оқыңыздар және ләззат алыңыздар!



Жоғары сынып оқушыларына

арналған ұсынысты әзірлеген:

Мырзағалиева Оңай Салтыбайқызы

библиографиялық-ақпарат бөлімінің

жоғары дәрежелі библиографы

Зәкенұлы Т. Көк бөрілердің көз жасы: Тарихи роман. - Астана: Елорда, 2002. – 528 б.

Қымбатты жас дос, мынау алмағайып заманда, жаһандануға талпынып жатқан шақта білімді ғана оза шабады, өмірден өз орнын табады.

Білеміз, сен техниканың тілін таба білесің, орыс тілін өз ана тіліңнен де артық білерсің, бірер шет тілін де меңгергеніңе шүбә келтірмейміз, ал ата-баба тарихын, еліңнің өткенін жетік білесің бе?

Өз елінің, ұлтының тарихын, тілін, ділін білмей ешбір ұрпақ өз елінің азаматымын, ұлымын деп айта алмас.

Ендеше жас дос, Отан тарихына етене жақындағың келсе, жоғарыда көрсетілген кітаппен танысайық.

Тарихи романның авторы Тұрсынхан Зәкенұлы ата-баба жерін сағынып, армандап жүріп, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін тарихи Отанына Қытайдан оралған қандасымыз. Бұл романды жазарда көп ізденген, тарихи деректерге сүйенген (еліміздің тарихы қытайдың жазба деректерінде жақсы сақталған).

Шығарманың «Көк бөрілердің көз жасы» деп аталуының өзі көп мағына береді. Көк бөрі – түркі тотемі. Қадым заманнан қыр даланың иесі де, киесі де өзі болып, емін-еркін өмір сүріп жүргенде, өзінен зорға кезігіп, мәңгі бауыр басқан ұйық жұртынан айрылса, күн-түн демей жортуылда болса бөрі жыламағанда, кім жылайды? Мұнда көк бөрі – көк түркілердің ізбасары Найман мемлекетінің ел-жұрты, ессіз ерлері.

Шыңғыс хан жарты әлемді жауламай тұрып, алғаш басқыншылығын қазақ жерінен бастаған. Шыңғыс хан туының астына жиналған әскер қатары ер жүрек қазақ батырларынан құралған. Шыңғыс ханның жер жарар каһарынан қорыққан қандай да ел соғыспай берілген. Ал шындығында Шыңғыс ханға бастапқыда Найман мемлекетін алу оңайға түспеген. Найман хандығының соңғы ханы Күшлік хан 20 жылға жуық күрескен, өліспей беріспеген. Романды оқып отырып, «найман» деген жұрттың ерлігіне таңдай қағамыз, ұрпағы екенімізді мақтан тұтамыз.

Жас дос, алдарыңда талай сынақтар күтіп тұр. Сол сынақта әлемді дүрліктірген, аты аңызға айналған Шыңғыс хан туралы сұрақ кездесуі хақ. Міне, осы сұраққа жауапты осы романды оқысаң ғана жауап бере аласың, өйткені Шыңғыс хан бейнесі романда тарихи деректерге сүйеніп, көркем тілде жақсы жеткізілген. Шыңғыс ханның бет-әлпеті, ойлау қабілеті, саяси көзқарасы, соғыс жүргізу тактикасы, әскерді басқару ерекшелігі романда жақсы суреттелген. Романның ерекшелігі – Шыңғыс ханды қазаққа жақын қылып бейнелеген, оның «қазахи бейнесін» сомдаған. Қазір өздерің білесіңдер, белгілі адамдар арасында Шыңғыс ханның нәсілі жөнінде (моңғал ма, «лде қазақ па) талас пікір толастамай тұр ғой.

Жас дос, роман көлемді болғанымен, алғашқы бетін парақтап оқи бастағаннан ақ, аттары тарихи жазбалардан мәлім болған Тайбұқа, Тұғрыл, Бұйрық, Күшлік хандар, сондай-ақ Қалтуған-мерген, Көксау Саурық сынды батырлар мен Құба-текін, Кетбұға, Майқы тектес жыраулардың елі үшін жан беріп, жан алысар ерлікке толы шытырман оқиғалары өзіне баурап алады.

Ой-хой, ата-баба қанымен қорғаған, арысы Өркен тауынан (қазір Монғолия территориясы) берісі Қарақұрым тауына дейін созылып жатқан қайран туған жер-ай, деп ойлап, туған жеріңе, еліңе махаббатың арта түседі.

Сонымен, жас дос, Шыңғыс хан әскерімен бармайтын жерің жоқ, найман ерлерімен бірге күресесің, қиналасың, романды бітіресің, бірақ көпке дейін сол XII ғасырдың соңы, XIII ғасырдың басында өмір сүріп жүргендей сезімнен арыла алмайсың. Міне, романның құдіреті!

Жә, ендігі кезек өзіңде жас дос, романды қолыңа ал, ата-баба тарихына сапарға аттан!


Кітапбаева Динара Айткәрімқызы

Ұлттық әдебиет және өлкетану

бөлімнің жоғары дәрежелі кітапханашысы

Қазақ ертегілері. – Алматы: «Балауа баспасы». 2003. – 176 бет.

Ертегілер халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырған ауыз әдебиетінің бай қазынасы. Осы мол дүниеден бұл кітапқа халқымызға кең тараған ертегілер енгізіліп отыр.

Қазақ ертегілері»

(Кең тараған ертегілер)

- Сәлеметсіңдер ме, оқырмандар!

Бұл бөлім ұлттық әдебиеттер мен өлкетану бөлімінің абонементі. Бұл бөлімде оң жаққа бұрылсаңыздар сиқырлы ертегілерге жетесіздер, сол жаққа бұрылсаңыздар кітап нәрімен сусындайсыздар. Артқа қайтсаңыздар өкінесіздер!

«Оңға жүрген оңалар» - дегендей ертегілер еліндегі сөрелерде көптеген ертегілер бар. Назарларыңызға ертегі ұсынсақ.

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде бір ханның үш ұлы болыпты. Бір күні хан үш ұлын шақырып алып былай депті.

  •  Балаларым, сендерге 7 жыл уақыт беремін. Осы уақыт ішінде өздеріңнің өмірден нені қалап алғандарынды айтып, маған көрсететін боласыңдар. Сондықтан жолға шығыңдар! Сапарларың сәтті болсын!

Ұлдары:

- Құп әке!

- Айтқаныңызды орындаймыз, - деп сапарға аттанады. Айлардан ай өтіп, жыл артынан жыл өтіп хан айтқан межелі уақыт та жетеді. Сапарға аттанған хан ұлдары сарайға қайтып оралады.

Хан:

  •  Ал, ұлдарым, 7 жыл уақыт өтті, өмірлеріңе серік болатын не таптыңдар, не көрдіңдер, сөйлеңдер - дейді.

Үлкен ұлы:

  •  Әке, менің ертеңгі ырысым да, құтым да 4 мүлік мал болмақ. 7 жылда 7 үйір жылқыммен, 7 табын сиырыммен, 7 отар қой-ешкіммен келіп тұрмын. Осы малдың көмегімен мүлік жинамақпын.

Ортаншы ұлы:

- Ал   мен   болсам,   әке,   үшкір   найза,   өткір   қылыш   ұстаған сарбаздармен келдім. Көк найзаның ұшымен, білектегі күшіммен бүкіл елді өзіме қаратып билеп-төстесем менен бай, менен дәулетті адам болмайтын шығар.

Хан:

  •  Ал сен ше, кіші ұлым неге үндемейсің?

Кіші ұлы:

  •  Әке, менің сізге көрсететін дүнием жанымда жүр. Міне, бұл

      - Кітап.

Хан:

Сонда 7 жыл ішінде бар жинаған мүлкің, бар көрген дүниең осы ма?

Кіші ұлы:

- Әке, бұл кітапқа мен бүкіл жаһанның білімін сыйғызып жаздым. Оның көмегімен малды қалай табуға болатынын, әскерді қалай ұстау керектігін білуге болады. Онымен қоса, әр түрлі жаңалықтарды оқи аламын. Менің таңдағанымның бәрі осы кітапта. Ол – оқу, білім-ғылым.

Бұл кітап - адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.

Сол кітаптың бірі «ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІ». Кітапты жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат дегендей, қане өздеріңнің білімді екендеріңді көрсетіңдерші.

Бір күні таңертең кемпір төсегінен тұрып, үйінің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Бұл қай ертегіден алынған үзінді. («Ер төстік»)

Ең алғашқы қазақ мультфильмі қалай аталады?

(«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»)

Қазақтың қай ертегісінде хан қырық уәзіріне адамның, құстың, шөптің жаманын алып келіңдер деп бұйырады? (Аяз би)

Осындай ертегілер сырын ашқыңыз келсе, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері қандай жағдайларға тап болғаны сендерді қызықтырса «Қазақ ертегілері» кітабында кең тараған ертегілер жинағы берілген. «Қазақ ертегілері» - Алматы: «Балауса» баспасынан 2003 жылы 176 бет болып жарық көрген. Кітапта әр ертегінің кейіпкерінің суретін көріп танысуға болады. Сыртқы мұқабасы қалың. Дүниенің кілті - осы кітапта. Оны оқып жан дүниеңді кеңейтесің (сөздік қорың көбейеді, оқу жылдамдығың өседі, ой-өрісің дамиды, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге үйретеді....).

Бекжанова Гүлшат Зайнолдақызы

ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің

әдіскер-аудармашысы

Қабанбай М. Туған жердің төрт мезгілі: Хикаяттар мен әңгімелер жинағы. - Алматы: Раритет, 2004. – 192 б.

«Балалықтың бал дәмі»

Марат Қабанбайдың

«Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» 

хикаяты бойынша

Әлі есімде, 4-5 сыныпта оқып жүрген кезім. Үйдегі шағын кітап қорынан М.Қабанбайдың «Арыстан, мен, виолончель және касапхана» атты кітабын алып оқығаным бар. Алғашкы бетін оқығаннан-ақ басымды ала алмадым...

Енді араға 20 жыл салып М.Қабанбайдың «Туған жердің төрт мезгілі» деп аталатын сужаңа кітабын қолыма алдым. Мұқабасы адам қызығарлықтай. Ішіне «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана», «Туған жердің төрт мезгілі» атты хикаяттары, «Жеңеше», «Монолог» әңгімелері енген екен. Шөл далада бір жұтым суға зар болған жолаушыдай шөліркей оқыдым. Бұл   шөліркеуім   балалық   шақты   іздеп,   аңсауым   екен.   Әсіресе Х.Андерсен атындағы Халықаралық сыйлықты иемденген «Арыстан,  мен,  виолончель және қасапхана» хикаясы керемет. Бас кейіпкері Асанның ойымен берілген, бар-жоғы 14 тыныстан немесе оқиғадан тұратын хикаятта каншама жарқын ой, тамыры терең мәселе жатыр десеңізші! Неліктен біз бала шағымызда жанымыз нәзік, мейірімді, жүрегіміз ән салып тұрғандай болады, ал есейіп «үлкен» болғанда жүрегіміз селт етпейтін тасжүрекке айналамыз деген сан  сұраққа жауап тапқандай боласың. Мүмкін соның бір тамыры үлкендер тарапынан кеткен қателік болар. Асанның өзіне сөз берсек.

... Мамам керемет акылды. Ақылдылар адаммен әсте сөйлеспейді, тек ұрсып-жекуді, төкпелеп ақыл айтуды біледі. Табалдырықтан сүрінсем де, жеп отырған нанымды абайсызда түсіріп алсам да, колма-қол калта-қалта ақылы дайын. Сенсең, кейде бес бөлмелі кең үйде андыздаған ақылдан қашып тығылар орын таппай сасамын. Қара құлағын бұрасаң, кемеңгерліктің не қилысын төр үйдегі жалпақ бет теледидар да төгіп тастайды. Қайта мамам құсап бақырып-шақырып, әлсін-әлсін табақ, кеселерді жерге атып ұрмай-ақ, көйлекке ала галстукті тағып тастап, жағымды дауыспен сызылтады-ай, тегі. Ал мен, А.Қайырсынов, ми қаритын ақыл орнына бас сап алысар, төбелесіп татуласар, кеудесінде жаны, жөн-жосықсыз сөйлейтін сөзі, ойнақтаған көзі, он үштегі жасы бар дос іздеймін! Естисіңдер ме, дос қажет! ...

Хикаяттың өзі «Неге?» деген сұраққа жауап іздеуден басталады. Неге Асан қасапхананы (мал соятын арнаулы орын) өртемекші болды екен? Неліктен мектеп дирекциясы Асанға қасапхананы өртемекші болғаны үшін алғыс жариялады? Жас оқырман, осы сұрақтардың жауабын білгің келсе, хикаяттың басынан аяғына дейін үтір-нүктесін қалдырмай зер сала оқып шық дегім келеді.

Қайдасың балдай тәтті балалық шақ?! Балалық естелігімізді ұрлатып алмай, өзімізбен алып жүрейікші!

Құрметті оқырмандар!

Байқауға қатысушылардың көркем шығарма туралы айтқан ойлары сіздерді қызықтырса,  онда сіз оны міндетті түрде оқып шығасыз деген үміттеміз.

Кітаптар сіздерді  ұлттық әдебиет және өлкетану бөлімі мен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің абонементтерінде күтеді.

Біз сіздерге шын жүрекпен,

ақ ниетпен сәттілік тілейміз!

Алғы сөз………………………………………..

2

I бөлім..................................................................

4

Қорытынды........................................................

13

Құрастырушы

Л. Михеева

Составитель

Л. Михеева

Беттеуші және дизайнері

З. Елемесова

Компьютерная верстка и дизайн

З. Елемесова

Шығарылымға жауапты

К. Карчалова

Ответственный за выпуск

К. Карчалова




1. Методика выполнения научного исследования и оформление его результатов
2. 1 Динамическое расслабление Поднимите правую руку вверх
3. Лекция 5. Касса
4. Расчет элементов резервуара
5. Введение В настоящее время автомобильный транспорт работает с низкой эффективностью без должной координа
6. Основы технической эксплуатации защищённых телекоммуникационных систем
7. тема законодавчих актів соціальноекономічних організаційних технічних гігієнічних і лікувальнопрофіла
8. ударную головную волну скорость которой приближается к скорости распространения звука в данной среде в м
9. КОНТРОЛЬНАЯ РАБОТА 1 ПО ДИСЦИПЛИНЕ АНГЛИЙСКИЙ ЯЗЫК ДЛЯ СТУДЕНТОВ ЗАОЧНОЙ ФОРМЫ ОБУЧЕНИЯ Нап
10. Иванова Сергея Александровича Цель работы- Исследование закономерностей свободных электрических не
11. МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ПОДГОТОВКЕ И ВЫПОЛНЕНИЮ КУРСОВОЙ РАБОТЫ История государственног
12. Амортизация основных средств в условиях налогового и бухгалтерского учетов
13. тематической физики Теория вероятности Математическая статистика Введение
14. закон перехода количественных изменений в качественные3 б закон взаимопроникновени
15. Задание- Написать программу вычисления площади поверхности параллелепипеда
16. Формирование ценовой стратегии предприятия и оценка ее эффективности
17. Любовь к жизни доверие к себе доброе и активное отношение к окружающим вот основные уроки притч сооб
18. задание по УТС Анализ и синтез электрогидравлического привода Вариант 18 Вып
19. КОНТРОЛЬНА РОБОТА з дисципліни- ldquo;ІСТОРІЯ УКРАЇНИrdquo; ldquo;Пилип Орлик та його Конституціяrdquo;
20. Современная зарубежная журналистика