У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Ежелгі ру басшысы Ес~хей батырды~ отбасында ту~ан

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-12-27

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.3.2025

                            Шыңғыс хан

Шыңғысхан

                            

Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хонмоңғ. Чингис хаан шын аты Тэмүүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған. [1]

Мазмұны

  1.  1 Мемлекет құруы
  2.  2 Ішкі саясаты
  3.  3 Әскери құрылысы
  4.  4 Жорықтары мен жаулап алулары
  5.  5 Ұлыстарға бөлуі                                                                                                                       Шыңғыс хан әулеті
  6.  6 Қайтыс болуы
  7.  7 Пайдаланған әдебиет

Мемлекет құруы

Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 11831204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.ШЫНҒЫС ХАН Есугейден кейінгі хан сайланады.Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.

Ішкі саясаты

Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.

Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (Ұлы жасақ) ережелерін бекітті.

Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды.

Әскери құрылысы

Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.

Жорықтары мен жаулап алулары

1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібірмен Шығыс Түркістан ды (буряттардыякуттардыойраттардықырғыздардыұйғырларды) бағындырды.

1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.

Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.

Ұлыстарға бөлуі

Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, ШағатайғаМауераннахрЖетісуҚашқарияҮгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.

Шыңғыс хан әулеті –Шыңғыс ханның үрім-бұтағы, Шыңғыс хан империясының құрамында болған Орта Азия мен Иран, Алтын Орда, ЮаньҚытайы, тағы басқа мемлекеттердегі моңғол билеушілері Шыңғыс хан империясы тарағаннан кейін бұл мемлекеттер дербес өмір сүрді,

дегенмен Шыңғыс хан әулетібилікті өз қолдарында сақтапқалды. Олар Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеден туған 4 ұлдан тарады ұлдан тарады және “Алтын ұрпақ” (“Алтын ұруғ”) деп аталып, түркі - моңғол ақсүйектерінің ішінде ерекше құрметке бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке араласуға құқылы болды. Шыңғыс ханның басқа әйелдерінен тараған ұрпақтары мұндай құрметке бөленген жоқ.

Қайтыс болуы

Шыңғыс хан Танғұттарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.

Пайдаланған әдебиет

  1.  Жоғарыға көтеріліңіз↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9




1. 1995 N 186ФЗ от 2712
2.  Вычисление валентности логических связок и их численная интерпретация в двузначной и многозначной логике
3. Люка В последнее воскресенье Масленицы 1578 года после народного гулянья когда на парижских улицах зат
4. Древняя история востока
5. Ленин как историческая личность
6. Дул ветер написав это я опрокинул неосторожным движением чернильницу и цвет блестящей лужицы напомни
7. Лечебная физическая культура и массаж История возникновения массажа
8. Серозный мастит у коров
9. Очередной развод ну или чтото в этом роде и это нормально2
10. ОСНОВЫ СТАНДАРТИЗАЦИИ И СЕРТИФИКАЦИИ