Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі
Қазақстанның егемен ел ретінде БҰҰ-на және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы, ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:
1.Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995-ші жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8% төмеңдеген болса, 1996 жылы 4,5% қана төмендеді.
2.Инфляция деңгейінің төмеңдеуіне байланысты Ұлттық банктың қайта құру ставкасы, егер 1995 жылдың ортасында 75% болса, сол жылдың аяғында 52,2%, ал 1996 жылы 30% бодды.
3.Өндірістің құлдырауы тежеліл, макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім 1996-шы жылы бірінші жарты жылында 1995-ші жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 100,1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі-100,2% болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқтатылып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
4.Экспорт өнімері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5% болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.
Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режиміне баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік нарықтағы бәсеке бағытында, елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр. Солардың ішінде:
- облыстардың лицензиялар берген құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- арлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды зандастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әр түрлі нысанындағы кез-келген
кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіңдік береді;
- экспорттык. салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре берумен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған Жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласыңдағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарыңда қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылыдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталган технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндікгерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашлығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек, олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның осы замандағы басты ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Қазақстанда дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жағдай сауаттылығы, ғылыми зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.
Экономиканың, шикізаттың бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі, Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.
Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, АҚШ "таргетинг" дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады..
Таргетинг экспорттық потенциялды, негізінде бір мақсатта ғана көздеп, өсіре беру. 1997 жылдық басыңда Мәскеуде, Интеграциялық комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның, және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурда өткен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (БСҰ) мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бұл форумның мақсаты БСҰ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міңдеттемелерін орындалуын қарау, беделді халықаралық сауда ұйымы қызметінің жұмыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.
1996 жылы Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өкіметтері делегацияларының БСҰ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары, олардың осы бағытта қазір жүргізіл отырған қызметінің жоспарлары қаралды.
"Төрттік" елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың БСҰ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан ұзақ уақытқа созылатыны айтылды.
Қазқстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.
Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалык қарым-қатынастарын зерттейді.
ХЭҚ-ң негізгі нысаны халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндык көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.
Соңғы онжылдықтарды ғылыми-техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді.
Өндірістің интернационалдануы өндіргіш күштердің қызметін кеңейтумен қатар өндірістік қатынастарды да жетілдіреді. Экономикалық интернационалдануы халықаралық өндірістік қатынастармен мейлінше жақындастырады.
Дүниежүзілік шаруашылық ХЭҚ-ң объективті негізі және маңызды бөлігі. ХЭҚ-р дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты. ХЭҚ-ң да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады.
XX ғасырдың бас кезінде дұниежүзілік шаруашылык экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың нарықтық және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр.
Интернационалдану дегеніміз: халықаралық еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік-экономикалық байланыстарды қалыптастыру.
ХЭҚ-ң дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасыңдағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сиымды тауарлар.
Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесіңде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы керек.