У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Тауарлы шаруашылы~- пайда болу жа~дайлары негізгі ерекшеліктері ж~не т~рлері

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-30

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.2.2025

ТАҚЫРЫП 4. ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ. Тауарлы өндіріс. Ақша.

Жоспар:

3.1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары, негізгі ерекшеліктері және түрлері.

3.2 Тауар және оның қасиеттері. Құнның және тауар қасиеттерінің альтернативтік теориялары.

3.3 Ақша-тауарлы өндірістің категориясы ретінде оның пайда болуы және мәні. Ақша теориялары.

3.4 Ақшаның қызметтері. Ақша жүйесі: мазмұны және мақсаты. Ақша айналымы мен ақша эволюциясы (дамуы).

Адамдар өнімдерді айырбасқа, нарыққа емес тек қана өздерінің жеке қажеттіктерін қанағаттандыруға арналған өндіріс натуралды шаруашылық деп саналады.

Үш негізгі НЕ?, ҚАЛАЙ?, КІМ ҮШІН? деген сұрақты өзінің қарапайым шаруашылығының сұрауына бейімделген шаруашылық иелері (жұмысшы да сол) шешкен. Натуралды шаруашылықта үлкен рөлді қалыптасқан әдет-ғұрып, көсемнің еркі атқарған.

Натуралды шаруашылыққа қарағанда байланысы жөнінен әр алуан күрделі ТАУАРЛЫ ШАРУАШЫЛЫҚ саналады.

Тауарлы өндірістің шығуының қажетті жағдайы бұл - қоғамдық еңбек бөлінісі, осы кезде нақты өнімді жасауға өндірушілердің мамандануы жүргізіледі.

Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихында үш кезеңді бөледі:

  1.  Біріншісінде - егін шаруашылығынан мал шаруашылығының бөлінуі тайпалар арасында тұрақты айырбас жасауға жағдай жасады.
  2.  Екіншісінде - егін шаруашылығынан қолөнер кәсібінің бөлінуі тауарлы өндірістің пайда болуын білдіреді.
  3.  Үшінші кезеңінде өндірістен сауданың жекеленуі және көпестердің бөлінуі. Осы кезеңде нарықтық байланыстар тұрақты бола бастады.
  4.  Тауарлы өндірістің пайда болуының себебі меншіктік қатынастармен өндірушілердің бір-бірінен экономикалық оқшаулануы болып саналады.
  5.  Ол алғашқы қауымның ыдырау кезеңінде жеке меншіктің пайда болуымен шықты.
  6.  Тауарлы өндірістің даму кезеңдері айырбастың, нарықтың дамуымен байланысты.

Тауарлы өндірістің маңызды катего-риясы бұл - тауар.

  1.  Маркстік теорияда тауар сату үшін арналған, адамға пайдалы,

еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Осы анықтамадан, яғни:

  1.  егер адамның қандай да бір қажеттігін не қанағаттандырса сол тауар болып саналады;
  2.  тауар болып, еңбек арқылы қабылданған саналады; мысалы тоғайдағы жеміс оны жинаушыға тауар емес, ал оны жинау үшін еңбек шығындалса, содан соң ол тауарға айналады;
  3.  не сатуға арналған, сол тауар болып саналады.

2. Австриялық экономикалық бағытта (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар, айырбас үшін өндірілген, ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.

  1.  К.Менгер экономикалық игілікке, экономикалық қызметтің объектісі немесе нәтижесі болатынды жатқызады және оны қажеттікке қарағанда сандық жағынан шектелген мөлшерде алуға болады.

Тауарлар материалдық және

материалдық  емес сипатта болады.

Тауардың екі қасиеттері бар:

а) Тұтыну құны, яғни қандай да бір адамның қажеттігін қанағаттандыру қабілеті;

ә) айырбас құны, яғни басқа тауарларға айырбасқа түсе алатын қабілеті.

Адамның қандай да бір қажеттігін қанағаттандыратын тауардың қабілеті тұтыну құны деп аталады. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол, оны жасаған емес, басқа да адамдардың қажеттігін қанағаттандырады. Яғни, қоғамдық тұтыну құны болып саналады. Ал тауар өндірушінің өзін қызықтыратыны ол - тауардың басқа тауарға айырбасқа түсе алатын қабілеті.

Белгілі сандық пропорция арқылы бір тауардың басқа тауарға айырбасқа түсе алатын қабілеті айырбас құны деп аталады. Бір тауар басқа тауарға айырбасталуында, сандық пропорцияны анықтаудың және айырбастың негізінде не жатқаны туралы сұрақты алғаш рет Аристотель қойған. Кейіннен әртүрлі экономистер оған әр түрлі жауап берген.

Шекті пайдалылық теориясы австриялық мектеп өкілдері К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальбрас, У.Джевоис және т.б. еңбектерінде кең көрсетілген. Осы концепцияны жақтаушылар, құнды, сатып алушылардың (тұтынушылардың) субъективті (өзіндік) бағалауы нәтижесі арқылы анықтайды. Ал тауардың субъективті бағалығы екі факторға байланысты: берілген игіліктің бар запасына (қорына), сиректігіне және соған қажеттіктің тою (қанғандық) дәржесімен. Жалпы жеке, әрбір тұтынушының тәртібі, олардың қажеттіктерінің қалай қанағаттануына, сол немесе басқа тауар қандай пайдалылық әкелуіне байланысты.

Шекті пайдалылық бұл – тұтынушының тауар мен қызметтің бір бірлігінен алатын қосымша пайдалылық. Ол пайдалылық санының жалпы өзгеруін, тұтыну санының өзгеруіне бөлгенге тең.

  1.  Ақша - бұл жалпылама эквивалент ролін орындайтын ерекше түрдегі тауар. 

Ақшаның қазіргі кездегі концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасыр-ларда пайда болған. Ол - ақшаның металдық, номиналдық (атаулы) және сандық теориялары. Бірақ қазіргі кездегі теориялар жаңа формада көрінеді.

Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы дәуірінде пайда болды. Оның өкілдері меркантелистер У.Стаффорд, Т.Мен, Д.Норис және т.б. болды. Олар ақшаның, қазына жинау мен дүниежүзілік ақша функцияларын ешбір шартқа тәуелсіз, бағынышсыз өзгермейтін негізі (абсолютизм) деп және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңдестіріп қарастырды. Мемлекеттің монеталарды жарамсыз қалдыруына қарсы болды. Ақшаны әлеуметтік қатынас емес, зат ретінде қарастырды.

Ақшаның номиналдық теориясын жасаушылар римдіктер мен орта ғасырдағы заңгерлер болды. Одан әрі оны Дж.Беркли (Англияда) және Дж.Стюарт (Шотландияда) дамытты. «Металдық теорияны жақтаушыларды» сынай отыра олар ақшаның басқа функциясы - айналым және төлем құралын абсолютті қарастырды. «Номиналистер» ақшаны таза шартты белгі, тауарлардың айырбасын қамтамасыз ететін есеп бірлігі деп хабарлады және мемлекеттік биліктің өнімі деді.

Ақшаның сандық теориясының негізін салушылар Дж.Локк (ХҮІІ ғасырдың аяғы), Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғасырдың аяғы) болып саналады. Олар ақшаның құндық негізін жақтады. Осы теорияны жақтаушылардың ойынша, ақша бірлігінің құны және тауарлар бағасының деңгейі айналымдағы ақшаның санымен анықталады деп санады. Ақшаның сандық теориясын жаңартуда көп еңбек сіңірген И.Фишер (ХХ ғасырдың басы), А.С.Пигу (ХХ ғасыр­дың ортасы) және т.б. Олардың көзқарастарын келесі тақырыптарда қарастырамыз.

Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес түрлі қызметін анықтайды: құн өлшемі, айналым құралы, төлеу құралы, жинақтау құралы (қазына), дүниежүзілік ақшалар.

Қазіргі экономикалық ғылым екі негізгі фундаменталдық қызметіне аса назар аударады: құн өлшемі және айналым құралы.

Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі оның бүкіл тауарлар құнын салыстыра алу мүмкіншілігінде.

Ақшалар, айналым құралы ретіндегі қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауар алмасудағы делдалдық ролі арқылы орындайды, ол екі актіден тұрады: сату Т-А және сатып алу А-Т.

Тауар бағасының өсуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы - инфляция деп аталады.

Ақша жүйесі деп әр елде тарихи қалыптасқан және мемлекет заң жүзінде орнатқан ақша айналымын ұйымдастыру формасын (нысаны) айтамыз.

Ақша жүйесінің элементтері болып саналатындар:

ақша бірлігі немесе елде бірлік ретінде қабылданған ақша өлшемі (теңге, рубль, доллар т.б.);

баға ауқымы немесе елде ақша бірлігі ретінде қабылданған ақшаның металдық салмақ саны және оның құрамдық бөліктері (мысалы, 60-80 жылдарда 0,987672 г. алтынға теңестірілген);

эмиссиялық жүйе немесе ақша, бағалы қағаздар шығарушы мекемелер (мысалы, Ұлттық банкі);

ақша белгілерінің түрлері немесе айналымда заңды төлем құралы болып саналатын несиелік қағаз ақша, ұсақ монеталар жүйесі;

ақша жүйесі институттары немесе ақша айналымын реттеуші мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

Тарихта металл ақшалардың айналым жүйесі биметтализм және монометаллизм арқылы өтті.

Биметталлизм («би» - екеу) ақша ретінде 2 металды - алтын және күмісті пайдаланудан шығады.

Монометаллизм («моно» - біреу) ақша ретінде тек алтынды пайдаланудан шығады, қағаз және несиелік ақша оған еркін айырбасталған.

Монометтализмнің үш түрі бар:

алтынмонеталық стандарт (қалып) – 1821 жылдан бастап, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін: алтын монеталар айналымымен қатар және несиелік ақшаны алтынға еркін айырбастаумен ерекшеленді;

алтын құймалық (золотосливковый) стандарт (Англия және Франция - бірінші дүниежүзілік соғыс) құн белгілерін алтынға айырбастау, егер де олар стандарттық алтын құймасының бағасына сәйкес болғанда (мысалы, егер портрет-картина бағасы бойынша 1 кг алтын құймаға сай болса, онда олар айырбасталатын болған);

алтындевиздік стандарт (ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін) банкноттарды шетел валютасына (девиздер), ұсақты алтынға айырбастауды ескерді.

5 Тақырып. Нарық: түрлері, құрылымы және модельдері. Сұраныс және ұсыныс.

1. Нарықтың мәні және қызмет-тері.Нарықтық экономика және оның сипаты.

2. Тауарға сұраным және оған сипаттама

3.Тауар ұсынысы және оның қисығы.

Нарық, айырбас, айналым – осы категориялардың барлығы өзара бір-бірімен тығыз байланыста және күнделікті жағдайда жиі тең қарастырылады.

Нарық – шаруашылық субъектілерінің жекешеленуімен және қоғамдық еңбек бөлінісі себеп болған, тауар өндірісі дамуының табиғи-тарихи процесінің нәтижесі.

Сату-сатып алу жағынан қарағанда нарық өндіруші мен тұтынушының, сұраным мен ұсынымның өзара қатынас, әрекеттес саласы ретінде қарастырылады.

Экономиканы ұйымдастыру жағынан нарық деп экономиканың жұмыс істеуінің қоғамдық формасын айтады.

Жалпы қорытынды ретінде былай деуге болады: Нарық бұл – ұдайы өндірістің барлық звенолары: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларында сату, сатып алу арқлы жүргізілетін ұйымдық-экономикалық қатынастар­дың жүйесі.

  1.  Нарықтың атқаратын функциялары
  2.  нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу жүргізіледі
  3.  нарық арқылы өндіруші мен тұтынушының байланысы іске асады
  4.  нарықтық маңызды функциясы бағаны құру болып саналады
  5.  нарық арқылы өнімді өндіруге шыққан шығындар есебі жүргізіледі
  6.  нарық өндірушілерді дифференциялайды (ажырату, айырмашылық)

Нарық

 Артықшылығы

өзгермелі жағдайға жоғары бейімделушілігі және икемділігі;

пайданы көтеру үшін және өндіріс шығындарын азайту мақсатында жаңа технологияларды оперативті қолдануы;

өндірушілердің және тұтынушылардың шешімді қабылдауда, келісімді жасауда т.б. тәуелсіздігі;

әр түрлі мұқтаждықтарын қажетті көлемде және жоғарғы сапамен қанағаттандыру қабілеттілігі.

Кемшілігі

нарық пайда алуға және еңбекке құқылық кепілдеме бермейді, сонымен қоса нарықтық жүйе елеулі теңсіздік туғызады;

нарық ұжыммен қолданылатын тауарлар мен қызметтерді (спорт, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.) өндіруге жағдай жасамайды;

нарық әлеуметті қажетті тауарларды өндіруге емес, ол кімнің ақшасы бар соның тілегін қанағаттандыруға бағытталған.

Нарықтық экономика – тауар өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы қарым-қатынас жасайтын шаруашылықты ұйымдастыру формасы.

Нарықтық экономиканың негізгі белгілері

Жеке меншік Таңдау еркіндігі    Бәсеке   Мемлекеттік араласудың шектеулілігі

  1.  Нарықтың субъектілері
  2.  Үй шаруашылығы
  3.  мемлекет
  4.  фирма

Сұраным - белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір бағамен сатып алуға болатын тауарлардың саны. Сатып алушының ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілген сұраным төлем қабілеті бар деп аталады.

Бағаның және сұранымның көлемі арасындағы кері байланыс сұраным заңы деп аталады.

Qd

Сұранымға әсер ететін факторлар

Бағалық емес     Бағалық

Бағалық факторға жататындар:  Баға

Бағалық емес факторлар   тұтынушылардың талғамы сатып алушылардың саны   кездесетін, алмастыратын тауарлардың бағасы    тұтынушылардың күтуі.

Ұсыныс – нарыққа өндіруші мен сату үшін шығарылатын тауарлардың саны.

Баға жоғары болған сайын, өндірушілер өнімнің көп санын нарыққа шығарғысы келеді және керісінше.

Баға мен ұсынылған өнімдердің саны арасындағы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталады.

6 тақырып. Бәсеке және монополия

Жоспар:
1.Бәсекенің мәні және оның түрлері.
2. Жетілген бәсекелі нарықтың сипаты.
3. Монополия-жетілмеген бәсекелі нарық модельі.
4. Монополияға қарсы саясат және антимонолиялық заңдылық.

Бәсеке – бірдей тауар өндірушілер арасындағы ең жоғарғы пайда табу үшін күрес.

Бәсекенің екі түрін ажыратады:
- жетілген бәсеке;
- жетілмеген бәсеке.

Бәсекенің түрлері  

Сала ішілік – бір саланың ішіндегі  кәсіпорындардың ең жоғарғы пайда алу үшін күресі .

Бәсекелік күрестің әдістері

Бағалық бәсеке

Нарықтан тыс күрес формаларын қолдану

Өндіріс шығындарын азайта отырып, тауарлардың  түрі мен сапасын сақтай отырып бағасын төмендету арқылы бәсекеге түсу

Қаржылық махинациялар, бағалы қағаздарды алып-сату,

Өнеркәсіптік шпионаж, мем.ұйымдар тарапынан қысым көрсету және т.б. 

Бағалық емес бәсеке

Тауардың қасиетін өзгерту, оған жаңа сапалы қасиет беру, жаңа тауар-субституттар жасау, сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету, жарнама. 

Саларалық – капитал салудың уң тиімді шарты үшін әр түрлі сала арасындағы кәсіпорындар күресі.

Жетілген бәсеке (еркін бәсеке нарығы) нарығы бәсекенің таза түрін білдіреді. Мұндай нарықта бір-біріне тәуелсіз, көптеген сатушылар мен сатып алушылар әрекет жасайды. Олардың мүмкіншілік-тері де, құқылары да бірдей.

Жетілген бәсекенің негізгі ерекшелігі: бірде-бір фирма бөлшек бағаға әсер ете алмайды. Өйткені, жалпы өнімді шығаруда әрқайсысының үлесі шамалы болады.

Жетілген бәсекеге толық көлемде жету мүмкін емес. Оған тек жақындауға болады. ХІХ ғасырдың ортасындағы бәсекені жағдайға байланысты жетілген бәсекеге жатқызуға болады.

Монополия – бұл нарықта лидерлік орын алатын, бір немесе бірнеше салалар өндірісінің  бірлестігі немесе ірі кәсіпорын.  

Монополияның мақсаты – нарықта өндіріс көлеміне немесе бағаға бақылау жасау арқылы мүмкіндігінше максимальды кіріс алу. Оған жету құралы - монополиялық баға.

Бұл жоғары пайдаға әкеледі.

Монополиялар бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және келесі ұйымдық формалары болады.

Картель –шығарылған өнімнің көлемі туралы және өткізу нарығын бөлу туралы келісімдер.

Синдикат –өнімдерді бірігіп өткізуді ұйымдастыру мақсатындағы бірлестік.

Трест – мұнда өнімді өткізетін фирмалардың, өндірістің және меншіктің бірігуі арқылы болатын монополия.

Концерн – бір қаржылық орталығы бар, оған кіретін әр түрлі салалардың фирмаларымен, бірақ жалпы технологиясы бар монополия.

Конгломерат бұл - бастапқы фирма қызметінің сферасымен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ салаға ірі корпорациялардың кіруімен байланысты бірлестік.




1. Овердрафт
2. физическая векторная величина равная произведению массы тела на его скорость
3. Тема- Маркетинговая составляющая в популяризации еврейского образа жизни
4. творении нам сообщается каким образом чтолибо произошло и в мифе мы стоим у истоков существования этого
5. Тематика контрольных работ по дисциплине История экономики для студентов вечерней и заочной форм обучения
6. .ПР.15.ПЗ Лист Пров Щепина Е.
7. 5128-13Вестник образования России
8. Виды недоговорных обязательств.html
9. Риск в задачах линейного программирования
10. Павловский Парк УТВЕРЖДАЮ Директор ООО Павловский Парк