У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

шаралары ~аза~стан Республикасыны~ экологиялы~ ~ауіпсіздігі м~селесі бірініші ~атарлард

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-30

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 4.3.2025

Қазіргі таңдағы еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі мәселелері, оның маңыздылығы. Еңбек жағдайын жақсарту іс-шаралары

      

       Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол  әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда  болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол  ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы  су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.

   Қазақстандық секторда көмірсутегі шикізатын жаппай меңгеру мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігіне потенциалды қауіп төндіретіні анық. Өнеркәсіп өндіріс қалдықтары көпаспектілі зиян әкеліп отыр. Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақты қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:

    - жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелгенжабдығы);

      - ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).

      Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалғанжерлердешоғырланғанқалдықтарбар.

      Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.

      Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды. 

       Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.

       Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықташөгедi.

       Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршағанортағанақтықатертөндiруiмүмкiн.

      Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.

   Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.

Қазатомөнеркәсібінің ақпараты бойынша жыл сайын 2,5 мың тоннадай уран алынады /5 пайыз әлемдік өндірістен/. 2009 жылы уранды өндіру 10 пайызға өседі. Бірақ оларды көму өндіруден он есе қымбатқа түсіреді [5. М.Т.Ильясова.Т.Акимжанова. Правовые вопросы охраны окружающей среды от загрязнения токсичными веществами. Вестник КазНУ.Серия юридическая.№1./49/2009г 5, 61б. ].

      Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардыңұлғаюүрдiсiбайқалуда. Қазір көптеген компаниялар өндірістік қуат пайызы төмен болса да, серпінді жобаны алға басып, ауаға тарайтын лас-қалдықтар көлемін бірнеше пайыздарға өсіріп отыр[6, 2б. Серік Амантаев. Оңтүстік астананың экологиясы қашан жақсарады № Атамекен. №11 /399/ 5 маусым 2008ж.1б.].

     Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.

        Жоғары аталған тұрақты ластау көздерден басқа аяқасты да болатындарды атап өтуге болады. Оларға техногенді түрдегі төтенше жағдайлармен көп жылдар бойы келе жатқан тарихи ластағыштарды атап өтуге болады.

    Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiредi. Қауiп апатты жер сiлкiнiсi, көшкiн, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өнәркәсiп және басқа да авариялардың нәтижесiнде адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуiне байланысты. 1994 жылдан бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шектi. Сараптамалық бағалау бойынша төтенше жағдайлардан (жаhандық дүлей апаттар болмаған кезде) келетiн тiкелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгенi құрайды.

      Ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (оның ішiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады

        Көріп отырғанымыздaй, өнеркәсіп өндірісінен қауіп деген көп және мемлекетіміздің тұрақты даму көшу барысында ол азаяр емес.

        Осы уақытқа дейін экологиялық қауіпсіздік деңгейі қоршаған ортадағы дағдарыс жағдайын көтеруге шамасы жоқ. Өнеркәсіп өндірісі және глобальды индустриализацияның өсуімен бірге шекті рұқсат етілген концентрациялар мен оның туындыларының нормативтеріне негізделген ортақорғау шаралар қалыптасқан ластаулардың көлемін азайтуға жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан экологиялық мәселені шешудің жаңа жолдарын, өнеркәсіп өндірісінің оңтайлы даму мүмкіндігін таңдауға, ал ласталған жағдайларда қалпына келтіру – емдеу шараларының кезектілігін белгілеуге іздену қалыпты жағдай деп айтуға болады. Энергиямен  қамсыздандыру, өнеркәсіптің экологиялық аспектіде көп мәселелері өндіріс қатарындағы жаңа технологиялық процестерге көшумен немесе оларды перспективтік  ауыстырумен шешілуі мүмкін.

       Осы сұрақтарды  бақыланып жүрген теріс тенденциялардың мемлекетаралық сипатын, қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша кешенді шаралардың керектігін, өнеркіәсіптің теріс факторларының өзара ықпалын ескеретін жаңа ұстанымдардан қарастыру керек.

        Мәселені шешу үшін қазіргі ғылыми жетістіктердің барлық мүмкіндігін пайдалану керек. Және соның негізінде қоршаған ортаны қорғауға тиімдірек ұсыныстарды ұсыну керек.

     Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, ескеру және алдын алу тетіктері жақсы дами алмай отыр. Әрине, мүлдем кикілжіңсіз қоғам болмайды, бірақ біз мұндай тәуекелдерді барынша азайтуға ұмтылуға міндеттіміз.

       

      Біріншіден, бүгінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту қажет. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция заңға сәйкес жұмыс берушіге бір ай бұрын ескерте отырып, жұмысшының шағымы немесе жасалған жоспар бойынша бақылауды жүзеге асыра алады.

       Мұндай тексеру жағдайында оның өткірлігі мен күтілмегендік мәні төмендейді. Әдетте, жұмыс беруші еңбек шарттарын сақтап отырған секілді әрекеттер жасап үлгеріп, тығырықтан шығып кетіп жатады. Мұндай жағдай Қазақстан ратификациялаған ХЕҰ-ның «өнеркәсіп пен саудадағы еңбекті инспекциялау туралы» Конвенциясы талаптарына сәйкес келмейді.

      Неліктен мен бұл проблема туралы айтып отырмын? Бұл – техникалық қана мәселе емес. Бұл –  адамдар өмірі! Өйткені, қауіпсіздік талаптарын бұзу, тәртіптің жоқтығы салдарынан туындайтын бақытсыз оқиғалардан нағыз еңбек жасындағы адамдар зардап шегуде. Ал олардың асырап отырған отбасылары, балалары бар. Сондықтан бұл істе тәртіп орнату керек.

     

      Екіншіден, бізде әлеуметтік-еңбек дауларын туындатқаны үшін құқықтық жауапкершілік жағы жеткіліксіз.

Көп жағдайда еңбек шарттарының әдейілеп төмендетілуі, өндірістік үдерістердің тоқтатылуы, еңбекақының кешіктіріліп төленуі және осыған ұқсас басқа да жағдайлар әсерімен мұны еңбек ұжымдарының өздері туындатып жатады.

Сонымен қоса, не Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындатқаны үшін жұмыс берушілер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке шақыру баптары қарастырылмаған.

Жұмысшыға еңбекақыны дер кезінде төлемегендік секілді ереуілге мәжбүрлеу айыбы 10-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, ал ұжымдық шарт бойынша міндеттемені орындамағандығы үшін айып – 200-ден бастап 500 АЕК-ті құрайды.

 

     Үшіншіден, еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажет. Еңбек дауларының негізгі себептері ретінде екі мәселені атап көрсетуге болады: бірінші – жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі, екінші – даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің әлсіздігі. Мұнда кәсіпорындарда өндірістік кеңестер әрекет ететін бірқатар дамыған елдердің тәжірибелерін пайдалану керек.

    Оларға жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ кәсіптік одақтардың өкілдері кіреді. Әдетте, оларда еңбек шарттарының жағдайы мен оларды жақсартудың көптеген мәселелері шешімін тауып, жұмысшылардың әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері қаралып жатады.

    Осы ретте жұмысшыларға кәсіпорындар мен компаниялардың миноритарийлері «халықтық ІРО»,  сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің шеттетілуін еңсеруге де ықпал ететінін атап көрсеткен жөн. Қазіргі күні «халықтық ІРО-ны» тікелей жүргізу үдерісі басталды, «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының акциялары сатылуда. Бұл мәселеде ешқандай бір атүстілік болмауы керек. ҚР Үкіметіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесе отырып, «халықтық ІРО-ның» бірінші тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізу, акционерлендірілетін ұлттық компанияларға алдын ала тұрақты экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді қарастырып, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізу мәселесін шешу қажет. Бүгінгі күні медиация құрылымы мен үдерісін, соның ішінде оларды еңбек қатынастары саласында құру және пайдалану жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Медиациялар құрылымын ұлттық және ірі жекеменшік компанияларда құрған жөн. АҚШ-та, Австралияда және басқа да елдерде барлық даулардың үштен бір бөлігі соттың араласуына дейін медиация үдерістері аясында реттеледі.

       Мемлекет тарапынан қазір даулар мен жанжалдарды, соның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешудің жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін бастамашыл қадамдардың болуы маңызды.

Kazakh-British Technical University

Faculty of Information Technologies

СӨЖ №7:

Қазіргі таңдағы еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі мәселелері, оның маңыздылығы. Еңбек жағдайын жақсарту іс-шаралары

Орындаған:

Жақсылық Елжас

ID: 11BD02146

Teксерген:

 Рахманова Жазира Тургановна

Алматы 2013




1. Роберт Фостер директор МВТА сказал что происшествие вызвано превышением скорости
2. ой работы в течении времени виды спец
3. Технологія виконання журнального столик
4.  Айсберги их распространение и катастрофическое влияние
5. Контроль и регулирование проектом
6.  Сущность понятие и виды лизинга 1
7. Разность фаз двух интерферирующих лучей равна ~-2
8. Стилистический анализ критического этюда ВВ Вересаева Художник жизни
9. Реферат- Алма-Ата - столиця Казахстану
10. . Complete the sentences with the correct form of used to nd the verbs in brckets.