У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ЖАСФЕНДИЯРОВ АТЫНДА~Ы ~АЗА~ ~ЛТТЫ~ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬН

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.12.2024

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДӘРІСТЕР КОМПЛЕКСЫ

Мамандығы Жалпы медицина

ДӘРІСТЕР КОМПЛЕКСЫ

                                                                                    

Құрастырғандар: каф. меңг. Ү.И. Кенесариев

                                                                                    м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е.

                                                                                    Аударған: оқытушы Адилова М.Т.

Алматы, 2012 жыл

Кафедра мәжілісінде мақұлданған

Хаттама №__ «_____» __________2012 ж.

Жалпы гигиена және экология

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор                                     Ү.И. Кенесариев

1.Тақырып. Кіріспе. Гигиена - медицинадағы алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері.

2.Мақсаты Аурудың алдын алу жөніндегі пән және ғылым ретіндегі гигиена туралы, оның мақсаты мен негізгі міндеттері, зерттеу нысандары мен әдістері туралы түсінікті қалыптастыру.

3.Дәріс тезистері Гигиена - медицинадағы негізгі алдын алу пәні. Оның іске асуы кезінде адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай, денсаулығының сақталуын, аурулардың алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында қоршаған орта факторларының адам ағзасына және қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.

Гигиена өзінің аталуын «һygіеnos» - денсаулық әкелуші деген грек сөзінен алды. Ерте дүниедегі грек мифологиясына сәйкес емдеумен айналысатын құдайы Асклепияның (Эскулаптың) Гигиея деген қызы болған. Ол, аурулардын алдын алып, адамдарға денсаулық силаған. Ерте дүниедегі гректер Гигиеяны «денсаулық құдайы» деп таныған, оны денсаулық құдайы деп санаған. Осы денсаулық құдайының атымен аурудың алдын алу жөніндегі медицина ғылыми гигиена деп аталған.

Гигиенаның мақсаты адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу. Мазмұны мен міндеттері бойынша біріншілік, екіншілік, үшіншілік аурулардың алдын алу деп бөледі. Біріншілік алдын алу аурулардың себебі немесе қауіп-қатері болатын факторларды жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендеуге бағытталған. Ол қоршаған ортаны сауықтыруды, халықтың салауатты өмір салтын, рационалды жұмыс және демалу режимін және басқаларды ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүргізуді алдын ала қарастырады. Екіншілік алдын алу сырт көрінісі жағынан дені сау адамдарда патология алдындағы жағдайды ерте анықтау және бұл жағдайлардың ауруларға өтуінің алдын алу жөніндегі шараларды жүргізуден тұрады. Мұндай шараларға, мысалы, жеке басты қорғайтын заттарды қолдану, қолайсыз экологиялық жағдайларға жұмысшыларды, халықты қауіпсіз жұмыс және өмір сүру тәсілдеріне, антидоттық тамақтануға және басқаларға үйрету. Үшіншілік алдын алу (реабилитация) ауырған адамдарға жүргізіледі. Гигиена біріншілік және екіншілік аурулардың алдын алумен айналысады. Гигиена өзінің мақсатына жетуді, адамды қоршаған ортаны – тіршілік және өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу шараларын дайындау және практикаға енгізу арқылы іске асырады. Бұл үшін гигиена ғылымымен келесі міндеттер шешіледі:

1. Адамның денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның табиғи  және антропогенді факторларын зерттеу.

2. Бұл факторлардың адамның немесе популяцияның денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттеу.

3. Адам ағзасына қолайлы әсер ететін қоршаған орта факторларын максимальды пайдалану және қолайсыз әсер ететін факторларды жою немесе қауіпсіз деңгейге дейін шектеу жөніндегі гигиеналық нормативтерді, ережелерді, шараларды тұрғыдан негіздеу және дайындау.

4. Дайындалған гигиеналық ұсыныстарды, ережелерді және нормативтерді денсаулық сақтау практикасына және халық шаруашылығына енгізу, олардың тиімділігін бағалау және жетілдіру.

5. Жақын және қашық болашақтағы санитарлық жағдайды болжау. Гигиенаның зерттейтін тақырыбы іс жүзінде дені сау адамдар, олардың жеке, ұжымдық, қоғамдық денсаулығы және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам ағзасына әсер ететін: физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік қоршаған ортаның факторлары. Физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік қоршаған ортаның факторлары табиғи немесе антропогендік болуы мүмкін.Әлеуметтік жағдайдың адам денсаулығына әсері де әлеуметтік ортаның химиялық, физикалық, биологиялық және психогендік факторлары арқылы жүреді. Мысалы, темекі шегу химиялық фактор ретінде табактың әсері салдарынан оның себебінен дамитын аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.

Адам өзінің өмір сүру жағдайында бір мезгілде көп факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін және олардың қабаттасып әсер етуінің сипаты әртүрлі болуы мүмкін: қолайлы, бейтарап немесе зиянды және қауіпті. Қазіргі кездегі гигиена көп бөлімдерді қамтиды, олардың әрқайсысы гигиена ғылымы мен практикасының жеке салаларын қамтиды, атап айтқанда, коммуналдық гигиенаны, тамақтану гигиенасын, енбек гигиенасын, балалар мен жасөспірімдер гигиенасын, емдеу алдын алу мекемелерінің, әлеуметтік, радиациялық, әскери гигиенаны және басқаларды.Өзінің міндеттерін шешу үшін гигиена тек өзіне тән әдістерді де және басқа медициналық және медициналық емес пәндердің әдістерін де қолданады. Гигиенаның өзіне тән әдістеріне: санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптау, гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің бірі қоршаған орта факторларын бағалауға мүмкіндік берсе, басқалары олардың адам денсаулығына әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің бәрі физикалық, химиялық, биологиялық, статистикалық, клиникалық және басқа да спецификалық емес әдістердің кең спектрін қолдануды ойлайды.

4.Иллюстрациялық материал Мультимедийлі презентация.

5.Әдебиет

  1.  Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы» Алматы, 2006 ж. 74 б.
  2.  Амрин М.К. Ауалық ортаны гигиеналық бағалау. – Алматы 2004, ж. – 65 б.
  3.  Кенесариев Ү.И., Жакашов Н.Ж. Медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледжерге арналған оқулық«Экология және халық денсаулығы». Алматы: «Ғылым», 2002. – 216 б.
  4.  Тамақтану: Жалпы гигиена бойынша медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. І-бөлім. Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. / Алматы, 2006.-160 бет.
  5.  Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев Ү.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.
  6.  Гигиена оқулығы. Ү.И. Кенесариевтің баспасымен Алматы 2010 ж

6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

1. Гигиена қандай бағытты көрсетеді: алдын алу ма әлде емдеу ме?

2.Аурулардың алдын алудың қандай түрі тиімдірек? Денсаулық сақтаудың алдын алу бағыттылығының бірінші кезектілігі немен түсіндіріледі?

3. Гигиенаның зерттейтін тақырыбы не?

4. Қоршаған ортаның факторларын гигиенаның қандай әдістері бағалауға мүмкіндік береді?

5.Адам ағзасына қоршаған ортаның қандай факторлары бағалауға мүмкіндік береді?

1.Тақырып Гигиенаның зерттеу әдістері

2.Мақсаты Гигиенаның зерттеу әдістері жөніндегі білімді қалыптастыру.  

3.Дәріс тезистері Гигиена басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Қоршаған ортаның факторларын және олардың адам ағзасына әсер етуін зерттеу мақсатында ол іргелі және клиникалық медициналық пәндердің, сондай ақ, климатология, метеорология, агрохимия, топырақтану, агрономия,математика, т.б. сияқты медициналық емес пәндердің мәліметтерін және зерттеу әдістерін қолданады. Сол бір мезгілде гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу саласындағы дәрігерлердің емдеу алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізуі үшін қажетті болып табылады. Өз міндеттерін шешу үшін гигиена өзіне тән зерттеулермен қатар, басқа да медициналық және медициналық емес пәндердің әдістерін де қолданады. Гигиенаның арнайы әдістеріне санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптама және гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің бірі қоршщаған ортаның факторларын баға берсе, ал басқалары адам денсаулыған әсерін анықтайды. Осы аталған барлық әдістер арнайы емес, яғни бейспецификалық әдістердің кең спектрін: физикалық, химиялық, биологиялық статистикалық, клиникалық және басқа да әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.

4.Иллюстрациялық материал мультимедийлік презентация.

5.Әдебиет

  1.  Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы» Алматы, 2006 ж. 74 б.
  2.  Амрин М.К. Ауалық ортаны гигиеналық бағалау. – Алматы 2004, ж. – 65 б.
  3.  Кенесариев Ү.И., Жакашов Н.Ж. Медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледжерге арналған оқулық«Экология және халық денсаулығы». Алматы: «Ғылым», 2002. – 216 б.
  4.  Тамақтану: Жалпы гигиена бойынша медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. І-бөлім. Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. / Алматы, 2006.-160 бет.
  5.  Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев Ү.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.
  6.  Гигиена оқулығы. Ү.И. Кенесариевтің баспасымен Алматы 2010 ж

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)

1. Гигиена медицинада қандай бағытта түсінік береді: алдын алулық па әлде емдік бағытта ма?

2. Денсаулық сақтаудағы алдын алу бағыты немен түсіндіріледі?

3. Гигиенаны оқу пәні не болып табылады?

4. Емдеу саласындағы қызметкер үшін гигиеналық білім не үшін қажет?

5. Ғылыми гигиенаның негізін кім қалады?

6. Гигиеналық алдын алу тәжірибесінде шараларды қандай қызмет іске асырады?

7. Санитарлық заңдылық не үшін қажет?

1.Тақырып. Гигиенаның даму тарихы. ҚР гигиенаның замануи даму бағыттары.

2.Мақсаты Гигиенаның даму тарихы жөніндегі білімін қалыптастыру.

3.Дәріс тезистері Гигиенаның көп ғасырлық дамуын 2 кезеңге бөлуге болады: эмприкалық және ғылыми-сараптамалық. Эмприкалық, халық гигиенасының жетекші элементтері болып тұрғын үй, тамақтану, су көздерін пайдалану, ауруларды оңашалау, жеке бас гигиенасын шектеу сипатындағы ұсыныстар болды. Эмприкалық гигиена ары қарай даму кезеңдері ерте Индияда, Қытайда, Египетте, Грецияда, Рим империясында жалғасты. Эмприкалық гигиена туралы алғашқы ойлар ертедеі атақты дәрігер Гиппократтың мына: «ауа, су және жер жайлы» трактатында келтірілген. Сонымен қатар, гигиенаның дамуына үлес қосқан Асклепий, Гален, Демокрит.Орта ғасырда санитарлық  жағдай төменгі сипат ала бастаған кезде, араб дәрігері Авиценнаның «Медицина каноны»  атты еңбегі бүкіл әлемге белгілі болған. 17-18 ғасырларда гигиена қарқынды дами бастады. Бұл кезде кәсіптік гигиена бойынша Б Рамаццинийдің алғашқы еңбектері мен М.В. Ломоносовтың атақты еңбектері жарық көре бастады. 18-19 жүзжылдықта капитализм қарқынды дами бастаған уақытта ғылыми-сараптамалық медицина пайда болды, оның негізін неміс ғалымы М.Петтенкофер салды. Л.Пастер, Р.Кох, Э.Паркс, М.Петтенкофер, И.Франктың еңбектері алдын алулық медицинаның бірінші рет ғылыми негізге жүгінуге септігін тигізді. Ресейде гигиенаның дамуына көп үлес қосқан ғалым А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды, бұлар гигиена кафедрасын алғашқы ұйымдастырушылар болып табылады, экспреминтальды жұмыстарды кеңінен қолданып, гигииена бойынша нұсқаулар жазды. Революциядан кейін алдын алу сөзі денсаулық сақтаудың даму барысында кеңінен орын алды. 1922 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдастырылды. Бұған үлкен үлес қосқан Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев және т.б. Гигиенаның мақсаты мен міндеттерінің және мазмұнының кеңеюі коммуналды гигиена,еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы тарауларының өзінше бөлінуіне әкелді. Гигиена ғылымы мен тәжірибенің дамуына ғылыми-институттар мен гигиена кафедраларының құрылуы септігін тигізді.

1932 жылы Республикада бірінші рет Алматы қаласында медициналық институт ашылды. Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі болған Н.Н.Попов негізін салды. Кафедраларды ұйымдастыру және онда жүргізілген ғылыми зерттеулер гигииенаның негізі болып табылды, осыған байланысты Республикадағы барлық гигиенаның дамуы осы негізгі сүйеніп отырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда Е.Алтынбеков, А.А.Лукашев, В.А.Козловский, Е.Н.Сраубаевтардың еңбек гигиенасы бойынша мектептері бар, коммуналдық гигиена бойынша (И.С.Корякин, Б.А.Неменко), тамақтану гигиенасы бойынша ( Т.Ш.Шарманов , С.П.Терехин және т.б.), қоршаған орта гигиенасы және экология бойынша (К.Р.Амрин, Ү.И.Кенесариев және т.б.), Еңбек гигиенасы жасаған еңбектерінің негізгі бағыттары өндіріс салалары мен ауыл шаруашылықтарында кеңінен қолданылып келеді. Қоршаған орта гигиенасы мен адам экологиясының еңбектері мұнай газ аймақтарында және ракета-ядролық сынақ аймақтарында қолданылса, ал тамақтану гигиенасының еңбектері Республика аумағында фундаментальды және қолданбалы аспектілерінің негізін салды

5.Иллюстрациялық материал Мультимедийлі презентация.

6.Әдебиет

  1.  Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы» Алматы, 2006 ж. 74 б.
  2.  Амрин М.К. Ауалық ортаны гигиеналық бағалау. – Алматы 2004, ж. – 65 б.
  3.  Кенесариев Ү.И., Жакашов Н.Ж. Медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледжерге арналған оқулық«Экология және халық денсаулығы». Алматы: «Ғылым», 2002. – 216 б.
  4.  Тамақтану: Жалпы гигиена бойынша медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. І-бөлім. Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. / Алматы, 2006.-160 бет.
  5.  Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев Ү.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.
  6.  Гигиена оқулығы. Ү.И. Кенесариевтің баспасымен Алматы 2010 ж

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1.Емдеу саласындағы медициналық қызметкер үшін неге гигиеналық білім қажет?

2. Іс жүзінде гигиеналық шараларды қандай қызмет жүзеге асырады?

3. Сақтық және ағымдағы санитарлық бақылаудың рөлі қандай?

4. Санитарлық заңдылық не үшін қажет?

1.Тақырып ҚР Санэпид қызметінің құрылымы. Сақтық және күнделікті санитарлық бақылау.

2.Мақсаты ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің құрылымы мен алдын алу және күнделікті санитарлық бақылау туралы білімдерін қалыптастыру.  

3.Дәріс тезистері

  •  ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің дамуы.
  •  ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің негізгі міндеттері.
  •  Санитарлық эпидемиологиялық қызметінің дамуы мен негізгі бағыттар.
  •  Алдын алу және ағымдағы санитарлық бақылау.

ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметі дамудың ұзақ кезеңдерінен өтті. Егеменді Казахстан 1991 жылдан бастап халықаралық дәрежеде дәйекті түрде меншікті заңдары мен нормативтерін  дайындап, қабылдады, сонымен қатар денсаулық саласында. Барлық тәуелсіз мемлекеттердің достастығы арасында Қазақстан ең бірінші болып «Халықтың санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдайы» атты заң қабылдады (1994) және «Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет туралы» ҚР Министрлер кабинетінің қаулысы шықты. Бұл құжаттар құқықты акт ретінде санитарлық эпидемиологиялық қызметтің дамуы мен жетілуінің басты бағыттарын анықтады. Республикада қабылданған қаулыға сәйкес санитарлық эпидемиологиялық қызметтің қайта ұйымдастыру және жаңадан ұйымдастыру құрылымы жүргізілді. Бұрынғы ведомствалық санитарлық қызметтер (Қорғаныс Министрлігі мен Ішкі істер Министрліктерінен басқасы) мемлекеттік статус алды, бұл санитарлық бақылау жүргізуде санитарлық дәрігерлердің құқықтарын  жоғарлатты. Санитарлық-эпидемиологиялық басқармалар шешімдер мен талаптар туралы билік айтуда дербестік және тәуелсіздік алды. Денсаулық сақтаудың күнделікті және болашақтық жоспарларын жылдам құрастыруда, жаңа нарықты экономика жүйесінде медицинаның міндеттерін анықтау, мемлекеттің және барлық денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік  жауаптылығын күшейту үшін жаңа қайта өңделген және жөнделген №361-II 4 желтоқсан 2002 жылы ҚР «Халықтың санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдайы» Заңын қабылдады. Қазіргі уақытта мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеттері республикадағы санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың кейбір қиындықтарының алдын алу және тұрақтандыру үрдістеріне бағытталған. Бүгінгі күнде ҚР Үкіметінің 10 қаңтар 2002 жылы № 21 шыққан «ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің сұрақтары» қаулысына сәйкес Республикада ҚР ДСМ  мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылды. Барлық қызметтердің жұмысының приоритеттілігін анықтауға байланысты мекемелердің жаңа атаулары бекітілді: облыстың 14 қаласында, Астанада, Алматыда жұмыс барысын - Мемлекеттік санитарлық бақылау Департаменті, аудандарда-санитарлық эпидемиологиялық Басқарма басқарады. Сонымен санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің дамуы мен жұмысының негізгі бағыттары анықталды:

- қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халық денсаулығына әсерінің алдын алу және зерттеу;

ҚР санитарлық эпидемиологиялық жағдайды мемлекеттік түрде жетілдіріп реттеу және тұрақтандыру мәселелерін шешуде көмек көрсету;

Халықтың санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатына  бағытталған кешенді түрдегі республикалық және облыстық бағдарламалар дайындау.  

санитарлық ұйымдарды ғылыми әдістемелік және материалды техникалық қамтамасыз етуді нығайту;

медицина қызметкерлерінің кадрлық потенциалын жетілдіру;

ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің жұмысын басқаруда тиімді финанстық экономикалық механизмдерді дайындау және енгізу;

1.Санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдай сұрақтары бойынша санитарлық эпидемиологиялық қызметтің қоғамдық ұйымдармен байланысын нығайту;

2.Салауатты өмір салтын ұйымдастыру және практикалық шараларды өткізу;  

3.Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің алдына қойған міндеттерінің бірі республикадағы гепатит, вирусты менигит, қызамық сияқты жұқпалы ауруларды төмендету, алдын алу шараларын дайындау және эпизоотологиялық-эпидемиологиялық бақылауды жетілдіру, грипп, бруцеллез, туберкулез, іш сүзегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылау.Республикадағы эпидемиологиялық жағдайға болжау жүйесі мен мониторинг орнату. Тау кен және металлургиялық өнеркәсіптері, фосфор өндірісі және химиялық зауыттарда, құрлыс индустриясы мен мұнай өндіретін, мал шаруашылығы т.б еңбек жағдайына санитарлық-гигиеналық қатаң бақылау жүргізу қажет. Республикадағы тағамдық және қайта өндіруші өнеркәсіптерге мұқиятты түрде санитарлық бақылау өткізетін қосымша білікті кадрлар керек. Қоршаған орта нысандарының (атмосфералық ауа, су, топырақ) ластану деңгейінің көрсеткіштеріне бақылау жасау әрқашанда актуальды мәселе.

4.Иллюстрациялық материал мультимедийлі презентация.

5. Әдебиет

  1.  Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы» Алматы, 2006 ж. 74 б.
  2.  Амрин М.К. Ауалық ортаны гигиеналық бағалау. – Алматы 2004, ж. – 65 б.
  3.  Кенесариев Ү.И., Жакашов Н.Ж. Медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледжерге арналған оқулық«Экология және халық денсаулығы». Алматы: «Ғылым», 2002. – 216 б.
  4.  Тамақтану: Жалпы гигиена бойынша медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. І-бөлім. Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. / Алматы, 2006.-160 бет.
  5.  Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев Ү.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.
  6.  Гигиена оқулығы. Ү.И. Кенесариевтің баспасымен Алматы 2010 ж

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)

1.Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің  алдыңғы реттігі  қандай?

2. Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтіңқұрылымы

3. Алдын алу және ағымдағы санитарлық бақылаудың рөлі

1.Тақырып Гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері. Нормалау көрсеткіштері.

2.Мақсаты Гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері мен көрсеткіштері жөніндегі білімді қалыптастыру.  

3.Дәріс тезистері

  •  Тұрақты және уақытша гигиеналық нормативтер.
  •  Гигиеналық нормалау критерийлері.

Гигиеналық нормалау алдын алу шаралары негіз болатын негізгі жүйе болып табылады. Гигиеналық нормалау дегеніміз адамға күнделікті әсер ету барысында оның денсаулығы мен болашақтағы ұрпақтарының денсаулығына тікелей және жанама әсер көрсетпейтін табиғаты әртүрлі факторлардың деңгейлері мен дозаларын айтады. Нормативтердің тұрақты және уақытша түрлерін ажыратады. Тұрақты нормативтер ұзақ уақытқа созылған сараптама нәтижелері бойынша алынады. Тұрақты нормативтерге химиялық және биологиялық факторлар үшін ШРЕК (шектік рұқсат етілетін концентрация), ал физикалық факторлар үшін ШРЕД (шектік рұқсат етілетін деңгей) жатады.Уақытша болжамды нормативтер болжамды болып табылады, себебі, олар қысқа уақыттық сараптамадан кейін немесе болжамның есептеу әдістерінің нәтижелерінен алынады. Осы нормативтер қалыпты жағдайларда ШРЕК дайындалмаған кезде алдын ала санитарлық бақылау  кезеңінде қолданылады. Олардың әсер ету уақыты 2 жылдан аспайды. Уақытша нормативтерге ЗБҚД (заттардың болжамды қауіпсіз деңгейі), (атмосфера және жұмыс зонасының ауасы үшін) БЖД-болжамды жіберілетін деңгей-су үшін, БЖК-топырақтағы болжамды жіберілетін концентрация жатады.

Жыл сайын өндірісте химиялық заттардың жүздеген жаңа түрлері, физикалық және биологиялық факторлар табылады. барлық факторларға гигиеналық нормалауды жүргізу бірден мүмкін емес, себебі, ол үлкен материалдық шығынды және уақытты қажет етеді, мысалы 1 нормативке 1-2 жылға дейінгі уақыт кетеді. Сондықтан, осы және басқа факторлардың бірінші кезектілігін келесі көрсеткіштер бойынша анықтайды:

1. Нормаланатын факторлардың таралуы және олардың әсеріне ұшырайтын тұрғындар, бұнда қоршаған ортада кеңінен таралған факторлар басым болып табылады.

2. Фактордың биологиялық әсерінің сипаты. Әсерлердің алыстаған салдары бар факторлар (мутагенді, канцерогенді, эмбриотоксикалық)

3. Онымен байланысты өндірістің келешектегі дамуын есепке ала отырып, фактордың әсерінің ендік болжамы. Оның басымдылығы өндірістің ауқымының кеңейуімен байланысты.

4. Қоршаған ортада фактордың тұрақтылығы. Ең тұрақты факторлар басым болады. 

5.Биологиялық активтілігінің күрт жоғарылауы мүмкіндігімен, қоршаған орталарда заттардың  тасымалдануы, мынадай заттар басым болып келеді (мысалы, микроағзалардың әсерінен металлдық сынаптың метисынапқа айналуы. Минамата ауруы).

6. Нормаланатын факторлардың (үйлескен, кешенді, біріккен) басқа да факторлармен өзара әсерлері. Денсаулыққа терең  теріс әсер көрсетуі.

7. Факторлар туралы ақпараттардың болуы және гигиеналық зерттеулерге оңай қол жеткізе алу. Басымдылығы осы тарау бойынша қорытындыға байланысты беріледі.

4.Иллюстрациялық материал мультимедийлі презентация.

5.Әдебиет

  1.  1. Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы» Алматы, 2006 ж. 74 б.
  2.  Амрин М.К. Ауалық ортаны гигиеналық бағалау. – Алматы 2004, ж. – 65 б.
  3.  Кенесариев Ү.И., Жакашов Н.Ж. Медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледжерге арналған оқулық«Экология және халық денсаулығы». Алматы: «Ғылым», 2002. – 216 б.
  4.  Тамақтану: Жалпы гигиена бойынша медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. І-бөлім. Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. / Алматы, 2006.-160 бет.
  5.  Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев Ү.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.
  6.  Гигиена оқулығы. Ү.И. Кенесариевтің баспасымен Алматы 2010 ж

6.Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)

  1.  Аурулардың алдын алуда факторларға гигиеналық нормаивтерді орнату неліктен негізгі жағдайларды бірі болып табылады?
  2.  Уақытша нормативтерді қандай жағдайларда қолданады?
  3.   Ластағыштардың концентрациялары ШРЕК тен аспауы техникалық жағынан мүмкін емес болған жағдайларда не істеу керек?

1.Тақырып Нормалау принциптері. Гигиеналық эксперимент. Жеделдетілген нормалау

2.Мақсаты Қоршаған ортаның факторларын гигиеналық нормалау принциптеріне түсінік беру, гигиеналық сараптама мен жеделдетілген нормалаумен таныстыру.

3.Дәріс тезистері Факторларды гигиеналық нормалау келесі принциптерге негізделеді.

  1.  Медициналық көрсетілімдердің біріншілік принципі, яғни нормативті техникалық қол жеткізбеу оны жоғарылатудың аргументі болуы мүмкін емес.
  2.  Биологиялық жауаптарды дифференциалдау принципі..
  3.  Фактордың әсеріне ағзаның жауап реакциясы оның биологиялық белсенділігі ме, фактордың мөлшеріне және ағзаның қарсылығына байланысты. биологиялық жауаптың 5 түрінен: өлімшілдік, аурушаңдылық, аурудың физиологиялық белгілері, табиғаты белгісіз ағзадағы жылжулар және олардың ағзада жиналуы-гигиеналық норматив алдыңғы 4 жауапты алып тастайды және тұрғындардың ең сезімтал топтарына бағытталады.
  4.  Қоршаған ортаның нысандарын бөлу принципі.
  5.  Бір ғана затқа арналған гигиеналық нормативте қоршаған ортаның әртүрлі нысандарына біркелкі емес. Бұлар әсер ету уақытының әртүрлілігімен, қатынас, әртүрлі ортада заттың физико-химиялық әсерлердің біркелкі еместігімен байланысты болып табылады.
  6.  Барлық қолайсыз факторларды есепке алу принципі, яғни норматив адамның ағзасына ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да әсерін есепке алу қажет.
  7.  Табалдырықтық принцпі. Әрбір факторға әсер ету табалдырығы бар- зиянсыз болып табылатын фактордың деңгейі.
  8.  «Доза-уақыт-тиімділік» принципі.
  9.  Зертханалық сараптама принципі. Сараптамада алынған мәліметтерге қарап норматив бекітіледі.
  10.  ШРЕК салыстырмалы принципі. Нормативтер кезеңді түрде қайта қарастырылып отырады, себебі жаңа әдістер пайда болады, олар алдыңғы әдістермен анықталынбаған өзгерістерді табуға мүмкіндік туғызады.
  11.  Гигиеналық нормалаудың кезеңділігі. Нормалау бірнеше кезеңдерде жүргізіледі. бірінші кезеңдерде ақ қауіптілігі аз болатын заттарға нормативтерді дайындау барысында уақытты шектеуге мүмкіндік туғызады.

Гигиеналық нормативтерді орнатудағы дәстүрлік әдістер ұзақ уақытқа созылады, көп еңбектенуді және үлкен материалдық шығында қажет етеді. Бұдан басқа, санитарлық регламентацияны қажет ететін химиялық заттардың саны зертхананың мүмкіндіктерін жоғарылатады.Осы аталған мәселенің бір шешімі жедлелдетілген нормалау әдісін енгізу болып табылады. Бұл кезде екі негізгі талап сақталуы қажет:

1. Зерттеулердің бағдарламалары ғылыми түрде қысқартылуы.

2. Нормаланатын шаманың анықтау мүмкіндігін сақтау. Негізінен мұндай жедел-әдістер есептеу болып табылады және есептеулер келесі көрсеткіштер бойынша есептеледі:

а) токсикометрия (LD50, LС50) көрсеткіштері бойынша,

б) басқа орталардағы нормативтер (ШРЕК) бойынша 

в) заттың физико-химиялық қасиеті бойынша (молекулярлық салмағы, қайнау температурасы),

г) жасушадағы токсигенділігі бойынша,

д) гидробионттардағы токсигенділігі бойынша, 

е) басқа елдерде дайындалған нормативтер бойынша ,

ж) химиялық құрылымы бойынша.

Ең қолайлы есептеулер жедел-сараптауда және басқа ортаның нысандарына орнатылған ШРЕК негізделген есептеулер болып табылады. Басқа елдердің ШРЕК қолдану тек принцптер мен әдістемелік ұсыныстар толығымен біркелкі сәйкес келгенде ғана қолдануға болады.

4.Иллюстрациялық материал мультимедийлі презентация.

5.Әдебиет

  1.  Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы» Алматы, 2006 ж. 74 б.
  2.  Амрин М.К. Ауалық ортаны гигиеналық бағалау. – Алматы 2004, ж. – 65 б.
  3.  Кенесариев Ү.И., Жакашов Н.Ж. Медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледжерге арналған оқулық«Экология және халық денсаулығы». Алматы: «Ғылым», 2002. – 216 б.
  4.  Тамақтану: Жалпы гигиена бойынша медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. І-бөлім. Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. / Алматы, 2006.-160 бет.
  5.  Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев Ү.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.
  6.  Гигиена оқулығы. Ү.И. Кенесариевтің баспасымен Алматы 2010 ж

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)

1. Ағзада заттардың жиналуын туғызған осы норматив жетілдірілген бе?

2.Барлық факторлар міндетті нормалауға жата ма?

3. Қоршаған ортаның әртүрлі нысандарында болатын бір заттың түріне сол бір ғана нормативті қолдануға бола ма




1. Тема уроку. Розв'язування задач
2. небудь процесу називається кількість теплоти виділеною або поглиненою системою при відсутності корисної р
3. Тема роботи
4. Февральская революция и ее результаты
5. Семенівка Семенівського району Чернігівської області
6. пептидный антибиотик ингибирующий ДНКгиразуЭтот фермент обеспечивает раскручивание суперспиралей ДНК н
7. Formation and development of political parties in the Republic of Belarus
8. Недобросовестная конкуренция в рекламе
9. Скотт Роберт Фолкон
10. БАШКИРСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ МИНИСТЕРСТВА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СОЦИАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ
11. Задание 108 Найдите собственные значения и собственные векторы линейного оператора заданного в базисе сле
12. Вариант 20 Выполнил- Царев Д
13. был экономист ПИТЕР МАККЕЙ
14. Тема- Устойчивая Архитектура Вып
15. тема работы по интеллектуальнотворческому развитию учащихся
16. Курсовая работа- Разработка нефтяных месторождений с применением законтурного и внутриконтурного заводнений
17. Тема- Культура советского периода Осуществление культурных преобразований в 20 ~ 30 гг
18. коэффициент пропорциональности зависящий от значения скорости и называемый функцией распределения вероят
19. Путь Любви Рейки
20. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Одеса2003