Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
С.Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ ұлттық медицина университеті
Ү.И. Кенесариев, Р.М. Балмахаева, Н.Ж. Жақашов,
Ж.Ж. Бекмағамбетова, М.Е. Жоламанов, Қ.Қ.Тоғызбаева
ГИГИЕНА
(Жоғарғы оқу орындарына арналған
оқулық)
Профессор Ү.И.Кенесариевтің редакциясымен
Алматы
2012
Авторлар ұжымы:
Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жақашов Н.Ж., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Тоғызбаева Қ.Қ.
Пікір жазғандар:
РМҚК ҒТСЭС және МО ҚР ДСМ МСЭҚК пестицидтер токсикологиясы лабораториясының меңгерушісі, м.ғ.д. А.Ш. Нәжмедденова;
Қазақ тағамтану академиясының тағамды рационализациялау лабораториясының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор М.М. Айтжанов;
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор А.А. Алдашев.
Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / Ү.И.Кенесариев және т.б. Алматы: 2012 ж 671 б.
Қазақстан Республикасында алғаш рет дайындалған, медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған гигиена оқулығында адманың денсаулығын сақтау, нығайту және аурудың алдын алу үшін, қазіргі кезеңде гигиена ғылымы мен практикасы шешетін, негізгі мәселелер баяндалған.
Гигиенаның мақсаты, міндеттері және қолданатын әдістері, шет елдердегі және Қазақстандағы негізгі даму кезеңдері жазылған. Гигиеналық нормалаудың, сақтық және ағымдағы санитарлық бақылаудың аурудың алдын алу шараларын іске асырудағы рөлі көрсетілген. Адамның өмір сүретін ортасы мен өндірістік әрекеті ортасының әр түрлі факторларының сипаттамасы және олардың ағзаға әсері берілген, бұл факторлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі мәселелер қарастырылған. Атап айтқанда, ауа, су, топырақ, елді мекендер және тұрғын үй, тамақтану, балалар мен жасөспірімдер, аурухана гигиенасы, еңбек гигиенасы мен радиациялық гигиена, жеке адам гигиенасының өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлінген, оларды құрастыру Қазақстан Республикасының жеке аймақтарындағы гигиеналық жағдайларға байланысты жүргізілген.
Оқулық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен, «Жалпы медицина» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған Типтік бағдарламаға сәйкес жазылған. Сонымен бірге, оқулықты басқа да медициналық мамандықтарда оқитын студенттер, аспиранттар, медициналық жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің де пайдалануына болады.
С.Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық
медицина университетінің
80 жылдығына арналған
АЛҒЫСӨЗ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы, экономикалық және әлеуметтік дамуында үлкен жетістіктерге жетіп, шетел мемлекеттерімен байланыстары нығайып, басқа елдермен тауар айналымы жылдан жылға ұлғаюда.
Елдің негізгі байлығы халық болып табылады, яғни қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін жүйеде - өндірістік үрдістерде, негізгі рөл атқаратын, өңдіруші кұштердің бөлігі.
Мемлекеттің негізгі міндеті, сөзсіз, республика азаматтарының денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылады. Ауруды емдегеннен, оның алдын алу оңай екені белгілі, осыған сәйкес, аурулардың дамуынының алдын алуда профилактикалық медицина үлкен рөл атқарады, оның барлық негізгі жетістіктері қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсері туралы ғылымда гигиенада жинақталған.
Қазақстанда дәрігерлер дайындау саласында білім беруді мемлекеттік тілде жүргізу кең қолданылуда. Бірақ, гигиена бойынша тек қана классикалық мәліметтер ғана келтіріліп қоймай, сонымен бірге республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының көптеген ерекшеліктері ескеріліп жазылған, медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған «Жалпы гигиена» пәнінен қазақ тілінде дайындалған оқулық әлі жоқ.
Барлық салалардағы дәрігерлердің гигиенаның негіздерін білуі аурулардың көптеген түрлерінің алдын алудың кепілі болып табылады, жастарды салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруге тәрбиелеуге және тұрғындардың орташа өмір сүру уақытын ұзартуға мүмкіндік береді.
Гигиена - медицина ғылымының аса маңызды саласы, медициналық жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті болашақ дәрігерлерде гигиеналық көзқарас қалыптастыру болып табылады.
Медицина жұртшылығының назарына ұсынылып отырған қазақ және орыс тілдеріндегі жалпы гигиена оқулығы, гигиеналық білімдерін өз жұмысында жақсы пайдалануға қабілетті медициналық кадрлар дайындауды қамтамасыз етуге арналған.
Авторлар ұжымы, осы оқулықтың мазмұны мен дайындалуына байланысты пікірлерін ұсынушыларға өз алғыстарын алды ала білдіреді. Оқулықтың бұл нұсқасы соңғы емес, келесі басылымдарда пікір білдірушілердің ұсыныстары мен ескертулері ескеріледі.
КІРІСПЕ
1. Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі медициналық ғылым ретіндегі гигиена. Мақсаты, міндеттері, зерттейтін тақырыбы.
Адам денсаулығы, тек сапалы өмір сүрудің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің саясаты мен ұлттық қауіпсіздігінде жетекші жүйе түзуші фактор болып табылады және оны қамтамасыз етуде ең маңызды, бірінші дәрежелі рөл алдын алу медицинасына беріледі. 19-ғасырдың өзінде кемеңгер хирург Н.И. Пирогов «Келешек, сақтандыратын медицинанікі» деген, ал атақты клиницист-ғалым Г.А. Захарьин - «Практикалық дәрігер кемеліне келген сайын гигиенаның құдіретін және емдеудің, терапияның, салыстырмалы түрде әлсіз екенін, ол көбірек түсінеді» деген. Адамға, тек табиғи факторлар ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның химиялық, биологиялық және физикалық ластануымен, табиғатты жөнсіз пайдаланумен, әлеуметтік ортаның сипатымен және қалыптасу ерекшеліктерімен, әскери шамданулармен және басқалармен байланысты, антропогенді факторлардың бірқатар кешені әсер етіп жатқан қазіргі заманда, олардың айтқандары бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Адамда дағдыланған бейімделу механизмі жоқ, бұрын белгісіз болған факторлардың көздері жаңа технологиялар пайда болды. Әр түрлі салаларда гендік инженерия енгізілуде, сондай-ақ қауіпсіз емес болып табылған компьтерлерді, ұялы телефондарды және электромагнтиттік сәулеленулердің басқа да көздерін қолдану жаһандық масштаб алуда, әлеуметтік факторлардың әсері ұлғаюда. Бұл факторлардың әсері, тіпті қарқындылығы аздарының өзі де, адамның денсаулығына едәуір қауіп тудырады, себебі, көптеген аурулардың, оның ішінде қатерлі ісіктердің, жүрек-қан-тамыр, жүйке-психикалық аурулардың, иммундық тапшылық жағдайлардың және басқа да патологиялардың себебі немесе дамуының қауіп-қатері болуы мүмкін, оларды емдеуде клиникалық медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан, көбінде, қажетті тиімділікке жете алмайды. Мұндай жағдайда, адамның өмір сүру жағдайын сауықтыруға бағытталған тек алдын алу шаралары ғана аурулардың даму қауіп-қатерін төмендетуге, популяцияның денсаулығын сақтауға қабілетті. Гигиена ғылымының негізін қалаушы Ф.Ф. Эрисман осыған байланысты, «Егер ауру түрін дұрыс анықтау және оны дұрыс емдеу әдісі өте маңызды және елеулі деп саналса..., осы аурулар мен өлімнің себебі болып табылатын, қоғамның санитарлық сырқаттарын анықтау және жоя білу барлық рецепттер мен дәрілерді бірге алғандағыдан да, неге жоғары дәрежеде маңызды және елеулі деп айтпасқа» деген. Алдын алу жөніндегі медицина тек дәрігер-гигиена мамандарының ғана еншісі емес, аурудың алдын алу жөніндегі шараларсыз, кез-келген емдеу саласындағы дәрігердің жұмысы мүмкін емес. Гигиеналық ойлау тәсілі және бұл саладан кең танылымдар студенттік кезеңнен бастап қалануы керек, ал алдын алу жөніндегі медицина болашақ дәрігерлерді дайындауда өзіне лайықты орын алуы тиіс.
Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі ғылым - гигиена болып табылады. Гигиена, іске асырылғанда адамның қолайлы өмір сүру жағдайын, денсаулығының нығаюын және ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін, гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында, қоршаған ортаның адам ағзасы мен қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді
Гигиена, өзінің атын «hygieinos» «денсаулық әкелуші» деген грек сөзінен алады. Ежелгі грек мифологиясына сәйкес, дәрігерлік іспен айналысатын құдайы Асклепийдің (Эскулапа) Гигиея деген қызы болған, ол аурудың пайда болуының алдын алып, адамдарға денсаулық сыйлаған. Ежелгі гректер Гигиеяны аса дәріптеп, денсаулық құдайы деп санаған. Осы денсаулық құдайының атымен аурудың алдын алу жөніндегі медицина ғылымы «гигиена» деп аталған.
Гигиенаның мақсаты - адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурудың алдын алу. Англиядағы эксперименттік гигиенаның негізін қалаушы Эдвард Паркс гигиенаның мақсатына өте кең мағыналы және айқын анықтама берген: «Ғылым ретінде гигиена үлкен және игілікті мақсат көздейді адам ағзасының өсіп-дамуын - әбден жетілген, өмір сүруін - күшті, қартаюын - әбден баяу жүретін ету, өлімін ең ұзаққа созу» деген.
Гигиена адамды қоршаған ортасын - тіршілік ортасы мен өндірістік іс-әрекет ортасын - қорғауға және сауықтыруға бағытталған, ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және оларды іс жүзіне асыру арқылы өз мақсатының жүзеге асуына қол жеткізеді. Ол үшін, гигиена ғылымы келесі міндеттерді шешеді:
Қоршаған орта факторларын зерттеу деп, олардың табиғатын, жаратылысын, қасиеттерін, әсер ету деңгейлерін, қоршаған ортадағы құбылыстарын және басқаларын сипаттауды түсінеді. Мысалы, жаңадан синтезделген химиялық қосылысты өндіріске енгізу ұсынылады. Бұл кезде гигиена маманының міндеті - заттың химиялық құрылысы мен құрылымын, оның физико-химиялық қасиеттерін, реакцияласу қабілетін, тез ыдырау қабілетін, қоршаған ортада көшу жолдарын, олардың көзі болатын технологиялық тізбектегі звеноларын анықтау, өндірісте қолданылып жүрген аналогтарының болуы, олардың қасиеттері мен нормативтері туралы ақпараттар іздестіру, т.б. болып табылады. Сөйтіп, адамға әсер етуі сипатын шамалауға мүмкіншілік беретін қосылыстың толық сандық және сапалық сипаттамасы беріледі.
Заттың өзі туралы барлық қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, оның адам ағзасына және қоршаған ортаға әсері зерттеледі. Заттың адам ағзасына түсу жолдары, зат алмасуында айналымға түсуі, ағзада және жеке мүшелерде жиналу мүмкіншілігі, улылық және қауіптілік дәрежесі, улылық әсерінің механизмі және басқалар анықталады, ол үшін, әдетте, жануарларға гигиеналық эксперимент қойылады. Алынған мәліметтер, берілген заттың қауіпсіз әсері деңгейін (гигиеналық нормативін) дайындау үшін ғылыми негіз ретінде қолданылады. Мұнымен қатар, жүзеге асырылғанда берілген зат пен қоршаған орта ластануының алдын алуға немесе ластану деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін шаралар жазылған ұсыныстар, ережелер, нұсқаулар, т.б. дайындалады.
Факторларды гигиеналық нормалау, алдын алу шаралары негізделетін негізгі буыны (звеносы) болып табылады. Гигиеналық нормалау деп, адамға бүкіл өмірі бойына немесе бүкіл еңбек іс-әрекеті бойына күнделікті әсер еткен кезде, денсаулығына және оның ұрпағының денсаулығына тікелей немесе басқа орта арқылы әсер етпейтін, табиғаты әр түрлі факторлардың концентрацияларын, дозаларын және деңгейлерін анықтауды түсінеді. Гигиеналық нормативтер ретінде химиялық факторлар үшін ШРЕК (шектік рұқсат етілген концентрация) және ӘШАҚД (әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі), физикалық факторлар үшін - ШРЕД (шектік рұқсат етілген деңгей), биологиялық факторлар үшін ШРЕК қолданылады.
Келесі міндеті - дайындалған нормативтерді, ұсыныстарды, ережелерді іс жүзіне (практикаға) енгізу және олардың тиімділігін бағалау. Тиімділігі, технологиялық үрдісінде біз келтірген мысалдағы жаңадан синтезделген затты қолданатын нысанды санитарлық тексеру, жұмыс зонасының ауасындағы және басқа да ортадағы ол заттың концентрациясын анықтау, жұмысшылардың денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін зерттеу арқылы бағаланады. Медициналық-әлеуметтік тиімділігі аурушаңдықтың азаюымен, жұмысқа қабілетінің жоғарылауымен көрсетіледі. Сондай-ақ, экономикалық тиімділігі де анықталады, яғни дайындалған нормативтер мен шараларды іс жүзіне енгізу нәтижесінде, жұмысқа жарамсыздық қағазы бойынша төлем ақының төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы есебінен, т.б. алынған кіріс анықталады. Егер нысанның санитарлық жағдайында теріс динамика байқалса, кәсіби ауру-сырқау көбейгені белгілі болса, жұмысшылардың жұмыс қабілеті төмен болса, дайындалған нормативтер мен шаралар түзетулерді қажет етеді.
Және ең соңғы, математикалық модельдер көмегімен іске асырылатын жақын және қашық болашақтағы санитарлық жағдайды болжау, қажетті алдын алу шараларын өз уақытында жоспарлауға және жүргізуге мұмкіндік береді.
Гигиенаның зерттейтін тақырыбы (нысаны), іс жүзінде дені сау адамдар, олардың жеке басының, ұжымының, қоғамның денсаулықтары, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам ағзасына әсер ететін қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және психогендік (ақпараттық) факторлары.
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары табиғи және антропогенді (әлеуметтік) болуы мүмкін. Мысалы, табиғи химиялық факторларға атмосфералық ауаның, судың, топырақтың, тағамның және басқалардың табиғи химиялық құрамына кіретін заттар жатады, ал антропогенді факторларға, ортаның осы нысандарына адамның әр түрлі іс-әрекеттері нәтижесінде түсетін химиялық ластаушы заттар жатады. Табиғи және антропогенді химиялық факторлар адам денсаулығына әсер етеді. Адам үшін көптеген табиғи құрам бөліктерінің өмірлік маңызы бар, олардың жеткіліксіздігі немесе артық болуы, аурудың дамуына әкеп соғуы мүмкін. Антропогенді химиялық факторлар, заңды түрде улы болып табылады және адамның денсаулығына теріс әсер етеді.
Күн сәулесі, ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, атмосфералық қысым, геомагниттік өрістер және басқалар табиғи физикалық факторлар болып табылады. Бұл факторлар адамның тіршілігі үшін қажетті, бірақ олардың экстремальды деңгейлері терең өзгерістер, аурулар тудыруы, тіпті ағзаның өліміне әкеп соғуы мүмкін. Антропогенді физикалық факторлар діріл, шу, лазерлік сәулелену, иондағыш сәулелену, т.б., бұлар көбінде адам ағзасына зиянды әсер етеді.
Биологиялық факторларға, әр түрлі тірі ағзалар (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, гельминттер, жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар, өсімдіктер, т.б.), сондай-ақ олардың тіршілік өнімдері (токсиндер, вакциналар, антибиотиктер, т.б.) жатады. Олардың ағзаға әсері бір мағыналы емес. Мысалы, шартты түрде патогенді және патогенді микробтар әр түрлі жұқпалы және паразиттік аурулар дамытуы, улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар уланулар тудыруы мүмкін. Сонымен бірге, ашытқан сүт өнімдерінің құрамындағы сүт қышқылдық бактериялар, адамның денсаулығына қолайлы әсер ететін пробиотиктер (симбионттар) болып табылады.
Психогенді факторлардың табиғаты таза әлеуметтік болып келеді. Оларға жататындары - адамға екінші сигналдық жүйе арқылы әсер ететін факторлар: сөз, сөйлеу, дыбыстар, музыка, түрлі түстер, хат, баспа өнімдері, ұжымдағы арақатынастар, т.б. жатады. Бұл факторлар әр түрлі көңіл-күй тудырып, психикалық жағдайын өзгертіп, адамға оң немесе теріс әсер етеді.
Адам биоәлеуметтік жаратылыс болып табылады, сондықтан оның денсаулығы әлеуметтік ортамен байланысты жағдай, яғни көбінесе әлеуметтік факторлармен: жұмыс жағдайымен, тұрғын үй жағдайымен, материалдық жағдайымен, тамақтануымен, биологиялық-генетикалық ерекшеліктерімен, жынысымен, салауатты емес өмір салтымен (темекі шегу, арақпаздық, нашақорлық), т.б. анықталады. Бұл әлеуметтік жағдайдың адам денсаулығына әсері, әлеуметтік ортаның химиялық, физикалық, биологиялық және психогендік факторлары арқылы беріледі. Мысалы, темекі шегу, химиялық фактор ретіндегі темекінің ағзаға әсері салдарынан, онымен байланысты аурудың дамуына әкеп соғады, т.с.с.
Шынайы өмірінде адам, бір мезгілде көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды, олардың қабаттасқан әсерлерінің сипаты әр түрлі болуы мүмкін: қолайлы, бейтарап немесе зиянды және қауіпті.
2. Гигиенаның басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның бөлімдері. Гигиеналық зерттеулердің әдістері.
Гигиена басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Қоршаған орта факторларын және олардың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында, ол іргелік медицина пәндерінің анатомияның, гистологияның, қалыпты және патологиялық физиологияның, патологиялық анатомияның, биохимияның, биологияның, микробиологияның, эпидемиологияның және климатология, метеорология, агрохимия, топырақтану, агрономия, математика, т.б. сияқты медициналық емес ғылымдардың мәліметтерін және зерттеу әдістерін қолданады.
Барлық клиникалық пәндермен өзара байланыссыз гигиенаның болуы, мүмкін емес, себебі, денсаулық жағдайын бағалау үшін өзінің зерттеулерінде гигиена, клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының сипаты туралы мәліметтерді кеңінен қолданады. Сонымен қатар, қоршаған орта факторларының гигиеналық сипаттамасы, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу медицинасының барлық емдеу- алдын алу іс-әрекеттері тұрғызылатын негіз болып табылады.
Қазіргі кездегі гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы, әлеуметтік гигиена, радиациялық гигиена, әскери гигиена және басқалар кіреді. Бұл бөлімдердің әрбіреуі гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды. Болашақ дәрігер-гигиенист мамандар үшін пропедевтикалық гигиеналық пән және болашақ емдеуші дәрігерді гигиеналық білімдермен қаруландыратын пән болып табылатын жалпы гигиена, олардың ішінде айрықша орын алады.
Гигиена өзінің міндеттерін шешу үшін, тек гигиенаның өзіне тән зерттеу әдістерін де және басқа да медициналық, медициналық емес пәндердің де, әдістерін қолданады. Гигиенаның өзіне тән әдістеріне санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптау және гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің ішінде біреулері- қоршаған орта факторларын бағалауға мүмкіндік береді, басқалары- олардың адам денсаулығына әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің бәрі де спецификалық емес әдістердің кең спектрін: физикалық, химиялық, биологиялық, статисткалық, клинникалық әдістерді және басқаларды қолдануды қарастырады.
Санитарлық тексеру әдісі - адамдардың денсаулығына және олардың санитарлық-тұрмыстық жағдайына әсер ететін факторларды зерттеуге мүмкіндік беретін негізгі әдістердің бірі болып табылады. Ол екі түрден: санитарлық бейнелеп жазудан және тереңдетілген санитарлық тексеруден тұрады. Нысанды санитарлық бейнелеп жазу көзбен көріп байқау, төлқұжаттық мәліметтерін және нысанға қатысты басқа да құжаттарды зерттеу мәліметтері бойынша, сондай-ақ нысандағы адамдардан немесе берілген аумақта тұратын халықтан сұрау немесе анкеталық мәліметтері бойынша жүргізіледі. Мысалы, аурулардың емдеу-алдын алу мекемелерінде болуы кезінде жағдайын бағалау үшін, оның орналасуы, ғимаратының қанша қабат екені, жоспарлануы, патологиясы әр түрлі аурулардың дұрыс орналастырылуы, палаталардың өлшемі, терезелерінің бағытталуы, жарығы, микроклимат жағдайының қолайлылығы, аурухананың жер телімінің көгалдандырылуы және басқалар ескеріледі. Бірақ санитарлық бейнелеп жазу нысаның санитарлық жағдайын тек субъективті түрде (сапа жағынан) сипаттауға мүмкіндік береді. Ол зиянды факторлар туралы және олардың әсер ету деңгейлері жөнінде толық ақпарат бермейді. Сондықтан, тереңдетілген санитарлық тексеру жүргізіледі, бұл кезде санитарлық бейнелеп жазудан алынған мәліметтер, адамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде зиян келтіретін факторларды аспаптық-зертханалық зерттеу мәліметтерімен барлық уақытта да толықтырып отырады. Тереңдетілген санитарлық тексеру, нысанның санитарлық жағдайын объективті түрде, саны жағынан бағалауға мүмкіндік береді. Тереңдетілген санитарлық тексеру кезінде қандай факторлар зерттеледі, соған байланысты әр түрлі әдістер қолданылады, атап айтқанда, физикалық, химиялық, физико-химиялық, биологиялық, географиялық және басқа әдістер. Мысалы, шудың деңгейін зерттеу үшін шуды өлшеу қолданылады, химиялық құрамын және олардың мөлшерін анықтау үшін газды-сұйықты хроматографияны, атомдық-абсорбциялық спектрофотометрияны және т.б. қолданылады.
Тереңдетілген саиитарлық тексеруді бітіргеннен кейін, жойылуы керек кемістіктері көрсетілген, толық жазылған нысанның санитарлық төлқұжаты жазылады. Дәрігер - гигиенист маман ұсынған сауықтыру шараларының жоспары, санитарлық ұйғарым түрінде нысанның әкімшілігіне жіберіледі.
Эпидемиологиялық әдіс - гигиенаның негізгі әдістерінің бірі болып табылады және әр түрлі факторлардың тек бір адамның денсаулығына ғана емес, сонымен қатар адамдар тобының ұжымның, тұрғындардың, популяцияның да, денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу үшін қолданылады. Осы мақсатта:
Халықтың денсаулық жағдайын санитарлық-статистикалық зерттеу үшін денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің ресми есепке алу құжаттарының, Орталық статистика басқармасының, кәсіподақтардың, жеке кәсіпорындардың мәліметтерін пайдаланады. Денсаулық жағдайын аурушаңдық, демографиялық көрсеткіштер (туып-көбею, өлім-жітім, халықтың табиғи өсімі және басқалар), балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы және мүгедектік бойынша бағалайды. Халықтың денсаулық жағдайын санитарлық-статистикалық зерттеудің белгілі бір кемістіктері болса да, кеңінен қолданылады. Статистикалық көрсеткіштер, әсіресе аурушаңдықтың көрсеткіштері, шынайы денсаулық жағдайын толық көрсетпейді, себебі, ауырғандардың бәрі бірдей медициналық көмек алуға келмейді, мысалы, сырқаттың жеңіл түрімен ауырған немесе созылмалы, әлсіз түрде өтетін аурулармен ауыратындар. Бірақ халықтың үлкен топтарының денсаулық көрсеткіштері туралы мәліметтерді, іс жүзінде тек статистикалық зерттеу әдісінің көмегімен алуға болады.
Санитарлық-статистикалық әдістің көп кемшіліктері, денсаулықты санитарлық-статистикалық зерттеумен қатар, бір уақытта халықтың жеке топтарына медициналық тексерулер жүргізу кезінде жойылады. Медициналық тексеруді құрамына терапевт, хирург, педиатр, акушер-гинеколог, невропатолог, оториноларинголог, дерматолог, және басқалар кіретін арнайы ұйымдастырылған, әр түрлі салалардағы дәрігерлер тобы жүргізеді. Тексеру, тек маман дәрігерлердің қарауын қамтып қоймайды, сонымен қатар ағзаның жеке мүшелері мен жүйелерінің бағалауға мүмкіндік беретін әр түрлі клиникалық-функционалдық және зертханалық зерттеу әдістерін де қамтиды. Сонымен, медициналық тексеру үрдісінде зерттеуге алынған топтардың денсаулық жағдайы туралы жаңа ақпараттар пайда болады, себебі, аурудың алдындағы жағдайлар, аурудың ерте пайда болатын белгілері, бұрын бұл ауруы жөнінде медициналық көмек алуға келмеген созылмалы аурулар анықталады. Алынған мәліметтер, аурушаңдықтың шынайы деңгейін көрсететін және денсаулықты зерттеудің санитарлық-статистикалық кезеңінде және медициналық тексерулер кезінде анықталған аурулардың қосындыларын қамтитын аурушаңдықтың жаңа көрсеткіштерін есептеп табуға мүмкіндік береді.
Зерттеуге алынған адамдар тобының денсаулығын және оған фактордың тигізетін әсерін бағалауды, халықтың бақылаудағы тобының көрсеткіштрімен салыстыру арқылы жүргізеді. Халықтың бақылаудағы тобында зерттелетін фактордан басқа, тәжірибелік тобындағыдан ешқандай айырмашылық болмауы тиіс. Қателіктер жібермеу және дұрыс нәтижелер алу үшін тәжірибелік және бақылаудағы топтарда зерттелетін адамдардың санын математикалық әдіспен есептеу арқылы табады.
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі екі түрде жүргізілуі мүмкін: көлденеңінен және ұзынынан зерттеу түрінде. Ең қарапайым түрі- көлденеңінен (бірсәттік) зерттеу, бұл кезде әр түрлі факторлардың халық денсаулығына тигізген әсері, зерттеу кезінде бағаланады, яғни динамикасында бақылау жүргізілмейді. Көлденеңінен зерттеуді барлық уақытта жүргізуге болады, бірақ оның мүмкіншілігі шектеулі, себебі, тереңірек зерттеулерді қажет ететін мәселелерді салыстырмалы түрде тез анықтауға мүмкіндік берсе де, ол халықтың денсаулық жағдайының бұзылуы мен факторлардың әсерінің арасындағы байланысты дәлелдеу үшін жеткіліксіз. Ұзынынан зерттеулер деп, жеткілікті дәрежеде ұзақ уақыт бойына жүргізілетін зерттеулерді түсінеді. Оларды ретроспективті және проспективті деп бөледі. Ретроспективті зерттеулер, аурудың даму себептерін іздеуге бағытталған, яғни берілген сәттегі (уақыт кезеңінде) байқалған аурулардан зерттеуші, бұрын болған әсерлерді талдауға өтеді. Проспективті зерттеулер кезінде белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін пайда болатын денсаулық жағдайындағы өзгерістер мен факторлардың әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау мақсатында, белгілі бір фактордың әсеріне ұшыраған және ұшырамаған халықтың топтарына ұзақ уақыт динамикалық бақылау жүргізіледі.
Гигиеналық эксперимент әдісі. Гигиеналық экспериментті табиғи немесе зертхана жағдайында жүргізеді. Табиғи эксперимент деп, сыртқы орта факторларының адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін зерттеуді немесе шынайы еңбек жағдайында немесе тұрмыстық іс-әрекет жағдайы мен өмір сүру жағдайындағы сыртқы орта факторларын зерттеуді айтады. Табиғи эксперимент жағдайында алынған мәліметтерді, әдістемелік ұсыныстарды, нұсқауларды, санитарлық ережелерді дайындау үшін, өндіріс өнеркәсіптеріне жаңа технологиялық үрдістерді енгізу үшін, санитарлық қорғаныс аймақтарының өлшемін анықтау және басқалар үшін қолданады. Сонымен бірге, табиғи экспериментте адамға және қоршаған ортаға көп факторлар әсер етуі кезінде, олардың ішінен денсаулықтың бұзылыстары дамуында қандай да бір жеке фактордың маңыздылығын бөліп көрсету, оның әсер ету сипаты мен қауіпсіз деңгейін анықтау, фактордың сыртқы ортада қандай өзгерістерге түсетінін, т.б. бағалау қиынға соғады.
Сондықтан, бұл сұрақтарды шешу кезінде зертханалық гигиеналық эксперимент жоғары бағаланады. Зертханалық экспериментте үрдістер модельденеді, олар келесі мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді:
Гигиеналық зертханалық эксперименттің мақсаты- факторлардың қауіпсіз мөлшері мен деңгейлерін, яғни гигиеналық нормативтерді орнату үшін, олардың әсер ету сипаты мен қауіптілігін анықтау болып табылады. Фактордың адамның денсаулығына әсерін зерттеу үшін, әдетте, екі түрлі эксперимент қойылады: өз еркімен келіскен адамдарға және жануарларға. Жануарларға жүргізілген эксперименттен алынған мәліметтерді әрі қарай адамдарға экстраполяциялайды. Адамдарға зерттеулер жүргізуге, тек толық қауіпсіздік кепілдігі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мұндай зерттеу түрлеріне, мысалы, атмосфера ластануының иіс табалдырығын (иіс сезуін) анықтау, жарықтың, шудың немесе дірілдің және т.б. әсеріне көру және есту реакцияларын зерттеу жатады.
Жануарларға эксперимент, химиялық факторларды гигиеналық нормалау мақсатында жиі жүргізіледі. Әдетте, бұл факторлардың жедел, жеделдеу және созылмалы әсерлері зерттеледі, жедел және созылмалы әсерлерінің табалдырығы минималды әсер ететін мөлшері анықталады, ағзада жиналатын қабілеті, спецификалық және әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі салдары мутагендік, эмбриотоксиндік, канцерогенді әсерлері зерттеледі, содан соң алынған мәліметтердің негізінде, әсерінің қауіпсіз деңгейін ШРЕК есептеп табады.
Ортаның факторларының өзін зерттеу және олардың қоршаған орта нысандарына әсерін зерттеу жөніндегі зертханалық эксперимент, зертханалық модельдік құрылғыларда немесе жартылай өндірістік құрылғыларда жүргізіледі. Мысалы, экзогенді химиялық заттардың топырақтан өсімдіктерге өтуін зерттеу үшін, арнайы фитоклиматтық камера жасайды, ол жерде топыраққа зерттелетін химиялық затты қосады да, содан соң, осы топырақта өсірілген өсімдікте сол химиялық заттың мөлшерін анықтайды.
Санитарлық сараптау әдісі. Санитарлық сараптау бұл санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі туралы зерттеулер жүргізу және қорытынды беру. Санитарлық сараптау әдісі, негізінен алдын алу (сақтық) мақсатындағы бақылауды жүргізу кезінде қолданылады, яғни нысанды пайдалануға беруге дейін немесе әр түрлі өнім түрлері, материалдарды, өнімдерді тұтынушыларға өткізгенге дейін бақылау жүргізу кезінде қолданылады. Санитарлық сараптауға жататындар:
Санитарлық сараптау, әдетте бірнеше кезеңдерді қамтиды. Тағамдық азықтарды санитарлық сараптауда, алдымен жолдама құжаттарынан азық-түлік туралы мәліметтер зерттеледі, содан соң өз орнында азықтардың партиясын қарау және зертханалық зерттеулер үшін сынама алу жүргізіледі. Зертханалық зерттеу кезінде алдына қойған міндетіне байланысты, әр түрлі әдістер физико-химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық және басқа да әдістер қолданылады. Зертханалық зерттеу мәліметерін алғаннан кейін, санитарлық сараптау актісі, жазылады, онда азықтың сапасы бағаланады және оның тамақтануға жарамдылығы және өткізу жолдары туралы қорытынды жасалады.
Сонымен, санитарлық сараптау, халықтың денсаулық жағдайы өзгеруінің (бұзылуының) алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді әдістердің бірі болып табылады, себебі, оның көп бөлігі зиянды факторлардың алдын алуға мүмкіндік беретін кезеңдерінде жүргізіледі.
3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және оның халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлі.
Гигиена санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ғылыми тұрғыдан негіздеумен айналысады. Гигиеналық іс-әрекеттердің практикалық жағы - санитария деп аталады (латын сөзінен «sanitas» -«денсаулық»). Жалпы алғанда, санитария бұл, гигиеналық нормативтердің, талаптардың, ережелердің сақталуын бақылайтын жүйе, оны санитарлық эпидемиологиялық қызмет іске асырады. Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен мекемелер жүйесіне кіретіндері: ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің қарамағына кіретін Қазақ Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, қалалық департаменттер мен басқармалар, аудандық сан-эпид бақылау басқармасы. Әрбір басқарма өздеріне тиісті сан-эпид сараптау Орталықтарымен қатар жұмыс істейді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеті санитарлық заңнамалардың сақталуын және
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының жұмысы мемлекеттік сипатта болады. Елдің аумағында іске асырылатын шаралардың бәрі де, тек санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары міндетті түрде гигиеналық тұрғыдан бағалағаннан кейін ғана жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер тек гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуына ғана бақылау жүргізіп қоймайды, сонымен қатар аймақтың санитарлық жағдайын және қызмет көрсететін халықтың денсаулығын зерттеп, тиісті шаралар дайындайды, оларды жүргізеді, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалайды.
Санитарлық бақылауды алдын алу (сақтық) мақсатындағы және ағымдағы (күнделікті) бақылау деп екі түрге бөледі. Алдын алу мақсатындағы санитарлық бақылау, жоғарыда айтылғандай, нысандарды пайдаланудың алдындағы немесе өнімді тұтынушылар қолдануының алдындағы кезеңдерінде іске асырылады. Ағымдағы санитарлық бақылау пайдаланып отырған нысандарға жүргізіледі және олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес кезеңмен жүргізіледі. Ағымдағы санитарлық бақылауды жүргізуге емдеу-алдын алу мекемелерінің дәрігерлері мен ортаңғы медицина қызметкерлері кеңінен қатыстырылады. Мысалы, дәрігерлер халықтың жеке топтарына диспансерлік бақылау жүргізеді, аурудың себептерін анықтау және олардың дамуының алдын алатын шаралар қолдану мақсатында, денсаулық жағдайына тереңдетілген медициналық зерттеулер жүргізеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іске асыратын барлық шаралар, адамның денсаулық жағдайы бұзылуының алдын алуға бағытталған. Мазмұны мен міндеттері бойынша, аурулардың алдын алуды біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп бөледі. Біріншілік алдын алу - аурудың себебі немесе қауіп-қатер факторы болып саналатын факторларды жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге бағытталған. Бұл қоршаған ортаны сауықтыруды, халықтың салауатты өмір салтын ұтымды жұмыс режимі мен демалу режимін ұйымдастыру жөнінде шаралар жүргізуді және т.б. қарастырады. Екіншілік алдын алу - сырт көрінісі бойынша, дені сау адамдарда патологияның алдындағы жағдайды ерте анықтаудан және бұл жағдайлардың ауруға өтуінің алдын алу жөнінде шаралар жүргізуден тұрады. Мұндай шараларға жататындар, мысалы, жеке басты қорғайтын заттарды қолдану, жұмыс істеушілер мен халыққа қауіпсіз жұмыс тәсілдерін үйрету, антидоттық тамақтану және басқалар. Үшіншілік алдын алу (қалпына келтіру)- ауырған адамдарға жүргізіледі. Оның мақсаты - ауруды ерте анықтау және емдеу, аурудың әрі қарай үдеуінің және оның салдарының асқынуының, қайталануының, созылмалы түріне өтуінің және басқалардың алдын алу. Ең тиімдісі, дені сау адамда ауру пайда болуының алдын алатын біріншілік аурудың алдын алу, ал ең тиімділігі азы үшіншілік алдын алу, себебі, ол ауру дамыған кезде жүргізіледі. Сонымен, қоршаған ортаны және өмір сүру салтын сауықтыру, ауршаңдық пен өлім-жітімді 20-50% төмендететіні белгілі, ал емдеу үрдісі болса тек 10 % азайтады.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өзінің күнделікті жұмысында, адамдардың тіршілігінің барлық тұстарын қамтитын мемлекеттің заңдарының, үкімдерінің, жарлықтарының, нормативтік және нұсқаулық құжаттардың және басқалардың жинағы түріндегі санитарлық заңнамаларға сүйенеді. Атап айтқанда, санитарлық заңнамаларға кіретіндер:
Заңнамалық құжаттарға кіретін құжаттарды гигиеналық ғылыми зерттеу мекемелері немесе гигиена мамандарының қатысуымен, басқа ведомстволар дайындайды және бұл құжаттардың барлық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар үшін заңдық күші бар.
I - ТАРАУ. ГИГИЕНАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы. Гигиенаның пайда болуы мен дамуының көп ғасырлық тарихы бар. Алғашқы қауымдық құрылыста, оның негізгі бастауы көптеген ұрпақтардың бүкіл өмірі бойында байқау арқылы алынған эмпирикалық (тәжірибелі) білім болды. Осы білімдердің негізінде дағдылар, дәстүрлер, денсаулықты сақтау мен аурудың алдын алуға септігін тигізген діни өкімдер пайда болды. Ерте уақыттардың өзінде-ақ, алдын алу шараларының маңызды ролін жете түсінді. Үйлерді, денені таза ұстау, топырақты ластамау, тамаққа қауіпсіз өсімдік және жануар текті азықтарды пайдалану, ауыз суды алу үшін, батпақталмаған өзендер мен көлдерді таңдау, жұпалы аурулары бар науқастарды оқшаулау және т.б. ұсынылды.
Құл иеленушілік кезеңдегі эмпирикалық гигиенаның дамуы туралы Ертедегі Шығыс (Ертедегі Үндістан, Ертедегі Қытай, Ертедегі Мысыр), Ертедегі Греция және Ертедегі Рим елдерінде кеңінен таралған алдын алу шаралары жөніндегі ойлар айқын куә бола алады.
Біздің эраға дейінгі (б.э.д.) 4-3 мың жылдары Ертедегі Үндістанда қолданылған гигиеналық ережелер кейінірек (б.э.д. 1000-500 жылдары) Ману мен Аюрведу заңдары жинағына және басқа да тарихи заңнама көздердің құрамына кірді. Ол заңдарда үйлерді таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды тұрғын үйлерден қашық жерге төгу, тамақты артық ішпеу ұсынылған. Сонымен қатар, денені, ас ішетін ыдыстарды қалай таза ұстау керектігі жөнінде нақты дайындалған ережелер келтірілген. Сүт, бал, балауса өсімдікті тағамды пайдалану, пайдалы деп есептелген, адам денсаулығына жыл мезгілінің, ауа райы мен климаттың әсер ететіндігі көрсетілген. Қоғамдық гигиенаға да көп көңіл бөлінген. Б.э.д. 4-3 мың жылдар бұрын Үндістанның Солтүстік Батысындағы Мохенджо-Даро қаласында қалалық канализация, құдықтар, шомылатын хауыздар, сонымен қатар, ыстық ауамен қыздырылған моншалар да болған.
Балшық құбырлардан жасалған су құбырлар мен канализация құбырларының, қатты зат төселген жолдардың қалдықтары Вавилон және Мессопатамиядағы Ниневияда қазу жұмыстары кезінде табылған. Ал, Ассиро-Вавилон мемлекетінің құжаттарында б.э.д. 3-4 мың жылдары эпидемия кезінде жұқпалы ауруы бар науқастарды оқшаулау туралы заңдары болған.
Ертедегі Мысырда б.э.д. 4-5 мың жылдар бұрын аурудың алдын алу мақсатында уқалау, дәрет алуды кеңінен қолданған, іш айдайтын, зәр айдайтын және тер шығаратын заттарды қолданған. Сол уақыттың өзінде-ақ жеке бас гигиенасы, жыныс гигиенасы, науқастарды оқшаулау, өлген адамдарды жерлеу сұрақтарына қатысты ұсыныстар болған. Көшелерді құру және күтіп ұстау, топырақты құрғату жөнінде арнайы ережелер болған. Ақсүйектер тұратын сарайлар мен аумақтарда су құбырлары және санитарлық тұрғыдан абаттандырудың басқа да элементтері жасалған. Б.э.д. 5 ғасырда өмір сүрген, Мысырда саяхат жасаған грек тарихшысы Геродот мысырлықтарды «ең дені сау адамдар» деп тұжырымдаған.
Ертедегі Қытайда «денсаулық үшін пайдалы және зиянды көптеген жағдайлар туралы» және «адам денесінде әлі де жоқ» аурулардың алдын алу қажеттілігі туралы анық және саналы түсініктер қалыптасты. Денсаулықты нығайту мақсатында су процедуралары, ашық күн көзінде болу, уқалау, жаттығулар, әр істе саналы түрде шектен шықпау, дұрыс күн тәртібі, рационалды ем-дәмдер ұсынылды. Қоғамдық абаттандыру элементтеріне де аз көңіл бөлінген жоқ. Елді мекендерді, үйлерді рационалды орналастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды жою ережелері болды.
Ертедегі Грецияда гигиеналық білім кеңінен дамыды. Ертедегі гректер жеке бас гигиенасын сақтаумен қатар, қоғамдық гигиенаны сақтауда да табысқа жетті. Жекелеген аумақтарда (қалалар-мемлекеттерде) б.э.д. VII ғасырдың өзінде- ақ су алатын орындары бар су құбырлары болған. Б.э.д. VI ғасырда қалалардың жаңа жоспарлары пайда болды, мұнда тұрғын аумақтар кең, тік көшелермен қиылысты. Мұндай жоспар тұрғылықты аумақтардың жақсы желдетілуіне және жарық түсуіне септігін тигізді. Афиныда канализация салынды. Тағамдық азықтар мен сусындардың сатылуына, ғимараттардың орналасуы мен құрылысына санитарлық бақылаулар жүргізіліп отырды.
Ертедегі гректер «дене күштерінің жоғарғы деңгейде дамуына, ағзаның бүтіндігі мен сұлулығына, әсіресе, жастарда ұмтылыс болғандығымен» ерекшеленді. (Ф.Ф.Эрисман). Оған дене жаттығуларына, гимнастикаға, шынығуға негізделген спартандық тәрбие арқылы, жарыстарға қатысу, «гигиастиктер» деп аталатын, дені сау адамдарға арналған «диететиктерді» сақтау арқылы қол жеткізген.
Б.э.д. V-IV ғасырларда Ертедегі Грецияда жиналған гигиеналық білімдерді қорытатын, жүйеге келтіретін бірінші еңбектер пайда болды. Ол еңбектердің авторы, ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (б.э.д. 460-377 жж.) болды. Өзінің атақты «Ауа, су және жергілікті жерлер жөніндегі», «Салауатты өмір сүру салты» трактаттарында Гиппократ адамның тіршілігі үшін ауа, су және топырақтың маңызын қарастырды және дәрігерлерге климатты, жергілікті жердің жағдайларын, өмір сүру салтын, халықты тамақтандыру және т.б. зерттеуді ұсынды. Ол дені сау адамдардың ауырмауы үшін жағдай жасаулары жөнінде кеңес берді.
Ертедегі Римде қоғамдық гигиенаның дамуы бұрынғыдан да өркендеді. 30-ға жуық акведуктар, яғни су құбырлары тартылды. Олардың біріншісі б.э.д. 614 жылы арканың үстінде орнатылды, олардың биіктігі 30 м-ге дейін жетті. Қалаға тәулігіне, адам басына 1000 л дейін тау суы беріліп отырды. Сұйық лас заттар және жауын-шашын сулары тармақтанған жасырын құбырлар арқылы алысқа ағызылып, ені 4 метр, биіктігі 5 метрді алатын үлкен құбырлық коллекторға жиналып, Тибр өзеніне ағызылып жіберіліп отырды. Акведуктар және канализациялық құрылыстар Римде қазіргі уақытқа дейін сақталған. Олар көне замандағы санитарлық-техникалық құрылыстардың көрнекті ескерткіштері болып табылады.
Тамаша сауықтыратын кешендер - термалар (моншалар) болды. Бұндай моншаларға, бір уақытта 1800 және 3200 адам суға түсуге болатын. Термаларда суық және ыстық моншалар, хауыз, уқалауға арналған арнайы бөлмелері, серуендеуге арналған жолдар, гимнастика залы, стадиондары болды.
Ертедегі Римде құрылысқа, тағамдық өнімдерді сатуға, әскерлердің тамақтануына, Тибр өзенінің суын пайдалануға, өлген адамдарды жерлеуге қойылатын талаптарды анықтайтын заңдар болды. Бұл талаптардың орындалуын бақылауды арнайы бөлінген қалалық чиновниктер жүргізді. Күмәнсіз жетістіктеріне қарамастан, Ерте дүниедегі мемлекеттерде гигиеналық білімдердің деңгейі әлі де төмен болды. Ал, енгізілген қоғамдық және жеке бас санитарияларының элементтері, тек бай адамдар үшін ғана болды. Сондықтан, қырғын эпидемиялық жағдайлар болып тұрды, ал адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 25-30 жасты ғана құрды.
2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы (б.э.д. VIXIVжж.) және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі (б.э.д. XV-XVIII жж.) дамуы.
Феодализм дәуірінде Батыс Еуропада өмір сүрудің барлық салаларында, оның ішінде гигиенаның дамуында да, қараңғы дағдарыс және құлдырау кезеңі басталды. Құдіретті шіркеу ауруларды емдеуге тыйым салды, себебі, бұл «құдайдың ісіне араласу» деп есептеді, ал емдеген адамдарды қатаң қуғынға ұшыратты, аскетизмді уағыздап, барлық гигиеналық шаралардан бас тартуға шақырды. Осының нәтижесінде, ертедегі гигиенаның барлық ережелері ұмытыла және жойыла бастады, ал орта ғасырлық қалалар жұқпалы аурулардың нағыз ордасына айналды. Тұрғын үйлер тар, қисық, лас көшелерде сығылыса орналасты. Қалдықтар мен жуындылар терезелерден тасталды. Жарықтандыру үшін май шамдары мен шырақтар қолданылды, нәтижесінде мүңкіген сасық түтін тұрды, ал айналаның бәрін қара күйе басты. Сирек, су құятын ағаш ыдыста жуынды, қоғамдық моншалар болмады.
Санитарияның мүлдем болмауы, орта ғасырды тітіренткен обаның, сүзектің, тырысқақтың, шешектің, дизентерияның қырғын эпидемияларының басты себептерінің бірі болды. 14-ші ғасырда оба ауруынан Еуропадағы 100 миллион халықтың төрттен бір бөлігі өлді.
Еуропада осы кезеңде тек қана Салернода, Неапольге жақын жерде, бір медицина мектебі болды. (XII ғ.). Ол мектептің ғалымдары жүздеген жылдар бойына, құрамына гигиеналық сипаттағы мыңдаған өлеңдер кіретін, «Салерндік денсаулық кодексін» жинақтады. «Кодекс» еуропалық тілдерге аударылып, жүздеген рет қайта басылып шығарылды.
Орта ғасырда, Еуропаға қарағанда, Шығыста білімнің әр түрлі салаларының, оның ішінде медицина ғылымы мен гигиенаның да, өркендеген кезеңі болды. Сол уақыттарда өмір сүрген (980-1037жж.) ірі ғалым, атақты дәрігер - тәжік Әбу Әли Ибн-Сина (Авиценна) бүкіл әлемге белгілі болды. Оның 5 томдық іргелі шығармасында «Дәрігерлік ғылымның Канонында» гигиенаның көптеген сұрақтары баяндалады. Мысалы, Авиценна мекендейтін жерінің адамдардың денсаулығына көп әсер ететініне үлкен көңіл бөледі және қазіргі талаптарға жақын ұсыныстар береді: «Кімде-кім өзіне мекендейтін жер таңдайтын болса, ол жердегі топырақтың қандай екенін, жер қаншалықты төмен немесе биік, ашық па немесе жабық па, ол жердің суы қандай екенін..., сол жер жақсы желдетіле ме немесе шұңқыр жерде орналасқан ба, ол жердің желі денсаулыққа жайлы ма, немесе суық па, сондай-ақ, жанындағы теңіз, батпақ, тау, кен орны қандай екенін білгені жөн. ...Шығыстан соққан жел ғимараттарға енуі және күн сәулесі олардың кез келген жеріне түсуі үшін, терезелері мен есіктері шығысқа және солтүстікке бағытталуы қажет».
Ибн-Сина жекелеген аурулар мен жыл мезгілдері, климат арасында байланыс бар екенін айрықша атап көрсетеді. Ол ластанған ауаның әсері жөнінде сұрақтарды қарастырды, су арқылы ғана емес, сонымен қатар ауа арқылы да берілетін көзге көрінбейтін аурудың қоздырғыштары сөзсіз бар екенін болжаған. «Каноны» кітаптарының бірінде су, ағза үшін қандай роль атқаратыны, ішетін суды қалай таңдау керек екені туралы ғалымның айтқан сөздері келтіріледі. Ибн-Сина «ең жақсы су бұлақ суы, бірақ барлық бұлақ емес, таза жермен аққан бұлақ суы» және де су «күн үшін ашық» болуы қажет екендігін атап айтқан. Ғалым судың сапасын жақсарту жөнінде де ұсыныстар береді: «нашар суды айдау және айыру арқылы тазартуға, ал егер ол мүмкін болмаса, қайнату керек» екендігі жөнінде айтқан. Қазіргі су токсикологиясы жағынан алып қарағанда, құбырдың суын пайдаланбау жөнінде берген кеңесі өте қызықты. Себебі, ол уақыттарда су қорғасыннан жасалған құбырлармен тасымалданған және осыған байланысты «су қорғасынның күшін өзіне алып, ішектерде ойық жараларды жиі тудыратын».
Ибн Синаның көптеген гигиеналық ойлардың ішінде тамақтану гигиенасы да едәуір орын алады. Ол тағамның сапа, құрамына, тамақтану тәртібіне, астың қорытылуына қолайлы жағдай жасауға, тамақтану тәртібі мен дене шынықтыру сабақтары, жаяу жүру, моншаларға бару, кейбір дәрілік заттарды қабылдау, жыл мезгілі арасындағы байланысқа көп көңіл бөлген. Ибн-Сина шектен тыс артық тамақтану «зиянды» деп есептеген, егде жастағы адамдарға сүт, көк өсімдіктерді, жемістерді, інжірді, қара өріктерді тағамға қолдануды ұсынды, ал ащы және шөлдететін өнімдерді (маринадтар мен тұздықтар, тұздалған және қақталған өнімдер) қабылдамау керектігін айтты.
Ибн-Синаның көзқарастары мен ғылыми мұрасы, тек гигиенаның ғана емес, тұтасымен алғандағы медицина ғылымның ары қарай дамуына негіз болып табылды.
Б.э.д. XV-XVI ғасырлардағы ұзақ уақыт болған дағдарыс кезеңнен кейін Еуропада гигиеналық білімдер мен алдын алу шаралары қайтадан дами бастады. Бұған феодализмнен өндірістік капитализмге өту себепші болды. Осы уақытта мануфактуралар тез дами бастады, ол кездегі еңбек жағдайлары ауыр болып, көптеген ауруларға әкеп соқты. Бұл өнеркәсіп жұмысшыларының ауруларын зерттеу, алдын алу және емдеу қажеттілігін туындатты. 1700 жылы атақты Падуа қаласының дәрігері Б.Рамаццинидің (1633-1714жж) «Қолөнершілердің аурулары туралы ойлар» атты атақты еңбегі жарық көреді. Бұл еңбекте 52 мамандықтағы жұмысшылардың жұмыс жағдайы мен кәсіби аурулары бірінші рет жазылған. Рамаццинидің жұмысы кәсіби гигиена саласында бірінші болған жоқ. 1437 жылдың өзінде -ақ Ульрих Элленбог өзінің «Металдардың улы және зиянды булары мен түтіндері» кітабын жазды. Ал атақты Парацельстің 1532-1534 жылдары «Кен қазушылар мен құюшылардың аурулары» жайында жұмыстары жарияланды. Бірақ та, бұл еңбектерде тек кейбір кәсіби аурулар ғана қарастырылды. Жазуға 50 жылдай уақыт жұмсалған Рамаццинидің еңбегі, сол уақытта болған өнеркәсіптік патологияның бәрін де қамтиды деп айтуға болатын бірінші нұсқаулық болып табылды.
XVIII-XIX ғасырларда машиналармен өнім шығару өндірісін енгізу, еңбектің қарқындылығы шұғыл күшеюіне, жұмыс күнінің шамадан тыс ұзаруына, өндірістік жарақаттардың жоғарылауына, жаппай кәсіптік аурулардың пайда болуына әкеп соқты. Осыдан туған жұмысшылар көтерілісі мен қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің қозғалысы Еуропаның бірқатар елдерінің үкіметін арнайы санитарлық заңдар қабылдауға, санитарлық кеңестер ұйымдастыруға мәжбүр етті. Санитарлық абаттандыру сұрақтарымен айналысатын дәрігерлер мен әкімдер пайда бола бастады. Олар үшін, сол жылдары шыққан, санитарлық шараларды жүргізудің мазмұны мен тәртібі көрсетілген, Петербургтің медико-хирургиялық академиясының ректоры И.П. Франк (1745-1821 жж.) жазған «Жалпыға бірдей медициналық полиция жүйесі» деп аталатын іргелі еңбегі іс жүзіндегі нұсқаулық болды.
3. Гигиенаның өз алдына жеке ғылым ретінде аяғына тұруы. 19 ғасырға дейін гигиена эмпирикалық сипатта болып келді. 19 ғасырдың ортасында жаратылыс ғылымдарының дамуы, гигиенаны эксперименталдық жолға қойды да, өз алдына жеке пән ретінде басына бастады. Ғылыми-эксперименталдық гигиенаның негізін қалаушылар Германияда-М.Петтенкофер, К.Флюге, М.Рубнер, Англияда - Э.Паркс пен Дж.Саймон, Францияда - М.Леви, Ресейде- А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды.
Макс Петтенкофер гигиена тарихында құрметті орынға ие болған ғалым. Медициналық білім алған соң ол, атақты химик О. Либихтан тәлім алды. Ол 1865 жылы Мюнхен университетінде алғашқы гигиена кафедрасын құрды, ал, 1879 жылы өзінің ұйымдастыруымен құрылған Гигиеналық институттың басқарушысы болды.
Жан-жақты білімді ғалым бола отырып, ол бірінші рет қоршаған орта факторларын бағалау үшін химиялық, физикалық, микробиологиялық әдістерді қолданды. Қалалар мен тұрғын үйлерді санитарлық абаттандыру қажеттілігін дәлелдеді. М. Петтенкофер құрған ғылыми мектепте ауамен, сумен, топырақпен, тамақтанумен, киіммен байланысты гигиеналық мәселелер кеңінен зерттелді.
18-19 ғасырларда Ресейде гигиенаның дамуында алдын алу шараларының маңыздылығы жөніндегі кемеңгер ғалым М.В. Ломоносовтың, сондай ақ, аса көрнекті, клиникалық медицинаның негізін қалаушылардың М.Я.Мудровтын, Н.И.Пироговтын, С.П.Боткиннің, Г.А.Захарьиннің және т.б. ғалымдардың алдыңғы қатарлы көзқарастары ерекше роль атқарды. М.В.Ломоносов өзінің «Ресей халқын көбейту және сақтау туралы» еңбегінде (1761ж.) «халықты көбейту және денсаулығын сақтау, бүкіл мемлекеттің дәулеті мен байлығы» деген және осыған байланысты санитарлық жағдайларын, тұрмысын, дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету арқылы балалардың денсаулығын сақтауға шақырды. Сонымен қатар, ол кен қазушылардың еңбек жағдайларын зерттеумен айналысты, шахталардың табиғи желдетілуі жөнінде теорияны дайындады. Ресейде гигиенаның ғылыми-эксперименттік негізін салу үшін, іргелік болып табылатын пәндердің - химия мен физиканың дамуы да, оның сіңірген еңбегіне жатады.
М.В.Ломоносовтың ізбасарларының бірі, бірінші медицина саласындағы студент, медицинанның бірінші орыс профессоры, өзінің практикалық және оқытушылық еңбегінде кәсіптік аурулардың алдын алу сұрақтарына ерекше көңіл аударған бірінші дәрігер - С.Г. Зыбелин болды. Оның шәкірті, Мәскеу университетінің профессоры М.Я.Мудров, бірінші терапевт-гигиена маманы, әскери гигиенаның негізін салушы болды. Ол аурулардың алдын алу жөнінде гигиеналық шаралардың бірқатар жүйесін дайындады. М.Я.Мудров 1808 жылы университетте әскери гигиена курсы бойынша бірінші рет дәріс оқыды, ал 1809 жылы 9 шілдеде орыс дәрігерлерінің алдында «Әскери гигиена пәнінің пайдасы жөнінде немесе әскери қызметкерлердің денсаулығын сақтау ғылымы» жөнінде баяндама жасады. Ол баяндамасында тек әскери гигиенаның міндеттерін ғана анықтап қойган жоқ, сонымен қатар, бүкіл гигиенаның да міндеттерін анықтады. М.Я.Мудров: «... ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу оңайырақ. Оның (дәрігердің) бірінші міндеті осыдан тұрады» деген қанатты сөздерді айтты. Оның шәкірті, аса көрнекті хирург Н.И.Пирогов (1810-1882) 1863ж. «Императорлық Ресейлік университеттің жалпы ережелерінің жобасына ескертулерінде» «…гигиена неліктен жалпы терапия мен фармакологияға қосымша ретінде саналатындығы түсініксіз» деп жазды. Пирогов гигиенаны менсінбеуді тарихи адасушылықтардың қатарына жатқызды. Ол «келешек- алдын алу медицинасынікі болатынына» сенімді болды. Н.И. Пирогов: «Мен гигиенаға сенемін, біздің ғылымымыздың шынайы жетістігі осында» деді.
Алдын алуға сенген жақтаушылардың арасында, басқа да Ресейдің клиникалық медицинасының негізін қалаушылар болды. Аса көрнекті клиника маманы Г.А.Захарьин: «Практикалық дәрігер неғұрлым жетілген сайын, соғұрлым ол гигиенаның кұдіретін және емдеудің салыстырмалы түрде әлсіздігін көбірек түсінеді...» деген. 1863 жылғы жаңа жарғы бойынша, Ресей университеттерінде гигиенаны өз алдына жеке пән ретінде оқыту енгізіле бастады.
Сонымен, Ресейде гигиеналық ғылымның дамуына тек әлеуметтік өзгерістер ғана емес, сонымен қатар клиникалық медицина, жалпы қоғамдық пікір өкілдерінің алдыңғы қатарлы көзқарастары, физиканың, химияның, физиологияның, патологиялық физиологияның жетістіктері де негіз жасады.
Ресейде ғылыми-эксперименттік гигиенаның негізін салушылар Ф.Эрисман (1842-1915жж) және А.П.Доброславин (1842-1889жж) болды. Федор Федорұлы Эрисман, Швейцарияда туылған, бірақ «швейцариялықтан орысқа айналды, Ресейді шынайы сүйді және оған қызмет етуге өз өмірінің барлық жақсы жылдарын сарп етті» (И.М.Сеченов). 1869 жылы жас көз дәрігері Ф.Ф.Эрисман Цюрихтен Петербургке көшіп келеді. Бұл жерде 4000 астам оқушылардың көздерінің көруін зерттеп, балаларда алыстан көрмеушіліктің дамуына нашар жарықтанғандық, дұрыс жасалмаған парталар, жазу кезінде дұрыс отырмау, оқулықтардың әріптерінің нашар басылуы және т.б. әсер ететіндігіне көзі жетеді. Ол жарықтандыруды жақсартуды, оқулықтарды дұрыс басып шығаруды ұсынады, өзі партаны құрастырды, бұл кейіннен барлық мектептерге де енгізілді («Эрисман партасы») және бүгінгі күннің өзінде де, мектеп жиһаздарының түптұлғасы болып табылады.
Ф.Ф. Эрисман гигиена және санитарлық іс сұрақтарына қызығушылығынан гигиеналық әдіснамасы бойынша, М. Петтенкофердең екі жылдық сынақ ісін өтіп, білімін толықтырады, содан соң ол ары қарай өзінің еңбегін гигиена маманы ретінде жалғастырады. Ол мектеп гигиенасы, халықтың тұрғын үй жағдайлары, ауыз судың сапасы мен тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, фабрика жұмысшыларының тамақтану жағдайы туралы және басқа да сұрақтарды терең және жан-жақты зерттеумен айналысады. 1872-1877 жж. Ф.Ф.Эрисман кеңінен белгілі болған «Гигиена жөніндегі нұсқау» деген бірінші еңбегін жазады. Ал 1877 жылы «Кәсіби гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» деген екінші күрделі еңбегі жарық көреді.
1879 жылы Мәскеуге көшіп келгеннен кейін, Эрисман Мәскеу уезінде земствоның санитарлық дәрігері болып жұмыс істейді. Дәрігерлер А.В.Погожевпен және Е.М.Дементьевпен бірге ол Мәскеу губерниясының 1080 фабрикаларында, 114000 жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайларына ауқымды санитарлық тексеру жүргізеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері 19 томда жарияланды және оларды дәрігерлер мен қоғамның алдыңғы қатарлы адамдары жоғары бағалады. Сонымен қатар, Ф.Ф.Эрисманның жетекшілігімен, санитарлық практикаға бірінші рет санитарлық статистикалық зерттеу әдістері енгізілді.
1882 жылдан 1896 жылға дейін Ф.Ф.Эрисман Мәскеу университетінде сабақ береді, бұл жерде, 1984 жылдан бастап, медициналық факультетте өзі бірінші ұйымдастырған гигиена кафедрасын басқарды. Оның ынтасымен Мәскеуде Гигиеналық институт ашылады. Ал кафедра жанында тағамдық өнімдерді, су мен топыраққа зерттеулер жүргізетін қалалық санитарлық станция ұйымдастырылды. 1887 жылы Ф.Ф.Эрисман «Гигиена курсы» деп аталатын жаңа кітабын баспадан шығарады. Бұл туралы И.М.Сеченов: «еңбектен қол үзбей жүріп, ол өте тамаша профессор болды және көлемі үлкен, мамандар өте жақсы бағалаған, гигиена оқулығын жазуға уақыт тапты» деп жазды. 1892 жылы Ф.Ф.Эрисман Мәскеудің гигиена қоғамын ұйымдастырады, оның бірінші және бірнеше жылдар бойына ауыспаған басшысы болды.
Ф.Ф. Эрисман өз пікірін айтуымен және еркін ойларымен патша үкіметіне ұнамады, 1896 жылы ғалым университеттің басқа да профессорларымен бірге студенттер қозғалысына қатысқан студенттердің ісін қайта қарау жөніндегі өтінішке қол қойғанда, оны университеттен жұмыстан шығарып, Ресейден кетуге мәжбүр етті. Бірақ та бұл жағдайлар Ф.Ф. Эрисманның атағын ешқандай да кішірейтпеді, оның барлық ғылыми және практикалық еңбектері отандық гигиена мамандары арасында жетекші орын алуға және Ресей гигиена ғылымының негізін қалаушылардың бірі болуына мүмкіндік берді.
«Оған дейін гигиена Ресейде тек номинальды түрде ғана болды, ал оның қолында гигиена көптеген қоғамдық кемшіліктерге және жауыздықтарға қарсы іске асырылған бастама болды. Ол, тек ғылымға ғана емес, сонымен бірге қоғамға да шын қызмет істейтін гигиеналық институт құрды. Ф.Ф.Эрисманның земство медицинасы үшін жасағандары соншалықты, оның аты медицина мамандарының арасында С.П. Боткиннің атымен қатар қойылады және қойылуы да әділетті...» (И.М.Сеченов). Ресейдегі ірі гигиеналық институттардың бірі Ф.Ф. Эрисманның атымен аталды, Мәскеуде оған ескерткіш орнатылды, оның құрметіне сыйлық ұйымдастырылды.
Алексей Петрұлы Доброславин 28 жасында гигиенаның профессоры болды, ал 1871 жылы Ресейдегі бірінші Петербургтің медико-хирургиялық академиясының гигиена кафедрасын басқарды. Ф.Ф.Эрисманмен бірге Ресейде эксперименттік гигиенаның негізін қалады. А.П. Доброславин санитарлық ұсыныстардың бәрі де ғылыми-эксперименталдық тұрғыдан негізделуі, ал, гигиена мамандардың жұмысына зертханалық әдістер белсенді түрде енгізілуі қажет деп санады. Осы мақсатта ол гигиеналық зертхананы ұйымдастырды. Онда тұрғын үй гигиенасы, тамақтану, сумен қамтамасыз ету, мектеп гигиенасы және т.б. жөнінде жан-жақты эксперименталдық жұмыстар жүргізілді. Бұдан басқа, оның ынтасымен Петербургте тағамдық азықтарды зерттеуге арналған санитарлық зертхана құрылады, «Денсаулық» деп аталатын бірінші гигиеналық журнал ашылады, «Халықтың денсаулығын сақтау орыс қоғамы» ұйымдастырылады. А.П.Доброславин Ресейдегі бірінші гигиеналық мектептің негізін қалаушы болып табылады, бұл мектептен көрнекті гигиена мамандары М.Я.Капустин, С.В. Шидловский және т.б. оқып шықты.
А.П.Доброславиннің еңбектері кеңінен танымал. Оның 1882 жылы «Гигиена- қоғамдық денсаулық сақтау курсы» деп аталатын іргелік нұсқауы шықты. Осы жылда А.П.Доброславин әскери гигиенаның курсын оқуды бастады, ал 1885-1887жж. «Әскери гигиена курсы» деген жаңа нұсқауды жазады. Әскери гигиенаның сұрақтарын дайындауда А.П. Доброславиннің гигиена маманы ретінде орыс-түрік соғысы (1877-1878жж.) кезіндегі әрекеттегі армияға қатысуы маңызды роль атқарды. А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисманның және олардың шәкірттері мен ізбасарларының арқасында Ресейдегі гигиена ғылымы алдыңғы қатарға шықты және санитарлық істің ары қарай дамуына септігін тигізді. 19 ғасырдың 70-80-жылдарында Ресейдің ірі қалалары мен губернияларында санитарлық комиссиялар, санитарлық кеңестер және станциялар құрыла бастады, бірінші санитарлық дәрігерлер пайда болды. Ал, бірінші дүние жүзілік соғыстың алдында санитарлық бюро мен комиссиялар 73 қалалар мен 40 губернияларда да болды, қалаларда 342, ал земстволарда 257 санитарлық дәрігерлер жұмыс істеді. Сонымен бірге, революцияға дейінгі Ресейде көптеген елді мекендердің санитарлық жағдайлары мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары қанағаттанарлықсыз болып қала берді. Орыстың күшті ғылыми гигиенасының іс жүзінде қолданылуы, батысқа қарағанда көп әлсіз болды. Ол буржуазия мен помещиктер топтарының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, елдің экономикалық артта қалуын, кедейлікті, халықтың мәдениетінің төмендігін, сауатсыздығын жою жөнінде түбегейлі шаралар жүргізуге ынталы болмауымен байланысты болды. А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман гигиенаны қоғамдық әлеуметтік сипаты бар ғылым ретінде анықтағаны бекер емес. А.П.Доброславин: «Бір де бір гигиеналық шара, саяси экономия заңдарына қарама-қайшылықта болса, пайда әкелмейді» деген.
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы. Гигиенаның жаңа сапада даму кезеңі Октябрь социалистік революциясынан кейін басталды. Жас Кеңестік республика кездеспеген қиындықтармен бетпе-бет келді: азаматтық соғыс, шетелдік интервенция, астықсыз жылдар, аштық, дәрілік заттардың, отындардың жетіспеуі, дәрігерлер санының, әсіресе санитарлық дәрігерлердің өте аз болуы, санитарлық заңдылықтардың болмауы, елдегі онсыз да ауыр санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бұрынғыдан да қиындатты. Осы жағдайларда, Кеңес үкіметі, өзінің құрылуының бірінші күннінен бастап, ескі медицинаны мемлекеттік медицина етіп, түп тамырымен қайта құруды бастады. 1919 жылы наурыз айында большевиктердің Ресей коммунистік партиясының VIII съезінде қабылданған бағдарламада, еңбекшілердің мүдделерін көздейтін санитарлық шараларды кеңінен жүргізуді кеңестік денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің бірі етіп қойды. 1922 жылы РСФСР Кеңестік халық комиссариатының Декретімен мемлекеттік санитарлық қызмет ұйымдастырылды, ал 1927 жылы «Республиканың санитарлық органдары туралы» заң шықты. Мемлекеттік сипатқа ие болған аурулардың алдын алу кең мағынада айтқанда, денсаулық сақтау дамуының негізі болды. Қуатты орталықтандырылған мемлекеттік санитарлық қызмет құрылды. Ол облыстық, қалалық, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциялардан, арнайы мамандандырылған санитарлық және эпидемияға қарсы мекемелерден, ғылыми-зерттеу институттарынан, гигиена саласындағы кафедралары бар медициналық жоғарғы оқу орындарынан тұрды.
Бұл кезеңде гигиена ғылымы мен санитарлық істің дамуында Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, Г.В.Хлопин, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев, С.Н.Черкинский, В.А.Рязанов және басқалар үлкен роль атқарды.
Н.А.Семашко (1874-1949жж) денсаулық сақтаудың бірінші халық комиссары болды. Оның тікелей қатысуымен, Кеңес республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қалыптасты. Кеңестік денсаулық сақтаудың теориялық аспектілері дайындалды. 1922 жылы ол Мәскеу университетінде бірінші әлеуметтік гигиена кафедрасын ұйымдастырды. Оның орынбасары З.П.Соловьев (1876-1928жж) Қызыл Армияның әскери-санитарлық қызметін басқарды, әскерлерді гигиеналық қамтамасыз етуді, тамақтануды нормалауды, казармалардың құрылысын және т.б. ұйымдастыру жөнінде үлкен жұмыстарды жүргізді. Ол, сонымен қатар, кәсіптік гигиенаның және өндірістегі жұмысшыларды медициналық қамтамасыз ету мәселелерімен де айналысты. А.Н.Сысин (1879-1956 жж.) РСФСР денсаулық сақтау халық комиссариатының санэпид бөлімінің бірінші бастығы болды. Оның қатысуымен «Тұрғын үйді санитарлық қорғау» туралы декреттің жобасы дайындалды. «Тұрғын ғимараттарды салу жөнінде санитарлық ережелері», «Шаруашылық-ауыз су құбырларының торабына берілетін су сапасының уақытша стандарты» дайындалды. Ол 1-Мәскеу медицина институтының гигиена кафедрасын, содан сон, Орталық дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында коммуналдық гигиена кафедрасын басқарды. КСРО Медицина ғылым академиясының жалпы және коммуналды гигиена институтын құрды (қазіргі уақытта А.Н.Сысин атындағы адам экологиясы мен қоршаған орта гигиенасы институты) және оны басқарды. Ол жалпы және коммуналдық гигиена бойынша 2 оқулық жазды, «Коммуналдық гигиенаның негіздері» деп аталатын екі томдық оқу құралы және басқаларды баспадан шығарды.
С.Н.Черкинский (1897-1980 жж.) су және сумен қамтамасыз ету гигиенасының мәселелерін дайындау жөніндегі гигиеналық мектептің және ғылыми бағыттың негізін қалаушы. Ол ауыз судың және сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың сапасын стандарттау жөніндегі, сонымен қатар, судың құрамындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалаудың негіздері жөніндегі отандық құжаттарды дайындаушылардың бірі болды. «Ағынды суларды суаттарға жіберудің санитарлық шарттары» деп аталатын еңбегі үшін Ф.Ф. Эрисман атындағы жүлдеге ие болды.
Академик В.А. Рязанов (1903-1968жж) атмосфералық ауаны санитарлық қорғау сұрақтарын дайындаумен айналысты, А.Н. Сысин атындағы жалпы және коммуналдық гигиена ғылыми зерттеу институтын басқарды. Оның «Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау» монографиясы осы бағыттағы теориялық негіздер мен практикалық шараларды бірінші рет баяндаған іргелі еңбек болып табылды.
5. Гигиенаның және санитарлық эпидемиологиялық қызметтің Қазақстан Республикасындағы дамуы.
5.1. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы. Қазақстан аумағында бірінші дәрігерлердің пайда болуы.
Қазақстан аумағында гигиенаның пайда болуы мен дамуы да, ғасырлар тереңіне кетеді және өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақтардың едәуір бөлігі көшпелі, мекендейтін ортасының физикалық-географиялық ерекшеліктеріне тұрақты түрде бейімделуін қажет ететін, өмір сүру салтын жүргізді. Ол денсаулықты сақтаудың және аурулардың алдын алудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Көп ғасырлық көшіп жүрулері көшу жағдайларында өздеріне қолайлы тұрғын үй - киіз үй жасауға көмегін тигізді. Жылдың мезгіліне байланысты, киіз үйдің кереге-қабырғаларын биіктетуге болатын мүмкіншілігі, ауаның көлемін үлкейтуге және қолайлы температура режимін жасауға жағдай туғызды. Бұдан басқа, жаз мезгілінде желдетілуін жақсарту үшін туырлақтарын көтеріп, түндікті ашады. Шаңды дауылдар кезінде, керісінше, барлық тесіктер киізбен тартылып, жабылып отырды. Қыстыгүні киіз үйді тігу үшін желден қорғалған бейткелер таңдалды, қабырғаларының түбіне тастан немесе топырақтан үйінді жасалды, киіздер екі қабат етіп жабылды. Солтүстік аудандардағы көшпенді қазақ халқы қыс мезгілінде үйлері әр түрлі қыстауларда орналасты.
Аурулардың алдын алуда халықтың салтын, әдет-ғұрыптарын, жөн-жосықтарын орындаудың маңызы зор болды. Мысалы, ұл балалар сүндетке отырғызылды, ер адамдарға әйелінің етек кірі келген кездерде жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етілмеді, дәретке барғаннан кейін дәрет алу міңдетті түрде болды, туыстардың арасында жеті атаға дейін некелесуге рұқсат етілмеді. «Өлген малдың етін, қанды, доңыздың етін, буынып өлген, соққыдан, биіктен құлап өлген, мүйізбен сүзіп өлтірген малдың етін» тағамға қолдануға тиым салынды. Жылына бірнеше рет ораза ұстап отырды.
Босануына 40 күн қалғанда, жүкті әйелді ауыр жұмыстан, ораза ұстаудан босатқан. Жаңа туылған баланы тұзды суға шомылдырған, одан кейін ұнтақталған қалампыр, зімбір, калған қосылған ерітілген қойдың майынан тұратын жақпа маймен майлаған, уқалап отырған. Шала туылған жас балаларды, температура тұрақты сақталатын, түлкі тұмаққа салып жылытқан. Жаңа туған баланы бесікке салған. Бесіктің сүйектен жасалған арнайы зәрді өткізетін түтігі болған, соның арқасында баздану болмаған. Жаңа, жас туылған баланы қырық күнге дейін бөтен адамдарға көрсетпеген, бұл әр түрлі жұқпалы аурулар жұғуының алдын алуға ықпал етті.
Алдын алу жөнінде дұрыс кеңестерді көбінесе молдалар беріп отырды, себебі, олар сауаттылау болды және талай емдеу, шөппен емдеу мәтіндерінің мазмұнын білді.
Бірақ шешектін, обаның, тырысқақтың, алапестің және басқа да жұқпалы аурулардың жаппай эпидемиялары пайда болған кезде, халық мұндай аурулардың алдында дәрменсіз болып қалатын. Халық емшілері аурудың ауа арқылы, ауру адаммен және оның заттарымен жанасқанда жұғатынын білген. Сондықтан, шешек және обамен ауырған адамдарды оқшаулаған, олар үшін жеке ыдыстар бөлген. Қажет болған жағдайда, барлық тұрғындар бос жерлерге көшетін, ал науқастарды осы аурумен бұрын ауырып жазылған туыстарымен бірге сол жерде қалдыратын. Өлген адамдардың сүйектері мен заттары сол орнында өртеліп отырған. Егер ауру барлық жанұяларға жайылған болса, ауыл шетіне, адамдардың келуіне тыйым салатын, қара мата байланған биік сырық қойылады. Шешектің дамуының және оның ауыр ағымының алдын алу үшін шешектен сауығып келе жатқан адамның көйлегін кигізген. Иммундаудың бұл өзінше бір әдісі көмектесетін, бірақ барлық уақытта да емес.
Орта ғасырларда Қазақстанда талай гүлденген қалалар пайда болды. Ертедегі жібек жолында Отырар, Тараз, Жаркент, Түркістан, Созақ және т.б. қазақ қалалары тұрды. Қазақстан қалаларының санитарлық тұрғыдан жоғары абаттандырылғандығы туралы археологиялық қазбалар дәлелдейді. Мысалы, Отырар мен Тараз қалаларында саздан жасалған су тасымалдайтын құбырлар жүйесі, моншалар, канализация су ағарлары болған.
Қазақстанның мәдени орталықтарының бірі Отырарда (бұрын Фараб болған) атақты ойшыл, ғалым-энциклопедист, философ және дәрігер, қыпшақ жауынгерінің ұлы Әбу Насыр Әль Фараби (870-950 жж.) дүниеге келді және бастапқы білімін алды. Әль-Фарабидің мұрасы 160 трактаттарды құрады, олардың бір бөлігі медицинаға арналған. Әль-Фараби жеке бас гигиенасын сақтауды, тұрғын үйді таза ұстауды, қызуы көтерілген науқастардың ыдыстарын бөлек ұстауды ұсынды.
18 ғасырда Қазақстанда, тек әскер бөлімдеріне ғана қызмет көрсеткен бірінші медициналық қызметкерлер пайда бола бастады. 19 ғасырдың ортаңғы үштен бірінің аяғына дейін Қазақстан аумағында қазақ халқын емдейтін және санитарлық шаралар жүргізетін дипломы бар дәрігерлер болған жоқ. Тек 1825-1826 жылдары Әбілқайырдың шөбересі, сауатты, білімді Жәңгір хан өз хандығында дәрігер лауазымын орнатуға және дәріхана ашуға Николай 1 патшадан рұқсат алды, әскери госпитальда тұрғындарға Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін Орынбордың әскери госпитальында қазақ балаларына арналған 4 стипендия ұйымдастырылды және орыс-қырғыз мектептерінен ұл балалар оқуға жіберілді. 19 ғасырдың 60-шы жылдарында аумақтарды губернияларға, уездерге және болыстарға бөлгеннен кейін, дәрігерлердің, фельдшерлердің, әйелдердің босануына жәрдем беретін әйел лауазымдары енгізілді. 70-ші жылдары әрбір ауданда дәрігерлік және фельдшерлік пункттер ашылды, ал 90-шы жылдары тек қана Степной генерал-губернаторлығында земстволық (учаскелік) медицина енгізілді.
Бірақ, уездік дәрігерлердің аздығы, медицинаның нашар қамтамасыз етілуі терең, батыл шаралар жүргізуге мүмкіндік бермеді, осыған байланысты 20 ғасырдың басында да халықтың ауыр әлеуметтік жағдайымен байланысты шешектің, обаның, тырысқақтың, дифтерияның, дизентерияның және басқа да аурулардың жаппай эпидемиясы қаһарын тігуін жалғастара берді.
Ол кезеңде санитарлық ұйымдар және санитарлық дәрігерлер Қазақстанда жоқ болды, ал санитария және гигиена сұрақтарымен саны көп емес практикалық дәрігелер мен фельдшерлер айналысты.
19 ғасырдың аяғында және 20 жүзжылдықтың басында Қазақстанда Ресей университеттерінде жоғары медициналық білім алған, бірінші қазақ дәрігерлері пайда болды, себебі, өзінің оқу орны болмады. Олардың арасында Садуақас Шалымбеков, Нұрғали Ипмағамбетов, Әбубәкір Алдияpoв, Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, Мәжит Чумбалов, Әміре Айтбақин, Санжар Асфендияров, Есенғали Қасаболатов және басқалар болды. Олардың бәрі де емдеу дәрігерлері болса да, ауыр санитарлық-гигиеналық мәселелерді шешуіне тура келді.
5.2.Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы.
Қазақстан аумағында біртұтас денсаулық сақтау және санитарлық эпидемиологиялық қызметті құру бастамасын 1917 жылғы Қазан Социалистік Революциясы бастады. 1920 жылы 26 тамызда Бүкіл одақтық орталық атқару комитетінің және Халық комиссарлары кеңесінің (ХКК) Декретімен Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Ал, 1921 жылы 20 мамырда бірінші Бүкіл қырғыздық (қазақ) денсаулық сақтау қайраткерлері кеңесінің шешімімен Республиканың денсаулық сақтау Халық комиссариатының құрылымына бірінші рет санитарлық-эпидемиологиялық бөлім енгізілді. Оның құрамына 4 бөлімшелер: санитарлық, эпидемиялық, санитарлық-статистикалық және медициналық-санитарлық ағарту бөлімшелері кірді. Республикадағы барлық санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жалпы басқару санитарлық-эпидемиогиялық бөлімге жүктелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің бірінші меңгерушісі болып дәрігер Ю.Я. Геращенков тағайындалды, ал 1923 жылы оның орнына М.М. Чумбалов тұрды.
Санэпидқызметтің міндеттерін, құрылымын, оның құқықтарын бірінші рет анықтаған, сонымен қатар, мамандандырылған санитарлық-профилактикалық мекемелерді құрудың бастамасын бастаған 15.09.1922 жылы шыққан, тарихи маңызды құжат «Республиканың санитарлық органдары туралы» деп аталатын Ресейдің Кеңестік Федеративтік Социалистик республикасының Халық комиссарлары кеңесінің декреті болды. Қазан революциясының және жиырмасыншы жылдардың бастапқы кезеңі автономиялық республикада санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ауыр болуымен сипатталды. Бұл азаматтық соғыспен және сол уақыттағы күрделі шаруашылық-экономикалық жағдайлармен байланысты еді. Ол жылдары тырысқақтың, іш және бөртпе сүзектерінің, шешектің, обаның, дифтерияның, безгектің эпидемияларымен, қотырмен, туберкулезбен, ауыр санитарлық жағдайлармен күресу ең маңызды мәселе болды. Әлі жабдықталмаған, материалдық қамтамасыз етілуі нашар, жана дамып келе жатқан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының барлық жұмысы осы мәселеге бағындырды. 1921 жылдары бүкіл республикада тек 22 санитарлық дәрігер және 3 санитарлық-бактериологиялық зертхана Орынборда, Ақмолада, Орал қалаларында болды. Губернияларда дезинфекциялық жұмыстар нашар жүргізілді. Дезинфекциялық камералар және дезинфекциялаушы заттар жетіспеді. Губерниялық атқару комитеттері және губерниялық революциялық комитеттері жанынан ауыр эпидемиялық жағдайға байланысты, өте жұқпалы аурулардың эпидемиясымен күресуге арналған, республиканың барлық күштері мен құралдарын жұмылдырған, төтенше санитарлық комиссиялар құрылды.
Жиырмасыншы жылдардың басындағы эпидемиямен және ашаршылықтың салдарымен күресе жүріп, қалыптасуының бірінші ауыр қадамдарын жеңіп шықаннан кейін, республикадағы санитарлық қызмет әрі қарай дами бастады. 1927 жылы ХКК қаулысымен санитарлық мекемелерде дәрігерлік лауазымдардың нормативтері белгіленді, сонымен қатар, санитарлық органдардың қызметі мен құқықтары кеңейтілді. Атап айтқанда, суды, ауаны, топырақты, елді мекендерді, тұрғын үйлерді, көпшілікке арналған орындарды санитарлық қорғау, тағамдық азықтардың және басқалардың сапасын тексеру соларға жүктелді. Халықтың тұрмысын сауықтыру және халықты гигиеналық дағдыларға әдеттендіру үшін, ауылдық және селолық санитарлық комиссиялар құрылды, орыс және қазақ тілдерінде брошюралар басылды, санитарлық ағарту үйлері ашылды. Ақтөбе, Сырдария губернияларында, сонымен бірге, Қарақалпақ автономиялық облысында және Адай уезінде санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің бөлімшелері ұйымдастырылды.
Жаңа құрылыстың салынуымен байланысты, елді мекендерді жоспарлау мен абаттандыру жөнінде сұрақтар туды. Аз қуатты су құбырлары Семей, Петропавлда болды, ал қалған қалалар мен ауылдық елді мекендерде тұрғындар суаттардың және құдықтың суын пайдаланды. Канализация мүлде болмады, ассенизациялық арбалар тек Ақтөбеде, Алматыда, Cемейде және Оралда қолданылды. Қоғамдық кір жуатын орындар мен моншалар, іс жүзінде болмады. Елді мекендерден шақырым жерде орналастырылатын қоқыс төгілген жерлерге бақылау жүргізілмеді.
Коммуналдық жабдықталуын жақсарту үшін, бірінші бес жылдықтың жоспарында Алматыда, Ақтөбеде, Оралда, Шымкентте, жаңа өнеркәсіп орталықтарында - Қарағандыда, Ембіде, Лениногорда су тасымалдау құбырларының құрылысын салу белгіленді, сондай-ақ Петропавлдағы су тасымалдау жүйесін кеңейту, республиканың 22 қаласында ассенизациялық арбаларды ұйымдастыру және Қарағандының металлургиялық зауытында канализация салу, кір жуатын орындар мен қоғамдық моншалар салу белгіленді.
1932-1933 жж. республиканың қайтадан астықсыздыққа және ашаршылыққа ұшырауы аса жұқпалы ауралармен аурушаңдықтың жаңадан төтенше өсуіне себеп болды. Олармен күресу үшін 100 аса медициналық бригадалар жұмылдырылды, жаңа дезинфекциялық пункттер, моншалар, биттерді жоятын орындар, жұқпалы аурулар ауруханалары ашылды, іш сүзегіне, шешекке, дифтерияға, скарлатинаға қарсы жаппай вакцина егу жүргізілді. Осы аталған шараларды жүргізгеннен кейін, 1940 жылға қарай шешек, тырысқақ, оба аурулары жойылды, дизентерия, іш сүзегі, бөртпе сүзегі, малярия мен аурушаңдық та, елеулі дәрежеде төмендеді. Осы жылдарда туберкулезбен, жыныстық қатынастан жұғатын аурулармен (мерезбен зақымдануы 12% жететін), трахомамен ауқымды күрес жүргізілді. Кезек күттірмейтін медициналық мәселелерді шешу жөніндегі белсенді жұмыстарға республикада бірінші рет ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу институттары: 17.09.1925 жылы Қызыл-Ордада құрылған, Қазақ Орталық атқару комитеті атындағы Өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты (1934 жылдан бастап - ҚССР Денсаулық сақтау халық комиссариатының эпидемиология, микробиология және гигиена институты ), Ана мен баланы қорғау институты, Қазақ мемлекеттік туберкулез институты, Өлкелік венерологиялық институты (1931 ж), Өлкелік социалистік денсаулық сақтау және гигиена институттары кірісті.
Санитарлық-бактериологиялық институт - республикадағы бірінші ғылыми зерттеу институты болды, Қазақстанда санитарлық эпидемияға қарсы қызметтің нығаюы мен дамуында және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда үлкен роль атқарды. Институт ашылғаннан кейінгі бірінші жылдардың өзінде ақ, сол жылдары соншалықты қажетті шешек детритін, емдік сарысулар, вакциналар өндірумен айналысты, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалық зерттеулер жүргізді, губерниялық санитарлық-бактериологиялық зертханаларға, безгек және пастер станцияларына ғылыми жетекшілік етті. Институт жанынан ұйымдастырылған курстарда санитарлық дәрігерлер, санитарлық дәрігерлердің көмекшілері, дезинфекторлар, облыстық санитарлық-бактериологиялық зертханалар үшін зертхана қызметкерлері және дәрігерлер дайындалды. Жыл сайынғы экспедицияларда санитарлық-гигиеналық мәселелер бойынша, денсаулық сақтау органдарына практикалық көмектер көрсетілді.
1930 жылы Алматы қаласында бірінші медицина институты ашылады, оған ректор болып профессор С.Д. Асфендияров тағайындалды. Кадрлардың, бірінші кезекте, тұрғылықты халықтан шыққан кадрлардың да, өте үлкен жеткіліксіздігі жағдайында медициналық жоғары оқу орындарын құру, аса керек шешім болды. 1931 жылы күз айында 1 курсқа 289 адам қабылданды, оның ішінде 51,9%- қазақтар болды.
Дәрігерлер дайындаудан басқа, институттың кафедраларында гигиеналық тұрғыда ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Гигиена кафедрасы қоршаған орта нысандарының ластануын зерттеумен, Қазақстанның қалалары мен ауылдарын гигиеналық тұрғыдан сауықтыру сұрақтарын жете зерттеп, дайындаумен айналысты. Ол кафедраны 1932 жылдан бастап 1948 жылға дейін көрнекті ғалым, гигиена маманы, профессор Н.Н. Попов басқарды. Николай Николайұлы Попов Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі. Оның «Алматы қаласын қайта құруды санитарлық негіздеу» (1940 ж.) атты докторлық диссертациясы елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс жүзіндегі шараларда жүзеге асырылды. КСРО-ны мемлекеттік реформалаудан және Қазақ КСР құрғаннан кейін, 1936 жылы желтоқсан айында автономиялық республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариаты негізінде Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты құрылды. Осы кезеңнен бастап, Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тұтас жүйесінің негізі қалыптаса басталды.
5.3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ халықтың денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше ауыртпалық Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жүктелді. 1941-1942 жж. республикаға бірнеше жүздеген мың адам көшірілді, 361 мың немістер Қазақстанға жер аударылды, 220-ға жуық өнеркәсіп кәсіпорындары көшірілді, 1944 жылы Солтүстік Кавказдан 617 мың адам жер аударылды. Бұл республикамызда санитарлық жағдайды айтарлықтай қиындатты.
Эпидемиялар болдырмау үшін үлкен күш салынды. Осы ауыр кезеңде КСРО Денсаулық сақтау халық комиссариатының бұйрығымен 1943 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтында (ҚазММИ) санитарлық-гигиеналық факультет ашылды. Оның алдына соғыс уақытында және соғыс аяқталғаннан кейінгі жақын кезеңдерде отанды санитарлық қорғау үшін жоғары мамандандырылған эпидемиологтар мен санитарлық дәрігерлерді дайындау міндеті қойылды.
Соғыс уақытында пайда болған мұқтаждықтар Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің тармақтарын кеңейтуді қажет етті. Мысалы, егер 1941 жылы 43 санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, 137,5 мемлекеттік санитарлық инспекторлардың штаттық дәрігерлердің лауазымдары, 4 эпидемияға қарсы отряд, 783 дезинфекциялық камералар, 3907 моншалар болса, ал 1945 жылы СЭС саны 100 дейін, санинспекторлар штаты - 274,5 дейін, эпидемияға қарсы отрядтар 45 дейін, дезинфекциялық камералар -1438 дейін көбейді, 3332 моншалар салынды.
ҚазММИ-дегі ғылыми зерттеулердің барлық тақырыптары соғыс уақытындағы қатаң талаптарға сәйкес болды. Бомбадан қорғанатын баспаналардың ауасын тазарту, әскери бөлімдерге санитарлық қызмет көрсету, соғыс уақыттарындағы жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, тұрғындарға вакцина егу жөніндегі сұрақтары зерттелді.
Түгелдей соғыстың қажеттіліктеріне бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстармен эпидемиология, микробиология және гигиена өлкелік институты айналысты. Олар 20 жуық бактериялық препараттарды: бөртпе сүзегіне қарсы вакцина, сүзек - парасүзек вакциналарын, дизентерия бактериофагын, тырысқақ монофагын, тырысқаққа қарсы моновакцинаны өндірді.
1944 жылы шілде айында республикада Тропикалық аурулар институты ашылады, ол 1945 жылы Өлкелік патология институты деп аты өзгертіледі және өлкелік медициналық мәселелерді жете зерттейтін Қазақ КСР Ғылым академиясының негізгі ғылыми-зерттеу орталығы болды.
5.4. 1946-1991 жылдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен гигиена ғылымы.
Соғыстан кейінгі бірінші жылдарда санэпидқызметтің ең басты бағыттарының бірі белсенді эпидемияға қарсы жұмысы болды. Нәтижесінде бөртпе сүзегімен, іш сүзегімен, дизентериямен аурушаңдық төмендеді, оңтүстік аудандарда пайда болған тырысқақ ауруының таралуына жол берілмеді.
50-ші жылдардың басында елдегі санитарлық-эпидемияға қарсы қызметті қайта ұйымдастыру жүргізілді. Ол мемлекеттік санитарлық инспекциялар мен санитарлық эпидемиологиялық қызметтің атқаратын қызметтерін айқындап берді және санитарлық эпидемиологиялық мекемелердің жаңа штаттарын белгіледі. Атқаратын қызметтерін айқындап беру, Қазақстанда сақтық санитарлық бақылаудың дамуына оң әсерін тигізді. Сақтық санитарлық бақылаудың қажеттілігі коммуналдық құрылыстарды, өнеркәсіп кәсіпорындарын масштабты түрде қайта құрумен, жаңа елді мекендерді салумен байланысты болды.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде санитарлық эпидемияға қарсы қызмет мекемелерінің тармақталған жүйесі құрылды. 1953 жылдың басына қарай республикадағы санэпидмекемелердің саны 276 -ға, оның ішінде қалалар мен аудандарда 264-ке, облыс орталықтарында 11-ге жетті. 1952 жылы Алматы қаласында Республикалық СЭС ашылды. Бірақ, зертханалар СЭС -тердің бәрінде де емес, кейбіреулерінде ғана болды, ал аудандық СЭС штаттында, әзірше тек бір ғана санитарлық дәрігерден болды.
1948 жылдың көктемінде ҚазММИ-дің санитарлық-гигиеналық факульттетінен бірінші бітірушілері шықты. 27 жас мамандар диплом алды, оның ішінде 2 қазақ болды. Ал, 1950 жылы Қарағанды қаласында жаңа медициналық жоғары оқу орны ашылды. Онда, 1964 жылдан бастап, ҚазММИ-ден санитарлық-гигиеналық факультетті ауыстырғаннан кейін, дәрігер-гигиена мамандарын дайындай бастады.
Осы кезеңде Қазақстан қалалары мен ауылдарын сауықтыру және санитарлық тұрғыдан абаттандыру мәселелері өте өзекті болды. Бұл мәселелерді жете зерттеуге белгілі ғалым, денсаулық сақтау ісінің ірі ұйымдастырушысы, профессор И.С. Корякин айрықша үлес қосты. Аудандық санитарлық дәрігерден ҚазКСР-дің мемлекеттік бас инспекторына дейінгі қызметтерді атқарып, ол 1946 жылдан 1968 жылға дейін ҚазММИ-дің коммуналдық гигиена кафедрасын, кейіннен жалпы гигиена кафедрасын басқарды. И.С.Корякиннің шығарған монографиялары: «Қазақстанның елді мекендерін көгалдандыру», «Сыртқы ортаның нысандарын зерттеудің негізгі әдістері», «Қазақстандағы ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздерін тексерудің әдістемелік нұсқаулары мен схемалары» республиканың жаңа өндірістік орталықтарын жоспарлау және абаттандыру мәселелерін шешу кезіндегі маңызды нұсқау болып табылды.
60-шы жылдарда қайта ұйымдастыру жүргізілді. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ісі оңтайлануына мүмкіндік туғызды: ауылдық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімдері дербестік алды, ал СЭС штаттарының саны қызмет көрсететін халықтық санына байланысты анықтала бастады. Дегенмен, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту маңызды болып қала берді, осыған байланысты 20 ғасырдың 70-80 жылдары республикада Ертіс, Жайық өзендерінің, Каспий теңізінің және Қапшағай бөгенінің су алаптарын санитарлық қорғау жоспарлары, республика қалаларының атмосфералық ауасын қорғау жөнінде шаралар дайындалды, 161 канализациялық және тазартқыш құрылыстар кешені, атмосфераға ұшатын өндірістік шығарындыларды тазартатын 395 құрылыс салынды, сумен қамтамасыз етудің, канализациялардың, қалалар мен кенттерді абаттандырудың жүздеген жобалары қаралды.
Осы кезеңде гигиена ғылымы кеңінен дамыды. Республикада гигиена саласындағы жетекші мекемеге айналған Өлкелік патология ғылыми зерттеу институтында көп жылдар бойына республиканың кен орындарында, қорғасын зауыттарында, титан және магний, мыс және мырыш, фосфор, өндірістерінде, мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайы мен аурушаңдығы зерттелді. Эксперименталдық зерттеулерде, фосфордың, қорғасынның, кадмийдің, мышьяктың, ванадийдің, фторидтердің, мырыштың, сынаптың токсикологиясы зерттелді, көптеген интоксикацияларда сульфат-ионының қорғайтын әсері дәлелденді. Фосфор және оның бейорганикалық қосылыстарын өндіретін өндірістерге, қорғасын өндіру мен пайдалану өндірістеріне, мұнай өнеркәсібіне арналған санитарлық ережелер, жұмыс зонасының ауасы мен атмосфералық ауадағы бірқатар қосылыстарға гигиеналық регламенттер дайындалды. Сонымен қатар, қышқыл газдардан тыныс мүшелерін қорғауға арналған респираторлар, сыртқы орта мен тағамдық азықтарда пестицидтердің мөлшерін анықтау әдістері, қоршаған орта нысандарындағы ауыр металдарды атомдық-абсорбциялық әдіспен анықтауға арналған әдістер мен аспаптар дайындалды және өндіріске енгізілді.
Институт зерттеп келе жатқан еңбек гигиенасы мен кәсіптік патология мәселелерін шешуге көрнекті ғалымдар: көп жылдар бойына өлкелік патология ҒЗИ басқарған профессор Б.А.Атшабаров, профессорлар А.А.Лукашев, К.К.Макашев, А.Т.Алданазаров, В.З.Хамитова, М.К.Қайрақбаев, Г.И.Белоскурская, В.Л.Резник, В.А.Козловский, Е.Ж.Жарқынов, медицина ғылымдарының кандидаттары М.Т.Бердыходжин, Б.Г.Фейгин, Г.Д. Лях және басқалар үлкен үлес қосты. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері Б.А. Атшабаровтың «Қорғасын интоксикация кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдануы», А.Т.Алданазаровтың «Сатурнизм кезіндегі қан жүйесінің өзгерістері», К.К.Макашевтың «Техникалық прогресс және қорғасын өндірісіндегі еңбек физиологиясының мәселелері», Г.И. Белоскурскаяның бірлескен авторлармен жазған "Шаң әсерінен пайда болатын пневмокониоздар және созылмалы бронхиттер", В.А.Козловский, А.А.Лукашев, А.Г.Дардик, А.Г.Полонскийдің «Фосфорлы тыңайтқыштар өндірісіндегі жабдықтарды гигиеналық бағалау», Т.Ш.Шармановтың, А.А.Мамырбаевтың «Фосфор, фтор және олардың бейорганикалық қосылыстарының токсикологиясы», Е.Ж.Жарқыновтың бірлескен авторлармен жазған «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі еңбек гигиенасы» деп аталатын іргелі еңбектерінде қамтып, көрсетілді. Е.Ж.Жарқыновтың бірлескен авторлықтағы жоғарыда аталған еңбегі Ф.Ф. Эрисман атындағы жүлдеге ие болды. Г.Ф.Поллак пен Э.И.Грановскийдің редакциясымен шығарылған «Сыртқы орта мен тағамдық азықтардағы пестицидтердің мөлшерін анықтау әдістері» деп аталатын нұсқауы, пестицидтер гигиенасы жөніндегі мамандардың ен жиі қолданатын құралдарының біріне айналды. Институт, қоршаған орта гигиенасы, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру сияқты, басқа да гигиеналық бағыттар бойынша жұмыс істеді. Зерттеу материалдары бойынша «Ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету гигиенасы» (Г.И. Сидоренкомен бірлескен авторлықта), «Ауыз судағы металдардың улылығы» (Г.Н. Красовский, В.Г.Надеенко, Ү.И.Кенесариев), «Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері» (П.П.Петров және Т.К.Қалжеков), «Ғылыми-техникалық прогресс, қоршаған орта және халық денсаулығы» (Г.А.Попов, П.П.Петров, Ж.Т.Тұрлыбеков), «Қазіргі кездегі өндірістік қала тұрғындарының денсаулығы» (Р.Х. Кадырова, П.П. Петров, Н.Ж. Жақашов) деп аталатын монографиялар басылып шықты.
1958 жылы Қарағанды қаласында Қазақ еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды. Оның бірінші басшысы З.К. Төлегенов болды. Бұл институтта құрамы әр түрлі өндірістік шаңдардың патогендік қасиеттері және ағзаға әсер ету механизмі зерттелді, шу мен дірілдің жұмыс істеушілердің ағзасына әсерінің алдын алу жөніндегі алдын алу шаралары дайындалды, бір типті кокс-химия өндірісінің барлық маңызды учаскелеріндегі еңбек жағдайларына баға берілді, өнеркәсіптен шыққан ағынды суларының Орталық Қазақстандағы суаттардың санитарлық жағдайына әсері бағаланды. Бұл сұрақтарды ғылыми тұрғыдан жете зерттеп, дайындауға белгілі ғалымдар, гигиена мамандары Б.Е.Алтынбеков, Қ.Р.Әмрин, А.И.Бурханов, М.И. Салехов, А.П.Филин және басқалар үлкен үлес қосты.
Еңбек гигиенасы мен кәсіби патология жөнінде жүргізілген зерттеулер, Қарағанды мемлекеттік медицина институтында да негізгі зерттеулердің бірі болды. Мұнда көмір, полиметалл кендерін шығару кезіндегі, қара металлургиядағы еңбек гигиенасы мен физиологиясының сұрақтары, жұмыс істейтін жасөспірімдердің еңбек гигиенасының сұрақтары жете дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстардың іске асуына көрнекті гигиена мамандары Б.Е Алтынбеков, Е.Н Сраубаев, А.П Филин, В.А Ли., С.П Терехин, А.Г Швецов және басқалар маңызды роль атқарды. Зерттеу нәтижелері көмір өнеркәсібі кәсіпорындарына, ұсақ рудалық және рудалық емес пайдалы кендерді шығару және байыту кәсіпорындарына арналған Санитарлық нормалар мен ережелерде, «Ұсақ рудалық және рудалық емес пайдалы қазбалардың кен орындарынаң кен шығару кезінде қолданылатын машиналар мен механизмдері» деп аталатын мемлекеттік стандартта қолданылды.
Осы кезеңде АММИ-де, 1968 жылдан 1980 жылға дейін жалпы гигиена кафедрасын басқарған ірі ғалым, профессор Ф.А. Дауылбаевтың басшылығымен, Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіптік ағынды суларын залалсыздандыру және пайдалану жолдарын іздестіру, сумен қамтамасыз етуді сауықтыру жөнінде, сондай-ақ, асқазан-ішек ауруларының, тісжегінің, флюороздың алдын алу жөнінде, әсіресе, ауыл тұрғындарының арасында алдын алу жөнінде, жан жақты зерттеулер жүргізілді.
1980-1994 жылдары АММИ-дің жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған, көрнекті ғалым, гигиена маманы профессор Қ.Р. Әмрин қоршаған ортаны қорғау, адамның өмір сүретін ортасын болжау, Қазақстанның биогеохимиялық аймақтарындағы медициналық-экологиялық мәселелеріне қатысты, жаңа ғылыми бағытты дамытты. Профессор Қ.Р. Әмринді Қазақстандағы қоршаған орта гигиенасының негізін қалаушы деп айтуға болады.
1960-1991 жылдар тағам тану гигиенасының қарқынды дамуы кезеңі болды. Қазақстанда оның мектебін құрудағы баға жетпес рөл академик Т.Ш. Шармановқа тиесілі. 1962 жылы Өлкелік патология ғылыми зерттеу институтында тағам тану бөлімі құрылды, бұл 1973 жылы Т.Ш. Шармановтың ынтасымен КСРО Медицина ғылым академиясының Тағам тану ғылыми зерттеу институтының (ҒЗИ) Қазақ филиалының ашылуына негіз болды. 1988 жылы филиал өз алдына дербес «Тағамтанудың аймақтық мәселелері» деп аталатын ғылыми зерттеу институты болды. Осы жылдары республика халқының тамақтанудың құрылымы, ең көп қолданылатын азық-түліктердің тамақтық және биологиялық құндылығы, олардың әр түрлі ксенобиотиктермен ластану дәрежесі, алиментарлық дисбаланстардың әр түрлі түрлерінің қаншалықты таралғандығы зерттелді. Биологиялық құндылығы жоғары, балалардың тамақтануы үшін, әр түрлі ауруларды емдеу және алдын алу үшін арнайы тағайындалатын азықтар дайындалды. 1988 жылдан бастап нутрициологияның іргелік бағыттары жөнінде зерттеулер жүргізіле бастады.
5.5. Қазақстан Республикасында гигиенаның 1991 жылдан кейін дамуы. 1991 жылдың аяғында егемендік алысымен Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер достастығы ішіндегі біріншілердің бірі болып «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» Заң (1994 ж.) қабылдады. Бұл заң, осы кезеңде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің іс әрекетін дамыту мен жетілдірудің басты бағыттарын анықтады және бақылау ісіндегі бір жұмыс түрін бірнеше органдарда қайталап орындауды және паралелльдікті жойды.
Республика экономикасының нарықтық қатынасқа өтуіне байланасты 2002 жылы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» деп аталатын жаңа Заң қабылданды.
Қазақстандағы гигиена ғылымы дамуының негізгі бағыттары да реформаға түсті. 2005 жылға қарай ғылыми іздеулермен Республикада 4 ғылыми-зерттеу институттары, сонымен бірге, медициналық жоғарғы оқу орындарының және дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының гигиена саласындағы кафедралары айналысты. 1998 жылы Өлкелік патология ҒЗИ мен КЭМИ-ді біріктіру жолымен құрылған, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының зерттеулерінде Шығыс-Қазақстан облысында, Арал өңірінде, Тенгиз мұнай газ кешені аймағында экологиялық қауіп-қатер, дағдарыс, апат зоналарын болу мәселелері маңызды орын алды.
Сонымен қатар, құрамында фосфоры бар қосылыстардың, Қазақстанның кен орындарынан алынған көмір күлдерінің зақымдайтын әсері бағаланды және қоршаған ортаның әр түрлі нысандары үшін олардың нормативтері дайындалды. Әскер қатарына шақырылғандардың дәрігерлік комиссиялардан өтуі кезінде жасөспірімдердің денсаулығын бағалайтын критерийлер дайындалды.
Тағам тану институтында бірінші рет Қазақстанға және Орталық Азия республикаларына (1996 ж.) арналған тамақтанудың ұлттық саясаты жөніндегі концепция дайындалды. Жалпы ұлттық деңгейде халықтың жеке топтарының тамақтану статусы зерттелді, ұлттық өнімдер мен әдетте қолданылмайтын жаңа шикізат көздері негізінде емдік диеталар мен тағам рациондары дайындалды, жаңа биологиялық белсенді қоспалар әзірленді, емшек емізіп қоректендіруді қолдау жөніндегі бағдарламалар орындалды. Осы өзекті мәселелердің дамуына зор үлес қосқан Т.Ш. Шарманов, А.А. Алдашев, И.Г. Цой, Ю.А. Синявский, Ш.С. Тәжібаев, Л.И. Каламкарова және т.б. болды.
Институт темір тапшылықты анемиямен және йод тапшылық жағдайлармен күресу жобасы бойынша, ЮНИСЕФ-тің жауапты орындаушысы. Оның базасында тағам өнімдері мен өндірістік шикізаттарды сертификаттау және стандарттау жүрізіледі.
1994 жылы денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері Ғылыми орталығы ұйымдастырылды. Оның құрылуына және дамуына денсаулық сақтаудың көрнекті ұйымдастырушылары О.Т.Жүзжанов П.П.Петров, Ж.Т.Тұрлыбеков, Т.К.Қалжеков, Д.С. Исаев және т.б. елеулі үлес қосты. Ғылыми орталық республикада денсаулық сақтау ісінің 2030 жылға дейінгі дамуының медициналық-демографиялық стратегиясын негіздеумен айналысты, денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының даму концепциясын, Қазақстан жағдайында бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсетудің даму бағдарламасын дайындады. Орталықтың қатысуымен нарықтық экономика жағдайында денсаулық сақтауды ұйымдастыруға және реформалауға қатысты республиканың заңдары дайындалды.
Қазақ ұлттық медицина университетінің (бұрынгы - АММИ) гигиена кафедралары жүргізген ғылыми зерттеулердің сферасы едәуір кеңейді. Жалпы гигиена кафедрасы «Медициналық экология» ғылыми мәселелік зертханамен біріктірілгеннен кейін, 1995 жылы республиканың экологиялық-гигиеналық мәселелері жөніндегі ірі ғылыми және оқу орталығы болды, оны профессор Ү.И. Кенесариев басқарды.
«Халық денсаулығы» деген ұлттық бағдарламаға сәйкес, кафедрада мұнай газ аймақтары мен республиканың ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймағындағы қоршаған орта жағдайы мен халық денсаулығы бойынша зерттеулер жүргізіледі, өзекті халықаралық бағдарламаларды іске асыруға да белсенді қатысады. Республикада бірінші рет қазақ және орыс тілдерінде «Экология және халық денсаулығы», «Радиациялық гигиена» оқулықтары дайындалды және баспадан шығарылды. Бұл оқулықтарда республикадағы экологиялық-гигиеналық жағдайлардың сұрақтары да қамтылып көрсетілді.
1991 жылы АММИ-де санитарлық-гигиеналық факультет қайтадан ашылғаннан кейін, республиканың көрнекті ғалымы, профессор Б.А. Неменко басқарған коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасында қоршаған орта факторлары мен генетикалық факторлардың балалар мен жасөспірімдерде аурулар дамуы мен денсаулығы қалыптасуындағы ролін зерттеу, Қазақстан қалалары мен ауылдарының жоспарланауы мен санитарлық абаттандырылуын қолайлы ету мәселелерін зерттеу әрі қарай дами бастады.
Қазақ тілінде «Коммуналдық гигиена» (Б.А.Неменко, Ү.И.Кенесариев) және «Балалар және жасөспірімдер гигиенасы» оқулықтары басылып шығарылды, коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы жөніндегі тәуелсіз мемлекеттің санитарлық заңнамасының негізгі құжаттары жаңадан дайындалды.
Сонымен, ғылым және практикалық іс- әрекет саласы ретіндегі гигиена Қазақстанда ұзақ даму жолынан өтті. Басты бағыты сақтық бақылау болып табылатын пәрменді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі құрылды. Кадрлардың әлеуеті шексіз өсті. Гигиена ғылымының көптеген салалары бойынша, проблемаларды шешу жолдарын дайындайтын ғылыми -зерттеу мекемелерінің қуатты жүйесі құрылды. Қазіргі кездегі, XXI ғасырдағы, алдын алу жөніндегі медицинаның даму кезеңіне экологиялық контекст және гигиена ғылыми мен клиникалық медицинадағы жеке мамандық салаларының бағыттарын интеграциялау идеясын іске асырылуы тән. Оған, мысал ретінде, осы саладағы көп түрлі мәселелердің бәрін қамтуға мүмкіндік беретін, еңбек медицинасы және қоршаған ортаның медицинасы деп аталатын пәндерді айтуға болады.
ІІ - ТАРАУ. ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫН ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1. Жалпы жағдайлар.
Адамның денсаулығына және оның өмiрiндегi саниттарлық жағдайына қолайсыз әсер ететiн қоршаған ортаның факторларын гигиеналық тұрғыда нормалау алдын алу шаралар жүйесiндегi негiзгi буыны болып табылады.
Табигаты әр турлi (химиялык, физикалык, биологиялық) факторларды регламенттеудiң гигиеналық концепциясын даярлауда отандьқ гигиена ғылымы алдыңғы қатарда екенiне ешқандай күмән жоқ. Бұл концепцияны іс жүзiнде дүние жүзiндегi барлық елдерi қабылдады деп айтуға болады.
Гигиеналық норматив - бұл адамның бүкіл өмiрi бойына күнделiктi әсер еткенде оның денсаулығына және келешектегi ұрпақтарына тiкелей немесе баска орта арқылы қолайсыз әсер етпейтінi заттар мен факторлардың концентрациялары, дозалары, деңгейлерi. Ортаның объектiлерiндегi химиялық заттар үшiн мұндай норматив ШРЕК (ПДК), физикалық факторлар үшiн - ШРЕД (ПДУ) болып табылады. Сондай-ақ, химиялық заттардьң уақытша шамамен алынған нормативтерi бар: ӘШАҚД - әсерінің шамамен алынған қауіпсіз деңгейі атмосфералык ауа және жұмыс зонасындағы ауа үшiн, ШАРЕД - судағы заттардың шамамен алынған рұқсат етiлген деңгейі, ШАРЕК- топырактағы заттардың шамамен алынған руқсат етiлген концентрациясы.
Көрсетiлген регламенттердi шамамен алынған деп айтады, себебi олар қысқа мерзiмдi эксперимент негiзiнде немесе есптеу әдiсiмен болжау негiзiнде орнатылады. Бұл нормативтер, әдетте, даярланған ШРЕК жоқ кезде, сақтық санитарлық бақылауды жүргiзу кезеңіңде қолданылады. Әдетте, олардың іс жүзiндегi күшi 2 жылдан аспайды.
Қазiргі кезде көптеген нормативтер ғылыми тұрғыда негiзделген: жұмыс зонасыньң ауасындағы химиялық заттар үшiн - 1800 артық нормативтер бар; суат суларында - 1500 ден астам, атмосфера ауасында - 700 ден астам, тағамдық азықтарда - 100-ден астам, топырақта - 100-ге жуық нормативтер бар.
Сондай-ак, негiзгі физикалық факторлардың (шу, вибрация, электромагниттiк өрiс т. б.) ШРЕД-те ғылыми тұрғыдан негiзделген. Қоршаған ортадағы биологиялық ластандырушы заттар үшін де нормативтер даярлануда.
2. Нормалаудың бiрiншi кезектiлiгi .
Ғылыми техникальқ прогрестiң жедел қарқынмен дамуы, жылсайын өндiрiсте қоршаған ортаны ластайтын ондаған жүз жаңа химиялық қосылыстардьң пайда болуына әкеп соғуда. Бұл заттардың биологиялық белсенділігі белгiсiз деп айтуға болады, ал ғылым қарамағындағы зерттеу мекемелерi мұндай мәлiметтердi алу үшiн жеткiлiксiз. Сондыктан да гигиена ғылымы практика алдында қарыздар .
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, гигиеналық нормалауды жүргiзу кезiнде, қай факторды бiрiншi кезекте нормалау керек екендiгiн анықтау қажет. Оны анықтауда негізге алатын критерийлер:
1. Нормалауға алатын фактордың көп тарағандығы және оның әсерiне ұшырайтын (адамдардың) халыктың саны. Қоршаған ортада көп тараған факторлар бiрiншi кезекте нормалануы тиiс.
2. Фактордың биологиялық әсер сипаты. Салдары әсерінен бiраз уақыт өткеннен кейiн пайда болатын (мутагендiк, канцерогендiк, эмбриотоксикалык) факторлар алдымен нормаланауы тиіс.
З. Фактордың көзі болып табылатын өндiрiстiң келешектегi дамуын ескерiп, оның әсер ету кеңдiгiнің болжау. Бiрiншi кезекте нормалауға алынатын факторлар өндiрiстiң кеңейу дәрежесiмен аньқталады.
4. Фактордың коршаған ортада тұрақтылығы. Бiрiншi кезекте ең тұрақты факторлар нормалануы қажет.
5. Биологиялық белсенділігінің күрт жоғарлауына әкеп соғатын, заттың қоршаган ортада трансформациялануы. Осындай заттарға норматив бiрiншi кезекте орнатылуы қажет (мысалы, сынап металы микроорганизмдердiң әсерiмен, ұыттылығы сынаптан жоғары, метилсынапқа айналады).
6.Нормалауға алынатын фактордың денсаулыққа зиянды әсерiн одан әрi күшейтетiн басқа факторлармен өзара әсерлесеуі (аралас, кешенді, қабаттасқан).
7. Фактор жөнiнде мәлiметтер болуы және гигиеналық зерттеу жургiзу үшін мүмкіндік болуы. Бiрiншi кезек осы бөлiм бойынша қорытындыға байланысты берiледi.
3. Нормалау қағидалары.
Орта факторларын нормалау теориясы, нормалау саласында жаңа білімдерді алған сайын, үнемі жетiлдiрiлiп және толықтырылып отырады. Дегенмен нормалау келесi қағидалар негiзiнде жүргiзiледi:
1. Медициналық көрсетуi жағынан бірінші орында болу қағидасы. Бұл қағиданың негiзiнде, адамның денсаулығы мен оның өмiрiндегi санитарлық жағдайына, фактор әсерiнiң бiрiншi дәрежелiк маңыздылығы туралы жағдайлар жатыр. Бұл кез келген фактор үшiн гигиеналық норматив орнатудың негiзгi қағидасы және ешқандай мүлтiксiз орындалуы қажет. Бұл қағида бойынша:
1. Іс жүзiндегi концентрацияны төмендету жөнiнде тиiмдi шаралардың жоқтығы және қоршаған ортаға түсетiн су немесе ауаға ұшатын шаңдарды, газдарды тазартатын әдiстiң жоқтығы жөнiндегi ешқандай себептер бекітілетін норматив деңгейiне әсерiн тигiзбеуi қажет.
2. Гигиеналық регламент орнатқанға дейiн заттар өндiрiске енгзiлмейдi, осыған байланысты ғылыми зерттеулер алдымен жургізiлуі қажет.
3. Бекітілген норматив, қазiргi ғылымның ең соңғы жетiстiктерiн ескерген кезде, адам үшiн абсолюттiк қауiпсiздік кепiлдiгiн беруi қажет.
2. Ағзаның биологиялық жауаптарын дифференциялау қағидасы. Ағзаның химиялық заттардың әсерiне реакциясы үш көрсеткiштерге байланысты:
Неғурлым заттың биологиялық белсенділігі және оның концентрациясы (дозасы) жоғары болса, сондай-ақ, ағзаның қарсылық күшi төмен болса, солғұрлым ағзаның биологиялық жауабы күштiрек болады. Ағзаның биологиялық жауабын келесi түрлерге бөледi: өлiм-жітім, аурушандық, аурудың физиологиялық белгiлерi, ағзадағы табиғаты белгісіз өзгерістер, заттардың ағзада жиналуы.
Бұл кезде келесі заңдылықтарды айырып көрсетуге болады:
Осы айтылғаннан гигиеналық нормалаудың маңызды екi шарты шығады:
3. Қоршаған ортаның нысандарын бөлу қағидасы. Химиялық заттардың бiр түрiнің ортаның әр түрлi нысандарында (жұмыс зонасының ауасында, атмосферада. суда, топырақта, азықтарда) адам денсаулығына тигiзетiн қауiптiлiгi бiрдей емес. Оған келесi 3 себептер ықпал етедi:
Сондықтан, бiр заттың гигиеналық нормативтерi қоршаған ортаның әрбiр нысаны үшiн: атмосфералық ауада, суда, топырақта. жұмыс зонасының ауасында, тағамдық азықтарда жеке-жеке орнатылады.
4. Барлық қолайсыз әсерлерiн ескеру қағидасы. Қандай да бiр орта нысанында (ау. су, топырақ) затқа орнатылатын норматив адам ағзасына тигiзетiн әсерiн ескерiп қоймай, ортаның өзiне де тигізетін әсерiн ескеруi қажет. Қолайсыз әсер дәрежесiне байланысты химиялық заттардың зияндылықтарын әр турлi көрсеткiштерге бөледi:
Қоршаған ортаньң әр түрлi нысандары үшiн зияндылық көрсеткiштерiнiң құрамы әр турлi болады. Судағы заттарды нормалау үшін келесі зияндылық көрсеткіштерін анықтайды: органолептикалық, жалпы санитарлық, санитарлық-токсикологиялық, спецификалық, әсерінен бiраз уақыт өткеннен кейiн пайда болатын әсер салдарын, атмосфералық ауада: органолептикалық, рефлекторлық, санитарлық-токсикологиялық, санитарлық-турмыстьқ. спецификалық және әсерінен бiраз уақыт өткеннен кейiн пайда болатын әсер салдарын; топырақта: органолептикалық. жалпы санитарлық, санитарлық-токсикологиялық, суға миграциялану. ауаға миграциялану, транслокациялық көрсеткiштерді.
Зияндылық көрсеткiштерiнiң деңгейi эксперименталдық жолмен анықталады. Бұл жағдайда нормалау негiзiне «жiңiшке жері» немесе зияндылықтың лимиттейтін белгісі деген қағида қойылған.
Зияндылықтың әрбiр көрсеткiші үшiн, заттың минималды әсер ететiн концентрациясы анықталады да солардың iшiнен ең аз концентрациясы таңдалып алынады. Осы алынған концентрациясы берiлген зат нормаланатын зияндылықтың лимиттеушi көрсеткiшiн анықтайды.
5. Табалдырықтық қағидасы. Қазiргi кезде бұл сұрақтың, гигиеналық нормалауда принципиалды мәнi бар, табалдырықты және табалдырықсыз деп аталатын, екi концепциясы бар.
Табалдырықсыз концепцияны жақтаушылардың айтуынша, ластаушы заттың кез келген мөлшерi (концентрациясы) ағзада патологиялық өзгерiс туындатуға қабілеттi. Қоршаған ортаның ластануы нольге тең болған жағдайда ғана, патологияның пайда болу қауіп-қатері де нольге тең болады деп есептейдi. Әрине, мұндай жағдайды жасау мүмкiн емес, осыған байланысты табалдырықсыз концепция адамның қауiпсiз өмiр суретiн ортасының болатын мүмкiншiлiгiн жоққа шығарады. Демек, гигиеналық нормативтердi орнатудың да қажеті жоқ деп есептейді.
ВОЗ сарапшыларыньң қорытындысы бойынша, кез келген химиялық заттар, белгiлi бiр әсер ету жағдайында улы болуы мүмкiн деген пiкiрге сүейенiп. Отандық гигиенистер химиялық заттардың табалдырықтық әсерiнiң бар екенiн мойындайды.
Демек, әрбiр химиялық заттар үшін, адамга қауiпсiз болатын әсер ету жағдайының болуы мүмкiн. Бұл жағдай канцерогендерге қатысты емес, дегенменде, олар үшiнде, рак ауруының пайда болуын адамның орташа өмiрсүретiн жасынан әрi қарай ұзартуға болатын жағдайлар бар.
Табалдырықты қағидасы, нормалаудағы ең бiр өзектi мәселе, себебi ол тек гигиеналық регламенттердi - санитарльқ бақылаудың құқұқтық негiзiн, орнатуға мүмкiндiк берiп коймайды, сонымен қатар халыққа түсетiн химиялық заттардың максималды рұқсат етiлетiн жүктемесін есптеуге де мүмкiндiк бередi.
6. «Доза-уакыт-эффект» қағидасы. Химиялық заттардың әсер етуi кезiнде организмнiң биологиялық жауабы оның концентрациясына (дозасына) және әсер ететiн уақытына тура пропорционалды. Габер формуласы бойынша, затты ағзаға енгiзгендегi әсерi концентрациясы мен әсер ету уакытының көбейтiндiсiне тең:
Э = К В
Бiрақ бұл классикалық формуланы қолдану шектелуi, себебi ағзаның биологияльқ жауабы көп факторларға байланысты. Мысалы, жоғары концентрациясын қолданғандағы жедел әсерiнде әсер тиiмдiлiгi өте тез тiркеледi және ол концентрациясына байланысты. Мұндай эксперименттi бейнелеу үшін «концентрация-тиiмдiлiк» қисығын пайдаланады.
Созылмалы әсерi кезiнде, әдетте, аз концентрациясында, оның эффектісі заттың ағзадағы кумуляция үрдісімен байланысты, және тек концентрациясы мен ғана емес, әсер ету уақытымен де байланысты. Осыны ескерiп, созылмалы әсер салдары «концентрация уақыт» қисығымен бейнеленедi. Бұл математикалық байланыстылық нормалау үшін қажетті жедел және созылмалы әсерлерінің табалдырығы, қауіптілік кластары, қор коэффициенті, т.б. сияқты бірқатар параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Химиялық заттардың төрт қауптілік класын ажыратады:
7. Лабораториялық эксперимент қағидасы. Барлық көрсеткiштер бойынша заттың табалдырықтық әсерiн анықтау, қатаң стандарттаған және салыстыруға болатын жағдайда зертханаларда жүргiзiледi. Эксперимент әдiсi бiрiңғайланған болуы қажет, осындай жағдай әртүрлi зертханалардан алынған мәлiметтердi бiр-бiрімен салыстыруға болады.
Барлық табиғи үрдістерді есепке алу үшiн, адам ағзасына әсер етуiнде басты роль атқаратын және зерттелетiн заттың белсенді әсер етуіне ықпал ететiн факторларды зертхана жағдайында модельдейді. Мысалы, көмпір өндiрiснiде пневматикалық балғамен жұмыс iстеу кезiнде көмiр шаңы + шу + вибрация + микроклимат ескерiледi.
8. ШРЕК-тің салыстырмалы түрде болуы қағидасы. Әрбiр бекітілген гигиеналық регламент (норматив) тұрақты мөлшер емес. Оның деңгейі эксперимент жүргізу кезіндегі ғылыми білімінің дәрежесімен және методикалық әдістермен анықталады. Сезімталдығы жоғары талдау әдістерін енгізу барысында және жаңа ғылыми деректердің жиналуы барысында зиянды әсердің табалдырығы және нормативтің өзі де қайта қаралуы мүмкін. Мұндай қайта қарау жиі қатандату жағына жүргізіледі. Бұған қорғасынның судағы, аудағы, биосубстраттардағы нормативтері, сондай-ақ, ДДТ пестицидінің нормативі айқын мысал бола алады. Кейбір жағдайларда ШРЕК қайта қарау олардың рұқсат етілген концентрациясын жоғарлату жағына да жүргізілу мүмкін, бірақ бұндай жағдайлар едәуір аз.
9. Гигиеналық нормалауды сатылы түрле жүргiзу қағидасы. Бұл қағида норматив дайындауға кететiн уақытты қысқарту мақсатын көздейдi, сөйтiп зерттелетiн заттардың көп санын қамтуға мүмкiндiк бередi. Бiз жоғарыда гигиена ғылымы практика алдында көп қарыздары бар деп айтқанбыз және бұл қарыздары жыл сайын өсiп келедi.
Жануарларға гигиеналық эксперимент жүргiзудiң толық схемасы ұзақ мерзiмге созылады (әсер салдары бiраз уақыт өткеннен кейiн бiлiнетiн мүмкiншiлiгiн ескергенде - 2 жылға дейiн). Бiрақ, практикалық мақсат үшiн затты толық схема бойынша зерттеудi барлық уақытта бірдей талап етпейді, яғни созылмалы эксперимент барлық уақытта бірдей қажет емес. Сондықтан отандық гигиенистер ШРЕК бекітудің сатылы схемасын ұсынды.Алдымен жедел және жеделдеу эксперимент негізінде затты зерттеудің қысқартылған сұлбасы қабылданады. Бұл заттың қауіптілік класын анықтауға мүмкіндік береді. Егер, зат 4-немесе 3- класына жататын болса, осымен эксперимент аяқталады. Созылмалы эксперимент зат тек 1-немесе 2-класына жататын болса ғана жүргізіледі. Сатылы түрде нормалау өзін толыық ақтады және үлкен экономикалық маңызы бар.
4. Жануарларға жүргізілетін эксперимент. Химиялық заттардың табалдырықтық әсерін анықтау жөніндегі эксперименттер зертханалық жануарларға тышқандарға, егеу құйрықтарға, теңіз шошқасына, қояндарға, мысықтарға, иттерге ( ен алдымен - тышқандарға, егеу құйрықтарға ) қойылады. Эксперименттер жедел, жеделдеу, созылмалы болуы мүмкін. Заттың биологиялық белсенділігі туралы ең толық ақпаратты созылмалы эксперимент береді.
Жедел эксперимент DL50 (CL50), жеделдеу және созылмалы эксперимент үшін дозалар анықтау, уланудың клиникалық белгілерін зерттеу, заттың ағзада жиналатын қабілетін, химиялық тазалығын анықтау, ШРЕК-ті есептеу жолымен анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жеделдеу эксперимент ең сезiмтал тесттердi анықтау және созылмалы эксперимент үшін дозалар таңдап алу, есептеу жолымен ШРЕК бекіту, заттың ағзада жиналатын қабілетін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Созылмалы эксперимент, заттың табылдырықтық концентрациясын анықтау үшін жүргізіледі.
Заттың биологиялық белсендігі жөнiндегi ең толық информацияны созылмалы эксперимент бередi.
Жануарларға жүргiзiлетiн эксперименттер химиялық заттың адамға тигiзетiн уытты әсерiн болжауға мүмкiндiк бередi. Алайда, мұндай болжаудың дәлдiгi бiрқатар шарттарға байланыстьг:
Осы айтылгандарға қарамастан жануарлардың алынған мәлiметтердi адамға қолдану (экстраполяция) елеулi мөлшерде салыстырмалы. Бұл әртүрлi тiрi жандылардың сезiмталдығының, зат алмасуының, заттардың ағзадан шығу жолдарының әртүрлiлiгiмен байланысты.
Оны қолданудағы елеулi кедергiлердiң бiрi адам мен эксперименттiк жануарлардың өмiр сүру узақтығының бiрдей еместiгi, тiптi созылмалы эксперимент қойғанның өзiнде де. Мысалы, егеу құйрықтың орташа өмiр сүру уақыты (2,5 жыл) адамның 15-17 жасындағы өмiрiне сәйкес келедi. Осы айтылғандардың бәрiн эксперименттен алынған мәлiметтердi интерпретациялаған (ой тұжырымын жасалған кезде) кезде ескеру қажет.
Кейбiр жағдайларда нормалау жөнiндегi эксперимент өз еркiмен келiскен адамдарға жүргiзiледi. Мұндай тәжирибилер келесi талаптарға сай болуы қажет: .
Көбiнде волонтер-адамдарға гигиеналық эксперименттi атмосфераны ластайтын заттардың иiс табалдырығын анықтау үшiн немесе кейбiр физикалық факторларды нормалау кезiнде жүргiзедi. Бiрақ мұндай эксперименттiң өзi де фактордың әсерi жөнiндегi ақпаратты адамға тигiзетiн әсерiн тiкелей байқау кезiнде алатын жағдайда ғана койылады.
5. Жеделдетiлген нормалау .
Әдеттегi гигиеналық нормативтердi орнату әдiстерi ұзақ, қыйын, көп материалдың шығынды қажет етедi. Оның үстiне санитарлық регламент бекітуді қажет ететiн химиялық заттардың саны қазiргi кездегi бар зертханалардың мүмкiншiлiктерiнен әлде-кайда көп. Көрсетiлген проблеманы шешудiн бiр жолы - жылдамдатылған нормалау әдiсiн дайындау. Бұл үшiн екi талап сақталуы қажет .
1. Зерттеу бағдарламасын ғылыми негiзде қысқарту.
2. Нормалау мөлшерiн анықтау сенiмдiлiгiн сақтау. Негiзiнен мұндай экспресс-әдiстер есептеу әдiсi болып табылады және есептеудi келесi көрсеткiштер бойынша жүргiзедi:
Экспресс-экспериментке негiзделген және басқа орта объектiлеiрi үшiн бекітілген ШРЕК негiзiнде есептеу ең сенiмдi болып табылады. Басқа елдердiң ШРЕК - терiн пайдалануға, тек нормативтердi негiздеу әдiстерi мен қағидалары біздің елдегіге толық сәйкес келгенде ғана рұқсат етiледi.
6. Гигиеналық болжау.
1972 ж. академик Г.И.Сидоренко, келешектегi қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайын бағалауға мүмкiндiк беретiн, гигиеналық болжау теориясын ұсынды. Жақын және қашық болашаққа болжау есептеулерiн жүргiзу келешектегi алдын алу шараларын жоспарлауға және олардың тиiмдiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi.
Қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайын болжайтын көп әдiстердiң iшiндегi екi әдiс жиi қолданылады: ол аз квадраттар әдiсi және регрессиялық моделдер әдсi. Бірiнші әдiстi қолдану үшiн, ең кем дегенде өткен 10 жылдың ретроспективтiк материалдары қажет. Бұл әдісті болжауға алынатын құбылыстың динамикалық қатарындағы көрсеткiштерi салыстырмалы түрде тұрақты болған кезде және фактор белгiлерiнiң шұғыл өзгеруi жоқ кезде қолданған жөн. Ең аз квадраттар әдiсi құбылысқа әсер ететiн факторларды есепке алмай, тек құбылыс динамикасындағы өзгерiс бағыттылығын (тенденциясын) көрсетедi. Сондықтан болжауды 5 жылдан артық мерзiмге жасаудың жөнi жоқ.
Регрессиялық моделдер әдiсi, жалпы заңдылықтарды көрсететiн регрессия сызықтық теңдеулерiн алуға мумкiндiк бередi. Мысалы, атмосфераның ластануы жөнiндегi есептеу жолымен алынған мәлiметтер болса. 10-15 жыл келешектегi халықтың денсаулық деңгейi жөнiнде ойлауға болады, демек қажеттi табиғатты қорғау шараларын негiздеуге де болады.
III-ТАРАУ. АУА ОРТАСЫНЫҢ ГИГИЕНАСЫ
1. Ауа ортасының гигиеналық маңызы.
Атмосфералық ауа қоршаған ортаның маңызды құрам бөлігінің бірі болып табылады. Ауасыз адамның да және басқа да тірі ағзалардың өмір сүруі мүмкін емес. Жердегі тіршілікті сақтаудағы ауа ортасының атқаратын маңызды рөлі, алдымен, оның құрамындағы оттегімен байланысты, өттегінің арқасында ағзада аралық алмасу мен тіндік тыныс алу үрдістері жүріп отырады. Сонымен қатар, ағзамен қоршаған орта арасында жылу алмасу үрдістерін қамтамасыз етуде де ауаның мәңызы аз емес, себебі ауа, адам ағзасындағы жылу өндірілуімен және одан жылу берілуіне әсер етіп, адам ағзасының жылылық жағдайын анықтайды.
Адам ағзасы мен оның тіршілігіндегі санитарлық жағдайына атмосферадағы болып жатқан физикалық үрдістер де елеулі әсер етеді, олар басқа факторлармен әрекеттесіп жергілікті жердің ауа райы мен климатын қалыптастырады. Күн сәулесінің биологиялық нысандарды жоятын әсері бар қысқа толқынды ультракүлгін сәулелері мен ғарыштық радиация атмосфералық ауа арқылы өткенде, олардың шашырауы және сіңірілуі жүреді. Тіршілік үшін маңызды жер бетіне жететін күн радиациясының саны мен сапасы да көп жағдайларда атмосфераның жағдайына байланысты. Атмосфера, адамның, жануарлардың және өсімдіктердің зат алмасуынан пайда болған газ туріндегі өнімдері, патогенді микроағзалар, табиғи және техногенді текті химиялық және радионуклидтік ластаушылар түсіп отыратын, резервуар болып табылады. Соның нәтижесінде, ауа жұқпалы және паразиттік аурулар берілетін фактор болуы, сондай-ақ, адам денсаулығы мен тұрғындардың санитарлық-тұрмыстық жағдайына қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Ауа массасының тез араласатын және үлкен қашықтықтарға көшетін қабілеті жергілікті ластанулардың тез таралуына және олардың жаһанданық ластануға айналуына ықпал етеді. Сонымен бірге, атмосфераның үнемі болып отыратын айналымы және басқа да сфералармен, әсіресе, мұхитпен байланысы, оның өздігінен тазаруына жоғары қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Атмосфералық ауаны ластайтын заттардың көп бөлігі жерге түседі, өсімдіктерге сіңеді, заттардың топырақта өтетін айналымына енеді, жауындармен жуылып кетеді. Ауаның мұхитпен жанасуы нәтижесінде, мұхит атмосферадан көмірқышқыл газының, күкірт ангидридінің және басқа да қосылыстардың едәуір массаларын өзіне сіңіреді. Сондықтан, атмосфера, тек ауаға араласқан бөлшектерден, зиянды химиялық заттардан, радионуклидтерден және патогенді флорадан өздігінен тазару үрдістері жүріп отыратын табиғи орта ғана емес, сонымен қатар, ол заттармен суды және топырақты ластайтын көзі де болып табылады. Жабық бөлмелердегі ауа сапасы да атмосфералық ауаның сапасымен анықталады.
2. Жер атмосферасының құрылымы. Жердің ауа қабығы бірнеше қабаттардан: тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера және магнитосферадан тұрады. Ең төменгі, жер бетіне жанасып жатқан қабаты - тропосфера, оның полюстардағы қалыңдығы теңіз деңгейінен 8-10 км, орташа ендіктерде - 10-12 км, экваторда 15-18 км. Тропосфераға физикалық параметрлерінің: температурасының, ылғалдылығының, атмосфералық қысымының, ауаның қозғалысының тұрақсыздығы тән. Ауаның орташа қысымы теңіз деңгейінде 101,3 кПа құрайды. Жоғарыға көтерілгенде ауаның қысымы мен тығыздығы азаяды. Ауаның температурасы жер үсті қабатында топырақтың күн сәулесінен қызуына байланысты жоғарылау болады, биіктеген сайын төмендейді: әрбір 100 м-ге биіктегенде, 065º С төмендеп отырады.
Тропосферада үнемі ауа массаларының әр түрлі бағыттарда көшуі жүріп отырады, бұл әр түрлі ауа райы жағдайларының қалыптасуына ықпал етеді. Негізгі массасы атмосфераның жерге жақын қабатында жиналған су буларының конденсациялануы бұлттардың түзілуіне және жауын-шашындарға әкеп соғады.
Тропосфераның табиғи химиялық құрамы салыстырмалы түрде тұрақты, оған азот, оттегі, көмір қышқыл газы (99% дейін), сонымен қатар, инертті газдар, озон, су булары және т.б. (1% дейін) кіреді. Сонымен бірге, тропосферада адамның шаруашылық-тұрмыстық іс әрекеті нәтижесінде және табиғи көздерден түсетін ластаушы заттар да (шаң, күйе, әр түрлі улы қосылыстар, радионуклидтер, парниктік газдар) кездеседі. Соңғы жылдары парниктік газдарының ішіндегі негізгісі болып табылатын көмір қышқыл газының мөлшерінің көбеюі байқалып отыр. Ауаның жерге жақын қабатынының температурасының біртіндеп жоғарылауын (жылына 0,01ºС) осыған байланысты деп санайды.
Тропосферадан кейінгі келесі қабаты стратосфера болып табылады, олардың арасы жіңішке өтпелі зонамен бөлінген. Стратосфера 50-60 км биіктікке дейін жетеді. Төменгі қабаттарында температура минус 60º С құрайды, ал жоғарғы шекарасында - плюс 10ºС дейін жоғарылайды. Стратосферада ауа сиретілген, су булары жоқ дерліктей, бұлттар жоқ, ауа ағымы негізінен горизонтальды бағытта таралады. Осыған байланысты, стратосфераға өткен ластаушы заттар, мысалы, ядролық жарылыс кезіндегі пайда болған радионуклидтер, авиацияның және ғарыштық зымырандардың отындары жанған кездегі өнімдері, фреондар және т.б. ұзақ уақыт, бірнеше жылдарға дейін стратосферада болып, төмен түспейді және ауа ағыны арқылы үлкен қашықтықтарға таралады, бұл планетаның жаһандық ластануына әкеледі.
Стратосферада жүретін негізгі химиялық реакциялардың біріне күн радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін сәулесінің және ғарыштық сәулеленудің молекулярлы оттегімен өзәра әрекеттесуі нәтижесінде озонның пайда болуы жатады. Озонның негізгі массасы 16- дан 32 км дейінгі қабатта жиналған, ал ең жоғарғы концентрациясы шамамен 25 км биіктікте байқалады. Озон, биологиялық нысандарды зақымдайтын қысқа толқынды сәулеленуді жерге жібермей, қорғайтын экран ретінде қызмет атқарады.
Стратосферадан жоғары мезосфера (жоғарғы шекарасы - 80 км дейін), ионосфера (жоғарғы шекарасы 500-1000 км ге дейін), экзосфера (жоғарғы шекарасы - 3000 км -ге дейін) және магнитосфера (жоғарғы шекарасы 50000 км ге дейін) орналасады. Мезосферада атмосфера массасының 5% жуық мөлшері бар, озон мөлшері көп емес, температурасы, стратосфераға қарағанда, едәуір төмен - 70ºС жуық. Ионосферада ауа өте күшті иондалған, ал температура биіктеген сайын тез жоғарлап, 900-1500ºC жетеді. Экзосферада ауа өте сиретелген және тығыздығы бойынша ауасыз ғарыш кеңістігіндегі тығыздығына жақын. Ең жоғары сиретелген ауа - магнитосферада. Магнитосфераның болуы Жердің магниттік өрісінің болуымен байланысты. Жердің магниттік өрісі 2 құрамдас бөліктен: жердің сұйық ядросындағы иондалған массаның қозғалысының салдарынан пайда болатын, жалпы геомагниттік өрістің 94% дейін құрайтын, тұрақты магниттік өрістен, сонымен бірге, күн текті және ғарыш текті корпускулярлық сәулеленулердің әсерінен пайда болатын айнымалы магниттік өрістен тұрады. Геомагниттік өріс Жерді әр түрлі ғарыштық сәулеленулерден қорғайды. Атап айтқанда, зарядталған бөлшектерден тұратын күн желінің негізгі ағыны геомагниттік өріспен өзара әсерлесіп, жерді айналып отеді де, геомагниттік өрісті ұзын магниттік «құйрыққа» алып кетеді. Бөлшектердің көп бөлігін магнитосфераның радиациялық белдеулері жердің беттіне жіберімей, ұстап қалады.
Сонымен, атмосфераның барлық қабаттары Жердегі тіршілік ету мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыруға қатысады. Адамның өмірі тропосферада өтеді, сондықтан оған осы қабаттың қасиеттері ең көп тікелей әсер етеді. Адамға әсер ететін ауа ортасының факторларына ауаның физикалық қасиеттері, химиялық және биологиялық құрамы, сондай-ақ, оны физикалық, химиялық және биологиялық ластаушылар жатады.
3. Ауа ортасының физикалық факторлары және олардың гигиеналық маңызы.
Жоғарыда біз ауа ортасының гигиеналық маңызын жалпы алынған түрінде қысқаша сипаттап өттік. Осы және келесі тарауларда ауа ортасының физикалық, химиялық және биологиялық факторларының гигиеналық маңызын толығырақ қарастырамыз.
Ауаның физикалық қасиеттеріне температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, барометрлік қысымы, атмосфераның электрлік жағдайы жатады.
3.1. Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және олардың гигиеналық маңызы.
Атмосфералық ауаның температурасы негізінен күн сәулесінің әсерінен қызған жер бетінен берілетін жылуымен және аз дәрежеде атмосфераның өзінің тікелей жылуымен қамтамасыз етіледі.
Ауа температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуларына әр түрлі факторлар әсер етеді: географиялық ендік және осыған байланысты күн радиациясының қарқындылығы, жердің теңіз деңгейінен тұрған биіктігі, жергілікті жердің бедері мен сипаты, теңіздердің, теңіз және мұхит ағындарының жақындығы, жер беті жабындылырының сипаты және т.б. Географиялық ендік неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым күн сәулелері жердің бетіне үлкен еңкею бұрышымен түседі, осыған байланысты жерді аз қыздырады.
Өсімдікпен жабылған топырақ, тасты, құмды немесе асфальтпен жабылған топыраққа қарағанда, жылуды аз береді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын, ауаның температурасы төмендейді. Биіктіктің белгілі бір мөлшерге дейін өсуі кезіндегі ауа температурасының өзгеру шамасы атмосфераның температуралық градиенті деп аталады. Желсіз, суық ауа райы кезінде температуралық градиенттің бұрмалануы - инверсия байқалуы мүмкін. Инверсия кезінде, жер бетінде жылы ауаның орнына, керісінше, ауаның суығырақ қабаттары жиналады. Ауырлау болғандықтан, олар өздеріне ластаушыларды жинап, олардың сейілуіне кедергі жасайды.
Ауа температурасының әсеріне адам ашық жерлерде де, жабық бөлмелерде де үнемі ұшырап отырады. Климаттық ауданға, ауа райы жағдайларына, өндірістік жұмысының сипатына, бөлмелердегі температуралық режиміне және т.б. байланысты адам ағзасына тек қолайлы ғана емес, сонымен бірге, қолайсыз, өте жоғары немесе өте төмен температуралар әсер етуі мүмкін. Температураның кең аралықтағы өзгеруінде ағзаның жылу тепе-теңдігінің сақталуы химиялық және физикалық жылу ретттеу үрдісімен қамтамасыз етіледі. Химиялық реттелу арқылы зат алмасу үрдістері қарқындылығының өзгеруі есебінен ағзада жылу өндірілуі өзгереді. Мысалы, ауаның температурасы жоғары болғанда, зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы төмендейді, бұл жылу өндірілуінің азайуына әкеп соғады, ал төмен температура кезінде, керісінше, жылу өндірілуі жоғарылайды. Физикалық жолмен жылу реттелуі қоршаған ортаға жылу берілуінің өзгеруімен іске асырылады. Жылу берілуінің негізгі жолдары сәулелену (инфрақызыл), конвекция, өткізу (кондукция) және булану болып табылады. Жылу инфрақызыл сәулелену түрінде кез келген қызған нысаннан, сонын ішінде, адамнан да шығады Оның қарқындылығы ауа температурасына емес, қызу дәрежесіне байланысты болады. Адам ағзасы мен қоршаған орта нысандарының арасында сәулелік жылудың үздіксіз алмасуы жүріп отырады. Сәулелік жылудың түсуі мен оның берілуі арасында радиациялық балансы нөлдік, теріс және оң болуы мүмкін. Нөлдік баланс кезінде, адам денесі жылуды қаншалықты алса, соншалықты сәулелендіріп отырады. Егер, адам терісінің температурасы қоршаған заттардың орташа температурасынан жоғары болса, онда адам сәулелік жылуды, алғанына қарағанда, көбірек береді, ал радиациялық баланс теріс болады.
Теріс радиациялық баланс ауаның қолайлы температурасы кезінде де болуы мүмкін, егер, бөлмелердің қабырғалары суық немесе ылғалды болса, себебі мұндай жағдайда жылудын сәулеленуі аз қызған беттерге қарай қарқынды жүреді.
Қоршаған заттар мен қоршаулардың температурасы адамның терісінің температурасынан жоғарырақ болған кезде, адам өзі жылу беруге қарағанда, жылуды көбірек алады, яғни оң радиациялық баланс пайда болады. Оң радиациялық баланс ағзаның қызынуына, ал теріс баланс салқындауына әкеп соғады.
Жылу берудің конвекциялық жолында жылу адам денесінің бетіне тиіп тұратын ауа массасына, ал кондукция жолында денеге жанасқан салқын заттарды жылытуға беріледі. Булану арқылы жылудың берілуі тері бетінен, өкпе және тыныс жолдарынан ылғалдың булануы арқылы жүреді. Ағзаның тыныштығы жағдайында және қолайлы жылылық жағдайда жылудың негізгі массасы - 55%-ға дейін сәулелену арқылы, 29% - булану арқылы, 15% жуығы - конвекция арқылы беріледі.
15-25ºС температура диапазононында жылу реттейтін механизмдер қызметіне айтарлықтай күш түспейді. 25-35ºС температурада жылу өндірілуі азайып, жылу берілуі күшейеді, ал дене температурасынан асатын ауа температурасы кезінде, жылу өндірілуі қайтадан жоғарылайды, сәулелену және өткізу жолдары арқылы мүмкіндігі болмайды, сондықтан, жылу берілуі тек бір ғана жолмен - булану арқылы жолы жүреді. Жоғары температураның ағзаға әсері ауырлық дәрежесі әр түрлі ағзаның қызынуына әкеледі. Ол жоғары температураның жедел және созылмалы әсері кезінде дамуы мүмкін. Жедел гипертермияның жеңіл түрінде дене температурасы 38 ºС дейін және одан да жоғары көтеріледі, бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу пайда болады. Ауыр дәрежедегі дененің қызуы ыстық өту түрінде (гиперпиретикалық түрі) өтеді, бұл кезде дене температурасы 39-41ºС дейін көтеріледі, артериялық қан қысымы бірден төмендейді, психомоторлық қозу және комалық жағдай дамиды. Балаларда, сонымен бірге, ыстық цехтарда жұмыс істейтін адамдарда су-тұз тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде жедел гипертермияның сіңір тартылатын түрі дамиды. Жоғары температураның созылмалы әсері әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының, су-тұз тепең-теңдігінің бұзылуына әкеп соғады, бұрынан бар созылмалы аурулардың ағымын ауырлатады, ағзаның қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Мысалы, қанның тұтқырлығының жоғарылауы, сонымен бірге, қан тамырларының кеңейуі салдарынан шеткі қан тамырларында айналымдағы қанның көлемінің ұлғаюына байланысты, жүрекке түсетін жүктеме жоғарылайды, бұл миокардта дистрофия мен гипертрофия дамуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы бұзылады, бұл назар аударудың төмендеумен, қозғалу реакциясының баяулауымен, қимыл-қозғалыс координациясының бұзылуымен, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сипатталады. Тер арқылы сұйықтықтың көп мөлшерде бөлінуі, зәрдің қоюлануына және зәр шығаратын жолдарда тастар түзілуіне себеп болады. Сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау және тер арқылы хлор иондарын жоғалту асқазан сөлінің бактерицидтігінің төмендеуіне және гастриттердің дамуына әкеледі.
Тердің бөлінуі күшейуінен ағзадан тұздардың (хлорлы натрийдің - 30-40 г дейін), суда еритін дәрумендердің және көп мөлшерде сұйықтықтардың (тердің бөлінуі - 10л-ге дейін және одан жоғары) жоғалуы сіңір тартылулардың себебі болады.
Қоршаған ортаның температурасы 15ºС төмен болған кезде, жылу өндірілуі күшейеді, ағза тері тамырларыныың тарылуы, қанның ішкі мүшелерге ығысуы есебінен жылу берілуін азайтуға тырысса да, радиация және конвекция жолдары арқылы жылу берілуі жоғарылайды.
Төменгі температураның жедел және созылмалы әсері ағзаның салқындауына әкеп соғады. Ол суық фактордың жергілікті де, жалпы да әсер етуі кезінде пайда болады. Суық тиюден болатын рефлекторлық аурулар, ішкі мүшелердің қабыну аурулары (пневмония, нефриттер, отиттер және т.б.), бұрыннан бар созылмалы аурулардың асқынулары, дененің тоңған бөліктерінде жергілікті қабыну үрдістерінің дамуы (нервтің, бұлшық еттердің, буындардың, артериялық қан тамырларының қабынулары және т.б.), үсу, аллергиялық реакциялар дамиды, жедел жалпы таралған гипотермияның ең ауыр жағдайларында үсіну нәтижесінде өлім де пайда болуы мүмкін. Жұмысқа қабілеттілік төмендеуі және ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі де тән.
Ауа температурасы адамның қоршаған ортамен жылу алмасу үрдістеріне едәуір әсер етеді, бірақ, оны ылғалдылықтың, ауа қозғалысының және қызған беттердің жылу сәулелендіріуінің әсерлерінен жекелеп қарастыруға болмайды. Ауаның ылғалдылығы суаттардың, топырақтың, өсімдіктердің беттерінен судың булануымен қамтамасыз етіледі және ол ауаның температурасы мен қозғалу жылдамдығының өзгеруіне байланысты. Ауа ылғалдылығының жиі қолданылатын көрсеткіштерінің бірі салыстырмалы ылғалдылық болып табылады, бұл ауаның су буларымен қанығу пайызы. Ауаның жоғары ылғалдылығы (80% және одан жоғары) жоғары да, төмен де температура кезінде қолайсыз әсер етеді. Жоғары температура кезінде ол осы жағдайдағы жалғыз жылу беру жолына булануға - кедергі жасап, ағзаның қызынуына әкеледі. Төмен температура кезінде, ауаның жоғары ылғалдылығы, судың жоғары жылу сыйымдылығының салдарынан ағзадан жылу берілуінің жоғарылауына және тез ағзаның салқындауына әкеп соғады. Сондықтан төмен және орташа (30-70%) салыстырмалы ылғалдылық ағзаға жоғары және төмен температуралардың әсерін жеңілдетеді.
Салыстырмалы ылғалдылығы 20% аспайтын, құрғақ ауа да адам ағзасына қолайсыз әсер етеді. Бұндай ауа мұрын-жұтқыншақтың кілегейлі қабығын құрғатады, жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларының дамуына әкеледі және бронх демікпесімен, жүрек қан-тамыр ауруларымен ауыратын науқастардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бірақ, құрғақ ауа кейбір ауруларда, мысалы, бүйрек аурулары кезінде, курорттық ем түрінде қолданылады. Тері арқылы булануды күшейтіп, ол зәрдің бөлінуін төмендетеді және қабыну үрдісінің азайуына мүмкіндік береді.
Адам ағзасындағы жылу алмасу үрдістеріне ауа массаларының қозғалуы да үлкен әсер етеді. Оның әсер ету сипаты ауаның қозғалу жылдамдығына, температурасына және ылғалдылығына байланысты. Ауаның температурасы төмен болғанда, ауа қозғалысы конвекция жолы арқылы жылу беруді күшейтеді, себебі ол суық ауаның жаңа ағындарын үнемі теріге жанастырып отырады. Бұл кезде орташа (6-7 м/сек) желдің өзі де дененің салқындануына, ал өте күшті жел (9 м/сек асатын) үсуге әкелуі мүмкін. Сондықтан қыс кезінде желсіз ауа райы қолайлы болып табылады. Ауаның температурасы жоғары және ылғалдылығы төмен кезінде, әлсіз (1-5 м/сек) соққан жел, тердің бөлінуін жылдамдатып, жылу берілуін күшейтеді. Егер де, температурасы жоғары кезде, ауа су буларымен қаныққан болса, онда ауаның әлсіз қозғалысының, буланудың қиындауы салдарынан, салқындататын әсері болмайды. Жел жоқ кезде, ауаның жоғары температурасы, әсіресе, ол жоғары ылғалдылықпен бірге әсер еткен кезде, ыстық өтуіне әкеп соғуы мүмкін. Температурасы дене температурасынан асатын, күшті ыстық жел ауаның кез-келген ылғалдылығы кезінде қыздыратын әсер береді. Бұл әсері, булану арқылы жылу берілуінің күшейуінен салқындататын эффектісі қызған ауаның қарқынды ағындарымен жойылуына байланысты. Ауаның қозғалысы адамның жылылық жағдайына ғана әсер етіп қоймайды. Үзіліссіз, күшті соққан жел, тыныс алуды қиындатып, оның қалыпты ырғағын бұзады, жүрек қан тамырларының аурулары мен тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастардың жағдайын нашарлатады. Адам ағзасының жүйкелік-психикалық сферасына да желдің әсері едәуір болуы мүмкін. Орташа, термиялық бейтарап жел, сергітетін әсер етеді, ал өте күшті соққан жел депрессиялық жағдайлардың дамуына әкелуі мүмкін.
Ауа қозғалысының гигиеналық маңызы адамның қоршаған ортамен жылу алмасуы үрдістеріне қатысуымен ғана анықталмайды. Ауаның қозғалысы атмосфералық ауаға түскен ластаушы заттарды жоюда, елді мекендерді аэрациялауда және бөлмелерді табиғи желдетуде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, ауаның қозғалысы ластаушы заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына да мүмкіндік түғызады.
Сондықтан елді мекендерді, ауруханаларды, мектептерді және бала бақшаларды, өндірістік мекемелер мен басқа да нысандарды жоспарлау және салу кезінде, берілген жергілікті жерлердегі желдің басым соғатын, жиі қайталанатын бағыттарын білуі өте маңызды. Ол желдің қай бағыттан соғатындығымен анықталады. Осы мақсатта, әрбір жергілікті жерлер үшін «жел раушаны» деп аталатын (3.1.-сүрет) әр түрлі бағыттар (румбалар) бойынша жыл бойына желдің туру жиілігінің графигі құрастырылады.
3.1.-сұрет. «Жел раушаны». Тұрғын үй ауаны ластайтын өнеркәсіп нысанының жел ең жиі соғатын жағынан орналастырылған
Жел раушаны жергілікті жердегі желдердің басым бағыттары туралы көрнекі мағлұмат береді. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды ауаны ластайтын көздердің жел басым соғатын жағынан орналастыру қажет, бұл ластаушылардың таралуын шектеуге немесе оның алдын алуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандардан белгілі, адам ағзасы тіршілік үрдісінде ауаның температурасының, ылғалдылығының, қозғалысының, жылу радиациясының әр қайсысынын жеке әсеріне емес, бірлескен әсеріне ұшырайды. Адам ағзасының қоршаған ортамен жылу алмасуы үрдістеріне әсер етіп, адам ағзасының жылылық жағдайы мен ортаның жылылық жағдайын анықтайтын, осы факторлардың кешені микроклимат деп аталады.
Микроклимат көрсеткіштеріне ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы, қоршаған заттардың беттерінен берілетін жылу радиациясы жатады.
Микроклимат, қалыптасатын жеріне байланысты, жабық бөлмелердегі (тұрғын, қоғамдық, өндірістік, арнайы қондырғылардың, әскери техниканың, көліктің) және жеке аумақтардың (елді мекендердің, жердің, ықшам аудандардың және т.б.) микроклиматы деп бөлінеді. Адамның жылу тепе-теңдігіне әсер ету дәрежесі бойынша микроклиматты комфортты және дискомфортты - салқындататын және қыздыратын деп бөледі.
Комфортты микроклимат жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайды. Жылу сезінуі жақсы және орталық жүйке жүйесінің жұмысы да оңтайлы, дене және ой жұмысына қабілеттілігі, сонымен қатар, қолайсыз факторлардың әсеріне төзімділігі де жоғары болады.
Дискомфортты микроклимат, керісінше, жылу реттейтін үрдістердің зорлануымен, жүйке жүйесі мен анализаторлардың жұмыс көрсеткіштерінің нашарлауымен, әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының бұзылуымен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен сипатталады, сонымен қатар, әр түрлі жедел және созылмалы аурулардың дамуына себепші болуы мүмкін. Қыздыратын дискомфортты микроклимат жедел және созылмалы гипертермиялардың әр түрлі белгілерінің дамуына (жоғарыдан қараңыз), ал салқындататын дискомфортты микроклимат жергілікті және жалпы гипотермияларға және олармен байланысты ауруларға және ағзаның функционалдық жағдайының бұзылуларына әкеледі.
Микроклимат факторларының кешенді түрде әсер ететінін ескеріп, өте жоғары да емес және тым төмен де емес температуралар ауаның ылғалдылығы мен қозғалысының қолайсыз шамаларымен бірге әсер еткенде, ағзаның қатты қызыуна және қатты салқындауына әкелуі мүмкін екендігі есте болуы керек. Созылмалы дененің қатты қызуы тіпті, ауа температурасы 26-28ºС кезінде де, бірақ ылғалдылығы 80% жоғары және ауа қозғалысы 0,3 м/сек төмен микроклимат жағдайында ұзақ уақыт болған кезде, пайда болуы мүмкін. Созылмалы дененің салқындауы ауаның температурасы 12-14ºС және одан төмен, салыстырмалы ылғалдылығы 60% және одан да жоғары болған кезде байқалуы мүмкін. Жедел суықтан болатын патология 0ºС төмен температура кезінде жиі дамиды, бірақ ауның жоғары ылғалдылығы мен ауаның жоғары қозғалу жылдамдығы бірге әсер еткенде, плюс температура кезінде де дамуы мүмкін.
Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау үшін, субьективті және обьективті көрсеткіштерді қолданады. Субьективті бағалау адамның жылу сезіну бойынша жүргізіледі, оның келесі 7 сипаттамасы болуы мүмкін: өте суық, суық, салқын, комфортты, жылы, ыстық және өте ыстық.
Обьективті бағалау адамның жылылық жағдайы мен микроклимат көрсеткіштеріне жүргізілген аспаптық зерттеулердің нәтижелері негізінде беріледі. Адамның жылылық жағдайын зерттеу үшін, дененің әр түрлі бөліктеріндегі тері бетінің температурасы мен тер бөлінуінің қарқындылығы жиі анықталады.
Микроклиматтық жағдайлардың адам ағзасына қолайсыз әсерлерінің алдын алу үшін, біртұтас шаралар кешені жүргізіледі. Бұл шаралардың ішінде микроклимат параметрлерін гигиеналық нормалау ерекше орын алады. Оны, климаттық жағдайларын, жыл мезгілін, тәулік уақытын, бөлменің сипаты мен қолданылуын, оның ішіндегі жұмыс істейтін адамдардың атқаратын жұмыстарының түрлерін, адамдардың денсаулық жағдайы мен жасын ескеріп, дифференциалды түрде жүргізеді (VII, IX, X, XI тарауларды қараңыз). Микроклиматтың қолайсыз әсерінің алдын алуда гигиеналық нормативтер мен талаптарға сай микроклиматтық жағдайларды жасауға бағытталған шаралар маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу, бөлменің қызуын немесе салқындатуын төмендетуге мүмкіншілік беретін терезелердің дұрыс бағытталуы, ғимараттардың қабырғаларын қалыңдату, күннен қорғайтын құрылыстарды орнату, жалюзилерді, перделерді пайдалану және т.б. қолданылады.
Өндірісте өндірістік үрдістердің технологиясын жетілдіреді немесе өзгертеді, жылу шығаратын көздерді оқшаулайды, жұмыс орындарын экрандайды, салқын ауаның ағынын немесе су бүркіндісін ыстықты төмендететін перде ретінде қолданады.
Шаралардың келесі тобы рационалды киімдерді таңдау және еңбек пен демалудың, тамақтанудың, су ішудің қолайлы режимдерін, сонымен қатар, шынықтыруды ұйымдастыру жолымен адамның жылылық жағдайын жақсартуға және ағзаның қарсы тұру қабілетін жоғарылатуға бағытталған.
Өндірістегі микроклимат жағдайларының қолайсыз әсері салдарының алдын алуға, емдеу - алдын алу шараларын жүргізіп те, қол жеткізеді. Мысалы, жұмысқа орналасатын адамдарды алдын ала жүргізілетін медициналық тексеруден өткізіп, денсаулық жағдайында қарсы көрсетілімдері болса, жұмысқа алмайды. Жұмыс істейтіндердің ағзасының қатты қызынуына немесе салқындауына байланысты денсаулықтарындағы бұзылыстарын анықтау мақсатында, кезеңдік медициналық тексерулер, профилакторияларда, санаторияларда емдеу, цехтің денсаулық пунктінде әр түрлі сауықтыру шараларын және басқаларды жүргізеді.
3.2. Барометрлік қысым және оның гигиеналық маңызы.
Жердің гравитациялық күші атмосфераның төменгі қабаттарында оның негізгі массасы жиналуына ықпал етеді, сондықтан, дәл осы қабаттарда атмосфералық қысым мен ауаның тығыздығы жоғарылау болады. Ауаның ен жоғары қысымы теңіз деңгейінде байқалады. 45ºС ендікте, ауаның температурасы 0 ºС кезінде, ол с.б 760 мм, немесе 101,3 кПа (1 атмосфера), ал оттегінің парциалды қысымы - с.б 100 мм болады. Теңіз деңгейінен биіктік жоғарылаған сайын, атмосфералық қысым мен ауаның тығыздығы, сондай-ақ, оттегінің парциалдық қысымы төмендейді. Мысалы, 2000 м биіктікте атмосфералық қысым с.б 560 мм, ал оттегінің парциалдық қысымы - с.б 70 мм болады. 4000-4500 м биіктікте оттегінің қысымы, теңіз деңгейіндегі қысымымен салыстырғанда, екі есеге төмендейді.
Атмосфералық қысымның аздаған тәуліктік ауытқуы дені сау адамның ағзасына әдетте көп әсер етпейді. Бірақ, биіктікке көтерілген кезде, қысымның айқын төмендеуі немесе кейбір жұмыс түрлерін (кессондық, сүңгуірлік) орындау және су астына түскен кезіндегі қысымның жоғарылауы қолайсыз әсер етуі мүмкін.
2700 м үлкен биіктікке және тез көтерілгенде (1 күннен аз), биіктік немесе тау ауру деп аталатын симптомдар кешені дамиды. Ол альпинистер, ұшқыштар, биік тау жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларда, әуе шарында ұшу кезінде, декомпрессиялық камераларда және т.б. кездеседі.
Ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуі адамда оттегінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Оның алғашқы белгілері: бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, ентігу, ұйқының бұзылуы, тахикардия - 2000 м биіктікке көтерілгеннің өзінде байқала бастайды. Одан да жоғары биіктікке көтерілген кезде, айқын гипоксия дамиды, биіктікке тән өкпенің, мидың сулы ісігі, көздің торлы қабығына қан құйылу, мұрыннан және асқазан-ішек жолынан қан кету пайда болады. Бірнеше сағат ішінде өлімге әкеп соғатын, кома дамуы мүмкін. Ұшқыштарда пайда болатын биіктік ауруы, тау ауруына қарағанда, биіктікке тез көтерілуіне байланысты жедел дамиды және ауыр түрде өтеді. Тау ауруына көбінесе балалар және етеккір алдындағы кезеңінде әйелдер жиі ұшырайды.
Биіктік ауруы дамуының негізгі механизмі, ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуі әсерінен дамитын гипоксия болып табылады. Бұдан басқа, атмосфералық қысымның айқын төмендеуі кезінде, қан мен тіндердегі қалыпты жағдайда еріген күйінде болатын газдар, газ тәрізді күйге өтіп, қан тармағында көпіршіктер түзеді, бұндай жағдай тамырлардың газды эмболиясының және оған байланысты әр түрлі мүшелер мен тіндердің ауыр зақымданулары дамуына әкеп соғады. Сонымен қатар, өте жоғары биіктікте атмосфералық қысымның прессорлық әсерінің төмендеуі нәтижесінде, кеуде мен іш қуыстары кеңееді, қылтамырлардың өткізгіштігі және кіші қан айналым шеңберіндегі қан тамырларының қысымы жоғарлайды, бұл сулы ісік дамуына әкеледі.
Биіктік (тау) ауруының алдын алуы. Үлкен биіктікте (бірақ 5000 м жоғары емес) жүрген адамда біртіндеп компенсаторлық-бейімделу реакциялары - тұрақты гипервентиляция, қанда эритроциттердің көбеюі, тіндегі зат алмасуының өзгерістер, бұлшық еттердің анаэробты жағдайдағы жұмыстарға жоғары қабілеттілігі дамиды. Төмен атмосфералық қысымға біртіндеп бейімделу нәтижесінде, биік таулы аймақта тұратын тұрғындар 2500-4000 м биіктікте ешқандай шектеусіз өмір сүре алады.
Сондықтан биіктікке баяу көтерілу қажет (2 күннің ішінде 2500 м дейін, ал, содан кейін, әрбір 600 м биіктікке 1 күн ішінде көтерілу). Үлкен дене жүктемесінен бас тарту қажет, тез сіңетін, жеңіл қорытылатын көмірсуларды пайдалану және суды көп мөлшерде ішу (құрғақ ауа биік жерде ағзаның сусыздануына әкеледі), сонымен бірге, рационда тұздың мөлшерін азайту керек. Өте жоғары биіктікте ағзаны өттегімен қамтамасыз ететін, оттегілік аспап пен қорғайтын киімдерді пайдалану керек. Дене шынықтыру және биіктікке бұрын көтерілген тәжірибесінің болуы, биіктік ауруынан сақтамайды.
Жоғары барометрлік қысымның қолайсыз әсері жоғары қысым жағдайында жұмыс істегенде (кессондарда, су асты тоннельдерде, суға сүңгумен байланысты жұмыстар кезінде), гипербариялық оксигенация әдісімен ауруларды емдейтін барокамераларда, су астында жүзу және су астында автономды тыныс алатын аппаратпен («скуба») суға сүңгу кезінде байқалуы мүмкін. Су астында тыныс алатын аппаратпен («скуба») су астына сүңгу кеңінен таралуына байланысты, оның әсерінен қаза тапқан адамдардың саны жоғарылады. Бұндай әсерге ертеде тек су асты тоннельдер мен кессондарда істейтін жұмысшылар және сүңгуірлер ұшырайтын.
Кессон деп, сумен қаныққан жер асты грунттарында немесе су астында жұмыс жүргізу үшін арнайы жасалған камераны айтады. Жұмыс істейтін кеңістіктен суды ығыстыру үшін, кессонды қысымы 0,2-4 атм. сығылған ауамен толтырады. Жұмысшыларды кессонға түсіру барысында, қысымды біртіндеп ұлғайтады (компрессия кезеңі). Жоғары қысым жағдайындағы жұмыстан соң, жұмысшыларды жер бетіне ақырын, асықпай шығарады (декомпрессия кезеңі).
Әдетте, компрессия кезеңі мен кессондарда жұмыс істеу ешқандай қиындықсыз өтеді. Қауіпті жағдайлар, декомпрессияны жүргізу ережелерін дұрыс сақтамағанда, жоғары қысым аймағынан қалыпты атмосфералық қысым аймағына өткенде пайда болуы мүмкін. Қысым жоғарылаған кезде, қан мен тіндер ауа газдарымен (негізінен, азоттармен) қанығады, ал жоғары қысым аумағынан тез шыққанда, олар өкпе арқылы бөлініп үлгермейді де, қан мен тіндерде газды көпіршіктерге айналады. Бұл, әр түрлі коронарлық, ми және т.б. тамырлардың газды эмболиясының дамуына әкеп соғады.
Май тінінің қанмен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан, басқа тіндерге қарағанда, май тінінен азоттың шығуы баяу жүреді, сондықтан, көбінесе, майы бар ағзалар мен тіндер - орталық және шеткі жүйке жүйесі, сүйек кемігі, тері асты шелмайы, буындар жиі зақымдалады.
Тез декомпрессия кезінде пайда болатын ауру декомпрессия немесе кессон ауру деп аталады. Буындарда, сүйектерде және аяқ-қол бұлшық еттерінде қатты ауыру сезімі пайда болады, парестезиядан салдануға дейінгі әр түрлі дәрежедегі жүйкелік бұзылыстар дамиды. Өкпе артериясында, асфиксияға әкеп соғатын массивті эмболия, сондай-ақ, әр түрлі мүшелер мен тіндерде ишемиялық өзгерістер дамуы мүмкін. Кейінірек, сүйектердің некроздары дамиды.
Сүңгуірлерде және «скуба» аспабымен су астына сүңгитіндерде су бетіне көтерілген уақытта, газдың өкпеден еркін шығатын жағдайы болмағанда, өкпеге газ толуы есебінен, өкпенің қампаюы мүмкін. Осының нәтижесінде, пневмоторакс, көкірек аралық бөліктің және тері астының эмфиземасы, сонымен бірге, адамдардағы өлімнің басты себебі болатын, бас миы тамырларының газды эмболиясы дамиды.
Бұдан басқа, тереңдікте сығылған ауадағы оттегі мен азоттың парциалды қысымының жоғарылауы нәтижесінде, оттегінің токсикалық әсері мен азоттың наркотикалық әсері байқалуы мүмкін.
Жоғары барометрлік қысымның қолайсыз әсерінің алдын алу. Алдын алу шараларының негізгі аспектілерінің біріне қауіп-қатері жоғары жағдайдағы жұмысқа жарамдылығын міндетті түрде тестілеу, барлық қарсы көрсетілімдерін есепке алу, сонымен қатар болатын қолайсыз қауіпті салдары туралы сүңгуірлерді қабардар ету жатады. Жұмыстарды жүргізу кезінде, жоғары қысымның шамасына байланысты жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен қатар, шлюздеу мен декомпрессия ережелері қатаң сақталуы қажет. Сонымен қатар, төменге түсу аралықтарындағы уақыттың қатаң сақталуы да өте маңызды, себебі, төменге әрбір түскен сайын, ағзада инертті газдардың артық қалып отыратынына байланысты, келесі түскенде олардың мөлшері жоғарылай береді. Азоттың наркотикалық әсерін азайту үшін, тыныс алу қоспаларын гелийге алмастырады.
3.3. Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы.
Атмосфераның электрлік жағдайы атмосфераның электрлік және магниттік өрістерімен, иондануымен және нажағай электрімен сипатталады. Электр өрісінің болуы келесімен байланысты: Жер, жалпы алғанда, теріс зарядталған полюс болып табылады, ал атмосфера оң зарядталған, осының нәтижесінде атмосферада жерге тікелей бағытталған тоқ түзіледі.
Жер бетіндегі электр өрісінің кернеулілігі 130 В/м, ал, адамның тұрған кездегі басы мен аяғының арасындағы градиенті 250 Вт құрайды.
Электр тоғының кернеулілігі жылдың әр түрлі мезгілінде, тіпті тәулік ішінде, бірдей емес. Жоғары деңгейдегі кернеулілік қыс мезгілінде, ал аз деңгейдегі - жаз мезгілінде байқалады. Бір күннің ішінде құрлықтағы кернеуліліктің ең жоғарғы деңгейі - 10 нан 12 сағатқа дейін және 18 ден 22 сағатқа дейін, ал ең төменгі деңгейі - 3-тен 5-ке дейін, 14-тен- 16 сағатқа дейін байқалады. Сонымен қатар, электр өріс кернеулігінің ендікке де тәуелділігі бар: орта ендікте ол үлкен, экватор мен полюске қарай азая береді. Электр өрісі кернеулілігінің кезең-кезең өзгеріп отыруы, күннің белсенділігі мен геомагниттік белсенділіктің өзгеруімен тығыз байланысты. Ауа райы жағдайына, атмосфералық қысымның шамасына, бұлттардағы зарядтарға, ауаның ластануына байланысты ауаның электр өткізгіштігінің өзгеруі де кернеулілік шамасына әсер етеді.
Мысалы, электр өрісінің кернеулілігі, атмосфералық қысым жоғарылағанда, тұмандар, жауын-шашындар пайда болған кезде, бірнеше есеге жоғарылап отырады. Электр өрісі кернеулілігінің ең үлкен өзгерістері, потенциал градиенті ондаған, жүздеген есе жоғарылайтын, күннің күркіреуі кезінде байқалады. Атмосфераның электр жағдайының өзгерулері де адам ағзасына өз әсерін тигізеді, себебі, адам ағзасының қызмет атқаруы биохимиялық ғана емес, сонымен бірге, электрофизиологиялық үрдістермен де қамтамасыз етіледі. Барлық электромагниттік жүйе тәрізді, тірі ағза да атмосфералық электр параметрлерінің өзгерулеріне сезімтал болады. Бұндай реакциялардың айқын көрінісіне ауа райының өзгерісі және күн белсенділігінің күшейуі кезіндегі сезімтал адамдар мен науқастарда пайда болатын метеопатиялар жатады («Климат және ауа райы» тарауын қараңыз).
Адамның ағзасына әсерін ететін ауаның қасиеттерінің бірі, ауаның иондануы болып табылады. Иондану, яғни ауаның құрамындағы молекулалар мен атомдардың қарама-қарсы зарядталған иондарға ыдырауы, негізінен ғарыштан және күннен келетін сәулеленулердің, ауа мен топырақ радионуклидтері сәулеленуінің әсерінен, сондай-ақ, судың тозаңдануы кезінде жүреді. Әуелі атомнан электрон бөлініп шығады, осының нәтижесінде бейтарап атом оң зарядталады, ал электрон, басқа бейтарап атомға қосылып, теріс ион түзеді. Түзілген мономолекулярлы аэроиондар әдетте өміршең емес. Олар өздеріне газдың 10-15 молекулаларын қосып алып, тұрақтылығы жоғарылау болатын, жеңіл иондарға айналады. Бірақ, олардың өмір сүру уақыты 1-2 минуттан аспайды, себебі ауаға араласқан шаң бөлшектерімен, су тамшыларымен, микроб денелерімен жанасқанда, олар орта және ауыр иондар түзеді. Ауада иондану үрдістерімен қатар, кері үрдіс әр түрлі зарядталған иондардың өзара әсерлесу нәтижесінде бейтарап атомдардың түзілуі жүреді.
Жеңіл иондардың мөлшері белгілі бір дәрежеде ауаның тазалық деңгейін сипаттайды. Ауаның шаңдануы мен химиялық ластану дәрежесі және ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым, оның құрамында жеңіл аэроиондар аз болады. Жабық бөлмелерде жеңіл иондардың мөлшері өте сезімтал көрсеткіш болып табылады, себебі бұл бөлмелерде олардың мөлшері, деммен шығарылған көмірқышқыл газымен, адам ағзасының метаболизм өнімдерімен, шаң бөлшектерімен рекомбинациялануына байланысты, сонымен қатар, тыныс алу үрдісінде, тері мен киіммен сіңірілуі нәтижесінде төмендейді. 1 см3 ауда концентрациясы 200000 шамасындағы жеңіл электр заряды теріс иондардың адам ағзасына қолайлы әсер ететіндігі көрсетілген: орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы жақсарады, жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің тонусы жоғарылайды, алмасу үрдістері ынталандырылады, жарақаттар жазылуы жылдамдайды. Электр заряды теріс иондармен қаныққан ортада болуы, қан қысымы жоғарылаған, бронх демікпесі, аллергиялық аурулары, анемиялары, әр түрлі эндокриндік бұзылыстары бар науқастардың жалпы жағдайларын жақсартады. Бұл иондар қажу кезінде де қолайлы әсер етеді. Керісінше, электр заряды оң, ауыр иондарының мөлшері ауада жоғарылаған уақытта, адамдарда әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауруы, шаршау мен қалжырағанын сезінуі пайда болады, қан қысымы жоғарылайды. Ауа ортасының қолайлы иондану тәртібін қамтамасыз ету үшін, атмосфералық ауа мен жабық бөлмелердің ауасының ластануын төмендетуге бағытталған шараларды жүргізу қажет.
Ауаның иондануының жақсаруына ластаушы заттарды сіңіретін жасыл желектер және тозаңдалып тұрған судың иондаушы әсерінің арқасында ашық суаттар мен фонтандар да ықпал етеді.
4. Күн радиациясы және оның гигиеналық маңызы.
4.1. Күн сәулесінің сипатттамасы. Жарық климаты.
Жердегі барлық органикалық тіршіліктің өмір сүруі, жер шарындағы жылудың, жарықтың және энергия көзі болып табылатын, күн радиациясына тәуелді.
Күн көзінен корпускулярлық және электромагниттік сәулелер шығады. Корпускулярлық сәулелену күн желі деп аталады, оның құрамына электрондар, протондар, гелий ядролары және басқа бөлшектер кіреді. Күн сәулесінің электромагниттік спектрі өте кең, оған радиожиілік диапазонындағы сәулеленулер, инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, гамма, және рентген сәулелері кіреді. Күннің электромагниттік сәулеленуі 300000 км/сек жылдамдықпен таралып, Жерге 8 минутта жетеді. Ал күн желінің бөлшектерінің жылдамдығы, электромагниттік сәулеленулердің жылдамдығына қарағанда, аздау - 300 км/сек болады. Сондықтан олар жерге бірнеше тәуліктен кейін ғана жетеді. Сәулелердің жылдамдығы мен қарқындылығы күннің белсенділігі жоғары кезеңдерінде күрт өседі. Күн белсенділігінің көріністеріне күн дағы және күн жарқылы жатады.
Күн дағы көлденеңі бірнеше мыңдаған километрге созылған және магниттік өріс кернеулілігі жердің магниттік өрісінің кернеулілігінен мыңдаған есе жоғары, алып электромагнит болып табылады. Күн көзіндегі жарқылдаулар (солнечная вспышка) күндегі болып жатқан жарылыстардың бейне көрінісі болып табылады. Жарқылдың қуаты мыңдаған термоядролық бомбалардың жарылысының қуатымен тең келеді. Жарқыл кезінде, жылдамдығы 1000-2000 км/сек дейін жететін, қысқа толқынды иондаушы сәулеленулер мен жоғары энергетикалық бөлшектердің шығарылуы жоғарылайды, сол себепті олар Жерге 2-3 тәуліктің өзінде ақ жетеді. Жерге келе жатқан жолында күн желі негізінен жердің геомагниттік өрісімен, ал электромагнтиттік сәулеленулер - стратосфераның төменгі қабаттарымен және тропосферамен әсерлеседі. Магниттік өріс құрыш ретінде әрекет етіп, зарядталған бөлшектерді Жерге жақын жібермейді. Электромагниттік сәулелену болса, ол жер атмосферасының компоненттерімен химиялық және физикалық әсерлесуге түседі.
Бұл кезде күн сәулесінің қарқындылығы әлсізденеді, қысқа толқынды сәулеленудің озон қабатында сіңірілуі және ұзын толқынды сәулеленудің түзілуі жүреді, жер беті мен атмосфераның біркелкі емес жылынуы нәтижесінде ауа райы және климаттық жағдайларды анықтайтын ауа массаларының айналымы мен басқа да үрдістер жүзеге асырылады.
Жер бетіне тек орта, ұзын толқынды ультра күлгін сәулелері мен көрінетін және қысқа толқынды инфрақызыл сәулеленулер ғана жетеді. Әр түрлі жерлердегі жер бетіне жететін күн сәулесінің мөлшерін жарық климаты деп атайды. Жарық климаты табиғи да (географиялық ендік, жергілікті жер, жыл мезгілі, тәулік уақыты, жер бедері, климат, ауа райы, жер бетінің шағылыстыратын қабілеті), антропогендік те факторларға (атмосфераның ластануы және т.б.) байланысты болады.
Жер бетіндегі күн сәулесінің жалпы ағымының қуаты күн сәулесі өтетін атмосфера қабатының қалыңдығына байланысты. Бұл қабаттың қалыңдығы жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігімен және көкжиектен күннің тұру биіктігімен анықталады. Күн көкжиектен неғұрлым биік турса, соғұрлым күн сәулелері өтетін атмосфера қабатының қалыңдығы аз болады. Мысалы, егер, атмосфераның массасы (теңіз деңгейіндегі ауа қабатының қалыңдығы) күннің тұру биіктігі 60º кезінде 1,1 шартты бірлікке тең болса, күннің шығуы мен батуы кезінде ол 35,4 жетеді, яғни қиғаш сәулелер, тікелей сәулелерге қарағанда, жер бетіне дейін үлкен жолдан өтеді.
Күн радиациясы қарқындылығының жергілікті жердің биіктігі жоғарылаған сайын өсуі де, атмосфераның қалыңдығы жұқаруымен түсіндіріледі.
Күннің тұру биіктігі географиялық ендікке, жыл мезгіліне және тәулік уақытына байланысты. Географиялық ендіктің жоғарылауымен, яғни, экватордан алыстаған сайын, күннің тұру биіктігі төмендейді. Ол қыс айларында да төмендейді. Күннің тұру биіктігінің өзгеруі күн сәулесінің мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге, оның сапалық құрамына да әсерін тигізеді. Мысалы, күннің тұру биіктігі төмендегенде, ультракүлгін және көрінетін сәулелердің үлесі азайып, инфрақызыл сәулелерінің үлесі көбейеді. Егер, күн тас төбеде (90 º) тұрғанда, ультракүлгін сәулесінің үлесі 4%, ал көрінетін сәуленің үлесі - 46% құрайтын болса, онда, күн көкжиекке жақындағанда, ультракүлгін сәулесі мүлдем жоқ болады, ал көрінетін сәуленің үлесі 28% дейін төмендейді.
Атмосферада үнемі күн жарығының сіңірілуі, таралуы және шағылысу үрдістері жүріп отырады. Сондықтан жер бетіне жететін жалпы жиынтық сәулелену күн көзінен тікелей түскен, көк аспаннан өткенде шашыраған және әр түрлі нысандар бетінен шағылысқан сәулеленулерден тұрады. Күннің тұру биіктігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тікелей түскен сәулеленудің мөлшері көбірек болады. Бұлт тікелей түскен күн сәулесін шағылыстырып, оның шашырауын күшейтеді, осыған байланысты, күн сәулесінің қарқындылығы 47-56% төмендеуі мүмкін.
Ластанған ауада күн сәулесі өнеркәсіптерден, автокөліктерден, жылыту қондырғыларынан шыққан шығарындылармен ауаға түскен шаңға, газдарға, аэрозольдерға, түтінге сіңіріледі. Тұманды және ылғалды ауа райы кезінде жалпы күннің сәулесі едәуір төмендейді. Күн сәулесінің шашырау мен шағылысу үрдістері, әсіресе, күн спектріндегі үлесі онсыз да көп емес (жер бетіндегі деңгейде - 0,6-10% ), ультра күлгін сәулесінің қарқындылығына әсерін тигізеді. Олардың ең үлкен бөлігін - 70-75% - тікелей түскен емес, шашыраған сәулелену құрайды. Жоғары ендікте (57,5º жоғары) ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігі байқалады: қараша-ақпан айлары бойы орта толқынды ультракүлгін сәулесі мүлдем болмайды, ал қазан-наурыз айларында оның қарқындылығы өте төмен болады. Оңтүстік және солтүстік ендіктердің 57,5-42,5º аралығында орналасқан аудандарда көбінесе ультракүлгін сәулесі бойынша комфорт, ал 42,5º- тан төмен аймақтарда ультра күлгін сәулесі артық мөлшерде байқалады. Ультра күлгін сәулесінің қарқындылығы тауларда да жоғарылау болады, ол, теңіз деңгейінен әр 1000 м-ге биіктеген сайын, 15% жоғарылап отырады.
4.2. Күн радиациясының адам ағзасына әсері.
Күн радиациясы айқын биологиялық әсер етеді. Күн сәулесі энергиясының әсерінен ағзада, фотобиологиялық үрдістер деп аталатын, әр түрлі биохимиялық және физиологиялық айналымдар жүреді. Олардың негізінде: фотоиондану, фотоқалпына келу және тотығу, фотодиссоциация деп аталатын, фотохимиялық реакциялар жатыр. Фотобиологиялық үрдістердің сипаты сәулелену энергиясына байланысты. Күн сәулесінің энергиясының әсеріне байланысты зат алмасу үрдістері, көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың, дәрумендердің және пигменттердің синтезі, сонымен бірге, өсімдіктердегі хлорофиллдің синтезі және т.б.ынталандырылады. Күн спектрін құрайтын бөліктері жануар ағзаларының көру үрдісін қамтамасыздауда және өсімдіктердің фототаксис, фототропизм, фотопериодизм қасиеттеріне байланысты дамуы мен өсуін реттеуде өте маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге, едәуір энергиясы бар сәулелер ағзаға зақымдайтын әсер береді.
Күн сәулесінің энергиясы оның толқын ұзындығымен анықталады: ұзындығы неғұрлым аз болса, соғұрлым, энергиясы көп болады. Жер бетіне жететін күн спектрінің ішіндегі ең үлкен толқын ұзындықтағы (760-4000 нм), сәуле, инфрақызыл сәулесі, ал содан кейінгі ұзындықта (400-760 нм) - көрінетін сәуле болып табылады. Ең аз толқын ұзындықтағы (290-400 нм ) сәулелерге ультракүлгін сәулесі жатады, сондықтан бұл сәуленің кванттары энергияның ең көп қорына ие болады. Жасушаларға берілетін энергияның әр түрлі деңгейіне байланысты, инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәулелері адам ағзасына біркелкі әсер етпейді.
Инфрақызыл радиациясының гигиеналық маңызы. Күн радиациясының электромагниттік спектрінің негізгі бөлігі инфрақызыл сәулесі болып табылады. Күннің тұру биіктігі жер бетінде 60º болғанда, ол 53%, ал көк жиекке жақындағанда - 72% құрайды. Толқын ұзындығы жоғары болатын инфрақызыл сәулелер (4000-15000 нм) атмосферадан өткен кезде ұсталынып қалады, жер бетіне толқын ұзындығы қысқа (760-4000 нм) инфрақызыл сәулелер жетеді. Инфрақызыл сәулесінің тигізетін негізгі әсері - жылу әсері. Нақ осы әсері инфрақызыл сәулесінің масштабты ғаламдық үрдістердегі маңызды рөлін анықтайды. Инфрақызыл сәулесінің энергиясы әсерінен жер бетінің жылынуы жүреді, жылынудың біркелкі еместігі жердегі ауа мен су массаларының қозғалысына және ауа райы мен климаттық жағдайлардың қалыптасуына себеп болады.
Сонымен, климат пен ауа райының әсері арқылы инфра қызыл сәулесінің адам ағзасына тікелей емес әсері белгілі бір деңгейде іске асырылады.
Күннің инфрақызыл сәулесінің тікелей әсері тіндердің беткі немесе терең қабаттарының қызыуына әкеледі. Қысқа толқынды (760-1500 нм) инфрақызыл сәулелері тіндерге терең (4-5 см дейін) енеді, ал толқын ұзындығы 1500-4000 нм дейін жететін сәулелер, терморецепторлары көп, терінің беткі қабатында сіңіріледі, сондықтан ұзын толқынды инфрақызыл сәулесінің әсерінен дененің күйгенін сезіну басымырақ болады. Фотондардың энергиясының аздығына қарамастан, ИҚ сәулелері, әлсіз болса да, фотохимиялық әсер береді. Ол зат алмасулардың біршама жоғарылаумен, ферментативті және иммуннобиологиялық үрдістердің жылдамдауымен, ультракүлгін сәулелерінің биологиялық әсерлерінің күшейуімен сипатталады.
ИҚ сәулесі әсер еткенде, тіндердің қызуы, фотохимиялық реакцияларда түзілген белсенді қосылыстардың әсері, сонымен қатар, терінің жүйке рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде қан айналым күшейеді, бұлшықет пен тамырлардың тонусы төмендейді, вегетативті реакциялар қалпына келеді, осыған байланысты ауруды басатын және қабынуға қарсы әсері білінеді. ИҚ сәулесінің бұл қасиеттерін физиотерапия практикасында кеңінен пайдаланады, бұл жерде оның жасанды көздері - соллюкс пен Минин шамдары қолданылады. ИҚ сәулесі ұзақ уақыт және қарқынды әсер еткенде, айқындылығы әр түрлі дәрежедегі ағзаның қатты қызуы байқалуы мүмкін, ал өте ауыр жағдайларда ыстық өтуі немесе күн өтуі пайда болады. Бірақ ИҚ сәулесінің ең күшті әсеріне адамдар өндірістік жағдайларда ұшырайды. Мысалы, ыстық цехтарда ИҚ сәулесінің қарқындылығы 12,6-25,2 МДж (м/с) дейін жететін болса, жердің орташа ендіктерінде күннің жылу сәулелендіруінің қарқындылығы 3,77 МДж (м/с) аспайды. Өндірістік те, күннің де ИҚ сәулесінің ұзақ уақыт әсері, қатты қыздыруынан басқа, жылулық катарактаның дамуына әкеп соғады. Бұл қыздыратын сәулелердің көз бұршағына сіңіуіне және онда қан тамырлары болмауына байланысты, жылуды алып кетудің қиындауы себебінен дамиды
Көрінетін жарықтың гигиеналық маңызы. Көрінетін сәулелер күннің электромагниттік сәулеленуінің спектрінде күннің көк жиек үстінде тұрған кезінде 28% - дан, тас төбеде болғанда 46% дейін және көк аспан кезінде 65% құрайды. Ашық жерлердегі күндізгі жарықтын деңғейі көптеген факторларға: күннің тұру биіктігіне, ауа райы мен климат жағдайларына, ауаның тазалығына байланысты. Осы жағдайларға байланысты жарықтану мөлшерлерінің диапазоны кең, ол 65000 - нан 1000 лк дейін және одан да аз аралықта аутқиды.
Күннің көрінетін сәулесінің фотохимиялық әсері, инфрақызыл сәулесіне қарағанда, едәуір жоғары, ол қөбінесе фотосенсибилизаторлар қатысуымен іске асырылады. Фотосенсибилизаторлар деп, сәуле энергиясының кванттарын алып, қысқа уақыттық өзгерістерге ұшырайтын, ал содан кейін, бұл энергияны қоршаған тіндерге шоғырланған түрінде беріп, өз қасиеттерін қайтадан қалпына келтіретін заттарды айтады. Осындай фотосенсибилизаторлардың бірі - көз торының пигменттері болып табылады. Күннің көрінетін сәулелері бұл пигменттермен әсерлесіп, көру талдағышының жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл кезде көрінетін сәуленің ең маңызды қабілеттілігі біртүсті емес, түрлі түсті қөру ақпараттарың қамтамасыз етуі болып табылады, себебі оның спектріне түрлі түсті сәулелелер: қызыл, қызғылт-сары, жасыл, сары, көгілдір, көк, күлгін түстер кіреді. Күн жарығынан пайда болған түстердің гаммасы ағзаға әр түрлі әсер етеді, ең әуелі, оның психоэмоционалдық саласына: көк және күлгін түстер көңіл-күйді төмендетеді, көгілдір - тыныштандырады, жасыл индифферентті болады, ашық сары түс тітіркендіреді, қызыл - қоздырады. Көрінетін жарық спектріндегі жасыл және сары дипазонындағы толқындар көру талдағыштарының жұмысы үшін ең қолайлы деп есептеледі.
Күннің жарығы рефлекторлы түрде көру талдағыштары және біршама дәрежеде шеткі жүйке ұштары арқылы әсер етіп, жалпы биологиялық әсер береді. Ол ағзада зат алмасу үрдістерін ынталандырады, үлкен ми сыңарлары қыртысының белсенділігін жоғарылатады, гипофиз секрециясын күшейтеді, осыған байланысты адамның тіршілік тонусы жоғарылайды, өзін сезінуі және эмоционалдық күй-жайы жақсарады. Ағзаның дамуы мен өсу үрдістерінде де күннің көрінетін сәулесі белгілі рөл атақарады.
Жарық адамның биологиялық ырғақтарының: тәуліктік, мезгілдік, жылдық және т.б. басты синхронизаторы болып табылады. Биоырғақты табиғи (жарық) және техногенді (сағат, радио, теледидар, жасанды жарық, жұмыс орны мен кестесі және т.б.) реттегіштердің арасындағы үйлеспеуішілік ұйқының және сергектіктің бұзылуына, көңіл күйдің нашарлауына, депрессияның дамуына әкеп соғады.
Күннің көрінетін сәулесі, әсіресе, инфрақызыл сәулесімен шектесетін толқын диапазонында, жылылық әсер береді. Оның үлесі күн сәулесінен берілетін жылу энергиясының жартысына жуығын құрайды. Ультракүлгін сәулеленудің ұзын толқынды бөлігімен шектесетін көрінетін сәуле спектрінің қысқатолқынды күлгін бөлігі ұзын толқынды ультракүлгін сәулелердің эритемдік, күнге күю және әлсіз бактерицидтік әсерлері сияқты әсерлер береді.
Ағза сыртқы әлем туралы ақпараттардың 80 % дейін көру мүшесі арқылы алатындықтан, көру мүшесінің жұмысы үшін күннің көрінетін жарығының гигиеналық маңызы ерекше. Сол себептен бөлмелерге тікелей де (инсоляция), шашырап және шағылысып та түскен күн сәулесінің есебінен, жеткілікті деңгейде табиғи жарық жасауды қажет етеді (VII тарауды қараңыз).
Ультракүлгін сәулесінің гигиеналық маңызы. Ультракүлгін сәулесі, инфрақызыл және көрінетін сәулелерге қарағанда, энергияға едәуір бай. Бірақ, фотондардың энергиясы бойынша сәулеленудің өзінің спектрі біркелкі емес, сондықтан оларды, толқын ұзындығы мен биологиялық белсенділігі бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар, 3 аймақтарға бөледі: А аймағы - толқын ұзындығы 400-320 нм, ұзын толқынды сәулеленуі (жақын ультракүлгін, эритемді - күнге күю әсері бар), В аймағы - толқын ұзындығы 320-280 нм, орта толқынды сәулеленуі (дәрумен түзуші), С аймағы - толқын ұзындығы 280-210 нм, қысқа толқынды сәулеленуі (қашықтағы ультракүлгін, бактерицидтік). Жоғарыда айтылғандай, жердің бетіне дейін тек ұзын және орта толқынды ультракүлгін сәулелер ғана жетеді. Ал қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін алу үшін, әдетте, олардың жасанды көздерін қолданады.
Ультракүлгін сәулелер пайдалы (биогенді) және зақымдайтын (абиогенді) әсер етуі мүмкін. Әсер ету сипаты сәулеленудің толқын ұзындығына және оның дозасына байланысты. Биогенді эффектісі ұзын және орта толқынды сәулелердің, дозалары қолайлы деңгейден аспайтын, аз мөлшерде әсер етуі кезінде байқалады. Абиогенді әсерлері, ең алдымен, энергиясы басқа диапазондардағы ультракүлгін сәулелердің энергиясынан анағұрлым жоғары болатын, қысқа толқынды ультракүлгін сәулеленулерге тән. Алайда, ұзын толқынды да, орта толқынды да сәулелер абиогенді әсер ете алады, егер олардан алатын дозасы табалдырықтық эритемдік дозадан көп артық болса.
Биогенді әсері жалпы ширататын, эритемды- күнге күю, рахитке қарсы (Д дәруменін түзуші) әсер салдары түрінде білінеді. УК сәулесінің әсер ету механизімінде биофизикалық, гуморалдық, жүйкелік-рефлекторлық сияқты, бірнеше компоненттерін ажыратады. Гуморалдық компоненті ағзада фотохимиялық реакциялар нәтижесінде зат алмасу үрдісін ынталандыратын биологиялық белсенді қосылыстардың (гистамин, гистамин тәрізді заттар, ацетихолин, серотонин және т.б.) түзілуімен байланысты.
Биофизикалық компоненті УК сәулесінің фотоэлектрлік әсері салдарынан жасушалардағы ақуыздың коллоидтық жағдайы мен иондық құрамының өзгеруімен байланысты.
Ал жүйкелік-рефлекторлық компоненті, теріде түзілген гистамин және гистамин тәрізді заттардың және басқа да қосылыстардың терідегі жүйке ұштарын тітіркендіруі нәтижесінде, ағзадағы көптеген қызметтерді ширатуымен сипатталынады.
Гуморалдық, биофизикалық және жүйкелік-рефлекторлық әсерлерінің бірге жүруі арқасында, УК-сәуленің айқын жалпы ширататын әсері пайда болады. Атап айтқанда, тіндік тыныс алуға қатысатын ферменттерінің белсенділігі жоғарылайды, ақуыздың, майдың, көмірсулардың, минералды заттардың алмасу үрдістерінің белсенділігі арттады, қан түзілу, жасушалардың өсуі, тіндердің қайта қалпына келуі ынталанады. Сонымен бірге, ағзаның жұқпаларға қарсы тұру қабілетінің жоғарылауы да өте маңызды болып табылады. Бұл, антиденелердің синтезінің ынталануымен, тері мен қанның бактерицидтік қасиеттерінің және лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігінің күшейуімен түсіндіріледі. УК-сәулеленудің әсерінен ағзаның төзімділігі жұқпаларға ғана емес, сонымен қатар, иондаушы сәулелердің, уландыратын және канцерогенді агенттердің, фиброгенді шаңдардың әсеріне де жоғарлайды
УК-сәулесінің жалпы ынталандыратын (ширататын) әсері ұзын толқынды да, орта толқынды да УК-сәулеленуде бар, бірақ, ең айқын әсері орта толқынды УК-сәулеленуде байкалады. Жалпы биологиялық әсерінен басқа, УК сәулесінің әр диапазонына тән өзінің ерекше әсерлері бар. Мысалы, ұзын толқынды УК-сәулелену эритемды-күнге күю әсер көрсетеді, ал орта толқындысы терідегі Д дәруменінің синтезін ынталандырады және әлсіз бактерицидтік әсер етеді. Ультракүлгіндік эритема сәулеленудің әсерінен соң 1-3 сағаттан кейін, кейде одан да ертерек дамиды. Терідегі эритема шекарасының айқын болуы және біраздан кейін меланиннің түзілуі (күнге күю) оның ерекшелігі болып табылады. УК-сәулесінің әсерінен пайда болатын күнге күю және эпидермистің қалыңдауы, күн радиациясының әсеріне ағзаның қорғаныстық реакциясы болып табылады. Күнге күюдің тез түзілуі - ағзаның реактивтілігінің жақсы екендігін көрсетеді.
Орта толқынды УК-сәулеленулер рахитке қарсы әсер етеді, себебі олар фотохимиялық реакцияларда Д дәрумендердің алдыңғы өнімдерін изомерлеу арқылы теріде Д2, Д3, Д4 дәрумендерінің түзілуіне ықпал етеді. 313 ммк толқын ұзындығындағы сәулелердің рахитке қарсы әсері ең жоғары болып келеді. УК сәулесі жеткіліксіз болғанда, Д дәруменінің түзілуі баяулайды, соның нәтижесінде фосфор-кальций алмасуы мен сүйектену үрдістері бұзылады. Балаларда рахит және тетания дамиды, бойы мен дене дамуы кешеуілдейді. Үлкен адамдарда остеопороз көріністері байқалуы мүмкін, байлам аппараттары әлсізденеді, сынған сүйектердің бітуі нашар жүреді, тістердің эмалі нәзік болып, тез бұзылады.
Сонымен, орта толқынды УК сәулелері биологиялық тұрғыдан ең пайдалы болып табылады, себебі дәл осы сәулелер айқын жалпы ынталандырушы, рахитке қарсы және ағзаны шынықтыратын әсер етеді, ағзаның иммундық статусын нығайтады, тіндердің қалпына келуіне мүмкіндік туғызады, даму мен өсу үрдістерін ынталандырады.
Сондай ақ, УК сәулелердің жоғарғы жүйке қызметі үрдістерінің белсенділігін жоғарлатуының да маңызы аз емес, соның арқасында ой еңбегіне қабілеттілік жоғарылайды, қажудын ерте дамуының алдын алады. Гипертониялық ауруларымен және жүректің ишемиялық ауруының асқынбаған түрлерімен ауыратын науқастарды УК сәулесіне түсіргенде, оң эффект болғаны жазылған.
Қазіргі орта ультракүлгін сәулесі жетіспеушілігі («күн сәулесіне ашығу») дамуының жоғары қауіптілігімен сипатталады, бұл аймақтың климаттық ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың тұрмыс және еңбек жағдайымен, ауаның ластануымен, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың тиімді жоспарланбауымен, тұманды және бұлтты күндердің басым болуымен және т.б. байланысты. Ең жиі УК жетіспеушілікке тән белгілер солтүстік ендікте тұратын адамдарда, тау кен, көмір өндірісінде істейтін жұмысшыларда, метро құрылысшыларында, уақыттарының көп бөлігін жабық бөлмелерде өткізетін жоғарғы оқу орындары мен мектептерде оқитын оқушыларда кездеседі. «Күн сәулесіне ашығудың» алдын алу үшін, елді мекендерді жоспарлау мен салынуы тұрғын үй бөлмелердің терезелерінен тікелей түсетін күн сәулесі тәулігіне 3 сағаттан кем болмауын қамтамасыз етуі қажет (VII тарауды қараңыз).
Ультракүлгін сәулелері терезе әйнектерінен оңай өтуі керек, бірақ бұл қазіргі құрылыс жағдайларында көп ескеріле бермейді, керісінше, көптеген қоғамдық ғимараттардың терезелеріне күңгірт-қара әйнектер салынады. Атмосфералық ауаның шаңмен, түтінмен, күйемен және химиялық заттармен ластануының алдын алу үшін, белсенді шаралар жүргізілу қажет.
Көрсетілгендермен бірге, күн сәулесіне ашығудың алдын алу үшін, адамдарды УК сәулеленудің селективті және интегралды жасанды көздерін қолданып, УК-сәулесіне түсіруі жүргізіледі. Селективті көздері (эритемды люминесцентті шамдар ЭЛШ), максимумы УК спектрінің жеке аймағының жіңішке бір бөлігінде шоғырланған сәулеленуді береді. Интегралды көздерінің шығаратын сәулелену спектрінде (тікелей сынапты - кварцтық шамдар - ТСК) УК спектрінің және көрінетін спектрінің барлық диапазондарындағы сәулеленулері бар.
УК сәулесіне түсіру үшін, ұзақ уақыт және қысқа уақыт әсер ететін УК сәулесін шығаратын қондырғылар қолданылады. Ұзақ уақыт әсер ететін УК сәулесін шығаратын қондырғыларда шамдар бөлменің шырақтарына жарық беру үшін қолданылатын әдеттегі люминесценттік шамдармен бірге орнатылады. Бұл жағдайда, алдын алу мақсатындағы дозаны адам бөлме ішінде 3-6 сағат бойына болған уақытта алады. Арнайы бөлмелерде фотарийлерде қысқа уақыт УК сәулесіне түсіру кезінде, алдын алу жөніндегі доза бірнеше минут ішінде алынады. Күн сәулесіне ашығудың орнын толтыру әсіресе балалар үшін өте маңызды, себебі олардың ағзасы УК жетіспеушілігіне аса сезімтал. УК сәулесіне түсіргенде, оны міндетті түрде мөлшерлеу және дозасын бақылап отыру қажет. Әуелде биологиялық (эритемдік) дозаны И.Ф. Горбачевтың биодозиметр аспабының көмегімен анықтайды. Ол, білек пен іштің күймеген терісін сәулеленуге түсергеннен кейін 8-14 сағаттан сон, терінің сәулеленуге ұшыраған жерінде, айқындығы минимальды, эритема тудыратын, сәулелену әсерінің минимальды уақытына тең.
УК сәулесіне алдын алу мақсатында түсіргенде, күнделікті тәуліктік доза биодозаның 1/8-3/4 мөлшерін құрайды. Әдетте, қысқа мерзімді әсер ететін қондырғыларда сәулеленуге түсіруді, адамның жағдайына байланысты биодозаның 1/4 немесе 1/8 мөлшерінен бастайды және күн сайын немесе күн ара осы мөлшерде қосып отырып, сәулеленуге түсіруді 1,5 биодозаға дейін жеткізеді, содан кейін 2-3 айға үзіліс жасайды.
Ұзақ уақыт әсер ететін УК сәулесін шығаратын қондырғыларды бала бақшаларда, балалар үйлерінде, мектептерде, ауруханаларда, шипажайларда, демалыс үйлерінде, жатақханаларда, табиғи жарығы жоқ өндірістік бөлмелерде, спорт залдарында орнатады. Бұл бөлмелерде алдын алу мақсатындағы тәуліктік доза күн бойына алынады.
Қысқа толқынды УК сәулелері айқын бактерицидтік әсер етеді, сондай-ақ, адам ағзасына да зиянды әсерін тигізеді. Ұзын және орта толқынды сәулелер де абиогенді әсер етуі мүмкін, егер, сәулелену әсерінің қарқындылығы жоғары (5 және одан да көбірек минимальды эритемды биодоза) болса. Ультракүлгін сәулесінің абиогенді әсеріне күйік, фотодерматиттер, эрозиялар, жаралар, кератоконьюктивиттер, кератиттер, катаракта, птеригий, күн сәулесінін әсерінен дамитын эластоз, фотосенсибилизация, ішкі мүшелердің созылмалы ауруларының асқынуы, канцерогендік және мутагендік әсерлер жатады. Канцерогендік әсері көбінесе толқын ұзындығы 280-340 нм сәулеленуге тән, бірақ, ол күн сәулесінің және жасанды көздерінен сәулеленудің өте үлкен дозасы (40 биодозадан жоғары) ұзақ уақыт әсер еткен кезде ғана пайда болады.
Сонымен қатар, озон тесіктерінің өлшемі үлкеюі мен санының көбеюі салдарынан, тері обырымен аурушаңдықтың көбеюі болжамдалып отыр. Абиогенді эффектілері тек күн сәулесімен ғана емес, сонымен қатар, ультракүлгін сәулесінің әр түрлі жасанды көздерімен де: бактерицидтік сәуле шығаратындармен, электрлік дәнекерлеуші аппараттармен, плазмалық оттықпен, фотоэлектрлік сканнермен, лазерлермен, флюоресценттік панельдермен және басқаларымен байланысты болуы мүмкін.
Күннің УК сәулесінің қолайсыз әсерінің алдын алу үшін, ашық ауада жұмыстар 10-14 сағат аралығында жүргізілмеуі керек немесе, күннің астында болу уақытын шектеп және күннен қорғайтын киімдер мен заттарды қолданып, жүргізілуі тиіс. УК-сәулесінің жасанды көздерімен жұмыс істегенде, УК-сәулеленуі міндетті түрде нормаланауы және қорғайтын заттар, тиісті дабыл қағушылар қолданылуы тиіс.
5. Ауаның табиғи химиялық құрамы және оның гигиеналық маңызы.
Атмосфералық ауаның табиғи химиялық құрамы 20,95% оттегінен, 78% - азоттан, 0,03-0,04% - көмірқышқыл газынан тұрады. Тек 1% ғана инертті газдардың, озонның, метанның, азот тотығының, йод және су буларының бірге алғандағы үлесіне келеді. Атмосфераның химиялық құрам бөлігінің әрбіреу ағзаның тіршілігінде өзінің рөлін атқарады. Оттегі адам мен жануарлардың тыныс алуы үшін, әр түрлі тотығу және жану үрдістері жүру үшін қажет. Атмосфералық ауадағы оның деңгейі іс жүзінде тұрақты болады, себебі оттегінің шығыны өсімдіктердің фотосинтезі үрдісінде түзілетін оттегімен үнемі толықтырылып тұрады. Тек биіктікке көтерілген кезде ғана, оттегінің парциалды қысымы төмендеп, гипоксияның дамуына әкеледі. Оттегі концентрациясының 11-13% дейін төмендеуі, өттегінің айқын жеткіліксіздігі дамуына, ал 7-8% концентрациясы - өлімге әкеп соғады.
Азот индифферентті газдарға жатады. Оны адам және жануарлар ағзалары тікелей сіңіре алмайды, бірақ, тірі ағзаларға ол тікелей емес, өсімдіктер арқылы, топырақ бактерияларының қатысуымен іске асырылатын ассимиляция мен айналымдар үрдісінде түзілетін және өсімдіктермен сіңірілетін, нитраттар түрінде түсіп отырады. Органикалық қосылыстардың ыдырауы, ағаштардың, көмір және мұнайдың жануы нәтижесінде қайтадан бос азот пайда болып, атмосфераға түседі.
Ауаның азоты әдетте оттегіні сұйылтатын рөл атқарады. Таза оттегімен тыныс алуы адам үшін қауіпті, өйткені оттегі күшті тотықтырғыш, адамға айқын улылық әсер береді, тыныс жолдарының шырышты қабықтарында күіктер, өкпеде сулы ісік тудырады, бұл өлімге әкеп соғады. Азоттың ағзаға жоғары қысыммен түсуі наркотикалық әсер береді. Ал оның ауадағы мөлшері 93% дейін жоғарылауы, оттегінің парциалды қысымының төмендеуінен дамитын гипоксияның салдарынан, өлімге әкеп соғады.
Көмірқышқыл газы қалыпты жағдайда ауаға адам мен жануарлардың тыныс алуы кезінде, шіру, ашу, жану үрдістерінің және теңіздер мен мұхиттардың беттерінен бөлінуі және т.б. нәтижесінде түседі. Көмірқышқыл газының салыстырмалы түрдегі тұрақты концентрациясы, оның түзілуімен қатар жүретін, өсімдіктердің өзіне сіңіру, жауын - шашындармен жуылу, теңіз және мұхит суларында еру, минералдық қосылыстар түрінде шөгу үрдестерімен қамтамасыз етіледі.
Көмірқышқыл газы адам ағзасында зат алмасу үрдістерінде түзілетін соңғы өнімдердің бірі болып табылады. Тіндерден қанға өткен көмірқышқыл газы тікелей де және қанның РН өзгертіп те, тыныс орталығына ынталандыратын әсер етеді. Қандағы көмірқышқыл газының парциалды қысымы жоғарылаған кезде, оттегінің гемоглобинге байланысу қабілеттілігі жоғарылайды. Бірақ, көмір қышқыл газының концентрациясы жоғары ауамен тыныс алғанда, оның ағзадан бөлініп шығуы бұзылады да, тіндік аноксия дамиды. Мысалы, көмірқышқыл газының ауадағы концентрациясы 4% дейін жоғарылағанда, бас ауыруы, жүректің соғуы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, психикалық қозу пайда болады, ал концентрациясы 8-10% болғанда, өлімге әкеп соғады. Ауада көмірқышқыл газының мұндай концентрацияларда жиналуы жабық кеңістіктерде, құдықтарда, ағынды су ағатын жыраларда болуы мүмкін.
Адамдардың тұрғын және қоғамдық бөлмелерде болуы кезінде де олардың тыныс алу нәтижесінде көмірқышқыл газы жиналады, бірақ та, едуір аз концентрацияда. Сирек жағдайларда оның мөлшері 0,5-1% дейін жетеді.
Көмірқышқыл газы мен ауа ортасы сапасының басқа да көрсеткіштерінің концентрациялары синхронды түрде өсетіндіктен, ал көмірқышқыл газын анықтау оңай және қарапайым болғандықтан, қоғамдық және тұрғын үй бөлмелері ауасының тазалық дәрежесін бөлменің ауасындағы көмірқышқыл газының деңгейі бойынша анықтауды бұдан көп бұрын М.Петтенкофер мен К.Флюгге ұсынған болатын. Көмірқышқыл газының деңгейі тұрғын үй және қоғамдық мекемелер бөлмелерінің ауасында 0,1%, ал емдеу мекемелерінде - 0,07% аспауы қажет.
Атмосфералық ауада аз ғана мөлшерде озон болады. Ол, оттегінің үш атомды молекуласынан тұратын, күшті тотықтырғыш болып табылады. Озонның негізгі массасы жиналған стратосфераның озон қабаты адамдар мен тірі табиғатты күн радиациясының спектріне кіретін қысқатолқынды ультракүлгін және жұмсақ рентген сәулелерінен қорғайды. Тропосферада озон концентрациясы әдетте 30 мкг/м3 аспайды. Озон ультракүлгін радиациясының әсерінен, нажағай кезіндегі электр разрядтары, судың көп массаларының булануы нәтижесінде пайда болады. Сонымен қатар, тропосфераға ол ауа массасының қозғалуы салдарынан стратосферадан да түседі.
Озонның жоғары тотықтырғыш қасиетінің нәтижесінде, ол ауаға түсетін азғана мөлшердегі қоспалармен өзара әсерлесіп, ыдырайды. Сондықтан озон, едәуір шаңданған ауада және сонымен бірге жабық бөлмелердің ауасында мүлдем табылмайды. Оның есесіне, озонның мөлшері аз ластанған елді мекендерде, биік тауларда, суа қоймаларының жағалауында, ормандарда, әсіресе, қарағайлы ормандарда, жоғары болуымен ерекшеленеді. Осыған байланысты бұрын ауада озонның болуын ауа тазалығының көрсеткіші ретінде бағалаған.
Бірақ та, ауа өте қатты ластанған кезде де, фотохимиялық реакциялар нәтижесінде озон түзілетіндігі анықталды, сондықтан мұндай жағдайда оның жоғары концентрациясы ауа тазалығының көрсеткіші емес, оның ластануының көрсеткіші ретінде қарастырылады. Жоғары концентрациясында (0,005% мг/л және одан көп) озон тыныс жолдары мен көздің шырышты қабықтарын тітіркендіретін әсер береді, бронхөкпе тіндерінде қабыну үрдістерінің дамуына әкеледі және бронхтардың спастикалық реакциялардың дамуын өршітуі мүмкін.
Инертті газдар (аргон, неон, гелий, криптон, радон және т.б.) химиялық тұрғыдан индифферентті болады. Тек олардың парциалды қысымы едәуір жоғарылаған кезде, әдетте табиғи жағдайда болмайтын, наркотикалық әсері байқалуы мүмкін.
Инертті газдардың бір бөлігі - радон, актинон, торон - табиғи белсенді газдар болып табылады. Олар атмосфераның табиғи белсенділігін қамтамасыз етеді. Осы газдардың жоғары концентрациясы адам ағзасына әсер еткен кезде, әр түрлі радиациялық эффектілер дамуы мүмкін.
6. Атмосфералық ауа ластануының гигиеналық маңызы.
Атмосфералық ауаның ластануы қазіргі замандағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Халық санының өсуі мен адамның өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық әрекеттерінің қарқынды жүруі ауаның қауіпті масштабта ластана бастауына және күтілмеген салдары дамуына әкеп соқты.
Табиғи (шаңды құйындар, вулкандардың атқылауы, өрттер, борандар, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауы және т.б.) көздеріне қарағанда, жасанды ластаушы көздерінің айырықша қауіптілігі тек ластану көлемінің үдемелі өсуіне ғана емес, сонымен бірге, ластануының сипатына да байланысты. Қазіргі уақытта, адамға әсер ететін химиялық ластаушылардың жалпы саны 500000 дейін жетіп қалды. Бірақ, табиғи текті заттарға ұқсас ластаушылардан басқа, жасанды көздерден атмосфераға бұрын табиғатта болмаған, синтетикалық жолмен алынған, жаңа қосылыстар да түсіп жатады. Қазір бұндай қосылыстардың 65 мыңға жуығы бар, оның ішінде, 2000 асатын қосылыстар канцерогенді және мутагенді әсер береді. Атмосфералық ластаушылардың мемлекеттердің шекарасынан кедергісіз өтуі, олардың жаһандық таралуына жағдай жасайды және тіпті өндірістері жоқ аумақтардың да ауасының сапасын нашарлатады. Ауаға түскен химиялық заттар басқа заттармен әсерлеспей қалмайды, олар әр түрлі реакцияларға түсіп, адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келітретін әсеріне өз үлесін қосатын өнімдер түзеді.
Атмосфераны негізгі ластаушы көздеріне өндіріс орындары, автокөлік, жылуэнергетика өндірісі, ауыл шаруашылығы жатады. Атмосфералық ауаны ластайтын заттардың 90% газ және бу түрінде болады, ал 10% жуығы қатты және сұйық агрегатты күйде болады. Ауаның ең кең таралған және қауіпті ластаушылардың санатына көміртегі, азот, күкірт тотықтары, қорғасын, кадмий, мышьяк, никель, сынап, галоген қосылыстары, бензол, көпциклді ароматты көмірсутектер (КАК), белсенді газдар және аэрозольдер, күл, күйе, шаңдар және т.б. жатады. Ірі қалаларда ауаны негізінен ластайтын көзі автокөлік болып табылады. Газтәрізді ластаушылардың жалпы көлемінің 60-90% дейінгі бөлігі осы автокөліктерден шығады. Ауаның ластануындағы негізгі жауапкершілік қазіргі кездегі әлемдік автокөлік паркінің 83-85 % құрайтын жеңіл автокөліктерге тиесілі. Автокөліктерден ауаға шығарылатын пайдаланылған жанармай газдарының құрамына 200-ден аса химиялық қосылыстар кіреді, соның ішінде: иіс газы (0,5-10%) және көмірқышқыл газы (1-12%), азот тотығы (0,8% дейін), реакцияға түспеген көмірсутектер (0,2-3,0 %), 3,4-бенз (а)-пирен (20 мкг/м3), альдегидтер, күйе (1,0 г/м3). Орташа алғанда, жылына атмосфераға бір жеңіл автокөлік есебінен 700 кг дейін СО, 40 кг азот тотығы, 230 кг көмірсутектер, 2-5 кг қатты бөлшектер түседі. Автокөліктің шығарынды газдарының құрамы көбінесе жанармайлардың сапасына байланысты. Дихлорэтан қосылған этилденген бензинмен жүретін автокөліктердің шығарынды газдарының құрамында қауіпті супер токсиканттар - тетрахлорбензо-диоксиндер(ПХДД) және полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) кездеседі. Құрамында детонацияға қарсы қоспалары бар бензиннің жануы, ауаға қорғасынның әр түрлі қосылыстарының шығарылуына, ал бензинге тек 3,0-3,8 % бензол қосқанда, ауада оның концентрациясының едәуір жоғарылауына әкеп соғады.
Автокөлік қозғалтқыштарының техникалық жағдайы мен жұмыс істеу режимінің де маңызы зор. Ауаға бөлінетін шығарындылардың мөлшері карбюраторлы қозғалтқыштардың жұмысы кезінде, әсіресе, олардың жұмысы реттелмеген жағдайда, көбейеді. Қазіргі кездегі «автокөлік кептелістеріне» тән үнемі тежеумен жүретін көліктің орташа жылдамдығы төмен кезде де ауаға бөлінетін газдардың мөлшері жоғарылайды.
Автокөлік тек ауаны ғана ластап қоймай, сонымен қатар, жанармайдың жану үрдісіне де оттегінің көп мөлшерін жұмсайды. Бір автокөлік жылына 4 т жуық оттегіні тұтынады.
Атмосфераның ластануына көліктердің басқа да түрлері өз үлесін қосады. Әсіресе, соның ішінде, ұшақтардың алатын орны ерекше, себебі, олар ұшуы кезінде де және көтерілуі мен қонуы кезінде де ауаны ластайды. Ластаушылардың ауаға түсуінің шыңы ұшақтардың көтерілуі және қонуы кезінде әуежайда байқалады. Мысалы, бір «Боинг» ұшағы көтерілген кезде бөлінетін заттардың мөлшері, 6850 «Фольксваген» жеңіл автокөлігінен бір уақытта шығатын шығарындылардың мөлшеріне тең. Реактивті лайнерлердің әуеге ұшуы кезінде азот тотықтары бөлінеді, олар озонмен өзара әрекеттесіп, атмосфераның озонды қабатының бұзылуына әкеп соғады. Ұшақтарда жанармайдың жануына оттегінің өте көп мөлшері жұмсалады, бұл автокөлік қозғалтқышының жұмысы кезіндегі шығыннан бірнеше есе жоғары.
Қазіргі уақытта жер маңындағы ғарыш кеңістігін игерудің атмосфера үшін күннен-күнге өсіп отырған қауіптілігі барған сайын көбірек қорқыныш тудырады. Ғарыштық эраның 60 жылдан ғана астам азғана уақытында ондаған мың ғарыш ракеталары мен кемелері ұшырылды, соның нәтижесінде атмосфераға жүздеген мың тонна қатты және газ күйіндегі әр түрлі заттар: азот тотықтары, алюминий, хлорлы сутек, хлор және т.б.шығарылды. Бір ғана «Шаттлды» ұшыруы 10 млн тоннадан кем емес озонды жояды.
Ракеталардың және ракета тасымалдаушылардың металдан жасалған құрылымдарының жануы нәтижесінде атмосфераның жоғарғы қабатының титанмен, тантал, ниобий, никель, темір, алюминий, бор және басқа да металдармен ластануы жүреді, бұл, қазірдің өзінде ақ табиғидан 3-4 есе жоғары.
Сонымен қатар, органикалық қазба отындарды - көмір, мұнай, мазут, газды жағатын жылу электростанциялары (ЖЭС) да атмосфералық ауаны ластайтын негізгі көздерінің бірі болып табылады. Жыл сайын әлемде шартты түрдегі отынның 10 млрд астам тоннасы жағылады. Көмірдің жануы кезінде ауаға аэрозольдер түрінде қатты бөлшектер: күл, күйе, көмірдің жанбаған ұсақ бөлшектері бөлініп шығады. Олардың мөлшері барлық өнеркәсіптік көздерінен атмосфералық ауаға түсетін аэрозольдердің жалпы мөлшерінің 60% дерлік құрайды. Күлдің құрамында ең жиі қорғасын, мырыш, күшән, ванадий, хром, селен, темір, кальций және кремний, тотықтары, сонымен қатар, радионуклидтер кездеседі. Ауа, аэрозольдерден басқа, отындарды жаққан кезде түзілетін газтәрізді өнімдермен де: күкірт және азот тотықтарымен, иіс және көмірқышқыл газдарымен, көмірсутектермен ластанады. Қатты отындарды жаққан кездегі заттектердің және қатты бөлшектердің ауға шығарылуының жалпы көлемі сұйық отын мен табиғи газды жаққан кездегі шығарылуының көлемінен бірнеше есе жоғары болады. Мысалы, көмір жағатын ЖЭС-те күлдің шығарылуы жылына шамамен 100000-120000 т, ал иіс газ шамамен 15000 т құрайды. Отындарды жағу атмосферадағы оттегінің едәуір шығынына әкеп соғады, себебі отынның әрбір тоннасына оттегінің 1 тоннаға дейінгі мөлшері жұмсалады. Қатты тұрмыстық және ауруханадан шыққан қатты қалдықтарды жағудың қауіптілігін айрықша айтып кету керек, себебі бұл қалдықтардың толық жанбауы салдарынан атмосфералық ауаға күл және газдармен бірге шығарылатын, қауіптілігі өте жоғары ПХДД мен ПХДФ-ң едәуір мөлшерлері түзіледі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарынын, ең әуелі, қара және түсті металлургияның, химия және мұнайхимия өнеркәсіптерінің, құрылыс индустриясының және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің шығарындылары атмосфералық ауаға елеулі әсер етеді. Бұл кәсіпорындардан ауға шығарылатын ластаушы заттардың спектрі автокөліктер мен отындарды жағу кезіндегі бөлінетін ластаушылардың спектрінен едәуір үлкен. Қара металлургия кәсіпорындарында шойынды еріту мен оны болатқа айналдырып өңдеу үрдістері атмосфералық ауаға қатты заттар (атмосфераға түсетін шығарындылар жиынтығының 15,5%), көміртек тотығын (67,5 %), күкірттің қос тотығын (10,8%) және азот тотықтарын (5,4%) шығарумен жүреді. Қайта балқытылған шойынның әрбір тоннасына шаққанда, ауаға 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкірт газ, 0,6-0,1 кг марганец шығарылады. Сонымен қатар, домен пешінен шығатын газдың құрамында атмосфераға аздаған мөлшерде күшән (мышьяк), фосфор, сурме (сурьма), қорғасын, сынап булары, сирек металдар, цианды сутек және шайырлы заттар түседі. Күкіртті газдың едәуір ауға шығарылуы - 1 тонна кенге 190 кг дейін, кенді агломерациялау кезінде байқалады.
Түсті металлургия кәсіпорындары атмосфералық ауаны күкіртті газбен (атмосфераға түсетін шығарындылар жиынтығының 75%), иіс газымен (10,5%), ПХДД және ПХДФ, қорғасын, мырыш, кадмий, күшән, мыс, сынап тотықтарымен ластайды. Алюминий өндірісі; сонымен қатар, ауаға фторлы қосылыстарды, кен шаңдарын және жоғары канцерогенді қасиеті бар полиароматтық көмірсүтектерді (ПАК) - бенз(а)пиренді, бенз(а)антраценді және т.б. бөліп шығарады.
Мұнай шығаратын өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары көмірсутектердің, күкіртті сутектің, күкірттің, азоттың қос тотығының, көміртек тотықтарының жоғары мөлшерлерімен ерекшеленеді. Ал, химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына өндіріс ерекшелігіне байланысты ингредиенттерінің құрамы одан да кең болуы тән. Бұл күкірттің, азоттың, көміртектің тотықтары мен қос тотықтары, альдегидттер, кетондар, спирттер, галоген өнімдері, күкіртті сутек, фосфор, аммиак, олефиндер, мұнай өнімдері, қышқылдар, ПАК, N-нитрозоқосылыстар және т.б. болуы мүмкін.
Атмосфералық ауаны ластайтын қауіпті көздеріне цемент және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің кәсіпорындары да жатады. Целлюлоза өндірісінен ауаға көп мөлшерде күкіртті газ, күкіртсутек, диметилсульфид, хлор және оның қосылыстары, ұшқыш органикалық еріткіштер шығарылады. Бірақ, ең маңыздысы, бұл өндіріс, технологиялық үрдістің әр түрлі кезеңдерінде түзілетін, ПХДД және ПХД-ң 22 изомерлері мен гомологтарының көзі болып табылады.
Құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар көбінесе құрамында асбест, гипс, цемент, кварц бар шаңдарды шығаратын көздер болып табылады. Бұдан басқа, шығарындылардың құрамында көміртек тотығы (атмосфераға түсетін шығарындылар жиынтығының 23,3%), фтор, қорғасын, күшән, сынап қосылыстары да бар.
Атмосфералық ауаның қарқынды ластануы тұрғындардың денсаулығына тікелей де және оның тіршілік ортасына басқа орта арқылы да қолайсыз әсер етеді.
Ластаушылардың адам ағзасына атмосфера арқылы түсуі негізгі түсетін жолы болып табылады, себебі тыныс алу - үзіліссіз үрдіс, осыған байланысты тәулік ішінде өкпе арқылы ауаның өте үлкен, 10-12 м3 дейінгі, көлемі өтіп отырады. Альвеолалар бетінің үлкен ауданы ауаның ғана емес, сонымен бірге, оның құрамындағы ластаушылардың да еш кедіргісіз қанга тез өтуіне жағдай жасайды. Осы жолмен түскен ластаушылардың қолайсыз әсерлері, басқа жолдармен түсуіне қарағанда, тез және айқын білінеді, себебі зиянды заттар улануды жоятын табиғи тосқауыл бауыр арқылы өтпей, қанмен бүкіл ағзаға тарайды.
Атмосфераны ластаушылар адам ағзасына жедел және созылмалы әсер етуі мүмкін. Жедел әсері ластаушылардың бір рет өте жоғары концентрациясында әсер етуі кезінде байқалады, ал созылмалы әсері ұзақ уақыт, бірақ аз концентрацияларында, әсер еткенде білінеді. Ауа массаларының табиғи қозғалу және араласу үрдістері әдетте ластаушылардың көп жиналуына кедергі жасайды, сондықтан олардың жедел әсер ететін үлкен концентрациялары тек белгілі бір жағдайларда орын алады: өздігінен тазаруына қолайсыз ауа райы кезінде, нашар желдетілетін жерлерде, ластаушы шығарындылар атмосфераға өте көп мөлшерде түскенде, авария жағдайларында және т.б.
Атмосфераны ластауышалардың жедел әсерінің классикалық мысалына адам ағзасына улы әсер ететін тұмандардың смогтардың (смог - түтінмен араласқан тұман) әсерін жатқызуға болады. Тұмандардың 2 түрін ажыратады: бұлтты, тұманды және желсіз ауа райы кезінде пайда болатын, лондондық типті (қысқы) және ашық ауа райы кезінде болатын лос-анджелестік типті тұмандарды. Олар өзінің атын 20 ғасырдың ортасында тұмандардың жоятын әсері ерекше байқалған қалалардың аталуы бойынша алған. Лондондық типті тұмандар 1930 жылының өзінде ақ Бельгияда, Маас өзенінің алқабында, ал 1931 жылы Англияда Манчестер мен Солфорд аудандарында, 1948 жылы АҚШ Донор қаласында байқалған. Олар тұрғындардың жаппай ауруларына әкеліп, ондаған, жүздеген адамдардың өмірін алып кетті. Ал ең қайғылы жағдайды тудырған тұман, 1952 жылы Лондонда желтоқсан айында, Темза өзенінің алқабында болды, ол 2 аптаның ішінде 4 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Тығыз тұман болды, көз көрерлік қашықтығы 10 м аспады. Ауа, отынды жағу нәтижесінде түзілген өнімдермен - жанатын газдармен, күлмен, күйемен қанықты. Бірнеше күн бойына абсолюттік штиль (желсіз, тымық) тұрды. Лондондық типті тұманның негізгі әсер ететін құрам бөлігі күкіртті газ болып табылды, ол ауа ылғалымен өзара әрекеттесіп, улылығы одан да жоғары күкірт қышқылының түзілуіне әкеп соқты. Зардап шеккен адамдарда көздерінің ашуы мен жас ағуы, кеуде торының ауыру сезімі, қатты жөтел, тыныс алудың қиындауы, тұншығу ұстамаларымен жүретін, көздің және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарының айқын тітіркенуі байқалды. Әсіресе, бронх демікпесі мен тыныс мүшелерінің созылмалы қабыну ауруларымен және жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларымен ауратын науқастар, балалар мен қарт адамдар тұманға сезімтал болып шықты.
Тұманның дамуында температуралық инверсия ерекше рөл атқарды. соның салдарынан ауаның қалыпты айналымы бұзылып, барлық улы шығарындылар, жоғары көтеріле алмай, тікелей жердің үстінде жиналды. Температуралық инверсия қыс уақытында, қатты аяз кезінде ғана емес, сонымен бірге, ауаның температурасы жоғарылау болған кезде де байқалады. Ол түнде жер салқындағандықтан (түнгі инверсия) және тау алқаптарындағы таудан соққан суық ауа алқаптағы ауаның жылы қабаттарының астына ығысуы нәтижесінде пайда болады.
Лос-Анджелесс типті, фотохимиялық деп аталатын, тұман алғаш рет АҚШ кейбір қалаларында 20 ғасырдың 40-ншы жылдарында байқала бастады. Ең қиын жағдай Тынық мұхиты жағалауында орналасқан, желдетілмейтін, шығыс пен солтүстіктен таулармен жабылған, Лос-Анджелесте пайда болды. Жағалаудан соққан жел ауаны тауға апарады, сол жерде ауа ұзақ уақыт тоқтап қалады. Ауаның ұзақ уақыт тоқтап қалуына жылына 260 күн болатын температуралық инверсия да әсерін тигізеді. Осы жағдайлар және сонымен қатар, ауаның өнеркәсіп кәсіпорындарының және автокөліктердің шығарындыларымен қатты ластануы, өте күшті және жиі фотохимиялық тұмандардың пайда болуына себеп болды. Мұндай тұмандардың бірінің ұзақтығы 60 күннен астам болды және Лос-Анджелесті фотохимиялық тұмандардың отаны деп атауға мәжбүр етті.
Фотохимиялық тұмандардың негізгі құрам бөліктері азот және көміртек тотықтары мен қос тотықтары, көмірсутектер, фенолдар және т.б., сонымен қатар, күн радиациясының әсерінен фотохимиялық реакциялар нәтижесінде түзілген, фотооксиданттар деп аталатын, қосылыстар болып табылады. Ультракүлгін сәулелері азоттың қос тотығымен өзара әсерлесіп, оның ыдырауына және соның нәтижесінде азот тотығы мен атомарлы оттегінің түзілуіне әкеледі. Атомарлы оттегі молекулярлы оттегімен қосылып, негізгі фотооксиданттардың бірін озонды түзеді, ол ауадағы көмірсутектерді және басқа да органикалық ластаушыларды тотықтырып, басқа да фотооксиданттардың: пероксиацетилнитрат, пероксибензолнитрат, бос радикалдар, альдегидтер, кетондар және т.б. түзілуіне әкеп соғатын, тізбектік химиялық реакцияларға бастама береді.
Фотооксиданттар көздің және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарына айқын тітіркендіргіш әсер етеді, тұншығу ұстамаларына, бронх демікпесі дамуына және бронхөкпелік аппараттың қабыну-дистрофиялық зақымдануына әкеп соғады. Уланудан болған эффектілерінің де білінуі, сонымен қатар, тыныс мүшелірінің және басқа мүшелер мен жүйелердің созылмалы ауруларының қозуы байқалуы мүмкін. Фотохимиялық тұмандар кезіндегі озонның концентрациясы ауаның тазалығын емес, керісінше, оның ластану дәрежесін сипаттайды. Оның концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тұман айқын және ұзақ болады.
Ластаушылардың жедел және өте қауіпті әсері әр түрлі кәсіпорындарда техногенді авариялар болған уақытта байқалады. Мысал ретінде, 1984 жылы Бхопал қаласында (Үндістан) пестицидтер өндіретін фабрикада 30 т фосген мен метилизоцианат қоспаларының қоршаған ортаға шығып кетуінен болған ірі масштабты апатты келтіруге болады. 3 мыңдай адам өлді, 20 мыңға жуық адам соқыр болып қалды, 200 мыңында бас миының ауыр органикалық зақымдануы дамыды, ал катастрофадан кейін туылған балаларда әр түрлі кемтарлықтар байқалды.
Атмосфераны ластаушылардың адам ағзасына созылмалы әсері, жедел әсеріне қарағанда, жиі кездеседі, себебі, созылмалы әсері, жедел әсері білінетін экстремалды жағдайларда емес, ауаның ластану деңгейі өте жоғары мөлшерге жетпейтін жағдайларда жүреді. Алайда, тіпті қарқындылығы аз, бірақ, рұқсат етілген деңгейінен асатын әсері, белгілі бір уақыттан кейін спецификалық және бейспецификалық эффектілерінің дамуына әкеп соғады.
Спецификалық әсері әрбір ластаушының түріне тән симптомдардың кешендері дамуымен байқалады. Бейспецификалық әсеріне жалпы аурушаңдылықтың өсуін, ағзаның сенсибилизациясын, балалардың дамуы мен өсу көрсеткіштерінің төмендеуін, қоршаған ортаның түрлі факторларына ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуін жатқызады. Ауа ортасын негізгі ластаушылардың (поллютанттар) бірі қазіргі уақытта күкірт, көміртек, азот тотықтары, қорғасын, сынап, кадмий, галогенді қосылыстар және ПАК болып табылады. Олардың ішінде атмосфераға тусетін шығарындылардың көлемі бойынша (жылына 6000 млн/т) көмірқышқыл газы бірінші орын алады. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүретін заттардың қатарына жатады, бірақ, ауада болатын концентрациясында оның химиялық агрессивтілігі мен ағзаға әсері үлкен емес. Алайда, ол атмосферадағы СО2 мен басқа да парниктік газдардың концентрацияларының біртіндеп жоғарылауына байланысты парниктік эффектінің дамуында негізгі рөл атқарады. Иіс газының шығарылу көлемі едәуір көп, оның, көмірқышқыл газына қарағанда, агрессивтілігі жоғарылау, бірақ, тұрақты емес, көмірқышқыл газына және басқа қосылыстарға тез айналады. Сонымен бірге, автомагистральдар аймағында, металлургиялық кәсіпорындар маңайында, ЖЭС, қазандықтар және т.б. аумақтарда жиі байқалатын концентрациясы жоғары көміртек тотығының ұзақ уақыт әсер етуі, астениялық құбылыстардың, вегетативті-тамырлық дисфункциялардың дамуына, ұйқының бұзылуына, жүрек қыспасының жиілеуіне, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауыру сезімінің пайда болуына әкеп соғады. Бұл эффектілері, көміртек тотығы, карбоксигемоглобин түзіп, оксигемоглобинді байланыстыруы салдарынан пайда болатын гипоксиямен де, және көміртек тотығының жалпы уланыдыратын әсерімен де байланысты.
Жылуэнергетикалық кәсіпорындары, автокөлік және технологиялық үрдісінде отынды жағу үрдістері жүргізілетін әр түрлі өнеркәсіп кәсіпорындары көміртек тотығы мен көміртек қос тотығының негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Осы көздерден де атмосфералық ауаға күкірттің қос тотығы шығарылады, шығарылу көлемі (жылына 150-200 млн/т) бойынша ол басқа ластаушылардың ішінде негізгі орындардың бірін алады. Сонымен қатар, күкірт газының көп мөлшері ауаға күкіртті кендерді қайта өңдегенде және мыс пен никельді балқытқанда түседі. Жоғары химиялық агрессивтілігімен едәуір тұрақтылығы және атмосфераға елеулі көлемде шығарылуы, оның адам ағзасына да, және биота мен ортаның басқа элементтеріне де әсерінің қауіптілігін анықтайды. Сол себептен оны әлемдік ластаушы немесе № 1 ластаушы зат деп айтады. Жоғарыда айтылғандай, күкіртті газ лондондық типті тұмандардың негізгі әсер ететін бастамасы болып табылады, жедел әсер еткенде ол жаппай улануды тудыру мүмкін. Күкірттің қос тотығы (ШРЕК -0,05 мг/м3) ұзақ уақыт әсер еткен кезде, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарында атрофиялық үрдістер, риниттер, бронхиттер, коньюктивиттердің дамуына және тіс эмальдарының бұзылуына әкеледі. Күкіртті газдың концентрациясының жоғарылауы респираторлық аурулардың, бронх демікпесінің, созылмалы бронхиттердің қозуының жиілеуіне және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастардың жағдайының нашарлауына әкеп соғады.
Күкіртті газдың басқа тірі ағзалардың - өсімдіктердің, ормандардың, гидробионттардың жойылуында да рөлі аз емес. Оның әсері тікелей де, сонымен бірге, қышқылды жаңбырлардың пайда болуына қатысуымен де жүреді. Күкірттің қос тотығының қышқыл жауындардың пайда болуына қосатын үлесі шамамен 70% құрайтыны көрсетілген.
Автокөліктердің пайдаланылған жанармай газдарының және өнеркәсіп кәсіпорындарынын, ЖЭС, әр түрлі от жағылатын қондырғылардың шығарындыларының құрамында көміртек және күкірт тотықтарымен бірге тұрақты түрде, NO, NO2, N2O қоспасы түрінде азот тотықтары кездеседі. Олар ауадағы су буларымен жеңіл қосылып, азотты және азот қышқылдарына айналады. Сонымен бірге, азоттың шала тотығы, топырақта және суда жүретін денитрификация үрдістерінде, органикалық қалдықтардың және адам топыраққа енгізген құрамында азот бар тыңайтқыштардың ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Ал, азоттың қос тотығы негізінен техногенді болады. Атмосфераға азот тотықтарының түсуі жыл сайын өсіп келеді. Соңғы жылдарда олардың атмосфераға шығарылу деңгейі, негізінен автокөлік есебінен, 30-40% жоғарылады. Ірі қалаларда азот тотықтарының ауаға түсетін шығарындылардың көлеміне автокөліктің қосатын үлесі өте үлкен болғандықтан, ауадағы азот қос тотығының концентрациясы орташа тәуліктік ШРЕК-тен 2-3 есе артық болады. Азот тотықтары күшті тотықтырғыш болып табылады, сондықтан, олар тыныс жолдарының шырышты қабықтарына және өкпе тініне тікелей әсер етіп, ринит, фарингит, бронхит, пневмосклероз, өкпе эмфиземасының дамуына әкеп соғады.
Азот тотықтарының үлкен концентрациялары уланудан болатын өкпенің сулы ісігін тудыруы мүмкін. Уландыратын әсері, сонымен қатар, миокардиттер, гастриттер, гепатиттердің дамуымен білінеді. Метгемоглобин түзетін әсерінің нәтижесінде гипоксия дамуы мүмкін. Азот тотықтары, сондай-ақ, фотохимиялық тұмандардың негізгі құрам бөліктерінің бірі болып табылады, олар және улылығы өте жоғары фотооксиданттар түзілу үрдістерінің басталуына қозғаушы болады, ал азот қышқылы түрінде жоғары агрессивті қышқылды жаңбырлардың түзілуіне қатысады. Атмосфераның ластануына және қолайсыз эффектілерінің дамуына басқа да газ түріндегі қоспалар (метан, фреондар, күкіртсутек, күкірттегі) өз үлесін қосады.
Ауаны ластайтын заттардың арасында тұрғындардың денсаулығына айқын әсер ететін жетекші орындарының бірін қорғасын алады. Оның көздері автокөлік, түсті металлургия, машина жасау, аккумулятор жасайтын, құрамында қорғасын бар бояулар өндіретін кәсіпорындар.
Ірі қалалардың көбінде байқалатын ауаның қорғасынмен жоғары деңгейде ластануы жағдайында тұрғындарда қорғасыннан созылмалы уланудың әр түрлі белгілері анықталуы мүмкін. Мысалы, гипохромды анемияның, астено-вегетативтік бұзылыстардың дамуы, балалардың ой өрісінің, мінез-құлық реакцияларының және оқуға қабілеттілігінің төмендеуі, бауыр мен бүйректің, асқазан-ішек жолдарының уланудан зақымданулары, жүктілік және босану барысының бұзылулары байқалады. Гипертония ауруының және миокард инфарктарының, энцефало- және полинейропатиялардың даму қаупі едәуір жоғарылайды. Ауадағы қорғасынның жоғары концентрациясы, оның ана сүті мен сүйектерде жиналуына әкеп соғады. Қазіргі адамдардың сүйегінің құрамындағы қорғасынның мөлшері, бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген адамдарға қарағанда, 700-1200 есе жоғары екендігі көрсетілген. Сүйектердегі қорғасынның қоры улануды үзбей жалғастырып отыратын фактор болып табылады және бұдан басқа, ол сүйектерде қорғасынның өзіне тән өзгерістері дамуына ықпал етеді. Қорғасынның ана сүтімен шығарылуы рұқсат етілген деңгейден ондаған есе жоғары болуы мүмкін, бұл емшектегі балалардың психомоторлық дамуының тежелуіне және басқа да уланудан болатын көріністердің дамуына әкеп соғады.
Басқа, қауіптілігі қорғасыннан кем емес, жаһандық таралу алған, атмосфералық ауаны ластайтын заттарға сынап пен кадмий жатады. Олар ауаға түсті металлургия кәсіпорындарының, коксохимиялық, химиялық және аспап жасайтын зауыттарының шығарындыларымен түседі. Мысалы, тек 1 тонна мысты қорытқан кезде, ауаға 80 кг дейін сынап шығарылады.
Бұл жағдайда сынаптың концентрациясы селитебті аймақтың ауасында максималды бір реттік ШРЕК-тен 2-40 есе және одан да артық асуы мүмкін. Сынап орталық, шеткі жүйке және жүрек қан тамыр жүйелерін, асқазан ішек жолдарын, бүйректі зақымдайтын улы зат болып табылады. Атмосфералық ауамен сынаптың аз мөлшерде ұзақ уақыт ағзаға түсіп отыруы, микромеркуриализмнің (меркуриализм - сынаптан улану) дамуына әкелу мүмкін. Микромеркуриализм неврастения синдромы, вегетативтік - қан тамырлары дисфункциясы, миокардиодистрофия, ишемия кұбылыстары, артериялық қан қысымының жоғарылауы, жүйке-психикалық бұзылыстар, саусақтардың треморы, қызыл иекте сынаптын әсерінен пайда болған жиек, гингивиттер, стоматиттер түрінде және өздігінен болатын түсіктер жиілігін көбеюі және басқалар түрінде байкалады.
Улылығы өте қауіпті токсиканттарға кадмий жатады. Атмосфералық ауаның және басқа да қоршаған орта нысандарының кадмиймен жоғары деңгейде ластануы әлемнің көптеген елдерінде байқалған. Кадмий айқын уландыратын әсерін бүйрекке тигізеді, бұл әсері; сонымен қатар, қатерлі артериялық гипертония мен остеомаляцияның дамуына әкеп соғады. Тұрғындардағы протеинурия жиілігінің соңғы жылдарда жоғарылауы кадмийдің әсерімен байланысты деп есептейді. Бүйрек эпителийінің некрозы нәтижесінде бүйректегі реабсорбция үрдістерінің бұзылуы сүйектердің сынғыштығының жоғарылауына және олардың сынуына ықпал етеді. Сонымен қатар, кадмийдің канцерогендік қасиеттері де бар.
Суперэкотоксиканттарға, ең уытты заттардың бірі болып табылатын және канцерогенді әсері өте жоғары, ПХДД жатады. Диоксиндердің жартылай ыдырау кезеңі 5-7 жылды құрайды, олар органикалық фазаға тез өтіп, ағзадағы зат тасымалдану үрдістеріне қосылады. Олардың негізгі көздері - гербицидтер өндірісі, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, отынды жағу үрдістері, соның ішінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, әр түрлі химиялық өндірістер. Диоксиндердің халыққа қарқынды әсерінің салдары туралы алғашқы мәліметтер өткен жүзжылдықтың 60-ншы жылдарында жарияланды. Бұл жағдай Вьетнамда АҚШ соғыс кезінде болған. Америка әскерлері, өсімдіктерді жойып, вьетнамдықтардың жүріп отырған жолдарын білу үшін, өсімдіктерді жоятын дефолиант гербицидтерді қолданған. Бұл гербицидтерде диоксиндердің қоспалары бар екендігі анықталды. Олар туа біткен кемістіктерімен (қолсыз, аяқсыз туылуы) туылатын балалар санының күрт жоғарылауына, өздігінен болатын түсік жиілігінің көбеюіне, бедеуліктін және қөптеген мүшелерде қатерлі ісіктердің дамуына себеп болды. Көптеген мүшелер мен жүйелердің: орталық жүйке, жүрек қан тамырлары, зәр шығару, тыныс алу, эндокриндік жүйелерінің және жыныс бездерінің зақымдануы байқалды. Ондаған жылдар бойы жойылмайтын терідегі безеу тәріздес бөртпелердің (хлоракне) пайда болуы да диоксиндердің әсеріне тән белгі болды.
Диоксиндердің әр түрлі көздерден сыртқа түсетін шығарындылардың құрамында болуы мүмкін екендігі анықталғанда, олардың әсер ету мүмкіндігінің қауіпі 20 ғасырдың 70-нші жылдарының өзінде ақ, жалпы планетарлық масштабқа жетті. Тұрғындардың денсаулығына ортаның диоксиндермен ластануының теріс салдарға ұшырататын әсері, олардың тек жоғары қауіптілігі мен улылығына байланысты емес екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, диоксиндер ағзадағы ксенобиотиктердің детоксикациялау үрдістерін бұзып, оның ксенобиотиктердің әсеріне сезімталдылығын күрт жоғарылататындығы, сондай-ақ, диоксиндер көптеген улы қосылыстардың синергистері мен активаторлары болып табылатындығы анықталды.
Ауаның ластануы бронх-өкпе жүйесінің обырмен және дененің басқа жерлеріндегі қатерлі ісіктерімен аурушаңдылығының жоғарылауына әкеп соғатын ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ауаның құрамында бенз(а)пирен, ПХДД, ПХДФ, бензол, асбест, N-нитрозоқосылыстар, радионуклидтер және т.б. сияқты канцерогендер үнемі кездесетін, ірі қалалардың тұрғындарының ішінде өкпенің қатерлі ісігінің даму мүмкіндігі, кіші-гірім елді мекендердің тұрғындарына қарағанда, 20-30% жоғары болады.
Ауаның ластаушы қатты бөлшектердің күрделі қоспасының тұрақты компоненті - шаң болып табылады. Шаңның адам ағзасына әсері оның құрамымен анықталады, ол осы аумақтағы табиғи немесе антропогенді шаң түзуші көздердің болуына байланысты. Көбінесе шаңның құрам бөліктері отынның жануы кезінде түзілетін ұшқыш күл, күйе, түрлі металдар мен олардың тотықтары, силикаттар, кремнийдің қос тотығы, әр түрлі органикалық аэрозольдер, т.б. болып табылады.
Өте шаңданған ауамен тыныс алу, тұрғындарда жоғарғы тыныс алу жүйелерінің әр түрлі қабыну-дистрофиялық аурулардың, бронхиттер, бронх демікпе, өкпенің қатерлі ісігі, әр түрлі аллергиялық реакциялардың дамуының қауіп-қатер факторы болып табылады. Мысалы, асбестпен кәсіби қатынаста болмаған, бірақ құрамында асбесті бар ауамен тыныс алған адамдарда, өкпенің қатерлі ісігі, өкпе қабының мезотелиомасы дамуы мүмкін. Ауа жоғары деңгейде күлмен ластанғанда, өкпеде силикоз алдындағы өзгерістер байқалады. Сонымен қатар, ауаның шаңдылығы күн радиациясының ультракүлгін бөлігінің сіңірілуіне, жалпы жарықтығының төмендеуіне және тұмандардың пайда болуына әкеледі.Ауасы өте жоғары деңгейде шаңмен ластанған қалада тұратын әрбір адам, орта есеппен алғанда, 4 жылға жуық өмірін жоғалтатыны анықталды.
Қазақстанның көптеген өнеркәсіп орталықтары мен ірі қалаларының ауасы шаңмен, күкірт және азоттың қос тотықтарымен, көміртегі тотығымен, бенз-а-пирен, қорғасын, формальдегид, фенол, көмірсутектермен жоғары деңгейде ластануымен ерекшеленеді.
Ластану деңгейі бойынша бірінші орынды Алматы қаласы алады, мұнда 5 зат бойынша есептелген ластанудың кешенді индексі (АЛИ5) 12,1 құрайды, ал ауада, ең жоғары концентрациялары ШРЕК тен 1,5-13,6 есе жоғары болатын, араласқан қатты бөлшектер, көміртегі тотығы, азоттың қос тотығы, фенол, формальдегид кездеседі. Алматыда ауаны ластайтын негізгі көздер автокөлік және жылу электростанциялары болып табылады.
Көмір шығаратын өнеркәсіптерден, жылу энергетика, қара металлургия кәсіпорындарынан және автокөліктерден шыққан шығарындылардан ауаның ластануының жоғары деңгейі (АЛИ5- 10,7) Қарағанды қаласына тән. Шымкент, Темиртау; Ақтөбе және Өскемен қалаларының ауа ортасы да едәуір ластанған. Шымкентте түсті металлургия мен мұнайхимиялық өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істеуде, Теміртау мен Өскемен қалаларында Қазақстанның түсті металлургиясының негізгі кәсіпорындары, ал Ақтөбеде қара металлургия мен хром қосылыстарының кәсіпорындары шоғырланған.
Атмосфераның жаһандық техногенді ластануы жалпы планетарлық масштабтағы қауіпті зардаптарға әкеп соқты. Ол тек адам өмірі мен оның денсаулығына ғана емес, сонымен бірге, бүкіл биосфераның тіршілік етуіне де қауіпті болып табылады. Оларға парниктік эффект, қышқылды жаңбырлар, озон ойықтары жатады.
Парниктік эффект деп, 30 ға жуық парниктік газдардың: СО 2 , метан, азот тотықтары, фреондардың және т.б. жиналуы нәтіжесінде Жердегі температураның көтерілуін айтады. Табиғи жағдайда Жер күн радиациясының әсерінен қызып, ұзын толқынды радиация түрінде жылу бөледі, бұл жылуды су булары және көмір қышқыл газы жақсы сіңіріп алады, сол себептен жер бетінен жылудың берілуіне және оның едәуір салқындауына кедергі жасайды.
Парниктік газдар атмосферада жиналғанда, жылу сақталуының қарқындылығы едәуір жоғарылайды, нәтижесінде атмосфералық ауаның температурасы өседі. Негізгі парниктік газ көміртек қос тотығы болып табылады, оның парниктік әсерге қосатын үлесі 50 ден 65% дейін құрайды. Басқа парниктік газдардың үлесі аздау: метанның - 20% жуығы, азот тотықтарының - 3-5%, фреондардың - 8%, басқа газдардың 5 - 10%.
Қазіргі кезде ауада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылау жылдамдығы жылына 0,3-0,5% құрайды. Бұған көмірқышқыл газының техногенді көздерден түсуі ғана емес, сонымен бірге, оны өсімдіктердің ассимиляциялауының төмендеуі, және ең алдымен, «планетаның өкпесі» деп саналатын, тропикалық ормандардың жойылуы мен деградацияға ұшырауы да себеп болып отыр. Сонымен қатар, атмосфераның метандану үрдістері де жоғарылауда. Оның себептерінің бірі, Арктика мен Антарктидадағы мұз қалқандарының жеңілденуі (мұздықтардың шегінуі) болып табылады, бұл, арктикалық және антарктикалық шельфтердің материктермен біріккен жерлерінде орналасқан, негізгі газогидраттар қорынан метанның босап шығуына әкеледі. Техногенді метанның ауаға түсуі де едәуір жоғарылайды, ол атмосфераға түсетін метанның жалпы мөлшерінің 25 % құрайды.
Соңғы жүзжылдықта Жердегі жылдық орташа температура 0,3-0,6º С жоғарылады. Болжам бойынша, парниктік газдардың жиналуы қазіргі деңгейде сақталатын болса, 2100 жылға қарай жер бетіндегі температура 3,5ºF-қа жоғарылайды. Бұл, полюстардағы мұздардың қарқынды еруіне, Әлемдік мұхит деңгейінің 2 м-ге жоғарылауына, құнарлы жерлерді су алуына, табиғи аймақтар шектерінің ауысуына, штормдар мен дауылдардың санының көбеюіне, климаттық жағдайлардың өзгеруіне, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуына, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың жоғарылауына, тамақ өнімдерінің күрт азаюына және т. б. әкеп соғады
Ғалымдардың пікірінше, парниктік эффектінің соңғы салдарын тек жаһандық ядролық соғыспен салыстыруға болады. Сонымен қатар, парниктік эффектінің пайда болуына кедергі жасайтын үрдістер де жүріп отырады. Мысалы, бір жағынан, артық СО 2 сіңіріп отыратын, әлемдік мұхит және фотосинтез әлі де күшті буферлік жүйе болып отыр. Екінші жағынан, жер бетіне түсіп отырған күн радиациясы, өнеркәсіп көздерінен, эрозияға ұшыраған топырақтың үлкен алаңдарынан және вулкандардың атқылауының күшейуі салдарынан атмосфераға түсетін шаңнан шағылысуы нәтижесінде, азайып, жылыну үрдістерінің тежелуіне әкеледі.
Дегенмен, болжамдардың маңыздылығы мен көзге көрініп отырған климаттың жаһандық өзгеруі, 1998 жылы Киото қаласында әлемнің 160 елінің өкілдерінің өзара келісімге қол қоюына негіз болды. Бұл келісім бойынша, әрбір қатысып отырған ел үшін, атмосфералық ауаға түсетін парниктік газдардың шығарындыларына шектеу орнату бекітілді.
Атмосфераға түскен химиялық ластаушылардың шығарындылары да «озон тесіктерінің» пайда болуының негізігі себептерінің бірі болды. «Озон тесіктері», стратосфераның озон қабатында озон концентрациясының едәуір төмендеуі байқалатын, кеңістік аралығы болып табылады.
Ең үлкен «озон тесігі» Антарктида үстінде орналасқан. Оның ауданы континент шегінен шыққан және мөлшері бойынша АҚШ ауданынан асады, ал озон қабатының қалындығы 40% азайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, егер, Антарктидада ел қоныстанған болса, онда, әлем бүтіндей континент елінің жойылуына тап болар еді. Мөлшері кіші «озон тесігі» Арктика үстінде байқалып отыр. Оның ауданы (10 млн км 2). «Озон тесіктері» Жердің басқа да аймақтарының үстінде байқалып отыр және олардың орны үнемі өзгеріп отырады («кезбе тесіктер»). Мұндай «тесіктердің» ауданы 10 нан - 100 мың км 2 дейін аутқиды, ал озонның мөлшері қалыпты деңгейден 20-40% дейін төмендейді.
Озон қабатының сарқылуы адам және басқа тірі ағзалар үшін де өте қауіпті, себебі, әдетте озон қабатында ұсталып қалатын, энергиясы жоғары, күннің қысқа толқынды ультра күлгін және рентген сәулелері, бұл жағдайда озон тесіктері арқылы өтіп кетеді.
Осы сәулелердің айқын фотохимиялық, мутагенді және канцерогенді әсері салдарынан тұрғындардың арасында қатерлі ісіктер, катаракта, тері аурулары, иммундық зақымданулар, әр түрлі ақаулары бар ұрпақтардың туылу санының жоғарылауы, репродуктивтік қызметтің төмендеуі және т.б. міндетті түрде байқалады. Барлық экожүйелердің тіршілік барысында да аса күрделі зардаптар байқалатын болады.
Ультракүлгін сәулелері фотосинтез және ферментативті реакцияларды, көбею мен даму үрдістерін баяулатады, осыған байланысты, мұхит суларында фитопланктонның, балықтардың, жоғары сатыдағы өсімдіктер және жануарлар өнімділігінің төмендеуі, олардың арасында патологияның жоғарылауына, ең сезімтал түрлердің жойылуына, сонымен қатар, флора мен фаунаның генофондысының өзгеруі болжамдалады. Топырақтағы бактерияларды жоятын әсері салдарынан, топырақтың құнарлылығы мен ондағы өздігінен тазару үрдістерінің тиімділігі төмендейді.
Қазіргі көзқарастар бойынша, озонның азайуында жетекші рөлді техногенді ластаушылар: фреондар (хлорфторкөмірсутектер), төрт хлорлы көміртек, метилхлороформ, азот тотықтары, әр түрлі аэрозольдер және т.б. атқарады. Фреондар пластмасса өндірісінде, электрондық өнеркәсіпте және аэрозольді баллондарда, мұздатқыш қондырғыларында кеңінен қолданылады. Озон қабатына жетіп, фреондар ультракүлгін сәулесінің әсерінен Cl атомын босатады, бұл, бірнеше секунд ішінде озонмен әсерлесіп, оны ыдыратады:
Cl+O3=ClO+O2
Хлордың бір атомы озонның 100000-ға жуық молекуласын ыдыратады. Хлорфторкөмірсутектерге қарағанда, бромдалған фторкөмірсутектер озонды одан да жоғары деңгейде ыдыратады. Фреондар ыдырауға ұшырамай, 70-100 жылға дейін атмосферада болуға қабілетті, сондықтан егер, атмосфераға олардың шығарылуын тоқтатпаса, онда озонның бұзылуы үрдісін тоқтату қиынға соғады.
Озон қабатының жұқаруы басқа да техногенді себептерге: стратосферада жылдамдығы дыбыстын жылдамдығынан асатын ұшақтардың ұшуына, ғарыштық ракеталардың ұшырылуына, «Шатл» типті авиа ғарыштық жүйенің жіберілуіне және атмосферадағы ядролық жарылыстарға байланысты, себебі бұлардың іске асырылуы уақытында озонды жоятын отынның толық жанбаған өнімдері - азот тотықтары мен кейбір көмірсутектердің бөлінуі жүреді. Сонымен бірге, озонның өнеркәсіптік шығарындылармен, жанар таулардың атқылауы кезінде, ғарыштық шаң түрінде стратосфераға түсетін аэрозольдермен әсерлесу салдарынан да ыдырауы мүмкін екендігі көрсетілген.
Индустриалық өркендеудің тағы да бір туындысы қышқылды жаңбырлар болып табылды. Олардың түзілуіне атмосфераға әр түрлі техногенді көздерден түсетін шығарындалырдың негізінен екі құрам бөлігі: күкірт тотықтары мен азот тотықтары қатысады. Су буларымен өзара әсерлесу нәтижесінде, олар күкірт және азот қышқылына айналып, жауындармен суаттарға, топыраққа, өсімдіктерге және қоршаған ортаның басқа да нысандарына түседі. Табиғи жауын суының реакциясы әлсіз қышқыл (pH=6), ал қышқылды жаңбырлардың рН 2-4 құрайды. Бұндай жауындардағы қышқылдың мөлшері сірке қышқылындағыдан да жоғары болуы сирек емес. Қышқылды жауындар қоршаған ортаның бәріне де зиянды әсер етеді. Олардың әсерінен пайда болған суат сулапрының аз мөлшерде қышқылдануының өзі (рН-5-5,6) балық уылдырықтары мен жас шабақтардың, фито- және зоопланктондардың, балдырлардың, ұлулардың жойылуына, ал, рН 4,5-тен аз болған жағдайда балықтардың репродуктивтік үрдістерінің тоқтатылуына және олардың өлуіне әкеп соғады, нәтижесінде су қоймалары қаңырап бос қалады. Мысалы, Швецияда 2200 көл мүлде тіршіліксіз, ал 14 мың көлдерден гидробионттардың ең сезімтал түрлері жоқ болып кетті. Осындай жағдайлар АҚШ, Канада, Норвегия және басқа да скандинавия елдерде байқалады.
Қышқылды жауындар топыраққа әсер етіп, алюминий, ауыр метал (кадмий, қорғасын, сынап және т.б.) қосылыстарының ерігіштігін жоғарылатады, сөйтіп, осы қосылыстардың әсерінен өсімдіктердің тамыр жүйесінің зақымдалуына, инфекциялардың енуіне, фотосинтез үрдістерінің төмендеуіне ықпал етеді. Топырақтың қышқылдануы кезінде азот фиксациялаушы бактериялардың, редуценттер және басқа да топырақта тіршілік ететіндердің белсенділігі төмендейді, нәтижесінде, органиканың ыдырау үрдісі қиындайды, байланысқан азоттың өсімдіктерге өтуі шектеледі және топырақтың құнарлылығы төмендейді.
Қышқылды жауындар фитоценоздардың өнімділігін төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге, көп жағдайда олардың жаппай қырылуына да себеп болады.
Қышқылды жауындар ормандарға, әсіресе, қылқан жапырақты ормандарға үлкен зиянын тигізеді . Олардың әсерінен жапырақтардың және қылқандарының некрозы, олардың түсуі және ағаштардың кебуі жүреді. Жердегі қышқылды жауындардан деградацияға ұшыраған ормандардың аумағы қазіргі уақытта шамамен 31 млн га құрайды. Ормандардың жойылуы су тасқындарының, селдер, су эрозиялары, шаңды құйындардың және шөл далаға айналулардың күшейуіне әкеледі.
Қышқылды жауындардың теріс әсерлері металдан жасалған құрылыстар мен техникалардың коррозияға ұшырауының күшеюі және сәулеттік ескерткіштердің және т.б. бұзылулары түрінде байқалады.
Адам ағзасына тек химиялық қана емес, сонымен қатар, биологиялық ластаушылар да әсер етеді. Ауа ортасының құрамында биологиялық нысандардың өте көптеген түрлері: бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтардың споралары, қарапайымдалардың цисталары, кенелер және т.б. бар. Алайда, ауа ортасының өзіне тән микрофлораны бөліп көрсету мүмкін емес, себебі, микроағзалардың өсіп-өнуі үшін ауа қолайлы орта болып табылмайды. Сонымен бірге, биологиялық агенттер, тіпті кепкен күйінде де өмірсүруге қаблеттілігін ұзақ уақыт сақтап қала алады. Ауа көптеген инфекциялардың: туберкулез, дифтерия, қызылша, көкжөтел, скарлатина, тұмау, сібір жарасы, туляремия, обаның және басқалардың негізгі берілетін жолы болып табылады. Ауа массасының үнемі айналымда болуы биологиялық аэрозольдердың едәір қашықтыққа таралуына ықпал етеді, бұл эпидемия дамуы қауіпін туғызады. Соңғы жылдары «қолдан жасалған» немесе қоздырғыштардың табиғи жолмен мутациялануымен (құс, доңыз тұмауы) байланысты инфекцияларды жұқтыру қаупі шұғыл өсті.
Ауаны ластайтын негізгі көзі топырақ болып табылады, бірақ қазіргі уақытта едәуір өскен халықтың кші-қон үрдістері, сонымен қатар, эпидемиялық тұрғыдан қауіпті қалдықтардың көздері болып табылатын (ауруханалар, фермалар және басқалар) немесе өндірістік үрдісінде микроағзаларды пайдаланатын (антибиотиктер, вакциналар, ақуыз-дәрумендік концентраттар өндірісі және т.б.) әр түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыстары да манызды орын алып отыр. Халықтың денсаулығына биологиялық қару дайындалған, немесе дайындалып жатқан әскери биологиялық полигондар да қауіпті болып табылады.
Ауаның биологиялық ластануы жұқпалы және паразитарлық аурулар дамуының себебі болып қана қоймай, сонымен бірге, адам ағзасының едәуір дәрежеде сенсибилизациялануына әкеп соғады.
Аллергиялық реакциялар сапрофит бактериялардың, зең және ашытқы саңырауқұлақтарының, сарциндердің, жалған дифтерия таяқшаларының және басқа да микроағзалардың, сондай-ақ, олардың тіршілік өнімдерінің ағзаға түсуі кезінде дамуы мүмкін. Мысалы, аллергиялық аурулардың жаппай өршуі, шығарындыларының құрамында ақуыз-дәрумендік концентраттардың, микроскопиялық саңырауқұлақ-продуценттердің, антибиотиктердің, соя ақуызының шаңдары бар микробиологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының жанында тұратын тұрғындарда байқалған.
Биологиялық аэрозольдер мөлшерінің өте жоғары деңгейі ірі елді мекендердің ауасында байқалады, мұнда 1 м3 ауада 30-40 мыңға дейін микроағзалар табылуы мүмкін. Ал, қаладан тыс жасыл аумақта, сонымен бірге, таулы жерлерде олардың концентрациялары қалыпты жағдайда 1 м3 ауада 1000-1500 аспайды. Қысқы уақытта ауа аз ластанады, бұл микроағзалардың топырақтан ауаға түсуінің төмендеуімен түсіндіріледі. Атмосфералық ауа жабық бөлмелерді де биологиялық ластаушы көзі болуы мүмкін.
7. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар
Атмосфералық ауаны қорғау маңызды және қиын мәселе болып табылады. Оны орындау, ауаның табиғи жағдайын сақтаудың және қайта қалпына келтірудің; сонымен қатар, адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсерлерінің алдын алудың барлық мүмкін болатын аспектілерін қамтитын жолдармен іске асырылуы қажет. Атмосфералық ауаны қорғау жөнінде жүргізілетін шаралардың ауқымды кешені заңға негізделеді. Қазақстан Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» (11.03.2002 ж), «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы туралы» (4.12.2002 ж), «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» (15.07.1997 ж) зандары атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі құқықтық және ұйымдастыру негіздері мен экологиялық-гигиеналық талаптарды анықтайтын негізгі заңдары болып табылады.
Заңнамаға сәйкес атмосфералық ауаны қорғау мемлекеттің басқаруында болады, себебі бұл сұрақтар жалпы мемлекеттік масштабта шешіледі және жеке адамдардың немесе жекелеген тұрғындар топтарының мүддесіне тәуелді болмауы керек.
Басқару шешімдерін қабылдау үшін, ең алдымен, атмосфералық ауаның шын мәніндегі жағдайы туралы ақпарат қажет, оны, ауаның ластану көрсеткіштерін қандай да бір рұқсат етілген, адам үшін қауіпсіз, деңгейлермен салыстырмай, алуы мүмкін емес. Сондықтан табиғатты қорғау заңдарының маңызды тарауларының бірі, ауаны химиялық, биологиялық, физикалық ластаушылардың және әр түрлі көздерден заттардың ауға шығарылуының шектік рұқсат етілген деңгейін гигиеналық және экологиялық нормалау болып табылады. Атмосфералық ауадағы зиянды заттар үшін екі норматив орнатылады: орташа тәуліктік (о.т.) ШРЕК және максималды бір реттік( м.б.р.) ШРЕК. Атмосфера ластануының ШРЕК деп адам денсаулығына және оның ұрпағына бүкіл өмірі бойына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер еипейиін заттың концентрациясын айтады. М.б.р ШРЕК қысқа уақыт ішінде (20 минутқа дейін) адамның иісті сезуін, көз бен жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарының тітіркенуін, көздің жарыққа сезімталдылығының өзгеруін, тыныс алуының тоқтауын және басқа да рефлекторлық реакциялар тудыратын заттарға орнатылады... О.т ШРЕК ұзақ уақыт әсер еткен кезде әр түрлі уланудан болатын эффектілерінің дамуына әкелетін резорбтивтік әсері бар заттарға орнатылады. Сонымен қатар, ауаға түсетін заттардың шектік рұқсат етілген шығарындыларының көлемі (ШРЕШ) де нормаланады. Оларды есептеуге қойылған негізгі қағида, ластаушы заттардың ауаға түсуін, олар үшін орнатылған ШРЕК-тен асатын мөлшерге дейін жоғарлауына әкеп соқпайтын деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
Техникамен жеткіліксіз жабдықталуына немесе шығарындылардың мөлшерін төмендетуге мүмкіндік беретін әдістердің болмауына байланысты, кәсіпорындар өздеріне арналып орнатылған ШРЕШ деңгейіннің сақталуын барлық уақытта іске асыра алмайды. Мұндай жағдайларда шығарындыларды ШРЕШ деңгейіне дейін кезен-кезеңмен төмендетуге рұқсат етіледі. ШРЕШ қамтамасыз етуге абсолютті түрде мүмкіншілік жоқ болған жағдайларда кәсіпорынның жұмыс саласы өзгертілуі тиіс немесе жабылуы керек.
Атмосфералық ауаға теріс әсерлерді төмендету мақсатында, өндірістегі әр түрлі технологиялық үрдістерді, соның ішінде, табиғи пайдалы қазбаларды алу, жарылыс жұмыстары, тасымалдау, улы химикаттарды сақтау және қолдану, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдаға асыруды және т.б. жүргізу үшін ҚР Заңдарымен нақты ережелер мен талаптар орнатылады. Атмосфералық ауаға химиялық және биологиялық ластаушыларды шығаратын, сонымен қатар, физикалық ластаушылардың көзі болып табылатын мекемелер мен ұйымдардың жұмысы да заңмен реттелініп отырады.
Оларға физикалық факторлардың әсер ету деңгейін азайтуға және шығарындыларды төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, технологиялық, техникалық және санитарлық-техникалық, сонымен қатар, жоспарлау шараларын іске асыру жүктеледі.
Жоғарыда аталған шаралардың ішінде ең тиімдісі технологиялық шаралар болып табылады, себебі өндірістік үрдістің технологиясына өзгерістер енгізу, атмосфералық ауаға шығарындылардың мөлшерін едәуір азайтуға немесе оларды мүлде жоюға мүмкіндік береді.
Стратегиялық технологиялық шараларға аз қалдықты және қалдықсыз, сонымен бірге, ресурстарды сақтайтын технологияларды дайындау мен енгізу жатады.
Мұндай технологияның мысалы ретінде, металлургиялық зауыттардың күйесінен графит алуды айтуға болады. Оны енгізу графит кенін алудан бас тартуға және өндіріс қалдықтарын қоймаларда сақтауды тоқтатуға мүмкіндік береді. Аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды дайындаудан басқа, сондай-ақ, зиянды заттарды зиянсыз заттарға немесе зияндылығы аз заттарға алмастыру, сұйық және қатты отындарды газ түріндегі отынға алмастыру, отпен қыздыруды электрлік түріне ауыстыру, технологиялық үрдістерде қолданылатын шикізат пен реагенттердің құрамын өзгерту, оларды зиянды қоспалардан тазарту, сусымалы материалдарды өңдеудің құрғақ әдістерін ылғалды әдістеріне алмастыру және т.б. сияқты технологиялық шаралар да іске асырылады.
Қазіргі уақытта, отынды энергетиканы күннің, теңіздің, желдің энергиясын және геотермальды энергияны пайдаланатын отынсыз энергетикаға алмастыруға ерекше көңіл аударылады. Күн сәулесін және электр энергиясын қолдану, сонымен қатар, сутектің негізіндегі синтетикалық отындар, газ, спирт сияқты отындардың басқа түрлеріне тез ауыстыру да автокөліктерден шығатын газдарды азайтудың бірден бір жолы болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорындарынан азот тотықтары шығарылуының едәуір азайуы (көмірдің жануы кезінде 60% жоғары) отыны ішінде орналасқан, арнайы оттықтарды қолдану арқылы және түтін газдарын жану камерасына қайта айналдырып түсірумен іске асырылады. Көмірді күкірттен тазартып, содан кейін оны отын ретінде пайдалану, күкіртті газ шығарындыларын көп төмендетеді.
Техникалық және санитарлық техникалық шараларды технологиялық шаралармен қатар қолданады. Олар өндірістік үрдісінің технологиясына қатыспай, газ түріндегі шығарындыларды тазартуға және олардың таралу дәрежесін төмендетуге бағытталған.
Шығарындыларды шаңнан тазарту үшін сүзгіден өткізуді және гравитациялық, орталықтан тебу, электрлік және акустикалық өрістерде шаңды отырғызуды қолданады. Гравитациялық шаң ұстағыштарда шаң бөлшектері гравитация күшінің әсерінен камераның түбіне отырады. Орталықтан тебетін шаң ұстағыштарды - циклондарды қолданғанда, газ ағыны циклонның ішіне кіргізіледі де, корпусының бойымен айналып-алға жылжитын қозғалыс жасайды. Орталықтан тебу күшінің әсерінен шаң бөлшектері циклонның қабырғасына қарай лақтырылып, шаң жинағышқа түседі. Сонымен қатар, сүзгілеуші шаң ұстағыштар да қолданылады. Газ ағыны бұл ұстағыштардан өткен кезде, шаң, қалыңдығы мен тығыздығы әр түрлі, тесіктері бар материалдарда - сүзгілерде ұсталынып қалады. Газдарды аэрозольдердан тазартатын аппаратардың ең жетілдірілген түріне электросүзгілер жатады. Электросүзгілерде ауаның теріс зарядталған иондары шаң бөлшектерімен жанасып, оларға өз зарядтарын береді. Шаң бөлшектері оң зарядталған электродтарға бағытталады, осы жерде өздерінің зарядтарын жоғалтып, қонып қалады. Шаңның қонған қабаты дірілдің көмегімен бункерге түсіріледі.
Газдардың шаңнан тазарту дәрежесі шаң бөлшектерін ірілендіру кезінде жоғарылайды. Бұл қасиет акустикалық ультрадыбыстық шаң ұстағыштарда қолданылады, мұнда, бөлшектердің диаметрлері, дыбыстық және ультрадыбыстық тербелістердің әсерінен олардың өзара соқтығысуы санының көбею есебінен жоғарылайды.
Шығарындыларды газ түріндегі уландыратын қоспалардан және шаңдардан тазарту, абсорбция (шығарындыларды сұйық еріткіштермен жуу) әдісі, адсорбция (қоспаларды қатты белсенді заттар - сорбенттердің сіңіруі), хемосорбция (қоспаларды, олармен химиялық байланысқа түсетін реагент ерітінділерімен жуу) және каталитикалық әдістері (катализатордың қатысуымен қоспалардың химиялық өзгеріске түсуі) арқылы іске асырылады.
Соңғы жылдары каталитикалық әдістер тек өндірістерде ғана емес, сонымен бірге, автокөліктердің газдарын бейтараптау үшін де қолданады. Бейтараптаушы құрғылар азот тотықтары мен көміртек тотығын уытты емес газ түріндегі азот пен СО2 айналдырады, сонымен қатар, отынның толық жанбаған өнімдерін аяғына дейін жануын қамтамасыз етеді.
Шығарындыларды сейілту үшін биік және өте биік құбырларды орнатады. Бірақ та, бұл әдіс аса тиімді емес, себебі, құбырлардан шыққан ластаушылар, тіпті елді мекендерден белгілі бір қашықтықта болса да, бәрібір ауаға түседі.
Жоспарлау шаралары қала аумағын өнеркәсіптік, селитебті, көліктік және әкімшілік шаруашылық сияқты жеке зоналарға бөлуден, жел раушаны мен жер бедерін ескеріп, селитебті зонаны ұтымды орналастырудан, ластаушы көздер мен селитебті зонаның арасында санитарлық-қорғаныс зонасын ұйымдастырудан, елді мекендерді көгалдандырудан т.б. турады.
Санитарлық-қорғаныс зонасының өлшемін ластаушы көздің зияндылық сыныбына сәйкес анықтайды: 1 сыныпқа жататын кәсіпорындар үшін - 1000м, 2 - 500 м, 3 - 300 м, 4 -100м, 5 сыныпы үшін - 50 м.
Заң атмосфералық ауаны қорғау саласында бақылау жүргізуге міндетті етеді, оны экологиялық қызметтер және санитарлық эпидемиологиялық қызметтің органдары және мекемелері жүргізеді.
Ластаушылардың көздеріне, атмосфералық ауаның сапасына, ластанған аумақтарда тұратын тұрғындардың денсаулық жағдайына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылыстары мен қайта құруының барлық жобалары міндетті түрде экологиялық-гигиеналық сараптамадан өтеді. Сақтық санитарлық бақылау өнеркәсіп кәсіпорындарын салу үшін жер телімін таңдау және бөліп беру кезінде, сонымен қатар, ауаны ластаушы көзі болуы мүмкін нысандардың салынуы мен пайдалануға беру кезінде де іске асырылады. Жұмыс істеп жатқан нысандарда үнемі күнделікті санитарлық бақылау жүргізіліп отырады.
Атмосфералық ауаны қорғау механизімінің біріне заңмен бекітілген сұрақтарды шешудің экономикалық рычагтары жатады. Оларға бір жағынан - табиғи ресурстарды пайдалану құқығына төлемдер, құқық бұзушылық үшін айып пұл санкциялары жататын болса, ал екінші жағынан, мемлекеттің салық жеңілдіктерін жасауы, табиғатты қорғайтын құрылыстар мен жабдықтарды сатып алу үшін және жаңа технологияларды дайындау үшін субсидиялар беруі жатады. Атмосфералық ауаның ластануында әкімшілік шекаралырының болмауы, сонымен байланысты, адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндірген жаһандық мәселелердің пайда болуы, атмосфералық ауаны қорғау мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықтың сөзсіз рөлін түсінуге мәжбүр етті. 1987 жылы озон қабатын қорғау жөніндегі және хлорфторкөмірсутектердің өндірісімен байланысты шығарындыларға тыйым салу туралы Монреальдік хаттамаға қол қойылды.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде БҰҰ Халықаралық конференциясы өтті, онда Бағдарлама 21 және Климаттың өзгеруі туралы мәселе шеңберінде конвенция қабылданды. Бағдарлама 21 табиғи ресурстарды сақтау және рационалды қолдану сұрақтарына бағытталған супер бағдарлама болып табылды.
1997 жылы Киото (Жапония) қаласында әлемнің өнеркәсіптері дамыған елдерінен атмосфераға түсетін парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту туралы Киото хаттамасы құрастырылды. Стокгольм конференциясында қоршаған ортада тұрақты органикалық ластаушыларды, атап айтқанда, полихлорланған бифенилдерді өндіруге тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Бағдарлама 21-ді нұсқаулыққа ала отырып, көптеген мемлекеттер, соның ішінде, Қазақстан Республикасы да, қоршаған ортаны қорғау, таза тіршілік және жұмыс ортасына адамдардың құқығын қамтамасыз ететін тұрақты дамуға көшудің ұлттық концепциясын дайындады.
8. Климат және ауа райы. Адам ағзасына әсері. Акклиматизация мәселелері.
Ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған және әр түрлі патологиясы бар науқастарды емдеу барысында климаттық - ауа райы факторларын қолданған. Қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криздер, бронх демікпесінің қозуы, туберкулез, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, психикалық аурулардың және т.б.дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған. Болатын салдарын ескеру бұл аурулардың алдын алу мен емдеудің тиімділігін жоғарылатуға, сонымен қатар, қолайсыз ауа райы кездерінде жиілігі күрт жоғарылайтын, кенеттен пайда болатын өлім санын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ауа райы деп, белгілі бір аумақтағы аз ғана уақыт аралығына (сағат, тәулік, апта) тән, атмосфераның жер маңындағы қабатының физикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын түсінеді.
Ауа райын сипаттайтын негізгі элементтеріне күн сәулесінің қарқындылығы мен белсенділігі, атмосфераның электрлік жағдайы, Жердің магниттік өрісінің кернеулілігі, геомагниттік белсенділіктің өзгеруінің тез не баяу жүретіндігі және оның айқындылық дәрежесі, атмосфералық қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ауа қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлытты болуы, жауын-шашындар жатады.
Климат берілген ауданда көптеген жылдар бойына тұрақтанған, заңды түрде қайталанып отыратын ауа райының режимі болып табылады. Ауа райы мен климаттық жағдайлардың қалыптасуы ең алдымен, табиғи факторлармен - күн сәулесі, ауа массасының айналымы, жер бетінің жабындысы (беттік төсеніш) және бедерімен, теңіздер мен мұхиттардың жақындығымен қамтамасыз етіледі.
Күн сәулесінің электромагниттік бөлігінің есебінен атмосфераның жылынуы жүреді, бұл, тікелей күн сәулесі атмосфера қабатынан өткен кезде және күн сәулесімен жылынған жер бетінің жылуын беруі нәтижесінде іске асырылады. Бүл үрдіске ең улкен улесті жер беті қосады, себебі ол күн сәулесі энергиясының 47% дейінгі бөлігін сіңіріеді және жылуға айналдырады.
Атмосфераның жылынуы жер шарының әр түрлі нүктелерінде бірдей емес. Ол жергілікті жердің географиялық ендігіне, жер бетінің жабынды сипатына, тәулік уақытына, жыл мезгіліне, сіңірілу үрдісіне, күн радиациясының атмосфера арқылы өткен кезде шашырауы мен шағылысуына байланысты.
Экваторда атмосфераның жылынуы анағұрлым жақсы жүреді, бұл жерде көк жиектегі күннің туру биіктігі ең үлкен болғандықтан, күн сәулелері өтетін атмосфера қабатының қалыңдығы жұқа болады. (4 тарауды қараңыз)
Экватордан полюске қарай жылжыған сайын ол төмендейді, сондықтан атмосфераның жылынуының ең азы полюстерде байқалады. Бұдан басқа, тропосфераның жылынуына жер беті жабындысының шағылыстыру қабілеті - альбедо өте күшті әсер етеді. Альбедо неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жер жылуды аз сіңіреді. Мысалы, полярлық аймақтардағы қар жабындысы күн сәулесін 85% дейін шағылыстырады, бұл осы нүктелердегі ауаның одан да жоғары салқындауына ықпал етеді. Керісінше, өсімдіктермен немесе сумен жабылған жер бетінің альбедосы төмен болып келеді. Мысалы, шөптер және ағаштардың жапырақтарының альбедосы 20 - 30%, суда - 5%, құм және ұсақ, жұмыр тасты жерде - 29-32% құрайды.
Атмосфераның жылынуы күн сәулесін бұлттардың шашыратуы және атмосфералық ауаға түсетін ластаушылардың сіңіруі нәтижесінде де төмендейді. Жылынған ауа массалары жеңілдеу болады, сондықтан төмен атмосфералық қысым аумағын туғызады, ал суық массалары тығызырақ болғандықтан, олардың түзілетін жерлерінде жоғары қысым аумағы байқалады. Біркелкі емес жылыну нәтижесінде және осыған байланысты әр түрлі аумақтарда түзілген ауа массаларындағы қысымының айырмашылығынан, үнемі жоғары қысым аумағынан төмен қысым аумағына қарай ауа массаларының айналымы жүріп отырады. Жер бетінен қашықтаған сайын тропосферадағы температура төмендейді, сондықтан тропосфераның төменгі қабаттарында төмен қысым аймағы экваторда, жоғары қысым аймағы полюсте түзіледі, ал тропосфераның жоғарғы қабаттарында кері көрініс байқалады.
Сол себепті атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауа массалары экватордан полюске қарай ығысады, бірақ, Жердің айналу күшінің әсерінен олар ауытқиды, сөйтіп өзінің оңтүстіке қарай жылжыйтын бағыттарын батысқа қарай өзгертеді.
Субтропиктік аудандарда ауа массалары төмен түседі және тропосфераның төменгі қабаттарында жоғары қысым түзіп, осы жерден қайтадан экваторға қарай бағытталады. Осылай субтропиктер (өте жоғары қысым аймағы) мен экватор (өте төменгі қысым аймағы) арасында пассаттық деп аталатын аймақтық тұйық айналым пайда болады. Пассаттар Жердің айналу күшінің әсерінен біршама ауытқып, субтропиктен экваторға қарай соғады.
Осыған ұқсас, кысымның әр түрлігінен басқа да тұйық айналымдар: полярлық - полюс пен орта ендік арасында, орта ендіктер айналымы - орта ендік пен субтропиктер арасында пайда болады. Теңіздер мен мұхиттарға жақын жерлерде жазғы уақытта теңізден құрлыққа қарай, ал, қыста керісінше соғатын муссондар және басқа да желдер тұрады.
Ауа массаларының барлық тұйық айналымдары ауа райы мен климаттың түзілуінде маңызды факторлардың бірі болып табылатын жалпы планетарлық айналымға қосылады Белгілі бір аймаққа келетін ауа массалары әр түрлі географиялық аумақтарда түзілуі мүмкін, осыған байланысты оларды арктикалық, орта ендіктік, субтропикалық және экваторлық деп бөледі. Ауа массаларын, белгілі бір жерге келгенге дейін қандай беттің үстінде болғанына байланысты, континенттік және теңіздік деп бөледі. Әр түрлі жерде пайда болатын ауа массаларының бір-бірінен температурасы мен ылғалдылығы бойынша айырмашылықтары болады. Солтүстік ауа массалары әдетте суық және құрғақ, ал тропикалық - жылы және ылғалды болады.
Теңіз ауасы үнемі жоғары ылғалдылығымен, сонымен қатар, қыста континенттікке қарағанда, жоғары температурасымен, ал жазда - төмен температурасымен ерекшеленеді. Ауа массалары бүтіндей ығысып, берілген аумақта бұрын болған массалардың орнына келіп, ауа райын өзгертеді. Ауа райының ерекше айқын өзгеруі, ауаның әр түрлі массаларының арасындағы, фронт деп аталатын, шекаралық қабаты өтуі кезінде байқалады.
Фронттарды жылы, суық және окклюзиялық деп бөледі. Жылы фронт деп, жылы массалар суық массаларды ығыстыруы кезіндегі, ал суық фронт деп - суық массалар жылы ауаны ығыстыруы кезіндегі фронтты айтады. Егер де суық және жылы фронттар біріксе, онда окклюзия фронты пайда болады, бұл кезде ауа райы айқын өзгермейді. Жердің әр түрлі аймақтарының аралығында бір ауа массаларының басқаға ауысуы, циклондық әрекеттің түрі ретінде іске асырылып, циклондар мен антициклондардың түзілуіне әкеледі. Циклондар диаметрі 2,5-3 мын км, қысымы төмен аймақ болып табылады. Ең төмен қысым циклонның ортасында байқалады. Оның өте кең шеттерінен - жоғары қысым аймағынан - циклонның ортасына қарай бір жерде емес, әр түрлі географиялық аумақтарда түзілген ауа массалары жиналып, жоғары көтеріледі. Осыған байланысты, циклонда жылы ауа массаларымен қатар, суық ауа массалары және фронттар болуы мүмкін.
Циклондар әдетте қысымы мен температурасының аутқулары үлкен, жауын шашынды, ауаның электр өткізгіштігінің жоғарылауымен және жердің электрлік өрісінің потенциалы градиентінің төмендеуімен жүретін тұрақсыз ауа райын әкеледі. Қалыпты жағдайда күнсайынғы атмосфералық қысымның әдетте өзгеруі 5 гПа аспайтын болса, циклондық әрекетіне байланысты ол 30-40 гПа өзгеруі мүмкін. Циклондардың өте қауіпті түрлері тропиктерде, мұхит үстінде байқалады. Олардың диаметрі үлкен емес, 80-100 км құрайды, бірақ қиратқыш күші қарқынды болып табылады. Тропикалық циклондардың (тайфун, дауылдар) жылдамдығы өте жоғары болады, олар теңіз үстіндегі дауылдар, су тасқыны, елеулі бұзылулардың пайда болуына әкеледі.
Антициклондар атмосфералық қысымы жоғары учаскелерде пайда болады. Олардың диаметрі 5-7 мың км дейін қамтиды. Ең жоғары қысым антициклонның ортасында байқалады, осыған байланысты, циклондарға қарағанда, ауа ағындары антициклон ортасыннан шетіне қарай ығысады. Антициклондар арқылы фронттар өтпейді. Антициклондар көбінесе бұлыты аз, тұрақты, жазғы уақытта ыстық және қысқы уақытта суық ауа райын әкеледі. Бірақ та, ауа райы барлық уақытта ашық бола бермейді, жазда қысқа уақытты нөсерлі, ал қыста бұлытты қар жауатын ауа райының болуы да сирек емес.
Ауа райы мен климаттың қалыптасуы үшін жылу, ылғал, қозғалу мөлшерінің алмасуымен сипатталатын атмосфера мен мұхит арасындағы өзара әсерлесуінің маңызы айрықша болып табылады. Әлемдік мұхит Жердің 71% алып жатыр, ол күн энергиясы мен ылғалдың негізгі аккумуляторы болып табылады. Жер бетіне түсетін барлық күн сәулесінің 90% мұхит сіңіреді, оның аз ғана бөлігі (пайыз үлесі) су бетіндегі ауаның жылынуына кетеді. Бұл құрлықпен салыстырғанда, судың шағылыстыратын қабілеті төмен болуымен, сондай-ақ, судың жылу сыйымдылығының үлкендігіне байланысты барлық сіңірілген сәуле энергиясы су массасының жылытуға жұмсалатындығымен түсіндіріледі.
Судағы температураның тәуліктік ауытқуы ондаған метр тереңдігіне дейін, ал жылдық аутқуы жүздеген метрге дейін таралады. Су баяу қызып және баяу салқындайды. Сондықтан, жазда мұхит беті, қысқы уақытқа қарағанда, суығырақ болады және осыған сәйкес мұхит үстіндегі атмосфералық қысым жазда жоғары, ал қыста төмен болады. Су беті, құрлыққа қарағанда, аз бұдырлы болады, соның салдарынан су кеңістігінің үстінде желдің үлкен жыладамдығы да байқалады. Атмосфераның айналымы, ендік арасында жылуды тасымалдауда маңызды рөл атқаратын, мұхит айналымы деп аталатын - мұхит ағыстарының пайда болуына әкеп соғады. Төмен ендіктерден жоғары ендіктерге және жоғары ендіктерден төмен ендіктерге жылудың жалпы алмасуының жартысына жуығы мұхит ағыстары арқылы өтеді, ал, қалған жартысы атмосфералық айналым арқылы жүреді.
Жоғары ендіктерден келетін суық ағыстар тропиктердің салқындауына ықпал етеді, ал тропикалық аудандардан келетін жылы ағыстар жоғары ендіктерді жылытады. Мұндай ағындарға Гольфстрим жатады, ол жылудың көп мөлшерін Батыс Европа жағалауына әкеледі және Баренцово теңізіне енеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай үлкен суық Лабрадор ағысы бағытталады.
Ірі мұхиттық айналымдар Әлемдік мұхиттардың басқа да аудандарында бар. Мұхиттық айналымдар күшті климат түзуші фактор болып табылады, олар жеке аумақтардың жылылық және радиациялық баланстарын өзгерту жолымен атмосфералық айналымға әсер етеді. Атмосфералық айналымға мұхит ағыстарының жаһандық әсер етуінің көрнекі мысалы ретінде Эль-Ниньо құбылысын айтуға болады. Тынық мұхитының беткі суларының температурасының аномальды түрде көтерілуімен сипатталатын бұл құбылыс, соңғы он жылдықтарда Оңтүстік Американың батыс жағалауында байқала бастады. Эль-Ниньо күшейуген жылдарда ауа райының аномальды құбылыстары, апаттық нөсерлер, бір аудандарда су тасқындары, басқа аудандарда құрғақшылық, торнадо, қара құйындар пайда болады.
Ауа райы мен климат жағдайлары ауа температурасының, ылғалдылығының, қозғалуының бағыты мен жылдамдығының өзгеруі, жауын шашындар, бұлтты күндердің болуымен ғана емес, сонымен қатар, атмосфералық қысымның, гелиофизикалық және геофизикалық факторлардың және атмосфераның электрлік жағдайының да ауытқып отыруымен сипатталынады.
Қазіргі уақытта адам ағзасына ауа райы мен климаттың қолайсыз әсерінен пайда болған көптеген салдарлары нақ соңғы аталған факторлардың әсерімен түсіндіріледі. Негізгі рөл гелиофизикалық факторларға беріледі. Егер, күн сәулесінің электромагниттік бөлігінің әсерінен, ауа райы және климат жағдайларын анықтайтын ауа массаларының планетарлық айналым үрдістері мен басқа да үрдістер дамитын болса, онда, күн сәулесінің корпускулярлық бөлігі, атмосфераның электрлік жағдайы мен геомагниттік белсенділігіне әсер ету арқылы өз үлесін қосады.
Күн сәулесінің қарқындылығы мен оның жылдамдығы күннің белсенділігіне байланысты. Күннің тыныш және күннің белсенділік кезеңдерін ажыратады. Күннің белсенділігі күн дақтарының, өршулердің және күн тәжісінде ауытқулардың пайда болуымен (4 тарауды қараңыз), сонымен бірге, энергиясы өте жоғары бөлшектер ағыны мен қысқа толқынды электромагниттік сәулеленулер шығарылуымен сипатталады. Жоғарыда аталғандай, геомагниттік өріс корпускулярлық күн радиациясының Жер атмосферасының төменгі қабатына енуінен қорғайды. Бірақ та, Жердің магнитосферасында осал аймақтары да бар, бұдан күн желі плазмасының бір бөлігі оның ішіне еніп, жоғары ендіктегі атмосфераның жоғарғы қабаттарына өтеді. Бұл аумақтарға магнитосфераның құйрығы, сонымен қатар, солтүстік және оңтүстік геомагниттік полюстердің айналасындағы, ені небәрі бірнеше жүздеген километрге жететін аумақтар жатады. Бұл жерде, 100 км биіктікте шамасы жүздеген мың амперді құрайтын электр токтары ағатын, солтүстіктік және оңтүстіктік жарқыраулар жиі көрінетін, ғарыштық ауа райының «ас үйі» орналасқан. Күн плазмасы магнитосфераның радиациялық белдеулерінде ұсталынып қалады, бірақ, күн толқулары болған кезде оның белгілі бір бөлігі жоғары ендіктегі жердің атмосферасына тасталады. Плазманың әсерінен түзілген күшті электрлік тоқтар жердің магниттік өрісімен өзара әсерлесіп, геомагниттік ауытқулардың дамуына әкеп соғады. Олардың бастамасы кенеттен, не біртіндеп болуы мүмкін, жергілікті немесе жер шарының бүкіл бетін алатын магниттік толқулар түрінде де байқалуы мүмкін.
Геомагниттік ауытқулар үнемі жүріп отырады, бірақ олардың ең айқындылығы күн белсенділігінің максимумы кезеңінде білінеді. Күн белсенділігіне белгілі циклділік тән. Күннің өз осьі маңында айналу кезеңіне тең, 27 күндік цикл, сондай-ақ, 11 жылдық, 22-,80-,99 - жылдық циклдер белгілі. Көптеген зерттеулермен күн мен жердің арасындағы байланыстың болуы және оның барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам ағзасына, әсері дәлелденген. Тірі ағзалар электромагниттік жүйе болып табылады, сондықтан магниттік өрістер, электр тоқтары және әр түрлі тербелістегі геомагниттік өрістер оларға әсер етпеуі мүмкін емес.
Гелиобиологияның негізін салушы А.Л. Чижевскийдің «Күн толқуларынының жер жаңғырығы» деп аталатын фундаментальды жұмысында максималды күн белсенділігінің кезеңінде әр түрлі инфекция қоздырғыштарының белсенділігі жоғарылайтынын және осыған байланысты тырысқақ, тұмау, оба, менингит, скарлатинаның эпидемиялары мен пандемияларының саны өсетіні көрсетілді.
1930 жылдың өзінде, оның күннің белсенділігі жөнінде алынған мәліметтер бойынша тырысқақ және тұмау эпидемиялары болуына жасалған болжамы айтылған жылдарда болды. Күн белсенділігі жүрек қантамырының аурулары бар науқастардың жалпы жағдайын нашарлатады, миокард инфарктісінің, инсульт, гипертониялық криз, глаукома, эклампсия, эпилепсия, ерте босану жиілігінің өсуіне, созылмалы аурулардың қозуына әкеп соғады. Психикалық аурулары бар науқастардың және алкогольге үйір адамдардың жалпы жағдайы күрт төмендейді. Магниттік толқулар кезінде сау адамдардың өзінде де тромб түзілу қаупі жоғарылайды. Қазіргі көзқарастар бойынша, геомагниттік өріс факторлары биологиялық магниттік және электромагниттік өрістермен өзара әсерлесе отырып, жасушаларда өтіп жатқан физикалық-химиялық үрдістерге, ал осылар арқылы бүкіл биохимиялық үрдістерге әсер етеді.
Жасуша мембранларының өткізгіштігі жоғарылайды, бос радикалды реакциялардың ағымы өзгереді, сонымен қатар, ферменттер мен басқа да биологиялық белсенді заттардың қасиеттері өзгереді, биожүйелерде қосымша электр тоқтары түзіледі, жүйке импульстарының берілу механизмдері бұзылады және т.б. болады Бұл эффектілердің пайда болуында, магниттік және электрлік өрістерге сезімталдылығы жоғары болғандықтан, суға маңызды рөл беріледі. Көптеген жағдайларда геомагниттік өріс, жасанды магниттік өріске қарағанда, адам ағзасына айқын әсер етеді. Бұл геомагниттік өрістің шексіз көлемімен (оны Жер мен Күн екі қуатты көздері унемі қамтамасыз етіп отырады), әсерінің ұзақтығы және үздіксіздігімен, бүкіл ағзаға әсер етуімен, кернеуілілігі мен жиілігі әр түрлі, құрамдас бөліктерінің саны едәуір болуымен түсіндіріледі. Күн белсенділгінің және геомагниттік белсенділіктің өзгеруі атмосфералық электрліктің кезең-кезеңмен өзгеріп отыруына да әкеледі. Бұлар да жоғарыда аталған қолайсыз эффектілердің дамуына қатысады. Күн мен жердің байланыстары адамның биологиялық ырғағына әсер етуімен де білінеді. Биоырғақтар тірі ағзалар мен адамдардың эволюция үрдісінде қоршаған орта факторларының циклді динамикасына (тәуліктің, күн мен түннің, жыл мезгілінің ауысуы) бейімделу реакциясы ретінде пайда болған.
Адам ырғақтарының негізгі синхронизаторы жарық болып табылады, осыған байланысты адамда физиологиялық қызметтердің циркадианды (тәулікке жуық) ырғақтары айқын көрінеді. Оларға тәулік ішіндегі дене температурасының, белсенділігі мен тыныштық жағдайларының, ұйқы мен сергектіктің өзгерістері, зат алмасу үрдістерінің динамикасындағы өзгерістер, ОЖЖ функционалдық құбылмалылығы және т.б. жатады.
Сонымен қатар, Күннің өз осьін айналу және Жердің Күнді айналу ырғағымен байланысты айлық немесе циркасептандық ырғақтар да болады, мысалы, айлық овариальды цикл. Физиологиялық функциялар мезгілге байланысты да өзгеріп отырады, яғни, мезгілдік, жылдық - циркандық биоырғақтар байқалады. Гормональды белсенділік, асқазан сөлінің секрециясы, алмасу үрдістерінің өзгерістері осы циркандық биоырғақтарға бағынады.
Адам бейберекет, жүйелі емес сипатта әрекет еткен кезде немесе адам үшін уақыттың табиғи датчиктері болып табылатын күн мен түннің кезектесуі жойылғанда, өмірлік маңызды болып табылатын ағза функцияларының ырғақ фазаларында үйлеспеушілік болады. Жұмысқа қабілеттілік төмендейді, невроз түріндегі бұзылыстар дамиды, бұны десинхроноз деп атайды.
Мұндай реакция, мысалы, ендік бағытқа 4-8 белдеулерді ауыстырып, үлкен қашықтықтарға ұшқан кезде, жұмыс кестесі жиі ауысатын ауысымдық жұмыс кезінде, адам үшін жаңа климаттық-географиялық зоналардағы акклиматизацияның бірінші кезеңдерінде, орбиталық ғарыш станцияларында, су асты сүңгуір қайықтарында және т.б. пайда болатын хроноизоляция (уақыттың табиғи датчиктерінен оңаша қалғанда) жағдайларында байқалуы мүмкін.
Биоырғақтардың бұзылуына ауа райы жағдайының кезеңдік емес өзгерістері де әкеледі, бұған, фронттар, циклондар және антициклондардың өтуімен, магниттік толқулармен, күн белсенділігінің жоғарылауымен, атмосфераның электрлік жағдайының өзгеруімен байланысты ауа райының күрт өзгеруін жатқызады.
Кезеңдік емес өзгерістерге қарағанда, климат пен ауа райының қарқындылығы мен сипатының кезеңді ырғақты өзгеруі, ағзаға бірден әсер етпейді, себебі, олар біртіндеп күн немесе жыл бойына жүреді және оған адам ағзасы толығымен бейімделеді.
Ауа райының кезеңдік емес өзгерістері науқас адамдармен дені сау адамдарда да метеотроптық деп аталатын реакциялар дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Дегенмен, бейімделу механизімі жақсы дамыған дені сау адамдардың көбінде әдетте, қолайсыз ауа райы кезінде көңіл-күйі мен денсаулық жағдайында ешқандай өзгерістер байқалмайды. Метеотроптық реакциялар кез келген, типті өте қолайлы климаттық зоналарда да байқалуы мүмкін, ол адамның метеоөзгерістерге тұрақсыздығына ауа райы факторларының әсеріне сезімталдылығына байланысты. Физиологиялық бейімделу механизмінің даму ерекшеліктеріне байланысты дені сау адамдар да, көбінесе қарт адамдар, балалар, жүктілік кезеңіндегі және босанған әйелдер метеотұрақсыз болуы мүмкін. Бірақ, науқас адамдар ең сезімтал болып табылады, себебі, олардың науқасы бейімделу қабілетін төмендетеді. Метеотроптық реакциялар көбінесе жүрек-қантамырларының, тыныс мүшелерінің, эндокриндік жүйенің, ас қорыту мүшелерінің, тірек-қимыл аппаратының, тері, көз, жүйке-психикалық аурулары бар науқастарда жиі кездеседі.
Патологиялық реакциялардың пайда болуына, бұрын саналғандай, тек атмосфералық қысымның күрт ауытқуы ғана емес, сонымен бірге, күн және геомагниттік толқулардың, атмосфералық электрліктің өзгеруі, температура және ылғалдылықтың кезеңдік емес өзгеруі, күшті жел, жауын-шашындар, фронттар, циклондар мен антициклондардың өтуі әсер етеді.
Метеотроптық реакциялардың жиілігі мен айқындылығы ауа райының түріне байланысты. Ауа райын медициналық болжау және метеотропты реакциялардың алдын алу (Григорьев И.И. авт бірге 1974 ж) үшін қолданылатын ауа райының морфологиялық-динамикалық жіктелуінде барикоциркуляциялық, электрометеорологиялық және гелиофизикалық көрсеткіштердің жиынтығы бойынша барлық ауа райы жағдайларын 4 түрге: I- ең қолайлы, II - қолайлы, III -қолайсыз, IV-ерекше қолайсыз деп бөледі.
I және II-ші түрі атмосфера айналымның антициклонды түрінің фонында қалыптасады, Әдетте метеоэлементтердің тәулік ішінде қалыпты жүруі күрт бұзылмайтын және негізгі биоклиматтық көрсеткіштердің өзгеруі айқын емес, тұрақты, бұлтсыз ауа райы байқалады. Атмосфералық фронттар жоқ, қысқа уақыттық жауын шашындар болуы мүмкін. Ауа райының III және IV түрі атмосфералық айналымның циклондық түрі кезінде басым қалыптасады. III түріндегі ауа райы болған күндері жеткілікті дәрежеде айқын фронттардың өтуі, негізгі метеоэлементтердің тәуліктік жүруінің бұзылуы мен едәуір құбылулары байқалады. Ұзақ уақытқа созылмайтын найзағайлар, дауылдар, нөсерлер, қарлы борандар байқалуы мүмкін. Ауа райның бұл түріне температураның күрт жоғарылауы және жел күшейген уақытта ылғалдылықтың төмендеуі, температуралық инверсиялар, ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы (85% және одан жоғары) жоғары, «қапырық» ауа райы жатады. Ауа райының IV түрі өте айқын суық фронттарының өтуімен, метерологиялық және геофизикалық шамалардың тәуліктік жүруінің бұзылуымен және күрт ауытқуларымен сипатталады. Қауіпті көріністеріне күшті найзағайлар, дауылдар, нөсерлер, шаңды дауылдар, қарлы борандар, күшті магниттік толқулар, геомагниттік өрістің белсенділігінің өзгеруі жатады.
Күн белсенділігі жоғары кезеңінде ауа райының қолайсыз түрлерінің жиілігі артады, ал, Күннің тыныш жылдарында азаяды. Ағзаның бейімделу мүмкіншілігі төмендеген, ал ауа райы жағдайлары тұрақсыз келетін қыс пен көктемнің соңғы айларында күн белсенділігінің әсері өте айқын білінеді. Дені сау, бірақ метеотұрақсыз адамдарда өзін нашар сезінуі, үрейлену байқалады, ұйқысы бұзылады, бас аурыуы, басы айналуы, жүрек тұсында ауыратын сезім, қажу, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі байқалады. Қолайсыз ауа райы түрлері кезінде жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауыратын науқастарда метеотропты реакциялардың жиілігі 90% өседі. Атмосфералық қысымның жоғарылауы және төмен температура мен жоғары ылғалдылық қатар жүрген кезде спастикалық түрдегі реакциялардың пайда болуына және гипертониялық криздердің жиіленуіне әкеп соғады.
Ал ауаның температурасы мен ылғалдығы жоғары жағдайда, атмосфералық қысымның төмендеуі ауадағы оттегінің мөлшерін азайтып, гипоксиялық реакциялардың дамуына әкеледі, сол себептен, жүректің ишемиялық ауруымен және гипотониямен ауратын науқастар үшін ең қолайсыз болып табылады.
Тыныс мүшелерінің аурулары бар науқастар үшін температурасы күрт ауысқан, желі күшейген және жауын-шашынды күндер өте қауіпті болып табылады. Буындардың қабыну ауруларының қозуы атмосфералық қысым мен ауа температурасы төмендеген кезде ең жиі байқалады. Ең айқын реакциялар және аурулардың қозуы фронттар өткен кезде пайда болады. Фронт өтетіннен 1-2 күн бұрын атмосфераның электрлік жағдайы мен геомагниттік белсенділіктің күрт өзгеруі байқалады, фронттың өтуі кезеңінде (1-6 сағат) барлық метеорологиялық факторлар секірмелі түрде өзгереді, ал, 3 кезеңіңде (1 тәулікке жуық) барлық факторлардың деңгейі бұрынғы қалыпына дейін келеді. Метеотроптық реакциялар барлық үш кезеңінде байқалады, бірақ ең жоғары пайызы 1 -ші кезеңде орын алады. Фронттар өтетін ауа райы кезінде ең жиі миға қан құйылу, тромбоздар, эмболиялар кездеседі. Метеотропты реакциялардың патогенезі әлі жеткілікті зерттелмеген, дегенмен олардың дамуында негізгі рөл, әдеттегі метеорологиялық факторлардың әсері қосылған, электромагниттік импульстардың әсеріне тиесілі екендігі көрсетілген. Ауа райы мен климат жағдайларының әсеріне, сондай-ақ, мезгілдік аурулар деп аталатын аурулардың және созылмалы аурулардың мезгілдік қозуларының дамуы тән. Мысалы, суық тигеннен пайда болатын аурулардың максималды саны күз, қыс және ерте көктемгі уақыттарға келеді. Инфекциялық үрдістің дамуына салқындау, мұрын-жұтқыншақ трофикасының бұзылуы ықпал етеді.
Жылдың суық мезгілінде туберкулезден, жүрек-қан тамырларының ауруынан өлім-жітім жоғарылайды, ауыспалы мезгіл уақыттарында (көктем және күзде) асқазанның ойық жара ауруларының, гипертониялық және ишемиялық аурулардың қозуы ең жиі байқалады. Жазғы уақытта асқазан- ішек жолдары ауруларының саны өседі, сонымен қатар, белсенділігі белгілі бір мезгілге сәйкес келетін, қоздырғыштармен берілетін ауралардың амебалық дизентерия, безгек және т.б. аурулардың өршулері байқалады.
Метеофакторлар адамның қоршаған ортамен жылу алмасуына тікелей әсер етеді. Ылғалдылығы жоғары, ыстық, желсіз ауа райы ағзаның қызынуына және өте ауыр жағдайларда - ыстық өтуіне әкеледі. Қатты аяздар желмен бірге немесе ауа температурасы өте төмен емес, бірақ та, оның ылғалдылығы жоғары кезде, ағзаның қатты тонуы пайда болады, бұл өз кезегінде жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларына, баспа, пневмония, ішкі мүшелердің жедел қабыну аурулары, созылмалы аурулардың қзуына әкеп соғады. Метеотроптық реакциялардың алдын алу немесе оларды төмендету үшін, ағзаны шынықтыру, рационды жеткілікті түрде табиғи дәрумендермен байыту және мезгілдік дәрумендермен емдеу жүргізу, ұтымды еңбек, тұрмыс және демалу режимін қамтамасыз ету, киімді дұрыс таңдау, бөлмелерде қолайлы микроклиматтық жағдайларды жасау сияқты шараларды жүргізу қажет. Көгалдандыру, фонтандар салу, ұтымды жоспарлау және т.б. шараларды жүргізу арқылы елді мекендерде қолайлы микроклиматты туғызудың да маңызы аз емес.
Қолайсыз ауа райы кезінде науқас адамдарға аялайтын режим тағайындау керек, климаттық, физиотерапевттік және үлкен жүктеме беретін емдік диагностикалық ем-шараларды, операцияларды шектеу немесе мүлде тоқтату қажет. Метеоболжамның мәліметтерін пайдаланып, қолайсыз ауа райы болатыннан 1-2 күн бұрын медикаменттік алдын алу шараларын бастайды, ауа райы қолайлы болғаннан кейін де оларды 1-2 күнге дейін жалғастырады.
Климат адам ағзасына және оның өмір сүруінің барлық жақтарына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ауа райына қарағанда, климат салыстырмалы түрде тұрақты, себебі климат түзуші факторлар әр аймақ үшін (географиялық ендік, теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедері, жер бетінің жабындысы, ауа массаларының айналымы, мұхиттар мен теңіздерге жақындығы) көптеген жылдар бойына сол күйінде қала береді. Сондықтан, метеофакторлардың әр күндік өзгеруімен байланысты ауа райының құбылмалығына қарамастан, әр аймақ үшін өзіндік, заңды түрде өзгеріп отыратын, бір күнге, аптаға немесе айға емес, ұзақ жылдарға тән, ауа райы режимінің ерекшеліктері қалыптасады. Климатты сипаттайтын көрсеткіштер ұзақ мерзімдік үрдістерді көрсетеді. Сондықтан бұл көрсеткіштерге температураның орташа айлық және орташа жылдық шамалары, ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым, ауаның қозғалу жылдамдығы, күн сәулесінің; ашық және бұлтты күндердің саны, жарық климаты, қыстың ұзақтығы, топырақтың қату тереңдігі және т.б. жатады.
Осы көрсеткіштерге байланысты және жергілікті жердің географиялық орналасуын ескеріп, жер шарында 7 негізгі климаттық белдеулерді ажыратады:
Климаттың басқа да жіктелулері бар. Л.С. Бергтің климатты ландшафтық-ботаникалық жіктеуі кеңінен қолданылады. Бұл жіктеуге, мәңгі аяздар, тундра, тайга, жапырақты ормандар, орта аймақ, дала, жер орта теңіздік климаттар сияқты, климаттар кіреді.
Практикада, атап айтқанда, елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде, үйлердің қабырғаларының қалыңдығын есептеу, ғимараттарды бағыттау, көгалдандыру кезінде және т.б. қаңтар мен шілде айының орташа температурасы бойынша климаттың жіктелуі қолданылады. Осы жіктеу бойынша суық, орташа, жылы және ыстық климаттық белдеулерді бөледі. Бұл белдеулердің бәрінде де теңіздік, далалық, таулық, шөлді және жартылай шөлді, субтропикалық және т.б. сияқты климаттың жергілікті түрлері ажыратылады.
Қазақстанның климаты ыстық, жылы, орта және суық климаттық белдеулерге жатады. Бұл Оңтүстікте - дала мен шөлдің ыстық климаты, биік таулы климат, Орталық және Батыс Қазақстанда - шөл, жартылай шөл, Шығыс Қазақстан мен солтүстікте далалар және орманды далалар климаттары. Медициналық климатологияда климатты адамның денсаулығының әсеріне байланысты жұмсақ және тітіркендіретін деп бөледі. Жұмсақ климатқа, температураның амплитудасы және басқа метеофакторлардың жылдық, айлық және тәуліктік ауытқулары аз, жылы климат жатады.
Бұндай климаттық жағдайлар бейімделу механизімдеріне ең аз талаптарды қояды. Жұмсақ климатқа Бурабайдағы орманды климат, Қырымның оңтүстік жағалаулары жатады. Тітіркендіретін климатқа бейімделу механизмдеріне жоғары талаптар қоятын, метефакторлардың елеулі тәуліктік және мезгілдік амплитудалары тән. Басқа жағынан, бұндай климат ағзаның жаттығуына және оның шынығуына ықпал етеді. Осындай әсері бар климаттарға, көптеген жүйкелік және жүрек тамырлық ауруларды емдеу кезінде қолданылатын, емдік және шынықтырғыш қасиеті бар, тау, солтүстік теңіз жағалауындағы салқын климат және Қазақстанның Сібір бөлігінің континентальды климаттары жатады.
Ауасы таза, ылғалды орташа, ластаушылар мен аллергендері жоқ, ауа - жылу режимі параметрлерінің ауытқулары аз, жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайтын, қатты желдер мен жиі жауындар болмайтын, жақсы инсоляцияланатын жерлер климатотерапия үшін қолайлы болып саналады. Басқа тітікендіргіш климаттар: солтүстіктің суық климаты, дала мен шөлдің ыстық климаты, биік тау климаттары - адам ағзасына өте қолайсыз әсер етеді.
Биік ендіктердегі суық климат солтүстік ендіктен 66º солтүстікке қарай (Заполярье, Қиыр Солтүстік, Арктика) жататын аумақтарда байқалады. Осы аумақтар үшін ауаның өте төмен температурасы, төмен абсолюттік ылғалдылық пен жоғары салыстырмалы ылғалдылық тән: жауындар өте аз - жылына 300-500 мм болады. Әр түрлі текті ауа массаларының өзара әсерлесуі және атмосфералық қысымның күрт ауытқуы салдарынан, жылына 120-122 күнге дейін дауылды желдер тұрады. Атмосфералық қысымның төмен болуына байланысты, ауадағы оттегінің тығыздығы өте төмен болады. Қысқы уақытта жарықтың болмауы (полярлық түн), ерте және ұзаққа созылатын қыс, қысқа суық жаз, адамға тұнжырататын әсер көрсететін ландшафтың біртүрлілігі, үн-түнсіз тыныштық осы климаттың өіне тән ерекшелігі болып табылады. Күннің көкжиектен тұру биіктігі осы ендіктерде 25 º аз, сондықтан УК сәулесінің ең биологиялық құнды - орта толқынды бөлігі - жер бетіне жетпейді, бұл, ұзақтығы 2-6 айға дейін болатын, УК сәулеге ашығудың дамуына әкеледі. Биік ендіктерге, сондай-ақ, полярлық жарқыраулар және тұрақты магниттік толқулар түрінде көрінетін, үнемі болып отыратын магниттік ауытқулар тән.
Қиыр Солтүстікке тән метеофакторлардың әсері әсіресе жаңадан келген адамдарда айқын көрінеді. Атмосфералық қысымның жиі және күрт ауытқуы, көбінесе циклон түріндегі ауа райы, ауадағы оттегінің тығыздығының төмендеуі, күн белсенділігінің және атмосфералық электрліктің күрт өзгеруі, созылмалы гипоксия синдромының дамуына әкеп соғады. Әдебиеттерде «полярлық ентігу» деп көрсетілетін, тыныс алудың қиындауына шағымдар өте жиі кездеседі. Оның даму патогенезінде жоғарыда аталған факторлардан басқа үлкен жылдамдықпен қозғалатын суық ауаның тыныс алуға жасайтын механикалық кедергісі де белгілі бір рөл атқарады.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің бейімделу реакциялары қыл тамырлардың спазмымен, айналымдағы қанның көлемінің жоғарылауымен, артериялық гипертензияның дамуымен сипатталады. Жүрек тұсындағы ауру сезіміне, ентігу, жүректің қағуына шағымдануы байқалады. Бұндай өзгерістер «солтүстік кардиопатиясы» деп аталады. Сонымен бірге, осы мекеннің байырғы тұрғындарында артериялық қан қысымы әдетте қалыпты немесе төмен болады. Ауыр климаттық жағдайлар психикаға көңіл - күйін төмендетін әсер береді. Бұндай жағдайда дезадаптациялық невроз дамиды, оның негізгі көріністеріне әр түрлі дәрежедегі қорқу сезімдері, ұйқысыздық, бас ауруы, депрессия, ашушаңдық және т.б. жатады. Психологиялық бейімділу Солтүстікте жұмыс істеуге айқын себебі бар адамдарда жеңіл өтеді.
Төмен температуралардың әсері жылу алмасу үрдісінің өзгеруіне әкеледі. Жылу өндірілуі, негізгі алмасу жоғарылайды, қол терісінің суыққа реакциясы төмендейді. Суда еритін дәрумендердің жетіспеушулігі және гиперхолестеринемиямен жүретін липид алмасуының бұзылуы байқалады. Бұндай жағдайларда майлы тағамның қажеттілігі жоғарылайды. Айтпақшы, Солтүстік аборигендерінің тамағының құрамында көп мөлшерде май болады, бұл олардың энергияға қажеттілігін қанағаттандырады. Ал ағзаға дәрумендердің жеткілікті түрде түсіп отыруы, Солтүстік халқының арасында кеңінен таралған шикі азықпен қоректенуімен қамтамасыз етіледі.
Жаңадан келген адамдар арасында, суда фтордың жеткіліксіздігінен тіс жегімен аурушаңдық жоғары болады. Солтүстікте тұруының бірінші жылдары әйелдерде жүктілік ағымның бұзылуы, босанудың асқынулары байқалады.
Оңтүстіктің далалары мен шөл далалараның ыстық климаты ауаның температурасы (50ºС және одан жоғары) жоғары болуымен, температураның үлкен тәуліктік ауытқуларымен, күн сәулесінің артық түсуімен, салыстырмалы ылғалдылықтың төмен болуымен, шаңды құйындармен, қыс мезгілінің қысқа болуымен сипатталады. Бұл дененің қатты қызуына және соған байланысты, жылу реттелудің зорлануына, тер шығыуның жоғарылауына (тәулігіне 6-10 л дейін), тер арқылы минералды тұздар мен дәрумендердің жоғалуына, негізгі алмасудың төмендеуіне, қылтамырлардың кеңейуіне, артериялық қан қысымының төмендеуінене, тыныс алу мен жүрек соғуының жиіленуіне, асқазан-ішек жолының моторикасы мен секрециясының және тағамға тәбеттінің төмендеуіне ықпал етеді. Мұндай климат жүрек-қан тамырлары, эндокриндік, жүйке психикалық, туберкулез, бүйрек - тас аурулары бар науқастар үшін қолайсыз болып табылады. Сонымен бірге, бұл климатты нефрозбен ауратын ауруларды емдеу кезінде қолданады. Қарқынды УК сәулесі тері обырының даму себептерінің бірі болып табылады.
Биік тау климаты 2000 м жоғары биіктікте байқалады. Оның негізгі факторларына төмен атмосфералық қысым мен оттегінің төмен парциалдық қысымы, төмен температуралар, құрғақ, аллергендері жоқ ауа, күшті желдер, қарқынды күн сәулесі, қардың жоғары шағылыстыратын қабілеті жатады. Оттегінің тығыздығы едәуір мөлшерде төмендеуі нәтижесінде биіктіктік гипоксиясы дамиды, ол жүрек қан тамырлары, тыныс алу және орталық жүйке жүйелері қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Жылу реттейтін механизмдердің зорлануы, эритропоэздің компенсаторлық стимуляциясы, жарық дискомфорты байқалады.
Қазіргі қоғамдағы өмірде адамдардың бір климаттық-географиялық аймақтан екіншісіне үнемі көшіп-қонуы жүріп жатады. Оның себептері әр түрлі: бұл жаңа климаттық-географиялық аймақтарды өнеркәсіптік ігеру, тұратын жерлерін ауыстыру, климаты басқа жергілікті жерлерде санаторлық-курорттық емделу немесе демалу, туристтік және қызметтік сапарлар, әскерде қызмет ету және т.б. Осы аталған барлық жағдайларда адамның жаңа климаттық жағдайларға бейімделуін - акклиматизация үрдістерін- ескеру қажет.
Акклиматизация бірден пайда болмай, белгілі бір кезең ішінде жүреді, осы уақытта берілген климаттық жағдайларға сәйкес жаңа динамикалық стереотип қалыптасады. Акклиматизация үрдістеріне физиологиялық аспектілер ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік және медициналық аспектілері де кіреді, себебі климаттық факторларының әсерін азайту және адекватты физиологиялық акклиматизацияны қамтамасыз ету, көбінесе осы мәселелрді шешіуімен байланысты. Акклиматизациялау бірнеше фазалардан өтеді. Бастапқы фазасында, әдетте, әр түрлі бейімдейтін физиологиялық реакциялар жүреді. Мұндай реакциялардың мысалы ретінде, жылу реттейтін механизмінің зорлануын, қылтамырлардың спазмын, гипертензиялық жағдайларды, айналымдағы қанның көлемінің үлкеюін, жаңа келген адамдарда липид алмасуы белсенділігінің жоғарлауын алуға болады.
2 фазасы кезінде динамикалық стереотип қайта құрылады. Егер, климаттық факторлардың ағзаға қоятын талаптары оның функционалдық мүмкіншіліктері мен компенсаторлық механизмдерінің шегінен аспайтын болса, онда жаңа динамикалық стереотип қалыптасады және жаңа жағдайларға бейімделу үрдісі тұрақты акклиматизация фазасымен аяқталады. Бұнда ағзаның тіршілік параметрлері «қалыпты» деңгейге оралады. Акклиматизацияның қолайсыз жүруі кезінде, айқындылығы әр түрлі, патологиялық сипат алатын, дезадаптациялық үрдістер дамиды. Мұндай жағдайда, тұрақты акклиматизация қалыптаспайды, сондықтан, адам бұрынғы климаттық жағдайына қайта оралуға мәжбүр болады. Акклиматизацияны жеңілдету және жылдамдату үшін, қолайсыз климаттық жағдайларда әлеуметтік, гигиеналық және емдеу-алдын алу шаралары жүргізіледі. Солтүстіктің суық климаты жағдайында елді мекендер мен тұрғын үй бөлмелерін жоспарлауға ерекше көңіл бөлінеді. Жоспарлау шаралары, суықтан, дауылды желдерден қорғануды, қолайлы ауа-жылу режимін, сондай-ақ, ұзақ уақыттық полярлық түндер кезінде ең маңызды болып табылатын, жеткілікті табиғи жарық пен инсоляцияны қамтамасыз ететін, қажетті жағдайлардың бірі болып табылады. Ғимараттарды бір біріне жақын етіп, бүйір жағын жел жаққа қаратып, орналастырады және бір бірімен жылы өтпе жолдармен байланыстырады. Терезелерді солтүстіктен басқа, барлық жаққа қарай бағыттайды. Бөлмелер кең, жайлы, қысқы бақшасы бар болуы керек, себебі бұл өңірде тұратын адамдар уақыттарының көп бөлігін үйде өткізуге мәжбүр болады. Бірінші қабаттағы еденді, мәнгі тоңның әсерінен пайда болатын ылғалдан және суықтан қорғау үшін, оның жылуын міндетті түрде оқшаулау кажет. Күн сәулесіне ашығудың алдын алу үшін, фотарийлерде, сонымен қатар, ұзақ уақыт әсер ететін жарық сәуле шығаратын қондырғылардағы эритемды шамдардан сәулеленуге түсіреді.
Энергия шығыны үлкен болғандықтан, алмасу үрдістерінде өзгерістердің болуына және дәрумендердің жеткіліксіздігінің дамуына байланысты рационда жануар текті белоктардың және майлардың мөлшерін арттыру қажет, сонымен бірге, міндетті түрде балауса көкөністерді, жемістерді, көк шөптерді, итмұрын қайнатпасын, қылқан жапырақтарды, жабайы көк шөпті пайдалану қажет. Еңбек пен демалыс режимін оңтайлы етіп ұйымдастыру маңызды, себебі полярлық күн мен түн ағзаның қалыпты биоырғағын бұзады. Қарсы тұру қабілетін жоғарылату үшін, күн тәртібіне міндетті түрде шынықтыру, дене шынықтыру тәрбиесі және спортты енгізу керек.
Суықтан және желден қорғану үшін құрғақ 2-3 қабатты киімді пайдаланады. Бұған ең жақсы материал табиғи тері мен жүн болып табылады. Тері киімнің сыртынан кең, еркін киілетін киім кию керек, себебі, бөлінген тер оның үстінде конденсацияланады да және қырауға айналады, ал, тері киім құрғақ болып қалады. Бас киім және аяқ киім аң терісінен тігіледі. Қосымша жүн шұлықты кию үшін, аяқ киім 2-3 өлшемге үлкен болу керек. Қардан болатын офтальмияның алдын алу үшін қорғайтын көзілдірікті қолданады. Акклиматизация барысын, ауыз қуысын санациялау, дегельминтизациялау, инфекцияның жергілікті ошақтарын емдеу, созылмалы аурулар бар науқатарды ауруының қайталануына қарсы емдеу, вакциналар егу сияқты емдеу-алдын алу шаралары да жеңілдетеді.
Оңтүстік далалардың, шөл далалардың, жартылай шөл жерлердің ыстық климаты Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән. Бұл жағдайларда, ең алдымен, бөлмені ысып кетуінен қорғау және елді мекендерде қолайлы микроклиматты жасау қажет. Жақсы желдетілуін қамтамасыз ету үшін, кварталдар қысылмай, еркін салынуы керек. Инсоляция орташа болуы үшін, ғимараттарды оңтүстікке, шығысқа, солтүстікке бағыттап салады. Батыс және оңтүстік-батысқа ғимараттарды бағыттамайды, себебі күн әсерінен олардың қатты қызуы байқалады, әсіресе, күннің екінші жартысында.
Үй қабырғаларының едәуір қалың болуы - 55-60 см дейін, бастырмаларды пайдалану, терезелерді бөлме ішіне қарай тереңдетіп орнату, әйнектелген верандаларды салу, шырмалып өсетін өсімдіктерді тігінен көлеңкелеу үшін қолдану және тағы басқа да шаралар бөлменің ысып кетуін азайтады. Бөлменің жоспарлануы өтпелі желдетуді қамтамасыз ету керек. Ауаны кондиционерлеу оптималды болып табылады. Бұл ыстық климатта төмендеу, комфортты температураны жасауға мүмкіндік береді. Ыстықтың қолайсыз әсерлерін төмендетуге елді мекендерді көгалдандыру, жасанды суаттар, фонтандар ұйымдастыру ықпал етеді. Тағам рационы ет, сүт, жұмыртқаның құнды белоктарымен қамтамасыздалған болуы, жануар және өсімдік текті өнімдер рационалды арақатынаста түсіп отыруын қамтамасыз ету қажет. Энергетикалық құндылығын көбінесе жануар текті майлардың есебінен төмендетеді, сонымен бірге, тердің көп бөлінуі салдарынан едәуір мөлшерде жоғалатын минералды тұздар мен суда еритін дәрумендердің ағзаға түсуін көбейтеді.
Рационда балауса жемістер, көкөністер, сүт өнімдері болуы керек. Тамақтану режимі де өзгертіледі. Тамақты негізгі қабылдау уақыты, ыстықтың қарқындылығы аса жоғары емес, таңертенгі және кешкі уақыттарға ауыстырылады. Оптималды су ішу режимін қамтамасыз ету де маңызды, себебі ыстық климат жағдайларында ағза сұйықты көп мөлшерде қажет етеді. Ағзадағы судың тепе-теңдігі ыстық шәйді, көк шәйді, көкөністердің қайнатпасын, тәтті емес шырындарды пайдаланған кезде сақталады. Көк шәй тек шөлді ғана қандырып қоймайды, сонымен бірге, бактерицидтік қасиеті бар, Р дәруменіне бай болып келеді. Еңбек пен демалыс режимі де өзгертілу қажет, ыстық уақытта жұмысты ерте бастап, үзіліс уақытын ұзарту керек.
Киімді рационалды киюдің үлкен маңызы бар, ол үшін ауаны жақсы өткізетін, ылғал сыйымдылығы мен гигроскопиялық қасиеті жақсы табиғи маталар - мақта - маталары, жүн, зығыр, жібек қолданылуы керек. Бұл қасиеттері терді жақсы сіңіріуің және булануын және киім астылық кеңістіктің жеткілікті желдетілуін қамтамасыз етеді. Шөл далада күннің артық сәулесінен және дененің қатты қызыунан қорғауды жеңіл киім емес, жүн мен мақтадан тігілген қалың киім қамтамасыз етеді. Міндетті түрде жалпақ жиекті қалпақтарды, табаны қалың аяқ киімді, күн сәулесінен қорғайтын көзілдірікті пайдалану қажет.
Өмір сүру, тамақтану, еңбек пен демалу жағдайларын рационалды ұйымдастыру, киімді климат жағдайына сәйкес қолдану, сондай-ақ, емдеу-алдын алу шаралары адам үшін жаңа климаттық-географиялық аймақта акклиматизациялауның қолайлы өтуін және ортаның жүктеме беретін факторларына толық бейімделуін қамтамасыз етеді.
IV-ТАРАУ. СУ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ГИГИЕНАСЫ
«Су! Мөлдір су, сенде дәм де жоқ,
жоқ сенің түсің, исің де,
сипаттау да мүмкін емес, бірақ
сенсіз - өмір сүру, мүмкін бе!
Тіршілікке керексің деп айту мүмкін аз болар,
өйткені, сен дәл өзісің сол тіршілік атаулының!
Сеніменен шөл қандырып, барлығы да мәз болар,
бұл сезімнің мүмкін емес, сөзбен айту рақатын....
Сен өзіңсің, әлемдегі ең үлкен байлық пен бақытым....»
Антуан де Сент -Экзюпери
1. Су көздерінің жалпы сипаттамасы.
Жер шарындағы судың мөлшері 16 млрд. км3, бұл планета массасының 0,25% құрайды. Бірақ 13 млрд. км3 су жердің мантия түзуші терең қабаттарында шашырап орналасқан және сенімді қорғалған. Судың көп бөлігі, жер қыртысын түзетін тау жыныстары мен минералдардың құрамына кіреді, 1,45 млрд. км3 су Жер гидросферасын құрайды. Гидросфераның - біздің планетамыздың су қабықшасының - негізгі бөлігі мұхит екеніне сөз жоқ. Әр түрлі мәліметтер бойынша, Әлемдік мұхиттың үлесі гидросфераның 94,0% - 96,5% құрайды, қалған бөлігі жер асты сулары, мұздар, топырақ ылғалы, атмосфералық су булары мен өзен суларының үлесіне тиеді.
Егер планетадағы тұщы сулардың көлемі туралы айтатын болсақ, олар негізінен, мұздарда (68,7%), жер асты көздерінде (30,9%) және ең азы (0,006%, 4.1.-кесте) - өзендерде жиналған (Авакян А.Б. және басқалар 1999 ж.). Мұндай мәліметтерді ертерек басқа ғалымдар да келтірген. Олардың берген мәліметтері бойынша, гидросфераның көлемі 1460 млн. км3, оның 90 млн. км3, немесе 6,1% құрлық сулары, 13-15 мың км3, немесе 0,1% атмосфера сулары болып табылады. Атмосфера сулары, немесе «атмосфера булары», жыл сайын 520 км3 жауын-шашын суларын береді, олардан құрлықтағы тұщы сулар қалыптасады (Зарубин Г.П., 1971; Кульский Л.А., 1978 ).
Су адамзаттың барлық көз жетерлік болашағына толық жетеді деген сенімнің үстемдік еткеніне көп уақыт өткен жоқ. Бірақ, жоғарыда айтылғандардан анық көрініп тұрғандай, жер шарындағы судың қоры шексіз емес, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының қарқынды дамуына байланысты, көп жерлерде судың жеткіліксіздігі туындап отыр. Бүгінгі күні таза судың жеткіліксіздігі туралы мәселе барған сайын өткір болып тұр. Әлемдік жүйенің бүтіндігі, оның сақталуы мен эволюциясына байланысты біртұтас шаралар жүйесі жөнінде жорамалдар бар. Дәл осы тұрғыдан Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж.) қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ конференциясында жарияланған тұрақты даму концепциясы адамзатта жаңа дүние тану қалыптасып келе жатқанын білдіреді. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуде су ресурстары маңызды роль атқарады. Бірақ Қазақстан - Еуразия кеңістігіндегі суы ең тапшы елдердің бірі (4.1.-сурет). Меншікті қамтамасыз етілуі бойынша, біздің мемлекетіміз ТМД мемлекеттері арасында соңғы орында тұр.
ҚР су ресурстарының қоры шамамен 539 км3 құрайды, оның ішінде 190 км3 - өзендерде. Өзендердің, бөгендердің су ресурстары әрқайсысына сәйкес 100,5 км3 және 95,5 км3, мұздардың ғасырлық қоры 95 км3, ал жер асты суларының болжам бойынша қоры 58 км3.
Қазақстанның жер беті суларының тек 58% ғана республиканың аумағында қалыптасады, қалғандары шекаралас елдердің аумағынан келеді. Қазақстанның жер бедері әр түрлі болуына байланысты, ішкі сулары Республика аумағында біркелкі таралмаған. Шөл және шөлейт аймақтарда көлдер мен өзендер аз, ал далалық және орманды далалық аймақтарда олар едәуір көбірек. Республиканың ішкі сулары төрт типке: көлдер, өзендер, жер асты сулары және мұздарға бөлінеді. Қазақстанның кең аумағында 48 мыңнан астам үлкен және кіші көлдер бар.
4.1-кесте
Жер шары гидросферасының әр түрлі бөліктеріндегі
судың көлемі мен су алмасудың белсенділігі
Гидросфераның бөлігі |
Судың көлемі, мың км3 |
Барлық сулардың жалпы көлеміндегі % |
Тұщы сулардың жалпы көлеміндегі % |
Шартты түрдегі су алмасу уақытының ұзақтығы |
Әлемдік мұхит |
1338000 |
96,5 |
- |
2500 жыл |
Жер асты сулары |
23700 |
1,7 |
30,9 |
1400-10000 жыл |
Мұздар |
26064 |
1,7 |
68,7 |
9700 жыл |
Көлдер |
176 |
0,013 |
0,26 |
17 жыл |
Топырақ ылғалы |
16,5 |
0,001 |
0,05 |
1 жыл |
Атмосфера булары |
12,9 |
0,001 |
0,037 |
8 тәулік |
Батпақ |
11,5 |
0,0008 |
0,033 |
5 жыл |
Бөгендер |
6 |
0,0004 |
0,016 |
0,5 жыл |
Өзендер |
2 |
0,0002 |
0,006 |
17 тәулік |
Каспий, Арал теңіздері және Балхаш көлі сияқты ірілерінен басқа, ауданы 1 км2 дейінгі көлдер (94%) көбірек кездеседі. Барлық көлдерді ағысы жоқ, тұйық деп айтуға болады. Олар су деңгейінің күрт ауытқуларымен ерекшеленеді. Көпшілік көлдердің суы тұзды, олардың ішінде көбі тұнба тұзды, тұз алу үшін пайдаланылады. Қазақстанда, ауданы 100 км2 асатын, 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің жалпы ауданының 60% құрайды.
Қазақстанның көлдерінің географиялық жағынан өз ерекшеліктері бар. Олардың біріншісі территорияда біркелкі таралмағандығы. Климат жағдайларына байланысты, солтүстіктен оңтүстікке қарай көлдердің саны азаяды. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда көлдердің саны 21580 (45%) болса, Орталық және Оңтүстік Қазақстанда - 17550 (36%) көл бар. Алып жатқан ауданы жағынан солтүстіктегі көлдердің үлесі барлық көлдердің 35% болса, ал орталық пен оңтүстіктегі көлдердің үлесі - 10%.
Көлдер барлық табиғи аймақтарда кездеседі, бірақ жылу мен ылғалдылықтың қатынасына байланысты, олардың орналасуы, суының мөлшері мен сапасы зоналық заңдылықтарға бағынады. Ылғалдық жоғары аудандарда көлдер саны көбірек болып, олардың суы да тұщы болып келеді. Құрғақ климатты аудандарда көлдер саны аз болып, әдетте, олардың суы да аз, ағыссыз, суы тұзды болады, кейде бұндай көлдер кеуіп те кетеді. Мысалы, орманды-далалы аймақта ауданы 1 км2 артық 740 көл бар, оның ішінде суы тұщы және тұздылау көлдердің саны, суы тұзды көлдерге қарағанда, 6 есе көп. Далалық зонада ауданы осындай көлдердің саны - 1875, олардың ішінде суы тұщылары, тұздыларына қарағанда, 4 есе артық.
4.1.- сүрет. Қазақстан аумағындағы жер бетіндегі суаттар
Шөлейт аймақта көлдердің саны 216, олардың ішінде, тұзды көлдерге қарағанда, суы тұщы көлдердің саны 1,3 есе көп. Шөлді аймақта - 142 көл бар, олардың барлығын да суы ащы көлдер деуге болады.
Қазақстандағы көлдердің екінші ерекшелігі олардың пайда болу мерзімдерінің әр түрлілігі. Көлдер түрліше кезеңдерде түзілген. Жазықтық- аласа тау бөлігіндегі көлдердің көпшілігі қазір дамуының соңғы кезеңдерінде. Орманды-далалық және далалық аймақтардағы көлдер біртіндеп бос шөгінділірге толуда, шөп басуда. Шөлейтті және шөлді аймақтардағы көлдер тез сортаңдалады және өздігінен тұнба шөгетін көлдерге айналады.
Бұндай көлдердің көпшілігі әр түрлі жойылу кезеңдерінде. Қазақстанның биік таулы аудандарындағы көлдер жас көлдерге жатады. Бұл көлдердің ең көбі теңіз деңгейінен 1400-2800 м биіктікте орналасқан. Көлдердегі судың деңгейі көлге судың түсуіне және жұмсалуына байланысты болады. Су балансының жыл бойында біршама өзгерістерге ұшырап отыратындығына байланысты көлдердегі судың деңгейі де үнемі ауытқып отырады. Көктемге қарай қардың еруі кезінде Қазақстандағы көптеген көлдердегі судың деңгейі біршама көтеріледі. Ал жазда судың деңгейі біртіндеп төмендеп, жауын-шашын кезінде аз уақытқа қайтадан көтеріледі. Кей уақыттарда су деңгейінің күрт ауытқуы салдарынан, суы аз көлдер құрғап та қалады. Қазақстандағы көлдердің суының жалпы көлемі 190 км3.
Қазақстандағы көлдер су жиналатын қазан шұңқырлардың шығу тегіне байланысты төмендегідей типтерге бөлінеді.
Тектоникалық көлдер, жер қыртысының ішке қарай ойылып, төмен түсуі нәтижесінде түзілген, олар Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда және Сарыарқа өңірінде көбірек кездеседі. Оларға Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың, Көкшетау көлдерінің топтары, бұрынғы Есік көлі, т.б.жатады.
Реликт (ескіден қалған) көлдер, негізінен жазық жерлерге тән, атап айтатын болсақ - Каспий маңындағы ойпатына. Қазақстандағы негізгі ескіден қалған көлдерге Каспий теңізі мен Арал теңізі жатады. Бұл тектоникалық көлдер жер қыртысының иілген жердерінде пайда болған. Олардың шығу тегі ертедегі Тетіс теңізінің геологиялық тарихымен тығыз байланысты. Мезозой эрасының орта кезінде Оңтүстік Европа мен Орта Азия арқылы Тетіс теңізі бассейндерінің жүйесі созылып жатты. Батыста ол Қара теңіз бен Жерорта теңізін қамтыған, Атлант мұхитымен, ал шығыста - Тынық мұхитпен қосылған. Неогенде күрделі тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Тетіс теңізі алдымен Тынық мұхиттан бөлініп, одан соң Атлант мұхитынан да ажырады. Осылайша Тетіс теңізінің қалдықтарынан Каспий және Арал теңізі пайда болған.
Каспий теңізі әлемдегі аса ірі жабық теңіздердің бірі, ол Қазақстанның батыс бөлігін қоршаған (4.2 - сурет).
4.2.-сүрет. Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі көл
Теңіздің аты «каспий» тайпасының атымен байланысты, бұл тайпа оның жағалауларында ерте заманнан ақ қоныс тепкен. Теңіз бұдан басқа Гиркан, Хазар, Хвалын сияқты атаулармен де аталған. Каспий теңізі мен оның жағалауларында мекендеген тайпалар туралы ең алғашқы мәліметтер Геродот еңбектерінің өзінде кездеседі. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созылып жатыр, оның орташа ені 320 км, жағалауларының ұзындығы 7000 км болады, акваториясы - 371000 кв.км; теңіздің ең жоғарғы тереңдігі 1025 м (оңтүстігінде), теңіздің қазақстандық бөлігі - терең емес, солтүстік жағасындағы тереңдігі, шамамен 15-20 м ғана.
Каспийдің Қазақстан аумағындағы ең ірі шығанақтары - Маңғыстау, Қара-Бұғаз-Гол және т.б. Теңіз суының орташа тұздылығы - 12,7 - 12,8%, шығыс жағалауында 13,2%, Еділ мен Жайық өзендерінің сағаларына жақын аудандарда - 0,1 - 0,2%. Теңіз суының деңгейі кейде 2,5 м дейін жоғары көтеріледі, кейде 2 м дейін төмендейді. Теңіз деңгейінің маусымдағы стандартты ауытқуы 30 см шамасында. Тарихта теңіздің деңгейі VII-ХI ғасырларда ең төменгі көрсеткішке (қазіргі деңгейінен 2-4 м төмен) жеткендігі туралы мәліметтер бар.
Арал теңізі немесе ескі аты - Көк теңіз, Орта Азия шөлдерінің орталық бөлігінде орналасқан (4.3 сурет).
4.3.- сурет. Арал теңізі -XX ғасырдың 50-ші жылдарында
Су беті ауданының мөлшері 68700 км2 болады, ол ТМД елдеріндегі теңіздердің ішіндегі ең шағын теңіздердің бірі болып табылады (одан кіші тек Азов теңізі), алайда көлдердің арасында ол Каспий теңізі мен Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көлден кейін әлемде үшінші орын алады. Ауданының үлкендігіне қарамастан, Арал теңізі, суы аз теңіздер қатарына жатады. Оның ең жоғары тереңдігі батыс жағалауларының бойымен созылып, 68 м ге дейін жетеді, бірқатар жерлерде көбінесе 30 м ден аспайды. Арал теңізі ағысы жоқ су көзі болып табылады. Оған екі өзен - Амудария мен Сырдария құяды.
Арал теңізінің қазіргі таңдағы қалыптасып отырған жағдайының түп тамыры ерте кезеңдерден басталады. Бірақ оның осы кездегі аса күрделі жағдайы ХХ ғасырдың 60 шы жылдарында басталды. Жаңа жерлерді көптеп игеру, суармалы егін шаруашылығының қарқынды дамуы, бұл үшін Орталық Азия территориясында жаппай ирригациялық жүйелердің құрылысы мен тұрмыс пен өндірісте суға деген қажеттіліктің үздіксіз артуы, сол сияқты, бірнеше жыл қатарынан болған құрғақшылық, тарихтағы ең жаһандық экологиялық апаттардың бірі болып саналатын, бір кездері планетадағы ең әсем теңіздердің бірі болған теңіздің құрғап, суының сарқыла бастауына себеп болды. Соңғы елу жылда Арал теңізінің акваториясы 4 еседен аса қысқарып, суының көлемі 10 есе азайып, суы да осынша есе минералданған. (4.4 - сурет).
4.4.-сурет. Арал теңізінің қазіргі кездегі жағдайы
Су деңгейінің ғасырлар бойындағы ауытқулары (4.5 сурет) циклді түрде қайталанып отырады: бір жылдар тобында судың жоғары тұрған деңгейі жылдап судың деңгейнің төмен тұруымен алмасып отырады. Судың ең төменгі деңгейі, Л.С. Бергтің мәліметтері бойынша, 1880 ж. байқалған. Арал теңізінің деңгейінің бірнеше жылдардағы ауытқуы - 326 см.
1993 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі болды. Бұл кездесуде Арал теңізінің апаттық жағдайына байланысты мәселелерді бірлесіп шешуге арналған Келісімге қол қойылды. Бұл мәселе 2008 ж. маусым айында БҰҰ қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы шеңберінде де қарастырылды. Арал өңіріндегі қалыптасып отырған апаттық жағдайға байланысты туындап отырған проблемаларды халықаралық деңгейде бірлесіп шешуге бағытталған іс шараларды жүзеге асыру жөнінде мәлімдеме жасалды. Осыған байланысты Жапония үкіметі ЕО бірге су проблемаларымен қатар мыңжылдықтағы даму мақсаттарына арналған жоғары деңгейдегі іс шараларды жүзеге асырудың жоспарын жасады.
4.5.- сурет Арал теңізінің деңгейінің ғасыр бойына ауытқуы
БҰҰ Бас ассамблеясының «Су тіршілік үшін» атты Халықаралық онжылдықты (2005-2015 жж.) ресми түрде жариялауы, біздің жалпы планетамыздың тұрғындары үшін сумен қамтамасыз ету мәселесінің аса өзекті мәселе екендігін дәлелдейді.
Сумен қамтамасыз ету гигиенасы тұрғысынан қарағанда, әрине, ұзындығы 600 км асатын Балқаш көлінің маңызы өте зор. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 340 м биіктікте орналасқан. Табиғаттың тартуы деуге болар, көлдің әрі ерекшелігі, әрі жұмбақ бір қасиеті оның суының екі бөлігінде екі түрлі, бір жағы тұщы болса, екінші жағының суының тұзды болуы. Жіңішке ғана Ұзын Арал бұғазы арқылы көлдің суын екі түрлі бөлікке - батыс бөлігінде суы тұщы және шығыс бөлігінде суы тұзды болып бөлінеді. Көлдің батыс бөлігінің суы көп емес және арнасы кең болып, оның жағалаулары кішігірім шығанақтармен шектеледі. Ал шығыс бөлігі жіңішке, әрі ұзын болып, оның жағалаулары біртегіс болып келеді. Көлдің түбі тегіс, негізінен шөгінді қалдықтар көп, олар суы азайған жерлерде құмдарға ауысады.
Көлге барлық өзендер дерлік (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) оңтүстіктен құяды. Балқаш көлі бассейнінің негізгі су көзі болып саналатын - Іле өзені. Бұл өзеннің Балқашқа беретін суының мөлшері, көлге құйылатын барлық судың 73% құрайды. Алайда, ХХ ғасырдың 60- шы жылдарынан бастап, яғни сол кездегі Кеңес Одағы құрамындағы мемлекеттерде өнеркәсіп өндірістерінің қарқынды дамуына байланысты, Балқаштың суы біртіндеп тартыла бастады. Бар болғаны, 30-40 жылдың ішінде көлдің ауданы 2000 км2 қысқарды, жағалауы екі метрден аса азайды. Кейбір шығанақтардың орнында сор топырақ пайда болды.
Мұздық көлдер, жоғарғы таулы аймақтарда кездеседі, олар ертедегі мұздану аудандарына сәйкес келеді. Бұл көлдерге: Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар Алатауының солтүстігінде орналасқан Жасылкөл көлі, т.б. жатады. Таудың биік төбелеріне жақын бөліктерінде кішігірім мұздықтардың және желден мүжілу әсерінен тостағанша тәрізді ойықтар түзіледі. Олар суға толғанда, өте көп ,өлшемі үлкен емес, көлдер пайда болады.
Қазақстанның солтүстігінде, борпылдақ тау жыныстарының шөгуі нәтижесінде суффозиондық көлдер пайда болады, оларды «дала тостағаншалары» деп те атайды.
Бұнымен қатар, алқаптық-арналық көлдер де кездеседі, олар өзеннің бұрынғы арнасынан бөлініп қалған өзеннің кішігірім бөліктері (4.6.-сурет) болып табылады.
Қазақстанның территориясында 85000 аса өзендер мен уақытша түзілген су көздері бар, олардың ішінде көпшілігінің ұзындығы - 100 км дейін, 305 500 км дейін, 23 өзеннің ұзындығы 500-1000 км асады.
Ертіс Қазақстандағы ең сулы өзендердің бірі. Оның республика территориясындағы ұзындығы 1700 км (жалпы ұзындығы 4248 км). Көлемі жөнінен Қазақстанда екінші орында - Сырдария өзені, республика территориясындағы ұзындығы 1400 км (жалпы ұзындығы 2219 км).
4.6.- сурет. Алқаптық-арналық көлдер
Іле өзені, жоғарыда айтып өткендей, Балқаш көліне құяды. Оның ұзындығы 1001 км, Қазақстанның территориясында - 815 км. Ең үлкен өзендерге Жайық, Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Сарысу, Талас, Нұра, Ембі, т.б. өзендер жатады.
Қазақстан өзендері сумен қоректену сипаты бойыша 3 типке бөлінеді: басын еріген қарсуынан алатын, мұздардан алатын және аралас типті. Осыған байланысты, республиканың өзендерінің көпшілігінде су тасқыны көктемде, қар еруі кезінде байқалады, мұздықтардан қоректену үлесі үлкен болған кезде ғана, су тасуы жаз айларында болады.
Қазақстан өзендерінің негізгі су көзі мұздықтар болып табылады. Қазақстан тауларында барлығы 2724 мұздық бар екені белгілі болды, олардың мұзға айналған жалпы ауданы - 2033,3 км2. Мұзға айналған барлық ауданының жартысы дерлік Жоңғар Алатауының үлесіне тиеді.
Сонымен, жоғарыда аталған су нысандарының барлығы да жер беті су нысандарына (су нысаны шеғаралары, көлемі және су режимінің ерекшеліктері бар, судың құрлық бетінде жер бедерінің пішінінде және жер қойнауында жиналуы) немесе жер беті суларға жатады. Бұл сулар табиғи сулар болып табылады, өйткені олар табиғи үрдістер нәтижесінде түзілген. Оларға сол сияқты бұғаздар, шығанақтар, теңіздер мен мұхиттардың қойнаулары, батпақтар, бұлақтар, гейзерлер, т.б жатады.
Жер асты сулары, олардың жиналған жерінің, таралу, қоректену, қорының қалыптасу жағдайларына, химиялық құрамына, су жиналатын жыныстардың су өткзгіштігіне байланысты жарық арасындағы, жарықаралық - қабаттық және қабаттық болып бөлінеді. Жарық арасындағы жер асты сулары таулы және кішігірім тау жоталы аймақтарда кең таралған. Бұндай сулар 30-50 м тереңдікте орналасып, тұздылығы төмен (0,1-0,5 г/л) болады. Қабат типті сулар жазық территориялардың барлығына, өзен аңғарларына тән.
Жер асты суларынан басқа, құрлықтың жоғарғы қабаттарының үлкен кеңістіктерінің астында тағы жер асты мұздары да таралған. Олардың жалпы массасы 500000 км3 шамасында бағаланады. Ресей территориясының жалпы ауданының 47% осындай жер асты мұздары (көпжылдық мәңгі тоң аймағы) алып жатыр. Мәңгілік мұз басқан грунттардың қалындығында мұз өзіне тән цемент тәрізді қызмет атқарып, тау жыныстарындағы жарықтар мен саңылауларды толтырады. Кейбір жерлерде мұздар тұтас қалың қабаттар мен линзалар, мұзды талшықтар мен штоктар (мұздың бұрыс пішінді құрылымын) түзеді. Мұз қабатының қалыңдығы 50 м дейін жетеді. Мәңгілік мұз аймағында ерекше жер асты сулары криопегтер де кездеседі. Криопегтер деп, концентрациясы жоғары, төмен температурада да сұйық күйінде сақталатын, жер астындағы тұздықтарды айтады. Әдетте, олардың қату температурасы -10ºС төмен болмайды, бірақ сұйық күйіндегі тұздықтар кейбір аймақтарда -36ºС кезінде де табылған.
Криопегтер, 200-300 м тереңдікте орналасып және тау жыныстары қабаттарында қозғалу мүмкіншілігі болып, жерге 1 км артық тереңдікке созылған және Сібір платформасының 2/3 бөлігін, Солтүстік мұзды мұхиттың аралдары мен жағалауларын, шельфін қоса, қамтыған, табиғи мұздатқыш түзеді. Жер қойнауында криопегтердің түзілуі, бұл аймақтардағы тұрғындарды сумен қамтамасыз етуде біршама қиындықтар туғызады, мұнай мен газ өндіруді қиындатады: төмен температурада жердің терең қабаттарында мұнай өте тұтқырлы болады, ал газ (метан) сумен мұз тәрізді кристаллогидраттар түзеді. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұндай криопегті аймақтар Антарктиданың мұз құрсауының астында да түзілуі мүмкін.
Атмосфералық сулар, атмосферадағы су буларының қоюланып, олардың жер бетіне жаңбыр, не қар түрінде түсуінен пайда болады. Олар құрлықтың бетімен аға отырып, жер беті суларын түзеді, ал екінші бір бөлігі топыраққа сіңіп, жер асты суларына қосылады.
Елді мекендердегі тұрғындарды сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін, жер беті сулармен (ашық су көздері) бірге жер асты сулар да қолданылады. Осы суларға қысқаша санитарлық-гигиеналық сипаттама береміз.
Жер беті сулары өздерінің қалыптасу сипатымен ерекшеленеді. Олар негізінен, атмосфералық жауын-шашын суларының есебінен, еріген қар суларынан және аз ғана мөлшерде жер асты суларының қосылуынан түзіледі. Оларға тән ерекшелік - күн сәулесі энергиясының үнемі әсерінде және атмосферамен тікелей жанасуда болатын, су бетінің үлкен болуы. Бұл жағдай суда өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Ашық су көздерінің негізгі ерекшелігі, олардың суының дебиті біршама тұрақты және тұздылық дәрежесі орташа болғандықтан, оларды тек шаруашылық, техникалық мақсаттарға ғана емес, сонымен қатар ауыз су ретінде де пайдалануға болады.
Алайда, ашық су көздеріне, әдетте, сыртқы ортадан ластаушы заттар көп түсетіндіктен (шаң, түрлі қалдықтар, топырақ бетінен ағып келетін сулар) көбірек ластанады. Сондықтан, ашық су көздерінің сулары ауыз су үшін тек қана алдын ала арнайы өңделгеннен кейін ғана пайдаланылады (бұл сұрақ кейінірек жеке қарастырылады). Ашық су көздерінен алатын суларға алдын ала өңдеу жүргізуді қажет етендігі, оларды жеке адамдар пайдалануы үшін қиындықтар туғызады.
Жер бетілік суаттардың ішінен, сумен қамтамасыз ету үшін, көбінесе өзендердің суы қолданылады. Түрлі өзендердің суы, кейде тіпті бір өзеннің әр түрлі бөліктерінің суының өзі, жыл мезгіліне және жер бетіндегі ағынды сулардың (өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық, мал шаруашылық кешендерінен шыққан ағынды сулардың) сипатына байланысты физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы және ластану дәрежесі бойынша бір бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Алайда, өзен суларының өздігінен тазару қабілеті өте жоғары. Өзенге су ағып келіп құйылатын жердің беткі қабаты, осы өзеннің сумен қоректенетін аймағы деп аталады.
Кішігірім елді мекендерде, жер асты суын пайдалану мүмкін болмайтын жерлерде, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін көлдер мен тоғандар пайдаланылады. Әдетте, олардың ағысы жоқ деп айтуға болады. Бұл суаттардың түбінде суға араласқан заттардың тұнбаға түсуінен біршама шөгінділер түзіледі. Бұл сулардың, ластану деңгейі жоғары және өздігінен тазару қабілеті нашар болғандықтан, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жарамдылығы аздау. Оларда балдырлар қаулап дамып, судың «гүлдеуі» жиі байқалады, ал бұл құбылыс судың органолептикалық қасиеттерін нашарлатады.
Жер беті су көздеріне сондай-ақ жасанды су қоймалары (бөгендер) да жатады. Олар өзендердегі судың ағысын бөгейтін бөгеттер құру арқылы жасалады. Көбінесе, олар бірнеше кешенді мақсатта (өндірістік, энергетикалық, сумен қамтамасыз ету үшін, т.с.с.) қолданылады. Жасанды су қоймаларын өзендерге шектесіп жатқан үлкен аумақтарға су жаю жолымен жасайды. Бұндай су қоймаларындағы судың сапасы, оны құрайтын өзен суы, еріген қар суы және жер асты суларының құрамына байланысты болады. Сонымен бірге, жасанды су қоймасындағы судың сапасына, әсіресе, пайдаланудың бірінші жылдарында оның жататын арнасын (түбін) санитарлық тұрғыдан дайындау да үлкен әсер етеді. Әдетте, жасанды су қоймасы салынатын орын, әсіресе, елді мекендер, зираттар, ауруханалар орналасқан, мал өлігі көмілген жерлер, т.б. территориялар ұқыпты түрде және толық санитарлық өңдеуден өтуі керек. Бұл судың эпидемиялық қауіпсіздігіне және органолептикалық қасиеттерінің жақсы болуына кепілдік береді.
Алматы қаласының жанындағы Қапшағай су қоймасы бірегей жасанды суат болып табылады, оған Іле өзенінен су толтырылуы 1970 жылдан басталды. Бұл қолдан жасалған суат суы гидравликалық энергия алу үшін қолданылады: тек ГЭС турбиналары арқылы жыл сайын 720-750 миллиард куб км су өтеді. Қазіргі кезде осы жасанды теңіздің жағалауларында көптеген демалу орындары орналасқан (4.7 сурет).
4.7.- сурет. Қапшағай жасанды су қоймасы мен ГЭС
Каналдар жерден қазылған, су ағатын жасанды құрылымдар. Олар кейде жүздеген километрлерге дейін созылады. Негізінен, халық шаруашылығында пайдаланылады, бірақ кейбір, санитарлық жағдайы жақсы, учаскелерінде, ауыз суы және халықтың демалуы үшін де қолданылады. Бұндай каналдардың бір мысалы -Үлкен Алматы каналы (ҮАК).
Біздің планетамыздағы судың едәуір бөлігі оның бетінің астыңда орналасқан. Оларды ерте кезден жер асты сулары деп атаған және қазір де осылай атайды, алайда, бұл суларға жер ішілік немесе топырақ астылық деген атаулар дәлірек болар еді. Бұл сулардың салыстырмалы түрде аз ғана бөлігі кішкене бұлақтар, таулы жерлердегі жылғалар немесе ыстық су булары атқылаған гейзерлер түрінде жердің бетіне шығады. Ал олардың негізгі, біраз бөлігі жер қойнауында су өтпейтін қабаттардың арасындағы сырт көзге көрінбейтін қоймаларда, жер бетіне бір жерден жол тауып шыққанша немесе адам қолымен жасалған әрекеттердің әсерінен кеңістікке шыққанша, мыңдаған жылдар бойы жинақтала береді.
Көптеген ауылдық және қалалық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін, жер асты суларын пайдаланады. Олар негізінен, атмосфералық жауын-шашын суларының топырақ арқылы сүзіліп өтуі есебінен түзіледі; аз бөлігі - ашық су көздеріндегі (өзен, көл, жасанды су қоймалары, т.б.) судың арнасынан сүзіліп, өтуі нәтижесінде пайда болады.
Жер жыныстарының әр түрлі қабаттарынан бірті-бірте өтуі арқылы, су біртіндеп араласып жүрген заттардан, сонымен бірге микроорганизмдерден де тазарады және жыныстардың құрамындағы минералды тұздарды ерітеді. Сондықтан, бұл суларда араласқан заттар өте аз болады, яғни басқа су көздеріне қарағанда, суы таза, бірақ минералдану дәрежесі (тұздылығы) жоғары болуымен ерекшеленеді. Жер асты сулары, сол сияқты, дебітінің тұрақтылығы жоғары болғандықтан, сумен қамтамасыз етуді жеткілікті дәрежеде дәл жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жер асты суларының жиналуы мен қозғалысы жыныстардың құрылысына байланысты, оларды суға қатысты су өткізбейтін және су өткізетін деп бөледі. Су өткізбейтін жыныстарға гранит, саз балшық, ізбестас, ал су өткізгіш жыныстарға - құм, қиыршық тас, малтатастар, жарықтары бар жыныстар жатады. Су, бұл жыныстардың жарықтары мен саңылауларын толтырады.
Жер асты суларының жоғарғы шекарасы әр түрлі тереңдікте болады - бірнеше метрден бірнеше ондаған және жүздеген метрге дейін жетеді. Бұл шекарадан төмен жатқан тау жыныстарының, мұнай-газ кен орындарындары бар жеке учаскелеріндегі мұнай мен газға толған саңылаулары мен жарықтарынан басқа, барлық дерлік саңылаулары мен жарықтары суға толған.
Жүргізілген есептеулер бойынша, континенттердегі жер қыртысының жоғарғы бес километрлік қабатындағы судын мөлшері 84,4•106 км3. Оның 60•106 км3 ауырлық күші әсерінен қозғалуға қабілетті, еркін қозғалатын (гравитациялық) су құрайды. Бүкіл жер қыртысында судын мөлшері - 1,5•109 км3 шамасында, ол Әлемдік мұхит көлеміне тең (Кульский Л.А. және басқалар бойынша, 1982).
Жер асты сулары қоршаған ортамен өзара тығыз қарым-қатынастағы аса күрделі динамикалық жүйе болғандықтан, пайдалану үрдісінде қайта қалпына келе алатын, пайдалы қазбалардың жалғыз ғана түрі болып саналады. Сондықтан жер асты суларының қоры статикалық (ғасырлық деп аталатын) және динамикалық (жаңарып отыратын) болып бөлінеді. Жер асты суларының пайдаланылатын қоры белгілі бір уақыт бірлігінде үнемі жұмсалатын су мөлшерімен анықталады.
Жер асты суларының әлемдік динамикалық қоры 12000 км3, оның ішінде ТМД елдерінде - 880 км3. Бұл, белсенді су айналымы зонасы деп аталатын, зонасындағы жер асты сулары, бұл сулар өзендермен дренаж арқылы байланысып, өзен ағысының тұрақты бөлігін құрайды. Өзендерге дренаж арқылы қосылатын деңгейден төменгі деңгейінде, су айналымының белсенділігі өте әлсіз, ғасырлық жер асты суларының жалпы қорының 9/10 кем емес бөлігі болатындығы жорамалданады.
Жер асты тұщы сулардың қоры туралы, олардың өзендерге қосылатын ағысының мөлшері бойынша пайымдауға болады. ТМД елдерінде бұл көрсеткіш 30000 м3/с артық, бұл жалпы өзен ағысының төрттен бір бөлігін құрайды.
ТМД елдерінің аумағындағы жер асты сулары Ресей, Украина, Қазақстанда ең көп таралған, олардағы су қоры бірнеше Арал теңізінің су қорына тең болатындығы анықталды. Сол сияқты, жер асты тұщы судың үлкен қоры Орта Азия мемлекеттері территорияларында да табылды.
Жер асты сулары жердің бетіне табиғи жолмен (бұлақ, бастау түрінде) шығады немесе оларды әр түрлі құдықтар қазу арқылы алады.
Жер асты сулары жататын орнына қарай - топырақ, грунт және қабат аралық сулар болып бөлінеді.
Топырақ сулары (жер бетіне ең жақың сулар) атмосфералық сулар өтетін аймақта болады, жер бетіне ең жақын, бірінші су тұтқыш горизонтта линза түрінде жиналады. Олар, әсіресе, атмосфералық жауын-шашын кезінде көп жиналып, бірақ жазда құрғап кетеді, ал қыста қатып қалады. Бұл су көздерінің, біріншіден, салыстырмалы түрде дебиті аз, екіншіден, су өткізбейтін қабаты түріндегі қорғауы жоқ, соған байланысты, оңай ластанады, олардың құрамы сыртқы факторлар (климаттық, антропогендік) әсерінен жылдам өзгереді, сондықтан да, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін іш жүзінде қолданылмайды.
Грунт сулары бірінші су өткізбейтін қабаттының үстінде жиналады, бірақ, жоғарғы жағында су өткізбейтін қабаты болмайды, сондықтан, олар мен жер бетілік сулар арасында су алмасу үрдістері жүреді. Олар атмосфералық жауын-шашын суларының топырақ қабаттары арқылы өтуі нәтижесінде түзіледі, сондықтан, әр түрлі жылдарда және жыл мезгілдерінде судың деңгейінде үлкен ауытқулар болады. Әр түрлі жерлерде олардың тереңдігі 1,5 - 2 м және одан да артық болуы мүмкін.
Әдетте, бұндай сулар ауылдық елді мекендерде көп қолданылады - су түрлі құдықтар (шахталық, құбырлы, т.б.) арқылы алынады. Олардың кейбіреулері улкен емес су тасымалдау құбырлары үшін де қолданылады. Бұл сулар қысымды болмағандықтан, олардың құдықтағы деңгейі, судың жер астылық қабатының деңгейінде болады.
Жер бетілік суларға қарағанда, грунт сулары салыстырмалы түрде тұрақты құрамымен және жақсы сапасымен ерекшеленеді. Топырақтың қалың қабаттары арқылы сүзіліп өтетіндіктен, олар өзен мен көлдердің суларына қарағанда, мөлдірлеу, түссіз және бактериологиялық тұрғыдан да қауіпсіздеу болып келеді. Грунт сулары ластануының алдан алуда топырақты ластанудан санитарлық қорғау үлкен рөл атқарады.
Су жағалауларындағы жерлерде грунт сулары өзендер мен басқа да ашық су көздерінің суларымен гидравликалық байланыста болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда өзен суы топырақ қабаттарынан өтіп, грунт суларына қосылады да олардың мөлшерін көбейтеді. Бұндай сулар арна астылық сулар деп аталады. Арна астылық сулар кейде инфильтрациялық құдықтар жасау арқылы ауыз су мақсатында да қолданылады. Алайда, бұл сулар ашық су көздерімен тікелей байланысты болғандықтан, олардың құрамы тұрақсыз және санитарлық жағынан да, жақсы қорғалған грунт суларына қарағанда, сенімділігі аздау.
Тау беткейлерінде немесе үлкен жыралар түбінде, яғни жер бедерінің сай-салалы жерлерінен грунт сулары қысымсыз немесе төмен қарай түсетін бұлақ (бастау) түрінде жердің бетіне шығуы мүмкін. Бұндай бұлақ суларының құрамы мен сапасында, оларды қоректендіретін грунт суларының құрамымен мен сапасынан айырмашылығы болмайды және жергілікті жердегі тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануы мүмкін.
в). Қабат аралығындағы (аралық) сулар дегеніміз, су өткізбейтін екі жыныстың аралығында орналасқан сулар. Кабат аралағындағы сулар қысымды және қысымсыз сулар деп бөлінеді. Бұлардың екеуінде де, су өткізбейтін «төбе жабыны» және «айдыны» болады. Бірақ, қабат аралық қысымды сулар, олардың арасындағы кеңістікті толық толтырып, оның ішінде жоғары кысыммен жылжиды, ал қысымсыз қабат аралық сулардың бетімен «төбе жабынының» арасында біраз бос кеңістік болады, сондықтан судың қысымы да төмен болады.
Бұл сулар қысымның әсерінен құдықтарда жоғарыға қарай көтеріліп, кейде өздігінен бұрқақ болып атқылауы да мүмкін (артезиан сулары).
Су өткізбейтін жабыны болғандықтан, қабат аралық сулар атмосфералық жауын-шашын суларынан және жоғарырақ қабаттағы грунт суларынан жақсы оқшауланған болады. Қабат аралық сулар су тұтқыш қабатының жер бетіне шыққан жерлерінде сумен толығады, әрі, бұндай жерлер қабат аралық сулардың негізгі қорының орналасқан жерінен біраз қашықта болады.
Егер, су өткізбейтін қабаттың үстіңде орналасқан су тұтқыш қабат жылғамен бөлінсе, онда қабат аралық сулар табиғи жағдайда жердің бетіне, ағыны жоғары көтерілетін, бұлақ немесе бастау түрінде шығуға мүмкіндік алады. Бұл бұлақ суының сапасы оларды қоректендіретін қабат аралық сулардың сапасынан айырмашылығы болмайды.
Жоғары қысымдағы судың еріткіштік қасиеті жоғары болатындықтан, жер астылық қабат аралық сулар иондық, молекулалық және коллоидты қоспалардың әр түрлі кешендеріне бай, және жиі газдарға қаныққан болады.
Ең тұщы жер асты суы, әдетте, биік таудағы су көздерінде кездеседі. Кейде, олардағы тұздардың мөлшері 0,1 г/л ден де төмен болады. Жазық жерлерде орналасқан жер астылық ащы суларында, керісінше, тұздардың массасы судың мөлшеріне тең болады. Мысалы, Түркменстанда, тұздылығы 547 г/л болатын, ащы су көзі табылған.
Жер асты суларының химиялық құрамы басым мөлшерде кездесетін иондардың үйлесімі бойынша анықталады: гидрокарбонатты кальций, хлоридті натрий және т.б. Жер асты суларының минералдану дәрежесі, әдетте, олардың химиялық құрамына байланысты болады.
Мысалы, тұщы сулар негізінен, гидрокарбонатты болып табылады. Орташа концентрациядағы (100 г/л 150 г/л) ащы суларда, көбінесе, натрий хлориді көп болады. Бұдан да жоғары қаныққан ащы суларда хлор аниондарымен бірге кальций және магний катиондары көп болады. Жер асты суларының иондық құрамына оларда кейбір газдардың, әсіресе, көмірқышқыл газының мөлшері де байланысты болады. Судағы карбонаттық тепе-теңдік (сутек, кальций катиондары мен гидрокарбонат, карбонат аниондарының қатынасы) осы көмірқышқыл газына байланысты. Құрамында көмірқышқыл газының мөлшері жоғары болатын жер асты сулары құрылыс қондырғыларына, әсіресе, құрамында бетоны бар, қондырғыларға. агрессивті болады.
Жер асты суларының құрамында Д.И. Менделеевтің периодты системасындағы барлық дерлік элементтер, тіпті сирек кездесетін элементтер де кездеседі. Сондықтан, олар бағалы химиялық шикізат көзі болуы мүмкін. Ертеде, ХI ғасырдың өзінде ақ, адамдар ас тұзын жер астылық ащы суды буландыру арқылы алғандығы белгілі. Ал қазір, жер асты суларынан иодты түгелдей және бромның біраз бөлігін алады.
АҚШ мен Италияда жер астылық ащы сулардан, иод пен бромнан басқа, бор қышқылын, вольфрам, литий мен германийді алады. Карловы Вары минералды су көздерінен жыл сайын 1300 т глаубер тұзы және 800 т сода өндіріледі.
Жер асты суларының құрамында, сол сияқты, топырақтың жоғарғы қабаттарында жүріп жататын немесе жанғыш пайдалы қазбалармен қосылғанда жүретін биохимилық үрдістер нәтижесінде түзілетін органикалық заттар да кездеседі.
Жақын арада жер асты суларының құрамында газ тәрізді қоспалар түріндегі төменгі сатыдағы көмірсутектердің де кездесетіні анықталды. Әсіресе, олар мұнай-газ бассейндері орналасқан жерлердің суларында көп кездеседі. Ғалымдардың есептеулері бойынша, тек қана ТМД мемлекеттерінің территориясындағы қабат аралық сулардың құрамында осы аса бағалы шикізаттың 4000 триллион куб метр қоры бар екені анықталды. Бұл, бүкіл дүние жүзіндегі мұнай мен газдың қазіргі таңдағы белгілі өндірістік қорынан бірнеше жүз есе артық.
Жер асты сулары, соңғы кездері болашақта табиғи газ өндірудің маңызды көзі ретінде қарастырыла бастады. Мысалы, Жапонияда қазірдің өзінде табиғи газдың 30% дәл осы жолмен алынады. Қабат аралық жер асты суларында басқа да, өте бағалы химиялық компоненттердің көп екендігін ескере отырып, жер астылық суларды өңдеуді кешенді, көп салалы, қалдықсыз және рентабельділігі жоғары өндіріс түрінде жүзеге асыруға болады.
Микроағзалар жер асты суларында, әдетте, өте аз болады, ал ауру тудырушы бактериялар мүлдем кездеспейді. Қабат аралық сулар өте терең қабаттарда жататындықтан, олардың физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы тұрақты болады. Қабат аралық сулардың антропогендік ластануы өте сирек болады, мысалы, су өткізбейтін қабаттардың бұзылуы кезінде, ескі, пайдаланбайтын ұңғымаларға бақылау жүргізілмегенде ғана байқалуы мүмкін. Қабат аралық горизонттардағы су сапасының аз ғана өзгерісінің өзі, сол жердегі санитарлық жағдайдың нашарлағанын білдіреді.
Ерте кезден таза, мөлдір бұлақ суы өте жоғары бағаланатын. Миллион тұрғыны бар қалада - Ертедегі Римде тек осындай суларды пайдаланатын, өйткені римдіктер ең таза деген өзен суының өзін елемейтін. Егіс далалары құрғап жатқанда, бұлақ сулары бақылаусыз қала үшін алынатын. Рим қаласының қарқынды даму кезеңінде, оның әрбір тұрғынына тәулігіне судың 1000 л дейін мөлшері келетін. Ешқашан, еш жерде өте таза, ауыз суды моншалар, шомылу, т.б. мақсаттар үшін дәл осылай ысыраппен пайдаланбаған.
Жер асты сулары, ең алдымен ауыз су үшін қолданылады, өйткені, әдетте, олар арнайы тазартуды, ал көп жағдайларда тіпті зарарсыздандыруды да қажет етпейді.
Алайда, жер асты суларының стерильді болуының, қазіргі кездегі түсініктер бойынша, біршама қауіптілігі де бар. Артезиан, бұлақ немесе құдық суларының «қарсы тұру күші» болмағандықтан, олар ластанған кезде адам денсаулығы үшін ұзақ уақыт қауіпті болып қала береді.
Парадокс ретінде болса да, ашық суаттардың жағдайы жақсырақ деуге болады: бұл суларда басқа граммтеріс бактериялар денесінде паразитті тіршілік ететін бактериялар табылған. Неміс зерттеушісі Г.Штольп (1963), Штольп вибрионы деп белгілі болған, туыс ішіндегі Bdellovibrio bacteriovorus (bdellо латынша: сүлік) түрді анық сипаттаған. Бұл бактерия басқа бактерияларға еніп, оларда көбейеді (4.8 сурет).
4.8.- сурет. Штольп вибрионының судағы микробты «жеп қоюы»
Бұл бактериялар өздеріне қорек ретінде судағы басқа микробтарды, олардың арасында, холера вибриондарын және сүзек таяқшаларын да пайдаланады. Осы Штольп вибриондарының болуымен табиғи сулардың өздігінен тазаруға қабілетінің өте күшті болуын түсіндіреді. Әдетте, бұл вибриондар жер асты суларында болмайды. Сондықтан, бұндай сулардың аз ғана дәрежеде ластануының өзі, адамдар мен үй жануарлары үшін ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Жер асты суларының көбі, олардың құрамында түрлі тұздар көп болғандықтан, ауыз су үшін және шаруашылықты сумен қамтамасыз етуге жарамсыз болады, бірақ олар да әр түрлі мақсатта қолданыс табады.
Минералданған жер асты сулары өте ерте кезден ақ емдік мақсаттарда қолданылады. Олардың емдік әсері, көбінесе құрамындағы биологиялық белсенді заттардың жоғары мөлшерде болуына байланысты. Емдеу практикасында, әдетте, температурасы 40ºС-тан аспайтын, жер асты суларын пайдаланады.
Атмосфералық сулар (жауын-шашын) тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін сирек қолданылады, негізінен, сусыз, құрғақ климатты аймақтарда (Өзбекстан, Түркменстан, Қырым), яғни, ашық су көздері жоқ, ал өте тереңде орналасқандығынан, жер асты суларын алу қиын аймақтарда ғана қолданылады. Атмосфералық суларда аз ғана мөлшерде Ca мен Mg тұздары болады, яғни, олардың минералдану дәрежесі өте төмен болып, дистильденген суға жақындайды, сондықтан олар тек шаруашылық және техникалық мақсаттар үшін қолданылады. Бұл суларды ауыз су үшін пайдаланғанда, оларды барлық санитарлық ережелер сақталып, сырттан ластаушы заттар түспейтін, таза ыдыстарға жинау керек.
Атмосфералық жауын-шашын суының тазалық дәрежесі, атмосфераның жағдайына, ауаның ластану деңгейіне, желдің күші мен бағытына, жауын-шашынның түсу ұзақтығына, оның қарқындылығы мен тағы да басқа факторларға байланысты күрт өзгеріп отыруы мүмкін. Қатты құйынды желдер мен вулкандардың атқылауы кезінде, толып жатқан ластаушы заттардың ауаға көтерілуінен, олардың атмосфералық жауын-шашын құрамынан анықталған жағдайлары (құрамында қызыл түсті тау жыныстарының қоспасы бар, «қанды жаңбырлар» деп аталған, жаңбырлар және т.б.) белгілі.
Ірі өнеркәсіптік қалалардың атмосферасына күкірт қышқылы, тұз қышқылы және басқа да қышқылдар, Na, Ca, Mg тұздары, күйе, шаң, микроағзалар түсуінен, жауын-шашын сулары, осы заттармен ластанған атмосферадан өтіп, өздері ластанады да және ауыз су үшін пайдалануға жарамсыз болып қалады.
Атмосфералық сулардың сапасы сондай-ақ, климаттық жағдайларға және судың қай кезде - қатты жаңбыр кезінде немесе құрғақшылық кезде жиналғандығына байланысты болады. Әдетте, жаңбыр жауғанда, судың алғашқы тамшылары соңғы тамшыларына қарағанда, көбірек ластанады, ал соңғылары ең тазасы болып келеді.
Қар немесе мұз ерігеннен соң пайда болатын еріген қар сулары, өте сирек - сусыз жерлерде қолданылады, олар да атмосфералық жауын-шашын сулары сияқты ластанады.
2. Судың адам ағзасы үшін және оның өмір сүруін қамтамасыз етудегі рөлі
Барлық тірі ағзалардың судан шыққандығы белгілі. Қазіргі кезде де сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Өсімдіктер мен жануарлардың денесі 60-75% судан тұрады. Тірі ағзалар үшін сусыздану немесе судың жетіспеуі қауіпті, өлімге әкеп соғады. Адам денесінің үштен екі бөлігі дерлік судан тұрады, оның мөлшері жас шамасына қарай елеулі өзгеріп отырады. Мысалы, эмбрион денесінің (жасына қарай) 85 - 97%, жаңа туылған нәрестенің денесінің - 70 - 75%, үлкен адам денесінің - 60 - 65% судан тұрады , ал адам қартайған сайын, ағзасындағы судың қоры үсті-үстіне азая береді. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамның қартаюының себептерінің бірі коллоидтардың, әсіресе, белоктардың, суды байланыстыру қасиеттерінің төмендеуі болып табылады.
Үлкен адамның мүшелері мен тіндеріндегі судың мөлшері біршама тұрақты болады, олардың сандық мәні, шамамен төмендегіше болады: бас мидың үлкен жарты шарында 83,3%, дәнекер тіңде 80%, бүйректерде 82%, теріде - 72%, қанда 79,3%, май тінінде - 29%, қаңқада 22%, тіс эмалында - 0,2% (4.9. сурет). Ағзадағы су алмасу үрдісі өте қарқынды жүреді. Қоршаған ортаның орташа температурасының өзінде және физикалық жүктеме аз болған кезде, ересек адам шамамен 2-2,5 л су бөледі, оның ішінде, кіші дәретпен тәулігіне - шамамен 1400 мл, деммен шығарылатын ауадағы су булары түрінде 400 мл жуық, тері бетінен тер түрінде 500 мл жуық және үлкен дәретпен шамамен 200 мл суды сыртқа бөліп шығарады.
4.9.-сурет. Ересек адамның кейбір мүшелері мен тіндеріндегі судың мөлшері
Ауа температурасы жоғарылағанда және дене еңбегі қарқынды болған кезде, судың бөлінуі, әсіресе, тер түрінде біршама артады. Кейбір жағдайларда, тәулігіне тердің бөлінетін мөлшері 6 және тіпті 10 литрге дейін жетуі мүмкін.
Қалыпты жағдайда ағзаның суды қабылдайтын және бөліп шығаратын мөлшерлері арасында қатаң тепе теңдік сақталуы керек. Егер, ересек адамға тәулігіне судың қажет мөлшері дене массасының 1 килограмына 40 грамм (г /кг) болса, емшек жасындағы балаларда, ол едәуір жоғары 120-150 г/кг болады. Тәулігіне 2-2,5л сұйықты бөле отырып, адам ағзасы осынша сұйықты қабылдауы да керек.
Қабылдайтын судың мөлшерін келесі су мөлшерлері құрайды: ішілетін су (шәй, компот, кофе, т.б.) 800-1000 мл; сорпалар 450-500 мл; қатты азық түлік өнімдеріндегі су 700 мл; ағзаның өзінде түзілетін су - 300-400 мл (эндогенді су). Эндогенді су түрлі заттардың биологиялық тотығуы кезінде түзіледі. Мысалы, 100 г майлар тотыққанда 107 мл, 100 г көмірсулардан 55 мл, 100 г белоктан - 41 мл су бөлініп шығады.
Әртүрлі тірі ағзаларда судың жаңару үрдісі жүріп отырады. Мысалы, кактустарда су түгелдей 28 жылда жаңарады, адам ағзасында бір айдың ішінде, тасбақада бір жылда, түйеде үш айда жаңарып тұрады. Сусыз адам тек үш күн ғана тіршілік ете алады, ал тамақсыз 30-50 күн тіршілік етеді.
Адамның толық ашығуы, бірақ, су ішіп отырған кезде ғана, 40 - 45 күнге созылады. Бұндай жағдайда адамның дене салмағының азаюы 40% дейін жетуі мүмкін. Ағза 1,0-1,5 литр су жоғалтқан кездің өзінде-ақ, жоғалған судың орнын толтырудың қажеттілігі туындайды. Егер, адам судың жетіспеуінен дене массасының 6-8% жоғалтатын болса, онда оның температурасы жоғарылайды, тыныс алуы және жүректің соғуы жиілейді, қанның тұтқырлығы артады, терісі қызарады, бұлшық еттің әлсізденуі, селқостық, бас ауруы мен бастың айналуы байқалады. Тері мен бұлшық еттердің тонусы едәуір төмендейді.
Судың тапшылығынан адамның дене массасы 10% азайған кезде, аурудың клиникалық көріністері күрт нашарлайды: көз алмасы шүңірейіп, теріде сызат, есінің қарауытуы пайда болады,. Егер, ағзадағы сұйықтың мөлшері, ауа температурасы 30º С болған кезде, 15-20% азаятын болса, онда бұл құбылыстар қайтымсыз болуы мүмкін. Ал, ағзадағы сұйықтың 25% азаюы, адамның өліміне әкеп соғады.
Ауру құбылыстары адам ағзаға қажетті мөлшерден артық су қабылдаған жағдайда да пайда болуы мүмкін. Сілекей бөліну, жүрек айну, құсу, зәр шығаруының көбеюі сияқты, судан уланудың белгілері дамиды: Бұлшық еттің әлсіреуі, тырысу, бас ауруы пайда болады. Сонымен, суды пайдалануда кез келген шектен шығушылық адам денсаулығына, кей кезде түзелмейтін де, зиян келтіруі мүмкін. Міне, сондықтан да ауыз суды пайдаланудың тәртібін сақтау керек.
Климаттың ерекшеліктеріне байланысты, адамның суға тәуліктік қажеттілігі 2,5- 6 л құрайды. Егер, адамның суға тәуліктік қажеттілігін 2,5 л, ал өмір сүру ұзақтығын - 70 жыл деп алатын болсақ, онда ағзаның қабылдайтын суының жалпы мөлшері шамамен 60 мың л болады. Су бұл, біздің планетамыздағы, басқа заттармен алмастырылмайтын, жалғыз ғана табиғи байлық болып табылады.
Тірі ағзаларда су келесі қызметтерді атқарады:
1. Су ортасы, жасушалардағы молекулалардан бастап, тіндер мен мүшелерге дейін, ағзаның барлық бөліктерін бүтіндей біріктіреді.
2. Су аса маңызды еріткіш және ағзадағы барлық биохимиялық реакциялардың жүру үшін өте маңызды орта.
3. Су ағзада қоректік заттарды тасымалдайды және түрлі тіршілік үрдістерінің соңғы өнімдерін жасушадан шығарады.
4. Су жасушалардағы құрылымдардың реттелуіне қатысады. Ол белок молекулаларының құрамына кіріп, олардың конформациясын анықтайды. Спирт көмегімен немесе высаливанием арқылы суды белоктан бөліп алу, олардың коагуляциялануына және тұнбаға түсуіне әкеп соғады. Белок молекулаларының гидрофобты бөліктері мен липопротеиндердің құрылымын сақтап тұру үшін, олардың құрамындағы судың рөлі маңызды болуы мүмкін.
5. Су зат алмасу үрдісінің нәтижесінде пайда болатын зат және биохимиялық үрдістердің негізгі компоненті. Мысалы, фотосинтез кезінде су электрондардың доноры болып табылады. Тыныс алу үрдісінде, мысалы Кребс циклында, су тотығу үрдістеріне қатысады. Су гидролиз үшін және басқа көптеген синтез үрдістері үшін қажет.
6. Су жылу реттегіш фактор. Ол, жылу сыйымдылығының және бу түзудің меншікті жылуының жоғары болуына байланысты, тіндерді температураның күрт ауытқуларынан сақтайды.
7. Су ағзаға түсетін механикалық әсерлерден қорғайтын, жақсы амортизатор болып табылады.
8. Су, осмос және тургор құбылыстары арқасында тірі ағзалардың жасушалары мен тіндерінің серпімділігін қамтамасыз етеді.
9. Қазіргі қөзқарастар бойынша, су рөлінің бірегейлігі, оның биологиялық реакциялар жүретін өзіне тән ерекше орта екендігінде ғана емес, сонымен қатар, ол биополимерлер макромолекулаларының, биологиялық мембраналардың және басқа да молекулалардан жоғары деңгейде тұрған күрделі құрылымдардың нативті құрылымының қалыптасуы мен тұрақты болуына тікелей әсер ететіндігімен білінеді.
10. Су, сол сияқты биологиялық реакциялардың нәтижелілігіне де тікелей әсер етуі мүмкін деген пікірлер бар, реакциялардың нәтижесінде пайда болатын белоктардың конформациясы мен жүйенің бос энергиясының өзгеруі, олардың компоненті болып табылатын, су құрылымының да бір уақытта өзгеруімен (судың күйінің өзгеруімен) байланысты.
Судың адамның тіршілігі үшін маңызы өте зор. Су шаруашылығының негізгі мақсаты, тұрғындар мен шаруашылық кешендерін сапалы сумен қамтамасыз ету, экономиканың барлық салаларының жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Өзінің қасиеттеріне байланысты су, барлық технологиялық үрдістерге міндетті түрде қатысушы болып табылады, сусыз өнеркәсіп өндірісі, транспорт, ауыл шаруашылығы жұмыс істей алмайды. Су өте сенімді және арзан жылу тасымалдаушы: сумен әрі жылытуға, әрі суытуға да болады. Су энергия көзі мен жүк тасымалдаушы магистраль. Су тұрмыста да өте қажетті зат: сусыз тамақ дайындау да, жеке бас гигиенасы сақтау және демалу мүмкін емес.
Өнеркәсіп үшін су, таскөмір, мыс, темір және басқа да табиғи ресурстар сияқты, өте қажет. 1т шойынды балқытып, одан болат алу үшін, шамамен 300 м3, 1 т мыс өндіруге - 500 м3, 1 т никель өндіруге 4000 м3 су жұмсалады. Егер, дүние жүзінде жыл сайын пайдаланылатын барлық минералды ресурстардың мөлшері 7-9 млрд т болса, күн сайын түрлі мақсаттарға судың 7-8 млрд т шығын болады.
Суды нысаналы қолдану түріне байланысты, оның қолданылуын көп жылдар бойы су пайдалану және су тұтыну түрлеріне бөлу қабылданған.
Су пайдалану кезінде су, суаттар мен ағыстарында қалып, қалық шаруашылығы жұмыстарын жүргізетін орта және энергияның механикалық көзі болып саналады. Негізгі су пайдаланушылар: су транспорты, орманнан кесілген ағаштарды сумен ағызу арқылы тасымалдау, балық шаруашылығы және гидроэнергетика болып табылады.
Су тұтыну кезінде суды суаттардан және ағыстарынан алады. Су тұтынушылар өте көп, олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналдық тұрмыстық ұйымдар, қоғамдық өндіріс кәсіп орындары, темір жол транспорты, т.б. Су тұтынудың су пайдаланудан айырмашылығы, су тұтынушылардың біраз суды қайтарымсыз алуында ғана емес, сондай-ақ, олардан шыққан қайтарылатын ағынды суларымен табиғи суларды ластандыруында да.
Бұнымен бірге, айта кету керек, «су тұтыну» және «су пайдалану» түсініктерімен бірге, қазіргі кәсіптік терминологияда соңғы жылдары суға, су көздеріне, су қоймаларына қатысты барлық жағдайларда жалпылама «су пайдалану» түсінігі жиі қолданылады.
Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес су нысандарын пайдалану әдісіне қарай су пайдалану төмендегіше бөлінеді:
1. суды, су нысандарына қайтару шартымен, су нысандарынан су ресурстарын алу арқылы су пайдалану;
2. суды, су нысандарына қайтармай, су нысандарынан су ресурстарын алу арқылы су пайдалану
3. су нысандарынан су ресурстарын алмай су пайдалану.
Су нысандары келесі мақсатта қолданылады:
Сонымен, су тұрмыста, өнеркәсіпте, энергетика мен ауыл шаруашылығында, т.б. кеңінен қолданылады. Егер, бір қала күніне 600 мың м3 су тұтынғанда, олардан шығатын ағынды судың мөлшері 500 мың м3 болады.
Ағынды сулар дегеніміз, суды, адам тұрмыста және шаруашылықта пайдаланғаннан кейін шыққан, ағызып жіберілетін лас сулар. Су ағызу ағынды суларды қабылдауды қамтамасыз ететін, одан кейін кәріздердің тазарту құрылыстарына жіберетін, технологиялық процесс.
Түзілу жағдайларына байланысты ағынды суларды келесі түрлерге бөлінеді:
- тұрмыстық;
- атмосфералық;
- өндірістік;
- ауыл шаруашылық ағынды суларға.
Ағынды сулардың ашық су көздеріне әсер ету дәрежесі суға түсетін ластаушы заттардың сипатына, мөлшерлік қатынастарына байланысты. Таза су қосылмаған ағынды су барлық уақытта да айқын уытты әсер етеді, ол адамның денсаулығына теріс әсерін тигізеді және әр түрлі жұқпалы да, жұқпалы емес те аурулар пайда болуының себебі болуы мүмкін. Өндіріс орындарынан шыққан ағынды сулардың құрамында болатын көптеген улы металдар мен олардың қосылыстары, мысалы, қорғасын, мышьяк, кадмий, сынап адам ағзасына ауыз сумен бірге түсіп, адамның улануына әкеледі және бұл, көбінесе созылмалы түрде болуы мүмкін.
Сонымен, ластанулардың қандай түрі болса да, олардың барлығы да адамның денсаулығында, жануарлар ағзасында, ағзалардың даму үрдістерінде белгілі бір зиянды із қалдырып, ластанудың қауіптілігіне ерекше көңіл аудартады.
3. Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде жер беті және жер асты сулардың ластануы.
Қазіргі кезде әлемнің көптеген аймақтарындағы, олардың ішінде Қазақстандағы да су нысандарының жағдайы, жалпы алғанда, қолайсыз деуге болады. Соңғы жылдарда шиеленіскен көптеген проблемалардың ішінен ең маңыздыларын: су көздеріндегі су сапасының нашарлауын және шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шиеленісуін бөліп көрсетуге болады. 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Концепциясында көрсетілгендей, климаттың өзгеруі мен озон қабатының бұзылуы, атмосфералық ауа, топырақ жабындарының ластануы және басқаларымен бірге, су көздерінің ластануына байланысты мәселелер де Қазақстан Республикасының өте өзекті экологиялық мәселелері болып табылады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХХV сессиясында планетамыздың миллиардтан аса тұрғыны ауыз су мен шаруашылыққа қажетті таза сапалы суға зәру болып отырғаны туралы мәлімдеме жасалды. Ал жер бетілік су көздерінің жаппай ластануына байланысты, орталықтандырып сумен қамтамасыз ету барған сайын жер асты суларын көбірек пайдалануға бағытталады. Еске сала кететін болсақ, Қазақстандағы су ресурстарының жағдайы, әлі күнге дейін жүріп жатқан ластануына және азаюына байланысты жалпы жеткіліксіздігімен бағаланады. Республика территориясындағы анықталған жер асты суларының қоры 16 км 3. Басқа да елдердегі сияқты, біздің елімізде де тұщы су проблемасы күннен күнге өте өзекті деген мәселелердің бірі болып отыр.
Біздің елімізде шаруашылық ауыз суды тұтыну көлемі, 2002 жылы, 1995 жылмен салыстырғанда, екі есе төмендеді. Республикадағы әрбір тұрғынға шаққанда, шаруашылық ауыз су мақсатына тәулігіне, шамамен 150 л су жұмсалады. Республикадағы ауылды елді мекендердің тұрғындары, қала тұрғындарына қарағанда, суды үш есе аз жұмсайды. Ашық су көздеріне жылына ағызылатын ағынды сулардың көлемі 5 млрд м3 болады, бұлардың көп бөлігі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарының үлесіне тиеді. Соңғы жылдары ластанған ағынды сулардың (тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған) көлемінің жылына 155 млн м3 деңгейде тұрақталғаны байқалып келеді.
Қазақстандағы тексерілген 44 су нысандарының ішінде 9 өзен, 2 көл мен 2 жасанды су қоймасы «таза», ал 6 өзен және 1 жасанды су қоймасы «лас» және «өте лас» деп танылды. Өте қатты ластанған Елек, Нұра және Ертіс өзендерінің сулары болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауыл аумақтарын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасында келтірілген мәліметтер бойынша, республикада 637 ауылды елді мекендердің тұрғындары (8,3%) су сапасының нормативтеріне сәйкес келмейтін (құрғақ қалдық мөлшері 1,5 г/л), оның ішінде 176 елді мекенде, тұздылығы 2-3 г/л болатын, сапасыз ауыз суды пайдаланады. Бұндай елді мекендер, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында ең көп кездеседі.
Жоғарыда айтылғандай, тұщы суды үш түрлі табиғи су көздерінен: атмосфералық жауын-шашыннан, жер бетілік ашық суаттардан және жер астылық сулардан алуға болады. Бұл су көздері, олардан алынатын судың мөлшері (дебиті) жағынан да, суының сапалық құрамы жағынан да түрліше болады.
Жер асты сулары, жер бетілік суларға қарағанда, сыртқы орта факторларының әсерінен едәуір көп дәрежеде қорғалғандығына қарамастан, қоршаған ортаға техногенді әсерлердің барған сайын өсіп отыруына байланысты, олар да ластануға ұшырайды. Техногенді компоненттер, қазір тек топырақтың жоғарғы су тұтқыш горизонттарында ғана емес, сонымен қатар тереңдегі артезиан суларының құрамынан да табылады.
Жер бетілік те, жер астылық та сулардың ластануы толып жатқан экологиялық және әлеуметтік салдарды тудырады. Суды ластаушы компоненттердің қоректік тізбектер арқылы таралу мәселесіне үлкен көңіл бөлу қажет. Бұл жағдайда улы заттар адам ағзасына ауыз сумен ғана емес, сонымен бірге, өсімдік және жануар текті тағамдар арқылы да түседі. Тіпті тұрғындар ластанған суды ауыз су ретінде қолданбай, тек оны тағам дайындауға, мал суаруға немесе өсімдіктерді суғаруға ғана пайдаланатын болса, осының өзі адамдардың өздерінің ғана емес, келешек ұрпақтарының денсаулығына да әсер етуі мүмкін.
Судың сапасы - бұл, су пайдаланудың әр түріне (су пайдалану категориясы) жарамдылығын анықтайтын, судың қасиеттері мен құрамының сипаттамасы.
Қазақстан Республикасындағы суаттар пайдалану мақсатына қарай екі категорияға бөлінеді.
Бірінші категорияға - орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын су көздері жатады.
Екінші категорияға - мәдени-тұрмыстық мақсатта, рекреация ретінде, спорт үшін қолданылатын, сол сияқты елді мекендердің аумақтарындағы су көздері жатады.
Судың сапасын бағалау, суды пайдалану мақсатына қарай белгілі бір критерийлер мен көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Судың сапасы негізінен, ондағы еріген және суға араласқан заттардың, биомассасының және микроағзалардың құрамымен және мөлшерімен анықталады. Табиғи сулардың сапасын бір жағынан, ортаны сипаттайтын көрсеткіштер (гидрохимиялық көрсеткіштер) бойынша, ал екінші жағынан, судағы биотаның жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер (гидробиологиялық көрсеткіштер) бойынша бағалау жүйесі тарихи қалыптасқан.
Судың гидрохимиялық көрсеткіштері ластаушы заттардың құрамы мен концентрациясы бойынша табиғи факторлардың әсері және антропогендік әсерінің қарқындылығы жөнінде пайымдауға, ал гидробиологиялық көрсеткіштері барлық антропогендік факторлар кешенінің әсеріне судағы биотаның жауап реакцияларын бағалауға мүмкіндік береді.
Судын сапасы ҚР «Шаруашылық ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану пунктеріндегі су нысандарының су құрамы мен сапасына қойылатын гигиеналық талаптарына» (2004 ж.) сәйкес бағаланады:
кейбір физикалық көрсеткіштері бойынша: температура ағынды суларды жіберу нәтижесінде, судың жазғы температурасы, соңғы 10 жыл ішіндегі жылдың ең ыстық айының орташа айлық температурасымен салыстырғанда, 3ºС артық аспауы керек;
ШРЕК адам ағзасына бүкіл өмірі бойына түсуі кезінде халықтың қазіргі кездегі және келешектегі ұрпақтарының, оның ішінде, өмірінің қартайған шағында да, денсаулықтарына тікелей немесе басқа орта арқылы әсер етпейтін, сондай-ақ, су пайдаланудың гигиеналық жағдайларын нашарлатпайтын, судаға заттардың ең жоғары концентрациясы.
Судағы химиялық заттарға арналған ШРЕК зияндылықтың лимиттеуші белгісін (ЗЛБ):
- санитарлық-токсикологиялық;
- жалпы санитарлық;
- органолептикалық белгісін ескеріп бекітеді.
Судың органолептикалық қасиеттерінің өзгеру сипаты келесідей түсіндіріледі: иіс судың исін өзгертеді; түс түсіне әсер етеді; көбік көбік түзеді; қабыршық судың бетінде қабыршық пайда болуы; дәм суға дәм береді). Суды ластайтын барлық химиялық заттар келесі түрде жіктеледі:
I класс өте қауіпті
ΙI класс қауіптілігі жоғары,
ΙIΙ класс қауіпті,
IVкласс орташа қауіпті.
Бұл жіктелуінің негізіне, суды ластайтын химиялық қосылыстардың, олардың уыттылығына, ағзада жиналу қабілетіне, әсерінен біраз уақыт өткеннен кейін эффектілерін туғызатын қабілетіне, зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіштеріне байланысты, адамға әр түрлі қауіптілік дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер қойылған.
Заттардың қауіптілік кластары
- судағы индикатор ретіндегі ең алдымен тексерілетін қосылыстарды таңдауда;
- қосымша қаржы салынуды қажет ететін су ресурстарын қорғау іс-шараларының реттілігін анықтауда;
- технологиялық үрдістерде қауіптілігі жоғары заттарды қауіпсіз заттармен алмастыру жөніндегі ұсыныстарды негіздеуде;
- судағы заттарды аналитикалық анықтау үшін сезімтал әдістерінің дайындау кезектілігі.
Су нысандарына қауіптілігі бойынша 1 және 2 класқа жататын, лимиттеуші зияндылық көрсеткіші бірдей, бірнеше заттар түскен кезде және, бұл су нысанынан жоғары орналасқан су көздерінен түсетін қоспаларды есепке ала отырып, олардың зияндылық әсерін қоса есептейді. Бұл жағдайда су нысанындағы әрбір заттың концентрацияларының (С1 , С2, Сn) осы заттардың ШРЕК- на қатынастарының қосындысы 1(бірден) артық болмауы керек:
С1 / ШРЕК 1 + С2/ ШРЕК 2 + ....+ Сn/ ШРЕК n ≤ 1
Суаттардағы судың сапасы жоғарыда көрсетілген гигиеналық талаптарға сәйкес келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
Суаттардағы судың сапасы жоғарыда көрсетілген гигиеналық талаптарға сәйкес келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
- сутектік көрсеткіші (рН);
- еріген оттек мөлшері;
- оттегінің химиялық жұмсалуы (ОХЖ);
- оттегінің биохимиялық қажеттілігі (ОБҚ);
- түрлі аурулар тудыратын микробиологиялық және паразиттік көрсеткіштері бойынша: лактоза-оң ішек таяқшалары (ЛІТ), коли-фагтар, гельминттердің тірі жұмыртқалары (аскарида, қылбас, т.б.), патогенді ішек қарапайымдыларының цисталары
Сутектік көрсеткіші (рН) рН, 6,5-8,5 аралығында болуы керек.
Еріген оттегінің мөлшері жылдың кез келген маусымында, күндізгі сағат 12 дейін алынған сынамада 4 мг/дм3 кем болмауы керек. Оттегінің химиялық жұмсалуы (ОХЖ)- судағы органикалық заттардың тотығуына жұмсалатын оттектің мөлшері.ОХЖ су пайдаланудың 1 категориясы үшін 15 мг О2/дм3; II-категориясы үшін - 30 мг О2/дм3 аспауы керек.
Оттегінің биохимиялық қажеттілігі (ОБҚ) белгілі уақыт бірлігіндегі (1, 2, 5, 20 тәулік ішінде) судағы органикалық заттардың биологиялық ыдырауына жұмсалатын оттегінің мөлшері. Көптеген органикалық ластаушылардың тотығуы 20 тәулік ішінде жүзеге асады. 20 тәулік ішінде ластаушылардың толық биохимиялық тотығуына жұмсалатын оттегінің мөлшері толық оттегінің биохимиялық қажеттілігі (толық ОБҚ) деп аталады.
200С температурада толық ОБҚ:
Суды пайдаланудың I категориясы үшін 3 мг О2/дм3;
Суды пайдаланудың II категориясы үшін - 6 мг О2/дм3;
рекреациялық аймақтар үшін - 4,0 мг О2/дм3 аспауы керек.
Лактоза-оң ішек таяқшаларының (ЛІТ) саны, жер бетілік су көздерінің класына байланысты (орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз су жүйелерінен басқа), елді мекендердің территориясындағы сулардың 1 дм3 1000 50000 артық болмауы керек, ал коли-фагтардың саны - 100 ден аспауы керек (орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз су жүйелерінен басқа).
Гельминттердің тірі жұмыртқалары мен патогенді ішек қарапайымдыларының цисталары 1 дм3 болмауы керек.
Жоғарыда көрсетілген судың микробиологиялық және паразиттік көрсеткіштері судың бактериялық және биологиялық ластануы тұрғысынан су сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Судың бактериялық және биологиялық ластаушыларына түрлі тірі микроағзалар: ашытқы және зең саңырауқұлақтары, ұсақ балдырлар, бактериялар, вирустар, олардың ішінде, адамдар мен жануарлардың шығарылымдарында болатын сүзек, парасүзек (қылау), дизентерия қоздырғыштары, энтеровирустар, гельминттердің жұмыртқалары және т.б.жатады. Бұл ластаушылар тұрмыстық ағынды сулармен суаттарға түсуі мүмкін, мысалы, тұрғын үйлерді өзендердің арнасын бойлай жоспарлау және салу жөніндегі талаптар сақталмағанда, сондай-ақ, жер бетілік, жер астылық сулардың, сол сияқты ауыз судың да қарқынды биологиялық ластануын тудыратын, сумен қамтамасыз ету немесе канализация жүйелерінде ақаулар немесе апатты жағдайларда.
Мысалы, Алматы қаласының аумағы арқылы 22 өзен ағып өтеді, осы өзендердің кейбіреулерінің бактериологиялық ластану деңгейі жоғары екендігі анықталды (жаңа болған нәжіспен ластанудың белгілері табылған). Демек, ауру адамның 1 г нәжісінде жүзден аса патогенді энтеровирустар болатыны дәлелденген, олар шаруашылық-тұрмыстық сулармен жер бетілік суларға түседі және қоршаған ортадағы физикалық және химиялық факторлардың әсеріне өте тұрақты болғандықтан, суда ұзақ уақыт сақталып қалады. Сондықтан олар, жағалаулардағы рекреациялық аймақтарды, су алатын жерлеріндегі суды ластап, үлкен арақашықтыққа таралуы мүмкін, сол сияқты су дайындайтын барьерден өтіп, су құбырларының тарату жүйесіне түсуі мүмкін.
Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, су нысандары жағдайларының кешенді сипаттамаларын негізге ала отырып, судың сапасын бағалаудың басқа әдістерін дайындауға көп көңіл бөлуде.
Шет елдерде қазіргі кезде қолданылатын жер бетілік сулардың ластану деңгейін кешенді бағалау әдістері екі топқа бөлінеді:
Су сапасының жалпылама көрсеткішін құруға алғашқы қадам 1965 жылы АҚШ жасалды. 1970 жылдары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың басталуымен бірге, судың сапасын бағалау бойынша жұмыстар да қарқынды жүргізіле бастады. Судың ластану деңгейінің кешенді көрсеткіштері анықталды: В.П. Белогуров және т.б. бойынша - ластану дәрежесінің коэффициенті, В.И. Гурарий және А.С.Шайн бойынша - жалпы санитарлық индекс. Санитария жөніндегі Ұлттық ұйым (АҚШ) еріген оттек, коли-индекс, рН, ОБЖ5, нитраттар, фосфаттар, температура, лайлылық, суға араласқан заттар, сияқты тоғыз параметрлерден тұратын су сапасының индексін (WQI) дайындады.
1980 жылдардан бастап табиғи сулардың сапасының ең кең таралған кешенді көрсеткіші ретінде су ластануының гидрохимиялық индексі (СЛИ) пайдаланылады. Бұл индекс жекелеген ингредиенттердің нақты шектелген саны бойынша (әдетте, олар 6 болады): О2, ОБЖ5 және көбінесе концентрациялары ШРЕК асатын, төрт ластаушы заттар мөлшерінің ШРЕК асуының орташа үлесі болып табылады. Бұл кезде заттардың зияндылықтың шектеуші белгілері бойынша зияндылықтың шектеуші белгілері бойынша, зияндылықтың шектеуші белгілері бойынша, қай топқа жататындығы ескерілмейді. Судың ластану индексінің су сапасының көрсеткіші ретінде индикаторлық қасиеттерін күшейтудің қажеттілігі жөнінде, 2003 жылы З.Г.Гольд және т.б., СЛИ есептегенде нақты су сынамасындағы химиялық құрамының, қазіргідей тек 6 емес, барлық ингредиенттерін (О.В. Гагарина бойынша, 2007) қосуды ұсынып, өз еңбегінде көрсеткен.
4.2 кестеде, судың ластану деңгейін бағалаудың критерийі ретінде СЛИ алынған, су нысандарының гигиеналық классификациясы берілген. Судың ластану индексі, I, II категорияларға жататын су нысандарындағы су ластануының 6 бағалау көрсеткіштері бойынша анықталады.
4.2 кесте.
Ластану деңгейіне байланысты су нысандарының гигиеналық
жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша)
Ластану деңгейі |
I, II категориялы су нысандарының ластануын бағалау көрсеткіштері |
Лас-тану ин- дексі |
||||||
органолепти-калық |
токсико-логия-лық |
санитарлық режимі |
бактериоло-гиялық |
|||||
иісі, дәмі (балл) |
ШРЕК орг. (арту дәрежесі ) |
ШРЕК токс. (арту дәрежесі) |
ОБҚ20 мг/дм3 |
Еріген оттек, мг/дм3 |
1дм3- лактоза-оң ішек таяқ-шалары-ның саны |
|||
I |
II |
|||||||
Рұқсат етілген |
2 |
1 |
1 |
3 |
6 |
4 |
< 1·104 |
0 |
Орташа |
3 |
4 |
3 |
6 |
8 |
3 |
1·1041·105 |
1 |
Жоғары |
4 |
8 |
10 |
8 |
10 |
2 |
> 1·1051·106 |
2 |
Өте жоғары |
>4 |
>8 |
100 |
>8 |
>10 |
1 |
>1·106 |
3 |
Қазақстанның территориясындағы жер бетілік сулардың химиялық қосылыстармен ластануын бағалаудың да қазіргі кезде маңызы зор. Әсіресе, трансшекаралық өзендерге ерекше көңіл бөлу қажет. Мысалы, Жамбыл облысының территориясына транзитті түрде ағып келетін жер бетілік су ресурстарының жартысы еліміздің территориясынан тыс жерлерде түзіледі.
Бұл облыстағы жер бетілік сулардың ластану жағдайын интегралды көрсеткіші судың ластану индексі (СЛИ) бойынша мұқият бағалауына себеп болды. Талас өзені, Ташөткел жасанды бөгенінің сулары СЛИ көрсеткіші бойынша химиялық қосылыстармен орташа деңгейде ластанған (СЛИ - 1,34 ) суаттарға, ал Шу өзенінің сағалары мен оның Благовещенское село манындағы қақпасының суы, Аса өзені мен Билікөл көлі - ластану деңгейі жоғары (СЛИ -2,0) суаттарға жататыны анықталды.
Гидробиологияда, суаттардың ластану деңгейін Р.Колквитц және М.Марсон ұсынған сапробтылық жүйе, кейін оны Я.Я. Никитинский мен Г.И.Долгов толықтырып, жетілдірген жүйе бойынша классификациялау кең таралған. Сапробтылық деп, белгілі бір мөлшердегі органикалық заттар бар, белгілі бір деңгейде ластанған суда ағзаның тіршілік ету кабілеттілігін қамтамасыз ететін физиологиялық қасиеттерінің жиынтығын атайды.
Суаттардағы және олардың жеке бөліктеріндегі судың ластану деңгейіне байланысты, полисапробты, альфа-мезосапробты, бета-мезасапробты және олигосапробты сапробтылық аймақтары болып бөлінеді.
Полисапробты аймақ, тұрақсыз органикалық қосылыстар мен олардың анаэробты ыдырау өнімдерінің көп болуымен сипатталады. Альфа - мезасапробты аймақта органикалық заттардың анаэробты ыдырау үрдістері жүре бастайды. Бета-мезасапробты аймақ, тұрақсыз органикалық қосылыстары жоқ дерлік суаттарға тән. Олигосапробты аймақ, тұрақсыз органикалық заттар мен олардың минералдану өнімдері аз ғана мөлшерде болатын, таза суаттарды сипаттайды.
Кез келген суат немесе су көзі қоршаған сыртқы ортамен байланысты болғандықтан және оларға жер бетілік немесе жер астылық сулардың қалыптасу жағдайлары, түрлі табиғи құбылыстар, индустрия, өндірістік және коммуналдық құрылыс, транспорт, адамның шаруашылық және тұрмыстық қызметі әсер ететіндіктен, бұл бөлімде су көздерінің әр түрлі химиялық уытты қосылыстармен ластану мәселелеріне толығырақ тоқталу керек.
Бұл әсерлердің салдары су ортасына жаңа, оған тән емес заттарды су сапасын нашарлататын, ластаушыларды ендіру болып табылады. Бұл ластаушылардың көпшілігі әр түрлі химиялық қосылыстарға жатады.
Химиялық ластану - суда зиянды бейорганикалық қоспалармен (минералдық тұздар, қышқылдар, сілтілер, балшық бөлшектері) қатар, органикалық қосылыстардың (мұнай және мұнай өнімдері, органикалық қалдықтар, беттік-белсенді заттар, пестицидтер) да мөлшерінің көбеюі есебінен судың табиғи химиялық қасиеттерінің өзгеруі болып табылады.
Бейорганикалық (минералдық) ластану. Тұщы және теңіз суларының негізгі бейорганикалық (минералдық) ластаушылары түрлі уытты химиялық қосылыстар болып табылады. Бұл, мышьяк, қорғасын, кадмий, сынап, хром, мыс және фтордың қосылыстары. Олардың көпшілігі суға адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде түседі. Ауыр металдардарды судағы фитопланктон сіңіріп алалады, бұдан соң олар қоректік тізбектер арқылы жоғары құрылымды ағзаларға түседі. Суаттардың минералдық ластаушыларының бірқатары (азот, фосфор және калийдің қосылыстары, Cu, Mn, Zn,Co,As, Fe және басқа микроэлементтер) мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтары болып табылады.
Құрамында сынап, қорғасын, мыс болатын қалдықтар жеке аудандарда су жағалауларында жинақталады, алайда, олардың біраз бөлігі жергілікті сулардан тыс аймақтарға таралады. Сынаппен ластану фитопланктонның дамуын нашарлатып, теңіз экожүйелерінің бірінші реттік өнімдерін біршама төмендетеді. Құрамында сынап болатын қалдықтар, әдетте, су түбіндегі шөгінді қалдықтарда немесе өзен эстуарийлерінде жинақталады. Сынаптың бұдан кейінгі миграциясы, оның метилді сынап түрінде гидробионттардың ағзаларында жинақталып, трофикалық тізбектерге қосылу арқылы жүзеге асады
Органикалық ластану. Құрлықтан мұхитқа келіп түсетін суда еритін қосылыстардың ішінде гидробионттар үшін органикалық қалдықтардың да маңызы зор (300-380 млн.т./жыл). Құрамында органикалық суспензиялар немесе суда еритін органикалық заттар бар ағынды сулар суаттардың жалпы жағдайына өте зиянды әсер етеді. Суспензиялар тұнбаға түсіп, судың өздігінен тазару үрдісіне қатысатын су түбіндегі микроағзалардың тіршілігіне кері әсер етеді немесе оларды түгелдей жойып жібереді. Бұл шөгінді тұнбалардың шіруі кезінде, өзеннің барлық суын ластайтын, күкіртсутек сияқты зиянды қосылыстар және уытты заттар түзілуі мүмкін.
Судағы суспензия сонымен қатар, судың терең қабаттарына жарықтың түсуіне де кедергі жасайды және фотосинтез үрдістерінің қарқындылығын төмендетеді. Табиғи суларды органикалық заттармен қатты ластайтын көздері мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтары мочевина, органикалық қышқылдар, фенолдар, т.б. болып табылады.
Мұнай және мұнай өнімдері. Мұнай және мұнай өнімдері Әлемдік мұхитты ластаушылардың ішіндегі ең көп таралған заттар болып табылады. Мұнайдың ең көп мөлшері оны тасымалдау кезінде ысырап болады. Танкерлердің апатқа ұшырауы, олардың шайынды және балласты суларының мұхитқа төгілуі - бұлардың барлығы теңіз трассаларындағы судың үнемі ластануына себеп болады. Мұнайдың көп мөлшері теңіздерге өзен суларымен, тұрмыстық және жауын-шашынның ағынды суларымен келіп түседі. Бұл көздерден түсетін ластаушылардың көлемі жылына 2,0 млн. т. құрайды. Өнеркәсіп орындарының ағынды суларымен жыл сайын 0,5 млн. тонна мұнай теңіздерге төгіледі.
Мұнай негізінен, қаныққан алифатты және гидроароматты көмірсутектерден тұрады. Мұнайдың негізгі компоненттері көмірсутектер (98% дейін) - 4 класқа бөлінеді:
а) Парафиндер (мұнайдың жалпы құрамының 90% дейін) тұрақты қосылыстар. Жеңіл парафиндердің ұшпалылығы мен суда ерігіштігі ең жоғары болып келеді.
б) Циклопарафиндер (жалпы құрамының 30-60%) қаныққан циклді қосылыстар. Циклопентан мен циклогексаннан басқа, мұнайдың құрамында осы топқа жататын бициклді және полициклді қосылыстар да кездеседі. Бұл көмірсутектер өте тұрақты және олардың биологиялық ыдырауы қиын жүреді.
в) Ароматты көмірсутектер (жалпы құрамының 20-40%) циклопарафиндерге қарағанда, бензол сақинасында көміртектің 6 атомы кем, бензол қатарының қанықпаған циклді қосылыстары. Мұнайда, молекула құрамында бір ғана бензол сақинасы болатын, ұшқыш қосылыстар (бензол, толуол, ксилол сияқты), бициклді (нафталин) және полициклді (пирен) қосылыстар бар.
г) Олефиндер (жалпы құрамының 10% дейін) қанықпаған циклді емес қосылыстар.
Диоксиндер. 1872 ж. ашылған олардың бірі ТСDD, ең уытты жасанды зат және қазіргі кездегі белгілі органикалық қосылыстардың ішіндегі ең уытты қосылыс болып табылады. Оның 3,1•10-9 моль/кг тен концентрациясы өлімге әкеп соғады, бұл цианидтің өлімді тудыратын мөлшерінен 150 мың есе күшті.
АҚШ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда диоксиндердің 75 түрі анықталған. Бұл заттар қоршаған орта мен адам ағзасында табиғи жолмен ыдырамайды. Диоксиндердің 90% жуығы адам ағзасына сумен және жануар текті тағаммен түседі.
Әдебиеттерде, Ресейдің Чапаевск қаласының, химия өнеркәсібі маңындағы (1-3 км) және одан 5-8 км қашықтықта орналасқан екі микроауданның әйел тұрғындары қанының құрамынан диоксиндер табылған оқиға сипатталған. Диоксиндердің ағзада жинақталуы завод маңында тұратын әйелдерде 3 есе жоғары болған.
Бұл зерттеу жұмыстары қатерлі ісік ауруларын зерттеуге арналған Халықаралық агенттігінің гранты бойынша орындалған.
Чапаевск қаласы тұрғындар қанындағы диоксиндердің мөлшері жөнінде 1997 және 1998 жылдарда алынған мәліметтер бойынша, Ресейдің басқа қалаларының және әлемнің кейбір елдеріндегі тұрғындармен салыстырғанда, Чапаевск қаласындағы химиялық зауытқа жақын аумақтарда тұратын әйелдердің қанында диоксиндер мен фурандардың концентрациясы жоғары екендігін, сол сияқты қаладағы заводқа жақын және одан қашық тұратын тұрғындар қанының құрамындағы диоксиндердің мөлшерінің айырмашылығы өте жоғары екендігі анықталған.
Пестицидтер. Пестицидтер өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте қолданылатын, жасанды жолмен алынған заттар. Пестицидтер төмендегідей топтарға бөлінеді: инсектицидтер зиянкес насекомдарға қарсы күресте (мысалы, акарицидтер зиянкес кенелерге қарсы), фунгицидтер мен бактерицидтер өсімдіктердің бактериялық ауруларымен күресте, гербицидтер арамшөптерге қарсы күресте қолданылатын улы химикаттар. Пестицидтер, зиянкестерді жоя отырып, көптеген пайдалы ағзаларға да, тіпті адамның денсаулығы мен жануарларға да зиян келтіретіні мәлім болды. Ауыл шаруашылығында көптен бері айтылып келе жатқан мәселе - зиянкестермен күресудің химиялық әдістерінен (қоршаған ортаны ластаушы) биологиялық әдістерге (экологиялық жағынан таза) ауысу болып отыр. Қазіргі кезде дүние жүзілік сауда айналымына 5 млн т аса пестицид қатысады. Пестицидтерді өнеркәсіпте өндіру кезінде, осы өндірістерден шыққан ағынды сулар көп мөлшердегі түрлі қосымша өнімдермен ластанады. Суда, басқаларға қарағанда, инсектицидтер, фунгицидтер мен гербицидтер көп кездеседі. Синтездеу арқылы алынған инсектицидтер негізгі үш топқа бөлінеді: хлорорганикалық, фосфорорганикалық және карбонаттар. Хлорорганикалық инсектицидтер ароматты және гетероциклді сұйық көмірсутектерді хлорлау арқылы алынады. Оларға, ДДТ және молекула құрамында алифатты және ароматты топтары бірге болғанда, тұрақтылығы күшейе түсетін оның туындылары, хлордиеннің әр түрлі хлорланған туындылары жатады. Бұл заттардың жартылай ыдырау кезеңі бірнеше ондаған жылға дейін жетеді және биологиялық деградациялануға өте тұрақты. Су ортасында полихлорбифенилдер молекуласында алифатты бөлшегі болмайтын, 210 гомологтары мен изомерлері бар, ДДТ туындылары жиі кездеседі. Полихлорбифенилдер (ПХБ) қоршаған ортаға өнеркәсіп орындарынан шыққан ағынды сулармен және қоқыс үйінділеріндегі қатты қалдықтардың жануы нәтижесінде түседі. Қатты қалдықтар жанғанда, ПХБ атмосфераға ұшып, одан соң жауын-шашынмен бірге бүкіл Жер бетінің барлық аймақтарына таралады.
Синтетикалық беттік-белсенді заттар (СББЗ) немесе детергенттер судың беттік тартылу күшін төмендететін заттар тобына жатады. Олар тұрмыста және өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын синтетикалық жуғыш заттардың (СЖЗ) құрамына кіреді. Ағынды сулармен СББЗ материк және теңіз суларына түседі. СЖЗ құрамында детергенттер, сол сияқты гидробионттар тіршілігі үшін өте улы болып саналатын түрлі қосымша ингредиенттер: ароматтандырғыш, ағартқыш (персульфаттар мен пербораттар), кальцийлендірілген сода, карбоксилметилцеллюлоза, натрий силикаты сияқты заттар болады.
Өнеркәсіп орындарының ағынды суларында СББЗ болуы, бұл заттарды кенді флотациялық байыту, химиялық технология өнімдерін бөлу, полимерлер алу, мұнай және газ бұрғылау кезіндегі жағдайларды жақсарту, құрал-жабдықтардың коррозиясымен күресу сияқты үрдістер кезінде пайдаланумен байланысты. Ауыл шаруашылығында СББЗ пестицидтердің құрамында қолданылады.
Канцерогенді қосылыстар. Канцерогенді заттар өзгерту белсенділігі және канцерогенді, тератогенді (ағзаның ұрықтық даму үрдістерін бұзу) немесе ағзада мутагенді өзгерістер туғызатын қасиеттері бар, химиялық біртекті қосылыстар. Әсер ету жағдайларына байланысты, олар ағзаның өсуін тоқтатып, қартаюды жылдамдатып, оның жеке даму үрдістерін бұзып, генофондының өзгеруіне себеп болады.
Канцерогенді қасиеттері бар заттарға алифатты көмірсутектердің хлорланған туындылары, винилхлорид сонымен бірге, әсіресе, түрлі материалдар, ағаш пен отын жанған кезде органикалық заттардың пиролизі нәтижесінде түзілетін полициклді ароматты көмірсутектер (ПАК), радионуклидтер, ауыр металдардың бірқатары, диоксиндер жатады.
Ауыр металдар. Бұл, атомдық салмағы 50-ден жоғары, химиялық элементтердің үлкен бір тобы. Оларға сынап, қорғасын, кадмий, мыс, кобальт, марганец, никель, мырыш, т.б. жатады. Ауыр металдар табиғатта кең таралған және ластаушы заттардың ішіндегі өте уытты заттар болып саналады (Исаев Л.К., 1997; Мудрый И.В., 2003, т.б.
Судағы металдардың мөлшері туралы екі аспектіде анықтайды:
- антропогендік әсерге байланысты деңгейі бойынша;
- су көзінің табиғи жағдайда қалыптасуына байланысты деңгейі бойынша.
Суда металдардың болуына байланысты, судың сапасын бағалау кезінде ең алдымен, барлық физиологиялық үрдістерге қатысатын биологиялық белсенді (эссенциалды) элементтердің концентрациясына назар аудару қажет.
Ағзаларға әсеріне байланысты химиялық элементтерді төмендегідей топтарға бөлуге болады:
- аса маңызды (тіршілік үшін өте маңызды, эссенциалды) (Fe, Ca, Co, Мg);
- шартты түрде маңызды (B, V, Si, Cd, As);
- потенциалды уытты (Ga, Sn, Ag, Sr);
-уытты (Al, Ba, Bi, Cd, Pb, т.б.).
Химиялық элементтерді бұлай жіктеуді, кейбір қарама қарсы пікірлер болса да, негізінен мамандардың көпшілігі жақтайды (Ершов Ю.А., Плетнева Т.В., 1989; Смоляр В.И., 1989; Кудрин А.В., 2000 және басқалар), өйткені, әдетте, химиялық элементтердің мөлшері өте көп болса, олар уытты әсер етуі мүмкін, ал концентрациялары өте аз болғанда - өсімдіктер мен жануарларға зиян келтірмейді. Басқаша сөзбен айтатын болсақ, уытты болып табылатыны - элементтер емес, олардың жоғары концентрациялары.
Өнеркәсіп шығарындылары әсер ететін аумақтарындағы топырақтың құрамында металдар көп мөлшерде анықталғандықтан, бұл жер асты сулары мен ашық су көздерінің микроэлементтік құрамының қалыптасуына белглі бір жағдайлар туғызады (адамның денсаулығына қауіпті заттардың суға миграциялануы арқылы жинақталу жолы). Бұл жағдайда су көзіндегі судың мөлшері маңызды роль атқарады. Ластаушы көздерден суаттарға түскен жерінен төмен жатқан суда ластаушы заттарды сұйылту мүмкіншілігі жоқ жағдайларда, металдардың концентрациясы ондаған, тіпті жүздеген есе көбеюі мүмкін. Бұнымен бірге, бірқатар жағдайларда кейбір суттарда техногендік әсерлерге дейін анықталмаған металдар пайда болуы мүмкін.
Ауыр металдар әр түрлі өндіріс өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылады, сондықтан да, тазарту шараларына қарамастан, өнеркәсіп ағынды суларындағы ауыр метал қосылыстарының мөлшері едәуір жоғары болып қалады. Су көздеріне ауыр металдарды негізгі түсіруші топырақ екені анықталған, ол өзінің астында жатқан грунттармен биохимиялық өзара әрекеттесуі есебінен де, және атмосфералық жауын-шашын есебінен де үнемі осы химиялық заттармен байып отырады.
Ауыр металдардың ішіндегі ең қауіптілері сынап, қорғасын және кадмий болып табылады. 2006 жылдың қыркүйек айында Будапешт қаласында өткен химиялық қауіпсіздік жөніндегі Мемлекет аралық форумның бесінші сессиясында сынап, қорғасын және кадмийдің қоршаған орта мен бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығына әсері туралы мәлімдеме жасалып, бұдан былай ауыр металдарға байланысты жаһандық іс-шараларды жүзеге асырудың қажеттігі туралы мәлімдеме мақұлданды. Осы сессия барысында бұл металдар үлкен қашықтыққа тарайтын қабілеті бар заттардың санатына жататыны айтылды, сондықтан халықаралық масштабта әрекет ету қажеттілігі дәлелденді.
Сынап мұхитқа материк сулармен бірге және атмосфера арқылы түседі. Шөгінді жыныстардың және вулкандар атқылауынан түзілген жыныстардың желмен үгілуі кезінде жыл сайын 3,5 мың. т. сынап қоршаған ортаға бөлінеді. Атмосферадағы шаңның құрамында шамамен 12 мың. т сынап бар, оның көп бөлігі антропогендік фактор әсерінен түзіледі. Бұл металдың жылдық өнеркәсіптік өндірілуінің жартысына жуығы (910 мың. т./жыл) әр түрлі су көздеріне әр түрлі жолдармен түседі. Өнеркәсіп орындарының ағынды сулары ластайтын аудандарда сынаптың ерітінділердегі және ерімеген күйінде араласқан заттар бар сулардағы концентрациясы өте жоғары болады. Оның үстіне, кейбір бактериялар судағы сынапты улылығы өте жоғары -метилсынапқа айналдырады.
2007 жылдың қараша айында Бангкокте өткен ЮНЕП тің арнайы Жұмыс тобының сынап жөніндегі бірінші отырысында қоршаған ортаның сынаппен ластануын бақылауға арналған жаһандық жоспар дайындауды қолға алу туралы шешім қабылданды.
Қазақстанда өте өзекті болып отырған мәселелердің бірі - Нұра өзенінің ластануы, бұл өзеннің бойында бір жарым миллионға жақын тұрғыны бар, екі ірі өнеркәсіп орталықтары - Теміртау мен Қарағанды қалалары орналасқан. Нұра өзенінде сынап ең алғаш рет шамамен елу жылдай уақыт бұрын, Теміртау қаласында синтетикалық каучук зауты, қазіргі «Карбид», АҚ жұмыс істей бастағанда пайда болғаны белгілі (Шортанбаева М.А., т.б., 1995).
Бұл өнеркәсіп орнының ацетальдегид өндіретін цехтарында катализатор ретінде сынап қолданылатын. 1996 жылы зиянды ацетальдегид өндірісі жабылды. Алайда, ресми мәліметтер бойынша, өзеннің түбінде 150 тоннадай сынап шөгіп қалған. Қазіргі кезде Нұра өзені Қазақстанның астанасы Астана қаласын сумен қамтамасыз ететін альтернативті су көзі ретінде жоспарланып, мамандар бұл өзеннің суын сынаптан тазартуға арналған жоба дайындауда, бұл жоба бойынша Нұраның түбінен 2-3 млн куб метр топырақты алып тастау көрсетілген.
Қорғасын табиғатта кеңінен таралған элемент, ол қоршаған ортаның барлық компоненттерінде - тау жыныстарында, топырақтарда, табиғи суларда, атмосферада, тірі ағзаларда кездеседі. Қорғасынның құрлықтан мұхитқа тасымалдануы тек қана өзен суларымен бірге емес, сонымен қатар атмосфера арқылы да жүреді. Қорғасын қоршаған ортаға адамның шаруашылық әрекеттері кезінде белсенді таралады. Ол өндірістік, тұрмыстық ағынды сулармен, өнеркәсіп орындарының түтінімен, шаңымен, автотранспорттың іштен жану қозғалтқыштарының пайдалануынан шыққан газдарымен бірге қоршаған ортаға таралады.
Автотранспорттан шыққан газдардан жыл сайын атмосфераға 260 мың. т. жақын қорғасын бөлінетіні анықталған, ал бір автомобиль жылына атмосфераға, орта есеппен 1 кг аэрозоль түрінде қорғасын шығарады. АҚШ -да антропогендік фактор әсерінен қорғасынмен ластанудың 90% артығы дәл автокөліктің үлесіне тиеді (Самотуга В.В., т.б., 2006).
Қорғасынның қосылысы тетраэтилқорғасын, табиғи суларға су көлігінің мотор отынының құрамында антидетонатор ретінде қолданылуына байланысты және қала аумағынан жер бетілік ағынды суларымен түседі. Бұл қосылыс жоғары улылығымен сипатталады және кумуляцияланатын қасиеті бар .
Кадмий - бұл, жоғары концентрациясында улы элемент. Кадмий табиғи суларға топырақты сілтісіздендіру кезінде, өз денелерінде кадмий жинақтауға қабілетті гидробионттардың шіруі нәтижесінде түседі. Кадмийдің қосылыстары әр түрлі өнеркәсіп орындарынан шыққан ағынды сулармен бірге жер бетілік суларға келіп түседі.
Кадмийдің биосфераға антропогендік эмиссиясы (бөлінуі) табиғи жолмен бөлінуінен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, атмосфералық ауа бассейніне жыл сайын 9000 т кадмий бөлінсе, оның 7700 т (85% -дан артығы) - адамның іс- әрекеті нәтижесінде бөлінеді. Бір ғана Балтық теңізіне жыл сайын 200 тонна кадмий түседі..
Қоршаған ортаны кадмиймен ең көп ластайтын - металлургия мен гальванотехника, сол сияқты қатты және сұйық отын жағу.
Мұхит үстіндегі таза ауаның құрамында кадмийдің орташа концентрациясы 0,005 мкг/м3, ауылды елді мекендерде 0,025 мкг/м3, ал өнеркәсіп орындары (түсті металлургия, таскөмір мен мұнай жағатын ЖЭО, пластмасса өндірісі, т.б.) орналасқан аудандардың ауа бассейнінің құрамында және өнеркәсіпті қалаларда - 0,5 мкг/м3 ға дейін (әдетте, 0,02 -0,05 мкг/м3) болады. Кадмийдің шамамен 52% мөлшері қоршаған ортаға құрамында кадмий бар материалдарды, әсіресе, беріктік қасиет беру үшін кадмий қосылған пластмассалардан жасалған өнімдерді және кадмийлі бояуларды жағу және өңдеу кезінде түседі.
Мазут пен дизельдік отынды жағу қоршаған ортаның кадмиймен ластануының қосымша көзі болып табылады. Кадмийдің қауіптілігі оның ыдырауға түспейтіндігіне байланысты, қоршаған ортаға бір рет түсіп, ол онда үнемі айналымыда жүре береді. Кадмийдің жаңа шығарындылары қоршаған ортада бұрыннан бар кадмийдің мөлшері қосыла береді. Кадмий мен оның қосылыстарының салыстырмалы түрде суда ерігіштік қасиеті бар, сондықтан олар біршама жылжымалы болады, мысалы, топырақта; әдетте, тірі ағзаларға жеңіл енеді және оларда жиналуға бейім келеді.
Түрлі геохимиялық аймақтардағы су көздерінің микроэлементтік құрамы сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да әр түрлі болады. Мысалы, гидрокарбонатты суларда темір мен марганецтің, ал сульфатты суларда - барий мен стронцийдің концентрациялары жоғары болады. Жұмсақ, бірақ минералданған суларда, рубидий кездеседі. Ашық суат суларының микроэлементтік құрамын салыстырмалы бағалау, темір, марганец, мыс, сияқты элементтердің үлкен маңызы бар екенін көрсетті (Бурлибаев М.Ж. т.б., 1999.; Санягина Н.А. т.б., 2004.
Қазіргі кезде жер асты суларының, ең алдымен ауыз-су мақсатында пайдаланылатын сулардың антропогендік ластануына көп көңіл бөлінуде. Олардың ластануы ағынды суларды жинайтын жерлерден, өндірістік ағынды сулар мен кен орындарының қатты қалдықтары жиналған жерлдерден сүзіліп өтуі үрдісінде немесе оларды жер астында көму нәтижесінде ластанады. Ластаушылардың тағы бір көзі - қатты қалдықтарды сақтайтын жабдықталмаған орындар болып табылады. Бұл жерлерде ластаушы заттар желмен таралып, атмосфералық жауын-шашынмен грунт суларына өтеді, сонымен бірге, қатты қалдықтардың сақталатын орындарында сілтісіздендіру нәтижесінде бұл орындардың астында сапасы төмен жер асты суларының ореолдары жиі түзіледі.
Кен орындары бар аудандардың жер асты сулары металдарға бай болып келеді, оларда мыстың мөлшері - 7,2 мг/л, молибденнің - 2,7 мг/л, марганецтің - 11,0 мг/л, ал мырыштың мөлшері 1 мг/л-ге дейін жетуі мүмкін. Құрамы бұндай сулар ауыз су үшін қолданылмайды.
Ресейдің гигиена мамандарының мәліметтері бойынша, РФ территориясында 1800 астам жер асты суларының ластану ошағы анықталған, олардың 78% елдің европалық бөлігіндегі территориясында орналасқан. Бұл суларды ластайтын көздер негізінен, шаруашылық жұмыстары қарқынды жүретін аудандарда болады. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинайтын орындар маңында жер асты суларының қорғасынмен, сынаппен, кадмиймен, т.б. ауыр металдармен ластанғаны анықталған (Мисивичус М.А. т.б., 1988; Рахманин Ю.А., Онищенко Г.Г. т.б., 2002).
Судағы металдардың миграциясының жылдамдығы әр түрлі гидрохимиялық режимдерде бірдей болмайды. Мысалы, суда органикалық заттар және минералдық табиғи сорбенттер мен сілтілі қосылыстар көп болғанда, миграция жылдамдығы жоғарылайды. Судың металдардан босануы жәй жүреді және ол, ең алдымен, рН ортасына байланысты болады, атап айтқанда, мыстың тұнбаға түсуі үшін қолайлы рН 5,3, қорғасын үшін - 5,5; кобальт үшін 9,6; марганец үшін 8,5 болып табылады. Суда металдардың концентрациясы төмендеуі үшін, олардың гидробионттармен, судың түбіндегі шөгінді компоненттермен сіңірілуі және басқа заттармен, мысалы, гуминді заттармен, кешенді қосылыстарға байланысуы маңызды роль атқарады.
Қышқыл жаңбырлардың түсуі және топырақ пен су көздеріне антропогендік әсерінің жоғары болуы гидрохимиялық тепе-теңдіктің және оған байланысты су ортасының микроэлементтік құрамының өзгеруіне әкеледі, өйткені бұндай жағдайларда судың рН ортасы, металдардың жылжымалылығын біршама жоғарылататын, қышқылдық бағытқа қарай ауысуы мүмкін. Судағы сұйық және қатты фазалар арасындағы тепе-теңдік бұзылуы мүмкін, бұл металдардың су түбіндегі шөгінділерден суға өтуін күшейтеді. Су түбіндегі шөгінділер химиялық заттардың таралуы мен жинақталу үрдістерінде маңызды роль атқарады. Экспериментте көрсетілгендей, рН ортасы 4,5- 11,0 дейін және кермектілігі 5,6 - 11,7 мг/экв болатын суларға мыс және хром иондары қайта түскенде, олардың суға түскен тіпті 90% дейін жиынтық мөлшері су түбіндегі шөгінділерге сіңеді. рН ортасы қышқыл жаққа өзгерген кезде, металдардың су фазасына өтуі қарқынды жүретіні байқалған.
Судағы молибденнің мөлшері мен шөгінділер құрамындағы қорғасын мен мырыш мөлшері арасында үлкен коррелятивті байланыс бар екені жөнінде мәліметтер бар (Мисивичус М.А. және басқалар, 1988).
Мышьяктың (күшән) ең жоғары мөлшері Бангладеш, Қытай мен Батыс Бенгалияның (Үндістан) бірқатар аймақтарының суларында, сол сияқты Аргентина, Австралия, Чили, Мексика, Тайвань, АҚШ пен Вьетнам территорияларынан табылған. Жапония, Мексика мен Таиландтың көптеген жерлерінде жергілікті су көздерінің құрамында мышьяктың мөлшерінің артуына кен өндіру, оны балқыту сияқты, т.б. өндірістік үрдістер себеп болған. Мышьяктың әдеттегі мөлшері бірнеше мкг/л аспаған кезде, мышьякпен ластанған аудандардың суларында оның мөлшері ондаған, жүздеген, тіпті мыңға дейін мкг/л ауытқиды.
«Казэкология» республикалық орталығының мәліметтері бойынша, «Балқаш түсті металлдар» комбинатының қалдықтарында күкірт диоксиді және ауыр металдардың қосылыстары кездеседі. Комбинаттың атмосфераға бөлінетін шығарындыларының құрамындағы мыстың мөлшері рұқсат етілген деңгейінен 300 есе артық екені анықталған, бұл Балқаш көлі үшін ластану тұрғысынан қауіп-қатер туғызады.
Алматы қаласындағы су нысандары (Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай және басқа да суаттарда) суының сапасына қаланың және ішінара Алматы облысының шаруашылық іс-әрекеттерінің әсері тиетіндіктен, суды ластайтын бірқатар заттардың (мұнай өнімдері, органикалық заттар, темір) мөлшері шектік рұқсат етілген концентрациясынан тұрақты түрде артық анықталады.
Молдавиядағы ГРЭС-тің жұмыс істеуі мұздатқыш-суат суының фтор, ванадий, никель, кадмий, марганецпен, ал түбіндегі шөгінділер, бұлардан басқа қорғасын, мырыш, мыспен ластануына әкеп соқты, бұл металдардың концентрациялары станцияда жағылған отын мөлшеріне тікелей корреляциялық байланыста болды (Зубков Е.И. және басқалар., 2007).
Бұнымен бірге, фтор табиғатта көп таралған. Әсіресе, фтордың көп мөлшері минералдық су көздерінде көп кездеседі.
Аса өзекті болып отырған мәселелердің бірі түрлі су көздерінің белсенді заттармен ластануы. Ядролық қаруларды сынау және атом электр станцияларындағы орын алатын апаттар кезінде, суда 90Sr изотоптары (жартылай ыдырау кезеңі (Т) -28,4 жыл), 137Cs (Т-30 жыл) жиі кездеседі, сол сияқты 134I (Т-8,1 тәулік), 239Pu (Т -24400 жыл), 238U (Т-4,5 109 жыл), 60Co (Т-5,25 жыл) изотоптарымен де, су ластануы мүмкін (Давыдов М.Г., т.б., 2000; Хмелев К.Ф., т.б., 2000).
Мысалы, Цимлян су қоймасының түбіндегі шөгінділердің құрамында 137Cs дің орташа меншікті белсенділігі 44±4 Бк/кг, оның үстіне, Волгодонск қаласының маңайында 137Cs мөлшері су түбіндегі шөгінділерде Чернобыль апатына дейін 0,4-0,8 Бк/кг болса, 1986 жылдан кейін - 6-24 Бк/кг болды. Сарапшылардың берген бағасы бойынша, апаттан кейінгі кезеңде Дон өзені мен Азов теңізі суларына түскен 137Cs мөлшері 3000 Кu болған. Ростов облысындағы кейбір өзендерінің су түбіндегі шөгінділерінде 137Cs мөлшері, шамамен 22,5 Бк/кг болған. Кішігірім өзендердің суы түбіндегі шөгінділерде жаһаңдық ластанудан пайда болған 137Cs фондық мөлшері, шамамен 7 Бк/кг құрды. 90Sr мен ластануы толық зерттелмеген, алайда шамамен алып бағалағанда, су қоймасындағы 90Sr мөлшері 67 Ku деп саналады. 90Sr -дің таралуы су қоймаларының түбінде карбонатты шөгінділердің таралуымен байланыстырады (Римский Корсаков А.А., т.б., 2000 ж. т.б.).
Бүкіл әлемге белгілі Ресейдегі «Маяк» комбинатының жұмысына байланысты аса үлкен экологиялық проблема пайда болды. Плутоний өндірудің алғашқы кезеңдерінде Теча өзені мен басқа да су көздеріне белсенділігі жоғары сұйық қалдықтар ағызылды, бұлар шөгінділердің құрамында көп мөлшерде ұзақ өмір сүретін радионуклидтердің жиналуына әкеп соқты. Бұдан басқа, белсенділігі жоғары сұйық белсенді (СРҚ) қалдықтар қоймасында 1957 жылы болған жарылыс нәтижесінде, бірқатар суаттардың, олардың ішінде, ең ірі болып табылатын, комбинаттың санитарлық - қорғаныш аймағына жақын орналасқан, Бердениш және Урускуль көлдерінің суы ластанды.
Комбинатқа жақын жерлерде, түбі арнайы гидроизоляцияланбаған, жасанды су қоймаларында жиналған сұйық белсенді қалдықтар жер асты суларына өтіп, жер астылық белсенді суаттар пайда болған. Жер асты горизонттарының ең жоғары белсенді ластану деңгейі, «Маяк» комбинатының, белсенділігі жоғары және белсенділігі орташа сұйық белсенді қалдықтарының біраз бөлігі Карачай көлінің астында табылған. 1990 жылдарға дейін кезеңге жататын бағылауларға сәйкес, жер астылық горизонттарға өткен белсенді қалдықтардың көлемі 4 млн м3 асқан. Сұйық белсенді қалдықтардың (СРҚ) жалпы белсенділік деңгейі 900 мың Ku деп бағаланған. Бұл Теча және Мишеляк өзендерінің гидрологиялық жүйесі үшін үнемі қауіп төндіруші болып табылады.
4. Су сапасының адам денсаулығына әсері
Су факторларына байланысты барлық ауруларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
- судың биологиялық құрамына байланысты аурулар тобына;
- судың химиялық құрамына байланысты аурулар тобына.
Судың биологиялық ластануы адамдарда жұқпалы және паразиттік аурулар туғызатындықтан, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігі айтылды.
Судың химиялық құрамына байланысты ауруларды да (жұқпалы емес ауруларды) екі топқа бөледі:
- судың табиғи химиялық құрамына байланысты ауруларға;
- судың антропогендік химиялық ластануымен байланысты ауруларға.
Микроэлементтердің (йод, бром, фтор, селен, стронций, молибден, кобальт және басқалардың) биологиялық белсенділігі жоғары болғандықтан, олар адам ағзасында көптеген физиологиялық және зат алмасу үрдістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды, минералдық заттардың алмасу үрдістеріне қатысады және түрлі биохимиялық реакциялардың катализаторы ретінде ағзадағы жалпы зат алмасуына әсер етеді.
Бірақ, ағзадағы микроэлементтердің мөлшері олардың қоршаған орта нысандарының құрамында (оның ішінде суда да) болуына тікелей байланысты болғандықтан, кез келген микроэлементтің суда немесе басқа орталарда жеткіліксіздігі, не артық мөлшерде болуы, адам ағзасының әртүрлі функцияларының бұзылуына немесе аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Микроэлементтер жер қыртысында біркелкі тарлмағандықтан, белгілі бір аудандардағы су, топырақ және өсімдіктер құрамында олардың мөлшері жеткіліксіз немесе артық болады. Бұндай аудандар биогеохимиялық провинциялар деп аталады, олар табиғи және антропогендік болуы мүмкін, ал осы аудандардағы тұрғындар арасында микроэлементтердің жеткіліксіз немесе артық болуы себебінен пайда болған аурулар геохимиялық эндемиялар деп аталады. Бұндай аурулардың көбі су факторымен байланысты .
Ауыз судың сапасы жөніндегі Нұсқаулықтың 4-ші басылымын дайындау барысында (2003 ж.) БДДҰ сарапшыларының Римдегі мәжілісінде судың химиялық құрамымен байланысты, оның ішінде, суда анықталған заттардың адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне әсері жөніндегі, көптеген мәселелер қарастырылды. Ең жақсы зерттелген геохимиялық эндемияларға фтордың жетіспеушілігімен немесе артық болуымен және йод, стронций, кобальттің жетіспеушілігімен байланысты геохимиялық эндемиялар жатады.
БДДҰ сарапшылары, фторды ауыз суымен қолайлы мөлшерде қабылдау - тіс саулығының маңызды факторы деген қортынды жасаған. Сонымен бірге, фторды артық мөлшерде қабылдау тіс флюорозына, ал одан да жоғары мөлшері қаңқаның флюорозына әкеп соғатыны айтылды. Флюороз (fluorosis) ауыз суда фтордың жоғары мөлшерде болуынан, фтордан улануға байланысты ауру. Флюороздың алғашқы белгілерінің бірі тістің зақымдануы (тіс эмалінің гипоплазиясы). Флюороздың пайда болуының дәл механизмі әлі де соңына дейін толық зерттелмеген. Мамандардың пікірінше, зақымдаушы фактор амелобластарға уытты әсер етіп, эмальдің дұрыс қалыптаспауына себеп болады.
Фтор ағзада физиологиялық роль атқаратын, маңызды элемент болып саналады. Фтор адамның барлық мүщелерінің құрамына кіреді, бірақ, негізінен, сүйек пен тісте көбірек кездеседі. Ересек адам бір тәулігіне азық-түлік өнімдерімен бірге орта есеппен 0,5-1,1 мг, ал сумен бірге 2,2-2,5 мг/л фтор қабылдайды. Азық-түлік құрамындағы фтор, судағы еріген фторидтерге қарағанда, нашар сіңіріледі. Ауыз суда фтор неғұрлым көп болса, флюороз- жиі, ал кариес сирек кездеседі.
Флюорозбен, негізінен, туғаннан немесе 3-4 жастан бері эндемиялық аймақта тұратын балалардың тұрақты тістері (сүт тістері - сирек) көп зақымданады. Фтордың мөлшері қалыпты деңгейден сәл ғана жоғары болғанда, баланың азу тістері, ал өте жоғары болғанда, барлық тістері зақымданады.
Ағзаға түскен фтордың көп бөлігі бүйрек пен тер бездері арқылы шығарылатыны, ал аз бөлігі ағзада ұсталынып қалатыны анықталды. Бұнымен қатар, эндемиялық аудандардағы тұрғындардың көпшілігінің тістерінде едәуір өзгерістер болған жағдайда, кейбір адамдарда тістерінің жеңіл зақымданулары болады, мұндай аудандарда, тіпті тістері түгелдей сау балалар да кездеседі. Бұл демек, суда фтордың концентрациясы бірдей болғанымен, олардың түсуіне ағза әр түрлі реакция беруі мүмкін деген сөз.
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес, фтордың су көздеріндегі шектік рұқсат етілген концентрациясы - 1,5 мг/л. Айта кету керек, бұндай концентрациясында да тіс флюорозы кездесуі сирек емес. Фтордың судағы концентрациясы 1,0-1,5 мг/л болғанда, флюороз тұрғындардың 30%-да дамиды, 1,5-2,0 мг/л - 30-40%-да, 2,0-3,0 мг/л болғанда, эндемиялық ауданның 80-90% тұрғындарында байқалады. Ұзақ ауқыт бойы құрамында фтордың мөлшері жоғары ауыз суды қабылдау үлкен адамдардың қалыптасып болған тістерінің эмалінің түсін өзгерте алмайды. Судағы фтордың концентрациясы 6 мг/л асқанда ғана үлкен адамдардың қалыптасып болған тістерінде өзгерістер тудыру мүмкін. Айта кету керек, климаты ыстық аудандарда, ауыз суда фтордың мөлшері орташа (0,5-0,7 мг/л) болғанның өзінде, тістің айқын флюорозы байқалуы мүмкін. Бұл ыстық климат жағдайында ағзаның суды көп қабылдауына байланысты. ТМД елдерінің территориясында флюороз ауруының ошағы барлық дерлік республикаларда бар, бірақ бұл аурудың клиникалық белгілері әсіресе, Украина, РФ, Әзірбайжан, Молдавия, Қазақстанның территорияларында көбірек анықталды.
Клиникалық бақылаулардың нәтижесінде, ауыз судағы фтордың қолайлы мөлшері 1 мг/л болатыны белгілі болды, бұндай концентрацияда флюороз сирек кездеседі (немесе оның жеңіл түрі байқалады) және тісжегі дамуын тоқтатын эффект анық байқалады. Тіс флюорозы көріністерінің ауырлығына байланысты олардың штрих түріндегі, дақты, бор тәрізді дақ, эрозиялы және деструктивті түрлерін ажыратады. Бірінші үш түрі тіс тіндерін бүлінуінсіз жүреді, ал эрозиялы және деструктивті түрлері тіс тіндерінің бүлінулерімен жүреді
Ауыз су құрамында йод жетіспейтін биогеохимиялық провинциялар да бар. Йодтың жетіспеушілігі, қалқанша бездің ұлғайымен, бой өсуі, ақыл-ой және дене дамуының тежелуімен білінетін, зоб ауруының пайда болуына әкеп соғады. Таулы жерлердің суларында (Қазақстанның оңтүстік аудандары), қара топырақты емес, шымды-ақшыл сұрғылт түсті, және батпақты топырақтарда (Полесье, Солтүстік Кавказ, т.б.) йодтың мөлшері аз болады. Қалқанша бездің қалыпты жұмыс істеуі үшін, ағза тәулігіне 100-200 мкг йод түсіп отыруы керек, ол ауыз суы мен тағамдық азықтарды қабылдаумен қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортада йодтың мөлшері жеткіліксіз жағдайда тамақ өнімдерге (ас тұзын, нанды) йод қосу әдісі қолданылады.
Шығыс Сібірдің, Чита және Амур облыстарының кейбір аудандарының табиғи суларында кальций аз, бірақ стронций көп. Бұндай суларды ұзақ уақыт ішуге пайдаланғанда, сүйектену үрдістері бұзылады (стронций кальцийді ығыстырып шығарады), ауыр кемтарлықтардың себептері болатын, сүйектердің сынғыштығы және деформациясы пайда болады. Бұл ауру уров ауруы деп аталады (ең алғаш рет Уров өзенінің ағысы бойындағы аудандарда анықталғандықтан). Уров ауруының эндемиялары Солтүстік Корея, Солтүстік Қытай, Швецияда да байқалған.
Микроэлементтерден басқа, адам ағзасына суда болатын түрлі минералдық тұздардың артық немесе аз мөлшері де әсер етеді.
Минералдылығы өте жоғары су ағза тіндерінің гидрофильдік қасиетінің жоғарылауына, диурездің төмендеуіне, ағзада судың ұсталынып қалуына ықпал етеді. БДДҰ сарапшыларының пікірінше, минералды заттардың ағзаға жалпы түсуіне қосатын үлесін есепке алу үшін, табиғи суларда олардың тек кейбіреулері ғана жеткілікті мөлшерде болады. Кермек суды қабылдаған жағдайда, екі элемент - магний және мүмкін кальций адам ағзасына судан елеулі мөлшерде түседі. Бұл қорытынды 50-жылдық кезеңді қамтыған, 80 эпидемиологиялық зерттеулердің негізінде жасалған. Жүргізілген зерттеулер, негізінен экологиялық сипатта болғанымен және әртүрлі деңгейде жүргізілгенімен, сарапшылар, кермек су қабылдау мен жүрек-қан тамырлары ауруларының жиілігі арасындағы байланыс туралы болжамды дұрыс деп мойындады, ал судағы аса маңызды пайдалы құрам бөлігі деп магнийді есептеу керек екенін көрсетті. Бұл шешім бақылау және клиникалық зерттеулер нәтижесінде толық дәлелденді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда минералды заттары аз суды қабылдау, сұйықтың бөлінуін күшеюіне әкеп соғатын, гомеостаздың механизміне және ағзадағы су мен минералды заттардың алмасуына зиянды әсер ететіні дәлелденген. Бұл жасуша ішілік және жасуша сыртындағы иондардың биологиялық сұйықтардан бөлінуімен және олардың теріс балансымен байланысты. Бұнымен бірге, ағзадағы судың жалпы мөлшері және су алмасудың реттелуіне қатысатын кейбір гормондардың функционалдық белсенділігі өзгереді.
БДДҰ сарапшыларының адам ағзасына жүргізген тәжірибелерінің (1980) нәтижесі осыған ұқсас көріністі анықтады, бұл минералдану дәрежесі 100 мг/л дейін судың су мен минералды заттар алмасуына әсерінің негізгі механизмін сипаттауға мүмкіндік берді:
1. диурездің (қалыпты деңгеймен салыстырғанда, 20%-ға); ағзадағы сұйықтың және сарысудағы натрийдің концентрациясының жоғарылауы
2. сарысудағы калийдің концентрациясының төмендеуі;
3. ағзадан натрий, калий, хлоридтер, кальций мен магний бөлінуінің жоғарылауы.
Ресей ғалымдарының зерттеулері, құрамында минералды заттары аз суды пайдаланатын тұрғындардың түрлі ауруларға шалдығу қаупі жоғары болатынын көрсетті. Бұл гипертензия (артериялық қысымның жоғары болуы) мен коронарлық қан тамырларындағы өзгерістер, асқазан мен он екі елі ішектің жарасы, созылмалы гастрит, зоб, жүктілік кезеңіндегі туындайтын асқынулар, жаңа туылған нәрестелер мен сәбилерде пайда болатын сары ауру, анемия, сүйектің сынуы мен өсу үрдістерінің түрлі проблемалары (Мудрый И.В., 1999). Дегенмен де, осы аурулардың барлығы да дәл кальцийдің, магнийдің және басқа да маңызды элементтердің жеткіліксіздігіне байланысты ма әлде басқа факторларға байланысты ма, бұл әлі соңына дейін толық анықталмаған.
Кейде ағзаға заттардың жеткіліксіз деңгейде түсуінің салдары ұзақ жылдардан кейін ғана белгілі болады, бірақ жүрек-қан тамыр жүйесі кальций мен магнийдің жетіспеушілігіне едәуір жылдам жауап қайтарады. Кальций және/немесе магний жетіспейтін суды бірнеше ай пайдалану, бұған жеткілікті мерзім болып табылады (Е.Рубенович және басқалар., 2000).
Г.Ф. Лютайдың (1992) мәліметтері бойынша, Ресейдің Усть-Илим аймағындағы минералдануы төмен суды қабылдайтын тұрғындар зоб, гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, асқазан мен он екі елі ішектің жарасы, созылмалы гастрит, холецистит және нефрит сияқты аурулармен жиі ауыратыны анықталды. Жас балалардың дамуының баяулауы, бойларының өсуінде кейбір ауытқулар пайда болуы, жүкті әйелдерде ісіну мен анемия және жаңа туылған сәбилердің жиі ауыратыны байқалды. Аурушаңдықтың ең төменгі деңгейі судағы кальций мөлшері 30-90 мг/л, магний 17-35 мг/л, ал жалпы минералдануы 400 мг/л шамасында (гидрокарбонаттар бар суда) болатын аймақтарда байқалған. Автор, осындай су адам ағзасы үшін физиологиялық нормаға жақын деген қорытындыға келген.
БДДҰ бір топ зерттеушілері (1980), ауыз су мақсатына минералдануы 100 мг/л кем емес суды қолдануды үсынады. Хлоридті-сульфатты сулар үшін судың қолайлы минералдануы 200 - 400 мг/л, ал гидрокарбонатты сулар үшін - 250-500 мг/л құрайды.
Суда азот қышқылы тұздарының (нитраттардың) жоғары мөлшерде болуы, қанда, әсіресе, жас балалардың қанында метгемоглобиннің түзілуіне әкеп соғады, оның салдарынан, гипоксиямен сипатталатын, өте ауыр ауру уытты цианоз (метгемоглобинемия) пайда болады.
Суға өндірістік ағынды сулармен бірге әр түрлі уытты заттар: мышьяк, қорғасын, сынап, кадмий, диоксиндер, фенол, т.б. түсуі мүмкін. Бұндай жағдайда су бірқатар жұқпалы емес аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Су нысандарының уытты заттармен ластануының тірі ағзаларға зиянды әсер ететіндігі жөнінде келесі мәліметтер дәлел бола алады.
Қазақстанда өнеркәсіптің қарқынды даму кезеңінде, Кеңестік өкімет кезінде ақ, Балқаш көлі біртіндеп тартыла бастаған. 30-40 жылдың ішінде көлдің ауданы 2000 км2 аса қысқарды. Көлдің жағалаулары екі метрден артық шегініп кетті. Кейбір шығанақтардың орнында сор пайда болды. 60-шы жылдары жергілікті балықшылардың көлден аулаған ауына бүкіл денелері жаралармен және фибросаркомамен жарақаттанған көксерке балықтары түсе бастаған, бұны Балқаш тау-металлургия комбинатының іс-әрекетімен байланысты деп санайды.
30 жылдан кейін ауруға ұшыраған балықтардың санын ешкім санамайтын да болды. Ал қазіргі кездегі космостан түсірілген суреттермен дәлелденген, экологтар мен биологтардың қойған диагнозы қатты қапаландырады. Қазіргі кезде су гигиенасы саласында адам ағзасына ауыз сумен түсетін металдардың уытты әсерінің кейбір ерекшеліктерін анықтайтын ауқымды деректі материал жинақталды. Ағзаға ауыз сумен түскен металдардың улылығы туралы мәліметтер, бұл биологиялық белсенді химиялық заттардан уланудың, олардың мөлшеріне байланысты екенін дәлелдейді. Көптеген металдардың ағзаға уытты әсері өзіне тән және өзіне тәне емес те эффектілер түрінде байқалады. Металдардың аз ғана мөлшері әсер еткен кезде, өзіне тәне емес эффектілері жетекші рөл атқара бастайды.
Г.Н.Красовский және авторластардың (1992) пікірінше, суда бірнеше металдар бір уақытта болған жағдайда, судың металдармен ластануының гигиеналық бағалауы, басқа химиялық заттарды да бағалау сияқты, эффектілердің қосылуын есепке ала отырып жүргізілуі тиіс. Бұл кезде судағы металдардың рұқсат етілген шектік мөлшері олардың санына сәйкес төмендетіліп, кей кезде бұл металдардың суаттардың ластанбаған учаскелеріндегі анықталатын концентрацияларынан да төмен болуы мүмкін.
Металдардың кешенді және аралас әсерін зерттеу медико-биологиялық зерттеулердің аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Тек, деректі материалға негізделген, биологиялық белсенді химиялық заттардың ағзаға әсер етуінің маңыздылығын дұрыс ұғыну ғана, тұрғындардың денсаулығы үшін қауіпсіз су пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А. және басқалар, 2000).
Бірнеше ондаған жылдардан бері Қытайда, Тайваньда және басқа да Орталық және Оңтүстік Америка елдеріндегі тұрғындардың ауыз суы құрамында мышьяктың концентрациясы жоғары екені белгілі. Кейінірек, ауыз су құрамында мышьяктың концентрациясы жоғары, басқа да аудандар анықталды. Көп жағдайларда, құрамында мышьяк бар геологиялық жыныстардан мышьяк түсетін, жер асты грунт сулары ауыз су көздері болып табылады.
Ауыз суда мышьяктың арсенаттар мен арсениттер түріндегі бейорганикалық қосылыстары басым болады. Ауыз судың құрамында мышьяк жоғары мөлшерде болатын аудандардағы тұрғындардың онкологиялық ауруларымен аурушандығын және өлім-жітімін зерттеу қуық, өкпе және терінің обырынан өлім-жітімнің жоғары болатынын анықтады. Бұл, ауыз судағы мышьяктың адам ағзасы үшін канцерогенді зат екенін қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Кадмийдің кез келген түрі қауіпті. Оның 30-40 мг мөлшерінің өзі, өлімге әкеп соғады. Бұл металл ағзадан өте нашар шығарылады,тәулігіне - 0,1 % ғана. Ағзаның кадмийдан улануының ерте белгілері бүйрек пен жүйке жүйесінің зақымдануы, зәрде белоктың болуы, жыныс мүшелері қызметінің бұзылуы (аталық жыныс бездеріне әсері), арқа және аяқ сүйектерінің қатты ауруы болып табылады. Сонымен бірге, кадмий өкпенің қызметінің бұзылуына әкеледі, канцерогендік әсері бар, бүйректе жиналады (бүйректің 1 г массасына шаққанда, Cd 0,2 мг тең мөлшері ауыр улануға әкеп соғады). Кадмийдің ағзаға артық мөлшерде түсуі қан аздықтың, бауыр зақымдануының, кардиопатияның, өкпе эмфиземасының, остеопороздың, гипертонияның дамуына және қаңқаның пішінінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.
Ағзада темірдің жетіспеуі кадмийдің жинақталуын күшейтеді, ол Zn пен Se жетіспеген жағдайда тез жиналады. Кадмийдің артық болуы Zn пен Se жетіспеушілігін туғызады және күшейтеді.
Қорғасын, тірі ағзаларға әсер ету дәрежесіне қарай, мышьяк, кадмий, сынап, селен, мырыш, фтор және бенз(а)пиренмен бірге өте қауіпті заттар тобына жатады. Қорғасынның адам үшін қауіптілігі, оның улылығымен және ағзада жинақталу қабілетімен анықталады. Қорғасынның түрлі қосылыстарының улылығы әр түрлі: қорғасын стеаратының улылығы - аз, бейорганикалық қышқыл тұздарының (қорғасын хлориді, қорғасын сульфаты, т.с.с.) жоғары, ал алкилді қосылыстарының, атап айтқанда, тетраэтилқорғасынның («этилен сұйығы»), улылығы өте жоғары болады.
Адам ағзасына қорғасынның көп бөлігі (әр түрлі елдерде және жас құрамына байланысты әртүрлі топтарда - 40 -70% дейін) тамақ өнімдерімен, сонымен бірге ауыз сумен, атмосфералық ауа арқылы және темекі шегу кезінде түседі.
Әлемнің әр түрлі елдеріндегі ауыз су құрамында қорғасынның мөлшері 1-60 мкг/л арасында аутқиды және көпшілік Еуропа елдерінде 20 мкг/л аспайды.
Қоршаған ортаның қорғасынмен ластануы жаңа туылған сәбилердің денсаулығына зиянды әсер етеді, олардың дене дамуының көрсеткіштері, бақылауға алынған аудандарға қарағанда, төмен болады. Металлургия өндірісі бар қалалардағы тексерілген әйелдердің арасында бедеулік, түсік тастау, токсикоздар саны көбейген, нәрестелердің өлі және әр түрлі кемтарлықтармен: сүйек-буын жүйелеріндегі дефектілер, туа біткен жүрек кеместіктері, т.с.с. аурулармен туылу жиілеген. Туа біткен даму кемістіктерінің жиілігі, ата-аналары металургия комбинатында жұмыс істейтін балалардың арасында жоғары болған.
Сынап, белоктық қосылыстардың сульфгидрильді топтарын зақымдайтын, соның әсерінен тірі ағзалардың белок алмасу мен ферментативті қызметін бұзатын, тиолды улар қатарына жатады. Сынап тұзының 1 г ас қорыту жолымен ағзаға түскенде, өлімге әкеледі. Сынаптың өзіне есептегенде, бұл үшін металдың 150-300 мг жеткілікті болады; зиянды әсерінің белгілері «таза» сынаптың 0,4 мг мөлшерінде ақ байқалады.
Сынап әсіресе, адамның және басқа да тірі ағзалардың жүйке және зәр шығару жүйелерін қатты зақымдайды. Сынаптың әсерінен жедел (тез және айқын, әдетте, сынаптың мөлшері жоғары болса) және созылмалы (сынаптың аз мөлшері ұзақ уақыт бойына әсер ететін болса) уланулар болуы мүмкін.
Жүкті әйелдерде сынап плацентарлық кедергіден өтіп, ұрықты зақымдайды. Жапония мен Ирактағы белгілі жаппай сынаптан уланудың зардаптарын талдау, бұл металдың органикалық қосылыстарынан жеңіл уланған аналардан сәбилердің ауыр церебралдық салданумен туылғанын көрсетті.
50 ші жылдары Жапонияның Минамата қойнауы ауданындағы жергілікті тұрғындардың сынаптан жаппай уланғаны өте жақсы белгілі. Бұл қойнауға, винилхлорид өндіруде катализатор ретінде сынап металын қолданған фабриканың ағынды сулары түсіп отырған. Тұрғындардың улануы, осы шығанақтан ауланған, денелерінде жоғары мөлшерде метилсынап жинақталған балықтар мен басқа да теңіз өнімдерін тамаққа қолдануынан болған (бұл ауру осыған байланысты «Минамата ауруы» деп аталды). 1977 жылға қарай Минамата ауруына ұшырағандардың саны 2800 жеткен. Қазіргі кезде әлемнің көптеген АҚШ, Канада, Швеция, Финляндия, Дания, т.б. елдерінде ластанған су көздерінен ауланған балық, т.б. өнімдерді тамаққа пайдалануға шектеу қойылған.
Диоксиндер түрлі қауіпті аурулар, олардың ішінде - қатерлі ісіктер, психикалық аутқулар, оқуға қабілетілігінің бұзылуы, иммунитетінің төмендеуі, аталық гормондардың азаюы, сусамыр ауруы, белсіздік, эндометрит және т.б. туғызады. «Диоксинді» адамның ағзасы өте әлсіз: оның иммунитет жүйесі бұзылады, кез келген жұқпалы аурулар ауыр өтеді және көп түрлі асқынуларға әкеп соғады. Адам ағзасына бір рет түскен диоксин, онда біржола қалып қояды да, ұзақ уақыт өзінің зиянды әсерін тигізе береді.
Диоксиндердің өте жоғары улылық қасиеті, бұл қосылыстардың молекулалық құрылысына, олардың өздеріне тән химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты. Диоксиндер катализаторсыз қышқылдар мен тотықтырғыштардың әсерінен ыдырамайды, сілтілер әсеріне өте төзімді, суда ерімейді. Диоксиндерге температура да әсер етпейді, олардың жартылай ыдырау кезеңі 10 нан 20 жылға дейін созылады, адам немесе жануар ағзаларына түскеннен кейін, олар ағзада жиналады, өте баяу ыдырайды және ағзадан шығарылады.
Адам ағзасындағы диоксиндердің концентрациясы болмашы ғана - триллионның бөліктерімен есептеледі, бұл ағзада жиналған майдың 1 кг-на шаққанда, грамның миллиардтық бөлігіне тең диоксиннің мөлшері. Бұл деңгей адамның денсаулық жағдайына көңіл аударарлық әсері басталатын табалдырықтық немесе оған жақын деңгей деген пікірлер бар (Е.А.Мамонтова және басқалар., 2002; Б.А.Ревич және басқалар., 2006).
Адам ағзасына су арқылы түсетін радиациялық жүктеме де ғылыми әдебиеттерде көрсетілген. Мысалы, үлкен адамдардың тіндеріне сіңірілген дозаны зерттеу кезінде, ағзаға тек тағаммен және сумен түсіп, оның құрамына енген (инкорпорацияланған) радионуклидтерден (137Cs и 90Sr) сіңірілген доза әр түрлі мүшелерде жылына 4,4 102 рад құрайтыны анықталды. Бірақ, БҰҰ АРӘҒК мәліметтері бойынша, тұрғындардың сәулеленуге ұшыраудан алатын жиынтық дозасына ауыз судың қосатын үлесі (кейбір жекелеген аймақтарды есептемегенде) басым емес, ол, негізінен, судағы уран мен торий қатарындағы табиғи радионуклидтерге байланысты. Ауыз суды пайдалану нәтижесінде, сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаның қалыптасуына ең көп үлесті уран, радий, радон мен полонийдің изотоптары, азырақ мөлшерде қорғасын- 210 мен торийдің изотоптары қосады. Ауыз суындағы калий40, тритий мен көміртектің14, сонымен қатар, жасанды радионуклидтердің - 137Cs және 90Sr- сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаға қосатын үлесі ескерілмейтіндей аз деп санайды.
Сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі табиғи радионуклидтердің мөлшері өнеркәсіп кәсіпорындарының (тау-кен өндірісі және өңдейтін кәсіпорындар, түсті металлургия, көмір өнеркәсібі, керамика өнімдерін, минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындар және басқалардың) ағынды суларының суаттарға ағызылуы және шығарындыларының ауаға ұшуы нәтижесінде жоғарлауы мүмкін.
Сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі жасанды радионуклидтердің мөлшері радиациялық апаттар, сондай-ақ, ядролық энергетика және басқа да кәсіпорындардың ағынды суларының суаттарға ағызылуы және шығарындыларының ауаға ұшуы нәтижесінде жоғарлауы мүмкін (В.Ф.Кириллов және басқалар, 2003; В.Н.Кудрявцев және басқалар, 2006; А.Б.Бигалиев және басқалар, 2007.).
Үлкен адамдармен салыстырғанда, 90Sr дің ең көп мөлшері, әсіресе, оның жерге қарқынды жаһандық түсуі кезеңінде, кіші жас топтарындағы балалардың сүйек тіндерінде жиналады деп есептейді. Ал ағзаға түсетін 137Cs ас қазан - ішек жолдарынан іс жүзінде толық сіңеді және оның 80% -ға дейінгі мөлшері бұлшық ет тіндерінде жеткілікті дәрежеде біркелкі жиналады. Радионуклидтің ағзадан биологиялық жартылай шығарылу кезеңі оның жасына байланысты болады (Марей А.Н. және басқалар, 1974; Василенко И.Я. және басқалар, 2002).
Қазіргі кезде ғалымдар суды өңдеуде, атап айтқанда хлорлау кезінде, туындайтын қосымша өнімдердің рөлі туралы мәселені зерттеуде. Суды хлорлау нәтижесінде онда жанама өнімдер түрінде хлорланған көмірсутектер, олардың ішінде хлоралгидрат, дихлосірке қышқылы, үшхлорсірке қышқылы және 3-хлор-4- (дихлорметил)-5-гидрокси-2(5Н)-фуран түзілетіні анықталды. Алынған бірмағыналы емес, әрі статистикалық жағынан расталмаған мәліметтер, суды хлорлау адам үшін онкологиялық қауіп-қатер тудыратын фактор деп санауға жеткілікті дәрежеде негіз бола алмайды. Суды зарарсыздандыру үшін қолданылатын хлораминнің онкологиялық жағынан қауіптілігін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жануарларға жасалған тәжірибелер де хлораминнің канцерогендік қасиеті туралы нақты дәлелдер берген жоқ.
5. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу
Су тұтынуға байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу мақсатында, гигиена мамандары ауыз су сапасына қойылатын бірқатар талаптар дайындады. Біріншіден, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, исі, т.б.) жағымды болуы керек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады:
- заңнамалы гигиеналық шараларды орындау;
- су көзін таңдау;
- су көзінің санитарлық-қорғаныш аймағын (ЗСО) ұйымдастыру;
- суды тазарту, зарарсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану;
- су құбыры жүйесін санитарлық қорғау.
Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің екі түрі бар:
Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі су құбырларын орнату арқылы жүзеге асырылады. Су құбырлары деп, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді іске асыратын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге арналған инженерлік құрылыстар кешенін айтады. Қазіргі кездегі су құбырлары ашық және жер астылық су көздерінің суын пайдалана алады. Ашық су көздерінің суымен қамтамасыз ететін құбырлар:
а) су алатын құрылыстан;
б) суды жоғары көтеретін сору қондырғысынан;
в) судың сапасын жақсартуға арналған құрылыстан;
г) су құбырлары жүйесінен тұрады.
Құрылыстардың су құбырлар жүйесіне дейінгі бұл кешенінің барлығы бас құрылыстар деп аталады. Суды су көздерінен алу үшін, өзен ағысының бойымен елді мекеннен жоғары ұйымдастырылатын арнайы су қабылдағышты қолданады.
Жер асты су көздерінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі, негізінен, кішігірім ауылдық елді мекендер, қалалардың жекелеген аудандары, кейде жеке мекемелер үшін ұйымдастырылады. Оның артықшылықтары: бұл жердегі су барлық ластаушылардан сенімді қорғалғандықтан, суды тазартудың қажеттілігі, әдетте, туындамайды; су алатын орның елді мекеннің өзінде немесе оған жақын жерде орналастырады.
Су алу үшін, жер астындағы су тұтатын горизонтқа дейін жететін вертикалды шахталар түріндегі, бұрғылағыш артезиан ұңғымаларын құрады. Бұрғылау кезінде алынған топырақ шахтаға түспеу үшін, шахтаның қабырғаларын бекітетін айналдыра сақиналар қойылады. Ұңғымадан суды тартып алу үшін, оған сорғыш орнатады. Бұндай су құбырларының санитарлық қауіпсіздігінің кепілдігі, жүйенің, әсіресе, айналдыра қойылған сақиналардың қосылған жерінде, жақсы герметизациялануы болып табылады.
Орталықтандырылмаған ауыз су-шаруашылық мақсатында сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары пайдаланылады. Тұрғындарды және шаруашылық- тұрмыстық нысандарды сумен қамтамасыз ету, су алатын құрылыстарға арнайы құрал-жабдықтарды (тарату жүйесі жоқ ұңғымаларды, шахталық және құбырлы құдықтарды, бастау каптаждарын) орнату арқылы жүзеге асырылады.
Ұңғымалар, құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін қажетті орындар геологиялық, гидрогеологиялық мәліметтер негізінде таңдалып алынады.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің су көздерін ластанудан қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамасы бойынша сумен жабдықтайтын су көздерінің санитарлық қорғау зонасы (СҚЗ) орнатылған, СҚЗ су көзінің жанындағы, санитарлық режимі ерекше, аумақ болып табылады.
СҚА үш белдеуден тұрады:
- бірінші белдеу (қатаң тәртіптегі) су алатын орынды және су алу құрылыстарын ластанудан және зақымданудан қорғауға арналған, оған су алатын орындары мен су алу құрылыстары орналасқан аумақтар кіреді;
- екінші және үшінші белдеулер (шектейтін) шаруашылық-ауыз су мақсатында сумен қамтамасыз ететін су көздерінің микробиологиялық және химиялық ластануының алдын алуға арналған аумақтарды қамтиды.
СҚА белдеулерінің шекараларын орнату:
- сумен жабдықтау көздерінің түріне (жер бетілік немесе жер астылық);
- ластану сипатына (химиялық, микробтық);
- жер бетілік ластанудан табиғи қорғалу деңгейіне (жер асты су көзі үшін);
- гидрогеологиялық немесе гидрологиялық жағдайларына байланысты.
Орталықтандырылған сумен жабдықтауда ауыз судың сапасы, су тарату жүйесіне берілер алдында, сонымен қатар, сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінде, гигиеналық нормативтерге сай болуы тиіс.
Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша, 4.3-кестеде көрсетілген нормативтерге сәйкес, бағаланады.
Жалпы микроб саны (ЖМС) бактериологиялық әдіс арқылы зерттелетін 1 мл судағы микроағзалар колониясының өсу санымен анықталады. ЖМС 50- аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар бойынша зерттеу 12 ай (1 жыл) бойына жүргізіледі, бұл кезде сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінен алынған су сынамаларының саны 100 ден кем болмауы керек және олардың 95% нормативтен аспауы керек.
4.3 кесте
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Норматив-тері |
Жалпы микроб саны |
1 мл-дегі колония түзетін бактериялар саны |
50-ден артық емес |
Жалпы колиформды бактериялар |
100 мл- дегі бактериялар саны |
Жоқ |
Термотолерантты колиформды бактериялар |
100 мл-дегі бактериялар саны |
Жоқ |
Колифагтар |
100 мл-дегі түймешек түзетін (бляшкообразующие) бірліктерінің саны(ТТБ) |
Жоқ |
Сульфитредуцирлеуші клостридийлердің споралары |
20 мл-дегі споралар саны |
Жоқ |
Лямблиялардың цисталары |
50 л-дегі цисталар саны |
Жоқ |
Термотолерантты (ыстыққа төзімді) колиформды бактерияларды, 100 мл суға үш рет зерттеу жүргізіп, анықтайды. Анықталған нәтижесі теріс болуы керек. Колифагтар мен лямблия цисталарын анықтау тек жер бетілік су көздерінен сумен жабдықтау жүйелерінде, суды тарататын жүйеге беру алдында, ал сульфитредуцирлеуші клостридийлердің спораларын - суды өңдеу технологиясының тиімділігін бағалау кезінде жүргізіледі. Бұларды анықтау нәтижелері де теріс болуы тиіс.
Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы, оның құрамындағы химиялық заттардың мөлшері - табиғи суларда ең жиі кездесетін зиянды химиялық заттардың, сондай-ақ, антропогенді текті зиянды заттардың нормативтеріне сәйкес келуімен анықталады. Химиялық кұрамы бойынша ауыз судың сапасын бағалайтын көрсеткіштерге жалпылама көрсеткіштер, табиғи суларда ең жиі кездесетін және жаһандық таралу алған антропогенді зиянды органикалық және бейорганикалық химиялық заттар, суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетін зиянды химиялық заттар, адамның іс-әрекет нәтижесінде сумен қамтамасыз ететін су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар жатады (4.4., 4.5., 4.6., 4.7. кестелер).
Ауыз су құрамында 1- және 2- қауіптілік класына жататын және зияндылықтың санитарлық-токсикологиялық белгісі (с.-т.) бойынша нормаланған бірнеше химиялық заттар анықталған кезде, суда анықталған әрбір заттың концентрациясының әр қайсысына тиісті ШРЕК-не қатынасының қосындысы 1-ден аспауы тиіс (суат суларының сапасына қойылатын талаптар сияқты). Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
С1факт/ С 1рұқсат + С2факт. / С 2рұқсат... + Сn факт / С n рұқсат ≤ 1
мұндағы - С1, С 2, Сn 1- және 2- қауіптілік класына жататын жеке химиялық заттардың концентрациялары: факт. фактіге негізделген; рұқсат рұқсат етілген.
4.4 кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының жалпылама көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары ШРЕК), артық емес |
Сутектік көрсеткіш |
рН мәндері |
6-9 аралығында |
Жалпы минералдануы (құрғақ қалдығы) |
мг/л |
1000 (1500) |
Жалпы кермектілігі |
ммоль/л |
7,0 (10) |
Перманганаттық тотыққыштығы |
мг/л |
5,0 |
Мұнай өнімдері, барлығы (жалпы) |
мг/л |
0,1 |
Беттік белсенді заттар (ББЗ), анионды-белсенді |
мг/л |
0,5 |
Фенол индексі |
мг/л |
0,25 |
4.5 кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың бейорганикалық заттары бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері (ШРЕК), артық емес |
Зияндылық көрсеткіші |
Қауіптілік класы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Алюминий (А13+) |
мг/л |
0,5 |
с.-т. |
2 |
Барий (Ва2+) |
мг/л |
0,1 |
с.-т. |
2 |
Бериллий (Ве2+) |
мг/л |
0,0002 |
с.-т. |
1 |
Бор (В, барлығы) |
мг/л |
0,5 |
с.-т. |
2 |
Темір (Fе, барлығы) |
мг/л |
0,3 (1,0) |
орг. |
3 |
Кадмий (Сd, барлығы) |
мг/л |
0,001 |
с.-т. |
2 |
Марганец (Мn, барлығы) |
мг/л |
0,1 (0,5) |
орг. |
3 |
Мыс (Сu, барлығы) |
мг/л |
1,0 |
орг. |
3 |
Молибден (Мо, барлығы) |
мг/л |
0,25 |
с.-т. |
2 |
Мышьяк (Аs, барлығы) |
мг/л |
0,05 |
с.-т. |
2 |
Никель (Ni, барлығы) |
мг/л |
0,1 |
с.-т. |
3 |
4.5 кестенің жалғасы.
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Нитраттар (по NО3) |
мг/л |
45,0 |
с.-т. |
3 |
Сынап (Hg, барлығы) |
мг/л |
0,0005 |
с.-т. |
1 |
Қорғасын (РЬ, барлығы) |
мг/л |
0,03 |
с.-т. |
2 |
Селен (Sе, барлығы) |
мг/л |
0,01 |
с.-т. |
2 |
Стронций (Sr 2+) |
мг/л |
7,0 |
с.-т. |
2 |
Сульфаттар (SО42-) |
мг/л |
500,0 |
орг. |
4 |
Фторидтер (F), І и ІІ ІІІ климаттық аудандар үшін |
мг/л мг/л |
1,5 1,2 |
с.-т. с.-т. |
2 2 |
Хлоридтер (Cl-) |
мг/л |
350,0 |
орг. |
4 |
Хром (Cr6+) |
мг/л |
0,05 |
с.-т. |
3 |
Цианидтер(СN-) |
мг/л |
0,035 |
с.-т. |
2 |
Цинк (Zn2+) |
мг/л |
5,0 |
орг. |
3 |
4.6 кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың органикалық заттары бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері (ШРЕК), артық емес |
Зияндылық көрсеткіші |
Қауіптілік класы |
γ-ГХЦГ (линдан) |
мг/л |
0,002 |
с.-т |
1 |
ДДТ (изомерлердің қосындысы) |
мг/л |
0,002 |
с.-т |
2 |
2,4 Д |
мг/л |
0,03 |
с.-т |
2 |
Ескерту* - нормативтер БДДҰ ұсыныстарына сәйкес қабылданған.
4.7 кесте.
Шаруашылық-ауыз суымен орталықтандырып қамтамасыз ету кезіндегі суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетін химиялық заттар бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері (ШРЕК), артық емес |
Зияндылық көрсеткіші |
Қауіптілік класы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Хлор: Бос күйіндегі қалған Байланысқан күйіндегі қалған |
мг/л мг/л |
0,3-0,5 0,8-1,2 |
орг. орг. |
3 3 |
Хлороформ (суды хлорлағанда) |
мг/л |
0,2 |
с.-т. |
2 |
Қалған озон |
мг/л |
0,3 |
орг. |
|
Формальдегид (суды озондағанда) |
мг/л |
0,05 |
с.-т. |
2 |
Полиакриламид |
мг/л |
2,0 |
с.-т. |
2 |
Белсенді етілген кремний қышқылы ( Si бойынша) |
мг/л |
10,0 |
с.-т. |
2 |
Полифосфаттар ( РО4 -бойынша) |
мг/л |
3,5 |
орг. |
3 |
4.7 кестенің жалғасы.
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Коагулянттардың қалған мөлшерлері (алюминий мен темірдің) |
мг/л |
″Al″, ″Fe″ мөлшерлерінің көрсеткіштері, 4.5.-кесте бойынша |
Ауыз судың радиациялық қауіпсіздігі 4.8 кестеде берілген жалпы α- және β- радиобелсенділігінің көрсеткіштері бойынша анықталады.
Жалпы α- және β радиобелсенділігі нормативтерден асқан кезде, судағы радионуклидтердің түрлеріне және олардың жеке концентрацияларына анықтау жүргізіледі. Антропогендік және табиғи текті радионуклидтердің радиобелсенділігінің анықталған деңгейлерін бағалау, ауыз судағы белсенді элементтерге орнатылған радиобелсенділігінің рұқсат етілген деңгейі (РРД) берілген, қолданыстағы Радиациялық қауіпсіздік нормаларына (РҚН-99) сәйкес жүргізіледі.
4.8 кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері |
Зияндылық көрсеткіші |
Жалпы α - радиобелсенділігі |
Бк/л |
0,1 |
Радиация |
Жалпы β - радиобелсенділігі |
Бк/л |
1,0 |
Радиация |
Ауыз судың органолептикалық қасиеттері 4.9-кестеде көрсетілген бірқатар көрсеткіштер (иісі, дәмі, түсі, лайлылығы) бойынша, сол сияқты, 4.5 және 4.7 кестелерде көрсетілген, судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін заттардың (темір, марганец, мыс, сульфаттар, хлоридтер, т.б.) мөлшері бойынша бағаланады.
Ауыз суда көзге көрінетін судағы ағзалар мен су бетінде қабыршық болмауы керек.
Жоғарыда аталған барлық талаптар (4.3-4.9кестелер) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйелер арқылы берілетін ауыз суға қойылады. Бұл су тұрғындардың ауыз су және тұрмыстық мақсатта қолдануда, азық-түлік шикізат өнімдерін өңдеу үрдістерінде және тамақ өнімдері өндірістерінде, оларды сақтау және сатуда, сол сияқты, сапалы ауыз су қолдануды қажет ететін өнімдер өндірістерінде пайдаланылады.
4.9 кесте.
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз су сапасының органолептикалық көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері, артық емес* |
Иісі |
Балл |
2 |
Дәмі |
Балл |
2 |
Түсі |
Градус |
20 (35) |
Лайлылығы |
ЕМФ (Формазин бойынша лайлылық мөлшері) немесе мг/л (каолин бойынша) |
2,6 (3,5) 1,5 (2) |
Ескерту* - жақшада көрсетілген өлшем бірліктері сол территориядағы сумен жабдықтау жөніндегі нақты жүйеге арналған елді мекеннің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын және су дайындауда қолданылған технологияны бағалау негізінде қабылданған мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі.
Алайда, Қазақстанның көптеген ауылдық елді мекендерінде ауыз су және шаруашылық қажеттіліктері үшін тұрғындар орталықтандырылмаған (жергілікті) сумен қамтамасыз ететін су көздерінің суын пайдаланады.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге (ҚР ДМ 13.05.2005 ж.) сәйкес, тұрғындар топтарын және шаруашылық-тұрмыстық нысандарды орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су алатын құрылыстарға арнайы жабдықтарды (тарату жүйелері жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлы құдықтар, бастаулардың каптаждары) орнату арқылы жер асты сулары қолданылуы тиіс.
Ұңғыма жер астылық суларды жердің бетіне шығаруға арналған қондырғы.
Құдықтардың ең көп таралған түрлерінің бірі жер бетінен жоғары тұратын құдық бөлігінен (құдық аузы), оқпаннан және су қабылдайтын бөлігінен тұратын, пішіні дөңгелек немесе төрт бұрышты шахта түріндегі, шахталық құдық болып табылады. Шахталық құдықтарды, суды бірінші су тұтқыш қысымсыз горизонттан алатын етіп, орнату керек.
Құдықтың аузы жер бетінен 0,7-0,8 метрден кем емес биік болу тиіс және оның қақпағы немесе темірбетоннан жасалған, люгі (люк) бар, жабындысы болуы керек. Құдықтың аузы үстіңгі жағынан шатырмен жабылуы тиіс немесе будкаға (күркеге) орналастырылады. Құдық аузы периметр бойына, тереңдігі 2 м және ені 1 м, езілген және тығыздалған балшықпен немесе қою сазды топырақпен бекітіледі (балшықты құлып). Құдықтың айналасына тас, кірпіш, бетон немесе асфальттан, радиусы 2 м-ден кем емес, құдықтан 0,1 м еңістете, төсеніш салуды ұсынады. Ағынды сулар құдықтан шет жаққа тосқауылдайтын арық арқылы ағызылуы тиіс.
Құдықтың қабырғалары қалың және суға түсі шықпайтын, құдықты жер бетіндегі ағынды сулардан және топырақтың жоғарғы қабаттарында орналасқан жер асты суларынан оқшаулайтын, материалмен (бетон немесе темірбетон сақиналары, тас, кірпіш, ағаш) қапталуы керек. Грунттың көтерілуінің және судың лайлануының алдын алу үшін, құдықтың түбіне кері сүзгі салынуы керек.
Шахталық құдықтардан суды жоғары көтеру үшін, құрылымы әр түрлі сорғылар (қол сорғы немесе электрлі) қолданылады. Құдыққа, бір немесе екі қол ұстағышы бар, шығыр (ворот), дөңгелегі бар, бір немесе екі шелекке арналған және шелек орнатылған қол шығырларды да орнатуға рұқсат етіледі.
Шахталық құдықтардан басқа, жергілікті жерлерді сумен жабдықтауда құбырлы құдықтар да қолданылады. Құбырлы құдық - бұл да жер асты суларын алуға арналған құрылыс, бірақ ол, қабырғалары айналдыра құбырлармен қоршалған. тік, цилиндр тәрізді түтік болып табылады.
Құбырлы құдықтар, су өткізбейтін жыныстармен жер бетіндегі ластаушылардың енуінен жақсы қорғалған, сондықтан санитарлық тұрғыдан қолайлырақ болатын, топырақтың терең қабаттарындағы суларды алуға мүмкіндік береді. Құбырлы құдықтың аузы жердің бетінен 0,8-1,0 метрге дейін биік, саңылаусыз жабық болуы керек, қаптамасы және шелек ілетін ілмегі бар, су ағызылатын құбыры болуы тиіс. Құбыр аузының конструкциясы, түтіктер арасындағы және олардың артындағы кеңістіктеріне жер бетінен аққан сулардың және ластаушылардың өтуіне мүмкіндік бермейтін, құдықтың толық герметизациялануын қамтамасыз етеді.
Кейде сумен қаматамасыз ету үшін бастау (бұлақ) суларын да қолданады. Бастау сулары бұл мақсатта сирек қолданылады, себебі олардың қоры өте аз. Бастау суларын жинау үшін каптаж (ұстағыш) орнатылады, ол жер асты суларының жер бетіне өздігінен шығатын көздерінде суды түрлі мақсаттарға пайдалану үшін жердің бетіне шығаруын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс (ағаштан, кірпіштен немесе бетоннан жасалған жабық камера) болып табылады. Яғни, каптаж, бастау суларын жер бетіндегі лас ағынды сулардан қорғалған, белгілі бір су қорын жасайды .
Құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін, дәретхана, сұйық қалдықтарды жинайтын шұңқырлар, тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймалары, өнеркәсіп ұйымдары, канализация құрылыстары, ескі, пайдаланылмайтын құдықтар және мал қоралары сияқты, ластаушы немесе ластаушы болуы мүмкін көздерден, грунт сулары ағысы бойымен 50 метрден кем емес қашықтықта жоғары орналасқан, ластанбаған учаскелер таңдалып алынуы тиіс. Бұл су алатын құрылыстарды тасқын сулары басатын, ойпат, батпақтанған жерлерде, жер көшкіні болатын және топырақтың басқа да деформация түрлеріне ұшырайтын жерлерде; көлік қарқынды жүретін жолдарға 30 метрден жақын орындарға орналастыруға рұқсат етілмейді. Құдықтар тұрғын үйлерден 100 метрден артық қашықтықта орналаспауы керек.
Су алатын құрылыстарды жабдықтауда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шаруашылық-ауыз су қамтамасыз ету жүйесіне арналған материалдар (сүзгілер, қорғаныш торлар, сорғылардың бөлшектері және т.б.), реагенттер және аз габаритті тазарту құрылғылар қолданылуы тиіс.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесінің суы (құдықтардың және бастау каптаждарының суы) өзінің құрамына және қасиеттеріне байланысты 4.10. кестеде көрсетілген нормативтерге сай болуы керек.
4.10 кесте.
Орталықтандырмай сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың сапасына қойылатын талаптар
Көрсеткіштері |
Өлшем бірліктері |
Нормативтері |
Иісі |
Балл |
2-3 артық емес |
Дәмі |
Балл |
2-3 артық емес |
Түстілігі |
Градус |
30 артық емес |
Лайлылығы |
мг/л |
2 артық емес |
Нитраттар (NO3) |
мг/л |
45,0 артық емес |
Ішек таяқшасы тобы бактерияларының саны (коли-индекс) |
ІТТБ 1000 мл судағы саны |
10 артық емес |
Химиялық заттар |
мг/л |
ШРЕК |
Бұл кестеде көрсетілгендей, орталықтандырмай сумен жабдықтайтын су көздеріндегі судың химиялық көрсеткіштері (улы заттары) бойынша сапасында ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесіндегі судың сапасынан айырмашылығы болмауы керек. Алайда, бұл судың, ауыз су мақсатында қолданылуы алдында міндетті түрде қайнатылуы керек екенін ескеріп, органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, кейбір ауытқулар болуына рұқсат етіледі.
Орталықтандырмай сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың радиациялық қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы саласындағы күші бар нормативтікқұқықтық актілерге сәйкес бағалануы керек және ауыз сумен орталықтандырылып жабдықтаудағы сияқты, радиациялық қауіпсіздік нормаларына (РҚН) сайкес болуы тиіс.
Осы бөлімнің басында көрсетілгендей, тұрғындар арасында су факторына байланысты аурулардың алдын алу шараларының бірі судың сапасын әртүрлі әдістер арқылы жақсарту болып табылады, өйткені, ашық су көздеріндегі табиғи сулар, сол сияқты шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдаланылатын жер асты сулары, көптеген параметрлері бойынша гигиеналық нормативтерге сай емес.
Бірнеше ондаған жылдар бұрын өзендердің өздігінен тазаратын қабілетіне байланысты сулары тазарып отыратын. Ал қазір, жаңа қалалар мен көптеген өнеркәсіп орындары салынуына байланысты, тұтыну үшін су алатын құрылыстар соншалықты тығыз орналасқандықтан, кейде ағынды сулар жіберілетін жерлер мен су алатын жерлер бір-бірінің жанында орналасады. Сондықтан, ағынды суларды тазартудың және қайталап, аяғаны дейін тазартудың, су құбырлары суларын тазарту мен зарарсыздандырудың тиімді әдістерін дайындау мен практикаға енгізуге барған сайын көп көңіл бөлінуде.
Қазіргі заманғы соңғы үлгідегі жетілдірілген тазарту құрылыстары ағынды суларды органикалық ластаушы заттардан бар болғаны, 85-90%-ға ғана тазартады, тек жекелеген жағдайларда - 95% ғана. Сондықтан, су тазартылғаннан соң да, су экожүйелерінің қалыпты тіршілік етуін сақтап қалу үшін 6-12 рет, тіпті кейде бұдан да көп есе таза сумен араластырылуы керек.
Қазіргі кездегі кәсіпорындарында ағынды суларды ізбелестіріп тазарту кезінде бірінші, механикалық тазарту (тұнбаға оңай түсетін және су бетіне қалқып шығатын заттардан) және екінші реттік, биологиялық (биологиялық белсенді органикалық заттардан) тазарту жүргізіледі.
Соңғы кезде ағынды суларды биологиялық тазартудан кейін радиациялық, электрохимиялық, сорбциялық, магнитті және т.б. сияқты тазартудың, қайталап, аяғына дейін, тазартудың жаңа, анағұрлым тиімді әдістері дайындалуда және қолданылуда. Ағынды суларды тазартудың технологияларын жетілдіру, тазарту дәрежесін одан әрі жоғарылату табиғи суларды ластанудан қорғау саласындағы аса маңызды міндет болып табылады.
Қазақстандағы ең ірі мегаполис болып саналатын Алматы қаласы жылына 290 млн кубометр су жұмсайды, осыған байланысты, ағынды сулардың көлемі де көбееді. Қалада суды тазартудың қолданылып отырған жүйесі қажеттіліктерге сай емес. Осыған байланысты Алматы қаласында қазіргі заманғы су тазартатын (ағынды суларды тазартудың мембраналық жүйесі бар) құрылыстарды салу жобасы қабылданды.
Су көздері суларын антропогендік ластанудан қорғау мәселесінің қаншалықты маңызды екендігіне Ресейдің Хабаровск өлкесінде болған төтенше жағдай дәлел бола алады. Цзилинь қаласындағы (ҚХР) 13.11.2005 жылы химия өнеркәсібінде орын алған апат нәтижесінде Сунгари өзенінің суы бензолмен, нитробензолмен ластанған.
Ластанған аймақтың ұзақтығы шамамен 110 км болды. Ресейдің төтенше жағдайлар Миністірлігінің Қиыр шығыс аймақтық орталығының мәліметтері бойынша, бір тәулік ішінде ластану зонасы сағатына 1-1,5 км-ге жылдамдықпен жылжып, 30 км-ге дейін өтіп, 16 желтоқсанның өзінде-ақ Сунгари өзенінен Амур өзеніне өткен. Осы тенденцияны және Сунгари өзенінің құятын жерінен төменірек, Амур өзені аңғарының ерекшеліктерін ескергенде, ластану аймағының ұзақтығы Хабаровск қаласына дейін жеткенде 200 км болар еді, ал бұл зонаның Хабаровск жанына өтетін уақыты - 4-5 тәулік болар еді.
Осы жағдайға байланысты, тез арада шұғыл шаралар қабылданды: Хабаровск қаласының және өлкедегі басқа да қалалардың су тазартатын бас құрылыстарында белсендірілген көмір арқылы суды сүзетін қондырғылар орнатылды.
Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған судың сапасы, жоғарыда қарастырылған гигиеналық талаптарға сай болуы үшін, суды алдын ала өңдеуден өткізеді,оның нәтижесінде су араласқан заттардан, иістен, дәмнен, микроағзалар мен әр түрлі қоспалардан арылады. Су қасиеттерін жақсарту су құбырлары станцияларында іске асырылады. Су сапасын жақсарту кезеңдерінің сызбасы мен оны өңдеудің негізгі әдістері 4.10- суретте көрсетілген.
I III
II
4.10- сурет. Суды өңдеудің әдістері мен кезеңдері
Су көздерінің суы өңдеуден кезең-кезеңмен өтеді. Өңдеудің негізгі әдістеріне тазарту (суды мөлдірлендіру және түссіздендіру) және зарарсыздандыру жатады, ал қажет болғанда, судың органолептикалық қасиеттерін жақсарту, суды жұмсарту, кейбір химиялық заттардан бөлу үшін, қосымша (арнайы) әдістер қолданылады.
Тазарту суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде маңызды кезең болып табылады, өйткені, ол судың физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Араласқан заттардан тазарту кезінде, судағы микроорағзалардың да едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы, оның зарарсыздандыруын жеңіл және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.
Мөлдірлендіру және түссіздендіру мақсатында суды тазарту механикалық (тұндыру арқылы), физикалық (сүзу) және химиялық (коагуляция, флокуляция) әдістер арқылы жүргізіледі.
Суды тұндыру арнайы құрылыстарда (тұндырғыштарда) жүргізіледі. Тұндырғышта су баяу ағатындықтан (2-8 сағат бойы), араласқан заттардың көп бөлігі судың түбіне шөгеді.
Тұндыру үрдісін жылдамдату үшін, коагуляциялау қолданылады. Коагуляциялау, тіпті тұндыру және сүзу үрдісінде де жойылмайтын араласқан заттардан суды тазартуға мүмкіндік беретін, химиялық әдіс болып табылады. Коагуляциялауды жүргізгенде, суға, онын құрамындағы бикарбонаттармен реакцияға түсуге қабілеті бар, химиялық зат (коагулянт) қосылады. Қазіргі кезде коагулянт ретінде күкірт қышқыл алюминий (алюминий сульфаты немесе күкірт қышқылды глинозем) кеңінен қолданылады, сонымен бірге жоғары молекулалы флокулянттар: сілтілік крахмал, белсендірілген кремний қышқылы және басқа препараттар да пайдаланылады. Күкірт қышқыл алюминий судағы бикарбонаттармен әрекеттесіп, ірі, салмақты, оң зарядты алюминий гидрототығының үлпектерін түзеді. Үлпектердің салмақтары ауыр болғандықтан, олар шөгіп, өздерімен бірге суға араласқан, теріс зарядты ластаушы бөлшектерді тұнбаға түсіреді, бұл судың тез тазаруына жағдай жасайды.
Коагуляциялау мен тұндыру нәтижесінде су мөлдірленеді және біршама түссізденеді, бірақ онда әлі де суға араласқан, тым майда, заттар мен микроағзалар қалады, сондықтан, судың онан арғы тазартылуы жүргізіледі.
Суды араласқан заттардан толық тазарту үшін сүзуді қолданады. Суды сүзу үшін баяу және жылдам сүзетін сүзгілерді пайдаланады.
Баяу сүзетін сүзгінің өнімділігі төмен болғандықтан, кішігірім су құбырларында, ауылды елді мекендерде ғана қолданылады. Ол бетоннан немесе кірпіштен жасалған резервуар болып табылады, ішіне қабат-қабатпен, бөлшектердің өлшемі жоғары қарай біртіндеп азаятындай, ұсақтас, малтатас, қиыршықтас, құм, (0,8-1,0 метр) салынады. Сүзгінің түбінде темір-бетон плиталарынан немесе саңылаулары бар түтіктерден тұратын дренажды жүйе орнатылады. Су, сүзгі арқылы баяу, сағатына 0,1-0,3 м жылдамдықпен өткізіледі. Баяу сүзетін сүзгі арқылы суды тазарту бірнеше фактор кешенінің әсерінен жүзеге асырылады: араласқан заттардың механикалық ұсталуы адсорбция, тотығу (суда еріген оттектің химиялық әсер етуі).
Бұнымен қатар, судың тазаруы микроағзалардың ферментативті қызметінің арқасында және сүзгіде тіршілік ететін қарапайымдылардың тіршілік әрекетімен байланысты биологиялық үрдістер нәтижесінде іске асырылады. Суды сүзгілеу үрдісінде сүзгінің бетінде және оның жоғарғы қабаттарында судағы әр түрлі органикалық, минералдық заттар, коллоидты бөлшектер және көп микроағзалар ұсталынып қалу нәтижесінде, биологиялық қабыршық түзіледі. Бұндай сүзгі «жетілген» деп саналады, себебі, ол органикалық заттардың минералдануына және микрофлораның жойылуына ең жақсы жағдай жасайды.
Ірі су құбырлары станцияларында жылдам сүзгілер қолданылады. Олардың сүзу жылдамдығы, баяу сүзгілерге қарағанда, 50 есе жоғары, алайда, бұндай сүзгілерден өтетін судың мөлшері көп болғандықтан, олар тез ластанып, оқтын-оқтын, төменнен жоғары қарай бағытталған, сумен жуып тазартуды қажет етеді.
Қазіргі кезде суды тазарту үшін санитарлық практикада, сүзу жылдамдығы 10-12 м/сек болатын, кварцты-антрацитті сүзгілер қолданылады. Сүзу нәтижесінде су толық мөлдірленеді және микроағзалардан, шамамен, 99% тазарады .
Су құбырлар арқылы сумен қамтамасыз ету практикасында, сондай-ақ, «жанаспалы мөлдірлегіш» қолданылады. Бұл, әдеттегі су тазартатын құрылыстардың барлық кешенін алмастыратын қондырғы. Ол коагуляция, тұндыру, сүзу - сұлбасы бойынша жұмыс істейтін, 2,3-2,6 м биіктікке дейін қиыршықтаспен, құммен толтырылған, бетоннан жасалған резервуар. Су, құбырлар жүйесімен мөлдірлегіштің төменгі жағына беріледі, ал коагулянт су мөлдірлегішке түсуі алдында тікелей құбырға қосылады. Коагуляция мөлдірлегіштің, ірі түйіршікті бөлшектер салынған, төменгі бөлігінде жүреді, ал жоғарғы бөліктерінде коагулянттың және басқа да араласқан заттардың үлпектері ұсталынып қалады. Жанаспалы мөлдірлегіштің кемшілігі, оның су тазарту өнімділігінің төмендігі және тез ластанатындығы болып табылады, сондықтан оны жиі тазартып тұру керек.
Суды еріген органикалық қосылыстардан тазарту үшін, адсорбция әдісі, ал еріген органикалық және минералдық заттардың мөлшерін азайту үшін - электролиз қолданылады.
Судың сапасын жақсартудың келесі кезеңі оны зарарсыздандыру, яғни - микроағзаларды жою. Бұл әр түрлі химиялық, физикалық және механикалық әдістер көмегімен жүргізілуі мүмкін.
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі, оған, судағы микроағзаларды жоятын, әр түрлі химиялық қосылыстар реагенттер қосу арқылы жүзеге асырылады. Реагенттер ретінде газ күйіндегі хлор, хлордың әр түрлі қосылыстары (хлорлы әк, гипохлориттер, хлорамин және басқалар), озон, сутектің асқын тотығы, т.б. заттар қолданылады.
Санитарлық практикада суды зарарсыздандырудың ең жақсы сыналған және сенімді әдісі - хлорлау болып табылады.
Хлорлаудың негізгі қағидасы, суға хлорды қосқанда, ол гидролизденіп, нәтижесінде, тұз қышқылы мен хлорлылау қышқылы түзілуінен тұрады:
Cl2 + H2O = HCl + HOCl
Суды хлорлау кезіндегі бактерицидтік әсерінің мәні келесіде: хлорлылау қышқылы суда Н+ және OCl- иондарына ыдырайды, ал олар хлорлылау қышқылдың өзі сияқты, бактерия жасушасының қабығынан оңай өтіп, микробтарды өлтіреді. Бактерицидтік әсер ететін хлорлылау қышқылы мен гипохлорит-ионы (OCl-) бірге алғанда белсенді хлор деп аталады.
Ірі су құбыры станцияларында суды зарарсыздандыру үшін газ күйіндегі хлор қолданылады, жиі суды хлорлауға хлорлы әктің 1% ерітіндісі қолданылады, ондағы белсенді хлордың мөлшері 25% кем болмауы керек.
Суды хлорлау арқылы зарарсыздандыру кезінде хлор органикалық және минералды қосылыстармен өзара әсерлеседі. Оларды тотықтыру үшін жұмсалған хлордың мөлшерін судың хлор сіңіргіштігі деп айтады. Суда бұндай заттар неғұрлым көп болса, хлорсіңіргіштігі де соғұрлым жоғары болады және зарарсыздандыру үшін белсенді хлордың көбірек мөлшерін қажет етеді.
Толық бактерицидтік эффектісіне қол жеткізу үшін, белсенді хлорды суға тек органикалық қосылыстарды тотықтыруға ғана емес, сонымен бірге микроағзаларды да жоятын мөлшерде қосу керек. Оның үстіне, хлорлаудың тиімділігін көрсететін, суда хлордың біршама мөлшері қалуы тиіс; оны қалған бос күйндегі хлор деп атайды. Оның мөлшері 1 л суда 0,3-0,5 мг болуы керек.
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістеріне озондау да, яғни озонның көмегімен зарарсыздандыру жатады.
Озонның тотығу-тотықсыздандыру потенциалы жоғары. Озонның зарарсыздандыратын қабілеті, оның ыдырауы кезінде молекулалық оттектен басқа, күшті тотықтырғыш болып табылатын, атомарлы оттегі түзілуіне байланысты. Сол сияқты, суда бұл кезде күшті тотықтырғыш қасиеттері бар, бос радикалдар -ОН және НО2 - түзіледі. Озонның зарарсыздандыратын әсерінің механизмі хлордың әсеріне ұқсас, бірақ судағы органикалық қосылыстардың озонмен реакцияға түсуі, хлорға қарағанда, толығырақ жүреді және ол, күшті тотықтырғыш ретінде әсер етіп, микроағзалардың өмірі үшін аса маңызды ферменттерін зақымдайды және олардың өліміне әкеп соғады. Озон - протоплазмалық у сияқты әсер етеді деген болжамдар да бар.
Суды озондаудың, хлорлауға қарағанда, бірқатар артықшылықтары бар:
- судың органолептикалық қасиеттері жақсарады (түсі, иісі);
- озон судың минералдық құрамы мен рН ортасына теріс әсер етпейді;
- озонның артық мөлшері тез арада оттекке айналатындықтан, қалған озон (0,3 мг/л ге дейін мөлшері рұқсат етіледі) ағзаға қауіпті емес және судың органолептикалық қасиеттеріне әсер етпейді;
- озондауды бақылау, хлорлауды бақылауға қарағанда, аса қиын емес, өйткені, озондау үрдісіне температура, судың рН ортасы, т.б. факторлар әсер етпейді.
Суды зарарыздандыру үшін озонның қажетті мөлшері, 3-5 мин әсер ету кезінде, орта есеппен 0,5-6 мг/л тен. Озондау арнайы аспаптардың озонаторлардың көмегімен жүзеге асырылады.
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістеріне, ауыр металдар (күміс, мыс, алтын) тұздарының олигодинамикалық әсерін пайдалануға, яғни олардың өте аз концентрацияларында ұзақ уақыт бойына бактерицидтік әсер ететін қабілетіне негізделген әдістер жатады.
Әсер ету механизмі, ауыр металдардың оң зарядталған иондары судағы теріс зарядталған микроағзалармен электроадсорбция деп аталатын, реакцияға түсуіне негізделген. Бұл реакция нәтижесінде ауыр металдардың иондары микроб жасушаларына терең еніп, оларда ауыр металдардың альбуминдерін және нуклеин қышқылдарымен қосылыстар түзіеді де, микроб жасушаларын өлімге келтіреді. Бұл әдіс кеңінен қолданылмайды. Ол тек, көлемі аз суларды зарарыздандыру үшін ғана қолданылады.
Жалпы алғанда, суға белгілі бір химиялық заттарды қосуға негізделген зарарсыздандырудың барлық химиялық әдістерінің бірқатар кемшіліктері бар, біріншіден, судың құрамы мен органолептикалық қасиеттеріне қолайсыз әсер етеді. Бұдан басқа, бактерицидтік эффектісі барлық микроағзаларға бірдей әсер етпейді, көбінесе, ол қосылатын заттың дозасы дұрыс алынуына, оның бактериялармен байланыста болуы уақытына байланысты, сондықтан, зарарсыздандыру үрдісіне әсер ететін факторларға үнемі және ұқыпты түрде бақылау жасау қажеттілігі туындайды. Реагенттердің кейбірі (әсіресе, хлор) улы болғандықтан, олармен жұмыс істегенде, сақтық шараларын сақтауды қажет етеді.
Осының барлығы, химиялық әдістермен салыстырғанда, көптеген артықшылықтары бар физикалық әдістерді дайындауға себеп болды.
Суды зарарсыздандырудың физикалық әдістері. Техникалық жағынан ең толық зерттеліп, дайындалған әдістердің бірі ультракүлгін сәулелерді пайдалану болып табылады. Суды ультракүлгін сәулелермен зарарсыздандыру кезінде, микробтардың вегетативті түрлері ғана жойылып қоймайды, сонымен қатар, споралық түрлері де және хлордың әсеріне тұрақты келетін вирустар, гельминт жұмыртқалары да жойылады. Суды ультракүлгін сәулелермен зарарсыздандырудың тиімділігіне судың лайлылығы, түстілігі, ондағы темірдің тұздары әсер етеді, өйткені олар ультракүлгін сәулелерді сіңіреді. Сондықтан, суды ультракүлгін сәулелерімен зарарсыздандыру үшін, алдымен оны мұқият тазарту керек.
Суды зарарсыздандырудың физикалық, реагентсіз әдістеріне, сол сияқты, ультрадыбыс, иондаушы сәулелерді қолдану да жатады. Олар зарарсыздандырылатын судың құрамы мен қасиеттеріне әсер етпейді, оның органолептикалық қасиеттерін де нашарлатпайды. Олар микроағзалардың құрылысына тікелей әсер ететіндіктен, бактерицидтік әсерінің диапазоны өте үлкен. Зарарсыздандыру үшін аз ғана уақыт жұмсалады. Алайда, қазіргі кезде бұл әдістерді практикада пайдалану үшін жеткілікті дәрежеде тиімді болып табылатын қондырғылар жоқ.
Суды зарарсыздандырудың өте қарапайым физикалық әдістерінің бірі қайнату. Суды қайнатқанда 3-5 минут ішінде ондағы барлық вегетативті түріндегі микроағзалар жойылады, ал 30 минут қайнатқанда - су толық стерильденеді.
Дегенмен, бактерицидтік эффектісінің жоғары болғанына қарамастан, бұл әдісті көлемі үлкен суды зарарсыздандыру үшін қолдану мүмкін емес, негізінен, бұл әдіс тұрмыс жағдайында қолданылады. Оның үстіне, бұл әдістің бірқатар кемшіліктері бар: қайнатқанда, газдардың ұшып кетуіне байланысты, судың дәмі нашарлайды, сонымен бірге, суда микроағзалардың тезірек көбею мүмкіншілігі жоғарылайды.
Су сапасын жақсартудың арнайы әдістері, судың минералдық құрамын және оның органолептикалық қасиеттерін жақсартуға бағытталған.
Суды өңдеудің арнайы әдістеріне жататындар:
- дегазациялау судағы еріген газдарды кетіру; бұл әдіс судан күкіртсутек газын және басқа да, иісі жағымсыз, газдарды кетіру үшін қолданады;
- суды жұмсарту судан кальций мен магний катиондарын толық немесе ішін-ара кетіру: реагенттік, ион алмасу немесе термиялық әдіс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;
- суды тұзсыздандыру өнеркәсіптік қолдануға дайындау кезінде суды толық тұщыландыру; жарым-жартылай тұзсыздандыру немесе тұщыландыру судың құрамындағы тұздардың мөлшерін ауыз суда болатын мөлшеріне (1000 мг/л-ден төмен) дейін төмендету үшін жүргізіледі; оларға әр түрлі тұщыландырғыштарда (атомдық, вакуумдық, көп сатылы, гелиотермиялық), ионитті қондырғыларда суды дистильдеу арқылы, сол сияқты электрохимиялық әдіспен және мұз қатыру арқылы қол жеткізуге болады.
- суды темірсіздендіру - судан темірді кетіру аэрация, суға әк аралыстыру, коагуляция, катиондау арқылы іске асырылады;
- суды дезодарациялау - судың иісі мен татыған дәмін кетіру, дегазациядағы сияқты әдістермен іске асырылады; микроағзалардың болуынан және бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және әртүрлі органикалық заттардың ыдырау өнімдері болуынан пайда болған иістерді жою үшін, озондау, калий перманганатымен, сутектің асқын тотығымен өңдеу, сорбциялық сүзгілер арқылы сүзу, сияқты әдістер қолданылады;
- дезактивация суды, құрамындағы белсенді заттардан тазарту;
- фторлау суда фтор жетіспеген жағдайда, оған фтор қосу;
- фторсыздандыру суда фтордың мөлшері көп болған жағдайда, оның мөлшерін азайту;
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесі жиі қолданылатын ауылдық елді мекендер үшін жергілікті су көздерінің суын зарарсыздандыру әдістері айырықша өзекті болып табылады.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес құдықтарды дезинфекциялау:
- аурудың алдын алу мақсатында (жаңа құдықтар салынғаннан соң немесе бұрынғы құдықтарды тазарту, не жөндеу жұмыстарынан кейін);
-эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша (елді мекенде ішек инфекциялары өршуі кезінде немесе құдық суларына ағынды сулар, нәжіс, жануарлардың өліктері түскенде, т.б.) жүргізіледі.
Аурулардың алдын алу мақсатында, кем дегенде, жылына бір рет құдықтарды (каптаждарды) түбінде жиналған лайдан және жыныстардың шөгінділерінен тазарту, құдық жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Жүргізілген әрбір тазарту және жөндеу жұмыстарынан соң, құдықты (каптажды) дезинфекциялау керек.
Құдықтарды эпидемиологиялық көрсетілімі бойынша дезинфекциялау:
- құдықты алдын ала дезинфекциялауды;
- құдықты тазалауды;
- құдықты қайта дезинфекциялауды қамтиды;
Құдықтың суын зарарсыздандыру, құдықтың өзін дезинфекциялағаннан кейін, әр түрлі әдістерді қолдану арқылы, көбінесе, хлорлы препараттармен толтырылған, суға мөлшерлеп хлор бөлетін, патрон көмегімен іске асырылады. Құдықтарды дезинфекциялау үшін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттарды (мысалы, «Акватабс», т.б.) пайдалану керек. Орталықтандырылмай сумен қамтамасыз ету кезінде суды зарарсыздандырудың арнайы режимі дайындалған, бұл режим белсенді хлордың қажетті мөлшерін, бос күйіндегі қалған хлордың мөлшерін және зарарсыздандыру уақытын ескереді.
Құдықтың суын құрамында хлоры бар препараттармен зарарсыздандыру үрдісінде хлорлағаннан кейін суда қалған (белсенді) хлордың мөлшері 0,5 мг/л деңгейінде болуы керек. Бұл деңгейге жетуі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде, негізгісі - су зарарсыздандыруда қолданылатын, суға мөлшерлеп хлор бөлетін патронды толтыру үшін дезинфекциялаушы препараттың қажетті мөлшері болып табылады. Құдық суының хлор сіңіргіштігі зертханада, 1 л зерттелетін суға қосылған белсенді хлордың мөлшерімен, оның суға қосылғаннан соң 30 минут өткеннен кейінгі судағы мөлшерінің арасындағы айырмасымен анықталады.
Егер, құдық суы сапасының микробиологиялық көрсеткіштері бойынша нашарлау себептерін анықтау және /немесе жою мүмкін болмаса, онда суды үнемі зарарсыздандырып отыру қажет. Судың химиялық ластануы тұрақты болса, санитарлық эпидемиологиялық мекемелер құдықты жою жөнінде шешім қабылдайды.
V-ТАРАУ. ТОПЫРАҚ ГИГИЕНАСЫ ЖӘНЕ ЕЛДІ
МЕКЕНДЕРДІ ТАЗАРТУ
1. Топырақ және топырақ түзуші факторлар.
Топырақ туралы ілімнің негізін қалаушы В.В. Докучаевтың анықтамасы бойынша, топырақ - түрлі топырақ түзуші факторлар әсерінен жер қыртысының жоғарғы қабатының түрі өзгеруі нәтижесінде пайда болған ерекше табиғи-тарихи дене болып табылады. Бұл факторларға топырақ түзуші аналық тау жыныстары, климаттық әсерлер, жергілікті жердің рельефі, өсімдіктер, топырақ ағзалары, уақыт факторы, адамның әсері жатады.
Аналық тау жыныстары мыңдаған жылдар бойына желмен мүжілуге және үгілуге ұшырай отырып, біріккен массадан борпылдақ қабатқа айналатын, біртіндеп органикалық заттармен байытылып отыратын, топырақ түзілу процесінің бастамасы болып табылады. Бұл ретте аналық тау жыныстарының бөлшектері топырақ түзілу үшін тек механикалық базис құрап қана қоймай, топырақтың физикалық қасиеттерін, оның минералды химиялық құрамын анықтайды, топырақ биоценозының тіршілік етуі үшін микроэлементтер көзі болып табылады, микроэлементтердің сипатын, сондай-ақ топырақтың адам ағзасына әсерін анықтайды (В.И. Вернадский).
Топырақ түзілу ұрдісің негізгі факторларының қатарына топырақтың жылу және су режимдерін қалыптастыратын жергілікті жердің климаты мен рельефі жатады. Жылу мен ылғалдылық топырақта болып жататын барлық биологиялық және физикалық-химиялық үрдістерге әсер етеді. Көп жағдайда оларға топырақ түзуші тау жыныстардың бүліну жылдамдығы, топырақтың әр түрлі типтерінің қалыптасуы, топырақ микроорганизмдерінің, жануарлар ағзаларының, өсімдіктердің тіршілік етуі үшін қажетті жағдайларды қалыптастырады.
Топырақ түзілу үрдістерінде топырақтың органикалық заттарының көздері және оларды қайта түзушілер болып табылатын тірі организмдер (өсімдіктер, жануарлар, топырақ организмдері) жетекші роль атқарады. Жануарлармен бірге, топырақты органикалық заттармен байытатын биомассаның алғашқы продуценттері - өсімдіктер болып табылады. Өсімдіктердің қурап қалған жер үстілік және жер астылық бөліктері топырақ микроағзаларының әсерінен ыдырайды, ал бұл кезде түзілетін қосылыстар топырақтың негізгі қасиеті құнарлылықты анықтайтын күрделі органикалық кешен гумустың синтезделуі үшін пайдаланылады. Өсімдіктердің минералдық заттары топырақтың минералдық бөлігін толықтырады. Өсімдіктердің жер үстілік және тамыр бөліктерінің түсу мөлшері ылғалды тропиктік ормандарда анағұрлым жоғары 250 ц/га-ға дейін болса, шөлді жерлерде бұл көрсеткіш 5-6 ц/га-ға әрең жетеді. Ыдырамаған өсімдік қалдықтары ормандарда орман жабындысын немесе далалы жерлерде өсімдік жабынын түзеді, олар өз кезегінде, топырақтың жылулық қасиеттеріне, ылғалдылық пен оттегін өткізуіне, топырақ ағзаларының тіршілік етуіне әсер етеді.
Топырақ ағзалары үлкен топырақ түзуші қызмет атқарады. Олардың кейбіреулері нематодтар, жауын құрттары және басқа да сапрофагтар - өлі органикалық заттарды қорек үшін пайдаланады, басқалары топырақ микроорганизмдерінің көпшілігі - өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын ыдыратады және минералдайды, жаңа протеинді кешендер түзіп, жоғары сатыдағы өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің алмасу үрдістерінің улы өнімдерін ыдыратады. Үшіншілері құрттар, насекомдар, личинкалар, тышқан тәрізді кеміргіштер, көртышқандар, саршұнақтар және басқа да тірі организмдер топырақты қопсытады, оның әр түрлі қабаттарын бір-бірімен араластырады, аэрацияға жағдай жасайды, өздерінен бөлініп шығатын заттармен топырақты тыңайтады. Бұл процестерде микроорганизмдер бактериялар, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайымдылар және басқалар ерекше роль атқарады, өйткені олардың тіршілік үрдестірінің нәтижесінде күрделі органикалық заттар ыдырап, топырақ қарашірікпен және минералдық заттармен байытылады, заттардың биологиялық айналымы қамтамасыз етіледі.
Антропогендік топырақ түзуші фактор топырақ түзілу үрдістіріне аса үлкен ауқымда, қарқынды және көбінесе жағымсыз әсер ететін жаңа геологиялық күш болып отыр. Дала топырақтарының үлкен массивтерін жырту, улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштарды қарқынды пайдалану, ауыр техниканы қолдану, өсімдіктердің жойылуы, ірі жасанды су қоймаларын салу кезінде жерлерді су басу, пайдалы қазбаларды игеру, ашық әдіспен тас көмір, т.б. өндіру және басқалары топырақтың деградациялануы мен аса үлкен аудандардың ластануына әкеп соғады. Ал топырақ түзілу үрдісі өте ұзақ уақытты қажет ететіні белгілі. Мысалы, Жердің әр түрлі аудандарындағы ертеректе қалыптасқан топырақтардың жасы жүздеген және мыңдаған жылдарды құрайды. Бұл, топырақтың қалпына келуі қиын табиғи ресурстар қатарына жататынын және антропогендік әсер табиғат заңдылықтары ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс екендігін көрсетеді.
Барлық табиғи топырақ түзуші факторлардың бірлескен әсері топырақтың минералдық және органикалық компоненттерден, топырақтағы ауа мен судан, сондай-ақ топырақ микро- және макроорганизмдерінен тұратын күрделі көп компонентті жүйенің қалыптасуына әкеп соғады. Минералды компоненттерге аналық тау жыныстарының ұсақталған бөлшектері жатады, олардың құрамының көп бөлігі кристалдық кремнезем (кварц), глиноземнен, темір, алюминий, магний, калий, фосфор, кальций оксидтерінен тұрады. Бұл қосылыстардан басқа, топырақтың минералдық бөлігінде, белгілі бір пропорцияда Д.И. Менделеевтің периодтық системасындағы барлық элементтер кездеседі. Топырақтың органикалық заты ыдыраудың әр түрлі сатысындағы өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің қалдықтарынан, топырақтың өз органикалық қосылыстарынан (гумин қышқылдары, фульво қышқылдары), сол сияқты топырақ микроорганизмдері синтездеген қарашіріктен тұрады. Топырақтың биотикалық компоненті, жоғарыда айтылғандай, әрқайсысы белгілі бір функциялар атқаратын түрлі тірі организмдер топтарынан тұрады.
Топырақтың негізгі құрам бөлігі, сондай-ақ ондағы ауа және су болып табылады. Топырақтың жоғарғы қабаттарындағы (0,2 м) ауа құрамы бойынша атмосфералық ауаның құрамына жақын болады. Топырақ тереңдеген сайын оттегінің мөлшері азаяды да, көмірқышқыл газының концентрациясы артады. Алайда, 3 метрден 6 метрге дейінгі тереңдіктің өзінде де топырақтағы ауа құрамындағы оттегінің концентрациясы (14,2-16,8%) органикалық ластаушылардың аэробты тотығуы үшін жеткілікті болып саналады (Е.И. Гончарук, 2006). Көмір қышқыл газының мөлшері 1 метр тереңдіктің өзінде-ақ 1%-ға дейін артады, ал одан ары тереңдікте (3-6 м) 4-8%-ға жетеді. Көбінесе топырақтың өткізгіштігінің нашарлауына және оның ластануына байланысты оттектің концентрациясы біршама төмендегенде (2%-ға дейін және одан да аз), органикалық қалдықтардың анаэробты жағдайда ыдырау үрдістері басым жүреді. Нәтижесінде көмірқышқыл газы жинақталады және жабық орындар немесе кеңістіктерге түскенде адамдарға жағымсыз әсер ететін метан, аммиак, күкіртті сутек сияқты улы әсер ететін қосылыстар түзіледі. Құдықтар, терең шұңқырлар қазу кезінде, жер асты қондырғыларында топырақ ауасынан улану оқиғалары орын алған.
Топырақтағы су түрліше қызмет атқарады. Ең алдымен, ол топырақ флорасы мен фаунасының тіршілік етуі үшін қажетті фактор болып табылады. Түрлі қосылыстардың әмбебап еріткіші бола отырып, су, бір жағынан, өсімдіктерге қажетті химиялық заттарды тасымалдайды, екінші жағынан, топырақта болып жататын барлық химиялық және биохимиялық үрдістер жүзеге асыратын орта болып табылады. Алайда, сумен бірге топырақтағы организмдерге қажетті заттар ғана емес, сонымен қатар топырақ пен жер астылық сулардың кеңінен таралған ластану мүмкіндіктерін жоғарылататын химиялық және биологиялық ластаушылар да тасымалданады. Топырақтың жылулық қасиеттері, оның аэрациясы мен өздігінен тазару қабілеті топырақтағы су мөлшеріне байланысты болады.
2. Топырақтың гигиеналық маңызы
Тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың маңызы өте зор. Ол адамның тіршілік етуі мен өмір сүру ортасында түрлі жағдайларды қалыптастыруда маңызды роль атқарады.
Топырақ адамға қажетті өсімдік текті азық өсірілетін және жануар текті азықтың біраз бөлігі алынатын, осыған байланысты оның құнарлылығы аса маңызды болып саналатын қоршаған ортаның объектісі болып табылады. Топырақтың химиялық құрамы сол территориядағы қоршаған ортаның басқа нысандарының су, өсімдіктер, алынатын өнімдердің химиялық құрамын, сондай-ақ адамның өз ағзасының ұлпалары мен мүшелерінің құрамын анықтайды, осыған байланысты топырақтағы микроэлементтердің табиғи жетіспеуі немесе артық мөлшері эндемиялық аурулардың пайда болуына әкеп соғады.
Топырақ кәсіпорындардан, көлік түрлерінің түтіндерінен атмосфералық ауаға бөлінген түрлі экзогенді химиялық заттармен, радионуклидтермен, ағынды сулармен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануы мүмкін және осы ластаушылардың тасымалдануы нәтижесінде жер астылық, жер бетілік суларды, атмосфералық ауаны, тағамдық өнімдерді ластаушы заттар көзіне айналады. Топырақтың техногенді ластануы тұрғындардың денсаулық жағдайының нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Топырақ климатты қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады. Түрлі үйлер мен жергілікті жердің микроклиматтық жағдайлары топырақтың құрылымы мен физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болады, бұл көрсеткіштер құрылыс салу үшін топырақтың жарамдылығын, өздігінен тазару үрдістерінің тиімділігін анықтайды.
Топырақ үнемі биологиялық ластануға ұшырап отыратындықтан, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу факторы бола алады.
Топырақта оразан зор табиғи биохимиялық зертханада топырақ организмдерінің қатысуымен үнемі органикалық заттардың ыдырау және жаңа протеинді кешендердің синтезделу үрдістері жүзеге асып отырады, нәтижесінде топырақтың құнарлылығы артады. Өздігінен тазару үрдісінде патогенді микрофлора жойылады. Топырақтың өздігінен тазару қабілеті сұйық және қатты қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеп, қайта пайдаға асыру үшін қолданылады.
Топырақтың гигиеналық маңызының негізгі аспектілеріне толығырақ тоқталайық.
2.1. Топырақтың қасиеттері мен механикалық құрамының гигиеналық маңызы
Топырақтың механикалық элементтері топырақ бөлшектерін құрайды. Әртүр.лі топырақтар бір-бірінен олардың механикалық құрамына кіретін топырақ бөлшектерінің өлшемі (түйіршіктері) бойынша, сондай-ақ бөлшектер арасындағы саңылаулардың көлемі мен жалпы саңылаулардың көлемі бойынша (%-бен) ажыратылады. Өлшеміне байланысты топырақ бөлшектерін (Качинский жіктеуі бойынша) тастар мен қиыршық тас (өлшемі 3 мм-ден артық), ірі құм (3-1 мм), орташа құм (2-0,25 мм), майда құм (0,25-0,5 мм), ірі шаң (0,05-0,01 мм), орташа (0,01-0,05 мм), жұқа (0,005-0,001 мм) және лай (0,001 мм-ге дейін) деп бөледі.
Құм мен саздың арақатынасы бойынша, топырақ құрамының 90%-дан астамы құмнан тұратын болса - құмды, 80-90%-ы құмнан тұратыны - құмайт, 50%-дан 80%-ға дейін құмнан тұратын - сазды және 20%-дан 50%-ға дейін және одан кем құмнан тұратын саз балшықты деп бөледі. Құмды және құмайт, сондай-ақ жеңіл сазды топырақтар ірі түйіршікті болып саналады. Олардың саңылаулары аз саңылаулардың көлемі топырақтың жалпы көлемінің шамамен 25-40%-ды құрайды, бірақ саңылаулары ірі. Ауыр сазды, балшықты және шымтезекті топырақтар майда түйіршікті болып, кішігірім саңылауларының саны едәуір болады, осыған байланысты саңылауларының жалпы көлемі, ірі түйіршікті топырақтарға қарағанда, анағұрлым жоғары болады. Мысалы, саз балшықты топырақта ол 45-60%-ға, ал шымтезек топырақта - 82%-ға дейін жетеді. Топырақтың механикалық құрамының үлкен мәні бар, өйткені топырақтың ауа - және су өткізгіштік, су сиымдылық, капиллярлық және гигроскопиялылық сияқты аса маңызды гигиеналық қасиеттері оған тікелей байланысты.
Топырақтың ауа өткізгіштігі деп, оның өзінің қабаттары арқылы ауа өткізу қабілетін айтады. Ауа өткізгіштік саңылаулырының көптігіне емес, олардың өлшеміне байланысты болады, сондықтан ірі түйіршікті, саңылаулары ірі топырақтардың ауа өткізгіштігі жоғары болады. Егер барлық саңылаулар суға немесе мұзға толы болса, ауа өткізгіштік нольге дейін төмендейді. Саңылаулары ірі топырақтардың ауа өткізгіштігі жоғары болғандықтан, оларда аэрация жақсы жүреді, бұл органикалық заттардың аэробты тотығуының жақсы жүруіне жағдай жасайды. Мұндай топырақтар ең жарамды деп есептеледі.
Топырақтың су өткізгіштігі, немесе фильтрациялық қабілеті деп, оның жер бетінен түскен суды өткізуін айтады. Жақсы су өткізгіштік топырақта судың жинақталуына және батпақтануға кедергі жасайды, сондықтан су өткізгіштігі жоғары топырақтар, әдетте, құрғақ және жылы болып, онда өздігінен тазару урдістері үшін қолайлы жағдайлар туады. Топырақтың жақсы су өткізгіштігі, сондай-ақ сүзілген судың грунт үстінде жинақталып, жер асты су көздерінің түзілуіне себепші болады. Сонымен бірге, кейде топырақтың сүзгіштік қабілетінің жоғарылығының зиянды сипаты да байқалады, өйткені жер бетінен топыраққа түскен ағынды сулар жер асты су көздерін ластайды.
Топырақтың ылғал сыйымдылығы топырақтың саңылауларында жиналатын су мөлшерімен сипатталады. Саңылаулардың өлшемі неғұрлым кіші және топырақтың саңылауларының жалпы көлемі неғұрлым жоғары болса, ылғал сыйымдылық соғұрлым жоғары болады. Кішкентай саңылаулары көп болса, майда түйіршікті топырақтардың ылғал сиымдылығы өте жоғары болады. Мысалы, саз, құмға қарағанда, өзінің саңылауларында суды 2-3 есе, ал шымтезек 30-40 есе көп ұстайды. Жоғары ылғал сыйымдылық топырақтың ауа- су өткізгіштігін нашарлатады, оның өздігінен тазару қабілетін төмендетеді. Ылғал сыйымдылығы жоғары топырақтар ылғал, суық болып, үй-жайларда дымқылдық тудырады.
Топырақтың капиллярлығы деп аталатын қасиеті оның суды капиллярлар бойымен топырақтың төменгі қабаттарынан жоғарғы қабаттарына көтеру қабілеті де дымқылдықтың туындауына себеп болады. Капиллярларды топырақтың бөлшектері түзеді. Топырақ бөлшектері мен олардың арасындағы саңылаулар неғұрлым кішкентай болса, капиллярлығы соғұрлым жоғары болады. Капиллярлықтың жоғары болуы жер сулары деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды және тіпті іргетасы жер асты суларының деңгейінен жоғары салынған ғимараттарда да дымқылдықтың туындауына себеп болады.
Сонымен, ірі түйіршікті топырақтардың ауа- су өткізгіштіктері жақсы, ылғал сыйымдылығы мен капиллярлығы төмен болады, ал майда түйіршікті топырақтардың ауа су өткізгіштіктері, керісінше төмен болып, ылғал сыйымдылығы мен капиллярлығы жоғары болады. Сондықтан майда түйіршікті топырақтар құрылыс үшін онша қолайлы емес, олардың өздігінен тазару үрдісі нашар жүреді, олар өліктерді жерлеуге жарамсыз, территорияда қолайсыз микроклимат қалыптастырады.
Топырақтың күн сәулесі әсерінен қызу дәрежесіне, климаттық жағдайларға, жергілікті жердің жер бедеріне, топырақтың сипаты мен қасиеттеріне, өсімдіктер өсуі мен т.б. факторларға байланысты болатын топырақтың жылулық қасиеттерінің гигиеналық маңызы өте зор. Әсіресе, оңтүстік және оңтүстік-шығыс беткейлердегі құрғақ тасты грунт пен құмды топырақтар күн сәулесінен күштірек қызады. Сазды, шымтезекті топырақтар, қара топырақ пен өсімдік жамылғысы қалың топырақтар нашар қызады. Ылғал топырақ тіпті қызбайды. Топырақтың температурасы, әсіресе, төлелер мен ғимараттардың бірінші қабаттарында қолайлы микроклимат жағдайлары қалыптасуы үшін, өте маңызды.
Топырақтың жылу өткізгіштігі жоғары емес, осыған орай сыртқы температуралық ауытқулар 2 м тереңдікке 2 айдан соң жетеді. Осының нәтижесінде жазда мұндай тереңдікте, жер бетіне қарағанда, біршама төмен температура, ал қыста біршама жоғары температура қалыптасады. Топырақтың бұл қасиеттері тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған жерқоймалар мен жерасты қоймаларын салу үшін пайдаланылады. Бұдан басқа, оңтүстік аудандарда ғимараттардың астындағы топырақтың біршама төмен температурасы бірінші қабаттағы үй-жайлар үшін қолайлы салқындатқыш роль атқарады.
2.2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы топырақтың ролі.
Топырақ ортасы патогендік микрофлораның тіршілігін сақтап қалуына қолайлы болып табылмайды, алайда оның эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары, өйткені елді мекендердің топырақтарына жұқпалы аурулар мен ивазиялардың қоздырғыштары үнемі түсіп отырады, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар болмағанда да, олар ұзақ уақыт бойы өздерінің тіршілік қасиеттері мен вируленттігін сақтап қала алады.
Топырақты ластаушы көздер нәжіс, зәр, қи, қоқыс, өліктер, ағынды сулар және басқалар болып табылады. Топыраққа түскен көптеген микроорганизмдер күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды, сондықтан тіршілікке қабілетті қоздырғыштардың негізгі бөлігі топырақтың бетінде емес, 1 см-ден 10 см-ге дейінгі тереңдігінде болады. Мұнда да олар белгілі уақыттан кейін өздерінің жойылуына әкеп соғатын қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл қолайсыз әсерлер - топырақ микрофлорасы, бактериофагтар мен топырақтағы антибиотиктік заттардың антагонистік әсері, қоректік субстраттың жоқтығы, температуралық-ылғалдылық режимнің тұрақсыздығы және т.б. Алайда, тіршілікке қабілетті патогенді микроорганизмдердің топырақта аз уақыт болуының өзі, олардың топырақтағы сумен бірге жер асты және жер бетіндегі су көздеріне, топырақ шаңымен бірге ауаға түсу, көкөністер мен жидектердің, адамның қолы мен терісінің басқа бөліктерінің ластануы, кеміргіштер, шыбындар мен басқа насекомдар арқылы олардың таралу қаупін туғызады. Осыған байланысты жұқпалы аурулар мен инвазиялардың топырақ арқылы берілуі мүмкін жолдары: нәжіс - оралды, жанасу, ауа-шаң арқылы.
Топырақ арқылы әр түрлі аурулар берілуі мүмкін, атап айтқанда: ішек инфекциялары, антропозооноздар, аса қауіпті инфекциялар, гельминтоздар, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, энтеровирусты инфекциялар, микозды аурулар (5.1.-кесте).
Бұл инфекциялардың көпшілігі нәжіс - оралды жолмен: кір қол, азық-түлік өнімдері, су, көкөністер, жемістер, жидектер арқылы беріледі. Түйнеме ауруының споралары, туберкулез микобактериялары, полиомиелит, Коксаки мен ЕСНО вирустары, актиномицеттер де ауа-шаң арқылы беріле алады. Түйнеме ауруын, газды гангрена, сіреспе, анкилостомидозды жұқтыру жанасу жолмен де - адам ағзасына терінің жараланған бөлігі, немесе шырышты қабықтар арқылы жүреді. Ботулизм азық-түлік өнімдерінде CI.Botulinum спораларымен ластанғанда және одан кейін олардың ары қарай өсіп, көбеюі кезінде пайда болады.
5.1.-кесте
Топырақ арқылы берілетін жұқпалы аурулар мен инвазиялар
Ауру топтары |
Аурулар |
Бактериялық ішек инфекциялары |
Сүзек, паратифтер, дизентерия, тырысқақ, эшерихиоз, сальмонеллез және т.б. |
Энтеровирустық инфекциялар |
Гепатит-А, полиомиелит, Коксаки және ECHO вирустарынан пайда болатын менингит |
Протозойлы инвазиялар |
Амебиаз, лямблиоз және басқалар |
Антропозооноздар |
Лептоспироз, сарып, туляремия, түйнеме, туберкулез, сап, оба және басқалар |
Ішекқурт инвазиялары |
Аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз, стронгилоидоз және басқалар |
Саңырауқұлақ инфекциялары |
Актиномикоз, кандидоз және басқалар |
Спора түзуші микроағзалардан туындайтын аурулар |
Сіреспе, газды гангрена, ботулизм және басқалар |
Қоздырғыштардың вегетативті түрлері топырақта бірнеше аптадан бірнеше айға дейін (5.2. -кесте), ал спора түзуші бактериялардың споралары ондаған жылдар бойына сақталады. Сондықтан спора түзуші бактериялардан туындайтын аурулардың пайда болу қаупі ешқашан жойылмайды. Спора түзуші микробтардың, атап айтқанда, сібір жарасының қауіпті көздері - осы аурудан өлген жануарлардың көмілген, қайтыс болған адамдардың жерленген орындары болып табылады.
Топырақ гельминтоздардың таралуында ерекше роль атқарады. Ауру адам мен жануарлардың нәжісімен бірге топыраққа гельминттердің жетілмеген жұмыртқалары аскаридалар, қылбастар, тағы басқалардың орасан зор мөлшері түседі. Олар топырақта инвазиялық қасиеттерге ие болуына мүмкіндік беретін өздерінің даму циклын аяқтайды, осыған байланысты бұндай гельминттер геогельминттер деп аталады. Топырақ бетіндегі гельминттердің жұмыртқалары инсоляция мен кебуден өледі, ал 2-10 см тереңдікте жатқандар өз тіршілігін 7-10 жылға дейін сақтап қалады (Е.И.Гончарук, 2006). Гельминттер нәжіс-оралды жолмен, ал анкилостомалар жараланбаған тері арқылы жұғады. Аскариданың жұмыртқалары алуан түрлі объектілерде, әсіресе климаты орташа ылғалды және ылғалды климатты аймақтарда кездеседі. Аскаридоз бен трихоцефалезді көбінесе, жеке бас гигиенасының ережелерімен жеткілікті дәрежеде дағдыланбаған балалар жұқтырады. Адам ит аскаридасын да жұқтыруы мүмкін. Қалаларда иттердің көптігі және оларды ұстау ережелерін сақтамау топырақтың гельминт жұмыртқаларымен ластануына әкеп соғады. Токсокароз иттер аскаридасының личинкалары тудыратын ауру, ол анық аллергиялық белгілермен (есекжем, тұншығу және тағы басқа) және қарқынды өтуімен сипатталады.
5.2.-кесте
Жұқпалы және паразиттік аураларды қоздырғыштарының
топырақта сақталу мерзімі
Ауру тудырушылар |
Орташа сақталу мерзімі, апта |
Ең көп сақталу мерзімі, ай |
Сүзек-паратиф тобы |
2-3 |
12 және одан да артық |
Дизентерия тобы |
1,5-5 |
шамамен 9 |
Тырсықақ тобы |
1-2 |
4-айға дейін |
Сарып таяқшасы |
0,5-3 |
2-айға дейін |
Туляремия таяқшасы |
1-2 |
2,5-айға дейін |
Оба таяқшасы |
шамамен 0,5 |
1-айға дейін |
Туберкулез таяқшасы |
13 |
7- айға дейін |
Полиомиелит, Коксаки, ECHO вирустары |
10-13 |
6- айға дейін |
*Е.И. Гончарук бойынша берілген, 2006.
Топырақ пен өсімдіктер, таспа құрттардың жеке бунақтары бар адам нәжістерімен ластану салдарынан, топырақ сиыр мен шошқа цепеньдері туғызатын биогельминтоздардың тарауына себеп болады. Оларды ірі қара малдар мен шошқалар жұқтырады, ал осы гельминттердің личинкалары бар етті пайдаланған кезде адам жұқтырады. Айта кету керек, алайда, ластанған топырақтан алынған азық-түлік өнімдері ас қорыту жолына түскенде, адам сиыр цепенінің аралық иесі де бола алады.
Топырақтың, содан кейін көкөністердің, аскөктің, судың эхинококтердің жұмыртқаларымен немесе жетілген бунақтарымен ластануы адамның ауыр паразиттік ауруы эхинококкоз пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы, сондай-ақ оның түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып табылатын шыбын, бүрге, москиттер личинкалары дамитын орта екендігіне байланысты. Бұдан басқа, топырақта кенелер мен трансмиссивті инфекциялардың кейбір басқа тасымалдаушылары, сонымен қатар қауіпті антропозооноздардың оба, туляремия, лептоспироз, құтыру ауруларын туғызатын кеміргіштер де мекендейді.
2.3. Топырақтың табиғи химиялық құрамының гигиеналық маңызы
Топырақтың химиялық құрамы алуан түрлі, оған, жоғарыда көрсетілгендей, минералды және органикалық қосылыстар түріндегі барлық дерлік белгілі химиялық элементтер кіреді. Судағы, өсімдіктердегі және азық-түлік өнімдеріндегі белгілі бір минералды элементтердің құрамы, демек, адам ағзасының олармен қамтамасыз етілуі топырақтың химиялық құрамына байланысты. Сумен және мал шаруашылығы мен топырақта өсірілген егін шаруашылығы өнімдерімен бірге адам ағзасына күкірт, көміртек, азот, фосфор, кальций, натрий, калий, хлор, т.б. сияқты биогенді макроэлементтер, эссенциалды, салыстырмалы эссенциалды және уытты микроэлементтер, сол сияқты ультрамикроэлементтер түседі. Эссенциалды микроэлементтер ағзаның тіршілігі үшін өте қажет, оларға темір, йод, мыс, хром, кобальт, молибден, марганец, мырыш, селен жатады. Салыстырмалы эссенциалды микроэлементтердің адам мен жоғары сатыдағы жануарлар үшін маңызы мен олардың басқа микроэлементтермен толық алмастырылмайтындығы әлі де толық анықталмаған мәселе. Бұл топқа фтор, никель, ванадий, мышьяк, кремний, литий, бор, бром кіреді. Улы әсері бар топырақ микроэлементтерінің үлкен бір тобын: алюминий, кадмий, қорғасын, сынап, берилий, барий, висмут, таллий және т.б. құрайды. Ультрамикроэлементтердің (индий, теллур, ниобий, алтын және тағы басқалары) биологиялық әсері толық зерттелмеген, олар да ағзаның тіршілігі үшін қажетті элементтер болуы мүмкін.
Макроэлементтер ағза массасының 99% құрайды және ағзада 0,01%-дан артық мөлшерде кездеседі. Микроэлементтердің құрамы 0,001-0,00001% аралығында, ультрамикроэлементтер 0,00001%-дан аз болады. Ағзадағы эссенциалды микроэлементтердің ролі зор. Олар, көмірсулар, белоктар және нуклеин қышқылдарының синтезделуі мен ыдырау реакцияларын қоса алғанда, тотығу-тотықсыздану реакцияларының реттелуі, жасушалық тыныс алу, т.б. түрлі зат алмасу үрдістеріне қатысатын көптеген ферменттер, гормондар мен дәрумендердің құрамына кіреді (VIII-тарау, «Минералды заттар»). Оның үстіне, олардың қолайлы әсері белгілі мөлшерлері аралығында ғана байқалады, ал артық және жеткіліксіз мөлшерде болса, керісінше, зиянды әсер етеді. Уытты микроэлементтердің әсері белгілі бір табалдырықтық дозадан асқан кезде байқалады, төмен деңгейілері биологиялық әсер етпейді.
Әр түрлі аймақтардағы топырақтың химиялық құрамы бірдей болмайды, өйткені, бұл көрсеткіштер сол аудандардағы геологиялық және топырақ түзілу үрдістерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Осыған байланысты, кейбір аудандарда микроэлементтердің белгілі бір түрлері артық мөлшерде болса, ал екіншілерінде керісінше, олардың жетіспеушілігі байқалады. Осындай табиғи биогеохимиялық провинциялардың (IV және VIII тараулар) тұрғындарында топырақта және осыған байланысты қоршаған ортаның басқа да нысандыранда микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе артық мөлшерде болуына байланысты туындайтын түрлі эндемиялық аурулар байқалады. Аномалиялық биогеохимиялық провинциялар туралы ілімнің негізін салушы академик А.П.Виноградов болды. Организмдердің химиялық құрамы мен жер қыртысының химиялық құрамы арасындағы тығыз байланысты дәлелдеген В.И.Вернадскийдің еңбектерін негізге ала отырып, ол жер шарының әр түрлі аудандарында химиялық элементтердің біркелкі таралмағандығын және сол территориядағы тұрғындарда спецификалық патологияның дамуында биогеохимиялық провинциялардың элементтік құрамының маңыздылығын анықтады.
Адам ағзасына микроэлементтердің артық мөлшерде түсуімен байланысты классикалық табиғи эндемияларға селен токсикозы, молибден подаграсы, Кашин-Бек ауруы, флюороз, бор энтериті және тағы басқалар жатады.
Селен токсикозы, немесе «сілтілі ауру», АҚШ, Канада, Ирландияның сілтілі топырақты жерлерінен алынған өсімдік текті өнімдерді пайдалану кезінде байқалды, бұл жерлерде өсімдіктердің бойында селеннің мөлшері 5000 мг/кг-ға дейін жинақталған. Адамдарда бауыр, нерв жүйесінің зақымдануымен, анемия, шаш түсуі, дерматит, тіс эмалінің зақымдануымен бірге улану жағдайлары байқалған.
Молибден подаграсы (VIII тарау «Минералды заттар» бөлімі) Арменияның кейбір аудандарындағы эндемиялық ауру болып саналады. Топырақтағы молибденнің жоғары мөлшері подаграның дамуына ғана әкеп соқпай, сонымен қатар өңештің қатерлі ісігі ауруы мен репродуктивті функцияларының бұзылу қаупін арттыратынын көрсетеді.
Бор, паратгормонның белсенділігін реттеуге қатыса отырып, кальций, магний, фосфор және холекальциферол алмасуына әсер етеді. Бордың мөлшері жоғары өңірлердегі (Батыс Сібір, Алтай өлкесі, Қазақстан) тұрғындарда энтериттер, сондай-ақ анемия мен өкпе аурулары байқалады.
Эндемиялық флюороз судағы фтордың мөлшері жоғары табиғи аймақтарда кездеседі және тіс пен қызыл иектің зақымдануымен қатар (IV тарау) басқа да мүшелер мен жүйелерге: сүйек-буын, орталық жүйке, бауыр, бүйрекке әсерімен сипатталады, бұл оның Кребс циклы ферменттерінің белсенділігін тежеуімен түсіндіріледі.
Кашин-Бек (Урова) ауруы (IV тарау) Забайкалье, Шығыс Сібір, Корея, Қытайдың кейбір аудандарында кездеседі және әсіресе бақайшақ аралық сүйектердің (аю табаны), ұршық буындары мен омыртқа сүйектерінің деформациялануы - остеоартроз түрінде өтеді. Бұл өңірлердегі топырақта кальцийдің төмен мөлшерімен бірге, стронций, темір, марганец, мырыш, қорғасын, күміс, фтордың мөлшері жоғары болып, бұл осы ауруды эндемиялық полигипермикроэлементоз деп санауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, селеннің төмен концентрациясымен бірге, құдық суындағы гумин қышқылдарының жоғары мөлшері Урова ауруының дамуына олардың әсері болатыны туралы болжамды да растайды.
Микроэлементтердің тапшылығына байланысты туындайтын эндемиялық аурулардың арасында эндемиялық жемсау, гипофтороз (тіс жегі), селендік гипомикроэлементоз көп таралған. Топырақтағы йодтың төмен деңгейі, оның мөлшерінің өсімдіктер мен суда төмен болуына себеп болады, нәтижесінде рационда йод тапшы болады және эндемиялық жемсаудың дамуына әкеп соғады (VIII тарау). Субпопуляцияларда жемсаудың таралуы ересек адамдарда 30% және одан астам болғанда және балалар мен жасөспірімдерде 5%-ға жеткенде, эндемия жайында айтуға болады. Айқын йод тапшылығы эндемиялық кретинизммен, кереңдікпен және ақыл-ой дамуының артта қалуымен жүреді. Эндемиялық жемсаудың алдын алу үшін рационда 50 мкг йод болуы жеткілікті.
Селен гипомикроэлементозы Кешан ауруы - Қытай, Финляндия, Забайкалье, Удмуртия, Карелияның селенге тапшы аудандарында байқалады. Тамақ құрамында селеннің жетіспеуі аритмия түрінде миокардтың фиброзды өзгерістерімен жүретін, ювенильді кардиомиопатияның пайда болуына әкеп соғады. Өткен кездерде Кешан ауруынан болатын өлім 80%-ға дейін құрайтын, қазіргі уақытта селен препараттарымен емдеу кезінде, бұл көрсеткіш 13-40%-ға дейін төмендеді (Г.И.Румянцев, 2000). Ағзада селен тапшылығы атеросклероздың, гипертония ауруының пайда болу қаупін, түрлі эндокринопатиялар мен қатерлі ісіктердің түзілуін, СПИД пен вирус инфекциялары мен афлотоксиндер тудыратын ауруларға шалдықкыштығын жоғарылатады.
Қазақстанның кең аумақтарында бор, марганец, хром, ванадий, қорғасын, мыс, кадмийдің мөлшері табиғи жоғары жерлер кездеседі. Құрамында бордың мөлшері жоғары топырақтар Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Орталық (Сарысу өзенінің орта ағысында) және Шығыс Қазақстанда бар. Ванадий мөлшері қалыптағыдан 20 есе және одан да жоғары артық болатын ванадийлі провинциялар Ишим өзені маңындағы далаларда және таулы-орманды далалы Алтайда (Тарбағатай, Ульба аудандары), сондай-ақ таулы қара топырақтарда кездеседі. Хромның мөлшері жоғары табиғи аймақтар Каспий маңы ойпатында, Ақтөбе облысында орналасқан. Никельдің мөлшері Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы қара топырақты жерлерде, сондай-ақ Торғай облысының талшын топырақтарында өте көп. Табиғи полиметалдық (қорғасын, кадмий, мыс) провинциялар полиметалл кен орындары бар аймақтарда, Өскемен, Лениногорск, Зыряновск, Шымкент қалаларының аудандарында, мысты провинциялар мыс кен орындарының аудандарында (Балқаш, Жезқазған, Шемонаиха қалалары), темір провинциялары Қостанай облысында орналасқан. Марганецтің жоғары мөлшері Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының топырақтарында, сондай-ақ ылғалдылығы жоғары жерлерде Сырдария өзенінің аңғарларындағы шалғынды-батпақты, Зайсан, Алакөл көлдері алаптарының топырақтарында кездеседі (қалыптағыдан 2,5 есе жоғары).
Қазақстанның көптеген аудандары йодқа тапшы аудандар болып табылады.
Эндемиялық аурулардың пайда болуының алдын алу іс-шараларының қатарына топырақ пен жануарларды, оларда жетіспейтін микроэлементтермен үстемелеп қоректендіру, тұрғындардың тамақтану жағдайларын оңтайландыру, эндемиялық жерлерге азық-түлік әкелу, тұзға немесе нанға йод (немесе басқа микроэлементтерді) қосу, фторға немесе басқа микроэлементтерге бай су көздерін алмастыру, суды фторлау немесе фторсыздандыру және т.б. жатады.
2.4. Топырақтың химиялық заттармен ластануының гигиеналық маңызы.
Ғылыми-техникалық үрдістің қарқындылығы, халық шаруашылығы мен тұрмысты химияландыру, минералды тыңайтқыштарды және ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресудің химиялық құралдарын барынша көптеп қолдану, атом энергетикасының дамуы топырақтың химиялық және белсенді заттармен ластану қаупін арттырады. БДДҰ анықтамасы бойынша, топырақты ластаушылар деп саналатындар, тиісті емес жерде, тиісті емес уақытта және тиісті емес мөлшерде кездесетін химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, гельминттер) мен олардың тіршілік үрдістерінің өнімдері.
Топырақтың ластануы деп, адам нақты учаскенің топырағымен тікелей жанасқан кезде немесе топырақ-су-адам; топырақ-атмосфералық ауа-адам; топырақ-өсімдік-адам; топырақ-өсімдік - жануар-адам сияқты, экологиялық (қоректік) тізбектер бойынша топырақпен жанасқан орталар арқылы байланысқан кезде, адамның денсаулығына қауіп тудыратын топырақтың құрамындағы химиялық және биологиялық компоненттерінің мөлшерін ғана түсінеді (В.Т.Мазаев, т.б. 2005).
Химиялық ластаушылар топыраққа агрохимикаттарды минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, топырақтың құрылым түзушілерін, өсімдіктердің өсуін ынталандыратын және тағы басқаларды жоспарлы түрде енгізу нәтижесінде топыраққа түседі. Олардың қауіпті әсері (VIII тарау) қолдану кезінде тиісті агрохимиялық және гигиеналық талаптардың орындалмауынан жиі байқалады.
Минералдық тыңайтқыштар ретінде құрамына өсімдіктердің өсуін тездететін азот, фосфор, калий кіретін заттар пайдаланылады. Топыраққа енгізілген тыңайтқыштарды өсімдіктер пайдаланады, олар жер асты суларымен, жер бетіндегі су ағындарымен бірге ағып кетеді, ауға түсетін ұшқыш қосылыстар түзіп, топырақта ыдырайды. Адам денсаулығына шынайы қауіп тудыратындығына байланысты азот тыңайтқыштарына ерекше көңіл бөлінеді. Оларды артық мөлшерде қолдану топырақта, жер беті және жер асты суларда, өсімдіктерде нитраттар мен нитриттер концентрациясының едәуір жоғарылауына, сондай-ақ нитрозоаминдер түзілуіне әкеп соғады. Өсірілген өсімдіктердің қөректік құндылығы төмендейді, дәмділік сапасы өзгереді. Сумен және азық-түлік өнімдерімен адам ағзасына түскен кезде нитриттердің метгемоглобин түзетін әсеріне байланысты ағзаның улануы мүмкін, ал жоғары концентрацияларында нитраттардың да улы әсері байқалады. Айқын канцерогендік, тератогендік және эмбриотоксиндік әсер ететін нитрозоаминдер аса қауіпті болып табылады (VIII тарау).
Фосфор тыңайтқыштары, азот тыңайтқыштарына қарағанда, топырақтан аз миграцияланады, осыған байланысты, артық мөлшерде қолданғанда, олар топырақтың өздігінен тазару үрдістерін тежеуге әкеп соғатын концентрацияда жинақталады. Фосфор тыңайтқыштарының топыраққа енгізілетін мөлшері 200 мг/кг аспауы керек. Олай болмаған жағдайда, өсімдік өнімдерінің органолептикалық қасиеттері күрт нашарлайды және қөректік құндылығы төмендейді. Фосфор тыңайтқыштары химиялық жағынан таза қосылыстар емес, өйткені оларды алатын табиғи шикізаттың (минералдар, апатиттер, фосфориттер) құрамында фтор, темір, стронций, селен, мышьяк, ауыр металдар, радионуклидтер (уран, торий) болады. Сондықтан тыңайтқыштармен бірге бұл қосылыстар да топыраққа түседі. Топыраққа фосфор тыңайтқыштарымен енетін фтордың мөлшері 20 кг/га-ға жетуі мүмкін, ал фтордың миграциялану нәтижесінде жер асты және жер бетіндегі суларда оның мөлшері рұқсат етілетін деңгейінен бірнеше есе асып кетуі мүмкін.
Азот және фосфат тыңайтқыштарының ашық су көздеріне түсуі, «гүлдену» деп аталатын, олардағы өздігінен тазару үрдістерінің нашарлауымен, су биоценоздарының тіршілік үрдістерінің бұзылуымен сипатталатын судың эвтрофикациясын туғызады.
Калий тыңайтқыштары топырақта өте баяу миграцияланады, бұл олардың топырақ ағзаларына және топырақтың өздігінен тазару қабілетіне теріс әсер ету мүмкіндіктерін төмендетеді. Алайда, топыраққа калий тыңайтқыштарын жоғары мөлшерде енгізу оның тұздануына әкеп соғуы мүмкін, өйткені калиймен бірге топыраққа хлор аниондары да түседі. Бұдан басқа, калийдің топырақта, содан кейін ауыз су мен азық-түлікте жиналуы есебінен, ағзаға калийдің артық мөлшерде түсуінен туындайтын теріс эффектілері байқалуы мүмкін.
Пестицидтер өсімдіктерді насекомдардан, кенелерден, бактериялардан, вирустардан, саңырауқұлақтардан, арамшөптерден және тағы басқалардан қорғаудың химиялық құралы ретінде кеңінен қолданылады. Алғашқы кездері пестицидтер адамның шаруашылық қызметінде және жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылармен күресуде үлкен роль атқарды. 1948 жылы швейцариялық химик Пауль Мюллер инсектицид ретінде пайдалануға болатын ДДТ (дихлодифенилтрихлорэтан) ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған болатын, оны пайдалану нәтижесінде бөртпе сүзегімен, маляриямен және басқа да жұқпалы аурулармен аурушаңдықты және олардан болатын өлім-жітім деңгейін күрт төмендетуге мүмкіншілік болды. Алайда 70-жылдардың басында-ақ, оны қолдану нәтижесінде байқалатын барлық қауіпті жағдайлар анықталып, бұл препаратты қолдануға тыйым салынды. Қолданылатын барлық дерлік пестицидтер жоғары дәрежеде уытты және қоршаған ортада ұзақ уақыт айналымда жүретін, өте баяу ыдырайтын қауіпті қосылыстар (VIII тарау) болып табылады. Топырақтан өсімдіктерге, атмосфералық ауаға, суаттарға тасымалдана отырып, пестицидтер адамға әр түрлі жолдар арқылы әсер етеді. Пестицидтермен өңделген топырақтан пестицидтердің белгілі бір мөлшері үнемі буланып отырады, ол ауаның ылғалдылығы жоғары кезінде ауыл шаруашылық егіс далаларында қатты уланулар туғызатын улы тұмандар түзілуіне себеп болады, өйткені, бұндай жағдайларда атмосфераның жер бетіне жақын төменгі қабаттарында пестицидтердің концентрациясы ШРЕК бірнеше ондаған есе жоғары болады. Адамның ластанған топырақпен тек басқа орта арқылы ғана емес, тікелей байланыста болуы да қауіпті. Пестицидтерді бақылаусыз қолдану топырақ микробиоценозының едәуір өзгеруіне де, топырақтың өздігінен тазару процестерінің тежелуіне де әкеп соғады.
Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық елдерінде 1- класты қауіпті пестицидтерді және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді пайдалануға шектеу қойылған, полихлорлы бифенилдерді өндіруге және пайдалануға тыйым салынған, пестицидтерді олардың жылжымалылығын төмендететін түрлерініде пайдаланады, химиялық қорғау құралдары биологиялық құралдармен алмастырылады. Алайда, қазіргі уақытқа дейін ДДТ және басқа да өндіруге және қолдануға тыйым салынған хлорорганикалық пестицидтер әр түрлі аймақтардың қоршаған орта нысандарынан табылуда. Мысалы, ШРЕК деңгейінен 2 есе және одан да артық ДДТ жоғары концентрациялары Қазақстанның мақта, күріш дақылдарын өсіретін, қаракөл мен бақша шаруашылықтары шоғырланған Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының топырағында анықталады.
Агрохимикаттарға қарағанда, көптеген химиялық ластаушылар өнеркәсіп өндірісі процесінде немесе адамның тұрмыстық қызметі барысында топыраққа кездейсоқ түседі. Олар өнеркәсіп орындарынан, автокөліктен атмосфералық ауаға бөлінетін заттар (III тарау), шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды сулар (IV тарау), ластанған суаттар, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың жинақталған және көмілген орындары болып табылады.
Атмосфераға түсетін өнеркәсіптік шығарындылар топырақты ластаушы көздердің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады, өйткені, олардың құрамында улылығы мен қауіптілігі түрліше, химиялық табиғаты алуан түрлі заттар кездеседі. (III тарау). Ірі өнеркәсіптік қалаларда өнеркәсіптік шығарындылар есебінен топыраққа түсетін химиялық жүктеме қалыптағыдан 40 есе, ал ең жоғарғы деңгейі - 600 есе артық. Әдетте, топырақтағы химиялық қосылыстардың ең жоғарғы концентрациялары өнеркәсіп орындарына жақын жерлерде байқалады. Мысалы, Өскемен, Лениногорск, Зыряновск, Шымкент, Балқаш қалаларының түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіп аудандарында қорғасын, мырыш, кадмий, мыстың топырақтағы концентрациялары ШРЕК мөлшерінен 100-500 есе, санитарлық-қорғаныс аймағында (1,0 км-ге дейінгі) 50-100 есе, 5 км-ден 40 км-ге дейінгі ара қашықтықта 2-3 есе артық болады.
Фторсутек пен фтордың басқа да қосылыстарын ауаға бөлетін Жамбыл суперфосфат зауытының маңындағы топырақтар фтор қосылыстарымен ластанған. Заводқа жақын жердегі топырақтағы фтордың ең жоғарғы концентрациясы ШРЕК мөлшерінен 2-5 есе артық.
Шымкент қаласының және оған іргелес жатқан аймақтардың топырағы қорғасын және фосфор зауыттарының ауаға бөлетін қалдықтарымен ластанады. Топырақтың марганец, қорғасын, кадмий, кобальт, молибден, фтор, хроммен және мөлшері ШРЕК мөлшерінен 3 есе артық және одан астам болатын сынаппен едәуір ластануы Теміртау қаласының қара металлургия кәсіпорындары орналасқан ауданында байқалады. Сынап осы аймақта орналасқан синтетикалық каучук өндірісінің технологиялық үрдістерінде пайдаланылады.
Мұнай-газ конденсаты кен орындарының кәсіпорындары (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары) топырақты мұнай өнімдерімен, фенол, ванадий, бариймен ластайды. Ақтөбе қаласындағы ферроқорытпа, хром қосылыстары зауыттары және ЖЭО атмосфераға топыраққа сіңіріліп отыратын, хром мен бордың көп мөлшерін бөледі.
Топырақты ластаудың айтарлықтай маңызды көзі жылу энергетикасының кәсіпорындары болып табылады. Ірі ЖЭО-да қатты отынды жағу кезінде топыраққа күл, күйе және улы металдар түседі. Бұлардан бөлінген күл мен басқа зиянды заттар жүздеген шақырым территорияларға таралады. Бұдан басқа, ЖЭО айналасында ауданы 2-3 км2 болатын жердің топырағын күл үйінділері отынның жанғанынан қалған күлді жинаған жер учаскелеріндегі күл ластайды.
Қалдықтардың өте көп мөлшерін, өнеркәсіптік қалдықтардың жалпы көрсеткішінің 75%-ын кен өнеркәсібі бөледі. Қайта өңдеуге қолданылмайтын бос жыныстар кеніш маңында тау жыныстары үйіндісі түрінде жинақталады. Кенді алғашқы өңдеу (байыту) барысында кейін өндірістік үрдіске қажетті минералдық компонентерді бөліп алады, ал кеннің қалған бөлігін қоймада сақтауға жібереді. Жыныс үйінділері мен сақтау қоймалары топырақтың орасан зор аудандарын алып жатады, ал қалдықтардың құрамында болатын, көбінесе уытты және қауіпті болып саналатын түрлі химиялық қосылыстар топыраққа, ауаға, суға өтеді. Қазақстан Республикасы үшін бұл мәселе аса өзекті болып табылады, өйткені оның территориясында темір рудасының (Қостанай облысы), түсті металдардың (Батыс Қазақстан, Жезқазған облыстары), тас көмірдің (Қарағанды, Павлодар облыстары), фосфордың (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары) және мұнайдың (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары) кен орындарын пайдаланады.
Топырақ айтарлықтай дәрежеде автокөліктен бөлінетін, құрамында қорғасын, мыс, кадмий, марганец, мырыш қосылыстары, көмірсутектер, бенз(а)пирен және т.б. бар, пайдаланылған жанармай газдармен ластанады (III тарау). Ең жоғары дәрежеде ластануы көлік қозғалысы көп автотрассалардың маңындағы топырақтарында байқалады. Қозғалтқыштары бензінді автокөліктер көп журетін жолдардың бойындағы топырақта қорғасынның концентрациясы 300-500 мг/кг-ға (қорғасынның ШРЕК 20 мг/кг), бенз(а)пиреннің концентрациясы 50 мг/кг-ға дейін жетуі мүмкін.
Топырақтың ластануында кәсіпорындардан шыққан ағынды сулар үлкен роль атқарады. Өнеркәсіптік ағынды сулар өндірісте суды пайдаланғаннан кейін түзіледі. Әр түрлі өндірістердегі олардың құрамында, осы кәсіпорындардағы технологиялық үрдістердің ерекшелігіне, шикізат ретінде қолданылатын немесе өндіріс барысында түзілетін заттарға, түрлі қалдықтарға байланысты едәуір айырмашылықтары болады. Өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамындағы ластаушылардың мұндай кең спектрі олардың санитарлық қаупін жоғарылатады. Көп жағдайларда ағынды суларды жоюдың соңғы кезеңі оларды суаттарға ағызып жіберу болып табылады. Алайда, өнеркәсіптік ағынды сулар, олармен ластанған су көздері арқылы және ағынды суларды ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін, т.б. мақсаттарда пайдаланғанда, топырақты да ластауы мүмкін.
Ядролық қаруды сынау, ядролық реакторлардағы апаттар, халық шаруашылығының әр түрлі салаларында иондаушы сәулелену көздерін пайдалану себебінен топырақтың белсенді заттармен ластануы өте қауіпті болып табылады (ХII тарау).
Тұрмыстық қалдықтар адамның тұрмыстық және шаруашылық қызметінің нәтижесінде үздіксіз түзіліп отырады. Оларды сұйық және қатты деп бөледі. Қатты қалдықтарға үйден шыққан қоқыс, көшенің сыпырындысы, құрылыс қоқыстары, ас үйден шыққан қалдықтар, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, ауруханалардың қалдықтары және т.б. жатады. Қатты қалдықтар массасының 25% дейінгісін екінші реттік шикізат қағаз, картон, тоқыма, металл, тері және т.б. құрайды. Шамамен, 60-70% залалсыздандыруға болатын органикалық бөліктің үлесіне тиеді. Қалған бөлігін құрылыс материалдары, тастар, қайта пайдалануға қиынға соғатын резеңке, орағыш материал және ыдыс ретінде пайдаланылатын пластик, әйнек, жанғыш материалдар (тас көмір, ағаш және т.б.) құрайды. Жыл сайын қатты қалдықтар салмағы 0,5%-ға көбейеді, бұл ретте ірі қалаларда олардың мөлшері бір тұрғынға 1-ден 1,5 м3 дейін келеді. ХХ ғасырдың соңында ЕЭҚ құрамына кіретін мемлекеттерде 150 млн т жуық тұрмыстық қалдықтар түзілген (Е.И.Гончарук, 2006).
Қатты тұрмыстық қалдықтар әр түрлі жұқпалы аурулардың өте көп қоздырғыштары мен гельминт жұмыртқаларының көзі болып саналады, олар қалдықтар құрамында болып, өздерінің тіршілік қабілеті мен вируленттілігін бірнеше айлар бойы сақтап қала алады. Әсіресе, бұл тұрғыда медициналық мекемелердің қалдықтары қауіпті. Шіріп жатқан қалдықтар шыбындардың личинкалары мен қуыршақтарының дамуы үшін тамаша орта болып табылады. Жаздыгүні бір қоқыс жәшігінен тәулігіне бірнеше мыңдаған шыбын көбейіп шығады. Шыбындар қоздырғыштарды тұрақты түрде тамаққа, тұрмыстық заттарға тасымалдаушылар болып табылады, оның үстіне олар көбейген жерлерінде ғана шоғырланбай, сонымен қатар одан көптеген шақырым қашықтыққа ұшып барады. Шыбын денесінің сыртында патогенді микроорганизмдер 1-7 тәулік бойына, ал асқазанында 2-ден 8 тәулікке дейін тіршілік етеді.
Қатты қалдықтардың құрамындағы органикалық компоненттері топырақты, атмосфералық ауаны, суды уытты ыдырау өнімдерімен ластай отырып, шіриді. Қоқыс төгетін орындарда қаладан шыққан қоқысты өртегенде, топырақтың беткі қабаты мен ауа қоқыстың құрамындағы уытты заттармен (қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, диоксиндер және т.б.) ластанады. Полимерлік материалдардың жинақталуы да маңызды мәселе болып табылады, олардың көпшідігі топырақта ыдырауға ұшырамайды.
Сұйық тұрмыстық қалдықтарға адамдар мен жануарлардың нәжістері, зәрі, жуындылар, шаруашылық-нәжістік және нөсер жаңбырлардың ағынды сулары жатады. Олар эпидемиологиялық тұрғыдан да, токсикологиялық тұрғыдан да қауіпті.
2.5. Топырақтың өздігінен тазарту үрдістері және олардың қалдықтарды залалсыздандырудағы рөлі
Топыраққа өздігінен тазару қабілеті тән, оның барысында органикалық ластаушылар қарапайым бейорганикалық заттарға дейін ыдырайды (минералдану), көптеген патогенді микроорганизмдер өледі (залалсыздану), экзогенді химиялық ластаушылардан біртіндеп тазару урдісі (детоксикация) жүреді, ал ыдырау өнімдерінен топырақтың құнарлылық қасиетін арттыратын жаңа органикалық заттар түзіледі (қарашіріктену - гумификация).
Өздігінен тазару ең алдымен, топырақтағы микроорганизмдердің тіршілік үрдістерінің нәтижесінде жүзеге асатын күрделі үрдіс болып табылады. Сонымен қатар, топырақтың құрылымы мен оның физикалық-химиялық қасиеттері, ондағы оттегі мен ылғалдың мөлшері де маңызды роль атқарады.
Топыраққа түскен қалдықтардың сұйық бөлігі топырақ арқылы сүзіледі және топырақ бөлшектеріне сіңіріледі. Қатты органикалық ластаушылар (өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, экскременттер, қатты тұрмыстық қалдықтар және т.б.), сондай-ақ вирустар, бактериялар, гельминттердің жұмыртқалары және басқа микроорганизмдер органикалық заттардың ыдырауы мен өзгеру үрдістеріне қатысатын толып жатқан бактерия-сапрофиттер, қарапайымдылар, паразит құрттар, насекомдардың личинкалары, балдырлар, саңырауқұлақтар тіршілік ететін топырақтың жоғарғы қабатындағы саңылауларда қалып қояды. Топырақтағы оттегінің мөлшеріне байланысты органикалық заттардың ыдырауы аэробты немесе анаэробты жолдармен өтеді.
Аэробты жағдайларда көмірсулар көміртек диоксиді мен суға ыдырайды, анаэробты жағдайларда, алдымен май қышқылдары пайда болып, содан кейін олар органикалық спирттерге, көміртек диоксидіне, метанға және басқа газ тәрізді заттарға ыдырайды. Майлар, көмірсуларға қарағанда, баяу ыдырайды. Аэробты жағдайларда топырақ микроорганизмдері бөліп шығаратын экзоферменттердің әсерінен, олар алдымен май қышқылдары мен глицеринге, ал содан кейін эндоферменттердің әсерінен көміртек диоксидіне және суға ыдырайды және бұл кезде энергия бөлінеді. Оттегі жеткіліксіз болған кезде майлардың ыдырауы көміртек диоксидін, метанды, сутегін түзе отырып, анаэробты жағдайдағы көмірсулардың ыдырауы тәрізді жолмен өтеді. Сонымен қатар, жағымсыз иісі бар ұшқыш май қышқылдарының көп мөлшері түзіледі.
Азотты органикалық қосылыстар топыраққа белоктар, амин қышқылдары және басқа да белоктың алмасу өнімдері, атап айтқанда, мочевина түрінде түседі. Белоктар альбуминдер мен пептондарға, ал содан кейін амин қышқылдарына дейін ыдырайды. Амин қышқылдарының көп бөлігін топырақ микроорганизмдері өз белоктары мен басқа азотты қосылыстарды түзу үшін, сондай-ақ, энергетикалық материал ретінде де пайдаланылады. Амин қышқылдарының басқа бөлігі аммиак, көміртек диоксидін және суды түзе отырып, аминсіздену үрдісіне түседі. Бұл үрдіс азотты органикалық қосылыстардың минералдануының бірінші сатысы болып табылады және аммонификациялану деп аталады. Уробактериялар ферменттерінің әсерінен гидролизденген мочевина да аммиакқа айналады. Түзілген аммиак аэробты жағдайларда аммоний карбонатына айналып, минералданудың екінші сатысы нитрификациялануға өтеді. Нитрификациялану барысында аммоний қосылыстары В. nitrosomonas туыстастығына жататын бактерияларымен азотты қосылыстарға (нитриттерге) дейін, ал нитриттер В. nitrobacter қатысуымен азот қосылыстарына (нитраттарға) дейін тотығады. Нитраттар белоктардың минералдануының соңғы өнімі болып табылады. Белоктардың ыдырауының басқа да аралық өнімдерінің тотығуы кезінде, сол сияқты сульфаттар, фосфаттар және карбонаттар түзіледі. Түзілген бейорганикалық қосылыстарды өсімдіктер қорек ретінде пайдаланады. Осылай, топырақтың аса маңызды экологиялық функцияларының бірі табиғаттағы заттардың айналымына қатысуы - жүзеге асырылады.
Белоктардың анаэробты жағдайларда ыдырауы кезінде жағымсыз иісі бар: индол, скатол, меркаптандар, ұшқыш май қышқылдары, күкіртсутек сияқты, уытты аралық өнімдер түзіледі. Бұған топырақта органикалық қалдықтардың шамадан артық мөлшерде жинақталуы, атмосфералық ауамен қалыпты ауа алмасуына кедергі болатын, топырақтың жоғары ылғал сиымдылығы мен капиллярлылығы және ауыр (түйіршіктері майда, саңылаулары кішігірім, сазды, сазды-балшықты топырақтар) механикалық құрамы себеп болады.
Топырақта нитрификациялану үрдістерімен қатар, денитрификациялану микроорганизмдердің нитраттарды нитриттерге, аммиакқа, азот оксидтері немесе бос азотқа дейін тотықсыздандыру үрдістері де жүреді. Бұл үрдістің маңызы зор, өйткені өздігінен тазару үрдістері үшін топырақтағы ауа құрамында оттегі жетіспеген жағдайда, нитраттардың тотықсыздануы нәтижесінде түзілген оттегі қолданылады. Бұдан басқа, денитрификация үрдістері есебінен атмосфералық ауадағы азот мөлшері толықтырылып отырады.
Топырақ органикалық ластаушылардан тазару барысында биологиялық ластаушылардан да тазарады. Көпшілік, негізінен спорасыз, патогенді микроорганизмдер мен гельминттердің жұмыртқалары құрғақшылықтан, күн сәулелерінің әсерінен, бактериофагтардан және антибиотиктерден, сапрофиттер тарапынан болатын бәсекелестіктен, әдеттегі қоректік материалдар мен қажетті жағдайлардың болмауынан өледі.
Топырақтағы өздігінен тазару үрдістерінің барлығының нәтижесінде топырақта гумус (қарашірік) құрамына гемицеллюлозалар, органикалық қышқылдар, майлар, минералды заттар мен топырақ микроорганизмдері түзген протеинді комплекстер кіретін, органикалық зат - түзіледі.
Осылайша, топыраққа түрлі ластаушылар ретінде түскен органикалық компоненттер оған жаңа сапада жаңадан синтезделген органикалық қосылыстарға бай, шірімейтін, жағымсыз иістер бөлмейтін, патогенді микрофлорадан тазарған (спора түзуші түрлерінен басқа), бірақ сапрофитті микроорганизмдерінің саны көп, өсімдіктер үшін жақсы қоректік субстрат болып саналатын комплекс ретінде топыраққа қайта оралады.
Жоғарыда айтылғандардан, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің гигиеналық маңызы зор екені көрінеді. Олардың нәтижесінде, топырақтың құнарлылығын арттыру үшін, өсімдіктердің және топырақтағы басқа да микроорганизмдердің қоректенуі үшін пайдаланыла отырып, орасан зор көлемдегі қалдықтар қайта өңделеді. Мұнымен бірге, топырақтың түрлі экзогенді уытты қосылыстарды ыдырата алатын мүмкіндіктері бар екендігін де ұмытуға болмайды. Топырақтың өздігінен тазару қасиетін тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандырудың топырақтық әдістерінде пайдаланылады. Топырақтың ластаушылардан тазаруы қағидаларының негізінде қатты және сұйық қалдықтарды тазарту және залалсыздандыру үшін жасанды қондырғылар дайындалған және кеңінен қолданылады.
Алайда, топырақтың өздігінен тазару қабілеті шексіз емес. Оның тұрмыстық қалдықтармен шамадан артық ластануы, сондай-ақ жыл сайын қарқынды өсіп отырған техногендік жүктемелер, негізгі залалсыздандырушы күш болып табылатын сапрофит микрофлораның жойылуына әкеп соғып, оның тазартатын қызметін едәуір төмендетеді, бұл өте қолайсыз зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
3. Топырақтың ластану дәрежесін гигиеналық бағалау. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері.
Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады (5.3.-кесте). Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.
Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы 10 жылға дейін сақтап қала алады.
Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының көрсеткіші болып табылады.
Топырақтың ластану дәрежесі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін санитарлық-химиялық көрсеткіштердің бірі, Хлебниковтың санитарлық саны болып табылады. Санитарлық саны деп, топырақтағы белок азотының (қарашірік азоты) ондағы органикалық азоттың жалпы мөлшеріне (қарашірік азоты+органикалық ластаушылардың азоты) қатынасын айтады. Таза топырақта Хлебниковтың санитарлық саны 0,98-1,0-ге жетеді, топырақ біршама ластанғанда, бұл көрсеткіш күрт төмендейді (5.3.-кесте).
Топырақтың қалдықтармен ластануының бағалау үшін бұрын қолданылған басқа санитарлық-химиялық көрсеткіштерін (жалпы органикалық азоттың, көміртегінің, хлоридтердің, аммоний тұздарының, нитриттердің, нитраттардың мөлшері) тек салыстыру үшін алынған, ластанбаған учаскенің көрсеткіштермен салыстыру арқылы бағалайды, бұның белгілі бір өзіндік қиындықтары бар. Зерттеуге алынған топырақта органикалық азоттың, көміртегінің және хлоридтердің жоғарырақ мөлшерде болуы, оның жаңадан ластанғанын көрсетеді, ал аммиактың, нитриттер мен нитраттардың жоғарырақ мөлшерде болуы, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің жүріп жатқанын дәлелдейді.
Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіптілігін бағалау үшін басқа көрсеткіштермен қатар, патогендік микрофлораның жеке түрлерінің мөлшерін анықтауды да қолданады (5.4.-кесте).
Топырақтың химиялық қауіпсіздігін оның құрамындағы ластаушы экзогенді химиялық заттардың мөлшері бойынша (ЭХЗ) сол заттардың ШРЕК немесе ШАРК-мен (уақытша норматив - шамамен алынған рұқсат етілген концентрация) салыстырып бағалайды. Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың ШРЕК дегеніміз - 1 кг абсолютті құрғақ топырақтағы мг мен берілген, экологиялық тізбектер арқылы кез келген тасымалдану түрлерінде тікелей немесе жанама контакті кезінде адамның денсаулығына, оның ұрпақтарына және санитарлық жағдайына тікелей немесе жанама зиянды
5.3.-кесте
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
Қауіптілік дәрежесі |
Ластану дәрежесі |
Эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері |
Экзогенді химиялық заттармен ластану көрсеткіші- ШРЕК мөлшері-нен есе артық |
Радиоак-тивті заттармен ластану көрсеткіші |
Топырақтың өзді-гінен тазару көрсет-кіші термо-филдер титрі |
||||
Санитарлық- микробиологиялық |
Санитар-лық-гель-минтоло-гиялық |
Санитар-лық-энто-мология- лық |
Санитар-лық- химиялық |
||||||
Коли- титр |
Анаэробтар титрі |
1 кг топы-рақтағы гельминт жұмыртқа-ларының саны |
25м2 шыбын личинкаларының және қуыршақтарыңың саны |
Хлебников-тың санитар-лық саны |
|||||
Қауіпсіз |
Таза |
≥1,0 |
≥0,1 |
0 |
0 |
0,98-1,0 |
≤1 |
Табиғи деңгей |
0,01-0,001 |
Салыстырмалы қауіпсіз |
Аз ластанған |
1,0-0,01 |
0,1-0,001 |
10-ға дейін |
1-10 |
0,85-0,98 |
1-10 |
Табиғи деңгейінен 1,5 есе артық |
0,01-0,00002 |
Қауіпті |
Ластанған |
0,01-0,001 |
0,001-0,0001 |
11-100 |
10-100 |
0,7-0,85 |
10-100 |
Табиғи деңгейінен 2 есе артық |
0,00002- 0,00001 |
Өте қауіпті |
Қатты ластанған |
≤0,001 |
≤0,0001 |
≥100 |
≥100 |
≤0,7 |
≥100 |
Табиғи деңгейінен 3 есе артық |
≤0,00001 |
5.4.-кесте
Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Аймақтардың топырағы |
|||||
қауіп-қатері жоғары* |
су көздерінің санитарлық күзет |
санитарлық-қорғаныш |
||||
таза |
ластанған |
таза |
ластанған |
таза |
ластанған |
|
Ішек таяқшасы, кл/г |
1-9 |
10 және жоғ. |
1-9 |
10 және жоғ. |
1-99 |
100 және жоғ. |
Энтеробактериялар, кл/г |
1-9 |
10 және жоғ. |
1-9 |
10 және жоғ. |
1-99 |
100 және жоғ. |
Патогенді энтеро- бактериялар, кл/г |
- |
+ |
- |
+ |
1-9 |
10 және жоғ. |
Энтеровирустар, кл/г |
- |
+ |
- |
+ |
- |
+ |
Гельминт жұмыртқалары**, дана/кг |
- |
+ |
- |
+ |
5-ке дейін |
5-тен жоғ. |
Патогенді қарапайымдылардың ішек цисталары***, дана/100г. |
- |
+ |
- |
+ |
5-ке дейін |
5-тен жоғ. |
20х20см ауданындағы шыбын личинкалары |
- |
10-ға дейін |
- |
10-ға дейін |
- |
10-ға дейін |
20х20см ауданындағы шыбын қуыршақтары |
- |
жоқ |
- |
жоқ |
- |
Жоқ |
*- мектепке дейінгі балалар мекемелері және мектептің, саябақтардың, скверлердің, үй жануарларын қыдыртатын, бақшалардың аумақтары;
**- аскаридалар, қылбастар, токсокарлар, онкосфералар, тениидтер;
***- лямблиялар, амебалар, балантидиялар, криптоспоридиялар.
әсерді болдырмайтын, олардың ең жоғары концентрациясы. Жоғарыда көрсетілгендей, топырақтағы химиялық заттар суға, атмосфералық ауаға өсімдіктерге миграцияланып, топырақтың өздігінен тазару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты, топырақтағы заттарды гигиеналық нормалау кезінде оның ең аз әсер ететін (табалдырықтық) және ең жоғары әсер етпейтін (табалдырықтықтан төмен) концентрацияларын зияндылықтың транслокациялық (фитоаккумуляциялық), суғамиграциялануы, ауаға-миграциялануы, органолептикалық, жалпы санитарлық және токсикологиялық сияқты негізгі көрсеткіштері бойынша анықтайды (Е.И. Гончарук, т.б. 1999). Зияндылықтың транслокациялық көрсеткіші заттың топырақтан өсімдікке ауысып, оларда жинақталу қабілетін сипаттайды. Зиындылықтың суғамиграциялануы көрсеткіші - заттардың жер беті және жер асты суларына өту қабілетін көрсетеді; ауаға-миграциялануы топырақтан атмосфералық ауаға булану, су буларымен және басқа заттармен бірге булану арқылы жүреді. Зияндылықтың жалпы санитарлық көрсеткіші химиялық заттардың топырақтың өздігінен тазару қабілеті мен оның биологиялық белсенділігіне тигізетін әсерін сипаттайды; органолептикалық эксперименттің экстремальды жағдайларында, тағамдық азықтардың көректік құндылығы, атмосфералық ауаның иісі, тағамдық өнімдер мен судың иісі, дәмі және түсі өзгеруінің дәрежесін сипаттайды. Токсикологиялық көрсеткіш бойынша, адам ағзасына миграцияның белгілі бір жолы арқылы немесе тікелей контакт арқылы, сол сияқты топырақ шаңымен бірге немесе барлық жолдар арқылы түскен заттардың бірлескен әсерінің улылық деңгейі анықталады. Зияндылық көрсеткіштерінің ішіндегі заттың әсер етпейтін концентрациясы ең төмен болған көрсеткіш, зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші болып табылады (II тарау), ал осы көрсеткіш бойынша әсер етпейтін ең жоғары концентрациясы ШРЕК ретінде бекітіледі.
5.3.-кестеде көрсетілгендей, химиялық тұрғыдан қауіпсіз топырақтарға ЭХЗ мөлшері ШРЕК аспайтын топырақтар жатады, салыстырмалы қауіпсіз топырақтарға ЭХЗ мөлшері ШРЕК деңгейінен 10 есеге дейін жоғары топырақтар жатады. ЭХЗ мөлшері ШРЕК деңгейінен 100 есе және одан да жоғары болатын топырақтар аса қауіпті болып табылады. Топырақтағы мөлшері міндетті түрде анықталуы тиіс химиялық заттар 5.5.-кестеде көрсетілген.
5.5- кесте
Топырақтағы бақылауға жататын ингредиенттер
(Ц.И. Бобовникова, С.Г. Малахов, Э.П. Махонько бойынша)
Бақылау кезегі |
Өнеркәсіп кәсіпорындары |
Ауыл шаруашылығы |
Көлік |
1-кезең |
Бенз(а)пирен, сынап, қорғасын, кадмий, никель, кобальт, молибден, ванадий, мыс, мышьяк, мырыш, хром, сурьма, селен, фтор (жалпы саны) |
Хлорорганикалық пестицид-тер: ДДТ және оның метабо-литтері, ГХЦГ, гексахлорбен-зол, полихлорпирен, поли-хлоркамфен, полихлорби-фенилдер |
|
2-кезең |
Күкірттің қосылыстары, өңделмеген топырақтың қышқылдығы, топырақтағы металдардың түрлері, мұнай өнімдері, топырақ микрофло-расының жағдайы |
Фосфорорганикалық пести-цидтер: фозалон, метафос, карбофос, хлорофос, фосфа-мид.Гербицидтер:2,4Д,атразин симазин, пропазин. Топырақ микрофлорасының жағдайы |
Автомагист-ральдар маңындағы қорғасын, бенз(а)пирен |
3-кезең |
Қатты қалдықтармен ластанған топырақтың элементтік құрамы, металдардың органикалық уыт-ты қосылыстары. Топырақтың физикалық-химиялық құрамы-ның өзгерістерін бақылау |
Тыңайтқыштарды қолдану нәтижесінде топыраққа түсетін уытты заттар |
Топырақтың белсенді ластану деңгейін табиғи радициялық фонның көрсеткіштерінен асу дәрежесі бойынша бағалайды. Радиациялық фоны табиғи көрсеткішінен аспайтын топырақ таза, қауіпсіз болып есептеледі. Салыстырмалы қауіпсіз топырақтың ластану деңгейі табиғи фоннан 1,5 еседен аспайды, ал аса қауіптісі 3 есе және одан жоғары болады.
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерінің бірі термофилдердің титрі органикалық ластаушылардың ыдырау және өзгеру үрдістеріне белсенді қатысатын микроорганизмдер болып табылады.
Термофилдердің ең жоғары белсенділігі, олардың тіршілік үрдістері кезінде қалыптасатын, жоғары - 50-60ºС температура кезінде байқалады. Бұл жағдайларда органикалық заттардың ыдырауы мен патогенді микрофлораның жойылуы жылдамдайды. Термофилдерді өсіруге топырақтың ең аз мөлшері титр неғұрлым төмен болса, топырақ соғұрлым қауіпті болып саналады.
Термофилдер-титрі термофильдерді өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері - неғұрлым төмен болса, топырақ соғұрлым қауіпті болып саналады.
4. Топырақты санитарлық қорғау
4.1. Топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар. Топырақты санитарлық қорғау, топырақпен байланысты инфекциялық және паразиттік аурулардың, сол сияқты экологиялық тізбектің барлық тармақтары арқылы топыраққа ЭХЗ мен радионукдидтердің тікелей немесе жанама жолмен түсуі нәтижесінде пайда болатын аурулардың дамуына әкеп соқпайтын топырақтың сапасын сақтауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
Бұл шаралар кешенінің құрамына ластаушы заттарды гигиеналық нормалау, заңнамалық, технологиялық, санитарлық-техникалық, жоспарлау шаралары, топырақтың санитарлық жағдайын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау кіреді. Олар топырақтың адам үшін маңызды табиғи құрамы мен қасиеттерін сақтауға және қалпына келтіруге, топырақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды заттарымен, түрлі қалдықтарымен, ауыл шаруашылығының агрохимикаттарымен, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары түріндегі органикалық заттармен ластануының алдын алуға бағытталған.
Гигиеналық нормативтерді әзірлеу топырақты санитарлық қорғау жүйесіндегі аса маңызды буындардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта топырақ құрамында ондаған мың заттар кездесетін болса, олардың ішінде тек 200 астам заттарға бекітілген нормативтер бар. Олардың қауіпсіз деңгейі, биологиялық әсер ету механизмі, болашақтағы салдары, топырақ биоценозына әсері, басқа орталар арқылы жанама әсер ету мүмкіндіктері жөніндегі мәліметтердің болмауы, топырақтың химиялық ластануын гигиеналық бағалауды және ұтымды алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді едәуір қиындатады. Топыраққа түскен экзогенді химиялық заттар мен радионуклидтер әр түрлі орталарға миграцияланып, әр түрлі жолдармен ағзаға түсе алатындықтан, топырақтағы ластаушы заттарды гигиеналық нормалаудың маңызы арта түседі
Технологиялық іс-шаралар өнеркәсіп орындарында қалдықсыз немесе аз қалдықты, жабық циклді технологиялар жасауға, уытты заттарды уыттылығы аз заттармен алмастыруға, елді мекендерді тазарту технологияларын жақсартуға, қалдықтарды залалсыздандыруға, т.б. мақсаттарға бағытталған. Олар топырақтың ластануының алдын алады және топырақты санитарлық қорғау жөніндегі ең пәрменді шаралар болып табылады.
Жоспарлау шаралары қалдықтарды залалсыздандыру мен қайта пайдалануға арналған қондырғылардың құрылысы үшін жер телімін дұрыс таңдап алу, олардың айналасында санитарлық-қорғаныс аймақтарын орнату және сақтау, полигондардың территориясын аймақтарға бөлу, қалдықтарды тасымалдайтын автокөлік қозғалысының сызбасын таңдау мәселелерін шешеді.
Заңнамалық-шаралар орындалуының заңдық күші бар және заңдар мен өзге де заңдық күші бар құжаттар жүйесінде бекітілген іс-шаралар болып табылады.
Заңнамалық актілерде жерді пайдаланудың заңдық нормалары, қалдықтардың пайда болуы мен залалсыздандыру үрдістерің реттеу, әр түрлі мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің қызметтері мен құқықтары, олардың өзара әрекеттесулері, заң талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктері, бекітіледі. Заңнамалық іс-шараларға сол сияқты, өзгеріп отыратын шынайы жағдайда топырақты санитарлық қорғау жөнінде жаңадан туындаған мәселелерді реттеуге бағытталған, мемлекеттік және ұлт аралық деңгейдегі жаңа заңдарды дайындау мен оларды қолданысқа енгізу де жатады.
Топырақты санитарлық қорғауда елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан санитарлық тазартуға бағытталған санитарлық-техникалық іс-шараларға да үлкен гигиеналық мән беріледі (4.2.-бөлім).
Санитарлық бақылау топырақтың ластануының алдын алу жөніндегі, қалдықтарды залалсыздандыру, жою және қайта пайдалануға арналған құрылыстардың дұрыс ұйымдастырылуы, пайдаланылуы және күтіп ұсталуы, жерді рекультивациялаудың қауіпсіз әдістерін қолдану мен тиімді пайдалану жөніндегі барлық шаралардың орындауына жүргізіледі.
4.2. Елді мекендерді тазартудың гигиеналық негіздері. Елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан санитарлық тазарту бір-біріне ұқсас кезеңдерден тұрады: қалдықтарды жинау, шығарып тастау, залалсыздандыру және өндеп, қайта пайдалану. Бірақ бұл кезеңдерінің мәні, әрине, қалдықтардың өздерінің сипатына қарай ерекшеленеді.
Қатты қалдықтардан тазарту. Қатты қалдықтарды (қоқысты) жинау және уақытша сақтау жоспарлы-аулалық және жоспарлы-пәтерлік жүйелер бойынша жүзеге асырылады. Жоспарлы-аулалық жүйеде тұрғындар қоқысты ауладағы қоқыс жинайтын жерлерге шығарады, ол жерден қоқыс тасымалдаушылар қоқысты әрбір 2-3 күн сайын залалсыздандырылатын және өндеп, қайда пайдаланылатын орындарға шығарады. Қазіргі уақытта жиі алмастырылатын қоқыс жинайтын контейнерлерді пайдаланады, бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады. Жоспарлы-пәтерлік жүйеде пәтерлердегі қоқыс шелектерінде жиналған қоқысты тұрғындар белгілі бір уақытта үйдің жанына келетін қоқыс тасушы көлікке аударып салады. Жоспарлы-аулалық жүйенің кемшілігі, қоқыс жинау үшін арнайы жабдықталған алаңқайлар дайындау қажет болғандықтан, ауа мен топырақ ластанады, жиналған қоқыстар уақытында шығарылмаса, қалдықтар шіріп, шыбындар көбейіп кетеді. Жоспарлы-пәтерлік жүйе санитарлық жағынан анағұрлым тиімді, алайда, тұрғындар үшін қолайсыздықтар тудырады және тек бір-екі қабатты тұрғын үйлер үшін ыңғайлы. 5 қабаттан артық тұрғын үй ғимараттарында арнайы қоқыс төгетін құбырлар қарастырылады. Қоқыс құбырларының қоқыс қабылдаушы камераларында қоқыс жинайтын ыдыстардың саны жеткілікті болуы тиіс, қоқысқа толғанына қарай оларды қоқыс тасыйтын көліктермен шығарып отырады. Қоқыс құбырының барлық элементтері ақаусыз, қоқысты тиеу клапандары герметикалық қақпақтармен жабдықталуы керек. Қоқыс құбырының діңгегі аптасына бір рет тазаланып, жуылып және дезинфекция жасалып тұруы керек.
Қатты қалдықтарды шығару көп жерлерде автокөлік арқылы жүзеге асырылады. Шетелдерде, Швейцария мен Мюнхенде қатты қалдықтарды шығарудың жаңа әдісі елді мекеннен тыс жерге құбырлармен пневматикалық тасымалдау енгізілген. Қатты қалдықтарды шығарудың мұндай жүйесі қол еңбегін, қоқыс жинағыштарда уақытша сақтауды кәжет етпейді және соларға байланысты салдарын болдырмайды, сондай-ақ аз жүк көтергіш автокөліктің қымбаттығына байланысты, ондай көлікпен автотасымалдауды пайдаланбауға мүмкіндік береді.
Қалдықтардан санитарлық тазартудың ең маңызды элементі, оларды залалсыздандыру болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандырудың барлық әдістері 2 топқа бөлінеді: өндеп, қайта пайдаға асыру және жою. Өндеп, қайта пайдаға асыру әдістері қоқысты залалсыздандырып қана қоймай, оның бағалы компоненттерін пайдаға асыруды да көздейтін болса, жою әдісі тек залалсыздандыруға ғана бағытталған. Қоқысты қайта пайдаға асыру кезінде қағаз бен шүберектерді қағаз өнеркәсібі үшін, метал бөліктерін металлургия үшін екінші рет пайдаланатын шикізат ретінде бөліп алады, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын қайта өңдеп, органикалық тыңайтқыштарға, биоотынға айналдырады, этил спиртін, химия өнеркәсібі үшін шикізат және т.б. алу үшін пайдаланады.
Қоладнылатын залалсыздандыру технологиясына байланысты қатты қалдықтарды залалсыздандыру әдістерінің келесі топтарын ажыратады:
Залалсыздандыру жүйесін таңдау көптеген факторларға байланысты: экономикалық шығындарға, қоқыстың құрамына және жинау жүйелеріне, қоршаған ортаны қауіпті қосылыстармен ластану қауп-қатеріне және т.б. Мысалы, қоқысты жинаудың екі жүйесі қолданылады: унитарлық (бірыңғай) және құрамына қарай бөліп жинау. Унитарлық жүйеде қоқыстың барлық бөлшектерін қоқыс жинақтағыштарға бірге салады. Бөлу жүйесінде тамақ қалдықтары, екінші реттік шикізат, полимер қапшықтар бөлек жиналады. Тамақ қалдықтары малға жем ретінде қолданылады, ал қоқыстың басқа құрамдас бөліктерін залалсыздандыру және қайта пайдаға асыру үшін алға қойылған міндеттерге байланысты тиісті әдістер қолданылады. Қоқысты өртеу, компостауға қарағанда, қымбат әдіс болып табылады, оның үстіне атмосфералық ауаны күлмен және уытты шығарындылармен ластайды. Алайда, егер, қоқыс өртейтін зауыттар қалаға барынша жақын орналасса, қоқысты көлікпен шығаруға жұмсалатын шығын мөлшері азаяды.
Қатты қалдықтарды залалсыздандырудың барынша рентабельді және санитарлық-гигиеналық тұрғыдан өзін-өзі ақтаған әдістерінің бірі биотермиялық әдістер болып табылады. Бұл әдістердің негізінде термофильді микроорганизмдердің қоқысты ыдырауға түсіруі жатыр, олардың тіршілігі арқасында қалдықтардың ішіндегі температура 50-70ºСқа дейін жоғарлайды, бұл органикалық заттардың ыдырауы мен олардың қарашірікке айналу үрдісін де, патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің, гельминт жұмыртқаларының, шыбын жұмыртқалары мен личинкаларының жойылуы үрдісін де жылдамдатады. Ауа енуі жақсы, қалдықтарда ылғал мен оңай шіритін заттардың мөлшері жеткілікті, термофильдердің саны көп болған кезде, бұл үрдістің қарқындылығы күрт жогарылайды.
Биотермиялық әдістің ең қарапайым варианты, үй-жай учаскесінде, саяжайларда, компостау далаларында кеңінен қолданылатын компостау болып табылады.
Үй-жай учаскелерінде компост үшін тығыздалған саздан алаңқай жасалады, немесе терең емес етіп (0,5 м дейін) траншеялар қазылады. Компостың негізіне, қалыңдығы 10-15 сантиметр, компостаушы материал торф, бақша топырағы немесе жетілген компост салынады. Осы қабаттың үстіне 15- 20 сантиметр етіп қоқыс қабаты салынады, оған дәретханадағы нәжісті, малдың қиын, құрғақ жапырақтарды, бұтақтарды, пәлекті және т.б. қосуға болады. Одан кейін қайтадан компостайтын материал қабаты мен қоқыс қабаты салынады, осылайша компост биіктігі 1-1,5 м ге жеткенше жалғаса береді.
Шыбындардың көбейіп кетуінің алдын алу үшін компостың беті топырақпен немесе торфпен жабылады. Компосты үнемі белгілі уақыт өткен сайын жуынды суымен немесе сұйытылған көңмен ылғалдап отырады. Компостың жетілуіне 5 айдан 1,5 жылға дейін уақыт кетеді.
Тұрмыстық қалдықтарды биотермиялық әдістерімен орталықтандырылып өңдеу қаланың сыртында, қалдықтар бүкіл елді мекеннен жиналатын, компостау далаларында жүргізіледі. Қоқысты биіктігі 2 м және ұзындығы 25-30 м етіп қат-қабаттап үйеді, үстіне бір қабат жер немесе шымтезек төгеді және оның сыртын тесіктері бар полиэтилен пленкамен жабады. Компостау үшін eмдеу-алдын алу мекемелерінің қалдықтарын, мал дәрігерлік зертханалардан шыққан қалдықтарды, құрамында белсенді, уытты және дезинфекциялайтын заттардың, смола мен гудронның қоспалары бар қалдықтарды пайдалануға болмайды. Қат-қабат етіп компостау, жеке уй-жай учаскелерінде компостау сияқты, ұзақ мерзімге созылады, сондықтан оны қарқынды етудің әр түрлі әдістерін қолданады. Қат-қабаттарды желдететін өзектердің көмегімен аэрациялау, қалдықтарды алдын ала майдалау және ылғалдау, оқтын-оқтын аудару жүргізеді, бұл залалсыздандыру мерзімін 2-3 айға дейін қысқартуға мүмкіндк береді.
Қатты қалдықтарды жабық әдіспен биотермиялық камераларда залалсыздандыру кезінде органикалық заттардың ыдырау уақыты едәуір қысқарады (40-60 тәулікке дейін, ал қыздырған кезде 12-20 тәулікке дейін). Қызған ауаны енгізу нәтижесінде, камерларда қолайлы температура режимі қалыптасады және ол оттегімен байытылады. Сондай-ақ, камераға дайын компосты қосу және қалдықтарды араластыру жолмен де залалсыздандыру уақытының ұзақтығын азайтуға болады
Қатты қалдықтарды залалсыздандырудың ең жаңа биотермиялық әдісі компостау зауыттарында залалсыздандыру болып табылады, ол жерде қоқысты өңдеу үрдісі іс жүзінде 5-6 тәулік ішінде аяқталады. Қалдықтарды компостаудың әр түрлі индустриалық әдістері бар. Олардың бірі айналмалы барабандарда компостау («Дано» фирмасының дано-стабилизаторларында, Дания) әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Зауыттардың қуаты тәулігіне 5-тен 300 тоннаға дейін қалдықтар өңдейді. Қалдықтар үздіксіз ауа келіп тұратын, ақырын айналатын барабанға салынады. Компостау үрдісінің жылдамдауына аэрациялау, барабанның айналуы кезінде қалдықтардың араласуы және майдалануы, барабанның термооқшаулануы есебінен үнемі жоғары температура сақталуы арқасында қол жеткізіледі.
Сондай-ақ, майдаланған қалдықтарды көп қабатты ферментеушілерде компостау әдісі де қолданылады. Қалдықтар алдымен ферментеушінің жоғарғы қабатына береді, ол жерден компосталатын масса қабаттары арасындағы жалюзді торлар ашылғанда төмен орналасқан қабаттарына өтеді. Әрбір қабатында, табиғи немесе жасанды аэрацияны жүргізіп, массаны 1 тәулік бойына ұстайды. Қатты қалдықтарды биотермиялық залалсыздандырудың қайта пайдаға асыру әдістерінің көп артықшылығына қарамастан, әзірше жоятын - жетілдірілген қоқыс төгетін жерлерде немесе сыйымдылығы жоғары полигондарда көму кеңінен қолданылатын әдіс болып қалып отыр (5.1.-сурет). Мысалы, АҚШ-та қоқыс төгетін жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтардың 85% дейінгі, Батыс Европа елдерінде 50-89% залалсыздандырылады, ал компостау арқылы бұл елдерде қалдықтардың 2-3-тен 18-19%-ға дейінгі бөлігі қайта пайдаға асырылады. Қоқыс төгетін жерді елді мекеннің сыртында, рекреациялық аймақтардан және ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздерінен қашық жерлерге орналастырады. Бұл үшін карьерлер мен шұңқырлар, сайлар пайдаланылады немесе арнайы терең шұңқырлар қазылады. Жер қыртысының терең қабаттарына ластаушы заттар өтуінің алдын алу үшін шұңқырдың түбінде су өткізбейтін сазды топырақ немесе жасанды қабат болуы керек. Шұңқырдың түбіне сүзінді жиналатын дренаж салынады. Қалдықтарды топырақ қабаттарымен кезектестіріп, қалыңдығын 1,5-2 м етіп салып, бульдозермен тығыздайды. Қоқыстың жобадағы биіктігіне жеткен соң, оны жоғарғы жағынан грунт және топырақ қабатымен жабады, қалдықтар желмен ұшып және сумен шайылып кетпеуі үшін жасыл желектер отырғызылады. 500 м кем емес санитарлық-қорғаныс аймағы орнатады.
5.1. сурет. Жер асты сулары қорғалған жетілдірілген қоқыс төгетін жер.
Полигондарда залалсыздандыру анаэробты жағдайларда ұзақ уақыт 15-20 жыл бойына жүреді. Залалсыздандыру барысында үздіксіз уытты биогаздар: метан, аммиак, күкіртcутек, көміртегінің диоксиді және т.б. түзіліп, атмосфералық ауаға бөлінеді. Ауада сондай-ақ, әр түрлі биологиялық ластаушылар бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер болады. Полигоннның бүкіл қалындығында, құрамында концентраиялары жоғары органикалық заттардың биохимиялық ыдырау өнімдері, уытты металдардар, көмірсутектер, кетондар, спирттер, органикалық қышқылдар бар, сүзінді пайда болады.
Тіпті талапқа сай пайдаланған кезде де, полигон үй және дала кеміргіштерінің, шыбындар мен масалардың тіршілік етуі үшін жақсы орта болуы мүмкін. Бұл әдістің бір кемшілігі, сондай-ақ жердің үлкен ауданын шаруашылық айналымнан шығаратындығы болып табылады.
Термиялық жолмен ыдырату қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандырудың тез және радикалды әдістерінің бірі болып табылады. Термиялық залалсыздандыру әдістеріне қоқысты өртеу мен пиролиз жатады. Қоқыс өртеу арнайы құрылымын бұзатын пештерде, 900-10000С температурада жүргізіледі, бұл кезде қалдықтардың құрамындағы барлық дерлік қосылыстар толық ыдырайды, түзілген жылуды электр энергиясын өндіру үшін пайдалануға болады. Алайда, қоқыс өртеу кезінде атмосфералық ауаны, топырақ пен суды ластайтын шлак, күл және түтінді газдар пайда болады. Орташа алғанда, 1 тонна қалдықты өртеген кезде, 300 кг шлак және 6000 м3 түтінді газ түзіледі. Шлактың құрамында әдеттегі минералды компоненттермен қатар, ауыр металдар мен диоксиндер де кездеседі. Тазарту әдістеріне қарамастан, қоқыс өртегіш зауыттар шығаратын түтінді газдардың құрамында азот, күкірт, көміртек оксидтері, фторлы сутек және өте қауіпті заттар диоксиндер мен дибензофурандар болады. Сондықтан да, күлді, уытты өндірістік қалдықтар сияқты арнайы полигондарда жинақтау және ауаға қауіпті өнімдердің түсуінің алдын алатын түтінді газдарды барынша күрделі тазарту қажеттілігі туындайды.
Термиялық залалсыздандырудың көбірек келешегі бар және экологиялық тұрғыдан таза әдісі пиролиз органикалық заттарды оттексіз ортада, химиялық реагенттер қоспай, жоғары 1200-1640ºС дейін жететін температурада ыдырату. Пиролиз үрдісінде жанғыш газдар, мұнай тәрізді майлар және жанбайтын шлактар түзіледі. Үрдіс жабық аппараттың ішінде жүреді, сондықтан атмосфераға зиянды заттар аз бөлінеді, ал шлактар инертті болғандықтан, оларды жол құрылысында немесе құрылыс материалдарын өндіруде пайдалануға болады. Пиролиз барысында пластмасса, резеңке сияқты проблемалы қалдықтар да ыдырайды.
Өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру ерекшеліктері. Барлық өнеркәсіптік қалдықтар қайта пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып екі топқа бөлінеді. Қайта пайдаға асырылатын қалдықтар жойылмайды және көмілмейді, олар халық шаруашылығының әр түрлі салаларында отын, құрылыс материалдары ретінде, екінші реттік шикізат, тыңайтқыштар және т.б. алу үшін пайдаланылады. Мысалы, ЖЭО қалдықтары мен металлургиялық кәсіпорындардың шлактарынан жеңіл бетон толтырғыштар, минералдық талшықтар, цемент, изоляциялық материалдар алуға болады. Пайдаға асырылмайтын қалдықтар адамның денсаулығы үшін қауіпті болып табылады. Оларды залалсыздандыру қалдықтардың қауіптілік класына байланысты, бірақ әлемнің барлық елдерінде қауіптіліктің әрбір класына қойылатын талаптарға сәйкес, негізгі әдіс - термиялық өңдеу және арнайы өндірістік полигондарда көму болып табылады.
Сұйық қалдықтардан тазарту. Сұйық қалдықтарды жинау, сақтау және жою үшін екі жүйе пайдаланылады :тасып әкететін (ассенизациялық) және канализациялық (ағызып жіберетін). Тасып әкететін жүйеде сұйық қалдықтар шұңқырларда және дәретханаларда жиналады, содан кейін көлікпен елді мекеннен тыс жерге шығарылады. Канализациялық жүйеснде үй ішіндегі қабылдағыштар: унитаздан, қол жуғыштан, ас үйден, жуынатын бөлмелерден шығатын сұйық қалдықтар құбыр арқылы қала сыртында орналасқан тазарту қондырғыларына жіберіледі.
Канализациямен жабдықталмаған ғимараттар үшін дәретхананың ең жақсы типі ғимарат ішінде орнатылатын люфтклозет болып табылады. Сұйық қалдық дәретханадан ағызатын құбыр арқылы желдетіліп тұратын шұңқырға келіп түседі. Желдеткіш үй- ішіне исі жағымсыз газдардың енуінің алдын алады, сондай-ақ қалдықтардың сұйық бөлігінің булануын күшейте отырып, олардың жалпы көлемінің азаюына жағдай жасайды. Аула дәретханалары, санитарлық талаптарды қанағаттандыра алмайды, өйткені олар шыбындардан, кемірушілердің енуінен қорғалмаған, тазартылуы қиын, жағымсыз иісі болады, дұрыс орнатылмаған жағдайда қоршаған ортаны ластаушы заттардың көзі болып табылады. Аула дәретханалары тұрғын үй құрылыстарынан 20 м кем емес қашықтықта орналасуы тиіс. Шұңқырдың түбі су өтпейтін болуы тиіс, оның қабырғалары кірпіштен қаланады немесе бетондалады, түбі 30 сантиметрлік саз балшық қабатымен жабылады. Газдарды шығару үшін шұңқырға сорғыш құбыр орнатылады. Қоғамдық дәретханалардағы қалдықтарға күнделікті құрғақ хлорлы ізбес себілуі, едені, тұтқалары, қабырғалары әлсін-әлсін дезинфекцияланып тұруы керек. Сұйық қалдықтарды төгуге арналған шұңқырлар да дәл осылай жасалады. Шұңқырлар 1-2 айда 1 рет тазартылуы керек.
Шұңқырдағы сұйық қалдықтарды, пневматикалық соратын жүйемен жабдықталған, ассенизациялық көлікпен тасып әкетеді.
Канализациямен жабдықталмаған елді мекендерде сұйық қалдықтарды залалсыздандыру үшін көбінесе, ассенизация және жерді жыртып тастайтын алаңдарда залалсыздандыратын топырақтық әдістері қолданылады. Жерді жыртып тастайтын алаңдарда, тек қана, топырақтың өздігінен тазару қасиеттерін қолдануға негізделген, қалдықтарды залалсыздандыру жүргізіледі. Ассенизация алаңдарда қалдықтарды залалсыздандырумен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру де қатар жүргізіледі. Ассенизация алаңдарының аумағы бірнеше учаскелерге бөлінеді. Олардың біреуіне қалдықтарды төгіп, залалсыздандыру үшін 2 жылға дейін созылатын уақытқа қалдырады. Органикалық ластаушы заттардың минералдануы аяқталған басқа учаскелерінде ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі, бірінші екі жылында - техникалық немесе мал азығы, ал үшінші жылы көкөніс дақылдары, себебі қалдық төккеннен кейін бірінші жылы топырақта және көкөністерде тіршілікке қабілетті патогенді микроорганизмдерді анықтауға болады. Ауылдық елді мекендерде қалдықтар көбінесе залалсыздандырылмай тұрғындардың үй-жай учаскелерінде тыңайтқыш ретінде пайдаланылады, бұл, осы жерде өсірілген көкөністерге, жидектерге, түнек тамырлыларға қозддырғыштар жұғуына себепші болады. Залалсыздандыру үшін компостауды қолдану немесе қалдықтарды күз кезінде топыраққа енгізіп, жерді жыртып тастау және көктемде жерді қайтадан аударып, жырту ең дұрысы болып табылады.
Канализациялық жүйесі сұйық қалдықтарды жинаудың, жоюдың және залалсыздандырудың ең ұтымды жүйесі болып табылады, өйткені қалдықтар мен қоқыстар құбырлармен ағып кететіндіктен, ауа, топырақ, жер асты және жер беті сулары ластанбайды.
Канализация деп, ағынды суларды жинау, оларды құбырлар арқылы елді мекеннен тыс жерге шығару, залалсыздандыру мен суаттарға немесе жер учаскелеріне ағызуды қамтамасыз ететін құрылыстар мен санитарлық шаралар жүйесіін түсінеді. Канализация жүйесінің жалпы ағызатын, жеке-жеке ағызатын (толық және толық емес), жартылай жеке-жеке және аралас сияқты, түрлерін ажыратады. Жалпы ағызатын жүйесінде тұрмыстық, өнеркәсіптік ағынды сулар және жауын-шашынның сулары бір құбырмен ағады, демек олардың бәрі де залалсыздандырылады. Бірақ, жүйеге нөсер жаңбыр мен еріген қар суы есебінен артық жүктеме түскен кезде, атмосфералық және ағынды сулардың қоспасы коллекторларда жабдықталған нөсер суларын ағызып жиберетін құрылыстардан суаттарға тазартусыз ағып кетуі мүмкін. Бұдан басқа, жер бетіліндегі ағынды сулардың құрамында көп мөлшерде механикалық қоспалар болады, бұл тазартатын құрылыстардың жиі бітелуіне әкеп соғады. Жеке-жеке канализация жүйесінде атмосфералық суларды өз алдына бөлек жүйемен немесе шартты түрде таза өндірістік сулармен бірге ағызып жібереді, ал шаруашылық-тұрмыстық сулар және ластанған өндірістік сулар құбырдың басқа жүйесімен ағызады. Толық жеке-жеке ағызатын жүйесі бірнеше өз алдына бөлек жүйелерді қарастырады:
Жеке-жеке ағызу толық емес жүйені тек қатты ластанған өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды ағызып жіберу және залалсыздандыру үшін ғана пайдаланылады, ал нөсер суларын ашық науалармен, арықтармен суаттарға ағызып жібереді. Жартылай жеке-жеке ағызу жүйесі толық жеке-жеке ағызатын жүйедегі сияқты жүйелерден тұрады, бірақ онда, бәрін өзіне қосып алатын бір негізгі коллекторы болады, бұл коллекторға барлық ағызатын жүйелер қосылған және барлық ағынды сулар сол арқылы жалпы тазартатын құрылыстарға ағызып жіберіледі. Жартылай жеке-жеке ағызу жүйесі қазіргі кезде ең оңтайлы деп саналады, себебі ол су көздерінің жаңбыр суларымен ластануын азайтуға және ағынды сулардың барлық түрлерін тазартуға мүмкіндік береді.
Тазарту құрылыстарына келіп түсетін ағынды сулар тазартудың бірнеше сатыларынан өтеді:
Ағынды суларды тазарту табиғи және жасанды жолдармен жүргізілуі мүмкін. Табиғи жолмен тазарту әдістерінде топырақ және биологиялық тоғандар қолданылады. Топырақтық әдісте, ағынды сулар араласқан бөлшектерден, микроорганизмдерден, сондай-ақ еріген органикалық ластаушы заттардан топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің нәтижесінде тазартылады. Осы сияқты, алдын ала механикалық жолмен тазартылып, биологиялық тоғандарға жіберілген ағынды сулар биохимиялық минералдану үрдістерінің нәтижесінде органикалық заттардан тазарады.
Жасанды әдістерде механикалық тазартудан өткен ағынды сулар еріген органикалық заттардан арнайы құрылыстарда тазартылады, оларда органиканың ыдырауы мен минералдануы үшін, топырақта немесе суда болатын өздігінен тазару үрдістеріне тән жағдайлар жасанды жолмен жасалады.
Механикалық тазарту үшін 2 топқа бөлінетін құрылыстар қолданылады: алдында жүргізілетін тазарту үшін (торлар, елеуіштер, құм ұстағыштар және т.б.) және аяғына дейін тазарту үшін (көлденең, тік, радиальды, екі ярусты тұндырғыштар, септиктер, мөлдірлеушілер-шірітушілер және т.б.). Алдында жүргізілетін тазарту құрылыстарында ағынды сулар, су бетінде жүзіп жүрген ірі заттар мен қоспалардан, құмнан, мұнайдан, бензиннен, майлардан және т.б. тазартылады. Ірі бөлшектерді торлар ұстап қалады, ал құм және басқа минералды қоспалар ағынды сулар кішігірім тұндырғыштар түріндегі құм ұстағыштар арқылы үлкен жылдамдықпен (0,15-0,3 м/сек) өтуі кезінде тұнбаға түседі. Аяғына дейін механикалық тазарту кезінде ағынды сулар жеңіл, араласқан бөлшектерден тазарады. Ол үшін тұндырғыштардың екі түрі: жаңа түзілген лай, яғни ашытылмаған тұнба беретін (көлденең, тік, радиальды тұндырғыштар) және шіріген лай, яғни ашыған тұнба беретін (екі ярусты тұндырғыштар, септиктер, мөлдірлегіш-шіріткіштер) тұндырғыштар қолданылады.
Тұнбаны ашытпайтын тұндырғыштарды, негізінен үлкен канализацияда қолданады, олармен тәулігіне 10000 м3 ағынды су жіберіледі. Көлденең тұндырғыштардың суды мөлдірлеу тиімділігі жоғары (50%-ға дейін), (5.2.-сурет), ол тұндырғыш қабырғасының артқы жағынан ағынды сулар жаймен ағып өтетін, тереңдігі 4 м тік бұрышты резервуар түрінде болады..
5.2 - сурет. Көлденең су тұндырғыштың сызбасы.
1-ағынды сулардың ағып келуіне арналған құбыр; 2,4 бір қалыпты ағыс жасауға аранлаған табалдырық; 3- май мен көбікті май құдығына жіберетін құбыры; 5- тұндырғыш түбіне тұнған лайды жинайтын қырғыш; 6- мөлдірленген судың шығатын жері; 7- артық суды ағызуға арналған құбыр; 8-лайға арналған қалта.
Төңкерілген конус тәрізді, түбі бар, цилиндр формалы тік су тұндырғыштарда ағынды сулар құрылыстың орталық бөлігіндегі құбыр арқылы беріледі. Шағылыстратын қалқанға дейін жетіп, сулардың ағыны өзінің бағытын тік бағыттан көлденең бағытқа, ал содан кейін тік жоғары қарай ағатын бағытқа өзгертеді. Араласқан бөлшектердің тұнбаға түсуі, сұйықтың жоғары қарай көтерілуі кезінде жүреді. Ал, пайда болған жаңа лайды содан соң, тұнбаның анаэробты ашу үрдісі жүретін, арнайы құрылыстарда метантенктерде залалсыздандырады. Тұнбаның ашу үрдісі жүзеге асатын тұндырғыштар ағынды сулар көлемі аз болғанда, шағын канализацияда қолданылады. Олардың арасында септиктер мен екі ярусты тұндырғыштар кеңінен таралған. Септик тәулігіне көлемі 25 м3 дейінгі ағынды суларды тазарту үшін қолданылады. Септік, темір-бетоннан жасалған резервуар түрінде болады (5.3-сурет), ол арқылы ағынды сулар, қондырғы ішінде 2,5-3 тәулік бойы болып, өте баяу ағып өтеді, соған байланысты септиктің сиымдылығы ағынды сулардың тәуліктік көлемінен үш еседен төмен болмауы керек.
Септик арқылы өткен кезде, тіпті органикалық заттардың ұсақ және жеңіл араласқан бөлшектері және гельминттердің жұмыртқалары да, су түбіне шөгеді. Резервуар түбіне отырған тұнба анаэробты ыдырау үрдісіне ұшырайды. Үрдістің қарқынды жүруіне ағынды судың бетінде пайда болатын және жылудың таралуына кедергі болатын араласқан бөлшектерден түзілген қабықша себеп болады. Септик ғимараттың ішкі канализациясының тік бағана құбыры арқылы желдетіледі. Ыдырауға түскен тұнбаны бір жыл ішінде 1-2 рет ассенизациялық машинаның көмегімен шығарады, оны кептіріп, тыңайтқыш ретінде пайдаланады.
Бірақ, гельминттердің жұмыртқалары тұнбада өздерінің тіршілік қабілетін сақтап қалатынын ескерген жөн.
5.3.-сурет. Септик
1 жуынды шұңқыры; 2- шұңқырдың бетон қабырғалары; 3 - иленген саз балшық; 4 - шұңқыр аузының екі қабатты қақпағы; 5- шұңқырдың темір-бетонды жабындысы; 6- су ағатын құбыр; 7 - санитарлық құралдар; 8 - ас үйден шығатын ауа сорып әкететін каналдар; 9 жуынды шұңқырдан шығатын желдету каналы; 10- дефлектор.
Септик арқылы өткен суды биологиялық тазарту үшін көбінесе жер астында сүзетін алаңдарын пайдаланады, ол үшін жерге, 0,5-1,8 м тереңдікке суландыратын құбырлар салынады, солар арқылы топыраққа септикте тазартылған ағынды су келіп түседі.
Екі ярусты тұндырғыштарда (5.4 -сурет) ағынды сұйық, науамен тұндырғыштың жоғарғы ярусы болып табылатын, тұнба отыратын науаларға түседі. Олардың түбінде бүкіл ұзына бойына саңылаулары бар, олар арқылы тұнбаға түскен ағынды суға араласқан бөлшектер екінші, төменгі лай жиналатын (септикалық камера) ярусқа түседі, бұл жерде тұнбаның ашу үрдісі жүреді. Тұнба отыратын науадағы саңылаулардың төменгі жиектері бір-бірін 15 см-ге жауып тұрады, осыған байланысты су ағызатын науадағы мөлдірленген судың төменгі камерада түзілетін шіру өнімдерімен ластануының алдын алалды. Тұндыру үрдісін ыдырау үрдісінен бөлудің арқасында, ашу кезінде түзілген газдар септиктегі сияқты ағынды сұйықтықты ластамай, тұндырғыштың қабырғасын бойлай отырып, атмосфералық ауаға бөлінеді. Шіріген тұнба, құбыр арқылы сыртқа шығарылады.
5.4-сурет. Екі ярусты тұндырғыш.
А кесіндісі; Б жоспары; 1 су асты науасынан қалдық судың түсуі; 2-су асты науасы; 3-тұндыру астауы; 4- жартылай батырылған немесе жүзіп жүретін қалқа; 5- ағынды суға арналған жапқыш; 6-тұнбаны (лайды) шығару құбыры; 7 тұнбаға арналған жапқыш; 8- тұнбаны түсіру; 9-ағынды суды шығаруға арналған науасы.
Тұндырғыштар арқылы өткен ағынды сұйықтың құрамында еріген органикалық заттар болады, олардың шіруі мүмкін. Сондықтан, механикалық тазартудан кейінгі келесі сатысы - суды биологиялық тазарту болып табылады. Оны табиғи (топырақтық, биологиялық тоғандарда) немесе жасанды әдістермен жүзеге асырады.
Топырақтық әдістермен залалсыздандыру - суландыру және сүзу алаңдары деп аталатын жерлерде жүргізеді. Сүзу алаңдары тек ағынды суларды тазарту үшін, ал суландыру алаңдары тазарту және ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін қолданылады. Суландыру алаңдарында, өнім егілген жүйектердің арасынан тереңдігі 0,5 м етіп, ұзын арықтар қазылады (5.5-сурет).
5.5.-сурет. Суландыру алаңдарының кесіндісі.
1- жол; 2- су әкелетін канал; 3- сұйықтықты картаға шығаруды реттейтін шиберлер; 4- суландырғыш-каналдар; 5- ашық дренаж каналдары; 6- қоршау белестері; 7- жүйектер арасындағы арықтар
Ағынды сулар осы арықтарға жіберіледі, олар топырақ арқылы сүзіліп, дренаж құбырлары немесе каналдар арқылы суаттарға ағызылады. Олар топырақ арқылы өткен кезде патогенді микроорганизмдер, гельминттердің жұмыртқалары топырақта қалып қояды, ал еріген органикалық заттар топырақтағы микрофлорның тіршілік үрдістерінің нәтижесінде минералданады. Қалдық сулардың құрамында көп мөлшерде қоректік субстрат болады, бұл топырақ микроорганизмдерінің қарқынды көбеюіне жағдай жасайды, соның нәтижесінде топырақ бөлшектері, сіңіретін қасиеті күшті және биохимиялық белсенділігі жоғары, белсенді биологиялық пленкамен түгелдей жабылады. Сүзу алаңдарының суландыру алаңдарынан айырмашылығы, оларға ағынды суды жаппай жаяды. Оларға, суландыру алаңдарына қарағанда, ағынды суларды едәуір көп мөлшерде жіберуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, ағынды суларды топырақ арқылы залалсыздандырудың тағы бір әдісі ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге тиесілі егін егетін жерлерді суландыруға пайдалану болып табылады. Бұл алаңдарға түсетін жүктеме, коммуналдық суландыру алаңдарымен салыстырғанда, 5-15 есе аз болады. Оларда бақша немесе мал азықтық өсімдіктерді, егілген шөптерді өсіреді, суды жүйектер арасындағы арықтарға жибереді. Пайдалану ережелерін сақтамаған жағдайда, коммуналдық және егіншілік суландыру алаңдары адамдар мен жануарларға гелминттердің, әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтыратын көздер болуы мүмкін.
Топырақтық әдістер, ағынды суларды тазартудың тиімділігі жоғары әдістері болып табылады, бірақ, ірі елді мекендерде олардың қолданылуы шектеулі, себебі, қазіргі тұрғындардың тығыздығы мен су тұтыну нормалары кезінде, суландыру алаңдарының ауданы өте үлкен болуы керек.
Биологиялық тоғандар терең емес, су сүзілуі жүрмейтін немесе баяу жүретін топырақтағы жасанды түрде жасалған суаттар. Ағынды суларды тұндырғаннан кейін, тоғанға жіберу алдында 2-5 есе өзен суымен араластырып, баяу, 2-3 тәулік ішінде тоған арқылы өткізеді. Тазаруы аэробты немесе анаэробты жағдайларда жүруі мүмкін. Залалсыздандыру үрдістерін жеделдету және аэрацияны күшейту үшін биологиялық тоғандардың тереңдігін аз ғана (1 м дейін) етіп, жоғары сатыдағы су өсімдіктерін (қамыс, иіртамыр, қоға, т.б.) және балдырлар егеді, жасанды аэрация жасайды. Балдырлар фотосинтез нәтижесінде суды оттегімен байытады, ал жоғары сатыдағы су өсімдіктері, бұдан басқа, судан уытты және органикалық заттарды сіңіріп алып, оны энтеробактериялардан тазартады, антибиотиктік заттарды бөліп шығарады.
Биологиялық тазартудың жасанды әдістері әр түрлі типтегі биототықтырғыштарда жүргізіледі, оларда залалсыздандыру, топырақтағы немесе судағы табиғи жағдайлардағыға ұқсас болып өтеді.
Мұндай биототықтырғыштарға биофильтрлер, аэротенктер, циркуляциялық-тотықтырғыш каналдар және т.б. жатады. Биофильтрлерде залалсыздандыру топырақта жүретін минералдану үрдісін қайталау болып табылады. Биофильтрлер түбінде табақшалардан жасалған дренажы бар, оған биіктігі екі метр етіп ірі түйіршікті материалдар шлак, ұсақ тастар толтыра салынған, кірпіштен немесе темір-бетоннан жасалған резервуарлар болып табылады (5.6.-сурет).
5.6.-сурет. Биологиялық фильтр.
1- мөлшерді реттейтін бак; 2- сифон; 3- шашыратуға арналған арнайы құрал; 4- магистральды құбыр; 5- тарату құбырлары; 6- плиталардан жасалған дренаж; 7 дренажға ауа жіберетін арналар; 8- шлактан жасалған фильтрді енгізу; 9- тазартылған суды шығару арнасы.
Ағынды сулардың өтуі барысында, шлактың жоғарғы қабатында қарқынды көбейетін және судағы еріген органикалық заттарды сіңіріп, ыдырататын аэробты микрофлорасы бар шырышты биологиялық пленка түзіледі. Биофильтрге ауа жіберу микроорганизмдердің тіршілік әрекеттеріне және органикалық заттардың минералдануына бұрынғыдан да жақсы жағдай жасайды. Мұндай фильтрлер аэрофильтрлер деп аталады. Олардың тотықтыру қуаты, кәдімгі биофильтрлерге қарағанда, 3-4 есе жоғары.
Биототықтырғыштардың басқа типі аэротенктерде органикалық заттардың биологиялық тотығу үрдісі, жер бетіндегі сулардың өздігінен тазару сияқты, бірақ едәуір қарқынды жүреді. Аэротенк ұзындығы бірнеше ондаған метрге созылған, тереңдігі 5 м ге дейін жететін тік бұрышты резервуар - арқылы, ағынды сұйық пен, құрамында өте белсенді микроорганизмдердің көп мөлшері бар, лайдың қоспасын, баяу өткізеді. Микробиоценоздың беттік ауданын салыстыратын болсақ, онда жер бетіндегі сулардың 1 м3 -де оның шамасы 5 м2 болады, ал аэротенкілерде бұл көрсеткіш 1800-2400 м2 дейін жетеді. Аэротенкінің түбіне салынған тесіктері бар құбырлар арқылы ағынды су мен лайдың қоспасына компрессорлар арқылы ауа жіберіледі. Оттегімен байыту және органикалық заттарды өзгеріске ұшырататын микрофлораның қарқынды дамуы, суда еріген ластаушы заттардың минералдануын жылдамдатып, 6-10 сағат ішінде аяқталуына жағдай жасайды. Биофильтрлер мен аэротенктерден кейін тазартылған су, екінші реттік тұндырғыштарға жіберіледі (5.7.-сурет), ал содан кейін, суаттарға жіберілер алдында, зарарсыздандырылады, өйткені тіпті биототықтырудан өткен соң да, онда патогенді мироорганизмдер өздерінің тіршілік қабілетін сақтап қалуы мүмкін. Зарарсыздандыру, әдетте, хлорлау арқылы жүргізіледі. Алайда, хлорлау үрдісі кезінде уытты және канцерогендік хлорорганикалық қосылыстар түзілу қаупі сақталатындықтан, қазіргі кезде зарарсыздандырудың реагентсіз әдістерін -
5.7.- сурет. Алматы қаласының аэрация станциясындағы ластанған суларды тазарту сызбасы
ультракүлгін сәулелерін қолдану, электримпульстік өңдеу неғұрлым ұтымды болып отыр. Ағынды суларды гидрокавитациялық зарарсыздандыру ұсынылды, және оның қазірдің өзінде-ақ келешегі бар екені дәлелдеді.
Тұрмыстық ағынды суларды тазартудың дәстүрлі әдістері әрқашанда тиімді бола бермейді, өйткені тіпті заласыздандырылған судың өзінде биологиялық ыдырауға ұшырамайтын биогенді элементтердің фосфор, калий, азот, сондай-ақ синтетикалық органикалық заттардың көп мөлшері болады. Тазарту үрдісінде органикалық қосылыстардың тек 90%, органикалық және минералдық азоттың 50%, фосфордың 20-дан 40% дейіні және суда еритін қосылыстардың (нитраттар, фосфаттар, көптеген пестицидтердің) 5% ғана бөліп шығарылады. Сондықтан да, қалалардың ағынды суларын тазарту үшін, әдетте, қосымша тазарту немесе үшінші рет тазарту қажет болады. Үшінші рет тазарту үшін әр түрлі табиғи және жасанды әдістер (коагуляция, белсенді етілген көмірді және басқа да сорбенттерді, тотықтырғыштарды және т.б. қолдану арқылы сорбциялық тазарту) қолданылады.
Өнеркәсіптік ағынды суларды залалсыздандыру ерекшеліктері. Әр түрлі өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамы мен қасиеттерінің шектен тыс ерекшеліктерін, улылығы мен қауіптілігі өте әртүрлә болуына байланысты, әрбір кәсіпорындың өзіне ағынды суларды канализациямен шығаруды ұйымдастыруы мен өңдеудің жобалары дайындалады. Өнеркәсіптік ағынды суларды тазартудың физикалық, механикалық, химиялық және биологиялық әдістерінің негізінде, тұрмыстық қалдық суларды тазарту кезінде қолданылатын үрдістер жатыр, бірақ, олардың өндірістің сипатына байланысты, өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, су тұндырғыштарда сүға араласқан бөлшектерді тұндырып қана қоймай, сонымен қатар жеңіл фракцияларды (қатты және сұйық майлар, мұнай өнімдері және т.б.) кетіру де жүргізіледі.
Химиялық және физикалық-химиялық әдістердің көмегімен, уытты қосылыстарды уытты еместерге, суда еритін қосылыстарды ерімейтін қосылыстарға айналдыра отырып, түзілген заттарды тұнбаға түсіреді және өндірісте қайтадан пайдалануға болатын өнімдерді олардан бөліп алады.
Биологиялық тазарту үшін ағынды суларды алдын ала дайындайды (сұйылту немесе шаруашылық-фекльды сулармен араластыру, тазарту жағдайлары мен параметрлерін белгілеу), өйткені, өнеркәсіптік ағынды сулардың рН деңгейі қолайсыз болып, олардың құрамында оттекті сіңіріп алатын және микроорганизмдердің тіршілігіне теріс әсер ететін өте көп органикалық қосылыстар болуы мүмкін. Қосымша шаралардың ішінде өнеркәсіп орнының цехтары мен әр түрлі технологиялық учаскелерінің ағынды суларын жеке-жеке каналдармен ағызу және оларды біріктіріп ағызғанға дейін жергілікті тазарту қолданылады. Бұндай шара түрлі ластаушы заттармен ластанған өнеркәсіптік суларды тазартуды жеңілдетіп, суға тазартылмаған немесе қатты ластанған сулардың түсуіне жол бермейді.
Өте сирек, ерекше жағдайларда қолданылатын шара өнеркәсіптік қалдық суларды топырақтың терең геологиялық қабаттарына айдау болып табылады. Топырақтың терең қабаттарына, минералдану дәрежесі жоғары, улылығы жоғары емес, ағынды суларды жіберуге рұқсат етіледі. Өнеркәсіптік қалдық суларды залалсыздандыруға бағытталған іс-шаралардың комплексін жүзеге асыру, оларды су көздері суының сапасы мен гидробионттар тіршілігін нашарлатпай, су көздеріне ағызуға мүмкіндік береді.
VI -Тарау. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ МЕН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. Урбанизацияның гигиеналық маңызы.
XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басы қалалардағы тұрғындар санының артуымен (урбанизациялануымен) сипатталады. Урбанизациялану үрдісі көптеген себептерге байланысты. Ауыл тұрғындарының қалаларға ауысуы бұрын да, қазіргі кезде де, қалыптасқан жағдайларға байланысты тұрғындардың жұмыс табу үшін, білім деңгейін көтеру, өмір сүру жағдайларын жақсарту, жоғары кәсіби медициналық көмек алу, мәдени өмірін байыту, тұрмыстың көптеген жақтарын жеңілдету, ауылдағы ауыр жұмыстарды қаладағы жеңілдеу түрлеріне ауыстыру т.б. мақсаттарына байланысты болды. Осы үрдіс қалалар мен ауылдардың терең индустриалдық қайта құрылулары, өндірістердің дамуы, тұрғын үй құрылыстарының кеңейуі, транспорттар санының көбеюі және байланыс түрлерінің жеңілденуі нәтижесінде қарқынды жүреді. Тұрғындардың тек қана материалдық емес, сонымен бірге ірі мәдени орталықтарында өз қажеттіліктерін қанағаттандыру нәтижесінде рухани деңгейлері де өсті.
Қала тұрғындарының саны қарқынды өсуде. Егер, XIX ғасырда қалаларда тұрғындардың бірнеше пайызы ғана тұрған болса, 1950 ж. ол 30% дейін, 1970 ж - 50% дейін, ал жекелеген экономикалық дамыған елдерде - 75-85% дейін асты. 2025 жылы қала тұрғындары барлық халықтың 60,1% болады деген болжам бар. Қалалар өзара бірігіп, агломерацияларды түзеді. 1 млн астам тұрғыны бар қалалардың саны 400 жетті. Каир, Карачи, Нью-Йорк, Манил, Шанхай, т.б. сияқты қалаларда халықтың саны 10 млн асты.
Индустрияландыру және ғылыми-техникалық прогресс біздің елімізде де урбанизацияланудың қарқынды жүруіне жағдай туғызады. Егер, Қазақстан Республикасының аумағында 1913 жылы 5 млн 596800 адам, оның ішінде, қалаларда - 540800 адам, немесе бар болғаны 10% ғана тұратын болса, 1999 жылы тұрғындардың саны 14 млн 953126 адамға дейін, олардың ішінде, қалада тұратындардың саны 8377303, яғни 56% дейін жетті.
Урбанизацияланудың оң, сол сияқты теріс те жақтары бар. Ірі қалалар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ететін өндіріс орындарының орталығы болып табылады. Мәдени, ғылыми және білім беру орталықтарында қоғамның экономикалық және мәдени потенциалы жинақталады. Қалалық орта тұрғындардың өмір сүруі мен мәдени тұрғыдан дамуы үшін, қолайлы жағдайлар қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, урбанизацияланудың барған сайын ұлғаятын теріс жақтары да байқалып отыр. Қала қоршаған ортаның барлық нысандарының өндірістік пен тұрмыстық ластаушы көзі болып табылады. Ластануға тек қала мен оған жақын жатқан аймақтар ғана емес, сонымен қатар, бүкіл биосфера да ұшырайды. Ауа ортасының көптеп ластануы, әсіресе, ірі қалаларда байқалады. Өндіріс орындарының, автокөліктің, жылу энергетикасы мекемелерінің шығарындыларымен ауаға әр түрлі ластаушы заттар бөлінеді, олардың ішінде халықтың денсаулығына зиянды әсер ететін, өте уытты және қауіпті заттар бар (ΙΙΙ- тарау). Атмосфераның ластануы, ауаның тұнықтығын төмендетіп, жарықтың түсуін азайтып, сонымен қатар, смог, қышқылды жауындар, озон тесіктері сияқты құбылыстардың пайда болуына себеп болып, адамның өмір сүру жағдайын нашарлатады. Көптеген ірі қалалардың төбесін ластанған ауаның күңгірт - қою «қалпақтары» жауып тұрады, олар күн радиациясының едәуір мөлшерін сіңіреді де, бұлыңғыр және тұманды күндердің санының жиілеуіне әкеп соғады.
Айтарлықтай ластануға су нысандары мен топырақ та ұшырайды. Суаттарға өнеркәсіптік және тұрмыстық ағынды сулар ағызылады, атмосфераға бөлінетін және суаттарды әр түрлі мақсатта пайдалану нәтижесінде пайда болатын ластаушы заттар түседі. Топырақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен көп ластанады, құрылыс салу үшін алынады, сұйық қалдықтарды тазарту үшін қолданылады, тыңайтқыштар және пестицидтермен ластанады (ΙVV тараулар). Қалаларда күнделікті жиналатын қалдықтардың көлемі өте үлкен. Осындай жағдайларда қалалардың маңызды гигиеналық мәселелерінің бірі, қалдықтарды пайдаға асыру және тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы жасыл желек өсімдіктерге жойғыш әсер етеді, ал олардың біраз бөлігінің құрып кетуінен, ауаны тазартатын табиғи сүзгі жойылады, сонымен қатар, қаланың өзінде де микроклимат жағдайлары өзгереді. Жасыл желектер отырғызылған жерлердің ауданы құрылыс қажеттілігіне алынуынан да қысқарады. Қала ластаушы заттардың темір-бетоннан жасалған қамалына айналады.
Қалалардың микроклиматы едәуір өзгереді. Оның бір ерекшелігі - «жылу аралдары» деп аталатын, аймақтардың пайда болуы. Бұл аралдарда, қала сыртындағы жермен салыстырғанда, ауа температурасы жоғары болады. Температуралардың ең үлкен айырмашылығы түнде байқалады, бұл кезде жылу аралдарындағы температура қала сыртындағы температурадан 6-8ºС жоғары болуы мүмкін. Ірі қалалардың орталықтарында «жылу аралы» 100-150 м биіктікке көтеріледі. Олардың түзілуі, ғимараттар, асфальт және басқа да жабындылар күндіз күннің әсерінен қызып, түнде салқындауы нәтижесінде күндіз алған жылуды атмосфераға беруімен байланысты. Температураның жоғарылауы, сонымен қатар, құрылыс нысандары көп салынған аймақтарда су булануының азаюына байланысты, ал қаланың сыртында орналасқан аудандарда, жаңбыр сулары топырақ бетінен буланып, жылуды өздеріне сіңіріп алу нәтижесінде ауаның температурасын төмендетеді. Жасыл желектер мен ашық су беттерінің пайызы төмендеуінің және қаладағы құрылыстың жоғары тығыздығы нәтижесінде желдің жылдамдығы едәуір азаюының маңызы да үлкен.
Қаланың өзіндік туындайтын ерекше факторларына көбінесе темірбетоннан жасалған, биік, металлдық конструкциялары көп құрылыстар, халықтың тығыздығы, көліктің көптігі, тіршілік қарқынының жоғарылығы, шамадан тыс жүйке-психикалық жүктемелер, шу деңгейінің жоғары болуы, қарқынды электромагниттік ластану,сонымен қатар, жабық бөлмелердегі геомагниттік әсерінің күрт төмендеуі және тұрғындардың денсаулығына зиянды әсер ететін басқа да көптеген факторлар жатады. Бұл жағдайларда қолайсыз эффектілер дамуының алдын алу үшін елді мекендердің орналасуын дұрыс таңдау және тиімді түрде жоспарлау шешуші роль атқарады.
2. Қала құрылысы мен қалаларды сауықтырудың гигиеналық қағидалары. Елді мекендерді орналастыруға жер таңдау.
Қала құрылысының негізгі гигиеналық қағидалары:
1. Елді мекендердің құрылысы немесе қайта құруы кезінде тұрғындардың материалдық, рухани және гигиеналық қажеттіліктерін қанағатттандыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасау қажет.
2. Қала мен ауыл арасындағы үлкен айырмашылықтарды жою мақсатында шаралар қолданылуы қажет.
3. Жеке қалалардың, ауылдардың және поселкелердің ғана емес, сонымен бірге бүтіндей экономикалық аудандардың да жобалары жасалуы қажет, яғни табиғи факторларды (суаттарды, жер асты су көздерін, жасыл желектерді және т.б.) ең тиімді пайдалануға және елді мекендер мен өндіріс нысандарын дұрыс орналастыруға мүмкіндік беретін аудандық жоспарлау жұмыстары жүргізілуі қажет.
4. Өте үлкен және үлкен қалалардың өсуін, олардың жанынан 80000-100000 тұрғындары бар, серіктес қалалар салу арқылы шектеуі тиіс.
5. Қаланы кеңейту немесе жаңа құрылыс салу үшін, ол жерде тұруға салауатты өмір сүру жағдайларын барынша қамтамасыз ететін аймақтарды таңдап алу керек, сонымен бірге, бұл аймақтың функционалдық зоналарға бөлінуі жүргізілуі керек.
6. Тұрғын аймақта құрылыс салуда, оның ең қолайлы түріне микроаудандарға ерекше назар аударылуы қажет.
7. Селитебті аймақта тұрғындарға қызмет көрсететін тұрмыстық, мәдени, медициналық және дене шынықтыруға бағытталған мекемелердің дамыған жүйесі мен жасыл желектер отырғызу қарастырылуы керек.
8. Санитарлық абаттандырудың барлық түрлері, яғни су құбыры, канализация, қатты қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандырудың бас сызбасы мен тиісті жабдықтар, орталық жылыту, газ және электрмен жабдықтау қарастырылуы қажет.
9. Көлік қозғалысы түрлерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда көліктердің қоғамдық түрлеріне, олардың ішінде көбінесе шуды аз шығарып, ауаны ластамайтын және қауіпсіз түрлеріне берілуі керек.
10. Елді мекендердің жобаларын жасау кезінде, атмосфералық ауа, суаттар мен топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар, сонымен қатар, шудың, сілкіністердің, радиожиіліктер диапазонындағы электромагниттік өрістердің және бірқатар басқа да факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алуға бағытталған шаралар қарастырылуы қажет.
Жаңа елді мекен құрылысын салу немесе оны кеңейту үшін аймақты таңдау өте маңызды, өйткені, елді мекендерді жоспарлау шешімдері, қаладағы болашақта болатын микроклимат жағдайлары, жеткілікті ауа алмасуы, сумен қамтамасыз етілуі, эпидемиялық қауіпсіздігі, қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерін шешуі осыған байланысты болып табылады. Территория батпақты болмауы және өзен, көл сулары тасығанда, қатты жауын-шашын кезінде су алмайтын болуы керек. Топырағы құрғақ, таза, грунт суларының деңгейі төмен болуы қажет. Таңдалған жер атмосфералық сулар тез ағып кетуі үшін, біршама еңіс болуы керек (1-6%). Грунттың құрамына, жер астында ақпа балшықтардың болуына, көшкін болу мүмкіндігіне, ауданның сейсмикалық жағдайына назар аударылады.
Микроклимат жағдайларын, шудың және басқа да физикалық факторлардың таралу жағдайларын жасауда, сонымен қатар, атмосфералық ауада химиялық және биологиялық ластаушылардың жинақталуында немесе таралуында жер бедерінің маңызы зор. Мысалы, шұңқырлар мен алқаптар, олардың, әсіресе, температуралық инверсиялар кезінде нашар желдетілуі нәтижесінде, атмосфералық ластаушы заттардың резервуары болып табылады, осыған байланысты мұндай жерлерде тұрғын үйлер мен өндірістік аудандарды қатар орналастыруға болмайды. Солтүстік аудандарда ойпаң жерлерінің ауасы суық болғандықтан, оларды құрылыста пайдалану мүмкіндігі нашарлайды. Ыстық климатты аймақта, керісінше, алқаптарда анағұрлым қолайлы микроклимат жағдайлары қалыптасады. Аймақтар оңтүстік-батысқа, оңтүстік және оңтүстік-шығысқа бағытталған беткейлерде орналасқан кезде, жарық түсуінің қолайлы режимі және жоғарырақ ауа температурасы қамтамасыз етіледі. Аймақтарда қырат жерлердің (таулар, төбелер, шоқылар) болуы, жерді желден қорғайды. Сонымен қатар, таулы аймақтарда орналасқан, жан жағынан таулармен қоршалған, желдетілуіне жағдайлары жоқ, сол сияқты таудан төмен түсетін суық ауа есебінен, температура инверсиясы жиі байқалатын елді мекендерде ластаушы заттардың атмосфералық ауада едәуір және үнемі жинақталуы жүреді. Мысал ретінде, Қазақстанның ең үлкен және өте әсем қаласы, қазіргі кезде индустрияландыру мен таулардың өзіндік «кепілдігіне» айналған Алматыны алуға болады.
Аймақты таңдау кезінде ауа температурасы мен ылғалдылығы, желдің қозғалу жылдамдығы мен соғу бағыты, температуралық инверсиялардың болуы сияқты табиғи-климаттық факторлар да ескеріледі. Басым болатын желдерді ескере отырып, елді мекендерді, желдің бағыты олардан ластаушы көздерге қарай соғатын етіп, орналастырады. Әсіресе, қаланың аэрациялану мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінеді, ол үшін жақсы желдетілетін жерлер таңдап алынады. Сонымен қатар, температура мен ылғалдылықтың және жел режимдерін білуі барынша қолайлы архитектуралық-жоспарлау және санитарлық-техникалық шешімдерді: ғимараттардың бағытталуын, олардың орналасуын, кварталдардың жоспарлануын, көшелердің орналасуын, ғимараттар қабырғаларының қалыңдығын, су құбырлары, жылыту, канализация жүйелерінің орналасу тереңдігін, т.б.- таңдауда қажет.
Барлық аймақтардың құрылыс салынуға жоспарланған территорияларында микроклимат жағдайларын жақсартатын, ауаның тазалығын жоғарылататын, оны оттекпен байытатын және жалпы эстетикалық, рекреациялық маңызы бар, табиғи жасыл желектердің болуы өте қолайлы фактор болып табылады.
Аймақта суаттар мен жер асты су көздерінің болуының маңызы үлкен. Бұл, бір жағынан, сумен қамтамасыз ету көзі, ал екінші жағынан, маңызды сауықтырушы фактор болып табылады. Елді мекенді өзен ағысының жоғары жағына қарай, ластаушы көздерден жоғары орналастыру қажет. Жоғарыда аталған факторлардың барлығын ескеру, елді мекен үшін территория таңдау кезеңінде болашақ қаладағы қала ішілік ортаның қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
3. Қалалар мен ауылды елді мекендерді жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
3.1. Қаланы жоспарлау және салу.
Қала келесі тұрғын (селитебті), өндірістік, коммуналдық-қойма, сыртқы транспорт, тұрғындардың демалысына арналған қала шетіндегі орындар мен нысандар сияқты, негізгі функционалдық зоналарға бөлінеді. (6.1- сурет). Қалада қолайлы гигиеналық жағдайларды жасау үшін функционалдық аймақтардың өзара тиімді орналасуы ең маңызды болып табылады.
6.1-сурет. Қаланың негізгі функционалдық аймақтарының өзара орналасуы
1-селитебті аумақ; 2-өндірістік аумақ, 3- коммуналдық-қойма аумағы, 4-сыртқы транспорт аумағы, 5-жасыл желек аумағы, 6-санитарлық қорғаныш аумағы, 7-өзен ағысының бағыты, 8- негізгі желдердің бағыты.
Қаланың селитебті аумағы тұрғын аудандарды, қоғамдық орталықтарды (әкімшілік, ғылыми, білім беру, медициналық, т.б.) және жасыл желектерді орналастыруға арналады. Ол үшін, жасыл желектері көп, су көздері жақын орналасқан, таза, қолайлы жер телімдері таңдап алынады. Өндірістік аумақты, елді мекен аумағындағы су көздерін өндірістік ағызынды сулармен ластамау үшін, өзен ағысының бойымен тұрғын аумақтан төмен, белгілі қашықтықта және тұрғын аумақтың ық жағына орналастырады.
Жел басым (жиі) қарама-қарсы бағытта соғатын аудандарда, адамдар тұратын аудандарды желдің тұру бағыты бойынша өндіріс өнеркәсіптерінің оң және сол жақтарына орналастырады. Селитебті және өндірістік аумақтардың арасында оларды бөлетін аумақ - санитарлық қорғаныш аумақ- орналастырылуы тиіс, оның өлшемі ластаушы заттар көздерінің зиянды әсер ету сипатына байланысты болып, 50- 1000 м дейін жетеді. Қажет болған жағдайда, аумақтың өлшемін кеңейтеді. Санитарлық қорғаныш аумағын абаттандырады және көгалдандырады. Осы аумақтарда шаң мен газға тұрақты америкалық үйеңкі, арша, канадалық бәйтерек, итшомырт, қызыл аюбадам, бозарша, долана, ақ акация, тал сияқты, өсімдіктер түрлерін отырғызған дұрыс. Санитарлық қорғаныш аумағының 40% кем емес бөлігі көгалдандырылуы тиіс.
Селитебті аумақтың негізгі құрылымдық элементі ықшамаудан болып табылады. Ықшамаудан 6-20 мың адамға есептелген, оның құрамында тұрғын үй ғимараттары, күнделікті қолданылатын мекемелер (бөбекханалар, бала бақшалар, мектептер, спорт кешендері, азық түлік дүкендері, асханалар, кір жууға қабылдайтын орындар, т.б.), сол сияқты саябақтар, тұрғындардың күнделікті демалу үшін шағын бақтар (6.2-сурет) болады. Оның ауданы 20-50 га құрайды. Ықшамаудандардың шекаралары магистральдар немесе тұрғын көшелер, көлік жүретін жолдар мен табиғи шекаралар болып табылады.
6.2 - сурет. 10000 тұрғынға арналған ықшамауданды жоспарлау.
Құрылыс ауданы-10-12%
1-тұрғын үй ғимараттары, 23 мектептер, 4-қарттарға арналған пансионат, 5-жеміс бағы, 6-ықшамауданның қоғамдық орталығы,7-бақ, 8-гүлзар, 9-стадион, 10-коммуналдық- шаруашылық кешен, 11-театр
Жақсы тұрмыс жағдайларды қамтамасыз ету үшін және шу, діріл деңгейлерін төмендету мен ауаның шаңмен, автокөліктерден бөлінетін ластаушы заттармен ластануын төмендету мақсатында, тұрғын үйлер мен балалар мекемелерінің негізгі бөлігін ықшамауданның қақ ортасына орналастырады Тұрғын үйлердің қабаттары неғұрлым көп болса, ықшамауданның соғұрлым үлкен ауданы жасыл желектер отырғызуға, дене шынықтыру мен демалысқа арналған қондырғылар орнатуға пайдалану мүмкін, алайда үйлерге күн сәулесінің жарығының түсу және желдетілу жағдайлары нашарлайды, сондықтан ғимараттардың арасындағы қашықтық жеткілікті болуы керек: ғимараттардың алдыңғы жақтарының арасы олардың биіктіктерінен екі еседен кем емес, ал екі бүйірлерінің арасы - 10-15 м болуы қажет. Ықшамауданның басқа ауданында жасыл желектер отырғызылады (ықшамаудан ауданының 40% кем емес), тұрғындардың барлық жас топтарында байқалатын гиподинамияның алдын алу үшін, үлкен маңызы бар балалар алаңдары мен дене шынықтыру қондырғыларын орналастырады.
4-6 ықшамаудандарды тұрғын ауданға - ауданы 80-400 га жерді алатын, құрылымдық элементіне біріктіреді. Оның шекараларын жалпы қалалық маңызы бар магистарльды көшелер мен жолдар бойымен, сол сияқты табиғи және жасанды нысандар (өзендер, каналдар, жасыл желектер, темір жолдар, т.б.) арқылы жүргізеді. Адам тұратын аудандарда қоғамдық орталықтар болады, оларда аудандық және қалалық қоғамдық мекемелер, емханалар, ауруханалар, спорт қондырғылары, супермаркеттер, кинотеатрлар, кітапханалар орналасады.
3-қабатты ғимараттардан құралған адам тұратын аудандағы құрылыстың ең жоғары тығыздығы 28% аспауы, ал көп қабатты үйлерден тұратын аудандарда - 25% аспауы керек. Басқа ауданы көшелер, шағын бақтар, бульварлар, алаңдар үшін пайдаланылады.
Қолайлы микроклимат жағдайлары мен инсоляция көбінесе, құрылыс жүйесіне - ғимараттардың аумақта орналасуына, олардың ұзындығына, пішініне және өзара орналасуына байланысты болады. Құрылыс жүйелерінің бірнеше түрлерін ажыратады: біртұтас, тұйық, қатарлы, периметральды, тізбектік және топтық (6.3-сурет).
6.3-сурет. Ықшамаудандардың құрылыс жүйелері: а-периметральды, б-тізбектік, в-топтық.
Біртұтас жүйеде квартал аумағындағы үйлер көшелердің бойымен және кварталдың ішінде жаппай тұрғызылады. Тұйық жүйеде ғимараттар барлық периметр бойымен үздіксіз салынады, ал квартал ішінде аулалар орналасады. Біртұтас және тұйық құрылыс жүйелері гигиеналық тұрғыдан өте қолайсыз болып табылады, себебі, бұл жүйелерді қолданғанда, күн сәулесі аз түсетін, желдетілуге мүмкіндіктері жеткіліксіз, жасыл желектері жоқ деуге болатын, құдықтар тәрізді аулалар түзіледі. Құрылыстың мұндай түрлері бұрынғы жүз жылдықтарда жиі қолданылатын. Қазіргі кезде жарықтың жақсы түсуі мен желдетілуді қамтамасыз ететін, құрылыс жүйесінің ашық түрі пайдаланылады. Оның ішінде ең жақсысы тізбектік құрылыс жүйесі болып саналады, бұнда үйлердің арасындағы қажетті ара қашықтық сақталып, олар бір-біріне паралель орналасады. Периметральды құрылыс жүйесінде аралары ашық ғимараттарды көшелердің периметрі бойынша орналастырады. Топтық құрылыс жүйесінде, ғимарат топтарының арасында ашық араларды ұйымдастырып, ғимараттарды жекелеген аумақтарда топтап салады.
Көшелердің орналасуы мен өлшемдеріне де назар аудару керек, себебі бұл көрсеткіштер, негізінен, қала инсоляциясын, ауа массаларының айналымын, шудың деңгейі мен қаланың санитарлық жағдайын, адамдардың қозғалыс қауіпсіздігін және көлік ағынын т.б. анықтайды. Негізінен, көшелерді жоспарлаудың екі жүйесі қолданылады: радиалды және шахмат тәрізді. Радиалды жүйеде барлық көшелер, радиус тәрізді, қаланың шетінен орталығына қарай келіп қосылады және бір-бірімен айналып жүретін жолдармен қиылысады. Шахмат тәрізді немесе тік бұрышты жүйеде түзу көшелер бір-бірімен перпендикуляр орналасады. Сонымен қатар, жүйелердің аралас түрлері де қолданылады. Жақсы инсоляцияны қамтамасыз ету үшін, орта ендіктерде көшелерді меридиан бойымен орналастыру тиімді, ал жақсы желдетуді қамтамасыз ету және микроклимат жағдайларын жақсарту үшін, көшелерді елді мекендердегі желдердің басым тұратын бағыты бойынша орналастырады. Егер, шаңды және ыстық желдер басым болса, көшелерді олардың бағытына бұрыштай немесе перпендикуляр орналастырады.
Көшелер, олардың функционалдық мақсатына қарай, көліктердің жылдам жүруіне арналған көшелер, жалпы қалалық және аудандық маңызы бар магистральды көшелер, жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар, адам тұратын, өндірістік және қоймалар орналасқан аудандардың көшелері, көлік өтетін жерлер, жаяу жүргінші жолдары деп бөлінеді. Көліктердің жылдам жүруіне арналған жолдар мен жүк көліктері жүретін жолдарды селитебті территориядан тыс, санитарлық-қорғаныш аумағында орналастыру қажет. Селитебті аумақтарда көліктердің жылдам жүруіне арналған жолдарды тек тоннельдер мен эстакадаларда, жаяу жүргінші мен жергілікті қозғалыс жолдарынан және шу деңгейі шектен аспайтындай, оқшау жағдайда, орналастыру қажет. Көліктердің жылдам жүруіне арналған жолдардың жүргінші бөлігінің шетінен тұрғын үйлер аумағына дейінгі қашықтық 50 м кем болмауы керек. Көшелердің келесі ені ұсынылады: жалпы қалалық мәні бар, көлік қозғалысы үздіксіз магистральды көшелерге - 75 м, көлік қозғалысы реттелінетін көшелерге - 60 м, аудандық мәні бар, магистральды көшелерге - 35м, көп қабатты тұрғын үйлер аумағындағы көшелерге - 25 м, бір қабатты тұрғын үйлер аумағындағы көшелерге - 15 м.
Қазіргі кездегі қалалардағы 1000 тұрғынға 150-180 және одан да көп жеңіл автокөліктерден келетін, автокөліктермен жоғары қамтамасыз етілу жағдайында, тұрғын аудандарда, осы аудандарда тұратын адамдардың автокөліктерінің тұрақты сақталуы қамтамасыз етілуі керек, ал гараждар мен автотұрақтар тұрғын аудандардың шетіне және магистраль аралығындағы территорияларында, тұрғындардың демалыс орны мен балалардың ойын алаңдарынан қашық жерлерде салынуы қажет.
Жасыл желектер - тұрғын аудандардың міндетті түрдегі құрамдас бөлігі болып табылады. Олар, қаланы көркейтіп, қала тұрғындарын табиғатқа жақындатады және олардың денсаулық жағдайына қолайлы әсер етеді. Жасыл желектер қала микроклиматының адамға әсерін жеңілдетеді. Ағаштардың жапырағы күннің ыстық сәулелерінен қорғайды, ал шөптесін өсімдіктер қалың өскен топырақ, аз қызады (асфальттың температурасы 50ºС жеткен кезде, газоны бар топырақтың температурасы 20ºС аспайды). Жасыл желектер арасында ауаның температурасы 1-3 градусқа төмендеу болады. Көгалданған аумақ сол территориядағы ауа температурасын ғана емес, сонда орналасқан ғимараттардағы бөлме төмпературасын да төмендетеді. Бұдан басқа, ағаштар мен мен бұталардың жапырағы және газон шөптері, суды буландыра отырып, ауаның ылғалдылығын жоғарылатады.
Жасыл желектер желден қорғайды, шаң бөлшектерінің зат беттеріне қонуына жағдай жасайды және шаңның, тіпті кейбір газдардың да, біраз мөлшерін ұстап қала алады. Олар қоршаған ортаны оттегімен байытуда және түзілген көміртегі диоксидін сіңіруде үлкен рөл атқарады. Орташа көлемдегі ағаш 24 сағатта үш адамның тыныс алуына қажетті оттегінің мөлшерін қалпына келтіреді. Ағаштар ауаның иондану деңгейін және теріс зарядталған жеңіл иондардың санын арттырады, сонымен қатар, ауру тудыратын бактериялардың дамуын тежейтін немесе жоятын фитонцидтерді бөліп, қоршаған ортаны сауықтырады. Ағаш-бұта тектес өсімдіктер шудың деңгейін төмендетеді. 8-10 метрлік жасыл желектердің жолағы шу деңгейін 5-7 дБ төмендете алады.
Қалаларда көшелердің бойымен міндетті түрде ағаштардың отырғызылуы, ықшамаудандар мен тұрғын аудандарда шағынбақтар мен бақтардың, саябақтардың, орманды-саябақ зоналарының ұйымдастырылуы қарастырылады. Есептеулер көрсеткендей, қаланың селитебті аумағында, әдетте, территорияның 20-25% ғимараттар, 20-22% - көшелер, алаңдар, т.б. алуда, ал аумақтың қалған, шамамен, 50 % - көгалдандырылуы қажет. Қалаларда 1 тұрғынға жасыл желектердің 100-150 м2 келуі керек.
Қала маңы аумағындағы жасыл алап елді мекен үшін таза ауаның резервуары болып табылады. Тұрғындардың тиімді демалуында, ені 5-10 км болатын, орман-саябақ белдеуі маңызды рөл атқарады. Мұнда жаз және қыс мезгілдерінде де демалушыларға барлық жағдайлар жасалуы керек, сонымен қатар, жоғары деңгейдегі санитарлық жабдықталуы (сумен қамтамасыз ету, канализация, қалдықтарды жою, т.б.) қарастырылуы қажет. Орман-саябақ аумағы селитебті аумақпен ыңғайлы және жылдам жүретін көліктер көмегімен байланысады.
Коммуналдық-қойма аумағы сауда қоймаларын, көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған қоймаларды, көліктерге қызмет көрсететін кәсіпорындарды (депо, автотұрақтар), тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін (кір жуатын орындар, т.б.) орналастыруға арналған. Оны тұрғын ауданнан тысқары, көбінесе өндірістік мекемелердің санитарлық-қорғаныш аумағында орналастырады.
Сыртқы транспорт аумағында жолаушылар және жүк тасымалдайтын темір жол бекеттері, порттар, кемежайлар, т.б. орналастырады. Тұрғын ауданды теміржол желісінен 100 метрлік санитарлық қорғаныш аумағы арқылы бөлуді ұсынады. Жаңа теңіз және өзен порттары тұрғын аудандар аумағынан тыс, 100 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Әуежайлар үшін санитарлық қорғаныш аумағы олардың кластарына байланысты 5-30 км дейін болуы керек.
3.2. Ауылдық елді мекендердің жоспарлануы және құрылыс салынуы ерекшеліктері. Ауылдың жоспарлануы, құрылысы мен абаттандырылуы, қала құрылысындағыдай гигиеналық қағидаларға негізделген, бірақ мұнда ауыл жағдайларының ерекшелігі ескеріледі (құрылыс тығыздығы 5-6 %, ал елдің тығыздығы 1 га жерге - 20-25 адамнан аспайды). Ауылды жоспарлау барысында екі негізгі аумаққа бөледі: қоғамдық орталығы бар, тұрғын аудан аумағына және өндірістік аумаққа.
Ертеректе тұрғын үй ғимараттарын көлік магистралінің бойымен орналастыру кең таралған болатын. Бұл ауыл ауданының ұзаққа созылуына себеп болып, оның екі шетінің бір-бірімен өзара байланысына, сонымен бірге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуде және санитарлық-техникалық абаттандыруда қиындықтар туғызды. Қазіргі кезде, тұрғын үй ғимараттары мен оларға жанасатын үй жанындағы учаскелерден және көшелерден тұратын, тұрғын кварталдар түріндегі ықшамдалған құрылыс, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Осы кварталдарда, сонымен бірге, мәдени-тұрмыстық және емдеу-алдын-алу мекемелері, барлық тұрғындардың пайдалануына арналған жасыл желектер (саябақтар, шағынбақтар, бақтар), көшелер орналасады. Ықшамдалу нәтижесінде су құбырын, канализацияны, орталық жылу, газдандыру жүйелерін орнату, тротуарлар мен көшелерді орналастыру жеңілдетіледі және арзанға түседі.
Ауылдың орталық бөлігінде, әкімшілік мекемелері, пошта байланысы, клуб, асхана, дүкендер, қонақ үйлер, т.б. орналасатын, қоғамдық орталық ұйымдастырылады. Мектептер, бала бақшалар мен бөбекханаларды, аурухана мекемелерін қоғамдық орталық пен автомагистральдардан шеткері орналастыру қажет. Су көздерінің ластануын болдырмау үшін, тұрғын үй ғимараттарын олардан 100 м қашықтықта орналастыру керек.
Өндірістік аумақта барлық шаруашылық нысандары мен өндірістік кешендер (жөндеу-механикалық шеберханалары, мал жемін дайындайтын цехтар, мал бордақылау фермалары, қосалқы өндіріс орындары) орналастырылады.
Өндірістік аумақ химиялық және биологиялық ластаушы заттардың, сол сияқты шу, шаң, түтін, жағымсыз иістер мен шыбындардың көзі болып табылатындықтан, оны тұрғын үй зонасына қатысты ық жағынан, жергілікті жердің бедері бойынша және өзен ағысының бойымен төменірек орналастыру керек. Тұрғын аумағы мен өндірістік аумақ арасында санитарлық-қорғаныш аумағы жасалады, оның ені зияндылық деңгейі мен қауіптілік көзіне байланысты анықталады. Тұрғын аумаққа ең жақын қоймалық орындарды, олардан соң жөндеу шеберханаларын, одан ары мал және құс шаруашылық құрылыстырын, мал көңін сақтау және ауру малдарға арналған оқшаулау орындарын орналастырады. Тұрғын үйлер ғимараттары мен кішігірім мал шарауашылық фермалары (400-800 мал басына) арасындағы ара қашықтықтың ені 200-300 м болуы керек, ал мыңдаған мал басы бар, ірі фермаларға арналған санитарлық-қорғаныш аумағы 3-5 км дейін созылады.
Ауылдар мен жеке үй-жайлардың сумен қамтамасыз етілуі су құбырларын салу немесе, қызмет көрсету радиусы 100 м аспайтын, қоғамдық құдықтар жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.
Жекелеген үйлерді жылы сумен жабдықталған, жуылатын әжетханаларымен салу керек. Ағызынды суларды жою және тазарту үшін, үйлердің үй маңындағы учаскелерінде жер астындағы сүзу алаңшалары немесе сүзгі құдықтарды жабдықтау тиімді.
4. Қалалық шу. Шудың тұрғындарға қолайсыз әсер етуінің алдын алу. Коммуналдық шу адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін кең таралған физикалық факторлардың бірі болып табылады. Шу, адамға жағымсыз, кедергі жасайтын, жиілігі мен қарқындылығы әр түрлі, дыбыстардың жиынтығы болып табылады. Шудың пайда болуы негізінде серпінді денелердің механикалық тербелістері жатады, нәтижесінде тербелістегі дененің бетімен тікелей жанасқан ауа қабатында, оның уақытпен кезектесіп жүретін және серпінді бойлай толқын түріндегі таралатын, қоюлануы (сығылуы) мен сиретілуі пайда болады. Шығу тегіне байланысты шу - табиғи, тұрмыстық, өндірістік, өнеркәсіптік, транспорттық, әуе және көше шуы, т.б. болып бөлінеді.
Табиғи шулардың деңгейі, әдетте, төмен болады және адамның көңіл-күйіне әсер етпейді (6.1- кесте). Мысалы, жапырақтардың сыбдыры, теңіз толқындары шуының деңгейі 20 дБ аспайды. Тұрмыстық шу тұрғын үй бөлмелерінде пайда болады, ол теле-, радиоқұралдардың, тұрмыстық жабдықтардың жұмыс істеуімен, адамдардың сөйлесуімен, аспаптарда ойнауымен, құрылыс жұмыстарын жүргізуімен т.б. байланысты. Тыныш пәтерлерде ол 40 дБ аспайды. Радио, теледидарларды қосқан кезде, шу деңгейі өте күшейіп, ауыру сезімінің табалдырығына (100-110 дБ) жақындайды.
Өндірістік шу, өндіріс орындарындағы машиналар мен механизмдердің жұмыс істеуі кезінде туындайды. Мекеме территориясынан тыс аумақтарға таралатын өнеркәсіптк шу компрессор бекеттерінен, құрылыс және металлургиялық мекемелерден туындайды.
6.1 -кесте
Әр түрлі көздерден туындайтын шудың деңгейлері, (дБА).
Шу көздері |
Шу деңгейі |
Шу көздері |
Шу деңгейі |
Шусыз бөлме |
0 |
Жеңіл автокөлік қозғалатын көше |
70-80 |
Жапырақтардың сыбдыры |
10 |
Жүк көлігі |
70-90 |
1 м ара қашықтықтағы сыбырлап сөйлеу |
20 |
Дөңгелекті трактор |
96 дейін |
1 м ара қашықтықтағы қалта сағатының соғуы |
20 |
Шынжыр табанды трактор |
106 дейін |
Тыныш пәтер |
30 |
Дауыс сөндіргіші жоқ мотоцикл |
100 |
Әдеттегі тұрғын үй шуы |
50 |
Дауыс сөндіргіші бар мотоцикл |
82-85 |
Ақырын сөйлеу |
40 |
Трамвай |
80-90 |
1 м қашықтықтағы әдеттегі сөйлеу |
50-60 |
Троллейбус |
70-76 |
1 м қашықтықтағы қатты сөйлеу (лектор) |
70-80 |
Балалардың ойыны |
90-95 дейін |
Ән айту |
67-92 |
Жедел жәрдемнің сиренасы |
100 |
Емшектегі баланың жылауы |
80 |
Көшедегі дауыс зорайтқыш |
90-96 |
Пианинода ойнау |
90 |
Винтті ұшақ |
120 дейін |
Электракустикалық аппаратурадан шығатын музыка |
115 |
Автомобильдің сигналы |
80-100 |
Радиодан берілетін қатты музыка |
80 |
100 м қашықтықтағы реактивті ұшақ |
120 |
Ең қатты дауысы қосылған радиоқабылдағыш немесе телевизор |
100 |
Жолаушылар, жүк пойызы |
90-92 |
Лифт есігінің тарсылдап жабылуы |
78 |
Зымыран қозғалтқыштары, жарылыстар, қарудан ату |
175-210 дейін |
Көше шуы, көлік және көшенің барлық басқа шуларының (адамдардың сөйлеуі, жаяу жүргіншілердің аяқтарының сыбдырлауы, жол реттегіштерінің ысқырығы, т.б.) жиынтығы болып табылады. Көше шуының негізгі көзі - көліктер болып табылады, олар қаланың жалпы шуының 80% құрайды. Автокөліктерден таралатын шудың деңгейі 70-90 дБ құрайды, темір жол транспорты шу деңгейін 90-100 дБ дейін жоғарылатуы мүмкін. Соңғы жылдары, көптеген көлік қозғалыстарының артуына (сағатына 6000 машина дейін), көліктің жүк көтергіштігі мен қуатының жоғарылауына, қозғалтқыштың жылдамдығының жоғарылауына байланысты, қалалардағы шу деңгейлері 10-15 дБ өсті.
Ең күшті шу - 100-105-тен 120 дБ дейін - ұшақтардың ауаға көтерілу кезінде және қонар алдында туындайды. Авиациялық шу түнгі уақытта адамдарды ұйқысынан оятып қана қоймай, сонымен бірге, қорқыныш, үрей сезімдерін де туғызуы мүмкін. Әуежай аумақтарында тұратын тұрғындарда нәрестелердің өлі туылуы және туа біткен аномалиялар жоғары болатындығы көрсетілген. Авиациялық шу, сонымен қатар психикалық аурулар санының жоғарылуына да әкеп соғады.
Әдетте, қалалық шу түнгі уақытта аз болып, күндіз күшейеді. Алайда, дискотекалар, мейрамханалар, қатты дыбысты шоу-бағдарламалар кейде түнгі де, кешкі уақытта да, күшті және тітіркендіретін шулардың көзі болып табылады.
Шудың адам ағзасына әсері, оның күші мен жиілігіне, дыбыстың қысымына, амплитудасына, уақыт бойынша таралуына, адамға әсер етуінің режиміне және шудың шығу тегіне қатысты сипатына байланысты (ХΙ-тарау).
Шудың психофизиологиялық қабылдануы маңызды, кейде тіпті шешуші роль атқарады. Ол, дыбыстың күшінен басқа, шудың сипатын анықтайтын көзіне және адамның шу әсер еткен кездегі жұмыс түріне байланысты болады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда адамның сыбыры мен қорылдауы, қатты сөйлесу мен музыкаға қарағанда, көбірек мазасын алуы мүмкін. Көшеде жүргенде қолайсыз әсер етпейтін шу, демалу және ой еңбегімен айналысу кезінде кедергі келтіреді.
Шу тікелей немесе жанама түрде адамның тіршілік үшін маңызды барлық мүшелері мен жүйелеріне түгелдей әсер етеді. Шудың ағзаға өзіне тән - есту мүшесіне, сонымен бірге, өзіне тән емес те - орталық, шеткі жүйке жүйелеріне, жүрек қан-тамырлары, эндокриндік, асқорыту, т.б. жүйелеріне әсері байқалады. Шудың әсер ететін деңгейіне байланысты әр түрлі реакциялар байқалуы мүмкін. 30 дБ дейінгі шу қолайсыздық туғызбайды. 40-60 дБ шу деңгейінің өзі-ақ адамның ақпаратты синтездеуі мен талдауға байланысты жұмылдыруды талап ететін, ой еңбегіне зиянды әсер етеді.
Жайсыздықты сезінуге, мазасыздануға, жұмыстың, демалыстың, ұйқының бұзылуына шағым пайда болады. Көру- және есту сигналдарына қимыл реакцияларының жылдамдығы төмендейді, рефлекстердің күші төмендейді. Шудың деңгейі 40 дБ жеткенде-ақ ұйқы бұзылады. Ұйқының бұзылуына себеп болатын шудың табалдырықтық деңгейі, әсіресе, қарт адамдарда төмен (30 дБ және одан да төмен) болады. Балаларда ол жоғарырақ болып, 50 дБ дейін жетеді. 50 дБ шу деңгейі кезінде ұйқтап кетуге дейінгі кезеңі 1 сағатқа дейін созылады, ал терең ұйқы уақыты 60% дейін қысқарады. Ұйқының бұзылуы демалудың тиімділігін төмендетеді және үнемі шаршағыштықтың дамуына, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне және түрлі ауруларға шалдығудың жоғарлауына әкеп соғады.
65-90 дБА деңгейіндегі шу шеткі жүйке жүйесінің қозғыштығын жоғарылатады, АКТГ (адренокортикотропты гормон) қанға түсуін жоғарылатуымен, кортикостероидтардың деңгейінің көтерілуімен, қалқанша бездің қызметін ынталандыруымен сипатталатын, гипоталамо-гипофиздік-адреналинді жүйенің түрлі деңгейдегі айқын реакцияларын туғызады.
Бас ауыруы, ашушаңдық, көңіл күйдің тұрақсыздығы, тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, ойлау қабілетінің төмендеуі байқалады. Бастапқыда, негізінен, функционалдық өзгерістермен сипатталатын, жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуы байқалады. Тамыр соғуы мен артериялық қан қысымының тұрақты болмауы тән, жүрек тұсында жағымсыз сезінуге, жүректің қатты соғуына шағым туады. Бұдан кейін гипертония, жүректің ишемия ауруы, миокард инфарктысының туындауына себеп болатын, вазоконстрикция құбылыстары тұрақтылау бола бастайды.
Асқазанның жиырылу қабілеті және ішектің перистальтикасы нашарлайды, ас қорыту бездерінің секреторлық қызметі бұзылады. Қаланың шулы аудандарында тұратын тұрғындар, басқа аудандарда тұратындарға қарағанда, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің ауруларымен - орта есеппен 20%, ал жүйке жүйесінің ауруларымен - 18-23% жиі ауырады.
Шудың осы деңгейлерінде есту анализаторының тұрақты турде зорлануы байқалады, бұл дыбыстың есту табалдырығының 10-25 дБ жоғарылуына әкеледі және сөздерді түсінуде қиындықтар тудырады. Қажуды ұлғайтып, зейін қоюды нашарлатып, рефлекторлық реакциялардың жылдамдығын төмендетіп, дыбыс сигналдарын бүркеп, шу жарақаттануға жағдай жасауы мүмкін. Мысалы, автобус салонындағы шу (75-85 дБА дейін) немесе автокөлік кабинасындағы қарқынды шу (80-85 дБА) жүргізушінің жүйке жүйесіне әсер ете отырып, көшедегі жарақат алу қаупін жоғарылатады. Шусыз жерде демалу кезінде есту өткірлігі қайта қалпына келеді.
Шудың жоғары - 90-110 дБА дейінгі деңгейлері, әсер ететін шудың шамасына байланысты болады, есту қабілетінің уақытша бұзылуына немесе қайтымсыз кереңдікке әкеп соғады. 120-130 дБА шу құлақтың кіреберіс-ұлу мүшесіне әсер етіп, ауыру сезімін тудырады, ал 130 дБА жоғары болғанда, ганглийлердің жасушаларына оларды жоятын тікелей механикалық әсер етеді. 150 дБА деңгейдегі шу өлімге әкелетін барожарақатқа әкеп соғады, бұдан қорғану үшін шудан қорғайтын шлем мен костюм кию қажет. Ондай шу азғана биіктікте ұшып келе жатқан реактивті ұшақтың астында, зымыран ұшыратын орынға жақын жерде (175 дБ дейін және одан жоғары), жарылыстар кезінде пайда болады.
Елді мекендерді қалалық шудың зиянды әсерлерінен қорғау үшін, шудың әсер ету ұзақтығы мен сипатын ескере отырып, әр түрлі бөлмелерге, аумақтарға және адамның түрлі тіршілік жағдайларына арналған шудың шекті дыбыс деңгейі (дБА мен есептелетін) мен октавалары бойынша дыбыс қысымының деңгейлерін (дБ мен есептелетін) нормалайды (6.2-кесте).
Қалалық тұрғын үй құрылысының техникалық және архитектуралық-жоспарлау шешімдерін, санитарлық нормаларға негіздей отырып, түрлі аумақтар мен бөлмелердегі шудың деңгейлерінің шектен аспауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей етіп, дайындайды.
Қалалық коммуналдық шудың қолайсыз әсерлерінің алдын алу бойынша шаралар жаңа салынатын немесе реконструкцияланатын қала (ықшамауданның) құрылысының жобасын дайындау кезінен-ақ басталып жүргізілуі қажет.
6.2 - кесте
Әр түрлі аумақтар мен бөлмелердегі шудың рұқсат етілген деңгейлері
Аумақтардың аталуы |
Шудың эквивалентті деңгейі, дБА |
|
Күндіз, 7-ден 23 сағатқа дейін |
Түнде, 23-тен 7 сағатқа дейін |
|
Елді мекеннің селитебті аумағы |
55 |
45 |
Реконструкцияланатын тұрғын үй құрылысы |
60 |
50 |
Әуежайлар мен аэродромдар жанындағы тұрғын үйлер құрылысының аумағы |
65 |
55 |
Демалыс пен туризм аумақтары |
50 |
30-35 |
Санаториялық-курорттық аумақ |
40-45 |
30-35 |
Үйлер қабырғасының жанындағы көшедегі қозғалыс |
50 |
40 |
Тұрғын үйлердің аумағы |
55 |
45 |
Тұрғын үй бөлмелері |
40 |
30 |
Сыныптар мен аудиториялар |
50 |
40 |
Ауруханалар мен санаторийлердің палаталары |
35 |
25 |
Кафе, ресторандардың залдары |
55 |
«Шу картасы» деп аталатын, карта құрастырылады, онда қала аймағында келешекте болуы мүмкін шу көздері мен қаладағы шудың таралу жолдары және деңгейлері белгіленеді. Бұрыннан тұрған қалаларда осы сияқты шу карталарын елді мекеннің әр түрлі орындарында шуды жоспарлы түрде өлшеу арқылы жасайды. Шу картасының ШРЕД мөлшерімен сәйкестендірілуі қаладағы акустикалық қолайлы жағдайлар үшін күресу жолындағы міндеттерді нақтылауға көмектеседі.
Көше шуының алдын алу бойынша шаралар келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: шудың пайда болу себептерін жою немесе шуды шығару көзінде әлсірету; шудың күшін оның таралу жолында әлсірету және шуды тікелей одан қорғау нысанында әлсірету. Бұл шаралардың ішіндегі ең тиімдісі, шудың пайда болу себептерін жоюға немесе шудың әсерін оның шығару көзінде әлсіретуге бағытталған шаралар болып табылады. Мысалы, шудың көп мөлшерде төмендеуіне шуды аз шығаратын көліктерді жасау және шығару нәтижесінде қол жеткізуге болады. Алайда, мұндай шешімдер барлық уақытта мүмкін болмайды
Сондықтан, шу деңгейлерін таралу жолдарында төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруы маңызды болып саналады, олар архитектуралық-жоспарлау және құрылыс-акустикалық - 2 топқа бөлінеді. Елді мекендерді міндетті түрде зоналарға бөледі, тұрғын үйлерді шу көздерінен алыстататын, тұрғын үй аумағына ықшамаудандар салады, магистральды және жоғары жылдамдықты жолдар қаланың шетіне, ал шу шығаратын өндірістік мекемелері - тұрғын аумақтан тысқары жерге шығарылады, темір жолдар, вокзалдар, әуежайлар санитарлық нормаларда бекітілген ара қашықтықта орналастырылады.
Сол сияқты құрылысакустикалық шараларды - экрандармен қорғануды қолданады. Экран ретінде, шудан қорғану үшін талаптары төмендетілген ғимараттар, шудан қорғалған тұрғын үй ғимараттары, жер бедерінің жасанды немесе табиғи элементтері (жыралар, ойпаттар, биік төбешіктер, жол жағасындағы тіреуіш, қоршайтын және шудан қорғайтын қабырғалар), көгалдандыру жолақтары қолданылады. Шудан қорғалған ғимараттардың құрылысын жоспарлағанда, ұйықтайтын бөлмелерді көшеге қарама-қарсы бетте орналастырылуын қарастырады.
Шудан қорғану кезінде ғимараттарда дыбысты оқшаулау (дыбыс энергиясының қоршаудан өту үрдісі кезінде әлсіреуі) мен дыбысты сіңіру (дыбыстың сіңірілуі есебінен дыбыс энергиясының әлсіреуі) кеңінен қолданылады. Дыбыстық оқшаулау мақсатында бұрында кеңінен қолданылып жүрген бір қабатты пәтераралық қабырғалардың орнына, көп қабатты қабырғаларды қолданады, терезелерді екі қабат етіп жасайды және тамбуры бар есіктерді орнатады. Соңғы кездері дыбыс оқшаулайтын желдеткіш терезелер қолданылуда, бұлар дыбысты оқшаулап қана қоймай, бір мезгілде терезе астындағы қабырғадағы саңылауға орнатылған желдеткіштің көмегімен бөлмені желдетуге мүмкіндік береді. Минералды мақта, гипс, армирленген шыны-талшық, поропласт, ұяшықты бетоннан жасалған дыбыс сіңіретін қаптауыштарды қолданады.
Әкімшілік шаралардың маңызы үлкен болып табылады, ал кейде ол негізгі орын алады. Оларға көшеде жүретін көліктердің сигналдарын шектеу, жеңіл және жүк тасымалдайтын көліктердің белгілі бір көшелерде қозғалысын реттеу, пәтерлер мен көше шуларын 23 - 7 сағат аралығында және демалыс күндерінде де шектеу, сонымен бірге, бұл уақыт аралығында кейбір көшелерде автокөліктердің қозғалысына тыйым салу, көшелер, алаңдар мен шағын бақтардағы дауыс күшейткіш құралдардың дыбысын шектеу, т.б. сияқты шаралар жатады.
Тұрғындарға гигиеналық тәрбие бермей, шумен күресу мүмкін емес. Үлкендердің денсаулығы мен олардың еңбекке қабілеттілігінің жоғары болуына, балалардың сабақ үлгерімі, жақсы, сергітетін ұйқы, тиімді демалыс (әсіресе, өндірістік шудың әсерінен кейін), көтеріңкі көңіл-күй болуы үшін, акустикалық қолайлы жағдайдың маңызын әркім түсінуі керек және оларды қалыптастыруға өз күшін салуы тиіс.
VII- ТАРАУ. ТҰРҒЫН ҮЙ ГИГИЕНАСЫ
Адам өз өмірінің көп бөлігін үйде өткізеді, сондықтан адам үшін тұрғын үйдің атқаратын ролі ерекше. Үй адамды климаттық факторлардың (ыстықтан, желден, атмосфералық жауын-шашындардан) қолайсыз әсерлерінен қорғайды, оның ой еңбегімен айналысуына, бала тәрбиесі, демалуы үшін, еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіруіне және жеке басының гигиенасын сақтауға қолайлы жағдайлар туғызады. Жақсы тұрғын үй адамның денсаулығына, оның эмоционалдық жағдайына, жұмыс қабілетіне және барлық тұрмыс тіршілігіне қолайлы әсер етеді.
Тұрғын үй адамның қолымен жасалған жасанды, әлеуметтік орта болып табылады, оның әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық факторлары адамның денсаулығына әркелкі әсер етеді. Мысалы, тұрғын үй ішінде әсер ететін физикалық факторларға микроклимат, бөлмелерге күн сәулесінің түсуі және жарықтанғандығы, техногенді электромагниттік сәулеленулер, шу, вибрация жатады. Химиялық факторларға сыртқы атмосфералық ауамен түсетін ластаушылар және үйдің ішіндегі әр түрлі көздерден бөлінген ластаушы заттар кіреді, ал биологиялық факторларға түрлі микроорганизмдер және олардың тіршілік үрдістерінің өнімдері жатады.
Қазіргі кездегі, қала құрылысының қарқынды өсуі жағдайында, құрылыс тығыздығының жоғарылауына, аэрацияның төмендеуіне, тұрғын үйлердің маңында зиянды нысандардың орналасуына, құрылысқа уландыратын қасиеттері толық зерттелмеген әр түрлі композит-материалдарды пайдалануына, құрылыстардың жасыл желектерді азайтуына, т.б. байланысты өзгерген ортаның адамның денсаулығына зиянды әсер ету қаупі едәуір жоғарылайды.
Тұрғын үйдің адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес келуі бірқатар жағдайларға, атап айтқанда:
Осы аталған барлық мәселелерді тұрғын үй гигиенасы зерттейді. Тұрғын үй гигиенасының негізгі міндеттері, адамның тұрғын үйі ғимараттарында болуы кезінде салауатты және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған тиісті гигиеналық нормативтер мен ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында тұрғын үй жағдайының тұрғындардың денсаулығы мен тұрмысына тигізетін әсерін зерттеуден турады.
1. Тұрғын үй құрылысына жер учаскесін таңдау. Тұрғын үй ғимараттарының түрлері.
Тұрғын үй ғимараттарына табиғаты жағынан қолайлы: биіктеу, суаттар мен көк желектерге жақын жерлерде, шу, өнеркәсіп шығарындылары, биологиялық ластаушы көздерінен едәуір қашық орналасқан жер телімі бөлінуі қажет. Жер телімінің өлшемі жеткілікті болуы керек, себебі, тұрғын үй ғимаратынан басқа, ол жерде балалардың ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыруға, жасыл желектер отырғызуға, тұрғындарға арналған демалатын зонаны бөлуге және қосымша құрылыстар салу үшін аумақтар қарастырылуы қажет.
Құрылыс ауданы 25 % аспау керек, ал 9-16 қабатты үйлер үшін 12,5-15% аралығында қолайлы болып табылады. Топырағы құрғақ, ластанбаған, сүзу қабілеті жоғары, грунт суларының тұрған деңгейі төмен болуы керек, өйткені, төменгі қабаттардағы бөлмелердің микроклиматы осы аталған жағдайларға байланысты болады. Тұрғын үйлер салынатын орындарға күн сәулесі жақсы түсетін және жақсы желдетілетін болуы керек, соның нәтижесінде бөлмелерде тиісті табиғи жарық пен ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. 2-3 қабатты ғимараттардың фасадтары арасындағы қашықтығы 15 м-ден кем болмауы керек, ал биіктігі 4 қабат және одан да жоғары ғимараттардың арасындағы қашықтық 20 м-ден кем болмауы тиіс. Ғимараттардың терезелер орналасқан бүйір жақтарының ара қашықтықтары 15 м-ден кем болмауы керек. 9-16 қабатты ғимараттар мен бір және екі қабатты коттедждер арасындағы қашықтық, көп қабатты ғимараттың биіктігінен кем болмауы керек. 1-қабатында пәтерлер орналасқан тұрғын үйлерді қызыл сызықтан (көшенің сыртқы шегі) 2 м-ден кем емес шегіндіре салу қажет.
Үйлердің бірнеше түрлері бар: бір пәтерлі бір қабатты, бір пәтерлі екі-, үш қабатты (коттедждер), көп пәтерлі аз қабатты, көп қабатты, биік.
Бір немесе екі отбасыларға арналған бір қабатты немесе екі қабатты үйлер қаланың жеке адамдар үй салған аудандарына, қала айналасындағы аймақтарға, сондай-ақ, ауылдық елді мекендерге тән. Жеке бір пәтерлік үйдің түрлерінің бірі, коттедждер болып табылады, оның 2-ші немесе 3-ші қабатында мансарда орналасады. Коттедждер көбінесе шетелдерде кеңінен таралған, бірақ, көп пәтерлі үйлерге қарағанда, олардың біраз артықшылықтары болғандықтан, мұндай құрылыс түрлері біздің елімізде де көптеп салынуда.
Бұндай құрылыс түрі жақсы күн сәулесі түсуі мен ауа алмасуын, қолайлы микроклиматты, бау-бақшаны пайдалану мүмкіншілігін, ашық ауада ұзақ уақыт болуды, балаларды сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар, тамақ рационын жаңа піскен көкөністер мен жемістермен байыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Алайда, құрылыс тығыздығы үлкен болмаса да, мұндай үй-жайға бөлінетін жер телімінің ауданы едәуір, бұл қала жағдайында жердің ауданы азаюына байланысты барлық уақытта бірдей мүмкін бола бермейді. Бұдан басқа, жол салуға, су құбырларын, канализация, энерго-газбен жабдықтау жүйелерін салуға біраз қаражат жұмсауды қажет етеді.
Тұрғын үй құрылысы практикасында қазіргі кезде көбінесе әр түрлі қабатты, бірақ пәтерлер жоспарланған үйлер қолданылады. Ірі қалаларда көп пәтерлі, көп қабатты ғимараттар салу, соңғы жылдары экономикалық мақсаттарға байланысты қарқынды жүзеге асырылуда. Мұндай құрылыс түрінде аумақтарды инженерлік дайындауға, жер асты коммуникацияларын жүргізуге шығын төмендейді, үлкен қалалардың маңайында барған сайын азайып бара жатқан жерлер ұтымдырақ пайдаланылады.
Алайда, көп қабатты үйлердің белгілі бір кемшіліктері бар. Онда тұрғындардың тығыздығы жоғары болады, үйдің орналасуына және ондағы ішкі ортаға көптеген сыртқы факторлар (көшелерді жоспарлау, көрші үйлер) әсер етеді, микроклиматына жасыл желектердің жайлы әсері байқалмайды. Үйдің биіктігі таза ауада ұзақ уақыт бойына жүруге мүмкіндік бермейді, бұл үйлердің тұрғындарында биіктіктен қорқу сезімдері пайда болады. Бөлмелерде жылу режимі, ауа алмасуы жиі бұзылады, дыбыс изоляциясы жеткіліксіз, бөлмелердің ауасы желдеткіш шахталар мен қоқыс құбырларынан шыққан заттармен ластанады.
Екінші жағынан, көп қабатты (5 қабаттан артық) ғимараттарда санитарлық-техникалық қолайлы абаттандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету жеңілірек болады. Бұл ғимараттар орталық су құбырымен, канализациямен, қоқыс құбырларымен, лифттермен, балкондармен және лоджиялармен, орталықтан жылыту жүйесімен, табиғи желдетілуді күшейтетін құралдарымен, ал ыстық аудандарда кондиционерлермен және тұрғын үй бөлмелерін шаңнан тазартатын ваккумды қондырғылармен жабдықталады.
Кейінгі кездері, 24-30 қабатты биік үйлердің, соның ішінде, бөлмелері екі деңгейде орналасқан, лоджиялар мен балкондары, кең холлы бар люкс-пәтерлер салу кеңінен таралуда. Бұндай ғимараттардың салу тұрғын үй бөлмелерінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі күрделі сәулеттік-жоспарлау және санитарлық мәселелерді шешуімен байланысты. Бұдан басқа, ғимараттың бұрынғы жалпы түрін сақтай отырып, оның қабаттарын едәуір көбейту, адамның қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайларына қарама-қайшы келеді, гипоксия тудырады, оның психикасына теріс әсер етеді. 16-22 қабатты үйлердің алып қабырғаларымен қоршалған аулалар адамдардың демалуына арналған кеңістік ретінде кабылданбайды. Тұрғындар ондай аулаларда болғанда, өзін көңілсіз сезінеді.
Терезелері «шыңырауға» шығатын, ал балкондары мен лоджиялары жердің бетінен ондаған немесе жүздеген метр биіктікте орналасқан, биік қабаттарындағы пәтерлер тұрғындарының өмір сүруіне өзіне тән қолайсыздықтар тудыратыны әбден айқын. Мүмкін, өзінің эволюция үрдісінде жердің бетіндегі тіршілікке үйренген, адам ағзасының физиологиялық қасиеттерімен санасу керек шығар.
Қазіргі кезде әр түрлі нақты жағдайларға қолайлы болып табылатын тұрғын үй құрылысының ұтымды түрлері іздестірілуде. Мысалы, қазірдің өзінде, гимараттардың корпусы қиғаш, кертпеш түрінде салынуда, бұл кезде пәтерлер бірінің үстіне бірі, кемерленіп орналасады. Бұндай үйлердегі пәтерлердің тұрғындары, кез келген қабатта өздерін жайлы сезініп, биіктіктен қорқу сезімінен арылады, жоғарғы қабаттары төмендегі қабаттарын көлеңкелемейтіндіктен, барлық пәтерлерге күн сәулесі біркелкі түседі. Бірақ, көз жетерлік болашақта «тым биік» тұрғын үйлер салу аса қолайлы болмайды.
2. Тұрғын үйлердің ішкі жоспарлануы
Тұрғын үйдегі қолайлы жағдайлар келесі гигиеналық талаптарды орындау арқылы қамтамасыз етіледі:
Тұрғын үй ғимараттарының ішкі жоспарланауының үш түрі бар: пәтерлік, галереялық, қонақ үйлік, немесе дәліздік. Көбінесе, ең жиі қолданылатыны пәтерлік түрі, бұнда бірнеше пәтерлер бір сатыдағы алаңда орналасады. Аз пәтерлі (бір алаңда 2 пәтер) және көп пәтерлі (бір алаңда 3-5 пәтер және одан көп) секциялар да болады. Аз пәтерлі секция ең қолайлы жоспарлануы болып табылады, себебі бұл түрі пәтерлерді желдету үшін ең жақсы жағдайды қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй ғимараттарындағы пәтерлерді, оларда бір отбасы тұратын жағдайдан алып, жобалайды. Әрбір пәтерде адамадар тұратын (қонақ бөлме, ұйықтайтын бөлме, жұмыс кабинеті) және қосалқы бөлмелер (кіре беріс, асүйі, дәліз, жуынатын бөлме, дәретхана, балкон, лоджия) қарастырылады. Отбасы мүшелерінің ішінде қарттар мен мүгедектер бар пәтерлерде балкондар мен лоджиялар міндетті түрде болу керек. Пәтердің жоспары, адамдар тұратын бөлмелерді қосалқы бөлмелерден оқшаулауды, өтпелі бөлмелердің санын ең аз етіп, бөлмелер арасындағы қолайлы байланысты, оларға күн сәулесінің жақсы түсуін және өтпелі желдету мүмкіншілігін, шу мен ауаның ластануының алдын алуды қамтамасыз етуі және ең жақсы микроклимат жағдайларын жасауға мүмкіндік тұғызуы тиіс.
Пәтерлерді екі жақтылы жоспарлау ең қолайлы болып табылады, оның бір жақтыдан айырмашылығы, пәтердің бөлмелері екі жағында да: ғимараттың фасадында да және аулалық бөлігінде де орналасады. Бұндай жоспарлау химиялық және биологиялық ластаушы заттардың концентрациясын 3-5 есе төмендетіп, тиімді желдетуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік тұрғын үй қорының үйлеріндегі пәтерлердің ауданының жоғарғы шегі гигиеналық талаптарға сәйкес құрылыс нормалары мен ережелерімен анықталады. Олар пәтерлердің 2 түріне есептелген: аз метражды және толық метражды (7.1 - кесте)
7.1. - кесте
Аз метражды (А) және толық метражды (В) пәтерлер ауданының жоғарғы шегі
Бөлмелер саны |
Пәтерлердің ауданы |
|||
А |
Б |
|||
Қала |
Ауыл |
Қала |
Ауыл |
|
1 |
28 |
38 |
36 |
44 |
2 |
44 |
50 |
53 |
60 |
3 |
56 |
66 |
65 |
76 |
4 |
70 |
77 |
77 |
89 |
Пәтердегі ең жақсы бөлмелерді ұйықтайтын бөлмелерге беру керек, өйткені олар демалуға, ұйықтауға, көңіл аударып жұмыс атқаруға (жұмыс кабинеті болмаған жағдайда), науқастанған жағдайда болуына және т.б. арналады. Ұйықтайтын бөлменің ең аз ауданы 8 м2 кем болмау керек. Гигиенистердің пікірі бойынша, атааналардың ұйықтайтын бөлмелерінің ауданы 12-15 м2 болу керек. Бір бөлмеде ұйықтайтын адамдар саны 2-ден (ерлі зайыптылар, бір жыныстағы адамдар) артық болмауы керек. 12-14 жастан асқан әр жыныстағы балалардың жеке ұйықтайтын бөлмелері болуы керек. Ұйықтайтын бөлмелер өтпелі болмауы тиіс.
Күндіз болуға арналған бөлмелердің (қонақ бөлме, ас үй) ауданы 16 м2 кем болмауы керек. Оны кез-келген бағытқа еркін бағыттауға болады, бірақ, оңтүстікке бағытталғаны дұрыс, сондай-ақ, бұл бөлме өтпелі болуы мүмкін. Адамдар тұратын бөлмелердің биіктігі 2,5 м-ден кем болмауы керек, бірақ қолайлырағы одан да жоғары шамалар - 2,75-2,9 м болып табылады. Бөлменің ауданын ұлғайту есебінен биіктігін төмендетуге болмайды, себебі, бөлме төбесінің астында жиналған қызған, ластанған ауаны шығару үшін, оны мен адамның басы деңгейіндегі ауа қабатының арасында 0,3-0,5 м кем емес ауа қабаты болуы керек.
Қосалқы бөлмелердің ішіндегі ең маңыздысы - асүйі болып табылады, онда ас пісіріледі және тұрғындар, көбінесе тамақтанады да. Асүйі ас дайындау кезінде үнемі ластанып отыратындығын және онда әр түрлі тұрмыстық электр құрал-жабдықтары (мұздатқыш, ыдыс жуатын машина, қысқа толқынды пеш және т.б.) орналасатынын ескеріп, асүйнің ең аз ауданы 8 м2 кем болмауы керек. Тек бір бөлмелі және ауданы шағын екі бөлмелі пәтерлерде ас үйінің ауданын 5 м2 етіп жоспарлауға рұқсат етіледі.
Асүйін су құбырымен және канализациямен қамтамасыз ету үшін, санитарлық жүйені оның жанында орналастырады. Ванна бөлмесінің ең аз ауданы 3,5 м2, ал әжетхананың - 0,96 м2 кем болмауы тиіс. Бір бөлмелі пәтерлерде біріктірілген санитарлық жүйені орнатуға рұқсат етіледі.
Қолайлы бағытталған (оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс) балкондар, лоджиялар мен верандалар сауықтыратын, сондай-ақ, емдік маңызы бар.
Оңтүстік ендікте галерея түріндегі үйлерді де салады, үйлердің бұл түрінде барлық пәтерлердің есіктері галереяға шығады, соның арқасында барлық бөлмелер қолайлы бағытталады, ал галерея таза ауаның қосымша резервуары болып табылады.
Қонақ үйі немесе дәліздік түрдегі үйлерде пәтерлер бір дәліздің екі жағында орналасады. Бұлай етіп көбінесе жатақханалар мен қонақ үйлерін салады. Бұндай жоспарлау кезінде бөлмелердің өтпелі желдетілуі қиындайды, аурулардың қоздырғыштары таралуына қолайлы жағдай туады, коммуналдық шу деңгейі жоғары болады, қосымша бөлмелердің саны азаяды.
Жатақханалардың адам тұратын бөлмелері, ауданы әрбір тұратын адамға ауданы 6,0 м2 кем болмаған кезде, 3 адам ғана тұруына есептеледі. Бөлмелер өтпелі болмауы қажет. Оларды әдетте, қосымша бөлмелермен бірге (ас үй, санитарлық жүйе, кіреберіс), сиымдылығы, жеке бастылар үшін 12 адамнан артық емес және отбасылы адамдар үшін 3 адамнан көп емес адамдар тұратын ұяшықтарға топтастырады
Қазіргі кездегі тұрғын үйлер пәтерлерінің жайлырақ өлшемімен ерекшеленеді. Мысалы, қонақ бөлмелердің ауданы 24-30 м2, ұйықтайтын бөлменің - 15-18 м2, асүйдің - 12-14 м2 -ге дейін жетеді. Кіреберістер, ванна бөлмелері мен әжетханалардың да аудандары үлкейді. Пәтерлердің, адамдар тұратын бөлмелердің де, қосымша бөлмелердің де аудандарының ұлғаюы, сөзсіз, ауа алмасудың жақсаруына, ластану деңгейінің төмендеуіне, психологиялық және физиологиялық комфорт болуына жағдайлар туғызады.
Ауыл тұрғындарының жеке тұрғын үйлері, ауылдық жерлердегі кейбір өзіне тән тіршілік жағдайларын ескеріп, жоғарыда аталған барлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Мысалы, ауылдық адамдар тұратын үйлерде, тұрғын бөлмелерден, асүй, әжетхана, ванна бөлмесі, кіреберістен басқа, әйнектелген верандалар салынуы, жұмыс киімдері мен қысқы киімдер, сыртқы киім сақтайтын орындарды қарастыру қажет.
3. Тұрғын үйлердің ішкі ортасын ұйымдастыру
3.1. Микроклимат жағдайлары.
Тұрғын үйдің бөлмелеріндегі микроклимат жағдайлары адам ағзасының жылу алмасуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі және суық кезде де, жаздыгүні де жақсы жылу сезінуін беруі керек (ΙΙΙ тарау). Жасалған жайлы жылылық адамның бөлмеде белгілі бір уақытта болуымен шектелмеуі керек және қосымша бейімделу механизмдерінің іске қосылуын талап етпеуі тиіс. Жеңіл үй киімін киген адам салыстырмалы түрде аз қозғалу жағдайында да, өзін жайлы сезінуі қажет.
Тұрғын үйдің микроклимат көрсеткіштерін нормалағанда, адамдардың жасы, жыл мезгілі, климат жағдайлары, бөлменің қандай мақсатта пайдаланатыны ескерілуі керек, яғни нормативтер дифференциалды түрде бекітіледі. Бөлмедегі ауа температурасының орташа деңгейі және ауа температурасының тәуліктік ауытқулары, температураның тігінен және көлденінең алғандағы ауытқулары, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы нормаланады (7.2- кесте).
Қыс мезгілінде орта және жылы климаттық аймақтарда бөлмелердегі ауаның ең қолайлы температурасы - 18-20ºС, суық аймақтар үшін - 20-22ºС, ыстық аймақтар үшін - 17-18ºС болып табылады. Жылдың суық мезгілінде жылылық жағдайды қалыпқа келтіру үшін үйдің ішіндегі температура біршама жоғарғы болуы керек, себебі энергия ағзаның салқындауның алдын алуға бағытталған зат алмасуын ынталандыруға, қан тамырлары реакцияларын іске қосуға жұмсалады. Қазіргі үйлердегі үлкен әйнектелген беттер қыста өздері салқындап, сәулелену арқылы жылу берілуі нәтижесінде, адам ағзасынан жылудың көп мөлшерде жоғалуына әкеп соғады. Микроклиматты қалыптыстыруға, сонымен бірге, құрылыс материалдарының ауа өткізгіштігі мен гигроскопиялылығы, қабырғалардың қалыңдығы да әсер етеді. Ауа өткізгіштігі және гигроскопиялылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бөлмеде температура тез төмендейді. Осыған байланысты, көп адамдар үшін бөлмедегі қолайлы ауа температурасы 20-23ºС болып табылады.
7.2-кесте
Тұрғын үй бөлмелеріндегі микроклиматтың қолайлы параметрлері
Жыл кезеңі |
Ауа темпера-турасы, ºС |
Салыстыр-малы ылғалды-лығы, % |
Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/сек |
Температураның ауытқулары, ºС |
|
Тігі-нен |
Көлденеңі-нен |
||||
Суық және өтпелі |
18-23 |
40-60 |
0,1-0,25 |
2-3 |
2-ге дейін |
Жылы |
22-24 |
40-60 |
0,1-0,25 |
2-3 |
2-ге дейін |
Ұйықтайтын бөлмелердегі ауаның температурасы төмендеу (16-18ºС) болуы керек, себебі, бұл ми қыртысы қызметінің таралған тежелуіне ықпал етіп, терең және жақсы ұйқыны қамтамасыз етеді.
Температураның тігінен және көлденеңінен ауытқуы 2-3ºС-тан аспау керек, себебі, температураның едәуір ауытқуы, адамның аяқ-қолдарының салқындауына және әр түрлі аурулардың дамуына әкеп соғады. Еден деңгейіндегі төмен температура адамның аяғының мұздауына, көңіл-күйінің төмендеуіне және суық тигеннен болатын аурулардың, әсіресе балаларда, көбеюіне әкеп соғады. Орталықтан жылытылатын бөлмелердегі ауа температурасының тәуліктік ауытқуы 2-3ºС, ал, пешпен жылытылатын бөлмелерде 4-6ºС болуы тиіс.
Бөлмелердегі қолайлы салыстырмалы ылғалдылық 30-60% деп есептеледі. Ауаның қозғалу жылдамдығы 0,1-0,15 м/сек дейін жылдың суық мезгілінде қолайлы деп саналады. Ауаның 0,3 м/сек дейін қозғалу жылдамдығы үй температурасы жағдайында қолайсыз, денені салқындататын сезім (азынақ сезімін) бермейді.
Жылыту жүйесі тұрақты ыңғайлы микроклимат қалыптастыруы қажет. Микроклиматты автоматты, орталықтандырылған немесе жеке түрде реттейтін мүмкіншілігі болғаны да дұрыс. Жылыту бөлмелердегі ауаны отынның жануы кезінде түзілетін иіс газымен және әр түрлі өнімдермен ластайтын көзі болмауы керек. Бөлмелердің ауасы жылытатын құралдарға отырған органикалық шаңдарының күюі және құрғақ айдау кезінде түзілетін газдармен ластанбауы керек. Бұл газдар ауаға жағымсыз иіс беріп, адамның тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіреді, тамақ кеберсуі сезімін және басының ауыруын тудырады. Егер жылытатын құралдардың бетінің температурасы 70-85°С аспаса, олардың бетіне отырған шаң күймейді. Жылытатын құралдар бөлмеде көп орын алмауы қажет және бөлмені отын, күлмен ластамау керек. Жылыту пайдалануға ыңғайлы, өрт пен күйік қаупін туғызбауы керек.
Жылыту жүйесінің екі түрі болады: орталықтан және жергілікті (пешпен) жылыту. Орталықтан жылыту кезінде отын жағатын орынды (қазандықты) жылытылатын бөлмелерде тұрған жылытатын құралдардан бөлек орналастырады. Қазандық жеке пәтерге, ғимаратқа, ғимарат тобына, бүкіл ауданға (аудандық жылу жүйесі, жылуэлектрорталығы) біреу болуы мүмкін. Пеште отын жанған кезде түзілген жылу, жылу жеткізгіш ортаны - суды, буды немесе ауаны жылытып, олармен бірге жылытатын қондырғыларға беріледі.
Жылыту жүйесі, жылуды жеткізетін ортаға байланысты, сумен, бумен немесе ауамен жылыту деп аталады. Орталықтан жылытудың, жергілікті жылытуға қарағанда, көп артықшылықтары бар, ол тұрғындарды от жағу жұмысынан босатады, біркелкі (уақыт пен кеңістік бойынша) микроклиматты қамтамасыз етеді, адам тұратын бөлмелерді ластамайды, өрт шығу тұрғысынан қауіпсіз болып табылады. Қыздыратын құралдар - радиаторлардың көлемі үлкен емес және әдетте, терезелердің астында орналасады. Терезеден бөлмеге кірген суық ауа өз жолында қызған радиатордан шыққан ауамен кездесіп, онымен араласады да, еден деңгейінде пешпен жылыту кезінде байқалатын суық ауа ағынын туғызбайды. Жергілікті жылытуды орталықтан жылыту ығыстырып шығаруда, сондықтан, жергілікті жылыту қазіргі кезде көбінесе бір қабатты үйлерде қолданылады.
Тұрғын үйлерді, мектептер, ауруханалар мен қоғамдық ғимараттардың көпшілігін жылытудың ең жақсы түрінің бірі сумен жылыту болып табылады, ол бөлмеде біркелкі, реттелуі жеңіл микроклиматты қамтамасыз етеді. Радиаторлардың бетіндегі температура 85ºС тан жоғары көтерілмейтіндіктен, оларда шаңның күюіне мүмкіндік болмайды. Радиаторлардан шыққан жылу, бөлмеге негізінен, олардың бетінің ауамен жанасуы кезінде таралады. Сондықтан, мұндай жылыту конвекциялық деп аталады. Қазіргі кезде бір қабатты ғимараттардың өзінде, әр пәтердің өзін сумен жылыту барған сайын жиі қолданылады, бұл кезде су ысытатын қазандық асүйде немесе жеке бөлмеде орнатылады.
Бумен жылыту радиаторлардың бетіндегі температураның өте жоғары болуына байланысты тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылытуға жарамсыз болып табылады.
Ауамен жылыту екі қызметті: жылыту мен желдетуді бірге атқарады. Алайда, оны қолданғанда гигиеналық ақаулар байқалады, сондықтан, жылытудың бұл түрі тек ірі көлемді бөлмелерді (театр, өнеркәсіп кәсіпорындарын) жылыту үшін қолданылады. Едәуір жиі, соның ішінде ауруханаларда да, жылытудың панельдік-сәулелік түрі қолданылады. Бұл жүйеде жылытатын құралдар бетон панельдердің ішіндегі жылытатын құбырлар жүйесі болып табылады, оларды бөлменің сыртқы қабырғаларының (терезе астында), еденінің немесе төбелерінің ішіне орналастырады. Құбырлар арқылы әдеттегі сумен жылыту кезіндегі сияқты, ыстық су жіберіледі. Панельдер бөлмедегі барлық заттардың беттеріне сәулелік жылу беретін үлкен жылу шығаратын бетті жасайды. Қабырғалардағы панельдерді - 38-45ºСқа дейін, едендегіні -24-26ºС дейін, төбедегіні - 26-28ºС қа дейін қыздырады. Сәулелік жылыту кезінде адамның жылу алмасуы сапа жағынан өзгереді: сәулелену арқылы жылу жоғалтуы азайып, соған сәйкес конвекция арқылы жылу жоғалтуы жоғарылауы мүмкін. Соның арқасында жылылықтың жайлылығына, сумен жылытқан кездегі сияқты ауаның температурасы 20-22ºС болғанда емес, 17-19ºС кезінде қол жеткізуге болады. Бұл, адамның ашық атмосферада болған кездегі жағдайларына көбірек ұқсас болады, киім астылық кеңістіктің желдетілуін күшейтеді және адамда салқын леп сезінуін тудырады. Сәулелік жылытуы бар бөлмелерде біршама төмендеу температураны сақтау мүмкіндігі, оларды жиі және жақсы желдетуге жағдай жасайды. Нәтижесінде, адамдардың жылу сезінуі жақсы және жұмысқа қабілеттілігі жоғары болады.
Жаз мезгілдерінде, әсіресе, жылы және ыстық климаттық аудандарда, тұрғын үй бөлмелерінің ысып кетуімен күресудің үлкен гигиеналық маңызы бар. Жаз уақытында тұрғын үй бөлмелердегі оңтайлы микроклимат жағдайларының жоғарғы шегі келесідей болуы керек: ауаның температурасы - 24-25ºС, салыстырмалы ылғалдылығы - 30-50% және ауаның қозғалу жылдамдығы - 0,2-0,4 м/с. Ауаның температурасы 28ºС және одан да артық болған кезде, жылу реттейтін үрдістердің зорлануы тіркеледі.
Бөлмелердің қатты қызуы тұрғындардың көңіл-күйлеріне теріс әсер етеді, үй жұмыстарымен айналысуға, демалуға, ұйықтауға, күш-қуатын қайта қалпына келтіруге қолайсыз жағдайлар туғызады. Дененің қатты қызуы, әсіресе, емшек еметін балаларда, диспепсия дамуына бейім етеді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларымен, демікпемен, эндокринопатиямен ауыратындар ыстық пен қапырықты ауыр өткізеді.
Бөлменің қатты қызыуының алдын алу үшін бөлменің терезелерін, белгілі бір инсоляциялық режим қалыптастыратын, дүниенің төрт бұрышына қарай дұрыс бағыттау маңызды болып табылады. Инсоляциялық режим деп, бөлме ішіне тікелей түскен күн сәулесінің қарқындылығы мен ұзақтығын атайды. Инсоляциялық режим жергілікті жердің географиялық ендігіне, терезелерінің дүниенің төрт бұрышына қарай бағытталуына, терезелерді көршілес үйлердің көлеңкелеуіне, терезенің өлшеміне және т.б. байланысты болады. Инсоляциялық режимнің 3 негізгі түрін (7.3-кесте), сондай-ақ, олардың үйлесуінің әр түрлі нұсқаларын ажыратады
7.3. - кесте
Солтүстік жартышардың орташа климаттық аймағындағы бөлмелердің инсоляциялық режимінің түрлері
Инсоляциялық режим |
дүниенің төрт бұрышына қарай бағытталуы |
Инсоляция уақыты, сағ. |
Еденге күн сәулесі түсетін ауданның пайызы |
Жылу радиациясы |
|
К Дж/ м2 |
Ккал/ м2 |
||||
Ең жоғары (максималды) |
ОШ, ОБ |
5-6 |
80 |
3300 |
550 |
Орташа |
О, Ш |
3-5 |
40-50 |
2100-3300 |
500-550 |
Ең төмен (минимальды) |
СШ, СБ |
3 тен кем |
30 |
2100 |
500 |
Ыстық және жылы климат жағдайларында терезелерді оңтүстік-батыс және батысқа қарай 200-290º аралығында (7.1. сүрет) орналастыру үйдің қызып кетуіне байланысты ұсынылмайды. Сонымен қатар, барлық климаттық аудандарда солтүстікке бағыттау да (50-310º) ұсынылмайды. Шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бағыттарға (70-200º) қарай барлық климаттық аудандарда да бағыттауға болады. Көк жиектің қолайсыз бағыттарына тек қосалқы бөлмелерді (мысалы, солтүстікте асүйді) және пәтер бөлмелерінің бір бөлігін бағыттауға болады.
7.1. сүрет. Тұрғын үй бөлмелері терезелерінің дүниенің төрт бұрышына қарай
бағытталуы.
Сектор А 310-50º, сектор Б 200-290 º, сектор В 290-70 º, сектор Г 70-200 º.
Адамның ағзасын сауықтыратын (III - тарау) және қоршаған ортаның микрофлорасына бактерицидтік әсер ететін фактор ретіндегі, күн сәулесінің бөлмелерге тікелей түсуінің үлкен маңызы бар. Бірақ бұл әсерлер тікелей түсетін күн сәулесінің мөлшері жеткілікті болған жағдайда ғана байқалады. Сондықтан, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарына күн сәулесінің түсу ұзақтығы санитарлық нормалармен регламенттеледі.
Сонымен қатар, бөлмелерді күн радиациясынан және қызып кетуден қорғауды төмендегі іс-шаралар арқылы жүзеге асыруға болады:
Микроклиматты оңтайландыру үшін кондиционерлеудің орталықтандырылған және жергілікті түрлері барған сайын көп қолданылуда. Олар ауа температурасын 18-25ºС, салыстырмалы ылғалдылықты 40-60%, ауаның қозғалу жылдамдығын 0,3 м/сек аралығында ұстап тұра алады.
3.2. Ауа ортасының сапасы. Қазіргі кезде таза ауаны тек елді мекендерден және түрлі ластаушы заттардың көздерінен қашық жерлерде ғана кездестіруге болады. Бұндай аумақтардағы ашық кеңістіктердің ауасы оттегімен қаныққан, құрамында жеңіл иондары бар, экзогенді химиялық заттармен, шаңмен ластанбаған, соның нәтижесінде өкпенің жақсы желдетілуі қамтамасыз етіледі, зат алмасу үрдістері қарқынды жүреді, адамның тонусы жоғарылайды. Табиғи көздерден түскен ластаушы заттарды ауа ағындары сейілтеді.
Алайда, қазіргі кездегі адам тәуліктің көп бөлігін (20-22 сағатқа дейін) таза ауада емес, ауаны ластайтын химиялық, физикалық және биологиялық заттардың талай көздері бар, қолданылуы әр түрлі, жабық бөлмелерде өткізеді. Химиялық ластаушы заттардың көздері сыртта да, бөлме ішінде де болуы мүмкін. Сыртқы елеулі көздерінің бірі - атмосфералық ауа болып табылады, бөлме ауасының тазалығы, оның ластану деңгейіне тікелей байланысты. Ластаушы заттардың ішкі көздеріне өмір сүру үрдістерінің нәтижесінде уытты заттар бөліп шығаратын адамның өзі; құрылыста, бөлмелердің ішін өңдеу, едендерді жабу, жиһаз жасау, киім тігу үшін қолданылатын материалдар; газ плиталары, үйді жылытатын құралдар, темекі түтіні т.б. жатады (7.4.-кесте ).
7.4. - кесте
Жабық бөлмелердегі ауаны ластаушы көздері және негізгі ластайтын заттар
Ластаушылардың көздері |
Ластаушы заттар |
Адам |
Өмір сүру үрдісінде бөлінетін антропотоксиндер |
Атмосфералық ауа |
Азот, күкірт, көміртек тотықтары, күйе, шаң, қорғасын, автокөліктен бөлінетін газдар және басқа химиялық қосылыстар |
Құрылыста және бөлмелерді өңдеуде, жиһаздар жасауда, кілем тоқуда, киім тігуде, т.б. қолданылатын материалдар |
Полимерлік материалдардың құрылымының бұзылу өнімдері - бензол, стирол, формальдегид, винилхлорид, циклогексан, аммиак және т.б. |
Газ плиталары, үйді жылытатын құралдар |
Тұрмыста қолданылатын газдың толық жанбаған өнімдері, ароматты көмірсутектер, радон |
Тұрмыстық химия заттарын қолдану |
Кір жуатын ұнтақтар, косметикалық заттар, дезодоранттар, зарарсыздандыратын препараттар, пестицидтер, т.б. |
Ғимараттардың құрылыс конструкциялары және олар орналасқан жердің топырағы |
Олардан бөлінетін зиянды заттар |
Темекі түтіні |
Стирол, бензол, ксилол, акролеин, гидразин, фенол, никотин, нитрозоаминдер, полоний-210, көміртек, азот, күкірт тотықтары, т.б. |
Қазіргі кезде бөлме ішінде күннен-күнге химиялық және биологиялық ластаушы заттардың жаңа көздері пайда болуда, онымен бір уақытта шудан қорғану, жылу жоғалтуын азайту мақсатында бөлмелердің герметикалылығын арттыру беталысы өсуде. Бұлар бөлмеде ауа алмасуының күрт төмендеуіне және аудағы ластаушы заттардың концентрациясының жоғарылауына әкеп соғады. Осыған байланысты, шешуді қажет ететін, бөлмедегі ауа сапасының нашарлау мәселесі барған сайын маңызды болып отыр .
Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың бөлмелеріндегі ауа ортасын ластайтын маңызды көздерінің бірі адамдардың тыныс алуынан шыққан ауа болып табылады. Оның құрамында, атмосфералық ауамен салыстырғанда, оттегінің мөлшері аз, көмірқышқыл газы 100 есе көп, ол су буымен қаныққан, дене температурасына дейін қызған және ионсызданған. Бұдан басқа, оның құрамында адам ағзасының зат алмасу үрдісінде пайда болатын ұшқыш өнімдері - антропотоксиндер болады. Олардың құрамына 30-дан аса газ түріндегі өмір сүру үрдісінің өнімдері (иіс газы, аммиак, ацетон, көмірсутектер, күкірсутек, альдегидтер, органикалық қышқылдар, диэтиламин, метиацетат, крезол, фенол. т.б.) кіреді. Бұлардан басқа, бөлмелердің ауасына тағы терінің бетіндегі, киімдегі, бөлме шаңындағы органикалық заттардың ыдырауы кезінде пайда болатын 400-ге жуық ұшқыш заттар түседі.
Адамның өзіне қарағанда, бөлме ауасын ластаушы заттардың маңыздырақ көзі, гидро- және жылуоқшаулау, еденді жабу, қабырғаларды өңдеу, есіктер мен терезелерді пластиктен жасау үшін құрылыста қолданылатын полимерлік материалдар болып табылады. Олардан жиһаздар, синтетикалық кілем заттары, линолеум, синтетикалық желім, заттың жиектерін сылайтын заттар, сырлар және т.б. жасалады. Олардың ескіруінің немесе дұрыс пайдаланылмауының нәтижесінде құрылымының бұзылуы үрдісінде ауаға әр түрлі қосылыстар (бензол, стирол, формальдегид, винилхлорид, циклогексан, аммиак, ацетон, бутилакрилат, циклогексан, т.б.) бөлініп шығады. Бұл заттардың ішіндегі көпшілігінің уытты, сенсибилизациялаушы, тітіркендіргіш, ал кейбіреулерінің, канцерогенді де әсері бар. Олардың ауадағы концентрациялары өте жоғары мөлшерге жетуі мүмкін. Мысалы, формальдегидтің тұрғын үй бөлмелеріндегі концентрациясын жеке жағдайларда оның өнеркәсіп жағдайындағы бөлініп шығатын мөлшерімен салыстыруға болады.
Пәтердегі барлық бөлмелердің ауасын газ плиталар едәуір ластайды, олар 1 сағат бойына жұмыс істегенде, атмосфералық ауадағы, ШРЕК-нен бірнеше рет асатын, СО2, формальдегид, азот тотықтары, бензол, бенз(а)пирен концентрацияларының едәуір жоғарлауына әкеп соғады. Табиғи газ жанғанда, сондай-ақ бөлмеге, мәні бойынша өкпе обыры пайда болуының екінші себебі болатын, радон бөлінеді. Пәтерлердегі радон көздеріне, сонымен қатар ғимарат астындағы грунт және құрылыс материалдары, сыртқы ауа, су құбырларындағы су, әсіресе, артезиан суы жатады. Радонның біраз мөлшерін алюминий өндірісінің қалдықтарынан, домна пешінің шлактарынан, тас көмірдің күлінен, фосфор кендерін өңдеу өнімдерінен жасалған құрылыс материалдары бөледі (XII - тарау).
Жабық бөлмелердің ауа ортасын ластайтын ең таралған көздерінің бірі темекі шегу болып табылады. Темекі түтінінің құрамында 4 мыңға жақын химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде бөлмелердің ауасында уытты (стирол, бензол, ксилол, акролеин, гидразин, фенол, никотин) және канцерогенді заттар (нитрозоаминдер, полоний-210) және т.б. жоғары концентрациясында кездеседі. Темекі шегу өкпе обыры себептірінің ішінде бірінші орынды алады, және де пассивті темекі шегетіндер де ауырады.
Құрылыста кеңінен қолданылатын басқа канцерогенді зат та асбест бөлмелер ішінде қауіпті болып табылады. Егер, асбоцементті плиталарының бүтіндігі бұзылса, мысалы, жөндеу жұмыстары кезінде, асбест талшықтары ауаға түсіп, тіпті қысқа уақыт әсер етуінің өзінде, ұзақ жасырын кезеңінен (10 және одан да көп жылдардан) кейін өкпе рагі, өкпеқабының және ішастарының мезотелиомасы дамуына әкеледі. Тұрмыстық химия заттарының да аллергиялық және жиі, уытты әсері болады.
Үй ауасы ортасының едәуір ластануының көріністерінің бірі, «ауру ғимараттар синдромы» болып табылады. Ауру ғимараттар санатының біріне - «уақытша ауру» - жақында салынған немесе қайта құрылған ғимараттар жатады. Оларда болған кезде, адамдарда әлсіздік, қажғыштық, бас ауыруы, көз коньюктивасының, мұрын, тамақтың шырышты қабыгының тітіркенуі пайда болады. Біраз уақыт өткеннен соң, құрылыс материалдарының және беттерді қаптайтын материалдардың құрамындағы ұшқыш заттардың бөлініп шығуы азаюына, линолеумді ауыстыруға, желдетілуге, т.б. байланысты, бұл құбылыстар кетеді. Ғимараттардың басқа санаты - «үнемі ауру» ғимараттар. Бұлардың ауасындағы ластаушы заттардың мөлшері ШРЕК-тен аспайды, бірақ мұндай ғимараттардың ішінде болу кезінде, адамдарда ауруның барлық белгілері байқалады, ал ғимараттардан шыққан кезде, бұл белгілер азайып немесе жойылып кетеді. «Ауру ғимараттар» синдромының пайда болу себебі, ластаушы заттардың уландыратын әсерлерінің синергизм эффектісі болып табылады деп болжайды.
Нашар желдетілетін жабық бөлмелердің ауасы адамдарға қолайсыз әсер етеді. Бұл кезде адамның көңіл-күйі нашарлайды, қапырыққа, тыныс алуының қиындауына, басында ауырлық сезімі болуына, бас ауыруына, тершеңдікке, ұйқышылдыққа, ой еңбегіне, одан кейін дене еңбегіне де қабілетілігінің төмендеуіне шағымдары пайда болады. Бұрынғы кездерде, бөлме ауасын ластаушы көздері негізінен адамдар болғанда, нашар желдетілетін бөлмелердегі адамның өзін жайсыз сезінуін және хал жағдайының нашарлауын, оның өмір сүруімен байланысты өттегі концентрациясының азаюы, көмірқышқыл газы мен антропотоксиндер мөлшерінің артық болуы, ауаның температурасы мен ылғалдылығының жоғарылауы, ионсыздануы, т.б. сияқты факторлар кешенінің әсеріне жатқызған. Іс жүзінде бұл факторлардың бәрін анықтау қиын болғандықтан, ауа ортасының сапасын гигиеналық бағалауды осы аталған көрсеткіштердің біреуі СО2 мөлшері бойынша жүргізген, себебі, ауаның басқа ингредиенттермен ластануы жогарлаған сайын, оның концентрациясы да өсе береді (ΙΙΙ-тарау. 5 бөлім). Алайда, бұл көрсеткіш қазіргі кезде тұрғын және қоғамдық үйлердің ауа ортасының сапасын бағалайтын абсолюттік критерий ретінде санауға болмайды, себебі, ауаға тек антропогендік (адамның өмір сүруімен байланысты) заттар ғана емес, сонымен қатар, басқа да көздерден ластаушы заттар түседі. Бұл көздерден түсетін ластаушы заттардың концентрациялары антропогендік СО2 концентрациясымен ешқандай байланысты емес және, СО2 қалыпты деңгейде болған кездін өзінде де, олар ШРЕК-тен өте көп артық болуы мүмкін. Сондықтан, тұрғын үй бөлмелері мен қоғамдық ғимараттардағы ауаның сапасын бағалау үшін тек СО2 ғана емес, гигиеналық жағынан аса маңызды болып саналатын ондағы басқа да химиялық заттардың мөлшерін анықтайды. Олардың мөлшері атмосфералық ауаға арналған о.т. ШРЕКтен аспауы керек. Ауаның жалпы органикалық ластануы жөнінде оның тотыққыштығы бойынша пікірге келуге болады. Ауаның тотыққыштығы бұл 1 м3 ауадағы органикалық заттардың тотығуына жұмсалған оттегінің мөлшері (мг). Таза ауаның тотыққыштығы 6-8 мг О2/ м3 аспайды.
Жабық бөлмелердің ауасы үнемі биологиялық ластануға ұшырайды. Ластаушы көзі негізінен, науқас адамдардың, бациллотасымалдаушылардың тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары, үй жануарлары, құстар (көгершіндер, тотықұстар) болып табылады. Олар түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлескенде ауаға құрамында микроорганизмдер бар сұйықтықтың өте майда тамшылары бөлінеді. Олардың ауа құрамында сақталу мерзімі тамшылардың өлшеміне байланысты. Ірі тамшылы аэрозольдер (100 мкм ден артық) салмағының ауырлығына қарай еден мен заттарға тез қонады. Құрамында өлшемі орташа (20-100 мкм) және майда (1-2 мкм) тамшылары бар аэрозольдер ауада ұзақ уақыт болып, заттарға едәуір баяу қонады. Олардың қонуы, тамшылардың кебуі мен олардың өлшемдірінің кішірейуі нәтижесінде баяулайды. Тамшылар кепкен жағдайда ұзақ уақыт ауада сақталып, ауа ағынымен бірге басқа бөлмелерге де таралатын бактериялық шаң түзеді. Еденге, төсек орынға, киімдер мен басқа да үй заттарына қонып, адамдар қозғалғанда, жүргенде, төсек салғанда, үй тазалағанда өздерінің қауіптілігін сақтай отырып, қайтадан ауаға көтеріледі. Айта кету керек, шаңда оның өзінің тіршілігін барлық микробтар емес, тек айырықша, тұрақтылығымен ерекшеленетін жеке қоздырғыштар: туберкулез микобактериялары, спора түзуші бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар және басқалар сақтап қалады.
Үйдің ауасында, әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан басқа, әр түрлі микроскопиялық саңырауқұлақтар мен мүктердің споралары, қарапайымдылардың цисталары және матрацтарда, кілемдерде, жұмсақ жиһаздарда, төсек жабдығында тіршілік ететін үй кенелері болады. 1 г шаңда 500 дейін кенелер болуы мүмкін. Кенелердің айқын сенсибилизациялаушы әсері бар. Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың көпшілігінде кенелермен ластанған ауамен тыныс алғанда аллергиялық реакциялар байқалады. Азық-түлік өнімдерімен қоректенетін үй кенелері (ұн, ірімшік) адамның тыныс жолына шаңмен бірге түскенде, тыныс мүшелерінде акаридоз туғызуы мүмкін. Зең және басқа да саңырауқұлақтардың спораларымен ластанған ауамен тыныс алу да қауіпті болып табылады. Қоршаған ортада кеңінен таралған зең саңырауқұлақтары негізінен өкпенің зақымдануымен; кейде гематогенді жолмен де таралуымен сипатталатын аспергилезді тудырады. Тотықұстар және басқа сәндік құстар ауыр зоонозды инфекцияның орнитоздың көзі болып табылады. Тотықұс иелерінде, кейін пневмосклероз дамуына әкеп соғатын, аллергиялық альвеолит пайда болуы мүмкін.
3.3. Желдету. Дұрыс ұйымдастырылған ауа алмасуы (желдету), яғни жабық бөлмедегі ластанған ауаны таза ауамен алмастыру, бөлмелердегі ауаның ластануымен күресу шараларының бірі болып табылады. Желдету, бұдан басқа, микроклиматты жақсартуға мүмкіндік тұғызады және эпидемияға қарсы маңызы бар.
Желдетудің табиғи және жасанды түрлері бар. Табиғи желдету кезінде ауа бөлмеге табиғи жолмен беріледі және шығады, ал жасанды желдету кезінде - механикалық қоздырғыш құралдар көмегімен іске асырылады.
Тұрғын үйлердің көбінде ауа алмасуы үшін табиғи желдету және оны күшейтетін құралдар қоланылады. Ол сыртқы және бөлмедегі ауа температурасының айырмашылығы және желдің күші есебінен жүзеге асырылады. Бөлме ішіндегі жылы және жеңіл ауаны сыртқы ауыр, суық ауа терезе және есік, құрылыс қондырғыларының саңылаулары мен бос қуыстары арқылы ығыстырып шығарады. Желдің күші ғимараттың жел соғып тұрған жағына қосымша қысым түсіреді; нәтижесінде ауа үлкенрек жылдамдықпен бөлмеге енеді. Ғимараттың жел соғып тұрған жағына қарсы, ық жағында түзілген, қысымы бәсен ауа бөлмедегі ауаны сорып алуға жағдай жасайды. Бұндай ұйымдастырылмаған табиғи ауа алмасуы инфильтрация деп аталады. Терезелер мен есіктер жабық болған жағдайларда желдету тек инфильтрация есебінен ғана іске асырылады. Бұл кезде ауа алмасу есесі көп емес - 1-1,5 ғана болады. Сондықтан, ауа алмасуын жеткілікті дәрежеде ұйымдастыру үшін, желдеткіш каналдар орнату есебінен және желдету арқылы табиғи желдетуді күшейтетін тәсілдер қолданылады. Желдету жел көз, фрамугалар, терезелерді ашу арқылы жүреді. Ең тиімдісі өтпелі желдету болып табылады, бұл кезде пәтердегі қарама қарсы орналасқан бөлмелердің терезелері немесе фрамугалары ашылады. Бұрыштық желдетуді де (көршілес бөлмелер арқылы) жүргізуге болады, бірақ оның тиімділігі аздау.
Желдетуді күшейту үшін сонымен қатар ауаны сорып әкететін желдеткіш каналдар орнатады, олар ғимараттардың қабырғаларымен өтіп, ғимараттың төбесіне орнатылатын, жел энергиясы есебінен ауаның сорылуын күшейтетін арнайы қондырғылар- дефлекторлармен аяқталады. Желдеткіш каналдар әдетте, ас үйге, жуынатын бөлмелерге, әжетханаларға орнатылады, болмаса олардың ауасы адамдар тұратын бөлмелерге түсуі мүмкін. Әрбір пәтердің жеке өз алдына сормалы каналдары болуы керек, себебі «соруының төңкерілу» сияқты құбылыстың пайда болуы сирек емес, бұл кезде ауа сормалы каналдан бөлмеге енеді. Газ пештері бар ас үйлерде пештің үстіне механикалық қозғаушысы бар, лас ауаны сорып әкететін қондырғы орнату керек, себебі, ластанған ауа үнемі табиғи жолмен ғана шығарып отыру барлық уақытта толық бола бермейді.
Қатты ластанған және тұрақты түрде ластанып отыратын бөлмелерді табиғи жолмен желдету жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бөлмелерді механикалық жасанды желдетумен жабдықтайды, бұл ауа алмасуының қажетті есесін қамтамасыз етеді және бөлмелер арасындағы ауа қозғалысын басқарып отыруға мүмкіндік береді
Механикалық желдетудің енбелі, сормалы және енбелі-сормалы түрлері бар. Енбелі желдету кезінде, таза ауа бөлмеге желдеткіш көмегімен беріледі, ал лас ауа табиғи жолмен сыртқа шығарылады. Сормалы желдету кезінде, ластанған ауа бөлмеден желдеткіштің көмегімен сорып шығарылады, таза ауа табиғи жолмен түседі. Ал енбелі-сормалы желдету кезінде, ауа бөлмеге механикалық қозғағыш (вентилятор) көмегімен бөлмеге беріліп, одан сыртқа шығарылады. Жасанды желдетудің қолданылатын түрі бөлмені пайдалану мақсатына, оған қандай ластаушы заттар түсетініне, бөлмедегі ауа тазалығының деңгейі қандай болуы керектігіне байланысты. Мысалы, сормалы желдету бөлме ауасы зиянды газдармен, шаңмен немесе су булармен ластанғанда қолданылады. Оның кемшілігі - қыс мезгілінде бөлменің қатты салқындауы, себебі, бөлмеден ауаны сорып әкетуі кезінде, оған сырттағы суық ауа сорылады. Бөлменің салқындауының алдын алуға желдетудің енбелі-сормалы түрі мүмкіндік береді. Бұл түрінде бөлмеге қыс мезгілінде, ауаны сорып әкететін желдетудің салқындататын әсерін төмендететіп отыратын, жылытылған ауа беріледі. Енбелі-сормалы желдету түрін ауруханаларда, мектептерде, өндіріс орындарында, ойын-сауық, т.б. мекемелерінде орнатады. Бұл кезде, ластанған ауа бөлмеден, атап айтқанда, ас үйлерінен, әжетханалардан, кір киімдерге арналған бөлмелерден көршілес бөлмелерге түспеуі үшін, ауа енуіне қарағанда, оның сорып әкетуін жоғары етеді. Егер, бөлмеге ластаушы заттардың көрші бөлмелерден түсуінің алдын алу қажет болса, онда ауа ағынының енуі, операция жасайтын бөлмелердегі сияқты, басым болуы қажет.
Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда қалыпты микроклиматты кәдімгі жасанды желдету құралдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда ауаны кондиционерлеу қолданылады. Ауаны кондиционерлеу деп, бөлмеде берілген қолайлы температура, ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдығын, егер қажет болса, ауаны иондандыруды да, қамтамасыз етуді және автоматты түрде сақтап тұруды түсінеді. Кондиционерлер орталық және жергілікті болып бөлінеді.
Орталық кондиционерлер бүкіл ғимаратқа немесе бөлмелердің жекелеген топтарына қолданылады. Жергілікті немесе бөлмелік кондиционерлер (климатизерлер) жеке бөлмелерге орнатылады. Кондиционерлер бөлмеде берілген температураны, ылғалдылықты, ауаның берілу жылдамдығын сақтап тұрады, шаңнан, иістерден тазартылған, ал кейбір жағдайларда (мысалы, операциялық бөлмелерде), бактерицидтік сүзгілерден өткен, ауа береді. Кондиционерлеуші қондырғылар ыстық климат жағдайында өте қажет: адамның жағдайы жақсарады, еңбекке қабілеттілігі едәуір жоғарылайды, жоғары температураның денсаулыққа қолайсыз әсер ету мүмкіншілігі төмендейді. Олардың аурухана мекемелерінде маңызы зор, өйткені, қолайлы микроклимат жағдайларын жасап, стерильді бөлмелерде ауаның тазалығын жоғары дәрежеде сақтап тұрады.
Кондиционерлеудің кемшіліктеріне ауаны тазарту барысында жеңіл иондардың азаюы, озонның концентрациясының төмендеуі, кондиционерленген бөлмелерде ұзақ уақыт болған кезде ауаның қолайсыздығын сезіну жатады. Ауаның иондық құрамын түзету үшін әр түрлі типті аэроионизаторлар қолданылады. Кондиционерлер мен ауаны ылғалдағыштарда суы тұщы суаттарда табиғи мекендеушілер болып табылатын, легионеллалар өзіне көбірек қолайлы жағдай табады. Олар легионеллез (легионерлер ауруы, понтиак қызбасы, питтсбург пневмониясы, т.б.) дамуының себебі болады. Сондықтан, пайдаланылатын суды, ауаны және ауа жүретін жолдардың бетін зарарсыздандыру маңызды болып табылады.
Ауа алмасуды бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштер қолданылады: желдетудің қажетті және іс жүзіндегі көлемін, ауа алмасу есесін. Желдетудің қажетті көлемі - бұл, бөлме ішіндегі зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген деңгейден асып кетпеуі үшін, бір адамға бір сағат ішінде бөлмеге берілуі қажет таза ауаның мөлшері.
Әдетте, ауасы негізінде адамдардын есебінен ластанатын тұрғын үй бөлмелері мен аудиторияларда желдетудің қажетті көлемі адамның тыныс алу кезінде шығарған көмір қышқыл газының мөлшері мен (жоғарыда қара) оның ауадағы рұқсат етілген концентрациясына байланысты анықталады. Алайда, ауада басқа көздерден келіп түсетін улы және қауіпті ластаушы заттар болса, есептеуді, бөлінген ластаушы заттардың концентрациясы мен олардың ШРЕК-ің ескере отырып, жүргізеді.
Ересек адам жеңіл дене еңбегі кезінде сағатына 22 л жуық көмірқышқыл газын ауаға бөледі. Бөлмелерде көмірқышқыл газының рұқсат етілген деңгейін (0,1%) сақтап тұру үшін, тыныс шығарудан ауаға бөлінген 22 л СО2 шамамен 36-37 м3 атмосфералық ауамен сұйылуы керек, яғни, желдетудің қажетті көлемі 36-37 м3 болуы керек. Желдетудің көрсетілген көлемдерін ең төменгі мөлшер деп санау қажет. Жабық бөлмелерде ауа ортасының қолайлы жағдайлары желдету көлемі тек 80-120 м3/сағ болғанда қамтамасыз етіледі. Желдетудің мұндай көлемі бір адамға шаққандағы ауаның кубы мен ауа алмасу есесін арттыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ауа кубы деп, жан басына шаққанда бір адамға келетін бөлменің көлемін түсінеді, ал ауа алмасу есесі- бір сағат ішінде бөлменің ауасы неше рет атмосфералық ауамен алмасатынын көрсететін сан. Ауа алмасу есесін К=V:P формула бойынша анықтайды, бұндағы К- бір сағат ішіндегі ауа алмасу есесі, V- бір адамға есептегендегі желдету көлемі (м3/сағ), P- бір адамға есептегендегі ауа кубы (м3). Ауа енуі бойынша алмасу еселігін «+» белгімен, ал сорып әкету бойынша еселігін «-» белгімен белгілейді. Мысалы, «+2/-3» дегеніміз, бұл сағатына берілген бөлменің көлемінен екі есе артық ауа берілетінін, 3 есе артық ауа шығарылатынын көрсетеді. Ауа алмасу нормативтері әр түрлі бөлмелер үшін, олардың ластану сипатына, бөлмені пайдалану мақсатына байланысты өз алдына белгіленеді (7.5-кесте).
7.5 -кесте
Тұрғын үй ғимараттарындағы ауа алмасу нормативтері
Бөлмелер |
Желдетудің қажетті көлемі, м 3 |
Пәтерлердің немесе жатақханалардың адамдар тұратын бөлмесі |
Бөлме ауданының 1 м2 - 3 |
Пәтердің электр пеші бар ас үйі |
60 кем емес |
Пәтердің газ пеші бар ас үйі: 2 конфоркалы пешке 3 конфоркалы пешке 4 конфоркалы пешке |
60 кем емес 75 кем емес 90 кем емес |
Жуынатын бөлме және әжетхана |
25 кем емес |
Біріктірілген санитарлық жүйе |
50 кем емес |
Бір адамға шаққанда ең төменгі ауа кубы 25 м 3 болуы керек, бірақ, қолайлы ауа кубы 30-35 м3 артық болуы керек деп саналады, бұл тіпті жасанды желдету болмаганның өзінде де, жақсы ауа алмасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауаның тазалық дәрежесін бағалау үшін ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясы, ауаның тотыққыштығы, микроорағзалардың жалпы мөлшері мен стрепотококтар мен стафилакоктардың мөлшері қолданылады (7.6. -кесте).
7.6.- кесте
Жабық бөлмелердегі ауа тазалығының көрсеткіштері
Ауаның тазалық деңгейі |
СО 2 концентра-циясы, % |
Бихроматты тотыққыш-тық, мг / м3 |
1 м3 ауадағы микроағзалардың саны |
||
Жалпы |
Стрепто- кокктар |
Стафило-кокктар |
|||
Таза |
0,007 дейін |
4 дейін |
3000 дейін |
10 дейін |
75 дейін |
Қанағаттанарлық таза |
0,1 дейін |
6 дейін |
4000 дейін |
40 дейін |
100 дейін |
Орташа ластанған |
0,15 дейін |
10 дейін |
7000 дейін |
120 дейін |
150 дейін |
Өте ластанған |
0,15 артық |
20 дейін |
7000 артық |
120 артық |
150 артық |
3.4. Жарықтандыру. Ұтымды жарық ең алдымен көру анализаторының қолайлы қызметі үшін қажет. Жарықтың психофизиологиялық әсері де бар. Ұтымды жарық ми қыртысының функционалдық жағдайына оң әсер етеді, басқа да анализаторлардың қызметін жақсартады. Жалпы алғанда, жайлы жарық, орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын жақсартаып, көздің жұмыс қабілетін жоғарылатып, еңбектің өнімділігін және сапасын жоғарылатады, қажуды кешеуілдетеді, өндірістік жарақаттанулардың азаюына септігін тигізеді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы, жарықтың тек табиғи түріне ғана емес, сонымен қатар жасанды түріне де қатысты. Табиғи жарық одан басқа, айқын жалпы биологиялық та әсер етеді, биологиялық ырғақтардың синхронизаторы болып табылады, жылылық және бактерицидтік қасиеттері бар (III тарау). Сондықтан, тұрғын үйлер, қоғамдық, өндірістік ғимараттар ұтымды күндізгі жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Екінші жағынан, жасанды жарықтың көмегімен бөлменің кез-келген жерінде күні бойы берілген және тұрақты жарық жасауға болады. Қазіргі кезде жасанды жарықтың ролі жоғары: жұмыстағы екінші ауысымдар, түнгі жұмыс, жер асты жұмыстары, кешкі үй шаруалары, мәдени істермен айналысатын бос уақыт, т.б.
Жарықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жататындар:
1) жарықтың спектрлік құрамы (жарық көзінен шыққан және шағылысқан);
2) жарықталғандағы (жарық деңгейі);
3) жарықтығы жарықтық дәрежесі (жарық көзінің, шағылыстырушы беттердің);
4) жарық түсуінің біркелкілігі.
Жарықтың спектрлік құрамы. Еңбектің ең жоғары өнімділігі мен көздің ең аз қажуы стандартты күндізгі жарықпен жарықтандыру кезінде болады. Жарық техникасында күндізгі жарықтың стандарты ретінде аспан әлемінен шашырап түскен, яғни терезелері солтүстікке бағытталған бөлмеге түскен жарықтың спектрі алынады. Түрлі түстерді ең жақсы ажырату күндізгі жарық кезінде байқалады. Егер анықтап қаралатын бөлшектердің өлшемі 1 милиметр және одан да артық болса, онда көзбен көру арқылы атқарылатын жұмыс үшін күндізгі ақ жарық пен сарғыштау жарықты шығаратын көздердің жарығы шамамен алғанда бірдей болады.
Жарықтың спектрлік құрамының психофизиологиялық тұрғыдан да маңызы бар. Мысалы, қызыл, қызғылт-сары және сары түстер, оларды ойша жалынмен, күнмен сәйкестіретіндіктен, жылылық сезім туғызады. Қызыл түс қоздырады, сары - сергітеді, көңіл-күйі мен еңбекке қабілетілігін жақсартады. Көк, көгілдір және күлгін түстер суық болып көрінеді. Ыстық цехтардың қабырғаларын көк түске сырлау салқындық сезіндіреді. Көгілдір түс көңілді жайландырады, көк және күлгін түстер- көңіл-күйді жабырқандырады, жасыл түс бейтарап - жасыл өсімдіктермен ойша сәйкестендіретіндіктен жағымды, басқа түстерге қарағанда көзді азырақ қажытады. Қабырғаларды, машиналар мен парталардың беттерін жасыл түске бояу көңіл күйге, еңбек қабілеттілігіне және көздің көру қызметіне қолайлы әсер етеді.
Қабырғаларды және төбелерді ақ түске бояу бұрынғы кездерден гигиеналық тұрғыдан қолайлы деп саналады, себебі жарықтың шағылыстыру коэффициенті жоғары (0,8-0,85) болуына байланысты, бөлмеде ең жақсы жарық деңгейін қамтамасыз етеді. Басқа түстерге боялған зат беттерінің шағылыстыру коэффициенті аздау болады: ақ сары - 0,5-0,6, жасыл, сұр түс - 0,3, қоңыр-қызыл -0,15, қою көк - 0,1, қара - 0,01. Бірақ ақ түс (қар тәрізді болған соң) суықты сезіндіреді, ол бөлмені кеңейткен тәрізді болып, қолайсыз көрсетеді. Сондықтан, қабырғаларды жиі ашық ақшыл-жасыл, ашық сары және соларға жақын түстерге бояйды.
Жарықты сипаттайтын келесі көрсеткіш - жарықталғандағы (жарық деңгейі). Жарықталғандағы деп, нысанның бетіндегі жарық ағынының тығыздығын айтады. Жарықталғандықтың өлшем бірлігі люкс. 1 люкс 1 люмен жарық ағыны түскен және біркелкі таралған 1 м2 беттетгі жарықтың деңгейі. Люмен - ауданы 0,53 мм2 платинаның қату температурасында толық сәулелендіргіштің (абсолютті қара дененің) шығаратын жарық ағыны. Жарық деңгейі жарықтандырылатын бет пен жарық көзі арасындағы қашықтықтың квадратына кері пропорционалды. Сондықтан, жоғары жарық деңгейін үнемді етіп жасау үшін жарық көзін жарықтандырылатын бетке жақындатады (жергілікті жарықтану). Жарық деңгейін люксметрмен өлшейді.
Жарық деңгейін гигиеналық нормалау күрделі, себебі ол орталық жүйке жүйесі мен көздің көру қызметіне әсер етеді. Жүргізілген тәжірибелер жарық деңгейін 600 лк дейін өсіргенде, орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын жақсартатынын; одан әрі, 1200 лк дейін өсіргенде, сондай-ақ оның қызметін, аз дәрежеде болса да, жақсартатынын, ал жарық деңгейі 1200 лк жоғары болғанда, әсері жоқ деп айтуға болатынынын көрсетті. Сонымен, адамдар жұмыс істейтін барлық жерлерде жарықтың деңгейі 1200 лк, ал ең төменгі деңгейі - 600 лк болуы керек.
Қарайтын заттардың өлшемі әр түрлі болғанда, жарық деңгейі көздің көру функциясына әсер етеді. Егер, қарайтын бөлшектердің өлшемі 0,1 мм кем болса, қызу шамдармен жарықтандыру кезінде жарық деңгейі 400-1500 лк, 0,1-0,3 мм кезінде - 300-1000 лк, 0,3-1мм - 200-500 лк, 1-10 мм - 100-150 лк, 10 мм артық болса - 50-100 лк болуы қажет. Бұндай нормативтер кезінде жарық деңгейі көздің көру функциясы үшін жеткілікті, бірақ бірқатар жағдайларда ол 600 лк аз, яғни, психофизиологиялық тұрғыдан алғанда, жеткіліксіз болып саналады. Сондықтан, люминесцентті шамдармен жарықтандыру кезінде (олар үнемділеу болғандықтан) барлық аталған нормалар екі есе ұлғайтылады, сонда жарықтың деңгейі психофизиологиялық тұрғыдан да қолайлыға жақындайды.
Жазу және оқу кезінде (мектептерде, кітапханаларда, аудиторияларда) жұмыс орнындағы жарықтың деңгейі 300 (150) лк, тұрғын үй бөлмелерінде 100 (50) лк, ас үйлерде 100 (30) лк кем болмауы керек.
Жарықты сипаттау үшін оның жарықтық дәрежесі маңызды роль атқарады. Жарықтық дәрежесі (жарықтығы) беттің өлшем бірлігінен сәулеленетін жарық күші. Шын мәнінде затты қарау кезінде біз жарықтың деңгейін емес, жарықтың жарықтық дәрежесін көреміз. Жарықтық дәрежесін өлшем бірлігі квадрат метрдегі кандела (кд/ м2). Бұл біркелкі жарық шығаратын жазық беттің әрбір квадрат метрінен перпендикуляр бағытта бір канделаға тең жарық күшін сәулелендіретін жарықтық дәрежесі. Жарықтық дәрежесін жарықтықты өлшейтін аспаппен анықтайды.
Ұтымды жарықтандыру кезінде адамның көзінің көру аланында жарықтық дәрежесі жоғары жарық көздері немесе шағылыстыратын беттер болмау тиіс. Егер, қаралатын беттің жарықтық дәрежесі тым жоғары болса, онда ол көздің көру жұмысына теріс әсер етеді: көзде жайсыз сезім пайда болады (2000 кд/м2 бастап), көз жұмысының өнімділігі төмендейді (5000 кд/ м2 бастап), көзді шағылыстыру (32000 кд/ м2 бастап) және тіпті көзде ауыратын сезім де тудырады (160000 кд/ м2 бастап). Жұмыс беттерінің ең жақсы жарықтық дәрежесі - бірнеше жүз кд/ м2 болады. Адамның көзінің көру аланында болатын жарық көздерінің рұқсат етілетін жарықтық дәрежесі 1000-2000 кд/ м2 аспағаны дұрыс, ал адамның көру аланына сирек түсетін жарық көздерінің жарықтық дәрежесі 3000-5000 кд/м2 аспауы керек.
Жарық біркелкі болуы және көлеңкелер түсірмеуі керек. Егер адамның көру аланында жарықтық дәрежесі жиі өзгеріп отырса, онда бейімделуге (көз қарашығының кішіреюі мен ұлғаюына) және онымен бір уақытта жүретін аккомодацияға (көз бұршағының өзгеруіне) қатысатын көз еттерінің қажуы басталады. Жарық деңгейі бөлме бойынша және жұмыс орнында біркелкі болуы тиіс. Бөлме еденінің 5 м жеріндегі ең жоғары жарық деңгейінің ең төмен жарық деңгейіне қатынасы 3:1 аспау керек, ал жұмыс орнының 0,75 м аралығында - 2:1 аспауы керек. Екі көршілес беттердің жарықтық дәрежесінің (мысалы, дәптер - парта, мектеп тақтасы - қабырға, жара операция аланын айналдырып жабатын жапқыш) бір-бірінен айырмашылығы 2:1-3:1 аспауы керек.
Жалпы жарық түсуден пайда болған жарық деңгейі аралас жарықтандыру кезінде нормаланатын мөлшерінін 10% кем болмау керек, бірақ қызу шамдарымен жарықтандырған кезде - 50 лк және люминесцентті шамдар кезінде - 150 лк кем болмауы керек.
Табиғи жарық. Күн ғимараттардың сыртында әдетте ондаған мың люкс жарық деңгейін береді. Бөлмелердің табиғи жарығы жергілікті жердің жарық климатына, ғимараттардың терезелерінің бағытталуына, көлеңке түсіретін нысандардың (ғимараттар, ағаштар) болуына, терезелердің құрылысына және өлшеміне, терезелер арасындағы қабырғалардың еніне, қабырғаларының, едендері мен төбесінің жарықты шағылыстыру қабілетіне, терезе әйнектерінің тазалығына, т.б. байланысты.
Күндізгі жарықтың бөлмеге түсуі жақсы болуы үшін терезелердің ауданы бөлмелердің ауданына сәйкес болуы керек. Сондықтан, бөлмелердің табиғи жарығын бағалаудың кең таралған әдісі - геометриялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс бойынша, жарық коэффициенті деп аталатын шаманы, яғни, терезелердің әйнектелген ауданының еден ауданына қатынасын есептеп табады. Жарық коэффициентінің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бөлмеге жарық түсуі жақсы болады. Тұрғын үй бөлмелері үшін жарық коэффициенті 1:8-1:10, сыныптар мен аурухана палаталары үшін 1:5-1:6, операциялық бөлмелер үшін 1:4-1:5, ал қосымша бөлмелер үшін 1:10-1:12 кем болмауы керек.
Табиғи жарықты тек жарық коэффициенті бойынша бағалау дәл болмауы мүмкін, себебі жарық деңгеіне жарықтандырылатын бетке жарық сәулесінің түсу бұрышы әсер етеді. Егер қарсы тұрған ғимараттан немесе ағаштардан бөлмеге күн сәулесі тікелей түспей, тек шағылысқан сәулелер түссе, онда олардың спектрінде, биологиялық жағынан ең тиімді - ультракүлгін сәулелерінің қысқа толқынды бөлігі болмайды. Бөлменің белгілі бір нүктесіне аспан әлемінен тікелей сәулелер түсетін бұрыш саңылау бұрышы деп аталады.
Түсу бұрышы екі сызықтан түзіледі, олардың бірі терезенің жоғарғы қырынан жарық түсу жағдайы анықталатын нүктеге дейін келетін, ал екіншісі өлшеу нүктесі мен терезе орналасқан қабырғаның арасын қосатын көлденең жазықтықтағы сызық.
Саңылау бұрышы жұмыс орнынан басталатын екі сызықтан түзіледі: олардың бірі - терезенің жоғарғы қырына барады, ал екіншісі- қарама қарсы тұрған ғимараттың немесе басқа дуал, ағаштар, т.б. сияқты нысандардың ең жоғарғы нүктесіне дейін созылады. Түсу бұрышы - 27º кем болмауы, ал саңылау бұрышы - 5º кем болмауы керек. Бөлменің ішкі қабырғасының жанындағы жарық деңгейі бөлменің тереңдігіне де байланысты, сондықтан, күндізгі жарықтың түсу жағдайларын бағалау үшін, сондай-ақ тереңдік коэффициентін - терезенің жоғарғы қырынан еденге дейінгі ара қашықтықтың бөлменің тереңдігіне қатынасын анықтайды. Тереңдік коэффициенті- 1:2 кем болмауы керек.
Геометриялық көрсеткіштердің ешқайсысы да барлық факторлардың табиғи жарыққа толығымен тигізетін әсерін көрсетпейді. Барлық факторлардың әсері табиғи(жарықтан) жарықтанғандық коэффициенті (ТЖК) арқылы есептеледі. ТЖК=Еn : Е0·100%, мұндағы, Еn - бөлменің ішіндегі терезеге қарсы тұрған қабырғадан 1 м қашықтықтағы нүктенің жарықталғандығы, (лк); Е0- бүкіл көк аспаннан шашырап түскен жарықпен жарықтанған (аспан тұтас бұлтты) жағдайдағы бөлмеден тыс орналасқан нүктедегі жарық деңгейі, (лк). Сонымен, ТЖК бөлме ішіндегі жарық деңгейінің бір уақыттағы бөлме сыртындағы жарық деңгейіне пайыздық қатынасы ретінде анықталады.
Тұрғын үй бөлмелер үшін ТЖК 0,5% , ауруханалық палата үшін 1% , мектеп сыныптарында 1,5 % , ал операциялық бөлмелер үшін 2,5 % кем болмауы керек.
Жасанды жарық келесі талаптарға сәйкес болуы керек: жеткілікті дәрежеде қарқынды, біркелкі; дұрыс көлеңке түзілуін қамтамасыз етуі, көзді шағылыстырмауы және заттың түсін өзгертпеуі; қыздырмауы; спектрлік құрамы бойынша күндізгі жарыққа жақын болуы керек.
Жасанды жарықтандырудың екі жүйесі бар: жалпы және аралас. Аралас жүйесінде жалпы жарықты, тікелей жұмыс орындарында жарықты шоғырандылыратын, жергілікті жарықпен толықтырады .
Жасанды жарықтанудың негізгі көздері - қызу шамдары мен люминесцентті шамдар болып табылады. Қызу шамдары жарықтың ыңғайлы, тоқтаусыз жұмыс істейтін түрі. Олардың кемшіліктерінің бірі, жарықты аз береді, спектрінде сары және қызыл сәулелер басым, ал көк және күлгін түстері аз болады. Бірақ психофизиологиялық жағынан алып қарағанда, жарықтың бұндай спектрлік құрамы сәулені жағымды және жылы етеді. Көру жұмыстары тұрғысынан алғанда, қызу шамдарының жарығы тек өте майда бөлшектерді анықтап қарау қажет болғанда ғана күндізгі жарықтан кем түседі. Ол түрлі түстерді жақсы ажырату қажет болған жағдайларда жарамсыз. Қызу шамының қызатын жібінің беті өте аз болғандықтан, қызу шамдарының жарықтық дәрежесі көз шағылысып, көрмей қалатын жарықтан едәуір артық болады. Артық жарықтық дәрежесімен күресу үшін, тікелей түскен жарықтың көзді шағылыстыратын әсерінен қорғайтын жарықтандыратын арматуралар қолданылады және шырақтарды адамның көру аланынан тыс жерге іледі.
Арматураларды тікелей, шағылысқан, жартылай шағылысқан және шашыраған жарық түсіретін арматуралар деп бөледі. Тікелей жарық түсіретін арматура шам жарығының 90% артығын жарық түсірілетін жерге бағыттайды, ол жерде жоғары жарық деңгейін қамтамасыз етеді. Бұнымен бір мезгілде, бөлменің жарық түсірілген және түсірілмеген бөліктерінің арасында едәуір жарық айырмашылығы пайда болады. Айқын көлеңкелер пайда болады, көзді шағылыстыратын әсері де болуы мүмкін. Бұл арматура қосалқы бөлмелер мен санитарлық жүйелерге жарық түсіру үшін қолданылады.
Шағылысқан жарық түсіретін арматура шамнан шыққан сәулелердің төбеге және қабырғаның жоғарғы бөлігіне бағытталатындығымен сипатталады. Осы жерден олар шағылысады, көлеңкелер түсірмей, бөлмеге жұмсақ шашыраған жарық түсіріп, оның барлық бөлігіне біркелкі таралады. Арматураның бұл түрі гигиеналық жағынан өте қолайлы жарық береді, бірақ жарықтандырудың бұл түрі үнемді емес, себебі жарықтың 50% жоғалады. Сондықтан, тұрғын үй бөлмелерін, сыныптарды, аурухана палаталарын жарықтандыруда жиі, үнемді болып саналатын, жартылай шағылысқан және шашыраған жарық түсіретін арматураларды қолданады. Бұл кезде жарықтың бір бөлігі сүт түсті немесе күңгірт әйнек арқылы өтіп, бөлмені жарықтандырса, ал екінші бөлігі, төбе мен қабырғалардан шағылысып барып, жарық береді. Бұндай арматура қанағаттанарлық жарық жағдайларын туғызады, ол көзді қарықтырмайды және онда айқын көлеңкелер пайда болмайды.
Люминесценттік шамдар жоғарыда келтірілген талаптардың көпшілігіне сай келеді. Люминесценттік шам - жәй шыныдан жасалған, ішкі беті люминоформен қапталған түтік. Түтік сынап буымен толтырылған, екі жақ шетіне электродтар дәнекерлеп бекітілген. Шамды электр жүйесіне қосқан кезде электродтар арасында ультракүлгін сәулесін шығаратын электр тогы пайда болады («газ разряды»). Ультракүлгін сәулелерінің әсерінен люминофор жарық шығара бастайды. Люминофорлардың түрлерін таңдап алу арқылы көрінетін сәулелердің әр түрлі спектрі бар люминесцентті шамдар дайындайды.. Ең жиі күндізгі жарық беретін шамдарды (КШ), ақ жарық беретін шамдарды (АШ) және жылы-ақ жарық беретін шамдарды (ЖАШ) қолданады. КШ шамдардың сәулелену спектрі терезесі солтүстікте бағытталған бөлменің табиғи жарығының спектріне жақын болады. Бұл жарық көзінде, тіпті кішігірім бөлшектерді анықтап қарау кезінде де, көз тез қажымайды. КШ шамын түстерді дәл ажыратуды қажет ететін бөлмелерде қолдану өте тиімді. Шамның кемшілігі, мұндай жарықтың көгілдір сәулелері көп болғандықтан, адамдардың бет терісі көкшіл тартып тұрады, сондықтан жарық беретін шамдардың бұндай түрлерін ауруханаларда, мектеп сыныптарында, т.б осы сияқты бөлмелерде қолданбайды. КШ шамдармен салыстырғанда, АШ шамының спектрі сары сәулелерге бай. Мұндай жарық беретін шамдарымен жарықтандыру кезінде көздің жұмысқа жоғары қабілеттілігі сақталады және бет терісінің түсі көп өзгермей, жақсы көрінеді. Сондықтан, АШ шамдарын мектептерде, аудиторияларда, тұрғын үй бөлмелерінде, ауруханалардың палаталарында және т.б. қолданады. ЖАШ шамдарының спектрі сары және қызғылт түстерге бай, олар көздің жұмысқа қабілеттілігін біраз төмендеткенімен де, бет терісінің түсін жандандырып көрсетеді. Бұл шамдар вокзалдарды, кинотеатрлардың вестибюльдерін, метроларды, т.б. жарықтандыру үшін қолданылады.
Спектрінің әр түрлілігі бұл шамдардың гигигиеналық жағынан артықшылықтарының бірі болып табылады. Люминесценттік шамдардың жарық беруі қызу шамдарына қарағанда 3-4 есе жоғары болады (1 Вт 30-80 лм береді), сондықтан олар үнемділеу болып саналады. Люминесценттік шамдардың жарықтық дәрежесі 4000-8000 кд/ м2, яғни, рұқсат етілгенінен жоғары болғандықтан, оларды қорғайтын арматураларымен бірге қолданады. Өндірісте, мектептерде; аудиторияларда қызу шамдарымен салыстырып жүргізілген көптеген сынаулар кезіндегі жүйке жүйесінің жағдайын, көздің қажуын, жұмысқа қабілеттілігін сипаттайтын объективті көрсеткіштер барлық үақытта дерлік люминесценттік шамдардың гигиеналық жағынан артықшылығын дәлелдеді. Бірақ, бұл үшін оларды орнымен қолдану қажет. Бөлменің пайдалану мақсатына қарай шамдарды спектрі бойынша дұрыс таңдау қажет. Көру сезімталдығы, қызу шамдарының жарығына қарағанда, күндізгі жарыққа сияқты, люминесценттік шамдардың жарығына да төмен болуы себебінен, люминесценттік шамдар үшін жарық деңгейлерінің нормалары қызу шамдарынан 2-3 есе жоғары бекітіледі (7.7 - кесте).
Егер, люминесценттік шамдармен жарықтандыру кезінде жарық деңгейі 75-150 лк төмен болса, онда «ақшамдық эффект» байқалады, яғни ірі бөлшектерді қараудын өзінде де, жарық деңгейі жеткіліксіз сияқты сезіледі. Сондықтан, люминесценттік шамдардың жарығы 75-150 лк төмен болмау керек.
7.7 -кесте
Табиғи және жасанды жарықпен жарықтандыру кезіндегі тұрғын және қоғамдық үйлердегі жарық деңгейінің нормативтері
Бөлме |
Жасанды жарықтандыру кезіндегі жарық деңгейі, лк |
ТЖК% |
||
Жоғарыдан және аралас жарықтан-дыру |
Бүйірінен жарық түсіру |
Өлшеу беті |
||
Адамдар тұратын бөлме |
100 |
- |
0,5 |
Еден |
Ас үй |
100 |
- |
0,5 |
Шартты түрдегі жұмыс атқарылатын заттың беті |
Оқу залдары |
300 |
3 |
1,0 |
Жоғарыдағы сияқты- |
Аудиториялар, зертханалар |
300 |
4 |
1,5 |
Жоғарыдағы сияқты - |
Дроссельдер бұзылған жағдайда люминесценттік шамдар тамырдың соғуы тәрізді жарық береді немесе шу шығарады.
Бұдан басқа, люминесценттік жарық түскен кезде қозғалыстағы немесе айналып тұрған затты қарағанда, «стробоскоиялық эффект» пайда болуы мүмкін, бұл кезде қаралатын заттың көптеген контурлары, яғни пішіндері пайда болады. Стробоскопиялық эффектіні жою үшін люминесцентті шамдарды әр түрлі фазаларға қосады немесе фазаларында өзгерістері бар арнайы сызбалар қолданады. Қазіргі кездегі люминесцентті шамдардың кемшіліктері жоқ деуге болады және олар көптеген қоғамдық ғимараттарды жасанды жарықпен қамтамасыз ету үшін кеңінен қолданылады.
VIII- ТАРАУ. ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫ
Тамақтану адамның денсаулығын, оның өмірінің ұзақтығын және сапасын, дүниеге дені сау ұрпақ келтіруін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Тағамның энергетикалық, пластикалық, био- және иммунореттеушілік, реттеушілік-бейімдеушілік, т.б. қызметтерінің арқасында ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы, өсуі, дамуы және әр түрлі тіндердің, мүшелер мен жүйелердің қызметі қамтамасыз етіледі. Жұқпалы емес аурулардың даму қаупі төмендейді. Ағзаның бейімделушілік және қорғаныштық қасиеттері жоғарылайды. Аурудың салдарынан бұзылған ағзаның гомеостазы және әр түрлі жүйелерінің жұмысы қалпына келеді.
Тамақтану және денсаулық, тамақтану және кеселдер мәселелері бір-бірімен тығыз байланысты және алиментарлық жолмен әр түрлі кеселдердің біріншілік және екіншілік алдын алудың негізінде жатыр. Жеткіліксіз немесе артық экзогенді тамақтану, алиментарлық деп аталатын аурудың дамуына себеп болады. Олардың алдын алу, адамға энергия мен тамақтық заттардың физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келетін рационалды тамақтану арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, тамақтану ерекшеліктері атеросклероз, ишемия және гипертония аурулары, қатерлі ісіктер, сусамыр, несеп және өт тасы аурулары сияқты, этиологиясы көп факторлы, т.б. көп тараған және қауіпті аурулардың қауіп-қатер факторларының ролін атқаруы мүмкін.
Белгілі бір жағдайларда тағам, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу себебі және факторы, сондай-ақ қоршаған ортадан ағзаға бөгде химиялық заттардың (ксенобиотиктердің) түсетін негізгі жолы болуы мүмкін.
Сонымен, тамақтанудың адам денсаулығына әсерімен байланысты негізгі мәселелерді білу, адамның денсаулығын сақтау, көптеген аурулардың алдын алу мен тиімді емдеу үшін қажетті жағдай болып табылады.
1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады, себебі, оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің, т.б. синтезімен байланысты. Егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса, өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді.
Сонымен, тамақтану өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етеді:
а) пластикалық қызметті, осының арқасында ағзаның дамуы және жасушалар мен тіндердің үзіліссіз жаңаруы іске асады;
б) ағзадағы барлық тіршілік үрдістері үшін қажет энергетикалық қызметті;
в) ағзаны, реттеуші-каталитикалық роль атқаратын, кейбір биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуді;
Дегенмен, кез-келген тамақтану түрі, ағзаны оптималды физиологиялық жағдайда ұстап тұра алмайды, денсаулығының және жоғары жұмыс қабілеттілігінің сақталуын, қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті емес.
Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша, мұндай талаптарға рационалды (ұтымды) деп аталатын тамақтану ғана жауап бере алады.
Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану - ағзаға тағамның саны мен сапа жағынан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық қызметтерінің оңтайлы өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану.
Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары:
2. Халықтың әр түрлі топтарына арналған тамақтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары.
Халықтың әр түрлі топтарына арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормаларын тағамтану ҒЗИ немесе медициналық жоғары оқу орындарының және дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының тиісті кафедралары әзірлейді және ол мемлекеттік нормативтік құжат болып табылады.
Олар іс жүзіндегі тамақтануды бағалаудың критерийлері, тағамдық азықтарды өндіруді және тұтынуды жоспарлау кезінде және азық-түлік қорларын бағалау кезінде ғылыми негіздері болып саналады, ұйымдасқан ұжымдардың рациондарын есептеу үшін де қолданылады. Тамақтану нормасы, сондай-ақ, дәрігерлік практикада жеке адамдардың тамақтануын бағалау үшін және оны түзету жөніндегі ұсыныстарды негіздеу үшін де қолданылады.
Негізгі тағамдық заттар мен энергияның қажеттілігін анықтау кезінде, ұсынылған энергия тұтыну деңгейінің дәлдігі шешуші роль атқарады. Ол тағам арқылы ағзаға түсетін энергия мен оның шығынының арасындағы диспропорцияны болдырмауы қажет. Дені сау адамдарға энергия қажеттілігі: дене жұмысына белсенділігіне (қуат шығынына), жынысына, жасына, дене массасына, ағзаның жағдайына, климат жағдайына және басқа да қоршаған ортаның факторларына байланысты анықталады.
Тәуліктік энергия шығыны, адамның еркімен реттелмейтін және реттелетін түрлерінен тұрады. Реттелмейтін энергия шығынына, негізгі алмасуға және тағамның спецификалық - динамикалық әсеріне кететін энергия шығындары жатады. Реттелетініне - барлық жұмыс түрін орындауға кететін энергия шығыны жатады.
Негізгі алмасу - тыныштық жағдайында ағзаның негізгі өмір үшін маңызды қызметтерін сақтауға: тыныс алуға, жүректің, бүйректің, т.б. жұмысына кететін энергия шығыны. Негізгі алмасу мөлшері көп факторларға байланысты: жынысына, жасына, массасына, климат жағдайына, т.б. тәулігіне 1000-нан 2000 ккалл дейінгі аралықта ауытқиды. Негізгі алмасу әйелдерге қарағанда, ер адамдарда жоғары, ол ер адамдардың массасы мен денесінің беті үлкен болуымен, бұлшық еттерінің көбірек нығаюымен, зат алмасу үрдістерінің қарқынды жүруімен байланысты. Негізгі алмасу, орта есеппен ер адамдарда -1700 ккал, әйел адамдарда - 1400 ккал.
Негізгі алмасу мөлшері балалар мен жасөспірімдерде, үлкен адамдарға қарағанда, 1,5-2 есе жоғары. Ол 2-3 жастағы балаларда - 55 ккал/кг массасына, 6-7 жаста - 42 ккал/кг, 16-17 жаста - 34 ккал/кг, ал үлкен адамдарда орта есеппен 24 ккал/кг, немесе 1 кг массасына 1 сағатта орта есеппен 1 ккал. Бұл, балаларда өсу және даму үрдістерінің қарқындылығымен, сондай-ақ дене бетінің дене массасына қатынасы, үлкендерге қарағанда, артық болуына байланысты, қоршаған ортаға жылу берілуінің көп болуымен түсінідіріледі.
Негізгі алмасу ауаның температурасы төмен болған кезде, стресс жағдайларында, дене қызуы көтеріліп ауырған кезде, қалқанша бездің гиперфункциясы кезінде және басқа да көптеген факторлардың әсері кезінде жоғарылайды. Негізгі алмасудың төмендеуі аз тамақтанған кезде, эндокринді бездердің гипофункциясы, гиподинамия кездерінде және басқа да жағдайларда байқалады.
Тағамның спецификалық-динамикалық әсері (ТСДӘ) - тағамның әр түрлі құрам бөліктерінің - белоктардың, майлардың, көмірсулардың әсерінен энергия шығынының бірдей емес өсуі. Негізгі алмасудың ең көп өсуі - 30-40 % дейін белоктарды қабылдаған кезде байқалады, майлар мен көмірсуларды қабылдаған кезде азырақ көбейеді: 14 % дейін - майларды, 4-7 % дейін - көмірсуларды қабылдаған кезде. Белок, май, көмірсулары аралас тағамдарды қабылдаған кезде, энергия шығыны тәулігіне, орта есеппен 15 % артады. Тағамның спецификалық-динамикалық әсерін ағзада тағамдық заттардың айналымы (алмасуы) үшін қажетті, тотығу үрдістерінің күшеюімен байланыстырады. Реттелінетін энергия шығыны балалар мен жасөспірімдерде, үлкен адамдарға қарағанда, негізгі алмасу сияқты, жоғарылау. Егер, үлкен адамдарда энергия шығыны орта есеппен 45 ккал/кг болса, ол 1-5 жастағы балаларда 80-100 ккал, 13-16 жастағы жасөспірімдерде - 50-60 ккал құрайды. Мұндай едәуір энергия шығыны зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы жоғары, жылу берілуі және балалардың қимылдарының көбірек болуымен, ал ересек жаста, айтылғандарға қосымша жұмыс жүктемелерімен, спортпен, дене шынықтырумен шұғылдануларымен байланысты.
Энергиялық баланс, ағзаның энергия шығыны мен тағам рационының энергиялық құндылығын салыстыру арқылы анықталады. Егер, рационның энергиялық құндылығы тәуліктік энергия шығынын жаппайтын болса, теріс энергиялық баланс пайда болады, егер, энергиялық құндылығы энергия шығынынан едәуір асатын болса, онда оң энергиялық баланс байқалады. Оң да, теріс те, энергиялық баланс адамның денсаулығына зиян. Ол зат алмасуының бұзылуына, әр түрлі жүйелер мен мүшелерде функционалдық және морфологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеп соғады.
Халықтың нақты топтары үшін немесе жеке алынған адам үшін, қажетті энергия мөлшерін (санын) анықтаудың физиологиялық критерийі ретінде дене жұмысына белсенділік коэффициенті алынған.
Дене жұмысына белсенділік коэффициенті бұл, жалпы энергия шығынының негізгі алмасу мөлшеріне қатынасы.
Бір мамандық түрінде жұмыс істейтін адамдардың бәрінің энергия шығыны бірдей бола бермейді, себебі, энергия шығыны орындалатын жұмыс операцияларының ауырлығына және кәсібіне қатысы жоқ, іс-әрекет жағдайына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, яғни энергия шығыны бірдей адамдар тобына кәсібі әр түрлі адамдарды жатқызуы мүмкін. Сондықтан, қазіргі «Нормаларда», (1991) БДДҰ (ВОЗ) ұсынысы бойынша, энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігін анықтауға арналған критерийі ретінде дене жұмысына белсенділік коэффициенті алынған.
Осы қағиданы ескеріп, жасы 18-ден 60 жасқа дейінгі жұмысқа қабілетті адамдар дене жұмысына белсенділік коэффициентіне байланысты, ер адамдар бес топқа және әйел адамдар төрт топқа бөлінген. Әрбір топтағы адамдар тағы да үш жас санаттарына бөлінген: 18-29, 30-39 және 40-59 (8.2, 8.3 - кестелер). 60 жастан асқан халықты 2 жас топтарына бөлген: 60-74 жастағы және 75 жастан асқан адамдар тобына. Балалар мен жасөспірімдер 11 жас санаттарына бөлінген: 1-3 ай, 4-6 ай, 7-10 ай, 1-3 жастағылар, 4-5 жастағылар, 6 жастағылар (оқушылар), 7-10 жастағылар, 11-13 жастағылар, ұл балалар және қыз балалар жеке санаттарға, 14-17 жастағы ұл балалар және қыз балалар жеке санаттарға бөлінген (8.3- кесте).
8.1.-кесте
Жұмысқа қабілетті халықты (ер адамдарды) дене жұмысына белсенділік коэффицентіне байланысты топтарға бөлу
Топ |
ДЖАК |
Кәсіп түрлері. |
1. Негізінен, ой жұмысымен айналысатын адамдар, дене жұмысы белсенділігі өте жеңіл. |
1,4 |
Ғылыми қызметкерлер, гуманитарлық мамандықтардың студенттері, ЭЕМ (ЭВМ) операторлары, бақылаушылар оқытушылар, диспетчерлер, басқару пульттарында жұмыс істеушілер т.б. |
2. Жеңіл жұмыс түрімен айналысатын адамдар, дене жұмысы белсенділігі жеңіл. |
1,6 |
Трамвай, троллейбус жүргізушілері, конвейрлерде жұмыс істейтін адамдар, таразышылар, қораптаушылар, тігіншілер, агрономдар, мейірбикелер, санитаркалар, байланыс, қызмет көрсету қызметкерлері, өнеркәсіп тауарларын сатушылар т.б. |
3. Ауырлығы орташа жұмыс істейтін адамдар, дене жұмысы белсенділігі орташа. |
1,9 |
Слесарь, қондырғы орнататындар, станокта жұмыс істейтіндер, бұрғылаушылар, экскаваторлардың, буьдозерлердің, автобустардың жүргізушілері, дәрігер-хирургтер, тоқымашылар, етікшілер, теміржолшылар, көмір комбайндарын жүргізушілер, азық-түлік сатушылар, сушылар, металлургтер, доменщиктер, химиялық зауыттарда жұмыс істеушілер т.б. |
4. Ауыр дене жұмысын орындайтын адамдар, дене жұмысы белсенділігі жоғары. |
2,2 |
Құрылыс жұмысшылары, бұрғышылардың көмекшілері, проходчиктер, мақта терушілер, ауылшаруашылық жұмысшылары мен механизаторлардың негізгі бөліктері, сауыншылар, егіншілер, ағаш өңдеушілер, металлургтер мен құюшылар және басқалар. |
5. Өте ауыр жұмыс істейтін адамдар, дене жұмысы белсенділігі өте жоғары. |
2,5 |
Егін егетін және егін жинайтын кезеңдердегі механизаторлар мен ауыл шаруашылық жұмысшылары, тау-кен жұмысшылары, ағаш шабатындар, бетонщиктер, тас қалағыштар, жер қазушылар, жұмысы механикаланды-рылмаған жүк тасушылар, бұғы өсірушілер т.б. |
8.1. - кестеде көрсетілген топтарға бөлу ер адамдарды қамтиды. Әйел адамдарды топтарға бөлу осыған ұқсас, бірақ 5-ші тобы жоқ, себебі, әйел адамдар бұл топтағы кәсіп түрлерінде жұмыс істемейді. Мұндай топтарға бөлу, тағамдық заттар мен энергия қажеттілігі бірдей еместігіне байланысты:
“Тамақтану нормаларында” (8.2, 8.3 - кестелер) тамақтық заттар мен энергия қажеттілігінің абсолюттік мөлшері идеалды массасы (идеалды масса - берілген жасында, жынысында, бойының ұзындығында қалыпты болуы қажет массасы) 70 кг ер адамдарға, 60 кг әйелдерге арналып келтірілген. Энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі, сондай-ақ, 1 кг идеалды массасына да, есептелуі мүмкін.
Тамақтану нормасы, тағам рационының тек сандық және сапалық адекваттылығын қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, балансталғандығын, яғни, тамақтық заттардың, биологиялық белсенді қосылыстардың оңтайлы ара қатынастарын да қамтамасыз етеді. Рационды тұтас алғандағы (сандық) балансталғандығы және ақуыздары, майлары, көмірсулары, минералды заттары бойынша (сапалық) балансталғандығы деп бөледі. Рационды тұтас алғандағы балансталғандығы, оның құрамындағы ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың ара қатынастарымен анықталады. Рационның ақуыздары бойынша балансталғандығы, рациондағы жануар текті ақуыздардың үлесімен, амин қышқылдарының ара қатынастарымен, ақуыздарымен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Рационның майлары бойынша балансталғандығы, жануар текті және өсімдік майларының ара қатынастарымен, құрамындағы қөпқанықпаған, моноқанықпаған және қаныққан май қышқылдарымен және майлар арқылы қамтамасыз етілетін энергиялық құндылығымен анықталады. Рационның көмірсулары бойынша балансталғандығы, құрамындағы жай қанттардың, полисахаридтердің, пектин заттары мен жасұнықтың ара қатынастарымен, сондай-ақ, көмірсулардың есебінен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Минералды элементтерінің балансталғандығы, әзірге, негізінен кальцийдің, фосфордың және магнийдің ара қатынастары бойынша анықталады, себебі, басқа элементтер жөніндегі зерттеулер әлі жеткіліксіз. ДЖАК өскен сайын, энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі өсетіні және ең жоғарысы дене жұмысы өте ауыр жұмысшыларда екені кестелерден көрініп тұр.
Мысалы, 1 - топтағы ер адамдар үшін, тәуліктік энергия қажеттілігі 2100-2450 ккал, келесі топтарда ол біртіндеп өсе береді де, 5 - топта 3750-4200 ккал құрайды. Әйел адамдардың тәуліктік рационының энергиялық құндылығы 1 - тобында 1800-2000 ккал да, 4 тобында - 2800-3050 ккал. Әйел адамдарға энергия мен тамақтық заттардың қажеттілігі, жүкті және емізулі кезінде өседі (8.2.-кесте).
Нормаларда климат жағдайы да ескеріледі: солтүстік аудандарда энергия қажеттілігі, 8.2.,8.3.,8.4. - кестелердегі мәндермен салыстырғанда, 10-15 % көбейеді (басымырақ майлардың есебінен), оңтүстік аудандарда 5 % кемиді.
Энергия ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың тотығуы кезінде пайда болатыны белгілі, олардың 1 г әрқайсысына сәйкес 4,1; 9,3 және 4,1 ккал (калориялық коэффициенті) береді. Сонда негізгі энергия беретіндері - майлар мен көмірсулар, ақуыздарға көбінесе, пластикалық функция беріледі. Сондықтан да, тәуліктік рационның энергиялық құндылығының 56-57% көмірсулардың есебінен, 30 % майлардың есебінен және 11-12 % ақуыздардың есебінен қамтамасыз етілуі қажет. Егер, ағзаға түсетін ақуыздың санын 1 деп алсақ, онда балансталған тамақтану кезіндегі әр түрлі рациондардағы тағаммен ағзаға түсетін ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың салмақтық арақатынастары, орта есеппен 1,0:1,2:5,0 болуы қажет. Ой еңбегі кезінде құрамындағы майлары біраз азаяды - 1,0:1,1:4,96, ауыр дене жұмысы кезінде ол, керісінше, көбейеді - 1,0:1,3:5,0 құрайды. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың балансталғандығы энергиялық құндылығының көрсеткіштерімен өзара байланыста орнатылуы қажет. Сондықтан, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың ара қатынастары тек саны бойынша емес, энергиялық құндылығы бойынша да балансталғандық формуласы қолданылады. Ақуыздардың энергиялық құндылығын 1 деп алсақ, ара қатынастары 1,0:2,7:5,0 болады, яғни әрбір ақуыз калориясына 2,7 майлардың және 5,0 көмірсулардың калориясы келеді. Осы формуланы қолданып және тағам рационының калориясын біліп, негізгі тағамдық заттардың қажеттілік мөлшерін оңай есептеуге болады.
Балалардың рационындағы негізгі тамақтық заттардың ара қатынастары, үлкен адамдармен салыстырғанда, айырмашылықтары бар. Анасының сүтімен тамақтанатын 3 айға дейінгі жасында 1,0:3,0:5,9, себебі, ана сүті ақуыздарының, майларының, көмірсуларының ара қатынастарын қайталайды. Қосымша тамақтандыру енгізген кезде, ара қатынастары өзгереді: 4-6 айлық жасында 1,0:2,3:5,0; 7-12 айда - 1,0:1,9:4,5. Бір жастан асқан балалардың рационындағы майлар мен көмірсулардың үлесі азаяды: 1-6 жастағы балаларда ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың арақатынастары 1:1:4,0, ал 7 жастан асқан балаларда 1:1:4,3 болады.
Балалардың рационында майлардың, көмірсулардың артық болуы, зат алмасуының бұзылуына, белоктардың пайдаға асуының нашарлауына, өсуі және дамуының артта қалуына, семіруіне, сусамыр ауруына әкеп соғатындығымен түсіндіріледі.
8.2.-кесте
Үлкен адамдарға арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары (бір күнге)
Топ |
ДЖАК |
Жасы |
Энергия, ккал |
Ақуыздар, г |
Майлар, г |
Көмірсулар, г |
Минералды заттар, мг |
Дәрумендер |
|||||||||||||||
Барлығы |
Жануар текті |
Ca |
P |
Mg |
Fe |
Zn |
J |
C, мг |
А, мкг ре-тин. экв. |
Е, мг то-коф. экв. |
Д, мкг |
В1, мг |
В2, мг |
В6, мг |
Ниа-цин, мг ниац.экв. |
Фо-лат, мкг |
В12, мкг |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
Ер адамдар |
|||||||||||||||||||||||
І |
1,4 |
18-29 |
2450 |
72 |
40 |
81 |
358 |
800 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0,15 |
70 |
1000 |
10 |
2,5 |
1,2 |
1,5 |
2 |
16 |
200 |
3 |
30-39 |
2300 |
68 |
37 |
77 |
335 |
||||||||||||||||||
40-59 |
2100 |
66 |
36 |
70 |
303 |
||||||||||||||||||
ІІ |
1,6 |
18-29 |
2800 |
80 |
44 |
93 |
411 |
800 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0.15 |
70 |
1000 |
10 |
2,5 |
1,4 |
1,7 |
2 |
18 |
200 |
3 |
30-39 |
2650 |
77 |
42 |
88 |
387 |
||||||||||||||||||
40-59 |
2500 |
72 |
40 |
83 |
366 |
||||||||||||||||||
ІІІ |
1,9 |
18-29 |
2300 |
94 |
52 |
110 |
484 |
800 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0.15 |
80 |
1000 |
10 |
2,5 |
1,6 |
2 |
2 |
22 |
200 |
3 |
30-39 |
3150 |
89 |
49 |
105 |
462 |
||||||||||||||||||
40-59 |
2950 |
84 |
46 |
98 |
432 |
||||||||||||||||||
ІV |
2,2 |
18-29 |
3850 |
108 |
59 |
128 |
566 |
800 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0.15 |
80 |
1000 |
10 |
2,5 |
1,9 |
2,2 |
2 |
26 |
200 |
3 |
30-39 |
3600 |
102 |
56 |
120 |
528 |
||||||||||||||||||
40-59 |
3400 |
96 |
53 |
113 |
499 |
||||||||||||||||||
V |
2,6 |
18-29 |
4200 |
117 |
64 |
154 |
586 |
800 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0.15 |
100 |
1000 |
10 |
2,5 |
2,1 |
2,4 |
2 |
28 |
200 |
3 |
30-39 |
3950 |
111 |
61 |
144 |
550 |
||||||||||||||||||
40-59 |
3750 |
104 |
57 |
137 |
524 |
8.2. кестенің жалғасы
Эйелдер |
|||||||||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
І |
1,4 |
18-29 |
2000 |
61 |
34 |
67 |
289 |
800 |
1200 |
400 |
18 |
15 |
0,15 |
70 |
800 |
8 |
2,5 |
1,1 |
1,3 |
1,8 |
14 |
200 |
3 |
30-39 |
1900 |
59 |
33 |
66 |
274 |
||||||||||||||||||
40-59 |
1800 |
58 |
32 |
60 |
257 |
||||||||||||||||||
ІІ |
1,6 |
18-29 |
2200 |
66 |
36 |
73 |
318 |
800 |
1200 |
400 |
18 |
15 |
0,15 |
70 |
800 |
8 |
2,5 |
1,1 |
1,3 |
1,8 |
14 |
200 |
3 |
30-39 |
2150 |
65 |
36 |
72 |
310 |
||||||||||||||||||
40-59 |
2100 |
63 |
35 |
70 |
305 |
||||||||||||||||||
ІІІ |
1,9 |
18-29 |
2600 |
76 |
42 |
87 |
378 |
800 |
1200 |
400 |
18 |
15 |
0,15 |
80 |
1000 |
8 |
2,5 |
1,3 |
1,5 |
1,8 |
17 |
200 |
3 |
30-39 |
2550 |
74 |
41 |
85 |
372 |
||||||||||||||||||
40-59 |
2500 |
72 |
40 |
83 |
366 |
||||||||||||||||||
ІV |
2,2 |
18-29 |
3050 |
97 |
46 |
102 |
462 |
800 |
1200 |
400 |
18 |
15 |
0,15 |
80 |
1000 |
8 |
2,5 |
1,5 |
1,8 |
1,8 |
20 |
200 |
3 |
30-39 |
2950 |
84 |
46 |
98 |
432 |
||||||||||||||||||
40-59 |
2850 |
82 |
45 |
95 |
417 |
||||||||||||||||||
Жасы бойынша дене жұмысы белсенділігіне сәйкес келетін нормаға қосымша |
|||||||||||||||||||||||
Жүкті әйелдер |
+350 |
30 |
20 |
12 |
30 |
300 |
450 |
50 |
20 |
5 |
0,03 |
20 |
200 |
2 |
10 |
0,4 |
0,3 |
0,3 |
2 |
200 |
1 |
||
Бала емізуші (1-6 ай) |
+500 |
40 |
26 |
15 |
40 |
400 |
600 |
50 |
15 |
10 |
0,05 |
40 |
400 |
4 |
10 |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
5 |
100 |
1 |
||
Бала емізуші (7-12 ай) |
+450 |
30 |
20 |
15 |
30 |
400 |
600 |
50 |
15 |
10 |
0,05 |
40 |
400 |
4 |
10 |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
5 |
100 |
1 |
||
* барлық топтағы 50 жастан асқан әйелдер үшін кальций 1000 мг/тәулік |
8.2. кестенің жалғасы
Қарт және өте қарт айған жастағы адамдарға арналған нормалар |
||||||||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
Ер адамдар |
60-74 |
2300 |
68 |
37 |
77 |
335 |
1000 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0,15 |
80 |
1000 |
15 |
2,5 |
1,4 |
1,6 |
2,2 |
18 |
200 |
3 |
75+ |
1950 |
61 |
33 |
65 |
280 |
1000 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0,15 |
80 |
1000 |
15 |
2,5 |
1,2 |
1,4 |
2,2 |
15 |
200 |
3 |
|
Әйелдер |
60-74 |
1975 |
61 |
33 |
66 |
284 |
1000 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0,15 |
80 |
800 |
12 |
2,5 |
1,3 |
1,5 |
2 |
16 |
200 |
3 |
75+ |
1700 |
55 |
30 |
57 |
242 |
1000 |
1200 |
400 |
10 |
15 |
0,15 |
80 |
800 |
12 |
2,5 |
1,1 |
1,3 |
2 |
13 |
200 |
3 |
Ескерту: 1. А дәруменінің қажеттілігі мкг ретинол эквивалентімен көрсетілген (1мкг ретинол эквиваленті =1 мкг ретинолға немесе 6 мкг бета-каротинге тең). 2. Е дәруменінің қажеттілігі мг токоферол эквивалентімен көрсетілген (1 мкг токоферол эквиваленті = 1 мг альфа-токоферолға тең). 3. Д дәруменінің қажеттілігі мкг холекальциферолмен көрсетілген (10 мг холекальциферол =400 ИЕ Д дәруменіне тең). 4. Ниациннің қажеттілігі ниацин эквивалентімен көрсетілген (1 ниацин эквиваленті= 1 мг ниацинге немесе рациондағы 60 мг триптофанға тең).
8.3. кесте Балалар мен жасөспірімдерге арналған физиологиялық қажеттілік нормалары ( бір күнге) |
|||||||||||||||||||||
Жасы мен жынысы |
Энергия, ккал |
Ақуыздар, г |
Майлар, г |
Көмірсулар, г |
Минералды заттар, мг |
Дәрумендер |
|||||||||||||||
Барлығы |
Жануар текті |
Ca |
P |
Mg |
Fe |
Zn |
J |
C, мг |
А, мкг ре-тин. экв. |
Е, мг то-коф. экв. |
Д, мкг |
В1, мг |
В2, мг |
В6, мг |
Ниа-цин, мг ниац.экв. |
Фо-лат, мкг |
В12, мкг |
||||
0-3 ай*. |
115 |
2,2 |
2,2 |
6,5 (0,7) |
13 |
400 |
300 |
55 |
4 |
3 |
0,04 |
30 |
400 |
3 |
10 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
5 |
40 |
0,3 |
4-6 ай. |
115 |
2,6 |
2,5 |
6,0 (0,7) |
13 |
500 |
400 |
60 |
7 |
3 |
0,04 |
35 |
400 |
3 |
10 |
0,4 |
0,5 |
0,5 |
6 |
40 |
0,4 |
7-12 ай. |
110 |
2,9 |
2,3 |
5,5 (0,7) |
13 |
600 |
500 |
70 |
10 |
4 |
0,05 |
40 |
400 |
4 |
10 |
0,5 |
0,6 |
0,6 |
7 |
60 |
0,5 |
1-3 жас |
1540 |
53 |
37 |
53 |
212 |
800 |
800 |
150 |
10 |
5 |
0,06 |
45 |
450 |
5 |
10 |
08 |
0,9 |
0,9 |
10 |
100 |
1,0 |
4-5 жас |
1970 |
68 |
44 |
68 |
272 |
900 |
1350 |
200 |
10 |
8 |
0,07 |
50 |
500 |
7 |
2,5 |
0,9 |
1,0 |
1,3 |
11 |
200 |
1,5 |
6 (мектеп) |
2000 |
69 |
45 |
67 |
285 |
1000 |
1500 |
250 |
12 |
10 |
0,08 |
60 |
500 |
10 |
2,5 |
1,0 |
1,2 |
1,3 |
13 |
200 |
1,5 |
7-10 жас |
2350 |
77 |
46 |
79 |
335 |
1100 |
1650 |
250 |
12 |
10 |
0,10 |
60 |
700 |
10 |
2,5 |
1,2 |
1,4 |
1,6 |
15 |
200 |
2,0 |
11-13 жас (ұл балалар) |
2750 |
90 |
54 |
92 |
390 |
1200 |
1800 |
300 |
15 |
15 |
0,10 |
70 |
1000 |
12 |
2,5 |
1,4 |
1,7 |
1,8 |
18 |
200 |
3,0 |
11-13 жас (қыз балалар) |
2500 |
82 |
49 |
84 |
355 |
1200 |
1800 |
300 |
18 |
12 |
0,10 |
70 |
800 |
10 |
2,5 |
1,3 |
1,5 |
1,6 |
17 |
200 |
3,0 |
14-17 жас (ұл балалар) |
3000 |
98 |
59 |
100 |
425 |
1200 |
1800 |
300 |
15 |
15 |
0,13 |
70 |
1000 |
15 |
2,5 |
1,5 |
1,8 |
2,0 |
20 |
200 |
3,0 |
14-17 жас (қыз балалар) |
2000 |
90 |
54 |
90 |
360 |
1200 |
1800 |
300 |
15 |
12 |
0,13 |
70 |
800 |
12 |
2,5 |
1,3 |
1,5 |
1,6 |
17 |
200 |
3,0 |
* Бір жасқа дейінгі балаларға энергияның, белоктың, майлардың қажеттілігі г/кг дене массасына есептеліп берілген. Жақшаның ішінде линоль қышқылының (г/кг дене массасына) қажеттілігі көрсетілген. Белоктардың қажеттілік мөлшері ана сүтімен немесе құрамындағы белоктарының биологиялық құндылығы (БҚ) 80 % артық ана сүтін алмастыратын сүтпен тамақтырандыратын балалар үшін берілген, БҚ 80 % кем сүт өнімдерімен тамақтандырған кезде, көрсетілген мөлшерді 20-25 % арттыру қажет.
3. Тағамның құрам бөліктері. Тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы түсінігі
Адам тамаққа өте көп, әр түрлі азықтарды қолданады, еске сала кететіні, тек жануар текті, өсімдік текті және минерал текті ғана емес, сонымен қатар синтездеу жолымен алынған және генетикалық түр өзгерту нәтижесінде алынған азықтарды да қабылдайды. Кез келген азықтың құрамы, химиялық қосылыстардың бірқатар кешені болып саналады, олар табиғи азықтардың құрам бөліктері немесе оларға сырттан түсетін бөгде заттар болуы мүмкін.
Табиғи құрам бөліктеріне жататындары:
1. Негізгі тамақтық (қоректік) заттар (нутриенттер) ауқаттық (алиментарлық) мәні бар, яғни ағзаны энергиямен, пластикалық заттармен, биологиялық белсенді қосылыстармен, т.б. қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер, су.
2. Шартты түрде алиментарлық емес қосылыстар, олардың алиментарлық мәні әзірше анық емес:
Келтірілген құрам бөліктерінің ішінен, азықтың тамақтық құндылығын қамтамасыз етудегі негізгі роль нутриенттерге беріледі, солардың арқасында ағзаның тіршілігі қамтамасыз етіледі. Басқа құрам бөліктері, адамның денсаулығына пайдалы да (фитоқосылыстар тиолдар, лигниндер, терпендер және басқалар), қолайсыз да (биогенді аминдер, улы құрам бөліктері, антиалиментарлық факторлар, амин қышқылдарының және майлардың пиролиз өнімдері және басқалар) әсер етуі мүмкін.
Бөгде қосылыстар басым антропогенді болады және көпшілік жағдайларда адам ағзасына зиянды әсер етеді. Олар тағамдық азықтарға, гигиеналық талаптардың сақталмауы нәтижесінде, азықтарды өсірудің, алудың, өңдеудің, тасымалдаудың, сақтаудың және тағам дайындау мен сақтаудың әр түрлі кезеңдерінде түседі.
Азықтардың тамақтық құндылығын бағалау кезінде, тамақтық және биологиялық құндылығы түсінігін бөліп көрсетеді. Тамақтық құндылығы тағамдық азықтардың пайдалы қасиеттерінің барлығын толығымен көрсетеді: энергиялық құндылығын, барлық негізгі тамақтық заттардың мөлшері мен сапасын, дәмділік сапасын, қорытылуын, сіңуін және жалықтыруын (шығып қалуын). Азықтың биологиялық құндылығы болса, тамақтық құндылығының жеке сипаттамасы болып табылады және ең алдымен ақуыздың сапасын, сонан соң басқа биологиялық белсенді алмастырылмайтын қосылыстарды дәрумендерді, минералды заттарды, КҚМҚ (ПНЖК) және басқаларды көрсетеді. Ақуыздың сапасы құрамындағы алмастырылмайтын амин қышқылдарының жиынтығы қаншалықты толық және олардың өздерінің және алмастырылатын амин қышқылдарымен ара қатынастары қаншалықты қолайлы, және осыған байланысты, ағзада қаншалықты толық ұсталынады және берілген ақуыздың азоты қаншалықты пластикалық мақсатқа пайдаланылатынымен анықталады. Ең жоғары биологиялық құндылыққа, аминқышқылдың қоры жоғары және ағзада азоттың жоғары дәрежеде ұсталынуын қамтамасыз ететін жануар текті ақуыздар ие.
Тағамдық азықтардың тамақтық құндылығын бағалауда, олардың қорытылуының, сіңімділігінің, жалықтыратындығының маңыздылығы аз емес. Қорытылу деңгейі - азықтың химиялық құрамының, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйесіне сәйкес келуі және жеңіл қорытылу дәрежесіне байланысты. Сіңімділігі - жеке нутриенттердің пайдаға асу дәрежесімен сипатталады. Жалықтыратындығы азықты қаншалықты тез тамақтануға қабылдағысы келмей қалатындығымен сипатталады.
4. Тамақтық заттардың биологиялық ролі. Қабылдау нормалары. Тамақтық заттардың көздері - азықтар.
4.1. Ақуыздар. Биологиялық ролі. Ақуыздар міндетті түрде ағзаға түсіп отыруы қажет және тамақтанудың алмастырылмайтын құрам бөлігі болып табылады, себебі солар ғана ағзаның, өсуін, дамуын және жасушалар мен тіндердің регенерациясын, антиденелердің, ДНК, РНК, ферменттердің, гормондардың, еттердің жиырылуына қатысатын ақуыздардың, глобиннің, жасуша ақуыздарының және жасушадан тыс сұйықтардың, т.б. синтезделуі үшін қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді. Сонымен, тағаммен ағзаға түсіп отыратын ақуыздар, бәрінен бұрын пластикалық материал ретінде, ал шектеулі дәрежеде энергиялық материал ретінде пайдаға асады.
Ақуыздар ағзада көп түрлі қызмет атқарады:
Ақуыздар, ағзада маңызды пластикалық материал ретінде және функциональдық тұрғыдан да, басқа тағамдық заттармен алмастырылуы мүмкін емес, ал олардың өзі болса, майлар мен көмірсуларды кеңінен алмастыра алады.
Ақуыздардың қоректік құндылығы, олардың амин қышқылдық құрамымен байланысты, биологиялық құндылығы - бірінші кезекте, ағзада синтезделмейтін гистидин, лизин, метионин, триптофан, лейцин, изолейцин, треонин, валин, фенилаланин сияқты - алмастырылмайтын амин қышқылдарымен олардың балансталғандығымен байланысты. Осыған байланысты, тағамдық ақуыздар құнды және құнды емес болып бөлінеді. Құнды ақуыздардың амин қышқылдық құрамы, адам ағзасындағы ақуыздардың амин қышқылдық құрамына жақын және барлық алмастырылмайтын амин қышқылдарды қамтиды. Құнды емес ақуыздардың құрамында бір немесе бірнеше амин қышқылы болмайды немесе аз болуы мүмкін. ФАО сарапшылары, 1 г идеалды белоктың құрамында 40 мг изолейцин, 70 мг лейцин, 55 мг-лизин, 35 мг-метеонин+цистин, 60 мг-фенилаланин+тирозин, 10 мг триптофан, 40 мг-треонин, 50 мг-валин (4-кесте) болуы қажет деп санайды.
Тағамдық азықтардың амин қышқылдық құрамын, амин қышқылдық қорын анықтау арқылы, идеалды ақуыздың амин қышқылдық құрамымен салыстыруға болады.
Амин қышқылдық скоры = мг АҚ/ зерттелетін ақуыздың г • 100%
мг АҚ/ идеалды ақуыздың г
Мұндағы: АҚ-кез келген алмастырылмайтын амин қышқылы
Идеалды (стандарттық) ақуызда әрбір алмастырылмайтын амин қышқылдық скоры 100 %-деп қабылданады. Скорының мәні, ең төмен АҚ ақуыздың биологиялық құндылығын лимиттеуші болып табылаы.
Ақуыздардың амин қышқылдық құрамының баланстанғандығы, яғни амин қышқылдардың оптимальды ара қатынаста болуының өте үлкен маңызы бар.
Рационның құрамында жеке амин қышқылдарының көп болуы, ақуыздың сіңімділігін төмендететіні, ал ағзаға жекелеп енгізілген амин қышқылдар улы әсер ету мүмкіндігі немесе басқа амин қышқылдарының сіңуін қиындататыны, зерттеулерде көрсетілген.
Жануар текті ақуыздардың биологиялық құндылығы жоғары, олардың құрамында барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар және олардың ара қатынастары оптимальды. Бұл - тауық жұмыртқасының, еттің, балықтың, сүттің және сүт өнімдерінің ақуыздары.
Көпшілік өсімдік текті тағамдардың құрамындағы (нанда, жүгеріде, бұршақ, жармаларда т.б.) ақуыздар құнды емес (сапасы төмен).
Дегенмен, өсімдік ақуыздары жануар текті ақуыздармен араласқан кезде, биологиялық тұрғыдан өте белсенді (активті) амин қышқылдардың кешенін жасайды, олар синтез үрдістерінде толық пайдаға асады және оның үстіне өсімдік текті ақуыздар ағзаны азотпен қамтамасыз етуде және оң азот балансын сақтауда негізгі роль атқарады. Сондықтан, тағам рационында жануар текті де, және өсімдік текті де ақуыздардың болуы қажет.
Ақуыздың биологиялық құндылығы, сондай-ақ, жеке амин қышқылдарының жеңіл қорытылып, сіңуімен (ас қорыту жүйесіндегі сіңімділігімен) анықталады. Олардың қорытылуы және сіңімділігі протеолитикалық ферменттердің ингибиторлары болған кезде (мысалы, бұршақ тұқымдастарда) төмендейді және кулинарлық өңдеу үрдістерінде - ұзақ уақыт, жоғары температурамен қатты әсер еткенде, ақуыздар көмірсулармен тағы басқа тағамның құрам бөліктерімен әсерлесіп, ағзаға сіңбейтін меланоидтардың, тағы басқа да қосылыстардың пайда болуына әкеп соғады.
Ақуыздардың қажеттілік нормалары. Дүииежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ФАО сарапшылары комитетінің ұсынысы бойынша, рационда ақуызды нормалау кезінде, олардың ағзада жойылу мөлшерін негізге алады. Үлкен адамдар ашыққанда немесе ақуызсыз тамақтанғанда, тәулігіне несеппен, нәжіспен, термен 7-9 г, дене тіндері ақуыздарының ыдырауы нәтижесінде пайда болатын азотты шығарады, оны ақуызға айналдырғанда 56 г ақуыз болады. Демек, ағзаның өз ақуыздары шығынының алдын алу үшін, тәулігіне 55-60 г кем емес ақуыз енгізу қажет. Бұл мөлшер ақуыз қабылдаудың сенімді қауіпсіз деңгейі деп аталады. Ол азот тепе-тендігі деп аталатын, ағзаға түскен азот мөлшерінің, одан шығатын азоттың мөлшеріне тең жағдайын қамтамасыз етеді. Бірақ ақуыздың мұндай мөлшері, минимальды қажетті мөлшер болып табылады, себебі, ол стресс жағдайына, ауруларға, дене еңбегінің ауырлықтарына, т.б. кететін ақуыз шығынын ескермейді.
Сондықтан, адамға ақуыз қажеттілігінің оптимальды нормасы, ақуыз минимумынан, орта есеппен 1,5 есе артық, ал ер адамдар үшін 72-117 г/тәулік (0,9-1,7 г/кг массасына), әйел адамдар үшін 61-97 г/тәулік (0,9-1,6 г/кг массасына). Бұл кезде жас адамдарға арналған нормалар жоғары және жұмыс ауырлығы өскен сайын да жоғарылайды (8.2. -кесте). Сондай-ақ, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін де, ақуыздардың қажеттілік мөлшері ұлғаяды. Тәуліктік рацион ақуызының 55 % кем емес бөлігі, жануар текті ақуыздармен қамтамасыз етілуі қажет. Балаларға ақуыздардың қажеттілігі, үлкен адамдарға қарағанда, өсу және даму үрдістерінің қарқындылығына байланысты, едәуір жоғары (8.3.-кесте).
Кіші жаста, ол көп жоғары, жасы өскен сайын біртіндеп төмендей береді, дегенмен де, 14-17 жаста үлкен адамдармен салыстырғанда, біраз жоғары. Бір жасқа дейінгі балаларға, оның қажеттілігі 2,2-2,9 г/кг дене массасына, 1-ден 3 жасқа дейін 4-5 г/кг, 4-7 жаста 4-3,5 г/кг, 7-10 жаста 3,5-2,5, 11-13 жаста 2,5-2 г/кг, 14-17 жаста 1,9-1,3 г/кг. Жануар текті ақуыздардың үлесі 60-тан 90 %-ға дейін болуы қажет. Бұл кезде, өмірінің бірінші 6 айында ақуыздардың қажеттілігі 100 % жануар текті ақуыздармен қамтамасыз етілуі қажет (ана сүтімен тамақтанады), 7 айдан 12 айға дейінгі жасында 80 %, 1 жастан 6 жасқа дейін 65-70 %, мектеп жасында 60 %. Кез келген рационда (емдік диеталардан басқасында, мысалы, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде, ақуыздың мөлшерін төмендетуге болмайды, себебі, жасушалардың жаңаруы үзіліссіз жүріп жатады. Тәуліктік тағам рационының энергиялық құндылығының 11-12 % ақуыздардың есебінен қамтамасыз етілуі қажет. Энергиясы аз рациондардың құрамында ақуыздар көбірек болуы қажет, себебі, гипокинезия жағдайында ақуыздардың ыдырауы және ағзадан шығуы күшейеді.
Адамға ақуыздардың қажеттілігі, тек санымен ғана емес, сондай-ақ сапасымен де анықталады. Алмастырылмайтын амин қышқылдарының ағзаға сіңуі, олардың белгілі бір ара қатынастары сақталған кезінде оптимальды жүреді (8.4.- кесте).
8.4. - кесте
Үлкен адамдарға алмастырылмайтын амин қышқылдарының шамамен алынған сенімді және оптимальды қажеттілігі 1 г/100 г ақуызға
Амин қышқылдары |
Сенімді деңгейі |
Оптимальды деңгейі |
|
А.А.Покровский бойынша |
ФАО/ВОЗ ұсынулары |
||
Изолейцин |
1,8 |
4,0 |
4,0 |
Лейцин |
2,5 |
6,0 |
7,0 |
Лизин |
2,2 |
5,0 |
5,5 |
Метионин+цистин |
2,4 |
4,0 |
3,5 |
Фенилаланин+тирозин |
2,5 |
4,0 |
6,0 |
Треонин |
1,3 |
3,0 |
4,0 |
Триптофан |
0,65 |
1,0 |
1,0 |
Валин |
1,8 |
4,0 |
5,0 |
Ақуыз көздері болатын азықтар. Жануар текті ақуыздардың негізгі көздері ет, балық, сүт, сүт өнімдері, жұмыртқа (8.5.- кесте).
Жануарлардың (мал) етінде 14-тен 21 %-ға дейін құнды ақуыз бар, сиыр етінде ақуыздар көбірек 18-21 %. Мал етіне қарағанда, құстың етінде ақуыздар біршама көбірек, мысалы тауық етінде 20-22 %, түйетауықтың (индейка) 21-25 %. Сондай-ақ, мұнда экстрактивті заттар көбірек, дәнекер тіндері азырақ және ол жақсы сіңеді. Тауық етіндегі ақуыздардың құндылығы жоғары, құрамында оптимальды арақатынаста балансталған барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар, оның үстіне, құрамында өсу үрдістерін жақсартатын триптофан, лизин, аргинин сияқты амин қышқылдары көбірек.
Балық етінің құрамында да, саны жағынан мал етіне жақын құнды ақуыздар бар орта есеппен 7-12 %. Балықтың еті фосфорлы ақуыздарға бай. Жұмыртқаның құрамында 12,5 % дейін құнды ақуыздары бар, сіңімділігі жақсы. Сүттің құрамында ағзаға қажетті тағамдық заттардың бәрі бар, олар еріген немесе ұсақ дисперсті жағдайда, бұл сүттің сіңімділігінің жоғары болуына 95-98 % ықпал етеді.
8.5.- кесте
Тағамдық азықтардың құрамындағы ақуыздары ( г/100г жеуге жарамды бөлігінде)
Азықтардың аты |
Құрамындағы ақуыздары |
Соя |
34,0 |
Үрме бұршақ |
23,2 |
Бұршақ |
23,4 |
Сыр |
14,3-26,8 |
Сиыр еті |
18,0-21,0 |
Тауық еті |
20,3-22,4 |
Балық |
14,0 |
Қой еті |
16,4-20,8 |
Шошқаеті |
14,5-16,5 |
Түйе тауық еті |
20,6-24,5 |
Үйрек еті |
11,4-17,8 |
Майын алған сүзбе (творог) |
16,1 |
Жұмыртқа |
12,5 |
Қарақұмық жармасы |
12,5 |
Бидай жармасы |
12,0 |
Макорондар |
11,0 |
Күріш |
7,6 |
Қара бидай наны |
6,3 |
Бидай наны |
- |
Сүт |
3,3 |
Картоп |
2,0 |
Орам жапырақ (капуста) |
1,8 |
Сәбіз |
1,5 |
Алша |
0,8 |
Алма |
0,4 |
Сиыр сүтінің құрамында 2,8-3,3 % ақуыздар бар, мұның 2,8 % казеин және шамамен, 0,5 % альбумин. Ақуыздардың ұсақ дисперстілігі, олардың жақсы сіңімділігін қамтамасыз етеді. Амин қышқылдық құрамы жақсы баланстанған. Сүтті қабылдағанда, асқазан бездерінің сөлі аздау бөлінеді, сондықтан асқазан-ішек жолдарының қабыну үрдістері кезінде ұсынылады. Сүтте нуклеин қосылыстары жоқ, осыған байланысты пурин алмасуы бұзылған адамдарға қолданады.
Сүт және сүт өнімдері 1 жасқа дейінгі балалардың негізгі тағамы болып саналады. Бала, анасының сүтінің ақуыздарымен бірге, бірқатар антиденелерді, антигендерді және ферменттерді қабылдайды.
Ашытқан сүт өнімдерінің ұйыған сүттің (простокваша), айранның, ацидофильді сүттің, ряженканың құрамында 3,4 % дейін ақуыз бар, ол сүтпен салыстырғанда 2-3 есе жеңілірек және тезірек сіңеді, себебі, бұлардың құрамындағы ақуыз, ашу нәтижесінде жарым-жартылай альбуминозаларға және пептондарға айналады. Жеңіл сіңетін және қорытылатын ақуыздардың едәуір мөлшері (саны) сүзбенің құрамында бар 11-13 % дейін, сырларда (25-30 % дейін). Сүзбенің казеинінде метионин, кальций көп.
Өсімдік азықтарының ішінде, ақуыздары амин қышқылдарының құрамы жағынан жануар текті ақуыздарға жақындау азықтар соя, картоп, сұлы, қарақұмық, күріш.
Соя бұршағында ақуыздар 30 % дейін жетеді, басқа бұршақ тұқымдастардың (бұршақ, үрме бұршақ, жасымық) құрамында да ақуыздары салыстырмалы түрде жоғары 19-25 % және етке, балыққа тән ақуыздардың мөлшерінен көбірек, бірақ өзінің қоректік құндылығы жағынан (сіңімділігі, пайдаға асуы, амин қышқылдық құрамы) жануар текті ақуыздардан төмен. Бұршақ тұқымдастар құрамындағы қатқыл жасұнығына байланысты ауыр қорытылады және ақуыздарының сіңімділігі 70 % шамасында.
Жармаларды толық немесе жарым-жартылай қабықшалары мен ұрығынан тазартылған астық тұқымдастардың дәнінен жасайды. Бұлардың ішінде, ақуызы ең көбі, сұлы мен қарақұмық жармасы, оларда ақуыз 15 % дейін, бірақ амин қышқылдарының ара қатынастары қолайлы емес.
Ұнтақ (манная) жармасында 12 % дейін ақуыз болады. Ол бидай дәнінің эндоспермінен жасалады, бірақ құрамында жасұнық болмауына байланысты тез піседі және жеңіл сіңеді. Сондықтан да, ол, жас балалар мен аурулардың тамақтануы үшін құнды.
Жармалардан дайындалған кейбір тағамдар, мысалы, кілегей көжелер, күріш, арпа ботқалары, асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде емдәмдік тағам ретінде қолданылады.
Картоп құрамында 2 % дейін ақуызы бар маңызды тағамдық азықтардың бірі. Амин қышқылдық құрамы балансталған, сіңуі үшін қолайлы. Нан ақуыздардың тәуліктік қажеттілігін 25-35 % өтейді. Құрамында 5-17 % ақуыздары бар. Негізінен, сапасы төмен (құндылығы төмен). Көкөністер, жемістер және жидектердің құрамында ақуыздары болмашы ғана (0,5-2 %), ағзаны ақуыздармен қамтамасыз етуде айтарлықтай роль атқармайды.
4.2. Майлар. Биологиялық ролі. Жануар текті және өсімдік азықтарымен ағзаға түсетін тағамдық майлардың құрамына, негізінен нейтралды майлар, сондай-ақ, фосфолипидтер мен стеариндер кіреді. Ағзаға сырттан түскен майлардан ішектің қабырғасында қайта синтезделуі (ресинтез) нәтижесінде, ағзаның майына ұқсас май түзіледі.
Майлар, көмірсулармен қатар негізгі энергия көзі ағзада 1 г май тотыққан кезде 37,6 кДж (9 ккал) энергия береді. Майлар, сондай-ақ, құрылымдық элемент ретінде цитоплазманың және жасуша қабықшасының құрамына кіріп, гормондардың синтезделуіне қатысып, белгілі бір дәрежеде пластикалық та роль атқарады. Майлармен бірге ағзаға майда еритін А, Д, Е және К дәрумендері түсіп отырады. Майлар, осы дәрумендердің еріткіштері болып, олардың жақсы сіңуіне ықпал етеді.
Майлардың биологиялық құндылығы, олардың құрамында, тамақтанудың F алмастырылмайтын факторы ретіндегі көп қанықпаған май қышқылдарының (ПНЖК) болуымен де анықталады. Оларға жататындар- линоль, линолен, арахидон қышқылдары. Оларды F витамині деп атайды. Қанықпаған химиялық байланыстары көп болғандықтан, қанықпаған май қышқылдарының (ПНЖК) химиялық белсенділігі, қаныққан май қышқылдарына қарағанда, жоғарылау. Көп қанықпаған май қышқылдары (ПНЖК), жасуша мембраналарының, дәнекер тіндерінің, миелин қабықшаларының түзілуіне қажетті құрам бөлігі ретінде пайдаға асады және олар қан тамырларының созылғыштығын арттырады, өткізгіштігін азайтады, тромбозға тосқауыл болады, липотроптық және атеросклерозға қарсы қасиеттері бар, простагландиндердің синтезделуіне, В тобындағы дәрумендердің және холиннің алмасуына қатысады, ағзаның өсуі мен қорғаныш механизмдерін жақсартады, бала туудың қалыпты функциясын қамтамасыз етеді, улы және канцерогенді факторларға ағзаның төзімділігін арттырады.
Май -жылуды нашар өткізеді, сондықтан ағзаны суықтан сақтайды, оның үстіне, едәуір серпімділік қасиетінің болуына байланысты, амортизациялық қызмет атқарады. Майлар тағамның дәмін жақсартады және ұзақ уақыт тоқтық сезімін береді.
Майлармен бірге ағзаға, маңызды роль атқаратын қосылыстар - фосфолипидтер және стеариндер түседі.
Фосфолипидтер, жасуша мембраналарының құрамына кіреді. Олардың гипохолестеринемиялық және липотроптық әсері бар. ОЖЖ дамуы үшін қажет. Ағзаға қажеттілігі, тағамның құрамында түсетін алдыңғы өнімдерінен немесе фосфолипидтердің ыдырау өнімдерінен эндогенді синтез арқылы қанағаттандырылады.
Стеариндер - жоғары молекулалы бір атомды спирттер. Олар бүйрек үсті және жыныс бездері гормондарының, өт қышқылдарының, Д дәруменінің синтезделуіне қатысады. Ең маңыздысы - холестерин. Ол жоғарыда айтылғандармен қатар, мембраналардың өткізгіштігін реттеуге қатысады. Холестерин бауырда синтезделеді. Зат алмасуы бұзылған кезде, ол атеросклероздың дамуына қатысатын фактор ретінде болуы мүмкін.
Майларды тұтыну нормалары. Майлардың орташа тәуліктік қажеттілігі, ақуыздардың қажеттілік нормаларына жақын. Ер адамдар үшін ол 70-154 г/тәулік ( 1,0-2,2 г/кг) аралығында, әйел адамдар үшін 60-102 г/тәулік (1,0-1,8 г/кг).
Жас адамдарға майлардың қажеттілігі жоғары (8.2. -кесте). Жұмыс ауырлығы артқан сайын, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге және суық климаттық аймақтарда тұратын адамдарға, оның қажеттілігі жоғарылайды, ол егде жаста және ыстық климат жағдайында төмендейді.
Майлар тәуліктік рационның калориясын, орта есеппен 30 % шамасында қамтамасыз етуі қажет. Аймақтар бойынша ажыратқанда: оңтүстік аудандар үшін - 27-28 %, солтүстік аудандар үшін 35-40 %.
Май рационының биологиялық құндылығы, жеке түрінде жетіспейтін өмір сүру үшін маңызды құрам бөліктерімен бірін-бірі толықтырып отыратын, жануар текті майлар мен өсімдік майларын араластырып қабылдағанда жоғарылайды. Үлкен адамдардың рационына 70 % жануар текті, 30 % өсімдік майларын кіргізгенде, оптималды болып саналады, себебі, қанықпаған май қышқылдарының негізгі бөлігі -өсімдік майларында.
Үлкен адамдарға КҚМҚ (ПНЖК) қажеттілігі 3-6 г/тәулік (рационның калориясының 3 %), фосфатидтердің қажеттілігі 10 г/тәулік.
Үлкендерге қарағанда, майлардың қажеттілігі балаларға 2-3 есе жоғары. Бір жасқа дейін олардың қажеттілігі, ақуыздардың қажеттілігінен едәуір жоғары - 6,5-5,5 г/кг дене массасына (8.3. кесте) және 7 айлық жасына дейін жануар текті майлармен берілген. Бір жастан асқан балалар үшін майлардың қажеттілігі, ақуыздардың қажеттілігімен бірдей. Бұл жағдайда, жасына байланысты өсімдік майларының үлесі біртіндеп өсе береді: 7 айдан 3 жасқа дейін 10 %, 4-6 жаста 15 %, 7-10 жастағыларда және одан да үлкендерде 20%. КҚМҚ (ПНЖК) қажеттілігі үлкен адамдарға қарағанда, балалар үшін жоғары. Алмастырылмайтын линоль қышқылы 1 жасқа дейін тәуліктік рацион калориясының 4-6 % қамтамасыз етуі қажет, 1-3 жаста -4 %, 4 және одан да артық жаста 3 %.
Май көздері болатын азықтар. Ағзаға майлардың қажеттілігі, негізінен майлардың нағыз өзімен: өсімдік майларымен, сары маймен, малдың майларымен, сондай-ақ, тағамдық азықтардың (еттің, балықтың, бауырдың, жұмыртқаның, қаймақтың, т.б.) құрамына кіретін майлармен өтеліп отырады (8.6.- кесте). Дәнді дақылдардың құрамында майлар көп емес (2 % дейін). Көкөністер мен тамыр тұқымдыларда, тіпті жоқ деп айтуға болады (0,1 % және одан да кем). Жануар текті майлардың ішінде, құрамындағы майы 83 % дейін жететін, сүт майы және басқа да сүттен жасалған тағамдар жоғары бағаланады. Сүт майының құрамында КҚМҚ жоқ, бірақ А дәрумені, әсіресе жазғы айларда көп және біраз Д дәрумені де бар. Олар, жоғары дисперстілігінің арқасында жақсы сіңеді 96-98 %. 100 грамының энергиялық құндылығы - 780 ккал. Ашытқан қаймақтың (сметана) құрамында 20-35 % дейін май бар. Калориясы жоғары, жеңіл сіңетін құрамында 10-20 % майы бар сүт өнімі - қаймақ (сливки). Сүзбе - сүттің табиғи жолмен ашуы кезінде немесе пастерленген сүтті ашыту арқылы алынады. Құрамында 0,5 % - дан (майсыз сүзбе) 18 % дейін (майлы сүзбе) майы бар. Сыр - іріген сүтті айрықша өңдеу жолымен дайындалады. 27 % дейін сүт майы бар, дәмдік сапасы жоғары, сіңімділігі де жақсы. Жануар текті майлардың басқа түрлері калориясының жоғарылығымен ерекшеленеді (100 г - 930 ккал), бірақ дәрумендер мен КҚМҚ (ПНЖК) аз, қиын ериді, сіңімділігі де нашар (еру t º шошқа майы 40º, сиыр майы 45º, қой майы 50º).
Өсімдік майлары- жоғары калориялы (100г - 930 ккал) КҚМҚ, фосфатидтерге, стеариндерге, Е дәруменіне бай, бірақ басқа майда еритін витаминдер жоқ. Рафиндеген кезде, тамақтық құндылығы төмендейді, себебі, фосфатидтер жойылып кетеді.
Фосфатидтер мен стеариндердің қажеттілігі, әр түрлі азықтардың есебінен қамтамасыз етіледі. Күнбағыс (1 % дейін), соя (4 % дейін) майлары, жұмыртқа (10 % дейін), сүт майы (0,4 %), дәнді дақылдардың ұрығы (0,6-0,7 %) фосфолипидтерге бай. Тазартылған өсімдік майларында және маргаринде фосфатидтер жоқ. Холестерин балықтың уылдырығында (4-14 %), тауық жұмыртқасының сарысында (1,7 %), мида, бауырда (0,3 %) көп.
8.6. - кесте.
Кейбір майлардың сипаттамасы мен құрамы
Майдың түрі |
Балқу темпе-ратура-сы |
Сіңім-ділігі % |
Құрамындағы қанықпаған май қышқылдары |
Құра- мын-дағы фосфа-тидтері % |
Құрамындағы дәрумендері мг % |
|||
Линоль |
Лино-лен |
Арахидон |
Е |
А |
||||
Сүт майы |
28-350 |
93-98 |
06-3,6 |
0,4 дейін |
Ізі |
0,3 дейін |
3 |
1,5 дейін |
Қойдың майы |
45-500 |
74-84 |
3,0-4,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
Сиырдың майы |
40-460 |
75-88 |
4,0 дейін |
- |
- |
- |
- |
- |
Шошқаның майы |
40-420 |
95 |
3,8 |
1,0 дейін |
2,0 дейін |
- |
3 |
- |
Күнбағыс майы |
Сұйық |
95-98 |
54 |
- |
- |
1,0 дейін |
70-120 |
- |
Дәруменделген маргарин |
30-330 |
93-98 |
18-25 |
- |
- |
0,3 |
77-105 |
1,5 |
4.3. Көмірсулар. Биологиялық ролі. Көмірсулар, тағамның негізгі массасын құрайды. Олар моносахаридтер (глюкоза, фруктоза, галактоза), дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза) және тағамдық (гликоген, крахмал) және тағамдық емес (жасұнық, пектин заттары) полисахаридтер.
Көмірсулар, негізгі энергия көзі, ағзаға энергия қажеттілігін 50-60 % дейін қамтамасыз етеді 8.2.,8.3.-кестелер). Ағзада 1 г көмірсулар тотығуы кезінде 4,1 ккал (16,7 кДж) энергия пайда болады. Дене еңбегі кезінде, бірінші кезекте көмірсулар шығыны болады, олдардың қоры біткеннен кейін, ағза майларды пайдалана бастайды. Көмірсулар ақуыздарды сақтайды. Орталық жүйке жүйесі мен қаңқа еттері қызметтерін қалыпты атқаруы үшін, көмірсулардың үлкен маңызы бар, себебі, олар тез тотығады және жеткілікті деңгейде энергиялық потенциалды қамтамасыз етеді. Көмірсулардың майлар мен ақуыздардан айырмашылығы, олардың ми қыртысын тыныштандыратын әсері бар.
Көмірсуларға белгілі бір пластикалық роль тән: олар глюкопротейдтердің (муциннің және басқа да мукойдтардың, нуклеопротейдтердің (пентозалардың), цереброзидтердің (галактоза), ферменттердің, дәрумендердің, сондай-ақ, кейбір гормондардың (фоликулостимулдеуші, тиреотропты, эритропоэтин т.б.) құрамына кіреді.
Көмірсулардың антитоксикалық қызметінің де маңызы үлкен: гиалурон қышқылының құрамында, олар жасуша қабырғалары арқылы бактериялардың енуіне кедергі жасайды. Лактоза ішекте шіру үрдісін жүргізетін микрофлоралардың дамуын тежейтін сүт қышқылдық бактерияларының дамуына ықпал етеді. Көкөністер мен жемістердің құрамындағы пектин заттары мен жасұнық сияқты тағамдық емес көмірсулардың да детоксикациялаушы қасиеттері бар. Пектин заттары, химиялық табиғаты жағынан гликополисахаридтерге, ағзаға сіңетін еритін заттарға жатады. Олар улы заттарды сорбциялайды, қорғасыннан, т.б. металдардан уланудың алдын алуда қолданылады, сондай-ақ, ішектегі патогенді шіріткіш микроорганизмдерінің өсуін тоқтатады.
Жасұнық өсімдік жасушаларының қабықшаларының құрамына кіреді, ішек микроорганизмдерінің ферменттерімен ыдырауға түсіп, бірлі-жарымы сіңгенімен де, айтарлықтай қоректік маңызы жоқ. Жасұнық пен пектин заттары ішек перистальтикасын және секрециясын жақсартады, сөйтіп оның тезірек босауына ықпал етеді және іш қатуының, шіру және ашу үрдістерінің күшеюінің, қатерлі ісіктер пайда болуының алдын алады. Мұнымен қоса, олардың гипохолестеринемиялық әсері бар, себебі, артық холестеринді байланыстырып, оның сіңіуіне кедергі жасайды.
Жасұнықтың санына байланысты, барлық көмірсулы азықтарды құрамында “қорғалған” көмірсулары бар (крахмалы басым және жасұнығы 0,4%-дан артық) азықтарға және “қорғалмаған” немесе тазартылған (жасұнығы 0,4%-дан кем) азықтарға бөледі. Қорғалған көмірсулардың жасұнығы, көмірсулардың сіңуін және олардың майға айналуын төмендетеді.
Көмірсулардың жетіспеушілігі, денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Гипогликемия, энергиялық метериаларды тез жеткізіп отыруды бірінші кезекте қажет ететін ми мен еттердің энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылуына әкеп соғады. Бұл жағдай жалпы әлсіздікпен, ұйқышылдықпен, есте сақтаудың нашарлауымен, бас ауруы, ой еңбегі мен дене еңбегіне қабілетінің төмендеуімен білінеді. Көмірсулардың жеткіліксіздігі кезінде, майлар мен ақуыздардың тотығуының бұзылуы нәтижесінде, қанда олардың толық тотықпаған өнімдері - кетон қосылыстарының жиналуы және ацидоз пайда болуы мүмкін. Ағзаның инфекцияларға қарсылық күші төмендейді, көптеген дәрумендер мен минералды заттардың ағзаға түсуі азаяды, ақуыздардың, тағы да басқа тағамдық заттардың сіңуі нашарлайды.
Көмірсулардың қажеттілік нормалары. Ақуыздар мен майлардың қажеттілігімен салыстырғанда, көмірсулардың қажеттілігі 4-5 есе артық. Жұмысқа қабілетті жастағы ер адамдар үшін, ол орта есеппен 303-586 г/тәулік (4,3-8,4 г/кг массасына), әйелдер үшін 257-462 г/тәулік (4,3-7,7 г/кг массасына).
Ақуыздар мен майлар сияқты, көмірсулардың қажеттілік нормалары да, ауыр дене еңбегін орындайтын адамдар мен жас адамдар үшін жоғары (8.2.-кесте). Қарт және егде жаста, қажеттілігі біраз төмендейді. Бала емізетін және жүкті әйелдердің рационына дене жұмысына белсенділігі мен жасы бойынша, қажеттілік нормаларына қосымша, 30-40 г көмірсулар енгізіледі.
Көмірсуларды қабылдау, ақуыздар мен майларды қабылдаумен балансталған болуы және оның үстіне, көмірсулардың өзінің де құрамы балансталған болуы қажет. Олардың келесі ара қатынастары оптималды деп есептеледі: крахмал 75 %, жай қанттар 20 %, пектин заттары - 3 %, жасұнық 2 %. Қанттарды қабылдау, олардың қоректік құндылығынан басқа, ағзаға тәтті дәм сезілу қажеттілігін қанағаттандырады және орталық жүйке жүйесінің жағдайына қолайлы әсер етеді. Дегенмен, көмірсулардың көбі ағзаға полисахаридтер түрінде түсуі қажет, олар ыдырауға түсуі барысында, қанға біртіндеп аз мөлшерімен өтеді, бұл глюкозаның алмасуын жақсартады, қандағы қанттың тұрақты деңгейінің сақталуына ықпал етеді және ұйқы безі мен бауырдың зорлануына әкеп соқпайды. Оның үстіне, ағзаға қанттардың көп мөлшерін енгізген кезде (200 г және одан да артық), глюкозаның ассимиляциялық табалдырығынан асып кетіп, қанттың бір бөлігі бүйрек арқылы шығады.
Көмірсулардың балаларға қажеттілігі жоғары (8.3.-кесте), себебі, олардың ағзасында гликолиз үрдісі қарқынды жүреді. 1 жасқа дейінгі балалар үшін орта есеппен 1 кг дене массасына 13 г құрайды, 1-3 жаста 20-15 г/кг, 4-5 жаста 14-16 г/кг, 14-17 жаста 8,5-6,2 г/кг. Бұл жағдайда, жеңіл сіңетін қанттардың мөлшері рационның құрамындағы жалпы көмірсулардың 20 %-нан аспауы керек және негізінен, өсімдік текті азықтардың есебінен қамтамасыз етілуі қажет.
Көмірсулардың көзі - азықтар. Көмірсулардың негізгі көздері -нан және басқа да ұннан жасалған тағамдық заттар, жармалар, бұршақ тұқымдастар, сүт және кейбір сүт тағамдары, көкөністер, жемістер, жидектер, қант, бал және басқалар.
Сүттің құрамында 4,7 % дейін қанты бар, ол жеңіл сіңетін көмірсу -лактоза түрінде. Лактоза Са, Мg, Р жақсы сіңуіне және В тобындағы дәрумендердің синтезделуіне ықпал етеді. Ішекте шіру үрдістеріне және патогенді микроағзалардың дамуына кедергі жасайтын микрофлоралардың (бифидум бактериялардың) дамуына ықпал етеді, яғни асқазан-ішек жолдарындағы шіру үрдістерінің алдын алады.
Нан- жоғары концентрацияланған тағамдық азықтардың бірі. Құрамында 45-50 % көмірсулары бар, негізінен крахмал, жасұнық түрінде. Нан арқылы рационның энергиялық құндылығының 1/3 бөлігі өтеледі. Наннан шықпайды, жақсы тоқтық сезім береді, тамақтық құндылығы жоғары, жоғары сұрыпты ұннан жасалған тағамдық заттарда көмірсулар көп. Олар жеңіл қорытылады, емдік емдәмнің құрамына және балалардың рационына жиі енгізіледі. Жармалар - әр түрлі дәнді дақылдардың дәндерінен жасалады. Олардың құрамында 60-70 % дейін крахмал және жасұнық түрінде көмірсулар бар.
Бұршақ тұқымдастардың құрамында 55 % дейін крахмал және жасұнық түрінде көмірсулар бар. Егер астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастардың құрамында, көмірсулар крахмал түрінде болса, көкөністерде крахмал (картоп) және қанттар (сәбіз, қызылша т.б.) түрінде, ал жеміс-жидектерде, тек қанттар түрінде болады.
Көкөністер- ағзаға көмірсуларды жеткізіп отыратын негізгі азықтардың бірі. Картоптың құрамында 15-16 % дейін крахмал түрінде көмірсулар бар. Крахмалдың жоғары клейстерлеуші қасиеті бар, жеңіл сіңеді, соған байланысты ас қорыту жолдарындағы қабыну үрдістері кезінде оларды бүркеп қалатын зат ретінде қолданылады. Сәбіз, қызылша, қарбыз, қауын, қантқа (глюкоза, фруктоза, сахароза) бай (8-10 %), құрамында жасұнық және пектин заттары да бар. Көмірсуларға цитрус жемістері де бай - 8-10 %, апельсинде фруктоза мен глюкоза басым, мандаринде қанттар басым. Олардың құрамында жасұнық бар: мандаринде 0,6 %, апельсинде - 1,4 % дейін. Алманың құрамындағы көмірсулар (11 % дейін глюкоза, фруктоза және сахароза түрінде, табиғаттан балансталған, сахароза ең азы (1,5 %), сондықтан гипергликемия тудырмайды және гиперхолестеринемиялық әсері жоқ. Құрамында едәуір мөлшерде пектин заттары мен жасұнық бар.
Жеңіл сіңетін көмірсулардың - глюкозалар (36 %) мен фруктозалардың (39 %) табиғи көзі бал. Оның құндылығының себебі, құрамында аз мөлшерде барлық дәрумендер, минералды заттар, органикалық қышқылдар, ферменттер кездеседі және туберкулез, қан азайған кездерде, әлсіреген ауруларға, бауыр және өкпе ауруларына емдік зат.
Жеңіл сіңетін көмірсулардың, өсімдік текті азықтардан басқа көзі - қант (тек сахароза түрінде) мұраппа (варенье), джемдер (60-70 % қанттар), шоколад (50-60 % қанттар), кондитерлік заттар.
4.4. Минералды заттар.
Биологиялық ролі. Минералды заттар, тамақтанудың алмастырылмайтын құрам бөліктеріне жатады. Адам ағзасының тіндері мен сұйықтарында алпысқа жуық минералды элементтер табылған. Тіндердің құрамындағы мөлшеріне байланысты, олар макроэлементтерге - (құрамында 1 мг% артық Са, Mg, P, S, R, Na, Cl т.б.) және микроэлементтерге - (құрамында 1 мг% кем І, Cu, Zn, F, Mn, Co, Fe т.б.) бөлінеді.
Минералды заттар ағзада жүретін барлық биохимиялық үрдістерге қатысады, әр түрлі тіндердің құрылысына, әсіресе, сүйектің құрылысына қатысып, пластикалық қызмет атқарады, протоплазманың коллойдтық жағдайын қамтамасыз етеді, осмостық қысымды және сутегі иондарының концентрациясын қажетті деңгейде сақтайды, сонымен қатар аралық алмасу реакцияларының катализаторы болып табылады. Көптеген минералды заттар ферменттердің, гормондардың, дәрумендердің тағы да басқа биологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді, жасуша мембраналары арқылы химиялық заттарды тасымалдау үрдісіне, ет пен жүйке тіндерінің қозу үрдістеріне, қанның ұюына, т.б. қатысады.
Натрий және хлор. Қанда және тін сұйықтарында осмостық қысымды сақтауға, қышқылдық-сілтілік тепе теңдікті қамтамасыз етуге, жүйке-ет қозуына, жасуша ішілік және тін аралық алмасу үрдістеріне қатысады. Натрий хлориді, сондай-ақ, тағамның дәмін жақсартады және тамаққа тәбетті қоздырады.
Тағамда натрий хлориді жетіспеуі кезінде немесе термен, құсу, іш өту, күйік кездерінде, натрий хлориді көп жоғалған жағдайда, тіндердің сусыздануы жүреді, белоктардың ыдырауы күшейеді, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді. Натрий мен хлор тұздарының көп болуы, ағзада судың ұсталуына ықпал етеді, сөйтіп, жүрек пен бүйрекке ауырлық түсуіне әкеп соғады.
Натрий хлоридінің тәуліктік қажеттілігі - 10-15 г, бұл қажеттілігі тағамдық азықтардың (3-5), нанның (3-5 г) құрамындағы тұздардың және тамақ дайындау үшін қолданатын, сондай-ақ, тамақ ішу кезінде дәміне байланысты қосылатын ас тұзының есебінен қамтамасыз етіледі.
Бүйрек ауруы, гипертония ауруы, ісіктер, қабыну үрдістері, семіру, стеройд гормондарымен емдеу кездерінде тұз қабылдауды шектеген жөн. Ыстық климат жағдайында, ыстық цехтарда жұмыс істегенде, термен натрий хлоридінің жоғалуының көбеюіне әкеп соғатын интенсивті дене жұмысы кезінде, ағзаға тұз енгізуді көбейту ұсынылады.
Кальций - сүйек жүйесіндегі басты құрылымдық элемент, қанның ұю үрдісіне қатысады, бірқатар ферменттердің активтілігін арттырады, қабынуға қарсы әсері бар. Сондай-ақ, кальцийдің жүрек еттерінің қалыпты қызметі мен жүйке жүйесінің қалыпты қозғыштық қызметі үшін маңызы үлкен.
Тағамда кальцийдің жеткіліксіздігі, бәрінен бұрын балаларда рахит, үлкен адамдарда остеомаляция түрінде білінетін сүйектену үрдісінің бұзылуына әкеп соғады. Халық арасында тіс жегі ауруы жиілейді.
Кальцийдің тәуліктік қажеттілігі 8.2., 8.3. - кестелерде келтірілген. Үлкен адамдар тәулігіне 800 мг-нан (11,4-13,3 мг/кг массасына) кем қабылдамауы қажет. Жүкті және бала емізетін әйелдер, қосымша тағы 300-400 мг алуы қажет.
Балалар үшін кальцийдің қажеттілігі жоғары (8.3. кесте). Дене массасының бірлігіне есептеген кезде, үлкен адамдарға қажеттілігімен салыстырғанда, 0-3 айлық жасында 10 есе, 4-6 айлық жасында 5 есе, 1-3 жаста 4 есе, 4-6 жаста 3-3,5 есе, 7-0 және 11-13 жаста 2-2,5 есе, 14-17 жаста 1,4-1,5 есе артық.
Тағамның құрамында фосфор, магний, калий, қымыздық және инозитфосфор қышқылдары көп кезде кальцийдің сіңуі нашарлайды, олар кальциймен ерімейтін қосылыстар түзеді, ішектен нашар сіңеді. Сондықтан, тағамдағы кальцийдің, фосфордың, магнийдің сандық ара қатынастарының маңызы үлкен. Кальций мен фосфордың ара қатынастары 1:1,5 және кальций мен магнийдің - 1:0,5 болса қолайлы деп есептеледі. Балалар үшін кальций мен фосфордың оптимальды ара қатынастары ретінде 1-6 айлық жасында 1,5:1, 6-12 айлық жасында 1,3:1, 1 жаста және одан кейінгі жастарында 1:1 қатынасы ұсынылады.
Кальцийдің сіңімділігіне, сондай-ақ, рационда майлардың көп болуы немесе жеткіліксіздігі де елеулі әсер етеді.
Кальцийдің негізгі көздері сүт, сүзбе, брынза, ашытылған қаймақ, ұйыған сүт, жұмыртқа, уылдырық (икра). Кальцийдің ағзаға тәуліктік қажеттілігін 500 мл сүт және 100 г сыр толық қамтамасыз ете алады. Бұршақ тұқымдастар, тары және жармалары, капуста, өрік, грек жаңғағы , миндаль да салыстырмалы түрде кальцийге бай. Сүтте және сүт өнімдерінде, орамжапырақта, алмада кальций мен фосфордың ара қатынастары қолайлы. Басқа азықтарда фосфор едәуір басым.
Фосфор - ағзада көптеген алмасу үрдістеріне қатысатын әр түрлі қосылыстардың (АТФ, АДФ, АМФ т.б.), биологиялық тотығу үрдісінде пайда болатын, энергияның аккумуляторы. Фосфор сүйек, ет, жүйке тіндерінің құрамында көп, ол кальциймен бірге сүйек тінінің негізін құрайды. Фосфор жүйке және ет тіндерінде жүретін алмасу үрдістерінде айрықша роль атқарады.
Үлкен адамдар үшін фосфордың қажеттілігі 1200 мг, балалар үшін ол жасына байланысты (8.2., 8.3. - кестелер).
Құрамында фосфоры ең көп тағамдық азықтар: сыр, сүзбе, жұмыртқа, уылдырық, қарақұмық және сұлы жармалары, бұршақ тұқымдастар, балық. Фосфордың сіңімділігі, тағамның құрамындағы кальций мен ақуызға байланысты. Астық тұқымдастардың құрамындағы фосфордың сіңімділігі нашар, себебі, ол олардың құрамында нашар сіңетін фитин қышқылы түрінде болады.
Магний - жүйке қозуының берілуіне және жүйке жүйесінің қозғыштығын реттеуге қатысады, кальцийдің антогонисі, ағзаға көп түскен кезде кальцийді қосылыстарынан ығыстырып шығарады, ал магнийдің тағамда жеткіліксіздігі, кальцийдің артерия қабырғасына, жүрекке, еттерге көбірек жиналуына ықпал етеді.
Магнийдің тәуліктік қажеттілігі 400 мг, бұл жағдайдағы кальций мен магнийдің ең қолайлы арақатынастары 1:0,5. Магнийдің негізгі көзі -нан, бұршақ, үрме бұршақ, әр түрлі жармалар.
Темір - ең маңызды минералдық элемент. Ол гемоглобиннің және құрамында гемі бар ақуыздар мен ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада темірдің жеткіліксіздігі, темір тапшылық анемия пайда болуына және оттегін тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты ферменттік үрдістердің бұзылуына әкеп соғады. Темірдің тәуліктік қажеттілігі, ер адамдар үшін - 10 мг, әйел адамдар үшін - 15 мг. Темірдің әйел адамдарға қажеттілігінің жоғарырақ болуы, жүктілік, босануы, бала емізуі және етеккір кездерінде темірдің едәуір мөлшерін жоғалтуына байланысты.
Темірдің балаларға қажеттілігі, жас кезеңдеріне байланысты, әр түрлі (8.3. - кесте) бірінші 6 айында 4-7 мг-нан, 14-17 жасында 15 мг дейін, бұл жағдайда темірдің балаларға салыстырмалы түрде қажеттілігінің ең жоғарысы, емізулі жасында (1,0-0,9 мг/кг), мектеп жасына дейінгілердің алдындағы жасында (0,7-0,8 мг/кг массасына), мектепке дейінгі жастарында (0,5-0,6 мг/кг массасына), ал үлкен адамдар үшін ол 0,14-0,25 мг/кг.
Темір, әр түрлі тағамдық азықтарда кездеседі: етте, бауырда, бүйректе, жұмыртқада, нанда, бұршақ тұқымдастарда, сұлы жармасында, шабдалыда, алмада, қара өрікте, укропта, салатта, петрушкада, т.б.
Дегенмен, құрамындағы темір жақсы сіңетін азықтарды ескерген жөн, бұл тұрғыдан, жануар текті азықтарға бай тағамдар ерекшеленеді. Мысалы, еттен темірдің 12-18 % сіңеді, бауырдан 5-11 %, ал өсімдік текті азықтардан, бар болғаны 1-2 % сіңеді. Темірдің ішекте сіңуін фосфаттар және фитаттар азайтады. Тағам рационында темірді көбейту қажет болған кезде, көрсетілгендерді ескеру қажет.
Мырыш. Мырыштың биологиялық белсенділігі, ол әр түрлі зат алмасу үрдістеріне қатысатын, оның ішінде көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың және нуклеин қышқылдарының синтезі мен ыдырауына қатысатын маңызды ферменттердің: сілтілі фосфатазаның, карбоангидразаның, нуклеотидилтрансферазалардың, карбоксилпептидазалардың, альдолазаның және басқалардың құрамына кіреді. Құрамында мырышы бар ферментер, барлық алты белгілі кластарына жатады, бірақ көбірек мөлшерде гидролазалар класында.
Мырыш өсу, даму, жыныстық жетілу үрдістері, репродукция функциясын, иммундық жауапты, қалыпты қан түзілуін, дәмді және иісті сезуін, жараның жазылуын қамтамасыз ету үшін қажетті фактор болып табылады. Тағамда мырыштың жеткіліксіздігімен байланысты, мырыш жеткіліксіздік жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі және ол, негізінен тұтас бидайдан дайындалған ашытқысыз наннан тұратын басым көмірсулы тамақтану кезінде пайда болады. Бұл кезде бидайдың фитин заттары мен жасұнығынан ерімейтін кешен пайда болуы салдарынан, мырыштың сіңуі бұзылады. Сондай-ақ, мырыштың сіңуі рационда кальций, мыс, кадмий, фосфаттар артық болған кезде де төмендейді.
Екіншілік мырыш жеткіліксіздік, патология мальабсорбция синдромы кезіндегі және сусамырмен, гестоздармен, ауыр күйіктермен және басқалармен байланысты мырыштың ащы ішектен сорылуының (сіңуінің) бұзылуымен байланысты.
Мырыштың алиментарлық жеткіліксіздігі, бой өсуінің шұғыл баяулауына, гепатоспленомегалияға, бойының өспеуіне, жыныстық жеткіліксіз даму жағдайына әкеп соғады. Жасушалық иммунитет бұзылады, жаралардың жазылуы баяулайды, иіс және дәм сезуі төмендейді және бұрмаланады. Жүкті әйелдерде мырыштың жеткіліксіздігі, ұрықтың және жаңа туған балалардың дамуындағы ақауларға: гидроцефалияға, микро- және анофтальмияға, таңдайы бөлінуі, жарық пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Мырыштың қажеттілігі, емшек еметін балаларға тәулігіне 3-4 мг, 14-15 жастағы балаларға 12-15 мг, үлкен адамдарға тәулігіне 15 мг (8.2.,8.3. - кестелер). Басқа қоректік заттардың қажеттілігі сияқты, жаңа туған және 1 жасқа дейінгі балаларға мырыштың қажеттілігі де жоғары болып келеді. Мырыш көптеген өсімдік және жануар текті азықтардың құрамында болады. Құрамында ең көп азықтар дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар (10 мг% дейін), кебек. Мал өнімдерінің ішінде, құрамында мырышы көбі -ет (орта есеппен 2,5 мг%), балық (1 мг %), жұмыртқа (1,1 мг%).
Йод - тиреоидтық гормондардың құрамына кіреді. Йодтың ағзада жетіспеушілігі, қалқанша бездің қызметіне ауырлық түсуіне, тироксиннің биосинтезі бұзылуына, эндемиялық зоб дамуына әкеп соғады. Йодтың ұзақ уақыт жетіспеушілігі, қалқанша және сүт безінде обыр (рак) дамуының, ал бала жасында меңіреуліктің қауіп-қатер факторы болуы мүмкін. Йод бойынша эндемиялық аудандарда тұратын балаларда, дене дамуы мен ақыл-ойы дамуында ауытқулар, сүйектену және жыныстық жетілу үрдістерінде бұзылыстар байқалады.
Балаларға йодтың физиологиялық қажеттілігі: емшек еметін жаста 0,04 - 0,05 мг/тәулік, 14-17 жаста 0,13 мг/тәулік (8.3.-кесте). Үлкен адамдарға қажеттілігінің абсолюттік мөлшері (0,15 мг/тәулік), балаларға қажеттілігіне қарағанда жоғары, бірақ кг дене массасына есептеген кезде төмен болады 0,021 мг/кг массасына.
Йодқа бай көздері - теңіз балығы, су өсімдіктері және басқа теңіз өнімдері. Құрғақ ламинарияда йодтың мөлшері 800 мг% дейін, құрғақ теңіз капустасында 220 мг% дейін. Балық майында йод көп 770 мг% дейін. Бірақ бұл өнімдер күнделікті қабылдайтын тағамдар емес, сондықтан йод қажеттілігінің 90 % дейінгі мөлшері өсімдік тағамдарының (дәнді дақылдар, көкөністер, картоп, жемістер) және жануар текті тағамдардың (ет, сүт, жұмыртқа) есебінен қанағаттандырылады. (8.7.-кесте). Йодтың сумен түсуінің айтарлықтай маңызы жоқ. Йод жетіспейтін аймақтарда, йод қосылған өнімдерді (басым ас тұзын) қолданады.
Мыс - өте маңызды микроэлементтердің бірі. Ол тотығу-тотықсыздану реакциясын, жасушалық тыныс алуды реттеуге, лизиннің тотығуына, липидтердің асқын тотығуына, катехоламиндердің синтезіне, гемоглобин түзілу үрдісіне қатысатын, онға жуық құрамында мыс бар, ферменттердің құрамына кіреді. Бұл ферменттің ішіндегілер церуолоплазмин, оның қатысуымен темірдің, биогендік аминдердің тотығуы және мыстың тасымалдануы жүреді; дофамин β гидроксилаза катехоламиндердің бастапқы өнімі дофаминді гидроксилдейді; цитохромсоксидаза, ол тіндік тыныс алудың соңғы реакциясын катализдейді; біріншілік аминдерді және басқаларды тотықтыратын аминооксидазалар.
Адам, мысты тағаммен тәулігіне 2-5 мг мөлшерінде қабылдайды, бұл оның физиологиялық қажеттілігінен едәуір артық (8.8.-кесте), бірақ бұл мөлшерінің жартысына жуығы ғана сіңеді, қалған бөлігі нәжіспен шығады, яғни дені сау адамда мыстың алмасуы «мыс» тепе-теңдігімен сипатталады.
Генетикалық бұзылыстар жоқ жағдайда, клиникалық тұрғыдан маңызы бар мыстың жеткіліксіздігі сирек байқалады ол квашиоркор кезінде, тек қана сүт тағамдарын қабылдаумен байланысты, балаларда болатын тұрақты іш өту кезінде, толығымен парентеральды тамақтану кезінде, мырыш тұздарын артық қабылдау кезінде байқалады.
Мыстың ағзаға артық түсуі, мыстан жасалған ыдыста сақталған қышқыл тағамдарды қабылдаған кезде, мысты тіс протезіне қолданған кезде, сондай-ақ өндірісте құрамында мысы бар қосылыстармен байланыста болған кезде байқалуы мүмкін. Бұл кезде жиі ас қорытудың бұзылуы, ал кәсібіне байланысты әсер етуі кезінде «мыс» қызбасы, пневмокониоз дамуы байқалады.
Балаларға мг/кг массасына берілген мыстың қажеттілігі, басқа микроэлементтердің қажеттіліктері сияқты, ең жоғарысы емшек еметін жаста үлкен адамдармен салыстырғанда 4-5 есе артық. Содан соң, ол біртіндеп төмендейді, бірақ жастық шақтың өзінде үлкен адамдармен салыстырғанда, жоғары болып қалады, қажеттілігі тәулігіне 1,5-3 мг (8.8.-кесте).
Мыс көздері - жануар текті де, өсімдік текті азықтар, оларда ол көп мөлшерде болмайды: етте 96-238 мкг%, жұмыртқада 83-140 мкг%, сүтте 12-20 мкг%, дәнді дақылдарда 290-600 мкг% , көкөністе 97-150 мкг% (8.7.- кесте).
Марганец - тірі ағзалар үшін өмірлік маңызы бар элемент. Ол аргиназаның, пируваткарбоксилазаның және Mnсупероксиддисмутазаның құрамына кіреді және бірқатар ферменттерді: лимон және алма қышқылдарының дегидрогеназасын, фосфатазаны, РНК- нуклеотидилтрансферазаны, және ДНК- нуклеотидилтрансферазаны және басқаларды белсенді етеді.
Марганец, сүйек және дәнекер тіндердің жасалуына қатысады, ол марганецтің қатысуымен фосфатазалардың белсенді етілуімен және сүйек матрицасындағы қышқыл гликозаминдердің синтезделуімен байланысты. Адам ағзасында марганецтің ең жоғары концентрациясы, түтікшелі сүйектерде және қабырғаларда байқалады. Марганец ағзаға артық түскен кезде, оның концентрациясы сүйекте жоғарылайды және оларда рахитке ұқсас «марганец рахиті» дамиды. Құстар мен жануарларда марганецтің жетіспеушілігі, сүйек түзілуінің бұзылуына әкеп соғады.
Марганецке айқын липотропты қасиет тән, бұл қасиеті холиннің мөлшері аз кезде ең үлкен дәрежеде байқалады. Марганецтің липидтердің алмасуына қатысуы, оның холестериннің алдындағы өнімдерінің синтезделу үрдісін катализдейтін ферментті белсенді етуімен байланысты.
Марганец, сондай-ақ инсулиннің қалыпты секрециясы үшін де қажет, себебі, глюконеогенез үрдістері, простетикалық топтарының құрамына марганец кіретін, пируваткарбоксилазамен катализденеді. Марганецтің жеткіліксіздігі, диабетогенді фактор болуы мүмкін.
Марганецтің катехоламиндердің алмасуына әсері де маңызды. Марганецтің, негізінен кәсібіне байланысты, ағзаға артық түсуі, катехоламиндердің алдыңғы өнімдерінің синтезінің бұзылуы есебінен, марганец паркинсонизмі дамуына әкеп соғуы мүмкін. Марганецтің жеткіліксіздігі кезінде сіңір тартылуына бейімділік байқалады. Марганец қан түзілу үрдісіне де, сондай-ақ жыныс бездеріне де және олардың қызметімен байланысты жыныстық жетілу үрдісіне, репродукцияға, потенцияға әсер етеді. Мысалы, марганеці аз тағам қабылдаған жануарларда репродукциялық қызметінің төмендеуі, өсу үрдісінің баяулауы, анемия дамуы байқалады, ал өндіріс жағдайында марганецтің жоғары концентрациясының әсеріне ұшыраған адамдарда, жыныс бездерінің гипофункциясы, потенциясының төмендеуі, туғанға дейінгі жүктілік кезеңде бұзылуы және басқалар дамиды.
8.7. кесте
Кейбір тағамдық азықтардағы микроэлементтердің мөлшері, мкг/100г
Өнім |
Темір |
Йод |
Кобальт |
Марганец |
Мыс |
Молибден |
Хром |
Мырыш |
Сиыр еті |
2900 |
7,2 |
7,0 |
35,0 |
182,0 |
11,6 |
8,2 |
3240 |
Тауық еті |
1600 |
6,0 |
12,0 |
19,0 |
76,0 |
- |
9,0 |
2055 |
Тауық жұмыртқасы |
2500 |
20,0 |
10,0 |
29,0 |
83,0 |
6,0 |
4,0 |
1110 |
Май шабақ |
1000 |
40,0 |
40,0 |
120,0 |
170,0 |
4,0 |
55,0 |
900 |
Карп |
800 |
5 |
35,0 |
150,0 |
130,0 |
4,0 |
55,0 |
2080 |
Сиыр сүті |
67 |
9,0 |
0,8 |
6,0 |
12,0 |
5,0 |
2,0 |
400 |
Майлы сүзбе |
461 |
- |
- |
8,0 |
74,0 |
- |
- |
394 |
Қатты сыр (Голландский) |
1200 |
- |
- |
100,0 |
90,0 |
- |
- |
5000 |
Қара нан |
3900 |
5,6 |
- |
1610,0 |
220,0 |
8,0 |
2,7 |
1210 |
Қара бидай ұнынан дайындалған нан |
4200 |
- |
2,8 |
1613,0 |
265,0 |
16,0 |
- |
1310 |
Жоғарғы сорт ұнынан дайындалған бидай наны |
1120 |
- |
1,4 |
450,0 |
80,0 |
10,6 |
1,6 |
526 |
Ұнтақ жарма |
960 |
- |
25,0 |
440,0 |
70,0 |
11,3 |
- |
- |
Қарақұмық жармасы |
6650 |
3,3 |
3,1 |
1560 |
640,0 |
34,4 |
- |
- |
Картоп |
900 |
5,0 |
5,0 |
170,0 |
140,0 |
8,0 |
10,0 |
360 |
Қызылша |
1400 |
7,0 |
2,0 |
660,0 |
140,0 |
10,0 |
20,0 |
425 |
Алма |
2200 |
2,0 |
1,0 |
47,0 |
110,0 |
6,0 |
4,0 |
150 |
Қара қарақат |
1300 |
1,0 |
4,0 |
180,0 |
130,0 |
24,0 |
- |
130 |
Алмұрт |
2300 |
1,0 |
10,0 |
65,0 |
120,0 |
5,0 |
- |
190 |
8.8. - кесте
Микроэлементтерді қабылдаудың қауіпсіз деңгейі (тәулігі)
Халық топтары |
Жасы |
Микроэлементтер |
||||
Мыс,мг |
Марганец,мг |
Фтор,мг |
Хром,мкг |
Молибден, мкг |
||
Балалар |
0-5 айлық |
0,4-0,6 |
0,3-0,6 |
0,1-0,5 |
14-40 |
15-30 |
6 ай-1 жаста |
0,6-0,7 |
0,6-1,0 |
0,2-1,0 |
20-60 |
20-40 |
|
1-3 жаста |
0,7-1,0 |
1,0-1,5 |
0,5-1,5 |
20-80 |
25-50 |
|
4-6 жаста |
1,0-1,5 |
1,5-2,0 |
1,0-2,5 |
30-120 |
30-75 |
|
7-10 жаста |
1,0-2,0 |
2,0-3,0 |
1,5-2,5 |
50-200 |
50-150 |
|
11 жаста және одан жоғары |
1,5-2,5 |
2,0-5,0 |
1,5-2,5 |
50-200 |
75-250 |
|
Үлкен адамдар |
1,5-3,0 |
2,0-5,0 |
1,5-4,0 |
50-200 |
75-250 |
Марганецті қабылдаудың қауіпсіз деңгейі, емшек еметін жастағы балаларға тәуілігіне 0,3-0,6 мг-нан, 11 және одан үлкен жастағы балаларға және үлкен адамдарға 2,0-5,0 мг дейін (8.8.-кесте).
Тағамдық азықтардағы марганецтің мөлшері, ағзаға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әдетте жеткілікті. Осыған байланысты, марганецтің алиментарлық жетіспеушілігімен байланысты аурулар адамда кездеспейді деп айтуға болады.
Адамның тамақтануындағы марганецтің негізгі көзі- өсімдік азықтары бидай, күріш, бұршақ тұқымдастар, петрушка, укроп (аскөк), қызылша, асқабақ, таңқурай, мұндағы марганецтің мөлшері 35 -тен 5000 мкг% дейін ауытқиды. Марганецке кофе мен шай өте бай (150-200 мг/кг). Марганецтің мөлшері 50-150 мкг% құрайтын бауырдан, бүйректен, кейбір балық түрлерінен басқа, жануартекті азықтарда аз 3-40 мкг% (8.7.- кесте).
Хром - биологиялық белсенді элемент. Ол нуклейн қышқылының алмасуына қатысатын ферменттік жүйенің құрамына кіреді. Глюкозаға төзімді фактор аталған, төмен молекулалы кешеннің құрамында хром, инсулин реттейтін барлық зат алмасу үрдістерінде инсулиннің әсерін күшейтеді.
Ақуыз энергия жетіспеушілігі бар балалардың рационына хром енгізу, глюкозаға қалыпты төзімділігін қалпына келтіреді, сондай-ақ сусамырмен ауыратын бірқатар ауруларға инсулиннің қажеттілігін азайтады. Хромның жетіспеушілігі, глюкозаға төзімділіктің төмендеуіне, гипергликемияға, глюкозурияға әкеп соғуы мүмкін.
Хром, сонымен катар, липид алмасуында да белгілі бір роль атқарады, оның жетіспеушілігі, атеросклероз дамуына себепші болады. Йод жетіспеушілігі кезінде, хром тиреоидтық гормондарда йодты алмастыруға қабілетті. Мысалы, йод тапшы биогеохимиялық аймақтарда тұратын адамдарда хромның мөлшері қалыптымен салыстырғанда, едәуір көп жиналады.
Хромның ағзаға артық түсуі, негізінен өндіріс жағдайында орын алады және жалпыулылық, нефро- және гепатоулылық, канцерогенді және аллергия шығаратын әсерімен байқалады. Хромның ағзаға қажеттілігі, жоғарыда келтірілген микроэлементтерге қарағанда, бірқатар төмен (8.8.-кесте). Хромды қабылдаудың қауіпсіз деңгейі: емшек еметін жаста 14-60 мкг, жасы үлкендеу балалар мен үлкен адамдар үшін 50-200 мкг.
Хромның ең көп мөлшері наубайлық ашытқыда, бауырда, ірі тартылған бидай ұнында, етте, құс етінде (8.7.- кесте).
Молибден. Молибденнің зат алмасудағы ролі, оның бірнеше ферменттердің: несеп қышқылын түзумен жүретін ксантин мен гипоксантиннің тотығуын катализдеуші ксантиноксидазаның, сульфидті сульфатқа айналдыратын сульфитоксидазаның және альдегидоксидазаның құрамына кіретіндігімен байланысты.
Тағамда молибденнің көп болуы кезінде, пуриндердің қарқынды ыдырауы нәтижесінде, көп мөлшерде несеп қышқылы түзіледі, олар бүйрек арқылы ағзадан шығып үлермей, буындарда еттің сіңірлерінде жиналады да, «молибден подаграсы» дамиды. Бұл ауру молибденнің көп мөлшерде болуымен және мыстың жеткіліксіздігімен сипатталатын биогеохимиялық аймақтарда эндемиялық сипатта болады.
Молибденнің артық мөлшерін ұзақ уақыт артық қабылдау, фосфор-кальций алмасуының бұзылуына, сүйектердің пішінінің өзгеруіне, сульфитоксидазаның белсенділігі төмендеуіне және сульфиттердің үлкен мөлшерінің тіндерде жиналуына әкеп соғады.
Молибденді қабылдаудың қауіпсіз деңгейі 0-5 жастағы балалар үшін 15-30 мкг-дан 11 және одан да үлкен жастағы балалар мен үлкен адамдар үшін 75-250 мкг. Молибденнің жақсы табиғи көздері- қою-жасыл түсті жапырақты көкөністер, қызылша, таңқурай, қарақат, укроп, үрме бұршақ, сұлы жармасы (8.7.- кесте).
4.5. Дәрумендер.
Жалпы мағлұматтар. Дәрумендер, көбінде алмастырылмайтын тамақтық заттар болып табылады, себебі, ағзада синтезделмейді немесе жеткіліксіз мөлшерде синтезделеді. Өте жоғары биологиялық белсенділікке ие болып, олар басым катализдік қызмет атқарады және ағзаға қажеттілігі өте аз мөлшерде.
Суда еритін, майда еритін және дәрумен тәрізді заттар деп бөледі (8.9.-кесте), бұл кезде бірқатар дәрумендер, биологиялық белсенділіктері ұқсас бір емес, бірнеше қосылыстармен берілген, мысалы, В6 дәрумендер тобына пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксамин кіреді.
Дәрумендердің қажеттілігіне әр түрлі факторлар: жасы, физиологиялық жағдайы, орындайтын жұмысы, т.б. әсер етеді. Адамдар солтүстікте тұратын жағдайларда, ауыр дене жұмысы, нервтік-психикалық зорланулар, денесі қатты қызған кездерде, лихорадка жағдайларында, улы агенттердің әсері кезінде және басқаларда дәрумендердің қажеттілігі едәуір жоғарылайды.
Дәрумендер ағзаға жеткіліксіз түскенде гиподәрумендік, ал айқын жетіспеушілігі кезінде аздәрумендік дамиды.
8. 9.-кесте
Дәрумендер мен дәрумен тәрізді
қосылыстардың жіктелуі
I. Суда еритін дәрумендер |
|
1.1. Басым бір қосылысты болып саналатын дәрумендер |
|
Тиамин (В1- дәрумені ) Рибофлавин (В2- дәрумені) Пантотен қышқылы (В5- дәрумені) Биотин (Н- дәрумені) Аскорбин қышқылы (С- дәрумені) |
|
1.2. Құрамында бірнеше қосылыстары бар дәрумендер |
Жеке өкілдері |
В6- дәрумені |
Пиридоксин Пиридоксаль Пиридоксамин |
Ниацин (РР - дәрумені) |
Никотин қышқылы Никотинамид |
Фолацин |
Фоль қышқылы Тетрагидрофоль қышқылы және оның туындылары |
Кобаламин (В12 - дәрумені ) |
Цианкобаламин Оксикобаламин Метилкобаламин |
II. Майда еритін дәрумендер |
|
А - дәрумені |
Ретинол Ретинилацетат Ретиналь Ретин қышқылы |
Д - дәрумені |
Эргокальциферол (Д2 - дәрумені) Холекальциферол (Д3 - дәрумені) |
Е - дәрумені |
α-, β-, γ- және δ- токоферолдар α-, β-, γ- және δ- токотриенолдар |
К - дәрумені |
2 метил- 3 - фитил-1,4 нафтохинон дәрумен К1; филлохинон менахиноны (дәрумен К2); 2 метил - 1,4 нафтохинон (менадион, дәрумен К2) |
III. Дәрумен тәрізді қосылыстар |
|
Холин Инозит Линоль қышқылы Орот қышқылы Карнитин |
Бифлавоноидтар Метилметионинсульфоний (дәрумен U) Пангам қышқылы (В15-дәрумені) Парааминобензой қышқылы |
Қандай болса да бір дәруменнің жетіспеушілігімен қатар, полигиподәрумендіктер жиі кездеседі, бұл жағдайда дәрумендердің біреуінің жетіспеушілігі басым болғанымен, басқалары қосыла жүреді. Гипо- және адәрумендіктердің негізгі себебі дәрумендердің тағаммен жеткіліксіз түсуі, бұл жағдайда дамитын гипо- және адәрумендіктер біріншілік немесе экзогенді деп аталады. Алайда, дәрумендердің жетіспеушілігі, олардың мөлшері тағамда жеткілікті кезде, (бірақ ағзаға сіңуі) бұзылуына немесе қажеттілігі шұғыл өсуіне байланысты да байқалуы мүмкін, яғни екіншілік немесе экзогенді гиподәрумендіктер дамиды. Зат алмасуының және дәрумендердің қызметінің туа біткен генетикалық себептермен байланысты бұзылуынан да болуы мүмкін.
Дәрумендердің ағзаға үлкен дозада түсуі, гипердәрумендіктер дамуына әкеп соғуы мүмкін. Олар балаларды емдеу практикасында А және Д дәрумендерінің артық дозасымен немесе құрамында осы дәрумендердің мөлшері өте жоғары азықтарды қабылдаумен жиі байланысты. Арнайы мақсатқа арналған осы дәрумендердің концентрациясы жоғары препараттарын қабылдау кезінде, кездейсоқ уланулар болуы мүмкін, мысалы, жануарлар мен құстардың жеміне микроқоспа ретіндегі препараттарды. Суық тиюдің және тұмаудың алдын алу үшін С дәруменінің синтетикалық препаратын (тәулігіне 1 г. артық) көп мөлшерде қабылдау С гипердәрумендік дамуына әкеп соғуы мүмкін.
Суда еритін дәрумендер. С дәрумені. Аскорбин қышқылының ағзадағы биологиялық ролі, негізінен тотығу-тотықсыздандыру әсерімен байланысты. Күшті тотықсыздандырғыш бола тұра және қайтымды тотығып және жеңіл тотықсызданып, аскорбин қышқылы және оның тотыққан түрі дегидроаскорбин қышқылы, жасуша ішілік тотықтыратын тотықсыздандыратын жүйе ретінде қызмет атқарады. С дәруменінің қатысуымен фенилаланин және тирозин амин қышқылдары тотығады, сондай-ақ дезоксирибонуклеин қышқылының пайда болуы ынталандырылады. С дәрумені қылтамырлардың қабырғасын қалыпты жағдайында ұстап тұруда және олардың созылғыштығын сақтауда маңызды роль атқарады, себебі, ол проколлагеннің коллагенге айналуын ынталандырады.
Аскорбин қышқылы антиденелер өндірілуіне жағдай жасайды, протеолитикалық ферменттердің әсерін белсенді етеді, бұл лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады. Сөйтіп, инфекцияларға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне ағзаның қарсылығы жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Аскорбин қышқылы, бүйрек үсті бездерінің стероидтық гормондарының синтезімен алмасуына және тироксиннің алмасуына тікелей қатысады, сондай-ақ фоль қышқылының фолин қышқылына ферменттік айналуына да қатысады. Холестерин алмасуын реттеп, аскорбин қышқылы атеросклероз дамуын тежейді.
С дәруменінің ағзаға жеткіліксіз түсуі кезінде, жалпы әлсіздік, тез қажу, ұйқышылдық байқалады, содан соң қызыл иектің қанауы, терінің құрғақтануы, гиперкератоз, теріде нүктелік қан құйылулар қосылады. Ауыр жетіспеушілігі С дәрумендік қырқұлақ (цинга, скорбут) дамуына әкеп соғады. Бұл патология айқын геморрагиялық көріністермен, сүйек тіндерінің, дентиннің жасалуы бұзылуымен инфекцияға ағзаның қарсылығының шұғыл төмендеуімен сипатталады.
С дәруменінің ағзаға қажеттілігі тәулігіне: емшек еметін жастағы балаларға 30-40 мг; 11-17 жастағыларға 70 мг, үлкен адамдарға 70 -100 мг (8.2.,8.3. - кестелер). С дәруменінің негізгі көздері- өсімдік текті азық-түліктер көкөністер, жемістер, жидектер, картоп, орам жапырақ (8.10.- кесте). Жануар текті тағамда: бауыр, жүрек, тіл және қымыздан басқаларында аскорбин қышқылының мөлшері өте аз. С дәрумені итмұрында (1000 мг% дейін), қара қарақатта (300 мг% дейін) жасыл бұрышта және әшкөкте (петрушкада) (150-250 мг%) көп, бірақ қыс уақыттарында оны ағзаға жеткізіп отыратындар -картоп (10-20 мг%) және орам жапырақ (24-45 мг%). С дәрумені тұрақсыз тағам дайындау, қыздыру кезінде азықтарды сақтау, көкөністерді тазалау, күн сәулесінің әсері, металдармен жанасқан кездерде жеңіл жойылады, бірақ қышқыл ортада және мұз қатырған кезде жеткілікті дәрежеде тұрақты. Сондықтан, көкөністер мен жемістерді кесілген түрінде немесе суда, металл ыдыстарда ұстауға болмайды. Салаттарды сірке қышқылымен қышқылдаған жөн, ал көкөністерді қайнап тұрған суға салып, пісірген дұрыс.
8.10.-кесте
Кейбір тағамдық азықтардың құрамындағы
С дәруменінің мөлшері
С дәруменінің деңгейі |
Азық |
С дәруменінің мөлшері |
Өте жоғары (100мг жоғары) |
Жаңа итмұрын |
650 |
Қара қарақат |
200 |
|
Қызыл бұрыш |
250 |
|
Петрушка |
150 |
|
Жоғары (50-100 мг) |
Құлпынай |
60 |
Укроп |
100 |
|
Гүлді орамжапырақ |
70 |
|
Орташа (10-50) |
Орамжапырақ |
45 |
Жуа |
30 |
|
Шалғам, қызан |
25 |
|
Картоп |
20 |
|
Цитрустық өсімдіктер |
40 |
|
Қарлыған |
30 |
|
Таңқурай |
25 |
|
Шие |
15 |
|
Төмен (10 мг аз) |
Қызылша, қияр, сарымсақ |
10 |
Сәбіз |
5 |
|
Қарбыз |
7 |
|
Алмұрт |
5 |
|
Жүзім |
6 |
В1 дәрумені (тиамин). Тиаминпирофосфат түрінде пируватдегидрогеназаның, α кетоглютаратдегидрогеназаның және транскетолазаның коферменті болып табылады, бұл оның ақуыздар, майлар, көмірсу алмасуындағы маңызды ролін қамтамасыз етеді. Тиаминнің жетіспеушілігі кезінде, пируваттың ацетил-КоА және СО2- ге дейін тотығудан декарбоксилденуі тежеледі, осыған байланысты ағзада сүт қышқылы мен пирожүзім қышқылы жиналады, ал транскетолазаның белсенділігі төмендеуі, пентозофосфаттық циклда глюкозаның айналымға түсуінің бұзылуына әкеп соғады. Тиамин аминқышқылдарының аминсізденуіне және қайта аминденуіне, май қышқылдарының синтезделуіне, сондай-ақ медиатор-ацетилхолиннің айналымдарына қатысады. Оның әсерінен асқазанның қозғалтқыштық және сөл шығаратын қызметі жақсарып, асқазан ішіндегі тағамдық заттардың ішекке қарай өтуі (эвакуациясы) жақсарады. Тиаминнің жеткіліксіз түсуінің бастапқы кезеңінде қажу, ашушаңдық, есте сақтаудың төмендеуін, ұйқы бұзылуын, басының және төс сүйегі артында ауыратынын, тағамға тәбеті болмауын тудырады. Ерте жастағы балаларда ішкенін құсып тастау, іш қатуы, ішінің желденіп, кебуі, ауру жұққыштық пайда болады.
Тиаминнің айқын жетіспеушілігі бери-бери ауруының дамуына әкеп соғады, ол ауруға полиневрит құбылыстары тән және қанды энцефалит дамуы мүмкін.
В1 дәруменінің балаларға қажеттілігі, жасына байланысты тәулігіне 0,3 мг- нан 1,3 мг дейін ауытқиды, үлкен адамдарға қажеттілігі 1,2-2,1 мг (8.2.,8.3.- кестелер).
Тиаминнің негізгі көзі - дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар, әсіресе, ол дәнді дақылдардың ұрығы мен қабықшаларында ерекше көп, соған сәйкес, бұлар құрамына кіретін тағам түрлерінде ірі тартылған ұннан жасалған нанда, бүтін дәндерінде, қарқұмық және сұлы жармаларында көп (8.11.- кесте).
Жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанды, макарон өнімдерін, ұнтақ (манная) ботқасын, өңделген күрішті ұзақ уақыт тағамға қолдану В1 дәруменінің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Сыра және нан ашытқыларында В1 дәруменінің мөлшері көптігімен ерекшеленеді (5 мг%). Жануар текті өнімдер де тиаминнің көзі болып табылады - бауыр (0,37 мг%), бүйрек (0,4 мг%), шошқа еті (0,4-0,52 мг%), жұмыртқаның сары уызы (0,32 мг%).
В2 дәрумені (рибофлавин). Флавинмононуклеатид немесе флавинадениндинуклеатид құрамында флавиндер оксидоредуктазаларының: НАДН дегидрогеназаның, сукцинат дегидрогеназаның, D- және L- аминқышқылдары оксидазаларының, глютатионредуктазаның және басқалардың коферменті ролін атқарады, бұл оның ақуыз, майлар, көмірсулар алмасуының көптеген үрдістеріне қатысуын қамтамасыз етеді.
Рибофлавин маңызды өсу факторы ретінде қарастырылады. Ол тері мен шырышты қабықшаның қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, қан түзілуін ынталандырады, қараңғыға бейімделуіне, түрлі-түстерді көру өткірлігінің жоғарылауына мүмкіндік туғызып, көздің торша қабықшасы жасушаларының қызметіне қатысады.
8. 11.-кесте
Тамақ өнімдері құрамындағы В1, В2, РР, В6, В12, және фолацинның мөлшері
Өнімдер |
В1 дәр, мг/100г |
В2 дәр., мг/100г |
РР, мг/100г |
В6 дәр., мг/100г |
В12 дәр, мкг/100г |
Фолацин мкг/100г |
1. Майлы өнімдер: Қой еті Сиыр еті Шошқа еті І санатқа жататын тауық еті Тауық жұмыртқасы Бауыр Сиыр сүті Майлы сүзбе Карп |
0,08-0,09 0,06-0,07 0,40-0,52 0,07 0,07 0,37 0,04 0,05 0,14 |
0,14-0,16 0,15-0,18 0,10-0,14 0,15 0,44 - 0,15 0,30 0,13 |
3,8-4,1 4,7-5,0 2,2-2,6 7,7 0,19 15,0 0,10 0,30 1,50 |
0,30-0,32 0,37-0,39 0,30-0,33 0,52 0,14 0,80 0,05 0,11 0,17 |
- 2,60-2,80 - 0,55 0,52 60 0,40 1,00 1,5 |
5,10-5,50 8,40-8,90 3,10-4,10 4,30 7,0 160,0 5,0 35,0 - |
2. Нан ашытқысы |
5,0 |
4,0 |
40,0 |
5,7 |
1470 |
|
3. Өсімдік өнімдері Қара нан Қара бидай ұннан дайындалған нан Қара құмық жармасы Сұлы жармасы Қызыл бұрыш Картоп Сарымсақ |
0,18 0,23 0,43 0,49 0,10 0,12 0,08 |
0,08 0,09 0,20 0,11 0,08 0,07 0,08 |
0,67 3,40 4,19 1,10 1,00 1,30 1,20 |
0,17 0,29 0,40 0,27 0,50 0,30 0,60 |
- - - - - - - |
30,0 26,0 32,0 29,0 10,0 8,0 - |
В2 дәруменінің әсерінен орталық және шеткі жүйке жүйелердің, бауырдың, асқазан-ішек жолдарының қызмет атқару жағдайы жақсарады.
В2 дәруменінің ағзаға жеткіліксіз түсуі кезінде арибофлавиноз дамиды. Оған тән симптомдар: дене массасы артуы, бойының өсуінің төмендеуі, әлсіздік, тез қажу, еріндерінде тігінен тұрған жарылулар, ісінулер, гиперемия, жараға айналуы (хейлоз), езуінде эрозия, жарылулар (ангулярлық стоматит) пайда болуы. Терісі құрғақ, қабыршақтанған, мұрнының қанаттарында және құлақтарының артында себореялық экзема түріндегі терінің өзгерістері, тілі қара қошқыл-қызыл түсті, ісінген, тілінің беті майда түйіршікті «географиялық тіл» болып көрінеді. Әрі қарай, көзінде өзгерістер дамиды: жарыққа қарай алмау, жас ағу, көз тамырларының кеңейіп қызаруы, қасаң қабығының бұлыңғырлануы (конъюнктивит, блефарит), жарыққа және түрлі-түстерге сезімталдығының төмендеуі пайда болады. Гипохромды анемия дамуы, инфекцияға қарсылық күшінің төмендеуі мүмкін.
В2 дәруменінің ағзаға қажеттілігі, емшек еметін жастағы балаларға тәулігіне 0,4-0,6 мг-нан, 11-17 жастағыларға -1,5-1,8 мг/тәулік, үлкен адамдарға 1,5-2,4 мг/тәулік. В2 дәрумені едәуір мөлшерде жануар текті азықтардың құрамында етте, бауырда, жұмыртақада, сүтте және сүт өнімдерінде, ашытқыларда, сондай-ақ дәнді дақылдарда, бұршақ тұқымдастарда, гүлді орамжапырақта, көк пиязда, бұрышта едәуір мөлшерде болады (8.11.- кесте).
Ниацин (В3-, РР- дәрумені, никотин қышқылы). Тотығу тоықсыздану реакцияларында маңызды роль атқарады. Жасушалық зат алмасуы үшін өмірлік маңызы бар, себебі, тіндік тыныс алуда үлкен маңызы бар НАД және НАДФ ферменттерінің құрамына кіреді.
Ағзада ниацин триптофаннан синтезделеді, триптофанның никотин қышқылымен бірге жеткіліксіздігі пеллагра дамуына әкеп соғады. Пеллагра теріде, шырышты қабықшаларда, орталық нерв жүйесінде, асқазан-ішек жолдарыында пайда болатын симптомдармен сипатталады. Айқын аздәрумендіктің толық синдромы стоматитті және глосситті, іш өтуді, дерматиттерді және психикалық бұзылыстарды (үш «Д» - дерматит, деменция, диарея) қамтиды.
Ниациннің емшек еметін жастағы балаға қажеттілігі тәулігіне 6-7 мг, 1-6 жастағыларға 10-13 мг/тәулік, 7-17 жастағыларға 16-20 мг/тәулік, үлкен адамдарға 16-28 мг (8.2.,8.3.- кестелер).
Әдетте, тағам рационы дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар, ет, балық, сорпалық өнімдер, жұмыртқа, көкөністер есебінен РР- дәруменімен жеткілікті қамтамасыз етілген (8.11.- кесте).
Пеллагра біржақты жүгерімен тамақтану кезінде пайда болуы мүмкін, оның құрамындағы ниацин, асқазан-ішек жолдарында нашар сіңетін түрінде болады. Амин қышқылдарының дисбалансы да белгілі бір роль атқаруы мүмкін. Мысалы, Индияда құрамында лейцині көп тарымен тамақтанатын адамдардың арасында көп таралған.
В6- дәрумені (пиридоксин). Қосылыстардың жақын тектес тобын пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксаминді біріктіреді. Олардың бәрі ағзада пиридоксальфосфат түзіп, фосфорланады. Пиридоксальфосфат трансаминазалардың және басқа да амин қышқылы алмасуын іске асыратын, атап айтқанда, амин қышқылдарын декарбоксильдеуді және қайта аминдеуді, оксиаминқышқылының және цистейінің дезаминделуін, триптофанның ниацинге айналуын және глютамин қышқылының алмасуын іске асыратын ферменттердің коферменті қызметін атқарады.
В6 дәрумені линоль қышқылынан биологиялық тұрғыдан белсенділігі жоғары арахидон қышқылының түзілуіне қатысады, липотропты әсер етеді және склерозға қарсы белсенділік қасиеті бар.
Қан түзілу үрдісінде пиридоксин үлкен роль атқарады. Оның жетіспеушілігі кезінде, лейкопоэздің төмендеуі мен анемия дамуы мүмкін.
В6 дәруменіне тәуліктік қажеттілігі ақуызға байланысты. Емізулі балаларда - 0,4 мг, 14-17 жаста - 2 мг дейін, үлкен адамдар үшін - 2 мг құрайды (8.11.- кесте).
Пиридоксин әр түрлі тағамдарда кең таралғандықтан, бұл дәруменнің толық жеткіліксіздігі өте сирек кездеседі. Гиподәрумендік белгілері балаларды жасанды тамақпен тамақтандырғанда, қызба мен инфекциясы бар науқастарда, асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларында, пиридоксин-антогонистерімен (фтивазид, тубазид, т.б.) емдегенде байқалады.
Пиридоксиннің жетіспеушілігі, орталық жүйке жүйесінің бұзылуын (ашушаңдық, ұйқышылдық, полиневрит), тері мен шырышты қабықтардың зақымдануын (себореялық дерматит, ангулярлы стоматит, глоссит, хейлоз, конъюнктивит) тудырады, балаларда сіңір тартылуы, эпилептикалық конвульсия, гипохромды анемия болуы мүмкін.
Пиридоксиннің көздері -өсімдік және жануар өнімдері болып табылады, оларда бұл дәруменнің мөлшері көп болмаса да, ағзаға қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті (8.11.- кесте).
Фолацин (фоль қышқылы). Тетрагидрофоль қышқылы гистидин, метионин, т.б. амин қышқылдарының айналуларға түсуі кезінде, пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердің биосинтезі кезіндегі біркөміртекті топтарды тасымалдау үрдістерінде кофермент ретінде қатысады. Ол гем мен порфириннің түзілуін реттейді және белсенді етеді.
Фолацин жетіспегенде, балаларда мегалобласты анемия, алиментарлық макроцитарлық анемия, тропикалық спру дамуы мүмкін. Көбінесе, оның жетіспеушілігінің себебі, тамақ құрамында аз кездесуі мен сіңірілуінің бұзылуынан болады. Сонымен қоса, бұндай жағдайлар фолациннің сіңірілуін төмендететін дәрі-дәрмекті (бисептол, метотрексат, т.б.) көп қолданғанда, дәруменнің эндогенді синтезінің белсенділігін төмендететін бауыр ауруларында, фолациннің қажеттілігі жоғары болатын сәби жасындағы балаларда және қатерлі ісіктер кезінде пайда болады.
Балаларда тәуліктік қажеттілік- 40-200 мкг, ересектер үшін - 200 мкг құрайды (8.11.- кесте). Фоль қышқылы салыстырмалы түрде жапырақты дақылдарда (петрушкада- 117 мкг%, шпинатта - 53 мг%, бауырда -160 мг%, ашытқыда - 1470 мкг% көп, ал басқа өнімдерде оның үлесі аз. Ұзақ кулинариялық өңдеу фолациннің бұзылуына әкеледі.
Кобаламиндер (В12 дәрумендер). В12 дәруменінің барлық белгілі биохимиялық қасиеттері кофермент қызметін атқаратын метилкобаламин және аденозинкобаламин арқылы жүзеге асады.
Біріншісі, нуклеин қышқылдарының метаболизміне, екіншісі пропионаттың алдынғы өнімінің ыдырау жүйесіне қатысады.
В12 дәруменінің аш ішекте сіңірілуі үшін Кастл деп аталатын ішкі фактордың болуы керек. Оны асқазанның шырышты қабықшасының париетальді жасушалары бөледі, ол дәруменді ішектің шырышты қабықшасы арқылы тасымалдайды.
В12 дәрумені жетіспеушілігі кезінде, пернициозды анемия және жұлынның артқы бүйір бағаналарының склерозы және дегенерациясымен байланысты неврологиялық бұзылыстар дамиды.
В12 дәрумені тапшылығы, көбінесе ащы (жіңішке) ішек ауруларында ( целиакия, спру, қатерлі ісіктер) сіңірілудің бұзылуымен, құрт (гельминт) ауруларында ішкі фактордың бұзылуымен, эндокринопатия мен гастроэктомия кезіндегі ішкі фактор бөлінуі төмендеуімен, т.б. байланысты. В12 дәруменінің жетіспеушілігі, вегетерианецтерде көп кездеседі, себебі, бұл дәрумен тек жануар өнімдерінде ғана кездеседі.
В12 дәруменінің тәуліктік қажеттілігі, емізулі жаста -0,3-0,5 мкг, 11-17 жаста- 3 мкг дейін, үлкен адамдарда қажеттілігі - 3 мкг.
В12 дәрумені құрамында көп болуымен ерекшеленетіндер, сиыр бауыры (60 мкг%), бүйрек (25 мкг%), шошқа бауыры (30 мкг%). Басқа өнімдерде оның үлесі аз: етте 2-6 мкг%, балықта 1-3 мкг%, сүтте 0,4 мкг%, сүзбеде 1-2 мкг%.
Майда еритін дәрумендер. А дәрумені. А дәрумені тобына ретинол, ретинил-ацетат, ретиналь, ретиной қышқылы, т.б қосылыстар жатады (8.9. -кесте). А дәрумені ретиналь түрінде түрлі-түсті, күндізгі және тұнгі көруді қамтамасыз ететін торлы қабықтың көру пигменттерінің простетикалық тобы болып табылады. А дәруменінің басқа түрі ретинильфосфат жасуша мембраналарының гликопротеидтерінің түзілуі кезінде қант қалдықтарын тасымалдаушысының коферменті қызметін атқарады.
А дәрумені жас ағзалардың қалыпты өсуі мен дамуы үшін, эпителий тіндерінің қалыпты жағдайын сақтап тұру үшін, көру актісін реттеу үшін және жасушалрдың антигендік құрамының тұрақтылығын иммундық бақылау үшін керек.
А дәруменінің біріншілік жетіспеушілігі, әдетте, құрамында А дәрумені мен каротиндері бар тамақ өнімдерін аз қабылдау салдарынан тамақта ұзақ уақыт болмау себебінен және А дәруменінің сорылуын қамтамасыз ететін рациондағы ақуыздың, майдың, Е дәрумені мен және басқа нутриенттердің жетіспеушілігі нәтижесінде дамиды.
А дәруменінің екіншілік жетіспеушілігі, ақуыз-энергия жетіспеушілігі, ұйқы безі, бауыр, асқазан ішек жолдарының аурулары кезінде А дәруменінің тасымалдануы, қорға жиналуы және сіңірілуінің бұзылуы кезінде пайда болады.
А дәруменінің жетіспеуі немесе сіңірілуінің бұзылуы, түрлі түс қабылдауының, қараңғы жағдайға бейімделуінің бұзылуына - гемералопияның (тауық соқырлығы) дамуына әкеледі. Сонымен қатар, тері, тыныс жолдарының, көздің, асқорыту, зәр шығару жолдарының шырышты қабықшаларының эпителийлерінің метаплазиясын, яғни қалыпты эпителийдің көпқабатты жалпақ мүйізденетін эпителийге айналуын дамытады. Бұл конъюктиваның ксерозын, ал ауыр жағдайда, көздің қасаң қабығының қабынуын тудырады, тері құрғайды, шаш фоликулаларының мүйізденуі және гиперкератозы дамиды. Эпителий метаплазиясы нәтижесінде, тіндердің инфекцияға төзімділігі төмендейді, жоғарғы тыныс жолдарының, өкпенің, бүйректің, асқорыту жүйесінің қабыну аурулары жиілейді.
А дәруменінің жеткіліксіздігі салдарынан, ағзаның әр түрлі антигендерге иммундық жауабы әлсірейді, өйткені, ретинойдтардың әсер ететін жері Т-хелпер жүйесі. Соның салдарынан А дәруменінің жетіспеушілігі, антибластомды резистенттілікті төмендетіп, қатерлі ісіктердің дамуына мүмкіндік тудырады. Эпидемиологиялық зерттеулер көрсеткендей, ретинолмен және β-каротинмен аз қамтамасыз етілген кезде, тоқ ішектің қатерлі ісіктері көбейеді.
Адам жас болған сайын А дәруменінің жетіспеушілігінің салдары ауыр болады. Балалардағы алғашқы белгілері - көз бен терінің зақымдануы, инфекцияға қарсылықтың төмендеуі, кейін өсу және даму үрдістері баяулайды. Ауыр жағдайларда өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
А дәруменін көп қолдану, жедел немесе созылмалы гипердәрумендікке әкелуі мүмкін. Әсіресе, оның жедел түрі емдеу мақсатында тағайындалған А дәруменінің үлкен мөлшерін (100000 мкг дейін) қолданғанда, балаларда жиі байқалады және ол бас ми қысымының көтерілуі, құсу белгісімен көрінеді.
Құрамында А дәрумені көп су жануарларының - ақ аю, кит, тюленьнің бауырын тамаққа қолдану А дәруменінің гипердәрумендігін дамытады және ол бас айналумен, ұйқышылдықпен, құсумен, диплопиямен, есі шатасуымен, бауырдың зақымдануымен сипатталады.
Созылмалы гипердәрумендік, әдетте, емізулі жастағы балаларда тәулігіне 6000-20000 мкг, қабылдағанда бірнеше жетіден кейін, ал жасы үлкендеу балаларда тәулігіне 33000 мкг дейін бірнеше ай бойына қолданғанда байқалады. Оның алғашқы белгілері - терінің құрғауы, мүйізденуі, ерні жарылуы, шаштың түсуі. Кейін, бас сүйек ішілік гипертензия дамиды, көк бауыр мен бауыр үлкейеді, кортикальды гиперостоз бен артралгия байқалады.
А дәруменіне қажеттілік, тек ретинолмен ғана қамтамасыз етіліп қоймай, сонымен қатар бауыр мен жіңішке (ащы) ішектің шырышты қабықшасында А дәруменіне айналатын, продәрумен А - өсімдіктердегі каротиноидтардың (-, - каротиноидтары, криптоксатин, т.б.) ағзаға түсуінің есебінен де қамтамасыз етіледі. Каротиноидтардың А дәрумендік белсенділігі, ретинолға қарағанда төмен. Ең бағалысы --каротин, белсенділігі басқа каротиндерден екі есе артық, ретинолға қарағанда алты есе төмен, яғни 1 мкг ретинолдың белсенділігі 6 мкг каротиноид белсенділігіне тең.
Ағзаға А дәруменінің қажеттілігі, ретинолмен қатар каротиноидпен де қамтамасыз етілетіндіктен, А дәруменіне физиологиялық қажеттілік ретинолдық эквивалентпен сипатталады, оның 1 мкг-сі ретинолдың 1 мкг-не немесе каротиннің 6 мкг-не тең.
А дәруменінің емізулі жастағы балаларға қажеттілігі, үлкен адамдарға қарағанда 6-7 есе жоғары, орта есеппен 70-100 мкг/кг дене массасына (400 мкг/тәулік), үлкен адамдарға - 14-15 мкг/кг. Балалардың келесі жас шақтарында оның қажеттілігі, емізулі жастағыға қарағанда төмендегенімен, үлкен адамдарға қарағанда жоғары болып қалады.
А дәрумені, тек жануар текті өнімдерде ғана кездеседі. Бұл дәруменнің қоры ағзада жиналады, негізінен бауырда. Бауыр қоры ересектерде 1-2 жылға жетеді, сондықтан олардағы жетіспеушілік онша байқалмайды, ал балалар бауыры А дәруменін көп мөлшерде жинай алмайтындығынан, оның жетіспеушілігі тез дамиды. А дәруменінің негізгі көздері- балық майы (19 мг%), жануарлардың және теңіз балықтарының бауыры (4-8 мг%); ал сары майда (0,4-0,5 мг%), жұмыртқада (0,4 мг%) және сүтте (0,025 мг%) ол азырақ.
Жасыл жапырақты және сары көкөністер каротиноидтарға бай: сәбіз (2-7 мг%), қызыл бұрыш (2 мг%), шпинат (4-5 мг), салат (1,8 мг%), қызанақ (0,7-1 мг%) және т.б. Олар тамақта оңай еритін өсімдік майлары болған жағдайда тез сіңеді.
Д дәрумені (кальциферолдар). Д дәруменінің негізгі өкілдері адам терісіне ультракүлгін сәулелері әсер еткенде 7-дегидрохолестериннен түзілетін эргокальциферол (Д2 дәр.) мен холекальциферол (Д3 дәр.). Д дәрумені прогормон болып табылады. Одан ағзада гормондық қасиеті бар әр түрлі белсенді метаболиттер түзіледі: 1,25-диоксихолекальциферол және 24,25- диоксихолекальциферол. Д дәруменінің атқаратын қызметі, нақ осы қосылыстармен байланысты: ішекте сорылу, бүйрек түтікшелеріндегі кері орылуы және сүйек тінінен шығарылуы үрдісі кезінде жасушалық кедергілер арқылы, Са++ иондары мен бейорганикалық фосфаттың тасымалдануы жүреді.
Д дәруменінің жетіспеушілігі, көбінесе күн сәулесінің жеткіліксіздігінен, рационда Са++ иондарын байланыстыратын хелаты бар дәнді дақылдары басым, дәрумендері аз болуынан және сүтті аз қолдану себебінен дамиды. Рахиттің Д дәруменіне тәуелді тұқым қуалайтын түрлері де кездеседі.
Д дәрумен тапшылығы кезінде, балаларда рахит, үлкен адамдарда остеомаляция дамиды. Олардың патогенезі бір, ал клиникасы мен морфологиялық белгілері әр түрлі, ол өсіп келе жатқан және қалыптасқан сүйек тіндерінің арасындағы айырмашылығына байланысты.
Рахит, жас баланың қатпаған еңбегінің қатаюы мен тіс шығуының кешігуімен, сүйек деформациясы және жұмсаруымен, аяқ сүйектері мен омыртқаның қисаюымен сипатталады. Бұл өзгерістердің барлығы, өсіп келе жатқан сүйектердің кальцийленуінің бұзылуымен және эпифиз шеміршектердің гипертрофиясымен байланысты.
Д дәруменінің үлкен мөлшері де улы әсер етеді, Д гипердәрумендікке әкеп соғады. Кальциферолға сезімталдығы өте жоғары балаларда, улану құбылысы тәулігіне 25-50 мкг қолданғанда дамуы мүмкін. Д дәруменін қолданудың барлық жағдайында да, кальцийдің қандағы мөлшерін анықтау керек, өйткені оның деңгейі дәруменді артық мөлшерде қолданғанда өседі.
Д дәруменін көп қолдану, гиперкальциемияға, Са-дың тәжі тамырларында, жұмсақ тіндерде, артерияның ішкі қабатында, сүйек тіндерінде жиналуына, бас сүйегі мен қаңқаның ерте қатаюына, кардиосклерозға, гипертонияға, бүйректің солуына әкеп соғады. Гипердәрумендіктің бастапқы симптомдары тітіркенгіштік, әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тәбеттің бұзылуы, терлегіштік, кейде белсенді рахиттің белгілері ретінде қате бағалануы мүмкін, сол себептен Д дәруменінің мөлшерін азайту орнына көбірек береді. Кальцификаттың түзілуімен, бүйрек патологиясының басталуымен уланудың салдары қайтымсыз болуы мүмкін.
Д дәруменінің қажеттілігі (1 МЕ=0,025мкг эргокальциферол) емізулі жастағы және 1-3 жастағы балаларға тәулігіне -10 мкг, ал жасы ұлғайған балалар мен үлкен адамдарға 2,5 мкг дейін (8.2.,8.3.- кестелер). Өсімдік өнімдерінде Д дәрумені жоқ. Жануар өнімдерінің ішінде, ең көбі балық майында 125 мкг%, треска бауырында 100 мкг%, атлантикалық шабақтарда 30 мкг%, жұмыртқада 4,7 мкг%, сары майда 1,3-1,5 мкг%, сиыр бауырында 2,5 мкг%, сүтте 0,05 мкг%.
Е дәрумені (токоферол). Бұл топқа ,- ,- ,- - токоферолдарды жатқызуға болады, олардың ішіндегі ең белсендісі --токоферол. Бұл қосылыстардың негізгі қызметі - антиоксиданттылық. Биологиялық мембраналардың қанықпаған липидтерін, липидтердің бос радикалды асқын тотығуы үрдістерінен қорғап, жасуша мембраналарының бүтіндігін сақтап тұрады.
Токоферол ақуыздың, креатин мен креатининнің алмасуына қатысып, кейбір пептидазалардың белсенділігін тежеп, ақуыз бұзылуының алдын алады. Бұл дәрумендердің жыныс бездері мен бұлшық ет тіндерінің дамуы мен қызметіне үлкен әсері бар.
Е дәруменінің жетіспеушілігі кезінде, гемолиз, креатинурия, бұлшық еттерде цериодтың шоғырлануы байқалады және оның дистрофиясы дамиды. Е дәруменінің ұзақ уақыт жетіспеуі, сперматогенездің және ұрық түтікшелерінің дегенеративті өзгеруіне әкеп соғады.
Токоферолдар тағамдық азықтардың құрамында көп кездесетіндіктен, оның біріншілік гипо-, аздәрумендігі өте сирек кездеседі. Ол емізулі жастағы балаларды қанықпаған майлары көп қоспалармен тамақтандырған кезде және ақуыз - энергия жеткіліксіздігі кезінде кездеседі. Екіншілік жетіспеушілік мальабсорбция синдромы кезінде дамуы мүмкін.
Е дәруменінің қажеттілігі, емізулі жаста -3-4 мг токоферол эквивалентін (т.э) құрайды, 14-17 жаста-12-15 мг т.э., сонымен қоса жыныстық жетілу кезінде ер балаларға (15мг) қажеттілігі қыздарға (12 мг) қарағанда, жоғары (3- кесте). Ер адамдарға 10, әйелдер үшін 8 мг/тәулік.
Токоферолдар жануар текті өнімдерде де, өсімдік өнімдерінде де кездеседі. Әсіресе, онымен өсімдік майлары бай: соя майында 114 мг%, мақта майында 99 мг%, күнбағыс майында 67 мг%. Нанда 2-4 мг%, жармаларда 2-9 мг%, кейбір көкөніс, жемістерде Е дәрумені азырақ кездеседі - 0,1-0,2 мг%. Жануар өнімдерінде ол сары майда - 1,5-2,5 мг%, жұмыртқада 1-3 мг%, етте 0,7-2 мг% кездеседі.
К тобының дәрумендері (филлохинондар). Препротромбиннің және басқа да ақуыздардың молекуласындағы глютамин қышқылының қалдықтарын карбоксильдеу реакциясын жүзеге асыратын ферменттер жүйесінің простетикалық тобының құрамына кіреді, бұл оған кальцийді байланыстыратын қасиет береді. Сонымен, бауырда қан ұю факторларының: ІІ (протромбиннің), VІІ (проконвертиннің), ІХ (Кристмас факторының), Х (Прауэр-Стюарт факторының) пайда болуы К дәруменіне байланысты.
Әдетте, К дәруменін ағзадағы ішек микрофлоралары синтездейді. Жаңа туылған балаларда алғашқы 5 күнде біріншілік К адәрумендігі дамуы мүмкін, себебі, ішекте оны түзетін микрофлора әлі толығымен қалыптаспаған. Өсімдік майларын көп мөлшерде қабылдаған кезде, өт жолдарының механикалық бітелуінен он екі елі ішекке өт түсуі тоқтауының салдарынан, К-дәрумені жеткіліксіз сіңуі себебінен, екіншілік К-адәрумендігі жиі кезедседі. Сондай-ақ, антибиотиктерді ауыз арқылы қабылдаған кезде де, ішек микрофлораларының К- дәруменін эндогенді синтездеуі тежелуі мүмкін.
К дәруменінің жетіспеушілігі, қан ұюының нашарлауымен, қан ағуымен және гипопротромбинемиямен байқалады. К дәруменінің қажеттілік нормасы (1991 ж.) “Тамақтану нормаларында” нормаланбаған. АҚШ-та мынадай мөлшерлермен шектелген: 6 айға дейін - 5 мкг тәулігіне, 6-12 айға дейін - 10 мкг, 1-3 жаста - 15 мкг, 4-6 жаста - 20, 7-10 жаста - 30, 11-14 жаста - 45, 15-18 жаста - 65 мкг (ер адамдарға - 70-80 мкг, әйелдерге - 65 мкг). К дәрумені өсімдік, жануар тағамдарында кездеседі: шпинатта 4,5 мг%, томатта 0,4 мг%, картопта 0,08 мг%, түсті орамжапрақта - 0,06 мг%, жұмыртқада - 0,02 мг%, етте 0,15 мг%.
5. Тамақтану режимі. Тоқтық сезімі және тағамның сіңімділігі.
Рационалды тамақтанудың маңызды шарттарының бірі - тамақтану режимі. Тамақтану режимі деп, тағамды қабылдау уақыты мен жиілігін және оны мөлшері мен сапа жағынан жеке қабылдаулар бойынша бөлуді түсінеді.
Тағамды қатал бекітілген уақыттарда қабылдаса, сол уақытқа шартты секреторлық рефлекс пайда болады, бұл адамның тағамға тәбетін жақсартады, астың қалыпты қорытылуына ықпал етеді, ал тәуліктік рационды бірнеше бөліп қабылдау, тағамның сіңімділігін жақсартады, ас қорыту жолына түсетін артық ауырлықтарды болдырмайды және ұзақ уақыт бойына тоқтық сезімін қамтамасыз етеді. Тағам қабылдау аралығы 4-5 сағат болса оптимальды болып есептеледі.
Тамақтану режимі адамның жасына, физиологиялық жағдайына, жұмыс ерекшеліктеріне, т.б. байланысты. Үлкен адамдар үшін күніне 4 рет тамақтану қолайлырақ: 1-ші таңертеңгі ас тәуліктік рационның 25 %; 2-ші таңертеңгілік ас - 10 %; түскі ас - 45 % және кешкі ас құрамында - 20 % . Екінші таңертеңгілік астың орнына, түскі ас пен кешкі астың арасында бесінділік ас қабылдануы мүмкін.
Үш рет тамақтану кезінде, әрбір қабылдау уақыттарының арасында аштық сезімі пайда болуы және жұмыс қабілетінің төмендеуі мүмкін. Бұл кезде мынадай етіп бөлу ұсынылады: таңертеңгі асқа тәуліктік рационның 30 %; түскіге - 45 %; кешкіге - 25 %.
Жұмысты түнгі кезекте істейтіндер үшін мынадай тамақтану режимі тиімді: кешкіге тәуліктік калориясының 20-30 %; түнде тамақтануы - 20-15 %; жұмыстан кейінгі таңертеңгі асқа - 20 %; түскіге - 40-45 %.
Тағамды жеке қабылдаулар бойынша бөлуде, рационның тек энергиялық құндылығы бойынша ғана емес, сондай-ақ, тағамдық азықтарды да дұрыс бөлу қарастырылуы қажет.
Ақуыздарға бай азықтарды - ет, балық, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар, тағы басқаларды, таңертеңгі және түскі рационға енгізу қажет, себебі, олар ұзақ уақыт асқазанда ұсталады, ұзақ қорытылады, оның үстіне ет тағамдарының жүйке жүйесіне қоздырғыштық әсері бар. Кешке еті көп тағамдарды қабылдаған кезде, ол қалыпты ұйқыға кедергі жасайды.
Кешкі асқа асқазанда ұзақ ұсталынбайтын жеңіл тағамдарды қабылдау ұсынылады, мысалы, сүт-өсімдік тағамдарын.
Жеке тағам түрлерін қабылдау ретінің де маңызы бар. Түскі ас алдындағы салқын жеңіл дәм бастапқы сөлдің бөлінуіне ықпал етеді. Бірінші ыстық тағам - жеңіл мөлдір көже (артық қанығу тудырмау үшін) температурасына және құрамындағы экстрактивті заттарына байланысты басталған секрецияны әрі қарай күшейтіп, тығыздау және қоректірек, екінші тағам түрінің жақсы қорытылуына ықпал етелі. Десертке түскі астың дәмділігін қанағаттандыратын, тәтті тағам түрі ұсынылады. Тоқтық сезімі, тағамның көлеміне және оның асқазанда болу уақытына байланысты. Асқазан тола және онда ас қорыту үрдісі жүріп жатқанда, аштық сезімі туындамайды. Өсімдік тағамдарының көлемі үлкен болып табылады. Нан мен картоп жақсы қанықтырады (тоқтық сезім береді), басқа көкөністер мен жемістер азырақ қанықтырады. Сонымен бірге, көлемі тым үлкен тағам, оның толық өңделмеуіне, сіңімділігінің төмендеуіне, адамның ішінде қолайсыз ауырлық сезімі пайда блуына әкеп соғады.
Асқазанда тағам ұзағырақ болған сайын, тоқтық сезімі де ұзағырақ болады. Әсіресе, майлары көп жануар текті азықтан жасалған тағамдар асқазанда ұзақ уақыт болады және жақсы қанықтырады. Семіздігі орташа ет асқазанда - 4-5 сағат қорытылады, майлы және ысталған ет - 6-7 сағатқа дейін, қаймақ, ашытқан қаймақ, майлы сүзбе - 7-8 сағатқа дейін, жұмыртқа - 1,5-2 сағат қорытылады. Сүт және өсімдік тағамдары қысқа уақытқа тоқтық сезімін береді, олар асқазаннан ішекке тезірек өтеді. Мысалы, сүт асқазанда- 1-2 сағат, нан - 2-2,5 сағат, қайнатылған күріш, орамжапырақ, картоп -3-4 сағат болады.
Кулинарлық өңдеу әдістері және азық түрлерінің тағамда араласуы да, қанықтырғыш (тоқтық) дәрежесіне әсер етеді. Қуырылған және пісірілген ет, ұсақ кесілген етке қарағанда, көбірек қанықтырады, пісірілген картопқа қарағанда, қуырылғанының тоқтығы көбірек. Шала піскен жұмыртқаға қарағанда, қатырып пісірілгені тоқ келеді. Ет, картоппен және нанмен араласқанда, ең көп қанығу береді.
Тағамның сіңімділігі, ішектен сіңген тамақтық заттардың пайызбен берілген санының, тағаммен қабылданған тамақтық заттардың жалпы санына қатынасымен сипатталады.
Тағамның сіңімділігіне көп факторлар әсер етеді: оның тегі (өсімдік, жануар текті), химиялық құрамы, ауыз қуысында алдыңғы механикалық немесе ферменттік өңделуі, тағамның майдалану дәрежесі, орталық жүйке жүйесінің жағдайы, органолептикалық қасиеттері, тағамның әр түрлілігі, т.б.
Жануар текті тағамдардың сіңімділігі, өсімдік текті тағамдарға қарағанда, жоғары - орта есеппен 95 %, ал өсімдік тағамдарының сіңімділігі - 80 %, аралас азықтан жасалған тағамдардікі - 82-90 %-дан аспайды. Өсімдік текті тағамдар азырақ сіңеді, өйткені, құрамында ас қорыту сөлдерінің тағамдық заттарға жетуін қиындататын және асқорыту жолдарынан өтуін жылдамдататын жасұнық бар. Осыған байланысты, тағамдық заттар жақсы қорытылып және сіңіп үлгермейді. Егер, өсімдік азықтары жасұнықтан тазартылса (ақ нан, макарондар т.б.), жануар текті сияқты олардың да сіңімділігі жоғарылайды.
Жануар текті ақуыздар майлар мен көмірсулардың сіңімділігін жоғарылатады. Көмірсуларды басым қабылдаған кезде, ақуыздар мен майлардың сіңімділігі төмендейді, ал көмірсулардың сіңімділігі жоғары болып қалады. Майлы тағамдар нашар сіңеді. Минералды заттар, көмірсулы тағамдарды қабылдаған кезде жақсы сіңеді. Егер, тағам ауыз қуысында жеткілікті дәрежеде механикалық және химиялық (ферменттермен) өңдеуден өтетін болса, сіңімділігі едәуір жоғарылайды, оған тағамды әбден шайнап, асықпай жеу ықпал етеді.
Тартылған ет, езбе (пюре) және т.б. түрлерде дайындалған майлы, ботқа тәріздес тағамдар жеңілірек сіңеді. Майдалау, әсіресе, өсімдік азықтары үшін қажет.
Тағамның сіңімділігіне, оның ас қорыту бездерінің секрециясын күшейтетін қабілеті де әсер етеді. Асқазан секрециясын ең күшті қоздыратындар құрамында экстрактивті заттары көп, балықтың сорпасы (уха). Көкөністен жасалған сорпалардың да, сөл бөлдіретін қабілеті жоғары. Майлы тағамдар асқорыту бездерінің секрециясын тежейді, сүт және нан оның сөл бөлуін аздап ынталандырады.
Асқорыту бездерін күшті тітіркендіргіші, адамның тағамға тәбеті, оның қозуы сол тағамды жеу кезінде және жақсы органолептикалық қасиеттерінен (иісі, дәмі, түрі) пайда болады. Тағамның жоғары температурасы (бірінші тағам түрінде 70-750, екіншіде - 65-700 ), оның хош иісін күшейтеді, майларды сұйық күйінде сақтайды, ас қорыту мүшелеріне қан келуін күшейтеді және тағамның сөл шығаратын әсерін күшейтеді.
Бірыңғай тамақтану, адамның тағамға тәбетін төмендетеді және асқорыту сөлдерінің өнімін азайтады, сондықтан күніне және бүкіл апта бойына тағамдарды алмастырып әр түрлі ету қажет.
Азықтардың тәуліктік тізімі азықтардың 6 тобын қамтуы қажет: 1. сүт, сүт өнімдері; 2. ет, ет өнімдері, жұмыртқа, балық; 3. нан, бөлке, макарон, жарма т.б.; 4. майлар; 5. көкөніс; 6. жеміс-жидектер.
6. Алиментарлық аурулар.
Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымының жіктеуі бойынша олар:
Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды 4 топқа бөледі:
Аштық кезінде немесе жалпы жеткіліксіз тамақтану (тамаққа жарымау) кезінде алиментарлық дистрофия дамиды, бұл ауруға дене салмағын күрт жоғалту, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, “аштықтан ісіну”, ағзаның қарсылық күшінің төмендеуі тән және өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Тамақтанудың бірлі-жарым жетіспеушілігімен байланысты ауруларға жататындар:
Тамақ жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар, тұрмысы нашар халықтардың арасында, әсіресе, дамып келе жатқан елдерде кеңінен таралған. Олардың негізгі себептері, тамаққа жарымау, рационда жануар текті ақуыздардың, майлардың жеткіліксіздігі, бірыңғай көмірсу түріндегі тағамдарды басым қабылдау, сондай-ақ, тағамдық заттардың сіңу үрдісінің бұзылуы. Бұл жағдайда, тамақ жетіспеушілігінің клиникалық көріністері бірден пайда болмайды, біраз белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайда болады, себебі, басында биохимиялық бейімделу механизмі өз қызметін атқарады.
Егер, рационның энергиялық құндылығы энергия шығынын жаппайтын болса, онда барлық тағамдық заттар, оның ішінде тағам ақуыздары да, ағзаның өз тіндерінің ақуыздары да, энергиялық материал ретінде пайдаға асады, бұл ақуыз - энергия жетіспеушілік ауруының дамуына әкеп соғады. Ақуыздар ұзақ уақыт жеткіліксіз болған кезде, ағзаның өсуі мен дамуы баяулайды, дене массасы төмендейді, эндокринді бездердің, бауырдың, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, қан түзілу нашарлайды, иммундық үрдістер, фермент жүйелерінің қызметі бұзылады, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсерінің көріністері байқалады. Бұлармен қатар, А дәруменінің және В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі және гипохромды анемия пайда болады.
АЭЖ клиникалық көріністері: кахексия, квашиоркор, маразм. Ақуыздардың жетіспеушілігіне балалар, әсіресе, емізулі кезінде және өмірінің бірінші жылдарында - 6 айдан 4 жасқа дейін сезімтал келеді.
Квашиоркор “емшектен шығарылған бала” немесе басқа түсінікте “қызыл бала” деген мағынада. Ауру ерте балалық кезеңде және емшектен шығарғаннан кейін 5 жасқа дейін байқалады. Ауруға ұйқышылдық, селқостық немесе қозғыштық, өсуі мен дамуының баяулауы, салмағының азаюы, терісі мен шашының түсі өзгеруі, беті, аяғы, шабы қызғылтым тартуы, депигментация, шашының ағаруы, ет тінінің атрофиясы, диспепсиялық құбылыс және тұрақты түрде іш өтуі, алдымен ішкі мүшелерінің ісуі және кейінірек, беті мен аяқ-қолының ісуі, бауырының үлкеюі, анорексия тән. Ауыр жағдайларда ақыл-есі ауытқиды, жұқпалы және паразиттік аурулар қосылады.
Алиментарлық маразм атрофия, әбден жүдеу. Дене массасы, әбден жүдегенге дейін төмендейді, терісі әжімденеді, жеңіл қатпарланады. Іші созылып немесе кеуіп тұрады, ішектің нұсқасы (жобасы) байқалады. Негізгі алмасуы төмендейді, дененің температурасы төмендеу болады, жиірек іш қатады, кейде аштықтан диарея болуы да мүмкін.
Тағамда майлар жоқ немесе жеткіліксіз болған кезде “май жетіспеушілігі” деп аталатын ауру пайда болады. Бұл ауру, дене массасының азаюымен, өсуі және дамуының баяулауымен, бауырдың, бүйректің, эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметінің бұзылуы, қылтамырлардың қабырғасының өткізгіштігі жоғарылауы, репродуктивті қызметінің нашарлауы, терісінің экзема тәрізді зақымдануы, қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігінің төмендеуі арқылы білінеді.
Дәрумендердің жетіспеушілігі - гипо- және адәрумендіктер пайда болуына әкеп соғады. Бұл жағдайда, зат алмасуының көп жақтары, кейбір мүшелер мен жүйелердің қызметі бұзылады. (3 тақырып). Қырқұлақ, бери-бери, пеллагра деп аталатын, т.б. спецификалық аурулар пайда болады.
Минералды заттардың жетіспеушілігі, рационда минералды заттарды ағзаға түсіріп отыратын азықтардың болмауы немесе жеткіліксіздігі кезінде байқалуы мүмкін. Бұлардан басқа тағы да, белгілі бір аудандардың суында, топырағында олардың деңгейінің жеткіліксіз болуы салдарынан, бұл заттардың азықтың құрамында аз болуымен де байланысты болуы мүмкін, яғни, биогеохимиялық эндемия сипатында болады, мысалы, топырақта йодтың жетіспеушілігі кезінде эндемиялық зоб ауруы, фтордың жетіспеушілігі кезінде тісжегі, т.б. пайда болады.
Экономикасы дамыған елдерде, сондай-ақ, халықтың бай, өркендеген бөлігінің арасында артық тамақтанудан туындайтын аурулар да, бүгінгі күнгі маңызды мәселе.
Оларға жататындар:
Көмірсуларды артық қабылдау, ағзада көмірсулардың көбірек майға айналуына және семіздік дамуына, сондай-ақ бауырда, ұйқы безінде, асқазан-ішек жолдарында, т.б. патологиялық бұзылыстар пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, жеңіл сіңетін көмірсуларды (қант, кондитерлік заттарды) көп қабылдағанда, олар гипергликемия тудырады. Осының салдарынан, ұйқы безі көп инсулин өндіреді, ал бұл безге жүктеме ұзақ уақыт түскен кезде, сусамыр ауруы (қант диабеті) дамиды. Қанда көмірсулардың көп болуы, май түзуінен басқа гиперхолестеринемиялық әсер береді, бұл атеросклероз дамуына қауіп-қатер факторы ретінде қаралуы мүмкін.
Рациондағы көмірсулар мөлшерінің өзгеруі тағамға тәбетін төмендетеді, ас қорыту бездерінің сөл бөлуін нашарлатады. Тісжегі пайда болуына және оның одан әрі тез дамуына әкеп соғады. Тағамда көмірсулар, әсіресе, жасұнығы өте көп болса, оған асқорыту сөлдерінің сіңуі қиындайды. Соның нәтижесінде, асқорыту үрдісі баяулап, ақуыздар мен майлардың қорытылуы нашарлайды, тамақтық заттардың сіңуі бұзылады. Бұл ақуыздардың, В1, В2, В3 дәрумендерінің, темір мен марганецтің салыстырмалы түрде жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін. Ішекте шіру үрдістері күшейеді, жасұнықты ыдырататын микробтардың газ түзуі нәтижесінде метеоризм дамиды.
Көмірсулармен артық тамақтану, балалардың да өсуі мен дамуын нашарлатады, иммунитетінің төмендеуіне әкеп соғады.
Тағамда ақуыздардың артық болуы да, ағзаға теріс әсер етеді. Азот шлактарының едәуір мөлшерде пайда болуы, бауырға және бүйрекке түсетін ауырлықты ұлғайтады. Ақуыздардың көптігі, ми қыртысының тым артық қозғыштығына әкеп соғады, жүйке және жүйке-тамыр жүйелерінде қолайсыз реакциялар туындатады. Ішектің ақуызды тағамдармен шамадан артық толуы, шіру үрдісін жүргізетін микрофлоралардың дамуына ықпал етеді, олардың әсерінен ақуыздардың улы ыдырау өнімдері: фенол, индол, скатол, паракрезол, т.б. пайда болады. Майларды артық қабылдау, семіруге, толық тотықпаған өнімдердің жиналуы нәтижесінде, ацидоз дамуына, ақуыздар мен көмірсулардың сіңуінің төмендеуіне, адамның өсуінің және жыныстық жетілуінің бұзылуына, ерте атеросклероз, гипертония ауруының, сусамырдың, өт тасы ауруының пайда болуына, қан түзілу үрдісінің нашарлауына, өмірінің қысқаруына әкеп соғады.
Май тіндерінің, майда жақсы еритін ағзаға тағаммен түсетін улы заттарды, оның ішінде улы химикаттарды да, кумуляциялайтын қабілеті бар. Соның нәтижесінде, тіпті олармен тікелей байланыста болмағанның өзінде де улы әсері білінуі мүмкін.
Массасы артық адамдарда алмасу үрдістерінің бұзылуы салдарынан жарақаттарының жазылу үрдісі баяулайды, тамыр ауруларының асқынуы жиі байқалады.
Минералды заттарды артық қабылдау, көбіне құрамында минералды заттары көп азықтарды немесе суларды қолданумен немесе қалыптасқан әдет бойынша, тағамға қосымша көп тұз қосумен байланысты. Мысалы, суда фтордың концентрациясы көп кезде флюороз дамуы мүмкін. Минералданған, немесе кермектілігі жоғары суларды қолдану бүйректе, өт жолдарында тас пайда болуына, гипертонияға әкеп соғуы мүмкін.
Гипердәрумендіктер, негізінен А, Д, С гипердәрумендіктер, осы дәрумендерге бай кейбір табиғи азықтарды көп қолдану кезінде, сондай-ақ дәрумен препараттарының артық дозасын қабылдау кезінде пайда болады.
7. Азық-түліктердің тағамдық және биологиялық құндылығы. Адамда ауру дамуындағы ролі.
Азықтың тамақтық құндылығы, азықтың сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Басқа маңызды сапа көрсеткіштерінің бірі, азықтың қауіпсіздігі. Патогенді микроағзалармен, паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен, микроағзалардың уларымен, ксенобиотиктермен ластануы кезінде, азықта оған тән емес улы компоненттер және басқалардың болуы кезінде азық (тағам) адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін, өйткені, тағам инфекциялары, гельминтоздар, тамақтан уланулар, онкологиялық аурулар және басқа патологиялар дамуының себебі болады. Сондықтан, азықтың сапасы, яғни оның тамақтық құндылығы және қауіпсіздігі, осыларға қатысты ҚР нормативтік құжаттарында (стандарттарында, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларда және басқа да нормативтік-құқықтық актілерде) жазылған гигиеналық талаптарға сай келуі тиіс. ҚР 4.01.071.03 «Тағамдық азықтардың қауіпсіздігі мен тамақтық құндылығына қойылатын талаптар» деп аталатын СанЕменН-ға сәйкес тағамдық азықтарда улы химиялық элементтердің, пестицидтердің, микотоксиндердің, тежеуші (ингибитерлік) заттардың, радионуклидтердің, биологиялық қосылыстардың, микроағзалардың және басқа да, адамның денсаулығына қауіп тудыратын биологиялық организмдердің рұқсат етілген мөлшері нормаланады. Әр түрлі азықтарда нақты нормаланатын көрсеткіштердің тізімі жоғарыда көрсетілген СанЕменН-да келтірілген. Атап айтқанда, азықтың биологиялық қауіптілігі жоқ деу үшін келесілерді анықтайды:
Азықтардың химиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің ішінен жаһандық таралу алған, адамның денсаулығы үшін қауіптілігі жоғары, бірінші дәрежелі ластаушы заттарды анықтайды:
Ксенобиотиктердің тағамдық азықтардағы максимальді рұқсат етілетін деңгейлері (МРЕД) немесе шектік рұқсат етілетін концентрациялары деп аталатын нормативтерін рұқсат етілетін тәуліктік дозасы (РЕТД) және рұқсат етілген тәуліктік (ағзаға) түсуі (РЕТТ) негізінде есептеп шығарады. РЕТД адамның бүкіл өмірі бойына ағзасына күнделікті түсіп отырғанда, оның денсаулығына және ұрпағының денсаулығына зиянды әсер етпейтін денесінің 1 кг массасына келетін максималды доза. РЕТТ анықтау үшін, РЕТД адамның массасына көбейтеді. Максималды рұқсат етілген деңгейді (МРЕД); тәуліктік рациондағы азықтардың әдеттегі жиынтығы кезінде, ағзаға түскен ксенобиотиктердің жиынтық (қосынды) деңгейі РЕТД аспайтындай етіп есептейді.
Тағамдық азықтардың сапасы гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне өндірістік бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі.
7.1. Ет және ет өнімдері.
Ет тамақтық және биологиялық құндылығы жоғары азық болып табылады. Оның құрамында құнды ақуыздар, майлар, В1, В2, В6, РР, В12 дәрумендері, минералды элементтер фосфор, темір, калий, натрий, күкірт, мырыш, мыс, экстрактивті заттар бар.
Тек осы еттің ақуыздары есебінен құнды ақуыздардың адамға барлық қажеттілігі дерлік қамтамасыз етіледі. Бұл кезде есте болатыны, еттің құрамына кіретін әр түрлі тіндердің ет тіндерінің, дәнекер тін ақуыздарының өзінің биологиялық құндылығы бойынша, бір-бірінен айырмашылықтары болады. Ет тіндері ақуыздарының миозин, миоген, актин және глобулин Х-тің құрамында барлық амин қышқылдарының қолайлы жиынтығы бар, ал дәнекер тіндердің ақуыздарында, коллагенде және эластинда триптофан және цистин болмайды. Сондықтан, құрамында дәнекер тіндері көп, соған сәйкес коллагеннің үлес салмағы, жоғары арық еттің тамақтық құндылығы семіз етке қарағанда, төмен болады.
Әр түрлі жануарлардың етінде ақуыздардың мөлшері бірдей емес: қой етінде 15,6-19,8 %, сиыр етінде 18,6-20 %, жылқы етінде 19,5-20,9 %, шошқа етінде 11,7-17 %. Сорпалық өнімде (субпродукты) ақуыздардың мөлшері осыларға жақын 9,5-25,2 % аралықта ауытқиды, бірақ егер 1-санатты сорпалық өнімдердегі бауырдағы, тілдегі, жүректегі, бүйректердегі ақуыздар жоғары биологиялық құндылығымен ерекшеленеді, ал екінші санатты сорпалық өнімдердің (ми, өкпе, көкбауыр, құйыршық) құрамына кіретін ақуыздардың құндылығы төмендеу, бірқатар алмастырылмайтын амин қышқылдары жеткіліксіз.
Еттің құрамында басқа да азотты қосылыстар карнозин, креатин, ансерин, пурин негіздері, т.б. бар, олар етке және еттің сорпасына дәм және хош иіс береді және ас қорыту бездерінің сөл бөлінуін жақсартады. Бұл қосылыстар азотты экстрактивті заттар деп аталады. Белсенділігі төмендеу, бірақ осыған ұқсас қасиеттерге, азотсыз экстрактивті заттар гликоген, глюкоза, сүт қышқылы ие. Құрамында экстрактивті заттары ең көбі, шошқа еті, ең азы қой еті. Етті қайнатқан кезде, экстрактивті заттары сорпаға өтеді, осыған байланысты суға қайнатып пісірген еттің құрамында экстрактивті заттары аз болады, сондықтан ас қорыту мүшелерін химиялық заттардың әсерінен қорғауды қажет ететін аурулар (гастрит, панкреатит, асқазан жарасы, т.б.) кезінде емдәмге ұсынылады. Керісінше, ет сорпасының калориясы аз болғанмен де, адамның тағамға тәбетін және ас қорытатын сөл бөлінуін күшейтетін қасиетіне байланысты, әлсізденген аурулардың, туберкулезбен ауырғандардың, т.б. емдік тағамында кеңінен қолданылады.
Еттің майы, сары маймен және басқа да сүт өнімдерінің майларымен қатар, адамға жануар текті майлардың негізгі қажеттілігін қамтамасыз етеді. Еттегі майлардың мөлшері, тікелей оның семіздігіне байланысты. Қойдың етінде, олар- 9,6-16,3 %, сиыр етінде 9,8-16,0 %, жылқы етінде 4,1-9,9 %. Шошқа етінде майы өте көп 33,3-49,3 %.
Көпшілік жануар (сиыр, қой) майларының құрамына басымырақ қаныққан май қышқылдары кіреді, осыған байланысты бұл майлар қатты және жоғары температурада еритін болып табылады. Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) мөлшері көп емес (3,2-4,1 %) және еттің семіздігі төмендеген кезде, КҚМҚ мөлшері одан да көп төмендейді. Тек шошқаның майында ғана КҚМҚ -10,6 % жетеді, бұл кезде сиырдың және қойдың майына қарағанда, линоль қышқылының мөлшері, шамамен 3 есе, ал арахидон қышқылы 5 есе артық болады. Шошқа майының жеңілірек еритіндігі, құрамында КҚМҚ мөлшері көбірек болуымен түсіндіріледі, бұл майдың жақсы сіңуін қамтамасыз етеді.
Еттің құрамында орташа мөлшерде В тобындағы дәрумендер және өте аз мөлшерде А және С дәрумендері бар. Ол, сондай-ақ ағзаға жақсы сіңетін макроэлементтердің (калийдің, фосфордың, натрийдің, магнийдің, кальцийдің, күкірттің және басқалардың) және микроэлементтердің (темір, мырыш, мыс және басқалардың,) көзі болып табылады. Еттің құрамында темір өте аз мөлшерде (1,3-3,3 %), бірақ өсімдік өнімдеріндегі темірмен салыстырғанда, оның сіңуі үшін биологиялық қолайлылығы жоғарылау. Темірдің көзі ретінде ет және ет өнімдерінің айрықша құндылығы осыған байланысты. Темір, сондай-ақ мырыш, мыс және селен, әсіресе бауырда көп.
Еттің көмірсулары, негізнен гликоген түрінде болады, мөлшері 1%-дан азырақ.
Құндылығы жоғары өнім - құс еті. Тамақтануға тауықтың, күрке тауықтың, суда жүзетін құстардың, жабайы құстардың еті қолданылады. Құс етінің ақуызы құнды ақуызға жатады, оның ақуызының мөлшері, еттегі ақуыздың мөлшеріне жақын. Мысалы, тауықтың және күрке тауықтың етіндегі ақуыздың мөлшері 18-20 %, қаз бен үйректің етінде шамалы азырақ 15-17 %. Құс етінің айырмашылығы, құрамында ағзаның өсуіне жағдай жасайтын (амин қышқылдары) триптофан, лизин, аргинин, экстрактивті заттары көп, сондай-ақ тауықтың және күрке тауықтың етінде дәнекер тіндері аз және жұмсақ болады. Құс етінің емдік және балалар тағамына кеңінен қолданылу себебі, осы сапаларына және тауық пен күрке тауық етінде майдың мөлшері аз (5-22 %), бірақ оның құрамында, жануарлардың етімен салыстырғанда, КҚМҚ көбірек болуына байланысты. Үйрек пен қаздың еті емдік тағамға ұсынылмайды, себебі, құрамында майы көп (24-39 %). Құс етіндегі минералды заттар мен дәрумендердің мөлшері мен құрамы жануарлардың етіне жақын.
Адамның тамақтануына еттен жасалған өнімдер кеңінен қолданылады, оларға жататындар- шұжық өнімдері, жартылай дайын өнімдер, консервілер, шикі күйінде тұздалған және ысталған өнімдер (азықтар) шошқаның қол немесе сан еті, ысталған (қақталған) төс еті және басқалар. Шұжық өнімдерінің дәмділік сапасы ұнамды, тәбетті қоздырады, ұзақ уақыттық аспаздық өңдеуді қажет етпейді, ақуыздардың, майлардың және минералды заттардың елеулі көздері болып табылады. Олардың құрамындағы ақуыздары, еттің құрамындағы сияқты 10 %-дан 24 % дейін. Сонымен қатар, шұжықтарда, әсіресе, ысталған түрінде майлардың мөлшері 2-3 есе артық. Ас тұзының, фосфаттардың деңгейі жоғары, тағамдық қоспа ретінде енгізілген нитриттер болады. Сондықтан, тағам рационындағы ет шұжықпен алмастырылмауы тиіс, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер рационында.
Ет және ет өнімдері адамда, табиғаты микробтық және микробтық емес тамақтан уланулар, гельминтоздар және жұқпалы аурулар дамуының себебі болуы мүмкін. Табиғаты микробтық тамақтан уланулардың дамуына малды сою, ет және ет өнімдерін тасымалдау және сақтау ережелерінің дүрыс сақталмауы, дайын тағамдарды үлестіру және сақтау мерзімінің бұзылуы әкеп соғады. Ет- микробтардың дамуы үшін өте жақсы орта, сондықтан микробтармен тез ластанады.
Малды сою кезінде, гигиеналық талаптардың сақтаудың үлкен маңызы бар. Зорыққан, әлсіреген немесе әбден арықтаған малды союға рұқсат етілмеуі тиіс, себебі, олардың қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауы салдарынан, ішектен қанға өткен микроорганизмдер ет тіндеріне тірі кезінің өзінде өтуі мүмкін. Жұқпалы немесе жұқпалы емес аурулармен ауырған малдарды (союға мәжбүр болғанда) жеке бөлмелерде сою керек. Етте бактериялардың өте көп ұрықтанып кетуінің алдын алу үшін, бауыздау қанын толық ағызу, яғни етті толық қансыз ету, ішек-қарынын тез алу және ұшаны бұзу керек. Малды сойғаннан кейін, 1-2 күн ішінде еттің «жетілуі» деп аталатын жағдайға жеткізетін аутолиздік ферменттік үрдістер жүреді. Осының салдарынан, еттің реакциясы қышқыл болады да, микроорганизмдердің өсуіне кедергі жасайды. Еттің қалың қабатына бактериялардың өтуінен, сондай-ақ еттің бетінде пайда болатын «кебу қабығы» да қорғайды. Жоғарыда көрсетілген қосылыстардың пайда болуы себебінен жеңіл піседі, сөл бөлінуін күшейтеді, дәмі және асқазанда қорытылуы жақсарады.
Малды сойғаннан кейін ұшаға және ішкі мүшелеріне малдәрігерлік сараптау жүргізеді және ұшаны таңбалайды.
Тез бұзылатын өнімдерге құс еті жатады. Тез бұзылуының алдын алу үшін, құсты сойып, ұшасын қансыз еткеннен кейін тез арада суытылуы тиіс.
Мал еті тамақтан уланулардан басқа жұқпалы аурулар сібір жарасы (күйдіргі), аусыл, сарып, туберкулез, сальмонелез және басқалар берілетін фактор болуы мүмкін. Сібір жарасы анықталған жағдайда, барлық талаптар сақталып ұша тез арада жойылады, ол жерде дезинфекциялық шаралар жүргізіледі, карантин орнатылады. Сондай-ақ, сойған кезде, оларда таралып кеткен немесе милиарлы туберкулез анықталған жануарлардың ұшасы да жоюға жатады. Жергілікті зақымдануы кезінде туберкулез ошағы анықталған мүшелер мен тіндер жойылады, ал ұшаның зақымданбаған бөлігін тағам үшін қолдануға рұқсат етіледі.
Сарып пен аусылдың қоздырғыштары 60-65° дейін қыздырған кезде 5-15 минуттың ішінде жансызданады, сондықтан, ауру малдардың етін шартты түрде жарамды деп есептейді де, жоғары температурада мұқият өңдегеннен кейін пайдалануға рұқсат етеді. Сонымен бірге, малды сою және ұшасын бұзу үрдісінде адамға жұғу мүмкіншілігін ескеріп тиісті сақтық шараларын сақтау қажет және етті өңдеуден өткізуді тағамдық кәсіпорындарда жүргізу керек.
Инфекция берілетін фактор ретінде құс етінің де маңызды ролі бар. Адамның сальмонеллезді, туберкулезді, листериозды, орнитозды және басқа да жұқпалы ауруларды жұқтырып алу қаупі осымен байланысты. Соңғы жылдарда, адам үшін «құс тұмауы» деп аталатын ауру айрықша қауіпті болып отыр.
Жануарлардың еті финндер - шошқа цепенінің Taenia solium немесе сиыр цепенінің Tаеnia saginata личинкалық сатысында жұққан етті қабылдаудан пайда болатын тениидоз және трихинеллез сияқты гельминтоздар дамуының себебі болуы мүмкін. Финндер кез келген ет тіндерінде орналасуы мүмкін, бірақ жиі іштің тік етінде, диафрагмада, қабырғалар арасындағы еттерде, шайнау бұлшық еттерінде, жүректе, тілде жиі анықталады. Финндер оптикалық аспапсыз көзбен анықталады, үлкендігі тарының дәнінен бұршаққа дейін жететін, ақ түсті түйіршік түрінде ет талшықтарының арасындағы дәнекер тіндерде орналасады. Финндер жұққан етті тағамға қолданған кезде, адамның ішінде жыныстық жетілген түрі ұзындығы бірнеше метрге жететін және адам ағзасында әр түрлі патология, бірінші кезекте В12 дәруменінің синтезі бұзылуына байланысты қатерлі анемия дамуына әкеп соғып, ұзақ уақыт паразиттік тіршілік ететін, таспа құрт (гельминт) пайда болады. Шошқа және сиыр цепенінің финндері еттің 40 см2 өлшемінде болмауы тиіс.
Трихинеллалар жұмыр гельминттер, олардың личинкалары шошқаның етінде, қабаннның жне аюдың етінде өте жиі кездеседі. Бұл шошқа мен қабандардың, әдетте, трихинелламен ауырған егеуқұйрықтың, көртышқанның және басқалардың өліктерін жеп, жұқтырып алуымен түсіндіріледі. Ішекке түсіп, личинкалар өте тез арада жыныстық жетілген түріне айналады, трихинелла жұққан етті жегеннен соң, 5 күннен кейін-ақ олар жаңа личинкалар туады, ол личинкалар ішектің шырышты қабықшасының лимфа тамырларына түседі, содан кейін қанға және етке өтеді. Ет тіндеріне өтіп, трихинеллалардың личинкалары ол жерде адамның бүкіл өмірі бойына сақталады. Біраз уақыттан кейін, личинкалар әктасты капсуламен қоршалады, бұл олардың біразының өлуіне әкеп соғады, дегенмен де бір бөлігі бірнеше жылдар бойына өзінің тіршілігін сақтап қалады.
Трихинеллез - ауыр ауру, өліммен аяқталуы мүмкін. Личинкалар ағзаға неғұрлым көп түсетін болса, соғұрлым гельминтоз ауыр өтеді. Трихинеллездың ең ауыр өтуі, жеткіліксіз пісірілген немесе қуырылған шошқа етін және шошқадан алған шикі өнімдерді, оның ішінде шошқа етінің майын қабылдаған кезде де байқалады. Жаңадан инвазияланған кезде, дене температурасы жедел көтеріледі. Лихорадка 2-3 аптаға созылуы мүмкін. Дененің көп бөлігінде еттердің қатты ауыратыны байқалады, бұл личинкалардың бүкіл ағзаға миграцияланып, әр жерде орналасуымен байланысты. Миокардит, пневмония, плеврит, менингит, асқазанда және ішекте жара-некроздық үрдістер дамуы мүмкін. Жиі аяқ-қолдарында және мидың кіші және орташа тамырларында флеботромбоздар болады, геми- және параплегиялар дамуына әкеп соғады. Қанда спецификалық антидене пайда болады, ол бойынша, тіпті біраз уақыт өткеннен кейін де трихинеллез диагнозын қоюға болады.
Трихинелла личинкалары жиі тіл, көмекей еттерінде, көкеттің аяқтарында, қабырғалар арасындағы және іштің еттерінде орналасады. Ет тіндерінде, олар спираль түрінде оралған, капсуламен қоршалған болады және тек микроскопиялық зерттеулер кезінде анықталады.
Ауданы 40 см2 ет кесіндісінде трихинелланың, тіпті бір личинкасы анықталған жағдайда, ет тағамға қолдануға жарамсыз деп саналады, себебі, трихинелланы жұқтыру қаупі өте жоғары.
Шошқа және сиыр цепеньдерінің финдері мен трихинеллез личинкаларынан өзге етте басқа да паразиттер, атап айтқанда, гельминттердің лтичинкалық түрі: Echinоcoccus multilоcuralis альвеококкоздардың қоздырғыштары, Echinоcoccus granulosis - эхинококкоз қоздырғыштары анықталуы мүмкін. Олардың адамға жұғуы, ет және ет өнімдерін тағамға қолданған кезде емес, ағзасында гельминттің жұмыртқа бөлетін, жыныстық жетілген түрі бар ет қоректі жануарлармен (ит, мысық, қасқыр) байланыста болған кезде жүреді. Адамға ит, мысықты баққан кезде, терілерін өңдеу кезінде, жұмыртқаларымен ластанған шөптерді, жемістерді немесе суды тағамға қолданған кезде жұғуы мүмкін. Етте кездесетін личинкалық түрі адам үшін қауіпсіз, бірақ тамақтану үшін еттің зақымданбаған бөлігін қабылдауға рұқсат етіледі. Егер, бауыр немесе өкпе түгелімен зақымдалған болса, онда оларды түгелімен жарамсыз деп табады.
Шұжық өнімдерінің эпидемиялық қауіптілігін айрықша айта кету керек, ол қолданатын шикізаттың сапасына және өндіріс технологиясының ерекшелігіне байланысты. Шұжықтарды жасау технологиясына және құрамына байланысты, шұжық өнімдерін қайнатып пісірген, пісіріп ысталған, жартылай ысталған, шикідей ысталған, өкпе бауырдан жасалған, сілікпе деп бөледі. Шұжық өндіру кезінде шикізат ретінде, тек етті ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар сорпалық өнімдерді де, сондай-ақ залалсыздандырылған шартты түрде жарамды етті де қолданады. Шикізатты көп қайтара ұсақтайды, оған су, тұз және әр түрлі тағамдық қоспалар қосады. Ылғал байланыстыратын қабілетін арттыру үшін фосфаттар микробқа қарсы зат ретінде және қызыл алқызыл түс беру үшін нитраттар және т.б. қосады. Осы атқарылатын операциялардың бәрі және ет жентегінде ылғалдың мөлшерінің жоғары болуы, қанды және одан жасалған өнімді қолдану ет жентегінің бүкіл массасына микробтар таралуына мүмкіншілік тудырады. Әрі қарай жүргізілетін жоғары температурада өңдеу: қуыру, қайнату немесе шикілей ыстау патогенді микрофлораларды жояды. Бірақ, шұжықта анаэробты жағдай жасалуына байланысты, технологиялық талаптар сақталмаған кезде спора түзуші бактериялар, атап айтқанда: Сl.Botulinum және Сl. Perfringens дамуы мүмкін.
Шұжыққа қосылатын нитриттер адамға улы әсер етуі мүмкін, ал ыстау үрдісінде пайда болатын бензапирен және нитродоаминдер канцерогенді әсер етуі мүмкін. Мұнан басқа соңғы жылдарда шұжық өнімдерінің рецептінде соя белогі кеңінен қолданылып жүр, оны алу үшін жиі генетикалық модификацияланған азықтарды қолданудың жағымсыз тұстары әзірше жеткілікті дәрежеде белгілі емес, құрамына генетикалық модификацияланған азықтардан алынған бөліктері енгізілген ет өнімдерін қолдануға рұқсаты болуы, ал зат таңбасында азыққа енгізілген қосылыстардың сипаты мен мөлшері жөнінде ақпарат болуы тиіс.
Ет және ет өнімдерінде, сондай-ақ қоршаған ортада ең көп тараған және адамның денсаулығы үшін қауіпті ластаушы заттар: қорғасын, мышьяк, кадмий, сынап пестицидтер, цезий 137, стронций 90 анықталуы мүмкін, сондықтан олардың мөлшері нормаланады.
Мұнан басқа, бұл азықтарға антибиотиктердің мөлшері де, міндетті түрде бақылауға алынады.
7.2. Балық және балық өнімдері. Балықтың тамақтық және биологиялық құнылығы өте жоғары. Оның құрамында 13-24 % дейін құнды белоктар, құрамында метионині мен цистині болуына байланысты, балық ақуыздарының липотропты белсенділігі жоғары. Балықта өсіретін факторлар лизин, триптофан көп, соған байланысты балалардың тағамына қолданылады.
Балық етінде дәнекер тіндерінің мөлшері, жануарлардың етіне қарағанда, көп емес 0,6-3,5 % дейін жетеді, ал оның құрамында тек ақуыз - коллаген кіреді, ол қыздырған кезде тез желатинге айналады. Осыған байланысты, балық еті жоғары температурада өңдеген кезде тез дайындалады және жақсы сіңеді.
Етке қарағанда, балық етінде экстрактивті заттар аз болады, бірақ олардың белсенділігі жоғары және асқорыту бездерінің сөл бөлуін көбейтеді. Осыған байланысты, балық етінің сорпасын асқорыту мүшелерінің аурулары кезінде ұсынылмайды. Майлардың мөлшері балықтың түріне байланысты 0,6-30% аралығында ауытқиды. Балық майының ерекшелігі, әсіресе, суық теңіз балықтары майының құрамында, негізінен ω - 3 тұқымдасы (эйкозапентаен, докозапентаен және докозагексаен) түрінде берілген КҚМҚ мөлшері көп болуында. Бұл қышқылдар жануарлар мойынында іс жүзінде кездеспейді, ал олардың биологиялық белсенділігі өте жоғары. КҚМҚ треска мойнында өте көп. Балықта, шамамен, еттегі сияқты мөлшерде В1, В2, РР, В6, фоль қышқылы кездеседі.
Балықтардың майлы түрлерінде, әсіресе олардың бауырының майында едәуір мөлшерде А және Д дәрумендері бар. Сонымен, шабақ балықта Д дәруменінің мөлшері 30 мкг%, тресканың бауырында 200 мкг%. Балықтың минералды құрамы етке қарағанда, натрийдың, калийдің, фосфордың мөлшері көбірек болуымен темірдің, мыстың мөлшері аз болуымен ерекшеленеді. Теңіз балығы йод пен селеннің көзі. Олардың мөлшері еттегі мөлшерінен бірнеше есе артық.
Балық және балық өнімдері тез бұзылатын азық болып табылады. Бұл оларда жеңіл тотығатын КҚМҚ мөлшері көп болуымен, құрылымының жұмсақтығымен және ет пен дәнекер тінінің ылғалдылығы өте жоғары болуымен түсіндіріледі. Одан басқа балық еттерінің микробтармен ластану қаупі жоғары, ол оның ішектерінің бүкіл денесін бойлай омыртқаларына тиіп жатуына байланысты.
Сондықтан, жаңадан ұсталған балық бірден тоңазытылуы тиіс және төмен температура режимі ұстап алғаннан бастап пайдаланғанға дейін барлық кезеңдерде қамтамасыз етілуі тиіс. Бірнеше күн бойына сақтау қажет кезде, балықты биомицинді мұз қолданып мұздатады, одан да ұзақ уақыт сақтау үшін -180С-ден жоғары емес температурада мұз етіп қатырады. Тағамға жаңа ауланған, суытылған, мұзданудан кейін жібіген, сондай-ақ тұздалған, ысталған, кептілірген, қақталған, маринадталған балық өнімдерін, балық консервілері мен уылдырықты және басқаларды қолданады.
Балықты тұздау, тек консервілеу әдісі ретінде ғана емес, сонымен қатар, оған жақсы дәмдік қасиет беру үшін де қолданылады. Ең тиімдісі, тұзды көп салып тұздау, бұл кезде тұздықтағы тұздың концентрациясы 14-тен 20%-ға дейін жетеді. Тұздың аз концентрациясы да қолданылуы мүмкін: аз тұздалған кезде 6-дан 10% дейін, орташа тұздағанда 10-нан 14% дейін болады. Бірақ аз тұздалған өнімдер сақтауға төзімділігі төмен, жеткілікті дәрежеде залалсызданбаған болып табылады.
Ысталған балықты арнайы ыстайтын камераларда түтін-ауа қоспасымен жоғары температурада (80-нен 140°С дейін) бірнеше сағат бойына өңдеу арқылы (ыстық ыстау) немесе алдымен тұздағаннан кейін 40°С аспайтын температурада бірнеше күн бойына өңдеу арқылы алады. Ысталған балық сақтауға қолайсыз, себебі, ылғал көп және тұзы аз, осыған байланысты өндірілген уақытынан бастап 72 сағаттан асырмай пайдалану керек. Суық ысталған балық сақтауға төзімділеу, өйткені құрамындағы тұзы 8-10 % дейін, ылғал аз. Бірақ төмен температурада ыстау, әсіресе ірі балықтарды Сl. Botulinum дамуын жоюға мүмкіндік бермейді.
Пресервтерді дайындау кезінде өнімдерді стерильдемей, банкаға салып саңылаусыз етіп жабады, сондықтан олардың пайдалануға жарамдылық мерзімі 6 айға дейін, тек суықта сақталған кезде. Консервідегі балықты ұзақ уақыт сақтауға болады, себебі, оларды банкіге салып жапқаннан кейін стерильдейді.
Аспаздық балық өнімдері пісірілген, қуырылған, сілікпе құйма балықтар, салаттар, паштеттер, сілікпелер және тағы басқалар өте тез бұзылатын өнімдерге жатады. Оларды сақтау мерзімі +2 - +60С температура кезінде (өнімнің түріне байланысты) 12-48 сағаттан аспауы тиіс.
Уылдырық та тез бұзылатын өнімдерге жатады, осыған байланысты оны пастерлейді және минус температура жағдайында 12 айға дейін сақтайды. Уылдырыққа консервант ретінде уротропинді, сорбин және бензой қышқылдарын қолдануға рұқсат етіледі.
Балық және балық өнімдері тез бұзылатын өнім және микробтардың таралуы мен көбеюіне қолайлы орта болғандықтан, сальмонеллалар, листериялар, энтерококтар, ішек таяқшалары, протейлер, алтын түсті стафилакокктар, Сl. perfringens және Сl. Botulinum, парагемолитика вибрионы, микроскопиялық саңырауқұлақтар және басқалар сияқты көптүрлі микроағзалар тудыратын тамақтан уланулар мен тағам инфекцияларының себебі болуы мүмкін. Соңғы уақыттарда вакуумдап қапталған азықтар кеңінен таралып отыр. Ондай тағамдық өнімдерде жасалатын анаэробты жағдай Сl. Botulinum-нің көбеюіне қолайлы болады, нәтижесінде қауіпті тамақтан уланудың - ботулизмнің дамуына әкеп соғуы мүмкін.
Балық және балық өнімдері табиғаты микробты тамақтан уланумен қатар, микробтық емес уланулардың да себебі болуы мүмкін. Өйткені, судағы химиялық заттар (сынап, қорғасын, кадмий, пестицидтер, диоксиндер және басқалар) мен радионуклидтер балықтың тіндерінде жиналады. Бұлардан басқа, нитрозоамин сияқты канцерогенді заттар балықты сақтау және аспаздық өңдеудің барлық түрлері кезінде балықтың құрамында болатын алдынғы өнімдерінен және ыстайтын түтіннің құрамына кіретін нитроздаушы қосылыстардан пайда болуы мүмкін. Ыстаған кезде балыққа басқа да қауіпті канцероген бенз(а)пирен енеді.
Кейбір балық түрлерінде (тунец, скумбрия, арқан балық, шабақ) сақтауға қойылатын талаптар мен пайдалану мерзімі сақталмаған жағдайда гистамин жиналады, оның көп мөлшерде болуы скомброидты деп аталатын улануды тудырады.
Тамақтан уланулар мен инфекцияларды болдырмау үшін, балық пен оның өнімдерінде МФАФАМ саны, ІТТБ (БКГП), алтын түстес стафилакокктың, патогенді микроағзалардың, оның ішінде, сальмонеллалардың, листериялардың, сульфит редукциялаушы клостридийлердің, теңіз балығындағы Vibrio parahaemalyticus-тың, пресервтер мен уылдырықтағы және басқалардағы зеңдер мен ашытқылардың мөлшері бақыланады, нормаланады (СанЕменН 4.01.071.03). Сондай-ақ тунецте, скумбрияда, арқан балықта, шабақта қорғасынның, мышьяктың, кадмийдың, сынаптың (консервілерде қосымша қалайы мен хромның), полихлорланған бифенилдердің, цезий-137 мен стронций-90, пестицидтердің (гексохлорциклогексанның, ДДТ мен оның метаболиттерінің, 2,4-Д-қышқылдарының, оның тұздары мен эфирлерінің), гистаминнің, ысталған өнімдерде бенз-а-пиреннің мөлшерлерінің нормативтері орнатылған.
Балық, описторхоз және дифиллоботриоз сияқты аурулар тудыратын гельминттердің аралық иесі, ал адам, соңғы иесі болуына байланысты, адамда гельминтоздар дамуының себебі болуы мүмкін. Ол адамға жоғары температурада жеткіліксіз өңделген немесе шикі, қақталған, аз тұздалған балықты тағам ретінде қабылдаған кезде жұғады. Diphyllobotrium latum личинкалары ұзындығы 1-1,5 см және қалыңдығы 2-3 мм, жай көзге көрінетін ақ құрт түрінде болады. Адам ағзасында олардан 3-4 м, кейде 10 м дейін жететін жыныстық жетілген түрі пайда болады. Жалпақ таспа құрт инвазиясы, адамның ішегіне түскен тағамның құрамындағы В12 дәрумені мен В12 дәруменінің синтезделуі үшін қажетті кобальтты паразит өзіне қарқынды сіңіруі нәтижесінде және осыған байланысты, бұл қосылыстардың шұғыл эндогенді жетіспеушілігі пайда болуы салдарынан, ағзада жиі пернициозды анемия дамуымен білінеді.
Дифиллоботриоздың алдын алу үшін, тағамға тек жоғары температурада өңделген, тұздалған және мұз болып қатырылған балықты пайдалану керек. Жалпақ таспа құрттың личинкалары жоғары температураның әсеріне төзімділігі төмен болғанмен де, қайнатып пісіру және қуыру кезінде зарарсыздандыруды кішкене кесектерге бөліп 30 минуттан кем емес уақыт жүргізу керек. Тұздау 2 апта бойына жүргізіледі, тек қатты тұздау түрінде, мұз етіп қатыру 12°С температурада 3-5 тәулік жүргізіледі. Егер, балық личинкаларымен көп зақымданған болса, онда оны жояды. Егер, бірлі-жарым плероцеркоидттар кездессе, онда балықты шартты түрде жарамды деп тауып, жоғарыда жазылған әдістердің біреуімен өңдеуден өткізеді.
Описторхоз- Қазақстанда кең таралған табиғи-ошақтық гельминтоз болып табылады. Оріstorchіs felіneus (мысық қосауыздысы) гельминттің жыныстық жетілген түрі адам ағзасында, негізінен бауырда, өт жолдарында, өт қабында паразиттік тіршілік етіп, ангиохолит және холецистит дамуына әкеп соғады. Оріstorchіs felіneus личинкалары жалпақ таспа құрттың личинкаларына қарағанда, залалсыздайтын факторлардың әсеріне төзімді келеді. Олар балықты қақтаған, суық әдіспен ыстаған кезде, төмен температураларда тірі қалады. Личинкалары көп балықты техникалық пайдалануға (утилизация) жібереді, ал аз ластанған жағдайда 30 минут бойына қайнату арқылы, 14 тәулік бойына қатты тұздау (тұзы 15-20 %) әдісімен залалсыздандырады. Мұз етіп қатыруды - 15°С жоғары емес температурада 2 апта бойына жүргізеді.
7.3. Сүт және сүт өнімдері. Сүт және сүт өнімдері халықтың, әсіресе, балалардың, егде жастағы адамдар мен аурулардың тамақтануында кеңінен қолданылады, себебі, тамақтың және биологиялық құндылығы жоғары, құрам бөліктері балансталған, қорытылуы және сіңуі жеңіл.
Емшек еметін жастағы балалардың тамақтануында, әйел адамның сүтімен тамақтануы алмастырылмайтын болып табылады. Басқа жас санаттарындағы халықтың тамақтануында ең кең қолданылатыны сиыр сүті, сирегірек - ешкі, қой, бие, түйе, буйвол және басқалардың сүттері. Олардың құрамында және дәмділік сапасында бірқатар айырмашылықтары бар, бірақ олардың бәрінің де құрамында құнды ақуыздар, майлар, көмірсулар, шамамен 25 минералды заттар, 12 дәрумендер, ферменттер, гормондар, антидене, пигменттер бар.
Әйел адамның сүтіндегі ақуыздың мөлшері - 1,25 %, сиырдың және ешкінің сүтінде 3 % жуық, түйенің және буйволдың сүтінде 4 %. Ақуыздың мөлшері ең көбі, қойдың сүті - 5,6 %. Сүт ақуызының құрамына казеин, лактоальбумин мен лактоглобулин және басқа да глобулиндер кіреді. Сүттің ең құнды ақуызы альбуминдер, олар қайнатқан кезде қабыршық түзіп, ұйып қалады және жарым-жартылай тұнбаға түседі. Құрамындағы казеиннің мөлшеріне байланысты, сүтті казеинді және альбуминді деп бөледі. Казеинді сүттің құрамында 75 % артық казеин болады, ал альбуминді сүтте 50 % және одан да аз. Көпшілік жануарлардың сүті казеиіндіге жатады. Биенің және есектің сүті альбуминді болып табылады. Әйел адамның сүті де альбуминдіге жатады. Асқазанда казеин іріп, сүзбеге айналғанда тығыз, ірі үлпектер түзеді, ал альбуминдер - майда, жұмсақ, жеңіл қортылатын және сіңетін үлпектер түзеді, сондықтан емшек еметін жастағы балаларды тамақтандыру үшін казеинді сүтті қолданған жағдайда диспепсиялық өзгерістер тудыруы мүмкін. Баланы тамақтандыру кезінде, әйел сүтін жақсы алмастыратыны альбуминді сүт, мұны бұл сүттегі амин қышқылдарының жақсы балансталғандығымен және альбуминде күкірттің, триптофанның, лизин мен фенилаланиннің мөлшері едәуір болуымен түсіндіреді.
Әйел адамның сүтіндегі майдың мөлшері, шамамен 3,5 %, оған сиырдың, ешкінің және түйенің сүтіндегі майдың мөлшері жақын. Буйволдың, қойдың сүтінде (майы 7,8 % дейін) және бұғының сүтінде (18 % дейін) майы көп. Майы ең азы - биенің сүті мен есектің сүті - 1,9-1,4 %. Сүт майы сүтте жоғары дисперстіленген эмульсия түрінде болады, бұл оның сіңімділігін жақсартады. Сүт майының құрамына 20-ға жуық май қышқылдары кіреді және олардың ішінде басқа майларда кездеспейтін, биологиялық тұрғыдан белсенді, төмен молекулалы май қышқылдары (капрон, каприл, каприн және басқалар) бар. Сүт майының биологиялық құндылығын, сондай-ақ оның құрамында болатын фосфолипидтер, стеариндер және А,Д дәрумендері жоғарылатады.
Сүттің құрамында бір ғана көмірсу - дисахарид лактоза бар, оның құрамына галактоза және глюкоза кіреді. Лактоза, бәрінен де әйел адамның сүтінде көп - 7,5 %, сүттің басқа түрлерінде оның концентрациясы - 4,5-5,8 %. Ішекте лактоза галактозаға және глюкозаға ыдырайды. Жеке адамдарда галактозаны ыдырататын ферменттердің белсенділігі төмен болуына немесе болмауына байланысты сүт іше алмайтын жағдайлар байқалады.
Сүттің минералдық құрамы макро - және микроэлементтердің кең спектрінде берілген. Сүт және сүт өнімдері жеңіл сіңетін кальций мен фосфордың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Сиыр сүтінде олардың мөлшері, әрқайсысына сәйкес 22 мг% және 92 мг% жетеді, ал биенің сүтінде кальций мен фосфор, сиырдың сүтіне қарағанда, 1,5 есе аз.
Сүтте әр түрлі микроэлементтер темір, йод, кобальт, марганец, мыс, молибден, қалайы, селен, фтор, хром, мырыш және басқалар болады, бірақ олардың мөлшері көп емес, ол темір, мыс, мырыш сияқты кейбір микроэлементтердің балалар ағзасына қажеттілігін толық қанағаттандыра алмайды.
Сүттің құрамында ағзаға қажетті барлық дәрумендер: В тобындағы, А,С,Д,Е дәрумендері, β-каротин және басқалар бар, олардың ішінде көбі гипохолестеринемиялық әсер де береді.
Сүт емдәмдік тамақтануда өте құнды тағамдық өнім болып табылады, себебі, ас қорыту бездерінің сөл бөлуін айтарлықтай көбейтпейді, жеңіл сіңеді, натрий хлориді аз және құрамында нуклеин қышқылдары жоқ. Сондықтан, оны асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралары, секрециялық белсенділігі жоғары гастрит, бүйрек аурулары кезінде және дене қызуы көтеріліп ауырғандарға тағайындайды. Мұнан басқа лактозаның ашуы кезінде пайда болатын сүт қышқылының есебінен, ішекте шіру үрдістерін тежейтін сүт қышқылдық микрофлораның дамуы жақсарады.
Сүт кәсіпорындарында әр түрлі сүт түрлері шығарылады: майлылық дәрежесі әр түрлі (2,5, 3,2, 6 %) пастерленген, стерильденген, қайнатылған (майлылығы 4 және 6 %) гомогенді етілген сіңімділігін жақсарту үшін майымен бірге дисперсияланған), құрғақ, қойытылған және басқалар. Құрғақ сүтті пастерленген сүттен кептіру жолымен алады, мұның салдарынан оның тамақтық және биологиялық құндылығы біршама төмендейді. Бұған қарамастан, құрғақ сүт, құндылығы жоғары тағамдық сүт жеткіліксіз аудандарда оны толық алмастыра алады. Сондай-ақ айта кету керек, кептіріп құрғақ сүт дайындау кезінде сүт тұрақты пестицидтерден толығырақ тазарады және ұзақ уақыт сақтауға келеді. Құрғақ сүтті суға ерітіп қолданады. Құрғақ сүттің ерітіндісі қалпына келтірілген сүт деп аталады.
Қойытылған сүт, қант қосып консервіленген сүт өнімі болып табылады, қанттың мөлшері 43,4%. Табиғи сүтке қарағанда, майларының мөлшері де 2,5 есе жоғары. Сондықтан, қойытылған сүтті шектеусіз мөлшерде қабылдауға болмайды, себебі, оның калориясының жоғарылығы, әсіресе қазіргі замандағы халықтың көпшілігінде кездесетін гиподинамия кезінде семіру, сусамыр және басқа да аурулар дамытатын қауіп-қатер факторы болып табылады.
Қаймақ (сливки) сепарациялау кезінде алынған сүттің майға бай (10-35 %) фракциясы, ақуыздың мөлшері, сүттегі сияқты - 2,5-3 %, ал лактозаның, кальцийдің, фосфордың, магнийдің, калийдің, С-дәруменінің мөлшері 1,3-1,5 есе төмен. Сонымен бірге, қаймақ А-дәруменінің, β-каротиннің және темірдің көзі болады, олардың мұндағы мөлшері сүтке қарағанда 3-7 есе көп.
Адамның тағамында ашытқан сүт өнімдері маңызды орын алады, оларды пробиотикалық өнімдерге (тағамға) жатқызады. Бұл өнімдер "пробиотикалық" деп аталуы "рrobios" деген сөзден алынған, бұл тіршіліктеріне мүмкіншілік туғызатын екі ағзаның симбиозы деген мағынада. Мысалы, пробиотиктер ішектің қалыпты микрофлорасына жататын (сүт қышқылдық бактериялар, бифидобактериялар және басқалар) тірі микроағзалар болып табылады. Құрамына пробиотиктер кіретін ашытылған сүт өнімдері адамның денсаулығына қолайлы әсер етеді. Оларды, сүтті ашыту үшін арнайы өндірілген бактериялардың немесе саңырауқұлақтардың культураларымен ашытып, белгілі бір технология бойынша табиғи сүттен немесе қаймақтан алады. Қолданылатын культураға байланысты сүт қышқылдық және аралас сүт өнімдері деп бөлінеді. Сүт қышқылдық ашытылған өнімдерді алу үшін, сүт қышқылдық стрептококктардың, болгар таяқшаларының, сүт қышқылдық таяқшалардың, ацидофильді таяқшалардың культураларын қолданады. Сүт қышқылдық ашыған өнімдерге әдеттегі простокваша (өзі ұйып қалған айран), мечниковтың простоквашасы, ряженка, варенец, ацидофильді сүт, моцони, иогурт, ашыған қаймақ, сүзбе және т.б. жатады. Аралас ашытылған өнімдерді дайындау кезінде сүт қышқылдық және спирттік ашыту жүргізетін культуралар - кефирлік саңырауқұлақтар, ашытқылар, сүтқышқылдық таяқшалар және басқалар қатар қолданады. Өнімдердің бұл тобына кефир және қымыз жатады.
Ашытылған сүт өнімдерінің тамақтық, биологиялық және емдік қасиеттері жоғары. Олардың айырмашылығы, сүтке қарағанда, сіңімділігі 2-3 есе артық, бұл сүттің ашуы кезінде майда жұмсақ үлпектер пайда болуымен және ақуызы бірлі-жарым ыдырауға түсуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, тамақтық заттардың, атап айтқанда, кальций мен фосфордың сіңуіне, ашыған сүт өнімдерінің өте маңызды, биологиялық белсенді құрам бөлігі болып табылатын және асқазан-ішек жолында лактозаны сүтқышқылдық бактериялар ашытуы кезінде пайда болатын сүт қышқылы ықпал етеді. Ішектің қалыпты микрофлораның құрамына кіретін және ашытылған сүт өнімдерінде өте көп мөлшерде болатын дәл осы бактериялар шіру үрдісін жүргізетін микрофлоралардың өсуін тоқтатады, патогенді микроағзаларға бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктік заттар өндіреді, В тобындағы дәрумендерді синтездейді. Бөгде флоралардың дамуын, сондай-ақ пайда болатын сүт қышқылы тежейді, ал сүт қышқылының түзілуімен байланысты ортаның қышқылдануы пайда болатын антибиотиктердің әсер етуі үшін өте қолайлы жағдай жасайды.
Ашыған сүт өнімдерінің арқасында ас қорыту бездерінің сөл бөлуі жақсарады, ішектің қимылы қалпына келеді, газ түзілуі азаяды. Бұдан басқа, ашыған сүт өнімдерін ағзасында лактаза жеткіліксіз болуымен байланысты, сүт іше алмайтын адамдардың да ішуіне болады, себебі, бұл тағамдарда сүт қанты аз.
Ашыған сүт өнімінің энергиялық құндылығы және белоктардың, майлардың, минералды заттардың мөлшері, сүт майының концентрациясы жоғарырақ ряженкалардан басқаларында, құрамы өзгермеген сүттің көрсеткіштеріне жақын. Бұл өнімдерде лактоза және С-дәрумені аз, ал сүт қышқылының мөлшері оның сүттегі мөлшерінен 6 еседен де көбірек. РР дәруменінің концентрациясы да едәуір. Қымызда және кефирде аз мөлшерде алкоголь бар. Жетілмеген әлсіз (біртәуліктік) кефирде оның мөлшері 0,2 % құрайды, орташа (екі тәуліктік) кефирде - 0,4 %, күшті (үштәуліктік) кефирде -0,6 %, қымызда әр түріне сәйкес 1 %, 1,75 %, және 2,5 %. Қымыздың басқа ашыған сүт өнімдерінен ерекшелігі, С-дәрумені және көпқаныққан май қышқылдары көп.
Қазақ халқы көп ғасырлар бойы пайдаланып келген ұлттық ашыған сүт өнімдері айран, биенің сүтінен жасайтын қымыз, түйенің сүтінен дайындайтын шұбат. Қымыз, көп ауруларды емдеуде, әсіресе өкпе туберкулезін емдеуде көптен бері табысты қолданылып келеді. Қымыз және шұбат ағзаны қатайтатын әсер береді, тағамға тәбетті арттырады, ас қорыту үрдісін және тамақтық заттардың сіңуін жақсартады, зат алмасу үрдісін ынталандырады.
Тамақтық биологиялық құндылығы үлкен ашыған сүт өнімдеріне ашытылған қаймақ, сүзбе, сырлар жатады. Ашытылған қаймақты пастерленген қаймақты сүт қышқылдық бактериялармен ашыту жолымен алады. Қаймақтан ашыған қаймақтың айырмашылығы, оның қоюлығында, дәмділік сапасында, құрамында көп мөлшерде сүт қышқылдық бактериялар және қышқылдығы едәуір болуында.
Сүзбе - бұл ашыған сүттен коагуляциялау жолымен (қыздыру, сычуг ферментін мәйек бөліп қосу арқылы) тұндырып, содан кейін сары суынан бөліп алған сүт ақуызының казеиндік фракциясының, майларының, көмірсуларының және минералды тұздарының концентраты. Оның құрамында сүтке қарағанда, ақуыздың мөлшері 5-6 есе, фосфордың мөлшері 2-2,5 есе, темірдің мөлшері - 5-8 есе, кальцийдің мөлшері - 1,4 есе, магнийдің мөлшері - 1,6 есе көп. Сүзбенің құрамындағы эссенциалды аминқышқылдары қолайлы балансталған, метионині мен цистині көп. Сүзбенің майлылығы қандай сүттен алынуына байланысты: құрамы бұзылмаған сүттен бе немесе қаймағы алынғаннан ба. Майлы сүзбеде сүт майының мөлшері 20 %, жартылай майлысында 9 %, майсызында 1 % дейін. Майлы сүзбеде холестериннің мөлшері - 0,06 г%, майсызында - 0,04 г%. Сүзбе сүттің концентраты болса да, құрамында А,Е,В тобындағы дәрумендердің, β-каротиннің, фолациннің, холиннің мөлшері, сүтке қарағанда, едәуір көп. Сүзбеде көмірсулардың мөлшері, барлық басқа ашыған сүт өнімдеріндегі сияқты сүтке қарағанда аз. Сүзбе өзінің құрамында биологиялық белсенді қосылыстардың көп болуына байланысты, бауырда май инфильтрациясын болдырмайтын липотропты азықтарға жатады. Оның, сондай-ақ гипохолестеринемиялық және несеп айдағыш әсері бар. 200-300г сүзбе алмастырылмайтын амин қышқылдарының және кальцийдің ағзаға тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан, оны жүкті әйелдердің,бала емізетін аналардың, қарт адамдардың, балалардың және жүрек-тамыр аурулары бар, бауыр және бүйрек аурулары бар және басқа да ауру адамдардың рационына енгізуді ұсынады.
Сырларды да, сүзбе сияқты сүттің концентраты деп айтуға болады. Оларды сүтті мәйекпен (сычужный ферментпен) ірітіп (сычуг сыры) немесе арнайы бактерия культураларымен ашытып (сүт қышқылдық сыр), содан соң тұнбаға отырған қоюын бірнеше ай бойына (қатты сыр) немесе күндер бойына (брынза, сулугуни) жетілдіру, қатайту жолымен алады. Сырдың қоректік және биологиялық құндылығы өте жоғары. Олардың құрамында 20-дан 28 % дейін құндылығы жоғары ақуыздар бар, 27-29 % липидтер, көп мөлшерде кальций, фосфор, мырыш және басқа элементтер бар. Сырда жеңіл сіңетін кадьцийдің мөлшері, сүзбеге қарағанда, 7-8 есе, ал етпен салыстырғанда, 100 есе артық. Мырыштың мөлшері, сүзбемен салыстырғанда, 10 еседен артығырақ. Фосфордың, магнийдің, темірдің мөлшері 2-2,5 есе жоғары. Сүтте, сүзбеде болатын дәрумендердің бәрі де сырда көбірек мөлшерде кездеседі. Сыр көпшілік қоректік заттарды жеткізіп отыратын көзі болғанмен де, оны көп мөлшерде қабылдамау керек, себебі, оның құрамында майлары мен холестерині көп (тіпті майлы сүзбенің құрамындағыының өзінен 20 есе артық).
Сүйіп қабылдайтын тағам, әсіресе балалар үшін балмұздақ болып табылады, оны дайындау үшін әр түрлі сүт өнімдері, сондай-ақ қант, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, кофе, шоколад дәм беретін заттар стабилизатор ретінде әр түрлі тағамдық қоспалар қолданылады. Балмұздақтың құрамында сүттің құрамына кіретін барлық құрам бөліктері бар, бірақ балмұздақтың құрамында жай қанттар 3-4 есе және сүт балмұздағынан басқаларында майлары 3-6 есе көп. 200 г балмұздақпен ағзаға бір мезгілде 40 г жеңіл сіңетін көмірсулар түседі. Сондықтан, балмұздақты тағам рационына тұрақты түрде енгізу ұсынылмайды.
Сүт және сүт өнімдері арқылы берілетін аурулар және олардың алдын алу. Жаңа алынған сүттің құрамында аз мөлшерде (1мл-де бірнеше жүз) бактериялар болады және құрамындағы түрлі бактерицидті заттардың болуына байланысты (бактерицидті фаза) бактерицидтік қасиетке ие. Гигиеналық талаптарды сақтап алынған және 5°С температурада сақталған сүт өзінің бактерицидтік қасиетін 48 сағат бойына сақтайды, ал 16-18°С температура кезінде - 12 сағат. Сүттің бактерицидтік қасиетінің төмендеуі барысында, онда түрлі флора дами бастайды. Одан кейін сүт қышқылдық бактериялардың жедел көбеюі бөгде микрофлораның дамуын тежей отырып, сүттің олардан тазаруына мүмкіндік туғызады. Сүтті ұзақ уақыт сақтаған кезде, оны бұзатын (жарамсыз ететін) микроағзалар және басқа да флоралар дамуы мүмкін.
Сүт және сүт өнімдері патогенді және шартты-патогенді микрофлораның дамуы үшін қолайлы орта болып табылады, сүтті алу, тасымалдау, сақтау және сату (өткізу) кезінде гигиеналық талаптар сақталмаса, адамда тағам инфекциялары мен тамақтан уланулардың себебі болуы мүмкін. Сүт арқылы аса қауіпті инфекциялар сібір жарасы, құтыру, мүйізді ірі қараның обасы, қатерлі ісік, эмфизематозды карбункул және т.б.; ішек инфекциялары сальмонеллез, жерше, колиэнтериттер, іш сүзегі және т.б.; вирустық - инфекциялық гепатит, полиомиелит және т.б., сондай-ақ антропозооноздық инфекциялар туберкулез, сарып, аусыл, листериоз және т.б. таралуы мүмкін, Малда аурулар анықталған жағдайларда, санитарлық ережелерге сәйкес барлық іс-шаралар жүргізіледі.
Аса қауіпті инфекциялармен ауырған жануарлардың сүті, алдымен 30 минут бойына қайнату арқылы зарарсыздандырғаннан кейін жойылады. Сібір жарасына қарсы вакцина егілген сау жануарлардан алған сүтті қайнатқаннан кейін, тек шаруашылық ішінде ғана қолданады.
Клиникалық көріністері айқын туберкулезбен ауыратын, әсіресе желінінің туберкулезынан зардап шегетін малдың сүтін тағамға пайдалануға тыйым салынады. Оны алдын ала 10 минут қайнатып алған соң жойып жібереді немесе тағамнан басқа мақсатта пайдаланады. Туберкулездің клиникалық көріністері жоқ, бірақ туберкулин сынамасы оң болған кезде, сүтті қайнату арқылы зарарсыздандырады да, тағамдық мақсатта тек шаруашылық ішінде қолданады.
Сарыппен ауыратын малдың сүті тағамға тек қайнатылғаннан соң ғана қолданылады, ал ол сүтті сатуға жіберуге тыйым салынады. Аурудың клиникалық белгілері болмай, тек бруцеллез антигеніне оң реакция анықталса, сүтті алдымен шаруашылықта 70ºC температура жағдайында - 30 минут бойына пастерлеу арқылы зарарсыздандырады, содан кейін сүт кәсіпорындарында қайталап зарарсыздандырады.
Аусыл бойынша карантинде тұрған шаруашылықтан сүтті шығаруға тыйым салынады, себебі, аусыл вирусы жоғары температурада әсер еткен кезде тез өледі, сүтті 5 минут бойы қайнатып немесе 80ºC температура жағдайында 30 минут бойы пастерлегеннен соң, тек шаруашылық ішінде пайдалануға рұқсат етіледі.
Листериозбен ауыратын малдың сүтін тамаққа қолдануға тыйым салады. Ол сүтті қайнатқаннан соң мал ішуіне пайдаланады.
Сауылатын жануарларда мастит дамыған кезде сүтінің алтын түсті стафилококпен және стрептококктармен зақымдалуы, тамақтан улануға әкеп соғуы мүмкін. Стафилококктар бөлетін токсин жоғары температура әсеріне аса төзімді болғандықтан, маститпен ауыратын жануар сүтін тамаққа пайдалануға болмайды.
Сүт және оның өнімдерінде түрлі химиялық ластағыштар болуы мүмкін. Ол заттардың біреулері көпшілігінде мал жемімен түседі де, сүт арқылы шығады, олар улы металдар, радионуклидтер, микотоксиндер, пестицидтер. Басқалары өсуін жақсартатын заттар (гормондар) ретінде немесе емдік мақсатта - антибиотиктер, сульфаниламидтер, антигельминт препараттары және т.б. қолданылады. Сүтте, өнімнің бұзылғанын жасыру үшін қолданылатын тежейтін заттар болуы мүмкін, мысалы, сода, ол сүттің ашуына кедергі жасайды. Сүт және сүт өнімдерінің микробиологиялық және химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ондағы МАФАМС, ІТТБ (БГКП), салмонелдердің, листерийлердің, стафилакокктардың, ашытқылар мен зеңдердің, сондай-ақ қорғасынның, мышьяктың, кадмийдің, сынаптың, афлатоксин М, левомицетиннің, стрептомициннің, тетрациклин тобына жататын антибиотиктердің, тежегіш заттардың, ДДТ және оның метаболиттерінің гексахлорциклогексанның, цезий-137 және стронций-90-ң мөлшерін нормалайды және бақылауға алады. Оған қоса, жоғарыда келтірілген антибиотиктер мен тежегіш заттар болуына рұқсат етілмейді.
7.4. Жұмыртқа. Жұмыртқа құрамында ағзаға жақсы сіңетін негізгі қоректік заттар мен биологиялық белсенді қосылыстардың кешені бар, құндылығы жоғары тағамдық өнімге жатады. Оған қоса, жұмыртқаның негізгі компоненттері ақ уызы мен сары уызындағы нутриенттердің құрамы мен мөлшері әр түрлі. Сары уызындағы протеиндері, ақ уызындағыға қарағанда 1,5-2 есе көп, В тобындағы дәрумендері (рибофлавиннен басқалары) бірнеше есеге; мыс, темір, фосфор, мырыш ондаған есе көп. Сары уызында липидтердің, А,Д,Е, дәруменінің, холиннің барлық қоры жиналған.
Тауықтың бүтін жұмыртқасында протеиндердің мөлшері орта есеппен 12,7 г%-ды, соның ішінде, ақ уызында 10,8 г%, сары уызында 16,2 г% құрайды. Жұмыртқа ақуызының құрамына түрлі протеиндер кіреді, олардың амин қышқылдық құрамы қолайлы балансталған және қорытылуы мен сіңімділігі де жоғары.
Жұмыртқадағы майлардың мөлшері (11,5 г%) ақуыздарымен бірдей деп айтуға болады. Олардың құрамына басым фосфолипидтер (30 % дейін), үшглицеридтер (65 % дейін) және холестерин (шамамен 5 %) кіреді. Фосфолипидтердің негізгі бөлігі лецитинге тиеді, майларда биологиялық белсенді КҚМҚ (ПНЖК) көп. Жұмыртқаның құрамындағы, негізінен байланыспаған түріндегі, холестериннің едәуір мөлшері, одан мөлшері 6 есе асатын лецитинмен балансталған.
Жұмыртқа - дәрумендер мен минералды заттардың жақсы көзі болып табылады. Әсіресе, оның құрамында майда еритін А,Д,Е дәрумендері көп. Мысалы, Д дәруменінің тәуліктік қажеттілігін бір жұмыртқамен қанағаттандыруға болады. Жұмыртқаның бір ерекшелігі, оның құрамында холиннің мөлшері көп, 75 % оның лецитиннің құрамына кіреді. Жұмыртқа минералды элементтерге де фосфорға, темірге, күкіртке, мырышқа және басқаларға бай.
Жұмыртқаның қатты қабығының құрамына, минералды тұздар кальцийдің, көмірқышқыл тұзы және кальций мен магнийдің фосфорқышқыл тұздары қосылған, коллаген тәрізді заттардан түзілген органикалық негізден тұратын кешен кіреді. Жұмыртқаның қатты қабығының ұнтағы, сіңімділігі жақсы кальцийдің көзі болып табылады, сондықтан да зарарсыздандырылған ұнтағы, әр түрлі азықтар мен тағам түрлеріне енгізу жолымен рационды табиғи минералдармен байытатын зат ретінде қолданылуы мүмкін.
Тағамға негізінен, тауық жұмыртқасы және жұмыртқаны өңдеуден алған құрғақ (жұмыртқа ұнтағы, ақ уызы, сары уызы) және сұйық (мұздақ меланж, ақ уызы, сары уызы) өнімдері қолданылады. Үйректің және қаздың жұмыртқаларын, сальмонеллалармен ластану қауіптілігіне байланысты, жоғары температурада өңдеу жеткілікті дәрежеде жүргізілетін наубайханаларда ғана қолданылады.
Сақтауға және пайдалануға қойылатын талаптарды сақтамаған кезде немесе ауру тауықтың жұмыртқасын пайдаланған кезде, жұмыртқа өнімдері тамақтан уланулардың себебі болуы мүмкін, сондай-ақ әр түрлі жұқпалы аурулар сальмонеллез, туберкулез, орнитоз және басқалар берілетін фактор болуы мүмкін.
Жұмыртқа патогенді микрофлора дамуы үшін өте жақсы орта. Олар қатты қабығымен және антибиотиктік әсер беретін ферменттермен лизоцим, авидинмен және басқалармен қорғалған болса да, микроағзалар жұмыртқаның ішіне эндогенді де, экзогенді де жолдармен түсуі мүмкін. Эндогенді түсуі ауру құстарда байқалады, патогенді микроағзалар жұмыртқаның түзілуі кезінде немесе оның жұмыртқа жүретін жолымен өтуі кезінде жұмыртқаның ішіне енеді. Микрофлораның жұмыртқаның ішіне сырттан түсуі, әдетте, жұмыртқаның қатты қабығының бетінде болатын микрорағзалар қатты қабығы зақымданған кезде түседі. Инфекцияның жұмыртқаға мұндай жолмен түсуі суда жүзетін құстарда жиі байқалады. Бірақ, әр түрлі микроағзалардың, оның ішінде патогенді, шіріткіш микроағзалар, сондай-ақ микроскопиялық саңырауқұлақтарының споралары жұмыртқаның ішіне қатты қабығы бүтін кезінде де енуі мүмкін. Ол жұмыртқаның «термиялық» тыныс алуы деп аталатын құбылыстың есебінен, ауаның температурасы төмендеген кезде жұмыртқаның ішіне қатты қабығының саңылауларынан ауамен бірге микробтар да сорылып енеді. Қабығының бүтіндігі бұзылуының белгілері жоқ кездің өзінде жұмыртқада зеңдену дамуы осы жағдаймен түсіндіріледі.
Жұмыртқалағаннан кейін, 0-2ºC температура жағдайында сақталған және бірінші жеті күн ішінде тағамға қолданылған жұмыртқа, өзіне тән сапасы сақталған ең құнды тағамдық өнім болып табылады. Мұндай жұмыртқаларды емдәмдік санатқа жатқызады. Осындай температура жағдайында 7 тәуліктен 25 тәулікке дейін сақталған жұмыртқаларды асханалық санатқа жатқызады. Ұзақ уақыт сақтау жұмыртқаның сапасы төмендеуіне әкеп соғады, себебі, сақтау кезінде, әсіресе жоғары температура кезінде, әр түрлі физикалық-химиялық ферменттік және микробиологиялық үрдістер ынталы жүреді. «Мираждық» деп аталатын инкубаторлардан бірінші апта ішінде алынған, ұрықтанбаған жұмыртқалардың да сапасы төмен, себебі, құрамында ақуыздар мен майлардың аутолиздік өнімдері болады.
Жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерін қабылдаумен байланысты, аурулардың алдын алу үшін жұқпалы аурулар жөнінде қолайсыз шаруашылықтардан алынған жұмыртқаларды тағамдық мақсатта пайдалануға, сауда жүйесінде мираждық жұмыртқаларды, үйрек пен қаз жұмыртқаларын сатуға, оларды қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, сондай-ақ жұмыртқа өнімдерін дайындау үшін қолдануға тыйым салынады. Жұмыртқаның залалсыздығы мен жұмыртқа өндіруші ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының саулығы туралы куәландыратын мал дәрігерлік анықтамасы жоқ жұмыртқаларды сатуға рүұсат етілмейді. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері мұздатқышта 0-2ºC температура жағдайында орнатылған мерзімнен аспайтын уақыт сақталуы тиіс, ал тағам ретінде қабылдау алдында жеткілікті дәрежеде жоғары температурада өңделуі керек. Үйрек пен қаздың жұмыртқаларын суы қайнаған сәтінен бастап 14 минуттан кем емес уақыт, тауықтың жұмыртқасын 13 минут қайнату керек. Жұмыртқаны қуырғанға қарағанда, қайнатып пісірген сенімді болып табылады. Шикі жұмыртқаны тамақтануға пайдаланбаған жөн.
Жұмыртқаның сапасын бағалау үшін, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізіледі, оны жүргізу барысында сырт көрінісін қарайды, овоскопия жасайды және МАФАМС, ІТТБ, патогенді микроағзалардың, улы элементтердің, пестицидтердің, антибиотиктердің және радионуклидтердің мөлшерін анықтайды. Егер, құстарды өсіру кезінде микробтарға қарсы заттар немесе гельминттерге қарсы препараттар қолданылса, онда олардың мөлшері бақыланады.
7.5. Дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар.
Адамның тағам рационында дәнді дақыл өнімдері 50 % кем емес. Оларға әр түрлі дәнді дақыл өсімдіктерінің дәндерін бидайды, қара бидайды, арпаны, жүгеріні, күрішті, қарақұмықты, тарыны және басқаларды өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер жатады. Дәнді дақыл дәндерінің сырты қабықшамен жабылған, оның ішінде ұрығы және эндосперм бар. Ең көп масса бөлігі эндоспермнің үлесіне келеді (85 %), оның құрамында дән ақуызының және крахмалдың негізгі бөлігі болады, сондай-ақ орташа мөлшерде майлар, дәрумендер бар. Дән ұрығының массасы үлкен емес (1,5 %), бірақ оның құрамына, биологиялық тұрғыдан құнды ақуыздар, дәрумендер, сондай-ақ құрамында алмастырылмайтын КҚМҚ, фосфолипидтері, фитостиролдары және басқалары бар майлар кіреді. Дәннің массасының шамамен 14 % құрайтын қабықшасында В тобындағы дәрумендер, минералды тұздар көп, майлар мен тағамдық талшықтар шоғырланған.
Көпшілік дәнді дақылдардың бүтін дәндерінің құрамында 10-12 % ақ- уыздар, 60-70 % көмірсулар, 2-4 % май бар. Сұлыда (6,2 г% дейін) және жүгеріде (орта есеппен 4,9 г%) майлардың мөлшері көбірек. Барлық дәнді дақылдардың ақуыздарының сапалық құрамында лизин мен треониннің мөлшері аз. Лизиннің аминқышқылдық скоры 48-70 % құрайды. Сонымен қатар, дәнді дақыл өнімдері ағзаға ақуыздың қажеттілігін 40 % дейін қамтамасыз етеді, ал олардың белгілі бір дәрежеде биологиялық құндылығының төмендігі, аралас рационда жануар текті ақуыздарды қабылдаумен өтеліп отырады.
Дәнді дақылдардың көмірсуларының негізгі бөлігі (70-90 %) крахмалдан тұрады. Моно- және дисахаридтердің мөлшері, жүгерінің жеке сұрыптарынан басқаларында көп емес (0,8-1,9 %). Оның орнына көмірсуларының 10-12 %, ал сұлыда 21 % тағамдық талшықтардан тұрады. Тағамдық талшықтар ағзада ішектің қозғалу қызметінің қамтамасыз етілуінде, қалыпты микробиоценозының сақталуында, ағзадан уларды шығаруда (детоксикация), неопластикалық үрдістердің алдын алуда және басқаларда маңызды роль атқарады.
Дәнді дақылдардың минералдық құрамы әр түрлі. Қажеттілігінің көп бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мөлшерде калий, магний, күкірт, фосфор, темір, марганец, мыс, мырыш бар. Дәнді дақылдар В тобындағы дәрумендердің негізгі көздерінің бірі болып табылады, бұдан басқа бүтін дәнінде басқа да дәрумендер: токоферолдар, холин, каротиноидтар болады.
Дәнді дақылдардың дәнін тағамға қолдану үшін өндеу жүргізеді, нәтижесінде ұн және жармалар алады. Ұн тарту үрдісінде бүтін дәннің қабықшалары және ұрығы бөлінбей майдаланады (төмен, ірі тартылған). Ұн тартудың мұндай түрінде ұн шығымы 99 % дейін жетеді (кесте 8.12.) және онда биологиялық құнды құрам бөліктерінің бәрі де сақталады. «Обойная» деп аталатын ұнды дайындау кезінде, астық дәннің тек қабықшасын алып тастайды, ал жоғары сұрыпты ұн алу кезінде қабықшасы мен ұрығын кебек түрінде елеп, бөліп алады. Тек қабықшасынан тазартылған ұнның шығымы 96-97 %, яғни дәннің құрамына жақын, ал жоғары сұрыпты ұн тек эндоспермдер болып саналады.
Жоғары сұрыпты ұннан жасалған өнімнің жақсы қорытылатындығына және сіңімділігіне, сондай-ақ емдәмдік қасиетіне қарамастан, тек оларды ғана тағамға пайдалану ұсынылмайды, себебі, кебегімен бірге В тобындағы дәрумендері толығымен, минералды заттары, 50 % дейін, тағамдық талшықтары 80 % дейін, оның ішінде, жасұнықтары 95 % дейін жоғалады.
8.12.-кесте
Шығымына байланысты ұндардың шығымы
Бидай ұны |
Қара бидай ұны |
||
Сұрыпы |
Шығым % |
Сұрып |
Шығым % |
Майда тартылған ақ бидай ұны (крупчатка)* |
10 |
Майда тартылған еленген ұн (пеклеваная) |
60 |
Жоғары сұрыпты |
25 |
Еленген ұн |
63-85 |
1-ші |
72 |
Кебексіз ұн (обдирная) |
85-87 |
2-ші |
85 |
Дәннің қабықшасынан тазартылған ұн |
95-96,5 |
Дәннің қабықшасынан тазартылған ұн |
97,5 |
*Крупка эндоспермнің ортаңғы бөлігі.
Жармаларды қабықшалары мен ұрығын толық немесе жарым-жартылай бөліп алғаннан кейін, дәнді майдалау арқылы алады. Мұнан басқа тез пісетін жармаларды дайындау үшін, оларға жоғары қысымда немесе жоғары температурада қосымша өңдеу жүргізеді. Жармалардың химиялық құрамы мен энергиялық құндылық көрсеткіштері ұнның көрсеткіштеріне жақын. Айырмашылықтары, жарманы алатын дақылдың түріне және оны дайындау әдісіне байланысты. Дәннің қабықшалары мен ұрығынан толық тазартқанда жарманың тамақтық құндылығы, ұнның құндылығы сияқты, төмендейді. Мысалы, ақ уыздар мен көмірсулардың жеңіл сіңетін көзі ретіндегі ұнтақ (манная) жармасы дәннің эндосперімінен дайындалады, минералды тұздары да дәрумендері де аз. Тамақтық және биологиялық құндылығы ең үлкені -қара- құмық және сұлы жармалары.
Құрамында барлық қажетті қоректік заттар бар, күнделікті қабылдауда алмастырылмайтын тағам түрі, нан. Ол жақсы қанықтырады, жеңіл сіңеді, жалықтырмайды. Оның құрамына ол нанды дайындайтын ұнның құрам бөліктерінің бәрі де кіреді, бірақ 20-30 % аз мөлшерде. Бір күн ішінде адам 250-500 г нан қабылдайды, сол арқылы ақ уызбен энергияның, фосфолипидтердің, Е дәруменінің қажеттілігін 25-40 %-ға, фосфордың, темірдің, тиаминнің, ниациннің қажеттілігін 70-80 %-ға, кальцийдің қажеттілігін 15-20 % жауып отырады. Рецептінде ас тұзының болуына байланысты, нанмен ағзаға күнделікті қабылдайтын натрий хлоридінің едәуір бөлігі түседі.
Қамырды қопсыту үшін, нан пісіруде ашытқылар, сүтқышқылдық бактериялар, ферменттік препараттар, қопсытқыштар және басқалар қолданады. Ұнның көтерілетін қасиетін құрамындағы сумен бірге тұтқыр масса түзетін, ерімейтін клейковина (балуыз) деп аталатын ақуыздық зат жақсартады. Клейковинаның арқасында қамырдың созылғыштығы және нанның қорытылуын жеңілдететін қуыстылығы қамтамасыз етіледі.
Нанның сапасы, ол нанды дайындайтын ұнның сапасына, нан пісіруге қойылатын технологиялық талаптардың сақталуына, сондай-ақ нанды тасымалдау, сақтау және тарату (сату) кезінде ластану мүмкіндігіне байланысты. Қамыр дайындау және нан пісіру ережелерінің бұзылуы кезінде, нанның ылғалдылығы және қышқылдығы жоғарылайды, қуыстылығы төмендейді, бұл оның қорытылуын және сіңімділігін төмендетеді. Жеткілікті піспеген нан да нашар сіңеді.
Тамақтануға макарондық өнімдер кеңінен қолданылады. Олардың энергиялық және тамақтық құндылығы, жоғары сұрыпты ұннан дайындалған бидай нанының құндылығына ұқсас. Бірақ, макарон тағамдарын күнделікті рационға енгізу ұсынылмайды, себебі, оларда көмірсулары көп, дәрумендері мен минералды элементтері аз, ал ақуыздық құрамы балансталмаған.
Өсімдік текті азық-түліктердің айрықша тобына, бұршақ дәнді дақылдар ірі бұршақ, бұршақ, үрмебұршақ, соя, жер жаңғақ және басқалар жатады. Олардың дәнді дақылдардан айырмашылығы, құрамындағы ақуыздардың мөлшері 2 есе дерлік артық 20-24 % дейін жетеді және құнды болып табылады. Бұршақ тұқымдастардың ішінде ақуыздарының мөлшері ең көбі, соя 35 % дейін жетеді. Бұршақ тұқымдастардың ақуыздарының амин қышқылдық құрамы балансталғандығы бойынша, жануар текті ақуыздардың құрамынан төмендеу, бірақ оның құрамында лизин, триптофан, метионин сияқты амин қышқылдары көп.
Көпшілік бұршақ тұқымдастардың құрамындағы майдың мөлшері, дәнді дақылдардың құрамындағы сияқты 2-4 % аспайды. Тек сояда ғана, ол- 17 %. Майының құрамында КҚМҚ мен токоферолдардың мөлшері көп болуымен ерекшеленеді.
Бұршақ тұқымдастарда көмірсулар, дәнді дақылдардағыға қарағанда, аз 52 % дейін, ал сояда небәрі 13,7 %. Көмірсулардың құрамына, негізінен крахмал және тағамдық талшықтар кіреді. Бұршақ тұқымдастар тағамдық талшықтарға, темірге, калийге, кальцийге, В тобындағы дәрумендерге бай.
Бұршақ тұқымдастардың тамақтық құндылығын, нутриенттерінің ферменттік ыдырауына кедергі жасайтын ірі жасұнықтарының болуына байланысты, қиын қорытылуы мен сіңетіндігі төмендейді. Оның үстіне, бұршақ тұқымдастардың құрамында ас қорытатын ферменттерді тежейтін заттар бар, олар жоғары дәрежеде газ түзілуіне және іштің кебуіне әкеп соғады. Дегенмен де, жүйелі түрде қабылдау кезінде, ас қорыту жүйесінің бейімделуі нәтижесінде, бұл құбылыстың айқындығы төмендейді.
Қазіргі кезде соя және соя өнімдері тамақтануда кең таралым алып отыр. Соя бұршақтарынан өте көптүрлі тағамдар дайындайды: ұн, соя ақуызы, ет, сүт, сүзбе, соус, өскін және басқаларды. Сояның ақуыз өнімдерін етке, балыққа, шұжыққа, кондитер өнімдеріне қосады, сөйтіп, еттің бір бөлігін алмастырады. Сонымен қатар, сояда антиалиментарлық факторлардың, зоб дамуын күшейтетін заттардың, сондай-ақ қорытылуы қиын олигосахаридтердің болуы халықтың белгілі бір бөлігінде олардың қолданылуын шектейді.
Астықтар және оны өңдеуден алған өнімдері микроскопиялық саңырауқұлақтармен, арамшөптердің ұрықтарымен (дәнімен), қамба зиянкестерімен және олардың тіршілік өнімдерімен, улы элементтермен, пестицидтермен, радионуклидтермен және басқалармен ластанғанда әр түрлі аурулардың, оның ішінде тамақтан уланулардың да себебі болуы мүмкін.
Микроскопиялық саңырауқұлақтар, тек қана астықтың бүлінуіне әкеп қоймайды. Олардың көпшілігі, қара күйе, сондай-ақ саңырауқұлақтардың Aspergillus және Fusarium сияқты түрлері астыққа улылығы жоғары қосылыстар микотоксиндер бөледі. Олардың әсер ету спектрі кең, канцерогендік және мутагендік эффектілерінің даму қауіпін айрықша айта кету керек.
Астық арамшөптердің есекмия (софора), укекіре (горчак), қарамықша (куколь), ақшыл триходесма, сүйелжазар (гелиотроп), үйбидайық, және басқалардың ұрықтарымен ластануы мүмкін. Бұл дәндердің құрамындағы табиғи токсиндер жоғары температураға тұрақты, тіпті нан пісірген кезде де жойылмайды. Арам шөп дәндерімен зақымданған астықты тағамға қолдану, ауыр өтетін «арам шөп токсикозын» тудырады.
Қамба зиянкестері қоңыздар, көбелектер, кенелер астық және астық өнімдерінің ылғалдылығы жоғары, ауаның температурасы жоғары, нашар желденетін кезде көбеюі үшін қолайлы жағдай табады. Олар астықты және астық өнімдерін тек жойып қана қоймайды, сонымен қатар оларды өзінің тіршілік өнімдерімен экскрименттерімен, личинкадан кейінгі қабықшаларымен және басқалармен ластайды. Қамба зиянкестерімен зақымданған ұнды, жармаларды және басқа да азықтарды тағамға қолдануға рұқсат етпейді. Егеуқұйрықтар және тышқандар зақымдаған азықтар да, тамақтану үшін жарамсыз және эпидемиялық тұрғыдан қауіпті болуы мүмкін, себебі, егеуқұйрықтар мен тышқандар жиі қауіпті жұқпалы ауруларды туляремияны, гемморагиялық қызбаны және басқаларды тасымалдаушылар болып табылады.
Тағамдық азық-түліктермен ағзаға түсетін әр түрлі пестицидтердің, радионуклидтердің улы металдардың қорғасынның, мышьяктың, кадмийдің, сынаптың және басқалардың адамның денсаулығы үшін қауіптілігі үлкен.
Нанды жоғары температурада қосымша өңдеу жүргізбей тағамға қолданады, сондықтан оның беті гельминт жұмыртқаларымен, патогенді микроағзалармен ластанғанда, жұқпалы және паразиттік аурулар берілетін фактор болуы мүмкін. Мұнан басқа, нанның бұзылуына және тамақтану үшін жарамсыз болуына әкеп соғатын кейбір микроағзалардың («картоп таяқшасы», зең саңырауқұлақтары, пигмент түзуші бактериялар) нанда дамуы мүмкін.
Әдетте, картопта тұрақты түрде болатын сапрофит бактериялардың Mesentericus түрінің нанда болуы кезінде картоп ауруы дамиды (аталуы осыдан). Бұл бактериялар қыздырғанға өте төзімді, астыққа, ұнға, нанға сыртқы ортадан түседі. Олар сыртқы ортада кеңінен тараған. Картоп ауруымен бидай ұнынан жасалған нан жиі зақымданады, себебі, оның қышқылдығы төмен, ылғалдылығы жоғары, бұл картоп таяқшасының дамуы үшін қолайлы жағдай қамтамасыз етеді. Нанның тез бұзылуына ыстық, нашар желдетілетін бөлмелерде, әсіресе, жаз уақыттарында полиэтилен қалталарда сақтау себепші болады. Mesentericus бактреияларының әсерінен крахмал гидролизге түседі, ақуыздар ыдырайды. Нанның ішіндегі жұмсақ бөлігі жабысқақ, созылмалы болады, қараяды, жағымсыз шіріген жемістің иісі пайда болады, Қара бидай нанында қышқылдығы жоғары болуына байланысты картоп таяқшалары дамымайды.
Нанның зеңденуі (көгеруі) Penicillium glaucum (жасыл зең), Aspergillus glaucum (ақ зең), Mucor mucedo (көп басты зең) және басқа да саңырауқұлақтардың дамуы нәтижесінде жүреді. Зеңденуі кезінде нанның тек органолептикалық қасиеттері өзгеріп қоймайды, сонымен қатар химиялық құрамы да өзгереді, себебі, нанның жұмсақ бөлігінде зеңдер өндіретін улы зат жиналады. Мұндай нан тағамға қолдануға жарамсыз.
Пигмент түзуші бактериялар да, нанға сырттан түседі және ылғалдылығы және температурасы жоғары, сондай-ақ қышқылдығы төмен кезде өте жақсы дамиды. Нанның бетін қызыл түсті шырышты дақтар басып кетеді, осыған байланысты, B. Prodigiosus-тың патогенді қасиеттері болмаса да, ол зақымдаған нанды тағамға қолдануға рұқсат етпейді.
Нанның жарамсыз болып қалуының алдын алу үшін, қамыр дайындауға және нанның ылғалдылығына қойылатын талаптар сақталуы тиіс. Жаңа пісірілген нанды тез суытып, құрғақ жақсы желдетілетін бөлмеде сақтау қажет, сақтау үшін ауа өткізбейтін полиэтилен қапшықтарды пайдалануға болмайды. Ұнның сапасына да бақылау жүргізілуі тиіс. Картоп ауруының қоздырғыштары жұққан ұнды тек макарон, құрғақ кішкене тоқаштар (сушки, баранки) сияқты құрғақ азық-түліктер дайындау үшін қолданады.
Астық және оны өңдеуден алған өнімдері бүлінуімен немесе ластануымен байланысты аурулар пайда болуының себебі болуы мүмкін, сондықтан олардың құрамындағы қорғасынның, мышьяктың, кадмийдің, сынаптың, цезий-137, стронций-90, микотоксиндердің В1 афлотоксиннің, дезоксиниваленолдың, Т-2 токсиннің, зеараленонның, бензапиреннің, пестицидтердің сынапорганикалық түрінің, гексахлорциклогексанның, ДДТ және оның метаболиттерінің, 2,4-Д-қышқылдарының, оның тұздары мен эфирлерінің, сондай-ақ арам шөп ұрықтарының араласқан мөлшері, жәндіктермен және кенелермен зақымдалғандығы және микробиологиялық көрсеткіштері нормаланады.
7.6. Көкөністер, жемістер, жидектер.
Бұл топқа жататын өсімдік өнімдері, адамның күнделікті рационынның міндетті түрдегі құрам бөлігі болып табылады, бұл олардың құрамында адамның тіршілік әрекеті үшін қажетті көптеген биологиялық белсенді қосылыстардың болуымен және табиғи балансталғандығымен түсіндіріледі. Көкөністер мен жемістердің калориясы аз, ақуыздары (0,5-2%) және майлары (1% кем) да шамалы, бірақ бірқатар суда еритін дәрумендердің (С,Р дәрумендерінің, фоль қышқылының, В тобындағы дәрумендердің және басқалардың), β-каротиннің, тағамдық талшықтардың, минералды заттардың (калийдің, магнийдің, темірдің және басқалардың), органикалық қышқылдардың (алма, лимон, құмырсқа қышқылдары және басқалардың), эфир майларының және көп жағдайларда жақсы балансталған және жеңіл сіңетін қанттар (фруктоза, глюкоза, сахароза, т.б.) және крахмал түрінде болатын көмірсулардың негізгі көзі болып табылады.
Минералдық құрамы мен органикалық қышқылдарының арқасында көкөністер мен жемістердің реакция ортасы сілтілік болады, бұл олардың ағзаның қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігін сақтаудағы және ацидоздық өзгерістердің алдын алудағы ролін анықтайды.
Көкөністер мен жемістердің аса маңызды қасиетіне, ас қорытатын бездердің қызметін ынталандыратын және асқазан мен ішектің қозғалысын күшейтетін қабілеті жатады. Сөл бөлуін күшті қоздыратындар- органикалық қышқылдар мен эфир майлары. Олар, сондай-ақ көкөністер мен жемістерге өзіне тән дәм және хош иіс береді. Ішектің қозғалысын, оның микробиоценозын және соратын қасиеттерін сақтауда тағам талшықтарының ролі айрықша. Олардың мөлшері көкөністерде 1-2 %, жидектерде 3-5 % шамасында. Тағамдық талшықтарға крахмалдық емес полисахаридтерді (целлюлоза, гемицеллюлоза, пектин заттары, β-гликандар, және гидроколлоидтар камедилер, шырыштар), полифенолдық қосылыстар лигнинді, олигосахаридтерді (рафиноза, стахиоза, вербаскоза, мальтодекстриндер, лактулоза), қорытылмайтын крахмалды жатқызады. Бұл қосылыстардың көпшілігі, жасуша қабықшасының құрамына кіреді немесе жасушаның ішінде, не оның бетінде (шырыштар, камедилер) болады. Аш ішекте бұл қосылыстардың ыдырауы үшін қажетті ферменттердің болмауына байланысты, олар аш ішекте қорытылмайды, бірақ тоқ ішектің микрофлорасымен жарым-жартылай, ал бірқатар заттар толық ыдырауға түседі. Бұл кезде пайда болатын май қышқылдары (пропион, май, сірке қышқылдары) және газдар (метан, сутегі, CO2) ішектің микрофлораларымен және шырышты қабықшаларымен пайдаға асырылады.
Көкөністер мен жемістерде көмірсулардың мөлшері 4-тен 20 % дейін. Олар, негізінен қанттар, крахмал, тағамдық талшықтар түрінде болады. Қанттардың құрамына, көбінесе глюкоза, фруктоза, сахароза кіреді. Көпшлік жемістер мен жидектердегі қанттардың кешені, жақсы сіңуіне мүмкіндік туғызатын және жоғары дәрежеде май түзілуіне кедергі болатын табиғи балансталғандығымен ерекшеленеді.
Көкөністер мен жемістер әр түрлі минералды тұздардың калийдің, кальциийдің, магнийдің, фосфордың, темірдің және басқалардың көздері болып табылады. Картоптың және кептірілген жемістердің құрамында калийдің мөлшері көп. Өріктерде, алмұртта, алмаларда, қауында темір көп.
Көкөністер, жемістер мен ұрықтар ағзаны дәрумендермен қамтамасыз етуде басқа азықтардың ішінде бірінші орын алады. Бұлардың құрамындағы ең маңызды дәрумен аскорбин қышқылы. Ол итмұрын ұрығында, қара қарақатта, цитрус тұқымдасында көп болады, бірақ ағзаның қамтамасыз етілуі, негізінен күнделікті рационда қолданылатын азық-түліктердің картоп, капуста, пияз, көктің, т.б. есебінен жүреді. Осы жемістермен және көкөністермен ағзаға Р дәрумені де түседі. Көкөністер мен жемістер ағзаға А дәруменінің алдыңғы өнімін каротиндерді негізгі жеткізіп берушілер болып табылады. Олардың едәуір мөлшері сәбізде, қызанақта, пиязда, көк бұршақта және басқаларда болады. Көкөністер мен жемістерде басқа да суда еритін дәрумендер болады. (8.13.-кесте).
8.13. -кесте
Көкөністер мен бақша дақылдарының дәрумендері
Көкөністер және бақша дақылдары |
β- каро-тин, мг |
Е, мг |
С, мг |
В6, мг |
Биотин, мкг |
Ниацин, мг |
Пантотен қышқылы, мг |
Рибофла-вин,мг |
Тиамин, мг |
Фолацин, мкг |
Тәтті қызыл бұрыш |
2,00 |
0,67 |
250 |
0,50 |
- |
1,00 |
- |
0,08 |
0,10 |
17 |
Петрушка (көк) |
5,0 |
1,80 |
150 |
0,18 |
0,40 |
0,70 |
0,05 |
0,05 |
0,05 |
110 |
Шалғам |
сл. |
- |
25 |
0,10 |
- |
0,10 |
0,18 |
0,0 |
0,01 |
6,0 |
Салат |
1,75 |
0,66 |
15 |
0,18 |
0,70 |
0,65 |
0,10 |
0,08 |
0,03 |
48 |
Қызылша |
0,01 |
0,14 |
10 |
0,07 |
сл. |
0,20 |
0,12 |
0,04 |
0,02 |
13 |
Грунтта өскен қызанақ |
1,20 |
0,39 |
25 |
0,10 |
1,20 |
0,53 |
0,25 |
0,04 |
0,06 |
11 |
Укроп |
1,0 |
- |
10 |
0,15 |
- |
0,60 |
0,25 |
0,10 |
0,03 |
27 |
Сарымсақ |
сл. |
- |
10 |
0,60 |
- |
1,20 |
- |
0,08 |
0,08 |
- |
Ерте пісетін ақ қаудан капуста |
0,06 |
0,10 |
60 |
0,10 |
- |
0,34 |
- |
0,07 |
0,02 |
22 |
Кеш пісетін ақ қаудан капуста |
сл. |
0,06 |
45 |
0,14 |
0,10 |
0,74 |
0,18 |
0,04 |
0,03 |
10 |
Картоп |
0,02 |
0,10 |
20 |
0,30 |
0,10 |
1,30 |
0,30 |
0,07 |
0,12 |
8 |
Сабақты пияз |
2,0 |
1,0 |
30 |
0,15 |
0,90 |
0,30 |
0,13 |
0,10 |
0,02 |
18 |
Басты пияз |
сл. |
0,20 |
10 |
0,12 |
0,90 |
0,20 |
0,10 |
0,02 |
0,05 |
9 |
Сәбіз |
9,00 |
0,63 |
5 |
0,13 |
0,60 |
1,00 |
0,26 |
0,07 |
0,06 |
9 |
Грунтта өскен қияр |
0,06 |
0,10 |
10 |
0,04 |
0,90 |
0,20 |
0,27 |
0,04 |
0,03 |
4 |
Қарбыз |
0,10 |
- |
7 |
0,09 |
- |
0,24 |
- |
0,03 |
0,04 |
8,0 |
Бауда өсетін қой бүлдірген |
0,03 |
0,54 |
60 |
0,06 |
4,00 |
0,30 |
0,18 |
0,05 |
0,03 |
10,0 |
Қарлыған |
0,20 |
0,56 |
30 |
0,03 |
- |
0,25 |
- |
0,02 |
0,01 |
5,0 |
Жүзім |
Сл. |
- |
6 |
0,09 |
1,50 |
0,30 |
0,06 |
0,02- |
0,05 |
4,0 |
Шие |
0,10 |
0,32 |
15 |
0,05 |
0,40 |
0,40 |
0,08 |
0,03 |
0,03 |
6,0 |
Алхоры |
0,10 |
0,63 |
10 |
0,08 |
Сл. |
0,60 |
0,15 |
0,04 |
0,06 |
1,5 |
Таңқурай |
0,20 |
0,58 |
25 |
0,07 |
1,90 |
0,60 |
0,20 |
0,05 |
0,02 |
6,0 |
Итмұрын |
2,60 |
1,71 |
650 |
- |
- |
0,60 |
- |
0,33 |
0,05 |
- |
Алма қысқы сұрыпы |
0,03 |
0,63 |
16 |
0,08 |
0,30 |
0,30 |
0,07 |
0,02 |
0,03 |
2,0 |
Қара қарақат |
0,10 |
0,72 |
200 |
0,13 |
2,40 |
0,30 |
0,40 |
0,04 |
0,03 |
5,0 |
7.7. Тағамдарды консервілеу әдістері. Банкідегі консервілер.
Тағамдарды консервілеу әдістері. Консервілер деп, арнайы өңдеуге түскен және банкіде саңылаусыз етіп (герметикалық) бітелген өсімдік және жануар текті тағамдарды айтады. Консервілеуді тағамдық азықтарды ұзақ уақыт сақтау мақсатында қолданады, бұл бәрінен бұрын адамның тамақтануында үлкен маңызы бар мерзімдік азық-түліктермен көкөністермен, жемістермен, жидектермен халықты қамтамасыз ету үшін консервілерді қолдануға мүмкіндік береді. Мұнан басқа, консервілерді қолдану, тамақтануға пайдаланатын тағамдық өнімдердің түрлерін едәуір кеңейтеді және жетуге жолы қиын аудандарда тұратын халықтың тамақтануын жақсартуға мүмкіндік береді. Консервіленген азық-түліктер (тағамдар), сондай-ақ елде азық-түлік қорын жасау және халық пен әскерлерді соғыс уақыттарында жабдықтау үшін қолданылады.
Консервілеу үшін әр түрлі- физикалық, химиялық, биологиялық әдістерді қолданады. Олардың кейбіреулері азық-түліктің бүлінуіне ықпал ететін микроағзаларды және ферменттерді жоюға мүмкіндік береді.
Басқалары тек микроағзалардың дамуы мен ферменттердің әсерін тоқтатуға мүмкіндік береді. Кез-келген консервілеу әдісінің алдында азық-түлікті сұрыптайды, жуады, жеуге жарамсыз бөлігінен тазартады. Консервілеуде қолданылатын ең көп таралған фактор - жоғары температура. Мұндай консервілеудің негізгі әдістеріне стерильдеу және пастерлеу жатады. Стерильдеу кезінде микроағзалардың вегетативті түрі де және олардың споралары да толық жойылады. Технология бойынша өңделген тағамдық азықтарды банкіге салады, саңылаусыз етіп жабады, содан соң 112-120ºC температура жағдайында, тағамның түріне байланысты 20-120 минут бойына автоклавта стерильдейді. Ет және ет өнімдері, балыққа және көкөністерге қарағанда ұзағырақ өңдеуді қажет етеді. Әдістің кемшілігі, крахмалы мен қанттарының бірен-саран ыдырауы, дәрумендерінің және басқаларының бір бөлігі жойылуы салдарынан, тағамның тамақтық құндылығы белгілі бір дәрежеге төмендейді.
Соңғы жылдарда консервілеудің жоғары температуралық әдісі асептикалық консервілеу белсенді түрде енгізілуде. Асептикалық консервілеу кезінде, алдымен өте қысқа уақыт (1-2 минут) ішінде жабылмаған өнім стерильденеді, содан соң салқындатылады да, стерильді орайтын затқа (ыдысқа) салынады. Консервілеудің мұндай әдісі, азықтың тамақтық және биологиялық құндылығы едәуір төмендеуінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Жиілігі ультра жоғары және аса жоғары электр тогымен стерильдеу кезінде де, жоғары температура әсер етуші фактор болып табылады. Сәулелену энергиясының ұлпа молекулаларына берілуінен пайда болатын жылудың әсерінен, барлық өнім біркелкі 100ºC және одан да жоғары температураға қызады. Нәтижесінде, тезірек бактерицидтік эффектісі қамтамасыз етіледі. Стерильдеудің басқа әдістеріне ультра дыбыспен және иондағыш сәулелермен стерильдеу жатады. Ультрадыбыспен стерильдеу кезінде (жиілігі 20 кГц артық) азықтың дәрумендері мен дәмділік қасиеті жақсы сақталады.
Иондағыш сәулелермен стерильдеуді кеңінен қолданбайды, себебі, қызметкерлердің сәулеленуге ұшырау қауіптілігі жоғары, сонымен қатар жоғары энергиялық әсерінің салдарынан азықтарда антигендік қасиеті бар ақуыздар пайда болады, көмірсулардың полимерсізденуі жүреді, уландыратын әсер беретін және қатерлі ісіктердің дамуына қозғау салатын асқын тотықтар, бос радикалдар, кетондар, альдегидтер жиналады.
Пастерлеу, қарқынды қыздыруға төзімсіз тағамдық азықтарды бүлінуінен қорғау үшін жүргізіледі. Әдісті Л.Пастер ұсынған, әдіс соның атымен аталған. Негізінен, сүтті, шарапты, сыраны және басқа да сұйық тағамдарды пастерлейді Пастерлеудің бірнеше әдістері бар, төмен, жоғары, көп қайталап пастерлеу әдістерін қолданады. Төмен пастерлеу 65ºC температура кезінде 20 минут бойына жүргізіледі, жоғары 90-100ºC температура кезінде 1 минут, бөлшектеп жүргізілетіні 24 сағаттық аралық уақыт сақтап 2-4 рет жүргізіледі. Пастерлеу кезінде микроағзалардың тек вегетативтік түрлері жойылады, ал споралары тірі қалады. Сондықтан, мұндай азықтарды төмен температура жағдайында қысқа уақыт сақтау керек. Пастерлеу тағамның дәмділік сапасын, тамақтық және биологиялық құндылығын толық сақтауға мүмкіндік береді. Бөлшектеп пастерлеу кезінде сақтау уақыты ұзарады, бірақ дәрумендері және басқа да биологиялық белсенді қосылыстары қарқындырақ жойылады.
Азықтарды, әсіресе, етті, балықты, ет және балық өнімдерін, жемістерді, жидектерді, көкөністерді консервілеуге арналған әдістердің ішінде жақсыларының бірі- салқындату және мұздату болып табылады, себебі, бұл әдістер, азықтардың барлық органолептикалық қасиеттері мен тамақтық және биологиялық құндылығы сақталуын қамтамасыз етеді.
Суытатын камераларда 0-2ºC дейін салқындату кезінде, микроағзалардың дамуы тоқтайды және аутолиздік үрдістердің қарқындылығы төмендейді. Мұздату кезінде (-18-25ºC) микроағзалардың тіршілігі тоқтайды (толық жансызданбағанмен де) және ферменттердің белсенділігі жойылады. Азықтар мұздатылған түрінде бірнеше айлардан жылға дейін және одан да артық уақытқа сақталады.
Консервілеудің физикалық әдістеріне, сондай-ақ кептіру де жатады, бұл кезде суын кетіру себебінен, көпшілік микроағзалардың дамуы үшін қолайсыз жағдай жасалады. Кептірудің әр түрлі әдістері бар. Олардың ішінде ескі әдісі жемістер мен жидектерді табиғи жолмен күннің көзінде кептіру кеңінен қолданылады. Жасанды түрде кептіру әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Бұрын кептіргіштерде ыстық ауамен кептіру жүргізілетін, бұл кезде көпшілік дәрумендері, әсіресе, С-дәрумені жоғары температураның ұзақ уақыт әсер етуінен толық жойылатын. Қазіргі кезде, дәрумендерінің жоғалуын азайтуға және дәмділік сапасының сақталуына мүмкіндік беретін азықтарды жасанды түрде кептірудің қолайлырақ әдістерін: бытырату арқылы (распылительную), вакуумдық, сублимациялық кептіруді қолданады. Бытырату арқылы кептіру кезінде азықты кептіргіште бытыратады, бұл азықты кептіру уақытын жылдамдатады. Вакуумдық кептіру төмендеу температура жағдайында кептіруге мүмкіндік береді. Сублимациялық кептіру кезінде мұздың ылғалы су фазасына өтпей буланады, осыған байланысты, негізгі тамақтық заттар, оның ішінде дәрумендері де, зақымдайтын әсерлерге азырақ ұшырайды. Консервілеуде химиялық әдістерді де қолданады. Оған тұздау, маринадтау, қанттандыру, антисептиктерді қолдану жатады. Ас тұзының гипертониялық ерітінділері (15-20 %) және қанттың жоғары концентрациясы (60-70 %) осмостық қысымды шұғыл өсіреді, нәтижесінде тағам және микроб денелері сусызданады. Патогенді және шартты түрде патогенді микроағзалардың көпшілігі, ас тұзының концентрациясы 10 % болған кездің өзінде жансызданады, бірақ кейбір микроағзалар одан жоғарырақ концентрациясы кезінде де тірі қалады, тек олардың дамуы нашарлайды. Анаэробты микроб спораларының өсуі тұздың концентрациясы 8 % артық болған кезде тежелгенімен, тұздауға олар төзімді. Тұздау кезінде микробтар өте баяу жансызданады, ал тағамдағы токсиндері жойылмайды. Тұздаудың елеулі кемшіліктері, тағамның ақуыздарының, минералды заттарының, дәрумендерінің бір бөлігі тұз ерітіндісіне өтуі нәтижесінде, оның тамақтық және биологиялық құндылығы төмендейді.
Консервілеу үшін сірке қышқылының 1,5-2 % ерітіндісін қолданып азықтарды маринадтайды. Негізінен, көкөністерді, жемістерді, балықты, етті маринадтайды. Сірке қышқылының әсерінен патогенді микрофлора жансызданбайды, тек оның дамуы тежеледі.
Антисептиктермен консервілеу үшін, күкіртті ангидрид, күкіртті қышқыл және оның тұздарын, сорбин, бензой қышқылдарын, калийдің нитраттарын және нитриттерін, антитотыққыштарды және басқаларды қолданады. Олардың бәрі тағамдық қоспаларға жатады. Күкірт қосылыстарының консервілеуші әсері, олардан бөлінетін күкірт ангидридімен байланысты, ол зең саңырауқұлақтарының, ашытқылардың, аэробты микрофлоралардың өсуін тоқтатады.
Сорбин қышқылының, негізінен фунгистатикалық әсері бар, ол жемістерден, көкөністерден, жұмыртқадан, ұннан жасалған тағамдарды, ет және балық тағамдарын, маргариндерді, сырларды, шарапты консервілеуде кеңінен қолданылады.
Бензой қышқылы ашытқылардың және май қышқылдық ашу реакциясын жүргізетін бактериялардың өсуін тоқтататады, бірақ зеңдерге, сүт қышқылдық флораға және сірке қышқылдық ашу жүргізетін бактерияларға әсер етпейді. Гексаметилентетрамин албырт балық тұқымдастарының уылдырығын консервілеу және ашытқы өсіндісін өсіру үшін қолданылады. Консервілейтін қасиеті гексаметилентетрамин тотығуы кезінде пайда болатын формальдегидпен байланысты. Дифенил, бифенил, о-фенилфенол фунгистатикалық әсер береді, шет елдерде цитрус тұқымдастардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Калий мен натрийдің нитраттары мен нитриттері микробтарға қарсы зат ретінде және сүт өндірісінде қолданылады. Антитотыққыштар, ауадағы оттегінің, жарықтың, температураның, технологиялық факторлардың әсерінен жүретін азықтың тамақтық құрам бөліктерінің тотығуының алдын алу үшін қолданылады. Тамақтың құрам бөліктерінің тотығуы азықтың тамақтық құндылығының төмендеуіне және тотығуы кезінде аралық және соңғы өнімдері түріндегі улы заттардың пайда болуы салдарынан, қолдануға жарамсыз болуына әкеп соғады. Тотығуға ең көп ұшырайтындары -липидтер және олардың қосылыстары, сондай-ақ дәрумендер. Тағамдық азықтардың және мал жемі өнімдерінің майларын тұрақты ету үшін, табиғи да (токоферолдар, аскорбин қышқылы, кверцетин, галл қышқылының эфирлері, гваяк қышқылдары және басқалар) және синтетикалық та, (бутилоксианизол-БОА, бутилокситолуол-БОТ, сонтохон, дилудин, дибуг және басқалар) антиоксиданттар қолданылады.
Антисептиктердің адам ағзасына көп түсуі кезінде улы эффектілері дамуы мүмкін, сондықтан бұл заттардың мөлшері тағамда нормаланады.
Консервілеудің биологиялық әдісіне ашыту жатады, бұл кезде көкөністер мен жемістердің құрамына кіретін қанттардың сүт қышқылдық бактериялармен ашуы нәтижесінде сүт қышқылы пайда болады. Оның концентрациясы 0,7 % және одан да артық болған кезде, спора түріндегі емес патогенді микрофлоралар және гельминт жұмыртқалары жансызданады. Ашытылған көкөністерде қышқыл ортаның арқасында аскорбин қышқылы (С дәрумені) жақсы сақталады.
Консервілеу үшін тек жеке консервант қана қолданылып қоймайды, сонымен қатар олардың аралас түрлері де қолданылады. Аралас консервілеу түрлеріне ыстау, пресервтеу, қақтау (сүрлеу) жатады. Ыстау кезінде антисептикалық әсер беретіндер: тұздау, кептіру және ағашты жағу кезінде пайда болатын түтінге түсетін қосылыстардың фенолдар, формальдегидтің, органикалық қышқылдардың фурфуролдың және басқалардың түйдегінде (в комбинации) азықты қыздыру. Басқа аралас консервілеу түрінің бірі- пресервтеу болып табылады. Пресервтер бұларды тұздау, маринадтау, пастерлеу немесе тағамдық қоспалармен консервілейді және стерильдемей, саңылаусыз жабылатын ыдысқа салады. Мұндай консервілердің сақтау мерзімі шектеулі және тоңазытылған жағдайда сақталуы керек. Қақтау- табиғи кептіру түрлерінің бірі болып табылады, бұл кезде алдын ала тұздалған азықтар ет, балықтар ашық ауада кептіріледі. Аралас консервілеудің барлық түрлерінде, негізінен микроағзалардың тіршілігінің және ферменттердің белсенділігінің тежелуі байқалады, ал споралары өмір сүруге қабілетті болып қалады.
Банкідегі консервілердің эпидемиологиялық маңызы. Тағамдық шикізаттардың микробтармен өте көп ластануы, жеткіліксіз стерильдеу және басқа консерванттардың асептикалық әсерлерінің жеткіліксіздігі, сақтау кезінде талаптардың сақталмауы салдарынан банкідегі консервілер тағам инфекциялары мен тамақтан уланулардың себебі болуы мүмкін. Себебі, консерві банкілеріндегі тағамдар саңылаусыз жабылады, анаэробты микроағзалардың, атап айтқанда, Cl. Botulinum, және Cl. Perfringens сияқты микроағзалардың споралары дамуы үшін қолайлы анаэробты орта жасалады. Әдетте, стерильдеу кезінде споралары жансызданады, бірақ стерильдеу режимінің бұзылуы және ортаның қышқылдығының төмен болуы, спораларының өмір сүру қабілеттілігі сақталуына және өлімге келтіретін қауіптілігі бар токсиндер түзіп, көбеюіне мүмкіндік туғызуы мүмкін. Мұндай қауіптілікке көбінде пресервтер ұшырайды, , олар стерильденбейді. Банкілердің жеткіліксіз стерильденуі және саңылаусыз етілуі, банкінің ішіндегі заттың қышқылдығы төмен болған кезде, спора түзбейтін микроағзалар ішек таяқшалары, зеңдер, ашытқылар, алтын түсті стафилакокктар және басқалар өмір сүру қабілетін сақтап қалады, олардың көбеюі, тағамда көлемді тұқымдануына (өте көп көбеюіне), онда микробтардың токсиндері жиналуына әкеп соғады да, тамақтан уланулардың себебі болады.
Банкідегі консервілер, банкілер жасалған материалдан түсетін заттармен тағамның ластануы салдарынан микробтық емес тамақтан уланулардың да, себебі болуы мүмкін.
Банкідегі тағамның бүлінуіне ең бір тән белгілері, банкінің қақпағы мен түбінің, қампаюы деп аталатын ісінуі. Қампаюдың (бомбаждың) шынайы (бактериалдық, химиялық) ж»не жалған (физикалық) түрлерін ажыратады. Бактериалдық қампаюы, анаэробты микробтардың ақуыз қосылыстарын, газдар күкіртті сутек, метан, аммиак, көмірқышқыл газын және басқалар түзіліп, ыдырауға түсіруі салдарынан дамиды. Бірақ, егер банкілердің саңылаусыздығы бұзылса, қампаю белгілері болмауы мүмкін, себебі, пайда болған газдар ақаулары арқылы банкіден шығып кетеді.
Сақтау жағдайының бұзылуы, банкінің ішкі бетін қорғайтын лакпен жаппаған кезде, коррозия үрдістері кезінде тағамның құрамындағы немесе консервант (сақтағыш зат) ретінде қосылған қышқылдар бос күйіндегі сутегін түзіп, металдармен химиялық реакцияға түседі. Сутегінің жиналуы, банкіде химиялық қампаю дамуына, сондай-ақ қалайы, қорғасын және басқа да металдардың банкілер материалынан тағамға өтуіне әкеп соғады. Бактериалдық және химиялық қампаюы бар консервілер тағамға қолдануға жарамсыз. Олар айналымнан алынып, жойылуы тиіс.
Физикалық қампаюы, әдетте, консервіні қыздыру немесе мұздату кезінде тағамның көлемі үлкеюі салдарынан, банкілерді жабу алдында өте толып кеткен кезде немесе банкілердің сырты майысқан кезде пайда болады. Физикалық қампаюы бар консервілер адамның денсаулығы үшін қауіпті емес, бірақ оларды пайдалануға болмайды, себебі, жеке алынған банкілердің қампаю табиғатын сырт көрінісі бойынша анықтау мүмкін емес.
Консервілерді стерильдеу сапасын анықтау үшін термостаттық сынама жүргізеді. Консервілерді 37ºC температура жағдайында 5-10 күнге термостатқа қояды. Сапасыз стерильденген кезде термостатта жасалатын қолайлы температура жағдайының арқасында микроағзалар тез өседі, бұл бұрынғыдан да артық газ түзілуіне және банкінің түбі мен қақпағының ісінуіне әкеп соғады.
Қампайған, саңылаусыздығы бұзылған, тот басқан немесе ішіндегі заттың аққан ізі бар, микробтардың әсерінен бұзылған зеңдену, ашу белгілері бар банкілерді таратуға (сатуға) рұқсат етілмейді.
Қышқыл тағамдар банкінің металын коррозияға ұшыратады, бұл банкінің ішкі бетінде қара дақтар мен тот басуы түрінде байқалады. Қалайы мен темір ақуызға бай азықтардың күкіртті құрам бөліктерімен әсерлесіп, сульфидтік коррозия («мәрмәрлік») тудырады. «Мәрмәрлік», қара қоңыр дақтар немесе пленкалар пайда болуымен сипатталады. Консервіленген тағамның өзі де қараюы мүмкін, әсіресе, крабтар, омарлар, жасыл бұршақтар және басқалар. Сульфидтік пленка денсаулыққа зиянды емес, бірақ тағамның органолептикалық қасиеттерін едәуір төмендетеді.
Микробиологиялық қауіпсіздігін бағалау үшін келесі микроағзалардың болуын және санын анықтайды:
Пресервтерде МАФАнМС, ІТТБ, сульфитредуцирлеуші клостридийлерді, сальмонеллаларды, B. сereus, S. аureus.
Cl. Perfringens және Cl. Botulinum болуына рұқсат етілмейді, ал басқа мезофильдік клостридийлер 1 граммында бір микроб жасушасынан аспауы тиіс. B. subtilis тобындағы спора түзуші микроағзалар тағамның 1 г 10 жасушадан аспайтын мөлшерде болуына рұқсат етіледі. Термофильді спора түзуші микроағзалар анықталған жағдайда консервілер талаптарға сай келеді деп бағалайды, бірақ мұндай консервілердің сақтау температурасы 20ºC-ден аспауы тиіс. Берілген консервілер үшін бекітілген сақтау температурасы жағдайында, өзінің тіршілігін жүргізуге қабілетті микроағзалар консервілерде анықталмауы тиіс.
Егер, микробиологиялық көрсеткіштері СанЕменН талаптарына сай келмесе, тамаққа қолдануға жарамсыз деп табылады да, басқа мақсатқа пайдаға асыруға жатады.
Консервілердің химиялық залалсыздығын бағалау үшін, олардың құрамындағы келесі заттар бақылауға алынады:
Консервілерді жабу үшін қаңылтырдан хромдап жасалған, алюминийден, шыныдан жасалған банкілерді, сондай-ақ полимерлік материалдан жасалған ыдыстарды қолданады. Қаңылтырдың ішкі беті, қалайының жұқа қабаты түріндегі, полудамен жабылады. Ыдыстың материалын ескеріп, тағамның құрамындағы қалайының, хромның, қорғасынның, мыстың немесе полимерлік материалдардың ыдырау өнімдерінің мөлшерін анықтайды. Сонымен бірге, қорғасынның, хромның және басқа да қосылыстардың тағамда болуы, ол қосылыстардың шикізаттың өзінде жоғары мөлшерде болуымен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, консервілерде мышьяк, сынап, кадмий, қорғасын сияқты улы элементтерді, сондай-ақ пестицидтерді және радионуклидтерді анықтайды. Қаңылтыр ыдыстағы тағамда қорғасынның мөлшері 1 мг/кг (сүт өнімдерінде 0,3 мг/кг), қалайы 200 мг/кг, хром 0,5 мг/кг, мыс қызанақ соусы құйылған балық консервілерінде 8 мг/кг, көкөніс консервілерінде, мұраппаларда, павидлоларда 10 мг/кг, сүт консервілерінде, компоттарда, езбелерде 5 мг/кг, кадмий 0,1 мг/кг аспауы тиіс. Қалайының құрамында қоспалары 0,14 % артық болмауы тиіс, оның ішіндегі қорғасын 0,04 % артық болмауы керек.
8. Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мекемелері мен органдарының жұмысындағы негізгі орындардың бірін тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау алады. Ол азықтарды зерттеуден, олардың сапасының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі туралы қорытынды беруден тұрады.
Тағамдық азықтарды санитарлық-гигиеналық сараптау ҚР 4.01.071.03 «Тағамдық азықтардың қауіпсіздігі мен тамақтық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар», ҚР № 4.01.060.12 «Тез бүлінетін тағамдық азықтарды сақтау жағдайына және тарату (сату) мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар» деп аталатын СанЕменН-ға және басқа да ҚР нормативтік және нұсқаулық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың мақсаты, азықтың тамақтық құндылығын және оның халықтың денсаулығына зиянсыздығын анықтау болып табылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтану нысандарында, сауда орындарында, сонымен қатар тағамдық азықтарды ұзақ уақыт сақтауда сақтық санитарлық бақылауды да және күнделікті (ағымдағы) санитарлық бақылауды да іске асыру кезінде жүргізіледі. Сақтық (өндіріске енгізгенге дейінгі) санитарлық бақылауды жүргізуде міндетті түрде сараптауға жататындар:
Күнделікті (ағымдағы) санитарлық бақылауды жүргізу кезіндегі сараптау жұмыс істеп тұрған тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қоғамдық тамақтану нысандары шығаратын және халықтың тамақтануы үшін таратылатын (сатылатын) өнімдерге қатысты.
Сараптау, жоспар бойынша жүргізілетін және жоспардан тыс жүргізілетін болуы мүмкін. Жоспарлы түрі- СЭБ жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі, жоспардан тыс түрі -тамақтан уланулар, тағамдық азықтарды қолданумен байланысты жұқпалы аурулар, технологиялық үрдістердің бұзылыстары болған жағдайларда, тергеу органдарының талабы бойынша, бәсеке сұрақтарды шешу кезінде және т.б. жүргізіледі.
Тағамдық азықтарды сараптау кезінде келесі сұрақтар шешілуі тиіс:
Сараптама жүргізу келесі кезеңдерді қамтиды:
Егер осы көрсетілген құжаттардың кейбіреулері жоқ болса, тағамдық азық потенциалды-қауіпті деп саналады да, оған сараптаманы сапасы төмен және қауіпті азық-түліктерді сараптауға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізеді.
Азықтарды органолептикалық зерттеуден кейін, дәрігер азық партияларын қарау нәтижесі бойынша сараптау актісін жазады. Егер алынған ақпарат азықтың сапасы және оның залалсыздығы туралы күдік тудырмаса, онда дәрігер-гигиена маманы қарау актісінің соңында азықты қолдану мүмкіншілігі туралы қорытынды береді. Азықтың сапасы туралы күдік болған жағдайда және жоспардан тыс сараптау жүргізген кезде де, азықтың сынамасын зертханалық зерттеуге жібереді. Тек айқын бүлінген белгілері бар (өте айқын білінетін иісі бар, консистенциясы бұзылған, көгерген, т.б.), қамба зиянкестерімен және басқалармен зақымданған азықтар, зертханалық зерттеуге жүргізбей-ақ бірден жарамсыз деп саналады.
Сапасы бойынша тағамдық азықтарды келесі санаттарға бөлу қабылданған:
Мұндай азықтарға, мысалы, трихинеллалармен зақымданған етті жатқызуға болады. Мұндай еттерді тағамға қолдану, трихинеллез деп аталатын, жиі өліммен аяқталатын ауыр ауру түрін тудырады. Қара күйемен, зең саңырауқұлақтарымен зақымданған дәнді дақылдардан дайындалған тағамды қолдану ауыр улануларға әкеп соғуы мүмкін. Құрамында пестицидтердің, ауыр металдардың, нитраттардың және басқа да ксенобиотиктердің үлкен концентрациясы бар азықтар да, адам үшін қауіпті болып табылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың қорытындысында азық сапасы бойынша жоғарыда көрсетілген санаттардың қайсысына жататыны және осыған байланысты азық тамақтану үшін шектеусіз жарамды ма немесе белгілі бір шарт орындалғаннан кейін жарамды ма, әлде жарамсыз ба, солар көрсетіледі. Егер азықты тағамға қолдану үшін белгілі бір шарттарды орындау қажет болған жағдайларда, бұл жағдайлар қорытындыда толығымен жазылуы тиіс. Тамақтануға жарамсыз деп табылған азық жоюға жіберіледі. Мұндай азықтарды жоюды, құрамына азық-түліктің иесі, азықты жоюға берген ұйымның өкілдері кіретін комиссияның бақылауымен жүргізеді. Жарамсыз деп есептелген азықтарды өртеу немесе жерге көму арқылы жояды. Егер, азықтар инфекциямен ластанған болса, жою алдында міндетті түрде зарарсыздандырылады. Жойғаннан кейін жойғаны туралы акт жазылады, оның бір данасы СЭБ-ке жіберіледі.
9. Тамақтан уланулар
Тамақтан улану бұл, микроағзалармен өте көп ластанған немесе құрамында микроб текті, не микроб текті емес улары бар тағамды қабылдаумен байланысты аурулар.
Этиологиялық факторы бойынша тамақтан уланулар 3 топқа бөлінеді (8.14.- кесте).
9.1. Микроб текті тамақтан уланулар. Микроб текті тамақтан улануларға, микроағзалар өте көп тұқымданып кеткен немесе құрамында микроб текті улары бар тағамды қабылдау кезінде пайда болатын жедел (жіті) асқазан ішек аурулары жатады.
Микроб текті тамақтан улануларға мыналар тән:
Микроб текті тамақтан уланулар, даму механизмі бойынша 3 топқа. бөлінеді: токсикоинфекцияларға, токсикоздарға, этиологиясы аралас (миксттер)
Тағам токсикоинфекцияларының даму механизмінде негізгі роль, тірі микроағзаларға және олардың жансыздануы кезінде бөлінетін эндотоксиндерге беріледі. Ағзаға түскен кезде, микроағзалардың едәуір бөлігі асқазан ішек жолдарында және мезентериалдық лимфа бездерінде жансызданады, басқа өмір сүру қабілеті жоғарырақ бөлігі қанның ағысымен ретикулоэндотелиалдық жүйенің мүшелеріне жетіп сол жерде жансызданады. Сөйтіп, тағам токсикоинфекциялары кезінде бактериемия байқалады, оған ағзаның жауабы ретінде спецификалық антиденелер синтезделеді, бұл, тамақтан улану диагнозын қою үшін өте маңызды.
Тағамда микробтардың көп мөлшерде тұқымданып кетуі 1г (мл)-де 103-нен артық микроб жасушаларының болуы және әр түрлі аурулардың, тамақтануының бұзылуы, интоксикация себептерінен ағзаның қарсылық күшінің төмендеуі - тағам токсикоинфекцияларының дамуы үшін күмән келтірмейтін жағдай.Тамақтан улануды ең жиі тудыратындар, шартты түрде патогенді микроағзалар (8.14. - кесте), олар қоршаған ортада кеңінен таралған және көбінде адам мен жануарлардың асқазан-ішек жолдарында мекендейді. Оларға жататындар- ішек таяқшасының энтеропатогенді штамдары, энтерококктар (нәжіс стрептококктары), протейлер, т.б. Азықтар мен тағамдарды микробтармен ластайтын негізгі көздері -адамдар мен жануарлар.
8.14.-кесте
Тамақтан уланулардың жіктелуі.
І. Микробтық |
|
1.1. Токсикоинфекциялар |
|
Бактериялық |
Потенциалды патогенді микроағзалар: Proteus mirabilis және vulgaris, энтеропатогенді, энтеровазивті E.coli, Bac.cereus, CL.perfringens, Strept. faecalis var. liguefaciens және zymogenes, vibrio parahaemaliticus, басқа аз зерттелген бактериялар - Citobaster, Hafnia, Klebsiella, Edwardsiella, Pseudomonas, Aeromonas және басқалар. |
1.2 Токсикоздар |
|
Бактериялық Микотоксикоздар |
Staphylococcus aureus, Cl. Botulinum өндіретін бактериялардың улары Aspergillus, Fusarium, Penicillium, Claviceps purpurea және басқалар текті микроскопиялық саңырауқұлақтар өндіретін микотоксиндер |
1.3. Этиологиясы аралас (миксттер) |
|
Бактериялық |
Потенциалды патогенді микроағзалардың қабаттасуы немесе потенциалды патогенді микроағзалардың + Bac. cereus + энтеротоксигенді Staph. aureus, протей + энтеротоксигенді Staph. aureus және басқалар. |
ІІ. Микробтық емес |
|
2.1. Улы өсімдіктерден және жануарлардың тіндерінен уланулар |
|
Өзінің табиғаты бойынша улы өсімдіктерден уланулар Өзінің табиғаты бойынша улы жануарлардың тіндерінен уланулар |
Жабайы өсетін өсімдіктер- меңдуана, сасық меңдуана, ит жидек, сасық қурай, аканит, аюбадам және басқалар Астық тұқымдастармен бірге өсетін арам шөптердің ұрықтарынан (есекмия триходесма, сүйелжазар және басқалар). Улы саңырауқұлақтар (боз уқұлақ, шыбынжұт, шайтан құлақ, және басқалар), дұрыс кулинарлық өңдеуден өтпеген шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтар (қозы қарын, қатпаршақ, сарғыш саңырауқұлақ, тыржыңқұлақ және басқалар). Кейбір балықтардың мүшелері шармай балықтың, қияздың, севан хромулясының, иглобрюхтың және басқалардың |
2.2. Белгілі бір жағдайларда улы болатын өсімдік және жануар текті азықтардан уланулар |
|
Өсімдік азықтарынан уланулар Жануар текті азықтардан уланулар |
Құрамында амигдалині бар жеміс сүйектерінің ядролары (шабдалы, абрикос, шие, миндаль); бук жаңғағы, тунга, рицини; құрамында салонині бар өсіп кеткен картоп, құрамында фазині бар шикі үрме бұршақ Сакситоксині, сигуаротоксині, биогенді амині бар балық; уылдырық шашатын кезіндегі кейбір балық түрлерінің (нәлім шортан, скумбрия т.б) бауыры, уылдырығы, сүттері, улы өсімдіктерден жинаған араның балы. |
2.3 Химиялық заттардың қоспаларынан уланулар. |
|
Химиялық заттардан уланулар |
Нитраттар, бифенилдер, пестицидтер; ауыр метал тұздары және мышьяк; рұқсат етілген деңгейден артық енгізілген тағамдық қоспалар; тағамдық азыққа жабдықтардан, инвентарьлардан, ыдыстардан, буып-түйетін материалдардан өтетін қосылыстар; басқа да қүрамына қосылған химиялық заттар (примеси). |
8.14.-кестенің жалғасы
ІІІ. Этиологиясы анықталмаған |
|
Уланудан пайда болатын алимен-тарлық ұстамалы миоглобинурия |
Кейбір жылдарда әлемнің кейбір аудандарындағы көлдің балықтары |
Қоздырғыштар ішектен шыққан заттармен (энтерококктар - тыныс жолдарынан да) топыраққа, суға және сыртқы ортаның әр түрлі нысандарына, оның ішінде, қолға, жабдықтарға, инвентарьларға ыдыстарға түседі, соның нәтижесінде тағамның (азықтардың) да ластануына әкеп соғады. Тағам токсикоинфекцияларының даму себебі, көбінде ет және балық тағамдары, әсіресе, тартылған еттен (фарштан) жасалған өнім, сілікпе (студень), паштеттер, өкпе-бауырдан, қаннан жасалған шұжықтар, салаттар, сүт және сүт өнімдері, кремдер, пудингтер және басқалар. Фарш алу кезінде еттің майдалануы, паштеттерді, кремдерді, салаттарды дайындау технологиясы азықты араластыру кезінде, оның барлық көлемінде микробтардың тез тұқымданып кетуіне себеп болады, ал жоғары температурада өңдеу ережесінің, дайын тағамдарды сақтау жағдайы мен сату мерзімінің бұзылуы және тағами нысандардағы антисанитария, тамақтан улануға әкеп соғады.
Ішек таяшасы, протей және энтерококктар тудыратын токсикоинфекциялар, негізінен жеңіл өтеді. Жасырын кезеңі, әдетте, 4-8 сағатқа, сирек 20-24 сағатқа созылады. Клиникалық көріністері жүрегі айну, құсу, іші ауыруы, іш өтуі, субфебрильді температура, әлсіздік сияқты жедел гастроэнтерит симптомдарымен сипатталады. Аурудың ұзақтығы, орта есеппен 1-3 күн.
Тағам токсикоинфекцияларын спора түзуші микроағзалар Cl. perfringens, Bac. cereus қоздыруы мүмкін. Cl. perfringens - тің инфекция көзі, негізінен адам мен жануарлар, бірақ қоздырғыштар тағамға топырақтан, ластанған судан, т.б. да түсуі мүмкін. Уланудың ең жиі себебі, ет және ет өнімдері, сүт, балық, брынза және басқаларды қбылдаған кезде де дамуы мүмкін.
Cl. perfringens споралары жоғары температураға төзімді (1- 6 сағат бойына қайнатқанда төзімді) және дайын тағамды жылы жағдайда ұзақ уақыт сақтаған кезде, тіпті алдында жоғары температурамен мұқият өңдегеннің өзінде қайта өсуі мүмкін.
Bac. cereus аэробты спора түзуші бактериялар тобына жатады, тұрақты түрде топырақта мекендейді және топырақта да, суда да, ауада да және әр түрлі тағамдық азықтарда да кездеседі. Bac. cereus споралары жоғары температура әсеріне жеткілікті дәрежеде төзімді. Олар 105-205ºС температураға 10 мин және одан да артық уақытқа төтеп береді, бірақ вегетативті түрі 65ºС кезінде 30 мин ішінде жансызданады.
Cl. perfringens және Bac. cereus тудыратын тағам токсикоинфекцияларының жасырын кезеңі, орта есеппен 4-5 сағаттан 16-22 сағатқа дейін ауытқиды. Ауру жіті басталады, симптоматикасында жүрек айнуы, шаншып немесе бүріп іш ауыруы, жиі, су тәрізді болып, іш өтуі басым, Cl. perfringens - тен уланған кезде, иісі- сасық болады. Температурасы субфибрильді немесе қалыпты. Аурудың ұзақтығы 1-2 тәулік. Cl. perfringens - тің кейбір штамдары (С және F) некрозды энтерит түрінде өтетін және өліммен аяқталуы ықтимал, ауыр уланулар тудырады.
Vibrio parahaemolyticus тудыратын тамақтан уланулар да сирек емес. Бұл микроағзалар тұзды тәуір көреді, теңіздік ортада - планктонда, балықта, шаян тәрізділерде т.б. көп таралған. Температураға төзімділігі жоғары емес- 55ºС дейін қыздырғанда, 10 мин бойына тіршілігін сақтайды, ал 100ºС дейін қыздырғанда, 1 мин ішінде жансызданады. Ал төмен температура кезінде, бұл қоздырғыштар ұзақ уақыт - бірнеше күндерден бірнеше апталарға дейін тіршілігін сақтай алады. Сүрленген және ысталған азықтарда да, вибриондар тіршілікке қабілетті болып қалады. Улану, вибриондар тұқымданып кеткен теңіз балықтарын және басқа да теңіз өнімдерін тағамға қабылдаған кезде пайда болады. Ауру гастроэнтерит түрінде өтеді, бірақ тағам токсикоинфекцияларының тырысқақ және жерше тәрізді түрлері де байқалуы мүмкін.
Тағам токсикоинфекцияларының дамуында басқа да микроағзалар этиологиялық роль атқаруы мүмкін, атап айтқанда Citobacter, Hafnia, Klebsiella, Edwardsiella, Pseudomonas, Aeromonas және басқалар. Бұл микроағзалар тудыратын уланулар, жедел гастроэнтерит симптомдарымен сипатталады, аурудың ағымы жеңіл, ұзақ емес (1-3 күн).
Тағам токсикоздары бұл, құрамында белгілі бір микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде жиналған улары бар тағамды қабылдаған кезде пайда болатын жедел немесе созылмалы (микотоксикоздар) аурулар, бұл кезде қоздырғыштардың өмір сүруге қабілетті жасушаларының болмауы мүмкін немесе аз мөлшерде табылуы мүмкін. Токсикоздар -бактериалды және саңырауқұлақтық болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін бактериялық токсикоздарға стафилококк токсикозы және ботулизм жатады.
Стафилококк токсикозы құрамында Staphylococcus aureus немесе Staphylococcus albus энтеропатогенді, плазмакоагуляциялаушы штаммдары шығаратын экзотоксиндері бар тағамды қабылдағанда пайда болады. Стафилококктар кең температура диапозонында -6 дан 45ºС дейін көбею қабілетін сақтайды, дегенмен жоғары температураның әсеріне олар тұрақсыз - 70ºС дейін қыздырғанда 30 мин ішінде, ал 80ºС кезінде 10 минуттан кейін жансызданады. Стафилококктардың көбеюі ас тұзының (12% артық) және қанттың (60% артық) үлкен концентрацияларында тоқталады. Олар шығаратын экзотоксинінің қоздырғыштардан айырмашылығы, жоғары температура әсеріне өте тұрақты. Экзотоксині тек 2-3 сағат қайнатқаннан кейін ғана толық жойылады. Токсині қышқылдар мен сілтілердің әсеріне де төзімді. Стафилококктардың дамуы мен токсин өндіруі үшін қолайлы орта- сүт және сүт өнімдері (сүзбе, ашытқан қаймақ, сырлар, брынза, балмұздақ, балаларға арналған сүт қоспалары және басқалар), қайнатып крем құйған кондитер өнімдері (себебі, мұндағы қанттың концентрациясы 50% жетпейді, крахмалы және ылғалы көп), ет және балық өнімдері, әсіресе, фарштан жасалған өнімдер, паштеттер, шұжықтар, құс еті. Картоп езбесінде (пюресінде), бидай ботқасында тез (үй температурасы кезінде 5-8 сағаттан кейін) энтеротоксин пайда болады, себебі, бұл тағамдар крахмалға және ақуыздарға бай.
Патогенді стафилококктың көздері -жануарлар және адам. Жиі стафилококк көздері болатындар баспамен, өкпе қабынуымен, ортаңғы құлақтың қабынуымен, іріңді тері ауруымен ауыратын, кескен және күйген жерлері іріңдеген, т.б. адамдар, бактериотасымалдаушылар. Қоздырғыштың адамнан берілуі, жанасу алиментарлық (теріден шыққан заттар арқылы), нәжіс - алиментарлық (ішектен шыққан заттармен) және тамшы алиментарлық (мұрыннан, тамағынан шыққан заттар арқылы) жолмен жүруі мүмкін. Бұл кезде, тағамның адамнан шыққан заттармен тікелей де және аралық заттар арқылы да ластанған қолы, жабдықтар, инвентарь, жеке бас гигиенасын сақтауға арналған заттар, т.б. арқылы ластануы мүмкін.
Жиі стафилококк көздері -желінсаумен немесе ішкі мүшелерінің іріңді ауруымен ауыратын жануарлар (сиыр, ешкі, қойлар, т.б.). Стафилококк токсикозы кезінде жасырын кезеңі қысқа - 1 сағаттан 6 сағатқа дейін, себебі, бұл жердегі негізгі әсер ететін фактор, тағамның құрамындағы экзотоксин. Жүрек айну, көп қайтара құсу, эпигастрии тұсында ауыру пайда болады, 60-70% жағдайларда іші өтеді. Дене температурасы, әдетте, қалыпты немесе субфибрильді. Ауырлау өтетін жағдайларда жалпы интоксикация құбылыстары айқын білінеді: бас ауырады, әлсіздік пайда болады, артериялық қан қысымы төмендейді, т.б. Ауру бір тәуліктен кейін жазылады, сирегірек 2-3 күнге созылады.
Ботулизм. Бұл ең ауыр, микроб текті тамақтан улану. Ол құрамында, споратүзуші анаэробты микроб Cl. botulinum өндіретін экзотоксині бар тағамды қабылдаған кезде пайда болады. Бұл тағам токсикозы өзінің атын botulus шұжық (колбаса) деген латын сөзінен алады, өйткені оның жиі себебі шұжықты тағамға қолдану болды. Алғаш рет қоздырғышты 1896 ж. Голландияда шошқа етінен жасалған шұжықтан (ветчина) ауыр улану кезінде Э.Ван Эрменгер анықтады. Cl. botulinum қоршаған ортада көп таралған, жылы қанды жануарлардың, адамның, құстың және балықтың ішегінде мекендейді. Топыраққа олар жануардың қиымен, адамның нәжісімен түседі, онда Cl. botulinum споралары ұзақ уақыт - бірнеше ондаған жылдарға дейін өмір сүруге қабілетті күйінде сақталады. Топырақ өз кезегінде өсімдіктекті азықтарды Cl. botulinum спораларымен ластайды. Жануартекті азықтарға қоздырғыштар әр түрлі жолдармен енуі мүмкін. Етке қоздырғыштар жануарларды сою және ұшасын бөлу үрдісінде ішегінен, жүнінен, топырақпен ластануы кезінде түседі, ал балықтың ластануы, сыртқы қабығы жарақаттанған кезде немесе ішегі арқылы жүреді.
Cl. botulinum споралары химиялық және физикалық факторлардың әсеріне өте төзімді. Мысалы, 100ºС температура әсерінде, олар тек, 6 сағаттан кейін, 105ºС - 2 сағаттан кейін, 120ºС - 10 мин. кейін жансызданады.
Споралардың өсіп кетуі және Cl. botulinum-нің токсин шығарып көбеюі, 20-37ºС температура кезінде анаэробты жағдайда жүреді, тек кана натрий хлоридінің (8 % артық), қанттың (55 % артық ), жоғары концентрацияларында, қышқыл ортада (PH<4,4) және 4ºС-тен төмен температура жағдайында, ол тежеледі. Жоғары температура әсері кезінде ботулинотоксин толық инактивацияланады: қайнатқан кезде токсин 10-15 минуттан кейін, 80ºС - 30 минуттан кейін ыдырауға түседі. Сенімді залалсыздануы үшін бір сағат бойына қайнату қажет.
Улануға үй жағдайында дайындалған консервілерді: тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтарды, банкідегі көкөніс, жеміс, ет және балық консервілерін тағамға қолдану жиі себепші болады, алайда аурудың дамуында сүрленген және ысталған етті, балықты, шикідей ысталған шошқа етін, шұжықты, тұздалып қақталған балықтың жон етін қолданудың да ролі аз емес. Зауытта жасалған консервілерді қолданғанда, ботулизм сирек кездеседі (2-3%), себебі, өңдеу технологиясының ережесі қатал сақталады. Сондай-ақ, естен шығармайтын жағдай, бірнеше сағат жылы жерде сақталған дайын тағамды қайтадан жоғары температурада өңдемей, қолданған кезде улану дамуы мүмкін.
Ботулизм кезіндегі жасырын кезең 2-3 сағаттан 6-14 тәулікке дейін созылады. Ботулотоксиннің әсеріне тән өзгеріс мидың бульбарлық орталықтарының зақымдануы. Аурудың басында әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, іші өтуі түріндегі ауруға тән емес көріністер байқалуы мүмкін. Содан кейін, аурудың өзіне тән симптоматикасы пайда болады, оның ішінде ең ерте білінетіні, көруінің бұзылуы: көзіне қос көрінуі, көз алында тор тұрған секілденуі, птоз, қитарлануы, мидриаз. Әрі қарай жұмсақ таңдай, тілі, жұтқыншақ, көмекей, еттерінің, бет еттерінің параличі (сал) қосылады, осының салдарынан, аурудың бетінде танымайтындай өзгеріс болады, тағам шайнау, жұтыну үрдістері қиындайды, сөйлеуі бұзылады, тіпті афония жағдайына дейін жетеді. Аурудың кейінгі сатыларында асқазан және ішек еттерінің парезі нәтижесінде, тұрақты ішінің жүрмеуі, метеоризм дамиды. Біртіндеп тыныс алуы мен жүрек-тамыр қызметінің бұзылуы күшейе береді. Тыныс алуға қатысатын еттерінің парезі болуы мүмкін. Температурасы, әдетте, қалыпты немесе қалыптыдан төмендеу. Аурудың ұзақтығы 4-8 күннен 3-4 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Тыныс орталығының салдануы нәтижесінде, өлімге әкеп соғуы мүмкін. Ботулизм кезінде, ботулизмге қарсы қанның сары суын қолданбаса, өлім өте жоғары 60%-дан 90% дейін жетеді.
Бактериялық токсикоинфекциялар мен токсикоздардың алдын алу бірнеше бағыттарда жүргізіледі:
Жоғарыда көрсетілгендей, инфекция көздері жиі- жануарлар және адам болып табылады. Терісінде және шырышты қабықшасында іріңді аурулары, жоғары тыныс жолдарында, тіс-жақ жүйесінде қабыну аурулары бар адамдар және бактерия тасымалдаушылар тағам нысандарындағы жұмысқа жіберілмейді. Инфекция көздері жануарлар болуы ықтимал жағдайларда, ауру және бацилла тасымалдаушы жануарларды анықтау мақсатында, оларға мұқият мал дәрігерлік - санитарлық бақылау жүргізіледі.
Микробтардың тұқымданып кету жолдарын тоқтатуға, малды сою, шикі заттарды өңдеу, тасу және сақтау, тағам дайындау кездеріндегі талаптарды сақтау арқылы қол жеткізеді. Мысалы, малды сою, шикідей ысталған сан етін дайындау кездерінде ұшалардың жермен, малдың қиымен, ішектің ішіндегілермен ластануына жол бермеу керек, тез ішек-қарнын ұшадан шығарып алу және қанын толық ағызу қажет. Бекіре тұқымды балықтардан жон етін алып тұздап қақтауды, сондай-ақ кез-келген балықты ыстау, тұздау үшін аулағаннан кейін тез сойып, тазалаған жас балықты ғана пайдалану керек. Көкөніс пен жемістерді жердің бөлшектерінен мұқият жуып тазалау керек. Консервілеу үшін жатып қалған, бұзылған көкөністерді, жемістерді, жидектерді пайдалануға болмайды. Тағам дайындау кезінде шикізаттардың, жартылай дайындалған азықтардың (фабрикат), дайын тағамдардың бір-біріне жанасуын болдырмау керек. Кәсіпорындарда санитарлық режимді, қызметкерлердің жеке адам гигиенасының ережелерін сақтауы міндетті түрде. Жәндіктермен және кеміргіштермен күрес жүргізілуі тиіс.
Микроағзалардың көбеюінің және токсин түзуінің алдын алу үшін, тағам дайындау кезінде қоздырғыштардың жансыздануын қамтамасыз ететін жоғары температурада өңдеу режимін сақтайды, ал азық-түліктер мен тағамды сақтау кезінде микробтардың көбеюі мен токсин өндіруін толық тоқтататын температура жағдайын (2-4ºС) пайдаланады. Жоғары температурада өңдеудің ең жақсы әдісі -автоклавта өңдеу, ол тек өндіріс жағдайында ғана мүмкін болады.
Тұрмыс жағдайында стерильдеуді суы қайнап тұрған кастрюльдерде жүргізу керек, жидек жемістер үшін қайнату уақыты 20-30 мин., орамжапырақ және басқа көкөністер үшін 1,5 сағатқа дейін.
Тез бұзылатын азықтарды өткізуге (сатуға) бекітілген уақыттарын сақтаудың да үлкен маңызы бар.
Микроб текті тамақтан улануларға микотоксикоздар жатады. Құрамында әр түрлі микроскопиялық саңырауқұлақтардың тіршілік өнімдері болып табылатын, микотоксиндері бар азықтарды тамаққа қолданғанда пайда болады.
Микотоксиндер, тағамды ластаушы заттардың ішіндегі ең бір қауіптісі. Олардың улылығы жоғары, сондай-ақ, канцерогенді, мутагенді және тератогенді қасиеттері бар. Қазіргі кезде улары тамақтан улану тудыра алатын микроскопиялық саңырауқұлақтардың 250-ден артық түрлері анықталған. Микотоксикоздарға: фузариотоксикоздар, афлатоксикоздар, эрготизм, охратоксикоз, «сары күріш ауруы», т.б жатады.
Фузариотоксикоздарды Fuzarium текті саңырауқұлақтардың улары тудырады. Уланудың клиникалық көріністері әр түрлі және тағамдық азықты ластаған саңырауқұлақтың түріне байланысты. Ашаршылық кезеңде (1931-1943ж.) және Ұлы Отан соғысы жылдары ең жиі кездескен фузариотоксикоздардың бірі, қыста далада қалған астықтан жасаған нанды тағамға қолданған кезде пайда болған алиментарлық-уландыратын алейкия. Уланудың себебі, дәнді дақылдарды көп мөлшерде ластаған Fuzarium sporоtrichella саңырауқұлағының уы (токсині). Айта кету керек, бұл саңырауқұлақ тек қардың астында қалған астықты зақымдандырып қоймайды, сонымен қатар, соңғы жылдары анықталғандай, ауа райының жағдайына байланысты кеш жиналған астықты да, сондай-ақ, ылғалдылығы жоғары және төмен температура жағдайында сақталған астықты да зақымдайды.
Улануға тән өзгеріс, сүйек кемігін гипо- немесе аплазияға әкеп соғатын қан түзуші мүшелердің удан зақымдануы. Оның негізгі көріністері, барған сайын үдей түсетін панцитопения лейко-, эритро- және тромбоцитопения, геморрагиялық бөртпелер пайда болады, мұрнынан, тамағынан, ішегінен, т.б. мүшелерінен жиі қан ағады, сепсистік ангина, денесінің әр жерінде іріңді үрдістер пайда болуымен білінеді. Өлім-жітім көп, бірақ тез шара қабылдаған кезде аурудың жазылуы мүмкін. Алиментарлық-уландыратын алейкияның алдын алу, қыста қардың астында қалған азықтарды пайдалануға тыйым салу, астықты өз уақытында жинап алып, зақымдануына жол бермеу және оның ылғалдануын болдырмайтын жағдай жасау.
«Мас наннан» улану, Fusarium graminearum саңырауқұлағымен ластанған әр түрлі астық түрлерінен жасалған азықтарды тағамға қолдану кезінде пайда болады. Саңырауқұлақ өндіретін токсин, басым орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, ал уланудың клиникалық көріністері, алкогольден масаюды еске түсіреді. Сондай-ақ, гастроэнтерит симптомдары байқалуы мүмкін, ал зақымданған азықты ұзақ уақыт қолданған кезде анемия және психикалық өзгерістер болуы мүмкін.
«Қызыл зеңнен» улану ниваленол, фузаренон, ниваленол-ацетат іспеттес улар өндіретін «қызыл зеңмен» - Fusarium текті микроскопиялық саңырауқұлақпен зақымданған бидай, арпа, күріш, т.б. дәнді дақылдардан жасалған азықтарды тағамға қолданғанда пайда болатын ауру. Бұл улану түрлері салыстырмалы түрде жақын арада Жапонияда жазылған болатын және асқазан-ішек жолдары мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Fusarium текті саңырауқұлақтардың кейбір түрлері зеарленон токсинін өндіреді, мұның эстрогенді әсері бар, ірі қара малда түсік болуына, бедеулікке әкеп соғады, құстардың жұмыртқалауын төмендетеді.
Афлатоксикоздар негізінен, Aspergillus (A. Flavus, A. Parasiticus), сирегірек Penicillum және Rhizopus саңырауқұлақтары өндіретін афлотоксиндермен ластанған азықтарды қолданумен байланысты тамақтан уланулар. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың бұл түрлері табиғатта көп таралған. Олардың улары (токсині) арахиста (жержаңғақ), мақтаның дәнінде, жүгеріде, күріште, соргода (қонақ жүгері), пістеде жиі кездеседі. Афлатоксиндер жануар текті тағамдық азықтарда да сүтте, етте, жұмыртқада, сырда үлкен концентрацияда пайда болуы мүмкін. Афлатоксиндер сүтке, жануарлардың тіндері мен мүшелеріне ластанған жемнен түсуі мүмкін. Олардың қарқынды тұқымдануы және токсин түзуі басқа да азықтарда: жүзімде, шабдалыда, алмада, шырындарда, т.б. байқалуы мүмкін.
Афлатоксиндердің күшті гепатотоксиндік және гепатоканцерогендік әсері бар. Дамитын уланулар жедел немесе созылмалы түрде болуы мүмкін. Жедел түрлері сирек кездеседі, олар құрамында афлатоксиндердің концентрациясы үлкен (0,2-ден бірнеше мг/кг дейін) тағамдарды қабылдаған кезде байқалады. Жедел түрлеріне бауырда некроз және майлану дамуы, удың әсерінен бүйрек пен жүйке жүйесінің зақымдануы тән. Ауырған адамдарда сіңір тартылуы (судороги) парез (босаңсу), қимыл үйлесімділігінің (кординация) бұзылуы, диарея, геморрагия, асцит байқалады. Созылмалы түрінде бауыр циррозы және біріншілік бауыр обыры дамиды.
Охратоксикоздар. Охратоксиндерді негізгі өндірушілер A. ochraceus және P. viridicatum. Охратоксиндер өсімдік текті де (қара бидай, арпа, бидай, жүгері, т.б.) және жануар текті де (ет, сүт, т.б.) азықтарда кездеседі.
Охратоксиндер өзінің улылығы жағынан афлатоксиндерге жақын, көбінесе бүйрекке улы әсер етіп, үй құстары мен шошқаларда нефропатия дамуының себебі болады. Адамдарда Балкандық эндемиялық нефропатия кеселінің дамуында да, охратоксиндердің ролі жоққа шығарылмайды.
«Сары күріш» ауруы. Бұл ауру түрі, бірінші рет Жапонияда жазылған, Penicillium citrioviride саңырауқұлақтары зақымдаған күрішті қабылдаған кезде байқалды. Олардың улары (сары пигмент) айқын нейроуыттылық әсер етеді. Азықты қолданудан алып тастаса сауығады.
Эрготизм. Claviceps purpurea микроскопиялық саңырауқұлақтың склероциясы (тыныштық сатысындағы) қара күйе (спорынья) зақымдаған астықтан жасалған тағамды қабылдаған кезде дамиды. Қою күлгін түсті улы қарамық (рожки спорынья) өзінің 4 см дейінгі өлшемімен ерекшеленеді. Қара күйенің улылығы, лизергин қышқылының алколоидтары эрготамин, эргометрин, эрготоксин және т.б., сондай-ақ биогенді аминдердің гистамин, тирамин, т.б болуымен байланысты. Бұл қосылыстар қыздырғанға өте төзімді және ұзақ уақыт сақтаған кезде де, өзінің белсенділігін жоғалтпайды.
Қара күйеден улану жедел және созылмалы түрлерінде өтуі мүмкін. Жедел өтуінде эрготизмнің тырыспалы, конвульсивті түрі деп аталатын орталық жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады. Оған тоникалық тырысу (сіңір тартылуы), бас айналуы, галлюцинация, есінің бұзылуы, эпилепсия тәрізді тырысу тән. Мұндай симптоматикасы «қатты құрыспа» (злая корча) деп аталатын эрготизмнің басқа аты үшін негіз болды. Жедел зақымдануы кезінде асқазан-ішек жолдары жағынан да, жедел гастроэнтерит түрінде өтетін құбылыстар жиі кездеседі.
Эрготизмнің созылмалы түрі, белгілі бір уақыт бойына зақымданған дәнді дақылдардан жасалған тағамды қабылдаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда жүйке жүйесінің де және дененің әр түрлі жерлерінде қан айналымының бұзылуына және некроз дамуына әкеп соғатын (гангреналық түрі) қан тамыры -жүйке аппараттарының зақымдануы мүмкін.
Микотоксикоздардың алдын алу мына шараларды қамтиды:
9.2. Табиғаты микробтық емес тамақтан уланулар. Бұл улануларды улы қасиеттері бар, белгілі бір жағдайларда улылық қасиет пайда болатын азықтар және әр түрлі химиялық қоспалар тудырады. Өзінің табиғатынан улы азықтардың тобына улы саңырауқұлақтардан, кейбір жабайы және қолдан өсетін өсімдіктерден, балықтар мен жануарлардың жеке түрлерінің тіндері мен мүшелерінен уланулар жатады.
Саңырауқұлақтан уланулардың ең қауіптісіне, боз уқұлақтан, тілікқұлақтан, шыбынжұттан уланулар жатады.
Боз уқұлақ -ең улы саңырауқұлақтардың қатарына жатады. Одан уланулар 50-90% жағдайда өліммен аяқталады. Уланудың себебі, боз уқұлақтың қозықұйрыққа (шампиньон) және сазқатпаның кейбір түрлеріне ұқсастығында. Олардан боз уқұлақтың айырмашылығы, сабағының (ножки) асты түйнек тәрізді жуан және ақ жағасы болады. Боз уқұлақтың әсері, құрамында улылығы жоғары, ас қорытатын ферменттердің әсеріне тұрақты және жоғары температура әсерінен кейін өзінің белсенділігін сақтап қалатын α-, β-, γ- аманитиндер мен фаллоидин болуына байланысты. Саңырауқұлақты қабылдағаннан 10-12 сағат өткеннен соң, іші қатты ауырады, толассыз құсу, тырысқақ ауруындағы сияқты іш өтуі пайда болады, содан соң ағзаның сусыздану белгілері, дененің сарғаюы, анурия қосылып, одан әрі үдей түседі. Ауру 2-3 күннен кейін, сирегірек 9-10 күндері өледі.
Шыбынжұт. Өзіне тән түрі бар басы ашық - қызыл, үстінде ақ үлпектері бар, сондықтан да олардан улану сирек кездеседі, негізінен балалар уланады, оларды түсі қызықтырады.
Шыбынжұттан улану, орталық жүйке жүйесіне улы әсер ететін, құрамындағы мускарин және мускаридин алкалоидтарынан пайда болады. Инкубациялық кезеңі қысқа 1-6 сағат, клиникалық белгілері ауызынан сілекей ағуымен, құсумен, іш өтуімен, көздің қарашығының кішіреюімен, ауыр жағдайында елес, сандырақтау, сіңір тартылуымен сипатталады. Боз уқұлақтан уланған кездегідей жиі болмаса да аурудың өліммен аяқталуы мүмкін.
Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтардың ішінен тілікқұлақтарды айта кеткен жөн. Олардан уланулар, сыртқы түрі ұқсас жеуге жарамды тыржыңқұлақтардың орнына жаңылысып жинау нәтижесінде пайда болады. Тілікқұлақтың құрамында бауырды айқын зақымдайтын әсері бар өте улы қосылыстар гирометрин алколойды және бауырға тигізетін әсерінен басқа гемолитикалық әсері бар гельвел қышқылы болады.
Гельвел қышқылы суда жақсы ериді және саңырауқұлақты алдымен қайнатып пісірген кезде, қайнатқан суға өтеді. Ал гиромитрин болса, жоғары температураға тұрақты және суда қайнатқаннан кейін де саңырауқұлақта қалады. Сондықтан да, алдымен қайнатып, қайнатқан суды төгіп тастамай сорпа, қуырылған саңырауқұлақ, т.б. түрінде қабылдаған кезде уланудың ауырырақ түрлері байқалады. Уланудың бірінші белгілері саңырауқұлақты қабылдағаннан соң 3-20 сағаттан кейін, орта есеппен 8-10 сағаттан соң пайда болады. Асқазанның тұсында асқазан толып кеткен сезім, жүрек айну, толассыз құсу, сирек - диарея байқалады. Уланудың 2-3 тәулігінде терінің сарғаюы, әлсіздік, субфибрильді температура, жүрек қызметінң бұзылуы пайда болады, 20-25% жағдайда комаға және өлімге әкеп соғады.
Саңырауқұлақтардан уланудың алдын алу үшін:
Улы өсімдіктерден улану. Мұндай уланулар, негізінен жасы кіші балаларда байқалады, олар білмегендіктен улы өсімдіктердің жидектерін, тамырын, сабақтарын және басқа да бөліктерін жаңылысып жеуге жарамды деп қабылдауы мүмкін. Кейде, осы өсімдіктерден жасалған тұндырмаларды және қайнатпаны өзін өзі емдеу мақсатымен қолдану кезінде де, уланулар болуы мүмкін. Жиі улану себебі болатын, жабайы және мәдени өсімдіктерге жататындар меңдуана, сасық меңдуана, итжидек, сасық қурай, теңбіл убалдырған, ит ақжелек, қасқыр жидек, жабайы көкнәр, майкене, сүйелшөп, т.б.
Меңдуана (белена), итжидек (красавка), сасық меңдуананың (дурман) улы әсер ететін заттары бірдей деп айтуға болады, олар гиосциамин, атропин, скополамин және басқа да атропин тобындағы алколоидтар. Меңдуананың жапырағы алаботаға, тамыры ақжелектің (петрушка) тамырына, ал ұрығы тарыға ұқсас. Итжидектің жидегі шиеге ұқсас ашық түсті және дәмі тәттілеу. Уланудың инкубациялық кезеңі өте қысқа- 10-20 минуттан 1 сағатқа дейін. Ауызы және тамағы құрғау, дауысы қарлығу, беті қызару, көздің қарашығы үлкею, көруінің бұзылуы, психикалық қозу, мазасыздану, тыныс алуы және жүрек қызметінің нашарлауы, есі шатасу, сандырақтау, елестеу, дене температурасының көтерілуі, еріксіз үлкен және кіші дәреттерінің шығып кетуі іспеттес, атропиннің әсеріне тән симптомдар байқалады. Бірнеше сағаттардан кейін тыныс алудың салдануынан (семіп қалуынан) өлімге әкеп соғады.
Сасық қурай (вех ядовитый, цикута-утамыр, су убалдырған-водяной болиголов). Өсімдіктің барлық бөлігі улы, бірақ ең қауіптісі, сасық қурайдың тамыры, ол ақжелек пен балдыр көктің тамырына ұқсас және иісі де солардай. Сасық қурайдың құрамында өте улы цикутотоксин бар, оның улылығын ботулотоксинмен салыстыруға болады. Тамақ ретінде қабылдағаннан соң 20-30 минуттан кейін асқазан ауырады, жүрек айниды, құсу, іш өту, талып қалу, суық тер шығу, тыныс алуының қиындауы пайда болады, көбіршікті кейде қан араласқан сілекей шығады. Содан кейін ұстамалы түрде сіңір тартылуы, тыныс алуы мен жүрек қызметінің бұзылуы пайда болады, қан қысымы төмендейді. 1,5-3 сағаттан кейін тыныс алудың салдануынан өлімге әкеп соғады.
Қасқыр жидек (ягоды волчьего лыка), аюбадам (бузина), мақтаның ұрығы мен күнжара, т.б. жиі уланудың себебі болады. Мақтаның ұрығы мен күнжараның құрамында улы зат - госсипол бар, осыған байланысты мақта майын тек тазартқаннан кейін (рафиндегеннен) кейін қолдану қажет. Тазарту кезінде бұл қосылыс жойылады.
Арамшөп токсикозы деп аталатын ауыр уланулар, сүйелжазар (гелиотроп), есекмия (софора), қарамықша (кукол), ақсұр триходесма, есіртпе үйбидайық (плевел опьяняющий), т.б. арамшөптердің улы ұрықтарымен ластанған астықтан жасалған тағамдарды қабылдаған кезде пайда болады. Құрамында нейро- және гепатотропты әсер ететін улы алколоидтардың бірқатар кешені бар. Түбітжидекті сүйелжазардың улы ұрығымен ластанған астықтан жасалған тағамды қабылдау кезінде уланудан дамитын іш шемені қосылатын бауыр қабынуы пайда болады. Ауру ұзаққа созылады (бірнеше айларға) бауырдың қызметі баяу қалпына келеді, жиі (20-30%) өлімге әкеп соғады.
Ақсұр триходесма ұрығымен ластанған астықтан жасалған тағамды қабылдау, триходесманың құрамында болатын нейротропты әсері бар инканин, триходесмин, т.б. алколоидтардың себебінен энцефалиттер және менингоэнцефалиттер дамуына әкеп соғады. Кейіннен, бауырда өзгерістер, емдеуі қиын гипохромды анемия, жүрек-тамыр қызметі жеткіліксіздігінің белгілері анықталады. Ауыр жағдайларда өлім 30-35% дейін жетеді.
Алдын алу халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуден, мақтаны өңдеу кезінде талаптардың сақталуын, санитарлық бақылаудан, астықтың ластануының алдын алудан және жеке арамшөптің ұрығымен ластанған астықты тағамға қабылдауға жібермеуден тұрады.
Кейбір балық түрлерінің тіндері мен мүшелерінің тамақтан улану дамуына әкеп соғатын улы қасиеттері бар. Мысалы, Орта Азияның тұщы суаттарында көп таралған шармай балықтың уылдырығы, сүті, ішастары улы, ал еті болса мүлде зиянсыз. Кейбір басқа балық түрлерінің (севан хромулиінің, қияздың, иглобрюха, т.б.) уылдырығы мен сүті улы. Сондай-ақ, тунец, пеламида, ставрида, макрель сияқты скумбриялық балықтардан да, уланулар болуы мүмкін. Олардың еттерінде гистидин көп, сақтау жағдайы мен мерзімі бұзылған кезде гистамин тәрізді қасиеті бар заурин деп аталатын улы қосылысқа айналады. Улы балықтан уланулар Үнді және Тынық мұхиттардың тропикалық бөлігіндегі аралдарда орналасқан мемлекеттердің (Шри-ланка, Индонезия, Филлипин) тұрғындарында жиі таралған. Бұл аймақтың суларындағы тек кейбір балық түрлері ғана улы мес, сонымен қатар тропикалық моллюскалар және теңіз тасбақасының еттері де улы.
Жануар тіндерінен уланулар. Сойылған малдың бүйрек үсті бездерінен және ұйқы безінен дайындалған тағамды қабылдаған кезде байқалады. Улану бұл бездердің құрамында биологиялық белсенді қосылыстардың жоғары деңгейде болуымен байланысты. Сол мезгілде ұрық бездері және қалқанша без, т.б эндокринді бездер қауіпсіз және жеуге жарамды азықтар болып табылады.
Белгілі бір жағдайларда улы болатын өсімдік және жануар текті азықтардан уланулар. Бұл топқа жататын уланулар сирек кездеседі, олар өсімдік текті (шикі үрме бұршақтың фазині, картоптың соланині, жеміс сүйектерінің ішіндегі дәндері, бук жаңғағының фагині) және жануар текті (балық тіндері, мидии, улы өсімдік гүлінен жиналған ара балы) азықтардан улануларды қамтиды.
Фазин. Шикі үрме бұршақтың құрамында болады, қанды агглютинациялаушы қасиеті бар. Жоғары температураның әсері кезінде жойылады, сондықтан үрме бұршақтан жасалған тағам қауіпсіз, себебі, оларды дайындау үшін ұзақ уақыт қайнатуды қажет етеді. Улану жеткілікті жоғары температура әсеріне ұшырамаған үрме бұршақ ұнынан немесе тағамдық концентраттардан жасалған тағамдарды қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін. Фазиннен улану кезінде жүрек айну, құсу, қарқындылық дәрежесі әр түрлі іш өту байқалады. Фазиннен уланудың алдын алу потенциалды қауіпті азықтарды жоғары температурада сенімді өңдеуге саяды.
Соланин. Көп емес мөлшерде (0,002-0,02%), негізінен картоптың қабығында болады. Картоп өніп кеткен немесе көгерген кезде, құрамындағы соланині ондаған есе өседі (шыққан бүршіктернде 0,42-0,73%). Соланиннің гемолитикалық қасиеті бар, бірақ улылығы салыстырмалы түрде үлкен емес, уланулар тек өніп кеткен картопты қабығымен қайнатып қабылдаған жағдайда немесе езбе жасау үшін оны қайнатқан суын пайдаланған кезде байқалады. Ауызда ащы дәм, тамағын қырнаған сезім, диспепсиялық өзгерістер байқалады.
Амигдалин. Ащы бадамның, өріктің, шабдалының, шиенің, т.б. жемістер сүйегінің ащы дәмінің құрамына кіретін гликозид. Амигдалиннің (ас қорыту ферменттерінің әсерінен) гидролизденуі кезінде, өзінің улылық қасиетін көрсететін көгерткіш қышқылы пайда болады. Өлімге келтіретін күшті уланулар, 60-80 г өріктің тазартылған ащы дәндерін жеген кезде байқалады. Амигдалиннен уланудың алдын алу үшін өрік, шабдалы сүйектерін сатуға тыйым салынады, ащы бадамды кондитерлік өндірісте қолдануды және де алькогольдік сусындар алу кезінде жеміс сүйектері дәндерін тұндыру уақытын мөлшерлейді. Сүйек дәнді жемістерден жасалған мұраппа қауіпті емес, себебі, қайнату үрдісінде амигдалин белсенділігін жоғалтады.
Фагин - шикі бук жаңғағының құрамында болатын улы зат. Қыздырған кезде фагин өзінің белсенділігін жоғалтады, сондықтан улану тек пісірілмеген жаңғақты қабылдаған кезде пайда болады, ал қуырылған жаңғақтар және жоғары температурада өңделген кондитер өндірісінде қолданылатын жаңғақтардың қауіптілігі жоқ. Улану бас аурумен, жүрек айнумен, ішек қызметінің бұзылыстарымен білінеді.
Жануар текті азықтардан уланулар. Кейбір балық түрлерінің (шортан, алабұға, лақа, скумбрия және т.б.) уылдырығы, сүті және бауыры уылдырық шашатын кезеңінде улы болады, оларды тағам ретінде қабылдағанда, жүрек айну, құсу, іш ауруы, іш өтуі пайда болады. Кейде ол, тырысқақ ауруына ұқсас өтеді. Жаз уақытында, планктон микроағзалары (динофлагеллаттар) қарқынды көбейе бастаған кезде, олармен қоректетенетін мидийлерде(моллюскаларда) улы қасиет пайда болады. Бұл кезеңде мидийлерде нейротоксикалық әсер ететін улы зат жиналады. Уланып ауырғандарда жалпы әлсіздік, жүрек айнуы, бас айналуы, беті, ерні, тілдің ұйып қалуы, тыныс алуының қиындауы байқалады, шала салдану дамиды, тыныс орталығының салдануынан өлімге әкеп соғуы мүмкін. Сауығу баяу жүреді. Мидилизмнің алдын алу мақсатында, планктондардың өте көп көбеюі кезіндегі планктондардың көптігі, теңіздің қызыл түске боялуымен және түнгі люминисценциясымен анықталатын жерлерде мидийлерді аулауға тиым салады.
Улы өсімдіктерден сасық мендуана, меңдуана, әлпеншек, азалия, т.б. жиналған араның балы, жиі улану себебі болуы мүмкін. Уланудың белгілері әр түрлі, бұл, бал шырыны жиналатын өсімдіктердің улылық қасиеттеріне байланысты. Алдын алу үшін, ара ұясын улы өсімдіктері жоқ жерге орналастыру қажет.
Тағамдық азықтарға түсетін қоспалардан уланулар. Тағамдық азықтарды ластайтын химиялық заттардың көп бөлігі табиғаты антропогендік немесе табиғи бөгде заттар. Қабылданған атаулар жиынтығына сәйкес, оларды контаминаттар, ксенобиотиктер немесе бөгде химиялық заттар деп атайды.
Тағамдық азықтарды бөгде химиялық заттармен ластайтын көздердің спектрі өте кең. Олар:
Азық-түлік шикізаттары мен тағамдық азықтардың негізгі және ең қауіпті контиминанттарына жататындар: ауыр металлдар, антибиотиктер, пестицидтер, нитраттар, нитриттер, нитрозоқосылыстар, диоксиндер және диоксин тәрізді заттар, канцерогенді заттар, тағамдық қоспалар, микроағзалардың токсиндері, радионуклидтер. Тағамдық азықтардың құрамындағы бөгде химиялық заттардың (БХЗ) зиянды әсер сипаты әр түрлі. БХЗ жалпы уландыратын, сенсибилизациялаушы, канцерогенді, мутагенді, гонадотропты, эмбриотропты және тератогенді, кардиоуландырғыш әсер етуі, көбею функциясының бұзылуына, қартаю үрдісін жеделдетуге, ағзаның иммундық күшінің төмендеуіне, тағамдық заттардың сіңуінің бұзылуына, т.б. әкеп соғуы мүмкін.
Пестицидтерден уланулар. Пестицидтер- арамшөптерді, жәндіктерді, кеміргіштерді, өсімдік ауруларының қоздырғыштарын жою үшін, өсімдіктердің жапырақтарын түсіру, оларды кептіру үшін қолданылатын табиғаты химиялық немесе биологиялық заттар. Қазіргі уақытта химиялық қосылыстардың әр түрлі топтарына жататын, 300 әсер ететін заттардың негізінде жасалған пестицидтердің 600-ден артық препараттары қолданылады. Химиялық құрамы бойынша, пестицидтер хлорорганикалық, фосфорорганикалық, сынапорганикалық, корбамин, тио- және дитиокорбамин қышқылдарының туындыларына, құрамында мыс бар түріне, синтетикалық пиретроидтарға, т.б. бөлінеді.
Пестицидтер -улылығы жоғары және қауіпті заттар. Ағзаға негізгі түсетін жолдары- тыныс мүшелері, асқазан-ішек жолдары және тері. Халық үшін ең қауіптісі, ағзаға тағамдық азықтармен бірге түсуі, себебі, пестицидтердің мал жемінде, азық-түлік шикізаттарында, өсімдік текті және жануар текті азықтарда жиналуы барған сайын өсуіне байланысты, ағзаға түсуінің бұл жолы негізгі және тұрақты жолы болып табылады.
Пестицидтердің көпшілігіне тән қасиет: улылығы жоғары, қоршаған ортада тұрақты, олардың ыдырауы кезінде пайда болатын қосылыстарының улылығы жоғары, кумулятивтік қасиеті айқын жеке мүшелер мен тіндерде ұзақ уақыт жиналуға қабілеттілігі, бала емізетін аналардың сүтімен бөлінетіндігі.
Пестицидтердің әсер етуі кезінде жедел, жеделдеу және созылмалы уланулар байқалуы мүмкін. Улану дамуында ағза жағдайының үлкен маңызы бар. Пестицидтердің әсеріне балалардың, жасөспірімдердің және қарт адамдардың сезімталдылығы жоғары. Әйелдердің жүктілік кезеңінде және бала емізетін уақыттарында пестицидтермен байланыста болу айрықша қауіпті, себебі, пестицидтер бала жолдасы кедергісінен жеңіл өтеді және баланың ағзасына анасының сүтімен түсуі мүмкін.
Хлорорганикалық қосылыстар (ХОҚ). Инсектоакрицидтер, фунгицидтер ретінде, егін егу алдында тұқымды, т.б. өңдеу үшін кеңінен қолданылады. Оларға циклопарафиндердің (гексахлорциклогександар), бензолдың (хлорбензол), терпендер (полихлорпенин), диен қатарындағы қосылыстардың (алдрин, гептахлор) хлортуындылары жатады. ХОҚ - улылығы жоғары және орташа, кумулятивтік қасиеті айқын, ана сүтімен бөлініп шығады, таңдамалы түрде май тіндерінде жиналады, сыртқы ортада тұрақтылығы жоғары. ХОҚ асқазан-ішек жолдары арқылы түсуінен пайда болған, жедел уланулар кезінде жедел энтероколиттер байқалады, олардан кейін ми қыртысы астындағы бөліктерінің зақымдануына әкеліп соғатын уланудан дамитын энцефалит түрінде орталық жүйке жүйесі зақымдануының белгілері пайда болады. Жиі токсико-аллергиялық миокардит, гепатит, нефропатия дамиды және өлімге әкеп соғуы мүмкін. Кейде, жедел интоксикациядан кейін пестицидтермен қайта байланыста болған кезде панмиелофтиз дамуы мүмкін.
Созылмалы улануларға, астено-вегетативті өзгерістер, вегето-сенсорлық полиневрит түріндегі шеткі жүйке жүйесінің зақымдануы, миокардтың дистрофиясы, бауырдың, бүйректердің уланудан зақымдануы, гипохромды анемия пайда болуы, лейкопоэздің нашарлауы тән. Ауыр созылмалы уланулар кезінде, майда ошақты органикалық симптомды энцефалополиневрит статико- үйлесімдік бұзылыстар түріндегі жүйке жүйесінің диффузиялық зақымдануы байқалады.
Фосфорорганикалық қосылыстар(ФОҚ). Пестицидтердің басқа түрімен салыстырғанда, ФОҚ кеңінен қолданылады, себебі, олардың инсектицидтік белсенділігі жоғары және салыстырмалы түрде улылығы аз, олардың ыдырау өнімдерінің улылық қасиеті жоқ дегу болады, сыртқы ортада белсенділігі тез жоғалады, ағзада жиналатын қасиеті және ана сүтімен бірге шығу қабілетінің айқындылығы аздау. ФОҚ тобына фосфор, тио- және дитиофосфор, сондай-ақ, фосфон қышқылдарының эфирлеріне жататын октаметил, метафос, метилмеркаптофос, фосфамид, карбофос, хлорофос, үшхлорметафос-3 және басқа да заттар жатады.
Көпшілік ФОҚ-дың улылық әсер механизмінде холинэстеразалардың белсенді орталықтарының фосфорлануы себебінен, олардың белсенділігінің нашарлауына басты роль беріледі. Нәтижесінде, ацетилхолин медиаторы жиналып, жүйкелік қозулардың берілуі бұзылады. Уланудың негізгі белгілері, ацетилхолиннің мускарин тәрізді, никотин тәрізді және орталық әсерімен анықталады. Ауыр дәрежелі жедел уланулар кезінде, асфиксия, жүрек қызметінің құлдырауы нәтижесінде өлімге дейін әкеп соғуы мүмкін. ФОҚ -мен созылмалы уланулар кезінде емдеуге қарамастан, тоқтаусыз бас ауыру, бас айналу, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тағамға тәбеті болмау, жүрек айну, әлсіздік байқалады. Интеллект төмендеуі, petit mal қысқа мерзімді есінің ауытқуы, уланудан бауыр зақымдануы, вегето-тамырлық өзгерістер болуы мүмкін.
Сынапорганикалық қосылыстар (СОҚ). Тұрақтылығы айқын және ағзада жиналатын қабілеті жоғары, улылығы жоғары заттар. Олардың көпшілігі (гранозан, меркуран, меркурексан, меркурбензол) ұшқыштығына байланысты, жұмыс істеген кезде едәуір қауіпті, себебі ағзаға тыныс жолымен түсуі мүмкін. Улану, сондай-ақ, тері және асқазан-ішек жолдары арқылы түсуі кезінде де болуы мүмкін. Ауыр уланулар уландырылған дәнді дақылдардан жасалған тағамдарды қабылдаған кезде жиі байқалады.
СОҚ әсер ету механизмі, сынаптың негізгі ферменттік жүйелердің SH-топтарымен әсерлесуімен байланысты. Ол ферменттердің атқаратын қызметтерінің бұзылуына әкеп соғады. СОҚ гемато-энцефальдық кедергілерден жеңіл өтеді, соның нәтижесінде олармен улану кезінде ми тіндерінің таңдамалы зақымдануы байқалады. Уланудың патогенезінде СОҚ капиллярларға улы әсер етеді және олар тін ақуыздарымен байланысқа түсіп, кешенді антиген жасайды. Осыған байланысты, СОҚ-мен уланулар кезінде аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Жеңіл дәрежелі уланулар кезінде гингивит, гастроэнтероколит, астено-вегетативті бұзылыстар байқалады. Уланудың ауыр түрлерінде жүйке жүйесінде қайтымсыз таралған зақымданулар пайда болады. Мишықтың (атаксия, дизартрия, тремор), аралық мидың (анорексия, жүдеу, адинамия, қантты емес сусамыр) атқаратын қызметтері бұзылады. Улану үрдісі барлық бас сүйек-ми жүйкелерін қамтиды, шала салдану, салдану дамиды, көру және есту елестері, сандырақтау, шизофрения сияқты синдромдар пайда болады. Сондай-ақ, уланудан немесе уланудан-аллергиялық миокардит, бауырдың, бүйректердің зақымдануы да кездеседі.
СОҚ-тан созылмалы уланулардың бастапқы сатысына, эретизм элементтері бар астено-вегетативтік синдром дамуы, стоматиттер, гингивиттер тән. Улану үрдісінің әрі қарай күшейе беруіне байланысты, жүйке жүйесінің таралған зақымдануы басты орын ала бастайды. Уланудан энцефалопатия немесе энцефалополиневрит дамиды. Жүйке жүйесінің патологиясына, әдетте, миокард дистрофиясы, бауырдың уланудан зақымдануы, гипохромды анемия қосылады. СОҚ улылығы жоғары және қауіпті болуына байланысты, оны егістік үшін қолданылатын тұқымдық дәнді дақылдарды өңдеу үшін пайдалануға руқсат етіледі. Уландырған дәнді дакылдарды тағамға пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Карбамин қышқылының туындылары. Карбоматтар (байгон, дикрезил, севин, карбин, пиримор), тиокарбоматтар (ронит, тиллам, эптам, ялан) және дитиокарбоматтар (карботион, купрозан, полимарцин, ТМТД, цинеб, цирам) инсектицидтер, акарацидтер, бактерицидтер, гербицидтер, фунгицидтер, т.б. ретінде ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Себебі, әсер спектрі үлкен және қоршаған ортада тұрақтылығы салыстырмалы түрде төмен. Бұл пестицидтердің ағзаға әсері әр түрлі, ол оның физико - химиялық қасиеттерімен байланысты. Мысалы, метил- және диметилкарбоматтардың (дикрезил, севин) холинэстеразаға қарсы әсері бар, бірақ ФОҚ-мен улануға қарағанда, айқындылығы азырақ. Тио- және дитиокарбоматтарға тиолдық ферменттердің белсенділігін төмендету, тотығу үрдістерінің бұзылуына әкеп соғу тән, бұл осы пестицидтердің ағзадағы ыдырау өнімдері этилентиомочевинаның және күкіртті көміртектің улы әсерімен байланысты. Карбоматтардың көбіне аллергендік, эмбрио және гонадотоксикалық, канцерогендік және мутагендік (дитиокарбоматтар), тератогенді (севин) әсерлер тән. Кейбір карбоматтар (фенилкарбоматтар) метгемоглобин түзуші болып табылады. Карбоматтардан уланудың клиникалық көріністерінде орталык жүйке жүиесінің және паренхимотозды мүшелердің зақымдануы басты орын алады.
Тағамдық азықтарды ластаушы пестицидтерден уланулардың алдын алу үшін келесі шаралар іске асырылуы қажет:
Егер, тағамдық азықтардың құрамында пестицидтер рұқсат етілген мөлшерден артық болса, онда оған құрамында пестициді жоқ таза азықты (дәнді дақылдар, сұйық өнімдер) қосу арқылы құрамындағы пестицидтері рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуге болады. Қойылту және құрғату үрдістерінде сүт, пестицидтерден тиімді тазарады, бұл кезде құрамы бұзылмаған сүтке қарағанда, майсыз сүт пестицидтерден толығырақ тазарады, себебі, пестицидтердің бәрі де майда жақсы ериді. Сондай-ақ, сүт майларын өсімдік майларымен жарым-жартылай алмастырып, майы аз сүт өнімдерін өндіру арқылы тағамда (азықтарда) пестицидтердің концентрациясын азайтуға болады.
Нитриттерден, нитраттардан, нитрозоқосылыстардан уланулар. Азот құрамды тыңайтқыштарды бақылаусыз қолдану, топырақта нитраттар деңгейінің шұғыл өсуіне әкеп соқты, нәтижесінде, азық-түлік және ауылшаруашылық жем-шөп дақылдарында да көбейді. Өсімдіктерде зат алмасуын бұзатын кейбір пестицидтер және ауыр металдар, нитраттардың өсімдік өнімдерінде жиналуын ондаған есеге күшейтеді. Нитраттардың ең үлкен концентрациясы тағамдық көк өсімдіктерде, көкөністерде, әсіресе олардың жапырақтарында және тамыр жемістерінде, бақша дақылдарында байқалады. Парникте (көшетханада) өсетін тағамдық көк өсімдіктердің құрамында да нитраттар көп, ол топырақты тыңайтқыштармен өңдеудің қарқынды жүргізілуіне және жарықтың жеткіліксіздігіне байланысты. Микрофлоралардың қалпына келтіретін әрекетінен, нитраттар нитриттерге айналады, сол себепті азықтарды сақтау кезінде, олардың құрамында нитриттер көбейеді.
Нитраттар мен нитриттер ағзаға еттен жасалған тағамдармен түседі (шұжықтар, ысталған ет өнімдері, сырлар, т.б.), бұл тағамдарға оларды консерванттар немесе түс (рең) беретін зат ретінде қосады. Нитраттарды ағзаға негізгі түсіріп отыратындар, көпшілігінде өсімдік текті тағамдар, ал нитриттер негізінен (60% дейін) ет тағамдарымен бірге түседі.
Кулинарлық өңдеу тағамның құрамындағы нитраттар мен нитриттердің азаюына әкеп соғады. Мысалы, тазалау, жуу, суға, салып қою кезінде бұл заттардың мөлшері 5 15% азаяды, қайнатып пісіру кезінде қайнатқан суға шығуы және нираттарды нитриттерге айналдыратын ферменттердің белсенділігі жойылуы нәтижесінде, 80%-ға төмендейді. Асқазан-ішек жолдарына түскен нитриттер мен нитраттардың бір бөлігін асқазан және ішек микрофлорасы зат алмасуына түсіреді, сөйтіп нитраттар нитриттерге айналады. Пайда болған нитриттер асқазан-ішек жолдарынан жеңіл сіңеді, қанға өтіп гемоглобинмен әсерлеседі де, метгемоглобин түзеді, осыған байланысты ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады да, айқын білінетін гипоксия пайда болады. Нитриттер мен нитраттардың әсеріне жас балалардың сезімталдығы жоғары, себебі, олардың асқазан-ішек жолдарындағы микрофлорасы нитраттрады нитриттерге белсенді айналдыратын қабілеттілігімен ерекшеленеді, ал метгемоглобинді бұрынғы қалпына қайта келтіретін (гемоглобинге) метгемоглобинредуктаза ферментінің белсенділігі әлі жеткіліксіз.
Нитраттардың нитриттерден айырмашылығы, ол, метгемоглобин түзуші емес және соншалықты улы да емес. Егер, нитриттерден жедел уланулар 200-300 мг, өліммен аяқталуы 300-2500 мг дозасында байқалатын болса, онда нитраттармен улану кезінде бұл дозалар -1-4 г және 8-14 г сәйкес келеді. Бұл кезде улы әсері нитраттардан пайда болатын нитриттермен байланысты. Дегенмен, нитраттардың үлкен дозалары гепатоцидтердің ядроларына және нуклеиндердің алмасуына әсер етуі мүмкін, олардың эмбриотоксикалық және мутагенді әсері осымен түсіндіріледі. Нитриттердің рұқсат етілген тәуіліктік дозасы 0,2 мг/кг дене массасына, ал емшек еметін жастағы балалар үшін 0,05 мг/кг, нитраттар үшін 5 мг/кг сәйкес.
Нитриттер мен нитраттардың тағаммен ағзаға көп түсуінің қауптілігі, олардың әсерінен тек созылмалы нитриттік-нитраттық метгемоглабинемия пайда болуымен ғана байланысты емес, сонымен қатар, канцерогенді белсенділігі жоғары, мутагенді, тератогенді, және эмбриотоксикалық қасиеттері бар нитрозоаминдердің эндогенді синтезделуіне қатысуымен де қауіпті.
Нитрозоаминдер қоршаған ортада көп таралған, оның ішінде әр түрлі тағамдық азықтарда да кездеседі. Тағамдық азықтар, нитрозоаминдердің ағзаға экзогенді түсетін көзі ретінде, ең басты орын алады. Мысалы, адам тәуіліктік рационмен орта есеппен 1 мкг нитрозоқосылыстар қабылдайды, ал ауыз сумен -0,01 мкг, тыныс алатын ауамен - 0,3 мкг түседі. Бұл тағамдық азықтардың құрамында нитрозоқосылыстардың алдыңғы өнімдерінің болатындығымен және олардан ауыл шаруашылық шикізаттарды, жартылай дайын өнімдерді өңдеудің барлық әдістерінде, пісіру, қуыру, ыстау, тұздау, ұзақ уақыт сақтау кездерінде нитроздану нәтижесінде нитрозаминдердің пайда болатындығымен түсіндіріледі. Тамақ дайындау техналогиясында қолданылатын нитриттердің, сондай-ақ, ыстайтын түтіннің құрамына кіретін азот оксидінің нитроздаушы қабілеттілігі жоғары. Адам, барлық нитрозоқосылыстардың жартысын тұздалған-ысталған тағамдардан алады.
Нитриттердің нитраттардың және нитрозоаминдердің зиянды әсерлерінің алдын алу келесі бағытта жүргізілетін шараларды қамтиды.
Ыдыстардан, буып-түйетін пленкалардан, жабдықтардан миграцияланатын қоспалардан уланулар. Тағамдық азықтар асхана ыдыстарынан, жабдықтардан, азық-түлік салатын ыдыстардан, буып-түйетін материалдардан өтетін (түсетін) химиялық қоспалармен ластануы мүмкін. Қазіргі кезде тағамдық азықтарды буып-түю үшін әр түрлі синтетикалық және табиғи материалдарды қолданады, оларға жататындар поливинилхлорид, полистирол және олардың сополимерлері, акрил түріндегі органикалық шыны, каучук негізінде жасалған резина, стиролмен бірге метилметакрилаттың сополимерлері, полиамидтер, фторопластар, полиолефиндер (полиэтилен, полипропилен, т.б.), полиуретандар, целлофандар, әр түрлі лактар мен эмальдар, коррозияға қарсы жапқыштар және басқаларды қолданады. Әдетте, көрсетілген қосылыстарды таза түрінде емес, әр түрлі араласқан түрінде қолданады. Полимерлерге әр түрлі қасиеттер беру үшін ол заттың құрамына қатайтатын заттар, пластификаторлар, толтырғыштар, бояйтын заттар және басқа да құрам бөлігі болатын заттарды енгізеді, олар полимерлермен химиялық байланыста емес, сондықтан да белгілі бір жағдайларда тағамдық азықтарға жеңіл өтіп қолайсыз әсәр етуі мүмкін.
Пайдалану үрдісінде полимерлік материалдар «ескіреді», оларда қалыпты құрылысының бұзылуы (деструкция) реакциясы жүреді, улы қасиеттері бар әр түрлі қосылыстар пайда болады. Мысалы, полиэтиленнің қалыпты құрылысының бұзылуы кезінде формальдегид, ацетальдегид пайда болады, полипропиленнің құрылысы бұзылуы кезінде, көрсетілген қосылыстырдан басқа, ацетон, метил және басқа да спирттер пайда болады. Поливинилхлоридтің ескіруі, альдегидтер, спирттер, хлорланған көмірсутектер және басқалар бөлуімен журеді.
Қазіргі кезде тамақ өнеркәсібіне жабдықтарды дайындау, майда ыдыстарды, құбырларды, майларды салатын бөшкелерді, құс еттерін, еттерді және басқа да азықтарды вакуумдеп орауға арналған пленкаларды, шұжық қаптайтын қабықшаларды, сырларды орайтын заттарды және басқаларды дайындауда поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған заттарды кеңінен қолданады. ПВХ - канцерогенді қасиеттері өте айқын қосылыстан винилхлоридтен синтезделеді. Сондықтан, бұл мономердің азықтарға рұқсат етілген мөлшерден артық өтпеуіне және поливинилхлоридтерге (ПВХ) қосымша енгізілетін заттардың рұқсат етілген мөлшерден аспауына қатаң бақылау жүргізіледі. Орайтын (буып-түйетін) материалдарда табылған винилхлоридтің қалдық мөлшері, тағамдық азықтарға, негізінен буып-түйетін заттарды арналуы бойынша дұрыс қолданбаған жағдайда өтеді. Мысалы, су үшін арналған ПВХ жасалған ыдысты қайтадан өсімдік майларын, жеміс шырындарын, сірке қышқылын, т.б. сақтау үшін қолданады.
Полиэтилен, полипропилен, лавсан және басқа да полиолефиндерді қолдану ортасы әр түрлі. Бұл материалдар жоғары химиялық тұрақтылығымен, су өткізбейтіндігімен, суыққа беріктігімен, жақсы газ өтгізгіштігімен, сипатталады. Сонымен қатар, олардың өсімдік майына және жануар текті майларға тұрақтылығы (беріктігі) жоғары емес және олар күн сәулесінің, ауаның құрамындағы оттегінің әсерінен тез ескіреді. Қолдану шарттарын сақтамаған кезде тағамдық азықтарға полиолефиндердің деструкция өнімдері - әр түрлі спирттер, оның ішінде метил спирті және қосымша зат ретінде қолданылатын еріткіштер - бензин, гептан, гексан, ацетон, этилацетат, т.б. өтуі мүмкін.
Буып-түйетін зат ретінде қолданылатын табиғи полимерлік материлдардың ішінен целлюлоза негізінде жасалған материалдарды пленка түрінде тамақ өндірісінде қолданылатын целлофан, целлулойд, целлонды айтуға болады. Бұл материалдардың полимерлік негізінің өзі қауіпті емес, бірақ оған қосылатын қосымша зат қолайсыз әсер етуі мүмкін. Мысалы, беті полиэтиленмен қапталған (жабылған) целлюлозадан жасалған пакетке өлшеніп құйылған сүтте канцерогенді белсенділігі жоғары заттар - диоксиндер және диурендер анықталған жағдайлар байқалды,олардың пайда болуы целлюлозаны дайындау кезінде, оны хлормен ағартуға байланысты болды.
Полимерлік буып-түйетін материалдардан түсетін заттардың адам ағзасына қолайсыз әсерлерінің алдын алудың негізгі шаралары: полимерлік материалдардан жасалған заттарды қолдануға қойылатын талаптарды сақтау, тағамдық азықтармен байланыста болатын материалдарды гигиеналық сараптау, олардың тағамдық азықтарға миграцияналуының рұқсат етілген мөлшерден аспауын бақылау.
Асхана ыдыстары, аппаратуралар, азық салатын ыдыстар және орайтын пленкаларда тағамдық азықтардың ауыр металл тұздарымен - мыс, мырыш, қорғасын және басқалармен ластайтын көздері болуы мүмкін. Тағамдарды (мұраппаларды, маринадтарды, тұздалған тағамдарды және басқаларды) дайындау және сақтау үшін сапасыз немесе қалайыланған ыдыстарды қолдану, қыштан жасалған ыдыстардың бетін жылтырату үшін, құрамында қорғасыны көп затты (глазурьді) қолдану, сапасы төмен эмальдар мен сырларды пайдалану, қорғасынның тағамға өтуіне (миграциясына) және созылмалы қорғасыннан улану дамуына әкеп соғады.
Тағамдарды дайындау және сақтау үшін мырышпен қапталған ыдыстарды қолданған кезде, мырыш тұздары тағамдық азықтарға өтуі мүмкін, ал мыс тұздары тағамды бетіне қалайы жағылмаған мыстан жасалған ыдыста сақтаған кезде немесе тағамдық азықтар жабдықтардың мыстан жасалған бөлшектеріне жанасуы кезінде өтуі мүмкін. Мыс пен мырыш қосылыстары ағзаға ауыз арқылы түсіп, жедел гастроэнтерит түрінде өтетін уланулар тудырады.
Қалайы қаңылтырдың бетін жабу үшін және ыдыстарды қалайылау үшін қолданылады, соған байланысты ол тағамдық азықтарға консерві банкілерінен, құтылардан, темірден және мыстан жасалған асханалық қазандардан, қалайыланған ыдыстардан, жабдықтардан өтеді. Улы әсері, ағзаға қалайының үлкен дозасы - 300 мг дейін түскен кезде байқалады, олар жедел гастроэнтерит дамуына және ас қорыту ферменттерінің белсенділігі төмендеуіне әкеп соғады. Қалайыдан уланудың қауіптілігі, оның құрамында тұрақты түрде қорғасынның біраз мөлшері болуына байланысты күшейеді.
Ыдыстардан, жабдықтардан түсетін ауыр метал тұздарынан уланулардың алдын алу, мұндай ыдыстарды қолдану кезінде тиісті талаптарды сақтаудан, тағамдық азықтардың құрамындағы металлдарды бақылаудан, коррозияға төзімді ыдыстың ішкі бетін қаптайтын заттарды пайдаланудан тұрады.
Гигиеналық талаптарға ең сәйкес келетіні, тот баспайтын болаттан және басқа да хромникель корытпаларынан жасалған ыдыстар, себебі, ол коррозияға қарсы қасиеттерімен, химиялық тұрақтылығымен, қорытпа құрамына кіретін заттардың тағамға өте аз миграциялануымен ерекшеленеді.
Беті қапталмаған темір мен шойын, тек қаңылтыр таба және таба жасау үшін рұқсат етіледі, оларды пайдаланған кезде, бетін жауып тұрған майлары металлдың коррозияға ұщырауын шектейді. Темір мен шойын тотығуға ұшырағыштығына, әлсіз қышқыл ортада жеңіл еритіндігіне және тағамға түс беретіндігіне байланысты, ыдыстардың басқа түрлері үшін жарамсыз.
Эмальданған ыдыстар, қолданылатын бетін жабатын заттары (эмаль, глазурь, т.б.) температураға тұрақты, берік, зиянсыз болған жағдайда гигиеналық талаптарға толық сай келеді.
Тағамдық азықтардың қоршаған ортадан түсетін химиялық заттармен ластануы. Қоршаған ортаның әр түрлі нысандарынан тағамдық азықтарға өте көп әр түрлі химиялық заттар түсуі мүмкін, олардың негізгі көздері, өнеркәсіп кәсіпорындарының, автокөліктің, жылу энергетикасы кәсіпорындарының, пайдалы қазбалар шығаратын жерлерді пайдаланудың, т.б. ауаға ұшатын шығарындылары мен қалдықтары.
Бұл топтағы тағамдық азықтарды ластаушылардың қатарына кадмий, сынап, қорғасын, берилий, таллий және басқалар сияқты улы қосылыстарда және өмір сүру үшін қажетті (эссенциалды) және шартты түрде эссенциалды болып табылатын микроэлементтер де кіреді. Өмір сүру үшін маңызды үрдістерге қатысуына қарамастан, биомикроэлементтердің ағзаға физиологиялық қажеттілігінен едәуір асатын мөлшерде түсуі өте қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Бөгде химиялық заттардың (БХЗ) ағзаға алиментарлық жолмен түсуі, көпшілік жағдайларда негізгі түсетін жолы болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі кезде БДДҰ-ның ФАО азық-түлік кодексі жөніндегі біріккен комиссиясының шешіміне сәйкес, тағамдық азық-түліктерге халықаралық сауда жасау кезінде олардың құрамындағы ең қауіпті ластаушы заттарға: сынапқа, кадмийге, қорғасынға, мышьякқа, мысқа, мырышқа, темірге, стронцийге міндетті түрде бақылау жүргізеді.
Қорғасын. БХЗ ішінде, ең көп таралған және қауіпті түріне жатады. Адам күн сайын тағаммен бірге 0,1-0,5 мг, ал сумен 0,02 мг шамасында қорғасын қабылдайды. Түскен қорғасын, балалар ағзасында белсенді сіңеді 30-40% дейін, үлкен адамның ағзасында тек 10% шамасында сіңеді.
Қорғасын политропты уларға жатады, оның улы әсер ететін негізгі нысана мүшесі, орталық және шеткі жүйке жүйесі, жүрек-тамыр және асқорыту жүйелері, қан түзуші мүшелер және бүйрек. Қорғасынның әсеріне ең сезімтал келетіндер -балалар, ересектерден айырмашылығы, оларда қорғасын тек сүйекте ғана жиналып қоймай, сонымен қатар 30-40% дейін ішкі мүшелер мен ми тіндерінде де жиналады. Сондықтан, уланудың тіпті айқын белгілері болмағанның өзінде, үлкен емес дозада (қандағы қорғасын 10-25мкг/л) әсер етуі оқуға қабілетінің төмендеуіне, назар аударудағы шоғырлану үрдісінің өзгеруіне, гипербелсенділікке, мектепте оқуға үлгерімінің төмендеуіне, т.б. әкеп соғады. Жүкті әйелдерде түсік, мезгілінен бұрын босанулар болуы мүмкін. Қорғасынның рұқсат етілген тәуліктік дозасы, ФАО мәліметі бойынша, шамамен 0,007 мг/кг дене массасына, ал тағамдық азықтарда рұқсат етілген мөлшері 0,1- 05 мг/кг.
Кадмий. Өте улы элемент. Табиғи мөлшері көп емес, сондықтан кадмийдің қоршаған ортаға түсетін және тағамдық азықтарды ластайтын негізгі көздері антропогендік болып табылады. Оларға жататындар: тас көмір жағу, химиялық тыңайтқыш, әсіресе фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру, түсті металлургия кәсіпорындарының қалдықтары, сондай-ақ пластмассалардың қалдықтары және оларды өртеу өнімдері.
Адам ағзасына кадмийдің 80% дейінгі мөлшері тағаммен түседі, ересек адам тәулігіне, орта есеппен 1 кг дене массасына 150 мкг дейін кадмий қабылдайды. Кадмийге және оның қосылыстарына тән қасиет, биологиялық тіндерде жоғары дәрежеде жиналуы. Сондықтан, кадмийдиң ұзақ уақыт тіпті өте аз мөлшері тағаммен ағзаға түсуінің өзі де, кадмийден уланудың дамуына әкеп соғады. Бірінші рет кадмий остеомаляциясы («итай-итай» ауруы) металлургия кәсіпорындарының ағынды суларымен ластанған сумен суарылған жерде өскен күрішті тағамға қолданған тұрғындарда (халықта) пайда болғаны туралы 1946 жылы Жапонияда жазылды. Жаппай ауыру сипатында болды, өліммен аяқталған жағдайлар да байқалды.
Кадмийдиң рұқсат етілген тәуліктік дозасы (РЕТД) - 1 мкг/кг дене массасына, бұл кадмийдиң 1 кг азық-түлікте 30-85 мкг-нан аспайтын мөлшерінде қамтамасыз етіледі.
Сынап. Қоршаған ортаға табиғи көздерінен және антропогендік көздерінен де түседі. Жыл сайын табиғи дегазация үрдісі нәтижесінде, жер қыртысынан, шамамен 125000 т жуық сынап буланады. Сонымен бірге, қоршаған ортадағы сынаптың мөлшеріне антропогендік көздері - сынапты өндіру, тазарту, өнеркәсіптің әр түрлі салаларында (электротехникалық, целлюлоза, химия) медицинада, ауыл шаруашылығында қолданылуы елеулі үлес қосады.
Сынап қоршаған ортада әр түрлі түрде миграцияланады: металл түрінде, бір-және екі валентті бейорганикалық және органикалық қосылыстар түрінде. Ең улы және қауіптісі, сынаптың органикалық қосылыстары (метилсынап, диметилсынап, т.б.). Олар судың түбінде, топырақта жиналған бейорганикалық сынаптың микроағзалардың әсерінен метилденуі кезінде пайда болады, жақсы ериді, тағам тізбегіне жеңіл кіреді. Бұл қосылыстар саңырауқұлақтарда, балықтарда, басқа да гидробионттарда белсенді жиналады.
Адам тәулігіне, орта есеппен тағаммен бірге 45-60 мкг, атмосфералық ауамен бірге 1 мкг жуық сынап қабылдайды. Металл түріндегі сынап, асқорыту жолдары арқылы тусуі кезінде қауіпті емес, себебі, ол сіңбейді, нәжіспен шығады. Оның есесіне, сынаптың бейорганикалық және органикалық қосылыстары ауыз арқылы тусуі кезінде жақсы ерігіш болғандықтан, өте улы.
Сынаптың рұқсат етілген тәуліктік дозасы 0,005 мг. Сынаптың қандағы мөлшері 100 мкг\л-ден, шашта - 30-40 мкг/г-нан, зәрде - 0,05-025 мкмоль\л-ден аспайтын болса қауіпсіз деп саналады.
Мышьяк. Улылығы бойынша, сынаптан кейінгі тағамдық азықтарды екінші ластайтын зат (контоминант). Тағамдық азықтарды ластауда негізгі роль атқаратын табиғи мышьяк емес, адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде - электростанциялардың, металлургия өндірісінің шығарындыларымен, мышьяк құрамды пестицидтерді, мал шаруашылығында өсуін жылдамдататын заттарды қолдану кезінде, т.б. қоршаған ортаға түсетін мышьяк.
Металл түріндегі мышьяк ағзаға ауыз арқылы түсуі кезінде, ерімейтіндігіне байланысты, іс жүзінде улы емес. Ал, мышьяктың қосылыстары болса, ерігіш және асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Қанға өтіп, содан соң олар бауырда, ет тіндерінде, бүйректе, көкбауырда, теріде, шашта, тырнақта анықталады және іштегі нәресте жолдасының тосқауылынан жеңіл өтеді. Мышьяктың бейорганикалық қосылыстарының, әсіресе, үшваленттісінің улылығы үлкен. Мышьяк ағзаға тағаммен түскен кезде, жиі созылмалы уланулар пайда болады, ол кездерде гастроэнтероколит, бауырдың уланудан зақымдануы, невриттер, симметриялы салданулар байқалады. Теріде іріңдейтін түйіншек (папула) түріндегі бөрткендер, дерматиттер пайда болуы тән, тері обыры (рак) болуы да мүмкін.
Тәулік ішінде тағам рационымен адам ағзасына, орта есеппен 0,05-0,42 мг мышьяк түседі, яғни 1 кг дене массасына есептегенде, 0,007 мг (Позняковский В.М., 1999). Рұқсат етілген тәуліктік дозасы 0,05 мг/кг дене массасына немесе орта есеппен 3мг/тәулік.
Тағамдық азықтардың мал-шаруашылығында және құс шаруашылығында қолданылатын заттармен және қосылыстармен (қоспалармен) ластануы. Малдардың және құстардың өсуін жылдамдату, салмақ қосылуын көбейту, жұқпалы және паразиттік ауруларды емдеу және құс шаруашылығында әр түрлі қоспалар (дәрумендер, минералды заттар, ферменттер, гормондар, транквилизаторлар, антибиотиктер, сульфаниламидтер, антиоксиданттар т.б.) кеңінен қолданылады.
Антибактериялық препараттар - емдеу-алдын алу мақсаты үшін және малдар мен құстардың семіруін жылдамдату, жемнің сапасы мен сақталуын жақсарту үшін де қолданылады. Жемге қосатын қоспаның құрамына витамицин, бацихилин, кормогризин, фрадизин сыңайлы антибиотиктерді жиі қолданылады, себебі, олар медицинада қолданылмайды. Сондай-ақ, емдейтін-алдын алатын дәрі ретінде тетроциклин қатарындағы антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және басқалар кеңінен қолданылады. Антибактериялық препараттар малдың етінде және сүтінде, құстардың жұмыртқасында жиналуға қабілетті болғандықтан, олардың қалдық мөлшері адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін, атап айтқанда, улы әсерлері дамуы, дәрілерге көптүрлі төзімділік дамуы және ол заттар қоздырғыштардың бір түрінен басқаларына хромосомнан тыс берілу мүмкіншілігі себебінен, адамдарды емдеу кезінде сенсибилизация, дисбактериоз антибиотиктердің емдік әсерінің төмендеуі мүмкін. Сондықтан, малдар мен құстарды рационынан атибиотиктерді шығарғаннан кейін, бұл қоспалар ағзадан толық шығып үлгеретін белгілі бір уақыт өткеннен соң ғана сою керек. Бұл кезең, өте тұрақты және кулинарлық өңдеу кезінде жойылмайтын, тетрациклин қатарындағы антибиотиктер үшін ең ұзағы (8-10 тәулік).
Гормондық препараттар. Малдар мен құстардың өсуін жылдамдату үшін және де салмақ қосуын арттыру үшін қолданылады. Мал мен құсты семірту үшін түзілістік (анаболизмдік) үрдістерді күшейтетін белсенділігі айқын, синтетикалық гормондық препараттар: инсулин, соматотропин, тиреоидтық гормондар, стероидтық гормондар, олардың туындылары мен аналогтары қолданылады. Синтетикалық анаболиктердің табиғи аналогтарынан айырмашылығы, тым тұрақты, зат алмасу айналымына нашар түседі, соның нәтижесінде малдар мен құстардың мүшелері мен тіндерінде жиналады, содан кейін тағам тізбегі бойынша, адам ағзасына түсіп, өзінің биологиялық белсенділігіне байланысты қолайсыз әсерлер тудырады.
Ауыл шаруашылығында құрамында азоты бар жемге қосатын қоспалар-полиакриламид, микробиологиялық синтез жолымен алынатын ақуыз-дәрумендік концентраттар (АДК) кеңінен қолданылады. АДК өндіруге қойылатын талаптардың сақталмауы кезінде, құрамында афлатоксиндер, продуцент-саңырауқұлақтар, әр түрлі флоралар болуы және тағамдық азық-түліктер ластануының себебі болуы мүмкін.
Мал шаруашылығында және құс шаруашылығында қолданылатын дәрілік препараттар мен жемге қосатын қоспалардың тағамдық азықтардағы қалдық мөлшерінің адам ағзасына қолайсыз әсерлерінің алдын алу үшін, оларды қолданудың гигиеналық ережелері сақталуы, тағамдық азық-түліктердегі бұл заттардың қалдық мөлшерлерінің рұқсат етілген мөлшерден аспауына тұрақты түрде бақылау жүргізу қажет.
Тағамдық қоспалар. Бұлар, әдетте, өз бетінше тағам ретінде қолданылмайды, бірақ тағамдық азықтарға белгілі бір қасиет беру, олардың бұзылмауы және сақтау мерзімін ұзарту үшін шектеулі мөлшерде қосылатын табиғи қосылыстр (қоспалар) және химиялық заттар.
Азық-түлік өнеркәсібі 2000 дейін тағамдық қоспаларды пайдаланады, оларды қолдануға мамандандырылған халықаралық ұйым тағамдық қоспалар мен контаминаттар жөніндегі ДЖДҰ/ТАҰ (ФАО/ВОЗ) сарапшыларының біріккен комитеті (ДЖЕКФА) рұқсат береді. Жаңа тағамдық қоспаларды қарап талқылауман және олардың әр түрлі тағамдық азықтардағы деңгейлерін бекітумен тағамдық азық-түліктерге стандарттар дайындау жөніндегі ДЖДҰ/ТАҰ (ФАО/ВОЗ) комиссиясы - комиссия “Кодекс алиментариус” айналысады. Барлық тағамдық қоспаларды осы комиссия халықаралық цифрлық жүйе (International Numbering System INS) түрінде кодпен жазған. Еуропалық бірлестік елдерінде әрбір тағамдық қоспалардың цифрлық индексі алдында (Europe) Е әрпі қойылады.
Тағамдық қоспалардың келесі топтарын бөледі: Е 100-182 -бояғыштар; Е 200 және одан әрі қарай консерванттар; Е 300 және одан әрі қарай антитотықтырғыштар; Е 400 және одан әрі қарай - консистенция стабилизаторлары (сұйықтық немесе қоюлық дәрежесін тұрақты етуші заттар); Е 500 және одан әрі қарай эмульгаторлар; Е 600 және одан әрі қарай - дәмі мен хош иісін күшейтетіндер; Е 700-800 және одан әрі қарай - қордағы (басы артық тұрған) индекстер; Е 900 және одан әрі қарай - антифламингтер, көбікке қарсы заттар; Е 1000 және одан әрі қарай - глазирлеуші (жылтырататын) заттар, тәтті дәм беретіндер, қанттың, тұздың, ұнның, крахмалдың және басқалардың нығыздалып қалуына кедергі жасайтын қоспалар.
Консерванттар- азық-түлік бұзылуының алдын алу және олардың ұзақ сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Консерванттар ретінде, күкірттің қосылыстары (натрий сульфиті, натрийдің метабисульфиті, натрийдің қышқыл сульфиті), сорбин және бензой қышқылдары, сутектің асқын тотығы, гексаметилентетрамин, дифенил, бифенил, о-фенилфенол, калийдің нитраттары мен нитриттері, нафтехинондар және басқалар кеңінен қолданылады.
Күкірт қосылыстарының консервілеуші (бұзылудан сақтайтын) әсері, осы қосылыстардан бөлінетін күкірт ангидридімен байланысты. Ол зең саңырауқұлақтарының, ашытқылардың, аэробты микрофлорлардың өсуін тежейді (тоқтатады). Күкірт ангидриді ағзаға артық түскен кезде, улы әсері пайда болуы мүмкін. Сондықтан, ДЖДҰ/ТАҰ (ФАО/ВОЗ) күкіртті ангидридтің 0,7 мг/кг дене массасына келетін мөлшерін қолайлы тәуліктік қабылдау деңгейі деп орнатты. Сорбин қышқылының улылығы аз, адам ағзасында сірке және β-оксимай қышқылдарын түзіп алмасуға түседі. Ол, негізінен микроскопиялық саңырауқұлақтардың өсуін тоқтатады. Жемістен, көкөністен, жұмыртқадан, ұннан жасалған тағамдарды, ет және балық өнімдерін, маргариндерді, сырларды, шарапты консервілеу кезінде кеңінен қолданылады. Бензой қышқылы ашытқылардың (дрожжи), майқышқылды ашу үрдісіне қатысатын бактериялардың өсуін басады, бірақ зеңдендіргіш саңырауқұлақтарға, сүт қышқылдық микрофлораға, сірке қышқылды ашу үрдісіне қатысатын бактерияларға әсер етпейді. Тек, өте үлкен мөлшерінде ғана улы әсер етеді. Адамға арналған рұқсат етілген тәуліктік дозасы - 5 мг/кг. Гексаметилентетрамин арқан балықтың (лососьтің) уылдырығын консервілеу үшін және ашытқы культурасын өсіру үшін колданылады. Консервілеуші қасиеті, гексаметилентетрамин тотығуы кезінде пайда болатын формальдегидпен байланысты. ДЖДҰ ұсынуы бойынша, рұқсат етілген тәуліктік дозасы - 0,15 мг/кг аспауы қажет.
Дифенил, бифенил, о-фенилфенол, микроскопиялық саңырауқұлақтардың өсуін тоқтатады, шетелдерде цитрус тұқымдасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл қосылыстардың улылығы орташа, сондықтан цитрус тұқымдасын қолдану алдында мұқият жуу қажет. Дифенилдің рұқсат етілген тәуліктік доасы 0,05 мг/кг дене массасына, ал о-фенилфенол үшін - 0,2мг/кг.
Натрий мен калийдің нитраттары мен нитриттері микробтарға қарсы зат ретінде ет және сүт өндірісінде қолданылады. Улы әсері және РЕТД туралы жоғарыдан қараңыз.
Антитотыққыштар. Тағамның құрам бөліктерінің ауа құрамындағы оттегінің, жарықтың температураның, технологиялық факторының әсерінен жүретін тотығуының алдын алу үшін қолданылады. Тотығуы, тағамның (азықтың) тамақтық құндылығының төмендеуіне және улы аралық, ақырғы өнімдер пайда болуының салдарынан, тағамға пайдалануға жарамсыз болуына әкеп соғады.
Шұжық өндірісінде фарштың ылғал байланыстыратын қабілетін арттыру мақсатында натрий фосфатын және бір-, екі-, үш- және төрт орнын басқан (1,2,3,4-х замещенный) натрийдың пирофосфатын қолданады, олар еттің табиғи фосфаты болып табылатын ортофосфаттарға дейін гидролизденеді. Сонымен бірге, тағамдық қоспаларды қоса есептегенде, тәуліктік рациондағы фосфаттардың РЕТД 1 кг массасына 70 мг-нан аспауы қажет, себебі, фосфаттардың ағзаға артық түсуі, фосфор-кальций алмасуының бұзылуына және нефрокальциноз дамуына әкеп соғады.
9.3. Этиологиясы анықталмаған тамақтан уланулар. Уланудың бұл тобына, жіті бұлшық еттердің ауыратын ұстамасымен және ет талшықтарының некрозы салдарынан пайда болатын зәрмен бірге миоглобин бөлінуімен сипатталатын алиментарлық пароксизмалды-уланудан пайда болатын миоглобинурия ауруы кіреді. Өзінің басқа аттарын гафф, юкса, сартланд аурулары деп аталуы, аурудың кездескен жерлері бойынша айтылған. Аурудың пайда болу себебін, улылық қасиет пайда болған балықты тағамға қолдануменен байланысты деп санайды. Басқа пікірлер де бар, бірақ, улы бастаманың табиғаты аяғына дейін анықталмаған.
10. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылау.
10.1. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылаудың негізгі бағыттары.
Қоғамдық тамақтандыру орындарынан тамақтану, қазіргі кезде өте кең таралған тамақтану түрі, іс жүзінде әрбір адам қалай да болса, бір күн ішінде әр түрлі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының кең жүйесі: асханалар, мейрамханалар, кафе, шайханалар, үй асханасы және басқалардың көрсететін қызметін пайдаланады. Мұнан басқа, халықтың едәуір бөлігі ұйымдасқан ұжымда болып тамақтанады, мысалы, кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар тобында, мектепте оқитын немесе балалар бақшасындағы балалар тобында, ауруханада жатқан аурулар және басқалар. Ұйымдасқан ұжымда тамақтанушылар, тәуліктік рационды толық алуы мүмкін (ауруханаларда, шипажайларда, мектеп интернаттарда, қарттар үйінде, әскери бөлімдерде) жарым-жартылай алуы мүмкін (балалар бақшаларында, мектептерде, кәсіпорындарда және басқаларда). Тамақтанудың құндылығын, сондай-ақ оның гигиеналық және эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыруға және оны бақылауға байланысты.
Санитарлық нормалар мен ережелердің орындалуына жүргізілетін сақтық және ағымдағы санитарлық бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары іске асырады. Олар қоғамдық тамақтандыру нысандарын жоспарлы немесе кейбір жағдайларда жоспардан тыс тексереді. Тұрақты күнделікті бақылауды ауруханаларда, балалар емханасында, мектептерде, бала бақшаларда, кәсіпорындарда жұмыс істейтін дәрігерлер және ортаңғы медицина қызметкерлері жүргізеді.
Тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуына жүргізілетін медициналық бақылаудың негізгі міндеттері:
Бұл мәселелерді келесі шараларды іске асыру арқылы шешуге болады:
Ұиымдастырылған әр түрлі ұжымдардағы тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар бір-біріне ұқсас, олар ҚР «Қоғамдық тамақтандыру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» СанЕменН-де (4.01.069.03) жазылған. Сонымен бірге, қызмет көрсететін контингенттің айырмашылықтарына байланысты, кейбір ерекшеліктері де бар. Мысалы, ауруханаларда негізгі міндеттерінің бірі, емдәмдік тағаммен қамтамасыз ету, балалар мекемелерінде - жасына байланысты тағам қажеттілігін және рационның балансталғандығын әбден толықтыру, кәсіпорындарында рационалды тамақтанудың емдік алдын алу бағыттылығын іске асыру, т.б. Тамақтандыратын ұйымдардың өзіне тән ерекшелігінің аспектілері, сол нысандарға қатысты нормативтік және нұсқаулық құжаттарда баяндалып жазылады.
Тамақтануды медициналық бақылаудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын тамақтанудың құндылығын гигиеналық бағалау жеке адамның немесе ұймдастырылған ұжымдардың тағам рационының мөлшері мен сапасының оларға энергия мен тамақтық заттардың физиологиялық қажеттіліктеріне адекваттылығын (сәйкестігін), рационның балансталғандығын, тамақтану режимінің және тағамдық азықтарды таңдап алудың дұрыстығын анықтаудан тұрады. Іс жүзіндегі тамақтануды зерттеуді әр түрлі әдістермен жүргізеді, бірақ мәзір-жіктемесі бойынша, есептеу әдісі, тамақтану статусының көрсеткіштері бойынша жеке адамның тамақтануын бағалау, зертханалық әдісі бәрінен де жиі қолданылады. Қоғамдық тамақтандыруда тұрып толық тәуліктік рацион алатын ұйымдастырылған ұжымның (ясли, балабақша, балалар үйі, мектеп-интернаттар, ауруханалар, өнеркәсіп және ауылшаруашылық жұмысшыларының жеке топтары және басқалар) тамақтануының құндылығын мәзір-жіктемесі бойынша есептеу әдісімен жүргізеді. «Тағамдық азықтардың химиялық құрамы» жөніндегі кестелердің көмегімен, тағамды әрбір қабылдаулар бойынша жеке және түгелдей тәулік бойынша мәзір-жіктемесінде көрсетілген азықтар мен дайын тағамдардың энергиялық құндылығын және негізгі тамақтық заттардың мөлшерін анықтайды. Содан соң, дайын тағамның іс жүзіндегі химиялық құрамы мен энергиялық құндылығын есептеуден табылған мәліметтерге және зерттеуге алынған топтағы адамдарға арналған тамақтық заттар мен энергия қажеттілігінің нормаларына сәйкес келуін анықтайды, рационның балансталғандығын анықтайды, тамақтану режимін және азық-түлік жинағының толықтығын бағалайды. Мәзір-жіктемесі бойынша тамақтануды талдау, дәрігер-гигиена мамандары мен емдеу саласындағы дәрігерлердің практикасында жеке адамның және ұжымның тамақтануын бағалау үшін кеңінен қолданылатын қарапайым әдістердің бірі. Бірақ есептеу әдісінің дәлдігі жеткіліксіздеу, бұл әдіспен алынған мәліметтерді оқтын-оқтын тағам рационына зертханалық талдаулар жүргізіп тексеріп отыру керек. Зертханалық әдіс, дайын тағамның энергиялық құндылығын және оның құрамындағы негізгі тамақтық заттардың мөлшерін химиялық жолмен анықтаудан тұрады. Тағамның химиялық құрамы мен энергиялық құндылығын анықтауды ұйымдастырылған ұжымдарда жоспарлы түрде, кем дегенде 3 айда бір рет санитарлық-эпидемиологиялық басқармада (СЭБ) жүргізеді. Сондай-ақ, шикі азықтарды қазанға толығымен салмағаны жөнінде күдік болғанда немесе тағам мәзірінде көрсетілген тағам шығымының массасында ауытқулар болған кезде де жүргізеді.
Клиникада адамның тамақтану жағдайы туралы «тамақтану статусының» көрсеткіштері бойынша пікірге келеді. Тамақтану статусы бұл, адамның іс жүзіндегі тамақтануының әсерінен, белгілі бір дәрежеде қалыптасқан, оның денсаулық жағдайының көрсеткіштері. Тамақтану статусын бағалау үшін антропометрлік мәліметтер (бойының ұзындығын, дене массасын, масса-бойы көрсеткіштері, тері астылық май қабатының қалыңдығын), клиникалық қарап байқау мәліметтері (дәрумендер жетіспеушілігінің немесе артық түсуінің, семіру немесе гипотрофия белгілері), биохимиялық зерттеулердің (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың) алмасуының көрсеткіштері, дәрумендердің қанның құрамындағы мөлшері және несеппен шығуының көрсеткіштері), әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайын зерттеу мәліметтері қолданылады.
Тамақтану статусын әдеттегі, үйлесімді (оптималды) жеткіліксіз деп бөледі. Әдеттегі тамақтану статусы кезінде адам қалыпты жағдайда өмір сүруі үшін жеткілікті нормалар бойынша тамақтанады. Экстремалды жағдайларды ескеріп, арнайы нормативтер бойынша тамақтану түріне үйлесімді тамақтану статусы тән. Артық және жеткіліксіз тамақтану статусы тамақтық заттардың ағзаға артық, не жеткіліксіз түсуімен байланысты.
Тамақтанудың құндылығын бағалау кезінде рационның құрамына кіретін азықтардың жиынтығы міндетті түрде зерттелуі тиіс. Қазіргі жағдайда энергия шығынының төмендеуіне байланысты, халықтың көпшілік топтарына арналған рационның энергиялық құндылығын төмендету қажеттілігімен және сол бір уақытта ағзаның негізгі макро- және микронутриенттермен қамтамасыз етілуі сақталуының қажеттілігі арасында дисбаланс пайда болады. Ағзаны макро- және микронутриенттермен тиісті деңгейде қамтамасыз ету қиынға соғады, себебі, негізгі тамақтық заттар энергия көзі бола тұра, рационның энергиялық құндылығын жоғарылатады. Рационның әр түрлі болуы, оның нутриентограммасын жақсы баланстауға, берілген деңгейде энергиямен қамтамасыз ету кезінде барлық қажетті тамақтық заттардың ағзаға түсіп отыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, энергия шығыны аз (2200 ккал кем) кезде, бұған барлық уақытта бірдей қол жеткізе алмайды, сондықтан байытылған азықтарды, не тағамдық қоспаларды қолдану қажет.
Күнделікті қабылдайтын тағамдарға сүт, сүт өнімдері, дәнді дақылдардан жасалған өнімдер және нан, ет және ет өнімдері, көкөністер және жемістер, сары май және өсімдік майлары жатады. Аптасына бірнеше рет рационға жұмыртқа, балық және теңізден алынатын азықтарды енгізу керек. Қантты және құрамында қанты бар тағамдарды, кондитерлік өнімдерді, тәтті сусындарды, шұжықтарды, чипстерді, фаствудтерді, майлы тағамдарды қабылдау максималды шектеулер қажет етеді. Тағамдарды қабылдау жиілігі мен мөлшері рационның энергиялық құндылығына байланысты. Мысалы, ағзаның энергия шығыны 2800-3000 ккал кезінде азықтардың орташа тәуліктік жинағына 330-360 г нан, 45-49 г жарма, не макарон өнімдері, 265-285 г картоп, 385-450 г көкөністер, 200-220 г жемістер мен жидектер, 190-215 г ет және ет өнімдері, 50-55 г балық, 0,5 л сүт және ашытқан сүт өнімдері, 30 г сүзбе, 25-30 г сары май, 20-25 г өсімдік майы, 50-80 г қант және кондитерлік өнімдер кіреді. Сөйтіп, рационның көп (60 % дейінгі) бөлігі өсімдік текті азықтармен және шамамен, 35% - жануар текті азықтармен берілуі тиіс. Жануар текті азықтардың 70% дейінгі бөлігі сүт және сүт өнімдері түріндегі тағамдарға берілуі тиіс.
10.2. Емдік және емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану. Ауруханаларда емдік тағаммен (емдәммен) тамкақтандыру ұйымдастырылады, оның мақсаты- жеке тағамдық азықтардың белгілі бір түрлерінен және олардың бір-біріне қосылған түрлерінен жасалған әр түрлі тағам рациондарын дифференциалдап қолдану арқылы емдік эффектісіне қол жеткізу болып табылады.
Емдәммен тамақтандырудың негізгі қағидаларының біріне жататындары:
Профессор М.И. Певзнер ұсынған емдік емдәмдер (столдар) жүйесі тәжірибеде өзін жақсы жағынан көрсетті. Оған 15 стол (емдәм түрі) және олардың өзгертілген түрлері кіреді. Емдәмнің мәзірін құрастырумен дәрігер-емдәм тану маманы немесе емдәм медбикесі айналысады. Мәзір, азықтардың, тағамдар картотекасының ұсынылған орташа тәуліктік жиынтығы және тағамтану институттары дайындаған, шамамен алынған 7-күндік мәзір негізінде 7 күнге құрастырылады. Егер, азықтардың жиынтығында кейбір азық түрлері жоқ болса, онда оны, бекітілген азықтарды өзара алмастыру нормаларына сәйкес басқаларымен ауыстырады. Соңғы жылдарда стандартты емдәмдердің жаңа номенклатурасы енгізілген, онда бұрынғы М.И. Певзнер бойынша қолданылып келген емдәмдерді емдәмнің 5 түріне біріктірген. Ауруханаларда бақылауды дені сау адамдардың тамақтануын ұйымдастыру кезіндегі сияқты, тағамның физиологиялық құндылығына жүргізбейді, бақылауды тағамның ауру ағзаның қоятын талабына және мүмкіншілігіне сәйкес келуіне жүргізеді, басқа сөзбен айтқанда, емдәммен емдеуге бақылау жүргізеді. Аурулардың алатын емдік рациондарының осы емдәмдердің ұсынылған сипаттамасына сәйкес келуін тексереді. Осы мақсатта дәрігер мәзір-жіктемесі бойынша, рационның құрамына кіретін азықтардың жиынтығы мен тағамдарды, энергиялық құндылығын, химиялық құрамын бағалайды, тамақ дайындау технологиясын қадағалайды.
Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануды қолайсыз өндіріс жағдайында жұмыс істейтіндерге қолданылады. Оның мақсаты, ағзаның тосқауылдық қызметін жоғарылату, улардың метаболизмін және олардың ағзадан шығуын жылдамдату, биологиялық белсенді заттардың жоғары дәрежеде болатын шығынын өтеу, ағзаның жалпы резистенттілігін арттыру және зиянды факторлардың әсеріне көп ұшырайтын мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайын жақсарту арқылы алиментарлық жолмен кәсіби патологияның алдын алу. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануда 8 рацион қолданылады. Рацион 1- белсенді заттармен және иондағыш сәулелену көздерімен байланыста болатын жұмыс істеушілерге арналған. Оның құрамына ағзаны сәуле жүктемелерінен қорғауда қамтамасыз ететін және бауырдың антитоксикалық қызметін жақсартатын антиоксиданттар, липотропты заттар кіреді. Рацион 2 - өндірісте бейорганикалық қышқылдармен, металдармен, хлордың және фтордың қосылыстарымен, фосфорорганикалық және цианды қосылыстармен байланыста болатын жұмысшыларға арналған. Оның құрамына қосымша А-дәрумені және С-дәрумені енгізілген. Рацион 2а - хром және құрамында хромы бар қосылыстар өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған. Оның міндеті ағзаның сенсибилизациялануын төмендету, ол үшін рационның құрамына қосымша С, А, РР дәрумендері, S метилметионин, минералды су енгізілген, жас көкөністер мен жемістердің ассортименті (түрлері) көбейтілген. Рацион 3- өндірісте қорғасынның бейорганикалық және органикалық қосылыстармен байланыста болатын жұмысшыларға арналған. Рацион аскорбин қышқылымен, дәрумендері мен тағамдық талшықтарының сақталуы үшін жоғары температурада өңделмеген жас көкөністермен және жемістермен байытылған. Сүт, кефирмен және ашытылған сүт өнімдерімен алмастырылады. Рацион 4- жоғары қысым жағдайында бензол, фенол, хлорланған көмірсутектер, азобояғыштар, мышьяк, сынап өндірісінде жұмыс істейтіндерге арналған. Бауырды және қан түзуші мүшелерді қорғауға бағытталған, соған байланысты құрамында майы аз, бірақ липотропты заттармен және С, В дәрумендерімен байытылған. Рацион 4а- фосфор қышқылымен, сары фосформен, фосфор ангидридімен байланыста болатын адамдарға арналған. Оның құрамына едәуір мөлшерде көкөністер және жануар текті ақуыздар кіреді, бірақ майлардың мөлшері максималды азайтылған, ал сүт, фосфор қосылыстарының ас қорыту жолдарынан сіңуін азайту мақсатында кефирге алмастырылған. Рацион 4б- анилин, толуидин туындыларымен динитрохлорбензолмен және динитротолуолмен жұмыс істейтіндерге қолданады. Мақсаты, ағзаның детоксикациялаушы мүмкіншілігін арттыру, ол үшін рационда өсімдік текті құрам бөліктерінің мөлшерін көбейтеді және рационды С, В1, В2, В6, РР, Е, дәрумендерімен, сондай-ақ глютамин қышқылымен байытады. Рацион 5- көмірсутектермен, этиленгликолмен, фосфорорганикалық пестицидтермен, поимерлік материалдармен, марганецпен өндіріс жағдайында байланысы бар жұмыс істеушілерге қолданады. Оның әсері жүйке жүйесін, бауырды қорғауға бағытталған, бұған лецитині және КҚМҚ көп азықтарды енгізу және қосымша В1 және С дәрумендерін қосу арқылы қол жеткізуге болады. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану, жұмысшылар іс жүзінде жұмыс істеген күндері медицина қызметкерлерінің бақылауымен кәсіпорынның асханасында ыстық таңертеңгі ас немесе түскі ас түрінде тегін беріледі. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтанудың өз алдына жеке түрлері ретінде сүт, ашытылған сүт өнімдері және дәрумен препараттарын беру қолданылады.
10.3. Ауруханалардың ас блоктарын орналастыруға, жоспарлауға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар. Ауруханаларда тамақтандыру, тек тамақ қажеттілігін өтеу мақсатында ғана емес, сонымен қатар өз алдына емдік фактор ретінде де ұйымдастырылады. Сондықтан, ауруханаларда тамақтандыру ұйымдастырылуына жүргізілетін медициналық бақылаудың өзіндік ерекшелігі бар. Емдік тамақтандыру (емдәм тағамы) ұйымдастырылуына дәрігер диетолог немесе емдәмші медбике жауапты. Емдік тамақтандыруға жалпы басшылық бас дәрігерге және емдеу бөлімі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
Ауруханаларда тамақ дайындаудың негізгі екі жүйесі қолданылады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған жүйесінде тағам ас блогы,нда дайындалады да, содан кейін аурухана бөліміне тасымалданады, ол жерде аурулар бөлімнің асханасында немесе палаталарда тамақтанады. Орталықтандырылмаған жүйесінде ас блогында жартылай шикі заттар дайындалады да, емдеу корпустарында ораналасқан толық дайындайтын аспазханаларда олардан тағам дайындалады. Орталықтандырылған жүйесі, өнімділігі жоғары технологиялық жабдықтарды тиімдірек пайдалануға және тамақпен қамтамасыз етудегі медициналық бақылауды қолайлы етуге мүмкіндік береді.
Ең қолайлысы (жұқпалы аурулар корпусынан басқа), ауруханалардың ас блогын бас корпуспен және басқа емдеу корпустарымен жер бетіндегі және жер астындағы өтпелер арқылы байланысқан, жеке тұрған ғимараттарда немесе корпуста орналастыру. Сондай-ақ, тағамның иісі палата бөлімдеріне бармауы үшін ас блогын ғимараттың жоғарғы қабаттарында орналастыруға да рұқсат етіледі. Ас блогының айналасындағы аумақ абаттандырылуы және таза ұсталуы тиіс, оның есік және терезелерінен қашықтығы 20 м кем емес жерде қоқыс салатын контейнерлерге арналған асфальтталған немесе бетондалған алаңқай болуы керек.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы ас блоктарының бөлме құрамы оның түріне байланысты. Ас блоктарын шартты түрде 3 түрге бөледі:
Ауруханалардың ас блоктарында шикізаттарды толық өңдеу циклі жүргізіледі. Бұл біріншіден, дайын тағамдарда бактериялардың өсіп көбеюінің алдын алу қажеттілігімен түсіндіріледі, себебі, диеталық тағам түрінің көбін, алдымен тағамдық азықты майдалап, үгітіп барып дайындайды, ол тағамдық өнімнің арасында микроағзалар тарауына жағдай туғызады. Екіншіден, дайын тұрған жартылай дайын өнімдер емдәмдік технология талаптары жеткіліксіз сақталып жасалуы мүмкін, бұл тағамдардың тамақтық құндылығының төмендеуіне, емдәмдік сапасының жоғалуына, сондай-ақ, тамақтан улану, тағам инфекциялары дамуының қауіп-қатері өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Осыған ұқсас жағдайлар дайын тағамды үлестіретін ас блоктарының жұмыс істеуі кезінде де болуы мүмкін. Оның үстіне, дайын тағамды қайта қыздыру, оның дәмділік қасиетін, тамақтық және биологиялық құндылығын едәуір төмендетеді.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы ас блоктарының құрамына қойма, өндірістік, қызметтік- тұрмыстық, сауда және техникалық бөлмелері кіреді. Ауруханалардың ас блогында сауда бөлмелері жоқ.
Ас блогы бөлмелерін жоспарлаудың және жабдықтарын орналастырудың негізгі қағидасы - шикізаттарды алып келуден бастап, дайын тағамды таратумен аяқталатын технологиялық үрдістің қатал ағымдылықта болуының қамтамасыз етілуі. Технологиялық үрдістің ағымдылығы (бір бағытта жүруі), оның әр түрлі сатыларын бір-бірінен анық ажыратуға, дайын тағамдардың жартылай дайын өнімдермен, шикізаттармен және қалдықтармен, таза және лас ыдыстырдың, т.б. бір-біріне кездесуін, қосылуын, қиылысатын ағымдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Технологиялық үрдістің ағымдылығы, ас блогындағы жеке бөлмелердің өзара дұрыс функционалдық байланыста болуымен қамтамасыз етіледі.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарына азықтарды жеткізіп беру, оларды тасу кезінде ластануына, бұзылуына бөгет болатын барлық шаралар сақталып жүргізілуі тиіс. Тасымалдау үшін арнайы таза көлікті пайдаланады, оған санитарлық төлқұжат беріледі. Оның шанағының ішкі беті жуып алуға болатын материалмен қапталады, қажет болса сөре орнатылады. Жүкті алып жүретін және тиеп, түсіретін адамның жеке өзінің медициналық кітапшасы болуы керек және жұмысты таза арнайы киім, қолқап киіп істеуі керек. Тез бұзылатын азық-түліктер рефрижераторларда тасымалданады. Азықтарды салып таситын ыдыстарда анық көрінетін таңба болуы тиіс. Жеткізіліп берілетін азықтар мен шикізаттар гигиеналық талаптарға сай және міндетті түрде шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау жағдайы көрсетілген жолдама қағазы болуы тиіс. Бұл құжаттарды азықты сақтау мерзімі аяқталғанша сақтайды. Азықтарды қабылдау кезінде, міндетті түрде азықтардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіледі - өнімнің жарамдылығын куәләндіру, сөйтіп өнімнің сапасын куәландыратын журналға тиісті жазу жүргізіледі. Өнімнің сапасын бағалауды өндіріс басшысы немесе оның орынбасары, бригадир - аспаз және диетдәрігер жүргізеді. Келесідей өнімдерді қабылдауға болмайды: сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін жолдама құжаттары жоқ шикізаттар мен тағамдық азықтарды; малдәрігерлік куәлігі жоқ ет, балық, құс еті, сорпалық жинақ, ішек-қарын және таңбасы жоқ ет; тікелей немесе жанама бұзылғандық белгілері бар азық-түліктер және шикізаттар; сальмонеллез жөнінде ойдағыдай емес шаруашылықтан әкелген жұмыртқаларды, үйректің және қаздың жұмыртқасын; үйде дайындалған тағамдық өнімдерді; жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді.
Қабылдап алған азықтарды қойма бөлмелерінде сақтайды. Қойма бөлмелеріне әр түрлі алаңқайлар, етті, балықты, сүт өнімдерін, көкөністерді, жемістерді, көк өсімдікті жеке-жеке сақтайтын тоңазытқыш камералар, нанды және құрғақ азық-түліктерді сақтауға арналған суытылмайтын қоймалық бөлмелер жатады. Қойма бөлмелерінің терезелерін, әдетте, солтүстікке қаратып орналастырады және ылғалдылығы мен температурасы жоғары бөлмелерден (ыстық және кондитерлік цехтар, ыдыс жуатын бөлме, дәретхана және сол сияқтылар) қашық орналастырады.
Ас блогында азықтарды ұзақ сақтауға рұқсат етілмейді. Тез бұзылатын азықтардың (ет, балық, сыр және басқалар) қорын 3 күннен аспайтын етеді. Сүтті күн сайын әкеледі. Сары майдың қоры 10 күннен артық сақталмауы тиіс. Тез бұзылатын азық-түліктер тоңазытқыш камераларда сақталады. Шикі және дайын тағамдық өнімдер жеке тоңазытқыш камераларда сақталуы тиіс. Көпшілік азықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш камералардағы температура +2+8С аралығында болуы керек. Кішілеу қоғамдық тамақтандыру нысандарында (орын саны 50-ден аспайтын) шикі және дайын тағамдар жеке-жеке сақталатын жағдайда бір тоңазытқыш камера болуына рұқсат етіледі. Мұндай камералардағы температура +2С, яғни балық, балық өнімдері, жұмыртқа, сыр-сүзбе өнімдері іспеттес өте тез бұзылатын азықтарды сақтауға арналған температура диапозонының жоғары межесінен аспауы керек (8.15. кесте).
Ет, егер, тоңазыған ұша түрінде әкелінсе, ілмекке іліп қойып сақтайды, мұздатылғаны (мұз болып қатқаны) сөреде сақталады. Басқа азықтарды жеткізіп берушінің ыдысында сақтайды немесе таңбаланған таза ыдысқа ауыстырып салады. Нанды күн сайын әкеледі де, желдетуге арналған тесіктері бар шкафтың сөресінде немесе үлкен жәшікте сақтайды. Сөрелерді, нанда «картоп ауруы» дамуының алдын алу үшін, аптасына кем дегенде бір рет 1% сірке қышқылы ертіндісімен сүртіп тұрады. Бидай нанын ашып кетпеуі үшін, қара бидай нанынан бөлек сақтайды. Сары май және сырлар бөгде иісті өзіне тез сіңіреді, сондықтан оларды өткір иісті азықтардан бөлек зауыттың ыдысында немесе суырмада пергамент қағазына орап сақтайды.
Құрғақ азық-түліктерді сөрелерде сақтайды, бұл кезде азықтың ластануының және ылғалдануының алдын алу үшін еденнен қашықтығы (биіктігі) 15 см кем болмауы тиіс. Картопты және басқа да тамыр жемістерді құрғақ, қараңғы бөлмеде, орам жапырақты - жеке сөрелерде немесе жәшіктерде, ашытылған немесе тұздалған көкөністерді - бөшкелерде температурасы 10С жоғары емес жағдайда, жемістер мен көк өсімдіктерді - температурасы 12С жоғары емес салқын жерде жәшіктерде сақтайды. Мұздатылған (мұз болып қатырылған) көкөністерді, жемістерді, жидектерді жеткізіп берушілердің ыдысында температурасы төмен мұздатқыш камераларда сақтайды. Жаңа өнімнен жиналған және бұрынғы өнімнен жиналған көкөністер бөлек сақталуы керек.
Ас блогының өндірістік бөлмелерінде шикізаттарды өңдеу және тағам дайындау жүргізіледі. Бұл бөлмелердің құрамына кіретіндері: етке, балыққа, көкөністерге арналған, әрқайсысына жеке, дайындау бөлмелері; дайын тағамдарды даярлауға арналған цехтар; жоғары температурада өңдеуге жатпайтын тағамды даярлауға арналған суық цехтар (салаттар, бутербродтарды, т.б.); жоғары температурада өңдеу арқылы тағам дайындауға арналған асхана (ыстық цех); кондитерлік цех; нан кесетін орын; дайын тағамдарды үлестіретін жері; асхана ыдыстарын, ас үй ыдыстарын жуатын бөлме.
Өнім аз шығаратын қоғамдық тамақтандыру нысандарында технологиялық үрдістерді, жеке жұмыс аймақтарына бөлінген бір бөлменің ішінде жүргізуге рұқсат етіледі.
8.15.-кесте
Өте тез бұзылатын азықтарды сақтау және сату мерзімдері.
Азықтардың аталуы |
Сақтау мерзімі (сағат), артық емес |
Сақтау температурасы, С |
Сиыр, шошқа, қой, ешкі, жылқы, түйе еттерінен жасалған жартылай дайын өнім |
||
ірі кесекті |
48 сағ. |
+2-ден +6-ға дейін |
өлшеп буылған (0,25-тен 1 кг дейін) |
36 сағ. |
+2-ден +6-ға дейін |
Ұлттық тағамдар: шұжық, қазы, қарта, қабырға, жая, жал, қазақстандық әсіп |
30 тәулік |
-18-ден жоғары емес |
Тоңазытылған құстың және қоянның еті |
48 сағ. |
+2-ден +6-ға дейін |
Мұздатылған (мұз қатқан) құстың қоянның еті |
20 тәулік |
-18-ден жоғары емес |
Пісірлген шұжық (колбаса) |
||
жоғары сұрыпты және сұрыпы жоқ |
72 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
бірінші және екінші сұрыпты |
48 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Сосискалар және сорделькалар |
48 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Тоңазытылған барлық балық түрлері |
48 сағ. |
0-ден -2-ге дейін |
Мұздатылған, глазирленген (жылтыратқан) балық және балық өнімдерінің барлық түрлері |
24 сағ. |
0-ден -8-ге дейін |
Пастерленген сүт, қаймақ |
36 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Ашытқан сүт өнімдері |
36 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Табиғи қымыз және сиыр сүтінен жасалған қымыз |
48 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Шұбат (қымыран) |
72 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Майлылығы 20,25,30% ашытқан қаймақ |
72 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Майлылығы 15% және одан да төмен ашытқан қаймақ |
36 сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Майлы және диеталық сүзбе |
36сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Майынан ажыратылған сүзбе |
24сағ. |
+2-ден +8-ге дейін |
Полимерлік материалдан жасалған қорапшадағы қаймақтан жасалған сырлар: |
||
тәтті және жеміс қосылған |
48 сағ. |
0-ден +2-ге дейін |
ащы татымдық қосылған, кеңестік, рокфор |
72 сағ. |
0-ден +2-ге дейін |
Өлшеп оралған сарымай |
10 тәулік |
0-ден +2-ге дейін |
Стерильденген, біркелкі етілген сүт және қаймақ |
21 күн |
+2-ден +6-ға дейін |
Саңылаусыз ыдысқа буып-түйілген пастерлеген сүт, айран «Ерекше», «Классикалық», биоайран, 1% айран |
5 тәулік |
+2-ден +6-ға дейін |
Айран «Бифидок», ряженка |
7 тәулік |
+2-ден +6-ға дейін |
Ішетін йогурттар |
14 тәулік |
+2-ден +6-ға дейін |
Балалар тағамына арналған өнімдер: |
0-ден +2-ге дейін |
|
Бөтелкедегі балалар айраны, балалар сүзбесі, бөтелкедегі ацидофильдік қоспа «Малютка» |
24 сағ. |
+2-ден +6-ға дейін |
Пакеттегі балалар айраны, пакеттегі ацидофильдік қоспа «Малютка» |
36 сағ. |
+2-ден +6-ға дейін |
Балалар сүтханасының өнімдері сүт, қаймақ, ботқа, (биолакт, айран, сүзбе, балдырған) |
24 сағ. |
+2-ден+6-ға дейін |
Жұмыртқалар |
20 тәулік |
0-ден -2-ге дейін |
Өндірістік бөлмелер өтпелі болмауы керек. Азықтарды біріншілік өңдеу жүргізілетін дайындау бөлмелерін қойма бөлмелері мен ас үйінің арасында орналастырады. Көкөніс цехында көкөністерді, тамыр жемістілерді, картопты тазалау, жуу және өңдеу жүргізіледі, ет және балық цехтарында ұшаларды, қалыпқа салып мұздатылған өнімдерді жібітеді және жартылай дайын өнімдер (тартылған ет, котлеттер, т.б.) даярлайды, балықты жібітеді және тазалайды, т.б. істейді. Кішігірім ас блоктарында етті және балықты біріншілік өңдеу жұмыстарын бір бөлмеде жүргізуге рұқсат етіледі, бірақ оларды өңдеу жүргізіетін жолдары (бағыты) міндетті түрде бөлінуі тиіс.
Көкөніс цехы көкөністерді сақтайтын бөлмеге және тиетін жерге жақын орналасуы керек, себебі, көкөністер ластанған болуы мүмкін, оларды өндірістік бөлмелердің дәлізімен жүріп тасымалдау, басқа бөлмелердің ластануына әкеп соғуы мүмкін.
Ас үйі қойма бөлмелерінен қашық орналасуы тиіс, бірақ дайындау бөлмелерімен, ас үлестіру орнымен, аспаздық цехпен және ас үйі ыдыстарын жуатын бөлмемен жақсы байланыс жолдары болуы тиіс. Суық цехты әдетте, ас үлестіру орнына және ас үйі ыдыстарын жуатын бөлмеге жақын орналастырады, бірақ ас үйінен максималды оқшау етеді, себебі, бөлмеде температура жоғарылауы салқын тағам түрлерінде микробтардың өсіп-өну қаупін арттырады. Кондитерлік өнімдер, әсіресе кремді өнімдер микробтармен тез ластанып, тамақтан уланудың себебі болу мүмкіндігіне байланысты, кондитерлік цехты орналастыруға қатал талаптар қойылады. Кондитерлік цехты дайындау цехтары мен қойма бөлмелерінен басқа жақта орналастырады.
Асхана және ас үйі ыдыстарын жуатын бөлме бір-бірінен бөлек болуы керек, себебі, асхана ыдысы ас үйі ыдысын ластайтын көзі болуы мүмкін. Ас үйі ыдыстарын жуатын бөлмені, әдетте, ыстық және суық цехтардың жанында орналастырады, бірақ қалдықтарды тастайтын камерамен де байланыс болуы тиіс.
Өндірістік бөлмелердің цехтарында жақсы табиғи жарық болуы тиіс. Бөлмелерінің ысып кетуін азайту үшін ас үйін, суық және кондитерлік цехтарды ғимараттың солтүстік, солтүстік-шығыс немесе солтүстік-батыс жағында орналастырады. Өндірістік бөлмелерде өзінің жеке тоңазытқыштары болуы тиіс, оларда шикі азықтарды немесе жартылай дайын өнімдерді және дайын тағамдарды бөлек сақтайды.
Қызметтік-тұрмыстық бөлмелер (өндірісті менгерушінің кабинеті, гардероб, душ бөлмесі, ас жаулықтар бөлмесі, қызметкерлердің дәретханасы), өндірістік және қойма бөлмелерінен оқшау бір блок етіп орналастырады. Гардероб бөлмесінде жеке киімдерін және санитарлық киімдерді бөлек сақтауға арналған шкафтар орнатады. Гардероб бөлмесінің жанында душ бөлмесін орналастырады. Оны бір ауысымда жұмыс істеушілердің жартысынан әрбір 15 адамына бір душ қондырғысы есебінен орнатады. Дәретханалар жұмыс орнынан қызметкерлер үшін ыңғайлы қашықтықта болуы тиіс және қол жуатыны, санитарлық киімдерге арналған ілмектері бар шлюзі болуы тиіс.
Бөлмелердің ішкі бетінің өңделуі, оларды жүйелі түрде жуып-сүртіп отыруға мүмкіндік беретін болуы және шаң жинамайтын болуы керек. Өндірістік бөлмелердің қабырғалары 1,8 м кем емес биіктікке дейін глазурленген табақшалармен немесе басқа ылғалдап сүртуге, дезинфекциялауға төзімді материалдармен қапталуы тиіс, ал қойма бөлмелерінде осы биіктікке дейін ылғалға берік сырмен сырланады. Қабырғаларының табақшалардан жоғары тұрған бөлігі және төбесі суэмульсиялық сырмен сырлануы тиіс. Өндірістік бөлмелердің, душ, дәретхана бөлмелерінің еденіне, маймен ластанғанда, тайғақ болмайтын беті түрпіленген немесе томпақтары бар, арнайы керамикалық табақшалар төсейді. Ыдыс жуатын, дайындау бөлмелерінде, ыстық цехтарда еденін, жұмыста пайдаланған су ағып кетуі үшін, канализация трапына қарай еңістеу етіп жасайды. Қойма бөлмелерінде еденді жабу үшін бетон қолдануға болады.
Ас блоктары, технологиялық үрдістерді іске асыру үшін іс жүзіндегі нормаларға сәйкес, қазіргі заманға лайық жабдықтармен, ыдыстармен, мүліктермен жабдықталуы тиіс.
Жабдықтарды жасап шығаратын материалдар, химиялық заттар бөліп шығармауы және тағамның органолептикалық қасиеттерін өзгертпеуі тиіс, қышқылдардың, коррозияның, жоғары және төмен температураның әсерлеріне, механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы тиіс. Механикалық және механикалық емес жабдықтар жасау үшін тот баспайтын болат, алюминий, дюралюминий, полимерлік материалдар қолданылады. Мысалы, дайындау бөлмелеріндегі, ас үйіндегі, суық цехтағы өндірістік столдардың беті жапсары жоқ, тот баспайтын болаттан немесе дюралюминийден болуы керек. Қамырды және көкөністерді өңдеу үшін беті қатты ағаштан жасалған столдарды пайдалануға болады. Бүтін ағаштан ет шабатын жаңғырық (колода) дайындалады. Шкафтардың, сөрелердің, столдардың ластанудан, жәндіктерден, кеміргіштерден қорғау үшін, міндетті түрде биіктігі 15-20 см кем емес аяқтары болуы керек. Барлық столдар қолданылуына сәйкес таңбалануы тиіс. Столдарды белгіленбеген жұмыс түріне пайдалануға болмайды, мысалы, шикізат өңделген столда дайын тағамның салмағын өлшеуге.
Цехтарда жабдықтардың орын-орнына қойылуы технологиялық үрдістің ағымын (бір бағытта жүруін), жабдықты күтіп-ұстау және санитарлық өңдеу үшін оған еркін жетуді қамтамасыз етуі керек. Ең ұтымдысы, жабдықтарды қатар бір түзу бойына орналастыру. Дайындау цехтарында жабдықтар тұрған қатардың (линияның) арасындағы өтетін жолдың ені 1,5 м-ден 3 м дейін болуы тиіс. Ас үйде плитаны, оған барлық жағынан да келетін етіп, орналастыру керек. Жұмыс столдары мен плитаның арасындағы қашықтық 1,5 м кем болмауы тиіс. Қазандар мен пештерді терезеге жақын орналастыру орынды емес, себебі, бұлай етіп орналастыру бөлменің табиғи жарығын төмендетеді.
Әрбір цехқа, өнімдерді өңдеу үшін қажетті (азықтарды бөлетін тақталар, пышақтар, балта, шапқы, балға) өз құрал-жабдықтары бекітіледі. Азықтарды бөлетін тақталарды қатты ағаштан немесе полимерлік материалдардан жасайды. Тақталар тесіксіз, саңылаусыз болуы керек, өйткені, оларды азық-түліктің, тағамның қалдықтары жиналып, микробтар дамуы мүмкін. Азық-түліктерді бөлетін тақталар мен пышақтар оларда өңделетін азықтың түріне байланысты таңбаланады: «ШЕ» - шикі ет, «ШБ» - шикі балық, «ШК» - шикі көкөніс, «ПЕ» - піскен ет, «ПБ» - піскен балық, «ПК» - піскен көкөніс, «көкөсімдік» «АҚ» - ашытылған көкөніс, «шабақ», «Н» -нан, т.т.
Шикі және дайын тағамдық өнімдерді азықтарды бөлуге арналған құрал-жабдықтар бір-бірінен оқшау сақталуы тиіс. Әрбір технологиялық операциялардан кейін құрал-жабдықтарды механикалық жолмен тазалау, жуатын зат қосып, ыстық сумен жуу, ыстық сумен шаю жүргізіледі. Ет шабуға арналған жаңғырықты күн сайын пышақпен тазалап ыстық сумен жуады да, кептіргеннен кейін тұз сеуіп қояды. Ет тартқышты және басқа да тартылған ет тиетін жабдықтарды айрықша тазалықта сақтау керек, себебі, ет тарту кезінде өнімнің барлық жеріне де микробтар таралуына және өсіп-өнуіне де ерекше қолайлы жағдай жасалады. Сондықтан, дайын жартылай өнімдерді тез жоғары температурада өңдеуге жібереді.
Тағамды дайындау және дайын тағамды сақтау үшін, негізінен тот баспайтын болаттан жасалған ыдысты пайдаланады, ол өзінің сапасы жағынан барлық гигиеналық талаптарға сай келеді. Алюминий және дюралюминийден жасалған ыдыстарды, тек тағамды дайындау және қысқа мерзімдік (1 сағ. артық емес) сақтау үшін ғана қолданады. Мырышталған темірден жасалған ыдыстарда дайындауға болмайды, оларды тек су және сусымалы азық-түліктер үшін қолданады. Эмальданған ыдыстарды ас блоктарында қолдану ұсынылмайды, себебі, соғылуы және қатты қызған кезде эмальы зақымдануы мүмкін, соның салдарынан, мұндай ыдыстар ағза үшін зиянды химиялық қосылыстардың көзі болуы мүмкін. Ас үй ыдыстарын еденге қоюға болмайды, ол үшін, әдетте, астына қоятын заттарды, сөрелерді пайдаланады. Асхана және шайхана ыдыстарын шыныдан, фарфордан, фаянстан жасайды. Жарылған, қырлары ұшқан, сынық ыдыстарды пайдалануға тыйым салынады.
Өндірістік бөлмелер мен қоймаларға жасанды жарық түсіру үшін, ылғалдан, шаңнан қорғайтын етіп жасалған шырақтарды қолданады. Шырақтар плитаның, технологиялық жабдықтардың және тағамды үлестерге бөлетін столдың үстінде орналаспауы тиіс. Өндірістік цехтарда сынатын заттарды, айналарды, үй өсімдіктерін сақтауға тыйым салынады. Жуатын, дезинфекциялайтын заттарды қолданып, күн сайын тазарту жүргізілуі тиіс, ал жалпы (генеральная) тазарту және дезинфекция кем дегенде, айына бір рет жүргізілуі тиіс.
10.4. Азықтарды аспаздық өңдеуге қойылатын талаптар. Азықтарды аспаздық өңдеу 2 кезеңді қамтиды: шикізаттарды біріншілік суық өңдеуді және жоғары температурада өңдеуді. Суық өңдеу кезінде жібіту (еріту), жуу, тазалау, майдалау және басқалар жүргізеді. Етті, балықты, құс етін дұрыс жібіту (дефростация), микробтардың өсіп-өнуінің алдын алуға, азықтың сапасын төмендетпеуге мүмкіндік береді. Етті 3-5тәулік бойына температурасы 0-ден +6С дейінгі арнайы тоңазытқыш камерада немесе ет цехындағы өндірістік столдың үстінде +18С жағдайында 12-24 сағат ішінде ерітеді. Баяу жібіту қолайлырақ келеді, себебі, мұндай жағдайда ет біркелкі жылиды, ет сөлінің шығыны минималды, микроорганизмдердің өсу қабілеті төмен. Етті жібіткеннен кейін, ағып тұрған сумен жуады, бұл оның микробтармен ластануын 90-95%-ға төмендетеді. Етті микротолқынды пештерде де жібітуге болады. Етті суда немесе ас пісіретін пештің жанында жібітуге және қайта мұздатуға тыйым салынады. Құс етін де ауада жібітіп, ағып тұрған сумен жуады. Балық және одан жасалған өнімдер ылғалдылығы жоғары болуына тығыз дәнекер тіндерінің болмауына, ішегі ірі тамырларға жақын болуына байланысты етке қарағанда, тезірек бұзылады. Сондықтан, балықты тезірек жібіту керек, ауада жібіткен кезде 10 сағат ішінде, суық суда жібіткен кезде 4 сағаттан артық емес уақытта. Минералды заттардың жоғалуын азайту және микроағзалардың өсіп-өнуінің алдын алу үшін, суға тұз қосады (1л. суға 7-10 г).
Айрықша көңіл аударуды қажет ететін суық өңдеу үрдістерінің бірі, шапқан еттен ет жентегін (фарш) және жартылай дайын өнімдер даярлау. Етті майдалау ет талшықтары бүтіндігінің бұзылуына және бүкіл жентек көлемінде микроағзалардың таралуына әкеп соғады, ал ет сөлі болса, микробтардың өсіп-өнуі үшін жақсы орта. Еттен жасалған жартылай дайын өнімдерде микробтардың өсіп өнуі, өнімді аунатып алатын ұнмен немесе басқа затпен және толтырушы затпен бірге өнімге микроорганиздер енуі нәтижесінде де артуы мүмкін. Сондықтан, ет жентегін және жартылай дайын өнімдер даярлау кезінде, қолды мұқият жуып, пайдаланатын заттар мен ыдысты мұқият өңдеп, осы мақсатқа арнайы арналған жұмыс орнында істеу керек, жасалған жентек пен жартылай дйын өнімдерді тез жоғары температурада өңдеуге жіберу керек.
Көкөністерді өңдеу кезінде, бөлме және жабдықтар топырақпен әр түрлі микробтармен ластанады. Сондықтан, оларды басқа азық-түліктерден оңаша өңдейді. Ластанған, шіріген, бүлінген бөліктерін алып тастайды, сонан соң жуып, тазалап турайды. Түйнегімен тазаланған картопты, тамыр жемістілерді және басқа да көкөністерді 2 сағаттан артық емес уақыт суық суда сақтауға болады, себебі, минералды заттары, крахмалы, С-дәрумені кеміп қалады, ал көкөністің өзі қарайып кетеді. Жоғары температурада өңделмей қолданылатын шикі көкөністер мен көк өсімдіктерді 10 минутқа 3% сірке қышқылының, ерітіндісіне немесе 10% ас тұзының ертіндісіне салып қояды да, содан соң тұрған сумен жуады.
Жоғары температурада өңдеу, тағамның дәмділік сапасын арттыру, көптеген тағамдық азықтардың асқорыту сөлдерінің әсер етуіне ашық болуын қамтамасыз ету, микрофлораларды максималды жою және дайын аспаздық өнімдердің микробтармен қайта ластануын болдырмау мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар, жоғары температурада өңдеу тағамның тамақтық және биологиялық құндылығын едәуір төмендетпеуі тиіс. Температура режимін және өнімді (азық-түлікті) өңдеуге қойылатын талаптарды сақтау, қажетті бактерицидтік тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жоғары температурада өңдеу үшін қайнату, қуыру, бұқтыру, қыздырып пісіру, буға пісіру және басқа да әдістер қолданылады. Зарарсыздандырудың ең сенімді әдісі -қайнату, себебі, қайнату кезінде тағам біркелкі қызады, ал тағамның ішіндегі температура 96С және одан да артық болады. Етті қайнату кезінде, оның жылу өткізгіштігі нашар болуына байланысты, біркелкі қызуына қол жеткізу қиынырақ. Сондықтан, етті 1,5-2 кг-нан үлкен емес кесек түрінде және екі сағаттан кем емес уақыт қайнату керек. Бірақ, ұзақ уақыт қайнату кезінде тамақтақ заттары - дәрумендері, минералды заттары, т.б. едәуір азаяды. Мұндай шығындарды азайту үшін, етті қайнап тұрған суға салу немесе тағамды қазіргі кездегі бу-конвекциялық пештерде дайындау ұсынылады. Бұл пештерде дайындау кезінде, зарарсыздандыру үшін қажетті тағамның терең бөлігіндегі температура едәуір тезірек қамтамасыз етіледі.
Қуыру, әсіресе әрі қарай қыздырып пісіруді немесе бұқтырып пісіруді қолданбай, қатты жанған жалында қуырып тағам дайындау, оның зарарсыздануына мүмкіндік бермейді, себебі, тағамның қызуы біркелкі жүрмейді: сыртқы бетінде температура 180-200С дейін жетеді де, ал арасындағы температура 52-64С шамасында болады. Осыған байланысты, тартылған, шабылған еттен жасалған тағамдарды, котлет қоспасынан жасалған өнімдерді, балықтарды 10-15 мин бойына екі жағын бірдей майда қуырғаннан кейін 10-15 минут бойына 220-250С температура жағдайында духовкада немесе қуыратын шкафта пісуін жетілдіреді. Қуыру кезінде бетінде қабыршық пайда болады, ол қоректік заттардың шығуына кедергі жасап, олардың тағамда сақталуында себепші болады.
Қайнатып пісірген ет пен құс етін үлестеп бөлгеннен кейін немесе бірінші және екінші тағам түрі үшін майдалап турағаннан кейін, міндетті түрде жоғары температурада екінші рет өңделуі қажет - микробтармен қайта ластануының алдын алу үшін сорпада қайнату немесе духовкада 10 минут бойына ыстыққа қақтап алу керек. Дайын болған бірінші және екінші тағам түрлерін ауруларға үлестіргенге дейін 2 сағаттан артық емес уақыт ыстық (температурасы 75С) плитаның үстінде ұстауға болады.
Көкөністер мен жемістерді жоғары температурада өңдеу кезінде, оларда дәрумендерді, бірінші кезекте С дәруменін, минералды заттарды және басқа да биологиялық белсенді заттарды максималды сақтауға тырысады. Осы мақсатта көкөністерді пісіру кезінде, оларды қайнап тұрған суға салады да, С дәруменін жоятын оттегі кірмеуі үшін, бетіне дейін толтырылған қақпағы жабылған қазанда ақырын жанып тұрған жалында қайнатады. Көкөністерді қазанға бір мезгілде салмайды, оларды өңдеуге қажетті уақытты есепке алып барып салады. С-дәруменінің сақталуы жоғары болуы үшін, тағамды тот баспайтын болаттан жасалған ыдыста дайындау керек, сондай-ақ, буда пісіру керек, ол кезде С-дәрумені 80%-ға дейін сақталады. Бұқтырып пісіру, езбе жасау, ыстыққа қақтап пісіру (запеканка), котлет дайындау С-дәруменінің ең көп жойылуына (70-90%) әкеп соғады. Көкөністерден жасалған тағам түрін дайындап болғаннан кейін тез үлестірілуі тиіс. Салаттар мен винегреттерді тоңазытқышта максималды сақтау мерзімі - ас қатық қосылмаған түрінде 12 - сағат, ас қатық қосылған түрінде - 3сағаттан артық емес. Шикі және пастерленген сүтті алғаннан кейін, қайнатып алады және қолдану алдында да қайта қайнатады. Гарнирлерді, тек ыстық қайнаған сумен жуу керек.
Дайын тағамды беру алдында, тағамның органолептикалық көрсеткіштеріне және сапасына бракераж жүргізіледі. Оны құрамына бас аспазшы, дәрігер-емдәм маманы (дәрігер жоқ болса, емдәм медбике), кезекші дәрігер кіретін тағамның сапасын куәландыратын комиссия жүргізеді және олар дайын тағамды аурухананың бөлімдеріне үлестіруге рұқсат береді. Жүргізілген сынама нәтижелерін кезекші дәрігер дайын тағамның сапасын куәландыруды (бракераж) тіркейтін журналға жазады. Бір мезгілде барлық дайын тағамдардан сынама алынады, оларды стерильді жағдайда, тоңазытқышта 48 сағатқа дейін сақтайды. Тамақтан уланулар болған жағдайларда сынаманы СЭБ-ке зертханалық зерттеуге жібереді.
Бракераж жүргізгеннен кейін, тағам термостармен, қақпағы тығыз жабылатын ыдыстармен, термос-арбалармен, мармитті арбалармен (мармит - қыздыратыны бар қондырғы) аурухананың бөлімдерінде орналасқан буфет бөлмелеріне жеткізіледі. Ол жерде үлестіргенге дейін бірінші және екінші тағам түрлері екі сағаттан аспайтын уақыт ыстық плитаның үстінде тұруы мүмкін.
Дайын тағамдарды дайындағаннан кейін, тағамды аурухана бөліміне жеткізген уақытты қоса есептегенде, 2 сағаттан асырмай буфет қызметкері немесе кезекші медбике үлестіруі тиіс. Қызмет көрсететін кіші персоналдар санитарлардың, т.б. үлестіруіне рұқсат етілмеуі тиіс. Тағамды үлестіру кезінде бірінші тағам түрі мен ыстық сусындардың температурасы 75С, екінші тағам түрінің 65С төмен болмауы тиіс. Ауыр науқастардан басқа барлық аурулар палата бөлімінің асханасында тамақтанады. Тағамды әрбір үлестіруден кейін буфет бөлімшесін, дезинфекциялаушы заттарды қолданып, мұқият тазалау керек.
Барлық ас блоктарында келесі құжаттар болуы тиіс: жартылай шикізаттарды, тағамдарды және аспаздық өнімдерді органолептикалық бағалау журналы (дайын тағамдардың бракераждық журналы), ас блогына түскен азықтардың бракераждық журналы, цех қызметкерлерін медициналық тексерулерден өткізу нәтижелерін тіркеу журналы, қызметкерлердің жеке медициналық кітапшалары, тағамдарды С-дәруменімен дәрумендеуді тіркеу журналы.
10.5. Асхана және ас үй ыдыстарын жуу және дезинфекциялау. Асхана ыдыстарын ыдыс жуатын машиналарда жуады. Олар жоқ кезде қолмен жууға рұқсат етіледі. Асхана ыдыстары үш секциялы ваннада жуылады, шыны ыдыстар, асхана аспаптары, ас үй ыдыстары - екі секциялы ваннада. Асхана ыдыстарын тағам қалдықтарынан тазалағаннан кейін, жуғыш заттар қосып бірінші секцияда жуады, сонан соң суының температурасы 40С төмен емес және бірінші секциядағы суға қосылған мөлшерінен екі есе кем мөлшерде жуғыш зат қосқан жағдайда екінші секцияда жуады. Ыдыстарды метал торға орналастырған үшінші секцияда температурасы 65С төмен емес ағып тұрған ыстық сумен шаяды. Ыдыстарды торларда, сәкілерде, сөрелерде кептіреді. Жуғыш зат ретінде синтетикалық жуғыш заттарды, кальцийленген соданы, натрий метасиликатын және басқаларды қолданады.
Ас үй ыдыстарын тағам қалдықтарынан тазаланғаннан кейін, ваннаның бірінші секциясында температурасы 40С төмен емес суға жуғыш зат қосып щеткамен жуады, екінші секциясында темпертурасы 65С төмен емес ағып тұрған ыстық сумен шаяды. Асхана ыдыстары сияқты етіп сөрелерде кептіреді. Асхана аспаптарын (керек-жарақтарын), шыны ыдыстарды ас үй ыдыстары сияқты етіп жуады. Асхана аспаптарын құрғақ ыстық шығаратын шкафта 10 минут бойына аптап алады. Жұмыс күнінің соңында хлорамин, сульфохлорантин, дезоксон, т.б. сияқты қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы заттармен барлық ыдыстарды және керек-жарақтарды дезинфекциялайды.
Ыдыстарды өңдеу үрдістерінің кезектілігі карантин уақытында өзгереді. Ыдысты 1 сағатқа дезинфекциялаушы ерітіндінің біріне (хлорамин 1% ерітіндісі, сульфохлорантиннің 0,5% ерітіндісі және басқалар) салып қояды да, содан соң ыстық сумен шайып кептіреді. Ыдыстарды жууға арналған жөкені, ескі нәрселерді, щеткаларды жуғыш заттармен ыстық суда жуып, дезинфекциялайды немесе қайнатады, кептіреді. Аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде де, алдымен ыдыстарды және тағам қалдықтарын зарарсыздандырады. Әр түрлі жұқпалы аурулар кезінде зарарсыздандырушы заттар мен әдістері тиісті нұсқаулармен анықталады.
10.6. Қызметкерлердің денсаулығы мен жеке басының гигиенасы. Тағам инфекцияларының, аурулардың тамақтан улануларының алдын алу, ас блогында тиісті санитарлық режим жасау, тағамның тамақтық және биологиялық құндылығының сақталуын қамтамасыз ету, көбінде ас блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайына, олардың жеке бас гигиенасының ережелерін сақтауына, санитарлық сауаттылығына және кәсіп түріне қаншалықты маманданғанына байланысты. Ас блогында жұмыс істейтін адамдар әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулар және тамақтан уланулар тудыратын қоздырғыштарының көздері болуы мүмкін. Сондықтан, жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа түсетін әрбір адам терапевттің, гинекологтың, дерматологтың қарауын, кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясын (флюорографиясын), мерезге, созға, жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (СПИД-ке), гельминтоздарға және ішек тобы инфекциясын тасымалдаушылыққа жүргізілетін зертханалық зерттеулерді қамтитын медициналық тексерулерден өтуі тиіс. Медициналық тексеру мәліметтері әрбір персоналда болуы тиіс, медициналық кітапшасына енгізеді. Туберкулездің ашық түрімен, сүйек-буын туберкулезімен, туберкулез жегісімен, лепрамен, ішек инфекцияларымен ауыратындар, іш сүзегі, паратиф, дизентерия таяқшаларын тасымалдаушылар, сондай-ақ ағымдағы жылы осы аурулармен ауырғандар, жыныстық аурулармен, жұқпалы тері ауруларымен ауыратындар, гельминт жұмыртқаларын тасымалдаушылар, іріңді аурулармен ауыратындар және басқалар жұмысқа жіберілмейді.
Ас блогында жұмыс істейтіндер, әрі қарай әрбір 3 айда медициналық тексерулерден өтіп отырады. Жедел гастритпен немесе гастроэнтеритпен ауыратын адамдар, сондай-ақ жедел жұқпалы аурулармен ауыратындармен, ішек инфекцияларымен, полимиелитпен, күл ауруымен (дифтерия), скарлатинамен, қайтадан жұмыс істеуге тек сауыққаннан кейін және бациллотасымалдаушылыққа тексеруден өткеннен кейін рұқсат етіледі.
Күн сайын жұмыс ауысымы басталар алдында медициналық қызметкерлер персоналды қарайды. Терісінде іріңді аурулары, іріңдеген жаралары, күйіктері бар, суық тиіп ауырған, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларымен ауырған және жұқпалы ауруларға күдікті адамдарды жұмыс істеуге жібермейді. Қарау нәтижелерін журналға тіркейді.
Ас блогы қызметкерлерінің санитарлық сауаттылығы, қауіпсіз тамақтануды ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ас блогының қызметкерлері екі жылда бір рет гигиеналық оқу өтіп, санитарлық минимум жөнінде сынақ тапсыруға міндетті. Санитарлық минимум тапсырғаны туралы мәліметтері жеке медициналық кітапшасында белгіленеді.
Тамақтан уланулар мен тағам инфекцияларының алдын алудың қарапайым, бірақ қажетті құрамдық бөлігі, жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау болып табылады. Ас блогының қызметкерлері таза, үнемі ауыстырылып отыратын (2-3 күнде бір рет), арнайы киім киіп жұмыс істеуі керек. Шаштарын қалпақтың немесе бас жаулықтың астына жинап қою керек, зергерлік әшекей заттарды, сағат және басқа да сынатын заттарды қолға кигізбеу және түйрегіштер мен инелерді пайдаланбауы керек. Тырнақтарын қысқа етіп алып тастауы және лак жақпауы керек, тырнақтарының асты таза болуы тиіс. Жұмыс істеу алдында қолдарын сабындап жууы қажет және жұмыс үрдістері кезінде де, лас заттарға қолдары тиген кезде, шикі азықтарды өңдеуден піскен тағамға өтуі кезінде және басқа да жағдайларда. Ас блогынан шығарда және әжетханаға бару алдында арнайы жұмыс киімін шешуі керек, әжетханаға барғаннан кейін қолдарын міндетті түрде сабындап жууы тиіс. Темекі тартуға және тамақ ішуге, тек арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат етіледі.
IX- ТАРАУ. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ГИГИЕНАСЫ.
Балалар ағзасының морфофункционалдық ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері, әр түрлі жас кезеңдеріндегі өсу және даму үрдістерінің сипаты мен қарқындылығы, қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсеріне жоғары сезімталдығы, өсіп келе жатқан ағзаны үлкен адам ағзасынан өзгеше етеді. Сондықтан да балалар мен жасөспірімдерді гигиеналық қамтамасыз ету мәселелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларды зерттеп дайындаумен балалар мен жасөспірімдер гигиенасы айналысады. Ол қоршаған ортаның әр түрлі факторларының балалар мен жасөспірімдер ағзасына тигізетін әсерін зерттейді, адамның қазіргі даму кезеңінде пайда болатын гигиеналық мәселелерді шешу үшін теориялық негіздер жасайды және тек балалар денсаулығын сақтау мен нығайтуға ғана емес, олардың ең жақсы өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге де бағытталған практикалықі шараларды дайындайды.
Адамның кейінгі, үлкен болғандағы денсаулық жағдайы көбінде өсіп келе жатқан ағзаның денсаулық жағдайымен байланысты. Бұл жағдай балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастырудағы және олардың қалыпты өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы гигиеналық шаралардың аса маңызды рөлін бұрынғыдан да артық көрсетеді. Гигиеналық шаралар балалардың тіршілік әрекетінің барлық аспектілерін қамтиды, соған байланысты балалар мен жасөспірімдер гигиенасын шын мәнінде кешенді гигиена пәні деп атауға болады. Мысалы, оның міндеттеріне балалардың күн тәртібінің, тамақтануының, оқуының, дене шынықтыру тәрбиесі мен еңбекке тәрбиелеудің, жасөспірімдерді мамандыққа бағыттаудың, балалар мекемелерін жоспарлау мен жабдықтаудың, балалардың күнделікті пайдаланатын заттарды - киім, аяқ киім, ойыншықтар, кітаптар қолдануының және басқалардың гигиеналық мәселелерін зерттеу мен шешу кіреді.
Балалардың дене дамуы мен нервтік-психикалық дамуын және денсаулық жағдайын зерттеу мен бағалау мәселелері айрықша орын алады, себебі олардың деңгейі, бір жағынан жас ұрпақтың денсаулығын дәлелдейтін болса, екінші жағынан, балалардың өмір сүру мен тіршілік ету жағдайының қолайлылық дәрежесін көрсететін интеграциялаушы көрсеткіш болып табылады.
Балалардың денсаулық жағдайы мен дене дамуы бұзылуларының алдын алу үшін, гигиеналық нормативтер мен талаптарға негізделген, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы дайындаған бірқатар сауықтыру шараларының кешені жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасындағы қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың «үлкендер» гигиенасындағы гигиеналық нормалаудан айырмашылығы бар.
Балаларға тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар, сапа жағынан да үлкен адамдардан айқын айырмашылығы бар биологиялық ерекшеліктер тән:
Сонымен, балалар ағзасы дамуының әр түрлі жас кезеңдері дамуы ағзаның морфологиялық-функционалдық және психологиялық мүмкіншіліктерінің (жетілуін) және қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсеріне сезімталдығының өзіндік деңгейімен сипатталады. Сондықтан, қоршаған орта факторларына орнатылатын гигиеналық нормативтер, сондай-ақ, тіршілік ету жағдайларын оңтайландыру шаралары әр түрлі жас кезеңдерінде біркелкі болуы мүмкін емес. Олар баланың жасы мен жынысына байланысты бөліп көрсетіледі. Осыған байланысты балалар мен жасөспірімдер гигиенасын жиі «жасқа байланысты гигиена» деп те атайды.
Жас кезеңдеріне бөлудің көптеген жіктелулері ұсынылған. Қазіргі уақытта ағзаның өсуі мен дамуының морфологиялық-функционалдық ерекшіліктеріне негізделген, биологиялық жас кезеңдеріне бөлу кеңінен қолданылады (9.1-кесте). Ол 1965 жылы Мәскеудегі Халықаралық симпозиумде қабылданған.
Бала емдеу практикасында, биологиялық жас кезеңдеріне бөлумен қатар, бөлудің әлеуметтік қағидасына негізделген, әлеуметтік кезеңге бөлу де қолданылады. (9.2.-кесте).
Әлеуметтік жас кезеңдеріне бөлу биологиялық кезеңдерге бөлуге қайшы келмейді. Ол көп жылдар бойына қалыптасқан балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсету жөніндегі практикалық жұмыстардың ұйымдастырылуына бейімделген. Мысалы, бөбекханалар мен балабақшаларындағы топтарды комплектациялау әлеуметтік жас кезеңдеріне бөлумен сәйкес жүргізіледі. Әлеуметтік кезеңге бөлуде 15-18 жастағы балалар бозбалалық топқа емес, жасөспірімдік топқа жатқызылады, себебі биологиялық жас кезеңдеріне бөлуде бозбалалық топқа 18 жастан асқан адамдар да кіреді, ал, кәсіптік оқу мен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар, сондай-ақ, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер кәмелетке толған немесе толмаған адамдарға бірдей емес.
9.1.- кесте
Биологиялық жас кезеңдеріне бөлу
Жас кезеңі |
Жасы |
Нәрестелік кезең |
1-10 күн |
Емшектегі кезең |
10 күн - 1жас |
Ерте балалық шақ |
1-3 жас |
Бірінші балалық шақ |
4-7 жас |
Екінші балалық шақ ұлдар |
8-12 жас |
қыздар |
8-11 жас |
Жасөспірімдік шақ ұлдар |
13-16 жас |
қыздар |
12-15 жас |
Жастық (бозбалалық) шақ ұлдар |
17-21 жас |
қыздар |
16-20 жас |
9.2.- кесте
Әлеуметтік жас кезеңдеріне бөлу
Жас кезеңі |
Жасы |
Нәрестелік кезең |
1-28 күн |
Емшектегі кезең |
1жасқа дейін |
Мектепке дейінгінің алдындағы кезеңі (бөбектік) |
1 жастан 3 жасқа дейін |
Мектепке дейінгі |
3 жастан 7 жасқа дейін |
Кіші мектептік |
7-10 жас |
Орта мектептік |
11-14 жас |
Жоғары мектептік кезең (жасөспірімдік) |
15-18 жас |
Сонымен, әлеуметтік жас кезеңдеріне бөлу биологиялық жас кезеңдеріне бөлумен көп жерлері ұқсас бола тұра, ол қоғамның әлеуметтік жағдайларымен байланысты аспектілерін де ескереді.
1. Балалардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі өсуі және даму ерекшеліктері. Бала ағзасының даму үрдісі үнемі жүріп отыратын сандық және сапалық өзгерістермен сипатталады. Сандық өзгерістері - өсуі деп жеке мүшелер мен тіндердің және бүкіл ағзаның өлшемі мен массасының үлкеюін түсінеді. Сапалық өзгерістері - дамуы деп, тіндер мен мүшелердің құрылымдық дифференциялдануын және олардың қызметтерінің кеңеюі мен жетілуін айтады. Өсу мен даму әр түрлі жас кезеңдерінде біркелкі жүрмесе де, олар даму үрдісінің бір-бірінен бөлінбейтін екі жағы болып табылады. Бұл кезде бір тіндерде немесе бір мүшелерде сандық және сапалық өзгерістер бір мезгілде қарқынды жүре алмайды, себебі ол ағзаның энергиямен қамтамасыз етілу ерекшеліктеріне байланысты,. Өсу үрдістері күшейген кезде, дифференциялдануы баяулайды, керісінше, дифференциялдану күшейген кезде, өсу баяулайды.
Өсу мен даму үрдістері бала өмір сүруінің алғашқы жылдарында қарқындырақ жүреді. 1 жасқа толған кездің өзінде баланың дене ұзындығы 1,5 есеге, (23-25 см), ал массасы - 3 есеге үлкейеді (6 кг). 2-3 жастағы балалардың бойы мен массасының жыл сайынғы өсімі біраз төмендейді. Бойының ұзындығы орташа есеппен 8-10 см, массасы 4-6 кг артады. 4-7 жаста дене ұзындығының әр жыл сайынғы өсімі одан да төмен - 5-8 см болады. Дене массасының қосылу қарқындылығы да төмендейді - орта есеппен әр жыл сайын 2 кг ғана қосылады. 8-10 жастағы балалардың бойлары бір жылда 4 -5 см, ал массасы 2-3 кг өседі.
Пубертаттық кезеңде (11-15 жас) бойның ұзындығы мен дене массасының өсу қарқындылығы қайтадан жоғарылайды, жылдық дене ұзындығының өсімі 7,5 см, ал дене массасының өсімі 3-5 кг дейін жетеді. Ал 16-18 жаста, жыныстық жетілудің аяқталған кезеңінде, бойының ұзындығы мен дене массасының өсімі күрт төмендейді.
Балалар ағзасының жеке жүйелерінің өсуі мен дамуы да біркелкі жүрмейді. Өмірінің алғашқы жылдарында тірек-қимыл аппаратының морфологиялық-функционалдық қалыптасуы өте қарқынды жүреді. Жаңа туған нәресте сүйектерінің тығыздығы төмен, серпілімді, созылғыш болып келеді және құрамында кальций мен фосфордың мөлшері аз болады. Түтікшелі сүйектердің диафиздері ғана қатайып, сүйектенген болып табылады. Сүйектену нүктелері омыртқалар денелерінде және өсінділерінде болады. Жамбас сүйегінің басы, білек және омыртқаның 39 %-ы шеміршек тінінен тұрады. Өмірінің бірінші жылында әсіресе бас сүйектері қарқынды өседі, оның көлемі 2,5 есеге, ал қабырғаларының қалыңдығы 3 есеге артады. 3 жасқа келгеннің өзінде-ақ, бас сүйегіндегі ми бөлігінің көлемі үлкен адамның бас сүйегі көлемінің 80% шамасын құрайды.
Омыртқаның сүйектенуі бала ағзасы дамуының барлық кезеңдерінде, жүйелі түрде жүреді. 3-4 жасқа қарай омыртқаларында айқын, бірақ бекімеген бел және мойын иілімдері болады. Ерте жастағы балалар сүйегінің иілгіштігі, оларда кеуде торының деформациясы мен омыртқа қисаюының дамуына алдын ала жасалатын жағдай болып табылады. Бұның себептері баланы төсекке дұрыс жатқызбау, биік жастықтар, үнемі бір қолда немесе «рюкзакта» көтеріп жүру, бір қолынан ғана ұстап, жүргізу және т.б. болуы мүмкін. 7-10 жаста, омыртқа денелері мен өсінділерінің сүйектенуі жалғасып жатқанына қарамастан, омыртқа әлі де иілгіш және әр түрлі әсерлерден жеңіл өзгеретіні болып қала береді. 11-14 жаста омыртқаның барлық бөлімдерінде қарқынды өсу байқалады, бірақ сүйектену әлі аяқталмаған. 15-16 жаста омыртқалардың жоғарғы және төменгі беттерінің сүйектенуі жүреді, ал 20-21 жаста омыртқаның жалпақ пластинкалары мен денесі тұтасып бітеді. Жасөспірімдік және бозбалалық кезеңдерде омыртқа бағанасы сүйектенуінің толық аяқталмауы сабақ кезінде ұзақ уақыт дененің мәжбүр қалыпында болуы, ауыр жүк көтеру және т.б. кезінде, омыртқаның қисаюы және кеуде торының деформациясы дамуына себепші болуы мүмкін. Сондай-ақ, ерте жастан ауыр атлетикамен айналысу, өсудің тоқталуына да әкелуі мүмкін.
Аяқ-қолдары мен жамбас сүйектеріндегі сүйектену үрдісі де біркелкі жүрмейді. Балалар өмірінің бірінші жылында сүйектену нүктелері білезіктің кейбір сүйектерінде, иық басы, сан сүйегінің басы мен эпифиздерінде, ал екінші, үшінші жылдарында - иық және шынтақ сүйектерінің эпифиздерінде, бунақтардың негізінде, алақан және табан сүйектерінің бастарында пайда болады. 7 жаста сүйектену ядросы білезіктің көптеген сүйектерінде, сан сүйегінің ұршығында, кәрі жілік сүйегінің басында болады және осы кезде жамбас сүйектерінің тұтасып бітуі басталады. 15-16 жаста төс сүйегінің сүйектенуі және оның қабырғалармен тұтасып бітуі аяқталады. 17-18 жаста ұзын түтікшелі сүйектердің, табан және саусақ сүйектерінің өсуі мен сүйектенуі, сонымен қатар, жамбас сүйектерінің бітуі аяқталады.
Жамбас сүйектерінің толығымен сүйектенуі кешірек 20-25 жаста бітеді. Жамбас сүйектерінің тұтасып біту үрдісінің ұзаққа созылуының өзіндік теріс жақтары бар. Биіктіктен секіру, «шпагатқа» отыру әлі бірігіп бітпеген жамбас сүйектерінің ажырап кетуіне әкелуі мүмкін. Биік өкшелі аяқ киімдерді кию ауырлық түсетін нүктені алдына қарай жылжытады, соның салдарынан қасаға сүйектері сегізкөзге қарай жылжып, кіші жамбас астауы кішірейеді. Бойжеткен кезде жамбастың осындай деформациясы бала көтеру мен босануды қиындатуы мүмкін.
Жаңа туған нәрестелердің бұлшықет тіні, ядролар саны көп, жіңішке бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Жекелеген бұлшық ет топтарының өсуі мен дамуы, олардың қызмет ету үрдісіне кірісуінен бастап күшейеді. Мысалы, өмірінің бірінші жылында денені тік және отырған қалыпта, жүрген кезде ұстауды қамтамасыз ететін тұлға мен аяқтардың бұлшық еттері қарқынды түрде өседі және дамиды. Одан кейін қол мен дененің басқа бөліктерінің бұлшық еттері дами бастайды. Бұлшық еттердің иннервациялық аппаратының дамуы қатар жүреді. Ол көптеген бұлшық еттер жұмысының үйлесімділігі біртіндеп өсуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, бала 3 жасында емін-еркін жүруге немесе жүгіруге қабілетті болады. Сонымен бірге, осы жастағы балалардың бұлшық еттерінің күші аз, бүгуші бұлшық еттер тонусы жазушы бұлшық еттер тонусына қарағанда, басымырақ, іштің алдыңғы бетіндегі бұлшық еттердің жетілуі әлі де әлсіз. Соған байланысты балалар ұзақ уақыт тік тұру қалпында тұра алмайды немесе арқасын түзу ұстай алмайды, ал ауыр зат көтеру іш жарығы дамуына әкелуі мүмкін.
7 жаста балалар дене шынықтыру тәрбиесінің әр түрлі жаттығуларын жасай алады, кейбір қиындықтармен болса да, сурет салу, жабыстыру, тоқу істерімен шұғылданады, сондай-ақ жазу жазып үйренеді. Бұл жұмыс түрлерін меңгеруде кездесетін қиындықтар, қол ұшының ұсақ бұлшық еттерінің жеткіліксіз дамуына және білезіктің толық сүйектенбеуіне байланысты. Дегенмен, 8-10 жаста бұлшық еттердің жүйке аппараты одан әрі дамуына байланысты, балалар тез жазуға дағдылануды да меңгере бастайды. Бірақ олар, арқа бұлшықеттерінің әлі де әлсіз жетілуі нәтижесінде, ұзақ уақыт статикалық жүктемені көтере алмайды, сондықтан омыртқа бағанасының қисаюы дамуы мүмкін.
12-15 жаста бұлшық еттің күші мен төзімділігі едәуір жоғарылайды, бұлшықеттердің жуандығы өсуі есебінен, олардың жалпы массасы арта бастайды. Қимыл анализаторының жетілуі мен жүйке-бұлшық ет аппаратының қалыптасуы аяқталады. Балалар нәзік қимылдарды да орындауға қабілетті бола бастайды. Бірақ, бұл кезде, бұлшық еттің күші мен төзімділігі әлі де толық жеткіліксіз болғандықтан, оларға түсетін дене еңбегінің жүктемесі де аса жоғары болмауы керек. Жасы өсе келе, 17-18 жаста, бұлшық ет салмағының өсуіне байланысты және шынығу жаттығуларының нәтижесінде, ауырырақ және ұзаққа созылатын дене жұмыстарын атқару мүмкін бола бастайды. Қимыл үйлесімділігінің жетілуі жалғаса береді
Жүрек-қан тамырлар жүйесі өсу және даму үрдісі барысында елеулі өзгерістерге ұшырайды. Жаңа туған нәрестелерде жүректің массасы үлкен емес (небәрі орташа есеппен 25г), сол жақ қарыншаның қалыңдығы оң жақ қарыншаның қалыңдығынан 1,4 есеге ғана артық болады. Бұлшық ет талшықтары жіңішке, ядролары көп, дәнекер тіні нашар дамыған. Жүрек бұлшық еті қан тамырларына бай, көп нерв бағаналары бар. Артериялар мен капиллярлардың саңылаулары кең, қан ағу жолы қысқа. Осы ерекшеліктері, жүректің жұмысын жеңілдете отырып, үлкен адамдарға қарағанда, 2 есе тез қан айналымын қамтамасыз етеді. . Өмірінің бірінші 2 жылында тіндердің дифференциялануы болмаса да, жүректің қарқынды өсуі байқалады. Жүрек массасы мен көлемінің өсуі бұрынғыдай қарқынды болмаса да, 3-10 жаста да басым жүре береді, Осы кезеңінің соңында жүректің жүйке аппаратының қалыптасуы аяқталады. Миокардты қанмен қамтамасыз ететін қан тамырларының саңылауы ұлғаяды, ірі қан тамыры бағаналары түзіледі. Сонымен бірге, жүректің дәнекертіндік негізінің жеткіліксіздігі және бұлшықет тінінің бос болуы, сондай-ақ қан тамырлары мен лимфа тамырлары әлі де мол болып қала беруі, патогенді микрофлораның кедергісіз еніп, таралуына, инфекциялық-қабыну үрдістерінің дамуына жағдай жасайды.
Бала өмірінің алғашқы айларында жүректің соғу жиілігі минутына 120-140 реттен 7-10 жаста 85-90 дейін төмендейді, бірақ жиырылу ырғағы бұрынғысындай тұрақсыз болып қала береді. Жүректің өсуімен қатар, бірақ сәл кешуілдеп, қан тамырларының өсуі және олардың саңылауларының салыстырмалы түрде тарылуы жүреді. Систолалық артериялық қан қысымы өседі, 7-10 жаста ол 100-105 мм сынап бағанасын құрайды.
Пубертаттық кезеңде жүректің өсуі қайтадан күшее бастайды, бірақ, енді ол бұлшықет тіні құрылымының белсенді түрде өзгеріп жатқан фонында жүреді. Бұлшықет талшықтары диаметрінің өсе бастағандығы миокардтың қалындауы мен сол қарыншаның бозбалалық гипертрофиясының дамуынан байқалады. Жүректің қарқынды өсуі бозбалалық жас басталған кезде де жалғаса береді. Алайда, миокардтың қызмет атқару мүмкіншіліктері артериялық жүйенің өсуінен біршама артта қалады. Сонымен қатар, жыныстық жетілу кезеңіндегі белсенді эндокриндік өзгерістерге байланысты, жүрек-қан тамырлары жүйке орталықтарының қозғыштығы жоғарылайды. Осыған байланысты, артериялық қан қысымының жоғарылуы, жүрек жиырылуы ырғағының бұзылулары, функционалдық шудың пайда болуы сияқты, жүрек қызметінің бұзылыстары байқалуы мүмкін. Бұл бұзылыстар біраз уақыттан кейін жойылады, бірақ жүктемелерді шектеуді, жұмыс және демалыс режимін, дене шынықтыру тәрбиесін ұтымды ұйымдастыруды, спортпен шұғылдану түрлері мен болашақ кәсібін дұрыс таңдауды қажет етеді..
Жас балалардың тыныс мүшелері жүйесінің, үлкен адамдардың тыныс алу жүйесіне қарағанда, айтарлықтай айырмашылықтары бар. Жоғарғы тыныс жолдары, кеңірдек пен бронхтары тар, олардың шырышты қабықтары қан-тамырларымен мол қамтамасыздалған. Өкпе көпіршіктері жетілмеген, ацинусы бір ғана камерадан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің жалпы беті, үлкендердікіне қарағанда, 30 есе аз. Өкпедегі қан ағысының қарқыны жоғарырақ.
Бірақ, тыныс алуының терең болмауы нәтижесінде өкпеде, әсіресе төменгі бөлігінде, ауа алмасуы жеткіліксіз. Тыныс алуының терең болмауы кеуде торының жоғарғы бөлігінің тарлығынан, қабырғаларының көлденең дерлік орналасуынан және диафрагманың биік тұруынан, өкпенің тыныс алу кезінде қозғалысының шектелеуіне байланысты. Өкпеде қажетті ауа алмасуы жиі тыныс алуымен қамтамасыз етіледі, ол жаңа туған нәрестелерде минутына 40-60 ретке дейін, 2-3 жастағы балаларда минутына 25-30 ретке дейін жетеді. Бұл жаста әлі де тыныс алудың ырғағы дұрыс емес. Жоғарыда аталған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, бұл жас кезеңінде дамитын өкпенің қабыну аурулары, өкпе тіндерінің көп бөліктеріне тез таралуымен сипатталады.
6-7 жаста өкпе тіндерінің қалыптасуы аяқталады, бұл тыныс алу тереңдігінің өсуіне және жиілігінің азаюына, өкпенің тіршілік сыйымдылығының біртіндеп ұлғаюына мүмкіндік тұғызады. Сонымен бірге, тыныс орталығының қозғыштығы жоғары қалпында қала береді, соған байланысты, дене еңбегі немесе эмоционалдық жүктемелер тыныс алу ырғағы мен жиілігінің айтарлықтай бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Келесі жылдарда да өкпе тінінің өсуі жалғаса береді, тыныс алу тереңдігі мен тыныс алудың минуттық көлемі, өкпенің тіршілік сыйымдылығы біртіндеп ұлғая береді. Тыныс алу жиілігі минутына 18-22 дейін қысқарады.
Жеке мүшелер мен жүйелердің де, бүкіл ағзаның да бүтіндей дамуында маңызды орын алатын жүйке жүйесінің морфологиялық-функционалдық қалыптасуы бала өмірінің бірінші жылдарынан ақ басталады. Бала миының массасы қысқа мерзім ішінде туған уақытынан 3 жасқа дейін - 360-390 грамнан 1100 г дейін өседі. 7 жаста ол 1250г жетіп, ересек адамның миының массасына (1400г) жақындайды. Келесі кезеңдерде ми массасының өсуі едәуір баяулайды. Олармен бір уақытта құрылымдық өзгерістер қарқынды түрде жүріп жатады. Жүйке жасушалары көбеймейтін болса да, аксондардың өсуі жәе олардың миелинденуі, дендриттердің өсуі мен тармақтануы белсенді жүреді, нейрон аралық байланыстарының саны артады. Бұл үрдістер, әсіресе мидың үлкен жарты шар қыртысында белсенді түрде өтеді, соның нәтижесінде ерте жастан-ақ өте маңызды шартты рефлекстер қалыптаса бастайды, одан кейін екінші сигналдық жүйе - сөйлеу дамиды. Пайда болатын шартты рефлекстер, қоршаған орта факторларының әсеріне бала ағзасының бейімделуін жеңілдететін стереотиптер түрінде бекітіледі. Сондықтан, бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, күн тәртібін сақтаудың маңызы зор. Бала күнінде қалыптасқан стереотиптер өте мықты және оларды өзгерістерге ұшырату қиын болады.
Жас балалардың ми қызметінің жетілуі әлі жеткіліксіз болғандықтан, қозу үрдістері тежелу үрдістеріне, ал иррадиация үрдістері концентрация үрдістеріне қарағанда, басым болады. Жүйке жүйесі үрдістерінің осындай ара қатынасы және олардың тұрақсыздығы 8-9 жасқа дейін сақталады. Қозу үрдістерінің басым болуы мен ішкі тежелудің жеткіліксіздігі салдарынан, ми қыртысы жасушалары оңай әлсірейді де, қажу тез дамиды. Қозу мен тежелу үрдістерінің иррадиациясы басым болуы жетілмеген қимыл үйлесімділігінің, шыдамсыздықтың, бірдемеге белгілі бір уақыт бойына назар аударуы қиындығының және дамыған қажудың салдарынан тез ұйықтап қалудың себебі болып табылады. Бала ағзасының осы ерекшеліктері күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруды, ой еңбегі жүктемелерінің қарқындылығы мен ұзақтығын нормалауды, жеткілікті ұйқы мен демалуды қамтамасыз етуді талап етеді.
Жыныстық жетілу кезеңінде орталық жүйке жүйесінің қыртыс асты бөлімдерінің қозғыштығы едәуір артады және ішкі тежелудің барлық түрлері әлсізденеді. Сондықтан жасөспірімдерге эмоционалдық қозғыштық, психикалық ұшқалақтық, вегетативті дисфункциялар, жоғары деңгейде қажу тән. Осы өзгерістер денсаулық жағдайының ауырырақ бұзылыстары дамуының себептері болуы мүмкін, олардың алдын-алуға оңтайлы гигиеналық және қолайлы психологиялық жағдай жасау арқылы қол жеткізуге болады.
Көру мүшесі өзінің даму барысында көптеген өзгерістерден өтеді. Аккомадация аппаратының әлсіздігінен көз тоқтатып қарау бала өмірінің бірінші айының соңында ғана тұрақты болады, ал көз алмаларының үйлесімді қимылға қабілеттілігі (координация) тек алтыншы айдың соңында ғана пайда болады. Көздің жарықты сындыратын күші көз алмасы осінің ұзындығына сәйкес келмейді, сондықтан емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балаларда жақыннан көрмеушілік байқалады, ол көптеген мектеп дейінгі жастағы балаларда да сақталады. 7-10 жаста көздің рефракциясы мөлшерлес (эмметропиялық) болады, бірақ аккомодациялық аппараттың дамуы әлі жеткіліксіз. Осыған байланысты ұзақ уақыт аккомодациямен жүретін көру мүшесіне түсекен едәуір жүктеме, жиі алыстан көрмеушілік дамуына әкеледі, ол мектеп бітірер кезде оқушылардың 28% артығында кездеседі.
Бала өскен сайын қоршаған ортаның зиянды факторларына ағзаның қарсы тұру қабілеті артады.
2. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және оған себепші факторлар.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы - бұл тек мемлекеттің және ұлттың ғана емес, сонымен қатар бүкіл қазіргі адамзаттың өмір сүруге қабілетілігінің негізі, себебі дені сау өсіп келе жатқан ұрпақ болашақтағы халық денсаулығын көрсететін әлеует болып табылады. Денсаулық көп қырлы және динамикалы ұғым. Көпшілікке мәлім болған БДДҰ анықтамасы бойынша, «денсаулық - бұл аурулар мен дене ақауларының болмауы ғана емес, тән (дене) мен жан дүниесінің және әлеуметтік тұрғыдан толық саулық жағдайы» (БДДҰ Жарғысы,1946 ж.). Бірақ бұл концепция белгілі дәрежеде дерексіз болып табылады, себебі денсаулық жағдайын бағалаудың объективті критерийлерін көрсете алмайды және денсаулықты динамикасында емес, статикасында қарастырады. Оның үстіне, «саулық» жағдайы түсінігінің өзі субьективті, ал әлеуметтік саулық жағдайы денсаулықтың белгісі емес, оған әсер ететін фактор болып табылады
Екінші жағынан, толық «саулық жағдайы» денсаулықтың мәнін көрсетпей, ағзаның төзімділік қабілетін төмендетіп, сырқаттанудың алғы шарты болуы да мүмкін. Сондықтан БДДҰ-ң 1968 жылғы басылымында «денсаулық бұл адамның, аурулары мен ақаулары жоқ жағдайда өзгермелі ортада, шамадан артық жүктеме түскенде өзінің биоәлеуметтік қызметін шығынсыз орындайтын қасиеті» деп беріледі. Денсаулықты сандық бағалау қажеттілігі көрсетілген, анық және қысқа анықтамасын Н.М. Амосов берген: «Денсаулық - бұл мүшелердің қызмет атқаруының сапалық шегі сақталған кездегі, олардың ең жоғары жұмыс өнімділігі» (1987).
Үздіксіз өсу және даму үрдістері бала ағзасының ерекше айырмашылығы болып табылады.
Сондықтан, балалар мен жасөспірімдер денсаулығы деп, оларда ауруларының болмауы ғана емес, сонымен қатар, дене дамуының биологиялық жасына сәйкес келетін және дене мен ой өрісі сипаттамаларының үйлесімді бірлікте болуымен, және ағзаның өсу мен жетілу үрдістеріндегі бейімделу мен қалпына келу реакцияларының теңбе-тең қалыптасуымен көрсетілетін, ағзаның тіршілік ету жағдайын айтады (Ю.Е. Вельтищев,2002).
Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер мен емдеу-алдын алу жұмыстарында С.М. Громбах (1973ж) ұсынған, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын бағалауға арналған көпшілікке танымал критерийлер кеңінен қолданылады:
Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлармен анықталады, оларды шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:
БДДҰ мәліметтері бойынша, биологиялық факторлардың адам денсаулығын қалыптастыруға қатысу дәрежесі 15-20%, экологиялық - 20-25%, әлеуметтік - 50-55% және медициналық қамтамасыз етілуінің қатысу дәрежесі - 10-15% құрайды. Әлбетте, бұл мәліметтер жинақталып қорытылған болып табылады және өсіп келе жатқан ағзаның барлық жас кезеңдерінде бірдей бола бермейді. Ерте балалық шақта, әдетте, биологиялық факторлар басым болады. Оларға генетикалық факторларды, ата-анасының жасы және олардың денсаулығын, жүктілік кезіндегі анасының ауруларын, жүктілік және босану ағымының асқынуларын, баланың жынысын т.б. жатқызады.
Генетикалық факторлар денсаулықтың ішкі биологиялық әлеуеті болып табылады. Генетикалық аппараттағы ақаулар - гендік және хромосомдық мутациялар - тұқым қуалайтын аурулардың дамуына әкеледі, мұндай аурулармен өмірге балалардың 1-2% келеді. Атеросклероз, гипертония ауруы, шизофрения, подагра, миопия сияқты және басқа да тұқым қуалаушылығы бойынша бейімділік бар аурулардың дамуында да генетикалық факторлардың рөлі зор. БДДҰ мәліметтері бойынша, тұқым қуалайтын аурулар балалар аурушаңдығының 4-8 % құрайды.
Бала денсаулығының қалыптасуында, олардың ата-аналарының денсаулық жағдайы маңызды орын алады. Созылмалы аурулар, ұрықталу және жүктілік кезеңіндегі жедел аурулар да, маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегу, тұрмыс қалпының бейберекетсіздігі, дұрыс тамақтанбау және т.б. ұрық дамуының бұзылуна және балалардың ақаулармен және әр түрлі дәрежедегі аурулармен туылуына себепші болады. Жеке жағдайларда іштегі нәрестенің ана құрсағындағы өлімі немесе тіршілік етуге қабілетсіз балалардың өмірге келуі орын алады. Баланың келешектегі денсаулығына перинатальдық факторлар да өз үлесін қосады. Мысалы, босануының және сусыз кезеңінің ұзаққа созылуы, жүкті әйел жамбасының тар болуы және т.б. баланың асфиксия және жарақаттануларына, бас сүйегіішілік қысымның жоғарылауына және т.б. әкеп соғады.
Бала өскен сайын биологиялық факторлардың рөлі бәсеңдейді, әлеуметтік және экологиялық факторлар басымдай түседі. Бала денсаулығының қалыптасуында әлеуметтік факторлар басты мән алады, олардың қатарына ата-аналардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы, олардың жасы мен білімі, тұрғын үй жағдайы, балаларының өмір сүру салты, олардың тамақтану сипаты, ақпараттық, оқу және еңбек жүктемесі және т.б. жатады.
Материалдық молшылыққа көбінесе басқа да әлеуметтік факторлардың, бірінші кезекте, тамақтанудың, әсер ету дәрежесі тікелей байланысты болады. Барлық әлеуметтік факторлардың ішінде тамақтануға негізгі рөл беріледі. Қуат пен тамақтық заттардың ағзаға қажеттілігін толықтыра отырып, тамақтану, сонымен қатар, әр түрлі аурулардың даму қаупі мен себептері ретінде болуы да мүмкін.
Кезінде Гиппократ «егер аурудың әкесі кейде белгісіз болса, онда оның анасы тамақ» деген. Тұрмыс жағдайлары нашар отбасыларында жеткіліксіз және құрамында көмірсулары көп, балансталмаған тамақтану, балалардың өсуі мен даму үрдістерінің баяулауына, дене массасының жетіспеушілігіне, сондай-ақ ас қорыту, қан және қан түзу мүшелерінің, эндокриндік жүйенің ауруларымен, зат алмасу бұзылыстарына, туберкулез және т.б. аурулармен аурушандықтың өсуіне ықпал етеді.
Сондай-ақ, материалдық жағдайы жоғары отбасыларында жиі кездесетін, артық мөлшерде тамақтану да, аса қолайсыз болып табылады. Тазартылған тағам өнімдерін көп пайдалану, қарыны ашқан сезім пайда болғанда емес, тәбеті тартқан кезде тамақ жеу, тамақтану рационына жануар текті өнімдерді көп мөлшерде енгізу, құрамында қанты көп ішімдіктер мен кондитерлік өнімдерге әуестену, ерте жастың өзінде-ақ семіздік, қант диабеті, өт тасы ауруы, гипертониялық ауру, аллергиялық аурулардың және т.б. дамуына әкеледі.Сандық және сапалық жағынан талапқа сәйкес келмейтін тамақтану, қазіргі заманғы балалардың өмір сүру салтын сипаттайтын ерекшеліктердің бірі болып табылады.
Өркениет олардың өмір сүру салтының басқа да қырларының: гипокинезия және гиподинамия, ақпараттық жүктеменің көптігі, шамадан артық психоэмоционалдық күш түсу, дәрілік препараттарды көп пайдалану, аутоагрессивті әдеттер темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық, толық жетілмеген жастағы жыныстық қатынастар және соның салдарынан болатын ЖИТС, В және С гепатиттері, венерологиялық аурулар, ерте жастағы жүктілік және т.б. пайда болуына себеп болды
Қимыл белсенділігінің созылмалы жеткіліксіздігі балалар денесінің қалыпты өсуін тежейді, өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық жүйелердің жаттығуына кедергі келтіреді және ағзаның күйзеліс жағдайларға және қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне төзімділігін төмендетеді. Гипокинезия әсіресе мектеп жасындағы балаларда көп таралған, оларда ол 50% дейін жетеді. Бірақ, гипокинезия жалғыз ғана «мектептік фактор» емес. 19-шы жүзжылдықтың өзінде-ақ, міндетті түрде оқудан пайда болатын «мектеп аурулары» деп аталатын аурулар: алыстан көрмеушілік, мүсіннің бұзылуы, омыртқаның қисаюы және т.б. белгілі болған. Қазіргі кезде «мектептік факторлардың» спектрі шексіз өсті және олардың сапасы да өзгерді. Бірінші орынға, шамадан артық оқу және ақпараттық жүктемелер, сонымен қатар, қимыл белсенділігінің едәуір шектелуі, күн тәртібінің бұзылуы, өмірдің компьютерленуі және онымен байланысты мәселелер шығады.
Сонымен бірге, оқыту және тәрбиелеу жағдайларының: бөлмелердің сыйымдылығы мен жоспарлануы, жарықпен қамтамасыз етілуі, микроклиматтық комфорт, жиһаздар үйлесімділігі және т.б. сияқты факторлар да өзекті болып қалып отыр. Мектептік факторлардан бастауыш сыныптардағы балалар аурушаңдығының 12 % жуығы қалыптасады, ал мектеп бітірер кезде бұл шама 2 есеге дейін дерлік өседі.
Балалар мен жасөспірімдер денсаулығына табиғи және антропогендік текті экологиялық факторлар да айқын әсер етеді, соның ішінде балалар аурушаңығының 20%-ға жуығы антропогендік факторлармен анықталса, табиғи-климаттық факторлармен тек 10% ғана анықталады. Қоршаған ортаның антропогендік факторлары тарапынан адамға түсетін қысым, бүгінгі таңда, адамның бейімделу мүмкіншіліктерінен әлдеқайда жоғары, себебі адамға бұрын-соңды табиғи жүйеде кездеспеген, бір емес, бірнеше факторлар бір уақытта әсер етеді. Қоршаған орта сапасының күрт нашарлауы, тазалау аудандармен салыстырғанда, ластанған аудандарда балалардың дене дамуының кешеуілдеуіне және жалпы аурушаңдықтың 40-60% жоғарылауына әкеледі. Жекелеген өнеркәсіпті аудандарда қоршаған орта нысандарының жоғары ластану деңгейі, әр түрлі ластағыштардың өзіне тән эффектілердің пайда болу себебіне айналады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аудандарында қалыптасқан техногенді фторлы провинцияларда тұратын көптеген балаларда флюороздың белгілері, ал қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану деңгейі жоғары Шығыс Қазақстан облысында, қорғасынның созылмалы әсерінің белгілері байқалады. Әлі толық зерттелмеген, бірақ, олардың дамуы қоршаған ортаның ластануына байланыстырылатын: балалар алопециясы, «сары балалар», «балаларда уақытынан ерте пайда болатын кәрілік», «созылмалы қажу синдромы» және басқа да балалардың жаңа аурулары тіркелген. Қоршаған ортаның ластағыштары мутацияның салмағын арттырады. Семей ядролық полигоны, Арал маңына жақын орналасқан экологиялық апат аймақтарында тұратын балаларда, ластанбаған аудандарда тұратын балаларға қарағанда, хромосомдық аберрациялар мен көп мүшелі созылмалы аурулар 3 есе жиі кездеседі (Чой С.В., 2003). Әрбір оныншы бала генетикалық кемістікпен өмірге келеді.
Сонымен, балалардың денсаулық жағдайына, үлесі біркелкі емес, көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ, олардың әсерлерінің жиынтығы қазіргі уақыттағы балалардың денсаулық әлеуетінің едәуір және қауіпті түрде төмендеуіне әкеледі, сондықтан денсаулық бұзылыстарының алдын алу балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
3. Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері.
Дене дамуы баланың денсаулық жағдайының ең ақпаратты және сезімтал критерийлерінің бірі болып табылады. Дене дамуы деп әрбір нақты жас кезеңінде, баланың өсу және даму үрдістерін көрсететін, ағзаның морфологиялық және функционалдық сипаттамаларының жиынтығын айтады. Дене дамуын зерттеу үшін екі зерттеу әдісі қолданылады: жекелендірілген және жалпыландырылған. Жекелендірілген зерттеу әдісі жеке бір баланың дене дамуын зерттеу мен бағалау үшін жүргізіледі. Ол баланың туған күнінен 18 жасқа толғанға дейінгі дене дамуын жүйелі түрде және ұзақ уақыт бақылаудан тұрады. Әрбір жас кезеңінде баланың биологиялық даму деңгейінің күнтізбелік жасына сәйкес келуі және оның үйлесімділігі анықталады, ағзаға қолайсыз әсер ететін факторлар белгіленеді және қажетті сауықтыру шаралары жүргізіледі.
Жалпыландырылған зерттеу әдісі әр түрлі жас-жыныс топтарындағы балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау мақсатында, балалардың үлкен контингенттерін бір мезгілдік жаппай тексеруден тұрады. Осы әдістің көмегімен балалар мен жасөспірімдердің өсу және дамуының жалпы заңдылықтары анықталады, дене дамуы көрсеткіштерінің аймақтық және жергілікті үлгілері (стандарттары) дайындалады, қоршаған орта факторларының балалар денсаулығына тигізетін әсері зерттеледі, тіршілік ету жағдайларына, оқу, дене шынықтыру тәрбиесі және еңбекке баулуды ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар негізделеді.
Балалардың дене дамуын зерттеу үшін көрсеткіштердің үш тобы қолданылады: соматоскопиялық, соматометриялық және физиометриялық. Соматоскопиялық көрсеткіштерге баланы қарау кезінде бағаланатын көрсеткіштер: дене бітімінің түрі, май басу дәрежесі, бұлшық еттің тонусы мен дамуы, қаңқа сүйегінің, омыртқаның, кеуде торының, аяқтардың, табанның пішіндері, екіншілік жыныс белгілерінің дамуы жатады. Соматометриялық көрсеткіштерді дененің әр түрлі параметрлерін: дене, тұлға, аяқ-қолдардың ұзындықтарын, дене массасын, көкірек торының, бас, иық, сан шеңберлерін өлшеу және тістерінің санын санау жолдарымен анықтайды. Физиометриялық көрсеткіштер ағзаның функционалдық жағдайын сипаттайды. Әдетте, өкпенің тіршілік сыйымдылығын, қолдың және аяқ бұлшық еттерінің күшін, артериалдық қан қысымын және жүректің соғу жиілігін анықтауды қолданады.
Алынған мәлеметтерді бағалауды жасына байланысты, нақты аймақтарға арналып дайындалған стандарттармен салыстырып, жүргізеді, себебі әр түрлі климаттық-географиялық жерлерде тұратын балалардың дене дамуының өзіндік ерекшеліктері болады. Дене дамуын бағалау үшін әр түрлі әдістер қолданылады: индекстер, сигмалық ауытқулар, Z score шкаласы бойынша, регрессия шкалалары бойынша, кешендік, центильдік және басқалар. Индекстер әдісі дене дамуын бағалаудың ең алғашқы әдістерінің бірі, ол әр түрлі соматометриялық көрсеткіштердің, көбінесе дене массасы мен ұзындығы шамаларының арасындағы арақатынасы болып табылатын индекстерді санауға негізделген. Индекстердің 100-ден астамы белгілі, солардың ішінде кеңінен таралғандары Брок индексі мен Кетле-2 индексі. Кетле-2 индексі дене дамуын бағалау үшін басқа көрсеткіштермен бірге кеңінен қолданылады және көптеген елдерде қабылданған. Ол келесі формула бойынша анықталады: BMI (body mass index) = дене салмағы/ дене ұзындығы2 (кг/м 2). Басқа индекстерге қарағанда, Кетле-2 индексі әр түрлі жастағы балалардың дене ұзындығы мен дене массасының арақатынасын жеткілікті дәрежеде дәл көрсетеді, ал басқа индекстердің қолданылуын шектейтін негізгі кемшілігі, әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене өлшемдерінің өзгеруі пропорционалды болмайды деген фактіні елемеу болып табылады. Бұл жағынан сигмалық ауытқулар әдісі бір қадам алға басқандық болып табылады. Дене дамуын бұл әдіспен бағалауды баланың дене дамуының көрсеткіштерін (массасын, дене ұзындығын, көкірек торының шеңберін және басқаларын) енді жас-жыныс топтарына тиісті стандартпен (М) салыстырып жүргізеді. Бұл көрсеткіштер стандарттан (үлгіден) қанша -ға ( - орташа квадраттық ауытқу) ауытқығанын анықтайды да, ауытқу мөлшеріне байланысты дамуды 5 дәрежеге бөледі: орташа (М1); орташадан жоғары (1М2); жоғары (М2); орташадан төмен (1М2) және төмен (М2).
Даму дәрежесін анықтайтын негізгі критерийі дене ұзындығы болып табылады. Даму дәрежесінен анықтаудан басқа, дене массасы мен кеуде торы шеңберінің өзгеруі бой ұзындығына пропорционалдығын сипаттайтын үйлесімділігі де анықталады. Бұл әдіс бойынша, егер стандарттық ауытқуларымен берілген дене дамуы көрсеткіштерінің бір бірінен айырмашылығы бір сигмадан аспайтын болса, онда дамуы үйлесімді болып саналады. Бірақ, бұл әдістің де кемшілігі бар: ол көрсеткіштердің өзара байланысын есепке алмайды, әрбір көрсеткіш жеке бағаланады. Сондықтан, қазіргі кезде сигмалық ауытқулар әдісі мүлдем қолданылмайды.
Z score шкаласы 10 жасқа дейінгі балалардың тамақтану статусын сипаттау үшін БДДҰ ұсынған, баланың дене дамуын бағалау әдісі. Бұл әдісте зерттелінетін көрсеткіш стандартты популяция медианасынан қанша сигмаға айырмашылығы бар екенін анықтайды.
Регрессия шкалалары бойынша дененің дамуын бағалау әдісінің сигмалық ауытқулар әдісінен айырмашылығы, дене ұзындығы мен дене массасы арасындағы, дене ұзындығы мен кеуде торының шеңбері арасындағы корреляциялық байланыстылықты есепке алады. Регрессия шкалалары - бұл әр түрлі жастағы балалардың дене ұзындығының әрбір мәнінің тұсында, осы ұзындыққа сәйкес болуы тиіс салмағы мен кеуде торы шеңберінің көрсеткіштері берілген бағалау кестелері болып табылады. Дененің даму деңгейін дене ұзындығы бойынша: орташа, орташадан жоғары, биік, орташадан төмен және төмен деп бөледі. Даму үйлесімділігін анықтау үшін, белгілі бір жастағы баланың берілген бойының ұзындығы кезіндегі іс жүзіндегі массасы мен кеуде торы шеңберінің осы көрсеткіштердің бойының ұзындығына сәйкес болуы тиіс мөлшерінен, қанша регрессия сигмасына ( R) айырмашылықтары бар екенін есептейді. R бұл, әрбір параметрге есептеліп қойылған статистикалық көрсеткіш. Оны басқа белгіге (бойының ұзындығына) байланысты жеке адам белгісінің (массасы, кеуде торының шеңберінің) тиісті мөлшерден ауытқуының өлшемі ретінде қолданады.. Егер масса мен кеуде торы шеңберінің көрсеткіштері 1 R мәнінен аспаса, онда дененің дамуы үйлесімді болып саналады. Сондай-ақ, май басу немесе басқа себептерден емес, бұлшық еттің жақсы дамуы мен қаңқа сүйектерінің ауырлығынан, дене массасы мен кеуде торының шеңбері тиісті болуы керек мөлшерден 1R артық болса да, даму үйлесімді деп санау керек. Егер дене массасы мен кеуде торының шеңбері тиісті мөлшерден 1,1-2,0 R аз немесе артық болса, онда морфологиялық-функционалдық жағдай үйлесімді емес болып есептеледі.
Егер дене массасы мен кеуде торының шеңбері тиісті болуы мөлшерден 2R кем немесе артық болса, онда морфологиялық-функционалдық жағдайды үйлесімділігі күрт өзгерген деп анықтайды. Даму дәрежесі функционалдық көрсеткіштер - ӨТС, қолдың бұлшық етінің күші бойынша да бағаланады. Дененің дамуын жоғарыда аталған әдістермен бағалау соматометриялық көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі және олар толық та, қатесіз де емес, өйткені басқа кемшіліктермен қатар, биологиялық дамудың жеткен деңгейі, яғни баланың биологиялық жасы есепке алынбайды. Биологиялық жасы деп баланың қазіргі сәтте жетікен морфологиялық - функционалдық даму деңгейіне сәйкес жасын түсінеді. Биологиялық жастың баланың төл құжаттық жасынан, яғни, туғаннан бастап, өмір сүрген жылдары, айлары, күндерінің сандарынан, біраз айырмашылықтары болуы мүмкін. Төл құжаттық жас биологиялық жастан озуы немесе артта қалуы мүмкін. Мысалы, 7 жастағы балалардың биологиялық жасы 4 жастан 10 жас ауытқуы мүмкін, яғни олардың ішінде кейбір балалардың биологиялық даму деңгейі 4-5 жасқа немесе 9- 10 жасқа сәйкес келетіндері анықталады.
Биологиялық дамудан артта қалуы немесе озып кетуі, әр түрлі аурулар дамуының қауіп-қатер факторлары немесе ағзадағы бұрыннан бар патологияның көрінсітері болып табылады. Биологиялық дамудың айқын артта қалуы, сондай-ақ, ағзаның функционалдық мүмкіншілігінің, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуімен, оқыту, дене еңбегі жүктемелерін орындау, спортпен шұғылдану кезінде кездесетін қиыншылықтармен жүреді.
Балалардың мұндай жағдайы диспансерлік бақылауды және ой еңбегі мен дене еңбегінің жүктемелерін дифференциалды түрде нормалауды қажет етеді. Жедел қарқынмен дамуы ағзаға жоғары талаптар қойып, гипертониялық түрдегі вегетативті-қан тамырлары реакцияларының дамуына, невроздық реакцияларға, аллергиялық реакцияларға бейімділікке, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне, тез қажуға әкелуі мүмкін.
Биологиялық жасты бағалау үшін, әр түрлі көрсеткіштерді қолданады, соның ішінде, практикада ең жиі дене ұзындығы, дене ұзындығының жыл сайынғы қосылуы, тұрақты тістерінің саны, жыныстық жетілу дәрежесі сияқты көрсеткіштер қолданылады. Биологиялық даму дәрежесін анықтаудың ең дұрыс және көпшілік құптаған критерийі қаңқаның әр түрлі сүйектерінің сүйектену (оссификация) деңгейі (сүйектің сүйектенуіне сәйкес жас) болып табылады. Бірақ, сүйектену дәрежесі рентгенографиялық зерттеулер көмегімен ғана анықталатындықтан, бұл белгі медициналық көрсетілімдері болған кезде ғана қолданылады.
Биологиялық дамудың жеке критерийлерінің маңыздылығы әр түрлі жас кезеңдері үшін бірдей емес. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жастарында дененің ұзындығы, дене ұзындығының жыл сайынғы қосылуы және тұрақты тістерінің саны биологиялық дамуды анықтайтын көрсеткіштер болып табылады. Орта және үлкен мектеп жастарында дене ұзындығы және оның жыл сайынғы қосылуы өзінің ақпараттылығын сақтайды, бірақ жыныстық жетілудің жеткен деңгейі биологиялық дамудың басты белгісі болып табылады. Жыныстық жетілу кезеңі (пубертаттық кезең) ұлдарда 10-нан 18 жасқа дейінгі, ал қыздарда 9-дан 17 жасқа дейінгі жас аралығын қамтиды. Жыныстық жетілу дәрежесі ұлдарда қолтықтың (Ax ), қасағаның (P), беттің (F) түктенуі, дауыстың өзгеруі (V) және жұтқыншақтың өсуі (L) сияқты белгілермен бағаланады.
Қыздарда басталып келе жатқан жыныстық жетілудің бірінші белгісі сүт бездерінің өсуі (Ма) болып табылады, одан кейін қасаға мен қолтықтың түктенуі және алғашқы етеккір (менархе -Ме) пайда болады. Белгілердің әрқайсысы өздерінің дамуында бірнеше сатылардан өтеді, сондықтан пубертаттың әр түрлі жас кезеңдеріне өзінің жыныстық формуласы тән (9.3.- кесте).
9.3.- кесте
Оқушылардың биологиялық даму деңгейінің көрсеткіштері.
Жасы |
Дене ұзындығы, см |
Дене ұзындығының жыл сайынғы қосылуы, см |
Тұрақты тістерінің саны |
Екіншілік жыныстық белгілерінің даму дәрежесі |
Ұлдар |
||||
7 |
М 7 ±δ |
4 6 |
7 ±3 |
|
8 |
М 8 ±δ |
4 6 |
12 ±2 |
|
9 |
М 9 ± δ |
4 6 |
14 ± 2 |
|
10 |
М 10 ±δ |
4 6 |
18 ± 3 |
|
11 |
М 11 ± δ |
4 6 |
20 ±4 |
АХо Р0 |
12 |
М 12 ± δ |
4 6 |
24 ± 3 |
АХо Р0, 1, V1 |
13 |
М 13 ± δ |
7 10 |
27 ± 1 |
АХо Р1, V1, L 0, 1 |
14 |
М 14 ± δ |
7 10 |
28 |
АХ1 Р2, V1, 2F 0, 1 L 0, 1 |
15 |
М 15 ± δ |
4 7 |
28 |
АХ2 Р3, V2, F1, L 0, 1 |
16 |
М 16 ± δ |
3 4 |
28 |
АХ3 Р3, V2, F1, 2L2 |
17 |
М 17 ±δ |
1 2 |
28 |
АХ3 Р4, V2, F2, 3L2 |
Қыздар |
||||
7 |
М 7 ± δ |
4 5 |
9 ± 3 |
|
8 |
М 8 ± δ |
4 5 |
12 ± 3 |
|
9 |
М 9 ±δ |
4 5 |
15 ±3 |
|
10 |
М 10 ±δ |
4 5 |
19 ±3 |
|
11 |
М 11 ± δ |
6 8 |
21 ±3 |
АХ0, 1Р0, 1Ма 1 |
12 |
М 12 ± δ |
6 8 |
25 ±2 |
АХ1, 2Р1, 2Ма 2 |
13 |
М 13 ± δ |
4 6 |
28 |
АХ2, 3,Р 2,3Ма 2,3 menses |
14 |
М 14 ± δ |
2 4 |
28 |
АХ2,3Р3, Ма3 menses |
15 |
М 15 ± δ |
1 2 |
28 |
ÀХ3, Р3, Ма3 menses |
16 |
М 16 ± δ |
1 2 |
28 |
АХ3, Р3, Ма3, 4 menses |
17 |
М 17 ±δ |
0 1 |
28 |
АХ3, Р3, Ма4 menses |
Бала ағзасының биологиялық даму деңгейімен қатар, морфологиялық-функционалдық көрсеткіштерін, олардың өзара байланысын бағалауға мүмкіндік беретін әдіс - дене дамуын бағалаудың кешенді әдісі. Ол 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде, жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша баланың биологиялық жасы бағаланады. Биологиялық даму жөнінде қорытындының 3 түрі болуы мүмкін: биологиялық жасы төл құжаттық жасына сәйкес келеді, төл құжаттық жастан артта қалған немесе озып кеткен.
Биологиялық жастың артта қалғандығы немесе озып кеткендігі жөнінде, көпшілік көрсеткіштері бойынша 2 немесе одан да көп жасқа артта қалуы, әлде озып кетуі болса ғана, айтуға болады. Кешенді әдістің екінші кезеңінде регрессия шкалалары бойынша даму үйлесімділігі анықталады. Биологиялық дамудың - жасына сәйкес, жасынан артта қалған немесе озып кеткен - кез келген деңгейінде, дененің дамуы үйлесімді, үйлесімді емес, үйлесімділігі күрт өзгерген болуы мүмкін (9.4.- кесте).
9.4.- кесте
Балалардың дене дамуын кешендік әдіспен бағалау сызбасы
Даму үйлесімдлігі |
Морфологиялық-функционалдық жағдайы |
Биологиялық даму деңгейі |
|
Дене массасы, кеуде торының шеңбері |
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қолдың бұлшық етінің күші |
||
Үйлесімді |
Бұлшық еттің жақсы дамуы есебінен М±σ R және одан жоғары |
М±σ және одан да жоғары |
Жасына сәйкес |
Жасынан озған |
|||
Жасынан артта қалған |
|||
Үйлесімді емес |
М-1,1 σ R ден М-2,0 σ R дейін М+1,1 σ R ден М+2,0 σ R дейін, жоғары мөлшерде май жиналудан |
М-1,1 σ ден М- 2,0 σ дейін |
Жасына сәйкес |
Жасынан озған |
|||
Жасынан артта қалған |
|||
Үйлесімділігі күрт өзгерген |
М-2,1 σ R және одан да төмен М+2,1 σ R және одан да жоғары, артық мөлшерде май жиналудан |
М-2,1 σ және одан да төмен |
Жасына сәйкес |
Жасынан озған |
|||
Жасынан артта қалған |
Қазіргі кезде дене дамуын бағалаудың центильдік әдісі кеңінен таралған. Ол әдістің ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде объективтілігі, қарапайымдығы және қолданылу ыңғайлығы, қосымша есептеулер жүргізудің қажеті болмауы жатады. Әдетте, әрқайсысы жеке қарастырылатын, бірнеше белгілері: дене ұзындығы мен массасы, BMI, кеуде торының шеңбері, тері асты май қабатының қалыңдығы, қол бұлшық етінің күші, ӨТС, артериалық қан қысымы, пульс жиілігі және т.б. құрамына кіретін, бір өлшемді центильдік шкалалар қолданылады. Екі өлшемді центильдік шкалаларда даму үйлесімділігін анықтауға мүмкіндік беретін, дене дамуының 2 басты белгілері: дене ұзындығы мен массасының өзара байланысы берілген. Центильдік әдісте кез келген белгінің барлық мөлшерлерін, мысалы, белгілі бір жастағы балалардың дене массасының мөлшерлерін кіші мәнінен үлкеніне қарай өсу реті бойынша реттелген түрдегі қатарда орналастырады. Бұл қатарды 100 бөлікке (центилььдерге) бөледі. Әдетте, центильдік кестелерде барлық центильдер емес, тек қана 7 белгіленген 3, 10, 25, 50, 75, 90, 97 центильдер беріледі. Белгіленген центилььдер арасында 8 - центильдік аралықтар түзіледі. Бірінші аралыққа 03 центильдерге (өте төмен), екіншіге 310 центильдерге (төмен), үшіншіге 1025 центильдерге (төмендеген), төртіншіге 2550 центильдерге (орташа), бесіншіге 50-75 центильдерге (орташа), алтыншыға 7590 центильдерге (жоғарылаған), жетіншіге 9097 центильдерге (жоғары) және сегізіншіге 97100 центильдерге жататын (өте жоғары) белгілердің мөлшерлері кіреді. Баланы тексеріп, оның даму көрсеткіштерінің мөлшері, аралықтардың қайсысына кіретінін анықтайды. Дене дамуының қалыпты түріне 36 аралықтар арасындағы, яғни 10 - 90 центильдер зонасында жататын және сау балалардың 80%да кездесетін белгілер жатады..
Егер дене ұзындығының көрсеткіштері 37 зонасында, ал дене салмағы 36 зонасында жатса, онда дамуы қалыпты болып саналады. 1 және 8 центильдік аралықтарға жататын көрсеткіштер дененің дамуында ауытқулар бар екенін көрсетеді және балаға диагностикалық тексеру жүргізуді қажет етеді. Көрсеткіштері 2- және 7- аралықтарға түсетін балалар қауіпқатер тобына жатады, олар үнемі динамикалық бақылауда болуы қажет.
Центильдік кестелер бойынша жекелеген белгілерді ғана емес, дамудың үйлесімділігін де бағалауға болады. Егер дене массасы мен ұзындығының өлшемдері бір аралықта немесе көршілес аралықтарда да болса, онда дене дамуы үйлесімді болып саналады. Егер олар орналасқан аралықтардың айырмашылығы 3 аралыққа жетсе, үйлесімді емес, ал айырмашылығы одан да артық болса үйлесімділігі күрт өзгерген болып есептеледі. Дененің дамуын скрининг бағалау мақсатында екі өлшемді центильдік номограммалар кеңінен қолданылады (Ю.П. Пивоваров, 2001).
Сөзсіз артықшылықтарына қарамастан, центильдік әдіс баланың биологиялық дамуын бағалауға мүмкіндік бермейді. Бірақ, ол, көп еңбекті талап ететін регрессия шкалалары бойынша морфологиялық - функционалдық жағдайды бағалау әдісін алмастыра отырып, дененің дамуын кешендік бағалауда ойдағыдай қолданылады. Биологиялық дамудың артта қалуы немесе озып кетуі және морфологиялық-функционалдық көрсеткіштердің үйлесімді еместігі денсаулық жағдайында ауытқулар бар екенін көрсетеді. Дене дамуының үйлесімсіздігінің және биологиялық дамудың бұзылыстарының дәрежесі жоғарылаған сайын, аурулардың даму қаупі одан әрі артады. Сондықтан балалардың дене дамуын жекелей бағалаған кезде, оларды төмендегідей қауіпқатер топтарына бөлуге болады (В.Р. Кучма,2001, 9.5.- кесте).
9.5.- кесте
Балалар мен жасөспірімдерді дене дамуының әр түрлі дәрежесіне
байланысты аурулар дамуының қауіпқатер топтары.
Морфологиялық-функционалдық көрсеткіштері |
Биологиялық даму деңгейі |
||
сәйкес келеді |
озады |
артта қалады |
|
Үйлесімді |
|
1 |
1 |
Үйлесімді емес дене массасының жеткіліксіздігі мен функционалдық көрсеткіштердің төмендеуі есебінен |
1 |
2 |
2 |
Үйлесімді емесдене массасының артық болуынан |
2 |
2 |
2 |
Үйлесімділігі күрт өзгерген дене массасы жеткіліксізі немесе артық болған кезде |
3 |
3 |
3 |
4. Секулярлық тренд және қазіргі кезеңдегі балалардың өсу және даму ерекшеліктері
Адам биологиясында бірнеше ұрпақтар бойы жүретін өзгерістер, «секулярлық тренд» - ғасырлық дамудың бағыты деп аталады. Соңғы жүз жылдықта секулярлық тренд адам денесі өлшемдерінің және репродуктивті кезеңінің ұзақтығының өсуімен, өмір сүрудің ұзаруымен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен даму үрдістерінің өзгеруімен сипатталады. 20 жүзжылдықта секулярлық трендінің ерекшелігі, өсу мен дамудың акселерациясы болды. Қазіргі кезеңде акцелерация үрдісі тұрақтануымен және децелерацияның (ретардация) біртіндеп жоғарылауымен алмаса бастады.
Акселерация дегеніміз бұрынғы ұрпақпен салыстарғанда, даму мен өсу қарқынының жылдамдауы, ал децелерация баяулауы. 40 жылдардың өзінде басталған, өсу мен даму акселерациясы ең жоғарғы деңгейіне жетіп, 20 ғасырдың 6080 жылдарында барлық жерде байқалды, ал оның ең шарықтау шыңы 70 жылдарда болды. Акселерация балалардың барлық даму кезеңдерін, тіпті құрсақішілік кезеңіне дейін қамтыды. 1 жасқа дейінгі балаларда 1 ай бұрын дене массасы екі еселеніп, еңбектерінің ерте сүйектенуі байқалды. Сүт тістерінің тұрақты тістерге ауысуы, ғасыр басындағыға қарағанда, орта есеппен, 1 жыл ертерек аяқтала бастады. Едәуір айырмашылықтар дене өлшемдері мен жыныстық жетілу мерзімдерінде де байқалды. Әсіресе, олар жасөспірімдік кезеңде айқын білінді. 80 жылдарда 15 жасар оқушылардың бойы, 20 жылдардың басындағы өз қатарларынан 15 смге, ал салмағы 16 кгға жоғары болды. Дене ұзындығы әр он жылдықта, орта есеппен, 2 смге жоғарылап отырды. Menarche пайда болатын жас 15 жастан 12 жас 7 айға дейін, ал қалқан шеміршігінің даму мерзімі 9 айға, дауыстың өзгеруі 3 айға, қасаға мен қолтықтың түктенуі 55,5 айға азайды. Акселерация үрдісін анықтауда көптеген гипотезалар ұсынылады. Атап айқанда, табиғи және антропогенді сыртқы орта факторларының әсеріне: күн радиациясының циклдік белсенділігіне, ғарыштық сәулеленуге, электромагниттік фон мен электромагниттік ластағыштарға, тамақтанудың жақсаруына, урбанизацияға, қазіргі қоғамдағы өмір салтына көп көңіл бөлінеді. Сондайақ, балалар арасындағы жұқпалы аурулардың төмендеуінің, тұрмыс жағдайларының, оқу мен тәрбиенің жақсаруының да өзіндік қосар үлесі бар екенін теріске шығаруға болмайды.
Ішкі - генетикалық фактордың да маңызы аз емес. Акселерация, аралас некелердің көбеюі нәтижесінде, гетерозиготтылықтың күшеюі салдарынан, сондайақ, ағзаның қоршаған орта факторларының циклді өзгерістеріне генетикалық жоспарланған бейімділігінің пайда болуынан дамыды деген ұғымдар бар.
20 ғасырдың соңынан бастап, балалар ағзасының өсуі мен даму үрдісінің ретардацияға көшуі байқалды. 80 жылдардың өзіндеақ, балалар мен жасөспірімдердің функционалдық көрсеткіштерінің, ал 90 жылдарда - бойдың өсуі мен дене массасының және басқа соматометриялық көрсеткіштерінің төмендегені байқалды. Қазіргі кездегі балалардың ішінде, дене бітімінің “грацилизациясы” деп аталатын, дененің барлық ені мен құлашы өлшемдерінің төмендеуі, әсіресе қолайсыз болып саналатын - кеуде торы мен жамбастың сагиталдық және көлденең өлшемдерінің кішіреюі жиі кездесетін болды. Дене массалары жеткіліксіз немесе артық оқушылардың пайызы 2 есеге жуық өсті, сондайақ, биологиялық жасы күнтізбелік жасынан артта қалған балалардың, әсіресе қыздардың, пайыздық саны жоғарылады. Балалар мен жасөспірімдердің дене өсуіндегі теріс өзгерістер, олардағы бейімделу қабілеті мен денсаулық деңгейінің төмендегенін дәлелдейді.
Ретардацияның даму себептері толығымен белгісіз болса да, оның дамуындағы әлеуметтікэкономикалық жағдайлар мен экологиялық факторлардың сөзсіз рөлі, балалар мен жасөспірімдердің тіршілік ету жағдайларын сауықтыру мәселелерін шешуді қажет етеді.
5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау. Денсаулық топтары.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын зерттеу мен бағалау, жоғарыда көрсетілгендей, С.М. Громбах ұсынған белгілерге сәйкес жүргізіледі. Бір баланың денсаулығы да (жеке адам денсаулығы) және бүкіл балалардың да денсаулығы (қоғамдық денсаулық) сипатталынады.
Балада созылмалы аурулардың болуы немесе болмауы жөнінде педиатрдың және арнаулы саланың мамандарының жоспарлы медициналық тексерулерінің мәліметтері мен медициналық көмек алуға келу бойынша анықталған аурушаңдық деректері бойынша біледі.
Ағзаның қарсы тұру қабілеті, өткен жылдағы балада болған жедел аурулардың және созылмалы аурулардың асқынуларының сандары бойынша бағаланады. Жиі ауыратын балаларға, бір жылда 4 немесе одан көп рет ауыратындар жатады.
Мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайы клиникалықфункционалдық зерттеу әдістерімен анықталады.
Жүйкелікпсихикалық даму деңгейін, арнайы тесттердің (КернИрасек тесті, монометриялық тест, әріптердің дыбысын дұрыс шығаруын бағалау және басқалар) көмегімен психоневролог анықтайды.
Дененің даму деңгейі кешендік және центильдік зерттеу және бағалау әдістерінің мәліметтері бойынша анықталады.
Алынған деректер негізінде балаларды 5 денсаулық тобының біреуіне жатқызады. Балалар мен жасөспірімдерді денсаулық топтарына бөлу, тиісті сауықтыру шараларын жүргізуге, диспансерлік бақылауға алуға, дене шынықтыру тәрбиесі мен еңбекке баулудың көлемі мен түріне түзету енгізуге, емдеуалдын алу шараларының тиімділігін бағалауға және т.б. мүмкіндік береді.
Бірінші денсаулық тобына дені сау, созылмалы аурулары, кемтарлығы, ақаулары жоқ, дене дамуы мен жүйкелікпсихикалық дамуы жасына сәйкес, үйлесімді, сирек ауыратын, функционалдық ауытқулары жоқ балалар жатады.
Екінші денсаулық тобына дені сау, созылмалы аурулары жоқ, бірақ кейбір функционалдық және морфологиялық ауытқулары бар балалар, сондайақ, биологиялық жасы күнтізбектік жасынан артта қалған эндокриндік патологиясы жоқ және дене массасы жеткіліксіз немесе артық, жиі және ұзақ ауыратын балалар жатады.
Үшінші денсаулық тобына, функционалдық мүмкіншіліктері сақталған, компенсация сатысындағы жүре пайда болған созылмалы аурулары және туа біткен патологиясы бар балалар, сондайақ оқуға немесе еңбекке қабілеттілігін бұзбайтын, дене кемістіктері және жарақаттануларының едәуір салдары бар, балалар жатады.
Төртінші денсаулық тобына функционалдық мүмкіншіліктері төмен, субкомпенсация сатысындағы жүре пайда болған немесе туа біткен созылмалы аурулары бар балалар, сондайақ, оқуға немесе еңбекке қабілеттілігін бұзатын, дене кемістіктері және жарақаттануларының едәуір салдары бар, балалар жатады.
Бесінші денсаулық тобына функционалдық мүмкіншіліктері айқын төмендеген, декомпенсация сатысындағы жүре пайда болған немесе туа біткен ауыр созылмалы аурулары бар балалар, сондайақ мүгедектікке әкеп соғатын, дене кемістіктері және жарақаттануларының едәуір салдары бар балалар жатады.
Созылмалы аурулар кезіндегі компенсация дәрежесі патологиялық үрдістің таралуы, оның жыл бойындағы асқынуларының жиілігі, интеркуррентті аурулардың жиілігі, ағзаның функционалдық мүмкіншіліктері төмендеуінің айқындылығы бойынша анықталады. Аурудың компенсациялық түрде өтуі кезінде, әдетте, бір-екі мүшелер мен жүйелердің зақымдалуы байқалады, асқынулар сирек жылына 1 ретке дейін, ремиссия кезеңі ұзақ, функционалдық мүмкіншіліктері сақталған, интеркуррентті аурулардың сирек қосылады және жеңіл өтеді, ағзаның жалпы жағдайы мен ахуалының айқын бұзылыстары байқалмайды.
Субкомпенсация сатысы, үрдістің басқа мүшелер мен жүйелерге таралуымен, аурудың жиі асқынуларымен (жылына23 рет дейін) және интеркуррентті аурулардың жиі қосылуымен, реконвалесценция кезеңінің ұзаққа созылуымен, сондайақ, ағзаның функционалдық мүмкіншілігінің төмендеуімен сипатталады. Декомпенсация кезінде бұзылу үрдістері көптеген мүшелер мен жүйелерге таралады, ремиссия кезеңі қысқа, ағзаның функционалдық мүмкіншіліктері күрт төмендеген, соның салдарынан, мұндай балалар басқа адам күтім көрсетуін қажет етеді және балалар мен жасөспірімдерге арналған жалпы салалық мекемелерге қатыспайды.
Денсаулық тобын өз саласы бойынша медициналық тексеруге қатысқан әрбір маман анықтайды. Соңғы бағаны мамандардың қорытындалары негізінде, жаппай медициналық тексерулер немесе диспансерлеу жүргізуге басшылық еткен дәрігер-педиатр немесе мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп дәрігері береді. Егер балада бірнеше аурулар болса, онда баға олардың ішіндегі ең ауыры бойынша беріледі. Егер ол аурулардың әрқайсысы науқас баланы 3 денсаулық тобына жатқызуға мүмкіндік беретін болса және оның функционалдық мүмкіншіліктерін төмендетсе, онда баланы 4 топқа жатқызу керек. Денсаулық тобы мәңгілікке белгіленбейді, ол баланың денсаулық жағдайына қарай өзгеріп тұрады. Денсаулық тобын анықтауда бірыңғайлаған «Денсаулық тобын анықтау сұлбасы» қолданылыды.
Балаларды топтарға бөлу, оларға дифференциалды бақылау, денсаулық деңгейіне байланысты сауықтыру және емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.
6. Күн тәртібі мен оқутәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
6.1 Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Балалар мен жасөспірімдердің дамуы және оларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың әр түрлі әрекет түрлерін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады. Өскен сайын ол әрекеттердің мазмұны, күрделілігі, әр түрлілігі және ұзақтығы кеңейеді. Кез келген жұмысты орындау барысында, заңды түрде, субьективті шаршау сезімімен, жұмысқа қабілеттілігінің және ағзаның негізгі жүйелерінің функционалдық белсенділігінің төмендеуімен сипатталатын, уақытша қайтымды үрдіс қажу дамиды. И.М. Сеченов пен И.П. Павлов пікірі бойынша, қажу жұмыс істеп тұрған мүшелерден импульстардың үздіксіз түсуінен, ми қыртысы жасушаларының функционалдық әлсіреуіне байланысты. Қазіргі көзқарастар бойынша, қажудың дамуы жүйке орталықтарының функционалдық өзгерістеріне де және қыртыс пен қыртыс астылық бөлімдер арасындағы өзара әрекет етуінің бұзылыстарына да, сондайақ, шеткі мүшелердің, мысалы, шамадан артық жүктемені орындағандағы, көлденең жолақты бұлшықеттің, біріншілік функционалдық әлсіреуіне де байланысты болуы мүмкін. Қажудан пайда болатын, ағзаның функционалдық жағдайындағы өзгерістер ұйқыдан және жеткілікті демалудан кейін тез қалпына келеді.
Бірақ, жүктеменің көп болуы, жеткіліксіз демалу, адамда қандай да бір аурудың болуы кезінде, қажудан пайда болған өзгерістер қалпына келу кезеңінде коменсацияланбай, жиналады да, зорығуға әкеледі. Зорығу, қажумен салыстарғанда, жүйкелікпсихикалық және вегетативтік бұзылыстармен, ағзаның резистенттілігімен жұмыс қабілеттілігінің айқын және ұзақ төмендеуімен сипатталатын, физиологиялық емес, патологиялық үрдіс.
Зорығу әдеттегі демалу немесе ұйқыдан кейін қалпына келмейді, оны жою үшін тиісті емдеу жүргізу қажет болады. Сондықтан, зорығу дамуының алдын алу шараларының маңызы өте зор. Аурулардың, сонымен қатар, қажу мен зорығудың алдын алу шаралары жүйесінде балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібі жетекші рөл атқарады.
Күн тәртібі деп, негізгі тіршілік үрдістеріне: ұйқы, тамақ қабылдау, әр түрлі ісәрекеттерге тәулік ішінде бөлінген уақытты және олардың ұзақтығы мен мазмұнын түсінеді. Үнемі күн тәртібін сақтау, ағзаның осы тәртіптегі тіршілік ету бағдарламасын іске асыратын, шартты рефлекстер жүйесінің, яғни, динамикалық стереотиптің, пайда болуына және бекітілуіне әкеледі. Атап айтқанда, тағам қабылдау, ұйқы, жұмысқа кірісу және тағы басқаларға бөлінген уақытқа шартты рефлекстер қалыптасады, олар белгілі кезектілік пен осы уақыт аралығындағы физиологиялық үрдістердің жүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, ағзаны орындалатын ісәрекетке алдын ала дайындайды. Сондайақ, күн тәртібінің жеке сәттерінің жүйелілігі мен олардың кезектесіп келуіне де шартты рефлекстер қалыптасады, соған байланысты алдыңғы ісәрекет келесіге шартты тітіркендіргіш болады. Осылайша динамикалық стереотиптің түзілуі барлық мүшелер мен жүйелердің үнемділеу қызмет атқаруын қамтамасыз етеді және қажудың да алдын алады, себебі ағза, күн тәртібіне сәйкес қалыптасқан жұмыс жүйесі ретінде, жұмыс істейді. Қалыптасқан динамикалық стереотиптің арқасында бала жылдам және жеңіл, қыңырлықсыз ұйықтайды, белгілі уақытта тәбетпен тамақтанады, әр түрлі ісәрекеттерге оңай кірісіп кетеді, кез-келген тапсырманы орындағанда аз қажиды, уақытын дұрыс және тиімді пайдалануды үйренеді. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі, сонымен қатар, оңтайлы дене дамуы мен жүйкепсихикалық жетілу үшін, қалыпты эмоционалдық күйді, мінез құлықтық статусты сақтау үшін, оқу мен шығармашылық қызметке қызығушылықты дамыту үшін қажетті жағдай болып табылады. Қалыптасқан стереотиптің алмасуы, мысалы, балалардың үй жағдайынан мектепке дейінгі мекемелер жағдайына өтуі, белгілі бір уақытты қажет етеді және жиі жүйке бұзылыстарын туғызады. Балалар неғұрлым жас болган сайын, олар үйреншікті тәртіптің өзгеруіне соғұрлым сезімтал болады. Бұл дамып келе жатқан мидың салыстырмалы түрде төмен функционалдық мүмкіншіліктерімен түсіндіріледі, себебі дамып келе жатқан миға жүйке үрдістерінің тепе-теңдікте болмауы және жылдамдығы аз болуы, белсенді ішкі тежелу үрдісістерінің салыстырмалы түрде әлсіз кезінде, иррадиациялануға бейім қозудың басым болуы тән.
Соның нәтижесінде, бұрын қалыптасқан шартты рефлекстердің тежелуі қиын, ал жаңа рефлекстердің қалыптасуы баяу жүреді. Сондықтан, күн тәртібін құрастыруда келесі қағидаларға сүйенеді:
Күн тәртібіне келесі негізгі компоненттер кіреді: ұйқы, тамақтану, таза ауада болу, оқу, өз қалауы бойынша ойын және демалу, жеке бастың гигиенасы. Осы компоненттердің ішіндегі әрқайсысының ұзақтығы мен мазмұны, сондайақ, олардың бала ағзасы үшін маңызы әр түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес, бұл әрбір жастағы балалардың өсуі мен дамуының ерекшеліктеріне байланысты.
6.2 Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі.
Балалардың бірінші үш айлық жасындағы күн тәртібінің негізгі компоненттері ұйқы, тамақтану, сергу болып табылады. Ұйқы өте ұзақ 16-18 сағатқа дейін, ол болар-болмас сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен жетілмеген жүйке жүйесінің тез әлсірейтіндігімен және қорғаныштық тежелудің дамуымен түсіндіріледі. Ұйқы кезеңдерінің саны 43. Екінші айға қарай, ұйқының тәуліктік ырғағы тұрақталады: түнгі ұйқы (1011 сағат) және күндізгі ұйқы (66,5 сағат). Сергу уақытының жиынтық ұзақтығы 56 сағаттан, ал әрбір кезеңнің ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспайды.
Өмірінің бірінші жылының кейінгі айларында сергу уақыты біртіндеп ұзартылып, 1 жастың соңында 910 сағатқа жетеді. Сергу уақытымен қатар, ұйқының тәуліктік ұзақтығы 1415 сағатқа дейін, ал ұйықтау кезеңінің саны22,5 дейін азаяды. Емшектегі балаларда тамақ қабылдауының басым (доминанта) болатыны айқын көрінеді. Сондықтан, күн тәртібінде, тағамға деген қажеттілікті бала оянғаннан кейін қанағаттандырып, тиімді сергу және одан соң жеңіл ұйықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келесі реттілікті сақтайды: ұйқы тамақтану сергу ұйқы. Жасы үлкендеу балаларда, 10 ай және одан жоғары жаста, тамақ доминантасы біртіндеп төмендейді, оның орнын белсенді сергу алады. Сондықтан, емшектегі балаларға қарағанда, 13 жастағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөлігінің реттілігі басқаша: ұйқы сергу тамақтану. Сергу уақыты 1112 сағатқа дейін ұзарады, ал, әрбір сергу кезеңінің ұзақтығы 56 сағатқа дейін жетеді. Ұйқының ұзақтығы, керісінше, 1312 сағатқа дейін азаяды, тек, ұзақтығы 23 сағаттық, бір ғана күндізгі ұйқы қалады. Емшектегі балалардың сергу уақыты, негізінен гигиеналық күтім және балалар қоршаунда (манеж) жеке баланың ойыны, кейін еңбектеу және жүру дағдыларын меңгеру үшін қолданылады. 13 жасар балаларда сергу біршама белсенді бола бастайды, оның құрамына әр түрлі ойындар, таза ауада серуендеу, сонымен бірге, сөйлеуді, сенсорлық қабылдауды, қимыл қозғалыстарды дамытуға ықпал ететін және қоршаған әлеммен таныстыратын арнайы сабақтар мен ән сабақтары кіреді. Бұл жастағы балалардың орталық жүйке жүйесі дамуының ерекшеліктеріне байланысты, олар бір іске ұзақ уақыт көңіл тоқтата алмайды, жиі алаңдайды, тез шаршайды, сондықтан да апта бойына әрқайсының ұзақтығы 810 минут көлемде 1011 сабақ өткізіледі. Күніне 2 сабақ өткізіледі біреуі түске дейін, екіншісі түстен кейін. Сабақты жеке немесе кіші топтарда жүргізу (56 адам) орынды деп саналады. Жаз айларында сабақтарды және ойындарды таза ауада өткізу өте маңызды болып табылады. Қыста міндетті түрде 2 реттен кем емес, ұзақтығы 12 сағаттық серуендеу қажет.
Сонымен, емшек жасындағы және мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балаларда күн тәртібі бірнеше рет өзгереді, оны тиімді етіп құру, осы жастағы балаларды тәрбиелеудегі негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады.
6.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқутәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде де, мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балалардың күн тәртібіндегі сияқты, жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Олардың да жоғары жүйке қызметіне бас ми қыртысы жасушаларының жеңіл әлсіреуі және қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болып қала беруі тән. Қозу иррадиациясы, бұрынғысынша концентрациядан басым, бірақ, оған қоса, баланың көңіл тоқтату қабілетін жоғарылататын теріс индукция үрдістері де дамиды. Жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелігімен қатар, күн тәртібін құру кезінде ағзаның басқа да мүшелерімен жүйелерінің өсуі мен даму ерекшеліктерін ескеру қажет (1 тарауды қара), яғни мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде жүру, жүгіру, өрмелеу, күрделі қорғану дағдыларын меңгеруге, сөйлеудің қалыптасуы мен жетілуіне, көптеген бұйымдармен және көріністермен танысуға, логикалық ойлаудың дамуына гигиеналық және қандай да бір еңбек дағдыларын бойға сіңіруге ерекше көңіл аударылуы қажет.
Мектепке дейінгі жаста күн тәртібіне келесі 6 құрамдас бөліктері кіреді (9.6.- кесте): өз бетінше істейтін ісәрекеті (ойындар, еңбек, сабаққа дайындалу, серуендеу, жеке басының гигиенасы және т.б.), тамақ қабылдау, сабақтар, үзілістерді қоса, серуендер, күндізгі және түнгі ұйқы. Жасына байланысты күн тәртібі 4 топқа жіктеледі: кіші (34 жастағы балалар), орта (45 жастағы балалар), үлкен (56 жастағы балалар) және мектепке дайындайтын (67 жастағы балалар) топтарға. Күн тәртібінің құрамдас бөліктерінің құрылымы, реттілігі мен кезектесіп келуі ұқсас, бірақ ұзақтығы мен мазмұнында айырмашылық болады.
9.6.- кесте
Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат).
Күн тәртібінің құрамдас бөліктері |
Балалардың жасы |
|||
34 жас |
45 жас |
56 кг |
67 кг |
|
Өз бетінше істейтін ісәрекеті (ойындар, еңбек және т.б.) |
5 |
5 |
4,5 |
4,5 |
Тамақ қабылдау |
2 |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
Сабақтар (үзілісті қоса) |
40 мин |
45 мин |
11,5 |
2 |
Серуендер |
4 |
4 |
44,5 |
4 |
Күндізгі ұйқы |
2 |
2 |
2 |
1,5 |
Түнгі ұйқы |
10,5 |
10,5 |
10 |
10 |
Күн тәртібінде ұйқы бұрынғысынша маңызды орын алады. Оның жалпы ұзақтығы кіші және орта топтарда 12,5 сағаттан, ал үлкен және мектепке дайындайтын топтарда 1211,5 сағаттан кем болмауы қерек. Түнгі ұйқыға жасына сәйкес 10,5 және 10 сағат бөлінеді. Күндізгі ұйқы күн тәртібінде қала береді, өйткені мектепке дейінгі жастағы балалар үзіліссіз сергу жағдайында 56 сағаттан артық бола алмайды, себебі ұзақ уақыт сергу орталық жүйке жүйесі үшін шамадан артық жүктеме болып, астенияға және невротикалық бұзылыстардың дамуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан, күн тәртібінде кіші жастағы балалар үшін бір рет 2 сағаттық және үлкен жастағы балалар үшін 1,5 сағаттық күндізгі ұйқы қарастырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді сергу уақыты 1012 сағатқа дейін ұлғаяды, ол, барған сайын түрлері көбейетін, ойындармен, оқу сабақтары және серуендеумен, қарапайым еңбек міндеттерімен толықтырылады. Ойын әрекеті тәрбиелеу және оқытудағы әртүрлі тапсырмаларды шешуде аса маңызды. Ойындарды қимылды және тыныш (рөлдік желідегі, дидактикалық, музыкалық, құрылыс материалдарымен), жеке және ұжымдық және т.б. деп бөледі. Қимылды ойындарда қимыл-қозғалыстар жетіледі және ептілік, батырлық, шыдамдылық, реакцияның жылдамдығы, баланың кеңістікте және кездойсоқ жағдайларға үйрену қабілеті дағдыланады, ағзаның өсуі мен дамуы ынталандырылады
Одан басқа, қимылды ойындар баланың сабақтан, ұйқыдан кейін жұмыс істеуге қабілетін қалпына келуіне ықпал етеді. Ойынның басқа түрлері (дидактикалық, рөлдік желідегі, музыкалықдидактикалық және т.б.) қоршаған әлемді тануға, сезім мүшелерінің дамуына, назар аударудың, ойлаудың, сөйлеудің, танудың, есте сақтаудың, көз алдына елестету дамуына ықпал етеді, бірақ аз қозғалысты болып табылады. Сондықтан, күн бойына әр түрлі сипаттағы ойындар тиімді түрде кезектестірілуі қажет.
Қарапайым қозғалмалы ойындарды (қол ұстасып жүріп айтылатын ән мен билейтін би, доппен ойнау, жүгіру, және т.б.) оянғаннан кейін, таңертеңгі сағаттарда, сонымен қатар, статикалық әрекеті басым сабақтарға дейін және олардың арасында өткізу қажет. Спорттық сипаттағы ойындарды (жүгіру, секіру, бадминтон, теннис, шанамен, конькимен сырғанау, велосипед тебу және т.б.) серуендеу кезінде өткізген дұрыс. Қимылды эмоционалдық ойындар ұйықтау және тамақ қабылдау алдында ұсынылмайды, себебі олар, бірінші жағдайда, ұйықтауды қиындатады және терең толық ұйқыға кедергі болады, екінші жағдайда, ас қорыту бездерінің сөлін тежеп, тәбетті төмендетеді және тағамның сіңірілуі мен қорытылуын бұзады.
Ойындарға міндетті түрде ойыншықтарды (доп, шеңбер, құрылыс жиынтығы, секіртпе және т.б.) қолданады, ол қимылдарды жаттықтыруға, тапқырлыққа дағдылануға, ынталылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Ойындармен қатар, балалар ағзасының денсаулығын күшейту мен төзімділігін жоғарылату үшін таза ауада серуендеу тиімді құрал болып табылады. Күнделікті және дұрыс ұйымдастырылған, ұзақтығы 4 сағаттан кем емес серуендеу, осы жастағы балалардың қимыл белсенділігінің қажеттілігін жартылай қамтамасыз етіп, гипокинезия белгілерін төмендетеді. Сонымен бірге, таза ауа және күн радиациясы ағзаның алмасу үрдісін ынталандырып қана қоймай, көңіл-күйге де қолайлы әсер етеді. Серуендеуді күннің бірінші де, екінші де жартысында өткізу қажет. Оның құрамына тек қана жүріп серуендеу ғана емес, сонымен қатар, өз бетінше орындайтын әрекеттердің әр түрлі түрлерін: тыныш және қимылды ойындарды, дене жаттығуларын, табиғатты бақылауды, жұмыс істеуді (өсімдіктерге су құю, қардан жолды тазарту және т.б.) кіргізу қажет.
Мекептке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі келесі жас топтарындағы оқу бағдарламаларын меңгеру үшін және мектепте оқу үшін қажетті ой жұмысын, жүйкепсихикалық статусын және қарапайым білім мен дағдыларын дамыту болып табылады. Осы мақсатта ана тілі, математика, қоршаған әлеммен және табиғатпен танысу, музыка, бейнелеу ісәрекеті, дене шынықтыру, сенсорлық қабылдауды жақсарту бойынша сабақтар жүргізіледі. Кіші және орта топтарда күніне, күннің бірінші және екінші жартысында, ұзақтығы 1520 минуттан, 2 сабақ өткізіледі.
Үлкен топтарда сабақтың саны мен ұзақтығы ұлғаяды. Аптасына 4 рет, күніне жалпы ұзақтығы (үзілісті қоса) 1 сағат 25 минуттан, 3 сабақ өткізіледі, ал, аптаның аяқталатын күнінде, жалпы ұзақтығы 1 сағаттан, 2 сабақ өткізіледі. Дайындық тобында үлкен топтағы сабақ санына аптаның әрбір күнінде 1 сабақ қосылып отырады, ал жалпы ұзақтығы 1 сағат 50 минутқа дейін (үзілісті қоса) ұзартылады. Қиын сабақтар (математика, сөйлеудің дамуы, сауаттану, табиғаттану) күн бойына жеңіл (сурет салу, құрастыру, мүсіндеу) және динамикалық (дене шынықтыру, музыка) сабақтармен кезектестірілуі қажет.
Бір күнде екі динамикалық сабақты, және дене шынықтыруды бірінші сабақта өткізу дұрыс емес, себебі дене жүктемесінен пайда болатын қажу дене шынықтырудан кейінгі қиын сабақты өткізу кезінде күшеюі мүмкін. Ағзаның функционалды жағдайының көрсеткіштері аптаның басында төмен болып, сейсенбі және сәрсенбі күндері шыңына жетеді, ал содан кейін қайтадан төмендейді, осы деректі ескере отырып, жоғары оқу жүктемесі аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері беріледі. Балалардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы сабақты жүргізу кезінде де ескерілуі қажет.
Сабақта көрнекті құралдарды, дидактикалық ойындарды қолдану, өсімдіктерді, жануарларды және т.б. бақылау, осы үрдіс кезіндегі екі дабыл жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде, белсенді қабылдауды және материалды есте сақтауды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға үй тапсырмасы берілмейді. Жылына екі рет балаларға демалыс беріледі, онда балалар сабақтан босатылады, бірақ мектепке дейінгі мекемеге баруын жалғастырады.
Мектепке дейінгі жастағы кіші топтағы балаларды еңбекке тәрбиелеу, негізінен өзіне - өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын қалыптастырудан тұрады: өз беттерімен киініп-шешіну, жуыну және тісін тазалау, ұқыпты тамақтанудан. Дегенмен, оларды одан да күрделі ісәрекетке тарту қажет: өсімдіктерді күтуге көмектесу, дастархан дайындау, еденді сыпыру, өзінің заттарын жинау және басқаларға. Мектепке дейінгі жастағы үлкен топтағы балаларды өзінің төсегін жинауға, заттарын, ойыншықтарын жууға, аяқ-киімін тазалауға, өзінің шкафын және бөлмесін жинауға үйретеді. Сонымен қатар, олар өсімдіктер мен жануарларды күту, жерді қопсыту, көшеттерді отырғызу, суару мен шабу сияқты іс-әрекеттерді орындау мүмкін.
Саусақтардың бұлшық етінің функционалды дамуына ықпал ететін, қол еңбегі сабақтарының да әр түрлі ұсақтүйектерді дайындау, іс тігу, тоқу және т.б. пайдалы. Сонымен қатар, жұмыстың ұзақтығы күш жетерлік болуы керек: жеңіл шаруашылықтық-тұрмыстық жұмыстарды орындау кезінде күніне 2530 минутқа дейін болып, қарқынды ісәрекеттер кезінде орта топтағы балалар үшін 710 минуттан және үлкен топтағы балалар үшін 15 минуттан аспау керек.
Тағам қабылдау қатал бекітілген сағаттарда жүргізілуі тиіс, себебі ол тағамдық стереотиптің қалыптасуына ықпал етеді және ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу үшін маңызды болып табылады. Тамақты қабылдау аралығының ұзақтығы 4 сағаттан аспау керек, ал барлық тамақтарды қабылдаудың жалпы ұзақтығы кіші топтарда 2 сағаттан, үлкен және дайындық топтарында 1,5 сағаттан аспау керек. Тамақ қабылдау уақытының ұзаруы ұзақ уақыт отыру себебінен статикалық шаршауды туғызады, және нейрогенді анорексияның дамуына ықпал етуі мүмкін.
6.4 Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы.
Мектепте оқу мектепке бірінші рет барған балалар ағзасына жоғары талаптар қояды. Үнемі жүргізілетін оқу үрдісіне барлық балалар бірдей функционалды дайын болмайды. Оқуға функционалдық дайын болуы («мектепте оқуға жетілуі») деп мектеп бағдарламасын табысты меңгеру үшін жеткілікті дене және жүйке - психикалық даму деңгейін айтады. Оқуға дайын еместігі немесе дайындығы жеткіліксіз болуы әр түрлі себептерден болуы мүмкін: денсаулығындағы ауытқулардан, сөйлеу, моторика, психика және т.б. дамуының артта қалуынан.
Мектепте оқуға дайындығын анықтау мектепте оқытудан 1 жыл бұрын (мектепке түсер алдындағы жылдың қазанқараша айларында), содан кейін, қайтадан мектепке оқуға түсер алдында (мамырсәуір) жүргізіледі. Бала дәрігерінің, отоларингологтың, хирургтың, тіс дәрігерінің, көз дәрігерінің және психоневрологтың қатысуымен тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіледі. Балалардың оқуға дайындығы медициналық және психофизиологиялық критерийлері бойынша бағаланады. Медициналық критерийлерге биологиялық даму деңгейі, баланың денсаулық жағдайы, ағзасының резистенттілігі (жедел аурулармен аурушаңдық мәліметтері бойынша) сияқты көрсеткіштер жатады. Психофизиологиялық критерий ретінде КернИрасек тесті, дыбысты айту ауытқуларын анықтау, монометриялық тест, сонымен қатар, арнайы дайындалған анкета бойынша сауалнама алу жиі қолданылады. Психофизиологиялық критерийлер негізінде «мектепте оқуға қажетті» функциялардың даму дәрежесі (сөйлеу, бас миы қыртысының талдау және синтетикалық қызметі, қимыл қозғалысының дамуы) анықталады. Мысалы, Керн Ирасек тесті 3 тапсырмадан тұрады, онда адам суретін салу, қағазға жазылған сөзді және нүктелер тобын көшіріп жазу ұсынылады. Монометриялық тестпен шекарадан шықпай шеңберді кесіп алу ұсынылады. Керн Ирасек тестін орындау тапсырманың табысты орындалуына байланысты балл бойынша бағаланады. Бала неғұрлым көп балл алса, соғұрлым оның қажетті функциясының дамуы төмен болады.
Денсаулық жағдайында қандай да бір ауытқулар анықталу кезінде және мектепке қажетті функцияларының дамуы артта қалғанда, арнайы емдеу, сауықтыру және түзету шаралары жүргізіледі. Қайта медициналық тексеру кезінде баланың мектепте оқуға дайындығы туралы соңғы қорытынды береді.
Суб және декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары, айқын функционалды ауытқулары, дыбысты айту кемшіліктері бар, төлқұжаттық жасынан биологиялық жасы артта қалған, тәртібінде ауытқулары бар, мектепке қажетті дағдылары қалыптаспаған (КернИрасек тесті - 10 және одан да артық балл, монометриялық тест - теріс), бала бақша бағдарламасын меңгере алмаған және оқуға деген көзқарасы қалыптаспаған балалар мектепте оқуға дайын емес деп саналады. Оқуға дайын емес балалардың мектепке баруын уақытша кейінге қалдыру ұсынылады, бұл кезеңді оларды келешекте оқуға максималды дайындау үшін пайдаланады. Гипербелсенді, назар аудару тапшылығы синдромы бар балаларды, олардың басқа параметрлері бойынша оқуға дайындығы жеткілікті болғанына қарамастан, оқыту өте қиын болып табылады. Ондай балаларды ата анасына сауалнама жүргізу сонымен қатар оқудың бірінші 1-2 айларында балаларды бақылау арқылы анықтайды, содан кейін қажетті медициналық- алдын алу шаралары тағайындайды.
6.5 Мектеп оқушыларының күн тәртібі мен оқу тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
Мектепке түскеннен кейін балалардың күн тәртібінде жаңа құрамдас бөліктер пайда болады. Оқу сабақтарын орындауға бөлінетін уақыттың үлесі жоғарылау есебінен және демалу, ұйқы, тамақтануға арналған уақыттың қысқаруы нәтижесінде күн тәртібі айқын өзгереді, жеке құрамдас бөліктерінің мазмұнында жаңа ерекшеліктер пайда болады. Мектеп оқушыларының күн тәртібінің құрылымына мектепте және үйде сабақ оқу, ашық ауада белсенді демалу, өз таңдауы бойынша демалу, тамақтану, жеке бас гигиенасы, ұйықтау кіреді (9.7.- кесте). Күн тәртібін құру жоғарыда аталған барлық принциптерді есепке ала отырып жүзеге асырылады
Оқушылар ағзасының биоырғағы мен жұмысқа қабілеттілігінің динамикасына ерекше көңіл бөлінеді (9.1.-сурет). Басында жұмысқа қабілеттілік жоғарылайды (жұмысқа төселу кезеңі), одан кейін, максималды деңгейге жетіп, біраз уақыт осы деңгейде тұрады (жоғары жұмысқа қабілеттілік кезеңі), содан кейін біртіндеп төмендейді (жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу кезеңі немесе қажу). Жұмысқа қабілеттіліктің осындай динамикасы көптеген балаларда (бірақ барлығында емес) байқалады. Ол жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында да жұмысқа қабілеттіліктің 812 және 16-18 сағат аралығында жоғарылаумен сипатталады. Осыған ұқсас балалардың жұмысқа қабілеттілігі оқу аптасы, тоқсаны, жылы ішінде өзгереді: осы кезеңдердің басы мен соңында жұмыс өнімділігі төмендейді, ал ортасында ең жоғары болады. Жұмысқа қабілеттіліктің. динамикасына сәйкес күн, апта, тоқсан, жыл бойына күн тәртібі құрастырылады және оқу жүктемесі бөлінеді. Қазіргі кездегі мектептерде оқу, ақпараттық жүктемелердің көбеюіне және күрделенуіне, уақыттың үнемі тапшылығына, дененің ұзақ уақытқа созылған статикалық қалыпта болуына, гипокинезия мен гиподинамияға, сондайақ, әлеуметтік сипаттағы стресс әсерлерінің себептерінен пайда болатын қажу мен зорығудың дамуына, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне, функционалдық бұзылыстар мен әр түрлі аурулардың дамуына байланысты, балалар мен жасөспірімдердің ағзасына жоғары талаптар қояды.
9.7- кесте
Мектеп жасындағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөліктері және ұзақтығы (сағат)
Күн тәртібінің құрамдас бөліктері |
7 жас |
8 жас |
9-10 жас |
11-12 жас |
13 жас |
14 жас |
15-16 жас |
Оқу сабақтары: -мектепте |
4 |
4 |
4 4 4,5 |
5 |
5 |
5-6 |
5-6 |
- үйде |
1 |
1,5 |
2 |
2,5 |
3 |
3 |
4 |
Тағам қабылдау |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1- 1,5 |
1- 1,5 |
1- 1,5 |
1- 1,5 |
Ашық ауада болу |
3-3,5 |
3-3,5 |
3-3,5 |
2,5-3 |
2,5-3 |
2,5-3 |
2,5-2 |
Өз таңдауы бойынша оқудан тыс әрекет |
1-1,5 |
1-1,5 |
1-1,5 |
1,5-2,5 |
1,5-2,5 |
1,5-2,5 |
1,5-2,5 |
Жеке бас гигиенасы |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
1- 1,5 |
1- 1,5 |
1- 1,5 |
1- 1,5 |
Түнгі ұйқы |
10-11 |
10 |
10 |
9 |
9 |
9 |
8-8,5 |
Күндізгі ұйқы |
1 |
- |
- |
- |
1* |
1* |
1* |
* жоғары оқу жүктемелері кезеңінде болғаны жөн
Сондықтан, мектептегі оқутәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі принциптері:
оқу жүктемесін нормалау, яғни балалар ағзасының жасына және жеке басының мүмкіншіліктеріне сәйкес жүктемелердің шегін орнату
ғылыми негізделген жолмен оқу үрдісін ұйымдастыру
балалардың мектепте болуы және оқуы кезінде оптималды жағдайлар жасау болып табылады.
Оқу жүктемесін нормалау деп оқу аптасының, сабақтарының, үзілістерінің, демалыс күндерінің ұзақтығын, күнделікті және апталық сабақтар сандарының нормалануын және сабақты, оқу күнін, аптасын және оқу жылының басқа кезеңдерін дұрыс ұйымдастырылуын түсінеді. Жалпы білім беретін ұжымдардың барлық түрлерінде (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде және т.б.) аптадағы сағат саны 9.8-кестеде берілген нормативтік жүктемеден аспауы керек.
А
а б в
I II III
9.1.- сурет. Оқушылардың күндік және апталық жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы. (В.Р. Кучма бойынша келтіріледі, 2001).
Ажұмысқа қабілеттілік; I жұмысқа төселу кезеңі; IIжоғары және тұрақты жұмысқа қабілеттілік кезеңі ; III-жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу кезеңі; а-толық емес компенсация аймағы; б- соңғы қарқын аймағы; в-үдемелі төмендеу аймағы.
9.8.- кесте
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу жүктемелерінің нормалары.
Апталық сағатпен берілген жүктеме |
Мек-теп алдындағы |
Сыныптар |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
||
Өзгертілмейтін ( инвариантты) оқу жүктемесі |
20,5 |
22 |
23 |
26 |
26 |
28 |
28 |
29 |
31 |
33 |
22 |
22 |
Өз таңдауы бойынша сабақтар, факультатив-тер, курстар (жоғары сыныптардағы салалық пәндер, қолданбалы курстар ) |
1,5
|
- |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
14 |
14 |
Жеке балаға және топқа кеңес беру |
- |
2 |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
3 |
3 |
Максималды оқу жүктемесі |
22 |
24 |
25 |
29 |
29 |
33 |
33 |
34 |
36 |
38 |
39 |
39 |
Максималды оқу жүктемесі минималды міндетті түрдегі, өзгертуге жатпайтын сағаттар жүктемесінен, сонымен бірге, оқушылар өздері таңдап алған сабақтарға, факультативтерге, курстарға, жоғары сыныптарда салалық пәндерге, қолданбалы курстарға берілетін сағаттардан және жеке балаға, балалар топтарына кеңес беру мен белсендіқимыл сипатындағы сабақтарға бөлінетін сағаттардан тұрады. Максималды оқу жүктемесі бірінші сынып пен он бірінші сынып аралығында 24 сағаттан 39 сағатқа дейін көбейеді. 1011 сыныптарда, ол негізінен оқушылар өздері таңдап алған сабақтар, факультативтер, салалық пәндер және қолданбалы курстар сабақтарына бөлінген сағаттардың едәуір көбеюі есебінен өседі. Факультативтерді таңдау, балалардың бейімділігі мен қалауы бойынша, екінші сыныптын өзінен басталады. Бастауыш сыныптарда оларға 1 сағат, 59 сыныптарда 3 сағатқа дейін, 1011 сыныптарда14 сағат бөлінеді. Факультативтік сабақтар міндетті түрдегі сабақтардың саны ең аз күндерінде жүргізілуі керек.
Оқу аптасы 5 күндік және 6 күндік болуы мүмкін. 6 күндік аптаға қарағанда, оқу жоспарын орындау қысқа мерзімге жоспарланатындықтан, 5 күндік апта көбірек қажытады. Сонымен қатар, сабақтар санының артуының алдын алу мақсатында, дене шынықтыру тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие беру пәндерінің сағаттары қысқартылады, нәтижесінде қиын пәндер сабақтары арасындағы тиесілі демалыс қамтамасыз етілмей, балаларға түсетін жүктемені күрт көбейтеді. Оқу апталары арасындағы екі күндік үзіліс, сондайақ, балалардағы динамикалық стереотиптің бұзылуына және келесі аптаның басындағы жұмысқа төселу кезеңінің едәуір созылуына әкеледі. Сондықтан, жеке пәндер тереңдетіліп оқытылатын жалпы білім беру ұжымдарында 5 күндік аптаға рұқсат етілмейді. Сондайақ, оны бастауыш мектепте де қолдану орынды емес.
Мектептерде оқу сабақтары таңертеңгі сағат 8ден ерте, ал 6 жастан барған оқушыларда 9-дан ерте басталмауы керек. Сабақтың одан ерте басталуы ағзаның биоырғағына сәйкес келмей, оқу үрдісінің тиімділігіне кедергі келтіреді және тез қажу дамуына әкеледі. Бірнеше ауысыммен жұмыс істейтін, жалпы білім беру мекемелерінде бастауыш мектеп сыныптары, бесінші, бітіруші және орта және жоғарғы сыныптардағы оқушылар үшін 45 минут. Бірінші сыныптағы оқушылар үшін сабақтың мұндай ұзақтығы, отырған кездегі шамада артық статикалық жүктеме нәтижесінде, қажытады. Сондайақ белсенді көңіл бөлу қабілеті тек 3035 минут ғана сақталады, содан кейін жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді.
Соған байланысты бірінші сыныпта, оқу жүктемесі біртіндеп көбейтілетін, оқу сабақтарының сатылы режимі қолданылуы керек. Қыркүйекте, күніне ұзақтығы 35 минуттан үш сабақ, екінші тоқсаннан бастап әр қайсысы 35 минуттан 4 сабақ; екінші жарты жылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан болады. Еңбекке баулу сабақтарынан басқа, жұпталған сабақтарға рұқсат етілмейді. Бірінші сынып оқушыларына жыл ішінде қосымша апталық демалыс күндері беріледі.
5 күндік те, 6 күндік те оқу апталарында сабақтардың саны күніне бастауыш мектепте 5, ал негізгі мектепте 6 сабақтан аспауы керек. Мектепте күн тәртібін құрастыруда, оқу күні мен аптасы бойындағы оқушылардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы ескерілуі қажет. Жұмыс қабілеттілігі төмен күндер дүйсенбі мен жұма болып табылады: дүйсенбіде оқуды игеруді бастау ғана, ал жұмада аптаның өткен күндерінде пайда болған қажу айқын біліне бастайды. Сенбіде, әдетте, алдағы демалысқа дәмелену сезімімен, жұмысқа қабілеттіліктің аздап жоғарылауы («соңғы қарқын») байқалады. Жұмысқа ең қабілетті күндер - сейсенбі мен сәрсенбі, ал бейсенбіде қажудың алғашқы белгілері пайда болады. Жоғары нәтижелі күндерге, басқа күндерге қарағанда, қиын және қажытатын пәндер қойылуы тиіс, ал дүйсенбі мен жұмада олардан оңай пәндер оқытылуы қажет. Бұл күндері бақылау жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар, өте күрделі және кең ауқымды сабақ тапсырмасын беруге болмайды. Пәндер қиындығы баллмен берілетін, арнайы шкалалар (В.И.Агарков,1986 және И.Г. Сивков, 1975, 9.9-, 9.10- кестелер) бойынша анықталады.
9.9.- кесте Бастауыш сынып оқушыларына арналған пәндер қиындығының шкаласы. (Агарков В.И.,1986) |
9.10.- кесте Жоғары сынып оқушыларына арналған пәндер қиындығының шкаласы (Сивков И.Г., 1975) |
|||
Пәндер |
Балл |
Пәндер |
Балл |
|
Математика |
8 |
Математика, орыс тілі (ұлттық мектеп) |
11 |
|
Орыс тілі (ұлттық тілдер) |
7 |
Шет тілі |
10 |
|
Табиғаттану |
6 |
Физика, химия |
9 |
|
Орыс әдебиеті (ұлттық әдебиеті) |
5 |
Тарих |
8 |
|
Тарих |
4 |
Жаратылыстану, география |
6 |
|
Сурет пен ән |
3 |
Дене шынықтыру тәрбиесі |
5 |
|
Еңбек |
2 |
Еңбек |
4 |
|
Дене шынықтыру тәрбиесі |
1 |
Сызу |
3 |
|
Сурет |
2 |
|||
Ән-күй |
1 |
Әдетте, қиын пәндерге жоғары сыныптар үшін математика, тілдер, физика, химия, кіші сыныптар үшін математика, тілдер, табиғаттану, әдебиет жатады. Бірақ та, бұл пәндерге қарағанда, оқушыларға жаңа меңгере бастаған пәндердің де қажытатын әсерінің айқындылығы аз емес екені көрсетілген. Мысалы, бастауыш мектепте бұл - әдебиет, тарих, табиғаттану, ортанғы сыныптарда информатика, география, тарих, жоғары сыныптарда - әдебиет, география, салалық пәндер.
Егер аптаның әр күніндегі пәндер бойынша балл жиынтығының қисығын сызса (график), онда дұрыс құрастырылған сабақ кестесінде, қисық сызықта екі өсу нүктесі байқалады сәрсенбі мен жұмада немесе бір өсу нүктесі - сәрсенбіде немесе бейсенбіде (9.2.- сурет).
Оқу жүктемесі апта күндері бойынша біркелкі бөлінсе немесе дүйсенбі мен сенбі күндерінде, басқа күндерге қарағанда, жоғары болса, бұндай сабақ кестесі ұтымсыз деп саналады. Қажуды аптаның ішінде ғана емес, аптаның әрбір күнінде оқу жүктемелерін және қиын пәндерді тиімді бөлу арқылы да алдын алу керек. Ең қиын пәндерді тұрақты жұмыс қабілеттілігінің жоғарғы кезеңінде екінші немесе үшінші сабақтарда, ал орташа қиындықтағы немесе екінші дабылдар жүйесі күшімен оқытылатын пәндерді (орыс тілі, әдебиет, география және т.б.) оқу күнінің басында береді.
9.2 сурет. Пәндердің апталық қиындығының ең жақсы динамикасы.
Дене шынықтыру тәрбиесі, еңбек, ән-күй, сурет сабақтарын, қажудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, 3-4- сағаттарға қою ұсынылады. Қимыл белсенділігі қажеттілігін жүзеге асыру және ой еңбегінен дене еңбегіне өту, осы сабақтарда оқушылардың белсенді демалуына мүмкіндік береді.
Қосарланған сабақтар және екі немесе үш қиын пәндердің қатарынан койылуы оқушылардың жұмысқа қабілеттілігіне теріс әсерін тигізеді.
Қосарланған сабақты бастауыш мектептерде жүргізуге рұқсат етілмейді. 59 сыныптар оқушыларына зертханалық, бақылау жұмыстарын, еңбек және нысаналы мақсаттағы дене шынықтыру тәрбиесі (шаңғы, жүзу) сабақтарын жүргізу кезінде, қосарланған сабақтар рұқсат етіледі. Негізгі және салалық пәндер бойынша қосарланған сабақтарды 59 сынып оқушыларына дене шынықтыру тәрбиесі сабағынан кейін немесе ұзақтығы 30 минуттан кем емес, динамикалық үзілістен кейін ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Ал 1011 сыныптарда қосарланған сабақтарды негізгі және салалық пәндер бойынша жүргізуге болады.
Сабақ, оқу аптасы мен оқу күні сияқты, жұмысқа қабілеттілік қисығына сәйкес құрылуы қажет: максималды жүктемені сабақтың ортасына береді, сабақтың соңына қарай төмендетеді.
Оқу үрдісінде жұмысқа қабілеттілігі мен пәнге қызығушылығын арттыру, жаңа ақпаратты жақсы меңгеру және сабақтың бірсарындылығын төмендету мақсатында техникалық оқу құралдарын (ТОҚ): видео, кинофильмдер, дыбысты жазбалар, компьютерлік технологияларды белсенді түрде қолданады. Бірақ, сабақта ТОҚ көп қолданбау керек, себебі олар орталық жүйке жүйесіне, көру және есту анализаторларына түсетін жүктемені арттырады. Сондықтан, апта бойында, ТОҚ қолданумен жүретін сабақтар саны кіші сыныптар оқушыларында 34, жоғары сыныптарда 46 сабақтан аспауы қажет. Оқу сабақтарында дыбысты техникалық заттарды көрнекті дыбыс құралы ретінде ғана қолдануға болады.
Компьютерлік технологияларды сабақ оқытуда 2-ші сыныптан бастап қолдануға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істеу ұзақтығы жазу сабақтарында екінші сыныпта 20 минуттан, үшінші сыныпта 26 минуттан, математика сабақтарында екінші сыныпта 15 минуттан, үшінші сыныпта 20 минуттан аспауы керек.
Оқу күні құрылымындағы, зорлануды жоятын және белсенді демалу арқылы қажудың алдын алатын, міндетті құрамдас бөлігі - үзілістер. Үзілістер әрбір сабақтан кейін болуы керек. Олардың ұзақтығы 10 минуттан кем болмауы керек, ал екінші сабақтан кейін әдетте болатын үлкен үзілістің ұзақтығы 30 минут болуы тиіс. Бір 30 минуттық үзілістің орнына екі 20 минуттық үлкен үзіліс жасауға да болады. Таза ауада, қимылды ойындармен жүргізілетін үзілістер оқушының ағзасына ең тиімді әсер етеді.
Мектепке дейінгі балалардың күн тәртібіне қарағанда, оқушылардың күн тәртібінде жаңа құрамдас бөлік үй тапсырмасы пайда болады, олардың ұзақтығы кіші сыныптарда 12 сағат болып, жоғары сыныптарда 4 және одан да көп сағаттарға дейін жетеді. Өздігінен орындауға берілетін тапсырманың үлкен көлемі мен күрделілігі, жұмысты ұтымды ұйымдастыра алмау, тақырыпты түсінудегі қиыншылықтар, үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыт шығынының едәуір көбеюіне әкеледі.
Бұл жағдай балалардың таза ауада болу уақытының шұғыл қысқаруына және соның нәтижесінде белсенді қимыл әрекетінің және ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне себеп болады. Үй тапсырмаларының шамадан артық жүктемелерінен болатын теріс құбылыстарды болдырмау үшін, олардың рұқсат етілген ұзақтығын сақтау (9.7 кесте) және тапсырма орындаудың белгілі бір стереотипін қалыптастыру қажет. Сабаққа дайындалуға мектептен келгеннен және тамақ қабылдағаннан кейін бірден кірісуге болмайды. Сабақ оқуға дейін, 1,52 сағат алдымен қимылды ойындарға, содан кейін, демалыстың соңына қарай таза ауада тыныш серуендеуге жұмсау керек. Сабаққа дайындалуды үнемі бір уақытта бастау және әрбір 4045 минуттан кейін қысқа үзілістер жасау керек. Егер тапсырма орындауы 23 және одан көп сағаттарға созылса, таза ауада ұзағырақ үзіліс жасаған дұрыс болып табылады.
Таза ауада болу күшті сауықтыру, дамыту және шынықтыру әсері бар, оқушылардың күн тәртібінің қажетті құрамдас бөліктерінің бірі. Оның ұзақтығы кіші сыныптағы оқушыларда 33,5 сағаттан, жоғары сыныптағы оқушыларда 22,5 сағаттан кем болмауы керек.
Сабақтан бос уақытта, өз қалауы бойынша демалу ағзаға қолайлы әсер етеді. Сабақтан тыс ісәрекеті әр-алуан: үйірмелерге қатынасу, музыкамен айналысу, жабыстыру ісімен, хореографиямен, спортпен шұғылдану, кітап оқу, теледидар көру, компьютерде ойнау, концерттерге бару, қоғамдық пайдалы жұмыс, үйге көмек беру және т.б түрінде болады. Мәжбүрлеу элементі жоқ, демалудың бұл түрінде, жағымды сезімдер қалыптасады, орындалған жұмысына қанағаттану сезімі пайда болады, өзіне деген сенімділік, балалардың икемділігі дамиды және т.б. Бірақ, өз қалауы бойынша шұғылдану уақыты және жүктеме дәрежесі бойынша шектеусіз бола алмайды. Рұқсат етілген деңгейлерден артық болуы, әдетте айқын қажу белгілерінің дамуына және жиі көніл аударуды қажет ететін патологияға әкеп соғады. Әсіресе бұл теледидардың алдында көп сағат отыруына және компьютерге құмарту белгілері пайда болған компьютермен жаһандық әуестенуіне байланысты.
Өз қалауы бойынша айналысатын жұмыстар белсенді демалуы мен ұйқы уақытын қысқарту есебінен жүргізілмеу тиіс. Түнгі ұйқының ұзақтығы кіші сыныптардағы оқушыларда 10 сағаттан, орта сыныптардағы оқушыларда 9 сағаттан, ал жоғары сыныптардағы оқушыларда 88,5 сағаттан кем болмауы керек. Сонымен бірге, 6 жасар оқушыларда 1 сағаттық күндізгі ұйқы міндетті түрде болуы керек. Күндізгі ұйқы 7 жасар балаларға да және оқу жүктемелері көбейген кезеңдерде әр түрлі жастағы балаларға да ұсынылады.
7. Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесі.
7.1. Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізі ретіндегі қимыл белсенділігі. Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары.
Дене шынықтыру тәрбиесі бұл, балаларда қимыл белсенділігінің қажеттілігі қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін және оның дамуына, дене шынықтырудың, спорттың, ойындардың, табиғи факторлардың әр түрлі әдістері мен түрлерінің әсері арқылы мүмкіндік беретін, үрдіс. Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту және олардың оңтайлы дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қимыл белсенділігі деп белгілі бір уақыт сағат, тәулік аралығындағы адамның қимылдарының жиынтық мөлшерін айтады. Қимыл белсенділігі балалар дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Ол тек қимыл анализаторының және оған тиісті қимыл үйлесімділігі, күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттердің дамуына ғана емес, сонымен қатар, басқа мүшелер мен жүйелердің дамуына және ісәрекетін белсенді етуге, сондайақ ағзаның қарсы тұру қабілетін жоғарылатуға да бағытталған.
Мысалы, дене еңбегі жүктемелері қанның оттегімен қанығуын және зат алмасу үрдістерінің қарқындылығын арттырады, жүрекқан тамырлар, тыныс алу, эндокриндік және басқа да жүйелердің қызметін ынталандырады және жаттықтырады. Соның арқасында ағзаның өсу мен даму үрдістері оңтайланады, оң сезімдер пайда болуын және психикалық саулыққа қолайлы әсер қамтамасыз етіліп, ми қыртысының тонусы жоғарылайды, жеке мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайы қалыпты күйіне келеді, дене дамуындағы туа және жүре пайда болған көптеген бұзылыстары түзеледі. Қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз факторларының: температура факторының, инфекция агенттерінің, улы әсер ететін және т.б. факторлардың әсеріне ағзаның спецификалық емес резистенттілігін жоғарылатуда дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы айырықша, бұл жылу реттеушілік механизмдердің жетілуімен де, спецификалық емес қорғаныштық факторлардың ынталандырылуымен де түсіндіріледі.
Қазіргі кезеңде дене шынықтыру тәрбиесі бұрынғыдан да маңызды, себебі балаға табиғи биологиялық қимылдың қажеттілігі (кинезофилия), мектептегі және үйдегі оқу жүктемесінің жоғары болуы, әлеуметтік ортада немесе тұрмыста дене қимылын істен шығаратын немесе оның көлемін шектейтін, қолайлы жағдай жасаудың салдарынан, толық мөлшерде қанағаттандырылмайды. Қимыл тапшылығының (гипокинезия) дамуында, маңыздылығы барған сайын өсіп келе жатқан, маңызды факторлардың бірі, компьютерлермен және теледидар көрумен әуестену болып табылады. Сонымен қатар, белсенді дене қимылы қолайсыз климаттық жағдайлармен, балалар денсаулығының нашар болуымен және т.б. де шектелуі мүмкін. Қазіргі қимыл режимінде мектепке дейінгі жастағы балаларда қимыл қажеттілігінің 5060 %, ал мектеп оқушыларында небәрі 1520 % ғана қамтамасыз етілетіні анықталды.
Гипокинезия балалардың денсаулық жағдайына қолайсыз әсер етеді. Ол ағзаның резистенттілігінің төмендеуіне, дене дамуының баяулауына, май басуына, бұлшық ет пен тірекқимыл аппаратының, қимыл дағдыларының дамуы артта қалуына, жүрекқан тамырлар, орталық және вегетативтік жүйке жүйесі жағынан функционалдық бұзылыстарға және едуір дене жұмысы жүктемелеріне төтек беру қабілетсіздігіне әкеп соғады. Гипокинезияның алдын алу дене шынықтыру тәрбиесінің барлық түрлері арқылы күн тәртібіндегі динамикалық дене жүктемелерін арттырудан тұрады.
Бірақ шексіз жоғары қимыл белсенділігі әрқашанда да дұрыс бола бермейді. Спортпен ерте және қысқа уақыт ішінде үлкен жүктемемен шұғылдануы салдарынан балаларда шамадан артық қимыл белсенділігі (гиперкинезия) пайда болуы мүмкін. Ол, жоғары қимыл белсенділігінің ағзаға үнемі күш түсіретін әсерінен және эмоционалдық зорланудан, бейімделу үрдістерінің гормондармен реттелу механизмдерінің бұзылыстарына, миокардиодистрофия дамуына, артериялық қан қысымның жоғарлауына, ағзаның резистенттілігінің төмендеуіне, жалпы аурушаңдықтың өсуіне әкеледі..
Сондықтан қимыл белсенділігінің деңгейін нормалау керек. Қимыл белсенділігінің нормалары сағатпен есептелген динамикалық құрамдас бөлігінің жалпы ұзақтығымен беріледі. Олар, сондайақ, тәулік ішіндегі локомоциялар (қадам) санымен де берілуі мүмкін. Қимыл белсенділігінің төменгі, минималды да және жоғарғы, максималды да рұқсат етілген деңгейілері нормаланады. Олар әр жастағы балалар үшін әр түрлі болады. Бала неғұрлым кіші болса, соғұрлым оның қимыл белсенділігінің ұзақтығы көп болуы керек. 34 жасар балаларда ол 5,56 сағат, 56 жаста 55,5 сағат, 710 жаста 45 сағат, 1114 жаста 3,54,5 сағат, 1517 жаста34 сағат болуы керек. Үлкен жастағы балаларда қимыл бөлігінің ұзақтық нормасының төмендеуі жүктеменің шектелуіне емес, локомоциялар санының және оның қарқындылығының артуына байланысты. Мысалы, 10 жасар ұлдарда локомоциялар саны тәулігіне 1721 мың қадам болса, 17 жасар бозбалаларда 2529 мыңға жетеді. Жасөспірімдер мен бозбалаларда локомоциялардың жиынтық саны кәсіпке баулу үрдістерінде, спортпен шұғылдану, еңбек қызметінде жасалған қимылдармен толықтырылады.
Оңтайлы қимыл режимін, балалардың жасына байланысты қимыл қажеттілігін және функционалдық мүмкіншіліктерін ескеріп, қамтамасыз ету дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Дене шынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуы негізделетін басқа принциптерге: жүктемені біртіндеп өсіру, кешенді және жүйелі түрде үзіліссіз жүргізілуі, дене шынықтыру тәрбиесінің түрлері мен әдістерін дифференциалды түрде қолдану, сабақ жүретін ортада қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жатады.
Жүктемелердің көлемі мен қарқындылығын біртіндеп өсіру, бейімделу реакцияларының дер кезінде дамуына және ағзаның жаттығу дәрежесінің өсуіне мүмкіндік жасай отырып, оның зорлануына жол бермейді. Жүйелі түрде үзіліссіз жүргізілуі дене жүктемесіне ағзада берік шартты рефлекстерінің қалыптасуы үшін міндетті түрде қажетті шарт болып табылады. Дене шынықтыру тәрбиесімен айналысуды тоқтатқан кезде қалыптасқан рефлекстер және дене шынықтыру тәрбиесінің эффектісі тез жойылады. Дене шынықтыру тәрбиесінің әр түрлі әдістерін кешенді қолдану ағзаның әр түрлі физикалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді, сондықтан сауықтыру әсері айқынырақ болады. Дене шынықтыру тәрбиесін жүргізу кезінде жасына, жынысына, денсаулық жағдайына және ағзаның функционалдық мүмкіншілігіне байланысты дене шынықтыру тәрбиесінің түрлері мен әдістерін қолдану міндетті түрде дифференциалды болу керек. Ағзаның жағдайына және оның мүмкіншіліктеріне сай келмейтін дене шынықтыру тәрбиесінің әдістері мен түрлерін қолдану және сай келмейтін жүктеме дәрежесі, бір жағынан, шамадан тыс зорлануға әкеле отырып, ағзаға жаттықтыратын эффект бермеуі, тіпті әр түрлі аурулар дамуынының себебі де болуы мүмкін. Басқа жағдайларда, тым аз жүктемені қолданғанда, дене еңбегі жүктемелерінің әсері болмайды.
Дене шынықтыру тәрбиесі сабақтары жүргізілетін бөлмелердегі қолайлы гигиеналық жағдайлар қажудың жылдам дамуына жол бермейді және дене жүктемелерінің тиімділігін арттырады. Белсенді қимыл әрекетіне қажетті оттегінің жеткілікті деңгейі, сондайақ, талапқа сай ауаның сапасы бөлменің өлшемдерімен, табиғи және жасанды желдетуді ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі. Ауа температурасы 1517С деңгейінде ұсталып тұруы керек, себебі ол ағзадан жылу бөлінуі артуына ықпал етіп, белгілі бір дәрежеде, дене еңбегінің қарқындылығынан дамыған, жылу өндірілуі едәуір өсуінің есесін қайтарады. Техникалық талаптарға сай келетін, жеткілікті жарық деңгейі, спорттық құрал-жабдықтардың болуы, әр түрлі дағдыларды жылдам меңгеруге ғана емес, сонымен қатар, жарақаттанулар даму мүмкіншіліктерін де төмендетеді. Дене шынықтыру залдарын күн сайын ылғалды тазалауға және спорттық құралжабдықтар мен төсеніштерді жуып-сүртуге ерекше көңіл бөлінеді, соның арқасында ауадағы бактериялардың өсіпөнуі төмендейді.
7.2 Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердегі дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесі үшін қолданылатын әдістері мен құралдарының түрлері көп. Оларға дене жаттығулары, қимылды ойындар және көңіл көтеретін ойынсауықтар, спорт ойындары, спортпен шұғылдану, табиғи қимылдар, уқалау, табиғи факторлар (күн, ауа және су) жатады. Осы әдістер мен құралдар қолданылатын түрлері де әр түрлі. Мысалы, дене жаттығулары таңертеңгі жаттығу, дене шынықтыру сабағы, сабақтардағы дене шынықтыру минуттары түрінде, ал табиғи қимылдар серуендеу, экскурсия, еңбек жұмыстарын орындау түрінде жүргізілуі мүмкін.
Әр түрлі жастағы балалардың морфофункционалдық мүмкіншіліктері бірдей еместігінен, дене шынықтыру тәрбиесі түрлерінің және әдістерінің сипаты мен мазмұнында өзіндік ерекшеліктері бар. Сәби жасындағы балаларда уқалау, таза ауада болу, сумен жүргізілетін емшаралар және ойындар қолданылады. Мектеп алды кезеңіне дейінгі және мектепке дейінгі жаста таңертеңгі жаттығу, дене шынықтыру тәрбиесі және музыкаға тәрбиелеу сабақтары, қимылды ойындар және ойын-сауықтар, серуендеу, экскурсия, шынықтыру шаралары жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мекемелеріндегі дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі түрі дене шынықтыру сабағы болып табылады. Оқушылардың дене шынықтыру тәрбиесі үшін дене шынықтыру сабағынан басқа, мектептегі күн тәртібіндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары, спорт секциялары мен үйірмелерінде сыныптан және мектептен тыс шұғылданулар, жаппай дене шынықтыру және спорттық шараларға қатысу, өз бетінше үйрену (қимылды ойындар, экскурсиялар, ата-аналарымен қыдыру) қолданылады.
Дене шынықтыру сабақтары аптасына, кем дегенде, 2 рет жүргізілуі тиіс. Оларды 3-4 - сабақтарда жүргізу тиімді болып табылады. Егер сабақтар оқу күнінің бірінші және төртінші сағаттарына қойылса, бірінші жағдайда, дене шынықтыру сабағынан кейінгі келесі сабақта оқу үрдісіндегі төселу кезеңі ұзарады, ал екінші жағдайда алдыңғы сабақтардан пайда болған қажудың дене жүктемесінен күшеюі салдарынан, дене жүктемесінің жұмыс қабілеттілігіне қолайлы әсері төмендейді. Шаңғымен жүру дағдыларын меңгеру сабақтарынан басқа, дене шынықтыру сабақтарын қосарландырып өткізуге рұқсат етілмейді. Сабақ құрылымы кіріспе, негізгі және қорытынды бөліктерінен тұруы керек. Кіріспе бөлігінде (5-10 минут) алдағы дене жүктемесіне біртіндеп дайындау жүргізіледі. Реттік жаттығулар, жеңіл жүгірулер, жүрумен бірге тыныс алу жаттығуларын жасау орындалады. Негізгі бөлігіне 25-30 минут бөлінеді. Бұл бөлігнің басында әр түрлі бұлшық еттер тобын жұмысқа қатыстыратын, жалпы дамытатын гимнастикалық жаттығуларын жүргізеді. Одан кейін жаңа дағдыларға үйрету және міндетті түрде қимылды ойындар жүргізіледі. Қорытынды бөлігінде (3-5 минут) ағзаны біртіндеп бастапқы күйге келтіру қамтамасыз етіледі, ол үшін жүрумен бірге тыныс алу жаттығуларын жасау орындалады
Жаттықтыратын әсеріне қол жеткізу үшін дене жүктемесі жеткілікті (60-80%) болуы керек, ол сабақтың едәуір қимыл тығыздығымен (дене жүктемесіне бөлінген уақыттың меншікті үлесі) қамтамасыз етіледі. Дене жүктемесінің адекваттылығын бақылауды жиі жаттығуларды орындау кезінде тамыр соғуының жиілігі қалай өзгеретіндігі және оның бастапқы деңгейіне қайта келуі қаншалықты тез жүретіндігі бойынша жүргізеді. Дұрыс құрылған сабақта тамыр соғуының жиілігі сабақтың кіріспе бөлігінде - 25-30%-ға, сабақтың негізгі бөлігінде - 80-100%-ға өседі. Тамыр соғуының орташа жиілігі (сабақтың әр бөлігіндегі тамыр соғуының пульстің орташа өлшемі) минутына 160-180 болуы қажет. Бастапқы мөлшелеріне сабақ аяқталғаннан кейін 2-3 минуттан соң келуі керек.
Шынықтыру-сауықтыру шараларына оқу сабақтарына дейінгі гимнастика (10 минут), сабақ үстіндегі дене шынықтыру минуттары (2-3 минут), үлкен үзілістердегі қимылды ойындар мен дене шынықтыру жаттығулары, ұзартылған күн топтарындағы күнделікті денсаулық сағаты жатады. Бұл түрлері дене шынықтыру тәрбиесінің қосымша түрлеріне енгізіледі, бірақ дене шынықтыру сабағы сияқты мектептегі оқушылардың күн тәртібінде міндетті түрде болуы тиіс. Ұзақтығының аз болуына қармастан, олар мидың қызметін ынталандырады, оқушылардың эмоционалдық тонусын жоғарылатады, жұмысқа төселу үрдісін жақсартады, статикалық зорлануды және көздің қажуын басады, аяқтардағы іркілу құбылыстарын кетіреді.
Едәуір қимыл бөлігі сыныптан тыс және мектептен тыс спортпен шұғылдануда, спорттық ойын-сауықтар мен ойындарда жүзеге асырылады. Спорттық ойын-сауықтар (коньки және велосипед тебу, шаңғымен жүру, жүзу) және ойындар (волейбол, баскетбол, футбол, теннис және т.б.) міндетті түрде жүргізілмейді және спорттық шеберлікті жоғарылату мақсатын көздемейді. Ал, спорт болса, жүйелі түрдегі жаттығуды, жақсы нәтижелерге жетуді және жарыстарға қатысуды талап етеді.
Дене шынықтыру тәрбиесінің өте маңызды бөлімі шынықтыру болып табылады. Шынықтыру деп табиғи факторлардың - су, ауа, күннің көмегімен метеорологиялық және қоршаған ортаның басқа да факторларының әсеріне, ағзаның қарсы тұру қабілетін жоғарылатуға бағытталған шаралар кешенін айтады. Шынықтыру тек микроклиматтық факторлар әсеріне төзімділік жоғарылауымен сипатталатын,спецификалық әсерге ғана ие емес, сонымен бірге, басқа да қолайсыз факторлардың, соның ішінде, жұқпалы аурулар қоздырғыштарының әсеріне төзімділіктің жоғарылауымен білінетін, бейспецификалық әсерге де ие.
Шынықтырудың негізгі қағидалары дене шынықтыру тәрбиесінің қағидаларына ұқсас. Шынықтыру үшін жалпы және арнайы шынықтыратын шаралар қолданылады. Жалпы шараларға баланың күнделікті өмірінің құрам бөліктері болып табылатын шаралар, яғни, күнделікті серуендеу және таза ауада ұйықтау, бөлмеде қолайлы микроклимат жағдайларын жасау, рационалды киім қолдану, күн тәртібін сақтау жатады. Арнайы шаралар, шынықтыратын тітіркендіргіштер ретінде, ауа, су, күн ванналарын, сумен шынықтыруды, ультра күлгін сәулеленуге түсіруді қолданудан тұрады.
Ауа жылдың кез келген мерзімінде барлық балалар үшін оңай қол жеткізілетін және экстремалдылығы ең аз шынықтыратын құрал болып табылады. Ауа ванналарын 2 айлық балалардың өзіне жүргізе бастайды, басында жас нәрестені түймесіз арты ашық көйлекпен, кейіннен толығымен жалаңаштап шынықтырады. Мектеп алдыға дейінгі кезеңдегі және мектепке дейінгі балалар ауа ванналарын басында ішкөйлек, іш киім және жеңіл аяқ-киіммен, ал шыныға келе іш киіммен ғана және шынықтыру жағдайында мүмкіншілік болса, жалаң аяқ қабылдайды. Көктемгі-жазғы кезеңдерде ауа ванналарын тікелей күн сәулелерінен қорғалған учаскелерде, жауын-шашын күндері және қыста - верандаларда немесе фрамугалары ашық бөлмелерде қабылдайды. Ауа ванналарын балалар үшін ауаның қолайлы температурасында - 18-22С бастау қажет. Кейін, одан да төмен температурада - 15-14С-да жүргізуге болады.
Ауа ванналары гимнастикамен, қимылды ойындармен, бау-бақшада жұмыс істеумен бірге жүргізілуі тиіс, себебі қимыл кезінде бөлінетін жылу қатты тоңазудан және салқын тигеннен болатын аурулардан сақтайды. Ауа ванналарының бастапқы ұзақтығы кіші топтарда - 5 минуттан аспауы керек, орта топтарда - 10 минуттан, үлкен және дайындық топтарында - 15 минуттан артық болмауы керек. Содан кейін әрбір 3-4 күн сайын оны 2-3 минутқа ұзартып, максималды рұқсат етілген деңгейге жеткізеді: кіші топтарда - 30 минутқа дейін, орта топтарда - 60 минутқа дейін және үлкен топтарда - 1-2 сағатқа дейін.
Күн-ауа ванналарын таңертеңгі сағаттарда: орташа ендіктерде сағат 9-дан 11-ге дейін, оңтүстікте - көлеңке жердегі ауа температурасы 32С жоғары емес және 20С төмен емес кезде, сағат 8-ден 10-ға дейін жүргізіледі. Мектеп жасындағы балалар күн-ауа ванналарын жеке төсеніштерде немесе жатақтарда басын бүркеп қабылдайды. Мектепке дейінгі жастағы балалар мұндай ванналарды, күннінң тым қыздырып жіберуінен қорғану үшін, тыныш ойындарды ойнап жүріп қабылдағаны дұрыс. Күн ванналарын қабылдау ұзақтығы 3-5 минуттан біртіндеп, 30-40 минутқа дейін ұзартылады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым күн сәулелерімен шынықтырудың бастапқы және ең үлкен ұзақтығы қысқа болуы керек.
Сумен шынықтыру шаралары ең күшті шынықтыратын әсерімен ерекшеленеді, себебі, судың жылу сыйымдылығы үлкен, ауаға қарағанда, жылдам және айқын салқындататын әсер береді. Сумен шынықтырудың әр түрлі түрлері қолданылады: ысқылау, бүкіл денеге немесе аяққа суды ақтарып құю, суаттарда суға түсу. Оларды жүргізу қағидалары ұқсас: алдымен температурасы бейтарап суды пайдаланады, содан кейін баланың жасына және жүргізілетін сумен шынығу түріне байланысты, әрбір 3-4 күн сайын, судың температурасын 1С төмендетіп, белгілі деңгейге дейін жеткізеді. Мысалы, табанға су құю кезінде су температурасын мектеп алдыға дейінгі кезеңдегі балаларға - 20-18С дейін, мектепке дейінгілерге - 17-14С дейін, бүкіл денеге су ақтарып құю кезінде ерте жастағыларға - 29С дейін, ал мектеп жасындағы балаларға - 18-16С дейін төмендетеді. Шынықтырудың ең жақсы тәсілдерінің бірі табиғи суаттарда суға түсу болып саналады, себебі бұл кезде судың, ауның және күннің шынықтыратын әсерлері бірге үйлеседі. Әсіресе теңіз суына түсу өте пайдалы, бұл кезде балалар ағзасына температурасы ғана емес, сонымен бірге, химиялық құрамы да әсер етеді. Кез келген сумен шынықтыру шараларынан кейін баланың денесін құрғатып, терісі аздап қызарғанға дейін сүртеді, ол тамырлардың жаттығуына ықпал етеді.
Дене шынықтыру тәрбиесіне және шынығуға бақылауды балалар мекемелерінің дәрігері мен медбикесі жүргізеді. Медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша, оқу жылының басында, дәрігер оқушыларды дене шынықтыру тәрбиесінің үш тобына бөледі: негізгі, дайындық және арнайы. Негізгі топқа денсаулық жағдайында ауытқулары жоқ және аздаған морфофункционалдық ауытқулары бар, бірақ дене шынықтыру дайындығы жеткілікті балалар жатады (1- және ішінара 2- денсаулық топтарының балалары). Олар шектеусіз, оқу бағдарламасына сәйкес шұғылданады, жарыстарға қатысады, бақылау нормативтерін тапсырады, спорт секцияларына, туристік сапарларға, экскурсияларға қатынасады. Дайындық тобына денсаулық жағдайында аздаған ақаулары бар балалар (дене дамуының артта қалуымен, компенсация сатысындағы жүрек ақаулары бар, реконвалесценттер және т.б.), сондай-ақ, денсаулық жағдайында ауытқулары жоқ, бірақ дене шынықтыру дайындығы жеткіліксіз (2-, ішінара 1- денсаулық топтарының балалары) балалар жатады. Бұл топтағы балаларға сабақ негізгі топпен бірге жүргізіледі, бірақ бұлшық етке түсетін жүктемелер шектеледі, күш жұмсауды қажет ететін жаттығулар біртіндеп меңгеріледі, жаттығулардың қайталануы азаяды, қатты жүгіруге тыйым салынады. Спорттық ойын-сауықтар, экскурсиялар, сапарлар рұқсат етіледі. Шынықтыруды су мен ауа температурасын төмендетпей жүргізеді.
Үшінші, арнайы топқа, денсаулық жағдайында уақытша немесе тұрақты ауытқулары бар, бірақ оқу үрдісіне жіберілетін балалар жатады (3-, ішінара 4- денсаулық тобының балалары). Мұндай балаларға дене шынықтыру тәрбиесін сақтықпен, арнайы бағдарлама бойынша, баланың жағдайын ескеріп, үнемі бақылау үстінде жүргізеді. Сумен шынықтыру жүргізілмейді, серуендеуге, орташа қимылды ойындарға, жеке өзі дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуына рұқсат етіледі. Емдік дене шынықтыру жүргізіледі. Бұл топқа қозу аралық кезеңдегі ревматизммен ауратын, субкомпенсация сатысындағы жүрек ақаулары бар, дене дамуы едәуір артта қалған, жоғары деңгейде алыстан көрмеушілік, полиомиелитпен аурғаннан кейінгі қалған құбылыстары, омыртқаның деформациялары бар балалар жатады.
Жедел аурулармен аурған, созылмалы аурулары қозған және операция жасалған балалар уақытша сабақтан босатылады.
Дене шынықтыру тәрбиесі тобын мәңгі-бақига орнатпайды. Денсаулық жағдайының динамикасына және дене шынықтыру дайындығына байланысты балаларды күштірек немесе әлсізірек топқа ауыстырып отырады.
8. Балалар мекемелерінің орналастырылуына, жоспарлануына, жабдықталуына және балалардың күнделікті қолданатын заттарына қойылатын гигиеналық талаптар.
8.1. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін балалар мекемелерін орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Балалар мекемелеріндегі оқу және тәрбиелеу жағдайлары, балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын анықтайтын, маңызды факторлардың бірі болып табылады. Гигиеналық талаптарға сай жағдайларды жасау мекемелердің елді мекендерде орналасуына, жер телімінің өлшемдеріне, аумағына күн сәулесінің түсуіне және оның желдетілуіне, жер телімінің және ғимараттардың жоспарлануының ұтымдылығына, ішкі ортасының ұйымдастырылуына, бөлмелердің керек-жарақтармен жабдықталуына, санитарлық режим сақталуына және т.б. байланысты .
Мектепке дейінгі (МДМ) және жалпы білім беретін (ЖББМ) мекемелер балалардың тұратын жерлеріне жеткілікті түрде жақын орналастырылуы керек, бірақ химиялық, биологиялық және физикалық ластаушылардың көздерінен, атап айтқанда, автомагистральдардан, темір жолдардан, гараждар, аэропорттар, өнеркәсіп мекемелерінен, базарлардан қашықта орналасуы қажет. МДМ үшін максималды қызмет көрсету радиусы қалаларда 300 м-ден, ауылдарда 500 м-ден артық болмауы керек.
Қала мектептері үшін жаяу жүріп жететін жолы 0,5 км дейін, көлікпен 30 минутқа дейін (1 жағына), ал, ауыл мектептері үшін бастауыш сыныптағы балаларға жаяу жолы - 2 км дейін, көлікпен - 15 минутқа дейін, орта және жоғары сыныптағыларға жаяу жетер жолы - 3 км дейін, көлікпен 30 минутқа дейін болуы белгіленген. МДМ және ЖББМ жер телімі көлік жолдарынан алыс, кварталдардың ішінде орналасуы ең қолайлы болып табылады. Бірақ, қазіргі кездегі құрылыс салудың тығыздығынан бұлай орналастыруға мүмкіншілік бола бермейді. Сондықтан, бұл мекемелерді квартал - ішілік көлік жүретін жолдардың бойына, ал ЖББМ көлік жүру қарқыны аз, кварталаралық жолдардың бойына орналастыруға рұқсат етіледі. Машиналарының саны 10-нан 100-ге дейінгі гараждар мен ашық тұрақтарға дейінгі қашықтық 25 м-ден кем болмауы, ал автомобильдер саны одан көп болғанда, 50 м-ден кем болмауы керек. Өнеркәсіп кәсіпорындарға дейінгі ара қашықтық тиісті нормативтермен анықталады және атмосфераға шығарылатын заттектердің зияндылық дәрежесіне байланысты, 50-ден 1000 м дейін ауытқуы мүмкін. Сыртқы шу деңгейі 45 дБ артпауы керек.
Балалар мекемелеріне арналған жер телімі өз алдына жеке және барлық параметрлер бойынша жалпы санитарлық талаптарға сәйкес болуы керек. Жер телімнің өлшемдері онда барлық қажетті аймақтарды, олардың өлшемдерін қысқартпай, орналастыруын қамтамасыз ету тиіс. Мекеме ғимаратынан қызыл сызыққа дейінгі ара қашықтық 25 м-ден кем болмауы тиіс. Көрші үйлер жер телімнің шекарасынан кем дегенде 12 м ары тұруы керек. Жер телімі биіктігі 1,6 м кем емес дуалмен қоршауға алынады. Қоршауды жағалай жел, шу, шаңнан қорғайтын, сондай-ақ фитонцидтер бөліп, ауаның бактериалдық ластануын төмендететін, ағаштар мен бұталар отырғызады.
8.2. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДМ) жобалауға және жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелердің әр түрлі түрлері бар, бірақ олардың барлығын да жоспарлау мен салу кезінде келесі қағидалар ескерілуі керек:
Бұл қағидалар жер телімдерінде де, мекеме ғимараттарында да жүзеге асырылады. Топтық оқшаулау қағидасы МДМ жоспарлау мен салудың негізгі қағидасы болып табылады. Топтық оқшаулау, мектеп алдыға дейінгі және мектепке дейінгі жастағы балалар тез шалдығатын, жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған. Ал, қимыл белсенділігі, таза ауа, күн сәулесі, оңтайлы микроклимат жағдайлары және толық құнды тамақтандыру, балалардың үйлесімді өсуі мен дамуын, олардың денсаулығының сақталуы мен нығаюын және ағзасының қарсы тұру қабілеті жоғарылауын қамтамасыз ететін ең маңызды факторлар болып табылады.
МДМ арналған жер телімдердің ауданы мекеменің сыйымдылығы 100 орынға дейін болғанда, 1 орынға - 40 м2 есебінен, 100 орыннан артық болғанда - 35 м2, 500 орыннан артық кезде - 30 м2 есебінен анықталады. МДМ жер телімін бірнеше аймақтарға (зоналарға) бөледі: топтық алаңшалар, жалпы дене шынықтыру алаңшасы, бақша жидек өсіретін жер, шаруашылық алаңшасы, көгалдандыру аймағы. Жер телімінде топтық оқшаулау, ең әуелі әрбір топтың өз бөлмелерінен шығатын есігіне максималды жақын орналасқан, өзінің топтық алаңшасының болуымен қамтамасыз етіледі. Бұл әсіресе бөбектік жастағы балалар алаңшасында өте маңызды. Алаңшалардың дене шынықтыру алаңшасымен ыңгайлы байланысы болуы керек, ал, әр топтағы балалардың жүретін жолдары шаруашылық алаңшасынан өтпеуі және бір-бірімен қиылыспауы қажет. Топтық алаңшаларды айналмалы жолмен байланыстырады. Ол жолды балалар топтары велосипед айдау, көлік жүретін жолдарда жүру ережелерін үйрену және т.б. үшін кезектесіп пайдаланады. Топтық алаңшалар өлшемдері бөбек жастағы балалар үшін 1 орынға 7,5 м2 есебінен, ал мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 7,2 м2 есебінен анықталады. Топтық алаңшаларды бір-бірінен бұталармен оқшаулайды. Алаңшаның бір бөлігі ашық күнде болуға арналады, бұл инсоляция үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Екінші бөлігі күн мен жауын-шашыннан қорғау үшін орнатылған көленкелік жаппамен және ағаштармен көлеңкеленеді. Көлеңке беретін жаппалардың ауданы 40 м2, 3 жағынан жабылады, едені ағаштан жасалады. Сәбилік жастағы балаларға арналған топтық алаңшалардың төсемі шөптен болуы керек. Мектепке дейінгі балаларға арналған топтық алаңшаларда жартылай шөп, жартылай тақталы жаяу жол болады. Мектепке дейінгі балалардың топтық алаңшалары жартылай шөппен, жартылай тығыздалған топырақпен немесе тротуарлық тақталармен төселуі мүмкін. Ауаның жоғары температурасында улы заттар бөлініп шығуы мүмкін болғандықтан, асфальтты төсемді қолдануға рұқсат етілмейді. Алаңшаларда қозғалмалы және тыныш ойнайтын ойындар үшін қолданылатын жабдықтар орнатылады.
Дене шынықтыру алаңшасы мектепке дейінгі жастағы балалар алаңшасына жақын орналасуы керек. Онда қозғалмалы ойындарға, спорттық ойындар: волейбол, баскетбол, бадминтон, теннис және басқаларға, сондай-ақ, гимнастика сабақтарына, жүгіруге, секіруге арналған зоналар бөлінеді. Дене шынықтыру сабақтарын жүргізуге арналған қажетті құрал-жабдықтар орнатылуы қажет. Дене шынықтыру алаңшасының жанына 0,4-0,6 м тереңдігі өзгермелі ашық жүзу су алабы (бассейн) және тереңдігі 0,25 м су шашып ойнайтын алабы орналастырылады. Қыста бұлардың территорясы мұз айдыны ретінде қолданылады. Аурулардың таралуын болдырмау үшін, дене шынықтыру алаңшасы мен су алаптарын топтар кезектесіп пайдалануы қажет.
Шаруашылық алаңшасы топтық және дене шынықтыру алаңшаларынан алыс, кір жуатын орын мен ас блогының жүк тиейтін есіктері жақта орналасуы керек. Алаңшаның төсемі қатты, топтық алаңшаларға жүрер жолдарды кесіп өтпей, көлік кіретін жеке жолы болуы керек. Қоқыс жинағыштар шаруашылық алаңшасында ғана орналастырылады.
Жер телімнің құрылыс салу пайызы 10-12% артпауы керек. Көгалдандыру ауданы 50% кем болмауы керек. Жасыл көшеттер топтық алаңшалар, топтар, дене шынықтыру және шаруашылық алаңшаларының арасында, жер телімнің периметрі бойынша отырғызылады. Ағаштар МДМ қабырғаларынан 10 м-ден жақын емес қашықтықта, ал, бұталар 5 м-ден жақын емес қашықтықта отырғызылуы тиіс. Бұталар мен ағаштар улы емес және тікенексіз болуы керек. Сонымен қатар, көгалдану аймағына көгал алаңы, гүлзарлар, бақша-жидек өсіретін жер де жатады.
МДМ ғимараттары 2 қабаттан жоғары болмауы керек, жекеленген жағдайларда 3 қабатты ғимараттың жобалануына рұқсат етіледі. Аз қабаттылығы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, серуендеу жүргізуді жеңілдетеді, балаларда жарақаттар алу мүмкіндігін төмендетеді. Ғимаратта да, жер теліміндегі сияқты топтардың бір-бірінен және әкімшілік-шаруашылық бөлмелерінен барынша оқшаулау қағидасы сақталынады. Сондықтан, жастары бір топтағы балаларға арналған жеке блоктарды бөлуге мүмкіншілік беретін және блоктар арасындағы өтпе жолдар арқылы байланысты қамтамасыз ететін, орталықтандырылған-блоктық құрылыс жүйесі гигиеналық талаптарды ең қанағаттандыратын болып табылады. Орталықтандырылған құрылыс жүйесінің қолданылуы да мүмкін.
Әр топ өзінің жеке бөлмелерінде - топтық ұяшықтарда орналасады. Сәби жасындағы балалардың топтық ұяшықтары бірінші қабатта орналастырылуы тиіс және әр топқа өзінің жеке кіретін есігі болуы қажет. Мектепке дейінгі балалардың топтық ұяшықтарын бірінші қабатта да, екінші қабатта да орналастыруға болады, бұл жағдайда кезектесіп қолданылатын, төрт топқа ортақ кіру есігі болады. Сәби жасындағы балалардың топтық ұяшықтары 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар үшін - 10 балаға, 2-3 жас аралығындағы балалар үшін 20 балаға есептелінеді. Олардың ұяшықтар құрамына қабылдау орны (18 м2), ойнау бөлмесі (50 м2), ұйықтайтын бөлме (36 м2), әжетхана (12 м2) және буфет бөлмесі (3 м2) кіреді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған топтық ұяшықтар 25 балаға есептелінген және оның құрамына шешінетін жер (18 м2), топ бөлмесі (50 м2), ұйықтайтын бөлме (50 м2), әжетхана (16 м2) және буфет бөлмесі (3 м2) кіреді. Топтық ұяшық топтың негізгі болатын орны болып табылады, мұнда сабақтар, ойындар, сауықтыру шаралары, демалу, күндізгі ұйқы, балаларды киіндіріп-шешіндіру және тамақтандыру жүзеге асырылады.
Ғимаратта, топтық ұяшықтардан басқа, балалардың жеке топтарымен кезекпен сабақтар жүргізілетін арнайы бөлмелер (гимнастика және музыка залдары, су алабы ), сондай-ақ, әр түрлі мақсатта қолданылатын басқа бөлмелер де - медициналық бөлме, ас блогы, кір жуатын бөлме болады. 4 және одан да көп топтар сыятан, барлық МДМ-де қарастырылатын гимнастика мен музыка залдары, әдетте екінші қабатта орналастырылады. Бұл бөлмелер өтпелі болмауы керек, ал олардың ауданы мен саны МДМ орын санына байланысты болады. Медициналық бөлмені бірінші қабатта орналастырады. Оның құрамына медицина бөлмесі, ем-шара бөлмесі және ауырған баланы тікелеі сыртқа шығаруға қолданылатын, жер теліміне шығатын жеке есігі бар, оқшаулау бөлмесі кіреді.
1- қабатта міндетті түрде өз бетінше сыртқа шығатын есігі бар, ас блогы орналастырылады. Бұл басқа бөлмелермен қолайлы байланысты қамтамасыз етуге және ас блогында санитарлық тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді. Топтық ұяшықтар есігі ас блогының есігіне қарама-қарсы орналастырылмауы керек. Топтар мен ұйықтайтын бөлмелер терезелері ас үйдің үстінде болмауы қажет. Зат қоятын бөлмеден әрі-бері өтуге немесе ас үйі арқылы зат қоятын бөлмеге өтуге рұқсат етілмейді. Топтарға тамақты үлестіріп беру жеке бөлмеде жүргізіледі.
8.3. Жалпы білім беретін мекемелерінің (ЖББМ) жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар.
Жалпы білім беретін мекемелерінің жоспарлануына және жобалануына қойылатын гигиеналық талаптар келесі қағидаларды орындауға негізделеді:
Оқу-тәрбие үрдісін толыққұнды ұйымдастыру үшін ЖББМ жер телімдерінің ауданын және оның құрамдас бөліктерін дұрыс орналастырудың үлкен маңызы бар. ЖББМ жер телімінің ауданы оқушылардың санына байланысты есептеліп, 1 оқушыға 35-тен 72 шаршы метрге дейін құрайды. Жер телімі бірнеше аймақтарға бөлінеді: оқу-тәжірибе, дене шынықтыру спорт, демалу және шаруашылық.
Оқу-тәжірибе аймағына әр түрлі бөліктер: бастауыш сыныптардың бөлігі, саябақ және тәлімбақ, егін және көкөніс дақылдары, гүлдісәндік өсімдіктер, зообұрышпен жылыжай, көшетхана, географиялық алаң және т.б. жатады. Бұл аймақтың ауданы жер телімнің 25% аспауы керек. Ол жер телімінің түкпірінде, шаруашылық және демалу аймақтарының арасында орналасуы тиіс.
Дене шынықтыру спорт алаңы жер телімнің шамамен 35-45% құрайды. Ол сынып бөлмелерінің терезелері шықпайтын, ғимараттан 25 м кем емес қашықтықта отырғызылған егілген ағаштар жолағының сырт жағына орналастырылады. Бұл аймақта, айналмалы жүгіретін жолы бар, жеңіл атлетикалық спорт ядросын, баскетбол, волейбол және теннис алаңдарын, спорттық ойындарға, ұзындыққа және биіктікке секіруге, доп лақтыруға арналған құрама алаңдарын орналастыру қарастырылады.
Демалу аймағы жер телімінің 6-8% құрайды, мұнда қимылды ойындар мен тыныш демалатын алаңдар болуы тиіс. Тыныш демалыс алаңдарын спорт және қимылды ойындар алаңдарынан белгілі бір қашықтықта, жақсы көгалдандырылған аймақта орналастырғаны дұрыс. Ал, қимылды ойындарға арналған алаңдар үзіліс уақытында белсенді ойнау үшін ғимараттың кіре берісіне орналастырылады. Қимылды ойындар алаңы бастауыш және орта сыныпта оқитын оқушылар үшін жеке болуы тиіс. Белсенді демалыс үшін жоғары сыныптың оқушыларына дене-шынықтыру спорт аймағы алаңдарын қолдану қарастырылады. Шаруашылық аймағын оқу-тәжірибе аймағына жақын және асхананың өндірістік бөлмелері жағына орналастырады. Оның өзінің жеке автокөлік кіретін жолы болуы тиіс. Бұл аймақта әр түрлі шаруашылық бөлмелері мен қоқыс жинағыштар болуы мүмкін.
ЖББМ ғимараттары, олардың жоспарлы сыйымдылығын ескеріп, жобаланады, ол гигиеналық талаптар бойынша 1000 оқушыдан (33-40 сынып) аспауы тиіс. Оқушылар санының жоғарылауы жұқпалы аурулардың өсуіне, оқу үрдісін ұйымдастырудың қиындауына, бір бөлмеден басқа бөлмеге ауысуларының саны мен ұзақтығының өсуіне, барлық оқу бөлмелеріне тиімді күн сәулесінің түсу режимін және ауа ортасының тиісті сапасын қатамасыз етуге мүмкіншілік болмауына, шу деңгейінің жоғарлауына, мекеменің санитарлық тәртібінің нашарлауына себеп болады. ЖББМ композициясының ең тиімдісі, жылы өтпе жолдармен қосылған, жеке оқу секциялық-блоктардан тұратын, топтастырылған ғимарат болып табылады.
Ғимараттың биіктігі 2-3 қабаттан аспауы тиіс, тек маңайындағы құрылыстың көптігінен жер телімі тар болған жағдайда ғана 4 қабаттық ғимаратты салу рұқсат етіледі (жоғары сейсмикалық аудандардан басқа жерлерде). Ғимараттың төртінші қабатында оқушылар сирек баратын бөлмелер орналастырылуы тиіс. Оқу бөлмелерін жоғарғы қабатта орналастыру мектеп учаскесінде белсенді демалу мүмкіндігіне кедергі жасайды, себебі үзілістің көп уақыты баспалдақпен түсіп, шығуына кетеді. Одан басқа, оқу бөлмелеріне, спорт залына, асханаға баратын жол ұзарады, қарама-қарсы оқушылар ағымынан баспалдақта кептеліс дамиды, қабаттарға көтерілу кезінде жүрек-қан тамырлар мен тыныс алу жүйелеріне жүктеме түседі.
Бөлмелердің құрамы мен ауданы жалпы білім беретін мекеменің түрлері мен типтеріне байланысты, себебі бұл мекемелер оқушылардың жасына байланысты топтарының арақатынасымен де, сонымен бірге, оқу үрдісінің мазмұнымен, түрлерімен, ұйымдастырылу әдістерімен де және профильдік оқытудың бағытымен де ерекшеленеді. Қазіргі кезде білім беру 3 сатыға бөлінеді: 1-сатысы бастауыш жалпы білім беру (1-4 сыныптар), 2-сатысы негізгі жалпы білім беру (5-9 сыныптары) және 3-сатысы толық жалпы орта білім беру (10-11 немесе 8-11 сыныптар). Білім беру үрдісі әр түрлі мекемелерде жүргізіледі: бастауыш, негізгі және толық жалпы орта білім беретін мектептерде, жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын орта мектептерде, профильдік мектептерде, гимназияларда, лицейлерде. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда, гимназиялар мен лицейлерде білім берудің 2-ші және 3-ші сатылары бойынша, ал профильдік мектептерде 3-ші сатысы бойынша дайындық жүргізіледі. Гимназия 2-3 шетел тілін білетін, орта гуманитарлық білім береді. Лицей, бірқатар пәндерді тереңдете оқытып және сол пәндер бойынша мамандыққа дайындай отырып, үзіліссіз жүргізілетін орта және жоғары білім берудің бірінші сатысы болып табылады.
Ғимараттың құрылымындағы бөлмелер 2 негізгі топқа бөлінеді: оқу және жалпы мектептік. Оқу тобына сынып бөлмелері, оқу кабинеттері, зертханалар, шеберханалар, спорт залдары, еңбек бөлмелері жатады. Жалпы мектептік бөлмелердің құрамында рекреация залдары, гардеробы бар вестибюль, мәжіліс залы, кітапхана, әкімшілік-шаруашылық бөлмелері, медициналық пункт, асхана және буфет, спорт залындағы киініп-шешінетін және душ қабылдау орны, санитарлық жүйе және т.б. кіреді.
Оқу бөлмелері 1-ші, 2-4-ші және 5-11 сыныптары үшін бөлек секцияларға топтастырылады. 1-саты оқушылары 2- және 3- саты бөлмелерінен оқшау, блоктың жеке секцияларында орналасқан өздеріне бекітілген сынып бөлмелерінде оқуға тиісті. Бірінші сыныптағылардың әрбір секциясына 3 сынып бөлмелері, сонымен қатар, ұйқы-ойын бөлмелері, рекреация және санжүйесі кіреді. 2-4 сыныптар оқушылары секцияларына, саны 6-дан аспайтын, сынып бөлмелерінен басқа, тыныш ойындарға арналған бөлмелер, ұзартылған күн топтары үшін, компьютер залы, әдістемелік бөлме, мұғалімдер бөлмесі, рекреация, санитарлық жүйелер болуы тиіс.
2- және 3- сатыдағы оқушыларды оқыту сынып - кабинет жүйесі бойынша жүзеге асырылады, мұнда пәндер арнайы жабдықталған сынып кабинеттерде немесе мамандандырылған кабинеттерде (физика, химия, биология, информатика, сызу және т.б.), сонымен қатар, профильдік оқытуға арналған (гуманитарлық, физика-математикалық, химия-биологиялық және т.б.) мамандандырылған бөлмелер тобының кабинеттерінде жүргізіледі. Сыныптар мен кабинеттердің саны оқу топтарының санынан аз болмауы қажет. ЖББМ сыныптарының балалар санымен толуы 25 оқушыдан аспауы қажет, ал мектептердің жоғары сыныптарында, профильдік мектептерде, гимназияларда және лицейлерде оқушылардың санын 20-ға дейін азайтуға рұқсат етіледі.
Фронтальдық түрде жүргізілетін сабақ кезінде оқу сыныптары мен қабинеттерінің 1 оқушыға келетін ауданы 2,5м2, топтар бойынша және баланы жеке оқыту түріндегі сабақ кезінде - 3,5м2, аралас түріндегі оқыту кезінде, сондай-ақ, жаратылыс пәндері бойынша мамандырылған кабинеттерде 3м2 кем болмауы тиіс. Фронтальдық сабақтар кезінде барлық оқушылар тақта мен мұғалім жаққа қарап отырады, ал топтық сабақтар кезінде сынып оқушыларын, 4-8 адамнан тұратын, кіші топтарға бөледі, олар бір-біріне қарама-қарсы отырып, ұжымдық тапсырманы орындайды, соған сәйкес оқушылардың оқу үстелдері орналастырылады.. Баланы жеке оқыту түріндегі сабақ кезінде тапсырманы өз беттерімен орындауы үшін, оқушылар бүкіл оқу бөлмесі ішіне жеке-жеке отырғызылуы мүмкін. Осыған сәйкес, сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің ауданы 62,5-87,5м2 болуы қажет. Бөлме биіктігі 3 м кем болмауы керек, одан аз биіктігі бір оқушыға қажетті ауа текшесін және ауа алмасу есесін қамтамасыз ете алмайды.
Сынып бөлмелерінің тік бұрышты, қабырғалары 3:4 қатынасында болуы және терезелері оқушылардың сол жағында орналасуы гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы болып табылады. Сол жақтан түскен жарық кезінде жұмыс үстелінің беті қолдың көлеңкесімен көлеңкеленбейді, ал тік бұрышты оқу бөлмесінде оқушылардың үстелдерн 3 қатар етіп орналастырған кезде, сынып тақтасының қажетті көз көрерлік бұрышы - көру сызығы мен тақтаның жазықтығы арасындағы көлденең бұрыш жеткілікті дәрежеде (бірінші сыныптағы балалар үшін 45º кем емес және 2-3 сатыдағы оқушылар үшін 35º кем емес) қамтамасыз етіледі. Егер бөлме шаршы немесе көлденең бағытта созылыңқы болса, онда үстелдерді 4 қатарға орналастырады, бұл кезде шеткі қатарлардағы оқушылардың көз көрерлік бұрышы күрт төмендейді, нәтижесінде көрудің зорлануы, дене мүсінің бұзылуы, омыртқаның қисаюы дамиды.
Оқу сыныптары мен кабинеттерінде оқушылар және оқытушылар үшін, оқушылардың топпен және жеке жұмыс істеуі үшін, белсенді жұмыстар үшін бөлінген жұмыс зоналары, сондай-ақ, оқу - көрнекі құралдарын, техникалық оқу құралдарын және оқушылардың жеке заттарын орналастыруға арналған қосымша орын болуы керек.
Физика, химия, биология пәндерінің оқу кабинеттері, сонымен қатар профильдік оқуға арналаған мамандырылған блоктардың құрамында зертхана, жаттықтыру сабақтар өткізілетін екі бөлме және зертханалық бөлме болуы тиіс. Информатика және есептеу техникасы, техникалық сызу, компьютерлік сынып кабинеттерін 10-12 орынға есептейді. Бір орынға белгілінген ауданы информатика кабинетінде 7,5м2, ал басқа 2 кабинетте 6м2.
Спорт залдары 2-ші қабаттан жоғары орналаспауы керек. Оқу секцияларынан оқшау, 1-ші қабатта орналасуы ең тиімдісі болып саналады. Бұл спорт залдан көтерілетін ластанған ауамен жоғары орналасқан бөлмелердің ластанбауына және сыныптар мен кабинеттерде шу деңгейінің жоғарыламауына мүмкіндік береді. Спорт залына оқу секциясы арқылы өтуге рұқсат етілмейді. Спорт залдарындағы ауа алмасуы, дене жүктемесі кезінде едәуір өсетін өттегінің оқушыларға қажеттілігін және ауаның тазалығын тиісті деңгейде сақтау үшін жеткілікті болуы қажет. Бұл мәселе бірінші кезекте залдың өлшемімен қамтамасыз етіледі. Спорт залдарының биіктігі 6 м кем болмауы қажет. Залдың ауданы мен саны оқушылардың және мектептегі параллель сыныптардың сандарына байланысты анықталады. Спорт залдарының ең кіші ауданы 270м2 (18х30), ең үлкені 1008м2 (42х24м). Спорт залдары гимнастика сабақтарымен қатар, әр түрлі ойындарды жүргізуге есептелуі қажет, сондықтан ойындарды өткізу кезінде 1 адамға бөлінетін аудан 15-20м2, ал гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде 6-8 м2 кем болмауы керек. Спорт залдарының жанында снарядтық, қыздар үшін және ұлдар үшін бөлек киім ілетін, душ бөлмесі және санжүйелер қарастырылуы тиіс.
Еңбекке баулу бөлмелері: еңбек пен жұмыс технологияларын зерттеу шеберханалары (металл, ағаш, мата өңдеу жөніндегі және олардың технологиясы, кулинария және т.б.) және мамандандырылған шеберханалар (электротехника, радиоэлектроника, авто іс және т.б.) - оқу секцияларынан оқшау, 1 қабатта орналасуы тиіс, өздерінің учаскеге шығатын есігі болуы қажет. Жұмысты жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, шеберханада бір уақытта сыныптың жартысы ғана жұмыс жасайды, ал 1 оқушыға есептелген ауданы, сынып бөлмелерімен салыстырғанда, 2-3 есе үлкен болып қарастырылады. Мысалы, еңбекті және жұмыс технологияларын зерттеу шеберханаларында бір балаға есептелген ауданы - 7,5м2, ал мамандандырылған шеберханаларда - 9-15м 2 құрайды.
Рекреациялық бөлмелерді 1 оқушыға 2м2 есебінен зал немесе дәліз түрінде жоспарлайды. Зал түріндегі бөлмелер тиімділеу болып келеді, себебі олар балалардың қимыл белсенділігі үшін үлкен мүмкіндіктер береді және таза ауаның жақсы резервуар болып табылады. Кабинеттердің бір жақты орналасуы кезіндегі дәліздің ені 4 м, ал екі жақты орналасқан кезде 6 м кем болмауы қажет.
Гардеробтар, мектептің бастауыш, негізгі және жоғарғы сыныптарына арналған зоналарға бөлініп, оқшау орналасуы қажет. Оларды оқу бөлмелері мен рекреацияларда орналастыруға болмайды.
Медициналық пунктті көбінесе 1 қабатта орналастырылады, оның құрамына дәрігер-педиатрдың, тіс дәрігерінің, психологтың кабинеттері, егу және ем-шаралар жүргізілетін бөлмелер кіруі керек. Медициналық пункттің жеке санитарлық жүйесі болуы тиіс.
Мектеп асханасын ғимараттың бірінші қабатында, сыртқа шығатын есігі бар, жеке бөлігінде орналастырады. Бөлмелерінің құрамы, асхана шикізатпен бе немесе жартылай дайындалған өніммен жұмыс істейді ме, соған байланысты. Асхананың түстенетін залының ауданы әрбір оқушыға 0,8м2, ал орындардың саны оқушылардың және оқытушылар-әкімшілік құрамы санының 1/3 кем болмауы қажет. Асхананың кіре берісінде міндетті түрде қол жуғыштар қойылуы қажет.
Мектеп ғимаратының әрбір қабатында қыздар мен ұлдарға бөлек, 30 қыз балаға бір унитаз және бір қол жуғыш, 30 ұл балаға 1 унитаз және бір қол жуғыш есебінен, есіктері ілмексіз, кабина түріндегі санитарлық жүйелер орнатылады.
8.4 Балалар мекемелерінің ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің барлық негізгі бөлмелерінде табиғи жарығы болуы тиіс, оның ішінде, ұзақтығы жеткілікті инсоляциясы болуы тиіс. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі балалардың үнемі болатын бөлмелерінің: топтық, музыкалық және гимнастика залдарының терезелерін оңтүстікке бағыттау ең қолайлы болып табылады, себебі ол күзгі және көктемгі кезеңдерде ұзақ инсоляцияны қамтамасыз етеді және тым қызып кетуінің алдын алады. Дегенмен, топтық бөлмелер үшін 85-градустан 275 градусқа дейінгі азимутта, залдар үшін кез келген бағытталуы рұқсат етілуі мүмкін. Ұйықтайтын бөлмелер мен медициналық пункттерде шығысқа бағытталуы оңтайлы болып саналады, бірақ, кез келген басқа бағытталуы да рұқсат етіледі.
Жалпы білім беретін мекемелердің оқу бөлмелерінің терезелері оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе шығысқа бағытталуы қажет. Солтүстік немесе солтүстік-шығысқа сызу, сурет салу, информатика және есептеу техникасы кабинеттерінің терезелері бағытталады. Батысқа бағытталу қолайсыз болып табылады, өйткені бөлмелерге күннің екінші жартысында күн сәулесі тікелей түсіп, олардың едәуір қызуына алып келеді. МДМ бөлмелеріндегі және ЖББМ барлық негізгі оқу бөлмелеріндегі ТЖК 1,5% кем болмауы қажет. Топтық бөлмелердің тереңдігі 6 м ден аспауы керек, тереңдігі одан артық болса, терезелерін екі жағында немесе көршілес қабырғаларға бұрыштап орналастырылуы қажет. Терезелер биік гүлдермен көленкеленбеуі қажет. Оларды ілетін немесе тасымалданатын ыдыстарда орналастырған жөн. Көзге тікелей немесе шағылысып түсетін күн сәулесінің әсерін жою үшін, терезелерді жалюздермен, перделермен жабдықтайды.
Поливинилхлоридті пленкадан жасалған перделерді қолдануға тыйым салынады, өйткені олар қызған кезде зиянды химиялық қосылыстар бөлуі мүмкін. Бөлменің қабырғалары мен төбесі, шағылыстыру коэфициенті үлкен, ашық түске боялуы қажет, себебі ол бөлмеде жарық деңгейі жоғары болуына ықпал етеді.
Жасанды жарығы тек қана бір түрлі, қызу немесе люминесцентті, шаммен қамтамасыз етілуі қажет. Шырақтар жарық түсетін қабырғаларға параллель орналастырылады, олар шашыраған сәуле ағымын беруі қажет. Жасанды люминесцентті шамдармен жарықтандыру кезінде ең аз жарық деңгейі МДМ ойын бөлмелерінде 200 люкс, ұйықтайтын бөлмеде 75 лк болуы қажет. ЖББМ сыныптарында, кабинеттерінде және зертханаларында жарық деңгейі - 300 лк, сынып тақтасында және сызу кабинеттерінде 500 лк, информатика және есептеу техникасының кабинеттерінде - 300-500 лк, спорт залында - 200 лк, рекреацияларда - 150 лк кем болмауы керек.
Барлық бөлмелерде табиғи өтпелі немесе бұрыштық желдетілуі есебінен толық құнды аэрация қамтамасыз етілуі тиіс (әжетхана бөлмелері арқылы желдетуге болмайды). МДМ ауа алмасу еселігі - 1,5, ал ЖББМ желдетілу көлемі бір адамға сағатына 20м3 кем болмауы қажет. Ең жақсы терезенің ойықтарын жоғарғы фрамугалармен жабдықтау болып табылады. Фрамуганың сыртқы бөлігі сыртқа, ал ішкісі ішке ашылады, нәтижесінде таза ауа ағымы бөлменің жоғарғы жағына бағытталып, балалардың шамадан артық салқындауының алдын алады. Сорып шығаратын желдетудің жекелеген жүйесімен сынып бөлмелерін және оқу кабинеттерін, зертханаларды, спорт залдарын, медициналық пунктті, асхананы, санитарлық жүйелерді жабдықтайды.
Жылдың суық уақытында МДМ желдету балалар жоқ кезде жүргізіліп, олардың келуіне 30 мин бұрын аяқтайды. ЖББМ оқу бөлмелері де балалар жоқ кезде, үзіліс уақытында, ал рекреациялар сабақ кезінде желдетілуі тиіс. Жылдың жылы уақытында аэрация балалар барда да жүргізіледі. Спорт залдарында, сыртқы ауаның температурасы +50С және одан да жоғары болғанда және әлсіз жел кезінде сабақты, ық жағындағы терезелердің бір-екеуін ашып қойып, өткізу керек. Төменірек температурада және күшті жел кезінде, терезелердің орнына фрамугаларды ашық қалдырады. Спорт залдарындағы желдетілу көлемі 1 адамға сағатына 80м3 кем болмауы тиіс.
Талап етілген температураны ұстап тұру үшін панельді сәулелік, сумен және ауамен жылытуды қолданады. МДМ ауаның температурасы климаттық жағдайға, баланың жасына, бөлменің тағайындалуына және т.б. байланысты болады. Бала неғұрлым кіші болса, соғұрлым бөлмедегі ауаның температурасы жоғары болуы қажет, себебі бұл жастағы балалардың жылу реттелу механизмі әлі жетілмеген. Мысалы, мектепке дейінгі топтардың қабылдау және топтық бөлмелеріндегі ауаның температурасы 20ºС кем емес қарастырылса, мектеп алдыға дейінгі топтар үшін бөлменің температурасы - 22ºС кем емес болуы керек. ЖББМ-нің терезелері жәй әйнектелген сынып бөлмелерінде, оқу кабинеттерінде және зертханаларында негізгі және орта мектептер үшін жобадағы есептеу бойынша ауаның температурасы 18ºС, ал бастауыш сынып үшін - 20ºС деңгейінде ұсталынып тұруы тиіс. Жылуды едәуір төмендететін, бүкіл қабырғасы әйнектелген жағдайда температура біраз жоғары - 21ºС дейін болуы керек. Спорт залдар мен оқу шеберханаларында қолайлы температура 15ºС кезінде қамтамасыз етіледі, себебі спорттық жаттығулар мен қимылды ойындар және дене еңбегі жүктемесі кезінде жылу өндірілу мен жылу берілу едәуір өседі.
МДМ және ЖББМ бөлмелеріндегі салыстырмалы ылғалдылығы 40-60%, ал ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2м/сек артпауы керек.
8.5. Балалар мекемелерінің жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі балалар ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, жабдықтарды дұрыс таңдау, әр түрлі функционалдық ауытқулар мен аурулардың дамуының алдын алатын факторлардың бірі болып табылады. Жабдықтар, соның ішінде жиһаздар да, балалардың бойы мен дене өлшемдеріне сәйкес болып, олардың дене қалпына дұрыс, ыңғайлы жағдай қамтамасыз ету керек. Дұрыс дене қалпы ағзаға түсетін статикалық жүктемені төмендетеді, тұрақты тепе-теңдік жағдайын сақтауға және жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің, көру мен есту мүшелерінің қалыпты қызмет етуіне мүмкіндік береді, ұзақ уақыт жұмысқа жоғары қабілеттілікті қамтамасыз етеді, тұлға бұзылыстарының, омыртқаның қисаюының, алыстан көрмеушіліктің, ішкі мүшелер ауруларының дамуының алдын алады. Жазу жазған кезде ауырлық центрі 9-10- кеуде омыртқаларының арасында, ал ауырлық центрінің сызығы жамбас-сан буынының артында отырғышты қиып өтетін болса, дене қалпы дұрыс болып саналады. Бұл кезде басы аздап алға қарай еңкейеді көзден дәптерге дейінгі ара қашықтық 25-35 см болады. Иық белдеуі көлденең жағдайда болады, оң жағына да, сол жағына да қисаймайды. Қолдың білегі мен білезігі салбырамай, үстел үстінде жатады. Үстелдің шетінен тұлғаға дейін 3-5 см кем емес ара қашықтық сақталынады. Оқушы арқасын орындықтың арқалығына, аяғын еденге немесе басқышқа тіреп отырады. Аяғы жамбас-сан буындарында және тізе буынында тік бұрыш жасап бүгіледі, бұл кезде тізе асты ойығындағы қан тамырлары қысылмайды. Оқығанда немесе жазумен байланысты емес басқа бір жұмысты орындағанда, отыру қалпы еркінірек болады.
Балалар жиһазын таңдағанда дұрыс бағдар беретін негізгі көрсеткіш балананың бойы болып табылады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жиһаздар мен жабдықтардың әр түрлі түрлері: манеждер, төбешіктер, үстелдер, орындықтар, төсектер, ойыншықтарға арналған шкафтар және т.б. қолданылады. Атап айтқанда, 1-5 жас аралығындағы балалар топтарында екі немесе төрт орынды трапеция тәрізді (қосымша) үстелдер, үлкенірек балалар (5-7 жас) топтарында үстел бетінің көлбеулігі өзгермелі болатын және оқу құралдарына арналған жәшіктері бар, екі орынды үстелдер орнатылады. Тұрмыс жағдайында бір орынды үстелдер де қолданылады. Балалардың бойына байланысты мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған үстелдер мен орындықтарды 6 топқа бөледі (9.11.- кесте):
9.11.- кесте
Мектеп алды кезеңіне дейінгі және мектепке дейінгі жастағы балаларға
арналған үстелдер мен орындықтардың өлшемдері
Жиһаз тобы |
Жиһаздың түрлі түстік таңбасы |
Баланың бойы, см |
Үстел биіктігі, см |
Отырғыш биіктігі, см |
Баланың жасы |
А |
Сары |
80 дейін |
34 |
17 |
7ай 1жас 8 ай |
Б |
Қызыл |
80-89 |
38 |
20 |
1 жас 5 ай 2 жас8 ай |
В |
Көгілдір |
90-99 |
43 |
24 |
2-4жас |
Г |
Жасыл |
100-114 |
48 |
28 |
3-6жас |
Д |
Ақ |
115-129 |
54 |
32 |
5-7 жас |
Е |
Көк |
130 -дан жоғары |
60 |
36 |
6-7 жас |
Табиғи жарық міндетті түрде сол жағынан түсуіә кезінде, үш орынды үстелдерді 3 қатардан артық емес етіп, ал төрт орынды үстелдерді 2 қатар етіп, орналастырады. Бұл кезде бірінші үстелдерден тақтаға дейінгі ара қашықтығы 2,5-3 м кем болмауы, тақтаның іліну биіктігі 07-0,8 м, үстелдерден жарық келетін қабырғаға дейінгі ара қашықтығы 1м кем емес болуы керек.
Мектеп алдыға дейінгі жастағы балаларға арналған ұйықтайтын бөлмелерде биіктігі өзгертілетін, қоршауы бар, төсектер, мектепке дейінгі балаларға қоршаусыз балаларға арналған төсектер қолданылады. Екі қабатты қозғалмайтын төсектерді қолдануға рұқсат етілмейді.
Теледидарлық хабар көру үшін топ бөлмесіне теледидарлар қойылуы мүмкін. Олардың экранының диагоналының өлшемі 59 см кем емес, орнатылу биіктігі 1-1,3 м, экраннан балаларға дейінгі қашықтық 4-6 м болуы керек.
Жалпы білім беретін мекемелерде сынып бөлмелері, кабинеттер, зертханаларды жабдықтау үшін парталарды, бір-екі орынды оқушыларға арнлаған үстелдер мен орындықтар, компьютерлік үстелдер, шкафтар, сынып тақталары, физиканың, химияның, биологияның және т.б.мамандандырылған кабинеттері үшін зертханалық үстелдер-. қолданылады. Мектеп жиһазы да, мектепке дейінгі мекемелер жиһазындай, балалардың бойына байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір тобындағы бойы ұзындығының аралығы 15см болатын, жиһаздардың 6 тобын ажыратады. Олар, бойының ұзыдығы «100-115 см» топтан басталып, бойы «175 см артық» топпен аяқталады (9.12.- кесте).. Үстел мен орындықтардың негізгі өлшемдері дене өлшемдеріне байланысты анықталады. Орындықтың биіктігі балтыр мен аяқ ұшының ұзындығына +1,5-2см (өкшенің биіктігіне) тең болады.
Орындықтың биіктігі үлкен болса, аяққа еден тіреу бола алмайтындықтан, аяқтардың салбырап қалуына және санға түсетін жүктеменің артуына әкеледі. Жеткіліксіз биіктігінде аяқтар орындықтан биік көтеріледі, балтыр мен сан арасында сүйір бұрыш түзіліп, тізе астындағы ойықтың тамырлар шоғырының қысылуына әкеледі.
Отырғыш тереңдігі сан ұзындығының 2/3 кем емес және 3/4 артық емес, ал ені - d. bitrochanterica +3-4 см болуы керек. Орындықтар арқалығының профилі омыртқа бағанасының бел және бел-жауырынасты аймақтарының пішініне сәйкес болуы тиіс.
9.12- кесте
Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған
үстелдер мен орындықтардың өлшемдері
Жиһаздың нөмірі* |
Түрлі түсті таңбасы* |
Балалардың бойы, см |
Үстелдің оқушыға қараған қырының биіктігі, мм |
Отырғыштың алдыңғы қырының биіктігі, мм |
1 |
Қызғылт сары |
100-115 |
460 |
260 |
2 |
Күлгін |
115-130 |
520 |
300 |
3 |
Сары |
130-145 |
580 |
340 |
4 |
Қызыл |
145-160 |
640 |
380 |
5 |
Жасыл |
160-175 |
700 |
420 |
6 |
Көгілдір |
175 артық |
760 |
460 |
*- Жиһаз нөмірі мен түрлі түсті таңбасы, үстел мен орындық қатарларының арасынан өтетін жолдардан көрінуі үшін, олардың екі жағынан да белгіленеді.
Оқушылардың дұрыс дене қалпы үстелдер мен орындықтардың өлшемдерін анықтайтын параметрлерін сақтағанда ғана емес, олардың өзара ара қатынастарымен де анықталады. Мұндай параметрлерге отырғыш пен арқалықтың дистанциясы және дифференция жатады. Арқалық дистанция (аралығы) деп үстел бетінің оқушыға қараған қыры (үстелдің артқы қыры) мен отырғыштың арқалығы арасындағы ара қашықтықты айтады.
Ол дененің алдынан артына дейінгі өлшемдерінен 3-5см-ге артық болуы керек. Дистанция аз болғанда үстелдің беті алдынан, ал отырғыштың арқалығы арт жағынан кеуде торына тіреледі де, еркін отыруына мүмкіндік бермей, тыныс алуды және қан айналымын қиындатады, қолайсыз дене қалпы салдарынан статикалық жүктемені арттырады. Арқалықтың үлкен дистанциясында дененің еңкеюі артады және отырғыштың арқалығы сияқты бекіну нүктесі жойылады, бұл статикалық қажудың тез дамуына, сонымен бірге, омыртқаның қисаюына және алыстан көрмеушілік дамуына әкеледі.. Отырғыш дистанциясы (аралығы) үстелдің бетінің артқы қырынан отырғыштың алдыңғы қырына дейінгі көлденең аралық. Отырғыштың дистанциясын оң, теріс және нөльдік деп ажыратады. Оң дистанциясында үстелдің қыры мен отырғыштың қырының арасында белгілі бір ара қашықтық болады, теріс дистанция кезінде отырғыштың қыры үстелдің қырына кіріп тұрады (орындық үстел астына қарай итерілген), нөлдік дистанцияда отырғыштың екі қыры да тігінен алғанда бір деңгейде тұрады. Үстел басында отырып жұмыс орындағанда, теріс дистанция сақталуы керек, оның өлшемі жиһаздың 1-2- топтары үшін 4 см, 3-4-те 5-6 см, 5-6-да 7-8 см болуы тиіс. Отырғыштың оң және нөлдік дистанциясы, қолын үстелге жазуға және оқуға қолайлы қою үшін, оқушының алға қарай созылуына мәжбүр етеді. Нәтижесінде бұндай дене қалпы тез қажытады, дене мүсінің бұзылыстары мен алыстан көрмеушілік дамуы мүмкін. Оң дистанция тұрғанда, оқушыны отырғызғанда және үстелден шыққанда қолданылады, ол үстелдің қақпағын ашу немесе орындықты жылжытумен жүреді.
Дифференция - үстелдің артқы қырынан отырғышқа дейінгі тігінен алғандағы қашықтық. Ол оқушының түсірілген қолының шынтағынан отырғышқа дейінгі ара қашықтыққа +5-6 см тең болады. Егер дифференция аз болса, яғни орындық тым жоғары немесе үстел төмен болса, көзден дәптерге және кітапқа дейінгі қалыпты ара қашықтық бұзылады. Сондықтан, оқушы денесін және басын өте еңкейтіп отыруға мәжбүр болады, бұл еңкіштік, сколиоз (омыртқаның қисаюы), көру мүшесінің қажуы, кеуде және құрсақ қуыстары мүшелерінің қысылуының дамуына әкеледі. Артық дифференцияда (биік үстел немесе аласа орындық) оқушының көздері мен дәптердің арасындағы ара қашықтық күрт төмендейді және екі шынтақты үстел үстіне қою мүмкін болмайды. Сондықтан, жазу жазған кезде оң иық үнемі көтеріліп, иық белдеуінің бұлшық еттеріне күш түседі, сколиоз бен алыстан көрмеушілік дамиды.
Кіші мектеп жасында жеке үстелдер мен орындықтарды емес, парталарды пайдаланғаны дұрыс, себебі парта, қолайлы дистанция мен дифференцияны және дұрыс отыру дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, бекітілген отырғыш пен үстелден тұрады.
Бір сыныпта оқитын оқушылардың бойы мен дене өлшемдері әр түрлі болғандықтан, әрбір сыныпта әр түрлі нөмерлі үстелдер мен орындықтар болуы керек. Екі орынды үстелдерді 3 қатар етіп қояды , олардың бірінші үстелінен оқу тақтасына дейінгі қашықтық 2,4-2,7 м кем емес, қатарларының арасындағы ара қашықтық - 60 см кем емес, үстелдерден сыртқы қабырғаға дейінгі ара қашықтық 50 см кем емес болуы тиіс. Көру бұзылыстары бар оқушыларды, жиһаздың нөміріне қарамастан, терезе жақтағы бірінші қатардың алдыңғы парталарына отырғызады. Есту бұзылыстары бар балаларды осы сияқты, бірақ ішкі қабырғаға жақын (резонанс құбылысын болдырмау үшін) отырғызады. Сыртқы қабырғадан алысырақ жедел респираторлық аурулармен, ангинамен жиі ауыратын, резистенттілігі төмен, созылмалы аурулары бар оқушыларды да отырғызады. Көздері жақсы көретін балаларды кез келген қатарға отырғызуға болады. Дене мүсіні бұзылыстарын және қылилық дамуын болдырмау үшін, шеткі оң және сол қатарларда отыратын балаларды жылына 2-3 рет орындарын ауыстырып отырғызу қажет. Мектеп 2 немесе 3 ауысыммен жұмыс істейтін жағдайларда, бір сынып бөлмесі, жастарында едәуір айырмашылықтары бар сыныптар үшін қолданылмауы керек, себебі мұнда оқушыны дұрыс отырғызуды қамтамасыз ететін негізгі қағида - мектеп жиһазының оқушының бойына сәйкес келуі орындалмай қалады.
Жалпы білім беру мекемелерінде қолданылатын сынып тақталарының құрылымы, қаптаған материалы, түсі, жазуға қолданылатын жабдықтары бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ең дұрысы болып саналатыны, шыны-эмальді жабыны бар, болат табақтан жасалынған тақталар. Бормен жазудың жақсы көрінуі үшін, эмаль қою жасыл немесе қою қоңыр түстерге, ал фломастерлермен жазылғанда ақ түске боялады. Шыны-эмальді тақталардың өлшемі әр түрлі болады, магниттің көмегімен сызбалар, суреттер іліп қоюға болатын, бірнеше жұмыс беттері болады. Тақтаның еденге дейінгі төменгі қырының биіктігі 80-90 см, ал соңғы орыннан тақтаға дейінгі ең үлкен қашықтық 8,6 м артық болмау керек. Бірінші парталарды тақтаға 2,4 м-ден жақын орналастыруға болмайды, себебі бұл көру бұрышының күрт төмендеуіне әкеледі.
Физика және химия кабинеттері арнайы тәжірибені көрсететін үстелдермен, су, электр энергиясымен, сығылған ауамен қамтамасыздалған оқушылардың екі орынды зертханалық үстелімен жабдықталады. Химия зертханаларында міндетті түрде сору шкафтарын орнату керек. Шет тілдер кабинеттерінде лингафондық рецептивті қондырғылар, магнитофон, күйтабақ ойнатқыш, проекциялық аппараттар және олардың астына қойылатын қойғыштар немесе тіреулер, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын сақтайтын шкафтар болуы керек. Оқытушы үстелі проекциялық аппараттарды басқару пультімен жабдықталады.
8.6. Балалар ойыншықтарына, оқулықтарына және киіміне қойылатын гигиеналық талаптар.
Оқу үрдісі көзге үлкен жүктеме түсіруімен жұреді, ол, көп жағдайларда мектеп оқулықтарының балалардың жасына байланысты көру мүшесі дамуының ерекшеліктеріне сәйкес келуіне байланысты болады. Кітап оқу көзді қимылдататын бұлшық еттердің, көз бұршағының қисығын өзгертетін аккомодациялық бұлшық еттің және көздің жарықты сезетін аппаратының жұмыстары бірбірімен үйлесіп, қатар жүруін қажет етеді. Кітап оқу жеткілікті дәрежеде көзге жақын аралықта жүзеге асырылатындықтан, ұзақ уақыт, әсіресе, майда жазылған мәтіндермен, жұмыс істегенде, осы үрдіске қатынасатын бұлшық еттердің де, жарықты қабылдайтын аппараттың да қажуы мүмкін. Бұл кезде аккомодациялық бұлшық еттің жиырылуы тоқталады немесе ол жиырылған күйінде болады.
Кітап оқығанда қарау мәтінің жолдарын бойлай әлсін-әлсін кідірістермен (фиксациямен) жылжып отырады, фиксация кезінде оқыған мәтінін мазмұнын қабылдау жүреді. Кітапты жаңадан оқып үйрене бастаған балаларда, 1 жолды оқығанда 17-20 кідіріс болады, ал тәжірибесі мол оқырман 5-6 кідіріс ғана жасайды. Кітап оқи алмайтын балалар мәтінді түсінуі үшін тақырыптың жекелеген элементтеріне бірнеше рет кідірумен (рефиксация) қайта оралады. Сонымен, кітап оқу көріп қабылдауды ғана емес, көріп ажыратудың белгілі бір жылдамдығын, назар аударуды және көріп еске сақтауды қажет етеді, бұл оқу үрдісінің қажытатын әсерін одан да арттырады. Оқу дағдылары қалыптасқан кезде, фиксация және рефиксация ұзақтығы мен саны біртіндеп төмендейді, оқу жылдамдайды, көз қимылы едәуір реттеледі. Дегенмен, орта және үлкен жастағы оқушылардың өзінде де кітап оқыған кездегі көз қимылының ырғагы мен жүйелілігінде, үлкен адамдардағы сияқты, жоғары тұрақтылық болмайды. Сондықтан, мектеп оқулықтары мен кітаптарды дайындау жөніндегі гигиеналық ұсыныстар әр түрлі жастағы оқушылар үшін дифференцияланған болып табылады. Оқулықтардың гигиеналық талаптарға сәйкестігін бағалайтын параметрлеріне: қаріп (шрифт) өлшемдері, қаріптердің толық жиынтығы (гарнитура), теруі, баспа, қағаз, иллюстрация сапасы, пішім, салмағы, мұқабасы жатады.
1- сыныптағыларға арналған әліппенің бірінші беттеріндегі әріптердің биіктігі 6-8 мм болуы керек. Әріптерді ажырату және оқу дағдыларын біртіндеп меңгеру барысында, әліппенің келесі беттеріндегі әріптердің өлшемдерін 3,4-4 мм дейін, ал одан кейін 2,8 мм дейін кішірейтеді. 2-4- сыныптардың оқушылары үшін өлшемі 2,5-2 мм, 5-6- сыныптар үшін 2 мм, 7-11- сыныптар үшін - 1,75 мм қаріптерді қолданады. Осыған сәйкес әріптердің тік және көлденең сызықтарының жуандығы да кішірейеді. Көз қажуының алдын алу үшін қәріптерді қарапайым суреттермен (гарнитурамен) - қәріптердің шабылған, тікелей кескіні түрінде қолдану керек..
Мұндай гарнитураларға әліппе, журнал, мектеп жиынтықтары және басқалар жатады. Теру мәтін жолдарының ұзындығымен, олардың арасындағы ара қашықтықпен, жиектерінің өлшемдерімен, басылу тығыздығымен сипатталады. Жолдардың ұзындығы кіші сынып оқушылары үшін 126-130 мм, үлкен сыныптарда - 90-110 мм болуы қажет. Екі бағанада теру қолданылмайды, себебі мұндай теруде көз қимылы жиілейді және жолдың басын табу қиындайды.
Мәтіннің қолайлы оқылуы үшін жолдар арасындағы (интерлиньяж) және сөздер арасындағы ара қашықтықтың (аппрош) да маңызы аз емес. 1-2- сыныптарға арналған оқулықтар үшін жолдар арсындағы ара қашықтық 2,8 мм кем емес, ал басқаларының барлығына - 2,7 мм кем болмауы керек. Сөздер арасындағы ең алшақ ара қашықтық - 4-11 мм - бастауыш сыныптарға арналған басылымдарда қолданылады, жоғарғы сынып оқушыларына арналған оқулықтарда олар 2 мм дейін азаяды.
Оқулықтардың басылуы анық, қара түсті және біркелкі болуы керек. Қағаздың сапасы мәтіннің жақсы көрінуін қамтамасыз етуі, жарық өтпейтін, жұмсармайтын және ылғалды бойына сіңірмейтін болуы керек. Осы мақсатта көп жалтырамайтын (типографиялық және №1 офсеттік қағаз) ақ қағаз қолданылады. Газетке арналған қағазды қолдануға рұқсат етілмейді. Оқулықтар пішімі бойынша үлкен және ауыр болмауы керек. 1-4- сыныптар оқулықтары үшін оқулық салмағы 300г, 5-6 сыныптар үшін 400г, жоғары сыныптар үшін - 600г аспауы керек.
Балалар қолданылатын негізгі заттардың бірі ойыншықтар болып табылады. Бірақ, гигиеналық талаптарға сәйкес емес ойыншықтарды пайдалану бала денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан ойыншықтар сапасына барынша мұқият санитарлық бақылау жүргізіледі. Ойыншықтар рұқсат етілген өнімдер мен материалдардан жасалуы және отқа төзімді болуы керек. Ескі құсқыны пайдалануға, ал 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарды жасауға табиғи теріні, қылды, былғарыны қолдануға рұқсат етілмейді. Сылдырмақтар мен музыкалы балалар ойыншықтарының ұсақ-түйек бөлшектері жеңіл залалсыздандырылуы және өзіне ылғалды сіңірмеуі қажет. Ойыншықтар жасауда мыс түтіктерін, мырышпен қапталған болатты, ақ қаңылтырды қолдануға болмайды. Ойыншықтарды бояу үшін, сілекей, тер, ылғал және дезинфекциялаушы заттардың әсерлеріне тұрақты жабын беретін, сыр мен лактар таңдалынып алынуы керек. Барлық ойыншықтардағы көшпелі ауыр металлдардың (барий, кадмий, хром, қорғасын, сынап, селеннің) максималды мөлшерін анықтайды.
Сонымен бірге, полимерлік және басқа синтетикалық материалдардан, резеңке, қағаз, картоннан жасалынған ойыншықтардың құрамына кіретін зиянды әсері бар әр түрлі құрамдас бөліктерінің (мономерлер, пластификаторлар, қатайтқыштар және т.б.) ауаға және су ортасына бөлінуі зерттелінеді. Бөлінетін өнімдер ішінде формальдегид, фтолат, акрилонитрил, этилбензол, метилметакрилат, стирол, тиурам, және т.б. улы қосылыстар болуы мүмкін. Бұл заттардың бәріне де көшуінің рұқсат етілген деңгейі белгіленеді.
Сыртқы пішіні мен құрылымы бойынша ойыншықтар тегіс болуы, өткір бұрыштары және ұсақ, жеңіл бөлінетін бөлшектері, иісі болмауы керек. Бөлмелерде ойнауға арналған ойыншықтардың шығаратын дыбыс деңгейі 65 дБА, ал ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтарда - 75дБА аспауы керек.
9. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
9.1. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету. Еңбекке тәрбиелеу мен үйретудің мақсаты балаларда еңбек сүйгіштіктік қалыптастыру, оларды жалпы еңбекке дағдыландыру және епті ету, белгілі бір мамандық түрін меңгеруі ғана емес, сонымен қатар, еңбектің ағзаға қолайлы әсер етуінің арқасында балалар мен жасөспірімдерді сауықтыруды да көздейді. Дене еңбегімен айналысу зат алмасу үрдістерін ынталандырады, қимыл үйлесімділігін жақсартады, бұлшық ет күші мен төзімділікті арттырады, ағзаның барлық жүйелерінің функционалдық жағдайының жақсаруына ықпалын тигізеді және гиподинамия дамуының алдын алады..
Еңбекке тәрбиелеу мен үйрету, мектепке дейінгі жастың өзінде-ақ басталып және мектепте оқудың барлық жылдарында жалғасатын, көп сатылы сипатта болады. Ол келесі қағидаларға негізделуі тиіс:
Бастауыш мектептің оқушылары еңбек сабағында әр түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын меңгереді, өсімдіктерді отырғызу және оларды баптап күтуді үйренеді, қарапайым ойыншықтарды және басқа ұсақ-түйектерді жасайды, оқу-көрнекті құралдарын жөндеумен және т.б. айналысады. Бұл жастағы балалардың дене еңбегіне мүмкіншіліктері әлі аз болғандықтан, өңдеуге негізінен жеңіл берілетін материалдар - қағаз, мата, пластилин, картонмен жұмыстар жасалынуы керек. Осы кезде орындалатын кесу, жабыстыру, желімдеу, тігу және басқа іс-әрекеттер нәзік қимыл үйлесімділігін дамытуға және білезіктің ұсақ бұлшық еттерін қимылдатуға мүмкіндік береді. Мектеп маңындағы жер телімдерде жұмыс істеу еңбекке баулудың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады, себебі еңбек әрекеті ағзаға пайдалы әсер көрсететін, ашық ауада болуымен біріктіріледі.
Негізгі мектептің 5-9 сынып оқушыларын еңбекке үйрету, бастауыш мектепке қарағанда, күрделірек, күнделікті өмірде қажетті, білім мен іскерлікті меңгеруге бағытталған. Мысалы, бұл жаста металл, ағаш, маталарды өңдеу технологиясын және жұмыс операцияларын, электротехниканың қарапайым мәселелерін шешуге, тігін тігуді, тамақ пісіруді, тұрмыстық техникамен жұмыс істеуді үйренеді. Ауыл мектептерінде еңбекке баулуда оқушыларды ауыл шаруашылығы жұмыстарына тарту да қолданылады.
Жалпы білім беру мекемесінің мамандыққа дайындайтын профиліне байланысты жоғары сыныптарда (10-11 сыныптар) белгілі мамандықтарға үйрету жүргізіледі. Сабақтар мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу-өндірістік шеберханаларда, мектеп зауыттарында, базалық кәсіпорындардың жұмыс орындарында жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мекемелердегі еңбекке үйретудің негізгі түрі еңбек сабағы болып табылады. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептің барлық сатыларындағы еңбекке баулу көлемі мен сипаты оқушының жасына байланысты болатын, қоғамға пайдалы өнімді еңбек те кіреді.
Еңбек сабағын ұйымдастыру оқушылардың еңбек дағдыларын тиімді меңгеруге ғана емес, сонымен бірге уақытынан ерте пайда болатын қажудың алдын алуға, басқа пәндер бойынша келесі сабақтарда жұмыс қабілеттілігін арттыруға және де еңбектің ағзаға сауықтыратын әсерін қамтамасыз етуге де бағытталады. Осы мақсатта, бәрінен де бұрын, мектептегі сабақ кестесінде еңбекке үйрету сабақтарының орны дұрыс белгіленуі керек. Ең дұрысы болып табылатыны ,еңбек сабағын, қажудың айқын белгілері әлі пайда болмаған кезде, 3-4 сабақтарда жүргізу. Бұл кезде ой еңбегі жүктемесінің дене еңбегі жүктемесіне ауысуы ағзаның функционалдық жағдайына қолайлы әсер көрсетеді және оқушылардың іс-әрекет белсенділігін ынталандырады. Егер еңбек сабағы оқу күнінің соңында жүргізілсе, оның ынталандырғыш әсері күрт төмендейді, себебі бұл уақытқа қарай алдыңғы сабақтардан өте айқын қажу пайда болады.
Еңбекке үйретуді ұйымдастыруда сабақтың ұзақтығын және оның жеке құрамдас бөліктерін нормалаудың, сонымен қатар сабақтың құрылымын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Еңбек сабағына 1-7 сыныптарда аптасына 2 сағат, 8-9 сыныптарда 3 сағат, 10-11 сыныптарда 4 сағат бөлінеді. Қоғамдық пайдалы еңбекке бөлінетін уақыт 2-4 сыныптарда аптасына 1сағатты, 5-7 сыныптарда аптасына - 2 сағатты, 8-9 сыныптарда - 3 сағатты, 10-11 сыныптарда - 4 сағатты құрайды.
Сабақ құрылымында уақыттың негізгі бөлігі оқушылардың практикалық тапсырмаларды орындауына берілуі тиіс. Сабақтың тығыздығы (барлық еңбек түрлерін орындауға жұмсалатын уақыт) 60%-дан аз және 85% -дан артық болмауы керек. Егер сабақ тығыздығы аз болса, жұмысты орындауға қажетті көңіл бөлу мен зейін қою бұзылады және жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған түрде орындалады, бұл өндірістік динамикалық стереотипінің қалыптасуына және еңбек дағдыларының нығаюына кедергі келтіреді. Сабақтың үлкен тығыздығы қажудың тез дамуына әкеледі, себебі, үлкендермен салыстырғанда, оқушылардың бұлшық еттерінің төзімділігі жеткіліксіз, ал дене еңбегіне жұмсалатын энергия шығыны жоғары болады.
Балалар үшін дене еңбегін орындау кезінде ең қажытатыны - дененің мәжбүр қалпында болуы және еңбектің бірсарындылығы. Еңбек сабағында орындалатын жұмыстардың барлық түрлері әр түрлі дәрежедегі статикалық күш салумен сипатталады. Мысалы, темірден құрал-сайман жасау жұмыстары, ағашпен жұмыс істеуге қарағанда, едәуір көп статикалық күш салумен ерекешеленеді. Осыған ұқсас, пішу мен тігу, статикалық бұлшық еттің зорығатынына байланысты, аспаздық жұмысқа қарағанда, көп қажытады. Сондықтан, кез келген еңбек түрлерінің үздіксіз орындалатын уақытын міндетті түрде нормалау қажет болып табылады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым ол уақыт аз болу керек. Үздіксіз жұмыс ұзақтығы 1 сыныптағы оқушыларда 5 минуттан артпауы керек, 2-3 сыныптарда - 5-7 минут. 4-5 сыныптарда - 10 минут, 6 сыныпта - 12 минут, 7 сыныпта - 16 минут. Сонымен қатар, сабақ барысында статикалық жұмыстарды динамикалық жұмыстармен ауыстыру немесе оларды кезектестіру қажет. Еңбектің бірсарындылығын болдырмау үшін орындалатын жұмыстар саны 3-тен аз болмауы керек. Ұлдар мен қыздардың функционалдық мүмкіншіліктерінің бірдей еместігі де ескерілуі қажет. Қыздардың дене еңбегінің мүмкіншіліктері, ұлдарға қарағанда, 15-20% төмен, сондықтан оларды ауырлығы азырақ, «қыздар істейтін» еңбек түріне үйрету қарастырылуы керек. Әрбір еңбек түрін орындағаннан кейін аздаған үзілістер ұйымдастырылуы қажет. Қосарланған сабақтарда дене шынықтыру минуттарын жүргізу, ал сонымен бірге, бірінші сабақтан кейін үзіліс берілуі тиіс. Денсаулық жағдайларында ауытқулары бар балаларды еңбекке үйрету дифференциялданған болуы қажет.
Еңбекке үйрету үшін жоғарғы сыныптарда, еңбек сабағы мен қоғамдықпайдалы еңбекке бөлінген сағаттарын қосып, аптаның бір күнін бөледі. Осы уақыттың 2 сағаты теориялық дайындыққа және 4 сағаты тәжірибелік жұмыстарға беріледі. Жұмысқа жіберу алдында қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау жүргізілуі керек. 14 жастағы оқушылардың жұмыс істеу нормасы үлкен адамдардың сағаттық нормасының 40%, 15-16 жастағыларда - 60%, 17 жастағыларда - 80% аспауы керек.
Еңбекке үйрету жөніндегі сабақтарды ұйымдастыруда үйлесімді және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңызы зор, себебі қарқындылығы тіпті аз болса да, қолайсыз өндірістік факторлармен, олардың байланыста болу мүмкіншіліктері жоққа шығарылмайды. Мысалы, оқу шеберханаларында темірден құрал-сайман жасау (слесарлық жұмыстар) мен металл жону (токарьлық жұмыс) жұмыстарын орындау кезінде оқушылар шаңның, майлардың, дәнекерлеу аэрозолдерінің және шудың қолайсыз әсерлеріне ұшырауы мүмкін. Сонымен бірге, ағзаға шамадан артық жүйке-психикалық және дене еңбегінің жүктемелері түсуі, жекелеген мүшелер мен жүйелердің және анализаторлардың шамадан артық зорлануы да мүмкін. Жоғарғы сынып оқушылары кәсіпорындардың жұмыс орындарында мамандықтарды меңгеруі кезінде, олардың ағзасына нақты кәсібі-өндірістік ортаның факторлары да әсер етуі мүмкін.
Оқу-өндіріс шеберханаларында өндірістік факторлардың теріс әсерлерінің алдын алу үшін, ауаны жалпы алмастыратын және жергілікті сормалы тиімді желдету, жарықтандыру ұйымдастырылуы, сондай-ақ шудың деңгейін төмендету шаралары жүргізілуі тиіс. Қолданылатын құрал-саймандар оқушының морфофункционалдық мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі қажет. Құралжабдықтардың орналасуы жарақат алуды төмендетуге және жұмыс орындауға қолайлы жағдай қамтамасыз ету керек. Металл өңдейтін верстактар терезелерге перпендикуляр орналастырылады, себебі бұл жұмыстар олардың оң жағынан да, сол жағынан да жарық түсу кезінде жүргізіледі. Керісінше, ағаш өңдейтін шебер үстелдері (верстак) мен тігін машиналарын терезелерге перпендикуляр немесе 45º бұрышпен және жарықты тек сол жақтан түсетін етіп, орналастырады, себебі жарық оң жағынан түскен кезде, жұмыс орны көлеңкеленеді. Ағаш өңдейтін үстелдерді, әдетте, әрбірқатарына 6-7 үстелден қойып, 3 қатар, ал темір өңдейтін үстелдерді, бөлменің ені бойынша, әр қатарына 4 үстелден қойып, 4 қатар етіп орналастырады. Бір-біріне қарама-қарсы қойылған верстактардың арасында, металл сынықтарымен жарақаттанудан қорғайтын, металдан жасалған тор тартылып қойылуы керек. Қатарлар арасындағы ара қашықтық 1 м кем болмауы керек. Әрбір жұмыс орны кронштейнде орнатылған отырғышпен және аяқ астына қоятын затпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қажудың алдын алу үшін оқушының жұмыс істеу кезінде дұрыс дене қалпы қамтамасыз етілуі қерек. Ол құрал-жабдықтар өлшемдерінің дене бөліктерінің өлшемдеріне сәйкес келуіне байланысты.
Еңбекке үйретуге, жоғарыда көрсетілгендей, қоғамға-пайдалы еңбекпен айналысу жатады. Бұл жұмыстар мектепте болу кезінде де және мектептен тыс уақытта да, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде де жүргізілуі мүмкін. Олар мазмұны бойынша әр түрлі, бірақ балалардың жастарына байланысты орындауға шамасы келетіндей болуы керек. Бастауыш мектепте оқушыларды сынып бөлмесін, өзінің жұмыс орнын жинауға, дән, жеміс-жидек теруге, көшеттерді өсіруге, үй өсімдіктерін күтуге, үй жұмысына көмек беруге қатыстырады. Қоғамдық-пайдалы еңбек орта сыныптарда оқу шеберханаларында тапсырыстарды орындау жұмысы, кабинеттерді жинау, астық жинауға қатынасу, оқу жабдықтарын жөндеу, жануарларға жем-шөп беру, сиыр сауу, мектеп маңын тазалықта ұстау, металл сынықтарын жинау түрінде жүргізілуі мүмкін.
Жоғары сынып оқушылары қоғамдық тамақтандыру, байланыс, сауда кәсіпорындарындағы, өндіріс кәсіпорындарының жұмыс орындарындағы, ауыл шаруашылығындағы және т.б.жұмыстармен айналысуына болады. Сонымен қатар, оқушыларды жасына сәйкес емес, жүктемесі шамадан артық жұмыстарға, өмірлеріне қауіп төндіретін жұмыстарға (терезе жуу, шатырдағы қарды тазалау, электр тоғымен, улы заттармен жұмыс істеу), сондай-ақ жұқпалы және паразиттік аурулардың дамуына әкелу мүмкіншілігі бар жұмыстарға (санитарлық жүйелерді жинау, қалдықтарды жинау мен шығару және т.б.) тартуға болмайды.
9.2. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
Мамандық таңдау қарапайым міндет емес. Белгілі бір кәсіби іс-әрекетке бейімділік мектеп жасынан ақ, 12-13 жастан бастап және 14-16 жастарда одан да айқындалып, қалыптаса бастайды. Жасөспірімдердің белгілі бір мамандықты игеруге ұмтылуы, оның беделі мен материалдық жетістіктеріне қызығу ғана емес, оған қызығушылық пен нағыз құмартудан туады. Бірақ, адамның қалауы ағзаның күші мен мүмкіншіліктеріне, әсіресе денсаулық жағдайына кейде сай келмейді.
Бұл факторлар ескерілмей, таңдап алынған мамандықта жұмыс істеу, денсаулық жағдайының нашарлауына, жұмыс операцияларын тиімді орындауға қабілетті болмауына, істеген жұмысы мен өміріне қанағаттанбауына, кәсіби аурулар мен мүгедектік даму мүмкіндігіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, оқушыларға өз уақытында мамандыққа бағыт берудің маңызы зор.
Мамандыққа бағыттау деп, қабілеттілікке, икемділікке, білімділікке, денсаулық жағдайына, жеке бастың ерекшеліктеріне, сондай-ақ, қоғамға қажеттілікке сәйкес, оқушыларды өз еркімен мамандық таңдауға дайындайтын шаралардың ғылыми-негізделген жүйесін айтады.
Мамандыққа бағыттау бірнеше маңызды мәселелерді шешеді. Соның бірі әр түрлі саладағы мамандардың халық шаруашылығында қажеттілігін анықтау болып табылады. Бұл мәселені экономика мамандары шешеді. Басқа мәселелерді кәсіп түріне медициналық-физиологиялық кеңес беру (КМФК) қарастырады.
КМФК міндеттеріне жатады:
Медициналық-физиологиялық мәселелерді шешуде әр түрлі мамандар: психологтар, педагогтар, физиологтар, мектеп дәрігерлері, жасөспірімдер кабинеттерінің, СЭБ балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігерлері қатысады. Бірақ, негізгі рөлді мектеп дәрігерлері мен жасөспірімдер кабинетінің дәрігерлері атқарады, олар белгілі мамандыққа жасөспірімнің кәсіби жарамдылығы жөніндегі қорытындыны береді және ынғайлы мамандық таңдауға да көмектеседі.
Қазіргі көзқарас бойынша, кәсіп түріне жарамдылық адамға тән, іштен туа біткен қасиет емес, ол оқу және кәсіптік қызмет үрдісінде қалыптасады, бірақ баланың талабы кәсіп түріне жарамдылықтың қалыптасуының биологиялық негізі болып табылады. Сондықтан, оларды анықтағанда жасөспірімдердің денсаулық жағдайы ғана емес, тіршілік ету барысында өзгерістерге аз ұшырайтын, жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері де, сондай-ақ, кәсіптік маңызды қызметтерінің даму дәрежесі де (бұлшық ет күші, төзімділік, координация, ой өрісінің, анализаторлық қызметінің даму деңгейі және т.б.) міндетті түрде ескерілуі қажет.
Мамандыққа бағыттау бойынша шаралар кешенін мектептерде 5 сыныптан бастап, педагогтар ата-аналарының қатысуымен жүргізеді. КМФК 7 сыныптан бастап жүзеге асырылады. Оны жүргізу үшін дәрігер жасөспірімнің толық медициналық тексерілуінің нәтижелерін алу керек, жасөспірімдік-бозбалалық жастағы ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі керек, әр түрлі өндірістердегі еңбек жағдайларымен және олардың ағзаға әсерімен, ағзаның функционалдық жағдайына және жеке мүшелер мен жүйелерге, белгілі еңбек түрімен ұсынылатын талаптармен таныс болуы керек, кәсіптік оқытуға және онымен жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімін білуі, жасөспірімдер еңбегін қорғау бойынша негізгі заңнамалық құжаттарды білуі керек.
Осы ақпараттарға сүйене отырып, дәрігер жасөспірімдерді мамандық үшін іріктеуі емес, қайта жеке жасөспірім үшін, денсаулық жағдайында кездесетін ауытқуларды одан әрі нашарлатпайтын, олардың компенсациялануына ықпал ететін және ағзаның резистенттілігін арттыратын, мамандық түрін таңдауы керек.
Χ- ТАРАУ. ЕМДЕУ АЛДЫН АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ГИГИЕНАСЫ.
Емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы (аурухана гигиенасы), аурухана ішілік орта факторларының науқастар мен медицина қызметкерлеріне әсерін зерттеп, науқастардың ауруханада болу жағдайын жақсартуға, емдеу үрдістерін нәтижелі жүргізуге, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған гигиеналық нормативтер, талаптар, ережелер дайындайды.
Емдеу-алдын алу мекемелері бұл, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әр түрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық-емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, психо-неврологиялық, т.б.). перзентханалар, балалар және әйелдер консультациялары, жедел жәрдем беретін емдеу мекемелері, шипажай-курорттық мекемелер және т.б. жатады.
Аурухана денсаулық сақтау қызметінің негізгі емдеу-алдын алу мекемесі. Мүнда ауру түрін анықтау, емдеу, алдын алу және қалпына келтіру шаралары, сонымен қатар, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің мамандығын жоғарылату және халықты санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Науқастар үшін аурухана, тек қана ем қабылдайтын мекеме емес, сонымен қатар олардың уақытша болатын орны. Үйде қалыптасқан үйреншікті стереотиптің ауруханадағы басқа тәртіпке ауысуы, сырқатына байланысты хал-жағдайының нашар немесе ауыр болуы, әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің функционалдық жағдайының бұзылуы, гипоксия және гиподинамия жағдайлары науқастардың көптеген тітіркендіргіштерге сезімталдығының жоғары болуына ықпал етеді. Олардың қоршаған орта факторларының әсеріне, оның ішінде, жұқпалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмендейді, бұл аурухана ішілік инфекцияның дамуы мен аурулардың асқыну қаупін жоғарылатады.
Сондықтан, науқастарды стационарлық емдеудің жетістігі, көбінесе олардың ауруханада болу жағдайымен байланысты. Жарық, кең, таза палаталар, бөлмедегі таза ауа, тыныштық, құнды және дәмді тамақтану, жеткілікті ұйықтау, күнделікті душ және ванна қабылдау, ағаш, талдардың арасында серуендеу мүмкіншілігі емдеу үрдісінің өзінен емдік маңыздылығы кем емес факторлар болып табылады. Белгілі орыс терапевті В.А.Манассеин (1841-1901) : «терапия бұл, біріншіден, ауру адамның гигиенасы, егер науқасқа қажетті гигиеналық жағдайлар жасалмаса, онда ол дәрменсіз»-деген.
Аурухана мекемелерін жоспарлау, науқастарды орналастыру, ауруханаларды жабдықтау және күтіп ұстау жөніндегі гигиеналық талаптардың сақталуы да, қазіргі кездегі әлемнің көптеген елдеріндегі өзекті мәселе болып отырған аурухана ішілік инфекциялардың алдын алудың қажетті шарттары болып табылады. Және де бұл мәселе, бұрыннан емдеу үрдісімен қатар келе жатқан фактор ретінде, тек қана жұқпалы аурулар, хирургиялық және босану бөлімшелерінде ғана емес, басқа да барлық бөлімдерге қатысты.
Қазіргі кездегі аурухана ортасының және медицина қызметкелерінің кәсіби іс- әрекетін орындауымен байланысты факторлары медицина қызметкерлерінің денсаулығына да әсер етеді. Мұндай факторларға, мысалы, шамадан артық психоэмоционалдық жүктемелер, статикалық және динамикалық дене жұмысының жүктемелері, түнгі қызмет, инфекция жұқтыру мүмкіншілігі, иондаушы және иондаушы емес электромагниттік сәулеленулердің, ультрадыбыстың, қолайсыз микроклимат жағдайларының, ауаның ластануының, т.б. әсерлері жатады. Еңбек жағдайының жақсы, салауатты болуы, медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен қатар, өздерінің мамандығына байланысты міндеттерін нәтижелі атқаруы үшін де маңызды.
Медициналық көмек көрсету деңгейі медицинаға ғылымның жаңа жетістіктерін енгізумен түйіндес болып келеді. Бірақ, көптеген жаңа емдеу мен диагностика әдістері және оларды аспаптармен қамтамасыз ету, гигиеналық талаптарға сай келетін жағдайлар жасауды талап етеді. Мысалы, лазерлерді медицина практикасына енгізу, олармен жұмыс істеу үшін бөлек бөлмелердің болуын және қорғаныс шараларының сақталуын талап етті, магниттік-резонанстық диагностиканы қолдану құрылыстық-жоспарлау шешімдерін және т.б. қажет етті.
Сонымен, ауруханаларды жоспарлау, құрылысын салу және жұмыс істеу кезінде, ауруханаларды гигиеналық тұрғыдан аббаттандыру сұрақтарын тиімді шешу үшін, келесі қағидаларды іске асыру керек:
1. Стационарда науқастардың болуына қолайлы жағдай туғызу, емдік-қорғаныс тәртібін қамтамасыз ету;
2. Аурухана ішілік инфекцияларды болдырмау;
3. Тиімді емдеу үрдістері мен алдын алу шараларын жүргізуге асыру үшін жағдай туғызу;
4. Медицина қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау;
5. Рационалды тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
6. Ауруханада жаңа емдеу, диагностика әдістерін, жаңа аспаптар мен жабдықтарды енгізу үшін жағдай қамтамасыз ету;
7. Ауруханада медицина кадрларын дайындауға мүмкіншілік туғызатын жағдайларды қамтамасыз ету;
8. Науқастар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау үшін жағдайлар туғызу.
Бұл қағидалардың бәрін орындау үшін, ауруханаларды жоспарлау мен салудың бірінші кезеңдерінде-ақ негіз қаланады: ауруханаларды орналастыратын жерін, жер телімін таңдау, құрылыс жүйелерін таңдау, аурухана мекемелерін жобалау кезеңдерінде. Қағидалардың жүзеге асырылуы келесі кезеңдерінде де жүргізіледі бөлімшелерді орналастыруда, ішкі жоспарлау және қайта құру шешімдерінде, керек - жарақтармен жабдықтауда, санитарлық-техникалық безендірілуінде, ғимаратты жабдықтауда және жұмыс істеп тұрған аурухана мекемесін санитарлық жағынан күтіп ұстауда.
1. Ауруханың жер телімін таңдауға және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.
Ауруханада гигиеналық жағынан қолайлы жағдай туғызу мүмкіншілігі аурухана учаскесінің орналасқан жеріне және басқа да ерекшеліктеріне көп байланысты. Жалпы соматикалық ауруханаларды қала ішінде, қызмет көрсететін халыққа жақын орналастыру лайықты, өйткені олар тек жоспарлы түрде ғана емес, сонымен қатар, жедел медициналық көмек те көрсетеді. Қаланың шетінде немесе сыртында режимі айрықша стационарларды (туберкулездік, психиатриялық және тері-венерологиялық ауруханаларды), науқастарды амбулаторияда қабылдамайтын, ірі, сиымдылығы 1000 төсектен артық, мамандандырылған орталықтарды, сауықтыру мекемелері мен реабилитация орталықтарын орналастырады. Аурухананы елді мекеннің шетінде немесе қала маңайында орналастырғанда, өлшемі жеткілікті, шу, шаң және басқа ластаушы көздерден алыс, көк алаптың жанындағы жер телімін таңдау оңай. Бір жағынан, қосымша емдік фактор ретінде қолайлы табиғи жағдайлар туса, екінші жағынан, кейбір аурухана мекемелерін қызмет көрсету түрлеріне байланысты бір-бірінен оқшау орналастыру жеңілдейді. Мұндай ауруханалардың селитебтік зоналардан ара қашықтығы 1000 м кем болмауы керек. Амбулаториялықемханалық мекемелерді қаланың әрбір ықшам ауданында, адамдар жаяу жететіндей жерлерде орналастырады.
Аурухананың жер телімі шу, ауаның химиялық және биологиялық ластаушы көздерінен - өнеркәсіп кәсіпорыңдарынан, магистралды жолдардан және темір жолдардан, аэропорттардан, стадиондардан, мал шаруашылық және кұс өсіретін фермалардан, қоқыс төгетін жерлерден, ассенизация алаңдарынан, қалдықтарды пайдаға асыру және жағу зауыттарынан едәуір қашықтықта, жел жағында болуы тиіс.
Аурухана мен осы ластаушы көздердің арасындағы санитарлық-қорғаныш аймағының ара қашықтығы нормативтік құжаттарға сәйкес, ластағыштардың зияндылықтарына байланысты, 50-1000 м аралығында орнатылады. Жекеше автокөліктерге арналған тұрақтардың аурухана аумағынан қашықтығы 40 м кем болмауы керек.
Учаскені таңдау кезінде, аурухана аумағындағы шудың деңгейі күндіз - 45 дБ, түнде 35 дБ аспауы, ал, кеңінен таралған ауаны ластаушылардың: азот оксидінің, күкірт ангидридінің, аммиактың, көмір тотығының, күйенің ауадағы концентрациясы ШРЕК-тен аспауы керек. Ауруханаларды бұрын қоқыс төгілген жерлерге, мал қорымы, зираттар және топырағы химиялық заттармен, радионуклидтермен ластанған, эпидемиялық тұрғыдан қауіпті жерлерде орналастыруға тыйым салынады.
Ауруханалардың құрылысын топырағы құрғақ, күн сәулесі жақсы түсетін, ағашты, көгалды, биіктеу жерде салған жақсырақ. Жайпақ, оңтүстікке бағытталған беткейде болған жағдайда, учаскенің инсоляциясы жақсарады, атмосфералық сулардың табиғи ағыны жеңілдейді. Грунт суларының деңгейі жер бетіне 1,5 м жақын болмауы керек. Учаскеге көлік кіріп-шығатын жолдары ыңғайлы болғаны дұрыс және аурухананы техникалық, санитарлық-техникалық жағынан (сумен және электрмен қамтамасыз ету, канализация, т.б.) рационалды жабдықталу мүмкіншілігі қамтамасыз етілуі керек.
Жер учаскесінің аумағы жеткілікті болуы керек, өйткені, аурухана ғимаратының, шаруашылыққа арналған құрылыстарының, олардың ара қашықтарының, көгалдандыру ауданының, өтпелер мен көлік жолдары ұйымдастырылуының талаптарға сәйкес орналасуы, учаскенің ауданына байланысты анықталады. Аурухананың жер учаскесі, ондағы төсек санына, құрылыс жүйесіне және саласына байланысты. Қазіргі кездегі ауруханалардың құрылыс жүйесінде 1 төсекке аумағының 100-150 м2 ауданы келу керек.Төсек саны көп болған сайын, 1 төсекке есептеліп бөлінетін жер ауданы азая береді. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесі, орталықтандырылған құрылыс жүйесіне қарағанда, үлкен жер ауданын (2 тарау.) талап етеді. Жұқпалы аурулар, туберкулездік және онкологиялық ауруханалар, қайта қалпына келтіріп емдеу ауруханалары өте үлкен жер учаскесін қажет ететіндіктен, оларды қала маңында орналасырады.
Жер учаскесін рационалды жоспарлау, ауруханаларды гигиеналық жағынан абаттандырудың көптеген жақтарын қамтамасыз етеді. Емдеу-алдын алу мекемесін өз жер учаскесінде орналастыру жоспары болып табылатын аурухананың бас жоспары (10.1- сурет), жобалау кезеңінде - ақ учаскені, бір-бірінен айырмашылығы бар, бірнеше функционалдық зоналарға бөлуді қарастырады:
1. емдеу корпустарының, жұқпалы емес және жұқпалы ауруларға арналған;
2. бау-саябақ;
3. әкімшілік-емхана;
4. патологиялық-анатомиялық корпустың;
5. шаруашылық-құрылыстар зонасына;
Аурухана учаскесін зоналарға бөлу қолайлы санитарлық және емдік-қорғаныш тәртібін ұйымдастыру, науқастарға психологиялық комфорт туғызу, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу, әр түрлі бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды жағдай болып табылады. Аурухана кешенінің құрам бөліктерін зоналарға бөлу және рационалды орналастыру формасы дұрыс тікбұрышты, ені мен ұзындықтарының арақатынасы 1:2 немесе 2:3 болатын, ұзын осі шығыстан батысқа қарай бағытталған учаскелерде ең қолайлы жүзеге асырылады. Ауруханалар селитебтік зоналарда орналасқанда, емдеу және палаталық корпустарды құрылыстың қызыл сызығынан (көшелер мен аурухана аумағының шекарасы) 30 м және тұрғын үйлерден 50 м кем емес қашықтықта орналастыруы қажет. Жұқпалы аурулар бөлімшесі учаскенің түкпір жағында, жұқпалы аурулар емес бөлімшелерден 30 м кем емес қашықтықта орналасуы керек. Басқа корпустардан дуалдар арқылы және ағаштар мен бұталар арқылы бөлінуі, өзінің бөлек, көлік кіріп- шығатын жолы болуы тиіс.
10.1-сурет. Қалалық аурухананың бас жоспары (аралас құрылыс жүйесі). 1 бас корпус; 2 емхана; 3 акушерлік-гинекологиялық корпус; 4 жұқпалы аурулар корпусы; 5 ас блогі; 6 шаруашылық корпусы; 7 патологиялық-анатомиялық корпус.
Патологиялық-анатомиялық бөлімшені учаскенің түкпірінде, емдеу корпустарының палаталық бөлімшелерінің терезелерінен көрінбейтін аймақта орналастырады. Салт жоралары аймағына көлік кіріп-шығатын оқшау жолы болуы тиіс. Емдеу корпустары патологиялық-анатомиялық корпустан 30 м қашықтықта орналасуы қажет.
Емдеу корпустары мен басқа ғимараттардың ара қашықтығы инсоляция, жарық түсуі, желдетілеу және шудан қорғау жағдайларын қамтамасыз етуі керек. Мысалы, корпустар мен палаталар терезелерінің арасындағы қашықтық, ең биік қарсы тұрған ғимараттың 2,5 биіктігіне тең, бірақ, 24 метрден кем болмауы тиіс.
Емхана ғимаратын, көбінесе емдеу корпустарынан оқшау 30-50 м қашықтықта, учаскенің шет жағына қарай орналастырады. Емханаға кіру жолдары бөлек болады. Емхана ғимаратын бас емдеу корпусымен топтастырып орналастыратын түрлерін де қолдануға болады. Мұндай жағдайда, егер арнайы қызмет көрсету кестесі орнатылған болса және амбулаториялық ауруларға арналған жеке кіретін есігі және күтетін орны ұйымдастырылса, осы корпуста орналасқан аурухананың зертхана және емдеу-диагностикалық бөлімшелерін стационарлық науқастар үшін де және емханаға келетін емделушілер үшін де, пайдалануға болады.
Шаруашылық ауласын аурухана ғимаратынан 30-40 м қашықтықта, ық жағында, жер бедері төмендеу жерде орналастырады. Шаруашылық ауласында сумен жылытатын орталық қазандықты, дезинфекциялық камерасы бар кір жуатын орынды, гаражды, қойма бөлмелері мен көкөніс сақтайтын қойманы орналастырады. Басқа аурухана зоналарынан шаруашылық ауласын, ені 8-10 м отырғызылған ағаштар мен бұталар жолағы арқылы оқшаулайды.
Аурухана аумағына өз алдына бөлек, көлік кіретін 3 жолы болуы тиіс: жұқпалы емес ауруларды емдеу корпустарының зонасына, жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына, шаруашылық зонасына. Әдетте, шаруашылық зонасына көлік кіретін жолмен патологиялық-анатомиялық корпусқа өтетін жол біріктіріледі.
Аурухана кешені ғимараттарының құрылысын салуға бөлінген жер учаскесінің үлесі 15%-дан, шаруашылық ауласына, адамдар жүретін жолға және көлік жолдарына - 25%-дан артық болмауы тиіс. Жер учаскесінің ең үлкен (60%-дан кем емес) бөлігін көгөрістер құрауы тиіс, олар қорғаныс зонасы ретінде, учаскенің периметрі бойынша, ені 15 м болатын отырғызылған ағаштар және аурухана мекенінің ішінде егілген саябақ, бау, гүлзарлар, көгалдар түріндегі көгөрістер. Қорғаныс зонасына бірнеше қатар биік өсетін ағаштар және арасына бұталар отырғызылады. Бау-саябақ зонасының ауданы, 1 адамға есептегенде, 25 м2 кем болмауы керек.
Ғимараттар палаталарының терезелері бағытталған жағындағы учаскенің шетіндегі қорғаныс зонасын 30 м дейін үлкейтеді.
Егілген жас ағаштар аурулардың жағдайына қолайлы әсер ететін фактор ретінде де және олардың ауруханада болу жағдайын жақсартатын фактор ретінде де маңызды роль атқарады. Көк желектер арқасында аурухана аумағында қолайлы микроклимат жағдайы жасалады: жазда салқын, қыста қолайлы температура болады, әсіресе оңтүстік аудандарда, күн көзінен қызған ғимараттардан, тротуарлардан, қоршаулардан шыққан радиация төмендейді. Көкжелектер ауаның оттегімен қанығуын жоғарылатады, аумағында шудың деңгейін азайтады, қатты жел соғудан қорғайды, шаң, газ, бу және бактерияларды өзіне тартады. Көптеген ағаштар және өсімдіктер бөлетін фитонцидтері табиғи антибиотиктер - патогенді микроағзаларды жойып, ауаның биологиялық ластануын төмендетеді. Бұл тұрғыдан айрықша көрнектісі, қылқан жапырақты ағаштардың, қайыңның, аршаның, теректің еменнің бактерицидтік қабілеті болып табылады. Ағзаға қолайлы жағдай жасайтын, гипоксия құбылысын азайтатын табиғат аясында, көкжелектердің арасында болу емдеу үрдісінің алмастырылмайтын құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, таза ауада серуендеу, гипертония ауруы бар адамдардың қан қысымын төмендетіп, жалпы жағдайын жақсартады. Аурухана сая бағында науқастар серуендеуі, олардың қимыл-қозғалысын арттырады, ұзақ уақыт төсекте жатқан науқастарда пайда болатын гиподинамияның теріс көріністерін төмендетеді, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйелері, асқазан-ішек жолдарының жұмысын күшейтеді, ағзаның тонусын жоғарылатады.
2. Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы.
Қазіргі кездегі ауруханалар көп төсекті, құрылымы мен қызметі күрделі, әр түрлі мамандандырылған медициналық көмек түрлерін көрсететін бөлімшелері болуымен, жаңа емдеу және диагностика әдістерін дамытумен және енгізумен, жоғары техникалық жабдықталуымен, қымбат тұратын жабдықтарды күтетін инженерлік-техникалық қызметті ұстау қажеттілігімен, аурухана базасында маман қызметкерлерді дайындаумен ерекшеленеді.
Осы аспектілердің бәрінің де шешілуі, көбінесе, ауруханалардың құрылыс жүйесімен анықталады. Осыдан бірнеше жүз жылдар бұрын пайда болған бірінші ауруханалар казарма түрінде болды және бірқатар өтпелі залдардан тұрды, оған, ауру сипатын ескермей, 30-40 адамнан жатқызды. Санитарлық тұрғыдан аббатандырылмауы, шектеулі аумақта аурулардың жиналуы, аурулардың қоздырғыштары туралы ешқандай түсінік болмауы, жаппай аурухана ішілік инфекцияның дамуына әкеп соқты. 19 ғасырдың басында ауруханаларды салудың павильондық құрылыс жүйесі бірінші рет қолданыла бастады. Бұл жүйесінде қабаты аз, онша үлкен емес ғимараттарда, жарық екі жағынан да түсетін, жақсы желденетін және күн сәулесі түсетін кең зал-палаталар орналастырылды, сонымен қатар, санитарлық және шаруашылық бөлмелері де болды. Павильондық (орталықтандырылмаған) құрылыс жүйесі, аурухана ішілік инфекцияның дамуын төмендетіп, науқастарға гигиеналық жағынан қолайлы жағдайлар қамтамасыз етуге мүмкіншілік берді. Бұл жүйе, кейбір кемшіліктеріне (мамандандырылған медициналық көмек көрсету қиындығы, бір қызмет түрін атқаратын аспаптардың біреуінің орнына бірнешеуін қолдану, экономикалық шығыны үлкен және басқалар) қарамастан, осы күнге дейін қолданылуда. Бұл кемшіліктер ауруханалардың функционалдық жағынан жетілуін, емдеу-диагностикалық үрдістің іске асуын шектеді, осыған байланысты 20 ғасырдың бірінші жартысында аурухана құрылысын салудың келесі кезеңі - орталықтандырылған құрылыс жүйесі болды, бұл құрылыс жүйесінде барлық бөлімшелер бір ғимаратта орналасты. Бірақ, бұл жүйенің де кемшіліктері болды, бірінші кезекте, аурухана ішілік инфекция дамуының қаупі жоғары болды. Аралас құрылыс жүйесі ұсынылды, содан соң ірі көп салалы ауруханалардың көбеюіне байланысты, 20 ғасырдың 70-жылдарының басында олардың қазіргі талапқа сай жаңартылған түрі орталықтандырылған-блоктық құрылыс жүйесі ұсынылды.
Қазіргі кезде аурухана құрылысының 4 жүйесі қолданылады: орталықтандырылмаған, орталықтандырылған, орталықтандырылған-блоктық және аралас.
Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінде, аурухана мекемесі әр түрлі саладағы емдеу бөлімдері орналасқан бірқатар жеке түрған аз қабатты ғимараттардан тұрады. Жеке ғимараттарда емхананы, әкімшілік және шаруашылық қызметтерін орналастырады. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінің артықшылықтары:
Сонымен қатар, орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінің бірқатар кемшіліктері де бар, ол туралы жоғарыда айтылды. Мысалы, аурухананың орталықтандырылмаған құрылыс жүйесін салуға жер учаскесін ауданы үлкен болуы қажет. Бұл, әрине, қазіргі уақытта қиын шешілетін мәселе. Мұндай құрылыс жүйесі бойынша, бөлек ғимараттар салу, оларға коммуникациялар жүргізу, аумағын абаттандыру көп материалдық шығынды қажет етеді. Елеулі кемшілігі, маман дәрігердің кеңес беруі және жедел мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қиындауы, әр түрлі корпустарда емдеу-диагностикалық бөлімшелердің қосарлануы, науқастар мен медицина қызметкерінің жүру жолдарының ұзаруы. Орталық ас блогынан корпустарға тамақ тасу қажеттілігі тағамның сапасын төмендетеді және суып кетуіне байланысты, оны қайта ысытуды қажет етеді.
Сондықтан, қазіргі кезде орталықтандырылмаған құрылыс жүйесін, көбінесе қала шетінде орналасатын туберкулездік, психиатриялық ауруханалар, реабилитациялық орталықтар және т.б. емдеу-алдын алу мекемелерін салу ушін, сондай-ақ, сейсмикалық қауіпті аудандарда ауруханалдар салу үшін қолданады. Орталықтандырылған жүйеде, жұқпалы, патологиялық-анатомиялық бөлімдерден басқа, барлық соматикалық бөлімдерін бір, көп қабатты ғимаратта орналастырады. Бұл жүйенің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Артықшылықтары: құрылысы едәуір арзанға түседі, құрылыс ауданы азаяды, орталыктандырылған құрылымдық бөлімшелерде (рентген бөлімінде, функционалдық диагностика бөлімінде, зертханаларда және басқаларда) шоғырландырылған бір емдеу-диагностикалық жабдықты аурухананың барлық бөлімдері ұтымды пайдаланады. Сонымен бірге, жедел кеңес беру және басқа да тез емдік көмек көрсету мүмкіншілігі жақсарады, персоналдың жүру жолы және тамақ тасу жолы қысқарады, санитарлық-техникалық жабдықтарды және әр түрлі коммуникацияларды пайдалану жеңілдейді.
Орталықтандырылған қүрылыс жүйесінің негізгі кемшіліктеріне, аурахана ішілік инфекцияның пайда болуы мен таралуының жоғарылығы, емдік-қорғаңыш және санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптерді ұйымдастыру мен сақтаудың қиындауы, шу деңгейінің жоғарылауы, микроклимат жағдайының нашарлауы, аурулардың аурухана бауын пайдалануының қиындауы жатады.
Аралас құрылыс жүйесі, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылыс жүйелерінің жеке қасиеттерін біріктіреді. Әдетте, 4 5 қабатты бас корпуста оқшаулауды қажет етпейтін соматикалық бөлімдер мен орталықтандырылған емдеу-диагностикалық бөлімшелерді орналастырады. Бөлек ғимараттарда аурухана ішілік инфекцияның алдын алу мақсатында, бір-бірінен оқшаулауды міндетті түрде қажет ететін перзентхананы, балалар бөлімін, жұқпалы аурулар бөлімін орналастырады. Сонымен қатар, бөлек тұрған ғимараттарда әкімшілік-шаруашылық бөлімін және емхананы орналастырады. Аралас құрылыс жүйесі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылыс жүйелерінің кейбір кемшіліктерін өте төмен дәрежеге дейін азайтуға мүмкіншілік береді.
Гигиеналық талаптарға ең көп сәйкес келетіні - орталықтандырылған-блоктық құрылыс жүйесі (Е.И.Гончарук,2006). Бұл жүйеде бір немесе бірнеше көп қабатты (6-9 қабатты) палаталық корпустар және бір немесе бірнеше аз қабатты ғимараттар болады. Көп қабатты корпустарда, жұқпалы аурулар бөлімінен басқа, барлық бөлімдер орналасады. Аз қабатты ғимараттарда операциялық, емдеу-диагностикалық бөлімшелер, қосалқы қызметтер орналасады. Бұлардың бәрі бір-бірімен жабық жер бетіндегі немесе жер астындағы өтпелерімен қосылады. Патологиялық-анатомиялық және жұқпалы аурулар бөлімдері бөлек ғимараттарда орналасады.
3. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.
Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелеріне жататындар:
3.1.Қабылдау бөлімі. Бұл бөлім ауруларды қарауға, диагнозын дәлелдеуге және аурудың ем алатын бөлімін анықтауға арналған. Осы жерде ауруы жұқпалы емес науқастарды санитарлық өңдеуден өткізеді және біріншілік медициналық құжаттарды толтырады. Қажет болған жағдайда, қабылдау бөлімінде бірінші медициналық көмек көрсетіледі. Көп төсекті ауруханалардың қабылдау бөлімінің құрамында реанимациялық палата болады және кішігірім диагностикалық бөлім ұйымдастырылады.
Орталық қабылдау бөлімі, әдетте, ең үлкен емдеу корпустың ауруханың аумағына көлік кіретін және транспорттық лифтке жақын жағында орналасады. Реанимациялық, рентгенологиялық және хирургиялық бөлімдерімен қолайлы байланыс болуы керек. Аурухана ішілік инфекцияны болдырмау үшін балалар, акушерлік, туберкулездік, жұқпалы және тері-венерологиялық бөлімдердің қабылдау бөлімшелері, бөлімдердің өзінің ішінде орналастырылады.
Қабылдау бөлімінің құрамында күту, тіркеу және анықтама, кезекші дәрігердің кабинеті, қарау бөлмесі, рентген кабинеті, зертхана, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретханалар қарастырылады. Бөлімді жоспарлау, науқастардың инфекцияны бір-бірінен айқас жұқтыру қаупін максималды төмендететін болуы тиіс.
3.2. Ауруханалардың емдеу-диагностикалық бөлімдері.
Емдеу-диагностикалық бөлімдеріне функционалдық диагностика, операциялық блок, анестезиология және реанимация бөлімі, рентген-диагностикалық бөлімі, қалпына келтіріп емдеу немесе реабилитация (физиотерапевтік) бөлімі кіреді.
Ауруханада төсек саны аз болса (400 төсектен кем), функционалдық диагностика бөлімі, емхана мен стационар үшін біреу болуы мүмкін. Төсек саны көп болған жағдайда, жеке екі бөлім жасайды: емханаға келушілер үшін және стационардағы ауруларды қабылдау үшін. Функционалдық диагностика бөлімінің құрамына тек диагностикалық мақсатта ғана емес, сонымен қатар, жеке жағдайларда ем жүргізуге арналған әр түрлі мамандандырылған кабинеттер кіреді. Бөлімде электрокардиография, эхокардиография, допплерэхокардиография, әр түрлі жерлерде орналасқан қан тамырларын, ішкі мүшелер мен бас миын ультрадыбыстық зерттеу, электроэнцефалография, спирография, асқазанға, ішекке, кеңірдегіне эндоскопиялық зерттеулер және басқалар жүргізіледі. Функционалдық диагностика бөлімі, ғимараттың немесе аурухана қабатының бөлек шетінде орналасады. Жеке кабинеттерді жүргізілетін зерттеулерге байланысты және гигиеналық талаптарға сәйкес орналастырады, жоспарлайды және жабдықтайды.
Рентген-диагностикалық бөлімнің құрамына орталық бөлім және кейбір бөлімдердегі (қабылдау, жұқпалы аурулар, туберкулездік, тері-венерологиялық) өз алдына бөлек рентген кабинеттері кіреді. Орталық бөлімшені, барлық қорғаныс шараларын сақтай отырып, аурухана қабаттарының бірінде орналастырады (XII тарау). Қызметкерлер мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі осындай шаралар, рентген кабинеті орналастырылған жоғарыда атап өткен кабинеттерде де жүргізіледі.
Ірі ауруханаларда анестезиология және реанимация бөлімі екі бөлімшеден тұрады. Біреуі қабылдау бөлімінде, екіншісі операциялық блок пен емдеу-диагностикалық бөлімдеріне жақын жерде. Бөлімде реанимация залы, реанимация залының алдындағы бөлме, қарқынды емдеу палаталары, жедел анализ жасау зертханасы, емдеу және диагностикалық аппараттарға арналған бөлме болады. Бөлімді жоспарлауда және керек-жарақпен жабдықтауда, науқастардың жағдайын үнемі қадағалап тұру мүмкіншілігі, әрбір төсекке оттегі берілуі, әр палатаға арналған медицина қызметкерінің посты, әр төсектің қасына емдеу үрдісіне және реанимациялық шараларға қажетті жабдықтарды орналастыру мүмкіншілігі қарастырылады.
Емдеу-диагностикалық бөлімінің құрамына және операциялық блок кіреді. Операциялық блокты орналастыру, жоспарлау және жабдықтау, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу және аурухана ішілік инфекцияны болдырмауға бағытталған асептика талаптарын максималды түрде сақтауды қамтамасыз етуі керек. («Хирургиялық бөлім» тарауы).
Қалпына келтіріп-емдеу (физиотерапевтік) бөлімі, физиотерапевтік процедуралар, емдік физкультура, массаж жасауға арналған. Бөлімнің құрамында электрмен, жарықпен, сумен, микротолқынды және ультражоғары жиілікті толқынмен емдеу кабинеттері, ингаляция жүргізетін кабинет, жылу процедураларына, балшықпен емдеуге арналған және басқа да кабинеттер болады.
Клиникалық-диагностикалық зертханалар, ауруханалардың ең маңызды бөлімшелері болып табылады, өйткені қазіргі кезде сырқаттардың диагнозын анықтау зертханалық зерттеулер нәтижесіне байланысты. Зертханаларда қарапайым да зерттеулер және күрделі техникалар мен жабдықтарды, дәрігер зертханашылардың жоғары мамандығын қажет ететін, күрделі де, сезімтал зерттеулер жүргізіледі. Әрбір клиникалық-диагностикалық зертханалардың құрамында мамандандырылған бөлімшелері болады: қанды, нәжісті, зәрді, қақырықты, асқазан сөлін зерттеуге арналған клиникалық бөлімше, биохимиялық, микробиологиялық, цитологиялық т.б. бөлімшелер. Зертханаларды аурухананың жоғарғы қабатында, жеке бөлігінде орналастырады. Онда стационардағы немесе емханадағы аурулардан алынған анализдерді қабылдауға және тіркеуге арналған бөлмелер, анализ жасауға, фотометрия, анализаторларда жұмыс жүргізуге, препараттарды бояуға арналған бөлмелер болады. Микробиологиялық бөлімшесін зертхананың басқа бөлмелерінен оқшау орналастырады. Бұл бөлімшеде, міндетті түрде бактериологиялық зерттеулер жүргізетін бокстар, микробтардың қоректік ортасын қайнататын, жуатын бөлмелер және қызметкерлерге арналған душ кабиналары болуы керек. Бұл бөлімшедегі желдету және санитарлық тәртіп, инфекцияның басқа бөлімшелерге таралуының алдын алуы тиіс.
3.3. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.
Палаталық бөлімінде науқастардың сырқатының түрін анықтау, емдеу және күтім жасау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, палата бөлімдерін келесі түрлерге бөледі:
Жұқпалы аурулар және радиологиялық бөлімдері аурухананың мамандандырылған бөлімдері, себебі, жұқпалы аурулар бөлімінде тек жұқпалы аурулары бар адамдар, ал, радиологиялық бөлімде сырқаттарын емдеуде иондағыш сәулелер қолданылатын науқастар емделеді. Жұқпалы емес аурулар бөлімдері әр түрлі мамандандырылған бөлімдерге бөлінеді: терапевтік, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, балалар бөлімдеріне. Мүңдай бөлімдердің әр біреуінің өзі жеке мамандық салаларына бөлінуі мүмкін. Мысалы, хирургиялық бөлімдердін ішінен нейрохирургия, кеуде және іш хирургиясы, травматология және басқада бөлімдерге бөлінуі мүмкін.
Стационардың негізгі функционалдық элементі болып табылатын палата бөлімі, әдетте, 60 төсекке есептелді және палата секцияларынан тұрады. Төсек саны аз (30) бөлімдер де, болуы мүмкін. Палаталық секция деп, сырқаттары бір түрдегі 25-30 науқасты емдеуге арналған палаталардың, емдеу- қосалқы және көмекші бөлмелердің кешенін айтады. Бұл, стационардың негізгі функционалдық элементі болып есептеледі.
Үлкен адамдарға арналған палаталық секцияларда келесі бөлмелерді бөледі:
1. Ауруларға арналған палаталар, күндізгі уақытта болатын бөлмелер, холлдар және верандалар;
2. Емдік-қосалқы: меңгерушінің кабинеті, дәрігерлердің кабинеті, ем-шара бөлмесі, жара таңу (хирургиялық бөлімде), кезекші медбике посты, клизма жасау бөлмесі;
3. Шаруашылық: буфет, асхана, аға медбике және шаруашылық бике бөлмесі;
4. Санитарлық жүйе: ванна бөлмесі, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретхана, жуынатын бөлме, ластанған киім-кешек сақтайтын, дәрет ыдыстарын жуатын және стерильдейтін, клеенкаларды жуатын және бөлмелерді жуып-жинайтын заттарды сақтайтын бөлмелер;
5. Палата дәлізі.
Бөлім 2 секциядан тұратын жағдайларда, кейбір бөлмелерді қос-қостан етпей, жалпы - емдеу және диагностикалық кабинеттер, асхана, буфет және қызмет бөлмелері ретінде пайдаланады.
Бөлім өтпелі болмауы керек, себебі, бактериялармен ластану деңгейін, шу деңгейін және аурухана ішілік инфекция таралуын жоғарылатады. Науқастар уақытының негізгі бөлігін өткізетін орны - палаталар, олар 4 төсектен артыққа есептелмеуі тиіс. Бір палатадағы төсек саны, бұрынғыдай, 10-15 болған жағдайда, аурухана ішілік инфекция даму қаупін жоғарылатады, науқастар үшін психологиялық дискомфорт жағдайын тудырады, әсіресе, егер палатада сырқаты ауыр науқастар болса. Одан басқа, микроклимат және тұрмыстық жағдайлары едәуір нашарлайды.
Әрбір палата секциясында 60%, 4-төсектік палаталар және - 20%-дан, ауыр сырқаттанған немесе тұрақты түрде күтім қажет ететін науқастарға арналған 1 немесе 2 төсектік палаталар қарастырылады.
Үлкен адамдарға арналған жалпы соматикалық бөлімдердегі палатада 1 науқасқа есептелген, ауданы 7м2, туберкулездік және жұқпалы аурулар палаталарында 7,5м2, балалар бөлімдеріндегі жұқпалы емес аурулар палатасында - 6 м2 және жұқпалы аурулар палатасында - 6,5 м2, қарқынды емдеу палатасында - 13 м2 болуы тиіс (10.1.-кесте). Төсектердің ара қашықтығы 0,8-1 м кем болмауы керек. Сыртқы қабырғадан қашықтығы 0,9-1 м кем болмауы тиіс.
Кезекші медбикенің қызмет орнын орналастыруда, барлық қызмет көрсету палаталары, дәліз, санитарлық жүйелер және басқа да науқастар баратын бөлмелер көрініп тұратындай жерде болуы керек. Қызмет орнынан палаталарға дейінгі қашықтық 15 м аспауы керек. Қызмет орнында қажетті жабдықтар: стол, шкаф, стерильдеуші, тоңазытқыш, қол жуғыш, телефон, палатадан медбикені шақыруға арналған және медбике мен науқас бір-бірімен сөйлесу (немесе бейнелесіп сөйлесу) аппараттарынан тұратын дабыл блогы болуы керек.
10.1-кесте
2 немесе одан артық төсектік палаталардың ауданы
Бөлімдер |
1 төсекке есептелген ауданы, м2 |
Үлкен адамдарға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде |
7,5 |
Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде |
6,5 |
Аналары күндізгі уақытта болатын балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде |
8,0 |
Аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары бөлімдерінде |
10,0 |
1 төсекке есептелген бокстарда мен жартылай бокстарда |
22,0 |
2 төсекке есептелген бокстарда мен жартылай бокстарда |
2 төсекке - 27 |
Ортопедиялық-травматологиялық, нейрохирургиялық, қайта қалпына келтіріп емдеу, күйген аурларға арналған , радиологиялық: Үлкен адамдарға және аналары күндізгі уақытта болатын, балаларға арналған палаталарда- Аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған |
10,0 13,0 |
Қарқынды-емдеу , операциядан кейінгі палаталар |
13,0 |
Балаларға арналған жұқпалы емес аурулар бөлімдерінде: аналар үшін орын бөлінбегенде аналары күндізгі уақытта болатын кезде аналары тәулік бойы болатын кезде |
6,0 7,5 9,5 |
Анестезиология және реанимация бөлімі, науқастардың ағзасының өмірлік маңызды функцияларының жағдайын үздіксіз алыстан бақылауға арналған аспаптармен (кардиомонитор, кардиокомплекс, т.б.) жабдықталады. Мұндай жағдайларда кезекші медбикенің қызмет орнында жүрек соғуының ырғағын және қауіп-қатерді білдіретін дабыл қаққыш қойылады.
Секцияның гигиеналық жағдайы мен науқастарға қызмет көрсету қолайлығы, көбінесе палата дәліздің салыну түріне байланысты. Дәліз құрылысын салудың бірнеше түрлері бар: бір дәліздік (бір жақты, екі жақты тігіс тәрізді), екі дәліздік, периметралдық (10.2.-сурет). Бірдәліздік, біржақты құрылыста барлық бөлмелер дәліздің бір жағында, екінші жағында тек қана терезелер орналасады.
10.2.-сурет. Палаталық бөлімшелердің құрылысын салудың нұсқалары.
1- бір дәлізді, екі жақты; 2 екі дәлізді; 3 периметралды квадратты; 4 периметралды дөңгелек;
Мұндай құрылыс, гигиеналық жағынан оптималды, өйткені құрылыс салу кезінде палаталарда қолайлы инсоляциялық тәртіп және микроклимат жағдайын қамтамасыз ететін палата терезелерінің қажетті жаққа бағытталуын таңдауға мүмкіншілік береді. Және палаталарды дәліз терезелері арқылы өтпелі желдетуге жақсы жағдайлар жасалады, дәліздің екінші жағында палаталар болмағандықтан, ауаның айқас ластануы болмайды. Салыстырмалы түрдегі кемшілігі - бөлімнің ұзын болуы, бұл науқастарға қызмет көрсетуді қиындатады.
Бір дәлізді екіжақты құрылыста палаталар, дәліздің екі жағында да орналасады. Ауруханалардың осындай құрылысын салу, экономикалық жағынан тиімді. Бірақ, бұл табиғи жарықты, инсоляцияны және бөлмелердің желдетілуін төмендетіп, аурухана ішілік инфекцияның даму қаупін жоғарылатады. Екi жақты құрылысты салудың өзгертілген түрінің бірі, тігіс түріндегі құрылысы, бұл кезде дәліздің бір жағындағы құрылысы тұтас емес, жарық түсетін жерлермен бөлініп тұрады. Жарық түсетін жерлерді, аурулардың күндізгі уақытта болуына арналған холлдар ретінде және палаталарды өтпелі желдету үшін қолданады.
Екі дәлізді секцияларда, палаталар екі дәліздің сырт жағында орналасады, ал дәліздердің ортасында қосалқы бөлмелер мен санитарлық жүйе орналасады. Периметрлік құрылыста, палаталар бүкіл секцияның периметрі бойынша орналасады, бөлменің ішкі блогынан палаталарға параллелді дәліздер арқылы бөлінеді. Екі дәлізді және периметрлік құрылыстың артықшылығы, палата секциялары тұтасқан, дәліздерінің ұзындығы қысқа және құрылысы арзан. Бірақ, кемшіліктері де бар. Мысалы, табиғи жарық палаталар мен кейбір қосымша бөлмелерде болады, бірақ, барлық палаталарда да қолайлы инсоляциялық және ауа-жылу тәртібін қамтамасыз ете алмайды, өйткені терезелерінің бағытталуы әр түрлі. Дәліздердің ортасында орналасқан бөлмелерде, бұлар әдетте, санитарлық жүйелер, қосалқы кабинеттер, оларда тек жасанды жарық болады. Мұндай жүйелерде бөлмелерді өтпелі желдету қиындайды, бұл ауа ортасының сапасын төмендетеді және аурухана ішілік инфекцияның таралу мүмкіншілігін жоғарлатады.
Палаталық секцияларының барлық құрылыс жүйелерінде, палата дәлізінің ені 2,4 м кем болмауы керек, өйткені, науқастарға арналған зембілдерді, науқастарды жатқызып таситын дөңгелекті зембілдерді еркін алып жүруге, айналдыруға ыңғайлы болуы керек. Емдеу мекемелерінде аурулар болуы кезінде, қолайлы гигиеналық жағдай жасау тек жоспарлау шараларымен ғана емес, сонымен қатар, аурухана мекемелерінің ішкі ортасын дұрыс ұйымдастырумен де жасалады. Қолайлы гигиеналық жағдай деп, қолайлы микроклимат жағдайын, бөлмеге жеткілікті күн сәулесі мен жарық түсуін қамтамасыз ету, ауа ластануын болдырмау, шуды және басқа тітіркендіргіштерді жою, эстетикалық жағынан жағымды, тыныш жағдай жасау сияқты, аурухана ортасының сапасын аурулар үшін қолайлы етіп жасауды түсінеді. Қолайсыз микроклимат жағдайлары, сау адамдарға қарағанда, науқастарға айқындау әсер етеді, бұл сырқаттың салдарынан ағзаның бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуімен, жылу реттейтін үрдістерге және басқаларға қатысатын негізгі жүйелердің патологиялық үрдіске тартылуымен және функционалдық жағдайының бұзылуымен түсіндіріледі.
Жайлы ауа-жылу режимі, сырқаттардың қолайлырақ өтуіне, науқас адамның көңіл-күйінің жақсаруына ықпал етеді. Бірақ, жылдың, тәуліктің әр түрлі мезгілдерінде, әр түрлі жастағы, сырқаттары, жағдайының ауырлығы, әр түрлі науқас адамдарға жайлылық диапазоны бірдей емес. Сондықтан, аурухана микроклиматының параметрлерін осы факторларды ескере отырып, нормалайды. Қыста және жыл мезгілдерінің өтпелі уақыттарында, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40-60% және ауа қозғалысы 0,05-0,15 м/с болған кезде, көпшілік үлкен науқас адамдар үшін, температура 19-22° С аралығында (жоба есебіндегі температура - 20° С) қолайлы болып табылады. 22°С дейінгі, жоғарылау температура, балаларға арналған, әйелдер босанғаннан кейінгі, операциядан кейінгі, реанимация бөлімдеріндегі палаталарда, операция жасайтын бөлмелерде және қарайтын-қабылдайтын бокстарда сақталуы тиіс. Манипуляциялық бөлмеде, жарақаттанған ауруларға және шала туған балаларға арналған палаталарда ауаның температурасы 25°С болуы қажет, өйткені олардың жылу реттеуші үрдістері жетілмеген, денесінің тез қызуы да, салқындап кетуі де мүмкін. Ауыр дәрежеде күйген ауруларға арналған палаталарда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55% кезінде 22-25°С температурасы қолайлы болып табылады. Тиреотоксикозбен ауыратын аурулар, бөлмеде төменірек, 15-18°С температура кезінде жақсырақ сезінеді, ал, гипотиреозбен ауыратын аурулар үшін жоғарырақ температура - 24°С қолайлы.
Науқастарды таза ауамен қамтамасыз ету үшін, палаталардың ауданы мен көлемі жеткілікті және желдетілуі тиімді болуы қажет.
1 төсекке есептегендегі ауданы 7-7,5 м2 болған кезде, палаталардың биіктігі 3 м кем болмауы керек. Осы жағдайда 1 науқасқа келетін бөлменің көлемі, нормативтегі деңгейге - шамамен 21-25 м3 жетеді. Палаталарда, міндетті түрде табиғи желдету түрі болуы тиіс, сондай-ақ, жасанды енбелі-сормалы желдету түрімен де жабдықталуы мүмкін. Палатада бір ауруға есептегендегі желдетудің қажетті көлемі 80м3 кем болмауы тиіс (10.2-кесте). Осы жағдайда, жасанды желдету түрі болған кезде, бөлмеде 1 сағат ішінде үш еседен кем емес ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. Табиғи желдету есебінен, палатадағы ауа 1 сағатта, кем дегенде, екі есе алмасуы керек, ол үшін күн бойына бөлмелерді көп қайталап өтпе желмен желдетіп отырады. Операция жасайтын, наркоз беретін бөлмелерде, әйелдердің босануы алдындағы, операциядан кейінгі палаталарда, реанимация залдарында, қарқынды емдеу палаталарында, күйген ауруларға арналған бір және екі төсектік палаталарда, емшек еметін, жаңа туған, шала туған жарақаттанған балаларға арналған палаталарда, барокамераларда ауаны кондиционерлеу қарастырылуы қажет.
Күн радиациясы, аурухана ортасын оңтайландыруға, науқастардың жағдайын жақсартуға, ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігін арттыруға қажетті фактор болып табылады. (III тарауды). Ультракүлгін сәулесіне түсіру ағзаның иммунобиологиялық реактивтілігін арттырады, жаралардың жазылуын тездетеді, операциядан кейінгі кезеңін қысқартады. Күн сәулесі науқастардың көңілін көтереді, жағдайын және көңіл күйін жақсартады.
Күн сәулесінің бактерицидтік эффектісі де маңызды, оның арқасында бөлмелердің микробтармен ластану деңгейі елеулі дәрежеде төмендейді. Тіпті, кәдімгі айнектен өткен ультракүлгін сәуленің өзі де, 2-3 сағаттың ішінде ауадағы, палатаның еденінде немесе жиһазында жиналған шаңның құрамындағы микроағзаларды өлтіреді немесе тіршілік әрекетін едәуір төмендетеді. Сондықтан, палаталарда жақсы инсоляция мен жеткілікті табиғи жарықты қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, ауруханадағы науқастардың сырқатының түрін және жағдайының ауырлығын ескеру қажет, өйткені, жоғары инсоляция беретін режим барлық науқастарға бірдей қолайлы емес. Мысалы, дерті жұқпалы және хирургиялық аурулар үшін палаталардың терезелері оңтүстікке және шығысқа бағытталған, орташа инсоляциялық режим жақсы болып есептеледі (10.3- кесте), себебі, қарқынды инсоляция, бөлменің қызып кетуіне мүмкіндік туғызады. Бөлмеде температураның жоғарылауы, ауадағы және жарадағы микрофлораның өніп-өсуіне, дене қызуы көтерілген аурулардың жағдайы нашарлауына әкеп соғады. Күйік аурулары, онкологиялық, реанимация бөлімдерінде ауруларға ыстықтан және жарық тітіркендіргіштерінен түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін минималды инсоляциялық режим, тәуірлеу деп есептеледі. Максималды инсоляциялық режимді балалар мен үлкендерге арналған терапия бөлімдерінде, туберкулез диспансерлерінің, сауығып келе жатқан науқастардың палаталарында қамтамасыз еткені жөн.
10.2-кесте.
ЕАМ бөлмелеріндегі температураның және ауа алмасуының нормативтері.
Бөлмелер |
t |
Еселігі |
Табиғи желдету кезіндегі сорып әкету еселігі |
Тазалығы бойынша бөлмелердің санаттары |
|
енуі |
сорып әкетуі |
||||
Үлкендерге арналған палаталар |
220 |
1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс |
2 |
таза |
|
туберкулезбен ауратын -"- |
220 |
-«-«- |
2 |
лас |
|
гипотиреозбен ауыратын -"- |
224 |
-«-«- |
2 |
таза |
|
тиреотоксикозбен ауыратын-"- |
115 |
-«-«- |
2 |
таза |
|
Операциядан кейінгі, реани-мация, операция жасайтын бөлмелер, күйік аурулары, әйелдер босанатын, босанғаннан кейінгі, наркоз беретін, қарқымды емдеу бөлмелері |
222 |
Жобадағы есептеу бойынша, бірақ ауа алмасуы 10 еседен кем емес (бактери-цидтік фильтрлерде тазартылған ауа беріледі.). |
Рұқсат етілмейді |
өте таза, таза |
|
Шала туған, емшек еметін жастағы, жарақаттанған балаларға арналған палаталар |
225 |
1 төсекке есепте-генде сағатына 80 м ³ кем емес қажетті желдету көлемін қамтамасыз етуі тиіс |
Рұқсат етілмейді |
өте таза |
|
Жұқпалы аурулар бөлімшесінің палаталық секциялары |
220 |
1 төсекке есептегенде, сағатына қажетті желдету көлемі төмендегідей қамта-масыз етілуі тиіс |
- |
лас |
|
80м3 |
80м3 |
||||
Бокстар, жартылай бокстар, фильтр-бокстар, бокс алдыңдағы бөлмелер |
22 |
2,5 Дәлізге беріледі |
2,5 |
2,5 |
лас |
Босану алдындағы фильтрлер, қарау-қабылдау, жара таңу, ем-шара. |
22 |
2 |
2 |
2 |
таза |
Инсоляция үшін терезелері қолайсыз бағытталған жағына қосалқы бөлмелерді орналастырады.
Жарық жақсы түсуі үшін, палаталардың тереңдігі 6 м артық болмауы тиіс, ал тереңдігінің еніне қатынасы 2 ден артық болмауы керек. (ені 2,9 м кем емес); палатаның биіктігі 3-3,2 м.
Палаталардағы және науқастар күндізгі уақытта болатын бөлмелердегі жарық коэффициенті 1:6-1:7, дәрігерлер кабинетінде және ем-шара бөлмелерінде - 1:5-1:6, операция жасайтын, әйелдер босанатын, жара таңатын бөлмелерде - 1:4-1:5 қатынастарындай болуы тиіс. Табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) 1% кем болмауы керек.
10.3.-кесте
Емдеу-алдын алу мекемелері бөлмелерінің терезелері дүниенің бұрыштарына қарай бағытталуы.
Бөлмелер |
Географиялық ендіктер |
||
С. ендіктін 45º-наң оңтүстікке қарай |
С. ендіктін 45º-55º аралығында |
С. ендіктін 55º-наң солтүстікке қарай |
|
Операция жасайтын, реанимациия, өлікті сойып көретін, әйелдер босанатын |
С, СШ, СБ |
С, СШ, СБ |
С, СШ, СБ, Ш |
Туберкулезбен және жұқпалы аурулармен ауыратындардың палаталары |
О, ОШ, Ш СШ*, СБ* |
О, ОШ, Ш СШ*, СБ* |
О, ОШ, ОБ СШ*, СБ* |
Қарқынды емдеу, 3 жасқа дейінгі балалар бөлімінің палаталары, балалар бөлі-міндегі ойнайтын бөлмелер |
Батысқа бағыттауға, қарқынды емдеу палаталарын батысқа және оңтүстік батысқа қарай бағыттауға рұқсат етілмейді. |
* Бөлімдегі жалпы төсек санының 10% аспайтын бөлігіне рұқсат етіледі.
Палатадағы жасанды жарық, біркелкі, жұмсақ, көзді шағылыстырмайтын, қолайсыздық туғызбайтын, сонымен қатар, медицина қызметкері өз жұмысын орындау үшін жеткілікті болуы керек. Ауруханаларды жарықтандырудың ең жақсы көздері, спектрі табиғи жарыққа жақын, люминесценттік шамдар. Олар, ауруларды қарау және кейбір ем-шараларды орындау кезінде өте маңызды түрлі түстердің берілуін бұзбайды, жылу бөлмейді, ауаның химиялық және иондық құрамын өзгертпейді. Жалпы жарық түсіретін шырақтарды бөлменің төбесіне орналастырады. Сонымен қатар, әр төсектің қасына, еденнен 1,7 м биіктікте қабырғаға ілетін қосымша шырақтарды пайдаланады. Палаталардағы жасанды жарық деңгейі, люминисценттік шамдарды қолданғанда-100 лк, дәрігерлер кабинетінде 300 лк болуы тиіс (10.4.-кесте).
Палаталардың, дәрігерлер кабинеттерінің, холлдардың, вестибюльдердің, асханалардың және басқа да құрғақ режимді бөлмелердің қабырғаларын силикатты сырлармен сырлайды, төбесін әкпен немесе су-эмульсиялық сырлармен ақтайды. Нитросырларды қолдануға тыйым салынады.
10.4-кесте.
Палата бөліміндегі жасанды жарықтың нормалары.
Бөлмелер |
Ең аз жарық деңгейі(лк) |
Жарықтандыру нормалары орнатылған беттердің жазықтығы мен деңгейі |
|
Люминесцент-тік шамдарды қолдану кезінде |
Қыздыру шамдарын қолдану кезінде |
||
Дәрігерлер кабинеті |
300 |
150 |
Еденнен 0,8 м биіктіктегі көлденең жазықтықта |
Палаталар |
100 |
30 |
|
Ем-шара кабинеттері, бокстар, кезекші медбике посты |
150 |
75 |
» |
Дәліздер, өтетін жерлер, санитарлық жүйелер |
75 |
30 |
Еденде |
Ванна бөлмелері |
100 |
50 |
Палаталарды сырлауға ашық-жасыл, алтынтүсті-сары, сарғылт, қызғылт-сары, ашық-сұр, немесе басқа ашық түстерді қолданған жөн. Ал, төбесін бояу үшін ақ немесе аспан түсті-көгілдір суық түстер қолданылады. Палаталардың қабырғаларын терезелердің бағытталуына қарай сырлайды. Терезелері оңтүстікке бағытталған палаталар үшін, күн сәулесінің жарқылын жұмсартатын, суық (жасылдау, салат түсті, көгілдір, жасылдау-көгілдір) түстер, ал солтүстік румбаларға бағытталған палаталар үшін, оларға түспейтін күн сәулесіне ұқсататын, жылы (сарғыштау,өрік түстес, қызғылт-сары) түстер ұсынылады. Палаталардың едені жылы болуы керек. Ең жылы болатыны, паркет және майлы сырлармен сырланған ағаш едендер.
Буфетті және асхананы ас үйден тағам жеткізілетін қызметтік баспалдаққа немесе лифтіге жақын орналастырады. Буфет бөлімдерінде бөлек, екі бөлме қарастырылуы керек, біреуі ыдыс-аяқ жууға, екіншісі, тағамдарды ысытуға және таратуға қолданылады. Буфет тағамдарды қыздыруға, таратуға және ыдыс-аяқты жууға, су ысытуға арналған барлық қажетті заттармен және тоңазытқышпен жабдықталады. Асхананы, аурулардың бір мезгілде 50% шамасында тамақтанатындай етіп, 1 науқасқа 1,2 м2 есебінен ұйымдастырады. Төсек тартып жатқан аурулардан басқалары асханада тамақтанады, бұл гигиеналық жағынан орынды, сонымен қатар, ауруды белсендірек өмір сүру түріне тартып, оның психикалық тонусын көтереді, тағамға тәбеті және көңіл-күйінің жақсаруына ықпал етеді. Дайын тағамдарды буфет қызметкері және кезекші медбике таратады. Тағамды кіші медицина қызметкері үлестіруіне рұқсат етілмейді.
Палата бөлімі элементтерінің бірі - санитарлық жүйе болып табылады, оны палата секциясының шетінде орналастырады. Санитарлық жүйе құрамына жуынатын, ванна, дәретханалар және санитарлық бөлме кіреді. Санитарлық бөлмеде әжет ыдыстарын, клеенкаларды жуу және стерилльдеу жүргізіледі, талдауға арналған биоматериалдар сақталады, кірлеген киімдер мен төсек жапқыштарды іріктеп, уақытша сақтау жүргізіледі, бөлмелерді тазалайтын заттар сақталады. Санитарлық жүйенің бөлмелерінде табиғи жарық болуы керек, едені мен панельдері глазурленген плиткалармен жабылады.
Қазіргі кездегі ауруханаларда, санитарлық жүйелер палаталардың ішінде орналасады («жақындатылған» санитарлық жүйе), бұл науқастар үшін қолайлы және санитарлық тазалықты сақтауға мүмкіндік береді. Палаталарда санитарлық жүйенің болу немесе болмауына қарамастан, онда ауруларға арналған суық және ыстық су қосылған қол жуғыштар болуы қажет. Мұндай қол жуғыштарды бөлімдердегі дәрігерлердің кабинеттеріне, ем-шара, жара таңатын бөлмелерге де орнатады. Жұқпалы аурулар бөлімінің бокстары мен жартылай бокстарының шлюздерінде, жұқпалы аурулар, туберкулез және тері-венерологиялық аурулары бөлімдеріндегі қызметкерге арналған дәретханаларда, операция алдындағы, жара таңатын, ем-шара бөлмелерінде, әйелдер босанатын залдарда, краны шынтақпен ашып жабылатын қол жуғыштар, ал әжетханаларда жуып әкететін суды шағын бактан аяқпен басып ағызатын педаль орнатылады.
4. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында).
Аурухана ішілік инфекциялар (АІИ) бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру».
АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастарың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.
АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.
Келесі және аса маңызды себебі болып табылатыны - көпшілік антибиотиктердің және дезинфекциялық заттардың әсеріне төзімді, вируленттілігі және патогенділігі жоғарылаған, қоршаған ортада тұрақты, микроағзалардың жеңіл жойылмайтын ассоциациясының аурухана ішінде қалыптасуы мен таралуы. Мұндай селекция, қолдануы жеткіліксіз негізделген немесе жеткіліксіз дозада және аз уақыт антибиотиктерді, әсіресе, әсер ету спектрі кең антибиотиктерді кеңінен қолданудың, дезинфекциялайтын химиялық заттардың концентрациясын, қолдану режимін, сақтау жағдайы мен мерзімін сақтамаудың, бактерицидтік шам сәулесімен зарарсыздандырудың дозасы мен уақытын сақтамаудың нәтижесі болып табылады. Егер антибиотиктік кезеңнің басында көп ауруларды, оның ішінде АІИ-ды да, емдеуге антибиотиктерді қолдану орасан зор төңкеріс жасаса, қазіргі кезде микробтардың антибиотиктерге төзімді штаммдарының пайда болуына, жаңа антибиотиктерді синтездеп үлгермейді.
Сондай-ақ, практикаға инвазивті күрделі емдеу және диагностикалық әдістерді: бронхоскопияны, гастрофиброскопияны, цистоскопияны, колоноскопияны, амниоцентезді, гемодиализді, тамырларға түтік сүңгі (катетер) салу, жасанды қан айналымын және басқаларды енгізу де, АІИ өсуіне себеп болды. Бұл әдістердің көпшілігі, медицина практикасында жиі қолданылады. Бірақ, бұл әдістерде қолданылатын аспаптарды зарарсыздандыру үшін басқа әдістер қажет, мысалы, хирургиялық саймандарды зарарсыздандыру әдістеріндей емес, себебі, бұл аспаптардың құрамына өте байқап ұстауды қажет ететін, құрам бөліктер кіреді. Мұндай аспаптарды деконтаминациялау жөнінде анық айтылған нұсқаулар әзірше жоқ.
Соңғы жылдарға тән, дәрілік препараттарды парентералдық жолмен енгізу, қан және оның құрам бөліктерін құю, қуыстарға пункция жасау, сүңгімен тексеру сияқты, медициналық әрекеттер де, ауру адамдарға да, медицина қызметкеріне де, аурухана ішілік инфекция жұғуы себептерінің бірі болып табылады.
Медицина қызметкерінің аурухана ішіндегі тәртіпті және жеке басының гигиенасын сақтамауы сыңайлы АІИ дамуының себебін де, ерекше айтып көрсеткен жөн. Гигиеналық талаптарға бұлай қараудың салдары ретінде, кең таралған, тексерілмеген қанды құюдан және бір рет пайдаланатын шприцті қайта пайдаланудан 2007 жылы Республиканың Оңтүстік Қазақстан облысында 120-дан астам балаларға ЖИТС жұққан және өлімге әкеп соққан, қайғылы оқиға мысал бола алады.
АІИ көздері, жиі жұқпалы аурулардың жедел, жасырын немесе созылмалы түрлерімен ауыратын немесе денесінің әр түрлі жерінде іріңді жаралары, іріңді-қабыну үрдістері бар аурулар, медицина қызметкері, ас блогының қызметкері, ауруға келіп-кететіндер, сондай-ақ, студенттер, интернатурадағы дәрігерлер және басқа да емдеу-алдын алу мекемелерінде болатын адамдар. Дені сау және аурудан жаңадан сауыққан бактерия тасымалдаушы адамдар да, қоздырғыштардың көзі болып табылады. Ең қауіптілері - медицина қызметкері және ауруханада ұзақ уақыт жатқан аурулар, себебі, олар микробтардың тұрақты госпиталдық штаммдарын тасымалдаушыларға айналады. Медицина қызметкерлерінің ішінде, бәрінен де жиі АІИ көздері, аурулармен ұзақ уақыт байланыста болатын, медбикелер мен санитаркалар. Медицина қызметкерінің арасында 15%-дан 80% дейін вирулентті инфекция тасымалдаушылар болу мүмкіндігі көрсетілген.
АІИ қоздырғыштары әр түрлі жолдарымен беріледі: жанаспалы-тұрмыстық, ауа-тамшылы, алиментарлық, нәжіспен ластанған заттармен ауыз арқылы. Соңғы жылдарда әр түрлі инвазивті медициналық әрекеттер кезінде, артифициальді жолмен берілуі жиірек кездеседі.
Қоздырғыштар берілетін факторлар, өте көп түрлі нысандар болуы мүмкін. Олар, ауру адамдар мен медицина қызметкерінің қолы, шаштары, киімдері, аяқ киімдері, қоздырғыштар жұққан құрал-саймандар, медициналық аспаптар, іш киім, төсек-орын жабдықтары, ауруларға күтім көрсетуде қолданылатын заттар, құйылатын қан және қан алмастырушы заттар, парентералды жолмен енгізуге арналған ерітінділер, тігетін және таңатын материалдар, стерильді емес және концентрациясы жеткіліксіз дезинфекциялаушы заттар, түтік сүңгілер, науқастардың биосубстраттары (қан, нәжіс, зәр, қақырық, шырышты қабықшалардың бөлінділері), тағам, су, т.б.
АІИ қоздырғыштары- патогенді және шартты-патогенді микроағзалар. АІИ ең жиі тудыратын патогенді микрофлораға гепатит В, С, ЖИТС, грипп, аденовирус инфекциялары, полиомиелит қоздыратын вирустар, Коксаки, ЕСНО вирустары және басқа да, бұрыннан белгілі, бактериялық инфекция қоздырғыштары жатады. Бірақ, АІИ дамуында негізгі рольді шартты-патогенді микроағзалар атқарады. Оларға жататындар стафилококктар (St. aureus, St.epidermidis, St. saprophyticus), стрептококктар (Str. pyogenes, Str. viridans, Str. pneumoniae), протей (Pr. vulgaris, Pr. mirabilis), эшерихалар (E. coli), сальмонеллалар, Pseudomonas, клебсиеллалар, бактероидтер, энтерококктар, клостридийлер, көк-іріңді таяқша, Candida, Aspergillus текті саңырауқұлақтар, пневмоцисталар, т.б.
АІИ этиологиялық құрылымында үнемі белгілі бір өзгерістер болып тұратынын айта кету керек. Мысалы, 20 ғасырдың 30-40 жылдарында стрептококк инфекциялары, газды гангрена, сіреспе, көкжөтел, қызылша, дифтерия, желшешек жиі кездесетін. 50-60 жылдарда басым -стафилококк инфекциялары болды, оларды ең жиі қоздыратын St. aureus. болды. 20 ғасырдың екінші жартысы грамм теріс микроағзалар: протей, эшерихалар, көк-іріңді таяқша, және аурухана ортасында бұрын сирек кездесетін, легионеллалар, иерсинийлер сияқты, микроағзалар тудыратын АІИ-дің жиілігі едәуір өсуімен сипатталды.
Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық көріністері әр түрлі. Бұл, бұрыннан белгілі жұқпалы аурулар қызамық, қызылша, вирустық гепатит, сальмонеллездер, тілме, желшешек және басқалар болуы мүмкін. АІИ басқа топтарына жалпы (сепсис) және жергілікті сипаттағы іріңді-септикалық (іріңді ісік, флегмона, отит, желін сау, қуықтың қабынуы, уретрит, пиелонефрит, пиодермия т.б.) аурулар жатады. АІИ құрылымында іріңді-септикалық инфекциялар бірінші орын алады, екінші орында - балалардың жедел ішек инфекциялары, үшінші орында - парентералды инфекциялар.
Аурухана ішілік инфекциялар, аурухана ортасының өте қауіпті туындысы болып табылады. АІИ хирургиялық науқастардың операциядан кейінгі кезеңінің ағымын, жүктілік кезеңінің, босануының және босанғаннан кейінгі кезеңінің өтуін асқындырады, жаңа туған балалардың және басқа жас топтарындағы аурулардың өлім-жітімі көбеюінің себебі болады. Жүрекке, бүйрекке, өкпеге және басқаларға өте жақсы жасалған операциялардың өзінде инфекцияның қосылуы, негізгі ауруының ағымын шұғыл асқындырады, өміріне қауіп тудырады. Вирустық гепатит В,С және Е, ЖИТС сияқты инфекцияларды жұқтыру өмірін қысқартады, ең ақырында өлімге әкеп соғады. АІИ қосылуының барлық жағдайларында да, аурулардың стационарда болу уақыты немесе амбулаторияда емдеу мерзімі едәуір ұзарады, мұндай ауруларды емдеуге кететін шығын және олардың өздерінің материалдық шығындары да көбейеді.
АІИ алдын алу, инфекция көзін анықтауға, аурухана ішілік ортаның ластануының алдын алу, әр түрлі жолдармен қоздырғыштардың берілуінің алдын алуға, қоздырғыштарды жоюға және ауру адам ағзасының резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешені болып саналады (10.5.-кесте).
АІИ алдын алудағы әр түрлі шаралардың ролін жұқпалы аурулар бөлімінің мысалында талдаймыз. АІИ алдын алу мәселелерінің негізгілерінің бірі- сәулеттік-жоспарлау шаралары болып табылады, себебі, АІИ-ң алдын алуды тиімді жүргізудегі оның мүмкіншілігі, көбінде жер телімінің таңдалуының, аурухананың елді мекенде орналасқан жерінің, олардың аумағын зоналарға бөлудің, құрылыс жүйесін таңдаудың, ішкі жоспарлануының, негізгі бөлімшелірінің жабдықталуы дұрыстығымен анықталады. Жұқпалы аурулар ауруханасын дұрыс орналастыру және жоспарлау науқастардың, медицина қызметкерлерінің және келіп-кететін адамдардың аурухана ішілік инфекцияны жұқтыру қаупін, инфекцияның ауруханадан сыртқа шығуын төмендетуі керек. Мысалы, жұқпалы аурулар ауруханасын елді мекеннің шетінде орналастыру қолайлы деп есептеледі, бұл, инфекцияны халық арасында таралу мүмкіншілігін азайтады.
10.5.-кесте.
АІИ алдын алу шараларының кешені
Адын алу жөніндегі шаралар |
Шаралардың мазмұны |
1.Өзіне тән емес (спецификалық емес) алдын алу |
|
Сәулеттік-жоспарлау |
|
Санитарлық- эпидемияға қарсы |
|
Санитарлық- техникалық |
|
Медицина қызмет-кері мен ауру (науқас) адамдардың инфекцияға специфи-калық емес резис-тенттілігін арттыру |
|
2. Өзіне тән (спецификалық) алдын алу |
|
Иммундау |
|
Егер жұқпалы аурулар бөлімі, жалпы соматикалық аурухананың құрамында болса, онда оны учаскенің түкпір жағында, бөлек ғимаратта, басқа корпустардан 30 м кем емес қашықтықта орналастырады және дуалмен қоршайды. Жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына өз алдына бөлек, көлік кіріп-шығатын жол қарастырылады. Жұқпалы аурулар ауруханасының немесе бөлімінің аумағында, бір-бірінен егілген бұталармен және ағаштармен оқшауланған таза және лас зоналарға бөледі.
Жұқпалы аурулар ауруханаларының және жұқпалы аурулар бөлімдерінің ерекшеліктері, қабылдау бөлімі мен палата бөлімдерінің өзіне тән жоспарлануы. Жұқпалы аурулар ауруханаларының, жалпы соматикалық саладағы ауруханалардан айырмашылығы, қабылдау бөлімі қарайтын -қабылдайтын бокс тұрінде жасалған. Қарайтын -қабылдайтын бокстар, екі есігі бар, сыртқы және ішкі, бөлмелер кешенінен (кіретін тамбур, палата, ваннасы бар санитарлық жүйе, шлюз) тұрады (10.3.-сурет.). Науқас боксқа сырттан, араларында тамбуры бар 2 есік арқылы кіреді. Медицина қызметкері боксқа палата дәлізінен шлюз арқылы кіреді. Шлюз, бұл қызметкер жұмыс киімін ауыстыратын, қолын жуып, дезинфекциялайтын, шағын бөлме. Шлюзде науқасқа тамақ беретін терезе, қолжуғыш, халаттар ілетін ілгіштер болады. Осындай жоспарлау шараларымен, бокстағы науқастарды бөлімде жатқан аурулардан максималды оңашалауға жағдай жасалады. Жоғарыда жазылған толық боксты, оны бірінші рет ұсынған Петербург инженеры Е.Ф.Мельцердің атымен, Мельцер боксы деп де атайды.
Қабылдау бөлімі, бірнеше оңашаланған қабылдайтын-қарайтын бокстарынан тұрады, бокстардың саны, инфекция түрлеріне сәйкес болуы керек. Дәрігердің қарауынан кейін, науқас сырттан кіретін есігі арқылы қажетті бөлімге жіберіледі. Әрбір науқас адамнан соң, боксқа ылғалды дезинфекция жасалады және бактерицидтік шамның сәулесімен зарарсыздандырылады. Қабылдау бөлімінде қабылдайтын-қарайтын бокстардан басқа, диагнозы белгісіз немесе аралас инфекциясы бар науқастарға араналған диагностикалық бокстар қарастырылады. Егер науқаста аса қауіпті инфекция анықталса, ол сол бокста жазылып болғанға дейін қалады.
10.3.-сурет. Мельцеров боксының жоспары (толық бокс).
1- кіреберістегі тамбур ; 2 санитарлық жүйе; 3 палата; 4 бөлімнен боксқа кіретін жердегі шлюз; 5- тамақ беруге арналған терезе; 6-сырттан кіретін есігі; 7 бөлімнің дәлізінен блокқа кіретін есік; 8 қарайтын терезе.
Жұқпалы аурулары бар науқастарды бөлімдерде оңашалауды, инфекциялары бірдей науқастарды профильді бөлімшелерде (топтық оңашалау) немесе бокстарда (жеке оңашалау) орналастырып, жүргізеді. Профильді бөлімдерді бір ғимаратта емес, бөлек ғимараттарда орналастыру ең жақсы нұсқасы болып табылады (орталықтандырылмаған құрылыс жүйесі). Көп қабатты ғимаратта орналастыру кезінде, инфекцияның бір түріне арналған бөлімше бөлек қабатта болуы керек және ауа-тамшылы инфекциясы бар науқастарды төмеңгі қабатта орналастыруға болмайды, өйткені, ауа ағынымен бірге олар жоғарғы қабатқа көтерілуі мүмкін. Егер бөлім кішірек болса, оның жоспарлануы, инфекциясы әр түрлі ауруларды жатқызуға арналған, бірнеше өз алдына жеке секцияларға бөлуге мүмкіндік беретін болуы керек. Әрбір секцияда өзінің шлюзі болуы тиіс. Бөлімде екі кіретін есігі болуы керек: біреуі науқастарға, екіншісі, қызметкерге, тамақ және заттар тасуға арналған.
Жұқпалы аурулар ауруханасындағы бөлімдері бокстардан, жартылай бокстардан, боксталған палаталардан және кәдімгі палаталардан тұрады. Бокстарды 1-қабатта немесе галерея арқылы сырттан кіретін етіп 2- қабатта орналастырады. Бокстарды 1 төсекке, ауданын 22 м2, 2 төсекке - 27 м2 етіп жобалайды. Оларға диагнозы анықталмаған, аралас инфекциямен, жұқпалылығы жоғары, ауа-тамшылы инфекциямен (корь, шешек т.б.) ауырған ауруларды жатқызады. Жартылай бокстардың (10.4.-сурет.) бөлмелері толық бокстардағыдай, бірақ кіретін есігі біреу болады палата дәлізінен шлюз арқылы кіреді, яғни, науқастар жартылай боксқа түсуі кезінде және есігін ашқанда, дәліздің ауасы микробтармен ластануы мүмкін. Сондықтан, жартылай бокстардан тұратын секцияларда жұқпалы аурулары бірдей науқастар ғана жатады. Бокстар мен жартылай бокстардан тұратын жұқпалы аурулар бөлімінде, науқастарға арналған жалпы бөлмелер (асхана, ванналар, ойнауға арналған бөлме т.б.) болмайды.
10. 4-сурет. Жартылай бокстың жоспары
1- палата; 2 санитарлық жүйе; 3- бөлімшеден кіретін жердегі шлюз; 4 тамақ беруге арналған терезе; 5 бөлімшеден кіретін есік; 6 қарайтын терезе.
Боксталған палаталар, негізінен, балалар бөлімдерінде қолданылады, төсектерінің арасында, биіктігі 2-2,5 м қалқа қойылады, палатаға кіреберісте шлюз орнатылады. Ішек инфекциялармен және жұқпалы гепатитпен аурғандарды кәдімгі палаталарда орналастырады.
Бөлімнің ішкі жоспарлануы (емдеу кабинеттерінің, санөткізгіштер, кіретін-шығатын есіктерінің орналасуы) «таза» (ауруханадан жазылып шыққан адамдар, медицина қызметкерлері) және «лас» (жұқпалы аурулары бар адамдарды, қабылдау, күту, микробтармен ластанған материалдар мен заттарды қабылдау, сақтау) ағымдарының бір-біріне қосылмауын қамтамасыз етуі керек. Осы ағымдардың әр қайсысына арналған, кіретін есігі, баспалдағы, лифттері болуы керек. Дәліздерінің жоспарлануының да, маңызы зор. Палаталары дәліздерінің екі жағында орналасқан, құрылысы тіпті бокстардан тұратын бөлімдердің өзінде қолданылмауы тиіс. Өйткені, дәліздің екі жағында орналасқан бөлмелер инфекциялармен айқасып ластануы мүмкін. Осыған байланысты, жұқпалы аурулар бөлімінде бір дәлізді, палаталары бір жағында орналасқан құрылысы рационалды болып табылады.
Жоспарлау шараларына палата терезелерін дұрыс бағыттау да жатады. Әрине, жұқпалы аурулар бөлімінде күн сәулесінің бактерицидтік әсері өте маңызды екеніне күман жоқ, бірақ терезелерінің максималды инсоляция түсетін жаққа қарай бағытталуы, бөлмелердің қызып кетуіне әкеп соғады, бұл дене қызуы көтерілген науқастарға қолайсыз әсер етеді, оның үстіне, микрофлоралардың көбеюіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан, терезелері оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа және шығысқа бағытталуы қолайлы саналады.
Санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар инфекция көзін анықтап, оқшаулауға, аурухана ортасының ластануының алдын алуға және қоздырғыштардың таралу механизмін үзуге бағытталған. (10.5-кесте). Ауруханаларда аурухана ішілік инфекцияларды тұрақты түрде инфекциялық бақылау жүргізетін жүйе ұйымдастырылады, оның міндетіне инфекция көзін анықтау және оқшаулау, инфекция пайда болған жағдайларда эпидемиологиялық тексеру, жұғуының себебін және механизмін анықтау, қоздырғышты анықтау және қажетті шараларды дайындау кіреді. Ерекше күрделісі, бактерия тасымалдаушылармен күресу мәселелерін шешу. Бактерия тасымалдаушыларды анықтау үшін, жүйелі түрде медициналық тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда санация жасайды. Бірақ адамдардың аурухана ортасында тұрақты түрде болуының салдарынан санациядан кейін де, қоздырғыштардың қайта жұғуы мүмкін. Бактерия тасымалдаушы науқастарда клиникалық белгілері жоқ кезде, анамнез жинау барысында пікірге келуі мүмкін, сол кезде қажетті тексерулер жүргізіледі. Анықталмаған жағдайда, мұндай адамдар жасырын инфекция көзі ретінде қала береді.
Маңызды санитарлық-эпидемияға қарсы шараларға, аурухананың ішкі ортасы ластануының алдын алу және қоздырғыштың берілу механизмін үзу жатады. Бұл сұрақты шешуде бөлмелердің, жихаздардың, медициналық құрал-жабдықтардың максималды тазалығын сақтаудың үлкен маңызы бар. Жуғыш және дезинфекциялаушы заттарды қолданып, еденін жууды, жихаздарын, терезелерін, есіктерін сүртуді қамтитын, аурухана бөлімінің барлық бөлмелерін жуып-жинау, күнделікті, тәулігіне кем дегенде 2 рет, қажет болған жағдайда одан да жиі жүргізіледі. Инфекция жұғуы ықтимал заттардың беттерін (тұтқалар, еден, төсектер, т.б.) хлорамин ертіндісімен немесе басқа дезинфекциялаушы заттардың ерітіндісімен суланған шүберекпен сүртеді. Әрбір сулы жуып-жинаудан кейін және ағымдағы пайдалану үрдісінде, операция жасайтын, жара таңатын бөлмелердің, әйелдер босанатын залдардың, реанимациялық палаталардың, жаңа туған балалар палаталарының, ем-шара бөлмелерінің, жұқпалы аурулар бокстарының ауасын 30 минут бойына ультракүлгін сәулемен зарарсыздандыру жүргізіледі. Терезелері ішінен сирек дегенде, айына 1 рет және ластануына байланысты жуылуы тиіс, сыртынан 4 6 айда, кем дегенде 1 рет. Асхана мен буфетті әрбір тағам қабылдаудан кейін жинап - жуады. Басқа бөлімдерден айырмашылығы, жұқпалы аурулар бөлімінде ыдыс-аяқ пен тағам қалдықтарын алдымен зарарсыздандырады, содан кейін ыстық сумен жуып, кептіреді. Әр түрлі жұқпалы аурулар кезінде қолданылатын зарарсыздандыратын заттар мен зарарсыздандыру әдістері тиісті нұсқаулармен анықталады.
Аптасына, кем дегенде 1 рет, ал науқастан шыққан заттармен ластанған жағдайда, тез арада іш киім мен төсек орнын ауыстыру қажет. Акушерлік стационарларда (босану блоктарында және туған балаларға арналған асептикалық режимдегі бөлмелерде) стерильді іш киімдер мен төсек жапқыштар қолдану керек. Жұқпалы аурулар, обсервациялық және хирургияның іріңді бөлімдеріндегі науқастардың киімдерін, төсек жапқыштарын жуу алдында, дезинфекциялайды.
Унитаздарды, писсуарларды, ванналарды, қол жуғыштарды күн сайын зарарсыздандырып отырады. Әжет ыдыстары, жылытқыштар, астыға салатын оралымдары, әрбір науқастан кейін дезинфекцияланады.
Ауруханалық инфекцияның алдын алуда, жеке бас гигиенасын және асептика ережелерін сақтау өте маңызды. Ауруханаға жұмысқа алынатын адамдардың барлығы міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Ас блогында жұмыс істейтін адамдар мен науқастарға тікелей қызмет көрсететін кіші медицина қызметкер, ай сайын медициналық тексерулерден өтеді, ал алты айда 1 рет бациллотасымалдаушылыққа тексеріледі. Жұқпалы аурулармен ауырған, инфекциялы жарасы бар, терісінде, жоғарғы тыныс жолдарында және басқа жерлерінде іріңді аурулары бар, жедел респираторлық аурулары бар адамдар жұмысқа жіберілмейді. Науқастарға қызмет көрсететін медициналық персонал, күн сайын және кенеттен ластанған жағдайларда ауыстырып киюге жеткілікті жұмыс киімдерімен (халаттар, телпек, косынка, шәркей, т.б.) қамтамасыз етілуі қажет. Киімдерін өзінің жеке шкафтарында сақтайды, жуу орталықтандырылған, бірақ науқастардың киімдерінен бөлек. Акушерлік және жұқпалы аурулар бөлімінде, операциялық блокта сабақ өтетін студенттер және басқа бөлімдерден келген дәрігер-консультанттар, техникалық және әкімшілік қызметкерлері де, ауыстырып киетін санитарлық киіммен қамтамасыз етілуі қажет.
Медицина қызметкерлері жұмысқа келгенде, сыртқы киімін шешіп, қолын сабындап жуады, содан кейін өзіне арналған жұмыс киімін (халаттар, телпек, орамал, аузына және мұрнына дәкеден жасалған таңғыштарын, шәркейлер, т.б.) киеді. Жұқпалы аурулар бөлімінің және басқа кейбір бөлімдердің қызметкері жұмысқа келгенде және кетерінде санитарлық өткізгіштен өтеді. Операциялық және босану залдарында жұмыс істейтін қызметкер де, жұмысты бастаудың алдында міндетті түрде, санитарлық өңдеуден өтеді. Операцияға қатысатын медицина қызметкерлері қолдарын хирургиялық өңдеуден кейін, операция жасайтын бөлмеде стерильді киім, бахилла, маска киіп, жұмыс істейді. Стерильді ауыз-мұрын таңғыштарды (маскаларды) әйелдер босанатын залдарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері де қолданады.
Дәрігерлер, медбикелер, акушеркалар әрбір науқасты қараудың алдында немесе ем-шаралар жасау алдында және «кір» жұмыстар (бөлмелерді жуып-тазалау, науқастардың киімдерін ауыстыру, дәретханаға барғаннан соң, т.б) орындағаннан кейін, міндетті түрде қолдарын екі рет сабындап жууы тиіс. Әр түрлі медициналық ем-шаралар (дәрі егу, қан алу, қан тамырларына сүңгі түтік (катетер) салу, трансфузия жасау, қынаптық ректалды зерттеулер, т.б.) жүргізу кезінде медицина қызметкері жұмысты стерильді қолғап киіп істеуі тиіс. Науқастарды қарағаннан немесе ем-шара жасағаннан соң, қолғабын шешпей тұрып, қолын сабындап жууы, шешкеннен кейін, қайтадан өңдеуі қажет. Жұқпалы аурулары бар науқастарға қызмет көрсеткен кезде және әр түрлі емдеу манипуляцияларын жүргізу алдында және жүргізіп болғаннан соң, қолдарын 2 минут бойына дезинфекциялаушы ертіндімен өңдейді. Жұмыстары асептиканы қатал сақтауды қажет ететін, хирургиялық, акушерлік қызметкер және басқа да медицина қызметкерлерінің қолдары бекітілген талаптарға сәйкес өңделеді. Дәрі егу кезінде шприцтен жұғуын болдырмау үшін, қолданылған инеге қақпақшасын қайтадан кигізуге, инелерді ауыстыруға тыйым салынады. Қолданылған шприцтерді, инелерді системаларды алдын ала зарарсыздандырып барып, өртеп, жояды немесе өндірістік өңдеуге жібереді.
Стационарға жататын науқастар қабылдау бөлімінде, санитарлық өңдеуден өтулері қажет, сонан соң іш киімдер, пижамалар, палатада киетін аяқ киім беріледі, жеке жағдайларда таза үй киімін киюге рұқсат беріледі. Әрбір науқастың жеке бас гигиеналық заттары (тіс щеткасы, ыдыстары, қасығы, қырынатын құралдары, т.б.) болуы керек.
АІИ көзі тағамдық заттар да болу мүмкіншілігіне байланысты, АІИ алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемияға қарсы шаралардың ішінде, аурухананың ас блоктарының құрылысына, жабдықталуына, санитарлық жағдайына, азық-түліктердің өңделуіне, дайын тағамдарды үлестіруге, жеке бас гигиенасына және асхана қызметкерлерінің денсаулық жағдайына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау маңызды орын алады. (VIII тарау).
Қатты тастандылар, эпидемиологиялық тұрғыдан өте қауіпті, осыған байланысты, әрбір ауруханада оларды жинап, сақтауға, залалсыздандыруға арналған дұрыс ойластырылған және жоспарланған жүйе болуы керек.
Стационардың санитарлық жағдайын және режимін, аурухана ішілік ортасының бактериялармен ластануын, дезинфекциялау және стерильдеу тәртібінің сапасын тұрақты түрде жүргізілетін мониторинг арқылы, барлық қойылған талаптардың орындалуы бақыланады. Сонымен қатар, осы талаптардың дұрыс орындалуы, медицина қызметкері мен науқастардың гигиеналық салауаттылығына байланысты. Яғни, медицина қызметкерлері бұл салада үнемі өздерінің мамандық біліктілігін жоғарылатуы керек. Науқастар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізудің де, маңызы үлкен, себебі, олардың гигиеналық тәртіпті сақтауы да, аурухана ішілік ортаның микробтармен ластану дәрежесін төмендетеді.
Санитарлық-техникалық шаралар, атап айтқанда, бөлмелерді желдету мен кондиционерлеу, АІИ алдын алу жөніндегі шаралардың міндетті түрде жүргізілетін элементі болып табылады, себебі, солардың арқасында аурухана бөлмелеріндегі ластанған ауаның таза ауамен алмасуы, ауаның биологиялық және химиялық ластану деңгейінің төмендеуі қамтамасыз етіледі. Аурухананың әр түрлі бөлімшелерінде желдетуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ негізгі міндеті, ауаны тазарту және «лас» зоналардан «таза» зоналарға ауа массасының ағынын болдырмау. Мысалы, жұқпалы аурулар ауруханаларында ғимараттың әрбір қабатына, палаталық секцияға және басқа да жанындағы бөлмелерге ауаны өз алдына бөлек механикалық қоздырғыштары бар, енбелі желдету жүйесі арқылы беріп отырады. Бокстардан және жартылай бокстардан тұратын секцияларға енбелі ауа, оның таза зонасы ретіндегі тек дәліздеріне ғана беріледі. Дәлізден ол, бокстар мен жартылай бокстарға енеді. Олардың әрқайсысынан ластанған ауаны шығару үшін, өз алдына жеке каналдары мен шахталары, гравитациялық қоздырғыштары және дефлекторлары бар сормалы желдету түрімен жабдықталады. Енбелі және сормалы ауа алмасу есесі бірдей -2,5. Егер, енбелі ауа сормалы ауадан көп болса, ластанған ауа бокстардан көрші бөлмелерге ығыса бастайды. Егер, сормалы ауа көп болса, бокстарға ауа дәлізден ғана емес, сонымен қатар басқа бокстардан да, сорылып енеді. Осылайша, ластанған ауа ағымы енуінің алдын алады.
АІИ спецификалық алдын алу, белсенді және пассивті алдын алудан тұрады. Белсенді түрі- вакцинация жасау, науқастарды иммунизацилау, пассивті түрі гамма-глобулин, стафилококк анатоксинін және басқаларды егу арқылы ағзаның иммундық күшін сақтауға бағытталған.
5. Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.
5.1 Хирургиялық бөлім. Қазіргі кездегі көп профильді ауруханалардағы хирургиялық төсек саны, жалпы төсек орнының 25 - 45% құрайды. Хирургиялық бөлім палата бөлімінен және операциялық блоктан тұрады.
Палаталық бөлімшенің жоспарлануы мен құрамы басқа да жоғарыда аталған бөлімдердей. Қосымша, тек қана таңу-байлау бөлмесі кіреді және бір және екі төсектік палаталар саны 20% азаяды. Бірақ, хирургиялық бөлімшелерді жобалауда және орналастыруда, бөлімшенің жұмысын жақсартуда және АІИ болдырмауда мына талаптар сақталуы қажет:
Барлық хирургиялық бөлімдер таза және іріңді болып екіге бөлінеді. Іріңді бөлімдердң іріңді-септикалық (іріңді ісік, бітеу жара, іріңді плеврит т.б.) үдерістері бар науқастарды емдейді. Инфекция таралуының алдын алу мақсатында, мұндай бөлімдерді бөлек ғимараттарда, сырт жақта немесе жоғарғы қабаттарда орналастырады. Іріңді науқастарға операцияны бөлек блоктарда жасайды. Таза бөлімдер төмеңгі қабатта орналасады.
Операциялық блок аурухананың негізгі құрылымдық бөлімі және хирургиялық бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол операциялық залдар мен қосымша бөлмелерден тұрады. Хирургиялық стационарлардың мамандандырылуына байланысты (жалпысалалық, травматологиялық, кардиохирургиялық және т.б.). операциялық блоктың құрамына қосымша бөлмелер кіреді
Операциялық блокты хирургиялық бөлімінің тұйықтау жерінде, бүйір жағында немесе бөлек қабатта орналастырады. Бірнеше хирургиялық бөлімдердің операциялық блоктары бір кешенге біріктірілсе, онда оны орналастыру үшін ғимараттың бөлек бір шеті, түгелдей бір қабаты (әдетте, жоғарғы қабаты) немесе стационармен тікелей, әлде жабық өтетін жер арқылы байланысатын, арнайы жалғастыра салынған құрылыс беріледі. Мұндай жағдайда, стационардан толық оқшаулануы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, операциялық кешеннің хирургиялық бөлімдермен, анестезиология және реанимация, рентген-диагностикалық және стерильдеу бөлімдерімен байланысатын жолы ыңғайлы болуы керек. Операциялық кешеннің болуы, қымбат және күрделі жабдықтарды тиімді пайдалануға және бірқатар жалпы бәріне бір, қосалқы бөлмелерді жабдықтауға, сондай-ақ, қызметкердің жұмысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Операциялық кешеннің құрамында міндетті түрде, бір-бірінен бөлек орналасқан асептикалық («таза») және септикалық («іріңді») операциялар жасауға арналған операциялық блоктар қарастырылады.
Операциялық блоктың құрамына операция жасайтын, операция жасайтын бөлменің алдындағы, наркоз беретін, стерильдейтін, аппараттық бөлмелер, жедел анализдерді жасауға арналған зертхана, құрал-жабдықтық, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерінің кабинеттері және т.б. кіреді.
Бұл бөлмелердің тазалық дәрежесі бойынша, бір бірінен айырмашылығы бар, сондықтан оперблоктарды жоспарлауда оларды бірнеше зоналарға бөліп, топтастырады. Бірінші - стерильді зонаға, операция жасайтын және стерильдейтін бөлмелер жатады. Екінші зонаға қатаң тәртіптегі (өте таза), операциялық бөлмемен тікелей байланыста болатын: операциялық бөлменің алдындағы, наркоз беретін және операциядан кейінгі барлық бөлмелер кіреді. Үшінші - шектелген тәртіптегі (таза) зонаға қанды және тасымалданатын аспаптарды сақтауға, хаттама жазуға арналған бөлмелер, хирургқа және медбикелерге арналған бөлмелер, жедел анализдер жасайтын зертхана, санитарлық өткізгіштің «таза» зонасы жатады. Төртінші жалпы ауруханалық тәртіп зонасы, бұған санитарлық өткізгіштің лас зонасы және т.б. кіреді. Операциялық блокты зоналарға бөлудің мақсаты, аурухана ішілік инфекцияның даму қауіпін және осыған байланысты операциядан кейінгі асқынуларды төмендету болып табылады.
Операциялық бөлімге кіруі, қызметкер үшін санитарлық өткізгіш арқылы, ал науқастар үшін шлюздер арқылы ұйымдастырылады. Жүріс ағындары «стерильді» - хирургтар мен операцияға қатысатын медбикелер өтуі үшін, «таза»- науқастарды әкелу үшін, анестезиологтар, кіші медицина қызметкері мен техникалық қызметкер өтуі үшін және «лас» - қалдықтарды, қолданылған заттарды әкетуге арналған жолдарға бөлінуі керек. Бұл ағындар бірі-бірімен жанаспауы немесе қиылыспауы керек.
Операциялық бөлмелерді бір үстелге есептеп, жобалау қолайлы болып табылады, өйткені, операцияларды екі немесе одан да көп үстелдерде жасаса, ол бөлме ауасының тез ластануына әкеліп, хирургтардың жұмысын қиындатады және науқастар үшін психологиялық дискомфорт туғызады. Жалпы профильдегі операция жасайтын бөлмелердің ауданы 36 м2 кем болмауы керек, бұл операция жасайтын бригаданың қысылыспай орналасуын қамтамасыз етеді. Үлкен операциялық бригаданың қатысуымен күрделі, профильдік операциялар жасалатын бөлменің ауданы 45-50м2 болуы кажет. Операциялық бөлмелердің биіктігі 3,5 м кем болмауы керек.
Операциялық бөлмелердің қабырғалары тегіс, бұрыштары дөңгелектенген болуы керек. Қабырғаларды төбесіне дейін глазурленген плиткамен немесе басқа да, ылғалға төзімді, жеңіл жуылатын, дезинфекциялаушы заттармен өңдеуге шыдамды материалдармен жабады. Төбесін майлы сырмен сырлайды, ал еденін, трапқа қарай еңістеу етіп, плиткалардан жасайды. Едендер ұшқын шығармайтын, антистатикалық болуы керек. Операция жасайтын бөлменің есіктері тығыз жабылуы қажет.
Операциялық бөлмелерді терезелерсіз немесе терезелерімен жасайды. Терезелерінің болмауы шудан, шаңнан қорғануды қамтамасыз етеді, бірақ, қызметкердің үнемі тек жасанды жарық бар бөлмелерде болуы, оларда қажу дамуын күшейтеді және ахуалын төмендетеді. Операция жасайтын бөлмелердің терезелерін солтүстікке, солтүстік-шығысқа, солтүстік-батысқа бағыттайды, бұл, тікелей түсетін күн сәулесінің әсерінен көрмей қалуды, операция жасау кезінде медициналық құрал-саймандардан күн сәулесінің шағылысуын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, микрофлораның дамуына мүмкіндік тұғызатын және микроклимат жағдайын нашарлататын, операциялық бөлменің артық қызуын болдырмауға жағдай жасайды. Жарық коэффициенті операция жасайтын бөлмелерде 1:4- 1:5 қатынасындай болуы тиіс, табиғи жарықтану коэффициенті (ТЖК) 1,5% кем болмауы керек.
Хирург пен медицина қызметкерінің көруімен байланысты, жұмысының ерекшеліктері операция жасайтын бөлмелердегі жасанды жарықты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жоғарылатады. Біріншіден, жарықтандырудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс және операция алаңының үстінде, сонымен бірге, жараның түбінде көлеңке мүлде болмауы керек. Екіншіден, шырақ жараны және хирургтың басын қыздыратын қарқынды жылу бөлмеуі және көру аймағында тікелей және шағылысқан жалтылдауды бермеуі керек. Үшіншіден, жарық спектрі күндізгі жарыққа жақын болуы және түрлі түстерді қабылдау бұрмаланбауы тиіс.
Осыған байланысты, операциялық бөлмелерде жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастырады. Жалпы жарықтандыруға люминесценттік және қыздыру шамдарын қолданады. Люминесценттік шамдармен жалпы жарықтандыру 400 лк кем болмауы керек, бұл операциялық медбике жұмысына (инелер, тігуге арналған материалдар, құрал-саймандармен манипуляциялар жүргізуде) және науқастың терісінің, шырышты қабаттарының түрі мен көз қарашығының реакциясын бақылайтын анестезиологтың жұмысына жеткілікті болып табылады. Операциялық көру алаңын локальды жарықтандыруға арнайы көлеңке түсірмейтін, асып қоятын немесе жылжымалы шырақтарды қолданады.
Көлеңке түсірмейтін шамдар беретін жарықтын деңгейі 10000-30000 лк дейін жетеді. Жараның тереңдігі үлкен және операция жасайтын беттің шағылысу коэффициенті неғұрлым аз болса, соғұрлым жарықтану деңгейі жоғары болуы тиіс. Хирургтардың көзінің қажуын азайту үшін, ақ маталарға қарағанда, шағылысу коэффициенті төменірек, көгілдір-жасыл, көгілдір ақық-жасыл түсті халаттарды және ақ жаймаларды пайдаланады. Нәтижесінде, операция алаңы мен қоршаған нысандардың арасындағы кереғарлық (контраст) төмендейді, сондықтан, көзді жарадан айналасындағы фонға аударғанда, көздің тор қабықшасының элементтерінің қажуы азаяды.
Операция жасайтын бөлмелерде оңтайлы микроклимат қамтамасыз етудің маңызы зор. Микроклимат параметрлері науқастардың ғана емес, операцияға қатысып тұрған медицина қызметкерлерінің де жылу реттейтін механизмдерінің зорлануын болдырмауы керек. Нормативтер бойынша, жазғы уақытта операция жасайтын бөлмелерде ауаның ылғалдылығы 50-55% және қозғалу жылдамдылығы 0,1 м/с дейін болған жағдайда, ауаның температурасы 20-22° С (қыста19-20° С ) болуы қарастырылады.
Қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасау үшін, әсіресе, операциялық бөлмелерде асептикалық жағдайларды ұйымдастыру үшін, өте маңызды болып табылатын ауаны кондиционерлеу қарастырылады. Ауа бактерицидтік сүзгілерде тазартылуы қажет, табиғи желдету рұқсат етілмейді. Ауа алмасуы 10-еседен аз болмауы керек (10.2-кесте), оған қоса, енбелі ауа сормалы ауадан, кем дегенде, 20% артық болу тиіс, бұл операциялық бөлмеде ауаның артық қысымын тудырып, көрші бөлмелерден ластанған ауаны жібермейді. Операциялық бөлмеде ауа жақсы алмасуы үшін, ауа енетін саңылауын бөлменің бір қабырғасында, төбеге жақын жерінде, ал ауаны сорып әкететін саңылауын - қарама қарсы қабырғада, еденге жақын, орналастырады.
Жоғары деңгейдегі асептика жағдайын қажет ететін операцияларды (сүйектерге, буындарға, жүрекке, қан тамырларына, өмірлік маңызы бар мүшелерге трансплантация жасау кезінде, т.б) жүргізгенде, одан да жоғары ауа алмасу есесі - сағатына 30-90-ға дейін және одан да артық болуы оптимальды болып табылады. Мұндай жағдайларда, ауаның микробтық ластануы 1 м3 ауада 30-100 микробқа дейін төмендейді, патогенді стафилококк анықталмайды, операциядан кейінгі іріңді асқынулардың саны 3-4 есеге дейін төмендейді.
Микробтық ластануды болдырмау мақсатында, операция жасайтын бөлмелерге әкелінетін құрал-жабдықтардың барлығы алдын ала дезинфекцияланады, аспаптар мен жара таңатын заттар стерильденеді.
Операциялық бөлмедегі 1 м3 ауада жалпы микроағзалар саны жұмысқа дейін 500-ден аспауы, ал, алтын түстес стафилококк және гемолитикалық стрептококк болмауы керек. Жұмыс кезінде жалпы микробтық ластануы 1 м3 ауада колония түзуші бірліктердің 1000 дейін көбеюіне рұқсат етіледі. Алтын түстес стафилококктың мөлшері 1 м3 ауада 4-тен аспауы керек, ал, гемолитикалық стрептококк табылмауы тиіс.
Операциядан кейін, операция жасайтын бөлме мұқият жуылып тазартылады, едені мен панельдерін дезинфекциялаушы ерітінділермен және ыстық сумен жуады, сонан кейін экрандалмаған бактерицидтік шамдардың сәулесімен 30 минут бойына зарарсыздандырады.
Операция блоктарындағы кабинеттерді жалпы жинап-тазалау, аптасына 1 рет жүргізіледі. Бөлмелер алдымен сабын-сода ерітіндісімен жуылады, сонан кейін дезинфекциялаушы заттармен өңделеді. Зарарсыздандыру үшін қажетті уақыт өткеннен соң, бөлмелерді сумен жуады және 2 сағат бойына ультракүлгін сәулемен санациялайды.
5.2. Акушерлік бөлім.
Бөлімнің жоспарланауы сырқаты жоқ жүкті әйелдерді науқастарынан оқшаулауға, АІИ жұғуының алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс. Сондықтан, акушерлік бөлімнің перзентхананың құрамында екі бөлімі болады: физиологиялық және обсервациялық. Бұл бөлімдерде әйелдер босануы кезінде және босанғаннан кейін болады. Физиологиялық бөлім сырқаты жоқ жүкті әйелдерге арналған, обсервациялық бөлімі (күдікті) инфекция көзі болатын мүмкіндігі бар жүкті әйелдер үшін. Перзентханаларда, бұл бөлмелерден басқа, тағы жүктілік патологиясы деген бөлім бар. Физиологиялық және обсервациялық бөлімдердің жоспарлануы бірдей, олардың құрамына босану алдынғы палаталар, босанатын және операциялық блоктар, операциядан кейінгі палаталар, босанғаннан кейінгі палаталар, жаңа туған балаларға арналған палаталар және қосымша бөлмелер кіреді. Босанатын әйелдерді оқшаулауды, қабылдайтын-қарайтын бөлімнен бастап, жүргізеді. Босанатын әйелдер қарайтын бөлмеге түскенге дейін фильтрден өтеді, бұл жерде акушер әйел немесе медбике, олардың температурасын өлшейді, эпидемиологиялық мәліметтерін пысықтап сұрап, анамнез жинайды, іріңді аурулары, микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын және жыныс қатынасы арқылы берілетін ауруларды анықтау мақсатында сырт көрінісін қарайды. Жедел респираторлық аурулары бар, температурасы жоғары, тұмау, баспа, сыздауық, іріңдік (абсцесс) және басқа да іріңді аурулары бар, сондай-ақ, этиологиясы белгісіз бөртпелері бар және алмасу картасы жоқ болса, босанатын әйелдер фильтрден обсервациялық бөлімнің қарайтын бөлмесіне жіберіледі. Дені сау әйелдерді физиологиялық бөлімнің қарайтын бөлмесіне жібереді. Қарау бөлмесінде дәрігер қарайды, медициналық құжат толтырады, босану жүргізу жоспарын белгілейді. Қарағаннан кейін, босанатын әйелдер қарайтын бөлменің жанында орналастырылған душы, әжетханасы бар, санитарлық өндеуден өтетін бөлмеде санитарлық өндеуден өтеді, одан кейін физиологиялық немесе обсервациялық бөлімдерге жиберіледі. Босанған әйелдерді бұл бөлімдерден шығаруға арналған бөлмелер, әрбір бөлім үшін бөлек болуы тиіс. Обсервациялық бөлім, физиологиялық бөлімнен оқшау орналасуы керек. Оны бірінші қабатында, жалғап салған құрылыста немесе жүктілік патологиясы, физиологиялық, гинекологиялық бөлімдердің үстіндегі жоғарғы қабатында орналастырылады. Олардың арасындағы байланыс тек шлюз арқылы жүргізіледі. Әрбір бөлімде өз алдына бөлек емдеу-диагностикалық және қосымша бөлмелері қарастырылады. Босану алдындағы палаталар 1 немесе 2-4 төсектік болады. Босану блогының құрамына 2 кем емес босанатын залдар, қарайтын бөлме, қызметкерге арналған дайындық бөлме, жаңа туған балаларға манипуляция-туалет жасайтын бөлме, қарқынды емдеу палатасы, кіші операциялық бөлме кіреді. Кіші операциялық бөлмеде анамнезі ауыр әйелдер босанады және қажет болған жағдайда, кесарь тілуінен басқа, акушерлік операциялар жасалады.
Операциялық блоктың бөлмелеріне, операция жасайтын бөлменің алдындағы, үлкен операциялық, стерильдеу бөлмелері және әдеттегі, операция блогының құрамына кіретін басқа да бөлмелер жатады. Үлкен операциялық бөлмелерде көбіне, құрсақ жаратын операциялар жасалады.
Босанудан кейінгі палаталарды 2-4 төсектік етіп жасайды. Палаталарды толтыруда, босанған әйелдердің түсуі мен шығуы бір күнде болатындай етіп ұйымдастырады, бұл, бөлмеге жалпы санитарлық өңдеу жүргізуді жеңілдетеді және АІИ таралу мүмкіншілігін болдырмайды. Жаңа туған балаларға арналған палаталарды оқшау бөлігінде, 20 төсекке есептеп орналастырады, оған кіреберісте арнайы бөлмеде кезекші медбике посты орналасады. Сонымен қатар, жаңа туған балаларды кішірек палаталарда анасымен бірге жатқызу немесе 3-4 жаңа туған балаларды аналарының палаталарының арасындағы бөлек палатада орналастыру түрлерін де қолданады. Мұндай орналастыру, балаларды күтуге қолайлырақ жағдай туғызады.
Шала туған балаларды 1-2 төсектік бокстарға немесе жартылай бокстарға жатқызады. 8 төсекке бір постық медбике қызмет көрсетеді.
Обсервациялық бөлімнің төсек саны, физиологиялық бөлімге қарағанда, аздау. Мұндағы төсек саны, акушерлік төсектердің жалпы санының 20-25% құрайды. Босанғаннан кейінгі палаталарды, бокстар немесе жартылай бокстар түрінде 1 немесе 2 төсектік етіп ұйымдастырады.
Перзентханаларда асептика талаптары қатал сақталуы керек, себебі, анаға да, және жана туған балаға да инфекция жұғу қаупі жоғары. Акушерлік бөлімдердегі босану залдарының, оперблоктың жоспарланауына және санитарлық режимін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар, хирургиялық бөлімдердің операциялық блоктарына қойылатын талаптарға ұқсас. Қолайлы жағдайларда, жас босанған әйелдерді жаңа туған балаларымен босану үйлерінен ертерек шығару дұрыс болып шықты, ол АІИ-мен аурушаңдықты төмендетуге мүмкіндік берді. Перзентхана жылына бір рет дезинфекция жасау үшін жоспарлы түрде жабылуы тиіс.
5.3. Балалар бөлімі.
Балалар бөлімін немесе балалар ауруханасын жоспарлаудың, бірнеше себептерге байланысты, өз ерекшеліктері бар. Бәрінен бұрын, жұқпалы аурулардың жиілігіне және балалар жасында оларды жұқтыру мүмкіншілігі жоғары болуына байланысты, балалар бөлімін үлкендердің бөлімінен мүмкіндігінше максималды оқшаулау және стационарға түсуі мен ол жерде болуы кезінде, аурухана ішінде инфекцияны жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік беретін шаралар қамтамасыз етілуі керек.
Осыған байланысты, сиымдылығы 60 төсектен артық балалар бөлімі,өз алдына көлік кіретін жолдары және өзінің жеке қабылдау бөлімі бар, бөлек корпустарда орналасады. Балалар бөлімін үлкендерге арналған бөлімі бар аурухана ғимаратында орналастырған кезде, оның құрамында өз алдына жеке қабылдайтын-шығаратын бөлімін ұйымдастырып, ғимараттың бірінші қабатында орналастырады. Қабылдау бөлімінің ерекшелігі, балаларды қабылдайтын-қарайтын бокстарда қабылдайды, бокстардың саны бөлімдегі барлық төсек орнының 3% кем болмауы тиіс. Егер, балада жұқпалы ауруға күдік болса немесе диагнозы белгісіз болса, мұндай балаларды жұқпалы аурулар ауруханасындағыға ұқсас боксталған диагностикалық бөлімдерге жатқызады.
Бөлімнің өзінің жоспарлануы, карантин орнатқан жағдайда, әрбір палата секциясы толығымен оқшауланып, өз алдына жұмыс істей алатындай болуы тиіс.
Сондықтан, балалар бөлімінің әрбір секциясы өтпелі емес және барлық қажетті бөлмелер жиынтығы болуы керек. Қосымша бөлмелері (асхана, буфет, ойын бөлмелері, т.б.) екі секцияға жалпы болмауы керек.
Әрбір секцияда палаталардан басқа, 2 бокс немесе 1 төсектік жартылай бокс және жұқпалы ауруларға күдікті балаларды орналастыруға арналған 1 төсектік екі палата болуы керек. 1жасқа дейінгі балаларға арналған секциялар 24 төсектен тұрады, олардың әрбір 8 төсегіне бір, кезекші медбике тағайындалады. Бір жасқа дейінгі балалардың палатасы 2 төсектен артық болмауы тиіс.1 жастан асқан балалардың секциясында 30 төсек қарастырылады, палатада 4 төсектен. Артық болмауы керек, 1 төсекке есептелген ауданы -6 м2. Төсектерді палатада үлкендердің бөлімдеріндегідей етіп орналастырады. Ауалы-тамшылы инфекциялардан қорғау үшін, төсектердің арасына алмалы-салмалы шыныдан жасалған қалқан қойылады.
Стационарға жатқызылатын емшек еметін және ясли жасындағы балалар, анасының күтімінсіз бола алмайды, соған байланысты басқа бөлімдерден айырмашылығы, мұнда аналары үшін бөлек бөлмелер қарастырылады. Аналарының күндізгі уақытта болуына арналған бөлмелерінің ауданы 7,5 м2, тәулік бойы болуына арналған бөлмелерінің ауданы 9,5 м2болуы тиіс.
Балалар бөлімінің өзіне тән ерекшелігі- жылытылатын верандалар, сондай-ақ, мектеп және мектепке дейінгі жастағы балалардың сабақ өтуіне, ойнауларына арналған арнайы бөлмелерінің болуы.
Терезелерінің қолайлы бағытталуы оңтүстік, балалар бөлімінің 3 жасқа дейінгі балаларға арналған палаталарының және барлық балалар бөліміндегі ойнауға арналған бөлмелерінің терезесі батысқа бағытталмауы керек, себебі, бөлмені өте қыздырып жібереді. Палата секцияларындағы микроклимат параметрлері мен ауа алмасуын ұйымдастыру жоғарыда айтылды.
1 жасқа дейінгі балалар палатасының және сүт тағамдары бөлмелерінің ауасын зарарсыздандыру үшін, әрбір жуып- жинаудан кейін бактерицидтік шамдардың сәулесімен өңдейді.
5.4.Емхана бөлімі. Емханалар және амбулатория түріндегі басқа да мекемелер, негізінен, күту орындарынан, дәрігерлік мен емдеу-диагностикалық кабинеттерден тұрады. Емхананың негізгі кіретін есігі, әдетте, тіркеу орнымен және киім шешетін орнымен тікелей байланысқан вестибюльге апарады. Кезек күтуге арналған үлкен залдар ұйымдастыруды, әр түрлі сырқаттары бар науқастар бір-бірімен қарым-қатынаста болуына әкеп соғатындықтан, дұрыс деп санамайды. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінде, кезек күтетін орын ретінде ені 3,2 м дейін ұлғайтылған дәліздерді пайдаланады. Олар жақсы жарықтандырылуы және желдетілуі тиіс. Фтизиатрия, тері-венерология, гинекология және рентген кабинеттерінің кезек күту орындарын бөлек ұйымдастырған дұрыс. Емхананың жұмысын дұрыс ұйымдастыру науқастардың көп жиналуын болдырмайды. Рентген кабинеттерінің жұмысын туберкулезбен ауыратын және осы ауруға күдікті науқастарды бөлек уақытта қабылдайтын етіп ұйымдастыру қажет.
Дәрігерлер кабинетінің ауданы 12 м2, ал мамандандырылған болса - 15-18 м2. Кабинеттерінің терезесі, шулы көше жаққа қарамауы керек, олардың бағытталуы нормаланбайды,бірақ солтүстікке қарай болғаны дұрыс.
Балалар бөлімі үлкендер бөлімінен толық оқшауланады.Оған «фильтр-бокс» арқылы кіреді, бұл жерде медбике баланың ата-анасымен сұхбат жүргізеді, баланың температурасын өлшейді, терісін және шырышты қабықшасын тексереді. Жұқпалы ауруларға күдікті балаларды көшеге шығатын бөлек есігі бар, ауруды қарайтын боксқа жібереді. Күту орындары орталықтандырылмаған жүйедегідей ұйымдастырылады. Балалар бөлімдерінде ер балалар мен қыз балаларға арналған дәретханалардан басқа, лас заттар төгетін унитазы бар және кішкентай балаларға арналған түбек бөлмесі болуы тиіс.
Радиологиялық бөлімдер (XI тарау).
6. Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру.
Емдеу мекемелеріндегі қорғану режимі, науқастардың ауруханада болуы үшін қолайлы гигиеналық жағдайлар жасаумен қамтамасыз етіледі:
Емдеу мекемелерінің өз жұмысын қалыпты атқаратынын сипаттайтын осы жағдайларды ұйымдастыру, көбінде аурухананың техникалық және санитарлық-техникалық жабдықталуына: жарықтандырылуына, жылытылуына, ауа алмасуына, кондиционерлеуге, сумен қамтамасыз етілуіне, канализацияға, қалдықтарды жоюға және т.б. байланысты болып келеді.
Жарықтану туралы жоғарыда айтылды. Ауруханаларды жылыту үшін негізінен, орталықтандырылған сумен жылыту жүйесі қолданылады. Жылу тасымалдаушы ретінде тек қана су қолдануға рұқсат етіледі, басқа сұйықтарды қолдануға тыйым салынады. Қыздыратын құрал қызметін бөлменің сыртқы қабырғасында, терезелердің астында орнатылған радиаторлар (конвекциялық жылыту) немесе бетон панельдер (сәулелік жылыту) атқарады. Қыздыратын құралдың температурасы 85ºС аспауы керек. Ауаның қызуы біркелкі қамтамасыз етіліп және зиянды заттармен ластанбауы керек. Панельді жылыту операция және реанимация залдарында, операция залының алдындағы, наркоздық, әйелдер босанатын бөлмелерде, күйік ауруларымен және иммунитеті төмен науқастарға арналған палаталарда және басқаларда орнатылады. Панельді жылыту аурулардың ағзасынан сәулелену арқылы қоршаған ортаға жылу берілуінің азаюына, ауаның төменірек температурасы кезінде қолайлы жылу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мысалы, операциялық столда жартылай киімсіз жатқан науқас бөлменің суық қабырғасымен терезесіне сәулелендіру арқылы жылу береді. Егер, панельдік-сәулелену жолымен жылытылатын болса, бөлменің жылы қабырғалары, мұндай жылу жоғалту түріне кедергі жасайды және бөлмедегі ауаның температурасын жоғарылатудың қажеті болмайды, оның жоғары мәні, науқас пен медицина қызметкеріне қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Ауруханаларда желдетуді қолайлы микроклимат жағдайын және бөлме ауасының бактериалдық, химиялық ластану деңгейін төмендету мақсатында қолданады. Аурухана ғимараттары, жұқпалы аурулар бөлімінен басқасы, механикалық қоздырғышы бар желдету түрімен жабдықталады, мұнда ауа әрбір қабатқа, секцияға және басқа бөлмелерге өз алдына бөлек механикалық қоздырғышы бар, енбелі желдету жүйелерімен беріледі, ал сормалы желдету гравитациялық қоздырғышы бар, өз алдына жеке каналдармен іске асырылады. Енбелі-сормалы желдету, ауа райының жағдайына байланыссыз бөлмелерде ұйымдастырылған ауа алмасуын қамтамасыз етеді.
Операциялық залдан басқа барлық бөлмелерде, жасанды желдету түрінен басқа, терезелер, желкөздер, фрамугалар арқылы қамтамасыз етілетін табиғи желдету түрі де болуы тиіс. 1 адамға есептелген, енетін ауаның көлемі сағатына 80 м3.болуы қажет.
Ауа алмасуын ұйымдастыру кезінде «лас» бөлмелерден «таза» бөлмелерге қарай ауа ағынын болдырмау керек. Ластанған ауа баспалдақ-лифт жүйесінен палата секцияларына ену мүмкіншілігін болдырмау үшін, олардың арасындағы бейтарап зонада, ауа қысымы қамтамасыз етілуі тиіс, ал палата секциясына кіретін жері өз алдына, жасанды ауаны сорып әкететін желдеткіші бар шлюзбен жабдықталған. Ауа қысымы бар шлюз операциялық блоктың алдына да орнатылады. Операциялық залдың өзінде де, ауа қысымы жасалады, яғни ауа ағымы операциялық бөлмеден қасындағы бөлмелерге, одан дәлізге қарай жүреді.
Ауаны кондиционерлеудің маңызы өте зор, ол операциялық, наркоздық, әйелдер босанатын бөлмелерде, операциядан кейінгі палаталарда, қарқынды емдеу палаталарында, реанимация залында, терісінде күйігі бар науқастардың палатасында, жаңа туған, шала туған және жарақат алған балалар палаталарында қарастырылады. Кондиционерлеу арқылы берілетін ауа бактерицидтік фильтрлерде тазартылуы тиіс, ал ауа алмасу есесі жоғары болуы керек (10.2.-кесте).
Жаз уақыттарында ауаны кондиционерлеу, жылы және ыстық климаттық аудандарда қажет, өйткені, бөлменің қатты қызуы науқастарға қолайсыз әсер етуімен бірге аурудың ағымын нашарлатып, сырқатынан тез айығып кетуіне кедергі болады. Шала туған балалардың палатасындағы ауаны кондиционерлеу, олардың дене массасының жақсы қосылуына, аурушаңдығының, өлім-жітімінің төмендеуіне ықпал етеді. Кондиционерленген ауаны операциядан кейінгі палаталарға операция жасағаннан соң, бірінші күндері беру, науқастардың операциядан кейінгі кезеңінің жақсы өтуіне оң әсер етеді. Ауасы кондиционерленетін бөлмелерде реттелетін температура (18-25°С), 55-60% салыстырмалы ылғалдылығы, 0,15 м/сек.-тан аспайтын ауаның қозғалу жылдамдығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Механикалық қоздырғышы бар желдету түрін рентгенологиялық, физиотерапиялық кабинеттерде, сумен емдейтін, кір жуатын бөлмелерде, ас блоктарында, патологиялық-анатомиялық бөлімдерде ұйымдастыру міндетті түрде болып табылады.
Операциялық, әйелдер босанатын залдардың, қарқынды емдеу, реанимация палаталарының, ем-шара және аурухананың басқа бөлмелерінің ауасындағы, азот оксидтері, диоксидтері сияқты химиялық заттардың, ампициллиннің, бензилпенициллиннің, оксациллиннің, стрептомициннің, тетрациклиннің, аминазиннің, аммиактың, бензолдың, диэтил эфирінің, озонның, сынаптың, қорғасынның, фторотанның, формальдегидтің және басқалардың мөлшері бақылауға алынады. Олардың концентрациясы ШРЕК-тен аспауы керек.
Барлық жаңадан салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған ауруханалар, су тасымалдайтын құбырлармен, канализациямен, ыстық сумен жабдықталуы қажет. Апат жағдайлары болуын алдын ала ойлап, ерекше санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіпті қажет ететін бөлмелерде, суды қыздыру үшін электрлік құрылғылар орнатылады. Сумен қамтамасыз ету көзі ретінде артезиан ұңғысын немесе басқа дебиті жеткілікті жер асты су көзін пайдаланады.
Ауруханалардан шыққан ағынды суларды зарарсыздандыруға және жоюға айрықша көңіл бөлінуі қажет, себебі, суаттардың ауруханалардан шыққан ағынды сумен ластануы, халық арасында эпидемиялық өршулерге әкеп соққаны туралы көп жағдайлар жазылған.
Жұқпалы аурулар бөлімі жоқ, соматикалық ауруханалардың ағынды суларын алдын ала өңдеусіз қалалық канализацияға жіберуге болады. Жалпы канализациясы жоқ елді мекендерде, ауруханалар салу кезінде ағынды суларды механикалық (тұндырғыш) және биологиялық (биосүзгілер) тазартудан өткізгеннен кейін, хлорлау арқылы зарарсыздандыратын, жергілікті тазарту құрылыстарын алдын ала қарастыру керек. Егер аурухана шағын болса, ағынды суларды жер астындағы сүзу алаңдарында тазартқан дұрыс.
Эпидемиялық тұрғыдан қауіптілеуі, жұқпалы аурулар бөлімінің (ауруханасының) ағынды сулары. Осыған байланысты, ішек инфекциясы бар науқастардың биосубстраттарын жалпы ауруханалық канализацияға ағызу алдында дәрет ыдысында дезинфекциялайды. Бірақ, аурулардың шығарындыларын орталықтандырмай, жеке-жеке зарарсыздандыру, барлық жағдайда тиімді бола бермейді, себебі, ол қызметкердің жұмысты жауапкершілікпен орындауына байланысты. Аурудың қоздырғыштары тек қана адамдардың шығарындыларымен түспейді, сонымен қатар, олар қол жуғыштардан, ванналардан, душтардан және басқалардан шыққан ағынды сулардың құрамында да кездеседі. Сондықтан, жұқпалы аурулар ауруханасының ағынды суларын орталықтандырылған түрде аурухана жанындағы жергілікті тазарту құрылыстарында зарарсыздандырады. Аурухананың қатты қалдықтары өте қауіпті. Тәулігіне бір төсекке есептегенде, орта есеппен 0,8-0,9 кг қалдықтар жиналады. Аурухана қалдықтарын эпидемиологиялық, токсикологиялық және радиациялық қауіпсіздік дәрежесі бойынша 5 классқа бөледі, осыған байланысты оларды жинау, уақытша сақтау, әкету және залалсыздандыру сұрақтары шешіледі.
А класына жататын қалдықтар, қауіпті емес, өйткені олар биологиялық сұйықтармен, науқастардың шығарындыларымен және жұқпалы аурулары бар адамдармен байланыста болмайды. Бұл жұқпалы аурулар, тері-венерологиялық, және фтизиатриялық бөлімдерден басқа, барлық бөлімдерден шыққан тағам қалдықтары, улы емес қалдықтар, сыпырындылар, құрылыстың жарамсыз қалдықтары, қағаз және басқалар. Оларды қақпағы бар қоқыс жинағыштарға жинап, босағаннан кейін, жуып, дезинфекция жасайды.
Аурухананың ауласындағы қоқыс тастауыштар мен урналардағы қоқыстарды күн сайын, қатты тұрмыстық қалдықтарға полигондарда, әдетте, қолданылатын әдістермен залалсыздандырады.
Б класына жататын қалдықтар, потенциалды инфекцияланған болып табылады. Бұған жұқпалы аурулар бөлімінің барлық қалдықтары, оның ішінде тағам қалдықтары, патанатомиялық қалдықтар, аурулардың шығарындыларымен, қанымен ластанған материалдар мен құрал-жабдықтар, операция жасаған уақытта алып тастаған мүшелер мен тіндер және басқалар жатады.
В класына аса қауіпті инфекциялармен ауыратын аурулармен жанасуда болған материалдар, жоғары патогенді микроағзалармен жұмыс істейтін зертхананың қалдықтары, туберкулездік және микологиялық бөлімдердің қалдықтары жатады. Б және В классына жататын қалдықтарды алдымен зарарсыздандырады, содан соң бір рет қолданатын герметикалық буып-түйетін ыдысқа салып, аурухана аумағында орналасқан қоқыс жағатын пештерде немесе үлкен орталықтандырылған қоқыс жағатын зауыттарда және қалалық крематорияларда жағып жібереді. Г класына жататын қалдықтар бұл, мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар, дәрілік және диагностикалық препараттардың қалдықтары, цитостатиктер, аспаптар мен жабдықтар және т.б. Оларды бір рет қолданатын ыдыстарға салып, талаптарға сәйкес залалсыздандырады. Д класына белсендік қалдықтар жатады, оларды жинау, сақтау, жою және көму санитарлық ережелерге сәйкес жүргізіледі.
ХІ- ТАРАУ. ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ
Еңбек үрдісінде адам өндірістік үрдіс технологиясының ерекшеліктерімен, микроклимат жағдайларымен, орындалатын еңбек іс әрекеттерінің сипатымен байланысты әр түрлі факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл факторлардың көпшілігі өздеріне тән патологияның кәсіби аурулардың - дамуына себеп болуы, сонымен қатар, этиологиясы кәсібі емес аурулардың ағымын ауырлатуы немесе олардың пайда болуының қауіп-қатер факторы болуы, адам ағзасының қарсылық күшін төмендетуі, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Еңбек іс әрекетінің адам ағзасына тигізетін теріс салдарының алдын алудың ғылыми негіздерін және практикалық шараларын дайындаумен еңбек гигиенасы айналысады. Ол өндірістік орта мен еңбек үрдісінің факторларын, олардың адам денсаулығына әсерін зерттейді және алынған ғылыми мәліметтер негізінде жұмысшылардың денсаулығын сақтау, кәсіптік аурулардың алдын алу, сонымен бірге, жұмысшылардың кәсіптік емес ауруларының өршуі мен олардың асқынуының алдын алу мақсатында еңбек жағдайын жақсарту жөнінде шаралар дайындайды.
Өндірістік орта деп, адамның өндірістегі еңбек әрекеттері жүзеге асырылатын ортаны түсінеді. Адамға өндірістік орта өндірістік үрдіс факторлары, табиғи-климаттық (ықшам климаттық) факторлар, сонымен қатар, еңбектің жалпы санитарлық жағдайларымен байланысты (рационалды емес және жеткіліксіз жарықтандыру, қанағаттанарлықсыз тұрмыстық жағдайлар, жоспарлау және т.б.) факторлары арқылы әсер етеді.
Өндірістік үрдіс факторлары - бұл өндірістік үрдіс технологиясына, қолданылатын жабдықтарға, қондырғыларға байланысты факторлар. Мысалы, антибиотиктер өндірісінде технологиялық үрдіс бірнеше кезеңдерден тұрады. Басында ферментерлерде, содан кейін инокуляторларда тұрақты температурада антибиотиктердің продуценттерін микроскопиялық саңырауқұлақтарды, бактерияларды өсіреді. Олар түзген антибиотиктер дақылдық (культуральная) сұйыққа өтеді, сұйықты ашық сүзгі-сыққышта (фильтр-пресстерде) мицелий мен балласт заттардан тазартады. Содан кейін, одан антибиотикті бөліп алады да әр түрлі еріткіштердің көмегімен немесе ион алмастыру әдісімен тазартады. Алынған өнім буландырып-кептіретін агрегаттарда кептіріледі, содан кейін стерильді флакондарға өлшеніп салынады немесе таблеткаланады.
Технологиялық үрдіс өндірістік бөлмелердің ауасына тірі микроағзалардың - антибиотик продуценттерінің (биологиялық фактор), антибиотик шаңының, антибиотиктерді экстракциялауда қолданылатын заттардың булары мен газдарының (химиялық фактор) бөлінуімен жүреді. Жұмысшылардың терісі мен арнайы киімдері дақылдық сұйықпен (биологиялық + химиялық фактор) және антибиотиктердің нативті ерітіндісімен (химиялық фактор) ластануы мүмкін. Сонымен қатар, дайындық, кептіру және ферментация бөлімдерінде істейтін жұмысшылар ферментерлерден және кептіру агрегаттарынан бөлінетін артық жылу әсеріне де (физикалық фактор) ұшырауы мүмкін.
Сонымен, мысалда келтірілгендей, өндірістік үрдіс факторларының табиғаты химиялық, физикалық және биологиялық болуы мүмкін. Олар барлық өндірістерде кездеседі, бірақ олардың құрамы өндіріс сипатына байланысты болады. Физикалық факторларға шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс, діріл, иондаушы емес және иондаушы электромагниттік сәулелену, барометрлік қысым, ауаның температурасы, ылғалдығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу радиациясы, жарық деңгейі және басқалар жатады.
Химиялық факторлар өте көп, оларға шикізат түрінде қолданылатын немесе технологиялық үрдіс барысында түзілетін аралық не болмаса ақырғы өнімдер болып табылатын бейорганикалық та, органикалық та қосылыстар жатады. Химиялық факторларға сондай-ақ химиялық синтез жолымен алынатын, және/немесе бақылануы үшін химиялық талдау әдістері қолданылатын табиғаты биологиялық заттар да (антибиотиктер, дәрумендер, гормондар, ферменттер, белокты заттар) жатқызады. Биологиялық факторлар тобына жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштары (бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, гельминттер), микроағзалар-продуценттер, микробтық препараттарда болатын тірі микроағзалар мен споралар кіреді.
Керісінше, кеме жасауда, сыра қайнату зауыттарында, тоңазытқыш жайларында (суық цехтар) ауа температурасы тек қыста ғана емес, сондай-ақ жаз мезгілінде де төмен, тіпті нөлден төмен болуы да мүмкін.
Еңбек іс әрекеттерін орындай отырып, жұмысшылар тек өндірістік орта факторларының әсеріне ғана емес, сонымен бірге орындалатын жұмыстың сипатына, ұзақтығы мен қарқындылығына, оның ұйымдастырылыуына байланысты еңбек үрдісі факторларының әсеріне де ұшырайды. Еңбек үрдісінің факторларына жататындар:
Осы факторлардың әсерімен еңбек әрекетінің ауырлығы мен кауіртілігі анықталады. Еңбек ауырлығы басым тірек-қимыл аппаратына және ағзаның іс әрекетін қамтамасыз ететін функционалдық жүйелерге (жүрек-тамыр, тыныс алу және басқа) түсетін жүктемелерді көрсетеді. Еңбек кауіртілігі негізінен орталық жүйке жүйесіне, сезім мүшелеріне, жұмысшының эмоционалдық сферасына түсетін жүктемемен сипатталады.
Өндірістік орта мен еңбек үрдісінің факторларын біріктіріп өндірістік факторлар немесе еңбек жағдайлары деп атайды. Өндірістік факторларды зиянды және қауіпті факторларға бөледі. Жұмысшының денсаулығына қолайсыз әсері еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, кәсіптік аурулар мен уланулардың дамуымен, жәй патологиялардың дамуы және күшеюінің жиіленуімен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен, ұрпақтарының денсаулығының бұзылуымен білінетін факторларды зиянды факторлар деп айтады. Қауіпті факторлар деп, денсаулықтың жедел бұзылуын, тіпті, адамның өлімін де туғызуы мүмкін, зиянды факторларды атайды.
Барлық зиянды факторларды, басқаша айтқанда, кәсіптік зияндылықтар деп айтады, ал олардың адам ағзасына тек сол факторлардың әсерімен немесе олардың басым әсер етуі нәтижесінде пайда болатын ауруларды - кәсіптік аурулар деп атайды. Бұл кезде кәсіптік аурулардың екі тобын ажыратады. Бірінші топқа, сол ауруларға тән белгілердің дамуындағы басты немесе жетекші рөл тек бір ғана өндірістік факторға тиесілі болатын аурулар жатады. Мұндай кәсіптік ауруларға мысалы, діріл ауруын, силикозды, сынаптық улануды жатқызуға болады. Мысалы, силикоз тек бос күйіндегі кремний қос тотығы бар шаңмен тыныс алғанда, сынаптан улану тек сынап қосылыстары әсер еткенде ғана дамиды. Екінші топқа әр түрлі факторлардың әсерінен пайда болатын, бірақ, нақты жағдайларда аурудың дамуында өндірістік ортаның белгілі бір факторымен себептік байланысы дәлелденген, аурулар жатады. Мұндай ауруларға мақта шаңымен байланысы болған жұмысшыларда дамыған кәсіптік бронх демікпесін, туберкулезбен ауратын жануарлармен жұмыс істеген мал дәрігерлерінің кәсіптік туберкулезін және де басқаларды жатқызуға болады.
Барлық кәсіптік ауруларды этиологиялық белгілері бойынша келесі топтарға бөледі:
Пайда болу уақытына байланысты кәсіптік аурулар мен уланулар жедел және созылмалы болуы мүмкін.
Өндірістік факторлардың өте үлкен концентрацияларында немесе деңгейлерінде бір рет әсер еткеннен кейін немесе бір ауысым ішінде бірнеше мәрте әсер еткеннен кейін дамитын аурулар жедел кәсіптік аурулар деп аталады. Жедел кәсіби аурулар, мысалы, қандай да бір өнеркәсіптік удан улану, адам денсаулығының ауыр бұзылуларына және жиі өлім жағдайларына алып келуі мүмкін. Созылмалы кәсіптік аурулар зиянды фактордың жедел әсерінің салдарын тудыратын концентрациялары мен деңгейлерінен едәуір аз, бірақ рұқсат етілгенінен жоғары концентрациялар мен деңгейлерінде көп рет ұзақ әсер етуі кезінде дамиды.
Өндірістік факторлар тек кәсіптік аурулар дамуының себебі болып ғана қоймайды, сондай-ақ, кең таралған, көп этиологиялы аурулар болып табылатын, гипертония ауру, жүректің ишемия ауруы, невроздар, баспа, мойын-иық және бел-сегізкөз радикулиттері және басқалар сияқты кәсіппен байланысты аурулар деп аталатын аурулардың пайда болуына немесе дамуына себепші болуы мүмкін.
Мұндай аурулармен аурушандық қолайсыз еңбек жағдайларында жоғарылайды және зиянды заттармен байланысы жоқ кәсіптік топтардағы аурушандығынан асып түседі. Мәселен, қорғасын өндірісінде жұмыс істейтіндерде артериалды гипертензия, атеросклероздық өзгерістер жиі кездеседі, осыған байланысты пайда болатын еңбекке жарамсыздық жағдайларының жиілігі мен ұзақтығы жоғары болып келеді. Берілген жағдайда қорғасынға тән спецификалық синдромдар дамымайды, бірақ кәсіптік емес аурулардың пайда болуына, ағымы мен ақырына анық әсері көрінеді.
Қолайсыз өндірістік факторлар бұрыннан бар аурулардың ағымын ауырлатуы мүмкін. Мысалы, поллинозбен ауыратын адамда мақта шаңымен, басқа да өсімдік тектес аллергендермен, тітіркендіргіш әсерлі заттармен байланыста болып жұмыс істегенде, аурудың маусымдық қозу кезеңдері жиілейді және ұзарады, жиі бронх демікпесіне ауысатын бронхоспастикалық құбылыстар қосылады.
Зиянды факторлардың әсеріне бала жаста және жастық кезеңде, сонымен қатар, әйел адамдарда, әсіресе жүктілік және бала емізу кезеңіндерінде, сезімталдығы жоғары болады. Кәсіптік зияндылықтар әдетте адамның өзі қолдан жасаған факторлар болып табылады, және олардың көбіне ағзада қорғанудың адекватты бейімделу механизмдері жеткілікті мөлшерде қалыптаспаған. Олардың кейбіреулерінен (мысалы, иондаушы сәулеленулерден) туындаған қауіп туралы дабыл қағатын рецепторлар немесе мүшелер жоқ. Қолайсыз әсер тек фактормен қатынаста болған сәтте ғана емес, сондай-ақ, онымен қатынасты тоқтатқаннан кейін ұзақ уақыт өткеннен сон немесе осы адамның ұрпақтарында байқалуы мүмкін (ұзақ уақыттан кейінгі салдарлар). Көптеген өндірістік факторлар канцерогенді, мутагенді және эмбриотропты эффектілер туғызуы мүмкін.
Жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, кәсіптік және кәсіппен байланысты аурулардың пайда болуын болдырмау, кәсіптік емес аурулардың ағымының ауырлауының және ұзақ уақыттан кейін пайда болатын салдарлары дамуының алдын алу үшін, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау қажет. Олар, жұмыс істеушілерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмаған жағдайда немесе олардың деңгейі гигиеналық нормативтерден аспағанда ғана, қауіпсіз болып табылады.
Еңбек жағдайының гигиеналық нормативтері деп, аптасына 40 сағаттан аспайтын уақыт (демалыс күндерінен басқа күндері) бүкіл еңбек өтілі бойына зиянды өндірістік факторлармен күнделікті жұмыс істеген кезде, жұмыс үрдістері барысында немесе кәзіргі және келешектегі ұрпақтарда ол факторлардың әсерінен ұзақ уақыт өткеннен кейінгі өмірінде, қазіргі кездегі зерттеу әдістерімен анықталатын аурулар немесе денсаулық жағдайында ауытқулар тудырмайтын, зиянды өндірістік факторлардың деңгейлерін түсінеді. Жаңа зерттеу әдістерінің пайда болуы денсаулық жағдайындағы бұрынғы әдістермен анықталмаған ауытқуларды анықтауы мүмкін, соған байланысты, гигиеналық норматив те өзгертілуі мүмкін. Бірақ, нормативтердің сақталуы сезімталдығы жоғары адамдардың денсаулығын сақтауға толық кепілдік бере алмайды.
Өндірістерде байқалатын жұмыс жағдайлары өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері бойынша және еңбек үрдісінің ауырлығы мен қауырттылығы бойынша 4 классқа бөлінеді.
Қолайлы еңбек жағдайлары (1 класс) жұмыс істеушілердің денсаулығы сақталатын және еңбекке қабілеттілігі жоғары деңгейде сақталуына алғы шарттары бар, еңбек жағдайлары. Өндірістік факторлардың қолайлы нормативтері микроклимат параметрлері мен еңбек үрдісінің факторлары үшін орнатылған. Басқа факторлар үшін, өндірісте қолайсыз факторлары жоқ немесе факторлардың деңгейлері халық үшін қауіпсіз деп қабылданған деңгейлерден аспаса, еңбек жағдайлары шартты түрде қолайлы деп қабылданады.
Рұқсат етілген еңбек жағдайлары (2 класс), жұмыс орындары үшін бекітелген гигиеналық нормативтерден аспайтын, өндірістік орта мен еңбек үрдістері факторларының деңгейімен сипатталады, ал ағзаның функционалдық жағдайында болатын өзгерістер регламенттелген демалыс уақытында немесе келесі жұмыс ауысымның басында қалпына келеді және жұмыс істеушілер мен олардың ұрпақтарының денсаулық жағдайына жақын уақытта және ұзақ уақыт өткеннен кейінгі кезенде қолайсыз әсер етпеуі тиіс. Рұқсат етілген еңбек жағдайларын шартты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларына жатқызады.
Зиянды еңбек жағдайлары (3 класс), деңгейі гигиеналық нормативтерден асатын, зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталады, сол себепті бұл факторлар жұмысшының және/немесе оның ұрпағының ағзасына қолайсыз әсер етеді. Зиянды еңбек жағдайлары гигиеналық нормативтерден артық болуы және жұмысшылардың ағзасындағы өзгерістердің айқындық дәрежесіне байланысты төрт зияндылық дәрежесіне бөлінеді.
3 класының 1 дәрежесі (3.1) Жұмыс жағдайы, ағзада функционалдық өзгерістерді тудыратын және денсаулыққа зақым келтіру қауіпін арттыратын, гигиеналық нормативтерден ауытқитың зиянды факторлардың деңгейлерімен сипатталады. Бұл функционалдық өзгерістер, әдетте, зиянды факторлармен байланыста болуды келесі ауысымның басталауынан да ұзағырақ. уақыт ұзгеннен кейін, қалпына келеді.
3 класының 2 дәрежесі (3.2)
- Еңбек жағдайы, тұрақты функционалдық өзгерістерді түдыратын, көпшілік жағдайларда өндіріспен байланысты аурушаңдыққа әкеп соғатын (еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтқан аурушандық деңгейінің өсуімен, оның ішінде, ең алдымен, берілген зиянды факторлардың әсеріне ең осал мүшелер мен жүйелердің жағдайын көрсететін, аурулар деңгейінің жоғарылауымен білінетін), ұзақ уақыт әсер еткеннен кейін (жиі 15 және одан да артық жылдан кейін) пайда болатын кәсіптік аурулардың бастапқы белгілерін немесе жеңіл (мамандығы бойынша жұмыс қабілеттілігі сақталған) түрлерін тудыратын, зиянды факторлардың деңгейлерімен сипатталады.
3 класының 3 дәрежесі (3.3) Еңбек жағдайы, еңбек іс әрекеті кезенінде, әдетте, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі (мамандығы бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтып) кәсіптік аурулар дамуына, сонымен бірге, өндіріспен байланысты созылмалы патологияның және оған қоса, еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтуымен сипатталатын аурушаңдық деңгейінің жоғарылауына әкеп соғатын, зиянды факторлардың деңгейлерімен сипатталады;
3 класының 4 дәрежесі (3.4) - Еңбек жағдайы кәсіптік аурулардың ауыр түрлерінің (еңбекке қабілеттілігі жалпы жоғалған) пайда болуы мүмкіншілігімен, созылмалы аурулар санының едәуір өсуімен және еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтқан аурушаңдық деңгейінің жоғары болуымен сипатталады.
Қауіпті (экстремальды) еңбек жағдайы (4 класс) жұмыс ауысымы бойына (немесе оның бір бөлігінде) әсер етуі өміріне қауіп тудыратын, жедел кәсіптік зақымданулар, оның ішінде ауыр түрлері, дамуының қауіпін жоғарылататын, өндірістік факторлардың деңгейлерімен сипатталады.
Жоғарды келтірілген жіктелуінде класстарының тек жалпы сипаттамасы көрсетілген. Бұдан басқа, факторлардың барлық түрлері - химиялық, физикалық, биологиялық бойынша нақтыландырылған сапалық және сандық сипаттамалары бар.
Өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері, еңбек үрдісінің ауырлығы және қауырттылығы бойынша еңбек жағдайына баға берудің гигиеналық критерийлері мен еңбек жағдайын жіктелуі, еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологияда көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді шешу үшін қолданылады. Атап айтқанда, олардың негізінде сауықтыру шараларын жүргізудің бірінші кезектілігі анықталады, жұмыс орындарының сипаттамасы жүргізіледі, медициналық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер: жұмыс күнін қысқарту, зейнеткерлікке шығу жасын төмендету, ұзартылған демалыс беру, емдік-алдын алу жөніндегі тамақтану түрімен қамтамасыз ету, емдік-қалпына келтіру шараларын жүргізу, еңбек жалақысын көтеру және басқа да мәселелер шешіледі.
20-шы жүзжылдықтың 90-шы жылдарының басында еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар базасында жаңа пән еңбек медицинасы пайда болды, ол алдын-алу және емдеу жөніндегі медицинаның біріктірілген саласы болып табылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақта ұйымының жанындағы Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша, еңбек медицинасының мақсаты, барлық кәсіп түрлеріндегі жұмысшылардың дене, ішкі сезімі, әлеуметтік саулығын нығайту және ең жоғары дәрежеде сақтау; еңбек жағдайларына байланысты болатын денсаулық жағдайындағы ауытқулардың алдын алу; жұмысшыларды, жұмыс кезіндегі денсаулығына қауіпті факторлармен байланысты қауіп-қатерлерден қорғау; жұмысшыларды, олардың физиологиялық және психологиялық қабілеттіліктеріне бейімделген, өндірістік ортада орналастыру және қорғау, нәтижесінде, жұмысты жұмысшыларға және әрбір жұмысшыны өзінің жұмысына бейімдеу болып табылады.
Еуропалық елдер қауымдастығында еңбек медицинасы қызметіне кәсіптік патология жөніндегі дәрігер, психолог, психотерапевт, еңбек гигиенасы маманы, өнеркәсіп эпидемиологі, токсикология, микробиология, химия мамандары, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер, еңбек медицинасы, еңбекті ұйымдастыру, аурудың алдын алу және денсаулықты сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулер бойынша мамандар және басқалар кіреді. Медицинаның емдеу және профилактикалық бөлімдерін мұндай біріктіру жұмыс істейтін адамның денсаулық жағдайын басқару мәселелерін тиімдірек шешуге, денсаулықты сақтау мен нығайтудың жаңа құралдары мен әдістерін дер кезінде және жоғары деңгейде дайындап, практикаға енгізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындардың жұмысшыларына емдеу- аурудың алдын-алу көмегін ұйымдастыру.
Жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, кәсіптік зияндылықтардың қолайсыз әсерінің алдын алу үшін, бағыты бойынша ұқсас, бірақ әр түрлі өндірістерде өзіндік ерекшеліктері бар, сауықтыру шараларының тұтас кешенін жүргізеді. Бұл шаралардың мазмұны еңбек жағдайын сауықтыру және медициналық жолмен жұмысшылардың денсаулығы бұзылуының алдын алу болып табылады. Алдын алу шараларының кешеніне кіретіндер:
Заңдылық шараларға өндірістік факторларды гигиеналық нормалау, стандарттарды, еңбек жағдайын сауықтыру бойынша санитарлық ережелер мен ұсыныстарды дайындау, сонымен қатар құқықпен бекітілген жұмысшылардың еңбегін қорғау жатады.
Бұл шаралардың құқықтық негізін еңбекті қорғау жөніндегі заңдылық құжаттар және, еңбек гигиенасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік құжаттар мен стандарттар құрайды.
Еңбекті қорғау бойынша негізгі ережелер ҚР Конституциясында, «ҚР Еңбек Кодексінде» (15.05.2007ж.), «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» Заңында (04.12.2002ж.), ҚР ДМ № 243 «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі және кәсіп түріне жарамдылығын анықтау туралы» бұйрығында және басқаларында көрсетілген. Бұл құжаттармен жұмыс уақытының ұзақтығы, қосымша демалыстар, зейнеткерлікке ерте шығу, арнайы киіммен және жеке басты қорғайтын заттармен қамтамасыз ету, жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер тізімі, зиянды жағдайлары бар жұмыстарға балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді жібермеу, емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтандыруды тегін беру және т.с.с. реттеледі.
Еңбек гигиенасы жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге санитарлық ережелер, санитарлық нормалар мен гигиеналық нормативтер жатады. Кәсіптік зияндылықтар үшін орнатылатын гигиеналық нормативтер алдын алу жұмысының негізі болып табылады, себебі адамның денсаулығына әсер ететін факторлардың қауіпсіз деңгейін білмей, өндірістік ортаның жағдайын ұдайы бақылау және қолайлы жұмыс жағдайларын жасау мүмкін емес.
Технологиялық шаралар барлық сауықтыру шараларының ішіндегі ең тиімдісі болып саналады. Өндіріс технологиясын өзгерте отырып, зиянды факторды толық жоюға немесе оның деңгейін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге болады. Технологиялық шараларға, мысалы, келесілер жатады: құрғақ бұрғылауды, шаңдануды едәуір төмендететін, ылғалды бұрғылаумен алмастыру; пневмобалғалармен шегелеуді нүктелік дәнекерлеумен алмастыру шу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді; қалдықтарды қайталап қолдануды енгізу; технологиялық үрдістегі қауіпті және зиянды химиялық қосылыстарды қауіптілігі аз қосылыстармен ауыстыру және т.с.с. жатады.
Техникалық және санитарлық-техникалық шараларға, өндіріс технологиясын өзгертпей, техникалық құралдардың көмегімен өндірістік ортаның зиянды факторларының әсерін азайтуға мүмкіндік беретін, шараларды жатқызады. Шаралардың бұл тобына өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру, улы немесе шаңданатын материалдарды өңдейтін жабдықтарды саңылаусыз етіп бекіту (герметизация), дыбыс өткізбейтін қаптамаларды қолдану, шулы бөлмелерде акустикалық экрандар қолдану, тиімді жергілікті және жалпы ауа алмастыратын желдету түрлері және т.с.с. жатады.
Алдын алу шараларының ішінде жеке басты қорғайтын құралдарды қолдану міндетті болып табылады. Оларға теріні, тыныс алу мүшелерін, көзді және т.б. қорғауға арналған әр түрлі құралдар кіреді.
Ұйымдастыру шаралары еңбек үрдісін оңтайлы ұйымдастыруға, жұмысшылардың жұмыс орнын, жұмыс істеу кезіндегі дене қалпын, қозғалыстарын, еңбек және демалу тәртіптерін оңтайландыруға, зиянды факторлармен қатынаста болу уақытының ұзақтығын шектеуге және т.б. бағытталған. Мысалы, рұқсат етілген шегінен аспайтын діріл деңгейінде жұмыс істеу кезінде, жұмысшының дірілмен байланыста болу уақыты жұмыс ауысымы уақытының ⅔ бөлігінен артық болмауы тиіс. Бұған демалу үшін қосымша регламенттелген үзілістерді енгізу, сонымен қатар, өзара алмасып жұмыс істей алатын мамандары бар кешенді бригадалар құру сияқты, ұйымдастыру шараларымен қол жеткізеді. Мұндай бригадаларда әрбір жұмысшы бірнеше мамандықты меңгереді, бұл оған бүкіл жұмыс ауысымы бойына, үнемі қауіпті діріл туғызатын жабдықтармен ғана жұмыс істемей, басқа жұмыс түрлерін де орындауға мүмкіндік береді.
Емдеу-алдын-алу шараларын цех дәрігері және өнеркәсіп жұмысшыларына қызмет көрсететін медицина мекемелерінің басқа да мамандары атқарады. Бұл мекемелерге медициналық-санитарлық бөлімдер, дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау пункттері сияқты, өнеркәсіп кәсіпорындары жанындағы денсаулық сақтау мекемелерінің арнайы жүйесі және де елді мекеннің аумақтық жүйесінің медициналық мекемелері: емханалар, ауруханалар, диспансерлер - жатады.
Олардың жұмысы цехтік қағида (принцип) бойынша құрылады. Бұл дегеніміз, әрбір цехқа, емдеу-алдын алу жұмысына жауапты, дәрігер-терапевт (цехтік дәрігер) бекітіледі. Цех участкелеріне бөліп, қызмет көрсетудің артықшылығы аурудың алдын-алу мен емдеу шараларының бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Цехтік терапевттік учаске жұмысшыларға өндірістік қағида бойынша жүргізілетін емдеу-алдын-алу көмегінің негізгі және бастапқы буыны: учаскеге еңбек жағдайы және өндіріс технологиясы ұқсас цехтар іріктеліп алынады.
Медициналық-санитарлық бөлім (МСБ) өнеркәсіптік денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Ол құрылымында, жоғары мамандандырылған арнайы медициналық жәрдем көрсететін және клиникалық, биохимиялық, функционалдық зерттеулердің толық кешені жүргізілетін емханасы мен стационары бар кешенді медициналық бірлестік болып табылады. МСБ құрамына, сондай-ақ кәсіпорын цехтарында орналасқан дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық сақтау пункттері, профилакториялар, ингаляция жүргізетін орындар, фотарийлер кіреді. МСБ, жұмыс істеушілерінің саны 4000-нан асатын ірі кәсіпорындарда, ал химия, көмір және мұнай өңеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеушілер саны 2000 және одан да артық болғанда ұйымдастырылады.
Медициналық-санитарлық бөлімдері жоқ шағын өнеркәсіп кәсіпорындарына аумақтық емханаларда қызмет көрсетіледі. Бұл кезде емхана дәрігерлерінің бірі цех дәрігері болып жұмыс істейді.
Медициналық-санитарлық бөлімнің және жұмысшыларға қызмет көрсететін басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі міндеттері:
Бұл міндеттердің бәрі мамандығы, әдетте терапевт болып табылатын цехтің учаскелік дәрігерінің жұмысына кіреді. Цех учаскесінде бір цех терапевті 2000-ға жуық жұмысшыларға, ал таукен, химия және мұнайөңдеу кәсіпорындарында 1000-ға жуық жұмысшыларға қызмет көрсетеді Цех дәрігері цех медбикесімен бірге емдеу жұмысын да және аурудың алдын-алу жұмысын жүргізеді. Ол күнделікті емханада науқастарды қабылдайды, сонымен қатар белгілі бір сағаттарда цехтің денсаулық сақтау пунктінде жұмыс істейді.
Цех дәрігерінің жұмысында келесі бағыттарды ажыратады:
Емдеу-алдын-алу шараларына келесілер жатады:
Цех дәрігерінің емдеу-алдын-алу жұмысында диспансерлеу маңызды орын алады. Диспансерлеу - бұл, дені сау, кәсіптік ауруға күдікті адамдарды, кәсіптік аурулары және кәсіптік емес созылмалы аурулары бар, әр түрлі топтағы жұмысшылардың денсаулық жағдайын жүйелі түрде дәрігерлік бақылау әдісі болып табылады. Диспансерлеудің мақсаты жұмысшылардың денсаулығын сақтау және нығайту, сонымен қатар, әр түрлі аурулармен ауыратын науқастарды дер кезінде белсенді түрде анықтау және емдеу. Диспансерлеуді жүргізуде аурудын алдын алу жөніндегі алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулер үлкен рөл атқарады. Аурудың алдын алу жөніндегі медициналық тексеруден өтетіндерге қауіпті, зиянды заттардың және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін адамдар жатады.
Алдын ала жүргізілетін медициналық тексерулердің мақсаты, өндірістің қолайсыз факторларының әсерінен күшеюі мүмкін, денсаулығында өзгерістері бар адамдарды жұмысқа жібермеу болып табылады. Бұдан басқа, алдын ала жүргізілетін медициналық тексерулер, қолайсыз факторлардың әсерінен кейін денсаулық жағдайының нашарлауына әкеп соқпайтын, бірақ, белгілі бір жұмыс түрлерін орындауға кедергі келтіруі мүмкін ауруларды анықтауға мүмкіндік береді, мысалы, дальтонизм жүргізуші жұмысы кезінде және т.б. Алдын ала жүргізілетін медициналық тексерулер, жұмысқа жаңадан түсетін, жұмысшының денсаулық жағдайын ескеріп, жұмысқа оңтайлы орналастыруға мүмкіндік береді.
Кезеңдік медициналық тексерулер жалпы және кәсіптік аурулардың ерте кезеңдерін анықтау үшін және патологиялық үрдістің мұнан бұлай дамуының алдын алуға бағытталған, қажетті шараларды дер кезінде жүргізу үшін іске асырылады.
Алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерден өтетін контингентті мемлекеттік санэпидқызмет органдары анықтайды. Олар сонымен қатар, тексерумен толық қамтылғандығына, оның сапасына және дер кезінде жүргізілгендігіне бақылау жасайды, кезеңдік медициналық тексерулердің нәтижелерін жинақтап қорытуға қатысады және қорытынды актілерге қол қояды.
Міндетті түрдегі алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулер Қазақстан Республикасының Денсаулықсақтау Министрлігінің №243 «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларды алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерден өткізу және мамандық түріне жарамдылығын анықтау тәртібі туралы» деген бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бұл бұйрықта келесілер келтірілген:
Комиссияның құрамы, қажетті зертханалық және функционалдық зерттеулер, жұмысшыларға әсер ететін факторлармен анықталады. Медициналық тексерулердің кезеңділігі өндірістік факторлардың қауіптілік және зияндылық дәрежесіне байланысты белгіленеді. Медициналық тексерулерді цех дәрігері ұйымдастырады. Ол ҚР ДМ №243 бұйрығына сәйкес, алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуі тиіс МСБ-нің салалық мамандарының тізімін анықтайды. Әйелдерді медициналық тексерулерден өткізу кезінде міндетті түрде дәрігер-гинеколог қатысады.
Алдын алу жөніндегі медициналық тексерулерден өту кезінде әрбір жұмысшыға және қызметкерге диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы толтырылады, ал медицициналық тексеру жөнінде толық мәліметтер амбулаториялық науқастың медициналық картасында көрсетіледі. Тексеру нәтижелерін талдау алдындағы жүргізілген тексеруден алған мәліметтермен салыстырып жүргізілуі тиіс.
Кезеңдік медициналық тексерулердің нәтижелеріне сүйеніп, цех дәрігері зиянды кәсіптік факторлардың әсерімен байланысы жоқ жұмысқа уақытша ауыстыра алады, шипажайлық-дауажайлық емдеуге, профилакторияларда емделуге жолдама бере алады, тиісті емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануды және т.с.с. тағайындай алады.
Медициналық тексерулер жүргізу кезінде кәсіптік аурудың белгілері анықталған жағдайда, диагнозын дәлелдеу, аурудың мамандығына байланысын анықтау мақсатында жұмысшылар кәсіптік патология орталықтарына жіберіледі.
Жедел кәсіптік аурудың әрбір жағдайы еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігердің, цех ординаторының, кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысатын комиссияның тексеруіне жатады. Тексеру үрдісінде:
Жедел кәсіптік ауру диагнозын амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдар, созылмалы кәсіптік ауру диагнозын кәсіптік патология орталықтары немесе кәсіптік аурулар клиникасы анықтайды.
Аурудың мамандыққа байланысы туралы сұрақты шешуге негіз болатын құжаттардың біріне, жұмысшының жұмыс жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы жатады. Санитарлық-гигиеналық сипаттаманы өнеркәсіп кәсіпорыны орналасқан қаланың немесе ауданның санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы ғана құрастырады және береді. Санитарлық-гигиеналық сипаттаманы , ауырған адам жұмыс істейтін кәсіпорынның медициналық-санитарлық бөлімінің бас дәрігері, сондай-ақ, диагнозын анықтау үшін ауруды жіберген кәсіптік патология орталықтарының мамандары сұрауға құқығы бар.
Цехтік учаскеде жүргізілетін емдеу-алдын алу жөніндегі шараларға сонымен қатар, өзіне тән әсер ету бағыты бар емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануды ұйымдастыру мен тағайындау және сауықтыру шараларын жүргізу де жатады. Жұмысшыларға жүргізілетін сауықтыру шаралары, көбінесе, тікелей цехтардың жанында орналасқан денсаулық сақтау пункттерінде жүргізіледі. Олардың мақсаты әр түрлі факторлардың ағзаға қолайсыз әсерінің алдын-алу болып табылады. Мысалы, шаңды өндірістерде тыныс жолдарының шырышты қабықшаларынан шаңды жуып тазалайтын сілтілі инголяциялар мен ауыз қуысын шаюды қолданады. Фотарийлерде, ультракүлгін сәулеге түсіреді, ол өкпеде шаңның әсерінен склероз үрдістерінің дамуын тежейді. Дірілмен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс арасындағы үзілістерде қолдарын уқалау, жылы процедуралар, гимнастикалық жаттығулар және т.с.с. қолданады.
Өндірісте дәрігерлердің жұмысы тек жұмысшылардың еңбек жағдайын және зиянды өндірістік факторлар тудыратын кәсіптік патологияны білген кезде ғана тиімді болады. Цех дәрігері еңбек гигиенасы дәрігерімен, кәсіпорынның әкімшілігімен, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдармен бірге, өндірістің технологиялық және санитарлық-гигиеналық ерекшеліктерін зерттеу негізінде өндірістегі сауықтыру шараларының кешенді жоспарын жасауға және оның орындалуын бақылауға қатысады. Сондықтан цех дәрігерінің жұмысы тек емдеу-алдын-алу шараларын ғана емес, сонымен қатар гигиеналық және ұйымдастыру сипатындағы алдын-алу жұмытарын да қамтиды.
Санитарлық-гигиеналық шараларға жататындар:
Бұқаралық-ұйымдастыру жұмысы деп келесілерді түсінеді:
шараларының кешенді жоспарын жасауға және оны орындауға қатысуын.
Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге, дәрігерлер де, орта медициналық қызметкерлер де міндетті түрде қатысуы тиіс. Олардың міндеттеріне кіретіндері:
Еңбек гигиенасы өзінің ерекшеліктері және шешетін мәселелелерінің өзіндік мәні бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар бірқатар іргелі бөлімдерге бөлінеді. Оларға еңбек физиологиясы, өнеркәсіптік токсикология, еңбек психологиясы жатады.
Еңбек физиологиясы еңбек іс әрекеттерінің әсерінен пайда болатын адам ағзасындағы функционалдық өзгерістерді зерттейді, сондай-ақ, адам денсаулығын және жоғары деңгейде жұмыс қабілеттілігін сақтауға, қажудың алдын алуға мүмкіндік беретін физиологиялық тұрғыдан негізделген еңбек үрдісін қолайлы ететін әдістерді зерттеп дайындайды.
Еңбектің барлық түрлерін дене және ой еңбегіне бөледі. Біріншісіне бұлшықет белсенділігінің басым болуы тән, ал екіншісіне ой жұмысы мен шығармашылық іс әрекет тән . Белсенділіктің түрлеріне және айқындылығына байланысты келесі еңбек түрлерін ажыратады.
Едәуір бұлшықет белсенділігін қажет ететін еңбек түрлері. Бұл жұмыстар, еңбекті механикаландырмаған кезде қолданылады, энергия шығыны жоғары, тәулігіне 17-25 МДж (4000-6000ккал) және одан да артық болуымен сипатталады. Еңбектің өнімділігі аз, дене жұмысына көп күш салуды қажет етеді. Дене еңбегі кезінде жұмыс режимі қолайлы болған жағдайда жұмыс уақытының 50% дейінгі бөлігі демалуға берілуі тиіс.
Еңбектің топтық түрлері, конвейер. Конвейерде жұмыс істеген кезде, бөлшектер бір жұмысшыдан келесісіне конвейердің жылжымалы таспасы арқылы автоматты түрде беріледі. Бұл еңбек түріне, берілген ырғақтылық, қарқындылық және жұмыс түрлерін орындаудың қатаң кезектілігі тән. Жұмыс операцияларын орындау арасындағы уақыты аз, біркелкі жұмыстарды істеу, мұндай жұмысты өте бірсарынды етеді, уақытынан бұрын шаршатады және жүйкені тез әлсіретеді. Жұмыс операцияларын орындау үшін жұмсалатын дене күші жеңіл (мысалы, сағаттарды, микросхемаларды жинау) немесе біршама ауыр (конвейерде автокөліктерді жинау) болуы мүмкін. Жұмысшыларға, ұзақ уақыт тұру немесе отыру сияқты белгілі бір дене қалпында болуы да әсер етеді, бұл статикалық қажуды күшейтеді.
Механикаландырылған еңбек түрлері. Бұлшықетке түсетін жүктеменің азаюы, станоктарды, механизмдерді, құрал-саймандарды басқару кезінде дәл және тез қимылдар жасауды қамтамасыз ететін аяқ-қолдың шеткі бөліктерінің майда еттерін жұмысқа қатыстыру механикаландырылған еңбек түрлерінің ерекшелігі болып табылады. Энергия шығыны тәулігіне 12,5-17 МДж (3000-4000ккал) құрайды. Бұл еңбек түрі арнайы білімді және қимыл-қозғалыс дағдыларын қажет етеді. Механикаландырылған еңбек түрлеріне, мысалы, токарьдің, фрезерлеушінің, слесарьдің жұмысы жатады. Орындалатын әрекеттердің біркелкі және қабылданатын ақпараттардың көлемінің аз болуы себебінен, механикаландырылған жұмыс кезіндегі еңбектің бірсарындылығы, еңбек үрдісінің басым факторы болып табылады.
Жартылай автоматтандырылған өндіріспен байланысты еңбек түрі. Жартылай автоматты өндіріс кезінде адам жұмыс істейтін заттарды тікелей өңдеу үрдісіне қатыспайды, оның міндеті, материалды немесе бөлшекті беру, механизмді іске қосу және т.с.с. станоктарда жұмыс істеу жөніндегі қарапайым жұмыс түрлерін орындаумен шектеледі. Еңбектің бұл түрінің ерекшелігі оның бір сарындылығы, жұмыстың ырғағы мен қарқынының жоғары болуы, шығармашылық (творчестволық) бастамасының болмауы. Еңбектің бұл түріне тегістеушілердің, қалыпқа салушылардың, тігінші мотористтердің еңбегі мысал бола алады.
Егер еңбек үрдісі едәуір немесе толығымен автоматтандырылған болса, онда адам, автоматтар мен станоктарды үзіліссіз қадағалау және ақауларын дер кезінде жою жолымен, олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.Бұл жұмыс адамның ақыл ойының және сенсорлық күш салуын қажет етеді. Адам ағзасы үнемі «оперативті күту» жағдайында болады, жұмыстың бір сарындылығы қажудың дамуын жылдамдатады (станокшылардың, тоқымашылардың және басқалардың еңбегі).
Өндірістік үрдістер мен механизмдерді басқарумен байланысты еңбек түрлері. Еңбектің бұл түрлерінде адам басқару жүйесіне қажетті оперативті буын ретінде қосылады үрдіс қаншалықты автоматталған болса, оның қатысы соншалықты көп болады. Өндірістік үрдісті басқарудың негізгі екі түрін ажыратады: бір жағдайларда басқару пульттері жиі адамның белсенді әрекетін қажет етеді, ал басқа жағдайларда - сирек қажет етеді. Бірінші жағдайда жұмысшының үзіліссіз назар салуы көптеген қозғалыстар кезінде немесе сөйлеу актілерінде бәсеңдейді, ал екіншісінде жұмысшы әрекет етуге дайын жағдайда тұрады, ал оның реакциялары аз болады.
Интелектуалды еңбек түрлері (Ой еңбегінің түрлері). Бұл еңбек түрі материалдық өндіріс саласына жататын (құрастырғыштар, инженерлер, техниктер, диспетчерлер, операторлар және т.б.), сондай ақ оған жатпайтын (дәрігерлер, мұғалімдер, жазушылар, әртістер, суретшілер және т.с.с.) мамандық түрлерінен тұрады. Ой еңбегі әдетте есте сақтауды, зейін қоюды жұмылдыра отырып үлкен көлемдегі әр түрлі ақпараттарды өңдеу қажеттілігімен, стресс жағдайларының едәуір жиілігімен сипатталады. Бұлшықетке түсетін жүктеме онша көп емес энергия шығыны тәулігіне 10-11,7 МДж (2400-2000 ккал). Еңбектің бұл түріне гипокинезия тән, ол ой еңбегімен айналысатын адамдарда жүрек-тамыр патологиясын қалыптастыратын жағдайлардың бірі болып табылады.
Ой еңбегінің түрлері операторлық, басқарушылық, шығармашылық, медицина қызметкерлерінің, оқытушылардың, оқушылар мен студенттердің еңбегіне бөлінеді.
Операторлық еңбек жоғары жауапкершілікпен және шамадан артық жүйкелік-эмоционалдық күш салумен ерекшеленеді, мысалы телефонда жұмыс істеушілердің еңбегі.
Басқарушылық еңбек ақпараттардың көлемінің шамадан артық көбеюімен, оны өңдеу үшін уақыт тапшылығының өсуімен, қабылдаған шешіміне өз басының жоғары жауапкершілігімен, жиі - жиі шиеленіс тудыратын жағдайларының болып тұруымен сипатталады.
Шығармашылық еңбек (ғылыми жұмысшылар, жазушылар, композиторлар, әртістер, суретшілер, сәулетшілер, конструкторлар) бұл едәуір есте сақтауды, зейін қоюды, күш салуды қажет ететін, жүйкелік-эмоционалдық зорлану дәрежесін жоғарлататын ең күрделі еңбек түрі.
Оқытушылар мен медицина қызметкерлерінің еңбегі адамдармен үнемі қарым-қатынаста болумен, жоғары жауапкершілікпен, дұрыс шешім қабылдау үшін уақыт және ақпарат жеткіліксіздігімен сипатталады, бұлар жоғары дәрежеде жүйкелік-эмоционалдық зорлануға әкеп соғады.
Оқушылар мен студенттердің еңбегі негізгі психикалық қызметтердің (есте сақтау, зейін қою, қабылдау, күйзеліс жағдайларының болуымен) зорлануымен сипатталады.
Сонымен, кез-келген еңбек іс әрекеттерін орындау, айқындылық дәрежесі әр түрлі дене жұмысы (бұлшық ет) және жүйке жүйесіне түсетін жүктемелерінің әсер етуімен байланысты болады.
Дене жұмысының екі түрін ажыратады: динамикалық және статикалық. Статикалық жұмыс кезінде бұлшықет күші жұмыс кезіндегі дене қалпын сақтауға және еңбек құралдары мен заттарын қозғалтпай бекітіп ұстап тұруға бағытталады. Бірінші жағдайда бұлшықеттердің тоникалық жиырылуымен, екіншісінде олардың ұзындығы өзгермей, тетаникалық жиырылуымен қамтамасыз етіледі.
Динамикалық жұмыс жүкті тасуға, және де адамның өз денесін немесе оның бөліктерін кеңістікте қозғалуына әкелетін бұлшық еттердің жиырылу үрдісі. Динамикалық дене жұмысын жергілікті, аймақтық және жалпы (глобальды) деп бөледі. Жергілікті бұлшықет жұмысын орындау үшін, адам денесіндегі бұлшықеттердің ⅓- кем бөлігі (көбінесе екі қолдың бұлшықеттері) қатысады, аймақтықта- ⅓ - ден ⅔ - ге дейінгі бөлігі, (көпшілік кеуде еттері мен екі қолдың еттерінің қатысуымен, сонымен қатар, үлкен жүктерді тасымай жүру), жалпы бұлшықет жұмысында -⅔- артық бөлігі қатысады (тұлға бұлшықеттерінің және екі қол бір аяқ, немесе екі аяқ бір қол,немесе екі аяқ екі қол еттерінің қатысуымен). Статикалық жұмыс, динамикалық жұмысқа қарағанда, тез қажытады, себебі бұлшықеттерге күш түсуі демалыссыз, үзіліссіз жүреді. Оның үстіне, жұмыс істеп жатқан бұлшықеттердегі қан айналымының қиындауына байланысты, олардың энергиямен қамтамасыз етілуі, көп мөлшерде сүт қышқылының жиналуымен жүретін анаэробты үрдістер есебінен іске асады.
Қарқынды бұлшықет жұмысы үрдісінде пайдаланылатын оттегінің мөлшері едәуір өседі. Егер адам тыныштық күйінде минутына 150-300 мл оттегін қажет ететін болса, онда ауыр дене еңбегі кезінде оның қажеттілігі 10-15 есе көп болады. Қарқынды бұлшықет жұмысы кезінде тыныштық күйіндегі деңгейімен салыстырғанда, ағзаның энергия шығыны да 10-15 есе өседі. Бұлшықет жұмысы, айналымдағы қанның мөлшерін көбейтеді, соған сәйкес гемодинамикалық көрсеткіштерге және жүрек қан тамырлары жұмысының көрсеткіштеріне әсер етеді. Жүректің минуттық көлемі 3-5 л-ден 20-40 литрге дейін артады. Минуттық көлемнің көбеюі жүректің соғуы көлемінің өсуі есебінен де, жүректің жиырылу санының есебінен де жүреді. Жүрек жиырылу жиілігі минутына 140-180 дейін жетуі мүмкін. Максимальды артериялық қан қысымы сн.б.б. 180-200 мм. дейін өседі.жетеді, бұл кезде минимальды қысымы аз ғана өседі, соның есебінен пульстік қысымның жоғарылауы қамтамасыз етіледі.
Дене еңбегінің қарқындылығы өсуіне қарай газ алмасу да жоғарылайды. Тыныштық күйінде өкпеде ауа алмасу көлемі минутына 5-8л құрайтын болса, жұмыс кезінде тыныс алу тереңдігі мен жиілігінің өсуі есебінен минутына 50л дейін және одан да артық көбейеді. Қанда эритроциттердің саны көбейеді және гемоглобин мөлшері өседі, нейтрофилдер санының күрт көбеюі есебінен миогендік лейкоцитоз дамиды. Жеңіл және ауырлығы орташа жұмыс кезінде глюкозаның мөлшері біршама төмендейді, ал ауыр жұмыс кезінде оның төмендеуі айқынырақ болады. Ауыр жұмыс кезінде қанда сүт қышқылының жиналуы қатар жүреді, ал жеңіл және ауырлығы орташа жұмыс кезінде ол тотығып үлгереді де, деңгейінің жоғарлауы байқалмайды. Адреналиннің, норадреналиннің, глюкокортикоидтардың мөлшері жоғарлайды, ол ағзаның энергиялық ресурстарын жұмылдыруға ықпал етеді. Ұзақ уақыт істелетін бұлшықет жұмысы симпатикалық-адреналдық және гипофиздік-бүйрекүсті безі жүйелерінің белсенділігі, инсулиннің деңгейі төмендеуіне әкеп соғады. Инсулин мөлшерінің төмендеуі ағзаның майларын энергиялық материал ретінде пайдалануға жұмылдырады.
Дене жұмысын орындау адамның дене қызуын 0,4-0,6º жоғарлауына, ал өте ауыр бұлшықет жұмысы кезінде 38º дейін, кейде 39º дейін жетуі мүмкін.
Егер дене температурасының аз көтерілуі зат алмасуын ынталандыратын қолайлы фактоор болса,онда температураның едәуір жоғарлауы теріс әсер етеді.
Жеңіл дене жұмысын орындау кезіндегі физиологиялық өзгерістердің қарқындылығы ауыр жұмыс кезіндегідей айқын болмайды. Бірақ оған, сондай-ақ, жұмыс істеу кезіндегі дене қалпының сипаты, эмоционалды зорлану деңгейі әсерін тигізеді. Мысалы, жергілікті бұлшықет қатысуымен істелетін жұмыстарды орындау кезінде (мысалы, сағаттар жинауда) энергия шығыны мен жүрек - қан тамыр жүйесі жұмысының көрсеткіштеріндегі өзгерістер көп болмайды. Егер бұл жұмыстарды отырып атқарса, онда тамыр соғуы жиілігінің, пульстік қысымының және жүректің минуттық көлемінің тіпті төмендеуі мүмкін.
Ой жұмысы кезінде жүктеме, бірінші кезекте, орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайына әсер етеді, себебі ой жұмысымен айналысатын қызметкерлерде бас миы тек реттеуші ғана емес, сонымен қатар ой жұмысы атқарушы мүше болып табылады. Қарқынды ой жұмысы кезінде бас миына энергия қажеттілігі жоғарлайды. Тәуліктік энергия шығыны әдетте 10,5-12,5 МДж құрайды. Энергия шығыны, ой жұмысының түрімен анықталатын, жүйкелік-эмоционалдық зорлану дәрежесіне байланысты болады. Мысалы, көпшілікке дәріс оқыған кездегі энергия шығынының көбеюі 94% жоғарласа, отырып дауыстап оқығын кезде тек 48% жоғарлайды. Бас миының оттегін пайдалануы жоғарлайды, ол массасы дәл сондай қаңқа бұлшықеттерінің оттегін пайдалануына қарағанда, 5-6 есе көп болады. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі күшейеді. Жұмыстың басында қабылдау, есте сақтау, зейін қою күшейеді, кәсіптік еңбекке қабілеттілігі жоғарлайды. Ұзақ уақыттық ой жүктемесінде барлық осы қызметтерді атқаруы нашарлайды.
Ой жұмысында, айтарлықтай жүйкелік-эмоционалдық жүктеме болмайды, мысалы, кітап оқу, дене еңбегіндегі сияқты жүрек-қан тамыр жүйесі мен сыртқы тыныс алу жағынан өзгерістер туғызбайды. Сонымен бірге, ой еңбегінің көп түрлерінде қатар жүретін, жиі стресс дәрежесінде болатын, жүйкелік-эмоционалдық зорлану осы жүйелерге едәуір әсер етеді. Мысалы, әуежай диспетчерлері, ұшқыштар, хирургия саласындағы дәрігерлер күрделі мәселелерді шешу кезінде, олардың жүрегінің жиырылу жиілігі минутына 160-180 дейін өсуі мүмкін, артериалды қан қысымы күрт жоғарлауы және жүрек қыспасы құбылыстары да байқалуы мүмкін. Өкпеде ауа алмасуы және оттегін тұтынуы артады, дене қызуы жоғарлайды.
Жүйкелік-эмоционалдық зорлануы қатар жүретін ой жұмысы кезінде, симпатикалық-адреналдық және гипаталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйелерінің белсенділігі жоғарлайды. Мұндай жағдайда, ой жұмысының көпшілік түрлеріне тән гиподинамия және артық дене массасы, гипертония ауруы, атеросклероз, жүректің ишемия ауруы, асқазан-ішек жолының қабынуы және ойық жара аурулары дамуының қауіп-қатер факторына айналады.
Кез келген еңбек түрінің тиімділігі жүктеме дәрежесіне және жұмысқа қабілеттілікке байланысты. Жұмысқа қабілеттілік деп максимальды қарқынды күш салу кезінде, белгілі бір уақыт аралығында орындалатын, жұмыстың санымен және сапасымен сипатталатын, адамның функционалдық мүмкіншіліктерінің деңгейі. Жұмыс күні бойына еңбекке қабілеттілік өзгеріп отырады. Оның бірнеше кезеңдерін ажыратады:
Қажу бұл шаршау сезімі, жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерінің нашарлауымен білінетін, жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуі тән жағдай. Қажу демалғаннан кейін қалпына келетін және қорғаныстық тежелу түріндегі ағзаның қорғаныс реакциясы болып саналатын физиологиялық үрдіс (ІХ бөлімнің 6 тарауын қара). Қажу дамыған кезде және оны басуға мүмкіншілік болмаған жағдайда патологиялық үрдіс түрінде бағаланатын зорығу дамиды.
Жұмысқа қабілеттілік динамикасы түскі үзілістен кейін де қайталанады, бірақ оның кезеңдерінің ұзақтығы аз болады.
Қажу дәрежесі мен оның даму жылдамдығы жұмыс түрлерінің ауырлығы мен қауірттілік дәрежесімен, сонымен қатар өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерімен байланысты болады.(ХІ бөлімнің 1.1 тарауын қара).
Жұмыстың ауырлығы мен қауірттілігін бағалау үшін эргометриялық (орындалған жұмыстың мөлшерін өлшейтін) және физиологиялық критерийлер қолданылады. Динамикалық дене жұмысының жүктемесі және қолмен жылжытатын, көтеретін жүктің массасы, стереотипті жұмыс қозғалыстары, статикалық жүктеме, жұмыс кезіндегі дене қалпы, тұлғаның еңкеюі, кеңістікте орын ауыстыруы еңбек ауырлығының эргометриялық көрсеткіштері болып табылады. Еңбек қауірттілігінің эргометриялық көрсеткіштеріне ой жұмысының жүктемелері, сенсорлық, эмоционалдық жүктемелер, еңбектің бір сарындылығы мен еңбек ету режимі жатады. Физиологиялық критерийлер ретінде ағзаның физиологиялық реакцияларының көрсеткіштері (жүректің жиырылу жиілігі, энергия шығынының мөлшері, тыныс алудың минуттық көлемі, статикалық төзімділіктің төмендеу пайызы) саналады.
Еңбектің ауырлығы және қауірттілігі көрсеткіштерінің айқындылығына байланысты, ауырлығы мен қауірттілігі бойынша еңбек жағдайы келесі класстарға бөлінеді:
Еңбек жағдайының әрбір класы еңбектің ауырлығы мен қауірттілігі көрсеткіштерінің белгілі бір мөлшерімен сипатталады. Жүктеме қаншалықты үлкен болса бұл мөлшерлер де соншалықты көп болады. Мысалы, ер адамдар үшін жеңіл дене еңбегінде бүкіл ауысым бойына үнемі қолмен көтеретін және жылжытатын жүктің салмағы 5 кг дейін, ал 2-ші дәрежелі зиянды еңбек түрінде 20 кг көп болады. Жеңіл дене жұмысын істеу кезіндегі дене қалпы еркін, ыңғайлы, ауыспалы, ал екінші дәрежелі зиянды еңбек түрінде жұмыс ауысымның 80% астам уақытын тұрып немесе 50% аса уақытын әлсін-әлсін ыңғайсыз, және /немесе бір жерде қозғалмай тұруымен сипатталады. Осы көрсеткіштердің мәніне қарай, нақты жұмысшының еңбегінің ауырлығы мен қауірттілігін анықтайды.
Еңбек ауырлығы мен қауірттілігін және оларға себепші болған факторларды білу, дәрігерге пайда болған ауруды кәсіби фактордың әсерімен байланыстыруына, негізделген ем тағайындауына, сауықтыру шараларын, басқа жұмыс түріне ауысуын ұсынуына және басқаларына мүмкіндік береді.
Еңбек үрдісі факторларымен байланысты қажудың және аурулардың алдын алу.
Еңбек үрдісі факторларының әсер етуі еңбектің ауырлығы мен қауірттілігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар, мамандығына байланысты аурулардың дамуына әкеп соғады. Мәселен, ауыр заттарды көтеру және тасымалдау, үлкен статикалық жүктеме, жұмыс істеу кезінде дененің мәжбүр жағдайда болуы, жекелеген мүшелер мен бұлшықет топтарына шамадан артық күш түсуі, жылдам қарқынмен орындалатын бірсарынды қозғалыстар, дененің жекелеген бөліктерінің қысылуы, байламдық аппараттың созылуы, психоэмоционалдық әсер ету және еңбек үрдісінің басқа да факторлары тірек қимыл аппаратының (омыртқаның, буындардың, бұлшықеттердің, сіңірлер мен байламдардың), жүрек-қан тамыр мен жүйке жүйелерінің, тыныс мүшелерінің және басқа да мүшелер мен жүйелердің әр түрлі аурулары дамуына алып келуі мүмкін.
Жұмысы ауыр заттарды көтерумен немесе ұзақ уақыт аяғында тұруға мәжбүр болатын кәсіп түрлері, табан сүйектерінің сүйек тінінің деструкциясы салдарынан май табандыққа, сонымен қатар, омыртқа бағанасының қисаюына - кифозға алып келуі мүмкін. Бұлшықет жүктемесі, әсіресе жастық шағында, омыртқа аралық дисклердің зақымдалуына және шеміршектік жарық ауруына алып келуі мүмкін. Ауру сүйек анкилозымен аяқталады, омыртқаның пішіні қайтымсыз өзгереді. Бала жасында ауырған мешел ауруы және жалпы бұлшықет әлсіздігі бұл кезде итермелеуші фактор болып табылады.
Еңбек үрдісі факторларының ішінде жұмыс істеу кезіндегі дене қалпының үлкен маңыз бар. Жұмыс кезіндегі дене қалпы жұмыс орындау кезіндегі дененің, аяқ-қолдың, бастың кеңістікте және бір- біріне қатысты тұру қалпы. Дененің ыңғайсыз мәжбүр қалпы немесе ұзақ уақыт тік тұрған, еңкейіп тұрған, бүгілген немесе отырған, бүгіліп отырған күйі бұлшықеттер мен байламдарға, жекелеген мүшелерге шамадан артық күш түсуіне, қанның іркілу құбылыстарына, микрожарақаттануларға әкелуі және әр түрлі патологияның дамуына ықпал етуі мүмкін. Тұрып немесе еңкейіп тұрған және бүгілген күйінде жұмыс істеу кезінде аяқ қол бұлшықеттеріне, омыртқаларға, омыртқа аралық дисклерге күш түсу жоғарлайды, қанмен дұрыс қамтамасыз етілмеуі салдарынан қан айналымы нашарлайды. Соның нәтижесінде омыртқаның бағанасының қисаюы, жиі кифоздар, мойын және бел омыртқаларының остеохондрозы, аяқтың көк тамырларының варикозды кеңеюі, тромбофлебиттер, аяқтың ісінуі, жалпақ табан дамиды. Әйел адамдардың ұзақ уақыт тұрып жұмыс істеуі және ауыр заттарды көтеруі жамбас астауы астындағы бұлшықеттер мен байлам аппараттарының әлсізденуіне және қынап пен жатырдың төмен түсуіне немесе сыртқа шығуына алып келуі мүмкін.
Отырып жұмыс істеу аз қажытады, себебі дененің орнықтылығы артады, аяқ бұлшықеттеріне күш түсуі төмендейді және жүрек-тамыр жүйесіне түсетін жүктеме азаяды. Дегенмен де, отырып жұмыс істеу кезінде иық белдеуінің, мойын мен арқаның бұлшықеттерінің статикалық зорлануы, кифоз және сколиоздар дамуы байқалады. Сонымен қатар жамбас қуысындағы мүшелерде қан іркілу құбылысы байқалады, қан айналымы мен тыныс алу қиындайды. Құрсақ қуысы көк тамырларында қан іркілу және құрсақ қуысы ішілік қысымының жоғарлауы тік ішектің қабынуы және созылмалы іш қату түріндегі бұзылыстарға, геморройдың дамуына және әйел адамдарда етеккір келу циклінің бұзылуына алып келеді.
Буындарға ұзақ уақыт функционалдық салмақ түскен кезде буын шеміршегі жарақаттанады және шеміршек пен сүйек тінінің дегенаративті-пролиферативті өзгерістерінен туындайтын кәсіби буындардың пішінін өзгертетін остеоартроздар дамиды. Терушілердің, слесарьлардың, электромонтерлардың, сырлаушылардың, тас қалаушылардың, ағаш ұсталарының, сылақшылардың, кір жуатын адамдардың қол басы буындарына және білезік буынының маңайында ұзақ жұмыс істеуден күш түсуі нәтижесінде қол басының жарты ай және қайық тәрізді сүйектерінде асептикалық некроз пайда болуына алып келуі мүмкін. Жұмысы 2-ші және 3-ші табан сүйектерінің басына ұзақ уақыт қысым мен салмақ түсумен байланысты адамдарда (балериналар, бишілер, футболшылар, сатушылар, тоқымашылар және т.б. денесін алға еңкейте тұрып жұмыс істейтіндер) осы сүйектерінің басында асептикалық некрозы байқалады. Алақан апоневрозының ұзақ жылдар бойына құрал-саймандармен жарақаттануы салдарынан Дюпюитрен контрактурасы деп аталатын патология, шынтақты немесе тізені тіреп тұрып жұмыс істеу кезінде шынтақ және тізе буындарының бурситтері (шахтерлар, паркет төсеушілер, сызба жасаушылар және т.б.) пайда болады.
Жұмысы білек бұлшықеттеріне едәуір тоникалық күш түсірумен және саусақтар мен қол басының жиі қайталанатын қозғалыстарымен (ағаш ұсталары, сауыншылар, темір ұсталары, скрипкашылар, пианисттер және т.б.) байланысты бірқатар кәсіп түрлерінде тендовагиниттер қабыну сұйықтарының жиналуымен және сіңірді бойлай фибриннің шөгуімен жүретін, сіңір қынаптарының қабынуы дамиды. Майда бірдей қимылдарды үнемі қайталай беру кәсіби координаторлық невроздардың даму себебі болуы мүмкін, ол кезде өз жұмысын істеу үшін азғана әрекет еткен кездің өзінде саусақ бұлшықеттерінің тырысуы байқалады. Аяқтарының (велосипед тебушілерде), тілі мен еріндерінің де (үрлемелі аспаптарда ойнайтын музыканттарда) невроздары кездесуі мүмкін. Локомоторлық аппараттарға шамадан артық күш түсумен байланысты ауруларға, сондай-ақ өте жиі кездесетін кәсіби невриттер, невралгиялар, мойын және бел-сегізкөз радикулиттері жатады.
Тыныс алу жүйесінің шамадан артық зорлануы салдарының бірі үрлемелі аспаптарда ойнайтын музыканттарда, шыны үрлеушілерде кездесетін өкпе эмфиземасы жатады. Әншілерде, оқытушыларда, дәріс оқушыларда дыбыс аппаратында өзгерістер созылмалы ларингиттер, дыбыс байламдарындағы түйіндер, фонастения және басқалар байқалуы мүмкін. Көзге ұзақ күш түскен кезде кәсіби алыстан көрмеушілік, көру астенопиясы дамиды.
Жүйкелік-психикалық жүктемелер, жоғарыда аталғандай гипертония ауруының, жүректің ишемия ауруы, мида қан айналымының бұзылуы, астеновегетативті бұзылыстар, невроздар, психопатиялар, депрессия жағдайлары және көптеген басқа да аурулар дамуының қауіп - қатер факторлары болып табылады.
Еңбек үрдісі факторлары әсерімен байланысты өндірістік қажу мен аурулардың алдын алу ең бірінші кезекте жұмыс үрдістерін механикаландырудан, қол еңбегін машина жұмысымен ауыстырудан тұрады.
Жұмыс істеу кезінде қолайлы дене қалпын таңдау, дене қалпын өз қалауынша өзгерте алу мүмкіншілігі, жұмысты отырып та, тұрып та істеу маңызды болып табылады. Егер жұмыс тек тұрып істелетін болса, онда отырып демалатын, қысқа мерзімді үзілістер ұйымдастырылуы тиіс. Жұмыс кезіндегі дене қалпының қалыптасуы, көбінде жұмыс орнының ұйымдастырылуына, жиһаздар мен жабдықтардың құрылысына байланысты. Мысалы, жұмыс істейтін заттың беті өте төмен не жоғары орналасса, дененің ыңғайсыз жұмыс қалпын туғызады. Орындықтың құрастырылымы жұмысшының бойына және ол жұмыс істейтін станоктың ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Орындықтың арқалығы, отырғышы, шынтақ және аяқ қоятындары болуы керек, олардың негізгі параметрлері жұмысшының антропометрлік көрсеткіштеріне және орындайтын жұмысына сәйкестендіріп реттелінетін болуы тиіс.
Жұмыс орнын жобалап келесідей зоналарға бөлу керек: дәл және жиі қимылдарды орындау үшін ең ыңғайлы зонаға, мұнда жиі қолданылатын басқару органдары орналасуы тиіс; жеңіл қол жетерлік зонаға - бұл зонада жеткілікті дәрежедегі дәл және жиі қимылдар орындалады және жиі қолданылатын басқару органдары орналасады; қол жетерлік зонаға - бұл зонадағы жұмыс үлкен қимыл амплитудасын қажет етеді, және мұнда сирек қолданылатын басқару механизмдерін орналастыру керек. Қолайлы зонада істелетін жұмыс, бұлшықеттің зорлануын және дамып келе жатқан қажуды едәуір азайтады. Жұмысшылардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, еңбек үрдістері мен жұмыс орындарын ұтымды етіп ұйымдастыру мәселелерін шешумен еңбек физиологиясының қолданбалы бөлімі эргономика айналысады.
Қажуды болдырмауға және жоғары жұмыс қабілеттілігіне, сондай-ақ өндірістік оқу үрдісінде тұрақты түрде жаттығу және машықтану арқылы дағдылар алып қол жеткізеді. Соның нәтижесінде динамикалық өндірістік стереотип (ІХ бөлімнің 6.1 тарауынан қара) қалыптасады, бұл автоматты түрде қимылдар жасауға, оларды көп күш салмай жоғары дәлдікпен орындауға мүмкіндік береді.
Қажудың және кәсібіне байланысты патологияның алдын алуда ауысым ішілік жұмыс режимі мен демалу режимін дұрыс ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Әдетте, түскі үзіліс, сонымен қатар регламенттелген қысқа мерзімдік үзілістер енгізіледі. Регламенттелген үзілістер аса қысқа (5 минуттан кем) болмауы керек, себебі еңбекке қабілеттілігінің қалпына келуіне жеткіліксіз болады. Олар ұзақ та болмауы керек, себебі динамикалық стереотип бұзылады. Еңбекке қабілеттіліктің қандай болса да бір кезеңінде ұйымдастырылған үзіліс, оны осы кезеңнің алдындағысына қайта алып келеді. Үлкен жүйке зорлануын және зейін қоюды, қолдың тез және дәл қимылдарын қажет ететін жұмыстарда жиі, бірақ қысқа - 5-10 минуттық үзілістер жасау орынды деп саналады. 10-12 минуттық ұзағырақ үзілістер көп күш салынатын және ірі бұлшықеттердің қатысуымен жүретін жұмыс түрлерін орындағанда берілуі керек. Регламенттелген үзілістерден басқа, жұмыста тағы қолайлы жұмыс қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік туғызатын, жұмыс операциялары мен әрекеттері арасында өздігінен пайда болатын микропаузалар үзілістер де болады.
Ауысым ішілік дем алу белсенді түрде, яғни гипокинезия және гиподинамиямен сипатталатын жұмыс кезінде дене қимылына жаттығулардың (өндірістік гимнастика) кешені орындалуы керек, дене жұмысының жүктемесі едәуір жұмыс түрлерінде - пассивті демалу жақсырақ деп саналады. Күніне бірнеше рет 5-10 минуттық физкультпаузалар және 2-3 минут бойына физкультураминуттары жүргізілуі керек, ол кезде мойын, арқа, қол, аяқтарға арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары жасалынады.
Өндірістік ортаның қолайлы жағдайлары да: ортаның зиянды факторларының деңгейі рұқсат етілген шамасынан аспайтын қолайлы микроклиматтық жағдайлары жұмыс қабілеттілігінің жоғары болуына мүмкіндік туғызады.
Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық факторларының ауа температурасының, ылғалдылығының, қозғалу жылдамдығының және инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік микроклимат бұл факторлардың едәуір дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен ерекшеленеді және ол өндіріс үрдісінің сипатына, сыртқы метеорологиялық жағдайларға, ауа алмасуының ұйымдастырылуына, т.с.с. байланысты болады. Көптеген өндірістерде (ыстық цехтар) технологиялық үрдіс барысында қызған қондырғылардан, балқыған және барынша қызған металдардан, шыныдан, ауаға өткен ыстық булар мен газдардан бөлінетін жылу есебінен ауа мен қоршаған нысандардың ысып кетуіне алып келетін жағдайлар туындайды. Мұндай цехтарға металлургия зауыттарындағы мартен, прокат, домна цехтары, тоқыма өнеркәсібіндегі бояу, кептіру бөлімдері, тері илеу, қант зауыттары, қағаз өндірісі жатады. Жаз күндері ыстық цехтардағы ауа температурасы 35-40ºС дейін және одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Әдетте, мұндай цехтарда едәуір мөлшерде жылу сәулелендіретін көздері де (қызған болат балқытатын пештер, химиялық қондырғылар және т.б.) болады. Ыстық ауа ағымдары жоғары көтеріледі, төменгі жағына оның орнына сырттан суық ауа келіп түседі,бұл ауаның қозғалу қарқындылығын біршама күшейтеді және әсіресе қысқы күндері өтпе желдердің пайда болуына себепші болады.
Бірқатар өндірістер (суық цехтар) арнайы қалыптастырылатын ауаның төмен температураларымен сипатталады (тоңазытқыштар, кеме жасау өнеркәсібі, сыра қайнату зауыттарының ашыту бөлімі, тез бұзылатын тағам сақтайтын қоймалар және басқалар). Бұл цехтардағы ауа температурасы 0ºС жақын болуы мүмкін.
Буланатын беттері үлкен және суды көп мөлшерде пайдаланатын өндірістік жайларда (бояу, тері илеу, қант зауыттары, батпақ және сумен емдейтін бөлмелер) ауаның жоғары ылғалдығы байқалуы мүмкін (70% жоғары).
Өндірістік үрдіске байланысты бір өндірістерде тек ауаның температурасының өзгерістері басым болуы мүмкін, басқаларында - ауа ылғалдылығы, үшіншілерінде барлық факторлардың кешенінде өзгерістер едәуір болуы мүмкін.
Ыстық және суық цехтардағы қолайсыз микроклиматтың әсер етуі әр түрлі жылулық патологияның дамуына алып келуі мүмкін: жедел және созылмалы түрдегі дененің қатты қызуына немесе салдары қатар жүретін, ауырлық дәрежесі әр түрлі дененің қатты салқындауына (ІІІ бөлімнің 3.1 тарауын қара). Инфрақызыл сәулелену, жалпы термиялық әсерінен басқа кәсіптік катарактаның жиі себептерінің бірі болып табылады.
Микроклимат жағдайларының адам ағзасына әсер етуіне байланысты, оларды қолайлы, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті микроклимат жағдайларына бөледі. Қолайлы жағдайлар жалпы және жергілікті қолайсыз сезімдер болмайтын, жылу реттелу механизмдерінің зорлануы минимальды болатын микроклимат көрсеткіштерімен анықталады, ол бүкіл жұмыс ауысымы бойына адам ағзасында қолайлы жылылық жағдай сақталуын қамтамасыз етеді. Рұқсат етілген жағдайлар денсаулықты бұзбай және жылылық жағдайды салыстырмалы түрде тұрақты сақтап, жылу реттейтін механизмдердің орташа дәрежеде зорлануын, болар болмас қолайсыз жылу сезінуін, еңбекке қабілеттіліктің біршама төмендеуін туғызады. Зиянды жағдайлар айқын қолайсыз жылу сезінуімен, жылу реттелу механизмдерінің едәуір зорлануымен, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, ағза жылуының тұрақтылығы және адам денсаулығы бұзылуымен сипатталады. Экстремальды жағдайлар қысқа уақыт ішінде жылылық жағдайының күрт бұзылуын, денсаулық бұзылыстары мен өлім қаупін туындатады.
Тұрғын және қоғамдық үйлерге қарағанда өндірістік жайлардың микроклиматын гигиеналық нормалау кезінде энергия шығыны бойынша жұмыс категориясы ескеріледі (11.1 кесте).
11.1 Кесте
Өндірістік жайлардың жұмыс орындарындағы ықшамклиматтың қолайлы нормалары
Жыл мезгілі |
Жұмыс категориясы (энергия шығыны бойынша,Вт) |
Ауа темпера- турасы, ºС |
Беткей-лердің темпера- турасы,ºС |
Ауаның салыстырмалы ылғалдығы, % |
Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/сек артық емес |
Суық |
Іа (139 дейін) |
22-24 |
21-25 |
60-40 |
0,1 |
Іб (140-174) |
21-23 |
20-24 |
60-40 |
0,1 |
|
ІІа (175-232) |
19-21 |
18-22 |
60-40 |
0,2 |
|
ІІб (233-290) |
17-19 |
16-20 |
60-40 |
0,2 |
|
ІІІ (290 көп) |
16-18 |
15-19 |
60-40 |
0,3 |
|
Жылы |
Іа (139 дейін) |
23-25 |
22-26 |
60-40 |
0,1 |
Іб (140-174) |
22-24 |
21-25 |
60-40 |
0,1 |
|
ІІа (175-232) |
20-22 |
19-23 |
60-40 |
0,2 |
|
ІІб (233-290) |
19-21 |
18-22 |
60-40 |
0,2 |
|
ІІІ (290 көп) |
18-20 |
17-21 |
60-40 |
0,3 |
Қолайлы микроклимат параметрлерін қамтамсыз ету мүмкін болмаған жағдайда норматив ретінде рұқсат етілген микроклимат жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін мәндері алынады. Өндірістік микроклиматтың қолайсыз қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары, сондай-ақ бірқатар техникалық, санитарлық-техникалық, емдеу-алдын алу шаралар есебінен іске асырылады (ІІІ бөлімнің 3.1.-тарауын қара).
Өндірістік шаң ең кең таралған зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың бірі. Шаң өте көп әр түрлі технологиялық үрдістер кезінде жұмыс зонасы ауасына бөлініп өндірістердің басым көпшілігінде кездеседі. Бұл өндірістер пайдалы кен қазбаларын алу, машина жасау және металлургия өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.с.с.
Өндірістік шаң ауада қалқып жүретін, баяу қонатын өлшемі бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм дейін жететін қатты бөлшектер, яғни аэрозоль болып табылады, оның дисперсті фазасы қатты бөлшектер де, ал дисперсті ортасы ауа. Өндірістік шаңды шығу тегі, түзілу тәсілі мен бөлшектерінің өлшемі (дисперстілігі) бойынша жіктейді.
Шығу тегі бойынша шаңды бейорганикалық, органикалық және аралас деп бөледі. Органикалық шаң жануар немесе өсімдік текті табиғи (ағаш, мақта, сүйек, жүн шаңы және т.б.) және жасанды пластикалық массалар, резеңке, шайыр, бояғыш заттардың және т.с.с. шаңдары болуы мүмкін. Бейорганикалық шаң минерал (кварц, силикат, асбест, цемент шаңы және т.с.с.), сонымен қатар метал (мырыш, темір, мыс, қорғасын, марганец және т,б,) шаңы болуы мүмкін. Металлургия өнеркәсібінде, химия және басқа өндірістерде әр түрлі органикалық және бейорганикалық шаңдардан тұратын аралас шаңдар түзілуі мүмкін.
Түзілу тәсіліне байланысты дезинтеграция және конденсация аэрозольдерін ажыратады. Дезинтеграция аэрозольдері (майдалау) механикалық жолмен ұсақтауда, бұрғылауда, қатты заттарды бұзғанда (бұрғылауда, жарылыс жұмыстарында, материалдарды ұнтақтағанда), бұйымдарды механикалық өңдеу кезінде (тазалау, құю, заттың беттерін тегістеу) түзіледі. Конденсация аэрозольдері қатты заттарды термиялық өңдеу үрдістерінде (металлдарды балқытқанда, электрлік дәнекерлеуде және т.б.) металдар мен метал еместердің буларын суыту және конденсациялау нәтижесінде түзіледі. Пластмассаларды өңдеу кезінде құрамы қатты және сұйық бөлшектер, күрделі химиялық құрамы газдардан, булардан тұратын шаңды газды аэрозольды қоспалар түзіледі.
Дисперстілігі - бөлшектердің өлшемі бойынша бөлшектердің өлшемі 10 мкм артық болса көрінетін, 0,25 мкм-ден 10мкм дейінгі, микроскопиялық және 0,25 мкм кем ультрмикроскопиялық шаңдарға бөледі.
Шаңның адам ағзасына әсер етуі оның қасиеттеріне: химиялық құрамына, физико-химиялық қасиеттеріне, қаттылығына, адсорбциялық қасиетіне байланысты болады. Шаңның химиялық құрамы оның ағзаға әсер етуінің сан алуандығын анықтайды. Өкпеде дәнекер тіннің өсіп кетуіне алып келетін басым фиброгенді әсер ететін, және әсер ету сипаты басқа да уландыратын, тітіркендіретін, сенсибилизациялаушы және т.с.с. шаңдарды ажыратады. Құрамында бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы, силикаттар, металлдар мен олардың тотықтары және т.б. бар шаңдар ең айқын фиброгенді қасиетке ие. Улы емес шаңның ерігіштігі оның өкпеден бөлінуін тездетеді және фиброз дамуын бәсеңдетеді, ал нашар еритін фиброгенді шаңдар өкпеде жиналып, фиброздың дамуына алып келеді. Егер шаң улы болса, онда оның ерігіштігі ағзаға тез түсуіне және улы әсерінің эффектілері дамуына ықпал етеді. Нашар еритін улы шаң өкпеде ұсталынып, уландыратын әсері аз болады.
Шаңның ауада қалқып жүру ұзақтығы мен тыныс жолдарына ену тереңдігі оның дисперстілігіне байланысты болады. Көрінетін шаң тез қонады, тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарында ұсталынып қалады және түшкіргенде және жөтелгенде сыртқа шығады. Көрінетін шаң жиі терең дем алумен жүретін ауыр жұмыстарды орындаған кезде фиброз дамуында елеулі рол атқаруы мүмкін. Микроскопиялық бөлшектер ауада қалқыған күйінде ұзақ уақыт болады және өкпеге терең енеді. Фиброгендік үрдістер дамуында оларға негізгі рол беріледі. Ультромикроскопиялық бөлшектер де альвеолаларға түседі, бірақ олардың жиынтық массасы аз болғандықтан спецификалық аурулардың дамуында айтарлықтай маңызды емес.
Шаңның электрлік зарядтылығы олардың ауада болу уақытына және тыныс жолдарында ұсталынып қалу дәрежесіне әсерін тигізеді. Егер аэрозольде оң және теріс зарядталған бөлшектер болса, онда ол олардың агломерациялануына және шаң бөлшектерінің қонуына ықпал жасайды. Электрлік зарядталған шаң тыныс жолдарында және альвеолаларда қарқындырақ ұсталынады.
Бөлшектердің пішіні мен құрылымы да айтарлықтай маңызды. Дөңгелек пішінді бөлшектер өкпеге тезірек енеді, қырлары үшкір бөлшектер тіндердің механикалық зақымдалуына алып келеді. Кремний қос тотығының кристаллды құрылымы аморфты түріндегі шаңына қарағанда үлкен биологиялық белсенділікке ие. Шаңның қаттылығы оның фиброгенді қасиетіне аз әсер етеді.
Меншікті бетінің үлкендігіне байланысты шаң көптеген улы газдарды сіңіріп алады, бұл улылық әсері жағынан оны потенциалды қауіпті етеді. Оттегін сіңіре отырып, шаң тез тұтанады және жарылу тұрғысынан қаупті болады. Шаң ауаның микробтармен және саңырауқұлақтармен ластануын күшейтеді, себебі әр түрлі микрофлораны тасымалдаушы болып табылады.
Шығу тегіне, химиялық құрамына, ерігіштігіне, дисперстілігіне, шаңдардың пішініне байланысты фиброгенді шаң адамда әр түрлі шаңнан пайда болатын аурулардың себебі болуы мүмкін. Мұндай ауруларды спецификалық (пневмокониоздар, аллергиялық аурулар) және спецификалық емес (бронхиттер, ларингиттер, трахеиттер, пневмония, конъюктивиттер, кератиттер, дерматиттер, пиодермия) деп бөледі.
Шаңның әсерінен пайда болатын кәсіби спецификалық аурулардың ішінде пневмокониоздар аса маңызды. Пневмокониоздар бұл өндіріс жағдайында белгілі бір құрамды өнеркәсіптік шаңның ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде пайда болатын және өкпеде фиброз (дәнекер тінінің өсуі) дамуымен сипатталатын өкпенің созылмалы ауруы. Пневмокониоздардың бес тобын ажыратады:
Шаңның фиброгендігіне байланысты пневмокониоздарды 3 топқа бөледі:
Өкпеде фиброз үрдісі 3 түрде өтуі мүмкін:
Пневмокониоздардың ішіндегі ең қауіптісіне, бос күйіндегі SiO2 әсерінен туындайтын силикоз жатады. Ол жұмыс зонасы ауасында бос күйіндегі SiO2 болатын өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы жұмысшыларда кездеседі. SiO2 , кремнозем, кремний қышқылының ангидриді жер қыртысының 28%-ын және тау жыныстарының 60% құрайды. Химиялық тұрғыдан таза кремнозем тау хрусталы деп аталады, ол түссіз және мөлдір. Жиі SiO2 құрамында оған әр түрлі түс беретін қоспалар болады. Силикоздың дамуында шаңның концентрациясы мен дисперстілігі маңызды болады. Бөлшектерінің өлшемі 1-2 мкм, құрамындағы бос күйіндегі SiO2 мөлшері 5-10% болатын шаң ең қауіпті болып саналады.
Силикоз шаңы, көп кәсіп түрінде 5-10 жыл жұмыс істегеннен кейін дамиды. Дегенмен , туннелдер қазған кезде жұмыс басталғаннан 1-2 ай өткеннен кейін силикоз дамыған жағдайлар да жазылған. Силикоз, сондай ақ онымен қатынас жасауды үзгеннен кейін көп жылдар өткеннен соң да дамуы мүмкін. Аурудың алғашқы кезеңдеріндегі белгілері мардымсыз: жөтел, кеуде торында ауыратын сезім, ентігу байқалады. Олар патологиялық үрдістің дамуына қарай күшейе түседі. Силикоздың ағымы үдемелі және қайтымсыз, айқын өкпе және жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі дамуы себебінен науқастардың өліміне әкеп соғады. Силикоз өте жиі өкпе туберкулезімен асқынады, оны емдеудің тиімділігі көбінесе аз болады, себебі өкпедегі склероздық өзгерістерге байланысты туберкулезге қарсы дәрі дәрмектердің патологиялық ошаққа келіп түсуі қиындайды.
Силикоздың даму жөніндегі көптеген теорияларының ішінде иммунологиялық теорияға маңызды орын беріледі. Оның мәні келесіде: бастапқы буынында SiO2 шаңы макрофагтармен фагацитозға ұшырайды, сөйтіп шаң жасушаларына айналады. Әрі қарай SiO2 әсерінен макрофагтар өледі. Макрофагтар ыдыраған кезде күрделі белоктар муко- және липопротеиндер түзіледі, олар ретикуло-эндотелиалды жүйеде қарсы денелердің (антитела) түзілуін туғызатын антигендер, яғни аутоантигендер болып табылады. Бұл кезде пайда болған гиалин түріндегі преципитат (аутоантиген+қарсыдене) түзіліп жатқан силикозды түйіннің жаңа түзілген ретикулин талшығына жиналады, гиалин түріндегі преципитаттың әдеттегі тыртық дәнекер тініндегі гиалиннен айырмашылығы құрамында β- және γ- глобулиндердің көп мөлшерде болуында. Босап шыққан SiO2 бөлшектері қайтадан фагоциттеледі де үрдіс қайталанады. Бір мезгілде силикоз түйіншектері мен лимфа түйіндерінде қарсы денелердің түзілуінде үлкен рол атқаратын плазмалық жасушалардың түзілуі күшейеді. Силикоз кезіндегі склероздың негізінде қабыну үрдісі емес, склероздық үрдіс жатыр.
Силикатоздарды кремний қос тотығы басқа элементтермен: магниймен, кальциймен, темірмен, алюминиймен және басқалармен байланысқан күйінде болатын шаң туғызады. Силикаттарға асбест, тальк, каолин, цемент, слюда және басқа да қосылыстар жатады.Силикатоздар силикозға қарағанда кешірек дамиды. Олардың көбісі диффузды-склероздық түрде өтеді, үдемелілігі төмен болады. Әйтсе де, асбестоз, каолиноз, талькоз сияқты силикатоздар кезінде фиброздың түйіншекті түрі де кездеседі, ал оның ағымы біртіндеп ауырлай береді. Асбестозға жиі өкпе обыры қосылады, ал басқа силикатоздар жиі туберкулезбен асқынады.
Антракоз көмір шаңының әсерінен болатын пневмокониоз және басқа да карбокониоздар, сондай-ақ бериллиоздан басқа металлокониоздардың ағымы қатерсіз өтеді (VIII бөлімнің 8.3 тарауын қара). Құрамында темір тотығы, марганец қосылыстары бар дәнекерлік аэрозольдер тудыратын электрмен дәнекерлеушілердің пневмокониозы салыстырмалы түрде қолайлы өтеді.
Құрамында кремнийдің қос тотығының мөлшері жоғары аралас шаңмен тыныс алғаннан дамитын пневмокониоздар клиникалық ағымы бойынша силикозға ұқсас, бірақ аурудың үдеуге бейімділігі төмендеу болып келеді. Олар жиі көмір (антракосиликоз) және теміркені (сидеросиликоз) шахталарында, керамика және фарфор-фаянс өнеркәсіптерінде (силикосиликоз және басқалары) жұмыс істеген кезде байқалады. Өндірістік шаң, шаңның әсерінен болатын кәсіби бронхиттер, пневмония, риниттер және бронх демікпесінің дамуына әкелуі мүмкін. Мәселен, өсімдік талшықтарының мақта, кенеп, зығыр шаңымен тыныс алғанда кейінірек өкпе эмфиземасымен және пневмосклерозбен асқынатын бронхоспазмдық құбылыстар байқалады.
Шаңнан болатын аурулардың алдын алу шаңды гигиеналық нормалаудан, технологиялық шаралардан, санитарлық-техникалық шаралардан, жеке басты қорғайтын құралдарды пайдаланудан және емдеу алдын алу шараларынан тұрады.
Басым фиброгенді әсер ететін шаңды гигиеналық нормалау шаңның фиброгендік дәрежесіне байланысты, ал әсер ету сипаты басқа шаңдарды нормалау зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші бойынша іске асырылады. Мысалы, жоғары фиброгенді кристаллды бос күйіндегі кремний қос тотығының және құрамында ол шаңның мөлшері 70%-дан артық аралас шаңның ШРЕК-і 1 мг/м3 құрайды. Құрамындағы бос күйіндегі SiO2 мөлшері 10-нан 70%-ға дейін болатын аралас шаңның ШРЕК-і, сондай-ақ асбесттің, алюминийдің және оның қорытпаларының ШРЕК- і 2 мг/м3 құрайды, ал орташа және әлсіз фиброгенді шаңдардың ШРЕК- і әр қайсысына сәйкес 4-6-дан 8-10 мг/м3 дейін ауытқиды.
Шаң түзілумен күресуде, шаң түзілуін болдырмайтын (металлдардың өңдеудің электрлік-химиялық әдістері, қысыммен құю, заттың беттерін ультрадыбыстық өңдеу және т.б.) немесе оның деңгейін төмендететін (технологиялық үрдісте ұнтақ тәрізді заттардың орнына брикеттерді, түйіршіктерді, ертінділеді қолдану, құрғақ үрдістерді, мысалы, бұрғылауда, көмір өндіруде ылғал үрдістермен ауыстыру) технологияларды қолдану шешуші фактор болып табылады. Атап айтқанда, жерасты кен орындарында, жыныстарды өндіретін, тиейтін және түсіретін жерлерде тозаңдатып сулау қолданады. Өндірістік үрдістерді автоматтандыру мен механикаландырудың, қашықтықтан басқарудың, роботты техникаларды енгізудің үлкен маңызы бар.
Шаң шығуын төмендетудің міндетті шарттарының біріне шаңдандыратын жабдықты герметизациялау және жабу, қаптама астынан ауаны сорып алу, шаң түзілетін жерлерден шаңды тікелей сорып алу, материалдарды құбырлармен сығылған ауа көмегімен тасмалдау жатады. Метал құрастырылымдар мен ірі көлемді бұйымдарды дәнекерлеу кезінде секциялы және тасымалданбалы жергілікті сорғыштар қолданылады. Екіншілік шаң түзілумен күресу үшін бөлмелерді тазалаудың вакуумдық әдісін қолданады.
Жеке басты қорғайтын құралдарға шаңға қарсы аспираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, арнайы шаңға қарсы киімдер жатады. Тыныс мүшелерін сүзгілі және оқшаулаушы құралдармен қорғайды. Кеңінен қолданылатыны- «Лепесток» респираторлары. Шаңның теріге жағымсыз әсері кезінде қорғайтын майлар, пасталар қолданады.
Шаңды өндірістерге туберкулезбен, тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларымен, жүрек-тамыр жүйесінің, көз бен тері ауруларымен ауыратындарды жұмысқа алуға рұқсат етілмейді. Кезеңдік медициналық тексерулерді өндірістің қауіптілігіне байланысты 6, 12 және 24 айда 1 рет жүргізеді, бұл кезде міндетті түрде өкпені рентгенографияға түсіру, сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу, жалпы қан талдауы мен туберкулез микобактерияларына қақырық талдауын жасау керек. Барлық силикозбен, силикотуберкулезбен немесе туберкулезбен ауыратындар зиянды факторлармен байланысы жоқ жұмыстарға ауыстырылуы тиіс. Басқа пневмокониоздарда, мәселе жас шамасына, науқастың жасына, еңбек өтіліне, аурудың ағымына, асқынулары болуына байланысты жеке дара шешіледі.
Алдын алу шаралары ретінде шаңның ағзаға түсуін азайту, фиброздың дамуын тоқтату (УК-сәулелендіру), және ағзаның қарсы тұруын жоғарлату мақсатында жұмысшыларды УК-сәулеге түсіруді, сілтілік инголяциялар, тыныстық жаттығулар жасауды қолданады.
Шу қатты және серпімді денелердің тербелісі нәтижесінде пайда болады. Тербелістер амплитудамен (өзінің тепе теңдік нүктесінен ауытқу шамасы), жиілікпен (уақыт бірлігіндегі тербелу саны, жиіліктің өлшем бірлігі Герц (Гц), бір секундтағы бір тербеліс 1 Гц тең), және тербелмелі толқынның биологиялық немесе физикалық ортада қозғалу жылдамдығымен сипатталады. Жиілігі бойынша барлық тербелістер 3 диапазонға бөлінеді:
Шу бұл уақыт бойынша ретсіз үйлесетін және өзгеретін, жиілігі мен қарқындылығы әр түрлі, дыбыстардың жиынтығы. Дыбыс жиілігі 20 Гц-тен 20 кГЦ дейінгі серпімді (ауа) ортаның механикалық тербелісі. Дыбыс толқыны паскальмен немесе ньютонмен (1Па=1Н/м2) өлшенетін дыбыс қысымымен, және Вт/м2- -пен өлшенетін дыбыс энергиясымен (дыбыс күшімен) сипатталады.
Өндіріс жағдайында 45 Гц-тен 11 кГц дейінгі диапазондағы шулар жиі кездеседі. Бұл спектрдің бәрі 31,5;63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000 және 8000 Гц орташа геометриялық 9 октава жолақтарына бөлінген. Октава деп, диапазонның жоғарғы жиілігі төменгі жиілігінен екі есе көп, жиілік диапазонын айтады. 400 Гц дейінгі жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төмен жиілікті, 400-1000 Гц жиілікте орта жиілікті, 1000 Гц-тен артығы - жоғары жиілікті шуға жатады.
Адамның есту анализаторы қабылдайтын ең аз дыбыс күші немесе дыбыс қысымы есту сезімінің табалдырығы деп аталады, ол жиілігі 1000 Гц стандартты үн үшін 10-12 Вт/м2 немесе 2·10-5 Н/м2тең болады. Дыбыс күшінің өсуі белгілі бір шамаға дейін оның қаттылығының күшеюі сияқты сезіледі, одан жоғары болса, ауру сезінуі пайда болады. Бұл дыбыс күші ауруды сезіну табалдырығына 102 Вт/м2-сәйкес келеді.
Есту мүшесі дыбыс қысымының айырмашылығын емес, дыбыс қысымының немесе дыбыс күшінің өзгеру есесін ажыратады, сондықтан да дыбыс қарқындылығын бұл көрсеткіштердің абсолютті мәнімен емес, өлшенген шамалардың естілу табалдырығына қатынасымен бағалау қабылданған. Естілу табалдырығынан ауруды сезіну табалдырығына дейінгі диапазондағы дыбыс қысымының есту табалдырығына қатынасы миллион есе өзгереді, сондықтан өлшеу бағанын (шкала) азайту үшін ең объективті және естіп қабылдаудың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін, салыстырмалы логарифмдік бағанды қолданады.
Фактіге негізделген дыбыс күшінің (немесе дыбыс қысымының) есту сезімінің табалдырығына қатынасының ондық логарифмін анықтайды. Мысалы, дыбыс күшінің өлшенген абсолютті мәні 10-8 Вт//м2 тең болады.
Онда, логарифмдік бірліктердегі дыбыс күші тең болады:
Бел ұсынған бұл баған, өлшенетін шамалардың мәнінің диапазонын күрт қысқартуға мүмкіндік берді. Мұндай бағанның әрбір сатысы бел ( Б) деп аталады және алдыңғы сатысындағымен салыстырғанда дыбыс күшінің 10 есе өскеніне сәйкес келеді, бірақ екі есе қатты дыбыс ретінде қабылданады. Егер, дыбыс күші табалдырық күшінен 100 есе артық болса, онда оның деңгейі 2 Б тең, егер 1000 есе көп болса 3 Б тең болады және т.с.с. Практикада белге қарағанда 10 есе аз өлшем бірлік децибелл қолданылады. Сонымен, ауыруын сезіну табалдырығына дейінгі дыбыс күшінің барлық мәндері 14 Б немесе 140 дБ диапазонына кіреді.
Спектрінің сипаты бойынша шуды, кең жолақты және үнді (тональды) деп бөледі. Кең жолақты шудың үзіліссіз спектріне бір октава жолағындағыдан да тыс жатқан жиіліктер кіреді, үнді шулардың спектріне октава жолағындағы көршілес жатқан жиіліктердің шектелген саны кіреді, соның салдарынан үн ретінде қабылданады.
Дыбыс энергиясының уақыт бойынша таралуына қарай (уақыттық сипаттамалары бойынша) шуларды тұрақты,тұрақсыз деп бөледі:
Тұрақсыз шуға жататындар:
Шу - бүкіл ағзаға әсер ететін зиянды фактор. Тұрмыстық және транспорттық шу адамға әсер етеді, бірақ бұл әсері уақытша, дүркін-дүркін түрде ғана. Өндірістік шу бүкіл жұмыс ауысымы бойына, күн сайын, бүкіл еңбек өтілі бойына адаммен бірге жүреді. Токарьлардың жұмыс орындарындағы шу деңгейі 84 дБА, темір ұсталары мен қалыпқа құюшылардың жұмыс орындарында -115 дБА құрайды.
Шудың ағзаға әсері, есту мүшесінің қызметіндегі өзгерістермен қатар пайда болатын, әр түрлі мүшелер мен жүйелердегі функционалдық өзгерістер бірге жүретін есту мүшесінің өзіне тән зақымдануымен сипатталады. Орталық жүйке жүйесіне әсері барлық жүйкелік реакциялардың күрт бәсеңдеуімен, белсенді зейін қою уақытының қысқаруымен, еңбекке қабілеттілік пен жұмыс сапасының төмендеуімен, ұйқы бұзылуымен, есте сақтаудың төмендеуімен, ашуланшақтықпен білінеді. Жүйке жүйесі жағынан болатын функционалды өзгерістер есту қабілетінің нашарлауынан бұрын анықталады. Жүрек-тамыр жүйесіне әсері артериялық қан қысымының жоғарлауымен, жүрек тұсының ауыруымен, жүрек жиырылу ырғағының бұзылуымен және т.б. көрінеді. Асқазан ішек жолының сөл бөлу қызметі өзгереді, жекелеген ішкі сөл бөлу бездерінің гиперсекрециясы байқалады. Көру және вестибулярлы аппараттардың қызметінің бұзылулары да (айқын көру уақытының азаюы, түстерді ажыратудың нашарлауы, бас айналу және т.б.) пайда болады. Қанда холестериннің мөлшері жоғарлайды, ағзаның иммундық реакциялары әлсірейді, есте сақтауы нашарлайды.
Шудың есту мүшесіне әсері бастапқы кезеңдерінде тек есту табалдырығының жоғарлауына алып келеді, ол бірнеше минуттардан кейін бұрынғы қалпына келеді. Шудың жоғары деңгейлерінің (80 дБ және одан да артық) ұзақ уақыт әсер етуі кортиев мүшесінде құрылымдық өзгерістер туғызып, кәсіби құлақ мүкістігіне құлақтың әр түрлі үндер мен сыбырлап сөйлеуді сезу қабілетінің тұрақты төмендеуіне алып келетін, кохлеарлық неврит дамуына әкеп соғады. Есту аппаратына ең айқын зақымдаушы әсер ететіндер жоғары жиілікті, үнді және импульсті шулар.
Шудың жұмысшыларға қолайсыз әсерінін алдын алу үшін шудың ШРЕД - ін (шектік рұқсат етілген деңгейі) сақтау қажет. Әр түрлі жұмыс орындарындағы октава жолақтарындағы дыбыс қысымының деңгейлері мен дыбыстың эквивалентті деңгейлері, сонымен қатар, еңбек ауырлығы мен қауірттілігіне байланысты дыбыстың шектік рұқсат етілген деңгейлері мен дыбыстың эквивалентті деңгейлері нормаланады (11.2 кесте).
Жұмысшыларды шу әсерінен тиімді қорғау үшін әр түрлі шаралар қолданылады. Технологиялық шаралар шулы операцияларды шуы аз операциялармен алмастырып, шудың деңгейін түбегейлі төмендетуге мүмкіндік береді, мысалы, шегелеу машиналарының көмегімен бөлшектерді шегелеуді электрлік дәнекерлеумен немесе гидравликалық біріктірумен алмастыру. Технологияны өзгерту әрдайым мүмкін бола бермейтіндіктен, шумен күресуді техникалық шаралармен де 3 бағыт бойынша жүргізеді: шуды пайда болатын жерлерінде басу; шуды шу көзінен жұмыс орнына дейінгі таралу жолында азайту; жұмысшыны тікелей қорғау. Шуды шу көзінің өзінде төмендетуге шу тұрғысынан қауіпсіз техникаларды құрастырумен, құрылымына акустикалық қасиеттері төмен материалдарды (текстолитті, капрон, пластмассадан жасалған бөлшектер және т.б.) қолданумен, қаптамалардың көмегімен жабдықтардан шығатын шуды оқшаулаумен, компрессорлардан, желдету қондырғыларынан пайда болатын аэродинамикалық шуды әлсірету үшін дыбыс сөндіргіштерді қолданумен қол жеткізуге болады.
11.2 Кесте
Еңбек ауырлығы мен қауірттілігіне байланысты өндірістік шудың ШРЕД -і, дБА
Еңбек қауірттілігінің санаттары |
Еңбек үрдісі ауырлығының санаттары |
||||
Дене жұмысының жеңіл жүктемесі |
Дене жұмысының ауырлығы орташа жүктемесі |
1-ші дәрежелі ауыр жұмыс |
2-ші дәрежелі ауыр жұмыс |
3-ші дәрежелі ауыр жұмыс |
|
Жеңіл дәрежелі қауірттілік |
80 |
80 |
75 |
75 |
75 |
Орташа дәрежелі қауірттілік |
70 |
70 |
65 |
65 |
65 |
1-ші дәрежелі қауірт жұмыс |
60 |
60 |
- |
- |
- |
2-ші дәрежелі қауірт жұмыс |
50 |
50 |
- |
- |
- |
Шуды оның таралу жолдарында төмендету үшін, акустикалық экрандарды, төбе мен қабырғаларды өңдеу үшін дыбыс жұтатын, қаптайтын заттарды қолданады, бөлмелер арасында дыбыс оқшаулаушы (өткізбейтін) қалқаларды орналастырады, шудың берілуін дірілді оқшаулаумен және діріл жұтумен әлсіздендіреді. Дыбыс толқындарының шағылысуын азайту үшін шулы цехтар созылыңқы пішінді және төбесі едәуір биіктеу (6-7 м) болуы керек. Шулы цехтарды шусыз цехтардан алыс орналастырады.
Шу деңгейі жоғары болған кезде жеке басты қорғайтын заттарды (ішпектер, құлаққаптар, дулығалар) қолдану керек, қызметкер үшін қашықтықтан басқарылатын дыбыс оқшаулағыш кабиналарды жабдықтау қажет. Шудың зиянды әсерін төмендетуге, сондай- ақ қосымша регламенттелген үзілістер енгізу және басқа да шу әсерінің ұзақтығын шектеу жөніндегі ұйымдастыру шаралары мүмкіндік береді.
Жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер болып табылатындар есту мүшесінің аурулары, вестибулярлық аппараттың қызметінің бұзылыстары, айқын вегетативті дисфункция және т.б.. Шулы жұмыстарға жасы 18-ге толмағандар жіберілмейді, өйткені кәсіби қүлақ мүкістігі үлкендерге қарағанда жасөспірімдерде тез дамиды.
Инфрадыбыс - 20 Гц жиілік диапазонындағы, адам құлағымен естілмейтін акустикалық тербелістер және олардың жиынтығы. Өндірістік инфрадыбысты гигиеналық бағалау үшін орташагеометриялық жиіліктері 2,4,8, және 16 Гц төрт октава жолақтарын қамтитын 1,6-дан 20 Гц-қа дейінгі жиілік диапазоны маңызды болып табылады. Спектрі бойынша инфрадыбысты шулар тудыратын жолақтардың біреуіндегі деңгейі басқа барлық жолақтардағы деңгейінен 10дБ және одан да артық болатын тональды, және жиілік спектрі бір немесе одан да көп инфрадыбысты октава жолақтарындағы жиіліктерден тұратын кең жолақты болып бөлінеді. Естілетін дыбыс пен инфрадыбыстың әсерін ажырату мүмкін емес, себебі олар жиі қатар жүреді. Инфрадыбыстың табиғи көздеріне жерсілкінуі, жанартау атқылауы, теңіздегі дауылдар және т.б. жатады.
Инфрадыбыс іштен жанатын қозғалтқыштарда, желдеткіштерде, мұнай тозаңдатқыштарда, қуатты компрессорларда, турбиналарда және т.с.с. генерацияланатын (пайда болатын) болсада, өндірістік ортадағы инфрадыбыстың әсері аз зерттелген. Жұмысшыларда бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, қалтырап тоңу, ауыз қуысының құрғауы, таңдай мен бет терісінің ұйып қалуы, жүйкелік-психикалық бұзылыстар және әр түрлі вегетативті реакциялар пайда болады. Инфрадыбыстың өндіріс және тұрмыс жағдайына арналған ШРЕД-і дайындалған. Инфрадыбысты атмосфера нашар сіңіруіне және оның үлкен қашықтыққа таралуына, үйлерге жеңіл енетіндігіне және естілетін дыбыстарды өткізбейтін тосқауылдарды айналып өтуіне, резонанс дамуын туғызатын қабілетіне байланысты, инфрадыбыспен күресу қиынға соғады. Одан қорғану инфрадыбыс шығатын көзінде әлсіздендіру, пайда болу себептерін жою, инфрадыбысты таратпау және сіңіру, жеке басты қорғайтын заттарды қолдану жолымен іске асырылады.
Ультрадыбыс адам құлағы естімейтін, жиілігі 20 кГц артық серпімді тербелістер мен толқындар. Ультрадыбыстың әсері кезінде газ тәрізді және сұйық орталардың шекарасында газдың немесе будың көпіршіктері пайда болады, олар жарылғанда тіндердің бұзылуына әкеп соғатын көп мөлшерде энергия бөлінеді (кавитация құбылысы). Ультрадыбыстың қатты денелерден өтуі кезіндегі әсері жоғары жиілікті дірілдің пайда болуымен байланысты.
Ультрадыбыс халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Төмен жиілікті ультрадыбысты тербелістер (100 кГц дейінгі) жанаспалы жолмен және ауа арқылы таралады, материалдарды тазарту, зарарсыздандыру, дәнекерлеу, механикалық және термиялық өңдеуде, аэрозольдерды коагуляциялауда, медицинада (хирургияда, стерилдеу үшін және т.с.с) қолданылады, тек жанасу жолымен таралатын жоғары жиілікті ультрадыбыс (100 кГц- 100 мГц) затты бұзбай ішіндегіні бақылау және өлшеу үшін, медицинада диагностика және емдеу мақсатында қолданылады.
Қарқындылығы төмен (1,5 Вт/см2 дейінгі) жанаспалы ультрадыбыс ағзадағы зат алмасу үрдістерінің жылдамдауына мүмкіндік туғызады, қарқындылығы орташасы (1,5-3 Вт/см2 ) қайтымды бәсең жүретін реакциялар, бәрінен бұрын, кейіннен қалпына келетін жүйке тіндерінің реакцияларын туғызады. Қолдың вегетативтік полиневриті, парестезия құбылыстары, қол басы мен білектің парезі, фасцикулиттер, вегето-тамырлық дисфункция, астениялық синдром байқалуы мүмкін. Қарқындылығы жоғары ультрадыбыс (3-10 Вт/см2 ) тіндердің толық бұзылуына алып келетін, қайтымсыз үрдістер тудырады.
Ультрадыбыс көздерімен жұмыс істеу кезіндегі алдын алу шаралары ауа арқылы әсер ететін және жанаспалы ультрадыбыстарға орнатылған ШРЕД-ті сақтауға, қашықтықтан басқарылатын автоматтандырылған жабдықтарды жасауға, дыбыс өткізбейтін құрылғыларды, экрандарды қолдануға, діріл өткізбейтін тұтқалары бар жұмыс құрал-саймандарын пайдалануға бағытталуы керек.
Ультрадыбыстық тербелістерден қорғауда жеке басты қорғайтын заттар маңызды орын алады: тербелістер қатты ортада таралуы кезінде тығыз мақта-мата қолғаптарының екі жұбын қолданады: тербелістер сұйық ортада таралуы кезінде ішкі қолғаптар мақта-матадан, сыртқысы тығыз резинадан жасалған болуы керек. Жұмыс режимі және демалу режимі сақталуы тиіс, мерзімді сағаттан артық жұмыс істеуге тыйым салынады. Ультрадыбыспен ұзақ уақыт қатынас болған кезде әрбір 1,5 сағат сайын ұзақтығы 15 минуттық үзілістер жасалынуы керек. Сонымен қатар, уқалау, УК-сәулемен емдеу, су емшараларын жүргізу, дәрумендермен емдеу тиімді болып табылады.
Діріл тек тұрақты түрткі (электр энергиясы, трасмиссия) болған кезде ғана түзілетін серпімді ортаның механикалық тербелісі болып табылады.
Механикалық тербелістердің адамға берілу жолы бойынша дірілді келесі түрлерге бөледі:
Пайда болу көзі бойынша дірілді: жергілікті діріл, І санатты жалпы діріл, ІІ санатты жалпы діріл, ІІІ санатты жалпы діріл деп бөледі.
Спектр сипатына бойынша дірілді жіңішке жолақты және кең жолақты деп бөледі, жіңішке жолақты діріл бұл кезде, бір октава жолағындағы бақыланатын параметрлері көршілес жолақтағы мәнінен 15 дБ артық жоғары болады, кең жолақты діріл кезінде үзіліссіз спектрінің кеңдігі 1октавадан артық болады.
Жиілігіне байланысты дірілді бөледі:
Уақыт сипаттамалары бойынша дірілдерді тұрақты және тұрақсыз ажыратады. Тұрақсыз діріл, уақыт бойынша айнымалы, үзілісті, импульсті болып бөлінеді.
Дірілдің адам ағзасына тигізетін әсері. Ағзадағы әсер ететін жері бойынша дірілді жергілікті (пневматикалық шойбалғалармен жұмыс істеу) және бір мезгілде бүкіл ағзаға әсер ететін жалпы дірілге бөледі. Дірілдің ағзаға ұзақ уақыт әсер етуі діріл ауруының дамуына алып келеді. Жергілікті және жалпы дірілден пайда болған діріл ауруының түрлерін ажыратады.
Жергілікті дірілдің әсерінен, дірілмен қатынас болғаннан бастап 5-7 жылдан кейін, діріл ауруы біртіндеп дамиды. Оның негізгі көріністері қан тамырларындағы өзгерістер, шеткі жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары, сүйек-буын аппараты мен бұлшықет жүйесі жағынан болатын өзгерістер болып табылады. Қан тамырларындағы өзгерістер қыл тамырлардың күрт жиырылуымен немесе атониясымен көрінеді. Төмен жиілікті діріл үшін көбіне атония, ал жоғары жиілікті діріл үшін тамырлардың жиырылуы тән. Қан айналымының өзгерістері әр түрлі тіндердің қоректенуі (трофикасы )бұзылуына әкеп соғады. Дірілдің шеткі нерв рецепторларын тұрақты түрде тітіркендіруі салдарынан бас миы мен жұлынның афференттік орталықтарында рефлекторлық реакциялар пайда болады. Сезімталдылықтың барлық түрлері (денеге тигенді, температураны, дірілді сезу) бұзылады, парестезиялар пайда болады, ал кейінгі кезеңдерінде қозғалтқыш талшықтар жағынан да бұзылыстар байқалады. Содан кейін, тіндердің жарақаттануымен, нейро-тамырлық бұзылыстардың, бұлшықеттерге едәуір статикалық күш түсуі нәтижесінде пайда болатын олардың ұюымен, қоректенуінің бұзылуымен байланысты, тірек-қимыл аппараттары жағындағы өзгерістер қосылады. Миофасцикулиттер, иық белдеу бұлшықеттерінің миозиттері, тендомиозиттер, буындарда дегенеративті-дистрофиялық үрдістер дамиды.
Жергілікті діріл әсер етуінен болатын діріл ауруының 4 кезеңін ажыратады.
І - кезеңі бастапқы. Сезімталдықтың, тері температурасының төмендеуі, қыл тамырлардың жиырылуға бейімділігі сияқты жеке жеңіл көріністер байқалады. Айтарлықтай қатты емес ауыру сезімі, қол саусақтарының ұйып қалуы мазалайды. Бұл кезеңде үрдіс толығымен қайтымды.
ІІ - кезеңі. Қолындағы ауыру және парестезия сезімі тұрақты сипатта болады, барлық саусақтарының сезімталдығы күрт төмендейді, тері температурасының едәуір төмендеуі, қыл тамырлардың тұрақты түрде жиырылуы, миофасцикулит, астеноневроздық реакциялар байқалады. Діріл әсерін тоқтатқан және тиісті ем қабылдаған жағдайда үрдіс қайтымды.
ІІІ - кезеңі. Бұл кезеңіне, иық белдеуінің жоғарғы бөліктеріне дейін берілетін қол басының қатты ауыруы, тамырлардың ұстамалы жиырылуы және саусақтардың бозаруы («өлі саусақтар» симптомы), кейіннен қыл тамырлардың парездік жағдайы және терісінің көкшіл тартуы қатар жүретін қан тамырларындағы айқын өзгерістер тән. Сезімталдықтың сегмент түрінде төмендеуі, орталық жүйке жүйесінің, қан айналымы мүшелерінің , эндокриндік аппараттың функционалдық күйінің өзгеруі, қалқанша бездің гиперфункцииясы, бұлшықеттердің, сүйектердің, буындардың едәуір өзгеруі байқалады. Өзгерістер тұрақты және емделуі қиын.
ІV - кезеңі дистрофиялық өзгерістер мен үрдістің таралу кезеңі, сирек кездеседі. Жүрек және ми тамырларын, соңғы бақайшақтарының некрозы дамуына дейін алып келетін аяқ тамырларын қамтитын, таралған тамырдағы бұзылыстар дамиды. Жүрек тамырларының күрт жиырылуы, ми криздері, вестибулярлық аппараттағы бұзылыстар тән. Бұл кезең қаншалықты айқын болса, үрдіс соншалықты қайтымсыз болады.
Жалпы діріл көптеген мүшелер мен жүйелерге әсер етеді, себебі ол бүкіл денеге беріледі. Жалпы діріл тудыратын діріл ауруына, жергілікті дірілдің әсері кезіндегі сияқты, басынан діріл әсер еткен жерде ғана шектелуі тән емес. Орталық және шеткі жүйке жүйелерінде, жүрек-тамыр, эндокриндік, ас қорыту жүйелерінде, тірек-қимыл аппаратында және басқаларында бұзылыстар байқалады.
Тамырдағы бұзылыстар артериалды гипертония түрінде білінеді, бірақ жұмыс ауысымы соңына қарай қан қысымының шұғыл төмендеуімен жүретін, гипотония да дамуы мүмкін. Жүрек қан тамырларының жиырылуы, миокардиодистрофия дамуы мүмкін.
Орталық жүйке жүйесі жағындағы өзгерістер астениялық және невроздық реакциялар, вегетативтік криздер түрінде білінеді, ал ауыр жағдайларда ошақтық органикалық зақымданулардың белгілер пайда болады, диэнцефалды синдром, вестибулярлы бұзылыстар дамуы мүмкін.
Балтыр бұлшықетіндегі ауыру сезіміне, ұйып қалу сезіміне (онемения), барлық сезім түрлерінің төмендеуіне шағым айтуы тән, бұл қолға жергілікті діріл әсер еткен кездегіге ұқсас, тамырлардағы өзгерістер қатар жүретін аяқта сенсорлық немесе сенсомоторлық нейропатия дамуымен байланысты. Омыртқа бағанасында деструктивтік өзгерістер, деформациялаушы остеоартроз, екіншілік радикулиттер дамиды. Ішкі мүшелердің біршама орнынан жылжуына байланысты асқазан-ішек жолының бұзылыстары, соляриттер жиі кездеседі. Әйел адамдарда етеккір циклының бұзылуы, жыныс мүшелерінде қабыну үрдістері байқалады, ер адамдарда импотенция дамуы мүмкін.
Діріл тұрғысынан қауіпті мамандықтар кәсіби аурушаңдық пен мүгедектік құрылымында алдыңғы орындардың бірін алады. Сондықтан да алдын алу шараларын дер кезінде жүргізу мен дірілдің қолайсыз әсерінің ерте білінетін көріністерін анықтау маңызды болып табылады.
Дірілдің ШРЕД нормаланады, сонымен қатар оның деңгейі ШРЕД жоғары болған жағдайларда дірілдің әсер ететін жалпы уақыты да шектеледі. Мысалы, діріл деңгейі ШРЕД-ден 12 дБ артық қол аспаптарымен жұмыс істеген кезде, онымен жұмыс істеу уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Жергілікті дірілдің ШРЕД-нен 12 дБ артық болған кезінде ондай құралмен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Діріл тұрғысынан қауіпті кәсіп түрлерінде жұмыс істейтіндер үшін арнайы жұмыс режимі дайындалады. Жұмыс ауысымы басталғаннан соң 1-2 сағаттан кейін ұзақтығы 20 минуттық және түскі үзілістен кейін 2 сағаттан соң 30 минуттық регламенттелген үзілістер ұйымдастырылады. Дірілдің бір реттік үзіліссіз әсер ету ұзақтығы 10-15 минуттан артық болмауы керек. Дірілдің жұмыс ауысымындағы әсер ету уақытын азайту үшін, жұмысшылары бірнеше мамандықтарды меңгерген, бірін-бірі күні бойы діріл қауіпті жұмыстарда өзара ауыстырып отыра алатын, бригадаларды құрады.
Адамды дірілден қорғайтын ең әсерлі шаралар діріл шығаратын жабдықтармен жанасуын болдырмау. Осы мақсатта технологиялық жетілдіру (мысалы, соққылап бұрғылаудың орнына электрлік бұрғылауды қолдану, пневматикалық шегелеуді газдық дәнекерлеумен алмастыру, діріл тұрғысынан қауіпсіз машиналар жасап шығару және басқалары), сонымен қатар, техникалық шаралар: үрдістерді автоматтандыру және механикаландыру, қашықтықтан басқару, діріл қарқындылығын тікелей діріл көзінде құрастырылымдық шешімдер арқылы төмендету, діріл көзі мен адам қолы арасына серпімді демфирлеуші материалдар мен құрылғыларды орналастыру қолданады . Діріл тұрғысынан қауіпті қондырғыларды, еденнің көршілес бөліктерінен бос кеңістіктермен бөлінген терең іргетастарда орналастырады, машиналардың отырғыштарын діріл мен түрткілерді сөндіретін заттармен жабдықтайды, құрал-саймандардың тұтқаларын дірілді сөндіретін материалдардан жасайды.
Жеке басты қорғайтын құралдарды қолдану міндетті болып табылады: дірілге қарсы қолғаптар, аяқ киім, ұлтан, тізеліктер, кеудешелер, белбеулер мен арнайы діріл сөндіретін материалдан жасалған костюмдер.
Дірілмен жұмыс істеуге жасы 18-ге толмағандар, сонымен қатар гипертония аурумен, ангиоспазмдарға бейім тамыр дистониялары, артерияларды бітейтін ауруларымен, стенокардиямен, айқын астениялық жағдайлармен, эндокриндік-вегетативтік бұзылыстармен, вестибуло-патиялармен, невриттермен, омыртқа бағанасының мойын бөлігінің остеохондрозымен, есту мүшесінің ауруларымен және т.б. сырқат адамдар жіберілмейді.
Кезеңдік медициналық тексерулер невропатологтің, оториноларингологтің және терапевттің қатысуымен жергілікті діріл әсер еткен кезде жылына 1 рет,ал жалпы діріл әсер еткен кезде 2 жылда 1 рет жүргізіледі. Дірілдің қолайсыз әсерінің алдын-алу үшін жылы сулармен емшаралар, қолдарын уқалап, жылы ауамен қыздыру, уқалау, УК-сәулемен емдеу, гимнастикалық жаттығулар кешенін, алдын-алу мақсатында дәрумендер қабылдау, психологиялық жеңілдету, жалпы әлдендіретін шаралар (денені шынықтыру, рационалды тамақтану және т.б.) жүргізеді.
Иондаушы емес электромагниттік сәулелену мен өрістерге оптикалық және радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленулерді, сонымен қатар шартты-статикалық электрлік және тұрақты магниттік өрістерді жатқызу қабылданған.
Электромагниттік сәулеленулер (ЭМС) толқын ұзындығымен - λ(м), тербеліс жиілігімен - f (Гц) және таралу жылдамдығымен -V (м/с) сипатталатын элктромагниттік толқындар түрінде таралады. Бос кеңістікте ЭМС таралу жылдамдығы жарық жылдамдығына тең - С=3·108. м/с
Келтірілген параметрлер бір-бірімен келесі қатынаспен байланысады:
Ағзаға әсер ететін факторлардың бұл тобына:
Өндіріс жағдайында адамға аталған өрістер мен сәулеленулердің соңғы төрт түрі әсер етеді.
Табиғи иондаушы емес сәулеленулер мен өрістер салыстырмалы түрде жақын арада зерттеле бастады және соңғы он жылдықтарда жерде тіршілік пайда болуында, одан әрі дамуы мен реттелуінде олардың маңызды ролі дәлелденді. Табиғи электромагниттік өрістердің спектрін шартты түрде бірнеше құрам бөліктеріне бөлуге болады. Олар жердің тұрақты магниттік өрісі, немесе геомагнитті өріс (ГМӨ), және 10-3 -нен 1012 Гц дейінгі жиілік диапазонындағы электростатикалық өріс пен айнымалы электромагниттік өрістер.
Табиғи электромагниттік өрістер, оның ішінде геомагнитті өріс ағзаға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Бір жағынан, геомагниттік ауытқулар экологиялық қауіп-қатер факторы ретінде қарастырылады биологиялық ырғақтардың, мидың функционалдық жағдайы модуляциясының синхрондылығын бұзады, клиникалық тұрғыдан ауыр медициналық патологиялар (миокард инфарктысын, инсульттерді, жол-көлік жағдайлары мен апаттарын, соның ішінде әуе апаттарының) санының өсуіне себеп болады. Басқа жағынан, ГМӨ-нің кезеңдік емес түрінің циркадтық, инфрадтық және циркосептадтық биологиялық ырғақтармен және олардың ара қатынастарымен байланысы анықталған.
Ағзаға тек магниттік толқу (буря) ғана қолайсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар, адамның әлсіз электромагниттік өріс жағдайында ұзақ уақыт болуы факторы да, оның ішінде, жұмысы экрандалған бөлмелер мен құрылыстарда істелетін бірқатар өндірістерде де қолайсыз әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда жұмыс істеушілер жиі көңіл-күйінің және денсаулығының нашарлағанына шағымданады, бұл-геомагниттік өрістің әсерін зерттейтін гигиенаның жаңа бағытының пайда болуына негіз болды. Геомагниттік өрістің төмен деңгейі тек экрандалған құрылыстарда ғана емес, сонымен қатар метрополитеннің жерасты құрылыстарында (2-5 есе), темір-бетонды конструкциялардан салынған ғимараттарда (1,3-2,3 есе), тез жүретін лифт кабинасында (15-19 есе), бұрғылау қондырғылары мен эксковаторлардың кабиналарында, жеңіл автокөліктердің салонында (1,5-3 есе) және басқаларда да байқалады.
Гипогеомагниттік өрістің орталық жүйке жүйесіне (негізгі жүйкелік үрдістердің дисбалансы, ми тамырларының дистониясы, жауап реакциясы уақыттының ұзаруы), вегетативтік жүйке жүйесіне (тамыр соғуымен, артериалды қысымның лабильділігі, гипертензивті типті нейроциркуляторлық дистония, миокардтың реполяризация үрдісінің бұзылуы), иммундық жүйеге (Т-лимфоциттердің жалпы санының, IgG және IgA концентрацияларының азаюы, IgE концентрациясы жоғарылауы) әсер ететіні анықталған.
Әлсіз геомагниттік өрістің әсерін регламенттейтін гигиеналық ұсыныстар жоқ. Берілген жергілікті жерге тән геомагниттік өріс деңгейі, адам үшін қолайлы болып есептеледі.
8.1 Статикалық электрлік өрістер (СЭӨ). Бұл-қозғалыста болмайтын электр зарядының өрісі, немесе тұрақты тоқтың стационарлық элетрлік өрісі. Бұлар электрмен, газбен тазалауда, рудаларды және материалдарды электростатикалық жолмен бөліп алуда, сырларды және полимерлі материалдарды электростатикалық жолмен жағу кезінде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ диэлектрлік материалдарды жасау өңдеу, тасымалдау кезінде өнімнің электрленуінен электростатикалық зарядтар мен өрістер пайда болатын бірқатар өндірістер мен технологиялық үрдістері (тоқыма, ағаш өңдейтін, целлюлозді-қағаз, химия өнеркәсіптері және басқалары) бар.
Статикалық электрлік өрістің негізгі физикалық параметрлеріне өрістің кернеулігі және жеке нүктелердің потенциалдары жатады. СЭӨ нүктелік зарядқа әсер ететін күштің заряд шамасына қатынасымен анықталады және вольттің метрге қатынасымен өлшенеді (В/м). Статикалық электрлік өрістің энергиялық сипаттамасы өріс нүктелерінің потенциалымен анықталады.
СЭӨ әсер ету жағдайдағы жұмыс істеушілердің денсаулығында анықталатын өзгерістер, әдетте функционалды сипатта болады және астеноневроздық синдромы мен вегетативтік-тамыр дистониясы шеңберінде болады. Объективті көрінісінде өзіне тән көріністері жоқ, айқындылығы онша емес, функционалдық ауытқулар білінеді. Жұмыс орындарындағы статикалық электрлік өрістің кернеулілігінің шектік рұқсат етілген мәндері жұмыс күні бойына әсер ету уақытына байланысты орнатылады. Жұмыс орындарындағы электростатикалық өрістің шектік рұқсат етілген кернеулігі (Еngy ) 1 сағатқа дейінгі уақытта әсер еткенде 60кВ/м артық болмауы тиіс, ал одан да ұзағырақ жұмыс істеген кезде келесі өрнек (формула)бойынша анықталады:
мұндағы t 1-ден 9-ға дейінгі сағатпен берілген уақыт.
8.2 Тұрақты магниттік өрістер. Жұмыс орындарындағы тұрақты магниттік өрістің көздеріне тұрақты магниттер, электрлік магниттер, тұрақты токтың күшті ток жүйелері (тұрақты токтың берілу желісі, электрлік- магниттік ванналар және т.б.) жатады.
Тұрақты магниттер мен электрлік магниттер аспап жасауда, көтергіш крандардың магнитті шайбаларында, магниттік сепараторларда, суды магнитпен өңдеуге арналған құрылғыларда, магниттік гидрадинамикалық генераторларда (МГД), ядролық магниттік резонанс (ЯМР) және электрондық парамагниттік резонанс құрылғыларында, сондай-ақ физиотерапия практикасында кең қолданылады.
Тұрақты магниттік өрісті сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері өріс кернеулігі (Н), магнит ағыны (Ф) және магнит индукциясы (В) болып табылады. Магниттік өріс кернеулігінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі ампердің метрге қатынасы (А/м), магниттік ағынның бірлігі Вебер (Вб), магниттік ағын тығыздығының (магниттік индукция ) бірлігі тесла (Тл) болып табылады.
ТМӨ 2 Тл дейінгі деңгейлері ағзаға айтарлықтай әсер көрсетпейді. Сонымен қатар, ТМӨ көздерімен жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайындағы өзгерістер болатыны анықталған. Бұл көріністер жиі вегетодистония, астеновегетативті және шеткі вазовегетативті синдромдар немесе олардың қатар жүретін түрінде байқалады. Қан құрамындағы эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшерінің төмендеу жағына беталуы, орташа дәрежеде лимфо- және лейкоцитоз болуы мүмкін.
Жұмыс орындарындағы ТМӨ кернеулігі 8 кА/м (10мТл) аспауы тиіс. (1991 ж.) иондаушы емес сәулеленулер жөніндегі Халықаралық комитет ұсынған тұрақты магниттік өрістің рұқсат етілген деңгейлері жұмыс істейтін адамдар, денеге әсер ететін жері және жұмыс уақыты бойынша дифференциаланған. Кәсібі тікелей тұрақты магниттік өріспен байланысты мамандар үшін толық жұмыс күнінде (8 сағат) әсер еткенде 0,2 Тл; денеге қысқа уақыт әсер еткен кезінде - 2 Тл; қолдарға қысқа уақыттық әсер еткен кезінде - 5 Тл. Халық үшін тұрақты магниттік өрістің үздіксіз әсер ету деңгейі - 0,0011 Тл аспауы керек.
8.3 Радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленулер. Радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленулерге (ЭМС) жиілігі 3-тен 3·1012 Гц дейінгі (100000км-ден 0,1 мм дейінгі толқын ұзындығы сәйкес келетін) электромагниттік өрістер (ЭМӨ) жатады. Халықаралық регламентке сәйкес жиілігіне және толқын ұзындығына байланысты, 12 кіші диапазондарға бөлінеді.
Электромагниттік тербелістердің ең жиі кездесетін екі түрін ажыратады үйлесімді және өзгертілген.
Үйлесімді тербелістерде электрлік (Е) және магниттік (Н) құрамдастар синус немесе косинус заңы бойынша өзгереді. Өзгертілген тербелістер кезінде амплитудасы мен жиілігі белгілі бір заң бойынша өзгереді.
Радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленудің көздері халық шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады: қашықтан ақпараттарды беру үшін (радиохабарлар, радиотелефонды байланыс, теледидар, радиолокация және басқаларда). Өнеркәсіптерде радиотолқынды диапазондағы электромагниттік сәулеленулер материалдарды индукциялық және диэлектрлік қыздыру үшін қолданылады. Ғылыми зерттеулерде электромагниттік сәулеленулер радиоспектроскопияда, радиоастрономияда, медицинада физиотерапияда, сондай-ақ хирургтар мен онкологтар практикасында қолданылады. Электрлік берілістің әуе желісінің, трансформаторлық кішістанциялардың, электрқұралдарының, оның ішінде тұрмыстық құралдардың маңайында электрмагниттік сәулелену жанама қолданылмайтын фактор ретінде түзіледі. Қоршаған ортада радиожиілікті электромагниттік өрістердің пайда болатын негізгі көздеріне радио және телерадиостанциялардың, радиолокациялық станциялардың антена жүйелері, сондай-ақ ұялы радиобайланыс жүйелері мен электр берілістерінің әуе желілері жатады.
Адам ағзасы радиожиілікті электрмагниттік өріс әсеріне аса сезімтал болып келеді. Аса сезімтал мүшелер мен жүйелерге ОЖЖ, көз, гонадалар, ал кейбір авторлардың пікірі бойынша қан түзуші жүйелер де жатады. Бұл сәулеленулердің биологиялық әсері толқын ұзындығына (немесе сәулелену жиілігіне), түзілу режиміне (үзіліссіз, импульсті) және ағзаға әсер ету жағдайына (тұрақты, үзілісті, жалпы, жергілікті), әсер ету қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты болады.
Биологиялық белсендігі толқын ұзындығы өскен сайын (немесе сәулелену жиілігі төмендеген сайын) азая береді. Радиотолқындардың санти- және дециметрлік диапазондары ең белсенділері болып табылады. Радиожиілікті электромагниттік сәулеленулер тудыратын зақымданулар жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Жедел зақымданулар қарқынды лығы үлкен, айқын жылулық әсері бар сәулеленулер әсер еткен кезде дамиды. Олар өте сирек кездеседі радиолокациялық станцияларда апаттар болғанда немесе қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған кезде орын алады. Электромагниттік сәулелену көздерімен жұмыс істейтіндерге, әдетте, ЭМС микротолқынды диапазонындағы көздерімен бірнеше жылдар жұмыс істегеннен кейін анықталатын созылмалы кәсіби зақымданулар көбірек тән. Оның клиникалық көріністерінде үш негізгі синдромды ажыратады: астениялық (бас ауруы, жоғары дәрежеде қажығыштық, ашушаңдық, жүрек тұсында кезеңді түрде пайда болатын ауыру сезімі), астеновегетативтік (гипотония, брадикардия, гипертония түріндегі нейро-циркуляторлы дистония) және гипоталамустық (ұстамалы жыпылық аритмия ұстамалары, қарыншалық электросистолалар, кейіннен ерте пайда болатын атеросклероз, жүректің ишемия аурулары, гипертония ауруы дамиды) Нормативтік құжаттарда электрлік (Е) және магниттік (Н) өрістерге арналған энергетикалық экспозиция (ЭЭ), сондай-ақ, жұмыс күніндегі энергия ағынының тығыздығы (ЭАТ) нормаланады.
Радиожиілікті диапазонының облысында жұмыс істейтін аппараттарға жеке адамдық компьютерлердің терминалдары бейнедисплейлері, сондай-ақ ұялы телефондар жатады.
8.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрмагниттік өрістер (ӨЖ ЭМӨ). Соңғы жылдарда жиілігі 50 Гц электрмагниттік өрістер өз алдында жеке диапазонға бөлінген. Олардың негізгі көздеріне айнымалы токтың өндірістік және тұрмыстық электржабдықтарының әр түрлі түрлері, сондай-ақ аса жоғары кернеулі (АЖК) электр берілісінің әуе желілері мен подстанциялары жатады. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрмагниттік өрістерді гигиеналық бағалау электрлік және магниттік өрістері бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Өнеркәсіптік жиіліктегі электрмагниттік өрістердің әсеріне өндіріс жағдайында ұшыраған жұмысшылардың денсаулық жағдайында өзгерістер байқалады. Олар негізінен ағзаның неврологиялық статусындағы өзгерістерді (бас ауруы, жоғары ашушаңдық , тез қажығыштық, салғырлық, ұйқышылдық), сонымен қатар жүрек-тамыр қызметінің бұзылыстарын (тахикардия және брадикардия, артериалық гипертензия немесе гипотония, тамыр тұрақсыздығы, гипергидроз) және асқазан-ішек жолдарындағы өзгерістерді білдіретін шағымдар түрінде болады. Шеткі қан құрамында өзгерістер-орташа дәрежеде тромбоцитопения, нейтрофильді лейкоцитоз, моноцитоз, ретикулопенияға бетбұрыс болуы мүмкін.
Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістердің ШРЕД-і толық жұмыс күні үшін 5 кВ/м деңгейінде орнатылады, ал 10 минуттан аспайтын әсеріне арналған максималды ШРЕД-і 25 кВ/м құрайды, қарқындылығы 5-20 кВ/м аралығындағы рұқсат етілген болу уақыты келесі өрнек бойынша анықталады:
мұндағы Т электрлік өрістің әсерінде болатын рұқсат етілген уақыты, сағатпен
Е кВ/м берілген бақыланатын зонадағы электрлік өрістің әсер ететін кернеулілігі.
Магниттік өрістердің шектік рұқсат етілген деңгейлері жалпы (барлық денеге) және жергілікті (аяқ-қолға) әсер ету жағдайлары үшін жұмысшының болу уақытына байланысты өрістің кернеулілігі (Н) немесе магнитті индукция (В) бойынша орнатылады.
8.5. Лазерлі сәулелену. Лазерлер медицинада, өнеркәсіптерде, әскери және ғарыш саласында және тіпті шоу-бизнесте де қолданылады.
Лазерлі сәулелердің адамға әсері өте күрделі. Ол лазерлік сәулеленудің параметрлеріне байланысты болады: толқын ұзындығына, сәулелену қуаттылығына (энергиясына), әсер етуінің ұзақтығына, импульстердің жүру жиілігіне, сәулеленуге ұшырайтын жерінің ауданына («көлемдік әсер»), және сәулеленетін тіннің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне (көз, тері) байланысты болады. Тіндер сіңіретін лазерлік сәулеленудің энергиясы басқа энергия түрлеріне айналады (жылу, механикалық, фотохимиялық үрдістердің энергиясына), ол бірқатар әсер ету эффектілерін тудыруы мүмкін: жылылық, соққылық, жарық қысымы.
Лазерлік сәулелену көру мүшесі үшін аса қауіпті болып табылады. Көздің торлы қабығы көрінетін (0,38-0,7 мкм) және жақын инфрақызыл (00,75-1,4 мкм) диапазондарындағы лазерлермен зақымдалуы мүмкін. Лазерлік ультракүлгін (0,18-0,38) және қашық инфрақызыл (1,4 мкм көп) сәулелері торлы қабыққа жетпейді, бірақ көздің мөлдір қабығын, нұрлы қабығын және көз бұршағын зақымдауы мүмкін. Лазер сәулесі көздің жарық сындыратын жүйесімен фокусталатындықтан торлы қабығына фокусталып, мөлдір қабығына қарағанда торлы қабықтағы қуат тығыздығы 1000-10000 есе жоғары болады. Лазерлер шығаратын қысқа импульстер (0,1- 10-14 с) қорғаныс қызметі (көзді жұму рефлексі 0,1 с) іске қосылып үлгергенше көзді зақымдауы мүмкін.
Тері де лазер сәулесінің әсеріне сезімталдығы аса жоғары (сындарлы) мүше болып табылады. Лазер сәулесінің теріге әсер етуі толқын ұзындығына және терінің пигменттену дәрежесіне байланысты болады. Пигменттелген теріден сәулелер нашар шағылысады, ал қашық инфрақызыл аймағындағы лазерлік сәулелерді тері тіндерінің 80% дейін құрайтын су жақсы сіңіреді, бұл күйік тудыру қаупіне әкеп соғады.
Энергиясы төмен шашыраған сәуленің әсер етуі (ШРЕД деңгейінде және одан да төмен) лазерлермен жұмыс істейтіндерде невроз жағдайына, жүрек-тамыр қызметінің бұзылыстарына және т.с.с. алып келуі мүмкін.
Лазерлік сәулеленулерге ШРЕД орнатудың негізіне сәулеленудің әсеріне ұшыраған тіндерде (көздің торлы қабағы, мөлдір қабығы, тері) минимальды (табалдырықтық) зақымдануын анықтау қағидасы қойылған. Нормаланатын параметрлеріне энергия экспозициясы Н (Дж·м2 ) және сәулеленуге ұшырау дәрежесі Е(Вт/м2 ), сонымен қатар энергиясы W (Дж) және қуаты Р(Вт) жатады.
Толқындарының кең диапазоны, лазерлік сәулеленудің параметрлерінің және тудыратын биологиялық эффектілерінің әр түрлілігі гигиеналық нормативтерді негіздеуді қиындатады. Сондықтан да нормалау математикалық моделдеу негізінде, энергияның таралу сипаты мен сәулеленетін тіндердің абсорбциялық сипаттамаларын ескере отырып жүргізіледі.
8.6. Иондаушы емес сәулеленулердің адам ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу. Ең алдымен, алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізу. Иондаушы емес сәулеленулердің жеке түрлеріне қатысты алдын алу шараларының өзіндік ерекшеліктері бар.
Тұрақты магниттік өрістің жұмысшылардың ағзасына жалпы әсері кезінде деңгейлері ШРЕД-тен асатын өндірістік зонаның учаскелеріне «Қауіпті. Магниттік өріс» деген арнайы ескерту белгілері қойылуы тиіс. Сонымен бірге рационалды жұмыс режимі мен демалу режимін ұйымдастыру және тұрақты магниттік өріс әсер ететін жағдайда болу уақытын шектеу, цех ішінде тұрақты магниттік өрістің деңгейі минимальды маршруттармен жүру сияқты ұйымдастыру шараларын жүргізу керек. Электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарында тұрақты магниттік өрістің қол басына әсер етуі кезінде жартылай өткізгіш құралдарды жинаумен байланысты жұмыстар үшін өтпелі технологиялық кассеталарды қолданған жөн. Тұрақты магниттер өндірісінде - өнімнің магниттік параметрлерін өлшеу үрдісін автоматтау, магнитті материалдарды ұстау үшін қашықтықтан ұстауға бейімделген заттарды қолдану, қол басы тұрақты магниттік өрістің әсер ететін зонасына түскен кезде электромагниттік қондырғыны өшіретін блокадалайтын құрылғыларды қолдану.
Жұмысшыларға өнеркәсіптік жиіліктегі электромагниттік өрістердің әсер етуі кезінде үш қорғаныс қағидасы қолданылады: уақыт арқылы қорғау, ара қашықтық арқылы қорғау және ұжымды немесе жеке басты қорғайтын заттардың көмегімен қорғау. Бұларға әр түрлі қорғайтын экрандар жатады.
Радиожиілікті электромагнитті сәулеленуден қорғану кезінде ұйымдастыру (қондырғылардың жұмыс істеу режимі; персоналдың сәулелену әсер ететін зонада болатын орнын және уақытын шектеу), инженерлік-техникалық (қондырғыларды рационалды орналастыру, экрандау) шаралар жүргізіледі, жеке басты қорғау құралдары (қорғайтын көзілдіріктер, дулығалар, қорғайтын киім) қолданылады.
Лазерлік сәулеленуден қорғану ұйымдастыру-техникалық (бөлмелерді жоспарлау және ішкі бетін өңдеу, лазерлік қондырғыларды дұрыс орналастыру, жұмыс орнын ұйымдастыру, лазерлермен жұмыс жүргізілетін жерге кіруді шектеу) және санитарлық-гигиеналық (жұмыс орындарындағы зиянды және қауіпті заттардың деңгейіне бақылау жасау, сәулеленудің әсер ету уақытын шектеу, қорғайтын заттарды пайдалану, алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерден өтуін бақылау) шаралармен іске асырылады.
9. Өндірістік канцерогенді факторлар.
Өндірістік канцерогенді факторларға адам ағзасына еңбек үрдісі барысында әсер етуі кезінде кәсіби қатерлі ісіктердің дамуына алып келетін физикалық және химиялық факторларды жатқызады. Бұл ісіктерді сапалық белгілері бойынша басқа себептерден пайда болған қатерлі ісіктерден ажырату мүмкін емес, бұл мәселені шешу кезіндегі ең басты критерийіне сандық көрсеткіштер белгілі бір өндіріс жағдайында жұмыс істейтіндерде ісіктердің ертерек және жиірек дамуы жатады. Ісіктердің өндірістік факторлардың әсерімен байланысын анықтауды ісіктердің пайда болуының ұзақ жасырын кезеңі қиындатады. Ісіктердің пайда болатын уақытында, адам канцерогенді фактормен жұмыс істеуін тоқтатып та қалады. Сондықтан да анамнезін дұрыс жинау және кәсіптік маршрутын анықтау, сонымен қатар өндірістік экспозиция қарқындылығын ескеру өте маңызды.
Ағзаның канцерогенді факторлармен тікелей қатынасымен (мұржа тазалушылардың тері ісіктері, шаңы көп кәсіп түрі өкілдерінің өкпе ісігі және т.с.с.) немесе канцерогенді заттар шоғырланатын (бауыр) және шығарылатын жолдарда (қуық) кәсіби ісіктер өте жиі кездеседі. Радиацияның бластомогенді әсеріне тіндердің жоғары сезімтал (қан түзуші тіндер) болуы да аса маңызды.
Өндірістік канцерогенді факторларды анықтау үшін эпидемиологиялық және эксперименталдық әдістерді қолданады. Тек эпидемиологиялық әдістің өзі жеткілікті ақпарат бере алмайды, себебі өндірістегі немесе тұрмыстағы кез-келген фактор өз алдына жеке әсер етпейді. Эксперименттердің көмегімен бірқатар химиялық заттардың бластомогенді қасиеттері анықталды, бұл жаңа ғылыми бағытқа онкогигиенаға бастама берді. Бейорганикалық заттардың ішінде металлдардың (никелдің, хромның, бериллийдің, кадмийдің), сонымен қатар басым жабысқан жерінде канцерогенді эффект тудыратын талшықты материалдардың (асбест) канцерогенді әсері бәрінен де жақсы зерттелген. Табиғатты физикалық негізгі канцерогенді факторларға иондаушы сәулелер мен УК-сәулелер жатады. Енгіштігі жоғары иондағыш сәулеленудің (гамма-сәулеленулері, қатты рентген сәулеленулері, протондар, нейтрондар) жалпы әсері кезінде жаңа түзілімдер кез-келген мүшелерде пайда болады. Ағзаға енбейтін иондаушы сәулеленулер әсер еткен кезде (жұмсақ рентген сәулелері, ά және β бөлшектер) ісіктер сәулелену көзі бірінші түскен жеріндегі немесе радиация ең ұзақ жанасқан жеріндегі тінде дамиды. Органикалық заттардың ішінде 3,4-бенз(о)пиреннің, галогенделген көмірсутектердің, ароматты аминдердің, шайырдың, минералды майлардың және т.с.с. канцерогенді әсері бар.
Канцерогенездің кез-келген түрінің алғашқы кезеңі, генетикалық өзгерген жасушалардың инициациясы-индукциясы болып табылады. Келесі кезеңі промоция, ісікті анықтағанға дейінгі кезең, иницирленген (бастама алған) жасушалардың селекциясымен және олардың басқа түрге айналған фенотипінің пайда болуымен байланысты. Канцерогенездің екі кезеңіне де қажетті буыны (звеносы) жасушалық пролиферация болып табылады. Канцерогендердің көбісі иницирлеуші әсерге ие, олардың тек кейбіреулері үшін ғана промоторлық эффектісі негізгі болып табылады. Мұндай, шартты деп аталатын (төртхлорлы көміртегі, бірқатар металлдар, мүмкін асбест), канцерогендер ісіктердің жиілеуіне әкеп соғады, бұл басқа агенттермен, бәрінен бұрын эндогенді агенттермен иницирленген жасушалардың пролиферациясын ынталандыру нәтижесінде болуы мүмкін. Канцерогенезге өзгертуші факторлар деп аталатын, көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ішінде үрдістің ынталануына әкеп соғатын, тіндердің спецификалық емес (механикалық, термиялық, химиялық) зақымданулары маңызды орын алады, оларды «канцерогендік эффект» ретінде көрсетеді.
Ісіктердің пайда болуы едәуір дәрежеде ағзаның жеке сезімталдығына, атап айтқанда, ДНК репарациясын жүргізетін, зат алмасуына қатыстыратын жүйелер мен ферменттердің белсенділігінің генетикалық детерминделген (негізделген) деңгейіне байланысты.
Сонымен, канцерогендік қауіптілігі тек канцерогеннің табиғатымен ғана емес, сонымен қатар әр түрлі экзо- және эндогенді факторлармен де анықталады.
Обырды (рак) зерттеу жөніндегі Халықаралық агенттіктің (ОЗХА, 1982) жіктемесі бойынша химиялық заттарды адам үшін канцерогенділік қауіптілігі бойынша 2 үлкен топқа бөледі:
І тобы адам үшін канцерогенділігі дәлелденген заттар: 4-амидофенил; мышьяк және оның қосылыстары; асбест, бензол; бензидин; бис (хлорметилді) және хлорметилді эфир (техникалық таза); хром және оның кейбір қосылыстары; күкіртті иприт; 2-нафтил-амин; күйе; шайыр және минералды майлар; винилхлорид.
ІІ тобы адам үшін канцерогенді болуы мүмкін заттар ( 2 шағын топтарға бөлінеді): ІІа - бұл топтағылардың канцерогендік ықтималдылығы жоғары және ІІб бұл топтағылардың канцерогендік ықтималдылық дәрежесі төмен.
ІІа шағын тобына жататындар: акрилонитрил, бенз (а)пирен, бериллий және оның қосылыстары, диэтилсульфат, диметилсульфат, никель және оның қосылыстары, о-толуидин .
ІІб шағын тобына жататындар: амитрол, аураминдер (техникалық таза); бензоүшхлорид; кадмий және оның қосылыстары; төртхлорлы көміртегі; хлороформ; хлорфенолдар (өндірістік экспозициясы); ДДТ; 3,3-үшхлорбензидин; 3,3-диметоксибензидин (ортодианизидин); диметилкарбомоилхлорид; 1,4-диаксин; тікелей қара 38 (техникалық таза); тікелей көк 6 (техникалық таза); эпихлоргидрин; этиленоксид; этилентиомочевина; формальдегид (газ); гидразин; гербицидтер: феноксисірке қышқылының туындылары (өндірістік экспозициясы); полихлорланған бифенилдер; тетрахлордибензо-n-диоксин-2,4,6,-үшхлорфенол.
Екі топтың да көпшілігі жануарлар үшін канцерогенді болып табылады. ІІб шағын топтағыларына қатысты эпидемиологиялық мәліметтер қарама-қайшы.
Химиялық факторлардың канцерогенді әсері олардың құрылымына байланысты болады.
Өндірісте обырдың алдын алу жолдары: обырдың алдын алудың негізгі екі жолын ажыратады: этиологиялық факторларды жоюға бағытталған біріншілік алдын алуды, және қатерлі ісік алды ауруларды ерте анықтап және емдеуге негізделген, екіншілік алдын алуды. Бұл кезде өндірістік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және медициналық-алдын алу шараларын қолданады.
Өндірістік шаралар өндірісті жобалау және қайта құру сатыларында іске асырылатын әр түрлі инженерлік-техникалық, құқықтық және ұйымдастыру шешімдерін қамтиды. Олар қондырғыларды герметизациялаудан, технологиялық үрдістерді автоматтаудан, технологияны өзгертуден, өнеркәсіп өнімдерін канцерогенді қоспалардан тазалау немесе канцерогендерді жою жолымен канцерогенсіз етуден, кейбір шикізат түрлері мен материалдарды пайдалануға тыйым салу және т.б. тұрады.
Санитарлық-гигиеналық шаралар, негізінен, эпидемиологиялық және эксперименттік зерттеулер көмегімен өндірістік канцерогенді факторларды анықтауға, сонымен қатар өндірістік ортаның канцерогендермен ластануын анықтауға бағытталған. Канцерогенділік қасиеттердің болуына күмән тудыратын заттарды тез арада іріктеп алу үшін (скренинг) мутагенділікке (химиялық заттардың мутагендігі мен канцерогендігі арасында корреляциялық байланыс анықталған) экспресс-тесттер қолданылады.
Аса қауіпті канцерогенді қосылыстарға қатысты негізгі алдын алу шаралары оларды өндіру мен қолдануды шектеу болып табылады. Барлық жерде таралған канцерогендер үшін, жануарларға жүргізілген эксперименттің «доза-эффект» байланысы негізінде, гигиеналық норматив орнату және минимальды әсер ететін дозаны анықтап, алынған мәліметтерді әрі қарай адамға экстрополяциялау қажет.
Нормалау кезінде, сондай-ақ, эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері де ескеріледі.
Жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасын сақтау да (атап айтқанда, жеке басты қорғайтын заттарды үнемі және дұрыс пайдалану) алдын-алу мақсатында жүргізіледі, бұған жақсы ұйымдастырылған санитарлық-ағарту жұмысы мен уақтылы жүргізілетін нұсқау ықпал етеді.
Медициналық алдын-алу жұмысшыларды жұмысқа қабылдау алдында жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерді, сонымен қатар, фондық және ісік алды ауруларын анықтауға бағытталған халықты диспансерлеуді қамтиды. Рак ауруы пайда болуының жасырын кезеңі ұзақ уақыт болатынын ескеріп, онкоқауіпті өндірістерге жасы 40-45 асқан адамдарды қабылдаған жөн.
Алдын алу шараларын жүргізу арқасында коксхимиялық, тақтатас өңдеу, мұнай өңдеу, анилиндік-сырлар және басқа да өнеркәсіп салаларындағы кәсіби рак ауруының жиілігі төмендеді.
10. Өнеркәсіптік улар
10.1 Жалпы түсініктер. Адамның өнеркәсіптегі еңбек іс әрекеті үрдісінде кездесетін, қауіпсіздік техникасының ережелерін және еңбек гигиенасын сақтамаған жағдайда жұмысшыларға зиянды әсер ететін барлық немесе барлығына жуық химиялық заттар өнеркәсіптік улар болып табылады. Олар газ, бу немесе сұйық, сондай-ақ шаң, түтін немесе тұман түріндегі бастапқы, аралық, жанама немесе соңғы өнімдер болуы мүмкін.
Уағзаға туа біткен немесе жүре пайда болған қасиеттеріне сәйкес келмейтін мөлшерде (сирек сапада) түсетін тіршілік ортасының химиялық компоненті, сондықтан да өмір сүру үшін үйлеспейді.
Өндіріс жағдайларында улы әсер ететін заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері, асқорыту жолы арқылы түседі. Заттардың ағзаға түсу жолдары заттың агрегаттық күйіне (аэрозольдер, булар, газдар, сұйықтар) және технологиялық үрдістің сипатына байланысты.
Удың биологиялық әсері оның биологиялық рецепторлармен химиялық өзара әсерлесу нәтижесі болып табылады. Бұл өзара әсерлесуі заттың ағзада ұсталыну дәрежесін, оның биотрансформациялану үрдісін, ағзада жиналу және одан шығарылу дәрежесін анықтайды. Ингаляциялық жолмен түскен кезде өкпеден қанға сіңу дәрежесі әр түрлі заттар үшін бірдей емес, ол ең алдымен биологиялық сұйықтарда ерігіштігіне альвеола, қан тамырлары мен жасуша мембраналары арқылы ену қабілетіне байланысты. Қанға сіңгеннен және мүшелерге таралғаннан кейін улар ағзада айналымға түседі (биотрансформацияланады) және жиналады. Бейорганикалық заттардың барлығы дерлік және көптеген органикалық заттар әр түрлі мүшелер мен тіндерде жиналып, ағзада ұзақ уақыт ұсталынады. Ағзадағы металдардың айналымға түсуі май қышқылдарымен және амин қышқылдарымен (глутамин және аспаргинқышқылдарымен, цистеинмен, метионинмен және басқаларымен) биокешендер түзуімен жүреді. Аминқышқылдарымен сынап, қорғасын, мыс, мырыш, кадмий, кобальт, марганец және басқалары кешендер түзеді. Металдардың белоктармен түзетін кешені аса тұрақты болып келеді, ол олардың ұзақ уақыт ағзада айналуын және жұмсақ тіндермен паренхиматозды мүшелерде қорға жиналуын қамтамасыз етеді.
Металдар, олар өздері микроэлементтер түрінде кездесетін тіндерде, және де зат алмасуы қарқынды жүретін мүшелерде (бауыр, бүйрек, эндокриндік бездер) қорға жиналады. Қорғасын, уран, берилий нашар еритін фосфаттар түзеді де сүйектерде жиналады. Сынап пен кадмий белоктармен мықты байланыс түзетіндіктен паренхиматозды мүшелерде жиналады. Хром эритроциттердің мембраналарында жиналады. Элементорганикалық және органикалық заттар жасуша мембраналарының липидтік құрам бөліктерімен өзара әрекеттесіп, ол олардың жасушаға енуін және одан кейін ары қарай биотрансформациялануына себепші болады.
Бөгде органикалық қосылыстардың биотрансформациялануы, әдетте, екі фазаға бөлінеді. Бірінші фазасындағы реакцияларда негізгі жүктеме гепотациттердің тегіс эндоплазмалық ретикулумында орналасқан микросомалық ферменттер тобының Р-450 цитохромына түседі. Бұдан басқа, ксенобиотиктердің айналымын паренхималы мүшелердің митохондриялары мен цитозолда, қан плазмасы құрамында болатын ферменттер де катализдейді. Бірінші фазада удың молекуласы тотықсыздану, тотығу, гидролиздену, гидратациялану, галогенсіздену және басқа реакциялар нәтижесінде, екінші фазасы - коньюгациялану үшін қажетті функционалдық топтарды қосып алады. Зат алмасудың аралық өнімдерінің түзілуі кейде улылық әсердің төмендеуімен емес, керсінше оның жоғарылауымен бірге жүреді. Мысалы, тиофос ағзада улылық әсері күштірек параоксон түзеді.
Екінші сатысында интермедиаттар немесе ағзаға түскен улардың эндогенді қосылыстармен - глюкурон, күкірт, сірке қышқылдарымен, аминқышқылдарымен, глутатионмен синтезделу (коньюгация), сондай-ақ метилдеу реакцияларына түседі. Нәтижесінде ксенобиотиктер полярлығы жоғарылау (ерігіштеу),әдетте улы әсері төмендеу заттарға айналады, ксенобиотиктер молекулалық массасы және молекулаларының өлшемі ұлғаяды, олардың бүйрек, асқазан-ішек жолы, тері , өкпе арқылы шығуы жақсарады. Өкпе арқылы ұшқыш қосылыстар шығады, қанға сіңген және қанда айналымда жүрген улар бүйректер шумақшасынан пассивті сүзілу, пассивті өзекшелік диффузия жолымен және белсенді тасымалданумен бүйрек арқылы бөлініп шығады. Улардың тер бездерімен, тері арқылы, май бездерімен бөлініп шығуы да мүмкін. Бауырда пайда болатын алмасу өнімдері (метаболиттер), көптеген улар сияқты өтпен ішекке шығарылады. Бөлініп шығуының мұндай жолдары металлдарға (сынап, қорғасын, марганец және басқаларға) тән. Ішектен металдардың қанға қайта сіңуі және қаннан бауырға өтуі металдардың ішектен-бүйректік айналымын қамтамасыз етеді, ол ең соңында ішек арқылы бөлініп шығатын металдың үлесін анықтайды.
Улы әсер ететін заттардың, ағзада айналымда болуы, басқа түрге айналуы және ағзаданбөлініп шығуы улардың ағзада өтетін құбылыстарының жиынтығын көрсетеді және улануды жою үрдісінің токсикокинетикасын, яғни заттардың ағза арқылы өту кинетикасын (динамикасын) анықтайды.
Химиялық заттардың улылық дәрежесі оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Улылық дәрежесі (токсичность) заттың өмір сүрумен үйлесімсіздігінің өлшемі, орташа өлімге келтіретін дозаның (LD50) немесе концентрацияның (LD50) мәніне кері шама. Удың орташа өлімге келтіретін дозасы (немесе концентрациясы) әсер еткеннен кейін белгілі бір мерзім ішінде бақылауда болғанда, тәжірибе жүргізілген жануарлардың стандартты тобының 50%-ын өлімге әкелетін удың мөлшері. Улылық дәрежесінің эффектісі, ағза түрінің биологиялық ерекшеліктеріне, жынысына, жасына және жеке сезімталдығына; удың құрылымына және физико-химиялық қасиеттеріне; ағзаға түскен заттың мөлшеріне; сыртқы ортаның факторларына (температура, атмосфералық қысым және басқалары) байланысты.
Нақты өндірістік жағдайларда интоксикацияның даму ықтималдығы заттың улылығына ғана емес сонымен қатар, ағзаға өмір сүру үшін қауіпті мөлшерде удың түсуіне де байланысты. Сондықтан «қауіптілігі» түсінігі қабылданған. Қауіптілігі шынайы өндіріс жағдайында және химиялық заттарды қолдану жағдайында денсаулық үшін зиянды әсерлерінің пайда болу ықтималдылығы. Тыныс жолымен түсіп улану тудыруға қабілетті улар, сондай-ақ салдары біраз уақыт өткеннен кейін пайда болатын, ағзада жиналатын қасиеті жоғары тері және шырышты қабық арқылы түсетін улар да қауіпті болып саналады.
Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша зиянды заттар 4 қауіптілік классына бөлінеді:
1 аса қауіпті заттар;
2 қауіптілігі жоғары заттар;
3 қауіптілігі орташа заттар;
4 қауіптілігі аз заттар.
Химиялық заттың улылық және қауіптілік дәрежесінің параметрін зерттейтін өнеркәсіптік токсикологияның тарауы токсикометрия деп аталады.
Өндіріс жағдайында адам бір фактордың ғана емес, сондай-ақ әр түрлі факторлардың күрделі кешенінің әсеріне ұшырайды. Өнеркәсіп уларының аралас (біріккен), кешенді, бірлесе жүретін (сочетанное) әсерлерін ажыратады. Бірнеше улардың бір мезгілде немесе бірінен соң бірі ағзаға бір жолмен түсіп, әсер етуін әсері аралас әсері деп атайды. Аралас әсерінің келесі түрлерін ажыратады:
1. Аддитивті әсері аралас әсерлерінен туындаған эффектілердің жинақталған феномені. Бұл кезде қоспалардың қосынды әсерлері әсер ететін құрамдастары әсерінің қосындысына тең болады.
2. Күшейтетін әсері (синергизм) эффектісінің күшеюі, бұл әсері кезінде құрамдастары әсерінің жай қосындыларына қарағанда, қоспалардың қосынды әсері артық болады;
3. Антагонистік әсері - аралас әсерінің эффектісі құрамдастары әсерінің жай қосындылары кезінде күтілетін эффектісінен аздау болады.
4. Тәуелсіз әсері - аралас әсерінің эффектісі әрбір удың жеке әсерінің эффектісінен айырмашылығы болмайды. Ең уытты заттың әсері басым болады.
Улардың ағзаға бір мезгілде әр түрлі жолдармен (тыныс алатын ауамен тыныс жолдары арқылы, су және тамақ арқылы асқорыту жолымен, тері арқылы) түсіп әсер етуін кешенді әсері деп айтады. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы барған сайын өсуіне байланысты, улардың бұл жолмен түсуінің мәні күннен күнге артып келеді.
Өндірістік жағдайда өнеркәсіптік улар адам ағзасына физикалық, биологиялық (жоғары температура, ылғалдылық, иондаушы және иондаушы емес сәулеленулер, шу, діріл және т.б.) сияқты табиғаты басқа да факторлармен бірлесе (қатар) әсер етеді. Табиғатты әр түрлі зиянды факторлардың (физикалық, химиялық және т.б.) ағзаға бір мезгілде немесе ізінше әсер етуін бірлескен әсері деп айтады.
Өнеркәсіптік улар дозасы мен әсер жағдайына (концентрация/доза/уақыт) байланысты жедел және созылмалы уланулар тудыруы мүмкін. Жедел улану удың едәуір үлкен дозада бір рет әсер етуінен кейін немесе бірнеше дозалары жұмыс күні бойына әсер етуінен кейін, пайда болған улану. Созылмалы улану заттың жеке дозаларының әрбіреуі ағзаға зиян келтірмейтін, аз дозаларының ұзақ уақыт бойына көп рет әсер етуінен пайда болған улану.
Өнеркәсіптік заттардың әсер етуі кезінде белгілі патологиялық үрдістердің-қабыну, дистрофия, сенсибилизация, фиброз, жасушаның хромосамалық аппаратының зақымдануы, канцерогенді әсері және т.б. ішінен кез-келгені дамуы мүмкін. Бұл кезде әрбір заттың өзіне тән, меншікті ағзаға әсері де болады, сондай-ақ өзі жататын химиялық класына (тобқа) тән қасиеттерінің әсерін де көрсетеді.
Өнеркәсіптік улардың ішінен тітіркендіргіш, нейротропты заттарды, бүйрек уларын, қан уларын, мутагендерд,і аллергендерді, канцерогендерді, теротогендерді және басқаларын ажыратады. Бұлай бөлуі улардың минимальды мөлшерде әсер етуі кезінде білінетін, таңдамалы әсер сипатын көрсетеді. Жоғарырақ дозаларында (концентрацияларында) немесе зат ұзақ уақыт әсер еткенде жалпы уландыратын әсерінің белгілері дамиды. Жанасқан жерінде қабыну тудыратын тітіркендіргіш заттарға хлор, күкірт ангидриді, азоттың қос тотығы, қышқылдар мен сілтілер және басқалары жатады. Органикалық еріткіштердің, бірқатар металлдардың әсеріне жүйке жүйесінің басым зақымдануы тән. Гепатотропты уларға төртхлорлы көміртегі, аллил спирті және т.б. жатады; Айқын аллергенді қасиетке хром, формальдегид, бериллий және басқалар ие. Этиленгликоль және мышьякты сутегі көбінесе бүйрекке әсер етеді. Мутагенді, тератогенді, канцерогенді және гонадотропты әсері бар заттарға бенз(а)пирен, никель, алты валентті хром, гидразин және оның туындылары, этиленамин, органикалық асқын тотықтар жатады.
10.2 Өнеркәсіптік уларды токсикологиялық бағалаудың негізгі қағидалары. Өнеркәсіптік улардың жағымсыз әсерінің алдын алудағы негізгі шаралардың біріне жаңа заттар мен қосылыстарды токсикологиялық бағалау, жұмыс орындарында заттардың рұқсат етілген әсер деңгейлерін шектеу жатады. Біздің елімізде өнеркәсіптерде қолданылатын барлық химиялық заттарды зертханаларда зерттеп, жете бағалаудан бастап, химиялық өнімді жаппай өндіру және қолданумен аяқталатын көп сатылы токсикалогиялық бағалау жүргізіледі.
Егер гигиеналық стандарттар (нормативтер) дайындау мақсатында затты тереңірек токсикологиялық бағалау, оның ағзаға қауіптілігімен зиянды әсер ету сипаты туралы мәселе тұрса, онда ӘШҚД әсер етудің шамамен алынған қауіпсіз деңгейін, содан соң шектік рұқсат етілген концентрацияларын (ШРЕК) дайындау жөнінде арнайы токсикологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК-і бүкіл еңбек өтілі бойына, күнделікті (демалыс күндерінен басқа) 8 сағат шамасында және аптасына 40 сағаттан аспайтын уақыт жұмыс істеген кезде, жұмыс үрдісінде немесе біраз уақыт өткеннен кейінгі өміріндегі, қазіргі және келешектегі ұрпақтардың денсаулық жағдайында, бүгінгі таңдағы зерттеу әдістерімен анықталатын ауытқулар туғызбауы тиіс концентрациялары. Зиянды заттардың ШРЕК деңгейіндегі әсері сезімталдылығы жоғары адамдардың денсаулық жағдайында бұзылулар болуына кепілдік бере алмайды.
Биологиялық ШРЕК-і зиянды заттардың тікелей әсер ету үрдісінде немесе әсер еткеннен біраз уақыт өткеннен кейінгі өміріндегі қазіргі және келешектегі ұрпақтардың денсаулық жағдайында бүгінгі таңдағы зерттеу әдістерімен анықталатын аурулар немесе ауытқулар тудырмайтын, жұмысшының ағзасындағы (қан, зәр, тыныс алғаннан шыққан ауа, шаш және т.б.) зиянды заттардың деңгейі немесе ағзаның ең зақымданғыш жүйесінің биологиялық жауабының деңгейі.
Гигиеналық нормативтерді орнатудың негізгі қағидалары:
Зиянды әсерінің табалдырығы әсер етуі кезінде адам ағзасында физиологиялық бейімделу реакцияларының шегінен шығатын өзгерістер туғызатын немесе жасырын (уақытша орнына қайта келген) патология дамытатын жұмыс зонасы ауасындағы заттардың ең аз концентрациясы.
Зиянды заттардың гигиеналық нормативтерін негіздеу кезінде әр түрлі зертханалық жануарларға (жиі ақ тышқандар, егеуқұйрықтар, қояндар, теңіз шошқалары) қойылаған эксперименттерде ағзаға әр түрлі жолдармен түсіп (ингаляция, ауыз немесе тері арқылы түсу) әсер етуі кезіндегі улылық дәрежесі, тері мен көздің шырышты қабығын тітіркендіргіш әсері, зақымдалмаған тері арқылы ену және улану тудыратын қабілеті, сондай-ақ ағзада жинатын қабілеті де анықталады. Теріге ұзақ уақыт жабыстыру кезінде заттың аллергиялық реакциялар тудыратын қабілеті бағаланады. Бір реттік және бірнеше рет қайталап ингаляциялық жолмен әсер еткен кезінде (эксперимент ұзақтығы 4 айға дейін, күнделікті экспозициясы 4 сағат) зиянды әсерінің жалпы және спецификалық көрсеткіштері бойынша заттардың әсер ететін минимальды (табалдырықтық) концентрациялары анықталады. Осы мақсатта адекватты әдістер кешенінің көмегімен әр түрлі мүшелер мен жүйелердегі функционалдық, биохимиялық, және морфологиялық өзгерістерді тіркейді.
Затты өндіріске енгізген кезде, әдетте, 3-5 жылдан кейін эксперимент арқылы орнатылған ШРЕК-ң қауіпсіздігін анықтау үшін, оның әсеріне ұшыраған жұмысшылардың еңбек жағдайы мен денсаулық жағдайы зерттеледі. Басым көпшілік жағдайларда ШРЕК зиянсыз болып шығады, дегенмен де регламентті өзгерткен жағдайлар да болған, мысалы, хлорлы винилдің ШРЕК-і 30-дан 5 мг/м ³ дейін төмендетілгені белгілі.
10.3 Негізгі өнеркәсіптік улардан кәсіби уланулар және олардың алдын алу.
Қорғасын. Ауыр металлдарға жатады, суда және органикалық ертінділерде ерімейді. 327ºС температурада балқиды, 400-500ºС булана бастайды, ал 1740ºС қайнайды. Қорғасын мен оның қосылыстарының өндірістік көздеріне қорғасынды өндіру мен балқыту үрдістері, сонымен қатар оны қолданатын өндіріс салалары: атмосфераның әсеріне тұрақты аккумуляторлар, кабельдер, пьезоэлектрлік элементтер, резеңке, сыр, ақ сыр, лак өндірісі, металл бұйымдарды қорғасын ванналарда шыңдау жатады. Қорғасын сонымен қатар иондаушы сәулеленуден қорғануға арналған экрандар ретінде қолданылады, әр түрлі қорытпалардың құрамына кіреді.
Қорғасынның тек өзі ғана емес, оның әр түрлі қосылыстары да: қорғасынды глеті (PbO), қорғасынның шала тотығы (Pb2O), қорғасынның қос тотығы (PbO2), қорғасынның төрт тотығы (Pb3O4 ), сонымен қатар органикалық және бейорганикалық тұздары улы болып табылады.
Өндіріс жағдайында адам ағзасына негізгі түсетін жолы ингаляциялық болып табылады, бұл кезде ауадағы қорғасынның булары және аэрозольдері тыныс алған ауамен бірге жұтылады. Ауыз арқылы түсу жолының маңызы аздау, өйткені ол негізінен түкірікпен шаңды қоса жұтқанда, лас қолмен ас қабылдағанда және темекі шеккенде ғана болуы мүмкін. Дегенмен де, қорғасынның суда ерімейтін қосылыстары қышқыл асқазан сөлінде жақсы ериді және қанға тез сіңіп уланудың дамуын жылдамдататынын естен шығармаған жөн.
Қорғасын ағзадан көбінесе бүйрекпен және ішек арқылы шығарылады. Аз мөлшерде, бірақ тұрақты түрде сілекеймен, ана сүтімен, және басқа да бөлінділермен шығарылады. Қорғасынмен оның қосылыстарына айқын қорға жиналу қабілеті тән. Сүйектер, бауыр, бүйрек қорғасынның негізгі жиналатын мүшелері болып табылады, онда қорғасын ұзақ жылдар бойы болады. Жиналған қорғасын әлсін-әлсін қанға түсіп, уланудың қайталануын тудыруы мүмкін. Қорғасын сондай-ақ көп мөлшерде тісте және шашта жиналады. Қорғасынның бала жолдасы арқылы ену қабілеті үлкен қауіп тудырады.
Қорғасын барлық мүшелер мен жүйелерге әсер ететін политропты у болып табылады. Ең айқын өзгерістер қан жүйесінде, жүрек-тамыр, жүйке жүйелерінде, асқорыту жолында, бауырда, бүйректе байқалады. Қорғасынның және оның қосылыстарының әсер ету механизмі бірқатар ферментік үрдістердің, атап айтқанда гем синтезін қамтамасыз ететін урдістердің бұзылуымен байланысты. Қорғасыннан уланудың өзіне тән синдромдарының бірі анемиялық синдром болып табылады, ол порфириндердің синтезі және темірдің гемнің құрамына енуінің бұзылуы себебінен, сидероахрестикалық анемия дамуымен сипатталады. Ол тек гемоглобин деңгейінің төмендеуімен ғана емес, сонымен қатар қорғасынның цитоплазмаға улы әсер етуі салдарынан, базофильді-түйіршікті эритроциттердің көп мөлшерде пайда болуымен, сондай-ақ ретикулоцитоз болуымен жүреді. Қанда протопорфириндердің, ал зәрде порфириндер синтезінің аралық өнімдері болып саналатын дельта-аминолевулин қышқылы мен копропорфириндердің мөлшері жоғарылайды.
Бұл көрсеткіштер қорғасыннан улануын анықтау үшін жұмысшыларды скринингтік тексеру үшін қолданылады.
Жүйке жүйесіндегі өзгерістер басында тек астениялық және астено-вегетативті синдромдар (бас ауруы, бас айналу, тітіркенгіштік) типті функционалдық ауытқулар түрінде байқалады, ал улану дәрежесі айқынырақ болған жағдайда энцефалопатия және полиневропатия құбыластары байқалатын тұрақты органикалық ауытқулар дамиды. Ертеректе, цехтардағы атмосфералық ауаның қорғасынмен өте жоғары деңгейде ластануы кезінде қорғасынның әсерінен салдану деп аталатын аурудың дамуы жиі байқалатын. Қазіргі кезде олар іс жүзінде кездеспейді.
Қорғасыннан созылмалы улану, басында ангиодистониялық құбылыстармен басталып, кейіннен гипертония ауруына ұласатын жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдануына әкеп соғады.
Ішек-қарын қызметінің бұзылуымен асқазанның,тоқ ішектің қабынуымен білінетін асқазан-ішек синдромы қорғасын әсерінің өзіне тән салдары болып табылады. Ауыр жағдайларда жиі «қатты іш ауыруы (острый живот)» көріністеріне ұқсас және жедел вегетатитивтік криз дамуы себебінен «қорғасыннан болатын шаншу(свинцовая колика)» деп аталатын - азапты, толғақ тәрізді іш ауруы дамуы мүмкін.
Қорғасын әсерінен сондай-ақ паренхиматозды мүшелер, эндокриндік жүйе, гонадалар зақымданады. Уланудан бауыр қабынуы, интерстициалды нефропатия, етеккір-анабез гормондары циклінің, ұрпақ келтіру қызметінің бұзылуы дамиды, айқын ұрықты уландыратын және тератогенді әсерлері байқалады.
Қорғасыннан уланудың ең түбегейлі алдын алу шаралары оның қолданылуын шектеу. Атап айтқанда, құрамында қорғасыны бар егеулерді, әйнекейлерді, ақ сырларды дайындау кезінде қорғасынды қолдануға тыйым салынады. Өндірістік үрдістерді автоматтандыру және герметизациялау, қашықтықтан басқаруды енгізу, қуатты желдету жүйелерін ұйымдастыру арқылы жұмыс зонасы ауасының ластану деңгейін төмендетудің үлкен маңызы бар. Ауаның қайтадан ластайтын көзі болуы мүмкін қорғасын шаңының әр түрлі нысандарға қонуын болдырмау үшін жұмыс бөлмелерін орталықтандырылған ауамен тазалайтын қондырғыларымен жабдықтайды. Жұмыс бөлмелерінің қабырғалары мен едендерін мүмкіншілік бар жерлерде, судың ағынымен тазалауға рұқсат етілуі тиіс.
Санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсылап ұйымдастыруға және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауға айрықша көңіл бөлінеді. Үнемі ауыз қуысын тазалау, қолын және денесінің басқа да ластанған жерлерін сірке қышқылының әлсіз ертінділерімен жуып отыру, жұмыстан кейін душта жуынуы керек. Цехтарда тамақ ішуге және темекі шегуге рұқсат етілмейді. Арнайы жұмыс киімі және өзінің киімі жеке шкафтарда сақталуы тиіс. Міндетті түрде жеке басты қорғайтын заттарды- «Лепесток» және басқа да респираторларды, қолдануы тиіс.
Қорғасынмен байланысты болатын жұмысқа әйелдер және жасөспірімдер, сондай-ақ орталық және шеткі жүйке жүйесінің созылмалы аурулары бар, қан тамырларын бітейтің (облитерирующий) эндартериитпен, қан ауруларымен, артериялық гипертониямен, бауыр және бүйрек ауруларымен және басқаларымен ауыратын адамдар қабылданбауы тиіс. Жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдердің тізімі ҚР ДМ №243 бұйрығында көрсетілген. Өндірісте жұмыс істейтіндер, цехтік терапевтті және невропатологы қатысатын кезеңдік медициналық тексерулерден өтуі тиіс. Тағам рационын, қорғасынды өзіне сіңіретін, құрамында пектині бар тағамдық өнімдермен байытады: пектин заттары алманың, алмұрттың, өріктің, қызылшаның, сәбіздің, қырыққабаттың құрамында едәуір мөлшерде кездеседі. Қосымша тегін емдік-аурудың алдын алу жөніндегі тағам рационын береді (№3 рацион, - VIII тарауды қараңыз), дәрумендермен емдеу жүргізеді, қылқан жапырақты ванналар жасайды, профилакторийларға және шипа жайларға жолдама береді.
Сынап және оның бейорганикалық қосылыстары. Метал сынап бөлме температурасында сұйық, әрі ауыр металл болып келеді. Балқу температурасы 38,8ºС, қайнау температурасы - 356ºС. Нөл градустың өзінде-ақ булану жүреді. Температура жоғарылаған сайын және буланатын бетінің ауданы ұлғайған сайын булану қарқындылығы өсе береді.
Металды сынаппен және оның бейорганикалық қосылыстарымен (сулема (HgCl2 ), сынап цианиді (Hg(CN)2), сынап роданиді (Hg(SCN)2 және басқалармен) өндірістің әр түрлі салаларында байланыста болуы мүмкін, атап айтқанда : өлшейтін аспаптар, рентген түтіктерін, кварц және люминесценттік шамдар жасауда, кендерден амальгама түрінде металдарды алу, сынапты кеннен балқытып алу, сынап препараттарын, фунгидцидтерді, кейбір жарылатын заттарды, ағаштың шіруінің алдын алу үшін қолданатын заттарды өндіру кезінде, зертхана және медицина практикасында.
Өндіріс жағдайында сынап ағзаға негізінен тыныс алу мүшелері арқылы булары мен аэрозольдеры түрінде түседі. Жарақаттанбаған тері арқылы және бірен-саран асқазан-ішек жолдары арқылы түсуі мүмкін болса да басқа жолдармен түсуі айтарлықтай емес. Сынап ағзадан нәжіспен, зәрмен, сілекеймен, термен, өкпе арқылы шығады, бірақ шығуы өте баяу жүреді, соған байланысты бауырда, бүйректе, көк бауырда, мида және сүйектерде қор түзе жиналады.
Металды сынаптың да және оның қосылыстарының да улылығы жоғары, бұл сынап иондарының белоктардың SH-топтарымен, карбоксил және амин топтарымен өзара әрекеттесіп, ферменттердің белсенділігін төмендететіндігімен және зат алмасуының бұзылуына әкеп соғатындығымен түсіндіріледі.
Жедел және созылмалы уланулар дамуы мүмкін. Жедел уланулар өндірісте сирек кездеседі, олар негізінен апат жағдайларында, сынап зауыттарында қазандар мен пештерді тазалау кезінде болуы мүмкін. Жедел уланулар кезінде сынап ағзадан шығатын мүшелер мен жүйелердің: бүйрек, асқазан-ішек жолы, сілекей безі зақымдануының көріністері басым болады. Мысалы, уланғаннан кейін көп уақыт өтпей-ақ (5-24 сағат) әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, жоғары тыныс жолының қабыну құбылысы пайда болады, ауыз қуысының шырышты қабығы, қызыл иектің жаралануымен жүретін сынап стоматиті, қатты ішінің ауыруы, қан араласып ішінің өтуі, тіпті бүйрек тіндерінің өліеттенуіне дейін баратын уланудан болған нефропатия дамиды. Сондай-ақ орталық жүйке және жүрек-қан тамыры жүйелерінің функционалдық жағдайында өзгерістер байқалады.
Сынаптан созылмалы уланулар аз дозаларымен улану кезінде аурудың белгілері айқын емес: бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, есте сақтаудың төмендеуі, тез қажу, ұйқы ырғағының бұзылуы, қолын созғанда саусақтарының дірілдеуі, қызыл иектен қан шығуы, тістерінің тез бүлінуі, етеккір-анабез гормондары циклінің бұзылуы, лейкопения және басқалар байқалады. Уланудың бұл бастапқы сатысы микромеркуриализм (меркурий, грек тілінен сынап дегенді білдіреді) деп аталады.
Сынаптан уланудың айқын сатысы меркуриализм әдетте сынаптың жеткілікті дәрежеде жоғары деңгейде ұзақ уақыт ағзаға әсер етуі кезінде байқалады. Уланудың көрінісінде сынаптың әсерінен болған энцефалопатия түріндегі жүйке жүйесінің зақымдануы бірінші байқалады, онымен асқазан-ішек жолының, бүйректің зақымдануы да қатар жүреді.Жоғарыда көрсетілген микромеркуриализмдегі функционалдық өзгерістер қарқындылау және тұрақты болады. Тремор ірі болады, тек қолда ғана емес, сонымен қатар қабаққа, тілге, аяққа, ауыр жағдайларда бүкіл денесіне таралады. Ол дәл қимылдар орындауын, қағаз жазуын қиындатады. Жазуы танымастай өзгереді. Аурудың психикасы өзгереді. Барған сайын күшейе беретін тұрақты бас ауыруы, күйгелектік, ашушаңдық және күйзеліс жағдайы аясында бұл адамға тән емес жасқаншақтық, ұялшақтық, қорқақтық, өзіне- өзі сенімсіздік (сынаптық эретизм) пайда болады, бұл ми қыртысы-қыртыс астылық қызметінің айқын бұзылуымен байланысты. Ауыр психикалық ауытқулар есте сақтау қабілетінің бұзылуымен, шизофрения тәрізді синдроммен білінеді. Кейде есінен танып қалатын жағдайлар, эпилепсия сияқты есінен танумен және тырысып қалуы, қояншық тәрізді есінен айырылу,еттерінің құрысып жиырылуы мүмкін.
Асқорыту мүшелерінде сынаптың әсерінен болған стоматит, гингивит, гастрит, энтерколит байқалады. Тамаққа тәбеті болмайды, тамақтануының шұғыл нашарлауына байланысты анемия, күрт арықтауы мүмкін. Тыныс алатын ауада сынаптың мөлшерінің жоғары болуы әйелдерде жүктілік барысының бұзылуына, өздігінен түсік тастауына, жаңа туылған нәрестелердің арасында өлім- жітімнің көп болуына әкеп соғады.
Сынаптан уланудың бұл сатысы тіпті ұзақ уақыт қарқынды емдегеннің өзінде де қайтымсыз деп айтуға болады.
Сынаптан уланудың алдын алу жөніндегі шаралар кешенінің ішіндегі тиімдісі технологиялық үрдісте сынапты зияндылығы аз заттармен алмастыру болып табылады. Бірақ бұл жолмен қол жеткізу барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Осыған байланысты сынаптың жұмыс зонасы ауасына түсуінің алдын-алуға бағыттайтын шараларды қолданады. Жабдықтарды герметизациялау, үрдістерді қашықтан басқарудың, ашық сынаппен жұмысты сорып әкететін шкафтарда істеудің, жалпы көлемдік енбелі-сормалы желдету түрін орнатудың, сынаптың булануын азайту мақсатында бөлмелерде салыстырмалы түрде төмен температура жағдайын (15-16ºС) сақтаудың айрықша маңызы бар.
Сынаппен істелетін жұмыстың бәрі де жеке арнайы жабдықталған бөлмелерде жүргізілуі тиіс. Олардың қабырғалары мен төбесін сынап өтпейтін майлы сырмен сырлайды. Едендерін, жұмыс істейтін столдарының бетін линолеуммен жабады, шеттерін қабырғаға қарай көтеріп сылақтың астына жібереді. Сорып әкететін шкафтарды сынап еденге төгілмей ыдысқа ағуы үшін арнайы астаушамен жабдықтайды. Астаушадан қабылдайтын ыдыс калий перманганатының ерітіндісімен толтырылады, ол сынапты тотықтырып, булануының алдын алады.
Бөлмелерді үнемі жуып жинау және оқтын-оқтын демеркуризация жүргізу марганец қышқылды калийдің, хлорлы темірдің, хлораминнің, гипосульфиттің судағы ертінділерімен белсенділігін жойып, сынаптан тазарту өте маңызды.
Ауаға ұшқан сынаптың булары тез арада сұйық күйге ауысатынын және линолеумдердің астында және басқа да жерлерде жиналып «қор» жасайды, сөйтіп бөлмеге қосымша түсіп отыратын жасырын көзіне айналатыны есте болуы керек. Сынаптың жұмыс істейтін және қосымша көздерінен ауаға түсуінен құтылу үшін оның буларының концентрациясын жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етілуі тиіс. Оның максималды бір реттік ШРЕКм.б.р. 0,01 мг/м3 ,орташа тәуліктік ШРЕКо.т. 0,005 мг/м3 артық болмауы тиіс.
Сынап өндірісіндегі жұмысшылар арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етілуі тиіс. Технологиялық жабдықтардың ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде алдымен жабдықтардың ішкі бетінің температурасын 40ºС дейін төмендету, оқшаулайтын противогаздар мен арнайы киімдер қолдану, ұдайы сақтандыру және дабыл қаққышты қою міндетті түрде болып табылады.
Сынаппен қатынаста болатын жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер, олар орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары, невроз жағдайлары, психопатия, шеткі жүйке жүйесінің созылмалы аурулары, вегетативтік ауытқулар, асқазан-ішек жолының, бауырдың, бүйректің, тістің және басқалардың созылмалы аурулары. Жұмысқа жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдер жіберілмейді.
Жұмыс істеушілердің кезеңдік медициналық тексерулерден өтуі міндетті болып табылады. Тексерулердің кезеңділігі жұмыстың қауіптілік дәрежесіне байланысты және жылына 1 реттен 4 ретке дейін болуы мүмкін.
Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану тағайындалады (№4 рацион VIII тарауды қараңыз). Жұмыс уақытында сынаптың қосылыстарын байланыстыру және кетіру мақсатында калий перманганатының ертіндісімен ауызды әлсін-әлсін шайып тұрады. Ағзада сынапты тасымалдаушылық анықталған жағдайда арнайы тағам рационын және бойына сіңіретін заттарды қолданып оның ағзадан шығуын ынталандырады.
Хром және оның қосылыстары. Хром оксидтер және басқа элементтермен қосылысы түрінде кездесетін поливалентті метал. Хромның жұмысшыларға әсер етуі әр түрлі өндірістерде: құрал-саймандарға және басқа да металдан жасалған өнімдерді электролиттік хромдау кезінде, теріні илеу үшін және бояу кезінде басытқы үшін хромның қосылыстары қолданылатын тері, тоқыма өнеркәсіптерінде; шыны және форфор өндірісінде, фармацевтика өнеркәсіптерінде, қоспа ретінде хром қосып болат қорыту кезінде және басқаларда байқалуы мүмкін.
Хром және оның қосылыстары ағзаға әр түрлі жолдармен түсуі мүмкін: аэрозольдермен тыныс алған кезде, асқазан-ішек жолы, тері арқылы. Өкпе тінінде, бауырда, ұйқы безінде, бүйректе, жілік майында жиналуға қабілетті. Ағзадан шығуы негізінен бүйрек арқылы, азырақ мөлшерде өтпен және тер бездері арқылы жүреді.
Хромның улылығы оның валенттілігіне байланысты. Улылық әсері ең жоғарысы хромның алты валентті және үш валентті қосылыстары, улылық дәрежесі салыстырмалы түрде аздауы екі валенттілігі және хромның өзі. Хромның барлық қосылыстарының шырышты қабықта және теріні тітіркендіретін, күйдіретін әсері бар және олардың жараға айналуына әкеп соғады. Мұрын қалқасы шеміршегінің тесілуі әдеттегі болып табылады. Жара хроммен байланыста болып 3-4 апта жұмыс істегеннің өзінде-ақ пайда болады, ал мұрын қалқасының тесілуі- 1,5-2 айдан кейін. Тіндердің, дистрофиялық және тіпті тесілуге дейін әкеп соғатын өліеттеніп (некроз) зақымдануы хром көзге тиген кезде байқалады.
Хромның қосылыстары аллерген болып ағзаны сенсибилизациялайды және демікпе құбылыстарына, аллергиялық жанаспалы тері қабынуына, жараларға, хром экземасына әкеп соғады. Хромның әсерінен өкпеде таралған пневмосклероз дамиды. Хромның құбылыстарының әсіресе алты валенттісі канцерогенді қабілетке ие. Соған байланысты хроммен байланысы бар жұмыстарды істейтіндерде халықтың басқаларына қарағанда өкпе обыры жиі кездеседі.
Хром қосылыстарының жалпы улылық әсерінде асқазан-ішек жолының қабыну, ойық жара аурулары, бауырдың, ұйқы безінің, бүйректің, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады.
Хромның және оның қосылыстарының қолайсыз әсерлерінің алдын алу үшін жоғарыда жазылған техникалық және санитарлық-техникалық шаралардың кешенін, сонда й-ақ жеке басты қорғайтын заттарды респираторларды және оқшаулаушы шлангалы противогазды, арнайы киімдерді қолданады. Жұмыс алдында мұрнына құрамында А-дәрумені бар балық майын немесе жақпамай жағады, қолына арнайы жақпамай жағады. Жұмыстан кейін оларға натрий гипосульфитінің 5% ертіндісін жағады. Терінің қабынулары, жаралар, аллергиялық реакциялар пайда болуы хроммен қатынаста болатын жұмыстан босатуға негіз болып табылады. Кезеңдік медициналық тексерулерді жылына кем дегенде бір рет жүргізеді. Ай сайын отоларинголог міндетті түрде қарауы тиіс. Жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдерге тыныс мүшелерінің, көздің, тері аурулары, туберкулез, аллергиялық аурулар жатады.
Марганец және оның қосылыстары. Өндірісте негізінен тотықтар мен металдармен қосылыстары түрінде кездеседі. Олардың өндірістік көздеріне марганец кенін шығару, құрамына қоспа ретінде марганец қосылатын сапалы болат өндіру үрдістері; дәнекерлік электродтарды өндіру және қолдану; химия, әйнек жасау және электрохимия өнеркәсіптері және басқалар жатады.
Ауада дезинтеграция және конденсация аэрозольдері күйінде болып, марганец қосылыстары ағзаға көбінде тыныс жолдары арқылы, аз дәрежеде асқазан ішек жолы арқылы түседі. Аз еритін фосфаттар түзіп марганец сүйектерде, бас миында, ұлпалы мүшелерде қорға жиналады. Ағзадан асқазан ішек жолы және бүйрек арқылы шығарылады.
Негізгі зақымдалатын жүйеге орталық жүйке жүйесі жатады, бұл жүйеде дамитын өзгерістердің ішінде келесі өзгерістердің маңызы зор: марганецтің әсерінен холинэстеразаның белсендігі тежеледі, серотонин алмасуы бұзылады, катехоламиндердің биосинтезі бұзылады, сонымен қоса жүйке тініне тікелей әсер етеді. Марганецтен уланудың бастапқы кезеңдеріне астениялық-вегетативтік көріністер (қажығыштық, бас ауыруы, ұйқышылдық), аяқтарындағы әлсіздік, қимыл-қозғалыстарындағы икемсіздік, салғырттық, өз күйіне сын көзбен қарауының жеткіліксіздігі, мимикасы төмендеуінің жеңіл түрі тән. Содан кейін, жүру кезіндегі қолдардың бірге үйлесімді қозғалуы, жүрісі бұзылуы, бұлшықет тонусы жоғарлауы, бұрынғыдан да мимикасының төмендеуі, көз қарасы қозғалыссыз, кірпігін сирек қағуы сияқты уланудан болған энцефалопатия белгілері пайда болады. Сөйлеуі баяуланған, нашар модульденген. Шеткі мотонейрондардың зақымдануы кезінде бұлшықеттерде гипотония және атрофия дамиды. 3-ші кезеңінде марганецтік паркинсонизмнің айқын көріністері дамиды. Алдыңғы кезеңдеріндегі аурудың белгілері үдей түседі, қораздың жүрісіне ұқсас жүріс пайда болады (аяқ ұшының бүгілген контрактурасы салдарынан аяқтың ұшының басымен жүру). Про-, ретро- және латеропульсия белгілері айқын бола түседі: бір-екі қадам артқа жүргенде немесе бір жағына қарай бір-екі аттағанда науқастар құлайды, алға қарай жүргенде кенеттен тез жүріп кетеді. Бұлшықет тонусының қатқыл бұзылыстары тұрақты сіңірлік контрактуралардың дамуын тудырады және науқастардың жүріп-тұруын қиындайды. Күштене жылау немесе күлу эпизодтарымен, қызығушылығының төмендеуімен, эмоционалды жасықтық, интеллект төмендеуімен көрінетін эмоционалды сфераның бұзылуы өседі. Толық мүгедектік пайда болады. Марганец шаңының әсер етуі кезінде марганецтік паркинсонизммен бірге салыстырмалы түрде қатерлі емес манганокониоздың дамуы байқалады.
Марганецпен уланудың алдын алу өндірісте оның улылығы аз қосылыстарымен алмастыруға, өндірістік үрдістерді мүмкіндігінше толық герметизациялауға, автоматтандыруға және механикаландыруға, тиімді ауа алмасуын ұйымдастыруға, жеке басты қорғайтын заттарды міндетті түрде қолдануға, жұмысқа қабылдар алдында қарсы көрсетілімдерін ескеруге, кезеңдік медициналық тексерулер мен медициналық сауықтыру шараларын жүргізуге бағытталады.
Бериллий және оның бейорганикалық қосылыстары. Бериллий жеңіл металға жатады (м.с. 99,01). Өзінің физикалық және химиялық қасиеттерінің арқасында ол әр түрлі салаларда: ядролық техникада және зымыран жасауда, электроникада, атом энергиясында, газ турбиналары, рентген түтікшелері өндірістерінде, аса қатты ұшқын шығармайтын аспаптарды жасауда, ұнтақтық металлургияда және т.б. кеңінен қолданылады. Бериллийдің әсеріне тек аталған өндірістегі ғана жұмыс істейтіндер емес, сонымен қатар оны өндіру және өңдеу үрдістерімен айналысатын жұмысшылар да ұшырайды.
Өндіріс жағдайында бериллий және оның қосылыстары негізінде бу және шаң түрінде тыныс жолымен және тері арқылы, сонымен қатар аз мөлшерде асқазан-ішек жолы арқылы түседі. Ағзада бериллий және оның қосылыстары: нашар еритіндері өкпеде, жақсы еритіндері сүйектерде, бауырда, бүйректе, көк бауырда қорға жиналады. Бериллий мен оның қосылыстары гематоэнцефалды бөгет және баланың жолдасы арқылы өтуге қабілетті. Ағзадан бериллий негізінен ішек және бүйрек арқылы шығарылады.
Бериллий және оның қосылыстары жоғары улылыққа, сенсибильдеуші, канцерогенді, эмбриотропты және фиброгенді әсерлерге ие. Жедел уланулар кезінде жоғарғы тыныс жолдарының және көздің шырышты қабаттарының қатты тітіркенуі және ісінуі байқалады, мұрыннан қан ағуы байқалады, «құйма қызбасы (литейная лихорадка)» дамиды, ауыр жағдайларда бронхоспазм құбылысы бар жедел бронхеоальвеолит қатар жүреді.
Созылмалы улану кезінде бериллийдің жиірек аз және нашар еритін қосылыстарының әсерінен өкпеде таралған фиброздың фонында гранулематозды үрдіс бериллиоз дамиды, оған өкпе қызметі жеткіліксіздігінің тез дамуы және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі қосылуы тән. Сондай-ақ жиі туберкулез және алапес ауруларына дифференциалды диагноз жасауды қажет ететін, жара, терінің қабынуы, гранулемалар пайда болуы түріндегі терінің зақымданулары байқалады. Бериллийдің ағзаға сіңуі нәтижесінде ұлпалы мүшелер мен орталық жүйке жүйесіне улы әсері пайда болады. Әсіресе бауырға улылық әсерінің эффектілері айқын байқалады. Бауырда берилийден улануға тән гранулемалар мен өліеттенген өзгерістер анықталады.
Бериллиймен жұмыс істеу кезіндегі маңызды алдын алу шараларына өндіріс үрдістерін автоматтандыру және механикаландыру, жабдықтарды саңылаусыз етіп тұмшалау, қашықтықтан басқаруды, арнайы кабиналарды қолдану жатады. Міндетті түрде желдеткіш қондырғылармен жабдықтау, арнайы жұмыс киімдерін, респираторларды, ал қажет болған жағдайларда пневмокостюмдерді қолдану. Арнайы жұмыс киімдері өз киімдерінен бөлек сақталынуы тиіс, және де арнайы мамандандырылған кір жуатын орындарда механикаландырылған түрімен жуылуы керек. Арнайы жұмыс киімдерін және басқа да тұрмыстық заттарды үйге алып кетуге болмайды, себебі бериллиймен жұмыстық байланысы жоқ адамдарда бериллиоз дамуы мүмкін. Жұмыстан кейін душта жуыну керек.
Бериллидің қауіптілігі туралы, ал ол қауіптілігі 1класс заттарға жатады,оның ШРЕК-і өзі білдіреді. Мысалы, ШРЕКм.б.р. 0,003 мг/м3 тең, ал ШРЕКо.а. 0,001 мг/м3 тең болады. Бериллийдің кез келген көзі қоршаған ортаның нысандарының қауіпті ластануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан бериллийдің ауадағы концентрациясына, жабдықтардың, терінің, киімдердің ластанғандық дәрежесіне тұрақты түрде бақылау жасау керек.
Бериллиймен байланыста болатын жұмысқа қабылдауға қарсы көрсетілімдер тыныс мүшелерінің, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің, бауырдың, бүйректің, орталық жүйке жүйесінің, қанның және қантүзуші мүшелердің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулар жатады. Жұмысқа жаңадан түскендерге аурудың алдын алу шаралары жөнінде міндетті түрде нұсқау берілуі тиіс. Кезеңдік медициналық тексерулер, 6 айда бір рет, міндетті түрде терапевт пен рентгенологтың қатысуымен, және де қажет болған жағдайларда оторинларинголог, дерматолог, окулист, невропатологтың қатысуымен жүргізіледі. Жұмысқа жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді.
Кадмий және оның қосылыстары. Кадмийдің қоршаған ортаға бөлетін көздері оны өндіру және пайдалану үрдістері (ядролы энергетикада, жартылай өткізгіштер, лазерлік материалдар, люминофорлар, дәнекерлік электродтар, дәнекерлеуге қажетті заттар, стабилизаторлар және басқалар өндірісіне) жатады.
Өндіріс жағдайында кадмий және оның қосылыстары ағзаға негізінен аэрозольдермен тыныс алғанда және асқазан-ішек жолы арқылы түседі. Сондай-ақ зақымданбаған тері арқылы түсуі де мүмкін. Ағзадан негізінен бүйрек арқылы шығады, дегенмен де ол сілекей және тер бездерімен, ана сүтімен, шаш пен тырнақ арқылы да шығады.
Кадмий мен бейорганикалық қосылыстары өте улы заттар болып табылады. Олардың қауіптілігі 1 классқа жатады, ШРЕКм.б.р. 0,05 мг/м3 тең, ал ШРЕКо.т. 0,01 мг/м3 құрайды. Кадмийдің жақсы еритін қосылыстары аса улы болып келеді, бұл кезде олардың улылығы кадмий иондарымен анықталады. Кадмийдің әсер ету механизмі ферменттердің реактивті топтарын, атап айтқанда, SH - топтарын байланыстыратын, сөйтіп ферменттердің белсенділігін тежейтін қабілетімен байланысты. Бұдан бөлек, кадмий мырыш, темір, мыс, селен сияқты эссенциалды элементтердің алмасуын өзгертеді. Олардың ағзаға жеткіліксіз мөлшерде түсуі кезінде кадмийдің улылығы шұғыл өседі. Кадмийдің қауіптілігі оның жоғары кумуляциялық қасиетімен және қорға жиналатын қабілетімен тереңдей түседі. Негізгі қорға жиналатын мүшелеріне бауыр мен бүйрек жатады. Рационда белоктардың көп мөлшерде болуы және кальцийдің жетіспеушілігі кадмийдің ағзада жиналуына ықпал жасайды.
Кадмий политропты у болып табылады, бірақ оның өзіне тән зақымданулары ең алдымен бүйректе, жүрек-қан тамырлары және орталық жүйке жүйесінде, сүйек тіндерінде байқалады (ІІІ, IV, VIII тарауларды қараңыз). Уланудан нефропатия және ағымы қатерлі артериялық гипертония, кадмийдің әсерінен болатын кардиомиопатия, нейроуытты синдром, остеомаляция дамиды. Кадмий остеомаляциясы ауруларды азаптайтын қатты ауыру сезімінің, сондай-ақ сүйектердің пішінінің бұзылуының және сынуының себебі болады. Кадмий қосылыстарының аэрозольдерімен тыныс алу гипо және аносмияның, жоғары тыныс жолдарында қабыну үрдістерін, пневмосклероз және өкпе эмфиземасының дамуына әкеп соғады. Кадмийдің, сондай-ақ эмбрионуландыратын, тератогенді және канцерогенді әсерлерге ие, бауырға, қалқанша безге, гонадаларға улы әсер етеді.
Кадмий мен оның қосылыстарының жоғары улылығы мен қауіптілігін ескере отырып зиянды әсерлерінің алдын алу шараларының кешенінде кадмийді өндірісте қолдануды шектеу және оны улылығы аз металдармен алмастыру мүмкіншілігіне айрықша мән берілуі тиіс. Кадмийді алу және қолдану үрдістері механикаландырылуы және жабдықтардың жұмысын қашықтан басқаратын етіп автоматтандырылуы керек. Кадмиймен байланыста болатын цехтар мен бөлімдерін жеке оқшауланған ғимараттарда орналастыру керек. Жабдықтарды жоғары дәрежеде саңылаусыз етіп тұмшалау, тиімді ауа сорып әкетуі ұйымдастырылуы тиіс. Ауасы кадмийдің аэрозольдерымен ластанатын цехтарда жұмысшылар «Лепесток» типті респираторларды пайдалану керек, ал жоғары концентрацияларында тыныс алатын зонаға таза ауа беретіні бар ауадулығасын (пневмошлема) қолдану керек. Жұмысты арнайы жұмыс киімін: комбинезондар, бас киімдер, қолғаптар киіп істеу керек.
Кадмиймен байланыста болатын жұмысқа бүйрек, жүрек-қан тамырлары, сүйектері мен буындарының, жүйке жүйесінің, бауырдың, ұрпақ келтіру сферасының аурулары бар адамдар жіберілмейді. Кезеңдік медициналық тексерулер жүргізу кезінде зәрде төмен молекулалы белоктар мен кадмийді анықтау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Емдеу алдын-алу жөніндегі тамақтану кадмийдің улы әсерін азайтатын, Д және С дәрумендерінің ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуін қамтамасыз етуі керек. Сүт тағамдарын қолдану ұсынылмайды, себебі сүт асқазан-ішек жолы арқылы кадмийдің сіңуін күшейтеді.
Органикалық еріткіштер. Әр түрлі химиялық заттарды бөліп алу (экстракциялау) және еріту, заттың бетінің майын кетіру, желімдер, лактар және сырлар дайындау үшін, дәрілік заттарды синтездеуде қолданылатын сұйық зат. Олардың ішіне әр түрлі класстарға жататын қосылыстар: спирттер, эфирлер, кетондар (ацетон, циклогексанон), май қатарындағы қаныққан және қанықпаған қосылыстары (бензин, этилен және т.б.), циклдік және ароматтық қатардағы қосылыстары (бензол және оның гомологтары), хлорланған көмірсутектер (дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, үшхлорэтилен және басқалары), сондай-ақ олардың қоспалары.
Еріткіштер ұшқыш болған соң ағзаға негізінен тыныс мүшелері арқылы түседі. Бірақ олардың ішінде көбі (бензол, дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, бензин және басқалары) майда жақсы ерігіштігі нәтижесінде зақымданбаған тері арқылы да ағзаға кедергісіз ене алады. жұмыс бөлмелері ауасының ластануына Орташа ұшқыштармен (ксилол, хлорбензол, бутанол және т.б.) және аз ұшқыштармен (нитрпарафиндер, этиленгликоль, тетралин, декалин және т.б.) салыстырғанда жеңіл ұшатын еріткіштер (ацетон, бензин, бензол, күкірткөміртек және басқалары) жұмыс бөлмесі ауасының ластануына ең үлкен қауіп тудырады. Улылығы жоғары, бірақ ұшқыштығы аз еріткіштер мұндай жағдайда олармен жұмыс істегенде аз қауіпті болуы мүмкін.
Жедел және созылмалы уланулардың дамуының қаупі мен жылдамдығы бұл қосылыстардың суда және майларда ерігіштігіне де байланысты. Суда ерігіштік коэффициенті төмен заттар (бензол, толуол және басқалары) үлкен дозаларында әсер етуі кезінде жедел улану туғызу қабілеті жоғары болып келеді. Оның есесіне суда жақсы еритін заттар аз концентрациясында ұзақ уақыт әсер еткенде суда ерімейтіндеріне қарағанда созылмалы улануларды тезірек тудырады, себебі ерігіштігіне қарай ағзаға көп мөлшерде түседі де биологиялық орталарда жиналады.
Заттың майларда ерігіштігі оның ағзаға екі жолмен бір уақытта түсуіне байланысты улану мүмкіншілігін жоғарлатады. Оның үстіне майда еритін қосылыстар майларға бай тіндерде (бас миы, сүйек кемігі, бүйректер және т.б.) тез жиналады, және бұл мүшелерден баяу бөліне отырып, оларға айқын зиянды әсер етеді.
Ағзада көпшілік еріткіштер еріткіштердің, өздеріне қарағанда улылығы аз немесе бірқатар жағдайларда улылығы жоғары қосылыстар түзіп, метаболизмдік айналымдарға ұшырайды. Ағзадан шығуы әр түрлі жолдармен жүреді. Кейбіреулері өзгермеген күйінде өкпе арқылы шығады, басқалары тотығу және тотықсыздану өнімдер түрінде немесе глюкурон және күкірт қышқылдарымен байланысқан күйінде бүйрек арқылы бөлініп шығады.
Еріткіштердің улылық әсер ету сипаты олардың физикалық, химиялық қасиеттерімен анықталады. Бірақ бұл заттардың барлығының да дерлік, әсіресе майда еритіндерінің; жасуша мембраналарының өткізгіштігінің бұзылуына және нейрондардың постсинаптикалық мембранасында қозу толқынының пайда болу үрдісінің қиындауына байланысты наркотикалық әсері бар. Әдетте, еріткіштердің әсері тек орталық жүйке жүйесін ғана емес, сондай-ақ басқа да мүшелер мен жүйелерді қамтиды, бірақ уланудың клиникалық көріністерінде өзіндік ерекшеліктері болады, себебі бір жағдайларда бауыр мен басқа да ұлпалы мүшелердің басым түрде зақымдануы байқалса, басқа жағдайларда қан түзетін жүйенің немесе жүйке жүйесінің зақымдануы басымырақ болады. Кейбір еріткіштер тітіркендіретін, канцерогенді әсерге ие метгемоглобин түзушілер болып табылады, қабыну және аллергия сипаттындағы терінің зақымдануларын тудырады.
Бензол. Өзіне тән иісі бар сұйық зат. Оның булары ауадан үш есе ауыр. Бензол улылығы жоғары болғандықтан еріткіш ретінде қолданылмайды, бірақ пластмассалар, синтетикалық каучук, бояғыштар, жарылғыш заттар, пестицидтер, дәрі-дәрмектер синтездеуде, мотор майының жоғары октанды құрамдасы ретінде кеңінен қолданылады. Бензол мен оның гомологтарын мұнайдан және көмірден ажыратып алу үрдісінде де жұмысшылар олармен байланыста болуы мүмкін
Ағзаға бензол бу күйінде тыныс жолдарымен және тері арқылы (сұйық күйінде), сирек жағдайларда асқазан-ішек жолы арқылы түседі. Ағзада бензол, фенолдар және полифенолдар түзіп тотығуға түседі, бұлар глюкурон және күкірт қышқылдарымен байланысып бүйрек арқылы шығарылады. Бензолдың өзгеріске ұшырамаған бөлігі дем шығарған ауамен шығарылады. Жедел уланулар сирек кездеседі, негізінен апат жағдайларында, цистерналарды тазалағанда, жабық, нашар желдетілетін үйлерде жұмыс істегенде, сонымен қатар токсикомандар белгілі мақсатпен қолданғанда кездесуі мүмкін. Жеңіл жағдайларда алкогольден мас болу сияқты өтеді, ауыр жағдайларда көңілсіздік белгілерінің дамуына, маниакальды немесе делири жағдайы пайда болуына, тырысуларға, естен тануға ауысады және тыныс алу орталығы салдануына байланысты өлім жағдайымен аяқталады.
Бензолдан созылмалы улануларға қан түзетін, жүйке, жүрек-тамыр жүйелерінің, сондай-ақ бауыр мен бүйректің басым зақымдануы тән. Сонымен бірге, өзгерістер басқа да жүйелер мен мүшелерде дамуы мүмкін. Бензолдан улану кезінде қан жүйесіне әсер етуі екі бағытта дамуы мүмкін: сүйек кемігінде қан түзілуінің басылуы (угнетение) және бензолдан уланудан лейкоздар дамуы түрінде. Гемопоэздің басылуы кезінде басында көбінесе ақ қан түйіршіктері қатарындағы элементтердің сапалық өзгерістермен бірге лейкопения анықталады, өзгерістердің мұндай ізбелестігі барлық уақытта міндетті түрде болмаса да содан кейін тромбоцитопения мен анемия қосылады, бірақ өзгерістердің мұндай ізбелестігі барлық уақытта да міндетті түрде бола бермейді. Мұрыннан, қызыл иегінен қан ағумен білінетін, тері астылық және шырышты қабық астына қан құйылулармен, ауыр жағдайларда жатырдан және ішектен қауіпті қан ағулармен көрінетін геморрагиялық диатез дамиды. Кейінгі кезеңдерінде дененің әр жерінде орналасқан септис үрдістері қосылады. Бензолмен байланысты (контакт) тоқтатқаннан кейін гемопоэз біртіндеп қалпына келеді: тромбоциттердің саны 2 жылдан кейін, лейкоциттер-10 жылдан кейін қалпына келеді. Уланудың айқын түрлері өте тұрақтылығымен ерекшеленеді, қалпына келуі қиын жүреді.
Бензолдан созылмалы уланудың міндетті түрдегі компоненті орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайының бұзылыстары болып табылады, олардың ішінде ең ерте пайда болатынына неврастения және астеновегетативті көріністері жатады. Уланудың соңғы кезеңдерінде ауыр жағдайларында уланудан болған энцефалопатия түріндегі бас миының диффузды органикалық зақымдануы мүмкін. Бензолдан улану, сондай-ақ уланудан гепатит дамуына, ұйқы безінің сыртқа сөл бөлу қызметінінің, асқазан сөлі түзілуінің бұзылуына, сүйек тіндерінің құрылымы өзгеру құбылысына, остеопороз дамуына, майда ошақты склероз дамуына әкеп соғады. Терінің құрғақтығы, жарылуы, қышуы, гиперемия, ісінуі, көпіршікті бөртпелер дамуы сияқты терінің зақымданулары тән. Шындап көңіл аударуды қажет ететін жағдайдың бірі, бензолдың хромосомдық аберрация тудыратын қабілеті
Бензолдың қолайсыз әсерінің алдын алу мүмкіндігі болса, оны технологиялық үрдісте қауіптілігі аз заттармен алмастырудан тұрады. Сонымен қатар, үрдістерді автомата өндіру, жабдықтарды герметизациялау, тиімді желдету ұйымдастыру міндетті түрде болып табылады. Жұмыс үйлерінде бензолдың ауадағы концентрациясына үнемі гигиеналық бақылау жасалынуы тиіс. Бензол 2- қауіптілік классына жатады. Оның ШРЕКм.б.р.-15 мг/м3, ал ШРЕКо.т. 5 мг/м3 болады.
Жеке басты қорғайтын заттар қолданылуы тиіс: жоғары емес концентрацияларында сүзгілі противогаздар, жоғары концентрацияларында оқшаулаушы противогаздар қолданылады. Міндетті түрде еріткіштерді өткізбейтін арнайы киіммен жұмыс істеу, қолды қорғау керек. Қолды және арнайы киімдерді бензолмен жууға болмайды.
Әйелдер мен жасы 18 толмаған адам, сонымен қатар орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары, айқын невроз және психикалық аурулары, барлық қан аурулары, соның ішінде этиологиялы әр түрлі екіншілік анемия, барлық геморрагиялық диатездермен ауыратындар, бауырдың, бүйректің, жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар бензолмен байланыста болатын жұмыстарды істеуіне рұқсат етілмейді. Кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуге терапевт, невропатолог, көрсетілімдері бойынша басқа да мамандар қатысады. Жалпы қанды талдауы мен коагулограмма жасау міндетті турде жүргізілетін зертханалық зерттеу болып табылады.
Бензин. Метанды, нафтенді, ароматты және қанықпаған көмірсутектердің қоспасы болып табылады. Бензиннің пайдалану саласы сан алуан: іштен жанатын қозғалтқыштар үшін жанармай ретінде, резина және лак-сыр өнеркәсіптерінде еріткіш ретінде, затты қоспадан айырып алатын зат (экстрагент) ретінде және т.б. қолданылады. Бензиннің буымен жұмысшылар оны тек нақты мақсаттарда қолданғанда ғана емес, сондай-ақ мұнай айратын зауыттарда бензин өндіруде де қатынаста болады.
Бензин адам ағзасына өкпе арқылы, зақымданбаған тері арқылы және асқазан-ішек жолы арқылы түседі. Бензин майда жақсы ериді және жедел де, созылмалы да уланулар тудырады. Кішігірім жабық үйлерде бензинмен жұмыс істеген кезде, цистерналарды, бактарды тазалағанда, апат жағдайларында пайда болатын бензиннің ауадағы жоғары концентрациялары кезінде жедел улану өте тез дамиды, көздің, мұрынның шырышты қабықтарының тітіркенуіне, мас болу жағдайына, елестер дамуына, тырысуларға, естен тануға әкеп соғады және өте жоғары концентрацияларында (35000-40000 мг/м3) әп сәтте өліп кетуінеәкеп соғады.
Созылмалы уланулар жүйке жүйесінің функционалды жағдайының қайтымды бұзылуларымен, диспепсиялық бұзылыстармен, айқындылығы аз қан аздықпен жүреді, теріге әсер еткенде дерматитер мен экземалардың дамуы мүмкін.
Бензинмен уланулардың алдын алу үшін, тиімді жергілікті және ауаны жалпы алмастыратын желдету жүйесімен жабдықталуы тиіс, тұйық кеңістіктерде жұмыс істеу және резервуарларды тазалау тек противогаздар киіп жүргізілуі тиіс. Бензинді ауызбен соруға кесімді түрде тыйым салынады, өйткені оны жұтып қойса, жедел гастроэнтерит дамуы мүмкін, ал тыныс жолдарына сорылуы арқылы қысқа уақыт аралығында уланудан ауыр плевропневмония дамиды.
Көміртегі тотығы СО иісті газ аса кең таралған өнеркәсіптік у болып табылады. Ол көміртегі толық жанбайтын үрдістер жүретін, көміртегі тотығының пайда болуына әкеп соғатын іс жүзінде кез-келген өндірістер кездеседі. Мысалы, СО-ның тұрақты көзіне шойынды, болатты, әр түрлі металлдарды балқыту үрдістері (домналық, мартендік, ұсталық, құю цехтары), көмір өндіру, химия индустриясы (көмірсутектер, аммиак, формалин, метил спиртінің т.б. өндірісі), отын энергетика кәсіпорындары, темекі, нан өндірісі, қалдықтарды қайта өңдеу, тракторларда жұмыс істеу, автокөліктер жатады.
Ағзаға тыныс жолдары арқылы түсіп, көміртегі тотығы гемоглобин байланысынан оттегін ығыстырып шығарады да карбоксигемоглобин (COHb) түзеді, бұл тұрақтылығымен ерекшеленеді және оттегіні тасымалдайтын қабілеті жоқ. Әдеттегі жағдайларда ағзада эндогенді карбоксигемоглобин аз мөлшері түзіледі, бірақ оның ересек адамдардағы деңгейі HbO2 жалпы санының 5%-нан аспайды. Көміртегі тотығы сырттан көп мөлшерде түскен кезінде карбоксигемоглобиннің мөлшері күрт жоғарлайды, ауыр жағдайларда 70-80% жетеді. Соның нәтижесінде гипоксемия дамиды, СО-ның ауадағы мөлшері мен COHb-нің қандағы концентрациясы қаншалықты жоғары болса, гипоксемияда соншалықты айқын болады. COHb түзілуі салдарынан тіндерге гемоглобин жеткізген оттегінің босап шығуы да қиындайды. СО үлкен концентрацияларында әсер еткен кезде де, тіндік тыныс алуға қатысатын құрамында гемі бар ферменттердің белсендігі төмендеуі салдарынан тіндік тыныс алу да төмендейді.
Оттегі тапшылығына ми тіні ең сезімтал болып табылады, соған байланысты улану көрінісінде орталық жүйке жүйесіндегі болатын өзгерістер бірінші кезекте байқалады. Қан тамырларының өткізгіштігі жоғарлайды, бұл қан құйылуларға, трофикалық бұзылыстар дамуына, тіпті әр түрлі мүшелерде бас миында, өкпеде, асқазан-ішек жолында некроз дамуына дейін жеткізеді.
Көміртегі тотығымен улану жедел және созылмалы болуы мүмкін. Жедел уланудың жеңіл түрлері көміртегі тотығының ауадағы концентрациясы бірнеше жүздеген мг/м3 дейінгі деңгейінде қысқа уақыт әсер еткенде дамиды, ауыр уланулар бірнеше жүздеген мг/м3тен мыңдаған мг/м3-ке дейінгі концентрацияларында дамиды (ШРЕК - 20 мг/м3). Иісті газдың концентрациялары 1000 мг/м³ дейінгі ауамен тыныс алған кезде, уланудың бірінші белгілері 5-10 минуттан кейін-ақ пайда болады. Иісті газдан жеңіл дәрежелі жедел улану кезінде бас ауыруы, самай тұсында қысу сезімі, бас айналу, аяқтарының әлсізденуі, ұйқышылдық, жүрек айну, құсу, кеденің ауыруы және қысылуы байқалады. Қандағы COHb концентрациясы 20% дейін жетеді. Орташа ауырлықты уланулар кезінде ұзақтықтағы әр түрлі естен тану, тырысулар (сіңір тартылуы) дамиды. COHb деңгейі 30-40% дейін. Ауыр улану терең комамен, тырысулармен, еріксіз зәр жіберу және үлкен дәретке отырып қоюмен сипатталады, өліммен аяқталуы мүмкін. Қандағы CоHb концентрациясы 40-80% дейін жетуі мүмкін.
Ауыр улану даму мүмкіндігі иіс газының әсері есі сақталған күйдің өзінде де мән-жайды түсінбеуі себепті немқұрайлы қарауын немесе тіпті жағымды маужырау сезімін тудырады, соның салдарынан адам қауіпті жерде тастап шыға алмайды.
Жедел улануды бастан өткергеннен кейін ұзақ уақыт бойына адамда есте сақтау қабілетінің айқын төмендеуі, эмоционалды тұрақсыздық, көру және есту өткірлігінің төмендеуі, вестибулярлық бұзылыстар, жекелеген жағдайларда орталықтан болған салданулар, қимыл, сезу, трофикалық бұзылыстары, артериалды гипотония, ишемиялық құбылыстар және т.б. байқалады.
Созылмалы уланулар көміртегі тотығының ауадағы концентрациясы бірнеше ондаған мг/м3 аспайтын концентрацияларда орын алады. Ол көп түрлі және көміртегі тотығынан уланудың өзіне тән емес белгілермен білінеді. Астеновегетативті бұзылулар, невриттер дамуы, сөйлеуінің бұзылуы, жартылай салданулар, жүрек тұсында үнемі ауыруы, жүректің қағуы, ентігу, стенокардия белгілері, артериалдық қан қысымның төмендеуі, аритмия, диспепсиялық өзгерістер анемия және т.б. дамуы мүмкін.
Алдын алу шаралары жабдықтарды герметизациялау арқылы СО шығатын көздерін шектеуден, тиімді жергілікті және жалпы ауа алмастыратын желдету түрлерін орнатудан, сонымен қатар аэрация жүргізуден тұрады. Жұмыс істейтін бөлмелер ауасындағы көміртегі тотығының концентрациясы қауіпті жоғарылауы кезінде іске қосылатын автоматты дабылқаққыш құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Концентрациясы 200 мг/м3 дейін болатын иісті мөлшері жоғары жағдайда төтенше жұмыстар жүргізу қажет болған кезде қауіпті зонада болу уақытын шектейді, ал концентрациясы аса жоғары болған кезде жұмысты тек противогаздарда орындайды. Иіс газы әсер ететін мүмкін игілігі бар жұмыстарды орындауға жүйке жүйесінің, қан аурулары, тыныс алу мүшелерінің аурулары бар адамдарға рұқсат етілмейді.
Тітіркендіргіш әсерлі газдар.
Азот тотығы (нитрогаздар) әр түрлі азот тотықтарының (азот тотығы - NO, азоттың қос тотығы NO2, азот ангидриді N2O3) қоспасы болып табылады. Бұл газдардың көздеріне азот қышқылы, құрамында азоты бар тыңайтқыштар, күкірт, қымыздық қышқылдарының, анилин бояуларының, жарылғыш заттардың өндірісі, өнеркәсіптің металлургия және мұнай өңдеу салалары, электрлік дәнекерлеу жұмыстары және т.б. жатады. Ағзаға азот тоықтары ингаляциялық жолмен түседі. Клиникалық көрінісі қоспада қандай газдың басым болуымен анықталады. Барлық нитрогаздар төменгі тыныс жолдарының шырышты қабығын және өкпе тінін тітіркендіретін әсері бар, бұл кезде жоғарғы тыныс жолдары аз зақымдалады және азот тоықтарымен дем алу ешқандай айқын сезінулер тудырмайды. Уланудың бірінші белгілері нитрогаздардың жоғары концентрацияларымен дем алғанан кейін бірнеше сағат өткеннен соң дамиды («алдамшы саулық» кезеңі). Қатты жөтел, тұншығу, ентігу пайда болады, ауыр жағдайларда бронхопневмония және жиі өлімге алып келетін уланудан болатын өкпенің сулы ісінуі дамиды. Азоттың қос тотығы ең қауіптісі болып табылады, себебі ол азотты және таза азот қышқылына айланып тыныс жолдарының шырышты қабығын күйдіретін әсер береді және дамитын өкпенің сулы ісінуінің себебі болып табылады. Азот тотығының метгемоглобин түзуші әсері бар, бұл аноксемия дамуына, артериалды қысымның төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайының бұзылуына әкеп соғады. Нитрогаздардың жедел әсері жүректе ишемиялық құбылыстар, миокардта дегенеративті өзгерістерді тудырады.
Аз концентрацияларында ұзақ уақыт әсер етуі созылмалы уланулар дамуына әкеп соғады, оның негізгі көріністеріне жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары, бронхиттер, уланудан дамыған пневмосклероз, тістердің бұзылуы жатады. Сирек жағдайларда жүректе (миокардиттер), бауырда (улы гепатит), асқазан-ішек жолында (гастриттер, колиттер) кейбір өзгерістер байқалады.
Күкірт тотығы. Күкіртті газ (күкіртті ангидриді) SO2 қағаз және тоқыма өнеркәсіптерінде ағартқыш зат ретінде, күкірт қышқылының өндірісінде натрий сульфитін алу үшін қолданылады. Оның бөлініп шығатын көзіне, сондайақ отын жағу үрдістері, әсіресе, құрамында күкірті көп отындары, жағу металлургия үрдістері, мұнай қайта өңдеу саласы, минералды тыңайтқыштар өндірісі жатады.
Ағзаға күкіртті газ тыныс мүшелері арқылы түседі. Ол көздің, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарына, өкпеге айқын тітіркендіргіштік әсер етеді. Жедел уланулар кезінде, жеңіл жағдайларда тамақта күйген сезім қышу және құрғақтық сезімі, жөтел, дауыстың қырылдап қалуы, көзден жас ағу байқалады. Ауыр жағдайларда тұншығу белгілері, дауыс байламдарының парезі, өкпенің сулы ісінуі дамиды. Күкіртті газдан созылмалы улану атрофиялық риниттер, фарингиттер, бронхиттер дамуымен, тістердің бұзылуымен, жиі конъюктивиттер дамуымен жүреді. Күкірттің қос тотығы тек жергілікті ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар резорбтивті де әсер ететіндіктен созылмалы улануылар кезінде жиі жүрек-қан тамыр жүйісінде, бауырда өзгерістер байқалады. Қалқанша безінің гипофункциясы дамуы, әйелдерде етеккір циклының бұзылуы, қанда гемоглобин деңгейінің төмендеуі мүмкін.
Күкіртсутек. Тіпті өте аз концентрацияларда (0,000140,0018 мг/л) да айқын сезілетін шіріген жұмыртқалардың иісіне ұқсас өзіне тән бар газ. Сонымен бірге, жоғары концентрацияларында иіс сезу нервтерінің ұштары салдануы салдарынан оның иісінің сезілуі тоқтайды.
Күкіртсутекпен қатынаста болу мұнай мен газды өндіруде және оларды өңдеуде, күкірт және көмір шығаруда, химия және тері илеу зауыттарында, жасанды жібек, бояғыш заттар, сіріңке өндірістерінде, қант және сыра қайнату зауыттарында осы өндірістердің ағын сулары мен қалдықтарының шіруі кезінде болуы мүмкін. Күкіртсутектің тығыздығы ауаның тығыздығынан жоғары болғандықтан, ол канализация жүйелерінде, шұңқырларда, құдықтарда, траншеяларда жиналуы, бұл оларды жөндеу және тазалау кезінде ауыр уланулар пайда болуына себепші болады.
Күкіртсутектің ағзаға басым ингаляциялық жолмен түседі, бірақ тері арқылы енуі де мүмкін. Күкіртсутек шырышты қабықтың беткейіндегі сілтілермен әсерлесіп айқын тітіркендіретін әсері бар натрий сульфидін түзеді. Күкіртсутек жеңіл еритін у болғандықтан, ол көбінесе кеңірдектің, бронхлардың, жоғары тыныс жолдарының, шырышты қабықтарының конъюктиваның шырышты қабықтарының, зақымдалуын туғызады. Тек үлкен концентрацияларда әсер етуінде немесе ұзақ уақыт әсер етуі кезінде тыныс жолдарының терең жатқан бөліктерінің бронхиолалардың, альвеолалардың, тіпті уланудан болатын өкпенің сулы ісінуіне дейін әкеп соғатын зақымданулары байқалады. Күкіртсутекке тітіркендіретін әсернен басқа жоғары улылық қасиетте тән, бұл оның тіндердің тыныс алу үрдісіне қатысатын ферменттердің белсенділігін төмендететін әсерімен түсіндіріледі.
Аса жоғары концентрацияларында (1000 мг/м3 және одан да жоғары ШРЕК-і 10 мг/м3) тыныс алу мен жүрек қызметінің салдануы нәтижесінде тез өлімге алып келетін жедел уланудың жай түскендей түрі дамиды. Күкірсутектің ауадағы аз концентрацияларында (700 мг/м3) тырысулар, сіңір тартылуы өкпенің сулы ісінуі, кома дамиды. Дер кезінде жүргізілген емедеу толық сауығуға мүмкңндік туғызады. Егер кома созылмалы сипатта болса, орталық жүйке жүйесінде органикалық зақымдалулар болуы мүмкін.
Күкіртсутекпен созылмалы уланулар астеновегетативті бұзылыстар, созылмалы бронхиттер, анемия және т.б. түрінде байқалады.
Тітіркендіргіш әсері газдардан уланудың алдын алу өндірістік үрдістерді автоматтандырылды кеңнен енгізуден, жабдықтардың герметизациялаудан, жалпы ауа алмастыратында жергілікті де әсерлі желдетуді түрлерін орнатудан тұрады. Апаттарды жою кезінде сыйымдылығы үлкен ыдыстардың ішінде, құдықтарда жұмыс істегенде осы газдардан қорғауға арналған арнайы сүзгілі противогаздар қолданылуы тиіс, ал газдан құтқару жұмыстарында немесе газдардың аса жоғары концентрацияларында - газ өткізбей оңашалайтын противогаздар қолданылады. Жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау беруді тек алыдн ала ғана емес, сонымен қатар тұрақты түрде жүргізу және өзіне өзі және бір-біріне көмек көрсетуді үйрету міндетті болып табылады. Емдеу, алдын алу шараларды да өз ролін атқарады.
11. Компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі зиянды факторлар және олардың қолайсыз әсерінің алдын алу.
Қазіргі кезде компьютерлеу қоғамдық өмір мен адам өмір мен адамның іс әрекетінің барлық салаларын қамтыған. Сонымен бірге, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу, адам ағзасына қолайсыз факторларының әсер ету мүмкіншілігінен айырылмаған болып шықты. Компьютерлермен жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде көңіл аударуды қажет ететін мәселе пайда болды. Бұл мәселе, компьютермен жұмыс істеуді жиі үй жағдайында да жалғастыруына және оның ұзақтығын бақылауға мүлде мүмкіншілік болмайтынына байланысты, одан да күрделене түседі.
Компьютерлермен жұмыс істеу кезінде адамға факторлардың бірқатар кешені әсер етеді, олар:
1. Электромагниттік сәулеленулер:
2. Көзге көрінетін факторлар;
3. Жұмыс операцияларын орындаумен, жұмыс орнын, қимылдарды және жұмыс кезіндегі дене қалпын ұйымдастырумен байланысты факторлар;
4. Микроклиматтық факторлар, ауа ортасының сапасы, жарықтану дәрежесі;
5. Шу, діріл.
Факторлардың бірінші екі тобының әсер ету қарқындылығы мен сипаты көбіне мониторлардың түріне байланысты: ол электронды-сәулелі түтікті ме (ЭСТ), сұйық кристаллды ма (СК), плазмалық па немесе басқа түрлері ме. Электронды сәулелі түтікті мониторлардағы электромагниттік сәулелену көздеріне дисплей схемасының жоғары вольтты элементтері, электронды-сәулелі түтік және монитордың экраны жатады. Дисплейден сәулеленетін радиожиілік диапазонындағы электромагниттік өріс 5 Гц-тен 400 кГц дейінгі жиілікте болады, соған байланысты толқын ұзындығы да үлкен болады, сондықтан да экран алдында жұмыс істейтіндерге электрлік және магниттік құрамдастары жеке-жеке әсер етеді. Ол жұмыс орындарының индукция зонасында, яғни қалыптаспаған магнитті өрісте болуымен түсіндіріледі, себебі толқын ұзындығы өте үлкен, бірнеше жүздеген метрлерге дейін жетеді, ал индукция зонасыгың шегарасы шамамен толқын ұзындығының бөлігіне тең аралықты қамтиды.
Бейнедисплейлік терминалдардан шығатын радиожиілікті электромагниттік өрістің, ультракүлгін, инфрақызыл сәулеленулердің және электростатикалық өрістің қарқындылығы төмен болады, әдетте экраннан 30-50 см қашықтықта олардың деңгейі ШРЕД-тен аспайды. Сонымен бірге, электронды сәулелі түтікті мониторлармен жұмыс істегенде 2-6% жағдайларда электростатикалық өрістің кернеулілігі ШРЕД-тен 2-20 есеге дейін, ал 9-15% жағдайларда электромагниттік өрістің электрлік құрамдасы ШРЕД- тен 4-тен 10 есеге дейін, магниттік құрамдасы ШРЕД- тен 1,5 есе артық болғаны да байқалады.
Жеке адамдық компьютерлердің (ЖАК) электромагниттік өрісі адам ағзасына қолайсыз әсер етуі мүмкін. Бұл сәулеленулер ағзадағы сұйықтықтардың құрамын өзгертіп және ағзаға бірқатар минералды заттардың қажеттілігін өзгертіп, адам ағзасындағы биологиялық үрдістерге әсер ететінің, зерттеулер көрсетіп отыр. Бұл кезде бір шұғыл ағзадан шығуы жоғарласа заттардың жоғарласа (Ca, Ba, Al), басқаларының шығуы шұғыл азаяды (Fe, P), яғни минералдардың алмасуында белгілі бір бұзылыстар жүреді. Бұл жеке адамдық компьютерледің ЭМӨ-нің жасуша мембраналарының иондық өзекшелеріне тікелей әсер етуімен, немесе гормондары минералды заттардың алмасуына бүрек үсті безінің белсенділігі артуымен түсіндіріледі.
Айнымалы электромагниттік өріс елеулі физиологиялық реакция тудыратыны және ағзаның иммунды, жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінде және көру анализаторларында бұзылулар пайда болуына әкеп соғатыны белгілі. Компьютермен ұзақ жұмыс істегенде астениялық, астено-невроздық синдромдар, вегетотамырлық дисфункция дамиды. Бас ауруы, ашушаңдық, тез қажығыштық, ұйқысының бұзылуы негативті эмоционалдық жағдайлар (жиі депрессия) байқалады. Еңбекке қабілеттілігі, ақпараттарды қабылдау және өндеу жылдамдығының, есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады. Жүрек тұсының ауруы, брадикардия, ангиоспастикалық реакциялармен ауысып отыратын артериалды қан қысымның төмендеуі жиі кездеседі. Эндокриндік жүйеде, зат алмасуында бұзылулар болуы, атап айтқанда қалқанша безінің белсенділігінің төмендеуі мүмкін.
Электростатикалық өрістің биологиялық әсері негізінен астено-невроздық синдром мен вегетотамырлық дистония түріндегі қайтымды функционалдық өзгерістерімен білінеді. Мұнан басқа, электросатикалық өріс микробөлшектерді, шаң бөлшектерін «зарядтайтын» және олардың қонуына кедергі келтіретін қабілеті бар, соған байланысты мұндай шаң «коктейлімен» тыныс алу теріде, көзде, жоғарғы тыныс жолдарында және басқаларда аллергиялық аурулар дамуына алып келеді. Мысалы, дисплейлермен күніне 2-6 сағат және одан да артық уақыт жұмыс істегенде, экземамен ауру қаупі жоғарлайтыны туралы мәліметтер бар.
Дисплейлермен жұмыс істеу кезінде тіркелетін рентген сәулеленуінің қарқындылығы өте аз болады. Бірақ оған қарамастан тіпті мұндай дозаларда да ағзаға қолайсыз әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. Бірқатар бақылаулар негізінде, кәсібіне байланысты компьютермен жұмыс істейтін әйел адамдарда жүктілік ағымының бұзылуы, түсік тастаулар, балалардың туа біткен ақаулармен дүниеге келуі жиі байқалатыны көрсетілген. Бейне дисплейлік терминалдардан шығатын электромагниттік өрістердің кең спектрлі жиілігінің биологиялық белсенділігі монохроматикалық сәулеленудің белсенділігінен жоғары болуы мүмкін. Рентген сәулесі де ауаның иондануына мүмкіндік туғызады және жұмыс бөлмесінде бейне дисплейлік терминалдардың саны көп болған кезде ауада ағзаға теріс әсер ететін, оң зарядталған иондардың жиналуына әкеп соғады.
Сұйық кристалды мониторлардан сәулеленетін барлық сәулелену түрлерінің деңгейі, электронды сәулелі түтікті мониторларға қарағанда, көп төмен болады, себебі сәулеленудің негізгі көзі электронды сәулелі түтік, ол сұйық кристалды мониторларда болмайды. Сонымен қатар, ноутбуктардың кейбір түрлеріндегі электр энергиясына қосылатын жүйесінің импульсті түрленгіштері тудыратын айнымалы электромагнитті өрісі, электронды сәулелі түтікті мониторлардың ескірген түрлері шығаратын электромагниттік сәулеленулерден ешқандай да төмен емес.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарамастан, бейнедисплейлі терминалдармен жұмыс істеген кездегі электромагниттік өрістердің адам ағзасына тигізетін әсері туралы бір жақты жауап жоқ, себебі адамзат компьютердің алдында оншалықты көп «отырған» жоқ небәрі 20-25 жыл.
Дисплеймен жұмыс істеу көру мүшесіне үлкен жүктеме түсіреді, зер салуды және бір нысаннан басқа нысанға тез ауысып қарауын, сонымен қатар, көру анализаторының күштенуін қажет етеді.
Көру қызметінің зорлануы (күштенуі) әр түрлі себептерге байланысты. Біріншіден, кітаппен жұмыс істегенде, көзге шағылысқан жарық түседі, ал БДТ-мен жұмыс істегенде көз өзі жарық шығаратын нысандарды қабылдайды. (шамға қарағанмен бірдей), сондай-ақ, фон мен БДТ экрандағы символ арасында әдеттегіден өзгеше контраст түзіледі. Екіншіден, көзді төменге қарай бағыттап қарауға қарағанда, экранға көлдененң қарауда көздің фокусталуы қиын болады, қарауы - экраннан клавиатураға және керісінше - жиі ауысып отырады. Үшіншіден, көздің қажуы бейнелердің дискреттілігі салдарынан, олардың дірілдеуін немесе жылтылдауын саналы түрде ұғып немесе санасымен түсінбей де қабылдау есебінен дамиды. Электронды сәуле экран бетімен сол жақ жоғарғы бұрышынан оң жақ төменгі бұрышына қарай, жолдармен «жүгіріп өтеді». Уақыт бірлігіндегі өту саны монитордың кадр жиілігі деп аталады. Жиілігі 70 Гц төмен кезде экранның жылтылдауы байқалады. Мұндай режимде күніне 1 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Экранды жол ара сканирлейтін мониторлар кездеседі, бұл кезде кадр жиілігі 87 Гц құрайды. Жол ара жазатын кадр жиілігі көзге аса зиян. Экран өлшемінің кішілігі және үлкен жарықтығы, ақпараттар алмасуының жоғары жылдамдығы, экранда ақ дақтар, әр түрлі шағылысулар пайда болуы көзге теріс әсер етеді.
Монитор түрінің де үлкен маңызы бар. СК-мониторлардың экранында пайда болатын бейнелердің қалыптасу қағидасы көзге қолайлы: СК-мониторда әрбір нүкте «үздіксіз және үнемі жарқырап» тұрады, ал электронды сәулелі түтікті мониторлардың экранның бетімен кадр жиілігінің сәулелері өткенде, экранындағы нүктелер «жарқ ете түседі». Электронды сәулелі түтікті мониторлардың кадр жиілігі төмен болғанда экранда жылтылдау пайда болатыны осыдан. СК-мониторлардың экрандары жарықты әлсіз шағылыстырады, сондықтан да олардың экранында ақ дақтар болмайды.
БДТ-мен жұмыс істеушілердің көзіне әсер етуі «компьютерлік көру синдромы» (астенопатия) түрінде байқалады, ол кезде көздің алдында жамылғыға ұқсас құбылыс (пелена) пайда болады, заттың бейнесі айқын емес, «көздің шаршауы», дискомфорт, ауыру сезімдері, олардың қызуының көтерілуі, жарықтан қорқу, жасаурау, көзде қысым сезімі мен көздің ашуы, қабақ пен көз алмасының қызаруы, тітіркенуі, құрғақтық, қышуы, күйген сияқты сезімдер, көзге құм түскендей сезім пайда болады. Астенопатия жиілігі әр түрлі уақытта 40-тан 92 %-ға дейін құрайды. Компьютерлерде жұмыс істейтіндердің 30%-ынан артығында «құрғақ көз» белгілерін анықтайды. Операторлардың көбі жылтылдаушы бейненің қажу тудыратын әсеріне шағымданады. Бұл әсерге, әсіресе, балалар сезімтал келеді, дисплейден шығатын ырғақты сигналдар оларда тез өтетін, кейде секундтың бөлігінде болатын, ұстамаларды, естен тануларды, немесе қысқа мерзімдік жүрек айну, тұншығуды және т.с.с. өршітеді. Бұл бұзылыстардың негізінде бала ағзасының тырысуларға жоғары дайындығы жатыр. Баланың жасы кіші болған сайын, оның көру анализаторындағы қолайсыз реакциялары соншалықты көп болады. БДҰ сарапшыларының пікірінше төмен сапалы дисплейді қолдану жылына 1 дптр жылдамдықта миопияның дамуына себепші болуы мүмкін. Кейбір эпидемиологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, БДТ қолданушыларда катаракта жиірек кездеседі. Қазіргі уақыттағы жеке адамдық компьютерлер шығаратын электромагниттік сәулеленулер денгейі катаракта тудыратын табалдырығынан бірнеше рет төмен болған мен де, компьютерлермен жұмыс істеу кезінде катаракта дамуы тұрғысынан электромагниттік сәулеленулер потенциалды қауіпті болып табылады.
Көру анализаторларына тигізетін әсерінен басқа, көзге көрінетін факторлар электромагниттік өріспен бірге орталық жүйке жүйесіне және жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етеді. БДТ жұмыс істейтін операторлардағы үрейлену, ашуланғыштық, көңіл-күйі түсіңкі болуы сияқты психоневрологиялық бұзылыстар 25-70% дейін ауытқиды, ұйқысының бұзылуы 15-45% жағдайда кездеседі. Зейін қоюы мен ұғуы төмендейді, ақпараттарды қайта өңдеу нашарлайды, басы ауыруы, тез қажығыштық мазалайды. Балалар үшін, әсіресе жасы кіші 6-10 жастағылар үшін, тез жауап беруге компьютерлік ойындар ең қажытқыш және зиянды болып табылады. Мұндай ойындардың есірткілік, өзіне тартатын әсері, олардың әсерінен баланың мінезі агрессивті және мейірімсіз болу мүмкіндігі дәлелденген.
Дисплейлермен жұмыс істеу кезіндегі көңіл аударуды қажет ететін асқынуларға қатысты айтсақ, ол міндетті түрде кездесетін өзгерістен гөрі, тезірек бірлі-жарым жағдай болып табылды. Мысалы, бас сүйегі жүйкелерінің есту, көру және бет жүйкелерінің зақымдауымен жүретін орталық жүйке жүйесінің блогы түріндегі, әдеттегіден өзгеше сирек кездесетін, асқынулар жазылған. Оларды дер кезінде анықтаса, аурудың аяқталуы сәтті, кеш анықталса алдын алу айту қиын.
БДТ жұмыс істеу гиподинамиямен, дененің мәжбүр қалыпта болуымен, клавиатурамен жұмыс істегенде қолдың көп қимыл жасаумен (олар 60-80 мыңға дейін жетуі мүмкін) сипатталады, ол қажу, зорығу, қол басы , білезік сіңірлерінің, иық сіңірлерінің қынаптарының қабынуы (тендовагиниті), жарақаттанудан болатын эпикондилит, қолдың медиалды нервінің қысылып қалуы, омыртқа жотасының мойын және бел бөліктерінде невралгиялар сияқты кәсіби аурулардың дамуына әкеп соғады. Кіші жамбас қуысы тамырлары мен аяқ тамырларында қанның іркілуі себебінен аяқтарының, кіші жамбас қуысы, тамырларының варикозды кеңеюі, геморрой, простатит және т.б. дамиды. АҚШ-ң еңбек Министрлігінің мәліметтері бойынша, жеке адамдық компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі қайталанбалы жарақаттаушы әсері Америкаға 100 млрд доллар шығын келтіреді. Қызметкерлерге төленетін өтемақы астрономиялық өлшемге жетеді, ал кейбір зардап шеккендер қатты ауыру сезімдерімен және ұзақ уақыт еңбекке қабілеттілігі шектелуімен жаза тартуына тура келеді.
Компьютерлердің адам ағзасына қолайсыз әсер етуінің алдын алу көбінесе ҚР «Персоналды компьютерлерді, видиотерминалдарды пайдалануға және олармен жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (18.09.2004 ж.) СанЕмН келтірілген санитарлық-гигиеналық талаптарды орындаумен іске асырылады. Оның ішінде БДТ мен жеке адамдық электронды есептеу машиналарына (ЖАЭЕМ) қойылатын гигиеналық талаптарға маңызды орындардың бірі беріледі.
БДТ мен ЖАЭЕМ-ге қойылатын стандарттар алғаш рет шет елде дайындалды. 1990 жылы Шведцияның ұлттық стандарттар департаменті ЕЭО бекіткен MPR-II стандарты шығарылды. Бұл стандартқа оқтын-оқтын, компьютер техникасына қойылатын талаптарды барған сайын қатаңдата түсетін түзетілулер енгізіліп тұрады (Швед кәсіподағы федерациясының стандарттары: ТСО-92, ТСО-95, ТСО-99, ТСО-03). Қазақстанның стандарттары ТСО-ны және басқа да шет елдік стандартарды, соның ішінде Ресей стандарттарын ескеріп жасалған.
БДТ мен ЖАЭЕМ келесі параметрлері нормаланады:
БДТ-ның электромагниттік сәулеленулерімен жұмыс істейтін жұмысшылар индукция зонасында болатындықтан, электромагниттік сәулеленудің кернеу деңгейі электрлік және магниттік құрамдастары бойынша жеке-жеке нормаланады және ол жиілік диапазонына байланысты болады. Жиілігі қаншалықты жоғары болса, ШРЕД соншалықты төмен болады. Иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен рентген сәулеленулерінің рұқсат етілген деңгейлері 11.3 кестеде келтірілген.
11.3.- кесте
Иондағышшы емес электромагниттік сәулеленулер мен рентген сәулеленулері деңгейлерінің рұқсат етілген рұқсат етілген мәндері.
Параметрлерінің аталуы |
ЖАК, БТ бөліктері |
Бақылаудағы арақашықтық, см |
Рұқсат етілген мәні |
Кәсіби қолдаушыларға арналған электросатикалық өрістің кернеулігі |
Монитор Клавиатура |
Басының деңгейінде 1,0 |
20 кВ/м |
Балалардың оқу орындарының және компьютерлік клубтарының жұмыс орындарындағы электросатикалық өріснің кернеулігі |
Монитор Клавиатура |
Басының деңгейінде 1,0 |
15 кВ/м |
ЖАК, ЕТ айналасындағы электрлік өрістің кернеулілігі: 5Гц-2кГц жиілік диапазонында 2-400 кГц жиілік диапазонында |
Монитор Монитор |
Бас деңгейінде |
25 В/м 2,5 В/м |
Магниттік ағым тығыздығы: 5 Гц-2 кГц жиілік диапазонында 2-400 кГц жиілік диапазонында |
Монитор Монитор |
Басының деңгейінде |
250 нТл 25 нТл |
Монитордан шығатын беткі электросатикалық потенциал, артық емес |
Монитор |
Дисплей мен одан 10 см қашықтықта орна-ласқан жерге қосыл-ған өлшеу пластина-сының арасы |
500 В |
Өнеркәсіптік жиіліктегі электрлік өрістің кернеулігі (50 Гц) |
Клавиатура «Тышқан» («Мышь») |
1,0 1,0 |
0,5 кВ/м 0,5 кВ/м |
Эквивалентті дозаға айналдырып қайта есептелген ретген сәулесінің экспозициялық дозасының қуаты, мк3В/сағ |
Экран Корпус |
5 |
0,1 |
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, компьютерді немесе мониторды ұзақ уақыт қосылған күйінде қалдыруға болмайды. Егер ЖАК уақытша қолданылмайтын болса, оны сөндіріп қойған дұрыс.
Көзге көрінетін параметрлерлерінің ішінен белгінің жарықтығы (фонның жарықтығы), экранның жұмыс бетінің жарықтығы бір келкі еместігі, бейнелердің уақытша тұрақсыздығы, бейнелердің кеңістіктік тұрақсыздығы мен бейнелердің жаңалану жиілігі нормаланады.
Монитордың адам денсаулығына әсер ететін маңызды сипаттамаларына, келесі құрастырылымдық (контрукциялық) параметрлері жатады:
Компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу үшін, оның құрастылырылымдық параметрлерімен тікелей байланысты факторлардан басқа, еңбек ету жағдайының да үлкен маңызы бар, олар: микроклимат параметрлері, ауа ортасының және жарық деңгейінің сапасы, жұмыс орындарын ұйымдастыру және жабдықтау, жұмыс істеу кезінде дене қалпын ыңғайлы ету, жұмыс және демалу режимін дұрыс ұйымдастыру.
ЖАК-пен жұмыс істеуге арналған бөлмелерді жертөле қабатындағы бөлмелерде орналастыруға болмайды, ал мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде цокольдық қабатында орналастыруға рұқсат етілмейді. Жұмыс орындарының орналастырылуы бөлменің периметрі бойынша, қатар-қатарымен, бөлменің ортасында болуы мүмкін. Ең қолайлысы периметрі бойынша орналасуы. Қатармен және бөлменің ортасында орналастыру кезінде 1 жұмыс орнының ауданы 6 м2 (ЭСТ-ПК), периметрі бойынша орналасуында - 4м2 , жалпақ дискретті экрандарды қолданғанда кез-келген орналасуы түрінде 4 м2 кем болмауы тиіс. Бір компьютердің артқы жақ бетінен екіншісінің экранына дейінгі аралық 2 м кем емес, бүйір беттері арасындағы арақашықтық 1,2 м кем болмауы керек.
Жұмыс бөлмелерінің ішкі беттерін өңдеу үшін, шағылысу коэффициенті төбесі үшін 0.7-0.8, қабырғалары үшін 0,5 0,6, еден үшін 0,3-0,5 болатын, диффузды шағылыстыратын материалдар қолданылуы қажет. Мектепке дейінгі ұйымдарда бөлмелердің ішкі бетін өңдеуі үшін ағашты-жаңқалы плиталар, бірнеше қабаттан тұратын пластик, синтетикалық кілем төсеніштер қолдануға тыйым салынады. Бөлмелер жерге жалғанған болуы керек, ұзартқыштар, сүзгілер, үштармақты тоқ көздері (тройник) жерге қосатын контакттармен жабдықталуы тиіс. Компьютерді пайдаланушылар үшін қауіпті электромагниттік өріс деңгейлері құралдың электрлік желісінің жерге қосылмауы себебінен болуы мүмкін.
15-дюймдік компьютер үшін экранға дейінгі арақашықтық 50 см кем болмауы керек, ал 17-дюймдік компьютерлер үшін - 80 см кем емес. Монитордың биіктігін қарау сызығы экранның ортасына перпендикуляр болатындай етіп қою керек (±5%). Монитор тура алдында, столдың ортасында орналасуы тиіс. Монитор столдың шетінде, ал адам оған жартылай бұрылып отырған күйінде, жұмыс істеу мүлде дұрыс емес.
Компьютермен жұмыс істеуге арналған орындықтың отырғышы көтеріліп, төмен түсірілетін, айналатын, бұлшықеттердің статикалық зорлануын төмендету мақсатында, жұмыс кезіндегі дене қалпын өзгерту үшін биіктігі және еңкею бұрыштары реттелінетін болуы керек, анатомиялық арқалығы, жалпақ шынтақ қойғышы және кеңістікте жеңіл қозғалу үшін дөңгелектері болуы керек. Ең жақсы шешім арнайы креслолар болуы. Креслоларға, орындықтар мен киімдерге синтетикалық маталарды қолдану ұсынылмайды.
Компьютерлік столдар көп жағдайларда компьютермен ұзақ жұмыс істеуге жарамсыз. Стол, қолданылатын жабдықтарды қолайлы орналастыруды қамтамасыз етуі керек, стол мен орындықтардың негізгі көрсеткіштері адамның бойына сәйкес келуі тиіс. Столдың бөлек екі беті болуы керек: біреуі монитор үшін, екіншісі клавиатура үшін. Стол мен орындықтардың ұсынылған өлшемдерін СанЕмН-ға қосымшаларынан табуға болады.
ЖАК жұмыс істеу кезінде қолайлы дене жұмыстық қалпы: дене тік болуы, омыртқа бағанасының табиғи иілімдері және жамбастың иілу бұрышы сақталуы керек. Бас сәл ғана алға еңкейюі (5-7º), статикалық зорлануды болдырмау үшін білек столдың бетіне сүйенуі тиіс. Білек және иық арасында, сондай-ақ тіземен санның арасында пайда болатын бұрыш 90º кем болмауы керек. Қарау сызығы экранның ортасына перпендикуляр болады (±5%).
Дұрыс ұйымдастырылған жарық көзге түсетін жүктемені біршама төмендетеді. ЖАК жұмыс істеуге арналған бөлмелерде табиғи және жасанды жарық болуы керек, табиғи жарық солтүстік бағыттан түсетін етіп орналастырған дұрыс. Күн сәулесінің тікелей монитордың экранына түсуіне және толық қараңғы болуына рұқсат етілмейді. Монитордың артында көлеңкеленбеген терезе болмауы керек. Ең жақсы шешімі ол перделерден немесе жалюздерден жарық шашырап түсетін жартылай қараңғылық жасау және жұмыс орнын қосымша нүктелік жарықтандыру. БДТ-ны жарық ойықтарына, жарық сол жағынан түсетіндей етіп, бүйір жағымен орналастырған ең қолайлы деп саналады. Сондай-ақ, адам бетін есіктерге қаратып отыруына да болады. Жасанды жарық бөлмеге жалпы болады, қажет болған кезде, құжаттарға жарық түсіру үшін, қосымша жергілікті жарық беретін шырақтар орнатады. Стол бетіндегі жарық деңгейі (табиғи және жасанды) 400 лк кем болмауы керек, жарық аралас түскен кезінде 500 лк (оның ішінде, жалпы жарық түсіретін жүйеден жарықтану үлесі 300 лк кем емес болуы керек), экранның жарықтанғандығы 100-250 лк кем емес болуы тиіс. Экранның шағылыстыратын қабілеті 1% аспауы қажет.
Жарық көздері ретінде люминисценттік шамдар қолданылады. Шырақтардың жарық сәулесін экрандаушы торлары мен шашыратқыштары болуы керек. БДТ мен ЖАЭЕМ қатармен орналастырған кезде, шырақтарды жұмыс орындарының бүйір жағында, көру сызығына паралельді орналастырылуы тиіс. Периметрі бойынша орналастырғанда - шырақтардың қатарын жұмыс столының үстіне, оның алдынғы қырына жақын белгілі бір жерге орналастырады.
Ауаның ылғалдығын жоғарлату үшін, ылғалдандырғыштарды қолдану керек, күнделікті сумен жуып-жинау жүргізуілуі тиіс. Жұмыс бөлмелерінде жалпы ауа алмастыратын желдету түрі немесе кондиционерлер болуы қажет, кондиционер болмаған жағдайда - жұмыс істегеннен кейін, оның алдында және жұмыстан әрбір сағаттан кейін табиғи желдету қамтамасыз етілуі тиіс.
Еңбек және демалу режимін қолайлы етіп ұйымдастыру ЖАК-пен жұмыс істеумен байланысты барлық факторлардың қолайсыз әсер ету мүмкіншілігін төмендетеді. Еңбек және демалу режимі еңбек іс әрекеті түріне және санаттарына байланысты ұйымдастырылуы тиіс.
Үздіксіз үзіліссіз жұмыс істеу уақытының ұзақтығы 2 сағаттан аспауы тиіс. Регламенттелген үзілістер ұйымдастырылады (мұнда түскі үзіліс кірмейді).
Мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, жоғары оқу орындарында жүргізілетін сабақтардың үздіксіз ұзақтығы гигиеналық нормалаудан аспауы тиіс (11.4 кестеде). Арнайы орта білім беретін мекемелерде компьютерлермен жұмыс істеу ұзақтығы 1 курста оқитындар үшін 1 академиялық сағаттан артық емес, 2-3 курстарда 1 астрономиялық сағаттан артық емес, 3 курста оқитындар үшін компьютерлермен жұмыс істеу уақытының ұзақтығын 3 академиялық сағатқа дейін көбейтуге рұқсат етіледі. Жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері үшін компьютерлермен жұмыс істеу уақытының ұзақтығы 1 сағат, бірақ аптасына 7 сағаттан артық емес, 2 курс студенттері үшін 2 сағат, жоғарғы курс студенттері үшін 4 сағатқа дейін болуы ең қолайлы болып саналады. 1 курс студенттері үшін сабақтар күннің бірінші жартысында, сабақтардың 1 немесе 2 жұбында жүргізлуі тиіс. Жоғарғы курс студенттері үшін сабақты күннің екінші жартысында жүргізуге болады, бірақ бірінші немесе екінші жұпта жүргізу міндетті емес. Әрбір академиялық сағаттан кейін 15-20 минуттық үзілістер ұйымдастыру қажет. Бұл кезде оқушылар міндетті түрде оқу бөлмесінен шығуы, және бөлме өтпелі желдету түрімен желдетілуі тиіс.
Қажу дамуының алдын алу үшін әрбір 20-25 минут сайын көзге жаттығулар жасау, және ұзақтығы 3-5 минуттық дене шынықтыру жаттығуларын жасау ұсынылады. Дене шынықтыру жаттығуларын жасауға арналған үзілістердің міндетті түрдегі элементтеріне орнында тұрып жүру, кеудені денені айналдыру және еңкейту, қисайту, отырып-тұру және басқа да қозғалыстар жатады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ЖАК-де жұмыс істеу уақытының ұзақтығы өте аз болуы тиіс. Сабақтар әдіскердің қатысуымен өткізілуі тиіс.
11.4 - кесте
Оқушылардың (1998жылдан кейін кеш шыққан) және ЭСТ-мониторлармен СК-мониторлармен жұмыс істеу уақыты.
Топтар |
1 аптадағы жалпы ұзақтығы |
БДТ-мен жүргізілетін сабақтың үздіксіз өту ұзақтығы |
1 аптадағы сабақтың саны |
Қосымша сабақтар |
Компьютерлік ойындар |
|||
Жалпы ұзақты-ғы |
1 ап-тадағы саны |
Өткізу уақы-ты |
||||||
ЭСТ-мо-ниторлар |
СК-мони-торлар |
|||||||
Мектепке дейінгілер |
||||||||
5 жас 6 жас |
14 минут 20 минут |
7 минут 10 минут |
2 |
- |
- |
- |
7 минут аптасына 10 минут 2 реттен жиі емес |
|
Мектеп оқушылары |
||||||||
1 сынып |
30 минут |
45 минут |
10 минут |
1 |
- |
- |
- |
|
2-3 сыныптар |
45 минут |
45 минут |
15-30 минут |
60 минут-қа дейін |
2 |
Сабақ аяқтал-ған соң 1сағат-тан ер-те емес |
Сабақ соңында 10 ми-нутқа дейін |
|
4-5 сыныптар |
1,5 сағат |
2 сағат |
15-30 минут |
|||||
6-7 сыныптар |
2,5 сағат |
2,5 сағат |
45 минут |
90 минут-қа дейін |
Сабақ соңында 15 ми-нутқа дейін |
|||
8-9 сынып- |
||||||||
10-11 сыныптар |
6 сағат |
7 сағат |
1 және 2 сағат-тарда 30 минуттан |
2 |
Бір БДТ-ны жасына байланыссыз, екі не одан да көп балалардың пайдалануына рұқсат етілмейді, сондай-ақ ұйықтау алдында қатар компьютер ойындарын ойнауға тиым салынады.
Емдеу-алдын алу шараларына алдын ала жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулер, БДТ мен ЖАЭЕМ пайдалануын еңбек жағдайын бақылау, жұмыс орындарының, жұмыс режимі мен демалу режимінің, ұйымдастырылуын бақылау, көру және бұлшықет қажуын азайту үшін жаттығулар жасауды үйрету және басқалар жатады. БДТ-мен тікелей жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға рұқсат етіледі. Әйел адамдарға, жүктілігі анықталған уақыттан бастап және бала емізетін кезеңінде, сондай-ақ қатерлі ісік алдындағы аурулары бар (мастопатия, жатырдың миомасы, қуық асты безі қызметінің бұзылуы және т.б.), және көру қабілеті 3 және одан да көп диоптрийге төмендеген адамдарға БДТ-ны қолданып істелетін жұмыстың бәрі де ұсынылмайды. Ондай жұмысты орындау қажеттілігі туындағанда, арнайы матадан тігілген экрандаушы қорғайтын костюм, сондай-ақ қорғайтын қалпақ немесе орамал тарту керек. Басқа жұмысқа ауыстыру дәрігердің ұсынысы бойынша іске асырылады. Балалар мен жасөспірімдер, жоғары оқу орындарының студенттері ҚР ДМ бұйрықтарына сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден өткізілуі тиіс. Көздің қажуын басу үшін, ЖАК-ің люминофорларының сәулелену спектрін адамның көзі қабылдайтын түске сәйкес келуіне дейін түзететін «компьютерлік көзілдіріктерді» пайдалану ұсынылады. Ресейде академик О.М.Нефедовтың басшылығымен «Компьютер және көру» атты кешенді бағдарламасы жасалуда. Әр адамға өзінің көру қабілетіне тест жасау және нақты бір адамға қатысты ұсыныстар алу үшін, қолданушының жеке дискетасын жасау ұйғарылып отыр. Осы дискетаның көмегімен экранның параметрлерін реттеуге болады, ал бағдарламалардың ішінде біреуі компьютерді пайдаланушыға үзіліс жасау қажеттілігі туралы ескертіп , компьютерді өзі өшіріп тастайды.
12. Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы.
Әр түрлі саладағы дәрігерлер мен орта буындағы медциналық қызметкерлердің жұмысында өзіне тән ерекшеліктері бар, бірақ олардың бәрі де өздері жұмыс істеп жатқан өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсеріне, сондай-ақ жұмыс үрдісінің сипатымен байланысты кәсіби зияндылықтардың әсеріне ұшырайды.
Дәрігер-хирургтар мен акушер-гинекологтардың еңбегі ауыр және қауірт болып табылады. Ол ақыл-ойына түсетін, сенсорлық, эмоционалдық жүктемелер, түнгі ауысымда жұмыс істеу, жұмыс кезінде дененің мәжбүр қалыпта болуы, дененің еңкеюі, статикалық және жергілікті динамикалық жүктемелер сияқты еңбек үрдісінің әр түрлі факторларының тұрақты әсер етуімен жүреді.
Хирургтар мен акушер-гинекологтардан тез және дұрыс диагноз қоя білуін, аурудың өте көп белгілерінің ішінен қажетті ақпаратты алу және оны бағалауды, уақыт тапшылығы жағдайында пайда болған жағдайға дұрыс шешім қабылдай алуын, операцияны, босандыруды жоғары дәрежеде жүргізуін, операция кезінде немесе босандыру кезінде пайда болуы мүмкін асқынуларға дайын болуын талап етеді. Олар науқастың өмірі үшін жауапты, ал акушер-гинекологтар және нәрестенің де өміріне жауапты. Мұның бәрі хирургия саласындағы дәрігерлерінің еңбегіне тән жоғары жүйкелік-эмоционалдық зорналунарды көрсетеді. Операциялардың көпшілігін хирургтар түрегеп тұрған жағдайында, денесі еңкейіп тұрған күйінде орындайды, оның үстіне операциялардың жасалу ұзақтығы әр түрлі болып келеді: 1-2 сағаттардан 6-7 сағаттарға дейін. Жұмыстық кезіндегі мұндай дене қалпы едәуір статикалық зорлануға алып келеді, ал қолмен атқарылатын үзіліссіз динамикалық жұмыс оған қатысатын бұлшықеттердің зорлануы мен қажуына әкеледі. Сенсорлық жүктемелер дет жоғары, атап айтқанда көру мүшеміне түсетін (Х тараудың 5.1 бөлімін қара) тұрақты кернеулік көрудің айқын қажуына әкеп соғады.
Операциялық күнен кейін, әсіресе тәуліктік кезекшіліктерден кейін хирургия саласындағы дәрігерлер де айқын қажу дамиды, бұл көп жылдар бойы осы кәсіппен айналысатындарда тұрақты болып қалады. Оның үстіне түнгі ұйқы барлық уақытта бірдей дамыған қажуды баспайды. Әріптестерімен қолайсыз ара қатынастары, емдеудің қолайсыз аяқталуы және басқалар сияқты психогенді факторлар қажуды күшейтеді жүйкелік-эмоционалдық зорланудың бәсеңдеуін қиындатады.
Еңбек үрдісі факторларынан басқа бұл салалардағы дәрігерлерге әр түрлі химиялық факторлар: наркозға арналған заттар, анестетиктер, антибиотиктер және басқа да дәрілік заттар, дезинфекциялаушы заттар да әсер етеді. Науқастардың қанында, жарасында, нәжістерінде болатын, сондай-ақ қатар ауада айналып жүрген патогенді және шартты патогенді микрофлора сияқты биологиялық факторлар қандай да бір жұқпалы ауруды жұқтырудың немесе іріңді-септикалық үрдістер дамуының тұрақты қауіп-қатер факторлар болып табылады. Бұл салалардағы мамандарға рентген, лазер сәулелері, ультрадыбыс және басқа физикалық факторлар да әсер етуі мүмкін, егер операция жасау кезінде қолданылатын болса.
Көрсетілген факторлардың әсер етуі гипертония ауруының, аяқтарының көк тамырларының варикозды кеңеюлері, геморройдың едәуір ерте (жұмысының бірінші 5жылынан кейін-ақ) дамуының себептері болып табылады. 50 және одан үлкен жастағы дәрігерлерде жүректің ишемиялық ауруы, бас миы тамырларының атеросклероздық зақымдануы мен ми да қан айналымының бұзылуы жиілейді. Хирург әйелдерде жиі ана без етеккір қызметі мен жүктілік ағымы бұзылады. Дәрілік заттарға сенсибилизация байқалуы мүмкін, ол есекжем, бронх демікпесі, дерматиттер, экземалар және басқа да аллергоздар түрінде байқалады, сондай-ақ олармен дисбактериоз қатар жүреді. В және С гепатитімен ауру жағдайлары да жиі кездеседі.
Терапия саласындағы дәрігерлердің еңбегі азырақ зорлануымен және қажуымен сипатталады, дегенмен олар да жүйкелік-психикалық жүктемелердің, айқындылығы дәрежесі әр түрлі статикалық және динамикалық физикалық жүктемелердің, химиялық заттардың, физикалық және биологиялық факторлардың әсеріне ұшырайды. Мұнда әрбір медицина саласының өзіне тәне ерекше факторлары болатынын ескерген дұрыс. Мысалы, дәрігер рентгенологтардың жұмысында бұл рентгенсәулесі, физиотерапия бөлімінде, ол ультракүлгін сәулеленуі, АЖЖ, УЖЖ, ЖЖ тоқтар мен өрістер, дәрігер психиатрларда психикалық аурулармен қатынаста болу, дәрігері жұқпалы аурулар жұмысында патогенді микроорганизмдер және басқалары. Бірақ кез-келген саланың дәрігерлері қалай болғанда да күннің өзінде де басқа да ортамен еңбек үрдісі факторларының әсеріне ұшырайды.
Медициналық бикелер мен кіші буын медициналық персоналдардың еңбегі дәрігерлер еңбегінің айтарлықтай айырмашылығы бар, бірақ орындалатын жұмыстың сипатына байланысты оларға да аурухана ортасына тән айқындылықтағы әр түрлі дәрежедегі химиялық, физикалық және биологиялық факторлар, сондай-ақ дене жұмысының жүктемелері және жүйкелік-эмоционалдық жүктемелер әсер енді, жеке мүшелер мен жүйелерге шамадан артық күш түсүі байқалады.
Кәсіби зияндылықтардың медицина қызметкерлерінің денсаулығына қолайсыз әсерінің алдын алу үшін қажуды, жүйкелік-эмоционалды және дене жұмысы жүктемелерінен шамадан артық күш түсүін азайтуға, өндірістік ортаны сауықтыруға, ағазаның қарсылық кушін жоғарлатуға бағытталған шаралар кешенін жүргізу қажет. Бұл шаралардың ішінде еңбекі және демалуды ұжымды ұйымдастыруға маңызды роль беріледі. Мысалы, хирургтар мен анестезиологтарға түнгі немесе тәуліктік кезекшіліктен кейінгі күні жоспарлы операцияларды жасауына болмайды, жоспарланатын операциялардың жорамалданған ауырлық дәрежесі мен ұзақтығы бойынша айырмашылығы болуы тиіс. Үйде толық құнды ұйқы мен таза ауада болып дем алу, жаяу серуендеу, физикалық белсенді жаттығулар жасау қамтамасыз етілуі тиіс. Қолайлы микроклимат жағдайларын ұйымдастыру және жұмыс бөлмелері ауасының ластануының алдын-алу да тонусты жоғарлатып, қажудың дамуын баяулатады. Әкімшілік және медицина қызметкерлерінің өздері жұқпалы агенттерді жұқтыру мүмкіншілігінің, физикалық және химиялық факторлардың әсер етуінің алдын алатын барлық гигиеналық талаптарды орындауы тиіс.
Болашақ мамандығын таңдау адамның психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оның физикалық мүмкіншіліктері мен денсаулық жағдайын ескеріп жүргізілуі тиіс. Бұл мәселені шешуде кезеңдік медицицналық тексерулердің алатын орны ерекше. Жыл сайын жүйелі түрде жүргізілетін медициналық тексерулер аурулардың ерте белгілерін анықтауға және тиісті емдеу-сауықтыру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
13. Ауылшаруашылығы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері.
Ауылшарушылығында әр түрлі өндіріс түрлері іске асырылады: әр түрлі өсімдік дақылдарының өндірісі, мал шаруашылығы, жөндеу жұмыстары, біріншілік өңдеу, ал соңғы жылдары ауыл шаруашылық дақылдарынан өңдеу өнімдерін алуда іске асырылуда. Олардың көпшілігіне өнеркәсіптік өндірістен өзгешелігі бар өзіндік ерекшеліктер тән, атап айтқанда далада жұмыс істеу, негізгі жұмыстардың мезгілдік сипатта болуы, ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіне тән ерекшелігіне бағынатын жұмыс күннің тәртібі, жиі болатын лимиттелген жұмыс уақыты, адамға әр түрлі улы химикаттар мен топыраққа енгізілетін минералды тыңайтқыштардың әсер ету мүмкіншілігі, әр түрлі биологиялық факторлар әсер етуінің жоғарғы қауіп-қатері сияқты ерекшеліктер.
Механизаторлардың еңбек гигиенасы. Егін егу алдындағы топырақты өндеу және егу, егінге күтім жасау, өнімді жинау сияқты өсімдік дақылдары өндірісіндегі барлық негізгі жұмыс турлері механикаланған түрде тракторлардың және әр түрлі комбайндардың (дәнді дақылдық, қызылша жинаушы, картоп жинаушы және т.б.) көмегімен іске асырылады.
Далада таза ауада жүргізілетін жұмыстарды еңбек іс әрекетінің ең таза зиянсыз түріне жатқызғанмен, механизатораға әсер ететін негізгі өндірістік факторлардың бірі қолайсыз микроклимат болып табылады. Кабина ішіндегі микроклимат көрсеткіштері метеорологиялық жағдайлармен, жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштан бөлінген жылумен, ауылшаруашылық машиналарының қатты қызған немесе суық метал беттері түріндегі басқа да қосымша жылу немес суық көздерінің болуымен анықталады. Жылдың жылы мезгілінде сыртқы ауа температурасы 25-30ºС және кабина төбесінің алдыңғы қабырғасы 50-60ºС дейін қызуы кезінде машиналардың кабиналарындағы температура 38-39ºС дейін жоғарлайды, ал оңтүстік аймақтарда одан да жоғары шамаларға жетеді, ол жұмысшыларға ыстық өтуіне әкеп соғады. Жылдың суық мезгілінде көктемгі және күзгі алқаптық жұмыстарды жүргізу, қар тоқтату кезінде жылы жабдықталмаған кабиналарда жұмыс істеу адам ағзасына төмен және субнормальды ауа температурасының әсер етуінің себебі болуы мүмкн, ол ағзаның қатты салқындау қаупін туғызады.
Механизаторларға тұрақты әсер ететін өндірістік ортаның басқа факторларына шу мен діріл жатады. Негізгі шу көздері жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш, жанған май газын шығаратын жүйесі, жанармайлық аппаратура болып табылады. Шудың спектрлік құрамында жоғары жиіліктісі басым болады, ал кабинадағы шу деңгейі жиі рұқсат етілген шамадан 20-25 дБ жоғары болады. Соның нәтижесінде механизаторларда жұмыстан кейін есту өткірлігі нашарлайды, қажығыштық, басы ауруы байқалады, есту нервісі ауруларының деңгейі жоғары болады.
Тракторшылар мен комбайншылар әсеріне ұшырайтын діріл аралас болып келеді: жалпы (транспорттық) және жергілікті. Ауыл шаруашылық машиналарды жүргізушілердің жұмыс орнына отырғышы арқылы, жұмыс барысында машина тегіс емес жермен қозғалған сәтте (жалпы діріл) пайда болатын төмен жиілікті дүмпү (толчок) тәрізді реттсіз сипаттағы діріл әсер етеді. Ең үлкен дүмпулер машина сағатына 11 км дейін жылдамдық алғанда пайда болады. Көбінесе тік бұл дірілдердің жиіліктері резонанстыға сәйкес келеді, және де оның деңгейлері рұқсат етілген шамалардан жоғары болады. Бұдан басқа, жұмыс орнына (жалпы діріл), сондай-ақ механизаторлардың қолдарына машина басқару органдары арқылы (жергілікті діріл) қозғалтқыштар мен машиналардың қозғалыста жұмыс атқаратын тетіктерінің трансмиссиялар мен транспортерлердің жұмысы кезінде пайда болатын діріл беріледі. Бұл діріл орташа жиілікті болып табылады. Оның деңгейі әдетте, рұқсат етілген мәндерінен аспай, нормативтік деңгейлердің жоғарғы шектеріне жетеді.
Дірілдің механизаторлардың ағзасына дірілдің әсер етуі әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының бұзылуына себепші болады, тірек-қимыл аппаратының микрожарақаттануына жағдай жасайды, ол деформирлеуші остеоартроздар мен дискоздардың, омыртқа жотасының бел-сегізкөз бөлігінің остеохондроздарына алып келеді, бұлшықеттердің қажуын арттырады және т.б. өзгерістерге әкеп соғады (берліген тараудың 5 бөлімін). Әйел-механизаторларда етеккір-ана без гормондары циклінің бұзылыстары, әйелдің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының асқынуы байқалуы мүмкін.
Дала жұмыстарына тән факторлардың біріне шаң мен машиналардан шығатын жанған жанармай газдары жатады. Ауаның шаңмен ластануы егін егу алдында жерді жыртқанда, егін еккен кезде, топырақ қабаттарын аралстыру нәтижесінде, культивациялауда, өнім жинауда, оны өңдеуде орын алады. Шаңның құрамы аралас, оның құрамында минералды да, органикалықта құрам бөліктері, солай органикалық құрамдастар, әр түрлі бактериялар, патогенді микрофлора, гельминт жұмыртқалары, көгерткіш (зең) саңырауқұлақтардың споралары, сонымен қатар агрохимиялық мақсатта арнайы енгізілетін минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар болуы мүмкін. Егін шаруашылығындағы көптеген жұмыстарды орындау кезінде көбінесе минералды шаң түзіледі, дәнді дақылдарды, мақтаны, зығырды жинау кезінде көбінесе құрамында өсімдік тозаңдар бар, органикалық (өсимдік) ал мақтаны, зығырды, кенепті өңдеу кезинде олардың талшықтары бар шаң түзіледі. Ауаның шаңдануы әдетте жоғары, ал шаң бөлшектерінің басым көпшілігінің өлшемі 5 мкм аз, бұл олардың тыныс алатын ауамен төменгі тыныс жолдарына төменгі және өкпе көпіршіктеріне дейін өтуін қамтамасыз етеді. Еңбек өтілі үлкен жұмысшыларда ауыл шаруашылық шаңымен тыныс алу шанан болатын созылмалы бронхит дамуына, ал құрамында бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы болса өкпеде айқындылығы орташа диффузды-склероздық және түйінді өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін. Шаңданған атмосферада үнемі жұмыс істеу жоғарғы тыныс жолдарының, көздің және терінің қабыну ауруларын туғызады. Өсімдік текті құрам бөліктери аллергиялық аурулардың поллиноздар дамуының себебі болуы мүмкін.
Тыныс алатын ауамен бірге ағзаға жанған жанармай газдар да енеді, олардың құрамына көміртегі тотығы, азот тотықтары, альдегидтер, көмірсутектер, күйе, бензапирен және т.б. қосылыстар кіреді (ІІІ тарау). Олардың ішінде көміртегі тотығының маңызы зор, оның орташа концентрециялары тракторлардың кабиналарында 13-15 мг/м3 дейін жетеді. Пайдаланылған газдарын бензинді қозғалтқыштар бәрінен де көп шығарады ал дизелді қозғалтқыштар ауаны аз ластайды.
Механизаторлардың еңбегі, сондай-ақ нормаланбаған жұмыс күнімен, әсіресе егін егетін немесе өнім жинайтын күндері орын алады, сондай-ақ жұмыстың жоғары қарқындылығымен, дене жұмысының статикалық жүктемелерімен, жүйкелік-эмоционалдық зорланумен ерекшеленеді.
Механизаторлардың еңбегіндегі факторлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралардың кешенінде автоматты турде басқарылатын, шу мен діріл деңгейі төмендетілген машиналарды құрастыруға, кабиналарда камфортты жағдайлар жасауға айрықша көңіл бөлінеді. Тракторлардың кабиналары жабық типті, беттері жылу оқшаулағыш, сынбайтын әйнектен жасалған 4 қарайтын терезесі болуы керек. Олар жылытатын құрылғыларымен, сондай-ақ ауаны салқындататын және ылғалдайтын жүйелерімен жабдықталған болуы тиіс. Шаңдану мен газдануды төмендетуге бағытталған ең тиімді шара кабиналарды герметизациялау, енбелі желдету түрін ұйымдастыру болып табылады. Бұдан басқа, жанармай жануынан шыққан газдармен ауаның ластануының алдын-алу үшін тракторлар мен комбайндардан жанған жанармай газдары шығатын құбырын кабинаның төбесінен жоғары етіп шығарады, қозғалтқыштарды уақтылы жөндеп тұрады. Шудың деңгейін төмендету мақсатында жанған жанармай газдары шығатын құбырларға шу сөндіргіш орнатады, кабиналарға дыбыстан оңашалау жүргізеді, ал дірілді төмендету үшін отырғыштарды жұмсақ амортизаторларға орнатады. Отырғыш жұмсақ, жартылай жұмсақ жылжымалы арқалығы және шынтақ тіректері болуы керек. Сондай-ақ кәдімгі теріден жасалған жастықтарды немесе киіз төсеніштерді қолданады.
Кабиналары жоқ ауыл шарушылық машиналарының (тіркемелі агрегаттар, топырақ өңдеуші, егін егетін және отырғызатын тіркемелер) басқару алаңқайларында ыңғайлы жартылай жұмсақ, арқалығы мен амортизациясы бар, үстіне күн көзінен және жауын-шашыннан қорғауға арналған шатыр орнатылған, жұмыстық орындықтары болуы тиіс. Жұмыс орнының алдынан жылжымалы мөлдір қалқанша орналастырылуы керек. Өнім жинайтын машиналардың жұмысы істеуі шаң шығарумен жүретін барлық бөліктерін жабу керек.
Механизаторлар шаңға қарсы комбинезондармен, қорғағайтын көзілдіріктермен және респираторлармен жабдықталуы керек.
Механизаторлардың еңбегін оңтайлы етудің, жұмыс күні нормаланған екі ауысымда жұмыс істеуді ұйымдастырудың, күннің қатты ыстық уақытында қосымша үзілістер жасаудың, рационалды тамақтандыруды ұйымдастырудың үлкен маңызы бар.
Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы еңбек гигиенасы. Жеке сақталып қалғанмен де шаруашылықтарда мал шаруашылығының дәстүрлі түрі сақталып қазіргі заманғы мал шаруашылығы (сүн өндірісі, ірі қара малды бордақылау өндірісі, жылқы шаруашылығы, шошқа, қой шаруашылықтары) және құс шаруашылығы өнеркәсіптік негізге ауыстырылған. Малдарды ірі өнеркәсіптік мал шаруашылығы кешендерінде ұстайды, оларда автоматтандыратын және механикаландыратын әр түрлі құралдары кеңінен қолданылады.
Ірі қара мал кешендерінде малдарға тікелей күтім жасайтындар сауыншылар, бұзау бағушылар, малшылар, жем дайындайтын цехтарының жұмысшылары. Олар жұмыстарын орындау кезінде өндірістік орта мен жұмыс үрдісінің әр түрлі факторларының әсеріне, атап айтқанда, ауаның және ортаның басқа да нысандарының химиялық және биологиялық ластануының, қолайсыз микроклиматың деңгейі, жоғары шудың, дене жұмысының және жүйкелік-эмоционалдық жүктемелердің әсеріне ұшырауы мүмкін. Дегенмен де, сиырларды сауу, жем әзірлеу, қора жайларды тазалау сияқты үрдістерді механикаландыру малшылардың еңбегін көп қолайлы еткенін айта кету керек. Мысалы, кезінде малды қолмен сауу ең қиын үрдіс болатын, қол басының жүйке-бұлшықет аппаратының қарқынды динамикалық жұмысын ғана емес, сондай-ақ олармен бірге білек пен иықтың үлкен бұлшықет топтарының статикалық зорлануын қажет ететін және оларда тендовагиниттер, нейромиалгиялар, шынтақ және орталық жүйкелердің невриттері, саусақтардың бүгілмелі контрактуралары және т.б. дамуының жиі себебі болған. Қазіргі уақытта негізінен машинамен сауу қолданылады, ол сауыншыларға түсетін дене жұмысының жүктемесін төмендететін.
Сонымен бірге, сауатын қондырғылармен сауу кезінде бір оператор 80-100 бас сиырды сауады жұмысты түрегеп тұрып орындайды, сиырдың желінін жуумен, уқалаумен, сауатын аппаратының стақандарын кигізумен, шешумен байланысты жиі қайталанатын біркелкі, қимылдар жасауды қажет етеді, соның салдарынан едәуір динамикалық және жүйкелік эмоционалдық зорланумен жүреді. Бұдан басқа, операторлар жүргізілетін сауу аппаратураны тазалау, жануарларды тазалау, қора-жайларды тазалау, бұзаулату және бұзауларды өсіру ауыр қол еңбегінің үлесін елеулі дәрежеде арттырады.
Мал шаруашылығы кешендеріндегі микроклиматтық жағдайлар зоогигиеналық талаптарға сәйкес ұйымдастырылады, олар әрқашан да санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келе бермейді. Мысалы, сиыр қораларда жылдың суық мезгілінде ауа температурасы 8-10ºС деңгейінде және одан да төмен болады, ал ауаның салыстырмалы ылғалдығы әдетте 45-85% шамасында ауытқып тұрады, әсіресе, мобильді жем тарату кезінде, жемді транспортпен әкелген кезде қақпалардың жиі ашылып жабылуы салдарынан өтпе желдер байқалады. Жазда, ылғалдылығы жоғары жағдайда ауаның температурасы 35ºС және одан да жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ағзаның қарсылық күшінің төмендеуіне және жылдың сауық мезгілінде жұмысшылардың суық тиіп жиі ауыруына, миозиттерге, ал жылы мезгілінде ыстық өтуіне және т.б. мүмкіндік туғызады.
Мал шаруашылығы қора-жайларының ауасы жиі жануарлардың тіршілік өнімдерімен - аммиакпен, күкіртсутекпен, көмірқышқыл газымен, ұшқыш май қышқылдарымен ластанады, ал тиісті желдету жүйесі болмаған жағдайда олардың концентрациялары орнатылған нормативтерден бірнеше жоғары болуы мүмкін. Бұл қосылыстар киімге, адамның шашына, терісіне жеңіл сіңетін және ұзақ сақталатын болғандықтан, олар адамда жағымсыз иістер пайда болуына себепші болады. Зиянды газ тәрізді заттардың концентрациясының өсуі жоғары тыныс жолдарының, көздің, шырышты қабығының тітіркенуіне, бронхоспазм құбылысына, сілекей көп шығуына алып келеді, жүрек айнуына жәнебасы ауыруын қоздырады.
Ауа мен қоршаған нысандар шаңмен және әр түрлі шартты патогенді және патогенді бактериялармен, вирустармен, микроскопиялық саңырауқұлақтармен ластанады. Олармен ластайтын көздері сұйық тезек, ағынды сулар, жем, төсеніш, су, санитарлық киім, ыдыстар және т.б. Шаның құрамында 0,5-тен 8%-ға дейін бос күйіндегі кремнийдің қос тотығы бар топырақ элементтері, мал азықтық антибиотиктер мен малдың әр түрлі ауруларын емдеу және алдын алу үшін қолданылатын антибиотиктер, мал азықтық шөптердің егісін өңдеуге қолданылған улы химикаттар мен гербицидтер, микробиологиялық синтез өнімі болып табылатын малы азығының құрамдастары (ашытқылар, дәрумендік заттар, антиоксиданттар және т.б.) болуы мүмкін. Малшылар зооантропоноздарды: туберкулезді, сарыпты, сальмонеллезді, сібір жарасын, листериозды, лептоспирозды, аспергилезді, актиномикозды, кандидозды, токсоплазмозды, кокцидиозды, эхинококкозды, трансмиссивті инфекцияларды және басқаларын жұқтыру жөнінде қауіп-қатер тобына жатады.
Мал сауатын қондырғыларының мал азығын дайындауға және мөлшерлеуге арналған агрегаттардың, тракторларға жалғанған жылжымалы жем таратып беретін жабдықтардың жұмысы тұрақсыз сипаттағы рұқсат етілген деңгейлерден едәуір артық, жоғары жиілікті, шу шығарады. Жұмыс ауысымында 1 сағатқа дейінгі ұзаққа созылмайтын шу, жануарлардың айқайынан шығады, бірақ ол өзінің психо-эмоционалдық әсері бойынша өте жағымсыз.
Құс шаруашылығында жұмыс істейтіндерге әсер ететін өндірістік факторлар мал шаруашылық кешендеріндегі факторларға ұқсас болып келеді, оған жататындар әрдайым қолайлы бола бермейтін микроклимат жағдайлары, ауа мен қоршаған орта нысандарының ластануы, жығымсыз өзіндік иісі, физикалық және жүйкелік-эмоционалдық жүктемелер. Дегенмен де, құс шаруашылығы технологиясымен байланысты олардың бірқатар ерекшеліктері бар. Құс өсіретін кешендерде құстарды бірінің үстіне бірі орнатылған бірнеше қабат торларда ұстайды немесе ауыстырылатын төсеніш үстінде еденде ұстау әдісін қолданады. Торда ұстау әдісінде негізгі үрдістер механикаландырылған және құс өсірушінің еңбегі көбінесе операторлық сипатта болады. Дегенмен де жұмыртқаның қабығын жарып шыққан балапандарды таңдап алу және сұрыптау, жұмыртқаларды сұрыптау және инкубаторларға салу, жас балапандарды алғашқы 10-15 күнінде өсіру, және қасапханадың конвейерлерінде құстарды сою, ішек-қарындарын ақтару және сұрыптау қолмен атқарылады. Жұмыс тез қарқындылығымен, бір сарындылығымен, жұмыс кезінде мәжбүр дене тұрысы болуымен, динамикалық дене жұмысы жүктемесімен сипатталады.
Шаңның құрамы бөлмелердің тағайындалуына байланысты болады. Мысалы, инкубаторлық цехтарда шаң негізінен балапандардың қауырсындарынан тұрады. Өсіп келе жатқан және ересек құстарды ұстайтын жайларда шаңның құрамында азықтық қоспалар, антибиотиктер, қауырсындар, мамықтар, әр түрлі микрофлора болады. Оның үстіне, құс өсіретін фабрикалардағы ауаның бактериалды ластануы мал шаруашылығы кешендерімен салыстырғанда аса жоғары болып келеді. Құс шаруашылығында жұмыс істейтіндерде биологиялық белсенді заттардан аллергияға ұшырау деңгейі жоғары, себебі құстарға берілетін жем биологиялық белсенді қоспаларға бай болып келеді. Аллергиялық ринопатиялар, созылмалы демікпелі бронхит, бронх демікпесі, аллергиялық конъюктивиттер жиі кездеседі, ал сирекірек дерматиттер мен экземалар кездеседі.
Қой өсіретін шаруашылықтарда қойды мал бағудың отарлық жүйесін қолданылады. Мұндай жүйеде шабандар ұзақ уақытқа тұрақты мекен жайынан ұзақ уақытқа шығып кетеді. Бүкіл жұмыс күнін, олар ашық ауада өткізеді, әр түрлі ауа райы және климат жағдайларының әсеріне ұшырайды. Қойлардың жүнін қырқу, қоздату кезінде қойшылар сарыпты, аса қауіпті және трансмиссивті жұқпалы ауруларды және басқаларды жұқтыру қаупіне ұшырайды. Терінің іріңді зақымдалулары мен шеткері жүйке жүйесінің қабыну үрдістері жиі кездеседі. Қой бағумен айналысатын әйел адамдарда қынап пен жатырдың төмен түсуі, жыныс мүшелерінің қабыну аурулары кездеседі.
Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы еңбек жағдайын сауықтырудың негізгі жолдарына өндірістік үрдістерді, әсіресе ауыр дене еңбегі қолданылатын жерлерде: малдарды суару, қоректендіру, сауу, қора-қопсыларды жайларды тазалау сияқты жұмыстарды автоматтандыру және механикаландыру жатады. Ауаның ластануын төмендету үшін қораларды тезектен, жем науаларын оқтын-оқтын зарасыздандырып жемнің қалдықтарынан мұқият тазалап отыру керек. Микробтармен ластануын азайту үшін, сондай-ақ бактерицидті шамдардың сәулесімен әсер етіп тазартуға қол жеткізу керек. Жасанды желдетуді ұйымдастыру және фрамугалар мен басқа да құрылғылар көмегімен табиғи ауа алмасуын күшейтудің маңызы зор. Шаң пайда болатын көздері, мысалы, жем дайындайтын цехтарда жергілікті сормалы желдету құрылғысы бар қалқалармен жабдықталуы тиіс, ал технологиялық үрдіс механикаландырылған және автоматтандырылған болуы керек. Жылжымалы жем тартып беретіндер ретінде, ауаны тракторлар сияқты жанған жанар май (выхлопной) газдармен ластамайтын және қарқынды шуыл шығармайтын электрокарларды қолдану керек.
Антибиотиктерді қолдану мен оны мөлшерлеуді қораларды уытты және биологиялық белсенді заттардың аэрозольдерімен өңдеуді, пестицидтер қолданылуын қатаң гигиеналық бақылау қажет. Олармен жұмыс істегенде респираторлар, көзілдіріктер және арнайы киімдер кию керек. Дисбактериоздың алдын алу үшін биологиялық белсенді заттармен жұмыс істейтіндер, ашытылған сүт өнімдерін алып тұруы тиіс.
Малшылардың жұмыс режимі мен демалу режимі ұжымды ұйымдастырылуы тиіс. Жұмыс күінінің ұзақтығы 8 сағаттан аспауы керек, ал түскі үзіліс 40 минуттан кем болмағаны дұрыс. Мал шаруашылығы кешендерінде, жұмысшылар душ қабылдауға, демалуға, тамақтануға мүмкіншілігі болатын санитарлық-тұрмыстық бөлмелер (жайлар) жайлар жабдықталынуы тиіс.
Пестицидтермен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Пестицидтер ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын химиялық және биологиялық заттар. Олардың бірі өсімдіктерді жәндіктерден (инсектицидтер), кенелерден (акарацидтер), микроскопиялық саңырауқұлақтардан (фунгицидтер), құрттардан (нематицидтер), бактериялардан (бактерицидтер) қорғаса, басқалары арам шөптерді (гербицидтер), ұсақ жануарларды (зооцидтер) жояды, үшіншілері жапырақтарының түсуін ынталандыру үшін (дефолианттар) қолданылады.
Пестицидтердің көпшілігі өзінің улыландыратын ағзада, жоғары дәрежеде жинақталатын қабілетіне, ағзаға әр түрлі жолдармен түсетін және қорға жиналу қабілетіне политропты әсер етуіне, байланысты, сондай-ақ қауіпті мутагенді және канцерогенді эффектілер дамытатын қабілетіне байланысты адам денсаулығы үшін өте қауіпті болып табылады.
Пестицидтердің зиянды әсер ету қаупіне улы химикаттар сақтайтын қоймаларда жұмыс істейтіндер, пестицидтердің суспензияларын дайындайтындар және мөлшерлейтін өсімдіктерге оларды тозаңдандыратын және бүркетін, дәріленген тұқымдарды себумен (егумен) айналысатын, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру кезіндегі механикаландырылған және қолмен атқарылатын жұмыстарды орындайтын адамдар, мал шаруашылық және құс шаруашылық кешендерінің жұмысшылары және басқалары ұшырайды.
Өндіріс жағдайларда пестицидтер ағзаға көбінесе тынысалу жолдары арқылы түседі, бірақ ағзаға тері арқылы және шырышты қабықтар мен асқазан-ішек жолы арқылы да енеуі мүмкін.
Пестицидтер ретінде химиялық қосылыстардың әр түрлі топтары қолданылады: фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ), хлорорганикалық (ХОҚ), сынапорганикалық қосылыстар (СОҚ), карбамин, тио- және дитикарбамин қышқылдарының туындылары және т.б. қолданылады. Олардың әсер ету механизмі мен клиникалық көріністерін VIII бөлімнің 9.2 тарауынан қараңыз.
Пестицидтермен жұмыс істеу кезіндегі уланулардың алдын алу бірқатар шаралар жүргізуді қарастырады. Олардың ішіндегі ең тиімдісі аса улы заттарды улылығы аз және тұрақтылығы төмен заттармен алмастыру болып табылады. Жұмыстарды толық автоматтандыру және механикаландыру, сондай-ақ, қатар тұқымдарды дәрілеу кезінде жабдықтарды герметизациялау мен сормалы желдетуді ұйымдастыру аса маңызды. Өсімдіктерге пестицидтерді тозаңдандыру мен бүрікудің ранцтік әдісінде жұмысшыға алдын ала қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау беру және олардың жеке басты қорғайтын заттарды: арнайы киімдердің, аяқ киімдердің, қолғаптарды көзілдіріктерді, респираторларды, ал қажет болған жағдайларда-ұшқыш пестицидтермен жұмыс істеген кезде - противогаздарды қолдану міндетті түрде болып табылады. Улы химикаттардың тозаңдану радиусы мен жоғары деңгейде булануын шектеу мақсатында бүркуді таңертеңгі немесе кешкі сағаттарда, желсіз немесе әлсіз желді ауа райында, желдің бағытын ескере отырып жүргізеді. Тракторға орнатылған тозаңдатқыштар мен бүркіштерді қолданған кезде трактордың кабинасы саңлаусыз болып жабылуы керек және таза ауа берілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Ең жақсы нұсқасы бүріккіштердің жұмысын қашықтан басқару болып табылады
Аса улы заттармен жұмыс істеу уақытының ұзақтығы 4 сағаттан аспауы тиіс, ал аз зиянды заттармен - 6 сағаттан аспауы керек. Жасы 18-ге жасқа толмағандар және жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмеуі керек. Улану мүмкіншілігін болдырмау үшін пестицидтермен өңделген алаңдарда дала жұмыстарын тек бірнеше күн өткеннен кейін ғана жүргізуге болады.
Улы химикаттар сақтайтын қоймалар ауаны сорып әкететін шкафтармен және енбелі-сормалы жалпы ауа алмастыратын желдету түрімен жабдықталуы тиіс. Пестицидтерді сақтау үшін металлдан жасалған ыдыстарды пайдаланады. Мезгіл-мезгіл залалсыздандыратын және дегазациялайтын заттарды қолданып ылғалды жуып-тазалау жүргізілуі керек. Қоймаларда жеке басты қорғайтын заттарды қолданып жұмыс істейді.
Пестицидтермен жұмыс істеуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды қабылдайды. Кәсіби патологияның алдын алу үшін кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізеді, емдік-профилактикалық тамақтану және басқа да ағзаның төзімділігін жоғарлататын заттарды тағайындайды.
14. Өндірістік жарақаттану және оның алды алу.
Өндірістік жарақаттану кәсіпорында механикалық, физикалық, химиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде кенеттен пайда болған тіндердің зақымдалулары, ағзаның немесе мүшенің қызметінің бұзылуы. Оларға жарақаттар, терінің сыдырылуы, соғылулар, сынықтар, қан құйылу, сіңірлерінің үзіліп кетуі, дененің немесе оның бөліктерінің компрессиялық жаншылып қалуы, термиялық және химиялық күйіктер, электр тоғының соғуы, дабыл жарғағының жарылып кетуі, көзге бөгде денелердің (зат) түсуі және т.с.с. жатады. Жарақаттардың дамуына қауіпсіздігі тұрғысынан жетілдірілмеген өндіріс үрдісінің технологиясы, жеткіліксіз механикаландырылуы, еңбекті ұйымдастырудағы, техникаларды пайдаланудағы талаптардың өрескел бұзлулары, қауіпті нысандардың қоршалмауы, жұмысшыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін оқыту мен нұсқаунама жүргізілуіне нашар аз бақылау жасалуы, жұмысшылардың өздері оларды орындалмауы ықпал етеді.
Жұмыс бөлмелерінің аудандары өндірістік үрдістің талаптарына сәйкес келмеуі, тар өткелдер мен жолдар, зауыт ішілік транспорттың жұмысын, тиеу және түсіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмау жарақаттанулардың даму қауіп-қатерін күрт жоғарлатады.
Қолайсыз гигиеналық жағдайлар да жарақат алу мүмкіншілігін анықтайтын жанама факторлардың бірі болып табылады. Мысалы, дене қыздыратын немесе салқындататын микроклимат жағдайларында, бөлмелерге, көруді нашарлататын, жеткіліксіз жарық түсуі, қимыл-қозғалысқа кедергі жасайтын ауыр арнайы киім киіп, жұмыс істеу, шудың уландыратын заттардың деңгейі жоғары, еңбек үрдістері едәуір ауыр және қауіртті болған кезде жұмысшының реакциясының жылдамдығы мен ширақтығының және зейін қоюйының төмендеуіне, көріп қабылдауының қиындауына, қажуға, жұмыс кезіндегі абайсыздыққа алып келеді, осыған байланысты жарақаттану қаупі де өседі.
Кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін өндірістік үрдісті, еңбек іс әрекеттерін зауыт ішілік көліктерді, көпір крандар конвейерлер мен транспортерлер және т.б. түрінде тегіс автоматтандыру және механикаландыру керек. Механикаландыру және автоматтандыру жарақаттануды төмендетудің ең бір радикалды шара бірі болып табылады.
Сонымен бірге еңбек үрдісін, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, машиналар мен қондырғылардың қауіпті жерлерін сенімді түрде қоршау, тек қауіпсіз жұмыс жағдайында ғана механизмді іске қосатын блоктау жүйесін қолдану да аса маңызды.
Жарақаттанулар дамуының алдын алатын міндетті шарттарының бірі жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы сұрақтары бойынша сауаттылығы, үнемі жеке басты қорғайтын заттарды қолдану жатады. Бұл тұрғыда жаңадан келгендерге қауіпсіздік техникасы жөнінде жұмысқа міндетті түрде кіріспе нұсқаунама, сондай-ақ жұмыс істеушілерге кезеңдік нұсқаунама жүргізіп тұру айтарлықтай рөл атқарады. Жұмысшылар арасында цех дәрігерлері, орта медицицналық қызметкерлер жүргізетін санитарлық-ағарту жұмыстарының да рөлін кемітпеу керек. Дәрістер оқу, сұқпаттасу, жарақаттанулар жөніндегі материалдармен көрмелер ұйымдастыру, жарақаттанудың алдын алу жөнінде бойынша көрнекі білім алуына мүмкіндік береді.
Медицина қызметкерлері кәсіпорын әкімшілігімен, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдармен, СЭБ мекемелерімен бірлесіп жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайларын сауықтыру, жарақаттанулардың алдын алу жөнінде шаралар жоспарын жасауы тиіс, өндірістік жарақаттану мен уланудың себептерін тексеруге қатысуы керек, қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек жағдайына, жұмысты ұтымды етуге, жұмыс орнының ұйымдастырылуына бақылау жүргізуі тиіс.
XII- ТАРАУ. РАДИАЦИЯЛЫҚ ГИГИЕНА
1. Иондаушы сәулеленулер және олардың сипаттамасы
Өндірістік орта жағдайында және күнделікті тіршілік етуі барысында, адам ағзасына ультракүлгін, инфрақызыл, лазерлік, оптикалық және радиожиілік диапазондарындағы электромагниттік сәулеленумен қатар, иондаушы (иондандырғыш) сәулеленулер (ИС) де әсер етуі мүмкін.
Рентген сәулеленуінің және радиактивті ыдыраудың ашылуымен қатар адам бір уақытта - иондаушы сәулеленудің зақымдаушы әсерінен қорғану туралы мәселеге кездесті.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысы ИС-ге байланысты көрнекті жаңалықтар ашылуымен есте қалды:
- 1895 ж Вюрцбург университетінің физика ғылымының профессоры Вильгельм Конрад Рентген қатты денелерден өтетін, ауада бірнеше метрге таралатын қабілеті бар Х- сәулеленуді ашты. Кейін бұл сәулеленулер рентген сәулелері деп аталды, ал адамзат тарихындағы бірінші рентгенограмма Рентгеннің әйелі Бертаның қол ұшының бейнесі болды;
- 1896 ж Анри Беккерель уранның өздігінен көзге көрінбейтін сәулелер шығаратынын байқады. Бұл құбылыс белсенділік деп, ал сәулеленудің өзі иондаушы сәулелену деп аталды;
- 1899 ж француз физигі Пьер Кюри және оның әйелі, Польшаның көрнекті ғалымы Мария Склодовская-Кюри радий мен полонийдің белсенділік қасиетін ашты. Пьер Кюри радийдің әсерін өз қолының терісінде зерттеді, ал Мария Склодовская-Кюри зерттеу үрдісі кезінде ол затты және зертханалық ыдысты жиі қолында ұстады. Олардың ғылыми қол жазбаларының радиация деңгейі қазіргі уақытқа дейін үлкен екені белгілі;
- 1899 ж көрнекті ағылшын физигі Эрнест Резерфорд белсенді заттардың (РЗ) ыдырауы кезінде шығатын альфа- және бета-сәулеленулерді ашты. Мұнан әрі қарай ол РЗ-нің ыдырау теориясын құрды, ал одан кейінгі жылдарда азот атомдарын альфа бөлшектерімен сәулеленуге ұшыратқанда оттегі атомдары пайда болатыны байқады, яғни алғаш рет жасанды ядролық айналымдардың мүмкіндігі ашылды.
- 1930 ж бериллий, литий және бордың ядроларын бомбалау (сәулеленумен әсер ету) кезінде протондармен қатар сәулеленудің өзгеше белгісіз түрі пайда болатыны анықталды, оны алғашында бериллий сәулелері деп атап, кейін ағылшын физигі Дж. Чедвик және онымен бір уақытта осы сәулеленуді зерттеген Фредерик Жолио-Кюри, олардың бейтарап бөлшектер күйінде болатынын көрсетіп, нейтрондар деп атады;
- 1935 ж Ирэн Кюри және Фредерик Жолио-Кюри жасанды белсенділік саласында жаңалықтар ашты;
1928 ж Стокгольмде болған радиологтардың II Халықаралық конгресінде рентген сәулелері мен радий сәулелерінен қорғау жөнінде Халықаралық комиссия құрылды, ол 1950 жылы радиациядан қорғау жөніндегі Халықаралық комиссия (РҚХК) деп қайта аталып, халықтың әр түрлі санаттарының сәулелену әсеріне ұшырауының рұқсат етілген деңгейлері бойынша ұсыныстар дайындауда маңызды роль атқарады.
Сонымен, иондағыш сәулелену бұл, затпен өзара әрекеттескен кезде, заттың атомдары мен молекулаларының иондануына және қозуына әкеп соғатын сәулелену. Иондаушы сәулеленулер өзінің физикалық табиғатына байланысты электромагниттік (фотондық) және корпускулярлық (бөлшектер) болып бөлінеді.
ИС-тің бірінші тобына энергиясы жоғары рентген және γ-сәулеленулері жатады. Физикалық қасиеттері бойынша, рентген және γ-сәулелері арасында негізінде айырмашылық жоқ. Фотондық сәулеленудің шығу тегіне байланыссыз, энергиясы олардың 250 кэВ дейін болған кезде, олар рентген сәулесіне, ал 250 кэВ тан жоғары болғанда, гамма- сәулеленуге жатады.
Егер, ИС-тің бұл түрлерінің шығу тегіне келсек, сәулеленудің тежелулік және характеристикалық(характеристические) деп аталатын түрлерге бөлінетінін айта кету керек. Тежелулік сәулелену жылдамданған зарядталған бөлшектердің (электрондардың) атом ядроларының электрлік өрістерінде тежелуі кезінде пайда болады. Характеристикалық сәулелену электронның сыртқы орбиталарының бірінен ішкі орбитада пайда болған бос орынға өтуі кезінде пайда болады. Негізінен, тежелулік және характеристикалық сәулеленуді рентген сәулелеріне, ал ядролардың өзгеруі кезінде пайда болатындарын гамма-сәулеленуге жатқызады. Мұндай бөліну кезінде рентген және γ- сәулелерінің спектрлері бірінің спектрін бірі жабады.
ИС-тің екінші тобына, яғни, корпускулярлық сәулеленулерге, кеңістікте жоғары жылдамдықпен қозғала алатын және атомдардың иондануы мен қозуын тудыратын, кинетикалық энергиясының қоры үлкен, зарядталған бөлшектер жатады. Бұл топқа электрондар мен позитрондар (β-бөлшектер), протондар (сутегі ядролары), дейтрондар (дейтерий ядролары), α-бөлшектер (гелий ядролары) және ауыр иондар (басқа элементтердің ядролары) кіреді. Бұлардан басқа, корпускулярлық сәулеленуге заряды жоқ нейтрондар және теріс зарядты мезондар жатады.
Иондаушы сәулеленудің әр түрлі түрлері - белгілі бір иондағыштық және енгіштік қабілетімен сипатталады.
α-бөлшектерінің иондандырғыш қабілеті үлкен, енгіштік қабілеті аз, ауада өтетін жолының ұзындығы 3 см 11 см, ал адам ағзасының тіндерінде бірнеше микронды құрайды. Д. И. Менделеев кестесінің 83 қатарынан (висмут-83) бастап, табиғи белсенді изотоптар альфабелсенділікке ие. Жоғарыда келтірілген қасиеттеріне байланысты, альфасәулесін сәулелендіретіндер сыртқы сәулеленуге ұшырататындар ретінде мүлде қауіпсіз, бірақ ағзаға түскен кезде (ингаляциялық жолмен, тағам өнімдерімен, сумен) аса қауіпті.
Бета-сәулесін сәулелендіретіндер жеңіл элементтер арасында да, ауыр элементтер арасында да кездеседі. β-сәулеленудің иондағыш қабілеті, альфа-сәулеленуге қарағанда төмен, бірақ енгіштік қабілеті жоғары. Бета-бөлшектердің ауада өтетін жолының ұзындығы 10 м 15 м, ал ағза тіндерінде бірнеше миллиметрді құрайды.
Рентген және γ-сәулелері қасиеттері бойынша бірдей. Рентген және гамма-кванттардың ауада өтетін жолдарының ұзындығы жүздеген метрмен, ал биологиялық орталарда ондаған метрмен есептеледі. Бұл сәулеленулердің иондағыш қабілеті жоғары емес, бірақ олардың енгіштік қабілеті жоғары болғандықтан, нысанның терең жатқан бөлігіндегі заттың атомдарымен әсерлесе алады.
Аталған иондаушы сәулелену түрлерінің «иондандырғыш қабілеті» бойынша келесі арақатынастары белгілі:
α : β : γ = 10000 : 100 : 10;
сондай-ақ, «енгіштік қабілеті» бойынша:
α : β : γ = 10 : 100 : 10000.
Нейтрондық сәулелену ядролық реакторларда - уран, плутоний ядролары ның бөлінуі үрдісінде пайда болады. Заряды болмағандықтан, нейтрондардың енгіштік қабілеті жоғары. Олардың қауіптілігі: нейтрондар тұрақты атомдардың ядроларына оңай еніп, оларды радиобелсенді етеді, нәтижесінде туындаған радиация пайда болады. Нейтрондардың бұл қасиеті жасанды радиобелсенді изотоптар алуда қолданылады.
Иондаушы сәулеленуді сипаттау үшін, сондай-ақ, «сәулеленудің энергиясы» деген түсінік қолданылады. Сәулеленулердің енгіштік қабілеті олардың энергиясына байланысты. Сәулеленудің энергиясы электрон-вольтпен (эВ) көрсетіледі. 1эВ бұл электрондардың, айырмашылығы 1 вольт, электр өрісі арқылы өткен кезде алатын энергиясы. Бұл өлшем бірліктің туындылары:
1 килоэлектрон вольт (КэВ) = 1 х 103 эВ;
1 мегаэлектрон вольт (МэВ) = 1 х 106 эВ.
Иондаушы сәулелену энергиясы жүздеген КэВ-тен бірнеше ондаған МэВ-ке дейін өзгеріп отырады.
ИС тіркеу әдістері. Иондаушы сәулеленулер заттармен (иондану, атомдардың қозуы, екіншілік сәулеленудің пайда болуы және т.б.) әрекеттесуі кезінде жүретін, өзіне тән физикалық үрдістер бойынша өлшенеді және анықталады. Барлық жағдайда да, иондануы немесе сонымен байланысты екіншілік эффектілері тіркеледі. Иондану эффектісін тікелей тіркеуге негізделген әдісі иондандыру (ионизационный)әдісі деп аталады.
Ионданудың екіншілік эффектілері фотографиялық, люминесценттік, химиялық және басқа да әдістердің көмегімен өлшенуі мүмкін.
Иондаушы сәулеленуді тіркеудің фотографиялық әдісі, олардың, көрінетін жарыққа ұқсас, фотоэмульсияны қарайтатын қасиетіне негізделген. Бұл әдіс корпускулалық сәулеленудің сыртқы ағындарын өлшеу үшін, кванттық сәулеленулердің дозаларын анықтау үшін, белсенділікті және оның әр түрлі нысандарда таралуын зерттеу үшін қолданылады.
Аралас ағындар болған жағдайда (β-, γ- сәулеленулер және басқалар) әр түрлі сәулеленудің әсерінен қараю тығыздығын жеке-жеке тіркеу үшін пленкаларды көп жолды кассетаға салып қояды.
Фотографиялық әдісті нейтрондарды тіркеу үшін де қолдануға болатынын айта кету керек. Бұл кезде фотопленка нейтрондардың кадмий сүзгісімен өзара әсерлесуі кезінде пайда болған қайта берілетін протондарды тіркейді. Бұл сияқты өлшеулерге арнайы қалың қабатты («ядролы») эмульсиясы бар пленкаларды таңдап алады.
Тіркеудің сцинтиллялық әдісінде негізгі роль атқарындар иондаушы сәулеленудің әсерінен пайда болатын қозған атомдар мен молекулалар. Қозған атомдардың негізгі (бастапқы) жағдайына өтуі жарықтың жарқ етуімен жүреді. Иондағыш сәулеленудің кейбір заттардан жарық (сәуле) шығаратын қасиеті сәулеленуді тіркеу үшін қолданылады. Осы қағидаға негізделген детекторлар сцинтилляциялық есептегіштер деп аталады. Сцинтилляцилық детекторлар, көбінесе α-, β- және γ-сәулеленуді тіркеу үшін қолданылады.
Соңғы жылдарда иондаушы сәулелену әсерінен кейбір қатты денелерде жүретін ерекше физикалық құбылыстарды пайдалануға негізделген дозиметрия әдістері дами бастады. Бұл құбылыстың мәні мынада: иондаушы сәулеленудің әсерінен қатты денеде (люминофорда) сіңген энергия жиналады, бұл энергия люминофорды қосымша қоздырған кезде босап шығуы мүмкін. Қосымша қоздырудың түрлеріне байланысты люминесценцияның келесі әдістерін ажыратады: радиофотолюминесценция (алдын ала сәулеленуге ұшыратылған затты жарықпен қоздыру); радиотермолюминесценция (алдын ала сәулеленуге ұшыратылған затты қыздыру) және хемилюминесценция (химиялық реакциялар кезінде бөлінетін энергияның әсерінен қозуы).
2. Радиациялық гигиенаның пайда болуы мен дамуының негізгі алғы шарттары, оның бағыттары мен міндеттері
1922 ж академик В.И. Вернадский: «Біз адамзат өмірінде бұрын болып көрмеген ұлы өзгеріске жақындап келеміз. Адам өз өмірін қалай жасағысы келсе, солай құруға мүмкіндік беретін күшті қару атом энергиясын өз қолына алатын уақыт алыс емес. Бұл жақын жылдарда, немесе жүз жылдықтан кейін болуы мүмкін. Бірақ, оның болатыны сөзсіз» - деп жазған болатын.
Атом энергиясының ашылуы В.И. Вернадскийдің болжамынан 20 жыл өткеннен кейін орындалды және дәл осы уақыттан, XX ғасырдың 40шы жылдарынан бастап радиациялық гигиена ғылым ретінде дами бастады. Атомның ядро ішілік энергиясын шығарып алу адамның қол жеткізген ұлы жетістігі екені сөзсіз. Ол өзінің мәні бойынша ғылымдағы революция болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, атом энергиясы адамзат өміріне жасампаздық арқылы емес, жүз мыңдаған адамның өмірін қию арқылы келді. Жапонияның Хиросимо және Нагасаки қалаларындағы трагедия бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Қазақстан территориясындағы ядролық жарылыстардың қайғылы салдары да белгілі: Семей ядролық сынақ полигонындағы (СЯСП), «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарындағы және басқалардағы. Чернобыль АЭС-індегі адамдарды қырғынға ұшыратқан апатты жағдай, Невада ядролық полигонында болған жағдай, АҚШ-тың, Англия-ның және басқа мемлекеттердің атом электр станцияларындағы көптеген апаттар, бақылаудан шығып кеткен ядролық энергияның неге әкеліп соғатынын және техникалық ғасырда адамзат факторларының алатын орнын нақты көрсетеді.
Бірақ, қазіргі уақытта, ядролық айналулар (бір түрінің басқа туріне айналуы) кезінде бөлініп шығатын энергияны пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ деп айтуға болады. Бәрінен бұрын, атом энергиясы энергетикалық құрал ретінде кеңінен қолданылады (АЭС, АЖЭО, атомдық мұзжарғыштар). Сонымен бірге, халық шаруашылығының техникалық және басқа да көптеген салаларында: металлургияда, геологияда, машина жасауда, биологияда, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, теңіз суларын тұщыландыруда (ҚР Маңғыстау обл), бірқатар ауруларды емдеу және диагнозын анықтау мақсатында медицинада және т.б. қолданылады.
Атом өнеркәсібінің дамуы және адамның іс-әрекетінің әр түрлі салаларына ИС көздерін енгізу, ағзаға енетін радиация әсеріне ұшырайтын адамдар санының көбеюіне себепші болады және қоршаған ортаға антропогенді радионуклидтердің таралуына жағдай жасайды.
Ядролық қаруды сынау кезінде пайда болатын (реттелмейтін фактор) белсенді заттардың жерге түсіп, қоршаған ортаны ластауы ерекше қауіпті болып табылады.
Көрсетілген жағдай, гигиена ғылымы мен санитарлық практикасы алдына тиісті өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдар үшін де, және жалпы халық үшін де, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндеттер қойып отыр. Фактордың (иондаушы сәулелену) өзіне тән ерекшелігі гигиенаның, радиациялық гигиена деген, жаңа бөлімінің пайда болуына себеп болады. Бұл, өз алдына бөлек гигиена ғылымының дамуы мен қалыптасуына белгілі кеңестік және ресейлік ғалым-гигиена мамандары В.А. Левицкий, А.А. Летавет, Ф.Г. Кротков, Л.А. Ильин, В.А. Книжников, В.Ф. Кириллов, И.П. Коренков және басқалар айрықша үлес қосты.
Қазақстанның бірқатар аумақтарында радиацияның табиғи көздерінің (радиациялық аномалийдердің) де, сонымен бірге, қауіптілігі біршама жоғары, техногенді көздерінің де болуына байланысты, радиациялық фактордың Қазақстан халқы үшін ерекше маңыздылылығын ескеріп, радиациялық гигиена саласында жүргізіліп жатқан зерттеулер әлі де жалғастырылуда.
Осы мәселеге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 1997), әскери полигон СЯСП-қа жақын аумақтардағы халықтың денсаулығына, қалпына қайта келмейтін зақымдаулар келтірілгені баса айтылды. Бұл кезде, тек сәулеленуге ұшыраған адамдардың өздері ғана емес, сонымен қатар, ядролық жарылыстардың тікелей салдарынан және ата-аналары көріп -білмеген аурулардан олардың ұрпақтары да жапа шегеді. «Невада-Семей» ядролық қаруды сынауға қарсы қозғалысының белсенді қатысушысы, ҚР ҒА академигі С.Б. Балмұханов, халықтың сынақ полигоны аймағында ұзақ уақыт болуының нәтижесінде келесі салдары: мутагенді әсері (ретинобластомдар, ақылой дамуының артта қалуы, психикалық бұзылулар, өзін-өзі өлтірушілік), тератогенді әсері (кемтарлық, шала туылу), канцерогенді әсері (онкологиялық аурулар жекелеген елді-мекендерде, республика бойынша орташа мәннен 2,5 есе жиі) пайда болатынын айтады.
СЯСП аймағындағы тұрғындардың ағзасына түсетін доза жүктемелерін бағалауда, ядролық көпжылдық қаруды сынаулардың халық денсаулығына және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауға профессорлар К. Н. Апсаликов, Б.И. Гусев, Н.Ж. Чайжунусова және басқа да ғалым - гигиена мамандары өздерінің едәуір үлестерін қосты.
ҚР ҒА корр-мүшесі, профессор И. Я. Часников және профессорлар В.В. Киянский, У.И. Кенесариев өз зерттеулерін Қазақстанның батысындағы ядролық және зымырандық-ядролық «Азғыр», «Капустин Яр» полигондарына жақын жерлердегі осы мәселелерді зерттеуге арнады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, сондай-ақ, келешекте атомның энергиясын бейбітшілік мақсатта (келешектегі АЭС құрылысы) кеңінен қолданатындықтан, қазіргі уақытта біздің елімізде халықтың радиациялық қауіпсіздігі мәселелеріне және экологиялық аспектілеріне ерекше көңіл аударылады.
Қазақстан Республикасында атом энергиясын, иондағыш сәулеленудің әр түрлі көздерін пайдалану, сондай-ақ, халықтың радиациялық қауіпсіздігі мәселелерімен ҚР энергетика және минералды ресурстары Министрлігінің, атом энергиясы жөніндегі Комитеті, ҚР ұлттық ядролық орталығы, ҚР ҰЯО-ң ядролық физика Институты, ҚР ДМ радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты айналысады. Бұл мекемелерде іргелік те, және қолданбалы да, ғылыми физикалық-техникалық, радиобиологиялық және экологиялық- гигиеналық зерттеулер жүргізіледі.
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы табыстарға қол жеткізуге, радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізетін мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі негізгі звеносы мамандандырылған санитарлық бақылау жүйесін ұйымдастыру мүмкіндік берді. Радиациялық қауіпсіздік нормалары мен санитарлық ережелердің сақталуын бақылауды Республикалық, облыстық, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың радиациялық бөлімдері іске асырады. Олар заңнамалық жолмен радиациялық гигиена саласында санитарлық іс шаралар жүргізеді.
Сонымен, радиациялық гигиена бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын, түрлерін және салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды зерттеп, дайындайтын ғылым. Яғни, радиациялық гигиена иондаушы сәулеленудің, иондағыш радиация көздерімен жұмыс істейтін адамдардың да, және бүкіл халықтын да денсаулығына тигізетін әсерін зерттейді және олардың жұмыс және тұрмыс жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғану шараларының кешенін дайындайды.
Радиациялық гигиена төрт негізгі бағытты қамтиды:
Радиациялық гигиенада «радиация» (лат. radiatio жарқырау, жылтырау) сөзі тек иондаушы сәулеленуге байланысты айтылады. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдардың ағзасына және халыққа радиацияның әсер ету сипатын; қарқындылығын, ырғағын және жолдарын анықтайтын өзіне тән жағдайы, бұл адамдар тобының әлеуметтік және биологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ, зерттеу әдістеріндегі және алдын алу әдістері қағидаларындағы айырмашылықтары, радиациялық гигиенаның екі негізгі бөлімінің пайда болуына себеп болды, олар:
- иондаушы сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыс жағдайын зерттейтін және қызметкердің қауіпсіздігі шараларын дайындайтын еңбек гигиенасы;
- бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған - коммуналдық радиациялық гигиена.
Жоғарыда аталғандардан, радиациялық гигиенаның негізгі міндеттері болып табылатындар:
1. ИС көздерімен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс жағдайы мен денсаулық жағдайын зерттеу.
2. ИС-тің қолайсыз әсерінен қорғану шараларының жалпыға және жеке адамға арналған кешенін жасау.
3. Қоршаған ортаның негізгі нысандарының (ауаның, суаттардың, топырақтың, тағамдық азықтардың) радиологиялық тазалығына бақылау жүргізу.
4. Қоршаған ортаның белсенді қалдықтармен ластануының алдын алу жөнінде шаралар дайындау.
Аталған міндеттерден басқа, бұл ғылымның алдында терең зерттеулерді қажет ететін, әлі де бірқатар мәселелер тұр. Бұл мәселелерді шешу тұрмыс жағдайын және қоғамның денсаулық деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Мысалы, дозиметрлік бағытында сәулеленудің негізгі табиғи көздерінің де, және жасанды көздерінің де есебінен (медициналық диагностикалық сәулеленуге ұшырауы, техногендік көздерінен сәулеленуге ұшырауы) халықтың әр түрлі контингенттерінің сәулеленуге ұшырау деңгейлері туралы мәліметтер алуды жеделдету қажет.
Радиобиологияда «аз дозалардың» эффектісі деп аталатын, аса маңызды және күрделі мәселеге басты назар аударылуы тиіс.
Сәулеленуге ұшыраумен байланысты канцерогенді қауіп қатердің өлшемін анықтау, қызметкер мен халықты радиациядан қорғауды қолайлы етуге мүмкіндік берер еді.
Сыртқы сәулелену мен ішкі сәулеленудің қатар зақымдандыратын (сыртқы сәулеленумен қатар радионуклидтердің бір уақытта әр түрлі жолдармен ағзаға түсуі кезіндегі) эффектілерін, сондай-ақ ИС-тің аралас және қоршаған ортаның басқа да факторларымен қабаттасқан әсерлерінің эффектілірін зерттеу күрделі, бірақ маңызды мәселе болып табылады. Қоршаған ортаның белсенді заттармен ластануына радиациялық бақылауды оңтайландыру жөнінде күрделі мәселелер бар.
Ядролық энергетиканың экологиялық мәселелерін шешу өзекті мәселе болып табылады. 1986 ж Чернобыль АЭС-де болған оқиға, АЭС-қа тікелей жанасып жатқан жерлер де кіретін, барлық аумақтарда қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар жасау қажет екенін көрсетіп отыр.
Бұл жерде экологиядағы, өз алдына бір бағыт болып бөлінген, радиациялық экология түсінігіне тоқтала кету керек. Радиациялық гигиенадан айырмашылығы, радиациялық экологияның негізгі міндеті қоршаған ортаның радиациялық факторларының бүтіндей биосфераға және әсіресе, адам популяциясының денсаулық көрсеткіштеріне әсер етуін, сондай-ақ, радиацияның, адамды қоса есептегенде, барлық тірі ағзаларға зиянды әсерін болдырмау немесе оған мүмкіндік болмаса, шектеу мүмкіншіліктерін зерттеу болып табылады. Яғни, радиациялық гигиена мен радиациялық экологияның адамға қатысты міндеттері бірдей болып келеді.
Қазақстан Республикасындағы радиациялық жағдайды қолайлы деп айтуға болмайды. Бірқатар аймақтардағы жоғары табиғи радиациялық фонға көптеген потенциалды қауіпті белсенді көздер қосылады. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстан аумағындағы белсенді қалдықтардың жалпы мөлшері 200 млн.т. құрайды, жалпы белсенділігі - 15,5 млн.Кu. Салыстыру үшін келесі мәлеметтерді келтіруге болады, Чернобыль АЭС-де болған апаттың белсенді шығарындылары 50-55 млн.Ku болды. Яғни, біздің еліміздегі қалдықтар көлемі Чернобыльдегінің үштен біріне тең, тек олар кең аумақта таралған.
1997 ж Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық Агенттік - АТЭХАГ (МАГАТЭ) белсенді қалдықтармен байланысты іс-әрекеттер бойынша басқару мен есеп берудің халықаралық стандарттарын орнатуға бағытталған ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта, АТЭХАГ - тің белсенді қалдықтармен және жұмыс істеу уақыты біткен отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі жөнінде Конвенциясы бар, оған 42 мемлекет қол қойған, оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің мемлекетіміз, бұл Конвенцияға 1997 ж қыркүйек айында қол қойды. Бұл мәселеге біз оқулықтың тиісті тарауында толығырақ тоқталамыз.
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы санитарлық нормаларды, ережелер мен ұсыныстарды дайындау және жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметі қажетті заңнамалық база дайындады, қабылдады және жұмыс істеуде, олар:
Осы заңдардың негізінде, Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын нормативтік құжаттар жасалды. Оның негізгілері:
Қоғамда «антиядролық» қозқарастар бар екені белгілі. Көптеген адамдардың санасында атомның адамға сонша пайда әкелетін қабілеті емес, оны атом бомбасымен, АЭС-тегі апаттармен, радиация мен сәуле ауруларымен байланыстыратындығымен түсіндіріледі. «Радиофобия» термині бұрыннан белгілі (радиацияға әйтеуір бір қатысы бар барлық заттан қорқу). Бірақ, бұл құбылыс медициналық, психоэмоционалдық және әлеуметтік сфераларға тікелей қатысы бар объективті шындық түрінде қаралуы тиіс.
Бұл, белгілі бір дәрежеде радиациялық факторлардың табиғатына да байланысты адамның сезім мүшелерінің ішінде иондаушы сәулелер туралы, оның деңгейлері мен қауіптілік тудыратын мөлшері туралы хабар беретін аппарат жоқ. Оған қоса, «радиофобия» тұрғындардың радиациялық гигиена турғысынан білім деңгейлерінің жеткіліксіздігіне де байланысты. Алайда, өкінішке орай бір жағынан радиофобияның» дамуына, екінші жағынан көбнесе, жиі негізсіз рентгенологиялық зерттеулермен байланысты, адамда әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі қолайсыз салдарының пайда болу қауіп-қатері дамуына клиникалық профильдегі дәрігерлер де өз үлесін қосатынын көрсетуге тура келеді.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі де, радиациялық гигиенаның негізін әр турлі мамандықтағы дәрігерлер міндетті түрде білуі тиіс екендігін дәлелдейді, себебі олар белгілі бір білім деңгейін меңгеріп, ақыр аяғында халықтың шамадан артық сәуллеленуге ұшырауынан және радиациялық апаттарға байланысты, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын салдарының мөлшеріне едәуір әсер ете алады.
3. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі атаулар, анықтамалар, түсініктер, өлшем бірліктер.
Қазіргі түсінікке сәйкес, радиациялық гигиенада бірқатар түсініктер мен анықтамалар қолданылады:
Иондаушы сәулелену көзі (РҚН -99 - сәулелену көзі) иондаушы сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті заттар немесе құрылғылар;
Табиғи сәулелену көзі табиғи текті иондаушы сәулелену көздері;
Техногенді сәулелену көзі оны пайдалы мақсатта қолдану үшін арнайы жасалған немесе осы әрекеттің жанама өнімі болып табылатын иондаушы сәулелену көзі;
Жабық көздері пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда, құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін, кез-келген иондаушы сәулелену көздері. Келтірілген анықтамадан иондаушы сәулеленудің жабық көздерімен жұмыс істеу кезінде, жұмысшы тек сыртқы сәулеленуге ұшырауы мүмкін, сондықтан, барлық қорғану шаралары осы жағдайды есепке алып жүргізіледі;
Ашық көздер мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде, белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін. Бұл кезде, тек сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар персонал қосымша ішкі сәулеленуге де ұшырауы мүмкін. Бұл белсенді изотоптардың қоршаған жұмыс ортасына газдар, аэрозольдер түрінде, сонымен қатар, қатты және сұйық белсенді қалдықтар түрінде түсуімен байланысты болуы мүмкін.
Радиобелсенділік бұл, өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелер (α-бөлшектер, β-бөлшектер, γ-квант және басқалар түріндегі энергиялар) шығарып, басқа элемент атомының ядроларына айналуы. Радиоактивтілікке химиялық элементтердің тұрақсыз изотоптары ие;
Радиобелсенділік айналу түрлері:
Альфа-ыдырау- реттік нөмері үлкен, табиғи белсенді элементтерге тән (яғни, энергия байланысы аз элементтерге).
Электрондық β-ыдырау табиғи да, және жасанды да белсенді элементтерге тән.
Позитрондық β-ыдырау кейбір жасанды радиобелсенді изотоптарда байқалады.
К-қосып алу (ядроның орталық электронды өзіне тартып алуы) бұл үрдіс кезінде, ядро К-қабығындағы электронды өзіне тартып алады да, позитрондық ыдырау кезіндегі сияқты ядролардың айналуы орын алады.
Ядролардың өздігінен бөлінуі бұл үрдіс атомдық номері үлкен белсенді элементтерде (мысалы, 235И, 239РИ және басқаларда), олардың ядросы баяу нейтрондарды өзіне қосып алуы кезінде байқалады.
Термоядролық реакциялар - бұл реакциялар тек бірнеше миллион градустарға жететін температура кезінде жүреді. Бұл жағдайда жеңіл элементтердің ядролары үлкен кинетикалық энергиямен қозғалып, бір-біріне жақындайды да, бір-біріне қосылып, ауырлау элементтердің ядроларын түзеді.
Жартылай ыдырау кезеңі (Т) бұл берілген белсенді изотоптың барлық атомдарының жартысы ыдырайтын уақыты.
Белсенділік (А) уақыт бірлігіндегі ядролық айналудың (ыдыраудың) жылдамдығы немесе берілген уақытта, берілген энергиялық жағдайда болған радионуклидтің қандай да бір мөлшерінің белсенділігінің өлшемі:
,
Мұндағы, dn берілген энергетикалық жағдайда dt уақыт аралығында пайда болатын, спонтанды ядролық айналулардың күтілетін саны. Радиоактивті заттардың белсенділігінің (активтілігінің) өлшем бірлігіне беккерель (Бк) қабылданады бір секундтағы бір айналым. Килобеккерель (КБк) 103 Бк-ді, мегабеккерель 106 Бк-ді құрайды. Белсенділіктің жүйелік емес арнайы бірлігі кюри (Ки). Кюри- бұл 1 секундта 3,7-1010 ядролық айналымдар (ыдырау актісі) жүретін (1Ки = 3,7-1010 Бк), берілген изотоп препаратының белсенділігі ретінде анықталатын, белсенді заттардың белсенділігінің өлшем бірлігі. Кюридің басқа да туынды өлшем бірліктері қолданылады: милликюри (мКи) 0,001 кюри, микрокюри (мкКи) 10-6 кюри, т.б.
Минималды мәнді белсенділік (ММБ) сәулеленудің көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдарының рұқсатын қажет етпейтін, бөлмедегі немесе жұмыс орнындағы иондаушы сәулеленудің ашық көзінің белгіленген белсенділігі. ММБ-ден артық болған кезде және осы жағдайда минималды мәнді меншікті белсенділігі де артық болса, сәулеленудің бұл көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдарынан рұқсат алуды қажет етеді.
Минималды мәнді меншікті белсенділік (МММБ) сәулеленудің көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдарының рұқсатын қажет етпейтін, бөлмедегі немесе жұмыс орнындағы иондаушы сәулеленудің ашық көзінің белгілінген меншікті белсенділігі. МММБ-ден артық болған кезде және осы жағдайда минималды мәнді белсенділігі де артық болса, сәулеленудің бұл көзін пайдалану үшін мемлекеттік санэпидбақылау органдарынан рұқсат алуды қажет етеді.
Меншікті (көлемдік) белсенділік заттағы радионуклид белсенділігінің (А) заттың массасына m (көлеміне V) қатынасы:
Am= A/m;
АV= A/V
Меншікті белсенділіктің өлшем бірлігі Бк/кг
Көлемдік белсенділіктің өлшем бірлігі Бк/м3
Эквивалентті тепе-теңдік күйдегі көлемдік белсенділік (ЭТКБ) жасырын энергиясының мәні, шынайы кездесетін, тепе-теңдік күйдегі емес қоспалардың энергиясының мәнімен бірдей, радонның қысқа өмір сүретін соңғы ыдырау өнімдерімен радиобелсенділік тепе-теңдіктегі радонның көлемдік белсенділігі. Бк/м3, Ku/ м3, Ku/л- мен өлшенеді
Сәулеленуге ұшырау (облучение) иондағыш сәулеленудің адамға әсері.
Табиги сәулеленуге ұшырау - ИС табиги көздерінен шығатын сәулеленудің әсеріне ұшырау.
Техногенді сәулеленуге ұшырау пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа, қалыпты жағдайларда да, және апатқа ұшыраған жағдайларда да, техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырауы.
Қызметкер сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтін (А тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін (Б тобы) адамдар;
Халық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезіндегі қызметкерді қоса алғанда, барлық адамдар;
Доза радиациялық гигиенада иондаушы сәулеленуді сандық бағалау үшін қолданылатын түсінік;
Экспозициялық доза ауаның аз көлемінде фотондардың әсерінен түзілген барлық екіншілік электрондардың толық тежелеуі кезінде, ауада пайда болған бір белгідегі иондардың толық зарядының ауаның осы көлеміндегі массасына қатынасы.
Бұл ең ерте пайда болған доза туралы түсінік, 1928 ж. қолданылады. Еуропа елдірінде, 01.01.89 ж. бастап, бұл түсінікті радиаиялық гигиенада қолданудан бас тартты. ТМД елдерінде, 01.01.1990 ж. бастап осындай шешім қабылданған болатын, бірақ, мР, мкР мен градусталған аппараттарды қолданумен байланысты, бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді. Экспозициялық дозаның СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі - кулон/кг (Кл/кг), арнайы өлшем бірлігі рентген (Р).
Сіңірілген доза (Д) элементарлық көлемдегі, затқа иондаушы сәулеленуден берілген орташа энергия. Бұл іргелік дозиметрлік мөлшер. Басқа сөзбен айтқанда, бұл кез келген заттың масса бірлігіне сіңірілген энергия мөлшерінің өлшемі:
,
мұндағы, - затқа иондаушы сәулеленуден берілген орташа энергия,
dm осы көлемдегі заттың массасы.
СИ жүйесінде сіңірілген доза джоуль/кг -мен өлшенеді. Оның арнайы аты грей (Гр). Бұрын қолданынған өлшім бірлігі рад. 1 рад = 100 эрг/г. Иондаушы сәулеленудің көрсетілген дозалаларының өлшем бірліктері арасында келесі арақатынастыр қолданылады:
1Гр=1Дж/кг; 1Гр=100рад; 1рад=1Р=1бэр
Мүшедегі немесе тіндегі доза (DT ) - адам денесінің белгілі бір мүшесіне немесе тініне орташа сіңірілген доза.
Эквиваленттік доза (HTR ) берілген сәулелену түрі үшін тиісті өлшем коэффициентіне көбейтілген мүшедегі немесе тіндегі сіңірілген доза. Бұл кез келген иондаушы сәулеленудің биологиялық эффектісінің өлшемі және биологиялық эффектісін бағалауға ыңғайлы болуы үшін әдейі арнап енгізілген доза. Биологиялық эффектісі барлық уақытта бірдей доза мөлшеріне байланысты болмайды, ал көбінде сапасына (сәулеленудің түріне) байланысты болады.
HT.R = DT * WR,
Мұндағы, DT мүшедегі немесе тіндегі Т орташа сіңірілген доза,
WR сәулелену R үшін өлшем коэффициенті.
Өлшем коэффициенттері әр түрлі сәулеленудің әр түрлі түрлерінің әсер етуі кезінде эквивалентті доза осы сәулелену түрлеріне арналған эквивалентті дозалардың қосындылары ретінде анықталады..
Эквивалентті дозаның СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі Дж/кг, арнайы аты зиверт (Зв). Бұрын бэр (радтың биологиялық эквиваленті) деп аталатын өлшем бірлігі қолданылған.
Эффективті доза (Е) адамның бүкіл денесі және оның жеке мүшелері сәулеленуге ұшырағаннан соң, олардың радиосезімталдығын ескергенде, әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі саладарының пайда болу қауіп-қатерлік өлшем ретінде қолданылатын мөлшер.
Эффективті доза мүшедегі эквивалентті дозаны берілген мүшеге немесе тінге тиісті өлшем коэффициенттіне көбейтіндісінің қосындылары болып табылады.
,
Мұндағы, Нт - мүшедегі немесе тіндегі Т эквивалентті доза;
WT мүшеге немесе тінге Т арналған өлшем коэффициенті.
Эффективті дозаның өлшем бірлігі зиверт (Зв).
Ішкі сәулеленудің әсеріне ұшырау кезіндегі күтілетін эквивалентті немесе эффективті доза белсенді заттардың ағзаға түсуінен кейінгі τ уақыт ішіндегі доза τ анықталмағанда, онда, оны үлкен адамдар үшін 50 жылға, балалар үшін 70 жасқа тең деп алу керек.
Жылдық эффективті (эквивалентті) доза календарлық жыл ішінде сыртқы сәулеленуден алған эффективті (эквивалентті) дозамен сол жыл ішінде радионуклидтің ағзаға түсуімен байланысты ішкі сәулеленуге ұшырауынан күтілген эффективті (эквивалентті) дозаның қосындысы.
Жылдық эффективті (эквивалентті) дозаның өлшем бірлігі зиверт (Зв).
Ұжымдық эффективті доза - сәулеленудің адамдар тобына толық әсерін анықтайтын мөлшер.
Доза қуаты уақыт аралығында дозаның (сіңірілген, эквивалентті, эффективті) өсуінің сол уақыт аралығына қатынасы.
Доза шегі (ДШ) қалыпты жұмыс жағдайында орнатылған шегінен аспауы тиіс техногенді сәулеленудің жылдық эффективті немесе эквивалентті дозасының мөлшері. Жылдық доза шегінен асырмау сәулеленудің детерминделген эффектілерін болдырмайды, ал стохастикалық эффектілердің туындау ықтималдығы қолайлы деңгейде сақталады.
Жылдық түсу шегі (ЖТШ ) берілген радионуклидтің, бір жыл ішінде ағзаға түсуінің рұқсат етілген деңгейі, бұл деңгей монофакторлық әсері кезінде шартты түрдегі адамның берілген радионуклидке тиісті жылдық доза шегіне тең күтілетін дозада сәулеленуге ұшырауына әкеледі.
Кірісу деңгейі (КД) - бұл радиациялық фактордың деңгейі, одан асқан кезде белгілі бір қорғану шаралары жүргізілуі керек.
Бақылаудағы деңгейі қол жеткізген радиациялық қауіпсіздік деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкердің және халықтың сәулеленуге ұшырауын, қоршаған ортаның белсенді ластануын әрі қарай төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында жылдам радиациялық бақылау үшін орнатылатын дозаның, доза қуатының, белсенді ластанудың бақылауда болатын мөлшерінің мәні.
Радиоулылық әсері ағзаға түскен кезде, үлкен немесе кіші патологиялық өзгерістер тудыратын белсенді изотоптардың қасиеті;
Изотоптың жартылай ыдырау кезеңі (Тф) бұл, берілген радиобелсенді изотоптың барлық атомдарының жартысы ыдырауға түсетін уақыты.
Жартылай шығу кезеңі (Тб) - бұл енгізілген радиобелсенді заттың жартысы ағзадан шығатын уақыты.
Эффективті кезең (Тэфф) ағзадағы изотоптың белсенсенділігі екі есеге азаятын уақыт.
Түрлі белсенді изотоптардың эффективті кезеңі өте әр түрлілігімен ерекшеленеді: бірнеше сағаттан (мысалы, 24Na, 64Cu үшін) және күннен (131I, 32Р, 35S үшін), ондаған жылдарға дейін (226Ra, 90Sr үшін). Әрине, изотоптың эффективті кезеңі қаншалықты көп болса, соншалықты оның радиоулылық әсері де жоғары болады, себебі бұлармен бірдей жағдайларда Тэфф ұлғайғанда, жиынтық доза да өседі.
4. Адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздері.
4.1. Табиғи радиациялық фон (ТРФ) туралы түсінік
Иондаушы сәулелену, бұл адам синтездеген көптеген химиялық заттар сияқты, бұрын табиғатта болмаған, адамға әсер ететін қандай да бір жаңа фактор емес.
Адамды қоса есептегенде, әрбір тірі ағза, жеке өмір сүруі кезінде (онтогенез) және бүкіл тірі табиғаттың дамуы барысында (яғни филогенез үрдісі) табиғи радиациялық фон деп аталатын, ИС әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленуге ұшырайды. Табиғи радиациялық фон бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор). Ғалымдардың ТРФ-ға қызығушылығының пайда болуына салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ, негізінен, адам атом энергиясын басқаруды үйренгеннен кейін пайда болды және ол кездейсоқ болған жоқ. Атом энергиясын пайдаланудың ауқымы кеңіген сайын, ИС-тің әр түрлі көздерінен сәулелену әсеріне ұшырайтын адамдар саны көбеюде. Сондықтан, ИС-тің қауіптілігін бағалау және сәулеленудің әсер ету шегін орнату кезінде, сәулеленудің әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленуге ұшырау деңгейін және сипатын білу өте маңызды.
Бірақ, ТРФ тірі ағзалар тіршілігіндегі ролі әлі соңына дейін анықталаған жоқ. Кейбір зерттеушілер, аз дозаларда сәулеленуге ұшыраудың пайдалы рөлі туралы айтады, яғни оның өмір үшін маңызды үрдістерді ынталандыратын әсері (гормезис құбылысы) туралы айтады. Эксперименттік бақылауда әлі де жеткілікті дәрежеде дәлелденбеген бұл көзқарас, радиациялық фактордың адам денсаулығына да, басқа да жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына да ешбір қолайлы әсері жоқ деген қазіргі кездегі көзқарасқа сәйкес келмейді. БҰҰ атом радиациясының әсері жөніндегі ғылыми комитеттің (АРӘҒК) және ХРҚК мәліметтері бойынша, радиациялық фактордың, тіпті фон деңгейінің өзінде, адам денсаулығы үшін аз да болса, қауіп-қатері бар екені көрсетілген. В.А. Книжниковтың айтуы бойынша, ТРФ есебінен қатерлі ісіктен өліммен аяқталу қауіп-қатері, шамамен 1% құрайды. Сол сияқты, обырдың спонтанды пайда болуы мен тұқым қуалайтын аурулардың бір бөлігі осы табиғи көздерден сәулеленуге ұшыраумен байланысты болуы мүмкін. Бұлардың барлығы оларды жете зерттеуді қажет ететіндігінің айғағы.
ТРФ ерекше айырмашылығы - жер бетіндегі барлық халыққа түгел әсері етуі және ұзақ уақыт бойына оның деңгейінің салыстырмалы түрде тұрақты болуы. Сонымен бірге, табиғи сәулеленудің әсер ету деңгейлерінің әр түрлі аймақтарда және теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте, бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар.
4.2. Табиғи жағдайларда адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздері
Адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздерінің қазіргі кездегі жіктелуі. Радиацияның табиғи көздері туралы түсінік.
Табиғи жағдайда адамды иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздер қандай?
Ен алдымен, бұл табиғи көздер, жер текті емес те (ғарыштық сәулелену) және жер текті де: қоршаған ортаның әр түрлі нысандарында - топырақта, суат суларында, өсімдіктерде және т.б. кездесетін космогенді және жердегі радионуклидтер (12.1- сурет).
БҰҰ АРӘҒК (1994 ж.) бағалауы бойынша, халықтың сәулеленуге ұшыраудан алатын жиынтықтық эффективті дозасына ең үлкен үлесті (70%) ТРФ қосады. Халықтың табиғи өмір сүру жағдайларында сәулелену әсеріне ұшыраудың жалпы жиынтығында медициналық мақсатта жүргізілетіні екінші орын (29%) алады. Қалған көздерінің қосатын үлесі 1 %-ға дейін құрайды, оның ішінде, ядролық қаруды сынаудан 0,3%; кәсіби сәулелену әсеріне ұшырау кезінде 0,06%, атом энергетикасы кәсіпорындарынан 0,006% және т.б. (12.2-сурет). Планетамыздың тұрғындарының табиғи радиация көздерімен байланысты сәулеленуге ұшыраудан алатын орташа эффективті дозасы 2,4 мЗв /жыл деңгейінде болады (АРӘҒК, 2000). Бірақ, бұл дозаның шамасы табиғи жағдайғаларға да, және адамдардың іс- әрекеттеріне де байланысты, сондықтан ол әр елде әр түрлі болады. Мысалы, Ұлыбританияда бұл доза жылына, шамамен 2,5 мЗв, АҚШта - шамамен 3,6 мЗв, Ресейде жылына - 0,6 мЗв-3,1 мЗв дейін (орташа алғанда, жылына 1,9 мЗв), ал ТМД елдерінде жылына орташа есеппен 5,1 мЗв құрайды (12.3- сурет).
Бірақ, табиғи сәулелену көздерінің халық үшін салыстырмалы түрдегі радиациялық қауіпсіздік дәрежесін эффективті дозалардың келесі мәндері сипаттайды: егер, сәулеленуге ұшыраудың деңгейі жылына 2 мЗв аз болса, онда
Сурет 12.1. Адамның сәулелену көздерінің қазіргі заманғы классификациясы.
12.2.-сүрет. БҰҰ АРӘҒК (1994 ж.) мәліметтері бойынша табиғи жағдайда тұрғындардың сәулеленуінің жиынтықтық эффективті дозасына түрлі көздердің қосқан үлесі
12.3 сурет. Табиғи радиация көздерімен байланысты әр түрлі елдердегі тұрғындардың сәулеленуінің орташа жылдық эффективті дозалары. (БҰҰ АРӘҒК, 2000)
ол табиғи көздерінен алатын дозалардың орташа мәнінен аспайды деп саналады; 2 ден 5 мЗв/жылға дейін болса, сәулелену әсеріне ұшырауы орташадан жоғары, ал, жылына 5 мЗв артық болса жоғары деңгейдегісіне жатады. Яғни, Л.А.Ильин мен серіктес авторларының, В.А.Книжниковтың мәліметтері бойынша, ТМД елдерінде халық табиғи сәулеленудің жоғары деңгейде әсер етуі жағдайында өмір сүреді ( 12.1-кесте).
12. 1-кесте
ТМД халқының негізгі сәулелену көздері және өлімге әкелетін қатерлі ісіктің жаңа түзілімдерінің пайда болу қауіптілігі (Л.А.Ильин және басқалар, В.А.Книжников бойынша)
Сәулелену көзі |
Орташа жеке доза, мЗв/жыл |
Қатерлі ісік түзілімдерінің қаупі, Кездесу саны /жыл I млн адамға шаққанда |
ТРФ сыртқы+ішкі сәулелену сыртқы ішкі |
2,25 0,65 1,6 |
10 |
Рентген- және радиоизотопты диагностика |
1,4 |
16 |
Құрылыс материалдары және баспана ауасы |
1,4 |
14 |
Ядролық құруды сынау салдарынан ғаламдық белсенді жауын |
2,5х10-2 |
- |
Тыңайтқыш |
1,5х10-4 |
- |
АЭС |
1,7х10-4 |
- |
ЖЭС көмірмен |
1,9х10-3 |
- |
Барлық көздерден сәулелену дозасының жиынтығы |
5,1 |
40 |
Қазақстан Республикасында халықтың табиғи көздерінен сәулелену әсеріне ұшырау деңгейі туралы мәліметтер аумақтардың радиациялық - гигиеналық төлқұжатына енгізіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірге 1996 ж радиациялық фонның рұқсат етілген деңгейін бекітті - 33 мкР/сағ. Ресейде ол 20 мкР/сағ құрайды. Табиғи фон адамды сыртқы да, ішкі де сәулеленудің әсеріне ұшырауына мүмкіндік беретін көздеріне байланысты екені 12.1- кестеден де көрінеді. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар, адам денсаулығына әр түрлі дәрежеде қауіп-қатер тудырады, сондықтан біз оларды жеке қарастырамыз.
Сыртқы сәулеленудің әсеріне ұшырау әлем кеңістігінен келіп, Жер бетіне дейін жеткен мюондардың, фотондардың, электрондардың және энергиясы жоғары нейтрондардың ағынынан тұратын біріншілік ғарыштық сәулелену есебінен де, сондай-ақ, құрамына барлық элементарлық бөлшектер кіретін, атмосфераның атом ядроларымен осы бөлшектердің өзара әсерлесу кезінде туындайтын екіншілік ғарыштық сәулелену есебінен де, жүруі мүмкін. Бұл сәулелену адамның барлық мүшелері мен тіндеріне бірдей (біркелкі) әсер етеді деп саналады. Ғарыштық сәулеленуден алатын дозаның шамасын анықтайтын негізгі факторлар жергілікті жердің теңіз деңгейінен тұрған биіктігі және аз дәрежеде - геомагниттік ендік болып табылады.
Теңіз деңгейіндегі ашық жерлерде халықтың ғарыштық сәулелену есебінен сәулеленуге ұшыраудан алатын орташа дозасы 0,4 мЗв/жыл (АРӘҒК, 2000) тең.
Қазіргі уақыттағы ғимараттардың көп қабатты үстіңгі жабындылары ғарыштық сәулеленудің дозасын елеулі деңгейде азайтады. Ғимараттардың қабат санына байланысты экрандау коэффиценті 14% -дан 40%-ға дейін құрайды.
Сыртқы сәулелену әсерін беретін табиғи көздеріне топырақтағы, әр түрлі тау жыныстарындағы, өзен, теңіз және мұхит суларындағы, атмосфералық ауадағы жер текті радионуклидтер жатады. Ағзадан тыс жатқан радионуклидтер альфа-, бета- және гамма-сәулелерін сәулелендіреді. Олардың ішінен, адамның алған дозасын анықтау кезінде, жоғары енгіштік қасиетіне байланысты тек гамма сәулесі ғана есепке алынады.
Жер текті радионуклидтердің ішінде сыртқы сәулеленуден алатын дозаға негізгі үлес қосатындар К-40 және жер қыртысы пайда болғаннан бері оның құрамында кездесетін уран-238 және торий - 232 белсенді тұқымдастарының радионуклидтері.
Ашық жергілікті жерлерде бұл көздерінен алатын жылдық эффективті доза 0,5 мЗв дейін құрайды (АРӘҒК, 2000 ж.), оның ішінде, бұл дозаның ішіндегі 40К, уран-238 және торий-232 қосқан үлестері, әрқайсысына сәйкес, 35%, 25% және 40% құрайды.
Табиғи көздерден шығатын сыртқы сәулелену дозасын бағалау кезінде, жер шарында жер текті радионуклидтер үйлерден тыс жерлерде қалыпты диапазоннан едәуір жоғары (3,6·10-8-нен 9,1·10-8Гр/сағ. дейін) болатын аумақтар бар екенін ескеру керек. Радиоактивтілік фоны жоғары аймақтар көптеген елдерде бар. Дозиметрлік тұрғыдан Үндістандағы және Бразилиядағы мұндай аймақтар өте жақсы зерттелген. Үндістанда моноцитті жыныстар басым болатын жер телімдері (250·0,5 км) көп қызығушылық танытады. Бұл жерде, ауадағы сіңірілген дозаның орташа қуаты 4,3·10-7 Гр/сағ. Бұл ауданда 70 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындардың шамамен 24% - ның сәулеленуге ұшыраудан алатын жылдық дозасы 5·10-3 Гр жоғары.
Космогенді радионуклидтер (3Н, 7Ве, 14С, 22Nа және басқа), ғарыштық сәулеленудің жер текті элементтердің ядроларымен өзара әрекеттесуінен түзілетін өнім, олар жер бетіндегі сыртқы гамма-сәулелену дозасына айтарлықтай үлес қоспайды.
Үй ішінде адамның сәулеленуге шалдығудан алатын дозасын бағалау кезінде, ғимараттың құрылыс материалына көңіл бөлінеді. Ол бір жағынан, сыртқы радиациялық фоннан қорғаса, екінші жағынан, кейбір құрылыс материалдарының өздері қосымша иондаушы сәулелену көзі болып табылады.
Мысалы, кірпіштен және граниттен қаланған тас ғимараттардың ішіндегі дозаның қуаты, олардың құрамында табиғи радионуклидтердің көп болуына байланысты, ғимарат сыртындағыға қарағанда, 30-50% жоғары. Егер, жер бетіндегі ағаштан жасалған үйлердің үлесі 20%, ал тастан қаланған үйлер 80% екенін ескерсек, онда барлық жер шары бойынша ғимарат ішіндегі ауаға сіңірілген дозаның орташа қуаты, жергілікті ашық жерлерге қарағанда, 20 % жоғары болады.
Жалпы алғанда, ғимарат ішіндегі және сыртындағы адамның сәулеге шалдығуын есепке ала отырып, жер текті табиғи радионуклидтер есебінен алатын орташа жиынтық эквивалентті доза, шамамен 0,35мЗв құрайды.
Адамның табиғи көздері есебінен ішкі сәулеленуге ұшырауының, сыртқы сәулеленуге ұшыраумен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктері бар:
а) егер сыртқы сәулеленуге ұшырау кезінде, тек гамма-сәулесінің әсері ғана есепке алынса, ішкі сәулеленуге ұшырағанда, негізгі әсерді, тіңдер мен мүшелерге тікелей әсер ететін альфа- және бета-сәулеленулер тигізеді.
б) радионуклидтердің көбі белгілі бір мүшелер мен тіндерде жиналады, бұл ағзаның жеке бөліктерінде сәуле әсерінің біркелкі болмауына әкеледі;
в) радионуклидтер ағзаның ішінде болған уақыттың бәрінде де, ағзаның ішкі сәулеленуге ұшырау жүріп жатады, себебі, олардың ыдырау үрдісі жалғаса береді, ал ыдыраудың ұзақтығы элементтің жартылай ыдырау кезеңіне және басқа да сипаттамаларына байланысты.
Биосфераның радионуклидтері адам ағзасына тыныс мүшелері немесе АІЖ арқылы түседі.
Табиғи радионуклидтердің ағзаға түсу мөлшері, демек түрлі мүшелер мен тіндердің ішкі сәулеленуге ұшыраудан алатын дозасы да, олардың ауадағы, судағы, тағам өнімдеріндегі және қоршаған ортаның басқа да нысандарындағы мөлшерімен, сонымен қатар берілген жергілікті жердегі адамның іс- әрекетінің құрылымымен, халықтың тағам рационының сипатымен және басқа да факторлармен анықталады.
Көптеген космогенді радионуклидтердің ішінен ішкі сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаға, көп болмаса да, тек 3Н, 7Ве, 14С және 22Nа ғана үлес қосады. Космогенді радионуклидтер есебінен ішкі сәулеленуге ұшыраудан алатын жылдық эффективті доза, шамамен 15 мк3в құрайды.
Ағзаға түсетін жылдық эффективті доза жүктемесіне тыныс алу жолдары арқылы енетін радионуклидтер (негізінен, радонның ыдырау өнімдерімен тыныс алу кезінде) ең көп үлес қосады - 55%. Яғни, белсенді инертті газдармен тыныс алған кезде, ең жоғары әсеріне өкпе шалдығады. Адамның ішкі сәулеленуге ұшыраудан алатын дозасына радонның ұзақ өмір сүретін ыдырау өнімдері де (210Po және 210Pb) елеулі үлес қосады. Атмосфералық ауамен адам ағзасына орта есеппен, жылына 4,0 Бк 210Pb және 0,9 Бк 210Po түседі.
Тағаммен және сумен ағзаға түсетін радинуклидтерден ішкі сәулеленуге ұшырау дозасы орта есеппен, жылына 0,3 мЗв (АРӘҒК, 2000 ж.) құрайды, ал кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша, жылына 0,4 мЗв-дейін жетеді (Василенко О.И., 2004). Бұл жағдайда адам ағзасына түсетін табиғи радионуклидтердің жалпы мөлшерінің 85% аз емес бөлігі тағам өнімдерімен, ал ауыз сумен - 15% дейін түседі деп саналады.
Көптеген жер текті радионуклидтердің ішінен адам ағзасына түскен кездегі тін дозасына, тек ең үлкен үлес қосатын радионуклидтерді қарастырумен ғана шектелеміз.
Калий-40. Калий маңызды биологиялық элемент болып табылады, сондықтан оның ағзадағы концентрациясы жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді. Калийдің ағзадағы массасының орташа концентрациясы 2 г/кг құрайды. 40К белсенді изотопы тұрақты калий пайызының мыңдаған бөліктерін құрайды. Осы мәндеріне сәйкес, жылдық эффективті доза 180 мкЗв тең болады.
Рубидий-87. Бұл изотоптың қоршаған ортадағы қасиеттері және оның адам ағзасындағы метаболизмі туралы мәліметтер аз. Ағзада ол калий сияқты таралады деп санайды. Рубидийдің-87 адам ағзасындағы концентрациясы 6 мкЗв тен бүкіл денеге әсер ететін жылдық эффективті дозаны қалыптастырады.
Уран мен торийдің белсенді тұқымдастары. Бұл тұқымдастың әрқайсысы 10 аса радионуклидтерден тұрады. Әрбір тұқымдастағы өнімдердің біреуі, эманация деп аталатын, белсенді инертті газ болып табылады. Уран тұқымдасында бұл радийдің эманациясы - радон (Rn), торий тұқымдасында торийдің эманациясы торон (Tn). Барлық табиғи көздерінің ішінде адамның сәулеленуге ұшыраудан алатын жиынтық дозасына негізгі үлесті радон мен торон және олардың ыдырау өнімдері қосады.
Радон мен торон табиғатта кең таралған. Бұл радионуклидтердің және олардың туынды өнімдерінің (ТӨ) адам ағзасына түсуі, негізінен, адам бөлмелердің ішінде болған кезде байқалады. Бұл бөлменің ішіндегі радон мен торонның туынды өнімдерінің концентрациясы, атмосфералық ауаға қарағанда, әрдайым жоғары болуымен және адам өз уақытының көп бөлігін бөлмеде өткізуімен байланысты. Ауадағы радонның әсерінен тұрғындардың сәулеленуге ұшырау дозасы жылына 1,3 мЗв құрайды (Василенко О.И., 2004). Бөлмелер ауасының белсенді газдармен ластануы туралы төменде толығырақ тоқталамыз.
Технологияға байланысты өзгерген табиғи радиациялық фон (ТБӨТРФ).
Табиғи жағдайда радиация көздерінен жаһандық масштабта қосымша сәулелену әсеріне ұшырау әзірше жоғары емес, ол ТРФ байланысты ұжымдық дозаның шамамен 1% құрайды. Бірақ, адамдардың іс-әрекеттерінің кейбір түрлері кезінде, олардың жеке топтары үшін бұл үлес едәуір болуы мүмкін.
Қазіргі кезде адамның радиациялық фоннан сәулеленуге ұшырауы радиацияның жоғарыда аталған көздерімен шектелмейді. Бұл немесе басқа технология үрдісі кезінде адам радиацияның табиғи көздерінің таралуын шектелген жерде өзгертуі мүмкін. Мұндай іс-әрекет нәтижесінде, табиғи фонмен салыстырғанда, сәулелену деңгейі одан жоғары, технологияға байланысты өзгерген табиғи радиациялық фон (ТБӨТРФ) деп аталатын, сәулелену деңгейлері пайда болады.
Яғни, ТБӨТРФ бұл, сәулемен әсер етуге арналмаған, техника мен технологияны қолдануымен байланысты адамның белгілі бір іс-әрекеті түрлерінің нәтижесінде пайда болған немесе соның есебінен күшейген иондаушы сәулеленудің табиғи көздерінен шығатын сәулелену. Арнайы әдебиеттерде ТБӨТРФ - технологияға байланысты жоғарылаған ТБЖ, технологияға байланысты күшейтілген ТБК, техногенді радиациялық фон деп те атайды.
Сәулеленуге ұшыраудың жоғарыда аталған көптеген компоненттерінің ерекшелігі, жеке адамның сәулеленуден алатын дозалары салыстырмалы түрде аз болғанның өзінде, адамдардың үлкен контингенттеріне әсер ететіндігі және соның есебінен тұрғындардың сәулеленуге ұшыраудан алатын ұжымдық дозасына едәуір үлес қосатындығы болып табылады. Қазіргі көзқарас бойынша, сәулеленуге ұшыраудың салдары ұжымдық дозаның шамасына байланысты бағаланатындықтан, бұл компоненттердің маңыздылығын олардың ұжымдық дозаға қосатын үлесіне қарай бағалау қажет.
Адамның іс-әрекеті қандай шамада табиғи радиациялық фонды жоғарылататынын және бұл тұрғындарға қандай да бір қауіп тудыруы мүмкін бе, соны толығырақ қарастыру қызықты болып табылады.
Мысалы, құрамында табиғи радионуклидтері бар, құрылыс материалдарының есебінен сәулеленуге ұшыраудың орташа дозасы адамдардың ИС барлық көздерінен (жасанды көздерін де қоса алғанда), сәулеленуге ұшырауының шамамен 1/3 дозасын құрайды, ал кейбір нақты жағдайларда одан да жоғары болады.
Қазіргі кезде әлемнің дамыған елдерінің көпшілігінде тұрғын үйлердегі ауаның белсенділігін зерттеу жөнінде мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бірқатар елдерде (АҚШ, Канада, Швеция) үй ғимараттарындағы радонның ТӨ концентрацияларына шектеу енгізілген.
ҚР санитарлық нормаларына сәйкес, бөлмелердегі радонның рұқсат етілген концентрациясы 200 Бк/м3. Алайда, Қазақстанның аумағында радон есебінен қауіпті бірқатар аймақтардың (уран кені бар және сирек металдар провинциялары, таулы және тау етегіндегі аудандар, тектоникалық жарықтар) болуына байланысты, оның грунттан көп мөлшерде бөлініп, ғимарат бөлмелеріне түсуі байқалады. Аз мөлшерде ол бөлмеге атмосфералық ауадан, су құбыры торабынан және табиғи газды жаққанда түседі.
Бөлме ауасындағы радонның және оның ТӨ концентрациясы топырақтың бетінен радонның ағынының түсуіне (эксхаляция) және ауаның алмасу жылдамдығына байланысты. Қолайсыз жағдайларда тұрғын үйлердің ауасындағы радонның концентрациясы рұқсат етілген мәннен жоғары болуы мүмкін.
Мысалы, В.Н. Севостьяновтың (2004 ж.) мәліметтері бойынша, Көкшетау, Жезқазған облыстарындағы кейбір елді-мекендердің тұрғын үй бөлмелеріндегі радонның концентрациясы 510 Бк/м3 4500 Бк/м3 құрайды.
Тектоникалық жарықтардың көлемді аймақтары бар, Алматы қаласының территориясындағы ғимараттарда радон изотоптарының эквивалентті тепе-теңдік күйдегі көлемдік белсенділігінің (ЭТТКБ) ең жоғары мөлшері 1000 Бк/м3 жоғары, ал орташа мөлшері - 130 Бк/м3 құрайды.
Қазақстанда үйлердегі радонның көлемдік белсенділігінің мәні 170 Бк/ м3 құрайды, бұл 40 Бк/ м3 тең, орташа жалпы дүние жүзілік деңгейден 4 еседен де жоғары.
Радонның және оның ТӨ (214Pb, 214Po, 218Ро, 214Bi) көздеріне топырақтан басқа, радиобелсенділігі жоғары жыныстардан жасалған құрылыс материалдары мен құрамында радоны бар су көздерінің сулары жатады.
Әдебиетте 1984 ж АҚШ-та болған таң қаларлық жағдай жазылған. АЭС-тің бір жұмысшысының отбасы тұрғын үйінің қабырғасынан радийдің эманациясы есебінен, көп жылдар бойы қатарынан жылына кәсіби мамандарға рұқсат етілетін жылдық дозасынан 50 есе артық дозаны алып отырған. Зерттеу кезінде, құрылыс материалдарының уранмен ластанғаны белгілі болды.
Қазақстанды қоса есептегенде, ТМД елдерінде, гигиеналық түсінікке сүйеніп, құрамындағы табиғи радионуклидтердің мөлшеріне (меншікті эффективті белсенділігіне А эфф.) байланысты барлық құрылыс материалдары жіктеледі.
Радиациялық қауіпсіздік нормаларына (РҚН -99) сәйкес, 1-ші класқа жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға арналған, А эфф. 370 Бк/кг аспайтын, құрылыс материалдары жатады.
2-ші класқа елді-мекен ішіндегі жол құрылысына пайдаланылатын, А эфф. 740 Бк/кг аспайтын, материалдар жатады.
3 класқа елді-мекендерден тыс жатқан, жол құрылысына пайдаланылатын (А эфф.2,8 кБк/кг аспайтын) материалдар жатады.
Халықты жоғары дәрежеде сәулеленуге шалдықтыратын факторлардың бірі, сондай-ақ, құрамында радонның мөлшері жоғары сумен қамтамасыз ететін су көздері болуы мүмкін. РҚН -99 сәйкес, оның судағы мөлшерінің нормасы 60 Бк/кг құрайды. Мысалы, Алматы қаласының сү жүргізетін құбыр суында радонның концентрациясы нормаланған шегінен аспайтын - 2040 Бк/кг аралығында ауытқиды, ал «Алмаарасан» шипажайының су көзінде, В.Н. Севастьяновтың (2004 г.) деректері бойынша - 70 Бк/кг, Жамбыл облысындағы «Мерке» шипажайы ұңғысынан алған суда 5000 Бк/кг шамасында.
Табиғи радиациялық фон, фосфатты тыңайтқыштарды өңдіру және қолдану, құрамында табиғи радионуклидтері бар, органикалық отынды (тас көмір, торф, мұнай, газ және басқалар) жағу кезінде шығатын газды-аэрозольды өнімдердің есебінен де жоғарылауы мүмкін.
4.3. Иондаушы сәулеленудің адамға әсер ететін жасанды көздері
Адамдардың сәулеленуге шалдығудан алатын ұжымдық дозасына радиацияның
Өнеркәсіп пен медицинаның түрлі салаларында қолданылатын иондаушы сәулелену көздерінің сипаттамасына тереңірек тоқталамыз.
Бұл, ең алдымен, иондаушы сәулеленудің жабық көздері, олар әсер ету сипаты бойынша шартты түрде 2 топқа:
а) үздіксіз әсер ететін сәулелену көздеріне;
б) сәулеленуді оқтын-оқтын (кезеңді) шығаратын көздеріне бөлінуі мүмкін.
Бірінші топқа, қолданылуы әр түрлі γ-қондырғылар, нейтронды, β- және γ-сәулелерін сәулелендіргіштер, екінші топқа рентген аппараттары мен зарядталған бөлшектерді үдеткіштер (соңғысында, бөлшектерді 10 МэВ-тан артық энергияға дейін үдеткен кезде, жасанды белсенді заттар түзілуі мүмкін, бұл кезде белсенді изотоптардың ағзаға түсуінің потенциалды қауіпі пайда болады). Жабық көздері, қолданылатын салалар және қолдыналатын түрлері 12.2- кестеде берілген.
12.2 - кесте
Иондаушы сәулеленудің жабық көздерінің қолданылуы
Қолдану саласы |
Қолданылатын жабық көздерінің түрі |
Металлургия Құрылыс индустриясы Химия өнеркәсібі Жеңіл өнеркәсіп Тамақ өнеркәсібі Геология Медицина және биология Ауылшаруашылық Ғылыми зерттеулер |
Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері, рентген аппараттары, γ-дефектоскопияға арналған аппараттар, радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер) Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері, рентген аппараттары, γ-дефектоскопияға арналған аппараттар Қуатты γ-қондырғылар, радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер, қалыңдық өлшегіштер, электростатикалық зарядтарды жоюға арналған аспаптар) радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер, қалыңдық өлшегіштер, электростатикалық зарядтарды жоюға арналған аспаптар) Қуатты γ-қондырғылар, радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер) Нейтронды және γ-көздері, радиоизотопты аспаптар (деңгей өлшегіштер) Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері, рентген және γ-аппараттары, γ- и β-көздері Қуатты γ қондырғылар Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері, рентген аппараттары, қуатты γ-қондырғылар, нейтрондық, γ- және β-көздері |
γсәулелендіргіштер ретінде, көбінесе, негізінен ұнтақ түрінде немесе қатты күйінде герметикалық болат ампулаларға салынған, жасанды белсенді элементтер қолданылады. γ- сәулелендіргіштер ретінде ең жиі қолданылатын белсенді элементтер 60Со, 127Те, 134Cs, 137Cs және басқалар.
Нейтрондық көздерін, әдетте, радийді, полонийді немесе плутонийді бериллиймен немесе бормен араластыру арқылы дайындайды (қоспа герметикалық болат ампулаларға салынады). β-көздері ретінде 32Р, 90Sr, 198Au және басқалар сияқты β- сәулесін сәулелендіретін жасанды белсенді изотоптар қолданылады.
Әр түрлі мақсатта қолданылатын иондаушы сәулеленудің жабық көздерінің белсенділігі кең аралықта ауытқиды. Мысалы, қазіргі кезде, біздің елімізде де, шет елдерде де, өнеркәсіпке арналған (полимерлік материалдар алу, медицина практикасында бір рет қолданылатын заттарды стерильдеу, резеңкенің сапасын жақсарту және т.б. үшін) қуатты γ-қондырғыларды салу практикасы жүзеге асырылуда. Арналуына және қолдану жағдайына байланысты сәулелендіргіштің жалпы заряды (көбінесе, бұл қондырғыларда 60Со қолданылады) 5,5 ПБк (150000 Ки) дейін жетуі және одан да артық болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілгендей, халықтың қалыпты өмір сүру жағдайындағы жалпы сәулеленуге ұшырауының жиынтығында медициналық мақсатта сәулеленуге шалдығуы екінші орын (29%) алады.
Әр түрлі зерттеушілердің мәліметтері бойынша, иондаушы сәулелену көздерін қолданумен жүргізілетін медициналық тексерулер мен емдеу кезінде, халықтың алатын дозаларының деңгейі, жылына 0,4 мЗв-ден 1,4 мЗв дейін (О.И. Василенко, 2004; Л.А.Ильин және басқалар, 1999) құрайды.
Қазіргі кезде медицинада бірқатар аурулардың диагнозын анықтау және оларды емдеу мақсатында иондаушы сәулеленудің әр түрлі (ашық та және жабық та) көздерін қолданады. Диагноз қою мақсатында қолданылған және әлі де қолданылып жүрген 80-нен астам (60Со, 75Se, 170Tu, 192Ir және басқалар) g- және b- сәулелендіргіш радионуклидтер белгілі, алайда қазіргі кезде тек 99mTc (технеций), 123I (иод), индий (In) және таллийдің (TI) радиоизотоптары өзінің практикалық маңызын жоғалтқан жоқ. Барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бағалауға, қатерлі ісіктерді және олардың метастазаларын, қабыну үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретін, радиофармпрепараттардың (РФП) құрамына кіретін, химиялық қосылыстар синтезделген (Труфанов Г.Е. және басқалар, 2004). Әр түрлі мақсатта рентген аппараттары мен сызықтық және циклдік үдеткіштер қолданылады.
Шараларды орындау технологиясына, оларды техникалық қамтамасыз ету әдістеріне және қорғану жүйесінің ұйымдастырылуына байланысты радиацияның қызметкер үшін потенциалды қауіптілік дәрежесін бағалау кезінде, барлық қолданылатын әдістерді гигиеналық көзқарас тұрғысынан шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:
Рентген сәулелері ғасырдан астам уақыт бойы әр түрлі салаларда, олардың ішінде, ең алдымен, медицинада кеңінен қолданылып келеді. XX ғасырдың басында Кронштадт госпиталында жұмыс істеген бірінші рентген аппаратын ресейдің радио жасампазы А.С. Попов жасап шығарды. Қазіргі уақытта медицинада және өнеркәсіпте қолданылатын рентген аппараттары энергиясы 25-60 кэВ-тен (рентгенмен құрылымдық талдауда қолданылады ) 60-250 кэВ ке (аурулардың диагнозын анықтау мен емдеуде қолданылады) және 200 кэВ - 35 МэВ-ке дейін (дефектоскопияда қолданылады) рентген сәулелерін генерациялауға мүмкіндік береді.
Дамыған елдерде, тістерді тексеру мен жаппай жүргізілетін флюрографияны қоспағанда, әрбір 1000 адамға 300-ден 900-ге дейін рентгенологиялық тексерулер келеді (Ушаков И.Б., 2004). Кейбір медициналық процедураларды жүргізу кезінде халықтың шамамен алатын дозалары 12.3- кестеде берілген.
12.3- кесте
Кейбір медициналық процедуралар кезінде халық алатын шамамен алынған сіңірілген дозалары (Ушаков И.Б мәліметтері бойынша, 2004).
Медициналық процедура |
Доза, сЗв/жыл |
Өкпеге жүргізілетін флюорография |
2 |
Тістердің рентгенограммасы (ортопантография) |
5 |
Кеуде қуысы мүшелерінің рентгеноскопиясы |
10 |
Іш қуысы мүшелерінің рентгеноскопиясы |
15 |
Қатерлі ісіктерді емдеу |
5000 дейін |
Қазіргі кездегі клиникалық практикада радионуклидтік әдіс кеңінен қолданылады. Ол әр түрлі мүшелердегі қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін, жүрек - қан тамырлары ауруларының диагностикасында, пульмонологияда, уронефрологияда, бауыр ауруларының диагностикасында және т.б. қолданылады.
Барлық радионуклидтік зерттеулерді үлкен 2 топқа бөлуге болады (Труфанов Г.Е. және басқалар, 2004):
Одан басқа, бүгінгі күні ядролық медицинаның визуалды емес әдістері өзекті болып табылады. Батыс Еуропада мұндай зерттеулердің үлесіне радионуклидтік зерттеулердің жалпы санының 10-12 % келеді (радиоиммунды талдау, Helicobakter Pilory анықтауға арналған тыныс алу тесті, темір метаболизмін зерттеу және т.б.).
Сырт пішіні әр түрлі (цилиндрлер, моншақтар, инелер, жұқа сым кесінділері) препараттар түріндегі жабық көздері (60Со, 198Аu) қатерлі ісіктерді қуысішілік және тінішілік емдеуде қолданылады. Зақымданған тіндерге енгізілетін инелердің белсенділігі 0,5-10 мКи, жеке моншақтардың белсенділігі 2-10 мКи, цилиндрлердің 20-40 мКи, ал емдеу препараттарының енгізілетін жиынтық белсенділігі: 60Со - 1480- 2220 МБк (40-60 мКи) және198Аu - 740-3700 МБк (20- 100 мКи) жетуі мүмкін.
Аппликациялық терапия мақсатында иілгіш пластиктен жасалған квадрат түріндегі аппликаторлар қолданылады, онда сәулелену қуаты 2 4 Гр/сағ., 32Р біркелкі орналыстырылған.
Сонымен, шаруашылықтың әр түрлі салаларында қоданылатын иондаушы сәулелену көздерінің қысқаша сипаттамаларынан, олардың қуаттылығы кең аралықта ауытқитыны, ал қолдану технологиясы өте көп түрлі екендігі көрінеді.
Ядролық сынақтар, атом нысандарындағы апаттар да, сондай-ақ халықты ішкі және сыртқы иондаушы сәулеленуге ұшырататын антропогенді көздер болып табылады.
Ең алғаш атом қаруын пайдаланумен байланысты, қоршаған ортаны ластайтын жаңа фактор белсенді заттар туралы мәліметтер өткен ғасырдың ортасында пайда болды. Бірақ, КСРО - дағы да, басқа да атом қаруы бар ірі мемлекеттерде де, жүргізілген ядролық сынақтардың нағыз масштабы туралы тек 90-шы жылдары ғана белгілі болды. Ядролық жарылыстар Семей маңындағы Семей ядролық сынақ полигонында (СЯСП), Жаңа Жерде, Батыс Қазақстандағы («Капустин Яр», «Азғыр» полигондары), Якутияда, Поволжье және басқа да ондаған жерлерде болды. КСРО аумағында барлығы 715 жарылыс болды, оның ішіндегі көпшілігі (498) Қазахстанның аумағында жүргізілді.
Ядролық қаруды сынау басқа мемлекеттер де: АҚШ (1032 жарылыс), Франция (210), Англия (45) Тынық мұхиттағы әр түрлі аралдарда, шөл далаларда және тіпті басқа да елдерде (Алжирде, Австралияда) жүргізілді.
Қытайдағы Лобнор полигонында 90-шы жылдарға қарай 45 сынақ жүргізілді. Егер, 1991 ж. Қазақ КСР президентінің жарлығымен СЯСП жабылса, қытай полигонында ядролық сынақтар осы уақытқа дейін жалғасуда.
1944 - 1986 жылдар аралығында әлемде 296 радиациялық апатты жағдайлар орын алды, олардың ішінде 8 АЭС (ең ірісі Солтүстік Англиядағы, Уиндскейлде, 1957 ж., АҚШ-тағы, Три-Майл-Айлендте, 1979 ж., Бразилиядағы, Гайанада, 1982 ж., КСРО- дағы, ЧАЭС-да, 1986 ж), 209 әр түрлі атомдық қондырғылардың, 69 радионуклидтермен жұмыс істеудің, 10 зерттеулік құрастырулардың үлесіне келеді. Бұл тізімнің ішінде кемелердегі АЭҚ-дағы апаттар туралы мәліметтер жоқ (Ушаков И.Б., 2004).
Радиациялық қауіп-қатер мөлшерін жеткіліксіз бағалау мәселесі, цезий стронций қатарындағы радионуклидтермен ортаның шынайы немесе потенциалды ластануы жағдайларының саны Ресейдегі тек ресми көздерінен алынған мәліметтері бойынша, 725 жақын болуымен ақ, өзекті болып отыр. «Маяк» ӨБ жұмыс істеуінен Зауралье көлдеріне радиобелсенділігі 4 млн Ки; Чернобыль апатының нәтижесінде 50 млн. Ки, ал СЯСП ядролық сынақтардан 1949-1989 ж. аралығында 45 млн. Ки тең белсенді қалдықтар түскені белгілі.
Ядролық қаруды сынаудан күтілетін эффективті эквивалентті доза солтүстік жарты шардың тұрғындары үшін әр түрлі техногенді радионуклидтердің жиынтығынан 4,5 мЗв, оның ішінде, Cs-137 ден - 0,88 мЗв, ал Sr-90 0,18 мЗв құрайтыны анықталды.
Ядролық жарылыстар мен апаттар салдарының ерекшелігіне, қоршаған ортаның тек жақын жатқан аумақтары ғана емес, сонымен қатар, алыс жатқан территориялардың да белсенді заттармен ластануы жатады. Жалпы алғанда, ядролық катаклизмдер бүкіл планетада жаһандық масштабта радионуклидтермен ластану деңгейінің жоғарылауына әкеп соғады.
Мысалы, Семей облысының жекелеген аудандары мен елді мекендерінде 137Cs және 90Sr меншікті жиынтық белсенділігі бақылаудағы елді мекеннің көрсеткіштерінен 3-63 есе жоғары болды, сонымен қатар, антропогендік радионуклидтерінің меншікті белсенділігі топырақтың 1 кг-на 500 Бк1000 Бк дейін жететін территориялар белгілі болды.
Алтай өлкесінің (Ресей) территориясында топырақтың цезий-137-мен ластану тығыздығы 9216 мКи/км2 12116 мКи/км2 аралығында ауткыды, бірақ, 1949ж. 28 тамызда СЯСП-та болған жарылыс ізінің осі бойынша, топырақта жинақталған цезий-137 мен стронций-90 тығыздығының мәні 50-250 мКи/км2 болды. Бұл кезде, топырақтың беткі жыртылған қабатында цезий-137 меншікті белсенділігі 2030 Бк/кг, ал 20-40 см тереңдікте 13 Бк/кг дейін құрды.
Ядролық қаруды сынау нәтижесінде, Италияның территориясында 1979-1985 жылдарда ұзақ өмір сүретін 137Cs-ің минералды топырақтағы мөлшері топырақтың 1кг құрғақ массасына 10 49 Бк, ал органикалық топырақта 106 279 Бк құрды.
Оңтүстік Баварияда 1987ж маусым қараша айларында топырақта 137Cs концентрациясы топырақтың құрғақ массасының 1 кг-да, орта есеппен, 1200150 Бк болғанын ғалымдар анықтады, оның ішінде 28020 Бк/кг ядролық сынақтан кейінгі жерге ғаламдық түсуімен байланысты болды.
Қазақстанның Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының СЯСП шектесіп жатқан аумақтарындағы радиогидролитохимиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша, цезий-137 қоры 0,07 Ки/км2 артық болатын (орташа мәні 0,065 Ки/км2 аспайтын кезде), 9 шартты аномалиялық зоналар белгіленді.
Павлодар облысы аумағының СЯСП-тан қашықтауына байланысты цезий-137 мен ластану тығыздығына қатысты Қазақстан ғалымдарының жүргізілген зерттеулері көңіл аудартады. Ядролық сынақ болған жерде ластану тығыздығы 37,6 Ки/км² - 66,5 Ки/км2 құрады, ал эпицентрден 350 км қашықтықта 0,01 Ки/км2 0,05 Ки/км2 болды. Бұл кезде цезий-137-нің 70% жуығы грунттың, жоғарғы 5 см қабатында, яғни өсімдіктердің тамыр жүйесінің деңгейінде жиналғаны байқалды.
ҚР ҒЯО Ядролық физика институтының қауіпсіздік қызметі Қытайдың Лобнор полигонында болған ядролық жарылыстан біраз уақыт өткенен кейін Қазақстан аумағындағы өсімдіктерде, ал Өзбекстанның физиктері мұздықтарда радионуклидтер болғанын тіркеген.
Қазақ гидрометеорология басқармасының мәліметтері бойынша, Лобнор полигонында жүргізілген ядролық жарылыстың ыдырау өнімдері, негізінен, шығыс бағытқа қарай жылжыйды Жарылыстан кейін 2-3 күн өткен соң, олар Приморск өлкесінің, Камчатканың, Сахалиннің маңындағы атмосфералық ауаны ластайды, одан кейін жер шарын айналып, белсенді бұлттар Еуропаның, Орта Азияның және Қазақстанның үстімен, солтүстік ендіктін 40о-50о аралығында өтеді. Батысқа қарай олар сирек аусып, ең алдымен Шығыс Қазақстанды ластайды.
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан аумағында ұзақ уақыт бойына қоршаған орта мен адамға тікелей зиянды әсерін тигізген «Капустин Яр» мен «Азғыр»полигондары жұмыс істеді, олар да қоршаған ортаға және тікелей адамға да, теріс әсер етті. Мысалы, «Казгеофизика» ҒӨБ мәліметтері бойынша, БҚО аумағында 1 км2 ауданына келетін цезий-137- мен ластануға байланысты белсенділігі ғаламдық белсенділігінен 1,52,8 есе артық екені белгілі болды. ҚР ҒЯО Ядролық физика институтының, ҚазҰМУ-дың, Республикалық СЭС радиациялық бөлімінің мамандары «Капустин Яр» полигоны аймағында бірге жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, цезий-137 топырақтағы мөлшері 45,8±11,8 Бк/кг, стронций-90 105,0±8,7 Бк/кг дейін жеткені, ал «Азғыр» полигоны аймағында әр қайсысына сәйкес - 694846 Бк/кг және 785 100 Бк/кг дейін жеткені анықталды. Дәл осы радионуклидтер, сондай-ақ дәнді дақыл жусан өсімдіктерінде, сүтте, етте, картопта, орталықтандырылмаған ауыз суы көздерінде де табылады, бұл жоғарыда көрсетілген полигондарға жақын орналасқан БҚО мен Атырау облысының поселке тұрғындарының ішкі сәулеленуге ұшырауының қауіп-қатер факторы болып табылады.
Тұрғындар тістерінің эмальдарына жүргізілген ЭПР - дозиметрия мәліметтері бойынша, есептеу жолымен қайта құрған сыртқы сәулеленудің сіңірілген дозасы бақылаудағы мәнінен 4,6-8,8 есе жоғары болып шықты.
Қазіргі жағдайда белсенді қалдықтармен байланысты мәселеге айрықша көңіл аударылады, ең алдымен, сұйық қалдықтарға, себебі олар да халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын көздер болуы мүмкін.
АТЭХАГ анықтамасы бойынша, белсенді қалдықтар бұл, құрамында радионуклидтері бар, немесе өкілетті органдар бекіткен бос күйіндегі мөлшерінен жоғары концентрациясында немесе белсенділік деңгейінде радионуклидтермен ластанған, әрі қарай пайдалануға жатпайтын заттар.
Дүние жүзінде жыл сайын 200-300 мың метр куб белсенділігі төмен және орташа қалдықтар (ТОРҚ) шығарылады, соның ішінде, АҚШ-та 100 мың м3 жуық, Еуропа Одағы елдерінде шамамен 50000 м3. ТОРҚ көп мөлшерде атом станцияларының жұмыс істеуі кезінде түзіледі.
Мысалы, қуаты шамамен, 1000 МВт бір ғана су реакторы, жылына әдетте, 100 300 м3 ТОРҚ бөліп шығарады. Көлемінің мұндай үлкен болуы, қалдықтарға АЭС-тің санитарлық аймағында болған барлық материалдар жатқызылатындығымен түсіндіріледі. Қуаты орташа атомдық электростанцияларды эксплуатациядан шығарған кездегі қалдықтардың көлемі әдетте, шамамен 10000 - 15000 тоннаны құрайды. Бұл қалдықтардың көп бөлігін бетон құрайды, ал басқа құрылыс материалдарының радиобелсенділігі айтарлықтай көп емес.
Уранды шығару және байыту кезіндегі қалдықтардың мөлшері, АЭС ті пайдалану және пайдаланудан шығару кезінде пайда болатын қалдықтарға қарағанда, салыстырмалы түрде үлкен, бірақ оларға байланысты радиация деңгейі төмен.
Жыл сайынғы медицинада, өнеркәсіпте және ғылымда белсенді материалдарды қолдану кезінде пайда болатын белсенді қалдықтар мөлшері салыстырмалы түрде көп емес: әдетте, миллион адамға шаққанда 0,5 м3 келеді. Бұл көлемі ядролық реакторлары бар елдерде миллион адамға есептегенде 10 м3 дейін өседі. Радиоактивті қалдықтардың белгілі бір мөлшері әскери секторда да пайда болады.
Жұмыс істеу уақыты біткен отынмен және белсенді қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік жөнінде Бірлескен Конвенция бар. Онда белсенді қалдықтарды тасымалдау, оларды сақтайтын қоймаларды орналастыру және жұмыс істейтін кәсіпорындардың өз қызметін атқаруы мен эксплуатациядан шығаруы қоса кіретін белсенді қалдықтармен жұмыс істеудің барлық аспектілері және есеп беру процедуралары берілген.
Қазақстанда қабылданған белсенді қалдықтарды жіктеу жүйесі, жалпы алғанда дамыған елдерде қабылданған жіктеу жүйелеріне сәйкес келеді (12.4-кесте).
Ақш-та ТРҚ деп белсенділігі 100 нКи/г аз материалдар жіктеледі; Ұлыбританияда оларға альфа-бөлшектерін сәулелендіру белсенділігі 108 нКи/г аспайтын және бета-бөлшектерін сәулелендіру белсенділігі 324 нКи/г төмен заттар жатқызылады.
Төмен және орташа белсенді қалдықтар адам ағзасына сумен, тағаммен және ауа арқылы тікелей түсуі кезінде қауіпті. Мысалы, суаттардың табиғи радионуклидтермен ластануы кезінде, олардың адам ағзасына әсер ету қауіптілігі пайда болады.. Мұндай әсер етуінің негізгі жолдарына суды ауыз су мақсатында қолдану және ТРН-нің тағам тізбектері бойынша, көбінесе балық арқылы, миграциясы жатады.
Бұл жағдайда, балықтың тіңдерінде қарқынды жиналатын, радий -226 практикалық маңыздылығы өте үлкен болады.
12.4-кесте
Сұйық және қатты белсенді қалдықтардың жіктелуі
Қалдықтардың санаттары |
Меншікті белсенділік, кБк/кг |
||
Бета-бөлшектерін сәулелендіретін радионуклидтер |
Альфа-бөлшектерін сәулелендіретін радионуклидтер (транс-урандыларды қоспағанда) |
Трансуранды радионуклидтер |
|
Төмен белсенділікті |
103 кем |
102 кем |
101 кем |
Орташа белсенділікті |
103-нен 107-ге дейін |
102-нен 106-ге дейін |
101-нен 105-ге дейін |
Жоғары белсенділікті |
107 артық |
106 артық |
105 артық |
Сондықтан, негізгі қойылатын талап - қалдықтарды қауіпті болатын уақыт бойына қоршаған ортадан (жер асты сулары, атмосфера) оқшаулау болып табылады.
Қойманың жобасын жасау және жүзеге асыру кезінде ХРҚК ұсынған принципті жетекшілікке алады. Бұл принцип бойынша, қойманы жапқан кезде, оның халық үшін қауіп-қатері (қойма эволюциясының ең ықтимал жолдарын ескергенде) жылына 0,3 мЗв дозадан аспау керек.
Көму пунктінің ұзақ мерзімдік қауіпсіздігі, көмуге таңдап алынған жерлердің қолайлы сипаттамаларының, жобаның инженерлік-техникалық сипаттамаларының, қалдықтардың тиісті түрі мен құрамының (ұзақ өмір сүретін радионуклидтер мөлшерінің лимитін белгілеумен), пайдалану процедуралары мен ведомстволық бақылау шараларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі.
Қалдықтарды көму жүйесі келесі шараларды қамтамасыз етуі қажет:
4.4. Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер
Жолаушыларды әуе жолы көлігімен тасымалдаудың өсуіне байланысты, олардың ұшақтармен ұшу кезіндегі ғарыштық сәулеленуге шалдығуы және одан алатын дозасын бағалау, халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көзі ретінде, белгілі бір қызығышулық тудырады.
Сәулеленуге шалдығудың мөлшерін анықтайтын негізгі факторлар ұшу биіктігі, ұшу уақытының ұзақтығы, күннің белсенділігі және геомагниттік ендік болып табылатыны белгілі болды. Мысалы, ұшу биіктігі жоғарылаған сайын, жолаушылардың сәулеленуге шалдығудан алатын дозасы да өседі. Трассалары бірдей болған жағдайда, жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан төмен ұшақтарда ұшқан кезде алынатын доза, жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшақтарға қарағанда, шамамен 30% жоғары болады, себебі, бірінші ұшақтын ұшу уақыты көбірек. Ұшу биіктігі бірдей болған кезде, солтүстік және оңтүстік ендіктерден 50° жоғары жатқан аудандардың үстінде сәулеленуге шалдығудан алатын дозалары жоғарылау болады. Күн көзіндегі жарқылдаулар кезінде жолаушылардың сәулеленуге шалдығу дозасы шұғыл өседі. АРӘҒК мәліметтері бойынша, қазіргі кезде орташа жылдық эффективті доза, ұшақта ұшу есебінен көп емес және жылына 0,5 мкЗв тен бірнеше мкЗв дейін құрайды.
Жер маңындағы орбитада (200 км 400 км) орбиталық ғарыштық ұшу кезінде ғарышкерлердің сәулеленуге шалдығу дозасы салыстырмалы түрде көп емес тәулігіне 50 мкЗв. Жоғары деңгейдегі сәулеленуге шалдығу мүмкіншілігі, жер маңындағы кеңістіктің жер бетінен қашық биіктігінде ұшу кезінде, Жердің радиациялық белдеулерін кесіп өткенде пайда болады. Жерге жақын ішкі радиациялық белдеуді кесіп өткен кезде (Жер бетінен 2-3 мың км) эффективті дозаның қуаты, тәулігіне 8 Зв жетеді, сондықтан, радиациялық белдеуді кесіп өткен кезде, экипажды ғарыш кемесінің арнайы бөлігіне орналастырады.
Құрамында радионуклидтері бар әр түрлі тұтыну тауарлары да радиация көзі болып табылады, бірақ, олар көңіл аударуды қажет ететіндей қосымша сәулеленуге шалдықтыратын көз ретінде қарастырылмайды, себебі олардың тудыратын дозасы фондық сәулеленуге ұшырау пайызының бөлігін құрайды. Оларға радиолюминесцентті құралдар, оның ішінде сағаттар, ғылыми құрал-жабдықтар; электронды және электрлік құралдар; газдар мен аэрозольдердің (түтін) детекторлары; антистатикалық тауарлар (құралдар); керамикадан, шыныдан жасалған заттар және құрамында уран мен торий бар қорытпадан жасалған заттар жатады.
Темекі шегудің, қорғасын мен полоний радиоизотоптарының ағзаға түсуін едәуір көбейтетіні дәлелденген, себебі, олар темекінің құрамында болады және оның жану температурасында ұшқыш болады. Тәулігіне бір қорап темекі шегетін адамның ағзасына түсетін 210Pb мен 210Po мөлшері, жылына сәйкес, 15 Бк және 22 Бк құрайды.
5. Иондаушы сәулеленудің ағзаға әсері
5.1. Иондаушы радиацияның биологиялық нысандарға әсер ету механизмі туралы жалпы мәліметтер
Қоршаған ортаның бірегей факторларының бірі бұл, әр түрлі түрдегі иондаушы сәулеленулер. Олар белгілі бір тіндерге немесе ағзаның жүйелеріне таңдамалы түрде әсер етпейді. Бұл жағдайда белсенді сәулеленудің ағзаға сіңген энергиясының салдары, бір қарағанда сәулеленуге ұшыраудан алған дозасына мүлде эквивалентті емес сияқты көрінеді. Тіпті, өлімге әкелетін дозаларда да биологиялық тіндердегі ионданған молекулалардың саны көп болмайды. Бұл фактордың ерекшелігі, сондай-ақ, біздің сезім мүшелеріміз иондағыш сәулеленуді сезбейтіндігімен білінеді, яғни біз сәулелену кезінде қоршаған ортаның қасиеттерінің өзгергенін температурасы бойынша да, шуы, жарығы, қысымы, исі мен түсі т.б. бойынша да, сезбейміз. Адам ағзадан апат сигналын қабылдамайды, сондықтан үлкен дозада сәулеленуге ұшырауы мүмкін. Алайда, иондағыш сәулеленудің кез-келген әсері ағза үшін парықсыз еместігі анықталған.
Молекулалардың біріншілік радиациялық-химиялық өзгерістерінің негізінде екі механизм жатыр:
ИС әсер еткеннен кейін, ағзаның зақымдануы бірнеше кезеңде жүретінін зерттеушілер дәлелдеген
Бірінші кезеңі физикалық, ол сәулеленудің энергиясын сіңіру үрдістерімен сипатталады. Бұл кезде, кез келген молекуланың энергияны сіңіруі, оның химиялық құрылымына байланысты емес. Молекулалардың әрбір түрінің сіңірген энергиясының мөлшері, шамамен олардың салыстырмалы салмағына пропорционал болады. Тірі жасушалардағы органикалық және бейорганикалық молекулалар энергияның шамамен, 25%, ал су 75% сіңіретіні белгілі. Нәтижесінде, ионданған және қозған атомдар мен молекулалар түзіледі.
Екінші кезеңі физико-химиялық, бұл кезеңде сіңірілген энергияның молекулалар ішінде және олардың арасында қайта бөлінуі жүреді, сонымен қатар, бос радикалдар түзіледі.. Энергияның көп бөлігін су сіңіретіндіктен, нәтижесінде су радиолизінің өнімдері (Н●, ОН●, «гидраттанған электрон», Н+, ОН-, Н2О+, Н2О-, Н3О) түзіледі.
Үшінші кезеңі химиялық, бұл кезеңде бос радикалдардың өздерінің арасында да, және олармен интактылы молекулалардың да арасында реакциялар жүреді, бұл кезде құрылымы мен функционалдық қасиеттері өзгерген молекулалардың кең спектрі пайда болады. Сәуле әсерінің негізгі биологиялық эффектісі Н●, ОН● және әсіресе НО2 (гидропероксид) сияқты радикалдарға байланысты деп есептеледі.
Иондағыш сәулеленудің ағзаға әсерінің бөл көрсетілген алғашқы үш кезеңі біріншілік немесе биологиялыққа дейінгі ретінде бағаланады, олардың ұзақтығы өте қысқа, 10-16 10-3 с аралығында болады.
Төртінші кезеңі биологиялық, оның ұзақтығы секунд жылдармен есептеледі, бұл кезеңде биологиялық құрылымдардың барлық деңгейлеріндегі: жасуша ішіліктен ағзалыққа дейінгі зақымданулар ізбелес дамуымен сипатталады
Тіндерде спецификалық радиациялық-химиялық айналымдар жүреді. Одан әрі қарай молекулалық құрылымдардың радиациялық зақымдануы жасуша элементтерінің физиологиялық қасиеттері мен зат алмасуының әр түрлі түрлерінің өзгеруіне алып келеді. Нуклеин қышқылдары алмасуының бұзылуына байланысты, жасушаның ядролық аппаратының зақымдануы, жалпы сәулелік зақымданудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Бұл кезде пайда болатын түрлі зат алмасу үрдістерінің үйлесімінің бұзылуы, сәулеленуге ұшыраған ағзаның функционалдық және құрылымдық өзгерістерінің негізі болып табылады
Радиацияның соматикалық және ұрықтық жасушаларға әсер ету механизімінде принципиалды айырмашылық жоқ. Екеуі де бірдей зақымданады, бірақ зақымданудың салдары әр түрлі болады. Мутациялар бір-ақ рет пайда болып, ДНҚ конвергентті редупликациясы нәтижесінде, тұрақты болып қалады, олар, кейінгі жасуша ұрпақтарының барлығына да беріліп отырады. Осыған байланысты, генетикалық зақымданулар үшін әсер ету табалдырығы болмайды, яғни иондаушы әсердің кез-келген акті қауіпті. Соматикалық жасушалардағы мутациялар, оларды өлімге немесе жаңа қасиеттердің пайда болуына, мысалы малигнизацияға әкеп соғуы мүмкін.
Иондаушы сәулелердің клиникалық эффектілері, тек жеке жасушалар мен тіндердің зақымдануына ғана емес, сонымен қатар ағзаның әр түрлі физиологиялық жүйелерінің көптеген жүйкелік-гуморальдық және эндокриндік өзара байланыстарының бұзылуына да байланысты болады.
Биологиялық құрылымның әрбір деңгейіне тән өзінің зақымдайтын дозалары болады. Әр түрлі деңгейдегі биологиялық формациялардың зақымдануының жасырын кезеңі де әр түрлі болады. Молекула деңгейінде ол болмайды, биологиялық тін деңгейінде (қанда) үлкенірек, ал тұтас ағза деңгейінде, одан да үлкен болады. Осыған байланысты, жасушадағы өзгерістер ертерек пайда болатыны, қанның құрамының бұзылуы үшін, шамамен 250 мЗв доза қажет, ал сәуле ауруының клиникалық көрінісі 500 мЗв 1000 мЗв дозада байқалады.
Адамның ішкі сәулеленуге ұшырауы қауіпті, себебі фотондарының энергиясы 1Мэв шамасында болатын цезий-стронций сәулелендіргіштері (техногенді) тіндер мен зат алмасу үрдістеріне енуі кезінде олармен өзара әрекеттесуі, сәулеленуге ұшырайтын зат атомдарының табиғи химиялық қасиеттері мен валенттік қабықшаларының бұзылуына әкеп соғады. Бұндай үрдіс, табиғи емес биохимиялық реакциялардың басталуына, биологиялық құрылымдардың бұзылуына алып келеді.
5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары.
Сәулеленулерден зақымданулардың көрінісі алуан түрлі және ауырлығы бойынша құбылмалы болады, бұл сәулелену әсеріне ұшырайтын жеке адамның, әсер ететін агенттің (ИС) ерекшеліктері және қоршаған ортаның жағдайы сияқты факторлардың күрделі өзара байланысымен түсіндіріледі.
Сәуленің әсеріне сезімталдықтың елеулі маңызы бар екендігі анықталған. Мысалы, адамды өлімге душар ететін сәулеленуге ұшырау дозасының диапазоны 2500 мЗв -тен 6000 мЗв дейінгі аралықта болады, алайда, бұл биологиялық эффекті едәуір мөлшерде адам ағзасының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезде жүйке-эндокриндік реттеу мен жалпы денсаулық жағдайының, созылмалы аурулардың болуы немесе болмауының, ағзаның физиологиялық жағдайының (лактация, жүктілік, созылмалы қажу, жеткіліксіз тамақтану және т.б.), адамның жасы мен жынысының (балалар мен қарт адамдардың сәулелердің әсеріне сезімталдығы жоғары) үлкен маңызы бар.
Сәулеленудің әсеріне ең сезімтал - жүкті әйелдер. Бұл тұрғыдан, ең қауіпті кезеңі - эмбрион мүшелерінің қалыптасу кезеңі (жүктіліктің 4 12 аптасы). Эмбрион өлуі мүмкін және жүктілік одан әрі дамымауы мүмкін немесе эмбрион дамиды, бірақ іштегі нәресте кейін өмір сүруге қабілетті болмауы мүмкін. Егер, іштегі нәресте өмір сүруге қабілетті болса, әдетте әр түрлі кемтарлықтары болады. Мысалы, Хиросимада, атом бомбасымен бомбалау кезінде, жүктілік кезеңінде болған 98 жүкті әйел адам зерттелді, олардың ішіндегі 30 әйелде сәуле ауруы пайда болды, ал қалғандарында бұл аурудың көрінетін белгілері болған жоқ. Сәуле аурумен ауырған аналардан туылған нәрестелердің өлім-жетімі 33% құрады, сәуле ауруының айқын белгілері жоқ аналардан 9%, бақылау тобындағы нәрестелердің өлім жітімі 4 6% аспады.
Сондай-ақ. сәулеленудің әсеріне адам мүшелерінің, әр түрлі тіндері мен дене бөліктерінің сезімталдығы да, бірдей емес. Мысалы, қан түзуші мүшелер мен жыныс бездерінің жасушалары- ең радиосезімтал және зақымданғыш келеді, ал тері мен сүйек жасушалары сәулелену әсеріне төзімдірек болады.
Осыған байланысты, «сындарлы мүшелер мен тіндер» деп аталатын топтары бойынша арнайы градация бар (12.5- кесте).
12.5-кесте
Мүшелер мен тіндердің сындарлы мүшелердің топтарына бөлінуі
Сындарлы мүшелердің тобы |
Сындарлы мүшелер немесе тіндер |
I II III |
Барлық дене, гонадалар, сүйектің қызыл кемігі Бұлшық еттер, қалқанша безі, май тіні, бауыр, бүйрек, асқазан-ішек жолдары, өкпе және басқа да,. I және III топқа жатпайтындар Тері жамылғысы, сүйек тіні, қол ұшы, білек, тобық, аяқ ұшы |
Мысалы, сәулеленудің 6000 мЗв дозасы, адамның бүкіл денесіне әсер еткен кезде, өлімге әкеп соғады, бірақ осы доза дененің шектелген бөлігіне, мысалы, қол ұшына әсер етсе, оның әсері жеңілдеу өтеді.
Тіндердің сәулелену әсеріне сезімталдығы, жасушадағы зат алмасуының қарқындылығына тура пропорционал да, олардың сапалық жетілуіне (дифференциялдануына) кері пропорционал болады. Сәулелену әсерінен зақымданудың ауырлығы, сәулеленуге қандай мүше ұшырайды, сәулеленудің тіндерде көлемдік таралуы қандай және сәулелену әсеріне бүкіл дене ме немесе оның қандай да бір бөлігі ұшырайды ма, соған байланысты болады.
Сәулеленуге шалдығу эффектісі сонымен бірге, әсер етуші агенттің төмендегідей ерекшеліктеріне:
Сіңірілген доза неғұрлым көп болса, яғни биологиялық нысанның массасында сіңірілген энергия көп болған сайын, зақымдайтын эффектісі, соғұрлым айқынырақ болады. Мысалы, сәулеленудің 250 мЗв дозасы адамның қанында өзгерістер және ағзасында қайтымды клиникалық көріністер тудырады, 1000 мЗв доза сәуле ауруының дамуына себепші болады, ал 6000 мЗв доза - өлімге душар етеді.
Сәулеленуге ұшыраудың зардаптарын болжауда уақыт факторының үлкен маңызы бар. Мысалы, жалпы жиынтық дозаның мөлшері абсолюттік өлім дозасына тен болғанмен де, сәулеленуге бөлшектеп түсіру адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Сәулелену дозасының қуатын, яғни дозаның уақыт бірлігіне қатынасын, азайту, тіпті сіңірілген дозалары бірдей болғанның өзінде, биологиялық эффектісін төмендетеді.
Сәулеленудің әсер етуінің нәтижесіне, сондай-ақ, тіндегі сіңірілген энергияның кеңістіктік таралуы да әсер етеді. Сәулелердің түрі мен энергиясы биологиялық тіндердегі иондану тығыздығын анықтайды, биологиялық эффектісінің айырмашылықтары осыған байланысты. Берілген иондағыш сәулелену түрінен созылмалы сәулеленуге ұшыраудың биологиялық эффектісінің мөлшерімен осы сәулелену түрінің энергиясының сызықтық берілуі (ЭСБ) арасында тәуелділік бар. Бұл тәуелділік өлшемге келтіретін коэффициентпен анықталады. ЭСБ артқанда, өлшем коэффициенті де жоғарылайды.
Сонымен, сәулеленуге ұшырау кезіндегі сыртқы ортаның жағдайы (мысалы, рентгенологтың жұмыс орны) мен күйі, сәуле әсердің клиникалық көріністерінің сипатына белгілі бір мөлшерде әсер етуі мүмкін. Сәулелену әсеріне ұшырау кезінде, төмен барометрлік қысым мен суықтың оң әсер ететіні туралы мәліметтер бар. Сәулеленуге ұшырау кезіндегі қатар жүретін қолайсыз факторлар (шу, діріл, улы газдар, ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, қыздыратын микроклимат) сәулелік зақымдануды ауырлатады.
Бұл бағыттағы зерттеулер әзірге аз, дегенмен, жалпы принципиалды көзқарас қалыптасқан, атап айтқанда, сәуленің әсер етуі орын алатын өндірістік жағдайларда адамның көңіл-күйіне, жұмысқа қабілеттілігіне және денсаулығына қолайсыз әсер ететін барлық қосымша ауырлық түсіретін факторлар болмауы қажет. Сәулелердің ағзаға тигізетін әсерін анықтайтын факторлардың көп түрлілігі сәуледен зақымданудың клиникалық көріністерінің полиморфизмін түсіндіреді.
Сонымен, иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсерінің нәтижесі, спецификалық биологиялық эффектілерімен қатар, спецификалық емес көріністері түрінде болуы мүмкін.
Қазіргі кезде адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының эффектілерін детерминделген (табалдырығы бар) және стохастикалық (ықтималды) спецификалық биологиялық эффектілері деп бөледі.
Детерминделген әсері бұл, нақты патология, мысалы, жедел сәуле ауруы (ЖСА) немесе созылмалы сәуле ауруы (ССА), сәуле күйіктері (терінің және шырышты қабықтарының сәуледен жергілікті зақымданулары), көз бұршағының катарактасы, гемопоэздің өзгерістері, уақытша немесе тұрақты ұрықсыздық және т.б. түріндегі клиникалық маңызды эффектілер.
Гуськова А.К. (2001) бойынша, ЖСА - бұл бірқатар тіндер мен мүшелердің зақымдануларының жиынтығымен сипатталатын, нозологиялық түр болып табылады. Тіндер мен мүшелердің зақымдануларының нәтижесінде, аурудың негізгі клиникалық синдромдары - сүйек кемігі, ішек және церебралдык синдромдар, сондай-ақ, олардың бірінің біріне ұласуы және олардың қатар жүретін түрлері қалыптасады.
Сыртқы сәулеленудің әсерінен ЖСА, ағзаның барлық мүшелері мен тіндеріне немесе олардың көп бөлігіне қысқа уақыт ішінде (тез немесе тәулігіне бірнеше сағат) 1Гр (1Зв) асатын гамма және/немесе нейтрондық сәулеленулер әсер етуі нәтижесінде туындайды, яғни детерминделген эффектісінің табалдырығы бар және олар радиацияның үлкен дозалары қысқа уақыт ішінде әсер етуі кезінде пайда болады. Детерминделген эффектілерінің ауырлығы сәулеленуге ұшыраудан сіңірілген дозаға тікелей байланысты: доза жоғары болған сайын, зақымдану да ауыр болады.
1-ден 10 Гр-ге дейінгі дозада сәулеленуге ұшырау кезінде, ЖСА сүйек кемігі түрі (типтілік түрі), 10-20 Гр-де ішектік түрі, 20-50 Гр-де уытты түрі (іш жүзенде барлық паренхималы мүшелердің жаппай зақымдануы), 50-ден жоғары болғанда ОЖЖ-нің зақымдануы (ЖСА-нің церебральдық түрі) пайда болады.
Созылмалы сәуле ауруы (ССА) бұл, иондаушы сәулелердің кәсіби мамандарға арналған рұқсат етілген деңгейінен едәуір жоғары дозаларында (10 есе және одан да көп) ағзаға ұзақ уақыт бойы (айлар, жылдар) әсер етуі нәтижесінде дамитын сәулелік патологияның түрі. А.К. Гуськованың (2001) мәліметтері бойынша, ССА дамуы үшін, дозалардың деңгейі жылына 0,1 Гр-ден асуы және жиынтық мөлшері 0,7-1,5 Гр-ден төмен болмауы қажет. ССА-ның даму мерзімі 1-2 жылдан 5-10 жылға дейінгі аралықта аутқиды.
Детерминделген эффектілері әсерінен алыс уақыттарда, яғни, сәулеленуге ұшырағаннан кейін ұзақ мерзім өткеннен соң, дамуы мүмкін. Бұл салдарына, мысалы, әр түрлі мүшелердегі гипопластикалық, дистрофиялық және склероздық өзгерістер, эндокринді бұзылыстар, нефросклероз, жүрек, қан тамырларының соның ішінде, қылтамырлардың зақымданулары, сәулелік катаракта және басқалар да жатады. Сәулеленуге ұшыраудың соматикалық түріндегі әсерінен алыс уақыттардағы эффектісіне созылмалы сәуле ауруы жатады, ол адамның ұзақ уақыт бойына сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерінен асатын аз дозаларында сәулеленуге ұшырауы кезінде пайда болады.
Халықтын техногендік көздерден сәулеленуге ұшыраудан алған дозасы, басым көпшілік жағдайларда аз дозалардың санатына жатады. Қуаты жылына 0,1 Зв және одан да кем болатын 0,1 Зв және одан да аз дозаларды аз дозалар деп есептеуге болады.
Созылмалы сәуле ауруымен қатар, сәуле әсерінің соматикалық түріндегі әсерінен алыс уақыттардағы салдарына, сондай - ақ, қатерлі ісік аурулары, көз бұршағы катарактасы дамуының жоғары ықтималдығы және өмір сүруінің қысқаруы жатады. Иондаушы сәулелердің әсеріне ұшыраған адамдардың арасында, жалпы халықпен салыстырғанда, лейкемия жиі кездеседі.
Мысалы, Хиросима тұрғындарында лейкемия, сәулелену әсеріне ұшырамаған халыққа қарағанда, 8 есе жиі дамыған. Әдебиеттерде белсенді сәулеленулермен контакт тоқтағаннан кейін 20-25 жыл өткеннен соң дененің әр түрлі жерлерінде орналасқан қатерлі ісіктердің пайда болған жағдайлары жазылған. Рентгенологтардың қол терісінің обыры, қорғасын кеніштеріндегі шахталарда белсенді газдардың әсеріне ұшыраған шахтерларда өкпе обыры, өндірісте белсенді фосформен қатынаста болған жұмыcшы әйелдерде остеосаркома пайда болған жағдайлары келтірілген.
Дегенмен, әсерінен алыс уақыттардағы салдарын тудыратын минималды дозалар туралы әзірге бірыңғай көзқарас жоқ. Сәулену әсерінің эффектісі талдауға және мөлшері жағынан есепке алуға қиын соғатын көптеген факторлармен анықталады. Алайда, көпшілік радиологтардың пікірі бойынша, адамның бүкіл денесінің сәулеленуге ұшырауы кезіндегі өмірінің қысқаруы 10 мЗв дозаға 1-15 күнді құрайды, бұл едәуір мөлшерде ағзаның қартаюының жылдамдауымен және инфекцияларға табиғи резистенттілігінің төмендеуімен байланысты.
Детерминделген эффектілерден айырмашылығы, стохастикалық (ықтималдық, кездейсоқтық) эффектілердің доза табалдырықтығы жоқ.
Халықаралық қауымдастық қабылдаған консервативті радиобиологиялық болжамға сәйкес, сәулеленуге шалдығудың деңгейі қанша аз болғанмен де, әсерінен алыс уақыттардағы стохастикалық медициналық салдарының - ең алдымен, канцерогенді, генетикалық және тератогенді эффектілерінің, пайда болу қауіп-қатеріне себепші болады.
Алайда, сәулеленуге ұшыраудан алатын дозасы неғұрлым төмен болса, олардың пайда болу ықтималдығы да, соғұрлым аз болады.
Сәулелену әсерінен пайда болатын стохастикалық эффектілерінің 2 түрінің бар екені дәлелденген. Біріншісі соматикалық жасушаларда пайда болады және сәулеленуге ұшыраған ағзада қатерлі ісік ауруының (кеш пайда болатын соматикалық-стохастикалық әсер салдары) дамуына себеп болуы мүмкін. Екінші түрі, жыныс бездерінің ұрықтық тіндерінде пайда болады, ол сәулеленуге шалдыққан адамдардың ұрпақтарында тұқым қуалайтын (тұқым қуалайтын генетикалық эффектілері) бұзылыстарға әкеп соғуы мүмкін.
Генетикалық эффектілер дәстүрлі түрде 3 санатқа бөлінеді: гендік мутациялар, хромосомдық абберациялар және көп факторлы бұзылыстар.
Радиобиологтардың пікірінше, адамда мутациялардың пайда болу ықтималдығы, ата-аналарының өздері ұрық болып қалыптасқаннан бастап, оларға бала бітуіне дейін жиналған жиынтық дозамен анықталады. Радиобелсінділіктен пайда болған мутациялардың, сапа жағынан спонтандық мутациялардан айырмашылығы жоқ.
Мутагендік эффектісі бойынша доза табалдырығы жоқ. Генетикалық өзгерістер келесі ұрпақтарда білінуі мүмкін, себебі тұқым қуалау арқылы берілетін мутациялар морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық өзгерістермен байланысты болуы мүмкін. Неғұрлым адамның көп саны сәулеленудің әсеріне ұшырайтын болса, соғұрлым халықты тұтас алғанда мутацияның туындау қаупі жоғары болады.
ХРҚК ата-аналарының 1 Зв дозада сәулеленуге ұшырауынан барлық ұрпақтарында тұқым қуалау арқылы берілетін ауыр көріністерінің пайда болу ықтималдығын 1·10-2 мөлшерінде бағалуды ұсынды, бұл халықты радиациядан қорғауда жалпы келтіретін зиянын бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Бірінші ұрпағындағы балада эффектілерінің біліну ықтималдығы бірнеше рет төмен болады.
Соматикалық жасушалардағы хромосомдық абберациялар санының көбеюі, мамандығы сәулеленуге ұшыраумен байланысты адамдарда, әсіресе апатты жағдайларда байқалған. Радиоактивті сәулеленуге жыныс жасушалары ең сезімтал болып табылады. Мысалы, 2000 мЗв - 4000 мЗв доза аналық бездің жасушаларының жойылуына әкеледі, ал аталық безге 6000 мЗв доза әсер еткенде, толық ұрықсыздық пайда болады. Бұл кезде жыныс гормондарын өндіретін жасушалар тіршілікке қабілеттілігін сақтап қалады. Демек, жыныс мүшелерінің сәулеленуге ұшырауы кастрацияға емес, бедеулікке әкеп соғады.
Жоғарыда ағзаның негізінен сыртқы иондаушы сәулеленуге ұшырауының зардаптары туралы айтылған. Алайда, белсенді заттармен тікелей контактыда болған кезде ағзаның сыртына жұққан және ішіне түскен кезде пайда болатын зақымданулардың үлкен маңызы бар.
Радиоактивті заттардың жұғуымен байланысты биологиялық эффектілері «радиациялық токсикологияда» қарастырылады.
Іс жүзінде ағзаға иондаушы сәулеленудің және этиологиясы сәулелік емес зақымдаушы факторлардың (термиялық әсер, механикалық жарақаттар, ауыр металдардың улындыратын әсері және басқалар) бір уақытта немесе ізбелесіп әсер етуі мүмкін. Мұндай әсерлерді аралас радиациялық зақымдану (АРЗ) деп атайды.
Сонымен қатар, қабаттасқан радиациялық зақымданулар да болуы мүмкін, олар ағзаға сыртқы сәулеленудің, радионуклидтердің теріге және шырышты қабықтарға аппликациясының, тыныс алу және ас-қорыту жолдары, сондай-ақ, жарақаттанған және күйген жерлері арқылы түскен радионуклидтердің бір уақытта немесе ізбелесіп әсер етуі кезінде дамиды.
Радиацияның әсері халықтың денсаулық жағдайындағы әр түрлі спецификалық емес көріністердің себебі болып табылады. Ол көптеген зерттеулермен талассыз дәлелденген.
Иондаушы сәулеленудің ағзаның иммунобиологиялық резистенттілігіне әсер ететіні туралы мәліметтер бар. Лимфоциттердің көп бөлігінің радиацияға сезімталдығы жоғары болатыны және олардың жойылуынан пайда болатын эффектілері сыртқы және ішкі сәулелену әсеріне ұшыраудын (Sr-90, Cs-137 радонуклидтерімен) 0,5 Гр 10,0 Гр дозасы кезінде- ақ байқалатыны анықталды.
Ағзаның табиғи да, және жасанды да иммунитеті әлсірейді. Семей ядролық сынақ полигоны (СЯСП) аймағында тұратын 2425 тұрғынның иммундық статусын зерттеу, оларда екіншілік иммундық жетіспеушіліктің қалыптасуы, бақылау тобына қарағанда, шын мәнінде жоғары болғанын анықтады. Иммундық жүйенің біркелкі супрессияланған түрі, бұл тұрғындарда жұқпалы аурулардың және бактериялар мен вирустар тудыратын тыныс мүшелері ауруларының жоғары жиілігінің себепшісі екені көрсетілді.
Тоцк полигонында ядролық жарылыстың ізінің әсеріне ұшыраған балалардың арасында респираторлық инфекцияның персистенциясымен жүретін иммундық жүйедегі ауытқулары шын мәнінде жиі байқалды (0,48% - бақылау тобының, 0,48%, көрсеткішіне қарағанда, 2,26 5,26% болды). Ал СЯСП аймағындағы жергілікті тұрғындардың балаларында (Павлодар облысы бойынша) жұқпалы аурулардың созылмалы ағымға бейімділігі байқалады, бұл жағдайда, егер балалардың ата-аналары полигонның жанында мекендесе, олардың балаларында вирустық респираторлық инфекцияларға бейімділігі жоғары (бақылаудағы топтың 1015% салыстырғанда, 4013%,) болды.
Сәулеленумен контакты бар жұмысшыларда тұмау, тыныс жолдарының жедел аурулары, пневмония, бронхит және т.б. сияқты аурулардың ағымы ұзаққа созылады және ауырлайды. Ағзасының белгілі бір аурулардың қозғырдырғыштарына тұрақты жасанды иммунитет қуруға қабілетсіз болуы спецификалық инфекцияларды (тырысқақ, іш сүзегі, полиомиелит, туберкулез) жұқтырып алуға дайын халық топтарының пайда болуына себепші болады.
Кейбір мәліметтер бойынша, сәулелену әсеріне жоғары дәрежеде ұшырайтын зонада өлім себептерінің ішінде жұқпалы аурулар үшінші орында тұр, ал бірінші орында қан айналым жүйесінің аурулары, екінші орында - қатерлі ісіктер тұр.
Радиацияның аз дозалары әсер еткен кезде, қатерлі ісіктер мен қан ауруларынан кейін, эндокриндік жүйенің аурулары да индикаторлық аурулар болып есептеледі. Қарағанды облысының СЯСП әсер ететін зонасында жалпы аурушаңдықтың құрылымындағы эндокриндік жүйенің аурулары алтыншы орын алады, оның ішінде диффузды зоб - 74,3%, сусамыр 14,3%, зат алмасуының бұзылыстары 11,4% құрайды.
Радионуклидтермен ластанған елді мекендердің тұрғындары арасында жүректің ишемия ауруы, артериялық қан қысымының жоғарылауы және жүрек соғуы ырғағының бұзылыстары, сонымен қатар жүрек-қан тамыр жүйесінің басқа да аурулары кең таралғаны анықталды. Бұл белсенді заттардың әсерінен фибринолиз белсенділігі төмендеуінің және тромбогенділік жағына қарай тамыр қабырғаларының функционалдық жағдайы бұзылуының, тығыздығы жоғары липидтердің концентрациясы төмендеуінің салдары болуы мүмкін.
Павлодар облысы Мамыр ауданының тұрғындарында темір тапшылық анемия таралуына (зерттелгендердің 1/3) радиациялық факторлардың әсер ететіні анықталған.
Бірқатар зерттеулер, бақылау үшін алынған аудандарымен салыстырғанда, радиациялық ластанған зоналарда асқорыту мүшелерінің, (атрофиялық түрі басым созылмалы гастриттер) сүйек-бұлшықет жүйесінің (остеохондроз, артриттер және басқалар), несеп-жыныс жүйесінің, тері және теріасты шел майы аурулары, жүктіліктің және туудың асқынулары, жүйке жүйесінің аурулары сияқты нозологиялардың басым екенін көрсетеді.
6. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің негіздері.
6.1. Иондаушы сәулеленулердің ашық және жабық көздерінің әсер етуі кезінде кәсіби топтағы адамдар мен халықты қорғау жөніндегі гигиеналық шаралар
Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары (негіздеу, қолайлы ету, нормалау) және радиациядан қорғау жөніндегі талаптар сақталса, қызметкердің, халықтың және қоршаған табиғи ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.
Негізгі қағидаларының жүзеге асырылуын бақылау, келесі талаптардың орындалуын тексеру жолымен жүргізілуі тиіс:
1) негіздеу қағидасы (иондаушы сәулелену көздерін пайдалану кезінде адамның және қоғамның алатын пайдасы, оларды қолдану кезіндегі ТРФ-ға қосымша сәулеленуге ұшырауы келтіретін қауіп-қатер мүмкіншілігінен аспайтын болса, оларды пайдалану жөніндегі барлық іс-әрекеттерге тыйым салу) сәулеленудің жаңа көздерін және радиациялық нысандарды жобалау, лицензия беру, радиациялық қауіпсіздік жөнінде ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді дайындау және бекіту туралы, сондай - ақ оларды пайдалану жағдайлары өзгерген кезде, өкілетті органдар шешім қабылдайтын сатысында қолданылуы тиіс.
Радиациялық апат жағдайларында негіздеу қағидасы сәулелену көздеріне және сәулеленуге шалдығу жағдайларына емес, қорғану шараларына жатады. Пайдасының мөлшері ретінде берілген шараларды жүргізу арқылы болдырылмаған дозаны бағалау керек. Алайда, сәулелену көздерінің бақылауда болуын қалпына келтіруге бағытталған шаралар міндетті түрде жүргізілуі тиіс;
2) қолайлы ету қағидасы әлеуметтік және экономикалық факторларды ескеріп, сәулеленуге ұшыраудан алатын жеке адамның дозасын да, және ұжымдық дозаны да мүмкіндігінше төмен (НРБ-99 бекіткен шектерден төмен) және қол жеткізерлік деңгейде ұстауды қарастырады;
Радиациялық апат жағдайларында доза шектерінің орнына деңгейі жоғарырақ кірісу деңгейлерін қолданылғанда, қолайлы ету қағидасы алдын ала болдырмайтын сәулелену әсерінің дозасын және кірісумен байланысты шығынды ескеріп, қорғану шараларын ұйымдастыруда қолданылуы тиіс.
З) нормалау қағидасын адамдардың сәулеленуге шалдығу деңгейіне қатысы бар барлық адамдар сақтауы тиіс; бұл қағида азаматтардың иондаушы сәулеленудің барлық көздерінен сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, РҚН-99 және басқа да радиациялық қауіпсіздік нормативтерімен бекітілген жеке адамдарға арналған доза шектерінен асырмауды қарастырады.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең маңызды бөлігі, радиациялық қауіпті нысандарды жобалау кезеңінен бастап жүргізілетін радиациялық бақылау болып табылады.
Радиациялық бақылаудың мақсаттары:
Радиациялық бақылауға жататындар:
Жоғарыда келтірілген радиациялық бақылау саласында қолданылатын кейбір түсініктерге толығырақ тоқталамыз. Сонымен, РҚН-99 сәйкес, сәулелену көздерін қалыпты (бақыланатын) пайдалану жағдайларында сәулеленуге ұшырайтын адамдардың келесі санаттары белгіленген:
Сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санаттары үшін нормативтердің келесі үш класы орнатылған:
Бұлардың мәні ұйымда қол жеткізген радиациялық қауіпсіздік деңгейін ескеруі және радиациялық әсер деңгейі рұқсат етілген деңгейден төмен болатын жағдайды қамтамасыз етуі қажет. Бақылауда тұрған деңгейлерді мемлекеттік санэпидбақылау органдарымен келісім бойынша, мекеменің әкімшілігі орнатады.
Сәулеленуге ұшыраудың негізгі доза шектеріне табиғи және медициналық сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалар, сондай-ақ радиациялық апат (авария) салдарынан алатын дозалар кірмейді. Оларға арнайы шектеулер орнатылады.
Қызметкердің жұмыс істейтін кезеңіндегі (50 жыл) эффективті дозасы 1000 мЗв, ал халық үшін бүкіл өмір сүретін кезеңінде (70 жыл) 70 мЗв аспауы қажет. Кезеңдердің басталуы 1 қаңтар 2000 жылдан енгізілінген.
Қызметкер мен халықтың сәулеленуге ұшырауының рұқсат етілген дозасы ИС биологиялық әсері туралы білімдердің жиналуы және тиімді қорғану шараларын дайындау барысында қызметкер үшін 600 мЗв-тен (1946 ж.) 20 мЗв-ке дейін (1999 ж.) төмендетілген.
Адамға бір мезгілде ішкі және сыртқы сәулеленуге ұшырататын көздері әсер еткен кезде, жылдық эффективті доза орнатылған доза шектерінен аспауы қажет. (кесте- 12.6)
Жабық көздерін қолдану кезінде радиациялық қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қорғану шаралары, иондаушы сәулеленулердің таралу заңдарын және олардың затпен өзара әсерлесу сипатын білуіне негізделген.
Бұл заңдылықтардың ішіндегі негізгілері келесілер:
а) сыртқы сәулелену әсерінің дозасы сәулелену қарқындылығына және әсер ету уақытына пропорционал;
б) сыртқы нүктелік көзден сәулелену қарқындылығы онда уақыт бірлігінде пайда болатын кванттардың немесе бөлшектердің санына пропорционалды және арақашықтықтың квадратына кері пропорционалды (созылыңқы көздері үшін бұл байланыстылық күрделірек).
в) сәулеленудің қарқындылығы экрандардың көмегімен азайтылуы мүмкін.
Осы заңдылықтардан ИС жабық көздерін қолдану кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидалары шығады:
1. «Мөлшері арқылы қорғау» - сәулелену көздерінің қуатын ең аз мөлшерге дейін азайтуға, яғни белсенді заттардың ең аз белсенділігімен жұмыс істеуге негізделген. Бұл шара сәулеленудің қуаты тура пропорцияда азаюына негізделген. Қорғанудың бұл әдісі кеңінен қолданылмайды, себебі ол технология үрдісінің қойылатын талаптарымен шектеледі. Оның үстіне, сәулелену көзінің белсенділігін төмендету сәулеленудің әсер ететін уақытын ұзартады.
12.6 -кесте
РҚН-99 сәйкес иондағыш сәулеулену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларындағы қызметкер мен халыққа арналған дозалардың негізгі шектері
Нормаланатын мөлшерлер* |
Дозалар шегі |
|
Қызметкер (А тобы)** |
Халық |
|
Эффективті доза |
Iзбелес жатқан 5 жылдың кез-келген жылында орта есеппен 20 мЗв, бірақ 1 жылда 50 мЗв артық емес |
Iзбелес жатқан 5 жылдың кез-келген жылында орта есеппен 1 мЗв, бірақ 1 жылда 5 мЗв артық емес. |
Бір жылдағы эквивалентті доза көз бұршағында, теріде қол ұшында, аяқ ұшында |
150 мЗв 500 мЗв 500 мЗв |
15 мЗв 50 мЗв 50 мЗв |
Ескерту:
* Барлық нормаланатын мөлшерлер бойынша көрсетілген шектеулерге дейін бір мезгілде сәулеленуге ұшырауына рұқсат етіледі.
** Б-тобындағы персоналға арналған дозалардың негізгі шектері, сәулеленуге ұшыраудың басқа да рұқсат етілген деңгейлері сияқты, А-тобындағы қызметкергеа арналған мәнінің 1/4 тең. Әрі қарай мәтіндегі қызметкер санатына арналған барлық нормативтік мәндер тек А тобындағы қызметкер үшін келтірілген.
2. «Уақыт арқылы қорғау» сәулелену көздерімен жұмыс істеу уақытының қысқаруына, яғни «мөлшері арқылы қорғаудағы» заңдылықтармен бір заңдылықтарға негізделген. Сәулелену көзімен жұмыс істейтін уақытты қысқарту арқылы қызметкердің сәулеленуге ұшыраудан алдын алатын дозасын едәуір азайтуға болады. Қорғанудың бұл қағидасы, әсіресе, белсенділігі салыстырмалы түрде аз көздермен жұмыс істеу кезінде, қызметкер онымен тікелей манипуляция жүргізуі кезінде, жиі қолданылады. Мысалы, қызметкер цилиндр және моншақ тәрізді көздермен жұмыс істейтін кезде алдымен құрамында гамма-сәулелендіргіші жоқ осындай цилиндрлермен және моншақтармен жұмыс істеп үйренеді. Бұл орындалатын жұмысты жоғары дәрежелі автоматизмге жеткізуге, сөйтіп қызметкердің “белсенді уақытын” (белсенді көздермен жұмыс істеу уақытын) едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Медицина практикасында рентген аппараттарын пайдалану кезінде де, әсіресе диагностикалық процедуралар кезінде, уақыт факторының маңызы үлкен. Дәрігерлердің мамандығын жоғарылату рентген түтігінің жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, демек, қызметкер мен тексерілетін ауруларға түсетін доза жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
3. Қорғанудың қарапайым және сенімді әдісінің бірі бұл сәулелену көзінен жұмыс істейтін адамаға дейінгі арақашықтықты ұлғайту («арақашықтық арқылы қорғау»). Бұл жұмысшыларды сәулелену көзінен жеткілікті арақашықтыққа алыстату арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл қорғану қағидасының қаншалықты тиімді екенін келесі мысалдан көруге болады. Белсенділігі 110 МБк (3мКи) 60Co-ның нүктелік көзімен бір минут бойына ұзындығы 8 см пинцетпен жұмыс істегенде, жұмыс істейтін адамның қолының саусақтары 100мкГр (100 мкЗв), шамасында доза алады, ал осы жұмыс түрін орындау кезінде ұзындығы 25 см пинцетті пайдаланса, сәулелену әсерінің дозасы небәрі 10мГр (10 мкЗв) құрайды. Сонымен, ұзындығы үлкен ыңғайсыздау сайманды қолдану, жұмыс операциясын орындауға қажетті уақытты біршама ұлғайтқанмен де, дозаны төмендету жолдарын іздестіруде белгілі бір артықшылығы бар.
Айта кеткен жөн, уақыт және ара қашықтық арқылы қорғау қағидалары «мөлшері арқылы қорғау» қағидасына қарағанда, іс жүзінде көбірек қолданылғынымен де, сәулелену көздерін қолдану технологиясының талаптары олардың кеңінен іске асуын шектеп отыр. Мысалы, бір жағдайларда кейбір нысандарды ұзақ уақыт (бірнеше сағат және одан да артық) сәулеленуге ұшыратуды қажет етеді, басқа жағдайларда сәулелену көздерімен істелетін жұмыс уақытын қысқарту, оларды пайдаланудан алатын экономикалық тиімділігін азайтады (мысалы, болат кесектердің дефектоскопиясы кезінде рентген түтікшелерімен жұмыс істеу мерзімінің қысқаруы дефектоскопистердің еңбек өнімділігін азайтады), ал қуатты иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде қызметкерді соншалықты қашыққа алыстатуды қажет етеді, бұл кезде ара қашықтық арқылы қорғану қағидасы бір ғана өз алдына қорғайтын әдіс ретінде өзінің мәнін жоғалтады.
Мұндай жағдайларда жабық көздерімен істелетін жұмыстардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау кезінде “экран арқылы қорғау” принципі үлкен роль атқарады.
4.«Экрандар арқылы қорғау» - иондаушы сәулеленулерді сіңіретін материалдармен сәулелену көздерін экрандауды қолдану. Бұл әдіс «ара қашықтық арқылы қорғау» қағидасымен бірге қолданылады. Иондағыш сәулеленудің түрлеріне байланысты, экрандар жасау үшін әр түрлі материалдарды пайдаланады, ал олардың қалыңдығы сәулелену қуатына байланысты анықталады. Мысалы, рентген және гамма сәулеленулерден қорғау үшін экран ретінде қолданылатын материалдардың ең жақсысы болып, меншікті салмағы үлкен материалдар (мысалы, қорғасын) саналады, себебі олар сәулеленудің дозасын әлсіздендіру есесі бойынша, ең аз қалыңдығында қажетті тиімділік алуға мүмкіндік береді.
Бірақ қорғасынның қымбаттығын ескеріп, жеңілдеу материалдардан - қорғасындалған әйнектен, темірден, бетоннан, барибетоннан, темір бетоннан және тіпті, судан да жасалған экрандар қолданылуы мүмкін.
Бұл жағдайда әрине, экрандардың эквивалентті қалыңдығы, қорғасын арқылы қажетті әлсіздендіру есесін қамтамасыз ететін қалыңдығынан асып кетеді.
Кірпіш, бетон, барибетон, темір бетон және басқа да құрылыс материалдары, экрандар бір уақытта ғимараттардың құрылыс конструкциялары болып табылатын жағдайларда, экрандар жасау үшін бастапқы шикізат ретінде жиі қолданылады
Су өте арзан, қорғайтын материал, сондықтан одан қорғайтын экрандар жасау жиі кездесетін құбылыс. Айта кеткен жөн, рентген және γ-сәулеленуден қорғау үшін тиімді, қорғайтын экрандарды жасау кезінде бірінші кезекте өндіріс технологиясын және экономикалық шығынын (әр түрлі материалдардан жасалған экрандардың құнын) ескереді.
Экран арқылы нейтрондық сәулеленуден қорғау нейтрондардың затпен әсерлесу заңдылықтарына негізделеді. Жылулық, резонанстық және баяу нейтрондар ең тиімді сіңіріледі, сондықтан, жылдам нейтрондарды сіңіру үшін, оларды алдымен баяуландыру қажет. Атомдық нөмірлері кіші элементтердің баяуландыратын эффектілері максималды. Сондықтан, қорғайтын экрандар ретінде, әдетте, суды, парафинді, бетонды т.б., құрамында сутегі атомдары көп материалдарды қолданады. Жылулық нейтрондарды кадмий және бор жақсы сіңіреді, бұл жағдайда оларды толық сіңіруге арналған кадмий қабатының қалыңдығы миллиметрдің бірнеше ондаған бөлігіне тең болуы мүмкін.
Нейтрондарды өзіне сіңіру үрдісі γ-сәулеленуін шығарумен жүретінін ескеріп, қорғасыннан немесе басқа эквивалентті материалдардан жасалған қосымша қорғану қарастыру қажет.
Нейтрондарды күшті сәулелендіретін реакторларда, мысалы, бірнеше сіңіретін қабаттар қолданылуы мүмкін: бірінші қабаты нейтрондарды баяуландыру үшін құрамында сутегі атомдары көп (бетон, су және т.б.), екінші қабаты баяу және жылулық нейтронды сіңіруге арналған (бор, кадмий), үшінші қабаты гамма-сәулеленуін сіңіру үшін қолданылуы мүмкін.
β-ағындарынан қорғану үшін атомдық нөмірі кіші материалдардан жасалған экрандарды қолданған жөн. Бұл жағдайда тежелулік сәулеленудің шығуы үлкен емес. Әдетте, β-сәулеленуін сіңіру үшін органикалық шыныны, пластмассаны, алюминийді қолданады. Өте қуатты β-сәулеленуі жағдайында тежелулік сәулеленуден қорғану үшін қосымша экрандарды қолданған жөн.
Қолданылуына байланысты қорғанатын экрандар шартты түрде 5 топқа бөлінуі мүмкін:
1. Қорғайтын экрандар-контейнерлер, олардың ішіне белсенді препараттар салынады. Мұндай экрандардың негізгі қолданылуы - белсенді препараттарды жұмысқа қолданбайтын жағдайында сақтау. Жаңадан әзірленген тасымалданатын, жылжымалы және стационарлық дефектоскопиялық, емдік және басқа да аппараттардан шығатын сәулелену дозасының қуаты, ішінде сәулелену көзі бар аппарат блогының бетінен 1 м арақашықтықта 30 мкЗв/сағаттан (3м бэр/сағ) аспауы қажет.
Жаңадан әзірленген радиоизотоптық құралдардан шығатын сәулеленудің эквиваленті доза қуаты ішінде сәулелену көзі бар прибордың блогының бетінен 1 м қашықтықта 3 мкЗв/сағ (0,3мбэр/сағ)-тан аспауы қажет және сәулелену көзі бар аппараттың блогының бетіне тиіп тұрғанда 100 мкЗв/ сағ (10мбэр/сағ)-тан аспауы керек.
2. Жабдықтарға арналған қорғайтын экрандар - белсенді препарат жұмыс жағдайында болған кезде немесе иондаушы сәулелену көздеріне жоғары (немесе үдеткіш) кернеуді қосқан кезде, жұмыста қолданылатын барлық жабдықтарды экрандармен толығымен қоршайды.
3. Жылжымалы қорғайтын экрандар - жұмыс зонасының әр түрлі учаскелеріндегі жұмыс орнын қорғау үшін қолданылады .
4. Құрылыс конструкцияларының бөлігі (қабырға, еден, шаңырақ, арнайы есіктер, т.б.). ретінде орнатылатын қорғайтын экрандар ішінде қызметкер тұрақты түрде болатын бөлмелерді және іргелес жатқан аумақты қорғауға арналады.
5. Жеке басты қорғайтын заттардың экрандары - органикалық шыныдан жасалған қалқанша, пневмокостюмдердің қорғайтын шынылары, қорғасындалған қолғаптар, т.б.)
Бұл тарауда, сыртқы сәулеленуге ұшырау кезінде қорғау шаралары туралы мәселелерді баяндай отырып, сәулелік диагностика кабинеттеріне және медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргізуге қойылатын негізгі гигиеналық талаптарға толығырақ тоқталу керек.
Бұл қажеттілік халықтың көпшілігі алдын алу мақсатында жүргізілетін және басқа да тексерулер кезінде, сондай-ақ, тек дәрігер-рентгенологтар ғана емес, көптеген мамандықтардағы дәрігерлер де өзінің жұмысында ең көп таралған радиациялық фактормен рентген сәулеленуімен кездесіп отыратындығымен байланысты.
Берілген сәулеленуді пайдаланып, медицинада қолданылатын, негізгі әдістер келесілер:
- рентгенография қағазда немесе үлдірде (пленка) бір немесе бірнеше статикалық бейнелер (рентгендік суреттерін) алу;
- сандық рентгенография рентгенологиялық ақпаратты сандық түріне айналдырып, рентгендік бейнелерін (суреттерін) алу
- рентгеноскопия монитор экранында немесе флуоресценттік экранда көп проекциялы динамикалық рентгендік бейнелерін алу;
- сандық рентгеноскопия рентгенологиялық ақпаратты сандық түріне айналдырып, пациент мүшелерінің рентгендік бейнесін динамикасында алу.
- рентгендік компьютерлік томография компьютер мен арнайы аппаратураны пайдаланып, адам мүшесін көмпьютер көмегімен бірнеше қабатка кесіп, әрбір қабаттың сандық түріндегі рентгендік бейнесін алу;
- флюорография рентгендік бейнесінің фотосуретін флюоресцентті экраннан түсіріп алу.
Рентгендиагностикалық және рентген сәулесімен емдеу бөлмелерінің барлығы потенциалды қауіптілік дәрежесі бойынша IV санатқа жатады.
Сондықтан, рентген кабинетінде жұмыс істеу қауіпсіздігі келесі талаптарды іске асыру арқылы қамтамасыз етілуі қажет:
Пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәрігер-клиницистер өздерінің практикалық жұмысында диагностикалық әдістерді таңдау кезінде, біріншіден, альтернативті (радиациялық емес) зерттеу әдістеріне басым роль беру керек, екіншіден, рентген- диагностикалық зерттеулерді тек негізделген клиникалық көрсетілімі бойынша ғана жүргізуі тиіс; үшіншіден, рентгенологиялық зерттеулерді пайдалану кезінде, олардың ең қауіпсізін таңдауы қажет. Медициналық рентгенологиялық зерттеулерді қолданылатын дәрігерлер пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан күтілетін доза деңгейлерін, ағзада болатын реакцияларын және әсерінен біраз уақыт өткен кейін пайда болатын салдарының қауіп-қатерін білуі тиіс. Бұл зерттеулер кезінде пациенттердің сәулеленуге шалдығудан алатын жеке адамдық эффективті дозаларын бақылауды ҚР ДМ бекіткен әдістемелік нұсқауларға сәйкес, дозаның сәулеленуге ұшыраған ауданға көбейтіндісін өлшегіштерді пайдаланып жүргізеді. Пациенттің жеке эффективті дозасының мәні дозалық жүктемелер тіркелетін қағазда (аурудың амбулаторлық картасына немесе баланың даму тарихына медициналық картасына осы қағаз жапсырылады) және күнделікті рентгенологиялық тексерулер журналына тіркеліп отырылуы қажет. Ауру адамды стационардан шығарған кезде немесе мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінде рентгенологиялық зерттеу жүргізгеннен кейінгі доза жүктемесінің мәні ауруға берілетін сырқатнамадан алынған көшірмеге (выписка) енгізіледі.
Пациентке, оның сәулеленуге шалдығуынан күтілетін дозасы немесе алған дозасы туралы және болатын салдары жөнінде толық ақпарат берілуі қажет. Пациент, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті ауруды анықтау мақсатында жүргізілетін алдын алу жөніндегі тексерулерден басқа, медициналық рентгенологиялық зерттеулерден бас тарта алады.
Рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде дәрігер-рентгенологқа үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, бұл зерттеулерге жолдамалар негізсіз берілген кезде (мысалы, ауруының диагнозы болмағанда), дәрігер-рентгенолог, алдымен оны жүргізбейтіні түралы емдеуші дәрігерді хабардар етіп және зерттеуді орындамайтынын сырқатнамаға (амбулаториялық картаға) жазып, пациентке оны жүргізуден бас тарта алады. Сонымен бірге, дәрігер-рентгенолог зерттеудің түрі және көлемі жөнінде қорытынды шешімін қабылдауы мүмкін.
Аурудың алдын-алу жөніндегі тексерулер, халыққа тек флюорография әдісімен жүргізіледі, қажет болған кезде рентгенографияны қолданады. Бұл тексерулер кезінде рентгеноскопияны қолдануға рұқсат етілмейді. Дені сау адамдарға аурудың алдын алу мақсатында медициналық рентгенологиялық зерттеулер және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде сәулеленуге ұшыраудан алатын жылдық дозаның деңгейі 1 мЗв дейін болуы қажет. Аурудың алдын алу мақсатында жүргізілетін рентгенологиялық тексеру 14 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жүргізілмейді, сондай-ақ, ауру, егер, өткен жыл ішінде алдын алу жөніндегі тексерулерден өткен болса, стационарлық емдеуге түсуі кезінде және амбулаториялық немесе емханалық көмек алуға келгенде де жүргізілмейді. Алдын алу мақсатындағы рентгенологиялық зерттеулерге жататын балалардың жасы тек қолайсыз эпидемиологиялық жағдайларда ғана 12 жасқа дейін төмендетілуі мүмкін.
Сонымен қатар, қандай да бір аурулардың диагнозын анықтау мақсатында пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалардың шектері жоқ. Бірақ, медициналық диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде және бұл кезде пациенттің сәулеленуге ұшырауынан жиналған дозасы 500 мЗв болса, онда, егер сәулелік процедураларды жүргізуге өмірлік көрсетілімі бойынша қажеттілік болмаса, пациенттің одан әрі сәулеленуге шалдығуын шектеу жөнінде шаралар қолдану қажет.
Халық ішіндегі адамдар сәулеленуге ұшыраудан жылына 200 мЗв-тен артық эффективті доза алса немесе сәулеленуге шалдықтыратын негізгі көздерінің біреуінен 500 мЗв-тен артық жиналған доза, не сәулеленуге ұшырататын барлық көздерінен 1000 мЗв артық доза алған кезде, денсаулық сақтау органдарының ұйымдастыруымен арнайы медициналық тексеру жүргізілуі тиіс.
Репродуктивті жастағы және жүкті әйелдерге рентгенологиялық зерттеу жүргізуге шектеулер бар. Емдеуші дәрігер және рентгенолог рентгенологиялық зерттеу жүргізетін уақытын таңдау мақсатында әйелдің соңғы етеккірінің келген уақытын анықтауы тиіс. Мысалы, жыныс бездеріне сәулелік жүктеме түсуімен байланысты асқазан-ішек жолдарына жүргізілетін рентгенологиялық зерттеулер, урография, ұршық буынына рентгенография жасау және басқа да зерттеулер, етеккір циклінің бірінші декадасында жүргізілуі тиіс. Ал жүкті әйелдерге зерттеулер, клиникалық көрсетілімдері бойынша, жүктіліктің тек екінші жартысында ғана жүргізіледі. Жүктілерді рентгенологиялық зерттеулер ұрықтың анықталмаған жүктілік кезіндегі екі айда алған дозасы 1 мЗв аспайтын барлық мүмкін болатын қорғану құралдарын және әдістерін қолдану арқылы да жүргізіледі. Жүкті әйелдерге рентгенологиялық зерттеулерді, іштегі нәрестенің алатын дозасы, жүктілігі анықталмаған екі айында 1 мЗв аспайтындай етіп, мүмкіндігінше, барлық қорғану құралдары мен тәсілдерін қолданып жургізеді. Ұрықтың 100 мЗв-тен асатын дозасын қабылдау жағдайында дәрігер жүкті әйелді мүмкін болатын салдары туралы ескертуі және жүктілікті үзу туралы ұсыныс беруі қажет. Іштегі нәрестенің алатын дозасы 100 мЗв-тен асатын жағдайда, дәрігер жүкті әйелге болатын салдары туралы ескертуге және жүктілікті үзуге ұсыныс беруге міндетті. Жүктіліктің бірінші жартысындағы рентгенологиялық зерттеулер, жедел немесе щұғыл көмек көрсету қажет болған кезде және жүктілікті үзу туралы мәселе шешілген жағдайда жүргізіледі.
Сәулелік диагностика кабинеттері қызметкерінің және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, кабинеттерді ұйымдастыру үшін бөлмелерін таңдауға және олардың құрамына ерекше талаптар қойылады.
Мысалы, стационарлық рентген аппараттарын орнату үшін арнайы салынған немесе мемлекеттік санитарлық бақылау органдарымен келісілген жоба бойынша бейімделген бөлмелерді пайдалануы мүмкін.
Тасымалданатын (палаталық) рентген аппараттарын тек операциялық блоктарда және тасымалдауға жарамайтын науқастарға процедураларды жүргізуге арналған палаталарда пайдалануға рұқсат етіледі. Тасымалданатын рентген аппараттарын, оларды пайдалану жағдайына байланыссыз, ауруларды жаппай тексеру үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
Сәулелік диагностика кабинеттерін едені нольдік деңгейден төмен бөлмелерде, сондай-ақ, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, оқу орындарында орналастыруға тыйым салынған. Дегенмен де, сәулелік диагностика кабинеттерін тұрғын үй ғимараттарына жалғап салған құрылыстарда орналастыруға рұқсат етіледі, егер жалғап салған құрылысқа көршілес тұрғын үй бөлмелерінің рентген сәулесінен қорғалу жағдайы бұл бөлмелердегі сәулелену деңгейін табиғи радиациялық фонның деңгейінен асырмайтын болса.
ЕАМ стационарларында сәулелік диагностика кабинеттерін ауруларға арналған палаталармен көлденеңінен және тігінен алғандағы көршілес бөлмелерде орналастыруға болмайды.
Сәулелік диагностика кабинеттеріндегі бөлмелер жиынтығы (жалпы тексерулерге арналған рентгендиагностикалық кабинеттер, флюорография кабинеті, стоматологиялық рентген кабинеті, урологиялық рентген кабинеті, компьютерлік рентген томография кабинеті және басқалар) және олардың ауданы, кабинеттердің қолданылуына байланысты іс жүзіндегі санитарлық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. Бұл сәулелік диагностика кабинеттерінің құрамында процедура бөлмесі, басқару бөлмесі (пульт тұрған бөлме), фотозертхана, дәрігер кабинеті, екі немесе одан да артық рентген-диагностикалық кабинеттері болса - меңгерушісінің кабинеті, барийді дайындауға арналған бөлме, пациенттердің шешінуіне арналған бөлме, қызметкер бөлмесі және т.б. бөлмелер бар.
Әрбір процедуралық бөлмеде бір рентген аппараты орналастырылуы тиіс. Бір бөлмеде бір-бірімен функционалдық байланысы жоқ екі рентген аппаратын орнатуға тыйым салынады. Бұған дентальдық рентген аппараттары жатпайды, оларды диагностикалық аппаратпен бірге орналастыруға рұқсат етіледі.
Фотозертхана, әдетте, сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмеде орналасуы керек және оған процедуралық немесе пульт орнатылған бөлмеден кіретін есігі болуы тиіс.
Басқару (пульт тұрған) бөлмесі процедуралық бөлмемен сөйлесетін құрылғымен, сондай-ақ, есікпен және пациентті бақылау үшін қорғайтын шынымен жабдықталған қарайтын терезе арқылы байланысқан болу керек.
Терезенің орналасуы мен өлшемі, пациентті бақылау ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сәулелік диагностика кабинетін арнайы комиссияның пайдалануға қабылдау актісінің негізінде, мемлекеттік санитарлық бақылау органдары оны пайдалануға құқықты екеніне 2 жылға дейінгі мерзімге санитарлық төлқұжат береді. Актіге дозиметрлік бақылаудың хаттамасы, желдету тиімділігін және жерге қосу кедергілерін өлшеудің хаттамалары, рентген аппаратын орналастыру схемасы тіркеледі Аталған құжаттар сәулелік диагностика кабинетінде сақталады.
Сәулелік диагностика кабинетін пайдалануға құқық беретін санитарлық төлқұжатты алғанға дейін және оның іс жүзіндегі мерзімі өткеннен кейін медициналық процедураларды жүргізуге тыйым салынады.
Сәулелік диагностика кабинеті бөлмелерінің биіктігі 3 м-ден, есіктерінің ені 0,9 м кем болмауы тиіс. Бұл бөлмелер орталықтан жылытумен (пештен жылытуға тыйым салынады), орталықтандырылған ауыз сумен және канализациямен жабдықталуы қажет. Бөлмелердегі ауаның температурасы 20 градустан төмен болмауы қерек.
Барлық бөлмелері ауа енуі бойынша, сағатына 3 есе және ауаны сорып әкетуі бойынша сағатына 4 есе ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін, механикалық қозғаушы көмегімен істейтін енбелі-сормалы желдетумен жабдықталуы керек. Ауаны соратын желдету- калоферлермен және ауаны тазартатын сүзгілермен іске асыру керек. Енбелі желдету жүйесі ауаны жылытқыштармен және тазартатын сүзгілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауаны сорып әкетуі бөлменің жоғарғы және төменгі зоналарынан, ал ауа енуі - жоғарғы зонасынан жүргізілу керек.
Процедуралық және пульт орнатылған бөлмелерде табиғи және жасанды жарық болуы тиіс, ал фотозертханада табиғи жарықтың болуы міндетті емес. Процедуралық бөлмедегі жасанды жарық тұрақты жұмыс істейтін және бейімделуге арналған болуы тиіс.
Рентген сәулесіне түсіріп қарайтын (рентгеноскопия) режимінен басқа, барлық рентгенологиялық процедуралар күндізгі уақытта табиғи жарық жағдайында жүргізілуі қажет. Терезелер ауданының еден ауданына қатынасы 1:10 кем болмауы тиісті
Сәулелік диагностика кабинеттерінің бөлмелеріндегі едені оқшаулағыш қасиеті бар материалдардан: бетон табанының үстіне салынған ағаш паркеттен, боялған ағаштан, төселген ағаштың үстіне жабылған линолеумнан немесе поливинилхлоридтік материалдардан болуы тиіс. Едені оқшаулаушы қасиеті жоқ материалдан жасалған бөлмелерде тасымалданатын аппаратты пайдалану кезінде жұмыс орындарында еденге резенкеден жасалған оқшаулайтын кілемше төселу керек. Фотозертхана бөлмелерінің және әжетханалардың едені керамика тақтадан жасалған болу керек
Сәулелік диагностика кабинеттерінің қабырғалары мен төбесі ашық түске боялған болуы тиіс (әкпен ақтауға немесе су-эмульсиялық сырмен сырлауға рұқсат етіледі). Қабырғалардың панелі майлы сырмен боялған болу керек. Фотозертхана және санитарлық жүйесінің бөлмелерінің панельдері қаптайтын плиткалармен жабылуы қажет.
Рентген процедураларын жүргізу кезінде медицина қызметкері, пациенттер және басқа да адамдар тікелей және шашыранды рентген сәулесінің, сонымен бірге радиациялық емес факторлардың (қорғасын, ацетон, толуол, озон, азот тотықтарының, жоғары кернеудің, шудың) әсеріне ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты, аталған факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алу жөніндегі талаптарды сақтау қажет
Мекеменің әкімшілігі радиациялық қауіпсіздік жөнінде нұсқау дайындауға және оған мемлекеттік санитарлық бақылау органдарының келісімін алуға міндетті. Бұл нұсқау әрбір сәулелік диагностика кабинетінің көрінетін жерінде болуы тиіс.
Рентген аппараттарымен жұмыс істеуге жасы 18-ден кем емес, иондағыш сәулеленулермен жұмыс істеуге медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілімі жоқ, қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау алған адамға рұқсат етіледі.
Сәулелік диагностика кабинеттерінде кабинеттегі қызметкерге және кабинетке көршілес бөлмелердегі адамдарға түсетін сәулелік жүктемелерге бақылау жүргізілуі тиіс.
Қызметкерге түсетін сәулелік жүктемені бақылау жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеуді және жеке адам алған дозасын өлшеуді қамтиды. Жұмыс орындарындағы доза қуатын өлшеу кезінде стационарлық қорғаныс құралдарына да дозиметрлік бақылау жүргізіледі. Сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмелерде жұмыс істейтін адамдарға түсетін сәулелік жүктемені бақылауға рентген аппаратының жұмыс істеуі кезіндегі көршілес бөлмелердегі экспозициялық доза қуатын өлшеу кіреді.
Қызметкердің жұмыс орнындағы және көршілес бөлмелердегі экспозициялық доза қуатын өлшеу мерзімі екі жылда бір рет.
А тобындағы қызметкердің жеке басы алған дозаларын өлшеуді тұрақты түрде жүргізеді, нәтижелерін әрбір тоқсан сайын (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен келіскен кезде - жарты жылда бір рет) тіркеп отырады.
Арнайы жүргізілетін рентгенологиялық зерттеулерге әлсін-әлсін қатысатын адамдарға (хирургтар, анестезиологтар) жеке адамдық дозиметрлік бақылау, А тобындағы қызметкерге жүргізілетін бақылауға ұқсас жүргізіледі.
Рентгендік сәулеленудің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу кезінде рентгендік сәулелену энергиясын пациенттің денесі тәрізді жұтып алатын, оны шашыратқыш дене су немесе парафинді фантом міндетті түрде болуы керек. Фантом мөлшері 250 х 250 х 150 мм болатын тегіс параллельді қабырғалары бар түтік.
Рентген сәулесінің экспозициялық доза қуатын өлшеуді міндетті түрде шашыртатын дене рентген сәулесінің энергиясын сіңіруі пациенттің денесінің сіңіруіне эквивалентті судан немесе парафиннен жасалған фантом болуы кезінде жүргізілуі керек. Фантом - өлшемі 250•250•150 мм, қабырғалары жайпақ бір-біріне паралелді ыдыс.
Қызметкердің жұмыс орнындағы доза қуатын өлшеуді бас, жамбас, аяқ деңгейінде (1,5 м; 0,7 м; 0,3 м), ал көршілес бөлмелерде рентген сәулесі шоғырының ең қолайсыз болатын бағытында, 0,7 м биіктікте жүргізеді. Экспозициялық доза қуатын өлшеу нәтижелері жөнінде 2 дана хаттама жазылады. Бір данасы рентген кабинетінде, екіншісі дозиметрияны жүргізген мекемеде сақталады.
Қызметкердің жұмыс орнындағы және көршілес бөлмелердегі рұқсат етілген доза қуаты 12.7- кестеде келтірілген. Көрсетілген мәндер тасымалданатын рентген қондырғыларына да таралады (5-баған тасымалданатын қондырғының сыртқы бетінде).
12.7-кесте
Рентген сәулесінің рұқсат етілген экспозициялық дозасының қуаты
Сәулелік диагностика кабинетінің түрі (типі) |
Иондағыш сәулелену әсер ететін уақыты |
Рұқсат етілген доза қуаты мкр/сек |
||
А санаты |
Б санаты |
Ғимараттың сыртқы беті |
||
Диагностикалық |
15 сағ/апта (700 сағ/жыл) |
2 |
0,2 |
0,06 |
Флюрографиялық |
1,5 сағ/апта (70 сағ/жыл) |
20 |
2 |
0,06 |
Терапиялық |
25 сағ/апта (1175 сағ/жыл) |
1,2 |
0,12 |
0,06 |
Дентальдық |
1 сағ/апта (47 сағ жыл) |
30 |
3 |
0,06 |
Палаталық |
1 сағ/апта (47 сағ/жыл) |
30 |
3 |
0,06 |
Рентген сәулесінен қорғануды есептеу кезінде рұқсат етілген деңгейлерге қатысты 2 тең қор коэффициентін енгізу қажет, яғни есептеу жолымен алған доза қуаты рұқсат етілген деңгейлерден 2 есе аз болуы тиіс.
Жоғарыда айтылғандай, рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қорғасынның және басқа да радиациялық емес факторлардың әсерінен қорғану шаралары қолданылуы керек, сонымен қатар қажетті көлемде эпидемияға қарсы шаралар жүргізу де қамтамасыз етілуі керек. Мысалы, рентген пленкалары, рентгенограммалар қақпағы (есігі) нығыз жабылатын, металдан жасалған жәшіктерде немесе шкафтарда сақталуы қажет. Сәулелік диагностика кабинетінде 2 кг аспайтын ғана рентген пленкалары мен рентгенограммаларды сақтауға рұқсат етіледі. Сәулелік диагностика кабинетінің және жабдықтардың қорғасынмен ластану деңгейі 0,09·10-4 мг/см2 аспауы керек. Қызметкердің ластануына жол берілмейді.
Сәулелік диагностика кабинеті қызметкерінің ағзасына қорғасынның түсуінің алдын алу үшін келесі шараларды жүргізу керек:
Сәулелік диагностика кабинетінде жұмысты бітіргеннен соң ылғалдап тазалау, еденін жуу және зерттеу кезінде пациент пен дәрігер ұстаған рентген аппаратының элементтері мен жабдықтарын мұқият дезинфекциялау керек. Айына кем дегенде 1 рет сірке қышқылының 1-2% ерітіндісін қолданып, ылғалдап тазалау жүргізілуі тиіс. Сәулелік диагностика кабинетінің процедура бөлмесінде рентгенологиялық зерттеу жүргізер алдында немесе зерттеуді жүргізу кезінде ылғалдап тазалауға тыйым салынады.
Сәулелік диагностика кабинеттері бөлмесінің ауасында азот тотықтарының концентрациясы 0,085 мг/м3, озонның 0,005 мг/м3, қорғасынның 0,0007 мг/м3 аспауы керек.
Иондаушы сәулеленулер медицинада бірқатар ауруларды емдеуде де қолданылады. Ағзаның терең немесе беткі бөліктерін қашықтан басқарып (дистанциялық) сәулемен емдеу үшін рентген - сәулесімен емдейтін, гамма-сәулесімен емдейтін қондырғылар және зарядталған бөлшектерді үдеткіштер қолданылады. Мысалы, тері зақымдануларын емдеу, рентген - сәулесімен емдейтін қондырғының көмегімен жүргізіледі, ал статикалых немесе қозғалмалы (ротациялық, не ротациялық-конвергенттік) сәулеленуге түсіру үшін гамма- сәулесімен емдейтін қондырғы қолданылады.
Қызметкер үшін мұндай қондырғылармен жұмыс істеу кезінде сыртқы сәулеленуге ұшырау қаупі болады. Сәулелену көздерінің белсенділігі қоңдырғыларда улкен мөлшерге дейін жететіндіктен, жұмыс орындарын стационарлық қорғау сапасына, жұмыс аусымы бойына қондырғылардың жұмыс істеу уақытының ұзақтығына; авария жағдайларын алдын алу жөніндегі жүйенің сенімділігіне айрықша көңіл аударылу керек.
Қондырғылардың құрылымдық ерекшелектіріне, олардың кабинеттерде орналастырылуына және пайдаланылуына жоғары талаптар қойылады. Мысалы, гамма қоңдырғысы көмегімен терең және жақын фокусты емдеу жүргізу кезінде бөлмелердің келесі кешені қолданылады: пульт орнатылған пациенттерді бақылайтын, ұзын фокусты емдеуге арналған процедура залы, қысқа фокусты емдеуге арналған процедура залы, желдету камерасы, күту бөлмесі, гамма-аппаратына арналған, басқару пультіне арналған бөлмелер.
Процедура бөлмелерінің өлшемдері қондырғының түріне байланысты. Статикалық сәулеленуге түсіру кезінде процедура бөлмесінің ауданы 20-дан 36 м2 дейін, ал қозғалмалы сәулеленуге түсіру кезінде ол 36-45 м2 дейін үлкейеді. Сәулеленуден қорғау тікелей де және шашырап түскен де сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерге дейін әлсізденуін қамтамасыз етуі тиіс. Процедуралық бөлме мен басқару бөлмесінің арасында қорғанудың бірнеше әдістерін бірге жиі қолданады, мысалы, лабиринт түріндегі дәлізді және қорғайтын есікті. Есік міндетті түрде ашылмайтын етіп, жабылуы тиіс, яғни, ауруды сәулеге түсіру кезінде есік автоматты түрде жабылады және оны сыртынан өз бетінше ашуға мүмкіншілік болмайды.
Рентген сәулесімен емдеу процедураларын жүргізу кезінде санитарлық талаптарға сәйкес аппаратты басқару үшін де жеке бөлме бөлінуі тиіс. Бөлмелер кешеніне, қорғалған қарайтын терезесі және басқару бөлмесі мен процедура бөлмесінің арасында қорғайтын есігі бар, процедура бөлмесі кіреді. Оның ауданы, рентген сәулесімен емдейтін қондырғының түріне байланысты 24-тен 40 м2 дейін болады. Сыртқы сәулеленудің доза қуаты кез келген нүктесінде аптасына 0,4 мЗв аспауы керек, бұл қызметкердің қорғалуын қамтамасыз етеді.
Көршілес бөлмелерді сәулеленуден қорғау үшін қабырғалары, едені, төбесі қорғасынмен күшейтілуі тиіс. Ғимараттың сыртқы беттерінде және ойықтарында доза қуаты 3 мкЗв/сағ. аспауы керек.
Медицинада қолданылатын үдеткіштерден шығатын сәулеленуден қорғану жоғарыда айтылған қағида бойынша жүргізіледі, бірақ бұл кезде процедура бөлмесінің ауданы 45 м2 дейін және инженерлік басқару пульті бөлмесінің ауданы 20 м2 дейін ұлғаяды. Себебі, үдеткіштерден шығатын сәулеленудің енгіштік қабілеті үлкен, қорғану лабиринт түріндегі жоспарлау жүйесімен күшейтіледі, ал ауруларды бақылау теледидар қондырғылары көмегімен жүргізеді.
Гамма-сәулесімен емдеу бөліміндегі қызметкердің сәулеленуге шалдығу деңгейі гигиеналық нормадан аспайды, жылына ол 15мЗв құрайды, ал сәулеленуге түсіретін аса қуатты қондырғылар мен сызықтық үдеткіштер толық жүктеме бойынша жұмыс істеу кезінде жылына 3,6 мЗв аспайды.
Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу жағдайына санитарлық-дозиметрлік бақылау жүргізу кезінде, сыртқы сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаны анықтау және қорғануды бақылау үшін, аспаптардың көмегімен өлшеулерден басқа, теориялық есептеу де жүргізілуі мүмкін. Алдын алу жөніндегі санитарлық бақылауды жүргізу кезінде есептеу әдістерінің ерекше маңызы бар.
Гигиена практикасында γ- және рентген сәулеленулері мен нейтрондардан алатын дозаларын есептеп табу және қорғануды бақылау әдістері, бәрінен де жиі қолданылады.
Есептеу әдістерінің негізіне иондаушы сәулеленудің кеңістікте таралуының кейбір заңдылықтары, олардың түрлі заттармен өзара әрекеттесуі және басқалар қойылған, ол туралы бұрын айтылған.
Өндіріс технологиясына байланысты, белсенді заттарды ашық түрінде, яғни олардың ашық көздерін пайдаланатын көптеген зертханалар, мекемелер және кәсіпорындар адам мен қоршаған ортаға потенциалды қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай нысандарды шартты түрде екі топқа бөледі.
Бірінші топқа белсенді заттарды ашық түрінде қолдану, өндірістің өз технологиясымен қарастырылған нысандар жатады.
Мысалы, ашық сәулелену көздері медицина мекемелерінде бірқатар ауруларды емдеу және диагнозын анықтау үшін кеңінен қолданылады; ауылшаруашылық саласындағы зертханаларда - топыраққа берілген тыңайтқыштардың өсімдіктерге сіңу үрдістерін зерттеу үшін, өсімдіктердің қоректенуіндегі микроэлементтердің ролін анықтау және басқа да ғылыми-зерттеу мәселелерін шешуде; өнеркәсіп саласындағы зертханаларда - машина жасауда әр түрлі қондырғылардың тетіктерінің ескіруін зерттеуде, шлак пайда болуы үрдісін және мартен пештерінде металл ломдарын балқыту динамикасын бағалау және т.б. қолданылады.
Екінші тобына, белсенді заттар ашық түрінде технологиялық үрдістің болмай қалмайтын өнімі ретінде, ал жеке жағдайларда керексіз жанама өнімі ретінде пайда болатын нысандар жатады. Бұлар - белсенді кен өндіретін кеніштер және оларды өңдейтін зауыттар, атом электр станциялары, экспериментальдық реакторлар, зарядталған бөлшектердің қуатты үдеткіштері, т.б.
РҚН-99-ға сәйкес барлық радионуклидтер минимальды мәнді жиынтық белсенділігіне байланысты 4 радиациялық қауіптілік тобына (А,Б,В,Г) бөлінеді:
А-1·103 Бк;
Б-1·104 Бк
В-1·106 Бк;
Г-1·108 және 1х109 Бк, сондай ақ Кr- 83m, Kr-85m және Хе-135m
Радиациялық тұрғыдан, қауіптілігі ең жоғары А тобына радий-226, калифорний-252, плутоний-240, Б-тобына -. йод-131, кобальт-60 жатады. Медицина практикасында қолданылатын радионуклитдердің ең көп саны радиациялық қауіптілігі бойынша В тобына жатады.
Радияциялық гигиенада иондаушы сәулеленудің ашық көздерін пайдалану кезінде, «жұмыс класы» деген түсінік енгізілген. Орындалатын жұмыстың класы неғұрлым жоғары болса, қызметкерді ішкі сәулеленуден қорғауға қойылатын талаптар соғұрлым жоғары болады. Ашық белсенді көздермен жұмыс істеу класы жұмыс орнындағы белсенді заттардың мөлшеріне, яғни, радиациялық қауіптілігі бойынша есептеу жолымен А тобына келтірілген радионуклидтің жиынтық белсенділігіне байланысты анықталады. Осы параметрлерді ескеріп, 3 класқа бөледі (12.8-кесте).
Радионуклидтердің біреуінің (монофакторлық) ағзаға стандартты түсуі жағдайларында, радионуклидтердің тыныс алу мүшелері арқылы жылдық түсуі және тыныс алатын ауада олардың орташа жылдық көлемдік белсенділігі, 12.9 және 12.10- кестелерде келтірілген, ЖТШ және РЕКБ сандық мәнінен аспауы керек.
12.8-кесте
Иондаушы сәулеленудің ашық көздерімен істелетін жұмыс кластары (СанЕмН-2003)
Жұмыс кластары |
А тобына келтірілген, жұмыс орнындағы жиынтық белсенділігі, Бк |
I класс |
108 жоғары |
II класс |
105 нен 108- ге дейін |
III класс |
103 нен 105 ге дейін |
12.9-кесте. Жеке радионуклидтердің доза коэффициенттерінің, ауамен жылдық түсу шегінің және ауадағы рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділігінің (РҚН-99) «Қызметкер»санатына арналған мәндері
Радио- нуклид |
Жартылай ыдырау кезеңі, Т1/2 |
Ингаляция кезіндегі қосылыс-тардың түрі [1] |
Доза коэффициенті Зв/Бк |
Жылдық түсу шегі, ЖТШ қызметкер, Бк/жыл |
Рұқсат етілген орташа жылдық көлемдік белсенділігі, РЕКБ қызметкер, Бк/м3 |
14С |
5,73+03 жыл |
Г1 |
5,8-10 |
3,4+07 |
1,4+04 |
24Na |
15,0 жыл |
Т |
2,9-10 |
6,9+07 |
2,8+04 |
60Со |
5,27 жыл |
А |
9,6-0,9 |
2,1+06 |
8,3+02 |
90Sr |
29,1 жыл |
Т |
2,4-08 |
8,3+05 |
3,3+02 |
131I |
8,04 тәул |
Т |
7,6-09 |
2,6+06 |
1,1+03 |
137Cs |
30,0 жыл |
Т |
4,8-09 |
4,2+06 |
1,7+03 |
Бұл кестелерде доза шектері, қызметкер үшін жылына 20 мЗв, ал халық үшін - 1 мЗв тең деп алынған. 12.9.- және 12.10 -кестедегі 1,6-12 түріндегі жазба 1,6 10-12 білдіреді, ал 1,6+12 түріндегі жазба - 1,6 10+12 білдіреді. Сәулеленуге ұшыраудын барлық жолдары үшін стандартты жағдайда рұқсат етілген деңгейлерінің мәні төмендегі параметрлер бойынша сипатталады:
Тыныс алу мүшелері арқылы радионуклидтердің белсенді аэрозольдер түрінде ағзаға енуін нормалау мақсатында, олардың химиялық қосылыстары
12.10-кесте
Тыныс алатын ауадағы рұқсат етілген көлемдік белсенділігінің ауа және тағаммен жылдық түсу шегінің дозалық коэффициенттерінің маңызы және «тұрғындар» категориясы үшін сумен түсетін жекелеген радионуклидтердің түсуі кезіндегі араласу деңгейі (РҚН-99)
Радио-нуклид |
Жартылай ыдырау кезеңі, Т1/2 |
Ауамен түсу |
Сумен және тағаммен түсу |
||||||
Күйзеліс тобы, КТ [5] |
Дозалық коэффи-циент, Зв/Бк |
Жылдық ену шегі ЖЕШ, Бк/жыл |
Рұқсат етілген орта жылдық көлемдік белсенділік, РКБ, Бк/м3 |
Күйзеліс тобы, КТ [5] |
Дозалық коэффициент ДК, Зв/Бк |
Жылдық ену шегі ЖЕШ, Бк/жыл |
Араласу деңгейі АДсу, Бк/кг |
||
14С |
5,73+3 жыл |
#5 |
2,5-9 |
4,0+5 |
5,5+1 |
#2 |
1,6-9 |
6,3+5 |
2,4+2 |
24Na |
2,60 жыл |
#2 |
7,3-9 |
1,4+5 |
7,2+1 |
#2 |
1,5-8 |
6,7+4 |
4,3+1 |
60Со |
5,27 жыл |
#5 |
1,2-8 |
8,3+4 |
1,1+1 |
#2 |
2,7-8 |
3,7+4 |
4,1+1 |
90Sr |
29,1 жыл |
#5 |
5,0-8 |
2,0+4 |
2,7 |
#5 |
8,0-8 |
1,3+4 |
5,0 |
131I |
8,04 тәул |
#2 |
7,2-8 |
1,4+4 |
7,3 |
#2 |
1,8-7 |
5,6+3 |
6,3 |
137Cs |
30,0 жыл |
#6 |
4,6-9 |
2,2+5 |
2,7+1 |
#6 |
1,3-8 |
7,7+4 |
1,1+1 |
Ескерту: [5] КТ белгісі: #1 1 жасқа дейінгі жаңа туылған сәбилер; #2 1-2 жастағы сәбилер; #3 2-7 жастағы балалар; #4 7-12 жастағы балалар; #5 12-17жастағы балалар; #6 ересектер (17 жастан жоғары).
радионуклидтің өкпеден қанға өту жылдамдығына байланысты үш түрге бөлінеді:
«Б» түрі (баяу еритін қосылыстар): бұл туріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 0,0001 тәул.1 жылдамдықпен түседі;
«А» түрі (аралық жылдамдықта еритін қосылыстар): бұл түріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 0,005 тәул.1 жылдамдықпен түседі;
«Т» (тез еритін қосылыстар): бұл түріне жататын заттар өкпеде еріген кезінде, радионуклидтің негізгі белсенділігі қанға 100 тәул.1 жылдамдықпен түседі;
Радиоактивті газ түрінде тыныс мүшелері арқылы радионуклидтердің ағзаға түсуін нормалау мақсатында кейбір элементтердің қосылыстарының газдары мен буларының «Г» (Бу-Газ) түрлері бөліп көрсетілген.
Радионуклидтердің тыныс жолдары арқылы түсуін бағалау кезінде стандартты параметрлердің келесі мәндерін пайдаланады: Vқызм. = 2,4 х 103 м3/жыл; tқызм. = 1700 сағ/жыл. «Халық» санатына арналған көрсеткіштері «қызметкер» санатына арналған көрсеткіштеріне ұқсас, бірақ «халық» санаты үшін, сондай-ақ келесілер көрсетіледі (12.10-кесте ):
а) радионуклидтердің тыныс алатын ауамен түсуі жағдайында сындарлы (критическая) жас тобы, сонымен қатар осы жас тобына және қосылыстардың түрлері үшін ЖТШхалық және дозалық коэффициенттінің мәндері;
б) тамақ және су арқылы радионуклидтердің түсу шарты үшін сындарлы жас топтары (1 жасқа дейінгі балаларда радионуклидтердің тамақпен түсуі қарастырылмайды, себебі басым жағдайда емшек сүтімен қоректенеді), осы топтар үшін дозалық коэффицент жылдық түсу шегі (ЖТШтұрғ.) маңызды, бұнда ЖТШтұрғ. аз мөлшерде, сонымен қатар ауыз суда АДтұрғ. орташа жылдық меншікті белсенділігі бойынша орналасу деңгейінің маңызы. Тағамдық азықтарда АД келтірілмейді және халықтың ішкі және сыртқы сәулеленуге шалдығуының жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып арнайы әдістемелік нұсқаулар бойынша анықталуы қажет.
Халық үшін стандартты параметрлердің келесі мәндері белгіленген:
tхал.. = 8800 сағат/жыл; Мхал.. = 730 кг/жыл үлкен адамдар үшін.
«Халық» санаты үшін тыныс алатын ауаның жылдық көлемі жасына байланысты белгіленген (12.11- кесте).
12.11-кесте
Халықтың әр түрлі жас топтары үшін тыныс алатын ауаның жылдық көлемі
Жасы (жыл) |
1-ге дейін |
1-2 |
2-7 |
7-12 |
12-17 |
Үлкен адамдар >17 |
V (мың.м3/жылына) |
1,0 |
1,9 |
3,2 |
5,2 |
7,3 |
8,1 |
Ашық белсенді заттармен істелетін жұмыс оларды қоршаған ортаға түсірмеуі тиіс. Бұған жұмыс бөлмелерін ұтымды жоспарлау мен жабдықтау, сұйық, қатты және газ түріндегі белсенді қалдықтарды шығаратын және дезактивациялайтын санитарлық-техникалық қондырғылар, орындалатын жұмыстарды максималды механикаландыру және автоматтандыру арқылы қол жеткізуге болады. Қызметкердің қолының терісін, бетін, сондай-ақ заттардың жұмыс беттерін белсенді заттармен ластандырмау қажет.
Медицина мекемелерінде диагнозды анықтау және емдеу мақсатында таңбалы атомдарды кеңінен қолданады. Қазіргі кезде радиодиагностикалық зерттеулерде қысқа өмір сүретін радионуклидтердің генераторларын жиі қолданады. Арнайы ерітінді (элюат) дайындайды, ол сүзгіден өткізілгеннен кейін шприцке алынып, ауруға енгізіледі. Бұл зерттеу түрі қан айналымның бұзылуларын анықтау және жүрек қуыстарын көру үшін қолданылады.
Коллоидты қосылыстар (таңбалы желатин, альбумин, теміраскорбин кешені) ішкі мүшелер мен ми ауруларының диагнозын анықтау үшін қолданылады. Генераторларды пайдалану кезіндегі дәрігерлердің сәулеленуге шалдығудан алатын дозасы, орта есеппен 1 мЗв/ай, ал медбикелердің алатын дозасы айына 2,5 мЗв дейін құрайды. Диагноз анықтау мақсатында ерітінді немесе коллоидты қоймалжың түріндегі йод-131, алтын-198, фосфор-32 жиі колданылады
Радиоактивті заттардың ашық көздерімен істелетін жұмыс бірнеше кезеңдерде өтеді:
Препаратты ауруға енгізгенен кейін, ауруды палатаға алып келеді. Палатада ауруға қызмет көрсетеді, радиобелсенді биологиялық қалдықтарды шығарады, іш киімдері мен төсек орындарын ауыстырады (іш киім мен төсек орындарды радионуклидттің жартылау ыдырау кезеңіне сәйкес келетін белгілі бір уақытқа дейін ұстауға арналған арнайы бөлмеге жеткізеді, содан кейін кір жуатын орынға жібереді). Қызметкер, сондай-ақ қатты белсенді қалдықтарды жинайды, аспаптарды және жұмыс орнындағы жиһаздар мен жабдықтарды дезактивациялайды.
Бір онкологиялық ауруға енгізілетін радионуклидтердің мөлшері едәуір болуы мүмкін. Әр түрлі бөлімдердегі (онкология, эндокринология, гематология) медицина қызметкерінің сәулеленуге шалдығу деңгейлері айтарлықтай ауытқиды, бұл тек радионуклидтің мөлшерімен ғана емес, сонымен қатар онымен жүргізілетін жұмыс операцияларының түрлерімен де анықталады. Дәрігерлердің бүкіл денесінің сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалары, ашық радионуклидтер бөлімдерінде айына 0,3-1,5 мЗв құрайды. Қол ұшы сәулеленуге ұшырауының локальды дозалары, айына 14 мЗв дейін, ал көздері үшін, белсенді алтынмен жұмыс істеу кезінде бета-сәулеленуі есебінен, айына 1,0 мЗв дейін құрауы мүмкін.
Кызметкер жұмысты қорғануға қажетті барлық шараларды және дозиметрлік бақылауды қолданып жүргізеді.
Жалпы алғанда, иондағыш сәулеленулердің ашық көздерін қолданған кезде негізгі қорғану қағидалары өзгеріссіз қалады.
Оларға жататындар:
- сәулеленудің жабық көздерімен жұмыс істеу кезінде қолданылатын қорғану қағидаларын пайдалану;
- белсенді заттардың сыртқы ортаға түсетін көздері болуы мүмкін үрдістерді оқшаулау мақсатында өндіріс құрал-жабдықтарын саңылаусыз етіп бекіту (герметизация);
- жоспарлау сипатындағы шаралар;
- радиацияның ашық көздерімен жұмыс істеу кезінде санитарлық-техникалық құрылғылар мен жабдықтарды қолдану;
- арнайы қорғайтын материалдарды пайдалану;
- жеке басты қорғайтын заттарды қолдану және қызметкерді санитарлық тазартудан өткізу;
- жеке бас гигиенасы ережелерін орындау;
- әр түрлі заттардың ластанған беттерін дезактивациялау (құрылыс құрылымдарының, аппаратураның, жеке басты қорғайтын заттардың, қызметкердің қолдарын және басқаларды).
Жоспарлау шараларына маңызды орын беріледі. Мысалы, I класқа жататың жұмыстарды орындауға арналған нысандарды жоспарлау негізіне, бөлмелердің болатын белсенді ластануы дәрежесі бойынша, оларды 3 зонаға бөлу қағидасы қойылған.
Бірінші зона белсенді ластанудың негізгі көздері болып табылатын жабдықтар, камералар, бокстар, коммуникациялар және басқалар орналасқан зона.
Екінші зона - адамдар кезең-кезеңмен жұмыс істейтін жөндеу - тасымалдау бөлмелері орналасқан зона. Бұл зонаның бөлмелерінде жабдықтарды жөндеу және технологиялық жабдықтарды ашумен, белсенді материалдарды тиеу және түсірумен байланысты немесе осы сияқты басқа да жұмыстар және қалдықтарды уақытша сақтау және алып кету жүргізіледі.
Үшінші зона қызметкердің тұрақты болатын бөлмелері (операторлық, басқару пульттары орналасқан, т.б.).
Үш зонаға бөліп жоспарлау, бірінші зонада міндетті түрде болатын едәуір белсенді ластануларды, екінші зонада заттардың беттері және ауа ортасының ластануы рұқсат етілген деңгейлерден әлсін-әлсін артық болатынын және үшінші зонада ШРЕД мөлшерлерінен аспайтынын болжамдайды.
I класқа жататын жұмыстар жүргізілетін зертханалар мен мекемелердің бөлмелерінде жергілікті енбелі-сормалы және жалпы ауа алмастыратын желдету жүйесін орнату ұйғарылады. Жергілікті енбелі-сормалы желдету жүйесімен “ыстық” камералар мен бокстар жабдықталады және оларға екі қысқа құбыр орнатылады (ауа енгізетінінде енетін ауаның көлемін реттеу үшін, кері клапаны және дросселі болады).
Радиоактивті ластанудың бірінші зонадан үшінші зонаға ауа арқылы таралу мүмкіншілігінің алдын алу мақсатында, енетін ауаның көлемін сорып әкететін ауаның көлемінен басым етіп жасайды. Осылайша, бірінші класс жұмыстарын орындау үшін арналған зертхана үйлерінде, жұмыс істеушілерге потенциалды қауіптілік дәрежесінің өсуіне қарай ауаның зонадан зонаға (үшіншіден біріншісіне) ығысуы қажет.
Ашық көздерімен II және III кластарға жататын жұмыстар жүргізілетін радиациялық нысандардың жоспарлауына соншалықты қатаң талаптар қойылмайды. Изотоптармен жүргізілетін операциялардың сипатына байланысты, бұл мекемелердің (зертханалардың) құрамында белсенді заттарды сақтайтын қоймалар, бөлшектеп өлшеуге арналған бөлме, белсенді препараттармен жұмыс істеуге арналған бөлмелер болуы мүмкін.
Көрсетілген кластарға жататын жұмыстарға арналып, қазіргі кезге әзірленген жоспарлау шешімдерінің варианттары зертханалардың ауасының және заттарының беттері ластануының қауіптілік дәрежесі бірдей емес учаскелерін (зоналарын) айыруды ұйғарады. Мысалы, бөлмесін шыны қалқалармен үш зонаға бөлген, зертханаларды үш зоналық етіп жоспарлаудың ең қарапайым жағдайы қолданылуы мүмкін. Бұл ең қауіпті жұмыс операцияларын (боксты ашу және жабдықтарды жөндеу) барлық бөлмелерден оқшаулап жүргізуге мүмкіндік береді. «Типтік зертханалық ұяшық» деп аталатын бөлмелер кешені оң санитарлық-гигиеналық баға алды. ¶Үшінші класқа жататын жұмыстар, потенциалды ластану мүмкіншілігі бірдей емес зоналарға шартты түрде бөлінетін бір бөлмелі зертханаларда да орындалуы мүмкін. Зертханалардың әдеттегі жоспарлануы жағдайында (II және III класс жұмыстар) камералар мен бокстарды орналастыру кезінде әлсін-әлсін ашылатын форкамералар ойықтарында ауаның қозғалу жылдамдығы 1 м/с-тен кем болмауы қамтамасыз етілуі қажет. Ауаны сорып әкететін шкафтардың жұмыс тесіктерінде ауаның қозғалу жылдамдығы 1,5 м/сек кем болмауы тиіс. Ауа алмасуы II класқа жататын жұмыстарды орындауға арналған бөлмелерде - 5 есе, III класс үшін - 3 есе болуы қажет.
I, II және III класқа жататын жұмыстарға арналған бөлмелер ыстық сумен жабдықталады. Шұңғылшаға (раковина) берілетін суға арналған крандардың араластырғыштары болуы қажет және олар аяқпен басатын педальмен немесе шынтақпен итеретін құрылғылар арқылы ашылуы қажет. I және II класқа жататын жұмыстарды жүргізетін жағдайларда канализацияның екі жүйесі қарастырылады: шаруашылық фекальдық және арнайы түрлері.
Күніне көлемі 200 л артық және меншікті активтілігі рұқсат етілген концентрациясынан 10 есе және одан да асатын сұйық белсенді қалдықтар пайда болатын мекемелерде арнайы канализация орнатылады. Егер, тәулік сайынғы сұйық белсенді қалдықтардың көлемі 200 л аспаса, онда ол қалдықтарды кейін орталықтандырып, көметін жерге жіберу үшін пайда болған жерінде арнайы ыдыстарға жинайды.
Радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған бөлмелердің ішін өңдеу үшін арнайы материалдарды, жабатын (қаптайтын) заттарды қолдану қажеттілігі бірқатар жағдайларға байланысты. Заттардың бетінің белсенді заттармен қарқынды ластануы қызметкердің қосымша сыртқы және ішкі сәулеленуге шалдығуына себепші болуы мүмкін. Сондықтан, егер, заттардың беті, ластануы рұқсат етілген мөлшерден асатын болса, изотоптарды кетіру жөнінде шаралар жүргізу қажет. Оны табысты жүргізу бірінші кезекте изотоптардың заттың бетінде бекітіліп ұсталу (фиксация) дәрежесіне байланысты. Радиоактивті заттардың заттың бетіне жабысуы, әдетте, заттың бетінің қуысты, кедір-бұдыр, тегіс емес болуымен байланысты бөлшектердің механикалық ұсталынуы, сондай ақ, затпен физико-химиялық (адсорбция) және химиялық әсерлесу, беттердің ішіне диффузиялануы нәтижесінде жүреді. Көпшілік құрылыс материалдары, мысалы, кірпіш, ағаш, бетон, асфальт, т.б. қуысының көп болуына байланысты, белсенді заттарды өзіне жақсы жабыстырады және олардын тазартылуы қиынға соғады. Линолеумдердің әр түрлі маркаларының және метлах табақшаларының сорбциялайтын қасиеттері жоғары болуымен байланысты олардың қолданылуы шектеулі, себебі, олар белсенді ластанудан жеткілікті дәрежеде жақсы тазартылмайды. Ең жақсы материалдар -тот баспайтын болат және шыны болып табылады, бірақ қымбат болғандықтан, ол тек бокстарда, камераларда, т.б. жұмыс беттерін жасау үшін қолданылады, ал шыны, сынғыштығына байланысты, жарамдылығы нашар материал.
Қазіргі кезде бірқатар полимерлік материалдардың (поливинилхлорид, полиэтилен) негізінде санитарлық-гигиеналық талаптарға және өндіріс технологиясының талаптарына сай келетін беттерді жабатын заттардың жаңа түрлері жасалды. Оларға рецептурасы 57-48 поливинилхлоридті пластикат, полиэтилен пленкалар, т.б.жатады.
Радиоактивті заттармен жұмыс істейтін зертханалардың жабдықтары үшін бетін жабатын (қаптау) материалдарды таңдау кезінде алдағы атқарылатын жұмыс класын ескеру қажет. I және II класқа жататын жұмыстарды атқаруға арналған бөлмелердің едені және қабырғалары, ал жөндеу зонасындағы және жабдықтар орналастырылатын бөлмелердің төбелері де арнайы, жуатын заттарға төзімді, аз сорбциялаушы материалдармен қапталуы қажет. III класқа жататын жұмыстарға арналған бөлмелердің қабырғалары 2 м кем емес биіктікке дейін майлы сырлармен сырланады. Қабырғаларының қалған бөлігі мен төбесі желім сырлармен сырланады. Бұл бөлмелердің едені линолеуммен немесе пластикпен жабылады. I және II класс жұмыстары үшін арналған бөлмелер үшін едені және қабырғалары, ал жөндеу аймақтарында және жабдықтар орналасатын бөлмелерде төбесі де, жуғыш заттарға төзімді, арнайы аз сіңіретін материалдармен қапталуы қажет.
I және II класс жұмыстарына арналған бөлмелерде, жуып алуға ыңғайлы болуы үшін, бұрыштарын дөңгелек етіп жасау қажет. Еденге жабылған заттардың шеті көтеріліп, қабырғаға жалғасып жабылады. Арнайы канализациясы бар кезде, еденде шамалы еңістік және трап болуы тиіс. Терезелердің профилі қарапайым болуы қажет, терезенің табанша тақтайы қия түскен немесе тіпті болмауы қажет. Есіктің беті тегіс, қалқан құрылысты болуы керек.
Ашық белсенді заттармен жұмыс істейтін бөлмелердегі жабдықтар мен жұмыс жиһаздарының беті және құрылысы, оларды жуатын заттармен жеңіл өңдеуге мүмкіндік беретіндей, тегіс болуы қажет. Сыртқы беттері нитроэмальдармен немесе майлы сырмен сырлануы тиіс. Радиациялық қауіпсіздік жағдайын жасау жөніндегі қорғану шараларының кешенінде тыныс мүшелерін және теріні қорғауға арналған жеке басты қорғайтын заттар маңызды орын алады. Тек жеке жағдайларда, -сәулелендіргіштермен және жұмсақ рентген сәулеленуін шығаратын көздермен жұмыс істеген кезде, органикалық шыныдан жасалған қалқандар және қорғасын араластырылған резеңкеден жасалған алжапқыштар мен қолғаптар қолданылады. Жүргізілетін жұмыс сипатына байланысты, жеке басты қорғайтын заттардың бәрін шартты түрде күнделікті қолдануға арналған және қысқа мерзімді қолдануға арналған заттар деп бөледі. Күнделікті қолдануға арналған заттарға халаттар, комбинезондар, костюмдер, арнайы аяқ киім, шаңға қарсы респираторлар, ал қысқа мерзімді қолдануға арналған заттарға оқшаулаушы шлангалық және автономды костюмдер, пневмокостюмдер, противогаздар, т.б. жатады
6.2. Дозиметрлік және радиометрлік бақылау
Өндіріс жағдайында иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде және рентген сәулелерін немесе басқа радиация көздерін қолданумен байланысты медициналық зерттеулерде адам сыртқы сәулеленуге ұшырауы мүмкін. Бір қатар жағдайларда халықтың фондық сәулеленуге шалдығуын анықтау көңіл аударарлық жағдай. Ең маңыздысы, рентген және γ-сәулелену, нейтрондардың және β-бөлшектердің ағыны есебінен алған дозаларды анықтау болып табылады.
Дозиметрлік аспаптардың көпшілігі арнайы қолданылады, ол жеке сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігімен, сәулеленудің қарқындылығың өлшеу диапазонымен және “қаттылықпен жүру” (ходом с жесткостью), яғни аспаптың көрсетуі сәулелену энергиясына байланыстылығымен анықталады.
Әр түрлі сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігі аспаптың детекторына байланысты. Кванттық сәулеленуді өлшеу үшін ең жарамдысы ауасы ионданатын камераның қағидасына негізделген аспаптар. β ағындарын өлшеу үшін газды разрядтайтын немесе сцинтилляциялық есептеуіштер түріндегі аспаптар қолданылады. Нейтрондарды тіркеу үшін бордан немесе кадмийден жасалған сүзгінің ішінде орналасқан сцинтилляциялық детекторлар пайдаланылады
Топтық радиациялық бақылауды жүргізу кезінде келесі негізгі жағдайларды ескеру қажет:
- топтық бақылау мақсатында қолданылатын аппаратура радиациялық технологиялық үрдістің міндеттеріне және нақты жағдайларына қатал сәйкес келуі қажет;
- жұмыс орындарын және көршілес бөлмелерді радиациядан қорғау тиімділігін тексеру кезінде радиациялық техниканы пайдалану режимі, олардың іс-жүзіндегі шынайы қолдану жағдайына сәйкес болуы қажет;
- нысандағы радиация жағдайы туралы сенімді мәлімет алу үшін қанша өлшеу жүргізу қажет болса, сонша жүргізу керек.
Дұрыс ұйымдастырылған және жүйелі түрде жүргізіліп отыратын топтық бақылау, иондағыш сәулеленуді пайдалану кезіндегі жұмыс жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Осыған байланысты, иондағыш сәулеленумен жұмыс істеудің қауіпсіздігін регламенттейтін нормативтік құжаттардың барлығы дерлік радиациялық қауіпті нысандарда, жұмыс орындарындағы сәулелену деңгейлерін және қызметкердің жеке басының сәулеленуге ұшыраудан алған дозаларын міндетті түрде өлшеп, дозиметрлік және радиометрлік зерттеулерді дәл жүргізу қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.
Аспаптарды таңдау кезінде, олардың көрсеткішінің өлшейтін сәуле энергиясына байланыстылығына (яғни «қаттылықпен жүруге») үлкен мән береді.
Қазіргі кезде шығарылып жатқан дозиметрлік және радиометрлік аспаптардың көпшілігі әмбебап емес және салыстырмалы түрде үлкен емес энергия диапазонында қолданылады, сондықтан санитарлық дозиметрлік бақылау жүргізу үшін аспаптарды таңдау кезінде келесілерді ескеру қажет:
Аспаптарды таңдау кезінде, олардың көрсетулері өлшенетін сәулеленудің энергиясына байланысты болатынына (яғни, “қаттылықпен жүруге”- берілген аспаппен өлшенетін сәулелену энергиясының диапазонына) үлкен мән беріледі.
Кейбір жағдайларда «қаттылықпен жүруіне» байланысты өлшеу қателігі 400 % жетеді. «Қаттылықпен жүруінің» ең аз көрсеткіштері ауаға эквивалентті материалдардан жасалған аспаптарда болады.
Қолданылуына байланысты барлық аспаптар шартты түрде келесі топтарға бөлінуі мүмкін:
Бұдан басқа радиациялық бақылау жүргізетін барлық аспаптарды стационарлық және тасымалданатын аспаптар деп бөледі.
Стационарлық радиометрлер экспозициялық дозалардың қуатын, ауадағы және ағынды сулардағы белсенді заттардың концентрациясын үзіліссіз бақылауға мүмкіндік береді. Бұл топтағы аспаптар көбінесе, радиациялық қауіпсіздік жүйесінің сенімділік дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік туғызатын технологиялық үрдістердің элементтік құрамы ретінде қолданылады. Әдетте, бұл аспаптардың өлшеу диапазоны кең болып келеді. Тасымалданатын аспаптар қорғаныс құрылғыларының тиімділігін және жұмыс орындарындағы, тұрғын үй бөлмелеріндегі және жергілікті жерлердегі радиациялық қауіпсіздік жағдайын бақылау және бағалау үшін қолданылады.
Қазіргі жағдайларда «ПРОГРЕСС» спектрометрлік кешені кеңінен қолданылады, ол α, β және γ сәулелелерін шығаратын нуклидтердің белсенділігін есептеу үшін дайындалған үлгілерін спектрометрлік әдіспен өлшеуге арналған. Бұл кешен арнайы қолданылатын құрылғы ретінде зертханалық жағдайларда қолданылады және қоршаған ортаның әр түрлі нысандарындағы радионуклидтердің белсенділігін өлшеуге арналған құрал болып табылады.
«ПРОГРЕСС» кешені компьютерден басқарылатын спектрометрлік трактардың жиынтығы болып табылады. Әрбір тракт, аналогтық-сандық айналдырғыш базасындағы амплитудалық талдағышқа және компьютерге қосылған, спектрометрлік детектордан, жоғары және төмен вольтты қоректік блоктардан және күшейткіштен тұрады.
Берілген кешеннің жұмыс істеу қағидасы, өлшеуі белгіленген жағдайларда жүргізілетін зерттеу үшін дайындалған үлгінің сәулеленуін тіркейтін детектордан, импульстердің аппаратуралық спектрін алудан тұрады. Зерттелетін сынамадағы радионуклидтің белсенділігі «ПРОГРЕСС 3,0» арнайы бағдарламалар пакеті көмегімен алынған спектрограмманы компьютерде өңдеу жолымен анықталады. Бұл бағдармалар әрбір өз бетінше жұмыс істейтін спектрометрлік трактың жұмысын басқаруға, спектрограмманы талдауға және радионуклидтердің түрін анықтауға, сынамадағы тиісті нуклидтердің белсенділігін анықтауға, белсенділікті өлшеуде кететін қателікті есептеуге және өлшеу нәтижелерін хаттамалауға мүмкіндік береді
Айта кету керек, радиометрлік және дозиметрлік аспаптардың көрсетулерінің дұрыстығы көптеген факторлармен: сәулеленудің қарқындылығымен, түсу бұрышына байланыстылығымен (угловая зависимость), градуировкасының дұрыстығымен және қоршаған ортаның жағдайларымен ( ауаның t°, салыстырмалы ылғалдылығы) анықталады.
Жеке адамдық дозиметрлік бақылау.
Доза қуаттарын, нейтрондар ағынын немесе зарядталған бөлшектерді стационарлық немесе тасымалданатын аспаптармен өлшеу жолымен алынған иондаушы сәулеленулердің сыртқы өрістерін дозиметрлік бақылау мәліметтері, әдетте, қызметкердің сәулеленуге ұшыраудан алған дозаларын сипаттау үшін жеткіліксіз, себебі, иондағыш сәулеленудің өрістері уақыт бойынша және кеңістікте өзгеріп отырады. Сондықтан, қызметкердің сәулеленуге ұшыраудан жеке басының алатын дозасын бағалау үшін, жеке адамдық дозиметрлер қолданылады.
Қазіргі кезде кіші иондаушы камераларды немесе конденсаторлық камераларды (ЖАДБ әдісі), фотопленкалардың арнайы сорттарын (ЖАФБ) және термолюминисценттік детекторларды (ТЛД) тағы басқаларды қолдануға негізделген жеке адамдық дозиметрлер белгілі.
Бұл дозиметрлердің барлығы да көпшілік жағдайда рентген және γ -сәулелерін тіркеу үшін қолданылады.
Кейбірулері (ЖАФБ, ТЛД) басқа сәулелену түрлерінің (нейтрондардың және β-ағындардың, ауыр зарядталған бөлшектердің және басқалардың) дозаларын өлшеу үшін қолданылады.
Конденсаторлық камералардың көмегімен жеке адамның алған дозасын бақылау (ЖАДБ). Конденсаторлық камералардың жұмыс істеу қағидасы алдын ала белгілі бір потенциалға дейін зарядталған конденсаторлық камерадан рентген немесе γ сәулелерінің өтуі кезінде, камераның потенциалы разрядталуы нәтижесінде, сәулеленудің дозасына пропорционал өзгеретіндігіне негізделген.
Жеке адам алған дозасын фотобақылау әдістемесі экспозицияда болған (қолданылған) фотопленка қараюының оптикалық тығыздығын, белгілі бір дозада сәулелену әсеріне түсірілген бақылау пленкасының оптикалық тығыздығымен салыстыруға негізделген. Жақын уақыттарға дейін ЖАФБ -2,3, ЖАФБ-2,3М, ЖАФБ (ИФКУ) әдістері қолданылып келді.
Термолюминесценттік дозиметрлер. Қазіргі кезде, детекторлары фторлы литий, фторлы кальций және алюмофосфат шынылары негізіндегі термолюминесценттік дозиметрия әдістері барлық жерлерде, соның ішінде, Қазақстанда да, ең көп таралып отыр. Жеке адам алған дозасына бақылау жүргізу кезінде, ТЛД түріндегі термолюминисценттік дозиметрлер қолданылады. Бұл дозиметрлерді жұмысшының денесінің бетіне орналастыру кезінде, жұмыстардың сипатын, бүкіл денесі толық немесе жергілікті жері сәулеленудің әсеріне ұшырайтынын ескеру қажет. Бүкіл денесі толық сәулеленуге ұшырауы кезінде, ТЛД кеуде деңгейінде және жамбас аймағында, ал жергілікті сәулеленуге ұшырауы кезінде кеуде-бас, кеуде-жамбас, кеуде-аяқ және басқаларда орналасуы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі кезде санитарлық практикада рентген кабинетінің қызметкері мен пациентінің жеке бастарының алған дозаларын бағалауда, рентген-диагностика және рентген сәулесімен емдеу кезінде пациенттің алған эффективті дозасын келесі әдістерді қолдану арқылы анықтайды:
1. сіңірілген дозаның рентген аппаратынан шығатын жеріндегі рентген сәулесінің ауданына көбейтіндісін өлшеу әдісімен;
2. ҚР ДСМ бекіткен әдістемелік нұсқаулардағы (№ 5.05.011.03; № 5.05.012.03) тиісті есептеу әдістемесін пайдаланып, есептеу жолымен анықтау.
Рентген сәулеленуінің сіңірілген дозасын өлшеу рентген сәулеленуінің- клиникалық дозиметрі (РКД-1) көмегімен жүргізіледі.
Сыртқы сәулеленудің әсеріне ұшырауын өлшеуден сенімді нәтижелер алу үшін келесі негізгі ережелерді сақтау қажет:
Ішкі сәулеленуге ұшырау дозаларын бағалау. Радиациялық қауіптілік дәрежесін анықтау кезінде, сыртқы сәулеленуге ұшырататын деңгейін сипаттайтын мәліметтермен қатар, жеке жағдайларда (ашық түріндегі белсенді заттармен жұмыс істеу кезінде) радиациялық әсерінде шешуші роль атқаратын ішкі сәулеленуге ұшырау дозаларын бағалау да маңызды.
Кәсіби жұмыс жағдайларында радионуклидтердің ағзаға тыныс жолмен түсуі бірінші орында, ал содан кейін жанаспалы жолмен түсуі тұр. Халық ішіндегі жеке адамдар үшін, ішкі сәулеленуге ұшыраудан алған дозаларын бағалау кезінде, басты роль ауыз арқылы түсуіне, ал содан кейін тыныс жолмен түсуіне беріледі.
Бүгінгі күнге дейін сәулеленуге ұшырау деңгейін бірден бағалауға мүмкіндік беретін тікелей дозиметрия әдістерінің жоқ екенін ескерген жөн. Осыған байланысты, ішкі сәулеленуге шалдығу дозасын анықтауды адамның денесіндегі белсенді заттардың құрамы жөніндегі немесе олардың ағзаға түсуі жөніндегі мәліметтер негізінде келесі әдістерді қолданылып жүргізеді:
Тікелей әдіс бұл адамның денесінен шығатын сәулеленудің қарқындылығын өлшеу жолымен бүкіл денесіндегі немесе жеке сындарлы мүшелеріндегі белсенді заттарды анықтау. Мысалы, емдеу мақсатында радиофармацевтикалық препараттар енгізілген пациенттің радиологиялық бөлімнен шығу кезінде, одан шығатын гамма-сәулеленуінің доза қуатын анықтау кезінде қолданылады. Ол пациенттен 1 м қашықтықта сағатына 3 мкЗв-тен аспауы қажет. Гамма-сәулеленуінің доза қуатын өлшеу үшін, детекторлары NaІ (TІ) кристалы түріндегі немесе сұйықты сцинтиляциялық спектрометрлерді қолдануы мүмкін.
Жанама әдіс - адамнан бөлінетін биосубстраттарды (сілекей, тер, тыныс алудан шыққан ауа, қан, нәжіс, зәр) радиометриялық зерттеу мәліметтері бойынша немесе ауаны, тағамдық азықтарды, суды және заттың беттердің ластану деңгейін радиометрлік зерттеу нәтижелері бойынша бүкіл денедегі немесе жеке мүшелердегі белсенді заттарды анықтауға негізделген.
Ағзадан бөлінетін барлық заттардың ішінен радиометрлік зерттеу үшін, ең жиі зәр алынады.
Мұндай зерттеулер үшін, сілекей мен тердің жарамдылығы аздау, себебі, бұл биосубстраттардың белсенділігі мен ағзадағы белсенді заттардың арақатынастары туралы мәліметтер әзірге жеткіліксіз. Тыныс алудан шыққан ауаны радиометрлік зерттеу, тек ағзадағы радий мен торийді (тыныс алудан шыққан радон мен торон бойынша) бағалау үшін қолданылады
Нәжістің белсенділігі жөніндегі радиометрия нәтижелеріне түсініктеме беру күрделі, себебі белсенді заттар оларға бірнеше жолдармен түседі: ауыз арқылы, ас қорытатын сөлдермен және өтпен. Радиоактивті изотоптардың кейбір бөліктері асқазан-ішек жолдарына өкпеден шығатын қақырықты жұтқан кезде түседі. Егер белсенді заттар ағзаға тек бір жолмен (ауыз арқылы немесе ингаляциялық) түсетін болса, нәжістің белсенділік нәтижесімен денедегі белсенді заттардың мөлшері арасындағы байланыс сенімді орнатылады, ал бұл жағдайда белсенді изотоптардың асқазан-ішек жолдары арқылы сіңуі есепке алынбайды.
Нәтижелерге түсініктеме бергенде, белсенді заттардың бүкіл денеде және сындарлы мүшеде ұсталынуы, ағзадан шығарылуы туралы және изотоптың қаннан сындарлы мүшеге өтетін бөлігі туралы ақпараттар болуы қажет.
Радиохимиялық немесе радиометрлік талдау мәліметтерін түсіндіру, радионуклидтердің ағзаға түсу жолдарына және түсу уақытының ұзақтығына, олардың ағзада таралуына (біркелкі, остеотропты, қалқанша безге, т.б.), изотоптың ағзада болатын уақытына (жартылай ыдырау кезеңіне және ағзадан шығатын биологиялық кезеңіне) байланысты.
Ашық түріндегі белсенді заттармен (ұнтақтармен, ерітінділермен) жұмыс істеу, жұмысшылардың қолының, киімдерінің, аспаптардың және зертханалық жабдықтардың, заттардың жұмыс атқарылатын беттерінің, бөлменің едені мен қабырғаларының және ауаның осы заттармен ластануына әкеп соғуы мүмкін. Бұл нысандардан белсенді заттар адам ағзаларына түсуі мүмкін, соның нәтижесінде жұмыс істеуші қызметкер, сыртқы да және ішкі де сәулеленуге шалдығуы мүмкін.
Радионуклидтермен қатынаста болатын адамдарды қорғау мәселелерін шешу үшін зат беттерінің ластану деңгейлерін анықтайды. Табылған мөлшерлерді рұқсат етілген деңгейлермен (12.12.-кесте) салыстырады. Бұл шектік рұқсат етілген деңгейлерді орнату кезінде келесі ережелер қабылданған:
- сыртқы және ішкі сәулелену әсері есебінен ағзаға сіңген дозаның жиынтығы сәулелену әсеріне орнатылған шектік рұқсат етілген дозадан аспауы қажет;
- ағзаға α-белсенді заттар түскен кезде, β-белсенді заттарға қарағанда, қауіптілігі жоғары;
- қолға және дененің басқа бөліктеріне арналған шектік рұқсат етілген ластану деңгейі, басқа заттардың беттеріндегімен салыстырғанда, аз болуы қажет, себебі, бұл жағдайда белсенді заттардың ағзаға түсуі басқа жағдайлармен салыстырғанда жоғары.
12.12- кесте
Заттардың жұмыс атқарылатын беттерінің, терінің, арнайы киімдердің және жеке басты қорғайтын заттардың белсенді ластануының рұқсат етілген деңгейлері. (бөлш/см2·мин)
Ластанатын нысандар |
Альфа-белсенді нуклидтер |
Бета- белсенді нуклидтер |
|
Жеке РЕКБ<0,3 Бк/м3 |
басқалары |
||
Жарақаттанбаған тері, орамал, арнайы іш киім, жеке басты қорғайтын заттардың беткі бөлігінің ішкі беті. |
2 |
2 |
200 |
Негізгі арнайы киім, қосымша жеке басты қорғайтын заттардың ішкі беті, арнайы аяқ киімнің сыртқы беті. |
5 |
20 |
2000 |
Қызметкер үнемі болатын бөлмелердің және олардың ішіндегі жабдықтардың беттері. |
5 |
20 |
2000 |
Қызметкер оқта-текте болатын бөлмелердің және олардың ішіндегі жабдықтардың беттері |
50 |
200 |
1000 |
Саншлюздарда шешіп қалдыратын қосымша жеке басты қорғайтын заттардың сыртқы беттері |
50 |
200 |
1000 |
Әр түрлі беттердің белсенді заттармен ластану деңгейін, стационарлық және тасымалданатын радиометрлік аспаптардың, сондай-ақ, жағынды әдістің көмегімен іске асырылуы мүмкін. Жағынды әдістің мәні, ластанған беттерден қандай да бір материалмен (дәке, мақта тампондары, т.б.) белсенді заттарды сүртіп алып, әрі қарай осы материалдың радиобелсенділік деңгейін анықтаудан тұрады.
Жағындыларды құрғақ және ылғал материалдармен алуға болады. Жағынды алатын материалды сумен немесе қышқылмен сулау, әдістің сезімталдығын арттырады, бірақ әрі қарай істелетін операциялардың орындалуын біраз қиындатады. Көп жағдайларда, әсіресе тегіс беттер ластанғанда (болат, плиткалар т.б.), ал ластану деңгейі едәуір болған кезде, құрғақ әдісті толығымен қолдануға болады.
Жағындыларды сүртіп алу тиімділігі бірқатар себептерге байланысты (беттің сипатына, жағынды түріне, беттен жағындыны алу сапасына т.б.) жағынды алу әдістемесін стандарттау мүмкіншілігі төмен, сондықтан әдістің дәлдігі жоғары емес. Сонымен қатар, бұл әдістің орындалуы өте қарапайым, тіпті қолда қажетті бейімделген заттар жоқ кездің өзінде де қолдануға болады және беттердің ластану деңгейі мен сипаты жөнінде қажетті мәліметтер береді.
Бөлмелер немесе оның жеке бөліктері (едені, қабырғалары) белсенді заттармен ластанған жағдайда, тездетіп дезактивация жасауға кіріседі. Егер құрғақ заттармен ластанған болса, онда оларды сәл ғана ылғалданған шүберекпен жинап алады. Көп көлемде төгілген белсенді сұйықтықтарға ағаш үгінділерін сеуіп, жинап алады. Радиоактивті заттардың негізгі бөлігін жинап алғаннан кейін, олардың қалдықтарын беттерден арнайы жуғыш заттармен өңдеу арқылы кетіреді. Ластанған беттерді, жуғыш заттармен суланған жұмсақ щеткалармен немесе тампонмен, не сумен жуу арқылы дезактивациялайды.
Қуысты немесе жеңіл суланатын материалдан жасалған беттерді (керамика плиткалар, цемент) дезактивациялау кезінде, жуғыш ерітінділерді өңделетін бетте ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды, себебі, белсенді заттар жуғыш ерітінділермен бірге материалға сіңіп қалады.
Егер ластанған беттердің тігісі және жапсары жоқ, тегіс жабылған болса (пластикат, линолеум т.б.), онда тазалауды көбірек сулап (су құйып немесе су бүркіп) жүргізуге болады. Өңделетін бетті арнайы жуғыш заттармен дезактивацияланғанан кейін көп сумен жуып, таза, құрғақ шүберекпен сүртеді, содан соң тиісті радиометрлік құралмен беттің тазалығы бақыланады. Радиоактивті заттармен ластанған жеке басты қорғайтын заттарды арнайы жабдықталған кір жуатын орында дезактивациялайды.
Теріні белсенді ластанудан тазарту кезінде, оны неғұрлым тезірек жүргізсе, соғұрлым тиімді болады, себебі, белсенді ластану теріде ұзақ тұрып қалса, олардың мықтырақ жабысуына әкеп соғады. Көпшілік жағдайларда, қолды өңдеу үшін сабынды және щетканы қолданып, жылы сумен жақсылап жуу жеткілікті. Ластану деңгейі жоғары кезде, сабынмен жуудың тиімділігі жеткіліксіз болғанда, әр түрлі арнайы құрамдарды, атап айтқанда адсорбенттерді, кешен түзушілерді және еріткіштерді қолданады. Бірақ, көптеген белсенді элементтердің физико-химиялық қасиеттері әр түрлі болғандықтан, әмбебап заттарды ұсынуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, арнайы құрамдардың қолданылуы, өте шектеулі. Мысалы, қолдың ториймен және фосформен ластануы кезінде, трилон Б қосылған сабынды қолдану, радиймен ластануын тазарту үшін каолин сабынын қолдану ұсынылады,т.т.
XIII -ТАРАУ. ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ
Жеке бас гигиенасы гигиеналық ғылымның ерекше бөлігі болып табылады, себебі, ол, қоғамдық гигиенадағы сияқты орындауға міндетті түрде мәжбүр ететін мемлекеттік механизмдерсіз, адамның өз еркімен өзінің жеке өмірі мен әрекеттері үрдісінде гигиеналық нормалар мен ережелерді сақтау арқылы өзінің денсаулығын сақтауы мен нығайтуы жөніндегі, мәселелерді зерттейді.
«Өмірді ұзарту өнері - оны қысқарту емес» деген ертеде. Қазіргі кездегі адамның аурулары, ең алдымен, оның қалыптасқан өмір сүру сипаты мен мінез-құлқына байланысты. Өркениет адамға қолайлы жағдайлар тудырып қана қоймай, сонымен бірге, қоршаған ортаға түсетін техногенді жүктемелерінің ұлғайуына, адамға түсетін ақпараттық жүктемелерінің жоғарлауына, шектен артық психоэмоционалдық зорлануына, қозғалыс белсенділігінің азайуына, артық немесе жеткіліксіз тамақтануына, маскүнемдіктің, темекі шегудің, нашақорлықтың, соз аурулары, ЖИТС өсуіне және т.б жағымсыз құбылыстардың туындауына себеп болды. Бұл факторлардың көпшілігі, таралуы бойынша, халықтың еңбекке қабілеттілігінің нашарлауы мен өлім-жітімі жағынан алдыңғы орындардың бірін алатын, жүрек-қан тамырлары аурулар дамуының қауіп-қатер факторлары болып табылады.
Олардың басқа да кең таралған аурулардың: бауыр, ас қорыту мүшелері, ұйқы асты безі ауруларының, семіздік, сусамыр ауруы, қатерлі ісіктер, невроздар, т.б. дамуында рөлі аз емес. Ішімдікке салыну мен есірткі заттарды пайдалану, бұдан басқа, жеке тұлғаның деградациясына, суицидқа, өмір сүру ұзақтығының едәуір қысқаруына, денсаулығында ақаулары бар ұрпақтың дүниеге келуіне, АИВ (ВИЧ), соз аурулары, С гепатитін, т.б. ауруларды жұқтыру деңгейінің өсуіне әкеп соғады.
Мұндай жағдайда, жеке бас гигиенасының негізі болып табылатын салауатты өмір салты жеке бас адамның денсаулығын қалыптастыру үшін өмір сүрудің негізгі стилі болып табылады. Академик Н.М. Амосов: «Дені сау болу үшін, адам едәуір және үнемі өз күшін салу тиіс. Оларды ешнәрсемен алмастыруға болмайды» деген. Салауатты өмір салты бір-бірімен өзара байланысты бірнеше элементтерден құралады: тамақтану мәдениетінен, қозғалыс мәдениетінен және эмоция мәдениетінен. .Жеке бас гигиенасы салауатты өмір салтының барлық аспектілерін қамтитын кең ауқымды сұрақтарды қарастырады. Оның сферасына дене және ауыз қуысы гигиенасы, дене шынықтыру және шынығу, киім және аяқ киім гигиенасы, жыныстық гигиенасы, жеке тамақтанудың гигиенасы, зиянды әдеттердің алдын алу, психогигиена, еңбек және демалу гигиенасы, тұрғын үй гигиенасы кіреді. Жеке бас гигиенасы ұсынатын ережелер мен нормативтері, оларды адам ұғынып қолданған кезде, гипокинезиямен, артық тамақтанумен, семіздікпен, жүйке-психикалық және ақыл-ой жүктемелерінің шамадан тыс болуымен тиімді күресуге; сондай-ақ, аутоагрессивті әсерлердің және көптеген аурулардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау жеке алғандағы адамның өзі үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдар мен бүкіл қоғам үшін де маңызды болып табылады. Мысалы, жеке бас гигиена ережелерін орындамау, жұқпалы және паразиттік аурулардың, соның ішінде, соз ауруы мен ЖИТС-тің таралуына себеп болатын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Темекі шегу темекі шеккен адамның ғана емес, көбінесе оның жанында болған, бірақ темекі шекпейтін адамдардың өкпесінде қатерлі ісіктердің даму қаупін тудырады.
Салауатты өмір салтын ұстаудағы мотивация, жеке бас гигиенасын білу және оған дағдылану адамның жас кезінен бастап қалыптасуы тиіс және әр түрлі тіршілік жағдайларға байланысты болмай, бүкіл өмірі бойына сақталып тұру қажет. Тек осы жағдайда ғана олар, аурулардың тиімді түрде бірінші және екінші реттік алдын алудың, өз денсаулығын нығайтудың, ағзаның пайдаланылмаған мүмкіншіліктерін жетілдірудің иінтірегі (рычагы) болады.
Жеке бас гигиенасының жекелеген аспектілері оқулықтың басқа да тарауларында келтірілген. Бұл тарауда тек, тері және ауыз қуыс гигиенасы, киім мен аяқ киім гигиенасы сияқты, жеке бас гигиенасының негізгі сұрақтары қарастырылады.
1. Тері және ауыз қуысының гигиенасы.
1.1. Тері гигиенасы. Тері көптеген қызмет атқарады. Оның бірі - қорғаныш қызметі. Зақымдалмаған тері белгілі бір дәрежеде ағзаны көптеген химиялық ластаушы заттардан, микроағзалардан, ыстық пен суықтан, ультракүлгін сәулелердің радиациясынан және басқа да физикалық факторлардан, механикалық зақымдалулардан қорғайды. Қорғаныш функциясының іске асуы барысында, эпителийдің табақшалы құрылымының, суда ерімейтін және ферменттердің әсеріне тұрақты сыртқы мүйізді қабаттың, тер және май бездерінен бөлінетін заттар мен терінің рН ортасы маңызды рөл атқарады. Терінің, қолтық асты, маңдай, мұрын-ерін тері қабаты және мойыннан басқа, көп бөліктерінде, бөлінген тердің реакциясы өте қышқыл болып, оның бактерияларға қарсы әсерін қамтамасыз етеді. Май бездерінен бөлінетін тері майы да, бактерицидтік қасиетке ие болып, қорғаныш қызмет атқарады. Терінің жоғары иілгіш қасиеті және серпінді тері астылық май қабатының болуы түрлі механикалық әсерлерді төмендетеді.
Терінің коллагенді, серпімді және аргирофильді талшықтары, сонымен қатар тығыз мүйізді қабаты, оның беріктік қасиетін қамтамасыз етеді. Терінің үнемі физиологиялық жаңарып отыруы тері беттерінің ағза үшін зиянды заттар мен микроағзалардан тазарып отыруына ықпал етеді, ал меланин пигментінің болуы ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерін азайтады. Тері, ағзаның жылу беру үрдістеріне қатыса отырып, жылу реттегіш құралдардың бірі болып табылады.
Тері арқылы жылу беру жолдарының ішінде тер бөлінуінің маңызы ерекше болып табылады. Ауаның температурасы жоғары болған кезде, тер бөлінуі, ағзаның қызып кетуіне мүмкіндік бермей, 10-12 есе өсуі мүмкін. Терінің маңызды қызметі - заттарды ағзадан сыртқа шығару болып табылады. Тер және май бездерінің сөлімен бірге зат алмасудың соңғы өнімдері және ағзаға түскен көптеген ксенобиотиктер бөлініп шығарылады. Бүйректің шығару қызметі бұзылған кезде, тер бездері арқылы азотты шлактардың едәуір бөлігі шығарылады.
Теріде, ағзаға әсер ететін факторлар жөнінде мәліметтерді орталық жүйке жүйесінің қабылдауын жүзеге асыратын, өте көп рецепторлар жылулық, суықтық, тактильді, ауыру, т.б. жинақталған. Тері қоршаған ортамен ағзаның газ алмасу қызметіне қатысады. Терінің тыныс алу қызметінің нәтижесінде, ол тәулік бойына көмірқышқылының 7-9 г шығарып, оттегінің 3-4 г сіңіреді, бұл ағзаның барлық газ алмасуының 2% құрайды. Терінің беткі қабаттарында Д дәруменінің синтезі жүреді.
Осы барлық алуан түрлі қызметтердің іске асуы, едәуір дәрежеде терінің тазалығына байланысты. Терінің күтімі нашар болғанда, теріде шаңның бөлшектері, кір, микроағзалар, тер және май бездерінен бөлінетін зат алмасу өнімдері жинақталады, нәтижесінде осы бездердің шығару түтіктері бітеледі, терінің тыныс алу және заттарды шығару қызметтері бұзылады, бактерицидтілігі күрт төмендейді.
Теріден сыртқа шығарылған органикалық заттар жағымсыз иісті, ұшқыш қосылыстар түзе отырып, ыдырайды. Бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, дамуына қолайлы жағдай тауып, өсіп-өне бастайды, бұл дерматиттердің, іріңді, саңырауқұлақтар тудыратын және басқа да тері ауруларының дамуына әкеп соғады. Қол терісі және артқы өтіс аймағы мен шат аймағының терісі микроағзалармен ең көп ластанады. Тағам өнімдерінің, ыдыстың және басқа да тұрмыстық керек-жарақтарының бактерияларымен және гельминт жұмыртқыларымен негізгі ластаушы көзі жиі қол болып табылады.
Сондықтан, денені үнемі таза ұстап отыру керек және тері мен шаштарға жақсы күтім жасау қажет. Бұл үшін, теріні және шашты әр түрлі жуғыш заттардың көмегімен үнемі шайып, жуып отыру қажет. Күнделікті ұйықтар алдында және таңертең бет, қол, мойынды, сонымен қатар, қолтық астын, артқы өтіс аймағы мен шат аймақтарын міндетті түрде жуу қажет. Күнделікті ұйықтар алдында міндетті түрде аяқты сабынмен жуу және шұлықты уақтылы ауыстырып отыру қажет. Күнделікті таңертең және кешкісін душ қабылдау өте қолайлы болып табылады. Аптасына бір рет барлық денені душ астында немесе моншада, губка не жөке және сабын немесе қазіргі кездегі пайдаланатын жуғыш заттарын (сусабын, әр түрлі гель, т.б) қолдана отырып, тазарту қажет.
Сабын - майларды сілтілермен өңдеу арқылы алынған жоғарғы май қышқылдарының тұздары болып табылады. Сабынның құрамында болатын сілтінің әсерінен, терідегі майлар ерігіш болып, сабынға айналады. Сілті, сол сияқты белоктармен суда жеңіл еритін, су арқылы жақсы жуылатын, альбуминаттар түзетіндіктен, олардың да ерігіштігін жоғарылатады. Терінің тазаруына жөкенің механикалық әсері, сонымен қатар, кірді өзіне сіңіріп алатын көпіршіктер де жағдай жасайды. Дегенмен, сабынды жиі қолдану, әсіресе, құрғақ терінің майсыздануына әкеп соғады, терінің қышынуына, шашта қайызғақтың пайда болуы мен шаштың түсуіне әкеледі. Сондықтан, дене мен қол терісін жуу үшін, құрамында бос сілті аз мөлшерде қосылған сабындарды пайдалану қажет. Ондай сабындарға бейтарап және маймен асқын қаныққан сабындар жатады. Ең жұмсақ әсер ететін қасиеті бар «Балалар сабыны», «Глицеринді», «Ланолинді» сабындар болып саналады. Олардың құрамында бос сілті мөлшері 0,05%-дан аспайды. Сілтілі сабындарға жататын шаруашылық сабында бос сілтінің мөлшері 2% дейін жетуі мүмкін.
Дене гигиенасы үшін қазіргі кезде жуғыш және косметикалық заттардың кең ауқымы қолданылады. Иіс сабындар мен монша сабындарына әр түрлі иістендіргіш заттар, өсімдік қоспалар, емдік - профилактикалық және зарарсыздандыратын заттар қосылады. Алайда, қатты сабындар сілтілі өнімдер болатындықтан, тері сыртындағы гидролипидті қабықты бұзады, нәтижесінде, эпидермистің өткізгіштігі жоғарылап, әр түрлі зиянды әсерлерге әлсіз келеді. Сондықтан, жуыну үшін сұйық сабындар мен душқа арналған гельдер тиімді болып келеді, олардың құрамындағы жуғыш және тазартқыш негізі ретінде амфотерлі беттік-белсенді заттар (ББЗ) қолданылады. Бұндай жуғыш заттар терінің липидтік балансын бұзбайды және тері бетінде әлсіз қышқылды орта түзеді. Микробтарға қарсы заттар қосылған сабындарды жиі қолдануға болмайды, себебі олардың әсерінен патогенді микрофлора ғана емес, сонымен қатар, терінің өзіндік микрофлорасы да жойылып, оның қорғаныш қызметі нашарлайды.
Шаш та, тері сияқты, сыртқы ортаның көптеген - лас атмосфера, ыстық немесе суық, күннің зиянды сәулелері, хлорланған су тәрізді қолайсыз факторлар әсеріне ұшырап отырады. Шаштың құрғауы мен түсуінің себебі, көбінесе шашты дұрыс күтпеу, яғни, сілтілі сабынды жиі қолдану, ыстық фен, көпіргіштерді, шаш қатырғыштарды, бояуларды жиі пайдалану болып табылады. Шашты жуу үшін, құрамында амфотерлі және иондалмаған ББЗ бар, жұмсақ су сабындарды пайдалану керек. Олар теріге және шашқа қорғаныш әсер береді. Жұмсақ су сабындарды қолдану, шашты ластану кезінде ғана емес, тіпті, күн сайын жууға да мүмкіндік береді, ал бұрын, майлы шаштарды 5-7 күнде 1 реттен жиі емес және құрғақ шаштарды - 10-12 күннен кейін жуу ұсынылған болатын.
Дененің гигиеналық күтімінде өте күшті сауықтыратын әсері бар, ең жақсы құралдардың бірі монша болып табылады. Моншалардың көптеген түрлері бар, алайда, олардың ішінде ең көп таралғаны, орыстың булы және финнің құрғақ ыстық (сауналар) моншалары. Бұл моншалардың ерекшелігі - ондағы бу бөлмесінің болуы. Булы моншалардың бу бөлмесінде ауаның температурасы 40-50ºС дейін, ал салыстырмалы ылғалдылығы - 75-80% дейін жетеді. Құрғақ ыстық моншаларда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, керісінше, төмен - 15-20% болады, ал температурасы, әсіресе, жоғарғы сөрелерде, булы моншаға қарағанда, анағұрлым жоғарғы деңгейге жетеді. Бу бөлмесінде болу адамға өте күшті әсер етеді. Қан тамырлары және тері саңылаулары кеңейеді, тердің көп бөлінуі байқалады. Дене температурасы 38-39ºС дейін көтеріледі. Тамыр соғысы және тыныс алу жиілеп, артериялық қан қысымы төмендейді. Термен әр түрлі шлактар, микроағзалар кетіріледі. Монша бүйрек үсті бездерінің, орталық жүйке жүйесінің қызметін ынталандырады, терінің тыныс алуын жақсартады, ағзадағы зат алмасу үрдістерін күшейтеді, психоэмоционалдық тонусты жоғарылатады.
Бу бөлмесінде болғаннан кейін, ертеде жасалғандай, денеге суық су құю немесе «қарға шомылу» жүргізіледі, бұл тамырларды жаттықтырып, ағзаның шынығуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бу бөлмесінде болу, ағзаның жүйелеріне, әсіресе, жүрек-қан тамырларының және орталық жүйке жүйелеріне үлкен жүктеме түсіреді. Мұнда жоғарғы температураның ғана емес, сонымен қатар, жоғары тау басындағы қысымымен бірдей болатын, ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуінің де үлкен маңызы бар. Нәтижесінде, айқын гипоксиялық эффект дамиды, оған ағзаның қызу салдарынан пайда болатын қан қысымының төмендеуі де өз үлесін қосады. Сондықтан, гипертониялық және журектің ишемиялық аурулары, жүрек кемістіктері, вегетативті-тамырлы дистония бар ауруларға, реконвалесценттерге, әлсіреген адамдарға бу бөлмесінде болуға болмайды. Ауа ылғалдылығы саунада аз болғандықтан, тердің бөлінуіне анағұрлым қолайлы жағдайлар қалыптасады, бұл бүйрекке түсетін қысымды азайтады. Саунадағы әсер ететін факторлардың деңгейін біртіндеп жоғарылатқанда, саунаның әсері, орыс моншасына қарағанда, біршама жұмсақ болады. Бірақ, құрғақ, температурасы өте жоғары, ауамен тыныс алу, тыныс алу мүшелеріне қолайсыз әсер ету мүмкін, сонымен бірге, кейбір зерттеулердің мәліметтері бойынша, тіпті, онкологиялық аурулардың да даму қаупін жоғарылату мүмкін.
Моншалар тек күшті емдеу-профилактикалық құралдарының бірі емес, сонымен бірге саңырауқұлақ, соз, тері ауруларының, сол сияқты насекомдар да берілетін фактор болуы мүмкін, сондықтан моншаларда жүйелі түрде күнделікті тазарту жұмыстары және зарарсыздандыру жүргізіліп отыру тиіс. Моншаға жұқпалы аурулары бар келушілер мен қызметкер жіберілмеуі керек. Саңырауқұлақ ауруларының алдын алу үшін аяққа резеңке немес пластик аяқ киімдер кию қажет. Шешінетін жер аяққа арналған душпен қамтамасыз етілуі қажет. Қазіргі кезде көптеген моншаларда хауыздар болады. Оларда шомылуға, тері, көз және де су арқылы берілетін, басқа да аурулары жоқ, дені сау адамдар ғана жіберіледі. Хауызға шомылар алдында келушілер, жуғыш заттарды пайдалана отырып, душқа түсу және хаузға түсер алдында, 0,1% хлорлы әк ерітіндісімен толтырылған кішкене ор арқылы өту тиіс. Хауыз суы зарарсыздандырылуы тиіс және үнемі жаңартылып отыруы керек.
1.2. Ауыз қуысы гигиенасы. Адамның ауыз қуысы жеке гигиенасының негізгі мақсаты, тіс пен ауыздың шырышты қабығын жұмсақ қақтарынан және ас қалдықтарынан тазарту жолмен, сол сияқты, ауыз қуысын үнемі таза ұстау арқылы, стоматологиялық аурулардың және ағзаның ішкі мүшелерінің әр түрлі ауруларының дамуын және күшеюін алдын алу болып табылады. Жеке адамның ауыз қуысының гигиенасы ауыз қуысының тиісті иммунологиялық статусын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, соған байланысты, мүшелер мен жүйелердің жедел және созылмалы ауруларын, сондай-ақ, кариесті және парадонттағы қабыну үрдістерді тудыратын, әр түрлі микроағзалардың ауыз қуысы арқылы ағзаға түсуіне қарсы тұратын қуатты барьер туындайды. Қорғаныш қызметі сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығының тиісті құрамының, қасиеттері мен қызметтерінің сақталып тұру есебінен жүзеге асырылады; бұл олардың құрамында микробтарға қарсы әсер ететін заттардың - лизоцим, лактоферрин, ферменттер және иммуноглобулиндердің болуына байланысты. Ауыз қуысындағы қолайсыз гигиеналық жағдайлар патогенді микрофлораның қарқынды дамуына қолайлы орта болып табылады. Қышқылдың артық түзілуі ортаның рН деңгейінің қышқыл жаққа ауытқуына әкеледі, нәтижесінде, тістердің қатты тіндерінің минералсыздану үрдістері күшейеді, тіс тасының түзілуі мен таралуы белсенді жүреді, бұл урдістерге пародонттың микробтық ластануы, тіс пен қызыл иектің арасында қалталардың түзілуі, грануляциялардың өсуі, қабыну үрдістерінің пайда болуы, қызыл иектің қанағыштығы, тіс аралығындағы және тіс түбірлері аралығындағы қалқалардың бұзылуы тән.
Ауыз қуысының гигиеналық күтімін жүзеге асыру үшін көптеген құралдар қолданылады. Қазіргі кездегі технологиялар, бұрын пайдаланған құралдарға қарағанда, жаңа, анағұрлым тиімді ауыз қуысының гигиеналық күтіміне арналған құралдар дайындауға мүмкіндік берді. Ауыз қуысы гигиенасының негізгі құралдарына мануальды тіс щеткалары, тіс пасталары, сұйық заттар, тіс ұнтағы, сағыздар, ауыз қуысының жеке тіс аралығының гигиена құралдары, тісті ағартатын заттар, электрлік тіс щеткалары жатады. Тіс щеткаларында ерте кезден табиғи шошқа немесе жылқы қылтаны пайдаланылған. Синтеталық талшықтың кең таралуы табиғи қылтаны қолданыстан ысырып шығарды және физиология мен тазарту қабілеттерін есепке ала отырып жасалатын, тіс щеткаларының шығарылуына үлкен мүмкіншілік берді. Қазіргі кездегі барлық тіс щеткалары гигиеналық, профилактикалық (парадонтологиялық) және арнайы болып бөлінеді. Гигиеналық тіс щеткалары тісті әдеттегідей күнделікті тазарту үшін қолданылады, олардың түрлері тік және бұрылатын, ал тазартқыш қылы - бір деңгейлі болады. Профилактикалық тіс щеткалары ретромолярлық аймақ сияқты қиын тазартылатын жерлерді тіс қақтарынан және ас қалдықтарынан тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Оларға, қылы көп деңгейлі, қылында күш салатын шығыңқысы бар, қылының ортасы тереңдетілген (қылдың биігірек шоқтары тіспен қызыл иек аралығына оңайырақ еніп,оны жақсы тазартады) қылдарында микротекстурасы бар (жұмыс атқаратын қылдың ұшы ғана емес, оның бүйір беттері де болып табылады) щеткалар жатады.
Арнайы щеткалар ортодонтияда пайдалануға арналған. Күнделікті тұрмыста профилактикалық тіс щеткаларын пайдалану ең қолайлы болып табылады. Дегенмен, үлкен адамдарға арналған тіс щеткаларын балалар мен жасөспірімдерге пайдалануға болмайды, себебі бұл щеткалардың өлшемі үлкен болады және олардың қатты қылдары ауыз қуысының нәзік тіндерін жаралайды. Сондықтан, балалар және жасөспірімдер үшін жеке тіс щеткалары шығарылады. Қызыл иектердің қабынуы кезінде, алдымен жұмсақтау қылды щетканы пайдалану керек, кейін, қызыл иектің жағдайы жақсарғанда, жұмсақ тіс щеткасын қаттырақ түріне алмастырады. Балаларға қатты щеткалар жарамсыз болып табылады.
Тіс, қызыл иек, тіс аралығын, тілді ас қалдықтарынан, тістің жұмсақ қақтарынан, шырыштан тазарту, тас дақтарын кетіру және микробтардың көбеюіне бөгет жасау үшін, әр түрлі құралдар қолданылады, бірақ олардың ішінде ең кең таралғаны - тіс пасталары. Қазіргі пасталардың құрамына, олардың 20-40% құрайтын, түрпілі (абразивті) әсері бар заттар (бор, натрий бикарбонаты, натрий хлориді, алюминийдің гидрооксиді және т.б.), сонымен бірге, әр түрлі байланыстыратын, көпіршік түзетін, микробқа қарсы түратын, дәмдеуіштер, емдік алдын алу қасиеті бар қоспалар, ферменттер, дәрумендер, беттік-белсенді заттар және т.б. кіреді. Түрпілі заттар тісті тазарту үшін қолданылады, бірақ оларды пайдаланғанда, тіс беті тек ысылып жылтыратылып қана коймай, жұқарады және қызыл иектің эпидермисі де бұзылады. Абразивтің әсері оның пастадағы түріне байланысты. Абразивтің ірілеу түрлерінің ауыз қуысы тіндерін зақымдауға қабілеті жоғары болып келеді. Smokers пастасының құрамына агрессивтілігі жоғары абразив, ал Sensitive пастасына - өте жұмсақ абразив кіреді. Мысалы, құрамында жұмсақ абразивтер - кальций карбонаты мен кремний тотығы болуына байланысты, фторланған фин тіс пастасы - «Финндент» тістерді жақсы тазартады, ал фторланған «Глистер» (АҚШ) тіс пастасы, құрамына қатты абразив - алюминий силикаты кіретіндіктен, агрессивтілігі жоғары паста болып табылады. Үлкен адамдар үшін жасалатын тыс пасталарының көбінде агрессивтілігі орташа абразивтер, ал балалар үшін, олардың тіс эмалі жетілу кезеңінде болғандықтан тек аз агрессивті абразивтер қолданылады. Сол себептен үлкен адамдарғае арналған тіс пастасын балаларға пайдалануға болмайды. Соңғы кездері сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне тістің сезімталдылығын төмендететін Sensitive тіс пасталары шығарылуда. Пастадардың аллергиялық, жергілікті-тітіркендіргіш және уытты әсері болмауы керек, сонымен қатар, олар микроағзалармен ластанбаған болуы қажет.
Тіс пасталарын гигиеналық және емдеу-профилактикалық деп бөледі. Гигиеналығы тісті тіс қақтарынан тазартады және ауыз қуысына жағымды иіс береді. Емдеу-профилактикалық тіс пасталарының құрамында, тіс жегісіне, қабынуға қарсы, сезімталдылығын төмендететін, саңырауқұлаққа, микробқа қарсы және басқа да әсерлерін қамтамасыз ететін,әртүрлі қоспалары болады. Емдеу-профилактикалық тіс пасталарының арасында жеке адам (тұрмыстық) пайдаланатын да және кәсіби мақсатта пайдаланылатын тіс пасталары болады.,
Кәсіби мақсатта пайдаланылатын тіс пасталарын тек дәрігердің нұсқауымен пайдалану қажет, себебі әр түрлі жағымсыз салдары болуы мүмкін. Мысалы, абразивті қасиеттері жоғары тіс пасталарын немесе тісті ағартатын Smokers тіс пасталарын пайдаланғанда, тіс эмалінің күрт жұқаруына және тістің жоғарғы сезімталдылығы дамуына әкеп соғуы мүмкін. Жеке адамның ауыз қуысы гигиенасына арналған емдеу-профилактикалық тіс пасталары, гигиеналық тіс пасталарына қарағанда, жақсырырақ және тиімді болып саналады. Алайда, тіс пастасының бір түрін ұзақ уақыт пайдалануға болмайды, оларды ай сайын ауыстырып отыру қажет.
Құрамында хлоргексидин, триклозан сияқты микробқа қарсы компоненттері бар тіс пасталарын іріңді қабыну үрдістері пайда болғанда ғана, бірақ қысқа уақыт (2-3 апта) қолдану қажет. Көбінесе абразивті қасиеттері орташа және шөп экстрактылары қосылған тіс пасталарын пайдаланған дұрыс.
Сонымен бірге, жеке адамның ауыз қуысы гигиенасына арналған сұйық заттар да қолданылады: табиғи (шөп, содалы, шырынды және т.б.) және жасанды (шайғыштар, тіс эликсирлері, дезодоранттар, спрейлер). Тіс эликсирлерінің құрамында әдетте, 60% дейін алкоголь болатындықтан, оны сұйылту қажет, сондықтан олардың қолдануы орынсыз болып саналады. Ең жақсысы - шөп экстрактылары қосылған алкогольсіз шайғыштарды қолдану. Күшті антисептиктері бар шайғыштарды, құрамында антисептиктері бар тіс пасталары сияқты, қысқа уақыт ғана және тек көрсетілімі болған кезде пайдалану керек.
Тіс ұнтақтары ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Олар абразивті материалдар мен иіс беретін заттардың қоспасы болып табылады, мұнда абразивті материал ұнтақтың 98-99% құрайды. Тіс пастасының пайда болуына байланысты, тіс ұнтақтары аз қолданыла бастады. Оған себеп болған, тіс ұнтақтарының абразивті қасиеттерінің біршама күшті болуы, сол сияқты олардың тазартқыш қасиетінен басқа емдеу-профилактикалық маңызының болмауы.
Ауыз қуысын тазартатын зат ретінде сағыз резеңке кең таралуы алды. Алғашқы сағыздардың құрамында қанттың көп мөлшерде болуына байланысты, олар тісті жұмсақ қақтардаң тазарта отырып, бір уақытта - тіс жегісінің дамуына әкелді. Қазіргі сағыздардың 30% - шайнайтын негізі (шайыр, парафин), 60% тәттілендіргіштер - қантты алмастырушылар, сол сияқты, тістің жұмсақ қақтарын тиімді тазартатын, дезодорациялайтын, қабынуға қарсы және т.б. қасиеттері бар кұрамдас бөліктерден тұрады. Алайда, барлық сағыз резеңкелердің жағымсыз қасиеттері бар. Аш қарынға сағыз резеңкені шайнағанда, ас қорыту бездерінің сөлі қарқынды бөлініп, гастриттер, асқазанда ойық жара және эрозия үрдістердің дамуына себеп болады. Шайнау үрдісі сілекей бездерінің үздіксіз жұмыс істеуіне әкеледі де, ауыз қуысының кілегейлі қабығының паталогиялық құрғақтануына, оның барьерлік және қорғаныш қызметінің төмендеуіне, ауыз қуысындағы ас қорытудың бұзылуына, дисбактериоз, езудің тілініп, қабынуы дамуына әкеп соғады.
Сағыздарды шайнау нәтижесінде аллергиялық реакциялар, сілекей бездерінің қатерлі ісіктері, балаларда тістердің үйлесуінін бұзылуына, шықшыт буынының дисфункциясына, парадонт тіндерінде қан іркілу салдарынан пайда болатын гиперемияға әкеледі. Сондықтан, сағыз резеңкелерді тек ас ішіп болған соң және қысқа уақыт ғана шайнау қажет. Сағыз резеңкелерінің қаптамаларында сағыздың қосымша жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.
Ауыз қуысының ауруларының алдын алуда ауыз қуысы гигиенасының құралдарын дұрыс таңдау ғана емес, сонымен бірге, тісті дұрыс тазарту да маңызды роль атқарады. Тісті күніне кем дегенде, 2 рет - таңертең және кешке тазалау қажет. Таңертең ұйқыдан соң ауызды сумен шайқап, ас қабылдаған соң тісті щеткамен тіс сықпасымен тазалайды. Осылай кешке де тісті ұйқыға жатар алдында тазалайды.
Тазарту уақыты 3-4 минуттан кем болмау керек, тіс щеткасының қозғалысы көлденең ғана емес, сонымен бірге сыпырып, дөңгелетіп тазарту қажет. Тістің қызыл иекке өтетін жерін тазарту үшін, тіс щеткасын тіске 45º бұрышпен ұстау керек. Гигиеналық мақсатта тісті таңертең және кешке ғана емес, сонымен бірге әрбір ас қабылдағаннан кейін тазартып отырған дұрыс. Дамыған елдерде тұрғындар екі тіс щеткасын пайдаланады: бірі үйде, ал екіншісі жұмыс орнында. Әр тамақтанғаннан соң тістердің арасын флосстармен (арнайы шығарылған нейлон жібі), тіс тазартқыштармен немесе аз шоғырлары аз тіс щеткаларымен тазарту керек.
2. Киім және аяқ киім гигиенасы.
2.1. Киім гигиенасы. Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:
1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.
2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.
3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.
4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.
5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.
6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.
Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады.
Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі мен киім тігуге қолданылған матаның қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи талшықтардан жасалған мата бұрыннан қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан қолайлы қасиеттері болғандықтан, басқа маталарға қарағанда, әлі күнге дейін артықшылығын сақтайды. Оларға өсімдік текті (мақта, зығыр, пенька, джут және т.б.) және жануар текті талшықтардан (жібек, жүн) жасалған маталар жатады. Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Жасанды талшықтарды табиғи шикізатты - целлюлоза мен басқа материалдарды өңдеу урдісінде алады. Жасанды талшықтар тобына вискоза, ацетат, үшацетат, казеин талшықтары жатады. Синтетикалық талшықтарды көмірсутек шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірлген бірнеше топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.), полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык, поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон), полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.
Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі (су сорғыштығы), гидрофобтылығы, жылу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал кабылдағыштығы), липофильділілігі, газ сіңіргіштігі, күн энергиясына қатынасы жатады.
Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары арқылы маталардың ауаны өткізу қабілетін айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық кеңістікте ауаның қозғалуы мен алмасуын қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін су буларының және зат алмасуының ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай жасайды және ағзаны қызып кетуден сақтайды. Ауа өткізгіштігі мата талшықтарының тоқылуы сипатына, саңылаулардың мөлшері мен көлеміне, қалыңдығына, ылғалдану және ластану деңгейіне байланысты. Борпылдақ және саңылауы көп, жүннен жасалған, тоқылған және жібек маталардың ауа өткізгіштігі жеткілікті дәрежеде болады, ең нашар ауа өткізгіштік тығыз драп, брезент, тығыз мақта маталарына тән. Егер, киім көп қабатты болса, қабаттарының ішінде біреу ауа өткізбейтін жағдайда, барлық киім ауа өткізбейтін болады. Киім суланған және ластанған кезде, ауа өткізгіштігі төмендейді, себебі матаның саңылаулары су мен кір бөлшектеріне толады. Өте қалың маталардың ауа өткізгіштігі төмен болады.
Бу өткізгіштігі деп, маталардың киім астылық кеңістікте түзілген су буларын өткізу қабілетін айтады. Матаның саңылаулары арқылы сүзіліп өтетін ауадан айырмашылығы, су булары талшықтар арқылы диффузия жолымен өтеді. Бу өткізгіштігінің, әсіресе, булану қарқынды жүретін ыстық микроклимат жағдайларында, қоршаған ортаға қалыпты жылу беруді қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Жақсы бу өткізетіндерге - мақта матасы, аз бу өткізетіндерге - жүн маталары, одан да төмен өткізетіндерге - аң терілері, аса төмен өткізетіндерге - синтетикалық маталар жатады.
Маталардың ылғал қабылдағыштығы, олардың киім асты кеңістіктен де, сыртқы ортадан да, су буларын сіңіру қабілетін сипаттайды. Киімнің ішкі қабаттарының гигроскопиялылығы жеткілікті болуы керек, себебі тердің тері бетінен сіңірілуіне жағдай жасайды. Сыртқы киімнің гигроскопиялылығы, керісінше, төмен болуы керек, өйткені, ылғалдану нәтижесінде, киімнің жылу сақтайтын қызметі төмендейді. Гигроскопиялылығы жоғары маталарға жүннен жасалған матлар және замш жатады, олар суды өз массасының 1/4/- 1/3 бөлігіне дейінге мөлшерде сіңіре алады. Мақта маталары суды аз сіңіреді - құрғақ массасының 1/7-1/8 бөлігіне дейінгі мөлшерде, синтетикалық маталардың гигроскопиялылығы ең төмен, олар суды өте аз сіңіреді, сіңіретін мөлшері мата массасының тек 1/20-1/200 бөлігін құрайды.
Маталардың ылғал сыйымдылығы - мата ылғалданғанда, өзінің саңылауларында суды ұстап қалуы қабілеті. Ол пайызбен белгіленеді. Жоғары ылғал сыйымдылығы киімнің гигиеналық қасиеттерін едәуір төмендетеді. Саңылаулары сумен толуы нәтижесінде, матаның ауа өткізгіштігі төмендейді, жылу сақтайтын қасиеті нашарлайды, себебі, судың жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігінен 28-29 есе жоғары. Бұдан басқа, құрғақ матаға қарағанда, ылғал матадан сәулелену және булану нәтижесінде, жылудың көп берілуінен жылу жоғалтуы жоғарылайды. Маталардың ең жоғары ылғал сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, жүн маталарында ол - 45%, сәтенде - 13%, фланельде - 66% құрайды.
Маталардың жылу өткізгіштігі оның жылу сақтайтын қасиеттерін анықтайды. Жылу өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның жылу сақтайтын қасиеті аз болады. Жылу өткізгіштігі көптеген параметрліне: саңылауларының жалпы пайыздық көлеміне, матаның қалыңдығына, талшықтардың тоқылу сипатына, ауа өткізгіштігіне, ылғалмен қанығу дәрежесіне байланысты болады. Саңылаулары көп және оларда ауа көп мөлшерде болатын, борпылдақ маталардың жылу өткізгіштігі, жұқа, тегіс маталарға (зығыр, мақта) қарағанда, аз болады. Маталар, жылу өткізгіштігінің азаюына қарай, келесідей ретпен бөлінеді: капрон, жасанды жібек, зығыр, мақта, табиғи жібек, жүн. Маталар термен немесе сумен суланған кезінде, олардың жылу өткізгіштігі едәуір жоғарылайды. Ең айқын жылу жоғалтуы киімнің бетінен жоғары жылдамдықта су булануы кезінде байқалады. Жібек, шыт маталарының бетінен ылғал өте тез буланады, осыған байланысты салыстырмалы түрдегі жоғары температура кезінде, тоңу сезімі байқылады. Керісінше, жүннен жасалған киімдерден ылғал баяу буланатындықтан, қоршаған едәуір жылу берілуінің алдын алады.
Матаның липофильдігі деп маталардың тері бетінен майды сіңіру қабілетін айтады. Жоғарғы май сіңіргіштік қолайсыз, себебі, май матаның саңылауларын бітеп қалады да, ауа- және су өткізгіштігін нашарлатады, кір бөлшектерін өзіне сіңіреді, микроағзалардың әсерінен ыдырап, жағымсыз иістердің пайда болуына әкеледі. Синтетикалық маталардың көбіне жоғарғы май сіңіргіштік қасиет тән.
Маталардың күн энергиясына қатынасы, олардың күн радиациясының интегралды ағынын, сол сияқты оның жекелеген биологиялық белсенді бөліктері инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерін шағылыстыру, сіңіру және өткізу қабілетімен сипатталады. Ақ және боялмаған маталардың, күңгірт маталарға қарағанда, шағылыстыру қасиеті жоғары және сіңіру қабілеті төмен болады. Ақ маталар күн сәулесінің 17-18 % ұстап қалса, ал күңгірт маталар - 50% дейін ұстайды. Сондай-ақ, атлас маталарының (сәтен, жібек-атлас) шағылыстыру қабілеті жоғары болып келеді, олар күн сәулесін 35-40 % дейін шағылыстырады.
Ультракүлгін сәулелерінің жеткіліксіздігінің алдын алу, сол сияқты артық сәулелердің зиянды әсеріне байланысты, маталардың ультракүлгін сәулелерді өткізгіштігі маңызды болып табылады.. Капрон мен нейлон маталары, ақ және ашық түсті жібек пен шыт, бәтес ультракүлгін сәулелерін жақсы (50-70% дейін) өткізеді. Тығыз және қалың, сонымен бірге күңгірт түсті боялған маталардың өткізгіштігі төмен болып келеді.
Сонымен, табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардың қасиеттерінің айырмашылықтары бар, бұл айырмашылықтары киімнің белгілі бір түрлерін: іш киім, костюмдер, көйлектер, сыртқы киімдерді дайындау барысында, оларды саралап қолдануын анықтайды. Іш киім тер мен теріден бөлінетін басқа да заттарды сіңіріп, тері мен киімнің бірінші қабатының арасында жақсы желдетілуді қамтамасыз етуі, теріні тітіркендірмей, оны ластанудан қорғауы тиіс. Мұндай талаптарға, гигроскопиялылығы, гидрофильділігі жоғары, ауа- және су буларын жақсы өткізетін, мақта мен зығыр маталары сай келеді. Олардың жұмсақтығы мен серпімділігі матаның құрылымы трикотажды (тоқылған) болғанда жоғарылайды.
Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталардың қолданылуы шұғыл шектеледі. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялылығы мен гидрофобтылығы жатады, нәтижесінде су булары мен басқа да бөлінген газ тәрізді заттарды матаның талшықтары сіңірмейтіндіктен, олар саңылауларда жиналып, киім асты кеңістіктің желдетілуіне кедергі жасайды, бұл ондағы ылғалдылықтың жоғарылауына және адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп соғады.
Бұнымен бірге, синтетикалық маталардың теріс қасиеттеріне статикалық электрлікті жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады, осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде статикалық электрліктің жиналуы адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым жүретін вегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу, бас ауруын тудырады. «Электрленген» киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады. Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы әсер етуі мүмкін.
Синтетикалық маталардан жасалған іш киімдердің қолайсыз әсерлерін ескере отырып, 3 жасқа дейінгі және жаңа туған балаларға бұл маталардан іш киім тігуге рұқсат етілмейді. Бұл жастағы балалардың денесіне жанасатын киімдеріне (ползунки, колготки) 20% ғана синтетикалық ацетат талшықтарын қосуға, сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған іш киімдеріне мақта-сиблонды матаны (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.
Іш киімдерді дайындау үшін, сондай- ақ, табиғи жібек пен вискоза да қолданылады. Вискозадан жасалған маталар жоғары гигроскопиялылығымен, ылғал сыйымдылығымен сипатталады, бірақ, матаны ылғалдағанда, ылғалдың ұзақ уақыт булануы нәтижесінде теріден жылу берудің жоғарылауына және дискомфорттық құбылыстардың пайда болуына әкеп соғады. Ацетатты маталарды іш киімдерге қолдануға болмайды, өйткені, вискозаға қарағанда, гигроскопиялылығы мен ылғал сыйымдылығы төмен болады, олар және электрленеді.
Киімнің екінші пакеті болып табылатын, костюмдер мен көйлектерге қойылатын гигиеналық талаптар орындалатын жұмыстың түрі мен жылдың мезгіліне байланысты болады. Жаздық киімдерге арналған маталар жұмсақ, ауа- және бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі және жылу өткізгіштігі жоғары болуы керек. Мұндай қасиеттер киім астылық кеңістіктің жақсы желдетілуіне және дененің қатты қызуын болдырмауға мүмкіндік береді. Табиғи маталарды (мақта қағазды, жібек, зығыр) басым қолданған орынды. Табиғи және жасанды аралас талшықтардан (вискоза, ацетат) жасалған маталарды да қолдануға болады.
Жылдың суық мезгілінде киетін киімнің 2- қабатының жылу сақтайтын қасиеті жоғары болуы керек. Киімнің мұндай түрлерін дайындау үшін, қоланылатын маталардың ішінде, басқаларға қарағанда, жүннен жасалған маталар жақсы деп саналады. Жүн матасының саңылаулылығы (саңылаулардың көлемі - 92%) мен гигроскопиялылығы жоғары, ауа-және бу өткізгішігі жеткілікті.
Жүннен жасалған маталарды ылғалдаған кездің өзінде де, іші ауаға толы, бос саңаулалары едәуір мөлшерде сақталады. Ылғалданған жүннің бетінен ылғалдың баяу шығуы нәтижесінде, жылуды жоғалтуы едәуір аз болады. Осы қасиеттерінің бәрі жүннен жасалған маталардың жылу өткізгіштігінің төмен және жылу сақтайтын қасиетінің жоғары болуына ықпал етеді. Борпылдақтығы, көлемді массасы аз болуы (0,07 г/см куб), жеңілдігі және суықтан жақсы қорғайтындығы жүннен тоқылған трикотажды айырқша көңіл тартарлық етеді.
Киім пакетінің 2- қабатын дайындау үшін, таза жүннен жасалған маталарымен қатар, аралас талшықтардан жасалған, табиғи және синтетикалық маталардың артышылықтары үйлестірілген, маталар да кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, химиялық талшықтардан жасалған маталар (орлон, нитрон, полихлорвинил, лавсан) жоғары жылу сақтайтын қасиетімен және аз мыжылатындығымен ерекшеленеді. Синетикалық талшықтарды табиғи талшықтармен араластырып қолдану, мысалы, лавсанды жүнмен, синтетикалық маталардың электрленуі, төмен гигроскопиялылығы және бу өткізгіштігі сияқты, теріс қасиеттерін азайтады, олардың жылу сақтайтын, ұзақ пайдалануға болатын қасиеттерін және матаның сырт көрінісін жақсартады.
Киім пакетінің үшінші қабаты - сыртқы киім (плащтар, пальто, күртелер, тондар) - суықтан, ылғал мен желден қорғауы керек. Әсіресе, солтүстік аудандарда ең жақсы жылу сақтайтын және желден қорғайтын қасиеттері бар киімдерге, табиғи аң терілерінен жасалған киемдер жатады. Оның жалғыз кемшілігі, салмағының едәуір ауыр болуы, кимылдар мен жұмыс істеу кезінде тудыратын кейбір ыңғайсыздықтары, тазарту қиындығы. Күртелер мен пальто тігу кезінде, киімді, әр түрлі маталарды қолданып, 3 қабатты етіп жасау ұтымды.
Сыртқы жауып тұратын - қабаты, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, гигроскопиялық және ылғал сыйымдылық көрсеткіштері төмен маталардан жасалуы тиіс, бұл атмосфералық ауаның киім астылық кеңістікке енуіне және киімнің су болуына кедергі жасайды Бұл үшін көбінесе, шұға, су сіңірмейтін табиғи талшықтардан жасалған тоқылған маталар, немесе синтетикалық маталар қолданылады. Екінші қабаты жылу сақтайтын қызмет атқарады, ол үшін табиғи жүні бар тері мен табиғи талшықтардан жасалған материалдар (мақта, ватин, жүн) да, жүні бар жасанды тері мен жасанды және синтетикалық талшықтардан (пенополиуретн, синдепон) жасалған материалдар да қолданылады.
Сырт киімнің ішкі қабаты, яғни, астары қолайлы киім астылық микроклиматты қамтамасыз етуі тиіс, соған байланысты олар дайындалатын маталардың ауа- бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сыйымдылығы жеткіліткті болуы қажет.
Балалардың жылу реттейтін механизмдерінің жетілмегендігіне байланысты, оларға арналған киімдер қыста жылу сақтайтын қасиеттері, ал жазда - жылу беретін қасиеттері жоғарырақ болуы керек. Киім астылық кеңістікте ең аз ауа айналымын және қоршаған ортамен ең аз ауа алмасуын қысқы киімде киімді тігуге арналған материалмен ғана емес, сонымен қатар, киімнің құрылымдыгымен да қамтамасыз етеді. Киім астында, күләпара (капюшон), манжета, белбеу, белбеу биік шалбарларды қолдану, күртенің төменгі жағын резеңкемен қысып буу т.б. арқылы көп тұйық кеңістіктер жасайды.
Жазғы уақытта, киім астылық кеңістіктің ең жақсы желдетілуін қамтамасыз ететіндей, киім кеңірек пішілуі қажет. Балалардың жаздық киімдерін тігуге арналған ең жақсы маталар - батист, сәтен, табиғи жібек болып табылады. Жасанды және синтетикалық талшықтар да жарым-жартылай қолданылуы мүмкін, бірақ тек табиғи талшықтармен араласқан түрінде. Синтетикалық және жасанды талшықтардың матадағы пайыздық мөлшері гигиеналық нормативтермен бекітіледі.
Кәсіби, спорт, әскери және басқа да киімдердің арнайы түрлерін дайындау кезінде, қызмет сипаты мен олар орындалатын жағдайлар ескеріледі. Мысалы, спорттық киім созылғыш, гигроскопиялылығы мен ауа өткізгіштігі жоғары болуы тиіс және адамның денесіне ауа ағынының үйкелуін азайтатын болуы керек. Кәсіби киімдер жасауға арналған маталардың қасиеті мен киімнің құрылымы өндірістің қолайсыз әсерлеріне қарсы тұра алатындай, сол сияқты қызудан немесе қатты салқындаудан қорғайтындай болуы керек.
Аурухана киімі жеңіл, киім астылық кеңістікте қолайлы микроклимат жағдайларын қамтамасыз ететін, жақсы тазартылатын, дезинфекцияланатын болуы керек. Аурухана киімдерінің құрамына кіретін іш киім, пижама мен халат, негізінен қолайлы гигиеналық қасиеттері бар мақта-маталарынан тігілуі керек, бұл олардың гигиеналық қасиеттерінің жақсыболуымен түсіндіріледі. Ауруханаларда, химиялық талшықтардан тұратын маталардан тігілген миокробқа қарсы киімдер де қолданылады. Поливинилхлорид пен хлоринді штапельден жасалған маталар, ревматизммен, радикулитпен ауыратын науқастардың жағдайларын жақсартатын емдік трикотаждық іш киімдерді дайындау үшін қолданылады. Олар аурудың жағдайын материалдың бетінде жиналған электростатикалық заряд есебінен жақсартады
2.2. Аяқ киім гигиенасы. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:
1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;
2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;
4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;
5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;
6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.
Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.
Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли, панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.
Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.
Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.
Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа- және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.
Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады
Биіктігі 2-3 см, жуан өкше табанды жерден жарақаттануынан қорғайды, аяқтың рессорлық қызметін жоғарылатады, аяқ сүйектеріне механикалық жүктемені тең беріп, нәтижесінде бұлшық еттердің шаршауын азайтады. Аса биік өкше, әсіресе, бізөкше түрі, ауырлық нүктесін алға қарай ығыстырып, жүрісінің беріктігін бұзады, барлық жүктемені аяқтың алдыңғы бөлігіне түсіреді, нәтижесінде аяқ ұшы байламдарының және сирақ бұлшық еттерінің зорлануы күшееді, аяқ ұшы жалпаяды, бақайларының пішіні өзгереді.
Балалардың аяқ киімдерін үлгісін жасау кезінде, аяқ киім тігілетін материалдан басқа, балалардың аяқ ұшы құрылысының ерекшеліктері және олардың сүйектену үрдістерінің аяқталмағандығыны ескеріледі. Балалар аяқ ұшына радиальды пішін тән, бұл кезде ең үлкен жалпақтығы бақайларының ұшында байқалады, ал үлкен адамдарда - 1-5 табан сүйектірінің тұсында болады. Сондықтан, балалар аяқ киімінің тұмсық бөлігі кеңдеу тігіледі. Балалар жасында аяқ сүйегі, негізінен, шеміршекті болатынын ескере отырып, оның иілгіштігіне, аяқ киімнің қалыңдығы мен салмағына көңіл бөлінеді. Себебі, кез келген механикалық әсерден, аяқ оңай деформацияға ұшырайды. Өкшенің биіктігі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 10 мм аспауы керек, мектеп жасындағылар 8-10 жастағылар үшін - 20 мм, 13-17 жастағы ұлдар үшін - 30 мм, осы жастағы қыздар үшін - 40 мм аспауы керек.
11 жасқа дейінгі балалардың аяқ киімнің міндетті түрде сірісі және ілгек, сырма, бау, белдікше түріндегі, сенімді бекіткіші болуы керек. Балаларға тігілетін аяқ киімнің үстіңгі бөлігі жылдың барлық мезгілдері үщін табиғи теріден болуы ұсынылады. Жазғы аяқ киім үшін әр түрлі текстильді материалдарды пайдалануға болады. Балалар аяқ киімін дайындауда полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін, бірақ, олардың қолданылуы санитарлық нормалар мен ережелермен регламенттеледі.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе (проф. У.И. Кенесариев., аударған доцент М.Е.Жоламанов) |
4 |
1. Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі медициналық ғылым ретіндегі гигиена. Мақсаты, міндеттері, зерттейтін тақырыбы. |
4 |
2. Гигиенаның басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның бөлімдері. Гигиеналық зерттеулердің әдістері. |
8 |
3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және оның халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлі. |
13 |
I Тарау. Гигиенаның даму тарихы (проф. У.И.Кенесариев, аударған доцент М.Е. Жоламанов, М.Т.Адилова.) |
16 |
1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы. |
16 |
2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы (б.э.д. VIXIVжж.) және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі (б.э.д. XV-XVIII жж.) дамуы. |
18 |
3. Гигиенаның өз алдына жеке ғылым ретінде аяғына тұруы |
20 |
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы. |
24 |
5. Гигиенаның және санитарлық эпидемиологиялық қызметтің Қазақстан Республикасындағы дамуы. |
25 |
5.1. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы. Қазақстан аумағында бірінші дәрігерлердің пайда болуы. |
25 |
5.2.Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы |
27 |
5.3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет. |
30 |
5.4. 1946-1991 жылдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен гигиена ғылымы. |
31 |
5.5. Қазақстан Республикасында гигиенаның 1991 жылдан кейін дамуы. |
35 |
ІІ Тарау. Қоршаған орта факторларынын гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері (проф. У.И. Кенесариев., аударған доцент М.Е.Жоламанов) |
38 |
1. Жалпы жағдайлар. |
38 |
2. Нормалаудың бiрiншi кезектiлiгi . |
38 |
3. Нормалау қағидалары. |
39 |
4. Жануарларға жүргізілетін эксперимент |
44 |
5. Жеделдетiлген нормалау . |
45 |
6. Гигиеналық болжау. |
45 |
III Тарау. Ауа ортасының гигиенасы ( доцент Р.М. Балмахаева, аударған доцент М.Е.Жоламанов, доцент Р.М.Балмахаева, М.Т.Адилова) |
47 |
1. Ауа ортасының гигиеналық маңызы. |
47 |
2. Жер атмосферасының құрылымы. |
47 |
3. Ауа ортасының физикалық факторлары және олардың гигиеналық маңызы. |
49 |
3.1. Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу жылдамдығы және олардың гигиеналық маңызы. |
49 |
3.2. Барометрлік қысым және оның гигиеналық маңызы. |
56 |
3.3. Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы. |
58 |
4. Күн радиациясы және оның гигиеналық маңызы. |
60 |
4.1. Күн сәулесінің сипатттамасы. Жарық климаты. |
60 |
4.2. Күн радиациясының адам ағзасына әсері. |
62 |
5. Ауаның табиғи химиялық құрамы және оның гигиеналық маңызы. |
68 |
6. Атмосфералық ауа ластануының гигиеналық маңызы. |
70 |
7. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар |
85 |
8. Климат және ауа райы. Адам ағзасына әсері. Акклиматизация мәселелері. |
89 |
IV Тарау. Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы (проф. Ж.Д. Бекмагамбетова, аударған доцент М.Е Жоламанов, б.ғ.к. У.Б.Аскарова) |
104 |
1. Су көздерінің жалпы сипаттамасы. |
104 |
2. Судың адам ағзасы үшін және оның өмір сүруін қамтамасыз етудегі рөлі |
121 |
3. Адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде жер беті және жер асты сулардың ластануы |
125 |
4. Судың сапасының адам денсаулығына әсері |
141 |
5. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу |
150 |
V.Тарау. Топырақ гигиенасы және елді мекендерді тазарту (доцент Р.М Балмахаева, аударған доцент М.Е Жоламанов, б.ғ.к. А.Ж Молдакарызова, доцент Р.М Балмахаева) |
167 |
1. Топырақ және топырақ түзуші факторлар. |
167 |
2. Топырақтың гигиеналық маңызы |
169 |
2.1. Топырақтың қасиеттері мен механикалық құрамының гигиеналық маңызы |
170 |
2.2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы топырақтың рөлі. |
172 |
2.3. Топырақтың табиғи химиялық құрамының гигиеналық маңызы |
175 |
2.4. Топырақтың химиялық заттармен ластануының гигиеналық маңызы. |
178 |
2.5. Топырақтың өздігінен тазарту үрдістері және олардың қалдықтарды залалсыздандырудағы рөлі |
183 |
3. Топырақтың ластану дәрежесін гигиеналық бағалау. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. |
185 |
4. Топырақты санитарлық қорғау |
190 |
4.1. Топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар |
190 |
4.2. Елді мекендерді тазартудың гигиеналық негіздері |
191 |
VI Тарау. Елді мекендерді абаттандыру мен жоспарлаудың гигиеналық негіздері (проф. Н.Ж.Жакашов, аударған доцент М.ЕЖоламанов, М.Т Адилова) |
208 |
1. Урбанизацияның гигиеналық маңызы. |
208 |
2. Қала құрылысы мен қалаларды сауықтырудың гигиеналық қағидалары. Елді мекендерді орналастыруға жер таңдау. |
210 |
3. Қалалар мен ауылды елді мекендерді жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар. |
212 |
3.1. Қаланы жоспарлау және салу. |
212 |
3.2. Ауылдық елді мекендердің жоспарлануы және құрылыс салынуы ерекшеліктері. |
217 |
4. Қалалық шу. Шудың тұрғындарға қолайсыз әсер етуінің алдын алу |
218 |
VII Тарау. Тұрғын үй гигиенасы (проф. Н.Ж.Жакашов, аударған доцент М.ЕЖоламанов, М.Т Адилова) |
224 |
1. Тұрғын үй құрылысына жер учаскесін таңдау. Тұрғын үй ғимараттарының түрлері. |
225 |
2. Тұрғын үйлердің ішкі жоспарлануы |
227 |
3. Тұрғын үйлердің ішкі ортасын ұйымдастыру |
229 |
3.1. Микроклимат жағдайлары. |
229 |
3.2. Ауа ортасының сапасы |
234 |
3.3. Желдету |
238 |
3.4. Жарықтандыру |
242 |
VIII Тарау. Тамақтану гигиенасы (доцент Р.М Балмахаева, доцент М.Е. Жоламанов, аударған доцент М.Е. Жоламанов) |
249 |
1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалар. |
249 |
2. Халықтың әртүрлі топтарына арналған тамақтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары. |
250 |
3. Тағамның құрам бөліктері. Тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы түсінігі |
260 |
4. Тамақтық заттардың биологиялық ролі. Қабылдау нормалары. Тамақтық заттардың көздері - азықтар. |
261 |
4.1. Ақуыздар |
261 |
4.2. Майлар. |
266 |
4.3. Көмірсулар. |
269 |
4.4. Минералды заттар. |
272 |
4.5. Дәрумендер. |
280 |
5. Тамақтану режимі. Тоқтық сезімі және тағамның сіңімділігі. |
292 |
6. Алиментарлық аурулар. |
295 |
7. Азық-түліктердің тағамдық және биологиялық құндылығы. Адамда ауру дамуындағы ролі |
298 |
7.1.Ет және ет өнімдері. |
300 |
7.2. Балық және балық өнімдері. |
305 |
7.3. Сүт және сүт өнімдері |
308 |
7.4. Жұмыртқа. |
314 |
7.5. Дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар. |
316 |
7.6. Көкөністер, жемістер, жидектер. |
321 |
7.7. Тағамдарды консервілеу әдістері. Банкідегі консервілер. |
324 |
8. Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау. |
330 |
9. Тамақтан уланулар |
334 |
9.1. Микроб текті тамақтан уланулар |
334 |
9.2. Табиғаты микробтық емес тамақтан уланулар |
343 |
9.3. Этиологиясы анықталмаған тамақтан уланулар |
361 |
10. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылау. |
361 |
10.1. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын медициналық бақылаудың негізгі бағыттары. |
361 |
10.2. Емдік және емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану |
364 |
10.3. Ауруханалардың ас блоктарын орналастыруға, жоспарлауға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар. |
366 |
10.4. Азықтарды аспаздық өңдеуге қойылатын талаптар |
373 |
10.5. Асхана және ас үй ыдыстарын жуу және дезинфекциялау |
376 |
10.6. Қызметкерлердің денсаулығы мен жеке басының гигиенасы. |
377 |
IX Тарау. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (доцент Р.М Балмахаева, аударған доцент М.Е. Жоламанов, Р.М Балмахаева, Г.Т Рузуддинова) |
379 |
1. Балалардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі өсуі мен даму ерекшеліктері. |
381 |
2. Балалар мен жасөспірімдер денсаулығы және оған себепші факторлар. |
386 |
3. Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері. |
390 |
4. Секулярлық тренд және қазіргі кезеңдегі балалардың өсу және даму ерекшеліктері |
397 |
5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау. Денсаулық топтары. |
398 |
6. Күн тәртібі мен оқутәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері. |
400 |
6.1 Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. |
400 |
6.2 Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі. |
401 |
6.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқутәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері. |
403 |
6.4 Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы |
406 |
6.5 Мектеп оқушыларының күн тәртібі мен оқу тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері. |
407 |
7. Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру тәрбиесі |
414 |
7.1. Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізі ретіндегі қимыл белсенділігі. Дене шынықтыру тәрбиесінің қағидалары. |
414 |
7.2 Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердегі дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру.. |
417 |
8. Балалар мекемелерінің орналастырылуына, жоспарлануына, жабдықталуына және балалардың күнделікті қолданатын заттарына қойылатын гигиеналық талаптар. |
421 |
8.1. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін балалар мекемелерін орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. |
421 |
8.2. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДМ) жобалауға және жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар. |
422 |
8.3. Жалпы білім беретін мекемелерінің (ЖББМ) жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар. |
424 |
8.4 Балалар мекемелерінің ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. |
429 |
8.5. Балалар мекемелерінің жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар |
431 |
8.6. Балалар ойыншықтарына, оқулықтарыны және киіміне қойылатын гигиеналық талаптар. |
435 |
9. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру. |
437 |
9.1. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету |
437 |
9.2. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру. |
441 |
Χ Тарау. Емдеу алдын алу мекемелерінің гигиенасы.( проф. Н.Ж.. Жакашов доцент Р.М.Балмахаева., аударған - доцент М.Е.Жоламанов, С.Ш. Сламкулова) |
443 |
1. Ауруханың жер телімін таңдауға және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар. |
445 |
2. Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы |
448 |
3. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелері. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі |
451 |
3.1.Қабылдау бөлімі. |
451 |
3.2. Ауруханалардың емдеу-диагностикалық бөлімдері. |
452 |
3.3. Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі. |
453 |
4. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу (жұқпалы аурулар бөлімі мысалында). |
462 |
5. Аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің ішкі ортасының жоспарлануына және ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. |
472 |
5.1 Хирургиялық бөлім. |
472 |
5.2. Акушерлік бөлім |
476 |
5.3. Балалар бөлімі. |
478 |
5.4.Емхана бөлімі. |
479 |
6. Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру. |
480 |
ХІ - Тарау. Еңбек гигиенасы (проф. К.К.Тогузбаева, доцент Р.М.Балмахаева, аударған доцент М.Е.Жоламанов, м.ғ.к. М.К.Желдербаева ) |
484 |
1. Өндірістік факторлар туралы түсінік. Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы. Еңбек жағдайының жіктелуі. |
484 |
2. Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу.Кәсіпорындардың жұмысшыларына емдеу- аурудың алдын-алу көмегін ұйымдастыру. |
490 |
3. Ой еңбегі мен дене еңбегінің гигиенасы |
497 |
4. Өндірістік микроклимат, қолайсыз микроклиматтық жағдайларымен байланысты аурулардың алдын алу. |
507 |
5. Зиянды фактор ретіндегі, өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу. |
509 |
6. Өндіріс жағдайындағы шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс. |
514 |
7. Зиянды және қауіпті өндірістік фактор ретіндегі діріл. |
519 |
8. Иондаушы емес электромагниттік сәулеленулер мен өрістер, олардың адам ағзасына әсері. |
523 |
8.1 Статикалық электрлік өрістер (СЭӨ |
524 |
8.2 Тұрақты магниттік өрістер. |
525 |
8.3 Радиожиілікті диапазонындағы электромагниттік сәулеленулер |
526 |
8.4. Өнеркәсіптік жиіліктегі электрмагниттік өрістер (ӨЖ ЭМӨ). |
527 |
8.5. Лазерлі сәулелену. |
528 |
8.6. Иондаушы емес сәулеленулердің адам ағзасына қолайсыз әсерінің алдын алу. |
528 |
9. Өндірістік канцерогенді факторлар. |
529 |
10. Өнеркәсіптік улар |
532 |
10.1 Жалпы түсініктер. |
532 |
10.2 Өнеркәсіптік уларды токсикологиялық бағалаудың негізгі қағидалары. |
536 |
10.3 Негізгі өнеркәсіптік улардан кәсіби уланулар және олардың алдын алу. |
537 |
Қорғасын. |
537 |
Сынап және оның бейорганикалық қосылыстары. Метал сынап |
540 |
Хром және оның қосылыстары |
542 |
Марганец және оның қосылыстары |
543 |
Бериллий және оның бейорганикалық қосылыстары |
544 |
Кадмий және оның қосылыстары |
546 |
Органикалық еріткіштер. |
547 |
Көміртегі тотығы |
550 |
Тітіркендіргіш әсерлі газдар. |
552 |
11. Компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі зиянды факторлар және олардың қолайсыз әсерінің алдын алу. |
554 |
12. Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы. |
564 |
13. Ауылшаруашылығы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері. |
566 |
14. Өндірістік жарақаттану және оның алды алу. |
574 |
XII- Тарау. Радиациялық гигиена (проф.Ж.Д.Бекмагамбетова, доцент М.Е.Жоламанов, аударған доцент М.Е.Жоламанов, Г.М. Гиниятова) |
576 |
1. Иондаушы сәулеленулер және олардың сипаттамасы |
576 |
2. Радиациялық гигиенаның пайда болуы мен дамуының негізгі алғы шарттары, оның бағыттары мен міндеттері |
579 |
3. Радиациялық гигиенада қолданылатын негізгі атаулар, анықтамалар, түсініктер, өлшем бірліктер |
584 |
4. Адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздері. |
589 |
4.1. Табиғи радиациялық фон (ТРФ) туралы түсінік |
589 |
4.2. Табиғи жағдайларда адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздері |
590 |
4.3. Иондаушы сәулеленудің адамға әсер ететін жасанды көздері |
598 |
4.4. Халықты иондаушы сәулеленуге ұшырататын қосымша көздер |
606 |
5. Иондаушы сәулеленудің ағзаға әсері |
607 |
5.1. Иондаушы радиацияның биологиялық нысандарға әсер ету механизмі туралы жалпы мәліметтер |
607 |
5.2. Адамның иондаушы сәулеленуге ұшырауының биологиялық эффектілері және салдары. |
609 |
6. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің негіздері. |
616 |
6.1. Иондаушы сәулеленулердің ашық және жабық көздерінің әсер етуі кезінде кәсіби топтағы адамдар мен халықты қорғау жөніндегі гигиеналық шаралар. |
616 |
6.2. Дозиметрлік және радиометрлік бақылау. |
639 |
XIII -Тарау. Жеке бас гигиенасы ( доцент Р.М. Балмахаева., аударған доцент М.Е.Жоламанов, доцент Р.М. Балмахаева.) |
647 |
1. Тері және ауыз қуысының гигиенасы. |
648 |
1.1. Тері гигиенасы |
648 |
1.2. Ауыз қуысы гигиенасы |
651 |
2. Киім және аяқ киім гигиенасы. |
655 |
2.1. Киім гигиенасы. |
655 |
2.2. Аяқ киім гигиенасы |
661 |
Мазмұны |
664 |